Сақшы №32 (4198)

8
№32 (4198), 30.04.2016, сенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ ЕЛБАСЫ «ҚАЙСАР-2016» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ Кеше Мəжілістің Халықаралық істер, Қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бақытжан Ертаев пен Экология мəселелері жəне табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский Катар елінен келген делегация мүшелерін қабылдады. Тараптар бұл жылы жүздесуді тарихы терең тамырластықтан басталған достық кездесу ретінде бағалады. Əңгіме барысында Қазақстан мен Катар елі арасындағы қатынас жыл санап қарқынды дамып келе жатқандығы айтылды. Делегация жетекшісі, муниципалитет жəне қоршаған ортаны қорғау министрі Мухаммад Абдуллах Аль Румайхи қос мемлекет арасындағы ынтымақтастық барлық салада, əсіресе, сая- си бағытта өте жоғары деңгейде екенін жəне болашақта да нығая түсетінін жеткізді. Комитет төрағасы Г.Щегельский де- легация мүшелерін экология саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты- ра келіп, Қазақстан Президентінің бүгін ғана «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жа- сыл экономикаға» көшуі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғанынан хабардар етті. Осыған орай Катар елінің келер жылы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсене қатысатындығына сенім білдірді. Комитет төрағасы Елбасының халықаралық деңгейдегі маңызды бастамаларын сөз ете келіп, делегация жетекшісіне «Əлем.XXI ғасыр» манифесін табыс етті. КЕШЕ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ – ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ЖОҒАРҒЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ АРНАУ- ЛЫ МАҚСАТТАҒЫ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ЖƏНЕ ƏДІСТЕМЕЛІК ДАЯР- ЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫН ҚАРАП КӨРДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ. Сондай-ақ, Мемлекеттік күзет қызметінің «Қалқан», Ұлттық ұланның «Бүркіт», Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар», Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан», Алматы қаласы Ішкі істер департаменті мен Қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасының «Арлан» арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің күштері мен құралдарын қатыстырған оқу- жаттығу барысын бақылады. Жаттығу барысында антитеррорлық бағыттағы іс-шаралар өткізу кезіндегі ар- наулы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылы пысықталды. «Қайсар-2016» жаттығуына қатысушыларға сөз арнаған Мемлекет бас- шысы жаңа Жауынгерлік жəне əдістемелік даярлық орталығының сарбаздар шеберлігін шыңдауға мүмкіндік бере отырып, олар- ды сапалы оқытуды қамтамасыз ететінін атап өтті. – Оқу-жаттығуға ұшқыштар мен десант- тар, артиллеристер мен барлаушылар, арнаулы жасақ жауынгерлері қатысты. Барлығы да шеберлік пен батылдық та- нытып, дайындық деңгейі жоғары екенін көрсетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті соңғы кезде əлемде жəне өңірде болып жатқан оқиғалар, жер жүзінің əр тарапындағы террорлық актілер, Таяу Шығыстағы əскери қимылдар ықтимал қатерге дайын болу керектігін көрсетіп отырғанына назар аударды. «Қарулы күштердің Отанымызды жəне мемлекетіміздің егемендігін қорғау, аумақтық тұтастығын сақтау жолындағы маңызы зор», – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан армиясы, өзге əскери құрылымдар, арнаулы органдар Тəуелсіздік жылдары өз дамуының жаңа кезеңіне өткенін айтты. «Қазақстан тəуелсіздігінің 25 жылдығына дайындала отырып, біз заманауи Қарулы күштерді қалыптастырдық деп айта аламыз. Олар қазіргі заманғы қару-жарақпен жəне техникамен жабдықталып, кəсіби кадрлармен жасақталып, лайықты деңгейде оқытылады. Қызметтің əлеуметтік жағы айтарлықтай жақсартылды. Осы мəселенің бəріне мен Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде ұдайы көңіл бөліп отырмын», – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы əскери қызметшілердің міндеті еліміздегі тыныштықты, татулық пен келісімді сақтау екенін атап өтті. «Сіздер – даңқты аға ұрпақтың ерлік дəстүрлерінің мұрагерісіздер. Отанымыз сіздерге мемлекет мүддесін жіті қорғау, ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстан Республикасының ішкі тұрақтылығының сенімді кепілі болу Бірлігіміз арта берсін! Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы ҚАСЫМОВТЫҢ 1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен ҚҰТТЫҚТАУЫ Ішкі істер органдарының, қылмыстық атқару жүйелері, төтенше жағдайлар бөліністерінің барлық ардагерлері, қызметкерлері жəне Ұлттық ұланның əскери қызметшілері, ІІМ оқу орындарының тыңдаушылары мен курсантта- рын, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелерін Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын! Бұл мереке біздің көп ұлтты халқымыздың маңызды салт-дəстүрі, бейбітшілік пен келісімнің нышаны болды. Тəуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері алдымен олардың ұлттық жəне діни ерекшеліктеріне қарамастан барлық қазақстандықтардың мызғымас достығының нəтижесі. Келісім мен бірлік, Отанның тағдыры үшін жалпы жауапкершілік – бұл Қазақстанның табысты дамуының стратегиялық ресурста- ры, ертеңгі күнге деген біздің күшіміз бен сенімділігіміздің басты қайнар көздері. Қазақстандық полиция, төтенше жағдайлар бөліністерінің қызметкерлері мен Ұлттық ұланның əскери қызметшілері құқықтық тəртіпті қорғау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі өздерінің қызметтік жəне əскери бо- рыштарын абыроймен орындауға бар күштерін салады деп сенемін. Барлығыңызға денсаулық, бақыт, береке- бірлік жəне бейбітшілік, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қызметтеріңізге сəттіліктер тілеймін. сияқты айрықша маңызды істі сеніп тапсыр- ды. Бұл сіздерден жоғары машықты ғана емес, қайсарлықты, шынайы патриотизмді де талап етеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Жауынгерлік ту əскери бөлімнің негізгі əскери белгісі болып санала- тынына назар аударды. «Ол əскери қызметшінің адалдығын, ерлігі мен батылдығын бейнелейді. Біздің бабала- рымыз Жауынгерлік тумен шабуылға шығып, жеңіске жетті, Отанымызды қорғады. Бүгін мен жекелеген əскери бөлімдерге біздің айбы- нымыз бен даңқымыздың рəмізіне айналатын Жауынгерлік ту тапсырамын. Отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне үлес қоса отырып, бұл байрақты асқақтата ұстаған жөн», – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Жоғарғы Бас қолбасшы барлық əскери қызметшілерді алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтап, Отан игілігі жолындағы жауынгерлік қызметтеріне сəттілік, елімізге тыныштық тіледі. Кешенді оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев елдің күштік құрылымдарының арнаулы бөлімшелерінің жеке құрамы алдында Ұлттық ұланның 5572-ші əскери бөлімінің жəне Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының 22750-ші əскери бөлімінің командиріне өз қолымен жауынгерлік ту тапсырды. Сондай- ақ, Қазақстан Президенті қызметте айрықша көзге түскен бірқатар əскери қызметшілерге жаңа пəтердің кілтін тапсырды. Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің арнау- лы мақсаттағы бөлімшелерінің Жауынгерлік жəне əдістемелік даярлау орталығы Алматы облысының Іле ауданында орналасқан. Ол жалпы ауданы 208 гектар жерді алып жатыр. Орталық құрылысы 2014 жылы сəуірде бастал- ды. Қазіргі кезде кестеге сəйкес жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған. Əлеуметтік жəне шаруашылық орынжайларын қоса есептегенде барлығы 60-тан аса нысан пайдалануға беріледі. Орталық аумағында түрлі мультимедиялық атыс тирлері, снайпермен оқ атуға үйрететін «Robotech» кешені, шабуыл жа- салатын нысанға жақындау іс-қимылына машықтандыруға арналған 4 қабатты тұрғын үй макеті, жауынгерлік атыс нысаны орналасқан. Сонымен қатар, əскери қалашықта штаб, жайлы казарма, мəдени демалыс шараларын өткізуге арналған клуб, жатақхана, 2 қабатты спорт кешені, автокөлік паркі, кинологиялық қалашық бар. Жалпы, ІІМ арнаулы бөлімшесі орталығының инфрақұрылымы арнаулы мақсаттағы бөлімшелерді тиісті деңгейде оқытып, жауынгерлік шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді. «ƏЛЕМ. XX ҒАСЫР» МАНИФЕСІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

description

Сақшы №32 (4198) 30.04.2016

Transcript of Сақшы №32 (4198)

Page 1: Сақшы №32 (4198)

№32(4198),

30.04.2016, сенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ЕЛБАСЫ «ҚАЙСАР-2016» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Кеше Мəжілістің Халықаралық істер, Қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бақытжан Ертаев пен Экология мəселелері жəне табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский Катар елінен келген делегация мүшелерін қабылдады.

Тараптар бұл жылы жүздесуд і тарихы терең тамырластықтан басталған достық кездесу ретінде бағалады. Əңгіме барысында Қазақстан мен Катар елі арасындағы қатынас жыл санап қарқынды дамып келе жатқандығы айтылды.

Делегация жетекшісі, муниципалитет жəне қоршаған ортаны қорғау министрі Мухаммад Абдуллах Аль Румайхи қос мемлекет арасындағы ынтымақтастық барлық салада, əсіресе, сая-си бағытта өте жоғары деңгейде екенін жəне болашақта да нығая түсетінін жеткізді.

Комитет төра ға сы Г .Щегельский де -легация мүшелерін экология саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты-ра келіп, Қазақстан Президентінің бүгін ғана «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жа-сыл экономикаға» көшуі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғанынан хабардар етті.

Осыған орай Катар елінің келер жылы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсене қатысатындығына сенім білдірді.

Комитет төрағасы Елбасының халықаралық деңгейдегі маңызды бастамаларын сөз ете келіп, делегация жетекшісіне «Əлем.XXI ғасыр» манифесін табыс етті.

КЕШЕ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ – ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ЖОҒАРҒЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ АРНАУ-ЛЫ МАҚСАТТАҒЫ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ЖƏНЕ ƏДІСТЕМЕЛІК ДАЯР-ЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫН ҚАРАП КӨРДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Сондай-ақ, Мемлекеттік күзет қызметінің «Қалқан», Ұлттық ұланның «Бүркіт», Ішкі і стер министрл іг ін ің «Сұңқар», Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан», Алматы қаласы Ішкі істер департаменті мен Қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасының «Арлан» арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің күштері мен құралдарын қатыстырған оқу-жаттығу барысын бақылады.

Жаттығу барысында ан титеррорлық бағыттағы іс-шаралар өткізу кезіндегі ар-наулы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылы пысықталды. «Қайсар-2016» жаттығуына қатысушыларға сөз арнаған Мемлекет бас-шысы жаңа Жауынгерлік жəне əдістемелік даярлық орталығының сарбаздар шеберлігін шыңдауға мүмкіндік бере отырып, олар-ды сапалы оқытуды қамтамасыз ететінін атап өтті.

– Оқу-жаттығуға ұшқыштар мен десант-тар, артиллеристер мен барлаушылар, арнаулы жасақ жауынгерлер і қатысты. Барлығы да шеберлік пен батылдық та-нытып, дайындық деңгейі жоғары екенін көрсетт і , – дед і Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті соңғы кезде əлемде жəне өңірде болып жатқан оқиғалар, жер жүзінің əр тарапындағы террорлық актілер, Таяу Шығыстағы əскери қимылдар ықтимал қатерге дайын болу керектіг ін көрсетіп отырғанына назар аударды.

«Қарулы күштердің Отанымызды жəне мемлекетіміздің егемендігін қорғау, аумақтық тұтастығын сақтау жолындағы маңызы зор», – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан армиясы, өзге əскери құрылымдар, арнаулы органдар Тəуелсіздік жылдары өз дамуының жаңа кезеңіне өткенін айтты.

«Қазақстан тəуелсіздігінің 25 жылдығына дайындала отырып, біз заманауи Қарулы күштерді қалыптастырдық деп айта аламыз. Олар қазіргі заманғы қару-жарақпен жəне техникамен жабдықталып, кəсіби кадрлармен жасақталып, лайықты деңгейде оқытылады. Қызметтің əлеуметтік жағы айтарлықтай жақсартылды. Осы мəселенің бəріне мен Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде ұдайы көңіл бөліп отырмын», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы əскери қызметшілердің міндеті еліміздегі тыныштықты, татулық пен келісімді сақтау екенін атап өтті.

«Сіздер – даңқты аға ұрпақтың ерлік дəстүрлерінің мұрагерісіздер. Отанымыз сіздерге мемлекет мүддесін жіті қорғау, ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстан Республикасының ішкі тұрақтылығының сенімді кепілі болу

Бірлігіміз арта берсін!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция

генерал-полковнигі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы ҚАСЫМОВТЫҢ

1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен

ҚҰТТЫҚТАУЫ

Ішкі істер органдарының, қылмыстық атқару жүйелері, төтенше жағдайлар бөліністерінің барлық ардагерлері, қызметкерлері жəне Ұлттық ұланның əскери қызметшілері, ІІМ оқу орындарының тыңдаушылары мен курсантта-рын, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелерін Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мереке біздің көп ұлтты халқымыздың м а ң ы з д ы с а л т - д ə с т ү р і , б е й б і т ш і л і к пен келісімнің нышаны болды. Тəуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері алдымен олардың ұлттық жəне діни ерекшеліктеріне қарамастан барлық қазақстандықтардың мызғымас достығының нəтижесі.

Келісім мен бірлік, Отанның тағдыры үшін жалпы жауапкершілік – бұл Қазақстанның табысты дамуының стратегиялық ресурста-ры, ертеңгі күнге деген біздің күшіміз бен сенімділігіміздің басты қайнар көздері.

Қазақстандық полиция, төтенше жағдайлар бөліністерінің қызметкерлері мен Ұлттық ұланның əскери қызметшілері құқықтық тəртіпті қорғау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі өздерінің қызметтік жəне əскери бо-рыштарын абыроймен орындауға бар күштерін салады деп сенемін.

Барлығыңызға денсаулық, бақыт, береке-бірлік жəне бейбітшілік, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қызметтеріңізге сəттіліктер тілеймін.

сияқты айрықша маңызды істі сеніп тапсыр-ды. Бұл сіздерден жоғары машықты ғана емес, қайсарлықты, шынайы патриотизмді де талап етеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Жауынгерлік ту əскери бөлімнің негізгі əскери белгісі болып санала-тынына назар аударды.

«Ол əскери қызметшінің адалдығын, ерлігі мен батылдығын бейнелейді. Біздің бабала-рымыз Жауынгерлік тумен шабуылға шығып, жеңіске жетті, Отанымызды қорғады. Бүгін мен жекелеген əскери бөлімдерге біздің айбы-нымыз бен даңқымыздың рəмізіне айналатын Жауынгерлік ту тапсырамын. Отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне үлес қоса отырып, бұл байрақты асқақтата ұстаған жөн», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Жоғарғы Бас қолбасшы барлық əскери қызметшілерді алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтап, Отан игілігі жолындағы жауынгерл ік қызметтер іне сəттілік, елімізге тыныштық тіледі.

