ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің...

33
Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus) Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.4/19 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Философия және мәдениеттану кафедрасы Дінтану ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) Павлодар, 2013 ж.

Transcript of ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің...

Page 1: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Пән бағдарламасыныңтитулдық парағы (Syllabus)

НысанПМУ ҰС Н 7.18.4/19

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Философия және мәдениеттану кафедрасы

Дінтану

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар, 2013 ж.

Page 2: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Пән бағдарламасыныңбекіту парағы (Syllabus)

НысанПМУ ҰС Н 7.18.4/19

БЕКІТЕМІН

Факультет деканы __________Ақышев А.А.

20____ ж. «___»________

Құрастырушы: филос.ғ.к., доцент Кожамжарова М.Ж.__________

Философия және мәдениеттану кафедрасы

5В020400 «Мәдениеттану» мамандығының қашықтан оқу нысанының студенттеріне арналған ««Дінтану» »

Пән бағдарламасы (Syllabus)

Жұмыс оқу бағдарламасы «___» _______ 201__ж., №____ хаттама Ғылыми кеңестің

отырысында бекітілген жұмыс оқу жоспарының және мамандықтың элективті пәндеркатологының негізінде әзірленді.

20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі______________ Ахметова Г.Ғ. 20__ ж. «____» ________

Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж.«_____»____________№____ хаттама

ОӘК төрағасы ____________Сулейменова Ш.К. 20___ж. «_____»___________

Page 3: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

1. Оқу пәнінің куәлігі

Пәннің атауы: Дінтану

Пән – Таңдау бойынша компонент

1. Оқу мерзіміндегі кредиттер саныБарлығы- 1 кредит Курс-1 Семестр –2,Барлық аудиториялық сағат- 15 сағатДәрістер - 15СӨЖ – 30Барлығы 45

Бақылау түрі:Емтихан- 2 семестр

«Дінтану» – таңдау бойынша компонет пәні болып табылады, бакалавриатмамандықтарының студентерының білімін кеңейтуге бағытталған.

Курстың пререквизиттері: философия тарихы, Казахстан тарихы, мәдениеттану,әлеуметтану, саясаттану, және осы қатардағы басқа да пәндер.

Курстың постреквизиттері: дүниежүзілік мәдениет тарихы, әлемдік өркениеттертарихы, этика, психология, дін социологиясы

2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттарыКожамжарова Майра Жанайдаровна – философия және мәдениеттану

кафедрасының доценты, философия ғылымдарының кандидаты.Кафедра №529 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1153

3 Пәннің мақсаты және міндеттеріПәннің мақсаты - Діндер тарихының əр түрлі діни формаларды қамтыған

жүйелері түсініктемелерімен таныстыруПәннің міңдеттері: Студенттерге дінтанудың негізгі теориялық мəселелерін жүйелі түрде баяндау. - Студенттердің бойында діннің əлеументтік жəне мəдени феномен ретінде маңызы

мен қызметі жайлы түсінік қалыптастыру. - Əртүрлі дүниетанымдық көзқарастар аясында студентердің діни философия жəне

теологиядағы алуан түрлі көзқарастармен таныстыру, сондай-ақ дінді сыни тұрғыда қарастырудың негізін үйрету.

- Студенттерге дінтанудың теориялық тарауларындағы ұғымдық жəне методологиялық аппараттарын игеруге көмектесу. - Студенттердің бойында философиялық ойлау мəдениеті мен діни мəселелерді құндылық жəне дүниетанымдық тұрғыдан пайымдау дағдыларын дамыту

4. Курсты оқыту процесінде білім, қабілеттіліктерге, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

Пәнді игеруде студенттер білуге тиісті: -діннің тарихи даму жолдарын -діни мəселеге қатысты негізгі теориялық жəне методологиялық əдістерін. -діннің қоғам жəне басқа мəдени салалармен өзара байланысын.

Page 4: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

-дінтану ғылымының негізгі ұғымдық аппаратын. -діни – теологиялық, бағалау ерекшеліктерін, діннің қоғамдағы, мəдениет

жүйесіндегі, рухани-этикалық өмірдегі орнын. қабілеттіліктер қалыптасуы қажет:-дінтанудың негізгі ұғымдары мен түсініктерін өз бетінше игеруді. -дінтануға қатысты мəселелерді еркін түрде талқылап, талдай білуді. -өзінің жеке көзқарасын қалыптастыру жəне оны “қорғай” білуді. тәжірибелік дағдыларға ие болуы тиіс:қазіргі діни үрдістерді талдау үшін алған білімді, және әлеуметтік гуманитарлық

ғылымды зерттеу кезінде қолдану

5. Пәнді игерудің тақырыптық жоспары№ р/с

Тақырыптар атауы Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттардың саны

СӨЖ

дәрістер практи-калық (сем)

Барлығы Соның ішіндеСОӨЖ

1 Дінтану - ғылым ретінде. Діннің элементтері мен құрылымы.

1 - 2 -

2 Діннің ерте формалары 1 - 4 -3 Ертедегі өркениеттер діндері 2 - 4 -4 Ұлттық-халықтық діндер 2 - 4 -5 Буддизм 1 - 4 -6 Христиандық

3 -4-

7 Ислам 3 - 4 -8 Қазіргі заманғы дәстүрлі емес

сенімдер2 - 4 -

БАРЛЫҒЫ: 45 (1 кредит) 15 - 30 -

6. Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1. Дінтану - ғылым ретінде. Діннің элементтері мен құрылымы.

Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екіншіжартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлықхристиан философтарының, мүсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістеріненбастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз.Теология қүдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық түрғыда дәлелдеуге,Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түріндекөрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. Қазір де теологтар философиялықілімдермен және жаратылыстану деректерімен Құдайды тану идеяларын жаңартуда.Сондықтан Қүдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философияментығыз байланысты. Дінтанудың негізгі пэні дін болғандыктан, діни көзкарас тікелейфилософиялық көзқараспен тығыз байланысты болғандықтан, дінді «діни философиялық»пәнге де айналдырып қарастырады. Соның салдарынан «діни философия» мен«философиялық дін» дінтанудың ең негізгі теологиялық түрғысы болып есептеледі.Дінтанулық көзқарас бойынша, қандай да бір дін болмасын тарихтан тыс қүбылыс ретінде

Page 5: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

емес, керісінше оны тарихи, коғамдық ақылмен түсіндіруге болатын қүбылыс ретіндеқарастырады. Екінші жағынан, дінтану XIX гасырдың екінші жартысында ғалымдардыңжетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, эсіресе қандай да бір гылыми жаңалықтыңдүниетанымдық әдістемесіне сүйене отырып дамыды. Осының арқасында «дінтану»ғылымның бір саласы ретінде калыптасты. Ондай бастаудың шыңында түрган адамдарЭ.Тайлор (1832-1917), Дж.Фрезер (1854-1941) болды. Э.Тайлор болса өзінің «Алгашқымәдениет» атты фундаментальды монографиясында жэне Дж.Фрезердің көп томдық«Алтын бүта» атты еңбектерінде дінді гылыми, теориялық жэне эмпирикалық түрғыданзерттей бастады. Бүлардың еңбектері ескі сенімдер мен мифтерді, алғашқы ойлау жүйесінзерттеуге ғылыми эдістемесін қолдануы еді. Бұндай бетбүрыстағы ғылыми еңбектердіМ.Мюллердің 1856 жылы шыққан «Салыстырмалы мифология» атты еңбегінен декөреміз. Қазіргі дінтанудың ішіне бірнеше жекелеген бөлімдер кіреді: тарихи дінтану, дінфилософиясы, дін социологиясы, дін психологиясы және т.б.

Сонымен, дінтану - қазіргі кезде адамзаттың кешендік білімінің бір саласы. Дінге деген анықтамаға келетін болсақ, ол күрделі іс жэне осы кезге дейін беделді

де, бір ауыздан беретін анықтама жоқ деуге болады. Әрбір діни және ғылыми өкілдерөздерінің білімдік саласына субъективті баға беріп дінді анықтайды.

Осылайша әр түрлі көзқарастарды жинақтап, екі топқа бөліп карастыруға болады:дін адам санасының жемісі ме, жоқ, санадан тыс, адам ақылынан биік нәрсе ме?Философия лық тілмен айтқанда, дінге иррационалды (санаға сыйымсыз, логиканыңзаңына бағынбайтын) және рационалды (зерделі, санаға сыйымды) түрғыдан анықтамаберүге болады. Соңғы жылдары дінге деген әралуан көзқарастардың ішінен төртбағыттағы топтар айқындала бастады: теологиялық, философиялық, ғылыми жэнемәдениеттің салалары.

Теологиялық анықтама. Теология (грек theos - қүдай және log - ілім, сөз, акыл,)Құдай туралы дін ілімі, белгілі діннің ілімдерін жүйелеу деген түсінік береді. Қандай біртеологиялық көзқарастың түрлері болмасын олардың бастарын біріктіретін бір тәсіл,иррационалдық көзқарас арқылы жүріп жатады.

Теологиялық анықтама бойынша, Қүдай - реалды күш және адам өзінің өмір сүрупроцесінде онымен қатынас жасайды. Дін дегеніміз - Құдай мен адамның кездесуі дептүсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.се: religiaze) - «байланыстыру» сөзі арқылыанықталады дейді. Олардың айтуы бойынша, «дін» деген үғым - Қүдайдан келетін түсінік.Дін арқылы адам Қүдаймен байналыс жасайды. Теологиялық көзқарас бойынша діннің неекенін былайша анықтайды: теология Қүдай тураль білім болғанымен, теология Қүдайдыңболмысын зерттемейді, ол Құдайдың «өсиетін» зерттейді. Ол өсиетті күмәнсіз сенуге,қабылдауғ: шақырады. Сондыктан, теология дегеніміз Қүдай туралы ілім емес, ол-Қүдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім. Басқаша, теология. «Құдайдың сөзіемес», ол «Қүдайдың сөзі туралы сөз» болғандықтан, теология адамның ақылын, ой-парасатын Қүдайдың өсиеттерін түсіндіру үшін қолдану керек екенін көрсетеді. Осыдан,теологияның өзі догма емес, дамитын ғылым есебінде қарастырылады. Теология арқылыадамның ақыл жолдары, логикалық көзқарастары сол бір биік сенімге, қүдіреті күштісенімдерге қарай бой ұрғандықтан, ол адамның сенімін, ой-өрісін жогары дәрежегекөтерді. Басқаша айтқанда, «Сенетін сенімді, сенім арқылы сендіру» - деп түсіндіреді.

Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау методологиясысубстанциалық және универисализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай бір құбылыснемесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады.

Антикалық философияда дінге берген анықтамада, дінді бір «абсолютке» элемніңрухына немесе бір жоғары идеяға теңеп анықтады. Мүндай «абсолют» немесе «жоғарғыидеялар» элемнің негізі ретінде қарастырылады, олар қүдіретті күш емес, оларға бас ию,қүрбан шалу қажет емес. Мысалы: Аристотельдің Құдайлық түсінігі, «ең жоғарғыболмыс», денесіз әлемді «қозғаушы күш», «мэңгілік себеп» жэне дүниенің даму үрдісініңмаксаты.

Page 6: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Философтардың идеалистік топтары (олар да «рбір салаларға бөлініп кетеді), діндіадамның сапалық түсінігі ретінде, туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігінжәне мәңгілігін дәлелдейді. Осы идеалистік философтардың көрнекті философы И.Кантқа(1724-1804) тоқталып өтейік. Ол Қүдайдың барлығын дәлелдейтін теологиялықкөзқарастарды сынай отырып, Қүдайдың болмысын моральдық принциптерге теңейді.

Қүдай туралы Кант былай дейді: ... Қүдай күбылыс ретінде белгі бермегендіктен,оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Қүдай туралы мәселе -діннің ісі. Біз Қүдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдық принциптер,өнегелілік сезімдер, Қүдайдың барлығын дәлелдеуге даяр түрады. .Гегель (1770-1831):Қүдайді абсолюттік идеямен, абсолюттік рухпен теңеп: «барлық нәрсе соларді-шығып,соларға қайта оралады», - деді. Діни көзқарас төменгі сана, ал философия болса, биік санадеп түсіндіреді.

Материалистік философияда дін жеке адамның және қоғамның өмірінің күрделірухани қүбылысы есебінде қарастырылады. Qларды топтап көрсетсек, мынадай негізгіаспектілерін көреміз:

- дін дегеніміз - жеке адамның, үжымның, қоғамның рухани өмірінің аймағы;- дін дегеніміз - әлемді рухани-тэжірибелік түрғыда меңгеру;- дін - рухани өндіріс аймағы;- дін - қоғам санасының бір формасы, идеялық жемісі мен формасы.Ғылыми көзқарас бойынша, дін философияның бөлігі ретінде қарастыруға

болатындығы.ін және философия, әмбебаптық, дүниетанымдық мәселерменайналысуында. Дінді мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырамыз. Дін мәдениетке ұксап,адам мәселесін, адамды тәрбиелеу мәселесін өзінің негізгі мәселесі деп есептейді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Айтбаев О. Дінтану. Қарағанда, 2010.2. Васильев Л. История религий Востока. – М., 1983.3. Яблоков И.Н. Религиоведение. М., 2001. 4. Шмидт В. Происхождение идеи Бога. – М., 1954.5. Малов С.Е. Памятники древнетюрской письменности. М., 1961.6. «Дінтану» арнайы курс бойынша 050201 «философия» мамандығы үшін

оқу-әдістемелік кешен./ құрастырушы Айтбаев Оңғар

Тақырып 2. Діннің ерте формалары.

Діннің шығуы мен ертедегі түрлері. Осы күнге дейін діннің шығуы мен дамуы туралы көптеген ілімдік және ғылымдық

көп көзқарастар бар. Олардың барлығын діни-теологиялық және ғылыми-дінтанулық депекіге бөліп қарастырамыз. Діни ілімдік көзқарас, діннің шығуын діни шығармалармендәлелдейді. Мысалы, Христиан дінінде, діннің адам санасында пайда болуы Қүдайдыңболмысынан шыққандығы. Ол туралы Қадірлі кітаптарда жазылған (Інжілде).

Қазіргі кезге дейін өмір сүріп келе жаткан «Прамонотейзм» деген теологиялықтеория бойынша діннің шығуы туралы бы лай дейді: көне діндердің шығуы алдындаалғашқы дәуірдегі адамдарда бір Қүдайлық немесе бір Жаратушы Қүдайға сенген.Кейіннен бүндай сенімге жалған көзқарастар қосылып көп діндік (политеизм) тарады.Дегенмен «жалғыз-Қүдайлық» үғымы олардың арасынан аман өтіп біздің дәуірімізгежетті. Бүл бір Қүдайлыққа сену (монотеизм). Мәселен, монотейстік дін -Христиан діні. Олең бір «ақиқат» дін деп есептейді.

Келесі бір - ғылыми дінтанушылық көзқарас бойынша «дінсіз дәуір» деген теориябар. Мүндай көзқарастың мазмүны бойынша, адамзатта көптеген дінсіз уақыттың

Page 7: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

болғандығын дәлелдейді. Ғылыми деректерге сүйене отырып, адамзаттың неандерталецкедейін 2 млн. жыл өмір сүргендігін, оның ішінде неандерталецтердің 100-40 мыңыншыжылда ғана пайда болуы. Дін болса тек неандерталдық (орта тас дәуірде) кезінде пайдаболуы туралы дәлелденді.

Сол кездегі ең бір қарапайым жэне жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм,магия жэне анимизм деп аталады.

Фетишизм - (португ.сөзі -сиқырлы зат) әр түрлі заттарды, кейде өсімдіктерді киеліету. әр алуан заттардан бірнеше немесе бір затты бөліп алып, оған киелі, қүдіретті мәнберіп, сол зат арқылы өзіне қолайлы, керек оқиғаға әсерін тигізеді деп ойлау. Ондайфетиштік заттарды тек табиғаттан емес, қолдан да жасап алуға болады. Фетиштің заттары- табиғи: тас, ағаштың бөлігі, аңның тісі, ...келе-келе қолдан жасалған заттар: талисман,крест, икон, жарты ай т.е.с. Осындай заттардың арқасында әр түрлі аурудан сақтану, көзтиюден сақтау, жаулардан сақтау, аң аулауда сол заттардың жәрдем беруі және т.с.с

Тотемизм - өсімдіктер жэне жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бардеп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оныңөмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарларды тамақ, киім, көлікретінде пайдаланды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнешетүрлерін киелі етіп қарастырды. Қазіргі кезде әрбір діннен тотемнің ізін табуға болады.Міне, осы күнге дейін Африка континентін тотемдік жер деуге болады. Үнді мемлекетіндетотемдік көрініс - сиыр. Сиырды күрметтеп, киелі деп есептеп, оның етін жемейді.

Магия (грек. тіл. си-қыршылық, тәуіпшілік) - бір обьектіге иррационалды түрменәсер ету, немесе әр түрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіпөзгерту.

Магияның қолдану әдісі бойынша: тікелей объектімен жанасу; инициалдыобъектімен жанасуға мүмкіншілік жоқ; парциалды - бір зат арқылы әсерін тигізу, шаш алу,тырнағын any...; имитативтік- объектіге үқсас объектімен әсер тигізу.

Магияның мақсаты бойынша: олардың ішінде ең үлкен тараған түрі өндірістікмагия. Магияның басқа түрлері: соғыс магиясы, денсаулық сақтау магиясы, сүйіспеншілікмагиясы, т.е.с Магияның өзара бөлінуіне байланысты, магияның өзін кәсіп ретіндепайдаланатын адамдар шығады, олардың атын әр түрлі атайды: шамандар, тәуіптер,көзбояушылар, сиқыршылар.

