ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы...

384
ТорТай СӘДУаҚаС ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ «Сораба» қоғамдық қоры алматы 2014

Transcript of ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы...

Page 1: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

ТорТай СӘДУаҚаС

ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ

«Сораба» қоғамдық қорыалматы

2014

Page 2: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты
Page 3: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

ТорТай СӘДУаҚаС

ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ

1-том

Алматы – 2014

Page 4: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

УДК 821.512.122ББК 84 (5 Қаз)С 28

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»

бағдарламасы бойынша жарық көрді

Сәдуақас Т.С 28 Шығармалар жинағы. – Алматы: «Сораба» қоғамдық қо-

ры. – 2014. ISBN 978-601-80410-1-3Т. 1. – 384 б. ISBN 978-601-80410-2-0

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, зерттеуші Тортай Қазиұлы СӘДУАҚАСтың осы шығармалар жина- ғының 1-томына бұрын жарық көрген және жаңадан жа- зылған өлең-жырлары, аңыз-хикаялары мен жыр-дастандары топтастырылған. Кітапта табиғат пен адамның арасындағы үйлесімді байланыс, сол табиғатты молайтушы қарапайым адамдарының жарқын бейнесі, жаңарған тәуелсіз еліміздің жетістіктері мен арман-мұраттары, махаббат сезімдері, сан алуан көңіл күйлері өлең өзегіне айналса, аңыз-хикаяларда өмірдің мың бір мысалы кең түрде кестеленеді.

УДК 821.512.122ББК 84 (5 Қаз)

ISBN 978-601-80410-2-0 – (Т. 1) © Сәдуақас Т., 2014ISBN 978-601-80410-1-3 © ҚҚ «Сораба», 2014

Page 5: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

5

Бірінші тарау

«ТҰҢҒЫШ» ТОПТАМАСЫ

ЖҮРЕК YHІ

Отан – ана, туған ел, ата мекен,Өр өлеңге өзіңді балап өтем.Сол үшін белді будым, нар тәуекел,Ер жігітте екі сөз бола ма екен?

Жыр беттерін балауса парақтаған,Енді ғана сол өрге қанат қағам.Маздаған оты болса өлеңімнің,Керегіңе әйтеуір жарат, далам!

* * *

Арманға жетем бе деп жалықпасам,Балдырған сырларымды халыққа ашам:Балаң жыр болашаққа шашуым деп, –«Ақырын жүріп, мен де, анық басам!..»

Жалынды жыр тусын деп, өмірлі өлең,Шабыттанам, шалқимын, көңілденем.Қастерлеп, қасиетті поэзия,Мен саған жүрегімнің төрін берем.

АУЫЛ ҚОТАНЫНДА

Ырыс елі, бұл ауыл, тоқтық елі,Тыныштық қой – мұндағы көп тілегі.Туыссырап бір үйге келсең де сен,Күллі ауыл мейманымыз деп біледі.

Суытпаған сыйластық сенімдерін,Нұр шашады жарқырап көңілде күн.Қауым болып қыздарын ұзатып сап,Ауыл болып түсірген келіндерін.

Шаттық енсе бір үйге жұрты жайлы,Тай қазандар ошақта бұрқырайды.

Page 6: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

6

Қайғысына бір жанның қапаланып,Сексен үйдің сүйегі сырқырайды.

Бәріне ортақ сауығы, сайрандары,Шүкірлік деп, дастарқан жайған бәрі:Тілек қосып әжелер, бата берер,Абзал қарттар, ауылдың пайғамбары.

AT ЖАРЫС

«Алысқа айда, аттарды алысқа айда,Желдей жүйткіп жүйріктер жарыспай ма?Жіберетін ат басын – жұлдызша ағып, Жігер қайда-ей, жігіттер, намыс қайда?!»

Қиқулаған естисің, шуды аңғарып,Алқа топтан, берілген думанға анық.Жиналыпты тойына шопандардың,Ат жалында ән салып туған халық.

Кең даланы күй кернеп кеткен бе еді,Көптің бүгін ат жарыс бопты ермегі.Осында жүр шау тартқан шалдарың да,Қалыппыз деп сағынып көптен бері.

Сері көңіл шіркін-ай, қыр қазағы,Кім озар деп шетінен жүр мазалы;Атқа мінген алқа топ аруақтанып,Ата салтын жаңғыртқан бір ғажабы.

...Кенет қырдың дүбірлеп бар алабы,Соғылып кетті бәйге барабаны.Құлагерлер құлаған құба белден,Қас жүйріктер құйғытып барады әні...

ҰCTA3

Көкірегіңнің аршыған тұнбасын кіл,Тәлімгердің таудай зор тұлғасын біл:Ұлы міндет атқарған ұстаз деген,Ақылгөйің әрі дос, сырласың бұл.

Page 7: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

7

Білім беріп, арманға жол бастаған,Ұрпақ үшін бейнеттен ол қашпаған;Ұстаз деген – тілеуқор әкең сынды,Қиынға сап, мәпелеп, қорғаштаған!

Бағып-қағып ұрпағын ұясында,Әр баланы балайтын шын асылға:Ұстаз деген – мейірбан анаң сынды,Қанат беріп ұшырған қия-шыңға!..

ШІЛДЕДЕ, ШІРКІН, ҚЫР ҚАНДАЙ

Жолаушым, орақ кезінде, Арқаға келсең аралап;Шалқыған ұқсап теңізге, Шалықтап жатар бар алап.

Қырлары қыздай құлпырған, Шілдеде, шіркін, қыр қандай?!Масақтар күліп мұртынан, Масаттанып тұрғандай.

Қойнында толған ырыс бар, Осында майдан – жұмыстар.Сол үшін салған ұрыстар, Қырдағы туған құрыштар.

Құмартып келсең қырманға, Көңілің шалқыр көкке өрлей.Белестер сайын бұл маңға, Бекеттер орнап кеткендей.

Тоғысып тоқсан торабы, Түйіскен мұнда жол қилы:Толтырып дәнге қорабын, – Толассыз «Газдар» жөңкиді.

Елімнің көріп ерлерін, Кеудеңде сол сәт тасыр күй;Ұғынып диқан еңбегін, Ізетпен оған басыңды іи!..

ЕГІНЖАЙ СУРЕТІ

Алтын нұр аймалап алапты, Шапағат сәулесін таратты.Шығыстан шырайлы күн шығып, Таң атты, таң атты, таң атты!

Жұпарың жел есті қоңыржай, Қоңыржай самалмен көңіл жай;Төңірек теңіздей тербелген, Егінжай, егінжай, егінжай!

Танаптан ерлікті танисың, Сан түрлі қызыққа жарисың:Сүйсіне иіскейсің алқаптан, Нан иісін, нан иісін, нан иісін!

Page 8: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

8

Орақтың науқаны бұл таңдар, Жандар жоқ жабырқау, күй таңдар:Халықтың қамы деп қарбалас, Диқандар, диқандар, диқандар!

Сазы мен аспабы сан қилы, Оркестр ойнайды ән-күйді:Ен қырдан еңбектің әуені, Шалқиды, шалқиды, шалқиды!

Жүрегі лаулаған алауша, Қарт та бар, жас та бар балауса;Озаттар – тұғырға қондырған, Жалауша, жалауша, жалауша!

Жігерлі жігіттер жаси ма, Көңілде көл-шабыт тасиды, ә?Жол бойы қырманға ағылған, Машина, машина, машина!

Алқапта дамылсыз шарқ ұрған, Диқандар шын ерлер, нар тұлғам!Сусылдап құйылған қорапқа, Алтын дән, алтын дән, алтын дән!

Бәрі де тынымсыз жүр ызғып, (Соларға арналсын жыр үздік).Қамбаға еселеп құйылған, Ырыздық, ырыздық, ырыздық!

ЖИҺАЗДЫ ӨҢІР

Көкшетауым, Көкше деген ат қандай!Көрген адам қалмас, сірә, шаттанбай;Сексен көлі сексен ауыл секілді,Тарқамас той төрінде өтіп жатқандай.

Қандай ғажап нұрға бөккен ертеңі,Бозторғайлар бабам күйін шертеді.Жұпар ескен желі неткен ерке еді,Гүлзар бақта жүргендей жан елтеді.

Біржан көмей бұлбұлдары сайрап бір,Жиһазды өңір жас отаудай жайнап тұр:Масаты – қыр, әбдіре – тас, гүл – өрмек,Таңданбас кім табиғатқа әйбат бұл.

Шоқан текті oйғa шомған шоқылар,Тұлғасынан терең сырлар оқылар.

Page 9: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

9

Қарағайлар өрендері өңкей өр,Жанарында жарқылдаған оты бар.

Әз табиғат қалай шебер зерлеген,Сені көрсем сезім көлі селдеген:Сұлулықтың конкурсы өтсе егер,Ой-хой, Көкшем, лауреаты сен дер ем!

ЖОЛАУШЫ ТОЛҒАНЫСЫ

Япырмау, неткен ғажап өңір едің,Тапқандай саған келіп көңіл емін.Тотыдай тоғай жапқан төңірегің,Толайым дүниенің төрі ме едің?!

Жайнаған жарқын қандай жарасымың,Жаһанның жамылғандай бар асылын.Шалқиды шат көңілдің шарасы мың,Қазақтың көріп сендей қарашығын.

Келісті көктемедей ніл түсіңменен,Тартатын магниттік күшің де ерен.Көргендей ғажайыпты түсімде мен,Таң қалдым табиғатқа мүсіндеген.

Бұл қазақ сұлулықты көксегенде,Қиырдан қонақ – турист, дос келерде,Зерлеткен көру үшін көп шеберге,Екен ғой Көкше – музей, Көкше – көрме!

БУРАБАЙ БАУРАЙЫНДА

Армысың, ардагер жер, ардақты шың,Сен сері – сымбаттысың, салмақтысың;Рахатқа батырасың келген жанды,Сіміртіп самал – саумал, шәрбат – шырын.

Сепкенде күннің көзі таңғы нұрын,Суреті қандай керім сал қырыңның:Жондарың құлпырады құндыздайын,Желкілдеп қайың – бантик, тал – бұрымың.

Page 10: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

10

Көлбеңдеп көз алдымда қойтастарың,Кеудеме түйдек-түйдек ой тастадың.Бикештей Биші қайың ырғалады,Шортанды шырқағандай той бастарын.

Жер бар ма маған сендей қымбаты асқан,Сиқырлы сыр ұғамын Жұмбақтастан;Оқжетпес жырау бабам сияқтанып,Тұр, әне, ұрпағына жырлап дастан.

Манаурап жататұғын алып тыным,Киең де, елге мәлім, алыптығың!Уа, айым, нуға байым, Бурабайым,Жәннәтім, жерұйығым, жарықтығым!

АЙНАКӨЛ АЖАРЫ

Толқытып толқындарың торғын жайған,Айнакөл, ажарыңа болдым қайран.Суреті жүрген көптен жүрегімде,Япырмау, бұл бейнеңді көрдім қайдан?!

Ағызып ақбоз қиял алағыздым,Келеді қызыл тілден бал ағызғым.Бәтір-ау, мені көптен іңкәр қылған,Өзіңе ұқсаймысың дара қыздың?

Ұмытып бауды – кілем, тауды кілең,Ынтығым бір өзіңе ауды білем.Тұп-тұнық, дөп-дөңгелек, көргем сені,Сол қыздың жанарынан жәудіреген.

Сол қызға ұқсатамын өрлігіңді,Тек саған сыйлар едім мен гүлімді;Ылайым «Айнакөлдер» тілеп жүрем,Ылайлап алмайын деп мөлдірімді.

* * *

Айдыны асау, айбынды қандай көл еді,Ақынның талай арналған әйбат өлеңі;

Page 11: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

11

Айнашым менің, Арқаның кенже бөбегі,Ажырап қалған аспанның әлде бөлегі?!

Төңірек кейпін төріңнен керіп тегістей,Тебіренгенмін телміріп, Айнам, мен іштей;Теңдесің жоқ-ау, тегінде сенің кеніштей,Теңселген арнаң тербелген әлде егіс пе, ей?!

Көз алмай тұрмын келісті мынау қалпыңнан,Қырманың сенің – сусылдап аққан алтын дән;Жұмбақтас – «ДТ-ың», шағалаң – шабыт шарқ ұрған,Оқжетпес болса, ол – Диқан сенің нар тұлғаң!

* * *

Ғашықтар! Қудай жүзіп жүресің де,Ойнайсың су шашысып, күлесің де;Сендердей: Айна да қыз «гүл» есімді,Жұмбақтас – жампоз жігіт, білесің бе?!

Ертеде еткен бір хан мұнда мекен,(Хан емес, қанға құмар мұңдар екен).Болыпты жалғыз қызы, ол ұнатқан,Елінде өнерпаз бір ұл бар екен.

Сүйгенге берген ол кез ерікті кім,Айырар оларды да келіпті күн:Қараға қыз бермеске кәрленіп хан,Байғұстың көзін құрт деп беріпті үкім.

Қыз – әнші, жігіт – күйші жастар екен,Екеуі сөз байласқан баста бекем.Сол күні іздемек боп басқа мекен,Екі жас желмаямен қашқан екен.

Желмая! Жел! Жастардың халін ескер,Желмесең жетімектер тағы не істер!?Жеткенде Оқжетпеске, қалың әскерҚоршапты қос ғашықты, жарыместер!

Соңғы рет аймаласып жан жарымен,Бақытын бақты қорғап бар жанымен;

Page 12: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

12

Қорғапты! Жігіт арын арманы менЖасанған жаудан жалғыз қанжарымен.

Сонда қыз: – Құтыл депті, – құрдасына,Ешкімді теңгермеспін бір басыңа;Ал жігіт өрлей берген шың басына,Ер – емен, қоймапты жау сынбасына.

Құтылмас болып жаудан қызбасынған,Тағдырды ол талақ етіп жүзде ашынған;Аман бол, – деп, аяулым, – қызға шыңнан,Қарғыпты ол Оқжетпестен – құз басынан.

Кетіпті ол болмайын деп жастай ғарып,Иесі, түйесі де тасқа айналып...Қыз қарғап құзғындарды қашты айналып,Жанға – мұң, жанарына жас байланып.

Жүрегін өрт боп шарпып қайғы алыпты,Қайғы алыпты, іштей ол қайралыпты;Ғұмырда мәңгі бірге боламыз деп,«Айнагүл» Айнакөлге айналыпты!!!

Аймалап содан бері Жұмбақтасын,Жатады ол: таң атпасын, күн батпасын;Ашып сап ғашықтарға сыр қақпасын,Сүйсініп бақытты бұл ұрпаққа шын.

КӨКШЕДЕН ҰШҚАН КӨП ҮЙРЕК...Жерлес қыздарға наз

Үлпілдеген үкілі қоғалары,Үзілдіріп көк айдын, көгал әні;Көктем сайын келетін керуенімен,Көкшетауға көп үйрек көкалалы.

Қошеметпен Көкшенің көлі күллі,Қарсы алатын қондырып қоңыр үнді:Туған жерге оралған құсты көріп,Тұратұғын жыр кернеп көңілімді.

Page 13: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

13

Көп үйрекпен көрікті болады аспан,Тобың қонған тоғаның тола дастан.Сыртыңнан сүйсініп мен сақтанушы ем,Тимесін деп мергеннің оғы адасқан.

Таласуға бола ма, таласуға,Маусым жетіп ұштыңдар сан асуға.Қайтар кезде қатарың қалды сиреп,Қалдыңдар ма, қонақтап «қара суға?»

Ешқайсысың мені ием демесең де,Періштеге сендерді теңесем бе.Қайтқан құстан, – деп сұрап жүрмісіңдер:Көл аман ба, көрікті, ел есен бе?

Ұя салып сол жақты таңдасаң да,(Туған жерді сағыну бар қашанда).Көкшетаудың көліне, көп үйрегім,Көшіңменен қонып жүр анда-санда.

КӨК МАЙСА ЖЕРДІ КӨМКЕРДІ

Көктем мен көк мұз айқасып, Көмекке Көкек жеткенде;Көксоқта болар кәрі қыс, Көндіге алмай от демге;Көмпиген қарлар шегініп, Көлеңке деген шептерге;Көк сүңгі қалар шытынап, Көбесін мұздың сөккенде;Көкдолы тасқын соқтығар, Көнтерлі дейтін өткелге;Көп дауы Ақ пен Қараның, Көк ту боп жайнар бөктерде!..Көзайым болған ағайын, Көрісіп аман жеткенге;Көрпесін төсер Наурыз, Көжесін сыйлап текті елге!Көнекөз берер батасын, Көш түзеп, сапар шеккенге!..Көз сүзіп туған жеріне, Көштері құстың өткенде;Көлшіктің көне көздері, Көлбақа толғап кеткенде;Көбелек бастар думанын, Көк өніп, саздар кепкенде;Көлбеңдеп ұшар көгіңде, Көгершін менен кептер де;Көкек пен бұлбұл жырлар кеп, Көмейге таққан көп перне.Көктің де иіп інгені, Көл-көсір нұрын төккенде;Көнетоз тонын шешіп ну, Көйлегін жаңа еткенде;Көнтақа тоңдар жіпсіген, Көшеттер баққа еккенде;

Page 14: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

14

Көсіліп жатқан жондарға, Көп диқан меруерт сепкенде;Көлкісе нөсер моншағы, Көз жауын алған шөптерде;Көк иісі жарар қолқаны, Көлеңдеп самал өпкенде!Көшірі мамыр, маусымның, Көсемдеп сағым жеккенде;Көк ала жылқы байланып, Көнектер сүтке бөккенде;Көделі жайлау жарасар, Көгендер тартса көк белге.Көшелер, кербез даңғылдар, – Көлденең керіп көк перде;Көзәйнек киіп көз алдың, Көгілдір тартып кеткен бе?!Көкірек тұнған сезімге, Көңілсіз жүрген жоқ пенде;Көзайым болған ғашықтар, – Көксеген ойға жеткенде;Көріктім, шығам алдыңнан, Көрімдігім бұл деп мен де.Көпіріп айтты демеңдер, Көргенім осы көктемде;Көркейіп бірге қалайын, Көгершін – көңіл көкке өрле!

КӨКШЕТАУ

Қашаннан қияға үкі, далаға айдар,Қарағайлар, секілді нар ағайлар;Ақ қайың, құшағыңды аш, анама айнал,Сағынып салып келдім араға айлар,Кеудемде шымырқанып бала қайнар.

Егісі ен шалқыған дәулетті елім,Еңіс пен жапқан түлік тау бөктерін;Еліне сәуле шашқан сәулет керім,Есепсіз орден таққан әулетті ерің,Ертеңнің егіп жатқан бау көктемін.

Ежелден тауы – пана, тасы – қорған,Бұлқынған бал бұлақтың басы болған;О-о, менің алтын бесік, асыл ордам,Жарқын қыр, жәннәтті алқап, жасыл орман,Ұлыңмен бірге шалқып, тасы, толған.

Табиғат тартқан арда сый-шырайын,Аңқыған жұпар ауа, иісі майың;Жел – жігіт, желек – қобыз: күйші дайын.Беу, қалай бұраңдайды биші қайың.Бар жанды сен осылай сүйші дәйім.

Page 15: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

15

Қасыңдай қас арудың қиғаш біткен,Өрнегің өлеңіме сыймас тіптен.Музейім, қалған маған мирастықпен,Көрген жан меймандай боп сыйлас күткен,Арнайды ақ тілегін қимастықпен.

Мағжан мен Сәкенді де ғашық қылған,Іледей Ілиясты тасыттырған;Қасымды қайраған от шашып тұрған,Өзіне бар ақынды асықтырған,Шабытпен жүрген шашу шашып тыңнан.

Құбылып тұрған қысы-жазы, көктем,Саңқылдап көлінде – қу, қазы – көктен,Сұңқылдап сал-серілер сазы жеткен,Би-бағлан шежіресін жазып өткен,Халқымның Хан ордасы тәжім еткен!

Саин – сұс, Мәлік – айбын ерен, дүрім,Имантау, Бурабайлым, Зеренділім;Кербезім, кереметтім, кемел күнім,Кеудеде толқын атып кемер бүгін,Қызырым, қызығыңа кенелді ұлың.

Сырлы әуез сымбатыңа серік екен,Ақан – тіл, Біржан – көмей сері мекен,Сезімнің сексен көлің селі ме екен,Жаһанда жер бар ма екен жеріңе тең?Айбарлы Абылайдың ақ ордасы,Жырымды байғазы ғып беріп өтем.

КӨҢІЛІМНІҢ КӨКШЕСІ

Сүйем сені! Арым таза, сөзім шын,Көңілімнің Көкшетауы өзіңсің!Асылынан алқа таққан көріктің,Бақытымның Бурабайы деп ұқтым.Күміспенен күптегендей кемерін,Арманымның Айнакөлі сен едің.Сезімдегі Сексен көл боп толғадың,

Page 16: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

16

Ойларыма Оқжетпес боп орнадың.Қос аққудай жаным оған егіз бе,Биші қайың боп тербелдің сезімде.Жүрегімде Жұмбақтас боп жатырсың,Жадымдағы жүрген Жекебатырсың!..

СЕН ҰЯЛШАҚ ҚЫЗ ЕДІҢ

Сен ұялшақ қыз едің, Мен ұяңдау ұл едім.Сен деп соғып жүрегім, Сел боп тасып жүр едім.

Сен алманың гүлі едің, Мен қайыңның бүрі едім.Жанымда боп бір бақта, Жайнауыңды тіледім.

Сен балапан қаз едің, Мен айдынды жаз едім.Көлімнен ұшып кеттің сен, Көркіңді көріп мәз едім.

Сен Баянның өзі едің, Мен ұнатқан Қозы едім.Өртенсе де өзегім, Бәріне де төземін.

СОЛ ТҮНДЕ

Жандырған жүрегімді өртіңменен,Түстім сан тебіреніске сол түнде мен.Алтын ай сәуле шашқан жасыл бақта,Көрдім мен жанарыңды мөлтілдеген.

Мені енді жылап тұрып ұмыт дедің,Ұмыт дедің, өзіңше үгіттедің.Жолымыз қосылмайды деп налыдың,Мен болсам, сол баяғы үмітте едім.

Өзіңсіз ортам да олқы, күлкім де кем,Дидарың үлбіреген гүл-гүлге тең;Сен менің жүрегіммен бір біткенсің, –Жүректі жұлып тастау мүмкін бе екен?!

ӨТКЕН КҮННІҢ ЕЛЕСІ

Е-е, достым, елес пе еді ол, ертек пе еді,Еске алсаң еспе көңіл елтед тегі;

Page 17: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

17

доп қуып кететінбіз, асық атып, үй-үйдің тентектері.

Бәтір-ай, батқан күнді байқамастан,Базармен жазды өткеріп жайдары асқан;Мектепке беттейтінбіз сосын күзде,Құшағын айқара ашқан.

Шіркін-ай, шат-шадыман күнді кілең,Шалқытып, сыр ақтарып бір-бірімен;Жаңғырып жас жүректер жататұғын,Қоңырау күмбірімен.

О, пәлі, он сегіздің тарқар ма әні,Оның да озған күнмен артар мәні.Қасқиып қас биікте жүрмісіңдер,Ауылдың арқарлары...

ҚАЛАДАҒЫ ДОСЫМА

Бала ғашық ежелден, дана ғашық,Далаға асық, досым-ау, далаға асық.Құпиясын өзіңе қалады ашып,Ақ селеумен кетсең ғой араласып.

Қырат қандай мұндағы, бұлақ қандай,Көрген сәтте көңілің бүр атқандай!Желпір саған желегін ұнатқандай,Ақ қайыңдар арудай бір ақ маңдай.

Жырласа бір бұлбұлдар, тыңдаса қыр,Сазды әуезбен сен өзің сырласа біл.Қалмайды ғой мұндайда қырда сабыр,Сүйеді кеп самалы мың жасағыр.

Қалшы үңіліп, сырларын алшы ұғынып,Сәйгүлігін сезімнің алшы мініп,Саф самалын сүйсіне ал сіміріп,Сал кеудеңді жіберсін әнші қылып.

Page 18: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

18

Екінші тарау

ЖАРТАСТАҒЫ ЖАҢҒЫРЫҚТАР

ҚОЛЫМДА БАЛҒЫН ҚАУЫРСЫН

Уызын емген анамның, Сырларын түйген даламның, Асылын терген бабамның, Туған ел, сүйген балаңмын, Алдағы күнге алаңмын.

Асығып айтсам жырымды, Асырып айтты демеңдер, Ашынып айтсам сырымды, Асылық айтты демеңдер, Ағайын, жұртым кемеңгер!

Бағамды бергін қауым шын, Айтыңдар ақыл, тәуір сын, Өздерің асқар тауымсың, Жолымда бар мың ауыр сын, Қолымда балғын қауырсын!

ҚАРАҒАНДЫ КЕНІШТЕРІ (Толғау)

Құландар жортқан құба жон едің кешегі,Маңдайының соры бес елі.Сүйікті ұлдарың сен дескен,Сүйекке түскен таңба деп,Сүйем жеріңді сұрқия жауға берместен,Сағыңды сындырмай келген деседі.Көміріңнен бе, көңіліңнен бе, ал бүгінКөшелеріңнен ақпан айында да бір жылылық еседі.Кенішім менің, кемеңгер жұртым қорыған,Келешек ұрпақ қамы үшін,Аяулы кезге аңырап жеткен арысым;Түндігіңді ашшы айқара,

Page 19: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

19

Өркені жоқ, ертеңі жоқ деп тантыған,Шімірікпейтін шіркіндер, жарқын жамалыңды танысын!Жететін желпіп желегін, көркіңе сондай құмар таң;Не көрмедің, тарихтыңТауқыметін тартып талай мына арқаң.Шыңырауда шырағданың тұтанбай,Шындықты іздеп шарқ ұрдың, Қолына батып қыл арқан.Атқанша солай арайлап нұрлы жарық таң,Құтылмай қойдың қамыттан,Тамұққа кіріп тамұқтан.Құдық та қаздың құл болып, Көмір де тарттың көнекпен, Тірлігің үшін пұл көріп, Тағдырға төздің зор, өктем.Көбейіп таныс-тамырың,Дос пенен қасты саралап енді таныдың;Жапанның жалпақ жаңғыртып тау мен тастарын,Қайлаңды енді қайратпен серпе бастадың.Әр аулыңнан ал бүгін, әуені кезген Мәдидің,Бақытты жұрттың базарлы сәтін танимын.Сыңғырлаған күлкісі мен сәбидің,Шаттықтың әні шалқиды шаңырағынан әр үйдің.Кеудеңді кернеп ыза-кек, өзегіңді өртеп отты арман,Ояндың енді, ояндың,Бақида болып көрмеген ұлы барымта,Өмірі өтіп көрмеген ұлы көкпардан.Төңкерістің дүмпуімен дүбір сап,Ақсорпа болып аты ердің,Тайсалмай кешіп тарихтың тайғақ кешуін,Қиясын асып қиямет пенен қатердің,Асқарға тіккен асқақ ту болып желбіреп,Жалпақ далаңа жаңа бір мазмұн әкелдің;Болашаққа енді толғана қарап тұрсың сенТұлғасы сынды Қазыбек, Бұқар, Әлихан, Нығмет, Сәкеннің!..Шалқар далаңа шадыман заман шапағы болып шашылдың,Сарыарқаға түскен бір қолтаңбасы секілді,Жасампаз мына ғасырдың.Салтанатың мен сәнің бұл,Әлем астаналарынан бір кем бе, ей,

Page 20: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

20

Арманшыл мына ұрпағың,Жүрсін деп мәңгі қайғының бұлтын бүркенбей,Қырағы қыран, тыныштықты қорып тұрсың сенҚаһарман ұлың Нұркендей!Сан ұлтпен сенің төріңде, тілеулес болып табыстым.Сен бүгін достық бағысың ғажап бүрлеген,Сол бірліктен нәр алып, алып комбинаттар гүрлеген;Қайнары-сынды табыстың,Кен қопарған тереңнен, кемеңгерлігіндей Қаныштың!Солардың ақыл-ойымен кемел ойлап, кең піштің:Арманың болған арнасын бұрдың Ертістің,Мың жылдар күткен махаббат,Құшақтарың қауышып, қаншама сырлар шертістің.Өркенді өлкем, осылай дәйім жайнап бақ,Алаштың даңқын айдай әлемге айғақтап.Қойнауыңда кеше қой қуғанКім білуші еді Апақты?!Ал бүгін сенің ой қуған,Әйгілі болған әлемге, ұланың қанша атақты.Жасампаз менің жас қалам,Қарқынмен осы қарыштап алға бас қадам.Көгілдір болашаққа бастаған,Керемет даңғылдар жатыр алдында ал,Көшінді бастап жөнелген сондай парадта,Тарғындар сынды Арғындар1, –Жұмысшы табы шыңдалған, Шығатын талай қаһарман!..Балғаның үнін естірткен байтақ әлемге,Теміртау атты шаһардан!Шыңдалып осы сындарда,Перзентің шығар ел бастап!..Ұлысын сүйген ұл барда,Арманың болар енді асқақ!..Құшағыңа еніп қиялыңа сыймас домналар,Солар бүгін толағай кеуде толғанар;Тебіренген сәтін жеткізіп айту күш тіпті,

1Арғын Жүнісов – атақты металлург.

Page 21: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

21

Бұрқ та сарқ қайнаған балқымамен салыстырКеудесіндегі оның ыстықты.Еңбек адамының осыдан, елене бермес сырын ұқ,Осы болар қарапайым ұлылық.Біз көбіміз заңғарға ал,Тек төменнен қарауға әдеттеніп алғанбыз,Сондықтан да алынбайды арман құз.Ғибрат ап осыдан, түйсігіңе түйіп бер,Барласаң ғана биіктен, білдірер бәсін биіктер!Ал, мына жайсаң жандардың мәрттігінде жоқ па есеп,Бәлен мың градус ыстықта, қолымен жатыр от көсеп!Осы қолдар – сертке берік, сүйіктісін аймалар.Осы қолдар – дұшпан төнсе, жұдырыққа айналар.Осы қолдар – гүл сыйлаған туған күні қыздардың.Осы қолдар – сопроматтарды ақтарған,Кітапханасында «ВУЗ»-дардың;Келелі небір кеңесте,Қара қылды қақ жарған осы қолдар емес пе!Дүниеден бір ұлылық көрсем алдымен,Осы қолдар құдыретіне саямын.Осы қолдарды көргенде,Доллар ұстауға ғана икемді, ақсаусақтарды аядым.Әжім-әжім, мүйіз басқан осы қол,Күніне мың амандасқан досы мол,Қулық баққан мансапқордың емес,Адал еңбекқорлардың қосыны ол!Осы қолдар сыры кетпес сынымен,Осы қолдар ханға бермес шынымен.Осы қолдар қазанында қайнатқан, Лавада жатқан лапылдап,Индустрия жүрегі – құрыштар әлгі шыныққан;Бұрқылдап қайнап, бұлтылдап ойнап оттықта,Ағады болат өзені, ағады тынбай лақылдап.Шашырап ұшып шарасынан шалқар селдеген,Зымыран болып жұлдызға қарай самғайды ол, –Аспанның төсін зерлеген.Төстерден өтіп көптеген,

Page 22: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

22

Құяды алып цехтарға,Бұлшық еті ойнаған жоғары вольтті токпенен.Ол көрмеген бар ма сын,Көреді құрыш білектің, құлаштай соққан балғасын.Тартады сосын толқыны тулап қиырға,Алып құрылыстарға бұрып арнасын.Күркіреп ағып жатады солай жапандар төсін жаңғыртып,Сияқты шойын рельстер.Тыңдардың тоңын айырып,Көк түрен болып тартады байтақ егіске ол,Орден де болып қадалып жатыр кеудесіне өр асқақЖандардың әлгі жеңіскер.Ыстығымен ерітіп үскірік пенен ызғарды,Мұзды мұхитта да жүйткиді олар мыңқ етпей,Омырауымен опырып, мың жылдап қатқан мұздарды.Әз өлкем менің!Әлемде әлі бұғауда жатқан бұлқынып,Әлем де жәлем сауықшыл кенттер аз ба екен,Өзіңсің бірақ базарлы бағың құлпырып,Сұлу өмір сүріп жатқан әз мекен.Қалалар қанша, үйлері заңғар тіреп көк,Алып вокзалдары көрмеген ешбір толастап,Бәрінде соның бар ма екен арман зор асқақ;Азғындар қанша апиын басын айналтқан,Болашағының өзі түнек боп.Жаңарса күндер, жаңғырып өзің шалқыдың,Көзіңнен күнде көремін еңбек жалқынын.Жүрекке бақыт, білекке шабыт әкеліп,Ұландар салған ұрандар,Барады бүгін көтеріп биік еңсеңді,Қырандар қонған крандар.Келеді шалқар шулап бақ,Көшелеріңді көк желегімен шумақтап.Ақсұңқар құстар, Самұрық құстар тынбастан,Айдыныңа қонады, жазып тың дастан! Іздеген талмай бағыңды бүгін таптың кеп,Кезіңе осы көз салса бір сәт ұйқы ашып,

Page 23: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

23

Не дер еді Мәди менен Тәттімбет!Онда ғой шіркін,Моторлар даусы сатыр да гүтір ұйқасып,Көшелеріңнен жатар еді-ау топан күй тасып.Өнер қуған өренің көп бірақ та,Сезімнің селін тасытар есті құлаққа.Көгіңде жүзген көгершін, көк өрімі көп елсің.Алтын ұяға асыққан, алаулап жүзі ақ таңда;Қалғыған түндер жатады шошып оянып,Мектеп атаулың қоңырауларын қаққанда. Университеттен дәріс ап, Жаңғырып солай жас кеудең,Тоятты тағы іздейсің Париж бен Лондон, Мәскеуден.Көз ілмей шығып түнімен,Келешек ғасырлармен жатасың тағы сырласып,Ғаламтордың тілімен.Сымбаттым, сәнім, сәулеттім,Осынша байлық, дәулеттің, –Олжаны ғана ойлаған, обыр құлқыны тоймаған,Басқалар көрмей қызығын;Игілігін көрсе ел игі еді!..Еліне дайым тұратын тартып бүйрегі:Тәті, Сапақ, Шоң, Ағыбай, Тәшенов, Нұрмақов пен Ермеков, – Жұртыңды алға сүйреді!.. Жалындап өскен жас ұрпақ, солардың жолын ұстанып,Талабы тағы ұшталып,Адалдық болсын көкірегіне түйгені!Жаңғырып жаңа заманмен, жайнады қанша жанұя;Түледі талай түлектер!Букетов пен Сағынов, Тоқтар менен Жәния!..Өнеге болып ұрпаққа, жетеді солай тілекке ел!Жайсаңым менің, жап-жасыл етіп маңайды,Бүрледі бақтар қаншалық.Солардың балғын жүзіне барша ел қарайдыТаңдайын қаға тамсанып.Сен болсаң тұрсың шаттықтан әсем ән салып,Ұлы ана – жердің атынан – Ғарышкерлерді қарсы алып.

Page 24: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

24

Аттаған сайын оң менен солға қарай қал –Сәулетті зәулім Сарайлар.Жазсам деп осы жасампаз шағың хақыңда,Толғайды жырын ақын да,Таба алмай әсем балауды;Шығыстан әне, қып-қызыл өрт боп лаулаған,Таң да атып кетті алаулы.Іңкәр боп осы қалаға, Домна пешінің аузынан әсте аумаған,Аспанға өрлеп барады алып балқыма!..Құрышты – құрыш жаниды,Талантты – талант таниды. Шуағын құйды ол төгілтіп Даңқ қосқан сенің даңқыңа, Риза боп жайсаң халқыңа. Шаттықтан мен де шарқ ұрдым, Шашуым осы шалқыма!

ҚАРАТАУ

Ұрпаққа мұра қылған баба қауым, О, менің қара шаңырақ, дара отауым; Шертетін шерлі күйім, шежірем сен, Көне көз көпті көрген Қаратауым.

Бір кезде заңғар төбең биікке асып, Қияңнан қыран түлеп, киік қашып; Тұрдың-ау, көк аспанды көтерісіп, Жүрдің-ау, ұлылармен иықтасып.

Шұбалып көшің талай, астың дәуір, Тоздырып, тонап өткен тасқын, дауыл; Ел өткен «Елім-айлап», қойнауыңда, Сыры бар салмағындай тастың да ауыр.

Жаңғыртып сақтап келген салтың елді, Тарихқа дүбірлетіп даңқың енді; Ертеңге мирас еткен асылыңды, Ақтарып алып жатыр халқың енді.

Page 25: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

25

ОҚЖЕТПЕС БЕЙНЕСІ

Құлпырған бояуымен көктеменің,Бұлқынған «Айнакөлдей» өр кемерің;Сияқты сұлулықтың баламасы,Оқжетпес, сен не деген көркем едің?!

Үлбірер ақша бұлттар айдарындай, Керім тау, кербез қойнау қайда мұндай? Оқжетпес тастан құйған пирамидам, Қасқиған қазағымның айбарындай!

Өзіңді аңсап келген жат-танысым, Қуанып қызығыңа батқаны шын. Аңыздай тарап кеткен ел аузында, Оқжетпес, сенсің менің мақтанышым!

Қырандар қиясынан көп түлеген,Оқжетпес – кіші Парнас деп білем мен.Ол – Даңқ, олқысынба, ал даңқтың,Шыңына көзің жетпес көк тіреген!..

ЖАНАРТАУОлжас Сүлейменовке

Жанартаулар, сен бір құт жер үсті үшін, «Теріс» кісім, о мейлі, теріс түсін! Везувийдей айтарым кесірлі емес, Жанартаулар – керемет кенішті шың.

Жанартаулар, арының арқырасын, Лапылдаған лаваға шарпыласың. Өздеріңсің табиғат домнасындай, Қайнатқан жер астының балқымасын.

Гейзерлерің шипалы бу атқандай, Нұр беретін ГЭС-терге шуақ таңдай; Кен қопарып тереңнен текшелеген, Бойыңдағы о сенің, қуат қандай?!

Селк етпесе, селк етпес самарқаулар, Жалықпашы жалының жанар, қаулар;

Page 26: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

26

Қазыналы кеніңді ақтара бер, Буырқанып бұлқынған жанартаулар!..

ШАЙТАНКӨЛ БАСЫНДА

Көрдің бе?!Көлден де ірі, ойлан ақын,Кім екен Шайтанкөл деп қойған атын;Секілді ол телескоптың шарайнасы,Қарасаң қағып-қағып ой қанатын.

Жарқыным, деме, бұл қай жаңалығың, Бабамның білсең көне даналығын: Жартастар ғұламадай ойға шомған, Есептеп ай мен жердің аралығын...

Еткен сол ұлы ойларды астан-кестен, Тарихтың сұмдығын ел тастар ма естен; Қаңбақтай ұшқан желге қанша тағдыр, Күніміз қандай ауыр бастан кешкен.

Көктемнің өртке оранған көктеріндей,Келмеске кемел ойлар кеткенің бе, ей;Бетпақ та тақыр қалып,Сарыарқа да,Сарғайған сол тарихтың беттеріндей.

Кесіліп тілің солай мылқау далам, Төсіңде көш түзедік жылқы аунаған. Тоз-тоз боп тозып қалам, тоналса да ел, Бермеген жерін жауға, жұрты аумаған.

Сан ғасыр содан бері алмасқалы, Тот болмай келген ар мен алдаспаны. Ғарышқа самғап ұшса қырандары, – Жаңа ойдың көне арманмен жалғасқаны.

Қасқиған қарағайлар тіні мықты,Жетелер бір үмітке бір үмітті:Олар да қазағымның өр рухындай,Таратқан тамырымен ұлылықты!..

Page 27: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

27

ОҚЖЕТПЕС ӨРІНДЕ

Туған жердің самал желі тербеген,Жас кеудені арман, шаттық кернеген;Сол бір сәттер есіңде ме, досым-ау,Оқжетпестің биігіне өрлеген?...

Көз тіктік-ау Көкшеге біз нұр тұнған, Қайран Көкше, қалыңдықтай құлпырған. Достық жайлы өнеге айтып тұрғандай, Екеумізге ертеңге енді ұмтылған.

Мөлдірімнен бір ғибрат көр деген,Айнакөлдей айдын жатты көлбеген:Достар солай ақ көңілмен аңқылдап,Бір-бірінен сыр жасырып көрмеген.

Аспан ару алтын кірпік, күміс тән,Елжірейді Бурабайға гүлстан:Достар солай бір-біріне іңкәр боп,Бір-бірімен дайым іштей ұғысқан.

Қайсарлықты Жұмбақтас тұр ұқтырып, Қанша сынды қарсы алған-ау тік тұрып; Достықта да болу керек тап сондай, Мың жылда да мыңқ етпейтін мықтылық.

Қиып өсіп қия шыңды нән, алып, Қарағайлар тасқа шыққан таралып; Берік біткен достықтың да тамыры, Тұрар солай тым тереңнен нәр алып.

Оқжетпесің жеке-жеке жартас та, Азаматтан айнымайтын марқасқа. Мерейі үстем, мәртебесі биік боп, Достар солай иықтасып қалмас па!..

ЖЕР ЖАННАТЫ

Уыз берген оған, саған, маған да,Туған жердей жер жаннатын табам ба;

Page 28: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

28

Өмірді – ана, бақытты – еңбек, туған жер, –Махаббат пен арман сыйлар адамға!

Сәулетіндей салтанатты сарайдың, Менің де бар Көкше деген арайлым. Сондықтан мен мынау заңғар әлемге, –Оқжетпестің биігінен қараймын.

Жанарында жаңа арманның жалқыны, Жайсаң тірлік жасап жатқан халқы ұлы; Жасампаздық табиғатын білем мен, Ер Көкшемнің еңбекші елі арқылы.

Нұр жайлаған, гүл жайнаған паң қыры, Жасыл бақтан жұпар исі аңқыды: Әсемдігін бағалаймын әлемнің, Бурабайдың сұлулығы арқылы.

Төрінде – қу, көгінде – қаз қаңқылы, Маржан шашып ерке айдыны шалқыды:Сырын ұғам дүниедегі пәктіктің, Айнакөлдің мөлдірлігі арқылы.

Сексен көлім ағытып сыр тиегін,Бергеніне шүкірлік қып иенің; Көкшемді мен жақсы көру арқылы, Ұлан-ғайыр туған елді сүйемін!

ӨЗІҢДЕ ӨТКЕН КӨП ДУМАН

Аймалап құшқан ұлыңды, Арайлап атқан таңдарың; Аңқылдап балғын жырымды, Туған жер, саған арнадым.

Өзіңде өткен көп думан, Базарлы балалығым бар. Есімде достар доп қуған, Есімде – қара бұрымдар.

Құйғытқам талай таласа, Құрықпен ұстап құр аттар. Қалушы ед мәз боп балаша, Құрысын жазып қыраттар.

Жандарың жайсаң жүректі, Жаралған бейне құрыштан. Түрініп палуан білекті, Тұрғызған тауды ырыстан.

Page 29: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

29

Мамыржай мырза орманың, Қойыны толы құлпынай. Жұпарын шашқан жондарың, Бұлағың бал ма, шіркін-ай!

Жәудіреп жатқан жанарың, Мөп-мөлдір Шортан, Шабақ көл. Иіс су – ескен самалың, Айналдым сенен абат төр.

Ырғалып жатқан белесте, Маржанды масақ, ақ сұлың. Жаннат жер өзің емес пе, Тасқаным емес, тап шыным.

ӨЗІҢДЕ АЛҒАШ

Кербез Көкшем, келбетіңе теңбе-тең,Келетұғын керім өңір кемде-кем;Болса да, – деп, – жиһан жалпақ, кең мекен,Асыл айтқан, Қасым айтқан, мен бе екен?!

Көгілдір көл, көкпеңбек тау, көк шынар, Көсегеңді көгертер жан көп шығар. Мен де сенің перзентіңмін шын сүйген, Желден жігер, найзағайдан от сұрар.

Өзіңде алғаш қара жерге қаз басқам, Өзіңде алғаш қаңқылдаған қазды аспан; Өзіңде алғаш бесігімді күй тербеп, Әже әні мен әлдилеген саз, дастан.

Құрық алып қуыппын да қашаған, Өзіңде алғаш тентектік те жасағам. Өзіңде алғаш, шөгір еніп табанға, Ақсақалдың қолынан ет асағам.

Қызбенен де қырында алғаш таныстым, Жаны жарқын достарыммен табыстым. Сондықтан да сені жырлау парызым, Қанат қағып кетсем-дағы алыс тым.

Байғазың боп мұншама жыр, мұншама ән, Арналыпты, ару Көкшем бір саған. Өлең қылып өтейін мен өзіңді, Көкпеңбек боп, көктем боп тек тұршы әман.

Page 30: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

30

КӨГІЛДІР ӘЛЕМ

Өңірің өңшең өрім гүл, Көлдерің – күміс, көгің – нұр; Көргенде сені көңіл дүр, Көгілдір, Көкшем, көгілдір.

Аңқыған әтір айналаң, Жасарып жылда жайнаған. Қойнауың еңбек қайнаған, Қайнаған еңбек бай далам.

Еңбекпен өскен ер елің, Тасытқан табыс кемерін; Төскейі – төлді, белі – егін, Жер едің, неткен, жер едің.

Самғаған талмай дүлдүлің, Сайраған тынбай бұлбұлың; Сен дер ем ән-үй кіндігін, Гүлгүлім, Көкшем, гүлгүлім.

Кеудемді кернеп керім жыр, Менің де шалқыр жерім бұл; Көңілдің бұлты-ау, көгілдір, Көгілдір жырды төгілдір!..

СҰЛУЛЫҚ

Қарашы анау қайсар мінез құздарға, Қабақ шытпас қаншама аптап, ызғарға. Көкше деген нар жігіт қой, нар жігіт, Нар жігітке наз артпайтын қыз бар ма?!

Белден ескен безілдек жел күйменен, Биші қайың – бикештері билеген. Көкше деген қас ару ғой, қас ару, Қас аруды қай жігітің сүймеген?!

Бақтарында бұлбұл конып талдарға,Күннің сүтін қылқ-қылқ жұтқан таңдарда;Көкше деген бүлдіршін ғой, бүлдіршін,Бүлдіршінді аяламас жан бар ма?!

Құрсағы – құт, күн келбетті, ай мүсін, Тең бөліскен елдің шаттық, қайғысын; Көкше деген әз ана ғой, әз ана, Ал, анасын ардақтамас қай кісің?!

Көктем келсе жер көрмесі болатын, Қыр, белеңі қызғалдаққа толатын;

Page 31: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

31

Көкше деген сұлулық қой, сұлулық, Сұлулыққа сүйсінбейтін жоқ ақын!

КӨКШЕГЕ КЕЛСЕҢ КӨКТЕМДЕ

Көкшеге келсең көктемде, Көресің жарқын жарасым. Рахман нұры өпкенде, Рахаттанып қаласың.

Көп бұлбұл бүгін сайрады, Көк пүліш жауып өңірін. Қырлары қыздай жайдары, Киіпті кәмшат бөрігін.

Сұлудай қайың, терегі, Сыр аңдап таққан сырғасын. Сыпайы келін дер едің, Сылаңдап аққан жылғасын.

Аспаны құсты баураған, – Ағылып тынбай келеді. Ақанның әні аумаған, – Асқақтап кете береді.

Көз жібер егіс жаққа бір, – Көсілген еңбек парады: Агрегаттарға жоқ дамыл, Арқырап кетіп барады.

Мейрамды Көкшем өзіңді, Мейрімді жүзбен қарсы алған. Сиқырлап ой мен сезімді, Сыйлайды саған қанша арман.

Бауларын көрсең – көк теңбіл, Тауларын көрсең – көк сеңгір. Көксетіп жеткен көктем бұл, Көркейіп кеткен Көкшем бұл!

ШОРТАНЫМ

Сөз жетпестей өлкесі бар, Шортаным, Оқжетпестей өркеші бар, Шортаным. Көкше таулы, көк мұнарлы, Шортаным, Ғашық болған көп құмарлы, Шортаным. Құралай тән, құлын мүсін, Шортаным, Мәңгі жайнар гүлімбісің, Шортаным. Аққуларын сұңқылдатқан, Шортаным, Сыршыл күйін сылқылдатқан, Шортаным. Самалынан әтір ескен, Шортаным, Ақын өскен, батыр өскен, Шортаным. Ақ қайыңдар – алқасы нән, Шортаным, Қырларынан дән тасыған, Шортаным. Төрт түлігі өріс тұнған, Шортаным,

Page 32: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

32

Өрендері өр іс қылған, Шортаным. Жұлдыздардан жақұт таққан, Шортаным, Адамдары бақыт тапқан, Шортаным. Айнакөлі айнадайын, Шортаным, Асып туған айналайын, Шортаным, Аяулым боп жайна дәйім, Шортаным!

КӨКШЕМДЕ БОЛДЫМ БҮГІН

Көкшемде болдым бүгін, Көксеткен көптен бері; Көркімен көктемдегі, Көз тартқан көк белдері.

Көңілім көлдей тасып, Көгалда бұлғақтадым. Көп бұлбұл тыңдатты әнін, – Көктемнің ырғақтарын.

Сарғалдақ тердім сосын, Сары гүл босқа алмадым; Сабырсыз тосқан жаным, Сағынған досқа арнадым.

Қырымның қыдырдым көп, Қызығы қызған бағын. Қымбатты қызға арнадым, Қырмызы қызғалдағын...

КӨКТЕМ

Шабытпен шүлпілдеткен көп кемерін, Күндер-ай, тебіренген көктеменің. Жасаулы қыздай жайнап көз тартады, Ақ қайың, ару тал мен көк терегің.

Келбетін шуақ жуып, шарпыған нұр, Манаурап тәтті ұйқыға балқыған қыр. Бу тарап буынына бел-белестің, Исі-ай, әтіріңнің аңқыған бұл.

Айшықтап әйбәт тау мен әз далаңды, Аруың абат бақтар назданады. Көліңнен әуелейді шартарапқа, Күміс көмей құстардың жазған әні.

Төріңе төсеп кілем – мақпал сағым, Көктемде түлеп мынау жатқан шағың: Тойың ба, топ жарған бұл салтанат па, – Кел, төрлет, жан досымдай қатты аңсадым!..

Page 33: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

33

ЕГІС ДАСТАНЫ

Жасампаздық шығады шын тектіден,Танап – парақ, қаламдарың көк түрен: Тебіреніп жүрген осы сәтіңде, Диқан, сені дарынды ақын деп білем.

Толғап жүрген егісіңнің дастанын, Шабытыңның шын ұғындым асқағын: Биыл тағы қуантуға халқыңды, «Миллиардыңның» прологін бастадың!..

АРМЫСЫҢ, АҚҚУ АРУЛАР

Салып бір сыршыл сарынға, Сусылдап қондың қалыңға; Сағынып туған өлкені, Айдынды аңсағаның ба?

Мауқыңды басып мөлдірге, Иректеп өрнек өрдің бе? Тербетіп сендей бөбегін, Кетіпті-ау, иіп көл мүлде.

Жағасы жайлау жасыл от, Ананды айнал, асыл, өп; Жеттің ғой жырлап көктемді, Келдің ғой керуенбасы боп.

Сен өзің айдын сәнісің, Ырғалған қандай «вальсің»; Құстардын сенсің патшасы, Сұлулық пайғамбарысың!

Аппағын айтам тәніңнің, Аумаған өзі арымның. Сезімнің сенсің серісі, Сырысың махаббаттарымның.

Базары болып көлімнің, Ажары болып өңірдің; Мазалы мына көңілдің, Ғазалы болып төгілгін.

Өтсін деп бізде бал айың, Аялап арда бағайын. Армысың, акқу арулар, Армысың, аппақ ағайын!

АЙДЫН ЖАҒАСЫНДА

Арала дала көрмесін, Өмірден бір сәт түңілсең;Қозғаған көңіл пернесін, Сыр қанша көлге үңілсең.

Шарқ ұрған көктем келгелі, Қарашы кербез кемерге. Сүңгуір үйрек – сеңдері, Кеткендей сүңгіп тереңге.

Page 34: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

34

Бұрымын қара – жар асқан, Бұлқынып аққан бұлақтар. Бантигі қандай жарасқан, Бұрандап өскен құрақ, тал.

Жатқандай наз ғып ол әлі, Жанында жартас жігітке. Жымыңдап қарап қояды, Жанары толып үмітке.

Жігіттің ауған аңсары, Сүйгісі тіпті келеді; Сұлудың толқын саусағын, Өзіне тарта береді.

Толқындар неткен қызба бұл, Бұлдағы іңкәр сезім бе, ей?! Ғашық боп сондай қызға бір, Беймаза болған өзімдей.

Жатқанда асып-тасып көл, Дауылдан көрсек, бекер ғой; Ұқсаған іңкәр ғашыққа ол, – Жүректің өзі екен ғой!..

АЙНАКӨЛ ТОЛҚЫНДАРЫ

Ардақты дос, Айнакөлде болып па ең, Көл бетіне көз жіберіп көріп пе ең? Жұмбақтасқа қарап па едің – сымбат тас, Көздің жауын алған ғажап көрікпен.

Оны көрсем теңеу іздеп бір тыңнан, Сезім баурар жүрегімді бұлқынған. Ойға шомып қалған мұнда мүсін боп, Ботакөздің өзі емес пе, ей, бұл тұрған?

Білсең оны Ботакөзге балап біл, Алтын күннен дидарына тарап нұр; Ойлы көзбен ерке айдынға – ертеңге, Қайсар жүрек қазақ қызы қарап тұр...

* * *

Көкшенің көлге тұнған даласында, Көз алдың көрме десем, нанасың ба?! Сексен көл сексен қаздай саңқылдаса, Айнакөл – аққу сынды арасында!

Көкше осы – көк мұнарға дала тұнған,Аспандай көк бояудан жаратылған.

Page 35: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

35

Сексен көл – сексен жұлдыз жарқыраса,Айнакөл – толған айдай дара тұрған!

Өй, мынау, өңім бе еді, түсім бе еді, Аңқыған әтір, әйбат мүсіндері: Сексен көл сексен сұлу серуендеген, Айнакөл – Ақтоқты ару ішіндегі!

* * *

Өреніңе өнеге боп о баста-ақ, Толқындарың көрмеген-ау, толастап. Құлагердей құйрық атып құйғытқан, Көк айдында көп толқының өр, асқақ.

Қашан көрсең қалпыңдасың көк теңбіл, (Қашан көрсең лайланбас көл неткен бұл).Біржан әні сияқты мың ырғақты, Қуың қандай, суың балдай, мөп-мөлдір!

Мағжан, Сәкен самғаған сан аспаның, Тереңіңдей толғап терең дастанын. Соларға ұқсап, өзіңе ұқсап шалқыған, Мен де өзімше толқын ата бастадым.

Сапарым бар сан асудан әрі аспақ, Қатарым бар көкпар сында таласпақ. Ендеше, Айнам, жыр жазайын өзіңдей, Әрі мөлдір, әрі терең, әрі асқақ!

* * *

Айдының кең, айбының өр, Айнакөл,Дәл өзіңдей мөлдіреген қайда көл?!Астауында асыр салып асыл нұр, –Жылт-жылт етіп, жымияды жай ғана ол.

Кең сарайдай ішінде көк мұнардың,Бикештердей билеп мың сан бұралдың.Ақша бұлттар айналсоқтап айнаңа,Көкке құмар көңіліңді ұғар кім?!

Page 36: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

36

Қыздырғандай жәрмеңкесін құстардын,Қызығыңнан қайтіп сенің тыс қалдым?Шат күліскен ортасында достардың,Мен де өзіңдей ізгілікке құштармын.

Көкше таулар айналаңда мұнартып,Көп қараймын айдыныңа құмартып.Құс қонбаған борсыған көл болғанша,Өзіңе ұқсап шалқып өткен мың артық!

Шаттанамын шарасы кең бейнеңе,Шарқ ұрмаймын өзіңе ұқсап, беу, неге?Саған келсем күмбір-күмбір күйменен, –Толқын-толқын саз келеді кеудеме.

Қазан айы қазаныңды сапырып,Қаңтар өтер қабаққа мұз қатырып.Қарашада қара шашың дудырап,Құсыңды іздеп құса болдың аһ ұрып.

Жанымды ұқпай кейде досым жүрсе аулақ,Мұң менің де кеудемді алар құрсаулап.Мен де мәзбін абзал жандар ішінде, –Аспанымнан тұрғандай боп нұр саулап.

Өршеленген дауылға ықпас өжетсің,Өжет күндер мені, мейлі, мезі етсін!Тебіреніп жатасың сен, баршаныІңкәр еткен тереңдікке не жетсін!

Шүпілдейсің, шүпірлейсің тынбастан,Сыбдыр-сыбдыр кезің бе ол сырласқан?Шалқып-толған сәтіңдей сол, менің деШабыт буып, кеудемде ескен жыр-дастан.

Тұлпар толқын күдірейтіп шоқтығын,Лықсып, шалқып жатқан сенде жоқ тыным.Ертеңді аңсап арман қуған менің де, –Толастамай өтіп жатыр көп күнім.

Шаттанамын шалқып толған бейнеңе,Шарқ ұрмаймын өзіңе ұқсап, беу, неге?

Page 37: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

37

Саған келсем күмбір-күмбір күйменен,Толқын-толқын саз келеді кеудеме!..

* * *

Айнакөл, айналайын шырайлы анам,Шыға алмай айдыныңнан шыр айналам.Өмірдей өзі терең, өзі мөлдір, –Жан оңбас жалтырыңды ылайлаған.

Өмірдің өрге жүзсем белесінде,Өзің бұл дәтке қуат бересің де.Жанашыр жандай болып жырақ кетсем, –Жүресің ұмытылмай сен есімде.

...Баламыз, баламын ғой ол күнде мен,Басасың асау көңіл өртін немен?Жартастан суға қарғып ойнаушы едік,Жағада жалдап ақжал толқынменен.

Шарасын шалқар Айна сапырады,Шарла деп айдынымды шақырады.Кім білсін, өжетті өрге асырады,Жасықты әлде терең батырады?!

Құлшынсаң құлаш ұрып кемеріме,Бойлап көр дей ме әлде тереңіме;Топшыңды бекітейін толқыныммен,Ынжықтың дей ме маған керегі не?!

Жас жаным тоят таппай келбетіне,Жүзсем деп жүз ұмтылам көл бетіне:Күмп беріп сүңгіп кеттім әлгі екпінмен,Көміліп көк толқынға сол бетімде.

Көп толқын бері итеріп, әрі ысырып,Көрінді әрі сұсты, әрі суық;Қақалып-шашалсам да малтығалы, –Тал қармап талпынамын жан ұшырып.

Бойласам бойымнан да барады асып,Үрей мен ыза бойда араласып;

Page 38: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

38

Ойнайды арсалаңдап, сақ-сақ күліпКөк толқын көңілімді ала қашып...Сорыма секірдім бе қара басып?!.

Арбаумен алды-артымнан ойқастады,Жағаға жетсем деген ой бастағы.Әйтеуір малтып кеттім қысылғанда,Тірелді-ау табаныма қойтастары.

Толқынмен толқып жаным тыншымады,Бастықпай бала көңіл құлшынады;Сол тұста қала берді-ау, балалығым,Өмірлік сабақ болып бұл сынағы!

Көсіліп көкжиегі көрінбеген,Япырмау, осы ма еді өмір деген!Теңіз бұл толқын атқан толы сынға,Шарқ ұрып кете бардым төрінде мен!..

* * *

Көктемде кербез сұлу, жазда керім,Көкседім сексен көлдің сазды әлемін.Көліңді, Көкшем, көптен жазбап едім,Көрік боп көкірегім мазда менің!

Көңілім көп жауынды көксеп еді,Кеткендей түбі түсіп көк шелегі:Нөсерлеп қалың бұлттың өтсе легі,Беу, сосын жұпарыңның өпсе лебі!

Айнакөл, жағаңда елтіп өскен едім,Көркіңді жырына енді қосты өренің.Бір қызды дәл өзіңдей дос көремін, –Аңсатып қойған мені қос кемерім!

Сағынтты сол бір сұлу торғын бұрым,Сол ғой деп білем сексен көлдің бірін.Тағатсыз жолға шықпақ болдым бүгін,Билетті алып қойғам он күн бұрын!

Жатыр ма тулап қазір көктемгі арнаң,Қалқамен гүл теруші ек бөктерде алуан.

Page 39: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

39

Кешіксем деп жүрмей ме «өкпем қалған»,Көксеткен көңілдегі көптенгі арман.

Өңірің қызғалдаққа толған өндір,Айнакөл, сен де мөлдір, ол да мөлдір!Аққу-қаз жүзеді ойнап айдыныңда,Менің де аққуымды қолға қондыр!..

* * *

Аяулым менің! Арқарлы белден асқанда-ақ,Алдымнан шықсаң қаламын сәтте аспандап.Мен де бір жылғаң, бұлақ боп енді басталмақ,Мен де бір құсың, көліңнен ұшқан қасқалдақ.

Сағынып келдім, сәлемімді ыстық ал бүгін,Айнашым менің, жаралған егіз тағдырым.Көгілдір мұнар, көк желек нуың, жаңбырың,Хош иіс ауаң, аңсадым соның барлығын!

Баурайда қалған балдырған жылым, бал айым,Жидекті белге, үйректі көлге барайын.«Шортанкөл» барып шомылып рахат табайын,Тұйықтау өскен тұрғылас едім, ағайын.

Құмартып еді қызғалдақ сынды қыз біткен,Достарға жетем, кезіміз жоқ қой сыр бүккен;Сағынған сайын дос көңіл мынау – үздіккен,Аяулым, сені аңсайтын болдық біз тіптен.

Айтатын ылғи ажарлы сөз бен аталы ой,Аман-cay ма екен ақсақал қарттар батагөй.Аналар абзал: «Үйге кір, – деп, – дәм тата ғой»,Амандық сұрап, аңқылдап әман жатады-ой!

Жондарың пүліш, қойнауың ырыс шалқыған,

Page 40: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

40

Алаулап жүзі шаттықтың нұры шарпыған.Түлегің қанша түлеткен сені мәрт ұлан,Тұлғаңа ұқсап биікке мен де талпынам.

Береке тұнған өзіңдей ғажап өлкенің,Көгінде қунап, төрінде өскен ерке едім;Құтайып елің, құлпыра өсіп өркенің,Шапағат нұрға шомыла берсін ертеңің!

* * *

Айнакөлім – күйтабағы аумаған,Күйсандық боп елестейді тау маған.Жел елгезек жүгіреді ән салып,Көк толқыны көңілімді аулаған.

Кең алаңға көз қиығын салсаң бұл,Баурап алар биімен бір ансамбль:Бұл атақты – «Биші қайың», беу, қыздар,Биле, биле, бұраң белім, тамсандыр!

Алақанын шапалақтап жапырақ,Ақан әнін айтатындай атырап.Тебіреніп қосыласың сол сазға,Табиғаттың тамашасын бақылап.

Міне, міне, тағы да әнге басты көл,Елтіп қапты аспан, орман, тас түгел:Салтанаты сынды мынау өмірдің, –Өнерлі елде өтіп жатыр гастроль.

* * *

Жағажайда жалғасқан бұл бақ керім,Жаздай, Айнам, бір қызыққа батты елің.Аққу қыздар айдынында, беу, қандай,Құралай көз, кептер кеуде, тәтті ерін!

Қонақ келсе қошеметтеу салтың шын,Мөлдіріңе тас атқанды ант ұрсын.Сәулетіңе күнде көріп ғашықпын,Қиырдан кеп құмар болған жан тұрсын.

Page 41: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

41

Серуен құрып келген жандар сейілмен,Сенен табар сері мінез, пейіл кең.Ана болып қарсы аласың аңқылдап,Қарсы аласың бәрін ыстық мейірмен.

Айнакөлім, шабытты өлке, шатты өңір,Сенде өйткені сәнді тұрмыс, тәтті өмір;Алауыздық болмас та еді адамда, –Болса егер де бәрі сендей ақ көңіл.

* * *

Сексен көлдің бірі –сері, шырайлы һәм,Өзің жайлы өзімше айтам сыр, Айнам,Моншақ шашып жатқандайсың маңайға,Шағырмақпен шағылысып шыны – айнаң.

Мөлдіредің, мөлдір едің, ой неткен,(Асқан бұдан айна бар ма, бойжеткен)Бұлт арулар босатпайды алдыңды,Бұрымы ойнап, бүрмелі аппақ көйлекпен.

Сауық болар көк мұнарың – Сарайға,Сол арулар көп келуді қалайды, ә?Сән түзесіп қайта-қайта қарай ма,Әтір сеуіп әлсін-әлсін маңайға.

Бір кірпияз адамдайсың зерделі,Ұялтатын қарау көңіл пендені.Мөлдірсің сен! Пенделер бар құр қалған, –Тереңдік пен мөлдірліктен сендегі.

Аузыңды ашсаң көрінгендей жүрегің,Сен сияқты абзал досты білемін:Алыс кетсем,аңсай бердің шарқ ұрып,Жолға шықсам, сәтті сапар тіледің.

Page 42: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

42

ҚыС СуреТТері

МИЛЛИАРД ҰНЫ

Ырыс тасып кеше бұл қыр, белеңнен, Ырыздыққа ер елім шын кенелген. Бүгін енді сол жерде ақпаныңның Ақ түтегі басталды дүрбелеңмен.

Боран ба бұл, қыс – күйші күймен ашқан,Той емес пе, тоғайлар биге басқан.Миллиард ұнын мінекей, жатыр елеп:Дала – наубай, бұлт – елек, диірмен – аспан!..

ҚАР ЖАУЫП ТҰР

Қонбасам ба, қонсам ба деп, қалықтар,Көз алдың көп көбелектей мамық қар;Терезеңнен телміріп құр қамықпай,Жылымықтың жырына, еркем, қанып қал.

Алақанға қонды, міне, ақ тамшы, Ұлпа қарым, үлпегіңмен сақталшы. Тұра тұршы, тұра тұршы, ерімей, Жақұтсың ғой, жарқ-жұрқ етіп жатсақшы.

Қар дейсің бе, қаптаған бұл кеңістік,Сезім делік, – Келістік пе, – Келістік.Онда осы махаббатың алғашқы,Ең сүйкімді, ең аяулы, ең ыстық!

Көрісті әне, жаутаң жанар ұялшақ, Сан қарасты, аймаласты қиялша-ақ. Тіл күрмеліп телміреді тек үнсіз, Жас жүрегі жалындайды сүйе аңсап.

Осылайша сезім шіркін арбасты,Мынау әсер ғұмыры естен қалмас-ты:Ең алғашқы махаббаттай пәк, ұяң,Қар жауып тұр, қар жауып тұр, алғашқы!..

Page 43: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

43

БОРАН

Боран деген бұл да бір бала емес пе, Сол баланың қылығын салады еске. Мұңаю да, уайым да ойында жоқ, Ойын қуған ертеден қара кешке.

Еркелеп ақ пейіл қыс – анаға асыл, Уілдеп айтатындай далаға сыр. Сырын білмес жылқының сыртынан кеп, Жүгіріп жол үстінде салады асыр.

Із-түзсіз жылжиды алға, аттап қадам, Қолында қалт-құлт еткен аппақ қалам; Аяз ата үйреткен машығы бар, – Мәз болып әйнек бетін шатпақтаған.

Жеңілтек, өзін-өзі жиі алдайды, Көрші қызға қызығып, қиялдайды; Есігіне еріп кеп есі кетіп, Кете алмайды қипақтап, қия алмайды.

Гуілдеп тынбай айтар тақпақ-өлең, Тауды көріп тағы бір тапты өнеге: Бірте-бірте биіктеп сезбей өзі, – Айналады айнала ақ төбеге.

Ол өскенше ата-ана – дала да әуре, Уақыт өтіп осылай арада әудем; Көктеменің лебі есер бусандырған, Өте шығып көрген түс – бала дәурен.

Жаңа енді толқын еніп ой-санаға, Өнеге боп жадында жайсаң аға; Басталады ұлы өмір, арман қусаң,Арқырап ағу керек сай-салада.

Терең болсаң теңейді теңізге елің, Шалшық боп жолда қалсаң өзіңде мін. Көктемедей көңілім аласапыран, – Осындай ма жас дәурен кезім менің?!

Page 44: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

44

БҰЛҚЫНЫСТАР

Бұлақтар бұлқынады: Бұлғын – қыр құлпырады.Бүршіктер бұлқынады: Бұлықсып гүл тұрады.Бүлдіршін бұлқынады: Білуге ынтығады.Бұла ақын бұлқынады: Бұрқырап жыр туады.Бұлшық ет бұлқынады: Бақыт пен нұр тұнады.

ҮНСІЗДІК ДАУЫСЫ

– Жасықпысың, үндемейсің, тұйықсың,Тұйық жаннан тұрғылас не күй ұқсын,–Жауабым бұл,– деп жазғырған бір досқа,Үндегенде не дейін мен құр босқа.Жуастықты – жасықтыққа балама,Тұйықтықты – менмендікке санама;Салиқалы сөз қозғасаң жайлап бір,Ақын кеудем сандуғаштай сайрап тұр.Сәл нәрседен шаттық пенен табам мұң,Сезім жеңген мен бір қызық адаммын.Мәнді болсын деп әр күнім алаңмын,Қиял кешкен мен бір қызық адаммын.Дей алмаймын ерлік жасап, егестім,Көпті көрген көнекөз де емеспін. Билік айтып бейберекет дауласқан,Бөспелікке әуес емен әу бастан.Қайда жетем өсегіңмен қарға адым,Өтірікті ал ұйқастыра алмадым.Айт дегенін айтып салып көкейдің,Асты-үстіне түскен жоқпын дөкейдің.Құлаққа ерсі құр мақтансам мылжыңдап,Жұртты ойлантар таппай жүрмін бір жұмбақ.Еспеден де еншімді алып қашқан ем,Үлкендерді ұйып тыңдай бастап ем.Не демекпін басқа мен.Алқа топта тізгін тежеп қалдым ба:Аға бар деп іркілгенім алдымда.Көп алдында көрінсін деп жас адам,

Page 45: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

45

Інілерге ізетім ол жасаған.Ой да емес бұл, болсын деген бас аман,Мінез де емес мінеп сөйлер тасадан.Жетегінде желіп кетіп желіктің,Ей, туысқан, нені ұттың?Сауық қуып сандалмай бос, сабыр ет,Даурығумен опық жедік сан рет.Жұртың мынау қызық тойы қызған дәл,Онда да ұлы тыныштықты бұзбаңдар.Тоқта, досым, той екен деп тағы еспе, Келген шығар өмірге бір нәресте!.. Шабыт буған шадыман шақ бәрі есте.Бір күн қызық, бір күн шыжық алмасқан,Сынақ болып сырғиды айлар жалғасқан. Даңғаза емес, сабыр мұнда керегі,Ажал – ғайып, аяқ асты келеді,Даңқ пен дақпырт кімге опа береді?.. Бір құзыңда бұғып қалған бүркітің, Аққуларды алмасыншы үркітіп. Көңіл шыны, шытынатып алам ба, Деп ағайын алаңдасаң, алаңда. Бір ауыр сөз айтып қалсам кейде мен, Ренжітіп алдым ба, қап дей берем. Сүттей ұйып тұрған мынау ортаның, Шырқын бұзып алам ба деп қорқамын. Керек боса кеңірдек бар менде де, Бір жамандық ойлап табам пендеге, Жамандықтан өмір бірақ кенде ме?! Сөздің түбін түсірем ал қаласаң, Дос алдында тасып берем тамаша. Жуас болсам – жасықтыққа балама, Тұйық болсам – менмендікке санама.Табылса да өркөкірек басынған,Естір тағдыр жан даусымды ашынған...Тәкаппар деп және ойлама, ол басқа, Үндемей де сыйласуға болмас па?! Іштей ұғып сыр ақтарам жолдасқа!

Page 46: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

46

Сезе біліп кеудеңе шер қонғанын, Үнсіз қалсам – қайғыңа ортақ болғаным. Ел деп жанған бір от көріп көзіңнен, Тебіренсем – тілегім бір өзіңмен. Көріп сені шын бақыттан аптыққан, Толқып тұрсам – шарқ ұрғаным шаттықтан. Сезім жеңген мен бір қызық адаммын, Қиялдағыш мен бір қызық адаммын...

БАЛАЛЫҚ ТУРАЛЫ БАЛЛАДАдостарым Сырайыл мен Назкенге

Алтыда ма, бестемін бе сол кезде,Ағам – шофер, болдым мен бір жол кезбе.Мен отырмай от алмайтын машина,Кенжесі боп өстім үйдің бұла тым;Көрші үйде бір мұғалім қыз тұратын,Жиі-жиі қыдыратын бізбенен,Көздерінен мөлдір айдын елестеп,Көңілінен көктеменің лебі ескен,Ағам жақсы көретін сол қызды ерен.Талай рет орайы кеп оңаша,Гүл теруге шығатынбыз белестен.Екеуі онда ертектегі ғашықтай,Абат бақты аралайтын асықпай.Жетектеп ап тентектерін кекілді,Айтылатын ғашық сырлар не түрлі.Менің сәби саусақтарым сол кезде,Қос жүректі қосып тұрған екен-ау,Қан тамыры секілді!.. Болса да енді елес тек,Біз үшеуміз бір махаббат емес пе ек!

Екеуінің тасып жүрдім хаттарын,Әлі күнге жадымда жүр жатталып;Барған сайын алып қайтам бір дәптер,Барған сайын қайтам үйге тәтті алып.Барған сайын жанарынан жаз күліп,Үйретеді ол әлденені жаздырып;

Page 47: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

47

Шимайлаудан артыққа онда жоқ шамам,Тек суретті көп салам.Сиқын көріп сиыр сирақ атымның:– Мынау жүйрік тұлпары ғой батырдың,Тағы да сал,– деп жымиып,– ақылдым,Өскенде үлкен суретші бол деп тұрып,Жіберетін сан қиялға шектіріп.Болса да енді елес тек,Біз үшеуміз бір махаббат емес пе ек!

Әлі күнге жадымда жүр жатталып,Сол сәтсіз күн дерт боп маған батты анық.Бақта тағы жүргенде сыр ақтарып,Шақта тағы жүргенде ойнап шаттанып;Келіспей қап шатақ шықты күтпеген,Баламын ғой, түсінбеппін түкке мен,Өкінді ме, өкпелі боп қалды ма,Бұрылмастан бетін басып алды да,Ұзап кетті ол жанарынан жас парлап,Ұшып кетті ұядан сол қасқалдақ...Қоштастым ба базарыммен, бақпенен,Жазылмайтын боп кетті енді хат деген.Тап сол жерде табыстырар екеуін,Бала болдым әттеген...Болса да енді елес тек,Біз үшеуміз бір махаббат емес пе ек!

Әлі күнге жадымда жүр жатталып,Сол сәтсіз күн дерт боп маған батты анық,Жиналды да ішінде сол аптаның,Алыс жаққа кетті аяулым аттанып;Баламын ғой бар ұққаным қиналып,Ол – қимады, мен – қимадым, қимадық:Сурет сал деп сыйлап кетті ол көп дәптер,Қимасыңды ал, сәби жүрек жоқтап бер.Жоқтадым мен сол бір жанды таза шын,Ал ағамның бердім былай жазасын:

Page 48: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

48

Бауыр басып, бала көңіл сағынған,Барып кел де, алып кел деп сол жанды,Алдым әбден мазасын...Болса да енді елес тек,Біз үшеуміз бір махаббат емес пе ек!

Әлі күнге жадымда жүр жатталып,Уақыт өзен баяу жылжып жатты ағып.Сағынумен, сарылумен жыл өткен,Мектепке де барған кезім хат танып;Біздің үй де бастап кеткен той қамын,Баламын ғой, мен баяғы ойдамын...Той да болды-ау, келді олар,Қуанышым тасып, сірә, сел болар;Тұра ұмтылып тұрып қалдым, масқара,Аңсағаным болмай шықты ол, басқа адам...Алып келем сол жеңгеңді ардақты,Деген ағам әбден мені алдапты.Көлшік едім – көк теңіздей шайқалдым,Бұл күйімді байқар кім.Байқар емес ағам, келген сауыққа ел,Бұл жеңгем де жарқын шығар, ал оны ма, сүйген ем,Қайда сол жан, қайда сол жан, тауып бер!!!Деп байбалам салдым-ай кеп үйге мен.Уатты олар, уанбадым,Уанғым да келмеді,Сәби жүрек солай соқты мендегі.Болса да енді елес тек,Біз үшеуміз бір махаббат емес пе ек!!!

* * *Бозбаламын, толғап жүрген бақта сыр,Со жеңгемнен інім де бар хат тасыр.Қабағыңа қарай берем, қарағым,Жас жумасын деп махаббат жанарын;Өкпелетіп алмайын деп өзіңді,Маңыратып алмайын деп «Қозымды».

Page 49: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

49

АЙЛЫ ТҮНДЕ

Төбеңде самсап қалған, Үбірлі-шүбірлі аспан. Төменде аңсап қалған, Ғашықтар сыбырласқан.

Ауылды ұйқы басқан, Жастар жүр көл жағалап. Серуен мен биге ұласқан, Ақ түнді олжалап ап.

Жақтауын ұрған жардың, Тыншыпты көл еркесі. Жағада тұрғандардың, Жалғыз-ақ көлеңкесі.

Ай төккен шапағат нұр, Шақты олар ұнатады. Себебі махаббат гүл, Түнде де бүр атады.

СЕНЕН БІЛДІМ

Ақша бұлттың ақ төсінен нұр өпкен, Сөз арнаймын арыны асқақ жүректен. Найзағайдай нақыш салған аспанға, Жарқылдаған от әкелдің жас жанға.Қашандағы қарсы алатын аңсаумен, Жұп жүректің сыңары сен, жан сәулем.Дидарыңнан танығандай таңды аппақ,Сендей жанды әз тұтамын ардақтап.Саған арнап толғау – теңіз тереңнен,Үкілі жыр – інжу іздеп келем мен.Өрге аттанар сыйласып та сырласып,Ризамын, сендей қызға болғаныма шын ғашық.Сенен тауып пәк махаббат мекенін, Сенен білдім нәзіктіктің не екенін. Сенен көрдім көңіл көлдің мөлдірін, Сенен сездім тау толқынның өрлігін; Сенен ұқтым асқақтығын биіктің, Сондықтан да, сен шат болсаң бақытым сол, сүйіктім!

СЫРШЫЛ БОЛЫП БАРАМЫЗ

Күннен күнге жақын тартып арамыз, Түннен түнге сыршыл болып барамыз;

Page 50: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

50

Мені сонша табындырып тастаған, Шыныменен сенбісің, ей, қара қыз!

Өзіңді ойлап өткеремін таңды ұзақ, Біздің көш те бара жатыр алды ұзап; Бағымбысың, сорымбысың, әйтеуір, Маңдайыма біткен менің, жалғыз-ақ!

Сен болсаң сен, сеніп ғайбат-өсекке, Әлі маған артып жүрсің бос өкпе; Ортамызға от салады ондайлар, Сенбе оларға, сұрқия деп есепте.

Шын ғашықты қосылмас деп сен іштен, Және ойлама, ол өтірік, келіспен; Сені сүйген шын махаббат – ол ма ол, Мына менің жүрегімде, періштем!

АҢСАУ

Сенсің маған сыралғы жан, сыйлы адам, Сенің анау жанарыңды жақұттай, Өзге түгіл өзіме де қимағам, Сол ғой мені қинаған.

Өзің еркем қымбатым ең қымбаттан, Бірақ бақтан үркіп ұшқан бұлбұлдай, Бақытым боп шықтың жатқа ұрлатқан, Сол ғой маған мұң батқан.

Жан жүрегім соққан дәйім өзің деп, Аңсарымның аптығы әсте басылмай, Тайфундары тулаған өр теңіз боп, Жатам ылғи сені іздеп.

БЕЙТАНЫС ҚҰРБЫҒА

Беу, менің бұлқынған бұл кезім қандай: Сен бір сәт қарағанда сезімді арбай, Дариға-ай, тағат бітіп, төзім қалмай, Әлдебір айтылмаған сөзім бардай,

Page 51: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

51

Байланып қалдым сенен көзімді алмай, Беу, менің бұлқынған бұл кезім қандай.

Отырсың болып бәрін байқамаған, Шарпиды демің, қалай жай таба алам, «Сұқтанба қарап қайта-қайта маған», Дей көрме, жүрегімнің сайтаны аман, Боласың бәрін бірақ байқамаған.

Болдым бір жолыққандай періштеге, Көз салу көрінгенге жөн іс пе де...Назым ғой – келіс, мейлі келіспе де, Көзіңнен тауып тұрмын бір ұқсастық,Өзім мен пір тұтатын періштеме.

ҚАСҚАЛДАҒЫМ

Көктем келді! Көгінде қаз ұрандар,Қаңқылынан сағыныш сазын аңғар.Жеттің бе, аңсап, ән сап, Қасқалдағым,Өзіңе оңаша айтар базынам бар.

Қанатыңнан ескендей көктем лебі, Сөйлеттің көңілдегі көп пернені. Қалқам-ау, қайда жүрдің, сендей құсты, Көл едім көксеп жатқан көптен бері.

Қона ғой, айналып ең арманыма, Жаңа-жаңа толысқан арна мына; Қарамай асықтың ба, қарасуға, Әйтеуір қанаттарың талмады ма?!

