"Ақ жол" газеті PDF нұсқа №75-76 Сейсенбі, 20 мамыр 2014 жыл

8
Жамбыл облысты оамды- саяси газет Газет 1922 жылы 1 мамырдан шыады. ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ №79 (17936), Сенбі, 24 мамыр, 2014 жыл [email protected] l l www. akjolgazet.kz КӨРЕГЕН БАСШЫ ЕЛДІ ӨСІРЕДІ ТАРАЗ Бұрынғы «Руханият» және «Әділет» партияларының негізінде «Бірлік» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің құрылғаны белгілі. Апта аралығында Тараз қаласындағы «Амангелді газ» ЖШС-ның ғимаратында аталған партияның облыстық филиалының құрылтай конференциясы өтті. Онда форум делегаттары филиал кеңесінің, бақылау- тексеру комиссиясының және төралқаның құрамын сайлады. «Бірлік» саяси партиясы облыстық филиалының төрағалығына Асқар Сыздықов сайланды. БАЙЗАҚ 3083 тұрғыны бар Көктал ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 81,5 миллион теңге жұмсалды. Емханада 2 дәрігер, 8 орта буын медициналық маман қызмет ететін болады. Амбулатория жаңа жедел жәрдем автокөлігімен де қамтамасыз етілді. Мұнда ЭКГ аппараты, бинакулярлық микроскоп, гемотологиялық анализатор, өзге де медициналық заманауи құрал жабдықтар бар. ЖАМБЫЛ Айша бибі ауылдық округіне қарасты Қаратау елді мекені тұрғындарының «Райыс» каналынан алатын ағын судан қағылғанына біршама уақыт. Ауылға су бөлетін құрылғы каналдың Қырғыз жеріндегі 1,5 шақырымдық бөлігінде орналасқан. Онда бару үшін шекарашылардың рұқсаты керек. Жуырда осы мәселе шешімін тапты. Облыс, аудан әкімдіктері, су шаруашылығы мекемесі өкілдері қатысқан жиналыста тараптар мәмілеге келіп, шекарашылар тұрғындардың кесте бойынша су алуына рұқсат етті. ЖУАЛЫ Волейболдан Ұлы Отан соғысының ардагері Сапарбек Күшәнов атындағы турнир болып өтті. Жарыс А.Гайдар атындағы орта мектептің спорт залында өтті. Оны ардагердің ұл-қыздары және №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. Турнирге Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібасы ауданы, облысымыздың Сарысу, Т.Рысқұлов пен Байзақ аудандарының спортшылары қатысты. Ойын қорытындысында бірінші орынды – «Жуалы», екінші орынды – «Құлан», үшінші орынды «Сарысу» командалары иеленді. САРЫСУ Ұзақбай Сыздықбайұлы ауылының ішіндегі бос жатқан алаңқайда «Жастар» саябағының негізі қаланды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 4 миллион 400 теңге қаржы бөлінді. Тамшылатып суару технологиясымен жарақтанған жаңа баққа 400-ден астам тал көшеттері отырғызылды. Сырты да сәнді етіп қоршалған. Күннен-күнге жайқалып өсіп келе жатқан жас көшеттер ауыл ажарын ашып-ақ тұр. ТАЛАС Былтыр Бөлтірік шешен ауылындағы ескі бөгеттен Көшек батыр ауылының Бөлекқызыл су қоймасына 7 шақырымдық канал қазылып, тартылған болатын.Енді осы канал арқылы кенезесі кепкен Бөлекқызыл су қоймасына су келе бастады. Т. РЫСҚҰЛОВ Құлан ауыл шаруашылығы колледжі жанынан жылыжай ашылған еді. Оны облыстық білім басқармасынан бөлінген 3 миллион 980 мың теңгені ұтып алған «Asia Simex Тrade» ЖШС пайдалануға берді. Колледж ұжымы 400 шаршы метр жылыжайға қияр өсірді. Қазір 1500 түп қияр көшетінің әр түбінен 5-6 килограмнан өнім жиналуда. МОЙЫНҚҰМ Биназар ауылындағы О. Жандосов мектебінің оқушылары велосипедпен 45 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Бұл спорттық шараны мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бауыржан Шіркеев ұйымдастырған. Жас спортшылар Биназар батырдың бейіті басында болып, әруаққа тағзым етті. Мұнда ұстаздар батыр ерлігін баяндап, өнегелі әңгіме өрбітті. Әріптесіміз, белгілі журналист Бекет Әбділдаұлы Момынқұл облыстық «Знамя труда» газетінің Бас редакторы болып тағайындалды. Көп жылдар бойы облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек етіп, қаламы қарымды журналист ретінде танылған әріптесімізге мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Ақжолдықтар. Керуен басы білікті болса, түйе азбайды, Қолбасы білікті болса, сарбазы азбайды. Халық мақалы. Халық мақалы. ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ ҚЫТАЙДЫҢ ШАНХАЙ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ІV САММИТІНДЕ ҚХР ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИН: «АӨСШК БАСТАМАШЫСЫ – НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. БІЗ ОНЫҢ ҮЛКЕН САЯСИ КӨРЕГЕНДІГІ МЕН АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ӘЛЕМДЕГІ БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ӨЗІНІҢ ПАРЫЗЫ САНАЙТЫН ҚАСИЕТІНЕ ТӘНТІМІЗ», ДЕП АТАП ӨТТІ. БҰЛ – ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНЕ ДЕГЕН ЗОР БАҒА, АЛ ХАЛҚЫМЫЗ ҮШІН ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ ДЕП БІЛЕМІЗ. ИӘ, КЕҢЕСКЕ МҮШЕ 11 ЕЛДІҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫ, ЖАЛПЫ 26 МҮШЕ, 7 БАЙҚАУШЫ МЕМЛЕКЕТ, 4 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІ, ТІПТІ, БҰҰ-НЫҢ БАС ХАТШЫСЫ ПАН ГИ МУННЫҢ ӨЗІ АРНАЙЫ ҚАТЫСҚАН АУҚЫМДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫНДА ЖАЛПАҚ ӘЛЕМГЕ ЖАРИЯЛАНҒАН ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ БҰЛ ПІКІР ШАРАҒА ҚАТЫСҚАН ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҒАНА ЕМЕС, АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ХАБАРДАР БОЛЫП ОТЫРҒАН БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН- ДЫҚТАРДЫ МАҚТАНЫШҚА БӨЛЕГЕНІ АНЫҚ. Еске алар болсақ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария еткен болатын. Ал бұл бастама бүгінде өз өміршеңдігін дәлелдеп, Азия елдері арасында беделі биік, абыройы асқақ, ауқымды ұйымға ұласты. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің ІV саммитінде сөйлеген сөзінде де Нұрсұлтан Назарбаев өзінің парасаттылығын көрсетіп, бастамашыл бағыттағы бірқатар тың идеяларымен бөлісті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы жаңа қауіптер мен сын-қатерлердің пайда болуына байланысты әлемдік құрылымдағы кейінгі кездері байқалып отырған түбегейлі өзгерістерге назар аударды. Бұл ретте әскери- саяси саладағы сенім шаралары тұжырымдамасын қабылдау әлі де маңызды деп санайтынын ашық айтты. Осыған орай, Қазақстан АӨСШК мен ШЫҰ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуын құптайтынын жеткізді. Қазақстан Президенті сондай-ақ, ядролық қарусыз бейбітшілікке қол жеткізу жөнінде де ойын ортаға салды. Сонымен бірге, бейбіт атом энергетикасын дамыту кедейшілікті, жұмыссыздықты, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту АӨСШК қызметінің негізгі бағытының бірі екеніне басымдық берді. Бұл ретте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең өзекті мәселенің бірі болып отырғанын, ол үшін өңірдің барлық мемлекетінің кешенді күш-жігері қажеттігін, соның ішінде, АӨСШК желісі бойынша азық-түлік өндірісіне байланысты нақты тетіктерді әзірлеу керектігін тілге тиек етті. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Жібек жолының инфрақұрылымдық қорын құру идеясы аса маңызды мәнге ие екенін ескере отырып, Қазақстан Азия құрлығының дәл орталығында орналасқандықтан, Жібек жолы жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіру туралы ұсыныс жасады. Осыдан кейін Мемлекет басшысы кез-келген елдің интеграциялық таңдауы халықтың әл-ауқаты мәселесі екенін айтып, экономикалық интеграция үрдістерінің маңыздылығын да ұмыт қалдырған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде АӨСШК арқауында Азиядағы қауіпсіздік және даму жөніндегі ұйым құру қажеттігіне сенімді екенін білдірді. «Ол ЕҚЫҰ-ға сындарлы бәсекелес болуы тиіс. Өзара ынтымақтастық пен өзара түсіністік болмайынша, шығыс дәстүрлері мен құндылықтарын ескермейінше, Батыс Шығыстан тысқары, орнықты дами алмайды», деді Қазақстан басшысы. Ең бастысы, достықтың негізі болып саналатын өзара сенім болашақ халықаралық ұйымның негізгі ұстынының біріне айналуы тиіс екенін баса айтты. Міне, осы және басқа да маңызды мәселелерді талқыға салған Қазақстан Президентінің халықаралық ұйым алдындағы бөлекше беделі IV саммитте қатысушы елдердің басшыларының аузымен айрықша аталғаны, оның саяси көрегендігіне көпшілік елдің тәнті екені айдай әлемге паш етілді. Сапарғали ӘЛІБАЙ, «Ақ жол». Кеше, облыстық драма театрында Елбасының Жарлығына сәйкес, республика көлемінде өтіп жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық турының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болды. Ата-аналардың бала тәрбиесі үдерісіндегі жауапкершілігін арттыру, үлгілі, өнегелі, тәлімі мол отбасыларын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатымен ұйымдастырылған байқау нәтижесі бойынша Тараз қаласы мен аудандардан қатысқан үміткерлердің арасынан іріктелген тоғыз отбасы марапатталды. Атап айтқанда, Тараз қаласында тұратын Сағындық және Жаңыл Ордабековтердің отбасы «Шуақты отбасы», Т. Рысқұлов ауданынан қатысқан Нұржан және Бақыткүл Мырзалиевтердің отбасы «Құтты шаңырақ», Жамбыл ауданындағы Ашировтар отбасы «Мейірлі отбасы», тараздық Рахман және Фарида Тастековтердің отбасы «Жұлдызды отбасы», Сарысу ауданында тұратын Бөлтірік және Сырғакүл Ильясовтардың отбасы «Ұлағатты отбасы» аталымдары бойынша жүлделерге ие болды. Сондай-ақ, тараздық Загребельныйлар мен шулық Сәбит және Орынбасар Тастүлековтердің отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытындысында жүлделі үшінші орынды, тараздық Аман және Салтанат Малдыбаевтардың отбасы екінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға марапаттауларын күні кеше ғана некелері қиылып, неке жүзігін алмасқан жас жұбайлар мен ширек және жарты ғасыр бір шаңырақта ынтымақтасып, ғұмыр кешкен, есімдері елге танымал отбасы иелері тапсырды. Ал, байқауда топтан озып, бірінші орынды иемденген тараздық Толыбай және Раушан Ережеповтердің отбасы жүлдені облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің қолынан алды. Байқаудың бірінші жеңімпазы таяу арада елордасы – Астана қаласында өтетін байқаудың соңғы кезеңінде Қазақстанның үлгілі отбасы атағы үшін күш сынасатын болады. Республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық турының жабылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр уақытта да ұрпақ тәрбиесіне, отбасы және демография саясатына мән беріп келе жатқандығына, отбасылардың мемлекет қамқорлығына алынғандығына, соның бір айғағы ретінде өткен жылдан бері халқымыздың қыркүйек айының екінші жексенбісін Отбасы күні ретінде атап өтуді үрдіске айналдырғандығына тоқталды. Аумақтағы өнегелі отбасылардың қатысуымен өткен айтулы байқаудың Мемлекет басшысының осындай игі ұстанымының бір көрінісі болып табылатындығын атап көрсетті. Ел тәуелсіздігі жылдарында республикамыздың қол жеткен жетістіктері мен табыстарына көпұлтты мемлекетіміздің әр отбасының қосқан үлесінің молдығын жеткізді. «Халқымыз «Отан – қуат, отбасы – шуақ», деп тегін айтпаған. Өйткені, шағын отбасылардан мемлекет құралады. Демек, әр елдің, әр мемлекеттің мызғымас беріктігі – әр отбасының мықтылығында. Сондықтан, отбасы – азаматтың тірегі ғана емес, қоғамның басты негізі болып табылады. «Отан – отбасынан басталады», деген даналық сөз де осыдан шыққан», – деді ол. Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». Есімі алты Алашқа аян, даңқына дүниежүзінің спортшылары әбден қанық, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровпен қалай мақтансақ та, қалай дәріптесек те артық емес. Өйткені, қазақ деген халықтың атын алысқа танытудың, қазақ оғыланы күшінің әлем мықтыларын мойындатуының жастарға өнеге етерлік бұдан асқан үздік үлгісі жоқ. Кез-келген спортшы арман ететін Олимп шыңын бағындырып, үлкен спорттың биігіне шыққан балуанның өмір жолы, ерлікпен пара-пар еңбегі кім-кімді болсын таң-тамаша қалдырмай қоймасы анық. Кеңестік кезеңнің өзінде әлемнің «сен тұр, мен атайын» кіл мықтыларының қатарынан көрініп, әлем чемпионы, әлем кубогінің иегері атану екінің бірінің маңдайына жазыла бермейтін жетістік. (Жалғасы 2-бетте). ОТАН – ҚУАТ, ОТБАСЫ – ШУАҚ Тараз төрінде Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесін сарапқа салған балуандар белдесуі басталды КҮШ АТАСЫН КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАС ТАНЫМАС БЕКЕТ БАС РЕДАКТОР БОЛДЫ БЕКЕТ БАС РЕДАКТОР БОЛДЫ Ертең еліміз бойынша бір мезгілде жалпы білім беру жүйелерінің барлығында соңғы қоңырау салтанаттары өтпек. Базбір шәкірттер үшін мектептерде күнбе-күн оқу-білімге шақырар күміс қоңырау соңғы рет талмаусырай сыңғыр қағар, түлектер үлкен өмірге жолдама алып, арманға қанат қағар, тоқсан тарам жолдарға да түсер. Түлектер демекші... биылғы оқу жылында өңірдегі 359 жалпы білім беретін оқу орындары қабырғасынан барлығы 9349 оқушы түлеп ұшқалы отыр. Оның ішінде 8780-і күндізгі, 525-і кешкі мектепті, 44-і экстерн нысанында бітіреді. Бітірушілердің 6773-інің (яғни 72,4 пайызы) ҰБТ-ға қатысу жөніндегі өтініштері тіркелді. Былтыр бұл көрсеткіш 70,8 пайызды құраған. Қоңырауы соңғы рет сыңғыр қаққанмен, мектеп бітірушілер алдында тұрған жауапты сын – ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына әзірлікті күшейтуге салмақ. Сыңғырла, соңғы қоңырау! МЕКТЕП ВАЛЬСІ СЫҢҒЫРЛА, СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ! СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ! ІСКЕ СӘТ! МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШЫ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ТУРЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ Åóðàçèÿëûқ ýêîíîìèêàëûқ îäàқ òàқûðûáûíà îðàé әçіðëåíãåí òîïòàìàíû ãàçåòіìіçäің 2-áåòіíåí îқèñûçäàð

description

 

Transcript of "Ақ жол" газеті PDF нұсқа №75-76 Сейсенбі, 20 мамыр 2014 жыл

Page 1: "Ақ жол" газеті PDF нұсқа №75-76 Сейсенбі, 20 мамыр 2014 жыл

Жамбыл облысты��о�амды�-саяси газет

Газет 1922 жылы 1 мамырдан шыады.

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

№79 (17936), Сенбі, 24 мамыр, 2014 жыл [email protected] l l www. akjolgazet.kz

КӨРЕГЕН БАСШЫ ЕЛДІ ӨСІРЕДІ ТАРАЗ

Бұрынғы «Руханият» және «Әділет» партияларының негізінде «Бірлік» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің құрылғаны белгілі. Апта аралығында Тараз қаласындағы «Амангелді газ» ЖШС-ның ғимаратында аталған партияның облыстық филиалының құрылтай конференциясы өтті. Онда форум делегаттары филиал кеңесінің, бақылау-тексеру комиссиясының және төралқаның құрамын сайлады. «Бірлік» саяси партиясы облыстық филиалының төрағалығына Асқар Сыздықов сайланды.

БАЙЗАҚ

3083 тұрғыны бар Көктал ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 81,5 миллион теңге жұмсалды. Емханада 2 дәрігер, 8 орта буын медициналық маман қызмет ететін болады. Амбулатория жаңа жедел жәрдем автокөлігімен де қамтамасыз етілді. Мұнда ЭКГ аппараты, бинакулярлық микроскоп, гемотологиялық анализатор, өзге де медициналық заманауи құрал жабдықтар бар.

ЖАМБЫЛ

Айша бибі ауылдық округіне қарасты Қаратау елді мекені тұрғындарының «Райыс» каналынан алатын ағын судан қағылғанына біршама уақыт. Ауылға су бөлетін құрылғы каналдың Қырғыз жеріндегі 1,5 шақырымдық бөлігінде орналасқан. Онда бару үшін шекарашылардың рұқсаты керек. Жуырда осы мәселе шешімін тапты. Облыс, аудан әкімдіктері, су шаруашылығы мекемесі өкілдері қатысқан жиналыста тараптар мәмілеге келіп, шекарашылар тұрғындардың кесте бойынша су алуына рұқсат етті.

ЖУАЛЫ

Волейболдан Ұлы Отан соғысының ардагері Сапарбек Күшәнов атындағы турнир болып өтті. Жарыс А.Гайдар атындағы орта мектептің спорт залында өтті. Оны ардагердің ұл-қыздары және №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. Турнирге Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібасы ауданы, облысымыздың Сарысу, Т.Рысқұлов пен Байзақ аудандарының спортшылары қатысты. Ойын қорытындысында бірінші орынды – «Жуалы», екінші орынды – «Құлан», үшінші орынды «Сарысу» командалары иеленді.

САРЫСУ

Ұзақбай Сыздықбайұлы ауылының ішіндегі бос жатқан алаңқайда «Жастар» саябағының негізі қаланды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 4 миллион 400 теңге қаржы бөлінді. Тамшылатып суару технологиясымен жарақтанған жаңа баққа 400-ден астам тал көшеттері отырғызылды. Сырты да сәнді етіп қоршалған. Күннен-күнге жайқалып өсіп келе жатқан жас көшеттер ауыл ажарын ашып-ақ тұр. ТАЛАС

Былтыр Бөлтірік шешен ауылындағы ескі бөгеттен Көшек батыр ауылының Бөлекқызыл су қоймасына 7 шақырымдық канал қазылып, тартылған болатын.Енді осы канал арқылы кенезесі кепкен Бөлекқызыл су қоймасына су келе бастады.

Т. РЫСҚҰЛОВ

Құлан ауыл шаруашылығы колледжі жанынан жылыжай ашылған еді. Оны облыстық білім басқармасынан бөлінген 3 миллион 980 мың теңгені ұтып алған «Asia Simex Тrade» ЖШС пайдалануға берді. Колледж ұжымы 400 шаршы метр жылыжайға қияр өсірді. Қазір 1500 түп қияр көшетінің әр түбінен 5-6 килограмнан өнім жиналуда.

МОЙЫНҚҰМ

Биназар ауылындағы О. Жандосов мектебінің оқушылары велосипедпен 45 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Бұл спорттық шараны мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бауыржан Шіркеев ұйымдастырған. Жас спортшылар Биназар батырдың бейіті басында болып, әруаққа тағзым етті. Мұнда ұстаздар батыр ерлігін баяндап, өнегелі әңгіме өрбітті.

Әріптесіміз, белгілі журналист Бекет Әбділдаұлы Момынқұл облыстық «Знамя труда» газетінің Бас редакторы болып тағайындалды. Көп жылдар бойы облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек етіп, қаламы қарымды журналист ретінде танылған әріптесімізге мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

Ақжолдықтар.

Керуен басы білікті болса, түйе азбайды,Қолбасы білікті болса, сарбазы азбайды.

Халық мақалы.Халық мақалы.

ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

ҚЫТАЙДЫҢ ШАНХАЙ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ІV САММИТІНДЕ ҚХР ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИН: «АӨСШК БАСТАМАШЫСЫ – НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. БІЗ ОНЫҢ ҮЛКЕН САЯСИ КӨРЕГЕНДІГІ МЕН АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ӘЛЕМДЕГІ БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ӨЗІНІҢ ПАРЫЗЫ САНАЙ ТЫН ҚАСИЕТІНЕ ТӘНТІМІЗ», ДЕП АТАП ӨТТІ. БҰЛ – ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНЕ ДЕГЕН ЗОР БАҒА, АЛ ХАЛҚЫ МЫЗ ҮШІН ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ ДЕП БІЛЕМІЗ. ИӘ, КЕҢЕСКЕ МҮШЕ 11 ЕЛДІҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫ, ЖАЛПЫ 26 МҮШЕ, 7 БАЙҚАУШЫ МЕМЛЕКЕТ, 4 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІ, ТІПТІ, БҰҰ-НЫҢ БАС ХАТШЫСЫ ПАН ГИ МУННЫҢ ӨЗІ АРНАЙЫ ҚАТЫСҚАН АУҚЫМДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫНДА ЖАЛПАҚ ӘЛЕМГЕ ЖАРИЯЛАНҒАН ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ БҰЛ ПІКІР ШАРАҒА ҚАТЫСҚАН ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҒАНА ЕМЕС, АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ХАБАРДАР БОЛЫП ОТЫРҒАН БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН-ДЫҚТАРДЫ МАҚТАНЫШҚА БӨЛЕГЕНІ АНЫҚ.

Еске алар болсақ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария еткен болатын. Ал бұл бастама бүгінде өз өміршеңдігін дәлелдеп, Азия елдері арасында беделі биік, абыройы асқақ, ауқымды ұйымға ұласты.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің ІV саммитінде сөйлеген сөзінде де

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің парасаттылығын көрсетіп, бастамашыл бағыттағы бірқатар тың идеяларымен бөлісті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы жаңа қауіптер мен сын-қатерлердің пайда болуына байланысты әлемдік құрылымдағы кейінгі кездері байқалып отырған түбегейлі өзгерістерге назар аударды. Бұл ретте әскери-

саяси саладағы сенім шаралары тұжырымдамасын қабылдау әлі де маңызды деп санайтынын ашық айтты. Осыған орай, Қазақстан АӨСШК мен ШЫҰ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуын құптайтынын жеткізді. Қазақстан Президенті сондай-ақ, ядролық қарусыз бейбітшілікке қол жеткізу жөнінде де ойын ортаға

салды. Сонымен бірге, бейбіт атом энергетикасын дамыту кедейшілікті, жұмыссыздықты, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту АӨСШК қызметінің негізгі бағытының бірі екеніне басымдық берді. Бұл ретте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең өзекті мәселенің бірі болып отырғанын, ол үшін өңірдің барлық мемлекетінің кешенді күш-жігері қажеттігін, соның ішінде, АӨСШК желісі бойынша азық-түлік өндірісіне байланысты нақты тетіктерді әзірлеу керектігін тілге тиек етті. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Жібек жолының инфрақұрылымдық қорын құру идеясы аса маңызды мәнге ие екенін ескере отырып, Қазақстан Азия құрлығының дәл орталығында орналасқандықтан, Жібек жолы жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіру туралы ұсыныс жасады. Осыдан кейін Мемлекет басшысы кез-келген елдің интеграциялық таңдауы халықтың әл-ауқаты мәселесі екенін айтып, экономикалық интеграция үрдістерінің маңыздылығын да ұмыт қалдырған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде АӨСШК арқауында Азиядағы қауіпсіздік және даму жөніндегі ұйым құру қажеттігіне сенімді екенін білдірді. «Ол ЕҚЫҰ-ға сындарлы бәсекелес болуы тиіс. Өзара ынтымақтастық пен өзара түсіністік болмайынша, шығыс дәстүрлері мен құндылықтарын ескермейінше, Батыс Шығыстан тысқары, орнықты дами алмайды», деді Қазақстан басшысы. Ең бастысы, достықтың негізі болып саналатын өзара сенім болашақ халықаралық ұйымның негізгі ұстынының біріне айналуы тиіс екенін баса айтты.

Міне, осы және басқа да маңызды мәселелерді талқыға салған Қазақстан Президент ін ің халықаралық ұйым алдындағы бөлекше беделі IV саммитте қатысушы елдердің басшыларының аузымен айрықша аталғаны, оның саяси көрегендігіне көпшілік елдің тәнті екені айдай әлемге паш етілді.

Сапарғали ӘЛІБАЙ,«Ақ жол».

Кеше, облыстық драма театрында Елбасының Жарлығына сәйкес, республика көлемінде өтіп жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық турының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болды. Ата-аналардың бала тәрбиесі үдерісіндегі жауапкершілігін арттыру, үлгілі, өнегелі, тәлімі мол отбасыларын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатымен ұйымдастырылған

байқау нәтижесі бойынша Тараз қаласы мен аудандардан қатысқан үміткерлердің арасынан іріктелген тоғыз отбасы марапатталды. Атап айтқанда, Тараз қаласында тұратын Сағындық және Жаңыл Ордабековтердің отбасы «Шуақты отбасы», Т. Рысқұлов ауданынан қатысқан Нұржан және Бақыткүл Мырзалиевтердің отбасы «Құтты шаңырақ», Жамбыл ауданындағы Ашировтар отбасы «Мейірлі отбасы», тараздық Рахман және Фарида Тастековтердің отбасы «Жұлдызды отбасы», Сарысу ауданында тұратын Бөлтірік және Сырғакүл Ильясовтардың отбасы «Ұлағатты отбасы» аталымдары бойынша жүлделерге ие

болды. Сондай-ақ, тараздық Загребельныйлар мен шулық Сәбит және Орынбасар Тастүлековтердің отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытындысында жүлделі үшінші орынды, тараздық Аман және Салтанат Малдыбаевтардың отбасы екінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға марапаттауларын күні кеше ғана некелері қиылып, неке жүзігін алмасқан жас жұбайлар мен ширек және жарты ғасыр бір шаңырақта ынтымақтасып, ғұмыр кешкен, есімдері елге танымал отбасы иелері тапсырды. Ал, байқауда топтан озып, бірінші орынды иемденген тараздық Толыбай және Раушан Ережеповтердің отбасы жүлдені облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің қолынан алды. Байқаудың бірінші жеңімпазы таяу арада елордасы – Астана қаласында өтетін байқаудың соңғы кезеңінде Қазақстанның үлгілі отбасы атағы үшін күш сынасатын болады.

