КҮНДЕЛІГІ - daryn.kz · жұмыспен қамту саласындағы өзара...

2
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі / “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы 27 маусым 2013 жыл БУРАБАЙ ӨҢІРІНДЕ “Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Х Халықаралық олимпиадасының КҮНДЕЛІГІ “Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Х Халықаралық олимпиадасының КҮНДЕЛІГІ Шығармашылық топ: , Нұртазанов Е.Н., Омашев А.А., Шәріпов А.Е.,Талғатов А.Т. Байсақов Н. Рахлетова А.Т., РҒПО “Дарын” IT қызметінде басылды. www.daryn.kz Керуен - Караван - Caravan Алтын - Золото - Gold Ақша - Деньги - Money Саяхат - Путешествие - Trip Жеңімпаз - Победитель - Winner Жүлдегер - Призер - Prize winner Марапаттау - Награждение - Award Орын - Место - Place Арман - Мечта - Dream Сәттілік - Удача - Luck Есеп - Задача - Task Ыстық - Горячий - Hot Аспаз - Повар - Сook Мәзір - Меню - Menu Терезе - Окно - Window Қазақша сөйлесейік! 2013 жылдың 27 маусымы күні олимпиада қатысушылары Қазақстанның ең көркем жерлерінің бірі – Ақмола облысының солтүстігіндегі “Бурабай” ұлттық паркіне саяхат жасады. Бурабайдың тау-тасы да, көлі де, жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы. Көкше жеріндегі Бурабайдың тамаша табиғаты, тылсым бейнесі – қарағайлы орманы, бір-бірінен көлдері арқылы бөлініп жатқан қатпарлы жартастары, биік құз басындағы тастары мен шыңдары небір бейнені көз алдыңа елестетеді. Қазақстан Республикасы Президенті іс Басқармасы-ның «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркі 2000 жылы тамызда құрылды. «Бурабай» жері Көкшетаудың дала, орманды дала, ұсақ шоқылы қыратты зонасына кіреді. Ауа райы қоңыржай континенталды, жазы ыстық, қысы суық, аязды. Парк территориясында орманды дала, дала, шалғынды, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктердің 800 түрі, омыртқалы жануарлардың 305 түрі таралған. Бурабайдың әрбір қия тасына аңыздар негізінде және бейне ерекшелігіне қарай ат қойып отырған: Оқжетпес, Жұмбақтас. «Жұмбақтасты» бір қырынан қарасаң – бұрымды жас қызға балайсың, екінші қырынан қарасаң - орамал тартқан келіншекке балайсың, үшінші қырынан қарасаң – бетіне әжім түскен кемпірге балап таңқаласың. Бұл дегеніңіз табиғаттың ғажайып кереметі емес пе?! Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады. Сонымен қатар, Сары-арқаның, Көкшетау тауларының аралығында бір-біріне жақын орналасқан ұсақ көлдер тобы бар. Олар суының тазалығымен ерекшеленеді. Бурабай туралы аңыз. Ескі аңыз-әңгіме бойынша Алла дүниені жаратқанда бір халыққа орман байлығын, біреуге ұлан ғайыр даланы және ірі өзендерді, енді біреулерге әдемі таулар мен көгілдір көлдерді берген екен. Қазаққа тек қана дала тиіпті. Оған өкпелі қазақтар жаратқанның өздеріне назар аударуын және таңғажайып табиғаттың бір бөлігін беруін сұрапты. Сонда Алла өзінің қоржынынан ерекше мүсінді тау мен тасты аймақты, көгілдір суымен сұлу көлді даланың ортасына төге салыпты. Бұл жер шалғынды, гүлдерге бай әсем жер жанаты. Тауларында әртүрлі ағаштар мен бұталар, құстар мен жыртқыштар мекендейді. Көлдерінде балығы тулап, шалғынында көбелектер мен шыбын- шіркейлері тіршілік етеді. Табиғаттың осы бір көркем де сұлу таңғажайып бұрышын қазақтар ежелден-ақ Бурабай деп атаған. Бұл бура деген сөзден шыққан (түйенің атауы). Халық Көкшетау өңірінде өмір сүрген түйелер туралы да аңыз сақтап қалған. Ол тау етегінде жайылып жүріп жау әскерінің жақындағанын сезіп, халықтың басына төніп тұрған қауіпті өзінің түйеге тән даусымен халыққа ескертіп отырған. Осы аңызға сәйкес Көкшетау тауларының бірінде екі өркешті түйенің бейнесі сақталған. Жергілікті жердің биік шыңы – Көкшетау. Панорамалық көріністің бірі – оңтүстікке қарай орналасқан Бурабай тауы (690 м). Одан оңтүстікке қарай Шучье қыраты орналасқан, оның ең биік нүктесі «Жеке батыр» (826 м) деп аталады. Бурабайдың тамаша табиғатын қызықтап, жанды жадыратып, сырқатынан құлан таза айықтыратын қымыз ішіп, ауасын жұту үшін арнайы келіп, емделіп кететіндер көптеп саналады. Бұл жерде 35 демалыс орны бар. Олардың бәрінде демалу үшін барлық жағдай жасалған. Оқжетпес Оқжетпес туралы мынадай аңыз бар екен: Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым - тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты. Оқжетпестің дәл қарсысында, Бурабай көлінің ақ жазықты шығанағында, судың нақ ортасында тағы бір жартас Жұмбақтас тұр. Жұмбақтас десе жұмбақ. Оның кереметін жоғарыда айтып кеттім. Жұмбақтас Жұмбақтас туралы Сәкен Сейфуллиннің “Көкшетау” поэмасында мынадай шумақтар бар: Жұмбақтас — бейне арыстан шөгіп жатқан, Айбатты жалбыр жалын төгіп жатқан. Маңқиып Оқжетпеске қырын қарап, Суына Бурабайдың бөгіп жатқан. Жақын кеп қараған жан аңғал тасқа, Сүңгіген тұңғиыққа саңғал тасқа. Қызықты жаратылыс суретіне, Болмайды қайран қалып, таңқалмасқа. Қысқасы, бұл кереметті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны көзбен көріп, түйсіну қажет. «Қазақ халқы жиырмасынша ғасырдың бүкіл өнбойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына таң қаламын» Н.