Анимизм (лат.-тіл.жан) - деген жан бар дегенге сену. Анимизмнің алғашқы түріаниматизм деп аталады. Аниматизмдік түсінік жан мен тән (дене) бірге өмір сүреді. Тәнөлсе немесе қираса, жан да өледі. Ал анимизмде «жан» тәннен дербес өмір сүре алады.Мүндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген құбылыстарды білмеуі, түсінбеуініңнәти-жесі.

Политеистік культер мен мемлекеттік діндер.Мемлекеттің пайда болуына байланысты жердегі бір патшалық түсінік аспандағы

бір Қүдайдың шығуына алып келеді. Көне дәуірде алғашқы мемлекет күрастырған халық Египет деп са-налады. Египет

мемлекетшің билеушшерді, перғауындарды күдай деп санады. Ал, Ра құдайынқүдайлардың күдайы деп немесе перғауындар (фараондар) оның ұлы деп санады. Көпқүдайлықтың басын коспақ болған Перғауым Аменхотеп (б.з.б. 1419-1400жж.), діниреформа жүргізді. Ол көп қүдайлық түсінікті жойып бір құдайға сену керек деді. Олқүдайдың атын Атон деп қойды.

Б.д.д. IV мың жылдарында кос өзен бойында Шумер, Аккат, Вавилон, Ассирия,Иран сиякты түрлі мемлекеттер пайда болды. Олардьщ сол кездегі мәдениеттері Египетмәдениетімен қатар болды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Аюпов Н.Г. Тенгрианство. – Алматы, 1998.

Page 8: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

2. Айтбаев О. Дінтану. Қарағанда, 2010. 3. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. – Алматы, 1996. 4. С.Е. Памятники древнетюрской письменности. М., 1961.

5. Аль- фараби. Трактат о религии. Алма-Ата., 1975. 6. «Дінтану» арнайы курс бойынша 050201 «философия» мамандығы үшін оқу-

әдістемелік кешен./ құрастырушы Айтбаев Оңғар

Тақырып 3. Ертедегі өркениеттер діндері

Қос өзеннің ең көне дәуірд Шумер-Аккат мемлекеті орасан зор өркениетке жетті.Адамзат тарихында алғашқы «Алтын ғасыр» поэмасын берді. Дүние жүзінде бірінші реткітапханалық каталогтар жасауды игерді, медицинада, дәрі-дәрмек жасауда және т.б.табыстарға жетті. Шумерлердің діни наным-сенімдері де жан-жақты дамыған болды. Өзқүдайларын «дінгір-тәңір» деп атады. Шумерлер әлемді жаратушы - «Ан-ки» қүдайы,аспан қүдайы - Ан, жер қүдайы -Ки деп санады және тағы сондай 50-ден астам көпқүдайлық - политеизмдік дін болды. Шумерлердің политеистік діни көзқарастары, әсіресетопан су мифі, бірінші адамды қүдай балшықтан жарату және оның қабырғасынан әйелдіжасау аңыздары, кейіннен Вавилондар мен Ассириялықтарға, олар арқылы гректерменеврейлерге жетті. Мұндай аңыздар Иуда және Христиан дініне бастау болды десек теартық болмайды.

Вавилон мәдениеті болса, тікелей Шумер-Аккад мәдениетінің мүрагерлері десек теболады. Б.з.д. II мыңжалдықтың ортасында, әсіресе, Хаммурапин (б.з.д. 1792-1750 жж.)патшасының түсында вавилоңдықтардың өркениеттері ең биік шыңына жетеді.Вавилондықтар да көп қүдайларға табынды, олардың ішінде ең бастылары: Шамаш - Күнқүдайы, Син - Ай қүдайы, Адад - жауын-шашын кұдайы, Нергал - Өлім қүдайы, Ирра -соғыс қүдайы. Осы қүдайлар адамдарға үксап өмір сүреді: үрпақ жалғастыру, байлық пенмансаптан бас тарту, өз мүддесін орындау және т.е.с . Адам тағдыры осы қүдайларқолында, ал олардың еркін тек абыздар ғана болжай біледі. Ең басты құдай – Ан, еңжоғары құдай – Мардук,

Ертегі Иран діні. Ертедегі Иран діні зороастризм (Парсизм) діні болды. Бүл дінб.д.д.УП ғ. ертедегі Иран мемлекетінде шықты. Зороастризм Египет және Вавилондіндеріне қарағанда «пайғамбарлығы» жетілген немесе бір жүйеге келтірілген дін депайтуға болады. Зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштра аңыздық пайғамбар.Аңыз бойынша, Заратуштра (гректе «Зороастр» деген сөз), ежелгі Иран сөзінен шыққан«түйелі адам», түйе жетектеген адам деген мағына береді. Зороастризмнің діни жәнемәдени жәдігері «Авеста» кітабы болды. Зороастризм бойынша, әлемде бір-біріне карама-қарсы екі негіздің - жақсылық пен ізгіліктің қүдайы, нүрдың, өмірдің ақиқаттың, рәмізАхура-Мазда мен зүлымдықтың белгісі, қараңғылық пен өлім таңбасы Анхра-Маньюдіңарасында толастамайтын күрес жүріп жатады. Өз қарсыласына қарсы күресте Ахура-Мазда адамды жаратады. Демек, әлемде екі қүдай бар, оның біреуі - мейірімді қүдайАгура - Мазда да, екіншісі - мейірімсіз күдай Ан-гра-Майнью. Киелі «Авеста» кітабыныңөлеңдерінде және гимнінде зороастризм еңбекті, жақсы жұмысты, ойды, бейбітшілікті,достықты, адалдықты, сенімділікті мақтайды. Ал, ұрлықты, жаман сөздерді айытпайды

Ертедегі грек діндері. Діни мифологиялық көзқарас бойынша: алғашқы кезде Хаос(түпсіз түң-ғиық) өмір сүрді, одан жер күдайы Гея және жерасты қүдайы Тартар шықты.Гея аспан қүдайы, әрі баласы, әрі әйелі Уранды туды.

Екінші қатар күдайлары, Гея мен Уранның балалары - Титандар туды. Уранқауіптеніп, орнымды тартып алады деп, өз балаларынан қорқып, оларды жер астынаТартар күдайына беріп қамап қояды. Бірақ Титандар жер астынан күтылып шығып,әкесінің тағын тартып алады. Олардың ішінен Кронос, уақыт күдайы, өз балаларын жеңіп,барлық әлемге тыныштық орнатады.

Page 9: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Үшінші қатарлық қүдайлар басталады. Кроностың ең кіші баласы Зевс - найзағайжәне жауын қүдайы, өзінің әкесін жеңіп бас күдайға айналады. Оның әйелі Гера - аспанқүдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары Посейдонға теңіздегі билікті,Аидқа жер асты патшалығын береді. Сүлулық пен сүйіспеншілік күдайы Афродитамифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған. Үшінші қабатты қүдайлар Олимптауында орналасады.

Ертедегі Рим діндері. Ежелгі Рим діндерінде Грек дініндей айқындық миф жоқ.Олардың діні қарапайым, сөзге сараң болды. Керек болса ертедегі Рим діндеріндекүдайлардың суреттері мен образдары болмады.

Рим қүдайлары үзақ уақыт антропоморфтық түрде, Юпитер болса, шақпақ тастүрде, Map күдайы найза түрде, Веста қүдайы от-жалын түрде бейленді. Римдіктер жайғана Юпитерге сенсе жеткілікті деп түсінді. Пуникалық соғыстан кейін Рим мен Грецияелдері тығыз байланыс жүргізді. Рим Эллада мәдениетін қабылдап, оның дінін өздерінетаратты. Гректердің қүдайлық түсінігінен, Римдік қүдайлар шықты.

Ертедегі славян діндеріЕртедегі славяндарда 9 табиғаттың күшіне табыну үлкен орын алып отырды. Ең

жоғарғы қүдай Перун - күн күркірейтін және найзағай қүдайы. Перун қүдайына екі жақтыкөзқарас болды. Біріншіден, ол өзінің жауын және найзағайымен жерді көгертеді.Екіншіден, қиратушы және жазалаушы қүдай болып көрінеді. Одан кейінгі қүдайлар,Сварог - жарық пен аспан қүдайы, Әке Дажбога - Күн мен от қүдайы, Хоре - жел, Стрибог- мал қүдайы жэне т.е.с Көптеген мейрамдар табиғаттық қүбылыстарға байланысты болды.Қыстың уақы-тында күннің үзаруына, масленица, Купала, егін тойы өткізілді. Олар-дыңбарлығы магиялық түрғыда өтіп жатты.Русьтің Византиядан Христиан дінін (988ж.)қабылдауы орыс өміріне, тарихына бетбүрыс алып келді.

Ежелгі Қазақстандағы діни сенімдер.Кең байтақ Қазақстанның ұлы даласында ерте заманнан бастап көптеген діндер

шығып, көптеген діндер таралып, өмір сүріп жатты. Олардың түрлеріне келетін болсақ,осы кездегі археологиялық, этнографиялық ғылымдарға сүйене отырып мынандайдіндердің шығып таралғанын айта аламыз: Көк тәңірі (Теңрізм), Жер-Су, ¥май, Шаманизм,Митрайзм, Буддизм, Манихейшілік, Христиандық (несториандық) және Зороастризм.Ежелгі қазақ хандығының тікелей ата-тегі түріктерден таралды дейтін болсақ, ежелгітүріктердің басты Қүдайы Көк Тәңіріне сенгендіктен, қазақ халқының да алғагпқысенімділігін «Тәңірлік» деп айта аламыз. Олай деп айту себебіміз, көшпенді түрік халқыүшін табиғат, оның ішінде Аспан, олардың өмір сүруіне тікелей байланысты болды.Көгілдір Аспан - ең жоғарғы әлемнің тірегі, тіршіліктің тірегі. Тіршіліктің тірегі Жер менСу. Сонымен әлемді үстап, басқарушы – Тэңір.

Сонымен, табиғи күштерді пір түтудан, тәңірлік көп түсініктіктен бас Қүдайынаайналуы.

Түрік халықтарының мифологиясының өзіндік ерекшелігі - Жер менАспанның тығыз байланыстығы. Ондай байланыстырушының дәнекері - алып Бәйтерек.Осы биік Бәйтерекпен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған.Аспан денелері сакралды киелі ретінде қарастырып қадірленген. Мысалы, «Оғызнама»эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз деп койған екен. Қазіргіқазақ халықтары балаларында Күнсұлу, Айсүлу, Жүлдыз, Шолпан деген аттар кеңіненколданылуда. Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш.Уэлихановтың жазғанынатоқталсақ: «Аспанда өмір сүретін адамдар бар. Олар тамақтарының астына белбеубуынады. Біз ортада, жер үстінде өмір сүреміз, белбеуді денеміздің ортасынан буамыз, алкүні, айы және жұлдыздары бар жер асты адамдарды белбеуді аяғына буалы».

Алғашқы дүниетанымдықта, адам өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде қарастыраотырып, өздерін ғарыштық күшпен жасағандығын мойындады. Кеңістік пен Уақыттыжакындастырып, мифологиялық көзқараспен дамыды.

Page 10: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Айқастыра тіркеп байлаған қой, ешкілер тобын айтады. Қазақстан еліне Христиансонан соң Ислам дінінің тарауынан бастап қазақ халықтарында мәдени үлкен өзгерістербасталды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Аюпов Н.Г. Тенгрианство. – Алматы, 1998. 2. Айтбаев О. Дінтану. Қарағанда, 2010. 3. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. – Алматы, 1996. 4. С.Е. Памятники древнетюрской письменности. М., 1961.

5. Аль- фараби. Трактат о религии. Алма-Ата., 1975. 6. «Дінтану» арнайы курс бойынша 050201 «философия» мамандығы үшін оқу-

әдістемелік кешен./ құрастырушы Айтбаев Оңғар

Тақырып 4. Ұлттық-халықтық діндер

Үлттық халықтың діндері әр түрлі ру-тайпаның діндерінің араласуы мен дамуыарқасында, таптық қоғамның шығуына байланысты үлттык мемлекет діндері шығады. Олдіндер сол үлттың шекарасынан шығып кетпейді, немесе баска улттарға тарамайды.Қазіргі кезде бар және сол бір белгілі үлттардың арасында тараған улттық діндергежататындар: индуизм, конфуцианство, синто, иудаизм және т.с.с.

Үнді халықтарының діндері: брахманизм, индуизм, сикхизм.Үнді халкында қандай да бір діни ағымдар болмасын олардың барлығының ортақ

көзқарасы: кайта туу және әрбір жеке адам өз жолдарымен күнәларын жеңілдетуді іздейді.«Әрбір адамның тағдыры өз қолында» деген пікір бар. Ерте дәуірден бастап әр түрлі діникөзқарастар, ритуалдар, салтанатты өлеңдер мен жалбарыну өлеңдері, ритуалды қүрбаншалу түрлерінің «Веда» деген киелі жинақта топтасқан. Ве далар дегеніміз - дінисарындағы дүғалардың, қүрандардың, қүрбандық шалу негізінде айтылатынсуреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлендердіңжиынтығы. Веда б.з.д. II мың жылдықтарда және б.д.д.1 мың жылдарында күрастырылғантөрт бөлімнен түратын жинактар. Ең маныздысы Ригведа «симхат»,

Ригведа бойынша, ең басты қүдай - Аспан Дьяус қүдайы, қүдайлардың кесі, оныңйелі - Жер Притхива қүдайы. Барлық қүдайлар осы екі қүдайдан тарады дейді. Ең атақтықүдайдың бірі - Индра әлемді үстап түрған, жындарға қарсы, данышпан және батыр, жылымен жарықтың, жауын мен дауылдың қүдайы. Оның ерлігіне арналған 250 гимн бар. Тағыда, үй мен отбасының, бақыт пен денсаулықтың қүдайы - Агни. Оған арналған Ригведада200 гимн бар

Брахман діні - бар әлемнің генетикалык, түп негіздік бастамасы және олардың соңы.Брахман екі түрлі болады. Бірінші түрі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылыпкетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Біріншібрахман көп түрлі болса, екіншісі жеке түрлі болады. Брахман жрецтері әр түрлі дәлелдераркасында Веданы өздерінің жағдайларына ыңғайлап, халық арасында үлкен авторитеткеие болады. Жрецтерге қүрбандық жасау ритуалына ақы төленеді. Ақыны алтын мен бүқа,ат және киіммен төлеуге болады. Олардың мүліктеріне ешкім тиісе алмайды, солардыңарасында - патша да. Брахман жрецтерінің айтуы бойынша адамның үзақ жасауы тікелейқүрбандық жасау ритуалына байланысты, кім көп қүрбандық ритуал жасаса, сол үзақ өмірсүреді дейді. Өмір кайталанып отырады, өлім ол басқа сапаға көшу деген сөз. Адамжанының әрбір нәрсеге айналып отыруы «кармага» байланысты, немесе қанша жақсылықжәне жамандық жасағанына байланысты.

Индуизм Веданың көптеген көзқарастарын сақтап, ары қарай дамыды. Мысалы,«карма» туралы, Веданың қасиетті екенін, «сансара» туралы, яғни, өмір жаныныңтоқтамауы, жанның бір денеден екінші денеге көшуі және т.е.с көзкарастары. Индуизмүнді халкы үшін қатардағы дін емес, ол өмір сүру формасы, этикалык, адамгершілік және

Page 11: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

жеке адамның өмір сүру мәні болып есептеледі. Индуизм діні Брахман дініне қарағандаөте қарапайым және түсінікті. Индуизм дінінің қүдайлары адамдардың мүсініне жақынжәне өмір сүру формасы да түсінікті. Осы дін бойынша үш қүдайдың барлығына сенімбар. Брахма, Шива және Вишну. Әрқайсысының өзінің мүсіні, мінезі және істейтін ісі бар.Брахма - бар әлемді жаратушы, барлық нәрсенің түп негіздік бастамасы, ең жоғарыақикаттың бірлігі, әр түрлі тірі нәрселердің негізі мен қозғаушы күші. Үнді халықтарыкөбінесе қалған екі құдайға шоқынады, Шива мен Вишнаға. Шива өз мүсініне көптегенкүдайларды ендіреді. Шива - қатал, қоркынышты қүдай. Оның үш көзі бар, денесінежыландар жабысқан, мойнында бас сүйектері бар. Шива - өнер мен ғылым-ның,салтанатардың күдайы. Ол сонымен қатар, өлімнің, қиратудың, «бүзудың», өзгертудіңқүдайы болып табыла-ды. Осымен бірге, еркек күшін беруші, балалар жасаушы болыпбейнеленеді.Сол себептен бала таппаған әйелдер сол Шива храмына барып, бала сүрайды.Шива жын-сайтандарға қарсы, барлық тірі жанды сақтаушы және ойын-сауық, бидіңқүдайы.

Үшінші қүдай мүшесін Вишну дейді. Вишну - адамдардың адал қамқоршысы,көмекшісі. Ол адамдарды зүлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп-қатерденсақтайды және адамдарға шындықты жариялап отырады. Ол әрдайым әр түрлі образдарарқылы көрінеді. Мысалы, ол тасбақаға айналып, қүдайларға сусын жасауды үйретеді,осының арқасында қүдайлар өлмейтін болады. Вишна тағы да аватарх кейпінеантроморфизмдік түрде көріне алады. Вишнаның аваторлық кейпіне айналуы негізінен ондейді. Алғашқы төртеуі жануарлар түрінде болады, бесіншісі аватара қортық дәугеайналады. Алтыншы Парашура әскери ерлік мүсініне айналған. Қалған төртеуі барлықиндустарға мәлім қүдайлар «Рама, Кришна, Будда және Калка». Жетінші аватара Рамаянаэпосында Вишна Рамма батырына айналады. Индустар Раманы басқа батырларғақарағанда, үлгі есебінде көрсетеді. Оған адалдық, батырлардың үлгісі, дінге берілгендігі,мейірмандылық т.е.с қасиеттерді, адамгершілікті қосып көрсетеді Кришнаның образы менидеясы соңғы индуизм тарауларына әсер етті.