Ре с п у б л и к а л ы қ « М е р е й л і о т б а с ы » ұлттық байқауы облыстық турының жабылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр уақытта да ұрпақ тәрбиесіне, отбасы және демография саясатына мән беріп келе жатқандығына, отбасылардың мемлекет қамқорлығына алынғандығына, соның бір айғағы ретінде өткен жылдан бері халқымыздың қыркүйек айының екінші жексенбісін Отбасы күні ретінде атап өтуді үрдіске айналдырғандығына тоқталды. Аумақтағы өнегелі отбасылардың қатысуымен өткен айтулы байқаудың Мемлекет басшысының осындай игі ұстанымының бір көрінісі болып табылатындығын атап көрсетті. Ел тәуелсіздігі жылдарында республикамыздың қол жеткен жетістіктері мен табыстарына көпұлтты мемлекетіміздің әр отбасының қосқан үлесінің молдығын жеткізді. «Халқымыз «Отан – қуат, отбасы – шуақ», деп тегін айтпаған. Өйткені, шағын отбасылардан мемлекет құралады. Демек, әр елдің, әр мемлекеттің мызғымас беріктігі – әр отбасының мықтылығында. Сондықтан, отбасы – азаматтың тірегі ғана емес, қоғамның басты негізі болып табылады. «Отан – отбасынан басталады», деген даналық сөз де осыдан шыққан», – деді ол.

Ардақ ҮСЕЙІНОВА,«Ақ жол».

Есімі алты Алашқа аян, даңқына дүниежүзінің спортшылары әбден қанық, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровпен қалай мақтансақ та, қалай дәріптесек те артық емес. Өйткені, қазақ деген халықтың атын алысқа танытудың, қазақ оғыланы күшінің әлем мықтыларын мойындатуының жастарға өнеге етерлік бұдан асқан үздік үлгісі жоқ. Кез-келген спортшы арман ететін Олимп шыңын бағындырып, үлкен спорттың биігіне шыққан балуанның өмір жолы, ерлікпен пара-пар еңбегі кім-кімді болсын таң-тамаша қалдырмай қоймасы анық. Кеңестік кезеңнің өзінде әлемнің «сен тұр, мен атайын» кіл мықтыларының қатарынан көрініп, әлем чемпионы, әлем кубогінің иегері атану екінің бірінің маңдайына жазыла бермейтін жетістік.

(Жалғасы 2-бетте).

ОТАН – ҚУАТ, ОТБАСЫ – ШУАҚ

Тараз төрінде Олимпиада чемпионы Жақсылық

Үшкемпіровтің жүлдесін сарапқа салған балуандар

белдесуі басталды

КҮШ АТАСЫН КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАСТАНЫМАС

БЕКЕТ БАС РЕДАКТОР БОЛДЫБЕКЕТ БАС РЕДАКТОР БОЛДЫ

Ертең еліміз бойынша бір мезгілде жалпы білім беру жүйелерінің барлығында соңғы қоңырау салтанаттары өтпек. Базбір шәкірттер үшін мектептерде күнбе-күн оқу-білімге шақырар күміс қоңырау соңғы рет талмаусырай сыңғыр қағар, түлектер үлкен өмірге жолдама алып, арманға қанат қағар, тоқсан тарам жолдарға да түсер.

Түлектер демекші... биылғы оқу жылында өңірдегі 359 жалпы білім беретін оқу орындары қабырғасынан барлығы 9349 оқушы түлеп ұшқалы отыр. Оның ішінде 8780-і күндізгі, 525-і кешкі мектепті, 44-і экстерн нысанында бітіреді. Бітірушілердің 6773-інің (яғни 72,4 пайызы) ҰБТ-ға қатысу жөніндегі өтініштері тіркелді. Былтыр бұл көрсеткіш 70,8 пайызды құраған.

Қоңырауы соңғы рет сыңғыр қаққанмен, мектеп бітірушілер алдында тұрған жауапты сын – ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына әзірлікті күшейтуге салмақ.

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

МЕКТЕП ВАЛЬСІ

СЫҢҒЫРЛА, СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

ІСКЕ СӘТ!

МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШЫ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ТУРЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Åóðàçèÿëûқ ýêîíîìèêàëûқ îäàқ òàқûðûáûíà îðàé әçіðëåíãåí òîïòàìàíû ãàçåòіìіçäің 2-áåòіíåí îқèñûçäàð

Page 2: "Ақ жол" газеті PDF нұсқа №75-76 Сейсенбі, 20 мамыр 2014 жыл

2 24 мамыр, 2014 жылwww.akjolgazet.kz

шартара

п

шартара

п

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

КӨКТЕМ, ЖАЗ АЙЛАРЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІМЕН КҮРЕСЕ ОТЫРЫП, АСА ҚАУІПТІ КОНГО-

ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. СОДАН

КЕЙІНГІ БІР ЖАУАПТЫ МІНДЕТ – СУДА ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ. БҰЛАРДЫҢ ҚАЙ-ҚАЙСЫСЫНЫҢ ДА АДАМ ӨМІРІНЕ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАҒА ТІКЕЛЕЙ ҚАТЫСЫ БАР.

Болат ЖАППАРҰЛЫ,«Ақ жол».

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысын ашып, жүргізіп отырған облыс әкімі, комиссия төрағасы Кәрім Көкірекбаев осы мәселелерге мән бере сөйлеп, өткен жылы 22 адамның суға кетуіне және бір адамның кенеден қайтыс болуына жол берілгеніне өкініш білдірді. Биыл да сондай орны толмас өкінішті оқиғалардың орын алмауы үшін ерте бастан қам жасау және әрқашан қырағы күзетте болу керектігін ескертті.

Комиссия отырысында хабарлама жасаған облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Зиятхан Өмірәлиев Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының талаптарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыруда атқарылған және атқарылатын істерге тоқталды. Сонау 2003 жылдан бері облыстық бюджеттен және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы болып табылатын Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандары әкімдіктерінен кенемен күреске жеткілікті қаржы бөлініп келеді. Мәселен, 2014 жылдың өзінде вирус таратушы кенеге қарсы малды, мал қоралары мен аулаларды дезинфекциялық дәрілеуге республикалық бюджеттен – 30 миллион 895 мың, облыстық бюджеттен – 46 миллион 835 мың, аталмыш аудандар бюджеттерінен 20 миллион 853 мың теңге қаржы бөлінген.

Іс барысында дезинфекциялау, залалсыздандыру және дәрілеу жұмыстарын үш рет жүргізу жоспарланған. Бүгінгі

таңда мамыр айының ортасына дейін аумағы 3078776 шаршы метр 9268 аула мен қора залалсыздандырылып, 42806 бас мүйізді ірі қара, 389332 бас уақ мал, 6182 бас жылқы, 1887 бас түйе кенеге қарсы дәріленіпті. Бұл жұмыс жалғастырылуда.

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Қалдыбек Қазанғапов осы мәселеге баса назар аудара отырып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ошағы болып табылатын аудандар – Сарысуда – 6, Мойынқұмда – 6, Таласта 2 тоғытпа салынғалы жатқанын тілге тиек етті. Ол тоғытпалар елді мекендерге жақын орналасуы керек екенін ескертуді де ұмытқан жоқ. Онысы жөн-ақ, ірі шаруа қожалықтарымен қатар ауыл тұрғындарының азын-аулақ малының да қамын ойлағандықтан айтылған сөз бұл.

«Ауруын жасырғанды өлім әшкерелейді» деген қағиданы қатаң ұстанған Қалдыбек Жақсылықұлы қауіпті дерттің ошағы саналатын Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарының 49 қолайсыз елді мекенінде небәрі 12 тоғытпа ғана бар екенін айтты. Әр ауданда – төртеуден. Оның өзінде де Сарысудағы 2 тоғытпа іске қосылмаған.

Өткен жылы наурызда облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген кешенді жоспар бойынша осы аудандарда 15 тоғытпа салу жоспарланса, соның Мойынқұмда – екеуі, Таласта біреуі ғана салынған.

Өкінішті мысал, жыл басынан бері кене шағудан тіркелген 193 адамның басым көпшілігі (136-сы) табиғи ошаққа жатпайтын аудандар мен Тараз қаласынан болуы. Кенеден зардап шеккендер 14 күндік медициналық бақылауда болып, 107-сі бақылаудан шыққан, 86-сы бақылауда болғанымен шағымдары жоқ.

Осы жиынға арнайы қатысқан республикалық тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі санэпидқадағалау департаменті басшысының орынбасары Айтмағанбет Жолшоринов облысымызда кенеге қарсы күрес жолға қойылғанын айта келе: «Жамбыл облысының ісі өзгелерге үлгі етуге, тәжірибесі таратуға тұрарлық», – деді.

Селекторлық режімде өткен отырыста комиссия төрағасы Кәрім Көкірекбаев Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ошағы болып табылатын Мойынқұм, Сарысу аудандарының әкімдері Болат Мәдікенов, Қанатбек Мәдібек пен Талас ауданы әкімінің міндетін атқарушы Серік Дадабаевтарды тыңдап, оларға кенеге қарсы күресте ертерек қимылдау керектігін ескертті.

Облыс әкімі бейбіт күнде адамдардың тілсіз жаудан ажал құшып жатқанына өкініш білдіріп, сөзді облыстық төтенше жағдайлар

департаменті «Суда құтқару қызметі» ММ басшысы Марат Нұржановқа берді. Оның мәлімдеуінше, 2013 жылы суға кеткендер саны арғы жылға қарағанда аз. 2013 жылы – 22, 2012 жылы 33 адам. Бірақ реті келсе, кісі өліміне жол бермеген жөн. Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында 6 адам суға кеткен, оның 3-еуі жасөспірім балалар.

Хабарламашы Тараздағы «Зербұлақ», Қаратаудағы «Жартас» көлдері маңайындағы құтқару құрал-жабдықтары, судағы қауіпсіздік шаралары туралы жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары, ілінген көрнекі құралдар, тағы басқа атқарылған іс-шаралар туралы айтты. Биылдың өзінде далалық алқаптарда болған екі жану оқиғасында от 4 гектарды жайлап үлгерген. Дала өрті мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қатысуымен сөндірілген. Жамбыл ауданында болған осындай оқиға кезінде ерікті өртке қарсы құрылымдардың қатыспағаны өкінішті-ақ.

Өрт қаупі бар маусымда барлық мәндегі автожолдар мен теміржол бойында, орманмен шекаралас аумақтарда өртке қарсы жолақ жырту жасау – міндетті. Осы міндетті жұмыс Талас, Жуалы, Жамбыл, Меркі, Қордай және Шу аудандарында тиісті деңгейде жүргізілмей отыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылауы бөлімінің басшысы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Мақсат Әкімбаев комиссияға өз қызметтері жайында осылай баян етті.

Осы тақырыпта хабарлама жасаған облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Болат Әмірғалиев өз ведомствосында өртке қарсы іс-шаралардың қалай ұйымдастырылып жатқаны туралы айтты. Басқармада 2007 жылғы Үкімет қаулысына сәйкес биыл 14 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері жанынан алғаш рет өртке қарсы күрес қызметі құрылған. Орман қоры жерінде құрамында 356 адамы бар 42 өрт сөндіретін топтар жасақталыпты. Олар қажетті техника және өрт сөндіретін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тіпті, үстіміздегі жылдың сәуірінен бастап облыс орман қорының 3,2 миллион гектар алқабы әуеден тікұшақпен күзетілуде. Басқарманың орман шаруашылықтарында 8 өрт сөндіру машинасының 5-еуі жүріп тұр, тағы 6-ауын алуға 44 миллион теңге қаржы қарастырылған.

Б. Әмірғалиев өрттің алдын алуда жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың бірқатарын тілге тиек етті. Комиссия отырысын қорытындылаған облыс әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша барлық қызметтерді төтенше оқиғалардың алдын алуға дайын болуға тапсырма берді.

Қайнарбек ҚҰСАЙЫНОВ, «Жамбылгипс» АҚ президенті, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.

Елбасының саясаттағы сара жолы барша қазақстан -дықтар үшін үлгі. Қазақстанның алыс-жақын шетелдермен саяси, экономикалық, мәдени байла ныстарды нығайтуында Елбасы еңбегі ерекше. Алдағы құрылатын Еуразиялық экономикалық одақ алыс-берістің кең өріс алып, еліміздің қуаты арта түсуіне үлкен мүмкіндіктер туғызатыны сөзсіз.

Біздің кәсіпорында гипстен жасалатын материалдардың он бес шақты түрі өндіріледі. Соның ішінде гипстің, гипс картонының, құрғақ құрылыс қоспаларының өтімділігі жоғары. Әрине, өнім сапасы жоғары болғаннан кейін ғой. Комбинат өнімдерін Ресейге, Қырғызстан мен Түркіменстанға өткереміз. Өз елімізде де сұраныс көп.

Алдағы уақытта жаңадан құрылған одақ өнім өткерудегі кейбір кедергілердің жойылуына жол ашқалы отыр.

«Ағайынның аты озғанша, көршінің тайы озсын» деп мақалдатқан қазақ татулықты ту етуді меңзеген ғой. «Татулық – өзара қарым-қатынастың алтын көпірі» деп айтсақ та артық болмас. Өйткені, өзара ықпалдасуда, ауыс-түйісте татулықтың жөні бөлек.

Тауар алмасудағы мәселелердің бәрі Еуразиялық экономикалық одақ тұсында емін-еркін шешілетініне күмән жоқ. Бірақ беруге ұялмайтындай тауар ұсыну керек. Ол үшін өндірілген өнім сапалы болғаны жөн. Біз осы мақсатта сапаға баса назар аударып отырмыз.

Еуразиялық экономикалық одақ оған мүше елдердің бәріне де тиімді болғалы тұр. Ел ертеңін ойламайтындар ғана осынау бағалы бастамаға қолдау білдірмеуі мүмкін. Бір қарын майды шірітетін ондайлардың сыңаржақ тірлігіне жол бермеуіміз керек. Еуразиялық экономикалық одақ жарқын болашаққа жасалып отырған жақсы қадам.

Тараз қаласы.

Самат ҚАБЫЛБЕКОВ, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары.

Бүгінде біздің еліміз кәсіпкерлік саласын түрлі тарапта дамытып, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізді. Енді оны одан әрі дамыту үшін мемлекетіміздің әлемдік нарықта өзіндік орны болуы керек. Бұл орайда Еуразиялық экономикалық одақтың берері мол. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге таяуда қол қойылғалы отыр. Және бір қуантарлығы бұл үдеріске қосылуға бірнеше м е м л е к е т ө з т і л е к т е р і н

білдіруде. Шындығында, қазіргі таңда халқымыз, ел кәсіпкерлері интеграциялық үдерістерден ү л к е н н ә т и ж е к ү т у д е .

Интеграция ең алдымен бәсекеге қабілеттілігімізді шыңдайды. Е у р а з и я л ы қ э к о н о м и к а л ы қ одақтың бізге берер мүмкіндігіне Елбасымыздың мына сөзі дәлел болатыны анық.

«Біздің бағалауымызша, 2030 жылға дейін бұл ықпалдастық үш елдің жалпы ішкі өнімін 25 пайызға және 600 миллиард долларға өсіреді. Еуразиялық экономикалық о д а қ қ а қ а т ы с у ш ы л а р т е к ө з а р а ш е к т е л м е й д і , о л а р басқа әріптестермен белсенді ынтымақтастығын жалғастыра бермек», – деді Президент.

Үш мемлекет – Қазақстан, Ресей және Беларусь Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өз кәсіпкерлері үшін 2,2 триллионнан

астам АҚШ доллары көлемінде жалпы 170 миллиондық нарыққа жол ашады. Түптеп келгенде тең терезелі экономикалық и н т е г р а ц и я о д а ғ ы н а н айрықша кедендік, транзиттік жеңілдіктерге, қаржы нарығына, қомақты тауар сұранысына ие болатын отандық бизнестің, өнімдердің әртүрлілігіне, оның сапасының артуына, бәсекелік бағаға, осылардың нәтижесінде әл-ауқат өсіміне қол жеткізетін қарапайым тұтынушы, яғни, халықтың ұтатыны сөзсіз. Бұл – Елбасымыздың 2050 жылға дейін межелеген Стратегиясының да басты мақсаты.

Жамбыл ауданы.

ҚАЗАҚСТАН

«KADEX – 2014» КӨРМЕСІ ӨТУДЕАСТАНАДА «KADEX – 2014» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮЛІК КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ.

Ол 25 мамырға дейін жалғасады. Көрмеге әлемнің 27 елінен 300 компания өкілдері, 54 ресми делегация қатысуда. Үшінші рет өткізіліп отырған бұл көрмеге әлемдік қару-жарақ өндірушілер тарапынан қызығушылық артып отыр. Биылғы көрменің өзінің алдында болғандардан айырмашылығы көп. Үшінші көрме ғарыштық технологиялар, авиациялық қару-жарақ, әуе шабуылына қарсы қолданылатын қорғаныс жүйелері, ІТ технология, байланыс жүйелері мен құралдары, әскерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету секцияларының артуымен ерекшеленуде.ерте деп көрсетті.

ШЕТЕЛ МҰРАҒАТТАРЫНАН ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ ХАТТАРЫ ТАБЫЛДЫ

«ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ МЕН ШЫҒЫС БИЛЕУШІЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА ПАРСЫ ТІЛІНДЕ ХАТ АЛМАСУЛАР БОЛҒАН. ОНЫ ҮНДІСТАН МЕН ИРАН МҰРАҒАТТАРЫНАН ТАБЫЛҒАН СИРЕК ҚОЛЖАЗБАЛАР РАСТАЙДЫ», ДЕП ЖАЗАДЫ E-ISLAM.KZ.

Нақтысын айтқанда, «Тәуке хан, Қасымхан хан, Жалаңтөс Бахадүр жайлы бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген, айтылмаған дерек-құжаттардың көшірмелері қазақ жерінде бір кезде дипломатиялық байланыстардың жоғары деңгейде дамығанын дәлелдейді», – дейді Алматыдағы Шығыстану институтының қызметкері Ғалия Қамбарбекова. “Мұнша хаттың ішінен Тавакул хан дегенді кездестіріп қалдым. Тарихтың түп тамырына үңілу үшін жан-жақты зерттей бастадым. Нәтижесінде, Тавакул хан «қазақ» дегенді білдіретініне көзім жетті», – дейді ол. Осы жайлы хабар таратқан «Алматы” телеарнасы аталған құжаттардың Үндістан, Иран елдерінің мұрағаттарында сақталғанын алға тартады.

ҚЫТАЙ

ҮРІМЖІДЕГІ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАС ТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТ ШЫСЫ ДМИТРИЙ МЕЗЕНЦЕВ ҚЫТАЙДЫҢ СОЛТҮСТІК-БАТЫСЫНДАҒЫ ШЫҢЖАҢ-ҰЙҒЫР АВТОНОМИЯЛЫҚ ӨЛКЕСІНДЕ БЕЙСЕНБІ КҮНІ ОРЫН АЛҒАН ЛАҢКЕСТІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ.

ШЫҰ ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде: «Ондаған адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды. Туысқандарынан айырылған, сондай-ақ, лаңкестіктен зардап шеккен отбасыларға қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз және бұл лаңкестік актіні батыл айыптаймыз», – делінген. Еске сала кетейік, бейсенбі күні таңертең ШҰАӨ әкімшілік орталығы – Үрімжі базарларының бірінде жарылыстар сериясы орын алды, олардың салдарынан 31 адам қаза тауып, 94 адам зардап шекті.

ТАИЛАНД

ӘСКЕРИ ТӨҢКЕРІС

ТАИЛАНДТЫҢ ҚҰРЛЫҚТАҒЫ ӘСКЕРІНІҢ ҚОЛБАСШЫСЫ ГЕНЕРАЛ ПРАЮТ ЧАН-ОЧА ЕЛДЕГІ ӘСКЕРИ ТӨҢКЕРІС ЖАЙЛЫ ЖАРИЯ ЕТТІ, ДЕП ХАБАРЛАДЫ ИТАР-ТАСС.

«Елдегі бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында Таиландтың қарулы күштері үкімет функцияларын өз мойнына алады», – деді ол теледидар арқылы халыққа бағыштаған сөзінде. Қолбасшының ұлтқа арналған телеүндеуінен бірнеше минут бұрын оның бұйрығымен әскери қызметкерлер келіссөз залынан оппозициялық демонстранттардың лидері Сутхеп Тхыаксубанды алып шықты. Айта кетейік, 19 мамырда Таиландтың қарулы күштері әскери жағдай жариялап, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету міндетін өз мойнына алды. Әскерилердің өзі мұны «кезекті төңкеріс емес» деп түсіндірді. Олардың сөзіне қарағанда, бұл бейбітшілік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда. Елде төңкеріс жасаған әскерилер коменданттық сағат орнағанын жариялады. Таиланд қарулы күштерінің ресми өкілі әскери жағдайдағы Ұлттық комитет қауіпсіздікті сақтау мақсатында кім-кімге де 22.00-ден 05.00-ге дейін көшеге шығуға болмайтынын ескерткен.

ЖАПОНИЯ

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ АВТОМОБИЛЬ МАРКАСЫ

TOYOTA – ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ АВТОМОБИЛЬ МАРКАСЫ АТАНДЫ. ЖАПОН БРЕНДІ НЕМІСТІҢ BMW ЖӘНЕ MERCEDES-BENZ-ІН АРТҚА ТАСТАДЫ, ДЕП ЖАЗАДЫ DAY.AZ.

М а р к а л а р р е й т и н г і н M i l l w a r d B r o w n G r o u p британдық зерттеу желісіне қарасты Millward Brown Optimor

компаниясы шығарды. Сарапшылар Toyota брендін 29,6 млрд. долларға бағалады. Бұл 2013 жылғы көрсеткішке қарағанда 21%-ға жоғары. Екінші орынды 25,7 млрд. долларға бағаланған BMW еншіледі. Ал, Mercedes-Benz $21,5 млрд.-қа бағаланып, үшінші орынға тұрақтады. Айта кететін нәрсе, үздік бестік қатарына Honda ($14,1 млрд) және Ford ($11,8 млрд) брендтері кірді.

ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ

ИЕСІ МЫСЫҒЫН ПОЛИЦИЯҒА ТАПСЫРҒАН

ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ ТҰРҒЫНЫНЫҢ МЫСЫҒЫ ҮЙГЕ ЕСІРТКІ АЛЫП КЕЛГЕННЕН КЕЙІН, АЗАМАТША ЖАНУАРДЫ ОСЫ ӘРЕКЕТІ ҮШІН ПОЛИЦИЯҒА АЛЫП БАРУҒА МӘЖБҮР БОЛҒАН, ДЕП ЖАЗАДЫ ШЕТЕЛДІК БАҚ.

Жергілікті полиция сержанты Риса Мунроның сөзіне қарағанда, оларға кешкі сағат 18:00 кезінде аталмыш әйел телефон шалып, мысығы үйіне шағын қаптамадағы есірткіні алып келгеніне алаңдаулы екенін айтып берген. Аталған қаптамадағы марихуана есірткісі шамамен 100-150 долларға бағаланып отыр. «Мысықтар үйге көбінесе құстардың, тышқандардың өлігін алып келеді, ал мұндай оқиғаға алғаш тап болып отырмыз», – дейді сержант. Қазіргі кезде есірткі салынған қаптама зертханаға тапсырылып, оның нақты иесінің саусақ іздері тексерілуде.

ИСПАНИЯ

ҚАНДЫ ОЙЫН – КОРРИДАҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

ИСПАНИЯДА СОҢҒЫ 35 ЖЫЛ ІШІНДЕ АЛҒАШ РЕТ КОРРИДАҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ, ДЕП ЖАЗАДЫ DAY.AZ.

“Коррида – бұл спорт емес. Бұл ешқашан спорт болуға тиіс емес. Бұл қасірет... қасірет - бұқаның өлуі”. Бұл Испанияда р е п о рте р р ет і н д е а л ға ш бұқа мен адам жекпе-жегін

тамашалаған кейін Эрнест Хэмингуэйдің жазған сөздері. Бәріміз білетіндей, көптеген жылдардан бері коррида Испанияның төл өнері ретінде танылып келген. Ал, бірнеше күн бұрын осы ойынға тыйым салынды. Мұндай шешімнің қабылдануына соңғы сайыста қатарынан 3 матадор – бұқамен сайысқа түсушінің ауыр жарақат алуы себеп болыпты. Көздері қанталаған бұқалар ешкімді де аямаған. Әсіресе, дүйім жұртқа аты мәшһүр Давид Мора есімді матадор басқасына қарағанда ауыр жараланған. Бұқа оның сан етіне үшкір мүйізін сұғып алыпты. Ойын соңына таман аренада да ешкім қалмаған. Сол себепті сайысты тоқтатуға тура келген.

Интернет материалдары негізінде дайындалды.

Амангелді ӘБІЛ.«Ақ жол».

1994 жылы Елбасы М.В.Ломоносов а т ы н д а ғ ы М ә с к е у м е м л е к е т т і к университетінде Еуразиялық кеңістікте интеграциялық бірлестік құру жөнінде бірегей бастама көтергені баршаға мәлім. Содан бері өткен 20 жылда Мемлекет басшысының стратегиялық идеясы кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. 2000 жылы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа қол қойылса, 2010 жылдан бері Кеден одағы жұмыс істеуде. Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері 2012 жылдан бастап, Біртұтас экономикалық кеңістікке өтті.Енді міне, осы үш елдің басшыларының Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюы ғана қалды.

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының Еуразиялық э к о н о м и к а л ы қ о д а қ т ы ң қ ұ р ы л у ы н а байланысты қазақстандықтарға Үндеуі жарияланды. Онда құрылатын одақтың пайдалы және тиімді жақтарына назар аудара келе: «…Біз саяси партиялар мен жетекші қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын ДКЖК мүшелері Еуразиялық экономикалық одағын құруды толықтай қолдаймыз. Бүгінгідей Отанымыз үшін аса маңызды осы бір тарихи сәтте, біз барша қазақстандықтарды Елбасы саясатының төңірегіне топтасуға, ал Үкімет пен атқарушы органдар жүйесін ел Президентінің мемлекеттік бағдарын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуге шақырамыз» делінген.

Ел өміріндегі аса зор саяси оқиғаны халыққа жан-жақты жеткізетін бірінші бұқаралық ақпарат құралдары екені мәлім. Осыны

ескерген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық телекоммуникациялар қызметі журналистерге арнап, семинар-тренинг өткізді.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Сауда саясатын дамыту орталығы АҚ-ның бас директоры Руслан Сұлтанов шетелдік инвестициялардың басым көпшілігі өндіруші секторға таратылып жатқанын атап көрсетті. «Еуразиялық экономикалық кеңістік аясындағы интеграцияның негізгі алғышарттары бірнешеу. Оған ықпал ететін басты фактор – қазақстандық экономиканың шикізатқа бейімделгендігі және оның өкінішке қарай, күні бүгінге дейін басымдыққа ие болып отырғандығы. Оған өндіріс құрылымы да айғақ» деді Р. Сұлтанов.

