E-mail: [email protected] 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен...

12
№100 (29081) 29 МАМЫР, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ ОРЫНСЫЗ ҚЫЛЖАҚ, ОЙСЫЗ КӨЗ ҚАЙСАР РУХТЫ ҚАРҒАЛДАҚТАР 9-бет 7-бет Қарашаш ТОҚСАНБАЙ Талғат БАТЫРХАН КЕЛБЕТ 9-бет РУХАНИЯТ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ 10-бет 5-бет ӘБІКЕННІҢ «ҚОҢЫРЫ» EUR/KZT 349.39 USD/KZT 311.59 RUB/KZT 5.5 CNY/KZT 45.41 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫНА АРНАЛДЫ ҚОҒАМ «НҰРЛЫ ЖОЛМЕН» «НҰРЛЫ ЖЕРГЕ» ДЕЙІН... 6-бет НАМЫС –––––––––––––––––––––––– Ақордада Президент кім- шілігінің Басшысы ділбек Жақсыбековтің трағалық етуімен Қазақстан Республи- касы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру ж- ніндегі ұлттық комиссияның екінші отырысы тті. –––––––––––––––––––––––– Рухани жаңғыру – тарихты қайта тануға жетелейді Жолдыбай БАЗАР, Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан» Жиынды ашқан Президент Əкім- шілігінің Басшысы Əділбек Жақ- сыбеков қазіргі кезде «Рухани жаң- ғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы басталғанын атап өтіп, оған барлық орталық жəне жергілікті ат- қарушы органдар мен азаматтық қо- ғам институттарының өкілдері қа- тысып отырғанына тоқталды. «Өздеріңізге белгілі, ұлттық ко- миссияның жұмыс топтары нақты жоспарларын жасап, осы күндері жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі отырыста біз осы аралық кезеңде атқарылған жұмыстардың есебін тыңдайтын боламыз», деді Ə.Жақсыбеков. Содан кейін жиынға қатысушылар «Рухани жаңғыру» қоғамдық сана- ны жаңғырту бағдарламасын іске асыру ауқымында орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдар ат- қарған жұмыстардың нəтижелерін талқылады. Бұл ретте Премьер-Ми- нистр Кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов пен Алматы қаласы- ның əкімі Бауыржан Байбек жəне Қарағанды облысының əкімі Ерлан Қошанов отырыста негізгі баяндама жасағанын айта кетейік. Сондай-ақ, атқарылған жұмыстың негізгі нəтижелері, тұжырымдамалық ұстанымдар мен қызметті одан əрі ұйымдастырудың нақты шаралары аясында латын қарпіне көшу, «Жаңа гуманитарлық білім, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің гео- графиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мəдениет», «Қазақстан- ның 100 жаңа тұлғасы» жобалары бойынша жұмыс топтарының жетек- шілері есеп берді. Талқылау барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, оның ішін- де арнайы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалды. Сөйтіп, отырысқа қатысушылар бағ- дарламадағы міндеттерді тиімді іске асыру үшін жобалық ұстанымды енгі- зудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Ұлттық комис- сия мүшелеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша əзірленген əдістемелік материалдар, соның ішінде БАҚ-қа арналған əдістемелік құрал, жоғары оқу орындарына ар- налған əдістемелік ұсынымдар, ақпа- раттық-түсіндіру жұмысы бойынша құрал, Бағдарлама туралы маңызды сұрақтардың 20 жауабы ұсынылды. Отырыс қорытындысы бойынша бір- қатар нақты шешімдер қабылданып, мемлекеттік органдар мен жұмыс топтарының жетекшілеріне тапсыр- малар берілді. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Ұлттық комиссия қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру- ды жəне елдің мəдени-гуманитарлық дамуын жан-жақты қамтамасыз ету- ді көздейді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сəуір айында Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойған бо- латын. Ал комиссия құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, об- лыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының əкімдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, жазушылар, журналистер мен саяси партиялардың өкілдері кі- реді. Жалпы, отырыста қозғалған мəсе- лелер əлі талай талқылауларға өзек болатыны сөзсіз. Осы орайда аталған жиынның маңыздылығын ескере оты- рып, Ұлттық комиссия мүшелерінің бірқатарын сөзге тартқан болатынбыз. Тақырыптың жалғасын 3-4-беттерден оқисыздар Назарбаев университеті – еліміздің активі Елбасы тұңғыш докторантура түлектеріне диплом тапсырды –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Биыл Назарбаев университеті үшінші мәрте түлектерін ұшырды және алғаш рет PhD докторларын даярлап шығарды. Аталған қуанышқа ортақтасқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі бірегей жоғары оқу орнын бітірушілерді құттықтап, тұңғыш докторанттардың дипломын сал- танатты түрде табыс етті. Мерекелік шараға университеттің Қамқоршылар кеңесінің кілдері мен профессор-оқытушылар құрамы және ата-аналар қауымы қатысты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» Бүгін сіздер мен біздер үшін өте ерекше күн! Университет өзінің үшінші буынын үлкен өмірге аттандырғалы тұр. Маңызды шара халықаралық ЭКСПО көрмесінің ашылу қарсаңында өткізіліп отыр. Əлемдік деңгейдегі оқу орнында білім алу əрбір адам үшін асқақ абырой, мерейлі мəртебе деп санаймын. Баршаңызды диплом тап- сыру рəсіміне орай шын жүрегіммен құттықтап, үлкен табыс пен бақыт тілеймін! Бұл университет біздің тəуелсіздік жылдарында қабылдаған аса маңызды жобамыз. Өкінішке қарай, мұндай оқу орны Қазақстанда бұрын болған емес. Ашылғанына небəрі 7-ақ жыл болған оқу ордасы өзіміздің елде де, басқа елде де аса беделді оқу орны- на айналды. Сіздерге білім беру үшін шет елдердің іргелі оқу орындарының таңдаулы ғалымдарын шақырдық. Уни- верситет ғаламдық білім беру жүйесі- мен тиімді интеграция жасап келеді. Дүние жүзіне Астананың ғылым мен білімнің орталығы екенін көрсетіп ке- ле жатырмыз. «Қазақстанның Үшін- ші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қа- білеттілік» атты менің Жолдауымды орындауда университеттің атқарар рөлі өте зор. Университетті мыңнан астам түлек табысты тəмамдап шықты. Біздің халқымызда «Білімнің басы – бейнет, түбі – зейнет» деген ұлағатты сөз бар. Оқу орнының түлектері жаңғырту жолына түскен тəуелсіз Қазақстанға аянбай қызмет етеді деп сенемін. Сол үшін осы университетті салдық, сол үшін сіздерді оқыттық, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы көктемнің бұл қуанышты күні жаңа диплом иелеріне, Назарбаев университетінің түлектеріне маман ретіндегі кəсіби жолының бас- тауы болып есте қалатынын жеткізді. Биыл Назарбаев университетін 737 түлек тəмамдады. Соның ішінде 499 – бакалавр, 229 – магистр жəне алғаш рет 9 докторант диплом алды. Бұған дейінгі жылдарда түлеп ұшқан мыңдаған студенттердің жартысы əлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында, атап айтқанда, Стенфорд университеті, Массачусетс технология институты, Колумбия жəне Лондон экономика жə- не саясат ғылымдары мектептерінде оқуларын жалғастырғанын тілге тиек еткен Елбасы олардың өз білімдерін толықтырған соң озық тəжірибені елі- мізге енгізу үшін оралатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, осы уақытта тү- лектердің еңбек нарығында өздерінің бəсекеге қабілетті жəне сұранысқа ие мамандар екенін дəлелдегендерін ерек- ше атап өтті. (Соңы 2-бетте)

Transcript of E-mail: [email protected] 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен...

Page 1: E-mail: info@egemen.kz 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық. Алайда,

№100 (29081) 29 МАМЫР, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

ОРЫНСЫЗ ҚЫЛЖАҚ, ОЙСЫЗ КӨЗ

ҚАЙСАР РУХТЫ ҚАРҒАЛДАҚТАР

9-бет7-бет

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ

ТалғатБАТЫРХАН

КЕЛБЕТ

9-бет

РУХАНИЯТ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

10-бет

5-бет

ӘБІКЕННІҢ «ҚОҢЫРЫ»

EUR/KZT 349.39 USD/KZT 311.59 RUB/KZT 5.5 CNY/KZT 45.41ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫНА АРНАЛДЫ

ҚОҒАМ

«НҰРЛЫ ЖОЛМЕН» «НҰРЛЫ ЖЕРГЕ» ДЕЙІН...

6-бет

НАМЫС

––––––––––––––––––––––––Ақордада Президент �кім-ші лігінің Басшысы �ділбек Жақсыбековтің т�рағалық етуімен Қазақстан Рес пуб ли-касы Президентінің жа нын дағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағ дарламасын іске асыру ж�-нін дегі ұлттық комиссияның екін ші отырысы �тті. ––––––––––––––––––––––––

Рухани жаңғыру – тарихты қайта тануға жетелейді

Жолдыбай БАЗАР,Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Жиынды ашқан Президент Əкім-ші лігінің Басшысы Əділбек Жа қ-сы беков қазіргі кезде «Рухани жаң-ғы ру» бағдарламасын жүзеге асыру жұ мысы басталғанын атап өтіп, оған бар лық орталық жəне жергілікті ат-қарушы органдар мен азаматтық қо-ғам институттарының өкілдері қа-тысып отырғанына тоқталды.

«Өздеріңізге белгілі, ұлттық ко-мис сияның жұмыс топтары нақты жос парларын жасап, осы күндері жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Бү гінгі отырыста біз осы аралық ке зеңде атқарылған жұмыстардың есе бін тыңдайтын боламыз», деді Ə.Жақсыбеков.

Содан кейін жиынға қатысушылар «Рухани жаңғыру» қоғамдық сана-ны жаңғырту бағдарламасын іске асыру ауқымында орталық жəне жер гілікті мемлекеттік органдар ат-қар ған жұмыстардың нəтижелерін тал қылады. Бұл ретте Премьер-Ми-ни стр Кеңсесінің басшысы Нұр лан Ал да бергенов пен Алматы қа ла сы-ның əкімі Бауыржан Байбек жəне Қарағанды облысының əкімі Ерлан Қош анов отырыста негізгі баяндама жа сағанын айта кетейік.

Сондай-ақ, атқарылған жұмыстың не гізгі нəтижелері, тұжырымдамалық ұс танымдар мен қызметті одан əрі

ұйымдастырудың нақты шара лары ая сында латын қарпіне көшу, «Жаңа гу манитарлық білім, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің гео-графиясы», «Жаһандағы зама науи қазақстандық мəдениет», «Қазақ стан -ның 100 жаңа тұлғасы» жобала ры бой ынша жұмыс топтарының же тек-шілері есеп берді.

Талқылау барысында «Рухани жаң ғыру» бағдарламасын, оның ішін-де арнайы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалды. Сөйтіп, отырысқа қатысушылар бағ-дар ламадағы міндеттерді тиімді іске асы ру үшін жобалық ұстанымды ен гі -зудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Ұлттық комис-сия мүшелеріне «Рухани жаңғыру» бағ дарламасы бойынша əзірленген

əдіс темелік материалдар, соның ішін де БАҚ-қа арналған əдістемелік құрал, жоғары оқу орындарына ар-налған əдістемелік ұсынымдар, ақ па-раттық-түсіндіру жұмысы бойын ша құрал, Бағдарлама туралы ма ңыз ды сұрақтардың 20 жауабы ұсы ныл ды. Отырыс қорытындысы бой ын ша бір-қатар нақты шешімдер қа был да нып, мемлекеттік орган дар мен жұ мыс топтарының жетекшілеріне тап сыр-ма лар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет бас шысының Жарлығымен құрылған Ұлт тық комиссия қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру-ды жəне елдің мəдени-гуманитарлық да муын жан-жақты қамтамасыз ету-ді көздейді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сəуір айында През идент жанындағы Қоғамдық

сана ны жаңғырту бағдарламасын іске асы ру жөніндегі ұлттық комиссияны құ ру туралы Жарлыққа қол қойған бо-латын. Ал комиссия құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, об-лыс тардың, Астана жəне Алматы қа лаларының əкімдері, Қазақстан хал қы Ассамблеясының мүшелері, ға лымдар, жазушылар, журналистер мен саяси партиялардың өкілдері кі-ре ді.

Жалпы, отырыста қозғалған мəс е - лелер əлі талай талқылауларға өзек бо латыны сөзсіз. Осы орайда аталған жи ынның маңыздылығын ескере оты-рып, Ұлттық комиссия мүшелерінің бір қатарын сөзге тартқан болатынбыз.

Тақырыптың жалғасын 3-4-беттерден оқисыздар

Назарбаев университеті – еліміздің активіЕлбасы тұңғыш докторантура түлектеріне диплом тапсырды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Биыл Назарбаев университеті үшінші мәрте түлектерін ұшырды және алғаш рет PhD докторларын даярлап шығарды. Аталған қуанышқа ортақтасқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі бірегей жоғары оқу орнын бітірушілерді құттықтап, тұңғыш докторанттардың дипломын сал-танатты түрде табыс етті. Мерекелік шараға университеттің Қамқоршылар кеңесінің �кілдері мен профессор-оқытушылар құрамы және ата-аналар қауымы қатысты.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан»

Бүгін сіздер мен біздер үшін өте ерек ше күн! Университет өзінің үшінші буы нын үлкен өмірге аттандырғалы тұр. Ма ңызды шара халықаралық ЭКСПО көр месінің ашылу қарсаңында

өткізіліп отыр. Əлемдік деңгейдегі оқу орнында білім алу əрбір адам үшін асқақ абырой, мерейлі мəртебе деп санаймын. Баршаңызды диплом тап-сыру рəсіміне орай шын жүрегіммен құттықтап, үл кен табыс пен бақыт тілеймін! Бұл уни верситет біздің тəуелсіздік жылда рын да қабылдаған

аса маңызды жоба мыз. Өкінішке қарай, мұндай оқу ор ны Қазақстанда бұрын болған емес. Ашыл ға нына небəрі 7-ақ жыл болған оқу орда сы өзіміздің елде де, басқа елде де аса бе делді оқу орны-на айналды. Сіздерге бі лім беру үшін шет елдердің іргелі оқу орын дарының таңдаулы ғалымдарын ша қырдық. Уни-вер ситет ғаламдық білім бе ру жүйе сі-мен тиімді интеграция жасап ке леді. Дүние жүзіне Астананың ғы лым мен білімнің орталығы екенін көрсетіп ке-ле жатырмыз. «Қазақстанның Үшін-ші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қа-бі леттілік» атты менің Жолдауымды орын дауда университеттің атқарар рөлі өте зор. Университетті мыңнан астам түлек табысты тəмамдап шықты. Біздің

халқымызда «Білімнің басы – бейнет, түбі – зейнет» деген ұлағатты сөз бар. Оқу орнының түлектері жаңғырту жолы на түскен тəуелсіз Қазақстан ға аян бай қыз мет етеді деп сенемін. Сол үшін осы уни верситетті салдық, сол үшін сіздерді оқыт тық, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы көктемнің бұл қу анышты күні жаңа диплом иелеріне, Назарбаев университетінің түлектеріне ма ман ретіндегі кəсіби жолының бас-тауы болып есте қалатынын жеткізді. Биыл Назарбаев университетін 737 түлек тəмамдады. Соның ішінде 499 – бакалавр, 229 – магистр жəне алғаш рет 9 докторант диплом алды. Бұған дейінгі жылдарда түлеп ұшқан мыңдаған

сту денттердің жартысы əлемнің ең үз дік жоғары оқу орындарында, атап айт қанда, Стенфорд университеті, Мас сачусетс технология институты, Ко лум бия жəне Лондон экономика жə-не саясат ғы лымдары мектептерінде оқу ларын жал ғастырғанын тілге тиек ет кен Елбасы олар дың өз білімдерін толықтырған соң озық тəжірибені елі-мізге енгізу үшін ора латынына се нім білдірді. Сондай-ақ, осы уақытта тү-лек тердің еңбек на ры ғында өздерінің бə с е кеге қабілетті жə не сұранысқа ие ма ман дар екенін дəлелдегендерін ерек-ше атап өтті.

(Соңы 2-бетте)

Page 2: E-mail: info@egemen.kz 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық. Алайда,

2 29 мамыр 2017 жылСаЯСат

(Соңы. Басы 1-бетте)

Олар өз таңдаулары бойынша бү гінде еліміздегі ең ірі ғылыми мекеме лер де, медициналық ком-панияларда жә не мемлекеттік қыз метте еңбек етіп жүр. Пре­зи дент бұл жетістікке бәсе ке лік іріктеу жүйесін дамыту мен ме­ри тократияға негізделген тиімді бі лім беру мо делі арқылы қол жет кізілгенін айтты. Ірік теудің негізгі өзегі – білім ме ке ме сіндегі ашық тық пен әділдік.

Назарбаев университеті мен зи яткерлік мектептерінің есігі бар шаға ашық. Алайда, оған ең та лантты, еңбекқор және білімге ұм т ылған жастар ғана түсе алады. Оқу ға түсуде, сәттілікке жету де тек әділеттілікке сүйенеді жә не еш қандай субъективті фак тор­лар ға тәуелді емес, деген Мем­лекет басшысы кейбір адамдар арасында университеттің адам-дарды алалайтыны, көп қаржы жұмсалып жатқаны туралы әң­гі мелер айтылып жүргенінен хабар дар екендігін жеткізді.

Бұл қаржы Қазақстанның ке ле шегі үшін жұмсалуда. Бұл университет – біздің елі­міз дің активі. Тү лектер – бо­ла шағымыздың алтын қоры. Сон дықтан да мұнда оқу ға тү су үшін 10 мың та лап ке р­ ге дейін өтінім береді, со ның ішін де 400­500­і ғана тү се ді. Олар дың географиясына қа ­расақ, Қа зақстанның барлық өңі ­рінің ең талантты жастарынан құралған, деді Елбасы.

Қазіргі кезде студенттер са­ны 4 мыңға жетті. Келешекте олар дың саны екі есеге артады. Бүгінде мұнда әлемнің 55 елі­нен келген ғалымдар жұмыс іс тей д і. Олар сабақ беріп қана қой май, ғылыми зерттеулерін жүр гізеді. Оқу мен зерттеу тілі – ағыл шын. Осы уақытқа дейін әлем дік ғылыми басылымдар­да мыңнан астам ғылыми жұ­мыс жарық көрді. Бұл ретте рес публика бойынша жоғары оқу орындарындағы орташа көр сеткіш 4 пайызға тең болса, Назарбаев университетінде 11 пайызды құрайды. Бұл да уни­верситеттің сапа әлеуетін таны-тады, деді Президент.

Елбасы білім нарығындағы жаһандық бәсекеге қабілеттілікті күшейтуді, жақын және алыс шет елдер мен Қазақстаннан шық қан жас ғалымдарды, сту­де нт терді белсенді түрде тарту ке ректігін атап өтті. Сондай­ақ, зерт теулердің сапасына сай грант бө луге және жастардың ғылыми бай ланыстарын кеңейтуге ай­рықша назар аударды. Әзірге мем лекеттің қолдауына сүйенген оқу орнының алдағы уақытта бір­тіндеп ақылы негізге ауысаты-нын да жеткізді. Университеттің ха лықаралық байланыстары

мен жаһандық академиялық ор-тамен әріптестігіне тоқталды. Жүзден астам білім және ғылым мекемелерімен әріптестік орна-тылды. Назарбаев университеті Қытай, Гонконг, Үндістан, Ин­до незия, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур жә­не басқа да елдердің жетек ші жо ғары оқу орындары ене тін Азия университеттер альян сы­ның тең құрылтайшысы атанды. Осы 50 университеттің ара сында біз дің универси тет 15­орынға тұ рақтады. Бұл қуа ныш ты жағ­дай. Десе де, өзінің бі ре гей лі гін сақтай отырып, әріп тес тер дің озық тәжірибесін қа был дай бі лу ар қылы халықаралық бай ла ныс­тар ды әрі қарай дамыта беру ке­рек, деді.

Сонымен бірге, Елбасы барлық жоғары білім жүйесіне Назарбаев уни верситеті тәжірибесін қа­был даудың өзектілігін атады. Отан дық жоғары оқу орын да ры­ның басқарушылары мен оқы­ту шылары осында оқудан өтіп, со дан соң университеттің үздік жұ мыстары мен тәжірибесін өзі ең бек ететін оқу орнына енгізуі ти іс. Уни верситет – біздің жаңа жа һан д ық жағдайға стратегиялық жау абы мыз. «Болашақ» бағ­дар ламасы қаржысының бір бө лігін аталған университетке ба ғыттаудың уақыты келді. На­рық қа өздерінің идеялары мен

тех нологияларын ұсынатын жас ғалымдар консультация, алғаш­қы капитал, ғимарат, маркетинг жә не заңгерлік қызмет түрлері бой ынша жүйелі көмекке ие бо-луы қажет, деді Президент.

Университет қабырғасында бү гінде бірқатар ғылыми жоба-лар жүзеге асырылуда. Елбасы аталған зертханаларда болып, жү рек диагностикасы және емдеу ор талығы мен биоаг-ро технология сы бағытындағы бастамалармен та нысқанын,

университеттің та бысты ғылыми жо б алары мен стартаптарын жү­зе ге асыру ды қолдау қажеттігін атап өтті. Сондай­ақ, «Болашаққа бағ дар: рухани жаңғыру» атты ма қаласында табысқа жетудің не гізгі факторларын жазғанын айт қан Президент қазіргі заманда бір кездері алған білімімен шек­теліп қалған жан емес, өмір бойы оқи білген, уақытқа сай өз геруге бей ім, инвесторлармен жә не зерт теушілермен бір тілде сөй­ле се білетін адам ұтатынын, жаңа қа зақстандыққа жаңа дәуірде нақ т ы сапаға ие болу, прагматик әрі патриот болу, білімге бас ию ке ректігін, адам неғұрлым көп білсе, соғұрлым мүмкіндігі де кеңейе түсетінін әңгімелей келе, қо ғамның эволюциялық дамуын сақ тау, ашық сана мен әлемдік тілдерді меңгеру және жаһанда бо лып жатқан оқиғаларды дұрыс са ралай білу тұлғалық тұрғыдан же тілуге жол ашатынын жеткізді.

Сіздер тәуелсіз Қазақстанның да муы мен гүлденуіне лайықты үлес қосады деп сенемін. Қол жет­кіз ген жетістіктеріңіз өздеріңіз білім алған университеттің де бе деліне, танымалдылығына сеп­тігін тигізетін болады. Бұл үшін сіздер бар күш­жігермен ең бек етіп, көздеген мақсатқа та банды түрде ұмтылуларыңыз ке рек. Оксфорд дегендегі Ұлы бри­тания, Гарвард дегендегі АҚШ,

Сорбонна дегендегі Франция се кілді НУ бренді де Қаз ақ с тан­мен тығыз астасуы тиіс. Он дай бре ндті түлектер өздерінің бі лі­мі мен, жетістіктерімен жасайды, де ді Елбасы.

Сөз соңында еліміздегі ең бек майданына қанат қаққан бар лық тү лектерге ақ жол тілеген Мем­ле кет басшысы қазақта «Бетеге, жу сан – бел көркі, білімді пер-зент – ел көркі» деген қанатты сөз бар. Биыл Қазақстан бойын-ша барлық университеттерде,

колл едж дерде, мектептерде 2180 мың шәкірт түлеп ұшайын деп отыр. Жоғары білім алғандардың саны – 155 мың түлек. Сіздерге зор сенім ар тамын, деді.

Елбасы бұдан кейін салтанат­ты түрде Назарбаев уни вер си те­ті нің алғашқы PhD докторларына диплом тапсырды. Аталған дип­лом ға Сәуле Әбілдинова, Гүл­да на Ахметова, Ләйла Юлдуз,

Жанар Жұмабаева, Зәуреш Қазыбаева, Мәдина Тынымбаева, Арай Саниязова және Әсел Мұха­мед жанова ие болды.

Біз, Назарбаев универ си те­тінің тү лектері, осы уақытқа дейін қол жеткізген абырой ды биік ұс­тау ға тырысамыз. Болашақта На зарбаев уни вер ситеті әлем мой ын даған уни верситетке айна­лып, сіз дің асқақ арманыңыз орын да лады деп кәміл сенеміз, де ді тұңғыш түлектер атынан сөз алған петропавлдық Әсел

Мұхамеджанова. Осы ре т те Президент тұңғыш докто рант­тар дың бірі Қазақ стан ның қиыр шығысы Катон қа ра ғай дан, енді бірі солтүстік өңір ден, сол си яқ­ ты еліміздің бар лық об лы с­ тарынан жиналғанын жет кі зіп, «Талантты болса, бә рі нің мүм­кіншілігі бар» де ді. Осы лай ша, Назарбаев уни ве р си те тінің білім бәйгесінде бар лық жастарға

құшағы ашық екенін тағы да еске салды.

Мереке соңында универси-тет басшысы Шигео Катсу осы-нау қуанышты сәтті бөлісуге кел ген Елбасына алғыс айтты. Бұл күн ақжарма тілектердің ға на емес, Астананың аспаны-нан ақ жауынның да ақтарыла жау ып, өмірдің өз керуеніне қо сылған ақжүрек жастардың қа дамына сәттілік тілегеніндей әсер қалдырды.

Осы күні Н.Назарбаев дербес

білім беру мекемелері – «На­зарбаев Университеті» мен «Назарбаев зияткерлік мек теп­те рінің» және «Назарбаев қо­ры ның» Жоғары қамқоршылық ке ңесінің отырысына қатысты.

Жиында бірқатар маңызды мә селелер талқыланды. Атап айт­қан да, университетті және зи ят­кер лік мектептерді дамыту пер с­ пек тивалары, оқу орындарына құ жат тапсыратын талапкерлер санын көбейту, Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын жасақтау үшін іріктеу өткізу жайы, сондай­ақ, ұйымдастыру аспектілері қаралды.

Қазақстан Президенті ғылы­ми­зерттеу үдерісін дамытып, уни верситеттің халықаралық бай ланыстары аясын кеңейтудің ма ңыздылығына назар аударды, сон д ай­ақ, бүкіл еліміздегі 20 зи ят керлік мектептің тиімді жұ­мыс жүргізіп жатқанын айтты.

– Зияткерлік мектептердің бар лық түлектері еліміздегі жә ­не шет елдердегі жоғары оқу орындарына түсіп жатыр. Олар ­дың 90 пайыздан астамы – мем­лекеттік гранттар мен уни вер­си теттердің білім беру грант та­ры ның иегерлері. Білім бе ру ме­кемелеріне тың серпін бе ру үшін біз олардың одан әрі ж ұ мыс жүр­гі зу стратегияларын жан дан ды ра тү суіміз қажет, – деді Нұр сұл тан Назарбаев.

Мемлекет басшысы универ-ситет жеті жылдан бергі жұмыс ба рысында елеулі табыстарға ж е­тіп, осы кезең ішінде мыңға жуық сту дентті түлеткенін атап өтті.

Сондай­ақ, жиында «Назар­ба ев Университеті» дербес білім беру мекемесінің пре зи денті Ш.Катсу сөз сөйледі.

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Назарбаев университеті – еліміздің активіЕлбасы тұңғыш докторантура түлектеріне диплом тапсырды

Ек і тараптың президенттер і Н.Назарбаев пен В.Путин былтыр Астанада өткен Ресей мен Қазақстанның XIII Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.

Осы күні Бақытжан Сағынтаев Қа зан қаласында өткен ТМД елдерінің Үкі мет басшылары кеңесінің кезекті оты рысына қатысты. Онда Достастық эко номикасының түрлі салаларындағы ын тымақтастық мәселелері қаралды.

Шағын форматта өткен отырыста үкіметтер басшылары инновациялар, атом энергиясы, көлік қауіпсіздігі, гео-дезия, радионавигация, контрафактілік өнімдерді шығаруға қарсы іс­қимыл,

сонымен қатар зияткерлік меншікті қорғау салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылады.

Қатысушылар кең форматта жал­ғас қан кеңес жұмысында қазақ стан дық материалтану токамагы база сын да ғы тәжірибелік кешенді бірлесіп пай далану туралы келісімді, сонымен қа тар 2017­2019 жылдарға арналған ха лық аралық та сымалдар кезінде ТМД­ға мү ше мем­ле кеттердің аумағында Көлік қау іп сіз­ді гі стратегиясын іске асыру ж ө нін дегі бі рінші кезектегі шаралар жоспарын талқылады.

ТМД елдерінің Үкімет басшыла-ры кеңесінің қорытындысы бойынша бір қатар құжаттарға, атап айтқанда,

Мемлекетаралық инновациялық ынты­мақ тастық бағдарламасын іске асыру бой ынша 2017­2019 жылдарға арналған іс­шаралар кешені туралы құжатқа, Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайда­ла ну саласындағы нормативтік­құ қық­тық және нормативтік­техникалық рет ­теу, сәйкестікті бағалау, стандарттау, аккре дит теу және метрологиялық қам та­ма сыз ету бойынша тәсілдерді үй лес тіру тур алы келісімге қол қойылды.

Бұдан өзге, Контрафактілік өнім өн­ді руге және таратуға қарсы іс­қи мыл саласындағы ынтымақтастық ту ра лы келісімге, зияткерлік меншікті құ қық­тық қорғау және сақтау саласында ын­ты мақтастық орнату және Зияткерлік мен шікті құқықтық қорғау және сақтау мә селелері жөніндегі мемлекетаралық ке ңес құру туралы келісімге өзгерістер ен гізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Сондай­ақ, ТМД елдерінің Мем ле ке т­аралық радиациялық бағдарламасы жә не

ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі ТМД Эко­но микалық соты туралы шешімін іс ке асы руға қатысты құжаттарға қол қо ­ й ыл ды.

Сондай­ақ, үкіметтер басшылары ЕАЭО нарығындағы шығарып тас тау мен шектеулерді жою, ЕАЭО мем ле­кеттерінде сыртқы экономикалық қыз­мет ті реттеу жүйесінде «бір терезе» те­ті гін дамыту мен цифрлы күн тәртібін іс ке асыру барысын және экономикалық ын тымақтастықтың өзге де мәселелерін тал қылады.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша АӨК саласындағы ынтымақтастық ту-ралы, ЕАЭО мемлекеттерінде сырт қы экономикалық қызметті реттеу жүйе­сін дегі «бір терезе» тетігін дамыту тура­лы құжаттарға қол қойылды. ЕЭК­пен ЕАЭО­ға мүше мемлекеттердің өнер­кә сіптік тауарларға қатысты айрықша

суб сидияларды ерікті келісу тәртібі ту­ралы келісімге қол қойылды.

Отырыс аясында Ресей Феде ра ция­сы Үкіметінің Төрағасы Д.Медведев, Қырғыз Рес пуб ли ка сы ның Премьер­министрі С.Жээнбеков, Беларусь Рес­пуб ликасының Премьер­министрі А.Ко­бяков, Армения Республикасының Пре­мь ер­министрі К.Карапетян сөз сөйледі.

Қол қойылған өкімге сәйкес, Еура­зия лық үкіметаралық кеңестің келесі оты рысы Астанада тамыз айында өткі­зі ле тін болды.

Бақытжан Сағынтаев Қазанға сапа-ры барысында ІТ­парк пен Иннополис жоғары технологиялар қаласының жаңа ғы лыми инновациялық әзірлемелерімен та нысты. Бақытжан Сағынтаев ІТ­паркті ара лау барысында бизнес­инкубатор жұ­мысымен және «Глонасс+112» мо ни­торинг орталығының жұмысымен де та­нысты, сонымен қатар оған стартап жо­балардың тұсаукесері ұсынылды.

Ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ТМД ел дерінің үкімет басшылары кеңесі және Еуразиялық үкіметаралық кеңес оты-рыстарына қатысу үшін Қазанға барып, Татарстан Президенті Рустам Ми нни-ха новпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 3: E-mail: info@egemen.kz 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық. Алайда,

29 мамыр 2017 жыл 3рухани жаңғыру

Халық жүрегіне жол тапқан бағдарлама

Нұрлан ОРАЗАЛИН,Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтты тәрбиелеу, уақыт, заман талабына сай сананы байыту жөніндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелер ертеңгі болашақ үшін, ертеңгі ұрпақ үшін аса қажет екенін халқымыз терең сезініп отыр.

Ұлттық комиссия отырысында бірнеше азамат өздерінің баяндамаларын жасады. Онда жұмыс топтарының атқарып жатқан істері кеңінен айтылды.

Мен әдебиетті насихаттау жөніндегі сарапта­малық топта жұмыс істедім. Әдебиетімізді сыртқа дәріптеуде осыған дейінгі, тәуелсіздік алғаннан бергі шығармаларды іріктеп алып, оларды өзге тілдерге аудару маңызды. Бұл – ұлттық брендті қалыптастырудың нақты бір жолы. Сондай­ақ, жалғыз көркем әдебиетті ғана емес, өнердің басқа да түрлерін өзгеге жүйелі түрде таныту өз кезегінде еліміздің мерейін асырып, беделін биіктете түсетіні анық.

Жалпы, ұрпақтың бойындағы күрескерлік рухты, ұлттың өзін сыйлау қабілетін қалыптас­тыратын игі істерді жүзеге асыру біздің әлеуе­тімізді танытады, елдігімізді көрсетеді. Ал бұл орай дағы әрбір жұмыс тыңғылықты әрі байыпты атқарылуы тиіс.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты

Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комис­сияның екінші отырысы мазмұнды өтті деуге әбден болады. Отырыста н е г і з і н е н Е л б а с ы Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген ілкімді ой­ларды, тұшымды ұсыныстарды жү­зеге асырудың нақты жоспарлары тал қыланды.

Баршамызға белгілі, Қоғамдық са­наны жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның аясында бірнеше жұмыс тобы құ­рылған болатын. Сол жұмыс топтары әрбір бағыт бойынша ғалымдарды, сарапшыларды, білікті мамандарды

тарта отырып, бірнеше апта бойы жақсы, тиянақты жұмыс істеді, нақты жоспар әзірледі. Мәселен, латын әліпбиіне көшу, туған жер, тарихи киелі жерлер, ұлттық мәдениетімізді шет елдерде таныту, әлемдегі 100 таңдаулы әрі танымал оқулықты қазақ тіліне аудару бағыттары бойын­ша әзірленген жоспарлар комиссия мүшелерінің көңілінен шықты. Бұл жоспарлар жан­жақты ойластыры­лып, егжей­тегжейлі пысықталып, ыждағаттылықпен дайындалған. Енді осы құжатқа сәйкес Ұлттық комиссия, мемлекеттік органдар, зиялы қауым өкілдері тиісті жұмыстарды одан әрі жүргізетін болады.

Жалпы, Ұлттық комиссияның екінші отырысында нақты жоспар­лар қарастырылып, олар мақұлданды. Бұл өз кезегінде еліміздің бүгіні мен ертеңіне оң ықпалын тигізеді деп ой­лаймын.

Алтай КӨЛГІНОВ, Батыс Қазақстан облысының әкімі

Қоғамдық сананы жаң­ғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті оты­рысында Батыс Қазақстан аймағындағы мәдени құн­дылықтарды қайта жаңғырту мен оны ел ішінде кеңінен насихат­тау мақсатындағы жоспар, жоба­ларымызды комиссия мүшелерінің алдында таныстырып, талқыладық. Өйткені, біздің өңірде ел тарихын танып­білуге құштар жандарға көрсете алатындай бай тарихымыз бен көне жәдігерлеріміз аз емес.

Жуырда ғана осындай құн­дылықтарды дәріптей отырып, жос­парларымызды үш кезең бойын­ша жасап шықтық. Яғни, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді басым мақсаттарға жіктелген жұмыстарымыздың негізгі бағыты – ұл­тымыздың рухани тұрғыда жаңғыруын жоғары деңгейде жүзеге асыру болмақ. Бұл ретте алғашқы дайындық жұ­мыс тарымыз латын әліпбиіне көшу

мәселесіне қатысты қолға алынды. Мұның бәрі бір ғана күнде соңына жеткізе қоятын шаруа лар емес екендігін ескеруге тиіспіз. Қазіргі кезде елге белгілі та­нымал тұлғалар мен ға лым, ұстаздар қауымы бұ қара ішінде түсіндіру жұмыс­тарын жүргізуде.

Сол сияқты, «Туған жер» бағдарламасындағы міндеттерді орын­дау үшін аймақтардан меценаттар мен демеушілер іздестірілуде. Қоғамды ауызбірлік пен ұйымшылдыққа, тату­тәтті тіршілік кешуге үндейтін әртүрлі әлеуметтік маңызы зор жиын, шара­лар өткізуге белсенді әрі ұлтжанды азаматтар тартылуда. Мәселен, бұл бағыттағы игі ісіміздің бірі – Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай, аймақ орталығынан арнайы «Алаш» музейін ашуды жоспарлау үстіндеміз. Мұндай ойды өңір кәсіпкерлері мен азаматтары бірауыздан құптады. Бәрі ойдағыдай болса, жыл соңына қарай «Алаш» музейін ел тамашалайтын бо­лады деп жоспарлап отырмыз.

ОРАЛ

Нұрлан НОҒАЕВ, Атырау облысының әкімі

Халықтың ойында жүрген мәселелердің барлығы да Елба сымыздың «Рухани жаң ғыру: болашаққа бағдар» мақа ласында нақты атап көр сетілген. Сондықтан, біз өз аймағымызда еліміздің атын шығарып, халқымыздың мерейін үстем еткен азаматтардың өнегелі

істерін үлгі етуге қатысты мәселелерді талқылау үс­тіндеміз.

Сондай­ақ, мәдениетіміз бен әдебиетімізге еңбегі сіңген тұлғалардың туын­дылары арқылы өскелең ұрпақтың санасында пат­риоттық се зім қалып тас­тыру жайын да әртүрл і

ж и ы н д а р д а с ө з е т т і к . О с ы л а й ­ша, Атырау об лысының аумақ та­рында түрлі деңгейде ақпараттық,

насихаттық түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл шара тек жергілікті атқарушы билік тарапынан ғана жүзеге асырылып қана қоймай, оған тұтас қоғам мен өңірлердегі Ақса­қалдар алқасының жұмыла кіріс­кенін де арнайы атап өткім келеді. Оған орта буын азаматтар мен жа­стар легінің қосылып, бастамаларды бірауыздан құптауы Қазақстанның ауызбірлігі мен татулығы жарасқан ел екендігінің тағы бір айқын дәлелі бола алады.

Әліпби ауыстыру әріп ауыстыру емес

Ерден ҚАЖЫБЕК,А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры

Қазіргі таңда мамандармен ақыл­даса отырып, ортақ бірыңғай латын әліпбиін дайындау үстіндеміз. Оны жылдың соңына дейін бекіту жоспа­рымызда бар. Келесі жылдан бастап тиянақты түрде іске асыруды бастай­мыз. Негізінде, 2025 жылға дейін еліміз үшін өте маңызды осынау үрдісті аяқтауға тиіспіз.

Жалпы, әліпби мәселесіне қатысты кейін кез келген сауатты адам өзіндік ұсынысын айта алады. Бұл ретте, ең бастысы – қазақ халқының таңдауы. Тілдің өзіне бейімделген әліпбиі бо­лады. Кейбіреулер әліпби ауысты­руды әріп ауыстыру деп санайды. Шындығында, олай емес.

Бүгінгі күні латын әліпбиіне көшу жөніндегі жұмыс тобына ұсы­ныстар өте көп түсуде. Олардың бар лығын сараптайтын жұмыс тобы жасақ талған. Топқа тілші­мамандар, ағылшын, кирилл әліпбилерінің, ком­пьютер тілінің мамандары кірді.

Әрине, жаһандану, иннова­ция процестеріне ілесу үшін және мемлекеттік тілімізді жан­жақты мемлекеттік әрі қоғамдық салаларда дамыту үшін латынға көшу қажет іс. Қазір тиісті жұмыстар сараланып, зерделеніп, талқылануда. Құдай қа­ласа, біздің де ықшамдалған, тілі­міздің өзіндік ерекшелігіне сүйен ген әліпбиіміз болады.

Бауыржан БАЙБЕК,Алматы қаласының әкімі

Алматы қаласында Елбасы мақа­ла сында қарастырылған ауқым ды жобаларды іске асыру бойын ша Президент Әкімшілігінің бөлім­дерімен бірлесе тиісті жұмыс қызу жүргізілуде. Арнайы қалалық ко­миссия құрылып, іс­шаралар жос­пары бекітілді. Комиссия құрамына мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депу таттары, Қоғамдық кеңес мүше­лері, ректорлар, ғылыми­зерттеу институттарының басшылары, са­рапшылар, жалпы саны 61 адам кірді.

Қазір барлық жобалар бойын­ша нақты іс­шаралар атқарылуда. Мәселен, «Қазақстанның қасиетті жер лері» жобасы шеңберінде

Алматының киелі нысандары бел­гіленіп, орталыққа ұсыныс ретінде жолданды.

Олардың қатарына Райымбек бабамыздың кесенесі, «Боралдай сақ қорғандары», «Алмарасан» орта­ғасырлық қалашық орны, «Тәуел­сіздік» және «Тәуелсіздік таңы» мону­менттері, халқымыздың көрнекті тұлғалары жай тапқан «Кеңсай» және «Орталық» зираттары енді.

«Туған жер» жобасы бойынша да арнайы жұмыс тобы бекітілді. Оның құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, сарапшылар, барлығы 22 адам енді. Бұдан өзге, құрамына академиялық орта, сарапшылар, биз­нес және азаматтық қоғам өкілдері енген сарапшы тобы бекітілді. Жал пы, 28 адам. Осы екі топтың

жұмыс органы ретінде, Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес арнайы хатшылық – Жобалық кеңсе құрылды.

Оған 9 қалалық басқарма қыз­меткері енді. Олар тек осы жобаны іске асырумен айналысатын болады.

Қаламызда жыл сайын халқы­мыздың мәдени мұрасын, этностық әуендерді жаңа заманауи дыбысталу­да таныстыратын халықаралық «The Spirit of Tengri» этностық музыка фес тивалі өтеді. Жүйелі түрде жыр­термешілердің «Ұлы Дала рухы» халықаралық этнофестивалін өткізу жолға қойылған. Осы жұмыстардың жалғасы ретінде, тамыз айында Медеу мұз айдынында «Азия жұл­дызы» фестивалін тұңғыш рет өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған

отандық жұлдыздармен қатар, Азия елдерінен, оның ішінде Қытай, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты мемлекеттердің жұлдыздары қатысатын үлкен паназиялық му­зыка фестивалін өткізбекпіз. Бұл да Алматының Азия жұлдызы екендігін көрсететін бірден­бір жоба болмақ.

Сондай­ақ, «Қазақфильм» кино­студиясының аумағындағы «Ethnoland» атауымен тақырыптық этнопарк ашу көзделіп отыр. Бұл жобаның мақсаты қала қонақтарына мемлеке тіміздің негізгі даму кезең дерін, ел мәдениетінің сан алуан дығын, халқымыздың салт­дәстүрін, қаламыздың 1000 жылдық тарихын таныстыру болмақ.

Сонымен қатар, қала аумағындағы «Боралдай сақ қорғандары» секілді, бірақ жұртшылыққа беймәлім бір­қатар қорғандарды мемлекет мен­шігіне алып, оларды музейлендіру жұмысын қолға алатын боламыз.

Оңдасын ОРАЗАЛИН, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру жүйелі түрде жүргізілуде. Бағ­дарлама аясында білім, мәдениет және туризм, азаматтық қоғам мен ақпараттық қолдау салалары бойынша 4 кіші бағдарлама белгіленді.

Мәселен, «Тәрбие және білім» атты кіші бағдарлама бойынша, қазақстандық патриотизм және жалпыазаматтық құн­дылықтар негізінде жас ұрпақты тәр­биелеу ісіне ұлттық тәрбие бас тау ларына назар аудара отырып, білім мекемелері мен отбасыларды, өзге де әлеуметтік

институттардың әлеуетін жұмылдыру көзделеді. Бұл кіші бағдарламада «Өл­кетану», «Отаным – тағдырым» және «Саналы азамат» жобалары іске асы­рылады.

Сол сияқты, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы салт­дәстүрлерімізді, та­рихымыз бен мәдениетімізді, жерімізді құрметтеу арқылы жалпыұлттық пат­риотизмді нығайтуға арналған. Аталған кіші бағдарлама шеңберінде «Өнегелі құндылықтар», «Туған өлке мәдениеті», «Тарихи­мәдени мұра», «Жергілікті ту­ризм» атты 4 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл жобалар аясында «Таза көше», «Таза ауыл», «Тал күні» және тағы басқа да акциялар өткізілмек.

Тағы бір кіші бағдарлама «Ата­мекен» деп аталады. Бұл қазақ­стандықтардың қоғамдағы бел­с е н д і л і к т е р і н н ы ғ а й т у ғ а ж ә н е олардың кіші отандары алдындағы жауапкершіліктерін арттыруға бағыт­талған. Аталған бағдарлама шеңберінде «Азаматтық бастамалар картасы», «Азаматтық бақылау» және «Жомарт жүрек» атты 3 жоба іске асырылады.

«Ақпарат толқыны» атты 4­ші кіші бағдарламада қолға алынған шаралардың іске асырылу барысы, жобалардың атқа­рылуына мониторинг жүргізу қарас­тырылған. Бұл кіші бағдарлама аясында да маңызды жобалар жүзеге асырылатын болады.

Жұмыстар ауқымы үлкен

Жобалар нақтыланды

Елбасы бастамасын ел қолдады

Тиісті шаралар өз деңгейінде атқарылуда

Биыл «Алаш» музейін ашамыз

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»

Page 4: E-mail: info@egemen.kz 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық. Алайда,

4 29 мамыр 2017 жылрухани жаңғыру

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ұлттық музейде өткен іргелі шараның бірі – «Қазақстанның киелі жерлерінің география­сы» жобасын жүзеге асыруға қатысы бар мамандардың форумы. Оған еліміздің бүкіл облысынан өкілдер қатысты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Владимир БОЖКО, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Біз бүгін Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағ­дарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті оты­рысында бас қосып отырмыз. Алқалы жиынға жоғары лауазымды шенеуніктер мен бірқатар облыс әкімдері арнайы шақырылып отыр. Өйткені, Мемлекет басшысының ел билігі алдына айқындап берген тап­сырмалары мен мақсат, міндеттерін орындау аса маңызды болып табы­лады әрі оны жүзеге асыру мәселесін талқылауға тиісті ведомстволардың жетекшілері белсенді қатысқаны жөн деп санаймыз. Осы ке з ге дейін Елбасы

жа рия лаған «Туған жер» бағдарламасын орын дауға қатысты жобалар кезең­кезеңімен қол ға алынып жатқанын және арнайы комиссия мен жұмыс топ­тары да өз қызметтеріне қызу кіріскендігін айта кеткен абзал.

Сондай­ақ, жақында ғана Конституцияға ен­гізілген өзгерістер мен Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты берген нұсқауларын еске­ре отырып, тез арада қолданыстағы заңнамалық базаға сараптама жа­сап , Президент тапсырмасын орындауға мүмкіндік берет ін тиісті заңдар тізімін нақтылау қажет.

Ал енді шаруаның ба­сын неден бастауымыз керек деген мәселеге ке­лер болсақ, біз барлық са­ладағы жұмыстарды қай­та жаңғыртуымыз қажет. Себебі, Мемлекет бас­шысы өз мақаласында отандастарымызға осы­ны ашық атап көрсетті. Айталық, «Туған жер»

бағдарламасы мен ұлттың 100 тұлғасына қатысты жобаларды жаппай қоғам болып қолға алуға тиіспіз. Тіпті мұндай ауқымды шараға шалғай елді мекендердің тұрғындары мен жергілікті жер­лердегі атқарушы билік органда­ры, ел азаматтары жаппай жұмыл­дырылғаны жөн.

Елдік мүддедегі есебіміз түгенделе түсуде

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Оңтүстік – ең алдымен тарихи ескер­кіштер мен көне ғимараттар, мәдени ошақтар орны ең көп шоғырланған аймақ. Сонымен қатар, күллі қазақ тарихындағы хандар мен батырлар, көптеген тарихи тұлғалар жерленген өңір.

Осыған орай, халқымыздың ке­мел келешегі үшін көне тарихи ескерт­кіштерімізді мұқият зерттеп, зерделеу ісін Елбасы тапсырмасына сай қолға алудамыз. Сондықтан да біз зерттеу жұмыстарына орай түрлі конференциялар мен симпо­зиумдар өткізу арқылы рухани жаңғыру үдерісін жүргіземіз. Ұлт руханиятын осы­лайша жаңа тұрғыдан таныту еліміз үшін мәні зор жаңашылдық деп бағалануда.

Сол себептен де, елімізге белгілі жа­зушылар мен тарихшылар, қайраткерлер мен ғалымдардың басын қосқан бірнеше жұ мыс топтары құрылып, өз қыз мет те­ріне кірісуде. Олар ең алдымен көне та­рихи ескерткіштерді тауып, зерттеуде. Содан кейін сол нысандарға тиісті инфра­құрылымдық шаралар ұйымдастыру арқылы танымдық, туристік саяхат жасау мәселелері қарастырылуда. Мысал үшін айта кетейін, мұндай сапарларды табиғаты тамаша, аңыз­әпсанасы ғажап Қазығұрт тауына және 1993 жылы Елбасымыз келіп жиын өткізген Ордабасы биігіне қатысты ұйымдастыру көзделуде. Осындай сапар­лар арқылы елдік тұрғыдағы мүддеміздің есебі түгенделе түсетіндігі сөзсіз.

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, Мәдениет және спорт министрі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» мақаласында айтыл­ған мәселелерді қоғамымыз ерекше ықыласпен қабылдады. Онда айтыл­ған әрбір жайтты сана сарабына салар болсақ, олардың бүгініміз бен бола­шағымыз үшін өте маңызды екенін ұғына түсеріңіз сөзсіз.

Егер біз қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын табысты жүзеге

асыра білсек, Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның болашағы мүлдем басқаша болады. Өйткені, әрбір халықты оның рухани байлығы мен сана­сезімі қалыптастырады, жоғары деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама біздің сана­сезіміміздің өсуіне, ұлттық құндылықтарымызды бағалап, оны сақтауға үлкен септігін тигізеді. Не­гі зінде, әлемдік қоғамдастық ал­дында өзіміздің өремізбен, рухани құн дылығымызбен, жеткен жетіс­тіктерімізбен мақтана білуге тиіспіз.

Қазіргі таңда Қазақстанның мә­дениет, спорт, өнер сынды салала­рында зор жетістіктері бар. Басқаны

былай қойғанда, күні кеше ғана жаһанды өнерімен тамсантқан Димаш Құдайбергенұлы сынды жастары­мызды айтып мақтануымызға әбден болады. Мәселен, 300 қытай жина­лып алып, қазақ тілінде «Дайдидау» әнін орындады. Бұл да біз үшін бір мақтаныш.

Айта кетейін, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы ая­сында жастар еліміздің тарихи орын­дарына экспедициялар ұйымдастыру үстінде. Ал Мәдениет және спорт министрлігі болса, жаз айында 7 бағытқа арналған бүкіл қазақстандық экспедицияны қолға алуда.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі

Қ о ғ а м н ы ң р у х а н и жаңғыруы – са наның сер­гек бо луының кепілі. Ол – хал қымыздың жан дү­ниесінің ғана жаң ғыруы емес, бұған дейін қолға алын ған сая си және эконо ми калық жаңғы ру лардың негізгі өзегі.

Елбасының осы бір тарихи қажеттілікті тамыршыдай дөп басқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ дарламалық мақаласы тұтас қазақ стандық қоғамға зор серпіліс әкелді. Мақалада қамтылған жоба­лардың барлығы – тарих талғамымен екшелген еңселі бастамалар. Сол себепті, әрбір азаматтың бойынан табылуы тиіс 6 қасиет пен күллі ел болып қолға алып жатқан 6 жобаның қай­қайсысы да айрықша маңызды.

Елбасының еңбек отаны ретінде оның елдік істеріне әрдайым жан­жақты қолдау білдіріп келе жатқан қазыналы Қарағанды өңірі бұл жолы да рухани жаңғыруға алғашқылардың

қатарында үн қосып, он­дағы міндеттерді жүзеге асыруға құл шына кірісуде. Әсі ресе, өңір кәсіп кер­лері «Туған жер» бағдар­ламасын ықыласпен қа­былдады. Олар туған жер­дің т ұғырын нығайтып, тұрмысын жақсарта түсуге бағытталған әлеуметтік жо баларға 1 миллиард тең ­

геден астам инвес тиция салуға ниет білдірді. Бұл – жергілікті кәсіп­керлердің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін терең түсінетін азаматтығының көрінісі және ұзақ жылдар бойы мемлекет тарапы­нан көрсетілген қолдаудың риясыз қайтарымы деп бағалаған абзал. Ең бастысы, бұл – алдағы үлкен жұмыстың басы ғана. Туған жерін сүйетін әрбір азаматтың перзенттік парызын түйсінуінен бастау алатын іргелі істер тұтаса келгенде ауқымы кеңейіп, «Туған елге» ұласарын Мемлекет басшысы өзі де айтып өтті.

Сондай­ақ, ұлт бесігі атанған Ұлытаудың киесі – тек Қарағанды облысының халқына ғана емес, күллі қазақстандықтар үшін қастер

тұтар қасиет. Біз Ұлытауды отандық туризмнің тұғырлы ордасына айнал­дыру мақсатында іргелі жобаларды қолға алып жатырмыз.

Рухани жаңғыру бағдарламасын қысқа мерзімде жүзеге асыру мүмкін емес. Ол – үздіксіз жалғасатын және талай жылға созылатын, мейлінше күр делі бағдарлама. Рухани жаң­ғыруды кешенді іс, жүйелі жұмыстар арқылы ғана жүзеге асыра аламыз. Бұл ретте, туған жерге деген сүйіс­пен шілігімізді, Отанға деген құр ме­тімізді еселеген еңселі жоба Мәңг ілік Елдің асыл мұраттарын іске асы ру дың негізгі тетіктерін айқындап берді.

Жауапкершілік жүгі ешқашан жеңіл болмаған. Рухани жаңғыру жо­басы да – бізге жұдырықтай жұмылып, сындарлы сәтте берекелі бірлік таны­туымызды талап ететін тарихи құжат. Елбасы айтқандай, «нағыз патрио­тизм дақпырт сөздерден емес, нақты істерден және жауапты қадамдардан көрінетінін» әрдайым жүрегінің төрінде ұстап келген қарағандылық ағайын игі бастаманы жүзеге асыруға осындай құлшыныспен кірісті.

ҚАРАҒАНДЫ

Ерлан САҒАДИЕВ, Білім және ғылым министрі

Бүгінгі таңда Қазақ тіліне тәржі­маланатын оқулықтарды іріктеу жө­ніндегі жұмыс тобы құрылды, оның құрамында жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының ға­лымдары, қоғам қайраткерлері, жетек­ші саясаттанушы мамандар бар.

Жұмыс тобының алғашқы отыры­сында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының аясында оқулықтарды ірік теуге қатысты жұмыс жоспары жа салды. Қазақ тіліне аударылатын оқу лық тарды іріктеудің өлшемдері белгіленді.

Біріншіден, оқулықтар гума­н и т а р л ы қ п ә н д е р б о й ы н ш а

бо луы міндетті: тарих, философия, сая саттану, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, филология, педаго гика және түркология қамтылады. Екін­шіден, базалық оқулықтар әлемнің озық 100 жоғары оқу орнының білім беру бағдарламасында қамтылуы тиіс және әйгілі баспалардың базасында болуы керек.

Сонымен қатар, Қазақстанның ЖОО қауымдастығы, Саясаттанушылар қауымдастығы, Тарихшылар қауым­дастығы сынды маманданған қауым­дастықтар да тәржімалануға лайық деп тапқан оқулықтарды ұсына ала­ды. Үшіншіден, іріктеліп алынған оқулық 2014 жылдан бергі уақытта қайта басылған, мазмұны ауқымды материалдарға негізделген болуы керек.

Бүгінгі таңда, ЖОО­лардың ұсы­нысы бойынша 800 атаудан тұ­ратын алғашқы тізім түзілді. Жұ­мыс тобы тиісті талаптар бойын ша іріктеу жасайды. Қазірдің өзінде 7 оқулық таңдап алынып, ха лық­аралық құқық иелерімен арада ке­ліссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл 7 оқу лықтың 4­уін биылғы жылдың соңына дейін аударуды жоспар­лап отырмыз. Нақтырақ айтар бол­сам, бірінші аударылатын төрт оқулық: «Экономика принциптері», «Социология негіздері», «Батыс философиясының жаңа тарихы» және «Құбылмалы әлемдегі социо­логия». 2018 жылдың наурызына дейін тағы 3 кітап тәржімаланады деп жоспарланған.

Үздік туындыларды іріктеу үш кезеңнен тұрады

Аида БАЛАЕВА, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі

Біздің жұмыс тобымыз қызметін белсенді түрде бастап кетті. Жұмыс тобының құрамына еліміздің көрнекті тұлғалары, қаламгерлер, ғалымдар, өнертанушылар мен зиялы қауым өкілдері еніп отыр.

Қазіргі таңда жобаны нақты жүзеге асыру кезеңіне өттік. Атқарылған жұмыстар туралы баяндар болсам, бүгінге дейін нақты жұмыс жос­пары, жобаны ақпараттық тұрғыда қолдайтын медиа­жоспар әзірленді. Тиісті басқосулар өтіп, негізгі жұмыс векторлары айқындалды.

Алғашқы отырыста басты 2 құжат талқы­ланып, қабылданды. Аталған құжаттар бо­йынша заманауи мәдениет туындылары ірік­телетін болады. Бұл екі құжаттың біріншісі – туындыларды іріктеу кезінде қолданылатын Талап жүйелері. Онда үздік шығармаларды іріктеу кезінде пайдаланылатын 7 түрлі бағалау талаптары қарастырылған.

Екінші құжат – Шығармаларды іріктеу тәртібі. Шығармаларды 3 кезең бойынша іріктеу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде шығармашылық одақтар бекітілген жанрлар бойынша туындыларды жинап, сол арқылы жұмыстардың шорт­парағы жасалады. Бұл жұмысты қазір бастап кеттік.

Екінші кезеңде шығармашылық құры­лымдар ұсынған туындылар жариялы түрде талқыланады. Талқылаулар арнайы жасалған Интернет­тұғырнамаларда жүргізіледі. Оған adebietportal.kz, altynkalam.kz, dalatunes.kz, ikitap.kz, arvest.kz, artumar.kz сынды интернет ресурстарды пайдалануды жоспарлап отырмыз.

Соңғы үшінші кезеңде талқылаудан өткен, қатары біршама ықшамдалған шығармаларға жұмыс тобының секцияларында сараптама жасалады. Сараптаманы танымал мәдениет қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар мен сыншылар жүргізетінін атап өту керек. Осы жұ мыстардан кейін іріктеліп алынған туын­дылардың тізімі Жұмыс тобының жалпы оты­рысында талқылауға түседі. Биылғы жылғы қазан айының соңына қарай іріктеліп алынған туындылардың тізімі Ұлттық комиссияға жіберіледі.

Бүгінгі таңда іріктеліп алынған жұмыс­тардың еліміздегі танымалдық деңгейі, авторларының танымалдығы сарапталуда. Сондай­ақ, көркем туындылардың отандық және шетелдік нарықтағы танымалдығы да сарапталатын болады.

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан»

«Қазақстанның киелі жерлерінің география­сы» − Елбасының Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында жасалған ауқымды жоба. Жобаны үйлестіруші – Мәдениет және спорт министрлігі болғанда, оны орындаушы – Ұлттық музейдің жанынан құрылған «Киелі Қазақстан» ғылыми­зерттеу орталығы. Жобаны жүзеге асы­ру үшін орталықта Хангелді Әбжанов, Зейнолла Самашев, Карл Байпақов, Александр Гаркавец, Меруерт Әбусейітова сынды әр саланың білік­ті ғалымдарынан құрылған жұмыс тобы жасақ­талғанын атап өту қажет.

Форум барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жобаны жүзеге асыру барысында осы уақытқа дейін еліміз бойынша киелі жер ретінде 100­ден аса нысанның тізімге алынғанын, оның ішінде ЮНЕСКО­ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енген тарихи және мәдени ескерткіштердің бар екенін атап өтті. Министрдің сөзінен ұққанымыз жобаның жоспарына сәйкес «Киелі жерлер географиясы» ретінде 500­ге жуық нысан белгіленбек. Яғни, археологиялық және сәулет ескерткіштері, ерекше құрметтелетін діни нысандар, тарихи тұлғалар мен саяси оқиғаларға байланысты киелі жерлерді картаға кіргізу көзделуде. Сол үшін аймақтармен бірлескен ақпарат жинау жұмысы жүріп жатыр.

«Киелі Қазақстан» ғылыми­зерттеу ор та­лығының директоры Берік Әбдіғалиев жиын

барысында жобаның тұжырымдамасы жасалғанын атап өтті. Ол бойынша ең алдымен киелі нысан­дарды іріктеудің өлшемдері болуы тиіс, сондай­ақ, оларды жобаға кіргізу үшін әдіс теме жасалу қажет.

«Қазақстанның киелі жерлері» жобасы – діни жоба емес. Сондай­ақ, таза ғылыми жоба деп те айтуға келмейді. Өйткені, жобаның саяси жағы да бар. Меніңше, санамызды дамыту үшін, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру үшін жұмыс атқару керек. Бұл бізге сырттан келіп жатқан жат идеологияларға қалқан болып тұру үшін қажет, деді ол.

Б.Әбдіғалиев тізімге енген ескерткіштердің не­месе басқа да нысандардың отандастарымыздың рухани дүниесін байытуға қызмет ету керектігіне мән берді. Ол үшін жобаны жүзеге асыру бары­сында насихат жұмыстарына көңіл бөлінетінін, оның ішінде кітаптар шығарылып, мерзімді баспасөздерде материалдар жарияланып, бей­нероликтер түсірілетінін атап өтті. Сондай­ақ, бүкіл Қазақстан бойынша экспедициялар ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асырудың негізгі қағидаларының бірі – кең көлемді кешенді зерт­теу жүргізу, материал жинақтау. Биыл елімізде алты бағыт (Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Ба­тыс, Орталық және Оңтүстік­Шығыс) бойынша ғылыми­зерттеу және дала экспедицияларын өткізу жоспарланған.