К ешенд і о қ у -жа т ты ғ у а я қ т ал ғ аннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев елдің күштік құрылымдарының арнаулы бөлімшелерінің жеке құрамы алдында Ұлттық ұланның 5572-ші əскери бөлімінің жəне Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының 22750-ші əскери бөлімінің командиріне өз қолымен жауынгерлік ту тапсырды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қызметте айрықша

көзге түскен бірқатар əскери қызметшілерге жаңа пəтердің кілтін тапсырды.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің арнау-лы мақсаттағы бөлімшелерінің Жауынгерлік жəне əдістемелік даярлау орталығы Алматы облысының Іле ауданында орналасқан. Ол жалпы ауданы 208 гектар жерді алып жатыр. Орталық құрылысы 2014 жылы сəуірде бастал-ды. Қазіргі кезде кестеге сəйкес жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған. Əлеуметтік жəне шаруашылық орынжайларын қоса есептегенде барлығы 60-тан аса нысан пайдалануға беріледі.

Орталық аумағында түрлі мультимедиялық а т ы с т и р л е р і , с н а й п е р м е н о қ а т у ғ а үйрететін «Robotech» кешені, шабуыл жа-салатын нысанға жақындау іс-қимылына машықтандыруға арналған 4 қабатты тұрғын үй макеті, жауынгерлік атыс нысаны орналасқан.

Сонымен қатар, əскери қалашықта штаб, жайлы казарма, мəдени демалыс шараларын өткізуге арналған клуб, жатақхана, 2 қабатты спорт кешені, автокөлік паркі, кинологиялық қалашық бар.

Ж а л п ы , І І М а р н а у л ы б ө л і м ш е с і орталығының инфрақұрылымы арнаулы мақсаттағы бөлімшелерді тиісті деңгейде оқытып, жауынгерлік шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді.

«ƏЛЕМ. XX ҒАСЫР» МАНИФЕСІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Page 2: Сақшы №32 (4198)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№32 (4198), сенбі, 30.04.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бетті дайындаған Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Таиланд

Франция

Түркия

Ақпаратты жасырғандар жазаланады

Аптап ыстық

Елордада өтетін мерекелік шаралар

Таиландта ауа температурасы 40 градусқа дейін жеткен аптап ыстықта 21 адам көз жұмды, деп хабарлады ТАСС.

Зерттеушілер əдеттегі нормадан ауытқыған күн райын Эль-Ниньо табиғи құбылысымен байланысты деп отыр. Ел дəрігерлері 1 нау-рыз бен 17 сəуір аралығында аптап ыстық салдарынан корольдік аумағында 29 бен 72 жас аралығындағы 21 адам көз жұмғанын мəлімдеді. «Аптап ыстықтан болатын дерт-терден сақтану қажет. Ыстық өткен адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілмесе, өміріне қауіп төнуі мүмкін», – делінген ведомствоның ескертуінде.

Францияда еңбек заңнамасы рефор-масына қарсы ереуіл соңы полициямен қақтығысқа ұласты.

Соның салдарынан 20-дан астам тəртіп сақшысы жараланған. Наразылық шара-лары ел астанасы Париж бен бірқатар қалаларды қамтыған. Оған ұзын саны жарты миллионға жуық адам қатысты. Ереуілшілер күштік құрылым өкілдеріне тас пен пиротехникалық заттар лақтырған. Ал полицейлер көзден жас ағызатын газ қолдануға мəжбүр болды. Артынша жап-пай тəртіпсіздік жасаған 120 адам қамауға алынды. Айта кеткен жөн, соңғы кездері Францияның Еңбек министрі көтерген бастамаға қарсы халықтың қарсылығы үдеп келеді. Заң жобасы қызметкерлердің жұмыс сағатын көбейтуді көздейді. Алайда, ол үшін үстемақы төлеу қаралмаған.

АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАРҒА БЕЛСЕНДІ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР. КҮН САЙЫН ҚАЛАДА ЖАҢА МЕРЕКЕЛІК ИНСТАЛЛЯЦИЯЛАР ПАЙДА БОЛЫП, САХНАЛЫҚ АЛАҢДАР ОРНАТЫЛУ-ДА, – ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ ЕЛОРДА ƏКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған басты мерекелік шара «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді. Мерекелік концертте 450-ге жуық əртіс пен шығармашылық ұжым өнер көрсетпек. Этномəдени бірлестіктердің 300-ден астам өкілі халықтық серуенге қатысады. Бұл күні əрбір этномəдени ұйым ұзындығы 50 метрлік мерекелік дастарқанға өзінің ұлттық тағамын қояды.

Көпшіл ік назарына Астана қаласының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады. Халықтық се-руен өтетін «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда мерекелік сауда, түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мəдени жəне спорттық шаралар «Бəйтерек» монументінің алдындағы алаңда жəне «Студенттік» паркте де өтеді.

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу ая-сында қалалық мəдениет мекемелерінде де түрлі

іс-шаралар (концерттер, спектакльдер, көрмелер) өткізіледі.

Астана қаласының əкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған жеке бағдарлама əзірледі. Кешке сағат 20.30-23.00 қалалық алаңда танымал «Формат» тобының Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерейтойлық концерті өтеді.

Сонымен қатар, Отан қорғаушылар күнін жəне Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған шараларға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

«ҚЫЗМЕТТІК ҚОЛДАНЫСҚА АРНАЛҒАН» ДЕГЕН ЖЕЛЕУМЕН АШЫҚ АҚПАРАТТЫ ЖАСЫРҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ЖАЗАЛАУҒА БОЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ОРТАЛЫҚ КОММУНИ-КАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН БРИФИНГТЕ ПАРЛАМЕНТ МƏЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ МƏУЛЕН ƏШІМБАЕВ МƏЛІМ ЕТТІ.

Баспасөз мəслихаты кезінде журналистер мемлекеттік органдар «қызметтік қолданысқа арналған» деген желеумен қажетті ақпаратты бермейтін сəттер көп болатындығын, осылайша халық мемлекеттік биліктің жұмысына қатысты ақпараттан мақұрым қалып жатқандығын айтып шағымданды. Өз сөзінде М.Əшімбаев ондай фактілердің барын жасырған жоқ. «Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексте ар-найы норма бар, ол бойынша егер лауазымды тұлғалар «қызметтік қолданысқа арналған» деген желеумен «Ақпараттың қолжетімділігі туралы» заңның тізімінде бар ашық ақпаратты бермейтін болса, ондай лауазым иелерін жазаға тартуға болады», – деді депутат. Сондай-ақ, ол «Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау» порталы 2016 жылдың соңында іске қосылатынын мəлімдеді.

«Жыл соңында мемлекеттік органдардың қызметін бағалау порталы іске қосылады. Мұнда стратегиялық жоспарлар мен даму бағдарламаларының мақсаттық индикаторлары-на қол жеткізу деңгейі туралы есептер жарияла-нып тұрмақ. Сонымен бірге, мемлекеттік орган қызметтерін ашық талқылау жүргізіледі», – деп атап өтті мəжілісмен.

СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ЕЛІМІЗДЕГІ АГРОӨНЕРКƏСІПТІК КЕШЕН СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛДІ. ОСЫНЫҢ НƏТИЖЕСІНДЕ 2015 ЖЫЛЫ 2,5 МЛН. ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНДА ӨТКЕН ПАРЛАМЕНТТІК ТЫҢДАУ БАРЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ АСЫЛЖАНМАМЫТБЕКОВ МƏЛІМ ЕТТІ.

Министрд ің айтуынша, арнайы салық режиміндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық салудың жетілдірілмеу про-блемасы соңғы жылдары оңтайлы шешімін тауып келеді. Мəселен, осы проблеманы шешу мақсатында жер салығынан 70 пайыздық жеңілдік алынып тасталып, ол бойынша мөлшерлеме 5 есеге ұлғайған.

«Бұл ретте бірыңғай жер салығы бойынша мөлшерлеме 1,5 есеге ұлғайтылып, өңірлерге оны қолданылмайтын жерлер бойынша 10 есе-ге дейін ұлғайту құқығы берілді. Нəтижесінде, 2015 жылы 2,5 млн. гектар жер ерікті түрде мемлекет иелігіне қайтарылды. Оның ішінде 400 мың гектар жер егістік жəне 1,8 млн. гек-тар жер жайылымдық жерлер», – деді ведом-ство басшысы.

Бұдан бөлек, министр жалпыға ортақ салық салу режимі қолданылатын ауыл шаруашылығы

Қанша гектар жер мемлекетке қайтарылды?

тауарын өндіруші заңды тұлғалар мен ша-руа (фермер) қожалықтарына өс іп кет-кен салықтық жүктемені теңестіру шарасы қабылданғанын атап өтті. Бұл үшін еңбекақы қоры бойынша қосарланған шегерім жүргізу, əлеуметтік салық мөлшерлемесін 6,5 пайызға дейін төмендету, қосылған құн салығын төлеу кезінде 70 пайыздық жеңілдік алу жəне мүлік, көлік салығын төлеуден босатылу құқығы берілген.

«Сонымен қатар, барлық шаруа (фермер) қожалықтары үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу бірыңғай жер салығы құрамына қосылды», – деп атап өтті министр.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ МИНИСТРЛІГІНДЕ «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС: ТƏЖІРИБЕ МЕН ЖЕТІСТІКТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ТƏЖІРИБЕЛІК КОНФЕ-РЕНЦИЯ ӨТТІ.

«Қа зақ с т ан Тə уел с і з д і г і н жариялап , Конституциялық заң қабылған 25 жылдың ішінде өзін демократиялық, зайырлы, құқықты жəне əлеуметтік мемлекет ретінде танытты. Осы уақыт аралығында көптеген заң қабылданды. Олар еліміздің дамуына септігін тигізіп келеді. Сол құқықтық актілердің қатарында «Мемлекеттік қызмет туралы» жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдар да бар. Бүгін біз əлемдегі заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы тəжірибелер мен жетістіктер туралы ойларымызбен бөлісетін болатынбыз», – деді шара жұмысын ашқан Мемлекеттік қызмет істері министрінің орынбасары Айгүл Шиманова.

Сонымен қатар, ол елімізде қоғамдық бақылау институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды квазимемлекеттік жəне жекеменшік секторда жүрг ізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет қалыптастыру

жəне сыбайлас жемқорлықпен күрес мəселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын баса айтты.

Өз кезегінде Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Əлихан Байменов мемлекеттік аппаратта халық атынан билік жүргізіп, ортақ мүлікті басқару мүмкіндігін алғаннан бастап, осы өкілеттік пен қаржыны салық төлеушілер мен халықтың игілігіне адал жəне əділ пайдалану əрдайым өзекті мəселе болып отырғандығын атап өтті.

«Сол себепт і сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, осы келеңсіз үдерістердің ал-дын алу – барлық мемлекеттер үшін өзекті іс. Бұл бағыттағы шаралар əлемдегі озық жетістіктермен қатар нақты мəдени, тарихи ерекшеліктерді, əлеуметтік-экономикалық даму деңгейді ескеру тиіс», – деді ол.

К о н ф е р е н ц и я ж ұ м ы с ы б а р ы с ы н д а жемқорлықтың алдын алудағы отандық жəне халықаралық тəжірибе зерделеніп, Германия, Ресей, Сингапур жəне Грузия елдеріндегі сы-байлас жемқорлық жасау мүмкіндіктері мен шарттарын жою тəжірибесі талқылануда.

Жемқорлыққа қарсы жүйелі саясат

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ƏСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА «ӨМІР МЕН ӨЛІМ АРАСЫНДАҒЫ ЗАТТАР» АТАУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ӨТТІ. КӨРМЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ СОЛ, ЖƏДІГЕРЛЕР АРАСЫНДА ҚАРУ ТҮРЛЕРІ, Я БОЛМАСА САРБАЗДАРДЫҢ КИІМ-КЕШЕГІ МҮЛДЕМ ЖОҚ.

«Көрмеде сарбаздардың күнделікті өмірде қолданған кəдімгі заттары ұсынылды. Олар туысқандары мен сүйіктілерінің фотосуреттері, ойын карталары, қырынуға арналған керек-жарақтар, музыкалық аспаптар жəне өзге де осыған ұқсас заттар. Бұл қарапайым заттардың мəн-мағынасы тереңде жатыр. Өйткені, олар сұрапыл соғыс ортасында жүрген адам-ды отбасымен, туған-туысқандарымен, бұл дүниедегі маңызды жəне асыл құндылықтармен жақындастырады. Соғыста аман қалу үшін тек қару мен киім қажет емес. Дəлірек айтқанда, бір тал темекі, езу тартқызар өлеңдер жинағы

Сарбаздың алтын сөресі ашылды

секілді кəдімгі заттар өмір мен өлімнің арасында арпалысуға, қиын-қыстау сəттерде ең басты құндылықты, яғни, қашан жəне қай кезде де адам болып қалуды əсте ұмытпауға жетеледі», – деді ҚР ҚК Ұлттық əскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары Асқар Қасымов.

Көрме келушілерді жиырмасыншы ғасырда өмір сүрген түрлі елдердің миллиондаған жауынгері мен өткен ғасыр сарбазының өмірінде ерекше орын алған жүздеген күнделікті тұрмыс заттарымен таныстырады. Бұл заттар Германия, Жапония, ТМД елдері, Вьетнам, Ұлыбритания, Франция жəне Италиядан əкелінді.

Көрме Швеция, Норвегия, Бельгия, Польша, Белоруссия жəне Эстонияда келушілердің көңілінен шықты. 2010 жылы Стокгольмда жылдың эстетикалық жобасы ретінде «Алтын сөре» марапатына ие болды.

Айта кетейік, аталмыш көрме Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Келушілер танымал экспозицияны ҚР Қарулы Күштері Əскери-тарихи музейінде 15 қазанға дейін та-машалай алады.

30 СƏУІРДЕ ЕЛОРДАЛЫҚ ЖАСТАРҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ. АСТАНАДА ОСЫ БАҒЫТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ БОС ОРЫНДАР ЖƏРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛІП, ЖАСТАРҒА 200-ГЕ ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ ƏКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Салалық бос орындар жəрмеңкесі алғаш рет наурыз айында техникалық мамандықтар бой-ынша өткізілген болатын. Əрбір жұмыс беруші жастарға 5-тен артық бос жұмыс орнын ұсынды.

Бұл жолы жəрмеңкеге 40-тан астам елордалық жұмыс беруші қатысады. Бұл жастар үшін гуманитарлық саладағы бос жұмыс орында-

Бос орындар жəрмеңкесі өтеді рын зерттеуге жəне бірнеше жұмыс берушімен тікелей байланысудың жақсы мүмкіндігі бо-лып табылады. Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер 30 сəуірде сағат 10.00-нан 13.00 дейін М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайын-да кездеседі.

Жəрмеңкенің мақсаты – жоғары оқу орындары мен колледж түлектері мен жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға тиімді көмек көрсету. Алдағы уақытта Астана қаласы əкімдігінің «Астана жастары» КМУ басқа салалар бойынша бос орындар жəрмеңкесін өткізуді жоспарлар отыр. Олардың бағыты нарықтағы сұранысқа қарай белгіленбек. Айта кетейік, «Астана жас-тары» кеңінен тараған мамандықтарға да мони-торинг жүргізеді.

