uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың...

18
Сыныбы 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы §40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы. Шойын және болат өндірісі. Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы. Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушылардың темір құймалырына дейінгі аралықтарды білімдерін еске түсіре отырып, шойын мен болат өндірісіндегі технологиялық үрдістердің ғылыми негіздерін толық ашу; Дамытушылық: Оқушылардың іздемпаздылығын іскерлігін және маман иесі ретінде жауап беру қабілеттерін бағалай отырып, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу; Тәрбиелік: Оқушылардың темір және оның қосылыстары туралы білімдерін, қара металлургия туралы түсініктерін одан әрі дамыту, жүйелеу. Күтілетін нәтиже 1. Темір құймалары және оның қолданылуы туралы теориялық білімдерін жүйелейді. 2. Қазақстандағы қара және түсті металліргияның даму тарихын біледі.. 3. Металдар тақырыбында есептер шығаруды үйренеді. Көрнекі құралдар Интерактивті тақтаны слайд көрсету барысында және сызбалар, бейне баяндамалар, тақта ретінде; Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту, біріккен ізденіс сабағы; Сабақтың түрі Конференция сабақ Әдісі Баяндау, түсінік айту, сипаттау және ізденіс жұмыстары тірек-сызба жүргізіледі; Пән аралық байланыс География, экология, экономика, тарих. Сабақтың өтілу барысы Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс – әрекеті Тақырыптың (тапсырма) мазмұны Оқушы әрекеті Уақыты 1 2 3 4 5 Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа даярлығын қадағалау. §39. Металдар және оның құймаларының жемірілуі қоршаған ортаның ластануының нәтижесі. Жемірілуді болдырмау шаралары. Мұғаліммен амандасады, сабаққа даяр отырады. 1 минут Үй тапсырмасын сұрау Тест сұрақтарын береді. Тест тапсырмасы: (қосымша тіркеуде) Тест сұрақтарына жауап береді. 5 минут

Transcript of uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың...

Page 1: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

Сыныбы 9в 14.02.2015ж.Сабақтың тақырыбы §40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы. Шойын және болат өндірісі. Қазақстандағы қара және түсті

металлургияның дамуы.Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушылардың темір құймалырына дейінгі аралықтарды білімдерін еске түсіре отырып, шойын мен

болат өндірісіндегі технологиялық үрдістердің ғылыми негіздерін толық ашу;Дамытушылық: Оқушылардың іздемпаздылығын іскерлігін және маман иесі ретінде жауап беру қабілеттерін бағалай отырып, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;Тәрбиелік: Оқушылардың темір және оның қосылыстары туралы білімдерін, қара металлургия туралы түсініктерін одан әрі дамыту, жүйелеу.

Күтілетін нәтиже 1. Темір құймалары және оның қолданылуы туралы теориялық білімдерін жүйелейді.2. Қазақстандағы қара және түсті металліргияның даму тарихын біледі..3. Металдар тақырыбында есептер шығаруды үйренеді.

Көрнекі құралдар Интерактивті тақтаны слайд көрсету барысында және сызбалар, бейне баяндамалар, тақта ретінде;Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту, біріккен ізденіс сабағы;Сабақтың түрі Конференция сабақ

Әдісі Баяндау, түсінік айту, сипаттау және ізденіс жұмыстары тірек-сызба жүргізіледі;

Пән аралық байланыс География, экология, экономика, тарих.

Сабақтың өтілу барысыСабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті Тақырыптың (тапсырма) мазмұны Оқушы әрекеті Уақыты

1 2 3 4 5Ұйымдастыру Оқушылармен

амандасу, түгелдеу,сабаққа даярлығынқадағалау.

§39. Металдар және оның құймаларының жемірілуі қоршаған ортаның ластануының нәтижесі. Жемірілуді болдырмау шаралары.

Мұғаліммен амандасады, сабаққа даяр отырады.

1 минут

Үй тапсырмасын

сұрау

Тест сұрақтарын береді. Тест тапсырмасы: (қосымша тіркеуде) Тест сұрақтарына жауап береді.

5 минут

Жаңа тақырыпты

меңгерту

Құрметті конференцияға қатысушы қонақтар, баяндамашылар, журналистер. Бүгінгі «Шойын мен болат» тақырыбына арналған пресс-конференцияны ашуға рұқсат етіңіздер.

