ST - adm.zhambyl.gov.kzadm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2020/04/salyk-tartibi-43.pdf ·...

4
4-бетте AQPARAT QOǴAM АҚШ - 426,44 тг. EUR - 461,37 тг. RUR - 5,74 тг. KGS - 5,33 тг. АҚША БАҒАМЫ 3-бетте www.salyq-gazet.kz E-mail: [email protected] T S qoǵamdyq-saıası ekonomıkalyq gazet Gazet 1994 jylǵy naýryzdan shyǵady №43 (1174) 21 sáýіr 2020 jyl 2-бетте AIMAQ Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстанға қолдау, гумани- тарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. АҚШ дип- ломатиясының басшысы Вашингтонның пандемияны тезірек ауыздықтау және оның салдарын жою мақсатында екіжақты ық- Президент бастамасын қолдап, ерікті түрде сапқа тұрғысы келетін түркістандықтардың қарасы қалың. Об- лыс әкімінің қаулысына сәйкес, өңірде еліміздің Қарулы Күштерінің аумақтық әскерін жасақтауға 230 азамат шақырылған. Оның ішінде облыс орталығы Түркістан қаласындағы 50 сарбаздан тұратын әскерилер жасағын қала әкімі Рашид Аюповтың өзі басқарады. Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыртуды жаппай мобилизациямен шатастырмау керек. Бұл жыл сайын өтіп тұратын шара. Барлық үміткерлер арнайы медициналық комиссия сараптамасы- нан өткен. Қарулы Күштердің запастағы сарбаздары карантин режимін қамтамасыз ету шаралары аясында көшелерде жаяу патрульдеуге және облысты айнала қоршай қойылған блок-бекеттерде қызмет атқарып, залалсыздандыру жұмыстарына қатысады. Арнайы жасақталған сарбаздар қажетті киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жұмысы бар еріктілердің лауызымы мен айлық жалақысы сақталады. Жұмыс істемейтіндеріне мемлекет есебінен ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден төленеді. Төтенше жағдай кезінде әр салада жауапты қызметте жүргендер және 18 жасқа дейінгі үш баласы барлар, денсаулығы жарамайтындар шақырылмайды. Арнаулы жиынға шақыртылған әскерилер өздері тұратын елді мекендерде қызмет жасайды. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатыр. Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырған болатын. Железодорожный елді мекенінде газ тарату желілерінің үштен бірі салынды. Сонымен бірге жұмыстар Көктал-1, Көктал-2 және Агрогородок тұрғын үй алаптар- ында жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыстар – кестеге сәйкес. Бұл ауылдың 25 тұрғынынан коронавирустық инфекция анықталған болатын. Олармен жақын қарым қатынаста болған 119, жанама қарым-қатынаста болған 12- барлығы 131 адам оқшауландырылды. Қарым-қатынаста болғандардың 123-і үй бақылауына шығарылса, 8-і стационарлық бақылауда. Тест сынамалары тексеріліп жатыр. Екі мыңнан астам адам тұратын елді мекенде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ауылға кіреберісте тосқауыл бекеті қойылған. Кіруге және шығуға тыйым салынған. Ауыл көшелерінде де қозғалыс шектелген. Тұрғындардың тек азық-түлік, дәрі-дәрмек немесе медициналық көмек алу үшін үйден шығуына рұқсат етіледі Облыс әкімі жағдай тұрақталмайынша қатаң тәртіп сақтау қажеттігін ескертті. Көпшілік шараларды өткізуге тыйым салды. Аудан және ауыл әкіміне карантин талаптарының орындалуын басты назарда ұстап, елді мекендерді дер кезінде за- лалсыздандыру, індеттің таралуына жол бермеу тапсырылды. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. ПРЕЗИДЕНТ ЕКІЖАҚТЫ ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ АРТТЫРУ НИЕТІН НАҚТЫЛАДЫ Қазақстан Президенті АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Майкл Помпео COVID-19 індетінің таралуына қарсы күресте халықаралық іс- қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады. палдастықты арттыру ниетін нақтылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Орталық Азия елдеріндегі эпидемиологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмектесуге дайын екенін айтты. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка арасындағы саяси диалогты одан әрі тереңдету және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық се- ріктестікті арттырудың, Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіп- сіздікті сақтау мақсатында атқаратын бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. AKORDA.KZ. ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫС КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан тұрғын алаптарында газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Магистральдық газ құбырының монтажы аяқталу сатысында. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында желілерді жүргізу барысын тексерді. Қаланың өнеркәсіптік секторы мен елді мекендерді газдандыру үш кезеңде өтеді. Келесі жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышлен- ный, Железнодорожный елді мекендері, екінші кезеңде Мичурино, Интернацио- нальный, Күйгенжар (1-2 ІКҚ), Тельман (3 ІКҚ), Пригородный, Garden Village және Family Village (4 ІКҚ) елді мекендері қамтылады. Үшінші кезеңде Ильинка (1-2-ші ІКҚ), Шұбар (3-ші ІКҚ), Өндіріс (4-ші ІКҚ) тұрғын үй алаптары газдандырылады. Іске асыру мерзімі - 2020-2023 жылдар. Газ өткізу қаладағы зиянды қалдықтарды – 6 есе, қатты заттарды 40 мың тонна- ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Алтай Көлгінов жұмыс қарқынын төмендетпеу қажеттігін атап өтті. НҰР- СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. АЙМАҚ КАРАНТИНДЕГІ АУЫЛ Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сырдария ауданының Аманкелді ауылына барды. - Өзіңізбен бірге талай жыл қатар қызмет істедік, қалай ты- нымсыз еңбек еткеніңізді көзіміз көрді. Жол саласындағы ең тәжірибелі, алдыңғы қатардағы мықты мамансыз, еліміздің па- триотысыз. Сіздің облыстың, Талдықорған қаласының көліктік инфрақұрылымын дамытудағы үлесіңіз зор. Мол тәжірибеңіз, өмір жолыңыз бәрімізге үлгі, әсіресе, жастарға берері мол. 70 жасыңызбен құттықтап, сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей- мін,- деді А.Баталов. Мұнан соң облыстық мәслихаттың хатшысы Сұлтан Дүйсембінов те ізгі ниетін жеткізді. Облыс басшысы мерейтой иесінің иығына шапан жауып, алғыс хат пен естелік сыйлық тап- сырды. Леонид Михно өз кезегінде облыс басшылығына рахмет ҚҰТТЫҚТАУ ЕЛГЕ ҮЛГІ, ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ Облыс әкімі Амандық Баталов облыс әкімдігі ғимаратында жол саласының ардагері, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Леонид Васильевич Михноны 70 жасымен құттықтады. айтып, ел үшін еткен еңбектерінің жемісті болуына тілектестігін білдірді. Леонид Васильевич Михно – еңбек ардагері, кейінге дейін «Талдықорғанжолдары» АҚ директоры қызметінде болды. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЕРІКТІ САРБАЗДАР САПҚА ТҰРДЫ Төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Түркістан облысында аумақтық әскер жасақталды. Негізгі мақсат - халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету. Әскери жасақ қатарына бұрынғы десантшылар, мотоатқышлар, жауынгерлік және саяси дайықтық үздіктері таңдалды. Айта кететін жай, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшы- сы ерікті сарбаздар қатарында сапқа тұрды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев сын-сағатта арнайы жиынға шақырылған азаматтарға сәттілік тіледі. «Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын. Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылды. Осындай қиын-қыстау кезеңде елмен бірге болуға ерікті түрде ниет білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Баршаңызға сәттілік тілеймін», - деді облыс әкімі. БАҒАНЫҢ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУДІ ТАПСЫРДЫ ҚҰМЫРСҚА ЖАЙЛЫ ҚИССАЛАР « ҚҰМЫРАЛАР СӨЙЛЕЙДІ » ДЕГЕНГЕ КІМ СЕНГЕН?

Transcript of ST - adm.zhambyl.gov.kzadm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2020/04/salyk-tartibi-43.pdf ·...

Page 1: ST - adm.zhambyl.gov.kzadm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2020/04/salyk-tartibi-43.pdf · Төтенше жағдай кезінде әр салада жауапты қызметте

4-бетте

AQPARATQOǴAM АҚШ - 426,44 тг.

EUR - 461,37 тг.

RUR - 5,74 тг.

KGS - 5,33 тг.