XV-XVI ғ. Үнді елінің индуизм дінінен бөлініп шыккан діни ағым - Сикхизм.Сикхизм индуизм дінінің оппозициялық түрі деуге болады. Индуизм дінінің қол өнеріменсауда-саттық жасайтын бір топ адамдары үнді халқының кастаға бөлінушілігіне қарсышықты. Оны басқарған Гуру Нанақ (1469-1538) деген адам. Ол үлы Моголовтарға қарсыкүресіп, Солтүстік-Батыс Үнді мемлекетінде соғыс демократиялық коғам қүрды. Сикхизмдінін екі діннің - индуизм мен ислам дінінің арасында қүрама дін деп айтуға болады.Дегенмен, ол дінді монотеистік дін деп айтамыз. Қүдай бір ғана, жалғыз, аты «Ек» депаталады. Негізі діни кітап - «Грантх Сахиб» (қүдай кітабы). Қазіргі кезде Сикхтар Үндімемлекетінің Пенджаб аймағында тұрады. Олар Пенджаб қүрамасын Үнділерден бөліпжеке Халистан мемлекетін қүруға армандайды. Сикхтер киелі Алтын Амритсара дегенхрамында өздерінің киелі кітаптарын сақтайды. Олар шаштарын алмайды, сакалдарынкеспейді, басына дөңгелек тақия киеді, ет жемейді, ішімдік ішпейді, темекі тартпайды.Әрбір сикхтер қарулы болып жүру керек. Олар өздерінің белдеріне кыска семсерін байлапжүреді де, әрдайым әр-бір сикхтер соғыска дайын болып жүру керек дейді.

Қытайдың ұлттық діндері: даосизм және конфуцианшылық.Қытайлар да баска халыктарға үқсап, күдайлар мен рухтардың қүрметіне

күрбандықтар шалды. Уақыт өткен сайын политеистік діни жүйелер генотеистік (басқүдайлық) діни көзкарасқа ауысты. Рулық көп қүдайлардың ішінен ¥лы Қүдай Шанди атыаңызға айналды. Қытайлық үлы Қүдай Шанди өз халқының мүңын жоктайтын, жағдайынойлайтын, камқорлық жасайтын және арғы ата-бабаларының, ата тектерінің негізінқалаушы ретінде қабылданады.

Даосизм б.д.д. VI-V ғғ. өмір сүрді. Даосизмнің негізін қалаушы Лао-Цзы б.д.д. VI ғ.өмір сүрген, өз өмірінде «Кәрі дана» деген атаққа ие болған. Бүл діни жүйе діннен гөріфилософияға жақындау десек те бола-ды. Даосизм адамзатты табиғатпен бірліккешақырады. «Кәрі дананың» негізгі идеялары «Дао дэ цзин» кітабында баяндалған. Оның

Page 12: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

айтуынша, барлық заттар өз «жолының» даоның арқасында туып дамиды. Дүниедеөзгермейтін нәрсе жоқ, сөйтіп, өзгеру үрдісінде олардың бәрі өзінің қарама-қарсыжағдайына көшеді. Дао болса, алғашқы бастама, алғашқы түп негізі және барлыққүбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. Даоны барлық заттардың анасы жәнеаспан аясындағы империяның анасы деп есептеуге болады. Барлық заттар даодан шығадыда, даоға қайта оралады. Адамзат жерге, жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал даотабиғилықты қажет етеді. Олай болса, дао адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршағанжарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Сонымен дао жалпы дүниетанымдық ұғым.

Б.д.д. II ғ. даосизм діни көзқарасқа айналды. Лао-цзы б.д.д. 666 ж. үлы діниимператорға айналып, оның қүрметіне көптеген храмдар салынады. Бара-бара даосизмкөптеген секталарға айналады.

Конфуций діні. Қазіргі Қытай халқының ең беделді үлттық діні Конфуций іліміболып саналады. Оның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы, яғни Кун - үстаз. Конфуций б.з.б.551 ж. шамасында өмірге келген. Оның негізгі ілімі бізге өзінің шәкірттері Ман-Цзы жәнеСюн-цзыдың еңбектері арқылы жетті.

Жалпы конфуцийшылдық діни көзқарасты философиялық-этикалық ілім десек теболады. Кунфуцзыдың философиялық көзқарасы бойынша, «атты түзету» дегенкөзқарасын қарастырайық. Барлық заттардың, адамдардың аттары болу керек. Солаттарына сәйкес мінездері болу керек, ат пен атағы сәйкес келуі керек: әке - әкеге, бала -балаға, билеуші - билеушіге сәйкес болып аттарына байланысты ғана емес, шын мәнісіндеде қалулары керек. Билеуші - әке, халық оның балалары. Осы түрғыдан мемлекетбасқарылу керек. Олай болса, «білу дегеніміз табиғатты емес, адамдарды танып білу».Қараңғы адамдар данышпандарға бағынуға тиісті. Олай болмаған күнде елде тыныштықболмайды. «Лун юй» деген Конфуций сөздерінің жинақ кітабы.

Жапонның ұлттық діні: синтоизм. Синтоизм - «синто қүдай жолы», б.д.д.УІ-УП ғғ.шығыс Кюсю аралында Жапонияда пайда болды.

«Ерте дәуірдегі жазу» немесе «Койки» деген кітаптағы аңыз бойынша, синтоизмдінінің шығуы туралы айтылады. Бүл әдеби жинақ б.з.д. 712ж. жазылған. Оның негізгімақсаты император рухын халықтардың үстінен қарап, билеу күкығын бекітуге арналған.

Ертедегі аңыз бойынша, император рухтары Аматрерасу (Күн күдайы) күдайынантаралғандығын, қалған Жапон халыктары оларға бағыныштылығын көрсетуге тырысады.Ең негізгі синтоикалық храм Исэ деген қалада. Оны Исэ дзингу Аматерасу храмы дейді.Жалпы Жапония бойынша 110 мыңдай храмда-ры бар.

Еврейлердің ұлттық діні: иудаизм. Иудаизм б.з.д. XIII ғ. Еврей халқының арасынаншыққан дін. «Иудаизм» деген сөз Еврей тайпасынан шыққан Иуда руының атыменаталады. Иуда руы еврей халқының 12 рудан шыққан ең ірі және бірінші патшасыДавидтан таралған беделді ру болады. Олардың қүдайы Яхва (Найзағай қүдайы, откүдайы, су қүдайы) барлық рулардың қүдайы деп алынады да, монотеистік жеке, еврейлерПалестинаны жаулап алған соң, Яхва құдайының кұрметше Иерусалим храмын салады.

Жалпы иудаизм дінінің дамуын үш кезеңге бөліп көрсетуге болады. Бірінші, -Таураттың шығуы немесе оның басқа негізгі бөлімі - Көне өсиет (б.з.д. ХІІІ-ІІ ғғ.) - Танахдеп иудейлер атайды. Танах болса 39 кітаптан тұрады. Танах Ескі өсиеттің негезі.Екіншікезең Иудаизмнің Талмуттық даму кезеңі деп айтамыз. Қүлиеленушілік дәуіріндегіеврейлердің өмірлері діни формада көрсетіледі. Б.д.д. 70ж. Рим империясыныңПалестинаны жаулап алуы, ондағы Иерусалим храмын бүзуы, еврей халықтарыныңқүлдыққа түсіп, өз елінен тарап басқа елдерге кетуі туралы айтылады.

Үшінші кезең, Иудаизмнің даму кезеңі; «модернизаторлық шағы». Қазіргі кездеИдаизмде әртүрлі ағымдар мен сектілер бар. Негізгі Иудаизм догмасы бойынша: Қүдай бір- Яхва, еврей халқы «Қүдайдың таңдаған» ерекше халқы, Яхва жерге қайтып келеді, жанмәңгі, ол дүниеде бар, Талмуд пен Танаха қасиетті кітап және т.б.

Иудаизмде діни табынушылық, әдет-ғүрыптар, мейрамдар өте көп. Діни регламенттербойынша 365 іс-әрекетке тыйым салынады да, 248 іс-әрекеттерді істеуге шақырады. Иудей

Page 13: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

ораза үстау керек, баланы туған соң сегіз күннен кейін сүндетке отырғызу керек, балалықшаққа жету тойы, жерлеу т.с.с діни әдет-ғүрыптар бар. Мейрамның мейрамы - Пасха.Пасха мейрамы еврей халқының б.з.д.VII ғ. Ёгипёттен еврейлердің «шығуы» кезіненбасталады, басқа әдет-жоралары бар. Иудаизм өзі басқа діндерден көптеген әсер алса да,ол дін христиан діні мен ислам дінінің шығуына, дамуына үлкен әсерін тигізді.

Әдебиеттер тізімі:

1.Айтбаев О. Дінтану. Қарағанда, 2010.2. Есім Ғ. Суфизмге кіріспе. Сана болмысы. Алматы, 1997.3. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. – Алматы, 1996.4.Крывелев И. История религии: В. 2-х т. – М., 1988.5. Яблоков И.Н. Религиоведение. М., 2001.

6.«Дінтану» арнайы курс бойынша 050201 «философия» мамандығы үшін оқу-әдістемелік кешен./ құрастырушы Айтбаев Оңғар

Тақырып 5. Буддизм

Буддизм Суддхонаның баласы Сиддхартхи Гаутаманың ілімінен (б.д.д. 563-483 жж.)таралған дін деп есептеледі. Буддизм дін

,+інің шығу себебі сол кездегі Үнді мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық жэнемәдени дағдарысқа үшырап жатқан кезі болатын. Будда діні, оның негізгі идеалдықөзқарастары таптық қоғамның шығуына, дамуына жол беріп отырды. Сол кездегі рулық-брахман дініне оппозиция болған Будда діні варна-касталық бөлуге қарсы шығып,елдердің басын біріктіруге талпынды.

Будданың ашқан өмір ақиқаты немесе ілімінің негізі - «азап шегу-шілік», ол төртигілікті ақиқаттан түрады. Бірінші ақиқат, өмір сүру азап шегу болып табылады. Екіншіакиқат, азап шегудің себептері адамның тілегі мен қүмарлығына байланысты болды.Үшінші ақиқат, азаптан құтылудың жолдары – құмарлықтан құтылу. Төртінші акиқат,тілектер мен қүмарлыкты шешу үшін адамдар Будда көрсеткен жолдармен жүрулері керек.Ол жолдар мыналар: Буддаға деген қалтқысыз наным, дінге нұқсан келтірмей дұрысталаптану, тәртіпті болу, кісі өлтірмеу, адамдармен соғыспай жақсы қарым-катынаста болу,өзін-өзі үстау және аңдып жүру. Қысқаша айтқанда, нирванаға жету. Нирвана депадамның ерекше жайын білдіретін бүтіндей тыныштыққа бөленіп, айналанықоршағандардың бәріне енжар караушылықты атаймыз. Соған жеткен адам қайта тууданқуылып, азап шегушілік тоқталады. Нирванаға тікелей жетудің сегіз сатысы болады: түзукөзкарас, түзу батылдық, түзу сөз, түзу жүріс-тұрыс, түзу тұрмыс қалпы, түзу күш салу(өзін-өзі үстай білу), түзу ықылас, түзу жұмылдыру.

Гаутама діни көзқарасына брахманизм және джайнизм діндері үл-кен әсер етті.Бірақ ол өз діни жолын тапты. Өзінің қатаң таукуалық тәр-тіп жолында медитация әрекетімен сергектенуге жетті немесе Будда атағын алды. Буддалық дәрежеге жеткен соң, ол әріқарай тауқуалық (мүғалім-монах) жүмысын жүргізе берді. Ол Сангха (монах ордені) де-ген қауым қүрды. Ол орден халықтардың садақалык, қайырымдылық көрсетудіңарқасында өмір сүрді.

Сангха болса, Будда ілімін (Дхарма) халықтарға жеткізу үшін жүмыс істеді.Алғашкы Сангха бірте-бірте өсіп, дами отырып «Әлемдік» буддизмге айналды. Алғашқыб.з.д. 300 ж. Сангхи бір қалыпта дами отырып, одан бірнеше ағымдар бөлініп шығып,айрықша мектептерге айналды. Біздің заманымыздың жаңа дәуірінің басында Сангханыңәр түрлі ағымдарынан екі үлкен мектеп пайда болды. Олар: Хинаяна (кіші күйме) жәнеМахаяна (үлкен күйме). Хинаяна Тхеравада (ескі өсиеттік жол) көз-қарасын дамытты.Махаяна әлемге деген жаңа көзқарастыкпен дамыды.

Page 14: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Қазіргі кезде буддизмнің үш ағымы бар. Олардың діні, әдет-ғұрыптары, догмаларыбір-бірінен айрмашылығы өте зор десек те болады. Бүл ағымдар: 1) Үнді-буддизмі -Тхеравада, немесе оңтүстік жэне шығыс-оңтүстік буддизмі. 2) Дао-буддизмі - махаянанемесе үлкен күйме, Қиыр Шығыс буддизмі. 3) Тантрикалық буддизм - ваджраянанемесе орта азиялық буддизм.

1.Тхераведа ағымы - (ескі жол) будданың салт жолы. Үстаздың бейнесін жайқүрмет етудің орнына тәңірге айналдырылған Буддаға табыну Үндіде етек алды. Мифтікаңыз есебінде Гаутаманың жүрген жерлері, айтқан сөздері барлығы киелі ретіндекөрсетіліп, сол жолмен жүру керек дейді. Қатардағы буддистерді сергектену жолындағыжүмыс, жақсы жиған еңбегі бойынша бағалайды. Сол себептен Оңтүстік және Шығыс-Оңтүстік Азиядағы монастырдің рольдері биік болды. Осыған байланысты Тхеравадаағымы немесе хинояна (кіші күйме) үнді мемлекетінен басқа елдерге жақсы таралғанжоқ. .

2. Махаяна ағымы (үлкен күме, үлы жол) - сергектенуге және нирванаға баратынжол, барлық адамға ашық, тек монах тәртібін сактау мен будда жолы және бодхисаттардыңжәрдемі керек дейді. Сол себептен, бүл ағым бодхисаттарды пір тұтып, данышпандықрөлдерін өсіреді. Олар нирванаға қатардағы адамдарды жеткізуге жәрдем береді.Махаянада көптеген діни қауымдар пайда болды.

Жапониялық буддизмнің «Дзен» деген ағымы таралып, қатардағы буддаадамдарының діні болды. «Дзен-буддизм» Шығыс Азияға таралған, жаңартылған түрі.Дзен-буддизм қос ағымдық сәулеленуді, ақиқатқа жетуді, саториді уағыздайды. Ішкі сезім,медитация арқылы сергектенуге, өмірдің шыңдығына жетуге болады дейді. Дзен -буддизмнің иррационализмі мен интуитивизмі, оның экзотикалық ғүрпы, әсіресе, соңғы онжылда Батыс Европа және Америка философтарының назарын аударуда.

3. Ваджраяна немесе тантраяна ағымы (айрықша салт күймесі) б.ғ.д. II мыңыншыжылы шықты. Ол гуру (оқытушы, бастық) басшылығымен йогамен шүғылданады. Әрбіргуру өз әдістерімен йога жүйесін қолданады. Иоганы адамның ойын кірден тазарту, үятудеп түсіндіреді. Цзян хавай (1357-1419) қүрастырған Ламаизм ағымында әрбір гуру немесебасшы тірі құдай есебінде қабылданады. Ламаизм иерархиялық шіркеу жүйесі мемлекетжүйесіне үқсас, Шыңғысхан жасап кеткен жүйе.

Ламаизм будда дінінен бөлініп шықкын ағым. Бүл ағым екі бөлшектен түрады.Ламаизмнің сырткы табыну тәжірибесі тхеравадаға үқсап, ішкі жақсы тәжірибе жинау,рухани оқу жүрегі немесе ваджараяна ілімі бойынша, адамның ақылы космостық Буддаденесімен қосылуы. Рухани жүрек эр түрлі күрылымнан түрады, ваджарамен теңестірілеотырып, мәңгілік символы - түрақтылық және бүзылмайтындығы.

Ламаизм Буддизм дінінің кең таралған формасы есебінде қарас-тырылады. Олкөбінесе, Тибетке, Орта Монғолияға, Непалдың кейбір аймақтарына жэне Индияғатаралды. Олардың монахтарын ламдар (жо-ғарғы, негізгі) деп атайды. Ламаизм алғаш VIIIғасырда Тибеттен шығып, XV ғасырда мемлекеттік шіркеу болып қалыптасты. Оныңшіркеу басшысын, «далай-лама», (теңіз ламы) немесе «хушухты» деп атайды. Далай-ламалар Будданың жер бетіндегі образы, олар өлгеннен кейін де балалары арқылы өміргекеледі дейді. Ламаизм Тибетте тарау кезінен бастап, жергілікті шаман дінінің міндеттерінөзіне алды.Ламаизмге шаман дінінің мистикалык «тантр» ілімі жэне «сикырлық» салттарыенді.