Темір – жер қыртысында таралуы бойынша екінші металл. Басқа металдардың ішінде оның тұтынылу үлесі 95% - ті құрайды. Металлургиялық зауттарда темір кендерін өңдеу арқылы таза темір емес, оның құймалары – шойын мен болат алынады.

Шойын - темірдің көміртек (2%-тен астам, әдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен

Конференцияға қатысып, өз пікірлерін айтады.

28 минут

Page 2: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

Алдымен бүгінгі конференцияда сөз алатын баяндамашылармен таныс болыңыздар:- Бірінші қатарда отырған

тарихшы ғалым Ғаділ Нұрғазы Қабылұлы. Ол кісі шойын мен болаттың ашылу тарихы, ерте кездегі алыну үлгілерімен таныстырып баяндама оқиды.

- Екінші қатысушымыз шойын мен болат өндіретін өнеркәсіптер мен бүгінгі күннің озық технологияларымен жабдықталған өндіріс ошақтарының тыныс – тіршілігін баяндайтын геогроф маман Ғалым Тілекқабыл Нұрұл.

- Үшінші баяндамашымыз шойын мен болат өндірісі жөнінде домна пештерінің құрылысы жұмыс жасау принциптерімен таныстырып өтетін технолог маман - Салимгереев Еркебұлан.

- Төртінші қатардан орын алған қара металлургия өндірісінің импорты мен экспорты жөнінде, қара

аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойын қара металлургияның бастапқы өнімі, ол темір оксидтерін көміртек (II) оксидімен CO немесе кокспен тотықсыздандырғанда түзіледі. Шойын морт келеді, соғуға және жаншуға көнбейді. Шойынның екі түрі бар: сұр және ақ. Сұр шойынның құрамында графит түріндегі көміртек бар. Ол техникада құю үшін қолданылады. Көптеген металдардан айырмашылығы - шойын қатайғанда ұлғаяды. Оның бұл ерекшеліктерін күрделі конфигурациялы әртүрлі тетіктер алуға және пішіндеп құюға қолданылады. Мұндай шойынды құю шойыны деп атайды, оның үлесіне шамамен барлық өңделетін құймалардың жалпы көлемінің 10% -і тиеді. Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған шойын, құйма шойын, арнаулы шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.

Болат— темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Болат өндіретін негізгі шикізатқа шойын мен металл сынықтары, қосымша оттекпен байытылған ауағ кейбір қоспалар жатады. Ол деформалануға төзімді (созылмалық қасиеті бар). Химиялық құрамына қарай көміртекті және легирленген болат болып бөлінеді. Көміртекті болаттың құрамында темір мен көміртектен басқа марганец (1%-ке дейін) және кремний (0,4%-ке дейін), сондай-ақ, зиянды қоспалар — күкірт, фосфор, т.б. элементтер болады. Болаттың сапасын жақсарту үшін қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец, кремний, т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа

Тарихшы Ғаділ Нұрғазы Қабылұлы шойын мен болаттың ашылу тарихын таныстырып кетеді.

Географ Тілекқабыл Нұрұл шойын мен болат өндіретін өнеркәсіптер мен бүгінгі күннің озықтехнологияларыменжабдықталған өндірісошақтарының тыныс –тіршілігін баяндайды.

Технолог СалимгереевЕркебұлан шойын менболат өндірісі жөніндедомна пештерініңқұрылысы жұмыс жасаупринциптеріментаныстырып өтеді.

Page 3: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

металлургияның еліміздің эканомикасына тигізетін оң әсерлері, өнеркәсіптердің жұмыс жасауына кететін қаржы мен оның өтелуі турасында мағұлмат беріп өтетін келесі маман иесі экономист – Габдуллина Айымгүл.

- Бесінші болып сөз алатын осы шойын мен болат өндіріс ошақтарның экологияға әкелетін өзекті проблемаларын және олармен күрес жөнінде сөз алатын конференцияға қатысушы қонағымыз эколог – Сүндеткалиева Гауһар.