Ә. Назарбаев Қазақ шетжұрты Болжам мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Ресей Федерациясында 1 310 000 этникалық қазақ тұрады, олардың 70 пайыздайы ауылды жерде өмір сүріп жатыр. Біздің отандастарымыздың көпшілігі Ресей Федерациясының Қазақстанмен шекаралас 12 субъектілерінде жинақы тұрып жатыр. Бұл – Алтай өлкесі, Астрахань, Орынбор, Самар, Қорған, Шелебі, Омбы, Сарытау, Волгоград, Новосібір және Түмен облыстары. Қазақтардың белгілі бір саны Мәскеуде, Санкт-Петерборда, Татарстанда, Қалмақияда, сондай-ақ Ресейдің басқа да облыстарында өмір сүруде. 1989 жылғы мәліметтер бойынша таулы Алтай автономиялық облысының Қошағаш ауданында 54,4 пайыз (9000-дай) қазақтар тұрыпты. Өзбекстан Республикасындағы қазақтардың саны шамамен 1 млн-нан астам. Бұл шетелдегі қазақ диаспораларының үштен бір бөлігі. Қырғызстанда соңғы халық санағына сәйкес этникалық қазақтардың саны 42 657 адам. 2004 жылдың басында қазақ халқының саны 65 мың шамасында болыпты. 1995 жылғы мәліметтер бойынша Түркіменстанда 86 987 қазақ тұрыпты. Моңғолияның Ұлттық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша этникалық қазақтардың жалпы саны 102 983 адам, яғни моңғолдардан кейінгі екінші орынды иеленеді. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Келісімге сәйкес 1991 жылдың қыркүйегінен бастап қазақтардың қоныс аударуы басталды. Барлығы 83 мың адам көшіп келді. Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытай мәліметтері бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы саны 1 млн адамнан асатын он ірі этностардың құрамына кіреді. Қытайда барлығы 56 ұлт өмір сүреді. Қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады. Түркиядағы қазақ диаспорасы негізінен өткен ғасырдың 50-ші жылдары Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай округінен («алтай қазақтары») көшіп барған, сондай-ақ ХХ ғасырдың 80-ші жылдары Ауғанстан мен Ираннан босқын ретінде қоныс аударған қазақтардан тұрады. АҚШ пен Еуропа (негізінен ГФР, Франция, Скандинавия) елдеріндегі қазақ диаспорасы оқуға бару нәтижесінде және жұмыс істеуге байланысты көшіп-қону барысында қалыптасқан. Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының өкілдері моноұлтты некені қалайды және оларға тұрып жатқан еліне өз отбасын көшіріп алу тән. Сондықтан, оларға этникалық түптамырын жоғалтпау және балаларын қазақ тілі мен қазақ халқының мәдениетіне жақындастыру маңызды. ГФР-ға қазақтар түрік еңбек көші-қонының құрамдас бөлігі ретінде 1960 жылдардың ортасында көшіп келе бастады. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бастап Алманияда екі қазақ-түрік азаматтығы бар бұрынғы легионерлер тұрады. Барлығы 178 отбасы немесе 890 қазақ. Мәлімет беруші қазақтардың ақпараттары бойынша қазіргі кезде Швецияда 30-дай қазақ отбасы тұрады. Қазіргі уақытта қазақ диаспорасы әртүрлі мәліметтер бойынша Иранның Гор-ган, Бендер-Туркмен және Гүлістан провинциясының Гомбад қалаларында тұратын 10-нан 15 мыңға дейінгі адамды құрайды. Ирандағы диаспора негізінен өткен ғасырдың 20-30 жылдары, КСРО-да ұжымдастыру, мал мен астық қорын тәркілеу процесі басталған кезде қалыптасқан. Олардың көпшілігі – Маңғыстау облысы аумағынан келгендер. Пәкістан Ислам Республикасындағы қазақ диаспорасының саны шамамен 1600 адамды құрайды. Пәкістандағы қазақ ұлты негізінен басқыншы Кеңес армиясынан қашқан ауғандық қазақтардан тұрады. Ауғанстанда 21 000 қазақ бар. Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Хан Шатыр – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады. Ғимараттың сәулетшісі, сәулет өнерінің шебері - Норман Фостер. Тұғырлы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаңқасы фторполимермен қапталған ұсақ торлы алып шатырдан тұрады. “Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл орталықта ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.

