E-mail: [email protected] 30 ˚АЗАН, Д˚ЙСЕНБІ TWITTER.COM ... · мыстық құқық...

28
ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП №208 (29189) 30 ҚАЗАН, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЗЕРДЕ РУХАНИЯТ 8-бет 9-бет ҚОҒАМ 3-бет АКАДЕМИКТЕР ЕЛБАСЫ ЖАРЛЫҒЫН ҚОЛДАДЫ 5-бет ҚҰЛАҒЫҢДЫ БІТЕМЕШІ, ҚАРАҒЫМ ТАРИХТЫҢ ТАРЛАНБОЗДАРЫ ТҮРІК АСПАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖҰЛДЫЗЫ ҚАЗАҚША НАН СҰРАҒАН НАТАША 9-бет Қарашаш ТОҚСАНБАЙ АРТЫҚ ЖҰМЫС – АДАМНЫҢ АҚЫСЫН ЖЕУ 5-бет Қайрат БІЛДА EUR/KZT 389.04 USD/KZT 334.4 RUB/KZT 5.75 CNY/KZT 50.31 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: –––––––––––––––––––––––– Азық-түлік бағасы ар- зандар емес. Арзандағанды айтамыз-ау, қымбаттап ба- рады. Бастысы, бұл үрдістің басталғаны соңғы бір-екі айдың айналасы емес, жыл- дап жалғасуда. Бұрын кбіне маусымдық кезеңдерде белең алып, кейін қалпына келіп жа- татын сияқты еді, қазір скеннің үстіне сіп жатыр. Иә, су бар да түсу жоқ. –––––––––––––––––––––––– Динара БІТІК, «Егемен Қазақстан» Қазіргі күні «баға қайда барасың», «қымбатшылық қысып барады» де- гендей мəтіндердің де қызуы кете бастағандай. Селк етпейміз. Адам болған соң əркім əйтеуір тіршілігін жасайды, қымбатшылық екен деп «қылтамақ» болсын ба?! Əлдекімдер əупірімдеп қана күнін көріп жүр. Біреу ет жеуді азайтса, енді біреулер жеміс жеуді доғарыпты. Кейбіреулер көкеніс көрсе де көңілі бұзылатындай күйде. Қысқасы, тапқан-таянғанын тамаққа ғана жеткізіп, жан бағып жүргендер көп. Ал қазіргі заманда, біздің экономикалық ахуалымыздың ауқымында бұл орынсыз, əрине. Себебі Қазақстанның экономикалық өсімі өзге көршілес елдермен салыстырғанда едəуір ілгері əрі жыл сайынғы ІЖӨ көлемі де көңілден шығады. Ендеше бағаның бұлайша бұл- қынуына не себеп? Оны тұрақтанды- рудың жолдары бар ма? Баға көршілес елдердің нарығына тəуелді, бағаны көтеру кəсіпкерлерге тиімді десе, онда мүмкін халықтың жалақысы мен əлеуметтік көмектерді барын- ша көтеру қажет шығар? Кім білген, мүмкін сонда жағдай түзеліп қалар? Бұған нақты жауап айтар ешкім жоқ. Əйтеуір көпшілік көңілін күпті ет- кен көп сауалдың жауабын əркім өзінше іздеп əлек. Əрине бағаны билік шешпейді, нарықтың заңы осындай деп, бəрін нарыққа жауып отыра бер- сек те болар. Бірақ біз білетін билік бағаны бұғаулау бағытында барын- ша жұмыс істеп жатыр. Оған өзіміз Үкіметтің алқалы жиындарында министрлер мен əкімдердің баянда- маларынан талай көз жеткізгенбіз. Біріншіден, біздің елде бағаны тұрақ- тандыру үшін мемлекет тарапынан арнайы шаралар қабылданып, Үкімет бақылауына алған. Мəселен, осы мəселені шешу үшін арнайы құрылған тұрақтандыру қорлары бар. Яғни, Үкімет бағаның негізсіз өсуіне жəне алыпсатарлыққа жол бермеуге жəне маусымдық ауытқуды деңгейлестіруге бағытталған азық-түлік нарығын рет- теу бойынша шаралар қабылдаған. 2012 жылдан жұмыс істей бас- таған бұл тұрақтандыру қорларын қымбатшылықтың алдын алу неме- се əлеуметтік азық-түліктің бағасын реттеудің тетігі деп жүрміз. Өйткені аталған қорлар жыл сайын Үкімет бекіткен əлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларын тізім бойынша ша- руалардан сатып алып, азық-түлік жеткіліксіздігі кезінде қолжетімді бағамен сатылымға шығаруы тиіс. Бұл үшін бюджеттен қыруар қаржы да бөлінуде. (Соңы 4-бетте) Азық-түлік бағасын ауыздықтаудың амалы қандай?.. Қазақстандық арманға қол жеткізудің мүмкіндігі Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан» Қоғамымыздағы түрлі мəселелерге жаңаша көзқараспен қарап, оларды қазіргі кезеңнің талабы мен мүмкіндіктерін ескере отырып шешу аса маңызды. Бұл орайда басты міндеттер екшеліп, сарапта- лып қана қоймай, оны ойдағыдай жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жөні бөлек. Қазіргі таңда халқымыздың мүд- десі, қажеттілігі, талап-тілегі барынша ескерілген Ұлт жоспарының басым бағыттары, негізгі қадамдары өз дең- гейінде орындалып келеді. Мұның айқын мысалын мемлекеттік кəсіби аппарат құру, есеп беретін мемлекетті қалып- тастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру жəне экономикалық өсімге қол жеткізу, біртектілік пен бірлік қағидаттарынан туындайтын міндеттерді орындау бағыттарында жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нəтижесінен көруге болады. Аталған бағдарламалық құжатта белгіленген міндеттерді іске асырудың практикалық кезеңі басталған 2016 жылдың 1 қаңтарынан бергі аралықта Ұлт жоспарының «Кəсіби мемлекеттік аппарат құру» атты бірінші бөліміндегі 15 қадамның басым бөлігі орындалды. Нəтижесінде мемлекеттік аппараттың кəсібилігі қамтамасыз етіліп, кейбір кертартпа іс-əрекеттердің жолы кесіл- ді. Соңғы деректерге қарағанда, мем- лекеттік қызметке қабылдау рəсімдерін қайта қарастыру, жаңғырту, дəлірегі, ман- саптық модельге көшу жүзеге асырылған. Осыған дейін мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатын тұлғалар кез кел- ген бос жұмыс орнына, оның ішінде басшылық қызметке үміткер бола алатын еді. Ал енді мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жəне жұмыс тəжірибесі жоқ тұлғалар өзінің қызметтік мансабын тек төменгі лауазымдардан ғана бастайтын болды. Сондай-ақ төменгі лауазымдарға кандидаттарды іріктеуде жəне одан əрі лауазымдық өсуде тұлғаның іскерлік қасиеттері бірінші кезекте ескерілетіні айқындалды. Бұлардан бөлек, конкурс өткізу ережесіне сəйкес, конкурстық ко- миссия үміткерлермен сұхбаттасу бары- сында жеке қасиеттерді бағалау нəти- желерін ескереді. (Соңы 2-бетте) ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамыр айында ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары еліміздің уақыт талабына сай дамуына, заман сұранысына лайықты жауап беретін ауқымды шараларды жүзеге асыруға оң ықпалын тигізіп келеді. Сондай-ақ ел дамуының негізгі бағдары ретінде белгіленген бұл құжатта крсетілген міндеттердің орындалуы жаңа қазақстандық арманға қол жеткізудің тте жолы ретінде бағаланып отыр. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Transcript of E-mail: [email protected] 30 ˚АЗАН, Д˚ЙСЕНБІ TWITTER.COM ... · мыстық құқық...

  • ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

    №208 (29189) 30 ҚАЗАН, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

    1919 жылғы 17 желтоқсаннан

    шыға бастады

    ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

    РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

    ЗЕРДЕ

    РУХАНИЯТ

    8-бет

    9-бет

    ҚОҒАМ

    3-бет

    АКАДЕМИКТЕР ЕЛБАСЫ ЖАРЛЫҒЫН ҚОЛДАДЫ

    5-бет

    ҚҰЛАҒЫҢДЫ БІТЕМЕШІ, ҚАРАҒЫМ

    ТАРИХТЫҢ ТАРЛАНБОЗДАРЫ

    ТҮРІК АСПАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖҰЛДЫЗЫ

    ҚАЗАҚША НАН СҰРАҒАН НАТАША

    9-бет

    Қарашаш ТОҚСАНБАЙ

    АРТЫҚ ЖҰМЫС – АДАМНЫҢ АҚЫСЫН ЖЕУ

    5-бет

    Қайрат �БІЛДА

    EUR/KZT 389.04 USD/KZT 334.4 RUB/KZT 5.75 CNY/KZT 50.31ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

    ––––––––––––––––––––––––А з ы қ - т ү л і к б а ғ а с ы а р -зандар емес. Арзандағанды айтамыз-ау, қымбаттап ба-рады. Бастысы, бұл үрдістің басталғаны соңғы бір-екі айдың айналасы емес, жыл-дап жалғасуда. Бұрын кбіне маусымдық кезеңдерде белең алып, кейін қалпына келіп жа-татын сияқты еді, қазір скеннің үстіне сіп жатыр. Иә, су бар да түсу жоқ.––––––––––––––––––––––––

    Динара БІТІК,«Егемен Қазақстан»

    Қазіргі күні «баға қайда барасың», «қымбатшылық қысып барады» де-гендей мəтіндердің де қызуы кете бастағандай. Селк етпейміз. Адам болған соң əркім əйтеуір тіршілігін жасайды, қымбатшылық екен деп «қылтамақ» болсын ба?! Əлдекімдер əупірімдеп қана күнін көріп жүр. Біреу ет жеуді азайтса, енді біреулер жеміс жеуді доғарыпты. Кейбіреулер көкеніс көрсе де көңілі бұзылатындай күйде. Қысқасы, тапқан-таянғанын тамаққа ғана жеткізіп, жан бағып жүргендер көп. Ал қазіргі заманда, біздің экономикалық ахуалымыздың ауқымында бұл орынсыз, əрине. Себебі Қазақстанның экономикалық өсімі өзге көршілес елдермен салыстырғанда едəуір ілгері əрі жыл сайынғы ІЖӨ көлемі де көңілден шығады.

    Ендеше бағаның бұлайша бұл-қынуына не себеп? Оны тұрақтан ды-рудың жолдары бар ма? Баға көршілес елдердің нарығына тəуелді, бағаны көтеру кəсіпкерлерге тиімді десе, онда мүмкін халықтың жалақысы мен əлеуметтік көмектерді барын-ша көтеру қажет шығар? Кім білген,

    мүмкін сонда жағдай түзеліп қалар? Бұған нақты жауап айтар ешкім жоқ. Əйтеуір көпшілік көңілін күпті ет-кен көп сауалдың жауабын əркім өзінше іздеп əлек. Əрине бағаны билік шешпейді, нарықтың заңы осындай деп, бəрін нарыққа жауып отыра бер-сек те болар. Бірақ біз білетін билік бағаны бұғаулау бағытында барын-ша жұмыс істеп жатыр. Оған өзіміз Үкіметтің алқалы жиындарында министрлер мен əкімдердің баянда-маларынан талай көз жеткізгенбіз.

    Біріншіден, біздің елде бағаны тұрақ-тандыру үшін мемлекет тарапынан арнайы шаралар қабылданып, Үкімет бақылауына алған. Мəселен, осы мəселені шешу үшін арнайы құрылған тұрақтандыру қорлары бар. Яғни, Үкімет бағаның негізсіз өсуіне жəне алыпсатарлыққа жол бермеуге жəне маусымдық ауытқуды деңгейлестіруге бағытталған азық-түлік нарығын рет-теу бойынша шаралар қабылдаған.

    2012 жылдан жұмыс істей бас-таған бұл тұрақтандыру қорларын

    қымбатшылықтың алдын алу неме-се əлеуметтік азық-түліктің бағасын реттеудің тетігі деп жүрміз. Өйткені аталған қорлар жыл сайын Үкімет бекіткен əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тізім бойынша ша-руалардан сатып алып, азық-түлік жеткіліксіздігі кезінде қолжетімді бағамен сатылымға шығаруы тиіс. Бұл үшін бюджеттен қыруар қаржы да бөлінуде.

    (Соңы 4-бетте)

    Азық-түлік бағасынауыздықтаудың амалы қандай?..

    Қазақстандық арманға қол жеткізудің мүмкіндігі

    Жолдыбай БАЗАР,«Егемен Қазақстан»

    Қоғамымыздағы түрлі мəселелерге жаңаша көзқараспен қарап, оларды қазіргі кезеңнің талабы мен мүм кін діктерін ескере отырып шешу аса маңызды. Бұл

    орайда басты міндеттер ек шеліп, сарапта-лып қана қоймай, оны ойдағыдай жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жөні бөлек.

    Қазіргі таңда халқымыздың мүд-десі, қажеттілігі, талап-тілегі барынша

    ескерілген Ұлт жоспарының басым бағыттары, негізгі қадамдары өз дең-гейінде орындалып келеді. Мұның айқын мысалын мемлекеттік кəсіби аппа рат құру, есеп беретін мемлекетті қалып-тастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру жəне экономикалық өсімге қол жеткізу, біртектілік пен бірлік қағидаттарынан туындайтын мін деттерді орындау бағыттарында жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нəти жесінен көруге болады.

    Аталған бағдарламалық құжатта белгіленген міндеттерді іске асырудың практикалық кезеңі басталған 2016

    жылдың 1 қаңтарынан бергі аралықта Ұлт жоспарының «Кəсіби мемлекеттік ап парат құру» атты бірінші бөліміндегі 15 қадамның басым бөлігі орындалды. Нəтижесінде мемлекеттік аппараттың кəсі билігі қамтамасыз етіліп, кейбір кер тартпа іс-əрекеттердің жолы кесіл-ді. Соңғы деректерге қарағанда, мем-лекеттік қызметке қабылдау рəсімдерін қайта қарастыру, жаңғырту, дəлірегі, ман-саптық модельге көшу жүзеге асы рылған.

    Осыған дейін мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатын тұлғалар кез кел-ген бос жұмыс орнына, оның ішінде басшылық қызметке үміткер бола алатын

    еді. Ал енді мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жəне жұмыс тəжірибесі жоқ тұлғалар өзінің қызметтік мансабын тек төменгі лауазымдардан ғана бастайтын болды. Сондай-ақ төменгі лауазымдарға кандидаттарды іріктеуде жəне одан əрі лауазымдық өсуде тұлғаның іскерлік қасиеттері бірінші кезекте ескерілетіні айқындалды. Бұлардан бөлек, конкурс өткізу ережесіне сəйкес, конкурстық ко-миссия үміткерлермен сұхбаттасу бары-сында жеке қасиеттерді бағалау нəти-желерін ескереді.

    (Соңы 2-бетте)

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамыр айында ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары еліміздің уақыт талабына сай дамуына, заман сұранысына лайықты жауап беретін ауқымды шараларды жүзеге асыруға оң ықпалын тигізіп келеді. Сондай-ақ ел дамуының негізгі бағдары ретінде белгіленген бұл құжатта крсетілген міндеттердің орындалуы жаңа қазақстандық арманға қол жеткізудің тте жолы ретінде бағаланып отыр.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

  • 2 30 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛСАЯСАТ

    Түзету«Егемен Қазақстан» газетінде 2017 жылғы 27 қазанда жарияланған

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығының 4-тармағындағы «қол қойылған» деген сөздер «жарияланған» деп оқылсын.

    Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімі

    (Соңы. Басы 1-бетте)

    Сонымен бірге мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру, үш сатылы ірік-теу жүйесін енгізу мәселелеріне қатыс ты да қадамдар өз деңгейінде орын далды.

    «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз ету» атты бөлігінде қамтылған 19 қадам бо-йынша атқарылған шаралардың нәтижесі де жаман емес. Мәселен, басқасын бы-лай қойғанда, сот саласына қатысты 10 қадамның барлығы түгел жүзеге асы-рылды. Тарқата айтар болсақ, сот жүйесі инстанцияларын оӊтайландыру, бес саты-лы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу, судья лауазымына іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талап-тарын қатайту, судьялардыӊ есеп беру тәртібін күшейту, судьялардыӊ жаӊа этикалық кодексін қолданысқа енгізу, инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру жұмыстары және басқа да жағдаяттар бүгінде халықтың көңілінен шығып отыр.

    Ұлт жоспарындағы 32-қадамда «Қыл-мыстық құқық бұзу картасы» ұлттық

    ақпараттық жүйесі негізінде интернет-портал құру қарастырылғаны белгілі. Қазіргі таңда бұл карта жасалып, оған еліміздегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар қысқа мерзім ішінде тіркелуде. Сөйтіп ол ішкі істер органда-ры жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік беруде. Яғни қазақстандық аза-мат картаға өз мекенжайын енгізу арқылы сол радиуста тіркелген қылмыстар жө нін-де мағлұматтар ала алады. Деректер сұра-ныс берушінің электронды поштасына жі беріледі. Осылайша, еліміздегі сот тө-ре лігі мен құқық қорғау саласындағы тәр-тіп жүйесі ашықтық және кәсібилік тұр-ғы сында жаңа мүмкіндіктерге ие болды.