Астанадан өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі туралы да кеңінен әңгіме болды. Әлемдік маңызы бар ауқымды шараға Қазақстаннан және алыс-жақын шетелден қанша адам қатысатынына дейін айтылды. Семинар жұмысына қатысушылар өзара пікір алмасты.

САҚТЫҚТА – ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

ИНТЕГРАЦИЯ – БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЫҢДАЙДЫ

ҮШ ЕЛ, БІР МАҚСАТ

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА – ЖАҚСЫ ҚАДАМ

ЕЛАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ДАҢҒЫЛ ЖОЛ

МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШЫ

(Соңы. Басы 1-бетте).

«Тараз-Арена» спорт кешені төрінде басталған грек-рим күресінен жастар арасындағы дәстүрлі республикалық ашық турнирде де халқымыздың «болар елдің баласы бірін-бірі батырым» дейдіге сайып, елдік танытуынан айнымас ерекше мінезі көрініс тапты. Дүмпуі көршілес елдерге жеткен дүбірлі доданың ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков Жақсылық Үшкемпіровке облыс әкімінің және Жамбыл жұртшылығы атынан темір тұлпардың кілтін табыс етті. Бекболат Серікбекұлы өз сөзінде балуанның өскелең ұрпақ үшін аңызға айналған спорттық жетістіктерін тілге тиек етіп, республиканың барлық аймақтарынан және көршілес Ресей, Тәжікстан мемлекеттерінен келген спортшыларға сәттілік тіледі. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов пен Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, халықаралық ФИЛА күресі федерациясының мүшесі Дәулет Тұрлыханов ауқымы үлкен, деңгейі жоғары жарыстың мән-мазмұнына айрықша тоқталды.

Тараз боз кілеміндегі классиктер бәсекесі екі күн бойы жалғасады. Кеше төрт салмақ бойынша жеңімпаздар анықталып үлгерді. Екі жүзге жуық спортшы қатысып жатқан додада жамбылдық балуандар жерге қаратпайды деп үміттенеміз. Грек-рим күресінен тұңғыш Олимпиада чемпионы туған Әулиеата өңірінен осы жарыста тағы бір жас дарын жарқырап шығып жатса, қанекей!

Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

ТАРАЗ ТӨРІНДЕ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВТІҢЖҮЛДЕСІН САРАПҚА САЛҒАН БАЛУАНДАР БЕЛДЕСУІ БАСТАЛДЫ

КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАС

ОБЛЫС ӘКІМІ ТӨТЕНШЕ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ТАПСЫРМА БЕРДІ

Халықаралық интеграция

Page 3: "Ақ жол" газеті PDF нұсқа №75-76 Сейсенбі, 20 мамыр 2014 жыл

324 мамыр, 2014 жыл

Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ,«Казфосфат» ЖШС-ның бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты.

«Казфосфат» ЖШС соңғы бес жылда Еуроодақ нарығындағы өзінің бәсекелестерін толық ығыстырды деуге болады. Бәсекеге барынша қабілетті өнім өндіру – біздің нарықтағы көкжиегімізді кеңейте түсуде. Компанияда өткен жылдың қорытындысында 56,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Биыл бұл көрсеткішті 61,9 миллиард теңгеге жеткізу көзделуде. Кәсіпорынның үстіміздегі жылдың төрт айының жұмыс қорытындысы да қуантарлық. Осы мерзімде 19957 миллион теңгенің өнімі өндірілді. Серіктестік тек 2013 жылы ғана бюджетке салыққа және бюджеттен тыс төлемдерге 5339 миллион теңге, ал, үстіміздегі жылдың төрт айында 1497 миллион теңге аударды.

Нарық талабы – қатал. Сондықтан да біз өзімізде өндірілетін өнімнің сапасын тұрақты жақсартып, бәсекеге қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлеміз. Осы мақсатта 240 бизнес үдерістер талдап, жасалып, бекітілді, ЕRP және SAP жүйелері енгізілді. Шығарылатын өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында компанияның барлық кәсіпорындарында жеткізілген шикізат пен өткерілетін дайын өнімнің сапасына бақылау жасайтын арнайы қызмет бар. Барлық өнім міндетті түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарына сәйкес бақылаудан өткізіледі. Серіктестік кәсіпорындарында халықаралық ISO 9001; 2008 сапа менеджменті, ISO 14001:2004 халықаралық стандарттар талабына жауап беретін экологиялық менеджмент жүйелері енгізілген. Сондай-ақ, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық стандарт талаптарына жауап беретін ОНSАS 18001:2007 менеджмент жүйесі бар. Келешекте ІSО 50001 энергия менеджмент және стандарт жүйесін енгізу көзделуде.

Өндірістегі ескі жабдықтарды жаңасымен алмастыру, жаңа технологияны енгізу тұрақты жүргізілуде. Бұл шаруа барлық өндірістік цехтарда табысты жүзеге асырылуда. Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан біз 2008-2013 жылдары өз кәсіпорындарымызда 9 инвестициялық жобаны жүзеге асырудамыз. Мұның өзі энергия үнемдеу, өндіріс қалдықтарын кәдеге асыруға және жаңа цехтар мен технологиялық желілердің құрылысын салуға мүмкіндік беруде. Осы мерзімде 9 жоба толық жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, күкірт қышқылы өндірісі, пеш газын кәдеге асыру жүйесі, гексаметафосфат өндірісі, түйіршіктелген натрий триполифосфаты, азықтық фосфор қышқылы өндірісі, ФС пеші және құрғату барабанының жабдығын ауыстыру, құрамында фосфор бар қалдықты кәдеге асыру, сары фосфорды зиянды қосымша-органикадан тазарту және Жастар үйін қайта жаңғырту жобалары іске қосылды. Қазір экстракциялық

фосфор қышқылы цехын қайта жаңғырту, түйіршіктелген өнім шығару үшін азықтық фосфат өндірісін жаңарту, №8 цехындағы пеш газын кәдеге асыру жүйесінің құрылысы және №7 және 8 пештерін модернизациялау жобалары іске асырылуда.

Келешекте пеш газынан этанол алу өндірісінің құрылысы, Степногорск қаласында NРК тыңайтқышын шығару өндірісінің құрылысы, үшхлорлы фосфор өндірісі, «ақ қышқыл» өндірісі, экстракциялық фосфор қышқылы цехын қайта жаңғыртудың екінші кезеңі, бескүкіртті фосфор өндірісі, байыту фабрикасының құрылысы және NРК, NРSК тыңайтқыштарын шығару өндірісінің құрылысы жобаларын қолға алу көзделуде.

Кейінгі жылдары біздің компания қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді жақсартумен қатар кәсіпорындарға экология, өндіріс қауіпсіздігі бағдарламаларын енгізуде де елеулі шаруаларды қолға алуда. Конденсациялық суды тазарту жүйесін енгізу айналым суын салқындату деңгейін жақсартты. Қалдықсыз технологиямен жұмыс істеу өз нәтижесін беруде. Мұның өзі кәсіпорын аумағында ұзақ уақыттан бері жиналып қалған қалдықтарды өңдеп, кәдеге жаратуға септігін тигізуде. Осындай игі шараларды қолға алу нәтижесінде фосфор қоймасында сақталған қалдық көлемі едәуір азайды. Сары фосфор өндіру кезінде пайда болатын пеш газын кәдеге асыру

осы мерзімде 6 миллион 847 мың текше метр табиғи газды немесе 108 миллион 302 мың теңгені үнемдеуге қол жеткізді.

« Ф С » п е ш і м е н № 1 ц е х т а ғ ы т а з а р т у жабдықтарын жаңасымен алмастыру атмосфераға шығарылатын кокс шаңын 166,2 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді. Таяуда Жаңа Жамбыл фосфор зауыты және минералдық тыңайтқыш филиалдарында жылжымалы экологиялық зертханалар пайдалануға беріледі.

«Казфосфат» облыс аумағында кең көлемді қайырымдылық шаралар жүргізеді және демеушілік жасайды. Олардың арасында балалар үйі және интернаттары, спорттық шаралар мен спорттық клубтар бар. Серіктестік 2007-2012 жылдары осы мақсатқа 395 миллион теңге жұмсады. Бұл игілікті шара келешекте де жалғасын табады. Биыл біз «Әлеуметтік жауапкершілік» SА 8000:2001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сертификатқа ие болдық.

Мамандар – біздің алтын қорымыз. Кәсіпорында білікті мамандар даярлауға және олардың біліктіліктерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Әрбір филиалда компьютерлік техника, өндірістік жабдықтардың макеттері, оқу құралдарымен жабдықталған оқу базасы бар. Бұған қоса жұмысшыларымыз келісімшарт арқылы кәсіптік лицейлерде, оқу орталықтары және жоғары оқу орындарында оқиды. Келісімшартқа сәйкес оқу ақысын кәсіпорын төлейді. Бұл мақсатқа жыл сайын 30-35 миллион теңге бөлінеді.

Қазір компанияда 6011 адам жұмыс істейді. Өткен жылы орташа жалақы 10,3 пайызға өсіріліп, орташа жалақы 88 мың теңгені құрады. Барлық жұмысшылар заңда ұжымдық келісімшартта қарастырылғандай емдік-алдын алу тағамымен, арнайы киіммен және жеке қорғаныш заттармен қамтамасыз етілген. Компанияда бір жұмысшыны ұстауға жылына 1203965 теңге жұмсалады. Жұмысшыларымыздың балалары кәсіпорын есебінен «Жұлдыз» сауықтыру лагерінде және жыл-он екі ай «Көктал» емдеу-сауықтыру шипажайында денсаулықтарын сауықтырады. Бүгінде барлық

филиалдарда тұрмыстық ғимарат, жуынатын, шешінетін және ас ішетін бөлмелер толық күрделі жөндеуден өткізілген.

Компанияда шешімін күткен түйінді мәселелер де жоқ емес. Электр қуатына, табиғи газға және «Қазақстан темір жолы» қызметтерінің тарифтері тұрақты өсуі бағасы қолжетімді әрі бәсекеге қабілетті өнім өндіруге үлкен кедергі келтіруде. Жаңа Жамбыл фосфор зауыты жылына 120 мың тонна сары фосфор өндіре алады. Алайда, аталған өндіріс өнім өндіру үшін энергияны өте көп қажет етеді. Сары фосфордың бір тонна өнімінің өзіндік құнында электр қуатының бағасы 38 пайызды құрайды. Мәселен, 2009 жылы электр қуаты және оны тасымалдаудағы тариф – 35, 2010 жылы – 9,5, ал, 2014 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 49,5 пайызға өсті. Тарифтің өсуі мұнымен тоқталып қалмайды. Табиғи газ тарифі де жыл сайын көтеріліп келеді.

«Қазақстан темір жолы» АҚ тарифтері жыл сайын айтарлықтай өсіп жатқанына қарамастан тасымалдаушы вагондар жаңартылып жатқан жоқ. Бұл бағыттағы тариф тек үстіміздегі жылы ғана 15 пайызға көтерілді. Осындай қиындықтарға қарамастан біз өз ұстанымымызды нығайтып, тұрақты жаңа нарықтарды игеруге күш салудамыз. Қазақстанның ерекшелігіне қарай, теңізге тікелей шығатын дәліздің жоқтығынан өз өнімімізді әлемдік нарықтарға шығаруды елеулі кедергілерді бастан кешірудеміз. Үздіксіз ізденістің нәтижесінде 2012 жылы АҚШ-тың нарығына шығып, үлкен көлемдегі сары фосфорды өткердік. Үстіміздегі жылдан бастап компания тарихында алғаш рет Үндістанға фосфор жеткізуді қолға алдық. Келешекте Жапония және Латын Америкасы нарықтарын игеруді көздеудеміз.

Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, облыстың химия өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіптік төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Оларға зор денсаулық, амандық, игілік және көздеген мақсаттарына жетуіне тілек білдіремін.

Суретте: М. Ескендіров.

Серіктестік келешекте Жапония мен Латын

Америкасы нарықтарын игеруді көздеуде

ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРЕДІ

«КАЗФОСФАТ»БИЫЛ 61,9 МИЛЛИАРД

«КАЗФОСФАТ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ – ЕЛІМІЗДІҢ

АУМАҒЫНДА ФОСФАТ ӨНДІРІП, ОНЫ ӨҢДЕП, ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ТЕМІР ЖОЛ

КӨЛІГІ АРҚЫЛЫ ЖЕТКІЗІП БЕРЕТІН БІРЕГЕЙ КОМПАНИЯНЫҢ БІРІ. БҮГІНДЕ

МҰНДА МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ, САРЫ ФОСФОР, ТРИПОЛИФОСФАТ

НАТРИЙ, ФОСФОР ҚЫШҚЫЛЫ ЖӘНЕ ГЕКСАМЕТАФОСФАТ НАТРИЙДІ

ҚОСҚАНДА ХИМИЯ ӨНІМДЕРІНІҢ 20 ТҮРІ ӨНДІРІЛЕДІ. БІЗДІҢ

КОМПАНИЯНЫҢ ӨНІМІ ЭКСПОРТҚА БАҒДАРЛАНҒАН, 94 ПАЙЫЗЫ ШЕТЕЛ-

ДЕРГЕ ӨТКЕРІЛЕДІ. ӘЗІРГЕ НЕГІЗГІ ТАБЫСТЫҢ 60 ПАЙЫЗЫ САРЫ

ФОСФОР САТУДАН ТҮСУДЕ. САРЫ ФОСФОР, ТРИПОЛИФОСФАТ НАТРИЙ

ЖӘНЕ ФЕРРОФОСФОР ТҮГЕЛДЕЙ, ФОС-ФОР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ 80 ПАЙЫЗДАН

АСТАМЫ ЭКСПОРТҚА ЖІБЕРІЛЕДІ. ҚАЗІР ӨНІМІМІЗ ЕУРООДАҚ, ТМД,

ҚЫТАЙ, ЖАПОНИЯ, ИРАН, АУҒАНСТАН ЖӘНЕ ҮНДІСТАНҒА ЖІБЕРІЛУДЕ.

ЕРТЕҢ – ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

БОС ТҰРҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУКонкурсқа қатысатын барлық үміткерлерге

қойылатын жалпы біліктілік талаптары: Е-R-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы, ғылыми дәрежесінің болуы.

Е-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

Санаты

Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген

жылдарына байланыстыmin max

E-R-3 74 313 99 938E-R-4 56 376 76 235E-R-5 49 969 67 907

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ

(080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, №3, 3-қабат, 314, 315-кабинет, анықтама үшін телефондар: 8 (7262)

43-46-66, 43-47-23 (тел/факс), [email protected])бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға

орналасуға конкурс жариялайды

1. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жалпы секторының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-R-4 (№06-2).

Қызметтік міндеттері: ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуын рәсімдеу, кадрлар бойынша бұйрықтар дайындау; қызмет өткерген жылдары бойынша комиссия мәліметтерін, тәртіптік, аттестациялық комиссия мәліметтерін дайындау және қызметкерлерді ынталандыру мен марапаттауларға бұйрықтар дайындау; жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу және оны есеп бөліміне уақытылы өткізу; қызметкерлердің еңбек және ішкі тәртіп ережелерін орындауын қамтамасыз ету; еңбек тәртібін бұзу есебін жүргізу және сәйкес шаралардың уақтылы қабылдауын қадағалау; еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру; бөлімнің іс жинағын құрастыруға, мұрағаттық құжаттарды қабылдауға жауапты және сұраныстарға жауап беру; қала әкімінің, орынбасарларының және аппарат басшысының өткізген кеңестерінің хаттамалық

тапсырмаларының орындалуы бойынша ақпарат дайындау; бөлімнің атқарған жұмыстарының айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептерін жинақтау жүргізу; бөлім басшысы және оның орынбасарының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат дайындау; сектор меңгерушісі тапсырған басқадай жұмыстарды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық. Мамандығы – экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек және Бюджеттік кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актiлерiн білу.

2. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бухгалтерлік есеп және бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру секторының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-R-4 (№05-2).

Қызметтік міндеттері: Кредиторлық қарыздар және оларды өтеу үшін келіп түскен қаражаттар бойынша апталық ақпарат дайындау; ұйымның бюджеттік бағдарламаларын дайындайды (бюджетке енгізілген өзгерістерге байланысты); Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөліміне бюджеттік бағдарламалардағы спецификалар бойынша өзгерістер мен енгізулерге сұраныс жасайды, үзіліссіз анықтамаларға өзгерістерді енгізеді; әр айдың 1 жұлдызына бағдарламалар, спецификалар және жалпы жұмыспен қамту бөлімі бойынша орындалуы жөнінде есеп тапсыру; келесі жылға бюджет проекттісін дайындайды, нақтыланған бюджетке ұсыныс жасайды және бюджеттің орындалуына талдау жасайды; бюджеттік бағдарламаларының игерілуіне талдау жасайды; анықтама-ақпараттық материал дайындау; жеке азаматтардың және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне жауап дайындау; сектор меңгерушісі тапсырған басқадай жұмыстарды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, ҚР Еңбек және Бюджеттік кодекстерін, «Бухгалтерлік есеп және қаржы жүйесі туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн бiлу.

3. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жалпы секторының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-R-4 (№06-4).

Қызметтік міндеттері: Бөлімінің локальды жүйесін құру және техникаларды қолдануын қызметкерлерге үйрету, іс-жүзінде көмек көрсету; ARM EUOL бағдарламасын үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау, жөндеу шараларын қарастыру;

ARM EUOL бағдарламасының жүйесі бойынша тіркеу жұмыстарын жүргізу, есеп беру; жүйелер үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау және жөндеу шараларын қарастыру; Lotos-Notes, «Е-Собес», «Е-Акимат», «ИИС- ЦОН» бағдармаларының жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды жоюға көмек көрсету; атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы мәліметтерін бір жүйеге келтіріп, оның есебін жүргізіп отыру; жаңа ақпараттық технологияларды Бөлімнің жұмысын жандандыруға енгізу және қолдану; бағдарламаларды өндірістік қолданысқа қолдануға қабылдау; «Еңбек нарығы» бағдарламасын үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау, жөндеу шараларын қарастыру, жұмыссыздар базасын актуализация жасауға көмектесу; сектордың бас маманының жұмыс орнында болмаған кезінде уақытша алмастыру; сектор меңгерушісі тапсырған басқадай жұмыстарды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар. Мамандығы – автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн бiлу.

4. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету секторының жетекші маманы, 1 бірлік, санаты Е-R-5 (№02-13).

Қызметтік міндеттері: «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»; «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»; «Тұрғын үй көмегін тағайындау»; «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес жұмыс жүргізу; әлеуметтік төлемдерді (тұрғын үй көмегі, атаулы әлеуметтік көмегі жәрдемақысы) алу үшін тапсыратын құжаттарды қабылдау және тағайындау; «Әлеуметтік көмек», «ИИС-ЦОН», «Е-Собес», «Е-Акимат» және т.б. бағдарламалардың енгізілуін және орындалуын бақылау; әлеуметтік төлемдерді төлеуге ықпал ететін уәкілетті органдармен тығыз байланыста болу және учаскелік комиссия жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру; 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына берілетін жәрдемақыға және атаулы әлеуметтік көмегіне өтініш берген азаматтардың отбасылық тұрмыс жағдайын зерттеу; тұрғын үй көмегі, атаулы әлеуметтік көмегі, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы бойынша жәрдемақыны дұрыс тағайындалғаны және төленгені туралы әр маман материалды жауапты; әлеуметтік төлемдерге өтініш берген азаматтардың құжаттарының дұрыстығын тексеру; қолданылып жүрген іс - құжаттарының бөлімнің мұрағатына өткізілуіне дейінгі және қолданыстан шығып кеткенге дейін дұрыс сақталуына мамандар жауапты; қайырымдылық, демеушілік, ізгілік көмектеріне мұқтаждардың тізімін анықтау, басқармаға ұсыну; жеке азаматтарға және заңды тұлғаларға түсініктеме береді; жеке азаматтардың және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне жауап

дайындайды; қажеттілігіне қарай сектор меңгерушілердің басқада тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн бiлу.

5. Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің жалпы ұйымдастыру жұмыс секторының меңгерушісі, 1 бірлік санаты E-R-3 (№01-21-5).

Қызметтік міндеттері: Бюджетпен бекітілген қаржыландыру жобасын орындау және жобалау, бухгалтерлік есептер мен есептіліктерді ұйымдастыру, қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесінің есебін жүргізу. Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесіне сәйкес, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүргізу. Құрылыс басқармасына, қаржы бөліміне ай сайын есепті өткізу. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қадағалау және жобалау – іздену мекемелерінің жобалау-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстарын бақылау. Заңды және жеке тұлғалармен хат алысу. Бөлімнің қаржылық және есептік құжаттарының жұмыс жобаларын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы – экономика.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білуі, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық және заң актілері туралы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, іс жүргізу негізін білу, бухгалтерлік есеп, қаржы, салық және мемлекеттік басқару саласындағы қатынасты ретке келтірудегі Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілерін білу.

6. Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің жалпы ұйымдастыру жұмыс секторының бас маманы, 1 бірлік санаты E-R-4 (№01-21-5-1).

Қызметтік міндеттері: Бөлімнің қаржы экономикалық ж ұ м ы с т а р ы н і с к е а с ы р у . Қ а р ж ы - ш а р у а ш ы л ы қ жұмыстарының есебін жасау және оны уақтысында тапсыру. Бөлімнің қаржыландыру жоспарын жасау және орындау. Бухгалтерлік есеп және бюджеттік құралдарды мақсатқа сай пайдалануды қамтамасыз ету. Бөлімнің қызметшілеріне уақтылы төлем жасау, бөлімнің қызметіне қатысты есепті уақытында жүргізу, статистикалық, салық, және бухгалтерлік қаржы операцияларын жасау. Бөлімнің балансындағы активтерді, материалдарды және тез тозатын заттарды бақылау және олардың сақталуын қамтамасыз ету. Ақшаларды, материалдық құндылықтарды және есеп айырысуларды түгендеу жүргізуге қатысу. Түгендеудің қорытындысын уақытысында жасау, оларды есепке қосып отыру. Банкке керекті құжаттарды дер кезінде ашу және жоба-іздену жұмыстарын үздіксіз қаржыландыруы.

Заңды және жеке тұлғалармен хат алысу. Секторларды материалмен, техникамен қамтамасыз ету және бөлімнің қызметшілерінің еңбекақысы жөніндегі сұрақтарды бақылау. Бөлімнің қаржылық және есептік құжаттарының жұмыс жобаларын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы – экономика.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Бюджет жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» және осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Қағида); 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің тізілімінде 2010 жылы 21желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Тараз қаласы әкімі аппаратына тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясына қарау құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, №3 үй (3-қабат) мекен-жайында орналасқан Тараз қаласы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын

үй және жеңілдіктер берілмейді.

АТЫ ДАРДАЙ АУДАНДА АВТОБЕКЕТАВТОБЕКЕТ НЕГЕ ЖОҚ?!

ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ, ҚҰДАЙҒА ШҮКІР, СӘУЛЕТІ ЖАҒЫНАН ОБЛЫСТА ӨЗГЕЛЕРМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА, ОҚ БОЙЫ ОЗЫҚ ТҰР. АРХИТЕКТУРАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛА КЕЙІПІНЕ ЖАҚЫН ДЕУГЕ БОЛАДЫ. ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРДЕ КӨРНЕКТІ ҒИМАРАТТАР ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА БІРІМЕН БІРІ ЖАРЫСЫП БОЙ КӨТЕРУДЕ. ҚЫРЫҚ МЫҢҒА ЖУЫҚ ХАЛЫҚ ТҰРАТЫН ҚОРДАЙ АУЫЛЫНДА ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ ҮЛКЕНДІ-КІШІЛІ ОНДАҒАН СУПЕРМАРКЕТТЕР, ҚОНАҚ ҮЙЛЕР, АЛТЫ БІРДЕЙ ОРТА МЕКТЕП, ОСЫНША БАЛАЛАР БАҚШАЛАРЫ, АУЫЛДЫҢ ЖАН-ЖАҒЫНАН ӨЗ АЛДЫНА ЫҚШАМ АУДАНДАР ПАЙДА БОЛЫП, ІРГЕСІ КЕҢЕЮДЕ.

Құрманбек ӘЛІМЖАН,«Ақ жол». Жинақтап айтқанда, осының барлығы өркениетті

мемлекетке тән өзгерістер. Алайда, үлкен жолдың бір тармағы Тараз бен Шуға, келесісі Алматыға, онан кейінгісі Бішкекке бағыт алатын, яғни, адамдар оңды-солды ағылып жататын Қордай ауданында... автобекет жоқ. Кеңес заманындағы ескі автобекет жекеменшікке өтіп, басқа мақсаттарға пайдаланудан әбден тозығы жеткен. Алматы жақтан келетін жолдың Қордайға кіре берісінде орталықтың сәнін кетіріп, бекерге тұр. Ұсқыны көрген жанның көңілін құлазытады.

Бізде адамдардың тұрмыс-тіршілігіне қамқорлық жайлы әдемі айтылады. Бірақ... адамдар ертеңнен кешке дейін, тіпті түн мезгілінде де аяғынан тозып, сапырылысып жатса, ол еріккеннен емес, бәрі күнкөріс қамы. Жұрттың бәрінде бірдей жекеменшік автокөлік жоқ, кез-келген шаруасына қарай «шауып» жүре беретін. Қарапайым жұрттың дені жаяу-жалпылы. Соны көріп, ескермейміз. Айтайын дегенім, Алматыға болсын, Таразға болсын сапарға шыққан жолаушы ауданға кіре берістегі тоғыз жолдың торабында (Алматы – Бішкек – Тараз–Шу) жаздың аптап ыстығында, қыстың ақырған аязында, жауын-шашында ашық аспан астында көлік тосып, топырлап тұрады. Сол маңайдың ар жақ, бер жағында иін тірескен таксилерді жалдауға қалталары көтермейді. Белгілі жай, адамдардың сұранысын тудыратын қажеттілік аз болмайды. Алайда, сұраныстар әрқилы. Оның кез-келген сәтте кез-келгеннің қызметіне тұрақты ауадай қажеттілері бір басқа да, жұрттың бір бөлігіне ғана керекті қызмет бір басқа. Сонда қайсысының жөні бөлек? Әрине, қалың жұрттың қажетін өтейтіні. Ол қордайлықтар үшін дәл бүгінгі таңда – автобекет. Оның құрылысына облыстық бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп қойылған екен. Ол қаржы игерілмесе облыс көп ұзамай кері қайтарып алады. Сонда келген қаржыны «керегі жоқ» деп, кері ысырғанмен бірдей болады. Жоғарыда атын атап, түсін түстеп көрсеткен тоғыз жолдың торабында автобекет салуға лайықты, айналасы кең орын да бар екен. Сонда істі бастап кетуге не кедергі, кім қолбайлау?

