psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ...

27
БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихы. Грамматикалық тақырып: Мезгіл, мекен үстеулері. Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның басқа елдермен байланысы туралы мәлімет беру. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тілі тарихы Қазақ тілі білімі — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И. Ильминскийдің “Материалы к изучению киргиз- казахского наречия” деген еңбегінде ұшырасады. Бұл — қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А. Терентьевтің “Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская” (1875), П.М. Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казах-киргизского языка” (1894‚ 1897) ‚ В.В.Катаринскийдің “Грамматика киргизского языка” (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикография жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді (А.Е. Алекторов, “Краткий казахско-русский словарь”‚ 1891; “Начальное руководство к изучению арабского‚ персидского и татарского языков с наречиями бухарцев‚ башкир‚ киргизов и жителей Туркестана”‚ 1869; Т.Бокин “Русско-киргизский словарь”‚ 1913; Н.И. Ильминский “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия”‚ 1861, т.б.). Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912 — 29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930 — 88) болып екіге бөлінеді. Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл — құрал” атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады. Әліппе мен емле. 19 ғ-дың 2-жартысында Ыбырай Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді. Бұл орайда ғалым қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын, тілдің фонологиялық ерекшеліктерін айқындап шықты. Байтұрсыновтың Қазақ тіл білімінің фонетика, фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов еңбектерінде жалғасын тапты. Грамматика. А .Байтұрсыновтың оқулықтары, мақалалары қазақ тіл білімінің грамматика саласының қалыптасуына да негіз болды. Ғалым сөз жүйесі мен түрлері, сөйлем жүйесі мен түрлері деп атаған оқу құралдарында қазақ тілінің морфология, синтаксис салаларын арнайы зерттеп, оқушыларға түсінікті де жеңіл тілмен жеткізуге тырысты. Осы еңбектер арқылы сөз тіркесі, сөйлем, бастауыш, баяндауыш, зат есім, етістік, толықтауыш, т.б. атаулар қалыптасып‚ тұрақталды. Байтұрсыновтың грамматика саласындағы еңбектерінде функционалды грамматика, сөзжасам мәселелері де сөз болды. Ғалымның сөзжасамға қатысты тұжырымдары кейінгі еңбектерде дамытылды. Лексика-грамматикалық тапсырмалар.

Transcript of psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ...

Page 1: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

БІРІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихы.

Грамматикалық тақырып: Мезгіл, мекен үстеулері.

Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет береотырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу.Қазақстанның басқа елдермен байланысы туралы мәлімет беру. Мәтін негізіндесөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеудағдыларын қалыптастыру.

Қазақ тілі тарихы Қазақ тілі білімі — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімініңтарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тілбілімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгікезең 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысытуралы алғашқы мәліметтер Н.И. Ильминскийдің “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия” деген еңбегінде ұшырасады. Бұл — қазақ тілінің кейбіререкшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А. Терентьевтің“Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская” (1875), П.М.Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казах-киргизского языка” (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің “Грамматика киргизского языка” (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді.19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикография жұмыстары қауырт қолғаалынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді (А.Е.Алекторов, “Краткий казахско-русский словарь”‚ 1891; “Начальное руководство кизучению арабского‚ персидского и татарского языков с наречиямибухарцев‚ башкир‚ киргизов и жителей Туркестана”‚ 1869; Т.Бокин “Русско-киргизскийсловарь”‚ 1913; Н.И. Ильминский “Материалы к изучению киргиз-казахскогонаречия”‚ 1861, т.б.). Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі а) қуғын-сүргінгедейінгі кезең (1912 — 29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930 — 88) болып екігебөлінеді. Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсыновтыңесімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл — құрал” аттыеңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөзболады. Әліппе мен емле. 19 ғ-дың 2-жартысында Ыбырай Алтынсарин қазақ жазуын орысграфикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында Байтұрсынов қолданылыпкелген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді. Бұл орайда ғалымқазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын,тілдің фонологиялық ерекшеліктерін айқындап шықты. Байтұрсыновтың Қазақ тілбілімінің фонетика, фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары Е.Омаров,Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов еңбектерінде жалғасын тапты. Грамматика. А .Байтұрсыновтың оқулықтары, мақалалары қазақ тіл білімініңграмматика саласының қалыптасуына да негіз болды. Ғалым сөз жүйесі мен түрлері,сөйлем жүйесі мен түрлері деп атаған оқу құралдарында қазақ тілінің морфология,синтаксис салаларын арнайы зерттеп, оқушыларға түсінікті де жеңіл тілмен жеткізугетырысты. Осы еңбектер арқылы сөз тіркесі, сөйлем, бастауыш, баяндауыш, зат есім,етістік, толықтауыш, т.б. атаулар қалыптасып‚ тұрақталды. Байтұрсыновтың грамматикасаласындағы еңбектерінде функционалды грамматика, сөзжасам мәселелері де сөз болды.Ғалымның сөзжасамға қатысты тұжырымдары кейінгі еңбектерде дамытылды.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар.

Page 2: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

1-тапсырма.Мәтінді түсініп, оқыныз.2 тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз. 3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.4 тапсырма.Осы мәтін туралы өз ойыңызды білдіріңіз.Еске түсірейік:

Іс әрекет, қимылдың, заттыңсынының түрлі белгілерінбілдіретін сөздердіңлексико

грамматикалық тобыүстеу депаталады.Мағынасынақарай 8 түрі бар.

Мезгіл үстеу (қашан?Қашаннан?)

бүгін, жаздыгүні, анда санда,былтыр,жуырда,күнара, кейде, әуелде т.б.. Ертеояндым, жете алмадым(Абай).

Мекен үстеу (қайда?қайдан?)

әрі, бері,жоғары, төмен,алға, артқа,мұнда, сондат.б.. Ілгері басқан жастыкері қайтқан кәрі кейінтартады(мақал).

ЕКІНШІ САБАҚЛексикалық тақырып: Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдарГрамматикалық тақырып: Септік категориясыМақсаты: Берілген мәтін арқылы студенттерге қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдары туралы мәлімет беру. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Page 3: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдар

Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді.Мәулен Балақайұлы Балақаев— қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым. Балақайұлытыңғылыми-зерттеген еңбектері қазақ тілі ғылымының грамматика, емле, терминология, тілмәдениеті, стилистика тәрізді өзекті мәселелеріне арналған. Балақайұлы орта мектептерге,жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене атсалысты.М. Балақайұлы 150-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 20-ға жуық кітаптармен монографиялық зерттеулердің авторы. М. Балақайұлының «Жай сөйлем синтаксисі»деген докторлық диссертациясы тіл білімі тарихындағы жаңалық ретінде жоғарыбағаланды; әсіресе, «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы – синтаксистің салаларын ғылым тұрғыдажүйелеп, оның құрылымдық қызметін терең зерттеген еңбек. Балақайұлы «Қазақ тіліндегісөз тіркесінің негізгі типтері» деген монографиясында синтаксистің дербес саласы ретіндесөз тіркесін алғаш зерттеді. Еңбектерінің бірқатары қазақ әдеби тілінің дамуы мен көркемәдебиет тілін зерттеу мәселелеріне арналған. «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары»деген монографиясы үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986) атағыберілді. Мархабат Томановтың “Қазақ тілі тарихи грамматикасының мәселелері” (1974),“Түбірлердің дамуы туралы мәселеге” (1974), “Үстеулердің тарихынан” (1975), “Тарихиграмматика мәселелері” (1975 ж. екінші авторы – Т. Қордабаев), “Көне түркі жазуының(Орхон-Енисей) ескерткіштері” (1963), “Махмуд Қашғари (ХІ ғ.)”, “Махмуд Қашғари түркітілдерінің фонетикалық құрылымы туралы” (1971), “Тарихи морфологияны зерттеуде көнемұраларды пайдаланудың принциптері туралы” (1976), “Көне түркі жазба ескерткіштері –қазақ тілі морфологиясының тарихын зерттеудің көзі болып табылады” (1977) сияқтытуындыларының әрқайсысы өз алдына бір күрделі мәселенің ауыр жүгін арқалап тұр.“Қазақ лексикографиясының алғашқы нұсқасы” (1968) деп аталатын тарихи сөздіктануғаарнап жазған мақаласынан бастап, М.Томанов орысша-қазақша сөздіктерді құрастыруғаатсалысты. Олардың ішінде екі тілді құрылыс, архитектура, физика, астрология, заң,педагогика, психология салаларына арналған салалық терминдер сөздігі бар. Көптегентерминдік сөздіктерге алғысөздер жазып, басылып шығуына мұрындық болды.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар1-тапсырма.Мәтінді түсініп, оқыныз.2 тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз. 3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.4 тапсырма.Осы мәтін туралы өз ойыңызды білдіріңіз5-тапсырма. Берілген сөздерді септеңіз.

Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс КөмектесҚұрылықҚоғамдастықЕлшілікКеңесБеделӨркениет ҮШІНШІ САБАҚ

Page 4: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

Лексикалық тақырып: Қ.Жұбанов жасаған қазақ тіл білімі теориялары.

