4 5 Жаңарған өңір · берсе, аудандық жұмыспен қамту...

8
Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті. Батыс Қазақстан облысы. Газет 1934 жылдан бастап шығады №20 (7679) [email protected] СЕНБІ 19 мамыр 2018 жыл Жаңарған өңір 3 www.facebook.com/zhanarqan_onir http://www.zhanarqanonir.kz 5 4 Жаңақала жаңалықтары Жерді алып, сататындар әлі де бар Ардагерлерді ардақтаған мереке Жастарға кеңес берілді 4 мамыр күні жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастарға кеңес» жобасы оздырылды. Жоба мақсаты – ауыл жастарының бірнеше сала бойынша шақырылған мамандардың кеңесін тыңдап, көкейкесті сұрақтарына жауап алу. Алдымен, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Ж.Хайрелов «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша мағлұмат берсе, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Ә.Башаров жастарды жұмысқа орналастыру жөнінде айтып, бос орындар тізімін таныстырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы А.Набидоллина жастардың тұрғын үйге кезекке тұру мәселесі жөнінде әңгімеледі. Сонымен қатар, кәсіп ашуға ниет етіп, соның жолдарын іздестіріп, кәсіпкерлікпен айналысам деген жастарға БҚО кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал директоры Г.Асханбаев кеңес берді. Жиі ұйымдастырылып тұратын мұндай бағыттағы шараның жастарға берер көмегі мол екенін айта кету керек. Айтолқын АСҚАРҚЫЗЫ. Майдангерді мерекемен құттықтады Жеңіс күні мерекесіне орай аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин аудан орталығында тұратын ҰОС ардагері Арыстанғали Қойысовтың шаңырағына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. -Тәуелсіздік жылдары еліміз қарыштап дамып, аймағымыз көркейіп келеді. Мұның барлығына сіз секілді қариялардың берген батасы мен тілектестігінің арқасында қол жетті. Ауырмаңыз, көрер қызығыңыз көп болсын,-деді аудан басшысы. Мұнан кейін ішкі істер бөлімінің ардагері Қ.Сәрсеков, аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин, аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Теміровтер ізгі тілектерін айтып, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Соғыс ардагері Арыстанғали Қойысов 1925 жылдың 15 қыркүйегінде дүниеге келген. 1940 жылы әуелі Үштаған жетіжылдық мектебін, кейін сырттай оқып, орта білім алған. Алғашқы еңбек жолын 1942- 1943 жылдары ауданымыздың Э.Тельман атындағы ұжымшарында бастаған. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдың 16 наурызында Орынбор қаласында құрылған 61- атқыштар полкінде қатардағы жауынгер болып қатысады. Соңынан 1152-атқыштар полкіне ауысып, маршалл Конев басқарған І Украина майданы құрамында, 1944 жылдың қаңтар айында Калинин облысына қарасты Кривой Рог қаласы түбінде соғысқа кіреді. Польша, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуде ерлікпен шайқасты. Соғыстан кейін бейбіт өмірде ұзақ жылдар «Айдархан» кеңшарында бөлімше меңгерушісі болып абыроймен қызмет атқарған. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «Ерлігі үшін», «Украинаны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» және көп- теген мерекелік, жауынгерлік медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғысхатымен марапатталған. Қазір құрметті демалыста. Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ. Тартысқа толы жарыс 11 мамыр күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ерлер және әйелдер арасынан үстел теннисі бойынша жарыс ұйымдастырды. Бұл ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін VI Халық спорты ойындарына іріктеу мақсатындағы жекелей аудандық жарыс есебінде өтті. Алдымен, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Нұрғалиқызы жарысқа қатысушы спортшыларымызға сәттілік тілеп, құттықтау сөзін сөйледі. Сонан соң жарыстың бас төрешісі М.Есмағұлов спортшыларымызды ойын ережесімен таныстырып өтті. Іріктеу кезеңіне қатынасқан 30-дан астам қатысушылардың ойыны тартысты да қызықты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында финалдық ойынға жолдама алғандар: Б.Қуаншалиев І орынды, А.Валиев ІІ орынды, Ә.Жолдыбаев, Н.Сұпығалиев ІІІ орынды иеленді. Әйелдер арасында М.Зұпарова І орынды, С.Бисенбаева ІІ орынды, А.Маратова, Р. Ильясова ІІІ орынды місе тұтты. Айтолқын БАҚТЫҒАЛИЕВА. Тыл ардагерін құттықтап қайтты

Transcript of 4 5 Жаңарған өңір · берсе, аудандық жұмыспен қамту...

Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті. Батыс Қазақстан облысы.

Газет 1934 жылдан бастап шығады

№20 (7679) zһ[email protected]

СЕНБІ19 мамыр 2018 жыл

Жаңарған өңір3

www.facebook.com/zhanarqan_onir http://www.zhanarqanonir.kz

54

Жаңақала жаңалықтары

Жерді алып, сататындар әлі де бар Ардагерлерді ардақтаған мереке

Жастарға кеңес берілді4 мамыр күні жастар ресурстық

орталығының ұйымдастыруымен «Жастарға кеңес» жобасы оздырылды. Жоба мақсаты – ауыл жастарының бірнеше сала бойынша шақырылған мамандардың кеңесін тыңдап, көкейкесті сұрақтарына жауап алу. Алдымен, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Ж.Хайрелов «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша мағлұмат берсе, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Ә.Башаров жастарды жұмысқа орналастыру жөнінде айтып, бос орындар тізімін таныстырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы А.Набидоллина жастардың тұрғын үйге кезекке тұру мәселесі жөнінде әңгімеледі. Сонымен қатар, кәсіп ашуға ниет етіп, соның жолдарын іздестіріп, кәсіпкерлікпен айналысам деген жастарға БҚО кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал директоры Г.Асханбаев кеңес берді.

Жиі ұйымдастырылып тұратын мұндай бағыттағы шараның жастарға берер көмегі мол екенін айта кету керек.

Айтолқын АСҚАРҚЫЗЫ.

Майдангерді мерекемен құттықтады

Жеңіс күні мерекесіне орай аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин аудан орталығында тұратын ҰОС ардагері Арыстанғали Қойысовтың шаңырағына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті.

-Тәуелсіздік жылдары еліміз қарыштап дамып, аймағымыз көркейіп келеді. Мұның барлығына сіз секілді қариялардың берген батасы мен тілектестігінің арқасында қол жетті. Ауырмаңыз, көрер қызығыңыз көп болсын,-деді аудан басшысы. Мұнан кейін ішкі істер бөлімінің ардагері Қ.Сәрсеков, аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин, аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Теміровтер ізгі тілектерін айтып, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Соғыс ардагері Арыстанғали Қойысов 1925 жылдың 15 қыркүйегінде дүниеге келген. 1940 жылы әуелі Үштаған жетіжылдық мектебін, кейін сырттай оқып, орта білім алған. Алғашқы еңбек жолын 1942-1943 жылдары ауданымыздың Э.Тельман атындағы ұжымшарында бастаған. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдың

16 наурызында Орынбор қаласында құрылған 61-атқыштар полкінде қатардағы жауынгер болып қатысады. Соңынан 1152-атқыштар полкіне ауысып, маршалл Конев басқарған І Украина майданы құрамында, 1944 жылдың қаңтар айында Калинин облысына қарасты Кривой Рог қаласы түбінде соғысқа кіреді. Польша, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуде ерлікпен шайқасты. Соғыстан кейін бейбіт өмірде ұзақ жылдар «Айдархан»

кеңшарында бөлімше меңгерушісі болып абыроймен қызмет атқарған. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «Ерлігі үшін», «Украинаны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» және көп-теген мерекелік, жауынгерлік медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғысхатымен марапатталған. Қазір құрметті демалыста.

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ.

Тартысқа толы жарыс

11 мамыр күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ерлер және әйелдер арасынан үстел теннисі бойынша жарыс ұйымдастырды. Бұл ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін VI Халық спорты ойындарына іріктеу мақсатындағы жекелей аудандық жарыс есебінде өтті.

Алдымен, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Нұрғалиқызы жарысқа қатысушы спортшыларымызға сәттілік тілеп, құттықтау сөзін сөйледі. Сонан соң жарыстың бас төрешісі М.Есмағұлов спортшыларымызды ойын ережесімен таныстырып өтті.

Іріктеу кезеңіне қатынасқан 30-дан астам қатысушылардың ойыны тартысты да қызықты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында финалдық ойынға жолдама алғандар: Б.Қуаншалиев І орынды, А.Валиев ІІ орынды, Ә.Жолдыбаев, Н.Сұпығалиев ІІІ орынды иеленді. Әйелдер арасында М.Зұпарова І орынды, С.Бисенбаева ІІ орынды, А.Маратова, Р. Ильясова ІІІ орынды місе тұтты.

Айтолқын БАҚТЫҒАЛИЕВА.

Тыл ардагерін құттықтап қайтты

Рухани жаңғыру 19 мамыр 2018 жыл

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен көптеген шаралар өтуде. Соның бірі Қ.Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» аясындағы халықаралық ғылыми экспедицияның құрылуы еді. Экспедиция өз жұмысын 2018 жылдың 23 сәуірі күні Орал қаласынан, одан әрі Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округінде орналасқан бір есепте Құрманғазыға ұстаз болып саналатын күйші Ұзақ Мырзабайұлы кесенесі басында болып, тағзым етуден бастады. Сол күні Қалдығайтты, Төлен, Базаршолан, Тайпақ, Жантемір, Мортық елді мекендерін артқа тастап, Орал-Жаңақала күре жолының бойында орналасқан Мәмен, Тұяқ кесенесі басына барып, рухтарға тағзым еткеннен кейін, кешкісін аудан орталығы Жаңақала ауданына келіп жетті. 24 сәуір күні аудан жұртшылығының барлық өкілдері қатысқан Рухани орталықтағы дөңгелек үстел басында кеңес қорытындысымен халықаралық экспедиция құрамына мүше болып сайлап, солармен бірге аттанып кеттім. Экспедиция құрамында 24-30 сәуір аралығында 7 тәулік бойы тағдыры сан-сырлы, өмірі сан-қырлы ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы бабамыздың жүрген жері, өмір деректеріне жүргізілген терең зерттеулерге куә болып оралдым.