Бізге жеткен хабар, әлгі қолайлы орынға басқа мақсаттағы құрылыс салуды көздегендер кесе көлденеңдеп тұрса керек. Алайда, ендігі жерде жан-жағымызға байыппен қарауды қаперден шығаруға болмайды. Елдік мүддеден жеке байшыкештер биік тұра алмайды.

«Сондықтан аты дардай үлкен ауданда автобекет неге жоқ?» деген сауал қойылмауы тиіс. Оның аржағында көп ұлтты тұрғындардың бәріне ортақ қажеттілікті орындау мүддесі тұр. Ал бұл – ойланбауға болмайтын мәселе.

Қордай ауданы.

ОЙЛАНАТЫН МӘСЕЛЕ

Қордайдағы жол тосқан жолаушыларҚордайдағы жол тосқан жолаушылар

Page 4: "Ақ жол" газеті PDF нұсқа №75-76 Сейсенбі, 20 мамыр 2014 жыл

4 24 мамыр, 2014 жылwww.akjolgazet.kz

«А ЖОЛДЫ�» ЖА�А ЖОБАСЫ: ЖУРНАЛИСТ ОЙ АЙТАДЫ, М�СЕЛЕ К�ТЕРЕДІ

ЕУРОПА ҰЛЫЛАРЫНЕУРОПА ҰЛЫЛАРЫНТАМСАНДЫРҒАНТАМСАНДЫРҒАН

Жылқының бірегей қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен жасалатын тамаша сусын – қымыз халқымыздың ежелгі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға

қуат берген. Қымыздың тарихы тереңнен басталады. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырда грек тарихшысы Геродот скифтердің бие сүтінен сусын ашытатынын, оның дайындау құпиясын ешкімге айтпайтынын жазса, ұлы орыс ақыны А. С. Пушкин де қазақтың ұлттық сусынына жақсы пікір айтқан. Француз саяхатшысы Вильгельм Рубрук та 1253 жылы қазіргі Татарстан аумағымен саяхат шегіп, қымыз ішкен екен. Қымыз жайлы XVIII-XIX ғасырларда көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігін бақылаған С. Аксаков та жақсы лебіз білдірген. Оның жазбаларына қарағанда, ең алғаш қымыздың дәрілік қасиетін біліп, онымен емдеген Уфа қаласының дәрігерлері, дәлірек айтқанда доктор Авенариус.

Біздің елімізде қымызбен емдейтін алғашқы шипажай 1858 жылы ашылған көрінеді. Бұл шипажайды ұйымдастырушы Н. Постников оны 55 жыл бойы басқарған. Ал, қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда болған. Сол жылы Торғайда темір жол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы да жұмыс істеген.

Осы келтірілген деректерден қымыздың адам өміріндегі маңыздылығын, оның денсаулыққа пайдасын айтып, тауысу мүмкін емес. Қымызда адам ағзасына қажетті элементтердің барлығы табылады. Сонымен қатар, бие сүтінің құрамы дәрумендердің молдығымен дараланады.

Қамбар ата төлін өзге түліктерден даралап тұратын да осы бірегей сусынның қасиеттілігінің арқасы. Халқымыз ежелден еншілеген қымыздың қадіріне қазір жетіп жүрміз бе? Біз осы сауалға жауап іздеп көрген едік.

ҚЫМЫЗДЫҢ ТҮРЛЕРІҚЫМЫЗДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз:

Үйірілген сары алтындай сары қымыз,Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз.Елімнің баяғыдай сүйген асы,Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, – деп жырлаған екен. Бұл өлең жолдарынан қымыздың қасиетімен бірге

оның түрлерінің көп болғанын аңғарасың. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған. Мұны бүгінде көпшілік қауым, әсіресе, жастар жағы біле бермейтіні жасырын емес. Сондықтан қымыздың негізгі түрлеріне қысқаша сипаттама бере кетуді жөн көрдік.

Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі тарамаған кезде ашытылған қою қымыз.

Саумал – баяу ашытылған немесе ащы қымызға жаңа сауған бие сүтін қосып пісу арқылы жұмсартылған, қарттар мен балаларға арналған қымыз.

Сары қымыз – жаз ортасында шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз.

Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз.

Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады. Ол саумал ішпейтін адамдарға беріледі.

Қысырдың қымызы – бұл әдетте, қыс айларында ауру адамға немесе үлкен той-думандарға, кейде өте сыйлы қонақтарға арнап, жазда қысыр қалған, бірақ, тайы еміп жүрген биелердің сүтінен ашытылады.

Қысырақ қымыз – бірінші рет құлындаған биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қысырақ қымызды әдетте ту қымыз деп те атайды.

Бал қымыз – қымызға тәттілік беру үшін, бал, қант, өрік, мейіз қосып піседі. Бал қымыз көбінесе сырқат адамға, балаларға, сондай-ақ, жаңа босанған әйелдерге арналады. Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытылады;

Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан

қымыз;

Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне сүт құйып, бірнеше күн жиналған мол қымыз, оны қорланған қымыз деп те атайды.

Сірге жияр қымыз – күзді күні бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.

««ХАН ҚЫМЫЗХАН ҚЫМЫЗ»»»»ҚҚАЛАЙАЛАЙ ӨМІРГЕ КЕЛДІ?ӨМІРГЕ КЕЛДІ?

Бүгінде «Хан қымыз» тауар белгісіндегі сапа сертификатымен еліміздің Атырау, Солтүстік Қ а з а қ с т а н , С е м е й , Қ а р а ғ а н д ы , А л м а т ы

облыстарында қымыз өндіріледі. Бұл орайда бізге мақтанып айтуға тұрарлық бір жайт «Хан қымыздың» дайындалу технологиясының бастау алған ошағы – Тараз қаласы екендігі. Бұл бағытта белгілі кәсіпкер, қымыз өндіруші «Заң» ЖШС-ның директоры Дүйсенбек Ыбыналиевтың еңбегі ерен. Қымыздың қыр-сырын жетік білетін азамат өзі жетекшілік ететін «Абсент» асыл тұқымды жылқы фермасы жанынан жақында тәулігіне бір тонна қымыз өндіріп, шығаратын кәсіпорын ашып, ауқымды жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр. Біз осы игі мақсаттағы іске дайындықтың барысымен танысу үшін Дүйсенбек ағаны әңгімеге тартқан едік.

– Бүгінде қымыз цехын ашуға қажетті құрал-жабдықтарымыз жеткілікті. Сонымен бірге, тиісті органдар тарапынан берілетін қажетті құжаттарды даярлап бітіп қалдық. Осы құжат қамын жасауға бір жыл, екі ай уақыттың кеткендігін де жасырмаймын. Қазіргі кезде фермада сауын биенің басы жетпейді. Күніне 100 литрдей қымыз сауамыз. Есесіне, тұтынушылар тарапынан бие сүтіне деген сұраныс өте жоғары. Ал, тәулігіне бір тоннаға дейін қымыз шығару үшін сырттан сүт қабылдауға тура келеді. Цех толыққанды ашылған соң, өзгелерден сүт қабылдау құқығына ие боламыз. Қазірдің өзінде Байзақ, Жуалы, Жамбыл аудандарынан сүт өткіземіз деп ниет білдіргендердің қатары көбейіп жатыр. Цех ашылған соң, сүт өткізетіндерге арнайы анықтама беремін. Олар осы арқылы қымыздың әр литріне Үкімет тарапынан тағайындалған 60 теңге субсидиясын иемденуге мүмкіндік алады. Осылай, көптеген отбасы табыс тауып, өз кәсібін жетілдіреді. Әзірге, ауыл тұрғындары мұны білмей отыр. Биені тек құлын үшін ғана ұстайды көпшілігі. Біз өз тарапымыздан есептеп көрдік. Бір бие бір маусымдық жұмыста айына 150 мың теңге табыс кіргізеді екен. Осыдан-ақ, жылқының пайдасын пайымдауға болады, – деді кәсіпкер.

Ер қанаты – жылқыға жастайынан ынтық болған ақсақал көп жыл ішкі істер саласында қызмет атқарған. Бүгінде отставкадағы полковник. Бұл істі

тек қызығушылық үшін осыдан 10 жыл бұрын қолға алған екен. Кейіннен сұраныс артқан соң, мал басын көбейтіп, қымызды елге сата бастады. Бір ерекшелігі, олар қымызды ірі сауда орындарына, дүкендерге, көше бойындағы қымызханаларға өткізбейді. Өйткені, алыпсатарлар өз пайдасы үшін өнімге су араластырып, дәмі мен құрамын бұзуы мүмкін. Ал, кәсіпкер үшін ең бастысы – ашыту үрдісін бастан-аяқ қадағалап, әзірлейтін қымыздың сапасы.

Қымыз даярлауға аса ыждаһаттылықпен қарайды. Ол үшін Дүйсенбек аға ата-бабамыздан қалған қымыз дайындаудың ежелгі тәсілінен артық ештеңе жоқ деп есептейді. Осының арқасында он жылдан бері елге тек сапалы өніммен танылды. Ұлттық сусынды қадір тұтатын өздерінің тұрақты тұтынушылар тобы да қалыптасқан. Бір айта кетерлігі, ол кісі ұлттық дәстүрді инновациялық жаңалықтармен ұштастырып келеді. Мәселен, биелері арнайы аппаратпен сауылса, қымыз кәдімгі ағаш күбіде электр қуатына қосылған қозғауыштың көмегімен пісіледі. Қолдың күшін сарп етпей, заманауи технологияны ойлап табуы да кәсіпкердің ізденісінің арқасында мүмкін болып отырғанын айту ләзім.

– Сүтті неғұрлым көп піскен сайын қымыздың сапасы жақсара түседі. Мәселен, бір күбіге 60 литр сүт сияды. 73 соққы бір минутта беріледі. Бір күбі 10 минут пісіледі. Сонда есептей беріңіз, қымыздың сапасы осыдан жақсы болады, – деп ағынан ақтарылды ақсақал.

Бір тамашасы, тұтынушылардың барлығы мұндағы өнімнің тазалығы мен құнарлылығына әбден көз жеткізген, сондықтан, басқа жаққа сандалмай, қымызды шаруашылықтың өзінен келіп, алып кетеді. Мұндағы қымыздың «Хан қымыз» аталуы да осы жоғары сапасының арқасында. Қымызды даярлауда Тараздан бастау алған

бұл технология бүгінде еліміздің әр түкпіріне тарауда. Дүйсенбек Ыбыналиев басқаратын «Заң» ЖШС-ның қымыз дайындаудағы әдіс-тәсілдерінде бүгінде ұмыт қалып бара жатқан күбі, саба, ағаш ыдыс-табақтар қолданылады. Бұл үрдіс кейбір шаруашылық өкілдеріне үлгі болар деген сенімдеміз.

Шаруашылықта 100-ге жуық бие бар. Олардың барлығы бірдей сауыла бермейді. Жалпы, бие басынан күніне орта есеппен 10-12 литр сүт сауылады, ал, кейбір биелер 15-17 литрге дейін сүт береді.

Бүгінде қымыз өндірушілердің дені маусымдық деңгейде ғана жұмыс істейтіні белгілі. Осы қалыптасқан үрдістен шығу үшін, «Абсент» жылқы фермасы тағы да ізденіс үстінде. Бұл орайда, Дүйсенбек аға:«Бір биені сәуірде құлындататын болсақ, кейбірінен қазан айында құлын алу мәселесін қарастырсақ, біз келешекте жыл бойына қымыз даярлауға мүмкіндік аламыз» дейді.

ҚЫМЫЗ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМҚЫМЫЗ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Кезінде жаз жайлаудың тамаша сусыны ретінде дарқан даланың мақтанышына айналған қымыз бүгінде ғылымның назарын өзіне қаратты. Мәселен,

табиғаты аса қатал, бие байлауға жайсыз, Саха елі осыдан он жыл бұрын «Саха Республикасындағы қымыз өнеркәсібі туралы» арнайы Заң қабылдап, қымызды әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қатарына қосып қойыпты. Ал, Франция мен Германияда да қымыз өнеркәсібі тамырланып, дамып келеді. Немістің Ганс Цольман есімді кәсіпкері 600-ге жуық бие байлап, қымыз ашытудың қыр-сырын меңгерген екен. Осы неміс халқының «Эквимед» компаниясы қазақстандық профессор Кеңесхан Дүйсенбаевтың технологиясы бойынша бие сүтінен ең кішкентай нәрестелер үшін ана сүтінің орнына қолданылатын ғажайып қуаты бар тағамдар әзірлейді. Бір кездері «немістер қымызды патенттеп алыпты» деген хабар да тараған. Мұны естіп, талай қазақтың зығырданы қайнаған-ды. Алайда, бұл қауесет болып шықты. Қазақтың сонау ата-бабасынан мұра болып қалған ұлттық сусынын немістер патенттеп алмаған. Тек «KUMUS» немістік тауар белгісін тіркеген. Қымызды ғылым көкжиегіне шығарып, патент мәселесіне келгенде де Дүйсенбек аға біраз тер төкті. Алдыңғы жылы жазда техника ғылымдарының докторы, ғалым-профессор Ерман Спандияровпен бірлесіп, бір күндік жуас қымызды екі ай бойы орташа қысымда сақтап көрді. Сусын сол уақыт аралығында ешбір бұзылмай, тіпті, ұзағырақ сақтаған сайын құндылығын арттыра түскен. Ол туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы зертханасының берген арнайы құжаты да бар. Онда: «Сегіз апта бойы тұрмыстық тоңазытқышта 2 градус орташа температурада сақталған қымыз құрамындағы қышқылдың көлемі осы сегіз аптада 75,7-ден 132 градусқа дейін ғана көтерілді, сондықтан, сусынды осы температурада 2 ай бойы сақтауға болады» деп жазылған. Бұл дегеніміз қымызды арнайы құтыға құйып, мол етіп өндіруге және оны экспорттауға мүмкіндік бар деген сөз.

Жуырда Дүйсенбек Ыбыналиевке Тараз мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры атағы берілді. Бұл атақ ол кісіге өзі басқаратын «Заң» ЖШС-ның «Қымыз дайындау тәсілі» тақырыбындағы табысты еңбегі үшін Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы комитетінің өнертабысқа инновациялық патентіне ие болған жетістігіне орай тапсырылды. Осылай, қымызды 60 күнге сақтау жөнінде Қазақстанда алғаш рет «Хан қымыз» табиғи қымызын дайындау тәсіліне инновациялық патент алынды. Қазір де ұлттық сусынның жанкүйері қарап отырған жоқ, қымыздың дәмі мен сапасын бұзбастан 6 ай, тіпті, одан да ұзаққа сақтауға болатынын дәлелдеу үшін тағы да тәжірибелер жасау үстінде.

Жалпы бие сүтінің, қымыздың құрамын ғылыми тұрғыда зерделеп, зерттеуде Тараз мемлекеттік университетінің «Наноинженерлі зерттеу әдістері» зертханасы айтарлықтай жұмыс жасауда. Әлгінде сөз еткен жергілікті табиғи қымыздың сақталу мерзімін 60 күнге дейін жеткізетін «Заң» ЖШС кәсіпорын стандартын дайындауда да осы зертхананың қосқан үлесі зор. Біз аталмыш зертханаға да бас сұққан едік. Зертхана инженері Ерлан Әтенов мұнда атқарылып жатқан кешендік жұмыстардың барысы жайлы тарқатып айтты.

– Бүгінде біз халқымыздың басты құндылығы – ұлттық тағамдарымызды ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеп, зерделеуге күш жұмылдыруымыз керек. Бұл бағытта Тараз мемлекеттік университеті тарапынан ауқымды шаралар қолға алынуда. Былтыр біз университет кешенінде «Қымыз – ұлттық құндылығымыз» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткіздік. Осы алқалы жиынның соңында ғалымдар тарапынан айтылған пікірлер бойынша ұсыныс әзірледік. Сонда университеттің негізінде қазақтың ұлттық тағамдары деген республикалық ұлттық орталық ашу туралы ұсыныс айтылды. Бізде тамақ өнімдерімен айналысатын кафедра бар. Ол жерде наурыз көже мен ешкінің сүтінен балалардың тағамдарын әзірлейді. Балалар тағамына қосатын түрлі құнарлы ұнтақтар жасалады. Осындай жұмыстардың барлығының басын бір арнаға тоғыстырып, келешекте ғылыми негізде жұмыс жүргізілсе, ұлттық тағамдарымызды ұлықтауға зор мүмкіндік ашылар еді. Біз бұл бастама жөніндегі ұсынысымызды Білім және ғылым министрлігіне жолдадық. Олар оның тұжырымдамасын жасаңдар деді. Бүгінде осы бағыттағы шаралар зерделенуде. Зертхана ұлттық сусынымыз қымызға қатысты да біраз тәжірибені бастап кетті. Профессор Ерман

Спандияровтың жетекшілігімен жүргізілген қымыздың табиғи түрде екі айға дейін сақталуына қатысты тәжірибеміз ғалымдардың назарын өзіне аударды. Ал, қазіргі таңда «Заң» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп, бие сүтінің құрғатылған түрі бағытында жұмыс жасап жатырмыз. Құрғатылған ұнтақтан таблетка жасап шығардық. Оған қажетті шикізатты яғни, құрғатылған бие сүтін Өскемен қаласындағы «Игеру» шаруа қожалығынан алдық. Таблетканы балаларға қосымша тағам ретінде беруге болады. Әзірге бұл жұмыс ғалымдардың атсалысуымен зертханада толық зерделенуде. Оның барлығының ғылыми негізі аяқталған соң, ұсыныстарымызды Ұлттық тағамтану академиясына жолдаймыз. Содан кейін барып ол қолданысқа енгізілуі мүмкін. Жылқы сүті құрамы жағынан ана сүтін алмастыратын жалғыз өнім. Қазіргі жас аналардың кейбірі өз сәбилерін табиғи қоректендіре алмайды. Жас сәбилер туыла сала шетелдік түрлі тағамдармен қоректеніп жатады. Сондықтан біздер қолда бар асылымызды қадірлеу үшін аянбай еңбек етуіміз керек, – деп сөзін сабақтады жас инженер Ерлан Иманғалиұлы.

Осы орайда Дүйсенбек аға: «Ендігі ойым қымыздың қай ауруға, қандай ем екендігін ғылыми тұрғыда дәлелдеуге атсалысу» дейді. Бұған қатысты дәрігерлермен әзірлік жұмыстарын бастап та кетіпті. Қырық кеселге ем болған сусынның қант диабеті ауруына қандай септігін тигізетінін нысанаға алып отыр екен ТарМУ-дың профессоры. Оның айтуынша, бұл зерттеу ғылым мен медицинаға үлкен серпіліс әкелуі мүмкін. Өйткені, бие сүтінде қант көп болғандықтан, оның ағзадағы қантты арттырып жіберуі ғажап емес. Алайда, Дүйсенбек аға оның өзіндік құпиясы бар, Алла жазса оны дәлелдеп шығуға даяр екендігін жеткізді. Мұндайда тек іске сәттілік тілеу керек.

ҚЫМЫЗҚЫМЫЗ -- ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚҰЛТТЫҚ БРЕНДІБРЕНДІ БОЛУҒАБОЛУҒА ТИТИІСІС

Қымыз өндіруде Ресейде сексеннен, ал, Германия-да елуден астам мамандандырылған кәсіпорын бар екен. Біздің елде олардың қатары саусақпен

санарлық қана. Ал, қолда барларының қадіріне жету үшін «Қымыз туралы Заң» қабылдауымыз керек. Сондай-ақ, қымызды ғылыми тұрғыда зерттеу орталығы ашылса да біраз серпіліс болар еді. Үмітіміз алда. Жақында Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында «Республикада жылқы шаруашылығын 2020 жылға дейінгі кезеңде дамытудың үлгі-жоспары» дайындалды. Жоспардың негізгі мақсаты – елімізде жылқы еті мен сүтін өндіруді дамыту, шалғайдағы жылқы шаруашылығын өркендету болып табылады.

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасынан алынған мәліметке сүйенсек, өңірде жылқы шаруашылығы саласы жылдан-жылға дамып келеді. Мәселен, 2000 жылдардың соңына облыстағы жылқының саны 50 мың басты құраса, ағымдағы жылдың басына 93 мың басқа жетіп, 2 есеге артып отыр. Соңғы жылдары облысымызда жергілікті жерлерде өсірілетін жылқы тұқымдарын асылдандыру жұмыстары ұзақ уақытқа белгіленген перспективалық жоспарларға сәйкес жүргізілуде. Соның нәтижесінде өңірдегі асыл тұқымды жылқының үлес салмағы 22 пайызға жетті, республикада бұл көрсеткіш 10,4 пайызды құрайды. Асыл тұқымды жылқының 90,3 пайызы өнімділік бағытындағы мал екендігі қуантады. Сонымен қатар, 2013 жылы республикалық бюджеттен өндірілген 239,9 тонна қымыз өнімін субсидиялауға тауар өндірушілерге 14,4 миллион теңге қаржы төленді. Бұл есептік көрсеткіштерден атқарылып жатқан жұмыстардың біршама жолға қойылғанын көреміз. Алайда, қазір қымыз өндіруші де, бие ұстап отырғандардың барлығы дерлік бір литр қымызға мемлекет тарапынан берілетін 60 теңге субсидияны алып отыр деп айта алмаймыз. Өйткені, жылқы ұстап отырған адам оны сауып, зауыт ашып, оны дүкендерге шығара алмайды. Субсидия өзі жылқы ұстап, зауыт ашқан, дүкенге шығара алатындарға ғана беріледі.

Ақпарат көздеріне жүгінсек, бүгінде еліміздің әрбір аймағында қымыз өндіру ісінде өзіндік үлес бар. Бұл көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысында – 98, Қарағанды облысында – 74, Жамбыл және Қостанай облыстарында – 95, Алматы облысында 29 пайызды құрайды. Жалпы, елімізде жылына 22 мың тонна қымыз өндіріледі екен. Мәселен, өткен жылы облыста 2137, 2 тонна бие сүті өндірілген. Ал, халықаралық өлшем бойынша бір жылда біз 330 литр сүт және сүт өнімдерін тұтынуға тиіспіз. Ендеше, бие сүтін және қымызын ішуде осындай стандарттық деңгейге жетуге толыққанды мүмкіндік туғызу өз қолымызда емес пе? Ол үшін қымыз өндірушілерге барынша жағдай жасау керек. Ең алдымен қымызды әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қатарына қосу қажет. Бұл халқымыздың басты байлығы – денсаулығының мықтылығы үшін жасалған қамқорлық болар еді.

Жыл сайын көктем туа салысымен қаланың әр жерінде қымызхана-киіз үйлер ағараңдай бастайды. Олардың алаңсыз жұмыс істеуіне де түрлі кедергілер бар көрінеді. Арнайы органдар тарапынан тексеріс жиі жүргізіледі екен. Оның да өзіндік себебі жоқ емес. Өйткені, қымызханалардың дені көше бойларына ретсіз орналаса береді. Бұл орайда шаруашылық иелеріне бүгінгідей дамыған заманда сауда мәдениетіне де баса мән беру қажет екендігін еске саламыз. Ұлттық сусынды дамытудың жолындағы осындай жайлар келешекте бір шешімін табар деген сенімдеміз. Біз қымызбен қалай мақтансақ та жарасады. Ақтамберді жыраудың сөзімен айтқанда: «Жалқыдан асқан мал бар ма, Қымыздан асқан дәм бар ма?!».

ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ!

Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясы

тұрғындарға телеграф жұмысының жұмыс істеу кестесінің өзгеруі

туралы хабарлайды.2014 жылдың 1 маусымынан бастап

телеграмма жеткізу және қабылдау учаскесі жаңа жұмыс тәртібіне көшеді:

– жұмыс күндері 09.00-17.30, үзіліс 13.00-14.00;– сенбі, жексенбі,

мейрам күндері – демалыс.

Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы осымен 5 жыл қатарынан халыққа және медицина қызметкер-леріне тегін дәрілерді қайдан, қалай және қандай ауруларда алуға болатыны туралы дәйекті ақпарат ұсынып келеді. Біздің мамандарға тек бір күннің ішінде 30-дан аса адам хабарласады. Бұл көрсеткіш орталық қызметіне халық сенімінің артқандығының айқын дәлелі бола алады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тегін дәрілер Тізбесіне сәйкес, диспансерлік есепте тұрған науқастар өзінің аумақтық емханасында тегін дәрілерге қол жеткізе алады. Дәрілік заттарды учаскелік дәрігерлер немесе бейінді мамандар (гематолог, эндокринолог, пульмонолог және т.б.) тағайындайды.

Д ә р і л е р м е н т е г і н қ а м т а м а с ы з ету, оларды дұрыс пайдалану, дәрілік заттардың тиімділігі және жанама әсерлері туралы толық ақпаратты, Сіз еліміздің кез-келген аймағынан ДАТО Call қызметінің 8 800 080 88 87 нөміріне хабарласып немесе www.druginfo.kz. сайтына өз сұрағыңызды жолдап, біле аласыз.

ДАТО 2009 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бастамасымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құрылғандығын естеріңізге саламыз. Бүгінгі таңда ДАТО еліміздің барлық 14 облысында және Астана, Алматы қалаларында жұмыс жасауда.

О р т а л ы қ қ а қ о ң ы р а у ш а л ы п , ө з сауалдарыңызды ресми сайтымызға жолдаңыздар. Біздің қызметіміз Сіздерге арналады!

Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығыҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК.

Тегін дәрілерге өз құқықтарыңыздыбіле жүріңіздер

ЖЫЛҚЫДАН АСҚАН МАЛ БАР МА,ЖЫЛҚЫДАН АСҚАН МАЛ БАР МА,ҚЫМЫЗДАНҚЫМЫЗДАН АСҚАН ДӘМ БАРАСҚАН ДӘМ БАР МАМА?!?! ..

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЕЖЕЛДЕН ТӨРТ ТҮЛІГІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАП, ОЛАРДЫ БАҒЫП,

КӘДЕСІНЕ ЖАРАТҚАН. ДЕГЕНМЕН, ІЛГЕРІ ЗАМАНДА ЖЫЛҚЫНЫҢ ТІРШІЛІКТЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

ОРАСАН БОЛҒАН. «ЖЫЛҚЫ – МАЛДЫҢ ПАТШАСЫ» ДЕГЕН ТӘМСІЛ ДЕ СОЛ КЕЗДЕ ТУСА КЕРЕК. ШАРУАЛАР БАРЛЫҚ ТҮЛІКТІҢ ІШІНЕН ЖЫЛҚЫ ӨСІРУ ӨТЕ ЖЕҢІЛ

ӘРІ ЫҢҒАЙЛЫ ЕКЕНДІГІН АЙТАДЫ.

