TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен...

30
2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН «ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ БАЙЛАНЫСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы мағлұмат Төтенше ауа-райы жағдайлары, қалаландыру, қолжетімді денсаулық, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік, сондай -ақ, өсіп келе жатқан және қартайып жатқан халықтың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру секілді жаһандық мәселелермен күресуде түрлі пәндердің, салалар мен елдердің қауымдастықтарын жоғары сапалы ынтымақтастыққа біріктіретін кешенді зерттеулер мен инновациялық тәсілдемелер қажет. Ньютон қоры Ұлыбритания мен оған серіктес-елдер арасында серіктес елдердің әлеуметтік әл -ауқатына және экономикалық дамуына тікелей қатысы бар ортақ зерттеулерді жүргізуді және инновациялық мәселелерге бағдарланған зерттеу мен инновация ынтымақтастығын құруды көздейді. «Институционалдық байланыстар» бағдарламасы жекелеген зерттеушінің өзінің шеңберінен тысқары байланыстар орнатуы үшін зерттеулер саласында академиялық топтармен,жекеменшік секторымен және басқа да үшінші тұлғалармен барынша тұрақты ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік ашуға әзірленген. 2. Қаржыландыру мүмкіндіктерін шолу Ньютон Қорының «Институционалдық байланыстар» бағдарламасының гранттары Ұлыбритания мен Ньютон Қорына қатысушы елдер арасындағы бірлескен жобаларды мынадай бағыттар бойынша шағын ауқымда бастапқы қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін арналған: Ұлыбритания мен серіктес-елдердегі ғылыми топтар, мекеме мен ұйымдар арасында бірлескен жаңа зерттеулер мен инновациялық жұмыстарға бастама беру; Топ, мекеме және ұйым деңгейінде қалыптасқан ынтымақтастықты дамыту; Ғылыми және инновациялық сараптамамен алмасу мақсатында,

Transcript of TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен...

Page 1: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН «ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ БАЙЛАНЫСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША

НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы мағлұмат

Төтенше ауа-райы жағдайлары, қалаландыру, қолжетімді денсаулық, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік, сондай-ақ, өсіп келе жатқан және қартайып жатқан халықтың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру секілді жаһандық мәселелермен күресуде түрлі пәндердің, салалар мен елдердің қауымдастықтарын жоғары сапалы ынтымақтастыққа біріктіретін кешенді зерттеулер мен инновациялық тәсілдемелер қажет. Ньютон қоры Ұлыбритания мен оған серіктес-елдер арасында серіктес елдердің әлеуметтік әл-ауқатына және экономикалық дамуына тікелей қатысы бар ортақ зерттеулерді жүргізуді және инновациялық мәселелерге бағдарланған зерттеу мен инновация ынтымақтастығын құруды көздейді.

«Институционалдық байланыстар» бағдарламасы жекелеген зерттеушінің өзінің шеңберінен тысқары байланыстар орнатуы үшін зерттеулер саласында академиялық топтармен,жекеменшік секторымен және басқа да үшінші тұлғалармен барынша тұрақты ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік ашуға әзірленген.

2. Қаржыландыру мүмкіндіктерін шолу

Ньютон Қорының «Институционалдық байланыстар» бағдарламасының гранттары Ұлыбритания мен Ньютон Қорына қатысушы елдер арасындағы бірлескен жобаларды мынадай бағыттар бойынша шағын ауқымда бастапқы қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін арналған:

Ұлыбритания мен серіктес-елдердегі ғылыми топтар, мекеме мен ұйымдар арасында бірлескен жаңа зерттеулер мен инновациялық жұмыстарға бастама беру;

Топ, мекеме және ұйым деңгейінде қалыптасқан ынтымақтастықты дамыту;

Ғылыми және инновациялық сараптамамен алмасу мақсатында,

Page 2: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы жоқ ұйымдармен және жеке тұлғалармен ынтымақтасуға жағдай жасау;

Ұлыбританияға серіктес-елдің белгілі бір зерттеу саласына қатысты қызметтерді жүзеге асыратын жергілікті хабтар құру, бұл ғылыми-зерттеу және инновациялық қауымдастықтың кең топтарымен өзара әрекеттесуге мүмкіндік ашады.

«Institutional Links» бағдарламасы өтінішкерге елдің басым бағыттарында және оның даму қажеттіліктерімен байланысты нақты салаларда ынтымақтастықты орнатуға, сондай-ақ, жеке және үшінші сектордан, оның ішінде шағын және орта бизнестен (ШОБ), үкіметтік емес ұйымдардан (ҮЕҰ), технологияларды коммерцияландыру бөлімдерінен және басқа да коммерциялық мақсатта жұмыс жасамайтын ұйымдардан серіктестерді тартуға мүмкіндік бере отырып, мемлекеттің ішкі қажеттіліктеріне жауап беретін әрі икемді болатындай етіп жасалған.