Transcript of КҮНДЕЛІГІ - daryn.kz · жұмыспен қамту саласындағы өзара...

Page 1: КҮНДЕЛІГІ - daryn.kz · жұмыспен қамту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Келісімге сәйкес 1991 жылдың

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі / “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы

27 маусым 2013 жыл

БУРАБАЙ ӨҢІРІНДЕ

“Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім” аттықазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Х Халықаралық олимпиадасының

КҮНДЕЛІГІ

“Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім” аттықазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Х Халықаралық олимпиадасының

КҮНДЕЛІГІ

Шығармашылық топ:

,

Нұртазанов Е.Н., Омашев А.А.,

Шәріпов А.Е.,Талғатов А.Т.

Байсақов Н. Рахлетова А.Т.,

РҒПО “Дарын” IT қызметінде басылды.

www.daryn.kz

Керуен - Караван - Caravan

Алтын - Золото - Gold

Ақша - Деньги - Money

Саяхат - Путешествие - Trip

Жеңімпаз - Победитель - Winner

Жүлдегер - Призер - Prize winner

Марапаттау - Награждение - Award

Орын - Место - Place

Арман - Мечта - Dream

Сәттілік - Удача - Luck

Есеп - Задача - Task

Ыстық - Горячий - Hot

Аспаз - Повар - Сook

Мәзір - Меню - Menu

Терезе - Окно - Window

Қазақша сөйлесейік!

2013 жылдың 27 маусымы күні олимпиада қатысушылары Қазақстанның ең көркем жерлерінің бірі – Ақмола облысының солтүстігіндегі “Бурабай” ұлттық паркіне саяхат жасады.