Грамматикалық тақырып: Септеулік шылаулар

Мақсаты: Берілген мәтін арқылы студенттерге қазақ тіл білімінің негізін салушы Қ.Жұбанов туралы мәлімет беру.Ғалымның ғылыми еңбектері туралы айту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Қ.Жұбанов жасаған қазақ тіл білімі теориялары Жұбанов Құдайберген Қуанұлы (19.12.1899, Ақтөбе облысы, Темір ауд. – 25.2. 1938)– тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры (1932), түркітанушы, педагог.Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. Араб, парсы, орыс,латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгереді. Жұбанов тіл білімі мәселелерімен 1920 жылдан бастап шұғылдана бастады. Ол қазақмектептері мен жоғары оқу орындары үшін қазақ тілін оқыту бағдарламаларын жасап,оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазды. Сондай-ақ, оның “Қазақ тілінің ғылымиграмматикасының материалдары” (1-том), “Фонетика” (орыс тілінде), “Қазақ тіліфонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе”, “Қазақ тілінің ғылыми курсы жөніненлекциялар”, “Буын жігін қалай табуға болады”, “Қазақ тілінде біріккен сөздің жазылуы”,“Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі”, “Жаңа грамматиканың жаңалықтарыжайынан”, т.б. іргелі ғылыми жұмыстары қазақ тіл білімін қалыптастыруға қосылғанелеулі үлес болды. 20 ғасырдың 20 – 30-жылдарында Жұбанов қазақ халқының рухани-мәдени өмірінде саяси-әлеуметтік, халықтық мәні зор проблемалардың бірі – жазу, емле,термин мәселелерімен де шұғылданды. 1929 жылы Қызылордада өткізілген тұңғыш ғылыми-терминологиялықконференцияда Жұбанов қазақ тілінің емлесі жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстаржасады. 1935 жылы қазақ әліпбиі мен емлесін жақсартудың жобасын ұсынды. Ондахалықаралық және орыс тілінен енген терминдерді орысша жазылуына жақындатыптаңбалау, кейбір қосар дыбыстарды жалаң әріппен беру, біріккен сөзді қосып жазу туралыпікір айтты. Жұбанов 1933 жылдан саяси қуғын-сүргінге ұшырағанға дейін ҚазақстанныңМемлекеттік терминологиялық комиссиясының төрағасы болды. Бұл салада ол терминжасау ісіне мамандарды жұмылдырып, олардың дайындаған материалдарын ғылымитұрғыдан реттеп, жұртшылық талқысына салып, тәжірибеге енгізуді қадағалады. Жұбанов– 1935 жылы Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің съезіне Мемлекеттік терминкомныңатынан ұсынылған жобаның негізгі авторы. Ол ұсынған принциптер қазақтерминологиясын жасаудың үлгісі ретінде әлі күнге дейін қолданылып келеді. 1936 жылы ғалымның “Қазақ сөйлем мүшелерінің орны тарихынан” деген кітабыбаспадан шықты. Бұл кітабында ол қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің тарихын басқатүркі тілдерінен бөліп қарамай, өзі еркін игерген түркі халықтары тілдерін бір-біріменбайланыстыра зерттеп, тарихи салыстырмалы әдісті шебер қолданды. Бұл еңбегіменЖұбанов қазақстандық түркітану ғылымының қалыптасуына зор үлес қосты. “Ауылмұғалімі” (қазіргі “Қазақстан мектебі”) журналында мұғалімдерге арнап қазақ тілін оқытуәдістемесі туралы, кітапты қалай пайдалану, оқулықтағы материалдарды оқушыларғақалай нәтижелі игерту мәселелерін көтеріп отырды. Осы журналда “Жаңа грамматиканыңжақсылықтары”, “Шылаулар”, “Қос сөздер”, “Біріккен сөздер”, “Әдіс, бағдарламамәселелері”, т.б. мақалаларын жариялады. Жұбанов қазақ әдеби тілі мен музыкалық өнерітуралы да келелі пікірлер айтты.

Жұбанов тек ғылыммен ғана шұғылданып қоймай, Қазақстанның Оқу-ағарту халықкомиссариаты жанындағы әдістеме, бағдарлама, оқулықтар секторының меңгерушісіміндетін атқара жүріп, бар ынта-жігерін аз уақыттың ішінде қазақ мектептерін ғылыми

Page 5: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

негізде жазылған оқулықтармен қамтамасыз етуге жұмсады. Мұғалімдердің білімінжетілдіру курстарында, семинарларында дәріс оқып, ақыл-кеңес беріп отырды. Ол қазақтіл білімі мамандарын баулып, тәрбиелеуде де мол еңбек сіңірді. Республикадағы көрнектітіл мамандары М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Ә.Шәріпов, Т.Қордабаев, т.б. өздерінЖұбановтың шәкіртіміз деп санады. Жұбанов республикамыздың саяси-әлеуметтікөміріне де белсене қатысты. 1935 жылғы Қазақстанның мәдениет қызметкерлері съезін ұйымдастыру комитетініңтөрағасы, 1935 жылдан Қазақстан КСР ОАК-нің мүшесі болды. 1937 жылы жалған саясиайыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1957 жылы 3 қазанда КСРО Жоғарғы СотыӘскери алқасының шешімімен ақталды. Ақтөбе мемлекеттік университетіне, осықаладағы бір көшеге Жұбанов есімі берілген.

Еске түсірейік:

Шылау сөздер

1. Септеулік шылаулар

Меңгерілетін септіктер Септеуліктер1. Атау арқылы, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, бойы, бойда,бойынша, бойымен, сайын, үшін, ғұрлы, шамалы, шақты, қаралы.2. Барыс дейін, шейін, төмен, қарай, қарап, қарсы, салым, тарта, жуық, таяу.3. Шығыс бері, кейін, соң, бұрын, бетер, гөрі, әрі, басқа, бөлек, өзге.4. Көмектес қатар, бірге, қабат, қоса.

2. Демеулік шылаулар

1. Сұраулық демеуліктер -ма (ме, ба, бе, па, пе), ше.2. Күшейткіш демеуліктер -ақ, -ау, -ай, -да (де, та, те).3. Шектік демеуліктер -ғана (қана), - ақ, тек. 4. Болжалдық демеуліктер -мыс, (міс), - ау.5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері түгел, тұрсын, тұрмақ.6. Нақтылау мәнді демеуліктер қой (ғой), ды (ді, ты, ті)

3. Жалғаулық шылаулар1. Ыңғайластық мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да (де, та, те), және, әрі.2. Қарсылықты бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, өйткенмен, сонда да.3. Талғаулықты әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.4. Себеп-салдарлық себебі, өйткені, сондықтан.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Мәтінді түсініп, оқыныз.2 тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз. 3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.4 тапсырма.Осы мәтін туралы өз ойыңызды білдіріңіз5-тапсырма.Мәтіннен септеулік шылауларды табыңыз. 6- тапсырма. Берілген шылаулар арқылы сөйлем құрастырыңыз

мен,да,де,және ,бірақ, алайда,себебі,өйткені,неге десең,сол себепті.

7- тапсырма.Мәтінді әңгімелеңіздер.

Page 6: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

8-тапсырма. Екі қатардағы шылаулар мен сөздерді сәйкестендіріңіз. мен сайын өзім туралы мыңға кейін онға дейін түстен жөнінде сонымен жуық кешке тарта9-тапсырма. Берілген шылаулармен сөйлем құрастырыңыз.

Үшін:Сайын:Туралы:Арқылы:Шейін:Қарай:Гөрі:Бұрын:Соң:Қатар:Бірге: Қоса:

10-тапсырма. Жаңа сөздермен септеулік шылауларды байланыстырыңыз.

сөз өнері қарсы халықтың тұрмысы беріхандығымен туралыкезеңінен бойынша жыраулар поэзиясымен соңалғашқы өкілдеріне арқылыбұлардан бірге отаршылдыққа кейінағартушылық кезеңнен қатарбейнелеуден дейін жаңашыл ізденістер бұрын

ТӨРТІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Шетелдік білім негізі.Граматикалық тақырып: Етіс категориясы.Мақсаты: Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.Мәтінді оқып, аударыңыз.