Гранттар, серіктес-елге байланысты, £50 000-тан бастап £ 300 000-қа дейінгі аралықтағы сома мөлшерінде екі жылдан асатын мерзімге беріледі

Жергілікті жағдайларға және даму қажеттіліктеріне барынша сәйкес келуі үшін басымдық берілетін бағыттар, нақты инновациялық міндеттер және қосымша талаптар ұлттың мүдделі топтарымен талқылау арқылы ел деңгейінде бекітілді. Өтінімді дайындау алдында 1-қосымшамен танысып шығуыңызды сұраймыз.

Қандай да бір елдің талаптары мен ерекше қағидалары ескерілмеген өтінімдер қаржыландырылуға қарастырылмайды.

3. Бағдарлама қамтитын салалар

Ньютон Қорының «Институционалдық байланыстар» бағдарламасының гранттары әріптестерге халықаралақ деңгейдегі ынтымақтастықттан тәжірибе алуға, жаңа ғылыми объектілерге, білімге және тәжірибеге қол жеткізуге мүмкіндік береді, мұның өзі зерттеулердің сапасын арттыруға жәрдемдеседі және зерттеулер мен инновацияларды әлеуметтік-экономикалық игіліктерге айналдыруға септігін тигізеді.

Осы бағдарлама арқылы қаржыландырылатын барлық ғылыми-зерттеу және инновациялық ынтымақтастықта мыналар көзделетін болады:

Зерттеу топтары, мекемелері мен ұйымдары арасында зерттеу мен инновацияға қатысы бар, ұзақ мерзімді ынтымақтастық мүмкіндігіне ие жаңа байланыстарды орнатады немесе қолданыста бар байланыстарды айтарлықтай дамытатын болады. Ынтымақтастың негізгі

мақсаты – ғылыми зерттеулер мен инновацияларға қолдау

Page 3: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

көрсету, серіктес мекеменің әлеуетін күшейту, сондай-ақ, ғылыми зерттеу және инновациялар салаларында Ұлыбритания мен серіктес-елдер арасында ұзақ мерзімді байланыстарды ынталандыру.

Серіктес-елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін өзекті тақырыптарға бағытталады. «Institutional Links» Ньютон бағдарламасының гранттары серіктес-елдің экономикалық дамуы және әлеуметтік әл-ауқаты үшін өзекті салаларға қолдау көрсетуге бағытталған. Өз жобаңызды дайындаудың алдында, «даму үшін өзектілікке ие зерттеудің» анықтамасымен танысу үшін 4-тарауды, сондай-ақ, жекелеген елдердің басымдық беретін бағыттарымен және мәселе тудыратын салаларымен танысу үшін 1-қосымшаны қараңыз.

«Институционалдық байланыстар» бағдарламасы шеңберіндегі ғылыми әріптестіктердің әріптес елдегі ауқымды ғылыми-зерттеу және инновациялық қоғамдастыққа қаншалықты жәрдемдесе алатынын көрсеткені абзал болады.

«Институционалдық байланыстар» бағдарламасы шеңберіндегі әріптестіктер әріптес елде, белгілі бір ғылыми-зерттеу саласында әрекет ететін әріптестік жетілдіру орталықтары форматында құрылуы мүмкін (Ұлыбритания – әріптес ел), олар ел ішіндегі зерттеушілердің ауқымды қауымы үшін ресурстық хаб болып, түрлі іс-шаралар (мәселен, семинарлар, тренингтер) өткізу үшін орталық алаң болуы ықтимал.

Өтінімді дайындау кезінде мансабының бастапқы кезеңінде зерттеушілерге олардың дамуы үшін және осылайша, кең ауқымда алғанда – әріптес елдегі зерттеу құзыреттілігінің дамуына қалайша жәрдемдесе алатыныңызға назар аудару қажет.

«Институционалдық байланыстар» бағдарламасының гранттары адам ресурстарына арналған шығыстарды, көлік шығыстарын, әріптес және басқа да ұйымдар зерттеушілерінің, студенттерінің және қызметкерлерінің өзара алмасу сапарларына байланысты шығыстарды, байланыстарды орнатуға және нығайтуға бағытталған кездесулерді, семинарларды, тренингтерді және басқа да іс-шараларды өткізуге арналған шығыстарды қоса алғанда, зерттеу және инновациялық бірлескен жобаларға арналған шығыстарды жабады.