Өттің бе аңшылардан аман-есен,Пәк жаның құмар шығар далаға әсем.Қуы – дүр, нуы – өндір, суы – мөлдір,Көлімді Көкшедегі арала сен.

Адаспай қамысында басқа арнаның, Бал айыңды базармен баста ардағым. Паш етіп біздің көктем басталғанын, Қаға түс қанатыңды, Қасқалдағым!

Page 52: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

52

Үшінші тарау

ЖҰМБАҚТАС ЖЕЛІСІ

ДУМАНДЫ ДАЛА

Құлпырған қараңдаршы дала бағын, Көктемдей нұрға бөккен бар алабым. Бақыт та, қуаныш та осы жерде, Ұрпаққа мирас еткен бабаларым.

Танытып туған елдің шат тынысын,Тербелген алтын масақ, ақ күрішім. Қайнары – асқақ арман, ізгі мұрат, Елімнің ерлігі рас, мәрттігі шын.

Өнбойын таңғажайып жалын өпкен, Халқымның жүрегі – жаз, жаны – көктем. Каналдар қан тамыры сияқты алып, Жан беріп, жапандарды жарып өткен.

Кен толғап Қарағанды шахталары, Мақпалдай оңтүстігім мақта алабы. Ғарышқа қанат қағып кемел ойлар, Старт ап Байқоңырдан аттанады.

Сайраған сыршыл көктем құс тілімен, Төселіп даласына түсті кілем;Марқайған Екібастұз мың қаланы, – Жылытып жүрегінің ыстығымен.

Меруертін керуен-керуен үйіп артып, Қырманға қыр төсінен құйылар құт. Тыңымда Тынық мұхит толқын атып, Қотарған жылда астық миллиард пұт!

Кеудемде толған жігер, толған арын, Ер жайлы, ерлік жайлы толғанамын. Дәуірдің жүрегіндей күй толғаған, –Кен болып ақтарылған домналарым.

Page 53: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

53

Осындай өлкем – ырыс, аймағым бай, Шалқыған жер жаннаты қайда мұндай. Шарқ ұрса шаттық әні, ол халқымның Жасампаз өр рухының айғағындай.

АНА ТУРАЛЫ

Анажан! Мейіріңді айтсам ба екен,Нұрлы өмірдің нәрін берген сәбиге.Пейіліңді айтсам ба екен,Ізгілікті үлестірген әр үйге.

Махаббатыңды айтсам ба екен, Құшып-сүйген құшағыңда тым ыстық. Мархабатыңды айтсам ба екен, Тіршілікке тілеген тек тыныштық.

Пәктігіңді айтсам ба екен, Тұмадайын тұнып аққан көңілде. Мәрттігіңді айтсам ба екен, Жақсылықтың нұрын шашқан өмірге.

Қайсарлығыңды айтсам ба екен, Көзі болған ерліктердің ересен. Жайсаңдығыңды айтсам ба екен, Балауы жоқ бар асылға теңесем.

МЕЙІРІМАяулы ұстазым Қайша Есімқызына

Жайраңдап өткен өзіңмен, Жадымда сәби шақтарым. Жылылық тауып көзіңнен, Жауқазын жырлар жаттадым.

Әуенің – әлди, сөзің – бал, Жан едің жайсаң жаны ізгі. Мейрімге толы кезің бар, Мамырдың айы тәрізді.

Құшағың қандай кең еді, Көңілің неткен мөп-мөлдір. Жаныңның жасыл желегі, Жамырап бізді өпкен бұл.

Сағыныш лаулар кеудемде, Қоңырау сазын тыңдасам. Шығатын талай серуенге, Қараймын сонау қырға сан.

Page 54: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

54

Жұлқынар кеуде – кермеден, Құлыншақ көңіл сені іздей. Жоғыңа әсте сенбеген, Тулайды жүрек теңіздей.

Түндігін таңның ашам да, Жылдарға қолды бұлғаймын. Ақылшым едің қашанда, Анамдай сүйіп тыңдаймын.

Түлетіп талай ұл-қызды, Көтерттің арман желкенін. Ескерткіш қылып бұл жырды, Толғайды сол бір «тентегің».

АҒА БЕЙНЕСІ

Асықтырса асыл арман, алыс қыр,– Асуың боп аса қиын жарыс тұр,Нар талабың болмаса, лапылдаған намыс тұл,Өр бейнемді өнеге тұт, – дейтұғынШын тілектес, шың тектесКерек екен кеңес құрар арыс бір!

Көкірегі өмір сырын көп түйген, Көзбен атып, көңіліме дөп тиген; Жайсаң аға, жүрсем шалқып жаныңда, Шабыт ойнап қанымда. Құшағымыз айнымастай қауышып, Сырласқан сәт бір-бір мектеп тауысып.

Тауға өрлесем, тастары табан қанатқан,Шыға алдым ба, сенімнен, – деп, – аға артқан,Отырсам талып иығым, Өз-өзімнен күйініп, –Олқы соғып соңғы шыққан биігім.

Оңаша қалсақ, сараңдау сөйлеп мәрт ағам,Сабырмен айтып ақылын, – Шандозым, – деп, – берік болсын тақымың,Арқамнан қақса ақырын.

Ер жүрегі елжіреген ел десе,Тарлан ағам тайғақ кешуге тап болып,Майырылса болат тұяғы:– Қолқанат бол, алу үшін мен өрлеген қияны,Інім едің зиялы, Соңымнан ер ендеше,Сенім артқан серігімнің бірі сен, – десе,

Page 55: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

55

Серпінмен сергек, сертпенен,Семсерімді сайлап ап, Сәйгүлігімді ерттер ем!

Сыралғы, сырбаз досымдай,Ғашықпын мен бір ағаға осындай.Сондықтан ба, саятшыдан із кескен,Сол ағаға жолығам ба деп жолым боп,Үмітімді үзбестен,Сағынышпен құрақ ұшып жатамынЖүзі игіге жүздескен.

Ағалар, қайран, ағалар,Шарапатыңды көріп те жүрмін күнде мен,Жанымнын жапырақтары бүрлеген.Жапанда жалғыз жабықсам,Тар жолдарда тарықсам, Өздерің келіп дем бердің;Алғыс та алдым арқаларыңда сендердің.Ақ үмітін ақтау үшін мен де елдіңӨркешіме жүк теңдермін.Мен – қауырсыны қатайып қалған қаршыға, Қалықтап ұшам қашан деп, Қанатын қаққан сарсыла. Шыңдалып шыңда түлеген, Көз тігіп биік арсыға.Қиядан тоят тілеген, Мен – балапан қаршыға.

Мен – көктемде туған бір бұлақ, Қыраттан сайға құлдырап, Сабылып сайлы саға іздеп, Қайда сол теңіз сабаз деп, Тастақты талмай бұрғылап, Кемерін жатқан ұрғылап, Мен – бұрқанып аққан бір бұлақ...

ЖЫЛҚЫШЫ

Теңейтін әз кеудеңе асыл қайда-ау, Төріңе жимасаң да жасау, мүлік. Отауың – кең жазира, жасыл жайлау, Ерке өстің сол далада асау мініп.

Құтайтып ел дәулетін жүрсің бүгін, Құрық ап туған жерде құндақтаған. Елемей қиындықтың қыл шылбырын, Кездерде аяз сорып, күн қақтаған.

Page 56: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

56

Жеткен көп жеңісің де, жемісің де, Байлығым артқан сенің арқаңда, аға. Құндыз жал құлыншақтар – желісінде, Дүбірге толды бүгін дарқан дала.

Риза боп өмірге сен шаттанасың, Қызық тауып жусаған жылқы ішінен. Күнде сол жалпақ жонға аттанасың, Оянып ай арудың күлкісімен.

Тартыпты соған лайық сыйлықты өмір, Өңірің орден толы жарқыраған. Жігіт деп жайсаң мінез, жүйрік көңіл, Дүйім ел құрметтеген жарқын ағам.

Кеудеңнен қайнап шыққан намыс, қайрат, Сыр тұнған сымбатыңа көп қарадым. Тұлпарын арманыңның алысқа айдап, Тағдырдың талай сынын ноқталадың.

Қауым боп құрмет тұтқан арамызда, Қайратты, қайыспас ер, қайсар жаны; Құт орнатқан кең байтақ даламызда, – Аман болшы, жайлаудың жайсаңдары.

ЖИРЕН АТЕрекеңнің рухына

«Мың жылқы» ма, мына жатқан кең жазық?! Кең жазыққа шыға келдік бел жазып: Тау ауасы аңсап келген елге азық, Сыбыр-сыбыр сыр айтады жел нәзік.

Сайлап қойған сауынды да сойысты, Қызық-думан, қызып жатыр той үсті. Қаны қызған, қаумаласқан қалың жұрт, –Ел назары ат жарысқа ойысты.

– Аттың басын тарта-тарта талды қол,– Ал, Ақтабан, бұл бәйгенің алды бол!

Page 57: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

57

Тыпыршыған жолың болсын, жүйріктер,Бақталастар жоқ қой бүгін қанды қол.

– Кетті, кетті! Сол дауысқа қосылып, Жүйріктер де жұлқи тартты көсіліп; Делебесін дүйім елдің қоздырып, Ел мерейін, жер мерейін өсіріп.

Бір айналым өте шықты заматта, Шын жүйріктер, түсті тағы сарапқа. Құйрық тістеп келіп қалды бір жирен, Суырылып дара шыққан қара атқа.

Бұрылыста оза берген ағындап, Шабысынан әлде оқыс жаңылды ат?.. Шабандозы қала берді шаң қауып, Өзі кетті қос танауы парылдап.

Ізгі үмітің үзілсе оқыс – сол қайғы, Өкініштің орны мынау толмайды. Оқыранып өте шықты жануар, Амал қанша, аялдауға болмайды.

«Таңба болды-ау!.. таба қылды-ау тамам көз, Бірте-бірте барады озып баран, боз; Бағын байлап жануардың, қорламай, Жетсеңші енді, жетсеңші тез шабандоз!

Бәйгеде сын – басқаларға дес бермеу,Осы шығар оза шауып, төске өрлеу. Найзағайдай шықты атылып тағы да ол, Қайырылмай қалды тағы, бос белбеу.

Озып келу қиын емес пыраққа, Озар еді жеткізгелі мұратқа,Озар еді, иесі жоқ даңқтың, Құны деген көк тиын ғой бірақ та.

Озар еді, намысын кім қорғайды, ә?! (Бұлбұлыңнан бағы асқан бар торғай да),«Ер қанаты – тұлпар» дейміз, бұл рас, Ал тұлпардың қанаты кім! Ол қайда?!.

Page 58: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

58

Ақ сорпа боп қиналғаны кім үшін, Бүйткен азап, бүйткен мазақ құрысын. Көздерінен ытқып шыққан ыстық жас, Жирен аттың қыса берді тынысын...

Қайран тұлпар қамшы басып намысқа, Болмаған бір салып дүлей шабысқа; Сағымданған сар даланы бетке алып, Сол бетінде кетті безіп алысқа.

Қаумаласып озып келген қара атты, Мұндағы жұрт жүлделерін таратты... Бас бәйгені алып кеткен жирен ат, –Көз ұшында ғайып болып баратты...

ТОЙДАҒЫ ТІЛЕК

Құлшынып келешекке құлаш ұрған,Бүгінгі қуанышты сұра Сырдан:Той бүгін, бір ұлының бақыт тауып, Бақтардай көктемдегі гүлі ашылған.

Сұлу Сыр, кетпес, сірә, бұл есіңнен, Арнада көңіл шіркін бір есілген; Ақтарды ел ата-анаға ақ тілегін, Мәпелеп қыз өсірген, ұл өсірген.

Құттықтап сүйкімді қыз, сүйікті ұлды, Аспан да аппақ нұрын құйып тұрды. Ағарған сүттей болып ақ пейілден, – Кім көрген мұндай мақпал тұнық түнді.

Достардың жаны – жайлау, тай – астында,Той қызып, қалқып жүрміз ай астында.Ер көңіл мерейі өсіп жігіттің де,Жайнаған жаны гүлдей аяштың да.

Би қалқып, ән шарықтап, жыр қызғанда, Құмартып түнгі аспан да ұл-қыздарға;Қондырып ай – қарбызын дастарқанға, Шашылды бауырсақ боп жұлдыздар да.

Page 59: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

59

Сүйсініп ақ көңіл мен пәк санаға,Марқайған жарқын жеңгей, жақсы аға да;Қос Сырдың қосыла аққан арнасында, Шарқ ұрған көңіліміз – ақ шағала.

Достықтың гүлі жайнап жүрегімде, Ақтарылды менің ақ тілегім де. Шығандап, шырқап көкке көңіл шіркін, Бір қызық той боп жатты Сыр елінде...

* * *

О, өлең! Көкейімде сен менің көп түнедің, Көңілімнен көгершін боп түледің. Мен өзіңді самғаған ел көгінде, –Махаббатымның кептері деп білемін.

О, өлең! Жай оғындай от едің, өткір едің, Жарқылыңмен жайнатқан көк кілемін. Нұр төгіліп, ақ нөсер құйған шақта, Жанымды шарпып сенің өтті лебің.

О, өлең! Көңілімнің көк терек, көп тіні едің, Көктемеде шуаққа өптіремін, Жас жүрегім өзің деп соқты менің! Көк терегім, көгеріп көк тірегін! Көркейіп өс, баққа айнал – көп тілегім!

ӘНШІ ЖІГІТКЕ

Ей, жігітім, қайда шешен домбыраң? Қайнарыңнан қайнап шықсын мөлдір ән. Сонда саған қошеметпен қол соғып, Көңіліме көп көгершін қондырам.

Кеудең сенің болсын дәйім қулы айдын, (Көмейі де күйші емес пе қурайдың). Домбыраңды құр айғайға қинама, Тоғыз тармақ толғауыңды тыңдаймын.

Кең даланың құйқылжысын күй-әні, Халқымыздың осында арман-қиялы.

Page 60: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

60

Ғасырлардың сырларын ол ұрпақтың Зердесіне әсем саз ғып құяды.

Білем, білем намысыңның нарлығын, Бір өзіңде жеті өнердің барлығын. Сал Біржандай сал әніңе асқақтай, Сері Ақандай селдет сезім жаңбырын.

Тасыт-тасыт, құйқылжыта төгілдір, Көк өзендей күркіресін көңіл бір. Шырқау ұшып шағаласы шабыттың,Шалқи берсін шат-шадыман өмір бұл.

ЖИЫРМА БЕС

Жігері жиырма бестің осы ма екен, Кеудемді қиындарға тосып өтем. Тәкаппар асуларға атой салып, Жаны ізгі жанның бәрін досым етем.

Жырламай, қайран жастық, тынар ма үнің, Әсте бір арылмайды-ау құмарлығым. Көңілім көк теңіздей көбік шашпай, Жас жаным қалай тыншып тұрар бүгін.

Биіктен биіктерге қарғып аттар, Көсіліп көңілдегі арғымақтар; Мен бүгін тағат таппай заулап келем, Қол бұлғап асыл арман, нұрлы бақтар.

Армысың, жиырма бесім, бол танысым, Шынайы махаббаттың шолпанысың. Сен берген от-жалынды сыйлап өтем, Осынау Отан үшін, ортам үшін!

* * *

Жиырма бес, қоймайтұғын сүйсінбеске, Бүйірлерді қыздырған бисің кешке. Серілікпен, мәрттікпен өткен күндер, Ғажайып естелік боп жүрсің бе есте?!

Page 61: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

61

Қажымыстан, талмастан талаптанып, Кемел ойың дамылсыз қанат қағып; Ғұлама дәуіріңнің таңдарындай, Күн сайын жатасың сен парақталып.

Түлетіп туған елің қыран еткен, Самғайсың тауларға өрлеп қия беттен. Қиындық болса қайда, сен жүресің, Ұстасып палуан қолың қияметпен.

Сыры бай, сый да көрген, сын да кешкен, Жасампаз әке жолы шыңдап өскен; Бұл халқым бір ғаламат ерлік күтсе, Күтеді алдымен тек жиырма бестен!

Жапанға – нұр, жалын боп қала, тыңға, Жиырма бес шұғыласын таратуда. Келеді асқақ жігер, асыл арман, –Зымырап замананың қанатында.

ЖАС ҚАНАТАзаматқа

Сен едің тұңғыш сонымнан ерген құлыншақ, Былдырлап жүрген балдырған едің ұрыншақ; Балапан едің бейкүнә, тәтті қылығың, Естен де кетпес, естілсін дәйім үнің шат!

Көне ме тағдыр, назыңды айт, мейлі назалан, Зердеңе оны жеткізіп қалай жаза алам?! Есейген шақта ұғарсың соның барлығын, Бауырға басқан менің де өзі аз ағам!

Болғаны қандай, қорғаны қандай бауырдың, Өмірде мынау өтінде жүрсең дауылдың. Ұмытпа, қалқам, үмітпен күткен үздігіп, Ата жұрт деген тілектес ізгі қауымың.

Сен болсаң әлі – сезбеген мұны бүлдіршін, Есейген шақта боласың қандай, кім білсін.

Page 62: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

62

Қос арна сынды қосылып, бірге табысу, –Әйтеуір, жаным, маған да, саған бұл бір сын.

* * *

Шешең жүр шаруасымен ырғатылып, Жұмыспен әкең басын жүр қатырып. Ойыңда ештеңе жоқ, ойын қуып, Сен жүрсің келмей әлі «р»-ға тілің.

Әже емес, өмір кімді еркелетсін, Басыңа түсер ме екен ертерек сын?! Бойыңда болса талап, талмас жігер, Еліңе сонда ғана сен керексің.

Бұлақ көрсең баратқан тұнып ағып, Тас атпа тек тасада тұрып алып;Жүргейсің өмірдегі басты нәрсе, – Әділдік екендігін ұғып анық.

Ұлы болма, мейлі сен, қол бастама, Бойың жеткен жеріңе – ойың жетпей, Қойың жеткен жеріңе – тойың жетпей Жүрсе, жаным, бәрінен сол масқара!

Адал бол жораға да, жолдасқа да, Жалған сөйлер жандарды қорғаштама; Жайшылықта көтеріп шашбауыңды, Қиындықта ол саған болмас пана.

Бойыңа шуақ дарып бұла таңнан, Балапан, нұрлы ұяда қуат алған: Қанатыңнан демейін қатар ұшып, Алдыңда асқар таудай мұрат, арман!..

ҚАРАҒАНДЫ ШЕРТПЕЛЕРІ

* * *

Кесегі емес көшедегі көп тастың, Көзі едім бір Көкшедегі көк тастың: Көксеп келген көкірегімді өзіңе, –Көрігіңмен шыңдап бердің, от-тасқын.

Page 63: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

63

Балқымаңнан жалын атып келем мен,Жатсынбашы, құлыныңмын тел емген.Кен қорытуды үйретіп ең, мен де ендіБір асылды іздеп жүрмін тереңнен.

ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ АШЫЛҒАНДА

Шаңырақ тіктің, мың жаса, Басталды жарқын жол басы! Өзіңсің елге нұр шашар, Білімнің алтын ордасы.

Келбетің қандай еңселі, Қаланған аппақ мәрмәрдан. Қарсы алып бүгін ел сені, Ақ тілек саған арналған.

Жалыны шалқып жүректің, Өзіңе келген қанша өрен. Мыңдаған осы түлектің, – Бәрінен ыстық ал сәлем!

Түлетіп қыз бен ұлыңды, Биікке самғат қашанда. Себелеп арай, нұрыңды, Қарыштап дәйім бас алға!

АУЫЛҒА ХАТ

Дем беріп шығаратын батыл шыңға, Қарттарым, қанатым да, ақылшым да; Аман ба, ауыл-аймақ, ағайыңдар, Есен-сау жүріп бәрің жатырсың ба?!

Жанымның жебеушісі, қорғаны – анам, Қашандағы мені ойлап болған алаң; Жүрмісің ұлым, міне кеп қалар деп, Әдетіңмен тағатсыз жол қараған.

Саулық тілеп досқа да, дұшпанға да, «Ақ сөйле» деп кеп қонған құстарға да; Хатымды оқытқалы көрші қызға, –Келдің бе, шаруа күйттеп тыстан жаңа.

Жылытып пейіліңмен қараша үйді, Қараша үй, ғұмырыңа жараса игі; Жүрмісің оң қабағың тартып, анам, Өзіңдей маған кімнің жаны ашиды.

Page 64: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

64

Басыңнан өтсе-дағы не түрлі сын, Қайыспас сүйегі асыл секілді шың; О, әке, жарығыңды кеңге жайған, Еңкейген енді ғана екіндісің.

Есіңе алып ұлыңды жырақ кеткен,Кезіңде бұл қарыннан қуат кеткен;Суық жүз, сұсты ойланған, ар жағыңдаТұр ма екен шуылдап бір шуақ көктем?!

Қара биең жусап кеп қырат-белден, Отыр ма екен бұрқылдап бұлақ кеудең;Отырмысың бас тартып, басу айтып, Ағайынға төрелік сұрап келген.

Қалмаса да демейтін басқа амалың, Қайтармадың бетімді, жасқамадың. Медет беріп пейілің, мәрт көңілің, Қанат қағып келеді жас талабым.

Мен сендердің ұшқан бір ұшқының ем, Алымда тұрған қатал қысты білем; Қайда жүрсем жылынып, өрге жүзем Сендердің жүрегіңнің ыстығымен.

* * *

Асқақтығын асқар-асқар таулардың,Етегінде жүргенде елемейді екенсің.Алыстасың мұзарт шыңы мұнартып,Тұрады екен құмартып, Кімге айтарсың кінә артып.Кеш бағалар қадірін бар алтынның,Бәрімізде бар сондай бір салқындық.Мен де бүгін басымнан, Сондай бір күй кешірдім,Кемшін айтқан кезім болса, кешіргін;Қарағандым қалаулы,Айдыным едің балапан топшым бекіген.Қараша жетіп амалсыз,Қараша қаздар көшімен, қаңқылдап ұшып кетіп ем.Зарығып іздер заңғарым едің еңселі,

Page 65: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

65

Сағынып көрем мен сені.Көріктім менің көксеген, Көгере берсін көсегең.Жүздескен сайын таңырқап жарқын бейнеңеҚалайын қарап қас қақпай,Аналар да ұлдарын аңсаушы еді ғой ас батпай;Құшағыңды ашып сен болсаң, Алдымнан шықшы асқақтай; Бағыңнан жұпар жел аңқып, Қуаныштан дүрсілдеп қатты жүрегім, Арқырап ауыр составтай, Оралам саған, оралам, Досымдай көріп ең артық!

НҰРКЕН ТУРАЛЫ ЖЫР

Өлім мен өмір арбасқан, Қиямет-қиын жылдарда; Намысын сайлап алдаспан, Ұядан ұшпас ұл бар ма?!

Ерлігі бітпес дастандай, Толғантпай, сірә, тұра ма? Майданға кірген жасқанбай, Бірі едің соның, Нұраға.

Құйғытқан жүйрік тұлпармен, Ұлы едің асау даланың. Самғатып енді сұңқармен, Аспанның кездің алабын.

Өмірді бейбіт аңсаған, Өрен ең шымыр, сомдалған. Айқасқа шықтың қаншама, Атылып аэродромдардан.

Өрекпіп ыза-кегің де, Аспанға шырқау ұшқанда; Жүрдіңдер майдан шебінде, Қырғидай тиіп дұшпанға.

Көк түтін көкте шалқыған, Болып бір сондай соқтығыс; Тап болды-ау, өртке шарпыған, Сұңқарың сенің көк құрыш.

Қиылып кетті қанатың, Астан да кестен мына әлем. Қаумалай берді қара түн, Саспадың бірақ, қыран ең.

Қорқуды білмей сен тіпті, Үрейді тыйып тастадың. Өжеттікпенен, өрлікпен, Жалындай түсті жас жаның.

Есіңе түсті ата-анаң, Елестеп кетті сүйіктің. Бәрінен ұлы Отаның, Ойыңда тұрды биік тым.

Жібермес жауға ақыңды, Келдің де берік ұстамға; Күшіңді жиып ақырғы, Шүйіліп бердің дұшпанға.

Page 66: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

66

«Қош» дедің қимас еліңе, Жан-жағың жалын – толған от. Жеттің де жаудың шебіне, Жарылып кеттің бомба боп...

Өтедің солай ақберен, Халқыңа берген антыңды. Таратып жалпақ жатты әлем, – Көтеріп биік даңқыңды.

Қаһарман сезім көңілде, Кетсе де мойын бұрғызбай. Сол бойы Отан көгінде, Жарқырап қалдың жұлдыздай.

Жарқылдап өткен сен деген, Жай оты едің аумаған. Тұрсың ғой туған жерде де, Мәңгілік от боп лаулаған!

БАЛҚАНТАУ БАҒЛАНЫ

Ауылың Балқантаудың етегінде, Жүрмісің ойнап-күліп мекеніңде? Барады жүрдек поезд орағытып, Көре алмай тағы сені кетемін бе?!

Тіл қатпай саған тағы кеткенім бе, Бірге өскен жастық шақтың көктемінде. Үйір боп сен жанымнан шықпаушы едің, Ерке елік, Балқантаудың бөктерінде.

Япырмау, бұрын қалай байқамағам, Сол жерге өзіңді іздеп қайта барам. Жаутаңдап қарасаң да, жаныңды ұқпас, Тұп-тұнық кезім еді ол шайқалмаған.

Балауса сезім еді ол шайқалмаған, Сенбісің көз алдымда қайта арбаған?! Лүпілін жүрегіңнің тыңдайыншы, Сырыңды, айтқың келіп, айта алмаған.

«Көрінбей кеттің ұзақ көпке неге?»Деп, жаным, жазғырмашы, өкпелеме!Сырыңды сезінсем де, жүруші едімГүлімді үзбейін деп көктемеде.

Толықсып көк жүзінде толған айым,Тыңдасаң сыр айтайын, толғанайын. Жорта айтам, жолымды күт, жоралғым бар, Жорып жүрер өсекке жорға ағайын.

Page 67: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

67

Ауылың Балқантаудың етегінде, Жүрмісің ойнап туған мекеніңде; Барады жүрдек поезд орағытып, Көре алмай сені тағы кетемін бе?!.

БОРАНДЫ КҮН. БИШІ ҚАЙЫҢЕвней Букетовтың жай-күйіне

Көктемеде көзін сүзген ағайын, Сауық еді, сайран еді маңайың. Көгілдір нұр төгілдіріп көгің де, Бастайтұғын махаббаттың бал айын!

Медет күтіп Оқжетпестей асқардан, Жылу іздеп жүрекке ұқсас тастардан; Айнакөлге мұңмен енді қарайсың: Жапырақтар – жанарыңнан жас тамған.

Бұрын биге тастаушы едің тәнті қып, Жаныңа енді әрең жеттім малтығып. Табаныңнан ызғар өтіп бара ма, Қиын болды-ау мына күннің салқыны?!

Шалқар елге шаттық сыйлар аяулым, Шалмасыншы көңіліңді қаяу-мұң. Бір құшақ нұр алып күнде келер ем, Күніне жүз барар едім, жаяумын.

Сені іздеген сері бұлттар селдетіп, Жетуші еді желекке орап жер бетін.Көміртегін қойдың ба әлде көп жұтып, Көркейтем деп туған жердің келбетін?!

Жайсаң жазда жұпар ескен желегің, Тамам жұрттың тамашасы сен едің. Жел өтінде жаурап енді қалыпсың, Қыстың күні жоқ па ешкімге керегің?!

Боран болса ақ балтырдан ұрып тұр, Уа, пенделер, бұдан да бір сыр ұққын.

Page 68: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

68

Сыры кетсе, сыны кетпес асылдың, Шарапатын неге жылдам ұмыттың.

Ең болмаса есіркеп сол еңбекті, Бір сүйсініп қарай салсаң нең кетті; Аттың басын бұра кетсең, жырақ па, Мүсіркеуді ұнатпайды ол бірақ та!

Отырсаңдар, отырыңдар омалып, Нұрлы көктем келеді әлі оралып. Тіні берік, тамыры оның тереңде, Киелі орман күйремейді, ол анық!

АРМАН САПАРЫНДА

Құрдастар, құшақ жая құрақ ұшқан, Құрбылар, жанарында нұр ойнаған; Бөрік атып жүргенде қуаныштан, Бөлініп кетеміз деп кім ойлаған?

Жастықты тойлап солай салтанатты, Жүргенде ғұмыр кешіп ғажап мүлде; Сабылтып сұңқар арман сан талапты, Алысқа алып ұшты-ау аз-ақ күнде.

Қимас жандай құшағын жаза алмаған, Қош бол деп қала бердің, Қарағанды; Жылдарым өткен сенде базарлаған, Наз қалды, айтылмаған, нала қалды...

Арулар көзіндегі асқан тұнық, –Қанушы ем қызығына қайнардың көп. Батпаушы едім ойнауға тас лақтырып, Мөлт-мөлт еткен мөлдірін лайлармын деп.

Шолақ сайдай кеткем жоқ босқа тасып, Қырыңа жұпар шашқан гүлдер де ектім. Достасамын деп жүріп, төс тақасып, Қоштасып тек ешкіммен үлгермеппін.

Сыр тыңдап сенің сылқым бақтарыңнан, Бас қойдым өмір деген пәк тұмаға.

Page 69: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

69

Дос таптым ағыл-тегіл ақтарылған, Құшағын айқара ашқан таптым аға.

Барометр секілді көрсеттің сен, Бораны мен шашынын өз кеудемнің. Көңіліме көп арман көксеттің сен, Мінім болса бел будым төзбеуге енді.

Ұқтырдың өрлер кезде асқарға мен Адам мен пенделіктің айырмасын. Мен сенен бір ән болып басталған ем, Енді оның жазып жүрмін қайырмасын.

СТуденТ дәпТерінен

ӨМІР – ҰЛЫ СЕМЕСТР

Арман қуған алау жастар – балғын өркен, көк шыбық,Көктемеде келесіңдер қаптай өніп, көп шығып. Желкілдеген желегімен көркі болған өлкенің, Қуантады елді сенің гүл жайнаған ертеңің. Бірақ әлі кемерленіп келген жоқсың кемелге, Талаптанып тамырыңды жая бергей тереңге.Білім қуған жылдарың бұл құйып өткен нөсердей,Нәрін алып сол нөсердің насаттай боп өс өрлей. Сонда ғана өркен жайып сомдаларсың, толарсың, Сонда ғана саясы мол нән бәйтерек боларсың. Сол үшін де терін төгіп ұстаз – бағбан қауымы, Сын боп саған соғып тұрар емтихандар дауылы. Сондықтан да алдыңдағы асуы мол жайыңды ұқ, Соның бәрі өмір деген сессияға дайындық.

ДОСТАРДЫ АҢСАУ

Өмірдің өр-белеңін бірге аттаған, Бірге өскен, достар, бәрің қымбат маған. Сендерсің көңілімнің ынтызары, Сендерсіз таң атпаған, күн батпаған.

Page 70: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

70

Өздерің жас жанымнын жасыл бағы, Өздерің ойымның да асыл дәні. Самал жел сағынышым сендерді іздеп, Арыны аңсарымның басылмады.

Біреуің білім қусаң, солдат – бірің, Әр хатын аңсай күткен ардақтының. Арманның аспанына қанат қағып, Жүрсіңдер сан қияда самғап бүгін.

Ұшқан соң биік ұшу – баршаңа сын, Тұр әлі алдымызда қаншама шың. Ақтауға ел үмітін өрге самғап, Талмасын қанаттарың, шаршамасын.

* * *

Арманшыл таңдар басталды, Алыстап күндер балдырған. Аңсаған таулар асқарлы, Асқақтап шықты алдымнан.

Көңілдің көркі, шырайы, Өмірдің жазы шуақты; Көбейді достар шынайы, Бір туған бауыр сияқты.

Жалынды жүрек, талаппен, Нәр алған білім – қайнардан. Шыңдалып балғын қанатпен, Самғауға биік сайланған.

Күш берген осы қанатқа, – Мұрат пен ізгі тәтті арман. Думаншыл әр күн, әр апта, Жадыңда мәңгі сақталған.

Сәулешпен бақта сырласқан, – Ақ сезім, сүттей аппақ ай. Таусылмас қызық, жыр-дастан, Студенттік қайран шақтар-ай!..

КӨКТЕМ. НӨСЕР. ЖАСТЫҚ

Көктем исі тараған қыраттарға,Көк терек жаңа-жаңа бүр атқанда.Серуенге шықтық, жаным, ұқсап біздер Басталған енді ғана бұлақтарға.

Бөктерде бойымызға шуақ дарып, Бір шоқ қайың түбінде сыр ақтарып, –

Page 71: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

71

Тұрғанда, бір шөкім бұлт кеп қалғанын, Байқамаппыз ауылдан жырақ барып.

Шудасын бұлттың түтіп, аршығалы, Найзағай осып көкті қамшылады. Жел – ұршық зыр жүгіріп, зу-зу етіп, Саулады иірген жіп – тамшылары.

Тапқаны-ау, табиғаттың асыл ойлап, Жөнелді мотор гүрлеп – жасын ойнап. Бір тамаша басталды, жаңбыр емес, Айналып алып цехқа жасыл аймақ...

Жаным-ау, жаудырғандай нұрды көктен, Өзің боп құшағымда тұрды көктем. Су көйлегің жабысқан құлын денең, – Жаңбырдан ба, жанымда дір-дір еткен?!

Жауын да өтті, сезімдей асыл кілең, – Алдан бір ғажап әлем ашылды кең. Табиғат тоқып шыққан жаңа ғана, –Жазыққа жайып кетті жасыл кілем.

Ашқандай кемпірқосақ сол сарайды, Астасқан алуан бояу сонша арайлы. Алаңсыз аралайық сыр ақтарып, Бөлісейін жаныңда болса қайғы.

Жұпар аңқып даланың атырабы, Құйқылжып құстардың да жатыр әні. Ғажайып той басталған, жүрші, жаным, Жаңа бір жаратылыс шақырады!

* * *

Ырғала өскен гүлдеріндей даланың,Ұмытылмас, бала дәурен, бал әнің. Бір ауылда бірге өткізген базарлы,Балғын күндер бар ма есіңде, қарағым?!

Туған ауыл жастық шақтан айтады ән, Бақша мынау жазғы самал шайқаған.

Page 72: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

72

Сол бақшада біз екеуміз сырласқан, Көз алдыма келді сол кез қайтадан.

Есімде ғой сенің нұрлы есімің, Гүлім десем, нәрім десем, несі мін; Бірге отырып партаға да бір кезде, Бірге ашыппыз бір кластың есігін.

Болсақ-тағы ол кездерде бала тым, «Шортанкөлге» шомылғалы баратын; Жағадағы сіздің үйден бұл жүрек,Сені көріп, бір сүйсініп қалатын.

«Серілікпен» жүрген сол бір кезімде, Сиқырлықпен түйін байлап сезімде, Балғын гүлім бүрін жара бастапты, Байқамаппын бірақ соны өзім де.

Сені ойлаудан жаным қалай жалықпақ, Көңіл – көкте тұрып алдың қалықтап. Саған қарап талпынатын, әйтеуір, Көңілімнің көгершіні шарықтап.

Өзіңе арнап жыр да жаздым балдырған, Жылдар да озды, мені мұңға қалдырған. Өкпелетіп алып бірде, не керек, Бақытым боп шықпадың сен алдымнан.

Болмаса да екі арамыз шалғай тым, Болып кеттің хат-хабар да салмайтын. Таныс сүрлеу барады екен көнеріп, Сіздің үй мен біздің үйді жалғайтын.

...Қайдан ғана алдым бәрін есіме, Келдім екен осы жерге несіне? Бақ ішінде екі ғашық жүр екен, –Сыр ақтарып туған жердің кешінде...

САЛТАНАТЫМ

Таудан тапқан жан баспаған, Гүлім едің еңлік. Сырыңды ашып алғаш маған, Тұрып едің егіліп.

Page 73: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

73

Үзуге тек батпап едім, Іңкәр жаным ынтығып. Салтанатым бақта менің, Тұрса деп ем құлпырып.

Көктемеде ойнақ салған, Құралайдай түледің. Бір жайлы өріс ойлап саған, Ширасын деп жүр едім.

Ерке лағым, еріп кеттің, Жат пендеге білместен. Менен де енді ерік кетті, Өзіңді ойлап күн кешкен.

Сен – Татьяна емес едің, Мен – Онегин емес ем.Кең ашылса келешегің, Келте піштін неге сен.

Айнам, саған айтам сыр ғып, Іңкәр жүрек сүйіссін. Махаббаттың пірі шындық , – Ал, шындықты мойындауға тиіссің!

САМОЛЕТТЕ

Кенелткен қызығына бала көктем, Кең дала, жұпар аңқып, самал өпкен.Бетке алып Алматыны сол жазықтан, Көкшеден ұшып шықтық самолетпен.

Жас көңіл асық емес тыншығуға, Болмайды жөн сұрассаң қымсынуға: Сапарлас боп шығыппын бір мықтыға, Көрші болып шығыппын бір сұлуға.

Еске алды ма үй-ішін, астанасын, Ойға шомып мүлгиді қасқабасым.– Жолыңыз болсын! – деуді желеу етіп,Сөзімнің қызға бұрдым бастамасын.

Отағасы тынықсын, дамылдасын, Көгілдірі Көкшенің жанымдасың. Жаудырап бота көзі мөлдіреген, Оқуға келеді екен қарындасым.

– Тербетіліп аспанның кемесінде,Бақыт қыз, бақыт іздеп келесің бе?!Үнсіз жерге үңілдің, толқып жатқан, Жас қаны буырқанып денесінде.

Page 74: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

74

Айтарың тек жастық шақ, ауыл, сабақ, Өмірден алмаған соң ауыр сабақ. Жасы үлкеннің барлығын аға дейсің, Кішінің бәрін өзің бауыр санап.

Серпіп ап бұрымыңды қатты өрілген, Жайменен парақ алып дәптеріңнен; Атымды жазып алдың, сәби сенім, Не айтсам да иланған пәк көңілмен.

Япыр-ау, бұл бір ғажап түс емес пе, Алып ұшқан самұрық құс емес пе? Көңіл шіркін лүпілдеп одан сайын, Әйтеуір өткен-кеткен түседі еске.

...Онда да дәл осындай көктем еді, Көңілдің көктеп тұрған көк терегі. Білмеймін, кім кінәлі, балалық па, Көрместей боп ол маған өкпеледі.

Сонда ғой бала үмітім солып қалған, Ұқсаттым сені соған көріп, қарғам. Кешігіп бақытымды таптым мен де, Кейіннен махаббатым жолықты алдан.

Қай құдай мені саған серік қылды, Жел кірді, қиялыма, желік кірді. Балапан махаббатым сияқтанған, Сенбісің, жаным,– дегім келіп тұрды.

– Тамаша! – дедің кенет таңдай қағып: Қараңызшы, ақ бұлттар, қандай мамық?! Өзіңнің көңіліңдей пәк дүние, – Заматта адам жанын арбайды алып.

Ақша бұлт, ақ сезімдер, аппақ әлем,Армандай талмай іздеп тапқан әрең. Осының бәрі, жаным, бір сенікі, Арымды арзан ойға сатпаған ем.

Басталғалы тұр, міне, көктемің де, Бақытты бол, көп әлі өткелің де.

Page 75: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

75

Байқадың ба, қылтиып қыр астынан, Бәйшешегің өнуде бөктеріңде.

Бақтарың жаңа-жаңа бүр атқандай, Көгіңнен құяр оған шуақ қандай! Гүл бітсін қадамыңа, айналайын, Жыр болып жүрегімде жүр, ақмаңдай!

* * *

Бақыт гүл алдымызда ырғала ма?!Құшағын айқара ашқан жылдар ана. Екеуміз еміренген егіз шумак, Өмірді жалын атқан жырға бала.

Жаныма сенің әнің ұнады тек, Білемін бақытымның бұлағы деп. Шынайы махаббаттың шындығы сол, –Өмірде ғашық болу бір-ақ рет!

Өзіңсің көңілімде дара тұрған, Өзіңсің шаттығым боп жаратылған. Сондықтан өзіңе арнап өрдім өлең, Өзгеше өрнек іздеп бар ақыннан.

Осылай сырлас, гүлім, сыйлас, күнім,Кеудемде күмбірлетіп күй тасқынын. Сол күйлер сені мәңгі сүйгендігім, Сол күйлер – қызғанышым, қимастығым.

СЫР

Жастықтың жәннәт бағында, Жолықтың маған, көріктім. Жырымды жылы қабылда, Сырым бар айтар, соны ұққын.

Құлпыра жайнап гүл үміт, Ғажайып бір күйге енгем. Арманым сен деп ұғынып, Алаулап сені сүйгем мен.

Бағына қондың жүректің, Баурады, жаным, тәтті үнің. Қуаныш құштым, нұр өптім, Шапағын шашты шаттығым.

Сырларын нәзік ақтарып, Жүректер үнсіз ұғысқан. Тілекпен ізгі аттадық, Өмірге мынау гүлстан.

Page 76: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

76

Кеудеде мәңгі маздасын, Махаббат оты тұтанған.Өмірде, жаным, аз ба сын, Ізгілік қана күт алдан.

Сырымды солай сен ұғын, Осылай жүрек шешімі. Ертеңге берік сенімім, Болашақ бақыт бесігі.

МАХАББАТ МҰРАТЫ

Махаббат та майдан ғой бұл, ғашықтар,Батыл болсаң кеудеңді оққа ашып бар. Мұнда да бар айнымайтын асылдар, Мұнда да бар опасыздар, жасықтар.

Онда, достым, сүйем деуің аз әлі, Қинамаса ғашықтықтың азабы. Оңайлықпен келмейді ғой ғажабы, Махаббаттың бақыты мен базары.

Махаббатта болмақ емес мәртебе еш, (Мәртебе мен мансабыңның арты егес.) Сені, аяулым, сүйген едім елжіреп, Сенің мені сүюің тек шарт емес.

Аян болсын тек өзіңе пәктігім,Қосылмасақ қосылмаспыз, шаттығым. Сені әйтеуір сүйіп өтем, себебі, Ол – жеңісім, ол – ерлігім, мәрттігім!

ҰНАТАМЫН

Мен сенің ұнатамын күлісіңді, Сырнайлы, сыңғырлаған күміс үнді, Көктемнің үлбіреген гүлі сынды, –Сиқыры бар ашатын тынысымды, Мен сенің ұнатамын күлісіңді!..

Назданған қылығыңды ұнатамын, Мұңайсам жанымды сол жұбатарым; Еркелеп атқандай бір бұла таңым, Бөленіп шуағыңа бүр атамын, Назданған қылығыңды ұнатамын!..

Page 77: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

77

Ұнатамын қиылып қарасыңды, Тұрғандай сыйлап маған бар асылды; Шықпаған тілі де әлі бала сынды, –Тек қана, жаным, саған жарасымды, Ұнатамын қиылып қарасыңды!..

ТУҒАН ЖЕР – БАҚЫТ БАСТАУЫ

Жырлаған жырау бұлақ дастанын мың, Көмейін күй кернеген асқарыңның; Аттандыр ақ тілекпен, ата мекен, Алдыңда – өрге қадам басқан ұлың.

Өзіңнен нәрін алған гүл өмірдің, Сыр құмар, сері көңіл түлегіңмін. Атыңды жырға қосам, ата мекен, Қабыл ал ниетін ақ жүрегімнің.

ЖҰМБАҚТАС

Жұмбақтасым! Сыр тасым, сымбат тасым,Өзіңменен ашайын жыр қақпасын;Атқан таң алтын нұрмен күнде аптасын,Айдын көл толқынымен сымбаттасын,Жұмбақтасым, о менің, сымбат тасым!

Жұмбақтасым! Жыр тасым, қымбат тасым,Мағжан мен өткен Сәкен, жырлап Қасым;Кеудемді кернеді сол ырғақтас үн, Әуенім «Оқжетпестей» сұңғақтасын, Жұмбақтасым, о менің, қымбат тасым!

Жұмбақтасым! Құрдасым, құндақтасым, Есіміміз ертеңге бірге аттасын; Даттаса екеумізді бір даттасын, Мақтаса екеумізді бір мақтасын, Жұмбақтасым, о менің, құндақтасым!

Page 78: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

78

АЙНАКӨЛЕркеш Ибраһимге

Айнакөл, айналайын асыл арнам, Жас құрақ, жағалауың, жасыл орман. Өзіңнен бал бұлақтар басын алған, Жайнаттың өңірімді, жасыра алман.

Мөлдірім, жанарларды жасқап тұнған, Тасыр жан тас боп қатсын тас лақтырған. Сүйсініп сені көріп, марқаяды, –Аспандап Оқжетпесің асқақ тұрған.

Ғашықтар айдыныңа арнап барып, Сырласқан, армандасқан арна ақтарып. Ақ жарқын пейіліңмен сен жатасың, – Далиып, дараланып, аруақтанып.

Жан біткен іңкәр болып жағалаған, Шабытың шырқау ұшқан шағаладан; Толқының туласын деп, шуласын деп, Менің де көңілім бұл саған алаң.

Ежелден ырысымдай бөктердегі, Көңілім сені көріп көкке өрледі. Шалқи бер шабыт буып, Айнакөлім, Бірге есіп айдыныңнан көктем лебі!

КӨКШЕМЕ КЕЛЕМ

Көкшеме келем – көгілдір әлем көктемде, Көлдері шалқып, көкорай тұнған бөктерге. Жайлау боп кеткен жанымның боран-шашыны, Көлбеңдеп жеткен көгілдір самал өпкенде.

Көкшеме келем – ақпанда нұр боп қарсы алған, Мен үшін қыста құстары тынбай ән салған. Кең пейіл далам келді деп ұлым жар салған, Мерейім есіп, кеудемде туған қанша арман.

Көкшеме келем – ардақты жұртым осында, Осында менің ақ жарқын ағам, досым да.

Page 79: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

79

Аяулы болған ақ махаббатымның мекені, Сабырым жетпей сағынып жүрем, сосын ба?!

Көкшеме келем – қыздырған еңбек көрігін, Теңіздей толқып егінжай жапқан өңірін.Шаттығым шығар – аспанға атқан бөрігім,Көгершін болып самғаған көкке көңілім.

Көкшеме келем – қотарған қырдан алтын дән, Ерлері өжет жеңіске дәйім талпынған.Ұлдарың қанша Оқжетпес сынды нар тұлға,Айналдым мұндай, айналдым жайсаң халқымнан.

Көкшеме келем – көруге тағы көксеген,Жаныңның бәрін жаныма жақын дос көрем. Ширығып ойым, шыңдалып намыс, жігерім, Көңілім өсіп көсіліп қайтам Көкшеден.

Көкшеме келем – ұшырған биік тұғырым, Құлының едім сімірген жүзіп тұнығың.Көкшеме келем – қайнары болған жырымның, Ырзамын соған арналса барлық ғұмырым.

Көкшеме келем – бесігім алтын тербеткен, Көкшеме келем – арманға құлаш серметкен. Осынша мені іңкәр ғып қойған өзіне, –Табылмас сендей аяулы мекен жер-көктен!

БОЗТОРҒАЙ

Бозторғайым, өз торғайым, торғайым,Өлеңімді өзің жайлы толғайын. Бабалармен бірге жасап келіп ең, Менің-дағы жан серігім бол дәйім.

Жыршы құсым, шежіресі даланың, Адам жанын ұйытқандай бал әнің. Жырың болды – қуанышы халқымның, Сырың болды – елге келген нала-мұң.

Алып келіп қырға нұрлы көктемді, Думандаттың төл өрбіген бөктерді.

Page 80: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

80

Серік болып мұңын шаққан малшыға, Жас ұрпаққа бердің жырлап өткенді.

Мақтан етіп тауларымның асқарын, Көпке әйгілеп елдің мөлдір аспанын, Шырқау көкке шығып алып ертемен, Дала таңын – еңбек таңын бастадың.

Үзілмеген сенің әнің қыратта, Әсем сазбен сіңіп қапты құлаққа. Сенің әнің – елдің арман-тілегі, Бастап келген халқымды ізгі мұратқа.

Бүгін де өзің әнге бөлеп өңірді, Қуанышпен көтересің көңілді. Ел бақытын бар әлемге әйгілеп, Жырла, құсым, жырла бейбіт өмірді.

КӨГІЛДІР ӘЛЕМ

Көктемнің нұры шарпыған, – Аспан мен жердің арасы. Ән менен күйі шалқыған, Әлемге мынау қарашы:

Белдері неткен кең еді, Не деген биік асқары. Желпіген жұпар желегі, Сүйкімді жатқан тас-тағы.

Жасдәурен қырда қырмызы, – Қауызын гүлдей жаңа ашқан; Елімнің барша ұл-қызы, Ынтымақ тауып жарасқан.

Шаруасын сайлап күнімен, Қайтса да шаршап жұмыстан; Табады рахат үйінен, Тұрмысы, жайы – гүлстан.

Түрлене түлеп аймағы, Бақтары бүрлеп құлпырған. Жандары сондай жайдары, Өмірі жарқын нұр тұнған.

Күн озған сайын жақсарып, Көркейіп келед өлкем бұл. Аққудай жүзген ақша бұлт, Аспаным қандай мөп-мөлдір.

Жап-жасыл жалпақ жондары, Көлдері қандай көгілдір. Жүйткіген асфальт жолдары, Өркенін жайған өңір бұл.

Алқапты бойлай көсіліп, Ну орман қалың найқалған. Аялап диқан өсіріп, Егінжай қандай жайқалған.

Page 81: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

81

Жырламай қалай өтемін, Келмесін ойға қайғы-мұң; Бұл менің нұрлы мекенім, Бақытым менен байлығым!

* * *

Туған өңір, орман-таулы, далаңқы,Құшағыңда құмар болған балаң тұр: Аңсап келдім, айналайын, ал аңқы, – Жұпар исі, жусан исі, қалампыр!

Аққуларым, аққу мойын киіктер, Сені көріп көңіл шыңы биіктер. Шалғыныңда шаттанайын, сүйікті ел, Ақ жаңбырым, ағыл-тегіл құйып бер!

Шыңдап өскен аязың мен аптабың, Туған өңір, өткен бала шақтарым; Гүліңді алып шықшы алдымнан, бақтарым, Шуағыңа шомылдыршы, ақ таңым!

Көптен аңсап көре алмаған бір-бірін, Қасындамын құралай көз құрбының: Құшағыңды аш, құмар қылған қыр бүгін,Сайра-сайра, сандуғашым, бұлбұлым!..

ЫМЫРТ

Қайран ғұмыр, қайта оралмас әр күнің,Қамсыз жанға алды – шаттық, арты – мұң.Күн – балапан, ұясынан – нұрлы аспан,Түлеп ұшып, өтіп жатыр тынбастан.

Күнбатысқа құба жалын тарады, Бірте-бірте күн де байып барады. Қонды, міне, ұясына келіп күн: Ей, ағайын, не тындырып, нені ұқтың?!

Кешіктірмей ай туады, анық бұл, Сұрақ белгі сияқтанып алып бір. «Балапанды күзде санар» десек те, Ертеңіңді ерте тұрып есепте.

Page 82: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

82

Сары жалқын басып кетті батысты, Неге, неге? Қарама оған атүсті. Сайран салып жүргеніңде, жұрағат,Осы бізден кеткен жоқ па бір ағат?!

Батыстағы деп жүргенің шын алау, Ғайып болған жұмыртқа – күн шығар-ау: Ғұмырыңнан тағы бір күн батты ма, Тектен-текке, бостан-босқа, аққұла?!.

ҚОС ЖҰЛДЫЗ

Әлия, Мәншүк – аяулым! Аз ғана өмір кешірдің. Біресе – болып қаяу-мұң, Біресе – көңілді өсірдің.

Кіршіксіз, қайсар арыңды, Шыңдаған халқың жасыңнан.Мерт күнің – қинап жанымды, Мәрттігің – даңқымды асырған!

Мерейін елдің тасыттың, Ерлігің ертегі-аңыздай. Арманда кеткен ғашықтың, Аяулы ерке назындай.

Іңкәр боп келіп өмірге, Ізгі үміт, антың ақталған. Өздерің – Отан көгінде, Қос жұлдыз жарқырап қалған!

Сән берген ару далаға, Ойнаған қос бұрымсыңдар. Өнегең өшпес санада: Ұрпақтың достығын шыңдар.

Рухың бар туған жеріңде, Мөлдірер дала шығындай. Есінде сақтар елің де, – Көзінің қарашығындай!

Page 83: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

83

Төртінші тарау

АЙНАКӨЛ АЙШЫҚТАРЫ

«ТУҒАН ЖЕР, ЖАСЫЛ ЖҰМАҒЫМ»

Туған жер, жасыл жұмағым, Көктемде гүлдеп, жайнадың;Қабыл ал, келді ұланың, Асқарым, асыл аймағым.

Орнаған бейжай тыныштық, Тыншу бар тыныс-деміңде;Алақандарыңмен тым ыстық, – Шерімді тарқат менің де.

Күн қандай жарқын, шуақты, Шарқ ұрған кезі-ай көңілдің.Көгінде жүзген сияқты, Өркені өскен өңірдің.

Желісін жұлқып жас құлын, Шақ көнген құрық, ноқтаға.Қызықтап өзен тасқынын, Қызылсу кешкен топ бала.

Белдерге көк пен гүл шығып, Ауылдың маңы бақ тұнған.Қотанда – қоңыр тіршілік, Дамылдар дел-сал шақ туған.

Төрт түлік жусап еңісте, Ойнаған қунап қозы-лақ.Моторлар гүрлеп егісте, Еңбектің қызған кезі нақ.

Су алып қайтқан бұлақтан, Келеді сұлу бір әйбат:Сұлуға, суға құмартқан, Айнасын бұрды күн ойнап.

Сағынтқан көптен бұл сурет, Көзіммен ішіп-жеп барам.Жөнелді жүрек дүрсілдеп, Қызықтан қалай шет қалам?!

ДИҚАНДЫ СҮЮ

Елін сүйген, көңілін көпке беріп,Неткен күш, неткен мұрат, неткен ерік!Даладай кең пейілді, кемел ойлы, –Сергек дос, диқан осы сертке берік!

Сыр бермес сірі шығар жаны, сірә,Жабығып, иә мастанбас табысына:Жігері құм боп жүрген жасық болса, –Диқанның жанып алсын намысына!

Page 84: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

84

Аялап алтын дәнін, ардақтысын,Ғұмыры адамзаттың жалғапты ісін:Еңсесі түскен ез де серпіледі,Сезінсе сол диқанның қайрат-күшін!

Қотарып алтын астық, ақ тарысын,Халқым деп қара терге батқаны шын:Сүрінбей өтетіндей сыннан әркім,Диқанның көрсе алапат аттанысын!

Өң кіріп ол баптаса тақырың да,Айналған гүлстанға ақырында:Ойласа бір өжеттік диқанға ұқсап,Бел бусын тәуекелге батырың да!

Жаны бай жалынға да, арынға да,Бойына құя салған барын дала:Үңілсін ғұмырына ер диқанның,Бір қиял жетпей тұрса ғалымға да!

Аямай асқақ жігер, жалын ісін,Ырза еткен ырыздығы бар ұлысын:Жанасып жан шуағын алсын оның,Суытып алған жандар сағынышын!

Көзімен келер таңды атырғанда,Кеудесі шабыт селін сапырғанда;Қыр-сырын тану үшін табиғатты, –Диқандай сүйе білсін ақындар да.

Күнде ертең нұрға бөлеп күншығысын,Сайратқан сәрі таңнан жыршы құсын!Талпынып тау аспақшы табанды ұлан, –Диқанның таңдай білсін құлшынысын!

Жаны егіз ізгіліктің күй-әнімен,Молшылыққа мол арна құя білген;Елге деген парыз бен қарызыңдыҰғу керек диқанның қиялымен!

Жер жайын, нан қадірін біле білген,Дәні өсіп маңдай термен, гүлі егілген;

Page 85: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

85

Мынау бейбіт өмірдің балғын таңын, –Сүю керек диқанның жүрегімен!

Өнеге көп үлгі алсаң өмірінен,Тірлік қоздап, құт өрген өңірінен:Бұл барақат ғұмырдың ертеңін де, –Көру керек диқанның көңілімен!..

УАҚЫТПЕН СЫРЛАСУ

Кей сәтте өзіме өзім есеп берем,Шоқтарын көңілімнің көсеп көрем.Қынжылсам – сағаттарым мағынасыз,Қуансам – минуттарым бос өтпеген.

Ұмыт боп ұзақ күнге шаршағаным,Тәтті өмір – таңдайымда, тамсанамын.Күрсінсем – өткен күнге өкінгенім,Серпілсем – келер таңды аңсағаным.

«Ал ертең тындырам, – деп, – бәлем, бәрін»,Білдірем зор істерден дәмем барын.Зымыран уақыт бірақ үлгіртпейді,Лезде парақталып календарым.

Қашалмай тұлпарымның тұяқтары,Мен жүрмін түк болмаған сияқты әлі.Қоздырып делебесін дүйім елдің, –Жарыста қалып қойған ұят тағы.

Жүйрікке сын бәйге ғой бұл дегенің,Біреудің аты озғанын күндемедім.Шандоз көрсем шашасы шаң қаппаған,Шабысына сүйсініп жүрген едім.

Жел қиял жетектеді желіктіріп,Сиқыр ой әкетті ме еліктіріп;Амал жоқ бұруға енді аттың басын,Қосылдым бір нөпірге келіп кіріп.

Page 86: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

86

Сыртымнан суық көз де бар сынаған,Бір тылсым дүниеге қарсы барам;Қаратпай алды-артыма алып кетті,Бір үміт, бір тәуекел қамшылаған.

Қолыма қалам алғам түртінектеп,Жыршы деп те қояды жұртым ептеп.Соңыра күн не деймін сөреге кеп,Соққан желдей бұл тағдыр бір күні өтпек.

Өз елім өрге салып байқады ма,Не олжа салдым далам – байтағыма?Жақсының мүддесіне жақтастым ба,Біреудің кеттім бе еріп айтағына.

Айта алсам – налам да бар, назым да мол,От пен су, бар ма алдымда қазылған op?Сый емес, сауық емес, сынға түсу, –Перзенттің маңдайыма жазылған ол.

Асырсын ел мерейін озған ұлан,Қайран ел нені аясын боздағынан;Сын айтты, серпін берді, сенім артты:Көрейін ендігісін өз бағымнан.

КӨҢІЛ КӨКТЕМІ

Көктемің – мен, жаумаған жаңбыры әлі,Көктерім мен бүршігім балғын әрі.Бөктерімнен сыршыл үн жаңғырады,Өр толқыны жастықтың жарға ұрады!..Жайқалады жанымның әрлі бағы,Найқалады әнімнің бал құрағы,Жас қиялдың жамырап сан бұлағы,Көп құмарын қайткенде қандырады?!.Тайпалады арынның арғымағы,Байқалады бәйгеде арлы ұланы;Бай талабы, байламы, бар құмары, –Жүрек қана жыр отын жандырады!..

Page 87: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

87

БЕЙБІТШІЛІК МЕКЕНІ

Соғыстың өрті кеулеп кең алабын,Тынысын тарылтса егер жер ананың;Сол жердің өсіп-өнген перзенттері, – Таппайды бұл сұмдықтың неге амалын?!

Асқынған көрмейсің бе жараларын,Түңіліп тауысқандай бар амалын;Жуғандай омырауын көздің жасы,Зарығып шығады енді зары ананың.

Ел аз ба тұрмыс күйі тұралаған,Ей, адам санаңды не дуалаған?Бәріміз тумап па едік бір анадан,Бәріміз дем аламыз бір ауадан!

Арада шыр-шыр еткен ана байғұс,Перзентін бағып-қағу қарадай күш.Тілегін тілмен емес, діліңмен ұқ,Адамзат, санаңа түй, саралай түс!

Табиғат таза еді ғой о басында,Қозғама қозықасын, қоғасын да.Ластауды ойлап тапқан настар ғана,Ізгілік пен сұмдықтың додасында.

Аялап нәр бергейсің құрақ, гүлге,Шықсын деп шырайланып шуақ күнге.Ез аз ба ерік тисе ермек іздер,Күллі өмір күл болсын деп бір-ақ күнде.

Бос қоқыс бола ма әлем қас қағымда,От шалып, өрт шықпасын аспаныңда;Азбасын кіршең дүние, абайла, адам,Басырлар бас көтертпес бас қамында.

Тасыңды таста тыққан қойындағы,Ынтымақ жолын елдер мойындады.Құлағымның түбінде тұр, әйтпесе,Солқылдап содыр заман сойылдары!

Page 88: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

88

Қойнында өмір қозған ұлан-асыр,Қорғайық жер дәулетін – мұраны асыл.Абай бол, ей адамзат, мойыныңаЖауапты міндет артқан мына ғасыр!

* * *

Жазғырма сен жазым болсаң, Сарыөзек,Тап болды адам уақытқа бұл тар өзек:Бір жұмбақты шеше алмай жүр адамзат, –Әрі дана, әрі нәзік, әрі өжет.

Шоқыңды асып ойға шомған Шоқан да,Арманы еді оқу, өнер, отарба!Ракетаны жою үшін, ал бүгінТәуекелің керек сенің Отанға!

Өр тұлғаңнан көрем батыр бейнесін,Ер басына түскен солай кейде сын:Нар ұлдарың кірген өжет майданға, –Мерт болса да оққа төсеп кеудесін!

Үркер, бәлкім, туған жердің құстары,Үзілмесін тек көңілдің құштары.Адамзаттың ажалына ара түс,Жер ананың құйттай ғана пұшпағы!

Тәніңді өртеп, осар бәлкім қорғасын,Топырағың күл боп, гүлің солғасын;Қару лаңын айғақта айдай әлемге, –Бұл пәледен құтылмаса болмасын!

Соғыс десе жата алмаймыз жайланып,Қаншама ана аңыраған қайғы алып.Бір құдығың жатар бәлкім қоңырсып,Ракеталар моласына айналып!

Жазғырма сен, Сарыөзегім, сырымды ұқ,Ол болмаса бір қатерге ұрындық.Опық жеме, өрт жалмаған сайыңда,Жер жастанып жатсын күллі зұлымдық!

Page 89: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

89

Чернобыльда, Невадада, Семейде,Атом сыры: абайла адам, демей ме!Сол қатерді болдырмауға болыс сен,Жеткізе гөр жеңіс күнгі мерейге.

«Бейбітшілік» – аузындағы тобасы,Ақпасын деп нақақ көздің сорасы;Жауынгердей ерлікпенен мерт болған,Сарыөзекте – ракеталар моласы!..

...Бейбітшілік шатырындай бұл мекен,Шаңырақты құру – басты міндет ең!Ракеталар жиі ұшады ғарышқа, –Сол шатырға уық шаншып жүр ме екен?!

* * *

Адам, адам, талпынудан тынбадың,Қиындыққа қажымадың, қыңбадың.Құпияның шештің талай жұмбағын,Дүниенің аштық қанша сырларын.

Қашап мүсін, канал қаздың, қала сап,Саған біткен ақыл-ой мен парасат.Махаббатың, мейірімің, өнерің,Ізгілігің – соның бәрі тамаша-ақ!

Ақыл-ойың бәрін ойлап тауыпты,Сөйтіп жүріп неге өзара жауықты?Бір тылсымды біле тұрып тапқан кім, –Қырып-жояр қаруды осы қауіпті?!

Тыңға салып, тыншытпас бұл құштарлық,Құштар адам арман туын ұстар нық!Шыңға өрлеген таяр болса табаның,Бар қауіпті құштарлық кем тұстан күт!

Жеңістердің бастауы да құштарлық,Болмасын тек боркемік ой, іштарлық.Бар жұмбақты шешсін адам, тек қанаАлмасыншы оны өзіне дұшпан қып!

Page 90: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

90

ӘН ҚҰДЫРЕТІ

Асқақтап асыл әуен тынбайды-ау бұл,Тек қана Біржанға тән мұндай «дауыл».Мамырлай қонып қаз – ән көңіл – көлге,Маужырап маңайда мың тыңдайды ауыл.

Дүйім жұрт таңдай қағып, тарқамайтын,Мына әннің асқағын-ай, тарпаңы-ай тым.Сусылдап бара ма ұшып сансыз құстар,Көңілден кең жазира, дарқан айдын.

Көкейдің көксегенін тауып тынар,Дертіңді әсем әнмен сауықтырар;Салтанат айдынында Біржан – аққу,Қыр елі қызық халық сауық құмар.

Даусын-ай, қандай ашық, қандай мығым,Әйтеуір сиқырлы әуен арбайды мың.Бір ауыз әнге бола халық осы, –Жіберер айырбастап бар байлығын.

Боздаса бозінгендей дала да иіп,Аспанға кетеді өрлеп ән ақиық.Мұндайда мүлдем елтіп тындаған жан,Өнердің ләззатына қалады ұйып...

Көнсе де қарау заман қыспағына,Айылын жимай өткен дұшпанына;Зәрлі күн зарлы қылып тұншықтырса,Сұңғыла ән самғайды еркін тұста мына.

Әнші мен шерін қозғап Жанботаның,Зарланып кезді ол елдің әр қотанын...Асыл ән мирас болып ұрпағына,Өнерді хан көтеріп алды Отаным!

Асығын асқақ әнші алшы үйіріп,Елтиді әуеніне жан сүйсініп.Жүр енді ол жерден қуып жаманатты,Жонына зұлымдықтың қамшы үйіріп!..

Page 91: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

91

ТУҒАН ЖЕР – МӘҢГІ БЕСІГІҢ

Шалт сілтеп тағдыр шалғысын, Бөпемді баудай түсірді:Басыма қонған бақ құсын, – Үркітіп бақтан ұшырды.

Жалғар деп жолдың үзігін, Ат қойып едік Алтайға:Сағынтып көрген қызығым, Жетпеді, әттең, алты айға.

Көкөрім көктей қиылған, Жүректе қылық, есімің.Ұйқтай ғой, бөпем, бұйырған, – Туған жер – мәңгі бесігің...

* * *

Тағдыр-ай, жақын тартқан досым едің,Деп едің талабыңды өсіремін:Көзге ілмес қызығымды тонап алып,Ботамда нең бар еді осы менің?!

Нең бар ед құлынымда осы менің,Қапы ұрдың, қайтып енді көсілемін?Қулық бар, қиянат бар дегендерге, –Құлықсыз, құлаққа ілмей өсіп едім.

Саруайым демейікші, бауыр, мұны,Жел үзді желкенімді дауыл күні.«Тас түскен жеріне ауыр» десек-тағы,Кішкентай қазаның да ауыр мұңы.

Тиген жоқ мұның оңай маған аса,Жөнелдім жаманатпен жағаласа.Есіркеп жақсы ағалар жатты алыста,Бір жаман жаныма кеп табаласа...

«Тағдыр бір жапан түз ғой маңайы апан,Мертіккен ботаң түгіл талай атан», –Сабырдан сәлем айта жіберіпті,Алыста жатса-дағы Абай атам, –

«Шырағым, шамырқанба шараға өнбес,«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес!»Қара да, хан да – тұтқын, тек қана оған«Артында сөз қалдырған» дана көнбес!»

Page 92: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

92

«Адамдар – бірін-бірі итерген күш,Бір күйден бір күйге өтер икемделгіш», –Ит арқасы қияннан ізгілікпен,Хат жолдап, хабар сапты Ньютон білгіш, –

Жақсыңды жоғалттым деп жаңылыспа,Атадан келе жатқан кәрі нұсқа:Абайсыз аяулыңнан айырылсаң, –Айналып жүре берер сағынышқа!..»

...Құлағымның етін жеп... жалт қаратқан,Қала аралық телефон-автоматтан...Айбергенов ағам да, түн ішіндеТолғап кетті: «Біреу мерт – атқан оқтан!..

«Милиционер өледі – ұры ұстаудан»,Жанам десең жалықпа жыр ұштаудан.Жан досын жоғалтқан бар тірі өлтіріп,Жымысқы ойлап жүрекпен ұғыспаудан!..

Тағдыр да бір әккі сұм, епті бұзық,Бас салар қапияда шепті бұзып.Аман ба Алматыда...» дей бергендеТелефоны түскір бұл... кетті үзіліп!..

ТЕҢІЗ

Толқимын көрген сайын көк теңізді,Дос болып кеткен едік көптен ізгі.Асыр сап асау толқын асқақтаған,Маздатқан көкіректе от сезімді.

Аңсадым, алып теңіз, айбыныңды,Шарқ ұрған шағалалы айдыныңды.Сағындым құдыретті дауылыңды,Кеудемнен шайып өткен қайғы-мұңды.

Шалқуға көңіл шіркін неге бейім?Менің де көз алдымда телегейім;Өр көңіл өрге жүзген өмір мынау,Келемін теңіз кешкен кемедейін.

Page 93: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

93

Кес-кестеп есер толқын ескегімді,Долы жел үдей соғып сес те қылды.Алдымнан алтын балық жарқыл қағып,Білмеймін қаншама айдын кешкенімді.

Өмірдің сыры ма бұл, қайран қалам,Қайығың кейде құмда қайраңдаған.Көмекке келген сонда шарапатты, –О, достар, жаны жайсаң жайраңдаған.

Жартастар қарауытып қалтарыстан,Көз алмай көсілесің қатты ағыстан.Құлшына құлаш ұрам арнасына, –Ғұмыр бұл – кең дария арпалысқан.

ШЫҒАНАҚ

Быт-шыты шыққан шыныдай, Соғылып сойқан жартасқа. Қаймықпас өжет, сыры бай, Толқындар мынау марқасқа.

Шығанақ осы жоқ тыным, Теңізге ұқсап талпынған. Көтеріп дауыл шоқтығын, Дамылсыз шулап шарқ ұрған.

Шабытқа мінген кезінде, Шалқымай тыншып жатар ма?! Бұл жерден ұлы теңізге, Басталған үлкен сапар да!

Мұнда да сеңдер, шағала, Өрлік пен ерлік мекені. Асыққан туған жағаға, Алдымен мұнда жетеді.

Көк айдын сырын толғаса, Досым-ау, нені сезіндің: Шығанақ аты болмаса, Шынында шеті ол теңіздің!

ӨЗЕН

Жар астында жарқырап, Пәктігіңді таныттың.Сайдан аққан сарқырап, Қайратыңа қанықпын.

Тасты өңгеріп тасыған, Тарпаң еді мінезің.Кең даланың басынан, Еркесіндей бір өзің.

Кейде тулап шарқ ұрып, Көсілесің көңілді;Көкорайға толтырып, Көгертесің өңірді.

Page 94: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

94

Нәр болмаса сән қайда, Қалмасын ну қуарып.Шабындықты шалғайда, Баптайсың сен суарып.

Айдыныңды күн шалып, Асыр салған ақ шабақ.Алдыңда тұр мұң шағып, Аптап ұрған бақша-бақ!

Бала-шаға шомылып, Шығар болды құмардан.Көк теңізге жолығып, Ортаймасын бұл арнаң.

Сенен алдым бір сабақ, Парызымды сезіне:Арнам толып күн санап, Ұқсап барам өзіңе...

ШЫНАРЫМ

Шырамыттың ба шырылын, Шыршаңа қонды жыр құсым?!Шынайы жүрек сырының, – Шындығын ұқпай жүрмісің?!Шырайлым, айтам өзіңе: Шыңыма шыққан шынарсың.Шығарып салма сөзіне, Шырмалам дейтін шығарсың?!Шым-шымдап, жаным, күлсең де, Шыжымдап сөзбен шаласың.Шытынап кетпей жүрсең де, Шытымыр болып барасың.Шымырлап аққан бастауым, Шырқайтын әнім қымбатты;Шытырман ойға тастауың, – Шымбайыма шын батты.Шыбыным ұшып, шыр кетті, Шығарда жаным басқа еді:Шығармай естен бұл кепті, Шыланған көзде жас па еді?!Шығандап шалғай барамын, Шырақты сен бол жандырған:Шытпай-ақ қабақ, қарағым, Шығарсың күліп алдымнан!..

ТҮС

Жоритын не бар бал ашып, Көрдім бір қызық түсімде.Жүр екем жалғыз адасып, Ақ түтек боран ішінде...

Кездескен жәйт пе өңімде, Ізі ме арман, елестің:Айналар шынға өмірде, – Бәрі де мүмкін еместің.

Айнала ақ қар баққаным, Арайлап атқан ақ таңдай.Аумаған өзің, аппағым, Жаныңдай таза, пәк қандай!

Аузымды жиып болғанша, Жел ұйтқып, боран басталды;Басыма төніп сор қанша, Суырды жер мен аспанды.

Page 95: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

95

Адыра қалған адырлар, Сұлбасы сұсты көрінген.Іңкәр жан қайтіп дамылдар, Алға озам құштар көңілмен.

Арқырап соққан долдана, Арқада солай ақ боран.Сынбаған сағым онда да, Тәйірі, тимес қатты одан.

Адымды тұсап қамалар, Ақ түтек мынау не деген!Қайда екен қайран ағалар, Сүрініп кетсем, демеген.

Тұр ма екен сонау қыраңда, Көрсін деп біраз малтығып.Баулыған солай қыран да, – Балапандарын қантүбіт!

Мен бармын дейтін күн туса, Күпілдек әлгі дос қайда.Қол ұшын беріп тым құрса, Жөн айтып, ақыл қоспай ма?!

Сықырлап басқан іздері, Аңдыған қалмай артымнан;Соншама нені іздеді, – Жалғыздық атты антұрған.

Жоқ тыққан ақшам, алтыным, Не таппақ қуып дәл мені?Болсам да тұйық, жарқыным, Сен білмес сырым бар ма еді.

Жақсыға ғұмыр тіледім, Жайым жоқ жалған бас ұрған.Өзіңе іңкәр жүрегім, – Асылым сол-ақ жасырған!

Жерім жоқ, сірә, қас қылған, Жамандық ойлап пендеге.Су шыққан жандай астынан, Қымсына берем мен неге?!

Үрейден қайтіп тыншыдым, Жападан жалғыз жолсызда;Өңімде шалған қырсығың, Аз болып жүр ме онсыз да.

Көңілің неден түңілген, Насыбайдан ба бір атым;Отыңмен кіріп, күліңмен, Шықсам ба дегем, мұратым!

Табылар тар жол ғұмырда, Табаным тайса, демеңдер.Көтерген көпті тұғырға, – Кең едің, жұртым, кемеңгер.

Гуілдеп, тынбай ысқырып, Ышқынған боран басылар.Не қылар дейсің үскірік, Ел барда бағым ашылар...

Тіресіп біраз байқасқан, Басылды боран азынап.Кірпігімді ашып айқасқан, Демімді бастым азырақ...

...Шырқымды бұзған қарасам, Шырылдап сағат, қоңырау:Шаруаңды бақ деп орасан, Оятқан құтпан өмір-ау!

Page 96: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

96

Қосақтап сын мен сауығын, Сырларын тынбай сапырып:Бол, бол деп ол да дәуірім, Ұлы өмір жатты шақырып!..

АЙНАКӨЛ НЕГЕ МҰҢАЙДЫ?Еркеш ағаның рухына

Тыңда деп еңбек адамын, Тыңгерді жырлап тынбастан;Тыңайтып жырдың танабын, Тыңда да жазды тың дастан.

Зеренді тауын сүйем деп, Зердемен көркін зерледі.Темірден түйін түйем деп, – Теміртау келіп терледі.

Баладай жаны аңқылдап, Елім деп жүрген елжіреп:Жақсыны іздер жарқылдап, Соқпай ма қайтіп сол жүрек?!

Айнакөл жақтан саңқылдап, Салды азан құстар тізбегі:Қараша қаздар қаңқылдап, Ақынын әлде іздеді?!

Оқжетпес неге ah ұрды, Сезімсіз мылқау құз ба еді?Көп көрген ойлы ақынды, – Жатыр ғой сайрап іздері!

Көгілдір Көкше күмбезі, – Күңіренткендей күз демі:Үмітін үзбей ізгі елі, Ақынын әлде іздеді?!

Бұйығы Биші қайыңдар, Сыңай бар сынық жүздері:Жапырақ – жүрек уайымдар, Жұлқиды жел де үзгелі.

Айнакөл неге томсарған, Айдынын жапқан мұз ба еді?Айшықтап өрнек сонша алуан, Аққулар неге жүзбеді?!

Айнакөл жақтан саңқылдап, Аққулар әнін айтады.Қараша қаздар қаңқылдап, Көктемде елге қайтады!..

КӨШЕ СЫПЫРУШЫ ЖЫРЫ

Көшемді көркейтем деп бар сәнімен,Кетесің сыпырғы алып таң сәріден:Ұзақ күн шаруа бағып жүресің сол, –Тамсантқан тәтті арманның аңсарымен.

Шаң-тозаң аққа құмар, жиылады,Сайдан да, сағадан да құйылады.Сыпырғың сыр-сыр етіп, сыр берместен, –Соның бәрін сыпырып-сиырады.

Page 97: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

97

Шаруа да шаш етектен самсап тұрад,Шағым да білдірмейсің жар сап бірақ:Шаң қауып, шала ұйқы боп бала-шаға,Шам жаға жығыласың шаршап-құлап.

Бақ күткен бағбан болсаң бар ма тыным,Гүлзарың жұпар шашқан алда, күнім:Жүресің қылап қолың дамыл алмай,Асфальтін айнадай қып Алматының.

Бұл да өтер түсіңдей боп түсін, еркем,Қуаныш құйқылжытар құсын ертең.Қысылма қысыр сөзге қыстыға айтқан:Пасықтың іші мерез, тысы көркем.

Жасық па ең, жасыр, тамған жасың неге,Қас надан қарай берсін қасын кере;Кірпияз өмір ғой бұл – мұнтаздай ет,Қоқысын таси берсін тасыр неме.

Заманды жазғырсақ та жазықты деп,Қоғамға болсын адам қазық, тірек;Аялай алмай әлі жүрміз бе әлде,Наз көңіл, назым мінез, нәзік білек.

Көңілден көрік кетер, мақтан қонса,Жақсы емес кіл шаттыққа батқан да онша.Қам қылмай, қапа болмай хақымыз жоқ, –Ыбырсып ұлы тірлік жатқан болса.

Жаңарып жатқан кезде дүйім елім,Ездікті аршығанға сүйінемін.Қырнай түс қыл-қыбырын, шөп-шаламын,Қоқысын аршу керек дүниенің!

Сен бе тек, оңай тиіп жүр ме маған,Айтады ақ тілегін білген адам;Ақын да тазалықшы дүниеге, –Міндетсіп, мұңым шағып кімге барам.

Көзімнен көрікті арман бір-бір ұшқан,Қумадым дәулет құсын бұлбұлстан:

Page 98: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

98

Жан бақсам жатпас па едім жарда бұғып,Жайлы орын тауып алып бір бұрыштан.

Тап болған талқы шығар таланыма,Қараған қай ағам бар қабағыма?Жатырқап жыр құшағы, жүрем кейдеҚалақты айырбастап қаламыма.

Жазғанда жақсы-жаман тақпақ-өлең,Өмірдің сырбаз кейпін сақтаған ем.Ай-күні аман болып, кір шалмаған, –Айналсын пәк күйінде аппақ әлем!

Қапа көп, қай біреуде қанағат кем, –Өлшеусіз мақтау-мадақ талап еткен.Ездіктің тамырына балта шауып,Жүремін жағаласып жаманатпен.

Өлеңнің жүрмін мен де ауласында,Қауырт іс, қауесет пен дау басымда.Кетемін кетпен алып, атыз қуып,Тартамын, тақырды өңдеп, қауғасын да.

Ізгілік іздегенім жанды салып,Ат сұрап, атақ қуып, алғыс алыпжатқаным жараспайды, өмір – өлең,Отаймын арам шөбін шалғы салып.

Жүреміз сыпырғы мен қалам саптап,Желекті жеткізсек деп аман сақтап;Жасыл бақ жайнасын деп жаным құштар,Жақсыға жақпадым тек жарамсақтап.

Жаңарып жатқан кезде дүйім елім,Ездікті аршығанға сүйінемін.Азбасын кіршең дүние, құнтта, жаным,Қоқысын аршу керек дүниенің!

САМОЛЕТТЕ

Әлдилеп ала жөнелді, Аспанның алып құшағы:Көңілді іркіп көр енді, – Сені аңсап алып-ұшады.

Page 99: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

99

Ойымды бірге ұшырдым, Сені іздеп шығып, сүйіктім.Қадірін жердің түсіндім, Бағасын білдім биіктің.

Самолет жазып құлашын, Аспани бесік тербетіп;Шарқ ұрған көңіл – лашын, Қияға қиял серметіп...

Қиял ма, қызық түсім бе, – Кештім бір ғажап сезімді:Ақша бұлттардың ішінде, – Келемін іздеп өзіңді.

Сүйсініп мен де қарадым, Айналам бейне ақша қар:Арудай сүзген жанарын, Арбайды келіп пәтшағар...

Осы ма заңғар биігің, Айналған басы талайдың?!Шолмақ боп жердің қиырын, Бұлдырап көзім қараймын.

Жеткізбей жүрген көбіне, Осы ма мансап мекені:Әлі де төбем көгіңе, – Тұр ма екен жетпей екі елі?!