Бурабайдың тау-тасы да, көлі де, жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы. Көкше жеріндегі Бурабайдың тамаша табиғаты, тылсым бейнесі – қарағайлы орманы, бір-бірінен көлдері арқылы бөлініп жатқан қатпарлы жартастары, биік құз басындағы тастары мен шыңдары небір бейнені көз алдыңа елестетеді.

Қазақстан Республикасы Президенті іс Басқармасы-ның «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркі 2000 жылы тамызда құрылды.

«Бурабай» жері Көкшетаудың дала, орманды дала, ұсақ шоқылы қыратты зонасына кіреді. Ауа райы қоңыржай континенталды, жазы ыстық, қысы суық, аязды. Парк территориясында орманды дала, дала, шалғынды, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктердің 800 түрі, омыртқалы жануарлардың 305 түрі таралған.

Бурабайдың әрбір қия тасына аңыздар негізінде және бейне ерекшелігіне қарай ат қойып отырған: Оқжетпес, Жұмбақтас. «Жұмбақтасты» бір қырынан қарасаң – бұрымды жас қызға балайсың, екінші қырынан қарасаң - орамал тартқан келіншекке балайсың, үшінші қырынан қарасаң – бетіне әжім түскен кемпірге балап таңқаласың. Бұл дегеніңіз табиғаттың ғажайып кереметі емес пе?!

Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады. Сонымен қатар, Сары-арқаның, Көкшетау тауларының аралығында бір-біріне жақын

орналасқан ұсақ көлдер тобы бар. Олар суының тазалығымен ерекшеленеді. Бурабай туралы аңыз.Ескі аңыз-әңгіме бойынша Алла дүниені жаратқанда бір халыққа орман байлығын, біреуге

ұлан ғайыр даланы және ірі өзендерді, енді біреулерге әдемі таулар мен көгілдір көлдерді берген екен. Қазаққа тек қана дала тиіпті. Оған өкпелі қазақтар жаратқанның өздеріне назар аударуын және таңғажайып табиғаттың бір бөлігін беруін сұрапты. Сонда Алла өзінің қоржынынан ерекше мүсінді тау мен тасты аймақты, көгілдір суымен сұлу көлді даланың ортасына төге салыпты. Бұл жер шалғынды, гүлдерге бай әсем жер жанаты. Тауларында әртүрлі ағаштар мен бұталар, құстар мен жыртқыштар мекендейді. Көлдерінде балығы тулап, шалғынында көбелектер мен шыбын-шіркейлері тіршілік етеді.

Табиғаттың осы бір көркем де сұлу таңғажайып бұрышын қазақтар ежелден-ақ Бурабай деп атаған. Бұл бура деген сөзден шыққан (түйенің атауы).

Халық Көкшетау өңірінде өмір сүрген түйелер туралы да аңыз сақтап қалған. Ол тау етегінде жайылып жүріп жау әскерінің жақындағанын сезіп, халықтың басына төніп тұрған қауіпті өзінің түйеге тән даусымен халыққа ескертіп отырған. Осы аңызға сәйкес Көкшетау тауларының бірінде екі өркешті түйенің бейнесі сақталған. Жергілікті жердің биік шыңы – Көкшетау. Панорамалық көріністің бірі – оңтүстікке қарай орналасқан Бурабай тауы (690 м). Одан оңтүстікке қарай Шучье қыраты орналасқан, оның ең биік нүктесі «Жеке батыр» (826 м) деп аталады.

Бурабайдың тамаша табиғатын қызықтап, жанды жадыратып, сырқатынан құлан таза айықтыратын қымыз ішіп, ауасын жұту үшін арнайы келіп, емделіп кететіндер көптеп саналады. Бұл жерде 35 демалыс орны бар. Олардың бәрінде демалу үшін барлық жағдай жасалған.

ОқжетпесОқжетпес туралы мынадай аңыз бар екен: Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай

жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым - тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты. Оқжетпестің дәл қарсысында, Бурабай көлінің ақ жазықты шығанағында, судың нақ ортасында тағы бір жартас Жұмбақтас тұр. Жұмбақтас десе жұмбақ. Оның кереметін жоғарыда айтып кеттім.