Грант шеңберінде басқа да зерттеулерге арналған шығыстарды (жабдықты, шығыс материалдарын және штаттан тыс қызметкерлердің қырда жүргізілетін жұмыстарының шығыстарын қоса алғанда) жабу үшін шектеулі қаржыландыру бөлінуі мүмкін; алайда осы бапқа жұмсалатын барлық шығыстар сомасы гранттың жалпы сомасының 30%-нан аспауға тиіс. Жобаның қаржыландырылуы екі тарап – Ұлыбритания және әріптес

Page 4: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

ел арасында бөлінуі ықтимал, алайда кейбір елдер үшін шектеулер де болуы мүмкін – 1-қосымшаны қараңыз.

«Институционалдық байланыстар» бағдарламасының гранты техникалық персоналды оқытуға немесе зерттеулерді коммерцияландыру үшін қажетті өзге де іс-шараларды қаржыландыруға пайдаланылуы мүмкін, осылайша ғылыми-зерттеу және инновациялық мәдениетке және экономика мен әлеуметтік әл-ауқатты дамытуға ұзақ мерзімді әсер ету үшін негіз қаланады. Бюджеттік өтінімде шығыстар бойынша барлық нақтылаулар егжей-тегжейлі жазылуға тиіс.

Грант бойынша шығындардың жиынтықталған сұратылатын құны негіздемемен (мәселен, зерртеулер бойынша ассистентті тарту уақыты, шығыс материалдарының немесе жабдықтың қажеттігін негіздеу және т.б.) бірге онлайн өтінімге қосылуға тиіс. Грант алушылар шығыстар бойынша қаржылық есептілік ұсынатын болады. Есептілік нысаны беріледі.

Қаржыландыру бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты 6-бөлімнен және 1-қосымшадан алуыңызға болады.

4. Экономикалық даму мен әлеуметтік әл-ауқат үшін өзектілігі (Даму мақсаттарына ресми көмек талаптарына сәйкестік (ДМРК / ODA))

«Institutional Links» бағдарламасы шеңберінде біз дамыту үшін өзектілікке ие зерттеу деп табыс деңгейі төмен немесе орташа елдердегі1 кедей және әлсіз топтарға пайда келтіре отырып, осы елдің экономикалық дамуына және әлеуметтік әл-ауқатына септігін тигізе алатын зерттеулерді (түбегейлі зерттеулер немесе қолданбалы мақсаттағы зерттеулер) атаймыз. Осы бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға қарастырылу үшін барлық жобалар халықтың осы топтары үшін қысқа және орта мерзім аралығында (3-15 жыл) зерттеудің қандай оң нәтиже беретінін айқын түрде түсіндіруі тиіс.

Осы өлшемшартқа сәйкес келмейтін өтінімдер Ұлыбританияның Ньютон Қорынан қаржыландыру ала алмайды. .

1 Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Дамуға көмектесу комитетінің дамыту

мақсатында ресми көмекті қабылдаушылар тізімінде белгіленгендей (http://www.oecd.org/dac/stats/daclistofodarecipients.htm).

Page 5: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

Кейбір салаларда даму мақсаттарына сәйкестік ұзақ мерзімді сипатта болады және басқа салалардағыдай айқын болмауы мүмкін әрі олардың әсері қоғамға бағытталуы ықтимал. Барлық жағдайларда өтінім беруші зерттеу саласының немесе өтінімде ұсынылған қызметтің осы өлшемшартқа қаншалықты нақты сәйкес келетіні үшін жауаптылықта болады. Өтінімде дамуға әсер нақты сипатталмаса, өтінім беруші өтінімді қарайтын сарапшылардың бұл туралы өздерінің қандай да бір болжамдарын жасай алатынына сенім артпауға тиіс.

Осы конкурс шеңберінде мынадай салаларға басымдық беріледі (егер 1-қосымшада жекелеген елдер бойынша өзгеше белгіленбесе). Биологиялық және медициналық ғылымдарды; инжиниринг пен жаратылыстану ғылымдарын; қоршаған орта туралы ғылымды, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі туралы ғылымды; әлеуметтік ғылымдарды, өнер мен гуманитарлық ғылымдарды қамтитын пәнаралық өтінімдер құптау табады:

Ауыл шаруашылығы (мысалы, суару, дақылдардың шығымдылығы);

Климат және қоршаған орта (мысалы, климаттағы өзгерістер, жасыл технологиялар, тұрақты даму, экожүйеге көрсетілетін қызметтер, қорлардың жетіспеушілігі);

Барлығына арналған тұрақты энергия;

