Сақшы №19 (4185)

8
№19 (4185), 10.03.2016, бейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ ЖАҢА ҚАҒИДАЛАР КҮШІНЕ ЕНДІ БІРЛІКТІҢ АРҚАСЫНДА БАР ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРЕМІЗ ЕЛ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ АЙМАҚ АЙШЫҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ МƏДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ОБ- ЛЫС ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРГІ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖЕДЕЛ-ҚЫЗМЕТТІК ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ. БҰЛ КӨШПЕЛІ ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛІП ОТЫРҒАН БЕСІНШІ АУДАН БОЛЫП ОТЫР. Кеңестерге аудан активі мен жұртшылығы да қатысуда. Біріншіден, аудан басшылығы жергілікті полицейлерге ғимараттары мен үй-жайларды қалыпқа келтіруге көмектеседі. Екіншіден, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА БАРДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ. Елбасы сапары барысында алдымен Орал қаласындағы «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинатына атбасын бұрды. «Болашақ-Т» ЖШС жұмысшыларымен бейресми əңгімелескен Нұрсұлтан Назарбаев бұдан соң жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы үшін құрастырмалы жүйе жəне темірбетон бұйымдарын шығаратын кəсіпорын жұмысымен танысты. Кездесу барысында құрылысшылар атынан сөз алған жас маман Тимур Қощанов жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін осында жұмысқа келгенін, бұл мамандықтың ұнайтынын, көп ұзамай үйленіп, баспаналы болғысы келетінін жеткізді. Сондай-ақ, өндірістік-техникалық бөлімнің инженері Людмила Ундакова жастарды өндіріске көптеп тарту жөніндегі ойларымен бөлісті. Айта кетейік,«Болашақ-Т» ЖШС республикада алғашқы болып үй құрылысы комбинатын салды. Бұл жобаның құны 2,5 млрд. теңгені құраса, соның 500 млн. теңгесі кəсіпорынның өз қаражаты. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында 62 жаңа жұмыс орны ашылса, қызметкерлердің орташа жалақысы – 100 мың теңге. Содан соң Елбасы Қадыр Мырза Əли атындағы мəдениет жəне өнер орталығында болып, Ақ Жайық өңірінің шығармашылық орта жəне зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы бірліктің арқасында барлық қиындықты еңсеретінін мəлімдеді. Елбасының атап өткеніндей, қазіргі кезде əлемде қиын жағдай орын алып отыр. Тіпті, кейбір елдерде қақтығыстарға жол беріліп, қан төгілуде. Дүниежүзілік дағдарыс та бүйірден қысуда. Осындай күрделі кезеңнен Қазақстан халқы тек ұйымдаса іс қылудың, экономиканы дамытып, алға бастырудың, озық білім-ғылымды меңгерудің арқасында аман өте алады. Қазір инновация мен жаңа технологияның заманы. Сондықтан жеткіншек ұрпақты мектеп партасынан жаңашылдық негіздеріне оқыту керек. Мемлекет басшысы үш тілді меңгерудің артықшылықтарын да еске сал- ды. Мемлекеттік тілдің маңызы өз алдына, сонымен қатар, ғылымның, озық технологияның тілі болып есептелетін, əлемнің көптеген халқы сөйлейтін ағылшын, оған қоса қарым-қатынасымыз біте-қайнасып кеткен көрші елдің тілін білген адамның мойны озық болады. Кездесуде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бері Елбасы саясаты арқасында ғылымның да қарыштап дамығанын, бұдан жиырма жыл бұрынғы ахуалмен салыстырғанда, қазіргі ілім-білімнің деңгейі жер мен көктей екендігін атап өтті. Сондай-ақ А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрының бас режиссері Оксана Малуша, облыстық қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықов, «Қазақстан» РТРК» АҚ БҚО филиалының редакторы Нина Павлычева өз салаларындағы табыс-жетістіктерін баяндап, Елбасының көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін нығайту бағытындағы сарабдал сая- сатын толық қолдайтындықтарын жеткізді. Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр атындағы орталық өткен жылы ақынның 80 жылдығына орай ашылған болатын. Жоба құны 825 млн. теңге болса, ғимараттың жалпы аумағы 3941,3 шаршы метр. Мұнда ақынның музейі мен кітапханасына қоса Қазақстан Жазушылар, Композиторлар жəне Суретшілер одақтарының фи- лиалдары жұмыс жасайды. Мұнда соңғы кезде ақын-жазушылардың əдеби- музыкалық кештері, басқа да шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Түстен кейін Елбасы Орал қаласындағы теннис орталығында өткен Тəуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біздің күшіміз – бірлікте» атты республикалық форумына қатысты. Биылғы наурызға дейін көп қабатты үйлердің қабырғаларында орнатылған ауа баптағыштар мен спутниктік антен- наларды алып тастау қажет етпейді. Бұл туралы кеше Астанада өткен баспасөз мəслихатында мəлім болды. «Бұл жайында құрылыс ережелерінен көрген боларсыздар, яғни, биылғы 1 наурыздан бас- тап жаңа қағидалар күшіне енді. Бұл талап- тар неліктен қойылғанына тоқталатын болсақ, қалалардағы сəулеттік көріктілікті, халықтың қауіпсіздігін жоғарылату мақсатында енгізілді. Осы талаптар бойынша бұдан бұрын орнатылған салқындатқыштар мен спутниктік антенналарды алып тастауды қажет етпейді», – деді ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер жəне жер ресурстарын басқару комитетінің Сəулет, қала құрылысы жəне қала құрылысы кадаст- ры басқармасының басшысы Сəуле Мұстафаева. Бұл қағида жаңадан салынатын көп қабатты үйлерге қатысты екеніне тоқталған ол жақын арада бұл ережеге тиісті өзгертулер енгізу қарастырылып отырғанын жеткізді. «Қазіргі кезде бұл талапты қайта қарайтын бо- ламыз, себебі, тұрғындар тарапынан наразылық пен ұсыныстар енгізіліп жатыр», – деді басқарма басшысы. Оның сөзіне қарағанда, қарастырылып отырған тиісті толықтыру аясында бұл шектеудің көп қабатты үйлерге таралуын алып тастау жоспар- ланып отыр. «Осы қағида аясында тарихи-мəдени маңызы бар нысандарға, ғимараттың сəулеттік элементтеріне аталған құрылғыларды орнатуға шектеу сақталатын болады», – деді С.Мұстафаева. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 1 нау- рызынан бастап құрылыс саласында құрылысты ұйымдастыру жəне рұқсатнамалық рəсімдерден өту ережелері күшіне енді. Құжатқа сəйкес, шаһардың магистральды жəне транзиттік көшелерінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерінде ауа баптағыштарды орнатуға рұқсат етілмейді. СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ МƏЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ Парламент Сенатының Төрағасы Қасым- Жомарт Тоқаев Твиттер əлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында КХДР-дың ядролық қарулануы төңірегіндегі жағдайға байланысты мəлімдеме жасады. «Солтүстік Кореяның ядролық қарулануы халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Режімге қарсы БҰҰ-ның мақсатты санкциялары керек, бірақ тұрғындарға зардабын тигізбеуі қажет», – деді Қ.Тоқаев. «Израильдегі лаңкестіктер – халықаралық лаңкестіктің жаңа көрінісі. Онымен күресу үшін жаһандық коалиция құру қажет», – деп жазды Сенат спикері. Естеріңізге сала кетейік, КХДР басшысы Ким Чен Ын баллистикалық зымырандарды жарақтандыру үшін ядролық зарядтар массасы төмендетілгенін мəлімдеген болатын. Оның айтуынша, бұл қадам – «алдын алу əрекеті». Сондай-ақ, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Жапония елшісі Масаеси Камохарамен оның біздің еліміздегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланыс- ты кездесті. Төраға орынбасары Қазақстан мен Жапония арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған белсенді жəне нəтижелі қызметі үшін дипломатқа алғыс айтты. А.Бейсенбаев «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың негізгі мəселелеріне негізделген Сенаттың заң шығару жұмысымен таныстырды. Кездесу барысында ядролық қаруды таратпау жəне қарусыздану саласындағы ынтымақтастық мəселелері де талқыланды. «ЭКСПО-2017: Болашақтың энергиясы» халықаралық көрмесіне қолдау білдіргені үшін Жапония Үкіметіне ризашылық білдірген төраға орынбасары Астанада жапон компаниялары өздерінің жаңа жетістіктерін көрсету үшін көрменің мүмкіндіктерін барынша пайдалана алатынын атап өтті. жұртшылықтың қатысуымен өтетін жиналыстар- да сынның айтылуы тəртіп сақшыларының өз жұмыстарын жөнді атқаруға септеседі. Жиында Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мыңбай Асылбеков, Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков, Жергілікті по- лиция қызметі бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Тəженов өз есептерін оқыды. Жыл басынан бері жедел жағдайға жүргізілген талдау жұмыстары жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың 18,5 пайызға азайғанын көрсетеді. Қылмыстарды ашу 5,23 пайызға жақсарған. Қабылданған іс-шаралар нəтижесінде кісі өлімі 66,7, қарақшылық шабуыл 28,6, бұзақылық 51,6, зорлау 33,3, көлік айдап əкету 11,8, алаяқтық 44,1 пайызға азайған. Полицейлер аудандағы 59 ЖШС-нің 28- інде, 115 сауда үйі, кəсіпорындар мен ұйымдардың 55-інде бейнебақылау камералары орнатылмағандығын айтады. Сонымен бірге, ұйымдар мен кəсіпорындардың көпшілігінде да- был белгісі орнатылмаған болса, объектілерді қылмыскерлердің құрбаны болуы мүмкін егде жастағы күзетшілер күзетеді екен. Кадр саясатының негізгі бағыттары туралы Кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қапез Дəулетбаев баяндады. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал- майоры Берік Білəлов кеңесті қорытындылай келе: «Біздің басты міндетіміз адамдарға көмектесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Тұрғындар алдында есеп берудің мұндай форматы бізді жұмыстың тиімділігін арттыруға бағыттайды», – деді. Кеңес аудан əкімі Ербол Сағдиевтің аудандық полицияға «Нива» автокөлігінің кілтін табыс етуімен аяқталды. Ресейлік жол талғамайтын көлік қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аудандық полиция жұмысына жақын арада қосылмақ. Сонымен бірге, аудан орталығы Сергеевкада полицияның зоналдық пункті ашыл- ды. Мұнда да аудан басшылығы қолдау көрсетіп, жаңа компьютер сыйлады. Үздік қызметкерлерге мінсіз қызметі үшін алғыс хаттар мен медальдар табыс етілді. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

description

Сақшы №19 (4185) 10.03.2016

Transcript of Сақшы №19 (4185)

Page 1: Сақшы №19 (4185)

№19(4185),

10.03.2016, бейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ЖАҢА ҚАҒИДАЛАР КҮШІНЕ ЕНДІ

БІРЛІКТІҢ АРҚАСЫНДА БАР ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРЕМІЗ

ЕЛ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУАЙМАҚ АЙШЫҒЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ МƏДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ОБ-ЛЫС ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРГІ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖЕДЕЛ-ҚЫЗМЕТТІК ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ. БҰЛ КӨШПЕЛІ ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛІП ОТЫРҒАН БЕСІНШІ АУДАН БОЛЫП ОТЫР.

Кеңестерге аудан активі мен жұртшылығы да қатысуда. Біріншіден, аудан басшылығы жергілікті полицейлерге ғимараттары мен үй-жайларды қалыпқа келтіруге көмектеседі. Екіншіден,

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА БАРДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Елбасы сапары барысында алдымен Орал қаласындағы «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинатына атбасын бұрды. «Болашақ-Т» ЖШС жұмысшыларымен бейресми əңгімелескен Нұрсұлтан Назарбаев бұдан соң жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы үшін құрастырмалы жүйе жəне темірбетон бұйымдарын шығаратын кəсіпорын жұмысымен танысты.

Кездесу барысында құрылысшылар атынан сөз алған жас маман Тимур Қощанов жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін осында жұмысқа келгенін, бұл мамандықтың ұнайтынын, көп ұзамай үйленіп, баспаналы болғысы келетінін жеткізді. Сондай-ақ, өндірістік-техникалық бөлімнің инженері Людмила Ундакова жастарды өндіріске көптеп тарту жөніндегі ойларымен бөлісті.

Айта кетейік,«Болашақ-Т» ЖШС республикада алғашқы болып үй құрылысы комбинатын салды. Бұл жобаның құны 2,5 млрд. теңгені құраса, соның 500 млн. теңгесі кəсіпорынның өз қаражаты. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында 62 жаңа жұмыс орны ашылса, қызметкерлердің орташа жалақысы – 100 мың теңге.

Содан соң Елбасы Қадыр Мырза Əли атындағы мəдениет жəне өнер орталығында болып, Ақ Жайық өңірінің шығармашылық орта жəне зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы бірліктің арқасында барлық қиындықты еңсеретінін мəлімдеді. Елбасының атап өткеніндей, қазіргі кезде əлемде қиын жағдай орын алып отыр. Тіпті, кейбір елдерде қақтығыстарға жол беріліп, қан төгілуде. Дүниежүзілік дағдарыс та бүйірден қысуда. Осындай күрделі кезеңнен Қазақстан халқы тек ұйымдаса іс қылудың, экономиканы дамытып, алға бастырудың, озық білім-ғылымды меңгерудің арқасында аман өте алады.

Қазір инновация мен жаңа технологияның заманы. Сондықтан жеткіншек ұрпақты мектеп партасынан жаңашылдық негіздеріне оқыту керек.

Мемлекет басшысы үш тілді меңгерудің артықшылықтарын да еске сал-ды. Мемлекеттік тілдің маңызы өз алдына, сонымен қатар, ғылымның, озық технологияның тілі болып есептелетін, əлемнің көптеген халқы сөйлейтін ағылшын, оған қоса қарым-қатынасымыз біте-қайнасып кеткен көрші елдің тілін білген адамның мойны озық болады.

Кездесуде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бері Елбасы саясаты арқасында ғылымның да қарыштап дамығанын, бұдан жиырма жыл бұрынғы ахуалмен салыстырғанда, қазіргі ілім-білімнің деңгейі жер мен көктей екендігін атап өтті. Сондай-ақ А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрының бас режиссері Оксана Малуша, облыстық қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықов, «Қазақстан» РТРК» АҚ БҚО филиалының редакторы Нина Павлычева өз салаларындағы табыс-жетістіктерін баяндап, Елбасының көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін нығайту бағытындағы сарабдал сая-сатын толық қолдайтындықтарын жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр атындағы орталық өткен жылы ақынның 80 жылдығына орай ашылған болатын. Жоба құны 825 млн. теңге болса, ғимараттың жалпы аумағы 3941,3 шаршы метр. Мұнда ақынның музейі мен кітапханасына қоса Қазақстан Жазушылар, Композиторлар жəне Суретшілер одақтарының фи-лиалдары жұмыс жасайды. Мұнда соңғы кезде ақын-жазушылардың əдеби-музыкалық кештері, басқа да шаралар көптеп ұйымдастырылуда.

Түстен кейін Елбасы Орал қаласындағы теннис орталығында өткен Тəуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біздің күшіміз – бірлікте» атты республикалық форумына қатысты.

Биылғы наурызға дейін көп қабатты үйлердің қабырғаларында орнатылған ауа баптағыштар мен спутниктік антен-наларды алып тастау қажет етпейді. Бұл туралы кеше Астанада өткен баспасөз мəслихатында мəлім болды.

«Бұл жайында құрылыс ережелерінен көрген боларсыздар, яғни, биылғы 1 наурыздан бас-тап жаңа қағидалар күшіне енді. Бұл талап-тар неліктен қойылғанына тоқталатын болсақ, қалалардағы сəулеттік көріктілікті, халықтың қауіпсіздігін жоғарылату мақсатында енгізілді. Осы талаптар бойынша бұдан бұрын орнатылған салқындатқыштар мен спутниктік антенналарды алып тастауды қажет етпейді», – деді ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер жəне жер ресурстарын басқару комитетінің Сəулет, қала құрылысы жəне қала құрылысы кадаст-ры басқармасының басшысы Сəуле Мұстафаева.

Бұл қағида жаңадан салынатын көп қабатты үйлерге қатысты екеніне тоқталған ол жақын арада бұл ережеге тиісті өзгертулер енгізу қарастырылып отырғанын жеткізді.

«Қазіргі кезде бұл талапты қайта қарайтын бо-ламыз, себебі, тұрғындар тарапынан наразылық пен ұсыныстар енгізіліп жатыр», – деді басқарма басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, қарастырылып отырған тиісті толықтыру аясында бұл шектеудің көп қабатты үйлерге таралуын алып тастау жоспар-ланып отыр.

«Осы қағида аясында тарихи-мəдени маңызы бар нысандарға, ғимараттың сəулеттік элементтеріне аталған құрылғыларды орнатуға шектеу сақталатын болады», – деді С.Мұстафаева.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 1 нау-рызынан бастап құрылыс саласында құрылысты ұйымдастыру жəне рұқсатнамалық рəсімдерден өту ережелері күшіне енді. Құжатқа сəйкес, шаһардың магистральды жəне транзиттік көшелерінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерінде ауа баптағыштарды орнатуға рұқсат етілмейді.