ЖұмбақтасЖұмбақтас туралы Сәкен Сейфуллиннің “Көкшетау” поэмасында мынадай

шумақтар бар:Жұмбақтас — бейне арыстан шөгіп жатқан,Айбатты жалбыр жалын төгіп жатқан.Маңқиып Оқжетпеске қырын қарап,Суына Бурабайдың бөгіп жатқан.Жақын кеп қараған жан аңғал тасқа,Сүңгіген тұңғиыққа саңғал тасқа.Қызықты жаратылыс суретіне,Болмайды қайран қалып, таңқалмасқа. Қысқасы, бұл кереметті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны көзбен көріп,

түйсіну қажет.

«Қазақ халқы жиырмасынша ғасырдың бүкіл өнбойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына таң қаламын»

Н.Ә. НазарбаевҚазақ шетжұртыБолжам мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Ресей Федерациясында 1 310 000 этникалық қазақ тұрады, олардың

70 пайыздайы ауылды жерде өмір сүріп жатыр. Біздің отандастарымыздың көпшілігі Ресей Федерациясының Қазақстанмен шекаралас 12 субъектілерінде жинақы тұрып жатыр. Бұл – Алтай өлкесі, Астрахань, Орынбор, Самар, Қорған, Шелебі, Омбы, Сарытау, Волгоград, Новосібір және Түмен облыстары. Қазақтардың белгілі бір саны Мәскеуде, Санкт-Петерборда, Татарстанда, Қалмақияда, сондай-ақ Ресейдің басқа да облыстарында өмір сүруде.

1989 жылғы мәліметтер бойынша таулы Алтай автономиялық облысының Қошағаш ауданында 54,4 пайыз (9000-дай) қазақтар тұрыпты.

Өзбекстан Республикасындағы қазақтардың саны шамамен 1 млн-нан астам. Бұл шетелдегі қазақ диаспораларының үштен бір бөлігі.

Қырғызстанда соңғы халық санағына сәйкес этникалық қазақтардың саны 42 657 адам. 2004 жылдың басында қазақ халқының саны 65 мың шамасында болыпты.

1995 жылғы мәліметтер бойынша Түркіменстанда 86 987 қазақ тұрыпты.Моңғолияның Ұлттық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша этникалық қазақтардың жалпы саны 102 983

адам, яғни моңғолдардан кейінгі екінші орынды иеленеді. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Келісімге сәйкес 1991 жылдың қыркүйегінен бастап қазақтардың қоныс аударуы басталды. Барлығы 83 мың адам көшіп келді.

Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытай мәліметтері бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы саны 1 млн адамнан асатын он ірі этностардың құрамына кіреді. Қытайда барлығы 56 ұлт өмір сүреді. Қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады.

Түркиядағы қазақ диаспорасы негізінен өткен ғасырдың 50-ші жылдары Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай округінен («алтай қазақтары») көшіп барған, сондай-ақ ХХ ғасырдың 80-ші жылдары Ауғанстан мен Ираннан босқын ретінде қоныс аударған қазақтардан тұрады.

АҚШ пен Еуропа (негізінен ГФР, Франция, Скандинавия) елдеріндегі қазақ диаспорасы оқуға бару нәтижесінде және жұмыс істеуге байланысты көшіп-қону барысында қалыптасқан. Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының өкілдері моноұлтты некені қалайды және оларға тұрып жатқан еліне өз отбасын көшіріп алу тән. Сондықтан, оларға этникалық түптамырын жоғалтпау және балаларын қазақ тілі мен қазақ халқының мәдениетіне жақындастыру маңызды. ГФР-ға қазақтар түрік еңбек көші-қонының құрамдас бөлігі ретінде 1960 жылдардың ортасында көшіп келе бастады. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бастап Алманияда екі қазақ-түрік азаматтығы бар бұрынғы легионерлер тұрады. Барлығы 178 отбасы немесе 890 қазақ. Мәлімет беруші қазақтардың ақпараттары бойынша қазіргі кезде Швецияда 30-дай қазақ отбасы тұрады.