    Құжаттағы «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бөлімінде қарастырылған қадамдар бойын-ша атқарылған шаралар жөнінде ай-тар болсақ, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пай-далану, экспорттық және импорттық кеден ресімдерінен өту кезінде «бір терезе» қағидатын енгізу, кеден және салық жүйелерін интеграциялау, мүлікті және қаржыны заӊдастыру ресімдерін о ӊ а й л а т у , қ о л д а н ы с т а ғ ы з а ӊ ғ а

    өзгерістер мен толықтырулар енгізу, салық декларацияларын қабылдау және өӊдеудіӊ орталық желісін құру сын-ды мәселелердің шешімін табуы көңіл қуантады.

    Осы арада қолданыстағы салық режімін заман сұранысына сай оӊтайландыру, өӊірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру, өӊдеу өнеркәсібіне еӊ кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту, ет өндірісін, сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту секілді бағыттардың басым бөлігі жүзеге асырылғанын айта кетуіміз керек.

    Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт, қазақстандықтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау ЭЫДҰ мемлекеттерінің жоғары стан-дарттарына сәйкестендірілді. Сондай-ақ соңғы деректерге сүйене сөйлесек, еліміздің экспорттық тауарларын әлемдік нарыққа шығаруға бағытталған жобаларды түзу жұмыстары қызу қолға алынып отыр. Бүгінде өндіріс бо-йынша трансұлттық компаниялардың қатысуымен 4 жоба таңдап алынды. Бұл жобалар ет, сүт өнімдерін өндіру және

    қайта өңдеу, өсімдік шаруашылығы са-ласында іске асырылуда.

    «100 нақты қадамның» «Біртектілік пен бірлік» атты 4-бөлімінде көрсетілген қадамдардан туындайтын мақсаттарды орындау да қоғамымыз үшін аса қажет екені белгілі. Бұл орайда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актісі бекітіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы әзірленгенін, еліміздің барлық өңірлерінде 30-дан астам Достық үйі ашылғанын ерекше атап көрсеткіміз келеді. Сондай-ақ Ұлт жоспарының 87-қадамы шеңберінде «Менің елім» азаматтық бірегейлікті нығайту жалпыұлттық жобасының және 89-қадамдағы «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасының нәтижелері өзінің жоғары деңгейін көрсете білді.

    Ал Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бөлімінде қамтылған, соның ішінде, әсіресе, мемлекеттік жоспарлаудыӊ ықшам жүйесін құру, аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудыӊ жаӊа жүйесін енгізу, «Ашық үкіметті» енгізу, ақпаратқа қолжетімділік туралы заӊды

    әзірлеу, орталық мемлекеттік органдардыӊ статистикалық базалары мәліметтеріне онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету секілді көптеген бағыт бойын-ша да тиісті шаралар қолға алынып, олардың басым бөлігі іске асты.

    Қазіргі таңда «Ашық үкіметтің» мөлдірлігін, мемлекеттік органдардың есеп беруін, қоғамдық бақылаулардың күшеюін, азаматтық қоғамның араласу-ын қамтамасыз ету өз маңыздылығын көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының артуына, сондай-ақ барлық үдерістердің ашық болуына жол ашады. Бүгінде елімізде «Ашық үкімет», «Ашық дерек-тер», «Ашық бюджеттер» және «Ашық диалог» сияқты компоненттердің пай-да болуы осы бағыттағы жұмыстардың қарқынын көрсетеді.

    Жалпы, «100 нақты қадам» Ұлт жос-пары қоғамдық жаңа қатынастардың, соны функциялардың, сондай-ақ жаңа, жетілдірілген институттардың қалыптасып, орнығуына кеңінен жол ашты. Бұл еліміздің заман талаптары-на икемделе отырып дамуының мол мүмкіндігіне ие екенін аңғартады.

    ––––––––––––––––––––Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтағы бі-лім беруге арналған құн ды-лықтар, игіліктер және ин-новациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік кон-ференциясына қатысу үшін Қазақстанға келген білім беру саласындағы белгілі фин зерттеушісі әр і сарапшысы Паси Салбергті қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.––––––––––––––––––––

    Кездесу аясында тараптар білім беру және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін артты-ру, адам капиталын дамыту мәселелерін талқылады.

    Жоғарғы палатаның басшы-сы Сенатта өткен орта білім беру жүйесін заңнамалық тұрғыда

    реттеудің өзекті мәселелері мен келешегіне арналған пар-ла менттік тыңдау туралы ха-бардар етті.

    Қ.Тоқаев ғылыми жетіс тік-терге, оқытудың инновациялық

    әдістеріне және мұғалімдердің жоғары біліктілігіне негізделген финнің білім беру жүйесінің тиімділігін атап өтті. Төрағаның айтуынша, Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігінде кеңінен

    танылған фин тәжірибесін зерт-теуге және пайдалануға мүд-делі. Қазақстанды келешекке бастайтын аса зерделі бала-ларды оқытуға жақсы жағ дай жасалған зияткерлік мектеп-терінің қызметі осы мақсатқа қол жеткізуге арналған. Соны-мен бірге бүкіл елімізде бастау-ыш және орта білім беру дің бірыңғай стандарттарын жасау міндеті қойылды. Мұғалім дер-дің еңбекақысын көтеру мәсе-лесі маңызды мәселелердің қатарында.

    Өз кезегінде П.Салберг Қ.То-қаев тың пікірімен келісе оты-рып, оны сапалы білім беру ор-тасын жасау бағдарламасымен таныс тырды. Білім беру жүйе-сіндегі бірыңғай стандарттар, оқушылардың әл-ауқаты және олардың білім алу ісіне белсенді қатысуы осы бағдарламаны әзірлеудің негізгі ұстанымдары болып белгіленген.

    Мәжілістің Бюро отырысы өтті

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен палатаның Бюро отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Финляндия тәжірибесініңтәлімі мол

    Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

    Айтулы мереке Президент Н.Назарбаев-тың «Қазақстанның әлеуметтік жаң ғыр-тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында Елбасы Жарлығымен бекітілген «Еңбек күніне» орай ұйымдастырылған болатын. Ал форумға Парламент депутаттары мен Президент Әкімшілігі, Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы органдар, халық-аралық ұйымдар, бизнес-қоғамдастық пен кәсіподақтар өкілдері қатысты.

    Форумды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Қазіргі таңда тек жеке адам емес, тұтас халық бәсекелік қабілетін арт-тырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік ала-ды», деп атап өткенін айтты.

    «Негізінен, бұл мереке Отанымыздың өсіп-өркендеуін қамтамасыз ететін халықтың еңбегіне деген құрметтің бір белгісі. Оған қоса, бұл күн әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді дәріптеуге арналған. Еліміздің әрбір азаматы адал, риясыз, нәтижелі еңбектің маңыздылығын санасына сіңіруі тиіс. Сонда ғана Қазақстан әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылады. Өйткені келешекте ұлттың табыстылығы адами капиталдың са-пасымен өлшенетін болады», деді ол.

    Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы

    Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының мақсаттарына жеткізетін бірқатар мем-лекеттік және салалық бағдарламаның орын-далу нәтижелеріне де тоқталды.

    «Осы күндері мемлекет, жекеменшік сектор және кәсіби бірлестіктер ынты мақ-тастығының тетіктеріне негізделген әлеу-меттік-еңбек қатынастарының жаңа моделі қол данысқа енгізілді. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында биыл 290 мың жұмыс орны ашылды. 500-ге жуық кә-сіби стандарттар әзірленді», деді Гүлшара Әбдіқалықова.

    Мемлекеттік хатшы ірі және орта кәсіп-орын дардың шамамен 90 пайызында, сондай-ақ шағын кәсіпорындардың 30 пайыз дан астамында әлеуметтік-еңбек қатынас тарын реттейтін ұжымдық шарттар бар екенін тілге тиек етіп, елімізде жаңа жоба – тегін кәсіптік білім беру ісі қолға алынға нын атап өтті. Осылайша, жастар үшін өзі нің еңбектегі алғашқы мамандығын мемлекет есебінен игеру мүмкіндігі пайда болған дығын алға тартты.

    Содан кейін сөз алған Еңбек және ха-лық ты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүй сенова бұл күн ел экономикасының түрлі салаларында қызмет етіп келе жатқан 8,5 миллионнан астам азаматтардың айтулы мерекесі екенін айтты.