Шетелдік білім негізі Шетелде тегін бала оқытудың тағы бір жолын бүгін Алматыда осымен алтыншымәрте шетелдің халықаралық білім беру мекемелері ұсынып отыр. Екі күн жұмыс істейтін«шетелде білім алу» деп аталатын халықаралық білім жәрмеңкесіне қатысушылар, жастарүшін грант негізінде, яғни тегін жолмен шетелде білім алу әдістерінің жай-жапсарыннасихаттауда. Шетелдің жоғарғы оқу орындарында білім алуға бел буған талапты жастарғақойылар шарттар әртүрлі:

Page 7: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

1. Талапкерлердің қаперіне сала кетейік, алдымен Қазақстан азаматы болуыңыз керек2. Баратын елдің тілінде емін-еркін сөйлегеніңіз абзал. Шетелде білім алуға үгіттейтіндердің

айтуынша, көбіне-көп ағылшын тіліне жетік болғаныңыз ескеріледі. 3. Техника саласына көңілі ауған білікті жастар халықаралық магистратуранымеңгеру үшін: еңбек кітапшасы, тіл меңгеру дәрежесін айғақтайтын «TOEFL» «IELTS»-тіңанықтама хатын, жоғарғы оқу орнын тәмәдәу туралы куәлігін, төлқұжаттың көшірмесін,резюменің 2 данасын әзірлеуі керек; 4. Құжат әзірлеуден тыс тағы бір шарт бар. Ол - жұмыс істеу қабілетіңіздіайқындайтын кәсіби біліктілік. Яғни, кемі үш жылға жуық мамандығыңыз бойыншажұмыс істеуіңіз керек. Құжаттар толық жиналған соң, қазақ-британ техникалық университетінеҰлыбританияға жіберіледі. Осы талапқа сай талапкерлер, мұнай-газ саласына қажеттімамандар Ұлыбританияның жоғарғы оқу орындарына түседі. Италиядан үйренері көп, себебі Италияда ядролық физика соңғы жылдары жылдамдамып кетті. Қазір қазақ жастары төрткүл дүниенің жер-жерінде білім алып жатыр. Озықтехнологияларды меңгергісі келетіндер АҚШ, Батыс Еуропа, Қытай, Жапон елдеріндебілімін жетілдіруде. АҚШ – тың білім беру жүйесі нашар деп ешкім айта алмайды.Экономикасы мықты елде оқыған жақсы. Оның сыртында Америкада оқығанның көмегікелешекте бәрі бір болады.Еске түсірейік:

1.Ырықсыз етіс: түбір + -ын, -ін,-н(страдательный) -ыл, -іл, -л2. Ортақ етіс: түбір + -с, - ыс, -іс(совместный)3.Өзгелік етіс: түбір + - қыз, -кіз, -гіз, -ғыз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -т4.Өздік етіс: түбір + -н, -ын, -ін

Лексика – грамматикалық тапсырмалар

1 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.2 тапсырма. Мәтіннен етіс категорияларының түрін анықтаңыз, құрамына қарай талдаңыз. 3 тапсырма. Мәтінді оқып, өз ойынызды білдіріңіз.4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етіс жұрнақтарын қойыңыз.Біз ұзақ әңгімеле...тік. Қошта...арда көзімізге жас ал...тық.Бұрын хат жаз...ып тұрғанбыз. Көр...пегелі көп болған.

Іс-әрекеттің ұзақтығының, созылыңқылығының берілуі (Обозначение продолжительности действия)

Қанша уақыт?

анықтауышсыз сәйкес анықтауышыменминут, сағат бір сағат бойыкүн, түн, кеш, таң күні бойы, түні бойы, кеш бойы, сәскеге дейін (целое утро), күнімен, түніменсейсенбі, сәрсенбі бүкіл сейсенбі, бүкіл сәрсенбіапта апта бойы, бүкіл апта, екінші апта бойыай, сәуір ай бойы, бүкіл апта бойы, бүкіл сәуір бойы

Page 8: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

қыс, көктем, жаз, күз қыс бойы, көктем бойы, жаз бойы, күз бойы, бүкіл күз бойыжыл жыл бойы, бүкіл жыл бойы, бірінші жыл, ұзақ жылсағат төрт сағат бойыай, жыл, ғасыр бүкіл айлар, ұзақ жылдар бойы, ғасыр бойыекі, үш, төрт жыл соңғы үш жылда, бүкіл жыл бойы, өмір бойы, бүкіл жол бойы, барлықканикул бойы, бүкіл сабақ бойы

5-тапсырма. Мағынасына сәйкес мезгілдік конструкцияны таңдап алып, сөйлемді толықтырыңыз: соғыс бойы, бір жарым сағат, ұзақ жылдар, түні бойы, жол бойы, күні бойы, бүкіл қыс, қыс бойы, кеш бойы, өмір бойы.Спектакль ... болды. ... театрдан үйге дейін үнсіз келдік. ... мен кітапханада отырдым. ... олар бір-бірін жақсы көрді. Ол оның хаттарын майданнан ... күтті. Хат тоқтап қалған соң, олар ... бір-бірі туралы ештеңе білмеді. Ол оны ... сүйіп өтемін деп уәде берген. ... ол жылап отырды. БЕСІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия Федеральдық Республикасы

Граматикалық тақырып: Келер шақ түрлері.

Мақсаты: Берілген мәтін арқылы студенттерге ГФР-мен ҚР-ның арасындағы дипломатиялық келіссөздердер туралы мәлімет беру.Екі ел арасындағы байланыс туралы айту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Мәтінді оқып, өз ойыңызды білдіріңіз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ГерманияФедеративтік Республикасына ресми сапармен барды. Сапар барысынде екі ел арасындағысаяси әрі экономикалық байланыстарды жоғары деңгейде дамыту бағытындағы бірқатармәселелер қамтылды. Бұл азат Қазақ елі Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының Германияға жетінші сапары.Қазіргі таңда екі ел арасында тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынас орнаған.Германия Қазақстанның батыс Еуропа аймағы мен Еуропа одағындағы сенімді әріптесіболса, Қазақ елі Германияға Энергия көздерін тасымалдауда жетекші мемлекет. Бүгінде бұл ел ең ірі донор мемлекет болып табылады. Былтыр екі елдің өзара саудаайналымы ұлғайып, ақшаға шаққанда 3,5 миллиард доллардан асқан. 2009 жылғы сапарында Қазақстан басшысы Германияның сол кездегі Федералдықпрезиденті Хорст Келермен және Канцлер Ангела Меркельмен кездесіп, келіссөздержүргізген болатын. Осы кездесулер Қазақстан мен Германия арасындағы кейінгібайланыстардың тығыз дами түсуіне айрықша серпін берді. 2010 жылы ГФР-дің Федералдық Канцлері Ангела Меркель Қазақстанға тұңғышресми сапармен келді . ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысындаекіжақты байланыстар тереңдей түсті. Ангела Меркель Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның АстанаСаммитіне қатысу үшін келген. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға сапары Федералдық сыртқы істерминистрі Гвидо Вестервеллемен кездесуден басталды. Сондай-ақ ҚР ПрезидентіН.Назарбаев Германияның сыртқы істер жөніндегі саясаты атты ғылыми-зерттеуинституттың директоры Ж.Шнайдермен, ГФР-дің бұрынғы вице-канцлері және сыртқыістер министрі болған Ганс-Дитрих Геншермен кездесті. Берлинде Еуразиялық клубыныңашылуы салтанатына қатысып, сөз сөйледі. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзсөзінде Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе

Page 9: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

жатқанын атап өтті. Еуразиялық клубының ашылуы оның Еуразия туралы идеясынажауап беретінін және Еуропа мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың тиімдіжолын іздестіруге бағытталғанына ерекше тоқталды.

Германияның бұрынғы Вице-канцлері және Сыртқы істер министрі Ганс-ДитрихГеншер Құттықтау сөзінде Қазақстан Президентінің қазіргі заманғы мемлекетті құрудағызор рөлін ерекше бағалады. Ол Берлин Еуразиялық клубының құрылуы екі елдің бір-біріне жақындай түсуі үшін жаңа мүмкіндіктер беріп қана қоймай, сонымен біргеҚазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделінің өсуіне себепшіболатынына сенім білдірді.

Барлық жобалар Қазақстан аумағында алдыңғы қатарлы неміс білімі ментехнологиясы қолданылатын шамамен 30 жаңа өндіріс орнын құруды қарастырады.

Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынасы барысында Елбасының немістіңіскер топ өкілдерімен кездесуі қазақ-неміс бизнес қатынастарына тың серпін берері хақ.Германия экономикасының Шығыс комитетінің аймақтық директоры Райнер Линдир: –2012 жыл – екі ел қарым-қатынасының жаңа кезеңге көшетін жылы болады деп ойлаймын.Себебі, Қазақстанда оларды қызықтырған жаңа мүмкіндіктер көп,– деген пікірін білдірді.

Қазіргі таңда 1200 компания Қазақстанда табысты жұмыс істеуде. Қазақ-немісқарым-қатынасының тереңдей түсуін – Қазақстан мен Германия мемлекеттері үшін деәлемдік аренада дипломатиялық достықтың ерен үлгісі ретінде бағаланды десекқателеспейміз. Еске түсірейік:

Келер шақАуыспалы болжалды мақсаттыЕт+ а, е, й + ж.ж. –ар, -ер, -р -мақ, -мек, -бек, - пақ, -пек - бақ,

Лексика – грамматикалық тапсырмалар 1 -тапсырма. Мәтіннен келер шақтағы етістікті табыңыз.

2 тапсырма. Сөз тіркестерінен келер шақтағы сөйлемдерді құрастырыңыз.Сауда айналымы, өтпелі кезең, инвестиция тарту, жаңа серпін, банқротқа ұшырау, әлемдік деңгей, нақты шаралар, мүше болу, емшілік қызметі, тиімді әріптестік.

3 тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.Поддержание общественной безопасности и порядка – центральная задача государства. В Германии ее выполнение возложено на органы земель и федерации.ФРГ поддерживает дипломатические отношения почти со всеми странами мира. 3 октября 1990 года были реформированы вооруженные силы бывшей ГДР. Бундесвер подчиняется политическому руководству. Верховный федеральный суд находится в г. Карлсруэ.