- Алтыншы баяндамашымыз Махамбетұлы Әлішер тұтынушы ретінде сөз алып шойын мен болат өнімдерінің пайдалану аясын, қолданылу салалары жөнінен хабардар ететін болады.

легирленген болат деп аталады.(Олай болса ендігі сөз кезегін тарихшы маманға

берелік). (Жалғасы қосымша тіркеуде).

Экономист – Габдуллина Айымгүл қара металлургия өндірісінің импорты мен экспорты жөнінде, қара металлургияның еліміздің эканомикасына тигізетін оң әсерлері туралы айтып кетеді.

Эколог – Сүндеткалиева Гауһар шойын мен болат өндіріс ошақтарныңэкологияға әкелетін өзектіпроблемаларын жәнеолармен күрес жөнінде сөзалады.

Тұтынушы – Махамбетұлы Әлішер шойын мен болат өнімдерінің пайдалану аясын, қолданылу салалары жөнінен хабардар етеді.

Бекіту Қосымша сұрақтар қояды. 1) Болаттың құрылымын жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?2) Пайдалану ретіне қарай болат қандай негізгі топтарға бөлінеді?3) Шойынды болатқа өңдеудің қандай технологиялық

Сұрақтарға жауап береді. 3 минут

Page 4: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

әдістері бар?4) Қазіргі уақытта қандай экологиялық оң шешімін тапқан жаңалықтар бар?5) Темірді кеннен домна пешін қолданбай тікелей алудың артықшылығы неде?6) ТМД елдеріндегі қара металлургияның маңызды даму тенденциялары қандай?

Қорытындылау Жаңа сабақты игере, қорыта отырып оның

жетістіктері туралы айтады.

Темірдің аса бағалы өнімдері, оның құймалары – шойын мен болат. Олар қазіргі өнеркәсіп пен техникада кеңінен қолданылады.

Мұғалімді тыңдап,бағаланады.

1 минут

Үйге тапсырма беру

Өтілген жаңатақырыпты үйге береді.

§40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы. Шойын және болат өндірісі. Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы.

Үйге берілген тақырыпты оқып келеді.

1 минут

Бағалау Оқушыларды жауап беру деңгейлері ойынша бағалау.

1. Мәтінді түсінбеген, тақырыпты аша алмады2. Мәтінді түсінген, мазмұндауда жоспардан

ауытқу бар3. Мазмұны тақырыпқа сай көп фактілер

бұрмаланған4. Мазмұны тақырыпқа сай келеді, бірақ ойын

баяндауда дәлсіздіктер кездеседі5. Мазмұны тақырыпқа сай бірақ қажетті

қорытындылар жасай алмады6. Мазмұны тақырыпқа сай, мәтінді толық түсінген,

тақырып ашылған, өзіндік ой-пікірін орынды қолданған.

Бағаланып, үзіліске шығады.

1 минут

Қосымша тіркеуҮй тапсырмасы:Қосымша есептер

1. Заттың құрамы мына төмендегі массалық үлес қатынасымен берілсе:ω(Na) : ω(S): ω(O): ω(H2O)= 0,1430:0,0994:0,1987:0,5590 заттың молекулалық формуласын табыңдар.

Берілгені: 1- әдіс. x:y = 9/27: 8/16= 0,33:0,5;m(Al) : m(О) = 9:8 x:y = 0,33/0,33:0,5/0,33 = 1: 1,5 = 2:3

Табу керек: AlxOy - ? Жауабы: Al2O3

2. 2,33 г темір мен мырыштың қоспасын қышқылға еріткенде 896 мл сутегі алынады. Қоспадағы әрбір металдың массасын анықтаңдар?Шешуі:

Page 5: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

m (Fе,Zn) = 2,33 г V(Н2) = 896 мл Қоспадағы m (Fе) ) = х г деп, ал m (Zn) = 2,33-х г деп белгілейміз. m (Fе,) -? m (Zn) -? М(Fе) = 56 г/моль х V1 М(Zn) = 65 г/моль Fе + Н2SО4 = FеSО4 + Н2

Vm = 22,4 л/моль 56 г 22,4 л

Пропорция құрып сутегінің көлемін анықтаймыз. х 56׃ = V 22,4 ׃ ; V1 = 22,4·х /56 = 0,4х Мырышпен қышқылдың арасындағы жүретін реакция теңдеуін жазып пропорция құрамыз: 22,3 г - х V2