АҚША БАҒАМЫ

3-бетте

www.salyq-gazet.kz E-mail: [email protected]

TSqoǵamdyq-saıası

ekonomıkalyq gazet

Gazet 1994 jylǵy naýryzdan shyǵady №43 (1174) 21 sáýіr 2020 jyl

2-бетте

AIMAQ

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстанға қолдау, гумани-тарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. АҚШ дип-ломатиясының басшысы Вашингтонның пандемияны тезірек ауыз дықтау және оның салдарын жою мақсатында екіжақты ық-

Президент бастамасын қолдап, ерікті түрде сапқа тұрғысы келетін түркістандықтардың қарасы қалың. Об-лыс әкімінің қаулысына сәйкес, өңірде еліміздің Қарулы Күштерінің аумақтық әскерін жасақтауға 230 азамат шақырылған. Оның ішінде облыс орталығы Түркістан қаласындағы 50 сарбаздан тұратын әскерилер жасағын қала әкімі Рашид Аюповтың өзі басқарады.

Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыртуды жаппай мобилизациямен шатастырмау керек. Бұл жыл сайын өтіп тұратын шара. Барлық үміткерлер арнайы медициналық комиссия сараптамасы-нан өткен. Қарулы Күштердің запастағы сарбаздары карантин режимін қамтамасыз ету шаралары аясында көшелерде жаяу патрульдеуге және облысты айнала қоршай қойылған блок-бекеттерде қызмет атқарып, залалсыздандыру жұмыстарына қатысады.

Арнайы жасақталған сарбаздар қажетті киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жұмысы бар еріктілердің лауызымы мен айлық жалақысы сақталады. Жұмыс істемейтіндеріне мемлекет есебінен ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден төленеді. Төтенше жағдай кезінде әр салада жауапты қызметте жүргендер және 18 жасқа дейінгі үш баласы барлар, денсаулығы жарамайтындар шақырылмайды. Арнаулы жиынға шақыртылған әскерилер өздері тұратын елді мекендерде қызмет жасайды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатыр. Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырған болатын.

Железодорожный елді мекенінде газ тарату желілерінің үштен бірі салынды. Сонымен бірге жұмыстар Көктал-1, Көктал-2 және Агрогородок тұрғын үй алаптар-ында жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыстар – кестеге сәйкес.

Бұл ауылдың 25 тұрғынынан коронавирустық инфекция анықталған болатын. Олармен жақын қарым қатынаста болған 119, жанама қарым-қатынаста болған 12- барлығы 131 адам оқшауландырылды. Қарым-қатынаста болғандардың 123-і үй бақылауына шығарылса, 8-і стационарлық бақылауда. Тест сынамалары тексеріліп жатыр.

Екі мыңнан астам адам тұратын елді мекенде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ауылға кіреберісте тосқауыл бекеті қойылған. Кіруге және шығуға тыйым салынған. Ауыл көшелерінде де қозғалыс шектелген. Тұрғындардың тек азық-түлік, дәрі-дәрмек немесе медициналық көмек алу үшін үйден шығуына рұқсат етіледі

Облыс әкімі жағдай тұрақталмайынша қатаң тәртіп сақтау қажеттігін ескертті. Көпшілік шараларды өткізуге тыйым салды. Аудан және ауыл әкіміне карантин талаптарының орындалуын басты назарда ұстап, елді мекендерді дер кезінде за-лалсыздандыру, індеттің таралуына жол бермеу тапсырылды.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

ПРЕЗИДЕНТ

ЕКІЖАҚТЫ ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ АРТТЫРУ НИЕТІН НАҚТЫЛАДЫ

Қазақстан Президенті АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Майкл Помпео COVID-19 індетінің таралуына қарсы күресте халықаралық іс-

қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады.

пал дастықты арттыру ниетін нақтылады.Мемлекет басшысы Қазақстанның Орталық Азия елдеріндегі

эпидемиологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмектесуге дайын екенін айтты.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка арасындағы саяси диалогты одан әрі тереңдету және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық се-рік тестікті арттырудың, Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіп-сіздікті сақтау мақсатында атқаратын бірлескен жұмыс тарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

AKORDA.KZ.

ГАЗДАНДЫРУ

ЖҰМЫС КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан тұрғын алаптарында газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Магистральдық

газ құбырының монтажы аяқталу сатысында. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында желілерді жүргізу

барысын тексерді.

Қаланың өнеркәсіптік секторы мен елді мекендерді газдандыру үш кезеңде өтеді. Келесі жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышлен-ный, Железнодорожный елді мекендері, екінші кезеңде Мичурино, Интернацио-нальный, Күйгенжар (1-2 ІКҚ), Тельман (3 ІКҚ), Пригородный, Garden Village және Family Village (4 ІКҚ) елді мекендері қамтылады. Үшінші кезеңде Ильинка (1-2-ші ІКҚ), Шұбар (3-ші ІКҚ), Өндіріс (4-ші ІКҚ) тұрғын үй алаптары газдандырылады. Іске асыру мерзімі - 2020-2023 жылдар.

Газ өткізу қаладағы зиянды қалдықтарды – 6 есе, қатты заттарды 40 мың тонна-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Алтай Көлгінов жұмыс қарқынын төмендетпеу қажеттігін атап өтті.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

АЙМАҚ

КАРАНТИНДЕГІ АУЫЛ

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сырдария ауданының Аманкелді ауылына барды.

- Өзіңізбен бірге талай жыл қатар қызмет істедік, қалай ты-нымсыз еңбек еткеніңізді көзіміз көрді. Жол саласындағы ең тәжірибелі, алдыңғы қатардағы мықты мамансыз, еліміздің па-триотысыз. Сіздің облыстың, Талдықорған қаласының көліктік инфрақұрылымын дамытудағы үлесіңіз зор. Мол тәжірибеңіз, өмір жолыңыз бәрімізге үлгі, әсіресе, жастарға берері мол. 70 жасыңызбен құттықтап, сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей-мін,- деді А.Баталов.

Мұнан соң облыстық мәслихаттың хатшысы Сұлтан Дүйсембінов те ізгі ниетін жеткізді. Облыс басшысы мерейтой ие сінің иығына шапан жауып, алғыс хат пен естелік сыйлық тап-сырды. Леонид Михно өз кезегінде облыс басшылығына рахмет

ҚҰТТЫҚТАУ

ЕЛГЕ ҮЛГІ, ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ

Облыс әкімі Амандық Баталов облыс әкімдігі ғимаратында жол саласының ардагері, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Леонид Васильевич

Михноны 70 жасымен құттықтады.

айтып, ел үшін еткен еңбектерінің жемісті болуына тілектестігін білдірді.

Леонид Васильевич Михно – еңбек ардагері, кейінге дейін «Талдықорғанжолдары» АҚ директоры қызметінде болды.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

ЕРІКТІ САРБАЗДАР САПҚА ТҰРДЫ

Төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Түркістан

облысында аумақтық әскер жасақталды. Негізгі мақсат - халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету. Әскери жасақ

қатарына бұрынғы десантшылар, мотоатқышлар, жауынгерлік және саяси дайықтық үздіктері таңдалды.

Айта кететін жай, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшы-сы ерікті сарбаздар қатарында сапқа тұрды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев сын-сағатта арнайы жиынға шақырылған азаматтарға сәттілік тіледі. «Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді

арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын. Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылды. Осындай қиын-қыстау кезеңде елмен бірге болуға ерікті түрде ниет білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Баршаңызға сәттілік тілеймін», - деді облыс әкімі.

БАҒАНЫҢ ӨСУІНЕ ЖОЛ

БЕРМЕУДІ ТАПСЫРДЫ

ҚҰМЫРСҚА ЖАЙЛЫ

ҚИССАЛАР

«ҚҰМЫРАЛАР СӨЙЛЕЙДІ»

ДЕГЕНГЕ КІМ СЕНГЕН?

Page 2: ST - adm.zhambyl.gov.kzadm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2020/04/salyk-tartibi-43.pdf · Төтенше жағдай кезінде әр салада жауапты қызметте

2 №43 (1174) 21 sáýіr 2020 jyl TSQOǴAM

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу туралы сауда және интегра-ция министрі Б. Сұлтанов баяндады.

Баяндамашылар Қазақстанда түрлі азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры бар екенін айтты. Қор үнемі толтырылып отырады, сондықтан олардың тапшылығы бол-майды.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, белгілі бір тауар түрлерінің туындауы мүмкін тапшылығына дер кезінде әрекет ету үшін азық-түлік қорына, оның өндірісінің теңгеріміне және өңіраралық тасымалына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды. «Біз 9 аса әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасын бекіттік. Бағаны ұстап тұрудың тиісті тетігі бар. Дегенмен, бірқатар өңірлерде кейбір азық-түлік өнімдеріне шекті бағаның бірден өсуі байқалып отыр. Әкімдіктерге мұндай фактілерге жол бермеуді және осы мәселені жеке бақылауға алуды тапсырамын», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр өңірлік тұрақтандыру қорларында азық-түліктің қажетті қорын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұған қоса отырысқа қатысушылар ТЖ жағдайында ірі индустриялық жобаларды жүзеге асыру, ақпараттық технологиялар саласында қызметтерді қамтамасыз ету және т. б. мәселелерді қарады.