Сол күні экспедиция Мәстексай, Мұқыр елді мекендерінен өтіп, Сарыкөл бағытындағы ескі Топай деп аталатын төбе басына тоқтады. Бұл күнде ел жоқ, тура ғасыр жарымнан астам уақыт бұрын Құрманғазы бабамыз мекен еткен, қойнауы тарихқа толы жер еді. Біраз баба тарихы жөнінде әңгіме-дүкен құрғаннан кейін, сапарымызды одан әрі жалғастырып, оңтүстік-батысқа қарай, Атыраубай деп аталатын төбе басына ат шалдырдық. Араға тағы да үш шақырымдай жер жүріп, арғы ғасырда өмір сүрген қызылғұрт руының ерші тайпасының адамдарына қоныс болған Күшіктөбе басына тоқтап, тарихтың өткені мен бүгінгісін зерделей отырып, өзара пікірталас жағдайында әңгіме-дүкен өрбіттік. Одан әрі аттанып, бір кезде біздің бабаларымызға атамекен болған Қамыс-Самар қисымының орталығы, байырғы атақоныс Ақмола, Көшекайдыны, Қазансалған, Оспан Қазірет атанған жерлермен баяу жүре отырып, Тастықұлақ елді мекенінің маңындағы Шәріп төбесіне аялдадық. Мұнда жерленген 1865-1866 жылдары Қамыс-Самар қисымының алғашқы билеушісі Көшекқали Шығаевтың төбе басында, жан-жағы құран аяттары, дұғаларымен көмкеріліп, төр жағына бірдей араб графикасымен жазылған, таудай болып құлап жатқан көлемді құлпытасын көріп, одан әрі Қошпан Соры, Қаңбақты көлдері арқылы Жаңажол ауылдық округіне келіп, Ақшолов орны арқылы Қарасу-Жұлдыз бағытындағы жол қиылысында күтіп тұрған бір топ адамдарға кезіктік. Олар Қазталов ауданына қарасты Қарасу-Жұлдыз елді мекендерінің адамдары екен. Техникалық ақауларға байланысты аз кідірістен кейін, жол сапарымызды одан әрі жалғастырып, шамамен 30 шақырым жерді артқа тастап, Жұлдыз елді мекенін кесіп өтіп, Көктерек елді мекеніне тақалғанда, көрші ауданның әкімі бастаған, бір топ аудан-ауыл адамдары жылы шыраймен қарсы алып тұр екен. Көктерек елді мекенін жарып өтіп, Нарсойған сайы деп аталатын, бір кезде баба мекен еткен Сарыөзен жағасында орналасқан ескі орынға тоқтап, ұлы бабамыздың құрметіне арнап он бес түп ағаш егу құрметіне ие болдық. Одан кейін, Көктерек ауылдық өлкетану музейінде болып, тамашалап, Көктерек орта мектебінде үш сағат бойы бабаның өмірі жөнінде пікірталас, құнды пікірлер айтылды.

25 сәуір күні бағытты Балдырған елді мекеніне қарай бұрдық. Араға 70 шақырымды артқа тастап, Бұзауой, Үшқұдық, Секерсоры, Ақкөл қыстақтарынан асып, қатқыл жол табанына түсіп, Ақсерке, Жаңақазан ауылына жеткенімізде екі адаммен ауыл әкімі С.Ғұбашев бізді кіреберістегі жол қиылысында күтіп жүр екен. Жаңақазан ауылынан асып, бағытты оңтүстік батысқа қарай бұрдық. Әли, Батау, Қатия, Қайролла, Қалмақшағыл елді мекенінен асып, 7-8 шақырым жүргеннен кейін, Шыман қорығы деп аталатын үлкен алаңқайға тап болдық. Бағытты оңтүстүкке бұрып, Кәупіс елді мекені арқылы Молдамұрат елді мекеніне бет түзеп, оңтүстікке жүріп келеміз. Шамамен, 15 шақырым жер жүргеннен кейін, Жиделі құмының басына келіп тірелдік. Бұл жерде бір сағаттай демалғаннан кейін, сапарымыз одан әрі жалғасты. Одан әрі үлкен жол іргесінде тұрған, өткен ғасырларда құм ішінде талайларға анадайдан қарасын болып көрініп, бағыт-бағдар беріп тұрған биік рельеф Қарауыл төбеге тоқтап, одан әрі ондаған шақырым жерді артқа тастап, бағытты күре жолдан тура батысқа бұрдық. Шамамен, 90 шақырым жол жүрген соң қасиетті Жұбан бабамыздың туып өскен, тұрмыс еткен, жерленген жеріне келіп, тоқтап, рухына тағзым етіп, қайта жолға шықтық. Араға 25 шақырымдай жерді артқа тастап, Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс құрметіне орнатылған биік төбе басындағы Тастөбе монументіне жеттік. Жан жақты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жер Құрманғазы бабамыздың туған жері - Жиделі құмының төрі болатын. Бұл жер нағыз Бекетай құмының бір бөлігі, Жиделі деп аталатын, бір кездерде бесқасқалар мен ерші қызылғұрттардың ата-бабаларына атамекен болған қасиетті жер. Кезінде ескі Жаңақала ауданының №22, 23, 24, 25, 26 ауыл кеңестеріне қарасты бірнеше колхоздар орталықтары қатар орналасқан. Осы жолдың бойында оң жақта, күнбатыста ондаған шақырым жерде сәл әріректе Ескі Боқан Мұғаз, Жұбан мешіті, Сарымолда, Шоқпан, Қараш, Қабимолда атаулы ескі орындар қалып жатты. Осы төңіректе Құрманғазының әкесі Сағырбайдың қыстауының орны да сәл кейініректе қалды. Алға жүре отырып, кеш бата Имаш, Құсқонбас елді мекеніне жетіп, сонда демалдық.

Ертеңіне тура бағытты оңтүстік батысқа түзе отырып,

Имаш, Құсқонбас елді мекенін артқа тастап, 30 шақырымнан кейін Ниетбай, тағы 20 шақырымнан кейін Құнанбай, сонан соң 10-12 шақырымнан кейін Кержазық құмды бұдырларды кесіп өтіп, батыс бағытты бетке ала отырып, араға 50 шақырым жерді артқа тастап, Қошалақты елді мекенінің қасындағы таутөбеге тірелдік. Бағытты тура оңтүстікке бұрып, Атырау облысы, Құрманғазаы ауданына аяқ бастық. Араға 40 шақырымды артқа тастап, ақын, ҚР Әнұраны авторларының бірі Ж.Нәжімеденовке арнап орнатылған ескерткіш жанына тоқтап, еске алдық. Жолды жалғастыра отырып, тағы да 50 шақырымды артқа тастап, Атырау-Астрахань күре жолына тіреліп, бағытты солға қарай Атырау бағытына бұрдық. 20 шақырым жол жүргеннен кейін қоғам қайраткері, этнограф Мақаш Шолтырұлының кесенесінің басына тоқтап, рухына тағзым еттік. Мұнан кейін Астрахань бағытындағы жолдың оң жақ бетінде орналасқан, Жұмекен ауылына аялдап, Құрманғазы ауданының орталығы Құрманғазы және Жұмекен елді мекенінің мәдени орындарын таспаға түсірдік.

27 сәуір күні ертесімен қайтадан жолға шығып, шекаралық аймақ Қиғаш, Қараөзек өзендерінен кесіп өтілетін Котяевка, Қараөзек елдімекенінен өтіп, Астрахань облысының шекарасына еніп, Ақсарай қаласы арқылы Астрахань-Волгоград тас жолына түсіп, Ахтубинка ауылына ат басын тіредік. Ұлы күйші Сейтек Оразалы жерленген төбе басындағы шағын қорымға дұға еттік. Сапарымызды одан әрі жалғастырып, Қарабайлы елді мекенінің бағытында 20 шақырымды артқа тастап, Алтын Орда мемлекетінің орталығы болған, Ашулық, Ахтуба, Еділ өзендерінің тоғысында тұрған Бату-Сарай қаласының орнын тамашаладық. Бағытымызды кері Астрахань қаласына қарай бұрып, кешкісін қала орталығына тоқтап, қала тұрмысымен таныстық. Астрахань - Ресей Федерациясының көп сулы өзендерінің Каспий теңізіне құяр сағасына орналасқан, бес ғасырлық тарихы бар портты өнеркәсіп орталығы.

28 сәуір күні түске дейін Астраханьның кремлінде, қаланың мәдени орталықтарында, орталықта тұрған Құрманғазы ескерткішінде болып, Құмөзек ауданы, Аққулы елді мекеніне қарай жолға шықтық. Осы елді мекенде Тоқмамбет-Адай күйші Ерғали Есжановтың қабірінің басында болып, дұға етілді. Одан соң бағытты кері бұрып, Астрахань қаласы арқылы 40 шақырымды артқа тастап, көптен күткен Володар ауданы, Алтынжар елді мекеніне келіп жеттік. Құрманғазы атындағы мәдени орталықта сол өңірдің өлкетанушыларымен, мәдени орталықтың жұмысымен таныстық.

Ертеңі күні Албасты төбесінің басына Құрманғазы жерленген кесенеге құран бағыштап, рухына тағзым еттік. Сонан соң, мәдени орталықта ресми адамдары және өнер қайраткерлерімен кездесулер жалғасын тапты. Музей, орталықтың жұмысын тамашаладық. Сол күні Құрманғазының шәкірті болған Д.Нұрпейісованың тұрған ауылы Диановкада болып, әженің төртінші ұрпағы Меңдібай Ахметовпен кездесудің сәті түсті. Бұл елді мекен 1924-1937 жылдары Дина күйшінің осы ауылда тұруына байланысты Диана ауылы деп те аталған. Одан әрі Душмаш өзені арқылы пароммен өтіп, Сахма ауылына барып, осы жерде тұратын Құрманғазы бабаның бесінші ұрпағы Темірхан Құрманғазиевтің отбасымен кездесіп, экспедиция өз жұмысын ойдағыдай аяқтады.

Құрманғазының бізге беймәлім жақтары көп. Тамыры тереңде жатқан таңғажайып жұмбақ өмірі мен тұрмыс- тіршілігі, өскен ортасы тек өзіне тән біткен табиғи шығармашылығы. Бұл күнде баршамызға үлкен мақтаныш, әдебиетке, тарихқа таусылмайтын тақырып,

өз халқына абырой болуға тиіс. Ол – жұмбақ адам. Оны қоршаған ортада жаратқанмен тікелей байланыста тұрған тылсым күш иесі деп атауға болады. Өйткені, оның тірлікте жасап кеткен істері бір емес, он адамның бойына сыймайтын іс еді. Артына мәңгі өшпейтін істен із, халқына таусылмайтын мол мұра қалдырды. Ол өте қарапайым да күрделі жағдайда өмір сүрді. Оның тұрмыс-тіршілігінің, шығармашылығының тереңдігіне әлі ешкім зерделеп жеткен жоқ. Қаншама зорлықпен, қорлықпен оның жолы кесілсе де, сол заманның қиындығына мойымай шыңдала түсті. Өз халқының қақ ортасында болды. Елге озбырлық жасаушылар, қара халықты жаншып езушілер, үстем тап өкілдері атынан қаншама оның тағдырын өзгертемін деп жолына кесапат келтірушілер болса да, оның тағдырын ешкім күшпен өзгерте алмады. Оның кең әлемде тұрған жүрегіне әмір мен билік күші жүрмеді. Дүние-мүлікті, байлықты місе тұтпады. Бар өмірін табиғи шынайы шығармашылыққа арнады, соның жолына түсті. Әлемге әйгілі атын қалдырды. Кіршіксіз қарапайым өмірді қалады, оны жаны сүйді. Ақиқатты, шындықты жақтады. Өзінің барлық шығармаларын, өмірін, дұрыстыққа, таза ақиқаттың жолына өз халқының жарқын болашағына арнады. Бізге жеткен ғылыми тұрғыда жүргізілген сан зерттеулер қорытындысында Құрманғазының туған жері Жаңақала жері болып белгіленіп, нақтыланды. Бұған ешкімнің күмәні жоқ, таласы да болуға тиіс емес. Мұның сыртында өз пікірімізді дәлелдейтін сан айғақтар тұр, біз шындықтан кете алмаймыз. Тарихты бұзуға ешкімге де жол бере алмаймыз. Біз Құрманғазыны түпкілікті меншіктедік. Өйткені, ол осыдан екі ғасыр бұрын дүниеге келіп, туып-өскен өлкеде бұл күнде бабалар рухын жаңғыртып, жоғалтқанымызды түгендеп, халқымыздың баға жетпес құндылық, мол мұрасын қалпына келтіріп, дамытып, болашақ ұрпаққа аманат ету жолында тіршілік етудеміз.