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ МƏЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер əлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында КХДР-дың ядролық қарулануы төңірегіндегі жағдайға байланысты мəлімдеме жасады.

«Солтүстік Кореяның ядролық қарулануы халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Режімге қарсы БҰҰ-ның мақсатты санкциялары керек, бірақ тұрғындарға зардабын тигізбеуі қажет», – деді Қ.Тоқаев.

«Израильдегі лаңкестіктер – халықаралық лаңкестіктің жаңа көрінісі. Онымен күресу үшін жаһандық коалиция құру қажет», – деп жазды Сенат спикері.

Естеріңізге сала кетейік, КХДР басшысы Ким Чен Ын баллистикалық зымырандарды жарақтандыру үшін ядролық зарядтар массасы төмендетілгенін мəлімдеген болатын. Оның айтуынша, бұл қадам – «алдын алу əрекеті».

Сондай-ақ, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Жапония елшісі Масаеси Камохарамен оның біздің еліміздегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланыс-ты кездесті.

Төраға орынбасары Қазақстан мен Жапония арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған белсенді жəне нəтижелі қызметі үшін дипломатқа алғыс айтты.

А.Бейсенбаев «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың негізгі мəселелеріне негізделген Сенаттың заң шығару жұмысымен таныстырды.

Кездесу барысында ядролық қаруды таратпау жəне қарусыздану саласындағы ынтымақтастық мəселелері де талқыланды. «ЭКСПО-2017: Болашақтың энергиясы» халықаралық көрмесіне қолдау білдіргені үшін Жапония Үкіметіне ризашылық білдірген төраға орынбасары Астанада жапон компаниялары өздерінің жаңа жетістіктерін көрсету үшін көрменің мүмкіндіктерін барынша пайдалана алатынын атап өтті.

жұртшылықтың қатысуымен өтетін жиналыстар-да сынның айтылуы тəртіп сақшыларының өз жұмыстарын жөнді атқаруға септеседі.

Жиында Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мыңбай Асылбеков, Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков, Жергілікті по-лиция қызметі бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Тəженов өз есептерін оқыды.

Жыл басынан бері жедел жағдайға жүргізілген талдау жұмыстары жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың 18,5 пайызға азайғанын көрсетеді. Қылмыстарды ашу 5,23 пайызға

жақсарған. Қабылданған іс-шаралар нəтижесінде кісі өлімі 66,7, қарақшылық шабуыл 28,6, бұзақылық 51,6, зорлау 33,3, көлік айдап əкету 11,8, алаяқтық 44,1 пайызға азайған.

Полицейлер аудандағы 59 ЖШС-нің 28-і нде , 115 сауда үй і , кəс і порындар мен ұйымдардың 55-інде бейнебақылау камералары орнатылмағандығын айтады. Сонымен бірге, ұйымдар мен кəсіпорындардың көпшілігінде да-был белгісі орнатылмаған болса, объектілерді қылмыскерлердің құрбаны болуы мүмкін егде жастағы күзетшілер күзетеді екен.

Кадр саясатының негізгі бағыттары туралы Кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қапез Дəулетбаев баяндады. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Білəлов кеңесті қорытындылай келе: «Біздің басты міндетіміз адамдарға көмектесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Тұрғындар алдында есеп берудің мұндай форматы бізді жұмыстың тиімділігін арттыруға бағыттайды», – деді.

Кеңес аудан əкімі Ербол Сағдиевтің аудандық полицияға «Нива» автокөлігінің кілтін табыс етуімен аяқталды. Ресейлік жол талғамайтын көлік қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аудандық полиция жұмысына жақын арада қосылмақ. Сонымен бірге, аудан орталығы Сергеевкада полицияның зоналдық пункті ашыл-ды. Мұнда да аудан басшылығы қолдау көрсетіп, жаңа компьютер сыйлады. Үздік қызметкерлерге мінсіз қызметі үшін алғыс хаттар мен медальдар табыс етілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Page 2: Сақшы №19 (4185)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№19 (4185), бейсенбі, 10.03.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Израиль

Корея

Қытай

Пəкстан

Депутаттар үшін 451 бюллетень дайындалады

Бірлескен ғылыми жобалар

19 жастағы қытайлық Дуань туған баласын сатқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы The Epoch Times хабарлады.

Жаңа туған сəбиін жігіт бір жыл бұрын анасының келісімінсіз сатып жіберген. Қолға тиген ақшаға жұмыссыз əке iPhone смартфонын жəне мотоцикл сатып алған.

Баланы сатып алушыны ол ғаламтордан тапқан, баланың құнын 3 500 долларға бағалаған.

Тəртіп сақшылары сəбиді сатып алушының оны баласы жоқ қарындасына бермек болғандығын анықтады.

Осы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп, айыптының суреттері жергілікті БАҚ-та жарияланған кезде Дуань полицияға өз еркімен келіп берілді. Ал сəбидің анасы мүгедек бауы-рына күтім жасайтындықтан оған шартты түрде жаза тағайындады.

Суретіңді Айға жіберИзраильде жолаушыларға суретін Айға

жіберу жөнінде ұсыныс жасалып жатыр. Бен-Гурион əуежайында 2017 жылы айға ұшырылғалы отырған ғарыш кемесінің көшірмесі қойылған. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Ал жолаушылар ғарыш аппаратының жанына барып селфиге түсіп, оны əлеуметтік желіде арнайы хештег арқылы жариялауы керек.

Сосын бұл суреттер ғарыш кемесімен бірге жер серігі арқылы айға ұшырылады. Бұл аппарат Google X PRIZE байқауы аясында құрастырылған.

Жеңімпаз 30 млн. доллар көлемінде сыйлық алады. Жарысқа 12 елден 17 команда қатысып жатыр.

Шенеуніктердің смартфондарын «бұзған»К Х Д Р - д е г і х а к е р л е р о н д а ғ а н

оңтүстіккореялық шенеуніктің смартфон-дарын «бұзып» ашып, олардың ішіндегі мəтіндік жəне дыбыстық хабарламаларға қол жеткізді. Тиісті мəлімдемені сейсенбі күні Корея Республикасының Ұлттық барлау қызметі таратты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Онда кибершабуылдан дəл қандай ресми тұлғалардың зардап шеккені жəне құпия ақпараттың ұрланған-ұрланбағаны туралы дерек айтылмаған.

Associated Press (AP) агенттігінің келтіріп отырған НРС мəліметтерінше, оқиға ақпан айының соңы, наурыздың басында болған.

С о ң ғ ы ж ы л д а р ы С е у л П х е н ь я н д і киберқылмыстар жасады деп талай рет айыптаған, КХДР бұл фактіні жоққа шығарған көрінеді.

Баласын 3 500 долларға бағалаған

Пəкстанда 2011 жылы тұтқынға түскен Пенджаб губернаторының ұлы Шабаз Тасир табылды, оны Белуджистан провинциясының күш құрылымдары тапқан. Ол дін аман. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Басқа ақпаратқа сəйкес, қаза тапқан губернатордың ұлын сатып алған болуы мүмкін. Ұрлаушылар мен оны ұстап отырғандар жайлы деректер хабарланбайды.

Шабаз Тасир – 2011 жылы өз оққағары қолынан қаза тапқан Пенджаб штатының губернаторы Салман Тасирдің ұлы. Əкесі өлгеннен кейін бірнеше айдан соң оны ұрлап кеткен.

Губернатор Салман Тасир Исламабад орталығында өлтірілді. Ол Пəкстанның белгілі саясаткерлерінің бірі болған.

КЕШЕ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АТЫНАН МƏЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУҒА 451 БЮЛЛЕ-ТЕНЬ ДАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ.

«2016 жылғы 21 наурызға тағайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойын-ша дайындалуға тиіс сайлау бюллетенінің саны тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 1 пайыз резервін қоса алғанда 451 дананы құрайтын болып белгіленсін», – деді қаулы жоба-сын таныстырған ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.

Сонымен қатар, ол аталған қаулымен сайлау бюллетенінің мəтіні мен қорғалу дəрежесі де бекітілетіндігін айтты.

«Сайлау бюллетеньдерін Астана қалалық сай-лау комиссиясына 2016 жылғы 19 наурыздан кешіктірмей жеткізілуі тиіс», – деді Б.Мелдешов.

ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ МЕН ЕУРАЗИЯ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ЕНДІ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ БІРЛЕСІП ЖҮЗЕГЕ АСЫ-РАТЫН БОЛДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНАН ХАБАРЛАДЫ.

Қауымдастық төрағасының бірінші орынба-сары Талғат Мамашев Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Невзат Шимшекпен жəне оның орынбасары Айдарбек Əнуарбекұлымен кездесті.

Кездесу барысында қос тарап өз мақсат-міндеттеріне сай алдағы уақытта ғылыми жоба-ларды бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.

Бұл шаралар енді алдағы уақытта арнайы келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын болды.

Талғат Мамашұлы құрметті мейманға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 2015 жылы жарыққа шығарған «Казахская диаспора и репатриация (1991-2012)» ғылыми монографиясы мен «Туған тіл» альманағын тарту етті.

Еуразия ғылыми зерттеу институты Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Алматыдағы филиа-лы болып табылады.

Бұл институт жалпы Еуразия аймағына, оның ішінде түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтарға қатысты тың зерттеулер жүргізу жəне стратегиялық ұсыныстар əзірлеумен айналысады.

АСТАНА ƏКІМІ ƏДІЛБЕК ЖАҚСЫБЕКОВ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТЕЗ ТАМАҚТАНУҒА АРНАЛҒАН «МАКДОНАЛДС» МЕЙРАМХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ. БҰЛ ОҚИҒАДАН КЕЙІН БЕЛГІЛІ КОРПОРАЦИЯ ƏЛЕМДІК НАРЫҚТА 120-ОРЫНҒА ШЫҚТЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ ƏКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Елорда əкімі бірінші кезекте нəзік жандылар-ды Халықаралық əйелдер күнімен құттықтады. Ə.Жақсыбеков кəсіпорынның ашылуы қалаға жаңа инвестициялар тартып, жаңа жұмыс орындарын құрғанын атап өтті. Астанада тағы да бір əлемге

«Макдоналдс» мейрамханасы ашылды

əйгілі брендтің ашылуы өңірдегі бизнес климаттың қолайлы екендігінің белгісі, бұл халықаралық инвесторлар үшін жақсы сигнал болмақ.

Салтанатты шараға «Макдоналдс» корпорациясының президенті жəне басқару директоры Стив Истербрук та қатысты. «Біз жергілікті мəдениеттің бір бөлшегіне айна-лу жəне мейрамхана бизнесін жүргізудің озық тəжірибесін Қазақстанға үйрету үшін қолымыздан келгеннің бəрін жасай-мыз. Бұл біздің брендтің халықаралық дамуындағы маңызды қадам болмақ», – деді С.Истербрук.

« М а к д о н а л д с » қ а з а қ с т а н д ы қ франшизасының иесі Қ.Боранбаевтың ай-туынша, мейрамханалар желісі жергілікті кадрларды дамыту перспективасын береді, сондай-ақ, қалалық бюджетке тұрақты салық аударымдарын жасайды. Айта

кетейік, Қазақстанда мейрамханалар желісін да-мыту көзделген алдағы бес жылда 15-ке жуық мейрамхана ашылмақ.

Мейрамхананың жалпы ауданы 863 шаршы метр. Орындар саны – 206. Кəсіпорында 200-ден астам жұмыс орны құрылды. Қазақстандық мейрамханаларға өн імдер мақұлданған жеткізушілерден ғана алынады. Болашақта оны жергілікті азық-түліктерден жасау жоспарланған. Қазіргі кезде жергілікті өндірушілердің базасын дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Күні кеше жеке меншікті балалар үйінің тəрбиеленушілері мейрамханада бірінші болып дəм татты.

ҚАЗАҚСТАНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 9 НАУРЫЗЫНДАҒЫ МƏЛІМЕТ БОЙЫНША 545 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СОМАҒА 69 МЫҢНАН АСТАМ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК НЫСАНЫ ЖАРИЯ ЕТІЛДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ PRIMEMINISTER.KZ САЙТЫ ЕЛІМІЗДІҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНЕ СІЛТЕМЕ ЖАСАП ХАБАРЛАДЫ.

«Қазақстан аумағында орналасқан 545 496,4 млн. теңге сомаға 69102 жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді», – делінген ведомство ха-барламасында.

Оған қоса, жария етудің жалпы сомасы 870 940,2 млн. теңгені құрады. Атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер комитетінің мəліметінше, құнды қағаздар 2 462,0 млн. теңге сомаға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы 18 қатысу үлесімен 4 690,0 млн. теңге жария етілген.

«Аталған мерзімге дейін Қазақстан аумағында орналасқан мүлікті жария етуге 79 150 өтінім (798 268,2 млн. теңге), елден тыс жерлерде орналасқан 46 мүлікке өтінім (1 229,0 млн. теңге) келіп түсті», – делінген хабарламада.

Қанша жылжымайтын мүлік жария етілді?

ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ 10-13 НАУРЫЗ КҮНДЕРІНДЕ ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ САЗГЕРІ ТƏТТІМБЕТ ҚАЗАНҒАПҰЛЫНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АНКАРА, ЕСКИШЕХИР, АМАСИЯ ЖƏНЕ БОЛУ ҚАЛАЛАРЫНДА БІРҚАТАР МƏДЕНИ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ТҮРКСОЙ-ДЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Қали Байжанов атындағы концерт бірлестігі Тəттімбет атындағы академиялық ұлт аспап-тар оркестр ін ің жəне Əзербайжанның, Қырғыз Республикасының, Түркияның белгілі өнерпаздарының қатысуымен «Қазақстан мен Түркия достығы» атты концерттер береді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі жəне бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай. Екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынастардың нығая түсуіне үлес қосатын айтулы мерекелі шараға Түркияның Ұлы Мəжіліс депутаттары, қала губернаторла-ры мен мэрлері, дипломатиялық мекемелердің өкілдері, түрік зиялылары мен өнерсүйер қауым қатысады.

Шара ұйымдастырушылары – Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі жəне Қарағанды облысының əкімдігі.

Қазақстан мен Түркия достығы

15 НАУРЫЗДАН БАСТАП «ЖЕЗҚАЗҒАН-СЕКСЕУІЛ-ҚЫЗЫЛОРДА» БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ПОЙЫЗ ЖОЛҒА ШЫҒАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Жезқазған-Сексеуіл-Қызылордапойызы жолға шықты

Пойыз тұңғыш рет жаңа теміржол жел іс імен: Жезқазған-Қарсақпай-Байқоныр-Көктал-Қоскөл-Қарашеген-Абай-Сексеуіл, əрі қарай Арал-Қазалы арқылы Қызылордаға дейін қатынайтын болады.

40-тан астам елді мекенді қамтитын бұл бағыт – «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясындағы əлеуметтік маңызды жоба.

«Бұған дейін біздің тұрғындар еліміздің оңтүст і г іне бару үшін Қарағанды арқылы қатынап, канша уақыты мен қаржысын шығындайтын. Енді, міне, төте жол салынып, халық жол азабын тартпайтын болды. ҚТЖ компаниясына ризашылығымызды білдіре отырып, жаңа

жол аймаққа жаңа серпін береді деп сенеміз», – дейді Жезқазған қаласының əкімі Батырлан Ахметов. Пойыз Жезқазғаннан Қызылордаға дейін тура 1 тəулік жүретін болады.

«ЗИКСТО» АҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАУЫТЫ ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ƏСКЕРИ-ТЕҢІЗ КҮШТЕРІ ҮШІН ТЕҢІЗ ТҮБІНДЕГІ МИНА-ЛАРДЫ ШЫҒАРУҒА ДАЙЫН. БІРІНШІ КЕЗЕҢДЕ КƏСІПОРЫН ЕЛІМІЗДІҢ ƏТК ҮШІН ТӨРТ ТƏЖІРИБЕЛІ ҮЛГІНІ ƏЗІРЛЕУДІ ҰСЫНЫП ОТЫР.

«Бүгінгі күні шартты қарсылас десантының түсіруінен Каспий теңізінің су айдынын қорғау тұжырымдамасы мəселелер і талқыланып жатыр. Мұнда зауытымыз өндіретін үлгілер қолданылады. Əлбетте, біз оларды толық пысықтаймыз. Сынамадан кейін пысықтау кезінде Каспий жағалауларын қорғау үшін осы үлгілерді

«Зиксто» зауыты мина əзірлемекпайдалануға болады», – дейді «Зиксто» АҚ бас директоры Валерий Спицын.

Осы бағыт аясында зауыт басшылығы мен ҚР Əскери-теңіз күштерінің басшылығы арасында бұдан бұрын сынамадан өткізу жəне жеке құрамды теңіз миналарын пайдалану ережелеріне оқыту үшін миналарды дайындау туралы келіссөздер жүргізілген болатын.

Оң шешім шығарылған жағдайда кəсіпорын өнімнің аталған түрін əрі қарай сериялық өндіру үшін бұйымдарды толық пысықтау жөнінде жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

Кəсіпорын басшылығының айтуынша, қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі жəне «Қазақстан инжиниринг» акционерлік қоғамымен өзара ынтымақтастығымыздың арқасында зауытпен жұмыс жүргізіліп, 2015 жылы осы миналардың екі үлгісін жеткізуге Ресей Федерциясымен келісімшартқа қол қойылды.