Суретті түсіргенЕрлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»

Мерейімізді биіктететін бастама

Тәржімаланатын 7 оқулық таңдалды

Жауапкершілік жүгі ешқашан жеңіл болмаған

Барлық саладағы жұмыстар қайта жаңғыртуды қажет етеді

Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жасалмақ

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»

Page 5: E-mail: info@egemen.kz 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық. Алайда,

29 мамыр 2017 жыл 5Рухани жаңғыРу

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,Аян ӘБДУӘЛИ,«Егемен Қазақстан»

Елбасы Нұрсұлтан Назар ба ев - тың «Болашаққа бағдар: руха-ни жаңғыру» тақырыбындағы бағ дарламалық мақаласына ар-нал ған форумның ашылу салта-на тына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, сондай-ақ, БҰҰ, ЮНЕСКО, ИСЕСКО, ЕСО Science Foundation, Түркі ке-ңесі, ТҮРКСОЙ, ТүркПА сынды халықаралық ұйымдар басшы лары мен өкілдері, елшілер мен дипло-мат тар, мемлекет және қоғам қай -рат кер лері, іргелі зерттеу ор та -лық та ры ның басшылары, көр не-к і ғалым-зерт теушілер қа тыс ты. Алқалы жи ынды ашқан Ха лық -аралық Түркі ака де миясының пре-зи д енті Дар хан Қыдырәлі би ыл ғы фо рум Елбасының «Бо ла ша ққа бағ дар: рухани жаңғыру» ат ты бағ-дар ламалық мақаласына ар налып отырғанын айтты.

Форумда алғашқы болып сөз алған Мем лекеттік хатшы Гүлшара Әб ді қа лықова: «Байтақ еліміздің ең селі елордасы – Астана қаласында әлемнің 20-дан астам мемлекетінің ға лымдары бас қосып, осымен екі н- ші рет өткізіліп отырған «Ұлы да-ла» II гуманитарлық ғылымдар фо румына қош келдіңіздер! Бас қа ламыздың ғылыми және ин-тел лектуалды орталық ре тін де ор нығуына игі ықпалын ти гі зіп оты р ған бүгінгі форумда түр ко-ло гияның қордаланған про б ле-ма лары жоғары деңгейде тал қы-ланып, тың концептуалды ше-шім дердің қабылдануына сер пін бе ре тініне сенімдімін», – дей ке -ле, Елбасы Нұрсұлтан На зар ба ев- тың халықаралық форумға қа ты-сушылар мен меймандарға ар-найы жол даған құттықтау сөзін оқып берді.

Қазақстан Президенті бұл фо-рум ның құрлықтарды шекарасыз жал ғаған ғылыми интеграцияға тың серпін беріп, өзара түсіністік пен ықпалдастықтың дамуына оң әсер ететініне сенім біл дір ген екен. Құттықтау хатта: «Құрметті мәр-те белі мейман дар, зиялы ғылыми қауым! Сіз дер дің баршаңызды «Ұлы да ла» II гуманитарлық ғылым дар фо румының ашылуы- мен құт тық таймын. Ұлы дала Еура зия кеңістігін мекендеген ха лық тардың мыңжылдық бай ла -ныс тарының шежірелі куәсі, Ба-тыс және Шығыс өркениеттерін то ғыс тырған тоғыз жолдың тора-бы. Оның географиялық ауқымы алыс көкжиектерді қамтиды, тари-хи тамырлары тереңнен тарала ды, бай мәдени мұрасы бүкіл адам-зат тың ортақ игілі. Сондықтан, бү гінгі форум тақырыбының ы н ты мақтастырушы қуатқа ие сим вол дық мәні бар деп тани-мын. Ме нің бас тамам бойынша құрылған Ха лық аралық Түркі академиясы екінші мәр те осын-дай форматтағы алқалы жи ынның өту іне ұйытқы болып, биыл руха-ни жаңғыру мәселесін қолға алып отыр. Осы арқылы Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір са-на латын Астананың өз қақ пасын әлем дік ғылымға айқара аш қаны ма ғынасы зор оқиға. Бұл фо рум құрлықтарды шекарасыз жал -ғаған ғылыми интеграцияға сер -пін береді деп сенемін. Оның ая -сын дағы баршаға пайдалы пікір ал масулардың өзара түсіністік пен ықпалдастықтың дамуына игі ық-палы болары сөзсіз», – делінген жол дар бар.

Мемлекеттік хатшыдан кейін сөз алған Экономикалық ын ты-мақ тастық ұйымы Ғылым қо ры ның (ЕСО Science Foundation) пре з и-денті Манзур Хусейн Сумро түр кі ха лықтарының тарихына арнал-ған осындай ауқымды жиынды жо ға ры деңгейде ұйымдастырған Ха лық аралық Түркі академия-сы на алғысын айтты. Форум аясындағы ой-пайымдар өзара қарым-қатынасты жақсартуға, ал үнқатысулар платформасы пікір лер мен идеялар алмасуға, тарихи және мәдени аспектілер бойынша нақты тұжырымдамаларды әзірлеуге ықпал ететініне сенім білдірді. «Мұндай форумдар өте маңызы әрі өзекті деп ойлаймын. Себебі, осы тектес жиындар ғалымдардың бір-бірімен ықпалдастық орнатуы-на, бүгінгі таңда өте өзекті болып тұрған мәселелер бойынша пікір та-лас ұй ым дастыруға сеп болады. Бұл – өте маңызды. Біз өзіміздің бас-тауымызды қайдан алғанымызды және қазір кім екенімізді білуіміз үшін жүріп өткен жолымызды са-ралап, екшеп отырғанымыз жөн. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым мәдени мұра мен құндылықтарға не гіз дел-ген жарқын болашақты құ ру-ға айрықша маңыз беріп ке ле-ді. Мәселен, маған Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғы ру» мақаласында айтқан ойлары ұна ды. Қазақстан Президенті ұлт да муындағы ір-гелі тұжырымдаманың өзе гі сая-си-экономикалық жаңғыруға не гізделуі керек екенін айтты. Алай д а, біз мәдениетке және ұлт-тық біртектілік мәселелеріне де айрық ша көңіл бөлмесек, онда жаң ғыру үдерісі де өз деңгейінде жүрмейтінін ұмытпауымыз керек. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың біз-дің өз өткенімізді, өркениетімізді та нып-білмей, жаңғырудың жай сөз күйінде қалатыны төңірегінде айт қан ойын да құптаймын. Жа-һан да ну заманында барлық өр-ке ниеттер бір-бірімен байланыс орната отырып, қозғалыста бо-луы керек. Бұл әрқайсымыздың бәсекеге қабілетті болуымызға да сеп болары анық. Демек, біз жаң ғыру туралы айтқанда осы-ны ескеруіміз керек», – деді М. Сумро.

Ал ЮНЕСКО-ның Орталық Азия халықаралық зерттеулер институтының директоры Пильхо Пак Елбасының мақаласында айтылған білім культі жалпы адам-зат үшін маңызды нәрсе екеніне тоқтала келіп, ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажет екендігін атап өтті.

Осыдан кейін сөз кезегі Түрік тарихы құрылымының басшысы Рефик Туранға берілді. «Бұл кон-фе ренцияға осымен екінші рет қа тысып отырмын. Мұндай жи-ындар әлеуметтік ғылымдардың дамуына үлкен септігін тигізеді. Ал саяси ғылымдар әлеуметтік ғы лым дардың араласуымен дами-ды. Қандай да бір мемлекет бол-сын тарихы болмаса өзінің даму жолын айта алмайды. Бізді бір тарих байланыстырып тұрғанын ұмытпауымыз керек», – деді Рефик Туран.

Сонымен қатар, форум ба-рысында Түркі әлемі ғы лымына сіңірген еңбегі мен бау ыр- лас халықтар арасындағы ын ты-мақтастықты нығайтуға қос қан үлесі үшін мемлекет және қоғам қайраткері, академик Мырзатай Жолдасбеков пен 90 жас қа тол-ған танымал ғалым, Татар стан Рес пуб ликасының қоғам қай-раткері Мир фатых Закиев Түркі академиясының алтын медалімен марапатталды.

Шарада Парламент Сенаты-ның депутаты Ақан Бижанов Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мырзатай Жолдас бе-ков ке арнаған құттықтау хатын оқып берді. «Атамыз қазақ «Ең-бек – адамның көркі, адам – за-ман ның көркі» деген. Сіз осында отыр ған көбіміздің ұстазымыз болып есептелесіз. Тәуелсіз ел та-рихы тұсында елдің сөзін сөйлеп, Ел басының көреген саясатына қолдау білдіріп келесіз. Мырзатай аға, сізді сексеннің сеңгіріне шық-қан мерейлі күніңізбен құт тық тай-мын», – делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатында.

Жиын барысында сондай-ақ, Татарстанның тұңғыш президенті Минтемир Шаймиевтің «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар фо румына арнаған құттықтау хаты татар тілінде оқылды. «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар

форумының ұйымдастырушылары мен қатысушыларын шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан астана-сында ұйымдастырылған мұндай форум Еуразия елдерінің ғылыми, ағартушылық, мәдени өмірінің үлкен оқиғасы деп айтар едім. Бұл өз кезегінде өзара сыйластық үшін, сондай-ақ, білім, рухани және мате риалдық құндылықтармен ал-масуда аса маңызды рөл атқарады. Халықаралық деңгейде өтіп жатқан шара жұмысы Еуразия үшін ортақ болып есептелетін мәдени құн ды-лықтарды насихаттауға зор үле-сін қосады деп сенемін. Форум қа т ысушыларына жемісті жұмыс пен шығармашылық жетістіктер ті леймін», – делінген бұл хатта.

Ал форумның ашылу салта-натынан кейін АҚШ, Венгрия, Германия, Қытай, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресей мен түркі мемлекеттерінен келген 300-ге жуық ғалым-зерттеу ші л ер мен сарап шылар «Рухани жаң ғыру жо-лында», «Білім культі: ғылыми ин-теграция және ортақ құндылықтар», «Тарихи жады және болашаққа көзқарас», «Түркі әдеби дәстүрі және қазіргі кезең», «Түркі тілдері: зерттеу, қорғау және дәріптеу», «Әлем өр кениетіндегі түркі мәдени мұ расы» тақырыптары бойынша өткен 6 па нельдік отырыста маз-мұнды бая ндамалар жасады, Елбасы ма қаласында көтерілген міндеттер мен тақырыптар төңірегіндегі ой-пайымдарын ортаға салды. Со ны мен қатар, ғылымды дамыту мәселелері, қазақ тілінің латын әліп би іне көшуі, киелі жерлер мен қас терлі мекен-дерге арналған «Ту ған жер» бағ дар-ламасы тө ңі регіндегі мә се ле лерді талқылап, өз пікірлерін айтты.

Мәселен, «Білім культі: ғы-лы ми интеграция және ортақ құн дылықтар» тақырыбы бойын-ша ұйымдастырылған панельдік отырыс аясында да маңызды мә-селелер талқы таразысына са-лын ды. Профессор, филология ғы лым дарының докторы, Түркі әлемі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов модераторлық ет-кен бұл жиында Түркітілдес мем-лекеттер Парламенттік Ассам-б леясының (ТүркПА) Бас хат-шы сы Жандос Асанов «Ғылы-ми ықпалдастық және ортақ мәселелер: түркі тіл де рін зерттеу

проблемалары» деген тақырыпта сөз сөйледі. «Болашаққа бағ дар: рухани жаңғыру» атты ма қа-ласында Қазақстан Президенті қазақ тілінің келешектегі даму-ына қатысты құнды ойын айтты. Сондай-ақ, қазақ тіліне түркі әле-мінен көптеген құнды, қажетті ең бек терді, құжаттарды аудару қажеттігіне айрықша мән берді. Қазақ тілі түркі тілдерінің құ-рамына кіреді. Қазақстан Пре-зи дентінің бастамасымен құ-рыл ған Түркітілдес мемлекеттер Пар ламенттік Ассамблеясы осы ел дердің мәдени, рухани және гуманитарлық байланысының даму ын жандандыруды бас шы-лық қа алып келеді. ТүркПА-ның назарында тұрған тағы бір ма-ңызды мәселе – түркі тілдерін салыс тырмалы түрде зерттеп, зер-делеу. Әрине, түркі тілдес елдердің тарихи тамыры бір, сондықтан, олардың тілдері де, әдебиеттері де, мәдениетері де ортақ әрі ұқсас. Сондықтан, түркі тілдерін, оның ішін де лексиканы, фонетика ны, стилистиканы салыстырма лы түрде зерттеудің маңызы зор. Бұл – біздің тілдеріміздің негізгі өзе-гін, сипатын, табиғатын түсі ну ге мүм кіндік береді. Сол ар қылы біз өзі міздің тарихи салт-дәс түр ле рі-міз ді де зерделей аламыз», – деді Жандос Асанов.

Ал ЮНЕСКО істері жөніндегі Түркия ұлттық комиссиясының төрағасы Өжал Оғыз: «Өздеріңіз білетіндей, қазір әлем жаһандану үдерістерін бастан кешіп жатыр. Біз үшін оның өзіндік мәні мен әсері бар. Неге, себебі, бүгінде жой ылуға аз қалған тілдерді сақтау мә селесі күн тәртібінде өткір тұр. Ал ондай тілдер жойылса не бола-ды? Онда тек халықаралық тілдер ғана қалады. Сондықтан, Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағ дар: рух ани жаңғыру» атты мақа ла-сын да айтылған ұлттық код, тіл, соның ішінде латын әліпбиі сынды маңызды мәселелер туралы жан-жақты ойланып, айрықша назарда ұстауымыз керек», – деді өз сөзінде Өжал Оғыз.

Ал «Түркі әлемі универ си-тет тері мен ТҮРКСОЙ ара сын-да ғы ынтымақтастықтың орна-уы» атты тақырыпта баян дама жа саған ТҮРКСОЙ бас хат шы-сының орынбасары Фырат Пурташ «Құрметті Нұрсұлтан Назар ба ев- т ың мақаласында «Әлем біз ді мұнайымызбен емес, мә де ни еті-міз бен тануы тиіс», деген. Сон-дық т ан қазақ, түрік мә де ниетін ар найы бағдарламалар ар қылы дү ние жүзіне танытуымыз ке рек. Осы бағытта ұйымымыз арна йы жұ мыстар жүргізіп жатыр», – деп атап көрсетті.

Жалпы, осы форумға әлемнің бірнеше елдерінен, со ның ішін де АҚШ-тан, Германиядан, Венгрия-дан, Үндістаннан, Ресейден, Тә-жік станнан, Қырғызстан мен Өз-бек станнан ғалымдар келіп қа ты-сып, Елбасының рухани жаң ғы ру жөніндегі мақаласында ай тыл-ған мәселелерге қатысты ой-пі-кір ле рін ортаға салды. Мысалы, И.В. Гете атындағы Франкфуртуни -вер ситетінің профессоры Ирина Нев ская, венгриялық антрополог Би ро Андраш латын әліпбиіне кө-шу мәселесі өте маңызды еке нін айт са, өзбекстандық ғалым Рав-шан Абдуллаев, қырғызстандық Тыныштықбек Чороев тарихи та-мыр ластықты негізге ала отырып, ортақ тарихты жазудың өзектілігіне тоқталды.

«Ұлы дала» II гу манитарлық ғылымдар форумы ая сында соң-ғы жылдары Халы қ ара лық Түр кі ака демиясы жарыққа шы ғар ған кі таптардың көрмесі ұйым дас ты-рылды.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»

Халықаралық форум Елбасы мақаласына арналды

––––––––––––––––––––Астанада Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) ұйым дас ты­руы мен «Ұлы дала» II гу­ма нитарлық ғылымдар фо­румы өтті.––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––Жоғарғы сот Төра ға­сы Қайрат Мә ми дің жетекшілік етуі мен Жоғарғы сот жа нын­дағы Халық ара лық ке­ңес тің ке зек ті отырысы өтті. Осы мен үшінші рет ұй ым дастырылған жи ын ға Халықаралық ке ңестің мүшелері мен елі міздің Жоғарғы сот ор ганының судьялары, Жоғарғы сот жа нын­да ғы Соттардың қыз ­метін қамтамасыз ету де партаментінің бас­шы лығы қатысты.–––––––––––––––––

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Жиынды ашқан Жоғарғы сот Төрағасы Қ.Мәми биылғы жылы Жоғарғы соттың жал-пы отырысының қаулысына сәй кес Кеңестің құрамы 15 ада м ға жаңарғанын атап өт-ті. Төрағаның мәлі м деу ін- ше, Кеңес құрамына Ре-сей мемлекеттік сот тө ре-лігі университеті Қыл мыс-тық сот ісін жүргізу бө лі мі-нің меңгерушісі, заң ғы лым-дарының докторы Оксана Качалова, Англия жә не Уэльс (Ұлыбритания) жо ғар ғы сот-та рының адвокаты, «Ст ра -тегиялық бастамалар ор та лы-ғы» серіктестігінің се рік те сі Кирилл Зенин, Таллинн ок руг-тік сотының жә не Еуро д жаст қа да ғалаушы соты ның судья-сы Павел Гончарев қосымша мү ше болып кірген.

«Бұл Кеңес Мемлекет бас -шысының тапсырмасын орын-дау мақсатында құ рыл ды. Жұ мыс істей бас та ға ны на бір жылдан астам уа қыт өт-ке ніне қарамастан Ха лық ара -лық кеңес институт ре тін де қалыптасты. Оның қыз ме ті ха лықаралық практика тұр-ғы сынан сот төрелігін жү зеге асы ру жұмысына ұсы ным дар мен тұжырымдар бе руі мен ма-ңызды», – деді Қ.Мәми.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, Кеңес мүшелерінің бел сенді қызметінің нәти же-сінде алғаш рет инвестициялық дау ларды қарау бойынша әдіс-те мелік түсіндірулер әзір-лен ген. Әсіресе, инвес тор-лар дың қатысуымен болатын дау лар бойынша белгілі бір ұсы нымдар дайындау мақ са-тын да мемлекеттік органдар өкіл дері мен инвесторлардың қа тысуымен кездесулер өтіп, нақты сот істері бойынша про-це стік заңнама шеңберінде қо рытындылар жинақталған. Сондықтан биылғы жұмыс жоспарында сарапшылардың ұсы ныстарын ескере отырып, қыл мыстық және азаматтық сот ісін жүргізудің өзекті мә-се ле лері енгізіліп отыр.

Жиында Жоғарғы сот-тың Мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева Кеңес жұ мы-сының өткен жылғы нәти же-ле рі мен алға қойылған жос-па р лары туралы баяндады. Сонымен қатар, «ҚазБар» Қа-зақ стандағы коммерциялық заң гер лер қауымдастығының бас қару кеңесінің төрайымы, Халықаралық кеңестің мүшесі Айгүл Кенжебаева да сот жүйесін жаңғыртумен қатар, ре формалау сотта мүдделерге өкіл дік ету институтына ық-пал етуі тиістігі жөнінде сөз сөйледі.

Орайы келгенде өз ойын біл дірген Жоғарғы сот Тө-ра ғасы құқықтық мем ле кет-тер дің рейтингі заң үс тем дігі индексі, соның ішінде, қыл-мыс тық сот төрелігінің көр-сет кіштері бойынша анық та-ла тындығына тоқ тал ды.

« Ө з д е р і ң і з г е м ә л і м , Қазақстанның қазіргі таңд а ғы қылмыстық саясаты ізгі лен-діруге және қылмыстық құ қық бұзушылықтарды қыл мы с- сыздандыруға бағытталған, со-ның ішінде шын мәніндегі бас бостандығынан айыру жа засы айыппұл салу жазасы на ауы-стырылуда», – деді Қ.Мәми.

Жиын соңында Жоғар-ғы сот Төрағасы Кеңес мү-ше лері А.Кенжебаева мен Й.Пуделька, К.Мастерс пен Ж.Елубаевты Халықаралық кеңес жұмысына белсене қатысып, қызметте көрсеткен кә сіби шеберлігі үшін және рес публиканың сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапат-тады.

Кеңестің кезекті отырысы өтті

Мансура Хайдар, Индира Ганди атындағы Ұлттық мәдениет орталығының профессоры (Үндістан):

– Бүгінгі Қазақстан – прогресшіл идеялар, инновациялар мен интеграци-ялар үшін ашық мемлекет. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген идеялары қазіргі заманғы ғылыми ізденістердің өзегіне, әрі қарайғы саяси-әлеуметтік, мәдени дамудың іргетасына айналып отыр. Бүгінгі форум тақырыбы ретінде көтеріліп отырған Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы халықаралық-саяси және практикалық мәні жағынан аса өзекті. Бағдарламада қойылған міндеттер мен құнды ойлар парасын қазіргі аймақтық интеграция мен жаһандану жағдайындағы Еуразия толеранттығының ғылыми-тарихи негізі деп айтуға болды. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі ауқымды форум аясында ғалымдар мен зерттеушілер ғылыми жаңалықтары мен жетістіктерімен бөлісуге таптырмас мүмкіндік туып тұр. Сонымен бірге, түркі әлемін зерттеу саласындағы тәжірибелерді жинақтап, идея-лармен алмасу және іргелі бағыттарды анықтауға мүмкіндік беретін платформаға айналып отыр.

Мен өмірімнің 55 жылын түркі әлемін меңгеруге ар-надым. Мен әлемнің талай жерін аралап, түркі әлемі тура-лы лекция оқи жүріп, әлемнің көптеген кітапханаларында қызмет істедім. Түркілердің елі мен жері, мәдениеті мен дәстүрі, ғұрпы қандай деген сан сауал әлем назарында. Әлемде түркі тарихына, түркі әлемі мен мәдениетіне деген үлкен қызығушылық бар.

Норман Грэм, Мичиган штаты университетінің Еуропа, Ресей және Еуразия зерттеу орталығының директоры (АҚШ):

– Қайта құрудың бір факторы – мемлекет пен нарықтың арасында дәнекер болушы әлеуметтік институт-тар мен нормалар жүйесін жасау ар-қы лы экономикалық қоғамды дамы-ту. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан На зар баевтың тұрақты да орнықты демократия қалыптастыруда қажетті мәдени құндылықтарға баса назар аударып отырғаны қуантады. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «заманға сәйкес жаңғыру мiндетi барлық мемлекеттердiң алдында тұр» деген сөзі өте дұрыс бағыт. Өкінішке қарай, түркі әлемі өркениеті мен мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесі мен орны ту-ралы жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей жататыны бар. Түркі мемлекеттерінің орнында үлкен өркениет ошағы болғаны рас. Сондықтан «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумы түркі мәдениеті иеленетін құндылықтарды бүкіл әлеммен бөлісуге мүмкіндік береді.

Ең бастысы, форум нәтижесінде маңызды шешімдер шығады. Оқылған ғылыми тұжырымдар осы жерде қалып қоймай, бүкіл әлемге таралып, адамдардың бәріне қолжетімді болады. Сонымен қатар, форумның маңызды тұсы – түркі және түркі тілдес мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастық. Себебі, мұндай мемлекеттердің өзара ұқсас проблемалары болады. Форумның арқасында сондай проблемаларды бірлесе талқылап, ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік туып отыр.

Рефик Туран, Түрік тарихы құрылымының басшысы, профессор (Түркия):

– Әлем ғалымдары бас қосқан алқалы жиынның т а қ ы р ы б ы Қ а з а қ с т а н Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағ дар: рухани жаңғыру» атты бағ дарламалық мақаласына ар на лып отыр. Мақалада қоғамдық сана жаңғыруының не гiзгi қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, заман сы на-ғына лайықты төтеп беруге қажеттi нақты жобаларды жүзеге асырудың міндеттерін ұсынды. Қазақстанда түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің жаңа мүмкіндіктері алдыңғы орынға шығып отырғанына куәміз. Бүгінгі форумда бүкіл әлемдегі түркі халықтарының тілі мен өзара мәдени байланыстарының ең маңызды мәселелері талқыланып, оның болашақтағы дамуы жайлы сөз болуы форум тақырыбының мән-мағынасын кеңінен ашып берді. Ғалымдар түркі әлемінің тілі, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, келелі шешімдерге келеді. Себебі, қазіргі күнде түркі халықтарының тілі, сан түрлі этникалық мәдени әлемі жайындағы мәселелердің ғылыми және саяси жақтан оң шешімін табуы өте маңызды. Ортақ тарихымызды және мәдениетімізді әлемге таныту, келер ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен мұндай ауқымды шаралар алдағы уақытта басқа да Түркі мемлекеттерінде жалғасын тапса дейміз.

Page 6: E-mail: info@egemen.kz 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық. Алайда,

6 29 мамыр 2017 жыл

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстанға халықаралық деңгейде аусылдан таза аймақ мәртебесі берілді. Ал оның анықтама сертификаты 25 ма-мырда Францияның астанасы Париж қаласында елімізге ресми табысталды. Осыған орай жұма күні Үкімет үйінің баспасөз орталығында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғановтың қатысуымен арнайы бри-финг өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

қоғам

– Жеңіс Махмұтұлы, жалпы, дүние жүзі үшін экономикалық даму мәселесі «мәңгілік» тренд екені даусыз. Және қазіргі эко­номикалық үрдісті инвестиция­лар ағымы мен индустриялық жаңғырусыз елестету қиын. Демек, біз бен сіздің әңгімеміз осы екі бағыттағы жұмыстардан басталуы керек сияқты...

– Әрине. Тек мен өз тарапым-нан мынаны ескертіп қойғым келеді: инвестициялар ағымы мен индустриялы жаңғыру жайындағы сұхбатта әдемі сөздерден гөрі нақты цифрлар көбірек қолданылады. Сондықтан мен министрлік тара-пынан атқарылған нақты істерге тоқталайын...

– Келістік. Алдымен үдемелі индустриялық­инновациялық дамудың 2015­2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­лама сынан бастасақ. Әсіресе, өңдеу секторының үлес салмағы қан дай және бағдарламаның бүгін гі аяқ алысы туралы не айта сыз?

– Индустриялық-иннова ция-лық даму мемлекеттік бағдар ла-масының негізгі мақсаты еңбек өнімділігін арттыру, өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайту арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығару. Деректерге жүгінсек, өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 10,7 пайызға, ал өнеркәсіпте 41,5 пайызға жетті. Бұл ел экономикасындағы қайта өңдеу секторының үлесі артқанын көрсетеді. 2016 жылы Индустрияландыру картасы ая-сында 878 млрд теңгенің 130 жо-басы іске қосылды, 10 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны құрылды. Іске қосылған карта жобалары бойынша өткен жылы ғана жалпы сомасы 2,2 трлн теңгеден асатын өнім өндірілді. Ал биыл бағдарлама негізінде 2 жаңа ірі өндіріс ошағын құру жоспарланған.

– Сөзіңізді бөлейін, Мемлекет басшысы жұмысы тоқтап қалған және жобалық қуатын орын­дай алмай отырған жобаларға қатысты сын айтқан еді. Сол сыннан нәтиже шықты ма?

– Мемлекет басшысы ақпан айының басында өткен кеңейтілген Үкімет отырысында сол кезеңде мәселесі күрделі жағдайда тұрған 72 жобаға қатысты сын айтқан еді. Бұл 72 жобаның жиырмасы тоқтап қалған болатын. Қалған жо-балар 50-30 пайыз аралығындағы төменгі жүктемемен жұмыс істеп тұрды. Одан кейінгі 2 айда біз әкімдіктермен жұмысты күшейттік. Бұл 72 жобаның әрқайсысымен үш жақты нақты жұмыс істеу жоспарына қол қойылды. Олар: біздің министрлік, әкімдіктер және осы кәсіпорындардың иелері. Бүгінгі күні 23 жоба өзінің жобалық қуаттылығынан 50 пайыздан артық өнім шығарып жатқанын айта кетейін. 15 жоба әзірге тоқтап тұр. Мұның ішіндегі 6 не-месе 7 жоба бұдан әрі жұмыс істемейді. Ал қалған жобалар-ды тығырықтан алып шығуға мүмкіндік бар. Жарты жыл ішінде осы 72 жобаның жартысының қуаттылығын 50 пайызға неме-се одан да жоғары көрсеткіште көтеріп, жұмыс істетуді жоспар-лап отырмыз. Бұл жағдайды үнемі бақылауда ұстайтын бо-ламыз. Апта сайын селекторлық режімде әр кәсіпорынның бас-шыларымен сөйлесіп отырмыз. Амандық болса, алдағы уақытта кәсіпорындардағы күрделенген мәселені толық шешеміз және оған көзіміз жетіп отыр. Сондықтан, сіздің сұрағыңызға сыннан оң нәтиже шығардық деп толық жауап бере аламын.

– Министрліктің жұмыс ауқымы үлкен. Көлік инфра­құры лымын дамыту міндеті де сіздерге жүктеліп отыр. Мәсе лен, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дар ламасы аясында ілкімді істер атқарылып жатқанын білеміз. Нәтижелі көрсеткіштеріне тоқталсаңыз.

– Иә, көлік инфрақұрылымын кеңірек жаңғырту жұмыстары мен көлік дәліздерін дамытуға бағыт-талған «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырылуда. «Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі жоба-лары республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының реконс-трукциясын және құрылысын қамтиды. Жалпы, 2010 жылдан бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 5 мың километрінде реконструкция және күрделі жөндеу жүргізілді. Нәтижесінде, қазір республикалық

маңызы бар автомобиль жол дары-ның 85 пайызы және облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 65 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жай-күйде. Ел аумағында жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзақтығы 96,5 мың км. Соның ішінде, рес-публикалық желі – 23,7 мың шақырым, ал жергілікті желі – 72,8 мың шақырым. 2015-2016 жылдары автожол жобаларын орындауға 616 млрд теңге – оның 329 млрд теңгесі Ұлттық қордан бөлінді. Бөлінген қаражат толық игерілді. Бөлінген қаржыға 9 жоба іске асырылды: Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Орталық – Оңтүстік, Орталық – Шығыс, Бейнеу – Ақ-тау, Алматы – Өскемен, Астана – Петропавл, Жезқазған – Пет-ропавл, Ақтөбе – Атырау және Орал – Каменка. Жалпы, жол-құрылыс жұмыстарымен Қазақ-станның 12 аймағындағы 2 мың км қамтылды. Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік дәлізі, Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Қапшағай – Балпық би, Бейнеу – Шетпе және Көкшетау – Петропавл учаскелері бойынша қозғалыс толық ашылды. Сонымен қатар, Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін ұзақтығы 12 шақырым бола-тын, Орталық Азиядағы ең ірі көпір өткелінің құрылысы аяқталды. Барлық жобаларда 75 мың адам жұмыс істеді. Осы тұста айта кететін бір жайт, материалдардың 90 пайызын отандық өндірушілер дайындады.

– Нақтыласаңыз, биыл қандай бағыттарда жол құры­лысы аяқталады?

– 2016 жылы Қазақстан Рес-пуб ли касы көлік жүйесінің инфра-құ рылымын дамытудың және ық-пал дастырудың 2020 жылға дейінгі

мемлекеттік бағдар ламасы «Нұрлы жол» мемле кет тік бағдарламасымен біріктірілді. Енгізілген өзгерістер бойынша 2017-2019 жылдары бағдарлама аясында ұзақтығы 4,4 мың шақырым, құны 1,7 трлн теңгенің 23 жобасын іске асыру көзделген. Биылғы жылы авто-жолдар реконструкциясына 356,2 млрд теңге, оның ішінде Ұлттық қордан 143,5 млрд теңге бөлінді. Астана – Қарағанды, Орталық – Шығыс, Бейнеу – Ақтау, Орталық – Батыс, Қапшағай – Талдықорған, Петропавл – Ресей шекарасы және Орал – Каменка сияқты ұзақтығы 602 шақырым болатын 7 ауыспа-лы жобада жұмыстар жалғасып, биылғы жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Республикалық бюджет және халықаралық қаржы институттарының қаражаттары е с е б і н е н ж а л п ы ұ з а қ т ы ғ ы 3,2 мың шақырым болатын 16 жаңа жобаның реконструкция-сы басталмақ. Олар: Ақтөбе – Мақат, Атырау – Астрахань, Күрті – Бурылбайтал, Бурылбайтал – Балқаш, Мерке – Бурылбайтал, Талдықорған – Өскемен, Ұзынағаш – Отар, Жетібай – Жаңаөзен, Қалбатау – Майқапшағай, Үшарал – Достық, Бейнеу – Ақжігіт, Қостанай – Денисовка, Щучье – Зеренді, Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы, Осинов асуы, Таскескен – Бақты. Жалпы, автожолдар реконструкциясының жұмыстарына 100 мыңнан астам адам тартылатын болады. Біз осы-лайша еліміздегі маңызды жол-дарды жөндеумен қатар көп теген азаматтарымызға жұмыс тауы п беріп отырмыз. Бұл да үлкен көр-сеткіш десем, артық айтқандық болмас.