Zn + Н2SО4 = ZnSО4 + Н2 65 г 22,4 л 2,33 г - х / 65 = V2 / 22,4 ; V2 =( 2,33 г – х) · 22,4 / 65 Бір белгісіз арқылы алгебралық теңдеуді құрып, оны шешеміз:

0,4 х + ( 2,33 – х) · 0,345 = 0,896 0,4 х + 0,804 – 0,345 х = 0,896

0,055 х = 0,092 ; х = 1,68 m (Zn) = 2,33 − 1,68 = 0,65 г Жауабы: Қоспада 1,68 г Fе және 0,65 г Zn бар.

3. 20 г МgО құрамында 94,5г НNО3 бар ерітіндісімен әрекеттеседі. Қанша грамм тұз пайда болады. 0,5моль 0,5мольm( MgO) =20г MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О m(НNО3 ) =94,5г 1моль 1моль

m(Mg(NO3)2) -? ν ( MgO) = 20г : 40г/моль = 0,5моль ν (НNО3 ) = 94,5г : 63г/моль =1,5мольМ( MgO)=40г/моль ν ( MgO)=0,5моль=ν (Mg(NO3)2) = 0,5мольМ(НNО3 )=63г/моль Осыдан:М(Mg(NO3)2)=148г/моль m(тұз) = ν · М = 0,5моль·148 г/моль =74г Жауабы: m(Mg(NO3)2) =74г

4. Кальций сульфатының 8,6 г кристалгидратын толық сусыздандырғанда 6,8г кальций сульфаты алынды. Кристалгидраттың формуласын есептендер.

Шешуі:

Page 6: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

1. CaSO4 – тің 1 моліне сай келетін судың моль санын табу керек. Судың белгісіз моль санын n деп белгілеп, кристалгидраттың сусыздану теңдеуін жазамыз: CaSO4 * nH2O → CaSO4 + nH2O

2. Берілген судың массасын табамыз:m(H2O) = m(CaSO4 * nH2O) – m(CaSO4) = 8,6г – 6,8г = 1,8 г.

3. Заттардың мольдік қатынастарын табамыз:M(CaSO4) = 136г/моль; М(H2O) =18г/моль;ν(CaSO4): ν(H2O) = 6,8г/136г/моль : 1,8г/моль/18г/моль = 1:2Жауабы: Кристалгидраттың формуласы: CaSO4 * 2H2O

Тест сұрақтары:1. Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы..?

A. Жемірілу B. Жемірілуден қорғау C. Металлургия D. Металдық жылтыр

2. Жемірілуге төзімді металдарды ата..?A. Mg, Zn, Al, Cr, NiB. Li, Na, K, Rb, Cs, FrC. Mg, Ca, SrD. Cu, Ag, Au, Pt

3. Химиялық жемірілу дегеніміз не?A. Электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен болады.B. Электролит ерітінділердің болуыC. Бір металдын электроны басқа металға ауысуы арқылы жүредіD. Электролит ортада жүреді

4. Электрохимиялық жемірілудің жүруінің басты себебі..?A. Электролит ерітінділердің болуыB. Электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен болады.C. Тотығу – тотықсыздану процесіD. бұл металдардың тотығуы арқылы жүреді

5. Металдардың жемірілуі жүретін жерлер..?A. Оттегі және сулы атмосфера B. Құрғақ жерC. Қатты ортадаD. Топырықта

6. Жемірілудің түрлерін ата..?

Page 7: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

A. Химиялық, электрохимиялықB. Биохимиялық, электрохимиялықC. Химиялық, биохимиялықD. Химиялық, газдық

7. Тат дегеніміз..?A. Құрамы тұрақсыз өзгеріп отыратын затB. Құрамы тұрақты өзгеріп отыратын затC. Құрамы тұрақты өзгермейтін затD. Құрамы тұрақсыз өзгермейтін зат

8. Электрохимиялық процесс..?A. Электролит ортада электр тогы пайда болуы арқылы жүреді. B. Электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен болады.C. Тотығу – тотықсыздану процесіD. бұл металдардың тотығуы арқылы жүреді