АЛТЫНШЫ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Ахмет Байтұрсынұлы- реформатор ғалым

Граматикалық тақырып: Көмекші есімдер.

Мақсаты:. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы А. Байтұрсыновтың ғылыми еңбектері туралы мәлімет

Page 10: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

беру. Көмекші есімдерге байланысты жаттығу жұмыстарын орындай отырып, мәтінмен байланыстыру. Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Ахмет Байтұрсынұлы- реформатор ғалым

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасыноятқан реформатор-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық,демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымныңтөлбасы болды. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғайөңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді..Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыладамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды.1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдың 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздыққызметін бастайды. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндеауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік өміргеүңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеумүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпенайналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар меноқу құралдарын әзірлейді. 1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кеңауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерінкөтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан АхметБайтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысыкөсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялықорталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарыныңпрофессоры қызметтерін атқарады. Алаш қозғалысының көсемінің шығармалары тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғанажарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлышығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылымиеңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды.Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көргеналғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдаржинақталды. Ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазды.Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақтілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерініңнегізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы"(1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарындақазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді.Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәланықтамалар берді.

Page 11: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

Ахмет Байтұрсынұлының үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығыныңфонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксисбөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы.Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тілбілімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу.Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылымүшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, затесім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау,сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдердітүзді.

Еске түсірейік:

Көмекші есімдерЛексикалық мағыналары солғындаған,шыққан төркін сөздерінен біржола алшақтамаған.Алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, маңы, іші, сырты, беті, тұсы, түбіт.б.Лексика-грамматикалық тапсырмалар.

1-тапсырма.Мәтінді түсініп, оқыныз.

2 тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз.

3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.

4 тапсырма.Осы мәтін туралы өз ойыңызды білдіріңіз

5-тапсырма.Мәтіннен көмекші есімді табыңыз.

ЖЕТІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақ әдебиетінің алыптары және ағылшынның атақтыжазушысы Чарльз Диккенс.

Грамматикалық тақырып:Өткен шақ,түрлері

Мақсаты: Қазақ әдебиетінің алыптары А.Құнанбаев және М.Әуезов туралы мәлімет бере отырып, екі жазушының шығармаларын талдау.Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. А.Құнанбаев 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында туған.Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Абай өлең жазуды 10 жасында бастаған. Оның шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарғантөл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, орысшадан аударған өлеңдері. Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін,адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын

Page 12: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ақыңның «Масғұт» және «Ескендір» поэмасы бар. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Абай – аудармашы. Ол "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған. Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М. Лермонтовтың бірқатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда,Абай М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды. Абай А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.Абай И.А. Крыловтың мысалдарын казақ тіліне аударумен де айналысты. Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуғатүседі.1924 – 1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққақалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен»,«Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айындаСемейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізіндежазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. Ол «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақағарту институтында сабақ берді. «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» –қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуатәкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттықдәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті.Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздікшығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопеяқазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретіндеде танылды. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлытұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен

Page 13: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері,т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті,ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романыүшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы»роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды.Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық«Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды. Лексика - грамматикалық тапсырмалар:

1-тапсырма.Мәтінді оқып, түсініңіздер

2-тапсырма.Мәтінге жоспар құрыңыздар

3-тапсырма. Сұхбат құру үшін сұрақтар дайындаңыздар.

4- тапсырма.Мәтіннен өткен шақта айтылып тұрған етістіктерді тауып жазыңыз

5-тапсырма. Жедел өткен шақты еске түсіріңіз.Жазу, тұру, болу және көру етістігін жедел өткен шақта жіктеңіз.

СЕГІЗІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Тіл мәдениеті, қазақтың фольклоры, шежіресі. Грамматикалық тақырып: -нікі, -дік, -тікі. жұрнақтары.

Мақсаты: Тіл мәдениеті, қазақтың фольклоры, шежіресі туралы мәлімет беру. Мәтіннегізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Оқыңыз.Тіл мәдениеті, қазақтың фольклоры, шежіресі.

Мәдениет – дегеніміз адамның ойлау, өзіне де, айналасындағыларға да талдау жасайбілу қабілеті. Адамдарды ізгілікті, ақылды, моральдық міндеттемелерді мойнына алатынсыншыл жанға айналдыратын да мәдениет. Мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралық сақталуы тиіс. Әсіресе тілмәдениетін сақтау, ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратынқызметінің тірегі. Халқымыздың қазіргі мәдени, рухани жағдайы, ана тілімізді, салт-дәстүріміздідамытуға байланысты баспасөз бетінде неше түрлі мәселелер көтеріліп жатады. Сондай мәселенің бірі – халқымыздың мәдени өмірінің тұтқасы болып келе жатқан молмұрасы, ел байлығы – тілін байытқан үстіне байыта, толықтыра, көркейте түсу ішкімүмкіншіліктерін аша түскенде ғана төл мәдениетіміздің өркен жаяры даусыз. «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс қолдану, сөйлеу үстінде оларды бір-бірімен қиюластырып, үндестіріп, дұрыс айту, емле мен тыныс белгілері ережелерінсақтап, сауатты жазу, тілдің ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері оюлапберген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен қолдану сияқты амал-әрекеттерді қамтиды. Тіл мәдениеті дегеніміз – ғылым сөзімен айтсақ, лексикалық, грамматикалық,орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларды ұстану, ол заңдылықтардыбұзбай, жетілдіре, орнықтыра түсу» - дейді ҚР ҰҒА корреспондент – мүшесі, профессор Р.Сыздықова. Тіл мәдениеті – тілдік норманың, тіл тәсілдерінің жетіліп, ширап даму

Page 14: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

дәрежесі. Тіл мәдениеті негізінен «сөз мәдениеті», сөзді орынды қолдану деген ұғымдыбілдіреді. Сөйлеу коммуникативтік қызмет атқарумен қатар, адамның ішкі өмірінің руханибайлығын жарыққа шығарып, жан сарайын танытады. Сөз адамның ой-өрісін, мәденидәрежесін, ақыл-парасатын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу мәдениетіне қай уақыттаболса да ерекше мән берілген, қай халық болса да қатты бағалаған. Сөйлеу мәдениеті сөзөнеріне де қатысты. Сөзге шешен адам мәдениетті, әрі шебер сөйлейді. Тіл мәдениеті ғылымын ауызша сөйлеу мәдениеті және сөз қолдану – жазумәдениеті деп бөлуге болады.

Дүниеде қазақ деген ұлт – біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы менәдет-ғұрпы да – жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да

бөліп-жаруға келмейтін ортақ қазынаНұрсұлтан Назарбаев

Ұлттық дәстүр Әрбір халық өзінің ұлттық дәстүрімен ерекше. Халықтың дәстүріне қарай оныңмінезі, тарихы, дүниетанымы қалыптасады. Халықтық дәстүрдің жүздеген, мыңдағанжылдық тарихы бар. Сондықтан оны әбден сұрыпталған, жинақталған құндылықтардыңжиынтығы деп санаймыз. Халықтың дәстүріне оның қоршаған ортасы, географиялықорналасуы, шаруашылығы әсер етеді. Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай халық. Халықтық салт-дәстүрлер санғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесехалықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтікортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтаржиынтығы. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері үлкенді сыйлау, қонақжайлылық,қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық, т.б. жатады. Осыдәстүрлер біздің дербес халықтығымыздың сақталуына, тұтас ұлт ретіндегіерекшеліктеріміздің айқын болуына оң ықпал етіп келеді. Дәстүр халқымыздың ғасырларбойы өмір сүру тәсілдерінен, күнделікті әрекеттеріне сұрыпталған мәдениетіміздің үлкенбір бөлігі. Бабалардан бізге жеткен дәстүрлерде біздің халықтық болмысымыз, ұлттықмінезіміз, салт-санамыз айқын көрінеді. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келе жатқан ұлттық дәстүрлер сан алуан.Дәстүрлер іштей бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы: отбасылық дәстүрлер, маусымдықдәстүрлер, діни салттар, мерекелік дәстүрлер, тұрмыстық салттар. Ұлттық дәстүріміздібілу және оны сақтау баршамыздың перзенттік борышымыз. Себебі, дәстүр халықтығасырлар бойы сақтап келген рухани тірегі. Әрине, ол заманына қарай өзгеріп, жаңғырыптұрады Еске түсірейік:

нікі, дікі, тікі тәуелдікформаныңекінші түрі.Сұрақтарыкімдікі?Ненікі?

нікі дауыстыдыбыстардан соң +,ата+нікі,көше+нікі,бөлме+нікі т.б..

дікі ұяң және үндій,л,м,н,ң,р,удыбыстардан соң +,күз+дікі,

Page 15: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

қой+дікі,аң+дікіт.б..тікі қатаң дауыссыз

қатаң және ұяндыбыстардан соң+,университет+тікі,клуб+тікіт.б..Сөйлемдебаяндауышқызметінатқарғандықтансөйлемнің соңындатұрады.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1 -тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз..