АҚШ

Ұшқыштар ұшақтарды мас күйінде басқарады

Телеарнаның Федералдық азаматтық авиацияға сілтеме жасап хабарлауынша, айына бір ұшқыш ағзадағы алкогольға тестілеуден ұсталып қалады екен.

АҚШ-та ұшқыштардың ұшақтарды мас күйінде басқарғаны, ал кейбіреулері, тіпті бордель иелері болып отырғаны анықталды. Б ұ л т у р а л ы Ф е д е р а л д ы қ а з а м а т т ы қ авиацияға сілтеме жасап, Fox News хабар-лады.

Америка Құрама Штаттары қау іпс і з болғанына қарамастан, айына б ір рет кемінде бір ұшқыш бортты мас күйінде басқаруға тырысқаны үшін тест ілеуде ұсталып қалады екен. Өткен жылы мыңнан астам тексерулер болды, соған байланы-сты 38 ұшқыштың тəртіп сақтау лицензи-ясы қайтарып алынды, 48 адам уақытша жұмыстан шеттетілген.

Парламент депутаттарының төбелесіТ ү р к и я д а П а р л а м е н т д е п у т а т -

тары төбелес іп қалды. Түркияда конституциялық комиссия отырысы кезінде Парламент депутаттары жаға жыртысты.

Салдарынан 5 адам жарақат алған. Алқалы жиында елдің Ата Заңына депутаттарды дербес құқылы мəртебесінен айыру жөнінде түзету енгізу мəселесі талқыланып жатқан. Комиссия төрағасы халық қалаулыларының көмекшілері мен тілшілерден залдан шығуын сұраған. Мұнымен келіспеген саясаткерлер бір-біріне жұдырық ала жүгіріпті. Соның кесірінен конституциялық комиссия отырысы кейінге шегерілді.

Ереуілшілер мен полиция қақтығысы

Page 3: Сақшы №32 (4198)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№32 (4198), сенбі, 30.04.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Семинар жұмысына басқарманың жеке құрам жөніндегі аға инспекторы, по-лиция майоры Л.Есина, 2-полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция капитаны А.Жұбандықов жəне Сырым аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілі Б.Мирманова қатысты.

Шара барысында семинарға қатысушыларға ҚР мемлекеттік қызметшілері үшін Этикалық кодексте қарастырылған нормалар түсіндірілді. Сол сияқты ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықты бол-дырмау, заңдылықты ұстану, тəртіп мəселелері айтылды. Жеке құрамның на-зарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы əрекет етуге жəне осындай індеттерге мүлдем төзбеушілікке үндейтін деректі фильмдер мен əлеуметтік бейнероликтер ұсынылды.

Кеңестің қорытындысында барлық қатысушылар анонимді сауалнамаға белсене қатысып, сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Қоғамдық кеңестің азаматтардың арыз-шағымдарын қарау жөніндегі комиссия төрағасы Əнуар Түгел ж е т е к ш і л і к е т к е н а з а м а т т а р -ды қабылдау жұмысына ІІМ Көші-қ о н п о л и ц и я с ы д е п а р т а м е н т і бастығының орынбасары, полковник Галина Сəрсенова жəне ІІМ Тергеу департаментінің өкілдері қатысты. Қоғамдық кеңестің қабылдау өткізу барысында халықпен байланыс орна-тып, ішкі істер органының жұмысына қатысты шағымдар қабылдау бой-ынша ұсыныстар қаралды. Бұл жолы Қоғамдық кеңес қабылдауына келген азаматтар тергеушілер мен көші-қон полициясы жұмысына қатысты шешімін таппай жүрген мəселелері бойынша көмекке жүгінді.

Атап айтар болсақ, Қоғамдық кеңест і ң қабылдауына кел ген Сармантай Мұсабеков есімді азамат тергеу жұмыстарының ұзаққа созы-лып кетуіне байланысты шағымданды. Тергеушілердің жұмысын жеделдетуді сұрап келген азаматтың арызы тыңдалды, ол мəн-жайды басынан аяғына дейін баяндады. Оның айту-ынша, банкте жұмыс істеп жүрген кезінде сейфінде жатқан қомақты

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІЖадыра МЫРЗАХМЕТ, суреттерді түсірген Ғабит СƏКЕНҰЛЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС – ХАЛЫҚ ПЕН ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАН АРАСЫН ЖАЛҒАУШЫ КӨПІР. ҚР «ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ МЕН «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» – ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ 31-ҚАДАМЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ІІМ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОСЫМЕН ЕКІНШІ РЕТ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІП, ІШКІ ІСТЕР ОРГАНЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫН ҚАРАДЫ.

Кездесуге 120-ға тарта ата-ана келді. Олардың балаларының көбі 7-10 сыныпта оқиды екен. Жиынды ашқан мектеп директоры шақыртуға құлақ асып, бала тағдырына бей-жай қарамай, акцияға келген ата-аналарға рахмет айтты. «Ғасыр індетіне айналып отырған қоғамдық кеселмен мемлекет болып та, қоғам болып та күрескенмен, оны жеңудің ең басты құралы əр адамның өз тағдыры – өз қолында екендігін терең түсінгендігінде. Ал оны балаға түсіндіру – біздің міндетіміз», – деді ол.

«Қоғам тыныштығына төнетін қауіп ортақ болғандықтан оған қарсы жауапкершілік те ортақ. Сол себепті есірткімен күресте ішкі істер органдары мен жастар ғана емес, ата-аналар да тыс қалмауы тиіс. Өйткені, əр бүлінген тағдыр – ол өздеріңіз сияқты ата-ананың ба-ласы. Олардың қайғы-қасіретінен сақтандыру, бала тəрбиесіндег і сіздердің орындарыңызды естеріңізге салу – біздің парыз», – деді ата-аналар алдында сөз сөйлеген ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің Ведомствоаралық үйлест і ру жəне профилактика басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қанат Жанысбаев.

Іс-шара мақсаты – ата-аналардың назарын ес іртк і қаупіне аудару жəне бұл кеселдің салдары, олар-ды пайдалануға жол бермеудің маңыздылығы туралы мағлұмат беру. Мамандардың айтуынша, баланың тəртібіне қарамай, оның жаман əдетке үйір болуына жол беріп қойып, опық жегеннен, есірткіге тəуелділіктің алдын алған мың есе

Осыған орай ІІМ Б.Бейсенов а т ы н д а ғ ы Қ а р а ғ а н д ы Академиясының Сырттай оқыту факультетінде оқитын қызметкерлер арасында оқу-емтихан сессиясы кезінде үнемі оқытуды жетілд іру мақсатында дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.

Таяуда сырттай оқыту факультет і , криминали -с т и к а ж ə н е с о т с а р а п -т а м а с ы к а ф е д р а с ы н ы ң ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н «Қылмыстың жекеле ген түрлерін ашу мен тергеуді к р и м и н а л и с т и к а л ы қ қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты білім алушылардың білімдерін, үйрену дағдыларын, өздерінің кəсіби шеберліктерін көтеру, сондай-ақ, теориялық білімдерін дамыту.

Дөңгелек үстел жұмысына сырттай оқыту факультетінің 5-курс білім алушылары жəне Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Академия бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., профессор, полиция полковнигі З.Тоқыбаев Қазақстан Республикасының ІІО құқықтық жүйесінің қызметін жетілдірудің басты векторлары туралы айтып өтіп, барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, сəттілік тіледі.

Қазақстан Республикасының жаңадан енгізілген ҚПК сəйкес қылмыстың жекеле-ген түрлерін ашу мен тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ету бойынша сегіз баяндама тыңдалды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар тыңдалған ғылыми баяндамалар мен хабарлама-ларды талқылап, ұсыныстарын оқу процесіне қолданатын болды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша баяндамашылар – сырттай оқыту факультетінің 5-курс білім алушылары – полиция майоры А.Ерғазин, полиция ка-питандары О.Ахов жəне Р.Гафуров, полиция аға сержанты Е.Киккаринов Академия бастығының грамотасымен марапатталды.

бар күдіктілер де анықталған. Алайда, ол тергеу амалдарының ұзаққа созы-лып кеткенін жəне осы іске қатысты сегіз айдан бері бір жауап берілмегенін айтады. Айтуынша, қомақты қаражатты оған үйін сатқан досы сейфте сақтауға

ша Тергеу департаментіне қылмыстық істі талап етіп алдыртып, зерделеу ұсынылды.

Азаматтар қылмыстық істі тергеумен қатар алаяқтық фактілері бойынша, сондай-ақ, Қазақстанның азаматтығын алу жəне зейнетақы жүйес іне қатысты мəселелер жөнінде сұрақтар қойды. Оларға өтініштері бойынша құзыреттілігіне сəйкес сот органдары-на жүгіну қажеттілігі түсіндірілді.

А й т а к е т у к е р е к , Қ о ғ а м д ы қ кеңес мүшелері айына екі рет аза-маттарды қабылдау жүрг і зед і . Кеңест ің қабылдауына азамат-тар ведомстволық сайт немесе электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне алады. Сонымен қатар, ІІМ-нің орталық ғимаратының фойесінде аза-маттар үшін пошта жəшігі орнатылған. Бұған қоса, «Ішкі істер органы» тура-лы Заңға сəйкес барлық өңірлік ІІД-де басшыларының бұйрықтарымен консультативтік-кеңесші органдар құрылды, оларға да əдеп норма-ларын, полиция қызметкерлерінің əрекеттеріне қатысты азаматтардың арыздарын қарау өкілеттілігі берілген. Өңірлердегі ІІД Консультативтік кеңесші органдарының жұмыс прак-тикасын ІІД Кадр департаменті ай сайын талдап, қорытындылап оты-рады.

қаражат қолды болған. Ұрылар жұмыс кабинетінің есігін бұзып, сейфте сақтап жүрген ақшаны тып-типыл еткен. Жұмысына келген бетте осындай жағдайға тап болған азамат дереу полиция қызметкерлерін шақыртып, тергеу амалдары жүргізіле бастаған. Полиграфтың көмегімен бұл іске қатысы

берген екен. Ақыр аяғында үйсіз қалып, қаражаттан да қағылған досы одан ақшасын сұрап жүрген көрінеді.

Шағымданушыға осы іс бойынша ІІМ Тергеу департаментінің өкілі жа-уап берді. Шағымданушыға тергеу жұмыстарының тездетілуі қамтамасыз етілетіні айтылды. Осы шағым бойын-

Шеберлік қайтсе шыңдалады?

Қ.ОСПАНОВ, Қарағанды қаласы

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2010 ЖЫЛДАН 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢГЕ АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯ-САТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТУРАЛЫ» ЖАРЛЫҒЫНЫҢ ЖҮКТЕР МІНДЕТІ – МА-МАНДАРДЫ ТƏЖІРИБЕЛІК ДАЙЫНДАУДА ЖƏНЕ ОҚЫТЫЛАТЫН ПƏНДЕР ҚҰРАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАУДА БАРЫНША КƏСІБИ ДЕҢГЕЙДІ ҰСТАНУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ НҰСҚАМАЛАРЫНЫҢ БАСТЫ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ БІРІ ДЕ ОСЫ ТҰРҒЫДА.

СЕМИНАР-КЕҢЕС

Жемқорлыққа жол берілмейді

Фатихолла МАШТАХОВ, Батыс Қазақстан облысы

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2-ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ СЫРЫМ АУДАНДЫҚ ПОЛИ-ЦИЯ ВЗВОДЫ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ БАҒЫТЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ.

АКЦИЯ

Ата-аналар да тыс қалмауы тиісНұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, суреттерді түсірген Қанат КӨЛБАЕВ

ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ ЕСІРТКІ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСІ БІР СƏТКЕ ДЕ ТОҚТАТЫЛМАЙДЫ. ІІМ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ №76 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДЕ ӨТКІЗГЕН КЕЗЕКТІ АКЦИЯСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ОСЫҒАН САЯДЫ. БЫЛТЫР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСТАМАСЫМЕН ЕЛІМІЗ БОЙЫНША НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ «ӨЗ ӨМІРІҢДІ КӨРКЕМДЕ!» АТТЫ КЕҢ КӨЛЕМДІ АКЦИЯ ӨТКЕН БОЛАТЫН. БИЫЛ ОСЫ БАСТАМА ОДАН ƏРІ ЖЕТІЛДІРІЛІП, АКЦИЯҒА ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТ-ТЕРДЕН БӨЛЕК, ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ ДА ТАРТЫЛЫП ОТЫР.

оңай екен. «Əдетте 7-ден жоғары сынып оқушылары түрлі деструктивті ықпалдарға осал болып келеді», – дейді мамандар.

Сөз арасында жиналғандардың на-зарына есірткінің зияны туралы бейне-ролик ұсынылды. Ондағы кадрлардың аяныштылығы мен үрейлілігі өміріндегі ең қымбат асыл қазынасы – бау-ыр еті баласын кез келген қауіптен сақтап қалуға ұмтылатын ата-ананы бейжай қалдырмасы анық. Өйткені, ондағы көрсетілгендерден бөлек, айтылған сөздер де ойлантады. Ішкі істер саласы қызметкерлерінің акция-ны ұйымдастырудағы басты мақсаты да осы еді.

«Ес іртк і – құрамында психо-тропты қоспалары бар өсімдік тек-

тес зат. Оны пайдаланған адам галюцинациялық елестер көріп, психикалық ауытқушылықтарға ұшырап, өз ін -өз і ұстай алмай-тын халге жетеді. Ең жаманы – ол денсаулығын қайта қалпына келместей етіп құртады. Біздің тəжірибемізден білетініміз есірткіге құмарлық ауру-ына ұшыраған адамдардың көпшілігі 14-23 жас аралығындағы жастар. Олар спортпен айналысып, болмаса өзгедей де пайдалы дүниелермен шұғылданып, шынығудың орнына өте зиянды нəрселерді қабылдау арқылы ағзаларын улаған», – дейді Қанат Байжомартұлы.

Одан соң ата-аналар алдында Астана қаласының Медициналық əлеуметтік оңтайландыру орталығының дəрігер-наркологы Тоқтар Қойшыбеков есірткінің зияны жəне оның адам пси-хикасына ықпалы туралы баянда-ма жасады. «Осы салада 1987 жыл-дан бері қызмет етіп келемін. Сонау тоқсаныншы жылдары бұл қасіретті əдетке ұрынғандардың қатары өте көп еді. Қазір біршама азайды. Бірақ, одан қауіп сейіле қойған жоқ. Керісінше, қазір есірткі түрлерінің бұрынғыдан да көбейіп кетуі өте қауіпті болып отыр. Біздің санамызда есірткі қасыққа ерітіп, шпицпен тамырға енгізетін нəрсе болып орныққан. Ал қазір мүлдем олай емес. Бүгінде олардың темекі жапырағына, болмаса, кез келген шөпке, ең азы кəдімгі көгал шөбіне араластырып

шегетін түрлері қаптап кетті. Сіздер жаңа роликтен көрген жандардың дені осындай синтетикалық есірткінің тəуелділігіне ұшырағандар», – деді ол.