9. Жемірілуден қорғану жолы..?A. Қорғаныш қабаттармен қаптауB. Сұйықтықтармен әрекеттестіруC. Қышқыл, сілті ерітінділермен жанасуыD. Қозғалтқыштың бөлшектерімен әрекеттесу

10. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдарды қалай атайды..?A. Бекзат металдарB. Белсенді металдарC. Белсенділігі орташа металдарD. Сілтілік металдар

Жаңа тақырыпты меңгертуТарихшы- шойын біздің заманымызға дейінгі IV-VI ғасырда белгілі болған. Аристотельдің темір өндіру әдістері туралы еңбектеріне қарағанда,

шойын біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда Жерорта теңізінің жағасындағы елдерде кеңінен танымал болған. Олар кен орындарынан шағын шахталық пештегі ағаш көмірінің қызуымен темір, болат алуды үйренген.

Қазақстандағы қара металлургия негізі 1938 жылдан бастап қаланып, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалыптасқан жас сала.Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Мен сіздергі Соколов-Сарыбай кен орының пайда болу тарихын естерінізге саламын. Ұшқыш

Сургутанов өзінің кішкентай ПО-2 ұшағының Сарбай көлінің ұшып жүріп, тұсбағардың тілшесінің өзгеретінін байқайды. Сургутанов Николаевка ауылында орналасқан Аят экспедициясында тасымалдау жұмыстарын жасайтын еді. 12 ақпан 1949 жылы - тарихи күн болды. Сургутанов геологтарға өз ойын айтып, геологиялық және геофизикалық жұмыстар өткізуге сұраныс жасайды. 9 сәуірде Орал геологиялық басқармасында Сарыбай кен орны туралы анықтама жазылады. Геофизик Носиков өткізген геологиялық жұмыстар нәтижесінде Соколов кен орны да ашылды.

Қазақстанда металлургиялық зауыт салу туралы бірінші мемлекеттік құжат 1942 жылдын сәуірінде шықты. Қарағанды қаласының қасындағы Самарқанд ауылының 1944 жылы, қысқа уақытта салынған зауыт, бірінші мартен балқытуын берді. Өндіруді кеңейту мақсатында комбинат салу

Page 8: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

шешілді. Комбинат арқасында Теміртау қаласы пайда болды- 1 қазан 1945 жылы Самарқан ауылы атауын өзгертіп қала атауына ауысты. 1957 жылы салтанатты түрде домна пешінің кірпіші қаланды. 1 жылдан кейін құрылысты шұғыл кеңестік комсомолдық деп жариялады. Кеңес Одағының түпкір-түпкірінен жастар Теміртауға ақты. Жастардың арқасында Қазақстанның қара металлургиясының тұңғышы пайда болды.

1960 жылы 3-шілдеде Қарағанды металлургия комбинатында алғашқы шойын қорытылды. Шойын алушылардың ішінде елбасымыз Н.Назарбаев та бар еді. Сол жылдан бері бұл күнді металлургтер мекені ерекше атап өтеді. Бүгінде осынау Қазақстан Магниткасына - 50 жыл.

(Тарихшы маманға сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады. Олай болса рахмет орныңызға жайғасуыңызға рұқсат. Келесі болып сөз алатын геогроф маман.)