– Жеңіс Махмұтұлы, енді «Нұр лы жер» бағдарламасының басым міндеттеріне тоқталсаңыз. Биыл бағдарлама аясында қан­ша шаршы метр тұрғын үй пай­далануға берілмек?

– Сұрағыңыз қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселені қозғайды. Сондықтан, оқырманға түсінікті болу үшін мейлінше кеңірек тоқталып өтейін. 2017 жылдан бастап тұрғын үй құрылысының барлық мәселелері жаңа «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдар-ламасына қосылғанын жақсы біле-сіздер. Бағдарлама елдегі тұрғын үй мәселелерін негізгі алты мін-детті іске асыру арқылы кешенді шешуге бағытталып отыр. Бі-рінші, ипотекалық несие бе рудің қолжетімділігін арттыру, екінші, жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру, үшінші, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін несиелік тұрғын үй салу, төртінші, халықтың әлеуметтік жағынан осал топта-ры үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру, бесінші, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту және халықты жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үйлермен қамтамасыз ету. Жалпы, биыл бағдарлама аясында 10,2 млн шар-шы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бұл 100 мыңға жуық пәтер. Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін коммуналдық тұрғын үй құрылысына 2017 жылы республикалық бюджеттен 596,9 млн теңге бөлінді. Жас отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысына биыл республикалық бюджеттен 1113,97 млн теңге бөлінген бола-тын. «Қазақстан ипотекалық ком-паниясы» ұйымы мен «Самұрық-Қазына» қоры арқылы да жалға

берілетін және коммерциялық тұрғын үй құрылыстары бойын-ша келісімдер жасалды. Осы тұста тағы бір айта кететін жайт, биыл жалпы алаңы 106,1 мың шаршы метр болатын жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру жос-парлануда. Былайша айтқанда, бұл – 1624 пәтер...

– «Қазан аузы жоғары» дейік. Қоныс тойы көп болсын. Бірақ, біз жылдың бірінші тоқсанын аяқтадық, екінші тоқсанға аяқ бастық. Осы сала бойынша қандай да бір жетістік немесе оң көрсеткіш бар ма?

– Министрлік жұмысын бағамдасаңыз, барлық салалар бойынша оң өзгерістер болып жатқанын байқар едіңіз. Мен мұны толық жауапкершілікпен айта аламын. Соның ішінде тұрғын үй саласында да жетістіктер бар. Өткен 1-тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы алаңы 3,1 млн шаршы метр болатын тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тап-сырылды. Жалпы, республика бойынша барлығы 25 230 баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде 7 701 жеке тұрғын үй және көп қа-бат ты үйлердегі 17 529 пәтер бар. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда жоғары көрсет-кішке ие. Яғни, тұрғын үй саласы үшін биылғы жыл жақсы басталды деп айтуға толық негіз бар.

– Тақырып ауанын өзгерт­сек... Қазақстан шет елдермен ха лықаралық әуе байланы­сын кеңейтіп келеді. Мысалға, ЭКСПО­2017 көрмесі кезінде бірқатар әуе рейстері ашылаты­нын айтып қалдыңыз...

– Министрлік халықаралық бағыттардағы әуе тасымалын

арттыру мақсатындағы жоспарлы жұмысын жалғастыруда. Мәселен, өткен жылы 7 халықаралық бағытта әуе рейсі ашылды. Осы тұста айта кетуіміз керек, халықаралық бағыттағы сұраныстар жыл сайы н артып келеді. Мәселен, алдағы айда Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуіміз, сондай-ақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытуға байланысты Қазақстан мен Еуропа елдері ара-сында шетелдік әуе компаниялар-мен бірлесіп жаңа бағыттар ашу жоспарланып отыр. 8 мамырдан бастап польшалық «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы Астана – Варшава бағытында аптасына 4 рет қатынайтын жаңа әуе рейсін ашты. Сондай-ақ, Астана – Будапешт арасындағы алғашқы әуе қатынасы 1 маусымда ашылады. 19 маусым-нан бастап «Finn Air» әуе компания-сы Астана – Хельсинки бағытында аптасына 2 рет қатынайтын жаңа бағытты іске қосады. Маусым айынан бастап Астана – Бейжің бағытында аптасына 3 рет «Air China» ұшақтары қатынайды. Қазақстандық әуе компаниялар да халықаралық бағыттар бойынша өрісін кеңейтпек. Маусым айынан бастап «Эйр Астана» әуе компания-сы Астана – Улан – Батор, «SCAT» әуе компаниясы Астана – Ереван жаңа әуе рейсін ашады.

– Мұндай жаңалықтарды жалпы көлік қатынасы, оның ішінде темір жолға қатысты да айта аласыз ба? Болжам бойын­ша ЭКСПО­2017 көрмесі қар­саң ын да Астанаға жан­жақтан пойыз бен қатынайтын жолаушы саны көбеймек. Дайынбыз ғой...

– Иә, Астанада ЭКСПО-2017 халық аралық көрмесі қарсаңында елор даға келетін халықтың нөпірі көбейеді. Оның бәрін есептеп, алдын ала болжап отырмыз. Осы тұста айта кететін бір жайт, біз ТМД елдерінде баламасы жоқ соң ғы үлгідегі «Нұрлы жол» жаңа вокзалын пайдалануға бере міз. Астанадағы жаңа вокзал тәу-лігіне шамамен 35 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсете алатын болады. Мұнда жолаушылар үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Жаңа вокзал 1 маусымда толық іске қосылады. Көрме кезінде Астанаға өңірлерден қосымша 14 жолаушылар және қала маңындағы пойыздар қатынайды. Жолаушылар ағынын темір жол көлігімен қамтамасыз ету үшін Астана темір жол стансасы арқылы жүретін бағыттарды 44-тен 58-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.

– Жеңіс Махмұтұлы, сұх­ба тымызды инвестиция тақы­ры бымен қорытын дыласақ. Тіке лей шетелдік инвестиция қандай салаларға тартылды және нәтиже қандай?

– Ел экономикасына инвести-ция тарту мемлекеттің маңызды басымдықтарының бірі екені белгілі. Министрлік Мемлекет бас-шысының Қазақстанның инвес-тициялық стратегиясын әзірлеу жөніндегі тапсырмасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Осы орайда айта кету керек, Мемлекет бас-шысы Н.Назарбаевтың тапсыр-масымен «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құрылды. Оның негізгі міндеті – Қазақстан Үкіметі аты-нан ірі инвесторлармен және мақсатты трансұлттық компания-лармен келіссөздер жүргізу. Қазіргі уақытта аймақтарда инвесторларға қызмет көрсететін 19 сектор жұмыс істейді. Бұдан басқа да кешенді ша-ралар жүзеге асырылуда. Жалпы, елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестицияға тоқталар болсам, 2016 жылы бұл көрсеткіш 20,6 млрд дол-ларды құрады. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға өскенін көрсетіп отыр. Мәселен, ақпараттық технологи-яларда – 9,7 есе, электрмен қамту – 5,9 есе, кен өндіру өнеркәсібі – 2 есе, құрылыс – 84,5 пайыз, сауда-да – 51 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде 48,3 пайызға көбейгенін көріп отыр-мыз. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібінің кейбір салаларындағы тікелей шетелдік инвестиция фармацевти-ка өнімдерінде – 8 есе, металлургия өнеркәсібінде – 85,8 пайы з, ағаш және қағаз өнімдерінің өндірісінде 74 пайызға артқан. Тікелей шетелдік инвестицияның қомақты бөлігі Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Франция, Қытай, Ресей, Бельгия, Ұлыбритания сияқты елдерден келеді. Жалпы, елімізде инве-сторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мұндай шаралар әлі де жетілдірілу үстінде.

– Әңгімеңіз үшін рахмет.

Әңгімелескен Қалмаханбет

МҰҚАМЕТҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

«Нұрлы жолмен» «Нұрлы жерге» дейін...немесе Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қандай жұмыстар атқарылуда?

––––––––––––––––––––Қоғамды қызықтыратын сауалдарға Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК жауап берді. ––––––––––––––––––––

Серпінділік СтратегияСы

Жалпы, биыл бағдарлама аясында 10,2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілмек. бұл 100 мыңға Жуық пәтер. Жергілікті атқарушы органдарда ке-зекте тұрғандар үшін коммуналдық тұрғын үй құрылысына 2017 Жылы республикалық бюдЖеттен 596,9 млн теңге бөлінді.

Динара БІТІКОВА,«Егемен Қазақстан»

Қ.Айтуғановтың хабарлауын-ша, аталған мәртебені беруге Халықаралық эпизоо тия лық бюроның (ХЭБ) бас ассам блея-сының отырысына қатысқан 180 елден келген Халықаралық эпизоотиялық бюроның делегат-тары бірауыздан дауыс берген. Осындай нәтижеге аусылдың ал-дын алуға бағытталған мақсатты жұмыстар, халықаралық талап-тарға сәйкес аусылмен күрес стратегиясын қатаң қадағалаудың арқа сында қол жеткізілген.

Бұрынғы кеңестік кеңістікте Беларусь пен Украина әуел бас-тан аусылдан таза аймақ ретінде танылған екен. Ал 2016 жыл-дан бас тап Ресейдің жекеле-ген өңірлері ғана аусылдан таза мәртебесіне ие. ТМД-ның өзге елдеріне мұндай мәртебе әзірге берілмеген.

«Елімізде осы мәртебенің бо-луы мал және өсімдік шаруа шы-лығы өнімдерін ДСҰ-ға мүше мем лекеттерге экспорт тау ға мүм-кіндік береді. Бұл өз кезе гінде агро-өнеркәсіп кеше нінің экс порттық әлеуетін іске асы руға, сонымен қатар, отандық кәсіп кер лердің сырт қы сауда қызметін дамытуға оң ықпал етеді», деді Қ.Айтуғанов.

Сондай-ақ, ол Қытайдың ве-теринария бойынша құзырлы ор-ганы (ГИНКИК) өткен жылдың қыркүйегінде ХЭБ шешімі не гізінде 9 облыста аусыл бойынша шектеуді алып тастағанын атап өтті. АШМ Ветеринарлық ба қылау ко митеті қытайлық тараппен жаңа ғана алынған мәртебе негізінде қалған бес облыстан шек теуді алып тастау бойынша жұмысты жал ғастырады. Соны мен қатар, Пар сы шығанағы елдері, Иран мен Израиль алынған мәр тебе не гізінде Қазақстанмен респуб ли каның барлық аумағынан мал ша руашылығы өнімдерін экспорт тау ға рұқсатты мақұлдауға дайын екен.

Баспасөз мәслихатына сон дай-ақ, Ветеринарлық бақы лау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдылданов, «Мерке ет» ЖШС вице-прези-дент і Бексұлтан Елубаев ,

Қазақ тың ақбас тұқымының респуб ликалық палатасының бас ғылы ми қызметкері Әнуарбек Сейіт мұратов қатысып, еліміздің аусылдан таза аймақ мәртебесін алуы ет экспортына мүмкіндік аша тынын айтты. Мәселен, Б.Елубаев Қазақстанды аусылдан таза аймақ ретінде тану ет өңдеу зауыттарының өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін, сәйкесінше қазақтың етті ақбас ірі қара мал тұқымының саны арта-тынын атап өтті. Оның айтуынша, еліміздің жаңа мәртебеге ие бо-луы алдымен өндірісті ұлғайтады. Қосымша 70-тен астам жұмыс орны ашылатын болады. Комбинат аусыл дан таза аймақ мәртебесінің арқа сында мал бордақылау ала-ңын дағы ірі қара мал басын 3 мың бас қа дейін ұлғайта алады. «Бізге, ауылшаруашылық тауарын өнді-рушілерге, аусылдан таза аймақ мәртебесіне ие болу мал ша руа-шылығы өнімдерінің экспорт тық әлеуетін кеңінен пайдалануға мүміндік береді», деді Б.Елубаев.

Өз кезегінде, Мал шаруа-шы лығы және ветеринария ғы лы ми-инновациялық орта лы-ғы ның бас ғылыми қызметкері Әнуарбек Сейітмұратов қабыл-данып жат қан АӨК-ті мемлекеттік қолдау шараларының арқасында соңғы 5 жылда қазақтың ақ бас сиырының тұқымы 230 мың басқа дейін артқанын жеткізді. «Қазақстанда өсірілетін 10 етті тұқымының ішінде қазақтың ақ бас тұқымы ең ірі болып та-былады. Ендігі, аусылдан таза аймақ мәртебесіне ие болғаннан кейін мал өсірушілер үшін еттің экспорттық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосуға және өздерінің қажырлы еңбектерінің жемісін көруге мүмкіндік пайда болады», деді Ә.Сейітмұратов.

Осылайша, отандық тауар өндірушілер үшін жаңа мүм-кіндіктер ашатын жақсы жа-ңалық жария болды. Әрине, бұл Халықаралық эпизоотиялық бюро шешімі – еліміздің АӨК-ті да-мытудың 2017-2021 жылдарға ар-налған жаңа мемлекеттік бағдар -лама сының аясында ветери-нарлық қыз метті жетілдіру жұмы-сының нәтижесі.

Цифрлы хабар тарату үшін екі жыл қажет

Ақпарат және коммуника-циялар министрі Дәурен Абаев апта сайын «Хабар» агенттігінде эфирге шығып жүрген дәстүрлі «Открытый диалог» жобасында Қазақстанда цифрлы эфирлік ха-бар тарату қашан іске қосылатыны туралы әңгімеледі.

«2019 жылы Қазақстанда циф-рлы эфирлік телерадиохабарла-рын тарату ісі жоспарланып отыр. Ал оны іске қосу үшін 827 радио-телевизия стансасын салу қажет. Ол үшін біз бұл істі бір мезгілде бүкіл еліміз бойынша қолға алуымыз керек. Барлық 827 станса салы-нып біт пейінше, тарату жүзеге асырылмайды. Қазіргі кезде 700-ден астам осындай станса салынған. Екі жыл бе дерінде біз бұл жұмысты аяқ тау ды жоспарлап отырмыз», деді Д.Абаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, бұдан бөлек, 3240 дана осындай хабар тарату құрылғыларын ажы ратып тастау қажет болады. «Бес-алты облыс-та цифрлы хабар таратуды бүгіннен бастауға да болады. Ал баламалы құрылғылар ажы ратылып тасталған кезде халық тың белгілі бір тобы атаулы әлеуметтік көмекті қажетсінуі ықти мал. Өйткені, хабар тарату құ-рылғыларын қосу белгілі бір дең гейде ақша болуын талап етеді. Сондай-ақ, ел азаматтарының әлеу меттік жағынан қаншалықты қау қарлы екені де тексеріліп жатыр», деді аталған мәселеге қатысты сөзінде Д.Абаев.

Қуғын-сүргін құрбандарына арналған жоба«Биыл Мемлекет басшысының саяси қуғын-сүргін және ашар-

шылық құрбандарын еске алу туралы Жарлыққа қол қойғанына тура 20 жыл толады. Осы жылдар ішінде аталған Жарлық шеңберінде этномәдени бірлестіктер мен басқа да түрлі алаңдарда шаралар өткізіліп келеді. Жалпы, мамыр айында қазақстандықтар тарихи екі өте қорқынышты қасіреттерді еске түсіреді: 9 мамырда және 31 ма мырда. Бұл шаралардың басты мақсаты – сол қасіретті кезең дерді ұмытпай, есте сақтау», деді «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» жобасының эфирінен ведомство басшысы.

Бір реттік парольге көшу ұсынылды«Откры тый диалог» жобасы аясында мемлекеттік қызмет көр-

сетулерге қатысты да әңгіме қозғалды. Мұнда электронды цифрлы қолтаңбаны бір реттік парольдерге ауыстыру туралы идея ерекше на-зар аударуға тұрарлық.

«Электронды цифрлы қол таңбаны біз шамамен осыдан он жыл бұрын іске қоссақ, сол кезде ол уақыт рухына жауап берді. Қазір біз бір реттік парольге көшуді ұсынып отырмыз. Адам бір реттік парольдің көмегімен кірген соң, бір транзакцияны орындап, қайта шығып кете алады. Келесі жолы оның телефонына жаңа пароль келеді. Жүйе жеңілдейді», деп атап көрсетті министр.

«Біз ХҚО-лар беретін анықтамалар санын алып, сараптаудан өткіздік. 23 млн анықтаманың шамамен 18 млн-ы бар-жоғы бес анықтамаға тиесілі екен. Содан соң біз бұл анықтамаларды адамдардың қайда апаратынын сараптадық. Сөйтсек, шамамен 30 пайызы (анықтамалар – ред.) мемлекеттік органдарға апарылады екен. Қазір бізге мемлекеттік корпорацияның («Азаматтарға арналған үкімет» – ред.) ақпараттық жүйелері қажет, өйткені, адамдар анықтаманы алып, оны қайтадан мемлекетке апарып бермеуі керек. Ол үшін ақпараттық жүйелер өзара интеграциялануы тиіс», деді министр.

Қазақстан аусылдан ада аймақ атанды

«Ашық әңгімедегі» ауқымды мәселе

Page 7: E-mail: info@egemen.kz 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық. Алайда,

29 мамыр 2017 жыл 7

Орынсыз қылжақ, ойсыз көз

Құдай ақырын берсін, бүгінде әлеуметтік желіден тыс өмір сүру мүмкін болмай қалды ғой. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» демекші, оның пайдалы жағына қоса, күнделікті өмірімізге кері әсерін тигізетін зиянды, залалды тұстары да жоқ емес. Ендеше, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, қоғамымызға мықтап еніп, тұрмыстағы кейбір қиыншылықтарды жеңілдетіп бергеніне мәз бола бермей, кейінгі жас өрендерді жеңіл-желпінің соңынан жетектеп ертіп бара жатқан бұл шіркініңіздің теріс тұстарына да алаңдамай тағы болмайды. «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» демекші, соның бірі – фейсбуктегі «Тікелей эфир». «Бұлардың қолдары бос па, еріге ме, не нәрсе өзі?» деп 4-5-еуін арнайы сараптап көруі-міздің нәтижесінде түсініксіз жайттарға тап болдық. Көздері бақырайып, тілін жұтып қойғандай үнсіз отырған сабаздардың сондағы мақсатын білмей дал боласыз. Одан: «Неге сөйлемейсіз? Бірдеме десеңізші», деп үздігіп, үзіліп сұрап жатқан жұрт. Сөйтсе де, әлгі сабазыңның беті бүлк етпей, нанын, не сағызын шайнап отыра береді.

Жайдан-жай еріккеннен фейсбук арқылы «Тікелей эфирге» шығу – әдеп пен салттан жұрдайлықтың белгісі деген нен басқа ештеңе емес. Болмаса толған айдай томпиған келіншектің диванда шал қасынан жатып алып әркіммен бір әң гіме-дүкен құрғаны әдептілікке жата ма? Әсіресе, қазақтың жап-жас келіншектері солай ет-кенде, «Апыр-ай, мына заман не боп бара-ды?» деген қауіптің жүректі от тай қарып өтері сөзсіз. «Тым сымбатты екенсіз» деп қояды оған іші пысып отыр ған сырттағы біреу. Осы мақтауға мына сабазыңның та-науы делдиіп, әлдеқандай болып жатады. «Әдемісіз деп жатыр мені, рахмеее-еет» деп риясыз ыржияды. Диа лог тың сиқы осы. «Ішіңіз пысып жатыр ма, аты-жөніңіз кім, танысалық, телефон нөмі ріңіз қандай?» деп қалжыңдасқан жан дардың олардың мұнысына соншалық қол дау білдіріп жатқаны шамалы-ақ. «Мына сықпытымды қазір ата-анам, жақын туыстарым, таныс-тарым, әріптестерім... көрсе ұят-ау» де-ген ой қаперіне кіріп-шықпаған мұңсыз жанардың «арбауына» алданбағандар: «Сен сияқтыларды ауылға апарып сиыр сауғызып қояр ма еді», «Басыңдағы жастығыңның тысы сөгіліп кетіпті, босқа жатқанша соны неге тігіп алмайсың», «Кет эфирден» «Өзіңді жарнамалаған түрің бе?», «Еріккен әйел екенсің»... деп неше түрлі ауыр сөздерді қарша боратып жазып-ақ жатады. Қазір енді осы сөздерден кейін миы жоқ адам болмаса түсінер, жүрегіне жетер деп әжептәуір нәтиже күтетінің рас енді. Бірақ ата-бабамыздың салт-дәстүріне жат өрескелдікке реніш білдіріп, «қазақтың қыздарына мұндай жөнсіз қылықтар жараспайды, әдепті болыңдар, арсыз болмаңдар» деп жан-жақтан жұрт қанша жабыла жазғанмен одан қорытынды шығарып жатқан олар жоқ.

«Тікелей эфир» арқылы маңызды мәселелер қозғалып, жастарға лайық әдепті әңгіме әсерлі рухта жібектей есіліп тұрса, көре алмағандай оған неміз бар шүйлігіп. Негізі ол келешекте ашық пікірлесу алаңына айналса, бір ғанибет болар еді-ау. Бірақ қайдағы? Сондықтан мұның бәрі қазіргі «Әй, дейтін әже, қой, дейтін қожа жоқтықтың» салдарынан орын алып жатқан жайлар екені түсінікті. Қазақы салтқа үйіріп, адамның келбетіне имандылық пен адамгершіліктің ізгілік нұрын себелеп тұратын, шалкес мінезді жанның өзін шалғайға шашау шығартпас қазағымның қасиетті ежелгі дәстүрлері-ай десейші. Интернеттің икемге көнбейтіні, оған бұғау салу қиын. Алақанмен айды көлегейлеп тұра алмайтыныңыз сияқты қазір технологиялық жетістіктердің бәріне рухани тереземізді елексіз ашып тастадық. «Оның пайдалысы қайсы, қазақы қалыппен қиыспайтын тұсы неде?» деген сыни сүзгі жоқтың қасы. Ол кімнің қолында? Баланың ба, дананың ба, мұны тексеріп, бағып-қағып отырған ешкім жоқ. «Қазаннан қақпақ кет-се, иттен ұят кетедінің» кері ме деген ойдың осы тұста қылаң беріп қалуы тағы заңды.

Желідегі халыққа бәрібір. Олар мұндайларды жүректің елегінен өткізіп қабылдап отырған жоқ. Жалпы, қазір өзі әлеуметтік желіде рухани сүзгі де-ген бар ма десеңізші әуелі. Оған дәлел – «Тікелей эфирдегі» қылжақ әңгімелер мен ойсыз көздер. Бақсақ, «Тікелей эфир-ге» адамдар өздерін жарнамалау үшін шығатын сияқты. Бірақ жарнамалаудың жөні осылай болады екен деп, айнаның алдында тұрғандай шашыңды тарап, көздеріңді жыпылықтатып отырғаның өзіңнен басқа кімге керек? Бұл негізі өнеріңмен бөлісуге, ойыңды ортаға салып, көпшілікпен пікір алмасуға арналған тетік емес пе? Сылаңдап, сыланып түр-әлпетіңді жұртқа жария ететін алаң емес...

Қорыта келгенде, қазіргі біз куә бо-лып жүрген «Тікелей эфир» көңілге түрлі ой салады. Атам қазақ: «Сөз сүйектен өтеді», «Отыз тістен шыққан сөз – отыз рулы елге тарайды» деп бір ауыз сөздің қауызына үлкен мағына сыйғызған халық емес пе еді. Ал енді мынадай бейнебаян-дар, өздерін жатпай-тұрмай жарнамалап жатқан жандардың тірлігі сол қазақы қасиеттен бірте-бірте көз жазып бара жатқанымыздың айқын мысалы іспетті әсер қалдырады. Желідегі желпу сөз жеті қырдан асып, бейәдеп бейнебаяндар әке-шешесі ертелі-кеш жұмыстан қолы бо-самайтын қазақ балаларының санасын улап, үлкен қауіп тудырып жатқандықтан, қайта-қайта оралып тұратын негізгі әңгімеміз осы болып қала бермек.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Тарихқа үңілетін болсақ, қазақ қоғамында және көшпенді көне түркілерде әйелдердің орны Еуропа және Шығыс қоғамы на қарағанда, жоғары болған. Әйелдер отбасының сақтаушысы, балалардың анасы әлеуметтік рөлін орындағаны сөзсіз, бұл ретте қажет болған жағдайда қолына қару алып, ерлермен бірге өз отбасын және Отанын қорғаған.

Қазақ әйелдері ерте жастан өзіндік дене дайындығынан өткен – қыздарға ат үстіне отыруды, епті және күшті болуды үйрет кен. Ер балалармен бірге ат жарысы – бәйгеге қатысқан, соны-мен қатар, «қыз қууда» олар негізгі қатысушылар болған.

Тарихта көптеген жарқын жауын- гер қыздардың болғаны мәлім. Әсіресе, айқын мысал ретінде сақ пат шайымдары Томирис пен Заринаны, Малай са ры және Қабанбай батырлармен бірге жоңғарларға қар сы соғысқан Гауһарды, ағасы Ке несары ханмен бірге соғысқан Бопайды келтіруге болады. Не ғұрлым жақын уақытта бол ған мысалдар – пулеметші Мән шүк Мәметова, мерген Әлия Молдағұлова, ұшқыш Хиуаз Дос-панова, зенитші Ақима Ақжолова және басқа да Ұлы Отан соғысына көптеген қазақстандық әйелдер қатысқан.

Ә й е л д е р д і ң қ а һ а р м а н д ы ғ ы осы күнге де жетті. Бүгін нәзік жандылар үшін әскери мансапты құру және Отанымыздың толық құқылы қорғаушылары болу үшін мүмкіндіктерге жол ашылған. Мысалы, Израильдегідей әскери қызметке шақырылуға міндетті болмаса да, қазақстандық қыз дар өз еріктерімен Қазақстан Рес пуб ликасы Қарулы Күштерінің қатарына кіреді.

Қазіргі уақытта Қазақстан армия-сында ерлермен қатар әйел әскери қызметшілердің үлкен жасағы – әскери қызметшілердің жалпы санынан 12 %-ға дейін, оның ішінде офицерлер құрамы қатарынан 5 %-дан артығырақ («полковник» әскери атағына 14 әйел ие), қатардағы жауынгер және сер-жанттар құрамдары қатарынан 15 %-ға

дейін, ал азаматтық персонал арасында – жартысынан көбі өз әскери борышта-рын орындауда.

Қазақстандық қоғамда ар мия-дағыдай гендерлік теңдік қағидаты қатаң сақталады, сон дықтан әйелдерге армияда еш қандай жеңілдік жоқ, қызметте бі рінші кезекте олар – ал-дында бірқатар маңызды тапсырмалар тұрған әскери қызметшілер.

Ә с к е р и қ ы з м е т т і ң қ и ы н

жағ дай ла рына және үлкен жауап кер-ші лікке қа рамастан, еліміздің Қарулы Күш тері н де гі әйелдер ерлермен қатар ман сап тық саты мен жоғарылап, жоғары бас шы лық лауазымдарды атқарады. Қа зіргі уақытта екі әйел Қор ғаныс министрлігі орталық ап па-ратының құрылымдық бөлім шелерінің бастықтары болып табылады (ҚР ҚМ Бас қаржы инс пекциясының бастығы, пол-ковник Жанат Досқарина, ҚР ҚМ Білім және ғылым депар таментінің бастығы, экономика ғылымдарының докторы, про фессор Айгүл Төлембаева), сон дай-ақ, 12-сі Қорғаныс министр лігі мен Бас штабтың бөлім дері (бөлімшелері) және бас қар малары бастықтарының лауа-зымдарын атқарады.

Одан басқа, 2016 жылғы тамыз-да Қазақстан Республикасы Қа рулы Күштері жергілікті әске ри басқару органдарының тари хында тұңғыш рет әйел офи цер полковник Гауһар Сыр лы баева Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жө ніндегі басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көптеген әскер түрлері мен тектерінде нәзік әйелдер қауымының өкіл дерін көруге болады. Армияда жыныс тық белгісіне қарай «жауын-герлік емес» және «жауынгерлік» лауазымдарға бөлу деген жоқ. Егер әйел иығына погон тақса, онда ол өте жауапты тапсырмаларды орындайды.

Мысалы, ҚР ҚК Әскери-теңіз күш-терінде әйел әскери қыз мет шілер ер-лерден қалыспай тәулік бойы жауын-герлік вахтада тұрады, корабль экипа-жы құрамында тапсырмаларды орын -дайды. Осылайша, бас старшина Жанар Ыбыраева әскери ко рабльде қыз мет атқарады және Каспий маңы мемле-кеттерінің флотында қызмет атқаратын алғашқы әйел әскери қызметші болып табылады.

Қазақстан армиясында қыздар тек қана медбикелер, байланысшылар және іс жүргізушілер ғана бола алады деген пікір жойылған. Бүгін Отан қорғауда

мерген, барлаушы, планшетші қыздар және басқалары тұр.

Әйелдер өздерінің мін дет терін та-бысты орындайтынын мойындау ке-рек, мұны олар әр түрлі халықаралық конкурс тарда көрсете біледі. Жыл сайын әскери қызметші әйелдер «Достастық жауынгері» әскери-кәсіби шеберлік конкурсына бел сенді қатысады, ол биыл Халық аралық армиялық ойын- дар бағдарламасына енгізіл ген.

«Достастық жауынгері» халық аралық конкурсының жеңімпазы және бірнеше мәрте жүлдегері 85510 әскери бөлімінің кіші сержанты Людмила Губареваны қазақстандық армияның жарқын әйел өкілдерінің бірі деп есептеуге болады – 2014 және 2016 жылдары президенттік көпсайыс чемпионы, 2017 жылы биат-лоннан ҚР ҚК чемпионы, «Достастық жауынгері» халықаралық конкурсында: 2015 жылы Қазақстанда жеке сынақта 1-орынға, 2016 жылы Қазақстанда жеке сынақта 1-орынды және Мәскеуде қазақ стандық құраманың құрамында 3-орынға ие болды.

Қарулы Күштердегі қызмет тің тағы бір аспектісі – бітімгершілік қызмет, оған Қорғаныс министр лігі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, оның ішінде бітімгершілік істерге қатысу жөніндегі халық аралық міндеттемелерді орын-дау үшін мемлекеттің қорғаныстық саясатының маңызды құрамдас бөлігі деп қарайды.

Бұл бағытқа біздің әйелдер ша-масы келгенше қатысады. Осы лайша, 2009 жылдан бастап «Бейбітшілік жолындағы серік тестік» оқу-жаттығу орталы ғын дағы арнайы даярлық курс- тарында 63 әйел әскери қызметші және ҚР ҚК қызметкері оқытылды. Қазіргі уақытта Қазақстан бітім гер-шілік бригадасында 100-ден астам әйел (оның ішінде 6 офицер) әскери қызмет атқарады.