Дамуға бағытталған білім беру және инновация саласындағы зерттеулер;

Экономикалық өсім (мысалы, тепе-тең өсім, қаржы секторын дамыту, жеке секторды дамыту);

Денсаулық сақтау (мысалы, ВИЧ/СПИД, безгек, туберкулез, тропикалық аурулардың назар аударылмаған түрлері, балалар арасындағы өлім-жітім, ана мен баланы қорғау);

Су және санитария;

Азық-түлік және қоректендіру (оның ішінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі);

Демографиялық өзгерістер және көшіп-қону;

Ауылдық және қалалық аудандарды дамыту;

Инфрақұрылым (оның ішінде азаматтық құрылыс, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, әлеуметтік-экономикалық дамуға арналған ауқымды мәліметтер);

Гуманитарлық апаттар және төтенше жағдайлар, апаттардың қауіп-қатерін төмендету;

Page 6: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

Ұтқыр және байланыстағы қауымдастықтар;

Билік, қоғам және қақтығыс (мысалы, ашықтық, есеп беру тиістілігі, тиімді институттар, жер және табиғи қорларға қатысты құқық, кедейлік деңгейін төмендету, әлеуметтік даму, қоғам құрылымындағы теңсіздіктер, зорлық-зомбылық және қауіпсіздік, қоғам ішінде бейбітшілікті орнату, азаматтық қоғам);

Дамыту үшін өзектілікке ие мәліметтерді жинау, оның сапалығы және қолжетімділігі (оның ішінде әкімшілік мәліметтер және макроэкономикалық статистика).

Сараптама комиссиясының тізіміне 11-бөлімде қол жеткізуге болады.

Біздің ДМРК тәсілдерімізбен танысу үшін мына сілтемеге жүгінуге болады: http://www.newtonfund.ac.uk/about/what-is-oda/

Даму мақсаттарына сәйкестікті көрсету үшін өзінің болжалды жобасының контексінде өтінім берушілер жергілікті және ұлттық деңгейлердегі консультацияларға, мемлекеттік саясатқа немесе мемлекеттік институттармен қолда бар байланыстарға сілтемелерді өтінімге енгізе алады.

Жобаны іске асыру барысында жасалған Зияткерлік меншікке иелік ету және оны пайдалану туралы келісімдер даму мәселелерінің негізгі мақсаттарына сәйкес келуге тиіс.

5. Талаптарға сәйкестік

Осы бағдарлама аясында қаржыландыруға жарамды болу үшін өтінімдер келесі талаптарға сай болу керек:

Әр жобада Ұлыбритания жағынан және де серіктес-ел жағынан бір

негізгі өтінішкер болуы тиіс.

Негізгі өтінішкердің екеуі де жетекші2 немесе беделді1 зерттеуші

болулары керек

Негізгі өтінішкерлер бұл бағдарлама барысында бір ғана өтініш

бере алады

2 Осы екі санатқа қатысты белгіленген сипаттамалармен танысу үшін Еурокомиссияның «Зерттеу

мансаптарының Еуропадағы құрылымын қалыптастыру жолында» атты құжатын қараңыз (http://ec.europa.eu/euraxess/pdf/research_policies/Towards_a_European_Framework_for_Research_Careers_final.pdf).

Page 7: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

Негізгі өтінішкер келесі мекемелерде жұмыс істеуі керек:

жоғары сапалы зерттеулерді жүргізу мүмкіндігі бар коммерциялық

емес жоғарғы оқу орнында (егер 1 Қосымшада басқаша

көрсетілмеген болса)

o Ұлыбританияның жоғары оқу орындарының (Ұлыбританияның барлық жоғары оқу орындары лайық)

o Жоғары сапалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктері бар коммерциялық емес зерттеу ұйымдарының3

o «Катапульт-орталықтарының өкілдері болуға тиіс»4 (Ұлыбританиядан негізгі өтнім беруші үшін)

Негізгі өтінішкердің мекемелері грантты басқара алу

мүмкіндіктеріне ие болулары керек

Берілетін өтінімдерінің айырмашылықтары айқын және олардың

жетекшілері әртүрлі негізгі өтінім берушілер болса, бір мекеменің жекелеген департаменттері бір конкурсқа бірнеше өтінім беруі мүмкін.

Осы жоба қаржыландыруды әлі алмаған жағдайда, негізгі өтінім беруші келесі конкурстарға сол бір өтінімді қайталап беруі мүмкін.