Роликте айтылғандай, есірткі ретінде карастырылатын каннабис тұқымдас өсімдіктердің ауырғанды басатын анальгетиктік қасиетін зерттеу үстінде көптеген жетістіктерге қол жеткізген бір америкалық ғалым оның белгілі бір дəрежеде тəуелділікке шалдықтыратын белгісін байқап тəжірибеден бас тартқан екен. Бірақ, оның бұл жетістіктерін теріс пиғылды адамдар өз мақсаттарына пайдаланып, соның нəтижесінде синтетикалық есірткілер пайда болған.

Акция барысында ғасыр індетінің тек жеке адамның емес, тұтастай мемлекеттің тамырына балта шабар за-уалы дəл суреттеліп, терең жеткізілді. Сол себепті жиынға қатысқан əрбір жан болашаққа деген сенімін нығайтып, жаман əдеттің қаншалықты қауіпті де қатерлі екендігін көңілдеріне түйіп кеткені анық.

Page 4: Сақшы №32 (4198)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№32 (4198), сенбі, 30.04.2016 е-mail:[email protected]

ЖОЛЖАЗБА

Сөз басында айта кетейік, Аспан асты еліне қызмет бабында қаза болған сақшылардың жұбайлары мен ұл-қыздарын апарып, шежіресі 2 мың жылдан асып жығылатын елдің мұрағатымен, салт-дəстүрімен таныстыру, үлкен қалаларын ара-латып, көрікті жерлерін көрсету туралы ұсыныс алғаш рет 2015 жылдың ақпан айында Ішкі істер м и н и с т р і , п о л и ц и я г е н е р а л -полковнигі Қалмұханбет Қасымов пен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэймен кезде-су барысында айтылған. Кейіннен еліміздің əр аймағынан қызметтік міндеттерін атқару кезінде опат болған сақшылардың жұбайлары мен балаларын ҚХР-ға сапарға жіберу ту-ралы екіжақты келісім жасалады.

Дəл осындай келісімді Ресей ІІМ мен ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі осыдан 20 жылдай бұрын жасаған. Қазақстан – Қытай елімен келісімге келген екінші ел. Өз кезегінде ҚХР да елінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде ауыр жарақат алған немесе қаза болған Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі қызметкерлерінің балала-рын Мəскеу, Санкт-Петербор секілді даңқты қалаларға апарып, тарихи-мəдени ошақтарын аралап көрсетуді дəстүрге айналдырған.

Қазақстаннан алғаш сапарға шыққан делегацияны бастап барған ҚХР-дың Қазақстандағы елшісінің кеңесшісі, еліміздегі ҚХР ҚҚМ-нің өкілетті өкілі Дай Сюйкуй екі елдің ішкі істер ор-гандары батырларының жұбайлары мен балаларынан құралған топты шақыру, арнайы тағылымды сапар ұйымдастыру Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан əрі тереңдете түсетінін атап өтті.

«Бұған дейін осындай сапарлар тек Қытай мен Ресей арасында ғана ұйымдастырылып келді. Одан басқа бірде-бір елмен мұндай келісім жасалмаған болатын. Бір жарым жыл бұрын мені ҚХР-дың Қазақстандағы елшісінің полиция істері бойынша кеңесшісі ретінде тағайындады. Сол кезден бастап осы игілікті істі Қазақстан Республикасы ІІМ-мен жаңғырту туралы идеяны алға тартып келдік. Ішкі істер министрі, поли-ция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов бұл ұсынысымызды қабыл алып, биыл міне, ойымыз жүзеге асып отыр. Бұл сапардан қазақстандық делегацияның əр мүшесі, аналар да, балалар да үлкен əсер алды деген ойдамын. Себебі, мұндай бастама-лар, кездесулер мен жүздесулар екі ел халқының арасындағы достықты нығайтып, сыйластықты арттыра түседі. Бейбіт күн батырларының ұл-қыздары осы салтты одан əрі жалғастырып, аға ұрпақтың салып бер-ген жолын жалғастырар, терең білім алып, болашақта Отанын гүлдендіруге өз үлесін қосар деген сенімдемін. Жəне де бұл сапардың соңғы болмайтынына да сенім мол», – деді ол.

Расымен де, Аспан асты еліне алты күнгі сапар танымды-тағылымды

АСПАН АСТЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ ҰЙЫТҚЫ БОЛУЫМЕН СƏУІР АЙЫНЫҢ 20-26 КҮНДЕРІ АРАЛЫҒЫНДА АСПАН АСТЫ ЕЛІНЕ АПТАЛЫҚ АР-НАЙЫ САПАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. БҰЛ САПАРҒА ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ҚАЗА БОЛҒАН ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ АРНАЙЫ ТАҢДАП АЛЫНҒАН. ЕЛШІЛІКТІҢ ПОЛИЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС БОЙЫНША БӨЛІМІНІҢ БАСТА-МАСЫМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН САПАРДА ҚЫТАЙ ЕЛІНІҢ БЕЙЖІҢ, ШАНХАЙ ЖƏНЕ ҮРІМШІ ҚАЛАЛАРЫНА БАРУ, МҰНДАҒЫ САН ҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖЕРЛЕРДІ ТА-МАШАЛАУ ЖОСПАРЛАНҒАН.

ғана емес, мазмұнды өтті. Шараны ұйымдастырушылар – ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің өкілдері сапар бағдарламасына балаларға қызықты жерлерді ғана емес, ел та-рихымен таныстырар, үлкенді де там-сандырар саяхатты қамти алған. Сол себепті бұл сапардың қазақстандық қонақтардың есінде ұзаққа қалары сөзсіз.

Қазақ елінен Қытайға аттанған делегацияның құрамында басы-аяғы 20-дан астам адам болды. Оның ішінде, Халық Қаһарманы, поли-ция капитаны Ғазиз Байтасовтың жұбайы Гүлжамал Тəжиева мен ұлы Арманжан; қарағандылық жол сақшысы, 2008 жылы елордаға жолға шыққан автобус толы балалардың өмірін аман алып қалам деп, опат болған Қайрат Жұмабековтің жары Назгүл Жексенбина мен ұлы Ғалым; осыдан бес жыл бұрын Ақтөбенің Шұбаршы елді мекенін ғана емес, дүйім жұртты шулатқан қылмыстық топты қолға түсіру кезінде жалғыз оқ ғұмырын қиып кеткен «Арлан» арнайы жасағының аға инспекто-ры, полиция аға лейтенанты Руслан Жолдыбаевтың жұбайы Айгүл Жолдыбаева мен қызы Аида; аса қауіпті қылмыскерді құрықтау кезінде мерт болған Алматы қалалық ІІД Патрульдік полк полициясының аға сержанты Ғалымжан Əбдіровтың жұбайы Гүлнəз Мереева мен қызы Аяжан; қанды қарашада қандықол

жары Феруза Мəлікова; қызметтен тыс уақытта жүрсе де, көршісіне көмекке келем деп, ажал құшқан Шу стансасындағы ІІЖБ-нің полиция аға сержанты Рахат Амантаевтың жары Айман Айтқұлова мен ұлы Нұрболат; 2012 жылы 18 қаңтарда қаңырап бос қалған ғимарат ішін тексеріп жүріп, бір ессіздің мылтығынан атылған оқтан жедел жəрдем көлігінде көз жұмған Көкшетау қалалық ІІБ-нің жедел уəкілі, полиция лейтенанты Қайрат Жүсіпбаевтың ізін жалғап қалған ұлы Əлтаир мен өмірлік серігі Маржан Жүсіпбаева; тура 40 жасын-да қаныпезердің атқан оғынан қаза

Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ой-ындары нысандарын аралып көрді. Ал, кешке қазақ елінен келген қонақтарды ҚХР Халықаралық достықты да-мыту қоғамының бас хатшысы Чэнь ШАОСИНЬ мырза ақ дастарқан жайып күтіп алды.

Қоғам тыныштығы күзетінде жүріп қаза болған полиция қызметкерлерінің жұбайлары мен ұл-қыздарына сый-құрмет көрсеткен генерал Чэнь Шаосинь мырза: «Қазақстан мен Қытай – ынтымақтастығы жарасқан елдер. Ал, қазақстандықтар ежелден біздің достарымыз. Сол себепті, бүгінгі Қытай еліне келулеріңіз, осында өткен күндер сіздерге жарқын жақтарымен есте қалады деп сенеміз. Бұл ұлы Қытай еліне соңғы сапарларыңыз бол-майды деп те ойлаймыз. Халықаралық достықты дамыту қоғамы – елдер мен мемлекеттер арасындағы достықты, қарым-қатынасты тереңдетуд і ұстанған мекеме. Біз Қазақстан халқымен тығыз қарым-қатынас орна-та білдік. Жалпы қазақтар – достықты жоғары бағалайтын ел. Ендеше достығымыз артып, сыйластығымыз жараса берсін! Қытай еліне қош келдіңіздер! Біздің елдің есігі сіздер үшін əрдайым ашық», – деп ыстық ықыласын білдірді. Кеш соңында бас хатшы қоғам атынан əр ана мен балаға сыйлықтарын тарту етті. Дастарқан басында аналардың ақ тілегін жеткізген Халық Қаһарманы Ғ а з и з Б а й т а с о в т ы ң ж ұ б а й ы Гүлжамал Тəжиева: «Біздер үшін, балаларымыз үшін осындай сапар ұйымдастырып, бастама көтерген сіздерге алғысымыз шексіз. Қытай – үлкен əрі тарихы терең ел. Осындай құдіретті елге келіп, көне тарихын көзбен көру – біз үшін ғанибет, балаларымыз үшін үлкен тағылым. Ерлеріміздің есімін ұлықтап, ерлігін дəріптеп қана қоймай, артында қалған ұрпағына осындай салиқалы, мазмұнды сапар ұйымдастыруға мұрындық болғандарыңыз үшін ризашылығымызды б ілд ірем із . Ешқашан сақшылар қылмыскердің қолынан қаза болмасын, аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!», – деді.

Келесі күні Ұлы Қытай қорғаны мен Фу Го теңіз əлемін тамашалаған делегация мүшелері ҚХР Қоғамдық қ а у і п с і з д і к м и н и с т р л і г і н і ң өкілдерімен кездесті. ҚХР ҚҚМ Кадр департаменті бастығының орынбасары, ҚХР ҚҚМ-нің қаза болған қызметкерлері қорының бастығы Чэн ЖЭНЬХУА мырзаның басшылығымен өткен шағын басқосу кезінде Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаментінің тəрбие жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Рустем Сəдуақасов Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың сəлемін жеткізіп, ІІМ-нің гербін табыс етті.

«Ұлы Қытай еліне қош келдіңіздер! Сіздерді астанамыздың төрінде қарсы алғанымызға өте қуаныштымыз. Сіздер елімізге осындай құраммен келіп отырған алғашқы топсыз-дар. Қытай елінде өткізген əр сəт сіздерге ерекше əсер қалдырып,

əс іресе, балалардың көңіл інен шығады деген ойдамыз. Қазақ елінде болмағаныммен осыдан бірнеше жыл бұрын Түрікменстанда өткен ресми кездесуде Елбасыларыңыз Нұрсұлтан Назарбаевты көрген едім. Сол кезде Мемлекет басшыларыңыз Қазақстанның Түрікменстаннан да əдемі əрі бай ел екенін айтқан бола-тын. Ал, қазақ халқының қонақжай ел екенін ежелден білеміз. Осындай кездесулер, бейресми сапарлар екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттырып қана қоймай, болашағымыз – балалар арасындағы достықты тереңдетіп, ертеңге даңғыл жол са-лады деген ниеттеміз. Сол себепті де сіздердің делегацияларыңызға зор құрметімізді білдіреміз. Алдағы у ақытта да и г і і с т ер ім і з б ен бастамаларымызға қолдау білдіреді деген сеніміміз бар», – деді генерал Чэн Жэньхуа

Генерал Чэн Жэньхуа кездесу ба-рысында ҚХР ҚҚМ-нің қаза болған қызметкерлері қорының жұмысы жөнінде де айтып өтті. Оның айтуынша, ҚХР-да соңғы 10 жылда қызмет бабын-да қаза болғандардың саны 5 мыңға жуықтаған. Ал, соңғы бір жылдың ішінде 400-дей сақшы қылмыскерлердің қолынан қаза болған.

Қытай ішкі істер органдарында жеке құрам 2,5 миллионнан асады. «Қытай – аумағы ауқымды, халқы да көп ел. Елдің əр аймағындағы əлеуметтік жағдайы да сан алуан. Сол себепті əр аймақтағы қылмыстық ахуал да əртүрлі. Ұрлық-қарлықтан бастап, əлем елдерін алаңдатқан терроризм-мен күрес жүргізуге де ерекше мəн беріліп келеді. Қытай мен Қазақстан көрші жатқан елдер. Сол себепті лаңкестікпен бірге күрес жүргізуде тəжірибе алмасып, білгенімізбен бөлісудің маңызы зор. Атап айтқанда, терроризмге қарсы күрес жүргізуде ақпаратпен алмасу мəселесіне ерекше көңіл бөлген жөн», – деді ол.

«Б і з , қытай халқы, полиция қызметін өте жоғары бағалаймыз. Əсіресе, қызмет бабында қаза болған тəртіп сақшыларының артында қалған жарлары мен балаларына деген құрметіміз ерекше. Сіздер, аналар, ұлы адамдарсыздар. Бастарыңызға түскен қасірет пен қайғыға мойы-май, бастарыңызды көтере біліп, жұбайларыңыз ізін жалғап қалған ұл-қыздарыңызды өсіріп, лайықты тəрбие беріп келесіздер.

Қазақстан да Қытай елі секілді ішкі істер саласында қызмет етіп жүріп, қылмыскерлердің қолынан қаза болған тəртіп сақшыларының отбасы-ларына ерекше қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созып келеді деп ой-лаймыз. Біз халық татулығы мен ел тыныштығы, қоғам қауіпсіздігі мен заң үстемдігі үшін жанын қиған ерлердің есімін ешқашан ұмыт қалдырмаймыз.

Қ а з а қ с т а н н а н д ə л о с ы н д а й құрамдағы делегация Қытай еліне алғаш рет келіп отыр. Біз алдағы уақытта да осындай сапарларды ұйымдастырып, батыр аналарға ерекше көңіл-күй, ал балаларға естен кетпестей қызықты сапар-лар ұйымдастыруға дайынбыз. Мұндай екіжақты саяхат Қазақстан

қарақшының қолынан көз жұмған жамбылдық жампоз, МКҚБ-ның поли-ция аға сержанты Полат Аянқұловтың отын өшірмей отырған Миясар Юсупова мен қызы Жансая; 2008 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған керекулік тəртіп сақшысы, Қашыр аудандық ІІБ-нің полиция капитаны Фарид Какабаевтың жары Лəззат Какабаева мен қызы Амина; елдің ес інде «Кеңқияқтағы қырғын» деген атау-мен қалған қанды оқиға кезінде Ақтөбе жерінде жер жастанған «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақтың бөлім бастығы болған по-лиция майоры Айболат Иманбаевтың артында қалған атұстары Айбар мен

болған Алматы облыстық ІІД «Арлан» арнайы жасағының аға инспекторы Ержан Ахметовтің қызметтік жолын жалғап қалған жұбайы Баян Ахметова мен əке арманын үкілеп өсіп келе жатқан ұлы Азамат бар.