2 -тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

3 -тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.Комната соседа, удостоверение друга, работа моя, семья ваша, отец твой, книгабиблиотеки, время наше, начальник управления, корпус факультета, журналпреподавателя, игрушка ребенка, дом наш.

4-тапсырма. Сұраққа жазбаша жауап беріңіздер. а. Тіл мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?ә. Өз ана тіліңде сөйлей аласыз ба? 5-тапсырма. Тіл мәдениеті деген тақырыпқа сұхбат құрастырыңыз. 6-тапсырма. Тіл мәдениеті жайлы айтылған ғаламалардың ұлағатты сөздері мен қанаттысөздерін жаттап алыңыздар.

Таза сөйлеу де мәдениеттіліктің ең бір биігі. Ұлбала Алтайбаева. Ежелден, атам заманнан тіл – елдің мәдениет, әдебиеті өсіп-өніп, отбасындағытіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел-жұрттың, жалпы мәдениеттің арнайы құралы-ғылымның атаулы саласы екендігі даусыз. Б.Момышұлы.

Тәрбие басы – тіл, Игі істің басы- тіл.

Тіл – ұлттың жаны,

Туған ел – тұғырың, Тұған тіл – қыдырың.

Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

7-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыздар. а. әрине ә. ғапу етіңіз в. айып етпеңіз

Page 16: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

г. оқасы жоқ д. өкінішке орай е. міндетті түрде8- тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

9-тапсырма. Сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.Мынау үлкен үй біздің басқарманікі. Мына тәтті алма біздікі емес, олардікі. Кішкентайдәрісхана-біздікі. Мына кітап-кітапхананікі. Төртінші бөлме-қарындасымдікі. Бұл етжылқынынікі емес, қойдікі. Жақсы тауарлар онікі емес, біздікі.

10-тапсырма. Өз ойынызды білдіріңіз.1. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесің? 2. Дәстүр дегеніміз не? 3. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне не жатады? 4. Ұлттық дәстүрдің қандай салалары бар? 5. Қандай отбасылық дәстүрлерді білесің? 6. Діни салттарға қандай салттар жатады? 7. Қандай мерекелік дәстүрлерді білесің? 8. Тұрмыстық салттарға қандай дәстүрлер жатады? 9. Тұсаукесер, шілдехана қай дәстүрге жатады? 10. Наурыз мейрамы қай дәстүрге жатады? ТОҒЫЗЫНШЫ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақ дастандары, шешендік өнері.

Грамматикалық тақырып: Мақсат үстеу.

Мақсаты: Берілген мәтін арқылы студенттерге қазақ дастандары, шешендік өнері туралы мәлімет беру. Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі

Дастан – әдебиет жанры. Фольклордың саласына жатады. Таяу Шығыс, Орта Азия,қазақ халықтары арасында кең тараған. Тақырыбына қарай қазақ дастандары батырларжыры («Алпамыс»), тарихи жырлар («Бекболат»), ғашықтық жырлар («Қыз Жібек»),қиссалар («Тотының тоқсан тарауы») болып бөлінеді. Кеңес заманында еңбек ерлеріне,Отан соғысы батырларына, партия қайраткерлеріне арналған авторы белгілі дастандаршықты. Мысалы, Жамбылдың «Замана ағымы», Н.Байғаниннің«Қанды жорық»,Қ.Жапсарбаевтың «Капитан Гастелло» дастандары т. б. дастанның тілі шұрайлы, ондабейнелі сөздер көп кездеседі. М.Әуезов «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904)»монографиясының «Абайдың поэмалары» тарауында дастанның негізгі оқиғасы шығысаңыздарына құрылатындығын, оны Абайдың жаңғыртып, «анық қазақтың өз үлгісіндегідастандар түрінде» жазғанын мысалға келтірген, «Абай шығыс әдебиетіндегі ұлыклассиктер мол баяндаған күйге түгел тоқтап, бағынып қалмайды. Ол аңызды өзінше, көпжағынан өмір шындығына жақындатып, реалистік стильге бұрады». Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болыптабылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау,шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдантумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе менсан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқаайналады. Құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлінеді. Қоғам

Page 17: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттікқайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.Қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің міндеті осы тың жатқан дүниені, даналыққа құрылғанқанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді жас ұрпақтың бойынақалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру. Би-шешендер – шешендік өнердің негізгі доминанты (қозғаушы күші). Ұлттық өнеріміздің тарихында Майқы би Мәнұлынан (Айса пайғамбардың тұстасы)бастап, Майқы би Төбейұлы (1105-1225 жылдар шамасы), Аяз би Жаманұлы (11-12 ғ.),Мөңке би (1207-1250), Едіге би (1354-1419), Бәйдібек би (1356-1419 жылдар шамасы), ӘзЖәнібек (1406-1473), Жиренше шешен, Шоған би (1584-1642), Әсет би (1676-1723), Қадір-Тайжан, Тоқсан, Жанкісі, Антайлақ, Бөлтірік, Сары, Сырлыбек, Бала би, Ноғайбай,Саққұлақ, Бапан, Шоң, Шорман, Байдалы, Қараменде, Зіл-қара, Алшынбай, Асаубайсекілді, сондай –ақ, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билердің жарқынбейнелерін әлі де қазақ даласындағы айтулы шешен-билер есімімен толықтыра,молықтыра айтуға болады.Қазақта шешен, би деген ұғымдар дербес тұрып та, қосарланыпта айтыла береді. Белгілі бір шешендерін өкіл деп танысақ, мәселен, Жиренше шешен,Зілқара шешен, Әлібек шешен, Сүйінбай шешен, Бөлтірік шешен, Шәңкі шешен, Мүсірепшешен, Тұяқ шешен, ал енді бір сыңарын би деп түстеу, мәселен, Майқы би, Аяз би,Мөңке би, Әйтеке би, Бала би т.б.деп атау қалыптасқан. Шешендік өнер ілімі (риторика)ерте қалыптасқан антикалық Грек пен Рим теоретиктері, іргелес орыс теоретиктерішешендік өнерді сөйлеу процесі тұрғысынан мейлінше жан- жақты талдады, ілгеріеңбектер жазды. Риторика ілімнің көне және орта дәуірінде Протогор, Демосфен,Цицерон, Аристотель, Квинтилиан, Марк Антоний, Луций Крам қайта өрлеу дәуірініңкөрнекті өкілдері Кампонелла, Томас Мор, Петрарка, Данте, Рабле, Шекспир, орысшешендік өнерінің теориясында Макарич, Усачев, Ломоносов, Рижский, Мерзляков,Галюч, Коменский, Сперанский есімдері тарих бетінде жарқырап қалды. Қазақ шешендік өнерінің зерттелу тарихы өткен ғасырдың бірінші ширегіненбастау алады. Мәселен, 1883 жылғы “Дала уәлаяты” газетінің 24 санында ӘлиханБөкейханов ескі билердің шешендік сөздеріне аса ілтипат көрсетіп, оларды жинау, саралау,насихаттау идеясын көтерген.Ал шешендік сөздерге ғылыми түрлендірулер жасауүстіміздегі ғасырдың 20-шы жылдарынан басталған.Шешендік сөздерді ауыз әдебиетініңжеке саласы ретінде қарастырған бұл тұстағы зерттеулер А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С.Сейфуллин есімдерімен тығыз байланысты. Аталмыш ғалымдар алғаш рет шешендіксөздерді ғылыми зерттеудің көзі (объектісі) ретінде арнайы қарастырды. Мәселен, А.Байтұрсынов 1926 жылғы “Әдебиеттанытқыш” атты еңбегінің “Шешен сөз” дегентарауында шешендік сөздерді бес түрлі ішкі жанрлық үлгілерге жіктеді: а) саясат шешенсөз; ә) билік шешен сөз; б) қошамет шешен сөз; в) ділмор шешен сөз; г) уағыз. Сонымен, ана тілі сабақтарының танымдық мақсатына мыналар ескерілу қажет:1.Шешендік сөздерді халқымыздың қадір тұтуы2.Шешендік сөздердегі ұлттық мәдениет және парасаттылық3.Асыл сөздің астарындағы ұлағатты сөздер4. Дау-жанжалдардың бітімін екі –ақ ауыз сөзбен шешіп, ел мен елді бітістіріп,жарастырып келелі мәселелерді тындырып отыратындығыБилер мен шешендердің көрегендігін, даналық сөздерін оқытып, жатқа айтқызу жасұрпақты шешендікке, ата-бабадан қалған мол мұраны игертуге баулиды.

Еске түсірейік

Мақсат үстеулері(нар.намерения):әдейі, қасақана,әдейілеп, жорта, біле тұра т.б. Сұрақтары:қалай? Неге?

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

Page 18: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

1-тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.3-тапсырма.Сұхбат құруға сұрақтар дайындаңыз.

4-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіз.

5-тапсырма. Мәтіннен үстеуді табыңыз.

6-тапсырма. Мақсат үстеулеріне көркем шығармадан мысал жазып келіңіз.