Қазіргі уақытта қазақ диаспорасы әртүрлі мәліметтер бойынша Иранның Гор-ган, Бендер-Туркмен және Гүлістан провинциясының Гомбад қалаларында тұратын 10-нан 15 мыңға дейінгі адамды құрайды. Ирандағы диаспора негізінен өткен ғасырдың 20-30 жылдары, КСРО-да ұжымдастыру, мал мен астық қорын тәркілеу процесі басталған кезде қалыптасқан. Олардың көпшілігі – Маңғыстау облысы аумағынан келгендер.

Пәкістан Ислам Республикасындағы қазақ диаспорасының саны шамамен 1600 адамды құрайды. Пәкістандағы қазақ ұлты негізінен басқыншы Кеңес армиясынан қашқан ауғандық қазақтардан тұрады. Ауғанстанда 21 000 қазақ бар.

Хан Шатыр, әлемдегі

шатыр түрді құрылыстардың

ең орасан зоры болып, және

Қ а з а қ с т а н д а ғ ы с а у д а

орталықтарының ең үлкені,

әрі бірегей сырт пішінімен

айшықталады. Хан Шатыр –

бір шатырдың астында әлем

деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы

лайфстайл-орталық болып саналады. Ғимараттың сәулетшісі, сәулет

өнерінің шебері - Норман Фостер. Тұғырлы монолиттік сом құймалардан

тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаңқасы

фторполимермен қапталған ұсақ торлы алып шатырдан тұрады. “Хан

Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл

орталықта ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт

залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында

дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық

бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін

биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.

Page 2: КҮНДЕЛІГІ - daryn.kz · жұмыспен қамту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Келісімге сәйкес 1991 жылдың

Өзбекстан РеспубликасыЖанәбілов Мұқан, 9-сынып оқушысы

«Атамекен – құт мекен»«Неге мен кең кілемді кем көремін?

Шіркін-ай осы екен ғой ел дегенің.Айт десе дүниеде не қымбат деп,

Ойланбай өсіп-өнген жер дер едім,Тоқталмай және туған жер дер едім»

(М.Рүстемова)

Отан бұл әсем де әрлі сөз. Әлем сұлулығы мен көңіл сұлулығы, пәктік, тыныштық, аналар әлдиі, достар кеші – бәрі-бәрі де Отан сөзімен тығыз байланысты. Отан неден басталады? Отан сіз бен біз туып-өскен құтты мекеннен басталады. Отан жөнінде жырламаған ақын болмаса керек. Белгілі ақынымыз М.Мақатаев «Отан» өлеңінде:

«Отан! Отан! Бәрінен биік екен,Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем» - деп жырлайды. Менің туған жерім – Өзбекстан, ал атамекенім – Қазақстан Республикасы.

Қазақстан өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16-желтоқсанда алды. Сол күннен бастап атамекенімізде көптеген өзгерістер болды. Төбесі көкке жететін ғимараттар, түрлі оқу орындары, заманалық емханалар салынды. Атамекенімнің әдемі жапырағы, жұмсақ топырағы, зәулім сарайлары әр адамды өзіне тартпай қоймайды. Атамекеннің Елордасы – әсем Астана қаласы. Астана қаласын Азия барысы десек те болар. Биыл Қазақстан халқы 17 млн-нан асып отыр. Мұнда түрлі өлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Атамекеніміздің осындай дәрежеге жетуіне өзінің көп еңбегін сіңдірген атамыз, ұлт қаһарманы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Оның бастауымен өте көп қайырлы істер жүзеге асып жатыр. Президентіміз «Қазақстан 2030 жылы дүниежүзінің ең дамыған елдер қатарына қосылады. Оған мен сенемін, себебі Қазақстанның көпұлтты еңбекқор халқы мұның негізін қалайды» деген сөздері есімде таңба басқандай сақталып қалыпты. Ал атамекенімнің жетістіктеріне келетін болса, ол да жетерлік. Қай саланы алсақ та Қазақстан жоғары орында тұр. Қазыбек би атамыз айтқандай, «Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге тсоқтықпай жай жатқан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз». Қазақ басқа ұлттармен салыстырғанда ең сөзге алғыры да, шешені де. Жиранша шешеннен бастап, Абай, Сәкенге дейін барлығы да өз жұрты үшін тер төгіп өтті. С.Торайғыров атамыз айтқандай:

«Ұранға Алаш деген атты аламын,Қазақ боп туғанымды мақтанамын. Сүйгенім қазақ, тілім қазақ, өзім қазақ,Мен неге қазақтықтан сақтанамын» - демекші, өз қазағымызға еңбек етуге жазсын. Қорыта айтқанда, атамекеніміз болған

Қазақстан күннен-күнге гүлденіп, жайнай берсін. Өзбекстанда тұрып жатқан қандастарымның атынан атажұртымыз Қазақстан жасай берсін дегім келеді.