КЕШЕ ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАЙТЫН КӨЛІКТЕРДЕГІ ТАРИФКЕ ҚАТЫСТЫ ТАРАПТАРДЫҢ ЖИЫНЫ БОЛЫП ӨТТІ. ОҒАН ҚАЛА ӘКІМІ НҰРЖАН КАЛЕНДЕРОВ, ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ РАХМАНҚҰЛ БАЙТЕЛИЕВ ЖӘНЕ ҚАЛАДАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН АВТОПАРКТЕР МЕН ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕГІ САЛАҒА ЖАУАПТЫ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Басқосуда бірінші сөз алған Тараз қаласы бойынша жолаушылар тасымалдау ассоциациясының басшысы Асқар Жанұзақов әріптестері атынан 2011 жылы белгіленген тарифтен бері бағаның 143 пайызға өскендігін айтып, алдағы 5 маусымнан бастап жолақыны қымбаттатуға ниеттеніп отырғандарын жеткізді. Сондай-ақ, ол бұлай болмаған жағдайда, көрсетілген мерзімде жолаушылардың белгіленген санатындағыларға қарастырылған жеңілдіктердің бәрін алып тастауға бекініп отырғандарын да жасырған жоқ. Одан кейін сөз алған облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл Байтелиев: «Биылғы жылы тариф көтерілмейді. Жолақы мәселесін келесі жылдан бастап қарастырамыз. Бастапқы баға сол қалпында қалады. Сіздердің жағдайларыңызды жақсы түсінеміз, бірақ талаптарыңызды орындай алмаймыз. Сондықтан жарты жылға дейін шыдауларыңызға тура келеді», – деп кесіп айтты. Бұған келіспейтіндіктерін білдірген автопарк басшылары әртүрлі уәждерді алдыға тартумен болды. Алайда, олардың уәждеріне жоғарыдағыдан басқа жауап қайтарылған жоқ.

Қорыта айтқанда, жиынға қатысушы тараптар тариф мәселесі бойынша да, жеңілдіктер мәселесі бойынша да жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бір айдан соң ортақ шешім шығару үшін қайта бас қосуға келісті.

Шыңғыс ЕГЕМБЕРДИЕВ,Тараз қаласы әкімдігі баспасөз

қызметінің жетекшісі.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІМӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

ӘЗІРГЕ ЖОЛАҚЫӘЗІРГЕ ЖОЛАҚЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

Фариза ӘБДІКЕРІМОВА,«Ақ жол».

Page 5: "Ақ жол" газеті PDF нұсқа №75-76 Сейсенбі, 20 мамыр 2014 жыл

АЛАШ АРДАҒЫАЛАШ АРДАҒЫ 524 мамыр, 2014 жыл www.akjolgazet.kz

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,«Ақ жол».

Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші секретары Дінмұхамед Қонаевқа басқа әріптестері жеке бастарының қам-қарекеттерін айту үшін

кіріп жатқанда, Шөкең өзін алақанына салып әлпештеген халқының ана тілі мен рухы аяққа тапталмауын айту үшін кірген. Қазақ мектебін ашу туралы, тіпті, қолына қалам алып хат та жазған. Бұл туралы Димекең кезінде: «Қазақ тілі, қазақ балабақшаларын ашу туралы мазасыздана ойын айтып, Шона Смаханұлы қабылдауымда жиі болатын» деп ағынан жарылды. (Д.А.Қонаев. «Өтті дәурен осылай». Алматы, 1992 жыл).

Шонадай шоқ тілді ағасының жолын қуып, сын-сықақ шеберлерінің сапына қосылған Көпен Әмірбек: «Шона Смаханұлы Кеңес өкіметінің кезінде туып, сол дәуірде дүниеден озды. Тәуелсіз еліміздің желбіреген көк байрағын көре алмай кеткен қайраткер. Республика бойынша қазақ мектептері мен балабақшалары бірінен соң бірі жабылып, тіліміз бен ділімізден безіп, жаппай орыстануға айнала бастағанымызда жалғыз өзі атойлап шыққан жеке батыр.

Тілі үшін тірескенмен тіресіп, күрескенмен күресіп жүріп Алматыда қаншама қазақ мектептерін ашқызды! Жалғыз өзі жалықпай, шүлдірлеп сөйлесетін сәбилерімізді үйме-үй үгіттеп жүріп, қазақ балалар бақшасына апарғызды. Ал, қазақ балалар бақшасын ашу үшін жоғары-төменді шенеуніктерге дүркін-дүркін хат жазып, қара терге түскеніне бәріміз куәміз. Шона аға осыдан отыз жыл бұрын қазақ тілінің мәртебесі туралы кеудесін оққа төсеп ашық күрескенін көзіміз көрді. Көбіміз үндемедік. Бұғып қалдық. Партиядан қорықтық. Саясаттың салқыны тисе, «тұмауратып» қаламыз ба деп үріктік. Шона ағамыз бұққан да жоқ, үріккен де жоқ. Әй, батыр екен-ау!» деп толғанады. (Шона Смаханұлы. «Әнші әтеш». Алматы. «Жазушы», 2005.).

«Елу жыл ел ағасы» (Алматы. «Санат». 2002.) деген ұжымдық жинаққа енген естелігінде жазушы Қуандық Түменбай болса Шөкең туралы: «Алматыдағы орталық поштаның алдынан кесіп өтіп, Жазушылар одағына қарай беттеп бара жатыр едім, қолтығында пәпкесі, тымпың-тымпың басып, қарсы алдымнан Шөкең (Шона Смаханұлы) жолықты.

– Асығыссыз ғой, Шөке, – дедім қол алысып тұрып.– Димекеңе бара жатыр едім. Қалада тағы екі-үш

баланың атын Димаш қойған екен, соны айтып қуантсам деп.

Өз көңілінен гөрі өзгенің көңілі гүл болғанын қалайтын Шөкең қолтығындағы пәпкесін бір көтеріп қойды.

– Шөке, Ыбырай Жақаев ағаңыз Димекең туралы көп айтатын. Бір айтқаны мынау еді: «Жұрттың ішіне пышақ айналмайды, Қонаевтың ішінде ерттеулі ат айналып жүре береді».

Шағын денелі Шөкең шалт қимылына салып, бір қозғалып қойды да, әдетінше:

– Ой-пой-оу,– деді. – Ал сен бұны қайдан естідің?– Жақай, Боқай деген ағайынды екі кісі. Ыбырай –

Жақайдың баласы да, мен Боқайдың немересімін.– Е-е... онда дұрыс екен, - деп шалт қимылды Шөкең жалт

бұрылды да, жөнеп кетті.Бір жетіден кейін Шөкең қайтыс болып, Жазушылар

одағынан соңғы сапарға шығарып салдық. Ыбырайдың әлгі сөзін Шөкең Дінмұхамед Ахметұлына айтты ма, жоқ па, білмеймін, дәл сол кез Қазақстан аспаны он алтыншы жылдың аспанындай түнеріңкі, Желтоқсаннан кейінгі күндер маусым жарлығы кезіндегідей бір қым-қуыт шақ еді...» деп, жазды.

Шөкең қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Жазушылар одағынан белгілі ақын, жазушылар Қасым Қайсенов, Балтабай Адамбаев, Ұлықбек Есдәулет және Көпен Әмірбектер келіп, ақын мәйітін өз аманаты бойынша «Ойық» деп аталатын ауылдың қасындағы қырдың үстіне жерлеуге қатысып, ағайындарымен бірге топырақ салды. Көп ұзамай Шона ағамыздың үйіндегі жеңгеміз Аманкүл Үсіпбекқызы Тараз қаласына қоныс аударып, облыстық радиода мәшеңке басушы боп жұмыс істей бастады. Жеңешем ағамыздың бір бума қағаздарын сары майдай сақтап жүр екен, «Шөкеңді қадірлейтін оқырмандарға жеткізетін болсаң саған берейін» деп, аманаттай ардақтап менің қолыма ұстатты. Міне, арада көп жыл өткенде сол деректер мен дәйектерге сүйеніп, ақын Шона ағаның халқы алдындағы қайраткерлік қарызы мен парызын қалай өтегенін оқырмандарға бүкпесіз айтып беруге бел буып отырмын.

Аманкүл жеңгем аманаттаған дүниелердің бірі – Шөкеңнің сол тұстағы бір топ игі жақсыларға жазған хаты.

«КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі,Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші секретары,Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет алған Д. А. Қонаев жолдасқа;Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының

председателі С. Б. Ниязбеков жолдасқа;Қазақ ССР министрлер Советінің председателіБ. Ә. Әшімов жолдасқа;Қазақ ССР Оқу министріҚ. Балахметов жолдасқаАлматы қаласындағы С. М. Киров атындағы №12 қазақ

орта мектебінің бір топ ата-аналарынанӨТІНІШБұл мектептің құрылғанына жарты ғасырға жуық

уақыт өтсе де, кеңейтілгеніне екі-ақ жыл болды. Партия мен үкіметіміздің қамқорлығымен мектеп бір мың оқушы сиярлықтай етіліп, өткен жылдан бері жұмыс істеп жатыр. Қаланың шеткі ұсақ аудандарынан келетін төменгі класс оқушылары үшін 200 балалық пансионат-интернаты да бар. Мұның бәрі жақсы.

Әйтсе де, оқушылардың тең жартысынан көбі – 600-ге жуық оқушы қаланың шеткі, ұсақ аудандарынан келетіндіктен, олар күніне ары-бері 25-30 км жол

жүреді. Әрбір оқушы күніне үш-төрт сағатқа жуық уақытын автобус күтумен және автобус үстінде өткізеді. Олардың мектепке келгенше және үйіне жеткенше көретін азабын айтып жеткізу қиын.

Мұнымен қатар, Алматы микроаудандарында балаларын ана тілінде – қазақ мектебінде оқытқысы келетіндер де аз емес. Сондықтан да, осы объективті жағдайға байланысты микроаудандардың бір қолайлы жерінен үлкен қазақ орта мектебін ашуды сұраймыз.

№12 қазақ орта мектебінің ата-аналар комитетінің председателі, жазушы Ш. Смаханұлы. (Және оншақты ата-ана қол қойған)».

Көп ұзамай Шона Смаханұлының хатына Қазақ ССР Оқу министрі Қ. Балахметовтен жауап келеді.

«Жауап. Заведующему Алма-Атинским гороно тов. Жакупову А. Э.

Копия: г. Алма-Ата, ул. Калинина 24, тов. Смаханулы Ш. и другим.

В ЦК КП Казахстана, Президиум Верховного Совета Казахской ССР, Совет Министров Казахской ССР, Министерство просвещения Казахской ССР обратились члены родительского комитета Казахской средней школы №12 с просьбой об открытии в городе Алма-Ате в одном микрорайоне еще одной школы с казахским языком обучения.

В связи с этим, Вам поручается изучить вопрос о необходимости и возможности открытия в г. Алма-Ате школы с казахским языком обучения или отдельных казахских классов при существующих школах и свой предложения нам сообщить к 15 декабря с. г.

Министр К. Б. Балахметов. 19.11. 76.».Байқап отырсақ, Шөкеңнің ана тілінің тағдыры жөнінде

шыбын жаны шырылдап отырып жазған хатына жауап орыс тілінде берілген. Бұл, әрине, сол кездегі саясаттың салқыны. Оның үстіне «В связи с этим, Вам поручается изучить вопрос о необходимости и возможности открытия в г. Алма-Ате школы с казахским языком обучения или отдельных казахских классов при существующих школах и свой предложения нам сообщить к 15 декабря с. г.» деп, бар жауапкершілікті Шөкеңнің өзіне жүктеп қояды. Бірақ Шона Смаханұлы өзіне жүктелген жұмыстан жігері құм болмай, қайта оны тап-тұйнақтай етіп тез-ақ атқарады. Мұны Шөкеңе министрден келген екінші хат дәлелдейді.

«Г. Алма-Ата, ул. Калинина, дом 24. Т. Смаханулы Ш. и другим.

Министерство просвещения Казахской ССР, изучив вопрос о возможности открытия средней школы с казахским языком обучения в одном из микрорайонов г. Алма-Аты, сообщает, что в казахской средней школе №12, расположенной в центре города, в настоящее время обучается 1057 учащихся, из которых 231 проживают в юге-западном районе г. Алма-Аты, в. ч. посещают 1 класс – 23 ученика, 2 класс – 29, 3 класс – 19, 4 класс – 14, 5 класс – 15, 6 класс – 19, 7 класс – 17, 8 класс – 26, 9 класс -22, 10 класс – 44.

Исходя из этого, городской отдел народного образования планирует в новой школе №86, расположенной в шестом микрорайоне, открыть

1-10 классы с казахским языком обучения с начала 1977-78 учебного года.

Министр К. Балахметов. 21. ХІІ. 76.».Міне, Шөкеңнің осы хатынан кейін біраз жылдар

өткенде халқымыздың Алматыдай әсем қаласында қазақ мектептері мен балабақшалары көктемгі бәйшешектердей бірінен кейін бірі жапырақ жайып, бірінен кейін бірі көбейе бастағаны белгілі. Бірақ бұл айтуға ғана оңай, ал, Шөкең мен оның жары Аманкүлдің тағдырлары өте қиын болғаны анық. Жеңгеміздің айтуы бойынша, министрден екінші жауап келгенше шыдамы жетпеген Шөкең ҚР КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевтың қабылдауына жазылып, Алматыдағы жалғыз қазақ мектебінің жағдайын өз аузымен түсіндіреді. Ал, «Желтоқсан көтерілісінен» кейін Шөкеңді КГБ дейтін мекеме «ана тілім» деп шыр-пыр болғаны үшін тергеуге алады.

– Бір күні үйге журналист Марат Тоқашбаев келіп, Шөкеңе: «Мені КГБ-ы шақыртып, біраз тергеді. Сізді де шақыртып қалар» деді. Айтқанындай, «үш әріп» Шөкеңді де шақырып, тергей бастады. Бірақ Шөкең мені қорқытпайын деді ме, әйтеуір: «Мені жердің астына (подвал – К.С.) түсіріп, қуыс-қуыспен алып жүріп, бір бөлмеге апарып әбден тергеп-тексерді. Бірақ, қорықпа, бәрі өзіміздің адамдар, туысқандарымыз екен» деп келді. Бірақ қанша дегенмен ет пен сүйектен жаралған пенде емес пе, кәдімгідей сақтанатын болды. Себебі, соның алдында ғана ағаң «қазақ мектептерін аштырамын» деп шарқ ұрып жүрді ғой. Министрге сөзі өтпеген соң Димаш Ахметұлына да барды. Жеке басының қам-қарекеті үшін емес әрине. Сонда «үлкен кісі»: «Құдайым-ау, маған өстіп бір адам келді ме?! Ата-аналар қолдарыңды қойып, әкелсеңдер аштырып берем ғой» деп ағынан жарылыпты, жарықтық. Сол сөзді арқаланып Шона ағаң «Ақсай», «Орбита», «Көктем» шағын аудандарынан және «Саяхат» жақтан біраз мектептің қазақша ашылуына бастамашы болды. Балабақшалардың ашылуы үшін де тынбай жұмыс істеді. Орыс тілді баспасөздер «ұлтшылдар ашқызды» деп дауылдатқан «Ертөстікті» де Шөкең марқұм аштырып еді.

Өзім білетін бір оқиғаны айтып берейін. «Көктем» жақтағы балалар бақшасының ашылу салтанатына келген ата-аналарды мотоцикл мінген милициялар қайтарып жіберіпті. Сосын Шөкең бастаған жанашырлар милициялардың қоқан-лоққысына қарамастан ата-аналарды қайта жинап, балабақшаның ашылу салтанатын керемет етіп өткізді. Сол кездегі биліктің жарамсақ өкілдері Шөкең аштырған қазақ мектептері мен балабақшаға байланысты «Ржавщина» («Тат») деген авторсыз фельетон жазып, оны жариялатуға сол кездегі «Лениншіл жас» газетіне жолдайды. Ол фельетон газеттегі ұлтым деген азаматтарды қолдайтын журналистердің қолына түсіп, Шөкеңе телефон шалады. Содан Шөкең ҚКП ОК қызмет істейтін жазушы Софы Сматаевқа хабарласып, фельетонның жарияланбауына барын салды...

Аманкүл жеңгеміздің әңгімесі осылай жалғаса беретін. Кейін ізденіп жүріп сол аты-шулы «Тат» деген мақаланы тауып, Шөкеңе қатысты жерлерін оқып, жағамды ұстадым. Онда былай делініпті:

«1986 жылдың август айында Алматы газеттерінің бірінде қазақ кластарын ашуды созып отыр деген желеумен №118 орта мектеп және қалалық ағарту бөлімінің басшыларын сынаған фельетон жарық көрді. Бірнеше күн араға салып, 1 сентябрьде бұл ашылым өтті де. Алайда, жаңа кластардың табалдырығын тұрғылықты ұлттың балалары осы мектептің өзге оқушыларынан ерекше, оркестр сүйемелдеуімен, арнайы сценарий бойынша аттады. Бұл программаның айрықша гүлтәждеріндегі жол ашарлар қалаға танымал жазушылар есімдерін әйгілеп тұрды. Сол салтанат куәгерлеріндегі сияқты оқырманымызда да осынау етіміз үйренген кәдімгі кезекті

оқиға әлдебір жеңіс желпіні, педагогикалық коллективтің емес, фельетон авторы сатирик-ақын Шона Смаханұлының маңызды жетістігі ретінде көрінгені несі? – деген сауал тууы мүмкін.

Мектептер мен балабақшалардың барлығында бірдей қазақ тілін оқыту идеясы коммунист-жазушыны баурағанына бір жыл ғана толған

жоқ... Міне, осыған масаттанған ол қазақ кластарын ашуға кедергі болып отыр деген желеумен № 51, 65 орта мектептердің әкімшілігі мен педагогикалық коллективіне бұл жайлы газетке жазамын, деп т. с. с неше түрлі қоқан-лоққы көрсетті. Мұнда да ол, әдеттегідей, осы мәселемен Қазақстан Жазушылар одағының тапсырмасымен шұғылданып жүрмін деп, бұл ұйым басшыларының есімдерін бүркенді.

№65 мектепте ата-аналардан жүздеген құлақтандырулар мен тұрғылықты ұлт адамдарын ата-аналар жиналысына шақыртуға арналған телеграммаларды көбейтіп басатын машинисткаларға ақша жиналды. Бұл шараға алдын ала үлкен дайындық жұмысы жүргізілді. Олар қазақ класына оқуға шақырған хабарландыруларын жол-жөней іле берді. Егер кімде-кім бағанадағы құлақтандыруды жұлып тастаса, бұл халықтың ұлт жауы ретінде бағаланғанынан-ақ осының бәрі қандай жағдайда жүзеге асқанын өздеріңіз біле беріңіздер. Жиналғандардың назарына әлдеқайдағы «бір сатирик» айтты деген: «Егер нәресте өзінің туған тілін білмейтін болса, онда оның бір шәрігі жетпейді. Егер үлкен адам туған тілін білмесе, оның жүз шәрігі жетіспейді» афоризмі ұсынылды. Жүз шәрігі жетіспейтіндіктерін мойындаушылар табыла қоймады. Шығып сөйлеуші халық ағарту жүйесінің өкілдеріне өз ойларын ашық айтуға мүмкіндік болмады. Залдан әлсін-әлсін айқай-ұйқай, жанама сөздер, қобалжулар естіліп тұрды. Смаханұлы сөйлеген жоқ. Ол шешенсудің пайдасыз, ал жасырын түртпектеудің қауіпсіз екенін жақсы білді...».

Міне, «Тат» атты фельетон Шөкеңді осылайша ғайбаттап бағады. Фельетонсымақты ұйымдастырушылар КГБ-нің «құлақтары» мен ҚКП ОК жандайшаптары екенінде дау жоқ. Абырой болғанда, редакция қабырғасы сыртында дүниеге келген мақала-фельетонға еш журналист қол қоймағандықтан жастар газеттеріне жарияланбай қалады.

Шона Смаханұлының күнделігіндегі жазбаларды оқығандар да оның халқы үшін қан кешкен қайраткер болғанын анық байқайды.

17-18 ДЕКАБРЬ (Қорыққанымнан бөлек жыртып алдым)

Алматыда сойқан болды

М е н т е л е д и д а р д а «Тамашада» «көрінуге» яғни, бірер шығармамды оқуға тиісті едім. Және Таластан Қаракөз деген кішкентай қызды күтіп о т ы р ғ а м . О л қ ы з ғ а «Анамның ақ сүтіндей» деген өлеңімді айтқызуға әрекет жасап жүргем.

М а қ с а т ы м – а н а тілімізді насихаттай беру. Үйде отырғанмын.

Т ү с к е т а м а н с у ы қ хабар естідім. «Көптеген с т у д е н т т е р к ө ш е г е шығып, демонстрация жасап жатыр» деп. «Не үшін екен?» – деп сұрадым. «Қонаевтың орнынан алынуына қарсы екен». «Оның орнына Колбин дегеннің келуіне қарсы екен». «Юбилейін өткізбей, Қонаевты лақтырып тастағаны қалай?». «Қазақ өмірінен хабары жоқ Колбин дегеннің Ульяновскі облысынан мұнда секретарь болып келетіні қалай?» деген сияқты.

Естуімше, студенттер демонстрациясы бейбіт басталған. Алматыдағы жоғары оқу орындарының бәрінен дерлік... бар деген сияқты. Мен таңқалдым. «Осыншама көп студент бір-ақ түн ішінде қалай жиналған?» деп. Және мұндай демонстрация, Орт. Партия комитетінің пленумы шешіміне келіспеген демонстрация – қазақ топырағында бұрын болмаған. Кешке қарай студенттер мен милиция отрядтары арасында қатты қақтығыс болып жатқанын естідім.

Мен әр жерге телефон соға бастап едім, АТС болуы керек, менің телефонымды үзіп тастады.

Түнде жөнді ұйықтай алмадым. Үйге жақын көшелерден айқай-шу шығып жатты. Әртүрлі қорқынышты ойға кеттім.

18-і күні демонстрацияның жалғасып жатқанын білдім. Абай, т. б. көшелермен студенттер айқайлап, қолдарына плакаттар ұстаған, өтіп жатты. Милиция, солдаттар студенттерге қарсы күш қолданған. Өрт сөндіретін машиналар су шашқан, солдаттар студенттерді дубинкалармен тоқпақтай бастаған. Жастар бірнеше су шашатын машинаны төңкеріп, от қойып, өртеген. Маған келіп айтуынша 17-сі күні студенттер түнімен шайқасқан. Солдаттар мен милиционерлер жағынан да, студенттер жағынан да өлгендер болған. Жараланғандар тым көп болған сияқты. 18-і күні түске таман менің әйелім Аманкүл барып, қасында қаркөздің анасы Гүлсім бар, бір бұрыштан бақылап келді. Орталық партия комитетінің үйінің айналасында шайқасып жатқан демонстранттарды көрген. Брежнев алаңы, демонстрация емес, майдан алаңына айналған.

Газеттерде үндеулер жарияланды. «Хулигандар, наркотикпен уланған студенттер тобы бүлік шығаруда» деген сияқты. Бұған ешкім де сенген жоқ. Өйткені, пәленбай мың студенттің бір мезгілде наркотик пайдалануы, тіпті «күреске» шығуы мүмкін емес қой.

Түнгі шайқасты 19-ы күні де күткен еді, бірақ болмай қалды. Жатақхана, оқу үйлерін, өндіріс орындарын қоршап алған отрядтар «бүлікшілерді» көшеге шығармай қойды.

Қала тыныштала бастады. Студенттердің демонстрация жасау себебін ешкім тап баса алмады. Шамамда мынандай сөздерді өз құлағыммен естідім. «Отанға елу жыл еңбегі сіңген, үш мәрте Соц. Еңбек Ері Қонаевтың қадіріне жетпеді, оның енді 25-ақ күн қалған юбилейін өткізбеді». «Қазақстан өмірінен бейхабар Колбинді мұнда І-секретарь етіп жіберетіні қалай?». «Қаладағы қазақ студенттерінің көпшілігі жеке үй жалдап тұрады».

«Партия басшысына өз республикамыздың қазағы неге қойылмайды?». «Тіпті, осы жердің орысы неге отырмады?». «КПСС басшысы ұлттық саясатта қате жіберді» деген сияқты.

Газеттерде қысқа ғана жазылған үндеуге ешкім де сенбеді. Өйткені, қақтығыстың қатты болғаны, өлгендердің, жараланғандардың, жабық машинаға басып әкетілгендердің көп болғанын көзімен көргендер оған қалай сенеді?!.

Мен бойымды аулақ салып, үйде отырған едім, әйтпесе, мені де сүйреп кетер ме еді... В.И.Ленин атындағы сарайда «Тамаша» ойын-сауығы 3 күн болуға тиіс еді. Үш мыңнан тоғыз мың билет таратылмай қалды. «Тамаша» ойын-сауығы көпшілік алдында өтпей, студияда түсірілді. «Тамашаны» ашасың деген соң, мен де қатысып, тиісті шығармамды оқыдым. Қаракөз «Анамның ақ сүтіндей» және «Аққулар» деген екі ән орындады. Сонымен, Алматыда өткен екі күндік шайқас (толқулар облыс орталықтарында да болып өткен) республиканы сілкіндірді деген секілді. Жау мемлекеттің радиолары бұл жөнінде хабарлап жатқан. ***

Қала халқы бұрын тату тұратын еді. Орыстар мен қазақтар бір-бірінің бетіне қарай алмай, «жуасып» қалды. Өз пайымдауы ма, Орталық партия комитеті жергілікті халықты, әсіресе, қазақ ұлтының талғамы қандай боларын ескермей, Колбинді жіберді. «Қате жіберді-ау» деп есептедім.

24.ХІІ.86. ***

Аманкүл 86 жастағы анасын көріп келем дегесін, Жамбылға қарай пойызға шығарып салдық. Ұлан, Құралай үшеуміз. ***

Алдағы күндердің қайырын берсін-дағы...24.ХІІ. 86.

17-18 декабрьдегі қанды сойқаннан кейін естігендерім:

«Алаңда машина астында қалған жігіттің миы шашылып кетткен...».

«Ұзын бұрымды қызды шашынан сүйрегенде бас терісі сыпырылып өлген...».

«Бір камерада жатқан 37 қазақ қызын жендеттер: «Бала тумайтын етейік сендерді» деп, етікпен іштеріне тепкілеген».

«Аузы жаралы жігіттердің денесіне анаша уын жіберіп өлтірген. Қалғандарына әдейілеп анаша ұнтағын салған. Бұнысы – шетелден комиссия келсе, «анаша тартқан бұзақылар» демек болған дейді».