XIII ғасырда Моңғолия ханы Хубилай «қызыл бөрікші» жоғары лам етіптағайындалды. «Пазел» - Қытай, Моңғолия, Тибет мемлекеттеріндегі барлық абыздардыңбасшысы болып табылды. ХҮ ғасырдан бастап, Тибеттегі будда дін орталығына айналды,ламаизм қауымдары өздерінің ламдарын Қүдай есебінде, әулиелер деп жариялады жәнеолар коғам және мемлекет жүмыстарына араласты. 1550 жылы ламдардың басшысынадалай-лама атағы берілді. Тибеттегі далай-ламаға Бандида хамо-лама деген атақ беріліп,ол бүкіл дүниежүзілік және рухани билікке ие болды. 1959 жылы Тибет астанасындаЛхаста діни үлт көтерілісіне байланысты Бандида хамо-лама және 100 мыңдай тибеттер

Page 15: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

шетелге қашып кетуге мәжбүр болды. Қазіргі кездегі Банди хамо-лама Индиямемлекетінде түрады.

ХҮІІ ғасырда лама діні Моңғолия арқылы Буратияға, Ресейге енді. Ламдар менбурят нойондары лама дінін бурят, калмақ және тувинстердің ішіне зор ынтамен таратты.1991 ж. шілденің 10-ынан 31-іне дейін, Ұлан-Удэде ламаизмнің Ресейге тарағанына 250жыл толғандығын той лады.

Орта Азия мен Қазақстан жеріне Будда діні Ү-ҮІ ғғ. таралды деп есептейді. XXғасырдың екінші жартысында жүргізілген археологиялық зерттеу бойынша буддизмніңОңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Қытаймен шекаралас Жоңғарқақпасының аймағында іздері табылды..

Қазіргі кезде буддистер Қазақстанда аз, Алматыда будда қауымы тіркелген. Оларғажергілікті бурят, қалмақ, монғолдар барады.

Әдебиеттер тізімі:

1.Айтбаев О. Дінтану. Қарағанда, 2010. 2. Бартольд В.В. Ислам и культура мусульманства. – М., 1992.3. Васильев Л. История религий Востока. – М., 1983.4. Крывелев И. История религии: В. 2-х т. – М., 1988.5. Яблоков И.Н. Религиоведение. М., 2001. 6.«Дінтану» арнайы курс бойынша 050201 «философия» мамандығы үшін оқу-

әдістемелік кешен./ құрастырушы Айтбаев Оңғар

Тақырып 6. Христиандық

Христиан діні - екінші әлемдік дін. Ол I ғасырда Рим империясының шығысөлкесінде, дәлірек айтсақ, Израильде (Палестинада) б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқаүлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дінболғандықтан, христиандар христиан дінінен басқа діндердің салтына қатыспады. Оларқоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді.Мүның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы түрды..

II ғасырдан бастап қүл иеленуші жүйесінің дағдарысқа үшырауы салдарынан,империяның нашарлануын тоқтата алмаған үстем тап дағ-дарысқа түсіп, пессимизмгеүшырады. Жағдайдың қиындығынан, одан шығудың жолын білмеген ауқатты үстемтаптың адамдары христиан қауымына кіре бастады. Сол себептен христиан кауымыныңқүрамы өзгерді.. Епископ пен пресвитерлер бірте-бірте қауымға басшылық етуді өз қолынаалды. Әр түрлі культті өткізу, уағыз айту, күнделік жүмысты басқару осы адам-дардыңқолында болды. Сонымен Шіркеу иерархиасының жоғарғы топтары қүл иеленушімемлекетпен жақындасты. II ғ. аяғы кезінде Христиан діні Рим империясының барлықоблыстарына таралды. III ғ. басы кезінде 313 жылы Миланда Константин императорХристиан дінін ерікті түрде кабылдау жөніндриялады. Міне, осы уақыттан бастапХристиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды. Ал, 324 жылыхристиандықтар ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланды. 325жылы оның бас-шылығымен Никке қаласында 1-ші Бүкіләлемдік христианшіркеулерінің соборы (съезі) шақырылды. Собор Христиан дінінің негізгі уағыздарынақысқаша түрде каулы алды. Бүл қаулы Құдайға «сенудің - Никкейлік символы» депаталды. Сөйтіп, император өкіметі мен христиан шіркеуінің одағы қүрылды да, Христиандіні мемлекеттік дінге айналды

Христиан дінінің негізгі догмалары Шіркеудің шығуымен бірге діни қасиеттіжазбалар мен қасиетті аңыздардың жасақталуы катар жүрді. Христиан дінінің қасиеттіжазбасы Библияда (грек. - Кітаптар) жинақталған. Қазақша атауы - Інжіл. Библия екі

Page 16: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

бөлімнен түрады. Бірінші бөлім, Ескі өсиет (Ветхий завет) және Жаңа өсиет (Новыйзавет). Ескі өсиет көлем жағынан 4/5 Библияның бөлігін алады. Бүл бөлігі Иудаизм дінінеде ортақ. Өсиет деп ертедегі еврей халқы Қүдаймен, кейін келе баска да халықтарменИисус Христос келісім жасаған деген түсініктен шығады. Екінші бөлімі Жаңа өсиет(Новый завет) деп аталады. Жаңа өсиет тек Христиан дініне тән. Барлығы 77 кітап. Оларежелгі еврей, арамей және көне грек тілдерінде жазылған. Библия кітабына сүйенеотырып, Христиан дінінің акиқат делініп танылатын діни қағидалары (догматтары) парызесебінде күрастырылды. Христиан дінінің қандай бір ағымдары болмасын осы парыздықдіни кағидаларды мойындайды да, бірақ өз беттерінше орындайды. Мүндай кағидалар(догматтар) негізінен 12 бөлімшеден түрады, оны негізі «діни наным» символы депатайды. Бүл символдық сенімнің 325 жылы Никей соборында сегізі қабылданды да жәнеЦарьгород немесе Константинопль (381) әлемдік соборларда, жетінші Никкей (787)соборын коса есептегенде 4 символы қабылданды. Ал, католик ағымында Триденттіксоборда (1545-1563) әрі қарай өңделген болатын.Осы 12 символдық сенімге күмәнсіз сенукерек. Христиан табыну культтерінен фитиштердің калдықтарын көреміз: икондар,крестер, киелі дейтін табыттар, киелі су жатады.

Христиан дінінде магиялық қалдықтары да бар. Оларға әр түрлі дуа оқу (молитва),діни іс-әрекеттер жасау (таинства), күпия, сырлы жұмбақ, діни салт-жоралары.

Діни мейрамдарарын төртке топтап қарастыруға болады. Иисусқа арналған,Құдай туған (богородаца) әйелге арналған, әулие адамдарға арналған және киелі икондарғаарналған.

Христиан дінінің бөлінуі. Христиан шіркеуі алғашқы уақыттан бастап біртүтас дінболған емес. Кең байтақ Рим империясының халықтары өздерінің түрып жатқанәлеуметтік, әдет-ғүрып жағынан әр түрлі болғандықтан, Христиан діні де сол жергіліктіөмірге бейімделініп тара-лады. Рим мемлекетінің нәтижесінде алғашқы кезде төрт дербесшіркеулер пайда болады. Олар Константинопль, Александрия, Антиохий, Иерусалимшіркеулері, іле шала Антиохий шіркеуінен Кипр, кейіннен Грузин православы шіркеуібөлініп шықты.

Ең үлкен бөліну 1054 жылы шығыс және батыс христиан шіркеулері болып,ыдырап аяқталды. Шығыс бөлігі Православиялық, ал батыс бөлігі Католик болыпдербес шіркеу болып шықты.

Православие-христианшылдықтың Шығыс немесе Византиялық бөлігі, қазіргікезде бір-біріне тәуелсіз автокефальды 15 православие шіркеуі бар: Константинопль(Туркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузия,Сербия, Румен, Болгар, Кипр, Эллада (Греция), Албан, Поляк, Чехославак жэнеАмерикандық, тағы басқа үш автономдық шіркеулер бар (синай, фиин жэне жапондық).Әр-бір дербес шіркеулердің шекарасын сол дербестік берген автокефальды шіркеуанықтайды.

Әкімдік жағынан православия шіркеулері: экзархат (автономия), епархия (өлке),викариант (облыс), благочин (район) жэне приход (жер-гілікті, кішкентай) шіркеуі болыпбөлінеді. Барлық православия шір-кеулерінің канондары, діни догмалары мен ғибадаттарыбірдей. Православие шіркеуінің ілімі Никкей соборында (325) және Константинопльде(381) әлемдік соборлардағы шешімді бұлжытпай орындайды.

Русьтегі христиан діні. Х ғ. аяғында 988 ж. Владимир князінің бұйрығы бойыншаХристиан діні мемлекеттік дін деп жариаланды. Христиан діні, Біріншіден, өкіметтіңмаңызын жоғары көтерді және мемлекеттің жеке бөліктерінің арасындағы байланыстынығайтып бір орталықты мемлекеттік халге жеткізді. Екіншіден, Христиан дінін қабылдауБатыс Европа елдерімен қарым-қатынасты жеңілдетті. Үшіншіден, Христиан діні орысқоғамының мәдениетін көтеруге себепкер болды, орыстар Византия ғылымымен жәнеөнерімен танысты. Византия ол кездегі Европаның ең мәдениетті елі еді. Ақырында,Христиан діні халықтарға (Библияны оқу үшін) сауат ашуға жрдемі тиді.

Page 17: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

1037 жылы Владимирдің баласы князь Ярослав Мудрый Киевте митрополиттішіркеу басқармасын қүрды. Митрополит епархияға бөлінді, оның басында епископтартүрды. 1325 жылы митрополит Петр митрополия кафедрасын Мәскеуге ауыстырды. XIV-XVI ғғ. Русьте көптеген монастырьлар салынды. 1448 жылы бірінші орыс митрополитіИон Кон-стантинопльдің патриархатының рүқсатынсыз Мәскеу митрополиті болыпсайланды. Ал 1589 жылы Федор Иоаннович патшасының қолдауымен бірінші патриархмитрополит Иова сайланды. Осыған байланысты Орыс Православия шіркеуі дербесавтокефалды болып жарияланды.

Орыс православие шіркеуі бүгінгі таңдағы үлкен екі мәселені шешті. Бірінші,Русьтің шокындырылғанына 1000 жылы толуына арналып, 1988 жылы маусымның 6-сында Троице Сергеев Лаврында ашылған орыс православие шіркеуінің жергілікті соборыкөп көңіл бөліп, міндеттер қойылды. Жергілікті собордың барлық қатысушыларыбірауыздан шіркеу өміріне өзгеріс енгізу қажеттігін мақүлдады. Екінші жағдай, 2000жылы тамыз айының 13-16 күндері Орыс Православие шіркеуіне Архиерей юби-лейліксалтанат соборы өтті. Бүл соборда «Негізгі әлеуметтік Орыс православие шіркеуініңконцепциясы» деген қаулы қабылданды. Бұндай қаулы бұрын-соңды болмаған әлеуметтікресми шіркеу қүжаты болып есептеледі. Бүл қүжатта шіркеу қызметкерлері қазіргі кездегіәлеуметтік мәселелерге өте кең көңіл бөлген. Бүл мәселелер әрбір салада - экономикалық,саяси, мемлекет шіркеулік, моральдық, денсаулық, ғылыми, мәдениет, білім алу жэне т.б.мәселелер бар. Бүл қүжаттық бағдарлама шіркеу канонымен салыстырылады.

Орыс Православиясы Қазақстанда исламнан соң екінші орын алады. Бүл дінҚазақстан жеріне ХҮІІІ ғасырдан, Қазақстан Ресейге қосылғаннан бастап тарайды. 1876жылы Верный қаласында (қазіргі Алматы) Түркістандық епархиясының кафедрі қүрылды.1945 жылы Алматылық-Қазақстандық Епархия қүрылды. 1991 жылы осы епархия үшепархияға бөлінді. 1999 жылы епархиялық басқару Алматыдан Астанаға ауысты. 1995жылғы 1 қаңтардағы санақ бойынша қазіргі Қазақстан жерінде 212 приход, 8 монастрьжүмыс істейді.

Католик дінінің шығуы. Католик шіркеуі және Католик ілімі ертедегі Христиандінінен бөлініп шыкты. IV г. Рим империясы Батыс және ІІІығыс империя болып бөлінгенкезде, Батыс Рим империясыньщ христиан шіркеуі батыстық немесе Рим-католик шіркеуіболып аталды. Католик немесе «Католикос» деген ұғым грек тілінде «әлемдік», «барлық»деген мағына береді.

Он бір ғасыр бойы VIII ғ. - 1870 жылы Рим шіркеуі Италияның мемлекетінеқосылғанша Папалық жеке мемлекет болып түрды. Бірақ та 1929 жылы Папа Пий XI жәнеИталия мемлекетінің басшысы Муссолиимен келісе отырып, Рим қаласына 44 гектар жерберіп, Католик шіркеуін дербес шіркеу ретінде жеке мемлекет болуына жәрдем берді.Содан бастап Ватикан мемлекеттік қала ретінде барлық католиктердің осы күнге дейінорталығы болып есептелінді.

Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және РимПапасының резиденциясы - Ватикан. Ол Рим қаласының ортасында қала-мемлекет(ауданы 44 гектар, шекарасының үзындығы 2600 метр, халқы 1 мың адам), өз гербі, гимні,жалауы, поштасы, радиосы, телеграфы, баспасөзі т.б. сондай-ақ, шағын гвардиясы менжандармериясы бар. Қысқаша айтқанда, қала ішіндегі мемлекет. Мемлекет басшысы -Папа. Оның дипломатиялық корпусы 100-ден астам мемлекеттермен қатынас жасайды.Күнделікті өмірде мемлекеттің жүмысын орындайтындар Ватиканның Куриясы(әкімшіліктер). Рим куриясы барлық саяси, экономикалық және діни жүмыстарынорындайды. Католик шіркеуінде жалпы Христиан дініндегі диакон, пресвиттер, епископдәрежелерінен басқа тағы да жаңа кардинал, митрополит, патриарх, примас шендеріенгізілген. Кардиналдар сословиесі барлық эпископтардан жоғары қойылады. Бұл атақ XIғ. бекітілген, олар Папаны сайлауға және Папа болып сайлануға болады. Рим Папасыкардинал жиналысымен сайланады. Ол атақ өмір бойы беріледі. Қазіргі кезге дейінтарихта 265 Папаның аттары бар. 1523 жылдан 1978 жылға дейін Папаның тағына тек

Page 18: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Италяндыктар сайланды. 1978 жылы бірінші рет бүл атақты Поляк кардиналы корольВойтыл Папа атағына сайланды.

II Ватикан соборының шешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа Иоанн Павел IIшынында «үлы» Папа болып атағы қалды. Себебі жоғарыда көрсетілген Собордыңшешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа болды. О Қазіргі 265-ші Папа, неміскардиналы Иозер Ратцингер, оған Бенедикт XVI деген ат қойды.

Қазақстан жерінде 80 католик қауымы, 2 монастырь жүмыс істейді. 1991 жылыВатиканның шешімі бойынша Қарағанды қаласында Орта Азия мен Қазакстан жерініңАпостолдық басқару әкімі орналасты. 1994 жылдан бастап Ватикан мемлекетіменҚазақстан дипломатты қатынасы басталды. 2001 жылы қыркүйек айының 22-25 күндеріаралығында Рим папасы Иоани Павел П-нің біздің елге ерекше сапармен келіп кетуікатолик шіркеуінің Қазақстанға деген жақсы ниетін көрсетед.

Протестантизм, шығуы XVI ғ. Батыс Европада капиталистік қатынастар тууынабайланысты феодалдық қүрылысқа қарсы, католик шіркеуі мен папашылыққа қарсы күресформасында әлеуметтік саяси Реформация деп аталған қозғалыс туды. Ең бір үлкенреформаторлық козғалысты бастаған профессор Мартин Лютер (1483-1546) Виттенбергуниверситетінің мұғалімі, дінбасшысы. Ол 1517 жылы 31 қазан айында Виттенбергуниверситетінің кақпасына өзінің 95 тезисін іліп, индульгенция сатуына қарсы шықты.Лютердің әрбір адамы Христосқа деген сенімін өзі реттеу арқылы ешқандай дінкызметкерлерінсіз-ақ Қүдаймен байланысады, Қүдай алдында барлық адам тең деуіпротентантизмнің негізгі догмасына айналады. Лютер католиктік иерархияға қарсышықты. Оның жалпы бағдарламасында дін басшыларының сайланып қойылуы, шіркеудіңРим Папасына тәуелділігін жою, діни ғүрыптарын жеңілдетуі, феодалдық шіркеулік жериеліктерді жою, Римге ақша жібермеу, шіркеудің әдет-ғүрыптарын қысқарту, шіркеудімемлекетке бағындыру т.б. талаптар қойылды.

Лютердің көзқарасы бойынша, әрбір христиан өз бетімен Библияны оқу керекекендігін, Библиядан өзге шындық жоқ екендігін дәлелдеді. Алғашқы күнә адамзаттыкүнәһар етіп қоймай, оның табиғатын бұзды. Сол себепті адамның енді қайырымдылықжасау қолынан келмейді. Ол өзіне-өзі жәрдем бере алмайды. «Қүтқарушылық» текҚүдайдан келеді, ол үшін адамдар тек Қүдайға қүлшылық жасауы қажет. Ал басқажолдармен діни іс-әрекет, аскетикалық, салт, шіркеуге бару барлығы дүрыс емес.Қайырымдылық, жақсылық тек Қүдайды сүюден пайда болады, евангелідегі Христостысүюден шығад. Оның соңы Лютерандық шіркеуінің пайда болуына алып келді.Лютерандардың сенімі мен догматикасының көзі ретінде Таурат, сондай-ақ М.Лютереңбектері, әсіресе, оның «Қысқаша катехезис» еңбегі танылады. Лютерандық шіркеуиерархиясын және қүлшылық ету күпиясын теріске шығарады. Қүдай мен адамныңтікелей байланыстығын мойындайды.