7-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін көшіріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.Сөз өнері, ұлттық әдебиет, жыраулар поэзиясы, қазақ әдебиетінің өкілдері, өзекті мәселелер, азаттық идеяларын көтеру, көркем әдебиет, әдебиетінің жаңа дәстүрі, әдебиеті жаңашыл ізденістер.

8-тапсырма. Сөйлемдерді болымсыздық есімдігі мен үстеулерді пайдалана отырып, аяқтаңыз, жақша ішіндегі етістіктерді болымсыздық мағынада пайдаланыңыз.Кеше мен күні бойы демалдым, ... (істеу). Маған бәрі түсінікті болды ... (күмәндану). Ол бүгін бәрін істеуге тырысады ... (қалдыру). Жаз айларын мен Алматыда өткіздім ... (кету).

ОНЫНШЫ САБАҚ Лексикалық тақырып: Халықаралық сыйлықтар. Грамматикалық тақырып: Себеп- салдар үстеуі Мақсаты: Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Халықаралық сыйлықтар. Альфред Нобель. Нобель сыйлықтары (шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) — жылсайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғамдамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегіең танымалдарының бірі. Нобель сыйлығы айрықша халықаралық сыйлық болыптабылады. Жазушы немесе ғалым, мемлекеттік қайраткер. Нобель сыйлығын алған болса,бұл дегеніңіз – жазушы талантты шығарма, кітап жазғаны ғалымның маңызды ғылымижаңалық ашқаны, ал мемлекеттік қайраткер өз елінің өмірінде прогрессивті рольатқарғаны, мүмкін әлем үшін де Нобель сыйлығы берілген адам адамзат тарихындақалады. Альфред Нобель, танымал швед жазушысы. Ол 1833 жылы 21 қазандаСтокгольмде дүниеге келген. Оның жаңалықтары, ойлап тапқандары әлемнің барлықелдеріне белгілі болды. 1863 жылы әлемге өзін танымал еткен динамитті ойлап тапты.Нобельды динамит королі деп санады, бірақ ол өзінің ашқан жаңалықтарын адамдардыжою үшін пайдалануды қаламады. Нобель 350-ден астам жаналық ашты. Ол 1896 жылы 10 желтоқсанда Италияда дүниеден өтті. Қайтыс боларынан бір жылбұрын өзінің артында қалатын аса үлкен байлығы туралы аманат жазды. А. Нобель қайтысболған соң, бұл құжатты жариялады. Оның мазмұны көпшілік үшін күтпеген және өзгешеболды. Онда оның барлық байлығы сатылуға қажетті екендігін жазған. Парижде 1895жылы жазылған өзінің атақты аманат хатында, А. Нобель қалдырған капиталын қалайпайдалану керектігі туралы жазды. Қайтыс болар алдындағы оның қалдырған байлығы 92млн.доллар. Осы ақшаға акция сатып алуға тиісті. Осы акция әкелетін қаржы адамзатқаүлкен пайда әкелген адамдарға сыйлық ретінде жыл сайын пайдалануға тиісті.

Page 19: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

1895 жылы құрылған және келесі бес бағыттың өкілдеріне сыйлық берудіқарастыратын Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған:әдебиетфизикахимияфизиология және медицинабүкіл әлемде бейбітшілік жасауға іс-әрекет Қазіргі уақытта Нобель сыйлығының шамасы 10 млн (шамамен 1,05 млн евронемесе 1,5 млн $) швед кронын құрайды.1900 жылы Нобель қоры жасалды – бастапқы капиталы 31 млн швед кронынан тұратындербес, тәуелсіз, мемлекеттік емес ұйым. 1969 жылдан бастап Швед банкінің ынтасыменэкономика бойынша да сыйлық сыйланатын болды. Экономика бойынша Нобель сыйлығы1969 жылы Швед Банкімен оның 300-жылдығына орай қабылданды. Нобель сыйлығы қорының қаржылық жұмысы табысты жүргізіліп келеді. Жылсайын сыйлық қоры теңдей беске бөлінеді. Физика, химия, медицина және физиология саласынадағы ғалымдарға сондай-ақ әдебиет саласындағы жазушыларға, бейбітшіліктінығайтуға қызмет еткен қоғамдық қайраткерлерге бес Нобель сыйлығы бар. Нобель сыйлығына кандидаттарды тандау үшін, бекіту үшін арнайы комитетқұрылған. Онда белгілі мамандар жұмыс істейді. Нобель сыйлығына кандидаттарбекітілген соң, олар 10 желтоқсанда Стокгольм мен Ослоға отбасымен бірге шақырылады.Стокгольмде марапаттау рәсімі 1200 адам қатысқан концерт залында өтеді. Кеш банкетпенаяқталады. Ослода бейбітшілік сыйлығын марапаттау рәсімі Норвегия королімен оныңотбасының қатысуымен университетте өтеді. Мараппатаудан кейін лауреаттар өздерініңНобельдік лекцияларын оқиды. Ол лекциялар «Нобельдік лауреаттар» деген арнайыбасылымда жарияланды.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.2-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.3-тапсырма.Сұхбат құруға сұрақтар дайындаңыз.4-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіз.5-тапсырма.Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз : Айрықша сыйлық, халықаралық сыйлық, мемлекеттік қайраткер, ғылыми жаналықадамзат тарихы, қарапайым өмір, жалғыз қалу, ақылға сыймас махаббат, өте білгілі, өзбітінше, су асты миналары, әскери мақсат, таңқаларлық табыстар, аманат жазды,қайраткерлерді марапаттау. 6-тапсырма.Ойтүрікті сұрақтарға жауап беріңіз. а. Нобель туралы не білесіз? ә. Нобельдің ашқан жаналықтарын білесіз бе ?б. Ол қай елдің азаматы?7-тапсырма. Мәтін бойынша өзіңіздің пікіріңізді, қорытындыңызды айтыңыз.8-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз. а) Неге Нобель сыйлығы әлемдегі ең айрықша сыйлық деп ойлайсыз? ә) Осы сыйлық не үшін беріледі? б) Сіздің елде Нобель сыйлығының лауреаттары бар ма? Олар бұл сыйлықты қашан және не үшін алды? в) Бұл адамдары туралы сіз не айта аласыз? 9-тапсырма. Мәтіннен себеп-салдар үстеулерін табыңыздар.

Page 20: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

ОН БІРІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: С.Аманжолов және жазу емлелері.Грамматикалық тақырып: Болымсыз, белгіссіздік есімдіктер.Мақсаты : Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Сәрсен Аманжолов және жазу емлелері. Сәрсен Аманжолұлы Аманжолов (27.12.1903, Шығыс Қазақстан облысы Ұланауданы Егінсу ауылы – 28.1.1958, Алматы қаласы) –Қазақ филологиясының көрнектіқайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филолог,ғылым докторы (1948), профессор (1948), Қаз. КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі (1954). Қазақстан Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі болды.С.Аманжолов жалпы тіл білімі мен қазақ тіл білімінің теория негізін қалыптастырудаА.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов бастаған ғыл. жұмысты ілгері жалғастырды. Ол жазған қазақтілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғыл. жолға қоюға елеулі ықпалетті. Аманжолов қазіргі қолданыстағы кириллицаға негізделген қазақ жазуынжасады.Сонымен қатар халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, әдеби тіл тарихынзерттеумен айналысты. «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» деген доктордиссертациясында қазақтың әдеби тілі мен қазақ тілінің диалектілік негізін, оныңқалыптасу тарихын, дамуын жан-жақты зерттеді, диалектілердің түркі тілдерменжақындығын, ру-тайпа халық тілінің байланысын, даму жүйесін анықтады. Оның бұлеңбегі қазақ диалектологиясының тіл білімінің бір саласы болып қалыптасуына негізболды. Аманжолов жалпы тіл біліміндегі синтаксис мәселелерін: сөйлемге берілгенанықтамаларды, сөйлем мүшелерінің табиғатын, сөйлеудің синтаксистік құрылымын,сөйлеу мен ойлау арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. Ол сөз таптарының сөйлеммүшесі болу шарттары, сөйлемнің элементтері мен дәнекерлері, интонация, оқшау сөздер,шақ пен жаққа қатысты синтаксистік категориялар, құрмалас сөйлемнің пайда болужолдары, үйірлі мүше жайында тың қорытындылар жасады. Құрмалас сөйлемнің «араласқұрмалас» деген түрін енгізді. С.Аманжолов – қазақ тілі ғылымының теориясын қалыптастырған, оныпрактикамен байланыстырған алғашқы тілші ғалымдардың бірі. С.Аманжолов қазақдиалектологиясының негізін салды. Тілдегі диалектілік ерекшеліктерді жинап-зерттеуді(1937-38) ұйымдастырып, диалектілердін даму сипаты, айырым белгілері, тайпалықтілдермен байланысы, үлттық өдеби тілдің диалектілік негізі сияқты аса күрделімәселелерге тұжырым жасады. Диалектілерге халық, тіл тарихы түрғысынан қарап,олардың қоғамдық сипатын ашты. Қазақтың халық тілі мен әдеби тілінің өзектімөселелерін зерттеп, соны пікірлер айтты. Ұлттық жазба әдеби тіл тарихын ХӀХ-ғасырдың2-жартысынан бастап, Абайдың халық тілін пайдаланудағы шеберлігін, сөз қолданудағыжаңа үлгісін талдап көрсетті. "Вопросы диалектологии и истории казахского языка" (1959)атты монографиясы түркология саласындагы елеулі табыстардың бірі ретінде бағаланды. Шығармалары:ІV жылдық тіл кітабы, А, 1932;Қазақ Совет фольклоры, А., 1935;Қазақ тілінің грамматикасы, І б. (фонетика мен морфология), А., 1938, 1939, 1940;Қазақ тілінің грамматикасы, ІІ б. (синтаксис), А., 1939, 1997;Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы, А., 1940;Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы, І б., А., 1950, 1994; Русско-казахский словарь в 2-х т., А., 1946;

Page 21: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

Вопросы диалектологии и истории казахского языка, А., 1959, 1997; Қазақ тілі теориясының негіздері, А., 2002; Тіл және жазу, Өскемен, 2005.