«Казрадиода істейтін Шляхов, Филиппов дегендердің жуан темір кеспелтегімен екі қазақ қызын өлтіргенін радио қызметкерлері терезеден көріп тұрған».

«Қырғын шайқас болып жатқан алаңға жақын үйлерде тұрған адамдар да жындануға жақындап, ауруханаға түскендері болған. Алғаш машинаға зорлап басқан жастарды автобустар алысқа қар үстіне апарып тастап кеткен. Москвадан шұғыл самолетпен әкелінген солдаттар шетінен карэтистер болса керек».

«Қақтығысуда ешқандай шығын болған жоқ» деп Қазақ ССР Жоғ. Советі президиумының председателі Мұқашев мүлде өтірік айтқан, асқан екіжүзділік, жағымпаздық жасаған».

«Осындай хабарды қайтадан беруге Қазақ радиосы мен телевидение жөніндегі комитет председателі Сағат Әшімбаев келіспеген:

– Өз көзіммен көрген қанды қырғын болған жоқ деп қалай айта алам, оған коммунистік арым көтермейді деп жауап берген».

«Қолға түскендерді: «Сендерді демонстрация жасауға жұмсаған кімдер?» деп қинаған көрінеді. Көптеген жастар: «Ешкім жұмсаған жоқ, өлтірсең де айтарым осы. Демонстрация жасауға правомыз жоқ па?! Алдымен тиіскен біз емес, милиционерлер мен солдаттар» деп жауап берген».

«Қала тұрғындары, әсіресе, орыстар мен қазақтар бір-біріне күдікті көзбен, жақтырмай қарайтынды шығарды. Бір-бірінен қорыққандықтан кешкі уақытта жүру мүлде азайып кетті».

***Ленин атындағы сарайда «Тамаша» ойын-

сауығы өтпей қалды. Телевидение халыққа үш күн бойы көрсету үшін 9 мың билет таратуы керек еді, таратылмай қалды. «Тамаша» студияда ғана түсірілді. Көрермендерсіз. Мен қатысқым келмеп еді, халықтың қаралы көңілі титтей болса да селт етсінші деген оймен «Бұрынғының жігіттері» деген сықағымды оқыдым. «Тамашаға» беташарды маған жасатты.

***26 декабрь

ЖАСТАРҒАБеттеріңнен айналайын нұр тамған,Қандарыңнан айналайын бір тамған,Сендер аман жүрсінші деп тілеймін,Көкжиектен күліп атқан әр таңнан.

Қырмызыдай қыздарым мен ұлдарым,Маған мәлім аңқау, албырт сырларың.Желпіндіріп жеріміздің қырларын,Қанат қақсын әсем ән мен жырларың.

Өмір деген емес тіпті қыз-айдын,Емес және Медеудегі мұз-айдын.Түк емес қой сүріну де жығылу,Мен сендерден мертікпеуді сұраймын.Қайырма жасау:Күліп атсын таңдарың,Жарқырасын шамдарың. ***

27-28 декабрь

Қала тыныштала бастады. Жергілікті газеттерде 17-18 декабрьдегі студенттер демонстрациясының мейлінше саяси қате екендігін айыптаған мақалалар жарияланды. Теледидарда комсомол ұйымдарының жиналысы көрсетіліп, «кінәлі» деген жастарды комсомолдан шығарды. Мұны ұйымдастырған кімдер екені белгісіз. «Табылатын болыпты», «Оларды аямай соттайды» деген лақап сөздер тарап жатты.

Көшеде, транспорттарда орыс, қазақ адамдары бұрынғыдай емес, күдікті, өкпелі көзбен қарайтын жағдай пайда болды.

28 декабрь

Түс қайта, сағат 4.00-де менің «Анамның ақ сүтіндей» деген өлеңім тұңғыш рет радиодан орындалды. Әнді шарқаған он жарым жастағы Қаракөз Әуелбекова. Дайындаған радионың балалар редакциясы. Аманкүл ауылға, кәрі шешесіне кеткен. Құралайым сырқаттанып қалды. Сабаққа жібермей өзім қасында болып, емдедім. Терлесе көңілі көтеріліп, терлемесе ыстығы көтерілді. Аспиринмен, шаймен емдедім. Қала көшелерінде әскери және милициялық күзет күшейтілді. Үш-үштен, бестен жүрген солдаттар, милициялар.

29 декабрь.Үйдемін, бірдеме жазуға зауқым жоқ. Өмірден

түңілмесем де, бойымды торығу секілді бір салқын сезім билеп алған. Отанға, партияға 50 жыл адал қызмет атқарған, үш дүркін Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 75 жасқа толу юбилейінің өткізілмеуі Қазақ біткенді қатты ойға қалдырды. Тегі жоғарыдағы Бірінші басшының бұл қылығына халық, жұрт іштей наразы болды. Тіпті, қазақтар ғана емес, орыс, басқа ұлт өкілдері бұған қатты таңғалды. «Қайраткер шалдың юбилейін өткізген, тіпті, Совет Одағы үшін абырой емес пе еді?!» десті. Мен өз басым да осы ойда болдым.

30 декабрь.Жұрт жаңа жылды қарсы алуға дайындалуда.

Әйтсе де көңілсіздік байқалады. Жұрттың көңілін сергітетін жалғыз ғана ермегі – теледидар, содан берілген ойын-сауық, концерттер ғана. Теледидар, газеттерден берілетін халықаралық хабарлар (көбі өсекке ұқсайды) жұртты мезі етіп бітті. Жұрт «термоядролық соғыс өрті шығып кетеді ме екен?» деп қауіптене бастады. АҚШ пен СССР, басқа да аса дамыған елдердің ядролық қарулануға құштарлығы, космосқа (ғарышқа) шығуға ұмтылысы – халықты болашаққа күдікпен қарайтын етті. «Жер шарын радиациямен, газбен тұншықтырар ма екен?». Үкімет басшыларына деген халық құрметі жойылған деуге болады.

31 декабрь.

Қала тыныш болды.С а ғ а т 1 0 . 3 0 - д а

Қ а з а қ с т а н ж а з у -ш ы л а р ы н ы ң Қ К П О р т . К о м и т е т і н і ң І-секретары Геннади Васильевич Колбинмен к е з д е с у і б о л д ы ( к е ш е х а б а р л а ғ а н е д і ) . К е з д е с у д і О . Сүлейменов ашты. С о с ы н ж а з у ш ы , белгілі ақын Жұбан Молдағалиев сөйледі. Жұбан студенттердің м а қ с а т с ы з , х у л и г а н д ы қ д е м о н с т р а ц и я с ы н сынай отырып, оларға қарсы милициялық ұру, соғу (дубинкамен) жазасы қолданылғанын өте орынсыз деп айтты. Шынында, қарусыз студенттердің дубинка таяғын жеген соң ашынып кеткені мәлім болды.

1 январь, 1987 жыл.

«Лит. газетадан» жазушы Ә. Әлімжановтың «Что произошло в Алма-Ате?» деген мақаласын оқыдым. Мақала, негізінен, дұрыс-ау. Бірақ, кінәні демонстрация жасаған студенттерге ғана аударғаны – әділдік емес. Студенттер бір-екі күн ғана шулап тарайтын екен. Республикалық прокурор орынбасары Басаров деген демонстранттарға машинамен мұздай су шаштырғанда, бір қыз машина астында қалып, көзбе-көз өлген. Мұны көрген жастар ашынып, милиция, солдаттармен шайқасқа көшкен. Әлімжанов бұл шындықты айтқанмен, газет жаза қояр ма екен?! Ертең 2 январь. Біз Аманкүл екеуміз ине салдыруға барамыз...».

1987 жылғы 1 январь күнгі осы жазбамен қайраткер-қаламгер Шона Смаханұлының блокнот бетіне түскен күнделігі аяқталады. Ақын жүрегін жаралаған қасіретті оқиғаларды оқып отырып есіме орыс жазушысы И.А.Буниннің «Советский писатель» баспасынан 1990 жылы жарық көрген «Окаянные дни» атты кітабы оралды. Күнделік іспетті жазылған бұл шығармасында (Бунин күнделігі алғаш рет Берлинде 1935 жылы жарық көріп, арада 55 жыл өткенде Мәскеуде басылған) Иван Бунин Ресейдегі самодержавия құлап, ұлт интеллигенциясының басына қара бұлт үйірілген тұсты шебер суреттейді. «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас» дегендей, табан астында былғары күрте мен маузерге ие болған «шолақ белсенділер» зиялы қауымды да бай-құлаққа балап, төрін көрге айналдырғанын ашына жазады. Еуропаға ауып бара жатқан сәттері қандай аянышты. Міне, Шона ағаның Калинин көшесіндегі №24-ші үйдің аядай бөлмесінде ауру қызы Құралайын емдей отырып жазғандары маған Буниннің күнделігін оқығандағыдай әсер етті. Көңілімді босатты.

Жы л ж ы ғ а н ж ы л д а р , а д ы м д а ғ а н а й л а р , құлдыраңдаған күндер қайраткер-ақын Шона Смаханұлының 90 жылдық мерейтойын сәт

сайын жақындатып келеді. 1924 жылы 5 қазан күні дүние есігін ашқан Шөкеңнің мерейтойын атап өту ел басқарған азаматтардың азаматтық парызы. «Тас түскен жеріне ауыр» десек, бұл іс-шара, әсіресе, Жамбыл облысының әкімі, ұлт рухын асқақтататын істердің жанашыры Кәрім Көкірекбаев пен оның командасына үлкен міндет жүктейді. Әлбетте, бүгінде Шона Смаханұлының атын кейінгі ұрпақ есінде мәңгі қалдыру туралы мәселе облыста шешімін тапқан. Мысалы, облыстың Талас ауданына қарасты Ойық ауылында Шона Смаханұлы атындағы Мәдениет үйі, Кеңес Одағының батыры Сәду Шәкіров атындағы ауыл мен облыс орталығы – Тараз қаласында қайраткер-ақын атындағы үлкен мектептер бар. Енді осы істі оның бұрын жарияланбаған жазбаларынан тұратын кітабын шығарып, ұрпақ рухын ұлықтайтын ғылыми-практикалық конференциялар өткізіп және облыс орталығындағы бір көшеге есімін беру сияқты басқа да ел айта жүрер мағыналы іс-шаралармен жалғастыру ел басқарған азаматтар мен ел-жұрттың абыройлы парызы деп білеміз.

Қаламгер болу бір басқа да, қайраткер болу бір басқа. Ер Шөкеңде осы қасиеттің екеуі де болатын.

Суреттерде: Шөкең хатының, қолжазбасыныңжәне күнделігінің көшірмелері.

Белгілі сатирик ақын, қоғам қайраткері Шона Смаханұлының туғанына 90 жыл

ынуына қарсы екен»

ҚАЛАМГЕР БОЛУ БІР ҚАЛАМГЕР БОЛУ БІР БАСҚА, БАСҚА, ҚАЙРАТКЕР БОЛУ БІР ҚАЙРАТКЕР БОЛУ БІР БАСҚАБАСҚА

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАЛАС АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ЫНТЫМАҚ АУЫЛЫНДА (КЕЙІН ЫНТЫМАҚ, ЧКАЛОВ ЖӘНЕ АМАНГЕЛДІ ДЕГЕН ШАҒЫН АУЫЛДАР БІРІГІП, АМАНГЕЛДІ ҰЖЫМШАРЫ БОЛЫП ҰЙЫМДАСТЫ. БІР АУЫЛДАН ОННАН АСТАМ ЕҢБЕК ЕРІ ШЫҚҚАНЫ ДА

ОСЫ ТҰС) ДҮНИЕГЕ КЕЛІП, ҚАЗАҚ АТТЫ ҚАРҚАРАЛЫ ЖҰРТТЫҢ БАРШАСЫНА БІРДЕЙ ҚАДІРЛІ БОЛҒАН ШОНА СМАХАНҰЛЫНЫҢ ҚАЛАМГЕРЛІГІН ЖҰРТШЫЛЫҚ ЖАҚСЫ БІЛГЕНІМЕН, ҚАЙРАТКЕРЛІГІ МЕН ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАНЫН КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙДІ.

Page 6: "Ақ жол" газеті PDF нұсқа №75-76 Сейсенбі, 20 мамыр 2014 жыл

Бос тұрған мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру

РЕСМИ БӨЛІМ РЕСМИ БӨЛІМ6 24 мамыр, 2014 жылwww.akjolgazet.kz

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Е-R-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Е-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-4 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

Санаты

Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

теңгеден теңгеге дейінE-R-3 74313 99938E-R-4 56376 76235

E-G-3 53813 72391E-G-4 48047 64704

Талас ауданы әкімінің аппараты (080800, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы, №1 үй,

306-бөлме, телефон/факс: 8 (726-44) 6-22-11, электрондық пошта: [email protected])

бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

1. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сәулет, қала құрылысы және жобалау секторының меңгерушісі, 1 бірлік (санаты E-R-3, №01-15-02).

Функционалдық міндеттері: Аудан көлемінде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға ықпал ету. Сәулеттендіру және абаттандыру жұмыстары, қала және ауыл елді мекендеріндегі құрылыс мақсатына арналған жер телімдерін беру, жер таңдау, тіркеу және сәулет жоспарлау құжаттарын әзірлеу. Жеке және заңды тұлғалардың күшімен соғылған нысандарды қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу, қабылданған нысандардың қабылдау актісін тіркеу. Сәулет және қала құрылысы саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын бақылау жасау. Бөлімнің бақылауында тұрған мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын бақылау жасау. Сәулет және қала құрылысы саласындағы аудандық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауды және оларды күтіп ұстауына бақылау жүргізуді ұйымдастыру. Тұрғын, тұрғын үй жайларын соғу, пайдалануға беру, рәсімдеу, статистикалық есеп жұмыстарын жүргізу. Сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі техникалық кеңестердің, штабтардың, комиссиялардың отырыстарын ұйымдастыру.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар. Мамандығы – құрылыс.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

2. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мемлекеттік сатып алу, есеп және құрылыс секторының меңгерушісі, 1 бірлік (санаты E-R-3, №01-15-03).

Функционалдық міндеттері: Аудан көлемінде құрылыс, күрделі жөндеу, қайта құру қызметі саласында инжинирингтік қызметті, құрылысқа қатысты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, құрылыс қуатының уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ету, құрылыс жүргізудегі бүкіл құжаттардың дұрыс дайындалуын, рәсімделуін қамтамасыз ету. Бекітілген сметаға сәйкес орындалған жұмыстардың көлемі мен олардың құнын тексеру және аралық ақы төлеу немесе мердігерлер толық есеп айрылысу кезінде орындалған жұмыстарды (Ф-2) қабылдау актілерін растау, құрылыс объектілерін қабылдау жөніндегі жұмысшы комиссияға басшылық жасау және мемлекеттік комиссия жұмысына қатысу. Құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, басқа да нормативтік-құқық актілерінің орындалуын бақылау, инвестициялық және күрделі қаржының игерілуін қадағалау. Конкурстық, аттестациялық, тәртіптік және мұрағаттық істі жетілдіру жөніндегі сараптау комиссияларының жұмысы. Бөлімнің қызметін қамтамасыз ету. Құрылыс объектілерін жоба-сметалық құжаттарының сапалы әзірленуін, құрылыстың жоба-сметалық құжаттарға сай жүргізілуін қадағалау. Құрылыс мәселелері жөніндегі техникалық кеңестердің, штабтардың, комиссиялардың отырыстарын ұйымдастыру. Бөлімге қатысты нормативтіқ құқықтық актілерін әзірлеу, мемлекеттік, аймақтық және салалық бағдарламалардың орындалуын бақылау.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар. Мамандығы – құрылыс.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

3. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сәулет, қала құрылыс және жобалау секторының бас маманы, 1 бірлік (санаты E-R-4, №01-15-04).

Функционалдық міндеттері: Аудан көлемінде инженерлік жүйелер құрылысы, аудан әкімінің бағдарламаларын жасау және орындалуын қадағалау, жергілікті атқару органдарымен, қала ауыл әкімдерімен электрондық байланыс, «Мекен-жай тіркелімі», жылжымайтын мүлікті түгендеу, ақпараттық инженерлік қондырғыларының жүйесін енгізу мен дамыту, қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі жұмыстарын үйлестіру. Аудан көлемінде нысандарды қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу. Сәулет және қала құрылысы саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, басқа да нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылау жасау. Елді мекендердің бас жоспары, құрылыс салу мен жоспарлау жобалары, абаттандыру жұмыстарын үйлестіру, мердігерлермен іскерлік кездесулер. Арыз-шағым мәселелері. Кадрлармен жұмыс және іс-жүргізу мәселелері. Құрылыс саласында заңгерлік қызметі мәселелері.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық. Мамандығы – құрылыс немесе құқықтану немесе халықаралық құқық.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

4. Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 1 бірлік (санаты Е-R-4, №01-08-02).

Функционалдық міндеттері: Аудандық мәндегі, ауданға қарасты елді-мекендер ішіндегі автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелерімен, жолаушыларды және багажды тасымалдауды ұйымдастыру, көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарымен айналысу. Лауазымдық міндеттер бағыты мен қызметтік міндеттеріне

бекітілген мәселелер бойынша бөлім бастығына ақпараттар, анықтамалар, талдаулар әзірлейді, міндеттер шегінде ұсыныстар және аудан әкімдігінің қаулы жобаларын әзірлеу, мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың, жоғары тұрған органдардың нормативтік актілерінің, бөлімге келіп түскен хат-хабарлардың орындалуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерделеуге қатысу, сәйкесінше құрылған комиссия, штаб жұмыстарын жүргізу және тиісінше жинақ папкаларын түзету.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы – құрылыс немесе жылу энергетикасы немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе материал тану және жаңа материалдар технологиясы немесе электр энерегетикасы немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі немесе экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету немесе есеп және аудит.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

5. Талас ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, 1 бірлік (санаты Е-R-4, №01-03).

Функционалдық міндеттері: Аудан көлемінде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатын жүргізу, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша аудан әкімінің бағдарламаларын жасау және орындалуын қадағалау. Дене шынықтыру және спортты дамытудың аудандық жоспарларының жобаларын әзірлейді және іске асырады. Дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, басқа да нормативтік құқық актілерінің орындалуына бақылау жасайды. Ауданда дене шынықтыру және спорт мәселері жөніндегі кеңестердің, алқа мәжілісін, комиссия отырыстарын ұйымдастырады. Аудандық спорттық-бұқаралық іс-шаралардын жоспарына сәйкес бұқаралық, оқушылар, жасөспірімдер, мүгедектер, ардагерлер арасында және ұлттық спорт түрлері бойынша біріншілік, турнирлер, чемпионаттар ұйымдастырып өткізеді. Аудан спорт түрлері бойынша команда жасақтап, облыстық жарыстарға дайындайды. Облыстық атқарушы органына аудандық спорт нысандары бойынша мәліметтерді, соның ішінде статистикалық деректерді талдап, табыс етеді. Бөлімге қатысты нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді. Бөлімнің арыз-шағым, іс-құжат жұмыстарын жүргізеді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – білім. Мамандығы – дене шынықтыру және спорт.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымға сәйкес мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

6. Талас ауданы әкімдігі ветеринарлық бөлімінің бас маманы, 1 бірлік (санаты Е-R-4, №01-07-03).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің барлық есеп-қисап жұмыстарын жүргізеді, есепке байланысты бөлім басшысының бұйрығын дайындайды, бөлімдегі тауарлы-материалды құндылықтардың есебін жүргізеді. Аудан көлемінде ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын, есебін жүргізу, ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қорытынды есебін әзірлейді. Заңнамамен белгіленген тәртіпке, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрау және алу, ветеринария саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелерді және нормативтерді бұзған жағдайда олардың лицензиясын тоқтату немесе қайтарып алу туралы ұсыныстарының заңдылығын қарайды.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – ветеринария. Мамандығы –ветеринария (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

7. Қаратау қаласы әкімі аппаратының қаржы шаруашылық және әлеуметтік бөлімшесінің бас маманы, 1 бірлік (санаты Е-G-3, №01-03-02).

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп операцияларын заңға сәйкес жүргізу, қаржылармен есеп айырысу мен материалдық құндылық түгендеу нәтижелерін анықтап, есепке алады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің еңбек ақысын есептеу, ақшалай қаражаттардың қозғалысының талдамалы және сентетикалық есептер жүргізуін, бухгалтерлік баланстың құрастырылуын қамтамасыз етеді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

8. Қаратау қаласы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық бөлімшесінің жетекші маманы, Е-G-4 санаты, 1 бірлік, №01-02-05.

Функционалдық міндеттері: Зiлзала нәубетi, экологиялық апат, адамдардың жұқпалы аурулары, өрт, т.б. төтенше жағдайлар болғанда заңда қарастырылған ерекше шаралардың орындалуын ұйымдастыру мәселерімен айналысады. Мекеме ғимаратын пайдалану және сақталуына жауапты.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – жалпы. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан

Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

9. Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік (E-G-3 санаты, №2-12-1).

Функционалдық міндеттері: Аққұм ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдерін дайындайды. Шаруашылық бет есебін, анықтамалар мен хабарламалар дайындайды, ауылдық округі әкімінің атына келіп түскен әр түрлі мәселелер бойынша өтініш, арыз-шағымдарға жауаптар қайтарады. Ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар. Мамандығы – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

10. Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік (E-G-3 санаты, №2-12-2).

Функционалдық міндеттері: Аққұм ауылдық округі бойынша салықтардың түрлерін жинап тиісті орындарға уақытылы өткізілуін ұйымдастырады. Ауылдағы шаруашылық тұлғалар және кәсіпкерлердің жұмыстарын талдап, сараптама жасап, шаруашылық бет есебін жүргізеді, статистикалық есебін жүргізіп, ақпарат дайындап беріп отырады. Ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды. Барлық іс-қағаздарды тек компьютер арқылы жүргізеді. Ауылдық округте есепте тұрған әскер қатарына шақырушылар мен запастағы әскери міндеттілердің қозғалысын есепке алу, жастарды нақты әскери қызметке дайындау және ауыл жастарымен жұмыс істеу, кәсіподақ жұмыстарымен айналысады.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – ауылшаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық. Мамандығы – ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық

ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе құқықтану.Қазақстан-2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан

Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

11. Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы – 1 бірлік (E-G-3 санаты, №2-12-4).

Функционалдық міндеттері: Аққұм ауылдық округі әкімінің аппаратындағы мүліктерді түгендеу, жеке енбек келісім шарттарын жасау, аппарат қызметкерлерінің жалақысын есептеу, кассалық және материалдық құжаттар кітабін жүргізеді. Мемлекеттік сатып алудың құжаттарын жүргізеді. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп тапсыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы №234-ІІІ инструкциясын басшылыққа алып, тиісті жұмыстарды ұйымдастырады. Ауылдық округке қатысты басқа да есеп жұмыстары мен аз қамтылған отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақыларды есептеп арнайы орындарға тапсырады.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы – экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

12. Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік (санаты E-G-3, №2-12-02).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі аумақтарында адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғау, тіркелген жағдайда эпизоотиялық жағдайын анықтау, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізу және жануарларды бірдейлендіру бойынша компьютерлік базаға енгізу. Ветеринариялық іс-шаралар жоспарын жүргізу, шаруашылық бет есебін жүргізу, ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – ветеринария. Мамандығы – ветеринария (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», «Нормативтік-құқықтың актілер туралы» Заңдарын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

13. С. Шәкіров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік (санаты E-G-3, №2-12-3).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ аумақтарында адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғау, тіркелген жағдайда эпизоотиялық жағдайын анықтап, аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізу. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру мақсатында жұмыстарды ұйымдастыру және малдарды бірдейлендіру бойынша компьютерлік базаға енгізу. Ауылдық округ бойынша ветеринариялық- санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ветеринариялық жұмыстар бойынша іс-шаралардың жоспарын жасап, жұмыстарды ұйымдастыру. Заңнамамен белгіленген тәртіпте ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрау және алу, ветеринария саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитарлық ережелерді және нормативтерді бұзған жағдайда олардың лицензиясын тоқтату немесе қайтарып алу туралы ұсыныс береді. Шаруа қожалықтарындағы және жеке тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығындағы малдардың есебін жүргізеді. Ветеринарлық анықтама және паспорт толтыру жұмыстарын жүргізеді. Ауылдық округ әкімінің тапсырған тапсырмаларын орындайды. Ауылдық округ әкімшілігіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын жүргізеді және тиісті іс-шараларды ұйымдастырады.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – ветеринария. Мамандығы –ветеринария (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

14. Тамды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік (санаты E-G-3, № ,2-12-5).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімі аппаратында бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, аудандық әкімдігінің нормативтік актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу. Ауылдық округте есепте тұрған әскер қатарына шақырушылар мен запастағы әскери міндеттілердің қозғалысын есепке алу, әскери есеп столы жұмысын жүргізу. Ауылдық жастар істері жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Құжаттар мен хаттарға жауаптар қайтарады.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе білім. Мамандығы – техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқықтану немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе білім (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңын және лауазымның функционалдық салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

15. Қаратау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі, 1 бірлік (санаты E-G-3, №2-21-4).

Функционалдық міндеттері: Бас кітапты жүргізу, айлық, тоқсандық, жылдық есептерді мерзімінде аудандық қаржы бөліміне және аудандық салық комитетіне тапсыру, аппарат қызметкерлерінің және келісім шарт негізінде жұмыс атқаратындардың еңбек ақысын есептеу, қазынашылық банкке ай сайын тиісті құжаттарды әзірлеп өткізу, бюджеттік өтінімді жасау, мемлекеттік сатып алу Заңдылықтарына сәйкес, жұмыстардың сапалы түрде өткізілуін жүргізу, мемлекеттік сатып алу есебін аудан әкімдігінің қаржы бөліміне тоқсан сайын дайындап, өткізу. Барлық іс қағаздарды тек компьютер арқылы жүргізеді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

16. Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі, 1 бірлік (санаты E-G-3, №2-12-4).

Функционалдық міндеттері: Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратындағы мүліктерді түгендеу, жеке еңбек келісім шарттарын жасау, аппарат қызметкерлерінің жалақысын есептеу, кассалық және материалдық құжаттар кітабын жүргізеді. Мемлекеттік сатып алудың құжаттарын жүргізіп отырады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп тапсыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы №234-III инструкциясын басшылыққа алып, тиісті жұмыстарды ұйымдастырады.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Бюджет кодексін, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңдарын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

17. Үшарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік (санаты E-G-3, №2-12-1).