Ресей ФедерациясыЖұмабаева Алтын, 9-сынып оқушысы

Кім боламын?Мен, Джумабаева Алтын олимпиадаға осымен төртінші рет қатысып отырмын. Қазақстанның

адамдарына, табиғатына, қаласына әр келген сайын жаңа алғаш көргендей ғашық болып жүрмын. Ең бастысы, өзімнің ана тіліме деген сүйіспеншілігім арта түсті. Туған тілім маған өте қымбат. Ал, маған

ана тілімді әжем үйретті. «Мың рет естігеннен, бір көрген артық» - деп әжем айтып отыратын. Менің Қазақстанға алғаш

барарымды білгенде ол ерекше қуанды. Әжем маған өзінің туған жері Қазақстан туралы көп әңгіме айтты. Онда қалай тұрғандары, яғни Қазақстанның даласы өз анасындай, аспаны өз әкесіндей болғанын сағынышпен әңгімелейді.

«Қазақ - тумасынан таза, арамдықтан ада, қиянаттан шет халық» - деген үлкендер. Ол кісі қазақтың халық өлеңдерін, әндерін көп білетін және маған үйретіп отыратын.

«Ауылым көшіп барады Алмалыға,Кім көнбейді тағдырдың салғанына.Көрмегелі көп айдың жүзі болды,Ата-анамның хабарын алмағалы.Әй-әй, бөпем, кейін қалған елімді,Көрер ме екем-ай!Мен өзім қазақ ауылында туып-өсіп, сол жерде тұрып жатырмын. Біздің ауылға келген кісілер ауылымызды кішкене ғана

Қазақстан дейді. Айтуларының себебі – мұнда жүзден астам қазақ отбасы өмір сүріп жатыр. Біздің ауылда қазағымыздың салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі берік сақталған. Ұлдары мен қыздары «Қара жорға» биін билеп,

қазақ әндерін нақышына келтіріп шырқап отырады.Мемлекеттің негізгі тірегі – ауыл екені айдан-анық. Мен бірінші ата-анама, екінші туып-өскен ауылыма қарыздармын.Талантты ақын Марат Отаралиев «... Ауылда өстім құмға аунап,Өлең жаздым қызға арнап.Қыста кештім ақ қарды,Жазда тердім қызғалдақ.Ауыл – менің аспаным,Ауыл – менің жас шағым.

Ауылымда өтті ғой,Жастық шағым қас-қағым» - деп тебіренеді. Мен шет мемлекетте туып-өссем де менің жүрегім әрқашан Қазақстан деп, қазағым деп соғады. Менің алдыма қойған

мақсатым – ана тілімде еркін сөйлеу, келешекте Отаныма оралып, Қазақстанды көркейтуге өз үлесімді қосу!

«Балдәурен» балалар арманының мекені

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы тікілей мемлекетіміздің Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Артек» (Крым, Украина) Халықаралық балалар орталығына ұқсас құрылды.

Қазіргі таңда «Балдәурен» – ТМО және Орталық Азия аймақтарындағы теңдесі жоқ бірден-бір балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауығуын ұйымдастыратын және олардың шығармашылықтарының дамуына барлық жағдайлар жасайтын республикалық оқу–сауықтыру орталығы.

Орталық жыл бойына үзіліссіз қызмет етеді және бір ауысымда 350 оқушыны қабылдайды. Ауысымның ұзақтығы жаз мезгілдерінде - 15 күнді, ал қыс мезгілдерінде- 20 күнді құрайды.