Геогроф- қара металлургияның негізгі шикізаты – темір кені. Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Оның ішінде, ірі темір кен орындарының қатарына Қостанай облысы Торғай иінінде Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Аят, Орталық Қазақстан аумағындағы Атасу, Қаражал кеніштері жатады. Жылына 30-40 млн т. темір кенін өндіретін Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты жер бетіне жақын орналасқан темір кенін өндіруге маманданған. Онда темір концентраты шығарылады. Ал Лисаков, Аят, Қашар кен байыту комбинаттары шығаратын флюс қосылған жентектер шойын өндіру үшін сапалы шикізат болып табылады. Сонымен қатар бұл кен орындары Оралдың металлургия комбинаттарын шикізатпен қамтамасыз етеді. Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Аят кен орындарының темір қорын дүниежүзіне әйгілі Лотарингия (Франция), Кривой Рог (Украина) кен орындарымен салыстыруға болады. Сондай-ақ Торғай иінінде табылған темір кені қорының мол екендігі анықталып отыр. Темір кені ашық әдіспен өндіріледі. Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай, сондай-ақ Аят, Лисаковск және Қашар кен байыту комбинаттары Қазақстан қара металлургиясының маңызды шикізат базалары болып табылады. 1964 ж. Қазақстан магниткасы — Қарағанды металлургия зауытында (1970 жылдан кейін Қарағанды металлургия комбинат, 1997 жылдан “Испат-Қармет”) болат қорытатын екі мартен пеші, ал 1970 ж. әрқайсысының сыйымдылығы 300 т. үш оттекті конвертерлер іске қосылды. Конвертер цехтарының жылдық өнімділігі 5,7 млн. т. Онда ауыр жүк көтеретін автомобильдердің рамаларына керекті аса берік лонжеронды болат балқыту, болаттың оттегі аз және оттегі төмен маркаларынан ақ қаңылтырлы және сортты прокат алу, сондай-ақ, электр техникалық болат алу, т.б. технологиялар игерілген.

Page 9: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

Болаттың аса ірі өндіруші елдері.

Елдер 1990 2000 2001 2002Млн.т

.рейтин

гМлн.т. рейтин

гМлн.т

.рейтин

гМлн.

т.рейтинг

ҚХРЖапония

АҚШРесей

Корея Республикасы

ГерманияУкраинаБразилияҮндістанИталия

ФранцияТайвань ар.

66.3110.389.789.6

23.144.052.620.615.025.519.09.7

4123

86591271019

127.2106.4101.859.1

43.146.431.827.926.926.821.016.8

1234

65789101112

148.9102.990.159.0

43.944.833.126.727.326.719.317.2

1234

65798101112

181.5107.792.459.8

45.445.034.029.628.826.0 20.518.2

1234

56789101112

(Журналистер қауымынан маманға сұрақ қоюшылар болса, баяндамаңызға рахмет. Ендігі кезекте арнай өндіріс орындарынан шақырылып отырған қайнаған оттың, қызу жұмыстың бел ортасында жүрген маман иесі технолог. Сол кісіге сөз кезегі беріледі.)

Технолог - қазіргі заманғы домна пеші – металлургия өндірісіндегі ең ірі әрі ең жоғары дәрежеде механикаландырылған агрегат. Ол шихтаны тиеу, ауаны қыздыру, оны пешке үрлеу, қорыту процесінің өнімдерін жинау және тасымалдау үшін қажетті өте күрделі механизмдермен, автоматты құралдармен жабдықталған. Домна пешінде жүзеге асырылатын процестер үздіксіз жүреді. Ең үлкен домна пешінің пайдалы көлемі 2700 м³. Домна пеші темір-бетонды фундаментке орнатылған көлденең қимасы дөңгелек биік шахта түрінде жасалады. Пештің негізгі бөліктері: колошник, шахта, пеш күймесі, пеш иіні және көрік. Шахта, пеш күймесі және пеш иіні жоғары сапалы шамот кірпішінен, ал көрік пен пештің табаны құрамында глиноземнің мөлшері көп кірпіштен немесе көміртекті болатты блоктардан қаланады. Пештің табанынан 600-1000 мм биіктікте шойын мен төменгі шлакты құйып алатын науа, одан 1400-1600 мм биіктікте шлак құйып алатын екі науа, ал көріктің жоғарғы бөлігінде ыстық ауа үрлейтін фурма, пештің күмбезінде домна газын алып кету үшін газ шығарғыштар және екі конустан тұратын шихта тиегіш аппарат орналасқан. Биіктігі 30 м, ішкі диаметрі 12.

Page 10: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

Жоғарғы жағындағы шахтасы колошник деп аталатын тесікпен бітеді, ол тесікті колошник воронкасы жауып

Домна пешінің кеңірек бөлігін распар, ал төменгі жағын горн деп атайды

Кенді қорытып шойынға айналдыру үшін домнаның төменгі жағы-горндегі тесік арқылы,ыстық ауа немесе оттегін жібереді.

Горндегі кокс жанып СО2 –геайналады.ал СО2 жоғары қарай қызған кокстың арасымен өткенде онымен әрекеттесіп, СО айналады.