Біз, Құрекеңді әлемге аты тарап кеткен жасампаз тұлғаның біздің жерімізде дүниеге келгенін мақтанышпен айтатын болсақ, біз туған өлке Жаңақаланы бір домбырамен дүниежүзіне атын шығарып тұрған, маңдайымызға біткен данышпан да дара тұлғамыз екендігін мойындауымыз керек.

Оның атын дәріптеу, пәрменді терең насихаттау, болашаққа аманат ету, баршамыздың абыройлы да ардақты міндетіміз болуға тиіс. Өйткені, оның өмірде жүрген жолдары Жиделі құмы, Сағырбай қыстауы, Жұбан мешіті, Алаша Әубәкір жазығы, Мұғаз, Қараш, Боқан, Жұмабай қорғаны, Шыман қорығы, Батау, Қалмақшағыл, Ескі қала Ақмола, Қазансалған, Оспан Қазірет, Әлтеке Әубәкір мешіті, Сарыөзен аңғары, Ақшағыл, Мәти, Айжарық, Қабанқоңыр құдығы, Топай, Ләуішке көлі, Сарыкөл, Күшік, Тайпыл, Кеңарал, Шәріп, Қашқар көлі, Көктерек және тағы басқа көптеген жер атауларымен айқындалып, тарих пен әдебиет парақтары беттерінде сайрап жатыр. Мұның сыртында жүзден астам көл, су, жер, төбе аттары оның жүрген жерлері болып саналады. Оның сол кездегі өмір сүрген бөкейліктердегі тұлғалармен, елге сырттан келген ресми адамдармен кездесулері осы біздің Жаңақала жерінде болған. Соңғы жылдардағы алыс қыстақтардағы елді мекендердің жаппай көшу салдарынан алыс аймақтарда түгелдей дерлік иесіз қалды. Соңғы жиырма жылда құм өңірлеріндегі көп жерлер 3-4 дүркін қалың өртке шалынды. Бұл күнде құм өңірлерін танып білу, онда жүру, әсіресе, бабалар тарихына экспедиция жасау өте қиын. Құмтөбелер мен алаңдары барлығы да бірдей болып кеткен. Айналаларға бағыт-бағдар беріп тұратын танымдық белгілер жоқ. БҰҰ білім, ғылым, өнер саласы бойынша ЮНЕСКО деңгейінде ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуын атап өтетін болса, оған ең үлкен дайындықпен кірісері сөзсіз. Жазылған мақалаға жасалған халықаралық экспедиция жұмысының қорытындысына қойылар нүкте болса, сөз жоқ Құрманғазының туған жері БҚО, Жаңақала ауылы, Бекетай құмының аттөбеліндей бір бөлігі, Жиделі құмына алғаш қоныс тепкен, он екі ата Байұлының, қызылғұрт руының елші тайпаларының адамдары мекен еткен №22,24 Алғабас, Бекетай ауыл кеңестері екені анықталып, расталды. Танымдық тұрғыда жоғарыда аталған жерлерге, төбе бастарына анадайдан айналаға бағыт-бағдар беріп тұратын, өртке шыдамды қара металл трубалардан ескерткіш белгі орнатса, қасиетті жерлерге барып тұруға толық мүмкіндіктер ашылар еді. Сонымен қатар, Құрманғазымен бір емес, бірнеше рет өмірде кездескен тұлғалар қатарында қызылғұрт ру адамдарына түгелдей басшылық еткен төрелер Қамыс-Самар қисымының әр жылдардағы басқарушылары әкелі-балалы Көшекқали мен Шәріп Шығаевтардың құлпытастарын қайта көтеріп, танымдық тұрғыда қоршап, ескерткіш тақта қойып, рухтарын жаңартып қойсақ, туған өлке тарихын жаңғыртуға қосқан санаулы үлесіміз болар еді. Ауданымызда өнердің әсіресе, домбыра саласы қарқынды дамып келеді. Бұл салада өз ісіне жауапкершілікпен, зор ықыласпен қарап тұрған ұстаздар бар. Зер салып, зейін қойып тәлім алып жатқан жеткіншектер де баршылық. Олардың саны көбейіп келеді. Ұлтымыздың істеп жатқан жұмысы танымал болуы үшін болашақта бай тәжірибе жинақтаған атақ, дәрежесі жоғары жүз және одан да көп домбырашылар тәрбиелеп, әлемге атымызды шығарып, шын мәнінде ауданымызды күйдің отанына айналдырсақ, баба рухына беріктігімізді білдіріп, әлемдік мәдениетке қосқан үлесіміздің зор болары сөзсіз. Өмір алға кеткен сайын әлемге бізді танытқан, өз ұлты үшін өмірге бір келген қайталанбас тұлға Құрманғазының ұлы есімі биіктей бермек.

Тыныштық ӨТЕшҚАЛИЕВ, өлкетанушы.

Құрманғазы бабаның ізімен

19 мамыр 2018 жыл Мәселе

Жоба

Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №15-4 “Жаңақала ауданының

әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген

санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы қаулысын" және Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №15-4 "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешімін негізге ала отырып Жаңақала аудандық мәслихаты шЕшІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №15-4 "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3415 тіркелген, 2014 жылғы 1 наурыздағы "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасындағы:

8-тармақтың 4 тармақшасы алынып тасталсын. 2. Жаңақала аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Успанова)

осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасыМәслихат хатшысы З.Сисенғали.

«Келісілген» Батыс Қазақстан облысыәкімінің орынбасары Б.Қонысбаева

2018 жыл « » ___________

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес –

баршамызға ортақ ісАдамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық заманмен бірге

өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюы байқалады.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі –парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді. Заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көрсетіп берді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар беруі тиіс. Жемқорлық құқықбұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске атсалысқан тұлға мемлекет қорғауында болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауында жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге баса назар аударады.

«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп еді Елбасымыз.

Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет.

Біздің міндет – халыққа қызмет!Ел болып, сыбайлас жемқорлықты жеңейік!

Г.ГуМАРоВА, Жаңақала ауданы бойынша МКБ-ның ақпараттарды қабылдау және өңдеу

орталығы бөлімінің басшысы.

Жерді алып, сататындар әлі де бар

Жер – басты байлы-ғымыз, атадан балаға мұра болып келе жатқан қазынамыз. Ата-бабаларымыздың қаны мен тері аққан жеріміздің көлемі әлемде тоғызыншы орын иеленіп отырғаны бесенеден белгілі. Жеріміздің кеңдігі мен ондағы байлықтың ұшан-теңізінен оны толықтай игере алмай келе жатқанымызды мойындау керек.

Қазір айналамызда тегін жатқан жерді қазаққа бермейді деп байбалам салып жүрген халықты байқайсыз. Бірақ, сол 2003 жылдан бері кезекпен беріліп келе жатқан жерді орнымен иеленбей, тегін берген затта құн болмайды демекші, сатып, ақшасын иемденген отбасы қаншама?! Әрине, айлап, жылдап кезегімен алған 10 сотық жерді тиімді пайдаланып, қажетіне орай құрылыс салып, баспаналы болып жатқандар да аз емес.

Газ, су, жарық тартылмаған жерді иемденсеңіз, сізге 2-3 жылда үй салып бол деп ешкім өктемдік жасамайды. Өкінішке орай «қолда барда алтын-ның қадірі жоқ» дегендей, кейбір жерлестеріміз инфрақұрылымы бар жерлердің өзін де басқа жері жоқ мұқтаж адамдарға сатып, пайда табудың көзін іздеп отыр емес пе? Тегін жерді алып, пайдаға асырып отырған халық пен алтын қазынамызды алып-сатар саудаластыққа айналдырып отырған адам-дардың айырмасы жер мен көктей ғой. Бірі игі мақсаты үшін пайдаланса, бірі мүмкіндікті пайдаланып, мұқтаж болмаса да жер алып, сатып, пайда табуды көздейтін пайдакүнемдер емес пе?!

Заңды жер алу үшін кезекке тұрған отбасы мүшесінің барлығы да тиесілі жерін ала алатыны белгілі. Мысалы, бір отбасында 5 адам, әкесі мен анасы және кәмелеттік жасқа толған баласы бар делік. Яғ-ни, олардың үшеуі де кезек-ке тұрып, жерді ала алады және біреуін баспана салуға пайдаға асырып, екеуін сатып жіберетіндер баршылық екен.

Ауданымызда 2010 жылдан бері қарай берілген жерлерге салынған тұрғын үй саны 359 болса, жалпы тұрғын үй көлемі 38897,5 шаршы метр. Бұл статистикалық көрсеткіштер аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің берген есебі. 2010 жылдан бастап салынған үйлер сол кезден бастап емес, оған дейін де берілген жерлерге жүргізілген құрылыстар саны. Бірақ, қалай дегенмен берілген жер мен салынған үй көлемі мүлдем сәйкеспейді. Берілген жер көп те, салынып жатқан үй аз. Ал, жер алып, өзі пайдаланбай, басқаға сатып жібергендердің есебі еш жерде жоқ. Бірақ, ондайлардың аз еместігі айдан

анық. Сол сияқты жерді алып қойып, мұқтажы болмағасын ұзақ жыл

пайдаланбай отырғандар да бар.

Қазіргі таңда жер кезегінде тұрған адам саны 500-ді құрайды. Заң талаптарының

өзгеруіне байланысты, бұрын инфрақұрылым тартылмаған

жер-лерді де өтініш бойынша беріп келді. Енді, 2015 жылдың 28

қазанында «Жер кодексіне» енгізілген өзгертулерге байланысты тек

жеке тұрғын үй салуға қажетті жабдықтармен жабдықталса

ғана жер телімін береді.Мұндай мәселенің жазылуы қара жерді қазағымнан қыз-ғанғандық немесе әлдебір жаман оймен жазылғаны деп түсінбейік. Басыңызда баспанаңыз бола тұра, болашақта үй саламын деген ойыңыз болмаса, кезекке тұрып басқа мақсатпен (сату үшін) жер алмасаңыз екен деймін. Қаншама қараша халқымыз мұқтаждықтан, панасыз қиналып жүр.

Оларды да бір сәт ойлап көрелік. Мүмкін, сізден де

басқа сол жерге көздері телміріп, кезегін жылдап

күтіп отырған жандар бар шығар.

Жоғарыда айтып өткендей, кодекстегі өзгерістерге байланысты

тек инфрақұрылым тартылған жерлерден ғана кезекпен жер телімі беріледі. Бұл

жағдай, кезегіміздің баяу қозғалуына әкеліп отыр. Себебі, ауданымызда

барлық жерге инфрақұрылым тартыла қойған жоқ. Ал, қазір инфрақұрылымы бар жерді алып, құрылыс жүргізбесе, жер қайтарылып алынады. Бұл аз да болса жерді тиімді пайдалануға ықпал етеді.

«Жер алған - ер, жер сатқан - қара жер» демекші, тегін келген нәрсеге ұмтылуға жаны құмар жандар, оның қадірін де біле білейік.Қорытындылай келгенде, тегін

алынған жерлерді сату-сатпау мәселесін былай алғанда, 2010 жылға

дейін беріліп қойған жерлердің біразына инфрақұрылым тартылмаған. Одан кейінгі жер берудің тоқтап қалу себебі де осы болса, сегіз жылдан бері республикалық немесе жергілікті бюджеттен инфрақұрылым тартуға қара-жат қарастырылмағаны ма? Бөлінген күннің өзінде оның жұмсалу реттілігі мен нәтижесін саралауды талап етіп тұр.

Қайшылықтардың алдын алу мақсатында заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгені жөн.

Жер төңірегіндегі мәселелер әлі де біраз зерттеулерді қажет ететіні сөзсіз.