    «Елбасы өзінің «Жалпыға Ортақ Ең-бек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағ-дар ламалық мақаласында әлемдік өрке-ниеттің барлық құндылықтары, барлық

    экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарының емес, адамның еңбегімен жасалады деп айтқан бо-латын. Расында да егемендігімізді алғаннан кейінгі ширек ғасырға көз жүгіртетін бол-сақ, осы уақыттың ішінде елімізде 7,5 мың шақырым жол салынды. 113 млн шар шы метрден астам тұрғын үй қол-данысқа берілсе, 3 мыңға жуық мектеп пен денсаулық сақтау сынды әлеуметтік ны -сандар бой көтерді. Ал өндірілген жалпы өнімнің көлемі 1993 жылғы 29,4 млрд тең-геден, өткен жылғы қорытынды бойынша 47 триллион теңгеге жеткен. Осындай көр-сеткіштерге ие Қазақстанды әлемдік қо-ғамдастық нарықтық экономикадағы мем-лекет ретінде мойындап отыр», деді Т.Дүй-сенова.

    Айта кетейік, форум аясында «Еңбек жолы» атты республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Оған 329 адам қатысқан болатын. Нәтижесінде, «Үздік еңбеккерлер әулеті» аталымы бо-йынша Ақтөбе облысынан теміржолшы Жұбанышевтар отбасы; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинация-сы бойынша Батыс Қазақстан облысынан энергия кәсіпорны өндірістік-техникалық қызмет бөлімінің бастығы Тілек Харин; «Үздік жас қызметкер» номинациясы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан мұғалім Нұрсұлтан Аббасов; «Жас ұрпақты еңбекке баулудағы үлесі үшін» номинация-сы бойынша Оңтүстік Қазақстан облы-сынан балабақша меңгерушісі Нұржамал Төлеуова жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы-на үлес қосқан ел экономикасының түрлі саласының ардагерлері «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

    Форум соңында қазақстандық танымал эстрада әртістерінің қатысуымен концерт өтті.

    Адал еңбек – ауқатты тұрмыс арқауы

    Асхат РАЙҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

    Бұл жайында Орталық ком-муникациялар қызметінде өт-кен баспасөз мәслихатында мә-лім болды. Жиында Еңбек, әлеу-меттік қорғау және көші-қон ко митетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов тексеру кезінде мәлім

    болған заң бұзушылық әре - кеттерін болдырмау мақ-сатымен еңбек инспекторла-ры 4 746 нұсқаулық бергенін және 360,2 млн теңгеге 2 326 әкімшілік айыппұл салынғанын жеткізді.

    «Бір тәулікте жұмыс уа қы-тынан тыс жұмыс әр қызметкер үшін екі сағаттан аспауы керек.

    Ал бір айға шаққанда ол 12 сағаттан аспауы тиіс, жылы-на – 120 сағат. Еңбек заңын бұз ған азаматтар заңға сай жауап кершілікке тартылаты-нын айта кетейін», деді комитет төрағасы. Спикердің сөзінше, жұмыс беруші жұмыскерлеріне қатысты еңбек шартын бұзған жағдайда ол адамдар немесе олардың өкілдері еңбек инс-пекциясына шағымдана алады. Берілген арыз арқылы меке-ме тексеруден өткізіледі. Заң бұзушылық тіркелсе, Қа зақ-стан Республикасының заңна-масына сай тиісті шаралар қолданылады.

    Қазақстанда Еңбек күні 2013

    жылдан аталып өтілетінін, 2014 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Еңбек ері» медалі тағайындалғанын еске салған Ақмәди Сарбасов аталған марапат 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ еңбек қызметінде жоғары нәти-желерге қол жеткізген қыз мет-керлер мен зейнеткерлік жас қа жеткен адамдарға беріле тінін айтты. «Бүгін әр саладан бір өкіл «Еңбек ері» атанды. Қа те-леспесем, 9 адам. Бұл әр сала-ның, әр мемлекеттік ор ган ның таңдауы болды», деген ол еңбек ардагерлері де марапаттау дан шет қалмайтынын жеткізді.

    Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,«Егемен Қазақстан» –Бакуден (Әзербайжан)

    Осынау маңызды оқиғаға байланысты Әзербайжанның белгілі саяси тұлғалары, эко-номист-сарапшылары да өз ой-ларын білдіруде. Әзербайжан Мәжілісінің депутаты Тахир Миркишилидің айтуынша, бұл – Қазақстан мен Әзербайжан байланысына тың серпін беретін ауқымды жоба. Қазіргі таңда елдердің екі бірдей стратегиялық әріптесі Қытай мен Еуропалық одақ арасындағы тауар айналы-мы 500 млрд АҚШ долларына жеткен. Ал екі ортаға жыл сай-ын 100 млн тонна жүк тасымал-данады. Бұл жүктерді тасымал-дайтын екі жол бар. Соның бірі – Қытайдан басталып, Транссібір темір жолын пайдалану арқылы Ресеймен Солтүстік Еуропаға жеткізу болса, екіншісі – Үнді мұхиты арқылы неміс порты-на апаратын теңіз жолы. Бұл екеуінің де өзіндік артықшылығы мен кемшілігі бар. Біріншісі саяси жағынан тұрақты емес болса, екіншісі өте ұзақ жол. Сондықтан осыдан он жылдай бұрын Бакуде үлкен жиын өтіп, сонда қабылданған декларация-да саяси жағынан тұрақты, қай елге де тиімді бірыңғай плат-форма құру туралы айтылған. «Еуропалық одақ пен Қытай, Қазақстан мен Әзербайжан, Түркия мен Орталық Азия, Ресей мен Иран арасындағы тауар айналымындағы өсімді есепте-генде осы елдерге жылдам та-уар жеткізетін, экономикалық жағынан тиімді болатын үлкен жобаны қолға алу мәселесі Баку конференциясында кеңінен

    қозғалды. Осылайша, Баку – Тбилиси – Карс темір жол желісін салу идеясы дүниеге келген еді. Бұл біздің елдерді, Түркия, Грузияны байланысты-ратын, яғни Еуропадан баста-лып, Түркия арқылы өтіп, Кавказ, Орталық Азия мен Қытайды жалғайтын ортақ көпір іспетті», дейді депутат.

    Ал Әзербайжанның эконо-мист-сарапшысы Фуад Әлизаде 800 шақырымнан асатын Әзер-байжан, Грузия, Түркия темір жол дарын бірыңғай желіге қоса-тын Баку – Тбилиси – Карс темір жол бағдары Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі екенін айтады. Оның пікірінше, магистраль-ды пайдалануға беру арқылы Қытайдан шығатын жүк ағынын Қазақстан аумағымен Ақтау порты, Құрық, Алят айлақтары арқылы Түркияға қысқа жол-мен жеткізіп, одан әрі Еуропаға бағыттауға болады. Бұл бір жағынан уақытты және шығынды үнемдейді. «Мысалы, 25 қазан күні Қазақстанның Қос танай қаласынан шыққан жүк түріктің қаласына Ба ку – Тбилиси – Карс арқы лы жылдам жетед і. Он жылға жуық уақыт бойы са лын-ған темір жол желісі Қазақ стан мен Әзер байжан арасындағы стра те гиялық байланысты нығай-та түседі», дейді экономист.

    Сонымен бүгін Баку – Тби-лиси – Карс темір жол желісінің салта натты ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Әзер-бай жан президенті И.Әлиев, Түр кия президенті Р.Ердоған, Гру зия премьер-министрі Г.Кви-ри каш вили, Өзбекстан премьер-министрі А.Әріпов қатысады деп күтілуде.

    Қазақстандық арманға қол жеткізудің мүмкіндігі

    Онда алдағы жалпы оты рыс-тың күн тәртібі талқыланды. Ол бойынша келесі сәрсенбіде Мәжі ліс Кедендік реттеу тура-лы ко декс жобасын және оған ілес пе заң жобасын бірінші оқы-лым да қарайды деп күтілуде. Бұл құжат ЕАЭО Кеден кодек сінің кедендік реттеу саласын дағы жаңалықтарын регламент теуді көздейді. Оның ішінде элек-тронды кедендік декларация-лаудың басымдығы және белгілі бір жағдайларда ғана жазбаша де-кларациялауды қолдану, декла-рацияны толтыруға негіз болған құжаттарды кеден орга нына ұсынбай, кедендік декларацияны

    беру, тағы басқа да мәсе лелер қамтылған.