Дүние жүзінде бір-біріне дербес 250 лютерандық діни одақ бар.Қазақстан жеріне лютерандар ХҮІІІ ғасырда ақ патшаның саясаты арқасында Ресей

мен Қазақстанға кіре бастады. 1941 жылы немістердің депортациясына байланыстыҚазақстан жеріне көптеп енді. Лютеран қауымы 1958 жылы Ақмола қаласында, 1963жылы Алматы қаласына тіркелді. 1993 жылы Алматыда олардың «учередительныйСиноды» (съезі) өтті. Осының арқасында 1998 жылы Алматыда «Приход» синодыашылды. Республикамызда неміс үлттарының азаюына байланысты, 1993 жылдың 1қаңтарында республикада 152 қауымдастық болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында олардың29-ы ғана қалды.

XVI ғ. бірінші ширегінде Кальвинизм деп аталатын протестан ағымы пай даболды. Бүл ағымның негізін салушы - шаруа отбасынан шыкқан Швейяария реформаторыИвингли Ультрих (1484-1551). Ивингли өлгеннен кейін оның ілімін Жак Кельвин (1500-1564) үгіттеп дәйектеді.

Лютеран шіркеуіне караганда кальвенизмде түрақты символдық сенім жоқ, Библиятек жалғыз діни ілім. Екінші бір беделді сенім ілімі Кальвиннің шығармасы «Наставления

Page 19: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

в христианской вере» (1536-1559). Бүл кітапта Кальвин Лютердің идеяларын бір жүйегекелтіріп және баска да реформаторлардың еңбектерін көрсете білді. Реформаторларбарлык, діни атрибутиканы (икон, свеч, крес) алып тастады. Крещениемен жәнепричащениені діни символикалық әдет деп қарастырады. Діни уағыздың екі түрінқалдырды, намаз оқу мен діни өлең айту. Кальвенизмнің діни үғымында фаталдықкөзқарас басым, оның мәні мынада: дүние жаралғанға дейін Қүдай біреулерді жарылқады,біреулерді қарғады, кейбіреулері жүмаққа, екінші біреулерді тамұқка жазды, міне, осымәңгілік жазмыш «үкім» тіпті де өзгермеді.

Англикан діні. Германиядағы реформаторлар қозғалысы Англияға жетті. 1534жылы Король Генрих VIII ғ. (1491-1547) Англиядағы монастырьлерді жауып, өзіншіркеудің бастығымын деп жариялады. Содан бастап Англияда протестант діні тарады.Оның ерекшелігі - әрбір құрамның конгрегацияның толық дербестігінде және діндарларқүрамы өкімет орындарынан тәуелсіз. Олар алғашқыда иерархияға қарсы болғанымен,кейіннен Англияда және Уэльсте Конгрегациялық одақтар құрылды. Басқапротестанттарға қарағанда, англикалықтар шіркеудің қызметін қалдырды. Шіркеудіңиерархиясын, епископтар мен священиктерді король өзі тағайындайды. Табыну, сиынуағылшын тілінде өткізіледі. Діни әдет-ғұрыптардан екеуін қалдырған: крещение«шоқыну» және причащение. Қүдайға кұлшылық ету - басты орын алатын литургия. Олкүрделі ғүрыптармен, салтанаттылығымен ерекшеленеді. Жалпы англикан шіркеуіреформаторлардың ішінде евангелиялық жаққа бүрмалайды.

Квакеры. Протестант дінінің басқа ағымдарын «кеш протестантизм» деп атайды.Олардың біреуін Квакерлер деп атайды. XVII ғ. «Христиан қоғамындағы ішкі жарықбауырластар» (Христианское общество друзей внутренного света) деген ұйым шықты.Оның негізін салған кәсіпкер Джорж Фокс (1624-1691) деген адам, сенімін ақикат деді,әрбір адам ішкі нұрланудан шығады. Ондай нұрлануға жету жолы - Қүдаймен араласу.Құдаймен кездескенде адам дірілдеп қалтырайды, сонда адам нүрланады, ақиқат жолынкөреді. Шоқыну үрдісінде үжымның мүшелері Қүдай мен адамның ішкі дүниесіменсөйлеседі, ондай «сөйлесу» қалтырап, дірілдеп өтумен жүріп жатады, сол себепті олардыквакерлер (анг. дірілдеу) деп атайды. Квакерлер жер жүзінде 200 мыңнан аспайды.Олардың үйымдары АҚШ-та, Англияда, Канадада және басқа мемлекет-терде кездеседі.

Методизм. XVIII ғ. бірінш жартысында методизм англиканшылдар-дың негізіндедіни индифицентизмді (селқостықты) жеңу үшін шықты. Оның негізін қалаушыларағайынды Уэли Джон (1703-1788) жэне Чарльз (1707-1788) Методизм діни әдет-ғүрыптарды өте тәртіппен үстау керек деп қарастырып және жаңа әдіспен шоқыну керекдеп түсіндірді. Ағайынды екеуі Оксфорд университетінде оқып жүріп «Киелі кулыб»деген үжым ашты. Олардың айтуы бойынша әрбір адам туғаннан Қүдайданқайырымшылык алады, Қүдай жолында жүруге жәрдем береді. Ондай жолдарды әр түрліэдістемелермен жүргізуге болады. Қүдайға қүлшылық етуді, олар ашык аспанда, үйлерде,түрмеде, ауруханада жэне т.б. жолдарда жүргізуді үсынады. Методизмнің діниғибадаттары өте қарапайым. Бүрынғы ғүрыптардан сакталған шоқыну мен причащенияғана. Методизм қауымдары 12 адамнан түратын класқа, топқа бөлінген. Қауым аймақтарғабірігеді. 1881 жылы дүниежүзілік методизмдік кеңес қүрылады. Қазіргі кездегіметодизмдің саны 31 млн. адамды біріктіреді. Олар көбінде АКДІ-та, Великобританияда(Үлыбританияда), Австрияда, Оңтүстік Кореяда жэне Ресейде.

Меннониттер. Меннониттер Солтүстік Германияда шаруалар соғысы (1524-1525)жеңілген соң пайда болды. Оның негізін қалаушы Гол-ландиялық Монно Симонс, олзүлымдыкқа қарсы белсенді күреске қар-сылық білдірді. Меннониттердің діни ілімініңнегізі Менно Симонс жазған «Шын христиан дінінің фундаменті». Бұл кітапта ол барлыққауым мүшелері тең праволы, зорлыққа, соғысқа қатынаспау керек (армияға кызмет етуденбой тартады), әрбір қауым дербес дейді. Меннониттер тағдырға мойынсынбайды. Олартіптен «Қасиетті жазбадан» да жоғары деп есептейтін жеке діни нанымға зор мән береді.

Page 20: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Голландияда және Германиядан меннониттер баска мемлекеттерге тарады. Олардыңқауымдары Ресей мен Қазақстанда да кездеседі.

Баптизм. Ағылшын Джон Смит (1554-1612) Англияда бірінші баптистік қауымдыүйымдастырды. Баптистік (грек, суға батыра-мын, сумен шокындырамын) қауымда ересекадамдарды суға түсіріп шоқындыратын әдет ендіреді, өйткені олардың ойынша, кәмелеткежасы толғандар шын сеніммен келеді дейді. Баптисттердің мінәжәт (дом молитвы) үйінекіретін есік кімге болса да ашық. Баптистер діни бостандықты талап етеді, қандай бір дінболмасын дербес өмір сүруі керек, шіркеу мемлекеттен бөлінуі керек, діни қауымдарғаадамдардың барлығы тең праволы «қүқты». Олар троицаны, Христостың Қүдай тектесекендігін мойындағанымен, шіркеудің адамдар арасындағы байланысшы болатынына,иконға бас июге, крест, әулиелерге сиынуға, монахтыққа қарсы болуды мойындамайды.Литургия, месса сияқтылардың орнына баталық жиындар (молитвенные собрания)өткізеді. Христиандық әдет-ғүрыптар мен мейрамдардан шоқындыруды, нан үзіп жеусалты (хлебопреломлена) және қол-алақан мен басқа дем (рукоположениені) жэне деХристостың атына байланысты мейрамдарды қолдайды.

ХІХғ. ортасында баптистер Ресейге, ал XX ғ. басында Қазақстан жеріне де тарады.1944 жылы СССР-де Евангел христиан баптистерінің одағы қүрылды. Одан бір жылдансоң пятидесятниктер, ал 1963 жылы менониттер қосылып одақ күрды - ВСЕХБ.Белгіленген уақытында съездері өтіп түрады. Съездер арасында «Братский Вестник» -деген журнал арқылы жаңалықтармен бөлісіп отырады. 1960 жылдан бастап ЕХБ ішіндебасталып, 70 жылдары қауымдық дербес одақтар шыға бастады. Қазіргі кезде дербес үшқауымдық одақ күрылды. Олар ЕХБ одағы, ЕХБ шіркеуі кеңес және ЕХБ шіркеуавтономиясы.

Баптизм Қазақстанда ХІХғ. аяғы мен ХХғ.басында пайда болды. Қазіргі кездеінжілдің христиан баптистері (ІХБ) Қазақстан Республикасындағы шіркеулер кеңесінкүрды. Оның діни орталығы Қарағанды облысының Саран қаласында. ҚР ШК негізінде 7аймақаралық күрылған. Қазіргі кезде Ақмола, Қарағанды, Қостанай және СолтүстікҚазақстан облыстарында ІХБШК топтары жүмыс істейді.

Адвентистер. ХІХғ. 30-шы жылдарында АҚШ-та баптистерден жетінші күнгіАдвентистер бөлініп шықты. Діни уағыздаушы Уильям Миллер (1782-1849) жазда 1831жылы Иисус Христос екінші рет жерге 21 наурызда келеді деп сәуегейлік айтты, сондаақырзаман болады деді. Одан кейінгі Миллердің орынбасары Христостың қашан келетінмерзімін белгілеуден бас тартып, оның келуі жақын, бірақ келетін күні мен сағатын ешкімбілмейді дейтін болады. Адвентистердің негізгі екі ағымы бар, Жетінші күнніңадвентистері және адвентис реформистер. Жетінші күн адвентистерді баскарған ЭленУайттың (1827-1815) айтуы бойынша, Христос жақын арада қайта келеді, мың жылдықпатшалық қүрып, күнәһарлар соңғы сот өткізеді деген жорамал айтты. Олардың ойынша,адам өлген соң жаны үйқыға кетіп, сот болатын күні оянады. Әрбір адам күдай алдында«жазылып» қойған. Олар жанның мәңгілік өмір сүретініне сенбейді, «жан» «қатерлі сот»уақытында қайта тіріледі де, күнәлардың жаны қүртылып, күнәсіздер Христостыңденесімен мәңгілікке жаратылады дейді.

Ресейге XIX ғасырдың 80-жылы тарады. Олар Қазақстан жеріне XX ғасырдыңбасында пайда болды. 1999 жылдың соңында жетінші күн Адвентистер, жетінші күнхристиан Адвентистердің шіркеуінің Қазақстандық конференциясы Астанада өтті. 2003жылғы деректер бойынша Қазақстан жерінде 40-тан астам сыйыну үйі бар, ал қауым ментоптар саны 60-қа жақындайды.

Иегованың куәгерлері. XIX ғасырдың екінші жартысында Америкада «Иегованыңкуәгерлері» - (свидетели Иеговы) деген қауым қалыптасты. Оның негізін салушыУ.Руссель, Христос көзге көрінбей, 1914 жылы жерге екінші рет түсті, енді шайтанменсоғысқа дайындалып жатыр. Бүл армаггедон «қасиетті соғыс» соғысында тек иеговистерқалады да шайтан мемлекетінің барлығын қүртып орнына Христос басқаратын 144 мыңиеговистер (қазіргі кезде олардың саны көбейді) қалып теократиялық мәңгілік мемлекет

Page 21: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

орнатады. Христос - Қүдай жасаған киелі адам. Шын мәнінде Құдай бір, ол ИеговаХристостық Қүдайлық мәнін, о дүниелік өмір барлығын бекер дейді.

Қазақстанда Иегово куәгерлерінің 107 діни бірлестігі бар.Олардың догмалық діникөзқарастарына қысқаша мәлімет. Иегова куәгерлері - пацифистер, әскери қызметтен бастартушылар. Олар протестанттарға үқсап икондарға, крестке жэне мүсіндергетабынбайды. Ондай табынушылық - пүтқа табынушылық дейді. Діни тойлары тек -ИисусХристостың өлген күнін «Христостың өлгенін еске алу кештері» және т.б.

Протестан дінінің ағымына жататын Елуіншілер (пятидесятниктер) дейміз.Елуіншілер ағымы АҚШ жэне Германияда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындапайда болды. Иисус Христос қайта тірілгеннен кейін елу күн дегенде апосталдарға ҚасиетРух түсті және олар басқа тілдерде сөйлей бастады деген түсініктен оларға Елуіншілер депат қойып кетті.

Кейбір зерттеушілердің көзқарасы бойынша Елуіншілер Баптистерден таралған депдәлелдейді. Себебі, елуіншілердің баптистерден айырмашылығы өте аз..

Протестант дінінің ағымдары өте көп. Қазақстан жерінде байқалғандары: «Інжілдіксенімдегі христиандар» (1921); «Қүдай шіркеуі» (Қүдай балалары) (XX ғасырдыңбасында); «Пресвитериондар» және т.б. Пресвитериандық ағымнан бөлініп шыккан, біздіңелімізде кездестіретін діни қауымдар: «Грейс-Благодать», «Надежда», «Косин» дегендер.

Әдебиеттер тізімі:

1.Айтбаев О. Дінтану. Қарағанда, 2010. 2. Бартольд В.В. Ислам и культура мусульманства. – М., 1992.3. Васильев Л. История религий Востока. – М., 1983.4. Крывелев И. История религии: В. 2-х т. – М., 1988.5. Яблоков И.Н. Религиоведение. М., 2001. 6.«Дінтану» арнайы курс бойынша 050201 «философия» мамандығы үшін оқу-

әдістемелік кешен./ құрастырушы Айтбаев Оңғар

Тақырып 7. Ислам

Ислам (араб тілінде бас июшілік, қүлшылык) - үшінші әлемдік, ең жас дін.Мүсылман қауымдары 120 мемлекетке тарап, 35 мемлекетте мүсылмандар саны басымболып, 28 мемлекетте мемлекеттік дін болып есептеледі.

Жалпы тарихи жағынан Ислам ҮІІ ғасырда Араб халыктарының алғашқықауымдык күрылыстан таптық қоғамға өтуі, олардың феодалдық-теократиялықмемлекеттерінің Араб халифатына бірігуі кезеңінде пайда болып немесе осы жүйелердіңтездеп өтуінің идеологиялық бейнесі болды.

VI-VII ғасырларда Аравия түбегіне әр түрлі діни ілімге бай болды. Араб жеріндеорын алған, Иудаизм жэне Христиан, зороастризм діни ағымдары, сондай-ақ политеистіккөзқарастарды да исламның идеялық көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізді.

Ислам діні шықканға дейін Алла (Аллах) деген Қүдайға бас иген, бірақ бүл үғымғаарабтар қатардағы бір Қүдайлардың есебінде қабылдады. Күрейіштер тайпаласы Меккеқаласын қоршаған Қүдайлар бейнесін және Қағбаның ішіндегі рулық Қүдайлардыңбейнелерін сақтап қызмет етіп, біз «Алла үйінің» адамымыз, «Алламен көршіміз» депсанаған. Тек Мүхаммед пайғамбардың түсында «Аллаға» жеке Қүдай түсінігі берілді.Мүхаммед бір ғана «Жаратушы күшті» мойындады, ол «күші» - Алла еді. Міне, солсебепті ислам дінінің шығуы тікелей Мүхаммедтің өмірбаянына тығыз байланысты болды.

Page 22: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Ислам дінінің негізін салушы Мүхаммед 570 жылы Мекке қаласында дүниегекелген. Оның әкесі Абдолла Бен Абдул-Муталиб Мүхаммед туған кезде сауда-саттықжолда жүріп, Ясриб қаласында өз баласын көре алмай қайтыс болды. Анасы Амина 4жаска дейін баласын «ауылға», бедуинге - Халима ас-Саадияға беріп асыратты. Мұхаммед6 жасқа толғанда анасымен Ясриб қаласына қонаққа барып, ал қайтар жолында анасыАмина қатты ауырып, Абве қонысында дүние салады. Мүхаммедтің атасы Абдул-МуталибМүхаммедті 8 жасқа дейін тәрбиелейді. Атасы дүние салғаннан соң, немере ағасы Абу-Талиб Мұхаммедті өзінің жанүясына алады.

12 жасынан бастап Абу-Талиб Мүхаммедті өзімен бірге басқа елдерге сауда-саттықжасағанда алып жүреді. Мүхаммед ер жеткен соң, сауда-саттықты өзі жасай бастайды.Сонымен қатар, Хувайлиданың қызы Хадиджа (жесір әйел) Мүхаммедке ірі тауарларберіп, сауда-саттық жасатады. Қатарынан екі рет алыс елдерге барып, Хадиджаныңтоварларын сатып, үлкен олжамен қайтқаны үшін, оның адалдығы үшін, ХадиджаМүхаммедке түрмысқа шығуына ризашылығын беріп, үйленеді. Ол кезде Мүхаммед 25жаска, ал Хадиджа 40 жасқа толған кездері болатын. Осындай жастық айырмашылыққақарамай, олар бақытты өмір сүреді. Хадиджа болса Мүхаммедке 6 бала: екі үл, төрт қызтуады. Өкінішке орай Фатимадан басқа балалары Мүхаммедтің тірі кезінде өледі. Хадид-жа Мүхаммедтің тек әйелі ғана болған жоқ, ол ең жақын досы болды. Мүхаммедті барлықжағынан қолдап жәрдем беріп отырды. Мүхаммед болса Хадиджаны сүйгенінен жэнесыйлағанынан, оның тірі кезінде баска әйел алған жоқ.