Қазақстан жағынан топқа ІІМ Кадр жұмысы департаментінің тəрбие жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Рустем Сəдуақасов жетекшілік етті.

БЕЙЖІҢДЕГІ БІРІНШІ КҮНСапардың алғашқы күні қазақстандық

делегация Қытай елінің астанасы – Бейжің қаласының көрікті əрі тарихи жерлері – патша əулетінің сарайы, Тяньаньмэнь алаңы мен 2008 жылы

Page 5: Сақшы №32 (4198)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№32 (4198), сенбі, 30.04.2016 е-mail:[email protected]

ЖОЛЖАЗБА

ЕЛІНДЕГІ АЛТЫ КЇН

Р е с п у б л и к а с ы І І М м е н Қ Х Р Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі ынтымақтастығын арттырып, бір бағытта – қылмысқа қарсы күрес жүргізу, бейбіт күнде ерлік көрсеткен ерлердің есімдерін ұлықтауға септігін тигізеді деген сенімдеміз», – деп əр анаға ерекше ілтипат көрсеткен гене-рал құрмет белгісі ретінде ғасырлық тарихы бар мейрамханада жайылған дастарқанға ұлттық тағам – Бейжің үйрегін салтанатты түрде қойдырды.

Енді Аспан асты елінің астанасында орналасқан тарихи нысандар мен мəдени ошақтардың шежіресіне же-ке-жеке тоқталайық. Əрине, тамыры 2 мың жылдың қойнауында жатқан алып елдің осы уақыт аралығында жүріп өткен даңғыл əрі дара жолын екі-үш сөзбен жеткізу еш мүмкін емес. Себебі, біз тек қойнауы аңыз бен ақиқатқа, шындық пен шырғалаңға толы тарихи мекендердің шет жағасын ғана көріп қайттық емес пе ?! Ендеше, таныс болыңыздар, құдіреті күшті елге табанымыз тиген жердің біріншісі – Тяньаньмэнь алаңы.

ТЯНЬАНЬМЭНЬ – АЙБЫН АЛАҢЫТяньаньмэнь – Қытай астана-

сы Бейжіңнің жүрегінде орналасқан дүниежүзіндегі ең үлкен алаң. Алаңда Халық батырлары ескерткіштері мен Мао Цзэдун кесені орналасқан. Осы елдің парламенті – Халық кеңесі үйі де Тяньаньмэнь төрінен орын алған. Үлкен ұлттық опера театрын да осы жерден табасыз. Аумағы 40 га болатын алаңға бір сəтте 1 миллион халық сыйып кетеді. Бұл жер Мəскеу қаласындағы Қызыл алаңнан 4 есе үлкен.

Т я н ь а н ь м э н ь с ө з і н т і к е л е й аударғанда «Аспан тыныштығының қақпасы» деген мағынаны білдіреді. Алайда, тағдырдың жазуы болар, «тыныштық қақпасы» керісінше та-лай тағдырды тəлкекке салып, та-лайын қыршыннан қиған қанды ме-кенге айналған еді. Дəл осы алаңда 1989 жылы Мао Цзэдун Қытай Халық Республикасының құрылғаны жөнінде мəлімдеген. Дəл осы жылдан бас-тап алаң қанды қырғынның қаралы көрінісіндей қабылданады.

Тарих беттер інде «4 маусым оқиғасы», «Тяньаньмэнь алаңындағы қантөгіс» деген атауларымен қалған 1989 жылғы жаппай шеру 15 сəуірде басталып 4 маусымға дейін жалғасқан. Шерудің басты қатысушылары – студенттер болған бұл оқиғаның шарықтау шегі маусымның 3-нен 4-не қараған түні төгілген қан, бейбіт халыққа атылған оқ пен өрімдей қыз-жігіттердің ел ертеңі үшін деген соңғы үні еді.

Осыдан 27 жыл бұрын 4 маусымда демократиялық реформа үшін алаңға шығып, жаппай қарсылық көрсеткен студенттерге билік əскери танкілер

мен қарулы солдаттарды қарсы қойған еді. Қақтығыс кезінде қаза болғандар саны туралы əлі күнге дейін нақты айтылмайды. Ресми түрде 242 қаза болған адам туралы əр-əр жерде жазылып келді. Алайда, қантөгіс кезінде көз жұмғандардың толық тізімі бүгінге дейін жарияланған емес. Қанды оқиға кезінде алаңда болған шетелдік БАҚ өкілдері Тяньаньмэнь қырғыны кезінде 3 мыңға жуық жастың құрбан болғанын айтады. Қаңғыған оқ пен танкінің астында қалған марқұмдардың дені жастары небəрі 17-18-дегі студенттер еді. Қанқұйлы оқиғадан тірі қалғандары мүгедек болып қалды. Одан қалды біразы оқудан шығарылды, жұмыстан қудаланды, ізім-ғайым жоқ болып кетті, елден қуылды, түрмеге жа-былды, жындыханаға жатқызылды, атылды, асылды...

Қытай халқы бұл жерді үміт пен масқара арпалысқан мекен деп біледі. Енді бірі құдіретті күш пен əлсіздіктің белгісіндей қабылдайды. Əр таңда мұнда ту көтеру салтанаты өтеді. Осылайша Қытай елі өз-өзіне құрмет көрсетеді. Күн өткен сайын Аспан асты елі осылайша мықтылы мен құдіретін дүйім жұртқа паш етіп келеді. Бірақ бұл алаңда шындықты айтып, демократияға шақыратындардың үні естілмейді, ондайларға орын табыл-майды. Экономикасы дамыған елде себебі, ұлт қасіреті – жабық тақырып. Өйткені, экономикалық пайда мен ұлттық менмендік өткен күнге деген ақиқатты белінен басып кетеді. Табыс пен тəкаппарлық шындықтан жоғары болып қалды.

Осыдан 27 жыл бұрын болған қантөгістен қазір еш белгі қалмаған. Тек сол қырғынның құрбандары ғана ешнəрсені ұмыт қалдырмасы анық. Қытай халқының өзі бұл ауыр тақырыптан айналып өткенді жөн санайды. Ескі жараның орнын тырнағысы келмейді. Ал, шынайы достық сезіммен, сенімінен шықсаң, бірден түсінесің – олар əлі күнге дейін ешнəрсені ұмыт қалдырмаған əрі та-лай жанның қанын төккен билікті əлі кешіре қоймаған.

Неге екені білгісіз... Тяньаньмэнь алаңына табанымыз тигенде күн шайдай ашық болса да өңменнен өтердей ызғарлы желді сезіндік. Қазақ жастарына у ішкізіп, зəр құстырған Желтоқсанның желіндей суық, ызғарлы...

«ЖАБЫҚ ҚАЛА» ЖҰМБАҒЫГугун музейі, басқаша айтқанда, им-

ператорлар сарайы – Тяньаньмэнь бас алаңының сол жағында орналасқан əлемдегі ең ауқымды сарай кешені. Оның аумағы 720 мың шақырымды алып жатыр. «Жабық қалада» қазір 800-ден астам ғимарат бар. Ал бұрын

патша сарайында тура 9999 бөлме болған. Тоғыз – қытайлықтар үшін сəтті сан. Қытай императорларының басты сарай кешені Мин əулетінен бастап, Цин əулетіне дейінгі, яғни, 1420-дан 1912 жылдар аралығындағы тарихтың куəгері. Бес жүз мыңжылдықтар бойы «Жабық қала» императорлардың резиденциясы жəне олардың отбасы мүшелерінің тұратын үйлері, сондай-ақ, қытай үкіметінің салтанатты əрі саяси орталығы ретінде қызмет етті. Дəл осы сарай кешенінде Аспан асты елінің Мин жəне Цин əулеттерінің 24 императоры билік еткен. Іргетасы 1406-1420 жылдары қаланған сарай алғашында Мин императорлары үшін салынып, Қытайдың орталығы деп белгіленгенімен, кейіннен оны өздері бүкіл ғаламның жүрегінде орналасқан кешен деп асқақтатқан.

Ел арасында бұл сарайды «Жабық қала» деп те атайды. Неге «жабық» десеңіз, кезінде сарайға жан баласы аттап баса алмаған, ал кіргендер императордың рұқсатынсыз керісінше кете алмаған. Пекиннің дəл ортасын-да орналасқан «Жабық қала» осылай-ша басқа қалалардан мүлде алшақ қалған. Сарайдың қанқызыл түсті

күшейтілген өткел мен 10 мыңдаған күзет бағаны бар. Азияны кесіп өтетін бұл əскери ғажайып құрылыс Қытай халқын 2 мың жыл бойы сыртқы жаудан қорғап келді. 16 ғасыр бойы салынған жер бетіндегі ең ірі құрылыс империяның өрлеуі мен өшуіне де куə болған. Алайда, бұл қорғанның қалай салынғаны, қандай материал-дар қолданғаны, қанша құрылысшы тартылып, құрылыс заттарын биік тау мен шөлді жерлерге қалай жеткізгені туралы бірде-бір құжат, тілдей қағаз да қалмаған. Ұлы Қытай қорғанын

P.S. ЖОҒАРЫДАҒЫ ЖОЛЖАЗБА АСПАН АСТЫ ЕЛІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЕКІ КҮННІҢ ҚАҒАЗ БЕТІНЕ ТҮСКЕН ШАҒЫН ҒАНА «КӨРІНІСІ», КӨҢІЛГЕ ТҮЙГЕНІМІЗ БЕН САНА-МЫЗДА ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ТАРИХЫ ҒАНА. ҚЫТАЙДЫҢ БҮГІНДЕ БҮКІЛ ƏЛЕМДІ АУЗЫНА ҚАРАТҚАН ТАҒЫ БІР ҮЛКЕН ШАҺАРЫ – ШАНХАЙ ТУРАЛЫ ГАЗЕТІМІЗДІҢ КЕЛЕСІ САНЫНДА ЖАРИЯЛАЙТЫН БОЛАМЫЗ.

АСПАН АСТЫ ЕЛІ ТУРАЛЫ АЛТЫ ДЕРЕК1. Қытайда қазіргі таңда біз белсенді қолданып жүрген сайттар мен əлеуметтік желілерге жаппай тыйым салынған. Бұл елде Facebook пен Twitter желілері жұмыс істемейді. Googl, Yahoo, Wikileaks пен Wikipedia-ға бұғат салынған, тіпті Youtube секілді бейнехостинг пен эротикалық сайттарға жаппай шектеу қойылған. ВВС секілді ірі ақпарат көздерінің мəліметтері толықтай сүзгіден өткізіледі. Ең бастысы – ғаламторда Қытай билігін сынау мүлде жоқ. Интернетке толықтай тыйым сала алған Қытай үкіметі бұл тұрғыдан келгенде мүмкін емес нəрсеге қол жеткізіп отыр. Сол себепті де болар, осы елдегі осы жағдайға байланысты «Ұлы Қытай интернет қорғаны» деген тіркес те қалыптасқан.2. Қытайда 20-ға жуық түрлі диалект бар. Тіпті, əр аймақтағы қытайлықтардың өздері бір-бірін түсінбей жатады.3. Қытай астанасы – Бейжіңде бүгінде 20 миллионнан астам халық тұрады. Бұл бүкіл Қазақстан халқын бір жерге жинағанмен бірдей. Ал, Бейжің – Қытайдың ең көне төрт астанасының бірі болып саналады. Тікелей аударғанда «Солтүстік астана» деген мағынаны білдіреді. Бұл қала ел астанасы дəрежесін соңғы 800 жылдан бері берік ұстанып келеді.4. Айдаһар – қытай елінің басты символы. Ол билік пен күшті білдіреді. Сол себепті мұндағы кез келген зат пен ғимараттан айдаһар бейнесін табуға болады. Сондай-ақ, Аспан асты елі қызыл, күрең қызыл түсті жақсы көреді. 5. Өткен ғасырдың 1977 жылына дейін Бейжіңге шетелдіктер емін-еркін келе алмаған. Қытай елінің басқа қалаларына да есік осы жылдан бастап ашылған. Нарықтық экономикаға көшкенге дейін мұнда саяхатшыларды кездестіру сирек кездесетін құбылыс болса, қазір кез келген қаласынан, əсіресе, Бейжің мен Шанхайдан жолықтыруға болады.6. Жер аумағы жағынан алдына тек Ресей мен Канаданы жіберген ҚХР əлем бойынша үшінші орында тұр. Бұл елде 56 ұлт өкілі тұрғанымен, өткен жылғы санақ бойынша қытай халқының саны 1 368 660 000-ға жеткен. Сол себепті Аспан асты еліндегі өзге ұл өкілдері бар-жоғы 7 пайызды құрайды.

Сол себепті де болар, Ұлы Қытай қорғаны – дүниежүзіндегі ең ұзын құрылыс қана емес, əлемдегі ең ұзын қорым болып та саналады. Қорғанды салған адамдар ауру-сырқау, ауыр жұмыс, қала берді ашаршылықтан көз жұмғанда денелерін қорғанның қабырғасына бірден қалап жіберіп отырған. Аңыз бен ақиқаттың аста-рына үңілсең, мұнда 400 мыңнан астам адам жерленген деседі. Егер қорғанның қабырғасына құлағыңды тоссаң, ар жағынан өлгендердің зар-лы дауысын естисің деген наным-сенім де бар. Тарихи үлкен маңызға ие болған қорған қабырғасы талай жанның қан мен тері, қасіреті мен қайғысы, азабы мен көз жасымен тұрғызылған. Құрылыс кезінде жүз мыңдаған адам көз жұмды. Оның əр бағаны шаруа халық пен құлдардың шойырылған белі, ауырлықтан талған білек күшімен бой көтерді.

Бір шетінен жер бетінде өзге ұлы құрылыстың барлығы Ұлы Қытай қорғанының жанында ергежейлі секілді көрінеді. Солтүстік Қытайға жайылып жатқан қорған қабырғалары көзге көрінер жердің бəрін алып жатыр. Теңізде, шошақ төбелі бау биіктері мен аяуы аз шөл далада...

Қорғанды салған құрылысшылар мен инженерлер бірнеше ғасыр бойы толассыз қиындықтарға тап келіп жатса да айласы мен ақылдарын асы-рып, түйіннің шешімін тауып отырған. Сол себепті де болар, Ұлы Қытай қорғаны – бұл ғажайып ғимарат қана емес, адамзат баласының өз қалауымен не қалауына қарсы болса да күшін біріктіре алатынын айғақтайтын ең үлкен жетістігі болып саналады. Бұл құрылыс Батыстағы кез келген ғаламат құрылыстың, тіпті, мысырлықтардың пирамидаларын салу мүмкіндіктерін он айналып өтеді.