Осы конкурсқа дейін «Институционалдық байланыстар» бағдарламасы бойынша грант/гранттар алған негізгі өтінім беруші ұсынылатын қызметінің айырмашылығы алдыңғыдан айқын болған немесе Ньютон Қоры бұрын қаржыландырған қызметке негізделген және оны дамытатын жағдайда, осы бағдарламаға өтінім беруі мүмкін.

Өлшемшарттарға сәйкес келетін жоғары білімнің оқу мекемесі немесе әріптес елдегі Ұлыбританияның жоғары білімінің оқу мекемесімен үлестес емес зерттеу ұйымы тең әріптес ретінде тартылған жағдайда, Ұлыбританияның жоғары оқу орындарымен үлестес ұйымдар (мәселен, шетелдік кампустар) әріптес елде жетекші мекемелер болуы мүмкін. Алайда ұйымдар басқа елдердегі меншікті үлестес әріптестерімен байланысып, жетекші ұйымдар ретінде өтінім бере алмайды.

Зерттеу мен инновация нәтижесін пайдаға айналдыруға көмек беру үшін

Негізгі өтінішкерлер өтінімге келесі ұйымдардан қосымша серіктес 3 Ұлыбританиядағы тиісті зерттеу ұйымдарының тізіміне мына сілтеме бойынша қол жеткізуге болады:

https://www.britishcouncil.org/sites/default/files/eligible_uk_research_organisations_v_3_november_2015.pdf 4 https://www.innovateuk.org/-/catapult-centres

Page 8: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

ұйымдарды қоса алады:

- Басқа зерттеу институттары мен ЖОО-р

- Технологиялар трансферті орталықтары

- Коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік емес ұйымдарды қоса)

- Коммерциялық ұйымдар (шағын және орта бизнесті қоса)

ҮЕҰ және коммерциялық ұйымдар (жоғары білімнің коммерциялық емес мекемелері немесе мемлекеттік қамсыздандырылудағы зерттеу ұйымдары болып табылмайтын ұйымдар), әдетте, жетекші ұйымдар ретінде өтінім бере алмайды. Бұдан басқа, коммерциялық ұйымдар көлікке, тұруға және тамақұтануға жұмсалатын шығыстардан басқа, қандай да бір гранттық қаржыландыруды ала алмайды.

Егер өз мекемеңіздің мәртебесіне сенімсіз болсаңыз, бізбен байланысыңыз: [email protected]

Белгіленген талаптарға сәйкестікті тексеру өтінімдер алынған соң олар бойынша жүргізілетін болады. Жоғары білімнің коммерциялық емес мекемелерінен немесе мемлекеттік қамсыздандырылудағы зерттеу ұйымдары болып табылмайтын ұйымдардан (егер 1-қосымшада өзгеше белгіленбесе) өтінімдер қабылданбайды. 2-қосымшада сәйкестік жөніндегі барлық талаптар көрсетілген.

Егер ұйымыңыз талаптарға сәйкес келетініне сенімді болмасаңыз, онда Британия тарапын 4-сілтемені пайдалануды өтінеміз; әріптес ел бойынша мәселе туындаған жағдайда, British Council жергілікті кеңсесіне жүгіну қажет.

6. Ұсынылатын қаржыландыру

Ньютон Қорынан гранттық қаржыландыру елге байланысты өзгеріп отырады: әрбір ел бойынша ақпарат алу үшін 1-қосымшаны қараңыз.

«Институционалдық байланыстар» бағдарламасы шеңберінде Ұлыбритания тарапынан қаржыландыру алудың негізгі шарты әріптес елдерден тиісті тең қаржыландыруды бекіту болып табылады. 2016 жылғы сәуір айында өтінімдер конкурсына British Council әрбір қатысушы елдегі ұлттық қаржы агенттіктерінің немесе өзге де әріптестерінің көп бөлігінен тең қаржыландырудың кепілдіктерін алды.

Грант қаражаты бекітілген түпкілікті бюджетке сәйкес тікелей жетекші

Page 9: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

мекемеге (мекемелерге) (яғни жетекші өтінім берушілер мекемелеріне) берілетін болады. Егер сұрау салу қаржыландыру бөлігіндегі талаптарға сәйкес келмесе, өтінім берушілерден бюджетке өзгеріс енгізуді өтінетін болады.

Кейбір жағдайларда барлық грант қаражаты Ұлыбританиядағы жетекші ұйымға аударылатын болады, ол қаржыландыруды әріптес елдегі жетекші мекемеге бұдан әрі аударатын болады; басқа жағдайларда әрбір жетекші мекемемен жеке шарт жасалатын болады. Жетекші мекемелер ынтымақтастықтың және тұтастай алғанда бағдарламаның5 мақсаттарына сәйкес келетін іс-шараларды өткізу үшін қаржы құралдарын тең әріптестеріне аударуы мүмкін.