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

жүргізілуде. 24 үйдің 1452 пәтер тұрғындары жақын уақытта қоныс тойын тойлайды. Бұдан бөлек, жеке салымшылар тарапынан салынып жатқан 37 тұрғын үй жыл соңына дейін 31 үйін пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

«Түркістан қаласында жүріп жатқан жаңа құрылыстар – тұрақты назарда. Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы да тоқтамайды. Барлық жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүріп жа-тыр. Әрине, әлем жұртшылығын әбігерге салған коронавирус індетінің кедергі келтірген тұстары жоқ емес. Дегенмен, мәселе шешілуде. Құрылыс заттарымен қамтамасыз ету жағы да ретке келтірілді»,- деді облыс басшысы.

Аймақ басшысы қала орталығындағы абаттандыру жұмыстарын бақылап, көшет отырғызылған көшелерді жаяу аралап шықты. Жаңадан жүзеге асатын дендробақ аумағында болды. Бау-бақшаға бөленген ерекше саябақ Түркістан қаласының іргесінде орналасады. Гүлге оранған жасыл аумақта жеміс ағаштары мен жүздеген өсімдік түрлері өсіріледі. 28 гектар алқапты алып жатқан жаңа дема-лыс орнында ең алдымен суару жүйелері жүзеге асырылады. Дендробақ жасыл же-лекке оранып, жасанды көл пайда болады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Шымкентте ауылшаруашылығы өндіріспен қатар дамып келеді. Жалпы қала аумағында 62 мың гектардан астам жер бар. Биыл егіс алқабын өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға ұлғайтып, 27,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

Агросервис «БМБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі- қаладағы ең ірі қожалықтың бірі. Үш мың гектардан астам ауыл-шаруашылық жері бар. Оның 2400 гектарына бидай, арпа, мақ-сары, жоңышқа сынды түрлі өнімдер егілген. Биылға қажетті 200 тонна тыңайтқыш пен 40 тонна жанар-жағармай алған.

«Әрдайым ауыспалы егін түрін қолданамыз. Бұл жердің тыңайып, күш жинауына мүмкіндік береді», дейді шаруашылық басшысы Манасбай Бекбауов. Қожалық иелігіндегі жер бұған дейін Төлеби ауданына қараған. Қазір Шымкенттің аумағына өтіпті. «Мемлекеттен уақытылы жанармай мен тыңайтқыш алып, дәнді дақылдарды сеуіп үлгердік. Енді бидайды дәрілеп жатыр-мыз. Бұйыртса биыл да мол өнім аламыз деп отырмыз», дейді шаруа. Оған қоса солтүстіктен де біздің бидайға деген сұраныс артқан. Өйткені соңғы жылдары жергілікті дәнді дақылдың клейковинасы жоғары болған. Қожалық егіншілікпен қатар мал шаруашылығымен де айналысады. Қажетті жем-шөбін өзі

2017-2019 жылдар аралығында сол жағалауда мемлекеттік бюджет және жеке инвесторлардың есебінен көпқабатты 48 тұрғын үй, Жастар ресурстық орталығы, Қазақ орталық атқару комитетінің музейі, «Болашақ» университетінің оқу корпусы, 700 орындық жеке мектеп және 320 орындық балабақша бой көтерген болатын. Бүгінде «Болашақ» университетінің 12 қабатты ғимаратында «Болашақ-Стартап» инновациялық идеяларды іске асыру орталығы, коворкинг орталығы, ғылыми-зерттеу институты, ғарыштық ғылыми-зерттеу жұмыстары зертханасы, агробиотехнологиялардың ғылыми зерт-ханасы, әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы, телестудия, дизайн және хореография студиялары, жастар театры жұмыс істейді.

Жастар ресурстық орталығындағы IT-park, фитнес зал, кітапхана, ковор-кинг бөлмесі және антикафеде сту-денттер мен оқушылар ақпараттық технологиялардың қыр-сырына үңіліп, білімдерін арттыра алады. 3D студия және роботтандырылған техниканы меңгеруге де мүмкіндік қарастырылған.

Сонымен қатар облыс әкіміне сол жағалауда салынатын әлеуметтік-мәдени және білім беру нысандар туралы мәлімет берілді. Жобаға сәйкес, 300

Абай мұрасының өзегі - теңдікке жетудің, елді қатарға қосудың жалғыз жолы білімде деген ой. Президент мақаласында Абай қазақтың дамылсыз оқып, үйренгенін жан-тәнімен қалағанын, «Ғылым таппай мақтанба» деп білімді игермейінше, биіктің бағына қоймайтынын ұғындыруға тырысқанын айтты. Расында, елдің үнемі алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болған, осы идеяны барынша дәріптеген Абайдың ғылымға, білімге шақыруы қазіргі таңда өте өзекті.

Сонымен қатар өтпелі кезеңдегі уақытша қиыншылықтар тұсында халықтық мінезімізді, ұлттық қалпымызды өзгертіп алмауымыз өте маңызды болып тұр. Абай айт қан міндердің үстіне жаһанданудың желімен жеткен жамандықтарды жамап алу-дан сақтану да ұдайы жадымызда жүруі тиіс. Президент мұны да ескертеді: «Бізге, Абай айтқандай, артық мақтанға салыну, өзгені қор, өзімізді зор санау, дау қуу әсте жарас-пайды. Әр қадамымызды анық басып, әлемде және елімізде болып жатқан оқиғаларды байыппен сараптай білуіміз қажет. Тұрақтылық пен дамуымыздың кепілі болған татулық пен бірлікті бәрінен жоғары қойған абзал. Мемлекет мүддесін көздесек, әуелі сабақтастық сақталып, төгілген тер мен атқарған еңбектің далаға кетпеуін ойлайық». Яғни, Президенттің сөзіне сүйенсек, жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.

Абай Құнанбайұлы қазақтың ой ағынында тарихи бетбұрыс жасады. Ендеше, қазыналы сөзден ой түйген жастар ғылым-білімге құлаш сермеп, жаңғырудың жарқын үлгісін көрсететініне сенімдімін.

Е.БОЗЫМБЕКОВ.Жамбыл облысы.

ҮКІМЕТ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі

мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

БАҒАНЫҢ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУДІ ТАПСЫРДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл кең көлемде аталып өтетін Абай

тойы ұрпаққа тағылым беретін, кейінге айшықты мұра болатын іргелі істермен

есте қалуы керектігін айтқан болатын. Осы орайда Президент «Абай және ХХІ ғасырдағы

Қазақстан» атты мазмұнды мақала жариялап, Абай әлемін бүгінгі күнмен, мемлекет құрылысымен, ел дамуымен байланыстыра отырып, кеңінен талдау

жасады.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚҰНЫ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Президент тапсырмасына сәйкес Шымкентте көктемгі дала

жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден

160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын

уақтылы алып жатыр. Тапшылық жоқ. Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен

жүздескен шаруалар осылай деді.

дайын дап алады.10 гектар жерге алма бауы мен жүзім және жаңғақ бауын егіпті. Биыл таңқурай егуді қолға алмақ.

Қала әкімі қожалық басшысына болашақта егістік алқаптар-ға заманауи суару қондырғыларын пайдалану керектігін айтты. Жаңбырлатып суару әдісімен аз жерден мол өнім алуға болаты-нын айтқан шаруашылық жетекшісі қаржылай қолдау болса бұл істі қолға алуға дайын екенін жеткізді.

Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқарма-сының басшысы Асқар Қаныбековтың айтуынша, биыл инвес-тиция және несиелендіру бойынша жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд. теңгені құрай-тын 17 инвестициялық жоба іске асады. Оның ішінде 4 құс шаруашылығын кеңейту, 4 жылыжай құрылысы, 2 тауарлы сүт фермасы, 2 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу, 1 қарқынды алма бағы, 1 ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, 1 сүтті қайта өңдеуді кеңейту, 1 мал бордақылау алаңын салу, 1 кондитерлік өнім өндіру жбасы бар.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ

ӘРІ САПАЛЫ, ӘРІ ТАЛАПҚА САЙ САЛЫНУЫ ҚАЖЕТ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу

барысын бақылады. Барлық құрылыс басында корона-

вурис індетіне қарсы сақтық шаралары ұйымдастырылып, құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде. Құрылыс алаңдарынан шығатын көліктердің таза болуы үшін көлік жуу орындары орнатылған.

Құрылыс алаңдарындағы жұмысты көзбен көріп, әр нысанның сапалы, әрі тиісті архитектуралық талапқа сай салынуы қажеттігін қадап айтты.