Екі мың жыл бойғы жаумен соғыс кезінде қытайлықтар əскери өнерлерін жетілдіріп қана қойған жоқ, қорғаныс ғылымын да тереңдете түсті. Олар осы күнге дейін құрылыста қолданылатын теңдессіз технологияны ойлап тап-ты. Алайда, қытайдың қарапайым шаруа халқы үшін ұлы жетістіктің құны қатпарлы қайғы-қасірет пен ауыр азаппен келді. Сондықтан да болар, Ұлы Қытай қорғаны алпа-уыт əскери күштің азулығын, не құрылыстағы инженерлік таланттың асқан шеберлігін емес, Қытайдың қалайда тірі қалуға деген талпынысын көрсетсе керек.

Бану РАХЫМБАЙҚЫЗЫ,Астана-Бейжің-

Шанхай-Үрімші-АстанаСуреттерді түсірген автор

қабырғаларының артында тек импе-ратор мен оған жақын адамдардың болуына ғана құқық берілген. Ал, қарапайым халық үшін, тіпті, XIX ғасырға дейін шетелдіктердің мұнда табан тигізуі орындалмас арман бо-латын. Ал қазіргі таңда музей ретінде мұнда дүниежүзінен халық ағылып келіп жатады. Алайда, бір күнде 7 гектардан астам жерді алып жатқан мыңға жуық сарайды аралап шығу... əрине, мүлде мүмкін емес жайт. «Жабық қаланың» кіреберісін екі үлкен арыстан күзетіп тұр. Кейіннен дəл осы арыстандардың үлкенді-кішілі көшірмесін Қытай елінің өзге қалаларындағы мəдени-қоғамдық, ойын-сауық ошақтарынан да жиі кездестірдік.

ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫБүкіл Қытай елін бойлап жатқан

қ о р ғ а н н ы ң ұ з ы н д ы ғ ы 6 7 0 0 шақырымнан асады. Бұл дегеніңіз Астана мен Римнің арасындай. Тіпті, одан да ары. Қорғанның ені орта-ша есеппен 6 метр болса, биіктігі 8 метр. Бұл кəдімгі 3 қабатты үйдің биіктігіндей. Қорғанда мыңдаған

ұлы жасайтын жайттың бірі – осы. Əсіресе, Мин империясы кезінде тұрғызылып, 3 ғасыр бойы моңғол шапқыншыларына тойтарыс беріп келген қорғанның салыну техноло-гиясы осы күнге дейін архитекторлар мен инженерлер үшін құпия болып келеді. Ал, құпиясы көп жайттың жанында аңыз бен əбсананың жүрері анық. Мысалы, қорған кірпіштерін бекітіп тұрған əк ерітіндісіне қытайлар қайнатылған күріштің крахмалын қосатын болған деседі. Қорғанның сан ғасырдан бері жауын-шашын, да-уыл мен желге мүжілмей осы уақытқа дейін сақталуының бір себебі осында дейді. Ал, енді бір аңыздарда қорғанды салу кезінде өлген адамдардың сүйектері де пайдаланған деседі.

Page 6: Сақшы №32 (4198)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№32 (4198), сенбі, 30.04.2016 е-mail:[email protected]

АРДАГЕР

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ – 71 ЖЫЛ

ЖАҢАҚАЛАЛЫҚ ЖАУЫНГЕРҰлы Отан соғысы жылдарында неміс-фашист басқыншыларына қ а р с ы ұ р ы с т а ж а ң а қ а л а л ы қ ж а у ы н г е р л е р д і ң д е е р л і к п е н шайқасқаны тарихтан белгілі. XX ғасырдың ең ауыр қасіреті атанған Ұлы Отан соғысының сұрапыл жыл-дары ортақ Отанымыздың азаттығы жолында азаматтарымыздың қолына қару алып ел қорғаған кезең і еді. Соғыс жаңақалалықтарға да қайғы-қас ірет əкел іп, қаншама жүректерге жазылмас жара сал-ды. Қан майданға қатысқан қазақ жауынгерлері өз халқының ама-натын толық орындап шықты деп бүгінде үлкен мақтанышпен ай-тамыз. Ұлы Жеңіс жауынгерлері қиян-кескі шайқастарда асқан ерлік көрсете білді.

Ұлы Отан соғысы жылдарын-да майданға ауданымыздан 4599 адам аттаныпты. Олардың басым көпшілігі зұлым жаумен Сталинград, Воронеж, Калинин майдандарында, Псков, Новгород облыстары жерінде, Ленинград қаласы түбінде шайқасты. Қан майданнан 2266 боздақ елге оралмады. Олардың 1168-і ұрыс да-ласында қаза тауып, 1098-і майдан шебінде хабар-ошарсыз кетті

Қайсарлық пен каhармандықты, Отан ғ а де г ен с үй і с пенш і л і к т і сынаған аса қатыгез сұрапыл соғыста жерлестеріміз де намыс туын жоғары ұстай білді. Олар ерен ерліктің зор үлгісін көрсетті, сөйтіп өздерінің есімдерін тарих беттеріне алтын əріптермен жазып кетті. Бұл адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыс болды. Ұлы Жеңіс жолында миллиондаған халық бейбітшілік үшін жанын сала күресті. Отан, жер, ел үшін асыл ерлеріміз от пен оқтың ортасында толарсақтан саз кешті.

М а й д а н ғ а а л ғ а ш қ ы шақырылғандардың қатарында елінің патриоты, өмірін Отан қорғау ісіне арнаған жауынгердің бірі – Сəрсек САҒИТОВ еді.

Ол 1921 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы-на қарасты №7 Қияқты ауылдық кеңесі жерінде дүниеге келген. Əкесі Сағит пен шешесі Қанипа – жеке шаруашылығымен күнелткен қ а р а п а й ы м е ң б е к а д а м д а р ы . Отбасында бес баланың тұңғышы болған Сəрсек əке-шешесінен жастай жетім қалады. Ашаршылық жылдары бауырларынан айырылып қалған ол Жаңақазан елді мекеніндегі балалар үйінде тəрбиеленіп, жеті жылдық білім ала жүріп, ауылдық кеңесте хатшылық қызмет атқарған.

Соғыстың басталғандығы тура-лы хабарды ол аудандық əскери комиссариаттан естиді. Ол кезде Сəрсек Сағитов 21-дегі жас жігіт еді. Ел басына ауыр күн түскенде 1942 жылы маусым айында қызыл əскер қатарына шақырылып, сол жылдың шілде айында 13-ші Батыс бригадасының 365-полкінде қызмет етеді. Осы жылдың тамыз айында орталық майдан шебіне араласып, соғысқа қатысады.

Содан кейін басқа майдан шебіне ауысып , 26 - гвардиялық диви -

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫ – ТАРИХЫ ШЕЖІРЕЛІ ОҚИҒАЛАРҒА ТОЛЫ ЖЕР. БІР КЕЗДЕРІ БӨКЕЙЛІКТЕРГЕ ШҰРАЙЛЫ АТА ҚОНЫС БОЛҒАН, БАЙЫРҒЫ КИЕЛІ АТАМЕКЕН БҮГІНДЕ РЕСПУБЛИКАМЫЗҒА ТАНЫМАЛ АУДАНДАРДЫҢ БІРІ.

Қазына кеуде қария, кезінде тепсе темір үзетін жап-жас жігіттердің жаны, қаны, күшімен, ерлік ісімен, көз жасымен келген Жеңіс қаншалықты қымбат десеңізші?! Оққа ұшып жанын тапсырған қарулас жолдастарының аманатын арқалап, елге аман оралған ардагерлердің өздері қорғап, қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. «Ер есімі – ел есінде» деген сөздің астары сол себепті де терең, тағылымды. Сол себепті де, бізге жарқын болашақ сыйлаған аталарымыз бен апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Міне, осындай сұрапыл соғысқа қатысып ерлік көрсетіп келген қарт жауынгердің бірі – Оңтүстік-шығыс ПБ Жедел криминалистикалық полиция бөлімшесінің криминалисі, полиция аға лейтенанты Еріков Марғұланның атасы Зейнолла Қуанышбеков атамыз. Қарияның есімі мен ерлігін Ұлы Жеңістің 71 жылдығы алдында тағы бір ұлықтасақ та артықтық етпесі анық.

Бүгінгі күні 93 жасқа толып отырған ақсақал сұрапыл соғысқа аттанғанда небəрі 19 жаста екен. Жалындап тұрған шағында «елім мен жерімді қорғау – менің парызым» деген ұранмен Отанды жаудан қорғауға аттанған ақсақал өткен жылдар туралы еске алғанда қазақ жігіттерінің ерлігін аңыз етіп айтып береді.

Кеудесі сан медаль мен орденге толы ақсақал ардагерге «Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы» атағы да берілген.

Соғыс аяқталысымен атамыз ішкі істер органдарына қызмет атқаруға келеді. Содан ғұмырының көп бөлігін қоғам тыныштығын сақтап, қылмыспен күресуге арнаған Зейнолла қарияның балалары мен немерелері де осы жолда еңбек етуге атсалысып келеді. Зейнолла Қуанышбеков ақсақалдың ұлы Ерік Зейноллаұлы – полиция полковнигі. Көп жылдар осы салада абыройлы қызмет атқарған азаматтың ұлы – полиция аға лейтенанты Еріков Марғұлан да ішкі істер саласының қыр-сырын меңгеріп, ата жолын жалғастырып келеді. Үш ұрпақ сабақтастығын жалғастырып тұрған ортақ міндет – Отан алдындағы борыш. Бұл дəстүр сабақтастығын үзбей, атадан əкеге, əкеден балаға мұра болып қалып жатқан мамандық əрі қарай өз жалғасын табады деген үміттеміз. Ардагер атамыздың ерлік ісі тек өз ұрпағына емес, барлық өскелең ұрпаққа өнеге.

Ұрпақ сабақтастығы

И.ЫСҚАҚОВА, Қарағанды облысы

БАРДЫ ЖОҚ ЕТЕТІН, ТАУДЫ ЖЕР ЕТЕТІН, ЖЕР БЕТІНДЕГІ ТІРШІЛІК АТАУЛЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН ЖАЛМАП ТҰРАТЫН СОҒЫС – КҮЙРЕТУШІ КҮШ. ТАРИХТА ОЙЫП ТҰРЫП ОРЫН АЛАТЫН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АЯҚТАЛҒАНЫНА ЖЕТПІС БІР ЖЫЛДЫҢ ЖҮЗІ БОЛДЫ. АЛ, ЖЫЛ СА-НАП СОҒЫС ӨРТІНЕН АМАН КЕЛГЕН АРДАГЕРЛЕРІНІҢ САНЫ АЗАЙЫП БАРАДЫ...

зия құрамындағы 79-гвардиялық полкінің 120-миномет батареясында алғашқыда мина тасушы болады. Мың өліп, мың тірілгендей болған ауыр күндердің бірі еді ол кездер. Қарша борап жауған оқтан, снаряд-тар мен бомбалардан аман қалам ба, жоқ па деп, іштей туған елмен, бала-шағасымен талай қоштасқан сəттері де болған. Дəм-тұз тартса небір ажалдан аман қалады деген рас екен. Жауапты да қиын міндетті ол соғыстың аяғына дейін абыроймен атқарады.

Соғыс жылдарындағы бірнеше қанды шайқа с тар ғ а қ а тысып , Ұлы Отан с о ғысы 1945 жылы аяқталғанымен де Сəрсек Сағитов əскери қажеттілікке орай, əскер қатарында 1946 жылға дейін болып елге оралды.

Миномет қаруының командирі болған, гвардия сержанты Сəрсек Сағитов Жеңіс күнін Германияның Шығыс Пруссия жерінде қарсы алады. Осы отты жылдары ол коммунистік партия қатарына да өтеді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгер Сəрсек Сағитов майданда көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, ІІІ дəрежелі «Данқ» ордендерімен жəне «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кенисбергті азат е т к ен і үш і н» медальдарымен марапатталған.

Ж е р л е с і м і з 1 9 4 6 ж ы л д ы ң көктемінде туған жеріне аман-есен оралып, ауылдағы қайнаған жұмысқа да белсене араласып кетеді. Еңбек жолын Сарыөзен ұжымшарында төраға болып бастаған Сəрсек Сағитов өте іскер адам болған. Сол себепті де болар оны 1947 жылы партия органдары аудандық

Ішкі істер бөлімінің инспекторы етіп жұмысқа жібереді. Осы сала-да 25 жыл абыройлы да, жемісті еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан. Өміріне қауіп төнген талай істерді алғырлығы, турашылдығы, қайсарлығы мен ерлігімен еңсере білген ол милиция сержантынан ка-питаны дəрежесіне дейін көтерілген.

Оның Жаңақала, Жалпақтал ау-дандары Ішкі істер бөлімдерінде талай қылмысты ашқан үлгілі істері əріптестеріне өнеге болып, оның есімі шын мəніндегі аңызға айналды. Солардың бірі əрі аса маңыздысы – Сəрсек Сағитовтың 1949 жылы соғыстан қашып Бүк ілодақтық іздеуде жүрген қалмақ бандасының үш ай бойы соңынан түскен ерлік ісі еді. Бұл өз уақытында елімізге үлкен дүрбелең туғызған, нəтижесі табысты аяқталған жұмыс болатын. Елде қылмыс жасап, 1957 жылы сегіз ай бойы өзінің аты-жөнін өзгертіп Қалмақ АССР-інде қашып жүрген

халық ауызында «сексен башпай» атанған қылмыскер Əдиетті ұстап əкелуі де кішігірім бір кітапқа өзек болғандай аңызға айналған əнгіме болатын. Əдебиетші, өлкетанушы, танымал журналист, ел ағасы Тихон Əліпқалиевтың ат туралы жазылған бір мақаласының тасасында тұрған кейіпкер де осы Əдиет болатын. Бұл оқиғаны Жаңақала жұрты жақсы біледі.

Соғыстан кейін ел даму жолына түсіп, халықтың əл-ауқаты жақсара бастаған кезде милиция капитаны Сəрсек Сағитовтың араласуымен талай рет қоғамдық мүліктің талан-таражға түсуіне тосқауыл қойылып, талай қылмыстар ашылды. 1961 жылы мамыр айында Мəстексай ауылдық дүкені бұзылып, көптеген қымбат дүние-мүліктер ұрланғанда,

оны мұнай-газ барлау экспеди-циясында істеп жүрген шеттен келгендердің ісі екенін сезген сақшы Сəрсек Сағитов екі ай бойы күні-түні ізіне түсіп, ақыры ұрыларды Ресей Федерациясының Дондағы Ростов қаласынан барып ұстап əкелген еді.

Сəрсек ақ сақал – а уданның қоғамдық жəне экономикалық-əлеуметтік өміріне белсене ара-ласып, өлке дамуына өз үлесін қосқан азаматтың бірі. 1958 жылдың жаз айында орталықтан Жаңақала ауданының басшылығына күрделі де жауапты тапсырма беріледі . О л т а п с ы р м а М о ң ғ о л Х а л ы қ Республикасына экономикалық к ө м е к р е т і н д е о р т а л ы қ т а н жасақталынып жатқан теміржол эшелонының құрамындағы төрт вагонға 48 бас іріктелінген жылқы малын тиеп апарып беру туралы кезек күттірмейтін іс болатын.