Болашақта әйел әскери қыз мет-шілердің әскери сарапшылар ретінде, сондай-ақ, бітімгершілік миссияларға қатысатын Қазақ стан Республикасы ұлт тық кон тингентінің құрамында БҰҰ бітім гершілік миссияларына қатысу мүм кіндіктері қаралуда.

Алайда, әскери қызмет атқару жағ-дай ларының күрделі болуына қарамас-тан, әйелдер кез келген жағдайда өздері нің нәзіктігі мен тартымдылығын сақтап қалады.

Бұған 2015 және 2016 жылдары Қарулы Күштерде әйел әскери қыз-мет шілер арасында өткен «Батыр арулар» жобасы дәлел болып табыла-ды. Өтінім берген сәттен бастап сал-танатты рәсімге дейін қыздар нәзік әйел табиғатына сай келе бермейтін сынақтарды орындап, ұзақ жолды жүріп өтті. Олар қарудан нысана көздеді, гра-ната лақтырды, барлық мүмкін бола-тын кедергілерді еңсерді, өзенді жүзіп өтті, қуатты жауынгерлік машиналарды жүргізді.

Нәтижесінде, жыл сайын ке зекті сынақтардан өтіп, жауын герлік әзір-лігін, төзімділігін және күш-жігерін дәлел деген 12 жеңімпаз анықталды.

Соңында қыздарды кәсіби стилистердің қолымен көркем сипатқа ие болу және арнайы күнтізбе үшін фотосессия күтіп тұрды.

Әйелдердің Қарулы Күштер дегі қызметте және еңбек қыз метіндегі сіңірген еңбектері де назардан тыс қалмайды. Осылайша, қазіргі уақытта мемлекеттік наградаларға 12 әйел (олардың ішінде 2-еуі екі мәрте марапатталған) ие болды, әртүрлі

уақытта мерзімінен бұрын кезекті әскери атақтар 24 әйелге берілді.

Әлемдік деңгейде Қазақ станның имиджі мен беделінің нығаюына салмақты үлес қосып жүрген әскери спортшы қыздар бар. Жеңіл атле-тикадан жеңімпаз және Олимпиада чемпионы майор Ольга Рыпакованы қазақстандық армияның спорттағы мақтанышы деп еш күмәнсіз айтуға болады.

Халықаралық аренада АОСК спорт-шы қыздары қысқы спорт түрлерінен мол табыстарға қол жеткізді.

Биыл Алматыда өткен Уни вер-сиадада биатлонға қатыс қан сержант Алина Райкова 15 ша қырымдық жеке жарыста жеңіске жетіп, Қазақстанға алғашқы «алтынды» сыйлады. «Күміс» жеңіп алған Дарья Усанова аралас ко-манда құрамында ерекше көзге түсті. Жапонияда басталған Азия ойында-рында сержант Алина Райкова кезекті награда – қола медальға қол жеткізгенін атап өткен жөн. Ал шаңғы жарысына қатысқан аға сержант Елена Коломина осы материалды жазып жатқан кезде құрлықтық біріншілікте екі «алтын» және бір «қола» – наградалардың толық топтамасын жинап үлгерді.

Біздің қадірлі әйелдер қызмет атқаратын және еңбек ететін ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық ор-талығы қазақстандық жастар ды Отанға сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу ісіне, Қазақстан Рес публикасы Қарулы Күштерінің имиджінің нығаюына ша-масы келгенше үлес қосуда.

Тарихи құндылықтарды жүйелі түрде жинау, музей қо рын есепке алу және сақтау, жа сақтау, сондай-ақ, Әскери-та рихи музейдің экспозициялық зал-дарын орналастыру бойынша қатар дағы жауынгер Перизат Өтепова, Гүлсара Мұқашева, Карина Шериязданова сияқты тәжірибелі мамандар көп жұ-мыс атқаруда. Жоғары кәсіби ше берлік деңгейінде концерттік бағдарламаларды дайындайтын және Орталық ансам бль-дің концерттерін Қазақстанда, сол сияқ ты мемлекетімізден шет жер лерде концерттерді ұйымдас ты ратын Діл бар Әмірова орталық тың көркемдік жетек-шісі болып табылады.

Әйелдердің ғылыми қыз мет пен ай-налысулары да назардан тыс қалмайды. Бүгінгі күні Қарулы Күштердегі 21 әйелдің ғылыми дәрежесі бар, олардың ішін де жоғарыда аталған Айгүл Төлем-баевадан басқа, екеуінің профессор ғы лы ми атағы және біреуінің доцент ғылы ми атағы бар:

- ҚР ҚМ Бас әскери клини ка лық госпиталі бастығының меди циналық бөлім жөніндегі орынбасары, медици-на қызметінің пол ковнигі Гүлпарида Байділдаева – гуманитарлық ғылымдар профессоры;

Қазақстан Республикасының Тұң-ғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлт тық қорғаныс университетінің қызмет керлері:

- ғылыми хатшы Сайран Мұ ха мет-жанова – тарихи ғылым дарының док-торы, профессор;

- аға оқытушы Ядвига Рад зицкая – педагогика ғылым дары ның докторы, доцент.

Әскери қызметтің бүкіл шек теу лері мен талаптары кезінде әйелдер отба-сын, оның құнды лықтарын сақтауға да уақыт табады – балаларымыздың мейі рімді аналары бола біледі, өскелең ұрпақ тәрбиесін қамқорлыққа алады: шамамен 740 әйел әскери қызметші және азаматтық персонал қатарынан көп балалы аналар болып табылады, олардың 10-ы «Күміс алқа» алқасымен және 3-еуі «Алтын алқа» алқасымен марапатталды.

Сөз соңында бүгінгі күні әйел дерсіз қазіргі армияны елес тету мүмкін емес екенін атап өткім келеді. Кейбір міндет-терді өздерінің психикалық-физио-логиялық ерекшеліктеріне қарай ер-лерге қарағанда, анағұрлым жауап ты әрі тиімді орындайды, кей бір әскери кәсіптерді әлде қашан таңдап, олар-ды атқаруда. Әйелдер анағұрлым күйзеліске төзімді және шыдамды бо-лып саналады, жалпы, олар ерлерден кем қызмет атқармайды.

Талғат МұхТАрОв,генерал-лейтенант,

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің

орынбасары

ҚазаҚстан Республикасының ҚаРулы күштеРіне – 25 жыл

Әскердегі әйелдер–––––––––––––––––––––––––––––––––––––Әйелдердің қолына қару алып Отанды қорғау мәселесі жаңалық емес. Барлық уақытта ерлермен бірге иін тіресе жауын-гер әрі батыл әйелдер ұлы дала кеңістігін қорғаған. Қазіргі тарихи кезеңде де тәуелсіз Қазақстанның армиясында көптеген нәзік әйелдер қауымының өкілдері әскери қызмет өткеруде, ал «армияда қызмет ету – әйелдің ісі емес» деп қалыптасқан ұғым орынды емес және болмайды да.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Химиялық қару қолдану – халықаралық құқық нормаларын бұзу

Өзінің баяндамасында И.Накамицу Ұйым Миссиясының химиялық қаруға тыйым салуды қалыптастыру бойын-ша атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы айтып берді. Ұсынылған есепте өткен жылдың 15-16 қыркүйегінде Сирияның Умм-Хош ауданына шабуыл барысында және

үстіміздегі жылдың 4 сәуірінде Хан Шейхундегі соңғы кикілжің кезінде химиялық қару қолданылғаны тура-лы айғақ көлденең тартылды. Осыған орай, БҰҰ-ның Жоғары өкілі бұл әрекеттердің халықаралық құқық нормаларын өрескел бұзу болып та-былатынын және ешқандай ақтауға

жатпайтын қадам саналатынын атап көрсетті.

Қазақстан делегациясы Миссия қызметінің қорытындыларына сілтеме жасай отырып, химиялық қару қолдану Сириядағы шешімін таппай келе жатқан аса күрделі мәселелердің бірі бо-лып қалып отырғанын жария етті. Осындай ауыр да қауіпті химиялық заттар қолдану үлкен қылмыс болып табылатынын және мұны айыптай келе, Қазақстан аталған оқиғаны жан-жақты және шынайы зерттеп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға шақырды. Осыған орай Қазақстанның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров

И.Накамицу ханым Химиялық қаруды қолдануды тексеру жөніндегі бірлескен басқарушы топтың жетекшісі Эдмунд Мулемен бірлесіп, Сирияда объективті тексеру жүргізу үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін қолданады деген сенім білдірді.

Аталған проблемалы мәселе бо-йынша атқарылған жұмыстар тура-лы ұсынылған есепті тыңдай келіп, Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің басым бөлігі Миссия қызметін жалғастыру керек деген ұстаным білдірді және Сирияда химиялық қару қолдануға қатысты тексеруде толық нәтижеге қол жеткізілетініне үміт артты.

Қоғам

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бұұ-ның Нью-Йорктегі Штаб пәтерінде Бұұ Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісі болып, онда Бұұ-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғарғы комис-сары лауазымына жақында тағайындалған Идзуми Накамицу ханымның есебі тыңдалды. Есепте Сириядағы химиялық қаруды жоюға байланыс- ты ағымдағы жағдай сөз болды, деп хабарлады Қазақстан республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 8: E-mail: info@egemen.kz 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық. Алайда,

8 29 мамыр 2017 жылденсаулық

– Елімізде міндетті медици­на лық сақтандырудың енгі­зілуіне екі айдан аз уақыт қалды. Бұл жүйенің қазақ­стан дық тарға берері не деп ойлайсыз?

– Менің ойымша, бұл рефор­ма тек медицинаға емес, өзге салаларға да, соның ішінде қар­жы секторына да өзгерістер әкел мек. Оған қоса, міндетті сақ тан дыруды денсаулық сақ­тау жүйесін дамытуға серпін бе ре тін тамаша мүмкіндік десе де болады. Өздеріңіз білесіз дер, қазір Қазақстанда білім, мәде­ниет секторы сынды меди цина саласы да мемлекет тарапынан қар жы ландырылады. Деген мен, азаматтардың өз қалтасы нан шығаратын шығыны да аз емес. Нақтырақ айтқанда, бүгінде денсаулық сақтауға бөлінетін қаржының 37,5 пайызы тұрғын­дардың жеке қалтасынан екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл көрсеткішті 20 пайыздан асырмауды ұсынады. Ал міндетті әлеуметтік медици­налық сақтандыру осы жағ ­дай ды біртіндеп өзгертуі тиіс. Жүйе енгізілгеннен кейін ден­сау лық сақтау саласын қаржы­ландырудағы бюджетке түсетін салмақ азаяды. Болашақта осы жүйенің арқасында жауап кер­шілік мемлекет пен тұр ғын дар және жұмыс берушілер ара­сында теңдей бөлінеді. Әлбетте, бұл бір күнде біте қоя тын шаруа емес.

Жүйе енуінің ендігі бір жақ­сы лығы, қалтасынан жарна аударып отырғаннан кейін жұмыс берушілер де, жұмыскерлер де өз тараптарынан денсаулық сақтау жүйесіне қоятын талап­тарын күшейтеді. Бұл өте жақ­сы нәрсе. Себебі, пациент бір­тін деп клиентке айналады, ал медицина мекемелері клиент­тен айрылудың пайдасызды ғын ұғынып, әр емделушіге жіті назар аударатын болады. Бұл да көп уақытты қажет ететін күр­делі процесс. Мысалы, менің елім де міндетті сақтандырудың енгізілгеніне талай жылдар өтсе де, әлі жетілдірілуде. Қанша де­генмен, адам ақша төлегеннен кейін оның өтеуін сұрайды.

Жаңа жүйе енгізілгеннен кейін денсаулық сақтау сала­сын қаржыландырудан ме­ди цина лық қызмет түрлерін сатып алуға көшуге талпыныс жаса лады. Яғни, медицинаны Қазақ стандағы сияқты жыл са­йын жоспарлы түрде қаржы­лан дырып отырғаннан ештеңе өзгермейді, бәсекелестік артпай­ды. Ал медициналық қызмет­терді сатып алғанда бәсекелестік дамиды, жекеменшік клини­калар дың медициналық көмек көрсетуге көбірек қатысуы на жағдай жасалады. Түптеп кел­ген де, осының бәрі медици на­лық қызмет сапасының артуы на және денсаулық сақтау жүйесі­нің тиімділігін күшейтуге ықпал етпек.

– Өзіңіз жүйе енгізілген соң ондағы үдерістер жылдарға

созылатынын айтып отырсыз. Жалпы, келешекте қан­дай қиындықтар туындауы мүмкін?

– Міндетті сақтандыру жүйе­сіне көшу кезеңінің маңы зы өте зор. Қателеспесем, Қазақ­стандағы медицина ұйым­дары әр жылдың басында дәрі­дәрмек сатып алуға және бас­қа мақсаттарға бөлінетін қар­жы ның 30 пайызға жуығын аванс ретінде алады. Жалпы, мұндай тәжірибе Қазақстаннан басқа елдерде жоқ. Ал міндетті сақтандыру жүйесі енгеннен кейін аванспен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмайды. Себебі, қаржы қорға біртіндеп түседі. 2018 жылдың қаңтарына дейін қор осы 30 пайыз авансты жи­нақтап үлгермейді. Міндетті сақтандыру енгізілгеннен ке­йін емдеу мекемелерінің айна­лымында жалақы төлеуге, қа­жетті дәрі­дәрмектер мен құ­рал дарды сатып алуға жететін қаражат болуы керек. Медицина ұйымдары экономикалық ағза ретінде дұрыс жұмыс істеуі үшін айналымда ақша ұстап, өз шығындарын жоспарлай білуі тиіс деп ойлаймын. Сондай­ақ, міндетті сақтандыру қара па­йым халыққа да белгілі бір жаңа міндеттер жүктейді. Әлбетте, салықтың жаңа түріне ешкім қуана қоймайды. Көпшіліктің наразылық танытатыны да заң­ды. Дегенмен, жұртшылық ме ­ди циналық сақтандыруды мін­деттеме деп қана қабылдамай, сол арқылы өздерінің белгілі

бір құқықтарға ие болатынын, денсаулық сақтау жүйесі мен қыз мет көрсету сапасының бір ­ті ндеп жақсаратынын да ескер­гені жөн. Ал егер осы үлгі нің өздеріне жақсы болатынын ұғы­нып, одан ешкім бой тартпаса, халық та, тұтас мемлекет те пай­дасын көреді.

– Сақтандырудың қазақ­стандық үлгісі қай елдердің тәжірибесіне сүйеніп жасалды?

– Қазақстандық сақтан дыру­ды нақты бір елдегі жүйе нің көшірмесі деу дұрыс емес. Себебі, әр елдің ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болады. Сақтандырудың қазақстан­дық үлгісі қазір Орталық және Шығыс Еуропада пайдаланылып жүрген жүйеге жақын. Себебі, біздің бәріміз Семашконың жүйесінен шықтық (денсаулық сақтаудың кеңестік үлгісі). Бұл елдердің бәрінде Қазақстандағы сияқты бірыңғай төлеу үлгісі пайдаланылады. Ал халық­тың экономикалық белсенділігі төмен тобы мемлекет тарапынан сақтандырылады. Бұл біздегі жүйенің Батыс Еуропа елдерінде

қолданылатын сақтандыру үлгі­сінен басты ерекшелігі. Өйт­кені, «отбасылық» сақтан дыру ға негізделген батыста от басы ның өзге мүшелерін сақ тан дыру мен отағасы қамта ма сыз етуі тиіс. Дегенмен, мұнда да сақ тан­дырудың аралас жүйе лері барын мойындау керек.

Орталық және Шығыс Еуро­пада бірыңғай төлеуші – қор­мен қатар, жеке сақтандыру да бар. Меніңше, көптеген елдер­де тұрақтылығын дәлелдеген, ең дамыған денсаулық сақ тау жүйесі осы. Сондықтан, осы үл гіні таңдап алған Қазақ стан қате лескен жоқ деп ойлай мын. Оның артықшылығы неде? Бірыңғай сатып алушы, яғни қор медициналық қызметтерді сатып алу мен жарна жинаудың біртұтас тәртібін жасайды. Бірақ қор қаржыны өзі жинамай­ды. Жарнаны жинайтын ұйым құрып жатудың да қажеті жоқ. Жарна жинау міндетін «Аза­маттарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясы ат қа ра­ды. Ал оны Мемлекеттік кіріс­тер департаменті қадағалап отырады. Ендеше, ақша рәсуа бола ма деп алаңдаудың қажеті

жоқ. Сондықтан, Қазақстан сақ­тан дырудың ең тиімді үлгісін таң­дап алды деуге толық негіз бар.

Литва да осы бірыңғай төлеу­ші жүйесімен жұмыс істейді. Бізде халықтың жеңілдігі бар санатына жататын 55 пайыз­ға жуығы үшін жарнаны мем­лекет төлейді. Таяуда болған жаһандық экономикалық дағ­дарыс литвалық сақтан дыру үлгісі үшін үлкен сынақ кезеңі болды. Экономика құлды ра­ған кезде дәл осы модель өзі­нің тұрақтылығын, төзімділігін дәлелдеді. Оның бір себебі – мемлекет әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін жарнаны екі жыл бұ рын ғы орташа жалақыға байланыс­тырып төлейді. Жалпы, бұл тәсі лдің жақсы тұстары өте көп. Біріншіден, мемлекет жар­на сы белгілі бір индикаторға негізделген. Яғни, жеңілдігі бар санаттағылар үшін бөлінетін қаржыны жоспарлағанда ешкім оны қолдан азайта алмайды. Екіншіден, оның циклге қарсы әсері жоғары. Мемлекет төлей­тін жарналар екі жыл бұрынғы

жалақыға негізделгендіктен, эко номика төмендеп, халықтың табысы мен жарнасы азайған кезде мемлекеттің жарнасы сол күйінде қалады. Бұл жүйені тығы рықтан алып шығуға, тым болмаса дағдарыстың кері әсе­рін төмендетуге көмектеседі. Осы тетіктің арқасында ДСҰ Литва ның сақтандыру үлгісін өте жоғары бағалап, оны өзге ел­дерге үлгі ретінде ұсынды. Қазір Словенияның да осы жүйе ге ұқсас сақтандыру үлгісіне көшу­ді жоспарлап отырғанын біле­мін. Сондықтан, аталған тәсіл ді таңдап алған Қазақстан да сын сәтте сақтандыру жүйесі нің тұрақ тылығын осылай қамта­ма сыз ете алады деп ойлаймын.

– Жаңа реформа табысты болуы үшін мемлекет пен халық не істеуі керек, шама­мен қанша уақыт қажет болуы мүмкін?

– Міндетті сақтандыру жүйе­сіне енуді бір ғана әрекет деп емес, тұтас бір үздіксіз жүре­тін процесс деп қараған жөн. Біздің елде сақтандыру заңы ­на қанша өзгеріс енгізіл ге нін саусақпен санап тауыса ал май­сың. Сондықтан, оның әр дайым жаңарып, жаңа кілти паны пайда болып отыра тын тұрақты процесс екенін ұғы ну керек. Сақтандыру жүйе сін Қазақстанда да бірнеше айда енгіздік, бітірдік, болдық деу мүмкін емес. Ол аяқтан тұруы үшін ең кемі бір жарым жыл уақыт қажет. 2017 жылдың шілдесі мен 2018 жылдың соңына дейінгі аралық кезеңнің маңызы өте зор. Себебі, денсаулық сақ тау саласы осы кезеңде қол да ныс­тағы ескі жүйеден қаржы лан­дырудың жаңа үлгісіне көше­ді. Кедергілерге қарамай бұл про цесті үздіксіз, тоқтаусыз жүр гізу қажет. Оның үстіне, қазір заңға өзгерістер енгі зі ліп, жарна мөлшері төмен деті ліп жатыр. Қор бұрын жос пар лан­ған мөлшерде қаржы жи най алмайды. Сондықтан, осы өт­пелі кезеңде жұмысты дұрыс ұйы м дас тырудың маңызы зор. Және бұған қор мен Денсаулық сақтау министрлігі ғана емес, өзге министрліктер де, Үкімет те жауапты. Себебі, бұл көптеген ұйым дар мен ведомстволарға қа­тыс ты кешенді реформа. Мем ле­кет тің байлығы – адам. Ал адам ауырмай тұрмайды. Халықты сапалы медицинамен қамтамасыз ету үшін жаңа жүйені дұрыстап іс ке қосу, оның маңыздылығын тү сі ну аса қажет екенін айтқым келеді.

Әңгімелескен Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

1996­1998 жылдары денсау­лық саласына ірі реформа ретін­де енгізіліп, экономи ка лық қиын дыққа төтеп бере ал маған­дықтан мұрттай ұшып, меселі қайтқан міндетті меди ци на лық сақтандыру жүйесін Денсау­лық сақтау министрлігі қайта жаңғыртқалы отыр. Әрине, кез келген реформа – қоғам үшін қаупі зор бүйірден шыға келетін шалт қалтарыс, кенет кедергісі бар оқыс бұрылыс. Бұл бұрылыста біреулер бар жылдамдығымен жалт бұрылса да, еш жеріне зақым келтірместен, зу етіп өте шығады, енді бірі шеберлігіне сеніп, тежегішін басып, тоқтап жатпайды, бірақ майып болмас­тан, асқан ептілігімен еңсеріп кетеді, жылдамдығын асырып жанталасып келе жатқан тағы бірінің көлігі шыр айналғанымен, аман қалғанына ақсарбас ай­тып, тоқтаусыз жүре береді, ал төртіншісі үстіндегі жүгімен қоса аударылып, жантәсілім етеді не­месе қайта ес жиып, аяғынан тұрғанша, басқалар әудем жер ұзап кетеді. Бейнелеп айтқанда, бұл реформадағы жарыстан мүдде үшін күш біріктіріп, адал жұмыс атқаратындар ғана жол тауып шығады. Өйткені, бұрын­ғы Кеңес Одағының құрамында болған он бес елдің он екісі бұл бұрылыстан аман­есен өте алмаған екен. Ке дер гілерге кездесіп, пайдасын бере алмай кеткен міндетті ме ди циналық сақтандыру ісінің қате ліктерінен сабақ алып, екінші рет қолға алуды жөн санап отыр ған ел Үкіметі бұл қадамын Қазақ­стан ның сол уақытпен салыс­тырғанда, экономикалық, әлеу­мет тік жағынан әлдеқайда еңсе тіктеуімен байланыстырып отыр.

Жуырда С.Асфендияров атын дағы Қазақ ұлттық меди­цина универси тетінде Алматы қаласының әкім дігі, Денсаулық сақтау ми нистр лігі, Міндетті әлеу меттік сақтандыру қоры, Ұлт тық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік, жекеменшік ме ди циналық ұйымдардың қаты­суы мен «Қазақ станда міндетті әлеумет тік сақтандыруды енгізу – елдегі әлеу меттік саламат ты­лық тың стра те гиялық басым ды­лығы» атты конференция ұйым­дас ты ры лып, жаңа жүйенің жұ­мы сы талқыланды.

Конференцияда Денсаулық сақтау министрі Елжан Бір танов жаңа жүйеге көшу дің себеп тері, мақсат­мін деті, қиындығы мен қажет тілігі туралы әңгімеледі. Енгізілу жоспарланып отырған міндетті әлеуметтік медицина­лық сақтан дыру жүйесі бір жыл­да жүзеге аса салатын іс емес, ауқым ды реформа болғандықтан, ал ғашқы кезеңі биылғы жылдың 1 шілдесінен жұмы сын бастап кетпек. Бұл жүйені енгізудегі мақсат – ел тұрғындары денсау­лығының сапасын көтеру, емдеу тиімділігі жә не дәрігер лік қыз­меттің міндет ті лігі мен адал­дығын арттыра түсу.

Денсаулық саласы бойынша қыруар міндет арқалап, емдеу ісі саласындағы маңызды қадам са­налатын жүйеге көшу үшін алды­мен халықаралық тәжірибені де зерттеп, озық­тозығы тегіс есеп­ке алынды. «Дүние жүзі елдері­нің меди циналық сақтандыру жүйе лері қалай жұмыс істейді?» деген мәселе бойынша өткен жылы бірнеше халықаралық кон ференция өткізіліп, медици­на мекемелері мен мамандары арасында талқылану негізінде Үкіметке заң жобасы табыстал­ды. «Мәжілістің талқылауынан өткен заң жобасы медициналық сақтандыруға байланысты халық көкейіндегі күмәнді сейілтіп, бір­неше қолайлы өзгерістер алып келетініне сенім ұялатты. Гер­мания, Испания сарапшылары да қолдап, өз тәжірибелері негізінде көмек қолын созды», дейді ми­нистр Е.Біртанов.

Конференцияға қатысқан Поль шаның Бяла­Подляск қа­ла сындағы әскери маман дан­ды рылған аурухана ди рек торы

Дариуша Оленьски, Вильнюс университетінің профес соры, Литва денсаулық сақтау экс­министрі Юозас Галдикас өз ел­деріндегі міндетті медициналық сақтандыруды қабылдау ке­зін дегі қиындықтарды еске түсіріп, тәжірибелерімен бө­лісті. Мысалы, поляк елінің әрбір тұрғыны меди циналық сақ тандыруға жал ақы сының 9 пайызын аударады. Қазақстанда қа былданатын жаңа заңға сәйкес, 1 қаңтар дан бастап жұмыс істе­мейтін адамдар, яғни балалар, бала күтімімен отыр ған әлеу­меттік топ және мүмкіндігі шек­теулі адамдар, зейнеткерлер үшін мемлекет есебінен 3,75 пайыз төлеу басталады. Жұмыс істей­тін азаматтар жалақысының 1 пайызын аударуға 2019 жыл­дан бастап міндеттеледі. Ал жұ­мыс берушілер биылғы жыл­дың шілдесінен 1 пайыз жарна төлеуді бастайды. 2021 жылдан бастап қазақстандық жұмыспен қамтамасыз етушілердің де, жұ­мыс істейтіндердің де аударатын жарнасын 5 пайызға дейін көтеру межеленген. Яғни, жаңа жүйе­ге сатылай өту әдісі сынақ тың тиімділігі мен төзімділігін арт­тыра түспек. Шет мемлекеттер­дің көп шілігінде төленетін жар­на 9 бен 15 пайыздың мөлшерін құ райды. Төлем мөлшерлемесі жеке адамның қалтасына салмақ салғанымен, медициналық қорға түскен қаржы көлемі ұлғайған сайын тұрғындар медицинаның барлық саласы бойынша емдеу мен оңалту шараларына қол жеткізіп, денсаулығы үшін ең соңғы жоғары технологияны пай­далану мүмкіндігіне ие бола ды. Е.Біртанов ел экономи касы да­мып, қорға түсетін қар жы мөл­шері артқаннан кейін қосым ша жаңа медициналық қызмет түр­лері енгізіліп, амбулаториядан бері летін дәрі­дәрмек түрінің көбе йетініне сендірді.

Ал Міндетті әлеуметтік меди­ци налық сақтандыру қоры ның ат қарушы директоры Зами ра Оразалиева бұл жүйенің тиімді­лігі мен менеджменті туралы сөз қозғап, қордың атқаратын жұ мы­сына тоқталды. Оның ай туын ша, 2018­2019 жылдарға ай сайын жарна мөлшері мемлекет үшін 5 029 теңге, жұмыс берушіге 2 281,6 теңге, жеке кәсіпкерге 2 828 тең ге, тұрғындарға 1 414 теңге етіп белгілеу ұсынылған.

5 сәуірден бастап медицина­лық­санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында МӘМС енгізу үшін «Емханаға тіркел де – өз мәртебеңді анықта!» атты халық­ты емханаларға бекіту науқаны басталған болатын. Себебі, аза­мат бір қалада, ауданда тұрады, бірақ басқа мекенжай бойынша тіркелген. Мұндай жағдай да медициналық қызмет көрсетуге байланысты қиындықтар туын­дауы мүмкін. Бұл үшін қала ем­ханалары бекітілген жері мен медициналық сақтандыру жүйе­сіндегі мәртебесін анықтау бой­ынша іс­шаралар жүргізуде. Сондай­ақ, әр азамат электронды цифр лы қолтаңба немесе бір рет­тік парольдің көмегі мен «e­gov» «электронды үкі мет» порталы ар қылы МӘМС жүйе сіндегі өз мәр тебесін анықтай ала ды. МӘМС енгізу бәсекеге қаб­ілетті ортаны әрі қарай дамыту­ға ықпалын тигізеді, өйт кені па циент медициналық көмек алу үшін меншік түріне қара­мастан медициналық ұйым ды өзі таңдайтын болады. Алматы қала сында жекеменшік меди ци­на лық ұйымдардың саны көп, осыған байланысты үлкен бәсе ­ке лестік туындайды, қала ұйым­дарын ынталандыруға мүм кін дік береді. Аталған жүйе бәсе ке­лестік ұйымдар қызметін жетіл­діруге және медициналық қыз­мет тердің сапасын арттыруға жете лейді. Жекеменшік және мем лекеттік медициналық ұйым­дарда көрсетілетін медици на­лық қызметтердің сапасына, халықтың жүгіну сипаттамасына МӘМС қорының мамандары мо­нитринг жасап отырады.

АЛМАТЫ

бірінші байлық

Медицинадағы бәсекелестікке жол ашады

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Еліміздегі денсаулық сақтау саласына енгізілгелі отырған міндетті медициналық сақтандыру әлемдегі үрдістерді са-ралап, халықаралық сарапшыларды қатыстыру арқылы жүзеге асырылуда. Осы ретте халықаралық сарапшылардың бірі Қазақстан Республикасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің мүшесі Гинтарас КАЦЯВИЧЮСПЕН әңгімелескен едік. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

...Ол дәуірге жиіркене қарамау керек... дәуір туғызған қалып үшін көркемсөз ада-мын кінәлау мүмкін емес. тек сОл кездің көркемдік туындыларын ыжда ғатпен зерттеп, тиісті бағасын беру керек.

Сақтандыру жүйесіне сатылап енеміз

Page 9: E-mail: info@egemen.kz 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық. Алайда,

29 МАМЫР 2017 ЖЫЛ 9КЕЛБЕТ

Енді мынаған келейік. Өзіңнің тегің мен түйсігіңнен, азаматтық қасиетің мен парызыңнан, кəсіби шеберлігің мен ержүректігіңнен тыс намысыңның өзін басынып, адамдық əдепті менменсіген шексіз биліктің мысымен басқысы кел-ген кеудемсоқ кездерде пендеге тəн шамшылдықты көрсетуге тура келеді. Мен ондай мінезді көрсеттім. Екі рет!..

Шынтуайтына көшкенде, дыбыс-тан жылдам МИГ-29К ұшағын адым-дап өлшейтіндей кеменің алақандай айлағына қондыру – арман əрі адамның мүмкіндігінен тыс оқиға болатын. Ол əлем авиациясының қиялы – ғарышқа ұшқанмен тең еді. Ғарыштың қиындығы – алдында шексіз қараңғы кеңістік. Ал, СУ-дың алдында тұңғиық тылсым теңіз! Айырмасы осы ғана. Қай ел, қай ұлт оған ұмтылмады десеңізші. Оған бірінші болып Кеңес Одағының жəне бірінші болып менің қолым жетті. Дүниежүзілік авиация тарихындағы ре-корд! Сол рекордтың иесі атану арқылы əлем тарихына мəңгілік атың жазылып қалады. Бұл сол кəсіптің шыңы! Одан артық қандай атақ керек!