Әкімшілік-іскерлік орталықта мемлекеттік бюджет есебінен кредиттік 5489 пәтерлі 88 тұрғын үйдің құрылысы

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

ЖОБАЛАР ДЕР КЕЗІНДЕ АЯҚТАЛУЫ ТИІСОблыс әкімі Гүлшара

Әбдіқалықова Сырдарияның сол жағалауындағы әлеуметтік-

мәдени және білім беру нысандарымен танысты.

орындық көпбейінді аурухана емхана-сымен, 300 орындық физика-математика мектебі, драма театры, 900 орындық орта мектеп, неке сарайы және бизнес орталық бой көтеретін болады.

Қазіргі уақытта көпқабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тағы 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады деп күтілуде.

Мұнан соң облыс әкімі Шіркейлі каналы арқылы өтетін, сол жағалау мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізін байланыстыратын көпір құрылысымен танысты. Төрт жолақты көпірдің ұзындығы- 102,8, ені - 21 метр. Құрылыс жұмыстары республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда,

республикадан қаралған қаражат толық игерілген.

«Облыста қаржыландыруды қажет ететін жобалар көп. Ағымдағы жобалар, атап айтқанда осы көпір құрылысы дер кезінде аяқталуы керек. Біз тұрғындардың, әсіресе аз қамтылған отбасылардың әл-ауқатын ойлауы-мыз қажет. Сондықтан қаржыны бөлер алдында, бүгінгі жағдайға икемделген жобаға басымдық береміз», - деген об-лыс әкімі сол жағалауды дамыту жобасы жалғасатынын айтты. «Әсіресе тұрғын үй құрылысы сапалы жүргізіліп, мерзімінде аяқталуы тиіс», - деді облыс әкімі.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

«Қыс қарлы, боранды болды. Бұл өз кезегінде тұрғын үй кешенін тез арада сүру-ге мүмкіндік бермеді. Коронавирус инфекциясының пандемиясын ескере отырып, жұмыс қарқыны төмендеді. Құрылыс маусымын зая кетіріп алмау аса маңызды. Жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысын бастау қажет. Құрылысы созылып кеткен тұрғын үйлерді аяқтап, пәтер иелеріне кілттерін табыстау — басты міндеттердің бірі. Нысанда санитарлық нормалар қатаң сақталуы керек», - деді қала әкімі.

«Нұр Астана Құрылыс» ЖШС бөлшектеу жобасының жетекшісі Алиакбар Үмбеталиннің айтуынша құрылыс салушы техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын қолданған. «Бұл үй пайдалануға берілген жағдайда, ғимарат құлап, ал тұрғындар астында қалар еді», - деп атап өтті.

2020 жылы елорданың құрылысы ұзаққа созылған нысандарының саны 20-ға азая-ды. 7800 үлескер пәтерге қол жеткізіп, құжаттарын ресімдей алады. Былтыр 2,5 мың үлескер бар 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілген еді. Құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

ТҰРҒЫН ҮЙ

САҚАЛДЫ ҚҰРЫЛЫСТАР САНЫ АЗАЮДА

Құрылысы 2004 жылы басталған «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің 75%-ы сүрілді. Тұрғын үй кешенінде 500-ден астам үлескер бар. Үйдің

техникалық тексерісі ғимараттың апатты екенін көрсетті. Елорда әкімі Алтай Көлгінов аталған тұрғын үй кешенін сүру қарқынымен танысты.

Page 3: ST - adm.zhambyl.gov.kzadm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2020/04/salyk-tartibi-43.pdf · Төтенше жағдай кезінде әр салада жауапты қызметте

3№43 (1174) 21 sáýіr 2020 jylTS AIMAQ

Жасы алпыс жетіге келсе де, кілем тоқуды бір сәтке тоқтатқан емес.

– Екі метр кілемінде мыңның үстінде жіп бар. Әрбір жіп өз жолы нан сәл тайқыса, басқасына кедергі келтіреді. Сондықтан бұл өнер – әрі сурет сабағы, әрі математика. Кілем тоқуға кіріскен адам оның барлық қиындықтарына төтеп беруі керек. Шағын екі де үш кілемді тоқуға екі ай уақыт кетеді. Қазір Алматыдан жіп ал-дырып тоқып жатырмыз. Қойдың жүні бар, бірақ ол жарамайды. Неге? Бұрын қойды үш тоғытып барып, қырқатын. Сол кезде таби ғи тер иісі өздігінен кетеді. Қазір өрісте жүрген малды үйіне әкеледі де, қырқа салады. Ал оның жүнін қырқылған күйде ағынды суға жиырма рет жусаң да кетпейді. Қой қырқудың да өз заңдылығын сақтауымыз керек, – дейді шебер.

Алты жасынан қолына жіп алып, кілем тоқумен айналысқан Роза Әлбатырқызы кеңестік кезеңде ауылда тұрмыстық комбинат-ты басқарған. Елге нарық келгенде сол кезден қалған кілемшілер мен тігіншілердің басын қосып, қайта қайта қолға алды. Жан-жақтан тапсырыс қабылдады. Өйткені, ұлттық қолөнер туындылары екінші сатыға түсіп, ең әуелі сырттан келген тауарлар көпшіліктің сұранысына ие бола бастаған еді.

– Аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып келемін. Шетелдерге де барып жүрмін. Астанада ұлттық қолөнер орталығы ашылған. Былтырға дейін солардың көрмесіне қатысып келдім. Қармақшы ауданында этноауыл салынды. Біздің қыздар сол жақта көп уақыт жұмыс істеді. Мен денсаулығыма байланыс-ты бара алмадым. Отбасымыз осындай шеберлерден құралған. Келінім мен немеремді баулыдым. Бес жасар немеремнің икемі өзімді де таңғалдырады. Алдағы көрмеге сол баламды дайындап отырмын, – дейді Роза апай.

Шебердің айтуынша, кілемге арналған жіпті иіруге қаракөл қойының жүні ыңғайлы. Әрі сапалы шығады. Мойын қатып, бас ай-

Сонымен қатар, құмырсқаның адам денсаулығына да пайдасы көп. Ғалымдар егер адамның аяғы қақсап, балтыры сыздаған жағдайда оның илеуіне аяғын салып отыруға кеңес береді. Себебі, құмырсқалар адамның бойындағы кеселді өзіне тартып алатындығымен ерекшеленеді. Құмырсқалардың денесінде жетпіс түрлі амин қышқылы мен түрлі дәрумендердің бар екендігі анықталған. Қазіргідей медицинаның дамыған ғасырында Қытай мемлекетінде құмырсқадан аса бағалы азықтық және дәрілік қасиеті бар препараттар дайын-далады. Және дәрігер ғалымдар бұл препараттардың буын аурулары мен қант диабетін емдеуге, қан қысымын реттеуге әсерінің зор екендігін айтып келеді. Құмырсқалар ешқашан жұқпалы аурулармен ауырмайтындықтан, пайдалы болатын көрінеді.

Халқымызда топтанып өмір сүретін құмырсқалардың илеуін бұзуға бол-майды деген ырым бар. Ғалымдардың дәлелдеуінше, құмырсқалар бір тәуліктің ішінде илеудегі отыз мыңға тарта зиянды жәндікті жояды екен. Бұл да, әрине, адамзат баласына үлкен көмек. Жалпы, құмырсқаның қанағатшылдығы, еңбекқорлығы көп айтылады. Қасиетті жәндік ретінде есімі ұлы Құранға да енгізілген. Ал, қазақ халқының ұғымында құмырсқа еңбектің символы болып саналады. Біздің халық тіршілік иелерінің ішіндегі құмырсқаны осы еңбекқорлығы үшін де бағалайды.

Әлем әдебиетінде қызықты тақырыптарға жүздеген шығармалар жазылды. Мысалы, құмырсқалардың тіршілігі мен тағдыры адам баласы үшін қызықты. Өзіміздің бала күнімізден естіп өскен Сүлеймен пайғамбар мен құмырсқалардың сөйлескендігі жайлы аңыздың өзі бір төбе. Әлем әдебиетінде белгілі француз жазушысы Бернард Вербердің «Құмырсқалар», «Құмырсқа күні» және «Құмырсқалар революция-сы» кітаптары әлем оқырмандарының үлкен қызығушылығын тудырғаны белгілі. Француз әдебиеті өкілдерінің кейбір сын-ескертпелеріне қарамастан, аталған үш кітап Еуропа және Солтүстік Америка елдеріне рекордтық көрсеткіш- он миллион дана таралыммен тарады. Құмырсқалар өркениетін баяндаған бұл шығарма әлем оқырмандарын тамсандырды. Мұзафар Әлімбаевтың «Құмырсқалар» дейтін өлеңі, Мұхтар Мағауиннің «Құмырсқа қырғыны» шығармасы мен Есенғали Раушановтың «Құмырсқамен дипломатия» өлеңі қазақ әдебиетінің үлкен мазмұны болып есептеледі. Құмырсқалар тақырыбы – әлемдегі ең үлкен тақырып. Құмырсқалардың құпиясы мен қасиеті жылдан жылға ашылып, артықшылығы дәлелденіп келеді.