Түзілген СО темір кенімен әрекеттесіп оны бос күйдегі темірге дейін тотықсыздандырады, темір кенінің тотықсыздануы негізінен домнаның жоғарғы жағында жүреді,Домнаға салынған темір кені таза күйінде емес,құрамында темір оксидтерінен басқа бос жыныстар, мыс: құм SiO2 кездеседі

Бос жыныстарды оңай балқитын шлакка айналдыру үшін домнаға флюстер салады. Егер бос жыныс құм болса,флюс ретінде әктасын қосады СаСО3 Әктас құм мен әрекеттесіп,шлак түзеді СаSiO3

Домананың жоғарғы жағында темір оксидтерінің тотықсыздануы нәтижесінде түзілген темір пештің төменгі жағына (распарға) түсіп балқиды да көміртегінің біраз мөлшерін ерітіп шойынға айналдырады

Егер ауаның орнына домнаға оттегімен байытылған ау жіберсе, ауаны колошник газымен жылытудың қажеті болмайды.

Жоғары жағынан алдымен кокс, одан сон қабат-қабат етіп кенді, коксты,флюсті салады, соңынан коксты

Page 11: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

Шойын ағып,горнның төменгі жағына жиналады, ал массасы жеңіл балқыған шлак шойынның бетіне жиналып,оны тотығып кетуденм сақтап тұрады. Шойын мен шлак жиналған соң ауық-ауық арнаулы тесіктер арқылы құйып алып отырады.,ал оған дейін бұл тесіктерді сазбен бекітіп қояды.

Домнадан шығатын колошник газының құрамында 30% ке дейін Со болады. Бұл газдарды арнаулы кауперлерде жағып домнаға келетін ауаны жылытады.

Егер ауаның орнына домнаға оттегімен байытылған ау жіберсе, ауаны колошник газымен жылытудың қажеті болмайды.

Домнадан алынған шойында 93% шамасында темір, 5% С және0,3% Si, 1% ке дейін Мn, 0,1% S, 0,5 P кейде басқа қосымшаларда болады

Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын).

Шойыннан болат қорыту үшін шойынның құрамындағы С –тің мөлшерін 2%-ке азайтып, басқа элементтерді немесе шлак, не газ түрінде бөлу керек

Мұнда метал кесектерін және темір кеңін салып балқытады. Жоғары температурада алу үшін ауа

Page 12: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

Экономист - қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және, сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі. Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар бағдарламалар әзірленді. Басқа салалардағыдай бізде де өндірістің жыл сайын жаңарып, жаңғырып жатуы қалыпты үрдіс. Онсыз болмайды. Әлемдік рынокта бәсекелестік одан сайын күшейген уақытта озық технология көмегі арқылы алға ұмтылу аса қажетті әрекет екені белгілі. Кәсіпорынды қанатында ұстаған «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының бұл ретте келешегін ерте ойлап, дамуға дем беруде ештеңеден аянбауы көңілге көрік береді. Демек, Магниткамызды жаңа белестер күтеді. Солай боларына да сеніміміз үлкен. Мысал үшін бүгінде өндірісіміздің тың қуат көзі – әзірлемелерді үздіксіз құю қондырғысын орнату аяқталды. Ол жылына 1,5 миллион тонна осындай өнім өндіруге мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл – комбинат күш-қуатын күшейту бағытында іске асырылған маңызды жобалардың бірі. Мұндай қарышты даму кепілі еселенген жігермен еңбек етуге ұмтылдырмай қоймайды. Соның жарқын көрінісіне біздегі өндіріс ырғағы айғақ.

Мұнда метал кесектерін және темір кеңін салып балқытады. Жоғары температурада алу үшін ауа

Шойынды болатқа айналдыру үшін пішіні алмұрт тәрізді конвертордағы балқыған шойын арқылы ауа үрлейді. Шойынның құрамында,ы С және басқа элементтер жанып газдар және шлактар түрінде бөлінеді., ал құрамындағы С мен басқа элемнеттер мөлшері азайған шойын болатқа айналады.