Айтолқын АСҚАРҚЫЗЫ.

Қарлығаш

ЖасҚайратова,

Жаңақала

ауылының тұрғыны:

-Мен ауданымыздың

тұрғыны ретінде 2012

жылы тегін жер алуға 272

болып кезекке тұрдым.

Арада 6 жыл өтсе де, кезек

қозғалмаған. Оның жылжымау

себебін ауылдық әкімшіліктен

сұрағанда, тек газ, су, жарық

тартылған жерлерден

беріледі және 2010 жылдан

бері жер беру

тоқталған деген

жауап

қайтарады.

а.Мұсағалиев, аудандық сәулет,

қала құрылысы және құрылыс

бөлімінің бас маманы:-Қазіргі таңда заң

бойынша инфрақұрылымдар тартылған жерлерден жер кезегінде тұрған адамдарға реттілігімен береміз. Тегін алынған жерлердің негізгі

шартында беріліп жатқан жер телімдеріне 2-3 жыл көлемінде

тұрғын үй салынуы керек. Құрылыс жұмыстарының

жүргізілуін қадағалап отырғанымызбен, сол

аралықта жердің сатылып кетуін бақылау

біздің құзіреттілікте емес.

талғат

ҮМбетов,

жер қатынастары

бөлімінің басшысы:

-2010 жылдан жер берілмеуінің

негізгі себебі инфрақұрылым

тартылмағаны халыққа аян.

Газ, су, жарық тартылған

бойда жер беріліп

басталады.

19 мамыр 2018 жыл Мереке

Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерейтойы Жаңақала ауданы

аумағында дүркіреп өтті. Нақтырақ айтсақ, ауқымды һәм кеңінен тойланды. Мерекеге орай түрлі шаралар ұйымдастырылып, аудан тұрғындары концерттік бағдарламалар мен дала қызықтарын тамашалады.

9 мамыр күні аудан тұрғындары мен қонақтары алдымен Достық алаңына жиналды. Бұл сәтте Жеңістің 73 жылдығының құрметіне «Мәңгілік өлмес полк» атты ұрпақтар шеруі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аудан тұрғындары мен түрлі мекеме, бөлім қызметкерлері «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойып, Отан үшін қан майданда от кешкен батырларды бір сәт үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті. Гүл шоқтарын қою рәсімін алғашқы болып аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин мен соғыс ардагері Арыстанғали Қойысов бастады. Айта кетсек, ел басына күн туғанда Отанын қорғауға Жаңақала ауданынан 4599 адам соғысқа аттанса, оның 2266-сы туған топырағына қайтып оралмаған.

Жаңақаладағы дала қызықтары9 мамыр күні мерекеге орай аудан орталығында

Жаңақала аудан әкімдігінің қолдауымен, ауылдық округ әкімдігі, аудандық дербес мекеме, бөлімдердің ұйымдастыруымен дала қызықтары өтті. Бәйге десе делебесі қозып, қиқу қосып «ер қанаты – ат» деп желпінетін халықтың да қарасы алаңда көп болды.

Жүргізушінің хабарлауынан соң, бірден 21 шақырымдық аламан ат бәйгесіне кезек берілді.

Жаңақалалықтармен қатар өзге аудандардың да шабандоздары қатысқан ат бәйгесі 4 айналымнан тұрды. Қаз қатар сап түзеген жараулы аттар далиған дархан дала төсін дүбірге толтырып, көз ұшында сағымға айналып бара жатты. Халқымызда «ат шаппайды, бап шабады» деген мағыналы сөз бекерден бекер айтылмаса керек-ті. Иә, жарыс болған соң жүзден жүйрік сәйгүліктер шығатыны ақиқат. Соңғы айналымдарда алдына қара салмай, мәреге дара келген жаңақалалық Ерболат Молдағалиевтің «Алау» атты сәйгүлігі I орынды иеленсе, Асылхан Төлеуғалиевтің (Қазталов ауданы, Көктерек ауылы) «Шалқұйрығы» II орынды қанжығасына байлады. Ал, Бөкей ордасы ауданынан келген Әділбек Айтболаттың «Барбарис» атты қылқұйрығы III орынды

олжалады. Сондай-ақ, «алуан-алуан жүйрік бар, әліне

қарай жүгірер» демекші, 6 шақырымдық тай жарысында Нұрболат Әдиетовтің (Қазталов ауданы) «Пәкістаны» бас бәйгені жеңіп алса, қызылобалық Қайрат Қарағойшиннің «Нұрқасқасы» II орынды, жаңажолдық Айбек Ишановтың «Ханшасы» III орынды еншіледі. Түйе жарысынан мәстексайлық Сергей Тілегеновтің «Сары інгені» I орынды, көпжасарлық Қанағат Ермекқалиевтің «Қарабайы» II орынды, мәстексайлық Базар Дәулетқалиевтің «Еркебайы» III орынды иеленді.

Сонымен қатар, теңге ілу жарысында шыңғырлаулық Мирас Асылгерей I орынды, ақжайықтық Жанәділ Ғазезов II орынды, жаңақалалық Қолғанат Серіков III орынды иеленді. Бұл күні қазақтың ұлттық ойыны аударыспақ та өте тартысты өтті. Білекті, жүректі жігіттер жүлдені өзара сарапқа салды. 60 келі салмақта қаратөбелік Әділ Оңғарбаев қарсылас шақ келтірмей, I орынды жеңіп алса, сырымдық Рахметолла Темірбеков II орынды, жаңажолдық Аманжан Ақшолов III орынды місе тұтты. Келесі 70 келі салмақта Мағжан Жеңісов (Жалпақтал ауылы) I орынға, Мирас Темірболатов (Шыңғырлау ауданы) II орынға, Жанәділ Ғазезов (Ақжайық ауданы) III орынға ие болды. Соңғы 80 келі салмақта жерлесіміз Қолғанат Серіков өзінің нағыз бабында екенін дүйім елге дәлелдеп, I орынды даусыз олжалады. Ал, II орынды Әнуарбек Қалиев (Орал қаласы), III орынды Дастан Есекенов (Жаңажол ауылы) өзара бөлісті.

Барлық жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақылар мен арнайы дипломдар табысталды.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ.

Ардагерлерді ардақтаған мереке7 мамыр күні аудандық мәдени демалыс

орталығында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Жиын әскери адамдардың салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Туын кіргізуімен басталды. Одан әрі еліміздің Әнұранын аудан жұртшылығы бірге шырқады. Содан соң жиынды ашу үшін сөз алған аудан басшысы Наурызбай Қарағойшин барша қазақстандықтарды, соғыс ардагерлері мен еліміздің ер азаматтарын атаулы мейрамдарымен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Жиында соғыс ардагері Арыстанғали Қойысовқа облыс әкімі А.Көлгіновтің, аудан әкімі Н.Қадырбайұлының құттықтаухаты мен ақшалай сыйақылар табыс етілді. Сонымен қатар, ері майданнан оралмаған соғыс ардагерлерінің жесірлері, тылда ерен еңбегі үшін марапатталған ардагерлер және ҰОС ардагеріне теңестірілгендер, чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқандар, бейбітшілік уақытта қайтыс болған жауынгерлердің жанұяларын марапаттау рәсімі оздырылды. Оларға алғысхаттар мен қаржылай сый-сияпаттар үлестірілді.

Марапаттар салтанатты түрде табыс етілгеннен кейін, ҚР-ның туы сахнадан шығарылып, жиынның екінші бөлімі, яғни «Отан деп соққан жүрегі» атты концерттік бағдарлама басталды. Концерт басында «Елім менің» әнін Ж.Мұсағалиев орындаса, «Алға қазақ жігіттері» әнін Б.Таулин шырқады. Бұдан кейін МТЖО жанынан құрылған «Отан»

әскери патриоттық клубының оқушылары әскери қоян-қолтық ұрыс өнерін көрсетті. Артынша №3 қазақ орта мектебінің оқушысы Б.Мырзағалиев шырқаған «Батырлар ұраны» әнін көрермендер жылы қабылдап, қошеметтерін аямады.

Өнерсүйер қауым мен сонау соғыстың салқын лебін сезінген ардагерлерді аудандық мәдени демалыс орталығы мен ауыл жастарының дайындаған сахналық көрінісі ерекше толқытты.

Қойылым басында бейбітшіліктің бал дәмін татып, алаңсыз жүрген жастардың биін соғыстың басталғаны туралы суық хабар бұзады. Зар жылаған аналар, шулаған балалар, ерінің мойнына

асылған жарларының азаматтарын соғысқа шығарып салып жатқан көрінісі көрермендерді терең ойға шомылтып, еріксіз көздеріне жас алдырды. Жалпы, бұл спектакльде жігітіне хат жазған қыздар, дала поштасын күткен сарбаздар және соғыс даласындағы дала әртістерінің сарбаздарға арнап қойылған концерті өте жоғары деңгейде және шынайы қойылды. Сондай-ақ, әр көрініс арасында аудан өнерпаздары әскери әндер орындап, қыздар мың бұрала би билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, Р.Рамазанова әртістік шеберлігімен көрермендерді бірден баураса, әнші

М.Асанова, А.Сисенова, Қ.Айдарбеков, Ж.Шуйкина, А.Сейітовалардың шырқаған әндері көптің көңілінен шықты.

Жастардың бойына патриоттық сезім ұялатқан, үлкендердің өткен өмірлерін көз алдарына әкелген концертті М.Сұпашев жергілікті сазгер Е.Сатыбаевтың «Майдангерлер мәңгі сапта» әнімен қорытындылады. Шара соңында көпшілік ерекше өткен концерттен үлкен әсер алып, аудан өнерпаздарының өнерлеріне тәнті болып тарады.

Концерттен соң жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің жастары ардагерлерімізге арнап әскери шатырда дала асханасын әзірледі. Сұрапыл соғыс кезіндегі әскери асханаға ұқсатылып жайылған дастарқанда әскери ыдыстармен қара ботқа (гречка), қара нан, суға піскен картоп, тағы да басқа далалық тағамдар қойылды. Ардагерлер мен аудандық қорғаныс істері бөлімінің қызметкерлері, тағы да басқа сыйлы қонақтар қатысқан дала асханасында алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Н.Қарағойшин дастарқан басындағы қонақтарға жылы лебізін айтып, аталмыш мерекемен құттықтады. Ал, ардагерлер ізгі тілек-баталарын айта отырып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Шатыр ішінде жастар ардагерлердің өнегелі әңгімелері мен естеліктерін тыңдап, әскери ән айтып, көңілді отырыс өткізді.

Ақсұңқар СӘДІР.

Толағайлар тартысы8 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне арналған аудандық

«Толағайлар тартысы» атты күштілер сайысы өтті. Сайысты аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.

Жарыстың мақсаты ауданда ауыл тұрғындары арасында спорт арқылы достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, Отан қорғаушылар күнін кеңінен атап өту еді.

Сайысқа 7 жігіт қатысып, өз бақтарын сынады. Ерлердің бойындағы қара күшін сынаған жарыс 3 кезеңнен тұрды.