Х. ЕСАМАН.Жамбыл облысы.

Әр отбасында ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын жақсы дәстүр болады. «Ат тұяғын тай басар» дегендей, Ербол Алмағамбет ерте жасынан еңбекке епті болып өскенін айтады.

– Мамандығым – жалпы медицина. Қазір 6-курста оқимын. Сабақтан қолым қалт еткенде ізденіп жүріп, бір жыл бұрын кәдесый жасауды қолға алдым. Жеке кәсіпкер болудың ең жақсы тұсы ешкімге тәуелді емессің, өз еркің өзіңде. Өзіңе өзің бисің, - дейді жас кәсіпкер.

Оның айтуынша, қазір интернет-дүкен ашып отандық өнімді жарнамалауға да, саудалауға да болады. Өзі таза қара мал терісін баптап, былғарыдан тапсырыс беру-шінің сұранысына қарай әмиян, белдік, сағат, қолдорбалар жасайды. Ою-өр некпен көмкерілген қолөнер бұйымына тіпті түрлі жазу да жазылады. Әуелде шырайлы шаһарда басталған кәсібі қазір оқуына байланысты уақытша Алматы қаласында жалғасып жатыр екен. Яғни, Алматыда жасалып, басқа қалаларға жеткізіледі.

Шымкенттік бойжеткен қыры мен сыры қызықты да беймәлім бизнес әлеміне кездейсоқ келе салмаған. Кішкентай кезінен талғаммен киінуді ұнататын ол 7-8-сы-ныпта оқып жүргенде-ақ құрбысымен интернет арқылы шетелден киімге тапсырыс беріп алдыратын. Олардың сапасы мен бағасына жіті мән беретін. Басында тек өздері үшін берілген онлайн тапсырыстардың кейіннен жақындарына да көмегі тие бастай-ды. Жаңашыл бойжеткен еш ойланбастан әлеуметтік желі арқылы парақша ашып, сәнді, сапалы киімдерді онлайнмен сатуды бастап кетеді. Міне, сөйтіп Әйгерім заман ағымына сай позитивті, креативті жастардың біріне айналды. Үнемі ізденісте жүретін оның қолынан психологиялық кітаптар мен кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрететін га-зет-журналдар түспейтін. Оның пайдасын қазірге дейін көруде.

Әйгерім – көп замандастарына қарағанда тәуекелшіл. Мектепті бітіргенде сынып-тастары арман қуып, өзге қалаларға оқуға аттанғанда еркін ойлы батыл бойжеткен бизнесті таңдайды. Оған еш өкінбейді де. Ата-анасы перзенттерінің қалауына еш қарсылық танытпай, қайта қыздарының қабілетін жоғары бағалап, сәттілік тілейді.

– Олармен ашық сөйлесіп, бизнеспен айналысатынымды, дүкен ашатынымды айттым. Олар оқығанымды қаласа да, менің таңдауыма қарсылық білдірмеді. Со-нымен, мектепте онлайн сауда жасап жинаған ақшам және отбасымның көмегі бар, 3 млн. теңгемен алғашқы киім дүкенімді аштым. Бастапқы үш айда шығынға шаш етектен батқанымды жасырмаймын. Тек жалға төлейтін ақшаны ғана таптым. Туыста-рым да біраз сөйледі, жоғары оқу орнында оқып қана жетістікке жетуге болатынын айта бастады. Алайда, мен алған бетімнен қайтпадым, өйткені, кәсібімді өте жақсы көретінмін. Жұмысқа барғанда, құдды мейрамханаға барғандай рахаттанып, демала-тынмын. Сондықтан кері шегіне алмадым. Керісінше, білек түріп жұмысыма ерекше қарқынмен, ерекше күш-жігермен кірісіп кеттім, – деп еске алады өткен күндерін жас кәсіпкер.

Кез келген жан үшін өмірдің мәні ақша емес, алдыңа дұрыс мақсат қоя білу, сол арманға жету жолында аянбай еңбектену. Өз ісіңе деген махаббат сені кез келген қиындықтан алып шығады. Әйгерімді де алға жетелеген асқақ арманы еді. «Қалай да күніне кемі 30 мың теңге пайда табу керек» деген мақсатын үнемі қағазға жа-зып, қарсы алдына іліп қояды. Арманы адастырмай бір айда миллион теңге табады. Желтоқсан оның бизнесінің берекесін кіргізген, оңынан туған ай болды. Интернет арқылы Қытай нарығы жайлы үнемі ізденіп, зерттеп жүретін Әйгерім небәрі 18 жа-сында аспан асты еліне аттанып кетеді. Жиған-тергенін қолына ұстап, шетел асқан бойжеткен алғаш рет табысты бизнес жасау үшін адамға ең алдымен шынайы сенім, тәуекелділік, батылдық қажет екенін ұғып қайтыпты.

Бүгінде жас кәсіпкер әр жеңісіне шын жүрегімен қуана алады. Бизнесін әрі қарай дамыту үшін әлі де көп оқу және жан-жақты іздену керек екендігін түсінді. Шым-кент қаласынан бөлек Қызылорда, Тараз қалаларынан дүкен ашуды жоспарлаған ол бизнесін франшиза арқылы дамытуды да көздеп отыр. Құрбыларынан оқ бойы озып шығып, бойындағы қарым-қабілетін шыңдай түскен Әйгерімнің алар асулары әлі алда. Жасындай жарқыраған осындай жастардың арқасында еліміздің экономикасы да гүлдене түсері анық.

А.ПАЙЫСХАН.Түркістан облысы.

ТЫЛСЫМ

ҚҰМЫРСҚА ЖАЙЛЫ ҚИССАЛАР

Дүниедегі әрбір жаратылыстың өзіне тән ерекшелігі бар. Ғалам жаратылғалы бергі аңыз-әңгімелер, қисса-дастандардың өзі

адамзаттың рухани бұлақ көзі болып келеді. Ұлы кітаптарда да күллі адамзаттың, қауымдардың тағдыры, жер бетіндегі түрлі оқиғалар кездеседі. Алайда, өзіміз күнде көріп жүрген, бірақ аса

мән бере қоймайтын тіршілік иелерінің де үлкен құбылыс екенін біліп жатамыз.

Әлқисса, Сүлеймен пайғамбар әскерін жиып, бір жорыққа келе жатады дейді. Адамдардан, жындардан, құстардан құралған қалың қол құмырсқалардың илеуі бар алқапқа жақындайды. Сол кезде бір құмырсқа әскердің келе жатқанын көреді де, қасындағыларға ескерте бастайды. Құдайдың құдіретімен оның даусы Сүлеймен алейһиссаламға жетеді де, әскерін тежейді. Бұл жай қасиетті Құрандағы «Нәміл» сүресінің (құмырсқа) 17-19 аяттарында баяндалады. «17. Әрі Сүлейменнің жындардан, адамдардан және құстардан болған әскерлері топтарға бөлінген түрде (тізіліп) оның алдына жиналды. 18. Қашан олар құмырсқалар алқабына келгендерінде, бір аналық құмырсқа: «Ей, құмырсқалар! Илеулеріңе (тұрақтарыңа) кіріңдер. Сүлеймен және оның әскері сендерді байқамай таптап кетпесін!» деді. 19. Сонда ол (Сүлеймен) оның сөзіне жымиып күлді де: «Раббым! Сенің маған және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді әрі өзің разы болатын ізгі амалдар істеуімді көкейіме салып, нәсіп ет. Әрі мені Өз мейіріміңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз» деді». Ақиқат кітапта жазылған анық сөз құмырсқаның қасиетті жаратылыс екенін айтып береді.

Ал, мына бір баянда құмырсқа туралы былайша баяндалады. Сүлеймен алейһиссалам әрі пайғамбар, әрі патша болды. Ол ел басқарып тұрғанында елдің бекзадалары, ақсүйектері патшаға сыйлық апарады. Сонда бір құмырсқа да көштен қалмай, шегірткенің жұлынған бір

аяғын тістеп ханның сарайын бетке алып келеді екен. Жолай халық құмырсқадан «Қайда барасың?» деп сұрайды. Сонда құмырсқа оларға «Сүлеймен алейһиссаламға сыйлық апара жатырмын» деп жауап қайтарады. Олар құмырсқаға қарап «Көптеген ақсүйектер мен бекзадалар алуан түрлі сыйлықтар апарып жатыр, сенің шегірткеңнің аяғына кім қарайды?» дейді. Сонда құмырсқа «Олай демеңдер. Сүлеймен алейһиссаламға сыйлық әкелгендердің аттары бір тізімге жазылады, мен де өз атымды сол тізімге жаздырамын. Ол жерде кім келді, кім келмеді деп тізімге қаралады» деген екен.