    Сонымен қатар осы күні па-лата Еуразиялық экономи калық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялауға бай-ланысты заң жобасын қарай ды деп күтілуде. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Еңбек күні және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» республикалық форумы өтті. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысқан шарада «Еңбек жолы» мен «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» байқауларының жеңімпаздары марапатталды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Жұмыскер құқын бұзғандарға шара қолданды

    Елдерді байланыстыратынортақ көпір

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан мен Әзербайжан – ежелден достығы жарасқан мем-лекеттер. Екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орныққан ширек ғасыр ішінде ынтымақтастықты барлық са-лада дамыту мәселесі ұдайы жүргізіліп келеді. Бүгін ашылғалы отырған Баку – Тбилиси – Карс темір жол желісі де – қос мемлекеттің көлік-транзиттік әлеуетін арттырудың маңызды стратегиялық жобасы. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекеттік еңбек инспекторлары биыл 9 ай ішінде 7 743 тексеру жүргізген. Шара барысында мекемелерде заң талап-тарын сақтау жағдайы сарапқа салыныпты. Нәтижесінде 11 019 құқық бұзушылық тіркелсе, оның 212-сінде жұмыс уақыты сақталмаған. Ал еңбек қатынасына қатысты адам құқы 7 400 рет бұзылған. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

  • 30 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ 3

    O’ner aldy – qyzyl til: tiley’ – baqyt,Qabag’yn’a tur edi-ay’ qyray’ qatyp!Generaldyn’ latyns’a lampasyndai’ Sen oraldyn’Tilime tyray’latyp!

    Tyray’latyptilime keldi ko’ktem, Jen’isimnin’ jalay’yn jelbiretken!Tumay’ratypqalmasyn tilim menin’ Bir ay’natypmeni de mo’ldiretken! * * *Mo’ldiretkenmeni de bir ay’natyp, Tilim menin’ qalmasyn tumay’ratyp!Jelbiretkenjalay’yn jen’isimnin’ Keldi ko’ktemtilime tyray’latyp!

    Tyray’latyptilime sen oraldyn’ Lampasyndai’ latyns’a generaldyn’!Qyray’ qatyptur edi-ay’ qabag’yn’a, Tiley’ – baqyt:qyzyl til – o’ner aldy!

    To’regeldi TUI’AQBAI’

    Өнер алды – қызыл тіл: тілеу – бақыт,Қабағыңа тұр еді-ау қырау қатып!Генералдыңлатынша лампасындайСен оралдыңтіліме тыраулатып!

    Тыраулатыптіліме келді көктем,Жеңісімнің жалауын желбіреткен!Тұмауратыпқалмасын тілім менің,Бір аунатыпмені де, мөлдіреткен! * * *Мөлдіреткен,мені де бір аунатып,Тілім менің қалмасын тұмауратып!Желбіреткенжалауын жеңісімнің,Келді көктем тіліме тыраулатып!

    Тыраулатыптіліме сен оралдыңЛампасындай латынша генералдың!Қырау қатыптұр еді-ау қабағыңа,Тілеу – бақыт:қызыл тіл – өнер алды!

    Т�регелді ТҰЯҚБАЙ

    Кемел оқиға, келелі ісМұхтарбай ТЕЛБАЕВ, ҰҒА академигі

    Қазақстан Респуб ли ка сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі əліп биін кириллицадан латын графи-касына көшіру туралы Жарлыққа қол қойып, хал қымыздың рухани кеңістігіне тарихи жол ашып отыр. Бұл заман та-лабынан туындап отырған кемел оқиға.

    Бұл өзгерістен біз не кү те міз? Жалпы алғанда, латын гра фикасы қазақ тілінің дыбыс тық жүйесін табиғи қа лыпқа тү сі ріп, жасан дылыққа ұрынған арти куляциялық базасы-нан арыл туы тиіс.

    Екіншіден, бұрынғы қы рық екі əріптің саны қыс қарып, жаңа дан мақұл данған 32 əріп-ды быс тық əліпбидің ерек-шелігі, болашақта жазу сыйым ды лығын арттыруға негіз болары анық.

    Үшіншіден, жаңа əліпби тіліміздің ұлттық сипатын арт-тырып, санамызды сілкінтіп, жадымызды жаң ғыртып, ру-хани бодандықтан құт қарудың жолы болар деген үміт бар.

    Осы орайда Елбасы өзі бастамашы болған рухани өзгерісті баянды іске асыру үшін арнайы комиссия құруды латын əліпбиіне көшудің ке зеңдік бағдарламасын дайын-дауды Президентінің Əкім шілігіне тапсырыпты. Осындай кемел де келелі іске тек сəттілік тілеуден басқа не айтуға болады.

    «Көш жүре түзеледі» де ген дей, болашақта латын əліп биіне бізден бұрын көшкен Түркия, Өзбекстан, Əзер байжан, Түрікменстан секілді түркітілдес елдердің тəжіри бесіне сүйене отырып, олардың жі берген қате-кемшіліктерінен сабақ алуымыз қажет.

    Игі тілектің орындалғаны

    ––––––––––––––––––––––––––Алматыдағы «Ғылым ордасының» мәжіліс залында Түркі академия-сы Ха лық аралық ұйымы түркі әлеміне ортақ құндылықтарды саралау мақсатымен «Рухани жаңғыру: тұлғалар тағылымы» тақы рыбында д�ңгелек үстел ұйымдас тырып, зиялы қауым �кілдерінің басын қосты. ––––––––––––––––––––––––––

    Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

    Қазақ ғылымы мен руханияты на елеулі үлес қосып келе жатқан ғалым дар, академиктер мен ғылыми-зерттеу инс-ти туттарының басшылары, мажар, қыр-ғыз, түрік, əзербайжан, ұйғыр, татар ға-лымдарының алдында сөз алған Академия президенті Дархан Қыдырəлі шараның мақсат-маңызына тоқталды. Ұлттық сана мен болмысты əлемдік құндылықтармен үйлестіре отырып, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер мен батыл шешімдерге құрылған «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланған биылғы жыл ел тарихын-да ерекше жыл ретінде есте қалмақ. «Сананы сілкіндіретін, ойды отарсыз-дандыратын, жадыны жаңғыртатын, та-рихты түлететін бағдарлама көптеген ауқымды бастамаларға негіз болды. Əрине атқарылып жатқан қыруар жұмыстың ішінде бірінші кезекте қазақ тілінің латын əліпбиіне көшуін атаған болар едік», деді Д.Қыдырəлі.

    Алқалы жиынды жүргізген ғалымның айтуынша, күні бүгінге дейін ұлттық кодқа байланыс ты, тарих, таным, тіл, кітаптардың тəржіма ісіне бай-ланысты көп жұмыстар атқарылған. Көптен жоспарланған дəл осы шараның Елбасының қазақ тілін латын əліпбиіне көшіру туралы Жарлыққа қол қойғаннан кейін өткізілуінің де символдық мəні бар. Себебі Жарлық шыққанда бірінші кезекте лингвистердің, түрколог ғалымдардың, зиялы қауымның көзқарас білдіріп, қолдауы заңдылық. Түркі академиясының бастамасымен өткізіліп отырған жиын тақырыбының «Тұлғалар тағылымы» деп аталуының сыры да осында. Тамыры терең бəйтерек сынды, тоқсанның төріне шықса да, тіл үшін тірескен талай күрестерде тайсалмай қайраткерлік таны-тып, толғауы терең қызыл тілдің тағдырын «тағдырым» деп таныған үш абыз академиктің – Əбдуəли Қайдаров, Шора Сарыбаев жəне Рəбиға Сыздықованың алқалы басқосудың белортасынан табы-луы жиынның басты жаңалығы болды. Тіл білімі ғылымының алтын қазығы іспетті болмысы біртұтас асылдан сом-далып құйылғандай айтулы ғалымдардың соңғы жылдары жұрттың алдында си-рек төбе көрсетіп жүргені болмаса, тіл тағдыры тағы бір тарихи шешуші кезеңге бет бұрғанда, аяулы Академияларына аяңдап келіп, тілектестік танытқандарына үлкен-кіші түгел толқыды. Ұлағатты ұстаздар ұлт мəселесіне келгенде тарты-нып қалмай, алдыңғы шептен көрінетінін тəуелсіздіктің сонау елең-алаң тұсында да көрсеткен болатын. 1992 жылы Түркиядағы Мармара университетіндегі жиынға Қазақстанның атынан қатысып қайтқан Ə.Қайдаровтың елге келген соң «қазақ елі латын əліпбиіне көшуі керек»

    деген өзі бас болып, жобасын жасап, Елбасына хат жазғанына да биыл 25 жыл болыпты. Сол арман-аңсар шындыққа айналып, латынға көшу жөніндегі ба-стама ресми түрде биыл жаңа бетбұрыс кезеңіне қадам басып отыр. Өйткені бүкілхалықтық талқылауға түскен латын əліпбиі түркология ғылымының ортақ əліпбиі ғана емес, рухани жаңғырудың басты негізі екені сөзсіз.