Алғашқы кезеңде қатысушылар «К-700» маркалы ауыр көліктің салмағы 350 келі тартатын тегершігін (покрышка) орнынан аударып, 15 метр қашықтыққа жылжытып апарды. Содан соң ішінде 80 келі су толы бөшкені көтеріп, белгіленген орынға

жеткізді. Сосын бір-біреуінің салмағы 32 келі тұратын 4 дана гір тасын қатар көтеріп, 15 метрге жеткізу керек болды. Алайда, бұл сын жігіттерге оңай соқпады. Қиналды, терледі. Десе де, намысқа тырысып бақты. Әйтеуір, елдің алдында жерге қарап қалмады. Келесі бөлімде білегі мықты жігіттер екі аяқты тіреуішке тірей отырып, жигули автокөлігін қолмен тартып, сүйреді. Артынша азаматтар арқанды иыққа іліп алып, УАЗ автокөлігін 15 метр қашықтықта жұлқи сүйреп, ауыр көлікті орнынан жылдам қозғады. Төрешілер әр бағам бойынша уақыт есептеп, хабарлап тұрды.

Жалпы, бұл жарысқа қатысқан жігіттердің өнеріне аудан тұрғындары мен қонақтары, барша көрермендер тәнті болды. «Өз арамызда да алып күш иелері бар екен ғой» деп таңданып жатты.

Сонымен, жарыс қорытындысында Жаңажол ауылынан келген А.Есімов I орынды жеңіп алса, жаңақалалық Ә.Мұратов II орынға табан тіреді. Ал, Жаңақала колледжінің оқытушысы А.Құрметов III орынды иеленді.

Жарыс жеңімпаздарын аудан әкімі Н.Қарағойшин марапаттап, ақшалай сыйақылар мен арнайы дипломдар табыстады.

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ.

Ұлттық ойындар ұлықталды

19 мамыр 2018 жыл

Жаңа «OTAU+» топтамасы

«Қазтелерадио» АҚ ұлттық операторы спутниктік теледидар желісінде шетелдік телеарналарды сапалы түрде қоса отырып «OTAU +» жаңа топтамасын іске қосты.

Енді 66 тегін отандық теле- және радио арналардан басқа, көрермендер 14 шетелдік түрлі жанрдағы телеарналарға қол жеткізе алады. Топтаманың құны айына 500 теңгені құрайды.

«OTAU TV+» топтамасы келесі қосымша арналарды қосады. Олар: «РТР Планета», «Рен ТВ интер», «Домашний», «СТС», «Мама», «Мульт», «Cartoon Network», «Amedia-2», «Дом кино», «Cinema», «Bollywood», «Здоровое ТВ», «Россия 24» және «Музыка первого».

Естеріңізге сала кетсек «OTAU TV» спутниктік телевизиясының «Тегін» топтамасында 66 отандық теле- және радио арналар (абоненттік ақысыз) SD және HD форматтарында көрсетіледі.

Ақылы топтамаға қолжетімділік алу үшін қосымша жабдықтарды орнатудың қажеті жоқ.

«Қазтелерадио» АҚ спутниктік хабар тарату желісі Қазақстан аумағының 100% қамтылуын қамтамасыз етеді. Онда кез келген елді мекеннің кез-келген тұрғыны тікелей спутниктік қабылдау қызметтерін ала алады. «ТВ-Commerce» ЖШС-мен жасалған келісімшарт аясында «Қазтелерадио» АҚ инфрақұрылымын пайдаланып шетел телеарналарын көтеру арқылы, базалық топтамадағы 66 арнаны тегін және 76 арнаның «Премиум» топтамасында ақылы түрде көрермендерге тамашалауға ұсынуға мүмкіндік жасады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Майдангерге құрмет «Нұр Отан» пар-тиясы

Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов соғыс ардагері Арыстанғали Қ о й ы с о в т ы ң шаңырағына арнайы барып, Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

-Сіздер бізге бейбіт өмір сыйладыңыздар. Жас ұрпақ ерліктеріңізді мәңгі ұмытпайды. Өміріңіз ұзақ болсын!-деп тілегін білдірген Р.Саматов майдангерге «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлейменнің және өзінің құттықтаухаты мен сый-сияпатын табыстады.

Ардагер өз кезегінде құрмет көрсеткен партия өкіліне ризашылығын білдірді.

Ақсұңқар СӘДІР.

Асық ойнаған азбайдыҚазақтың ұлттық

ойындарының бірі – асық ойыны. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-б а б а л а р ы м ы з д ы ң қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Ерте кезде әр қазақтың балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ойыны ойнатылатын. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұ с т а м д ы л ы қ қ а , алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген. Асық ұлттық ойыны соңғы уақытта мемлекеттік қолдауға ие болып, өзінің мәртебесін ала бастады. Елімізде асық атудан түрлі жарыстар, ел біріншіліктері оздырылды. Айта кетсек, соңғы уақытта жаңақалалық өрендер де асық ойынына бет бұрып, тұрақты шұғылдануда.

Осының бір дәлеліндей 12 мамыр күні №3 қазақ орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2001-2003, 2004-2006 жылы туған ұлдар арасында асық атудан аудандық жарыс өтті. Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен өткен жарыстың басты мақсаты - ұлттық спорт түрлерін жандандыру, асық ойынын кеңінен насихаттау.

Жарыстың ашылу салтанатында

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Еслямғалиева, №3 қазақ орта мектебінің директоры Ә.Декартұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан кейін жарыстың бас төрешісі Қолғанат Серіков ойын ережесімен таныстырды.

6 команда қатысқан ойын нәтижесінде жалпыкомандалық есепте оқушылар арасынан I орынды Жаңақала орта мектебінің 2006 жылы туған жас өрендері иеленсе, II орынды Сарыкөл ауылындағы Абай атындағы орта мектебінің өкілдері еншіледі. Ал, III орын №3 қазақ орта мектебінің командасына бұйырды.

Жарыс соңында жеңімпаз командаларға диплом мен медальдар табыс етілді.

Алтынбек ЫСҚАҚ.

Тыл ардагерін құттықтап қайтты

Аудандық электр т о р а б ы н ы ң басшысы Бауыржан Б и г а л и е в Жаңақала АЭТ және тыл ардагері, мұқырлық Әжібай М е ң д і ғ а л и е в т ы ң ш а ң ы р а ғ ы н а арнайы барып, Жеңіс күні м е р е к е с і м е н құттықтады.

– Ж е ң і с т і ж а қ ы н д а т у ғ а арыстарымыздың майдан даласында, тылда қосқан үлесі өлшеусіз. Сол бір ел басына күн туған шақтарда бұғанасы бекімей жатып еңбекке араласып, балалығын ұрлатқан сіздерге бас иіп, тағзым етеміз. Жеңісті жақындатуға үлесін қосқан тыл ардагерлері қандай құрметке де лайық,-деген Б.Бигалиев қарияға салалық кәсіподақ комитетінен бөлінген 20 мың теңге қаржы мен аудан әкімінің алғысхатын табыс етті.

Әжібай Үсенұлы Меңдіғалиев 1933 жылы Қарасамар елді мекенінде дүниеге келген. 1941 жылы оқу жасынан асып, Чапай мектебіне оқуға алынады. Сол мектепте 10-сыныпты бітіреді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде тылдағы жұмысқа алынып, еңбекке ерте араласады. 1951-1955 жылдары аралығында әскер қатарында болып, байланыс саласында қызмет жасаған. 1958 жылы отбасын құрып, жұбайы екеуі 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген.1955-1962 жылдары моторист қызметін атқарады. 1962-1993 жылдары электромонтер қызметін абыроймен атқарып, басшылық тарапынан бірнеше алғысхаттармен марапатталған. Кейін 30 жыл еңбек өтілімен зейнеткерлік демалысқа шығады.

Бүгінгі таңда Әжібай ақсақал ұрпақтары мен немере-жиендерінің ортасында тамырын тереңге жайып, бақытты ғұмыр кешуде.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ.

Тартысты өткен турнир

Аудан орталығында волейболдан 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында көктемгі іріктеу чемпионаты өтті.

Аудан біріншілігіне 8 команда қатысып, 2 топқа бөлінді. Ойын өте тартысқа толы болды. Финалда Жаңақала орта мектебінің командасын С.Меңдешев орта мектебінің командасы 1:2 есебімен ұтты.

Жалпы, жарыс қорытындысында С.Меңдешев орта мектебінің командасы I орынды, Жаңақала орта мектебінің командасы II орынды, М.Мирманов орта мектебінің командасы III орынды иеленді.

Жарыстың «Үздік ойыншысы» бағамына Амандық Қадыров лайықты деп танылса, «Үздік шабуылшы» бағамын Әділхан Бәйкенов, «Үздік байланыстырушы» бағамын Рахат Сәлімов жеңіп алды.

Бұл жарысқа қаржылай қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған жеке кәсіпкер Дидар Каменовке аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы алғыс білдіреді.

М.ХАМЗА, спорт мектебінің волейбол тобы

жаттықтырушысы.

« Б і р л і к б а р ж е р д е тірлік бар» деген қағиданы берік ұстанатын елімізде сыйластығы мен бірлігі, достығы мен ынтымақтастығы жарасқан түрлі ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүруде. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Көпұлтты мемле-кетімізде мекендеген ха-лықтардың достығы мен өзара түсіністігі, татулығы мен өзара сыйластығы біздің еліміздің басты байлығы екендігін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру ұстаздар қауымының басты міндеттерінің қатарынан саналады. Осы орайда, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде 20 жылдық тарихы бар «Прометей» ұлтаралық достық клубы (КИД) түрлі іс-шаралар өткізеді. Сондай игі шараладың бірі «Достық фестивалі». Саид Алиев басқаратын клуб мүшелерінің және орыс тілінде оқитын сыныптардың қатысуымен өткен

дәстүрлі төртінші «Достық фестивалінде» оқушылар елімізді мекендейтін ұлт-тардың өнерін ортаға салып, ұлттық дәстүрлер-ден көріністер көрсетіп, әр ұлттың ұлттық тағамдарын дайындады. «Достық фес-тивалінің» ашылуында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жолаев сөз алып, балаларды мектептен терең де сапалы білім алып, достықтың туын биік ұстайтын, еліміздің нағыз патриоттары болуға шақырды. Фестиваль

барысында әр сынып оқушылары әр түрлі ұлттардың әндерін шырқап, билерін билеп, өз өнерлерін паш етті. Достық пен бірлікті насихаттаған фестивальді 8 «б» сыныбының оқушылары Таисия Ращупкина мен Меруерт Төлегенова «Мир без войны» әнімен қорытындыласа, клуб басшысы Саид Зохрабұлы осы шараға өз үлестерін қосып жүрген ата-аналар мен мектеп оқушыларына шексіз алғысын білдірді.

Нұрғали ҒАББАСоВ.

Достық пен бірлікті ту еткен фестиваль

Қоғам 19 мамыр 2018 жыл

Аудан тұрғындарынан әрқашан алғыс алып, өмір бойы төңірегіне шуақ шашып, шарапатын тигізген ақ халатты абзал жан, аяулы апамыз Лиза Құбашқызын туған күніне орай сағынышпен еске аламыз.

Лиза апамыз отбасымыз үшін мәртебесі биік, ең қадірлі адамның бірі еді. Асқар таудай әкемізден айырылғанда, сонау қайғы жамылған қаһарлы қыста анамызға қамқорлығы мен мейірімін төккен, басымызды сүйеп, жұбаныш болған сүйікті апатайымыз еді.

Қайран, асыл апатайымыз, қазір арамызда болсаңыз 80 жасыңызды тойлап, ақ тілегімізді бір өзіңізге арнар едік. Молдағали ағам екеуіңіз қатар жүріп, ұрпақтарыңыздың қызығын бірге көре алмадыңыздар.

Сіз халықтың қызысыз, елдің мақтанышысыз. Сіздей абзал жан еш

уақытта ұмытылмақ емес. Сіз өзіңіздің қажырлы еңбегіңіздің және жоғары дәрігерлік біліктілігіңіздің арқасында талай жандарға қол ұшыңызды беріп, өмірлеріне араша тұрдыңыз.