Шарт жасасқаннан кейін гранттың жалпы сомасының 60%-ы грант алушыларға аударылады. Қалғаны 20-20%-дан екі төлем British Council есептерді алғаннан және тексергеннен кейін жіберілетін болады.

«Институционалдық байланыстар» бағдарламасы бойынша гранттар ынтымақтастығыңызды орнатуға және оның жұмыс істеуіне жұмсалатын тікелей шығыстарды (яғни өтінімде көрсетілген қызметті жүзеге асырумен тікелей байланысты шығыстарды) жабуға арналады. Келесі бөлімде бюджеттік сұрау салуыңызға енгізілуі ықтимал және енгізілмейтін шығындар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты табасыз.

Өтінеміз, осы құжаттың 1-қосымшасы қаржыландырылуға жататын және жатпайтын іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты беретінін назарға алыңыз (әрбір қатысуша ел үшін).

Барлық шығыстар бойынша нақтылауларды егжей-тегжейлі көрсетіп, бағдарлама сайтында көрсетілгендей бюджет кестесін толтыруыңызды сұраймыз:

www.britishcouncil.org/education/science/current-opportunities/newton-institutional-links-april-2016

Сонымен бірге бюджет кестесіндегі жалпы соманы көрсетіп және қысқаша негіздеме беріп, онлайн өтінім нысанында жиынтық бюджетті толтыруыңызды сұраймыз.

«Зерттеу байланыстары» бағдарламасының гранттары мынадай шығыстарды жабуы мүмкін:

Санаты Түрі Пайыздық шектеу

Ескерту

Адам ресурстарына арналған

Осы грант жобасына тікелей

Жоқ

Егжей-

Зейнетақы төлемдері және міндетті сақтандыру

5 Ескертеміз, коммерциялық ұйымдарға қаражат көлікке, тұруға және тамақұтануға жұмсалатын

шығыстарды жабу үшін ғана бөлінеді.

Page 10: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

шығыстар тартылған қызметкерлерге арналған шығыстар: уақытша тартылған ғылыми қызметкерлердің, ғылыми қызметкерлер ассистенттерінің және жобаға тартылған басқа да қызметкерлердің (мәселен, әріптес елде мәліметтерді жинау жөніндегі қызметкерлердің) еңбекақысы және қаламақысы

тегжейлі ақпарат алу үшін 1-қосымшаны қараңыз.

ретіндегі шығасыларды қамтиды

Штаттағы қызметкерлерге арналған шығыстар

Адам ресурстарына төлеу үшін сұратылған жалпы шығыстардың 30%-нан аспауға тиіс

Зейнетақы төлемдері және міндетті сақтандыру ретіндегі шығасыларды қамтиды

Өзге де ғылыми-зерттеу шығыстары

Қажетті ғылыми-зерттеу жабдығы

Гранттың жалпы сомасының 30%-ы

Егер сіз осы санатқа арналған лимиттен асатын соманы сұратсаңыз, өтінім қаржыландырылмайды деп саналады.

Құны £5,000 және одан қымбат тұратын жабдықтың сатып алынуы

шығыс материалдары

ынтымақтастық үшін қажетті ғылыми бағдарламалық қамсыздандыруғ

Page 11: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

а лицензиялар алдын ала British Council-мен келісілуге тиіс. Негізгі талаптар:

1. Жабдық жобаны іске асыруда маңызды рөл атқарады және оны мекемелер бере алмайды

2. Жабдық әріптес елде

пайдаланылады және жоба аяқталғаннан кейін сонда қалады

үй-жайларға қол жеткізу немесе кітапханалардың көрсетілетін қызметтері

Ағымдағы шығыстар

көлікке (эконом-класс) және тәулікте жұмсалатын шығыстар

Жоқ

Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін 1-қосымшаны қараңыз.

British Council 1-қосымшада белгілеген қағидаларға және өлшемшарттарға сәйкес

Ынтымақтастық үшін қажетті визаларды, ресімдеуге, егуге, медициналық сақтандыруға, жол жүруге алымдар

Тек қана әріптес елге және Ұлыбританияға

Ынтымақтастықтың ажырамас бөлігі болып табылатын кездесулер, оқу іс-шараларын, семинарлар және конференциялар

Аудиторияны қысқа мерзімге жалдау, проектор, флип-чарт және т.б.