Функционалдық міндеттері: Үшарал ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдерін дайындайды. Өкім, шешімдердің айлық, тоқсандық есебіне, ауылдық округі әкімінің атына келіп түскен әр түрлі мәселелер бойынша өтініш, арыз-шағымдар жауаптары мен ай сайынғы №1-ОЛ-нысаны бойынша есебіне және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша есепке тікелей жауапты. Барлық іс-қағаздарды тек компьютер арқылы жүргізеді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – техникалық

ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе білім немесе құқық. Мамандығы – техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе білім (жалпы) немесе құқық (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңдарын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

18. Қызыләуіт ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік (санаты E-G-3, №2-12-5).

Функционалдық міндеттері: ауылдық округтегі ауылшаруашылық құрылымдары мен кәсіпкерлік тұлғаларының жұмыстарын талдап, сараптама жасау. Әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар және азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруды ұйымдасыру.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – ауылшаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық немесе білім. Мамандығы – ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе құқықтану немесе білім (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

19. Қасқабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік (санаты E-G-3, №2-21-1).

Функционалдық міндеттері: Қасқабұлақ ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдерін дайындайды, азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс, сайлаушылар тізімін жасау, хал актілерін тіркеу, мұрағат және іс жүргізу мәселелері, анықтамалар мен ақпараттар дайындайды, ауыл әкімінің атына келіп түскен әр түрлі мәселелер бойынша құжаттар мен хаттарға жауаптар кайтарады. Жеке және занды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы №1-ОЛ, сайлау мәселесіне байланысты, наградалар жөніндегі құжаттар, келіп түскен құжаттарды жинақтау ісі, шығыс кітаптарды тіркеу кітапшасы. Ауыл әкімі аппаратында бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің облыс және аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу. Ауылдық округте есепте тұрған әскер қатарына шақырушылар мен запастағы әскери міндеттілердің қозғалысын есепке алу. Іс қағаздарын жүргізу, әскери міндеттілер мен запастағы офицерлердің тіркеу кітабын жүргізу.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – әлеуметік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық немесе білім. Мамандығы – әлеуметік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе құқықтану немесе білім (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының Заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

20. Берікқара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік (санаты E-G-3, №2-12-2).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі аумақтарында адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғау, тіркелген жағдайда эпизоотиялық жағдайын анықтау, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізу және жануарларды бірдейлендіру бойынша компьютерлік базаға енгізу. Ауылшаруашылығы малдарын тасымалдауға, сатуға анықтамалар береді. Ауылдық округі бойынша ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын, анықтамалар беру, есебін жүргізу, ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес ауылшаруашылық басқармасына табыс етеді. Заңнамамен белгіленген тәртіпте, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрау және алу, ветеринария саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелерді және нормативтерді бұзған жағдайда олардың лицензиясын тоқтату немесе қайтарып алу туралы ұсыныс береді. Ауылдық округтегі жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтары малдарына есеп жұмыстарын жүргізіп, ветеринарлық пункт мамандарымен тікелей жұмыс жасайды. Ауылшаруашылығына қатысты басқа да ауыл әкімінің тапсырмаларын орындайды;

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – ветеринария. Мамандығы – ветеринария (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерін білу.

21. Ойық ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 1 бірлік, (Е-G-4 санаты, №2-12-6).

Функционалдық міндеттері: Ауылдағы шаруа қожалықтарының жұмыстарына сараптама жасап, есебін жүргізіп отырады. Мемлекет тарапынан шаруа қожалықтарына беріліп отырған жеңілдіктерге түсініктеме жұмыстарын жүргізуге жауапты. Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың есебіне жауапты. Атаулы әлеуметтік көмек пен басқа да жәрдемақыларды тағайындау үшін құжаттарды рәсімдеп дер кезінде тапсыруды қамтамасыз етеді және қажетті сұраным бойынша ауыл тұрғындарына анықтама беріп өз қолымен куәландырады. Ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды. Барлық іс-қағаздарды тек компьютер арқылы жүргізеді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – жалпы. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан

Республикасының Еңбек кодексін, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңдарын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының Заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш (бұдан әрі – Қағида); 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаттың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Талас ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы, №1 үй (3-қабат, 306-кабинет) мекен-жайда орналасқан Талас ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді. Конкурстық комиссияның үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Аталған лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

ЖАРНАМА. БАД. Дәрі-дәрмек болып табылмайды. Пайдаланар алдында мамандармен кеңесіңіз.

Дәріханалардан сұраңыздар!БУЫННЫҢ БАСТЫ КЕСЕЛІ – ТҰЗТұздың буынға жиналуынан

туындайтын қиындықтар жеткілікті, т іпті күнделікті үй шаруасын атқару да оңайлыққа соқпайды. Буын ауырып, оның ісінуі анық байқалады. Әсіресе, күні бойы орнынан қозғалмай жұмыс істейтін кеңсе қызметкерлері бұл жағдайға жиі ұшырайды.

Мұның негізгі себебі ағзадан несеп қышқылы (тұз) түйіршіктерінің қалыпты түрде шығарылмай, тұзға айналуынан туындайды. Сонымен қатар, уақтылы дұрыс тамақтанбай,

етті, майлы тағамдарды, алкогольдік ішімдіктерді шектен тыс артық көлемде пайдаланудың зияны орасан.

Б у ы н ғ а т ұ з ж и н а л у ы н а н қарапайым әдістер көмектеспейді. Сырқаттан арылтатын бірден-бір құрал ФУЛФЛЕКС капсуласы. Оның құрамындағы африкалық өсімдік – хош иісті мартинии бағалылығының нәтижесінде ағзадан артық мөлшердегі несеп қышқылын шығарады.

Сондай-ақ, ФУЛФЛЕКС крем

түрінде де шығарылады. Емдік крем ФУЛФЛЕКС-тің құрамында қайың, талшынның экстрактысы бар, олар мартинии мен мойылталдың ықпалын арттыра түседі . Ал, эвкалипт, арша, самырсынның эфир майларының көмегі мол.

ФУЛФЛЕКС – буынды тұздан арылтады.

ФУЛФЛЕКС – БУЫНДАҒЫ АУЫРУДЫ ЕМДЕУГЕ

БАҒЫТТАЛҒАН МЫҚТЫ ПРЕПАРАТ.

ШҰҒЫЛ ЖЕЛІДЕГІ ТЕГІН ТЕЛЕФОН: 8-800-080-59-59 (жұмыс уақыты: 08.00-23.00).Алматы қаласындағы анықтама телефоны: 8 (727) 297-59-59. www.riapanda.ru

��ла�, тама� жне м�рын емдеуді� жо�ары сапалы жолын �сынады. М�рын, оны� �осал�ы �уыстарыны� жне ж�т�ынша�ты� заманауи эндомикроскопиялы�,

терморадиотол�ынды жне шейверлік емдеу тсілдерімен тиімді рі сапалы емдеп шы�арады. Сондай-а�, ��ла� ауруына жне есту м!шелеріне микрохирургия

операциялары жасалынады. ЛОР а�залармен байланысты �й�ы кезіндегі

�орылдауды емдейді. Барлы� емдеу ж�мыстарын жо�ары білікті дрігерлер ж!ргізеді.

Сіздерді� денсаулы�тары�ыз�а деген �ам�орлы�ымыз �ашанда зор.

Дрігер Кученевті� ЛОР-клиникасыны� бас дрігері, медицина �ылымдарыны�

кандидаты �азиз Тілеу"#л#лы Абдуалиев

Телефон: 8 (7262) 34-21-50, 34-52-79. Мекен-жайымыз: Тараз "аласы, Рысбек батыр к+шесі, №11а <й. Электронды" пошта: klinika-lor@

уandex.kz

Page 7: "Ақ жол" газеті PDF нұсқа №75-76 Сейсенбі, 20 мамыр 2014 жыл

Меркі ауданындағы №16 орта мектептің директоры Анархан Құнанбайұлы Әшімбеков 60 жасқа келген шағында дүниеден озды.

А. Әшімбеков 1954 жылдың 10 қыркүйегінде Меркі ауданының Ойтал бөлімшесінде көп балалы жанұяда дүниеге келген. Ол Тәтті ауылындағы М. Мәметова атындағы орта мектепте орта білім алғаннан кейін Жамбыл педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, ұстаздық мамандықты алып шықты.

Еңбек жолын 1979 жылы Т. Рысқұлов ауданы, Қызыл шаруа ауылындағы орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1980 жылы №12 Қ. Сарымолдаев атындағы мектепте ұстаздық еңбегін жалғастыра жүріп, 1982 жылы «Красный Восток» колхозының комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс атқарған. 1991-1997 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінің орталықтандырылған фильмотека бөлімі меңгерушісі қызметін атқарған. 1999-2005 жылдарда №12 Қ. Сарымолдаев атындағы мектептің директоры, одан кейін аудандық білім бөлімінің әдіскері, 2006 жылдың қазанында №2 мектептің, 2008 жылдың ақпанында №13 мектептің директоры, ал, 2010 жылдың тамызынан өмірінің соңына дейін №16 орта мектептің директоры қызметін атқарып келді.

Анархан Құнанбайұлы Әшімбеков барлық қызметтерінде қажырлы еңбегімен, адамгершілік көңілімен ел-жұртқа, ағайын-туыстарына, достарына сыйлы, аяулы жар, ардақты әке, сүйікті ата, қомқор бауыр болды. Құда-жекжаттарының арасында да құрметке бөленген азамат еді. Еңбек жолында өзімен қызметтес болған әріптестерімен достыққа адал екендігін көрсете білді.

Анархан Құнанбайұлы Әшімбековтің мезгілсіз қазасына орай марқұмның отбасының, туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаны жәннатта болып, нұры пейіште шалқысын!

Құрдастары, достары.

Міне, осы әсер етуші факторлармен күресу арқылы бұл аурудың алдын алуға болады. Алайда, науқастар салауатты өмір салтын ұстанбастан, жүрек-қантамыр ауруларымен тек қана дәрі-дәрмектің көмегімен немесе, хирургиялық еммен күресуді дұрыс деп санайды. Әрине, емге қолданылатын дәрілер күшті, әрі қауіпсіз болып келеді. Дегенмен, науқас жоғарыда аталған ЖҚА-на әсер етуші негізгі факторлармен күрескен жағдайда ғана дәрі-дәрмектің әсері болады. Өкініштісі сол, халықтың басым бөлігі салауатты өмір салтына немқұрайдылықпен қарайды. Әсіресе, біз айтып отырған ауруға шалдыққан адамдар.

Жүрек-қантамырлары аурулары өлімінің басым бөлігі жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА) салдарынан және оның жедел түрлерінен орын алады. Соңғы деректерге көз жүгіртсек, ЖИА-ның шамамен 60 пайызында жедел қантамыры синдромы байқалса, тағы 24 пайызында тұрақты қысым стенокардиясы, ал, қалған 16 пайыз жағдайда кенеттен келген өліммен аяқталады. Ал, сол кенеттен өлімге тап келген науқастардың 60 пайызына жедел жүрек инфарктісі әсер етсе, инфаркт алғандардың 50 пайыздан астамын шамамен бір сағаттың ішінде медициналық көмекпен аман алып қалуға болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, жер шары халқының 40 пайызы артериалды гипертензиямен, яғни, қан қысымы ауруымен ауырады. Қан қысымы неғұрлым жоғары болған сайын, адам соғұрлым жүрек-қантамыр ауруларына және оның асқынуына шалдығады. Және де ондай адамдардың өмірмен қош айтысу қаупі де жоғары. Сондықтан, миокард инфарктісі ауруларындағы өлімнің қаупі басым болғандықтан, аурудың алғашқы сағатындағы, яғни, ауруханаға жатқызғанға дейінгі кезеңдегі медициналық ем-домның сапалы болуы аса маңызды. Сонымен қатар, дер кезінде ауруханаға жатқызудың да өмірлік маңызы зор. Жедел қантамырлары синдромын емдеу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің халықаралық деңгейде мақұлданған мамандары дайындап, бекіткен диагностикалау хаттамалары мен ем түрлері

қолданылады. Жалпы, ғылымның бір жерде тұрып қалмағаны және

тұрмайтыны белгілі. Оның әр жетістігі медицина саласына да практикалық тұрғыдан жаңалық әкелуде. Соның нәтижесінде бүгінде еліміздің барлық облысында коронография, стент қою, шунттау жұмыстары жүргізілетін және интервенциялық кардиологияның әдісі – электрлі кардио стуляторларды тиімді қолданатын кардиологиялық орталық жұмыс істейді. Интервенциялық кардиологияның аблация, ресинхронизациялайтын терапия сынды өзге де әдістері қолданысқа кеңірек енгізіліп келеді.

Біздің елде науқастарға жасанды қарыншаны алмастыру сынды қымбат оталар жиі тегін жасалып тұрады. Ал, жүректі ауыстыру бірінші рет Астана қаласындағы республикалық кардиохирургиялық орталықта жүзеге асты.

Ел статистикасы бойынша, соңғы екі жылда жүрек-қантамыр ауруларының негізгі түрлерінен қайтыс болу деңгейі төмендеуінің тенденциясы байқалады. Мұның бәріне республиканың барлық аймағында ашылған кардиологиялық және кардиохирургиялық орталықтардың және Қазақстан нарығына қауіпсіз әрі әсері мол дәрі-дәрмектердің кең көлемде енуі арқасында қол жеткізіліп отыр.

Біздің ауданда да тұрақты әрі дер кезінде ем қабылдағандар саны артып келеді. Мәселен, былтыр барлығы 121 адамға отаның қатысынсыз-ақ жоспарлы коронароангиографикалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Әрине, медицинада күрделі аурулардың бәрін отасыз жазу мүмкін емес. Сондықтан, хирургиялық операциялардың көмегімен де көп нәтижеге қол жеткізуге болады. Ауданда жоспарлы түрде ота жасалған науқас адамдардың саны өткен жылы 230-ды құрады. Дегенмен, бұл көрсеткіштің алғашқы нәтижелері көбейіп отыр. Атап айтар болсақ, өткен жылдың 3 айында 15 науқасқа, ал, биылғы бірінші тоқсанда 28 науқасқа ота жасалды.

Тізе берсек, сан-деректермен жүрек-қантамыры жүйесі ауруына шалдыққан науқастарды емдеу бойынша атқарылып

жатқан жұмыстарды айта беруге болады. Ең бастысы, жоғарыда айтып өткенімдей кейінгі жылдардағы еліміздің кардиология және кардиохирургиялық орталықтардың жұмысына жан бітіргелі бұл бағытта біршама оң өзгерістер бар. Арнайы медициналық құрылғылар мен қауіпсіз дәрілердің елімізде кең қолдана бастауының арқасында қаншама жыл сырқатымен алысып келе жатқан азаматтардың өмірінің ұзаруына мүмкіндіктер жасалып жатыр.

Бір ғана мысал, жақында ғана Қордай ауылының бір тұрғыны жүрегінің сол жақ қарыншасына күрделі ота жасалды. Ол азаматша емделіп жатқан кардиохирургиялық емханадан шыққан соң бізге келіп сауықтыру шараларынан өтетін болады. Әрі, тегін дәрі-дәрмектер алады.

Өкінішке қарай, қан айналымы жүйесі аурулары салдарынан көз жұмып жатқандар да жоқ емес. Биылғы алғашқы үш айда аталған аурудан аудан бойынша 40 адам қайтыс болса, былтыр осындай кезеңде 66 адам дүниемен қош айтысқан еді.

Қалай болған күнде де біздің дәрігерлер емдеу жұмыстарының нәтижелілігін арттыру мақсатында қолдан келген барлық мүмкіндіктерін қолдана бермек. Ол үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен мамандарымыз Астана мен өзге де қалаларда білікті профессорлардың тәжірибесін көріп, біліктіліктерін арттырып қайтуда. Одан бөлек жедел жәрдем қызметкерлері де қосымша білімдерін жетілдіріп, семинар-тренингтерге де қатысып отырады.

Қуанарлығы сол, шұғыл медициналық көмектерді жақындату үшін соңғы үш жылда ауданның Қордай Отар, Сортөбе, Масаншы және Бетқайнар сынды үлкен елді-мекендерінде жедел жәрдем қызметінің бөлімшелері ашылды. Олардың материалдық-техникалық базасын күшейту үшін үш «Ивеко» реаномобильді көлігі алынды. Ол арнайы көліктер ЭКГ аппаратымен, госпитальды кезеңге дейін сапалы көмек көрсету мақсатында науқасқа оттегі беретін дефибриллятор аппараттарымен жабдықталған.

Ал, ауруды дер кезінде анықтау мақсатында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында азаматтар белгілі жас шамаларына қарай скринингтік тексеруден өтіп жатыр. Нәтижесінде қан айналым жүйесі ауруларына шалдыққан науқастардың қайтыс болуы саны азайып отыр.

Эйвас ЗАМАНОВ, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері.

Қордай ауданы.А

724 мамыр, 2014 жыл www.akjolgazet.kz

ЖАРНАМА ЖАРНАМА

Анархан Құнанбайұлы ӘШІМБЕКОВ

Жарамсыз деп табылады

Мұрагерлік

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті жетілдіру» атты төртінші бағыты аясында «Іс жүзіндегі бизнесті жүргізуді

сервистік қолдау» құрамы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсететін сервистік компанияларға іріктеу

жасайтындығын хабарлайдыӨтініштер кеңес беру саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерден,

коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдардан 2014 жылдың 4 маусымы күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Сервистік компанияларды іріктеу бойынша келіп түскен өтініштерді ашу жөніндегі комиссия отырысы құжат тапсырып, өтініш берген тұлғалардың міндетті қатысуымен 2014 жылдың 5 маусымында сағат 15.00-де Тараз қаласы, Абай көшесі, №109 мекен-жайында орналасқан Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының ғимаратында өтеді.

Өтініш үлгісін және іріктеуге қатысу талаптарын Тараз қаласы, Абай көшесі, №109 мекен-жайында орналасқан Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасына келу арқылы немесе [email protected] электрондық поштасы арқылы электронды түрде алуға болады.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасындағы жауапты тұлға - 1-дәрежелі сарапшы Абылай Баизатов,

жұмыс телефоны: 8 (7262) 55-59-11, ұялы телефоны: 87027772267.

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасыкәсіпкерлер палатасы

Палата предпринимателей Жамбылской областиЖамбылской области

объявляет о начале проведения отбора в качестве сервисной компании для оказания услуг

предпринимателям по Компоненту «Сервисная поддержка ведения действующего бизнеса» в рамках четвертого

направления «Усиление предпринимательского потенциала» Программы «Дорожная карта бизнеса-2020».

Заявки принимаются от индивидуальных предпринимателей, коммерческих либо некоммерческих организаций, осуществляющих деятельность в сфере консультационных услуг, до 18.00 часов 4 июня 2014 года.

Заседание Комиссии по вскрытию поступивших заявок по отбору Сервисных компаний проводится в 15.00 часов 5 июня 2014 года в офисе Палаты предпринимателей Жамбылской области по адресу: г. Тараз, проспект Абая, №109, с обязательным участием представителей Заявителей, предоставивших документы.

Форму заявки и условия участия в отборе можно получить в офисе Палаты предпринимателей Жамбылской области по адресу: г. Тараз, проспект Абая, №109 на бумажном носителе либо по запросу по электронной почте [email protected] в электронном виде.

Контактное лицо в ПП Жамбылской области Баизатов Абылай - эксперт 1-категории, телефон: 8 (7262) 55-

59-11, мобильный телефон: 87027772267.

Ж б бЖ б б

Палата предпринимателейПалата предпринимателей

«Ақ жолдың» ақылы қызметін пайдаланыңыз!

Банктік қызметтер үнемі тараптардың өзара тиімді шарттарына негізделетін екі жақты сипатта болады. Сонымен, банктің депозиттік қызметтері халық үшін бос ақшаны салу құралдарының бірі, ал банк үшін қаржыландырудың қосымша көзі болып табылады. Тіпті созылмалы әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында екінші деңгейдегі банктер үшін қаржы көзін табу оңай іске айналып отырған жоқ. Сондықтан, ішкі әлеуетті пайдалану, халық қаржысын тарту Дағдарыстан кейінгі кезеңде елдің қаржы секторының даму концепциясының негізгі бағыттарының бірі болып отыр.

Жамбыл облысының депозит нарығы соңғы 5 жылда оң тенденциялармен сипатталып келеді. 2009 жылдың 1 қаңтарында облыстың екінші деңгейлі банктеріндегі депозиттердің көлемі 18594,3 миллион теңгені құраған болса, үстіміздегі жылдың басында бұл көрсеткіш 2,9 есе артып, 53394,4 миллион теңгені құрады. Бір айта кететіні, осы кезеңде облыстың банктеріндегі депозиттер көлемі ай сайын тұрақты түрде өсу тенденциясын көрсетті.

2014 жылдың 1 тоқсанын, атап айтсақ, ақпан айы, еліміздің депозиттік нарығына қандай да бір сынақ өткізгендей болды. Үстіміздегі жылдың ақпан айында еліміздің бірқатар банктерінің жабылу мүмкіндігі туралы таратылған аңдатпа ақпараттың кесірінен жеке тұлғалар банктердегі депозиттерін жаппай шешіп алуға бел буғаны есімізде. Нәтижесінде 2014 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша облыстың банктеріндегі депозиттердің жалпы сомасы қаңтар айының соңымен салыстырғанда 1,5 миллиард теңгеге немесе 2,8%-ға азайды. Ал, наурыз айының аяғында бұл мәселе орнығып, депозиттердің көлемі қаңтар айындағы деңгейге қайта оралды.

Сонымен, 2014 жылдың алғашқы 3 айында облыстың банктеріндегі депозиттер көлемі 1,5%-ға өсіп, 01.04.2014 жылғы жағдай бойынша 54220,1 миллион теңгені құрады. Банктердегі депозиттердің құрылымына келер болсақ, бүгінгі таңда депозиттер сомасының 90,5%-ы жеке тұлғаларға тиесілі және жеке тұлғалардың салымдары соңғы 5 жылда 2,8 есе артқан. Жеке тұлғалардың бос қаражаттарын банктердегі депозиттерге орналастыруына әсер ететін факторлардың бірден-бірі – банк жүйесіне деген сенімнің берік болуы. Бұл ретте елімізде әрекет ететін жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру жүйесі маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалғыз акционері болып табылатын «Қазақстан депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ 2008 жылы кепілдендіру сомасын 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін арттырған болатын. Бұл банктің еркінен тыс таратылуы жағдайында, қордың 5 миллион теңгеге дейінгі халық салымдарының қайтарылатынына кепілдік беретінін білдіреді. Аталған норма дағдарыс кезінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет етеді деп болжамданып, заңды түрде бекітілген. Алайда, Тәуекелерді азайту бөлігіндегі банктік қызметтер және қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес Қазақстан депозиттерді кепілдендіру қорымен кепілдік берілетін шекті сома 5 миллион теңге көлемінде қалдырылды және бұл норма енді мерзімсіз әрекет ететін болды. Яғни, сіздің қазақстандық банкте сомасы 5 миллион теңгеге дейін салымыңыз болса, онда ол банктің жабылу қаупі сізді еш алаңдатпауы тиіс. Себебі, мұндай жағдай сіздің салымыңыздың сақталуына (қайтарылуына) кепілдік беріледі. Тағы бір айта кететін маңызды жайт, егер бір банкте салымшының отбасыларының бірнеше мүшесі атынан депозиттер ашылған болса, онда банк таратылған жағдайда кепілдік берілген өтем оның әрбір мүшесіне жеке бес миллион теңге шегінде төленеді. Егер сіздің бірнеше банкте жеке-жеке ашылған депозиттеріңіз бар болса, онда әр банктегі депозитіңізге жеке-жеке кепілдік беріледі. Кепілдендірудің өзге де шарттары және халық салымдарының өтелу тәртібі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналасқан депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы» Заңында егжей-тегжейлі сипатталған.

Депозиттердің валюталық құрылымына келер болсақ, онда соңғы 3 айда ұлттық валютадағы депозиттердің бір бөлігі шетел валютасына ауыстырылғандығын байқауға болады. Мысалы, 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыстың депозиттерінің жалпы сомасының 30,8%-ы шетел валютасында болса, 1 тоқсанның қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 39,7%-ды құрап отыр. Бұл үрдіске ақпан айында Ұлттық Банктің теңге бағамына енгізілген түзетуі әсер еткен болар.

Облысымыздың депозит нарығындағы негізгі өзгерістер легі осындай. Банктердің депозиттік операциялары банк үшін де, салымшы үшін де тиімді құрал болатындығын есте сақтаған жөн. Себебі, халық бос қаражатын банк депозиттерінде орналастыру арқылы оны сақтап қана қоймай, сондай-ақ, арттырады, сонымен қатар банк капиталын толықтыру арқылы ел экономикасына инвестициялық көмек көрсетеді.

Ерлан МОНТЫБАЕВ,ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының

директоры орынбасарының міндетін атқарушы.

Телефон/факс: 8 (7262) 43-32-50

[email protected]

Бұл америкалық«Dyna LIFE» компаниясы-нан Daniel William ғой, «Ақ жолдың» жарнама

қызметі ме екен?..

Алло!!!

Облыстың депозиттік нарығы: негізгі үрдістер

Уақыт, күндер өткен сайын жан бауырым Әлекеңнің үлкен парасаттылығы, мәдениеттілігі, білімділігі анық сезіле түсетіндей. Ол жас бала кезінен-ақ, мектепте де, үлкен білім ордасын бітіріп, әр салада қызмет атқарғанында да адалдықты алға қойып, кісіліктен жаңылған емес. Өмірді көріп ысылған, ел ішінде беделі бар адамдармен араласуының өзі менің өмірімде үлкен қуаныш болатын, Қатты еліктейтінмін. Қандай ортада болсын, өзін қарапайым ұстай біліп, елдің әңгімесін тыңдап, өзі де айта білетін, бойынан ешкімге біліне бермейтін табиғи артықшылық сезіліп тұратын еді.

Есен, Естай, Есмұрат – бабамыз Нұртайдың үш баласы. Осы әулеттің тұңғышы Әлекең, Әлкен Жапаров – менің туған ағам. Біздер Естайдан үш ер бала, үш қыз дүниеге келдік. Әкеміз Естай 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысып, үш жерінен жарақат алып, елге аман-есен оралды. Зейнетке шыққанша қазіргі Мойынқұм ауданының Жамбыл ауылында сиыр бағып, 96 жасында дүниеден қайтты.

Анамыз Зейне кезінде колхозда сауын сиыр фермасын басқарып, кейін сауыншы болып, зейнетке шыққаннан кейін 87 жасында

дүниеден өтті. Әке-шешеміз өмірінің соңына дейін бәрімізді де оқытып, тәрбиелеп, жоғары білім алуымызға ықпал етті. Бәріміз де отбасын құрып, балалы-шағалы болдық. Жиырма бес немере көрді. Қазір сол немерелерінің бәрі де отбасылы, шөберелері дүниеге келіп жатыр, өмірдің, табиғаттың заңдылығы ғой.