Тауаны, тауы шағылмай, Жайы жоқ жасып, жасқанар;Қанат пен құйрық тағынбай, – Шығып жүр қайтіп басқалар?!

Болдым-ау енді мен де әлек, Басымды тігіп қатерге:Жеті қат көкте нем бар ед, Жете алмай жүріп пәтерге.

Байқоңыр жақтан ғарышқа, Ұшсам деп әлде бел байлап,Тырысып қайран намысқа, Жүрмін бе осы мен бейбақ.

Жер қайда табан нық тұрған, Бұла күш қайда, бұлқыныс?!Гүл де жоқ, шөп те шық тұнған: Айнала жым-жырт, тым-тырыс...

Мен болсам жердің мұңлығы, Япыр-ау, неге қамсызбын:Нейтрон бомба сұмдығы, – Осы ма әлде арсыздың?!.

Басым бар – емес асқабақ, Болмаймын онда пұшайман:Жатайын жауды жастап ап, Біткенше демім, күш-айлам!

...Шарлаған біраз көгіңді, Ақсұңқар төмен бет алды,Алып ұшқан бұл көңілде, Сапырылыспаған не қалды?!

Сабылып келем сан қырдан, Сағынған жанда жоқ тыным.Шығарсың өзің алдымнан, – Қолыңа ап қырдың шоқ гүлін.

Көкшілі құстай шүйіліп, Қанатым талып жеткенде;Құшармын сені сүйініп, Қырмызы гүлдей көктемде.

Page 100: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

100

СЕН МЕНІ ОЙЛАДЫҢ БА?

Кешігіп келсе жарың, –Кейіппен кешірімді, Елеңдеп, қақса біреу Бейуақта есігіңді; Сен мені ойладың ба? Отырып жеті түнде Тербетіп бесігіңді, Есіңе ап есімімді?!.

Сен мені ойладың ба, Шадыман шақтарыңда, Мұңды ойға батқаныңда, Гүл солған бақтарыңда; Адасып жүр ме екен деп Ақ түтек ақпаныңда, Жаныңның – жасыл жайлау Шуағын сақтадың ба?!.

Сен мені ойладың ба, Найзағай шатырлаған Шақтарда аспаныңда, Жай түскен жалғыз терек, – Жайраса қас қағымда:Жазым боп жүрер ме деп, Дұға арнап, бал ашпадың ба?!.

Сен мені ойладың ба, Сыр сақтап жүрегіңде: Жапанда жол іздесем Оң сапар тіледің бе? Таңым боп арайландың, – Кеудеме түнедің де: Аңсатқан сендей жанды Разымын бұл өмірге!

Ғұмырдың дариясын Жел кернеп желкеніңді,

Page 101: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

101

Тереңдеп бойладың ба? Жүрмісің – қапаланып, Жүрмісің – той қамында? Алаулап атқанда таң, Балбырап батқанда күн, Сен мені ойладың ба?!.

ҚАРЫНДАСЫМ

Айналсоқтай бересің айна алдында, Айнамкөзге, айналдым, айналдың ба?! Қабағыңа, қарағым, қарай бердім, Бір қуаныш, ойға бір қайғы алдым да.

Менен де бар ма, жаным, жасырғаның, Жасыма, қашан-дағы қасыңдамын. Жел тербеп желегіңді, сыр айта ма,Жайнаған жаз айында жасыл бағым.

Бой жету, қарағым-ау, осы ма еді?! Бұл жылдар қалай жылдам өсіреді. Бірге өсіп сыр бүкпеген, жалғыз ғана Қарындасым емес тек, досым едің!

Әпкемдей – бейнетімді көрген неше, Жанымды сен емдеуші ең шер меңдесе; Өзіңмен қуанышым асып-тасып, Құлазып қалушы едім сен келмесең...

Шынымен ширадың ба, құралайым, Толқымай қалай енді тұра алайын. Қыр асып кетесің бе, сыңғыр-сыңғыр Мөп-мөлдір қайнап шыққан тұмадайын.

Бір мерей қуанғаның бізге, ардағым, Бақытты болсаң екен, ізгі арманым. Көркейтіп көңілімді, көз алдымда Құлпырып тұра берші, қызғалдағым!

Page 102: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

102

ЖАУЫНГЕР САҒЫНЫШЫ

1. Аттану

Тілегендей жолымның амандығын,Шапағатпен шашқандай далам нұрын;Асықтырып алыс жол, самолетпен, –Туған жерден аттанып барам бүгін.

Жерім қалды желегі желбіреген,Елім қалды енемдей елжіреген.Қия алмай аяулымдай назын айтып, –Жүгірді қапталымнан жел гулеген.

«Өзіңсіз бұлдыраған күнім сағым,Сағынсаң сүйікті елді бұрын сағын! –Анамдай туған өлкем күбір етті:Аман бол,– деп,– қашанда құлыншағым!»

Тартқандай тағдыр жолы тармақталып,Тәкаппар тау да сырын салды ақтарып:«Шырағым, шынайы ұл бол!» – деді шыңдар,Әкемдей сабырлы оймен салмақтанып.

«Арман қусаң, арымас күлік берем,Талабынан талмас, – деп, – жігіт деген!»Қалың нуым – қауымым, қара орманым, –Жолыма қарап қалды үмітпенен.

Әжемнің жаулығындай торғын далам,Құттысын тілеп жатты жолдың маған.Қырымда қызғалдақтай қыздар қалды, –Тілекпен, қимастықпен қол бұлғаған.

Еркелеп қарындастай бұлағым шат,Жайнаған бауырларға құрағы ұқсап;Көтеріп аспанына аттандырды, –Туған ел ақ тілекпен шығарып сап.

2. Түлектер тілегі

Туған жер, мейірмен, Қимастай қарайсың.Дедің ақ пейілмен: «Ер жеттің, жарайсың!»

Page 103: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

103

Тұрмыз біз ертеңнің, Есігін бірге ашып;Өрендер сынға асық, Өмірге шын ғашық!

Арындап жас кеуде, Арайлы нұр өпкен:Аттанбақ әскерге, Жалынды жүрекпен.

Аттанбақ асуға, Жігіттер жаны ізгі;Тастүлек тәрізді, Өтеуге парызды!

Алаштың ұлысын, Қорғаймыз қырағы:Думанды ел, ырысың, – Шайқалмай тұрады.

Көңілге біз мұны, Түйгенбіз, жақсы ұғып:Өңірге сақшылық, – Өмірге жақсылық!

Ата-ана, туысқан, Өсірген өскінді:Жүрекпен ұғысқан, Қош боп тұр, дос, құрбы.

Алыстан ал енді, Сәлем мен жырымды ал:Хат жазып тұрыңдар, – Сүйген қос бұрымдар!

3. Жауынгерлер үйі

Құтты ұя кең де, жарқын да, Қарсы алған барша түлегін;Қашанда осы қалпында, – Тілейді ол көптің тілегін.

Үйіңдей туған аңсаған, – Көрінер көзге тым ыстық.Тұрса да мұнда қанша адам, Орнаған бей-жай тыныштық.

Кезекші сақ боп тұрады, Бес қару дайын сайлаған;Әскердің шыңдап сынағы, Намысын оның қайраған.

Жанында сержант бапкері, Ақылшы аға сырласқан.Сарбаздың сергек сәттері, – Жатады өтіп тынбастан.

Жан-жақтан келіп табысқан, Жастардың құтты мекені:Қанаты талып алыстан, Көгершін хаттар жетеді.

Сағыныш тола жүрегі, – Сәулеші қалып жырақта.Бәрінің бірге тілегі, Бәріне ортақ мұрат та.

Біреуі естіп қалса сын, Бәріне бірдей ол-дағы.Марқайтып кеткен баршасын, – Бір ғана алғыс болғаны!

Машықпен қиын сынды алып, Жігер мен күші тасыған;Өседі мұнда шыңдалып, Отанын сүйген жас ұлан!

Page 104: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

104

4. Жауынгерлік тапсырма

Қас қақпай қарап жолына, – Бағып тұр сақшы барлығын;Бергендей соның қолына, Ұлы Отан сеніп тағдырын.

Тек қана соған тапсырып, Қойғандай халқы зор ісін;Жас қыран жасап сақшылық, Сезінген терең борышын.

Тап осы жерден келердей, Төнсе егер елге қауіп бір;Елінің шебін, елеңдей, Кеудесімен ол жауып тұр!

Тұрады ол күнде осылай, – Бақытын тілеп әр үйдің;Жатсын деп бейқам шошымай, Ұйқысын қорып сәбидің.

Тұрады сақшы сайланып, Атсын деп күліп бұла таң.Өмірі елдің жайланып, Көркейсін дейді ұлы Отан.

Өмірді бейбіт тербеткен, Алады ол қуат анадан:Жайнатқан жерді еңбекпен, Тапсын деп зейнет бар адам.

Өтінде желдің, сыз өтіп, Жаңбырда, боран, бұршақта;Бақытын елдің күзетіп, – Сайыпқырандарым тұр сапта!

...Өздерің бар деп өмірде, Сәулесін бейқам таратып;Балбырап жатқан өңірде, – Келеді марғау таң атып.

5. ерлік дәстүрі

Ел үшін сонау егесте, Мерт болған ерлер қасқиып;Қорымға жатқан белесте, – Тағзым ет барсаң басты иіп!..

Қорғаған жерін жан сала, – Соққанда дүлей дауылдар:Қиылып ғұмыр қаншама, – Осында жатыр бауырлар.

Жайратып жауын жанышқан, Тағзым ет қайрат-намысқа:Арыстан болып алысқан, – Арыстар жатқан алыста!

Туған жер жастай түлеткен, Қалса да сонау жырақта;Жалындап өткен жүрекпен, Өшпейді рухы бірақ та!

Көз жұмған антпен киелі, Сан ұлттың талай боздағы:Бұл жердің әрбір сүйемі, Олардың болған өз бағы.

Құрметтеп, күтіп әр уақта, Есімін алған есіне ел:Айналып асыл аруаққа, Осында жатыр есіл ер.

Page 105: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

105

Үмітін ізгі үзбеген, Болсын деп бейбіт бұл ғалам;Соғады жүрек жүздеген, Қарайды көздер мыңдаған.

Шарапат нұрын таратқан, Шаттығын ойлап әлемнің:Жыртқышты мытып тамақтан, – Саусақтар жатыр бәлен мың.

Бетпе-бет келіп ерлікпен, Қарасаң үнсіз қас қақпай;Мәңгілік от та өрлікпен, – Жанады жайнап, асқақтай.

Өнеге боп ол тұрар-ау, Ұрпаққа, келген түлекке;Тұтанып одан бір алау, – Жалындар өжет жүректе!..

6. Сағыныш

Сағыныштай сарғайды шөп белдерде, Жаңбырлы жаз алыстады да. Құсы азайып құса болды көлдер де, – Басынан базары ұшқаны ма.

Барады, әне, соңғы қаздар қиқулап: Қоштасып наз алысқаны ма? Қарап қаппын қаз үнінен күй тыңдап, Бет алған Қазақстаныма.

Көлім аңсап қарсы алар-ау, қаздарым, Көргенде талып ұшқаныңды. Жеткізші елге жүрегімнің назды әнін: Махаббат, сағыныштарымды.

Күйге бөлеп келген нұрлы аспанын, Даламның сәуірде сәні едің. Хатқа алаңдап жүрсе туыс, достарым, Айта бар жауынгер сәлемін.

Дос-жаранға ақ ұстаушы ем арымды, Өмірде адамға ор қазбадым. Алып ұшқан аяулыма әнімді, Көгімде аман бол, қаздарым!..

7. Оралу

Келемін туған елге түу алыстан,Жүрегім алып ұшқан қуаныштан.

Page 106: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

106

Бекзатым, алаңсың ба, сыр алысқан,Жекжатым, амансың ба, құрақ ұшқан?!

Армысың, керім далам, кеңістігім,Өрісім, өзендерім, егістігім;Туған жер, құшағыңды аш, ең ыстығым,Жәннәті мен жұмағы жер үстінің!

Көсіліп көңіл шіркін даладайын,Армансыз бәрін-бәрін аралайын.Қаумалап қапталымнан қарағайың,Жүгіріп шықты алдымнан бала қайың!

Көктемің көгілдір нұр құйып көктен,Самал жүр алма кезек сүйіп беттен.Көк баулар – өңірімді сүйікті еткен,Көп таулар – көңілімді биіктеткен.

Құлпырған қызғалдаққа қырат тұнып,Жіберді жас жанымды бүр аттырып.Шапалақтап қолдарын құрақ та ұрып,Сыр айтады сыңғырлап бұлақ күліп.

Алдымнан ғажайып бір сарайды ашқан,Төбемде елжірейді арайлы аспан.Қуанып қыр қунаған талай жастан,Ерке елігі жақын кеп, жанай қашқан.

Төл өргізген түлепті өңір мүлде,Құс әнімен құйқылжып көңіл бірге;Көзді арбайды – көбелек өрім гүлде,Көп бояу қызыл-жасыл, көгілдір де!..

Келемін туған елге түу алыстан,Жүрегім алып ұшқан қуаныштан:Қадіріңе жетермін бір ұлың боп,Туған жер, айналайын құрақ ұшқан!..

Page 107: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

107

Бесінші тарау

ТУҒАН ЕЛІМ – ТҰҒЫРЫМ

* * *

Тағдыр бердi осындай Хақ тағалам,Анам болды – ала жiп аттамаған;Кеңестiң де, фашистiң лагерiнен, –Әкем болды сау келiп, бақ қараған!..

Сор болды ғой сұм соғыс біздің елге,Ізін аңдып, сөз ерді ізгілерге:Зардабы оның бізге де тигені аз ба,Өршеленіп өзімше жүздім өрге?!.

Толғау-жырдың жүргенде толғағымен,Деген жоқпын жол бастап, жорға мiнем;Толған шығар көңiлiм ақ тiлекпен,Болған шығар бағымның қолдауы кем.

Көп едi ғой менiң де көздегенiм,Уақыт шiркiн жасайды өз дегенiн:Тексіз заман тепсініп, енші бермей,«Ешкiнi – апа, текенi – жезде» дедiм?!.

Жақсылармен жарасып кеңес құрдым,Озбырларға опынып егес қылдым:Тiрiлткенiм болмаса тiрнектеп ой, –Өлтiргем жоқ әкесiн мен ешкiмнiң?!.

Жетегiне ерем деп нұрлы арманның,Гүлге арнадым, жан сөзiн күнге арнадым:Менiң дағы еш болып сан еңбегiм,Мен де талай олжадан құр қалғанмын.

Елiм маған бергендей еншi бүгiн,Жыр етемiн жер нуын, жел шуылын:Жетiп жатыр менiң де жетпегенiм,Толып жатыр менiң де кемшiлiгiм?!

Page 108: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

108

Мансапқорға барғам жоқ жарамсақтап,Сыбағасын бермеді ол маған сақтап:Жолын кесіп біреудің өтпесем деп, –Адымымды өзімше алам шақтап!

Шегем мен де шекісіп, батырға айбат,Шымыр ойдан шығады ақыл-қайрат:Шындық басқа, «шыбындап» тұрғанмен бас, –Шыңырауда ар-намыс жатыр қайнап!

Марқайса деп ата жұрт, сүйікті елім,Маңдайымның келемін құйып терін:Өз елім деп өзегім өрге жүзген, –Менің де бар шығатын биіктерім!

Аласартпай бабамның дарқан атын,Көшке ілестім жүк артып арқама тың:Елейтұғын елгезек пейіл болса, –Менің де бар сәттерім марқаятын!

Жетедi ғой тiлекке қаласа адам,Тапқаным аз дәулет пен тамашадан:Осы менiң – барым да, байлығым да, –Жақын-жегжат, жарым мен бала-шағам!

Тұрысым да, тұғырым осы менiң,Дос-жаранды ес көрiп көсiлемiн:Солар берген ықылас, ой-ниеттi, –Ақ қағазға өлең ғып көшiремiн!..

* * *

Туған жер, айналайын алтын бесік,Ұяңда ұл мен қызың талпынды өсіп;Түлектер тұғырыңды биіктеткен,Ғасырдан ғасырларға даңқың көшіп!

Туған жер, тұрады есте дара тұлғаң,Демедің биік ұшсам қанатымнан:Үйретіп ізгілікке, өзің едің, –Жолында жаманаттың ара тұрған.

Page 109: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

109

Туған жер, ием де сен, кием де сен,Сүйсініп сыр айтқаным – сүйем десем:Қасқиып қас дұшпанға тұрар ма едім,Өзіңдей бір алыпқа сүйенбесем.

Жаныма шуақ төгіп нұрлы аспаның,Жылғаңнан алып едім жыр бастауын:Ізгіге дос боламын, езді мінеп,Сол үшін күресуден тынбас жаным.

Бабамның көзін көрген осы мекен,Мейрбан менің де адал досым екен:Ұрпаққа ел дәстүрін мирас еткен,Өлеңге өрнегіңді қосып өтем.

Ізімен ізгі өмірдің салтын кешіп,Төсіңнен талай ұрпақ талпынды өсіп:Сыйлай бер сол ұрпаққа елдік рухын,Туған жер, айналайын алтын бесік!

ҚЫЛШАҚТЫ – ХАННЫҢ БЕКЕТІ

Елдіктің жолын нұсқаған, Қылшақты – ата мекенім:Бір кезде бабам қыстаған, – Егіншоқының кең етегін!

Қылшақты шертер қанша кеп, – Құлшынған ұлын таныған:Қылша да мойным талша деп, Қылышын бабам жаныған!

Басты Ордам, байтақ, бекетім, Жамантұз, Жаман Қылшақтым:Көш пенен керуен өтетін, – Ырысым менен ынсаптым!

Бесігім нұрға бөлеген, Бабадан қалған өнегем:Сөзіңмін жеткен көнеден, Қозыңмын мен де көбеген!

Абылай хан да еңкейіп, Сімірген кәусар суыңды:Орда боп орнап, көркейіп, Көтердің елдік туымды!

Әйтімбет биден бата алып, Батырлар енген санатқа:Ордадан жарлық апарып, Таратқан әрбір тарапқа.

Жамырап жасыл желекпен, Абылай үлкен үй еткен:Тұлпарын жалдап ер өткен, Қамшысын қармап би өткен!

Page 110: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

110

Кең болған жатқа, досқа да, Ерлерің шертер талай күй:Өте мен Қайып, Досқана, Рысқұл, Мәшек, Қанай би!..

Ақ толқын жуып нұр жүзін, Сәбике анам су алған:Өссін деп еркін ұл-қызым, Жағаңда тұрып қуанған.

Жанғалдай батыр бабам да, Жаныған сенде айбалтасын!Жай тапқан мәңгі жағаңда, – Жаныма қымбат әр тасың!

Би болған бабам – Жәдігер, Бір ұлы оның – Баянбай:Айтады жыр ғып бәрін ел, Етіпті еңбек аянбай.

Ұрпақты алға бастаған, Арнаңды бойлап жол өткен;Жасын боп талай жасқаған, Замандар келіп зор, өктем!?

Сүрініп, құлап лайсаңға, Бір батып суға, бір шығып;Сыйынып сендей жайсаңға, Жылжыды алға тіршілік.

Серік боп Көкше, Ақсораң, Шарқ ұрып Шалқар, Балықты:Жаратқан болып жақ соған, – Жеткердің қанша халықты!

Сағаңда семіп қалғандай, Тезекбай бидің бұлағы.Адаспас бірақ армандай, Сөнбепті ұрпақ шырағы!

Куә боп соның бәріне, Тақсірет тартқан Таскөпір;Жалғайды жолды әлі де, – Өткелден шыққан жас нөпір!

Абылай қонған ақорда, – Алмасты солай көп буын;Алламыз бұрып тағы оңға, Көтердік елдің көк туын!

Серпіліп сен де аға бер, Арындап арнаң тынбастан:Сырыңды тыңдап дала, бел, – Толғайық бірге жыр-дастан!..

ТӨРТҚАРАҒАЙ

Аспаннан атқан таңдар төккен арай,Бой созып ұмтылатын көкке қарай:Менiң де қиялымды қияға атқан,Мекенi бабалардың – Төртқарағай!

Төрiнде туған елдiң төрт тiрегiм,Ұзартқан ел үмітін, көп тiлегiн:Бабамның тамы қалған баурайыңда,Бал дәурен балалығым өттi менiң.

Page 111: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

111

Кең ашсаң құшағыңды ұл-қызға бар,Төбеңде самсап талай жұлдыз жанар:Төгiлiп құйрық-жалы Құлайғырдың, –Би болған – Қуанышбай, Құлмырзалар!..

Тегiнiң танытқандай қайсарлығын,Қуанам өркенiңдi жайсаң бүгiн;Сұм заман суық қарап, сұғын қадап,Бабамның ақтармады қай сандығын?!

Тұлғаңа сенің бей-жай қарай алман,Өзіңнен өрге жүзген талай арман:Саласың ұрпақтардың зердесіне, –Болғанын басқалардың қалай орман!

Алдымнан арман жолын ашқан алап,Өзiңнен қанат қаққан жас махаббат;Өсе бер жамырасып жас ұрпағың,Кеше гөр қадамымды басқан ағат.

Төртқарағай дегенде, Төртқарағай,Өмiрде кiм өтедi жоқ қарамай:Торыққан кей сәтiмде қуат берсең,Толысып топқа түсем тоқ баладай!

Төртқарағай дегенде, Төртқарағай,Жандар бар кiсiлiгi жоқ панадай;Таралып туған жерге тамырларың,Өркенде өзегiңе өрт тарамай!

Өр едiң, сұңғақ едiң, еңселi едiң,Ұрпағың дәл сендей деп мен сенемiн:Сен желдiң өтiнде қап шайқалғанда,Мен елдiң шетiнде қап теңселемiн!..

Зар болдым шетте өзіңдей бауға қайран,Шығайын шырқап бірден тауға қайдан?Сен тұрсаң дір-дір етіп дауыл ұрып,Мен жүрдім мезі болып дау-дамайдан?!

Жасымай жасын ойнап, жай түскенде,Жас ұлды баулып едің мәрт істерге:

Page 112: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

112

Басыңа бұлт үйірген ызғырықтай, –Бұл өмір – тартыс күнде, айтыс күнде!?.

Жүзіңе жаз дидарлы толған арай,Жөн сілтеп тұрушы ең ғой жолға қарай;Еңсеңді тік ұстадың есер желге, –Маған да мына тірлік болмады оңай!?

Сұм өмiр шешен де еттi, көсем де еттi,Жақсылар талабымды неше өрлеттi:Жолымды кестi талай кiсәпiрлер,Тар жерде талайларға есем кеттi?..

Қиянат көрдiм бiраз, аз көрмедiм,Жаныма соның бәрi жазды өрнегiн:Сырымды саған айтам сыннан өткен,Сарнаған сардалада сазгерлерiм!..

Менiң де өрт шалған бiр бар бұтағым,Торымды толқып ордан қарғытамын:Сиынам қолдай гөр деп ата аруағы, –Әулие Әйтiмбет би арғы табым!

Төртқарағай дегенде, Төртқарағай,Бұл күнде бабың бар ма, жоқ па, қалай?Ұмтылған болашаққа ұрпағыңның, –Керуенi қоңыраулап тоқтамағай!..

* * *

Асқан кезде Ақтөбенің басынан,Көңілімді көрсең менің тасыған:Көлбеңдеген ақ жаулықтай түтіні, –Туған ауыл құшағына асығам!

Туған жердің түтіні ыстық көлбеген,Аналардың ақ жаулығы ол деген:Ыстайыншы шер толқытқан кеудемді,Сағынышты басайыншы шөлдеген!

Үмітімнің үрлеп отын жандырған,Туған ауыл көлбеңдейді алдымнан:

Page 113: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

113

Онда менің сырларым бар жаңғырған,Онда менің жылдарым бар балдырған.

Сол жерден мен шыққам үлкен сапарға,Астым өрге қосылам деп қатарға;Онда менің үй-орманым, елім бар,Жан емеспін жүрген жалғыз жапанда.

Орман-тоғай жұпар шашып қырларға,Қызыл бидай толған талай қырманға;Жебеп жатқан сол бір бей-жай тірлікті,Ата-баба бейіті бар бұл маңда.

Іздеген жан ізгілікке жолығар,Ағалардың салған мұнда жолы бар:Тәлім берген талай тарлан тұлғалар, –Жырлары бар, сырлары бар мол ұғар.

Онда менің кездерім бар мұң басқан,Онда менің достарым бар сырласқан;Артыңа бір қайырлуға үлгертпей,Әттең уақыт зымырайды тынбастан.

Сол күндерге мәз болам деп сырғыған,Қалып ем ғой көз жазып көп құрбыдан;Көзкөргендер кетті неше келмеске,Оларға да арналады жыр-дұғам.

Алты ай қыста Ақтөбені қар басқан,Асу бермес ақ бораны арбасқан;Табиғаттың сынағындай бұл да бір, –Жігіт үшін ат жалына жармасқан!?.

Асқан кезде Ақтөбенің басынан,Қуат алам туған жердің тасынан;Шетте жүрген шер көңілді ол сергітіп,Жанитындай жігерімді жасыған!

Асқан кезде Ақтөбенің басынан,Бойда – қайрат, ойда сезім тасыған;Төбесіне көтергендей туған жер,Жүрегімді тербейді бір асыл ән.

Page 114: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

114

Асқан кезде Ақтөбенің басынан,Туған жердің құдіретіне бас ұрам! Осы жолмен өткен-кеткен кезіңде, Сол бір сырды сен де ұға жүр, жас ұлан!..

СЫР

Достарым, сыр ақтарам біразырақ,Бұл да асу, заман желі тұр азынап.Демесең – көкке жетіп, елемесең, –Қалады көңіл шіркін құлазып-ақ.

Талпынып жол бастағам өрге қарай,Қою шаң... көрінеді көмбе қалай?Алам ба бойға шақтап өз бәйгемді,Ала ма сәлемімді төрдегі Абай?!

Жүйріктің жонда жортқан жолы қалар,Жорғасын, жортағын жұрт жорып алар:Осы жол обасы да, оры да бар,Тұр екен не бұйырып Торыға дәл?!

Торығып қайтем босқа, жоқта бүлік,Беліме көтере алмас шоқпар іліп;Той маңын торымайын тоқаш іздеп,Тоғанақ толтырайын топқа кіріп.

Буын бар бара жатқан базарға енді,Назыма қаратам ба назарлы елді?Қазына іздеп талай қазам белді, –Аз ба екен азап күткен ажалды ерді?!

Ізгіден іздеп көрем сөздің кенін,Тұрлаулы тұғыр болар өз діңгегім;Сұғын да сұғанақтың көзге ілмедім,Сыртымнан езе берсін ез білгенін.

Бар ондай әзәзіл мен «әзілқұмар»,Қайсысы налып жүрген назымды ұғар?Серіге, селтеңге де сеніп қалған,Сол бір салт түбі ақынды жазым қылар.

Page 115: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

115

Қасиет таптым аға қасына еріп,Қасымнан үріккен жоқ қашып елік;Заманым бергенде бұл басыма ерік,Тасырдың тимесін тек тасы келіп.

Игіге ит қоспадым, шалып аяқ,Тектіге табақ тарттым танымай-ақ;Жар кешкен жалаң аяқ жалғыз ба едім,Жалқыға жанай берем жаным аяп.

Жарасқан жақсының ап әр сабағын,Жарқылдап шыққан күндей қарсы аламын;Жараспас шаң қаптым деп шаршағаным,Жетермін жар болса ием, жанса бағым!

Сенімін сырбаз аға адалша ақтап,Бойыма биігімді алам шақтап;Үлкенге ізет қылдым, іздемей сый,Жерім жоқ жылмаң қаққан жарамсақтап.

Туған ел, құлыныңмын мен де сенің,Өзің деп тебінгіден тер кешемін;Біреудің зерге балар теңгесі едім,Жақсы ғой тиіп жатса елге себім.

Достарым, сынға да алып, сыр бөліскен,Қиынды, қызықты да бір көріскен;Қотардым жыр сабасын, жырдың төлі, –Күйлі боп келе бермес күнде өрістен.

Тауларым көп қой менің әлі шығар,Биіктен қол бұлғайды кәрі шынар;Кеудемде Сексен көлден бастау алған,Сырғыған сырлы өзеннің ағысы бар...

ДОСТЫҚ ЖЫРЫ

О, достық! Неткен абзал сезім еді,Рахымы сын сағатта сезіледі.Шалт басқан шалдуарлау кезімде де,Түзеткен сол достардың тезі мені.

Page 116: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

116

Шашылды ол шуақ болып ел көгінде,Соғыста демеу болды шер көңілге.Сонау жыл тың көтерген, шапағатынСезінген сәбимін мен жөргегімде.

Жасыл бақ жайып өркен жас қайыңнан,Санама сіңген әдет жастайымнан:«Азамат, адал бол, – деп, – достығыңа», –Аталар ақ пейілмен ас қайырған.

Талмай ол тарихтың сан кезеңінде,Өмірдің ұялаған өзегіне:Жүріпті ол жаманатпен жағаласып,Қалқан боп Қалқаның да өзенінде!..

Әр елдің текті ұлындай төрінде өскен,Бұл достық жаманаттың жолын кескен.Күлтегін.., Еділ.., Сартақ өткен жолмен, –Күресіп келеді әлі жеңілместен.

Достықтың сырын шерткен тамашалап,Кеудесін күй сыздатқан дала – шанақ.Басыма күн туғаңда, алыпты олАжалдың аузынан да арашалап.

Күй болып домбыраның пернесінде,Сақтаған соның бәрін ел де есінде.Қалайша дос болғаным, ант берісіп,Сайрап тұр кәрі тарих зердесіңде.

Бабамның қаны тамған, тері сіңген,Дайынмын не қиынға сол үшін мен.Елге аян ақ пейілді достығыммен,Әрдәйім өрем биік, өрісім кең.

Құйтырқы, адыра қап, өсегі елдің,Бірлікпен іргем кеңіп өсе бердім.Осы ғой көгергені көсегемнің,Ізгінің игілігін неше көрдім!

Page 117: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

117

Бұл дәстүр қанға сіңіп, салтыма енген, Достықсыз асар едім қайтіп өрден?!Қастерлеп сол достықты, ақтық сертін, –Төлеген, Мәншүк, Нұркен айтып өлген!..

О, қайтіп дәтім барды өлді деуге,Өлді деуге қалайша сенді кеуде?Ескерткіш - отпен бірге олар-дағы,Туы боп жасампаздық желбіреуде!

Тамырын талай сында ол өтті арқалап,Тарланын таңдайды өзі топтан талғап;Қанатын кеңге жайып сол достықтың, –Ғарышқа алып ұшқан Тоқтар, Талғат!

Бұл достық жөнін тауып жүйесімен,Жебейді қайда жүрсең киесімен.Жаңылған жандар болса, достық мәнінШығарып алған шығар жиі есінен.

Достығым демеу болып әр асуда,Тәтті өмір, тату тұрмыс жарасуда.Бұл достық тәнті болған, дәулет емес, – Қайғысыз қанып ішкен қара суға!

Сабылып мынау салқар көш, керуенім,Достықпен тауға шығып, төске өрледім.Достық бұл махаббат қой, аялауғаШуағы керек дайым қос кеуденің!

Еліме қанат берді ол самғау үшін,Бабамның маған міндет жалғау ісін.Мен-дағы бұл сырымды кейінгіге, –Жеткенше айтып өтем бар дауысым.

Бабамнан қалған мәңгі мұра сынды,Қастерлеп өтемін ғой бұл асылды.Ғасырлар керуенімен озам алға,Достықпен жазып еркін құлашымды.

Page 118: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

118

КӨҢІЛ КӨКЖИЕГІ

* * *

Көлдерімді ойлаймын құсы үріккен,Белдерімді – құлазып түсі кеткен;Елдерімді ойлаймын бірлігі азып,Жанды ойлаймын айырылған кісіліктен?

Айдынымды ойлаймын қаңсып қалған,Айбынымды ойлаймын мансұқтанған;Аққу қонған айнакөл сарқылғандай,Құрбақалар шоршиды шалшықтардан.

Орманымды ойлаймын сиреп қалған,Арманымды ойлаймын күйреп қалған.Бағалаусыз бұйығып бұлбұл, аққу,Үймелейді үздігіп үйрек, қарғаң?

Тауларымды ойлаймын аласарған,Бауларымды – жемісін жаңа салған;Достарымды ойлаймын бағы тайған,Жауларымды – жаныма жара салған?!.

Қыздарымды ойлаймын шетелге асқан,Қарттарымды ойлаймын жөтел қысқан;Түбімізге сырттағы сырттан емес,Ілмиген ит іштегі жетер дұшпан.

Құстарымды ойлаймын ұшып кеткен,Достарымды ойлаймын ішіп кеткен;Тауып, шіркін, жоғымды берер ме еді,Періштелер әлдебір түсіп көктен?!.

* * *

Меңіреу қыр, хал нешік? Дала жатыр мелшиіп.Әрең ілбіп, қар кешіп, Келем өрге мен шығып.

Қатері көп сапарға, Жалғыз шықтым тағы да.Тағдыр желі қатал ма, Қарсы соқты қағына.

Май бораны бұрқаған, Мамыражай емес күн;Маңдайымнан сипаған, Маңайымда жоқ ешкім.

Page 119: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

119

Сақылдайды үскірік, Соғады үдеп ақ боран.Қарамайды пысқырып, Жатырқағыш жат қоғам.

Қалың жыныс, оған да, Үрей билеп қараймын.Ұйтқып соққан боранда, Ит-құсы бар маңайдың!?

Қойны-қоншын қар көміп, Тырс етпейді кең дала.Атқылайды бу болып, Көкірегімде шер-нала?!.

Көк тиын ғып құнымды, Байлаған кім бағымды?Кімге айтамын мұңымды, Кімге тыңдайды зарымды?

Қонатұғын ол бір бақ, – Бірде ерте, бірде кеш;Жеткізбейді қол бұлғап, Бір белестен бір белес.

Күн амалы түзелер, Келер заман күйіне.Абай болсақ біз егер, Азбасын деп дүние.

Тілеулестер ұнатып, Болмады-ау деп қасымда;Өзімді-өзім жұбатып, Тыям көздің жасын да:

Басылар сұм даурыға, Ашылар күн бұрқаған;Жақсылықтың аулына, – Жақындаймын бір табан.

Ізгіліктің салтын ап, Көк өспей ме дүркіреп.Жаз да келер жарқырап, Күн де шығар күркіреп!

* * *

Көңілімде ашылмай жүр бір тұман,Неге, неге басылмай тұр бұл күмән?Жетелейді, жеткізбейді бір елес,Сүрінемін, тұрып қайта ұмтылам.

Тағдыр деген табалауға ол шебер,Асу-асу алыс шығар жол шегер?Нем бар менің қия шыңды қиялап,Қолым жетер бақыт оңай болса егер.

Аяғымның басып әрең ұшынан,Талай өттім Қособаның тұсынан;Қауіп-қатер аз болмайды жолыңда,Жандар барда сырты жылтыр, іші – лаң.

Page 120: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

120

Серкелерден қайыр болмай сенген ел,Сырты жылмаң, іші – жылан пенделер, –Басқаларды шалып түсіп аяқтан,Пайда тауып, көңілдері желденер.

Тағдыр жолы неге сондай бұралаң,Бірде тайғақ, бірде соқпақ сынаған;Тығырықтан шыға алмайтын тырбанып,Тың жол іздеп тынбайды екен бұл адам.

Бірде күліп, бірде адам ашынар,Арман қуып, жолға тағы асығар;Өмірдегі күмән қашан басылар,Көңілдегі тұман қашан ашылар?..

* * *

Көкжиегі көрінбеген, Шексіз қиыр өмір деген.Ми ашыған мимырт тірлік, Көп желмейді көңіл дөнен.

Жарау атқа қамшы басып, Жатқан кім бар арсыға асып?Тіршілікте жүрген жақсы-ау, Жағдай біліп, хал сұрасып.

Жапырылып қоғадай-ақ, Жүрген жоқ па көп алаяқ:Ар-ұятты таптағанда, Болмайды ғой обал-аят.

Қарау ойды тілесе кім, – Түгендеумен жүр есебін;Төбеден ол төндіреді, Бір жаласын, бір өсегін.

Тап келсе де қай бұралаң, Қалмасыншы қайғыда адам;Адаспайды анығы сол, – Ақ жолынан айнымаған.

* * *

Неге маған көзі түспей гөзелдің,Өңменімнен өтіп кетті көзі елдің.Есем кетті, естірте алмай өр үнін,Көкірегімде күркіреген өзеннің.

Пана іздеп ем көк тіреген заңғардан,Сәуле іздеп ем самаладай шамдардан:Мен түңілдім қара түнек таңдардан,Мен түңілдім қара көкірек жандардан.

Page 121: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

121

Шалқып-толқып жүре алмадым жайланып,Тарықтым да, қамықтым да қайғы алып;Туған жерге кіндігімнен байланып,Осы жерге келем қайта айналып.

Осы жерде бағым кем боп сорымнан,Осы жерді бабам менің қорыған;Сол бір қорлық жолымды әлі торыған,О, сақтай гөр опасыздың оғынан!

Мен досымды қара пұлға сатқам жоқ,Мен дұшпанды ту сыртынан атқам жоқ;Аяғаным аяр мінез жандарды, –Аяғыма түсті талай қақпан боп.

Тасырлардан тауым талай шағылды,Арсыздарға ақын жүрек нағылды?Сырбаз өмір сындырмасын сағымды,Бипаз тағдыр байламасын бағымды.

* * *

Ащы айтсам тағдыр – ашына, қарды,Ашумен беті ашыла қалды:Долымен дос боп додаға түсем деп, –Лақтырды уыстап басыма қарды:Шаптыққан шайпау шапалақ ұрып,Шалдығып жүріп, шашым ағарды?!.

Тектінің талай төрін аттадым,Досқа азық миуа толы бақтарым.Көрдім мен-дағы өмір аптабын:Қол ұшын қолдап неге бермедің,Шаруаға жегер Торы ма аттарың?Қойдан жуас дейтін...Көзіңе күйік пе толып аққаным?!

Бабамның тартқан жібін үзбедім,Тарихтың терең сырын іздедім.Күнбиді айттым, күніміз дедім, –Сүйінбай, Мұрат – жырымыз керім.

Page 122: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

122

Аялап бағың, гүлін үзбедім,Болмады неге жылы жүздерің?..

* * *

Кеудесі толған ізгі өлең, Бозторғай таңнан шырлайды.Ақиқат жолын іздеген, Ақынның үні тынбайды.

Шындық деп отқа шарпылып, Шыр-пырым шыққан мен байғұс:Кеудемнен мынау шарқ ұрып, Шырылдап ұшқан қандай құс?!

Шертемін кімге сырымды, Шемен мен шерге толды ішім;Жеткізер ме елге жырымды, Сорғалап ұшқан сол құсым.

Атаның жолын ырымдап, Әдептен әсте озбаған:Шындық деп ол да шырылдап, Елім деп бұл да боздаған!

Дауыл мен жауын, боранда, Тап болды сынға не түрлі;Жаратқан жар боп оған да, Топшысы бекіп жетілді.

Тар жолда талай тарықты, Қинала сермеп құлашты;Есіркеп құйттай ғаріпті, Есігін оған кім ашты?!

Зәредей рақым көрмеген, Запы боп шеккен захмет;Далам деп қанат сермеген, – Кім айтты оған рахмет?

Қарсы ұшқан қара дауылға, Тасырлар қанша тас атқан;Кім оны тартып бауырға, Кім оған жемін асатқан?

Жоқ-жітік көрсе жебеген, Қанатымен жүрді ол су бүркіп;Өлексе құмар не деген, Талады талай қу бүркіт!

Мейірімге өзі шөлдеген, Қиянат жасап зор, күшті;Көгіңде бояу көлбеген, Көрдің бе, достым, сол құсты?

Ермеген сейіл, селтеңге, – Сол құсты көрсең қорғай түс;Еліңнің жырын ертеңге, Апарар жалғап сол байғұс!

ӨТКЕН КҮНДЕР БЕЛГІСІ

Өткен күндер белгісі, – Жөнсізі бар, жөндісі:Аз болды ма шендісі, Мәз болды ма шерлісі?!

Page 123: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

123

Өз жерімде қи теріп, Өгей болып күн кештік.Өзегімнен итеріп, Өзеуреді білместік.

«Анау жақта» – жүзіміз, Алламен ел болды «араз»?!Алма есімді қызымыз, – «Алла» атанып ол да мәз!?

Семей қатты сорлады, Сергелдең боп сүйікті ел.Сепкен удан жондағы, – Сеспей қатты киіктер!?

Арал тұзға айналды, Арашаға түспедік.Адамдары қайғы алды, Ау да шіріп, құс та өліп.

Түу алыстан сұратып, «Тура бидің» бұйрығын;Туын елдік құлатып, Туды басқа қилы күн.

Тегінен ел келді үркіп, Тентіретті қаталдық.Тілімізді телміртіп, Тірі жетім атандық.

Абалаған айтаққа, – Абылайды «қырды-ай» кеп:Абыз болмақ қай таққа, – Абыройдан жұрдай боп?!

Өткен күндер қалдырған, Өкініш те көп еді?..Өзектерді жандырған, – Өмірдің жоқ төлемі?!

Келді азаттық шат күліп, Бебеулеткен неше ерді:Берекемді ол арттырып, Берсін тағдыр есемді!

САҒЫНЫШӨмірден ерте озған аяулы қарындастарға, достарға

Қимастықпен өзіңе хат жазамын, Сағыныш,Сені ойласам – күнәдан пәк тазамын, Сағыныш;Сағынышты сезіммен сарғаямын санаммен,Сарғайғанда шер буып, қатты азамын, Сағыныш.

Сағынғаннан бәріңді деп атадым – Сағыныш,Тастап кеттің өмірдің неге тағын, Сағыныш?!Ерте үзіліп өмірден, еңіретіп кетсең де,Елегізіп іздейді ел, отаның, Сағыныш.

Елеңдескен даламның ерке елігі, Сағыныш,Сырын енді сол жердің шертеді кім, Сағыныш?!Жарқ еттің де жоқ болдың, сіңіп қалың мұнарға,Өзегімді өкініш, өртеді мұң, Сағыныш!..

Page 124: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

124

Жаны нәзік өмірге тым құштарым, Сағыныш,Ғайып болған бір күнде, жыл құстарым, Сағыныш;Жан достарың күйзеліп, күңіреніп күйіктен,Сағымды да сындырып жүр дұшпаным, Сағыныш.

Туған елдің бағына бала емес пе ең, Сағыныш,Ағаларға алдында қарап өскен, Сағыныш;Сағым болып елестеп сары белде көлбеген,Жарқын бейнең жері жоқ санада өшкен, Сағыныш.

Осыншама мұңымды кімге шағам, Сағыныш,Ойлай-ойлай таусылды мүлде шарам, Сағыныш;Өздеріңе ұқсаған құралайлар жүр елде,Болса екен сол елдің іргесі аман, Сағыныш!..

АБАЙ АМАНАТЫАстанада Абай ескерткіші ашылғанда

Дара Абай, дарынды Абай, дарқан Абай,Қазақтың қасиеті ең қарқарадай.Топ жарып Толағайдай толыспайды ер, –Өзіндей елдің жүгін арқаламай.

Қадірлім, қасиеттім, қайран Абай,Табаны өткен кімнің тайғанамай?Алысқан мыңмен жалғыз алыбымсың,Аспанға телміріп құр ай қарамай.

Арманы, ар-намысы сөзіңде елдің,Арымай алуан ұрпақ көзін көрдің.Арқаннан босап халқың болғанда азат, – Аралап алты алашты өзің келдің!

Көк туын көтерді елі көк бөрінің,Жасқанбай, естіледі өктем үнім;Аз емес жетістігім, жетпегенін, –Жасырмай айтып берші көпке бүгін?!.

Сапыршы толғап, данам, ой тереңін,Сындарда сүрінбеудің айт, ал емін?!

Page 125: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

125

Ашынып, ашық айтып, ақ сөйлеші, –Асқақтай түссе екен деп Бәйтерегім!..

Сөзінді ұқпағандар сол баяғы, –Енжарлық, етекбасты болды аяғы.Ұлыста ұлық сайрап, ұры жайлап,Бұрышта қайыршылар қол жаяды.

Жер еді ер жасаған, нар мекендеп,Зейін жоқ жұртын баққан зарлы екен деп.Қараймын қайыршыға мен де үмітпен, –Ішінде Харон Рашит бар ма екен деп!?.

Меңгердік орыс тілін, ол бірақтаАңсаған жеткізбеді зор мұратқа.Атомның қоқысы ғып атам жерін, –Атойлап ақырында қондық атқа!

Өнеге бар еді ғой өткен биден,Жылқыдағы торы да кеткен күйден.Шекесінен қарайды шенеунігің,Шелтірейіп шетінен шекпен киген.

Еңістегі ел жайын білмесе де, Жемқорлар жетті өзінше күнде есеге.Есебінен жаңылған есіл бала, –«Есектің артын жуып» жүр көшеде.

Өнерін, бағын да елдің қоса күндеп,Қазаққа болып жүр ғой осы-ақ індет:Иттерін ырылдатып ынсапсыз жүр, –Жақсыға жаны аяулы қосамын деп.

Байыппен басына өрлер бақ та бір құз...Жат елге жаппай өріп жатқан ұл-қыз...Ес кетіп, есе тимей, есек мінген, –Ақындарды, ұлы Абай, атқа мінгіз!

Ханымыз тағында отыр, халқым аман,Сабыр бер сақтауға ата салтын әман.Марапатсыз, мадақсыз ақылың қос, Маңғаз ерге мандайы жарқыраған!

Page 126: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

126

Ермек үшін жазбайық біз өлеңді,Ұрпақ өссін үйреніп жүз өнерді.Көсем сөзбен көшелі ел көшін баста, –«Сөз түзелді, ағайын, түзел енді!»

ӘЙТІМБЕТ БИ

Жұртына пана болған қиын өрде,Айтекең – айтқан билік дүйім елге;Қалың ел қиналғанда, абзал ердің, –Болғаны қандай жақсы сүйінерге!

Жан екен тәубасынан жаңылмаған,Тексізге, тентекке де бағынбаған:Қақ жарған қара қылды би болыпты,Алдынан хан мен қара арылмаған!

Тілеген береке мен бақ құдайдан,Ел үшін болған кезде қатты майдан:Бағыстың жаңа көші басталыпты, –Әйтімбет, Қыдыр, Серкеш, Бақтыбайдан.

Айтекең елағасы дана туған,Зұлымдық, жамандыққа ара тұрған:Халқына қамқор болып жүрген екен,Хандардың орын алып санатынан.

Халқымен бірге кейіп, бір қуанған,Жортқанда жол көрсетіп шындық, арман:Бұрыпты Көкшетауға елдің көшін,Ел бері ауған кезде Сыр-Қуаңнан!..

Шығармай ел бірлігін үнемі естен,Арам ас өтпейді екен бұл өңештен.Айберді, Рысқұл, Мәшек, Өте - Қайып, –Айтекең перзенттері түлеп өскен!

Батасы қабыл болған бұ-дағы абыз!Ақ жолын атаның ел қылады аңыз;Шалқытқан Айтекеңнің шаңырағын, –Сәбике – болған дейді бір анамыз!..

Page 127: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

127

Екі ауыз сөзбен шешіп ердің құнын,Жалпыға жарлық еткен теңдік үнін;Сол кезде алты ауыл боп қанат жайып,Ұрпаққа мирас еткен ел бірлігін!

Құт дарып, әулетіне кие қонған,Мекені жасыл жайлау, иен орман:Қылшақты, Қызылағаш, Мапырашты, –Құтты жер ұрпақтары ие болған!

Ұлтына үлгі болған ұлы дарын,Ұрпағы бірі – ұстаз, бірі – ғалым:Жас буын сақтап үлкен шаңырақты,Елдіктің шайқамасын тұнық арын.

Жер азат, ел тәуелсіз болған шақта,Аздырған ел бірлігін жолдан сақта;Ақ жолы аталардың алға бастап,Жас ұрпақ жете берсін зор мақсатқа!

ЕЛДІҢ ҚҰТЫ

Ежелден ел ішінде көп данышпан:Ел құты – Жылғара мен Тоқтамыс «хан».Қарадан шыққан аға сұлтан болып, –Еңіреп ел деп екі өтті арыстан!

Жолымен Абылай, Серкеш, Құлсарының, Көненің көпке жайған үн-сарынын;Патшаның боданында бордай тозған, –Жарыққа тартқан қырдың мың сан ұлын.

Жылғара – жақсылықтың нысаны боп,Пайдасы тиген елге мысалы көп:Жұртына шапағатын көп тигізген, –Ер Шопан, Қосшығұл мен Мұса, Әлібек!

Тоқтамыс өзі қандай, ұлы қандай:Топ жарған бірі – Жандай, бірі – Маңдай!Мұстафа, Сухан, Ғафар, Қасен,.. Мұқан...Халқының қамын жеген ұлылардай.

Page 128: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

128

Жақсының жарқын ісін мен жыр етем,Ерді айтып, ел жүрегін елжіретем:Ақ жолын аталардың жалғастырып,Еңіреп ел деп өткен ер Жұмекең!..

Халқының талпынысын қолдаған әр,Бақытсыз болды-ау, әттең сол бабалар.Қорлығын көрсетіп сан сұм замана,Қол ұшын бермеді ғой қол балалар?..

Заң қандай болып еді, заман қандай,Өткен күн өкініш пен бәрі армандай;Текті ұрпақ жетсін ұлы мұратына, – Торына сұм заманның тағы алданбай.

АҚСАҚ ТЕМІРДІҢ ҮШ ҚАТЕЛІГІ

Болмаса ұлы мұрат, мақсат небір, Адамға бере ме оңай жақсатты өмір?!Әйгілеп Әмір-Темір десе Шығыс, –Алты алаш деп атапты – Ақсақ Темір!

Хан әділ болса, халық жайланады,Хан залым болса – бағы байланады:Ханның бір қателігі бір-ақ күнде, –Халықтың қасіретіне айналады!

Халықтың құрметі зор мәрт, асылға,Тарихтың сыры тұнған әр тасында:Салынған Әзірет Сұлтан сағанасы, –Дәл осы Ақсақ Темір арқасында!..

Тарихта Ақсақ Темір – алып шынар,Езгіге бірақ қайтіп халық шыдар?Үш үлкен қателігі бар еді деп,Мен емес, айтқан оны тарихшылар?!

Бірінші – тұрса да әлем нарқы қолда,Ұшпаққа жеткізбепті халқын ол да:Темірдің тегеуріні тиіп қатты, –Тоз-тоз боп құлап тынды Алтынорда!..

Page 129: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

129

Шауып ол, даңқ асырды Тоқтамыстан,Тоқтамыс ол да жаумен жоқ па алысқан?!.Батыстан жауға жолды ашып беріп, –Отанды орады ғой отқа дұшпан?!.

Екінші – озбырлығы тағы мәлім,Жайратты Баязиттің сан ұланын:Жол ашып кресшілер жорығына, –Шайқалтты шығыстың зор шаңырағын!?.

Үшінші – бастай алмай бұл шапқынды,Зұлымдық ізгілікті құрсап тұрды;Жеңе алмай жеті басты айдаһарды, –Бар күшін ағайынға жұмсап тынды!..

Осындай үш қателік даңққұмар,Қамығып, қапаланып халық тынар;Қамымен қара бастың қылған тірлік, –Ұрпақты неше буын зарықтырар!?.

СӨЗ СЕМСЕРІ

О, Махамбет! Оқтаулы мылтық, отты жыр.Ақын да сен, ер де сен.Кеудеңдегі тарпаң жүрек тынбапты-ау,Хан ордасын қақыратып келмесең.Өн бойынан от лақтырған өлеңдерің болмаса,Махамбет деген – мен десең де сенбес ем.

Сүйір тілден суырып сан сұр жебе,Жүрегіңнен жыр семсерін сермедің.Шыбын жанды шүберекке шарт түйіп,Ер көңілді елің үшін тербедің.Жауға шапқан арыныңның асқағына сүйсініп,Қазағымның қас батыры дер ме едім?!

Ерлігіңнен айналайын нар бабам,Еркіндіктің туын тіктің елге сен.Зереніңде бір тереңдік болмаса,Дүниеге дүбірлетіп келмес ең!

Page 130: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

130

Сол тереңдік бабалардың өр рухы ғой өшпейтін,О, Махамбет! Мәңгі тірі ақын да сен, ер де сен!

ТАС ТҰҒЫРЛАР ТАҚСЫРЕТІ

Көлбеген көз алдыңда биік тұлға,Қойылған ескерткіш пе сүйікті ұлға?Ғұмыры тұрлаулы ма, тұрлаусыз ба, –Өткеннің өсиетін ұйып тыңда!?.

Жалындап өткен шығар жас ғұмырда,Жарқырап тұр ғой, міне тас тұғырда:Жүйрік пе олжа салған ортасына,Қарбалас өмірдің бұл тасқынында?!

Болып па ед заманында бір керемет,Маңайын тастапты ғой гүлге бөлеп;Ол гүлді жалмап кетсе бір кебенек,Кенеусіз мұндай тірлік кімге керек?!

Жан ба еді жамағаттан жақсы ат алған?Құлайды онда неге қасқа тарлан?Орнығып басқа тірлік, басқа талғам,Өмірге келе ме өзге мақсат, арман?

Биікте қанша күн ол тұрды күліп,Билікке жүрді ғой ел құлдық ұрып:Құндылық құдай ұрып бір-ақ күнде,Дүние әлем-жәлем тұр құбылып!

Дәрменсіз дәуіңді кім дәріптеткен,Саудырап сары жезі, ит сарып кеткен;Қыдыңдап құдай болған кеше ғана, –Ал бүгін абыройсыз ғаріп неткен?

Оранып үлдеге де, бүлдеге де,Қу құлқын керек осы кімге, неге?Неліктен тәубесі жоқ ынсапсыздың, –Түссе де зор талқыға, түрмеге де?!

Ұрпақ бар кешегіні көзі көрген,Неге олар ібілістің сөзіне ерген?

Page 131: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

131

Неліктен бір-бірімен аңдысады, –Сүрінер сәтін күтіп кезі келген?

Кінәсін бір-бірінің етіп айғақ,Бітіспей жауығады екіұдай бақ:Ел ішін аздырады ерегеспен, –Екі жақ екіленіп, «е, құдайлап»!

Орнына келіп оның басқа тұғыр,(Кімдікі жаманаты, жақсы аты бұл?)Кейінгі жүреді ылғи бас қатып ұл,Ойласын ұрпаққа айтар ұлағатты ел, –Жолы бір, арманы бір, мақсаты бір!

Бұл заман осылайша мың арбасып,Шындықтың шыңына ел шығар ма асып?Жеңе алмай бірін-бірі, алма-кезек,Ізгілік зұлымдықпен тұр алмасып!

Туады оны көріп сұрақ бірге:Бұл бейне – кімге өнеге, мұрат кімге;Тұлдыр ой болмайды екен тұрақты ірге, –Дүние күлталқан боп бір-ақ күнде!

Десек те биік тұғыр, асқақ неткен?Ізгілік шығар оны жақсы атты еткен;Тұрлаусыз заманада тұғыр қанша, –Тарихтың қоқысына тастап кеткен?!

Тұлғалы тұғырсыз да ұлық адам,Төрде де тұрлаусыздың күні қараң;Ірге сап талғамымен, танымымен,Кірпішін қалап жатыр ұлы ғалам!

ӨТЕЛГЕН ПАРЫЗЕ. Құлымбеттегіне

Ераға, ер көңілді ерен аға,Өтелген парызың көп ел анаға.Топ жарған суырылып сәйгүлік ең,Сұм тағдыр сұқтанып ед неге ғана?

Page 132: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

132

Көздерін аршығандай жас тұманың,Ақ сөзің ақиқаттың ашты бағын:Құлдырап құба белден Құлагердей,Қасқиып өте шыққан қас пырағым!

Танылып талабыңмен сында қиын,Болды ғой елдің іші туған үйің:Билігін Жиреншедей бір-ақ кесіп,Бұрмаған туғанына тура биім!

Шығандап шыңға өрлесең шындық – пана,Атыңды дүрілдеткен ту ғып дала.Бойыңда бар еді ғой көп қасиет,Ойыңда болмағаны – қулық қана!

Із кесіп, іздемедің мансап, атақ,Жетіп ең жеңісіңе ар сақтап-ақ:Ел-жұртын жан-тәнімен құлай сүйген,Ғұмырың білсек – үлгі, алсақ – сабақ.

Ұрпаққа өнеге боп қалған ісі,Өзіңсің туған елдің ар-намысы:Даңқымен мансапқордың мысын басқан,Дәуірдің дәл өзіңдей бар ма арысы?!

Бағыңды байлап, шындық – шарқ ұрды құс,Бағаңды береді ғой халқың дұрыс;Артыңда сүйген халқың, даңқың қалды,Арқалап кеткен жоқсың алтын-күміс.

Еңбегің елге сіңген санамызда,Ырыс боп ырғалады даламызда;Көзіңнің тірісінде көзсіз ердей,Айналған өміріңнің бәрі аңызға!

Егінің егіп кеткен зердемізде,Дәулет боп оралады елге күзде:Сарсыған санамызды серпу үшін, –Ағатай, соғып тұршы сен де бізге...

Қақ жарған қара қылды ақ алмасым,Білемін дұшпан да мін таға алмасын;

Page 133: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

133

Адамды адал сүйген ақ жүректің,Қадірін ұға білу адамға сын.

ЖІГІТТІ ЖІГЕРЛЕНДІРУ

Сабыр ет салқын күндерге, Не жетсін жарқын күлгенге;Жақұтты алма жоғалтып, – Ағатай, алтын кеудеңде!

Құбыжық адам тұрқында, Тойым жоқ арам құлқынға;Пайым жоқ, пайданы ойлаған, Зорлардың заман тұр ырқында!

Әз жүрек тыншымағаны ма? Жүзіңді бұршы далаңа;Жадырап жақсы тілекпен, Таң атып, күн шығады, аға!

Той жасап ұлан асыр әлі, Тұмшаған тұман ашылады;Серпіп сол қара бұлттарды, Ел даңқын қыран асырады!..

ЖЕР ЖАРАСЫ ЖАЗЫЛАРӘмен Әзиевке

Түспеген ел болсақ та өмірі аттан,Жез таулар көтерілді Қоңыраттан.Құрдымға кетіп жатты бірақ әттең,Арнасы жез дария толып аққан.

Ежелден жер жәннаты Берікқара,Төскейде еркін өрген елік қана!Туған жер түрін бүгін келіп қара:Жатқандай солып арна, семіп дала...

Кім оны айналдырған тұл өмірге,Тілеуін ұрпақтардың тіле бірге.Халқының болашағын, бағын ойлап,Не дана өтпеп пе еді бұл өңірде!

Қазақтың Қаз дауысты Қазыбегі,Қазы еді, қазық еді, қазына еді.Қалдырған ұрпағына жері де бай, –Алтын, жез алып жатыр қазып елі.

Page 134: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

134

Намысты ер Нарманбеттей нар тұлғалы,Елім деп шартарапқа шарқ ұрғаны.Азаттық жолын ерлер айтып кеткен,Ұрпаққа аманат қып артындағы!

Ер қанша алаш жұрты ардақтаған,Шашасын Шашубайлар шаң қаппаған:Қаныштар туған елдің ертеңі деп,Санасын сары алтындай салмақтаған.

Қазақтың қасиеттеп кең даласын,Аялап жер жарасын, ел наласын;Ғұмырын ұлылардың жалғап берген, –Елі де ардақтайды ер данасын!

Жазылар жер жарасы, ол бірақтаСын болар әр бұтаға, әр бұлаққа;Білмеймін жан жарасы жазылар ма,Мерт болса, мінген ерлер арғымаққа?!

Жазылар жер жарасы меңдеп келген,Өткеріп ерлер жүр ғой елді өткелден:Жомарт жер жарылқасын туған жұртын,Қазына қайнап шығып кең бөктерден.

Азаттық алдық, жиды жемісті елім,Шалынсын құлағына періштенің.Жасампаз ұрпақ көрсін игілігін, –Ақтарып туған жердің кеніштерін!

АҚ ТIЛЕУДарханға

Өмiрге ұрпақ келдi iңгалаған,Сүйкiмдi сәби үнiн тыңда, далам:Көл-көсiр қуанышы ағайынның,Айналған ат ұстар деп ұл баладан!

Ұзарып өмiрдегi көшi iлгерi, Қуаныш дос көңiлiн өсiргенi:Ауылда қадiрмендi қарттар тұрып,«Ат қой» деп қолқалады досым менi.

Page 135: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

135

Дәм етiп жатқан соң ел «жырау» деп те,Айттым мен құтты болсын мынау кепке!Әйтпесе, ақ ниетке бере салғанБаршылық бала саны бұл әулетте!

Бiр тiлек күтiп жатса қалқам менен,Ат қоям, үмiтiмдi артам да мен:Балдырған базынамды қабыл алса, – Ойыма оралды есiм Дарқан деген!

«Әкеңе жоламасын жаман қылық,Жарқылдап жүреді ғой анаң күлiп:Ат жалын тартып мiнiп жүршi сен де,Халқыңның қамы дәйiм алаң қылып!»

Айналдым, алғыр қыран түле сынды,Аларсың сонда өмiрден үлесiндi:Қатерлеп айтып берем қасиетiн,Құрметтеп құлағыңа iл бұл есiмдi.

Өзгеден озбасаң да, қалқам, дара,Өзендей толып аққан тарт арнаға.Өсиет еткен бабаң кеңшiлiктiң, –Өлшемi болған дәйiм дарқан дала!

Түйiп қой көкейiңе, қалқам, мұны,Тұғырсыз болсаң мiндет артам ба iрi?Ұрпақты жебеп келген, бiле бiлсең,Халқыңның пейiлi мен дарқандығы!

Сапарлап өмiрде сан жолға асықтық,Жолдассыз жортып өрге зорға шықтық.Жiгiттiң дарқандығы жетпей қалса,Шiркiннен шығады екен сол жасықтық?

Адам көп ақ тiлеулi, арай жүздi,Жақсыға халқым оны балайды iзгi.Солардың дарқандығын түсiне алмау, –Тақырға отырғызған талай бiздi.

Ұсындық жомарттықпен төрiмiздi,Байласа, жоқ байлаған қолымызды.

Page 136: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

136

Жоғалтып алғанда сол дарқандықты,Содырлық қайнатты ғой сорымызды!?

Тасытқан мейман үшiн тай қазанын,Дарқандық жасамаған қай қазағың:Келгенде елге нәубат, алауыз боп, –Ездiктiң тарттық қой сан қайғы-азабын?

Дарқандық – ол өмiрге құштарлығың,Қасиет мұқата алмас дұшпан мұның.Дарқандық бiткен жерден басталадыҚызғаныш, күндеу менен iштарлығың…

Дарқандық құр желiкке жел берiп пе?Жақсыны көрiп, жаным, сен де елiкте!Пасықтар дарқандықтан жұрдай болған, –Жолдасын сатып барған пенделiкке.

Дүрдараз дарқандықпен болып алған, –Iштарлық iштен шалар, торып алдан.Дарқандық шет қалғанда, бұл пенденiңНе түрлi зұлымдыққа қолы барған.

Өмiрде бұл да сабақ анықталған,Айтады аңыз етiп халық тарлан:Дарқандық танытқан ер, талай елдiАузынан ажалдың да алып қалған!

Ананың сылап дарқан қолы бiздi,Жұтамыз ақ төсiнен сол уызды.Сүйекке сүтпен сіңер мiнез бұл да,Нұсқайды ол iзгiлiктiң жолын iзгi!

Дарқандық бiр қыры ғой зерделiнiң,Керек-ақ кесек мiнез ерге бүгiн:Сен биiк тұрсын деймiн, кейбiреудiңКөргенде ұсақтығын, пенделiгiн…

Тұрса алдан дарқан мiнез заман күлiп,Ұрпаққа жуымайды жаман қылық.Ат жалын тартып мiнiп жүршi сен де, –Халқыңның қамы дәйiм алаң қылып!..

Page 137: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

137

ОҚЖЕТПЕС КИЕСІМағжан мен Сәкенге

Тауы көп, таланты көп бұл қазақта,Көнетiн көр кеуде кiм құр мазаққа?Көтерген ел еңсесiн сол тұлғалар, –Сұм заман салған кезде түрлi азапқа.

Зор тұғыр қалап мәңгi мұрамызға,Сұнқарлар болады iңкәр сiрә, құзға.Киелi қия-шыңым – Оқжетпесiм,Асқақтап айналдың сен жыр-аңызға!

Мадақтап мақтан еткен дүйiм елiң,Сыр тұнған сымбатыңа сүйiнемiн!Қазағым саған қарап бой түзеген, –Оқжетпес, сен не деген биiк едiң!

Қазақтың көшiн тыңға бастап тұрған,Көтерген ел мерейiн асқақ тұлғаң!Талайды ғашық қылып сән-сымбатың, –Жанарын арулардың жасқап тынған.

Оқжетпес, сұм замандар есіңде ме:Қор болған ер Абылай, есіл Кене?!.Самғаған сұңқар жырлар көгіңе өрлеп, –Өзіңдей тұрған жауға төсін кере!..

Көтерген туу биiкке сүйiктi елiн,Көсемдер көрге түскен, киіп кебiн...Сұм заман сұрапыл боп, жасын атқан, –Қазақтың көре алмаған биiктерiн…

Сол апат тұлпарларды құлатты орға,Томсарды тотықұстар жылап торда!Тұлғалар туу биiктен тұғыр таппай, –Бола алмай болдырды ғой қуатты орда!?

Сұңқарын сұмырайдың сұлатты оғы,Ел естен шығарған жоқ бiрақта оны.Тұмшалап тұмандатқан дүлей заман, –Оқжетпес күндi аңсады шуақ толы!..

Page 138: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

138

Бүгiн де тау тұлғалар жүр санната,Маңғаз ұл мастанбайды мұнша баққа.Кiмнен кiм биiк тұр деп, – сор қайнаған, –Қазаққа болмас па екен бұл сабақ та?!

Болса да заман қилы, ара шалғай,Құлагер озады алға қара салмай;Ертеңге елеңдеген ел жадында, – Оқжетпес тұрады ылғи аласармай.

Тiлеуiн туған елi көп тiлеген,Оқжетпес неткен асқақ, текті неден?!.Қазақтың қайсар рухын кейіптеген,Көкшенің биігі бұл көк тiреген!..

ӘНШІ САЗЫ Бисара Мәкеноваға

Қаққанда Сексен көлден саз қанатын,Сұлудай сиқырланып назданатын;Ыбырай, Ақан, Бiржан дәстүрiнен,Айнымас айтқан әншi, жазған ақын.

Қаққанда Сарыарқада ән қанатын,Аз ба адам тамсанатын, таңданатын;Бұлбұлдай Бисара ару сайрағанда, –Асырған асыл өнер салтанатын!

Ажал сұм кәрiн төгiп қанды ұртынан,Айырған кезде тән мен жанды ырқынан:Бисара шырқай салса «Үшқараны», –Ұшып тұра келер ме ем мәңгi ұйқыдан!

Ажалдың жастығынан тұрар ма едiм,Осы әнге жаным неге құмар менiң?Халықтың рухын шыңдар халық әнi, –Ананың ақ сүтiндей құнарлы едiң!

Сызылтып сал әнiңе, сайра, құрбым,Келетiн қайта айналып қайда бұл күн?Жүректi тебiрентiп «Темiртаспен»,Байлығын баршаға жай Байғабылдың!

Page 139: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

139

Сарқылмай ән арнасы, күй сағасы,Адамның мың серпiлсiн ми, санасы;Баурасын сұлу сазбен бұл ғаламды, –Қазақтың бұлбұл құсы – Бисарасы!

ШОРТАНКӨЛ СЫРЛАРЫ

Шортанкөлдің жағасында біздің ел,Көлдің сырын жігіт пенен қыз білер:Бір аруды жолықтырғам сол жерде,Көңіл шіркін аңсап оны үздігер.

Жақсы көрдім, жақын тартып сол қызды,Жанарынан жаныма нұр толды ізгі:Тағдыр деген бұралаңы көп асу,Әр тарапқа алып кетті жол бізді.

Жоғалттым мен махаббаттың жүзігін,Тонаттым мен жастық шақтың қызығын:Аһ ұрады, сапырады арнасын,Соған куә Шортанкөлім – қызырым!

Ғашық жандар бірін-бірі іздеген,Кездесуден әсте күдер үзбеген:Інжуімді іздеген сол таба алмай,Шортанкөлдің жағасына жүз келем.

Көлім айтты: «Тарқайды ғой тәтті мұң,Шыда, шыда, шалқып толар шаттығың»;Баулып маған Шортаным бір бақ құсын, –Қолыма кеп қонды менің аққуым!..

Сол аққуым маған бақыт сыйлады,Көгілдірін көл бетіне жинады;Кеудемдегі жырмен бірге шалқыған,Шортанкөлдің таусылмайды сырлары.

* * *

Ауылдың жаны – айдын көл, Аспанмен, жермен сырласқан:Бөлісіп шаттық, қайғыңды ол, – Жатады толқып тынбастан.

Page 140: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

140

Қамысы үкі тағады, Қаз-үйрек ұшса қалықтап.Қияға қанат қағады, Қиялың бірге шарықтап.

Желпіген жұпар самалы, – Дертіңе шипа, дәру бар.Жаныңды баурап алады, Айдын көл, айдай арулар!

Сынға сап жақын сырласын, Сұлулар тұрар, шіркін-ай;Суға сап күміс сырғасын, Сыр тыңдар көкте сылқым ай.

Базары сынды ауылдың, Жатады дуы тарқамай;Өтінде жел мен дауылдың, Өксігін басты ол талай.

Бабалар қонған басына, Батырлар атын суарған:Елінің даңқын асыра, Тұлпар да мініп, ту алған!

Ұрпақтар көші алмасып, Сан өрнек салған жүзіне;Толқынға толқын жалғасып, Құстары ұшқан тізіле!

Толқын мен толқын жарысып, Шарқ ұрып айдын тынбайды.Тағдырлар солай табысып, – Тербейді шаттық, мұң-қайғы.

* * *

Шортанкөл, Шабақкөлмен – егіз айдын,Қондырған алақанға өзін айдың:Еркелеп екі көлде өсіп едік, –Тел емген қос ананы қозыдаймын.

Шортанкөл сан жүрекке шашыпты арай,Тербелген айдынында ғашықтар-ай;Маған да махаббаттың періштесі, –Алдымнан тұрған құшақ ашып талай!

Өрілген бұрымындай бұлты майда,Қойыны толы еді ғой құлпынайға;Сығалап сыр тыңдайтын сияқты еді, –Сырғасын суға малып сылқым ай да!

Гүлдердей күнге ұмтылған жаңа ашылып,Жас өркен желдей ескен аласұрып;Демейтін қанатынан Шортан, Шабақ,Қараөзек, Сулытомар, Қарашілік!

Page 141: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

141

Сайрайтын бұлбұл құсы қонып талға,Болмайтын бізге таңсық өрік те алма;Жиірек барушы едік жидек тере, –Арал, Жал, Қызыл, Өлең, Бөрікталға!

Құлпырып Төртқарағай, Масақонған,Құшағын жұпар шашып ашады орман;Аңсатар алыс кетсең, туған жер-ай, –Көзіңнен бұлбұл ұшып таса болған?!

Қарасу, Қоңырағаш, Шұбарағаш,Жайқалған желегі мен гүлі аралас;Мапыраш, Үшқопа деп ертеде жұрт, –Мал жапқан маң-маң басып бұған алаш!

Бәйбіше бейіті мен Бестүбегі,Ұрпаққа аңыз болып естіледі,Қарағай бауыры мен Қызылағаш, –Елімнің қоныс қылған естілері.

Жайлаған Майлыбалта, Бағыс елі,Бал қымыз бабалардың дәрісі еді:Бас болып ағайынға ел құраған, –Жанғалдай болған көпке таныс ері!

Сол ерлер пана болып қысылғанда,Қияға қырандарын ұшырған да;Арманшыл жаңа толқын, жас ұрпағың, –Апарар жалғастырып ісіңді алға!

Кеудеме күй қотарған жыршы далам,Сені ойлап іңкәр көңіл тыншымаған:Құстарың түлеп ұшып, беу, туған жер,Жарқырап жарқын бейнең тұрсын әман!

КӨКТЕМ ШУАҒЫ

Нұрлы күн шомылдырып шуақ төккен,Самал жел сыбырлайды құрақты өпкен.Сайларда сылқ-сылқ күлiп сылаң қағып,Бұрымы тарқатылған бұлақ көктем.

Page 142: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

142

Жанданып семген тамыр, қан жүгiрiп,Қураған дүниенi қуатты еткен.Бел асқан бұлақтардай туған жерден,Оралып келдім мен де жырақ кеткен!..

Сағынып сарғайып ед дала көптен,Құстарым келдi аңшыдан аман өткен.Жанымды желпiлдiрген, еркiн күлген, –Пәк тiлек, сәби сезiм, бала көктем.Назданып нәзiк сырлы Назым сұлу,Көншітер көңілімді алаң еткен;Наурыз тойын тойлап, топқа кiрiп,Шығайын сылаң қағып Қаракөкпен.

Жасыл бел, жасыл жайлау, жасыл шалғын,Төрiнде асық ойнап, асыр салдым.Көгінде аунап-қунап, асып өрге, –Мен дағы талай iстiң басын шалдым:Төбемде шыр-шыр еткен шырлап торғай,Төменде сыр-сыр еткен асыл шалғым.Ат жарыс.., алқалы орта.., ата бейiт..,Қайтайын қасына ерiп Қасым шалдың!..

АТА ЖОЛЫ

Ежелден елi құтты, досы да бай,Мапыраш жайлауы едi осы маңай:Бесiгi болған елдiң, беу туған жер,Жаныма от бересiң, қосып арай!

Ардақты ата мекен, туған ауыл,Алаңдап жүрем соқса қырда дауыл:Ұрпаққа мирас еткен бабалардың, –Достығын, салт-дәстүрiн шыңда, бауыр!

Алдыңда жатыр iзгi жосып iздер,Аңқылдап ақ пейiлмен досын iздер:Атанған «Алты ауылнай Әйтiмбет» деп, –Атақты әулет ек қой осы бiздер!

Page 143: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

143

Атадан келе жатқан бәрi айқын кеп,Бақтыбай, Қыдыр, Серкеш, ер Әйтiмбет, –Төрдегi төрт бабамыз аңыз болған,Алдынан хан мен қара тарайтын деп!

Айбердi, Рысқұл, Мәшек, Өте - Қайып,Халықтың құрметiне өте лайық:Дiңгегi дiл мен тiлдiң ұлы дәстүр, –Аруақты сыйламауды ел етедi айып.

Атажұрт – Абылай хан ордасы едi,Ханның да қадыры артық қолдаса елi;Ер Монтай… Қанай, Сейтен, Жанғал, Бектас, –Қожағұл, Пiрәлi, Әзбай – жорғасы едi!

Еншi алып Қызылағаш, Ақсораңнан,Бар едi бақ-дәулетiң басқа қонған;Өсиет, өнегең де мол едi ғой, –Бауырмал, бағын елдiң ашқан ордам!

Кең болып, кемелденiп, кеңес берiп,Жүрмейсiң бiр-бiрiңдi неге ескерiп?Ортадан ойып тұрып орын алған, –Ораздың «Бес қасқасы» емес пе едiк?!

Не керек ырың-жырың егеске ерiп,Айтпай ма жақсылардан ел естелiк?Жарыған уызынан, жарау мiнiп,Жарқынның жетi отауы емес пе едiк?!

Ақ жолмен адал болған досқа нағыз,Ел едiк ерлiк iске қосқан аңыз:Шығарда жаны бiрге Жылқыайдармыз,Шығатын шыңға бiрге Досқанамыз!

Бай едi өнегеге өмiр неткен,Ерлер-ай, ел болудың жолында өткен;Қанша әулет бауыр басып, өсiп-өндi, –Ер Жанту, Айтқұл - Атан, Жолымбеттен!

Көш бастап Жанғал батыр, Жұмық бабам,Көмейi пештерiңнiң құмықпаған;

Page 144: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

144

Ағынан жарылып бұл дос-жаранға, –Ағайын ата жолын ұлықтаған!

Топ жарып Тезекбай би, Қосым өткен,Сыйласқан сыбаға арнап досы көппен.Ежелгi ел дәстүрiн жалғастырып,Ертеңге апарайық осы бетпен!

Атаның атағы ұлға айбат берген,Қадiрiң кем едi қай қайраткерден?Бiржан сал, Балуан Шолақ бөтен емес, –Ахмет би, Қуанышбай, Айдапкелден!

Дуына ағайынның кiм қызбаған,Жақсылар жаманға бас бұрғызбаған:Қарасаң алдыңда бар қалған үлгi, –Кентқожа, Шорым, Байжан, Құлмырзадан!

Заманның көрген едiң көп дауылын,Қарассын қабағыңа тоқ бауырың;Жарасқан ынтымағы мерейi өсiп, –Тобыңды толтырып тұр Тоқтауылың!

Мұрасын аталардың жиып-терiп,Имандай өсиетке ұйып берiк;Тойларың тойға ұлассын, туған елiм,«Әлекең сый аяғын» құйып берiп!

Мастанба аз дәулетке бақ қонғаның,Жасқанба қиындыққа тап болғаның;Арасын ағайынның ала қылмай, –Қадiрiн қасиеттi сақта орданың!

ӨМІР АЙДЫНЫ

Өмiр бұл өр теңіз ғой баршаға әман,Құйылған толқын – тағдыр әр сағадан,Тербелеген айдынында қаншама адам:Топасты тасқа ұрып тар сағадан,Жасықты жарға соғып паршалаған.

Page 145: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

145

Шарқ ұрып шығады өжет шаршамаған,Деп бiлген: «арым үшiн – жан садағам!»Ұрпақ кеп толқын-толқын толысатын,Өмiр бұл өр теңіз ғой баршаға әман.

Өзектес өмір-дағы теңізбенен,Маржан бар, жаным, онда сен іздеген.Арманның ақ желкенін көтердік біз,Айдынға құлаш ұрдым өзіңменен.

Ол да өмір, ескекті нық есе білген,Аңсаған арманың ғой неше күннен;Атаның ақ батасы жебеп жүрер, –Мұра боп келе жатқан кешегіден.

Ол да өнер, серiк тауып ере бiлген,Кемемiз берiк қой деп сенемiн мен.Жасымай өр толқынға өрлей жүзiп,Маржанын терейiкшi тереңiнен.

Ғашықтар ақ тiлекпен армандаған,Қиырға аттанайық жан бармаған.Қайырлап қалса кемең қапа болма,Дауылда бiз ғана емес тал қармаған.

Көңiлiм сырға ғашық, жырға ғашық,Көк айдын көкiрегiн тұрған ашып:Көп толқын салар бәлкім не қиынға,Көрейiк адассақ та бiрге адасып.

Төсiнде көк айдынның тiлдесейiк,Көсiлген көк толқынмен бiрге есейiп.Толқынның бiреуi – асқақ, бiрi – мөлдiр,Солардай толқып-шалқып күн кешейiк.

«Жалғыздың жары – құдай» деген едi,Қамықсам қапияда деме менi.Жүректiң қалауымен аттанайық,Жандардың жаны бiрге кемедегi.

Желпiнсiн желкен керген желмен денем,Төзiм бе көк дауылда тербелмеген!

Page 146: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

146

Шежiре, ерлiк жырын шерте бергей,Кезiмде шемен басып, шер меңдеген.

Жүр солай жанарыңнан жалқын атып,Жырымды ұқ, кiмге керек жалқы бақыт?Көлдер де көп толғатқан жақұттарын, – Бағыңды жандырады жарқыратып.

Тұп-тынық толқығанда көзiңде нұр,Құлпырып бара жатсың өзiң де бұл.Кеудеңде телегейiң толқын атпай,Телмiрме тебiренбей теңiзге құр.

Тербелген толқынында қаншама адам,Өмiр бұл өр теңіз ғой баршаға әман:Арнадан аса алмайды арыны жоқ,Арманға жете алмайды аңсамаған.

ШОРТАНКӨЛДІҢ ЖАҒАСЫНА КЕЛ, ЖАНЫМ!

Бәрі есімде... Шортанкөлде жүзгенім,Айдынынан бір жақұтты іздедім:Асыр салдым, асық аттым, астым бел, –Жағасында жатыр сайрап іздерім!

Әкем атын суарған бұл суаттан,Менің де анам су алған сол бұлақтан:Шортанкөлім маржан шашып маған да,Маңдайымнан сипап еді шуақ таң!

Жарқыл қағып жөн сілтеген жолыма,Алтын балық түспеді тек қолыма;Бетпақ тағдыр бермеді оңай олжасын,Батпақ кешіп жүрдім талай сорыма!

Ол шалқыса ырыздыққа ел кенелген,Асып-тасып жатты талай кемерден;Шыңдап бақты ақ толқындар аймалап,Маржан тер деп үйретті олар тереңнен!

Лайламауға үйретті ол мөлдірді,Тазалыққа тас атпауға көндірді;

Page 147: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

147

Қызықтырды құстарымен көк құмар,Қығаныштың отын ғана сөндірді!