Мүхаммедтің қай кезде, неше жаста дін жолын бастағанын ешкім де айта алмайды.Бірақ білетініміз ол өз уақытында көптеген діндермен таныс болғандығы. Сауда-саттықжолда, көптеген елдерге барып, олардың діндерімен танысты. Меккенің өзінде де көптегендіндер болғандығын біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Бірақ Мүхаммед осы діндердіңбіреуін де қабылдамай өз жолымен жүрді.

Мүсылмандар түсінігі бойынша, ислам уағызында «Құран» Алланың үмбетіМүхаммедке Жәбірәйіл періште көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, небір жағдай туарда оның үзінділерін Мүхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп түрыпты. АлМүхаммед сол Қүдайдың берген өсиеттерін халыққа ауызша жеткізіп отырды. ҚүранҚүдай сөзі болғандықтан бүған ешкім де ешбір шәк келтіруге тиіс емес.

Қазіргі «Осман шығарған Қүран» 114 сүре, 6225 аяттан (басқа да Қүранныңтүрлерінде 6204 жэне 6336 аяттан) түрады. «Медина Қүраныда» аяттардың саны 6000,«Куфа Күраны» мен үнді мүсылмандарының Қүранында 6232 аяттан түратын Қүрандаркездеседі. Шиитер қолданып жүрген Қүранында 115 сүре бар.

Барлық сүрелер көлеміне қарай орналасқан, басында үзақ сүрелер, одан кейін орта,ақырында қыска сүрелер. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен анықталады. Бірақбіраз жағдайларда сүренің аты өз мазмүнына сәйкес келмейтіні де бар.

Біздің заманымызда ең дүрысы Құранның араб тілінен аудармасы болыпесептелетін академик И.Ю.Крачковскийдің еңбегі, оның аудармасы 1963 ж. шықты. Қазақтіліне араб тілінен «Қүран кэрім» аудармасын 1991 жылы Алматы қаласынан қажыР.Нысанбайүлы мен У.Қыдырханүлы аударды. Дегенмен Құранды аударуға рұқсатболғанымен, намаз оқу бес парызды орындау тек араб тілінде жүруі керек.

Ислам дінінің шығуына байланысты, Мүхаммедтің ауызекі айтқан қасиетті сөздеріжәне Мүхаммедтің күнделікті өмірдегі мінез-кұлқы мен әдет-ғұрыптарын іс-әрекеттеріаркылы айтылуы суннаны шығарды.

Суннаның немесе Хадистің шығу себебі Қүран кітабындағы 114 сүре барлықмүсылман өмірінің катынастарын көрсету мүмкін болмағандықтан, мүсылмандарарасындағы қатынастарды Мүхаммедтің өміріне сәйкес етіп көрсету. Қандай бір іс-әрекетке мүсылман кездессе ол шешімді Мұхаммед өмірінен тосуы керек. Екіншіден,Хадис арқылы мүсылман өміріне жаңа әдет-ғүрыптар енгізуге икемді болды.

ХІ-ХІІ ғасырларда Қүран мен Суннаның арқасында фикха (мүсылман заңы) немесешариат күрастырылды. Шариат пен фикха синоним есебінде қолданылады. Фикханың

Page 23: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

негізгі қызметі - мемлекет пен қоғам арасындағы, азаматтық қатынастарды реттейтінқүкық (заңы). Шариғат жолдары - Қүдай жолдары, оларды орындау әрбір мүсылманныңборышы. Шариғатта діни әдет-ғүрыптар, діни салттарды орындау жолдары да көрсетіледі.Фикха сол орындаудың практикалық жолдарын, әрбір адамдардың өмірге байланысты,қалай және қайтып орындау керектігін көрсетеді.

Шариғат төрт Ислам қүқығына негізделген: Қүран, Сунне, Иджме (мүсылманқауымының және окымыстылардың пікірлеріне) және Қияса (үқсату арқылы жасалатынпікірлер). Қүранда заңдық емес, этикалық меже мен діни, азаматтық және қылмыстықталаптар бар. Заңдық межелер он шақтыдан аспайды. Екі-үш мыңдай заңдық шешімдер(Мүхаммедтің шешімдері) Суннада.

Мұсылман дінінің парыздары. «Ислам» деген үғым араб тілінде «бас июшілік»,«қүлшылық» деген мағына бойынша қүлшылық ету, табыну екі бөлімнен түрады.Біріншісі, міндетті түрде, ал екінші бөлімі, ерікті түрде орындалатын діни іс-әрекет.

Біріншіге, бес «парыз» діни іс-әрекеттер жатады. Олар: 1. Иманану (тавхид) - сенудеген сөз, яғни бір Қүдайға сену «бір Алладан басқа Қүдай жоқ және Мүхаммед оныңбізге жіберген елшісі» - дегенге сену. 2. Намаз - арабша «салят». Намаз сөздері Аллағасыйыну, тілек тілеу, қүлдық үрумен өтеді. Күн сайын бес рет сыйыну (намаз). Әрбірсыйыну (намаз) рахаттан (араб тілінде қүран сүресінен үзінді, дене тұрғысы менқозғалысы) түрады. Таңертеңгілік 2 рахаттан, түскайталық, кешкі және түнгі 4 рахаттан,түнгі - 3 рахаттан... Жүма күнгі намазды мешітте оқу үсынылады. Намазға қалайдайындалу керек, қалай оқылуы керек шариғатта рет-ретімен жазылып көрсетіледі.

3.Зекет (қайыр) - жылына бір рет мұсылмандар өздерінің табыстарының 10/1бөлігін Мешітке беріп отырулары керек. Ислам діні мемлекеттік дін деген елдерде, барлыкменшігінің нақты кұнының немесе оның таза пайдасының 2,5%-ын күрайды.Мүсылмандардың түсінігі бойынша, зекет-қайырымдылық, мейірімді іс, ресми салық,ерікті кұрбандық т.б. Ислам дінінде басқа да садақа беру бар, мүгедек, жесір, жетімадамдарға кайырымдылық ету.

4. Ораза - арабша «ас-саум» үстау, «Рамазан» айында отыз күн ораза үстау. Оразаүстауда таң атқаннан (ақ жіпті қара жіптен айырғанда) кешке дейін (ак жіпті кара жіптенайыра алмау), яғни жарык күннің өне бойында тамақ ішуден, судан, шылым шегуден,жыныстық қатынастан толық тыйылуды білдіреді. Ораза тек нәпсіні тазалау емес, руханитазаруға да жатады. Денсаулыққа жақсы әсерін тигізеді деп түсіндіріледі. Рамазан айы ең«касиетті ай», ораза әрбір пенденің адамгершілігін білдіретін сауапты іс деп түсінеді..

5. Хаджи (хаджж) - әрбір мүсылман өмірінде ең болмағанда бір рет Мекке менМәдинеге барып, Каабаны айналып, намаз оқып, Мүхаммедтің бейітіне күран окып,күрбан шалып қайтуға тиіс шалып қайтады.

Қажыға барып келген адамдарға «кажы» атағы беріледі. Оның кіші мешіттібасқаруға қүқықтык правосы бар. Болса да хаджның ең бір алға қойған мақсаты, барлыкмүсылмандардың басын қосу, олардың барлығы, үлттарына, тілдеріне қарамай бауырласекенін сезіну. Сондықтан хаджда терең діни, идеологиялык және саяси мән бар. Осы беснамаздан басқа діни көзқарас толық болу үшш әрбір мүсылман ең болмағанда 5 сенімгекәміл сенулері керек. Олар: 1) Алланың әр түрлі періштелері. 2) Қүран мен хадис кітабынАлланың жіберген кітабы есебінде, олардағы әрбір сөз Алланың сөзі деп сену керек. 3)Алланың пайғамбарларына, әсіресе ең соңғы пайғамбарға -Мүхаммедке сену керек. 4) одүниенің барына - жүмақ пен тозаққа сену керек. 5) тағдырға, әрбір адамның тағдырыАлланың қолында екеніне сену керек.

Салттар. Қүлшылықтың екінші бөлімі, ерекше түрде орындалатын діни салттармен діни мейрамдар. Оларға жататындар: 1) Балаларды сүндетке отырғызу. Жасбалалардың балағатқа жеткенін көрсету, «шын» мүсылман қатарына қосылғандығынкөрсетеді. Бала сүндеттеуді қазақтар көбінесе баласы есейіп қалған кезде, 5-9 жасарасында орындайды. 2) Қүрбан шалушылық. Қүрбан айтта орындалады. Бүл мейрамораза өткен соң, жетпіс күннен кейін қүрбан айты мейрамдалады. Қүрбан айт 3-4 күнге

Page 24: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

созылады. Бүл салт Ибрахим пайғамбардың өз баласын Аллаға қүрбан шалуға дайынболғандығы туралы шықты.

Екінші бір мейрам ораза айт (ар. Ид аль-фитр.). Бүл мейрам ораза біткеннен соңжасалады. Бүл мейрамда мүсылмандар өздерінің қайтыс болған жақындарының бейітінебарады, үй-үйлерге кіріп тамақ, дәм татады, садақа береді. Елеулі діни мейрам деп жүмакүнін айтады. Әрбір жүма намазда, мүсылмандар мешітке жиналып намаз оқиды, себебіМүхаммед Меккеден Мединаға ауысқанда ол күн жүма күні болыпты. Ақыр заман боларалдында жүма күнінен басталады дейді. Со л себепті жүма күн мүсылмандар үшін қадірлікүн.

Жалпы Халифаттың басқаруы X ғасырдан бастап Аббасидтердің қолына өтті. XIIIғасырға дейін мүсылмандар орталығы Бағдат қаласына ауысып, бүл қала ислам дінінің текорталығы емес, үлкен мәдени-ғылым орталығына айналды. Осы кезде атақты ғылымиадамдар шығып, Араб мемлекетін өркениетті елдер катарына қосты.

Ислам дінінің негізгі ағымдары. Қүранда пайғамбардың «бөлінбеңдер» дегеннүсқауын тыңдамай Ислам діні бірнеше ағымдарға бөлініп кетеді. Хараджиттеден кейінгі,елеулі екі ағымына: суннизм және шиизм тоқталайық.

Суннизм. Ислам дінінің ең үлкен ағымы (90%) суниттер. Сунниттердің шиитағымына қарама-қарсы, ортодоксиялық ағым болып құралды.

Суннәнің (хадистің) алты жинағын құранмен бірдей мойындаған көпшілікмүсылмандарды ахль-ас суннэ, яғни сунниттер деп атады. Суннизмнің негізгіайырмашылығы: алғашкы төрт халифаты заңды деп мойындау; 6-хадисты ешбір күмәнсізмойындау; суннизмнің 4 мектебінің (маликитік, шафиитік; ханифиттік немесе ханбалитік)біріне жату. О дүниеде Құдай мен адам арасындағы қатынастарда Мүхаммедпайғамбардың ешбір қатысы болмауы; Мүхаммедтің пайғамбар, Али болса Халифесебінде қабылдау; Шиизмге қарағанда Суннизм ағымында сектлердің аздығы және т.е.с

Шиизм. Араб елінде, Мүхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан соң, Халифаттықбасқару басталды. Төртінші халиф Алидің түсында ең үлкен рулардың арасынаналауыздық көзқарастар пайда болды. Омейядтар рулары, хурайш руынан шыққан Алигеқарсы шығып, бір түтас халифаттық басқаруды қолдамады. Осының салдарынан, Алидіңоппозициялары, оны өлтірумен аяқтады. Алиді жақтаушылар «екі нүр» деген (теория)көзқарас таратты, бүл көзқарас бойынша: бірінші нүр Мұхаммед болса, екінші нүр Алиеді. Солай болғаннан соң Қүранға Алидің де атын пайғамбар ретінде ендіру керек еді.Осылай, Алиді де пайғамбар есебінде қабылдаушылар Шииттер (арабша, топ, партия) депаталды. Осының арқасында Шииттер Қүранға тағы бір сүре қосты (114 сүренің орнына115 сүре). Шииттер қасиетті аңызында, сүнниттік Халифтар билікті заңсыз күшпен тартыпалушылар деп түсіндіреді. Олар Алиді және оның үрпағын өздерінің заңды басшыларыдеп санап, сүнниттік Халифтарға Мүхаммедтің қызы Фатима мен Алиден тарағанүрпақтың 12 имамын қарсы қояды. Шииалардың діни догмасының қүрастырылуы VIIғасырдың ортасында Аббасид династиясында жасалды.

IX ғасырда Шииттердің 12-ші имамы жоқ болып кетті, оның аты Мүхаммед аль-Махди болатын деген аңыз таратты. Ол көрінбейтін басшы деп жарияланды, өйткені олөлген жоқ, оны Аллатағала өзіне керек болғандықтан, жасырып қойды деп сенеді.Аллатағала кажет болған кез-де оны қайтып жер бетіне жібереді, ол келіп жер бетінеәділеттік орнатады дейді. Сөйтіп «Махди» (жасырып имам) мен оның жер бетіне кайтаоралуы жөнінде ілім шиизмнің басты уағызына айналды Шиит ағымынан көптегенқауымдар (партия) бөлініп шықты және ол қауымдар өз бетімен тағы да майда қауымдарғабөлініп отырды. Ең үлкен қауымдары: қайсандықтар, зейдиттер, имамиттер, «шектелген»шииттер және исмайллиттер.

Қазіргі ислам. Ерте дәуірдегі «Алтын ғасырдағы исламға», қайта оралу идеясыкөптеген елдерде әртүрлі саяси-элеуметтік қозғалыстар туғызды. Мысалы, XVIII ғасырдаАравияда Ваххабиттік қозғалыс шықты. Ол қозғалысты баскарған Абд ал-Ваххаба (1704-1792) болды. Оның негізгі идеясы алғашқы мүсылман қауымдық кезіндегі «таза»

Page 25: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Мүхаммедтің ілімін қолдау керек деді. Ол ілім бойынша Алладан басқа Қүдай жоқ,Мүхаммед -жай адам, оны Қүдаймен теңеуге болмайды. «Алла жолына» қарсы келу-шілерқатарына әулие адамдары, киелі жерлерді, магиялык іс-әрекеттерді, басқа да ескі діндердіңәдет-ғүрыптарын жаткызды. Олар тек Күран мен Суннаны ғана Ислам дінінің «таза жолы»деп қарастырды. Олар тағы да байлыққа, тойымсыздыққа карсы, кедейлікті мақтап,мүсылман «бауырлыкты» жақтады. Ваххабиттер мүсылман емес халықтарға «әулиеліксоғыс» жариялады. Олар дінді қорғауда фанатикалық жолда, керек болса экстремистік іс-әрекеттер де жасады. Ибн Абд аль лімі орта аравияның Саудидов руына үлкен жәрдемінтигізіп Саудидстік Мемлекет күруына жәрдем берді. Қазіргі кезде ваххабизм СаудавияАравиясының негізгі идеологиясы.

Қазіргі кезде немесе 1962 жылы «Ислам Әлем лигасы» деген мү-сылман одағықүрылды. 1969 жылы «Ислам конференциясының одағы» деген, үкімет деңгейіндегі одаққазіргі ең биік одақтасудың орны деуге болады.

Қазақстан жеріндегі Ислам. Ислам діні Қазақстанға VIII ғасырдың соңынанбастап IX ғасырдың басында тарай бастады. 766 жылы Карлуг Ханы Қазақстанның Жетісужәне Оңтүстік аймақтарын жаулап алып, мүсылман мәдениетін таратты. X ғасырдыңбасында Карахандықтар мемлекетін күрған Сатук абд аль-Керим Богра ханның (915-955)баласы 960 жылы Исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады.

Дегенмен, кең байтақ Қазақстан жеріне X ғасырда ислам діні толық таралды депайту киын. Себебі, осы күнге дейін ислам дінінің Қазақстан жеріне таралумәселетеушілердің пікірінше, Ислам діні біздің еліміздің оңтүстік аудандарына, атапайтқанда, Орта Азия мен Кавказға VII ғасырда тарала бастаған десе, екінші біреулеріИслам діні Орта Азия мен Қазақстан жеріне ІХ-Х ғасырда енді дегенді айтады. ИсламныңVIII ғасырда Қазақстан жеріне енгенімен, бұл діннің өте ұзақ жылдар бойы кең байтаққазақ жеріне таралғанын барлық зерттеушілер қолдайды. Бүған қосымша Ш.Уэлиханов-тың Ислам қазақ жеріне XIX ғасырда ғана толығынан таралды деген көз-қарасы да бар.

Ислам қазақ жеріне толық орнағанымен, оның даму «деңгейі» әр-бір аймақтабірдей емес. Бүндай ерекшелік тек Қазақстан жеріне ғана тән емес, ол қазіргі зерттеулербойынша дүние жүзіндегі мүсылмандық елдерінде де осы секілді ерекшеліктері бар. Еңжиі кез-десетін көзқарастар: миссионерлік көзқарас - Исламды қазақтар үгіт-насихаттыңкүшімен, формалды түрде қабылдады, үлттық әдет-ғүрыпқа тигізген әсері шамалы дегенкөзқарас.