Page 12: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

өткізуге арналған шығындар

Жобамен тікелей байланысты іс-шараларда немесе кездесулерде тамақтануды ұйымдастырумен байланысты шығындар

Баспа және коммуникациялық шығыстар

Жобамен тікелей байланысты жарияланымдарға шығыстар

Жоқ

Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін 1-қосымшаны қараңыз

Қажет болса, сыртқы провайдерлердің веб-парақты әзірлеуі

Жарияланымдардың ашық қол жеткізуде болғанын табанды түрде ұсынамыз

Бейне-, аудио- және веб-конференциялар үшін АКТ пайдалану

Өзге де шығыстар

Жетекші ұйымнан басқа әріптестерге қаражатты аудару кезіндегі банктік алымдар

Коммерциялық ұйымдар көлікке, тұруға және тамақұтануға жұмсалатын шығыстардан басқа, қандай да бір гранттық қаржыландыруды ала алмайды

British Council тең мүмкіндіктерді ұсыну және көпалуандылық жөніндегі қабылданған міндеттемелерді ұстанады және сондықтан қажетті негіздемелер ұсынылған жағдайда, «Институционалдық байланыстар» бағдарламасын қолдауға және оның қызметіне маргиналдық топтарды тартуға сұрау салуларды жеке-дара негізде қарайтын болады.

Page 13: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

«Institutional Links» гранттары келесі шығындарды өтей алмайды:

Коммерциялық ұйымға жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған шығыстар

Оқу құны.

Бұған дейін жүргізілген зерттеудің нәтижелері туралы мақаланы жазуға кеткен шығындар.

Конференцияларға және басқа да іс-шараларға, егер бұл жоба нәтижелерімен таныстыру болмаса, қатысуға шығыстар.

Патенттер және онымен байланысты шығындар.

Кездесулерді өткізу үшін бөлмелерді сирек жағдайларда қысқа мерзімге жалға алу мақсатында (мысалы, ауқымды семинарлар мен тренингтер үшін) жұмсалатын шығындарға рұқсат берілген. Алайда, материалдық инфрақұрылымдарды (мысалы, кеңсе ғимараттарын, зертхана кешендерін) салу, сатып алу немесе жалдауға кеткен шығындар аталған бағдарлама шеңберінде қарастырылмайды. Ынтымақтастықтың қызмет етуіне қажетті кез-келген ғимарат пен нысандар қатысушы ұйымның ақшалай емес түрдегі үлесі ретінде ұсынылады деп күтіледі және бұл шығындар ақшалай емес түрде қосылған үлес ретінде бюджет тізімінде толықтай көрсетілуі тиіс.

Кеңсе жабдықтарын сатып алу немесе жалдауға (мысалы, аппараттық жабдықтар, кеңседе пайдаланылатын бағдарламалық жабдықтамалар, орындық, үстел, құжаттарды сақтауға арналған шкафтар, ксерокс, факс құралдары) жұмсалатын шығындар.

Ұялы телефонды жалға алу немесе сатып алу.

Өкілдік шығыстар: сыйлықтар; спирттік ішімдіктер; мейрамхана шоттары немесе жобаға тікелей қатыспайтын персонал үшін өкілдік шығыстар; мейрамханаларға артық шығындар.

Жоғарыда санамаланбаған немесе 1-қосымшада көрсетілген өзге де тікелей емес шығыстар

Сізде «Институционалдық байланыстар» бағдарламасы қандай шығындарды өтейтіні туралы сұрақтарыңыз болса, [email protected] поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Ұсынылған ынтымақтастықтың мерзімі 24 айдан аспауы тиіс және 2017 жылдың көктемінде іске қосылуы керек екенін ескеруіңізді сұраймыз. Мақұлданған жағдайда ынтымақтастықтың қаржыландырылуы «Институционалдық байланыстар» грантының келісім-шартына British

Page 14: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

Council қол қойған күнінен басталады. Іске қосылу күніне дейін ұйымның көтерген шығындары, оның ішінде жобаны дайындау кезінде туындаған кез-келген шығындары грант есебінен төленіле алмайды.

Сапаны қолжетімді бағамен қамтамасыз ету мақсатында сіздің өтінімде сұратылатын бюджет қаражаты (персоналға арналған шығыстарды қоса алғанда) бірлескен жобаның ажырамас бөлігі, орынды және соған қатысты болып табылатын шығындарды ғана жабуға тиіс. Өтінімде шығыстарды ұйымдардың тікелей және жанама салымдары, қаржылық емес салымдар, қаржыландырудың өзге де көздері және жекеше сектордан қолдау арқылы бөлуді барынша тиімді ету қажет.