Балалар үшін қазіргі заман талабына сай жабдықталған бөлмелер және техникалық құралдармен жабдықтылған сыныптар, гидромассаждық душ кабиналары бар, жайландырылған бөлмелер, 5 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі, сауықтыру және профилактикалық іс-шаралары: массаж, су процедуралары, емделу ванналары, сауна, коктейль және қарағайлы таза ауа қарастырылған.

"Балдәурен" – қазақ тілінде бақытты балалық шақты білдіреді. “Балдәурен" кешені –

республикалық оқу-сауықтыру орталығы

Бұл атау текке берілмеген, орталыққа келетін балалардың жасы осы бақытты балалық шаққа сәйкес. бұл оқу-педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың халықаралық және республикалық мәдени көпшілік, ғылыми –практикалық іс-шараларын өткізетін .

І турда жазылған шығармаларды «Күнделіктің» шығармашылық тобы оқып шықты. Өзбекстаннан келген 9-сынып

оқушылары Ертаева Базаргүлдің, Темірбаева Сымбаттың, Таннова Жадыраның, 10-сынып оқушылары Оразбаев Олжастың,

Малтаев Нұржанның, Абдрахимова Айдананың, Нәзірқұлов Шыңғысханның, Тұрдалиева Гүлдананың, 8-сынып оқушысы

Шайсламова Сабинаның, Моңғолия елінен келген 10-сынып оқушысы Әлдибек Әсемгүлдің, 11-сынып оқушылары Еркін қызы

Гүлбақыттың және Жанатбек қызы Ақмаралдың, Қырғызстаннан келген 10-сынып оқушысы Сапралиев Эдильдің, Ресей

Федерациясынан келген 9-сынып оқушылары Даутова Ақботаның, Божақанов Дәулеттің, 10-сынып оқушылары Сейсекенова

Шынардың, Қаматова Ажардың, Құдайбергенова Еркегұлдің, 8-сынып оқушылары Тойымбетова Майраның, Ашенова

Зульфияның, Қыранбайтегі Аяжанның, Қырғызстаннан келген 11-сынып оқушысы Шалабаева Жібектің шығармаларының

мазмұны ұнады. Солардың біразын назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр.

Өзбекстан РеспубликасыЖолдасов Дастан, 7-сынып оқушысы

«Атамекен – құт мекен»«Айналайын атамекен, ақ мекен,Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?Туған өлке тәтті екен ғой, тәтті екен.Менің аты-жөнім Жолдасов Дастан. Мен Өзбекстан Республикасында өмір сүріп келемін. Бірақ менің

атажұртым, атамекенім – Қазақстан!Менің бұл олимпиадаға екінші рет келіп отырмын. Сондықтан атажұртымды көруге келгенде олимпиада үлкен рөл атқарды.

Мен осындай олимпиаданы ұйымдастыруға мұрындық болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа айтар ризашылығым шексіз! Мен өте қуаныштымын, себебі Қазақстан атты атамекенімді көрдім. Тағы бір қуанышым - шет елде жүрген бауырларымды көрдім. Олармен пікір алмастым! Олар да мен сияқты қазақ.

Әсіресе, олимпиаданың Астанада өтетінін есіткенде қуанышымда шек болмады. Астанада болып қаланы араладық. Еуропаның ғимараттарымен таласқан көркем қала! Мұндай ғимараттар тек біздің Қазақстанда ғана бар. Осындай жаннат өлке дүние жүзінде біреу ғана!

Мен қазақ болып туылғанымды мақтанамын! Бірде Өзбекстанда екі қазақ баласының таза қазақша сөйлемей тұрғандарын көріп көңілім бұзылды. Бөтен сөз тілімізді шұбарландырады. Жеке өзім қазақ деген сөзге дақ түсірмеуге уәде беремін.

Отаным! Елім! Атамекенім – Қазақстаным!Қазақстан!«Пай, пай, пай, ардағым-ай,Сен менің бақытымсың жанған ұдай!Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,Өлмейтін махаббатым, арманымдай» - (М.Мақатаев) деп қатты дауыспен айқайлағым келеді.Мен де бір пендемін ғой, қаныма тартып барамын! Гүлдей жайнай бер, ҚАЗАҚСТАНЫМ!