Тыным таппай тебіреніп, толқындап,Ғашықтардың жатар сырын ол тыңдап;Шырайлы ол да іңкәр жандар табысса,Жылайды ол да ғаріп көрсе солқылдап!

Жырға қосып туған жерін, өңірін,Аңыз етер аталардың өмірін;Сонда менің жан ұшырған жүрегім,Сонда менің алып-ұшқан көңілім!

Перзенті едім кіндігімнен байланған,Аумайды ол кеудемдегі қайнардан;Айдын ба ол көкірегімде шалқыған,Көңілім бе әлде көлге айналған?!

Онда менің тағдырым бар тартылған,Онда менің шабытым бар шарқ ұрған;Сырымды айтып, жырымды айтып жоқтаған,Менің де бір келер ақын артымнан!..

Мұнде келсем, қалмас жаным шаттанбай,Тынбас көңіл сыр сабасын ақтармай;Сайран салған, серуен құрған, сырласқан, –Сүйген жандар сұхбаттасқан шақ қандай!..

Шарқ ұрып ол жаңғыртады ел жадын,Ақтарады ғашықтардың шер, зарын;Есіркеп бір есіңе алсаң сен мені, –Шортанкөлдің жағасына кел, жаным!..

Жұтқың кесе жұпар, естіп сырымды,Ұққың келсе жан сөзімді, жырымды;Шортанкөлдің жағасына аялдап,Айналайын алсаңшы бір тынымды!..

Көз алдыңда көлдің беті дірілдеп,Жылт-жылт толқын жырымды оқыр күбірлеп;Аңыздаған ата-бабам рухындай,Алыстан бір үйір өтер дүбірлеп!..

Page 148: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

148

Көл бетінде бейнем тұрар көлбеген,Сырымды айтар толқындар жел тербеген:Сағым болып жүзер рухым тағы да,Саған деген сағыныштан шөлдеген!..

АНАЛАР. АРУЛАР

Өмір беріп, қатеңдi де кешiрген,Асыл бейне шықпайтұғын есiңнен:Ұрпақ үшiн түн ұйқысын төрт бөлiп, –Кiм бiздердi кiрпiк қақпай өсiрген?!

Бар асылды бiр бойына жинаған,Iңкәр қылып жүректердi қинаған:Шаңырақта шаттық нұрын шалқытып, –Кiм бiздерге махаббатты сыйлаған?!

Iздеп теңеу таба алмассың өзiне,Мейiрiмнiң нұры толған көзiне:Ғашық қылып, күйiп-жанып, аңсатып, –Зар қылған кiм жалғыз ауыз сөзiне?!

Iзгiлiктен бастау алған тiлегi,Тыныштық деп лүпiлдеген жүрегi:Тiршiлiктi тербететiн тынымсыз, –Кiм осынау дүниенiң тiрегi?!

Ол – аналар, өмiрдегi асылың,Ол – арулар, сүйген жарың, ғашығың;Ол – апалар, шуақ шашқан төрiңе,Ол – әжелер, тойға арнаған шашуын!

Ол қыздар ғой – сұлулықтың көрiгi,Аппақ қардай аңқылдаған көңiлi;Осы асылдар, осы арулар болса аман, –Гүл жайнайды адамзаттың өмiрi!

Алыптар да ана арқылы ер жеткен,Қанат беріп, қия шыңға серметкен;Қара жер де аналардай киелі,Тіршіліктің ақ бесігін тербеткен.

Page 149: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

149

Осы – аналар бақытыңның бастауы,Осы – арулар арманыңның асқары;Сол жандардың мейрімінен нәр алып,Таусылмайды өмірдің жыр-дастаны!

АДАМҒА БАҚЫТ СЫЙЛАҒАН

Жанды көрсең жадау тартып, мұң басқан,Жақын келiп жан досыңдай сырласқан;Абзал жандар, дәрігерлер, өздерiң, –Адам үшін өбек қаққан тынбастан.

Заман заулап, өзгерсе де бұл уақыт,Тұрасыңдар дайым адал тiл қатып.Дәрiңмен де, жаныңмен де дем берiп,Әр адамға сыйлайсыңдар бiр бақыт!

Демеп жанды үмiтпенен қараған,Өздерiңнің бауырыңдай әр адам.Көздерiңнен мол мейірім сезiлiп,Көңiлiңнен шапағат нұр тараған.

Бiр қиындық түссе адамның басына,Алдыменен сен келесiң қасына.Аялайсың алақанға салғандай,Ардақтайсың жан мерейін асыра.

Ие болып құрметке де, сенімге,Мол қуаныш қондырасың көңiлге:Тiршiлiктi сыйласа ана сәбиге,Бақыт гүлiн ұсындың сен өмiрге!

Page 150: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

150

Алтыншы тарау

МАХАББАТ НАЗДАРЫ

МАХАББАТ ДЕГЕН НЕМЕНЕ?

Махаббат – аққу ма, Сыңарын таңдайтын?Махаббат – тәтті у ма, Құмарың қанбайтын?

Махаббат – гүл шығар, Жұпары аңқыған.Махаббат – нұр шығар, Бойымыз балқыған.

Махаббат – жыр шығар, Жүрекпен ұғатын.Махаббат – шың шығар, Өрмелеп шығатын.

Махаббат – сыр шығар, Құпия қалатын.Махаббат – сын шығар, Азапқа салатын.

Махаббат – өрт шығар, Жүректі шарпыған.Махаббат – серт шығар, Айнымас қалпынан.

Махаббат – у шығар, Уайымға батырған.Махаббат – ту шығар, Жеңіске шақырған.

Махаббат – бал шығар, Таңдайға құйылған.Махаббат – бақ шығар, Маңдайға бұйырған!

ҚЫЗЫЛ КӨЙЛЕК КИГЕН ҚЫЗ

Қызыл көйлек киген қыз, қызыл көйлек,Қызықты ойлар санамда тiзiлдi-ой, кеп…Қызғанышсыз қызығып қарай бердiм, –Қырықтың бiрi, қалқам, Қызыр ғой деп;Қызыл көйлек киген қыз, қызыл көйлек!

Қыз-қыз өмiр қайнаған Құзырлы үйден,Қызды көрдiм қырмызы қызыл киген.Қызыл киiк маған да ұстатпаған,Қызарақтап отынан жүзiм күйген…Қызығы мол қыз бала-ай, қызыл киген!

Page 151: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

151

Қызыл қанат көбелек, қызыл қанат,Қызды көрiп көңiлiм бұзылғаны-ақ:Қызған отқа қызығып үйiр болма,Құзырыңа жығылсын қызыр да бақ!Қызыл қанат көбелек, қызыл қанат!

«Қызыл қыршын деушi едi, қызыл қыршын,Менiменен ойнаған жүзiң құрсын…»Қызылыңды бiз емес, аяз сорып,Үзiлдiрсе жiгiттi үзiлдiрсiн,Қызығыңнан құр қалма, қызыл қыршын!

Қылаң еткен алдымнан, қызыл елiк,Қызылқұмдай кетермiн түзiңе ерiп;Қызыл желдей түзiңде адасармын,Жүзi кеткен бөкеннiң, жүзi келiп…Қызықтырған талайды, қызыл елiк!

Қызыққа да қызықпай, қызыметке,Қыза-қыза түсермiн қызыл өртке;Қынжылтатын аз ба едi қыжыл, өкпе…Қыздан биік жоқ екен құзырет те,Қыза-қыза түсермiн қызыл өртке!

Қызыл шырай, қызыл жүз, қызыл ерiн,Қызбалықпен құр әлде сүзiлемiн?Тоңбасын деп тiлеймiн қырмызы бет, –Қонбасын деп тiлеймiн жүзiңе мұң!Қызғалдақтай құлпырған қызыл ерiн!

Қызыл желкен қиялмен жүзiп алға,Қызғылт нұры тараған қызыл алма;Қысы да бар тағдырдың, күзi барда,Қыз деген бұл өмiрдiң қызығы ғой, –Қызығыңды, қыз – ғұмыр үзiп алма!..

* * *

Кең болса-дағы мына әлем, Кездестің маған, кермарал!Сұлуға мен де құмар ем, Сүйкімдісің ғой елге бар.

Page 152: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

152

Көздері түскіш аңшының, Өзіңдей кербез маралға;Қамықпа, қалқам, бал шырын, – Бақытың, бағың бәрі алда.

Бағыңа, емес сорыңа, Сымбатты сұлу сән берген:Тор құрып сенің жолыңа, Торыған шығар сан мерген?

Тас атар тұрып тасадан, Тасбауыр көп қой аңшылар:Жасыңды көрген жасаған, Періштең сенің бар шығар!

Обалың, бәлкім соларға, Опынған ойдан зар шығар;Жаныңа шипа болар ма, Жанардан тамған тамшылар?

Қапалы болма, қарағым, Қақпанын құрған қай арсыз?Баптаған сендей маралын, Болар ма өмір баянсыз?!

Шағынба мұңға шарпылып, Кім көрмес өмір талқысын?Шағала көңлің шарқ ұрып, Шаттықтың нұры шалқысын.

Қиянат сезсе көңілің, Қиналма тағдыр қатты деп;Қиямет мына өмірің, Қиялға ғана тәттірек.

Қанаты талып шаршаған, Адасқан аққу аз ба айнам?Қонбаса құсы аңсаған, – Жайнайды, жаным, жаз қайдан?!

Гүлдейсің бүрін жаңа ашқан, Сәбидей тәтті қылығың;Шат күлкі ғана жарасқан, Шайқама көңіл тұнығын.

Жылт еткен гүлді жұлатын, – Жылты жоқ деме, шырағым:Жырқыш емес қой бұл ақын, – Жылтайын жетсе шуағым!

Шырқатып салған әніңмен, Көңілде әсем саз қалып:Сылқым да сұлу сәніңмен, – Алдымнан шықшы назданып!

* * *

Ашылып асыл шырайың: Аспанның көрдiм күн-айын.Асыққан iңкәр көңiлдей, Гүлайым, жаным Гүлайым!

Сыр болсаң нәзiк ұғайын, Сын болсаң төзiп шыдайын;Шың болсаң шырқап шығайын, Гүлайым, жаным Гүлайым!

Көңiлдiң бапта шұрайын, Өмiрдiң байқа сыңайын;Сұқтанған аз ба сұлуға, – Гүлайым, жаным Гүлайым!

Шынарым, десем шынайым: Шытырман жоқ қой күнәйiм;Шырқасын бағың шат күліп, – Гүлайым, жаным Гүлайым!

Page 153: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

153

Аман-сау бол деп ылайым, Алладан медет сұрайын;Алдымнан атшы ақ таң боп, – Гүлайым, жаным Гүлайым!..

БУРАБАЙДЫҢ МЫҢ БҰРАЛҒАН АҚҚУЫ

Бурабайдың мың бұралған аққуы,Жанарыңда жаныңның бар пәктiгi:Сезiм бе едiң шүпiлдеген кемерде,Өзiң бе едiң iңкәр жанның шаттығы?!

Бұлқынады, құлпырады гүл мүсiн,Жүрегiмдi жарып шыққан жырмысың:Жарқ-жұрқ етiп нұр ойнайды жүзiңде,Гауһармысың, лағылмысың, дүрмiсiң?!

Көңiлдi арбап алған көптiң iшiнен,Көкшетаудың көгiлдiр бiр құсы ма ең?Iңкәр жанның ықыласын ұқ, жаным,Ерке сылқым қылығыңды түсiнем!

Асықпысың, ғашықпысың мөлдiрге,Өзiңменен тербеледi көл бiрге;Шыңырауда сен жаққан бiр шырақ бар,Сол шырақты, шырайлым-ау, сөндiрме!

Мың бұралып сен айдында билесең,Тебiренiп мен бiр ғажап күй кешем;Сырға тұнған сымбат-сының болмаса,Сұлулықты, сiрә сондай сүймес ем!

Тербеледi теңiз өмiр тынымсыз,Толқиды жан, деме жаным жүр үнсiз;Егiз аққу елеңдесер, еркелер,Бiреуi өмiр сүре алмайды бiрiнсiз!

Бишi қайың сияқты мың бұралған,Мың бұралған кезiң шiркiн бiр арман;Сыңар ма едiң сұлулықтың сәнiне,Шығар ма едiм сырыңды ұғып құмардан?!

Бұлқынады, құлпырады гүл мүсiн,Жүрегiмдi жарып шыққан жырмысың:

Page 154: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

154

Жарқ-жұрқ етiп нұр ойнайды жүзiңде,Гауһармысың, лағылмысың, дүрмiсiң?!

* * *

О, Оксана, Оксана! Бейуаз сезiм, пәк сана;Назымды ұғып бақ-сәнә, Қайтiп тiлiң тапсам, ә?!

О, Оксана, Оксана! Қиылып тiл қатса да;Сыр ашпайсың басқаға, Күлесiң құр сақ-сақ, ә?!

О, Оксана, Оксана! Адам сәнi ақша ма?Гүлгүлiм бол бақшада, – Шырыныңнан татсам, ә?!

О, Оксана, Оксана! Сыр айтамын жасқана;Жори көрме басқаға, Ұят болды-ау, масқара?!

О, Оксана, Оксана! Жанарыңмен жасқама;Iңкәр көңiл – масхана, Басты ұрған тау-тасқа да!

О, Оксана, Оксана! Сенбеймiсiң расқа да?Жылы жауап қатса да, Жiбiмейтiн тас қана!

О, Оксана, Оксана! Сөзiм жерге тастама;Қу, қыздар-ай, жас бала, – Қуанбай ма тапса аға?!

О, Оксана, Оксана! «Әй» деп көңiл патшаға,Әмiр етер жоқ шара, – «Қой,– де өлеңге, – қақсама?!»

О, Оксана, Оксана! Менi өзiңе жақ сана;Тiлейтiнiм бақ, сана, – Бол адал жар, жақсы ана!..Беу, Оксана, Оксана!

* * *

И. Франконың ізімен

Сәулесін сеуіп нұрлы аспан, Жүруші ек еркін сайрандап;Екеуміз талай сырласқан, Қаңырап қапты қайран бақ.

Көңілім мұңға көміліп, Сұрапыл дауыл ұрғандай.Сұлу бақ сұрқай көрініп, Жатырқап бәрі тұрғандай.

Ақ қайың, аппақ ақ қайың, Аруды сендей сүйген ем.Сырбаздық қайтіп сақтайын, Күйінген енді күйге енем.

Page 155: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

155

Көктерек, көркем көктерек, Желге ұшқан желек, бөрігің.Ол кетті маған өкпелеп, Қалдырдым ба екен көңілін?!

Қара ағаш, қоңыр қара ағаш, Бұтағыңды кім отады-ай?Қыз жаны ол да жалаңаш, – Жарадар ету оп-оңай.

Қарағай, жасыл қарағай, Үркіткен қай сұм құсынды?Қамығып жаным қарадай, Бүреді қайғы ішімді...

Сәмбітал сұлу, сүйкімді, Сәнің жоқ бүгін сымбатты.Сұлулар көп қой сиқырлы, Біреуі-ақ бірақ қымбатты!

Алқызыл, раушан, алқызыл, Болсаң да сәнқой, тым асқақ: Жабырқау жаным жалқы жүр, Сұлудан сүйген кім аспақ?

Мүлгіген бақша, түнгі аспан, Жамырап жұлдыз жанады.Одан да жарық нұр шашқан, Жарқ еткен сәулем жанары.

Құмартқан есті құлақты, Құмырдың үні-ау жағымды.Тербелген желек сияқты, Күлкің бар – емдер жанымды.

Сен жоқсың – жер-көк тарылып, Кеткендей бақтың ажары.Сен жоқсың – жаным жабығып, Тарқаған көңіл базары.

* * *

Барады сұлу сылаңдап, Бұраңдап ойнап бұрымы.Көзімнің алды тұмандап, Шайқалды көңіл тұнығы.

Сейілге шыққан сыңайлы, Сұлуым жазды қарсы алып:Сүйгені ерген шырайлы, Сызылта мәз ол ән салып.

Қуланып қыздың жеңгесі, Деді ме, бойың жазып кел;Құйқылжып көңіл пернесі, Наздана басқан нәзік бел.

Көк орман көздің ұшында, Қос ғашық кезген сайрандап.Үріккен үміт құсым да, Бағымды кетті ойрандап.

Бір ысып денем, бір суып, Жүгірмек болдым соңынан.Күйіктен ауыр күрсініп, Өзімнің көрдім сорымнан.

Сыңарын жүрек таңдай ма, Сала ма өмір өрнегін?Сыймай-ақ кеткен маңдайға, Сүйгенім еді ол менің?!

Қызғаныш буса ішімді, Емес пе бұл бір асылық?Пердесін тоғай ысырды, Жастарды көзден жасырып...

Page 156: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

156

Үріккен құстың ұясы, – Бола ма құтты сол орман?Лайланбай мөлдір тұмасы, Самғасын түлеп сан арман!..

Кетті әттең мұңды мол артып, Қапалы болды жүрегім.Мәңгілік оны жоғалтып, Мен қайтіп өмір сүремін?!

Жолымды кесті-ау жол деген, Жыландай жатқан иреңдеп.Үрікті құсым ол неден? Кімге айтам оны сүйгем деп.

Болды ғой бәрі бекерге, Күпті боп іңкәр көңілім.Қор болып текке өтер ме, Қорғаштап келген өмірім?

Ардақтап оны сүйіп ем, Аялап едім қолыммен;Жолына тіккен дүнием, – Жоғалттым бәрін соның мен?!

Уайымды уақыт тарқатар, Жыртықты жамап-жасқармын.Тек әттең ғашық жүректі, Қор етіп қайда тастармын?!.

БІР ТАМШЫ ЖАС

Жолымыз екіге айрылды, Тыңдадық тағдыр – тақсырды:Толқыған айтып жайыңды, Көзіңде тамшы жас тұрды!

Санамыз санға бөлінді, Ойымыз болды он бөлек.Көзіңнің жасы төгілді, Тамшы жас кетті дөңгелеп:

Мен сені қайтіп жұбатам? Қош болғын деймін күбірлеп.«Бағыңды ашып бұла таң, Күндерің келер күлімдеп!»

Күн озды... Дала көктейді, Оталды талай тоғайлар...Тамшы жас неге кеппейді, Өтсе де, жаным, көп айлар?!

Құрғамай сол жас мөлдіреп, Сырымды жайып жатты елге.Жырыма жазған қонды кеп, Сия боп тамды дәптерге.

Айдынға барсам аңсап көп, Алдымнан шықты сол бейне.Бетінде судың моншақ боп, Мөлдіреп тұрды ол кейде.

Серуенге шыққан күндерде, Алдымнан талай орады:Шымқай бір қызыл гүлдерге, Шық болып сол жас қонады.

Тығылар одан таса жоқ, Салды ғой сынға не түрлі.Тоғайға барсам маса боп, – Қызартты талай бетімді.

Page 157: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

157

Жаңбырда қалсам кей уақта, Ерніме қонды ол тамшылар.Бұртиып мендей бейбаққа, Нөсерлеп өткен сол шығар?

Кеткем жоқ болып жат пенде, Сынайды өмір – қанмайдан:Қиналған кейбір сәттерде, Бұрқ етіп шықты ол маңдайдан!?..

Өкініш аз ба өзімде, Күнәмді ол менің аршымас:Айнаға барсам көзімде, – Тұрғандай болад тамшы жас.

Мен бе едім, жаным, кінәлі, Абзалға абай болсамшы;Тереземді кейде тұрады, – Тырс-тырс ұрып сол тамшы!?.

* * *

Өртеніп ғашық сүйеді, Қияға қиял серметкен;Махаббат – сезім киелі, Ғашықтың жанын тербеткен.

Баладай таза күнәдан, Ғашықтың жаны пәк қандай.Сусындап мөлдір тұмадан, Пейіштің дәмін татқандай.

Ғарыштан сәуле түспей ме, Ғашықтың жаны нұр аңқып?Көргендей болып түс бейне, Жүреді жүрек құмартып!

Сәбидей аңғал ол-дағы, Басқаға мойын бұрмайды.Қиыспай қимас жолдары, Басады кейде мұң-қайғы.

Ғашықтың жаны құпия, Ғашықтың жаны бір тылсым.Махаббат деген құтты ұя, Марқайтып өрге ұмтылсын.

Жаратқан сүйген жүректі, Жап-жарық нұрға бөлесін.Тәңірім беріп тілекті, Періште дайым жебесін!

* * *

Барайық Айнакөлге, жүр сәулешім,Көрейік көлде ойнаған күн сәулесін:Қос сәуле сыбырласып, сықылықтап,Сырғанап дөп басар ма сыр пернесін?

Барайық Айнакөлге, жүр айнашым,Жүзіңде жүз құбылып нұр ойнасын:Аққуды жазбай танып айдындағы,Бұратын шығар бізге күн айнасын?

Page 158: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

158

Бір сәуле шағылысып бір сәулеге,Жаныңды салар ма екен мұнша әуреге?Бір жүрек бір жүректі жүргенде аңсап,Бұл тағдыр құрады екен құрсау неге?

Бір сезім бір сезімге шағылысып,Жатпай ма жарқыл қағып, жанып-ысып;Жеткенде ғашық жүрек алып ұшып,Құмары қанбай ма екен әлі құшып?

Бір толқын бір толқынмен аймаласып,Баспай ма мауқын солай қайран асық;Сапырып сезім селін шалқар айдын,Жатпай ма зұлымдыққа майдан ашып.

Мөлдірін бір-бірінен асырғандай,Піріне ғашықтардың бас ұрғандай;Жатар ма ақ толқындар аспанға атып,Махаббат моншағы боп шашылғандай!

Жүзейік Сексен көлге сергек қарап,Іңкәр жан табар емес сен деп тағат:Салтанат құрсын солай Айнакөлде, –Махаббат періштесі сермеп қанат!..

* * *

Жайнатты көңілімді, Жанымды түсінгенің.Баянды өмірімді, – Бір сенің үшін дедім.

Нұрлы еді көзің неден, Жайдары құрақ ұшқан.Ынтыққан сезімменен, Шалқыдым қуаныштан.

Серпілді көңілім де, Сырласып өзіңменен.Жолыққан өмірімде, Бақ па едің мен іздеген?

Ғайыптан пайда болған, Ғажайып түсім бе едің?Бақыт боп қолға қонған, Киелі құсым менің.

СҮЙГЕН ЖҮРЕК

Сүйген жүрек сыңарын, Іздеп тыным таппайды.Махаббаттың шуағын, Суытпастан сақтайды.

Page 159: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

159

Сағыныштан сарылып, Сарқып ішіп қанша айды;Сүйген жүрек сағынып, Сүйген жүрек аңсайды!

Сүйген жүрек сүйкімді, – Жақын тартып, жақтайды.Сезім билеп сиқырлы, Бақыт құсын баптайды.

Сүйген жүрек тұрмайды, Бір-біріне мін артып,Сүйген жүрек жырлайды, Ғашық әнін құмартып.

Сүйген жүрек сенеді, Жетемін деп бақытқа.Сүйген жүрек жеңеді, Төзіп сын мен уақытқа.

Сүйген жүрек сыңарын, Сын кешсе де сатпайды.Махабаттың тұмарын, – Мәңгі-бақи сақтайды!

НҰРЖАМАЛ

Өмірдің шырағы, – Бір өшер, бір жанар;Толсын жан шуағы, Нұржамал, Нұржамал!

Бұл жыртық көңілді, Кім емдер, кім жамар?Сүр жақсы өмірді, Нұржамал, Нұржамал!

Жақсы мен жаманға, Куә ғой бұл жанар;Ақ сөйле маған да, Нұржамал, Нұржамал!

Азсын деп дүние, Табылар түрлі амал;Жеңіске кім ие, – Нұржамал, Нұржамал!

Құламас түбінде, Табылмас бір қамал;Өмірден түңілме, Нұржамал, Нұржамал!

Қыс өтер, жаз болар, Бақтар да бүр жарар;Көңілің мәз болар, Нұржамал, Нұржамал!

Өзгерер қоғам, ел, Жан отын кім жағар?Мерейлі бола бер, Нұржамал, Нұржамал!..

АҚҚУ-ҚАЗДАР – АРУ ҚЫЗДАР

Шортанкөл, Шабақкөлдiң төңiрегi,Бiз үшiн шалқып жатқан өмiр едi.Ақ айдын, аққу-қаздар, ару қыздар, –Маған сол баяғыдай көрiнедi.

Page 160: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

160

Көңiлiм осы көлге ауды неден,Қайраңдап қайсы жерде ауды кемем;Ауылдың екi көзi сияқты олар,Сияқты қос жанарың жәудiреген!

Мапыраш жайлауы бұл – болған ордам,Маңайы толған айдын, толған орман…Сендағы таптың кейiн өз ұяңды,Менiң де аққуым бар қолға қонған!..

…Ол кезде ойын қуған бiз балдырған,Жағада жалаңаяқ iз қалдырған.Шортанкөл толқындары шолпыңа ұқсап,Арбаған бiр алтын құс жүздi алдымнан!

Болғандай бiр тылсым сыр жолымдағы,Қапыда ұшты сол құс қолымдағы.Әуелден бауыр басқан балапан ек,Япырмау, қайдан шықты көңiл дағы?

Қапыда ұшқан құсым қолымдағы,Аңшының елемедiң торындағы:«Көп жiгiт маған ғашық болды»,– деме –Көлденең көк аттылар оның бәрi!..

Болайық боданыңа бiз-ақ құрбан,Қай дәурен басымызда ұзақ тұрған?Iлiндiң сен де аңшының қармағына, –Жолыңа әрқайсысы тұзақ құрған?

Қанатын iңкәр жүрек сермедi ме аз,Жарқырап бiз күткендей келмедi жаз.Бiрi едi Сексенкөлдiң – Шортан, Шабақ,Iшiнде сексен қыздың сен – қоңыр қаз!

Қайтейiн күйiнгенмен, күрсiнгенмен,Келедi жырлап бәрiн сыршыл кеудем.Бiлмеймiн бағыңа ма, сорыңа ма, –Жолықты жанабыңа бiр сұр мерген!

Шерттi ғой ғашық сырын шерлi Гәкку,Күйiктен iше алдым ба мен бiрақта у:

Page 161: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

161

Қаңқылдап қарасуда қала бердiң, –Iшiнде сексен қаздың сен бiр аққу!

Қалып ең сен ауылда, мен – шалғайда,Серiге сенiммен серт берсең қайда?Қонды деп қай қиырға қыран құсым,Зерделi зейiн қойып, зер салмай ма?!

Қалып ең сен ауылда, мен – алыста,Ауылға келем сирек демалыста.Жар таңдау, ғашық болу басқа, жаным,Жастықтың жоралғысын жоғары ұста!

Жар болып, бала сүйiп, толса легiң,Сенiң де басыңа бақ қонса дедiм.Менiң де маңдайымда бақ-талайым,Бар шығар бiздерге де оң сәлемiң.

Жүрсем де шет қиырда, елде – санам,Қайтедi сағыныш дерт меңдесе адам?Қанаты талып жеткен хаттарымдай,Қаздардан сәлем айтам мен де саған!..

Төбеңнен қаңқыл қағып қаз өткенде,Шымырлап жүрегiңдi мәз еткен не?Есiңе түстi ме екен сол бiр көктем, – Жырымды оқып шыққан газеттерге!

Сезiмдер көңiл көлге шым-шым батып,Есiңе түстi ме екен сыршыл уақыт:Құл болу құлықсызға құр алданыш, –Сүйгендi сүйе бiлу бұл – шын бақыт!

Сол қаздар қонды ма екен Шортанкөлге?Сұғынан кей жаманның қорқам мен де:Сыбырлап сұлуларға сырымды айтып,Сол қаздар жеткiзе ме қолқамды елге?!

Сағынтып Сулытомар, Қарашiлiк,Сабалап қос қанатын аласұрып;Қайран құс туған жерге асықты ма, –Бақытқа жетсiн деушi ем бағы ашылып.

Page 162: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

162

Қонды ма Жақыпкөлге, Қазалыға,Көндi ме жолдың ауыр азабына;Қалды ма бiреулердiң мазағына,Алды ма кiр түсiрiп таза арына?

Не дерсiң намыс жеңген назалыға,Сыңары сынық қанат мазалы ма?Түстi ме қалың елдiң назарына,Ауылдың айналды ма базарына?

Қанаты талды ма ұшып әр қияға,Жақсыны жаманатқа жан қия ма?Баулыған балапанын бiздерге ұқсап, –Сол қаздар Ұзынкөлге салды ма ұя!

Айналып соқты ма екен Аяқкөлге,Кiм оны шығарады аяп төрге?Садағын кезедi ме бiр сұр мерген, –Сандалған дауа бар ма саяткерге?

Жарқылдап қонған шығар Жалтыркөлге,Жалтыркөл маңайы ол да алтын көмбе:Мұнда да туып едi небiр маңғаз, –Сүйреген азаматтар халқымды өрге!

Жанардан жас сырғанап асыққан шақ, –Жүздi ме Шабақкөлде шашып моншақ!Жағада жас жүректер лүпiлдей ме, –Шiркiн деп бiз де сондай ғашық болсақ!

Аспандап көрдiң бе елге асыққанын?Олар да сезедi екен ғашық халiн:Жағада жас ғашықтар серт қыла ма, –Қалғанша сендiкпiн деп қасық қаным!..

Бiлмеймiн заман көшi қалай ауды,Сұм тағдыр құрды бiлем талай ауды:Кейiн де көлден ұшты небiр аққу, –Мен үшiн соның бүгiн бәрi аяулы!

Ғашықтың жаны – жара, жүрегi – дерт,Аққудың амандығы тiлегiм ед:

Page 163: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

163

Салтанат құрған көлде көгiлдiрдiң, –Қапыда болды-ау тағы бiреуi мерт!..

Айтуға ауыз бармас аса ауыр мұң,Болдың ба көзден мәңгi таса, құрбым?!.Аспанда ақ мамығы бұрқ ете қап,Жарқ етiп жасыны өштi-ау жас арудың!..

Сап болып сұлулықтың сыршыл әнi,Аруын iздеп айдын тыншымады:Жетедi құлағыма жер түбiнен, –Дариға-ай, Шортанкөлдiң сыңсығаны!..

Тiлеушi ем бастарында бақ тұрғанын,Бүгiн де ұшып жатыр аққуларым.Солардың сырын шертiп, жырын толғап, –Жұтамын махаббаттың тәттi уларын!

Махаббат – әрi бағың, әрi сорың,Бүгiн де Шортан, Шабақ танысы оның:Айдында – аққу-қаздар, ару қыздар, –Мұратқа жетсiн дәйiм бәрi соның!..

Page 164: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

164

Жетінші тарау

ТАҒЫЛЫМДЫ ТАҒДЫРЛАР

ӘКЕ АМАНАТЫ

«Әкем ауыр науқасқа душар болып, өлім халінде жатқанда, басында жылап отырған жас жарына айтады екен: – Жылама, неге жылайсың, сенде анау бар ғой, анау, – деп, жөргекте жатқан мені нұсқайды екен...»

Бәйкен әшімов. Ел сенімі – ең қымбатың. 57-бет.

Жас отауға түсті тағдыр жасыны,Жатты сұлап бір әулеттің асылы:Жарқылдаған жары қалды бүк түсіп,Жабырқады жамағайын, жас іні.

Сұм тағдыр-ай, сұлатты кеп тасадан,Қайран сәби, қайтіп шыдар жас анаң?Әл үстінде әкенің де тілегі:«Жалғыз ұлға жар бола гөр жасаған!..»

Жарына айтты: «Жасыңды тый, жасыма!Сұм тағдырдың салғаны да басыма:Сенде анау бар! – алданышың, әлдиің,»«Анау бар ғой! – аман сақтап, асыра!..»

Тұл болды ма жер тарпыған тұлпары?Қалды аңырап ынтызары, іңкәрі.Асылынан айырылып ағайын,Қалды артында жалғыз тұяқ ұрпағы.

Жас ананың жасын жел де кептірді,Нәрестесін тірлігіне сеп қылды.Жалғасты өмір, қамқор болып ағайын,Бір тылсым күш сүйреді алға текті ұлды!

Page 165: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

165

Арман қуып жігер-күші тасыған,Өсе берді өршеленіп жас ұлан:Қиын заман, қилы тағдыр кез келіп,Ел көрген сын өтті бәрі басынан.

Заман қиын, заң қатты еді не деген,Ұл – әкеден, қыз айрылды енеден;«Анау бар ғой!» деген үміт жетелеп,Жеткіншекті әке рухы жебеген.

Қиындықтан өтті қанша самсаған,Кезі болды тауы қайтып, шаршаған:Мұқалмады, әке рухы дем беріп,Құлшынды алға, арманына аңсаған.

«Әкем менің болған шығар осындай», –деп сындарда талпынды алға тосылмай:«Анау бар ғой!» деген әке рухы өшпей,Оңашада сырласатын досындай!

Қан майданда ел намысын жоқтаған, Батырлардай оқ пен оттан өтті аман:Шаңырағын түзеп елдің шайқалған,Қалың жұртты маңайына топтаған.

Мәнді өткеріп өз заманын, уақытын,Жоғалтпады жүректегі жақұтын:Ақ көңілден айналаға нұр шашқан, –Тапты өмірден талмай іздеп Бақытын!

Басына оның қонды еңбекпен бақ тағы,Астында оның болды биік тақ-тағы!Әке үмітін ақтап шықты ол айнымай, –Сол арқылы ел сенімін ақтады!

Қайран өмір салса да сан талқыға,Шаң жуытпай келді ізгілік салтына:Әке жүзін бір көруді аңсаған, –Әке болды ол, ата болды халқына!

«Анау бар ғой!» деген борыш, аманат,Санасында тұрды бәрін саралап:

Page 166: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

166

Ел сенімін асылындай бағалап,Жолатпады арына кір, жаманат.

Әке атына, аруағына сөз келер, –деп айнымай талай сынға төзген ер:«Анау бар ғой!» деп ықынып жылпостар,«Анау бар» деп бой түзеді өзгелер.

Оңай ма алу асқар биік белесті,Шындық жолы оқтай түзу емес-ті:Туған ел деп ту көтерген жақсылар,Тура бастар «Анау бар ғой!» деп өсті!

Қайрат қылып қалың елдің қамына,Мастанбады мансабы мен тағына:Жас буынға сенім артты сол жайсаң, –Тура бидей туған елдің бағына!

Қайран ұрпақ қанат қағып шарқ ұрар,Арман қуса алдында ата салты бар:Елін сүйген, жерін сүйген жас буын, –«Анау бар ғой!» деп асқарға талпынар!

ТӨБЕ БИДЕЙ ТӨБЕСІНЕ ЕЛ КӨТЕРГЕН Ардақты елағасы Мақтай Сағдиевке

Төбесіне көтерген ел, халайық,Төбе бидей тұлғаң бар төрге лайық:Қадіріңді қаймана қазақ біліп,Қанатыңды келесің кеңге жайып!

Талант, талап жол ашып білікті ерге,Шыға білдің шарықтап биіктерге:Миуасы мол дарақтай, ғазиз басты, –Ие білдің сүйсініп сүйікті елге!

Желкілдеген көктеммен желек-туың,Өрге қарай бастайды өр екпінің:Нар жолында жүк қалмай, намыс жыртып,Тұрады елге білініп керектігің!

Page 167: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

167

Елмен бірге биіктеп көп тұғырың,Қалың жұрттың қамымен өтті күнің:Жеті атаңнан жалғасып келе жатқан, –Тұрады елге танылып тектілігің!

Асыл еді, ағатай, затың неткен, –Аға сұлтан, би-болыс, батыр да өткен:Елмен бірге есейіп, еңсе тіктеп,Мерейің де тасып бұл жатыр көппен!

Ұлыларға жақ болдың, асылдарға,Замандардың пердесі ашылғанда;Аға болдың, алтыннан жаға болдың,Ғасырларды табыстап ғасырларға!

Ұлыларға серік боп, салтын көрген,Сырға тұнып тұрады алтын кеудең:Жас ұрпақпен бір жасар жайсаң ғұмыр,Жаңа күнмен жарқылдап жарқын бейнең!

ЕЛСЕРІКМахмұт Қасымбековке

Ол – Еліне де, Елбасына да адал серік болған жан. Қазақ тілінде «елсерік» деген сөздің бар-жоғын анық білмедім. Болса, соған бірден-бір лайық тұлға Махмұт деп білемін, болмаса, дәл осы сөз аға достың тойына мен салған олжаның бірі болсын.

Мұхтар Құл-МұхаммедТабалдырықтан биік тау жоқ (Халық даналығы).

Елбасыға көк туын, Тапсырғанда ел сеніп!Соңына ерсе көп буын, Соның бірі – Елсерік!..

Ер жолында тілегі, Басын тіккен, белсеніп;Елін сүйген жүрегі, Елдің ұлы Елсерік!

Қалың жұрты тұрғанда, Қара ормандай теңселіп;Арзанға ойын бұрған ба, Тегінде бар Елсерік!..

Page 168: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

168

Күнде терең бойлаған: Қауырт істер Кеңселік;Ер намысын ойлаған, Ертелі-кеш Елсерік!..

Серік болған сол Ерге, Ұлы істерді еңсеріп;Білім менен өнерге, Қамқор болған Елсерік!..

Сыртынан сөз ермеген, Қызыл тілге берсе ерік:Өрге құлаш сермеген, Өрені елдің Елсерік!

Тапжылмайды тұғырдан, Тапсырған соң Ер сеніп!Ел парызын ұғынған, Ертеңге алаң Елсерік!

Тәуелсіздік тұғыры, Іскерлікпен өлшеніп;Елге арналып ғұмыры, Өрлейді алға Елсерік!..

СЕРІНІҢ СЕРІГІ ЕДІ...«Ақан сері» романының авторы Сәкен серіге

Соңында содыр тағдыр соқпағы қап,Ардагер Ақан сері өтті аңырап:Тұлпары мерт болса да опқа құлап,Сері ақын сүрінген жоқ топта бірақ!

Халқының қамын жеген ер қандай-ды,Кетті ғой не кемеңгер кең маңдайлы.Бәрінің іздегені ізгі мұрат,Серінің бәріне ортақ шер мен қайғы!

Сапарға әрі қиын, әрі қашық,Халқым деп аттанады ол арып-ашып;Қаны қас жаманатпен, жалғандықпен,Сұлуға, сұлулыққа жаны ғашық!

Тізгінді беріп неше мықты қолға,Жортақтан жолда бірақ шықты жорға.Бәйгені қолдан талай алып кетті, –Бұл ездік Құлагерді жықты да орға!

Қашан бұл бақталастық құрғыр тынбақ,Мансапқор бәйге алам деп жүр қыңқылдап;Шын жүйрік суырылып мәреге озса, –Балтасы озбырлықтың тұр қылпылдап!

Page 169: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

169

Толқыны тағдыр өзен асып жардан,Ел құтын кетті тағы шашып жалған:Қапа боп қайран сері қала берді,Қапыда айырылып ғашық жардан?!.

Сұм тағдыр сала берді тұйықтала,Күйдірді, күңірентті күйік, нала:Бақиға кете барды қапияда, –Сүйген жар, сұлу жеңге, сүйікті ана!..

«Тағдыр сол, өткен өксіп не батырың,Сабыр!»– деп, айтып жатты ел ақылын...Қан жылап тұрса да іші қайран сері:«...Қамшының сабы сынды...» деді ақырын!

Ақ туы әділеттің десек те елді,Бәйгеге қосып жүр кей есектерді:Серіні тағы да бір сүрінттік деп,Сыпсыңдап жел антұрған өсек терді...

Шер толғап, шешен перне асқақ үнді,Қара бұлт қамап алды аспанымды:Жаси қап табиғат та, жасын ойнап,Жас жуып тұрды сонда жас қабірді!

Кеткен соң оралмасқа енді анасы,Бас болған балаларға ер данасы:Ортада – өр, оңашада ойы – кермек,Серінің сел болған ол – шер-наласы!?

Дарақтар ұлпа басын иіп күллі,Шомылтып бейіт жатқан биік қырды;Ақ жаңбыр ағыл-тегіл, аспан жылап,Алланың аппақ нұры құйып тұрды!

Тағдырдың тар пішкенде тапқаны қай,Талмасын Құлагерлер шапқан ұдай:Алашқа олжа салып оза берсін,Соларды тіл мен көзден сақта, құдай!

Page 170: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

170

АЗАМАТ ТҰЛҒАСЫДенсаулық сақтау саласының қайраткері

Абай Байкенжинге

Абылай ханның жолдасы, – Ұрпағы ең Жәпек батырдың:Ұлы Абай – елдің жорғасы, Қасиеті де бар атыңның!

Айыртау – елің әйгілі, Қарасай еді бір бабаң!Жарасқан бақ пен байлығы, Ел қамын ойлап тынбаған!

Жеті атаң би боп самғаған, Жетерлік тарих тегіңде!Солардың рухын жалғаған, Орының бөлек сенің де!

Ілім мен білім жинаған, Шипагер жансың шын іскер;Адамға бақыт сыйлаған, Тындырып жатсың ұлы істер!..

Қамқор боп жүрген жалпыға, Қазақтың текті ұлысың:Еңбегің сіңген халқыңа, Қадірлер елің-ұлысың!

Арайлап шығып алтын күн, Жарқырап жүрсін маңдайың:Алғысын алып халқыңның, Еңбегің жансын әрдайым!..

АҚҚУ ҚҰСТАЙ КӨЛДЕГІ

Елдің қамы дегенде, Үйдің жайын ұмытқан;Мәдениет пен өнерге, – Жаны құмар – Үмітхан!..

Талмай еңбек етем деп, Талай сында шыныққан;Шыңға шыққан жеке өрлеп, Шын еңбекқор – Үмітхан!

Кенде болып көрмеген, Кербез, әсем қылықтан;Көңілін саз тербеген, Көркі ортаның – Үмітхан!

Қасиет пен қадірді, Алған ата ғұрыптан;Қолдап талай дарынды, Қамқор болған – Үмітхан!

Талап пенен мақсатты, Шығармайтын ырықтан;Алған елден жақсы атты, Іскер ару – Үмітхан!

Асауларды тұсаған, Құты дарып құрықтан;Көңілі – жыр, құшағы – ән, Көптің сәні – Үмітхан!

Аққу құстай көлдегі, Жүзіп ішкен тұнықтан;Өнерде көп өрнегі, Өрені елдің – Үмітхан!

Page 171: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

171

Алған әділ бағасын, Халықтан да ұлықтан;Өркендетіп саласын, Өрге жүзген – Үмітхан!

Тындырып сан арлы ісін, Өз парызын шын ұққан;Алған елдің алғысын, – Ерке қызы – Үмітхан!

Ынта-рухы ғажап тым, Сан өнерден сыр ұққан; Қамын жеген қазақтың, Қайсар қызы – Үмітхан!

Жабырқаған жандарды, Жан нұрымен жылытқан;Атыра бер таңдарды, Қуанышпен, Үмітхан!

Алдан шығып алтын күн, Ата берсін күліп таң!Рухын шыңдап халқыңның, Жарқырай бер, Үмітхан!..

ҚАРСАҚБАЙДЫҢ ҚАС БАТЫРЫӨндіріс басшысы, құрметті металлург

Қадер Мәткеновке

Шығармай «кенші» деген мақсатты ойдан,Бағыңды таптың іздеп Қарсақпайдан:Ел үшін қайрат қылмай ер жігітке, –Келеді абырой мен мансап қайдан?!

Жеңілге, лауазымға ұмтылмастан,Ерінбей еңбек еттің бір тынбастан:Шыңдалған шар болаттай мыс қазанда,Шынайы ғұмырың бар – бір тың дастан!

Толықсып ойда – мақсат, қолда – күшің,Өзіңмен ел дәулеті толғаны шын;Күш салдың «Едігедей ел қамын жеп»,Намысын Қарсақпайдың қорғау үшін!..

Атқарып өндірістің қиын ісін,Көп болды қол жеткізген сүйінішің:Көкшенің аласармас шыңындайсың,Мұқалмас Ұлытаудың биігісің!

Тер төктің гүлденсін деп тамаша Отан,Болады ел әр ісіңе балаша таң:Айналдың бір құтына Қарсақбайдың,Сияқты Ерден, Бабыр, Алашахан!..

Page 172: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

172

Сабақтап Қаныш жолын – алтын тұғыр,Жеткіздің зор табысқа халқыңды бұл;Жақсы ісің жас өркенмен жалғасады, –Ұрпаққа ұлағат боп жарқын ғұмыр!..

АҚЫН МЕН ЖОЛАУШЫ(М. Мақатаевқа, болған оқиғаның ізімен)

Жолаушы мазасыз бұл қандай халық,Ауылы аңсатты ма шалғай қалып:Аттанды Алматыдан бір топ адам,Азанда Нарынқолды маңдайға алып.

«Жәйімен көлігіңді айда, шырақ!»,Жатыр ғой жас пен кәрі жайғасып ап;Қаладан шыға біреу қол көтерді,Таң атпай осы халық қайда асығад?

Автобус іші де онсыз жан самсаған,(Айып па туған жерге барса аңсаған);Кірбің бар қабағында, кіріп келді ол,Шамасы шала ұйқы ма, сәл шаршаған...

Тыянақ таппай ұйтқыр жер мен көктен,Екпіні мына адамның желден де өктем:«Жігіттер, қайда менің орыным?» – деп, Тізгінін қоя берді келген беттен.

«Еркелік бәріміз де жасап ек, тек,Өрт өмір арыныңды басады ептеп;Дұрыс қой амандығы, – аң-таң болды ел, –Бұ кім-ей, бұл несі, – деп, – баса-көктеп?!»

«Орныңды, кәне, қайссың ұсынасың?»дегендей қияпатты, сұсы басым:Бір сүзіп өте шықты өткір жанар,Сұғынан қарап тұрып қысыласың.

«Ақын ғой, әлгі ақын ше.., құнықты еріп...» –деп әркім жатыр тілге ырық беріп:

Page 173: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

173

Таныстар бас изесіп амандасты,Ешкім тек бермеді орын тұрып келіп.

«Түңілме тойдан шыққан түрім көріп,Жігіттер, жайғастың ба бұрын келіп?Менің де билетім бар, міне, ағайын,Заңымен сатып алғам құнын беріп.

Жігіттер, кешіктім рас тойға барып,Өмірде орныңды біл, ойлап алып:Нәресте, қарт жайғасса, бір сәрі ғой, –Кәнекей, жасырынбақ ойнамалық?!»

Біреулер білдірсе ашу боп наразы,Ақынның қылған мынау топқа назы:Билетпен... қалтасынан сусып түсті,Бір уыс бес сомдықтың көк қағазы.

Жарқылдап жаюшы еді елге құшақ,Кезі ғой жолға шыққан пенде құсап:Билеті рас болды, орны – мынау,Салмапты ақын буынсыз жерге пышақ.

Орнында бір жас отыр, көзі жетті,(Қулығын асырғандай өзі де епті);«Ағаңның орнын бер!» деп шықты өктем үн, –Ежелден ел ішінде көп ізетті.

Адамның бар ғой небір астамшылы,Ақынның мысы басты жас «бақсыны»:Оп-оңай орындыққа сыйып кетті, –Асылы, Аспантаудың асқақ шыңы!

Өмір – жол, көп қой асу, бұрылысы,Сол жолда табысады тірі кісі:Әлгі адам дауыс берген, болып шықтыҚаламгер бұл да, ақынның бір інісі.

«Бауырым, ренжіме сен де налып,Сыйысып отырайық кел, дем алып, –Деп жатыр жасқа да әлгі әлек қылған, –Бір жасап қайтайықшы елге барып!»

Page 174: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

174

Өзі де өкінгендей бұл ісіне,Түн қатып, ел шулатқан жүрісіне.Енді ақын қолқасы өтіп, назын ұғар,Бұрылды сол қаламгер інісіне:

– Бауырым, бізге атаның салты қалған,Жанын ол санамаған артық ардан;Осы орын лайық па осы маған, –Кімнен кім, айтшы әділін, тартып алған?!

– Ағатай, сіз бір елдің дарқан ұлы,Бір інің етті әбестік, әй тәңірі;Әйтпесе, автобустың тұғырына, –Сыя ма зорласаң да Хантәңірі!..

Автобус іші ауылдай кіші-гірім:Бәрі бар, парықты аға, пысық інің;Байқатар кісілігін ісі мығым...Жер шалғай, суыт жүріс, ысыды күн...

«Жігіттер, жолға шықтық, жақ па Қызыр?!Тоқтатып... бірің анау... жаққа жүгір:Қапырық, қаталадық... таңдай кеуіп,Шай-суан алып жетсей, ақ па қызыл?..»

Қалың ел қалғаннан соң қаумаласып,Тау ұлы тау мінезді, тауға ғашық:Уыстап ұсынады көк қағазды,Жатпайды сұрап және саудаласып.

Мына өмір қарап тұрсаң толы сұмдық,Біреуге – тор, біреуге төр ұсындық:Еркінсіп енді, міне кейбіреудің, –Кетеді қалтасына қолы сүңгіп...

Сапарлап жүрсе де сан шет қиырда,Ақынды түспепті алдау көп қиынға:Автобус бір бекетке жеткенде ұқты,Қалмапты қалтасында көк тиын да!?

... – Тексеріс. Шекаралық бекет деді,Сақшының айтқанын ел екі етпеді.

Page 175: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

175

Бұлардан рұқсатсыз кете алмайсың,Екі аттам еліңе де етектегі!

Барлығы өтіп жатыр, қалатын кім?Бәрі мәз ауылға аман баратынның;Ақтарды әрі-бері, жоғалған ба,Рұқсаты болмай шықты ал ақынның?!

Сақшы тұр сақадай-сай, тергеп алып,Көнбесең жіберердей жерге қағып:– Мәскеуге оқисың деп шақырған соң,Туысқан, қайтпақ едім елге барып!

Қаңқылдап қанат қақтым Қарасазға,Қанымнан қайнап шыққан қара сазға!Қаталап Қарасазын қатты аңсаған,Қамыққан қара қазақ баласы аз ба?!

Әркімнің өзіне ыстық Қарасазы,Қалқасы, «қара көздің аласы азы».Көміліп көрге енсем де, көкке ұшсам да,Құйылар құлағыма дала сазы.

Қайтайын сәлем беріп қарт анама,Бармасам шөгіп, азап тартады ана!Барайын Шалкөдеге, Қарқараға,Былай тұр, Хантәңірін қалқалама!

Қашанда ақындардың артық соры-ай,Азабын келеді өзі тартып жолай.– Қайтарып жібереміз сізді кері,Әңгіме бітті осымен, тәртіп солай!

Ақынның өрт шарпылған өзегінде:«Болдым ба бодан сонда өз елімде?Ен түзде еркін өскен ел едік қой,Көкжал да көже берген көжегіне!

Бара алмай өз еркіммен өз еліме,Шошысам шомыла алмай өзеніне;Жүректің қалауымен жүріп-тұрмай,Апырмау, ақын жаны төзеді ме?!»

Page 176: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

176

Топастық тосырқамай ұға ма наз,Өтіну керек шығар, сұраған аз:– Не керек, паспорт мынау, өзім – міне,Мәскеудің шақыртуы мына қағаз!

Басымды қатырдың ғой, әй зәнталақ,Өңменнен, өзеуреме, найзаң қадап;Ақыны туған жерге бармасын деп,Қояды дүниеде қай заң талап?!

Суырдай шақ-шақ еткен сен кімсің, ей?Мен болсам ақынымын елдің сүлей!Жалғыз қап айдалада ай бағам ба,Керауыз кергіме сен келгіншідей.

Тәртіп пе, осындай да тәртіптерің,Азабым аз ба жүрген тартып менің?Аяққа бассаң арын ақындардың,Қарт тарих айтар кейін артық-кемін.

...Бұл да бір өмірдегі жол ма айырық,Әлеумет алды ақынды зорға айырып.Әйтпесе, тәртіп солай, сақшы дегенТорға да тыға салар қол қайырып!..

Інісі болды солай тағы араша:– Жорға едің мұзға таймас тағаласа,Ағатай, қадіріңді ез қайдан білсін,Батырын бағалайды ел, бағаласа!

– Сақшы ма ел дәстүрін қолдап өспек?Жоныңнан таспа тіліп, жол да кеспек;Самарқау сақшы солай салады әлек,Орының мұнда сенің, онда емес деп!?

– Ел шіркін алтын бесік, алыпқа ана,Сыймайтын қасиет ол қалыпқа да.Сізге орын белгілейтін, тәйірі ол кім,Ұлым деп ардақтайтын халық қана!

– Бауырым, басу айттың, ал тыналық!Күймеске барады ақтық салты қалып.

Page 177: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

177

Өмірде, өнерде де өз орнымды, –Біреулер жүрген жоқ па тартып алып?!

– Ағатай, кетті басың қатып неден?Бола ма шын жүйрікке бақыт керең?Әркімді өз орнына қоятұғын, –Тарихтың тура биі уақыт деген!

– Осындай тағдыр тезі әр үйде бар,Татқаның жан жарыңнан әрине бал;Жаныңды ұқпаса жар – тозақ сол ғой, –Адал жар болып өтсін пәниде олар!

Осылай өтер ғұмыр жол үстінде,Ол шіркін өре кімге, өріс кімге?Айнымас жора тауып, жолдас тауып,Сүрінбей өтсең сыннан, толыстым де!..

Бірдемең бар ма, бала, шөл басатын?Божырап бара жатыр болмаса ақын.Ащы умен ашыған ми, ашу тарқап,Аяғын ағаң сонда оң басатын,Бірдемең бар ма, бала, шөл басатын?..

– Ағатай, тартынайын түзде неден?Құрметім бұл ғана емес сізге деген!Бұл – зәмзәм емес шығар, бірақ ертеңЖан болмас шөлдеп жырың іздемеген...

Шөл қысып, жол соқты ма, шаршады ақын,Айтатын айдай әлем жар сап атын,Жырына үлкен-кіші тамсанатын,Рух берген, жігер берген баршаға тың...Шөл қысып, жол соқты ма, шаршады ақын...

Елге де таяп қалды көліктері,Туған жер кеші қандай көрікті еді;Мазаны кетірді тек әлгі қулар,Түрлерін түңілді ақын көріп тегі.

Ащыдан алатындай ата кекті,Қажыды ол, көлік те елге жаңа жетті;

Page 178: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

178

Иіскеп туған жердің топырағын,Көгіне ол баурын төсеп жата кетті...

Беймаза болам іштей, жігіттер, ұқ! Жүйріктер жүр ме әділ іріктеліп?«Қайда, – деп, – орным менің?» сұрайтындай,Сол адам осы қазір кіріп келіп!..

СӘТТАР САЗЫСәттар Сейтқазиннің қазасына

Сәттар сазы – кіл шаттық па, мұңдылау,Сәттар сазы – самғау, бірде құлдырау;Сәттар сазы – асау көнбес ноқтаға,Сұм заман бұл салмас кімге қыл бұрау?!

Сәттар сазы – жетпісте де жетім үн,Кім есіркеп, сипапты кім кекілін?Мансап, мадақ көрмесе де, білгенгеІрі емес пе, бірі емес пе екінің?

Сәттар сазы – Сексен көл мен сел кешу,Серімен де, селтеңмен де селбесу;Қысқа күнде қырық сынмен белдесу,Бетпақ тағдыр бермеген бал, бермесе – у!?

Сәттар сазы – көрген зу мен қуыңды,Сәттар сазы – тура жүрген туынды;Сәттар сазы – жатырқамас бауырмал,Сәттар сазы – білмейді ата, руыңды.

Сәттар сазы – ашылмаған қазына,Сәттар сазы – ағайынға базына;Сәттар сазы – ұрпағына аманат,Сан ғасырлар құлақ түрер сазына.

Сәттар сазы – Ескене би2, хан Кене,Сәттар сазы – ортақ барлық пәндеге;Сәттар сазы – сабақ, салмақ санаға,Бір-бірінен айрылған сәтте жан, дене.

2Сәттар Сейтқазиннің арғы атасы, батыр, би болған.

Page 179: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

179

Сәттар сазы – жетпісте де желпіну,Сәттар сазы – сексенде де серпілу;Сәттар сазы – жию емес дүние боқ, –Қыранға ұқсап құздан құлап мертігу!

ЕСІНДЕ ЕЛДІҢ ЕСАҒАҢЕсмағанбет Ысмайыловтың құрметіне

Алаш рухын қорыған, – Өтіп еді неше адам:Жақсылардың соңынан, Еріп еді Есағаң!

Алаш туын жыққанда, Заман желі есалаң:Мағжан, Сәкен, Мұхтарға, – Серік еді Есағаң!

Атып, асқан ерлерді, Заманға бар не шараң:Елдің рухын зерледі, Елде қалған Есағаң!

Үзген ердің тізгінін, Сұмнан қайтіп өш алам?Ізін жалғап ізгінің, Атқа қонған Есағаң!..

Атығай мен Алшынды, – Деп санаған қос анам:Тәрбиелеп қанша ұлды, Тарлан болған Есағаң!

...Алаш туы көгімде, – Темір тордан босаған!Оқжетпестің өрінде, Есінде елдің Есағаң!

Қайтеді деп ұрпағым, Болса ағалар кеше алаң:Сезіп елдің нұр таңын, Тыныш ұйықтар Есағаң!

Тәуелсіздік даңқымен, Болса елдің көші аман:Алты алаштың салтымен, Мың жасайды Есағаң!..

БАҚ ЕККЕН БАҚЫТЫ ҮШІН БАРША ЖАННЫҢ Бесаспап бағбан Мақсұт Қасымовтың құрметіне

Нәр алып өскен адам ізгі өнерден,Атанды елағасы жүзге келген!Тағдыры мәз болмапты жастай көрген,Тәлімі аз болмапты бізге берген.

Қилы кез, қиындыққа қарамастан,Тағдырдың тасқынына араласқан.

Page 180: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

180

Қияға шыққан қайсар қарағайдай,Талпынған ту биікке бала жастан.

Жетелеп алға дайым шуақты арман,Сүрінбей өткен талай сынақтардан;Баладай ақтарылып дос-жаранға,Данадай дүйім елге сыр ақтарған!

Арқалап нардың жүгін нақ тарланша,Қолымен аялаған бақтар қанша!Дамылсыз ертелі-кеш еңбек еткен,Парызы мен қарызы ақталғанша!

Құшағын жайып салып халыққа әман,Ол ұстаз үйретуден жалықпаған.Түлеткен туған жерін кетпен алып,Тарихын жазған елдің алып қалам.

Тыншытпай кеудесінде тұнып арман,Таңдары атқан талай күліп алдан.Бақ егіп бақыты үшін барша жанның, Атанған адам осы ұлы бағбан!

Жақсыға серік болып ол қашаннан,Жетектеп талай жасты жолға салған.Дәл сондай биіктерге жетер ме еді,Адамда асқақтаған болмаса арман!

Бақытын аялаған қолға қонған,Болыпты ағайынға ол да қорған:Тәрбие берген қанша жас ұрпаққа,Тал еккен талай белге – болған орман!

Елінің ол да зәулім Бәйтерегі,(Бәйтерегі болмаса ел қайтер еді?!)Сыйлы боп ғұмыр кешкен сырбаз жанның Сырларын аңыз қылып айтады елі!

Маңдайға маңғаз ерлер сыйып тұр ма?Арнайды ел сый-құрметін сүйікті ұлға:Жасампаз жылдар көші озады алға,Ұрпақпен бірге жасап биік тұлға!..

Page 181: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

181

ЖҰЛДЫЗЫҢ БАР ЖАРҚЫРАП ЖАНҒАН КӨКТЕ

«Бурабай» газетiнiң редакторы Мәули Әлiмовтың рухына

Сырларын ерте ұғынып ұлы өмiрдiң,Жақсы не, жаман қандай бiле бiлдiң;Бiр жан жоқ сенi бiлмес, сен бiлмейтiнЖоқ едi ой-шұқыры бұл өңiрдiң!

Сыйлап ел сенiм артқан, серке деген,Бұл ғұмыр болды шiркiн келте неден?Аһ ұрып аңыраумен қала бердi, –Артыңда бауырларың еркелеген.

Атаның асыл iсiн жалғасам деп,Жүзіп ең ескегіңді алға сермеп.Шұбырған iзiң жатыр, iсiң батыл,Қайтер ек артыңда iзгi қалмаса өрнек?!

Жарқылдап жатыңа да жайып құшақ,Келiп ед кемелiңе лайықты шақ:Қапа ғып қапияда кете бардың, –Толқында аударылған қайық құсап.

Басыңа бiр сын түссе жасып қалмай,Ертеңге едi жаның ғашық қандай;Қапыда қайда кеттiң, жан достарың, –Шәуали, Жағыпарға асыққандай?!

Тiрлiкте жұп жазбаған сол достарың,Көп едi таныстарың, жолдастарың;Адамның баласы боп елдi сүйiп,Атаның ұлы болып жол бастадың!

Жақсының көзi едiң ғой жарқылдаған,Сабасы сыршыл кеудең сарқылмаған;Жолыңда бар едi ғой бақ жұлдызы,Қолыңда бар едi ғой алтын қалам!

Бар едi маңғаздығың, мәрттiгiң де,Ел шiркiн ендi үмiтiн артты кiмге?

Page 182: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

182

Артыңда қос шынарың жанға медеу, –Солардың бағы жансын нақ түбiнде!

Алдымда аға жүрсiн деген едiм,Жол тартқан мәңгiлiкке кеме ме едiң:Жарқырап жанған көкте жұлдызың бар, –Сол жұлдыз сөнбейдi деп сенедi елiң!

АБЫЛАЙХАН АУЫЛЫНЫҢ ЖIГIТТЕРI

Абылайхан ауылының жiгiттерi,Тағдырың талқыға сап iрiктедi:Мiнi жоқ озып бәйге алғаныңның,Мiнгенiң Құлагердей күлiк пе едi?!

Ол рас, Абылайдың ақ ордасын,Ардақтап деген бабаң бақ орнасын;Ол рас, патшаға ерте бодан болып,Килiктi тар ноқтаға тағы өр басың!?

Ұрпаққа ақ тiлегiң бағышталып,Аттандың әр қиянға намыс жанып:Жеткiзбей Әзiреттiң Көк сарайы,«Арғынның Ақ сарайы» алыс қалып…

Ағылып алты алаштан алқалы елiң,Алдынан Абылайдың тарқап едiң;Уытын өз бойына дарытқан көп,Елiңнiң терiстiкте қалқаны едiң!

Хан жұртын қасиеттi етiп орын,Шыңдауға ел бiрлiгiн бекiп едiң;Ақтабан-Шұбырынды тауқыметiн, –Көп тартып бес мейрам мен жетi момын!..

Еркiңдi бодандықтың жеп кiсенi,Тағдырдың тап кеген бұл тепкiсi едi;Қазаққа келетұғын пәле-жала, –Алдымен езiп-жаншып өттi сенi.

Жаттадың уставыңды, дұғаң қалып,Күманданып тастадың құранды алып;

Page 183: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

183

Сары ит сарып кеттi ғой сағанаңа,Сағы сынған сабаз аз мұны аңғарып?..

«Уралап» өткен аз ба улап елдi,Батырақ итжеккенге қуған ердi;Асың жеп, аяғыңды тепкен де бар, –Туғанға тура айтуға тура келдi!

Тарланың тамсандырып тамам елдi,Бәйгеде талай рет дара келдi.Бекiткен ел iргесiн ерлер қанша, –Ұлылар ұмытылып қала бердi…

Саралап өткенiңе мән де бермей,Бiр дертке душар болдың әлденендей;Құтпаның Құдайбердi, Әйтiмбет би,Қарасай, Қанай билер қалды еленбей!

Ол рас, тидi талай көпке себiң,Кеткен жоқ төккен терiң текке сенiң.Ол рас, өз олжаңды ойламастан,Қолы боп қожайынның от көседiң!?

Әдiлдiк, ақиқат боп досың баста-ақ,Ол рас, жүрдiң елдiң көшiн бастап.Жалбарып жалынбадың, жасқанбадың,Кермедiң керемет боп төсiңдi асқақ.

Ол рас, мiнездемең «тәртiптi, оңды»,«Тамырың» тәңiрiңнен артық болды.Әулетiң әулиесiн жатырқаумен,Дәулетiң дей алмаймын шалқып-толды.

Ол рас, тұрды арманнан арың биiк,Көп үшiн құрбан болдың жаның қиып.Елiм деп емiренген елгезегiм, –Халқыңа бере бiлдiң барыңды иiп.

Ол рас, жоспарды артық орындадың,Тең түсiп таразыда сорың, бағың:Қорықтың көлеңкеңнен атаңды айтса, –Қор болды-ау аруағым деп қорынбадың?!

Page 184: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

184

Бұлжытпай орындадың тапсырманы,Жанымның жете ме айтқан пәк сырлары:«Алға» деп тарта бермей, аллаңды да айт, –Алаштың айбын болған жақсы ұлдары!

Абылайхан ауылының жiгiттерi,Басқаның артық па ақыл, бiлiктерi:Өрледiң жеке-жеке шың басына,Бәтiр-ау, басың неге бiрiкпедi?!

Естiлген дүниеге ен дүбiрi,Елiңе небiр дана бердiң iрi;Жағаңа жармасқан да жетiп жатыр,Тартып жүр етегiңнен ендi бiрi.

Ат басын тұрсың неден iркiп бүгiн,Жанысын намысыңды бұл құтты күн;Өрiне Оқжетпестiң құлаш ұрып,Басына шықсаңдаршы Бүркiттiнiң!

Ол рас, арман қудың аңсап қана,Малға да қызықпадың, мансапқа да!Тура би, туғаныңды шырамыттың, –Алдыңа алты айналып барсақ қана!

Ол рас, өрге бастар мәрт талабың,Ақ жолың жасқа мәлiм, қартқа мәлiм;Соқпақсыз соңыңа ерген жас талапты, –Ол рас, бауырыңа тартпағаның!?

Ол рас, сыйлық берiп, пара алмадың,Қарныңды қампитпадың, қамалмадың;Ол рас, зейнеткер боп соңыра күн –Союға соқыр тауық таба алмадың!?

Ол рас, қашағанды құрықтадың,Қамы деп қара бастың құнықпадың;Жетiлем, жетемiн деп жетекке ерiп,Жетедi жетi атаңды ұмытқаның!..

Сағалап жатпасаң да сая ағашты,Саяқты сұм тағдырың аямас-ты;

Page 185: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

185

Атаққа малданып сен жүргенiңде, –Атаңның тамы қалды аяқ асты…

Атадан қалған iзгi ғұрып па едi,Аруақты қай адамзат ұмытты елi?Атақ ал, ат бапта, ескер ата салтын, –Абылайхан ауылының жiгiттерi!..

ЖАДЫМДА ЖАЙСАҢ ЖАНДАР БҰЛ

Атаның жолын жалғап кейінге,Әулеттің ортан қолындай бекем:Сыралғы елге, салмақты өмірде,Болыпты алғыр Қоңырбай көкем.

Әпикөн, Сәкең, бауыры Қожкен,Болған Мапыраш, Өрімқай мекен...Сындарды көріп дәуірі кешкен,Ешкімнен қорқып-қорынбайды екен.

Шолақ белсенді ор қазған көкіп..,Ел бұзған езді көк ұрмай ма екен?!Қорлыққа көніп, колхоздан кетіп, «Тоқтамыс» барған Қоңырбай көкем...

Жақсы жар сүйіп, жүйрік ат мінген,Уәдесін айтқан орындайды екен.Келте боп ғұмыр, бұйрық әттеген?!Көз жұмған ерте Қоңырбай көкем...

Армансыз ғұмыр – далбаса бәрі,Қайғысыз, қамсыз өмір қайда екен?Артында тұяқ қалмасадағы, –Аузында жұрттың – Қоңырбай көкем!..

Бірде оздырып, құлатқан бірде,Өрен жүйрікке өмір бәйге екен;Жете алмай жүрсем жырақтан күнде,Иманды болсын Қоңырбай көкем!..

Page 186: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

186

* * *

Жақанға

Жарқылдап жүретұғын пәк сырымен,Жақаным – жақыным ең, жақсы iнiм ең:Қиянда қияға өрлеп жүргенiмде,Сендердi перiштеге тапсырып ем.

Бақиға ерте неге көштiң, iнiм,Баршаға жағымды едi дос қылығың:Аңырап қалған жарың медет тауып, –Асқарға ұшсын биiк қос құлының!

Қанатын, мертiккендей, қаға алмай құс,Көз жұмды және солай Жамал байғұс;Опынып отырамын оңашада,Жеңетiн көп сындарды таба алмай күш.

Тағдырдың түрмесiн де, бүргесiн деКөп көрген әкем сонда тұрды есiмде;Қызықтан құр қалғандай қайран анам,Қарызбын әрбiр осы нұрлы есiмге.

Сияқты суға кеткен тал қармайды,Тап болдым тағдырға бiр тар маңдайлы;Түңiлсем түн ұйқымды төрт бөледi,Iшiмде ұлып жатқан арлан – қайғы.

Қажимын, жар кешкендей жалаңаяқ,Бермеді тағдыр олжа маған аяп;Бір ісім әупірімдеп алға басса,Бір қырсық төтеден кеп шалады аяқ.

Менiң де сыртым бүтiн, iшiм – қайғы,Iшiмді ыстаған шер ысылдайды;Соңымнан санасы бар санат берiп,Сұм тағдыр неге биiк ұшырмайды?..

Менiң де жан дүнием, аңғарсыңдар,Әкемнiң қорасындай аңғал-саңғал;

Page 187: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

187

Жортқанда жар бола гөр, Жанғал шалдар3,Жолымды жарық еткей, жанған шамдар!..

ШҰҒЫЛА ШАШҚАН ЖҰРТЫНАҚалиолла Тұрғынбайұлының рухына

Көмбе алтын сақтап көңіл сарайыңа,Шұғыла шашып өттің маңайыңа.Марқайған жақсы ісіңмен маңғаз едің,Өрлеуді жазған тағдыр-талайыңа.

Ойламай атқа мінсең бас қамын да,Жоқ еді сасқаның да, тасқаның да;Білімнің ақ ордасын қалап едің, –Өлкеңе өнер нұрын шашқаныңда.

Дос тауып ханнан-дағы, қарадан да,Төріңнен қызық-думан тараған ба?!Көп еді шарапатың ағайынға,Жоқ еді жаманатың жан адамға.

Атадан келе жатқан салтың да арда,Жолыңды жалғап жастар талпынды алға;Сарқылмас көл-дария көпшіл рухың, –Талапты ұрпақ пенен халқың барда...

ҚАТАР ҰШЫП КЕЛУШІ ЕДІК ҰЯҒА Қуатқа

Қанат қақтық бауыр болып қияға,Қатар ұшып келуші едік ұяға;Қайттім енді, жоқсың бүгін қасымда,Жамандыққа жан бауырын қия ма?!

Жүруші едік жұбымыз бұл жазылмай,Сексен көлдің қанат қаққан қазындай;Талай арман топшысынан үзіліп,Қанша сырлар қалды айтылмай, жазылмай?..

3 Жанғал – батыр, би болған елағасы.

Page 188: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

188

Жолыңды ашып, шықсын деуші ем сені өрге,Баулып едім өлең менен өнерге;Сайлап едім сүңгісін деп тереңге,Тағдыр бірақ айтқаныңа көнер ме?!.

Биік болсын деп тілеуші ем тұғырың,Шайқалмасын деп тілеуші ем тұнығың;Ажал неге ерте салды құрығын,Әттең неге қысқа болды ғұмырың?!.

Неге ұрындың кенеуі жоқ кеселге,Ердің неге ескен желдей есерге;Өзегімді өртейді сол өкініш,Бейнең бірақ жадымыздан өшер ме?

Адастырып кетті алдамшы дүние,Адасқан соң азаматтың күйі не?Қапияда айрылып өзіңнен,Қала бердік күңіреніп, күйіне?

Мына қайғы жеңілдемес жуырда,Қайрат берсін бізден соңғы буынға;Жақсы ісіңді солар алға апарып,Жасай берсін атың, тіккен туың да!..

Page 189: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

189

Сегізінші тарау

АСТАНА – АСҚАҚ АРМАН, АСЫЛ МҰРАТ

АСТАНА – АЛАШ АРМАНЫАстана қаласының әкімі, халқымыздың рухани

қазынасының жанашыры Иманғали Тасмағамбетовке

Астана – жақсы тiлек, жарқын үмiт,Шаншылған шаңыраққа алтын уық.Көшiмен жаңа ғасыр бой түзедi,Қадiрiн, қасиетiн халқым ұғып.

Келешек кесiп айтар кең өлшемiн,Астана – кемеңгер ой, кемел шешiм.Астана Бәйтерегi бой түзеген, –Биiкке көтередi ел еңсесiн!

Алланың апппақ нұры құйып көктен,Бәйтерек – Астананы сүйiктi еткен.Бәйтерек – ырысымдай үйiп-төккен,Бәйтерек – ел мерейiн биiктеткен!

Қонады Бәйтерекке қыран ғана,Қызығып қарайды жұрт құмарлана.Жетiсу, Сыр-Қуаң мен Едiл-Жайық,Есiлмен тоғысқандай бiр арнаға!

Бәйтерек – айбарым да, айбыным да,Биiгiм бой ұрғызбас қайғы-мұңға.Күлiмдеп күн сәулесi күмiс шашқан,Еркелеп Есiлдiң ен айдынында!

Қас батыр қасыма кеп қасқа маңдай,Елдiкке, ерлiкке елдi бастағандай.Тамылжып нұрға тұнса туған өңiр,Адамда болады арман басқа қандай!

Page 190: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

190

Ер болса сынады елдiң неге сағы,Бiткен жоқ елдiк-ездiк егесi әлi;Бәйтерек түлегi өссiн рух берiп, –Бөгенбай, Қабанбай мен Кенесары!..

Айналып Бәйтерегiм қара орманға,Басына бүкiл елдiң бақ орнар ма?Асқақтап Астананың Бәйтерегi,Алтын күн шашсын нұрын Ақордамда!

Астана – ел рухына тамаша айғақ:Елбасы тапқан оны данаша ойлап.Астасқан алашымның арманы бұл, –Ақжолдап, Ағатайлап, Қарасайлап!

Өшпейді ерлер елін қылған разы,Махамбет, Мағжан, Сәкен – жыр маңғазы;Тербейді елдік рухы Астананы, –Бас қосқан Біржан, Жамбыл, Құрманғазы!..

Тұлғалар тұғыр болып тұрғанда ізгі,Маңына мыңды үйіріп, жиған жүзді:Елімнің жүрегіндей елжіреген, –Астана «нұр» бейнелі, «иман» жүзді!..

Шын ғажап түлеп елдің ұл-қыздары,Ел рухын шыңдап, қала тұрғызғаны!Барады Мәңгілік ел көшін бастап,Жарқырап Астананың жұлдыздары!..

АСТАНА АСПАНЫ

Сұм заман сұғын қадап Сарыарқаға,Сызы оның батқан талай жон-арқама;Туған ел тәуелсiздiк туын тiгiп,Астана келдi оралып сол ортаға!

Абылай, Тәуке менен Қасым хан да,Көш бастап шыққан биiк асуларға;Қараөткел – Ер таңдауы, ел қолдауы, –Жол ашты бүгiн де тың ғасырларға!

Page 191: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

191

Аспаны Астананың арайланған,Тамылжып таңы болған талайға арман;Өсiрiп көңiлiңдi аңсап келген,Қол бұлғап Бәйтерегi қарайды алдан!

Асқақтап Бәйтерегi тұр Астанам,Алаулап ауласы жоқ гүл ашпаған;Есiлiм еселенiп, есiле ағып,Ер халқым өр теңiзге құлаштаған!

Сағым боп Сарыарқаның сардаласы,Заманда аз ба көрген зар-наласы?Бөгенбай, Қабанбай мен Қарасайлар, –Ізі бар Ақмоланың айналасы.

Тарихы талай сырды білдіреді,Ұл-қызы ұлтын сүйген дүлдүл еді:Нияз би, Иманжүсіп, Қажымұқан,Ыбырай, Қоңырқұлжа, Тұрлыбегі!..

Ел десе, ерлік десе алда тұрар,Рақымжан, Сағадат пен Талғаты бар;Баяғы сағым құшқан самұрық құс,Барады елдің даңқын самғатып ал!..

Аспаны Астананың нұрға бөккен,Орнатып ойда – орман, қырда көктем.Жалғаған жаңа буын ел дәстүрiн,Құлтума, Ғазиз, Шолақ жырлап өткен!

Астана – ел бақытын ашқан алаң,Толысқан топырағын басқан адам;Сарп етіп ақыл-ойын талай дана,Қаншама құрыш қолдар тас қалаған!..

Аспаны Астананың ашық қандай,Бойда – күш, ойда шабыт тасытқандай.Жас ұрпақ бақыт тауып жарасады,Табысқан бiр-бiрiмен ғашықтардай!

Болашақ бой көтерген іргеде бұл,Жарасқан жаңалықпен күнде небір.

Page 192: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

192

Есіктен есіп жаңа кірген өмір,Жас ұрпақ, жаныңды сал, үлгере біл!

Астана асқақтаса – өрiсiм кең,Аялау оны мiндет, борышым мен;Бағалап мәңгіліктің бір мезетін,Қосуым керек үлес сол үшін мен!..

«Бәйтерек» – айдарынан жел еседi,Аспанда ақша бұлтпен теңеседi.Түлектер сол тұғырдан түлеп ұшқан, –Халқымның жайнап өскен келешегі!

Асқақтап Бәйтерегi тұр Астанам,Алаулап ауласы жоқ гүл ашпаған;Жұлдызы жарқыраған елдігімнің,Ұл-қызы болашаққа құлаштаған!..

ҰЛЫ КӨШ

Туған ел, мұраты зор, арманы асқақ,Саяңда ұрпақ өсiп, жан жараспақ.Арқаны дүбiрлетiп алашым деп,Ұлы көш келедi елдi алға бастап.

Артынып Алатаудан көш келедi,Арқа да арқа-жарқа төс кередi.Қай заман мына заман – еркiн заман,Өркендеп, өрiс тауып өскен елi!

Елiне ерлерi – айбын, данасы – айбар,Келедi ғажап жылдар, тамаша айлар.Абылай, Бөгенбай мен Қабанбайлар,Кешегi өткен жол ғой Қарасайлар!

Ұмытып замандардың қайғы-азабын,Өспеген мәртебесi қай қазағың?Болады Жерұйығың жаңа астана,Толады берекемен тайқазаның!

Ерлiгi ертеңгi ұлға әлi де айбын,Ер жеткен ер киесi дарымай кiм?

Page 193: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

193

Тәукенiң тiккен туын асқақтатып,Аруағы аунап түстi-ау Абылайдың!

Шығармай аталардың сырын естен,Бұла боп қызың өскен, ұлың өскен;Туған ел, тұғырыңды ол биiктетiп,Толады ырыздығың ұлы көшпен!..

ЕСIЛ ЖӘНЕ ЕСIМ ХАН

Осы судың «есiмi», – Есiл ме, әлде Есiм бе?Көшiм ханның – Есiмi, – Қалған ғой ел есiнде!

Сiбiр, Арқа төсiнде, Өрiс тауып ер Көшiм:Оның ұлы Есiм де, – Бұрған берi ел көшiн?!

Ханға жақын жұрт па екен, – Сүйенген ел, сүйген жар…Болды оларға құт мекен, Қорғалжын мен Күйгенжар!

Көп сыры бар жасырған, Көне тарих іздерін:Моншағы ма шашылған, – Сұлу ханша Сүзгенің!

Есте қалған тұстар ма, – Есiле аққан Есiл деп;Есе бермей дұшпанға, Ес жиған ба Есiм кеп!

Тарихы да мол екен, Бекiткен ел iргесiн:Бұрып айтар орекең, – Бiлiп айтып жүрмесiн?!

«Ишим» деген ат қайдан, Шықты деп ал бағамда?Басынан ел бақ тайған, Басылды ғой табанға!?

Етсе тарих куәлiк, «Ишим» – Есiм хан шығар?!Содан берi су ағып, Тамды қанша тамшылар!..

Орда сайлап бұл маңда, Бұрын да сан хан тұрған:Жер иессiз болған ба, – Не дейдi кей антұрған?!

Еңсегей бойлы Есiм де, Елдiң қамын жегесiн;Буырқанған Есiлге, Бұрған шығар кемесiн?!

Page 194: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

194

«Елiм-айлап» босқан шақ, – Есiл жұрттың есiнде:Түркiстаннан көш бастап, Ту тiккен бе ел Есiлге?!

Азаттықтың жолында, Атпайды деп таң неге?!Қамал бұзған о мұнда, – Қаһарланып хан Кене!

Көк байрағын көтерiп, Көк түрiктiң ұрпағы:Көп бейнетi өтелiп, Көкте еркiн шырқады!

Өрге қанат серметкен, Ақордамсың Есiлiм!Жас ұрпақты тербеткен, Сенсiң алтын бесiгiм!

Еркiн аққан Есiлiм, Есте тұрар зор тұлғаң:Ашып бақыт есiгiн, Есемiздi толтырған!

БҰЛ МАҢДА АБЫЛАЙХАН ОРДАСЫ БАР

Құтпаны – Құлсарыдай қолбасылар,Бұл маңда Абылай хан ордасы бар;Рысқұл, Жанғал батыр мекенi бұл, –Ұрпағы Әйтiмбет би жорға шығар!