Лексика - грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.2-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.3-тапсырма.Сұхбат құруға сұрақтар дайындаңыз.4-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіз. 5-тапсырма. Грамматикалық тапсырма. Мәтіннен үстеулерді табыңыз.

ОН ЕКІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Сөз сыры, қазақ сөзінің уәжділігі.

Грамматикалық тақырып: Жедел өткен шақты қайталау.

Мақсаты: : Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің қолданыс аясы мен болашағы зиялы қауымдыедәуір алаңдатып отырғаны белгілі. Осы тұста Елбасы Н.Назарбаевтың “Қазақстанныңболашағы – қазақ тілінде” деуі Қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағынайқындайды десек, қателеспейміз. Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл –тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі болуы керек. Тіл –ұлттың өзіндік бейнесін анықтайтын, рухани келбетін көрсететін төлқұжаты сынды. Ол –ұлттың өзгеден ерек табиғи даралығын анықтайтын жалқы белгі. Қазақ тілінің ғажайып феномендік берік заңдылықтарға негізделген ішкіқұрылымы бар. Тілдің ең басты қасиеті – қарым-қатынас құралы болуы.Күнделікті сөйлеуде қазақтіліндегі сөздерге өзге тілдің қосымшаларын қосып, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінорысша құрап сөйлеу – тілге басты қатер. Сөйлеуде жалпы қолданыстағы сөздерге орысшажалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме сөздерді пайдаланып, оның үстінеқазақша қосымшаларын жалғап қолдану, тарихи қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібінбұзсақ – тілдегі бұзылу басталғаны. Сондықтан қазіргі таңдағы басты мәселе – қазақтілінде дұрыс сөйлесу. Таза сөйлеу. Мен ойлаймын, мен айтамын, мен деймін деп алып,ойын жалғастыру, керекпін, керексіз деп ойын аяқтау – тіл алдында күнә. Дұрысы – “Меносылай ойлаймын”, “Осылай оқуыңыз, білуіңіз керек” қой. ХХ ғасырдың ортасына дейін қазақ баласы орысша қара танымайтын әженің ерлікпен батырлық жайлы сұлу сөзбен көмкерілген ертегісін естіп, мектепке дейін ауызекі тілдімеңгеріп өсті. Жеті жасында мектепке барып, жазба тілдің ерекшелігімен танысқанда,айту мен жазу арасындағы ерекшелікті түсінді. Ал қазіргі әже орысша сауатты, оқыған; олнемереге ертегіні айтып емес, оқып береді. Сондықтан бала айтумен емес, жазументәрбиеленуде. Жазу-таңба жазылған қалпында оқылып, айтылып, бірте-бірте нормағаайнала бастағаны осыдан. Тілдің сөйлеу (айтылу) жүйесі мен жазу жүйесі қай кезде де,қай тілде болса да бірдей болған емес. Жазу – таңба, ол адамдардың өз қолымен келісіпжасалатын, ақылдасып шешетін дүниесі. Сөйлеу одан ерекше болмаққа керек. Әлемдегіөркениеті дамыған елдердің барлығы жазуда морфологиялық негізді қалаған. Бұл, еңалдымен, сөздің тектілігін, тарихи даму қалпын сақтаумен байланысты.

Page 22: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

Әсіресе, орыс бөлімдерінде оқитын балалар (студенттер) үшін қазақ сөзініңайтылуы мен жазылуының нормаларын түсіндірудің маңызы ерекше. Қазір мүлде қазақшасөйлемейтін, білмейтін жастар жоққа тән. Мектеп табалдырығын тәуелсіздік заманыкелгелі аттаған кез келген баланың қазір қазақ тілінен хабары бар. Ендігі мәселе сөйлеу тілінің тазалығы болуы керек. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесініңдамуында екі түрлі үлкен бағыт бар: дәстүрлі қалыпта оқыту және инновациялықстратегиялық жүйемен, уақыт талабына сай болып жатқан өзгерістермен байланыстымамандарға деген қоғамдық сұранысты анықтай отырып, жаңа деңгейде оқыту. Біздіңалдымыздағы ендігі күрделі мәселе – мектепте және жоғары оқу орындарындағы орыстоптарында оқитын қазақ баласына оқытылатын қазақ тілі сабағында берілетін ақпаратқатерең мән беру. Қысқасы, қазақ тілі оқулықтарының сапалық деңгейіне ерекше мән беруарқылы ұлттық дүниетанымымыз бен дәстүрімізді жастар бойына сіңіруге жол саламыз.Ендігі мәселе қалай үйрету ғана емес, нені үйрету, жастардың бойына нені сіңіру дегенгекеліп тіреледі. Сөйлеу тілі – халық тілі. Тілдің негізгі қайнар бұлағы, тілдік бірліктерді жасаушы,қолданушы қара қазаны – халық тілінің тазалығын сақтау парыз. Сондықтан қазіргікездегі басты талап – сөйлеу тілінің дұрыстығын сақтау, тілдің тарихи қалыптасқанжүйесін сақтау.

Анар Салқынбай,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры,

филология ғылымдарының докторы

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.2-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.3-тапсырма.Сұхбат құруға сұрақтар дайындаңыз.4-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіз.5-тапсырма. Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа қойыңыз.Болу, тұру, жазу, оқу, бару, келу, ашу, жабу, сөйлесу, сөйлеу, сәлемдесу, танысу, жұмыс істеу, түсіну, үйлену, тұрмысқа шығу. ОН ҮШІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Дыбыстардың тіркесімділік ерекшеліктері, әдеби нормалар.Грамматикалық тақырып: Сөздікке байланысты жаттығу жұмыстары.Мақсаты: : Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Тіл нормалары белгілі бір лингвистік ұғымның тіл дербестігін айқындаушы барлықсөйленіс тәжірибелері мен дағдыларының, ерекшелік белгілерінің жиынтығы. Табиғиболмысы тұрақтылыққа, бір қалыпты орнықтылыққа негізделе тұрып, ол әр түрлісебептіліктерге сай ішкі өзгерістерді дебатынан кешіреді. Өйткені, бұның өзі әлеуметтікқұбылыс болып табылатын тілдің әрі жасаушысы, әрі тұтынушысы - адамзат қоғамыныңүздіксіз өзгеріп, өсіп дамып отыру заңдылығымен тікелей байланысты. Тіл нормаларының осы біршама икемшілдігі нәтижесінде сөйленіс машықтарыныңқайсыбір тәсілдері белгілі бір замана сәттерінде ез біреге илігінен айрылып, жарыспалыжаңа мүмкіндіктермен молығады. Басқаша айтқанда, ежелгі норма әлі өз күшін жоймайтұрып-ақ, жаңа норманың нышандары «сөз жұмсау» қажеттілігіне айнала бастайды.Сөйтіп, тілде жарыстас сөздер, мәндес тіркестер, әртүрлі нұсқадағы қолданыстар пайдаболады. Олардың өміршең, ұтымды түрлері уақыт талабына ілесіп, тіл ағымын бойлап

Page 23: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

кете береді, ал белсенділік таныта алмағандары бірте-бірте бәсеңсіп, тіл қазынасыныңбұйығы қорын жасаушы тарихаят дүниеліктерге айналады. Бірақ, кезеңі келгенде олардыңқайта серпіліп, қарым-қатынастың өткір де өтімді кұрамына айналып кетуі әбден ықтимал. Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрліжазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары,стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті. Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі — адамдар арасындағы қатынас құралыболу. Сондықтан жалпы тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік қызмет Әдеби тілге детән. Әдеби тіл арқылы айтушының, жазып қалдырған адамның ойын, пікірін ұғамыз,сұрағына жауап береміз. Әдеби тілдің арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралымағлұмат аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы,білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым алу Әдеби тілдің осы коммуникативтікқызметі арқылы жүзеге асады. Бірақ Әдеби тілдің коммуникативтік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынасқұралдарының басқа түрлерінен қалыптасқан белгілі тіл заңдылықтары, тілдік элементтержүйесінің құралдық, құрылымдық, қолданыстық жағынан тұрақты нормаларының болуыарқылы ажырытылады. Мысалы ойды білдірудің ең кіші тілдік бөлшегі сөйлем болса, олбелгілі тәртіппен орналасқан, белгілі тұлғалар арқылы грамматик. байланысқа түскен,мағыналары сәйкес сөздерден, ал сөздер дәл сол сияқты морфемалар мен дыбыстардантұрады, сөйтіп сөйлем жүйелі құрылым құрайды да, ерекше коммуникативтік қызметатқарады. Сол арқылы қате құрылған сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді,сәйкессіз тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай аламыз. Сонымен бірге Әдеби тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп қанақоймай, сезіміне әсер етуге де болады, яғни оқушысын бірде күлдіріп, рахаттандырып,көңіліне нұр сеуіп, өсіреді, бірде жылатып, көңілін күйдіріп, қайғыртады. Бұл — Әдебитілдің экспрессивтік-эстетикалық қызметі болып табылады. Әдеби тілдің қалыптасужолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар аударсақ, әр түрлі Әдеби тілдерарасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.2-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.3-тапсырма.Сұхбат құруға сұрақтар дайындаңыз.4-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіз.