Дәрігер үшін ең басты марапат – ел-жұрттың алғысы. Сіз бұл марапатқа әбден лайық жан бола білдіңіз.

Сіз бірге өсіп, бірге оқып, бірге еңбек еткен, өмірлік дос бола білген екі ағаның Кубашев Бейсенбі мен Абдрахманов Әдиеттің ортасында ақ маңдайлы,

сыйлы, ерке қарындасы болдыңыз. Біздер, Лиза апамызға деген ыстық ықыласымыздың шексіз екендігін айтқымыз келеді, айтып та келеміз. Сізді әрқашан мақтан тұтып, мәңгілік есімізде сақтаймыз.

Абдрахманов Әдиеттің ұрпақтары және

кіндік қызы Абдрахманова Лаура.

Музей – мұралар мекеніЖыл сайын 18 мамырда Халықаралық музей күні атап өтіледі.Халықаралық музей күні Мәскеуде және Ленинградта өткен Халықаралық

мұражайлар кеңесінің (ICOM) ХХІ Бас конференциясы болған 1977 жылдан бастап бүкіл әлемде атап өтіледі.1977 жылы музей қауымдастығы Халықаралық музей күніне арнайы іс-шара жасауды қалады. Қарар сол жылы Мәскеуде Халықаралық мұражайлар кеңесінің (ICOM) Бас Ассамблеясында қабылданды.

1992 жылы Халықаралық музей күнін ресми түрде ұйымдастыратын ICOM кеңесі бұл шараны нақты тақырып бойынша өткізуді ұсынды. Жыл сайын бұл шара көбірек танымал болды. 2007 жылы, яғни 30 жыл өткен соң, Халықаралық музей күніне 70 ел қатысады. Сол жылдың тақырыбы «Біз бәріміз үшін әлемдік мұраға жауап береміз» («Todos somos responsible responses del meridiana mundial»).

Бүгінгі таңда музей күнін әлемнің 150-ден астам мемлекеті мереке ретінде атап өтеді.

Бұл күні барлық музейлерде “Музей түні” шарасы аталып өтіледі. Қазақстанда қазіргі уақытта 250-ге жуық музей бар.

Қазақстандағы алғашқы музейлік бастаманы 1823 жылы Жәңгірхан көтерген. Сол жылы өз ордасында музейлік көрме залын ашты. Бірақ Жәңгірханның бұл бастамасы музей ретінде танылмады. Ресми түрде Қазақстандағы алғашқы музей 1831 жылы 1 сәуірде Орынборда ашылды. Кейін 1883 жылы Семейде, 1898 жылы Верныйда, 1859 жылы Оралда ашылды. Жалпы, революцияға дейін Қазақстанда осындай 4 музей болды. Революциядан кейін 1920 жылы Қостанай мен Көкшетауда музей ашылды.

Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстанда 24 музей болды. Онда 70 мыңнан астам жәдігер сақталды.

Кеңестік Қазақстандағы музей ісінің дамуына Г.Потанин, Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков зор үлес қосты.

Қазақстанда “музейтану” мамандығы 1981 жылдан бері (ҚазМУ) оқытылып келеді.

Музей түнін өткізу идеясы ең алғаш рет 1970 жылдары ұсынылды. Бірақ, идея қолдау таппай, 1997 жылға дейін бұл шара өткізілмеді.

Әлем бойынша бұл идеяны алғаш рет 1997 жылы Германия «Lange Nacht der Museen» («Музейдегі ең ұзақ түн») деген атпен өткізді. Берлинде өткен шараға ресми Париж қызығушылық білдіріп, 2001 жылы Луврда музей түнін өткізді.

Қазақстандағы алғашқы музей түні 2006 жылы Алматы қаласындағы Орталық музейде өтті.

Жаңақала ауданында бүгінгі таңда 2 музей бар. 1992 жылы ашылған Дина атындағы өнер музейі және 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ашылған аудандық тарихи-өлкетану музейі жұмыс жасайды.

«Рухани жаңғыру» мақаласының аясында халықтың әсіресе, өскелең ұрпақтың музей туралы оң көзқарастары қалыптаса бастады.

Кәсіби мереке қарсаңында музеймен тығыз қарым-қатынас жасайтын қоғамдық негіздегі өлкетанушыларға, ауданға белгілі өлкетанушылар Б.Жұбантаев және М.Айбусиновке, одан басқа да музейге келіп, жәдігерлер тапсырып жүрген жанашыр адамдарға алғысымызды айтып, барлығыңызды музейге келіп тамашалауға және тарихы бар ескі дүниелер болса, тапсыруға шақырамыз.

А.СӘЛІМоВ, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры.

Шегірткемен күрес қарқынды

Жаңақала ауданы аумағында үйірлі шегірткелердің екі түрі кездеседі. Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 10 желтоқсандағы №1295 Қаулысымен «Ерекше қауіпті зиянкестер» тізіміне енгізілгені, біріншісі - итальяндық прус шегірткесі болса, екіншісі - азиялық шегіртке.

Зерттеу жұмыстарын Батыс Қазақстан облысы «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығы» РММ Жаңақала аудандық филиалы жоспарлы түрде жүргізеді. 2017 жылы үйірлі шегірткелердің ұшуы, ұрықтануы және күбіршіктерін жерге салуына жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша 2018 жылғы аудан аумағында химиялық өңдеу жұмыстары 17,8 мың гектар жерге жоспарланды. Соның ішінде итальян шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары Жаңақазан ауылдық округінің құмды өңірлерінде 13,0 мың гектар, Жаңажол ауылдық округінде 2,2 мың гектар, Көпжасар ауылдық округінде 0,6 мың гектар, ал азиялық шегірткеге қарсы Қызылоба ауылдық округінде 2,0 мың гектар жерде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп бекітілді.

Шегірткелер жанданған алқаптарға зерттеу жұмыстарын Батыс Қазақстан облысы «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығы» РММ Жаңақала аудандық филиалы жоспарлы түрде жүргізетін болады. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың міндеті өзіне тиісті аумақтағы фитосанитариялық жағдайды нақты қадағалап, орындаушылар жүргізетін мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың сапалы жүргізілуін бақылау болып табылады.

Үйірлі шегірткелерге қарсы күрес шараларын сапалы жүргізу үшін зиянды шегірткелерге қарсы жүргізілетін іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штабы құрылып, соған байланысты

ағымдағы жылдың 26 сәуір күні аудан орталығында жедел штаб отырысы өткізілген болатын. Штаб отырысына ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов, ҚР АШМ АӨК МИК «РФД және БӘО» РММ облыстық филиалының басшысы А.Алдабергенов, аудан әкімі Н.Қарағойшин, облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.Құрмашев, сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері, аудандық аумақтық инспекциясы, ауыл шаруашылығы бөлімі, «РФДжБӘО» РММ Жаңақала аудандық филиалының басшысы мен жауапты мамандары жедел штаб отырысында маңызды мәселелерді талқылады.

Үйірлі шегірткелерге қарсы зерттеу жұмыстарын жоспарлы түрде атқару үшін «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығы» РММ Жаңақала аудандық филиалына қосымша келісімшартпен маусымдық анықтаушылар жұмысқа тартылады және қажетті автокөліктер жалға алынатын болады.

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығы» РММ Жаңақала аудандық филиалының жүргізген зерттеу жұмыстары нәтижесінде аудан аумағында мамыр айының 10 күні итальяндық прус шегірткесінің дернәсілдерінің алғашқы жер бетіне шығуы анықталды. Шегіртке жанданған аймақ қатаң бақылауда. Үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер жаппай жер бетіне шыққан кезінде уақытылы жүргізіледі.

С.ГАББАСоВ, ҚР АшМ АӨК МИК

Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясының

бас маманы, өсімдіктерді қорғау жөніндегі

мемлекеттік инспекторы.

Биылғы жыл мен үшін маңызды болмақ, себебі мектеп бітіріп, үлкен өмірдің есігін ашқалы отырмын. Оқу аяғы жақындаған сайын толқумен қатар қимастық сезімі пайда бола бастады. Алтын ұя мектебіммен және екінші үйім болған жатақханамен қоштасар сәт те жақындап қалды. Мақсатым – алдымда тұр-ған үлкен сынақ – ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, қалаған мамандығыма оқуға түсу.

Осы мақалам арқылы маған тірек болып, жылу сыйлаған, саналы білім берген ұстаздарым Б.Есенқызы мен Б.Сағынқызына және ата-анамдай тәрбиелеген тәрбиеші ағайларым А.Ғиниятұлы, Ғ.Тілеуішұлы және апайларым М.Жұбанқызы, С . Т а б ы л д ы қ ы з ы н а , Г.Темірқызына берген тәлімдеріне, танытқан қамқорлықтарына шексіз

алғысымды айтқым келеді.Қанша жасқа келсем де,

қандай адам болсам да балғын балалық шақтарым өткен жатақханам мен алтын ұя мектебім жүрегімнің төрінде болары анық.

Айкөркем Жанарбекқызы,

Е.ш.орақбаев атындағы жалпы

білім беретін орта мектебінің 2018

жылғы түлегі.

Пітір садақаПітір сөзі араб тілінде «жаратылыс»

деген мағынаға саяды, сол себепті кей ғұламалар пітірді «дененің зекеті» деп атаған. Пітір садақасы - күнделікті қолданыстағы негізгі қажеттіліктерден тыс, кем дегенде, нисап көлеміндегі байлыққа ие адамға міндетті садақа. Шариғаттағы үкімі – уәжіп. Рамазан оразасы парыз етілген жылы пітір садақасы да уәжіп етілді. Шариғатымызда аталмыш садақаның Ораза айт намазына дейін бер ілген і дұрыс. Адамзаттың абзалы бір сөзінде (с.а.у.) «Осындай күнде (айт мейрам) кедейлерді қайыр садақа тілеуге мұқтаж етпеңдер» деген.

Түсінген жанға пітір садақасында екі жақсылық бар: -Рамазан айындағы ұстаған оразада кеткен қателіктер мен

кемшіліктердің орнын толтырады. Ғалымдарымыз «Рамазандағы пітір садақасы бейне бір намаздағы саһу сәждесіне ұқсайды. Намазда кеткен қателіктер саһу сәждесімен толық болатыны сияқты, пітір садақасы рамазан айындағы оразада кеткен қателіктерді толықтырады» деген. Пітір садақасы уәжіп болған мұсылман нисап мөлшерінде байлығы жоқ әйелі мен кішкентай балалары үшін де беруге тиіс.

-Жақсылық пен хикметі айт күнінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылар берілген пітір садақалармен қиындықтарын бір сәтке болсада ұмыттырып, айт мерекесіндегі қуанышты сезіндіру. Сол себепті пітірді айт намазынан алдын беру уәжіп етілген. Ал Рамазан айының бас кезінде беруге де болады, айт намазынан кейінге қалдырмау керек.

Айт күні таң атысымен пітір садақасын беру уәжіп болғандықтан, бұл уақыттан бұрын дүниеден өтіп кеткен адамдар үшін міндет емес. Ал, осы уақыттан кейін қайтса, дүниеден өткен адамның туыстары артында қалған малынан өтейді. Сол сияқты таң атпай дүние есігін ашқан сәбиге пітір садақасы - уәжіп. Таң атқаннан кейін туған балаға – міндет емес. Бір мұсылманның пітір садақасы мұқтаж бір адамға беріледі. Бірақ бір адамның пітір садақасын бірнеше адамға бөліп беруге болмайды. Бірнеше адамның садақасын біріктіріп, тек қана бір мұқтаж отбасына беруге болады. Пітір садақасынан жиналған дүниені, ең алдымен жергілікті жердегі әлеуметтік аз қамтылған, мұқтаж кедейлеріне берілуі тиіс. Жергілікті жерде садақаға мұқтаж кедейлер бола тұра, басқа жердегі мұқтаждарына үлестіріп беру - мәкруһ.