Жоқ, керек екен. Кеңес Одағының Батыры атағы арқылы ресми мойын-далуың тиіс. Əйтпесе болмайды. Ал осы атақ саған он алты ай бұрын Жоғарғы Кеңесте бекітіліп қойған. МИГ-29К ұшағының «Тбилиси» крейсеріне қонуына үлес қосқандардың барлығы, қарапайым жұмысшыдан бастап Бас конструкторға дейінгілердің бəрі сый-сыяпаты мен атағын алып қойған. Ал саған бір ауыз жылы ілтипат жоқ. Неге? Ең жоғары лауазым иелері мен қолбасшылар мені өзіне шақырып «Сенің еңбегің батыр атағына лайық. Жоғарғы Кеңестің Президиумы бекіткен. Енді Бас хат шыға өзің кіріп шықсаң қалай бола-ды. Болмашы нəрсе...» – деген емеурін танытты. Ойларын түсіндім. Бар мəселе менің ұлтыма, қазақтығыма байланысты екен! Қалай намыстанбайсың. Мені емес, ұлтымды басынып тұр ғой! Ұлтым үшін тəуекел дедім. Михаил Горбачев хабарды естігенде: «Орыс табылмады ма?» – депті. Ол əлемдік империяның əміршісі. Əуелі империяның жетістігіне қуануы керек еді. Сол империяны əлем алдына шығарған азаматына қуану қажет болатын. Жоқ, Горбачев олай істемеді. Бас қолбасшы – көкірегіне шемен боп қатқан шовинистік өктемдігін жеңе алмады. Мен − əскери адаммын. Ол – Жоғарғы бас қолбасшы. Сондықтан да, мен қандай марапатқа да: «Саулығыңызды тілеймін, жолдас жоғарғы бас қолбасшы», – деуім керек еді. Ал маған Батыр ата ғының белгісін таққан Мəскеу қала лық мəжілісінде: «Кеңес Одағына қызмет етемін!» – деп устав бойынша қалшиып тұрдым.

Міне, менің жаңағы жауабымның астарындағы: «Қазақтан басқа адам жоқ болды жəне менен басқа лайық адам табылмады. Ал, қайтесіз?» – деген емеурінді олар да түсінді. Шындығында да, ол – император емес, сол баяғы Ставрополь комбайншысының өре-сіндегі адам екенін тарих дəлелдеді. Міне, менің намысымды пендешілік мінезіме жеңдірген кезім осы. Оған өкінбеймін.

Бұл, шындығында да, мінезге біткен өжеттік. Жалпы, қазақтың намыс-ты ерлеріне Кремльдің бас қожайын-дарының ықыласы онша ауа бермеген. «Мұртты көсем» аңызға айналған диви-зия командирі Бауыржан Момышұлын өзі шақыртып қабылдағанда: «Мен бір ғана қазақты жақсы білетін едім (Ол Əлихан Бөкейханов болатын!)», – деп қолын сүлесоқ беріп шығарып салғаны соған дəлел. Зады, Сталиннің мысы Баукеңнің мысын баса алмаған секілді. Соған намыстанған Иосиф Джугашвили, шақырған адамына өз қолынан тапсырғысы келген Батыр атағын да, генерал атағын да «ұмытып кетсе» керек. Ал Тоқтар Əубəкіров алып шықты. «Мұны құдіреті күшті қожайын ның қолынан тартып алды» деп мақтанышпен əсірелеп айтуға бо-лады.

Қазақтың ер ұланының мұндай атағы туған еліне – республикасына кеш жетті. Өйткені, оның ісі де, есімі де өте құ пия еді. Алматыға демала келген-де Олжас Сүлейменовтің Жазушылар одағына хабар беріп, «Қазақ əдебиеті» арқылы барша қазақ қауымын дүрілдете қуан дырғаны əлі есімде. Біз – Тоқтар Əубəкіровтің атын сонда тұңғыш рет естідік.

− Қазақ баспасөзі, жалпы баспасөз арқылы ел атымды тұңғыш рет сон-да естіп білді, − деді Тоқтар сəл үнсіз қалып. Сөйтіп, өз елімді өзім алғаш рет жария араладым. Ең бірінші туған Қарқаралыма бардым. Бір ауылдан екі Кеңес Одағының Батыры шығыппыз. Соғыс ардагері Мартбек Мамыраев Қарағандыда ауруханада екен. Барып сəлем беріп, батасын алдым...

Содан көп ұзамай 90-жылдың со-ңында космонавтар отрядына қабыл-дандым. Комиссияға жалғыз-ақ өтінішім болды. Мені қосалқы құрамда ұзақ ұстамауын өтіндім. Өйткені, жоғары инженерлік техниканың тілін біліп кел дім ғой. Ағзалардың сынағынан да, оған түсетін атмосфералық қысым сынағынан да қиналмадым. Оның бар-лығы əскери ұшақ сынағынан таныс жайлар. Сондықтан да мен ең қысқа мерзімде, төрт ай дайындықтан соң ғарышқа ұштым.

Бала кезімде, түнде шөптің үстінде шалқамнан жатып-ап тұңғиық көк аспанға, жұлдыздарға ұзақ қарап, ойға қалатынмын. Мынау қап-қара аспан-ның ар жағында не бар екен? Ана жымыңдап тұрған жұлдыздардың

таса сындағы планеталарда адам бар ма? Шексіз қаракөк кеңістіктің шеті қай да? Сол қиялыңның жүзеге асқалы тұрғаны үшін, əрине қуанасың. Əрі бұл жолғы сапар елімнің аманаты болғандықтан да, жауапкершілікті де ерекше сезінесің.

Ғарышқа ұшар кездегі тылсым шарасыздықтың бір сəтке елес беріп өтетіні туралы, бойыңда амалсыздық билей тінін, тіпті үрейдің де қылаң беретінін жоғарыда айттым. Сен түпсіз кеңіс тікке зымырап сүңгіп барасың. Зымыран атмосфералық кеңістікте көлбеуі де мүмкін, не сол күйінде түпсіз тұңғиыққа сіңіп жоғалуы да, жер ді қайтіп көрмеуің де, оралмауың да мүм-

кін... Ал атмосфераға шыққан соң мүлде басқа əсерде қаласың. Сен аңсаған ға-рыш кеңістігі алқаракөктеніп түпсіз тұңғиықа тартады. Сол планеталардың бірі сияқты сен де жерді шыр айналып жүрсің.

Ғарышта жүріп Жерді көргенде, анамды көргендей сезіндім. Қуандым. Аспаннан қарағанда оған жаның аши-ды. Кіп-кішкене ғана шарасыз жа-ратылыс. Бала – анасының сүтімен қоректеніп, күнін көріп жұбанады. Ал адамдар Жерді еміп күнелтіп жатыр. Жай тыныш еміп жатқан жоқ, тырнап, тістеп мазасын алып «Түбінде ананың, ана сүтінің қадірін түсінер ме екенбіз?!» – деген ойға қаласың.

Жердің көкжиекпен сызылған бояу ын ғарыштан көрген 561 адам бар. Солардың барлығы да: «Планетамызды сақтау ке-рек, аялау керек! – деген ойға келеді. Түзде, алыста жүргенде – үйге қайтқың келеді. Анаңды көргің келеді. Мен ғарышта жүргенде тура сондай сезімде болдым. Менің Жерге қайтқым келді. Жерге! Тек Жерге! Қонған кезде ең бірінші сезінгенім – топырақтың иісі! Даланың иісі! Жусан иісі! Мен ғарышта сегіз-ақ күн болдым. Ал онда бір жыл болған азаматтар бар. Олар Жермен жылап көріседі. Жерден қасиетті, одан шарасыз, одан ыстық жаратылыс жоқ! Болмайды да!

Ана, Жер-ана, Ана мен Жер! Ба-тырдың бауырын жылытып, өзегін өртеген, ғұмырының қас-қағым сəтінде ұмытпаған, дем берген, қолдаған кие – анасы екен. Екі сөзінің бірі – «Ана». Ал, əке, əкелік аңсар, əкелік үлгі қайда?

– Осы бойыма біткен қасиеттің барлығы əкем Оңғарбайдың бел күші-нен. Тұлға, кең кеудем, атмосфералық қысымға шыдайтын көрік – өкпе, қуат-күш, жігерлі жүрек – бəрі сол кісі ден дарыған. Ал қан-тамырыма ыс тық мейірім-қайырым сыйлаған, сол ата-бабам ның рухын жаныма құйған, тір ші-лігіме мəн-мағына берген, атадан, əкеден қалған қуат-қабілетті бір мақсатқа бағыттаған, азаматтық-жігіттік намыс сүтін емізген – анам. Сон дықтан да тəнім – əкеме тəн болса да, жаным – анамдікі, яғни, тəн – əкеден, жан – анадан. Əкем менің өте жас кезімде дүниеден озды. Оның бейнесін, ата-баба аруағын сый-лауды анам үйретті. Үнемі: «Сенің ата-бабаң, əкең – жерге қараған жеті ұлын емес, елге қараған бір ұлын мақтаныш еткен. Сен сол елге қараған бір ұл болуға тиіссің. Елді, жерді, елдің киесін, жердің киесін ұмытпа. Біреудің намысын тапта-ма, өз намысыңды басын дырма. Адал, əділетті бол»,– деп үнемі мейіріммен ай-тып отырушы еді. Анамның сол сөздері менің бесік əлдиім болды. Сол əлдиге қанып өстім.

Менің əкем Оңғарбай – ұста, зергер болатын. Ол кезде елдің қолында ақша жоқ. Бірақ біздің жақта күміс теңгелер болды. Əкем солардан зергерлік бұйымдар соғатын. Əйелдердің сырғасы мен сақинасы, зерлі күміс бұйымдар, тағысын тағылар. Сол əкем түйген тонның күміс түймесін кейін ауылдың ақсақалдары маған сыйлады. Бұл түйме – мен үшін əкемнің көзі. Ең киелі мұра.

Өкінішке қарай, əкеден қалған бар белгі – сол күміс түйме ғана.

Əкеміз ерте дүниеден қайтқан соң – бар ауыртпашылық анамыздың мой-нына түсті. Ол кісінің қиналғаны, соған қарамай қабырғасы қайыса жүріп бізді асырап, сақтауға тырысқаны мені ерте есейтті. Түз жұмысына ерте араластым, өзімнің қатарластарыма қарағанда ерте сүйектендім. Бойыма күш-қуат та ерте құйылды. Сондықтан, 10 жасым-да шаруашылық бастығынан жұмыс сұрадым. Шешемді асыраймын дедім. Түсінді. Əкемнің ұсталығы себеп бол-ды ма, əйтеуір, мені токарьлыққа алды. Баласынбасын деп бар күшімді сала-мын. Сонда мен бұраған бұранданы,

гайканы үлкендер кері шығара алмай: «Неғып қатты бұрап тастағансың?» деп таңданып жүретін.

Ең бақытты күнім – шешеме алғашқы жалақымды қолына ұстатқан күнім. Ондай рахатты, бақытты күйді өмірі қайтіп сезінген емеспін. «Мен – енді жігітпін, мен енді шешемді асы-раймын, анам енді қиналмайды, мен бармын!» – деген бала сезім, бала мақ таныш кеудемді кернеген сəт əлі есімде. Сонда анамның сүйіп тұрып айтқан өсиеті əлі жадымда. Сол өсиеті менің өмірлік ұстанымым болды. Ол – ел киесі, жер киесі ата-баба рухы, намыс жəне əділ адалдық. Жер киесі демекші, менің анам Шайтанкөлді ерекше кие тұтты. Бір жолы мен қат-ты ауырдым, жазылмадым. Мені ер тіп барып Шайтанкөлге мінəжат еткізді: «Балам, сен ұмытпа. Мұның аты – Шайтанкөл емес, Əулиекөл. Қара-шекпендер алғаш келгенде көлдің ба-сына кергі – айшық орнатыпты. Соны көл жұтып қойыпты. Содан бастап оры-стар сескеніп, «Шайтан көл» деп атап кетіпті. Есіңде болсын, бұл көлдің аты – Шайтанкөл емес, Əулиекөл! Киесі де, иесі де, кепиеті де бар. Бұл жерге суға түспе, киесі атады. Келгенде тəу етіп келетін бол. Мұны ұмытпа. Ұмытпа!», – деп өсиет етті анам. Мен сол жолғы ұшықтаудан соң жазылып кеттім.

Содан бастап мен Əулиекөлдің əулиелігін мойындадым. Қасиетінен сескендім. Өмір бақи тəу етіп келемін. Осыдан біраз жыл бұрын бір ұлым Қарқаралыға достарымен демалуға кет-кен. «Шайтанкөлге – Əулиекөлге түспе. Киесі бар», – деп ескерттім. Жастар қаперінде ұстай ма. Содан: «Ауырып қалды. Дəрігерлер еш шара жасай алар емес», – деген хабар келді. Қарағанды дəрігерлерінің де дауасы қонбады. Түпкі себебін сұрасам, ол достарының қолқалауымен Шайтанкөлге түсіпті.

Шешемнің айтқан сөзі есіме түсті. Балама бұл жолы батыра айтып, Əулиекөлдің басына барып кешірім сұрат тым. Сол сəттен бастап жазы-лып сала берді Əулиекөл ұлының ұрпағының қателігін кешті. Əулиекөл анашымның арқасында əуелі мені, со-дан кейін ұлымды дерттен айықтырды. Міне, жер киесі деген осы!

Əрине, Бұланты мен Білеутіден бастау алатын сұхбат сапары толас таппай, үзіліп-жалғанып отырды. Ана туралы толғаныстың соңы, əрине, Л.Н.Гумильев атындағы Еуразия ұлт-тық университеті студенттерімен болған кездесуде одан əрі жалғасты. Ұлы ананың аңсарлы ұлы бүгінгі ұрпақтың аңсары туралы не ойлайды. Елінің ертеңінен не күтеді?

– Мен қазір Қазақстан темір жолы-ның əуе қатынасы жолдары сала-сында кеңесшімін. Жол қатынастары компаниялары осы министрлікке бекітілгендіктен де өз мамандығым бойынша өзім білетін мəселелермен, соның ішінде Қазақ авиациясының бүгіні мен ертеңіне қатысты мүдде-лерге назар аударамын. Бұл сала-дағы біз дің мұқтаждығымыз көп-ақ. Əсіресе, əуе жолы мен аспан кеңістігі

халық аралық жол қатынасының ғана емес, халықаралық геосаясаттың, халық аралық экономиканың негізгі тұтқасына айналып бара жатқандықтан да, тəжірибелі азаматтың көзқарасы мен кеңесі маңызды шараның бірі деп ойлаймын. Мұның ішінде, ғарыш та, əуе əскери ұшақтары да қамтылады. Жалпы, мен бұл қызметіме жəне ондағы мамандарға ризамын. Қайда жүрмейін, қай ортаға түспейін, бəрібір, менің ұстанымым – білім, білім жəне білім. Келер ұрпақ білімді, білікті болса екен. Білім – ешқашанда жамандыққа жібермейді. Екінші, бүгінгі жастарға, өздерінің білікті ойларындағыдай шын рухани тəуелсіз мемлекет керек. Əңгімелесе жүріп аңғарғаным осы. Əлі көп дүние өзгереді. Ұстаным да, ұстын да, бағыт та, құндылыққа көзқарас та өзгереді. Ең бақытты мемлекетті сол жастар құрса екен. Сөзсіз құрады. Мен соған сенемін!

Атағына – абыройы, бойына – ойы, кемеліне – келбеті, тұрысына – жү-рісі, жүрегіне – тəуекелі, миығына – мысы, мейіріміне – қайырымы, уəжіне – сөзі сай жігіт сырттанының кəдім-гі тіршіліктегі етекбастылық өмірі қалай өтіп жатыр екен – деген сұға нақ ой жүйкемнің түбінен шүй келен ді де тұрды. Бұл кез келген ұлы тұл ға лардың талмауытты тұсы, «бір кем дүние» дегізетін ділгір. Гетені де, Толс тойды да, Абайды да əттеген-аймен еске ал-дыр ған. Бір сөзбен айтқанда, «шы мыл-дықтың ар жағындағы əңгіме».

– Шымылдықтың ар жағына жа-сырып қалатындай менің еш құпия өмі рім жоқ. Бəрі де баршаға аян. Те-мір таудан ұшқыштар дайындайтын əуе училищесіне аттанғанға дейінгі бозбалалық шағымда бозөкпелік ма-хаббат машақаты болған шығар. Оған өкінбеймін де, ұмытпаймын да. Ол да он сегізге толмаған өспірімнің сезімін тол-тыратын, атамекенді ұмыттырмайтын, қайта сағындыратын фактор. Ал сонау қиыр шығыстағы, не маң орманның ішіндегі, аса құпия мамандықтың ие-сінің өмірін көлегейлейтін «шымыл-дық» болмайды. Бəрі де, іс-əрекетің тиісті адамдардың, тіпті қан қысымың да дəрігер мамандардың бақылауында. Сырт дүниемен байланысың де шек-теулі. Бірақ, бізді, ең сенімді, ажар-лы, өжет арулар қоршады. Соның ең таң даулысы Татьяна – менің жарым болды. Екі ұлым бар. Олар барын-ша патриот, отанын – Қазақстанын, Қарқаралысын сүйеді. Тоқтарлан деп нысаналап қойған немерем бар. Ал, солардың ішінде өзіме тартқаны, қоңырым – Томирис. Жүрегі сондай батыл. Жас балада, соның ішінде қыз балада сескену деген болуы керек қой. Ал, бұл қоңырым аэрошанамен ба-рынша ызғытып келе жатсам да: «Бас, ата, бас!» – деп өзімді қамшылайды. Жылдамдыққа құмар. Міне, менің əдеттен тыс оқиғаларға, ант мезгіліндей қатерлі оқиғаларға құмарлығым осы қоңырымның бойында сақталып қалған. Екеуінің қай мамандықты таңдарын қайдан білемін, бірақ, жүректі, адал, шыншыл адам болатындарына сенемін.

Өмір мен өлімнің ортасында өмір сүріп үйренген ер адам – ата үшін бұл да үлкен медеу.

Міне, тағы да бір жол түсіп, енді жер киесі – Қарқаралыға да бет алдық. Сауал да қысқа, жауап та нық. Емеуріні мол, Тоқтардың адамгершілігі мен кішіпейілдігін көрсеткен, адамды – атағына қарап емес, сыйластығына қарап сыйлайтын мінезін танытқан сапар. Бұл сапардың ішінде ғарышқа қатысты саңлақ атаулының, соның ішінде, Тоқтардың командалас-ғарыш-керлерінің көбі бар еді. Сыртта жүрсем де: «Ағасының тілін алмайтын бауыр бола ма екен», – деген уəжінен тұтылып, осы жолы ұтылып келе жатқан бетім еді. Ғарышкер саңлақтармен де сыр тартысып, деміміз біріге шығып қалған. Өзімсіне əрі қонақжайсынып, аңызға айналған МИГ авиациялық конструк-торлар бюросының Бас конструкторы Ованес Микоянның темекі тұқылын бір-екі рет күлдікке апарып салғам. Енді бір мезетте Ованестің өзі менің қолым-дағы темекі тұқылын еппен алып, анау бұрыштағы себетке екінші рет апара жатыр еді. Тоқаң – Тоқтар Əубəкіров алыстан қарап тұрды да: «Бəрі де ретті», дегендей басын риясыз шайқап қойды. Демек, мені де солардың қатарында тең санағаны.

Иə, бəрі де Абай атам айтқандай, «ретімен жаратылған дүние», өз ретімен өтіп жатыр. Тоқтар ағамыз атқандай, əр нəрсенің табиғи мінезіңмен əрі ретімен тұла бойыңа қонғаны – құт. Əр жүздесудің соңында Тоқтар ағамыз сұқ саусағын білеп: «Ұмытып кетпе мені! Хабар ласып тұр!» – дейді. Мұндай өжет тіктің сыртта-нын ұмытып мені не қара басыпты, сон-ша. Сол сəтте өзім де марқайып, еңсем екі елі өсіп қалады. Е, еңсем өссе, несі бар, мен де қазақпын. Ал қазақтың еңсесін ғарышқа дейін Тоқаңның өзі – Тоқтар ағамның өзі өсіріп кеткен жоқ па! Еңсеміз биіктей берсін, ендеше.

Деп, тағы бір жөнін сұрағанымда, менің мəдени сақабам Мəди Арты-ғалиев: «Тоқаң: «Торғай даласынан сенің, Мөлдір көзіңді көрдім» – деп əндетіп, қаршанамен жортып жүр» – деді. Е, даланы сағынған ұл даланың иісін кеудесіне сіңіріп алмақ екен ғой. Ол да ретімен келген табиғи сезім. Əйтпесе, намыс пен адалдықтың қуатты зұлпықарына шақ келетін не бар, тəйірі! Сапарлас, сырлас болған кезді ұмытпағанымды есіне салайын деп қолыма қалам алғаным да сондықтан.

Тұрсын ЖҰРТБАЙ

тақырыбының оқулықтарда қамтылмаған үлгісін бейнелейтін фрагменттер

(Соңы. Басы 97-нөмірде)

Қайсар рухты қарғалдақтар

Қызғалдақтар, сарғалдақтар...Əсем əннің арқауына айналған

əдемі гүлдер. Аттары əмбеге аян. Ал, енді көктемде көк белдерді көмкеретін осы нау көркем өсімдіктердің тұқымы ерек туысы – қарғалдақтар туралы көп біле бермейміз. Өйткені, ол асқар Алтай, еңселі Еренқабырға, əлем шатырындай əйдік Памир секілді сеңгір таулардың адам аяғы жете қоймайтын жерлерінде өседі. Ақ қарда қауызын ашады. Қақаған суығыңа қарамайды. Табиғаттың тылсымына таңданбасқа шараң жоқ.

Адамды ауыр мұңға батыратын АЛЖИР музейінің табалдырығын аттаған бойда-ақ бірден көзге түсетін көрнекті композицияда бейнеленген – қара тасты қақ жарған жалғыз тал жауқазынды көргенде көңілім құлазыса да, оптимистік ойға берілдім. Қатал табиғаттың қаһарынан қаймықпайтын қарғалдақтар мен тағдырдың тасыр соққысынан тайсалмаған қайсар мінезді тұтқын əйелдердің арасынан ұқсастық тапқандай болдым.

Кешегі кеңестік кер замандағы солақай саясаттың кесірінен тұлпар мініп, ту ұстаған талай тұлғаларымыз жалған жаламен жазықсыз атылғаны белгілі. Аңырап артында қалған бала-шағасы «отанын сатқан опасыздар отбасының мүшелері» есебінде қуғын-сүргінге ұшырады. Кең-байтақ КСРО халықтар түрмесіне айналды. Қаралы Қарлагтың 26-шы нүктесі – АЛЖИР соның бір айғағы. Мұнда негізінен күйеулерінің «қылмысы» үшін нақақтан күйген мұңлықтар жазасын өтеді. Сондай-ақ, 37-нің ойранына ұшыраған қаптаған қайраткерлердің əпке-қарын-дастары, тіпті қаршадай қыздары да осы лагерьге айдалды.

Алаш арыстарының аяулы жарлары аяусыз азап шекті бұл арада. Арқаның ақырған аязы, ақ түтек боранымен алыса ауыр жұмыстар істеді. Қабырғалары қайысып қамыс шапты, масаға таланып мал бақты. Одан қалса тігін цехтарын ашып, майдандағы əскерге киім-кешек жөнелтті. Өздерінің аш-жалаңаш екен-деріне қарамай, өзгелердің жағ дайын жақсартуға аянбай атсалысты.

Ең бастысы, етегінен ұстаған арыс-тай азаматтарынан оларды ешкім айныта алмады, беттің арын белдеріне түймеді. Қорлық-зорлықтың қисапсыз қиындықтарына мойымады. Қарақан бастарының қамымен адалдықтың ала жібін аттамады. Ар-намыстарын арзан пендешілікке айырбастамады. Келер күндерден күдер үзбей күрескерлікпен күн кешті. Тоталитарлық жүйенің тоңмойын жендеттері айтқандарына көнбеген «асауларды» жуасытудың небір айла-тəсілдерін ойлап тапты. Қулық-сұмдықпен құрылған бұл қақпаннан құтылу əрине оңай емес еді.

Аранға түскен арулардың арасында кімдер болмады десеңізші? Атақты əртістер де, айтулы ақындар да, қызыл өкіметті құрысқан биліктегі бибілер де, қазан-ошақ қасындағы қарапайым əйелдер де абақтының атала көжесінің дəмін бірге татысты. Кейде осынау нəзік жандылардың замана зұлматына қалай төтеп бергендеріне қайран қаласың. Суықта солмайтын қарғалдақтардай сталиндік репрессияның ызғарынан ықпай, қайғы-қасіреттің сұрапыл дауылына қажыр-қайраттарын қарсы қоя білген асқақ рухты аналардың ерен ерлігіне бəріміз бас июге тиіспіз.

Саман кірпіштен салынған сал қын барактарда тұрған байқұс қыз-келін-шектер жақын маңдағы жергілікті жұрт-тың қамқорлығын сезініп, секем шіл жүректеріне сенім дəнін септі. Қиын-қыстау кезеңде де кісілік қасиет тердің кіндігі үзілмегеніне іштерінен шүкіршілік етті. Қараңғы түнектің түбі нен жарық сəуле көргендей көкі рек терінде көмексі үміт оянды. Тұтқын дар еңбек ететін Жалаңаш көлінің жаға сындағы қалың қорықтың ішіне Жаңа жол ауылының тұрғындары əдейі леп қалдырып кеткен құрт-ірім шік, сүт-айран, тары-талқан сияқты тағам дар аштықтан бұралған бұрымды бей бақ тардың өзек жалғауына септі гін тигізгенін шерлі шежіреге айнал-ды р ған өлең жолдарын оқығанда еріксіз елжірейсіз.

Айтпақшы, бұдан бес-алты жыл бұрын, сол уақыттың өзінде АЛЖИР-дің ең соңғы тұтқыны саналған астана-лық Анна Григорьевна Енданова-Ни за-муддинованың жанары жасқа шылана ағынан жарылып «жер бетінде қазақтай қайырымды халық жоқ. Өздері жарым құрсақ жүріп, талғажау етер таба нандарының жартысын бөліп бізге бергенін ұмытсақ адамдықтан мүлдем ада болғанымыз» дегені əлі есімнен кетпейді. Мен мұны қашаннан мейірімді қазақтарға алғыстарын айтқан өзге ұлт өкілдерінің шын жүректен шыққан сөзі ретінде қабылдадым.

...Сормаңдай болып сотталған сол жандардың көз жасымен суарылған қалың ағаш бүгінде арнайы күтімге алынған. Ескінің көзіндей кəрі емен-дердің басына ұя салған қара қарғалар-дың қарқылы жылаған жылдардың азалы жырын жеткізіп тұрғандай... Төменгі жақта тұтқын əйелдер алыстан арқалап қамыс тасыған таптаурын жолдың сорабы əлі сайрап жатыр.

ТалғатБАТЫРХАН,«Егемен Қазақстан»

Page 10: E-mail: info@egemen.kz 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық. Алайда,

10 29 мамыр 2017 жыл

Жанғали ЖҮЗБАЙ,күйші

Қазақтың күй өнеріндегі «Қос­ба сар», «Толғау», «Балбырауын», «Ақ желең», «Байжұма» секілді туын­ды лардың ішіндегі бір айтулы үлгі – «Қоңыр». «Қоңыр» – домбыра, қо­быз, сыбызғыға біткен күй, ежелден әуезі қалыптасқан көшелі өнер, әуел­де тартылу мінезіне қарай – «Жай­қоңыр», «Майдақоңыр», «Назқоңыр», «Әсем қоңыр», «Арбиян қоңыр» т.б. деп бөліне жіктелген, кейін бірың ғай мектеби жол болып кетті. Домбы­ра шылар арасында бұл үлгі ерте­ден «Алпыс екі қоңыр» деп ерекше ардақ талады, яғни, адамның «алпыс екі та мырын иітетін киелі әуен» де­ген сөзге парапар, қоңырлата шерті­летін туындылар тобы дегені. Ерте­ректе, XVII­XVIII ғасырларда қоңыр күйлер көбінесе сыбызғыда, қобыз­да тартылған, әрегідік домбырада да шер тілген жағдайлары болған, бірақ жаппай үрдісі некен­саяқ десе де бо лады (Ықыластың «Қоңыры» Сүгірге ауысқан секілді), себебі, ұлыс­ордалық, хандық кезеңдегі күйлердің көбісі қаһарлы, дауылды болды, Абылайдың, Байжігіттің за­манында бірыңғай жауынгерлік ұран күйлер шыққаны тарихтан белгілі. «Қоңырдың» сазы Қорқыт заманынан бар десек те кейінгі кезеңдерде тек ақ патшаның отары болған кезеңнен бері ғана үдеріс алған деп ұғынсақ қателесе қоймаймыз. Яғни, «Қоңыр» – мұңды, қайғылы, азалы, шерлі, зарлы күйлер, десек те, кез келген қоңыр атаулы күйдің өн бойынан ыза­кек есіп тұратыны рас. Қоңырсазды күйлерді – қазіргі ұғымға сай «про­тест музыкасы» деп те жіктеуге бо­лады. Күй жанрларының ішіндегі анық оппозициялық реңкі бары осы «Қоңыр» топтамасы.

Әбунасыр әл­Фараби атамыз­дан қалған, кейіннен әлемнің ортақ игілігіне айналған үлкен музыка іліміне салсақ, «Қоңыр» латынның «минор» деген сөзіне сай келетіндей. Жаратылыстағы саз біткеннің бәрі «мажор», «минор» деген екі ладқа (пентатониканы қоспағанда, ол да осылай екіге жарылады) бөлінетіні белгілі, осы екеуін қазақы ұғымға салғанда «мажор» – қуанышты, шат­тықты, «минор» – мұң­шеменді, басыл ған көңілді бейнелейтін мінез­де ме лік анықтаушы терминдер. Әрине, қазақ музыкасында осы екі лад тан бөлек түркі­мұңғұлдың әйгілі «Беспернесі» (пентатоника лады) болғандықтан, кейде еуропалық му­зыка теориясының осы бір қағида­ұй ғарымы қазақ халқының музыка мәдениетінде толық ескеріле бер мей­тін қырыны және бар, яғни туындыны мінездеуге келгенде қазақы әуен лад­қа тәуелді емес.

Тағы да «Қоңырға» келейік. Бар­лай келгенде, домбырадағы «Қо ңыр» күйлердің қалыптасқан форма сы Тәттімбет заманынан бас тала ды де­сек, қателеспейміз. Кезінде Әбі кен Хасеновтен Латиф Хамиди жа зып алған Тәттімбеттің бірінші «Қос­басары» осы қоңыр күйлердің нағыз классикалық үлгісі бола алады. Қоңыр күйлердің халық арасына кең тараған бір аты – «Қосбасар» («минор» ладындағы түрлері), егер қоңырлық мінез күйдің ладтық табиғатын та­нытса, қосбасарлық қасиет оның орындалу ерекшелігін паш етеді. Қоңырсазды­қосбасарлы күйлер Арқа күйшілерінің ішінде Итаяқ пен Сайдалы Сары Тоқада, Сембек пен Қыздарбекте, Әбди мен Бегімсалда бар (мамандарға түсініктірек болуы үшін: оң бұраудағы қоңыр күйлер бұғалықта – «ре минорда», «соль минорда», бел сағалықта «ля минор­да» тартылады). Итаяқ, Дайрабай, Аққызда таза қоңыр ладтағы күй жоқ, бірақ олар көңілге тиетін қоңырсазды интонацияны мажор ладымен де көркем бейнелей алғанын білеміз.