ОН ТӨРТІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Көне түркі жазбалары туралы.Грамматикалық тақырып: Тұйық етістік.Мақсаты: : Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Көне түркі жазбалары туралы Орхон-Енисей жазбалары -көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқадейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисейжазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь"сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялықғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымыВ.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды.Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан

Page 24: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті. Қызыл (Тыва) қаласындағытасжазба.Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оныңінісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыржолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады. Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағыжырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған.Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі,қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетініңтыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталағанжаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердіңтүрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген. Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазғаншежіресі деп біледі.Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билегенқағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырларыөткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырыныңбасты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету.«Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жерібарынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді. Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекшеорын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөкел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда,Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарғакөмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орыналады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі– руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар,ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды. Еске түсірейік:

Тұйық етістік.-У-жұрнағы арқылы жасалады. Переводится на русский язык и как глагол, и как отглагольное существительное. Мысалы:отыру-сидеть, посадка(в транспорт), кету- уходить, уход.т.б.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1 -тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.

3-тапсырма.Сұхбат құруға сұрақтар дайындаңыз.4-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіз.5-тапсырма. Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазыңыз.

БӨЖ тапсырмасы

Page 25: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

Қазақстанның білім беру жүйесі

Білім беру жүйесі, оның құрылымы үздіксіз оқу тұжырымдамасына сәйкесжасалады.

Бұл жүйе: отбасылық тәрбие; мектеп жасына дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру,мектептен тыс тәрбие мен оқыту; кәсіптік-техникалық, орта арнаулы, жоғары білім беру;жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, аспирантура, докторантура,РJдокторантура) беру; кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау; қосымшабілім беру(екінші мамандық) сатыларынан құрылады.Білім берудің барлық саласы мемлекет есебінен іске асырылады.1999 жылы 7 маусымдаҚазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңының қабылдауынан кейін ЮНЕСКОұсынған Білім беруді халықаралық стандартты жіктеу бағдарламасына сәйкес білімберудің ұлттық жүйесі жаңа моделі жұмыс істеуде. Оған сәйкес, үздіксіз және сабақтастықпринципі негізінде білім берудің 4 деңгейі орнатылған: 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (мектеп алды білім). 2. Орта білім.3. Жоғары білім.4. ЖОО кейінгі білім алу.

1 -тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.1 Сізге Қазақстандағы білім жүйесі ұнай ма? 2 Жақсы өмір сүру үшін білімді болу шарт па?3 Білімділік адам санасының дамуына әсер ете ме?4 Отбасылық тәрбиені қалай түсінесіз?2 -тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.Университетте оқу ұнай ма?Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ін неге қаладыңыз?Әрбір адамның жоғары білімді болуы шарт па?Қандай мамандық түрлері ұнайды?Университетегі қандай мәселелер туралы айтқыңыз келеді?

ОН БЕСІНШІ САБАҚЛексикалық тақырып: Жастар шетелде және бізде Грамматикалық тақырып: Сұрау есімдігіМақсаты: : Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Жастар шетелде және біздеЕліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың

қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойынында. Қай заманда болмасын қоғамныңқозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен, сіздер,бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер.Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлденууақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықтыбойларыңызға сіңірдіңіздер», – деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастарболашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды. Астанада «Жастар – халық бірлігі үшін» атты жалпыұлттық форумда еліміздің әртүкпірінен келген тұла бойында отансүйгіштік оты бар жас қыз бен жігіттер екі күн бойықатарынан елдік парыз жөніндегі түйткілді мәселелерді ой таразысына салды.

Page 26: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

Жасыратыны жоқ, республикамыздың барлық өңірлерінде жастар белсенділігі күшейіпкеледі. Олар әлеуметтік және қоғамдық өмірдің белортасынан табылып келеді. Форумдасөз сөйлеген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен ӘшімбаевЕлбасының Қазақстан жастарына деген сенімі жоғары екендігін, бүгінгі қыз-жігіттеріміздің интеллектуалдық белсенділігін жоғары бағалайтындығын жеткізді. – Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелімемлекетке айналдыру сіздердің қолдарыңызда, яғни, болашағымыз жастардыңжауапкершілігінде, – деді Мәулен Әшімбаев. – Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы сергек, замандықтехнологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардансүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастарсаясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежедеталқылануы – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады.Халықтың 30 пайызы жастар. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгінненбастап, қандай тәрбие алуы мен отансүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуеліжастар бойында рухани-адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие басым болғаныжөн. Форумда белсенді қазақ жастарының басы қосылып, жұртшылық алдында сөзсөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдікерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру керектігі туралыайтты. Сонымен қатар, форумға қатысушылар патриоттық тәрбие, тарихи-мәдениқұндылықтарды құрметтеу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудынасихаттау секілді ұсыныстарды ортаға салды. – Кешегі күн кетті, көп нәрсе қолымызға жетті, бірақ ұлттық намысымызды,тілімізді әлсіретіп алдық. Мәңгүрттенген жоқпыз, бірақ соған жақындап қалдық, – дедіМәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан. – Біз ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіпотырмыз. Ендігі кезек – жастарда. Жастар – жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілугеәзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге атсалысу – бастыпарызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.Бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындайсүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезімұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Форумға қатысушы жастар Мемлекет басшысының жүргізіп отырған ішкі жәнесыртқы саясатын қолдайтындығы туралы арнайы үндеу қабылдады. Заманның заңғартұлғаларының бірі – Міржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақдесе, мақтанамын», – деп айтқанындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайраттыжастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғандабүгінгі жас ұрпақпен мақтанғанымыз да дұрыс шығар. Мағжан САДЫХАНҰЛЫ. «Дала мен қала» газеті Назар аударыңыз!

Іс-әрекеттің басталу сәті мезгілдік ұғымды білдіретін сөзге шығыс септігі және берікөмекші сөзінің тіркесуімен беріледі. Мысалы: Мен күзден бері Астанада тұрамын.Мен спортпен өткен жылдан бері айналысамын.Бастапқы мезгілдік шекті білдіру конструкциясы мезгіл ұғымды сөз заттанғанетістікке көмектес септігінің жалғануымен беріледі. Мысалы: Көктем келісімен күнжылына бастады. Жаңа жыл басталысымен азық-түлікке бағалар өсті.Мезгілдік ұғымды білдіретін сөздер + септеулік сөз конструкциясы әрекеттіңбіртіндеп өзгеруін білдіреді. Күн сайын күн жыли бастады. Жыл сайын елдегі жағдайжақсарып келеді.Іс-әрекеттің аяқталуын білдіретін құрылым барыс септігіндегі мезгіл ұғымды сөзгедейін септеулегінің тіркесуімен беріледі. Біз таңға дейін отырдық. Біз кешке дейін

Page 27: psu.kz › arm › upload › umk_pdf › 170410.pdf · БІРІНШІ САБАҚ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихыМәтін негізінде

биледік.Уақыттың шек мезгіл ұғымды сөздермен берілмейтін конструкцияларда шығыссептікті сөз + барыс септікті сөз қолданылады: Біз таңнан таңға дейін жұмысістейміз. Студенттер сессиядан сессияға дейін көңілді өмір сүреді.

Лексика - грамматикалық тапсырмалар1 -тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрыңыз. 2-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспарқұрыңыз.3-тапсырма.Сұхбат құруға сұрақтар дайындаңыз.4-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіз.5-тапсырма. Мәтіннен сұрау есімдігін табыңыз.6-тапсырма. Ойтүрікті сұрақтарға жауап іздеп көріңіз. а) Қазақстанда жастар ұйымы бар ма?ә) Жастар көшесі, ауданы бар ма?б) Мемлекетте жастарға жағдай жасайтын заң бар ма?в) Парламентте жастар өкілі бар ма? 7-тапсырма. Өз пікіріңізді білдіріңіз а) Жастар шетелде және біздің елде. ә) Бүгінгі және кешегі жастар туралыв) Бүгінгі жастар мәселесі (білімі, оқуы, тәрбиесі, күнделікті өмірі, жастар отбасы)