Теңіз түбіндегі миналар – теңіз миналарының бір түрі. Олар теңіз түбіне орнатылады жəне мина-лар үстінде өтетін магниттік, акустикалық немесе кеменің өзге де физикалық алаңының əсер етуінен іске қосылады.

Тасир тірі күйінде табылды

Page 3: Сақшы №19 (4185)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№19 (4185), бейсенбі, 10.03.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«ПОЛИЦИЯ.KZ» АРУЫ АНЫҚТАЛДЫ

Дөңгелек үстелге институт басшылығы, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы жəне Ақтөбе қалалық ІІБ Сазды ПБ-нің Жергілікті по-лиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі О.Əбдіғали, Ақтөбе қаласы мамандандырылған əкімшілік сотының судьясы Е.Махметов, Ақтөбе облысы Əділет департаменті құқықты түсіндіру бөлімінің бас маманы Ш.Айнабекова, «Ақтөбе қаласы бойынша Əйелдерді қолдау орталығы» ҚБ төрайымы А.Дюсенова, облыстық ІІД-нің, қалалық, аудандық ІІБ-нің аға учаскелік полиция инспекторы жəне учаскелік полиция инспекторы санаты бойынша біліктілігін арттыру арнайы бастапқы оқыту курстарының тыңдаушылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында институт бастығы, полиция полковнигі Сəлімгерей Қаракүшев Ұлт Жоспарында батыс елдерінің оң тəжірибесін зерделей отырып, жергілікті полиция қызметін құру тапсырмасы қойылғанын атап өтті. «Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметін реттейтін бірқатар заңнама қабылданып, қолданысқа енгізілді. Жергілікті полиция қызметін құру құқық қорғау қызметінде азаматтар мен жергілікті қоғамдастықтың қажеттілігі мен мүдделерін жақындата түсіп, тұрғындардың полиция қызметіне деген сенімін арттырады. Сонымен қатар, тəртіп сақшысының азаматтық қоғаммен серіктестігі, біріге отырып ұсақ қылмыстан бастап ірі қылмыстарға дейін нөлдік төзімділік танытуға қадам жа-сайды. Елбасының пікірінше, отандастарымыз құқықтық нигилизмнен арылып, бүкіл қоғамды тəртіпті қорғауға жұмылдырған жөн. Негізінен алғанда, жергілікті полиция, міне, дəл осы мақсатты көздейді», – деді ол.

Біліктілікті арттыру факультетінің бастығы, полиция полковнигі Алтай Байсұлтанов өз баяндамасында көптеген демократиялық елдерде ішкі істер ор-гандары үстінен қоғамдық бақылаудың тиімділігі жергілікті атқару органдарына жəне халыққа есеп беретін муниципалды полицияның болуымен байланысты екенін мəлімдеді. Ол сондай-ақ, елімізде жергілікті полиция қызметін құрудың негізгі мақсаты жергілікті жерлердегі полицияны халықтың сенімінен шығу үшін оған неғұрлым жақындату, жұмыс тиімділігін арттыру екендігін атап көрсетті.

Шара барысында сот, құқық қорғау органдарының тəжірибелі қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен тыңдаушылар арасында қызу пікірталас өтті. Тыңдаушылар болашақ мамандықтарының қыр-сырымен танысты. Оқуды тəжірибемен тығыз байланыстыру – бұл болашақ маманның санасына сапалы білім берудің басты жолы. Демек, білім ордасына теория мен тəжірибе ұштасқан осындай жиындар ауадай қажет. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша белсенді қатысқан мүшелері алғыс хатпен марапатталды.

І с -шараның мақса ты – қаз ірг і қазақстандық əйелдерд ің еңбек ада-мы рет інде мəртебес ін н ы ғ а й т у , д а ғ д а р ы с жағдайында оның рөлін а р т т ы р у , ə й е л д е р д і мемлекеттік жəне қоғамдық басқару істеріне тарту, мемлекет саясатында от-басы мен некенің жағымды бейнесін қалыптастыру.

Ішкі істер министрі, по-лиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов өзінің құттықтауында: «Барлық əйел қызмет керлерд і , əскери қызметшілер мен ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның арда-гер əйелдерін құттықтап, мықты денсаулық, отбаста-рына амандық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Сіздер атқарып жатқан қиындығы мол, маңызды істеріңізге сəттілік тілеймін!», – деп атап өтті.

Ішкі істер органдарында 12 мыңнан астам əйел адам жұмыс і с тесе , оның 636-сы басшылық лауазымда қызмет атқарады. Əйелдердің ба-

ІІМ КӨЛІКТЕГІ ІІД-НІҢ АКТ ЗАЛЫНДА ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕКЕ ҚҰРАМ ЖИНАЛЫП ƏЙЕЛ ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ. АЛ, САЛТАНАТ-ТЫ ЖИЫННЫҢ ҚАДІРЛІ ҚОНАҚТАРЫ ПОГОНДАҒЫ АРУЛАР, СОНДАЙ-АҚ, ІІО АРДАГЕР-ƏЙЕЛДЕР БОЛДЫ.

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНДЕ МИНИСТРЛІК БАСШЫЛЫҒЫ, ІШКІ ІСТЕР ОР-ГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ƏЙЕЛДЕР КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ.

сым көпшіліг і жергілікті полиция қызмет інде , мамандандырылған күзет қызметінде, сараптамалық-к р и м и н а л и с т і к ж ə н е т е р г е у бөліністерінде, криминалдық поли-цияда қызмет атқарады.

Мерекелік кеш барысында жыл сайын өтетін дəстүрлі «Полиция.kz» журналы Аруы-2015 байқауының бас жүлдесі өз иегерін тапты. 12 жылдан бері өткізіліп келе жатқан байқаудың жеңімпазы – Қарағанды облыстық ІІД Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уəкілі, полиция капитаны Елена Мустакимова. Елена Витальевнаның да ішкі істер саласында қызмет еткеніне 12 жыл болған екен. Мұндай байқауларға бұрын қатысып көрмеген ару əріптестері мен жақындары ұсыныс жасағанда ұзақ ойланғанын жасырмады. Ақыр соңында шешім қабылдап, суретін жіберген. «Байқауды ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Негізі қатысушы арулар бір інен бір і асып түседі . Соның ішінде таңдау маған түскеніне қуаныштымын», – дейді Елена. Осы күні байқаудың бас жүлдесін қарағандылық ару Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың өз қолынан алды.

Іс-шара шеңберінде ІІМ-нің клу-бында қызметкерлерге ведомстволық наградалар салтанатты түрде та-быс етіліп, мерекелік концерт өтті. Халықаралық əйелдер күнін мерекелеу қарсаңында ішкі істер органдары мен ІІМ оқу орындарының 480-нен астам қызметкері ведомстволық наградалар-мен марапатталды.

ІІМ-нің баспасөз қызметіСурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Қазіргі таңда еліміздегі 6 əйелдер колониясында 3014 əйел жазаларын өтеп жатыр. Атыраудағы колонияда 252 əйел бар. Мейрам қарсаңында еліміздің батыс өңіріндегі жалғыз коло-нияда релаксация бөлмесі, сəн бөлмесі мен спортпен жəне иогамен айналысу залы ашылды. Аталған бөлмелердің қыз-келіншектер үшін маңызы зор екені анық. PRI ұйымының зерттеу мəліметінше сотталған əйелдердің жар-тысынан көбі осындай психологиялық көмекке зəру.

Сəн бөлмесі эстетикалық сұлулықты сақтап қана қоймай, мұндағы əйелдер қауымына шаштараз мамандығын игеріп, жазасын өтеп шыққан соң, жұмысқа тұруларына мүмкіндік береді.

Сондай -ақ , бұл күн і əйелдер жасағының арасында сурет сай-ысы ұйымдастырылып, комиссия жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етті . Туған-туыстарымен кездесу ұйымдастырылды.

Мейрам күні колониядағы қыз-келіншектерге фотосессия жасалды. Себебі, сотталған əйелдердің туыста-рымен байланысы хат арқылы жүзеге асып, суреттері үйлеріне жіберілетін болады.

Халықаралық түрме реформасының О р т а л ы қ А з и я д а ғ ы ө к і л д і г і н і ң мəліметінше 2013-2014 жылдары əлем бойынша сотталғандардың 2-9 пайы-зын əйелдер құрайды екен. Ал ер

ТЕМІР ТОРДАҒЫ МЕРЕКЕPENAL REFORM INTERNATIONAL (PRI) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРМЕ РЕФОРМАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТЫ-РАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ƏЙЕЛДЕР КОЛО-НИЯСЫНДА ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖАТҚАН ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ƏЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАП, СЫЙЛЫҚТАР ЖАСАДЫ.

адамдарға арналған колонияларда қыз-келіншектерге қажетті жағдайлар қарастырылмаған. ІІМ ҚАЖК дерегі бойынша жыл басынан бері 2975 əйел жазасын өтеуде, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 400 адамға азайған.

Penal Reform International Халықаралық ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің аймақтық директоры Азамат Шамбилов: «PRI жобасы кəмелет жасқа толмаған балаларға, сотталған əйелдерге қолдау көрсетеді. Оларға арнап мұнда ойын алаңдары мен балаларымен кезде-су бөлмесі қарастырылған. Ең басты айта кететін жайт – əйелдер колони-ясында БҰҰ Халықаралық талапта-рына сай (Бангкок Ережесі) арнайы оқудан өткен əйелдер қызмет етеді. Аталған іс-шаралар жазасын өтеп жатқан нəзік жандылардың қоғамға қажет екендіктерін бір сəт те естерінен

шығармай, əлеуметтік тұрғыдан қолдау тауып, қоғамымызға қайта оралуларына сеп болары сөзсіз», – дейді.

« Қ а з а қ с т а н д а ғ ы б а л а л а р мен əйелдерге арналған түзеу мекемелеріндегі медициналық жəне əлеуметтік қызметті күшейту» жобасы ҚР Əділет министрлігінің бұрынғы жауап-ты хатшысы, қазіргі кезде ҚР Президент Əкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Бекетаевтың қолдауымен жүзеге асуда. Ол – демеуші, меценат емес, тек қылмыстық атқару жүйесіндегі балалар мен əйелдердің қажеттілігін баспасөз беттерінде көтеріп, осы бағытта жүйелі реформаның жүзеге асуына мүдделі мемлекеттік қызметкер. Халықаралық тəжірибеге сүйенсек, əділ сот алдына келетін сотталушылардың ішіндегі ең осал тобы – əйелдер мен кəмелет жасы-на толмаған балалар екен.

Өз тілшімізден

І с -шара ба с талмас тан б ұрын ғимараттың дəліз інде нəзік жан-ды қызметкерлерді ІІД оркестрінің сүйемелдеуімен ІІД Кадр жұмысы басқармасының офицерлері гүл сый-лап қарсы алды. Салтанатты жи-ынды облыстық ІІД бастығы, поли-

Филармониядағы салтанатты кешЮрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСШЫЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ВЕДОМСТВОСЫНЫҢ АРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАП, ӨҢІРЛІК ФИЛАРМОНИЯ ҒИМАРАТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ƏЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ.

ция генерал-майоры Берік Білəлов ашты. Облыстың бас полицейі олар-ды мерекелерімен құттықтап, мықты денсаулық, отбасында амандық пен қызметтерінде биік жетістіктер тіледі. Бұдан соң салтанатты жиынға кезек келіп, қызметін адал атқарғаны үшін жəне 8 наурыз мерекесі қарсаңында 40-тан астам əйел алғыс хат, грамоталар-мен марапатталды. Олардың қатарында ІІО, ТЖД, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің əскери қызметшілері ғана емес, облыстың құқық қорғау органдарының ардагерлері де бар.

Салтанатты жиынның екінші бөлігі «Қуанамын» би студиясының балғын қатысушыларының өнерлерімен бас-талды. Қыздар кірпілер биін билеп, көрермендер тарапынан зор қошеметке ие болды.

Танымал астаналық «Формат» тобының өнер көрсетуі концерттің басты нөмірі болды. Топ облыстық

ІІД басшылығының шақыртуымен ар-найы келген болатын. Олардың əндері жас қызметкерлерді ғана емес, аға ұрпақтың да көңіл-күйлерін көтерді. Топтың өнерінің соңында вокалист Гүлсiм Мырзабековаға ту ұстаушы жасақтың офицерлері гүл себетін тарту етті.

Салтанатты жиын естелікке фото-суретке түсуімен аяқталды. Облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреевтің айту-ынша, мұндай іс-шаралар қоғамдық тəрт іпт і сақтау мен қылмыспен күресте əйелдердің алар орны ерек-ше екенін, сондай-ақ ұжымға бұдан əрі қызметтерін жақсы атқаруға дем беретінін атап кетті. Сонымен қатар, Халықаралық əйелдер күнін мереке-леу қарсаңында облыстың ішкі істер органдарында қызмет атқаратын əйел қызметкерлерге ақшалай сыйақылар берілді.

Аруларға құрмет көрсетті

«Көлік полициясының ғасырға жуық тарихында əйел полицейлер мамандық сырын терең меңгеруде ерлерден кем түспей келеді. Бүгінгі күні нəзік жандылар көліктегі ішкі істер органдарының барлық бөліністерінде жемісті қызмет атқарып жүр. Тіпті, олардың арасында басшылық лауазымында еңбек етіп жүргендер де аз емес. Сіздер қызметте кəсіби шеберліктеріңізді ұштап, жедел-қызметтік міндеттерді атқаруда асқан табандылық танытып келесіздер. 8 наурыз – Халықаралық əйелдер мерекесі қарсаңында Сіздерге жəне отбасыларыңызға мықты денсаулық, бейбіт аспан мен толағай табыстар тілеймін», – деп Көліктегі ІІД бастығы, полиция полковнигі Ержан Саденов барша жиналғандарды құттықтады.

«Елбасы атап өткендей, əрбір мемлекеттің моральдық тұрақтылығы, ең алдымен, əйелдерге байланысты. Шынында да, аналарымыздың, қарындастарымыз бен əріптестеріміздің отбасылық құндылықтарды, ұлттық дəстүрлерімізді сақтау мен нығайтудағы, еліміздің ертеңгі тірегі саналатын өскелең ұрпақты тəрбиелеудегі еңбектері орасан», – деп атап өтті полиция полковнигі.

Шараның негізгі бөлімінен кейін көлік полициясында жемісті қызмет атқарған барлық ардагер-аналарға естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді. Сонымен қатар, департамент пен оның желілік бөліністерінде абыройлы қызметімен ерекшеленген 63 қызметкер-əйелге ІІМ мен департаменттің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары тапсырылды. Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

Еңбектің бағасы – халық сенімі

Ақбота МЫШТАЕВА, Ақтөбе қаласы

ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫНЫҢ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «ЖҮЗ НАҚТЫ ҚАДАМ» – ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ 30-ШЫ ҚАДАМЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА «ХАЛЫҚ СЕНІМІНІҢ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫ-РУ – ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ МІНДЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

Page 4: Сақшы №19 (4185)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№19 (4185), бейсенбі, 10.03.2016 е-mail:[email protected]

КӨКТЕМ ШУАҒЫ

Самал Иосифқызының əкесі Иосиф Абиров ғұмырының 20 жылын өрт сөндіру қызмет іне арнаған жан. Ол өзінің еңбек жолын 1972 жылы №15 əскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, қарауыл бастығы лауазымынан бастады. Қызмет атқарған жылдары КСРО ІІМ Свердлов өрт сөндіру-техникалық училищесін аяқтаған. Кейін Алматы қаласына орта басшы құрамның кур-сына жіберілген. Қарауыл бастығы, инженер, аға инженер лауазымда-рында ұзақ уақыт қызмет атқарды. ҚР ІІМ-нің «Мінсіз қызметі үшін», «Инженерлік-инспекторлық құрамның үздігі» куəлігімен, Құрмет грамота-сымен, облыстық наградалармен марапатталған. Иосиф Өтеғалиұлының үш перзент і ə келер і н і ң жолын жалғастырып жүр.

С.Абирова Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университет ін ойдағыдай аяқтағаннан кейін отбасылық династияны жалғастыратынын бірден шешті. Еңбек жолын Мемлекеттік өрт бақылау инспекторы болып бас-тап, кейін ұзақ жылдар бойы Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінде қызмет атқарды. Көкшетау техникалық институтында арнайы білім алды. Қаз ірг і уақытта Кəс іби даярлық мектебінің бастығы лауазымында қызмет атқарады. Ол əрқашанда жас қызметкерлерге көмекке келуге дай-ын. Өзінің қызметтік міндетін мінсіз атқарғаны үшін министрлік тарапынан медальдармен жəне грамоталармен марапатталды.