Сонымен қатар, тұңғиығында талай інжу-маржан дүниелерді сақтаған шығыс ертегі, аңыздарында да құмырсқалар ту-ралы біраз айтылады. Бір ғана «Сүлеймен патша мен Мәзере құмырсқаның хикаясының» өзі керемет дүние. Осы бір елеусіз жәндік жайлы біз кейде аса көп ойланбаймыз. Негізінен құмырсқалар жайлы қызықты деректермен қатар аңыз-әңгімелер, көлемді шығармалар көп. Өзінен екі есе үлкен нәрсені арқалаған бейнеткеш тіршілік иесінің тірлігі шынын-да таңданарлық. Зерттеулерге сүйенсек, олардың сезім мүшелері жоғары деңгейде дамыған деседі. Кейінгі кезде ғалымдар құмырсқаның сөйлейтіндігі жайлы да ай-тып жүр. Расында, құмырсқаның өзіне тән тілі мен өзіне тән тіршілігі бар екені күмән тудырмайды. Мұны жоғарыда келтірілген Құран қиссаларынан және аңыз-әңгімелерден де көруге болады. Бүгінгі күнге дейін жер бетінде құмырсқаның он мыңға жуық түрі анықталған екен.

ҚОЛӨНЕР

ӘЛЕМДІ ШАРЛАҒАН КІЛЕМШІ

Қазақтың түкті кілемі қолөнерге, мұраға құрметі ерекше жандардың төрінде әлі де ілулі тұруы мүмкін.

Айтпағымыз, сонау жетпісінші жылдардан бері қарай өңірде кілем тоқуды қолға алған жандар бүгінде

тынымсыз тер төгуде. Солардың бірі Сырдария ауданына қарасты Айдарлы

ауылында Роза Әлбатырқызы бастаған шеберлер тоқыған кілемдер Англияға, Италияға тапсырыспен жөнелтілуде.

Қайсыбір жылдары БҰҰ мен ЮСАИД қорының арнаулы грантын жеңіп алған Роза апай жарты әлемді шарлап келді.

налып, көз талатын машақаты мол жұмысқа махаббатпен кіріскен ол қыр-сырына әбден қанықты. Қайсыбір жылдары ауданда біраз қызмет атқарған Балшекер Өтегенова бастап, кілемшілікке жастар-ды оқытпақ болды. Роза Әлбатырқызы еш қарсылық танытпады, қайта қуанды. Оқыту курсы алты ай жұмыс істеді де кесе-көлденең шыққан кедергілерден ойда-жоқта тоқтап қалды. Әйтпесе, кім біледі, бүгінгі жастың ішінен талай кілемші шығар ма еді?! Бірақ оқыту орталығы болмады деп қамықпады. Икемі мен ынтасы бар жастарды алып, баули бастады. Өздері ашқан шеберханаға тіркей берді.

– Қазір кілем тоқығанмен, өткізу жағы қиындау. Көз майыңды тауысып, тоқисың. Екі ай еңбегің өтелсе, жақсы. Англиядағы үлкен бір оқу орнынан тапсырыс келеді. Алматыда тұратын Рая апамыз оны ұйымдастырады. Осылайша бірнеше кілемді ағылшындарға жіберіп жатырмыз. Олар өнерімізге тәнті. Карантин басталмас бұрын он кілемге тапсырыс келген. Сосын өткен жылы итальяндық ерлі-зайыптылармен кездесіп, олар биыл да келетінін айтқан. Біз дің кілемдерге тапсырыс осылай шетелден келеді,– дейді шебер.

Ресейде жіп иіретін электронды аппарат бар. Жүн жақсы бол-са, сапалы жіп шығарады. Шебер оны да қолға түсірмек көрінеді. Әйткенмен, бәрі қаражатқа келіп тіреледі ғой. Әзірге кілемді қоя тұрып, жайнамазды көбірек тоқиды. Өйткені, сұранысқа сай жұмыс істеп жатыр. Ал кілемге тапсырыс келсе, дереу кіріседі.

Роза Әлбатырқызы: «Менікі ұлтымның ұлы өнері жоғалмаса екен деген ой. Әйтпесе, той-томалақтың төрінде басқа кемпірлер сияқты жүрмеймін бе?», дейді жымиып.

Иә... Бойда қуат барда халқымның қамы деп еңбек еткен анаға қалай разы болмайсың?!

Д. ҚЫРДАН.Қызылорда облысы.

КӘСІБІ НӘСІБІ

Қазіргі нарықта былғарыдан жасалған кәдесыйларға сұраныс бар. Сондықтан заманауи әмиян, белдік пен қолдорбаларды дәстүрлі оюмен өрнектеп, таза былғарыдан кәдесый жасайтындардың

қатары жыл санап көбейіп келеді. Олардың біреулері қолөнермен ерте жастан айналысса, енді бірі оны оңай меңгеріп, кәсібін

дөңгелетіп әкеткен. Солардың бірі былғарыдан бұйым жасауға машықтанған кейіпкеріміз Ербол Жақыпұлы тиімді әрі пайдалы

этнобизнеске қалай келгенін әңгімелеп берді.

САНҒА ЕМЕС, САПАҒА ЖҰМЫС ІСТЕЙМІЗ

Ербол ұлттық нақыштағы бұйымдарды нарыққа шығару, оған тұтынушылардың сұранысын арттыру оңай емес екенін айтады. Кез келген кәсібіне әр беретін ұлттық ою-өрнектер екенін жасырмай айтқан Ербол Алмағамбет алдынан қандай қиындық тар кездессе де, бұл кәсіптен бас тартпайтынын алға тартты.

– Бұйырса жалпы тәжірибелі дәрігер болу ойда бар. Бірақ «жігітке жеті өнер де аз» деген ұстаныммен өмір сүремін. Бұл – кәсіп. Қаншама адам осы этнобизнестен пайда тауып отыр. Біз мемлекеттік бағдарламаларға қатысып көргеніміз жоқ. Бірақ мемлекет бізге не береді деп қол қусырып отырудан аулақпыз. Біреуге пайдамыз тисе қуанамыз, әрине.

Бүгінде ұлттық оюмен көмкерілген өнімдеріне тек Шымкентте ғана емес, өзге өңірлерде де сұраныс жоғары. Дегенмен, кәсіпкер саннан бұрын сапаға баса назар аударатынын және әрбір бұйымның дизайны, стилі ерекше болғанын қалайтынын ай-тады.

– Санға емес, сапаға жұмыс істейміз. Сұраныс көп екен деп, қаптатып өнім шығара бергім келмейді. Баппен, байыппен тұтынушыларға сапалы дүние ұсынғым келеді. Бұл мақсатымнан еш уақытта тайған емеспін, – деп түсіндірді жас кәсіпкер.

Мегаполисте Ерболдай қолы алтын, мамандығына адал, еңбекқор жігіттердің көпті-гі қуантады. Теріні кәдеге жаратып, кәсібін дөңгелете білген жас кәсіпкердің өнімдері алдағы бес-он жылдықта брендке айналары сөзсіз.

А. ЖАППАР.Шымкент қаласы.

КӘСІПКЕР

ӘЙГЕРІМНІҢ АЛАР АСУЛАРЫ ӘЛІ АЛДА

Әйгерім Зиябек – белсенді һәм іскер жастардың бірі. «AIGERIM ZIYABEK» қыз-келіншектерге арналған киім

дүкендер желісінің негізін қалаушы.

Page 4: ST - adm.zhambyl.gov.kzadm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2020/04/salyk-tartibi-43.pdf · Төтенше жағдай кезінде әр салада жауапты қызметте

4 №43 (1174) 21 sáýіr 2020 jyl TS

«Жазылым - 2020» науқаны жалғасуда.

«SALYQ TÁRTІBІ» газетінен

қол үзіп қалмаңыздар!

Жазылым бағасы жеке тұлғалар үшін:6 айға - 3046,62 теңге,

12 айға - 6093,24 теңге. Заңды тұлғалар үшін :6 айға - 3556,62 теңге,

12 айға - 7113,24 теңге.

БАСПАСӨЗ-20202020 жылға жазылым

жалғасуда. Жазылымды «Қазпошта» АҚ-ның кез

келген байланыс бөлімшесінен рәсімдей аласыздар!

Құрметті оқырман қауым, сүйікті «SALYQ TÁRTІBІ»

басылымынан қол үзіп қалмаңыздар!

AQPARAT

Тапсырыс 251

080003, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 36 «Б»

БАС РЕДАКТОР

Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігінің

Ақпарат комитетінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда қайта тіркеліп,

№17405-Г куәлігі берілген.