Біздің заманымызда, яғни ХХ­ХХІ ғасырларда далалық күйшілік дәстүрдің орнына жазбаша ноталы жүйе енгеннен соң дәстүрлі қоңырсаз күйлер тартылмай кетті. Тартылса да ол баяғы азат мазмұнынан тайқып, жеке бастың пәндәуи күйітіне, болма­са, жас көңілдің әуезесі мен қызойнақ лирикасын жырлауға ойы сып кетті. Қазіргі егемен заманы мыз да туған қоңыр күйлер де осындай халде, шыншылдығы болғанмен компо­зициясы мен формасы қоңыр саз­дылықтан ада, байырғы сабыры мен салты сақталмаған, басар сау­сақтағы «діріл» (вибрато) мен дом­быраның алқымын шірей тарту әдеті «Қоңырдың» әбден берекесін қа шырғанын сырт көзден жасыру қиын. Осы үшін үйретуші ұстазды да, үйренуші шәкіртті де кінәлау қиын, өйткені, күй сабақтастығы бір үзілген жібек арқан секілді, жал ғау бермейді. Осының бірнеше өзекті себебі бар. Кешегі аласапыран қа зан төңкерісі, ашаршылық, репрессия, оның соңын ала ұрандатқан социа­листік қоғамда қоңырсазды күй тарт­қан кісі «феодализмді көксеуші», «алаш шыл» деп айыпталды, айдал­ды, атылды. Оның орнына жаңа заман ның «қарышты қадамын», «социа листік индустрияның» өркенін жыр лаған екпінді күйлер пайда бол­ды. Жүйенің алдында жігері жа­сымаған ешбір өнерпаз қалған жоқ. Осы жерде қандай да бір ұлтқа де­ген махаббаттың соңы өліммен бі­тетін кер заманда қарсылық күйін тол ғаудан тайынбаған, таймаған күйшілеріміздің бірі – Әбікен Хасе­нов болғанына қайран қаламыз, «Қоңырдай» сұрапыл күйді шығарған соң қалайша атылып, айдалып

кетпегеніне таң қалмасқа шара жоқ. Ол өз күйінің атын «Майдақоңыр», «Жай қоңыр» дегендейін ескіше салт пен әспеттеп жатпады, құйрық­жалы күзелген тұлдай, тек қана «Қо ңыр» деп жалқы сөзбен атады, бұл оның күйдің ішіндегі сырды сұқ көзден жасырғандағысы бол­ды. Күйші «Қоңырға» ешқандай ат қойып әйгілемей шертуі арқылы кезін де замандастарын бірқыдыру тіксінтіп алған көрінеді. Күйшімен

жақын аралас болған Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов бастаған игі жақсылар да «Әбікеннің мұнысына не жорық? Күйіне ат қоймағаны қалай болғаны?» деп таңданған екен десе­ді, онысы «Әбікеннің күйі неге социализмді жырламаған, неге жа­сампаз өмірге лайық ат қоймаған?» дегенге саяды, себебі, ол кездегі рухи туындылардың бәрі жүйенің ығына жығыла шығарылатын болған.

Көзі тірісінде қолына домбыра ұстағанды өзіне тең көрмеген дара күйшінің өмірі де, шығармашылық тағдыры да әлі күнге дейін көпке ашылмаған сырлы сандық күйі келе жатыр. Әбікеннің шығармашылығы туралы кімдер қалам тербемеді? Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Уәли Бекенов, Тәкен Әлімқұлов, Жүсіп Алтайбаев, Ақселеу Сейдімбеков, Өмір Кәріп, Кәмел Жүнісов... Рас, күйтанымға, ғылымға ересен бағалы осынау еңбектердің бәрінде Әбікеннің асқақ тұлғасы, шалқар сазгерлігі, азаматтық мінезі жақсы суреттеледі. Керек болса, күйшілігімен қатар оның қазақтың маңдайалды актері бол­ғаны, сахнада сансыз кейіпкерлерді сомдағаны, сол үшін үкіметтен алған мәртебе­марапаты да зерттеушіліктің қырағы көзінен тыс қалмаған. Бірақ, осынау ғылыми ізденістерді өзара са лыстырғанда күйшінің тірші лігіне қатысты келтірілген деректер шаты­сып­бұтысып бір уәжге то қай лас ­пайтыны байқалады, өкінді реді. Әбі­кеннің туған жылы жайлы өмірбаян да орнықты емес. Сон дық тан, қазіргі таңда Әбікен Хасеновтің кейін гі ұрпаққа қалдырған күй­мұра сы да толық талданды деп кесіп айту қиын.

Қазақтың ұлы күйшілерінің бірі, Тәттімбет мектебінің озық өкілі – Әбікен Хасеновтің өмір сүрген кезеңі – зарзаман емес, керзаман болды. Оның кіндік қаны тамған жер – қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ортау, Қызылтаумен жапсар­лас Жалпақ тауының көркем баурайы. Осы Жалпақтың етегіндегі Қаратал өзенінің бойында ел жайлауға көшкен мамыра­жай уақытта дүниеге кел­ген. «Жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да, тартпай қоймас негізге», Хасеннің Әбікені ошағынан от, қазанынан құт кет­пеген, айбынды, шынжырбалақ, шұбартөс әулеттен еді. Ол қазақ­жоңғар соғысында аты шыққан көзсіз батыр Таңыбайдың шөбересі, сондықтан, бабасының аруағын сыйлаған елдің мейіріне қанып, бұла болып өсті. Атасы Көпбай ел сұраған би болды, болыс болды. Қаз дауысты Қазыбектің ұрпағы Алшынбай төбе билік құрғанда Көпбай Өскенбайдың Құнанбайымен бірге Қарқаралының аға сұлтандығына таласқа түскен екен, ел аузында «Алшынбай құдасы болған соң Құнанбайға бүйрегі бұрып, Көпбайға басу айтып еді» деген аңызға бергісіз әңгіме қалған. Ал енді өз әкесі Хасен болса ұлының ел қатарлы білім алуына, өнерлі, өнегелі болып өсуіне қамқор болды, ауыл медресесінде оқытып зердесін ашты, тектіден текті саралап, Қареке Нұрлан байдың қызы – Күлше сұлуды айттырды...

Әбікен домбыраны немере ағасы Мақаштан үйренеді. Мақаш болса Арқаның аты шыққан күйшілері – Қыздарбек, Сембек, Әбди, Ақмолда, Ахметжандармен үзеңгілес болған, бойына біткен өнерімен маңайына қадірі асқан дарынды домбырашы болды. Мақаш Әбікенге Абылайдың заманынан бері тартылып келе жатқан өзі білетін халық күйлерін түгел үйретеді. Ендігі жерде Мақаш Әбікеннің қабілетін әрі қарай ұштау мақсатымен інісін Қыздарбек, Әбди, Сембектердің қасына қосып, шалқар күйшілердің өнегесіне баули бастайды. Сол кезде атақ­абыройы Тәттімбеттен кем түспеген Шұбыртпалы Итаяқ күйшінің қо­лы нан қуат кетіп, кәрі бүркіттей қар тайған шағы екен десе­ді, ағасы Мақаш Әбікенді Итаяқтың алдына алып барғанда, жас күйшінің шалы­мын көріп разылықпен ақ батасын бер­ген екен дейді, ел естелігі. Әбікеннің

өмірі мен шығармашылығын терең зерттеген жазушы Кәмел Жүнісов Әбікенге бата берген Итаяқ емес, Қыздарбек екенін айтады, себебі, сол уақыттарда Итаяқ күйші дүние салған, ал енді елдің «Итаяқтан бата алды» дегені Итаяқтың өзі болма­са да көзіндей болған төл шәкірті – Қыздарбекті айтқаны екен. Итаяқ пен Тәттімбеттің күйлерін таңнан­таңға толғайтын ірі күйші Қыздарбек те ол кезде біраз жасқа келіп қалған, Әбікен оны тікелей ұстаз тұтқан. Осылайша, Қыздарбектей алып­тан күйдің далалық мектебіне еркін сусындаған Әбікен ендігі жерде Тәттімбет күйлеріне құлаш ұрады. Сол заманда Тәттімбеттің күйін түгесе тартпаған домбырашыны ел өнерліге санамаған, «қырық буын

қосбасарды» тарауымен, нұсқасымен игеру екі домбырашының бірінің қолы жете қоятындай іс болмайтын. Әбікен қалың Қаракесек ішіндегі Тәттімбеттің көзін көрген, жолын ұстанған әйгілі ізбасарларының бәрінен дерлік үлгі алды, аяғында өзі де бармағына күй үйірілген әйгілі дәулескерге айналды, топқа түскенде менмін деген талай домбырашыны ықтырған әлеуетін елі көрді, сүйсінді, осыдан кейін­ақ «Домбыраға тіл бітірген Хасеннің Әбікені» атанды.

ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары қазақ даласына «Қызыл қырғын – Кеңес үкіметімен» бірге бейбіт жатқан елге зор дүрбелең келді, ел жақсыларының көзін жою, халықтың малын тәркілеу сияқты ала нәубет елді әбден тұралатады. Арқадағы еліне беделі жүрген атақты күйшілерге де жаппай аяусыз репрес­сия басталады. Шолақ белсенділер оларға «ескілікті насихаттаушылар» деп жала жауып, шетінен сотсыз­сұрақсыз қыра бастайды. 1928 жылы Сармантайдың Ахметжаны, 1930 жылы Кәрібек, 1931 жылы Әбди мен Сембек секілді атақты күйшілер атылады. Осы оқиғадан кейін өзін де жай қалдырмайтынын сезген Әбікен Қарқаралы, Семей жаққа қашады, одан жылыстап Қызылжарға жет­кенде НКВД­ның қолына түседі. Әбікенді «саяси қылмыскер» ретінде 1931 жылдың күзіне қарай тұтқындап, Қызылжардан Ақмоланың абақ­тысына айдап жібереді. Осында бір жылдан астам қамақта болған Әбікенді абақты жендеттері боса­тып, еліне жібереді. Осы оқиға ту­ралы да ел ішінде әртүрлі аңызға бергісіз әңгімелер қалды. Бір аңыз былай баяндалады, Әбікеннің түрмені күңірентіп күй тартқанын көрген абақты басшылары: «Өнерлі екенсің, басыңа азаттық бердік, біз сені көрген жоқпыз, сен бізді көрген жоқсың, еліңе қайт!» деген көрінеді. Енді бір аңызда: «Әй, Әбікен, байтал түгілі бас қайғы болды, ел аштан қырылып жатыр, өлсең обалыңа қалмайық деп сені жөніңе жібергелі отырмыз, түн ауа түрмеден қашып шық!» деген екен дейді. Содан қамақтан босаған Әбікен Ақмоладан жаяулап жолға шығады. Туған ауылына жеткенде жаппай аштан қырылған елді көреді, өзінің әйелі – Күлше, одан өрбіген Жаһанша мен Дәлелхан атты ұлдары, Шапи мен Баяу дейтін қыздары аш­тан бұралып өлген. Әйтеуір, артынан ерген жалғыз қарындасы аман екен, соған шүкірлік етеді. Қарындасын ертіп жансауғалап, ырзық берер ағайын іздеп шұбырынды жолға жаяу түседі. Содан бірнеше күн жол жүріп, рулас апайы Кіпияны (атақты әнші Гүлбаршын Ақпанованың үлкен анасы) тауып алады. Аштық өтіп кеткен екеуін Кіпия бір жыл күтіп бағады. «Өлмеген құлға болды жаз» дегендей аштықтың беті қайтқан соң, 1934 жылы Әбікен қарындасын елге қалдырып, өзі Алматыға аттанады.

Алматыға Әбікен Сәкен Сей­фул линді сағалап барады. Оның мә нісі былай, Сейфолланың Сәкені бозбала шағынан Әбікенмен жақсы араласқан, бір жағы ағасы Мақаштың әйелі осы Сәкеннің жақын апасы еді, сондықтан, екеуін жақындастыратын құдандалық жол тағы бар. Тағы бір себеп, екеуінің де кезінде өнерпаз болып ел көзіне қатар түскендігі еді. Сәкен ақындығымен қатар күйді де тәуір шертетін. В.А.Затаевич қазақтың әні мен күйін жинағанда Арқаның шертпелерін осы Сәкеннің орындауында жазып алған болатын, сондықтан, оның домбырашылығы Әбікеннен аспаса да Әбікеннің қасында жүрген жігіт­желеңдердің тартысына жетеғабыл болатын. Сонымен қатар, Сәкен жас кезінде Әбікен ауылындағы Мұстафаның Бәһрам атты қызына ғашық бола­ды, қатар құрбы болған соң Әбікен де Сәкеннің сойылын соғып біраз әуреге түскен екен. Кәмел Жүнісовтің дерегінде Сәкеннің «Тау ішінде» атты әні осы Бәһрам сұлуға арналғаны жа­зылады. Сәкен Әбікенді жақсы қарсы алып, қамқор болып оны жаңадан

ашылған Қазақ драма театры на (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры) әртістік қызметке орналасты­рады. Әбікен осы театрда өмірінің соңына дейін қызмет етті. Бұл саладағы еңбегі еленіп мемлекеттік марапаттар та алды. Қазақтың театр өнерінің іргетасын қалаған аға буын өкілдерінің арасында Әбікен Хасеновтің есімі де құрметпен аталады, оның актерлік шеберлігі театртанушылар тарапынан айтыл­май қалған кезі жоқ.

Театрда қызметте жүргенде Әбікеннің алапат күйшілігі Алматыға жайылды. Оның өнеріне компози­тор Латиф Хамиди қатты қызықты. Тәттімбет шертпелерін Әбікеннің орындауында нотаға түсіріп кейбірін оркестрге де жазды. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестрі Тәттімбеттің «Қосбасар» күйінің бірінші тарауын орындады. Кейін Әбікеннің орындауындағы Арқаның күйлері радиодан да жиі беріле баста­ды. Сол кезде Мәскеуден келген халық музыкасын жинаушылар Әбікеннің орындауындағы күйлерді өздерінің орталық қорына жазып алып жүрді, соңында Тәттімбеттің «Саржайлау», «Сылқылдақ» сияқты туындыла­рын патефонға арналған күйтабақ ретінде шығарды да. Дегенмен, ол Әбікеннің шығармашылығын толық қамтитындай әрекет бола ал­мады, себебі патефонға арналған бір күйтабаққа бір немесе екі ғана шығарма жазылатын. Осыдан кейін қазақ зиялылары Әбікен мұрасын жинастыруды қолға алды. Әбікеннің күйлерін Мәскеудегі архивтен алып, күйтабаққа жазылуына тікелей ықпал еткен белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы Рахманқұл Бердібаев пен фольклортанушы Жарқын Шәкәрім болды. Бұл туралы Жарқын аға мынадай естелік айтады:

«1975 жылдың бір күні Рахманқұл Бердібаев аға: «Бала, етің тірілеу көрінеді, Мәскеуге барып Әбікен Хасенов орындаған күйлердің күйтаспаларын алып кел» деп қолыма ақша ұстатып, мені Мәскеуге жіберді. Сол жылдары күй деген қасиетті музыкалық жанрымыз шертпе күй, төкпе күй деген екі тараумен екіге айырылып, енді жұртшылықтың кешеулеп қалған шертпе күйді да­мытамыз десіп, шертпе күйдің бас­тауында тұрған Әбікен Хасеновтің күйтабағын шығару қажет болған тұсы еді. Мен Мәскеуден келген­ше Рахманқұл Бердібаевтың өзі Қазақ радиосында сақталған 5­6 күйді, Әбікеннің бұрын күйтабаққа шыққан бірді­екілі күйлерін жинас­тырып қойған екен. Мен Мәскеуден Әбікен орындауында белгісіз жатқан оншақты күйлерді әкелдім. Сүйтіп Рахманқұл Бердібаев екеуміз Әбікен орындауында таспаға жазылып қалған 17 күйді жинап күйтабағын шығардық. Бұл жаңалықты жергілікті «Вечерная Алма­Ата» 1975 жылдың 30 желтоқсан күнгі санына «На одном диске» деген ақпарат мақала жария­лап елден сүйінші сұрады.

Әбікеннің күйтабағының шы­ғуы үлкен мәдениетімізге жаңа сер­піліс әкелді. Жас күйшілер буыны Әбікенше тартуға талпынды. Шерт­пе күйдің еңсесі көтерілді. Әбі кеннің таспалары киноқұжаттарға, көр­кем және деректі фильмдерге пай­даланылды. Әбікен мәнерінде күй шертіп елді елең еткізген – Ер мұрат Үсенов болды. Ол «Отырар сазы» фольклорлық­этнографиялық ор­кестрінің концертмейстері және жеке орындаушысы болып қызмет еткен жылдары Әбікеннің орындаушылық дәстүрін белсенді түрде насихат­тады. «Қоңыр» күйінің үлкен кон­церт сахналарына шығуы, халқымен қайта табысуы да Ермұрат Үсеновтің еңбегінің жемісі еді.

Әбікеннің «Қоңырды» шыға­руына байланысты ауызша­жазбаша деректер әртүрлі. Бір деректе Әбікен бұл күйді ашаршылық жалмап кет­кен сүйген жары мен төрт баласын жоқтап шығарған десе­ді. Екінші бір деректе Сәкен атылғанда қайғыға

түсіп шерткен деп айтылады. Үшінші деректе 1958 жылдың 22 ақпанында Сәкеннің ақталғаны туралы Қа зақ­стан КП ОК шешімі шыққанда жан досын есіне алып, егіліп отырып шерткен еді дейді. Тағы бір дерек­те Әбікен өз елінің Шәкен деген қызын алып, одан Ермек деген бала­сы дүниеге келгенде қатты қуанып, осы «Қоңырды» арнап тартқан дейді. Жазушы Жүсіп Алтайбаев, этнограф Ақселеу Сейдімбек сияқты зерттеушілеріміз «Қоңырдың» шығу баянын бірқыдыру сипай жазды. Бірақ екеуі де нақты оқиғасын тап басып көрсетпеді, оның себебі, араға уақыт сына қағып көп нәрсенің көзден таса болуынан, күйші мұрасына қатысты нақты дәлелдердің аз болуынан деп ойлаймыз. Осы орайда, сәкентанушы

ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Серік Оспановтың мәліметі назар аудартады. Ол өзіне дейінгі зерттеушілердің жұмыстарын са­лыстыра келе «Қоңырдың» нақты Сәкенге шығарылғаны туралы мына деректі жазады:

«...Алайда, бұл күмәнімізді Рым ­жан Мәжиткызы Сейфуллина апа­мыз бен арада болған мына әңгіме сейілт ті. Бұл жаңа деректі мен Рым­жан апай дың өз аузынан 25 ақпан 2009 жылы Астана қаласы Сәкен Сей фул лин мұражайында жазып алған едім:

– 1958 жылдың жайма­шуақ жаз айы болатын. Мен онда Ауыл шаруа­шылық институтының доценті кезім, кафедраға сұңғақ бойлы, жасы алпыс­тарды еңсерген, ат жақты, бәденді, ел ағасы кірді.

– Мен Әбікен Хасенов деген ағаң боламын, айналайын! – дегенде орнымнан қалай атып тұрғанымды білмеймін, іштегі шер мен көрген қорлықтың зардабы болар, жы­лап жібердім. Ағай жұбатып әлек, кұлағыма сыбырлап:

– Жүр, далаға шығайық, әңгіме бар, – деді, мен соңынан ердім. Көшеге шыққан соң жан­жағына сақтықпен бір қарап алды да:

– Мен Сәкенге арнап күй шығардым, аты – «Қоңыр», – деді. Мен сасқанымнан:

– Куә бар ма? – деппін. Аға үнсіз басын изеді де:

– Жүсіп Алтайбаев, Исал Ахметов (үйінде қонақ болғандар – С.К.) – деді. Содан соң Жүсіп ағаймен ха­барластым.

– «Бұл туралы» неге жазбайсыз? – дедім.

– «Жазамыз ғой, заман кішкене тынышталсын», – деді. Ол кез әлі де болса зобалаңның ызғары басылмаған кезең еді ғой. Бұл күйдің міне осындай тарихы бар балам, – деп Рымжан апай ауыр күрсініп әңгімесін аяқтады».

(Оспанов С. Сәкен қазақ әде­биеті мен ұлт руханиятының жанашыры. Монография. 25­бет. «Жа сыл Орда» БҮ. Астана­2014).

Рымжан Мәжитқызы Сейфуллина айтқан осы әңгімені тарқата түсе­тұғын болсақ, Сәкенге арналған азалы күйдің құпия сырына қанық адамдар – Жүсіп Алтайбаев, Исал Ахметов, Оспанқұл Шахажанов, Тұрсын Сыздықов. Олардың күйді жарияла­май сырын шашпауының себебі де белгілі, яғни замана бұлты әлі толық сейілмеген кезең оларды сескендірді, Әбікеннің басын қырсық шалмасын деді, бір дерек жазуға да қолдары бармады. Осыдан кейін күй тарихына сергек қарайтын Ақселеу Сейдімбек те хатқа түспеген жайды қаузамай, «заманның ауыртпашылығы басына түскен соң шығарылған» деп тізгінін тартады.

«Қоңырдың» көңілге қонымды шежіресін белгілі жазушы Кәмел Жүнісов баяндайды. Әбікен бұл күйді «Қайран, азаматтар­ай!» деп атап шерткені туралы нақты деректі Кәмел аға бірнеше информатордың аузынан жазып алған. 1937 жылы Сәкен «халық жауы» деген нақақ жаламен ұсталып, 1938 жылдың 25 ақпанында үштіктің шешімімен атылғаны тарихтан белгілі. Кәмел Жүнісов Әбікеннің Алматыға барғанда ағайындай араласқан адам­дары – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров болғанын, олар бірінен соң бірі ұсталғанда қатты қайғырып, осы күйді зарла­та тартқанын жазушы, Әбікеннің үзеңгілесі – Жүсіп Алтайбаевтың өз аузынан естіген, жазып алған. «Атылған азаматтарға арнап едім» – деген сөзін естіген Жүсіп Алтайбаев: «Әбеке­ау, мынаны ешкім естімесін, оттан аман қалған азаматтарға зия­ны тиіп жүрер» деп шошып кетеді. Әбікен де осыдан кейін «Қайран, азаматтар­айды» тартпай кетеді. Кейін 1958 жылы Сәкен ақталған соң ғана радиоға жазуға тәуекелі барады. Күйтабаққа да күйдің атын атамай «Қоңыр» деп жаздырады. Ал енді кейбір жазбаларда қылаң беріп жүрген «Әбікен «Қоңырды» 1953

жылы Сталин өлгенде жоқтау­күй етіп шығарыпты­мыс» дегендейін әңгімелер де бар, бірақ оның дерегі жоқ, дерегі жоқ болған соң қисыны да болмайтыны белгілі жай.

Әбікеннің нақты туған жылын анықтауға байланысты да күмән бар. Кеңес кезіндегі энциклопедиялық, википедиялық анықтамаларда, өлкетану әдебиеттерінде оның туған жылы 1897 жыл деген дата жазылған. Ал енді зиратындағы құлпытаста (Алматыда жерленген) 1892 жыл деп көрсетілген. Ақселеу Сейдімбек осы датаны негізге алды. Әбікеннің мерейтойына байланыс­ты іс­шаралардың көбі сол кеңес кезіндегі датаға сүйенеді. Әбікеннің 100 жылдық мерейтойы өзінің елі Ақадырда тойланды. Онда күйшінің мерейтой жасы 1897 жылғы есеппен атап өтілді (Сол тойда аламан күй сай­ысы болды, бас бәйгені атақты күйші­композитор Дәулетбек Сәдуақасов қанжығасына бөктерді, одан кейінгі орын шеберлігі елді тамсантқан Орал Исатаевқа бұйырған болатын, бұл екі күйші де бұл күнде Әбікен мектебінің заңды жалғастырушылары болып аттары күй тарихына енді). Әбікеннің туған жылына қатысты екіұдайылықтың себебін Кәмел Жүнісов ағамыздан білдік. Жазушы ағамыз бұл Әбікеннің Сәкен арқылы театрға жұмысқа тұрған кезіндегі (1934) өршіп тұрған саяси мәселелердің әсерінен болған жайт деп түсіндіреді. Себебі, Әбікеннің өмірбаяны пролетариат пен шаруа­ны төрге оздырған жаңа үкіметтің талабына сай болуы үшін Сәкеннің айтуымен «кедей шаруаның арасынан шыққан жалшы тұқымы» дегендейін жаңа қағаз толтырылып, қызыл құжат берілген. Осы құжатта белгілі се­бептерге байланысты туған жылы да өзгертілген көрінеді. Кейін Уәли Бекеновтің «Күй табиғаты» кітабына осы құжатқа сүйенген Әбікен туралы бір өмірбаяндық бөлім енді. Әрине, бұл болашақта энциклопедиялық дең гейде сарапталып қайта жөнделуге тиіс ті жағдай. Сонда өзінің нақты туған жылын есепке алсақ, онда биыл Әбі кен Хасеновтің 125 жылдығы мем­лекеттік деңгейде тойлануға тиісті.

Әбікеннің қолтаңбасын нота жүйесіне алғаш түсірген күйші, ком­позитор Ермұрат Үсенов. Ол Әбікен репертуарындағы пластинкадағы Тәттімбеттің күйлерін тұтас жаз­ды, формасын тапты, қағыстарын анықтады. «Саржайлау» атты хрес­то матиялық еңбек жазды. Ермұ рат Үсенов «Отырар сазы» оркес трінде жүргенде «Қоңырды» жиі орын­дағанын жоғарыда жаздық.

«Қоңырды» аудиотаспадан алғаш нотаға жазған әрі бірнеше күй жинақтарына кіргізген белгілі өнертанушы ғалым – Мұрат Әбуғазы. Мұрат сонымен қатар, Әбікен репер­туарын толық игерген орындаушы ретінде де аты елге танымал талант­ты өнер иесі.

Әбікеннің күй қорында Арқаның әндері де бар, оны күйге барабар көркемдікпен өңдеп шерткен. Бұл аудиожәдігерлер күйші театр да актер болып еңбек етіп жүрген де спектакльдерді көркемдеу мақса ты­мен шықса керек. Бұл әндерді нота­ға түсіріп, жинаққа жариялаған осы ма қаланы жазып отырған пақыр­ларыңыз.

Бір заманда Әбікеннің орын дау­шылық мәнері мен мақамы жойы­лып кете жаздады. Әбікенше домбы­раны «бал бұрап» тартуды «кәсіби домбырашылық машыққа келмейді» деп ешкім әуес етпеген кездер болды. 1988 жылы Алматыға Қарағандыдан атақты күйші Дәулетбек Сәдуақасов барып Әбікенше күй толғағанда зия лы қауымның қуанышында шек болған жоқ, үлкендер көзіне жас ірікті. Дәукең өзінің шығармашылық ғұмырында Әбікеннің жолын жалғастыруға аянбай тер төкті. Қазіргі кезде жас күйшілер Әбікен мәнерімен күй төксе, ол сөз жоқ, Дәулетбек күйшінің еңбегі. Замандық­сахналық орындаушылық мәдениетке келген­де Әбікеннің «Қоңырын» күйдің ішіне кіре шертіп, Алашқа даңқын асырғандардан Қазақстанның халық әртістері Мағауия Хамзин мен Қаршыға Ахмедияровты ерекше атап өту парызымыз. Олар осы күйді үлкен сахналарда орындап дүние жүзін аралады, тыңдарманның алғысына бөленді. Әділдік үшін айта кетуіміз керек, осы аталған екі күйшінің екеуі де академиялық орындаушылық жолдың өкілдері болғандықтан, күйдің оригиналына өз жандары­нан тәсіл қосып шерткендері рас, яғни, күйдің әуенін өздерінше өңдеп орындады.

Әрине, «Қоңырды» төлтума маз­мұнымен нәшіне келтіре орындау шы­лардың көбі – Сарыарқа күйшілері, оның ішінде Қарағандыдан шыққан шертпе күй шеберлері. Әбікен дәстүрін мықтап сақтап қалған өлке – Шет, Ақадыр, Жаңаарқа. Қазіргі кезде шертпе күйдің абызы атанған Фазыл Тұтқабековтің орындаушылық дәргейіне баратындай ешкім шыға қойған жоқ. Қарағандылық Қалкен Қасымов та күйдің ішкі трагизмін та­маша бере алады, топырағына тартып шертуге бейім­дарыны мол өнер иесі.

Бірақ, әлі күнге дейін Әбікеннің «Қоңырын» интонациялық, ды быс­тық жүйеде дәл келтіре алған ешкім жоқ екенін зор өкінішпен айтамыз, қоңырсаздың алдында дәрменсіз еке німізді еріксіз мойындауға мәж­бүрміз. Бізден бұрын өткен аға буын күйшілер де «Қоңырының құпиясын таптым» демеді. Күн өткен сай­ын Әбікеннің күйі күрделеніп бара жатқандай, қағысы алдырмайды, сазы шалдырмайды. Әсілі, Әбікен ішкі сыр мен қоса «Қоңырдың» құпиясын да өзімен бірге ана жаққа ала кеткен сияқты. Ғазиз басы «Қоңырдан» опа көр меген соң арттағыға залалы ти­месін деп, ұрпаққа амандық тілегені сол болар, ұлұғ күйшінің.

Өнеге Өрнектері

Әбікеннің «Қоңыры»

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Арқаның атақты күйшісі Әбікен Хасеновтің «Қоңыр» атты жоқтау күйін тыңдағанда езілмейтін, елжіремейтін қазақ жоқ. Ол осыдан басқа күй шығармаған, бір ғана шығармасы арқылы өзі өмір сүрген қоғамның мың мұң-зарын қозғай алған. «Қоңыр» деген атында да күйдің бізге тылсым кие-кепиеті бар... ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

руханият

Page 11: E-mail: info@egemen.kz 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық. Алайда,

29 мамыр 2017 жыл 11зерде

«ҚазТрансОйл» АҚ 2016 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы акционерлердің

жылдық Жалпы жиналысының шешімі жөнінде хабарлайды

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19 мекенжайында орналасқан және деректемелері мынадай: ЖБН 970 540 000 107, 2012 жылғы 29 тамыздағы ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік сериясы 62001 №0015217, Кбе 16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана өңірлік филиалы, SWIFT BIC: HSBKKZKX, KZ 536010111000012185 (теңге) «ҚазТрансОйл» АҚ хабарлайды: 2017 жылғы 25 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2016 жыл үшін «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша ди-видендтер төлеу туралы шешім қабылдады және 2016 жыл үшін дивиденд мөлшері бір жай акцияға шаққанда 155 (бір жүз елу бес) теңге мөлшерінде бекітілді.

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері жылдық жалпы жиналысының жоғарыда көрсетілген шешіміне сай «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуге жолданады:

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 44 527 918 000 (қырық төрт мил-лиард бес жүз жиырма жеті миллион тоғыз жүз он сегіз мың) теңге сома 100% таза табысы;

өткен жылдары бөлінбей қалған 15 089 437 345 (он бес миллиард сексен тоғыз миллион төрт жүз отыз жеті мың үш жүз қырық бес) теңге сомасында пайдасы.

2016 жылдың қорытындысымен «ҚазТрансОйл» АҚ жай ак-циялары бойынша дивиденд алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2017 жылғы 14 маусым 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша түзілді.