Әулетіміздің, туған-туыстарымыздың арасында Әлекең бәрімізге ақылшы да, басшымыз да болып, 2013 жылдың 12 маусымында дүниеден өтті . Жан жары Қуаныш жеңгеммен бірге елу жылдан аса өмір сүріп, үлгілі отбасы болды. Үш бала, үш қыз тәрбиелеп, бәрін де оқытып, жоғары білім беріп, аяқтандырды. Қазір бәрі де әр салада үлкен тәжірибелі маман болып, қызметтерін атқарып жатыр. Балаларынан 13 немере, 3 шөбере көрді. Немерелерінің алды жоғары оқу орнын бітіріп, еңбекке араласуда.

Өз отбасында болсын, іні-қарындастарының үйінде болсын, жалпы баланы тәрбиелеуге қатты көңіл бөліп отыратын. Байыппен сөйлеп, ақылын айтатын. Содан шығар, іні-қарындастарының бар балалары, немерелері «дәу папа», «дәу ата» деп айтатын. 1964 жылдан бері осы Шу ауданында зейнетке шыққанынша әр салада жауапты қызметтер атқарып, аудан экономикасын, мәдениетін көтеруге аянбай еңбек етті. «Шу өңірі» газетінің 2014 жылғы 3 мамырдағы санында жарияланған белгілі журналист Тампылбай Молдақұловтың «Елеусіз еңбек болмайды» мақаласында Әлекеңнің еңбек жолы түгел аталып өтті.

Ә л е к е ң н і ң қ а р а п а й ы м д ы л ы ғ ы , мәдениеттілігі шығар, зейнетке шықса да билік басындағыларға барып, бұрынғы қызметтерін айтып, ауданның Құрметті азаматын сұрамауы да парасаттылығы деп ойлаймын.

Бауырым, Әлеке, жатқан жерің жайлы, жаның пейіште шалқып, өзіңе бір Алланың рахымы болсын. Өзіңді артыңда қалған балаларың, немерелерің, ағайын-туыстарың, өзіңмен бірге қызмет атқарған халқың, елің, үзеңгілес болған жолдастарың ешқашан да ұмытпайды.

Жарқын бейнең әрдайым біздің жүрегімізді сағындырады, жан аға!

Сәден ЕСТАЙҰЛЫ,Шу ауданының Құрметті азаматы.

Тағзым

дүниеден өтті Әке-шешеміз өмірінің соңы

ЕСІМНЕН КЕТПЕС СОЛ БЕЙНЕҢ

Алматы экономика және статистика академиясын 2008 жылы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген Динара Маделбековна Мусаеваның атына берілген ЖБ №0075739 (тіркеу №0237) жоғары білім туралы дипломның қосымшасы жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылады.

Орақбай Ибыжановтың 2012 жылдың 21 маусымында қайтыс болуынан кейін мұрагерлік ісі ашылып отыр. Осыған орай, марқұмның мұрагерлері мұрагерлік істі ресімдеу үшін осы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Талас ауданы, Қаратау қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, №83 «г» үйде орналасқан нотариалдық кеңсеге (нотариус Г.С. Саржанова) жолығулары қажет.

Уақыт күндер өткен сайын

үшӘЕсӘсоелқауқа

сибо

Т

А

Сакен Матишович Рахмановтың 2013 жылдың 5 қыркүйегінде қайтыс болуынан кейін мұрагерлік ісі ашылып отыр. Осыған орай, марқұмның мұрагерлері мұрагерлік істі ресімдеу үшін осы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Тараз қаласы, 9 ықшам ауданы, №31 үйде орналасқан нотариалдық кеңсеге (нотариус Д.И. Калабаев) жолығулары қажет.

Тараз қалалық сотына «Талас» (6) ықшам ауданы, №30 үйдің 63-пәтерінде тұратын Сергей Вячеславович Андреев арызданып, осыған орай «Талас» (6) ықшам ауданы, №30 үйдің 66-пәтерінде тұрған, 1970 жылдың 6 шілдесінде Жамбыл қаласында туған Светлана Викторовна Андреева мен 1960 жылы туған Виктор Юрьевич Владимировты өлді деп тану туралы азаматтық іс қозғалды.

Светлана Викторовна Андреева мен Виктор Юрьевич Владимиров туралы қандай да бір мәлімет білетіндер болса үш ай мерзім ішінде Тараз қалалық сотына мына мекен-жайға хабарласуын сұрайды: Тараз қаласы, Королев көшесі, №7 үй, судья Г.С. Бегимбетова.

Тараз қалалық сотына «Талас» (6) ықшам ауданы №30 үйдің 63-пәтерінде

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын тап

НАУҚАСҚА ҚАЖЕТТІ САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКА

ауөмқакүдәжкүӨсаот

жонкөқақыкеөлинаскө

марауадасқоауалдеасжсихабе

Ұзақ жылдан бері қан айналым жүйесінің аурулары әлем бойынша адам өлімінің алдыңғы қатарлы себептеріне айналып келеді. Сондықтан бұл ауру ХХ ғасырдың эпидемиясы аталып кеткен. Өкінішке қарай, ХХІ ғасырда да осылай жалғасып келеді. Осы жүрек-қантамыр ауруларының көбеюі ХХ және ХХІ ғасырлардағы автоматика мен кибернетиканың кең қанат жаюы және урбанизацияның белең алуымен тығыз байланысты болып отыр. Адам жасы, жынысы, тұқым қуалаушылық, стрестер, артериалды гипертензия, гиподинамия, семіздік, темекі шегу, алкогольді ішімдік ішу, липидтік спектрдің бұзылуы, қант диабеті және т.с.с. жүрек-қантамырлары ауруларының дамуы мен асқынуына әсер ететін негізгі факторы болып табылады.

Ұзақ жылдан бері қан айналым жүйесінің аурулары әлем бойынша адам өлімінің алдыңғы қатарлы себептеріне

Міне, осы әсер етуші факторлармен күресу арқылы бұл қолданылады.

Жамбыл облысы �кімдігіні� ж�мыспен �амтуды �йлестіру ж�не �леуметтік ба�дарламалар бас�армасы

�аза�стан Республикасында м�гедектерді� ���ы�тарын �амтамасыз ету ж�не !мір с�ру сапасын

жа�сарту ма�сатында, �леуметтік жобалар к!рмесіні� Республикалы� конкурсына �атысушыларды облысты�

де�гейде іріктеу ж�мыстары бастал�анды�ын хабарлайды.

Атал�ан іс-шара�а �аржыландыру к�здеріне �арамастан, халы�ты �леуметтік �ор�ау ж�йесі ше�берінде �ызметтерін ат�арып ж�рген �о�амды� бірлестіктер, м�гедектер !йымдары, мекемелер, ведомстволар, жеке т!л�алар ж�не бас�а да �кіметтік емес �йымдар �атыса алады.

Осы�ан орай, іріктеу келесі санаттар бойынша ж�зеге асырылады:

– жетім балалар;– м�гедектер;– аз �амтыл�ан ж�не к�п балалы отбасылар;– ж�мыссыз ж�не жал�ыз басты азаматтар;– �арт адамдар, ардагерлер ж�не бас�а да санатта�ы азаматтар.

Осы конкурс�а �атысу ж�не туында�ан с�ра�тар бойынша толы��анды а�паратты алу �шін тиісті

��жаттары�ыз бен т�р�ылы�ты жерлері�іздегі ж�мыспен �амту ж�не �леуметтік ба�дарламалар б!лімдеріне

�айырылулары�ыз �ажет.

ХАБАРЛАНДЫРУХАБАРЛАНДЫРУ

Сакен Матишович Рахмановтың 2013 жылдың 5 қыркүйегінде қайтыс болуынан кейін

Page 8: "Ақ жол" газеті PDF нұсқа №75-76 Сейсенбі, 20 мамыр 2014 жыл

8 24 мамыр, 2014 жыл

ДИРЕКТОР – БАС РЕДАКТОР

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 5, Баспасөз үйі.

Таралымы 20575

Телефондар/факс: бас редактордың қабылдау бөлмесі – (қаланың коды – 8-726-2) 43-17-07.Жарнама – 43-32-50. Электрондық пошта: [email protected]. Газеттің сайты: akjolgazet.kz

Меншік иесі:

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ

РЕДАКЦИЯСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ»

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ. ЖСК KZ04319E010000374569, БСК ABKZKZKX,

СТН 211500070391. КБЕ 17, КНП 851, БСН 030940003725, «БТА БАНК» АҚ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫ. ИНДЕКСІ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫ

ҮШІН – 65457, МЕКЕМЕ ҮШІН – 15457.

Газетті есепке алу туралы №12327-Г

куәлікті 2012 жылғы 1 наурызда Қазақстан

Республикасының Мәдениет

және ақпарат министрлігі

берген.

Нөмірдің кезекші редакторы

Фариза ӘБДІКЕРІМОВА

Газет аптасына үш рет шығады. Газет редакцияның компью терлік орталығында теріліп, беттелген. Қалыбы Жамбыл «Сенім» ЖШС баспа орталығында жасалып, көбейтілді. 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 22-үй. тел: 43-32-83. Тапсырыс 425

Бас редактордың бірінші орынбасары – Құрманбек ӘЛІМЖАН – 43-17-08;Бас редактордың орынбасары – Ақылжан МАМЫТ – 43-33-08;Жауапты хатшы – Әділбек БАҚҚАРАҰЛЫ – 43-50-73; БӨЛІМДЕР: Саясат – Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ – 43-33-08; Экономика – Амангелді ӘБІЛ – 43-36-21;

Руханият – Баймаханбет АХМЕТ – 43-31-62;Хаттар және меншікті тілшілер жұмысын үйлестіру бөлімі – Лесбек САЙЛАУБЕК – 45-48-09;МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Т. Рысқұлов, Меркі – Сейсен ҚОЖЕКЕ – 8 (726 31) 2-24-76, 8 777 628 45 83; Шу, Мойынқұм –Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА –8(726 38) 3-29-99, 87074228246

Талас, Сарысу –Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ –8(726 44) 5-06-68, 87777590076

Жарнама – Жүрсінгүл ЖАҚЫП – 43-32-50;

Компьютер орталығы – Жанна БЕЙСЕНҚҰЛОВА – 43-26-90;

Заңгер – Абай ШАҒАМБАЕВ – 45-15-26;

Бухгалтерия – 43-17-12.

Редакция авторлардың көзқарасы, жарнама мазмұны үшін жауап

бермейді. Жарияланбаған хатқа жауап қайтарылмайды.

А – материалдың жариялану ақысы төленген.

Қазақтың хас батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы атындағы дәстүрлі былғары қолғап шеберлерінің бәсекесіне қатысушылар саны жылдан-жылға арта түсуде. Биылғы додаға барлық облыстан және Қырғызстан мен Өзбекстаннан үш жүздей спортшының келуі мұның нақты айғағындай. Негізінен, бұл турнир халықаралық деңгейде ұйымдастырылатындықтан, қай-қай өңірдің де балғын боксшысының біржағынан шеберлігін шыңдауына себі тиер деп, бағын сынап көруге қызығушылық танытатыны анық. Мұндай жарыс тәжірибе жинақтау үшін де өте қажет.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған №6 облыстық мамандандырылған бокс мектебінің базасында өткен жарыстың ашылу салтанатына Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбырайымов пен Бақтияр Артаев, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Марат Мәзімбаев бастаған облыста осы саланың дамуына айрықша еңбек сіңірген спорт майталмандары қатысты. Айтулы азаматтардың бәсі жоғары бәсекені арнайы келіп тамашалауы жамбылдық жеткіншектерге де дем беріп, олардың жеңіске деген құштарлықтарын арттыра түскендей. Турнирдің қорытындысында он жеті салмақ дәрежесі бойынша боксшыларымыз 9 алтын, 8 күміс, 10 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте топ бастады. Қырғыз елінен келген Р. Мұратов «Жеңіске деген жігерлілігі үшін» аталымы бойынша жүлде иемденсе, тараздық Қ. Сапарбай «Үздік боксшы» атанды.

Әшірәлі КЕНЖЕҒАРА, облыстық олимпиада жеткіншектерін

даярлау орталығының қызметкері.

Ардақ ҮСЕЙІНОВА,«Ақ жол».

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бәсекелік сипат алғанының бір көрінісі осы шығар, бүгінде мектеп бітірушілерді былай қойғанда, ата-аналардың өздері өзара жарысып жүргені. Перзенті тест тапсырып қойғандар: «балам жоғары балл алды, менің қызымның көрсеткіші жақсы» десіп, мақтанады, ұл-қызын рейтингісі жоғары оқу орнына «пристижный» мамандық бойынша оқуға түсіруге тырысады. Жөн-ақ, кім баласын жаман болсын дейді. Бірақ, соларға қарап, кейінгілердің де алдын ала «алашапқынға» түсетіні тағы бар. Қоғамда қалыптасқан осындай жағдайларға байланысты «Нұр Отан» партиясы биыл республика көлемінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсетуді қолға алып отыр.

«Биыл «Нұр Отан» партиясы 12 жобаны қолға алуда. Соның ішіндегі «Біз

бақытты отбасымыз» жобасының аясында республика бойынша 17 қалада бір күнде бір уақытта ата-аналар жиналысы өтті. Бұл шараның басты мақсаты – ата-аналарға ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде себі тиер психологиялық көмектер көрсету. Нақтырақ айтсақ, мамандар сынақ кезеңінде балаларды моральдық тұрғыда қолдау үшін әдістемелік кеңес беруде. Мұндай жиын қаланың сегіз мектебінде өтіп жатыр. Алдағы уақытта аудандарда да өткізіледі деп күтілуде», – дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және бақылау бөлімінің консультанты Айнұр Келімбетова.

Мектеп бітірушінің тестке дайындығына ұстаз, мектеп басшысы, сондай-ақ, ата-ана да жауапты. Бұл әрине, баламен бірге оқу материалдарын жаттап ал деген сөз емес. Оларға алдымен, психологиялық тұрғыдағы көмек қажет. Тараз қаласындағы Б. Момышұлы атындағы №45 классикалық гимназияның директоры Айша Ниязбекова

оқушылар тестке шама-шарқына қарай өзі дайындалатынын айтады. «Бірақ, бұдан мұғалімнің жауапкершілігі төмендемеуі тиіс. Мектеп қабырғасында өткен тақырыптарды б а л а н ы ң қ а л а й и ге р ге н і ұ ста з ы н а байланысты. Түлектердің жетістігі – педагог жұмысының нәтижесі деп бағаланады. Сондықтан, пән мұғалімдері бітірушілердің дайындығын пысықтап отырады», – дейді мектеп басшысы.

Мектеп бітірушілер мұғалімдерден, ата-аналардан демеу күтетіні анық. «Істеген ісімді үлкендер қоштай ма, қоштамай ма» деген ой әрбір балаға тән. Бірақ, тестке қатысатын ұл-қызына қолдау көрсетеді деген ата-аналардың өздері көбірек қобалжып жүрген сыңайлы. Мұны №45 мектеп-гимназияда өткен жиынға қатысқан аналар мен әкелердің жүздерінен анық аңғаруға болатын еді. Көңілінің алаң екенін Айнакүл Дүйсенбетова да жасырмады. «Ұлым – осы мектептің түлегі. ҰБТ жақындаған сайын алаңдап жүрміз. Бүгінгі жиналыста айтылған кеңестер арқылы ішкі толқынысымды жеңіп, тестілеуде балама қолдау көрсете аламын деп ойлаймын», – деп ағынан жарылды ана.

ҰБТ – жай ғана сынақ. Тестілеуден өтпегеннің жолы кесіледі деп байбаламдаудың қажеті жоқ. Биыл сәтсіздікке ұшырағандар келесі жылы кешенді тестке қатыса алады. Ата-ананы сабырға шақырған жиынның түйіні осы болды.

Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».

Облыстық білім басқармасы ұйымдастырып, өткізген шығармашылық ізденіспен жұмыс істейтін тәжірибелі пән мұғалімдерінен құралған жұмысшы тобының отырысы тап осы мәселеге – 2014-2015 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге, оқу құралдары мен басқа да қосымша әдебиеттерге сараптама жасап, олардың ең қажетті, жаппай қолдануға да тиімділерінің тізбесін түзіп, қалыптастыруға арналды. Оған облыс мектептерінен барлығы 220 пән мұғалімі қатысты.

Елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Үкіметтің іс-шаралар жоспарында да жалпы білім беру жүйелерінде оқитын барлық оқушылар жергілікті бюджеттер есебінен сатып алу жолымен жүз пайыз тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілетіні қарастырылған. Осыған орай, жыл сайын кезең-кезеңімен оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендеріне тапсырыс та беріледі. Облыс бойынша, мысалы, 2012 жылы 1, 7, 8, былтыр 2, 9, биыл 3, 10-сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне тапсырыс берілген.

Дейтұрғанмен, оқулықтағы олқылықтар «жыры» әлі күнге сағыздай созылумен келеді. Осы мәселені қарап, талқылауға арналған жиынға

облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов қатысып, облыстың үздік пән мұғалімдерінің ой-пікір, ұсыныстарын тыңдады. Химия пәнінің мұғалімдері өздері күнделікті оқытатын 10-сыныпқа арналған Габрилян мен Шоқыбаевтың «Химия» оқулығында әріп қателері көптеп кездесетіндігін, әрі қосымша әдістемелік нұсқаулығы жоқтығын, оған қарағанда бұрынғы Нұрахметов жазған оқулық біршама толыққанды екенін айтып, оны қайта басып шығару қажеттігін жеткізді. Ал, тарих пәнінің мұғалімдері қолданыстағы авторы бір болғанмен, әр жылдары - 2003, 2007, 2012 жылдары қайта басылып шығарылуы барысында қате жазылып, кейбір тарихи даталар, оқиғалар мерзімдері мен белгілі тұлғалардың өмір сүрген кезеңдерінде сәйкессіздіктер орын алғанын,

мысалы Аңырақай шайқасы олардың бірінде 1726, екіншісінде 1728 жылы болды деп көрсетілгенін, мұндай сәйкессіздіктер 6,7,8-сыныптарға арналған оқулықтарда да көптеп кездесетінін жасырмай айтты. Шынында да мұндай сәйкессіздіктер мектеп бітірушінің ҰБТ сынағы кезінде де жолын байлап, едәуір кедергі келтіретіні белгілі.

Рас, бұл тұрғыда оқулықтардың барлығы бірдей сәтсіз шыққан деп біржақты пікір білдіруге де болмас. Мысалы, орыс тілі оқытушылары қазақ мектептері оқушыларына арналып жаңа шыққан «Орыс тілі» оқулықтарының сапасы да, безендірілуі де көңілдерінен шыққанын, былтырғысымен салыстырғанда мазмұны да анағұрлым жақсарып, ықшамдалғанын, мәтіндері , стилистикасы да ұғынықты т ілде жазылғанын айтады.

«Қалай болғанда да жеткіншектеріміздің алаңсыз оқып, білім алуына қолайлы жағдайдың барлығын да жасауға тиіспіз. Әсіресе, оқулықтарымызда олқылықтар орын алмауы бәрінен де маңызды. Бұл тұрғыда тиісті тараптарға ұсыныстарыңызды дайындаңыздар» деген Ерқанат Нұрбапаұлы пән мұғалімдерінің шығармашылық тұрғыда кеңесу, талдау, сараптау барысында қолданысқа мейлінше лайықты оқулықтарды таңдап алуда ұтқырлық, білгірлік, жанашырлық танытатындарына сенім білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Шығармашылық топ жұмысының хаттамалары мен оқу кешендерінің тізбесі осы орайдағы жұмысты жандандыру үшін ұсыныс ретінде барлық қалалық, аудандық білім бөлімдеріне де жолданылатын болды.

«ҰБТ – 2014»

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

«жыры» әлі күнге сағыздай созылумен келеді

ОЛҚЫЛЫҚТАРОҚУЛЫҚТАҒЫ

БОКС

Ардақ ҮСЕЙІНОВА,«Ақ жол».

Жамбыл жері даңқты спортшыларымен де жалпақ жұртқа белгілі болған құт мекен. Олимпиаданың бірнеше чемпионы да осы Әулиеата өңірінен шыққан. Олардың жұлдызды жолын жалғастырушы ізбасарлары да өсіп келеді. Талантты спорт саңлақтары түлеп ұшқан топырақтан әлі талай дарынды ұл мен қыздар туары анық. Сол том-том кітапқа азық болатын мәліметтер «Жұлдызды Жамбыл спорты» жинағына енгізіліп, оқырманға жол тартты.

Бұл кітап «Жамбыл спорт» газетінің редакторы Марат Ахметов пен редакция қызметкерлерінің бастамасымен жарыққа шығып отыр. Әулиеата өңірінен шыққан Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, спорт ардагерлері мен облыстағы спорт клубтары, аудандар мен қалалардағы спорт мектептерінің мақтаныштары туралы деректер қамтылған жинақты Жамбыл спортының жылнамасы десек артық емес.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл кезекшісіне биылғы 21 мамыр күні сағат 16. 55-те Тараз қаласы Асқаров көшесіндегі бес қабатты №227-үйдің шатырынан дәнекерлеушінің гранатаға ұқсас екі зат тапқаны туралы суыт хабар түседі. Оқиға орнына департаменттің төтенше жағдайды жою бөлімінің бастығы А. Дадаев бастаған өрт сөндіру, авариялық құтқару жұмыстары қызметі және жедел құтқару қызметінен арнайы техникамен барлығы 31 адам санаулы минуттарда жетеді.

Полиция қызметкерлері де шұғыл жетіп, 45 тұрғынды қауіпсіз жерге көшіреді. Облыстық ішкі істер департаментінің «Арлан» арнайы сапер тобымен тексеру өткізіліп, табылған заттың алдын ала болжам бойынша жауынгерлік «РГД-5» гранатасы екені анықталды. Жарылғыш зат Тараз қаласының ішкі істер басқармасына тексеру және зертханалық жұмыстар жүргізу үшін тапсырылды.

Құқық қорғау органдары екі гранатаның көпқабатты тұрғын үй шатырында қалай пайда болғанын анықтайтын болады.

Амангелді АБЫЛАШҰЛЫ,журналист.

ЖАҢА КІТАП

СУЫТ ХАБАР

ЖАМБЫЛ ЖАМБЫЛ

СПОРТЫНЫҢ СПОРТЫНЫҢ

ЖҰЛДЫЗДАРЫЖҰЛДЫЗДАРЫ

БОКСШЫЛАРЫМЫЗБОКСШЫЛАРЫМЫЗБІРІНШІ ОРЫНДА!БІРІНШІ ОРЫНДА!

М�дени-�деби �лемМ�дени-�деби �лем

Карикатураларды салған

Ғалым СМАҒҰЛ.

АзаматынаАзаматынақарап ауылын қарап ауылын танытаны

Дүйсенбек ОРМАНОВ, журналист.

Пионер ауылының төскейі төлге, қорасы қойға, қамбасы дәнге толуымен қатар, аумағы сәнге, сахнасы әнге бөленіп, тұрғындарының көңілдері көлдей шалқып, сезімдері сұлулана түскен. Осындағы Қ. Сартбаев атындағы орта мектептің директоры Лесбек Өзенбаевтың баста масымен ұйым дастырылған кездесу кешінде де мектептің бүгінде есімдері елге танымал әр жылдардағы түлектері ауыл клубы сахнасының төрінен табылды. Бұл күні клубқа ауылдың үлкен-кішісі түгел жиналды десе де болады.

Өткен жылы ғана күрделі жөндеуден өтіп, жаңарған мәдениет ошағы төрінен орын алған жас ақын, облыстық «Мәдениет мінбері» журналының тілшісі Наурызбек Саршаев, самбо күресінен Азия чемпионы, дзю-до күресінен ел біріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы, 80 кило салмақта белдесіп жүрген балуан қызымыз Ақтолқын Смағамбетова, самбо, дзю-до, қазақ күрестерінен спорт шебері, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Айбол Айтбеков, қол күресінен Азия, Әлем біріншіліктерінің чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Пернежан Сағатіллә, Алматы қаласындағы «Ринго» продюсерлік орталығындағы «АЮМИ» тобының және облыстық «Алатау» ансамблінің әншісі, облысымыздың атынан Республика сарайында өткен концерттік бағдарламада Елбасының ықыласына бөленген Айгерім Боранбаева және «Аспара» колледжінің білімгері, аудандық, облыстық «Қылқалам шебері» байқауларының жеңімпазы, көркемсөз оқу шебері, әнші, суретші-дизайнер Айбек Оңлабай секілді түлектер өнерлерімен көпшіліктің көзайымына айналып, сүйіспеншілігіне бөленді. Өңірімізге белгілі әншілер, осы ауылдың тумалары Ғани Мәтебаев пен Маралбек Бабақұловтың ізін баса шыққандардың құрметіне мектептің өнерпаз оқушылары да ән мен жырдан шашу шашты.

Әсерлі өткен кездесу кешінде жас ақын, әнші, балуандарымыздың ата-аналары, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері өздеріне қуаныш сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Қоңырбаев ақ батасын берді.

Бір мектептен осыншама өнерлі, талантты жастардың шығуы, олардың алтын ұяларымен сағына қауышып, табалдырығына тағзым етуі ешкімді де бей-жай қалдырмады. Осы кездесуден кейін Пионер ауылын «Бұлақтың көзін ашқан» ауыл, өнерліні ақ бесігінде тербеткен ауыл, ұлағатымен өрісін кеңейткен ауыл десек әбден жарасар деген ойды көңілімізге түйіп қайттық.

Жамбыл ауданы.

Сурет те

сөйлейді,

ә!.. Бірде Әбен Дәуренбековтің зайыбы Қайыпжамал

төркініне барып қайтпақ болады. Әбекең зайыбын шығарып салуға масаңдау болып барады. Қайыпжамал апай қайта оралғанда Әбекеңнің тағы да ішіп келіп тұрғанын көріп:

– Е, сол мен кеткендегі қаз-қалпыңда екенсің ғой, – деген екен.

Сейіт Кенжахметов 80 жылдары бір совхоз д и р е к т о р ы н а т ел е ф о н ш а л ы п , о н ы ә б д ен көңілдендіріп алып: «Бір мал керек еді» депті. Жазда ірі мал сойылмайтыны белгілі ғой, сонда да директор мырзасынып: «Қандай мал керек?» депті.

– Өтсіз мал керек, – депті Секең. Амалы құрыған директор шаруасын орындап жіберіпті.

«œтсіз мал керек»

¨аз-�алпында

САРЫ АЛТЫНСАБЫР ТҮБІ –

оқушы да қобалжымасын, ата-ана да абыржымасын

...Деген екен

Ж

ГРАНАТА ТАБЫЛДЫ