Азаматтық қорғау старшинасы Батырова Майра Абдоллақызы 2007 жылдан бастап өрт сөндіру қызметінде қызмет атқарады. Мақсатшыл жəне сауатты қызметкер, əкесінің бой-ынан дарыған қайраттылық жəне еңбекқорлық қасиеттері қызметінде

«Прима-қобызды белгілі музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жұбанов алғаш ұлт аспаптар оркестрін құрған кезде ойлап шығарған. Əйтпесе, қыл қобыздың дыбысы оркестрде жөнді естілмейді. Сол себепті де академик ағамыз оркестрге бейімдеген ғой. Ал қыл қобыз ойылып жасалады. Оның дыбысы мұңды келеді. Күңіренген сарын басымдау. Ішегі қылдан жа-салады. Ал прима-қобыз – заманның талабына сай жасалған аспап. Оның ішегі қылдан емес, сымнан жасалады. Немістің белгілі ғалымы П.Паллас қыл қобызға қатысты: «Аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады», – деп баға берген екен», –деді ол күлімдеп. Қобызына деген махаббаты ерекше өнерпаз сақшының айтуына қарағанда, белгілі өнертанушы Болат Сарыбаев қобыз үнін адам даусына ұқсатады екен. Ол «Ащы, зарлы, өксікті үн шығарады» деген пікір айтыпты. Тіпті, қобыздың ысқышының шыққан тегін садаққа əкеліп тірейтіндер де табылады. Жалпы, қобызға қатысты аңыз-əңгімелер таусылмайды. Бір аңғарғанымыз, кейіпкеріміз де жан серігі туралы айтудан еш жалықпайды екен. Бұл да болса оның киелі аспапқа деген махаббаты һəм құрметі болса керек.

Жанат Əбд ірахманқызы өзге əріптестері секілді бала кезінен құқық қорғау органының қызметкері болуды армандаған. Погоны бар қызметтік киімге қызығып, өскенде полицей боламын деп өзіне серт бергенге ұқсайды. Оның үстіне теле-дидардан күнде көріп жүрген фильм-дер мен көркем шығармалардағы кейіпкерлердің қылмыскерлерді

«Ішкі істер органында қызмет ету – бала күнгі арманым еді. Бір жағынан еліктеу десе де болады. Себебі, əкем Тұрсынбай Үдербайұлы да 30 жыл бойы осы салада қызмет еткен жан. Бүгінде зейнетте. Отставкадағы поли-ция подполковнигі. Ағаларым да ішкі істер органдарында қызмет істейді. Бала кезімізден «заңға қызмет ету ке-рек» деген тəрбиемен өстік», – дейді кейіпкеріміз Алмагүл Тұрсынбайқызы.

Ол еңбек жолын Қызылорда қалалық ІІБ-да тергеуші болып бастаған. Бүгінде осы саланың «отымен кіріп, күлімен шығып жүр». «Ішкі істер саласында қызмет етуге бекінген əр маман алда өзін не күтетінін анықтап барып іске кіріскендері жөн. Себебі, бұл қызметте жауапкершілік пен талап өте жоғары. Біздің мақсат – адамды қайтсе де кінəлі етіп, күдікті деп тану емес, бізге ең ал-дымен əділдік керек», – дейді ол.

«Əйелдер ерлерге қарағанда төзімді келеді деген сөз – рас сөз, – деп жымиды Алмагүл. – Мəселен, нарық заманында күнкөріс қиындағанда ер адамдардың кейбірінің ащы сумен «алысып» кеткені жасырын емес. Бұл айтқаным үшін бөріктілер мені жазғыра қоймас (күлді). Сол кезде əйелдер қауымы тізгінді қолға алып, қиындықпен қайыспай күресе білді. Баласын да бақты, түрлі қара жұмыстарды да істеп, отбасын асырады. Бар ауыртпалықты қара нар-дай көтере білді. Ендеше, «нəзік жан» деп айдар тағылған біздер қызығынан бұрын қиындығы басым ішкі істер органдарында қызмет етуді бекер таңдаған жоқпыз. Батылдық қазақ қызының қанында əуелден бар. Басқа іс түскенде атойлап шыққан Əлия, Мəншүк, Хиуаз секілді апаларымыздың ерліктері бұған айқын дəлел емес пе!?».

Ə ң г і м е а р а с ы н д а А л м а г ү л Тұрсынбайқызынан қызметінде кез-дескен бір оқиғаны баяндап беруін өтінген едік. Ол көп ойланған жоқ, есінде мықтап сақталып қалған мына бір оқиғаны ортаға тастады.

ҚОБЫЗШЫ ҚЫЗЖАНАТ МАХАНБЕТОВА – АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІІД АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ІІБ КАДР ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІНДЕ ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНЫНДА 12 ЖЫЛ БОЙЫ ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮРГЕН ОЛ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ КИЕЛІ АСПАБЫ – ҚОБЫЗДА ШЕБЕР ОЙНАЙДЫ. ЖАНАТ ƏБДІРАХМАНҚЫЗЫ БІЗБЕН КЕЗДЕСУГЕ ЖАН СЕРІГІ – ПРИМА-ҚОБЫЗЫН АЛА КЕЛІПТІ. ҚОРҚЫТ БАБАМЫЗДЫҢ ЗАМАНЫНАН КЕЛЕ ЖАТҚАН АСПАПТЫ ҚЫЗЫҚТАП ТҰРҒАН БІЗГЕ ПРИМА-ҚОБЫЗЫ ТУРАЛЫ ЕРЕКШЕ СҮЙСІНІСПЕН АЙТЫП БЕРДІ.

ƏДІЛДІКТІ ЖАҚТАЙТЫН ƏЙЕЛ

түскен еді. «Тəртіп сақшысы спортқа да бейім болуы керек» деп есептейтін полиция майоры қол күресінен біршама жүлдені иеленген. Сондай-ақ, дом-быра мен күйсандықта да шебер ой-найды. Кейіпкерімізд ің, əс іресе, қобызды боздата отырып орындап берген Ықыластың «Жезкиігі» мен Қорқыттың «Шыңырау» күйлері естіген жанды бейжай қалдырмайды. Бұл шығармаларды өзі ең сүйіп орындайтын күйлерінің қатарына жатқызады. Несін жасырамыз, талайды мойындатқан қобыз сарыны бұл жолы бізді де елітіп əкетті. Сенбесеңіз, ішкі істер орган-дары ұйымдастыратын музыкалық кештерде Жанаттың орындауындағы шығармаларды тыңдап көріңіз, сонда көзіңіз жетеді.

Қобыздың күңіренген үнінен жаны жай тауып, арман-қиялға берілетін ол ІІМ-нің акт залында, Астана қалалық

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІІД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ТЕРГЕУШІСІ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ АЛМАГҮЛ БАЙМАХАННЫҢ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ӨТІЛІ 20 ЖЫЛДАН АСАДЫ. ІІМ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ – БҮГІНДЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ БІЛІКТІ МАМАНЫ. БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫН ДҰРЫС ТАҢДАУЫНА БЕРІЛГЕН ТƏРБИЕНІҢ СЕПТІГІ ТИГЕНІН АЙТАДЫ.

«2008 жыл болса керек, – деді Алмагүл екі көзін бір нүктеге қадап. – Əйтеуір, қақаған қыс мезгілі болатын. Елордаға сонау Германия елінен бір журналист келген екен. Ойы – Астанадағы түнгі клубтар туралы мақала жазбақ.

Содан, таң ата түнгі клубтардың б ір інен шыққан журналист так-си тоқтатады. Кенет, анадай жерде үш жігіт отырған бір көлік тоқтайды. Ойында ештеңе жоқ ол көлікке міне кетеді. Алайда, ол өзінің діттеген жеріне емес, басқа бағытқа жол жүріп бара жатқанын сезбеген. Осы күні Қоянды елді мекеніне келіп жеткенде, əлгі то-наушы жігіттер мұны соққының астына ала жөнеледі. Далада сарышұнақ аяз. Журналистің ақшасын, қолсағатын, тіпті киімдеріне дейін тартып алған əлгі үш бұзақы мұны сол маңға тастап кетеді...»

Қыстың күні жеңіл киімімен далада қалған əрі оңбай таяқ жеген журналист қалайша аман қалды? Абырой болғанда, тура сол маңда Астана қалалық ІІД-нің

айып тұрағы бар екен. Сондағы күзетші жігіттер далада жатқан адамды байқап қалып, көмекке ұмтылған. Оның үстіне болған оқиға да айып тұрағының бейне-камерасына жазылып қалыпты.

ІІД Тергеу басқармасы бұл қылмыстық оқиғаның мəн-жайын анықтауды Алмагүл Баймаханға жүктейді. Ол бірден іске кірісіп, оқиғаның қай жер-ден бастау алғанын, қандай маркідегі көлік болғанын – барлық детальға дейін тəптіштеп тексеріп шығады. Тергеушінің еңбегі еш кетпей, əлгі үш тонаушы да ұсталып, кінəларын мойындайды. Бірақ...

Бір қызығы, жəбірленуші журналист бұл кезде өз отанына – Германияға кетіп қалған еді. Тергеуші қанша шақыртса да келмей қояды. Амал жоқ, істі тезірек аяқтау үшін Алмагүлге өмірі барып көрмеген неміс еліне баруына тура келеді. Бұл іске Астана қалалық ІІД мен ҰҚК қолұшын созады. Алмагүлге қосып арнайы өкілдерін де ертіп жібереді.

Бірқатар əріптесімен бірге барған кейіпкерімізді алғаш көрген сəтте жəбір көрген журналист «фрау-фрау» деп таңданысын жасыра алмапты. Өзін тонап кеткен қылмыскерлердің қолға түскенін, өз кінəларын мойын-дап отырғанын естігенде ғана бəйек бола қалыпты. Сірə, «əйел тергеушінің қолынан не келеді, тəйірі» деген ойда болып, оның қызметіне күдікпен қараған тəрізді.

Алмагүл Тұрсынбайқызы немісше білмейді. Дегенмен, аудармашылар арқылы өзінің істі қалай тергегенін тəптіштеп түсіндіргенде ғана журналист риза кейіп танытып, басын шайқапты. Сол жерде отырған Германияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері де кейіпкеріміздің жұмысына оң баға беріп, ризашылықтарын білдірген.

Осылайша, өз ісіне шын берілген қазақ қызы – табанды тергеуші сол жолы да Қазақстанның ішкі істер ор-гандары қалай жұмыс істейтінін неміс əріптестеріне мықтап дəлелдеп кеткен еді.

ƏКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАНАТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТЖД «ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ ƏКЕЛЕРІНІҢ ӨНЕГЕСІ БОЙЫНША ӨМІРЛІК ЖОЛЫН ТАҢДАҒАН АРУЛАР БАР. ҚЫЗМЕТТЕ ТУЫНДАЙТЫН ҚИЫНДЫҚТАРҒА ЖƏНЕ ƏСКЕРИ ТƏРТІПКЕ ҚАРАМАСТАН ОЛАР ЕР АЗАМАТТАР СЕКІЛДІ ОСЫ САЛАДА ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП КЕЛЕДІ. СОЛАРДЫҢ БІРІ – АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ПОДПОЛКОВНИГІ САМАЛ АБИРОВА.

«2008 жыл болса керек, – деді Алмагүл

үлкен көмек екенін айтады. Майра Абдоллақызының əкес і Батыров Абдолла 25 жыл ішкі істер органында қызмет атқарған. Алматы өрт сөндіру-техникалық училищесін аяқтағаннан кейін туған жері Атырау (Гурьев) қаласына келіп еңбек жолын өрт сөндіру қызметінен бастайды. Қарауыл бастығынан жедел кезекші лауазы-мына дейін көтеріледі. Өрт сөндіру қызметінің дамуына қосқан үлесі зор. Ұзақ жылғы еңбегі мен қызметі үшін І, ІІ жəне ІІІ дəрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапаттала-ды. А. Батыров бірінші сыныпты ма-ман, тəлімгер ретінде көптеген жас қызметкерге үлгі бола білді.

Алдан Ідір ісұлы 1955 жылы 16 сəуірде Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. Бөлімше командирі ж ə н е ж ү р г і з у ш і л а у а з ы м ы н -

да қызмет атқарды. Тұңғыш қызы Ғалия Хайруллина 1996 жылдан бас-тап өрт сөндіру қызметінде қызмет атқарып келеді. Қазіргі уақытта капи-тан шенінде, Кадр жұмысы бөлімінің психологы лауазымында қызмет атқарады. Еңбек жолын №2 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы лауазымынан бастады. Жолдасы екеуі үш бала тəрбиелеп отыр. Жолдасы азаматтық қорғау майоры Б.Беккужиев өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару қызметінде қызмет атқарады.

Құтқарушы мамандығы өте қауіпті, е р ж ү р е к т і л і к т і , қ а у і п - қ а т е р г е əрқашан да дайын болуды қажет ететіндігіне қарамастан, бұл салада нəзік жанды арулар да қызмет атқара алатындарын сан мəрте дəлелдеп келеді.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі

түскен еді. «Тəртіп сақшысы спортқа

Оймақтай ойДүниеде əйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, əйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дəреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бəрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бəрін сілкіп тастап, оқтай қадалған əйел көзіне қарай жүре берер едім.

Ғабит МҮСІРЕПОВ

құрықтау сəті бала Жанаттың да арманына қанат бітірген еді. Ол өзін ойша бас кейіпкердің орнына қойып, қиялдайтын. Алайда, бұл арманын, шешімін анасы құптамаған еді.

«Айтыстарда отты сөздерімен халық жадында сақталған арқалы ақын болғандығынан да шығар, əйтеуір анам Алдан менің өнер адамы болғанымды қалады, – деді Жанат. – Бұл айтқанына да бірден көндім. Сыр елінің тумасына тəн қасиетпен мен де өнерді өміріме серік еттім. Мектепті бітірген соң Қызылорда музыкалық училищесінде 1987-1991 жылдары білім алдым. Кейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде 1992-1996 жылдары білімімді жетілдірдім».

Алматы қаласындағы М.Төлебаев атындағы №5 музыкалық мектепте де қобыздан дəріс береді. Дегенмен, бала кезгі арманы қайта қылаң беріп, ойынан кетпей қояды. Сол себепті де заңгерлік оқуға түсемін деп шешеді. 1999 жылы заңгерлік мамандығын тəмамдап, құқық сала-сына бет бұрғысы келетін Жанатты алғаш қанша жыл бойы агроном бо-лып жұмыс істеген əкесі Əбдірахман да қолдай кетеді. Оның үстіне ағасы Қайрат та құқық қорғау саласын-да еңбек ететін. Бүгінде Қайрат Маханбетов отставкадағы полиция капитаны.

Он жылдан аса уақыт бойы мек-теп инспекторы болып та қызмет еткен Жанат ІІМ-нің Астана қаласы бойынша өткен спорттық сайыста-рында да талай қарсыласынан басым

ІІД-нің концерт залында талай өнер көрсетті. Əлі де болса бабында. Ол өзінің бала кезден аңсаған құқық қорғау саласының қызметтік формасын киіп жүргенін де мақтаныш көреді. Қобызын қолға алмаса, көңілі жабырқап қалатынын да жасырмайды.

Əдетте қазақ Қорқыт пен қобызды бөліп-жарып қарамайды. Сол секілді Жанат та киелі аспабы мен сақшылық қызметті қатар қояды. «Қызметіме еш кедергі келтірмейді, қайта жұмыстан шаршағанда жан серігіме айналады» дейді ол.

Полицей қызметі қыз баланың қолы ма?

«Шынында, бұрындары тəрт іп сақшысы болсын, жалпы құқық қорғау органы болсын қыз баланың қолы емес деп жиі айтушы еді. Алайда, бұл пікірді теріске шығаратын оқиғалар қоғамда көп. Өз ісінің майталман мамандары – қыз-келіншектер ішкі істер орган-дарында да жетіп артылады. Қазақ қыздарының ішінде де қайсар, өз кəсібіне адалдары баршылық. Сол себепті де мұндай пікірмен келіспеймін», – дейді Жанат Əбдірахманқызы. Осылай деген ол əріптес нəзік жандарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтауды да есінен шығарған жоқ.

«Бір қолымен бесікті, бір қолымен əлемді тербетіп отырған əйелдердің жарқын мейрамы құтты болсын. Əріптестерім қандай қиын сəттерді болсын мойнымен көтеретін қайсар жандар», – деді Жанат бізбен қоштасар сəтте. Бұл тілекке біз де қосылдық.

Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ, суреттерді түсірген

Серік ƏЛІБЕКҰЛЫ

Page 5: Сақшы №19 (4185)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№19 (4185), бейсенбі, 10.03.2016 е-mail:[email protected]

КӨКТЕМ ШУАҒЫ

– Айтолқын, Арулар мерекесі құтты болсын! Ішкі істер сала-сы – сіздің өміріңіздің ажыра-мас бөлшегі екендігін аңғарып отырмыз. Өзіңіз кеңінен айтып берсеңіз?

– Рахмет. Ішкі істер органдарында 2005 жылдан бері қызмет етіп келемін. Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығында қызмет етіп жүргеніме 10 жылдан асады. Орталық Азия университетін бітірдім. Əуелгіде Алматы аудандық сотында істеп жүрдім де, кейіннен осында ауы-сып кеттім. Жедел басқару орталығы қала көшелеріндегі қоғамдық тəртіп пен қылмыстық ахуалға бейнекамералық бақылау жасайды. Көшелерде болып жатқан құқық бұзушылықтар мен өзге де оқиғаларды жедел түрде тиісті патрульдік орталықтарға хабарлап оты-рамыз. Бір мониторға 20 шақты камера жалғанған. Солардың ақпараттарын талдап, аға инспекторға беріп отырамыз. 102, 911 желілері арқылы түскен хабар-ламаларды жедел өңдеуге аламыз.