Page 13: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

Болат балқытудың адам басына шаққандағы көрсеткіші, кг/адам

Елдер жылдар

1990 1992

1995

1996

1998

2000

2001

Дүние жүзі

ТМД бойынша

Соның ішінде:

Ресей

Украина

Қазақстан

Беларусь

Грузия

Әзірбайжан

Молдова

Өзбекстан

150

547

604

1015

403

108

239

99

162

49

136

443

452

802

343

107

97

52

142

30

136

296

348

431

188

72

15

3

152

16

134

290

333

435

202

86

15

2

149

19

141

281

299

484

207

139

11

1

201

15

150

375

406

642

297

150

0

0

249

16

148

380

405

675

312

149

0

0

267

17

(баяндамаңызға рахмет. Келесі сөз эколог маманға беріледі.) Эколог - қара металдар өндірісі, шикізатты өңдеу – экологиялық қауіптілерге жатады. Өнеркәсіп ошақтарынан шығатын әр түрлі улы газдар,

қатты шаңдар, түтін осының барлығы өнеркәсіп аймағында орналасқан елді- мекендер үшін экологиялық проблемалар болып табылады. Темір кенді және металлургиялық өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсерінің 80 %-ы атмосфераға әсері арқылы көрінеді. Өндіріс орындарынан алынған мәліметтер бойынша әлемдік металлургия атмосфераға жылына 50 мың т. қорғасын, 35 мың т. мырыш, 6 мың т. мыс, 1,2 мың т. никель, 70 т. кадмий бөледі. Ауада үнемі селен, теллур, молибден, марганец, ванадий болады.

Қоршаған ортаны ластау кен орнын игеруден басталады. Жауын болмаған жағдайда шаң ұзақ уақыт бойы сейілмейді (таралады). Атмосфераның ластану салдары:1)C, N, S қосылыстары, шаң әсерінен тыныс алу органдарының аурулары;2)Құрылыстардағы (ғимараттардағы) конструкциялық материалдардың бұзылуы;3)Ауыл шаруашылығына әсері – жиналымның, мал өнімділігінің кемуі (нашарлауы);4)Жабайы флора, фаунаға әсері.Суды көп мөлшерде пайдалану, оның металлургиялық процеске қатысуынан кейінгі температураның өзгеруі және түрлі қалдықтардың

қосылуы табиғи су қорларының температуралық және химиялық режимінің өзгеруіне әкеліп соғады. Шойын болат балқыту және прокат даярлау аса улы өндіріс.

Page 14: uskz.orguskz.org/_ld/21/2120_4_.docx · Web viewСыныбы 9в 14.02.2015ж. Сабақтың тақырыбы 40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы.

Қара металдар балқыту материалдарды көп қажет ететін өндіріс болғандықтан толық циклді металлургиялық кәсіпорындар негізінен темір кені мен кокстелетін көмір өндірілетін аудандарда немесе ортасында ( өндіріс орналасуының шикізаттық факторы) орналасады.

(Эколог маманға сұрақ қоям деуші тілші - журналистеріміз болса рұқсат, баянамаңызға рахмет. Келесі кезекте шойын мен болаттан жасалған бұйымдар тұралы айтып өту үшін тұтынушы ретінде келіп отырған баяндамашымызға сөз кезегін ұсынамын.)

Тұтынушы- құю шойындарынан машинаның ауыр бөліктерін, маховиктерді, плиталарды, т.б даярлайды. Шойыннан құйылатын көркем бұйымдар, мүсіндер, әшекейлі тор көздер т.б. жоғары бағаланады. Жоғарыда айтылып өткендей болатқа белгілі бір қасиеттер беру үшін оны алуан түрлі термиялық, химиялық, және механикалық өңдеуден өткізеді. Осылардың арқасында болат қазіргі техниканың баға жетпес материалына айналып отыр. Болат — қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Болат – бұл аспанмен таласқан мұнаралар мен аспалы көпірлер, пойзға арналған рельстер, қуатты әскери кемелер мен артиллерия. Болат өндірісінің көлемі мемлекеттің техника-экономика деңгейін сипаттайды. Болат жақсы созылады және соғылады, тез салқындатқанда өте қатты, ал баяу салқындатқанда жұмсақ болады. Жұмсақ болаттан беттік және жапқыш темір, қаңылтыр сым, шеге, болаттар, машина тетіктерін жасайды.