Екінші көзқарас, Реставраторлық пікір - қазақтың өзіндік, үлттық діндеріне:шамандық, зорастризмдік, тәңірлік діннің ықпалы басым, сондықтан Ислам қазақтар үшіннегізгі дін емес. Үшінші көзқарас, қазақтар ислам дінін Орта Азия және Еділ бойыхалықтарының ықпалымен қабылдаған деген тағы сондай көзқарастар бар. Осылардыңбарлығы бүл мәселенің күрделілігін білдіреді. Әрбір көзкарастардың өзіндік дәлелі бар.Мысалы, анимистік көзқарасты алып қарастырсақ, осы күнге дейін қазақтардың арасынанмынадай сөздерді естуге болады: «Иә аруақ, иә Құдай, қолдай көр, пәле-жаладан сақта!».Бүндай пікір туралы Ш.Уәлиханов: «Қазақтар өмірдің қиын сәттерінде өздерінің ата-бабаларының есімдерін еске алады. Ал, кез келген табыс аруақтың қолдауымен боладыдеп есептейді» - деп жазған немесе қазақтардың пікірлесу кездерінде мынадай сөзді жиіестуге болады: «Әруақ ырза болмай, тірі байымайды» деген сөзді. Міне, осылай сан-алуанерекшеліктерін корсете беруге болады. Осының арқасында қазақтың діни жүйесі біріненсоң бірі келетін діндер деп қарастыруға да болмайды. XI ғасырда қазақ жеріне көптегендіндер сіңіп таралған болатын. Тек нақтылы тарихи кезеңдерде, ұлттық саяси-идеологияның қалыптасу кезінде, қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуында Ислам дінібасым болды да, ол «үлттық» дінге айналды. Себебі ислам діні қазақ елінің көшпеліжеріне, әдет-ғұрыптарына баска діндерге қарағанда икемді де, тәжірибелі де болды. Исламдінін қабылдай отырып, қазақ діни өкілдері ол діннің кейбір уағыздарын өзгертіп, оларғағасырлар бойы өздерінің санасына калыптасқан ескі діни үғымның пішінін береді.Мүнымен бірге Ислам дінінің өзі де жергі-лікті діндердің ықпалымен өзгере бастайды.

Page 26: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Сонымен, Ислам «ұлттық» дінге айналады. Қазіргі қазақ ұлттық минталитеті бойыншақазақтардың басым көпшілігі «қазақ» деген ұғымды «мүсылман» деген үғыммен бір-дейқабылдайды.

Жоғарыда көрсеткендей, Қазақстанға Ислам діні караханидтер (ХІ-ХІІ ғғ.) түсындада едуір таралды. Әсересе, В.В.Бартольдтың айтуына қарағанда, монғолдар жаулап алғанжерлердің бәрінде XIV ғасырда Ислам діні үстем дінге айналды. Сондықтан монғолдаржаулау тұсында да бүл дін қазақ даласында бірте-бірте тамыр жая бастады. Ақсақ Теміртұсында Ислам дінінің маңызы мұнан да жоғары көтерілді. Себебі, Темір заманында іріқалаларда мешіттер салынды. Темір Ислам дінінен басқа діндерге қарсы болды. Ол Исламдінінің идеологиясын нығайтты.

Ислам дінінің таралуының тағы бір себептері Орта Азиядағы Ислам дінініңорталықтары Хиуа мен Бүхара үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар көрші елдерменқатынаста (тәжік, татар, азербайжан) олардың исламдық көзқарастары да әсер етті. Исламдіні казақ даласына енген сайын бүл байланыс діни негізде нығая түсті.

Қазақ еліне Ислам дінінің ағымы суфизм таралды. XII ғасырда қазақ жеріненшыккан атақты дін ғүламасы Хозрет Сүлтан Ахмет Яссауидің (1105-1166) діни іліміменсуфизмнің ясовизмдік ағымы таралды деп айтсақ та артық болмайды.

Яссауи араб-парсы мәдениетінің гүлденген заманында өмір сүрді. Яссауидің негізгідіни пікірлері «Хикмет-нэме» деген өлеңдер жинағында баяндалды. Бүл өлеңдержинағында Исламдық діни нанымды одан да жоғары көтерді.

Яссауидің өшпес даңқын эрі қарай көтерген адам Ақсақ Темір (1336-1405) болды.Ол Яссауидің моласының басына көптеген Шығыс елдерінен таңдаулы тас оюлағышөнерпаздарды, әскери күлдарды алып келіп мешіт тұрғызды. Кейіннен осы мешіттіңмаңында Түркістан қаласы пайда болды.

Жалпы Ислам дінінің қазақ мәдениетінің даму үрдісіндегі рөлдері әлі де жетезерттеліп біткен жоқ. Ондай ғылыми зерттеу әлі алда деп ойлаймыз. Қазіргі кездеҚазақстан егемендік алғаннан бастап, өз елінде жеке дербес Мүсылман орталық қауымы(ДУМ) ашылды. Жылдан жылға мүсылман мешіттері көптеп ашылып, емін-еркін әрбірмүсылмандар өз діни қажеттілігін орындауға мүмкіндік жағдай туды.

Әдебиеттер тізімі:

7. Ақбота Ахметбек. Қожа Ахмет Иассауи. – Алматы: Санат, 1998.8. Аюпов Н.Г. Тенгрианство. – Алматы, 1998.9. Габдуллин Б. Шокан, Ибырай және Абай дін туралы. – Алматы, 1988.10. Айтбаев О. Дінтану. Қарағанда, 2010.11. Есім Ғ. Суфизмге кіріспе. Сана болмысы. Алматы, 1997.12. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. – Алматы, 1996.13. Халиф Алтай Ғақылұлы. Ғибадатұл – Ислам. – Алматы, 1994.14. Бартольд В.В. Ислам и культура мусульманства. – М., 1992.15. Яблоков И.Н. Религиоведение. М., 2001.

Тақырып 8. Қазіргі заманғы дәстүрлі емес сенімдер

Дәстүрден тыс діндер деп негізінен дүниежүзілік немесе үлкен үлттық діндерденбөлініп шығып, бір-бірімен косыла отырып, біріккен қазіргі діндерді айтамыз. Олардыңшығу себебі үлкен саяси-әлеуметтік және мәдениеттің жаңаруына байланысты,әлеуметтік-саяси өздгерістермен, демографиялы козғалыстармен және де дәстүрлідіндердің ықпалының әлсіреуімен байланыстырылады.

Өздерінің діни ілімдерінің мазмұнына, діни рәсімдерінің аткарылуына қарай жаңахристиандык, жаңа бағдарламалык, оккультистік, жаңа пұтшылдык болып бөлінеді.Екінші жағынан, олар ілімімен де ұйымдастыру жүйесімен де ерекшеленеді. Үшінші

Page 27: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

ерекшелігі, олардың ілімі мен ресми тәжірибесі синкреттілікпен және дүниежүзілікдіндердің көптеген кағидаларын ұстанушылығымен дамиды.

Дәстүрден тыс діндер белсенді миссионерлік қызметімен ерекшеленеді (әсіресежастар арасында). Жаңа көзкарастын басшылары бұл заманның «күнәкарлығын» көрсетіп,одан шығу жолдарын білетіндігін айта келіп, адамгершілік жолдары мен даналык ақылдыңөкілі ретінде өздерін ұсынады.

Қазіргі дәстүрлі емес діни козғалыстардың, сенушілік маңызы бойынша діни әдет-ғұрыптары, рәсімдік іс-әрекеттері аркылы айырмашылығы болады. Олар саны жагынанөте көп. Осы бір әр түрлі ағымдарын елеулі белгілерімен ең кем дегенде 5 топка бөлеміз:

1. Неоориенталдык табыну: «Общество Сознания Кришны», «Тихоокеанскийдзен - буддийский центр», «Миссия Божественного Света», «Трансендентальнаямедитация» жэне т.е.с.

Неоориенталдык табынудың шығу тамыры Шығыстан, будда және индуизмдіндерінің осы заманга бейімделген түрінен шықты. Будда діни ағым - мистикалыкжолмен, алғашқы Құдай жолын имманенті «ішкі» жолмен жандандыру. Өмір сүріптұрғандардың барлығы иллюзия (қиял), оның жасырын соңында Қүдайдың шындыктабиғаты бар, ол гармониялық және әділеттілік. Максат осы табиғатқа әр түрлі әдістермен,медитациямен косылу. Медитациялык үрдіс (ойлану, сезіну, ішкі дүниеге шүкшиып көңілаудару, сыртқы коршаған дүниеден безу), әр түрлі мантрлық сөздер айтып, кайталау,кайталау үрдісінде мистикалык маңызы шығады. Діни сенімдік жағы екінші орынға кетіп,бірінші орынға акиқат жолға түсу, Гурудың беделінің артуы.

2. Неохристиандық одақ — «Церковь объединение», «Семья Детей Бога» жэнет.с.с. Бұл діни ағымның ерекшелігі - Христиан идеологиясы мен шығыс дінініңәлементтерінің синкретикалык коспасы, эсхатология мен мессиандык көзкараскабұрмалау, кауым басшысы Қүдай жіберген пайғамбармен теңестіру.

3. Сейентологиялық ағым «Церковь Саентологии», «Космические религии» жәнет.б. Бүл табынушылық әр түрлі физикалык приборларға мистикалык мағына беру. Осыаспаптармен әр түрлі мистикалык күбылыстарды байқау, өлшеу, оның физикалык,биологиялык табиғатының әсерін байкау. Мистикалык түрғыда әлі де тексеріліп біліпболмаған психикалык күбылысты, коршаған табиғат күбылысын түсіндіру.

4. Жаңа Магия, спиритизм. Бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқансиқыршылык, балгерлік, шамандар, бал ашқыштармен қатар жаңа магиялық ілім жәнеоның институттары, Батые пен Шығыс әдет-ғұрыптарын косып жаңа балгерлерді,сикыршыларды шығарды. Бүл жерде Мексикандық мифтік ілімін Карлос Костанелді алуғаболады. Осы кезде Европа және Солтүстік Америка спиритистік қозғалыс және өлгенадамдардың жанымен сөйлесу практикасын айтамыз.

5. Ібіліс немесе шайтан тобы (сатанинские группы). Ібілістік түсінік ертедегіИрактан, «Көк кітап» деген кітапта жазылған хабарлар туралы діни аңыз. Ібіліс туралыкітапта зорлықты және зомбылыкты бірінші орынға қояды, кесірлікті жаманшылыктыңкайнар көзімен, жын-шайтандармен мистикалык жолмен араласып сөйлесу. Олардыңайтуы бойынша кесір, жаманшылыкты үгіттеушілер - Христиан дініне қарсы күресжүргізушілер. «XX ғасырдагы діндер» халыктың көңілін өздеріне аудару үшін сырткыерекшеліктеріне, әдеттен тыс нәрселерге аса көңіл бөліп, адамдарға эмоционалды-психологиялық әсер тигізуге тырысады.

XX ғасырда шықкан әдеттен тыс діндердің тек түрлерін санап шығудың өзі деүлкен жүмыс. Сол себепті біз кеңірек және тереңірек таралған кейбір түрлеріне ғанатоқтап өтеміз.

Неоориеталистік табынушылықтың бір түрі «Кришнаның санала қауымы»(Общество сознания Кришны) келетін болсақ, діни ағым вайшнайзм діні мен веданыңфилософиялык көзкарасының ерікті одағынан шыккан кауым. Бүл діни агымның негізінсалушы - Үнді діни үгіттеушісі Абхай Чарин Де (1806-1977), сал Қушаның атыБхаквиведанта Сваии Прабхупада, езінің ілімін «Бхагават - Гита сондай» деген кітабында,

Page 28: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

тағы баска кітаптарында жазып көрсетті. Оның кітаптары 40 тілге аударылып таралған,орыс және казақ тілінде де кітаптары бар.

Вайшнавов ілімі бойынша ең бір ақиқат Құдай - Кришна, ол үш аспектіде бізгекөрінеді: Бхагаван, Брахман, Параматма. Бхагован - бүл Құдай ең жоғарғы аспект, қолжетпейтін сапасы бар, өте бай, күшті, даңқты, сүлу. Брахман - жекеленген аспект, барлықжерде кездесетін абсолютті ақиқат, шексіз, сапасыз күш, жеке Құдайдыңтрансцендентальды сәулесі. Параматтық аспект - ең жоғарғы жак, ол барлык тіріжандардың жүрегінде, жеке, өзіндік жандармен бірге тұрады. Қүдай мәңгі және оны ешкімжасамағаң, оның көптеген аспектілері бар, оның екі энергиялык күші бар: ол барлық тіріжанды және әлемді жаратқан. Ең бірінші аты - Кришна. Ол өте сүлу, кара терілі жас жігіт.Қалған күдайлар - жартылүдайлар - аватарлар кайталаулары керек.

Алматыда 1990 жылдан бері «Кришнаньщ Санасының Қауымы» ұжым қүрды. 1996жылы олар заң алдында тіркеліп, кауымдары өмір сүрде.

Жаңа христиандық (неохристианство) ағымдар болса христиан шіркеуіненбөлініп шықкан Квакерлер, Пятидестниктер, Иоговистер, Адвентистер және т.е.сағымдарға толы.

Әмбебаптық дәстүрлі емес діни қозғалыстардан Бақайлык сенімді карастырайык.Бахай діни қауым XIX ғасырда Иранда пайда болды. Оны шығарған адам - МирзаХуссейн Али Нури, кейіннен «Бахаулла» деген атак алған. «Бахаулла» арабша «ДаңктыңТақсыры» деген ұғымды береді. Бахаулла өзінің ілімін көптеген шығармаларындақарастырып кетті. Қазіргі кезде Бахауллалар 190 мемлекетке тарады. БахаулланьщҚазақстан жеріне 1938-1939 жэне 1950 жылдары Орта Азиядан және Закавказьядан саясижер аударушылыктың аркасында таралган. Олар бірінші Петропавл, Иртыш, Павлодар,Чилік ауылы, Алматы облысында таралды. Кеңе.содағы заманында Бахай қауымдарыжартылай заңсыз болды. 1990 жылы тамыз айында шыккан «О свободе вероисповедания»деген заң бойынша Алматы қаласында жергілікті Рухани жиналыста өз-дерініңқауымдарын құрды. 1994 жылы Бахай кауымы заң жүзінде тіркеуге алынды. Ал 2002жылы Қазақстанда 19 кауымы тіркелді. Орталы-ғы Алматы қаласында орналасқан.

Бахауллы ілімі «Китаб-ул-Ахдас» деген кітабында жазылған. Бахайлар өздерінің киелі кітабын оку үшін олар өздерінің белгілеп алған үйінде

бірге жиылып дұға оқиды. Негізгі бас қосулары 19-ы күні, яғни «Мейрам күні», ол«кездесу» күні тек дүға оку емес, басқа да қауымдык проблемаларды шешеді.

Келесі бір синкреттік дін ағымы Саентология діні 1954 жылы пайда болды.«Саентология» деген сөз латын тілінде «білім», «калай білімді білу керек» дегенмағынаны білдіреді. Саентология түсінігі бойынша «адамның рухын» зерттеу жэне өзімен-өзінің катынастык жүмысын әлеммен және «баска өмірмен» катынасын зерттеу. Бұл дінніңнегізін калаушы Л.Рон Хаббард 1954 жылы Лос-Анже-лесте, Калифорния штатындаСаентологиялык шіркеуді тіркеді.

«Саентология» - системалык білім күрылысы, фундаменталдық ақикатаныктамасының жалғасы. Ондай ақиқаттықтардың бірі: «Адам жаны өлмейтін руханинәрсе». Оның өмірлік тәжірибесі бір өмірден асып кетеді. Қазіргі кезде оның мүмкіндігіэлі жүзеге асырылып болма-ғанымен, оның потенциясында шек жок. Адамның табиғатыкайырымды және рухани бостандылығы өзіне ғана немесе жақындарына байланыстыемес, ол әлеммен жекеленуінде. Ең жоғарғы саентологияның мақсаты рухани акиқаттықағартушылық жэне адамның бас бостандығы.

Қазакстанда саентологиялык ұйымдар мен топтар көптеген калаларда бар және әржыл сайын олардың қатарлары өсуде. 1994 жылй акикаттыктардың бірі: «Адам:Дианетика» топтары Алматыда, Қарағандыда, Павлодарда Хаббард идеясын насихаттауғаарналған коғамдық ұйым ретінде тіркелген.

Ібіліс топтары. Ібіліс шіркеуін кұрушы Антон Ла Вей (Сан-Франциско, 40жылдары). Оның негізгі идеясы «Сатана Таураты» атты енбегінде. Ібіліс күші билік пентабыска кол жеткізуге мүмкіндік беретін күш көзі деп жазды. Ібіліс күші «Қараңғылыктың

Page 29: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

күші». Оның негізгі ұраны - «Әлсіздерге - өлім, күштілерге - байлык» және адамдардыңөз-өзін танытуында барынша еркіндік беру. «Сатанизм өзінің жолын үстанушылардың өзтабиғи кажеттіліктеріне еркіндік берген кездегі іс-әрекетін қолдайды. Өзін-өзі тыюдыңорнына теріс әрекет колдау. Қуану арқылы күш жинау».

Ібілістің күлшылык ету және салт-дәстүрлерін жасау қауыш жиналысында(шабаштарда) жүзеге асырылады. Шабаштарда, ереже бойынша, еркектер де, әйелдер дежиналады, жекелеген топтарға айрыкша абыздар мен абыз абиелдер басшылык жасайды.Шабаштардың өткізілу сипаты туралы мәліметтер көп емес. Олардың өткізілу сипаты солұйымның басшысының тікелей ілімдік, моральдык, саяси көзқарастарына байланыстыболады деп есептейміз. Дегенмен олардың жоралғысының үш түрі бар дейді: жыныстык,кайырымдылық не аяушылык, бұзушылык.Ібіліс шайтан және т.б. көзкарастықальтернативті діни көзкарас деп карастыруға да болады. Аздаған және нашарүйымдастырылған Ібіліс топтары біздің елімізде кездеседі.