    Айта кету керек, Академияның ғылыми жобаларының үлкен бір бөлігі түркология ғылымының дамуына үлес қосып отырған авторлардың еңбегін на-сихаттау жəне жаңа еңбектердің жарық көруіне ұйытқы болуымен байланысты жүргізіледі. Қазақ елінің тумасы, əлемдік дəрежедегі түрколог ғалым Əмір Нəжіп өзінің мұрасын, қолжазбаларын, тари-хи салыстырмалы сөздігін, кітаптарын көзі тірісінде Əбдуəли Туғанбайұлына аманаттап кеткен болатын. Бұл еңбектер жалпы түркология ғылымына қосылған үлкен олжа болып саналады. Ə.Қайдаров бұл ғылыми мұраларды Халықаралық Түркі академиясына табыстаған-тын. Сол аманаттап кеткен дүние биыл араға қырық жыл уақыт салып «ХІV ғасыр түркі тілдерінің тарихи-салыс-тырмалы сөздігі. Құтыптың Құсрау-Шырын еңбегі негізінде» атты 4 томдығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ғылым» баспасынан жарыққа шығып отыр. Сондай-ақ Ə.Қайдаровтың «Ұйғыр тілі лексикасының дамуы» жəне «Қазіргі ұйғыр əдеби тілінің дамуы» атты ұйғыр грамматикасына байланысты екі том еңбегі де баспадан көпшіліктің пайдала-нуына жол тартты. Ілгеріректе түркітану ілімінде өзіндік жолы бар академик Р.Сыздықованың Қадырғали Жалаириге тиесілі «Жами ат-тауарих» кітабын зерде-леп, бұл шежіренің рухани мұра жағынан да, тілдік тұрғыдан да қазақ халқының байырғы дəуірден қалған төл мұрасы екенін дəлелдеген еңбегі де Академия қолдауымен жақын арада оқырманның қолына тиеді. Бұған қоса қолданыс аясы əлдеқашан тарылып кеткен шор, қарлұқ, қарашай, алтай, гагауыз, құмық, Кавказдағы, Ауғанстандағы, Ирандағы, Қытайдағы, жалпы дүние жүзіндегі жой-ылу қаупі төніп тұрған түркі тілдерін жинақтап, «Жойылу қаупіндегі түркі тілдері» атты төрт томдық энциклопедия

    шығарылды. Мұндай ауқымды жұмысты атқаруға əлемнің 300-ден аса ғалымы жұмылдырылған. Түптеп келгенде, осының бəрі рухани жаңғыру жолында атқарылған жұмыс, Елбасы бастамасымен құрылған Түркі академиясының игілікті ісі мен еңбектері түркі халықтарының ортақ ру хани жемісі болатыны анық. Басқосу барысын да осы аталған төрт бірдей іргелі еңбектің тұсауы кесі ліп, кең көлемде жинақталған мəдени мұралар зия лы қауымға таныстырылып, тарту етілді.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық ғы-лым академиясының президенті Мұрат Жұ рынов, Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңе-сі нің мүшесі Əділ Ахметов, Қыр ғыз-стандағы Манас қырғыз-түрік универ-ситетінің профессоры Қадыралы Қоңқа-баев, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының директоры, ҰҒА академигі Уəлихан Қалижан, академик Өмірзақ Айтбаев тіл келешегі үшін жасалып отырған игі қадамды қолдай отырып, қазақ тілінің латын əліпбиіне көшуі уақыттың та-лабы екенін, жаңа көштің қарқынды, бірақ кезең-кезеңімен жүзеге асырылар байыпты іс екенін атап өтті. Телқожа Жанұзақов, Асқар Жұ банов, Нұргелді Уəли, Байынқол Қалиев, Əлімхан Жүнісбеков сынды кəсі-би тіл мамандарының қатысуымен өткен жиынның салмағы да, маңызы да жо-ғары болды. Дөңгелек үстелдің өзі «Тұл-ғалар тағылымы» деп аталғандықтан түркология ғылымы саласында үлкен еңбек сіңіріп, өмірден ертерек өткен ма-жар ғалымы Иштван Қоңыр Мандокидің шаңырағында түтінін түтетіп отырған жары Оңайша Мандоки Қоңыр марқұмның армандарының біртіндеп орындалып келе жатқаны түркітану ғылымының да қарқынды дамуының көрінісі екенін жəне оның есімін ұлықтап, мұрасын түгендеп жүргені үшін Түркі академиясына рах-мет айтып, атқарып жатқан жұмысына оң баға берді.

    Жиын соңында шараға қатысқан зия лылар латын əліпбиіне байланыс-ты шыққан Елбасы Жарлығын қолдай-тынын жəне ұлттық мүддеге бағыт тал-ған тарихи шешімді орындауға атсалы-са тындарын айтып, арнайы үндеу қабылдады.

    бдуәли ҚАЙДАРОВ, академик:

    − Отан соғысында бес жыл əскери мін-детім мен азаматтық б о р ы ш ы м д ы ө т е п қайтқаннан кейін инс-титутқа түсіп, одан

    аспирантураны бітірген соң бар саналы өмірім Қаныш Сəтбаев негізін қалаған осы Ұлттық ғылым академиясында өтті. Мен сонау тəуел сіз діктің ал ғаш қы жыл дарында Түр кия Сыртқы іс тер ми нис трлігінің ұйым -дас тыруымен өткен Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғыз стан, Əзербайжан жəне Түрік менстан ғалымдарының Анкарадағы конференциясына Қазақстанның делега-циясын бастап барған едім. Сонда бар-ша түрік халықтарына ортақ 34 əріптен тұратын латын əліпбиінің жобасына Қазақстан тарапынан қол қойып, қазақтың «ə» деген əрпін енгіздім. Конференциядан келгеннен кейін көп ұзамай «түркі елдері латын əліпбиін қабылдайтын болып-ты» деген хабар алдық. Осы хатты алғаннан кейін Президентке ашық хат жазып, түркітілдес елдер ғалымдарының ұйғарымын жеткізген едім. Міне, сол уақыттағы арман-тілегіміз бүгін орында-лып отыр.

    Шора САРЫБАЕВ, академик:

    − 1937 жылы алғаш мен мектеп та бал -дыры ғын аттаған кез-дері орыс мектептері-нің көбейіп, қазақ мек-тептерінің біртіндеп жабылып жатқан кезі

    еді. Содан бері біз көп нəрсені жоғалтып ал дық. Біраз нəрседен құр қалдық. Құн-дылықтарымыз құрбан болды. Тіліміз-ді тұншықтырып, тынысын тарылтқан империя лық саясаттың үстемдігіне іштей қапалан дық. Бірақ «ештен кеш жақсы». Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл өлсе, халықтың өзі де өледі» дейтін сөзі бар. Ең алдымен ана тіліміздің қадір-қасиетін көтерейік. Бар міндетім жастарды патрио-тизмге тəрбиелеу, қазақи мінезге баулу, қазақты сақ тауға бағытталды. Сондықтан кейінгі ұрпағым тілін, жерін, отанын қадірлесе екен деймін.

    Рәбиға СЫЗДЫҚОВА, академик:

    – Қазақтың тұң-ғыш төл əліпбиі Ах мет Байтұрсынов жа са ған əліпби болатын. Мен 1-сыныптан 9-сыныпқа дейін ла тын қарпімен

    оқу оқыдым. 1945 жылы жоғары оқу ор-нына түскенде, ұстазымыз оқыған дəрісті латынша жазатын едік. Өйткені қолымыз үйреніп кеткендіктен бе, əлде расымен жазуға оңай болды ма, латынмен жазуға бейім болдық.

    1956 жылы көрші Қытай еліндегі Шың жаңдағы ұйғырлар мен қазақтар ла-тын əліпбиіне көшу мəселесін көтеріп, үлкен халықаралық конференция ұйымд-астырды. Соған барған 5-6 ғалымның бірі мен болатынмын. Латынға көшу мəселесімен сол кезде бірінші рет бетпе-бет келгенмін. Ал бүгін өз елімізде осы бас-тама көтеріліп, жылға жуық уақыт бойы «латынға көшеміз бе, көшпейміз бе?» деп талқыладық, айтарым, енді қарайлаудың қажеті жоқ. Дұрыстығы əлдеқашан дəлелденген. 32 дыбысты таңдап алу қиынға соқпас, ең қиыны осы əріптердің емлесі мен ережесін дұрыс түзіп шығу. Кеше кириллицаға көшкен кезде ғалымдар үшін ең қиыны не болып еді? «Жапырақ», «топырақ» деген сөздердің арасына «ы» əрпін жазамыз ба, əлде «жапрақ», «топрақ» деп жазамыз ба?» деп он жыл бойы айтысқанбыз. Айтыссаң, айтыс қыза береді. Сондықтан əуелі латын тіліне көшіп алып, «қалай жылдам, оңай əрі қиындықсыз жазуға болады?» деп ғылыми ізденісін жалғастыра беруіміз керек. Егер менің жанымда айтқанымды жазып оты-ратын, кеңесіп отыратын көмек шім бол-са, латын əліпбиіне көшуге байла нысты ауқымды міндетті бірге атқарысып, осы ереже-емлелерді жазуға көмектесер едім.