Бейнебақылау жүрг ізу қызметі Астанада 1999 жылы іске қосылды. 2005 жылы небəрі 131 камера болған болса, қазір 797-ге жетті. Жалпы, жылдан-жылға орталықтың жұмысы жанданып келеді. 2017 жылғы ЭКСПО-ға дейін камералардың саны 2 мыңнан аса-ды деп жоспарланып отыр. Орталық техникалық жарақтандырылуы, технологиялық дамуы жағынан да жан-жақты алға жылжып келеді. Мақсат – елімізде бейнебақылау саласын халықаралық талаптарға сай дамыту. Қоғамдық тəртіптің сақталуына, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың ал-

Өнерден де, спорттан да құралақан емес. Дауысы да анау-мынау кəсіби əншілерден кем емес. Бала кезден жүзумен айналысқан. «Сондықтан бо-лар, бойым ұзын» деп күледі. Жалпы, əңгімелескеннің өзінде тоқтамай сөйлейтін, шапшаң қимылымен де дегенін түсіндіріп тұратын тұрысына қарап, оның «Жылдам. Жоғары. Күштірек» стиліндегі жандардың қатарынан екенін аңғару қиын емес. Арманының үлкендігі сондай Əлия Қибатқызы мектеп бітіргенде ұшқыш боламын деп шешкен екен. Дегенінен қайтпай, сол жылы Алматы қаласындағы Қазақ азаматтық авиация академиясы-на грантқа оқуға түседі.

«Жалпы, мен бала кезден тыным-сызбын. Мектепте «активистка» бол-дым. Менсіз бірде-бір шара өтпейтін. Ештеңе болмайтын болса , өз ім ұйымдастыратынмын. Гимназия сыны-бында оқыдым. Мектептің президенті едім», – дейді Əлия. Өзі Шығыс Қазақстан облысынан – Семейдің ту-масы. Руы – Ұлы Абайдың елі Тобықты екен. Жалпы, Нұрғожиндер отбасы əділет, құқық қорғау саласында динас-тиялы əулет. «Əкем құқық жүйесіндегі ең жас зейнеткер. Еңбек жолын тым

Айтолқын АУМАҚҚЫЗЫ:

ҰЖЫМЫМ – ЕКІНШІ ОТБАСЫММЕРЕКЕ ШАТ-ШАДЫМАН ҚУАНЫШ, ОҢ ЫҚЫЛАС-ПЕЙІЛДЕН ТҰРАТЫНЫ БЕЛГІЛІ. СОЛ СЕБЕПТІ ОНЫ САҒЫНЫШ ТАБЫ МЕН ҚАЙҒЫ ҚАЯУЫМЕН БЫЛҒАУҒА ЕШКІМНІҢ ДЕ ҚҰҚЫ ЖОҚТАЙ КӨРІНЕДІ. ƏЙТСЕ ДЕ, ОСЫ ЖОЛДА ЖОҒАЛТҚАНЫҢДЫ ТҮГЕНДЕП, ТАПҚАНЫҢА ТƏУБЕ ЕТЕРІҢ ТАҒЫ БАР. СЕБЕБІ, ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕКПЕН ЖЕТПЕГЕН МЕРЕКЕНІҢ НЕСІ МЕРЕКЕ?! ОСЫҒАН ОРАЙ КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ҚАЗА БОЛҒАН ЕРІНІҢ ІСІН ЖАЛҒАП ЖҮРГЕН НƏЗІК ЖАННЫҢ БІРІ – ПОЛИЦИЯ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ АЙТОЛҚЫН АУМАҚҚЫЗЫМЕН АРНАЙЫ ЖОЛЫҚҚАН ЕДІК.

дын алуға, азаматтардың көшелерде өздерін еркін де қау іпс і з сез іну іне жағдай туғызу. Осы рет-те, шетелдік өркениетті мемлекеттермен тəжірибе а л м а с ы п , о л а р д ы ң жетілдірілген жүйелерін бізге енгізу.

Былтыр бізге Франция, Израиль, Корея елдерінің м а м а н д а р ы к е л і п , өздерінің пайдаланып отырған бейнебақылау ж ү й е л е р і м е н т а н ы с -т ы р д ы . С о н д а к ө з і м жеткені, ол елдер бұл салада дамып кеткен екен. Қатты əсер еткені, «Технический перехват» деген бағдарламасы. М ұ н д а і з д е с т і р у д е г і объектіні камералардың өздері іздейді, ақпараттарын автомат-ты түрде өздері өңдейді. Мəселен, бір жерде көлік ұрланды делік, біреулер айдап кетті. Ақпарат түскен бойдан оны аға қызметкерлері компьютер-ге енгізеді. Сол сəттен бастап əлгі көліктің мемлекеттік нөмірінен бастап, түсі, көлемі, маркасы, тағы да басқа параметрлері бойынша камералар іздеуді бастайды. Объекті табылса, оны көріп тұрған камераның маңайындағы камералар өзінің назарына іліккенін күтіп, аңдуды іліп алып кетуге дайын тұрады екен. Осының бəрі адамның араласуынсыз автоматты түрде жүзеге асады. Полиция қызметіне қалатыны қоғамға да, өздеріне де

қауіпсіз етіп ұрыны ұстаудың шарасын ұйымдастыру. Кейде шетелдің телеар-наларынан тікұшақпен тікелей эфир-ден қылмыс орнынан бейнекадрлар беріп жатқанын көріп, көп ұзамай біздің еліміз де осындай деңгейге жететініне сенім білдіремін. Оның алғышарттары да жоқ емес. Астана қаласында бір жүйеге жалғанған, автоматтандырылған, жетілдірілген, бүгінгі тілмен айтқанда «ақылды» камералармен жабдықталған «Қызыл квадрат» ашылғанын білес іздер. Қа з і р сынақ тық к е зеңнен ө т і п жатқан бұл пилоттық жоба артық-кемі анықталғаннан кейін өзге де аудандарға енгізілмек.

– Байқаймын, жұмысыңыз тура-лы күн-түн демей айта беруге бар сияқтысыз?

– Ол рас. Жалпы, біздің сала кейіннен пайда болып, бүгінде заманмен бірге өркендеп келе жатқандықтан, жұмысым өте қызықты. Өзіме қатты ұнайды. Сондықтан да өмірімнің мəніне айналған қызметім туралы айта беруге бар-мын. Ұжымды менің екінші отбасым десем болады. Өмірдегі, басымнан өткен қиындықтарды бөлісіп, үлкен көмек көрсетті. Осы салада мен өмір жолымды, өмірлік серігімді таптым. Отбасын құрдым, кішкентайлы бол-дым. Екі қыздың анасы атандым. Бірақ, амал қанша, тағдырдың жазуы солай шығар, осы салада жолдасымнан ай-ырылдым. Əйтсе де, темірдей тəртіп менің боркеміктеніп үгітіліп кетпеуіме дем берді. Департамент басшылығы, қасымдағы əріптестерім, жолдасымның ү з е ң г і л е с қ ы з м е т т е с т е р м е н басшылардың үлкен қолдауын сезіндім. Ішкі істер саласы əрбір қызметкерін ал-тыннан да қымбат бағалайтынына көзім жетті. Жолдасым Өмірбеков Асылбекпен 2005 жылы полиция мектебінде бірге оқып, сонда танысқанбыз. Көп ұзамай отбасын құрдық. Ол департаментте жол-патрульдік полициясында қызмет етті.

Жұмысы өте тынымсыз, күшейтілген тəртіпке көшірілген кездерде тіпті де-малыс дейтінді білмейтін. 2010 жылы қызмет бабында шақыртуға бара жа-тып, жол апатынан көз жұмды. Күн-түн демей үйдің бетін көрмеген соң, қатты шаршайтын. Бірақ, шаршадым деп тіс жарып айтпайтын. Адам баласына бол-сын деп тұратын ақкөңіл, кішіпейіл еді. Команда түссе болды, есіктен үйге кіріп келе жатып та, жалт бұрылып, үйден шығып жүре беретін.

Сол кездер негізі ауысымды тап-сырып, үйге қайтатын уақыты еді.

Жұмыс қолы жетіспей жатқан қарбалас сəт болды ма, шақырту түскенге «ал, кеттік» деп жүре беріпті. Бəлкім, тағдыр жазуы солай болды ма, дəм-тұзы тау-сылып тұрған шығар, оған ешкімді де кінəлай алмаймын. ЗИЛ жүк көлігі мен ГАЗель шағын автобусы бетпе-бет соғысыпты. Көп еске ала берсем, қатты қиналамын. Кейде жұмыста монитор-дан жол-көлік апаттарын көріп қалсам, жаным түршігіп кетеді. Сондықтан да қатты уайымға салынбауға тырыса-мын. Тек артында қалған қос қанаты – қыздары аман болса екен деймін. Ол кезде үлкені үште, кішісі бір жаста еді. Қазір кенжеміз мектеп табалдырығын аттады. Міне, алты жыл болды.

Қатар жүрген жолдас жігіттері, басшылығы əлі күнге дейін көмек к өр се т і п т ұрады . Қыздарымды мерекелік бағдарламалардан, той-лардан қалдырмайды. Тіпті, алғашқы қоңырауға қыздарымды гүлдерін алып беріп, солар апарды. Əкесінің оры-нын жоқтатпайды. Командирлері де үнемі хабар алып, жағдайымызды біліп отырады. Мүмкіндікті пайдаланып, Астана қалалық ІІД 3-взвод командирі Руслан Минтаев пен оның орынбасары Айбек Құсайынбековке үлкен аналық алғысымды айтқым келеді.

Ерекше атап өтіп, алғыс айтқым келетін адамдардың бірі – Астана қалалық ІІД-нің бұрынғы бастығы, қазіргі Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Ғанұлы мен қазіргі бастығы Амантай Əубəкіров ағалар. Қайғыдан қара жамылып отырғанымда, департаменттің сол кездегі бастығы Марат Демеуов ағамыз барлық көмек көрсетілсін деп тапсырма беріп еді. Сол кезде қызметтік пəтер алып беруге де жəрдемдесемін деген уəдесі болған. Өзі болмаса да, сол уəдесін аяқсыз қалдырмай департаменттің қазіргі бастығы орындап, артында қалған балаларына пəтер берді. Енді бүгінде ерік-жігерімді уысыма жинап, қызмет етіп келемін. «Қыз – қырық жанды» деп еститін едім. Сол рас екен. Тек еліміз тыныш болып, осы өркендеген бейбіт күнімізден айырмасын деп тілеймін. Мереке құтты болсын!

АРМАНЫ АСҚАҚ ƏЛИЯƏЛИЯНЫҢ БАЛА КЕЗІНЕН-АҚ АРМАНЫ АСҚАҚ ЕДІ. ӨМІРДЕ ЕЛГЕ ТАНЫМАЛ, ЖҰРТ АЛДЫНДА ҚОШЕМЕТКЕ БӨЛЕНІП ЖҮРЕТІН ЖАН БОЛҒЫСЫ КЕЛДІ. ОЛ ҮШІН ƏУЕЛДЕН-АҚ СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ БОЛУ ҚАЖЕТ ДЕП ТҮЙГЕН ОЛ КІШКЕНТАЙЫНАН-АҚ БАРЛЫҚ САЛАДАН ХАБАРЫ БАР АДАМ БОЛУЫМ КЕРЕК ДЕП АЛДЫНА МАҚСАТ ҚОЙДЫ.

ерте бастаған. Одан бөлек ішкі істер, əділет салаларында ағаларым, інілерім де қызмет етеді. Бірақ, солардың ішінде жалғыз қыз – менмін. Сіңлілеріме мүмкіндігінше өз жолдарыңды тауып, басқа мамандыққа барыңдар деймін. Өйткені, жауапкершілігі үлкен сала ғой. Қызғанғандықтан емес, оларды аяғандықтан апалық қамқорлықпен айтамын», – деп күледі.

Тамырына тартқан жас қызды əке жолы жібермеген екен. Авиациялық академиядан соң ҚР ІІМ Семей заң колледжіне оқуға түсіп, оны 2005 жылы қызыл дипломмен бітіріп шығады. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласындағы мектепте ин-спектор болып бастайды.

Пысықтығымен, ұйымдастыру-шылығымен танылған арудың арманы елордасы Астанаға тезірек жету еді. Содан 2009 жылы Астана қалалық Ішкі істер департаментіне ювеналдық полиция қызмет іне ауысып кел-ген. Бұл бөлімде де аға инспектор қызметіне дейін көтеріліп, 2011 жылы департаменттің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына қызметке ауысады. Қазіргі міндеті – Мемлекеттік органдар-мен ведомствоаралық үйлестіру жəне профилактика.

«Қаз і р г і жұмысымның не г і з г і бағыты – ұйымдастыру. Белді спорт ұ й ы м д а р ы м е н б і р л е с е о т ы р ы п қаладағы мектеп оқушылары арасын-да түрлі жарыстар өткізу, саламатты өмір салтын насихаттау. Мəселен, жыл басынан бері 80-нен астам шара ұйымдастырдық. Кекушинкай ка-ратэ жарысын, «Желаяқ» марафо-нын, «Юный турист» жорығын, Джу-джицу жарыстары өтті. Оқушылармен концерттік кездесу жасап, оған белгілі өнер, спорт жұлдыздарын шақырамыз. Олар өз ойларын, ақылдарын айтады. Есірткінің қасіреті туралы бейнеро-ликтер көрсетеміз. Мұндағы мақсат – оқушыларды спортпен айналысуға шақырып, есірткінің зиянын түсіндіру», – дейді Əлия.

Одан бөлек, ол есірткі тарату жол-дарын анықтау рейдтеріне, есірткі

таратушыларды ұстау шараларына да қатысады. Есірткі таратушылардың арасында өңкей бір қаскөй емес, өзі сияқты болашағынан зор үміт күтуге бо-латын жас əйелдерді көргенде Əлияның жүрегі бір шым етеді. Жеңіл табыс табуға пайдакүнемдік мақсатпен ба-рып, ақша үшін жас балалардың өмірін құрбандыққа шалып, шаңырағына қасірет əкеліп жатқанына олардың опынып жатқанын көрмепті. Сонымен бірге, есірткі таратушылардың басым көпшілігі оны өздері пайдаланбайтын-дар екен. «Есірткі айналымына қатысты түрлі адамдарды кезіктіруге болады. Егде əйелдер де, жас жігіттер де бар. Ұсталған кезде бəрі бірауыздан келісіп алғандай «тауып алдым» дейді. Немесе «өзім пайдалану үшін» дейді. Бар ама-лы – сауда арнасын ұйымдастырып отырған негізгі адамды ұстап бер-меу. Өйткені, ол жақтың кегі еліміздің заңынан да қатал-ау деймін. Бəрінен өкініштісі, нашақорлар континентінің 18-35 аралығындағы жастар екендігі», – дейді ол. Күрес жəне алдын алу саласында жүргендіктен бе, Əлия на-сихат жұмыстарының нəтижесі өте зор екендігін аңғаратынын айтады. Өйткені, есірткінің нағыз қасірет екенін түсінген бала одан аулақ жүреді. Ал олар жүрген жерден теріс пиғылдылар да қашық болады.

«Адамда ең бірінші үлкен арман болу керек. Ол соған жетем деп алдына биік мақсаттар қойса, ол үшін алынбайтын асу жоқ. Ол оның өмірінің мəніне айна-лады да, əрбір адам осы игілік жолында еліне қызмет етуге асығады. Ал өмірден өз жолын анықтап алған адамдар үшін есірткі, темекі, ішімдік деген қасіретті əдеттер түк те қызық болмай қалады. Сондықтан да, бала тəрбиесіне ерек-ше көңіл болып, оларға өмірде ұлы мақсаттар қойып, соған ұмтылдыру қажет», – дейді арманшыл қыз. Сөзінің жаны бар. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дейді халық даналығы. Ендеше, көктем мерекесінде барша арманыңыз орындалсын демекпіз.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ,суреттер

Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Полиция қызметі – ш е к т е н т ы с қ а т а л т ə р т і п т е н қалыптасқан сала. Əйел заты үшін онда қызмет ету оңайға соқпайды. Десе де, Қарлығаш Тəшімова бұл салада өз биігін бағындыра алды.

О р т а м е к т е п т і туған жері – Ақкөл ау-ылында тəмамдаған өнерл і қыз 2005 жылы Б.Момышұлы атындағы Шымкент з а ң к о л л е д ж і н е оқуға түсті. Кейін І І М - н і ң А л м а т ы А к а д е м и я с ы н д а жоғары білім алды.

Бірталай жыл Екібастұз қалалық ІІБ-да кəмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор болып қызмет атқарған ару бүгінгі таңда Павлодар облыстық Ішкі істер департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы, полиция капитаны.