Бір ай бойы қиыншылықпен ұсталған оразаның қабыл болуына да осы садақа себеп болады. Осы себепті де ғалымдарымыз пітір садақасының абзалдығына тоқталып, шамасы жеткен әр мұсылман беру керектігін баса айтып өткен.

Ерік СҰЛТАНоВ, аудандық мешіттің бас имамы.

Есімі елдің есінде

Қимай кетіп барамын

19 мамыр 2018 жыл

Газет аптасына 1 рет шығадыКөлемі 2 баспатабақТапсырыс: 20Таралымы: 2590 дана

Көңіл айту

Орал қаласының тұрғындары болған, әкеміз оразғалиев Азан мен анамыз Молдашева Сараны дүниеден озғанына 100 күн толуына орай сағына еске аламыз.

Әке-шеше, біз сіздерді сағындық!

Барлығымыздың ардақтаған үйіміздің көркі едің,Кезі-кезі келгенде тасып та алам,Кезі-кезі келгенде жылап та алам.Мына өмірге бәрібір ғашық балаң.Құралақан емеспін қуаныштан,Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан.Бір арыстан өмірден өткенімен,Өмір сүріп келеді тірі арыстан.Өкінбе әке, отың бар сөнбейтұғын,Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.Ұрпағың бар ел менен ер намысын,Тірі тұрса қолынан бермейтұғын.Әке-шеше, сенің тастап кеткен мұраңды,Алты немерең көрген шақта қуанды.Терің сіңген тақия мен орамалға жармасып,Алма кезек бірінен соң бірі алды.Иіскейді танауларын шүйіріп,Балаң отыр тәуба жасап сүйініп.Мазалаған әлдеқандай бір сезім,Тұрады менің алқымымда түйіліп.Сездің бе әке-шеше сенен қалған мұраны,Ұрпақтарың жатыр әне жұлмалап.Сезбейсің-ау, сезбейсің-ау ардағым,Осыншама артыңда ұрпақ қалғанын.Пай-пай, шіркін, ортасында отырсаң,Ию-қию базар болып жан-жағың.Сезбейсің-ау өшпегенін отыңның,Ортасында өзің шашқан қоқымның.Өзің жоқсың, өзіңе ұстап отырмын.

Еске алушылар: баласы Ахметтің отбасы келіні Нұршаим және немере-келіндері.

Орал қаласының тұрғыны болған, Ж а ң а қ а л а ауданының құрметті азаматы, денсаулық саласының ардагері, әкеміз оразғалиев Азан мен анамыз М о л д а ш е в а Сараны бақилық болғандарына 26 мамыр күні 100 күн толуына орай сағына еске аламыз.

Әкеміз өз кәсібін қадірлеген және жете меңгерген, адамгершілік арына дақ түсірмеген жан еді. Анамыз да өте қарапайым, парасат-пайымы мол, салихалы отанасы болғанына ел куә.

Біз осындай әке-шешеден өрбігенімізді мақтан тұтамыз. Олардың өнегелі өмірін, жұбайлық жарасымдылықтарын, адалдықтарын өмірімізге үлгі етеміз.

Ата-ана боп бізге мейірім төктіңдер,Өздеріңсіз өтіп жатыр көп күндер.Аз ғұмырда «ища» деспей екеуің,Өмірден де бірге екеуің өттіңдер.Сағынамыз, қамығамыз, жоқтаймыз,Зиратыңа өте алмаймыз соқпай біз.Жүздеріңді бізге бөлек орыны,Ұмытпаймыз, жүректерде сақтаймыз.

Еске алушылар: қыз-күйеуі Бейбіт-Сағира, бала-келіндері Әли-Роза, Ахмет-Нұршаим және немере-жиендері.

Жаңақазан ауылының тұр-ғыны болған, аяулы анашым Сүндетова Светлана Халес-қызын ортамызда болса мамырдың 15-де 60 жасқа толар еді деп сағынышпен еске аламыз.

Сол адамды сағынып, Хат та жазғым келеді.Сол адамды құшақтап, Мауқым басқым келеді.Кей сәттерде жанында, Болғымда менің келеді.

Жетістікке жеткенде,Белестерден өткенде,Қуанып барып ана деп, Құшағына батқым келеді.Жүрегімді сыздаған, Жібіткімде келеді.Алыстағы анамды тірі де еткім келеді.Болмайтынын сезсем де,Өтірікке сенгім келеді.Бәрі ана дегенде,Анасын айтып жүргенде,Жерден алғым келеді.Құмда жатқан мәйітті,Меніңде анам тірі деп,Өлмеді қайта келді деп,Шаттанғым да келеді.Балдарын сүйген ананы,Жасапта алғым келеді.Жұрттар қажет етпеген,Ананы алғым келеді.Өзге жұрттар секілді,Анама барып, еркелеп,Алдыңда жатқым келеді.Өзгелердей мақтанып,Жұрттан асып, тасынып,Мадағын көргім келеді.Жұрттар керек етпеген,Жылулықты меніңде,Анамнан көргім келеді.

Сағына еске алушылар: қыз-күйеу баласы Бахтияр-Айзада, жиендері Каусәр, Іңкәр, Фирдаус.

Жаңақала ауылының тұрғыны болған, адал жар, ардақты әке, сүйікті ата Ишанов Ислям Ишанұлын өмірден өткеніне 10 жыл толуына орай сағына еске аламыз.

Келместің мініп кеттің кемесіне,Зәру боп жүрміз біздер кеңесіңе.Орының ойсырап тұр біздер үшін,Бола ма жалған ғұмыр демесіңе.Сағына еске алушылар: баласы

Асылбек, құдағайы Ермек, қыз-күйеулері Мақатай-Маржан, Талғат-Алма, Жанболат-Айгүл, Мұрат-Анаргүл, жиені Райымбек және жиендері.

Сарыкөл ауылының тұрғыны болған, аяулы әке, адал жар, асқар таудай әкеміз Сүйінғалиев Өмірзақ Бақытұлын дүниеден озғанына 10 жыл толуына орай және арамызда болса 55 жасқа толар еді деп сағына еске аламыз.

Жан едің аңқылдаған жүрегі кең,Көз жұмып дүниеден ерте кеттің.Тағдырдың салғанына шара бар ма,Амал не, бүгін жоқсыз

ортамызда, Сағына еске аламыз баршамызда.Сағына еске алушылар: жолдасы Дәмелі, баласы

Ринат, қызы Айзада, қыз-күйеулері Мага-Ұлболсын, Манарбек-Аяжан, жиендері Мәди, Әли, Зухра, Мейрамбек.

Жаңақазан ауылының тұрғыны болған, сыныптас досымыз Губайдуллин Бекзат Ерболатұлын мектеп бітіргенімізге 20 жыл толуына орай сағынышпен еске аламыз. Оның бізбен бірге болған кездерін, жарқын жүзін ешуақытта ұмытпаймыз. Балалық балғын шағы мәңгі біздің жүрегімізде сақталады.

Жатқан жері жарық, топырағы торқа, иманы жолдас болсын.

Сағынышпен еске алушылар: М.Жүнісов мектебінің 1998 жылғы түлектері.

Сарыкөл ауылының тұрғыны болған, жас тұлпардай оза шапқан бауырымыз Нұрышев Жеңіс Мэлсұлы ортамызда болса 16 мамыр күні 15 жасқа толар еді. Жасындай жарқылдаған бозбала шағында бұл жарық дүниемен ерте қоштасты. Бауырымызды бұл күнде жадымызда жатталған жарқын бейнесімен түсімізде

тілдесіп жүргендей боламыз, алыстан қол бұлғайды... Бауырымыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы жолдас болсын деп сағынышпен еске аламыз.

Сұм ажал алып кетті арамыздан,Айырылдық бозбаладай баламыздан.Бұл өмірден мәңгілік кетсең-дағы,Бауырым, өшпейсің сен санамыздан.Қара жер қабіріңді құлыптайды,Жүректі жаралайды жұлып қайғы.Артыңда қалған сенің туыстарың,Ешқашан ақ жүзіңді ұмытпайды.

Сағына еске алушылар: ата-әжесі Николай-Нұргүл, әке-шешесі Мэлс-Бақыт, аға-жеңгелері Марс-Эльмира, Мага-Ұлболсын, Заманай және туған-туыс бауырларың.

Жаңақазан ауылының тұрғыны болған, сүйікті досымыз, жұмыстасымыз Абуова Клара Бақиқызын 1 маусымда дүниеден өткеніне 10 жыл толуына орай сағына еске аламыз.Ақкөңіл ең әр кезде жарқылдаған,Туысқа да, досқа да аңқылдаған.Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,Жылап қалды ағайын, достарың да.Еске алумен бүгін сені аңсадық,Өткен күнді жабырқаумен сағындық.Сағынамыз, не шара бар бұл

тағдырға, Кеттің енді келмейсің сен біздің ортаға. Жатқан жерің жарық, топырағың торқа, иманың

жолдас болсын.Еске алушылар: әріптестері Асыл, шура, шолпан,

Айгүл, Бағила, Нұрбиға, Маржан, Мағзия, Айбарша, Гүлбаршын.

Карманов ЖОББМ-балабақша ұжымы және кәсіподақ ұйымы Еслямовтар отбасына және барлық-ағайын туғандарына

Гүлзада Нақиқызыныңмезгілсіз қайтыс болуына орай, қайғыларына

ортақтасып, қайғырып көңіл айтады.

№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің ұжымы мен кәсіподақ ұйымы өзін-өзі тану пәні мұғалімі Сәрсенбай Бейбітгүлге қайын атасы

Сатқан ағаныңқайтыс болуына орай, қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің ұжымы мен кәсіподақ ұйымы бастауыш сынып мұғалімі Рахметова Айсынға

ағасыныңқайтыс болуына орай, қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

8 Жаңарған өңір

19 мамыр 2018 жылҚұттықтаймыз!

Жаңақала ауылынан М.Жүнісов көшесінде орналасқан №20 үй сатылады. 5 бөлмелі. Көлемі 100 м2. Бағасы 3.5 млн.

Тел: 21-6-55, 8 771 217 05 66. Маширов Асылбек.

Пәтер сатамынОрал қаласы Жәңгір хан көшесінің бойындағы

№71 үйдің үшінші қабатында қатар орналасқан екі бөлмелі қос пәтерді сатамын. Әр пәтерді бөлек сатып алуға да, сондай-ақ бірге сатып алуға да болады. Үй медколледждің маңында, БҚАТУ-дан (бұрынғы СХИ) бар болғаны екі аялдамалық жерде. Үй өте жылы, үйдің алдында балалар алаңқайы, ал арт жағында спорт қалашығы бар. Айнала тал-терек, жасыл желек, таза ауа керемет жерде орналасқан үйдегі қос пәтерден құр қалып жүрмеңіз! Үйдің жанынан №5, №22 аутобустар жүреді. Ал медколледждің алдынан №2, №5, №22, №36 аутобустар жүреді. Қала ішілік қарым-қатынас бойынша ешқандай қиындық жоқ.

Байланыс тел: 8 701 359 30 90, 8 747 134 24 01.