    Мұрат ЖҰРЫНОВ, Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик

    – Қазақ қоғамы əліпби мəселесін 1994 жылдан бері талқылап келеді, əбден пісірдік деп ойлаймын. Химия

    саласының маманы болсам да, тап осы мəселеге байланысты баспасөз бетінде менің де бірнеше мақалам шықты. Ол кезде қазақ-түрік университетінде жұмыс істеймін. Түркиядан, басқа да шет мем-лекеттерден келген мамандар көп бол-ды. Олар «біз кириллицаны білмейміз, сондықтан бізге латын əліпбиін жа-сап берсеңіздер, біз тезірек қазақ тілін меңгерер едік» деген өтінішін айтты. Сөйтіп университеттің ішінде ғана қолданылатын латын əліпбиін жасадық. Мамандармен бірлесіп, қазақ-түрік сөздігін жарыққа шығардық. Яғни ла-тын əліпбиімен мен сол кезден бастап шұғылданып келемін. Ендігі əңгіме мы-нада: Президент Жарлығы шықты, енді тек қана орындау керек.

    Меніңше, біздің нұсқа түркі елдері əліпбиі ішіндегі ең жақсы əліпби. Тілдің басты заңдылығы сақталған, компью-тер қабылдайды, жеңіл. Сондықтан осы Жарлықты бəріміз қолдаймыз.

    АЛМАТЫ

    Академиктер Елбасы Жарлығын қолдады

    Келді көктем тіліме тыраулатып!

    Сұлтан ОРАЗАЛЫ,жазушы, бұрынғы Министрлер кабинетінің жанындағы тіл комитетінің тұңғыш т�рағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор

    Бұл – рухани өміріміздегі айтулы күн. Көп жылдар ел есінен кетпей, ауық-ауық айтыс-тартысқа себеп болған қазақ жазуының латын қарпіне көшу идеясы бүгін мəресіне жетті. Біз өз жолымызды таңдадық. Президент латын қарпіндегі қазақ əліпбиінің соңғы нұсқасына қол қойды.

    Əлі есімде, осыдан ширек ғасыр бұрын тұңғыш Тіл комитеті құрылған жылы латын қарпіне көшу туралы идея кең талқыға түсті. Тілші ғалымдардың ұсынысын Тіл комитеті қызу қолдап, бас па сөзде бір жылдай пікірта лас ұйымдастырды. Бұған қалың қауым белсене атса-лысты.

    Латын қарпіне көшу дің пайдалы жағы да, кемші лігі де сөз болды. Өте сали қалы пікірлер айтылды. Ла тын қарпіндегі қазақ əліпбиінің көптеген

    нұсқалары жи нақ талды. Бұған қара-пайым инженерден бастап, тілші ғалымдар, мектеп мұға лім дері – жалпы шығар ма шы лық интеллиген-ция белсене араласты. Нəтижесінде, осы ұсыныстарды талдап, жи нақтап, қолдап Президент ап паратына жолдадық. Біздің бұл əрекетіміз қисынды болға нымен тəуелсіздіктің елең-алаңында, қазақ тілі əлі еңсесін тіктемей тұрғанда асы ғыстыққа апа-ратын еді. Сон дықтан, бұл игілікті іс өзі нің жұлдызды шағын тос ты. Ол күн туды. Соңғы бір жыл бойғы талқылаудан байқағанымыз латын қарпіне көшу – оңай шаруа емес. Бұл – бүкілхалықтық, мемлекеттік аса маңызды іс. Одан ешкім де сырт қалмауға тиіс. Ендеше бос дауруғуды азайтып, енді нақты ша-руа тындыру керек. Бұл бір күннің, бір жылдың өткінші оқиғасы емес, болашақ ұрпағымыздың өркениет көшінде өз орнын тауып, ана тіліміздің жаңғырып дамуына, шын мəнінде мемлекеттік тіл дəрежесіне көтерілуіне қызмет ететін ба-сты құралға айналса, өзге тілдің өктемдігіне тосқауыл болса, тілектің орындалғаны деп ойлаймын.

    Keldi ko’ktem tilime tyray’latyp!

  • 4 30 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛЭКОНОМИКА

    ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

    Азық-түлік бағасынауыздықтаудың амалы қандай?..

    (Соңы. Басы 1-бетте)

    Мәселен, биылдың өзіне «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация-лар 17,1 млрд теңге көлемінде қар-жы лан дырылған. Бірақ бұдан елдегі азық-түлік тауарларының арзанда-ғанын сезіне алмай отырмыз. Неге? Әлде қолға алынған шара бар бол-ғанымен, атқарылған жұмыс мар-дымсыз ба? Міне, мәселенің бір ұшы осында. Бұл жайында Үкімет отырыстарының бірінде минис тр-ліктегілердің өзі мәселе кө терген. Яғни, бұған дейінгі екі жыл дағы тұрақтандыру қорларының жұмы сын талдау көрсеткендей, олардың әлеуеті тиісті деңгейде жұмыс істемей тін көрінеді. Бағалардың күрт өсуі азық-түлік тауарларының қорлары төмен өңірлерге тән болып отыр ғаны да сынға алынды. Себебі баға ның ең көп өсуі жыл сайын маусым аралық тауарларға келеді, яғни өңір лерде көкөніс және картопты бағаның төмендеуі және жиын-терім (жаз-күз) кезеңінде алып қалу қажет. Алайда, аталған тәжірибені кейбір әкімдіктер орындамайды. Көкөніс бойынша тұрақтандыру қорларын пайдалану маусымаралықтан бастап (желтоқсан-наурыз) бағаның барын-ша өсуін күтпей, барлық көрсетілген кезеңге тең бөлу арқылы жүзеге асы-рылуы қажет.

    Статистика комитетінің мәлі-меті не сүйенсек, 2017 жылдың тоғыз айында жалпы азық-түлік өнімде-рі нің бағасы 3,1 пайызға қымбат-таған. Оның ішінде ауылшаруа-шылық өніміне баға 1 пайызға өскен. Қыркүйекте 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл-ша руашылық құрылымдары өткіз-ген өсімдік шаруашылығы өнімі 2 пайызға қымбаттап, ал мал ша руа-шылығы өнімі 1,2 пайызға арзан-даған деседі. Қаңтар-қыркүйекте баға жүгеріге – 9,8 пайыз, қара бидайға – 9,7 пайыз, арпаға – 7,3 пайыз, күрішке – 3,2 пайыз, сұлыға – 5 пайыз, тарыға 0,3 пайызға өскен. Қой еті – 6,8 пайыз, ірі қара мал еті – 4,6 пайыз, жылқы еті – 4,3 пайыз, шошқа еті 4,1 пайызға қымбаттады, ал құс еті 2,3 пайызға арзанда-ды, баға жұмыртқаға 27,8 пайызға төмендеді, ал балға 3,2 пайыз, шикі сүтке – 2,9 пайыз, қой жүніне 0,9 пайызға өсті дейді ресми дерек. Алайда, базардағы немесе үйіміздің іргесіндегі шағын дүкендердегі бағаның жайынан хабардар кез келген қарапайым адам бұл де-ректерге онша сенбеуі де мүмкін.

    Себебі қазіргі күні қымбатшылық қысымы қатты білініп қалды. Әрине, есептеу реті бойынша сандардың сәй кестілігін білеміз, статисти-ка мәліметіне күмән келтіруге де қақымыз жоқ. Тек ол қалай есептеліп жүр, қазіргі есептеу индикаторла-ры бағаның байыбын бағамдауға қауқарлы ма деген сауал да жоқ емес. Әйтпесе қарапайым ғана бір есеп: бір кезде 60-80 теңге болған картопты 300 теңгеге көтеріп, ол сосын 150 теңгеге ғана түсетін бол-са, қалай оны 50 пайызға арзанда-ды деп «алақайлай» аламыз? Бір кезде себепсізден аспандап кеткен баға енді бір кезде статистиканың жалпылама көрсеткішіне пайдасын тигізбей ме деген де ой қылаң береді.