Апарылатын жылқы малдары ауданның Ленин, Жаңа жол, Жаңа та-лап, Интернационал қолхоздарынан алынып, ал баратын төрт адамның төлқұжаттарын əзірлеу, бастапқы дайындықтан өткізу міндеттері Ішкі істер бөлімінің тəжірибелі милиция қызметкері С.Сағитовке жүктеледі.

Шаруашылық аумағынан əр і асып шықпаған жұмысшыларды баруға үгіттеу, ереже бойынша дай-ындау, оқыту жəне көлікте жол жүру қауіпсіздігі ережелеріне сай жаттықтыру жұмысы да оңай ша-руа емес еді. Алғашқыда баруға жүрексініп, қарсылық көрсеткендер де болды.

С.Сағитовтың адамдармен же-к е - ж е к е с ө й л е с і п , с е н д і р е үгіттеп, жаттықтырып дайындауы нəтижесінде Моңғол еліне барып, жылқыларды тапсырып келген төрт адамның біреуі Ленин колхозының сол кезде 22 жастағы жұмысшысы, бүг інде Мəстексай кеншарының е н б е к а р д а г е р і Н ə с і п қ а л и Бақтыгереев ағамыз жолда көріп-білгендерін толық баяндап, кезінде Сəрсек ақсақалға алғысын айтып, ризашылығын білдірген екен.

Жаңақала ауданынан 1948, 1956 жылдары Мəскеу қаласында өткен Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмелеріне қатысуға тиісті енбек озаттарын дайындау жəне ауданнан көрмеге апарылатын асыл тұқымды малдарды апаруға əзірлеу, міне осындай, сан мағыналы көптеген жауапты істердің басы-қасында болған ардагер ақсақал ішкі істер саласындағы ұзақ əрі ерен ерліктері мен енбектері үшін І, ІІ, ІІІ дəрежелі «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ішкі істер саласындағы қызметі үшін» медальдарымен марапатталған. Сонымен қатар, оған «Қоғамдық тəрт іп сақтау үзд і г і» атағы да берілген. Əркез білімін жетілдіріп жүретін ол Ташкент, Алматы қалалық Ішкі істер бөлімінің арнаулы орта мектебін де оқып бітірген. 1970 жылы заңды зейнеткерлікке шыққан ардақты аға 1977 жылы 56 жасын-да өмірден өтті. Сəрсек Сағитов отыз бір жыл бойы отасқан жұбайы Нəзипамен бірге үш ұл, бір қыз тəрбиелеп өсірді.

Уақыт шіркін неткен жүйрік еді?! Əне-міне дегенше, Ұлы Женіске 71 жыл толып қалыпты. Бүгінде осы ұл-қыздарынан 15 немере, бес жиен, 17 шөбере өсіп, ата ерлігін дəріптеп, өнегелі өмірін үлгі етіп, ел игілігі үшін білім алып, енбек етіп келеді. Үлкен ұлы Ғайбатолла алғашқы енбек жолын Орал қалалық Ішкі істер бөлімінде қатардағы мили-ционер болып бастап, жұмысқа деген жауапкершілігінің арқасында

учаскелік инспектор, қылмысты зерттеу инспекторы, Ішкі істер бөл ім ін ің орынбасары, Сырым аудандық Ішк і і с тер бөл ім ін ің бастығына дейін көтерілді. 1990 жылы қарулы қылмыскерлер то-бын ұстау кезінде көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен де марапатталған. Бүгінгі таңда Ғайбатолланың ұлы – Сəрсек атаның немересі Дархан ата ерлігінен, əке тəлімінен өнеге алып, олардың ізін жалғастырып келеді.

Дархан 2004 жылы ІІМ-нің Алматы Академиясын лейтенант шенімен бітіріп, бүгінде Жаңақала аудандық ІІБ-де кезекшілік бөлімнің инспек-торы болып қызмет атқарып келеді. Шені – полиция майоры. Жалғасын тауып жатқан аға ұрпақ өнегесі, ұрпақтар сабақтастығы деген міне, осы емес пе?!

Өткен жылы Ұлы Женіске 70 жыл толуы қарсаңында қазақ елі бой-ынша аға ұрпақ өкілдерінің ерлігін үлгі тұтып, сан жүздеген еске алу шарасының өткені белг іл і . Осы

орайда Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық музей ұжымының бастауымен Ақтөбе қаласында өткен «Отты жыл-дар елесі» атты фото байқауға 8 облыстан 54 үміткер қатысып, жалпы саны 170-тей фотосу-рет жинақталып, қаладағы Өнер музейі ғимаратының көрме залы-на қойылған болатын.

Фото байқауға қатысқандардың əрқайсысы ата-бабаларының, батыр жерлестерінің бейнелерін тарих беттерінде мəңгі қалдыруға мүмкіндік алды. Атасының өмірі мен ерлігін жəне еңбек жолын жоғарғы дəрежеде бейнелеп көрсете білген ардагер Сəрсек Сағитов ақсақалдың келіні – Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаев атындағы Жаңақала ауданы жал-пы орта білім беретін мектебінің информатика пəнінің мұғалімі

Бибігүл Есенқызының енбегі байқау қорытындысы бойынша жоғары бағаланып жүлделі 3-орынды иелен-ген еді.

Сəрсек Сағитов – ар, ұят, на-мыс, адалдық пен адамдық сынды қасиетт і ұстанымдарды бойына ерте ұялата білген азамат. Отанын шексіз сүйіп, ерлікпен қорғаған ол пайым-парасаты терең, бол-жамы жо ғ ары жан ед і . Мəнд і де мағыналы өм ір сүре б ілген жаңақалалық жауынгер – бар саналы ғұмырын елінің болашағы үшін арнаған қажымас қайраткер, қ а й т а л а н б а с т ұ л ғ а . Е г е м е н д і еліміздің іргетасының қалануына өз үлесін қосқан, артына өшпестей із қалдырған, соғыс жəне еңбек а р д а г е р і С ə р с е к С а ғ и т о в т ы ң есімі жаңақалалықтардың есінде сақталып, кейінгі жас ұрпақ, жас толқын іс імен келешекте де өз жалғасын таба берері сөзсіз.

Тыныштық ӨТЕШҚАЛИЕВ,Батыс Қазақстан облысы,

Жаңақала ауданы

Page 7: Сақшы №32 (4198)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№32 (4198), сенбі, 30.04.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

«ЖІГІТ СҰЛТАНЫН» АНЫҚТАДЫ

Жарысты ұйымдастырушылар – «Төтенше жағдайлар органдары Ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жəне «Қызыл жарты ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша фили-алдары.

Сайыс №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында «Өрт сөндірі жəне апатттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жəне «Тараз қаласының жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қолдауымен өтті.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ауыспалы кубогы үшін бəсекеге «Жас құтқарушы» клубтары арасынан облыстың Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Сарысу жəне Талас аудандарының орта білім беру мекемелерінен келген 13 команда қатысты.

Жарыстар 5 кезеңнен тұрды. Олар – команданы таныстыру, биік ғимараттан зардап шеккендерді құтқару, өрт сөндіру эстафетасы, жауынгерлік қанат жаю, қабырға газеті.

Жылы достық ахуал, нағыз спорттық құмарлық жəне жеңіске деген құштарлық, сонымен қатар тамаша көктемгі ауа райы қатысушыларға көптеген оңтайлы сезім мен əсер берді. Дəстүрлі түрде өткізілетін облыстық жарыс өсіп келе жатқан жастардың үздік қабілеттерін дамыту, сонымен қатар бейресми достық қарым-қатынас пен белсенді демалыстың кезекті алаңына айналды.

Ұйымдастыру комитеті оқушыларды саламатты өмір салтына, бірлесіп жəне келісіп жұмыс атқаруға тарту үшін бар күш-жігерін салды. Табан тірескен күрестің нəтижесінде құрмет тұғырындағы жүлделі орындар келесідей рет-те бөлінді. 1-орынды жəне ауыспалы кубокты Талас ауданының К.Маркс атындағы орта мектептің «Укротители огня» командасы алып, облыстың екі мəрте чемпионы атанды, 2-орынды Тараз қаласының мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шараларын өткізу облыстық орталығының «Айбын-1» ко-мандасы, 3-орынды Жуалы ауданының №2 Мыңбұлақ орта мектебінің «Киелі Жуалы» командасы алды.

Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен, ал жеңімпаздар бағалы жүлделермен марапатталды.

Гүлнəр БЕКБЕРГЕНОВА, Жамбыл облысы

ҚҰТҚАРУ КӨПСАЙЫСЫ

Ұлы Жеңіске арналған жарыс

ТАЯУДА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ЖƏНЕ АЛДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ, ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖƏНЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАС-ТАР АРАСЫНДА ҚҰТҚАРУ КӨПСАЙЫСЫ БОЙЫНША «ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ!» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТКІЗДІ.

БАСКЕТБОЛ

Шеберлік сабағын өткізді

Байқауға департаменттің қызмет салалары мен қалалық жəне аудандық Ішкі істер бөлімдерінен 9 жігіт қатысты. Сайыскерлер байқау шартына сай «Таныстырсам өзімді», «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Күш атасын танымас», «Калашников автоматын уақытқа шашып жəне қайтадан жи-нау», «Ескірмейтін есті сөз», «Қазақ батырлары бойынша көрініс» сай-ыстары бойынша біл імдері мен біліктерін, күш-жігерлерін сынға салды. Ал сынаққа департаменттің Кадр жұмыстары басқармасының бастығы Мұхтар Əбілдаев, Штаб басқармасы бастығының орынбасары Болат Кабизов, Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Сауле Абдамитова, Мемлекеттік тіл жəне ақпарат бөлімінің бастығы Гүлжахан Қайырбергенова, Қызылорда облыстық филармония директорының орын-басары Азиза Издикулова сынды мүшелерден құралған қазылар алқасы төрелік етті.

Байқаудың шымылдығын қазылар алқасының төрағасы, облыстық ІІД Кадр жұмыстары басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мұхтар

БАЙҚАУ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ 7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ МЕН 9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 71 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ» БАЙҚАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ САРЫАРҚА ВЕЛОТРЕГІНДЕ БАСКЕТБОЛДАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ. ОЛАРҒА БҰЛ ЖОЛЫ «АСТАНА» БАСКЕТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫЛАРЫ ОЙЫННЫҢ ҚЫР-СЫРЫН ҮЙРЕТТІ.

Əбілдаев ашып, сайысқалы жатқан нар тұлғалы Сыр сақшыларына сəттілік тіледі. «Полиция қызметкерлері халықтың санасында қоғамдық тəртіпті сақтау, қылмысты ашу, құқық бұзушылықты анықтау жəне жолын кесу, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау сынды міндеттерді жүзеге асыру барысындағы кəсіби біліктілігімен жатталып қалған. Одан бөлек олардың бойында нағыз ер жігітке тəн дарыны мен өнері, ептілігі мен тапқырлығы, қайсарлығы мен ұлттық салт-дəстүрді қастерлейтін тект іл іг і бар екенін көбіс і б іле бермейді», – деді ол.

Б а й қ а у ө т е т а р т ы с т ы ө т т і . Сайыскерлер «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, би де билеп, əн де ай-тып, күш те сынасып, əдет-ғұрып, жөн-жоралғылардан да хабардар екендіктерін дəлелдеп, білігі мен білімін де сынға салып, нағыз қазақ жігіттеріне сай тамаша өнер көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Сырдария аудандық Ішкі істер бөлімі Кадр жұмысы тобының инспекторы, полиция аға лейте-нанты Айдос Алматов жеңіп алды.

Ал 1-орын иегері болып Қармақшы аудандық Ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция тобының полицейі Абзал Исенбеков танылса, 2-орынды Шиелі аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің Ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспек-торы, полиция аға лейтенанты Самат Мыңбаев қанжығасына байлады.3-орынға Қазалы аудандық Ішкі істер бөлімі Техникалық қызмет тобының есеп технигі, полиция аға сержанты Нұрбек Алмағанбетов тұрақтады. Сонымен қатар, байқау шеңберінде өнері мен дарыны қатар ұштасқан полиция қызметкерлері түрлі аталым-дар бойынша марапатталды. Қазылар алқасының шешіміне сəйкес, «Сегіз қырлы, бір сырлы сұлтан» аталымына Жалағаш аудандық ІІБ-нің Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция лейтенанты Нұрболат Аймұратов лайық деп танылды. «Күш сұлтаны» аталымы бойынша Арал аудандық ІІБ-нің Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция тобының полицейі, полиция сержанты Айдос Алдамбергенов, «Өнерлі сұлтан» ата-лымы бойынша Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Нұрзат Жаңабекұлы, «Сəнді сұлтан» аталымы бойынша ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігі кезекші бөлімінің жүргізуші-полицейі, полиция сержанты Тұрмағанбет Дошимов, «Тапқыр сұлтан» аталы-мы бойынша Жаңақорған аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторының көмекшіс і , полиция лейтенан-ты Қанат Оспанов марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Жарыстың салтанатты ашылуы-на ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.М.Утеулин, Қазақстанның бірнеше мəрте чем-пионы, Батыс Қазақстан облысының тарихындағы самбо күрес і нен КСРО-ның ең бірінші спорт шебері Р.Нұрмашев, Қазақстанның бірнеше мəрте чемпионы, халықаралық дəрежедегі спорт шебері А.Абуов, еркін күрестен КСРО ІІМ-нің чемпи-оны, халықаралық дəрежедегі спорт шебері Т.Жармұхамбетов, Батыс

САМБО

Дəстүрлі ашық чемпионатОРАЛ ҚАЛАСЫНДА БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДƏСТҮРЛІ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ. БҰЛ ЖОЛҒЫ ТУРНИР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУ-БЛИКАСЫ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ЖƏНЕ ҰЛЫ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІНІҢ 71 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ.

Қазақстан облыстық «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары П.Ставкин, сонымен бірге, ішкі істер органдары жəне спорт ардагерлері қатысты.

Чемпионат дəстүр бойынша – 57, 62, 68, 74, 82, 90, 100 жəне 100 келіден жоғары сегіз салмақ дəрежесінде өтті. Боз кілемге 122 балуан шықты. Турнирге қатысқандар барлығы 18 команда болды. Олар: ІІД аппара-ты, Орал қалалық ІІБ, қалалық ІІБ Абай ПБ, облыстық ММКҚ, ТЖД, ҰҰ «Батыс» қолбасшылығы, облыстық прокуратура, ҰҚКД, ҚАЖД жəне ІІД бөлімшелері мен аудандық ішкі істер органдары командалары. Үлкен тартыс пен бəсекелестікте өткен белдесулер нəтижесінде командалық бірінші орынды облыстық ІІД аппара-ты, екінші орынды ТЖД жəне үшінші орынды Орал қалалық ІІБ жеңіп алды.Жеке сынақта өз салмақ дəрежесі бойынша келесі спортшылар бас жүлдені қанжығаларына байла-

ды: ТЖД-нің қатардағы азаматтық қорғау қызметкері Ержан Есенғалиев (57 келі), ІІД-нің полиция аға лей-тенанты Ерболат Байбатыров (62 келі), ІІД-нің полиция аға лейте-нанты Бағдат Жарылғасов (68 келі), ІІД-нің полиция аға лейтенанты Айбек Ғабдешев (74 келі), ІІД-нің полиция аға лейтенанты Темірлан Ихсанғалиев (82 келі), ІІД-нің по-лиция аға лейтенанты Асылбек Акнажимов (90 келі) , ММКҚ-нің полиция сержанты Ғұмар Қайрат (100 келі) жəне Қаратөбе аудандық ІІБ-нің полиция лейтенанты Ерлан Сержан (+100 келі).