Жаңақала ауылынан Сауықтыру орталығының жанынан салынып жатқан үй сатылады. Көлемі 14*11 шаршы метр. Бағасы келісім бойынша.

Тел: 8 701 375 57 01.

Жаңақазан ауылының тұрғыны, аса қадірлі әріптесіміз Лепесова Баян Мұратқызы, сізді мерейлі 60 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Жан-жарыңызбен бірге деніңіз сау болып, отбасыңыздың ортасында, бала-келін, немере-жиен жанында мәнді де сәнді ғұмыр кешіңіз!

Келіп бүгін мерейлі 60 жасқа, Шаттық тойы тойлануда шаңырақта.«Алпыс - тал түс» деп текке

айтылмаған, Әр күніңіз тола берсін қуанышқа! Жаны жомарт, жүрегі таза жансыз, Бар көмегін қолдан келер аямаған. Әріптестер сізге қарап үлгі алып, Табылған әр сәт сайын жаныңыздан.

Мейірімге толы айтқан әр сөзіңіз,Үлкен шабыт сыйласа жас маманға,Құрметтеп бар қызметтес әріптесің. Басын иер үлкен-кіші алдыңызда!

Игі тілекпен: Жаңақазан ауылының «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы МКҚК ұжымы.

Жаңақала ауылының тұрғыны, саналы ғұмырын денсаулық саласына арнап, білімін, жастық жігерін, көркем мінезімен науқастардың алғысына бөленген ақ желеңді абзал жан Роза Мерешқызын асқаралы 60 жасымен және кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. Жанұясына мәңгі бақыт тілейміз.

Тілек білдірушілер: әріптестері оразгүл Үсіпбекқызы, Бақытгүл Қырықбайқызы, Зәуреш Габдрахманқызы, Гүлсім Талғатқызы.

Пятимар ауылы, Борық елді мекенінің тұрғындары, асқар таудай әкеміз Калимулдин Қаден мен аяулы анамыз А б д р а х м а н о в а Ағибаны мерейлі 80 жасқа толатын туған күндерімен қуана

құттықтаймыз. Бізді өмірге әкеліп, өсіріп, оқытып, адам асылы етіп тәрбиелеп, немере-жиен, шөбере сүйіп, алпыс бес жыл отасып, осы күнге жеткендеріне Алла Тағалаға сансыз шүкіршіліктер айтамыз. Біздің күндей нұрлы шуағымыз, берік қорғанымыз, панамыз бола білген әкеміз бен анамызға алғысымыз шексіз. Әлі де күш-қуаттары мықты болып, көрер қызықтары көп болсын демекпіз.

Еркелетіп немере, шөбересін,Кәрілікті әке-анам елемесін.Үрім-бұтақ, ұрпағы құттықтаймыз,Тіршіліктің қызығын көре берсін.

Ақ тілекпен құттықтаушылар: Калимулдиндер әулеті.

Жаңақала ауылының тұрғыны, аяулы ана, ақ ниетті асыл жан Абілқасова Жұмағанымды 26 мамыр күні 70 жасқа толатын туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін. Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз.

Қандай бақыт ортамызда жүргенің,Бейнетіңнен зейнет көріп күлгенің.Әр жас сайын жасара бер, жан ана,Бізге бақыт ұзақ өмір сүргенің.

Игі тілекпен: жолдасы Тарих, бала-келіндері, қыз-күйеуі және немере-жиендері.

Жаңақала ауылының тұрғыны, құрметті құдамыз Есенғали Әйіпұлын мерейлі 60 жасқа толуымен құттықтаймыз. Деніне саулық, ұстаздық қызметінің зейнетін көріп, Айман құдағайымызбен бірге ұл-қыздарының, немере-жиендерінің қызығына тоймай, ұзақ ғұмыр сүруіңізді тілейміз.

Игі тілекпен: құда-құдағайы Серікқали-Гүлнар, құда балалары Ренат, Аманбек-Гүлхан, Алдияр.

Жаңақала ауылының тұрғыны, әкеміз Есенғали Әйіпұлын мерейлі 60 жас мерейтойымен құттықтаймыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңыздың жемісін көріңіз. Анамыз екеуіңізге ұзақ өмір және ұрпақ қызығын көріп, әрқашан жанымызда сүйенетін асқар тауымыз, шынайы бақытымыз болып жүре беріңіз.

Жан әке, құтты болсын қуанышты күніңіз,Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.Алпыстың да асқарына жеттіңіз,Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.Бала-шаға қызығына кенеліп,Ортамызда аман-есен жүріңіз.

Игі тілекпен: қыз-күйеулері Берік-Майра, Темірлан-Самал, қызы Арайлым, бала-келіндері Арман-Лаура, Ақниет-Мөлдір, жиендері Алишер, Азим, Амир, Батырбек, Фариза, Аслия, Нұрдәулет, Ердәулет, немерелері Есенбек, Інжу, Әзиза.

Қырқопа ауылының тұрғыны, асқар таудай әкеміз Темірғалиев Жұмағали Сүндетұлын мамырдың 15 жұлдызында толған мерейлі 70 жасымен шын жүректен құттықтаймыз. Әкемізге денсаулық пен қуаныш тілей отырып, өлең жолдарын жолдаймыз.

Бұл 70 жас – қарттық жас емес, қазына жас,Бала мен немеренің назына мас.Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,Басыңыздан ешқашан ажырамас.

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,Тілейміз қуанышқа бөленгенін.Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,Қылығына қуанып шөберенің.Игі тілекпен: балалары мен келіні,

қызы, немерелері.

Қызылоба ауылының тұрғыны, біріне бауыр, біріне аға, балаларына асқар таудай әке, немере-жиендеріне абзал ата Қоғаев Нұрлан Қабдрешұлын 15 мамырда толған 70 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Біздің берік қорғанымыз, бауырларының панасы бола білген әкемізге алғысымыз шексіз.

Еркелетіп немере, шөбересін,Асыл әке кәрілікті елемесін.

Үрім-бұтақ ұрпағы құттықтаймыз, Мәңгілік үстем болсын мерейіңіз.Ақ тілекпен құттықтаушылар: бауырлары,

бала-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері.

Кіші Айдархан елді мекенінің тұрғындары, асқар таудай әкеміз Д ю с е н б и е в Жанұзақты 67 жасқа және аяулы анамыз Дюсенбиева Маржанды 60 жасқа толуымен құттықтаймыз. Алла

сіздерге ең алдымен мықты денсаулық берсін. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпесін.

Әке деген қамқоршы ғой балаға,Басқа жанмен орны оның тола ма?!Тілекші бол, тірек болып біздерге,Жұлдызыңыз жана берсін қашанда.О, ана!Неткен асыл тұлғасың!Қиын кезде мұңдасым.Қуанышты сәттерде,Өзіңсің тағы жырласым.

Игі тілекпен: бала-келіндері Жұмағали-Саягүл, Дәуренғали-Индира, Кенжеғали, немерелері Нәзік, Дәулет, Жеңіс, Думан.

Бірлік ауылының тұрғыны шаймарданов Бақытқали Мұратқалиұлын 30 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз. Баламызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Ақылың мен парасатың бір өзіңе жетерлік,Нардың жүгін өз мойныңа қиынсынбай көтеріп.Алғырлықпен алға қарай алшаңдап,Отыз жастың белесінен биік асып өт дерлік.Игі тілекпен: ата-анасы Мұратқали-Меңдіғаным,

аға-жеңгесі Әділғай-Айнұр, ағалары Аққали, Мұқанбетқали, бауырлары Мақсатқали, Дәулетқали, Арматқали, апа-жезделері Нұржан-Рысгүл, Руслан-Әсемгүл, Руслан-Дәметкен, Максим-Әлия және жиендері.

Бірлік ауылының тұрғыны, келініміз, жеңгеміз Жұлдыз Қайыржанқызын 25-ке толған туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Денің сау болып, ойлаған ой армандарың орындалсын. Өсіп келе жатырған ұрпақтарыңның қызығын көруге жазсын.

Шаңыраққа болып едің бақ келін,Туған күнің құтты болсын, ақ келін.Ақ тілекті арнаймыз біз әрқашан,Көп болсын деп қуанышты сәттерің.Игі тілекпен: мамасы Жәмилә,

жұбайы Алтынбек, қызы Кәусар, ұлы Ахад, көкесі-тәтәй апасы Асқар-Сара, қайны-келіні Азамат-Мөлдір, кішкентай қайнылары Нұрберген, Мырзабек, Бергенбек, Бекет, Есет.

Үй сатамынЗашаған бағбандар қауымдастығынан (Орал

медициналық колледжінің маңы) жер көлемі 10 сотық мансардалы үй сатамын. Үйдің жалпы аумағы 100 шаршы метр. Үйдің ішкі жұмыстары толық бітпеген, газ, су жүргізу керек. Үйдің айналасы қоршалған, аулада алма, сары өрік (абрикос), қара өрік (слива), шие секілді жеміс ағаштары, сондай-ақ аққайың, сирень, шырша, үйеңкі, көктерек өсіп тұр. Үйдің ауласынан тағы бір үлкен үй (котедж) және шолан, гараж, монша салатындай жер жеткілікті. Бақша салатын жер де баршылық. Моторлы құдық істеп тұр, септик дайын.

Байланыс тел: 8 701 359 30 90, 8 747 134 24 01.

Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы МҚКҚ азаматтық лауазым орнына ашық конкурс жариялайдыКөмекші тәрбиеші қызметіне уақытша (декреттік

демалыс). Қажетті құжаттар тізімі:Конкурсқа қатысу үшін өтініш;Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке

іс парағы;Білімі туралы құжаттың көшірмесі;Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі:Медициналық кітапша;Соттылығы бар, жоқ екендігі туралы анықтама.Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру

жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайда қабылданады: Жаңақазан ауылы, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы МКҚК, Х.Бақауов көшесі, №9. Тел: 25-2-97.

ұлы ЖеңіскеЖеңіс күні құтты болсын, Жаңақала,Жайнай бер, алға шығып, жеке дара.Елімде Жеңіс туы желбіреп тұр,Тұғыры берік болсын Отан Ана.Еліме нұрын шашқан Жеңіс күні,Жастарым біледі тек бүгінгіні.Қарсы алды бейбіт күні арманы жоқ,Айтуға тиістіміз өткен күнді. Дүние болған кезде астан-кестен,Шайқасқан қалың жаумен сескенбестен.Ардагер ақсақалдар аман болсын,Кешегі қан майданды бастан кешкен.Армысың ауданымның ардагері,Сендей болу ұл мен қыздың арманы еді.Елі үшін от кешіп, жауын жеңіп,Ұрпағының ертеңін жалғап еді.Армысың ауданымның асылдары,Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.Мереке құтты болсын Жеңіс күні,Мәңгіге желбіресін көк байрағы!

Үмбеталиева Зура, зейнеткер.

аллаға тілекХалқымызды даласымен сақтасын,Елімізді данасымен сақтасын.Азаматты санасымен сақтасын,Сәбиді анасымен сақтасын.Атаның жаласынан сақтасын, Баланың шаласынан сақтасын.Ағайынның аласынан сақтасын,Жаманның наласынан сақтасын.Ақыр заманның тақарынан сақтасын,Жаратушының қаһарынан сақтасын.Әдепті аттағаннан сақтасын,Намысты таптағаннан сақтасын.Әмин.

(ұлылардан қалған қасиетті бата).

Жарамсыз деп таныладыЖаңақала ауылының тұрғыны Тулепов Абай

Бигалиевичке 2001 жылы берілген әскери билетінің жоғалып табылмауына байланысты жарамсыз деп танылады.