Бұл күнде департаменттегі бірде-бір мерекелік шара Қарлығашсыз өтпейтін болған. Қарлығаштың қоржыны түрлі деңгейдегі жүлделерге толы: 2008 жылы ІІМ қызметкерлері арасында өткен республикалық өнер байқауының 3-орнын иеленсе, 2011 жылы «Жан жүрегім – Қазақстан» атты патриоттық əндер кон-курсында 2-орынды қанжығалады. 2013-2014 жылдары «Парасатты полицей» республикалық сайысының дипломанты атанса, кейін «Еуразия-1» телеарнасы ұйымдастырған «Үздік қала. кz» тележобасында бақ сынады. Сонымен қатар, «Біз Мəңгілік Ел боламыз» республикалық байқауының да лауреаты атанды.

Ерекше атап өтерлігі, əнші қыз өз саласында ғана емес, өзге де қоғамдық шараларға белсенді қатысып жүреді. Оның, əсіресе, 3 жыл қатарынан Екібастұзда өткен «Екі жұлдыз» қайырымдылық жобасына қатысып, көмекке мұқтаж жандарға өнерімен жəрдемдесіп жүргенін атап өту абзал.

Қарлығаштың əсіресе, өзіне егіздің сынарындай ұқсайтын актриса əпкесі Самалмен қосыла салатын əндері ерекше. Сахна жұлдызына айналған Самалдан сіңлісін кейде полиция киіміне қарап қана ажыратасың. Бүгінде Қарлығаш Қабдоллақызы – бір азаматтың сүйікті жары, ардақты ана. Ең бастысы, ол – əдемі əнін қызметімен əсем ұштастырып, өнер құдіретінің шексіздігін дəлелдеп жүрген қазақтың қайсар қызы.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі

Ақкөлден ұшқан Қарлығаш

ИЫҒЫНДА ЖҰЛДЫЗДАРЫ ЖАРҚЫРАҒАН ҚАРЛЫҒАШ АРУ КЕЙДЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА ЕМЕС, ТЕК САХНАДА ЖҮРУІ ТИІС СИЯҚТЫ КӨРІНЕДІ. ДЕСЕ ДЕ, ОҒАН ПОЛИЦИЯ КИІМІ АСА ЖАРАСАТЫНЫН МОЙ-ЫНДАУ КЕРЕК.

Page 6: Сақшы №19 (4185)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№19 (4185), бейсенбі, 10.03.2016 е-mail:[email protected]

КӨКТЕМ ШУАҒЫ

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеке құрамы əскери борыштарын абыройлы атқарып жүрген медици-на қызметінің подполковнигі Елена Колосованың, «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналы бас редакторының орынбасары, майор Нұр Рысакованың, қаржы саласының қызметкері, майор Жанар Жапишеваның əскери қызметі мен үлгілі өмір жолына арналған кеш ұйымдастырды. Көктемнің шұғылалы мерекесіне орай ұйымдастырылған кеш барысында əскери қызметтің биігінен көрінген бикештер сахна төріне көтеріліп, əріптестері мен туған-туыстарының құрметіне бөленді. Аруларды ұландық сардарлар əн-би ансамблінің ұжымымен бірлесіп көктем мерекесімен құттықтады. Сахнаның сəнін келтірген нəзік жанды арулар əскери өмірлерінен сыр шерте отырды. Бұл кешке өнегелі өмір иелеріне қолдау білдіру үшін олардың қарулас əріптестері, əке-шешелері, отбасылары, бала-шағалары, дос-жарандары арнайы қатысып, құттықтау тілектерін жолдап, өз шығармашылығындағы жырларын арнады.

Əйел затына ауыр қызмет жо-лын таңдаған Елена Колосова, Нұр Рысакова, Жанар Жапишева бүгінде сүйікті жар, абзал ана. Мұнысымен олар қырық жаны бар əйел затына əскери саламен қатар отбасылық өмірді қатар алып жүру қиын емес екенін дəлелдеп келеді. Қару асынып сапта тұратын қауырт қызмет иелері ошақ қасындағы тірлікті де дөңгелетіп отыр. «Əйел – отбасының ұйытқысы» екенін олар бір сəтке де естен шығармайды.

Медицина қызметінің подполковнигі Е л е н а Н И К О Л А Е В Н А ə с к е р и медицинаның қыр-сырын меңгерген кəс іби б іл ікт іл іг і жоғары маман. Үнемі ізденісте жүретін Елена өз ісін сүйіспеншілікпен орындап, əріптестері мен емделушілерінің ерекше ықыласына бөленіп жүр. Бүгінде өмірлік серігі Юрий

ЖЫЛЫ ЛЕБІЗДЕР ЖАУҒАН КҮН

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕК ЕРЛЕРМЕН ИЫҚ ТІРЕСІП ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮР. 8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ƏЙЕЛДЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАС ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНДА ƏСКЕРИ ҚЫЗМЕТІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕН ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ.

Владимирович екеуі Никита есімді ұл тəрбиелеп отыр. Осы салада 10 жылдам астам уақыт тер төгіп келе жатқан Елена əскери медицинаны таңдап, 2000 жылы ҚР ІІМ алғашқы даярлық мектебінен өткен соң ІІМ медицина басқармасына инспектор -дəр і г ер лауазымына қызметке алынады. Осы басқармада ол 3 жыл еңбек етіп, осы жылдар ішінде аға дəрігер-инспектор, бас дəрігер, сарапшы-дəрігер лауазымына дейін өседі. Осы жылы ішкі өзгерістерге бай-ланысты Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінің медицина бөлімшесіне дəрігер-терапевт лауазымына тағайындалып, кейін Ұлттық ұлан медициналық пунктіне аға дəрігер лауазымына ауысады. Қазіргі уақытта Елена Колосова Ұлттық ұлан медициналық көмектің сапасын бақылау қызметінің бастығы лауазымын абырой-лы атқарып жүр. Қырықтың қырқасына шыққан Еленаны осы күні жақындары, туыс-туғандары кішігірім жетістігімен құттықтай келіпті. Жалғыз ұлы Никита да осы күні оның жанынан табылды.

Күн шуағы секілді жүзінен нұр төгіліп тұратын Нұр ҚУАНБЕКҚЫЗЫНЫҢ да өмір жолы өнегеге толы. Əскери қызмет – бұл кейіпкерлеріміздің жан қалауы. Қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Нұр Рысакова əскери саладағы еңбек жолын 2000 жылы «Қалқан» газеті редакциясының мемлекеттік тіл бойын-ша техник-корректоры мамандығынан бастаған. Ілияс Жансүгіров атындағы педагогика институтының филология факультетін қызыл дипломмен бітіріп, қазақ тілі пəні бойынша жоғары санатты оқытушы дəрежесіне дейін жеткен. Ол ұстаздық еткен жылдары облыс бойын-ша өткізілген «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алған екен. Əр істі тыңғылықты орындайтын Нұр Қуанбекқызы бас редактордың орынбасары лауазымына дейін барлық қызметтік баспалдақтардан өткен.

Бүгінде жұбайы Қайрат екеуінің Айнұр есімді қыздары да ішкі істер саласының қызметкері. Табандылық пен қайсарлықты талап е тет і н мамандық иесі Нұр Рысакованың т ал бойынан қа зақы , қ а с терл і қасиеттердің самал лебі есіп тұрады. Мереке иелерінің мерейі үстем болған кеште оның қызы Айнұр анасын құттықап, жүректен шыққан жылы лебізін білдірді.

Үйд ің де , түзд ің де жұмысын тап-тұйнақтай атқаратын Жанар ЖАПИШЕВА жұбайы Нұрлан екеуі бүгінде екі ұл тəрбиелеп отыр. Оның үлкен ұлы Данияр ана жолын таңдап, ҚР Қорғаныс министрлігінің Əскери институтын тəмамдап, «қаржыгер» мамандығын алып шыққан. Абзал ана, аяулы жар, ибалы келін Жанар Ж а п и ш е в а н ə з і к ж а р а т ы л ы с ы -на қарамастан əскери-жауынгерлік дайындықты да ешбір қиындықсыз орындап келеді. Есеп-қисапты еркін меңгерген ол əскери қызметін 2001 жылы ҚР ІІМ-нің Астана гарнизоны бойынша əскери-тергеу басқармасында бухгалтер-техник мамандығынан бастаған. Ал 2005 жылы Ұлттық ұлан қатарына өтіп, осы жылдар ішінде тəжірибе жинап, б іл ікт іл і г і мен кəсібилігін ұштап келеді. Бұл погон таққан арулар отбасы, ошақ қасында – үйдің ұйытқысы, ал қызметте қару асынып, əскери борыштарын өтеп жүрген əскери қызметшілер. Мерекеге орай ұйымдастырылған кеште əскери қызметші əйелдерге Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы атынан марапаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.

Бүгінде Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп келе жатқан екі мыңнан астам əйел əскери қызметшілердің 300-ден астамы офицерлік лауазымда қызмет етуде. Олар қарауылда, байланыс торапта-рында жауынгерлік қызмет өткереді, сондай-ақ, əскери-медицина, тыл, бюджеттік-қаржымен қамтамасыз ету салаларына да көптеп жұмылдырылған. Нəз ікжанды əскерилер əйелдер кеңесі құрамына еніп, əріптестерінің əлеуметтік мəселелерін шешуге, отба-сын жаңа құрғандарға қолдау көрсетуде елеулі үлес қосып жүр.

Құқықтық тəртіпті сақтап, қылмысқа қарсы күресте, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда мол үлес қосып келе жатқан Мақпал Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының аға инспекторы.

Ішкі істер органдарында 2005 жыл-дан бері қызмет атқарып келе жатқан ол департаменттің вокалдық тобының құрамында əн шырқап келеді. Вокалдық топ түрлі конкурстардың жеңімпазы атанып, облыста ғана емес, республи-ка көлемінде өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысып тұрады. Погон таққан қызметкерлерден құралған топ өңірлік деңгейде өткізілген «Мамыр жұлдыздары» конкурсының гран-приін иеленіп, Ішкі істер министрлігі өткізетін байқаулардың алғашқы орындарынан көрінуде. «Мұндай нəтижеге ұжымдағы бірлік пен келісімнің, өз мамандығымызға деген жауаптылықтың арқасында жетіп отырмыз», – дейді Мақпал.

Жедел сараптау бөлімі бүгінде кезекші бөлімдерді басқарумен айналысады. Осы бөлімнің бас маманы, полиция подполковнигі Лариса Чирваның айтуын-ша, Жедел басқару орталығы – департаменттің жүрегі болса, жедел сараптау бөлімі – орталықтың жүрегі. «Біздің жұмыс маңызды əрі қызық, əсерлі. Бөлім елордадағы барлық оқиғалар мен жағдайлар туралы ақпарат жинаумен, осы мəліметтерді талдап, сараптап, статистикалық мəліметтер, монторингтер дайындаумен айналысады. Бұлардың барлығын департамент қызметтері өз жұмыстарында пайдаланады», – дейді Лариса Федоровна.

Полиция подполковнигі өзінің жоғары біліктілігі мен тəжірибесінің арқасында ұжымда беделді тəлімгер ғана емес бүгінде əйелдер кеңесінің төрайымы міндетін де қатар алып жүр. Ол өмірлік тəжірибесі, іскерлік жəне моральдық қасиеттерінің арқасында əріптестері арасында абырой-беделге ие. Оның кеңестеріне тек қызметкерлер ғана емес, орталықтың басшылығы да құлақ асады.

Сарыарқаның төрінде дүниеге келген Лариса Астананың бой көтеруін, қуаныштарын, жаңалықтарын өз көзімен көріп, бел ортасында жүрді. Бүгінде бір қыз тəрбиелеп отырған жанның өмірлік жары да осы саладан алыс емес, əскери қызметте борышын атқарып жүрген азамат.

Көтерер жүгі мол, жауапты қызметті 1996 жылы бақылаушы қызметінде бастаған полиция подполковнигі Лариса Чирва орталықтың екінші үйіне айналғанын да айтып қалды. Қызығы мен шыжығы мол қызметте адал да, жауапты қызметкерлердің болғаны көңіл қуантарлық, əрине.

Ə.МҰХАНОВА, Астана қаласы

ƏДЕТТЕ, ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ ДЕГЕНДЕ «102» НӨМІРІ ЕСІМІЗГЕ ТҮСЕДІ. АЛАЙДА, ОРТАЛЫҚТА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ, ЖЕДЕЛ САРАПТАУ БӨЛІМІ СЕКІЛДІ БАСҚА ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАР ЕКЕНІН КӨПШІЛІК БІЛЕ БЕРМЕЙДІ.

Бөлім беделі

ДЕПАРТАМЕНТ БҰЛБҰЛЫ

Нұрбек БАЕКИН, Солтүстік Қазақстан облысы

КӨҢІЛГЕ КӨКТЕМ ШУАҒЫНДАЙ СЕЗІМ МЕН НҰР ҚҰЯР ƏЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІНДЕ КӨҢІЛДІҢ ЖЫРЫ, ОТБАСЫНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ БОЛҒАН МАҚПАЛ ЖƏМЕНОВА ЖАЙЛЫ АЙТҚЫМЫЗ КЕЛЕДІ.

Арман ƏУБƏКІРОВ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ. ОСЫ ƏСЕМ АТАУҒА БҮКІЛ ДҮНИЕНІҢ ҒАЖАБЫ ТОЛЫП ТҰРҒАНДАЙ ЕЛЕС БЕРЕДІ ƏРКЕЗ МАҒАН. ƏСЕМДІК ДЕЙСІЗ БЕ, ӨРЛІК ДЕЙСІЗ БЕ, ЕРЛІК ДЕЙСІЗ БЕ, ДАНАЛЫҚ ДЕЙСІЗ БЕ, БƏРІ, БƏРІ ОСЫНЫҢ ІШІНДЕ. ӨЖЕТ МІНЕЗ, ЕРЛІК ДƏСТҮР БҮГІНДЕ ЕЛ ДЕП, ЖЕР ДЕП ОТАН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНДЕ ЖҮРГЕН ƏЙЕЛДЕРДІҢ БОЙЫНДА САБАҚТАСЫП ӨРБІГЕНДЕЙ. ОҒАН ƏСКЕР ҚАТАРЫНДА ЖҮРГЕН СОҢ ӨЗІМІЗДІҢ КӨЗІМІЗ ДЕ ЖЕТІП ЖҮР. БҮГІНГІ АЙТЫЛАР ҚЫСҚАША ƏҢГІМЕНІҢ ТҮЙІНІ СОЛАР ЖАЙЛЫ БОЛМАҚ.

Вокалдық топқа ІІД көркемдік жетекшісі «Мəдениет қайраткері» Дидар Малаев жетекшілік етеді. «Мақпалымыз топтың белді мүшесі. Қазіргі əндер к ү р д е л і , а л а й д а , с о л ə н д е р д і лирикалық сопраносымен бағындырып, тыңдарманның бойын бірден баурап алады. Даусынан жылылық пен сезім білінеді. Оның бойында туа біткен дарын бар. Мақпалды бала күнінен əншілік жолмен жібергенде, бүгінгі күндері танымал жұлдыздардың бірі болар еді», – дейді ол.

Мақпалдың өнер жолын қатар алып жүруі тегін емес. Оның ата-анасы дом-бырада ойнаған, сегіз қырлы, бір сырлы азаматтар болған. Бауырлары да – өнерлі адамдар.

Қызы Саяжан да анасы секілді əн салады. Ол полиция қызметкерлерінің өнерпаз балаларынан құралған вокалдық топтың мүшесі атанды. Бүлдіршіндер айтулы мерекелерден

тыс қалмай, жарқын дауыстары-мен кез келген тыңдаушыны тəнті етеді. «Анам əрдайым бізге қамқор болып жүреді. Бауырларым бəріміз оның айтқанын екі етпей орындап, ренжітпеуге тырысамыз. Бір-бірімізге қарайлап жүреміз. Біз анамыздың қолғанатымыз. Аналар мерекес і күні жыл сайын əкемізбен қосылып, сыйлық жасаймыз. Демалыс күндерін барлығымыз бірге жиналып, қызықты өткіземіз», – дейді Саяжан.

Бұл күнде Мақпал – полиция майоры, төрт баланың анасы. Жұбайының көңілін тауып, қызмет пен бала тəрбиесіне де уақыт табады. Оның айтуынша, отбасындағы ең басты құндылықтар т а т у л ы қ , е р л і - з а й ы п т ы л а р д ы ң сыйластығы, құрметі, ең бастысы бір-біріне деген адал сезім.

Мереке қарсаңында Мақпал да өзінің əпке-сіңлілерін, əріптестерін, құрбыларын, барша əйелдер қауымын мерекемен құттықтап, отбасыларында бақыт пен шаттық орнап, махаббат пен мейірім, ана бақыты мен отбасылық қызық-қуаныш, көңілдерінің əрдайым көтеріңкі болып жүруін тілейді.

А л ғ а ш қ ы к е й і п к е р і м і з Э р а МҰХАМЕТЖАНҚЫЗЫ əйел тұрмақ тас бұзар ерлердің өзіне арман болған əрі көптің қолына, кез келгеннің иығына қона бермес полковник де-ген жуан жұлдызды əскери шенге қол жеткізген жан. Шынтуайтында, мұндай асуды алған қазақ қыздары да аз. Эра Мұхаметжанқызының солардың қатарынан табылуына əрине жеке басының қарым-қабілеті, іскерлігі, жауапкершілік жүгін терең сезіне білген қағілездігі себеп болғаны сөзсіз.