Мұсылмандык шығыстағы діни қозғалыстар. Ислам діні де басқа діндергеұксап саяси, мистикалык, экзотикалык ағымдар бөліп шығады. Жоғарыда көрсеткендей,коғамдық-саяси ағым Ваххабизм деді. Қазіргі кезде Сауд Аравиясының ресмиидеологиясы болып табылады.

Таблиги Джамат қозғалыстары. Бұл козғалыс ваххабий ағымымен тығызбайланысты. «Таблиги жамат» (мұсылман үлемдердің кеңесі) 1927 жылы Дели қаласыныңжанындағы Мевет деген жерде Муалана Мүхаммед Ильяс Кандеххвели (1885-1944) дегендеобондиялық богослав негіздеді. Бұл козғалыс соңынан Ауғанстан «Талибанының»козғалысына айналды. Бұл козғалыстың негізі тек молдалар емес, саяси қозғалыскатікелей қатынасы бар молдалар болды. Олар - XIX ғасырда Үндістан елінде Диобанд дегенкаладан шыққандар.

Диобандиялык Мазхаб мектебі екі ағымдық ілім берді. Бірінші, Алигархауниверситетінің ілімі, ислам богославтарын дайындайды, олардың ілімі батыс европалықбілімге жакын. Екінші ағымы, консервативті ілім, олар ислам қүкығын (шариғатын) жәнеислам заңын (фикх) окитын орны болды.

Диобандиялық ағымдарының ілімдік кайнар көзі Аравиялық Мүхаммед ибн Абдаль Ваххабадан алынады. Сондықтан қазіргі ауғандық талибандардың ваххабиттерменжакындығын көруге болады. Сондыктан болар, диобакдилыктар ваххабиттерге ұксап,ислам канонын өзгертуге және кандай да бір «модернизацияға» карсы, оған жол бермейді.Мұсылман кауымының қандай бір иерархиясы болмасын оған да карсы, керек болсамемлекеттің монархиялык және трайбализмдік басқаруға, әйелдердің әлеуметтік рөлдерінекатаң регламациялық ережелері бар.

Талибандар Бен Ладенға Ауғанстанды «Аль-Кайда» базасына айналдыруға жәрдемберді. Бірақ 2001 жылы 11-қыркүйек айында АҚШ-тағы «жарылыстан» соң талибтердіңАҚШ әскерлері Ауғанстаннан куып шыкты. Сонымен қатар жасырын қауымдар көршімемлекеттерге -Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанға тарады. Он дай кауымдарды«Таблиги Джамаат» кауымдары осы кезге дейін колдайды.

Казақстандағы «Таблиги Джамаат» қауымы тіркелмеген, жасырын түрде өмірсүруде.

Хизб-ут-Тахир ал-Ислами (Исламдық азаматтық партия), 1953 жылыИерусалимде ал Ихван ал-Муслимин (мүсылман бауырлары) деген діни қозғалыстан, жекедіни партия болып бөлініп шықты. Ол партияның басында амир Хизб-ут-Такрир, өзінАлланың оған жүктеген тапсырмасын (әмірін) орындаушы халиф ретінде, халифаттықмемлекет кұруға күшін салуда. Хизбаның халифаттық мемлекеті калай түсіндіріледі. Олелдерде үлттық айырмашылық болмайды, унитарлы, барлык азаматтары шариғатты негізгізаң есебіне үгіттейдіҮндеулер тарату жиһадтың формаларының бірі деп танылады.Үндеулерде байқалатын жиһадка шакырулар нактыландырылмайды. Осыған байланыстыХизб-ут-Тахрир біздің елімізде үндеулерін таратуда. 2006 жылы Алматыда Хизба-ут-

Page 30: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Тахрир жасырын баспаханасынан 13000 үндеу және баска да экстремистік әдебиеттералынды.

Көптеген экстремистердің айтуынша, казіргі кезде Хизб-ут-Тахрир тікелей өздерітеррористік жағдайға бармаса да, өздерінің идеологиялык үгіт-насихаттарымен ол партиятеррористерді шығарушы (жасаушы) «конвейер» десек те болады.

Олардың партиясының іс-әрекеттеріне көптеген мемлекеттерде (Ресей, Иран,Пакистан, Сауд Аравиясы, Иордания, Сирия, Германия, Канада, Өзбекстан, Таджикстан,Киргизия жэне баска елдерде) тыйым салынган.

Қазіргі кездегі күпия ілімдер. Көптеген ғасырлар бойы эзотерикалық (көрер көзгеоғаш) «күдіретті» білімі кұпия сақталды да, тек кейбір ерекше түлғаларға ғана белгіліболды. Бірақ та ғылымның және философияның дамуына байланысты (XIX ғасырда)«кұдіретті» ілімінің тек көленкесін ғана көретін ежелгі ойшылдарға жаңа ғылымныңжетістігі жарық сәуледей бағыт берді. Теософия элементтерін, оның идеяларынбрахманизм, каббала, буддизм, неоплатонизм, гностицизм діндерінен алды. Теософия -Құдай даналығы ретінде, Құдай туралы жоғарғы ілім есебінде және Құдайдың істегенәрекеттерінің жасырын мағынасының барлығын, оны тек сезім, сергектену арқылы ғанабілуге болатындығы туралы түсінген болатын ілім дейді. «Теософиялык қоғамның» негізінсалушы Е.П.Блаватскаяның есімімен байланысты. Е.П.Блаватская еңбектерінде шығысдіндерінің «қүпия даналығын» ашьп, оны адамзатқа үсынды. «Күнәсі ашылған Изада»кітабында Е.П.Блаватская «нағыз теософия» бүл философиялык және діни жүйелердіңішкі кұпиясының мәні деген түйін жасады.

Келесі бір кұпия ілімдерге жататындар Антропософия (грек, адам және даналык).Бул теософия ілімінде адам туралы, оккультті-мистикалык ілім деп қарастырады. Оныңнегізгі түсінігі бойынша адам кұдіретті күш куаты, білімді өзінің ақылы мен сезімі арқылыемес, ол өзінің ішкі жасырын рухани күшінің аркасында алады. Ондай жасырын күштергеадам А.Р.Штайнердің көрсеткен жүйелік тәрбие, эстетикалык білім, медитацияныигергенде игі бола алады. Антропософияның негізін неміс оккультисі Р.Штейнер (1861-1925) бірінші дүниежүзілік соғыстың карсаңында қалады (1913).

Астрология ілімінен Астральді культер (грек. Жұлдыз) пайда болды. Оныңерекшелігі атүрлі магиялык іс-әрекеттер жасайды. Ондай магиялык ритуалдар барлықхалыктарга тән болды. Көптеген мемлекеттерде (Вавилон, Египет, Үнді) Храмдармен біргеобсерваториялар тұрғызған. Олардың арқасында әр түрлі планеталарға Құдайдың аттарынберіп: Сим-ай, Шаман - Күн, Мардук - Юпитер, Иштар - Венера, Нергал - Марс, Набу -Меркурий жэне Нинурту - Сатурн деп атады. Астральдық культтің арқасында вавилондыкдінде эр түрлі бал ашу, тағдырды болжау деген вавилондық (халдейстік) данышпандаршықты.

Сонымен қатар планеталык жүлдыздар культері, жануарлар культері де шығады.Ғарыштық процесте жұлдыздар жануарлардың атымен аталуы аркасында зодиак таңбалыкаңыздар шығады. Зодиак Күннін жүрісін көрсетіп, 12 айдың басы болған жүлдыздардыңортақ аттарына әрбір белгі беріп немесе әрбір жануарлардың аттарын беріп, сол аркылыадамның туған жылының айы аркылы жануардың туған күніне атын береді де, сол арқылысол адамның тағдырын болжауга кіріседі. Осының аркасында гороскоптық (жүлдызжорамал) түсініктер шығады. Гороскоп (грек, -уакытка қараймын) - жүлдыздар менпланетаның катыстыгы уағымен таблица жасалады. Сол кесте аркылы әрбір адамныңтуған күніне байланысты оның тагдырын жориды...

Эзотерикалық діндерге Массон ілімі де жатады. Масонство (фр. -Ерікті тасшы) -діни-философиялық және саяси ағым; XIII гасырда Германияда шықты. Оларды көптегензерттеушілер Тамплиерлермен, Розенкрейстермен және тагы баска жасырын қауымментеңестіреді.

Оның шығу себебі ертедегі Патша Соломонның храмын түрғызуға байланыстырыпкөрсететін аңызбен байланыстырады. Олардың алға койған мақсаты - барлық адамдар,нәсілге, үлтқа, діни айырмашылықка, мәдениет деңгейіне карамастан - ерікті, тендік және

Page 31: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

бауырлык, шын сүйіспеншіліктің патшалығы, «жұмақ жерде болсын» - дейді. Бүндаймаксат тек өнегелі, акыл-парасаттың дамуына байланысты, әрбір адам жан-жактыдамығанда ғана жетеді деді. Осындай мақсатка жету жолында кедергі болатын нәрсе, олдін және үлттық мемлекет. Әдеттегі діндерге карсы шыға отырып Масондар гуманистікдінді шығару керек деді, діни мораль ынтымақтық моральға ауысуы керек. Мосондардыңекінші максаты: үлттык мемлекетті жою, осымен тығыз байланысты монархияны да, оныуакытша республикамен ауыстыруға болады. Масондардың ең соңғы идеалы - аса күштімемлекет күру. Ол мемлекетте барлық азаматтар еркін-ді, тең және бауырмалды, олардыңҚұдайы - адамгершілік, дінсіз мораль, оларды реттеуші адамның ақыл-санасы.

Олардың қауымдық кұрылысы: Иоанновтық (көк түсті) үш төменгі депчейдентүрады: окушы, жолдас және мастер. Олардын, мәселесі -этика. Андреевтік (қызыл) - 30дәрежеден түрады, өздерінің жауларына өте катаң. Ең бір кішкентай одактык тобы - ложадеп аталады. Оны баскарушыны - стула мастер деп атайды. Ложалардың аттарын киеліадамдардың, мифологиялык персонаждардың аттарымен, символдармен т.б. аттарменатайды. Масон ордендері конспиративті. Олар барлық континетте бар десек те болады.Олардың мүшелерінің аттарын атасак: Бен Франклин және Дж.Вашингтон, Моцарт, Гете,Робеспьер, Марат, Пушкин, Лермонтов және т.б. осы кездегі көптеген мемлекет орнындажүмыс істеген және де казіргі кезде жүмыс істеп жүрген адамдардың аттарымен дебайланысты.

Әдебиеттер тізімі:

1.Айтбаев О. Дінтану. Қарағанда, 2010. 2. Бартольд В.В. Ислам и культура мусульманства. – М., 1992.3. Васильев Л. История религий Востока. – М., 1983.4. Крывелев И. История религии: В. 2-х т. – М., 1988.5. Яблоков И.Н. Религиоведение. М., 2001. 6.«Дінтану» арнайы курс бойынша 050201 «философия» мамандығы үшін оқу-

әдістемелік кешен./ құрастырушы Айтбаев Оңғар

11. Студенттердің білімін тексеру критерийлері Пәннің игерілуі жыл өткен мәліметті құрайтын аралас түрде (тест+ауызша) өтетін

емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберу шарты ретінде бағдарламада қарастырылғанбарлық тапсырмалардың орындалуы міндетті шарт ретінде қарастырылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балл негізінде бағаланады.Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардағы барлық тапсырмалардың орындалуының

(дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, МӨЖ бойынша тапсырмалар, тәжірибе бойыншатапсырмалар және т.с.с., өтпелі бақылау) орташа арифметикалық жиынынан анықталады.

Қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының (барлық зертханалықжұмыстардың, МӨЖ бойынша жұмыс пен тапсырмалардың орындалуы мен тапсырылуы)барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингі алған (50 баллдан кем емес)магистранттар жіберіледі.

Әрбір пән бойынша студенттердің білім жетістіктерінің деңгейі (оның ішінде МЕқорытынды бақылау түрі бар пәндер бойынша да) қорытынды бағамен (Қ) анықталады.Ол МБ мен ҚБ (емтихан, дифференциалды есеп немесе курстық жұмыс/жоба)бағаларынан олардың таразылық үлестерін (МБТҮ мен ҚБТҮ) ескере отырыпесептелінеді.

Қ = МБ*0,6 + ҚБ*0,4Таразылық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және

де МБ үшін 0,6-дан артық емес, ал ҚБ үшін 0,3-тен кем емес болуы тиіс.

Page 32: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Пән бойынша қорытынды баға тек егер де жіберілу рейтингі бойынша және десонымен бірге қорытынды бақылауы бойынша жағымды бағаларға ие болған кезде ғанаесептелінеді. Қорытынды бақылауға себепсіз жағдайлармен келмеу«қанағаттанарлықсыз» бағасына сәйкес келеді. Емтихан мен аралық аттестацияныңқорытындысы студенттердің сол күні немесе егер де жазбаша емтихан күннің екіншіжартысында өткізілген жағдайда екінші күні хабарландырылады.

Студенттердің межелік бақылау (рейтингі) мен қорытынды емтихандағы білімініңқорытынды бағасының дұрыс есептелуі мақсатында олар пайыздық мөлшерде 0-ден100%-ға дейінгі аралықта бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынанесептелінеді.

Студенттердің білімін бағалау.

Әріптік жүйебойынша бағалау

Баллдардың сандықэквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйедегібаға

A 4,0 95-100 Өте жақсыA- 3,67 90-94B+ 3,33 85-89

ХорошоB 3,0 80-84B- 2,67 75-79C+ 2,33 70-74 ҚанағаттанарлықC 2,0 65-69C- 1,67 60-64D+ 1,33 55-59D 1,0 50-54F 0 0-49 Қанағаттанарлықс

ыз

12. Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібіӘрбір студент сабақтың барлық түріне қатысуға міндетті, топтың тақырыпты

таллқылауында белсенділік танытып, өз курстарыныңыздық қалыпты жұмыс істеуінекедергі келтіреді. Сабақта өзін-өзі устаудың плагиақтығына шара қолданылыды, типтіаудиториядан қуылғанға шейін. Мен сіздерден мына талаптардың орындалуын талапетемін: сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілсін, аудиторияға сырт киімен кірмеу,университеттің ішкі ережесін бұзбау.

Сабақтың жібергендерге мен мынадай айыптық санкция белгілеймін; белгісізсебептермен дәріс, тәжірибе сабақтарына қатысқапағандардан 3 балл алыныптасталынады.

Үй тапсырмасын орындағандарға ең жоғарғы сандық әр жұмада 100 баллқойылады, сонымен қатар тәжірибелік сабақты болмағанға (белгісіз себептермен) – 0 балл,үй тапсырмасы орындалмай қолғандықтан – минус 80 балл. Әрбір сабаққа дайындықміндетті, берілген тапсырма толығымен оқылуға тиіс. Сіздің дайндығыңыз тәжірибесабағы барысында сұрақ беру мен тест тапсырмаларын арқылы пәннің әрбір аяқталғантарауы барысында тексеріледі.

Дәрістік және тәжирибелік сабақ барысында белсенділік танытқан cтудентмарапатына 10 балл қосылады. Белсенділікке жауап берген магистранттың айтарынақосымша тың материалдар ұсыну.

Егер сіз бақылау шаралары уақытында белгілі себептермен қатыса алмасаңыз, сізгекелесі сабақтың барысында қайта өтуіңізге мүмкіндік беріледі, басқаша жағдайда сіз «0»баллға не баласыз.

Page 33: ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015. 12. 17. · Тақырып 2. Діннің ерте формалары. Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Семестр барысы 2 мәрелік бақылаудан тұраып тест түрінде өтеді. Тест бақылауыпәннің өтілген тараулары материадарынан беріледі.

Әдебиеттер тізімі:Негізгі1. Религиоведение (Под. ред. М. М. Шахнович) - ГПНТБ России - 2012 г.2.Туфан З. Религия в системе духовной культуры. Учебное пособие. А., 20093. А. И. Артемьев - Дінтану: жалпы дінтану негіздері, діндер тарихы,

Қазақстандағы діндер - ГПНТБ России - 2010 г.4. Ғ. Қ. Маймақов - Қазіргі заманғы дінтану негіздері - ГПНТБ России - 2012 г.5. К. Армстронг - Ислам: краткая история от начала до наших дней - ГПНТБ России

- 2011 г.6. Е. Г. Эгильский, А. В. Матецкая, С. И. Самыгин - Новые религиозные движения.

Современные нетрадиционные религии и эзотерические учения - ГПНТБ России - 2011 г.7.. Айтбаев О. Дінтану. Қарағанда, 2010.

Қосымша1. Яковлев Е.Г. Искусство и мировые религии. 2005. 2. Иванов В., Трофимов Я. Религии Казахстана. Справочник. А, 1999.3. ШулембаевК.М. Маги, боги и действительность. А, 1975.4. Преодолевая религиозное влияние ислама (сборник документов А, 1990.)5. Иваненко С.Н. Новые религиозные объединения: поиски, противоречия,

надежды.6. Капустин Н.С. Особенности эволюции религии. М., 2005.7. Малерт М. Религии человечества. М, 1997.8. Овсиенко Ф.Г. Социально – этическое учение современного католицизма. М,

1987.9. Элиаде М., Кулиано Н. Словарь религий, обрядов и верований. М,1997.10. Элиаде М. Трактат по истории религий. СПБ. 2000.11. Алексеев М.А. Шаманизм тюркоязычных народов Сибири. Новосибирск, 1984.12. Токарев С.А. Ранние формы религии. М,1990.13. Светлов Г.Е. Путь богов (Синто в истории Японии. М., 2005.14. Балагушкин Е.Г. Критика идеологии и практика современного кришнаизма. М,

1984.15. Корнев В.И. Буддизм – религия Востока. М, 1990.16. Будда. История о перерождениях. М, 1991.17. Буддизм: Словарь (под редакцией Л. Жуковской). М,1992.