Азаттық болған елге кәнiгi арман,Бұл жерде бабалардың тамы қалған.Есiмде Ескене де, хан Кене де,Жаныма мен де өшпестей жарық алғам.

Алаштың ел қылған жер босқан ұлын,Сал Бiржан көкте аққуға қосқан үнiн.Айдапкел, Балуан Шолақ, Қуанышбай, –Жұп жазбай бiлген ел мен дос қадiрiн!

Өткердi ел қорлық, зорлық – бәрiн бастан,Елбасы орда сайлап, бағыңды ашқан!Қызығын ұзағынан сүйiндiр деп,Тiлеймiз тәңiрден де, қарындастан!

Ақмола, түсiп оңнан жолым саған,Бiр сенде болғаны рас көңiл, санам.Самғайды қанат қаққан жырым сенен,Асқақтап ақ дидарың көрiнсе әман!..

Page 195: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

195

әнге АрнАлғАн өлеңдер

АСТАНА – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМ

Арайланып астананың ажары,Өзiне ауған бар әлемнiң назары.Еркiн өсiп ұл мен қызы елiмнiң,Жайнағандай жаңа өмiрдiң базары.

Құлаш ұрған ертеңге, Халқымыз бар өр кеуде;Алтын тұғыр Астана, Өркендей бер, өркенде!

Асыл арман асқақтайды көңiлде,Құлшынады құлаш ұрып өмiрге.Елдiгiмдi танытады астана,Сайын дала Сарыарқаның төрiнде.

Есiл, Нұра – тұнығым, Ерлiк толы ғұмырым;Елдiгiмдi танытқан, Астана – алтын тұғырым!

ЕРЛIК ПЕН ЕЛДIК МЕКЕНI

Бөгенбай, Қабанбай мен хан Абылай,Ерлерiң ерлiктi еске салады ұдай;Қастерлеп Қарасайдай қас батырлар,Ақтарған алтын дәнiн алабың бай.

Алатау – аспанмен таласқан,Атырау – мұнаймен бағы асқан; Астана – мерейлi мекенiм,Достығы, жастығы жарасқан.

Ортаңа орда тiккен алыптарың,Бiледi, бағалайды халық бәрiн;Астана, асқақтаған асыл мекен,Жұлдызың жарқырайды, жанып бағың!

Page 196: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

196

АСТАНА ЖҰЛДЫЗЫАида Ғалымқызына

Жайнап қала, ауылым, Жаңғырады дәуірім:Туған елім, ту тiккен, – Тарқамасын сауығың!

Арманымның айғағы, Шаттығымның қайнары,Арайланған Астана, – Жеңiсiмнiң байрағы!

Аялаған ұл-қызын, Арманымдай бас қала:Жайнай берсiн жұлдызың, Нұрлы Астана, сырлы Астана!..

Ұландарға талап бер, Қырандарға қанат бер!Махаббаттың мекенi, – Алтын аймақ, абат төр!

Жақсы өмірің нұр шашқан, Жас өркенің гүл ашқан.Дәстүрің бар осындай, Ғасырларға ұласқан!

Қызың гүлдей құлпырған, Ұлың өрге ұмтылған,Айналайын, Астана, – Айналасы нұр тұнған!

Жақсы атағың жаңғырып, Жырлайды ұрпақ ән қылып,Жас өркенің жайқалып, – Жасай бершi мәңгiлiк!

ЕСIЛ ЖАҒАСЫНДА

Сырлы қала Сарыарқаның төсiнде,Сыр ақтарып сырғи аққан Есiлге;Бiрге жүрген, өрге жүзген гүлдәурен, –Қалқатайым, қалсын мәңгi есiңде.

Жасыл шырша, ақ қайың, Ғашықтарға жақ дайым.Есiлдiң ерке сұлуы, Есiмде мәңгi сақтайын.

Аяз сорған қызыл алма шырайың,Жаныңа кеп жан сырыңды ұғайын;Өмiр қайнап, көңiл жайнап өзiңмен,Аязға да, боранға да шыдайын.

Асыл ерлер ат суарған бұлақтан,Қанып iшiп, сескенбейiн сынақтан;Жас дәуренмен, дос таңдаумен жарасып,Шұғыласын шашсын елге шуақ таң.

Page 197: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

197

Есiп бiрге жаңа өмiрдiң ескегiн,Қызықтайық зәулiм үйлер өскенiн;Аппақ нұрға, ән мен жырға бөлейiк,Ақмоланың мамыражай кештерiн.

АҚМОЛА АРУЫ

Кең даланың кермаралы керiлген,Сенi көрмей серi көңiл не бiлген:Сұлу бейнең сезiм қылын қыдықтап,Шарасынан шалқып көңiл төгiлген.

Жайнап өсiп жаңа қала, жас қала,Ақ нұрымен аймалайды астана.Қиялымды баурап алған, жан сәулем,Қия алмаймын, қия алмаймын басқаға.

Жас қаланың желбiрейдi желегi,Жасыл бақша жастарға да керегi.Махаббатқа куә болып астана,Жас дәуренмен бiрге есейiп келедi.

Таныстырған, табыстырған талайды,Астананың атқан таңы арайлы.Ақ дидарың айдай жайнап аяулым,Ажарыңнан алтын сәуле тарайды.

ЕСIЛДIҢ ЕРКЕ СҰЛУЫ

Есiлдiң ерке сұлуы, Есiмнен кетпес наздарың.Жаныңның жарқын жылуы, – Жырлайды жастық саздарын.

Арбаған ойды сен ғана, Айдында жүзген аққудай;Куә боп бiзге кең дала, Тербелген қырда ақ бидай.

Сыр айтып сырбаз ақ қайың, Ой салар қайсар қарағай;Достардай бiзге жақ дайым, Пейiлi дарқан даладай.

Ойнаған нулы өңiрде, Лағындай ерке киiктiң;Сағыныш толып көңiлге, Шықпайсың естен, сүйiктiм.

Page 198: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

198

Астана қолын бұлғайды, Ертеңге нұрлы асыққан;Махаббат әнiн тыңдайды, Өмiрге iңкәр ғашықтан.

Шарқ ұрып шыңға шығайық, Шалқытып ән мен жыр кешiн;Астана өссiн нығайып, Елдiктiң шыңдап iргесiн!

АСТАНА АЖАРЫ

Көз жетпейдi кеңiстiк, кеңдiгiңе,Сөз жетпейдi ерлiгiң, елдiгiңе.Айналып Ақордаға арайланып,Ақмола, бағың жанды ендi, мiне.

Есiл, Нұра суындай, Сары алтынның буындай;Жайнап өсшi, Астана, Жеңiсiмнiң туындай.

Аңсап өткен жер ме едiң Асанқайғы,Сағынышын сүйген жан баса алмайды.Шуағыңа бөленiп туған елiң,Шүйгiнiңнен төрт түлiк бас алмайды.

Атқан таңмен нұрланып, Асу-асу шыңды алып;Өсе бершi, Астана, Өрендерiң шыңдалып.

Қыздарың – гүл, ұлдарың нар тұлғалы,Кең пейiлдi ақжарқын халқыңдағы.Төлежiп төл өрбiген төскейiңде,Далаңның ақтарылған алтын дәнi.

Жалын берiп жастарға, Шығар биiк асқарға.Тура бидей ту алып, Туған елдi баста алға!

ЕСІЛ МЕН ШҰБАР ШУАҒЫ

Астананың төрінде, Ақбұлақтар тербеліп;Асқақтайды көңіл де, Асыл арман жел беріп.

Есіп шаттық самалы, Есіл менен Шұбардан;Ғашық жандар сырласып, Шығады олар құмардан.

Егіз жүрек гүл ашқан, Екеуінде – бір арман.Ләззат күндер ұласқан, Ғашық сырын ұға алған.

Page 199: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

199

Нәр алғандай мол нұрдан, Өркен жайып өндір бақ.Бақыт құсын қондырған, Бәйтерек тұр қол бұлғап!

Махаббатпен марқайып, Ғашықтардың көңілі;Жапырағы жайқалып, Жайнайды Есіл өңірі.

ТУҒАН ЕЛ

Туған елім, дарқаным, Гүл жайнаған алқабың:Асқақтайды Астана, Төскейінде Арқаның!

Алатау, Сырдың сағасын, Атырау, Алтай арасын,Мекен етіп туған ел, Тапқан жарқын жарасым!

Арман қуған ұл-қызың, Самғап ұшқан құстарың: Жайнай берсiн жұлдызың, Қазақстаным, Қазақстаным!..

Өткен талай сындардан, Өрге жүзіп шыңдалған:Туған елім өзіңсің, Шырқау биік шыңды алған!

Қуат алып ғасырдан, Болашағың ашылған:Ерлерімнің арқасы, – Елдің даңқын асырған!

Ата-баба арманын, Ерлікпенен жалғадың:Елге бақыт сыйласын, Арайланған таңдарың!

Бағын ашып өлкенің, Өсіп-өнді өркенің:Таңдай нұрлы бүгінің, Қандай ғажап ертеңің!

НАУРЫЗ НАҚЫШЫ

Бастауындай ырыстың, Күлімдейді күміс күн:Құтты болсын, әлеумет, Ұлы күні ұлыстың!

Құтты болсын Наурыз, Гүлденеді бауымыз.Шығатұғын жыл сайын, Биік болсын тауымыз!

Ел ұмытып үрейді, Жер-дүние түлейді.Бір-біріне адамзат, Ақ тілеуін тілейді.

Төл көбейіп төскейде, Жеткіншектер өспей ме!Тату-тәтті дүйім ел, – Табысқандай дос бейне!

Дәм ұсынып қонаққа, Ел кенелер мол аққа.Бақыт боп кел, Наурыз, Жамандықты жолатпа!

Page 200: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

200

Наурыз тойы басталды, Шақырамыз достарды.Дастарқанды кең жайып, Даярладық ас дәмді.

Наурызды қарсы алып, Би билейміз, ән салып.Жаңа күннің келгенін, Барша жұртқа жар салып.

Жеті түрлі тағамнан, Таусылмастай нәр алған,Жеткен ізгі дәстүр бұл, Жеті жұртқа таралған.

Тойдың дәмін татыңыз, Қызығына батыңыз.Достығымыз нығайып, Берік болсын сапымыз.

Күн менен түн теңелді, Ел қызыққа кенелді.Топқа кіріп, достарым, Той тойлайық кел енді!

АЛМАТЫ

Алып ең, Алатаудай еңселім ең,Алматым, қоштаспаймын мен сенімен:Қарасай, Райымбектей ерлерің бар,Қара тас қақ айырылған семсерінен!..

Наурызбай, Бектемір мен Сатай, Бөлек,Сүйінбай, Жамбыл да оны атайды ерек:Амал не... Сталин деп жырлағанда, –Кім білген өркеніңді ол отайды деп?!.

Ілияс, Тұрар, Сәкен арыстарың,Кіндігі болып елдің қарыштадың:Тасытқан мерейіңді топты жарып,Ахмет, Мұхтар, Мұқан, Қаныш дарын!..

Алашқа тарап атың ұрандайын,Төріңнен түлеп ұшты қыран дайым: Күләш пен Ермек, Шәмші, Нұрғиса мен, -Бауыржан, Мұқағали, Тұманбайың!..

Көкке өрлеп қыран даңқың, жыр сұңқарың,Алатау биігіне мың шырқадың:Өзіңді өрге сүйреп ер Жұмекең,Топ жарған Димекең мен Нұрсұлтаның!..

Page 201: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

201

Ел өсті, заман түлеп, алмасты лек,Қол созды тәуелсіздік алғашқы рет:Сен сонда Ақмолаға төр ұсындың,Елдіктің сара жолын жалғастыр деп!..

Елдіктің ерлер құрған өлшемі кең,Жанымның айырылмастай бөлшегі ме ең:Аман бол, ақ дидарың арайланып,Алматым, қоштаспаймын мен сенімен!..

ТҮРКІСТАН

Түркістан – елге тірек болған аймақ,Қойнауы толған мұра, толған айғақ.Бұл жерде ел қорыған ерлер өткен:Кеудеде намыс-жігер, қолда – байрақ!..

Ерлікке куә болған ғасыр мұнда,Бірлігім барда жатқа бас ұрдым ба:Есімде – Есім ханның ескі жолы,Қасымда – қасқа жолы Қасымның да!..

Ержүрек сол халықтың ұрпағы мен,Оянған бейбіт күннің нұр таңымен;Түркістан түгендеген түркі әлемін,Әйгілі болған Әзірет Сұлтанымен!..

Түркістан – түп-тамырым, бұлағымдай,Түркістан түмен баптың тұрағындай.Түркістан – тұғырындай елдігімнің,Табылмас құтты мекен, сірә мұндай?!.

САРАЙШЫҚ

Заманның аршып берер талай сырын,Тарихтың бояуындай әр айшығың;Кетсе де сырың кеше, сының кетпес,Сазысың сар даланың Сарайшығым!

Кезінде теңге соғып, алтын сомдап,Дүбірлеп шығып еді атың сонда-ақ!

Page 202: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

202

Қатыгез сұм заманның кесірінен,Қалды ғой ордаң қирап, халқың сорлап!?..

Сөреңде толып мата, бақыр, қазан,Мақамдап мешіттерің шақырды азан!..Қақ жарып қара қылды данагөйлер,Болғандай бидің сөзі батырға заң...

Дабырлап керуен сарай, хан сарайың,Табысқан бөктеріңде қанша ағайын:Өзіңнен бабалардың сырын ұғып,Менің де жаңғырады жан сарайым!..

Толтырып қазынаңды алым-салық,Сарбаздар ел қорғады жанын салып;Рухымды серпілтеді сенің көмбең, – Тарихтың әр тарауы табылса анық.

Ерлік пен елдігімнің белгісі едің,Халқыңа тәуелсіздік берді сенім:Мұрасын зерлегенде жас ұрпағың,Басталар жақсы күнің енді сенің!..

Сұм дұшпан келтірсе де талай шығын,Өшеді рухың барда қалайша үнің?Ақтарып ерлік толы сырларыңды,Санамды сергіте бер, Сарайшығым!..

«АТАМЕКЕН» – ҚАЗАҚСТАН КАРТАСЫ Ү. Дәуренбекқызына

«Атамекен» – Қазақстан картасы, –Бедерленген елдің тауы, жартасы;Әр өңірдің тұнып тұрған сыры бар, –Мұның бәрі азаттықтың арқасы!

«Атамекен» – туған елдің бейнесі,Кең даланың кемел пішкен көрмесі:Абай, Ақан, Құрманғазы, Сүйінбай, –Шерткен сырлы домбыраның пернесі.

Page 203: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

203

«Атамекен» – жақсы үйлесім, жарасым,Сомдап салған елдің әрбір қаласын;Сергітеді суреттері сезімді,Серпілтеді жас ұрпақтың санасын!

«Атамекен» – елдің кейпін сомдаған,Сол арқылы тарих сырын толғаған;Оны шолып, қанаттанар жас талап,Қыран сынды көкке қанат қомдаған.

«Атамекен» – бабалардың арманы,«Атамекен» – балалардың талғамы;Танытып ол тәуелсіздік тұғырын,Болшаққа ел мұратын жалғады.

«Атамекен» – адамдардың аңсары,Өрнегімен ынтықтырған барашаны.Қазақстан – алып құрылыс алаңы,Салынады мектеп пен үй қанша әлі!..

«Атамекен» – жасампаз ел тұлғасы,«Атамекен» – жас ұрпақтың сырласы.Замананың қолтаңбасы ол бүгін,Білгірлікпен сомдап берген Елбасы!

«Атамекен» – Астананың ажары,Жаңа өмірдің шаттық толы базары.Мақтанышпен масаттана қарайды,Адамдардың ауғанда оған назары!

«Атамекен» – ажарлы бақ, гүлстан,Ел жауһары жиналған әр ұлыстан;Бақ тілеуі, ақ тілегі бұл елдің,Арман қуған, тілек қосқан, ұғысқан.

«Атамекен» – қасиеті оның көп тегі,Астананың сырға толы ол бөктері;Жаңа ғасыр бақшасында жайнаған,«Атамекен» – Қазақстан көктемі!..

Page 204: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

204

БҰЛАНДЫ

Бұланды, қайран Бұланды, Ел едiң сыршыл жыр-әндi;Жер едiң жетi жұрт өткен, Батырлар салған ұранды…

Маң басып осы маңайда, Өткен ғой Орақ, Мамай да.Тоқтамыс өткен топ жарып, Танылған өлкем талайға.

Бұланды – бұла ну орман, Батырлар өскен ту алған.Мапыраш пенен Шапыра, – Қарасай атын суарған!

Әйтiмбет билер бiлгенге, Айтулы ерден бiр кем бе?Абылай қонған Ақорда, – Қылшақты ол да iргеңде.

Заманда еркiн торлаған, Жанғал би елiн қорғаған.Бiржан сал, Балуан Шолақтар, – Елдiктiң жырын толғаған.

Жыр болып қонған көкейге, Бурабай, Шортан, Жөкей де.Заманға кеткен есеңдi, Есiркеп уақыт өтей ме.

Жолболды менен Қайрақты, Айшықтап аққан аймақты.Әупiлдек жақтан әуелеп, Бұлбұлың бақта сайрапты.

Ел болдың бiр кез – «Үшбұлақ»4, Басыңнан неге ұшты бақ?Мiндiң ғой ендi ұшқыр ат, Ұйқыңды аш, ұмтыл, ұшқын ат!

Бұланды, қайран Бұланды, Жаңғыртшы дәстүр, мұраңды;Атыңды жарлап айта алмай, Өткердiң күндi күмәндi.

Бұланды, қайран Бұланды, Ұшырдың қанша қыранды;Серпiлiп құлаш сермешi, Сейiлтiп бастан тұманды.

Бұланды, қайран Бұланды, Жаңғырып рухың құралды;Арнаған бұл жыр, бұл әндi, Ұмытпа сен де ұланды!..

4Бұл жерде Ақмоладан бұрын Үшбұлақ округi ашылды.

Page 205: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

205

Тоғызыншы тарау

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЛАР

ҚҰЛСАРЫ БАТЫР

Құлсары батыр қазақ тарихындағы даңқты тұлғаның бірі. Абылай хан ның серігі. Ол өзінің бір сөзінде: Ресей иелігіне иек артуда Әбілқайыр ханмен екеуміз алғашқылардың біріміз дейді.

Құлсары – елдің биі жол бастаған,Құлсары – ердің ері қол бастаған!Ақтабан-Шұбырынды заманында,Қазақтың жері бар ма ол баспаған!

Құлсары жау тезіне жан ба көнген,Құтқарған ел тағдырын жарға төнген:Төрінен Түркістанның түлеп ұшып,Би болған Абылайды хан көтерген!

Байжігіт, ер Құлеке, Жәпекпенен,Тынбастан халқын өрге жетектеген,Көтеріп абыройын, айып қылмай,Айтқанын Абылай да екі етпеген!

Қолынан келмеген тек ұрыс қана,Болған ол елге басшы, ұлысқа аға.Кезінде Қабанбайға серік болып,Дұшпанға соққы берген Шығыста да!

Келсе де малға талау, жанға зәбір,Бұл жолдың терістігі бар ма қазір?Ресей мен Қазақстан шекарасын, –Бекітіп берген ердің маңғазы бұл!..

Төнгенде елге – қатер, талайға сын,Қандай жан алды-артына қарайласын:Бекітіп шекараны, шегінбескеЖасапты бар амалын, бар айласын!..

Page 206: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

206

Тынбастан алға сүйреп өмір көшін,Халқының сезген неден жеңілмесін:Ресеймен достық желі орнасын деп,Бекіткен ол бір дана ел іргесін!

Қамы үшін болашақтың бастап қадам,Күзетіп елдің шебін қас қақпаған:Көшінен дәуірлердің көрінеді, –Тұлғасы ер бабаның асқақтаған!..

БАТЫР БАБАЛАР ЖОЛЫ

Жеткен сыр ескі аңыздан, көне күйден: «Сыйлас бол, жақсылардан өнеге үйрен», – Үлгі алған Құдайберді би де солай, Қарасай, Наурызбай, Төле биден!..

Кезінде ер атанған, нар атанған, Тараған тарлан екен Таңатардан: Қаратау, Алатауды қатар жайлап, Құтты орын сайлап алған Қараталдан!..

Ұрпағы ұлы бидің ер Медетбек, Ел үшін құлаш ұрған, өрге беттеп: Жалғасқан жақсылардың жарқын жолы, – Бұл күнде ұрпаққа үлгі, елге – мектеп.

Қастерлі мекені боп Қастек, Түрген, Аталар аңызында әспеттелген: Сапында ол Сұраншының сарбаз сайлап, Майданға жігіттерін бастап кірген!..

Жұртына елдік жайлы жар сап өктем, Би еді еркіндікті аңсап өткен; «Көзата» ердің рухын жаңғыртады, – Өтсе де қаншама жаз, қанша көктем!..

Жеткенде алаш жұрты нұрлы күнге,Елдікті мұрат қылып тірлігінде:Атаның өсиетін жалғастырып, –Ұрпағы елін қорғап жүр бүгін де!..

Page 207: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

207

Ол кезде ел кенде ме шер-наладан, Кетпеген айқай-сүрең кең даладан: Қайран ел еркіндік пен теңдікті ойлап, Қажымай ертелі-кеш жер қараған...

Ел төрі Қарқаралы, Қарқара да, Үш жүздің басын қосқан дарқан ана: Осылай Құдайберді бидің елі, – Кең жайлап келген екен Арқаға да!..

Келген соң Сарыарқаны санап төрге, Мұндағы ел қоныс берген талапты ерге: Сол ұрпақ Қарасайдың жолын жалғап, Тіреген аттың басын Қараөткелге!..

Тарихта таңбаланған ол жағы анау... Табысқан – оң жағалау, сол жағалау: Қадірін ел табысқан сол мекеннің, – Бабалар сонау кезде болжаған-ау!..

Ақмола – ел кіндігі енді бүгін, Жаңғыртқан бабалардың ен дүбірін: Қарыштап Қазақстан барады алға, – Естіртіп кең әлемге ерлік үнін!..

ЖАНҒАЛ БАТЫР ЖӘНЕ ЖАНҒАЛОВТАР

Ғұмырын кешірген ер ынсаптының,Бөлісіп өткен елдің мұң-шаттығын,Атажұрт – Хан ауылы, Жамантұзда, –Бойында жатыр батыр Қылшақтының!

Жекжат көп Жамантұзда – сол маңайда,Тезекбай құда болған ер Қанайға5:Әжеміз, Мыңжасар бай қызы – Ақмарал, –Толықсып жүзі ұқсаған толған айға.

Жанғал ер – жалын болып лапылдаған,Жауына найзағай боп шатырлаған!Алаш деп айбалтасын айға білеп, –Еңіреп ел деп өткен батыр бабам!

Page 208: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

208

Досқа – кең, дұшпанына болып өктем,Хан-қара, толған дәйім төрі көппен:«Ошбайлап!», «Әйтімбет!» деп атой салып,Мал-жанын туған елдің қорып өткен.

Бүгінгі ел біледі тек Жанғаловты...Аталар абзалын дәл аңғарыпты:Хан Кене қатар жүріп, қатар қонған, –Жанғалдың мәрттігіне таң қалыпты!..

Асыл ер алтын ерлі, күміс тұрман,Бас болып ел мен елді ұғыстырған;Оның да алдында бар ата үлгісі, –Атабай, Қанай, Ораз, Рысқұлдан!

Ақырып ата аруағын шақыра алған,Кенде емес кейінгі ұрпақ ақыл, ардан.Жаңғыртып ер есімін Қанай елі, – Ұрпаққа Жанғал батыр аты қалған!..

Сол ерлер көзі бүгін – Сартай, Баян,Жүзінен ел деп жүріп әр таймаған;Тай басса ат тұяғын топты жарып, –Ел бар ма ерін көріп марқаймаған.

«Оқ жонар – ата көрген», ол да сыйлы,Ер болсаң елге жаның сонда ашиды.Ту ұстап туған ел деп туса азамат, –Аруағы аталардың қолдаса игі!..

5Жанғалдың баласы Тезекбай би ұлы Қуанышбайға Қанай бидің белгілі ұрпағы Мыңжасар бидің қызын әперген. Кенесары хан қоныс аударарда қазіргі Жамантұз жерінде, Бағыс, Әйтімбет әулетінің Жанғал-Жәдігер ауылында мейман болып, мәжіліс құрған. Әттең бұл ел мен ердің ақтық қоштасуы еді... Абылай хан тұсындағы белгілі батыр-билердің бүгінгі ұрпақтары – Сартай Қожахметов, Баян Жанғаловтар осы өлкеден шыққан ардақты елағалары.

Page 209: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

209

ШАЯХМЕТОВТЫҢ ШАБАДАНЫ

Кір жағып көсемдері Кремльдің,Тағы да шырқын бұзды бұл өңірдің:Босады қызметтен Шаяхметов,Содан көр тұрлаусызын тұл өмірдің.

Жұлқынған Тың көтеру ұраны боп,Хрущев сол үшін де сынады кеп;Сталиннің өзі де Жұмекеңді,Бағалаған Шығыстың қыраны деп!..

Ал келіп есер билік қақпайласын,Қазыққа жаңа мансап ат байласын!..Үйінен қуып шықты жандайшаптар,Жұмекеңді басыңнан бақ тайғасын?!.

Сұңқардың көзін шұқып ұсақ қарға,Кремль құлдары мәз құс атқанға;Көп емес оның мүлкі басқалардай,Сыймайтын составтарға, ұшақтарға!..

Құдайым, сақтай көрші құл санадан,Қайда әлгі құлдық ұрған мың сан адам?Босатып шықты ол үйді, әйелімен,Бар мүлкі қолындағы бір шабадан!..

Санасын биліктің не тұмшалаған,Асатын адам ба еді ол тым шамадан;Кітап пен киім-кешек, құжат қана,Ақша емес, қолындағы бір шабадан?!.

Болса да билік үшін ол айыпты,Тәртібін партияның солай ұқты;Басшы еді ол жолға салған тәрбиелеп,Тәшенов, Оңдасынов, Қонаевты!..

Ел қамын ойлайтын ол ала таңнан,Білім мен ғылым нұрын тарата алған;Атасы аға сұлтан Тоқтамыс би,Адам еді қарадан хан атанған!..

Page 210: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

210

Айтты жай: «Мансапқорлық қалғымас ол:Басыма адалдығым болды ма сор;Атаңа не істесең, қарақтарым,Айналып келер, - деді, - алдыңа сол!?.»

Елгезек, ешкімге кек сақтамаған,Ел-жұртын қиын кезде баққан адам;Тәртіптің адамы еді, сақшы болған,Біреудің ала жібін аттамаған!

Деп еді жолға түсер халқым дұрыс,Тап болып тар заманға сарқылды күш;Салық сап қинамады ол санатына,Ашкөз боп жинамады ол алтын-күміс!..

Бірі еді көптің күткен ол да айлықты,Тегінде бар ғой, рухы сондай мықты;Тонаған елдің мүлкін аз ба бірақ,Көріне кете ме алып сол байлықты?!.

Кей тұлға оралады халқына кеш,Сықиған шабаданы алтын емес;Әділдік, тазалықтың бейнесі боп,Тұрады алда сол бір жарқын елес!..

Ағайын, болашаққа болсақ алаң,Адалдық өшпесе екен ол санадан;Сияқты жыртық тоны Аяз бидің,Тұрса екен ел есінде сол шабадан!..

ЖАН ЖЫЛУЫАхметжан Сағындықовқа

Өмірге өзіңше ерек салып өрнек,Сыйлайды ел шипа қолды дәрігер деп;Абзал жан ақ халатты атанғансың, –Адамның тәні емес тек, жанын емдеп.

Ақ сүтін ақтағалы мәрт ананың,Өрледі білім қуып нар талабың.

Page 211: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

211

Ерінбей ел-жұртыңа еңбек етіп,Алғысын ағайынның арқаладың.

Әкей де елге елеулі болған адам,Аруағы оның бекер қолдамаған.Ұзартып үмітіңді қайран ана, –Сен – түзде, ол ауылда жол қараған.

Дүние егесі көп бұл бір майдан,Еңбекқор ердің салтын құрдың қайдан?Талпынып тұғырыңды алдың биік,Бата алып текті атамыз – Тұрғынбайдан!

Секілді келген науқас туысың нақ,Жан нұрын шаштың елге уысыңа ап:Адамдар шипа тапты ғазиз жанға,Алдынан сен шыққанда жылыұшырап!

Аз емес бір басыңда абырой, бақ,Құрметі елдің бұған тәуір айғақ:Көкшетау бір ұлым деп көтермелеп,«Ақан» деп ардақтайды ауыл-аймақ!

Атыңды жақын түгіл, жат біледі,Көңілдің осы шығар нақ бір емі;Зайдадай зейінді ана зерделеген, –Шығар бұл үлкендердің ақ тілегі!

Ізгілік дәнін жүрген терең егіп,Жылдарға жылдам аққан бере ме ерік?Өзіңдей алдында үлкен тұлға бар деп,Соңыңнан бір тың буын келеді еріп.

Халқым деп қалыптасқан тұлға сынды,Мін тауып кеміте алар кім басыңды?Алпыс жыл ақ сөйлепті асыл жүрек, –Адамзат жатса аяқтап бір ғасырды.

Алғандай алғырлықты алтын күннен,Кем түсер салиқалы салтың кімнен?Олжамен ел ортасын толтыра бер, –Осынау жарқын күлген қалпыңменен!..

Page 212: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

212

АНА ПЕЙІЛІ

Аузына тосып елдің ақ дәміңді,Пейілің ала бөтен ақтарылды;Маған да ақ жол тілеп қалып едің,Медеу ғып өрге қанат қаққанымды.

Жан едің дастарқаның жиылмаған,Амал не, ұзақ ғұмыр бұйырмаған;Немерең суретіңе телмірді енді, –Не дейін, сәби түгіл, қиын маған?!

Ақ сүтті ақтай алмай бір-ақ түнгі,Ажал сұм алды буып шуақ күнді?Жас жуып ақ сақалын – «Жақсы ағаң» да, –Еңкілдеп Ерағаң шал жылап тұрды.

Сұм тағдыр құлақ түрмес, сірә зарға,Біз ара тұра алмадық сұм ажалға;Өзіңді мәңгілікке жоғалтып ап,Құйғытып шыға алмадым құба жонға.

Менің де мінетін бұл кезім атқа,Жолымды жори көрші өзің аққа;Маңыңа үйір еді үлкен-кіші, –Маңырап соңыңа ерген қозы-лақ та!..

Қаншама сен өмірден бата алған іс?Мейрім мен тұрды ойыңда қатар намыс;Баладай Бейіс қартты бағып-қақтың,Жарықтық аттанарда сапарға алыс…

Зіл көрмей әкемнің де зекігенін,Есігін елдің төрі етіп едің;Қадірің ағайынға артық еді,Бақыттан басқа оларға не тіледің?!

Бұл әкем бие сатсын, түйе сатсын,Мыңқ етпес үйдің құтты киесі-ақсың;Керауыз кепиетсіз кердең қақса,Ақ пейіл дәм-тұзыңның киесі атсын!

Page 213: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

213

Ізгінің келем мен де ізін басып,Жеткізбей жетелейді түзім қашық;Бұл да, ана, ақ пейілің арқасында, –Алдында ағайынның жүзім ашық!

Жоқ болса жолдан тайып жасымаған,Тоқ болса топтан озып тасымаған,Өтермін ақ сүтіңді ақтай алмай, –Ардағым, абыройым, асыл анам!..

АСЫ Л АНА – ҚАМҚОРШЫСЫ ЖҰРТЫНЫҢ Қалима апайдың рухына

Асы л ана – баршаға өмір сыйлаған,Ұрпағы үшін бақыт нұрын жинаған.Ардақты жан дүниеден өткенде,Ұрпақ жанын қайғы кернеп қинаған.

Асы л ана – ұрпақ жайын қамдаған,Ұл-қыздары түлеп көкте самғаған.Асы л ана – қамқоршысы жұртының,Туған елге ақ тілегін арнаған!

Ана – бағбан бақшаларға гүл еккен,Тәрбиелеп ұрпақтарын түлеткен;Амал қанша, аттанғанда бақиға,Қоштасады ел қимай ізгі жүрекпен!..

Перзенттерін қосқан ана қатарға,Атқан таң ғой, күн боп қайта батар ма?Ел егіліп, бел бүгіліп қалады-ау,Аттанғанда ана мәңгі сапарға!

Асы л ана – жақсылықтың қамбасы,Асы л ана – ұлы өмірдің арнасы:Ізгілігін мирас еткен ұрпағы,Ата-ананың ғұмырының жалғасы!..

Ана өлмейді, самсап жанған жұлдызы,Ана өлмейді, өрге жүзген ұл-қызы.

Page 214: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

214

Ұрпағымен бірге жасап ұлы рух,Ақ жол тілеп тұратындай нұр жүзі.

Әз ананың орыны әсте толмайды,Сабырмен тек жеңілдейді зор қайғы.Құрмет қылып, ардақ тұтқан әрдайым,Ұрпақтарын рухымен ол қорғайды!

Асы л ана – мейірім көзі, шуақ таң,Ұрпақтарын қорғай жүрсін сынақтан.Ана рухы ұрпағымен бір жасап,Асыл ана жай табады жұмақтан!

ШАПАҒАТТЫ ЖАНАрдақты ана Балажан апаға

Шуағын шашқан күндей қаңтарда да, Пейiлiң – кең шалқыған дарқан дала;Ұрпағың жетiстiкке жетсе қандай,Өзiңнiң, соның бәрi арқаңда, ана!

Ашқандай өрендерге өрiс бейне,Көңілің көктем десе келiспей ме;Созақтан созған қолың қолдап көпті,Тараған таң нұрындай Терiскейге.

Халқына ақ тілегін мол ақтарған,Ана едің, жаралғандай жаны ақ таңнан;Нәр берген қасиеттi Жыныс-Ата,Аққолтық, Жартытөбе, Шолаққорған.

Дегдарлық тұнған көңiл сарайыңа, Сыйлы едің, сый арнаған ағайынға;Әжелеп шат күлкiмен шүпiрлеген,Немере, шөберелер маңайыңда.

Оралса түлектерің сағынышпен,Болғандай мерейің зор, бағың үстем;Қияға самғай берсін сол құстарың,Киелi ел рухынан қанып iшкен!..

Page 215: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

215

ҰРПАҚПЕН БІРГЕ ЖАСАЙДЫАжар апаның рухына

Жетеді қиындықсыз мұратқа кім,Тағдырдың көрдің талай сын, аптабын;Өмірден өтсе де ерте отағасың,Киелі шаңырақты құлатпадың!

Басыңнан кешкен дәуір бәрі де ойда,Дәулет те, болған құрмет, абырой да:Ұрпаққа өсиет пен өнеге айтқан,Көңілің – алтын сандық, сырлы қойма!

Қалсаң да ерте айрылып арысыңнан,Киесіз ұлыларға дәм ұсынған:Қабыл боп ақ тілегің, ұлы жолдаҰлыңның жері жоқ қой сағы сынған.

Ұсынып патшаларға ақ дәміңді,Ел-жұртқа ақ тілегің ақтарылды:Әкенің өсиетін аманат қып,Жеткіздің мақсатына баққан ұлды!

Атаның жалғастырып салтын әрі,Сыйлайды ол жақсылығын халқына әлі:Маңдайы ашық болып маңғаз ұлдың,Жұлдызы шын биіктен жарқырады!

Жан едің көпті көрген сүйегі асыл,Сырласқан құрдасыңдай мына ғасыр:Тәуелсіз Отаныңа тілеуқор боп,Той қылған елді көрдің ұлан-асыр!..

Шерткендей бай ғұмырың жұртыңа сыр,Жебей жүр, жамандықтың бұлтын асыр;Өмірден өтсең де өзің, әз бейнең мен,Ұрпақпен бірге жасар рухың асыл!..

МҰҢ ШАҒУ

Жылжиды жыл, қатарымды сиретіп,Жай түседі жасыл баққа күйретіп;

Page 216: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

216

Қанша аяулы жаннан қалдым көз жазып,Шіркін тағдыр шылбырымды сүйретіп…

Не дейін бұл тағдыр деген зәлімге,Сағынамын мен солардың бәрін де:Менің мына моп-момақан кеудемді, –Шер торлапты – шипа іздеймін, дәрің не?

Ішім менің шерге толы, шеменге,Сенбей-ақ қой сейіл қуды дегенге.Жанға медеу – жарлы байып, жас өскен,Сөз өтпейді тағдыр деген кереңге.

Обыр ажал көмейіне тас тұрсын,Обал деген жанарларға жас тұнсын;Аяулылар апппақ нұрға айналып,Арманына жете алмады-ау жас қыршын?!:

Жамалымды жоғалтып ап, дерт қонды,Оны ойласам өзегіме өрт толды;Періштедей пәк сезімді, бейкүна, –Салтанаттай ару неге мерт болды?!.

Аққу құстай аяулы еді сол бала,Маңдайына жазылған ба сор ғана?Арман қуып шыққан жаңа жолға да,Сұм тағдырдың сыйлағаны зор нала,Аққу құстай аяулы еді сол бала!..

«Қыз өссе егер, елдің көркі» дейтұғын,Ұлағатты ұмыттың ба, ей пірім?!Жұлдыз болып жанды ма деп сол жандар,Көз ілдірмей көлбеңдейді кей түнім!?.

Шырағы өшіп, шырқын бұзар ауылдың,Аттан ауып жатса азамат – ауыр мұң;Тышқан мұрнын қанатпашы, түздегіТышқақ лағы аман болсын бауырдың!..

Page 217: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

217

ҚАЙТҚАН ҚҰСТАР Қарындасым Жамалдың рухына

Құстар тағы қайтып жатыр тізіліп,Қапа болдым, қарай алмай қызығып.Аз болғандай, азалы жел азынап,Алабұртқан көңіл шіркін бұзылып.

Өмір сыз ғой, көңілсіз ғой күз деген,Селк етпейді суық қарып мұз денем.Қиқулаған қаралы көш сияқты, –Қарағымды таба алмаймын іздеген?

Менің жалғыз аққуым жоқ ішінде,Жалғыз қалдым жабырқаған пішінде.Қанатының сусылы бар, өзі жоқ,Сыбырлайды, сұңқылдайды ол түсімде...

Ай сәулесі, күн нұрынан нәр алған,Аққуым ед айдын көлде таранған.Аяр тағдыр аяулымнан айырып,Қайғы үстіне қайғы келіп жамалған.

Дөңбекшимін түн баласы көз ілмей,Аппақ ұсым қайда аққудың өзіндей?Жанға медеу бір балапан ұямда,Келеді өсіп сол қалқамның көзіндей.

Көгілдірім көрінбейді көлдегі,Көңіл шіркін сағыныштан шөлдеді.Көктем сайын күтсем де ол келмеді, –Неге налып, неге ұмытты ол мені?!

Мерт болды ма енді ұшамын дегенде,Оралмасын білем оның тегі елге?Тіршіліктің күйбеңімен күйзеліп,Сарсаң болған сорлы бар ма менен де?

Жаманаттан жаны азап шекті ме,Зұлымдыққа қарғыс айтып өтті ме?Қапа болдым қапияда көз жазып,Сол аяулым мені тастап кетті де.

Page 218: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

218

Қыршын жасын қиған жалғыз қарғамның,Опасызын көрдім мына жалғанның.Өзегімді өртейді бір өкініш,Тарқамастай кеудемде ұйып қалған мұң.

Қайтқан құстар... аққуым жоқ ішінде,Жалғыз тұрмын жабырқаған пішінде.Қанатының сусылы бар, өзі жоқ, –Сыбырлайды, сұңқылдайды ол түсімде...

* * *

Терең ойлы, сезімді, Жалғызым ең аяулы!Жоғалтып ап өзіңді, Жаным менің қаяулы.

Самғайтұғын биікке, Сен емес пе ең лашын?Салып бізді күйікке, – Үзілді кең құлашың...

Ел көзіне түсетін, – Елгезегім сен едің.Суда да еркін жүзетін, – «Желбезегім» сен едің.

Қырда жайнап түлеген, Қызғалдағым сен едің.Шаттық ғұмыр тілеген, Ізгі арманым сен едің.

Көркі болар көлімнің, Қасқалдағым сен едің.Құты болар төрімнің, – Басты арманым сен едің!

Қатар ұшсақ қиырға, Қанатым ең демейтін;Тап болсам не қиынға, – Тілекшім ең жебейтін.

Құлаш ұрған қай ұлдан, Кем едің сен, мерейім!Шын асылдан айырған, Сұм тағдырға не дейін?!.

* * *

Басымнан өткендей бір тәп-тәуір күн,Ауырдым, осы жолы қатты ауырдым.Жолымды кесті талай кісәпірлер,Азары өтті маған жатбауырдың.

Талпынған аяқ-қолды матаған кім,Қамалып қалың ойға қапаландым.Киесі ұрмай ма екен аруақты елдің,Кепиеті атпай ма екен ата дәмнің?!

Page 219: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

219

Қажыдым, қапа болдым, қамсыз қалдым,Налыдым, назаландым, нәр сызбадым;Қарау ой қара бастың қамын жеген,Азары өтті маған арсыздардың!

Құлашын ұл ем мен де кең сермеген,Ел барда түседі осы еңсем неден?Бір құшақ нұр бар менің кеудемде де,Апарып туған жерге берсем деген.

Жүрсек те әр қиырда жазымышпен,Айнакөл айдыным ғой қанып ішкен.Мапыраш менің құтты мекенім ғой,Еске алам соның бәрін сағынышпен.

Есімде асық болған сағым, құздар,Есімде ғашық болған ару қыздар.Алдымда бабам салған тәлімді із бар, –Алар ма олар барда жанымды ызғар?!.

* * *

Орынбасардың рухына

Өмір деген ертегі бір, Бар ма содан қайыр, үміт?Үзілді де келте ғұмыр, Қалдық сенен айырылып...

Санаулы ғой сырластарым, Сапар шексем жолымды ашар;Өкпе артпайтын құрдастарың, – Өлімің не, Орынбасар?!.

Сұм тағдырдың қалмап па еді, – Тұзағында – ер, торында – сал?Жай тапқызып жаннат төрі, – Орның болсын, Орынбасар!

Қызығы аз боп қырғызәлі, Қызын жоқтар қырғыздарым...Өміріңнің нұрлы жағы, – Өркені өссін ұл-қыздарың!

Өзің жоқсың деген қиын, Орның толмас, Орынбасар!Шерте-шерте шемен күйін, Шерлі көңіл шөлін басар.

Сыйлап ғұмыр, сақтар ма едім, Билік болса қолымда сәл?Жарық болсын жатқан жерің, – Орынбасар, Орынбасар!..

Page 220: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

220

ҚОҢЫР СӨМКЕ

Алтыншы сыныпта ма, жоқ есімде,Алқынбас албырт жасты бөгесін не?Аман-сау ауылда онда абзал қарттар, –Сейсекең, Сары, Қара, Көк – Есім де!

Бір мектеп ауылдағы құтты ордамыз,Уайымды білмеуші едік тіпті онда біз.Дүкенге түсе қалды қоңыр сөмке, –Иықтан түсер бәлкім шыт дорбамыз?

Ертөстік, Әдөй, Сәбет, Серіктермен,Баламыз ойынға ылғи ерік берген.Көзді арбап алды әлгі қоңыр сөмке,–Көтеріп жел көңілді желікке ерген.

Сөмкені алғым келіп қалайдағы,Қыңқылдап келдім үйге, алайдағыСол үш сом біздің үйде болмай шықты,Деді анам: сұрашы елден маңайдағы.

Дүкенші – Қазез, Уағез, Жарылғас па?Дүние жетерлік ед қарындасқа.Бұл күнде сөмке десе балам құмар, –Бола ма сол күндерді сағынбасқа?

Бар-жоқты балаша ойлап, балаша ұғып,Әркімге зыр жүгірдім аласұрып.Сол үш сом табылмады кешке шейін,Жоғымды бермеді ешкім баласынып.

Алмаған ағайынның еншісі бар,Демедім мұным, сірә ерсі шығар;Жолықты бір аптайым дүкен жаппай,Сол үйде Бекдан, Кабир – көршісі бар.

Талпынған берсін құдай ұлға сабыр,Мұңымды шақтым тағы тыңдаса бұл:Анасы Бопақ марқұм – Үміт апам, –Үш сомын алып берді, мың жасағыр!

Page 221: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

221

Бала едім мен де сондай болбыраған,Сенімге себеп болды сол бір адам.Ақтабан, Қара бие, қоңыр сөмке, –Айнымас енді серік болды маған.

Білдірмей жылжиды алға уақыт керуен,Пысықпыз қайбір одан жақұт терген?Сайлы орын болды ғой ол сақама да, –Топ бала топай терсек Жақыпкөлден!

Сөмкеге сиып кетті қалағаным,Мамаштың салдым тәтті таба нанын.Әрнеге бір ұрыншақ болып алдым,Ұмытып әкемнің де «сабағанын».

Айтылмай ел алдында сырым қалмас,Атадан келе жатқан ырым жалғас:Ұстазым Қалекеңе – Қалымтайға, –Апардық сол сөмкемен жырымды алғаш.

Дегендей ұлы өмірдің аш парағын,Тербелді сол сөмкеде жас қаламым.Баллардың шек-сілесін қатырғалы, –Кітабын Қожанасыр тастамадым...

Артыңда ол да жаман із қалмаған,Ұстаздар үлгі шашты ізгі арнадан.Сақталды сол сөмкеде балдыр-батпақ,Балдырған өлеңдерім қызға арнаған.

Қателік қылсаң бетке ол да салық,Жақсы екен жанашырлар қолдаса анық:Апырай, аға-апалар қандай абзал,Кешірген қатемізді, жолға салып.

Тозды ғой сөмке, не бар тозбай қалған,Озды ғой уақыт шіркін, озбай ма арман?Аттанып кеттім мен де бір қиырға,Адамға арман қолын созбай ма алдан?

Намыс қой жігер берер жігітке ерен,Құйғытып қырдан астым күлікпенен.

Page 222: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

222

Есіркеп қоятұғын елге барсам,Есімде апаларым Үміт деген.

Бірі – апам, бірі – жеңгем, бірі – аптайым,Жаныма жылу берген шуақтайын.Тілектес болып жатса түлектерге,Мен қалай қуаныштан бүр атпайын?

Бұл күнде мен де сирек елге барам,Көз жұмған сол ақ сүтін берген анам.Аналар ақ жаулықты аман болсын,Әлдилеп ұрпақтарды келген әман.

Ел болдық, енді бекіп жатқан іргем,Тілейміз ел ертеңін хақ, тәңірден:Жоқ іздеп жүрмесін деп кейінгі ұрпақ,Ойлай жүр, азаматтар атқа мінген!

СЫЙЛЫ ЕДІҢ ҒОЙ СЕН ЕЛГЕ...Бәтияның рухына

Сыр мінезді сыйлы едің ғой сен елге,Жоқ дегенге көңіл шіркін сенер ме?!Бұл өмірде шын әділдік болса егер,Бақыт сыйлап, бастар еді сені өрге?!.

Сұм тағдырға кім бар еді бал ашқан?Көз тиді ме, сөз өтті ме адасқан?Өкпеге де қимайтұғын өмірде, –Жан едің ғой әзіл-назы жарасқан.

Рухың шарлап Омбы - Көкше маңайын, Әз бейнеңді ұмытар ма ағайын?Ақ ниетің, кең пейілің сияқты, –Ел жадында сақталар жан сарайың!..

Жоқ еді ғой жалған сөйлер дұшпаның,Таппадық па көңіліңнің құштарын?..Амал қанша.., өзің баулып түлеткен, –Бақытты боп, ұшсын биік құстарың!..

Page 223: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

223

ТҮТІНІ ТҮЗУ ШЫҚҚАН ЕЛ

Түтіні түзу шыққанда, Тірлікке дайым рза адам;Құйын кеп үйін жыққанда, Құбылды дей бер бұл заман!..

Құтыртып құнтсыз қонақты, Қайран ел құтын тонатты;Көлденең емес көк атты, Қазаққа қазақ оқ атты?!.

Не дейді атаң, кәрі әжең, Сыйластық салты тозғасын?Қамығып жатса Жаңаөзен, Қайтіп ел тыяд көз жасын?!.

Заманның бітеу жарасы, – Ұрылар менен қарылар;Жас ұрпақ түлеп санасы, Әдеттен жаман арылар.

Адалдық салтын жақтайды, Халқының қамын жеген ер;Елдіктің рухын сақтайды, Түтіні түзу шыққан ел!..

ДОС-ЖАРАНДАР ТҮЛЕП ҰШТЫ ӘР ТҰСҚА

Абылайхан ауылында бірге өскен,Ауыл болып, бауыр болып күн кешкен;Кездер қандай, қадір тұтып халықты,Хан ордасын еткен бәрі даңқты;Қайран өмір бір орнында тұрмайды,Құмдай сусып, қызығыңды ұрлайды...Дос-жарандар түлеп ұшты әр тұсқа,Салды білем өмір сынақ, тартысқа;Сұм өмірдің салмағы ма халыққа,Амалы ма жұрттың – бейқам нарыққа?Ата жолы тұйықталды, көнерді,Жерлес жандар шығарды не өнерді;Дүние үшін туғанымен арбасқан,Бекер қауіп етті олардың біреуі;Пұл табам деп шалғайдағы қандастан, Шетелге ауып кетті олардың біреуі;

Жоқ-жітігін маңайдағы ауылдың,Малша иіріп шыға келді біреуі;Иемденіп жер мен мүлкін қауымның,Қамшы үйіріп тұра келді біреуі;Ашкөзденіп, әр мансапты сағалап,

Page 224: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

224

Нәсіпті ел боп кетті олардың біреуі;Іскерлікпен тасы өрге домалап,Кәсіпкер боп кетті олардың біреуі;Кісі тонап, қанжар тығып қойнына,«Түрме» кезіп кетті олардың біреуі;Туған жерден – ақша мініп мойнына,Мүлде безіп кетті олардың біреуі;Күйіндіріп кетті солай біреуі,Тиын қуып кетті солай біреуі;

Біреулердің арбауына алданып,«Боза» қуып кетті олардың біреуі;Пір әулеті екенбіз деп, қамданып,«Қожа» болып кетті олардың біреуі;«Жұлдыз» болып кетті олардың біреуі,«Қырғыз» болып кетті олардың біреуі;Күрсіндіріп кетті олардың біреуі,«Үйсін» болып кетті олардың біреуі;Шамшыл болып кетті олардың біреуі;«Алшын» болып кетті олардың біреуі;Хан ордасын қадір тұтса бабасы, – Табын іздеп кетті солай біреуі,Бір жемқорға жалшы болып шамасы, –«Бағын» іздеп кетті солай біреуі;

Қиын кезде – өгей болған өз елі, –«Оралман» боп қосылды кеп біреуі;Толы орман боп толықситын кез еді,Сұм заманның жіпсігенде сіреуі;Бекітем деп туған елдің тұғырын,Мансап қуып кетті олардың біреуі;Орталыққа арнаймын деп ғұмырын,Аңсаттырып кетті олардың біреуі;Дос көңілдің емес қой бұл мінеуі,Қабыл болсын бәрінің ақ тілеуі!Әр қияға кетсе бәрі бауырдың,Не болады күйі қайран ауылдың?..Селк етпесе сұм өмірдің саяғы,Дос-жаранды қайдан табам баяғы?!.

Page 225: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

225

* * *

Амал қанша мынау тағдыр-талайға,Мимырт тірлік мұрша бермес қалай да:Бізге қымбат әпке-жезде үйі бар, –Аттың ізін салмай кеттік Мамайға?!.

Асыл әпкем қадыры бар маңайға,Қамар жездем қара жолға қарай ма,Қамыға ма, қалың ойлар қамай ма?Қауырт күндер жеткізбейді Мамайға...

Ақын сөзі таралғанда талайға,Ақ түскенде біздің-дағы самайға,Тіршіліктің күйбеңімен көп жүрдік,Аттың басын тірей алмай Мамайға!

Жеткен жоқпын алтындатқан Сарайға, Шомылғам жоқ күн сәулесі арайға:Алыс жолда жүрсемдағы аптығып,Ата жолын жалғау керек қалай да.

Айтып өткен кісіліктің кесімін,Ағайынға берген әділ шешімін:Осы тәтем ыстық еді тағы да,Сақтап жүрген би атамның есімін!..

Асыл тәтем бағын тауып Мамайдан,Мекен қылып тұрады онда талайдан:Құда-жегжат сыйластықпен күн кешіп,Тілек қосып, татып жүрді талай дәм.

Әке-шешем өтіп еді елеңдеп,Қолда болса – бар жақсысын берем деп,Қабағына кірбің түссе ізгінің, –Сұрайтындай үлкендерім менен кеп!..

* * *

Алға сүйреп арманым мен аңсарым,Сапар шегіп келем, міне қанша күн?

Page 226: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

226

Өрге шықтым, орға түстім сол жолда,Сан ұмтылдым, сан құладым, шаршадым...

Әлім құрып әділетсіз ұрыстан,Шерім мынау, белім мынау құнысқан:Әупірімдеп өттім талай қылтадан, Адам таппай бір жағымнан шығысқан.

Жалғыз өзім желге қарсы жарыстым,Жалғыз өзім шермен бірге алыстым.Қиыр шетте қиындықты көрсем де,Қайта түлеп қайрат қылдым, қарыстым.

Ізет сақтап инабатты кісіге,Сан кезіктім озбырлардың ісіне.Мың мұқалып, жүз қайралып жүргенде,Соның бәрі қалай сыйған ішіме?

Түзден іздеп ер жігіттің азығын,Жалғыз өзім тауға өрмелеп қажыдым:Айтшы, болса қақпайлайтын жазығым,Қайда менің ат байлайтын қазығым!?.

* * *

Ақын ойы – доллар емес, толғаныс,Ақынға азап – әрбір теріс болған іс;Арсыздыққа ара тұрған ол бір жан, –Ал ақынға болады кім қорғаныш?

Ізгілікке заман қатал не деген,Көптің жоғын іздедім мен көнеден;Құлқын емес, рухын елдің сомдадым,Елде біреу бар ма соны елеген?..

Ойлай ма елді қара басын баққандар,Сөзі – жылтыр, көзі жылмаң қаққандар. Дәулет қуып, өрге қанат қағар ма, – Дүниені тоймай талап жатқандар?!.

Ақын – жалғыз, шықса да өрге қаншалық,Құрақ ұшқан бар ма бауыр жар салып?

Page 227: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

227

Мерейленіп мен еліме жеткенде, –Алдымнан кім шығар екен қарсы алып?!.

Толғасам да ел мүддесін тынбай сан,Жүрсемдағы сауықтан сырт, құрмай сән;Елге барсам жүретұғын ен жайлап, –Бауырымның болмағаны-ай бір жайсаң?!.

Шүкір, жүр ғой өсіп-өнген бауырлар,Маңайымда талай ізгі қауым бар;Қабағыма қарап, талмай іздейтін, –Бір әпкемнің болмағаны-ай бауырмал?!.

Ағайынның бәрі жақын, бәрі асыл,Мәз боласың бір тірлікке жараса ұл;Жер түбіне жұмсайтұғын жасқанбай,Бір інімнің болмағаны-ай жанашыр?!.

Қара бастың қамы да емес бұл сырым,Бойкүйезге ой салуы жыршының;Басқа жұрттай – асылыңды бағалап,Кемел қауым жарсын дейсің бүршігін?!.

Жас ұрпаққа жөн сілтейтін мақтан боп, –Тұлғалар бар ескерусіз жатқан көп;Бабалар бар, дәстүрлер бар үзілген, –Содан ақын салады ұран «аттан» деп!..

...Базынам ғой, түңілмейді бұл ақын,Арқалайды ол елдің арман-мұратын,Бәрі менің – елім, жерім, бауырым, –Мерейімді асқақтатып тұратын!..Туған жерім – қасиетім, қуатым!..

Page 228: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

228

Оныншы тарау

АТАЛАР АЙТҚАН АҢЫЗДАР

ЖОМАРТ ПЕН ЖЕНДЕТ

Қонаққа сойып берер жалғыз атын, –Ер көңіл сол мәртікке барғызатын:Бір жайсаң серілікпен сүріпті өмір,Атымтай деп айтады арғы затын.

Демейік аңыз айтса бұл ескілік,Бәрі де бүгінгідей тұр естіліп.Бар тапқан-таянғанын әлгі шүлен,Ел-жұртқа жүреді екен үлестіріп.

Мінесе қонақ – зоры бұл мазақтың,Айт пен той – қонақ келсе бір ғажап күн:«Қырықтың бірі – қыдыр» деп түсінген,Қонақсыз күні бар ма бұл қазақтың!

Шашбауын көтеріп ел мәрт ұлының,Барады жерді жарып даңқы мұның.Үйіне келіп-кетер жүргінші көп,Лаң болып жүрмесе игі арты бір күн?

Бұл жақтың жұрты дарқан, жері кең деп,Қонақ көп қоныс тепкен еміне кеп:Дейді екен биі бақас, батыры аңғал,Бақталас болған ханы, бегі де көп.

Алыста хан ордасы, ара қашық,Сонда да жомарт даңқы барады асып:Ханға кеп сонда бір сұм шағыстырды: «Сізбенен бақталас, – деп, – қара басып?!»

«Ханнан да жүрген даңқын асырам деп,Қай сорлы ол мейманасы тасыған кеп?» –Хан мініп қаһарына кәрін төгіп,Бір бегін аттандырды басын ал деп!

Page 229: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

229

Жөнімен жөнелді олар қуып ізді,Бірақ та ұзақ кезді ұлы түзді:Адасып аптап шөлде, әлі құрып,Талайы тіршіліктен үміт үзді...

Көз жазып құдықтан да, тұмадан да,Нәр татпай арып-ашып құлағанда;Дегенде өлдім-талдым, әлгі жендетТап болды жапан түзде бір адамға.

Байғұстың кетпесін деп жаны шығып,Әлгі адам аттан түсе жан ұшырып;Өбектеп, сусын беріп, басын сүйеп,Дем берді, жендетке бұл дәм ұсынып.

Жендеттің әдеті ме асқан әккі,Белінен бес қаруын тастамапты;Не керек, есін жиған әлгі есер, – Түйіп ап шыға келді қас-қабақты.

Мұндай да болады екен пасық адам,Кім мұны қабаған ғып асыраған?Көздерін аша салып кіжінеді:«Атымтай ауылын айт – басын алам?!»

«Жүрсеңіз хан иемнің жарлығымен,Алдияр, әл жиыңыз алдыменен! –Жығылды аяғына, – қонақ бол! – деп, –Аяймыз мейман келсе жанды неден?!»

Шауып бұл бейбіт елді масқара ғып,Жанарын жазықсыз жан жасқа малып, –Жүрмесін деген ой да жанын қинап,Жендетті жөнелді әлгі бастап алып...

«Ауылым ана қырдың астында, бек.Басеке, басқа жұртқа бас бұрма тек:Мейман боп аттаныңыз – дәстүрлі әдет,(Жейді ғой бір тоқтыны қасқыр да кеп?!)»

Әулекі әкесін де танымас-ты,Дегендей өркөкірек бағым асты:

Page 230: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

230

Алдияр аттан түсіп, алшаң басып,Төрге озды баса-көктеп кәрі-жасты.

Сөйлейді тәкаппарсып, сөзі дүрдей,Күпініп еш пендені көзіне ілмей.Бүйідей тиді айнала билік айтып,Қалауын көңілінің өзі білмей.

Әлемнің әміршісі сол ғанадай,Қуырды елдің бәрін ол қарадай.Ұшымен аяғының үй іші жүр,Қор болды қариялар қол баладай.

Таяқ жеп тәтті құмар қарақтары,Көз сүзіп жарына да алақтады.Әйтеуір қызмет қып зыр жүгірді,Әкенің қабағына қарап бәрі...

Елемей қошеметшіл ел, қауымын,Екпіндеп тілетіндей жер бауырын:Аптығып атқа қонды әлгі даңғой,Сілте деп Атымтайдың енді ауылын!..

«Ей, бейбақ, бірдеңеден құр қалдың ба?Әлі де айтылмаған сырлар мұнда:– Іздеген Атымтайың – мен едім!» – деп,Жендетке ол басын иіп, тұрды алдында!

Жауымен қапияда ұшырасып,Жендеттің сұп-сұр болған түсі қашып;Бір барып, бір қайтады қылышқа қол,Арбалып, адалдықтың мысы басып.

Бара алмай байыбына әлі кептің,Буып тұр бұрқ-сарқ етіп кәрі бектің.Арбасқан зұлымдықпен, шығар ма екен Мерейі үстем болып әділеттің?!

«Ажалмен әзілдескен хал сұрасып,Неткен жан, қабақ шытпас қарсыласып?!»Қасиет қанды жеңіп қас қағымда,Тебіне жөнелді атқа ол қамшы басып...

Page 231: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

231

Мына бір жәйтті көріп өткен ағат,Сөйледі бір әулие көпке қарап:«Тәйірі-ай, қашан құрыр пендешілік,Неге осы көбімізде жоқ қанағат?

Ей, жұртым, ел дәстүрін жастай ұғып,Дәріпте адал дәмді, ас қайырып;Түкірген табағыңа түлей болса,Жауыздың жағын ондай таста айырып.

Көрмеген бөгдені ешбір жауға теліп,Еліккіш, еліктегіш әулет едік.Алыстан арып-ашып мейман келсе,Алатын әдет қой бұл хан көтеріп.

Есіктен кіре есіріп төрге озғанға,Түкіріп табағыңа, ор қазғанға, –Зауал бар! Ізет қылса үй иесі,Несіне міндетсиді ол жазғанға?

Қонағың қойдан жуас болмаса да,Құрметте, дәміңді тос, зорға сана!Есіктен кіріп ол тек төрге озбасын,Халқымның киесі ғой ол босаға!..»

Қызбасын қызық қуып текке шекем,Аламын, осы қалай, деп те секем:Қонақжай мынау ұрпақ шұлғи беріп,Қонақтың құлы болып кетпесе екен?!.

ТҰЛПАР ТАҒДЫРЫ

Билердің келтірмеген даңқына кір,Бір жайсаң өткен екен халқына әділ:Жемеген кісі ақысын момын екен,Болмаған жалпақ шешей жалпыға құр.

Бөленбей сән-салтанат думанына,Бөлінбей жақын-жегжат, ру қамына;Қақ жарған қара қылды әділ екен,Тура айтқан жақпаса да туғанына.

Page 232: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

232

Қымбат боп ел мүддесі қазыға адал,Болыпты көп алғысы қазы да бал...Тұрмыстың қанағат қып азына бар,Жимапты жиһаз, мүлік, қазына-мал.

Тамыры үзілмепті тамам елден:Жұрт та көп пара бермей, бара берген.Болыпты бар дәулеті – жалғыз аты,Бәйгенің алдын бермей дара келген.

Құшағын үлкенге де, балаға ашып,Жүрген соң арқа-жарқа араласып;Кең пейіл, ақ тілекпен күннен-күнге, –Абырой, беделі де барады асып.

Сүйсініп жақын менен жаттың бәрі,Би менен өрлей берді аттың бағы.Өссе де ел мерейі, бұл даңқты, –Патша мен уәзір бірақ жақтырмады.

Уәзір де атты алмақ боп қалайдағы,Қулықпен іздеп бақты шара, айланы:Бір беткей бидің өзін жақтырмайтын, –Жағымпаз сұлтандар да сарайдағы.

Ұсынып көрді айламен мансап-тағы,Қамауға қалың елден «ар» сақтады.Уәзірдің айтағымен биді даттап, –Жөнелді жандайшаптар жар сап бәрі.

Алмайтын алпауыт қой жанды есепке,Соңынан жансыз қойып, таңды өсекке.Жанына жара салды жапқан жала,Биде де төзім қанша бар десек те.

Жақсының жаны қалды жараланып,Біреу – жақ, біреу жатыр талап алып;Керенау әдетіне бағып тобыр,Шуласып қала берді қара халық.

...Сол кезде патша да бір бал аштырған,Сыралғы көріпкелі жар астынан, –

Page 233: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

233

Жау тауып, таяп қойды тажалды да,Құдай-ай, бақ пен сорды таластырған.

Шешілген мансапқордың пайдасына,Уәзірдің тапқан әлде айласы ма?Жақсыға тек әйтеуір жориық деп,Айтады мына сұмдық жайды асыға:

«Дат, тақсыр! Бұрсаң бізге назарыңыз,Айта алмай бір сұмдықты назалымыз:Биіңіз бар ғой әлгі, тұлпары бар,Сол аттан келмесе игі ажалыңыз!?

Ей, тақсыр! Жатқаным жоқ жамандап құр,Білмеймін енді қандай амал қап тұр?Үйіріп басыңызға бір пәлені,Ажал боп төніп тұр ғой жамандатқыр!..»

Отыр ед білмей кімге соқтығарын,Мұны естіп патша ағзам төкті кәрін:«Атын ал, атын өшір!» деуі мұң-ақ,Уәзір де әкетті іліп отты лаңын.

Патшаға қылған бұрын құлаққағыс,Уәзірге ендігі жәйт тым-ақ таныс:Атын ап, атағынан жұрдай қылып,Ал өзін жер аудармақ жыраққа алыс.

Айласы арампездің ақыры асты,(Бұрын да талайларды атып-асты)Сұмдығын ішке сақтап сұрланып тұр,Жалғызға жалғаншы өмір қатыбас-ты:

«Патша ағзам сұратыпты бұл атыңды,Ханшамыз көріп ермек қылатын-ды;Ал өзің көз көрмеске көшің түзеп,Естіртпей ел мен жұртқа, құры, атыңды!?.»

...Қоштасты тұлпарымен асыл адам, Сүт беріп, сұлы беріп асыраған;«Сор болды-ау жүйріктігің өзіңе, еркем, –Әйтеуір болса екен, – деп, – басың аман!

Page 234: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

234

Патшаның болып тұр ғой әмірі үстем,Зорлықтың жасалады бәрі күшпен:Сен – дүлдүл, мен бір бұлбұл – екі мұңдық,Күніміз төмен болды-ау дәруіштен?..»

Көзіне қимастықпен ол жас алып,Жібермек болды атын жолға салып:«Патша алса, патша алсын, тек әйтеуір,Еліңе жүрсең болды олжа салып!»

Зорлықпен қас тұлпарды барады алып,Жақсының жаны қалды жараланып.Әділет қайда? Зарын кім тыңдайды?Шуласып қала берді қара халық.

* * *

Патшаның әмірі елді кетті үйіріп,Уәзір – мәз, би сорлады тек күйініп.Атты әкеп, атшысына тапсырды есер,Көз ілмей күзетесің деп бұйырып!

«Емексіп естімесін ел дүбірін,Сезбесін шөп суылын, желдің үнін;Шідерлеп тұсау салып тұралатып,Көрейік әуселесін енді мұның.

Ұғып қой, сәуле болса санаңда, атшым,Мынау ат тек тезірек арам қатсын!Кезінде мүрдем кеткен хабарын айт,Тісіңнен шығармай ал қараң батсын!»

Жақсының жүйрігі еді маңдайдағы,Күтіп тұр сұм тағдырдың қандай лаңы?Жануар бара ма озып көмбесіне,Жұлыны үзіле ме жанбай бағы?

Кім білсін, ноқталыға бақ қона ма, Жалынан сипай қоймас жат қол ана?Көрместей жарық сәуле, сасық қорда,Қараңғы қамай салды ат қораға.

Page 235: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

235

Бола ма имансызда обал-аят?Жымқырды жем-шөбін де одан аяп.Арса-арса қу жаны қап жануардың,Торығып торда тозды тобанаяқ.

Қит етсе қысас айғыр қыршып алып,Қиналды қия баспай, қи шығарып;Сұйылып құйрық-жалы, болды өлімші,Шықпыртып шығарды өнер бишік алып.

Жанына жануардың жаман батты,Амал жақ аман сақтап қаларға атты;Ғажайып болмады түк ғайыптан да,Ақтангер ақырында арам қатты!?.

Ел жым-жырт, шапқын да жоқ жау ықтырған,Сарайда баяғыдай сауық құрған:Сіміріп бал шарапты шалқып патша,Атты да ұмытқандай қауіп қылған.

Сүйінші сұрауға енді атшы асығад,Ақымақ ақы алмақшы, ақша сұрап:Қызара бөртіп мұны қызық көрді, –Патшасы, әлгі уәзір патшасымақ:

Екеуі естіді де елең етті:«Аманбыз, одан бері нелер өтті...»Қу басты құс саңғыған көзбен көріп, –Көрсетпек болды сұмдар «кереметті»!..

Атшыға жаудырғандай бар алғысын,Танытпақ сүйек таптап надан күшін:Үшеуі қу сүйекті таптай берді,«Мә, саған, сенбісің, – деп, – жан алғышым?»

Құдай-ау, кеще атшыдай кеш бейбақты,Мыналар қурап қалған не істейді атты?Сол екен... шыңғырды да қалды ойбайлап,Қыла алмай, нөкері аң-таң, еш қайратты.Жылынып бас сүйекте жатқан жылан, –Шағып ап, әлгі үшеуі сеспей қатты...

Page 236: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

236

Ой салсақ оқиғаның желісіне,Болды обал тұлпарға да иесіне.Ал зауал зұлымдыққа тиесі ме,Әлде бұл қас жүйріктің киесі ме?!

Олжа сап, дүбірлеткен туған елді,Озбыр күш кінәлі ме қуған ерді?Тұлпардың киесі атып әлгі үшеуін,Айтқаны көріпкелдің тура келді!..

* * *

Көз жұмып екі алпауыт, енді ғана Теперіш көрген жандар теңдік ала, –Қиылды қиянаттың қыл шылбыры,Ес жиды, еңсе тіктеп ел қуана.

Жиналып ақсақал, би кеңес құрды,Алалар пиғылы жоқ тегі ешкімді:«Көмусіз қалар көпсіз, – десіп жатыр, –Ежелгі ел дәстүрі неге ескірді?»

Кеңестің кесіп айтқан сонда ақылы,Ұшырмақ дәулетқұсын болды ақыры:Қонатын таңдап жүріп бір жайсаңға,Халықтың киелі құс – ол да пірі!

...Баяғы би байғұс та жаны жасып,Жетуге туған елге әлі де асық;Көрсем деп тұлпарымды, туған жұртты,–Жүр еді жапан түзде арып-ашып.

Киімі үстіндегі өрім-өрім,Білмейді жұртқа қайтіп көрінерін;Байғұстың орнатқандай көгіне күн,Шырақ, деп шығарады төріне кім?..

Осы би жол қажытқан, жоқ пырағы,Үстінен шықты жиын, топтың әлгі.Патшаның сайлауына тура келіп,Сағатын сәтіменен соқтырады.

Page 237: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

237

«Қайран би, сын сағатқа тағы келдің»,Әрине, дәмелі ғой бәрі де елдің:Халықты үш айналып, Дәулетқұсы, –Басына қоныпты әлгі бағына ердің!

Ақырын тағдыр шіркін аққа бұрып,Армандай мерт те болса ат табылып;Баяғы биін жақын, жат та біліп,Жарықтық дәуірлепті таққа мініп.

Мейірім, шапағатын ел көріпті,Қара мен ханды бірдей теңгеріпті;Мұратқа жетіп, өзі өлгенінше, –Ел-жұртын әділдікпен меңгеріпті!..

ТӘКАППАР ПАТША, ШАЙТАН МЕН КІРПІ-ШЕШЕН

Бір патша тайды орнынан, тағы босап,Даңқ қалды, дәулет қалды – анығы осы-ақ;Өтті деп бір әмірші, баяғыдайТүтінін түтетті ел, жанып ошақ.

Орнына мұрагер бір болды кісі,Мансапқор, өзі жылпос, зорлық ісі;Әлек боп әлін білмес әлгі адамныңБасына бақыттың кеп қонды құсы!

Патша боп тигеннен соң өзіне ерік,Құбылды әзәзілдің сөзіне еріп.Ізіне түсті ізгі жақсылардың,Қылмысын тұрмаса да көзі көріп.

Тірлігі іштен шалу, түлкі бұлғаң,Түлкі бұлғаң түбінде күлкі қылған.Түңіліп небір жайсаң тынды ішінен,Күн жоқ деп құлағанша бұл тұғырдан.

Көрініп маңайының бәрі дұшпан,Іштарлық – арбап алды кәрі мыстан;

Page 238: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

238

Аз әулет азу басып аздырды елді,Жазғанның жері осы еді жаңылысқан.

Үлкендер демеді елге, кімге сендің?Кесір боп келгені анық бір кеселдің;Өркендеп өрге баспай өнер-білім,Сөгіліп сала берді іргесі елдің.

Арбаған әзәзіл бар әр ғасырды,Қайдағы жаман әдет қанға сіңді:Қастандық жасамақшы патшаға деп,Жаламен небір жақсы дарға асылды.

Қудалап, қорлық қылып құлдан қатты,Ақылды уәзірлерді зынданға атты.Топастар торлап алып төңірегін,Жылпостар зыр жүгіріп жылмаң қақты.

Сайлап ап алаяқтар сан айланы,Сыяпат алып жатты талайлары.Жағымпаз, ойы таяз, тоғышарғаАқыры толып кетті сарай маңы.

Әзәзіл әр жақсының қазып тегін,Жаһнамға кетіп жатты жазықты ерің;Сезікпен секем алып жатса-тұрса,Өзі де жүре алмады жазып белін.

Заманның зарын діттеп сыншы айтар ма:Туған ел ұшырады бір сойқанға.Қайдағы қарау ойлар үйіріліп,Ел азды құрбан болып жын-шайтанға.

Не болмас алмағайып замандарда,Шығарды шайтан сұмдық, амал бар ма?Езгіге салмақ болды, елді билеп,Шынымен күн көрсетпей адамдарға?!

Қатерлі елге тағы күн басталды,Пұшайман патшаны да мұң басқан-ды;Түсірмей күн сәулесін шайтан жерге,Тұмшалап қанатымен тұрды аспанды!

Page 239: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

239

Біле ме шайтан деген қымсынуды,Жалмады апта сайын бір сұлуды.Патшаның қызына да келіп кезек,Не істерін білмей ел-жұрт түршігулі.

Сескеніп сыбайластар сұрапылдан,Пысқырмай патшаны да мына тұрған;Барлығы қиындықта бас сауғалап,Қалмады тақ қасында бір ақылман.

Қуғындап күн көрсетпей, өсек еткен,Зар болып уәзірлерге кешегі өткен;Зыр қақты салы суға кеткен патша,Күйінді күйредік деп не себептен?

Той қалды, тойымы жоқ пара қалды,Өр патша менсінбейтін жан адамды;Жалбарып, құлдық ұрып, есі шығып,Алдырды зындандағы даналарды.

Ақ-адал, атақ-даңқы дүркіреген,Ішінде ер бар еді Кірпі деген;Тіл тауып, келіссөзге бармақ болды ол,–Шайтанмен – күн астында күркіреген!

Серпіліп Кірпі-шешен сөз алды да,Әкелді өткен кепті көз алдына:«Құрметтеп қайта жисаң ел жақсысын,Шаруаңыз келер,– деді,– өз орнына!»

«Басыңа шығарып ап бір жаманды,Жігіттер, жамандама бұл заманды,Ақиқат адастырмас, – деді, – ақ жолдан, –Бұйырған кімге азапты, кімге ажалды?!.»

Түсініп талайларды жер қылғанын,Жинады патша өжет ердің бәрін;Шамданбай шұғыл іске кірісті олар,Мойынға артып түгел елдің қамын.

Шайтанға Кірпі-шешен өзі барды,Айламен тілін тауып, сөзін алды:

Page 240: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

240

Қолынан келмейтұғын керемет жоқ, –Шайтан да осы сөзге тез иланды.

«Шайтеке, жарлықты ұқпай халқымыз дал,Ант бұзсақ азапқа сап, тартыңыз дар:Жүрейік әміріңе құлдық ұрып,Тек қана қоятын бір шартымыз бар?!

Сақтайық жаратқанның салтын ізгі,Шынымен орындасаң шартымызды, –Құлыңыз боламыз біз құлақкесті, –Әйтпесе, босат тордан халқымызды!»

Байсалды Кірпі-шешен батыл да еді,Данадан шығады ғой ақыл кені:Қолынан келмейтұғын керемет жоқ, –Шайтан да: «Құдай – куә, мақұл»,– деді!

Шайтанға келеді оның әлі қайдан?Ерлердің жүрген жері бәрі – майдан:«Сағымнан ат жасап бер! – қойған шарты,–Тағы да, – қамшы өріп бер сарымайдан!»

Әлекке салған елін хан ойланар,Үрпиіп үрей басқан сарайда олар;Шынымен көптің бағы жанар ма екен,Япырмай, ел тағдыры қалай болар?!

Шайтан сұм бастап кетті қалыпты ісін, Тырысты бар өнерін, салып күшін.Түнімен ақтер-көктер болды шайтан,Малығұн, баспақ болып халық мысын!

Жатпайды, жасымайды, жалықпайды,Түнімен ат пен қамшы қалыптайды:Күн шыға еріп кетіп, еңбегі еш боп,Аһ ұрды, жанына бұл салып қайғы!?

Қызын – күң, етпек болған баласын – құл,Арсыздың қалды адыра таласы құр:Сөзінде тұра алмаған, сағы сынып,Таусылды шайтанның да шарасы бұл?!.

Page 241: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

241

Күйзелді, күңіренді, күйінді де,Құдайым мақұлыққа бұйырды не?Жарқ етіп ақырында күн де шығып,Ал шайтан айналыпты үйіндіге!..

Қапаста қала бермес халық текті,Жеңіске жетер жаудан алып кекті:Құсадан қара жүрек қақ жарылып,Қанаты күн шоғына жанып кетті!..

Сұм кетті күннің жүзін тұмшалаған,Қу да өтер қуырдақ жеп күн санаған.Қырғыннан құтылды да қиналған ел,Ажалдан аман қалды мың сан адам.

Бітпепті мансапқордың мақсаты әлі,Қайтадан шықсын дей ме жақсы атағы;«Сазайын беремін,– деп, – кінәлінің?!» –Кіжініп кәрін төкті патша тағы!

Ойы да оспадардың қатерлі еді,Ойыннан от шығарған әпенді енді:«Қорғасын құйдырамын көмейіне,Алдыма күнәкарды әкел!» деді!

Кірпі айтты: «Халқым үшін қондым атқа,Аярды ақтау емес ол бірақта:Жағымпаз, әзәзілдің құлы болған, –Қорғасын құя керек сол құлаққа!..»

* * *

Мансапқор өрісі тар, қараңғы алды,Деп еді тағдыр шіркін тәмамдалды;Ел қамын жеген ерлер ақыл тауып,Қайран ел бір апаттан аман қалды.

Ел еді көрмей өскен еш қысымды,Тосыннан тор сауытты тесті сүңгі;Өзінің зор күнәсін менмен патша, –Түсінді, бірақ әттең кеш түсінді!..

Page 242: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

242

НЕМЕРЕ НАЗАСЫ

Ұшырап патша кәріне, Зынданға түсті бір әулет?!Үрпиіп аң-таң бәрі де: Не деген сұмдық мынау деп!

Зынданға атты жендеттер, Тексермей ақ пен қарасын:Қапастан қанат сермеп көр, Әділет қайдан табасың?

Қайда жоқ сайтан азғырған, Бар шығар аз-маз кінәсі?Барлығын бірақ жазғырған, Не деген сұмдық мынасы!

Патша ма, хақ па жаңылып, Түсті ме бұлар шырмауға?Бір әулет қара жамылып, Тап болды қалай бұл дауға?!.

Пендесі қатты сорлайтын, Осылай тағдыр сынай ма?Мұншалық бізді қорлайтын, Не жаздық деді құдайға?

Абақты – ол да ауыл бір, Бар еді білгір көріпкел.Алдына келіп қауым бұл, Балгерден сұрап көріпті ел:

Ол айтты: «Сұмдық не деген! Көресің бар-ау әлі де:Тумаған әлі немерең, Кінәлі мұның бәріне?!

Немерең бүйтті неліктен? Түсіп тұр соның назасы:Емес қой құдай еріккен, – Сол екен берген жазасы!..

Қолымнан не бар келетін, Жасаймын қандай дуаны?Азабын сендер шегетін, Немерең залым туады!?

Үйіріп жынды үйіне, Туады екен ол сұм боп!Төңірегіндегі дүние, Менікі бәрі болсын деп!

Тек қана ойлап мансапты, Басқаны жүрер қаралап.Тыншытпай байлық найсапты, Болмайды екен қанағат.

Құлқынын ойлап түнімен, Арбайды достың талайын.Түйені жұтып түгімен, Жейді екен жалмап маңайын.

Жылмақай жымын білдірмес, Өзінше қулық сақтаған.Жемқордың жайын кім білмес, Басқаның арын таптаған.

Қан шықпай, ине сұқсаң да, Іркілдеп тәні іріңнен;Тажалға өзі ұқсар ма, Бір көлдің суын сімірген.

Page 243: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

243

Өзінше маңғаз, майталман, Бесаспап жандай өнерлі;Жақсы боп сырттай байқалған, Тілімен арбап көп елді.