Э р а М ұ х а м е т ж а н о в а н ы ң құрметтің көкжиегіне көтерілуінің бір қыры да əрине тегіне тартқан тарланбоздығында жатқан болар. Əкесі, жарықтық марқұм Мұхаметжан ақсақал, ауыл-аймаққа ғана емес бүкіл елге танымал азамат болды. Алматы облысының бұрынғы Кеген ауданының Жалаңаш ауылында орта мектепті он бес жыл басқарып, талай түлекті түлетіп ұшырған ұлағатты ұстаз, білім беру ісінің үздігі еді. Анасы Жұмаш та мұғалім болып, 45 жылдың төңірегінде физика жəне математика пəндерінен сабақ берді. Ұстаздар отбасынан дарыған өнеге Эраның айналасын əрдайым нұрландырып, жұмысының жөнін біліп, білім-білігімен бөлісе жүретін үлкен жүректі жан ретінде қалыптасуына жол ашты. 20 жылдан асқан офицерлік еңбек жолының 13 жылын кейіпкеріміз Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция басқармасында өткерген екен. Эра сол полиция мекемесінің ішіндегі күнделікті жұмысының алғы шептегі, аса ауыр сала болып табы-латын қылмыстық іздестіру бөлімінде еңбек еткен. Ол осы қылмыстық іздестіру қызметінің үздігі атанған.

«Адамды өмір өзі тəрбиелейді екен. Сонау тəуелсіздігіміздің елең-алаң шағы, 1995 жылы қызметке алғаш кіргенімде қылмыстың өршіп тұрған кезіне дөп келдік. Адам адамның қанын ағызған көрініс, əрине, қайбір оңған көрініс дейсіз. Жан түршігеді, құйқаң шымырлап, жүрек лоқсиды, қатыгездікке қарап жаның қараяды. Бірақ, соған қарап адам да қатаяды, шыңдалады екен. «Осыны істеген адамды тапсам, заң алдындағы жа-засын берсем» деген іштей əділет үшін күрес адамды шыңдайды. Міне, қызметіміз ауыр болса да өстіп жүріп шыңдалдық. Шен үшін емес, ел үшін еңбек етіп марқайдық», – дейді пол-ковник Эра Мұхаметжанова.

Бүгінде полковник ханым ел Ұлттық ұланының əскери полициясы бас басқармасында аға анықтаушы болып қызмет атқарады. Үш баланың ана-сы. Əттең, отағасы полковник Қанат Төлеңгітов Қазақстан əскери ғылым саласында өзіндік шоқтығы биік, айтулы тұлғаларды бірі, көпке таны-мал профессор еді. Бірер жыл бұрын мəңгілік сапарға аттанған ұлағатты жанның соңында егемен еліміздің əскери мамандарына арналған көптеген оқыту-əдістемелік еңбектері қалды. «Орнында бар оңалар» дейді. Өткен жазда полковниктер отбасының тұңғышы Əділет Түркия елінің Құрлық

Қайсар мінезді қазақ қыздары

əскерлері Академиясына оқуға түсті. Міне, ұрпақтан ұрпаққа ауысқан жауынгерлік жолдың сабақтастығы деген осы.

Келесі тоқталар кейіпкеріміз – прапорщик Лазиза ЕСЕМБАЕВА. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында хатшылық басқармасында аға маман болып қызмет атқарды. Лазиза Омбыда оқыған, 1999 жылдан бері əскери қызметте болып, бірер апта бұрын ғана əскерде болудың шектеулі жасына толуына орай зейнеткерлікке шықты. Əрине, əйел адам үшін əскери жолды еңсеріп, құрметті демалысқа шығу да өмірдегі айтулы жетістіктің бірі.

Лазизаның ең бір алымды қасиеті оның ашықтығы, жан баласына жамандық ойламайтын пəк жүрегі десек болар. Қашан көрсең де өмірге қанағатпен қарап, Жаратқанға мың да бір шүкіршілігін айтып, ел амандығын тілеп жүретінін талай аңғарғанбыз. Шынтуайтында, барға қанағат қылып, айналаңды нұрландыра білу – нағыз адамдықтың белг і с і . Құрандағы «Жақсылықта жарысыңдар» деген сөздің мəні сол. Лазиза болса, сол сөзді өмірінің негізгі бастауына, өмірлік кемесінің желкеніне айналдырған əзиз жүректі жан. Ұрыспайды, орын-сыз талап қоймайды, жөн-жосықсыз əңгімеге килігу, көлгірсу деген жоқ. Тек қызметіне берік, жауапкершілігі мығым. Бойына жоғарыда айтқандай, қазақ қызына тəн барлық игі нұрды жиған. Қысқаша, айтқанда нағыз қазақтың қызы.

Page 7: Сақшы №19 (4185)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№19 (4185), бейсенбі, 10.03.2016 е-mail:[email protected]

КӨКТЕМ ШУАҒЫ

Ақбота ОСПАН, Оңтүстік Қазақстан облысы

БҮГІНДЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД-ДЕ 250-ДЕН АСТАМ АРУ АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕДІ. КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІНДЕ ƏСКЕРИ ӨМІРДІҢ ҚИЫНДЫҒЫНА ТӨЗІП, ҚАЖЫМАЙ ЕҢБЕК ЕТУДІ ӨМІРЛІК МАҚСАТЫ ЕТКЕН ЖАНДАР ТУРАЛЫ АЙТПАҚПЫЗ.

І І Д Т е р г е у б а с қ а р м а с ы н ы ң аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушіс і , полиция полковниг і Ботагөз УБАШЕВА – өңірдегі тер-геу саласы бойынша полковник шеніндегі жалғыз əйел. Биыл Ботагөз Ерханқызының құқық қорғау саласын-да еңбек етіп жүргеніне ширек ғасыр толады. 25 жыл ішінде ол ҚР Ішкі істер министрінің екі грамотасымен,

Өмірлік жары Ілияс та ішкі істер органдарының қызметкер і . Олардың көтерген шаңырағын көпшіл ік ек і полиция династиясының қосылуы деп те айтып жүр. Себебі, Ілияс Болатұлы да по-лицейлер отбасынан шыққан. Жаны нəз ік , з а ты əйел бол с а д а қоғамымыздағы тəртіпті қ а д а ғ а л а у д а е л е у л і еңбек сіңіріп, өз қызметін жоғары дəрежеде абы-роймен атқарып келеді. К ө к т е м н і ң а л ғ а ш қ ы лебімен ілесе келетін Халықаралық əйелдер мерекес і қарсаңында құқық қорғау саласындағы жауапкершілігі ауыр жүкті арқалаған əріптесімізді сұхбатқа тартып, сыр бөліскен едік.

– Айнаш Несіпбекқызы, жауапты да қауіпті қызметті таңдауыңызға не себеп болды? Бұл салаға қалай келдіңіз?

– Полиция қызметіне кездейсоқ келген жоқпын. Біріншіден, бұл – бала кезімнен бергі ізгі арманым еді. Оған себеп, өз атам Рымбек жəне Рысбек, Алтынбек сынды ішкі істер саласында еңбек еткен ағаларыма қатты еліктеп, қызметте де солар сияқты болғым келді. Тоқтала кетсем, Рымбек атам 1953 - 1983 жылдары аралығында Семей стансасындағы желілік милиция бөлімінде абыройлы қызмет атқарды. Менің өмірлік жол сілтеушім болған атам 2005 жылы 74 жасында дүниеден озды. Ал Рысбек есімді немере ағам 1986-2016 жылдары аралығында желілік полиция бөлімінде түрлі салада еңбек етті. Кейіннен Шымкент қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында қызмет атқарып жүріп, құрметт і демалысқа шықты. Алтынбек есімді ағам 1975-1985 жылдары аралығында Семей стансасындағы желілік мили-ция бөлімінде еңбек сіңіріп, бөлім бастығына дейін жоғарылаған болатын.

АРУЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР

облыстық ІІД бастығының бірнеше алғыс хатымен марапатталған. Қазіргі таңда аналитикалық-ұйымдастыру орталығының аналитигі. Еңбек жолы елеулі істерге толы погонды арудың көптеген қылмыстық істің ашылуы мен азаматтардың құқығын сақтауға қосқан үлесі зор.

Қ о ғ а м д ы қ т ə р т і п т і с а қ т а у д а сүбелі үлес қосып жүрген жанның

бірі – Хадиша БАЙМҰҚАШЕВА – облыстық ІІД Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары жəне осы басқарманың Тұрғындарды құжаттандыру жəне тіркеу бөлімінің бастығы . Полиция полковниг і н əріптестері талапшыл басшы ретінде ғана емес бөлімнің қозғаушы күшіндей бағалайды. Хадиша Қуанышқызының осы салада қалтқысыз еңбек етіп жүргеніне биыл 35 жыл толып отыр. ҚР Əділет, Ішкі істер министрліктері, Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдігінен алған алғыс хаттары мен марапаттары – ерен еңбегінің айғағы.

Ішкі істер органында 20 жылдан аса уақыт қызмет жасап, еңбегімен ер

атанып жүрген Елена МЕЛЬНИКОВА – Қ а р ж ы м е н қ а м т а м а с ы з е т у басқармасының бастығы, полиция полковнигі. Елена Васильевна қызметіне құрметпен қарап, өзіне талапты жоғары қойса, жұмысының алға басып, ісінің оң нəтиже береріне кəміл сенеді. Департаменттің қаржысын үнеммен жеткізіп, барлық жауапкершілікті өз мойнына алған кейіпкерімізді ел тіл жанашыры ретінде де таниды.

Ес іртк і бизнес іне қарсы күрес басқармасы бақылау-əдістемелік б ө л і м і н і ң б а с т ы ғ ы , п о л и ц и я

подполковнигі Айгүл ОТАРАЛЫ бол-са құқық қорғау саласындағы ерен еңбектері үшін ІІМ-нің басшылығы тарапынан бірнеше рет І жəне ІІ дəрежелі медальдармен марапатталған. Қоғамдық тəртіпті бақылауда жоғары көрсеткішге ие болып, «Ішкі істер министрлігінің үздігі» төсбелгісін де кеудесіне таққан.

Айжан ИЛЬЯСОВА – Кадр жұмысы басқармасының полицейі, полиция капитаны. «Ең бастысы, жұмысты жүрекпен ұнату керек», – деген ка-питан қыз учаскелік полицей кезінде болған жағдайларды қазір күле еске алады. Ерлерден қалмау үшін ба-рын салған полицей қорқуды да

білмеген. Мас халдегі азаматтарды көлігіне отырғызып алып, айықтыру орталығына апарып отырған. «Қаланың орталық шулы көшелерінде болып жа-татын қақтығыстарды шешуге тайсал-май атсалысып, полиция бөлімшесіне жалғыз ертіп апара беретін едім», – дейді Айжан Мырзабайқызы. Бүгінде ол ішкі істер қызметіне жұмысқа қабылдануға құжаттар тапсырған үміткерлерді іріктеп, білікті кадр қабылдау жұмысының маманы, отба-сында ұл мен қыздың анасы.

Аяулы жар, бақытты ана, елінің өжет қызы Динара ИСКАКОВА – Шымкент қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау ин-спекторы, полиция аға лейтенан-ты. Отбасы мен қызметін тең ұстап жүрген офицердің жары да тəртіп сақшысы. Офицерлер үйінің қуанышы болып отырған Фариза, Айзере, Адель есімді үшем қыздары бар. Ел алдындағы міндетіне мін келтірмеуге барын салып, аянбай тер төгіп келе жатқан Динараның басты міндеті – бейнебақылау камерасына түскен түсірілімдерді қырағылықпен тексеру. Кейде мұндай тиянақтылық қылмыстың ашылуына да сеп болып жатады.

П о л и ц и я к а п и т а н ы А й г е р і м УТЕПКАЛИЕВА – Шымкент қалалық ІІБ Еңбекші ПБ Жергіл ікт і поли-ция қызметі ювеналдық полиция тобының аға учаскелік полицейі. Отбасындағы əскери екі ағасының өміріне қанық болып өскен Айгерім бала кезден мақсатын анықтап алған еді. Мінезі қайсар, жүрегі жұмсақ ару бүгінде жұмысының жеңісі мен жемісін қатар көруде. Оның күнделікті жұмысы дəл осы кəмелетке толмаған жасөспірімдермен тығыз байланыс-ты. Жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түнгі рейдтерге шығады. Тəуліктің кез келген уақытында іске кірісіп, аянбай еңбек етіп келе жатқан Айгерім Ануарбекқызы ішкі істер орга-нында белгілі бір жетістікке жетіп, елге қызмет ету үшін ер болып туылудың міндетті емес екендігін айтады.

Күн шуағын шашқандай, айнала-сын нұрға бөлеп жүрген погон таққан аруларға қызметтеріне толағай табыс, отбасы бақытын тілейміз. Мереке құтты болсын, асыл жандар!

Маңғыстау облысы МКҚБ ішкі істер саласында ерлермен нық тіресіп, қызметін абыроймен атқарып жүрген нəзік жанды ару қыз-келіншектер аз емес. Олардың қатарында АЖжБТ аға инспекторы, полиция майоры Г.Мырзабаева, 2-ПБ қызмет аға инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Избасарова, МКҚБ аға инспектор-психологы, полиция аға лейтенанты В.Хайрденова, КЖБ инспекторы, полиция капитаны Б.Абдығалиева секілді асыл жандар бар.

Қазіргі таңда қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етуде ешкімнен кем түспейтін, ел тыныштығын қорғауда елеулі еңбектерін қосып жүрген қыздарымыз отбасының да ұйытқысы. Оларға махаббат пен мейірім, ана бақыты мен отбасылық қызық-қуаныш, жүздерінен шуақ шашып, көктемнің күніндей жарқырап жүруін, қызметтерінде тек сəттіліктер тілейміз. Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!

Құрметпен, Маңғыстау облысы МКҚБ-нің ер азаматтары

ҚОҒАМ КҮЗЕТІНДЕГІ НƏЗІК ЖАНДАР

Айнұр ПІРНАЗАРОВА, Маңғыстау облысы МКҚБ

ҚОҒАМ КҮЗЕТІНДЕ ЖҮРГЕН АРУЛАРДЫҢ БІРІ – МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРІ. БҰЛ АРУЛАР ҚОҒАМДА ЕР АРҚАЛАҒАН ЖҮКТІ ƏЙЕЛДІҢ ДЕ АЛЫП ӨТЕ АЛАТЫ-НЫН, ҚАЙ САЛАДА БОЛМАСЫН НƏЗІК ЖАНДАРДЫҢ БАҒЫНДЫРАР БИІГІ, АЛАР АСУЫ БАР ЕКЕНІН ІСТЕРІМЕН ДƏЛЕЛДЕП ЖҮРГЕН ЖАНДАР.

Ерхат ШАЛҚЫБАЕВ, Семей қаласы

ОНЫҢ АТА-АНАСЫ ҰЗАҚ ЖЫЛДАР БОЙЫ ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДА, АЛ АРҒЫ АТАСЫ КӨЛІК ПОЛИЦИЯСЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН. АЙНАШ НЕСІПБЕКҚЫЗЫ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ҚАРАПАЙЫМ ЖҰМЫСШЫЛАР ОТБАСЫНДА ТƏРБИЕЛЕНІП, БҮГІНДЕ КӨЛІКТЕГІ ІІД СЕМЕЙ СТАНСАСЫНДАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ЖЕЛІЛІК БӨЛІМІНІҢ ШТАБ БӨЛІМШЕСІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ БОЛЫП ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ.

АЙНАШТЫҢ БАҚЫТЫ

Бір өкініштісі, 2013 жылы 62 жасында дүниеден озды. Ал əкем Несіпбек болса – ел қадірлейтін, өз ортасының сыйлы азаматы. Теміржол саласында ұзақ жылдар бойы жолсерік, ревизор болып еңбек етті. Ал анам – Роза аяу-лы жар, ибалы келін, қадірлі ана. Бізге үлгі-өнеге көрсетіп, дұрыс тəрбие бере алды. Анам теміржол емханасында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған болатын. Қазіргі таңда əкем мен анам немерелерін өз тəрбиелеріне алған. Міне, менің осынау салаға келуіме əулетіміздің арда азаматтарының қызметі себеп болған еді.

– Өз інд ік ауыртпашылығы зор осынау салада еңбек етуіңе о т б а с ы ң ы з д ы ң т а р а п ы н а н қарсылықтар болған жоқ па?

– Əрине, қыз бола болғандықтан да əкемнің тарапынан алаңдаушылық бол-ды. Себебі, өмірлік қамқоршым полиция қызметінің жұмысы өте ауыр екенін ол бала кезінен жақсы білетін. Əкем менің қаржыгер болуымды қалады. Сол себепті мен мектепті аяқтағаннан кейін Р.Байсейітов атындағы Қаржы жəне экономика колледжін үздік бітіріп, «қаржыгер» мамандығын алып шықтым.

Алайда, кейіннен Семей қаласының Қайнар университет інде заңгер мамандығын оқыдым. Алғашында еңбек өтілімді қаржы саласында есепші қызметі бойынша бастадым. Кейіннен 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап 156/19 ОВ мекемесінде 2006 жылдың маусым айына дейін есепші болып қызмет атқардым. Əділет сержанты шенінде болдым. Сол жылы Семей стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің информациялық қызметінің инспекторы болып қызметке тұрдым. Қазірг і таңда осы бөлімнің штаб бөлімшесінің аға инспекторы лауазы-мындамын.