Чемпионаттың ұйымдастырылуы мен өтк і з і л у і не т урнирд ің бас төрешісі – халықаралық дəрежедегі төреші, еңбек сіңірген спорт шебері Нұфтолла Түменовтың белсенді түрде зор үлес қосқанын атап өткіміз келеді.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Аталған шараны Астана қаласы Туризм, денешынықтыру жəне спорт басқармасының қолдауымен «Астана» баскетбол клубымен, «Динамо» ДШСҚ, Астана қаласы Білім басқармасымен біріге отырып Астана қалалық Ішкі істер департаменті ұйымдастырып отыр.

«Балалар үйі тəрбиеленушілерінің, көп балалы жəне аз қамтылған отбасы балаларының спорттық шараларға қатысуы біз үшін игі дəстүрге айналып кеткен. Олар осындай кездесулерде кəсіби спортшылармен бірге ойнау мүмкіндігіне ие болады. Бұл балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың баскетболға етене жақын бола түсуіне септігін тигізеді. Спорттық шаралардан бөлек, полиция қызметкерлері балалармен есірткінің зияны туралы дөңгелек үстелдер, дəрістер өткізіп, осы тақырыпта бейне-роликтер көрсетеді», – дейді Астана қалалық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Сергей Ильиных.

Бүгінгі шеберлік сағатының балалар үшін пайдасы өте көп болды. Балалардың таңданысы мен қуанышында шек жоқ екендігі аңғарылып тұрды. Спорттық шараға «Астана» баскетбол клубының ойыншылары келген бо-латын. Олар балаларға ойын тəсілдерін көрсетіп, олармен жұп құрап ойын ойнады. Шеберлік сабағының соңында балалар спортшылармен бірге суретке түсіп, олардан қолтаңбаларын алды.

Астана қалалық Ішкі істер департаменті 2015 жылдың басынан бері «Балалар үйі» КММ-ге жəне бірқатар көп балалы жəне аз қамтылған отбасы балаларына шефтік көмек жасауда. Оларға тұрақты түрде мерекелік жəне спорттық шаралар өткізуге көмектесіп, демеушілік қолдау көрсетіп келеді.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

СПАРТАКИАДА

Білім алушының бабын байыптаған бəсеке

А.АДЫХАНОВ, ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы

ІІМ БƏРІМБЕК БЕЙСЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚАБЫРҒАСЫНДА ТАЯУДА СЫРТТАЙ ОҚЫТУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДА «ДЕНСАУЛЫҚ-2016» СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ.

Академия басшылығының атынан Академия бастығының сап жөніндегі көмекшісі, полиция полковнигі Салауат Əбжаппаров жəне заң институтының бастығы, полиция полковнигі Дулат Жақашев с ө з с өйлеп , жарысқа қатысушыларға денсаулық, қызметте жəне оқуда табыстар, жеңістер тіледі.

Спартакиаданы денешынықтыру даярлығы кафедрасымен біріге отырып, сырттай оқыту факультеті ұйымдастырып отыр. Спорттық бəсекеге бітіруші 5-курс білім алушыларынан (жоғары заңдық емес білім алушылар, орта заңдық білім алушылар жəне орта жалпы білім алу-шылар) 3 команда қатысты.

Бəсекелі жарыс нəтижесі бойынша жалпыкомандалық 3-орынды жоғары заңдық емес білім алушылар командасы, 2-орынды орта жалпы білім алушылар командасы, 1-орынды орта заңдық білім алушылар командасы иеленді. Жарыс жеңімпаздары жəне жарысқа белсене қатысушылар Академия бастығының мақтау қағаздарымен марапатталды.

Page 8: Сақшы №32 (4198)

CӨЗ СОҢЫ№32 (4198), сенбі, 30.04.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 13298Тапсырыс: №2549

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

ІІМ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ҚАЛАДАҒЫ 8 АУДАННЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕН КЕЛГЕН ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖАС КӨМЕКШІ ЖАСАҚТАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Айып ИМАНҒАЗИЕВ, Алматы қаласы

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ БАЙҚАУ

АКАДЕМИЯ ӨМІРІ Күзеттегі көрікті кеш

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВОйлан, тап!

Көпшілік Қазақ бокс-шысы

Татар-башқұрт тағамы

Əзер-байжан қаласы

Қазақша есім

Доп қақпада! Қазына

Тау халқы Харам ақша

Құласаң неден құла?

Африка мемлекеті

Тентек ... жинайды

Соғыстан түскен пайда

АҚШ-тың 40-басшысы

Ат тұяғын ... басар

Ежелгі дəуір

РеңБелгілі Ресей əншісі

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ПОЛИГЛОТТАР АРАСЫНДА ӨТЕТІН «ТІЛ ШЕБЕРІ» БАЙҚАУЫНДА БАС ЖҮЛДЕНІ ҰТЫП АЛДЫ.

Жас мемлекеттік қызметшілер қатысқан «Тіл шебері-2016» облыстық іріктеу байқауы Достық үйінде өтті. Үш кезеңнен тұратын тіл сайысында қызметшілердің тілдерді меңгеру деңгейі, жеделдігі, сапасы, жауаптың мазмұны мен ерекшелігі, үш тілдің орфоэпикалық нормалары бойынша таза сөйлеу икемдігі ескерілді. Ең басты талап – үш тілді меңгеруі, сонымен қатар байқауға шығармашылық талпыныс.

Ал, байқауды өткізудің басты мақсаты – үш тілді білетін талантты жастарды қолдау жəне көтермелеу, тіл мəдениетін қалыптастыру, жастарды қазақстандық отаншылдық рухта, өзге ұлт өкілдерінің тілі мен мəдениетіне құрметпен қарауға тəрбиелеу болып табылады.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД намысын Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Олжас Əбдірахман, Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капитаны Əлима Идалиева мен Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі №2 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенаты Эльмира Дарібаева қорғады.

Байқауға қатысушылар барлық тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындап, үш тілді білумен қатар, тарих, өнер, мəдениет пен спорттан да хабардар екендігін көрсетті.

Облыстық байқаудың 1-кезеңі «Мəдениеттанымға» қатысушылар қазақ халқының салт-дəстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап берсе, «Ұлттаным» кезеңінде қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап берді. Ал, «Өнертанымда» 7 түрлі жаңылтпашты жаңылмай 3 рет айтудан жарысқа түсті.

Байқау қорытындысы бойынша Бөрлі ауданы ТЖБ-нің инженері Əлима Идалиева бас жүлдеге қол жеткізіп, республикалық байқауға жолдама ұтып алды.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Оқу ордасы бастығының тапсыр-масына сəйкес кадр жəне тəрбие жұмысы бөлімдерінің ұйытқы болуы-мен өткен шараға Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері де біркісідей атсалысты.

Ашық ес ік күніне Алматыдағы Алатау ауданынан №171, Алмалы ауданынан №55, Əуезов ауданы-нан №155 мектептер, Бостандық ауданынан №21, Жетісу ауданынан №110 мектеп-гимназиялары, Медеу

Аталған дəстүр мен өнер, сəн мен əн сайысына қатысушылар түрлі аталымдар бойынша жарысқа түсті. Мысалы, «Күзет аруы» байқауына қатысушы қыздар «Жаны сұлудың – тəні сұлу», «Сымбатына парасаты сай», «Саусағынан өнер тамған арулар», «Өнерпаз болсаң арқалан», «Көрермен көзайымы» деген ата-лымдар бойынша жарысқа түсті. Олар көркімен көз тамсандырып қана қоймай əуелете салған əндерімен де көрермендерді баурап алды.

Ал, «Жігіт сұлтанына» қатысушылар «Өнерлі жігіт», «Шынықсаң шымыр боласың», «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» атты аталымдар кезінде нағыз ер жігіттерге тəн шешендікті де, батылдықты да үлкен шеберлікпен көрсете білді.

«Таза қала – бақытты қала!» ұранымен 3 мыңға жуық полиция қызметкері абаттандыру, аумақты көгалдандыру жəне санитарлық тазарту себебімен жалпықалалық сенбілікке шықты. Осылайша, жұмыс күндерін полицейлер елордалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Əубəкіровтың жетекшілігімен бекітілген аумақтарды тазартумен бастады.

Дəл осы күні елордалық полицейлер балалар үйінің тəрбиеленушілерімен əдеттен тыс тапсырмамен жолықты. Тəртіп сақшылары өздерімен бірге 150 алма, алмұрт, қараөрік, шие, таңқурай, мамыргүл жəне тағы да басқа ағаш көшетін егуге алып келді. Бірлескен сенбіліктен кейін поли-цейлер Астана қалалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Əубəкіровтің басшылығымен балалар-мен қоса шұңқырлар қазып, жаңадан егілген жас ағаштарды байлап, суар-ды.

«Қамқорлығымызға алған ба-лалар үшін спорттық, мəдени іс-

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ КӨЛІК САҚШЫЛАРЫ ДА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ. КӨЛІКТЕГІ ІІД БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ АУЛАСЫ МЕН ІРГЕЛЕС ЖАТҚАН ЗАТАЕВИЧ ЖƏНЕ ЕСЕНБЕР-ЛИН КӨШЕЛЕРІН ТАЗАРТЫП ШЫҚТЫ.

Жалпықалалық сенбілікке 250-ден аса көлік сақшысы қатысып, ғимарат маңы мен іргелес жатқан ек і

көшелерді қыстан қалған қоқыстар мен артық заттардан тазартты. Сондай-ақ, сақшылар ағаштардың түптерін əктеумен, қопсытумен айналысты. Осылайша, көлік полицейлері күннен-күнге құлпырып, айшықтала түскен Астанамыздың тазалығына сүбелі үлес қосты. Бұл сенбілік көлік сақшыларының қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысатындықтарын білдіреді.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

СЕНБІЛІК

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

ЖУЫРДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНДА ӨТКЕН «КҮЗЕТ АРУЫ» ЖƏНЕ «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ» БАЙҚАУЛАРЫ ЖІГІТКЕ ЖЕТІ ӨНЕР ДЕ АЗ ДЕЙТІН ҚАҒИДА МЕН ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ ЕКЕНІН ПАШ ЕТКЕН ДУМАНДЫ МЕРЕКЕ БОЛДЫ.

«Күзет аруы» атағын жеңіп алуға атсалысқан арулар бір сəт жауапты қызметтің ауыртпалығын ұмытып, өздерін дəл бір кəсіби өнерпаздарша сезінді. Сондықтан да болар арулар тал бойларына жарасқан ұлттық киімдерімен көріктеріне көрік қоса жүріп, қазақ қызына тəн ибалық пен əдептілікті, қажет болған жағдайда даудың шешімін бір-ақ ауыз сөзбен түйіндер шешендіктің де үлгісін көрсетті. «Жігіт сұлтаны» үшін жарысқа түскен жігіттердің өнеріне де көрермендер дуыл-дата қол соғып отырды.

Көгілдір көктем күнімен бірге əдемілік пен əдептіліктің шуағын шашқан ару-лар мен батыр бабаларының ерлігін жырға қосқан жігіттердің өнерін бағалаған қазылар алқасы «Күзет аруы» атағын 1-полиция батальонының полицейі, поли-ция аға сержанты Е.Ережепбаеваға берсе, 3-полиция батальонының полицейі, полиция кіші сержанты Ə.Қожабеков «Жігіт сұлтаны» атанды.

ТІЛІҢ – ТҰҒЫРЫҢ

Достық үйіндегі тіл сайысы

ТАЛ ЕГУ ДЕ ТƏРБИЕЕЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ ҚАМҚОРЛЫҚТАРЫНА АЛҒАН БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТƏРБИЕЛЕНУШІЛЕРІМЕН БІРГЕ АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ.

ауданынан №99, Наурызбай ауданы-нан №187, Түрксіб ауданынан №85 оқу ошағының оқушылары келіп, олар алдымен Академияның клубын кіріп көрді. 500-дей адамға арналған клубта оқу ордасының мəдени іс-шаралары өткізіледі. Мұнда бала-лар «Əділет бəйгесі» тақырыбында өткізілген семинарға қатысып, өзара сұрақ-жауап арқылы құқықтық білімдері мен біліктіліктерін сынап көрді.

Ашық есік шарасы шеңберінде оқушылар кадр жұмысы бөлімінің қ ы з м е т к е р л е р і м е н к е з д е с і п , басқосу барысында ІІМ Алматы А к а д е м и я с ы н а о қ у ғ а т ү с у д і ң ережелері туралы ақпараттармен танысты. Сондай-ақ, оқушыларға Академия тыныс-тіршілігі, осында оқитын курсанттардың өмірі жайлы түсірілген бейнеролик көрсетілді. Полиция қызметкерлері балалардың құқық саласына қатысты сұрақтары мен ойларын тыңдап, тиісті жауапта-рын берді.

Мəдени і с -шаралардан кей ін оқушылар Академияның спорт кешеніне бас сұқты. Полицияның ж а с к ө м е к ш і л е р і к е ш е н н і ң жаттығу жасауға қажетті құрал-ж а б д ы қ т а р м е н т о л ы қ т а й қамтылғанын көріп, полицейлердің қарулы қылмыскерлерді құрықтау кезіндегі қолданатын түрлі айла-тəс ілдерімен танысты. Əс іресе, оқушыларды іші жарық, ауласы кең, ортада орнатылған шаршы алаңда жұдырықтасып жатқан əуесқой бокс-шылар қатты қызықтырды.

Шара кезінде жас қонақтар сапқа тұру алаңына барып, түрлі оқыс оқиғалар мен жаппай бассыздық кез індег і полицейлердің шұғыл түрде қолданатын іс-əрекеттерін тамашалады. Кейіннен оқушылар курсанттардың білім алу дəрістері, кітапхана, жатын орындары, ас-хана, сабақтан тыс уақыттағы де-малыс орындарын аралап көрді. Мектеп түлектері оқу ордасының м ұ р а ж а й ы н а д а б а с с ұ ғ ы п , Академияның құрылу тарихымен танысты.

шараларды жиі ұйымдастырып оты-рамыз. Спорттың сан түрінен ше-бер спорт майталмандары оларға шеберл ік сабақтарын өтк і зед і . Балалар «Динамо» спорт кешеніне де жиі барып тұрады. Бүгін біз ағаш көшеттерін отырғызып, бірлескен

жұмыс атқардық. Бұл жарқын бастама олардың бақытты өмірлеріне жасаған қадамдарының бірі болып қалады деген сенімдемін», – дейді Астана қалалық ІІД бастығы, полиция гене-рал-майоры Амантай Əубəкіров.

Б а л а л а р ү й і н і ң д и р е к т о р ы Оразымбет Қонқабаев астаналық по-лиция басшылығына осындай акция ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірсе, балалар өз тарапынан ег ілген ағаштарды ұқыпты қарайтындарына сөз берді.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Тазалық – баршаға ортақ