Дивиденд төлеу ақшамен, оны «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің шотына белгіленген тәртіпте аудару жолы-мен 2017 жылғы 27 маусымнан бастап жүргізіледі:

1) «Бағалы қағаздар орталық депозитариі» АҚ-та атаулы ұстауда тұрған «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ атынан төлем агенті арқылы;

2) «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-та атаулы ұстауда тұрмаған «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойын-ша «ҚазТрансОйл» АҚ «ҚазТрансОйл» АҚ өзі.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:- ғылыми-зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру;- тарих ғылымдары, этнология (этнография) мен антропология

саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) Кәсіпорынның бейiнi бойынша жоғары бiлiмінің және тиісті саланың уәкілетті органы бекiткен бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн кәсiби даярлық деңгейiнің болуы;

2) Мамандығы бойынша экономика саласы кәсiпорнының бейiнiне сәйкес басшы лауазымдарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

3) Ғылыми дәрежесінің болуы;4) «Іскер әкімшілік магистрі» дәрежесі және басқару (менеджмент)

саласында қосымша білімінің болғаны дұрыс. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік

құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Ғылым туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және осы кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін білу. Мемлекеттік тілді білгені жөн.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;3) еркiн нысанда жазылған өмірбаян;

4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелері;5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының

көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжат-тама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтіліне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу туралы өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжайда қабылданады: 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, 11-кіреберіс, 1038-бөлме.

Анықтама телефондары: 8(7172) 74-19-05; 74-24-60.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 23-бабын орындау үшін, Қоғам акционерлерінің 2017 жылғы 23 мамырдағы жылдық жалпы жиналысымен 2016 жылғы қызметтің қорытындылары бойынша Қоғамның қарапайым және басымдықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғанын хабарлайды.

1) «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚОрналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы,

Қабанбай батыр даңғылы, 17Қоғамның банктік деректемелері: БСН 040340001283, ЖСК

KZ656010111000022542, SWIFT HSBKKZKX, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астанадағы аймақтық филиалы.

2) дивидендтер төленетін кезең – 2016 жыл.3) бір басымдықты акцияға есептегендегі дивидендтің мөлшері – 289 теңге

(оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеуге жататын салық сомасы).

4) бір қарапайым акцияға есептегендегі дивидендтің мөлшері – 289 теңге (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеуге жататын салық сомасы).

5) дивидендтерді төлеудің басталатын күні – 2017 жылдың 3 шілдесінен бастап.6) дивидендтерді төлеудің тәртібі мен түрі: дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімін белгілеу күні – 2017 жылғы

2 маусым 23 сағат 59 минут;дивидендтерді төлеу тәсілі – акционерлердің банктік шоттарына қолма-қол емес

ақша аудару жолымен дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі бойынша.Дивидендтерді көрсетілген мерзімде алуды қамтамасыз ету үшін Қоғамның

акционерлеріне қажет болған жағдайда дивидендтер төлеу басталатын күнге дейін Қоғамға дивидендтерді алушының банктік деректемелерін ұсынуы және дивидендтерді алушының банктік деректемелерін көрсете отырып Қоғамның тіркеушісіндегі немесе өзіне тиесілі акцияларды номиналдық ұстаушыдағы акционерлердің тізіліміндегі өзінің деректерін жаңартуы қажет. Дивидендтерді аудару туралы өтініштің үлгісі Қоғамның www.kmgep.kz сайтына Инвесторларға – Акционерлерге арналған ақпарат тарауына орналастырылған.

Қоғамның ауқымды депозитарлық қолхаттарын (АДҚ) ұстаушылар үшін қосымша мынаны хабарлаймыз:

АДҚ түріндегі акциялар бойынша дивидендтер төлеу Депозитарийдің жауапты сақтаушысына қолданылып жүрген салықтық заңнамаға сәйкес резидент емеске

(Deutsche Bank Trust Company Americas) төленетін кірістен табыс салығын ұстап қалу арқылы теңгемен жүргізілетін болады. Депозитарий дивидендтерді АҚШ долларына айырбастайды және оларды Депозитарийдің комиссиясы мен шығыстарын ұстап қала отырып АДҚ-ны ұстаушылардың арасында бөледі. АДҚ ұстаушыларға, дивидендтерді төлеу сәтінде салықтық жеңілдіктер қолдану мақсатында, сондай-ақ ұстап қалынған табыс салығын өтеу үшін Депозитарийге салықтық резидентігін растайтын құжаттарды, дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімін белгілеу күніне депозитарлық қолхаттарға арналған меншік құқығын, дивидендтердің АДҚ-ға түсуі фактісін растайтын құжатты және банктік деректемелерін көрсете отырып ұсталған салықтардың сомасын өтеу туралы өтінішін ұсынуы қажет.

Қоғам тіркеушісінің хабарласу деректері:«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ, Қазақстан Республикасы, индекс

050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Сәтбаев к-сі, 30А/3, тел. 8 (727) 272-47-60, ішкі 150, факс: 8 (727) 272-47-60, ішкі 230.

Астана қаласындағы Филиалы: Астана қаласы, 010000, Иманов көшесі, 13-үй, офис 101. Тел.: 8(7172) 47-61-88, 8(7172) 47-61-89.

Атырау облысындағы Бірыңғай тіркеуші трансфер-агентінің байланыстық деректері: 060000, Атырау қаласы, Баймұханова көшесі 70а, тел. 8 (7122) 36-06-49, факс 8 (7122) 36-62-91.

Маңғыстау облысындағы Бірыңғай тіркеуші трансфер – агентінің байланыстық деректері: 130000, Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, «Звезда Актау» Бизнес-орталығы, т/ф.8 (7292) 42-66-40.

Бірыңғай тіркеушінің қосымша байланыстық деректері, сондай-ақ Қазақстанның аймақтарындағы трансфер-агенттерінің тізібесі Бірыңғай тіркеушінің сайтында көрсетілген: www.tisr.kz.

Қоғамның дивидендтер төлеу мәселелері бойынша хабарласу деректері:«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы,

Қабанбай батыр даңғылы, 17, қазынашылық және корпоративтік қаржыландыру департаменті, тел.: 8(7172)97-75-79, факс: 8 (7172) 97-78-92, e-mail: [email protected], [email protected], www.kmgep.kz

Атырау қаласындағы байланыстық деректер: Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 1, «Ембімұнайгаз» АҚ, қазынашылық департаменті, тел.: 8 (7122) 99-32-62, факс: 8 (7122) 35-41-27, 35-41-34.

Жаңаөзен қаласындағы байланыстық деректер: Жаңаөзен қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 3, «Өзенмұнайгаз» АҚ, қазынашылық департаменті, тел.: 8(72934)63-374, факс: 8 (72934) 63-390.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұжымы Мемлекеттік аудит жүргізу бөлімі меңгерушісінің орын-басары Амандық Тұрсынұлы Молдашевқа анасы

Майра МОЛДАШЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Әжеміздің әкесі Әділ деген кісі ақ патша заманында-ақ Мек-ке-Мәдинаға қажылыққа барып, мұ сылмандық парызын адал ат-қа рыпты. Қанжығалының Қыл-шар атасынан тарайтын әже міз Мәрия сөзге жүйрік, ақын жан-ды, ертегі мен шежірені мей-лін ше жетік білетінін біз бала кезіміз ден көріп өстік. Оның үстіне жас күнінен намазға жы-ғыл ғасын бес парызын мүлтіксіз орындайтын.

Әжеміздің жалғыз туған ағасы Құдабайдан үш қыз, бір ұл болып-ты. Солардың ішінде көп мехнат көр ген, аумалы-төкпелі кезеңде «ха лық жауының» жұбайы атан-ған Сағадат Құдабайқызы туралы көпшілік біле бермейтін біраз жайды тілге тиек етейік.

«Туған елім өзіме түрме болды» деп қатты кейіген қазақ-тың бір асыл қызы еді ол. Сағадат Ал ма тыда оқып жүріп теріс-кей дегі Қызылжардан келген Қай сар есімді жігітке тұрмысқа шыққан. Иә, ол Қазақстан Ком-сомолы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болған Қайсар Тәштитовтың нақ өзі болатын.

Балаң бозбала кезінде әкем Сәлкен нағашыларының шақы-руымен ақбас Алатаудың ете гі нде жайғасқан әсем қала Алма тыға барады. Бұл шамасы 1935 жылдың тұсы болса керек. Шат-шадыман өмірді, әсіресе, басы қырауланған тауларды көрген әкемнің бала көңіліне Қайсар ағамыздың сөзі де ерекше қанат бітіріпті:

– Оқуыңды жақсы оқы. Сені алда бұл қалада көптеген игі істер күтіп тұр. Соны есіңде ұста! Қия-лы құстай самғаған жас өрен нің қуанышы бірақ ұзаққа бармады. Себебі, оның алдынан «оқу түгіл бас қайғы болған» заман шықты.

Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин ұсталған жылдары, яғни отыз жетінің қоңыр күзінде Қайсар Тәштитовке де НКВД-ның кеудемсоқтары келіп, үйінің астан-кестеңін шығарады. «Шаш ал десе – бас алатындар» еңіреген жасқа да, кәріге де қарамапты.

Апамыз Сағадат Құдабай-қызына оның күйеуі Қайсар

Тәштитовтың жақыны әрі жер-лесі болып келетін қазақтың заң-ғар жазушысы Ғабит Мүсі репов әдейі жолығып: «Тез арада еліңе қайт, әйтпесе, сені де ұстайды» деп хабар береді. Тағы бір жақын араласқан кісісі – Күләш Бай-сейітова болған. Арғынның аға-йын ды Қанжығалы – Тобық-тыдан тарайтын ұрпақтары бір-біріне қиын-қыстауда да сүйеу бола білген. Күләш апамыз Қай-сар жездеміздің 1938 жылдың 17 нау ры зында атылғанын анық біліп, Сағадатқа Алматыдан дереу кетуін ескерткенімен, оның ізін суытпай келгендер кінәсіз жан ды Алматының абақтысына апарып қамап үлгереді.

Бір айдың ішінде Сағадат-ты жалаң айыппен комсомол қатарынан, соңын ала «Социа лис-тік Қазақстан» редакциясындағы жұмысынан шығарады. Ол кезде жоғарыдан түскен нұсқауға кім-нің шамасы келсін? Сағадатты Алматыдағы тас қамауда 3 ай бойы тарықтырғаннан кейін оны этаппен әуелі Семей, кейін дері Новосібір, Красноярск қала лары-ның түрмелерінде біраз жылдар бойы ұстайды.

Жасы 23-тен жаңа асқан, бірақ басы на түскен тауқымет ауырт-па лығын көп көрсе де ол өзі нің сүйік тісі – халқымыздың ардақ-ты азаматы бола білген Қайсар Тәш титовке нақақтан тағылған айып тардың бірде-біреуін мо-йын дамады. Етінен ет кесіп алса қыңқ етпейтін жа ны сірі берік кісі сондай болар. Қайсар аты на заты сай білімді азамат бол ғанын біз дің үйдің үлкен дері де жиі ай-тып отыратын. Тілге жүй рік, іске мы ғым азамат ты мәскеу лік бас-шылар да үнемі құптап отыр ған. Тіпті, Ресей аума ғында жұмыс істеуге көңіл дерін аз білдірмепті.

Қайсардың асыл жары Сағадат Құдабайқызы Ақмоланың 26-шы нүкте аталған «АЛЖИР» ла ге-р інде Тұрар Рысқұловтың жұ-байы Әзизамен, Бейімбет Май-лин нің – Күнжамалымен, Темір-бек Жүр геновтың – Дәмешімен, Нұр мақов, Асфандияров пен Қо жановтың, сондай-ақ, Ке ңес

Одағының маршалдары Егоров, Гамарник пен Тухачев ский-дің жұбайлары әрі апа-қарын-дас тарымен 11 жыл бойы бірге ауыр азапты күндерді басынан кешірді. Ресейдің атақты әншісі Лидия Рус ланова да осы лагерь-дің дәмін тат ты. Оған: «Жұртқа айтқан әнің ді бізге де шырқап бер» де ген дер кездескен. Бірақ сөз ге тап қыр өнерпаз: «Тор да ән сал ған бұл бұлд ы кім көріп ті?» деп бет те рін қайтарып тас та ған. Со ғыс кезін де Берия оны боса-тып, әс кер дің жі герін көтеру ге әнші-би ші лер то бымен май дан даласына аттандырады.

Жалпы, Кавказ, Украин, Моск ва, Прибалтика елдерінен әке лін ген 70-ке жуық ұлт өкілдері көп пен бірге НКВД-ның ерекше ке ңе сі мен кесілген жазаларын то лы ғы мен өтеді. Жалаңаш көлі-нің қоға-қамысын олар қыста отын ор нына жұмсады. Себебі, жа зық далада одан басқа ештеңе өспейтін.

Бұл қаралы кезеңнің «жазық-ты» болғандардың туыс-жақын-дарына аз көлеңке түсірме гені белгілі. Сағадат апамыз дың әке-сі Құдабай Әділұлының Ақ мо-ла дағы жүріс-тұрысы, жал пы тіршілігі, қарым-қатынас жасай-тын жақын-жұқындары алдымен қара тізімге енді. Біздің үй де үнемі «сезіктілер» қатарында жүрді.

– Біреумен сыр бөлісу, жақын тартып әңгімелесу деген мүлдем әдеттен шығып қалды, − дейтін еді әжеміз Мәрия өткен шақтарын өкінішпен еске алғанда. – Сы лаң-дап өскен, табиғатынан сұлу Сағадат абақтыдан 1948 жыл-дарға таман ақталып шықты. Құр сүлдері қалған бауырымды құшақтап жылағаным, өлгенім – тіріліп келгендей күй кешкенім өмірі ұмытылмас сірә.

«АЛЖИР» тар қапасының тұт қындары бостандыққа шыға-рылса да толық ақталмады. Заңды тұрағы Алматы қаласы болғанымен оған жақындауға сол кездері қатаң тыйым салынды. Сол себепті, апай көңілі қалса да Ақмолада біраз жылдар тұрып қалады. Тек 50-жылдардың екін-ші жартысында Қайсар Тәш-титов толық ақталғаннан кейін ғана оған республика Бас про-кура тура сынан арнайы қағаз келіп, ол Алматыға қайта қоныс аударуға мүмкіндік алады.

1991 жылдары еліміз Егемен-дік алған кезде, алматылық жазу-шы Армиял Тасымбековке бер-ген сұхбатында ол «АЛЖИР» лагерінде ерте солған қызғал-дақтар – жазықсыздан жазаларын өтегендер жайлы сыр ашыпты.

– Балам, шындықты жазың-дар, ұрпақ білетін болсын. Бұл ме нің өтірігім емес, көзім тірі

ке зін де айтқым келген шын-ды ғым, – деп қайта-қайта айта беріпті.

Бұл аталмыш мақалада «Ота нын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагерінің» («АЛЖИР») бір кездегі бастығы М.Юзипенко Сағадат апамызды Алматыға іздеп барып: «... Маған абақтыда көп қиянат жасадың деген айып тағып жатыр. Тергеушілердің алдында ақтайтындай қолхат жазып беруіңізді өтінемін» деп жалынғаны да ашық жазылыпты.

«АЛЖИР» лагерінде әйелдер қара жұмыспен қатар, жаңадан ашылған фабрикада әскери киім тігуді үйренеді. Мысалы, 3,5 мың ті гін шісі бар фабрика 1942 жы лы 1 млрд рубль таза пайда түсірген.

Германиямен басталған со-ғыс қа сұранғандардың ішінде біздің нағашы апамыз Сағадат та жүрді. Дегенмен, Сталин «халық жауларының» жұбайларына сенім көрсетпеді. Қазақтың кең жазира даласында ауыр жұмыстар істесе де олар абақтыдан қашуды мүлдем ойламапты. Үміттері – тірі жүрген жақындарына көлең-ке түспесін дегендері екен. Ақы-ры бұл дала түрмесі Сталин өлген 1953 жылы біржолата жабылды.

1989 жылы «Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамының бас директоры, Социалистік Ең-бек Ері И.Шарфтың арна йы

ша қы руы мен Сағадат Құда бай-қызы Тәштитова Малинов када көзі тірі «АЛЖИР» тұтқын дары-ның арнайы жиынына қаты сады. Жасы 80-ге таяған 20 кісі нің жола қы сын, тұрағы мен тама ғын ірі кәсіпорын басшысы өзі мой-ны на алды. Бұл олардың соң ғы бас қосуы болды. Бірақ, сол жолы олар тір шілікте көрген мехнат та-рын бір жолата кино таспасына түсіріп кетті.

Осы айтулы оқиғаға орай, Иван Иванович жан-жағы түр-ме нің үшкір сымдарымен орал-ған «Жарылған қызыл жұл-дыз» ескерткішін қойып, «Сая си тұтқындар аллеясының» тұсау-кесерін жасағаны – Одақ бас-шылары ортасында аз дүрбелең туғызған жоқ. Шарф сол үшін тиісті органдарға түсініктеме беруге Алматыға бірнеше мәрте барғанын көпшілік ұмытқан жоқ.

Егеменді ел болған алғаш қы кез де туған жердің қуаны шын бөліс кен жанның бірі – Саға дат Құдабайқызы Тәштитова бүгін-дері тірілердің санатында жоқ. Оның қайсар мінезі, таңдаған аза ма тына деген адалдығы, заман тезі не салса да – сынбаған өршіл мі не зі мен рухы өсіп келе жатқан ұр пақ үшін өшпес өнеге деп білемін.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы Жарлығына сәйкес 31 мамыр – елімізде Саяси қу ғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Бұл қасіретті ба-сынан аяғына дейін көргендер үшін емес, келер ұрпақ болашағына бірін ші кезекте қажет тарихи ма-ңызды шара болмақ. Себебі, адам-зат атау лы ның мұраты қашан да бей біт өмір болған. Алаңсыз ма-мыражай тұрмыстың мақсатын жете түсіндіру – бүгінгі біздердің міндетіміз. Біздің халқымыздың тар жол тайғақ кешу жолдары – әрбір ұлтжанды азаматтың сана-сында жарқырап тұрса дей мін. Өсер ел баласының бұл оқиға-лар ды ұмытпайтынына мен кәміл сенемін.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ, Қазақстанның құрметті

журналисі

АСТАНА

Суретте: (соңғы кездесуден көрініс) Сағадат тӘШтИтОВА мен Социалистік еңбек ері Иван ШАрФ

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАРЛАУ ӨНДІРУ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология

институты» (бұдан әрі – Кәсіпорын) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (Кәсіпорынның мекенжайы: Алматы қаласы, Шевченко к-сі, 28).

31 мамыр – СаяСи қуғын-Сүргін және ашаршылық құрбандарын еСке алу күні

Сағы сынбаған Сағадат––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Біздің халқымыздың басынан өткен нәубеттері аз емес. Әрбір жанұяны біз Қазақстан деген ұлы шаңырақтың бір-бір уығы деп атап жүрміз ғой. Ендеше, сол адамдар өмірінде болған тарихи оқиғаларды айтып отыру – бүгінгілердің парызы шығар. Менің әкемнің шешесі Мәрия Ақмола облысының бүгінгі Аршалы ауда нына енген жерлердің тумасы болып келеді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

Page 12: E-mail: info@egemen.kz 29 МАМЫР, Д ...Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық. Алайда,

12 29 мамыр 2017 жылдидардидар

ШЕНдЕСТІрУ

Қазақ – қашанда қазақ!

Дүние түлкідейін бұлаңдаған,Құбылып өзгереді мынау ғалам.Отыз күн оразасын тұтып дәйім,Қазағым күдер үзбес бір Алладан.

Құдайсыз қазақ, сірә, жан баға ма?Төсейді жайнамазын сар далада.Қалада, қан базардың ішінде де,Алаштың жары жалғыз Алла ғана.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

rusvesta.ru

Қызылордада «Бала дауысы» ұлттық ән байқауы өтті

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан»

Керекуден бастау алып, Өскеменді орай өтіп, Алатаудың баурайына аялдап, Тараз бен Шымкентте жалғасын тапқан «Бала дауысы» ұлттық ән байқауы Сыр елі – жыр еліне де жетті. Дарынды, талантты жастың бұлақ көзін ашатын еліміздегі ең ірі жобаға Қызылорда облысынан жүзден аса талапкер қатысып, бағын сынады.

Соңғы қоңыраудың естілер күні Ақ­мешіттегі Асқар Тоқмағамбетов атын­дағы мәдениет үйінің іші баланың шат күлкісіне толып кетті. Сарайдың әр жерін де тамағын керней ән салып, әуенді құбыл та шырқаған дауыстан құлақ тұнады. Бар­лық бала қобалжулы. Өйткені, қазір сах­наға көтеріледі. Соның қорытындысы бо йынша республикадағы маңдайалды

байқаудың финалына өтіп, бағын сынайды. Өнерпазды үлкен сахнаға шығарып, эстра­да жұлдыздарымен бірге ән шырқауға жол ашатын осындай байқаудың алдында бала жүрегінің атқақтамауы мүмкін емес еді.

Сырдың бойын жайлай жатқан сүлейлер елінде небір талантты балалар бар. Оларды тек көру керек. Ал «Бала дауысы» – осындай өрендердің бағын ашатын байқау. Қазақстанның 16 қала­сын да өтіп, ең соңында кіл мықтының арасынан шын мықтыны анықтайтын сайыстың өзгелерден бәсі жоғары. Әлия Назарбаева жетекшілік ететін «Жандану әлемі» қорының бастамасымен өмірге келіп, бүгінде ел арасында үлкен қолдауға ие болып отырған байқауға Арал мен Жаңақорғанның арасын еншілеп жатқан елдің өнерге ынтық барша жастары қатысты десек те болатындай. Айтпақшы, «Бала дауысы» алдына ешқандай коммерциялық мақсат қоймаған жоба. Яғни, балалардың үстінен ақша тауып, жырлап қалуды мұрат тұтпайды. Қайта ба­лалар шығармашылығын дамытып, оларға барынша қолдау білдіріп, музыкалық білім алуына кең өріс ашуды көздейді.

Сонымен, Қызылордада өткен бай­қауда Назерке Шәмбілова жеңіске жетті. 12 жас тағы Назерке жарысқа Байқоңыр қала сының атынан қатысқан. 7 жасынан бас тап вокалмен айналысқан. Соңғы екі жыл да бимен де кәсіби түрде шұғылдана бас таған. «Назеркенің әртістік қабілеті өте жоғары екен. Дауысы да әдемі. Өзін дік мәнері бар. Әнді жақсы сезінеді. Сах на да өзін еркін ұстайды. Енді Назерке екеу міз­дің мақсатымыз да, арманымыз да ортақ. Барлық күш­жігеріміз бен білім­білігімізді қазан айында «Алматы Аренада» өтетін Гранд­финалды ұтуға арнаймыз», дейді қызылордалық өнерпаздың тәлімгері, «Алау» тобының әншісі Әсет Арыстанбек.

«Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шығуы заңды дүние. Сондықтан, қызыл­ор далық өнерпаздар да Назеркенің жеңі­сіне қуанып, алдағы үлкен жарыста сәттілік тіледі.

ҚЫЗЫЛОРДА

өНЕр КиНо

мЕрЕй

БайқаУ

Талаптың мініп тұлпарын

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Облыс орталығында ғы қалалық мәдениет және де­малыс саябағында жыл са йын өтетін дәстүрлі Қы мыз мұ­рындық биыл ЭКСПО­2017 халық ара лық көрмесіне арна­лып, фольк лорлық­этногра­фия лық мереке түрінде өтті. Қы мыз мұрындық – қыстан аман­есен шыққан жұрттың жазға салым бие байлап, алғашқы қымыз ішетін күні». «Көпке бұйырсын» деген тілек пен ауыл адамдары бір­бірін қымызмұрындыққа ша­қырады. Жергілікті Ассамб ­лея ның ұйымдастыруы­мен өткен мерекеде айнала киіз үйлер тігіліп, шашу

шашыл ды, жастар жағы ал­ты бақанда тербелді. Сән­салтанатты мерекеге Ресей мен Қырғызстаннан және Алматы, Қарағанды, Ақ­мола облыстарынан қонақ­тар келіп, қымыздан дәм татты. Ресейдегі Омбы об­лы сы ның қазақ ұлттық­мә­де ни автономиясының өкіл­дері де Омбы қазақ тары ның қымызын ала келіпті. Жер­гілікті өнер паздар ән­жыр­дан шашу шашса, қолөнер шеберлері ою­өрнекке толы түрлі ұлт тық бұйымдар көр­месін өт кізді. Мерекеге кел­ген Қазақстан халқы Ассамб­леясының мүшесі Әприза Құсайынованың айтуынша, Қымызмұрындық мерекесі алғаш рет 1992 жылы

Ақмо ла да өткізіліпті. Соңғы кез дері елімізде өтіп жатқан той ларда қымыз құю дәс түрге айналды. Тойға кәсіпкерлер Жаңаарқаның қымызын да ала келіпті.

Мерекеге жиналған жұрт ­шылық бие сауумен және қымыздың жасалу жол дары­мен танысты. Өңірге бел гілі

«Сағып» шаруа қожа лы ғы Қымыз мұ рын дыққа 1 тон­надан астам қымыз бен құрт алып кел генін де айта кеткен абзал.

ПАВЛОДАР

Суреттерді түсірген Ақбота СЕЙСЕНБАЕВА

Студенттік театр спектаклі

––––––––––––––––––––––––––––Астана қаласындағы Қазтұтыну­одағының Сауда­экономикалық колледжінде «Мұңмен алысқан адам» атты пьеса қойылым сах­наланды.––––––––––––––––––––––––––––

Спектакльді көрермен назарына ұсынған – Сауда­экономикалық кол­леджінің «Мирас» студенттік теат ры. Қоюшы режиссері – Сабыралы Кемелбаев болса, пьесаның авторы – танымал жазу­шы­драматург Жолтай Әлмашұлы.

Шығармада ХХ ғасырдың басын­дағы саяси жағдайларға байланысты атажұрттан алыстап, Франция жеріне қоныс аударып, кейіннен өмірінің соңғы сәтінде Қазақстанға деген махаб­батпен еліне асыққан Асан қарияның сағынышы, оның бұл арман­тілегін орындауға бекінген қызы Мақ пал дың батыстық тәрбиеге беріліп кеткен ағасы Маратпен арпалыса жүріп әкесін туған топырағына әкелгені суреттеледі.

«Өзіміз елде жүрген соң байқамай­мыз, шет елден қазақ жеріне асыққан қандас бауырларымызбен сөйлескенде олар: тарихи отанына деген ерекше сағы ны шымызды, ыстық сезімімізді сөз бен айтып жеткізе алмайтындарын айтуда. Адам жасы ұлғайған сайын туған жердің қаді рі мен қасиеті арта береді. Біз осы пьеса арқылы соны көрерменге ұғындыруға тырыстық» – деді шығарма авторы.

Қойылымды тамашалауға колледж сту денттері, мұғалімдерімен қатар жазу ­шының өнердегі, өмірдегі достары да келді.

Қазіргі қоғамның өзекті бір мәсе­лесіне ай нал ған бұл тақырып көзі­ қарақты көрер меннің ойын байытып, атамекенге деген махаббатының артуы­на себепші болғаны сөзсіз. Жиналған қауым лайым осындай туындылар көбейе берсін деп тарқасты.

Айта кетсек, осыған дейін бұл спек такль ді Қостанай облыстық және Семей қалалық театрлары сахналаған болатын.

Азамат МәуЛЕНҰЛЫ

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Алматыдағы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында сценарийі Дулат Исабековтің «Жау­жүрек» пьесасының желісі бойынша жазылған «Балуан Шолақ» атты толық метраж­ды көркем фильмнің қорға­лымы өтті.

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсіргелі отырған жаңа фильм балуан, әнші әрі композитор Балуан Шо­лақтың өмірі туралы баян­дайды. Қорғалым бары­сында фильм режиссері Нұр гелді Садығұлов «Қазақ­фильм нің» сарап тамалық кеңес мү ше леріне түсірілім то бын таныстырып, түсі­р ілу жұмыстары жүре тін аймақтарды атап, шығар­машылық жоспарларын жария етті.

Бұған дейін бірқатар деректі туындылар мен «Ойы ншықтар», «Сүт», «Не сиеге махаббат», «Зұл­мат», «Біздің ауыл – во!» сын ды көркем фильм дер­ді түсіріп, тәжі рибе жи­нақ таған жаңа карти наның режиссері: «Соңғы сері­лері міздің бірі Балуан Шо­лақ – аттың құлағында ой на ған жаужүрек адам. Б а л у а н д ы ғ ы м е н қ о с а

ком позиторлығы бар дала да­ры ны. Фильмде Балуан Шо­лақ тың бойында бар өне рін, елінің қамы үшін түрлі ер­лік ке бара алатындығы мен Ғалияға деген махаббатын көрсет кіміз келеді», дейді.

Деректі кино және теле­ви дение режиссері ретін­де танылған Нұргелді Са­ды ғұлов жазушы Дулат Иса бековтің шығарма­шылығына қанық деуге

болады. Ол түсірген деректі фильмдер қатарында «Иса­беков әлемі» де бар.

Сонымен, түсірілім жұмыстары Ақмола және Пав лодар облыстарында өте ді. Бірқатар кадрлар «Қазақфильм» павильон­дарында түсірілмек. Фильм­нің қоюшы суретшісі Еркін Сүлейменов фильм нің не­гіз гі көріністері «Жәр мең­ке» және «Балуан Шо лақ­тың ауылы» деко ра ция лары Алматы облы сы, Жалаңаш және Кеген ауыл дарында тұрғызы латынын айтады.

Осы арада Балуан Шо­лақтың рөліне режис сер таң дауы еңселі актер лері­міз дің бірі Еркебұлан Д а­йыровқа түскенін айта кету керек. Фильмге еліміз дің бас қа да танымал театр ак ­тер лерімен қатар жас та лап ­кер лер де түсетін болады.

АЛМАТЫ

«Балуан Шолақ» түсіріле бастады

мираС

Қымызмұрындық қызығы

Алмас НҮСІП,«Егемен Қазақстан»

Биыл – көрнекті әдебиеттанушы ғалым, мемлекет және қоғам қайрат­кері Мүсілім Базарбаевтың туғанына 90 жыл. Мерейтойлы датаға орай Әде­биет және өнер институты, Қазақ стан Жазушылар одағы, Мүсілім Базар баев атындағы №38 гимназияның ұйым­дастыруымен «Мүсілім Базар баев мұрасы және ұлттық құндылықтар» атты республикалық ғылыми­тео­рия лық конференция өтті. Қазақ зия лы қауымының басын қос қан ірі жиынға Қазақстанның халық

жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, ҰҒА академигі Серік Қирабаев, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұх тар Тілеуберді, Қазақстан Жазу­шылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, М.Әуезов атын дағы әдебиет және өнер институтының дирек торы Уәлихан Қалижан, Әл­Фара би атындағы ҚазҰУ ректорының кеңесшісі, ақын, журналист Бауыржан Жақып және Мүсілім Базарбаевтың жары, филология ғылымдарының кан­дидаты Гүлбараш Байтоғаева қатысты. Профессор Мүсілім Базарбаевтың

қоғамдық еңбегі, ұлттық ғылымға қосқан өлшеусіз үлесі жайында кеңі нен сөз қозғалып, молынан естелік айтыл­ған конференция ғалымның өмірі мен мұрасын зерттеудің жаңа бір дәуі рінің шымылдығын түрді деуге болады.

Конференция барысында «Қазақ университеті» баспа үйі шығарып отырған «Өнегелі өмір» сериясы бо­йынша Мүсілім Базарбаевқа арналған кітаптың тұсаукесері болды. Сондай­ақ, жиналған қауым ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликті тамашалады.

АЛМАТЫ

Мүсілім Базарбаев мұрасы жәнеұлттық құндылықтар

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторАмантай ШӘРІП

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыАсхат РАЙҚҰЛ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (701) 357-66-84;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (701) 375-74-34;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.