– Айнаш Несіпбекқызы, сіздің əулетіңізді полиция династиясы деп атауға да болатын секілді. Осынау сала сіз үшін қаншалықты маңыздылыққа ие?

– Дұрыс айтасыз, əулетіміздің алғашқы буыны, жаңа айтып өткенімдей, құқық қорғау саласында қызмет атқарған болатын. Алайда, осы салада еңбек етіп жүріп, өзімнің болашақ жарымды жолықтырамын деп ойлаған жоқ едім. Өмірлік серігім – Семей қаласының ІІБ тергеу басқармасының бастығы, по-лиция подполковнигі Ілияс Болатұлы Ибраев. Айта кетер бір жайт, оның туған ағасы да ішкі істер саласында ұзақ жылдардан бері қызмет атқарып келеді. Яғни, бір сөзбен айтқанда, біз көтерген шаңырақ екі полиция династиясының қосылуы болып табыла-ды екен. Білуімше, бұл ішкі істер саласы қызметкерлерінің өмірінде өте сирек кездесетін жайт.

– Қызметтен тыс уақытыңызды неге арнайсыз? Өзіңізді жеке өмірде қандай жанмын деп санай-сыз?

– Ішкі істер саласы қызметкерлерінде бос уақыттың көп бола бермейтіні белгілі. Ал қолым босаған сəттерде уақытымды мейлінше қос құлыншағыма арнауға тырысамын. Себебі, ресми салаға бейімделген қызмет адамы болғанымызбен де отбасы, ошақ қасына оралған сəтте ана, жар екеніміз есімізге түседі. Өз басым қызметтен тыс уақыттарымды балаларым мен жұбайымның жанында өткізуді дұрыс санаймын. Өмірімнің мағынасы да сол, қызметім мен жанұям. Менің ойымша, бұл қасиет барлық əйелдер қауымына тəн болса керек. Полиция болып, қоғамға қалтқысыз еңбек етіп жүрсек те, отбасының қамына қатар үлгереміз. Бұл өзге де əріптестеріме тəн қасиет.

Сұхбатыңызға көптен-көп рах-мет. Мереке құтты болсын дейміз!

ПОГОНДЫ АРУЛАРҒА

Китель киіп, сəнді погон тағынған,Ал, жүректе мейірім оты жағылған.Қатар тербеп жанұя мен қызметті,Тəртіп қорғап келеді, əне, нəзік жан.Жаны жұмсақ болғанымен, қырағы,Сын-сағатқа əркез дайын тұрады.Іштей жеңіп қауіп пенен қатерді,Қиындыққа жетер оның шыдамы.Жоймай əсте мейірімін аналық,

Ел тəртібін қорғау – асқан даналық.Погондағы нəзік жанды құрметтеп,Марапаттап, мақтау керек əр алып.Оңай емес арқалаған міндеті,Оңай емес оның қатал қызметі.Сондықтан да погондағы арудың Биік болу керек орны, құрметі.Ұстағанмен кейде суық қарулар,Жүрегінде шуақ атты дəру бар.Мерекеңіз құтты болсын бүгінгі,Қауіпсіздік сапындағы арулар!

Музафар ТҰРДЫҚҰЛОВ

Page 8: Сақшы №19 (4185)

СӨЗ СОҢЫ№19 (4185), бейсенбі, 10.03.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 15120Тапсырыс: №2268

Нөмірдің кезекшісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

ТАҒЫЛЫМ

АҚСАҚАЛҒА АЙТЫЛҒАН АЛҒЫС Ұлт бірлігін нығайтатын мереке

Қан орталығындағы акцияға алғашқылардың бірі бо-лып донорлық көмек көрсету үшін ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Айтбаев келді. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 27 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нəтижесінде 38 адам зардап шеккен екен.

«Жол қауіпсіздіг ін қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық іс-шаралар жергілікті полиция қызметіндегі басты бағыттардың бірі. Қабылданып жатқан іс-шаралардың арқасында жол-көлік оқиғаларының саны азайған. Өткен жылы 2014 жылмен салыстырғанда 17 пайызға, үстіміздегі жылдың екі айы ішінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға төмендеген. Алайда, жол үстіндегі ахуал алаңдатарлық. Полицейлер жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адамдарға арнап қан тапсыруда. Донорлық көмек оған мұқтаж адамдарға көмектесіп, əлдебіреулердің өмірін құтқарып қалуы əбден мүмкін. Акция үстіміздегі жылы елімізде алғаш аталып өткен Алғыс айту күніне арнал-ды», – дейді Қанат Киікбайұлы.

Акцияға барлығы Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің 30-дан астам қызметкері қатысты.

Бұл əулетт ің он адамы саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнаған. Олардың еңбек өтілі ғасырдан асып жығылады. Сəлім Бүркітбаев 1938 жылы 25 желтоқсанда Оңтүст ік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылында дүниеге келген. Он жылдық мектепті бітірген соң, ұжымшарда істеген. 1958 жылдан 1966 жылға дей ін Жібек жолы ауылындағы Амангелді атындағы орта мектепте мұғалім-бухгалтерлік жұмыстарды атқарды. Ташкент Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіріп, 1966 жылы Ішкі істер министрлігінің Сарыағаш ауданындағы бөлімінде тергеуші қызметінде істеді.

Осы қызметте жүріп, Бөген, Түлкібас, Қазығұрт, Арыс, Кентау, Түркістан, Мақтарал, Жетісай, Келес ауданда-рында тергеуші, Шымкент қаласында Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі бөлімнің аға тергеушісі қызметін атқарды. Одан соң Қызылорда, Жамбыл, Шымкент облыстары аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Б ұ л і р і к т е у г е ө н е р д е н құралақан еместігін дəлелдеп Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасының Оңтүст ік -шығыс полиция бөл ім ін ің қ ы з м е т к е р л е р і қ а т ы с т ы . Концерт шымылдығын кадр жұмысы тобының аға инспекто-ры, полиция капитаны Динара Борамбаеваның қызы Диана мен оның жұптасы, «Айгөлек» балабақшасының балақайы Олжас үнді биімен ашты. Тамаша биден кейін мемлекеттік тіл жəне ақпарат тобының жетекші маманы Индира Искакова Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін оқып, жұртты поэзия өнерімен сусындатты. Көрермен қауымның көзайымына айналған Айгөлек балабақшасының мың бұралған биші бүлдіршіндері əртүрлі ұлт өкілдерінің билерінен попури көрсетті. Содан кейін поэзия əлеміне өзіндік өрнегін қосып жүрген əріптесіміз, Оңтүстік-шығыс по-лиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қуаныш Медеубаев өз қаламынан туған, сиясы кеппеген туындыларын көрермен наза-рына ұсынды. Қызметтесіміз полиция капитаны Борамбаева Динараның тек би өнерімен ғана емес, əн өнерімен де тəнті еткен қызы Диана барша аналарға ар-нап «Апатайым, анашым» атты əнін ұсынды. Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері фестивальге іріктеу жүргізіп отырған əділқазылар алқасының жоғары бағасын алды. Іріктеу əлі де жалғасуда.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ƏУЕЖАЙЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИ-ЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕЛОРДАДАҒЫ ПРИГОРОДНЫЙ КЕНТІНДЕ ОРНАЛАСҚАН №24 ОРТА МЕКТЕБІНЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ.

ЖПБ бастығы, полиция майоры Теміржан Рамазановтың бастауымен оның кадр жұмысы бойынша орынба-сары, полиция подполковнигі Дастан Əділханов бастаған бір топ сақшы білім ордасының бір топ оқушысын Алғыс айту жəне əйелдер мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттарын та-быс етіп, қалаға қыдыртып қайтты. Таңдалып алынған 25 оқушының көбі тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылардың балалары, туғаннан мүгедек жəне жетім балалар да бар, өзге ұлт өкілдерінің балалары да шет қалдырылған жоқ. Балалардың көңілін көтеріп ойыншықтар, оқу құралдары мен тəтт і ас -су сыйлаған көл ік сақшылары оларды елордамыздың

Алматы қалалық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында өткен алғыс айту мерекесіне қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Асылы Осман мен Абу-Касым Хажалиев жеке құраммен қазақ халқының тарихы жайлы кеңінен əңгіме өткізді.

«Көптеген халық өз салт-дəстүрін, тілін сақтап қалды. Біз бүгін осы елде тыныштық пен бірлікте өмір сүріп келеміз. Татулық болған жерде береке болады. Қазақстан – жүздеген ұлтқа Отан болып отырған осындай берекелі ел», – деді Абу-Касым Хажалиев.

Күзет қызметінің мамандары, əсіресе, Асылы Османның сөзін зор ризашылықпен тыңдады. Ол, əсіресе, қазақ тілінің тағдырына кеңінен тоқталды.

«Абай атамыз өзге ұлттың тілін білу адамды сол халықпен тең жəне еркін сезінуге мүмкіндік беретінін баяғы заманда айтып кеткен. Тілдің құдіреті – тілді білмеген адам ұлттың жан дүниесін, болмысы мен табиғатын толық сезіне ал-майды. Біздің мəдениетімізді де, əдебиетімізді де болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізетін таңдайдағы тіл мен көмейдегі сөз ғана. Ал, бүгінде біздің басымызды ұйыстыратын да тіл. Ел тыныштығының, ел берекесінің тағы бір жарқын көрінісі – бүгінгі Алғыс айту күні», – деді Асылы Осман.

Алғыс айту күніне арналған шара соңында Алматы қалалық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ж.Ережепов қонақтарға жүрекжарды алғысын білдірді.

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД ШЫМ-КЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ ƏЛ-ФАРАБИ ПБ-НІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ, ОТСТАВКАДАҒЫ МИЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ СƏЛІМ БҮРКІТБАЕВТЫҢ ШАҢЫРАҒЫНА АРНАЙЫ БАРЫП, СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ.

Іңкəр ЕРМАҒАНБЕТ, Оңтүстік Қазақстан облысы

басқармасында ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеуші болып қызмет істеп, Одақ тарқаған соң 1992 жылы зейнеткерлікке шықты.

Сəлім Бүркітбаев өмір бойы спортты жанына серік еткен жан. Күрес пен шах-маттан алдына жан салмаған сəттері талай қайталанады. Одан естелік – бүгінде қағаздары сарғая, əріптері өше бастаған ІІІ, ІІ, І дəрежелі дипломдар.

2014 жылы Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың атынан полицейлер əулетінің үлкені Сəлім Бүркітбаевқа елдің ішкі істер саласына қалтқысыз қызмет етіп, өзіндей полицейлерді тəрбиелегені үшін үлкен марапат тапсырылған болатын. Сəлім атаның айтуынша, мұндай құрметті атақты алуына өзінің «Үздік тергеуші» атағын екі рет иеленгені де сеп болыпты. Қазақстан бойынша бұл атақты бір рет алғандар көп болғанымен, екінші рет дəл осындай жоғары мəртебеге қол жеткізген жан біреу ғана екен. Ол – оңтүстікқазақстандық Сəлім Бүркітбаев.

Сəлім ата саналы ғұмырын тергеу саласына арнаса, ұлы мен екі інісі де

дəл осы тергеу қызметінде еңбек еткен. Ұлы Ғабит Сəлімұлы əкесінің жолын жалғаса, оның ұлы Əбубəкір Ғабитұлы да атадан келе жатқан дəстүрді үзбей сақтап келеді.

«Қыздарым да біздің жолды таңдап, иықтарына погон тақты. Нағашылар жақтан да полицияда қызмет етіп жатқандар бар. Бүгін міне, мəртебемізді асырып, айтулы мерекемен құттықтап келіп отырсыздар. Мұның өзі тəрбиесі мол нəрсе, жастарға нағыз үлгі-өнеге боларлық шара. Осының бəрін көріп өскен жаста «мен де осы кісілердей полиция болсам, заң күзетінде тұрсам» деген ой туады, мақсаты айқындалады. Құдам – Ұлы Отан соғысының ардагері. Оның ұлы да ішкі істер органдарында абыройлы қызмет еткен азамат. Ал, бүгінде немерелері полиция қатарында солардың ізін жалғастырып жүр», – дейді ардагер.

Зейнеткерлікке шыққан соң, Сəлім Бүрк ітбаев ауылдық ардагерлер ұйымның белсенді мүшесіне айнала-ды. Ал 2000 жылдан бері аталмыш ұйымды басқарып келеді. Осы жылдар ішінде қоғамдық өмірге, жас ұрпақты патриоттық рухта тəрбиелеуге белсене атсалысқаны үшін бірқатар марапатқа ие болды.

Шымкент қалалық ІІБ Əл-Фараби ПБ бастығының Кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Нартай Дəуреханов: «Қарияларға құрмет көрсет іп , ал ғыс айту – халқымызда ежелден бар игі дəстүр. Себебі, олар еліміздің алтын қоры, отансүйгіштік пен ізгіліктің үлгісін паш етушілер, ел игілігін мақсат еткен ортақ ісімізге адал жандар. Егеменді ел болып қалыптасуымызға ерен еңбек сіңірген, уақыт тізгініне бағынбай ұрпақ қамы үшін қызмет еткен – аға буын өкілдеріне алғыс айту– біздің азаматтық міндетіміз деп білемін», – дейді.

«Қазақ жерінің зиялы азаматтары» ғұмырнамалық жинақтар сериясының 17-кітабында Сəлім Бүркітбаевтың өмірбаяны жазылды. Бұл – еңбек ардагері өмірінің айнасы.

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНІҢ МАҢЫЗЫН АРТТЫРУҒА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ДЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ АТСАЛЫСУДА.

БАЛА – БАУЫР ЕТІҢ

көрнекті жерін аралатумен бірге, кинотеатрға алып барып, сүйікті кино-ларын тамашалатты.

« Ж а л п ы № 2 4 о р т а м е к т е п -те барлығы 1364 оқушы оқиды. Осы мектепке қамқорлық білдіріп

отырғанымыз алғаш рет емес, биыл төртінші жыл болады. Қайырымдылық көмектеріміз де əрдайым жалғаса берет ін болады», – дед і Астана қаласы əуежайындағы ЖПБ бастығы Теміржан Бақытұлы.

«Оқушыларға қазақ халқының мей і рбандығы , қиындықта қол ұшын созатындығы жайлы жəне мемлекетімізде ұлттар татулығын жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке пай-да болғандығын түсіндірдік. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу күніне орайластырылған мерекеге ұлттар достығы өлшеусіз үлес қосары анық», – дейді полиция подполковнигі Дастан Бекетұлы.

Сонымен қатар, шараға ішкі істер органының ардагері, Астана қаласы əуежайында ғы ЖПБ-да қызмет атқарған Сəлімгерей Молдашев та қатысып, оқушыларды мейірімді болуға, бір-бірін сыйлап жүруге шақырды, оқуларына сəттілік тіледі. Ата-аналар мен ұстаздар тəртіп сақшыларына шексіз алғыстарын айтып, оқушылар да бір қуанып қалды.

Эльвира ТӨЛЕГЕН,Астана қаласы əуежайындағы

Желілік полиция бөлімі

ИГІ ІС

ДОНОР БОЛУ – АЗАМАТТЫҚАЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАН ТАПСЫРУ БОЙЫНША АКЦИЯ ӨТКІЗДІ.

Динара САҒЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

ФЕСТИВАЛЬ

«Мəңгілік Ел – ұлт мұраты»БИЫЛ ЕЛІМІЗ ҮШІН ЕРЕКШЕ ДАТА – ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ. ШИРЕК ҒАСЫР ІШІНДЕ БІРТАЛАЙ БЕЛЕС ПЕН АСУДЫ АРТҚА ТАСТАП ТƏУЕЛСІЗ, ЕГЕМЕНДІ, ЕҢ БАСТЫСЫ БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН ЕЛ БОЛЫП ӨМІР СҮРУДЕМІЗ. МІНЕ, ОСЫ АТАУ-ЛЫ ДАТАҒА ОРАЙ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ІІД-ДЕ «МƏҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТ МҰРАТЫ» АТТЫ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ ІРІКТЕУІ ӨТТІ.

И.ИСКАКОВА, Қарағанды облысы

Ішкі істер министрлігі жəне «ҚР Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық ІІД бастығының орын-басары, полиция полковнигі Əділханов Бейбіт Есенкелдіұлына əкесі, ІІО-ның ардагері, милиция подполковнигі

ƏДІЛХАНОВ Есенкелдініңқайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Ақмола облыстық ІІД басшылығы мен жеке құрамы жəне Ардагерлер кеңесі Ақмола облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Əділханов Бейбіт Есенкелдіұлына əкесі

ƏДІЛХАНОВ Есенкелдініңқайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД басшылығы мен жеке құрамы жəне Ардагерлер кеңесі Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Еркетай Мейрамұлы Тұтқышевқа анасы

АҚМАҒАМБЕТҚЫЗЫ Үмітеткенніңқайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қарағанды облыстық ІІД басшылығы мен жеке құрамы жəне Ардагерлер кеңесі Ақмола облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Əділханов Бейбіт Есенкелдіұлына əкесі

ƏДІЛХАНОВ Есенкелдініңқайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.