Басылым аптасына 3 рет шығады

«САЛЫҚ ТӘРТІБІ» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ғалым ҚАСАБАЙ

Мақала авторларының пікірлері редакцияның

көзқарасына сай келе бермеуі мүмкін. Қолжазбаға пікір

айтылмайды және авторға қайтарылмайды.

ГАЗЕТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ТАРАЙДЫ

ГАЗЕТ «Қанатты қалам әлемі» ЖШС-нің баспаханасында теріліп, басылады

Электрондық сайтымыз:

Таралымы 27 000Апталық таралымы 81 000

080003, Тараз қаласы,Төле би көшесі, 36 «Б»

тел.: 8 /7262/ 45-34-52,факс: 43-56-97

www.salyq-gazet.kz

TSqoǵamdyq-saıası

ekonomıkalyq gazet

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ-сі аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық ко-мис сияның отырысының кворумының жоқтығына байланысты 2020 жылғы 17 cәуірде өтетін конкурстың жойылатынын хабарлайды.

КГУ «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области» сообщает, конкурс по закреплению охотничьих угодий расположенных на территории Жамбылской области от 17 апреля 2020 года отменяется из-за отсутствия кворума заседании комиссии.

Қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстар адамзат қоғамының әр дәуірінен мол ақпарат береді. Сол арқылы қоғамның әлеуметтік-экономикалық, отбасылық, этно-мәдени қарым-қатынасы жөніндегі мәліметтерге қол жеткізе аламыз. Жәдігерлердің осын-шама уақыт бүлінбей сақталғанының өзі таңғаларлық құбылыс.

Қыш (керамика) адамзат тұрмысында алғашқы қолданыста болған материал-дар қатарында. Балшықтан түрлі бұйым жасап, оның беріктігін арттыру үшін күйдіру ісі мезолит, неолит дәуірлерінде пайда болып, содан бері тоқтаусыз даму үстінде.

Бүгінде М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің қорында қола, темір дәуірі мен орта ғасырларда тұрғындар тұтынған 50-ге жуық қыш құмыра бар. Құмырада құпия көп. Бұл жәдігерлер сырттай қарағанда қарапайым зат болып көрінеді. Ал жүйелеп ойлаған жетелі адам құмыраның қадір-қасиетін қиналмай-ақ ұғып, біле алады. Саз балшықты жады мықты, тілін тапса сөйлей жөнелетін тірі ағза десе болады. Ол ғылыми тұрғыда дәлелденген. «Құмыралар сөйлейді» дегенге кім сен-

Қолыма екі түйір құрт іліккені. Ауызға атып ұрып едім, әлдекімді дәлдеп ұрсаң, көзін шығаратындай тастай екен. Әрі-беріден соң тіске де салып көргенмін. Болмады. Екі ұртқа кезек-кезек аунатып қойып, осы құрттан туған хикаяны жаза бастадым ал. Әй, өзі де біраз ермек болды. Сағат сайын темекі тістелейтін ауыз шіркіннің де іші пыспады ау бұл жолы...

Бұл қай жылы екені есімде жоқ, әйтеуір бала күнім. Бастауыш сынып-тамын. Жаңа жылға тұп-тура бір апта қалған уақытта Бейбітгүл ұстаздың тапсырмасы мынау болды:

– Жақында кластың шыршасы болады. Ата-аналарыңа айтыңдар. Әр бала өз сыйлықтарын жасайды. Соны әкеліп

Екі аптаға жуық қазақстандық оқушылар, педагогтар жалпы білім беру жүйесі үлкен төңкерісті бастан кешіріп келеді. Яғни, қашықтан оқуға төселе бастады. Дәл қазіргі уақытта бұл – әлем елдері қолданып отырған жүйе. Онлайн-конференцияда қашықтан оқыту қанша қиындықпен басталса да, оның алдағы күндердегі артықшылықтары мен қазіргі кем-шіліктерін сарапқа салды.

Айта кетерлігі, отандық білім беру жүйесі үлкен өзгерістер алдында тұр. COVID-19 вирусының таралуына байланысты әлемнің 167 елі сияқты Қазақстанға да қысқа мерзім іш-інде қашықтан оқыту форматына көшуге тура келді. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл процесті тек қана сынақ емес, үлкен мүмкіндік деп атады.

«Білім беру жүйесі өзгереді, басқа жол жоқ. Мазмұнына да өзгерістер енгізу қажет. Нақты регламенттер мен стандарттардан гөрі неғұрлым икемді әрі жекеленген стандарттарға көшу керек. Қандай да бір тапсырманы орындағанда, біріншіден, халықаралық тәжірибеге сүйену қажет. Өзге елдердің қандай проблемаларға тап болғанын және оларды қалай жеңіп шыққанын зерттеу керек. Қашықтан оқыту аясында геймификация элементтері, квиздер, цифрлық білім беру ресурстары болуы тиіс. Барынша жекеленген болуы керек. Шын мәнінде, біздің ұмтылысымыз – осы», деді Асхат Аймағамбетов.

«ҚҰМЫРАЛАР СӨЙЛЕЙДІ» ДЕГЕНГЕ КІМ СЕНГЕН?

Өткенге көз жіберіп, ұлтымыздың тарихта алатын орны қандай деген сауалға жауап іздейтін

болсақ, ауыз толтырып айтарлық қаншама құнды қазынамыздың бар екенін білеміз. Соның бірі - қыштан

жасалған ыдыстар.

ген? Әйтсе де олардың әрбірінің өз дәуірі, сол замандағы адамдардың тіршілігі жөнінде сыр шертері анық.

Саз балшықтың қасиеті мұнымен ғана шектелмейді. Ол отқа да өте төзімді. Мәселен, қас-қағымда сан мың шақырым қашықтыққа заулайтын зымырандар моторының саз балшықтан жасалған ке-рамикадан құйылатынын біреу білсе, біреу білмес. Себебі, мыңдаған градус ыстық шығаратын ғарыш кемесінің моторында жанған отқа ешқандай темір заты төтеп бере алмай балқып кетеді. Ал керамика, керісінше, оттың қызуы күшейген сайын қатая түседі. Қазіргі компьютерлер мен флешкалардың еске сақтау «мишығы» - жадысы да осы саз балшықтан істеледі. Сәт сайын мыңдаған ақпаратты жинақтап, қайта таратуға саздан жасалған мишықтар ғана қабілетті екен.

Саз балшықтың құрамы зиянсыз. Ол өзінің табиғи өнім екенімен де айрықша. Адам физиологиясы кальцийді топырақтан алады. Ал саз құрамында 60 пайызға дейін кальций элементі бар. Балаға балшық илету арқылы көптеген психо-физиологиялық аурулардың алдын алуға болады. Бұл қазақы тәсіл-мен де астасып жатыр. Сондай-ақ, сазбалшық күшті антибактериялық қасиетке ие. Оның құрамындағы радий элементі ағзамыздағы зиянды заттарды ыдыратуға көмектеседі. Өз кезегінде қыштан жасалған ыдыстарды қайта жаңғыртып, пайдаланудың адам денсаулығына өте пайдалы екенін айта кеткім келді.

Ж. ТАУЕТОВА.Алматы облысы.

ӨМІР ӨРНЕГІ

АПАМНЫҢ БЕРЕКЕСІ– Ондай емес! Апам түсінбей әлек. Мен

быжырықтатып, мұғалім айтқан тапсыр-маны әйтеуір түсіндірген болдым.

– Ә-ә, – деді апам. – Ақұдай-ау, соны да жыр қылады бұлар. Тамағыңды іш те, сабағыңды оқы. Ертеңгісін өзім дайындап қоямын падаркіңді.

Осылай деген апамның қулана күлгені есімде.

Сол түні қалай болғанын білмеймін, ертеңіне қағаз қалтаға сықап толтырылған жаңажылдық сыйлықты апайыма әкеп тапсырғанмын. Ішіндегі сол кездегі вафли, «Пикник» деп аталатын пешенайды, «Албени», коржик, пряниктің дәмін елестетудің өзі қызық еді. Жан

ра енді, Ежөк! (Айтпақшы, осы жазбаны жаза бастағалы ауызға тоғытқан манағы құрт әлі сол күйінше, қап-қатты, сірә, балталасаң ғана күйсеп жеуге болатын сияқты).