Қулықпен тауып өрісін, Күпініп, жасап кісілік;Біреуге берсе қол ұшын, Тұрады ол сыздап, ісініп.

Араны зор ғой арамның, Тойымды әсте білмейді.Пікірін дос пен жаранның, Құлаққа тіпті ілмейді.

Тисе егер билік қолына, Жоныңнан таспа тіледі.Әркімнің түсіп соңына, Келемеж қылып күледі...

Сөйлеп тұр солай құмалақ!.. Іс болды қандай бұл ағат?Сіздерді қайтем кіналап? Не дейін енді, жұрағат?!.

Осындай тағдыр сорабы, Басыңа түсті бұл бір сын!?.Тәубаға келіп ол әлі, Қона ма ақыл, кім білсін?!.»

...Жалбарып хаққа түнекте, Болар деп рақым сенімді ел:Жеткізіп құдай тілекке, Жазасы бәлкім жеңілдер?!.

Атаның жолын жалғаған, Жақсы ғой тәтті немере!Жалғанды мынау жалмаған, – Ұрпақ па, әлде немене?..

Айтады ел оған нәлет деп, Жуытпас езді жұрт алғыр:Алпамыс жоқта – әлек боп, Азғындық жасар Ұлтанқұл!?.

Бермесін басқа бұл тағдыр, – Қатыгез сұмды қасарған.Ұрпақтың езі – Ұлтанқұл, Ұлтының соры қашаннан!..

ПЕРІШТЕ МЕН ПЕНДЕ(Баяғы яки бүгінгі заман хикаясы)

1.

Ерте-ерте, ертеде, Әлде бүгін, кім білсін?Шал бопты сол өлкеде, Зар қылған бір бүлдіршін.

Бір немере сүйе алмай, Шал байғұсың зарықты;Ойға батып қиялдай, Шер басыпты ғаріпті.

Қажытып ой қартайтып, Қайғы, зарын зорайтып:Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып;

Жас суарып сақалын, Жасы келген кәрінің;Оң болса деп сапарым, Іздеп шықты тәңірін!

Page 244: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

244

2.

Арымаған соры көп, Арып-ашып түз кешті;Жаратқанға жолы боп, Жапан түзде жүздесті!..

Құлап еді пақырың, Әлі құрып, сенделіп;Көріп Хақтың рақымын, Аман қалды, дем беріп.

Ес жиды шал зар қаққан, Кім ойлаған деп бұлай:Шопан болып мал баққан, – Қарап жатқан жоқ «құдай»!

Малына от қарап ол, Жүрген еді қой бағып;Адамдарды ала қол, Қайтемін деп ойға алып?

Жер-жаһанға жар салған, – Қарапайым «Құдекең»:Емен-жарқын қарсы алған, – Бастықтардай бұ да кең!

Қылығы жоқ таңдантқан, Құдірет бұл дейтін де;Маңып қырда мал баққан, Кәдімгі адам кейпінде!

Шаруа бағып шалғайда, Билік етер бұлай кім?Құдекеңе – жол қайда, – Өкілі екен Құдайдың!

Жатқан жаны қысылып, Құлын құмнан аршып ап;Зәмзәм суын ұсынып, Әзілдеді ол хал сұрап:

3. Періште мен шалдың әңгімесі

Періште:– Шал болсаң да шалымды, Қалыпсың ғой шаршап-ақ.Қыздырды ма тәніңді, Қалай екен бал шарап?

Көтерді шал басын да, Көр енді кеп сынауын:– «Түнемелдің» қасында, Түк емес қой мынауың?!

Қулығы бар шалдың да, Сүйретіп кеп қу жанын;Жусап жатқан алдында, Малын көрді мырзаның:

Айнала қой өргенде, Аң-таң болды қарап қап;Есі шықты көргенде, Екі көзі алақтап.

Құбыжық па, қой ма бұл? Түстей алған жоқ бірін:Арнап сойған тойға кіл, – Түрін қара тоқтының?!

Ақсақ-тоқсақ шетінен, Мүшесінің жоқ сауы.Айнала өрген бетімен, Айналмасы, көксауы.

Page 245: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

245

Сыр тартты шал сұрап ал, – Байыз таппай шешім ғып:– Қайдан келген мына мал, Ойпырмай, бұл не сұмдық?!

– Жөніңді айтшы, «бақташым», «Жалшысысың» кімнің сен?!Тіреген бұл ат басын, – Ел-жұртыңды білдір сен!?

Періште:«Өкілмін!» – деп айтса егер, Шошып кетер деді ме;Қайтеді деп Хақ шебер, Тартты басқа желіге.

(Айып болмас, тәйірі, Алдай салса кей шалды) :– Ат байлаған тәңірі, – Ауыл осы дей салды!

«Не тұр онда, е құлым, Қулық айтсам бір ауыз;Еспенің де не түрін, Естіп жүр ғой Құдаңыз!

Көк езу көп көкіген, Көріп жүрген жоқпыз ба?Оттап, елді шетінен, Отырғызған көк мұзға!»

Айтты аздап өз жайын, Көп қинамай пендені:– Командировкада – қожайын, Көмекшісімін – мен! – деді.

– Шаруасының барлығын, Кеткен маған тапсырып;Жария етем жарлығын, Тілейсің не жақсылық?!

Шал да сезді киесін, Табылған соң жоғы алдан;Қайдан білсін «Иесін», «Арендатор» боп алған...

Кезінде езген еңсені, Ми шаншыған мың сұрақ:Кезген талай кеңсені, Машина мен үй сұрап!

Көп төрешіл мезі еткен, Көріп талай көк бетті;Көзі ашылып кезектен, Қабылдауға дөп кепті!

Құр қол келдің деместен, Құрметтеп-ақ жатыр ғой!Құнттап құнды кеңеспен, Айтпақ тағы ақылды ой.

«Іздегенім табылар, – Кірер енді берекем?!»Пендесіне бағы бар, – Сөз бастады «Пері-екең»!..

4. Періште:

– Өңшең мына мертіккен, Малдың сұрқын сұрасаң;Шежіремді шертіп мен, Біразырақ сыр ашам.

Page 246: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

246

Бай емеспін мен деген, Қырық жеті матаған;Алғаным бұл пендеден, Ақсарыбас атаған!..

Садақасы солардың, Келіп жатқан осы мал.Сауабы бар обалдың, Қарап жаның шошынар.

Адамзатқа бірдейміз, Төгіп шақпат, мейірім;Не бұзды екен, білмейміз, – Адамдардың пейілін?

Айла-амалын асырып, Бар ма қулық артылған?!.Жасайды ұрлық жасырып, Сондай кейбір антұрған.

Ішінде адам аласы, Азғындаған аз ба адам?Сұмдықты ойлап шамасы, Жын иектей жаздаған.

Қулық-сұмдық жолымен, Алдап бірі ақша алар;Байимын деп сонымен, Бұзылады-ау пәтшағар.

«Жарылқа деп Жасаған!», – Жалбарынып жатады;Шарасы әлгі жасаған, – Жаныма сол батады.

Болса да той, айт неше, Пысқырмайды тәңірді.Ием кең ғой, әйтпесе, Тозаққа айдар бәріңді.

Түлен түртіп тантыған, Алла атымен қарғанып;Айнып кетер артынан, Машина мен малды алып.

Көп ісіне күмәнді ел, Көрмеген соң тыйымды:Қасындағы – бұраң бел, Астындағы – «БМВ»!

Жетпек бірі – тағына, Мансап керек біріне!Сыйлай салам тағы да, Сыйынған соң піріне!

Асығады несіне, Асқар тауға жетуге-ақ?Біреуі – алмақ несие, Бірі – болмақ депутат!?

Бала керек біріне, Бай таңдайды біреуі.Тойым бар ма тіріге: Қабыл болад тілеуі.

Шетінесе мал-басы, Шеттерінен сол имам:Аузында тек Алласы, – Аржағында жоқ иман!

Талай құрбан шалынып, Сойылғанман бозқасқа;Пендем жолдан жаңылып, Ісі басқа, сөз басқа.

Page 247: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

247

Жамбасын ба, басын ба, Қалады өзі жымқырып;Жарымжан мал осында, – Жиған содан бір түлік!

Құдайы деп құлдарым, Атаған соң бар ма амал?Қабыл алып пұлдарын, Ақ ниетім арналар.

«Осы жолы, а құдай, Қолдай гөр!» деп жалбарып;Қылады ұмыт тағы да-ай, Қалам сөзін малданып...

Ар-ұяттан безінген, Қай жұмақтан жай табар?Өзің көрген көзіңмен, Әңгімені айта бар!

Алақолдық жасаған, – Алар сұмнан ел секем.Болсын демей бас аман, – Шын көңілін берсе екен.

Келген ізгі шырайы, Ары таза, алды кең, –Әркімнің өз Құдайы, Болу керек алдымен!

Жолын ашып адамның, Жарылқаймын дегенім:Ақ пейілді адалдың, Ниетіне беремін!

Күнде дұға оқимын, Күнәларын кешіріп;Кімді көзге шұқимын, Есін жияр есірік!

Малмен өтті көп күнім, Бірде ашпын, тоқ бірде;Көрдің бе ана тоқтының, – Басы атымен жоқ мүлде!

Біреуі тұр – қызыл ет, Сыдырылған терісі;Неткен қарау бұзық ед, Бола ма осы ер ісі?

Шығыспаймын елмен сол, Шықпасын деп жаманат;Құдайы деп берген соң, Бәрі маған аманат!

Мүшелерін түгендеп, Қоң бітіріп түскірге;Үлестірем біртіндеп, Ғарып-қасер, міскінге.

Тілеуімен Тәңірдің, – Байғұстарды қатты аяп;Қамың жеумен бәріңнің, – Қолыма алдым ақ таяқ!

Айтады кім жалған деп, Адамзатқа болар құт:Арамқатқыр мал, мал деп, «Арендатор» боп алдық!

Осы малды өсіріп, Таратамын елге мен;Күнәларын кешіріп, Пенделерімді тергегем!

Page 248: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

248

Ауызға оңай құр зеку, Көптің қамын жейсің де;Бәрін бірақ риза ету, – Маған оңай дейсің бе?!«Өзің құдай болмасаң, Көрер күнің осы»! – деп,Салсаңдағы жолға сан, Кей сабырсыз есіред.Айту мысық тілеуін, – Әйтпесе, оған не керек?Әкеп қойсақ біреуін, – Әуселесін көрер ек?!Айыра алмай отыр ма ек, Алшысы мен тәйкесін?«Сығыр құдай соқыр»? – деп, Сыбайтынын қайтесің?!«Шұнақ құдай»! – деп тегі, Шулаған кім, ау, жын ба?Шаптығады көк долы, Шаптырады аузыңа!Сөге алмаймыз ізгі елді, – Насихат қой наз қылған;Арандатып біздерді, – Шайтан да бар азғырған.Сенім артса қарт бастық, Өркөкірек табылып;Рас, кейде шалт бастық, Жаналғыштар жаңылып.Әзәзілді басқа ұрсын, Момын босқа сорлайды;Жақсы адам мен жас қыршын, – Өтсе өмірден сол қайғы!Ел намысын жыртысқан, Жақ боламын мен де ерге, –Қырық пышақ боп қырқысқан, Барлық пәле сендерде!Ағайында ар болса, Арамға аяқ баспаған.Қайда жақсы бар болса, Көре алмайды қас надан.Шайтан ісін қолға алса, Ым-жымы бір күштімен;Жазатайым болғанша, Жазады арыз үстінен.Бір кещені кешсең де, Істейді көп көптігін.Арам қолын кессем де, Арызқойда жоқ тыным.Бітер емес, сірә дау, Білімді ерге обал-ақ.Әй, құлатып тынады-ау, Арыз жазып домалақ.

Тіл мен көздің сұғы бар, Тиіп кетер нақаққа;Өз жөніңді біліп ал, Қалмас үшін шатаққа.

Қанша нұсқау жазылды, Көңіл қайтіп жай табар?Менің де бұл назымды, – Ауылыңа айта бар!

Келдің енді жөніңе, Жаса көптің бағына;Елеп айтар еліңе, Базынам бар тағы да!

Page 249: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

249

5.

Көр құдайдың құрметiн, Келе жатқан ескiден;Тергеу сенi мiндетiм, Өтесiң бұл тестiден!

Өкiл болып келсеңiз, Өкпе-наз көп менде де:Ынтымақпен ел семiз,– Дедiк қой сан пендеге.

Тарқатайын шер мен де, Жолыққан соң жырақта;Қанша айтсақ та сендерге, Iлмейсiңдер құлаққа?!

Ал айта отыр сырыңды, Аңсап келген Әтиiм,Тартпап па едiң шылымды, Атпап па едiң апиын?

Ораза, намаз – тоқтықта, Деп айтса да абызың;Өңкей жасқа боп тұтқа, Өтелген бе парызың?

Көп дәулетiн жымқырып, Алып жеке меншiкке;Зор мансапқа ұмтылып, Мiндiң бе алтын ершiкке?!

Айдағаның бес ешкi, Айдаһардай ысқырып;Қалмай сыйлас, дос ескi, – Қудың ба елдi қышқырып?

Жемқорлықтың салтымен, Жинап жерлес, туысты;Пара алып әркiмнен, Толтырып па ең уысты?!

Аталастың қамы деп, Дауыс жинап, даурығып;Шығардың ба ат тағы кеп, Ағайынды жау қылып?

Қай еңбегiң сiңдi елге, Хан сарайын тұрғызып?Мешiт те жоқ iргеңде, Ниеттерiң кiл бұзық.

Саудаға сап сау басын, Іріп-шіріп не тектi;Аңдып елдiң ауласын, Жалдамап па ең рэкеттi?

Мүжiп семiз марқаны, Мықты емес пе ең мызғыған;Сызбап па едiң картаны, Тартпап па едiң жүз грам?!

Ат шаптырым аумағы, Офис ашып iрiмен;Казино мен саунаны, – Торымап па ең түнiмен?

Аз ба ондай ант атқан, – Азынаған «сотовый»;Шекпен киген, шен таққан, Шеттерiнен Мәтi би!

Page 250: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

250

Сүйсiндiрiп көптi iсiң, Қарғыс алма, жақсыат ал!Әуре болған жоқпысың, Аламын деп жас тоқал!

Төрт түлiктi ел «бағына», – Өткiзiп сан артельге;Қалған малды тағы да, Бермеп пе едiң бартерге!Таз қалпыңа түспеп пе ең, Баяғы сол машықпен;Шыңжан менен Пiшпектен, Әлде тауар тасып па ең?Зәбiр көрiп басқадан, Әлде жүр ме ең шеткерi?Қысастық қып қас надан, Ақыңды сан жеп пе едi?Көршi-қолаң тыныш па, Нашақор ма дарақы ұл?Кiрiп ол бiр жұмысқа, Таппай ма екен қара пұл?Қартайғанда жақсы ма, Зейнетақы, күйлерiң?Қаралмай-ақ бақсыға, Көп пе емхана, үйлерiң?Әкiмдерiң жайлы ма, Ақ сөйлей ме болысып;Ана тiлi – бай мұра, Төрге озды ма толысып?!Көрiпкелдер көбейдi, Көр кәнекей алданбай;Кiсәпiрлер не дейдi, Менен факс алғандай.Надан сопы шықты өрге, Бiрi «поп» та, бiрi «ишан»,Бiз бе десек тұтқа елге, – Кiм сендердiң «крышаң»?!Болмай үстем бiр шындық, Құдайсыз боп кiм оңбақ;Тағы шықты бiр сұмдық, Мал мен жанды клондап?!Сорлаттыңдар ұрпақты, Соғыс ашып, лаң салып;Содан олжа кiм тапты, Пайдасы бар қаншалық?Мұсылман деп, кәпiр деп, Бiр-бiрiңдi жазғырма;Шайтан iсiн мақұл деп, Адамзатты аздырма!Ынсап қылмай ырыссыз, Аз болды ма тойғаның;Ендi бiздi жұмыссыз, Қалдырмақ па ойларың?! Жалмадыңдар жер-көктi, Уладыңдар ауаны.Босып талай ел кеттi, – Табам қандай дауаны?! Тезге бәрiн салыңдар, Жаңа ғасыр жүз бердi.Ақыл бердiк, арың бар, Не қыл дейсiң бiзге ендi?! Түзу шықпай түтiнiң, Түңiлгенiң бiзге сын.Өй, көбейгiр тұқымың, Өрге басқыр бизнесiң!

Page 251: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

251

Жолын тауып оң, дұрыс, Ел бақытын iздесiн.Қарқынды ма өндiрiс, Қалай шағын бизнесiң?!

Қарымыңды көр байқап, Халықсыңдар бір ғажап.Жер бердік қой кең байтақ, Ел болсын деп бұл қазақ!..

Жер мен суды қорықтан, – Берiп ек қой мол пiшiп;Мыңғыртып мал, орып дән, – Жатпайсың ба сорпа iшiп?

Қаза бермей құр бекер, Қазынаңа абай бол;Қазағыңды гүлдентер, Қазық болар қалайда ол!

Көртышқандар кемiрген, – Майлады ма мұрттарын?Нарыққа көп жегілген, Жайланды ма жұрттарың?!

Сонша жердi бабаңа, Бермеп пе едiк актiлеп!Ие бол сол далаңа, Қабыл болып ақ тiлек!

Үйiп-үйiп бермеп пе ек, – Мұнай мен мыс, алтынды?Өрге құлаш сермет тек, Жұмылдырып халқыңды!

Iлiктестен кiм асар, Бұл заманда, құлдарым;Инвестиция құя сал, – Жетпей жатса пұлдарың!

Аш қалмасың ол анық, Қиямет бiр күнде де;Отырарсың оранып, Үлде менен бүлдеге!

Көршi менен көлемдi, Көзге неге iлмейсiң?Абай айтқан өлеңдi, – Неге құнттап бiлмейсiң?

Мiржақып та қақсапты: Ойбай, қазақ, оян деп!Өмiр-өзен қанша ақты, – Сол әдеттi қоям деп!

Жиын болса есiнеп, Түспейлі ұрттан сағызың;Жiгiттiң бұл несi деп, Айтам Хақтың уағызын.

Бiр-бiрiңе шағынып, Аз ба тартқан азабың?Күш сал ендi жабылып, Ай, ақкөңiл қазағым!

Үйiр-үйiр жылқың кем, Үйiңнен көп мазарың.Үйренiсiп жұртыңмен, Қызды ма ендi базарың?

Құтты болсын сапарың, Көз алартқан көп саған;Селдiремей қатарың, Сарқылмасын тоқ сабаң!

Page 252: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

252

Тіктің өрге туыңды, Тiлегiңдi бердi Алла!Бастап жаңа буынды, Аршындап өс ендi алға!

«Бәйтерегің» әуелеп, Байтағыңды сайладың.Жемістерің мәуелеп, Жығылмасын байрағың!

Ойла көптің табысын, Олжа күтпей тендерден.Орта азия барысын, – Көрсек керек сендерден!

Пірадарлар достасқан, Пирамидаң нық тұрсын.Барлық ұлттар бас қосқан, – Пайымыңды ұқтырсын!

Толтырыңдар табыспен, «Отыз елдің» санатын.Бермей елдің намысын, Берік болсын қанатың!

Жас ұрпақтың қамына, Шоршымаңдар шоқ басып;Бiр кемелдiң маңына, – Жүрсеңдершi топтасып!

Бiр-бiрiңдi күндеп тек, Жар басынан құлатпа;Елдi сүю мiндет деп, Жетсеңдершi мұратқа!

6.

Мұны естіген кезінде, Ес қалмады қартыңда.Ашып-жұмып көзін де, Тығылды сөзі алқымға!

«Жаратқанның» алдында, Жаман тоны қаудырлап;Шамасы жоқ шалдың да, Сасқалақтап, саудырлап.

Еңіреп шал еңкілдеп, Естен тана жығылды:– Ассалаумағалейкүм! – деп, Құлдық ұра жүгірді!

«Бісімілла» сөз басы, – Уағалейкүмәссалам!Қабыл болар көз жасы, – Көзіңді тый, мәссаған?!

Періште:Көріп тұрмын көңілі-ақ, Көп пендемнің біреуін,Қайт үйіңе, соңыра-ақ, – Қабыл болар тілеуің!..

7.

Солай деген қалпында, Ғайып болды Өкіл де.Енді бір сәт қартың да, Тұрды ауыл шетінде...

Тілеуіңді берем деп, – Айтқаны «Хақ» бәрі есте:Тұр еді шал елеңдеп, Шыр етті бір нәресте!..

Page 253: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

253

Келгені ме ғайыптан, Бала ма екен тастанды?..Шалдың жанын байытқан, Ғажап бір күй басталды.

«Көкем, көктен түстің бе, Көңілге еніп мұнша күй?!» –Табалдырық үстінде, – Жатты ораулы бір сәби!

Оны қолға алғанда, Құнжың қақты қартың да:Жеттім деп мәз арманға, Тұяқ қалып артымда!

Қайда бірақ анасы, Жүр ме адасып тұманда?Шетелге аспай баласы, – Шүкір дей ме бұған да?

Кім емізер бірақта, Бола ма адам жас бала? Сүтхана мен, шыраққа, – Бар ма арзан баспана?

Берді ме шал сорына-ақ, Қарай ма өмір ажарға?!Екі өкпесін қолына ап, Жүгіре ме базарға?

Қалтасы тек қалың ба, Нарықшылар не дейді?Тек баюдың қамында, Елей ме екен кедейді?

Сол бала деп барғанда, Баға қалай дүкенде?Ұрпақты ойлар қам бар ма, Үміт артқан «Үкеңде»?

Өсіріп сол өркенін, Аялай ма, құнттай ма?Ертеңі кім өлкенің, Ұрпақ өспей – ұлт қайда?

Атом деген аты өшкір, Атқа салды құрықты;Аталықтан ада өсті ұл, Ата ғұрпын ұмытты.

Ізгілікті мұрамыз, Ізі өнердің жұтады;Тәлім көзі – жыр-аңыз, Көп пе оқитын кітабы?

Уыз емес, у жұтқан, Көбейді ғой ғарібің;Қорғап қулық-сұмдықтан, Қолдай көрші, Тәңірім!

Шарлап арман әлемін, Ел үмітін ақтайды ол;Тілді берген, Жәлелім, Тіл мен көзден сақтай гөр!

Сәуле шашқан әр үйге, Сәби – елдің таңы атқан!Сана беріп сол сәбиге, Жар бола гөр, Жаратқан!..

Page 254: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

254

ЖОЛБАРЫС МІНГЕН ЖОЛАУШЫ

Барымташы бір бар еді, Баукеспе болған жырынды;Даңқтан үлкен дәмелі, Батырдың соңы бұрынғы!

Жылқы алған жортып түнімен, Таныс боп жер-су, тау-жыраң:Түркіменнің де түбінен, Арыстанның да аузынан!

Жүрегінің де түгі бар, Түлейді тіліп жортады;Олжаны ойлап қыруар, – Жорықта жүрген ол тағы!

Қара түн, қалың жыныста, Тағы бір олжа тап болды.Кірісіп қауырт жұмысқа, Басына мұның «бақ» қонды!?.

Адамға сондай құныққан, Бұл да бір пайда, пұл шығар:Оңаша жусап тыныққан, Көзіне түсті бір Шұбар!

Қуғанға кетер ілдірмей, – Шұбарды көрген шыдар ма?Жылжыды жымын білдірмей, – Құмартып қатты Шұбарға!

Үстінен түсті-ау олжаның, Бұл қайдан жүрген саяқ деп;Ойланып жатпай аржағын, – Бас салды сабаз таяп кеп!

Атылып қонды үстіне, Жалына мықтап жармасты;«Не істейді мына күштіге, Бұ қайдан шыққан албасты?» –

Жануар қатты шошынған, Орнынан ытқи жөнелді, –Болды ғой бұл іс тосыннан, Қарай гөр мына өнерді!

Жүгенсіз мінген жүйрікті, Емес-ау өзі, сірә сау?Күткендей осы бұйрықты, – Жөнелді жүйткіп шу асау!

Жүген мен ноқта кимеген, Даланың мынау тарпаңы:Кесекті саздай илеген, Қалыңға сілтеп тартады!

Жеткендей боп зор табысқа, Батырдың ойы үйлесіп;Рза боп жойқын шабысқа, Барады рахат күй кешіп!

Тұлпарға болған құмар-ақ, Мінді ғой, міне шұбар ат;Бір бақыт тұр-ау сығалап, Шығандап енді шығар ат!

Шарқ ұрды, – қалай салды аяқ: Шабады шаршап, талмай-ақ;Жолықты-ау ерге маңдайы ақ, – Жорғадай ұшқыр қандай ат?!

Page 255: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

255

Жығылмас аттан жырынды, Көріп пе ең мұндай аңшыны?Алам деп қағып жыныңды, Сауырға басты қамшыны!

Жануар мұны көрмеген, Жебедей заулап атылды!Сала мен сайды өрлеген, – Қызыққа оны батырды!

Беріліп ойға не түрлі, Қиянға қиял қаңғыды;Сайлардан самғай секірді, Қиядан бір-ақ қарғыды!

Қара озбас мына Құладан, – Білмеген бұрын неліктен?Жылп етіп өтті жырадан, Екі аттап озды еліктен!?

Жарысқан жақсы-ау, бірақта, Кетірді шырқын маңайдың;Мінем деп мына пыраққа, Ұйқысын бұзды талайдың.

Кеп еді қайдан қаңғырып, Тойымсыз құлқын, қу арман; Жөнелді жапан жаңғырып, Дүр ете қалды ну орман!

Пыр-пырлап ұшты құс біткен, Үріккен аңда жоқ есеп!Осымен, сірә іс біткен, – Болдырар болып көк есек?!

Қажытпақ ойы тағы бар, Тақымын қысып, соққылап;Шалдығып бірақ жануар, – Тоқтайтын түрі жоқ бірақ!

Не болар мұның аяғы, Батырға тұлпар сай шығар?Алпамыс мінген баяғы, Мынауың нағыз Байшұбар!

Жануар нені түстейді, Жаңылмас бірақ шабыстан?«Пәтшағар неге түспейді, Не пәле мынау жабысқан?!»

Тасыры аз шыққан бірақта, Табаны жалпақ таймаған;Сияқты болат тұяққа, – Байпақ қып киіз байлаған!

Тәсілқой барымташыға, Керегі осы емес пе, –Ың-шыңсыз, ізін жасыра, – Жортпай ма ертең белесте!..

Осқылап бетті қамыс, тал, Бұталар тілді балағын;Тайсалмас бірақ намыс бар, Тағысы бұл да даланың!

Көнбеді ат бірақ ырқына, Сыз берді таң да қылаңдап;Тұлпардың мінген тұрқына, – Көз салды енді бұл аңдап!

Ойпырмай, бұл не ғаламат, Масқара, қандай болған іс?Мінгені түнде тағалап, Боп шықты нағыз жолбарыс!?

Page 256: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

256

Ойыннан, міне от шықты, Кеш болды бәрі, әттеген?Жыртқыштың өзі боп шықты, Жүйрігі мынау ат деген!

Не істерін білмей жұлқына, – Бір жұмды ол көзін, бір ашып;Білмейтін сырын жылқыға, – Болдым деп қайдан тым асық?!

Зәресі ұшты батырдың, Бір суып бойы, бір ысып;Қалмады есі пақырдың, Бір уыс болып бүрісіп!

Манағы желік желге ұшқан, Жоғалды қайда бұл ерік?Жаралы жандай жер құшқан, Барады лағып тірі өлік!?Көрдің бе тағдыр кезегін, – Жетпек ед тездеп мұратқа?!Өрт алды енді өзегін, Міндім деп қайдан бұл атқа?Қалмады дегбір міскінде, – Жер таппай жанын қоярға?Тайпалған тақтың үстінде, – Таупық бер оған, ой алла!?.

Айтқан ғой Абай рас тегі, Жұртпыз-ау жайды кеш ұғар:Тақымға тар ма мәстегі, Тұлпарда мұның несі бар?Қиын ғой тағдыр, не білдің, Салады сын мен сынаққа;Білмесе парқын өмірдің, Несі бар мініп пыраққа?

Жан ба еді тайыз көр кеуде, Болады үлгі бұл кімге?Атқанның бәрі мерген бе, Шапқанның бәрі дүлдүл ме?Тұрса да бойда күш қайнап, Жөн болар кеңес сұраған;Қолынан келмес істі ойлап, Қор болды, міне бұл адам!?Өзінің сенбей көзіне, Келеді ол сұмдық күй кешіп;Зәрезап болған өзі де, Кіретін таппай бір тесік!Қамыстан шығып жолбарыс, Тартты енді қырға кең дарқан;Адамдай шыққан жолға алыс, – Мынаны көрген ел де аң-таң!?Дүрсілдеп жүрек тынбайды, Дірдектеп, тері тамшылап;Біреулер қолын бұлғайды, Өлмелі жаннан хал сұрап?!«Жол болсын, – дейді біреуі, – Жолбарыс мінген жолаушым?!»Болсын де оның тілеуі, – Ол қайтып тоқтап, қол алсын?

Page 257: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

257

«Әулие, – дейді бір адам, – Шұбыртып мінген байталды!»«Сиқыр ма әлде сынаған, – Дұғамен жеңіп сайтанды?!»

Әуреге салған бар елді, Пақырды мұндай кім көрді?Құмартқан аттан ал енді, – Түсудің өзі мұң болды.

Аузынан жалын, зар шығар, Түсе алмай асау «бестіден»:Жүгірді малшы, аңшылар, – Байғұстың даусын естіген!

Жігіттер атын сайлаған, Атойлап шықты әр тұсқа!Ажалға басын байлаған, – Араша түсті байғұсқа!..

Жалт берді шұбар сол кезде, Құлады ер де сытылып;Есінен танған жолкезбе, – Ажалдан кетті-ау құтылып!..

Қалды ғой байғұс жан сақтап, Әйтеуір басы болды азат:Мінгенге қызық мансап, тақ, – Түсуің бірақ сор да азап!?

Арсыға биік ұшардай, – Басында босқа лепіріп:Кейіннен тақтан түсе алмай, – Қор болып жүрме өкініп!

Жаманатқа ондай ілікпе, Арман қу сайлы атпенен;Мінсең де небір күлікке, Жеткізбес оңай бақ деген!

Өмірде көп қой үміткер, Демеңдер оңай олжа тұр;Байқап мін атқа, жігіттер, Алдыңда ұзақ жол жатыр!..

АҚын іСМеТТің АҚырғы СөЗі(Олжас Сүлейменовтен)

Атақты ақын Әзірбайдың Баян атты тоқалын ақын Ісмет алып қашады... Қуғыншылардың қолына түскен екі бейбақтың ендігі тағдыры Әзірбайдың қолында еді.

Ақын Ісмет – аңқылдаған бір адам,Ақын жаны ада боп па күнәдан?Алып қашты Әзірбайдың тоқалын, –Көңіл шіркін бір-біріне құлаған.

Әттең, әттең... Дүниенің тарлығы,Қуғыншылар құтқармады... ЖарлығыЕкі болмай Әзірбайдай жайсаңның,Жан алқымда екі адамның тағдыры!

Page 258: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

258

Екі қолын қыл арқанмен таңып ед,Өңгеріп ап әкеткен бір лағынет...Күнаһардың шешті қолын кездікпен, –Әзірбайдың үлкен ұлы – Әлібек!Ақ көбік боп аттар... аң-таң жас-кәрі...Қара есікке ақын көзін тастады;Уқалап ап екі қолын ұйыған,Ақын Ісмет соңғы сөзін бастады:Өкінбеймін, басты тау мен тасқа ұрғантағдырыма, шаршап ұйықтап, аш тұрған.Өкінбеймін, сараңға да кең болдым,Ал жақсымен жарты құртты тең бөлдім.Өкінбеймін, төсекте өткен түндер кем,Отын жағып, ошақ астым күнде ертең.Өкінбеймін, жар құшағын жаймаған, –Жолға шықсам қанжығамды байлаған.Өкінбеймін, қанша күнім сарсылды,Іздеуменен нағыз досты нар сынды.Өкінбеймін, көрмесем де ұл мәпелеп,Қалмаса да еш тұяғым әкелеп!Өкінбеймін, қашқан киік бақ деген,Қумасам да құйғытып құр атпенен.Өкінбеймін, тыным тапқан жоқ мезет, –Келгеніме ажалмен сан жекпе-жек!Жалғыз-ақ бар өкінішім, сол – қайғы,Ғұмырымды қайталауға болмайды.Енді келіп басыма бақ қонбайды,Енді менде ауру, аңсау болмайды.Жалғыз-ақ сол, одан басқа жоқ арман:Тұра салып тәтті ұйқыдан, көгалдан,Жан тәсілім еткелі енді жатырмын,Қарақшы емес, қанжарынан ақынның!Жалғыз-ақ сол, амалым не, амалым,Көгалда ашып ең ақырғы ұйқымды;Ешкімді де білмей кетіп барамынӘзірбайдың әйеліндей сүйкімді!!?

Page 259: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

259

Ақын жырын айтты солай алқынбай,Сұңқардайын сұсы басым, саңқылдай:Көн етікті көптің бірін көр енді, –Қара бұлтты қақ айырған жалқындай!

Кенет, кенет... Киіз есік түріліп,Шықты Әзірбай! Жылт еткені бір үміт:– Әлібек! – деп шақырды ұлын, зілді үні,– Мен мұндамын! – келді ол да жүгіріп.

– Қос ат беріп, босат!!! Халық тарасын!..– Оның не, әке?!– Батырсын тез қарасын!..Баян дағы шыға берді сытылып,Әзірбайдың аңғарып ой-парасын...

Буырылдың шешті Ісмет те шылбырын,Баян да ерді... Өзі Ақбозға мінді ырғып;Екі бейбақ кете барды тебініп,Құла түзден іздеп енді тірлігін...

Қас қағымда жауын көріп ұзаған,Әлібек те жарылардай ызадан...Әулие қарт айтты: «Ұлым!.. Халайық!..Болмаған іс о заман да бұ заман...

Ер Ісметті түлен түртті, ант ұрды,Масқаралап бұзды ата салтыңды?!Бірақ, бірақ... «Әзірбайдай ақын!..» деп,Ақын Ісмет жалғастырар даңқымды!..»

ӨРІК ПЕН ТЕРЕК(Бақытжан Қанапияновтан)

Өрік ерте гүлдеді, жапырақ жайған жоқ демек.Көкірек керген көк терек, әлденеге өкпелеп:– Суық ұрып күні ертең, үсіп қалар гүл-өркен, –

Page 260: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

260

деді өрікке, – ел үшін, шықпас тәтті жемісің.Қызғылт-күлгін гүлдерімен құлпырып, өрік іштей тұр тынып.Үсік жүрді бір күні:Өрік айтты өмірге бар ынтығы:– Бәйтерегім – зор шынар, сенікі де жөн шығар?Жемісімді бәлкім адам татпайды, бірақ есте сақтайды:Менің гүлім жұпар етіп бөктерді,Әкелді ерте көктемді!Адамдарға шуақ пенен от берді,Қалтыратқан қыстан олар өтті енді...Бәйтерек құр төнеді, тыңдайтұғын шамасы да жоқ еді:Қауырт шаққа қала берді ол бас ұрып, айналаға ақ мамығы шашылып...

КЕНТАВРЛАР(Орынбай Жанайдаровтан)

Гректердің қиялы ұшқыр қашаннан,Мраморға мүсінделіп қашалған.Скифтердің аттары ұшқыр, өздеріЖасын атып, қуған жауды жасанған!

Аттың жалы, өсіп атан қомында,Арпалысып өткен ерлік жолыңда.

Гректердің кітабы көп хатталған,Кино болып бүгін сырын ақтарған.Ал ақындар жыр жалына жармасып,Сол жорықтар аңыз болып сақталған.

Ұлық жырды ұмытсақ та, сірә біз,Париж бенен Қазанда көп мұрамыз:Оқжетпестің өзі жайлы жалғыз-ақ, –Ел аузында бар қаншама жыр-аңыз.

Page 261: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

261

Гректерден өнер-білім таралған,Өркениет негізі боп қаланған;Дала даңқын дәріптейді даналар, –Ақын болып, батыр болып жаралған.

Тар кезеңге тап келгендей топ бала,Жеті атасын жете білген тек қана,Тұрлаусызды адастырмас ақ жолдан, –Ақиқаттан, хақ сөзінен жоқ дана.

Ел менен ел араласқан шақтардан,Аңыздар бар көп белгіні ақтарған:Бәйіттер бар, бейіттер бар, гректің, –Мәнеті бар Камчаткада сақталған!..

Серігі боп шексіз дала, ну алап,Жан дүниесін жаңғыртқандай дуалап:Тарих деген – дүние мен дүрмек деп, –Кентаврлар көшеді көк қуалап!..

дОСТыҚ пернеСі

АЛТЫН МЕН БОЛАТ(Орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннен)

Алтын айтты: «Менікі,– деп, – бәрі де»,«Менікі!»,– деп Болат мінді кәріне.«Сатып алам!», – Алтын айтты жарлығын,Болат айтты: «Тартып алам барлығын!»

ДОСТЫҚ СЫРЫ(Украин ақыны Иван Франкодан)

Түсiнгенге көп өмiрдiң сабағы,Ол сынаса не қиынға салады.

Содан өткен сұңғыла қарт қаншама,Қажымаған қос қанаты талса да.

«Қарт қойнында – қалаш бар» ғой қашанда,Ақылын ал асулардан асарда.

Page 262: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

262

Жас ұрпаққа арналған ақ тiлеуi,Мiне, сондай әңгiменiң бiреуi:

Таянғанын күндерiнiң ақырғыСезген әке жалғыз ұлын шақырды;

Қауқарсыз қарт дедi тiгiп жанарын:– Дәм-тұзым да таусылғандай, қарағым;

Бiраз ғұмыр бердi маған тәңiрiм,Жақсылықпен көрдiм дүние жарығын.

Бар дәулеттi мирас етем саған мен,Масаттанбай, саралай бiл санаңмен.

Өмiр мәнiн iздеме оңай олжадан,Барып тұрған бейшаралық ол жаман.

Одан қымбат қазының бар, жарқыным,Жан сарайың – баға жетпес алтының.

Ақылың бар, бар қабiлет, дарының,Лапылдаған бойда жастық жалының.

Бұл өмiрдiң жолы тоқсан тараулы,Бар тiлегiм: досың болсын қалаулы!

– Мың рахмет, әке, бiрақ табысқан,Достарымды санап қазiр тауыспан!

– Бос мылжыңдар дастарқанның басында,Қайдан бiлдiң дос екенiн расында?

Нағыз дос деп жетпiс жаста байқаған,Тек бiреуiн елеп-екшеп айта алам!

– Оныңыз не! Олар деген мен үшiнЖанын қияр жiгiттер ғой серi шын!

Езу тартып дедi әкесi: – Бiрақ та,Жаман болмас көрсең соны сынақта.

Торпақ сойып, қапқа салып етiнен,Түнде аралап шық досыңды шетiнен.

Page 263: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

263

«Масқара боп өлтiрдiм бiр адамды,Жасыр менi! Жаса,– де,– бiр амалды!»

Достарыңды сынап болған жерiңде,Барып шықшы сол досыма менiң де.

Әке сөзiн сақтап ұлы есiнде,Қабын алып шықты дәл сол кешiнде.

Жақсы деген досқа бiрден аттанды,Келе үн қатты: «Тезiрек аш қақпаңды!»

Дедi досы: «Бейсауат не жүрiсiң?»– Құтқар менi! Кiсi өлтiрдiм, құрысын!

Анау болса ашпақ түгiл есiгiн,«Аулақ,– дедi,– тиiп жүрер кесiрiң!

Бiр сен үшiн бар бәленi тiзбелеп,Кiнә тағып, тергемей ме бiзге кеп?

Лап қоймай ма жатыр ғой деп досында,Қабыңмен кет, не қып тұрсың осында?!»

Досын шарлап сандалды ол түнiмен,Қайыр болмай шықты бiрақ бiрiнен.

Бiреулерi дедi: «Жүрме маңыма!Әйтпесе өзiм әкiмге айтам тағы да…

Сенiмен дос болды екен деп мақтай ма,Қылмысты деп маған да айып тақпай ма?!»

Қуғын көрiп, пана таппай жөндi бiр,Әкесiнiң танысына келдi бұл.

«Қан ұрттадым қапылыста – сорыма,Бiр жаманат түстi менiң соңыма,

Әбден састым – қуғыншылар көрiптi,Қайтем өзiм, қайда тығам өлiктi?!»

Қарт та дереу ашты ысырма-құлыпты,Қабыменен iшке енгiздi жiгiттi.

Page 264: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

264

«Бой тасала осында, ұлым, күйiнбе,Өлiктi тық қуысқа орап киiмге» –

Дедi ақсақал арқасынан капты алып,Бас ұрды ұлан қартқа сырын ақтарып:

– Мың рахмет, сынай келдiм сiзге мен,Қуғыншы да жоқ соңымда iздеген.

Әкесiнiң айтты өсиет ойларын,Бүгiн түнде не iстеп, ненi қойғанын.

Ұғынғанын шарлап жүрiп түнiмен,Босы қайсы, досы қайсы шынымен.

Сыйын берiп, Сынын артып күнде өстiп,Өмiр бойы шыңдалады бұл достық.

Ей, бауырым, тағдыр жолы қандай бұл?Шық сапарға, шын досыңды таңдай бiл!

НЕМАН(Белорус ақыны Якуб Коластан)

Арындап Неман аққанда, Жарқырар шықтай мөлдіреп.Қалың ну қалар қапталда, Желегі жасыл желбіреп.

Біргеміз, Неман, біз мәңгі! Несібе бердің лайықты.Толқының кейде ал, ызбарлы, Батырған талай қайықты.

Көктемде шарлап белдерді, Ағыздың кәрі еменді.Қопарып тау-тау сеңдерді, Суардың шалғын, белеңді.

Батырып орман, аңғарды, Тасыдың, құйдың, селдеттің.Сүйретіп ауыр салдарды, Сарқырап алыс сен кеттің.

Қашса да алып қанша ауды, Толқының әсте тоймаған.О, Неман, білмес шаршауды, Сыйладың қанша ой маған!

Етене таныс емес пе, Жағдайы саған жарлының.Естідің талай белесте, Кедейдің салған зарлы үнін.

Сыбызғы сазы басылмай, Төбеңде тұрар кешкілік.Жанардан аққан жасыңдай, Тұрады мұңды ән естіліп...

Page 265: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

265

Жағаңда, емен жанында, Жаңбырлы түнде саулаған:Жыртық тон. Тірлік қамында, Балықшы байғұс жаураған.

Өтеді долы дауылың, Жапырып жасыл жағаны.Шаршаған шөпші бауырың, Шомылып рахат табады.

Жылжиды ай баяу төбеңде, Жарқырап кейде түнгі аспан.Сыңсыған орман төменде, Сыбдырлап саған сырласқан.

Жағаңда – шаруа белорус... Өлкеңнің талмас өзегі.Өрекпіп аққан өр ағыс, – Өзіңсің Неман өзені!

АРЫЛУ(Түрік ақыны Әбділ Уақап Ақбаштан)

Мешіт маңы, көгершіндер, жасыл маң,Фонтан атып, Сінан6 даңқын асырған.Мраморға мәңгілікті қалыптап,Сабадан тұр азан үні қалықтап.Аспан төсін, ақша бұлтты бөктерлеп,Мұнаралар бара жатыр көкке өрлеп.Таң сабасын қотаратын күнде өстіп,Мынау неткен үйлесімді үндестік.Дұға оқып жаның рахат тапқандай,Шабытты бұл шақ қандай!Алпыс екі тамырыңды балқытқан,Сол үнсіздік Алла нұрын шалқытқан.Тазартқандай жан дүниең, санаңды,Тән елжіреп, Рух билеп тұр адамды.

МЕНІҢ РУЫМ КІМ?(Корей ақыны Мен Донуктен)

Ақсақал маған төтеден қойып сұрағын,Бетіме қарап: «Руың кім, – деді, – шырағым?»

6Сінан – Осман империясы кезіндегі атақты сәулетші. Саба – азан оқу мақамы.

Page 266: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

266

– Жоқ, әкей, мен бе, – Арғын да найман емеспін,Адай да керей деген жоқ мені әлі ешкім;Мәпелеп келген мейірбан, ізгі руданмын,Ұлы боп соның, соларға жақын туғанмын.Аралас онда арғын да керей, найман да,Бауырым деді, жүрсем де олар қай маңда:Ұқсайды дей ме, кім білсін, түрі, мінезі,Бәрінен гөрі бұл өзі, –Сүйгеннен шығар, сезініп оның бағасын, –Қазақтың байтақ даласын!..

ХАЛҚЫМА(Шешен ақыны Арби Мамақаевтан)

Бауырым – ингуш, шешенім,Ақының болсам дегем мен:Төгейін жырдың нөсерін,Сырыңды толғап тереңнен;Оқыңдар отты жырымды,Естіңдер асқақ үнімді!

Кеш жеттім*.., қайтып тынбақпын?Келмесе ажал мұң артып?Дос-жаран өзің – қымбаттым,Таулы өлкем... сенен кім артық?!Жырлайын туған халқымды,Өзің бер баға, нарқымды...

*Белгілі ақын біраз жыл қуғын-сүргінде болған.

Page 267: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

267

Он бірінші тарау

«ЗАМАНДАР МЕН ТАҒДЫРЛАР» ШОҒЫРЫ

АБЫЛАЙ ХАН АЛАҢЫНДА(поэма)

БАСТАУ

Межелі, достар, күн бүгін, Мерейлі шаққа ұласқан. Мейірбан ана – күн нұрын, Мейлінше төгіп тұр аспан.

Шалқыған жердің бөктері, Шағырмақ шақта жайнаған. Шарықтап бақыт кептері, Шадыман жандар айналам.

Көкорай, жұпар аңқыған, Көкшемде жүрмін көктемде. Көңілім көлдей шалқыған, Көсіліп жатқан көк белде.

Көгілдір шәйі көйлегі, Көлбеңдеп, сусып желменен. Көкшемнің өзі сөйледі, Көкейін шабыт кернеген.

Ұсындым жүрек жырларын, Ұлылар өскен өңірге. Ұқтырды Көкшем сырларын, Ұлағат құйып көңілге.

Елестеп өтті тұлғалар, Ескерткіш сынды сомдаған;Ерлердей маңғаз тұрды олар, – Елдіктің жырын толғаған!..

Өнеге өшпес өмірі, Өздерін қандай сүйемін; Асқақтап олар өр үні, Ағытты сырдың тиегін:

I. БҰРЫНҒЫ ЗАМАН

1. Есенаман батыр (Жекебатыр):Алтай менен Ақжайықтың арасын, Алатау мен Сарыарқаның даласын, Алып жатқан ата мекен, анашым, Қорғау үшін намысың мен арыңды, Көтеруге тура келді көп сынды.Мерт болды ғой талай қыршын жалынды,

Page 268: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

268

Көкірегіне еніп көк сүңгі.Азаппен келген жеңісім осы дем берсеЖасампаз ұрпақ даңқы үшін,Алысқан жандар ерлершеКөрді ғой тағдыр талқысын.Қайран далам, уығы – ағаш, үсті – ашық,Жатпаса да қолым самсап, күш тасып,Еркіндігің үшін сенің тайсалмай,Ұрыс қылдым ұлы елдермен де ұстасып.Алла қолдап, әулиелер демесе, Ешкімге де берген жоқпын мен есе. Аяғаны ма ол мені, осалдығы ма немесе?!. Осылай бағын елімнін, Мәпелеп, далам, тербедің. Кеңдігіменен жеріңнің Сорым да болдың сен менің! Дәріс естіп, дәурен сүрер шақ қайда, Дүлдүліңді ер, дұшпан тиген жаққа айда!.. Қала да болып отыра алмай алаңсыз, Қаяусыз, қамсыз, қамалсыз; Еркіндігі үшін жерімнің, Ертеңі үшін елімнің, Көшпелі өмір, көндіктірдің амалсыз...Ескі жолы Есімнің,–Ел мерейін өсірдім;Есемді алып дұшпаннан,Еркін дәурен кешірдім!..Қасқа жолы Қасымның, –Дұшпанның қолын қашырдым;Туған ел деп ту тігіп, – Алапасын асырдым!..

2. Абылай хан: Таба алмай адасқанда ел үйірін,Талқыға салғанда өмір мені қиын:Қолдаған хандығымның кіндігі боп,Көкшетау – пана болған жерұйығым!

Page 269: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

269

Түйесі Есенаман шөккен жерім,Киесі қорғап елді өткен жерім!Орнатқан Ақордамды, бақ ордамды,Көкшетау – неткен кербез, неткен керім!

Көкшетау – көне күйім, жыр-дастаным,Орнатқан мамыражай нұрлы аспаным.Төле би, Қазыбекпен, Әйтекемен, –Кең толғап, кеңес құрып, сырласқаным!..

Бөгенбай, Қабанбай мен – арыстарым,Жәнібек, Андықожа, Арыстаным;Әйтімбет, Жәпек, Қанай, Құлеке менҚұлсары, Баян болып табысқаным.

Ұрпағым ұлы істерді бағамдасын,Еліме қызыр қонып, бақ орнасын!Ақ туын азаттықтың асқақтатып,Алаштың кір шалмасын Ақордасын!..

3. Ораз аталық:Көкшетау – Сарыарқаның төрі ме еді,Оқжетпес – шын биік боп көрінеді;Түлетіп жас қыранды қия шыңға, –Баптаған өзің едің, Момын елі!..

Шықты ғой неше түрлі сұмдық алдан,Сытылып шықтық аман Сыр-Қуаңнан;Ортаңа қосылғанда жас Абылай, –Ел едің тілекші боп, шын қуанған!..

Сол екен дәулет құсы қолға қонған,Сұлтанға болдың қиын жолда қорған;Көтеріп көптің рухын, мерей тасып,Ел болдың енді бүгін Орда қонған!..

4. Әйтімбет би:Көкшені қоныс етіп, салдық орда,Абылай ел тізгінін алды қолға!Ерте ойлап ел мен жердің еркіндігін,Бас тігіп, қайрат қылдық қанды жолда!..

Page 270: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

270

Ел үшін жанын салған талай берен,Ақорда аман ба деп қарай берем:Дәулетбай, Дәулеткелді, Алдасүгір,Жолбарыс, Андықожа, Қанайменен!..

Даңқой мен Қыдыр, Серкеш – бауырларым,Заманның көрдік талай дауылдарын;Маңымда Майлыбалта маңғаздары, –Құлансу, Қойлы, Ақтеке қауымдарым!..

Ер жүрек төлеңгіттер маңайымда,Айналдық бірге туған ағайынға;Бауыр боп қырғыз, керей, үйсін де жүр,Алшын мен керейт, қаңлы, жайлайыр да!..

Хан ием батырым деп ел құраған,Билік пен еркіндік те берді маған:Ел болдық, ірге бекіп, ұрпақ өсіп, Өркендеп өрге басар енді далам!..

5. Жақсылық Дәулетбай би:Бұл күнде елге азаттық болыпты арман,Бар қазақ басын қосты соны ұқаннан:Мінгіздім Шалқұйрықты Абылайға, –Жеңіспен оралсын деп жорықтардан!..

Бар тағы Жақсылықтан Баян батыр, –Ақорда, ол да сенің саяңда тұр!..Сақ болсын сардарларым, сарбаздарым,Сұм дұшпан елге әлі де таяу жатыр.

Ер Өтеп, Шотан, Ақан, Қосағалы,Қалмақты қуып қолы босамады...Жалындап өскен ұрпақ ер көңілді, –Үлесін туған елге қосады әлі!..

6. Қанай би:Майданда қажып жүріп қанша айлаған,Елінің еркіндігін аңсайды адам:Құлсары, Андықожа, Әйтімбетпен, –Би едім Абылайды хан сайлаған!..

Page 271: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

271

Абылай – берген алла сана, қайрат,Болды ғой елге тұтқа, далаға айбат:Атойлап атқа міндік «атығайлап»,Қалмақты қашырдық қой «қарақайлап»!..

Халқының қызметіне жегілгесін,Міндеті ердің қалай жеңілдесін?Ташкентте ақорданың өкілі боп,Септесіп жүрдім мен де ел іргесін!..

Көкшетау мекен енді ел өрбіген,Құт орнап, қызыр қонар өнерлімен;Ісіміз қайырлы боп, зейінді ұрпақ, –Түбінде түлеп өсер Зерендіден!..

7. Андықожа батыр:Серік боп Абылайға атқа міндім,Бетімді дұшпан тиген жаққа бұрдым:Шайқастық ата жаумен басты тігіп,Болар деп бұйырғаны хақ-тәңірдің!..

Арымай астымдағы Тайшұбарым,Аттанды алыс қырға жаушыларым;Дұшпанмен жан берісіп, жан алысып,Өткердік бастан талай жау сынағын.

Арқаны азат еттік, алып белді,Елдікті ойлау керек халыққа енді;Абылай еңбегіме риза болып,Еншіме Ақшоқыны алып берді!..

8. Сәбике бегім:Хан ием елдің құты болған еді,Бір алла салған шығар жолға мені:Емші боп талай жанға дәру бердім,Алланың жазуымен қонған емі!

Отауда сәукеле мен алқа қалып,Найза мен қолымызға қалқан алып;Қайрат қып жорықтарда, мал да бақтық,Ерлердің айбынды атын арқаланып.

Page 272: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

272

Қазақтың қыздары осы ерге серік,Жүретін дәстүр дәнін елге сеуіп:Ұрпақтың тәрбиесін ойлап ана,Зұлымдық, жамандыққа бермес ерік.

Құралып жатқан кезде ұлыс бүгін,Қорғайық елдің, ердің тыныштығын?Ардақтар Ақорданы ұрпақтарым, –Мәшегім, Өте - Қайып, Рысқұлым!..

9. Қарасай батыр:Жауды қуып, елді азат етемін! –Сол мұратпен ат үстінде өтемін;Жетісуға жетер азат ұрпағым, –Айыртауым, пана тапқан мекенім!..

Сарыарқада қалды сайрап іздерім,Еркіндік пен ел бірлігін іздедім;Жалғап тұрған Алатау мен Арқаны,Көкшетауым – құтты мекен, ізгі елім!

Құдандалы, бауыр басқан қауымым,Асулардан бірге аттаған бауырым!Ұлы парыз – ұрпағыма аманат,Аман болсын ай таңбалы ауылым!..

Алтын Арқа, атқан сенде нұр таңым,Қайран Көкше, биігіңде шырқадым!Өркен жайып, өсіп-өнген саяңда, Дәм-тұзыңды ақтар текті ұрпағым!..

Сыйластықпен, ата ғұрпы, жолменен,Шын дос тауып, шықтым талай төрге мен;Ерлігімнің, елдігімнің куәсі, –Оқжетпесім – ел мерейі өрлеген!..

10. Шал ақын:Ғажайып көп тарихты өткен бастан,Ақындар толғап терең еткен дастан:Құрғанша Көкшетауда Ақордасын,Біздің ел талай асу, көп бел асқан...

Page 273: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

273

Заманы Абылайдың толған аңыз,Ері екен заманының ол да нағыз!..Хан сайлап – Есенаман, Қалқаш, Қылды,Қараша, Игісәтпен болған абыз.

Серігі Абылайдың – Құлекенің,Қазақтың қайсар туған ұлы екенін;Ерлігін Жәпек, Баян, Құлсарының,Аңыздап ертелі-кеш жыр етемін!..

Елге айттым естігенім-көргенімді,Жамандық торламасын енді өмірді;Сол ерлер кейінгіге үлгі болып,Жас ұрпақ өсе берсін ер көңілді!..

11. Монтай батыр:Қызылағаш – туып-өскен мекенім,Көріп өстім хан ордасы екенін;Жақсылардың қасына еріп ел көрген, –Кездерімді дәтке қуат етемін.

Бабалардан дарыған-ау күш маған,Нар ағалар намысымды ұштаған;Он жетімде атандым мен жас батыр, –Абылайдың туын соңғы ұстаған!..

Туды алып Абылай хан қолынан,Өрге жүздім Айберді, Өте соңынан;Жаным бірге желбіреді сол тумен, –Айнымауға ата-баба жолынан!..

12. Тоқтамыс би:Ұрпағы Абылайдың асыл текті:Ығысып Саржан кетті, Қасым кетті.Қолдадық Есенаман ұрпағы боп, –Жастығым Уәлиханның қасында өтті.

Қайтейін, өтсе ғұмыр текке налып,Патшадан жүрміз енді шекпен алып;Топшысы топ соқса да қайырылмайтын,Самұрық бұның өзі неткен алып?

Page 274: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

274

Тоздырды төрені де, көнені де,Өлмейтін өзегінің қорегі не?Мылтығы, зеңбірегі зіркіл қағып,Жайылды Көкшетаудың көлеміне.Шығыста қытай қолы қопаңдаған,Түстікте Қоқанд жатыр қоқаңдаған.Көкшенің төңірегін айналсоқтап,Табылмас бұдан құтты Отан маған.Замана тұрсадағы мың құбылып,Болмасын ұрпақтардың тірлігі ұмыт.Жер қарап, білім алған білікті ұрпақ, –Патшаға өтпесе екен құлдық ұрып?!.

13. Ғұбайдолла сұлтан:Біздің ел ұрынбаған қай дауылға,Патша да қалың торын жайды ауылға;Талпынып төрт қиырға жайдым қанат, –Амалсыз көрдім оның айдауын да!

Елімді өзімше өрге жетектедім,Жинадым салығын да, зекеттерін;Патшаға шағым қылдық, шабындық та, –Жойсын деп бекінісін – бекеттерін!..

Еженхан бермек болды хан атағын,Ақ патша азғырды ұлын әр атаның;Қарсы боп қала-қамал салғандарға, –Жүзімді енді қайда қаратамын?!.

Сұм жалған көніп жатыр қай ырқыма,Салар ма Майлыбалта май ұртыма?Жарылқап пұл бергенсіп, еркімді алып,Айдады жер түбіне – Қайыңтұра!..

Күні озды-ау қараның да, төренің де,Патшаның құзырына көнемін бе?Азуын айға білеп аласұрған, –Еңбегі еш болды ғой Кененің де!?.

Шен тақтым, шекпен алдым ақ патшадан,Қытайдың сыйлығын да қапқа салғам;

Page 275: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

275

Түлкідей түзде жортқан тірлік мынау, –Жалғанда қалағанын таппас та адам.

Балалар оқып жатыр Петерборда,Жер емес жуыр маңда жетер жорға;Біз қайда, олар ертең не болады, Сарсылып қайран ғұмыр өтер жолда...

14. Әбілқайыр сұлтан:Басып кетті өңкей кірме қотанды,Асып кетті, Көкше, биік жотаңды;Қарақшылар баса-көктеп жеріме,Қорсылдақтар шошытпасын ботамды!..

Біздің мұрат бұл емес қой іздеген,Болашақтан елміз үміт үзбеген;Көкшетаудан көшірсін деп дуанды7,Ақ патшаға талап қойдық біз деген!..

Басқыншылар қоздатпасын қордасын,Үркітпесін қазағымның жорғасын;Қайран елге қала салып, қамалап,Аздырмасын Абылайдың ордасын!

Бүлдірмесін Көкшетаудың өңірін,Былғамасын Бурабайдың қорығын;Дуан салып, бойлап еніп далама,Бұзады олар елдің тыныш өмірін.

Қала келсе – жамырайды жат қылық,Жүре алмаймыз жайраң қағып, шат күліп.Жолдағының жайпап өтіп барлығын,Патша әскері келе жатыр аптығып!..

Жат қаптаса – жаман әдет тараған,Атадан – ұл, қыз безеді анадан.Көшсін олар Шағалалы жағына, Не табамыз ол шоқынды қаладан?

7Осылайша, Көкшетау қаласының іргесі ежелгі Көкшетау – қазіргі Бурабай аумағынан тысқары жерге қаланды. Сұлтанның бір бауыры Қашқынбай, Абылай деп те аталған.

Page 276: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

276

Жатқа елікпей, болсын ұрпақ қырағы,Туған елдің болсын ғасыл мұрады.Әділетпен ел басқарсын жақсылар, –Бауырларым Абылай мен Пірәлі!..

15. Хан Кене:Ордасын Абылайдың қорғау үшін,Намысын алашымның қолдау үшін;Жолында азаттықтың атқа қонып,Жайылды жер-жаһанға өр дауысым!

Жатты да, жақынды да аямадым,Сексен көл – сенен кеттім сая бағым;Шегіндім Жетісуға, Қаратауға,Құдай-ау, енді қайда саяладым?!.

Сұм патша жасап бағар қожалығын,Бейнетте қызың күн боп, тозады ұлың!..Қайтпексің – Ғұбайдолла, Пірәлі, Аңғал,Қарабай, Маңдай, Жанғал, Қожағұлым?!.

Болса да жаудың қолы бүгін басым,Бойыңда ерлік рухы шымырласын!Жоғалтпа күрес жолын, кейінгі ұрпақ, –Ақ туы Абылайдың жығылмасын!..

16. Орынбай ақын:Сөзімді арнап айттым хан-қараға,Жол тарттым сан ауылға, сан қалаға;Сынадым, мадақтадым талай жанды,Сөзімнің төркінін ел аңғара ма?

Шүлендер ат мінгізді үйірімен,Сараңдар сап тыйылды тиынымен;Қоғамның тамыршысы сияқты бұл,Талайды сөз қамшымен үйіріп ем!..

Тәйірі, не болады жеген-ішкен,Танылсын ел жақсысы кең өрістен;Жаманның жасық туған құты қашып,Жақсының болсын дедім мерейі үстем!..

Page 277: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

277

Бұл кеудем – өлең сөзің аққан селі,Сенімі артқан елдің ақталса еді?!.Жырымды жалғастырар жырақ кетсем, –Тезекбай, Тоғжан, Біржан, Ақан сері!..

17. Маңдай Тоқтамысұлы (аға сұлтан):Қалың елдің қажетіне жараған,Адам болу – мақсатым ел қалаған.Халқым қолдап, аға сұлтан атандым,Қаумаласты ел хан болдың деп қарадан!..

Ғұбайдолла, Әбілқайыр, Жылғара,Мәжілістес болған жандар кіл дана;Атқа қондық, ел сұрадық, топ жарып,Куә болды бәріне де бұл дала.

Сол даланың кеңейтер деп өрісін,Жезқазғанның аштық алғаш кенішін;Егін егіп, отырықшы болуға, –Бір пайдасы тиер дедік ел үшін.

Көкжал заман қайраса да азуын,Көріп келем тағдырдың бұл жазуын;Жол көрсетіп майырлар мен билерге, –Ақмоланың қақтық бірге қазығын!..

Қызыметін арқаланып болыстың,Өнеріне бой ұсындық орыстың;Оқу оқып білім менен шен алса, –Ұрпақтарға болар бәлкім өріс тың!..

18. Шөже ақын:Осы ма қайыры жоқ өмір - жалған,Сұмдықты көрмесін деп көзімді алған;Жалған деп жабықсам да, жан сезімтал, –Жұртыма ойым – алтын, сөзім – маржан.

Амал не, көз көрместі, құлақ естір,Жақсыны жақын тартып тұрады есті ұл;Табалап қайда барсаң қыр соңыңнан,Жаманат қалмайды екен, шырағы өшкір?!.

Page 278: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

278

Жақсының жақын тартқан жүзі қандай,Жүрсе екен достық жібін үзіп алмай;Ойласаң көр соқырлар толып жатыр,Соларға реті бар ма қызығардай?

Намысын жырттым талай Қырғыз, Дәуіт,Сыйлады ел иығыма құндыз жауып;Таңды ұрып таңға талай жыр толғадым, Төбемнен жатқан сынды жұлдыз жауып!

Зағиптың қос шырағын жандырғандай,Адамның көкірегі даңғыл қандай;Зерледім құнары мол сөздің кенін, – Алтыннан зәулім сарай салдырғандай!

Құт қонған домбырамның пернесіне,Өкінем зағиппын деп мен несіне?Көреген ұрпақ келер әлі талай, –Сөзімді тоқитұғын зердесіне!..

19. Шоқан Уәлиханов: Көршілес жатқан қонысым, Россия – байтақ дарқаным. Қысылсам бердің қол ұшын, Шарқ ұрып үміт артамын.

Тілеулесі ғой өлкем де, Өзіңдей дарқан алыптың. Бүгін де, саған ертең де, – Достығы адал халықпын.

Кештім ғой бірге өзіңмен, Тарихтың нелер дауылын. Жұртым да жақын сезінген, Россия – қандас бауырым.

Бар сенде ізгі достарым, Жұртына болар жарық күн. Соларға тілек қосқамын, Қамын жеп қара халықтың.

Айта алман дос деп барлығын, Көңілі қарау көбінің: Тағыға теліп тағдырын, Жат көрген дала өмірін.

Қараңғы жұрт деп қырдағы, Атын да дұрыс атамай; Жазықсыз жәбір қылғаны, Жаныма қатты батады-ай!

Білмейді-ау, дарқан қауымның, Жатқанын жырлап тынбастан: Гомері әрбір ауылдың, – Күн сайын толғап бір дастан...

Page 279: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

279

Барымта, дауың – сорыңа, Жатырсың, далам, түнекте. Тәңірің шырмап торына, Жеткізбес бүйтіп тілекке.

Шықпақ ем шыңға шарықтап, Болса да қандай қиямет. Ұшуға биік қалықтап, Қоятын емес мына дерт.

Халқымның мұңы тағы да, Жабысты дерт боп дертіме. Сауықсам – елдің бағына, Жіберсе-ай, шіркін, еркіме!

Теңгеріп байға қараны, Кетсем бе аға сұлтан боп, Оятып бүкіл даланы, Атсам ба екен бір таң боп?!.

Өнерге құмар өрені, Көбейсе деуші ем даланың. Арманым әттең көп еді, Айта алмай бәрін барамын.

Жаныма осы батар шын, Үзілсе келте ғұмырым: Сұм тағдыр неткен қаталсың, Тұлпарға түскен құрығың...

20. Потанин:Көкше десем – көз алдымда Шоқаным,Көрем ғажап адамдардың отанын;Жайлауы анау – тұлпарлары жарысқан,Қырлары бұл – жусатқан сан отарын.

Кең далаңа келдім талай сапарға,Қонақ болдым талай үйге жапанда;Елдік жырын, ерлік жырын қотардым, Сан қауышып, Шыңғыс, Ғази, Ғафарға!..

Жаңғыртқандай Сарыарқаның аспанын,Ақындардың жинадым жыр-дастанын;Ұрпақтарың жетер әлі мұратқа, –Асқақтаса Оқжетпесің, асқарың!..

21. Арыстанбай ақын:Тұрса да дар алдында тартынбаған,Ақынның асқақ үні саңқылдаған!Жасындай сәттерімде жарқылдаған,Қайрат-күш беретіндей халқым маған!

Ақынның болмаса да байлығы асқан,Серпілтсін елін кезде қайғы басқан;

Page 280: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

280

Аңқылдап ақ сөйлесін асыл жүрек,Ақ жолдан, Хақ жолынан айнымастан!

Қалмады қайран елде өзге соқпақ,Елге – уәж, ақын сөзі езге – тоқпақ; Болдым ба өзім – сотқар, сөзім – шоқпар,Жол берді хан Кене де сөзге тоқтап!..

Керуенге жол көрсеткем, жерді нұсқап,Сол тұста Хан әскері келді құрсап;Патшаға жақ болдың деп, өлтірмекші,Бір ауыз сөзге Кене берді пұрсат:

«Кенеке, жақсы көрсең қарашыңмын,Жек көрсең де, өзіңнің алашыңмын.Атаңа алты қатын алып берген,Атығай-Қарауылдың баласымын!

Абзал боп Абылайдан туды Қасым,Кене хан, бәрінен де болдың басым.Таусылмас мен өлгенмен қалың арғын,Алдыңа, міне өлтірсең келді басым!..»

Деп едім дар алдында тұрған шақта,Құдай-ау, тексіз туған құлдан сақта;Басыма ерік берді ол, шын ақын деп,Тура айтқан жалтақтамай құр мансапқа!

Сұм өмір өтпейді ғой сайранменен,Табаны тарландардың тайған неден?Азаттық туын тіккен алты алашқа, -Ұрпаққа ұран болар қайран Кенем!..

22. Әбді-Ғафар Маңдаев:Қайран Көкше, ойға батып жотаңда, Тұрдым талай не берем деп Отанға;Шенеунік боп, шаруа бақтым шарасыз,Сенім артып, тілеуқор боп Шоқанға!..

Тізімге алып мал-жанының есебін,Елдің ішін жүрдім шарлап неше күн?

Page 281: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

281

Ақыл қостым, көзін аштым талайдың,Қиянаттан қайтты талай меселім.

Туған елге тисе екен деп бір пайдам?Заман мынау көзімізден нұр тайған;Озбырлығын көрген сайын патшаның, –Өкінішпен өтіп жатыр күн қайран?

Даламызға қанат жайған әскермен,Жаман әдет келіп жатыр басқа елден;Оқу оқып, тілін ұғып білімнің, –Шығар алға Шоқан сынды жас керуен!..

23. Жанғал батыр:Еркін ашып ақорданың қақпасын,Қылшақтыға тіреп едім атбасын: Өсер жұртқа ел бірлігі керегі,Алауыздық, бассыздықтан сақтасын!

Кең жайладық Көкшетаудың етегін,Егіншоқы, Қызылағаш мекенім:Жайлап алса жат пенделер жерімді,Азаттыққа енді қайтіп жетемін?..

Патша қолы тарс бекінген тас қамал,Күресетін қалмады ғой басқа амал:Батыр болып, би атанып жүрсек те,Жаудың бізден түрі жоқ қой жасқанар?

Ел намысын ойламаған жан деме,Кең даладан есітіледі зар неге?Шыға алмадық шеңгелінен патшаның,Опынса да, өкінсе де хан Кене!?.

Зіркілдеткен зеңбірек пен мылтығын,Кім бітейді ашкөздердің құлқынын?!.Айбалтамды қайрағанмен қайыр жоқ, Қайтіп елдің бүтіндеймін жыртығын?

Амал таппай, атамекен азар ма?Малды әкетті жәрмеңке мен базарға.

Page 282: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

282

Құсалықпен өтер ме екен қалған күн,Құдайым-ау тойым бар ма тажалға?..

24. Соқыр Тоғжан ақын:Құдайым көзімді алған, сөзімді алмай,Тәңірім берген маған төзім қандай;Бір күнге шырағымды жандырса Хақ,Әлемге қарар едім көзім қанбай!

Көрер ем анам жүзім, бір ғанибет,Таныр ем әкем түрін сырлары көп;Қайралып, қайта түлеп құлшынар ма ем,Дүниені сан бояумен жырлағым кеп!..

Байқар ма ем асылдардың тұлғасын да,Елдік те, ерлік те бар бір басында;Халқымның таныр ма едім тектілерін, – Жалғасқан бір ғасырдан бір ғасырға!

Көрер ме ем ізгілердің бейнесін де,Тұратын кейіген сәт кейде есімде;Күлкісі, реніші күллі адамның, –Күмбірлер домбырамның пернесінде.

Көрер ме ем сәбилердің жымиғанын,Білінер талай жүзден сыры ибаның;Білер ме ем сараңдардың сиықтарын,Мүлгіген молдалардың шын иманын?

Көрер ме ем әлсіздердің ашынғанын,Шендіге жағымпаздың бас ұрғанын;Сараңның құрт пен майын жасырғанын;Жомарттың ел мерейін асырғанын!

Көрер ме ем жексұрынның нобайын да,Жерімнің айдын көлін, тоғайын да;Қалыптап Оқжетпестің өр бейнесін,Суретін салар ма едім со бойында?!

Көрер ме ем кең дүниенің келбетін де,Күйменен күллі әлемді тербетуге;

Page 283: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

283

Түңіліп, көзді қайта жұмам ба әлде , – Қаптаған жаманаттан жер бетінде!?.Арудың даусы нәзік, үні балдай,Тыңдаймын құлақ түріп құнығардай; Шіркін-ай, қандай екен шырайы оның,Апырмай, күлімдеген түрі қандай?!.Көзімді алды-ау сұмды көрмесін деп,Елімнің жүрмін сөзін өрге сүйреп!Көзі ашық ұрпақтарым толғар әлі, –Қазақтың қасиетін көл-көсір көп!..

25. Қырғыз Тілеміс батыр (Жекебатыр):Ежелден ел болған ғой қырғыз-қазақ,Тел өскен жусан иіскеп, жұлдыз қарап;Жалғасқан аталардың сыйластығы,Болғандай кейінгі өскен ұл-қызға бақ!Өмірдің дариясында ауып кемең,Қалатын, аз ба қатер, қауіппенен?Заманның неше түрлі сынағында,Қырғызым бауыр басқан Дәуітпенен!..Жамағат бұрса назар біздің кепке,Сұңқар мен ұшар бірге құзғын көкте;Білгенге ел тарихы тым тереңде,Дегендей қырғыз көп пе, жұлдыз көп пе?!.Ер Манас алты алаштың арысы бек,Қырғызым талмай жаумен алысып ед;«Ақ үйлі аманат» бар, төлеңгіт бар,Алаштың, келгендер бар намысы деп...Ұсынған сыйласқан жұрт арнап төрін,Атығай-Қарауылмен ардақты елім;Өзім сол қырғызыма қыр көрсетіп,Кенемен Алатауға бармап па едім?..Оң-солым: қырғыз – бауыр, қазақ – бауыр,Сұм заман салған жоқ па азапқа ауыр?..Ақыры залым патша жер аударды,Кененің батыры едім әжептәуір!

Page 284: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

284

Ер жігіт құр саудаға салмас тегін... Сұм патша соңымызға салды әскерін; «Ер – туған жеріне» деп айтқан халқым, Шалт бассам, Алатауда қалмас па едім?!.

Ел үшін өршелендік шауып өрге,Бір бақыт берсек деп ек тауып елге;Азаттық – алаш үшін нағыз бақыт,Еркіндік ең керегі бауыр елге!..

26. Бағыс Тезекбай би:Желектері желбіреген жерім-ай, Жекілдеген жеті момын елім-ай!Ұрпғына құтты қоныс сайлаған, –Абылай хан, Әйтімбет би ерім-ай!..

Патша қол сап, кең жеріміз тарылды,Қала салмақ, ала салмақ барыңды:Қыстауға айдап, өрісіңді тарылтып,Тас кереңдер естімейді зарыңды.

Бас-басына би боп, ел жоқ ұғысқан,Бей-берекет болып кетті-ау туысқан?Саумалкөл мен Шарықтастан безіндік,Суып кетті, шығып кетті уыстан.

Елегізіп ел-жұрт неге қамықты?Салық салып қамалайды халықты.Қарамдайды-ау Қылшақтыны киелі, Қайрандайды-ау ханның көлі – Балықты!..

Егіншоқы, Бүркітті мен Ақсораң,Болса игі жайлы қоныс, жақсы орам!Мапырашқа көшірем бе ауылды,Өте - Қайып жақсы-ау опа тапса одан!..

Ағайын боп топқа түсіп алқалы,Кеңге жайып жүруші едік арқаны.Бауыр басып, кеңес құрып, іс қылдық,Ақылбаймен – Даңқойдың бір дарқаны!..

Page 285: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

285

Терісқыстау – атамекен, өрісім,Отаршылар көз алартқан сол үшін.Шүкір, салдық Медіресе мен Алла үйін,Жат қолында қалмас құтты қонысым!

Амал қанша, құлымыз біз патшаның, Мәз болмаңдар таң атып, құр батса күн;Қайран жұртым, өнер тауып, өрге жүз,Патша деген құлы емес пе ақшаның!?.

27. Кәдір Тезекбай ақын:Кәдірдің топтан озған жүйрігі едім,Дәуіттің дәуірлеген тұйғыны едім;Кең толғап, кемел пішкен би бабалар, –Кеудеме жыр сабасын құйды менің!

Сыр қозғап Сексен көлден, Сеңдікөлден,Сыйласқан елді көргем, ерді көргем;Сұм заман аласапыран болып жатыр,Асатын ұрпақ қайда ендігі өрден?!.

Болса да дүйім елге жария атым,Сақтадым сал-серінің ар-ұятын;Жырымды жалғастырар заман туса, –Соңымда үміт еткен Қалия ақын!..

28. Біржан сал:Көкжиегі теңіздей көрінбеген, замана, Жұмысың жоқ қаяулы көңілменен, замана; Ән сияқты бір ауыз қысқа ғана қайырған, Келте екен ғой, дариға-ай, өмір деген, замана.

Қолы қысқа пендеге қырсық қылған, жалған-ай, Зары жетім, бейбақтың сыңсып тұрған, жалған-ай. Мақтау-мадақ айтпаса, көптің мұңын жоқтаған, Асыл әнді қылғынтып тұншықтырған, жалған-ай.

Жаны жайлау аруға ғашық қылған, өмір-ай, Арман бар деп алдыңда асықтырған, өмір-ай; Өнер сырын, машығын жас ұқтырған, өмір-ай, Ән айтсам деп халқыма тасып тұрған, көңіл-ай!

Page 286: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

286

Өлексе екен бір жұттық дәулет деген, жұртым-ау Алауыз боп басынан дау кетпеген, жұртым-ау; Қалаймын тек мен сенің өнеріңді өшпейтін, Даласында жыр шалқып, ән көктеген, жұртым-ау.

Ашындырған Абайдай жаны асылды, дүние-ай, Қор ғып қойған бұлбұлды Сара сынды, дүние-ай; Ортақ болар күйзелсем, көңілімнің күйіне, Қайдан табам жол бастар жанашырды, дүние-ай.

Салған таңбаң қамшымен арқамда бар, Поштабай, Өзім өлсем ән деген қалқам қалар, Поштабай; Менің әнім асқақтап сіңіп кеткен әуеге, Шамаң келсе әуені арқандап ал, Поштабай!

Кез шығар бұл өнерді жан ұқпаған, ұрпағым, Қамауда боп қанатым талып қалған, ұрпағым; Бақытты едің сен қандай, шаттық әнің көгіңде, Еркін самғап кептердей қалықтаған, ұрпағым!..

29. Ақан сері: Қастық қылған қас жүйрікке, пыраққа, –Қатыгездер, бақталастар, азғындар.Ұрпақ сені қарғап өтер бірақ та, Дүлдүлге емес, өздеріңе ор қаздыңдар.

Құлагердей серігімді құлатқан, Естен кетпес есер, ездің қорлығы. Ақтоқтыдай аяулыны жылатқан, Ол да қайран ескіліктің зорлығы.

Содан, содан сұм өмірден бездім де, Бір Сұлулық іздегенім, сездің бе? Тұяғынан тұлпардың, Қияғынан сұңқардың, Қиялынан іңкәрдің,Табиғаттан қайғы ойламай шат күлген, Сұлулықтың сырын іздеп таптым мен.

Әннен таптым әсемдікті әйгілі, Қайырмамның бәрі бірақ қайғылы!

Page 287: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

287

Сұлулық қой әйел заты алдымен, Содан таптым көркемдік пен сәнді мен. Өнер болды ендігі әнім, әңгімем. Ер мен езді көп болған соң көргенім, Мол шығар-ау, жырдан өрген өрмегім. Жазғырма сен, жасықтығым емес ол, Сұлулыққа ғашықтығым ол менің!

Көрер көзге болсам-дағы мен сері, Қорғасын ой езіп мынау еңсені; Телміремін қу шанаққа қуарып, Сұлу өмір, аңсап өттім мен сені!..

30. Сұлтанғазы Уәлиханов (патша заманының генералы):

Шекпен киіп, шенін алдым генерал, –Елегізген елім бірақ не болар?Қызметінде жүрсемдағы қанша жыл, –Бұратана деп санайды неге олар?

Отаршылар ойран салып, есірді,Айтар едім, ақтарар ем не сырды:Дала менен Орман жұрты қоныстас,Ұмытты олар Бату, Сартақ, Көшімді?!.

Жүрсемдағы Петрборда, қиырда,Туған елім жүрегімде, миымда;Шенділермен шайқасамын әлімше,Қазағыма сеп болсам деп қиында.

Мұсылманның қамын ойлап таластым,Түркі тектес ағайынмен жарастым.Сенім арттым Сердалиндей жастарға,Азат жолын іздейтұғын алаштың!..

31. Ақылбай Тілепұлы:Даңқойдан ту көтерген Ақылбаймын,Жақсының сөз бен ісін мақұлдаймын;Көкшетау, кием де сен, ием де сен, –Беретін ерге – айбат, батырға – айбын!..

Page 288: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

288

Сыйластық ата жолы ол қашаннан,Із баспай, үлгі көрмей толмас адам:Наурызбай, Пірәлі, Әзбай, Жанғал ағам, –Мені де жөн көрсетіп, жолға салған!..

Демеймін қиындықтан шетке қаштым,Жасықтың жат қылығын бетке бастым;Бірлесіп, ағайынның басын қосып,Ел үшін медіресе, мектеп аштым!..

32. Науан қазірет:Хақ жолында жүрген сайын тереңдеп,Зарлы болдым елім үшін елеңдеп.Парызыңды біл, жамағат, айтқан ғой, –Надан жұртқа залым патша берем деп!..