    «Бәрі қымбаттап жатыр. Басқасын қойшы, азық-түліксіз қалай отыра-мыз. Ай сайын базарға барып азық-түлік аламыз. Осыдан бір-екі ай бұрын 20 мыңға алған тамақты, міне, осы айда 30 мыңға алып отырмын. Қияр, қызанақ туралы қиялдамайтын болдық, бағалары 500-600-ге дейін», дейді бізбен базарда жолыққан Астана тұрғыны Қарлығаш. Бағаның бұғаусыздығына саудагерлер де мәз емес. «Бізге өндірушілерден тікелей ештеңе түспейді, бәрін азанда көк базарға барып көтерме бағамен са-тып аламыз. Сосын үстінен қосып, осы базарда сатамыз. Тауар қымбат-тағаннан бізге пайда жоқ, өткізу қиын, шығыны көп», деді саудагер Сандуғаш.

    Сонымен қымбатшылықтың негізгі себептерін іздеп көрейік. Эко номистердің пайымдауын-ша, әлемдік нарықтардағы баға жағдая тының өзгеруі және ұлттық валю таның әлсіреуі де импорттық жеткізулерге тәуелді тауарларға әсер етіп отыр. Тағы бір себеп, былтыр-дан бері табиғи монополиялардың қызметіне тарифтердің және жанар-жағармай бағасының артуы. Оған қоса маусымдық ауытқудың да әсері бар. Жыл сайын тауардың жекелеген түрлері бойынша қоймадағы қордың азаюына байланысты олардың бағасы құбылып тұрады екен. Бұл ең алды-мен көкөністерге келіп тиеді. Биыл жаңа жылдан кейін көкөніс бағасы еліміз бойынша қатты қымбаттап кеткені есімізде. Басқасы басқа, екінші нан саналатын картоптың соншалық қымбаттауы халыққа оңай тиген жоқ. Мұны сала маман-дары елімізде көкөніс сақтайтын салқындатқышы бар заманауи қоймалардың жетіспеушілігімен байланыстырды. Шаруалар нақ осы себептен күзде жинаған көкөніс

    өнімдерін қоймаларында ұзақ уақыт сақтай алмай, көктемге дейін сатып бітіруге тырысады екен. Көктемге қарай көкөніс бағаларының қатты қымбаттап кететінінің бір себебі осы. Ал мұндай жағдай болмас үшін тұрақтандыру қорларының жұмысын жандандырып, дұрыс жолға қою керек. Сондай-ақ экс-порт тық жеткізудің әсері де бағаны көтерді. Еуразиялық экономи-калық одақ аясында Ресей мен Қырғыз стан ның шекара маңындағы бағалар өскен жағдайда ішкі нарық-тағы тауарлар құны да көтеріледі. Шетелдерден тасымалданатын азық-түлік тағамдарына жол шығыны мен оны саудаға шығару шығындары қосылады. Сөйтіп олардың бағасы өзінің нақты бағасынан әжептәуір көп болады. Ал мұның өз кезегінде елімізде, тіпті өз өңірімізде өндіретін азық-түлік пен көкөніс түрлерінің бағасына әсері зор. Өйткені жергілікті өнім өндірушілер ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын нарықтық бағаға сәйкес қалыптастырады. Оған қоса, біздегі кәсіпорындар қуаты әлі де болса ішкі нарықты толық қамтуға қауқарсыз немесе соған мүмкіндік жасалмай отыр. Кәсіпорындардың өндірістік жүктемесі аз, өнімді дайындау және өткізу бойынша кедергілер көп, сондай-ақ ұсақ тауар-лы өндіріс пен сауда-логистикалық инфрақұрылымның жетіспеушілігі жеме-жемге келгенде азық-түлік бағасына әсер етпей қоймайды. Ал жалпы қымбатшылықтың ең негізгі себебі елде азық-түлік жетіспеуінен болады. Бұл ауыл шаруашылығы саласының дамуымен тікелей бай-ланысты.

    Елімізде доллар бағамымен қатар бензиннің де құны көтеріліп отырғаны азық-түлік бағасының күрт шарықтап кетуіне әсер етті. Сондай-ақ малдың жем-шөбінің қымбаттауы да азық-түлік құнына, ет өнімдеріне қосылып отыр. Оның үстіне көкөністерді сақтайтын қоймаларды жалға беру ақысы өсіпті. Сәйкесінше, кәсіпкерлер тауардың құнын көтеріп жіберген.

    Әлеуметтік мәні бар тауар-лар бағасының өсуіне жол бермеу үшін нормативтік құқықтық база-ны жаңартудың да қажеттілігі бар. Бөлшек сауда бағаларының реттеу тетігін жетілдіру және құқықтық база-ны жаңарту жұмыстарын жалғастыру қажет. Өйткені нарық субъектілерінің жосықсыздығына тосқауыл болар тетік дәрменсіз. Себебі жығылғанға жұдырық жасап, қысылтаяң сәтті пайдаланған кейбір кәсіпкерлер 200

    пайызға дейін үстеме қосып жіберіп жатса да, ешкімнің оған әлі келмейді. Ал еліміздегі Табиғи монополия-ларды реттеу, бәсекелестікті және тұты ну шылардың құқықтарын қор-ғау комитеті өзінің аты айтып тұр-ғандай, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтыну-шылардың құқықтарын қорғау ісімен айналысады. Яғни, бағаны реттеу бұл мекеменің құзырына кірмейді екен. Тек мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асырады.

    Отандық өндірушілердің нарық-тағы және базардағы орындарға тікелей мүмкіндік алу мәселесін ке-ңейту керек. Барлық бөлшек нарық-тарда әлеуметтік мәні бар азық-түлікке ұсынбалы баға орнату қажет. Сондай-ақ орта мерзімді перс пек-тивада импорт тауарларын арт тыру шараларын қабылдау, жергі лікті атқарушы органдарға әлеу меттік ма ңызды азық-түлік тауар ларына сауда интервенцияларын жүр гізу, тұрақтандыру қорларында жеткі лікті ресурстарды тиімді пайдалану және оларды уақытылы жүзеге асыру үшін тұрақтандыру қорлары ның жұмысын жүзеге асыру маңызды.

    Тұрақтандыру қорларына азық-түлік алуға бөлінген қаржыны тиісті деңгейде игеру жайы да елеулі мәселеге айналып отыр. Әрине, кейбір қорлардағы қаржы депозит-терде бостан-бос игерілмей жата-тыны түсіндіруге келмейтін жайт. Баға мәселесіне орай Үкімет бас-шысы да жауап ты басшыларға талай тапсырма беріп, барын-ша ескертті. «Бірінші кезекте біз бағаның негізсіз өспеуін бақылап отыруымыз керек. Маусымдық және басқа да себептермен тауар құнының жоғарылауы орын алады. Бірақ бағаға қатысты тиісті шешімдер жасалғанымен, көп жағдайларда жұмыстардың атқарылмауы салда-рынан өсіп жатады. Бізде өндірісті және өнімнің саудасын іске асыруды ынталандыруға байланысты бағаны ырықтандыруға тетіктер жеткілікті. Алайда бұл тетіктер жұмыс істемей тұр. Байқағанымыздай, жергілікті жерлерде әкімдіктер тарапынан қадағалау болмай тұр», дейді Премьер-Министр. Иә, бағаны ырықтандыруда жүйелі шаралар қабылдау керектігін қадап айтты. Бағаны қадағалау дегеніміз, лау-азымды тұлғаның базарға барып бағаны аңдып отыруы емес, әрине. Оған кешенді, жүйелі жұмыс керек. Өнімнің өндірісінен бастап саудаға шыққанға дейінгі аралықтағы бүкіл кезеңді келістірсек игі. Сонда ғана азық-түлік бағасын ауыздықтаудың амалы табылып қалар мүмкін...

    Инвестиция тарту тәжірибесімен бөлісті

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазір инвестицияға негізделген іргелі жобалар эконо-миканы дамытудың бір тетігіне айналды. Бұл орайда халықаралық, өңіраралық байланыстар жақсы нәтиже беретінін облыстағы атқарылған игі істер көрсетіп отыр. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

    12 қа зан да Балқаш қаласында «Ме тал лургия: даму перспекти-васы» атты дөңгелек үстел фор-матындағы халықаралық ғылыми-техникалық конференция бо-лып өтті. Оның басты мақсаты «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлитниг)» ЖШС-на қарасты металлургиялық зауыттарды жаңғырту және кеңейту жөніндегі шешімдердің инженерингтік және ғылыми сипатын айқындау болып табылады. Бұл халықаралық бас қосу 2017 жылғы 20 маусымда Ба