Хикаяның қызығы кеп қалды. Үйге жеткен соң, сыртына Қожасов деп «пламастірмен» сүйкете жазылған апайдың жазуын бір оқып шықтым-дағы, қағаз қалтаны абайлап аша баста-дым. Енді ше?! Абайламасаң, ішіндегі бар тәттінің қызығы болмай қалатын сияқты. Міне, аузы ақ жіппен түйілген қалтаның бірінші сыйлығына қолым жетті. Жо-жоқ. Мүмкін емес. Қолға іліккені екі түйір аппақ құрт. Кәдімгі апамның өзі істеген құрты. Қисық мүйіз қара сиыр мен шұбар бет ала қашардың сүтінен дайындады ғой осыны. Бәлкім, тәттілер қалтаның түбінде шығар. Ары қарай ақтара түстім. Қайдағы? Одан кейін жаздай қайнатқан жәмбілше мен қазақы қауынның құрты. Күләбі мен шытырлақ қауыннан өрілген қақ. Ірімшік. Қайдан адасып түскенін білмеймін, Қазалының ащы кәмпиті де осында жүр. Ызадан өкіріп жылап жібердім. Жыламай қайтейін, екі күн қиялымдағы тәттілер алдымнан шықпаса...

Қазір ше? Ержеттік. Есейдік. Тақырбас күйден шаш қойып, тарақ ұстайтын хал-ге жеттік. Балалықпен отбасы жағдайын сол кезде ұға қоймаппын. Жалғыз апамның зейнетақысы азық-түлікке жетпегенде, менің жаңа жылдық «пәдаркіме» қайдан жетсін?! Сол уақыттағы қиындық, тәуелсіздіктен кейінгі ел тұрмысының күйзелісте болуы біздің үйді де айна-лып өтпеген. Сонда да апам өз қолымен дайындаған сыйлығын жек көріп, жер тепкілеп жылағаным қалай?! Мен мұның дұрыс емесін тым кеш ұқтым. Тым кеш білгенмін.

Кешірші, апа! Сол күні өбектеп, жаның қалмай, алдағы зейнетақыңнан бар тәттіні алып беруге уәде еткенсің. Әрі оны орындадың да. Тентек ұлдың кейіннен жорналшы болып, осылай естелік жазарын ол кезде кім білсін, бірақ, бүгін мына қолға түскен қос құрттан кейін өзіңді шын сағыныппын ғой. Күнделікті тырбаңмен кей-кейде жаман ұл сені ұмытса да, сенің ана «ауылда» жүріп-ақ менің тілеуімді тілейтініңді білемін. Жаның жәннатта болсын, жан апа! Әрдайым дұғамдасың!

Айтпақшы, сол кездегі майлы құрт та, қазан түбіндегі қаспақ, қаймаққа шыланған талқан, жаздай қайнатылған қауынқұрт, тілінген қақ... Мұның бірі де қалмады. Апамның берекесі еді ғой бұлар.

Е. ҚОЖАС.Қызылорда облысы.

тапсырасыңдар.Апай айтқан соң, сабақтан соң

салып ұрып үйге жеттім. Әншейінде мұзды арықты жағалай, былғары сөмкені шана етіп, төбеден сырғанап, ойын шіркіннің есін тандыратын Ежөктің (бұл үйдегілердің атауы) мектептен ерте оралуы үйдегілерге Меккеден келгендей әсер етті.

– Әй, біреумен төбелескеннен саумысың? Танауың таңқиып. Алақ-жұлақ етіп, бірдеңе бүлдірген ғой тағы. Әлде сабақтан қаштың ба?! – Есіктен апамнан бұрын үлкен тәтемнің даусы қарсы алды мені. Ашулы болғанмен оның апамнан бата қоймайтынын білетін мен, бірден солай қарай жылыстай жөнелдім. Мұндайда қожаның қызы Сары кемпір қорғаныс министрінен кем емес.

– Апа, – дедім жанына жете сыбырлай сөйлеп. – Маған падаркі керек.

– Өй, құдай, саған күнде падаркі бар ғой. Сөйтті-дағы ішкі қалтасын ақтарып, Қазалының ащы кәмпитін шығара берді.

Клод Вандам мен Шварцнегердің суреті бар наклейкалы сағыздарды қиялыммен шайнағанымды қалай ұмытайын?!

Қош, күткен Жаңа жылың да келді. Мерекелік ертеңгілікті бастап кеп жібердік. «Аппақ, аппақ, жапалақтап, Қар жауады тынбастан» деп сарнатып ән салып, қол ұстасқан күйі шыршаны айна-лып та алдық. Шырша демекші, кәдімгі көше беттегі қара талды мектептің ұстасы Марат аға түнеугіні балталап жатқан. Бір білсем, соны спорт залдың қақ ортасына тікейте салған сияқты. Кезек жаттаған тақпаққа келді. Не айтқанымды анық білмеймін, әйтеуір төрт жолды өлеңді судыратып өте шыққаным есімде. Қазақы шапанды киіп, ақ мақтамен бет-аузын көмкеріп алған, жоғары сыныпта оқитын көрші Кәлдік-Қанжарбектің Аяз ата екенін күні бұрын білетін менің бар ойым сыйлықта. Құмардан шығып, сілейте бір тою. Балалық-ай...

Мереке аяқталған соң, сыйлықты сөмкеге тыға салдым. Ал үйге қарай зымы-

ХАБАРЛАНДЫРУ

ОБЬЯВЛЕНИЕ

ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен онлайн-конференция өтті. Оған елімізге танымал IT

сарапшылары мен отандық білім беру жүйесінің өкілдері қатысты.

Қашықтан оқытудың бірінші артықшылығы, оның маңыздылығы, білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттыруға септігін тигізсе, алдымен оқушының ұтар тұсы сол болмақ.

ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Рүстем Биғаридың айтуынша еліміздегі білім беруде жаңа форматқа көше отырып, халықаралық ұйымдар ұсынған нұсқаулықтарды негізге алып шаралар қабылдаған. Әлем елдерінің мектептері осы нұсқаулыққа сүйенген. Яғни телесабақтардың көмегіне жүгіну. Мысалы, Грузияда оқушылардың 30 пайызы ғана ғаламтормен қамтылған, жалпы оқушылар телесабақтарды қарау арқылы оқыса, Латвия, Бельгияда видеосабақтарды телеарна көмегімен қолданып отыр.

«Біз аталған ерекшеліктерді қабылдай отырып, теледидарды пайдалануды шештік, телесабақтарды түсіруді бастадық. Қазір біз басқа елдердің интернет жүйесі «стриминг-терге» шыдамай, видеосабақтар түсіре бастағанын байқап отырмыз. Сондықтан біз теле-дидар, интернет ресурстары – онлайн және оффлайн платформаларын, сондай-ақ пошта қызметтерін пайдалануды шештік. Кейбіреулер бізді сынға алып, пошта қызметтерін пай-далану туралы шешім дұрыс емес деп жатыр. Бірақ, кері байланыс үшін біз электрондық поштаны да, «Қазпошта» қызметін де пайдалануға мәжбүрміз», деп атап өтті министр.

ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңес шісі Бағдат Мусин Білім және ғылым министрлігіне трансформациялаудың қамын ойлайтын, жал-пы білім беру саласына цифрлық әлемнің қалай әсер ететініне талдау жүргізіп отыратын digital-офис қажет екенін айта келе, «Біз карантиннен кейін бірнеше пәнді тек цифрлық форматта қалдыруымыз керек. Бұл – менің ұсынысым. Бүгінгі күні ҚР БҒМ-нің цифрлық білім беруге көшкенін көріп отырмыз», деді. Спикердің пікірінше, қазіргі заманда мұғалім контентті, қажетті материалдарды оқушылар цифрлық форматта қабылдай алатындай етіп дайындауы тиіс.

Онлайн-пікірталастың тағы бір қатысушысы – Қазақстан интернет-қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров балалардың цифрлық сауаттылық деңгейі ересектерден әлдеқайда жақсы екенін атап өтті. «Балалар, тіпті олар IT-саласын немесе онлайн оқытуды білмесе де, оны ауадан алады. Балаға шынымен екі-ақ күн жетеді, ол бәрін үйреніп алып, администратор боп отырады», деді Шавкат Сабиров.

Онлайн-конференция барысында белгілі болғандай, қысқа мерзім ішінде жергілікті атқарушы органдар мектептердің балансында болған 250 мың компьютерді уақытша пайдалануға беріп үлгерген.

Қорыта келе, қиындықтан шығар жолды сол күрделі кезеңнің өзі көрсетіп берген-дей. Ал енді интернет желісі жоқ шалғай жер тұрмақ, елорда түбінде тұрған ата-аналар мен мұғалімдердің өзінде қашықтан интернеттің көмегімен қалай оқыту керектігі жай-ында дұрыс түсінік болмағаны рас. Екі апталық жұмыстың нәтижесі көрсетіп отырғандай қашықтан оқытуды тек ғаламторға ғана байлап қоймай, жан-жақты бағытын қарастыру арқылы еліміздің оқушылары сабақтан қол үзбек емес, тек оқушы өзі және ата-ана ниетті болса болғаны.

Г. АБАЙҚЫЗЫ.Нұр-Сұлтан қаласы.