Бізге жақын Түрік елі, мұсылман, –Пана болар кезімізде қысылған;Әділеттің ақ жолы деп айнымас,Хақтың жолын туған елге ұсынғам!..

Надандыққа ұрынды ма бұ қауым,Қалай үзер отаршылдық бұғауын?Дін мұсылман аман болса, алашым,Адамзаттың алла берер сұрауын...

Шоқындырса пайғамбардың үмбетін, –Күрес ашпай көреді елдің кім бетін?Талақ етіп саясатын патшаның, –Қарсы тұру ол да менің міндетім!..

Атқаратын талай міндет алда тұр,Керек бұған сансыз мүрит, сан батыр:Ақан, Мұқыш, Қожахмет, Сексенбай,Бабаназар, Шаймерден мен Жанбатыр!..

Жер аударып, айдаса да алысқа,Күресерміз, тырысармыз намысқа;Ақыл қосар алыстағы Абай да,Азаттық жол үлгі болар ұлысқа!..

Page 289: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

289

33. Балуан Шолақ:Ертеде аталарым Шудан келді..,Біз бүгін ер атанып буған белді;Дем беріп Дулатым да, өрге жүзем, –Көкшедей арқаланып туған жерді!

Кеудемді өртегенде намыс талай,Қолдаушым болып еді Бағыс, Қанай!Еліме ерлік жолын салып берген,Алаштың Абылайдай арыстаны-ай!..

Хан Кене, Алтай, Бекбау, Жанғал, Тілеп,Жандардай жаратқаннан алған тілеп:Ел азып, жер тозғандай енді заман,Көп іште ақтаратын арман, тілек...

Жендеттер көзін сұғып Қайрақты, елге,Сын болды соның бәрі қайратты ерге:Серіктес бола білді Қожахмет,Дәулетбай, Қуанышбай, Айдапкел де!

Қыран деп мадақтама қараққұсты, Мансапқор елдің асын талап ішті. Қаумалап қабаған ит қапы қылды, Көбіне көрсетсем де қара күшті.

Ырқына көнбей ояз, болыстың да, Аянбай озбырлықпен соғыстым да. Әділдік таппай бірақ қуғын көрдім, Жәбірленген жандарға болыстым да...

Сол үшін түстім кейде түрмесіне, Жем болдым жеті түнде бүргесіне. Жақсымен жолдас болдым, сараңдардың Пысқырмай үлдесі мен бүлдесіне.

Жатсам да «ақ» түрмеде аз-ақ қана, Азапқа да, көндім-ау, мазаққа да. Бел ұстассам талайдан бағым асып, Танылдым орысқа да, қазаққа да.

Page 290: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

290

Жә, бірақ, мұрат етпен палуандықты, Бар шығар бұл ғаламда алуан мықты. Отыз ру озбырлыққа не қыларсың, Жалғанда жаным сүймес жалғандықты.

Көңілін көтерген соң серілікпен, Жолыма қарап жүрді ел үмітпен. Жөн таппай сол тұманда жарық іздеп, Нұрлы өмір, сағынышты ел сені күткен!..

34. Жанбота болыс:Болыс болдым, өріс болдым жұртыма,Пана болдым ата-баба ғұрпына.Жақсыларды жанай жүрдім есіркеп,Заман әттең көнбейді екен ырқыңа.

Мына заман ойнап тұр ғой қақпақыл,Жеріңді алып, шоқындырмақ жат кәпір;Құлдық ұрсақ ата рухы кешірмес, –Сары, Елтоқ, Көкі, Төлек, Дат батыр!..

Шен-шекпен ап, көбейді ғой танысым,Аман болсын Ақан, Біржан – арысым;Байлық, мансап болсын серік жігітке,Туған елдің ойлағанда намысын!..

35. Мәмбетәлі Сердалин:Оқыдым да, тоқыдым да тарихты,Қайран елім киген екен қамытты;Сол қамыттан босатуға жұртымды,Еркіндікке үндеп бақтым халықты!..

Жау қолында жыртылды ғой жағамыз,Сан езгіден сарқылды ғой санамыз;Ақыл қосып, жол көрсеткен біздерге,Петерборда – Сұлтанғазы ағамыз!..

Ресейдің де ізгі ойлары ұғысты,Мен ұрпаққа мирас еттім бұл істі!..Бар қазаққа пана болып, жол тауып, –Кең өріске салу керек ұлысты!..

Page 291: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

291

36. Шаймерден Қосшығұлов:Залым патша салып елге салмағын,Дін мұсылман шекті оның зардабын;Қарсы шықты оған Науан қазірет,Көздеп елдің мақсаты мен арманын!..

Иесі жоқ, емес бұл жер қу дала,Намыс үшін түстік от пен суға да;Қолдап Науан, Жанбатыр, көп жамағат,Амал қылдық сайлануға Думаға.

Ортасында жүрген осы майданның,Қазіреттің қайратына қайранмын;Жолын кесіп, Сұлтанғазы ағаның8,Думаға мен депутат боп сайландым.

Жөнге салып, жол көрсетті ол бірақта,Жүрген кезде Петерборда, жырақта;Қамқор болды алты алашқа генерал, –Жауап іздеп небір қиын сұраққа.

Толыссын деп туған елдің өркені,Серпілсін деп марғау жатқан ел тегі;Насихат қып елдің қамын, дін жайын, Алғаш рет аштық газет – «Серкені»!..

Біздің елге керек діннің тірегі,Қабыл болар сонда көптің тілегі.Елікпейді сонда жаман әдетке,Иман толы мұсылманның жүрегі!..

37. Дүйсенбай Тұранов:Орысша оқып, советник – атағым,Қызылжар мен Омбы – қызмет, жатағым:Шен де тақтым... айырбастап шекпенге, –Тоқтамыстай хан атамның шапанын!..

8Қотыркөл болысында өткен Дума сайлауына Петерборда тұратын отставкадағы генерал Сұлтанғазы Уәлиханов та, Шаймерден Қосшұғылов та бірге түскен. Бірақ патша өкіметінің өзі де Сұлтанғазының сайлануына қарсы болған, әрине ол өкілеттік алғанда елге көбірек пайда әкелетін еді.

Page 292: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

292

Құлы болған пара менен ақшаның,Жол бермейді шенеунігі патшаның;Жоғарыға шағым айтып шаршадым,Залымдарға заң былай деп қақсадым!..

Әділдікті, ойлап елдің намысын,Қайрат қылдым қазағымның қамы үшін;Қайран таппай қасарыстым, қарыстым,Түрмеге де қамағаны, бәрі шын!..

Сердалин мен Айдарханов, Тоғысов,Ешмұхамед, Аханов та болысып;Зейнел, Сәлім9 – ағартып ел санасын,Озбырлармен айтыстық сан, соғысып!..

Жаңа заман, төңкеріс те болды азап,Қамыт киді қайта тағы сол қазақ;Смағұл мен Мағжан, Мұқан, Асылбек, –Алты алашқа болған еді сонда жақ!..

Бақыт кілтін берсек деп ек қазаққа,Алашшыл деп бізді айдады тозаққа;Бас сауғалап сұм заманның сұғынан,Ұрпақтарым кетті сіңіп Созаққа!..

38. Мағжан:Қалың жаумен егескен, Қайран менің алашым!Қарғыс атқан кеңестен, – Қандай үлес аласың?

Көсемдері қазақтың, – Әлихан мен Ахаңдар…Көрсе де сан азап-мұң, Қажымаған атандар!

Қатып қалған Кеңес деп, Жас арыстан, Сәкен-ай?Қазақ отар емес деп, Қасарысқан, әкем-ай!..

9Тұрлыбек Айдарханов, Көлбай Тоғысов, Ешмұхамед Абылайханов – Омбыда қызмет еткен белгілі азаматтар. Ахитдин Аханов – ағартушы, башқұрт азаматы. Зейнел-Ғабиден Омускауи, Мұхамед-Сәлім Кәшімов – ағартушылар. Мұқан Әйтпенов, Асылбек Сейітов – алаш ардагерлері. Дүйсенбай Тұрановтың өзі титулды советник болып Омбыда, Қызылжарда қызмет істеген ел азаматы, патша, кеңес өкіметінен де қуғын көріп, кейінгі ұрпақтары Созақ елін паналап қалған.

Page 293: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

293

Қайтіп зарың басылар, Қамсыз әкем, анашым!Қашан бағың ашылар, Қайран менің алашым?!.

Елдің бетін көрместен, Кетіп барам жыраққа.Залымдарға көнбестен, – Жетерміз бір мұратқа!

Өтерміз біз сындардан, Көк теңізге құлаштап.Рухым өшпес шыңдалған, – Оқжетпестей тым асқақ!

Келеді әлі нұр заман, Мен жастарға сенемін.Келер, кетер бір жаман, – Мен халқыма сенемін!..

39. Смағұл Сәдуақасов:Патшаның езгісінен болсақ азат,Өркендеп, өсіп-өніп толса қазақ;Екіге бөлмейікші аз халықты,Емес қой бай мен кедей соншама жат.Төңкеріс әкелер деп бақытты күн,Бермеді қысылтаяң уақыт тыным:Алаштың арыстары, мен үшін де , –Елім деп атыпты таң, батыпты күн!..Ахаңдар салғаннан соң тәлімді ізге,Үлгеру керек болды бәрін бізге;Алыстық, арпалыстық алаш үшін,Болғанмен тәнім – үйде, жаным – түзде!..

Бауырлар, буырқанған бүгін дала,Ұмтылған озат елдің ұлын қара;Биікке талпыныңдар, ұрпақтарым,Қазақты сүйрейді алға білім ғана!..

Қамауда өтпес күндер ғасырдай көп,Лапылдап кеудедегі басылмайды от;Өшірме елдік рухын, кейінгі ұрпақ,Жарқылдап өтер талант жасындай боп!..

II. КЕЙІНГІ ЗАМАН

40. Валериан Куйбышев:Еркіндік құмар елге жұт, – Ескілік торы, мұң-нала...Есейіп кеттім ер жетіп, Есімде жүрді бұл дала!..

Page 294: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

294

Сан ғасыр қажып сұмдықтан, Езгіге түскен қанша адам. Құтылу осы құлдықтан, – Арманы еді аңсаған.

Қаналды қанша бұл бауыр, Еңсесін басып мұң-қайғы. Серпілтер оны бір дауыл, Болады, болмай тұрмайды.

Көңілі өсіп халқымның, Азаттық таңын тойлайды. Нұр төгіп ертең алтын күн, Шығады, шықпай қоймайды!

Россия – анам ашынған, Тыюға аққан көз жасын; Жолына соның жасымнан, – Басымды тіккем өз басым.

Жолында осы тартыстың. Талабын ердің ұштаған; Ілімі Ленин, Маркстің, – Азаттық жөнін нұсқаған.

Аптапта, аяз өтінде, Бейнетке батқан бәлен мың; Жұмылды ол азат етуге, Жұмысшы табын әлемнің.

Талқандап, салып дүмпуге, Әлемді ескі, самарқау. Бұрқ ете қалды бір түнде, Революция – Жанартау!Бойында оның дәуірдің, – Қайраты, арман, тілегі;Күреспен өскен қауымның, Ызасы-кегі тұр еді.

Талқан боп тажал талайғы, Еңбекші елді тонаған; Азаттық нұры арайлы, – Тарады «Аврорадан!»

Бақыт боп елге қарады, Күлімдеп өзі көсемнің. Шартараптарға тарады, Шарапаты бұл нөсердің.

Бостандық келді өмірге, Бөлмейтін ұлы, кішіге. Еркіндік келді өңірге, Бөлмейтін ұлтың, түсіңе.

Дала да шықты түнектен, Медет қып осы шуақты. Мені де бір кез түлеткен, – Мейірбан анам сияқты.

Не деген, дала, кең едің, Жер едің қандай сұлу сен. Ерлікке құмар ел едің, Еркіндікті ерек сүюуші ең.

Жайып тұр бақыт құшағын, Бермеген тақ та тәңірің. Жайып тұр алып құшағын, – Большевик, орыс тамырың!..

41. Сәкен Сейфуллин:Питерден бастап дауылды, Қызыл ту шықты желбіреп. Қуантқан кедей қауымды, Құшағын жайып елжіреп.

Page 295: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

295

Азаттық алып келем деп, Қызыл ат өтті шапқылап. Дүние қалды елеңдеп, Дүбірі шығып қаттырақ.

Еңбекші жұртқа таң атып, Ертеңін ойлап қыз-ұлдың; Азаттық нұрын таратып, Келеді шығып Қызыл күн!

Соңынан жүгір, жүректі ұл, Бетіңді жаңбыр, сел жуып. Тәубешіл жұртым, білек түр, Тәуекелге бел буып!

Қиямет сынға көнесің, Бақыл боп ажал, азапқа. Жарқын да жалғыз жол осы, Мұратқа жетер қазаққа.

Тар жолда, тайғақ кешуде, Тағдырын қосқан кең дала. Көктейміз, болсын есіңде, Күрескерлерменен ғана!

Күреске бұрдым ат басын, Соңымда халқым, арысым. Ашуға бақыт қақпасын, Езілген намыс, ар үшін.

Жуытпай кіршік даңқына, Жаныммен оны қорғадым. Алғашқы болып халқыма, Азаттық жырын толғадым.

Айдында еркін құлаштап, Даламмен бірге тербелдім. Сол кезде, Көкшем, бір асқақ, Кеудемде шабыт, дем бердің.

Ізгіні ізгі іздей ме, Сұлуға сұлу құмар ма?! Құлпырып тұрды қыз бейне, Көміліп көкшіл мұнарға.

Жайнаған заман нұрымен, Толғадым сұлу өлкемді. Бұлбұлдың тәтті үнімен, Жырладым Көкшем, еркемді.

Ғашық боп сұлу өңірге, Елдіктің жырын жалғаймын;Асық боп нұрлы өмірге, Сұңқар боп көкте самғаймын!..

42. Әбілқайыр Досов: Жою үшін үстем тапты жанышқан, Ақыл-күшін сарп етті ғой данышпан. Қанат қаққан оның ұлы ойлары, – Кең далада ізгі үмітпен табысқан.

Ескі дүние құлай ма оңай бірақ та, Өттік талай өткелектен сынақта. Қараңғы елдің көзін ашып, байлармен Кескілестік жету үшін мұратқа.

Page 296: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

296

Қиял жетпес кең даламның аумағын, –Әрлей түсті әсем өскен бауларым. Нұрын төкті шалғайдағы шептерге, – Шын достығы жұмысшы мен шаруаның!

Шыңдалып сол шыққан төс пен балғадан, Достығымның қанатындай талмаған: «Петрокөк» темір жолын төседік, Россия мен Сарыарқаны жалғаған.

Бір тілегі болатын бұл көсемнің, Көгіндей боп осы нұрлы нөсердің: Ақ тоқашы бара жатты даламның, –Аштық көрген сәбиіне дос елдің...

43. Үкілі Ыбырай:Бұл ғұмырда көп аралап, көп көрдім,Ыстықты да, суықты да өткердім. Түсі суық озбырлыққа опынып, Бір шуағын аңсаушы едім көктемнің.

Қайран жұртым қаумаласып жер үшін, Алауыздық кеулеп жатты ел ішін. Алтын іздеп шахта салған қулар да, Тонап жатты кең даланың кенішін.

Сол шахтада қайла ұстап қолыма, Тағы оралдым тонаушының торына. Тамыр тауып жұмысшыдан – бағыма, Сүлік қанды сора түсті – сорыма.

Әнге қостым елдің арман, наласын, Жыр емдер ме, жүрегінің жарасын. Қара тізім жалмап жатты бір кезде, «Он тоғыз бен отыз бірдің» арасын.

Үміті өшіп, ар-намысы басылған,Алаш жұрты алас ұрып, ашынған; Ұрыс салып, Төңкерістің күшімен, –Билікті алып, бай-манапты қашырған.

Page 297: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

297

Қолдап енді талғамы артқан тыңдаушым, Шықтым төрге саңқылдатып жыр даусын. Шабыт берген шадыман жұрт мың жаса, Бақыт берген бағыландарым нұр жаусын!

Тұрлаусыз күн мың құбылды тағы да,Қатыгездік қайта мінді тағына:Тар қапаста тартып азап, тарығып,Торығамын «Төрт момынды» сағына!?.

Көрдім солай екі дәуір жалғасын, Азат арман енді биік самғасын; Гәкку – өмір, гәкку – көңіл, гәкку – жыр, Шырқа, шырқа, қанатың тек талмасын!..

44. Ботакөз:Қамалып қалған түнекте, Қыздары қайран шығыстың: Жеткізді-ау, арман-тілекке, Күлімдеп шыққан күміс күн.

Жасымды тыйды жаңа өмір, Бастады ол ізгі мұратқа. Жүйткі деп еркін, кәне бір, Қондырды арман пыраққа.

Жойылды күңдік, жалтақтық, Нұр шашып шаттық алапқа. Жадырап сүйген жар таптық, Жайылды еркін қанат та.

Келер деп қашан теңдігім, Бұл күнді қанша көкседім. Солғалы тұрған мен бұрын, Гүлі едім бір тал Көкшенің.

Бірі едім биші қайыңның, Сәулесіз семген шер едім. Тамырым терең жайылды, Жайқалды жасыл желегім.

Бірі едім сексен көлінің, Тербелген марғау тіршілік. Айдынында енді өмірдің, – Аққу боп жүздім құлшынып...

45. Жақан Сыздықов:Жаңа заман айдынында мен өстім,Білім алдым, басқалармен теңестім;Ақиқаттан қалай аттап өтейін,Кесірі де аз болмады кеңестің.

Ұжым болып қауымдасқан қазағым,Замананың тартты тағы азабын;

Page 298: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

298

Төрт түліктен айырылып қайран ел,Ұстап қалды жүгені мен қазанын?!.

Елдің ішін сұмдық аштық жайлады,Жақсыларды тескентауға айдады.Туған жерден босып кетті қаншама ел,Аштан қатып, жапан түзде жайрады...

Шет жағасын мен өзім де байқадым,Қансырады қайран далам, байтағым.Голощекин жасаған сол зор қылмыс, –«Әлі қарттың әңгімесін» айтамын!..

Малы тұрып, мүлкі тұрып самсаған,Аштан қатты-ау қанша сәби, қанша адам?!.Қайталанбай сұм заманның қастығы, –Азат күнге жетсін елім аңсаған!..

46. Есмағамбет Ысмайылов: Ару Көкшем, түлеттің сен қанша ұлды,Елдің жүгін өрге тартқан нар сынды!Бауырыңа басып қанша қауымды,Алқа топта алшаңдаттың Алшынды!..Туған жерім, туған елім, туысқан,Ұл-қыздарын бөле-жармай ұғысқан;Құлагерлер ұрынса да қастыққа,Шын жүйріктер шығар талай ұлыстан!..

Асыл Көкше, хан ордасы ежелден,Келе жатсың асып талай кезеңнен;Асқақ рухың ұрпағыңа мирас боп,Азбайтынын, тозбайтынын сезем мен!..

III. БҮГІНГІ ЗАМАН

47. Жұмекең: Бұл қазақтың маңғаз туған ұлы көп,Ел бастадым алғашқының бірі боп;Қиын кезде ғұмыр кештім амалсыз,Жолда жүрдім сұрағы мен сыны көп!

Page 299: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

299

Басымызға түскен шығар ұлы сын,Жаңа заман ашсын елдің тынысын;Қатаң тәртіп алды-артыңа қаратпас,Сақшылықтан басталған бұл жұмысым. Аға сұлтан Тоқтамыс би – бабам бұл,Маңдай, Ғафар – текті туған табанды ұл!..Осыншама міндет пенен парыз да, –Көктен түсе қалмаған ғой маған құр.Ертелі-кеш еңбек еттім жұртыма,Іштегі – шер, шығармадым сыртыма.Ала жіпті аттамадым, арамнан, –Бір үзім нан салған жоқпын ұртыма.

Қажымастан өрге қанат сермедім, Елім үшін ойға баттым, терледім.Бас ұрмадым өркөкірек мансапқа,Қазағымның жерін жатқа бермедім!Алтай, Жайық, Алатаудың төрінде,Өнер-білім нұрын шаштым өңірге!Өсіп-өнді содан қанша ұрпақтар,Түлек болған, тірек болған өмірге!Сүйдім бәрін қасиетті өлкем деп,Қала салдым, ғылым өсті өркендеп;Ұлы өмірдің айдынында шарқ ұрған,Жұртымды алға жетеледім желкен боп!

Елімді ойлап елікпедім думанға,Тура сөйлеп жақпадым ба туғанға:Дүние-мүлкім – болды жалғыз шабадан, – Қарау ойлар қызметтен қуғанда!..Тау тұлғалар атымды еске алды ма,Жақсылығым әлде ұмыт қалды ма?Халық айтқан: «Атаңа не істесең –Келеді деп, соның бәрі алдыңа!..»

Жә, қоялық, бақталастық, қайғыны, Туған елдің туар оңнан ай-күні;

Page 300: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

300

Шаттығыңды шырқа ендеше, Оқжетпес, Шалқы, шалқы сексен көлдің айдыны!..

48. Мәлік Ғабдуллин:Жайнаған жаңа өмірді, – Жатқанда жасап жас халық; Өрт жайлап бейбіт өңірді, Сұм соғыс кетті басталып.

Ұрпаққа ісін үлгі етіп, Құртуға жауды қан құмар; Тайбуырылын гулетіп, Аттанды Қобыландылар.

Елімнен шыққан асыл көп, Жаралы сол бір жылдары. Жауына түсті жасын боп, Жұмағалидың жырлары.

Жүрекке кетпес дерт қонды, Түсті ғой қиын басқа азап. Ерлікті жырлап мерт болды, Рамазан атты жас қазақ!

Өтті ғой соғыс, не керек, Алапат өрті басылды. Жабырқау нұрын себелеп, Қамыққан күнім ашылды.

Десек те жүрек қаяулы, Мерт болған қанша өмірге. Атты енді таңдар аяулы, Аттандық бейбіт өмірге.

Өнерге тартты нар талап, Алаштың төлі – неше адам: Ел жүгін кетті арқалап, Ғайнетдин, Шахмет, Есағаң...

Өркенін далам өсірді, Жақандар жырлап жерімде. Шаттанған елге қосылды, Шабытым тасып менің де.

Есейді солай сүйікті ел, Дарындар туған айтулы. Шақырды шырқау биіктер, – Тұрсынбек, Ебней, Айқынды.

Қайраты тасып, әлденіп, Құлпыра түсті Отаным. Сұлу жер жатты сәнденіп, Қиялыменен Шотаның.

Естіртіп асқақ ел үнін, Таланттар қанат сермесін;Зерделеп жырды Серігім, Сөз кенін Сәкен зерлесін!..

Халықтың сөзі – дария, Жыршыға Көкшем сірә, бай:Шәкен мен Мұса, Қалия, Маман мен Кәрім, Жұмабай!..

Заманның нұры жауды деп, Көкендер ашар тың қайнар;Жәудиннің жыры жәудіреп, Құдыкен айтар құнды ойлар!..

Далама бүгін бақ дарып, Жайнады жарқын жаз бағы. Елдікті жырлар шаттанып, Еркеш пен Саттар саздары!..

Page 301: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

301

49. Фазыл Кәріпжанов:Өскен жерім Омбы маңы – Шарбақкөл,Жөн көрсетіп, жолға салып самғатты ол;Шыққан талай қайсар тұлға, қайратты ер,Кісілікті мирас еткен ардақты ел!..

Қайран Көкше, аталардың қонысы,Қашандағы болған елдің өрісі;Ал Омбыдан білім алып талай жан,Болғаны шын сол елдіктің жемісі.

Ерте оянып, ел намысын жоқтаған,Мекен еді Тоқтамыс би тоқтаған;Омбы жақта елдің шебін қорыған, –Қыдыр, Серкеш, Баба сынды көп бабам!..

Талаптанып өстік біз де сынақта,Заман оңай болған емес бірақта;Туралықтың туын жықпас салдық жол,Келер ұрпақ, ел жетсін деп мұратқа!

Құтайсын деп қазағымның ертеңі, Жетілсін деп елдің балғын өркені;Жас қауымды аяладық, баптадық, Алға сүйреп кең байтақ бұл өлкені!

«Төре жоқта, құл жүреді жораға»,Әміршіл кез, аярлықсыз бола ма?..Қиын кезде қияларға жеткізген,Есті ұлдарын есіне алар ел – ана!..

50. Жәмшит Қожантаев (Еңбек ері):Ел жайын көргің келсе қырға қара, Айналған мыңғырған мал, мың қалаға. Ұғасың ұлылығын достықтың да, Еңбекпенен шыңдалған тың далада.

От алып атқан таңның арайынан,Маздатқан жыр көкірек сарайынан; Жайсаң бір жасампаздық жайып қанат,Бақытын тапқан мұнда талай ұлан.

Page 302: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

302

Беу, менің, жібек жонды, пүліш далам, Береке-бақ төрінде тыныстаған. Ерлерің еселеп сол дәулетіңді, Жеңіспен желбіретіп ту ұстаған.

Бір ғажайып сенің бұл күзің деген, Ұлың да ерек мұндайда, қызың да ерен. Жүзуменен жоныңда қызыл кемең, Ұлы дүбір күні-түн үзілмеген.

Арманы асқақ осынау нар ұлдарың, Ерлікке – ерлік, қосумен арынға – арын; Алтын орақ кезінде айғақтайды, – «Ақ түйенің қарыны жарылғанын».

Алтын орақ – береке, дастарқаның, Алтын орақ – мереке, дастандарың. Науқан сайын тасытып дән арнасын, Даңқың өрлеп биікке, аспандадың.

Тоқмейілсіп қалмауды сүйіпті елің, Топ жаруды ойына түйіпті ерің. Жеңісіңді паш етсең, тағы да алда, Тұрады асқар асу, биіктерің.

Ұл-қызың тұлпар мініп ар-намыстан, Озып әлі келер-ау сан жарыстан. Мерейің үстем болсын, туған елім, Тың далам, мақтанышым, маржанстан!..

51. Бәйкен Әшімов:Жөргегімде жоғалтып ап әкемді, Тағдыр маған талай сынын әкелді.Қайраттанып қарсы жүздім дауылға,Өзім біліп, өзім түзеп қатемді.

Қиындықтан қажымадым, қайралдым,Елден – тоқып, елден қуат алғанмын.Басқа түскен сыннан ешбір тайсалмай,Оқ пен отын кешіп өттім майданның!..

Page 303: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

303

Жақсылармен жақын жүріп сыйластым,Басымыздан өтті талай қимас күн.Ел құрасып, өрге басып халқыммен, – Қатар жүрдім қасында мен Димаштың!..

Болдым мен де болаттай нық Премьер,Сайлы жүрдім санатында кілең ер;Шыншыл болыс Шабақбайдың шырағы ем, –Қайдан келді десең маған бұл өнер?!.

Қызбаланбай зор мансаптың буында,Нық ұстадым елдің биік туын да;Ақ тілекпен ақыл қостым аңқылдап,Кемелденіп келе жатқан буынға!..

Бақталастық, бақай есеп жоқ есте,Шықтық біздер сөйтіп үлкен белеске;Шын талантты шыңдап жолға салатын,Ата жолы шынында осы емес пе?

Көкшетауда қалды сайрап іздерім,Қошеметпен көрем елдің жүздерін;Алқынғам жоқ алтын-күміс арқалап,Ел ішінен тек жақсылық іздедім!..

52. Ермек Серкебаев:Еңселі қандай тауларым, Таңдарым неткен арайлы. Бүр атып балғын бауларым, Бұлбұлдың әні тарайды.

Жастарым өрге сайланып, Көздерін тіккен алысқа.Қиялым шынға айналып, Қанатын қаққан ғарышқа.

Арманы асқақ, өр кеуде, Жұртым бар сергек көңілді. Құлшынған бәрі ертеңге, Мұрат қып бейбіт өмірді.

Тербеткен еңбек ырғағы, Бүкіл ел барға қарық боп; Әр күннің қызық-думаны, Кеудеге қонған шабыт боп.

Серілер салған мұңлы әуен, Келмеске кеткен бүгінде. Іңкәр боп тыңдар күллі әлем, Рухы бар елдің үнімде.

Жерімде өмір гүлдеген, Қанаты әннің жазылар: Достыққа көпті үндеген, Біржан мен Ақан сазы бар.

Page 304: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

304

Көмейде жырдың кәусәрі, Жөні жоқ әсте таусылар. Бақытқа үндер баршаны, Бостандығымның даусы бар.

Қотарып көңіл наздарын, Жазылар талай жыр-дастан:Паш етіп өмір саздарын, Шалқиды әнім тынбастан!.

53. Мақтай Сағдиев:Ерлік жолын, елдік жолын таңдаған,Абылайға серік болған сан бабам;Жолдыбай би, Қаратоқа, Байтоқа, –Ақиқаттың ақ жолынан танбаған.

Ел басынна өтті тарих не түрлі,Өрге шықты, сайға түсті, жетілді;Көкшетаудың көп шыңының шоғыры, –Бірі – Шопан, бірі – Шоқан секілді.

Сол биіктің біреуі еді – Жылғара,Аты мәлім патшаға да, қырға да;Петерборға екі барған майталман, –Ризамын, қайран бабам тұлғаңа!

Бабалардың біреуі еді – Қосшығұл,Сондай әділ, пірадар боп өссін ұл!Тағы бірі – аға сұлтан Әлібек,Ел таныған әрі батыр, әрі бек!

Бабамды айтып ер жеткем жоқ бірақ мен,Қарады өмір бізге басқа сынақпен;Даңқына сай зор ескерткіш тұрғызып, –Қалаға атын бер деп әсте сұрап па ем?!.

Талабынан талмай бірақ заманның,Биігіне шықтым талай қамалдың;Қала салып, ел құраған кешегі, –Жақсы істерін жалғастырдым бабамның!..

Оқжетпестен қыран қанат қомдай ма?Самғап ұштым Торғайға да, Қордайға;Шыңға өрлесе шынайы ұлдар халқым деп, –Әділ төре, дәстүр қайссы, жол қайда?!.

Page 305: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

305

Елді не істер ерік тисе дойырға?Қоныс салдым Қылшақтының бойында;Ісім аян Одаққа да, қазаққа, –Көкшем, сен де тұрдың биік ойымда!.

54. Еркеш Ибраһим:Көлдері Көкшетаудың мөлдір қандай,Қызығын табиғаттың көрдім қанбай...Баладай мәз боламын айдынында,Аққуын алақанға қондырғандай!..

Көкшенің сүп-сүйкімді тасы қандай,Шабытың тауға өрлесең тасығандай;Шалқимын, шаттанамын, шарқ ұрамын,Жан сырын жалын атқан жасыра алмай.

Көкшенің қаңқылдаған қазы қандай,Арысқа айта алмаған базынамдай;Арманда қалған елім, амал қанша, Ақан мен Мағжан жырын жазып алмай?!.

Апырмай, не дей алам бұл Кеңеске,Бірге – бақ, біреуге тор құрды емес пе?Мұқалып қалған жырды Мағжаннан соң,Сүйредім жан ұшырып тың белеске!..

Бұлт болып ел көгінде көшемін мен,Нәр алар көбелек жан неше гүлден;Толқын боп айдыныңда толқып-шалқып,Самал боп Сарыарқада есемін мен!..

55. «Ерсұлтан Әділбеков»:Еркін едім – адалдықты көздеген,Еркін едім – өтірікке төзбеген;Елім үшін еңбек еттім жан салып,Атақ, мансап іздегем жоқ өзге мен!..

Көкшетауым – кием ғой деп сақтадым,Торғайымды – толағайдай баптадым;Қызылорда – қызырым деп түсіндім,Туған ел деп жүрек гүлін ұсындым!..

Page 306: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

306

Көпті қолдап, әділдікті жақтадым,Жақсыны – ақтап, жамандықты даттадым.Біреулерге туралықпен жақпадым,Құлықсыздар құрды қанша қақпанын?!.

Досым көп ед, аз болмады дұшпан да,Қанат қағып қия шыңға ұшқанда;Қарғаларын қосып бақты арсыздар,Мен не дейін мансап деген мыстанға?!.

Енді, міне заман мен заң өзгерген,Мың құбылды қатар жүрген, көз көрген.Елдің қамы, жердің бабы болар деп,Жігіттерге үміт арттым сөз берген...

Азаттық деп қанын төккен, шаршаған,Арман еткен ата-баба, қанша адам;Сүйінші елім, жарлық қылып Елбасы, –Тәуелсіздік келді, міне аңсаған!

Елім, жерім үстемдіктен болды азат!Ешкімге де болмайды енді қор, қазақ!Тілім дамып, қабыл болар тілегім, Егемендік елдің бағы ол ғажап!

Лүпілдесе кеудемізде мол арман,Сын мен сынақ шыға берді көп алдан:Қиындықтар қаптап кетті тек әттең,Азаттықтың аяғына оралған?!.

Жұмыссыздық, құлықсыздық басталды, Бойкүездік билеп алып жастарды.Елдің ішін ашкөздік бір жайлап ап,Шетелге асып кетті сәби тастанды?!.

Жұбатамын қалай елді жылаған,Кейуаналар неге қайыр сұраған?Қарттар үйі толып кетті неліктен,Ұл-қыздары тұрған кезде дін аман?

Халық па екен, құлдырауға шақ тұрған,Нарық па екен қолын байлап, қатты ұрған:

Page 307: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

307

Ел күйзеліп, қауым азып, кей ана, –Шарасыз боп шаранасын лақтырған?!.

Тәуелсіздік болған кезде сонша арман,Не сұмдық бұл, өзіне-өзі қол салған?!.Ауылдарды нетсем екен күйреген,Қарттарымды қайтсем екен томсарған?!.

Қарақшының қолынды жүр қарулар,Азып дәстүр, арын сатты арулар:Түзетуге бұл заманның кеселін,Айтыңдаршы, енді қандай дәру бар?!.

Ел байлығы игілігі баршаның,Еңбек еткен соған халық қанша мың.Біреулердің бақытына балау боп,Салтың азып, сатыла ма мансабың?!.

Шетелге асып темір, уран, мұнайың,Кембағалдың келтіре ме шырайын?Қойны-қоншын толтырса егер пұлменен,Ұры-қары, ұмытқандар құдайын.

Жалған айтып, өсек-жала боратқан,Бауыр жандар бір-біріне оқ атқан...Жұмбақ өлім, етек жайып жемқорлық,Қайран елім, қасиетін тонатқан.

Қамқор болмай қамын ойлап ұлтының,Ойнаған кім, ойлаған құр құлқынын.Болмай ма екен «Мың асқанға – бір тосқан»,Шындық пірі, естімей ме жұрт үнін?

Бұл дүниеге кетпесе егер тас қаптап,Қасиеттім, болашаққа бастап бақ!Тәуелсіздік туы жайнап, Оқжетпес,Ақордаң да тұрар мәңгі асқақтап!..

56. Сәкен сері:Көкшетау бар қазаққа таныс алап,Абылай – ежелгі салт, кәрі санат;

Page 308: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

308

Істері ол бастаған батырлардың, –Болады ұрпақтарға әлі сабақ!

Көкшетау – сырлы қоныс, нұрлы мекен,Ел қамын ойлап ерлер тұрды ма екен?!.Алашқа айбын болған арыстарды, –Мендағы Мағжанға ұқсап жыр ғып өтем!..

Ұлылар өтті-ау көріп қатал сынды,(Айта алмай кетті-ау талай Мақаң сырды).Айрылған Құлагерден қапияда, –Мені де шер буады Ақан сынды!?.

Кербестім бірде шауып, бірде желіп,Қабағы ашылмайды күн безеріп;Тағдыры Құлагердің қиын екен, –Кім тағы айбалтасын тұр кезеніп?..

57. Кәкімбек Салықов:Қара кеңгір, «Қызыл зеңгір», Көк сеңгір, –Сан асудан асып келдім көшпен бір;Қанат қағып қай қиырда жүрсем де,Сағындырып, аңсатады Көкшем бұл!

Ақ жүрегі жаралаған ар-намыстан,Құт белінде туған небір арыстан;Құлагерлер шыққан құтты мекен бұл, –Көшқұлы мен Андағұлдан, Бағыстан!..

Сол санатта самғағанның бірі – мен,Иықтасып жүрдім талай ірімен;Мәскеуде де маң-маң бастым, туған ел,Нүкісте де нар тұлғалы ұлың ем!..

Оқжетпесім, сөз жетпейтін биігім,Сексен көлім – шаттығым мен күйігім;Саркеңгірде жезкиігім салса ойнақ, Көлбеңдейді Көкшеде ерке киігім!

Сазы қандай самғаған сал-серінің,Назы қандай ескен самал желінің;

Page 309: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

309

Құлагерлер келеді озып бәйгеден, –Жығылмайды, жырлайды әнін елінің!..

58. Сартай Қожахметов:Топты жарып ауылдағы жастардан,Жолым менің Жамантұздан басталған.Мәскеуде оқып, Қарағанды шәрінде,Жеткіншектер тобын алғаш басқарғам.

Жамантұзым – Қылшақты мен Бүркітті,Талай ұлы ел намысын жыртыпты;Ата мекен Ақсораң мен Балықты, –Абылайдың ордасы ғой бұл тіпті!

Жамантұзым – заманының сауыры,Елге мәлім Әйтімбет би ауылы:Абылайдың төбе биі олдағы,Ел сұраған Даңқойменен, бауыры.

Ел басқарып жүрдім неше өңірде,Соғыс кезі, сұрғылт еді өмір де;Майдан үшін еңбек етіп тынымсыз,Үміт жібі үзілмеген көңілде.

Жеңіс келді жамап бәрін жыртықтың,Ел серпіліп, мен де ертеңге ынтықтым;Қанат қомдап, жол көрсеттім жастарға,Қайта түлеп Қарағандым, Бүркіттім.

Қарқын алды Қарағанды домнасы,Жайнап өсті Абылайдың ордасы;Келді еліме Тәуелсіздік аңсатқан,Құтты болсын, жаңа буын, жол басы!..

59. Төлеген Қажыбай:Іздегем жоқ орталықтың мансабын,Алыс кетсем Көкшемді мен аңсадым.Жұмбағы жоқ менің барлық ғұмырым,Көз алдында келеді өтіп баршаның.

Біздің әулет, бұлдағы бір өнерлі ел, Өткен талай көшелі би, көне ерлер;

Page 310: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

310

Бабаназар, Нұрқан, Тұрпан, Тәшен мен, Елжас, Жақан, Хажымұрат – кемелдер!..

Таныс маған әрбір аймақ, әр ауыл,Ағалықтың кезегі ме жаңа бұл?Төлеген деп, сұрайтындай төрелік,Сөз бастаса Атығай мен Қарауыл.

Ел деп өтті Сәкен, Хамза ағайлар,Сарбас, Баян, Сүлеймен, Әуез, Жанайдар;Естай, Мәтен, Нұрқан, Сайлау, Мағира, –Жабал, Байқал, Қайырбай – жас, жаңа ойлар!..

Сырлап келем солармен сөз сарасын,Жырлап келем елдің небір данасын;Туралықты ту ғып жүрген жұрт едік, Әркімнің ел берер әділ бағасын!..

60. Автор («Бүркітті», екінші нұсқа):Бүркiттi, қымбат маған бiр түп гүлiң,Басылмас саған деген ынтықтығым:Абылай атқа мiнген алтын ордам, –Бүркiтiн Бүркiттiнiң үркiттi кiм?!

Ту тiккен туған ел деп ұландарың,Көп едi ақын, батыр – қырандарың;Ашылмай жатқан әлi қазынаң мол,Заманның ашсақ та көп тұмандарын.

Бүркiттi, сұңқар ұшып, қыран қонған,Елiңе Әйтiмбет би ұран болған;Мерт болып қия-шыңда сол сұңқарлар, –Айығып, айың ендi туар ма оңнан?!.

Жоқ Сәттар, Еркеш, Сәкен, Нұрағаммен,Алладан амандығын сұрағам мен:Елтұтқа Еркеңдей ерлер қайда, –Бүркiттi, төскейiңе құлағанмен?!

Құрметпен мен оларға қарағанмын,Бәрiн де ай мен күнге балағанмын;

Page 311: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

311

Қараумен қабағына әр ағамның,Өзiмше әжетiне жарағанмын.

Олар да менi өзiнше еркелеттi,Жан нұрын жыр – теңiзде желкен еттi;Ерғали, Есләм, Жомарт, Табылды, Ерік,Таланттар – неге өмiрден ерте кеттi?!.

Бүркiттi, көрген түстей өзiңе аян,Олар да болмап па едi Қозы-Баян?Жалмаған жақсыларды нысана ғып,Мен қалай сұм ажалдың көзiн оям?!

Таланттар – тұғыры елдің, талмас арман:Өмірзақ, Мұхамедия, Алмас, Арман;Қорғанбек, Баянғали, Құдайберлі, – Орынбай, Марфуға – елге олжа салған!..

Бүркiттi, тұлпарың көп тұмарлаған,Қылшақтым, бастау алған ұлы арнадан;Қалымтай, Мәули, Тоқан, Орынтай мен,Жағыпар, Бабыр, Қуат – жыр арнаған...

Ұрпақты алға сүйреп шуақты арман,Толысар тың толқынмен қуатты арнаң:Қалымбек, Жалмұрат пен Ойрат, Тоқтар, Оңалбек, Жәмеш, Кенже – сыр ақтарған...

Қызырлы Қызылағаш қойнауыңда,Қызықпен келейiншi тойлы ауылға!Оқжетпес, асқақтаған асыл тұлға, –Салмақтап сала берсін ой қауымға!..

Түйін

Осынау құтты жерімнің, Ерлік пен өрлік өлшемі; Бұл менің байтақ елімнің, Бір ғана шағын бөлшегі.

Күйлерін шертіп көңілдің, Жақсыны өрге асырып; Келеді көші өмірдің, Алдағы күнге асығып.

Кернеген жігер кеудені, Арманмен өмір сүргенде; Көш тартқан ұлы керуенім – Болашақ жарқын күндерге!..

Page 312: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

312

ДИҚАН ДИДАРЫ(поэма)

Көкшетау облысы, Бурабай ауданы, «Ұрымқай» кеңшарының атақты диқаны, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Баянбек Нұрышевқа арнаймын.

Автор.

Бірінші тарау. АЛТЫН ТУРАЛЫ АҢЫЗ

1. Туған жер келбеті. Аталар дәстүрі.

Сыйлаған сал, серілер ән төресін, Сүйемін туған жердің әр төбесін: Көңіліндей елімнің көсіледі ол, Өсіреді ерімнің мәртебесін.

Ата мекен аяулым, дарқан анам, Арманын ата-баба арқалаған. Асыр сап алабыңда, ассам да өрге, Аңсарым алабөтен тарқамаған.

Көктемде Көкше – кербез, көгі арайлы, Көп белес көз алдымда көкорайлы;Көсілген кең танапта бітік егін, Көп көрдім диқан деген Толағайды.

Шаттанып ырыс тұнған мекеніңде, Толқисың тәтті қиял жетегінде; Алдыңнан Ақтөбе де шығар көлбеп, Ен шалқып егінжайы етегінде.

* * *

Ақтөбе осы өңірдің төрі ме еді?! Ну орман, тұнған егіс төңірегі. Қарсыда қалың егіс қапталынан, – Қарасы үш адамның көрінеді.

Құшағын айқара ашқан дала қандай, Шуақтан бойға шабыт тарағандай.

Page 313: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

313

Бірі – қарт, бірі – жігіт, бірі – балғын: Ғұмырын жерге етене балағандай.

Жан сырын перзентінің анасы ұғар, – Бәрінің қарт әжесі дала шығар. Ұқыптап ұрпақ сырын ұғысқандай, Әкесі, қарт атасы, баласы бар.

Өткеріп тайғақ кешу, ауыр жылын, Арқалап келе жатқан дәуір жүгін; Өткен шақ, Бүгінгі күн, Болашақ таң, –Толғайды қаһарман бұл қауым жырын.

Жаны ада жарамсақтық, жасық ардан, Ерлікпен ел мерейін асыра алған; Жасампаздық рухымен табысқандай, –Өшпес даңқ, ұлы жеңіс, асыл арман.

Жеріне – құт, еліне ырыс тілеп, Қырманда қызыл үйген, күміс күреп: Серттесіп, сенім артып жүздескендей, –Парасат, жастық жалын, құрыш білек!

Сындарда жауын жеңген жамбасқа ұрып, Тыңда арда – орақ орған, дән бастырып; Салалап ақ сақалын сұңғыла қарт, Келеді әңгімесін жалғастырып:

«Туғанынан түйенің өркешінде, Көш түзеген кең байтақ өлкесінде; Төрт түлік пен дән еккен диқан баба, Біздің ел емген халық жер төсін де!..»

Бірінші шегініс. Жүніс қарттың баласы Қожабек пен немересі Баянға алтын туралы аңыз айтуы.

«Ежелден ел қонған бұл Ақтөбеге, Ұрпаққа тарихы оның нақты өнеге: Тағдырдың талай сынын бастан кешіп, Айналған бүгін енді бақ төбеге.

Page 314: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

314

Бұл мекен – Мапырашты, Шұбарағаш,Ел қонған Абылайлап, ұраны – Алаш:Жол бастап Жанғал батыр... Атығаймен, –Тоқтауыл, Қырғыз, Керейт жүр аралас...

Тоқтауыл – «Жанту, Торы» ұрандары,Қырдағы Қаракесек ұландары;Келіпті «Қарақойын - Қашырлыдан», –Болған соң Атығаймен құдандалы!..

Өтеді ел тарихы сырғып алдан:Көш тартып келген қауым Сыр-Қуаңнан...Бабамыз Құнанбайдан қалған сыр бұл, –Елінің мерейіне шын қуанған!

Жақсының мерейі үстем досы барда,Ел мен ел бауыр басқан, қосып арна:Ертеде қадірлі бір қария өткен,Ғұмыры аңыз болып осы маңда...

Қарт екен қасиетті хан - қараға, Сыпайы сұмдық сырын аңғара ма? Мансап іздеп, дәулетке мастанбаған, Масақ теріп маңыпты маң далада.

Кетті екен кең пейілдің күйі неден, Жұртта қалып қараша үйіменен: Соңғы рет үш ұлымен қоштасыпты, Өтерде Диқан баба дүниеден.»

Диқан баба аңызы:«– Ғұмырың көпке арналған қандай керім, Маржан боп жерге тамды маңдай терім. Туған жер топырағын торғын еттім, Жер екеш жер де нағыз таңдайды ерін.

Кемтарға беріп келдім қол ұшымды, Төре де, төлеңгіт те төр ұсынды. Сұйылып ақ селеудей сақал-шашым, Азды-көп өтеп келдім борышымды.

Page 315: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

315

Қарымда қауқар да жоқ бұрынғыдай, Боз басым бозқырауға ұрындың-ай! Кеусендей менде қандай салмақ қалды, – Сырт берді сырымды ұрлап сығыр құдай!

Әкесін өтер дейсің кім арқалап?! Беу, ертең бетпақ дүние қылар талақ; Жерді бақ – жұтқа бермес, жұртқа қумас, Жатқанда жалпағынан мына Арқа алап!

Жетеді мұратына талпына алған, Көненің сара жолдай салты қалған: «Алтын – тас, арпа-бидай – ас» емес пе, Артық па ат – арманнан, алтын – ардан?!

Атаңның атан жыққан күйі міне: Қайта енді қосылмаспын үйіріме; Көз алдым қызыл өрттей қызыл қырман, Түйір дән дүниенің түйіні ме?!

Жерге сіңем – неше жыл тершіп едік, Қызыл бидай қырға өссе келші көріп.Келмеске кетіп барам, дәулет те жоқ, – Сендерді ен жарылқар енші бөліп.

Сәт келді сабыр табар салқын көрден, Жайымды жақсы-жаман халқым көрген. Не дейін, тарыққанда ұрпақтарым, Алар деп ат басындай алтын көмгем!..

Шынымен тұғырымнан кетемін бе, Құтты ұя құрсам деп ем мекенімде.Япырай, қай тұста еді, есімде жоқ,Әйтеуір сол төбенің етегінде!..

Бөлінбей түртіне бер бөктеріңді, Төгерсің қажырыңды, көп теріңді; Күшіңді, намысыңды, төзіміңді, Ерте тек сайлай бергін кетпеніңді!

Бақ-дәулет қарекетсіз қайда адамға: Ынсап қыл ынтымақпен пайдалан да!

Page 316: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

316

Таба алсаң, ақ – ішерге, ақша – пұлға, Ат болар, атан болар – айдағанға!..»

Жетсін деп терең ойдың ұшығына, Айтқан қарт өсиетін үш ұлына. Алтынды табар екен қайссы бұрын, Өрі ме, өжеті ме, пысығы ма?!

...Қарт қайтқан, қалды артында үш ұланы, – Қараша үй қасіретке ұшырады. Кешікпей кетпен алып кетті аттанып, Үлкен ұл ішіндегі пысығаны.

Мұның да қызығы көп бастан кешкен, – Алтынды ат басындай тастар ма естен! Тобықтан қызыл суды кешіп жүріп, Төбені үңгіді етіп астан-кестен.

Қыла алмай қатты тоңға, қатқаққа айла, Біресе батып жүрді батпақ, лайға. Тасыр күш тарс-тұрс ұрып, тасты опырып, Обыр көз ол тінтеді – таппақ қайда?!

Алтынды еншілеп ап «қияндағы», Іштарлық ешкімге оны қия алмады. Туғызған дүлей құлқын мастық, мансап, Санасын тұмандантып, қиялдады.

Қазады қайта-қайта, тұлданады... Тапқаны қиыршық тас құр манағы. Шашады бұқа болып топырақты, Ит болып, есі шыға тырмалады...

Қызыл жоқ қырып алар пақырыңда, Танабың талқан болған, тақырың да. Алтынның буы басып буындарын, Айырды ақыл-естен ақырында...

Ағаның екінші ұл да салтын бағып, Кетті ол да ақ найзасы жарқыл қағып. Жақсылық жасамақшы жұртқа бөліп, Жоғалып жонда жатқан алтынды алып.

Page 317: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

317

Қуалап құрыды әлі құба түзді, Қопарып бір атыздан бір атызды; Қара күш қаратпады алды-артына, Болғанмен мақсаты зор, мұраты ізгі.

Жас еді, жасын да оны жасқамаған, Сертке нық, сөзін жерге тастамаған. Бас салды ойда жоқта жас батырды, Жат жерлік шапқыншылар баспалаған.

Зәредей зәре-құты ұшпады да, Қаймықса – өшпес таңба түсті арына.Сүйенді ер сүйменіне сүйікті елден, – Сүйем жер бермесем деп дұшпанына.

Көзіне көрінбей бір таныс пенде, Туған жер берді жалғыз намыс, дем де. Жасаулы жаумен жалғыз жағаласты, Арсызбен арпалысып арыс кеуде.

Өр еді, өжет еді, амал қанша, Жан берді жалпақ жерін жау алғанша. Жалғыз ер қос көрініп жау да ықты, Қарай ма қаскөй дүние қараң қалса.

Қанжоса болды дала, көз байланды, Боз дала боздағым деп боздай қалды. Құлқынның құнын кесіп айбалтасы, Тор сауыт тоғыз қабат тозбай қалды...

Тағдырдың тарпып өтіп тарпаң сыны, Осылай опат болды ортаншы ұлы... Кенже де кетпен алып, тырма жекті, Қыстырып қонышына ат қамшыны.

Ағадай болмады тек алқын-жұлқын, Сүюші ед ортаншыдай халқын, жұртын. Жер жыртып, атыз тартып кетті, бәлкім, Ілінер тырмасына алтын бір күн...

Тер төгер кәсіп осы-ау пайдаға асар, – Қиынға қайратыңды қайра да сал!

Page 318: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

318

Малалап майдаласа топырақты, Жарқырап жатқан алтын қайда қашар?!.»

* * *

– Айналған осылайша аты аңызға, Бір жайсаң өткен екен атамызда. Жер жайлы жеті атаға жеткен лақап, Аз емес опамыз да, қапамыз да.

Ұрпаққа өнеге боп қалыпты аңыз, Сол үшін борыштымыз халыққа біз. Жемісін жерге беріп, жерден алған, Перзенттік парызды одан парықтаңыз.

Көңілге бұл сабақты түйіп берік, Бәрінен ел мұратын биік көріп, Өткердім ғұмырымды – жарылқады, – Жерім де асыл нәрін иіп беріп.

Алтын дән болып дәйім жан азығы, Жасымнан жаттағаным дала жыры: Жібіткен жер емшегі таңдайды да, «Тақыр қоян» тарыққан ана жылы.

Дала деп байлыққа кім қызықпады, Болмаса бұра тартқан бұзықтары; Егінді еккенде де тәлім берді, Орыстың көрші қонған мұжықтары.

Ғұмырдың соқпағы-ай сол толы сынға, Есейе еселенді борышым да: Танаптың көрдім зорын, сорым қайнап, Сонау жыл «орыс - керман» соғысында...

Қара жер қайран ерлер қаны тамған, Құтайтып қанша адамның қары талған. Азаппен азаттыққа қол жеткізіп, Атандық енді біз де кәрі тарлан.

Колхозда Жәкен, Айып.., Құрман – бастық, Қыр сайын қызыл үйіп, қырман бастық.

Page 319: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

319

Есер де ел ішінде аз болмады, Етектен іліп-тартып қылған қастық.

Сын қысса жігеріңді құм етем деп, Қыңбады ер туған жерді түлетем деп: Есімде Әбдуәли, Тұрғынбай да, – Тұратын орыс-қазақ «Тұрекең» деп.

Жатсақ та аттандырып жасақты елден, Қайран ел қан-жоса боп қасап көрген.Кешегі қырғын соғыс шығар ма естен, Малтығып қатын-қалаш масақ терген.

Қу соғыс опа берді, кәні, кімге, Жаралы шығар жаны бәрінің де?! От кешкен опындырып, бауырлардан, Үзгем жоқ үмітімді әлі күнге.

Аңсатқан қайдан табам аяулымды, Қақсатқан қайда тығам қаяу-мұңды?! Бәріне куә соның бұл Ақтөбе, Қатар да қалды сиреп, таяу құрбы...

Өзіңе бәрі де аян, жарқындарым, Тың екен Тың көтере талпынғаның. Бүгінгі ұрпақтардың бақыты үшін, Арқаның ақтарыңдар алтын дәнін!

Жұрт болып естімеген жұтты мүлде, Жеткізем дейсіңдер ғой құтты күнге. Түгі мол төрт түліктің өрісі еді, – Алмаңдар өгейсітіп түп-түбінде!..

Еліне тілеп солай ырыс, бақты,Ұрпақтың ойын қарт та дұрыс тапты. Зәузаты бір қауым ел, өмірі – аңыз, Дүйім ел құрметтеген Жүніс қартты!

Айтқан сыр ата қыран түлегіне, Ұялап жас Баянның жүрегіне, Сіңіріп санасына, ұқтырғандай Парызы мен қарызын ұлы еліне!..

Page 320: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

320

2. Қожабек отағасы. Баян мен оның досы Виктор туралы.

Қожабек – қара торы, қалың қабақ, Таппайды еңбек десе дамыл, тағат. Көкірегі жазған хат, көп тоқыған, Кетеді жұмыс десе жалындап-ақ.

Біртоға, мінезі ауыр, сөзге сараң, Шойыннан құйғандай бір өзгеше адам. Шалдықпас шаруасынан ауыл үйдің, Бәрін де деп білгендей өз босағам.

Тоқтығын толғап елдің «Тоқтауылда», Намысын жанып өскен от, дауылға: Жүнісовтер әулеті неше түтін, – Сыйлы да, сыпайы да ол көп бауырға.

Тағдырға өкпелі ме, разы ма: Өмірі өнеге елдің біразына; Тұйық боп көрінгенмен тұрғыласқа, Шешілер шешен тілі қыза-қыза.

Сыртынан сыпайыны даттамаған, Зайыбы – Қамар шаруа баққан адам: Айдын көл абысынға ақ көңілі, Біреудің ала жібін аттамаған.

Бұл күннің қасиетін ол да білер, Түнімен ұйқы көрмей болды әбігер. Бұларды ақ тілекпен шығарып сап, Таба нан қарып берген жолға бірер.

Шваабтың Викторы да бар қасында, Еншілес, ен-таңба жоқ «мал басында»:Қожекең бұларға отау бөліп берген, «Неміс» деп ойлағанмен алғашында.

Механик – Швааб деген іске шебер, Бойындағы талап пен күшке сенер. Ағайын боп ат басын іркер ме еді, – Қожабек бұларға ара түспесе егер...

Page 321: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

321

Жорғасын жылқышы аға таңға байлап, Еңбегі құтпанының жанған аймақ: Қоздаған қотанында қоңыр тірлік, Оянған ауыл таңы қандай әйбат!

Қызарып қызулы күн қырға батып, Көгілдір көктем таңы жылдам атып; Түтіні туған үйдің түзу шығып, – Тұрғаны тіршілікте бұл да бақыт!

Қасында Қожабектің қос балапан, Келеді нық адымдап қосқа таман: Құлшынса құрыш білек – осы қолдар: Жұдырық болған жауға, досқа – алақан!

Алаулап жас қиялдың шамшырағы, Баянның таусылған ба сан сұрағы: Келеді назын айтып көкейдегі, Көкесін жауапқа алып әлсін-әлі:

– Киноға бардық кеше Жеңістермен, Жастар да лагерьдегі тегіс келген; Партизандар туралы, қандай қызық, Сен солай соғыстың ба немістермен?!

Майданның көп азабын көргем дедің, Қолыңнан санадың ба өлгендерін; Командир болдыңыз ба, асқан батыр, Көке, осы қайда сенің ордендерің?!

Шайқасып Курскінің дәл түбінде, Дейсіз ғой тілін білдім танкінің де; Жіберсе осы жерге соқа жегіп, Жапырып тастар ма еді жарты күнде?!

– Тағдырдың тарттық қой біз сынақтарын,Басыңа бермесін тек, шырақтарым. Қайтесің қарғыс атқан сол соғысты, Арайлап ата берсін шуақ таңың!

«Жаманнан жақсы туар жамбас жеген, Жақсыдан жаман туар оңбас деген»,

Page 322: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

322

Кінарат түсірме тек көңіліне, Жүрген соң жаның сүйген жолдаспенен.

Тажал боп танылмасын неміс түге, Сан ұлттың ұлы әперген жеңісті де: Күл шашса Гитлер – өрт күллі адамға, Гете – жыр жұпар сепкен жер үстіне.

Айырған аяулыңнан, қызығыңнан, Қатерге қысқа күнде жүз ұрынған; Соғыстың сойқандары-ай, зәру қылған Бір тұқыл темекі мен бір үзім нан!

Соғыс, соғыс... сор болған қасіретпен, Талайдың бақыт үшін басы кеткен. Аңырап арысынан ана қалған, Қақ болып омырауға жасы кепкен.

Қарамас жортақсың ба, жорғасың ба, Қор болып қаңғып келген қорғасынға: Кеудеңді оққа төсеп сен жүресің,– Сен үшін жанпида боп жолдасың да.

Достық қой күш беретін адамға нық, Сеніммен жүрдік талай қамалды алып.Қайда екен қайран достар қанды көйлек, Жүр ме екен алапаттан аман қалып?!.

Екінші шегініс. Қожабек отағасының майданды еске алуы.

«...Танкке айырбастап тракторды, Солдат боп көкең солай бір-ақ тынды. Не жеңу, не мерт болу Отан үшін, – Көкейде жалғыз ғана сұрақ тұрды.

Бес адам экипажда – қол есебі, Әйтеуір алдық жаудан мол есені: Сондағы командирім Борис деген, – Жігіттің Тимошенко төресі еді.

Page 323: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

323

Тұлпарым – «Т-34» басы қатты, Жауызға жалын құсып, жасын атты. Атқышым Иван деген, радист – Саша, Оқтаушым қырғыз еді Қасым атты.

Өткердік сан ұрысты ауыр бастан, Жеңіліп, сағы сынып жауым қашқан. Ажалмен жекпе-жек кеп талай рет, Бориспен екі жылдай бауыр басқам.

Жон етін жұлып берер жолдасына, Қыңқ етпес жігіт еді-ау ол да, сірә; Мойымас, ер көңілді жас лейтенант, Ұқсайтын көпті көрген қолбасыға.

Танытып зор тұлғасы өр айбатын, Кең толғап көңіліңді тоғайтатын. Суретке қойнындағы жиі қарап, Жары мен жалғыз қызын көп айтатын.

Өзі де агроном, жұбайы да, – Шыр біткен егіс көрсе шырайына: Алтын дән сапырамыз соғыстан соң, «Коля» деп айтушы еді ұдайына.

...Айтамыз баршаға ортақ сыр ұшқынын,Білсін деп қорғағанын ұлысты кім?Сұмдығы қырғын соғыс естен кетпес,Созылған иінінде Курскінің!..

Өрт шарпып, кең даланы отқа ораған, Арпалыс алды-артыңнан оқ бораған; Жаныштап өтеміз деп жау жасағын, Екпінмен оздық алға тоқтамаған.

Жәдігөй жауды інінде тұншықтырып, Қуалап тым-тырақай тұмсыққа ұрып; Жүргенде жүргізуші мен бе айыпты, – Тап болдық бір сұмдыққа қырсық қылып.

Гүрс етті... арандап бір отты лаңға, Көміліп кете бардық көк тұманға:

Page 324: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

324

«Япырай, қапияда торға түсіп, Төрт бірдей жолдасымды жоқ қылам ба!?»

Кіргенде тас-талқан қып «тас қамалға», Жау бетін кейін серпе бастағанда; Ажалдың аузына кеп арандадық, Қалмады секіруден басқа амал да...

Танкі де жанып жатыр жалын ұшып, Секіру қамындамыз жан ұшырып; Ағытып үлгердім-ау автоматты, Қолымның рычаг қысқан жаны шығып.

Безгегі ұстап, тимеген тісі-тісіне, Зіркілдеп зеңбіректер үсті-үстіне;Қарғыған оң қапталға үш адамның Гүрс етіп бір жарықшақ түсті үстіне.

Бұрқ етіп топырақты аспанға атты, – Заматта жайрап түскен достар жаты; Тіл тартпай Қасым, Иван құрбан болған, – Тағдыр-ай тасырлығың тастан қатты!

Ыңырсып Борис жатыр, ауыр демі,.. Бұл кезде қайта өршіген жау ілгері; Борисім – Саша арқалап жөнелерде, Абай бол... Коля, Коля... бауыр деді.

Көргендей бізді қолдан саяқ қалған, Жау алды оқ бойындай таяп қалған; Кеудеме қыса түстім автоматты, Сәт шығар есіл ғұмыр аяқталған.

Тиеді тасырлықтан тасқа маңдай, Әйтпесе мұраты бар басқа қандай: Ағыттым автоматты нысанаға ап, Төбесіне жаудың жай тастағандай.

Топанға лақтырғанда өмір мені, Көмілген сыр еді ғой көңілдегі; Сондағы жаны бірге жолдастар ғой, Төр үйдің тұрған анау төріндегі...

Page 325: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

325

Бой жасырам, төпелеп ұрамын да, Кенет, кенет... сүрініп құладым ба; Білемін солқ еткенін иығымның, Шың еткен шуыл қалып құлағымда...

Ел үшін есер жаумен мен де егестім,Серт бұзбай сең де бұздым, сел де кештім; Еңбегім қарапайым қапа қылмас, Алғысынан адамның кенде емеспін.

Тағдырдың тартсақ та сол қайғы, азабын, Бұл күнде бақытты елім, бай заманым. Міндетсу мінезде жоқ тау қопарса, Даурығып даңқ іздеген қай қазағың.

Білімдар бұл сөзімді бекер демес, Алда ғой біз талпынып жетер белес. Ат басын ірікпеген ақтық жолдан, Ат іздеп, атақ қуған Көкең де емес!

Айтқан бұл парыз шығар марқұм атаң, Рухы бар жасампаздық жалпыға тән: Барақат тауып енді барлық адам, Жайнайды күннен-күнге жарқын Отан!»

3. Ауылдағы тың жерді игеру. Баянның Бағдатты еске алуы. Шет елдік тілші.

Бұлар да осы кезде қосқа келді, Тұр күтіп бір қызықты достар енді; Шапағатты шағынан көктеменің, – Көресің кереметті тосқан елді.

Даланың таңы мынау тыншу атқан, Тарайды мол шарапат күншуақтан. Жылғалар жамырасқан – жер тамыры, Бойында бұлқыныс бар құлшына аққан.

Шақырған шадыман шақ, ырыс күнге, (Осы еді-ау арманы қарт Жүністің де) Жеңіске бастағандай ал қызыл ту, –Желбіреп Ақтөбенің тұр үстінде!

Page 326: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

326

Жаңғырып мотор даусы жыраққа алыс, Ағылды Ақтөбеге шұбап таныс... Директор Тұяқбаев белгі берген, Тыңға енді басталды деп ұлы аттаныс!

Қара жер – қанша батыр тапқан ұлды, Көл-көсір құтың да енді ақтарылды: Тартуға тыңның жаңа бораздасын, Қожабек тәуекел деп атқа мінді.

Түрленіп туған жердің көк кілемі, Түлеткен туған елдің көп түлегі; Ту жатқан тың далаға түсіп жатты, – Дәуірдің дәуірлеген көп түрені.

Етегі Ақтөбенің дала жатқан, Құйылды ел мына жақтан, ана жақтан: Қожабек келеді алда, Баян, Виктор, – Қасында қызық көре бара жатқан.

Түрленіп түлегендей қыран дала, Көзді арбап көсіледі мұнарлана. Алапқа ақ селеулі алдындағы Қарайды жас Баян да құмарлана.

Көп жылды көріскендей араға сап, Жер жарықтық ақпейіл анаға ұсап: Ағытып омырауын перзентіне, Жайғандай еміреніп дала құшақ.

Құт орнап жеңістен соң өңіріне, Сол кездің желпінеді төлі, міне: Келеді қара толқын қаптай өріп, Қуаныш ұялатып көңіліне.

Қарайды қара мақпал қырға мына, Атаның абзал ісі ұлға мұра: Толқиды, толғанады, қиялдайды, Тербеліп ұлы еңбектің ырғағына.

Тұлпарға жер тарпыған мінді бүгін, Бәйгеден кім тежейді қырдың ұлын:

Page 327: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

327

Жалына жабысты ұлан, дүниені Дүбірі дүр сілкінтіп дүлдүлінің!

Талайғы тарқатқандай нала-мұңын, Ерекше түрге енген ғой дала бүгін: Барады жылы ұшырап мына бейне, Өріліп жатқан бейне қара бұрым.

Қарайды қайта-қайта көзі қанбай, Қара атыз ғұмыры боп созылардай. Ұқсатқан Бағдатының бұрымына, Қасында сол ерке қыз өзі бардай.

Албырт ойын қиялдың күші жеңген, Шарқ ұрып сол қиялдың құсына ерген; Тапты, тапты іздеген інжуін де, – Тәтті-тәтті армандай түсіне енген:

Жас Баянның қиялы:...Көк өскен көктемеде күлтеленіп, Дегендей Ақтөбеден гүл терелік; Келеді бір топ бала серуен құрып, Жалт етіп жанабынан үркек елік.

Жалпақ жон жазғытұрым жасыл қандай, Айнала қызғалдақтар шашылғандай. Алдында бір қызыл гүл тұр алаулап, Көргеннің көзіне оттай басылғандай.

Ұмсынды ғажап қалып «қасқа» гүлге, Сыйламақ Бағдатынан басқа кімге?! Тамырын аршып еді, астындағы Жатқандай жарқыл қағып тас та бірге.

О, ғажап! Табады екен талпынған ұл, Таң қалды тасты аршыған қалпында бұл: «Бағдат, сен білесің бе, таптық нені? Алақай, атам айтқан алтын да бұл!..»

Селк етсе... жоқ Бағдат та, алтын-дағы, Трактор таспа тілген қалпында әлі;

Page 328: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

328

Қары екен көкесінің қапсырғаны, Қара айдын қалып жатыр артындағы.

«Шіркін-ай, баламысың... жатпадың ба, Не қызық мұндай қауырт шақта мұнда?!» Дегенше төтелете шапқан бері, – Көрінді бір салт атты қапталында.

– Ел аман, жұрт тынышта шапқыны не, Жетеді-ау қызылмай қып ат түбіне.– Бұл Мұқан бригадирдің құласы ғой... Танапқа таяп қалды атты, міне.

Келеді ол ер-тұрманы жарқыл қағып... Әке отыр суыт жүріс артын бағып; Түтіккен түрі жаман бұл әбігер, – Жөнелер келе сала алқымға алып.

Көп оның қызығы да, шыжығы да, Төренің құлдық ұрған құзырына: Жарамсақ белсендінің біреуі еді,Ойнатқан «әңгір таяқ» ұжымына.

Тілімен рза қылып әр қауымды,Сол пысық, сол біледі мал табуды: Көп тоқтап көк пәуеске үйіне оның, Қалады қара «ЗИМ» де қаңтарулы...

– Аупартком... келмекші ертең... шет елден де... Дайындал, жер алыс па, жетер демде; Сұраса жағдайыңды, білесің ғой... Жүрмейін сөзге ілігіп бекер мен де.

Өзіңнен бір ауылдың білер халін, Бүтіндеп бітірем бе бұл ел қамын; Анада алған ұнды қонаққа деп, Қойып ек біздің үйге бірер қабын...

Тезірек іске кіріс, қосыңа жүр, Жабдық бар, қазан дайын, мосы да әзір. Оралғы болар мына боқмұрындар, Ал ұнды жеткіземіз осы қазір.

Page 329: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

329

Астында арқар таң ат шатқаяқтап, Сөзін ол апыл-құпыл жатты аяқтап... Деп қалды Қожекең де, тізгін тартып: «Қасқаның қай қылығы-ай қатты аяп қап!»

Тың жайлы хабар-ошар береміз деп,Шетелден тілші келсе дерек іздеп;Аупартком Әділбеков өзі айтыпты: «Жүнісов ауылына келеміз!» – деп.

Соңында боразданың ізі қалып, Сергиді қос ұлан да жүзі жанып: Түйгендей содан бір ой санасына, Анасы берген наннан үзіп алып.

Пейілі, парасаты, пәктігімен, Беу, ана ұланына бақ тілеген; Тандыр ма, табы бар-ау ыстық жүрек, – Таба нан, дәмің мұнша тәтті неден?!.

Үшінші шегініс. Шет елдік тілшімен сұхбат

Тойлаған жасыл жайлау көктемені, Тоқтауыл – Ақтөбенің бөктері еді. Сыңғырлап бұлақ ағып, сән түзеген, –Ақ қайың, сал қарағай, көк терегі.

Кең шұбар қойнау іші, салқын сабат, Хош иіс жұпарымен аңқыды абат. Кешегі Жүніс қарттың көзіндей боп, Ақ үй тұр аңғарында алты қанат.

Мерейі үстем боп бір түлегінің,Сәті ме қабыл болған тілегінің:«Ынталы» колхозы деп аталатын,Тоқтауыл той қамында, міне бүгін!..

Күн еңкейе қаптаған қырат-қырдан Сейіліп гүріл мен шу құлақ тұнған; Дамылдап дел-сал болып дала жатты, Жонында жортқан қанша трактордан.

Page 330: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

330

Халқының қан мен тері қатпарлана, Тусырап түу заманнан жатқан дала, –Гүжбан күш, ен қимылдан есі шығып, Теңіздей толқын атқан мақпал қара.

Шерткен сыр шарлап сансыз шатырларын, Тыңдайды Тыңның тұңғыш батырларын... Кешікпей қонақтар да келіп жетті, Аупартком таныстырып жатыр бәрін.

Шет елдік тілші де еркін қадам басты, Ол-дағы арқа-жарқа амандасты: Қағылез, ашаң жүзді, сыптығырдай, Көзәйнек киген қара, жалаң басты.

Осы екен сыйлы қонақ ішіндегі, Момақан, ашық жарқын пішіндегі. Британия жерінен келген мейман, – Кім білсін кісі аласын ішіндегі?!

«Толғантқан жан-жүрегін дәуір қамы,Қожабек – диқан осы ауылдағы», –деп жатыр Тұяқбаев ол да қостап, – «Еңбекқор ...Ахмет, Қаби – бауырлары!»

– Сақтаған ата-баба салтын ізгі,Аз емес ерлеріміз жалпы біздің;Тұтас бір ауыл болған, әулеті осы –Жолда айтқан Жүніс деген қартымыздың.

Елпілдеп жас мырза да құлдық ұрып, Қожекең қолын қысып тұрды күліп; Разы боп «окей» дейді қайта-қайта, Жымиды Баянға да бір бұрылып.

Жатсынбай жатыр баурап, үйірсектеп, Баяғы Уэллстің11 күйін шекпек:Шаруамен жергілікті сұхбат құру, – Келгенде мақсаты екен қиыр шеттеп.

11В. Ленинмен кездесіп, оны «Кремль қиялшылы» деп атаған ағылшын жазушысы.

Page 331: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

331

Таң болып елге – алған ұлы істі ойға, Тілектес боп ертеңгі ырыс-тойға; Жылы-жылы сөйлеген көңіл - жымнан Жылт беріп қалып жатыр жымысқы ой да!..

Шет елдік тілші: – Өткердік өлкеңізде бұл аптаны, Таң қалған жайларым көп бірақ-тағы: Тың деген тым тосын іс сенбейтіндей, – Көрген көз, еститұғын құлақ-тағы.

Байқадым басшы, маман, басқасын да, Қиял ма, қисынсыз ба – рас па, шын ба? Жерменен тамыры бір, тағдыры ортақ, – Жүрген сіз айтыңызшы бас-қасында.

Жұмысқа жұмылса да жұртың бекем, Ырқыңа көнер ме екен бұл тың мекен: Сібірдің соққан боран, үскірігі, – Тың түгіл, тірлік кешу мүмкін бе екен?

Сұм соғыс дерт болмады қандай жанға, Татпаған қасірет уын таңдай бар ма? Қалған ел қатты күйреп қан майданда, Жасамақ ғаламатты қандай ғана?!

Жат қылып салт-дәстүрін жас қазағың, Саясат салар талай басқа азабын: Талғамай жұтқан тас қой – Тың дегенің, Түйнейді ол Россияның асқазанын?!

Қампитып құр қабын да, қамбасын да, Өрге айдап астық артқан арбасын да;Шаруасы шайқатылар шалыс басып, Россия тұрған жоқ па жар басында?!.

Қожабек:– Рас, сэр, тауып айттың, қиын бізге, Қиямет – қырман айдау қиыр түзде. Біздің ел қатал сынға көндіккен ел, – Құлшынтқан сол арманға түйінді ізде!

Page 332: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

332

Рас, сэр, бой көтердік құлап-тұрып, Жұбаныш бірақ бізге шуақты үміт: Өшпейтін өсиетін күн көсемнің, – Өрлейміз дәйім алға мұрат қылып!Рас, сэр, көтерді сол ел еңсесін, Бейтаныс тар ойламай, кең өлшесін. Рас, сэр, халық рухын білмегенге, – Тың, тосын – тыңға аттану деген шешім!Рас, сэр, есер соғыс есімді алған, Бір үйден бізде де бар бес ұлды алған, – Жетімді кім уатар, есіл жалған, Ананы кім жұбатар жесір қалған?!Рас, сэр, техника, күш керегі, Біреуге қиял боп бұл түске енеді. Қайнары қайратымның ұлы достық, – Күн санап толысады, үстеледі.Түрленіп туған Отан әлденеді, Шат күліп шығыстан бір таң келеді.Ертеңге құлшына аттап, құлаш ұрған, –Айбынды елге алдымен нан керегі!Досты азалап, дұшпанды жамсатқанмен, Қайтсақ та арып-ашып алшақ белден; Елді ғана емес-ау, еміреніп Еңбекті де ет-жүрек аңсап келген!Бұл да бір күшті аянбай салған ісім, Мерт болған жанның ойлап ар-намысын; Солардың көрмей кеткен қызығы үшін, Солардың аңсап өткен арманы үшін!Қиыннан жастық шақта жасыған ба ар: Қаншама талап, күші тасығандар, – Ерлікке, ер рухына тәнті болып, Аттанған алғы шепке жас ұландар!

Шет елдік тілші: – Тынымсыз тырбансаң да ерте, кешке, Бұл – арман және де әлі ерте емес пе?

Page 333: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

333

Бұл тыңның алды-артында не болады, Алмайтын да шығар-ау ел, тегі, еске.Бұл оймен адамдар бар келіспеген,Бұйрығын Орталықтың теріс деген:Жұмабай Шаяхметов шын қайраткер, –Бас хатшы Хрущевке беріспеген!..Тәшенов оның ойын жалғастырған!..Зорлық пен қулық мұны заңдастырған:Көбейіп келімсектер, елің азып,Малыңа жайылым да қалмас Тыңнан?..Қазбаған қазба қалмай өңіріңде: Алынар алтын, темір, көмірің де; Қопарып қорсылдақтар қорығыңды,Өксікке тола берер өмірің де.Таусылар таси-таси тасың-дағы, Мұнай, мыс, уранды алар – ғасыр наны.Соғыста келіп қалған өндірістей, – Оны да отырмысыз жасырғалы.Тың дейсіз, мойындарсыз түбі бізге: Жүз ұлттың жұрты болмақ – күніңіз не? Жүз тілдің жылымында жым-жылас боп, Құрдымға кетті дей бер тіліңіз де!..

Жас Баян тыңда түлеп, шыңға асады, Құшағын өсе келе кімге ашады? Аузына алар ма екен Абай жырын, Қай тілде Әуезовпен сырласады?!

Қожабек:– Құрметтім, лағып кеттің айдаланы, Батыстың бұл дағдылы байбаламы. От қойғыш, өрт жібергіш жалақордың, – Өсексіз, өтіріксіз қайда лаңы?!

Сізде де, сезем, соның салқыны бар, Сыр тартсаң санаңа түй, жарқыным, ал, Ақпейіл аласы жоқ адамзатты, – Ертең-ақ ерлік жыры тәнті қылар.

Page 334: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

334

Сөкпеңіз шүйілді деп мұнша маған, Кінәлі көзәйнек пе, тұмшалаған?Бүркеген ақиқатты қара перде, –Айырмас ақ-қараны тұл санадан.

Жаңғырған санамыз да, салтымыз да, Айнымас достыққа адал антымыз да. «Ит үрер, керуен көшер» деп түйетін, Құлаққағыс және бар халқымызда.

Семсерін сертке соққан сын сағатта, Еліміз ынтымақпен жүр санатта: «Қырық рулы ел қырық пышақ болмас үшін» – Есінде болар елдің бұл сабақ та!

Келмеске кетіп түнек, нала түнім, Елдікті жырға қосар әр ақыным. Томаға-тұйық болу кімге пайда, – Қапталда қала қоймас ана тілім.

Сағымыз асуларда шақ сынбаған, Достыққа адал бол деп тапсырды анам! Жақсы оймен жарқын күліп келген жанды, Ешқашан жайсаң далам жатсынбаған.

Елжірер бауыр десе жаным ізгі, Сол үшін төктік неше қанымызды. Ертеңгі нұрлы күнге деген сенім, Ұйытқан ынтымақпен бәрімізді!

Шалқытып шат-шадыман күйдің үнін, Еселеп алуда елім сыйды бүгін.Қазынам болса қанша – халқыма ортақ, Көреміз көпшілік боп игілігін.

Қашанғы батсын елім нала-мұңға, Ғаламат құштарлық бар талабымда. Білгенге жыртып шығу деген сөз бұл, –Тұтастай Британия аралын да!!!

Бұрқанған ұлы істердің арнасы бір, Түлеуде түнек деген Тайга, Сібір!

Page 335: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

335

«Кремль қиялшылы» кемел пішкен, –«ГОЭЛРО» жоспарының жалғасы бұл!..

Қарсы алар дарқан далам таңды күліп, Шарқ ұрар дән мұхиты сан құбылып. Табылып жайылым да төрт түлікке, Тыңменен түлейді Отан жаңғырығып.

Өнеге өрнегіміз досқа нағыз, Дұшпан ғой күйе жағып, қосқан аңыз. Көзіңіз әлі-ақ жетер ұлы істерге, Шындықты мойындамас жоқ шараңыз!

Шет елдік тілші:– Өрісі төрт түліктің тапталады,Шалқар көл тартылуға шақ қалады.Желге ұшып жер құнары тозаң басса,Үміті елдің қалай ақталады?

– Ал, Баян, деді айналып ақырында, Ұқсайды тұр-тұлғаң да батыр ұлға; Есейіп кім боласың, шабандоз ба, Жүйткитін тұлпар ойнап тақымыңда?

Баян:Ойнақтап қас тұлпары тақымымда,Жарасар жолға шыққан батыр ұлға;Ақық дән – алтын артқан керуен бастап, Арманға жетем, бәлкім ақырында?!.

Екінші тарау. ТЫҢ ТӨСІНДЕ ТАБЫСҚАН ТАҒДЫРЛАР

4. Жоспардан тыс жер жырту туралы Баян мен бригадир Мұқан ның шекісуі. Агроном полинаның оларға ара түсуі.

Баян:– Жоқ, Мұқа, көне алмадым мұныңызға, Құныққан құр ақпардың құлымыз ба? Жайым жоқ жалған айтар... жоқты бар деп, Айыптап алсаңыз да қырыңызға.

Page 336: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

336

Мапыраш, Төртқарағай, Қоңырағаш, Жыртынды етер оны көңілі оғаш! Арымды, өз бетімді жырту ғой ол, Ағатай, ақылға көш, жөніңе бас.

Бабалар зираты бар жақын маңда, Мұныңды былайғы жұрт мақұлдар ма? Халықтық бақылаушы сапында боп, – Жасауға жалған ақпар хақым бар ма?!

Кең дала азса, дұрыс дейік пе енді? Кейіп ол кейуаналық кейіпке енді!Жырттық та ата жұртты, жайылым жоқ,Еттік қой жермен-жексен бейіттерді!?.

Бригадир Мұқан:– Көбі елдің көрсеткіш деп жанталасад, Артық па, біз де абырой арқаласақ: Артық танап бұл да бір сауын сиыр, – Мен оны әкетпеспін қалтама сап.

Батырым, ұзамассың бұл кеппенен, Үлкенге болушы еді құрмет деген. Өнімін осы жердің ортаға сап, Шарықтап шықпас па еді міндеттемең!

Мұндайда шел қаптайды көздеріңе, Ермеңші кей пысықтың сөздеріне. Бұл – астық, артық наряд толтыратын, Қып-қызыл пайда емес пе өздеріңе.

Баян:– Онсыз да жер қалмады жайылымға, Осы да елге деген қайырың ба?!Көз бояп көрсеткішке жетем дейсіз, Ақ-адал ниет те жоқ пайымыңда.

Тағы да тірелдік сол кепке келіп, Серідей серпілесіз сертке берік, – Тігерге тұяқ қалмай қыл құйрықтан, Шетінен жібердіңдер етке беріп.

Page 337: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

337

Желсе – жел, ішсе – дәру, дос та сында, Жылқысын қашанда атам қосты асылға. Сізден ол сүт пен сұлы сұрап па еді, – Сары қымыз сапырмас па ек қос басында!

Бригадир Мұқан:– Мен айтсам, айтам елдің берекесін, Кеп емес керауызға келеке үшін. Жер жыртсақ жоспардан тыс – жұрттың қамы, Ауданнан асып көр ал, ер екенсің!

Жалпақ ел жайланса деп жан саламын, Жақсыға жанасқаным – жанса бағым.Түзді ойлап, түйе тіздеу неңді алған, ей, Жау шапқан барымтада қанша малың?!

Сен бала, серттен кетіп, сесті ұмыттың, Кейпіңді қияс-қыңыр кеш біліппін. Күні озған жылқының да жыры біткен, Қалдығын қайтпек едің ескіліктің?

Сопиып соқа басың – сол уайым ба:Айла-амал кетер сендей қонбай ұлға. Жылқы деп былшылың не, машина анау, Жеткен соң трактор мен комбайнға.

Баян:– «Ұрымқай» шыққанда алға тіптен ерлеп, Біздерде мәз болмады-ау күткен еңбек: Ауыспалы егіске құлақ аспай,Өнім де кеткен жоқ па күрт төмендеп?

Бригадир Мұқан:– Бесіктен белің шықпай беттен алып, Түсінбей тепсінесің текке налып: Былтыр ол бұлт қысырап, бұрыс жауып, Түсімнің тым құлдырап кеткені анық.

Күпінткен мұнша сені күші ненің!Қиястық түбіңде бар, түсінемін.

Page 338: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

338

Шаптығып шаужайдан ап шабаландың, Өзіміз асыраған «күшік» едің...

– Сол кезде дауыс шықты, – қойыңыздар!.. Мынаны естігеннің бойы мұздар: Сіздерге не жетпейді, аға, Баян, Ұят та елден – ертең тойымыз бар!..

Бұл келген агроном болатұғын,Бұларға басу айтты ол ақырын;Полина Борис қызы жас та болса,Сезетін ойын Мұқан сорақының?..

Полина:– Эх, Баян, ер көңілді Баян, Баян! Намысқой өр мінезің маған да аян. Алқынба, албыртсың ғой, анық бас тек, Ту ұстап тура жолдан таяр ма адам?!

Қызығып құр олжаға қарамағын, Қыз не дер, түзде болса бар алаңың. Айтпақшы телеграмма алдық, ертең – «Шортанға» келіп түспек «мамаларым!»

5. Қожабек отағасының майданда хабарсыз кеткен жолдасының баласы – Болат пен полинаның үйлену тойы.

Баянның көкесі бар Болат деген, Бақытын бала кезде «тонатты» өрен: Анадан ерте қалған, әкесі – мерт, Өксіткен өзегінде сан «әттеген».

Соғыстың соқпаған бұл қанды зілі Үй бар ма – өртте кеткен бар қызығы: Жұрағат Қожаекеңе бауыр басқан, – Осы еді бір әулеттің жалғыз ұлы!

Сақадай сайлайтұғын күш-көлігін, Инженер осындағы іске мығым, Бойдақ ед, ырқын билеп алды осы қыз: Жирен шаш, аспан көзді, пісте мұрын.

Page 339: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

339

Нұр жауар деген рас талаптыға, Талпынып ұшты биік таң атты да. Баулыған жақсылыққа қамқор аға, Қақтырмай өсіріпті қанаттыға.

Полина ол да құлаш сермеді ме, Жыл жарым жолдамамен келгеніне. Жас маман – украин қызы еді бұл, Жолыққан қазақтың қас мергеніне.

...Тойдың да ажары кеп ғажап бүгін, Сапырды құдалар да қазақ тілін. Достарға – қуанышты қызықты шақ, Жастарға – естен кетпес ләзатты күн:

...Құдағи ашық жарқын адам екен, Айтушы ед: «Жан жоқ қой деп мамама тең!» Аяулы достары екен ере келген, Пейілі жекжат десе алабөтен!

Не керек, қымыз бенен қойдың саны, Ән мен күй, ықылас қой тойдың сәні. Жарықтық нан келгенде жүре берді, – Жарқ етіп сезім білте, ойдың шамы!

Тәлім мол тап осы бір тәуір шақта, Салтыңды санаға сай, бауыр, сақта: Диқанның өзі өсірген өбек қағып, Шашылды шашу болып бауырсақ та!..

Жөніне жер мен елдің қарамастан, Басталған мынау елде жаңа дастан: Тілмен – тіл, тілекпенен тілек тұтас, Салт пен салт жарасымды араласқан.

Ұмытпай бабалардың мол мұрасын,Озығын қорғамасаң, қор қыласың;Жыршы да бастап кеткен беташарын,Бабына келтіріп ап домбырасын:

«...Ауыл-аймақ мақтаған, Арпа-бидай қаптаған.Аққан тері ақық боп, Алтын-күміс қаптаған;

Page 340: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

340

Ата дұшпан шапқанда, Ала балта саптаған;Ағайынға – айдын көл, Айтқан сөзін жаттаған....Бүркіп тұрған бұршақ оқ, Бүлк етуге мұрша жоқ;Бұғып қашқан бұл емес, Бұралқы иттер мұнша көп;Жалынға еніп, от кешкен, Жауырынын оқ тескен;Жау жағында жан қинап, Жомарт қолын жоқ кескен!Сұмын суға сұлатқан, Сауына – сауға сұратқан...Сұлу өмір сүруде, Сүрінбей кеп сынақтан;Қайын атаң – Қожекең, Қайын атаңа бір сәлем!..»

Толқыған түсіп қиял сорабына, – Құдағи разы болды соларына... Қожекең тебірене бастап тойды, Сөз берген енді құтты қонағына:

Аупартком хатшысы бұл ер тұлғалы,Ойлайтын ертелі-кеш ел туралы;Ерсұлтан Тоғжанұлы Әділбеков, –Рзалық айтып елге, серпілді әрі...

Болатты – аты жүрген ардақталып Құттықтап, ізгі ойларын салды ақтарып: Айналған Тыңның жарқын тұлғасына, Сөйледі хатшы жолдас салмақтанып:

– Ел барда тіршіліктің тынбас әні, Түлеткен қырды, міне Тың жасағы?! Осы отау – сол достықтың бір шоқ гүлі, Осы отау ұлы тыңның бір масағы!..

Ұл – өжет, қызың мынау – балғын, нәзік, Табысып сом алтынды алдың қазып: Бұл күнде көк тіреген Элеватор, – Кешегі белгі қаққан жалғыз қазық!

Өмірдің қала берер қиыны артта, Самға, Тың, алтын дәнді үйіп арт та! Мұхитқа маңдай терден маржан тамып, Старт ап барады елім Миллиардқа!

Бұл істің не көрмедің барысында, Құм болып жігерің де, намысың да;

Page 341: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

341

Қарысқан қияметпен, қарбаласпен, Тағдырың тұр тап осы табысыңда!

Киевтен, Минскіден, Москвадан, Бауырлар бір тілекпен бас құраған. Кеңесті ел керегесін кеңге жайып, Осылай құт құшағын ашты далам!

Болмаса қулық-сұмдық, жалған есеп, Бұл достық жанған бақыт, жанға да сеп. Қазағым өркен жайып өседі енді, Қапталда қалады деп таңған өсек.

Береке жайлап бүгін бар ұлысты, Жұт көрмей жұрағат боп сағынысты. Жеткізіп шырқау көкке төбемізді, Тың бізді ғарышқа да алып ұшты!

Нұрлы күн – кәрі де іңкәр, жас та ғашық, Асыққан асуға өрлеп, асқар асып. Тойымыз тойға ұласып торқалы елім, Болсын тек күншуақты аспан ашық!..

Сын кешіп, салған жауын ұлтанына, Жеткізген ерлер еді нұр таңына. Солар ғой махаббаттың жебеушісі, Тілейік ғұмыр мынау ұрпағына!

Егіс бітіп, асудан асқасын да, Құттықтап той иесін, басқасын да;Сүйсініп қарап қойды ол Баянға да, Бұл тойдың зыр жүгірген басы-қасында.

Разы боп жақын-жекжат, бала-шаға, Елтіген құдағи да тамашаға: «Құдай-ау, қайдан көрдім, жүзі таныс, Сөзінің төркініне қарашы ана!..»

Тәнті қып «Аупарткомның» тілегі ізгі, Жалғасты әңгіме де жүре қызып: Таң қалды ол қолын алып құдағидың: «Пәлі, сіз... Тамара ма... міне, қызық!..»

Page 342: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

342

Көңіл бір құпияның кілтін ашып, Тағы да сұрақ көміп, күлкі басып; Кездейсоқ басын қосқан бейтаныстар, Әп-сәтте шыға келді шұрқырасып:

«– Жақсы екен... жан едіңіз жан бақпаған,...Қабыңыз қайда әлгі ардақтаған?!» «– Атбасын тірегеміз Шортандыға, –Бараев бас боп өзі дән баптаған!..»

Кейпіне ел де аң-таң мына күйдің, Кеп сырын ақсақалы сұрады үйдің:– Апырай, айтсаңызшы түсіндіріп!– Танысы болып шықты құдағидың!..

Төртінші шегініс. Тың игерушілерді ұйымдасты-рушылардың бірі жас маман әділбеков пен Тамараның алғашқы жолығысуы туралы.

Составтар... шыққан бекет шалғай қалып, Жүйткиді кең далаға таңдай қағып: Жүйткиді қара түнді қақ жарып та, Жүйткиді атқан таңды маңдайға алып.

Жеткізбей көсіледі қиян дала, Талайлар таң боп өткен қиялдана. Тек қана тұлпар жеткен тұяқтыда, Қанаты талып жеткен қыран ғана.

Машина, соқа, тырма – тасығаны, Тербетіп жастық шақтың асыл әні; Ерлікке үндеп, ерекше құлшыныспен, Составтар күншығысқа асығады!

Трактор, кірпіш, цемент – тасығаны, Жас ұрпақ – жасақта жоқ жасығаны; Кешегі тылға қарай – тыңға қарай Составтар тыным алмай асығады!

Жанармай, тақтай, кітап – тасығаны, Жас ұрпақ ата даңқын асырады.

Page 343: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

343

Дәуірдің жалынымен, арынымен Составтар болашаққа асығады!

Қапталда қалып орман иір-иір, Алқабын жылқы жапқан үйір-үйір: Жол мынау шумақ-шумақ желі тартқан, Шегіне жеткізе ме түйіні бір?!

Жүйткиді жапан түзде жаны қалмай, Зырылдап доңғалақтар дамыл алмай; Заулайды шығыс жаққа эшелондар, Сол жерден бар мұраты табылардай!

Жаңғыртып жапан төсін түн ішінде, Суыт бір асығу бар жүрісінде. Қауіп жоқ, абыржу жоқ – алаңдау бар, Сан арман сапырлысып жүр ішінде!

Шаруаны тындыратын нелер алып,Халықтың «Өнер – жастан» дегені анық:Жас маман Әділбеков Көкшетауға,Бір қауым тыңгерлерді келеді алып...

Ел осы, ерлік осы Тыңыңды ашқан, Сырласқан, сұхбаттасқан, сыбырласқан: Өр намыс, өжет арман, өршіл қиял, Шертіскен кең даланың сырын бастан:

«Асанның жерұйығы табылмастан, Сарғайтып санаңды сан сарын басқан; Бақытың баянсыз боп келген еді, Бұл ғасыр, байтақ дала бағыңды ашқан!

Самалың аймалаған сүйіп беттен, Сан ғасыр бір өзіңе сыйып кеткен: Табылған құмыра дән Отырардан, Өртінде сол заманның күйіп кеткен!..

Сері жұрт сергек жортып сол күндерден, Түндігін ән мен күйі желпіндірген. Жайлаудай жаны таза жайсаң қауым, Ерке өсіп, ерте тұрып, еркін күлген.

Page 344: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

344

Сол аймақ танымастай енді, міне, Әлем таң ерлігіне, елдігіне: Көрінбей көкжиегі көсіледі, Ұқсаған көңілінің кеңдігіне.»

Составтар асығады, асығады, Арманы алтын дәннің тасығаны: Жүрісі баяғыдай суыт және «Ел үшін, Отан үшін!» асыл әні!

Сан жоқтай бұл составтар тізбегінде, Ел мынау шаттық ойнар жүздерінде. Сан ұлттан, сан тараптан сайланған ел, Жасамақ ғасыр нанын түзде бірге!

Салқар көш сабылған тың – Арқа алыпқа,Көкшеге, Қостанайға, Арқалыққа, Ақмола, Қызылжарға, Керекуге, – Жасампаз күшін елдің, ал парықта!..

Составтар кең далаға таңдай қағып, Жүйтиді өзенді өрлеп, жарды айналып: Жүйткиді қара түнді қақ жарып та, Жүйткиді атар таңды маңдайға алып...

«Табарсың талабыңды талпынғаның, Татарсың берекенің, халқым, дәмін. Арқаның асты тұнған алтын дейді, – Алармыз ағыл-тегіл алтын дәнін.

Өрлеген өрен болсаң көкке ғашық, Көрерсің зейнетіңді көп бел асып. Алдымен тұрғызамыз үй, баспана, Қала сап, аурухана, мектеп ашып!

Түсерміз талай талқы, әбігерге, Өтерміз көрген түстей бәрінен де. Бас қосссын агроном, құрлысшы да, Аспазшы, сатушы да, дәрігер де!

Тағы өрге тарландарым талпынды деп,Қосады жақсы істерге халқым білек:

Page 345: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

345

Арқаның аязынан сескенбеңдер, Еселеп еседі әлі алтынкүрек!»

Купе іші – талай тағдыр табыстырған, Тарқатқан шерін, жақын таныстырған. Таппақшы өңшең өрен маңдай термен Бағын да, бақытын да алыс қырдан.

Ынтыққан ыңғайыңды қыздар да аңдар, Қызығын қызды ауылдың қызғанбаңдар: Балауса махаббаттар бүршік жарып, Көктеуде көз алдыңда ізгі армандар.

Тоқтаса көлік, бәрі таласа қап, Қарайды тар есіктен, жанасалап. Кейбірі күдік те алып күбірлейді: «Орнату қайдам мұнда тамаша бақ!»

– Жаным-ау, жапан түз ғой, жазы қайда!? Көктемі, көкегі мен қазы қайда!Мұрты да сынбапты ғой мұз-қарының, Апырмай, алты ай қысы азынай ма?!

Біреудің бұны көріп бұзылды үні:– Қайда әлгі қырға шыққан қызыл гүлі; Қай жақта алма бағы, алмұрттары, Жер жұтып кеткен бе, жоқ жүзімдігі!

Соңғысы солардан да мол дәметті, Сорлы екен сома қуып болған епті.Саяқтап сая таппай сайлы орын деп, Сандалып Сарыарқаға ол да кепті!

– Қап, әттең, қайдан кеп ем сорыма азып, Кім берер жылы киім, жолыма азық:Бұл жердің не жарыттық жерін жыртып, Тон киіп тозамыз ба тоңын қазып.

Е, кімге есе берген есіл арман, Шығады қайда барсаң кесір алдан. Жүгі аздай қасымдағы байғұс әйел, – Бір қапшық тұқым сүйреу несін алған?!

Page 346: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

346

Саңқ етті сұңқар дауыс сол кезде бір:– Жолсерік болмас бізге жолкезбе бұл,– Жетекші жас маман ол қорғап көпті, Ерсұлтан Әділбеков толғап кетті:

– Иранбақ орнатамыз қолымыздан, Ез болсақ, көрейік өз сорымыздан. Егін сап, қала орнатып, канал тартсақ, Сүйсініп жетер ұрпақ соңымыздан.

Жасық па ең, мойынына ері кеткен, Кесір ме ең, кенеуі жоқ кері кеткен? Орын жоқ – ондайларға біздің саптан, Сенімін жігеріне серік еткен!

Жә десең желбуазға желік кірер, Осынша күш сапырып ерікті ме ел?! Партия сенім артса, серпілер Тың, –Ерліктің жолын қуған еріктілер!

Мың есе мықты болып құрышыңнан, Сүрінбей өттік аман ұлы сыннан. Сақ қорып шебімізді, жатқан елміз, – Балқытып соқа жасап қылышыңнан!

Тыңымыз тың арнаға бұрды көпті, Құлшынып құрдас кепті, құрбы кепті: Жатсынба, айқара ашық құшағымыз, Жүнжімей беліңді бу, түр білекті!

– Дұрыс-ақ! Кешірім жоқ келімсекке,– Деп жатыр шүйіліп бір келіншек те,– Басталған кезде Тыңға ұлы аттаныс, Орын жоқ ортамызда еріншекке!

Десек те қайғы-шердің жасы кепті, Тарттық қой кеше ғана қасіретті. Түйір дән тіршіліктің өзегі еді, Дән сепсек не бар одан қасиетті!

Табалап табанда әлгі «масқараны», Дуылдап қостады оны басқалары.

Page 347: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

347

Ұжымы берік қауым ұғынысып, Жадырап шыға келді қас-қабағы.Жасықтар жым боп іле қала берді, Басылды көңілдегі алаң енді. Қыздырып кетті бәрі отырысты, Қызықтап жүре берді дала-белді.Ерсұлтан елді көрсе уайымшыл-ақ, Жанасты келіншек те жайын сұрап: «Ізетті, ілтипатты жан екенсің, – Жортқанда жолың болсын дәйім, шырақ!..»– Тамара! Агроном мамандығым, Полина – қызым мынау балаң гүлім. Кешегі қан майданда не көрмедік, Тәуір ғой, тәлім алсақ, заман бүгін.Болатын агроном жолдасым да,Дән баптап көп талпынды ол басында.Көп еді арманы да, әттең бәрін, – Кетті ғой айырбастап қорғасынға.Жігітке тап болады сор қайдан да, – Мерт болған боздақ аз ба сол майданда. Болатын осы жақта жан жолдасы, Білмеймін Ақмола ма, Торғайдан ба?!Ысырсын тағдыр соғыс бұлтын әрі, Жас өмір бүршік атып бұлқынады. Жарасақ керегіне – Тыңға келдік, Табармыз жақын, жекжат мүмкін әлі.Қайыспас қалың дауыл қаптаса алдан, Осы екен тұқымды әлгі қапқа салған: Лениннің қаласының тұрғыны еді, – Айналып бір-ақ шықты Атбасардан...

6. Құдандалы болып жатқан Тамараның жолдасы, полинаның әкесі – марқұм Борис Тимошенко Қожабектің майдандағы коман дирі, қанды көйлек жолдасы болып шықты!

Page 348: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

348

Қызық қой тағдыр жолы асқаныңда, Сұрақ та, сиқыр да жоқ басқа мұнда: Құтты той бүгін тағы шыға келді Ғажап бір сырды ақтарып қас-қағымда:

Баянның домбырасы шертілгелі, Ел елтіп, ерке көңіл еркіндеді... Бұл кезде сыр шертіскен қос құдағи, –Төр үйге өткен еді желпінгелі.

Таңсық боп төрдің әсем тұс кілемі, Тұр еді... нені ойлады, ішті нені?!.Талықсып кетті бір сәт қайран жүрек, Айта алмай... күреңіте түсті реңі...

– Тағы не? Тапты қайдан мына дұшпан?Елгезек ел де бәйек құрақ ұшқан:– Маматай, не боп қалды, тіл қатсаңшы!– Болса игі босағаны қуаныштан.

Болмаса сыр түйіні көңілдегі, Қасірет табы тіпті көрінбеді: Сілтейді саусағымен тұс кілемді, – Төр үйдің тұрған жайнап төріндегі.– Маматай, көзің қайда түсті,– деді, – Төрде тұр айшықты әсем тұс кілемі. Сарғайған үш-төрт сурет ілген... басқа, Басқадай ештеңе жоқ сұсты реңі!Төрге ілген тұр айшықты түс кілемі, Тұс кілем, түсіндірші, түскір енді?! Суретке сонда ғана көзі түсті, – Не деген қиял шіркін ұшқыр еді!..Бұл гәптің байыбына барды-ау, сірә, Аңдаусыз шығып кетті жан даусы да:– Дәл өзі ...қайдан келген, ұқтым, мама... Сыр болды-ау шым-шытырық аңдаушыға!

Тамара:– Борисім, арыстаным, сол ма, шын ба?! Жолыққан жортуылда жолдасың ба?

Page 349: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

349

Жоқ әлде, жоғалтқаның осы ма еді, – Жығылар ез емес ең қорғасынға!

Полина:– Папажан, сен алыста қалмап па едің, Сүйген соң сүйеді ме ардақты елің! Бұл не сыр, алып-ұшып әлде бүгін, – Тойыма ұйқыңды ашып, арнап келдің?!

Тамара:– Жұмбақ сыр жанымызға салдың майдан, Борисім, қайдан келдің, қалдым қайран? Жақсылық жаныңа егіз жебеді ме,Кім айтты, хабарымды алдың қайдан!

Полина:– Бұлтты күн бойың сыздап шекпедің не? Ойыңнан жатсаң-тұрсаң кетпедім бе! Ғұмырың ерте үзіліп кетсе-дағы, Жалғызды жебесем деп жеткенің бе?!

Тамара:– Десек те заман жарқын нұр ойнатты, Бұлайша кездесем деп кім ойлапты. Кездейсоқ келген әлде бейбақпысың, Айтшы-айтшы, қалай таптың бұл аймақты!

Полина:– Қанатын қағып еді қыз – кептерің... Ізгіден үмітіңді үзбеп пе едің?Тап келдің тап осы үйге қалай ғана, Адаспай, қалай, әке, іздеп келдің?!

Арайлап атсын деуші ең күліп таңым, Аңсатты ма әлде ерке қылықтарым?! Айтшы аға, айтшы Болат, айтшы Баян, – Жанәке, қайтіп бізді ұмытпадың?!.

Көңілде күдік бұрқақ борап тағы, Қалған ед аңтарылып қонақтары;

Page 350: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

350

Жұбатып мұңлықтарын, түсіне алмай, – Абыржып бәрі, Баян, Болат-тағы.

«Қожеке-ау, бұл не жұмбақ, сіз не білдің? Назыңды, назарыңды бізге бұрғын! Сырыңды түсіндірші, айтшы ақтарып, – Ізінен не бағып ең ізгі өмірдің?!»

Қожабек сонда аңғарды сыр ұшығын, Ол да бір жайсаңы еді-ау ұлысының:«Борисім, барысым» деп толқыды ол да, – Тағдырдың көрген бірге ұлы сынын!

Қожеке-ау, құтты болды-ау бұ шаңырақ! ...Көзде – жас, қоя берді іші аңырап, Келінін, құдағиын құшып тұрды, – Қызым деп, «қызығым» деп құшағына ап!

Жарасқан Тамара апай, Қамар апай, Қожеке, босай берме, ал ағатай! Ала жоқ көңілінде қайран жекжат, – Шарпыған шат сезімнің ғаламаты-ай.

Тамара:«Соғыстан – соққан дауыл, сорға айналған, Оралды ол өлімші боп зор майданнан. Қалтылдақ қайық-тағдыр батып тынды, – Шыға алмай шырғалаңда сол қайраңнан.

Сұм тағдыр кімге шексіз берген ерік, Жамандық ойлады ма ол пендеге еріп. Ұрпаққа ер атанған даңқы қалып, Әйтеуір көз жұмды ғой елге келіп.

Сезді ме болатынын алда нені, – Бізге де жақсы өмірді жалға деді: Өсіру қос масақты құтты бидай, –Бізге – аманат, өзінің арманы еді!..»

Бұлт тарап тұрған бір сәт бойды басып, Тілек қосты ел, ортақ бір ой құрасып:

Page 351: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

351

Табысқан тағдырлардың тауаны асып, Тойлары жүре берді тойға ұласып!..

* * *

Бұл тойда – бақ орнатқан алыс қырда,Баянның қалды есінде арыс тұлға:Ерсұлтан – кішіпейіл, іскер басшы, Сыр ашты жігер беріп намысты ұлға!

Аңғарды Мұқанның да кесірлі ісін,Мерейін Баянның да өсірді шын:«Қайтпа деп, алған беттен, адалдықтан, –Басыңа түсседағы не түрлі сын!»

Әулеттің қолдай жүріп жарқын ісін,Құптады Баянның да талпынысын:Сын айтты, сергітті де, сенім артты, – Жалындап еңбек ет! – деп, – халқың үшін!..

Үшінші тарау. БАТЫР БАЯН

7. Баян мен Бағдаттың сырласуы. Баянның інісі Аянның егіске жайылған өртті сөндірем деп мерт болуы.

Өбеді таң нұры, Төгеді жаңбыры, Ақ бидай еңісте, – Диқанның тағдыры; Жұмылған ер іске, – Барлығы, барлығы!

Күн қара, түн қара, Жүздері нұрлана, Тындырып ұлы ісін, Сезбейді мұң-нала: Тербеткен ырысын, – Тың дала, тың дала!

Қиялың шарқ ұрған, Диқандар нар тұлғаң: Кіл ерлік – жолдарың, Қияға талпынған; Қотарған қолдарың, – Алтын дән, алтын дән!

Қамында болашақ, – Канал мен қала сап; Аймағың – жарқын іс, Қайнарың тамаша-ақ: Қайрат-күш, талпыныс, Парасат, парасат!

Ұмтылған ертеңге, Құлпырған өлкең де, Өзіңмен бүр атқан, – Диқандар өр кеуде; Бақытты ұлы Отан, – Өркенде, өркенде!

Page 352: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

352

Болашақ – нұрлы аспан, Самғай бер тынбастан. Молшылық сыйын арт, Ауырға қыңбастан: Миллиард, миллиард, – Таусылмас жыр-дастан.

Ақ боран, ашық күн, – Алқындың, асықтың: Сеніп зор күшіңе, Ел құтын тасыттың. Қаһарман ісіңе, – Тәнтімін, ғашықпын!

Бүр атып гүл, шыбық, Күн батып, күн шығып: Егінжай найқалар, Түрленіп тіршілік: Осы әнді қайталарғ Жас ұрпақ құлшынып!

Ерлікті ән қылып, Атады таң күліп: Тау, дала, ну орман, – Жатады жаңғырып; Бұл әуен, бұл арман, – Мәңгілік, мәңгілік!..

Бұл жырды жаныменен кім ұқпаған, Ұрпақтан ұрпақ жаттап ұмытпаған. Осы әнге қосылады тебіреніп, Жаны адал, жақсылыққа құлықты адам.

Рухы да, мұраты да тел ағыста, Сүйсінген шалқып бірге елі арысқа: Ежелден диқан үшін дән баптау бұл, – Шабытты еңбек, шат тұрмыс, демалыс та!

Баян да шыққан бүгін қыр асқалы, – Баяғы егінжайдың тынбас қамы. Бет алған Ақтөбеге, Бағдат та ерген, – Екі жас сұхбат құрып, сырласқалы.

Екеуі көтеріліп қыр басына,Көз сүзді туған жердің сұлбасына:Тоқтауыл, Мапырашты көлбеңдейді,Тарих та, даңқ та сыйған бір басына!..

Туған жер ер парызын салады ойға,Туатын ел болмаса, дана қайда?Бір ауыл, бір бауыр боп қауымдасқан, Қол бұлғап тұрды Кіндік-Қарағай да!..

Page 353: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

353

Бағдат:– Бірге сап бораздасын алғаш тыңның, Сен-дағы қырман үйіп, дән бастырдың. Баян-ау, бәрі де әсем жарастықта, – Атақты ата жолын жалғастырдың!

Баян:...Әрине, ата жолын қуған мұрат, Мен жаңа уақытта бұл туғам бірақ. Заманым қарбаласты, жауапты да, Сындарлы, қызғылықты, думандырақ!

Сол үшін маңдайымнан жақұт тама Еңбек етем – жетерміз бақытқа да. Кім болам, қалай өмір сүрем әлі, Көрсетер оның бәрін уақыт қана!

– Өрт! – деді даусы кенет қатты шығып, Зәресін Бағдаттың да қатты ұшырып... Сезгендей бір қауіпті төніп келген,Қара жер қайран таппай жатты сұлық.

Апырмай, айналды ма сөзі шынға, Көрінді көлгірсіп өрт көз ұшында. «Төртқарағай» алабын жайлап алған, – Бар ма бұл табиғаттың тезі сұмға?

– Мен анау... тракторға... қосқа барам, Сен үйге... – Алаңдама босқа маған!.. Тезірек жүгірейін, бейқам ауыл, Көрді ме, көрмеді ме – бейқарауыл...

Алқынып қосқа жетті бір-ақ демде, Жоқ болды қыбырлаған бірақ пенде. Жалма-жан соқа тіркеп тракторға, Өрт буған тура тартты қырат-белге:

«Қалың өрт қаңғырған бұл қайдан шықты?Жарқ етіп жасын түсіп, жайдан шықты?! Жаңбыр жоқ, найзағай жоқ – әлде мынау Сауықшыл сайран құрған сайдан шықты?

Page 354: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

354

Шіліңгір шілде ыстығы басталған ба, Нәр тамбай қойды жарты ай аспаннан да. Созылса тағы осылай не болмақшы, Тамырын табиғаттың басқан бар ма?

Су керек егіске де, құраққа да, Құрысты-ау көн терідей қырат, дала. Таңдайы кепкен әбден тақырлар да Бозарып шыға келді бір аптада.

Нәр тамбай көп алқапқа бұлт қысырап, Тап болды тағы да бір мықты сынақ. Аңызақ, аптап ұрып соңғы күндер, Саяға саяқтайды жұрт пысынап.

Ылғал жоқ, ылғал жоқта жеміс күтпе, Бір жаңбыр, нөсер керек егістікке. Сапалы, қатты, күшті бидай алмай, – Тұрмайды жеңіл-желпі жеңіс түкке!

Су берсе танаптарға пайда-ақ бүгін, Қолынан келер іс бұл қайраттының. Рақымаш, Болат12 ағай не дер екен, – Маман ғой бұрса арнасын Қайрақтының!..

Мұқан-ай, айтып жүрміз кемістікті, Кей істерің керенау теріс тіпті. Мұнда да сақтық айлап, жерін айдап, Жөн еді қоршауымыз егістікті!..»

Мына өрттің кете берсе беті жаман, Әлек боп сөндіріп жүр екі-үш адам. Сөнер ме... сабайды құр киімімен, Дегендей шапшиды өрт те шекісе алам...

Адамы – жасөспірім жастар екен, Өрт салған өңкей осы қасқа ма екен? Кес-кестеп өрттің жолын өтті Баян, Шара сол – көмек те жоқ басқа бөтен.

12Су шаруашылығының мамандары.

Page 355: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

355

...Көрмеген «жекпе-жекті» бұрын бала, Түтіккен, күйе-күйе түрін қара: Ішінде естияры Аян болса, – Мектепті бітіргені бүгін ғана!

Түстеген Баян да жоқ ешбірін де, Өрт те бұл селт еткізбес сесті мүлде. «Шөп шауып жүрген бұлар... босқа ұрынды-ау, Әлде кім шыңғыра ма, естідің бе?!»

Арқырап астындағы азбан қара, Азынап аза тұтқан азған дала: Жүрсе де сонадайда соларда ойы: «Жазым боп жүрер ме екен жазған бала!»

Жалмаған бір саржыны бір саржыдан, Ұйысқан үйме-жүйме мың сан жылан; Лап қоймақ ордасымен мол астыққа, – Мұның не, мылқау тағдыр, мұнша алжыған?!

Буын жоқ, былқ та сылқ бұлқынады, Жұт болып жұлынады, жұлқынады: Еліріп, екіленіп, есерленіп, Еңіске, егістікке ұмтылады.

Қырғидай тиіп тентек үкіліңе, Көндірмек дүниені үкіміне. Ісіндей жымысқының ізім-қайым, Көмескі көлбеңдейді түтіні де.

Қарбытып бір-ақ асап шөмелені, Бұтаны бырт-бырт үзіп жөнеледі. Қолына түссе Баян бұл тажалдың, –Көмейін көң-қоқыспен көмер еді...

Жебір ме, жеті басты жалмауыз ба, Жеткенін жеке-жеке салды ауызға. Желкесін қию қиын, жеңіл бұдан Қайыспай қарсы шапқан қандыауызға.

Ізіңнен қалар емес «қашсаң-дағы», Жерге де ауыр түскен тас салмағы:

Page 356: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

356

Жас ұлан сөндірмек боп жан ұшырса, Жалын да жармасады бас салғалы.

Аптығып, ашкөзденіп, бөктерге еніп, Өшігіп, өршеленіп, өктемденіп: Біресе қауып түсіп, тарпа бас сап, Біресе шүйіледі көктен келіп;

Сұрланып, сыпың қағып, сылқымданып, Сұстанып, сақ-сақ күліп, сиқырланып.Желегін жемір емген жесір дала, – Қоңырсып, қотырланып, қиқым қалып;

Құтырып, құйындатып, қырды айналып: Тырысып, тәні жидіп, тіл байланып; Қайран жер қалып жатыр қапа болып, Қап-қара, қан-қан, күйік, күлге айналып;

Шамданып, шамырқанып, шабаланып, Шатынап, шақарланып, шабады анық; Шарпылып, ине сұғып, қамшы үйіріп, Содыр күш сойыл сілтеп, сабап алып;

Жұлқынып, жүз бүктеліп, жұмарланып, Жұтынып, құлқыны ойнап, құмар қанып; Қылқынып, көздің алды тұманданып, Артында айғыз-айғыз мұнар қалып;

Абалап ақ тер еткен, көк тер еткен, Аян да жұлқысып жүр көп төбетпен: Көз жазсаң көмілгені көк түтінге, Күл болып күллі егісің өртке кеткен!

Жалмауыз кемпір баспақ аранын аш: «Қорықпай құшағыңды, қарағым, аш!» Жаламыр жалмап түспек жайлап келіп, Тілсіз жау тілін созып сала құлаш!

Қаз бассаң: «Көзіңді сал енді егінге!» Елде осы – еңбегің де, ермегің де: Сол үшін тері тамған күллі ауылдың, Әкенің, ағаның да, жеңгенің де!

Page 357: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

357

Көрсем деп талаптыны биік төрден, Түлекке білім нәрін иіп берген, Нанның жайын ұстазы Ғалымжан да, Сіңіріп санасына құйып берген.

Алысты, арпалысты аласұра: Тимесін тепсінген өрт даласына. Егіннен қасиетті ештеңе жоқ, Еңбекпен өскен ауыл баласына.

Толқынын тоғытып өрт жалғасады, Тоқтаусыз, тоқыраусыз алға асады. Сезімі селк етпестен сесті ұмытып, Жауығып жағасына жармасады.

Нан қадірін сезді ме, сезбеді ме, Өжеттік пе, ерлікті көздеді ме: «Астық өртке кетпесін!» – басқа ештеңе Салған ол жоқ ақылдың безбеніне.

Албырт ой елігеді ол: «қашпа, қашпа!» Жан оты жалынды да жасқамас па. Ішке-ішке тепкілейді қызыл итті, Сабайды сары бас жылан – басқа-басқа.

Біресе от боп, біресе мұздады ұлан, Шарпиды ыстық жалын жүз қарыған; Қыздың демі тимеген тәнін құшып, Көрді-ау қорлық перінің қыздарынан!

«Бозбала, бұл жарамас, бұл жарамас, Қызықта, қызуың бас, қызға жанас!» Монтансып мойынға да асылады, Жалбырап жирен шашы тыр жалаңаш.

Алдайды, амалдайды баласынып, Арбайды аярланып, алас ұрып... Үйіріп алып кетті шайтан қыздар, Маңдайын тасқа соғып дала сұлық...

Бота боздап, құлын ба кісінеген?! Қысылмайды-ау, қылмайды өрт кісіні елең:

Page 358: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

358

Шаруасы жоқ пенденің ісіменен, Сұмдық-ай, суық еді сұсы неден.

Шыбын жан шырылдай ма, шыңғыра ма, Таскерең тағдыр, баттың мың күнәға! Қарабет, не демексің қарт анаға, Не демексің әкеге – сұңғылаға?!

...Ел де жеткен бұл кезде жырақтағы, Қалды аман қалың орман, құрақ-тағы; Ел аман, егіс аман, күйген – Аян, Кеш білді-ау, кеш үлгерді бірақ-тағы.

Жас қыршын арпалысқан жарағанша әл, Бырысып күйген дене шала-жансар. Ауданға жеткізгенше... демі үзілді, Тағдырдың тәлкегіне шара қанша ал!?.

Осылай мерт болатын жұрты үшін ер!.. Мәз болып жүруші еді күлкісіне ел; Еркелеп қоюшы еді, тауып сөйлеп, Ойлы еді... Баян жанын кім түсінер!?

Тағдыр-ай тап келтірген жат амалды, Қамықты ол, қан жылады, қапаланды... Езіліп ет-жүрегі ана шөгіп, Аһ ұрып аңыраған ата қалды!..

Қайғылы көздің жасы құрғасын ба, Уатты аға-жеңге мұңдасын да; Баян деп, жас қыршынға жаны егілген, Бәйек боп Бағдаты да жүр қасында.

...Көрді ме көн даласын күйіп кеткен, – Аспанның тұрғаны осы иіп көптен: Ұзамай күн күркіреп, ағыл-тегіл Шелектеп жаңбыр жауды құйып көктен!

Жаңбыр ма, малшынтқан бұл қырат-қырды?! Жай оғы тағдыр жүзін бір-ақ тілді: «Жүзқара, жүзқара» деп өксіп аспан, Жас жуып омырауын жылап тұрды.

Page 359: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

359

Ойпырмай, күйдірмеген күйік кімді?! Даласы жатты жоқтап сүйікті ұлды. Шіркін-ай, аңғардың ба, сол бір сәтте Бастарын масақтар да иіп тұрды!..

* * *

...Тербеледі егінжай, теңселеді, Тасиды ырыс тағы да, ел сенеді: Маңдай терін сыпырып өбектеген, – Көтерілер ерлердің еңселері!

Желкілдейді егінжай, желпінеді, Жеті қырға жайылған ел тілегі. Дән тасыту диқанның серті ме еді, – Ән асқақтап, күй де енді шертіледі.

Шалқар егін шалқиды, шаттанады, Алтын дәннің арнасын ақтарады. Құт қотарған Отанның қамбасына, Өңкей өрен өрлеген бақ-таланы.

Сары алтын самсап масақ ырғалады, – Сыңғырлаған сұлудың сырғалары; Шалқар дала кеудесін шабыт буып, Тың дастаны тағы да жырланады.

Ыңылдайды егінжай, ән салады, Тау-тас та, орман, көл де тамсанады: Әр сабақ, әр қауыздың сырын ұққан, Кім қуанбас ерінің жанса бағы.

Уілдейді іңгалап балаға ұсап, Аспан анау мейірбан ана құшақ. Еміреніп, еркелеп өскен сайын, Қуанады даланың алабы шат.

Құмар қанбай ақ бұлақ төсін емген, Құлпырып күн нұрымен өсіп-өнген; Топырақ нәр жұтқызып, жел тербетіп, Қаз басып қанаттанған осы белден.

Page 360: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

360

Даланы ұққан бұлай диқан ғана, Солардай сұлу белді сүй таңдана! Сол үшін жанын беріп, дамыл алмай, Көнбейді ол қылтың-сылтың қиқаңға да!

Желбіреп жез қанаты түскен көзге, Сусылдап, сан құбылып түспен де өзге:Көз тартып, көңілді арбап тұрады алап, Толықсып алтын бидай піскен кезде!

Татымас тұзы еңбектің терлеместен, Неше күн қиын сынмен ер де егескен: Баян жүр тебіреніп енді, міне, Аңқиды нанның исі бел-белестен:

«Не деген қасиетті ең, нан жарықтық, Кей кезде қадіріңді арзан ұқтық. Күннің бір жерге сіңген сәулесіндей,Тұрасың дүниені жап-жарық қып!»

Толқиды бұрынғыша шіркін дала, Сұлу бел сылаң қағып сылқымдана: Қаптаған қатты бидай, күшті бидай, – Масақтың өнген өңкей сұрпын қара!

«Жабайы кезінде сыр жанға ашпаған Сен қалай болдың екен дәмді ас, тағам?! Аллаға мың шүкірлік ризық берген, – Дән сепкен, мың рақмет, алғашқы адам!

Адамнан асылың жоқ аяп қалған, – Жайсаңға, жасыққа да саяқ қалған; Аяғыңа жығылып астамшыл да, Жас ұлан да өзіңмен аяқтанған!

Үзілмей содан бері салтың келген, Адамзат қасиеттеп нарқын берген; Диқан ер тыным алмай содан бері, Осы аңыз басталды ма «алтын көмген!»

Page 361: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

361

Бесінші шегініс. Табылған «алтын»...

Алтын көмген демекші, былтыр күзде, Сабан жинап, сүдігер жырту кезде; Түрен тісі шақылдап қалғаны бар, – Тас та емес, түбір де емес бір түрлі өзге...

Бала емес аңыз сырын қалпынша ұғар, – Мына өмір маңдай термен жарқын шығар; Сонда да бір ойы кеп сыбырлайды: «Баяғы атам айтқан алтын шығар?!»

Тимеген жәдігер ме жат қолдары? Сақталған сайын белде сақ қорғаны?!Ойда жоқта Баянның олжалы боп, Ежелгі тас мүсінге тап болғаны!

Өзі таң сенеріне, сенбесіне: Қыса ұстап тостағанын кеудесіне; Бағзы заман төрінен тас мүсін де Таңдана қарап қапты жерлесіне.

Қалды ма «қарғысына», алғысына?! Сұңғыла тарих бағы жанды, сірә. Оянып кететіндей ойға батқан, Жыбырлай ма мұртының шалғысы да...

Қиналмай көндіксе де қазуына, Дал болды айқұш-ұйқұш жазуына: Мыңқ етпеген ғасырдың салмағына, Азбаған арлан – уақыт азуына!..

«Шаң борап, тозаң басып текті мекен Алмағайып замандар өтті ме екен?! Ізгілік жырын бабам аманат деп, Тастай қып тасқа қашап кетті ме екен!..»

Маңайын аршып жатыр ол асыға: «Шынымен көне ғасыр обасы ма? Арудың арманда өткен сынтасы бұл, Жоқ әлде бақсының бір моласы ма?

Page 362: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

362

Соңына түмен-түмен сарбаз ала, Шаруасы – шауыпкелшіл ханзада ма?! Алдынан ел тараған ана ма екен, Хан ба екен даңққа әуес, даңғазаға!»

Тірлікте не тындырды, кім білді ісін?! – Бітікші, ақынбысың, бұлбұлмысың! Екі ауыз сөзбен шешкен ердің құнын, Аузымен құс тістеген дүлдүлмісің!

Жоқ әлде шапқын көріп қамықты елің, Сол кезде қудың ба екен халық кегін. Қол бастап жауға тиген жолбарыстай, Ата жұрт ардақтаған алып па едің?!

Қиырын шола алмаған қыран байқап, Қарт тарих Сақ пен Ғұнды, Тұранды айтад: Сол жерді баптадың ба, сақтадың ба, Ұрпақтың мұрасы деп ұлан байтақ?!

Ұмытпас, – дедің бе, әлде, – пейілдіні ел, –Мұнымды құлағына зейінді ілер: Тың қамын түптеп біліп түу басында, Әжетке жаратар деп кейінгілер!

Табынтып От, Су, Аспан, Жер, Күн, Ай, Пұт!.. Семсерліге серінің сертін айтып; Түлігің табын-табын, үйір-үйір, – Жүрдің бе мал сұрыптап, жер тыңайтып!..

Не керек заң өзге енді, заман басқа, Жерұйық бұдан өзге таба алмас та; Айтады жаңа дәуір өсиетін: «Арманда, арың сақта, арандаспа!..»

Тасырлап сансыз тұяқ кісінеген Өтті ғой... бүгінгі елдің ісі де ерен: Диқан ер жаңа заман салтын бағып, Тартты алға миллион аттың күшіменен!

Ат баптаған, қол емес жасақтаған, Бүгінгі қыр кейпіне масаттанам:

Page 363: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

363

Жусаған жирен айғыр үйіріндей, Құлындай шұлғып жатыр масақты алаң!

Қиылған тамырынан байырғы амал, Өткеннің тұқымын да пайымдап ал! Жебе мен масақ сонша ұқсағанмен, Жер мен көктей алайда айырма бар!

Шаруасы дүйім елдің дөңгеленіп, Шуақтан – ел, алғыстан ер көгеріп; Самсаған масақ болып өсті заман, Жебелерді жеті қат жерге көміп!

Бұл күнде салтанатын құрған еңбек, Шабыт қыз шақырады тыңға кел деп. Майдан емес, махаббат мәңгі екенін, – Масақтар масаттана тұр дәлелдеп!

Бақытқа келген елді қаталап та, Жеткізген ұлы мұрат шапағатқа!.. Атасының айтқаны ол «көшпелі» алтын, Көшпелі бақыт та емес, махаббат та!

Бұл жерден бәрі шығар, амал қанша, Ие жоқ, әттең дүние қараң қалса. Елеген жәдігерін қауым қайда?Тынбас ер «саф» алтынды таба алғанша!

Қуантсам деп қаһарман халқымды бұл, Тапсам деп сол бақытты талпынды ма ұл: Санасында сайраған іңкәр қылып, Алтын – ой, алтын – мұрат, алтын – ғұмыр!..

* * *

«Май берейін, құрт берейін, Жент берейін, бал берейін,Күннің көзі шық, шық!» Жаңбыр, жаңбыр, жау жау!..Ер асырған жұрт мерейін, Тасытқандай жан мерейін,Маңдайдан тер шыпшып!.. Көк, биеңді сау, сау!..

Қалықтап қиялында жаңа бір ән, Танапқа бойлай еніп барады ұлан:

Page 364: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

364

Кеудесін шаттық кернеп Баянның да, Аңқиды нанның исі алабынан...

Кұт мынау туған елдің төрінде өскен, Көргенде сырлы самал көңілде ескен; Диқан жүр тебіреніп, егінжайда, – Көсілген көкжиегі көрінбестен.

Толқыған кеудесінде мың бір ағыс: Астасып араласқан мұң, қуаныш; Диқан жүр тебіреніп, бойын билеп, Асқақ ой, тәтті уайым, нұрлы намыс!

Бұл теңіз – тоқтық көзі мол қайыры, Іні жоқ дән баптасқан – сол уайымы! Келеді Баян елтіп, рухтанып, Жай қалқып егінжайда комбайыны.

Ізгілік істегені баяны бар, Көрген жоқ, көрмейді де аянып ал! Аяны мерт болса да ізгі жолда, – Құлшынып соңына ерген Саяны бар!

Тоқтауыл – гүлдендірген жұрт аймағын:Рақымжан, Торғай, Сәттар, Нұртай, Ғалым; Садықов, Қазжан, Тоқтар – диқан әулет, Тағы да топқа қосқан бір тайлағын...

Ел іші – ер кеніші, толған түлек,Байтемір, Айып, Құрман болған тірек;Жағыпар, Неғметжан, Балғабаев,Қиқара, Төрахмет, Молдахмет!..

Баян да өтті жолдан талай даңғыл,Өрен көп өнеге алған ағайдан бұл:Оразбай, Құрманхандар озса төрге,Жүзді өрге Әлтай, Хамит, Абай, Жамбыл!..

Сезінген бір-бірінің тынысын әр, Жандары мыналардың сірі шығар: Көз шырымын ала сап тізгінге ие – «Інісі бардың осы – тынысы бар!»

Page 365: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

365

Кеудеде шабыт оты шарпылғалы, Ер жігіт тыншыр емес нар тұлғалы: Лақылдап шүмегінен үсті-үстіне, Саулайды, құйылады алтын дәні...

Нан сыры сіңген ерте зердесіне, Дәл қонып қиялының пернесіне: Қастерлеп, қасиеттеп Тамара апай Айтқан бір әңгіме енді келді есіне...

Алтыншы шегініс. ленинград блокадасында қалған Тамараның кішкентай полинасымен бірге тартқан тақсыреті хақында.

«Соғыстың... Ленинград қаласында, Көрдік қой наласын да, табасын да; Бұл күнде біле білмей, бақытты ұлан, Бұлғақтап қайсыбірің нанасың ба!?

Егесте ел де бейқам жата алсын ба, Құныққан құрдымына батар сұм да... Полина апыл-құпыл аяқ басқан, Тап болдық блокада... қатал сынға...

Құртуға тұмсыққа ұрып құтырғанды, Жасадық майдан үшін бүкіл қамды... Болды онда тәжірибе станция13, Аздаған баптап жүрген тұқым бар-ды...

Бұл кәсіп былай қалып... соғыс киді, Борисім кетті өтеуге борышты игі...Мекеме дәлізіне кеп жайғастық, Қырсықта жау бомбалап қонысты, үйді.

Сүйеніп асыл сенім, зор намысқа, Кешірдік талай сынды сонда қыста,

13Қоршауда қалған Ленинград қаласының тұрғындарының әрқайсысы тәулігіне 125 грамм нанды талшық еткен. Сөйте тұра, бұл қауым Н. Вави-лов атындағы өсімдік қорғау институтында 20 тонна тұқымдық астықты көздің қарашығындай сақтап қалған.

Page 366: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

366

Заводта оқ-дәрі артып жүруші едік, Көшеде шеп құрысып, қорғаныста...

Ақ боран оқ боранмен бұрқағанда, Қара су қайнағанмен құр тағам ба? Жұмыстан қажып келіп, жүрек сазып, Ризасың сәбиіңді қымтағанға!

Сұмдарға өлім келсін – оқты өзі атқан!.. Кей күні жағдай да жоқ от та жаққан. Қаралы болған үйлер мәйіт сүйреп, Өксиді оқтын-оқтын Охта жақтан!..

Дүшпанға ел намысын алдырмау сын, Сәбиді үзім нанға зар қылды-ау сұм. «Мызғыма, Ленинград!», біз де бармыз, Деген де естіп жаттық Жамбыл даусын!

Сәбидің күлкісі де тапшы мұнда, Жоримыз жымиғанын жақсы ырымға. Көңілін көкең келед деп аулаймыз: «Қара нан, қанты да бар қапшығында!»

Жау жатса жайымызды өртең етіп, Жұмыстан кеш оралып, ерте кетіп; «Ертең!» деп жұбатамыз қыңқылын да, Ертек айтқан болғансып еркелетіп.

Шыдаймыз аштан қатып, ауырсақ та, Нан да қат, азық тапшы ауыр шақта: Көзінен сәбилердің бір-бір ұшқан –Ақ тоқаш, күлше, самса, бауырсақ та!..

Ал, сәби тақұл-тұқыл нан сұрайды,Жылайды, еңірейді, қансырайды... Қашан шығар шуақ күн, таң шырайлы, Нан сұрайды... әйтеуір жан шыдайды.

Тағдырдың кешіп жүріп күй наласын, Тілім нан тілемсектеп жиған асың: Нан дейді, бала байғұс, мама дейді, – Шығарға шыбын жан жоқ қиналасың.

Page 367: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

367

Бала ма түсінетін жоқ-барыңды, Торпағым-ай ойлаған тоқ қарынды! «Нан!» дейді, «Мама!» дейді, – сұм соғысты Білмейсің қайтіп, қалай соттарыңды!..

...Беймезгіл көзің түсер шарайнаға, (Шарайнаға құрысын маңайлама): Осы да отызда деп кім айтады-ей, – Әжім басқан, ақ түскен самайға да?!

Сұм соғыс қой түсірген талай сынға,Майдан үшін құлсың да, малайсың да...Өзіңді-өзің танымай, естен танып,Талықсисың айнаға қарайсың да...

Иығына жамылған қара шәлі: Айнадан шыға кеп ол таласады; Қырып алар қызыл жоқ ашаң жүзден, Тұлданады бар жандай алашағы:

Мүсәпір, жоқ жалмауыз кемпірің бе, – Жүреді деуші еді ғой жер түбінде. Екі иығын жұлып жеп бас салғалы, Баса алмай тұр ғой мынау ентігін де.

Ақи көзін алартып, ақшаңдатып, Біресе жылар көзден жас парлатып: «Қызғанғаның жем болар қызыл итке, Қызың анау жатқанда аштан қатып!»

Сөзінің соққысы ауыр сойылдан да: «Қарны ашқа той емес пе тойынған да! Не етпексің мынау дәнді мұнша ардақтап, Көріңе ала кетпек ойың бар ма?!

Қолыңды қаққан кім бар мына түнде, Жармасса жалған арың тұра тұр де: Жалғыз қызың жатқанда нәр сызбастан, Мұның не, сор қайнаған, мұратың не?!

Күн мынау түсіп тұрған басқа ауыр сын, Нәр татсын ең болмаса жас қауырсын.

Page 368: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

368

Қабыңның аузын буып қатып қалған, Не деген қаражүрек, тасбауырсың?!»

Мыстаның мыңқ етпейді, күледі-міс, Сақ-сақ күліп, сапылдап білері ұрыс: «Тым құрса қызыңа анау, маған мына, – Қуырып бермейсің бе бірер уыс!»

«Жоқ! – деймін, – жап аузыңды, қақпас неме! Көлгірсіме, жауызға жақтас деме, Мұқалмас жігері, адал достығы бар Өжет жұрт өз бақытын таппас неге?!

Алжастың, адастың да, шеше, мүлде, Елің тап, есің дұрыс, есеніңде; Бірер қап тұқым бидай неге жетер, – Неше үйге, неше адамға, неше күнге?!

Қуыру, құрту – ойбай, мүмкін емес?! Ерлер бар – өтер-кетер бұл күн елес! Бір күннің талшығы емес біздің мұрат, Болмаса бізді құртқан құлқын емес!

Әзәзіл, табаң ба бұл, ойының ба? Адамның бөлінгенде ойы мыңға. Қызығым, қызым үшін жаным пида: Әзірге – бір үзім нан қойынымда!»

Санадан сандырақ ой сейілді ме: «Түк етпес, – деймін, – аштық пейілдіге, – Асырар мың адамды асыл тұқым, Болмаса бұл аманат кейінгіге!»

«Шық деймін, шық үйімнен, шық, албасты!Мыстанмен мына кейпім мың арбасты, – Жалғыздан аяры жоқ, амалы жоқ, – Арсыздар ана сырын ұға алмас-ты!»

Ақылым алжасты ма әлде менің, Торына түскендеймін әлдененің: Қыбырлап колбалардан, қапшықтардан... Апырау, не боп барад дән дегенім.

Page 369: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

369

Дәндерім енді өзімді қамады-ай кеп: Біресе быж-быж еткен арадай көп; Біресе қаптап шыққан қара құрттар, – Миымды мың сан бүйі шағады-ай кеп...

Әйтеуір көнеді екен азапқа адам, Аштыққа, ауруға да мазақтаған. Сол сынның бәрін жеңіп шықтық қалай, Бұл күнде өзіме-өзім ғажап қалам!

Қайыспас халық едік рухы неткен! Бірлікпен бастан қайғы бұлты кеткен. Кемеңгер кең пейіл ел, қаһарман ер, Жарыққа алып шыққан бұл түнектен!

Өткердік өжеттікпен бір сынақты, Ертең де ескеріңдер бұл сұрақты! Ардақта асыл нанды беу, адамдар, – Үйге енген кіп-кішкентай күн сияқты!..»

...Арпалыс басталады тағы, тағы, Шалқиды... гуілдейді... шаңытады... Қотарып алтын дәнін тыным алмай, Шүмегін шүлен дала ағытады.

Тынбастан талпынады ер күн бе, түн бе, Асыра орындайды міндетін де: Кеудеде кереметтей құлшыныс бар, Тауды да қопарардай бұл бетінде!

Арнасы тасымаған танап бар ма, Құяды қырмандарға, қораптарға: Есептегіш машина есі шығып, Таң қалған рекордтарға, мол ақпарға!

Алтын дән тау-теңіз боп үйіледі, Диқан жаны тасиды, сүйінеді. Құрметтеп күн дидарлы ерлерін де, Төбесіне көтерген дүйім елі!

Виктор да құттықтайды құрдасын кеп, Жетіспей құрал-сайман тұрмасын деп.

Page 370: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

370

Полина ол да разы Баянына: «Әйтеуір жауын-шашын ұрмасын тек!»

Көрмеген ала жаздай алып тыным, Таниды-ау топтан озған халық та ұлын: Ауданда бір Баянның құрметіне, – Сан мәрте көтеріпті даңқ туын!

Жүректің жалын отын, бұлқынысын, Арнаған ерлер осы жұртым үшін. Қамшылап қояр жолдас намысын да: «Жігітім, жарамайды, бұл тұрысың!»

Жарқ етіп ғайып болған сыршыл көктем, Аянның арманы үшін қыршын кеткен: Үзілген аға жолын жалға, Саян, Абай бол, алаңдатқан бұл сын көптен!

Тоқтық үшін, елімнің ертеңі үшін, Сәби үшін, сол елдің өркені үшін; Ұшырып көгершінін – ерке құсын, Алаңсыз ұқсын ата ертегісін!

Дүбірлеп дабыл қақса дән алқабы: Жүрек те – жігер-күштің жанартауы! Орақтың оркестрі барады өрлеп, Сарнатып Сарыарқада «Сарыарқаны»!

Кеудеде шабыт оты шарпылғалы, Ер жігіт тыншыр емес нар тұлғалы: Лақылдап шүмегінен үсті-үстіне, –Саулайды, құйылады алтын дәні...

Шалықтап туған елдің атырабы, Шабытты еңбек шалқарға шақырады. Береке белдеуінде бел шешпестен, Диқан ер алтын дәнін сапырады.

Алтын дән – ер диқанның асқарлары, Алтын дән – туған елдің асқан бағы. Алтын дән – ұлы тойдың салтанаты, Алтын дән – ерліктің тың дастандары!..

Page 371: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

371

8. Баянның қатты боранда қалып, аяғы ауыр ана – гүлсімді құтқаруы.

...Баянның кемелденген кезі еді бұл, Шарқ ұрған көздегендей межені бір; Тұғырда тың түлегі түлеп ұшқан, – Өртеген отты намыс өзегін ұл.

Зіңгіттей жігіт болған сұңғақ бойлы, Тұлғасы көз қызыққан сымбатты, ойлы.Жүзінде ізгілік нұр, күлкі үйірген, Талабын шабытты еңбек шыңдап қойды.

Бұл сонау қарт еменнің бүршігі еді, Жақсыға – жақ, жаманға – түршігеді. Еңбегі жанған жанға жанаса кеп, Жиі ат салып жүр газет тілшілері.

Ермеген албырт желік шылауына, Бәрі де жарасып тұр мынау ұлға: Кешегі балғын сезім – бал махаббат, – Бағдаты фельдшер болып жүр ауылда!..

Көрінбей ақ түтек боп ат құлағы, Көкшенің бораны да қатты ұрады: Төбе шашы тік тұрып тал, қайыңдар, Құламай табанынан шақ тұрады.

Ер жігіт сағы сынбас талап барда, Танаптан табылады таң атқанда; Баянның да үйіне келген беті, Қар үйіп күн ұзаққа алаптарға.

Бағдат та қолқа салып зорлай келді, Аптығып базынасын толғай берді: «Гүлсім ше!.. аяғы ауыр... Шаршасаң да, Бүгіннен қалдыруға болмайды енді!..»

Не керек апақ-сапақ шамасында, Баян да алды-артына қарасын ба: Ағытып қар тоқтатар сүйретпесін, Тіркеп алды күймелі шанасын да.

Page 372: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

372

Қысқы кеш тыншып тағы қала алмады, Қар ұшқындап әп-сәтте амалдады. Тұлып киген... Гүлсім де рахмет деп, Жаутаңдап отыр бейуаз жанарлары.

...Аянмен бірге оқушы ед... бала қайран...Көңілге оралады нала қайдан? Білуші еді Баян да ағаларын, – Келін боп келіп түскен «Қарағайдан».

Гүлім екен, шіркін-ай, гүлім десе, Іш-бауырың елжірер күлімдесе! Жанары таңғы шықтай мөлдіреген, Тамып-тамып кетердей дірілдесе...

Дегендей қас қарайды, қайда қонам?! Сусылдайды сырғыма майда боран; Күре жол сорабымен Ақтөбе асып, Тайталасып Баян да таймады одан:

Қар жауса қалың ылғал жөн емес пе, Сан рет жүріп жүрген жол емес пе! Тағдырмен бетпе-бет кеп осы жолы, Түсем деп ойлаған жоқ ол егеске...

Опық жейді екен-ау батырың да, Оппа қарға килікті ақырында... Өрімқайда орталық аурухана, –Қалып еді екі-үш-ақ шақырымда.

Тұмсығын мұнда сұғып, анда сұғып, Кейін тарпып, жұлқиды алға шығып; Қасқаның қайрат-күші қайда кеткен, Малтығып қалың қарға қалды асылып!

Шыға алмады... япырау, не істеу керек? «Бір амал тап, әйтпесе, бөспеу керек! Аяға ауыр ананың... нәресте ше... Талайды таба қылдық кештеу демеп!..»

Әлде, әлде, қайтеді тосса ақырын, Бағдат, Гүлсім не дейді қосса ақылын...

Page 373: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

373

Жеткізе ме жаяуға қос шақырым... Боран үстеп тігуде боз шатырын?!.

...Алды-артын бірдей орап ала қаншық, Абалап, арс-арс етіп барады аңсып: Тырмалайды, құтырып, қыңсылайды, Тап береді таласып, талағансып...

Жатыр ма бұл дүние белден көшіп, Ұйқы-тұйқы, бұталар ербеңдесіп... Төтелеп тартқан Баян жол нобайын, Қалың қарды малтығып белден кешіп.

Жығылып мың құлады, мың тұрады, Тынбайды тағы да алға ұмтылады... Тағдыр да табалаған сақ-сақ күліп, Аспанның ақ мамығы бұрқырады.

Айнала ақ түтек боп алай-дүлей, Қалмастан қапталынан қамайды үрей; Сұлбасы алабажақ сұстыланып, Қасқыр боп қарағайлар қарайды кей.

Сұққылайды, тырнайды, о немене?! Шөңірі ме, шөбі ме, шөмеле ме? Уілдейді, ұлиды, ызыңдайды, – Бөпесі ме, бөрі ме, бөрене ме?!

«Аязға да, боранға, азапқа да, Шыда, шыда, қалды ғой аз-ақ қана, Нең бар, тағдыр, бейкүнә нәрестеде... Табалама, жүзқара, мазақтама!»

Опық жейді екен-ау батырың да, Оппа қарға арандап ақырында, Тағдырдың тәлкегімен арпалысып, Екі сағат жүрді екі шақырымға.

Мың сан ине сұққылап бармағына, Аяз енді алмақшы ед қармағына, Құлап тұрып, еңбектеп, әлі құрып, Шеткі үйдің жетті-ау әрең шарбағына!..

Page 374: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

374

Өрімқайдан топ шықты іле-шала... Нәрестенің ғұмырын тілеші ана! Балбырап өссе балғын, бақытты ұлан, – Бар шығар Баянның да үлесі, ана!..

9. Қырғын соғыста қаруластары «мерт болды» деп есептеген Қожабектің ширек ғасырдан кейін, сол майданда көрсеткен ерлігіне сай наградталған орденін алуы.

...Сауығып шықты ұзамай Баян-дағы, Алғысын айтып ел де аянбады; Тез шыққан себебі бар, сыр ұшығын Полина келіп кеше баяндады:

Салтанат па, құттықтау кезі ме асқақ? Әлде бір көне сырдың көзін ашпақ? Әйтеуір көп жиналды ел осы кешке, Ерсұлтан Тоғжанұлы өзі бастап!

...Ойран боп дүниенің сайран бағы, Соғыста... талай тағдыр қайраңдады; Сыр шертті сұңғыла қарт тарих деген, Сарғайған газеттер де майдандағы!

Күл болып қалсадағы күйреп тасыр, Суға батып, отқа да күймепті асыл:Шаң баспапты ерлікті, ер – мастанбай, Өтсе де содан бері ширек ғасыр.

Арайлап ату үшін азат ақ таң, Айналдық қанын төккен азаматтан. Лейтенант Тимошенко мақаласы ол: «Қызыл әскер Жүнісов... қаза тапқан!..»

«Мерт болған екі жақтың егесінде, Рухы тірі, ерлігі ел есінде – Қызыл Жұлдыз ордені... лайықты... Тек әттең таба алмадық денесін де...»

Жасаулы жаудан батыр жасыған ба?!.Қажырлы адам өрлейді басып алға.

Page 375: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

375

Қастерлеп мұның бәрін тауып берген,Рахмет қызылізшіл жас ұланға!

Ой жүгіртіп өткен бар өміріне, Толқын-толқын саз келіп көңіліне; Қожекең ел алдында тұрды толқып, Таққанда хатшы орденді өңіріне!..

Отан үшін, ел үшін, ар үшін деп, Шаң жуытпай қорғаған намысын бек; Қарт жанары жасаурап бермеді ырық, Қайталап тек: «Борисім, барысым!» деп.

Бір қиял көкіректен шалқып ұшып, Табысқандай достармен алқынысып; Орден таққан кеудесін тұрды сипап, Сезім өрті ішінде шарпылысып!

«...Соғыста сойқан жауды көргем дедің, Санадың ба, қолыңнан өлгендерін?! Болдыңыз ба командир, асқан батыр, Көке, осы қайда сенің ордендерің?!.»

Тас лақтырған байқамай тұнығына, Қысылғандай осы бір қылығына; Баян тұрды елжіреп, Полина да Егіледі – разы қарт ғұмырына!

«Кешір, әке, кещеңді, кешіре көр, Көсіл, әке, көкешім, көсіле бер?!» ...Мұқан да жым болды ғой, құш көкеңді! Төсе сәби басыңды төсіне, кел!..

...Әкенің алға ұстаған байрағындай,Жас қыран «қыз жақтаған» қайда мұндай?!Ұзамай Баян – Бағдат той жасады, –Айнымас махаббаттың айғағындай!..

Екі жас жайнап өскен бала жастан,Табысып, басталды өмір – жаңа дастан!Жебейді, жетелейді ізгі мұрат,Өмірде бақыт бар ма одан асқан!..

Page 376: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

376

10. Жер тағдыры өз тағдырына айналған даңғайыр диқан Баян ның жер эрозиясын болдырмауға ат салысуы.

Қара, қара! Қап-қара, қара басқан: Қара түнек, қапалы, қаралы аспан; Бұлт бүркеп күннің бетін, күңгірттеніп, Аспан-жер астан-кестен араласқан.

Қайда кеткен жарықтық дала сәні, Қайда танап ырысты, тамашалы?Боздай ма бозінгендей боз даласы, Иығына жамылып қара шәлі!

Ұшты-күйлі ғайып боп қала да ауыл, Ұйытқыған көз аштырмай қара дауыл; «Беу, қара жер, жекжат ек аға-бауыр, Бұл сұмдық жаныма дерт салады ауыр!»

Арам шөпті аямай отағанда, Сойып түскен сойдақ тіс соқадан ба? Қара шашы дудырап сыңсиды қыр: Тап болды тағы қандай «топалаңға»?!

Ұйпа-тұйпа қаптаған қарамықтан, Аспан да алай-дүлей алабұртқан: Қара жер қарай ма әлде қабақ шытып, Жұдырығын түйіп ап қара бұлттан!

Қайғырған, қапаланған дала қатты, Кімге ұрсып, кімге айтады балағатты. Кімге мұңын шағады, сырын айтып, Біз бе әлде білмей жүрген қанағатты!?

Кең дала кейуанаң да, кербезің де, Кейіттік пе күте алмай дер кезінде; Күйзелткен Баянның да нәзік жанын, Қапа-мұң бар қап-қара жер көзінде!

...Ылғалы аз бұл көктем де елеңдеткен, Тұқымды жөн бе еді әлде тереңге еккен. Мұқан да бермеді ырық, бұл науқанды Тезірек бітіреміз деген кеппен...

Page 377: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

377

«Сыпырып құнарын да, тұқымын да, Ұйпалап мына құйын құтырынды, ә?!Жетең бар ма, жетпесе шамаң, зердең, Басқаға жала жауып ытырынба!»

Қара боран жігерін жер қылады, Дегендей: «Сен кінәлі, сен кінәлі!»Күш-жігерін сарқып-ақ беруші еді, Енді не дер, естісе ел құлағы?!

Қапсырады жата қап қара жерді, Мына жерді құшады, ана жерді: Қара боран қайтсең де тоқтамайды, Төбе шашы тік тұрған дала желді.

Еңбегі еш болғаны қиын ерге, Өзегін өртеп намыс күйінер де; Көзі ғана жылтырап қапаланған: «Не бетімді айтамын дүйім елге!»

«Баян, Баян, жасытпа намысыңды, Байыптап бағдарлаушы ең әр ісіңді; Табиғат апатына не дауа бар, – Демейді ешкім жігіттің сағы сынды».

Қара жер арыла алмай солқылынан, Қажып ер қара селдің толқынынан, Қалған сәтте, ас ала келген Бағдат, – Аяулысын демейді қолтығынан...

Сұр аспанның сұсынан шошыған ба, Қожекең ол да жүрген осы маңда:– Ысырап болды-ау ырыс, енді қайттік, Көк өнбесе көңілдің қошы бар ма?!

Аралап жүрген осы танаптарды, Полина да дегбірсіз қарап қалды;– Құрғақшылық биылғы аз болғандай, Бұл қырсық қайдан тағы қабатталды?!.

Page 378: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

378

Баян:– Эрозия! Лаңыңа көнемін бе?! Кесепат тағы әкелді мол егінге.Әр жерде бір бұрқ етіп, жанжал салып, Кетіп еді екі-үш жыл көлемінде.

Полина:– Бұл жұмбақтың кілті тек Бараевта!– Бараевқа тезірек барайық та?! ... Эрозия – бұл Тыңның зор кеселі, Бұйыра берме өзіңді бар айыпқа.

Қамалып қара бұлтқа қала, дала, Бір кезде болған солай Канадада. Жер азып бара жатыр бабы болмай, Айғағы соққан дауыл жаңа ғана.

Көп ойлаған Тың қамын сол зиялы, Өмірдің сабағын да мол жияды; «Желге ұшып кете берсе жер құнары, Түбінде елге мұның зор зияны».

Ел қамбасын ырысқа толтырғалы, Әйтеуір еңбегі оның мол Тыңдағы: Қол астында қызмет жасап жүрген, – Мамам да көп айтады ол туралы:

«Дән баптауды деп білген кәнігі арман, Александр Иваныч па дамыл алған: Сүрінбеген сындардан батыр осы, Мэхлистей майталман тәлім алған.

Жер қорғаудың үйретті ол қамын елге: «Түлемейді ол тыңайтқыш, дәрімен де; Жер деген өзін-өзі қорғау керек!» – Тек осы дұрыс әдіс бәрінен де!

Қара бұлтты серпуге төніп келген, Сұрағанда айтқаны «көріпкелден»: «Кешірсін! Соқаға енді тыйым керек! – Адамзатқа адал дос болып келген...»

Page 379: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

379

«Кеселге тап боп жатса жұртың бүгін,Адамзат, жараспайды бұл тірлігің?..» Қопсытып, тек сыдырта жырту керек, Ойласақ Тыңның ғажап мүмкіндігін.

Құлшыныс пен құнт керек егіске ерек, Сонда ғана иіп ол жеміс беред: Орман керек тамыры терең тартқан, Пар керек! Ауыспалы егіс керек!

Баянжан, ұқтым сенің қолқаңды да, Жаңалыққа баста онда ортаңды да! Ерсұлтан Тоғжанұлы ол да алаң боп, Жиірек ат салуда Шортандыға!..

Есесін тап, естісін ел құлағы, Жеміс берсін, жетіссін жер құнары! «Ал, Баян, іске кіріс,– дейді жел де,– Емессің сен кінәлі, сен кінәлі!..»

Қожекең түйгені мол өмірдегі, Ол да сырын ақтарды көңілдегі: «Рас, рас бап керек, алтын масақ, – Түлеп өскен сәби ғой өңірдегі!

Күн шықса кірпіктерін күліп ашқан, Анаға ұрпақ сүю – ұлы дастан! Керегі қашанда оған тыныштық қой, Күншуақ, жұпар ауа, тұнық аспан!..»

11. Халық қалаулысы Баянның ұшақ ішіндегі толғанысы.

Ақсұңқар келеді ұшып, қанат қағып, Соңында белес-белес алап қалып. Аумаған Баянның да арманындай, – Биікке өрмелеген талаптанып.

Бастаған кіл биіктен жолын ұлан, Желпиді самал жел боп көңілін ән. Келеді астанадан елге оралып, Бас қосқан бейбітшілік форумынан:

Page 380: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

380

Қуанасың тұлғасын көргеніңде: Халқы сенген қалаулы болды елінде; Қасында Бағдаты бар күлім қаққан, Төсіне таққан Даңқ орденін де!

Кеудесін шабыт кернеп, шер буғалы, Еңбекпен жанып келед ердің бағы. «Батыр Баян» деп бүгін қошеметтеп, Мақтайды, мадақтайды елдің бәрі.

Басынан талай сынды кешіріпті ел,Сын кешіп талай тарлан өсіріпті ер!Әулет көп елде мұндай: Тұяқбаев, Әлімов, Маткеновтер, Есімовтер!..

Көз сүзген диқан болса жер бетіне: Көктемде нұр ойнаған келбетіне; Баяғыдай жұмыр жер дөңгеленіп, Баянды тіршілігін тербетуде.

Ақсұңқар көк аспанда дара қалқып, Жұтады көктем нұрын дала балқып. Тарқатқан бұрымындай жер-ананың Танаптар тарам-тарам – қара барқыт!

Биыл да ерте бітіп егістерін, Баянның ел мақтаған ер істерін. Бір апта өтпесе де көруге асық, Жайқалған жер бетінде жемістерін.

Құнттаған байыбына барам ба деп, Бұл күнде іс те қауырт, алаң да көп: Бітірмей көп шаруасын мазасы жоқ, Баянға біткен осы табанды әдет:

Елі де, жері де сай, көп түлегі, Ауылды өркендету – ел тілегі. Жастар да тұрақтар ед... бұл туралы Хатшымен кеңескен жөн деп түйеді.

Әділ де талап қойғыш, сергек еді, Содан да құрмет тұтып ел келеді:

Page 381: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

381

Көмектесер Ерсұлтан Тоғжанұлы, – Кеше ғана атанған Еңбек Ері!..

Өмір – егін әлі де ала-құла, Оралып жылан жатыр балағына. Адамзат тағдырына қауіп төнсе, – Алаңдайды ер ас батпай тамағына.

Мамырлап атар әлі дала таңы, Шуағын шат-шадыман таратады. Білген жанға, ғарышқа қолын созған, Байқоңыр – диқан баба алақаны!

Билік біткен момынды талағанша, Жетімдерді есіркеп панаға алса. Жер бетінде қанша әлі зұлымдық бар, – Еңіреген, зарлаған бала қанша!

Бір тойғаны оларға асқан бақыт, Аһ ұрған ана көзден жас парлатып: Алаңсыз қалай өмір сүреді адам, Қанша жұрт жатқан кезде аштан қатып.

Ішінде – лаң, құр күлім қаққанымен, Бетіне перде бүркеп сапқа кірген: Қанша «әртіс» капиталдың құлқынымен Президент мырза боп таққа мінген...

Тарта ма қанқұмарлық нәсіліне, Бұра ма әлде ата кәсібіне: Адамзат тағдырымен ойнайды олар, Аярлық айналған соң рәсіміне.

Білгенге сахна емес өмір деген, Сұрқия мен сұмдық бар көрінбеген. Шынайы бақыт мұнда, шын қасірет, Бар мұнда нағыз соғыс, өлімменен.

Көз сүзген диқан болса жер бетіне: Көктемде нұр тараған келбетіне; Баяғыдай жұмыр жер дөңгеленіп, Баянды тіршілігін тербетуде:

Page 382: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

382

«Жапан ең бұрын мыңды зорықтырған, Бақытын бүгінгі ұрпақ жолықтырған. Дүбірі дүлділдердің, жарықтық жер, Шаттықтан жүрегіңдей соғып тұрған.

Алабың мол несібе, өсім берсе, Алаңмын оны аялап өсіргенше. Жер – ана, әлі сені мазалаймын, Мұхитқа қалаларды көшіргенше!

Жаныңа жара салған жайлар қанша, Мұратым – майдан құрып, сайран қалса. Жер – ана, әлі қанша тыншыңды алам, Ай сіңлің егінжайға айналғанша!..

Болашақ ғасырлармен жолыққалы, Дән сеуіп, күтіп-баптап, орып тағы; Тапсырып бар шаруамды автоматқа, Жүрермін оператор болып-тағы».

Дәуірлер дәуірлерден мұраға алар, Көк тіреп көз алдыңда тұра қалар: Элеватор әйгілеп ер еңбекті, –Тұр асқақтап Тыңдағы мұнаралар!

Тұр асқақтап Тыңдағы мұнаралар, Жүр ас батпай қырдағы ғұламалар. Ерлігі ел жүрегін елжіретіп, Жаңғыртқан дала даңқын бұл ағалар...

Баян да бірі емес пе бұл ағайдың, Басына түскен талай бұлағай күн; Ақырын жүріп, анық басқан тарлан, –Азамат – сөзін баққан ұлы Абайдың!..

Page 383: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

383

МАЗМҰны

Бірінші тарау «ТҰҢҒЫШ» ТОПТАМАСЫ ........................................... 5

Екінші тарау ЖАРТАСТАҒЫ ЖАҢҒЫРЫҚТАР ............................... 18

Үшінші тарау ЖҰМБАҚТАС ЖЕЛІСІ .................................................... 52

Төртінші тарау АЙНАКӨЛ АЙШЫҚТАРЫ ............................................ 83

Бесінші тарау ТУҒАН ЕЛІМ – ТҰҒЫРЫМ........................................... 107

Алтыншы тарау МАХАББАТ НАЗДАРЫ ................................................. 150

Жетінші тарау ТАҒЫЛЫМДЫ ТАҒДЫРЛАР ......................................... 164

Сегізінші тарау АСТАНА – АСҚАҚ АРМАН, АСЫЛ МҰРАТ ......... 189

Тоғызыншы тарау ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЛАР ................................................ 205

Оныншы тарау АТАЛАР АЙТҚАН АҢЫЗДАР .................................... 228

Он бірінші тарау «ЗАМАНДАР МЕН ТАҒДЫРЛАР» ШОҒЫРЫ ........ 267

АБЫЛАЙ ХАН АЛАҢЫНДА (поэма) .......................... 267

ДИҚАН ДИДАРЫ (поэма) ............................................... 312

Page 384: ТорТай СӘДУаҚаСtilalemi.kz/books/7168.pdf · 2016. 10. 3. · Әр баланы балайтын шын асылға: ... Армысың, ардагер жер, ардақты

Редакторы Б. БайғұлТехникалық редакторы А. Тлеукеева

Компьютерде беттеген Н. Әбдіқадырова

Басуға қол қойылды 23.07.2014. Қалыбы 84х108 1/32. Қарiп түрi «Times New Roman».

Офсеттiк басылыс. Шартты баспа табағы 20,16. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №

«Сораба» қоғамдық қоры, Қазақстан РеспубликасыАлматы қ-сы, Мыңбаев көшесі, 45/73-91 үй, № 1 пәтер

Тел.: +7 (727) 354 32 13E-mail: [email protected]

Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы«Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды.

050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесі, 41.

Тортай Сәдуақас

ШығАрМАлАр ЖИнАғы

1 том