Тиісті бюджет кестесінде (және өтінімдегі жиынтық бюджетте), егер сіз осы ынтымақтастықтың шығыстарын жабу үшін басқа көздерден қосымша қаржыландыру алуға өтінім берсеңіз, бұл өтінімдердің мәртебесін көрсетіңіз (мәселен, табысты; шешімін күтетін). Күтілетін қаржыландыру бойынша нәтижелер белгілі болатын күнді көрсетуіңізді сұраймыз.

Елдердің көпшілігі үшін ең төмен қаржылық емес салым бойынша талап қойылмайды, алайда оның болуы бағдарламаға ұзақ мерзімді мүдделілік танытуды көрсететін қолайлы фактор ретінде қаралады.

7. Зерттеу этикасы және оған әкімшілік ету

Осы жобамен жұмыс шеңберінде заңның және кәсіби жүріс-тұрыстың барлық нормаларын сақтау қызметтің ажырамас шарты болып табылады. Өтінім берушілер ұсынылатын қызметтің ең жоғары этикалық және зерттеу стандарттарына сәйкес орындалуы үшін жағдай жасауға тиіс.

Өтінім берушілер онлайн нысандағы өтінімде этикаға, денсаулыққа және қауіпсіздікке қатысты кез келген қатерлер көзделгенін және туындаған жағдайда олардың шешілу жолдарын, барлық қатерлер барынша азайтылып, жоба іске қосылғанға дейін барлық этикалық рұқсаттар алынғанына растау алғанын анық жазуға тиіс. Әсіресе, бұл жануарларға, адамдарға, адам тіндеріне немесе қатысушы пациенттер ұсынған ақпаратқа қатысы бар зерттеулер көзделетін өтінімдерге қатысты. Сондықтан Ұлыбританиядағы және әріптес елдегі этика мәселелері жөніндегі жергілікті комитеттерден/органдардан рұқсат беретін сертификаттар алынуға немесе жоспарланған жұмысқа дейін алдын ала осы рұқсат беретін құжаттарды иелену туралы алынған міндеттеме ұсынылуға тиіс. Осы қажетті сертификаттардың және рұқсат беретін құжаттардың болмауы өтінімнің жойылуына және бағдарлама бойынша

Page 15: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

қаржыландырудың тоқтатылуына алып келеді.

Өтінеміз, Британия Ғылыми Кеңестерінің «Зерттеулерді этика нормаларына сәйкес жүргізудің саясаты және оған әкімшілік ету жөніндегі нұсқаулық» (http://www.rcuk.ac.uk/Publications/researchers/grc/) құжатына, InterAcademy Partnership «Doing Global Science: A Guide to Responsible Conduct in the Global Research Enterprisе» (http://www.interacademycouncil.net/24026/29429.aspx) есебіне жүгініңіз не қосымша ақпарат алу үшін олармен мына электрондық пошта арқылы: [email protected] байланысыңыз.

8. Көпалуандылық

Өтінім берушілерге өздерінің зерттеу топтарына маргиналдық топтардың өкілдерін тарту ұсынылады. Бұл үшін өтінім берушілер қосымша қаржыландыру сұрата алады. Маргиналдық топтардан адамдардың қатысуына арналған шығыстар бюджеттік өтінімнің «адам ресурстары» деген бөлімінде көрініс табуға және көрсетілуге тиіс. Қаржыландыру бойынша егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін бізбен [email protected]. арқылы байланысыңыз. British Council-дың көпалуандылық жөніндегі саясатына қатысты егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін сілтеме: https://www.britishcouncil.org/sites/default/files/equality_policy_1.doc

9. Өтінімдер беру процесі

Өтінімдер 2016 жылғы 27 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 21:00-ге дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кейін берілген

өтінімдер қаралмайды.

Өтінім берушілер онлайн нысанында толтырылған өтінімді (https://www.britishcouncil.org/education/science/current-opportunities/newton-institutional-links-april-2016) беруге және қосымша құжаттарды қоса тіркеуге тиіс. Өтінімнің онлайн нысаны өтінім берушілерге ақпаратты енгізуге және нысан түпкілікті толтырылғанға дейінгі неғұрлым кешірек мерзімге сақтауға мүмкіндік береді. Әрбір бөлім үшін символдар саны бойынша қатаң шектеулер бар, олардан асып кетуге болмайды. Онлайн нысанның толтырылуына қосымша ретінде мынадай құжаттар енгізілуі қажет:

- Негізгі өтінім берушілердің түйіндемесі

- бюджеттің толтырылған нысанын (үлгісі British Council-дың өтінімдерді қабылдау сайтында орналастырылған)

- Ұлыбританияның мекемесінен (мекемелерінен) және әріптес елдердің

Page 16: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

мекемесінен (мекемелерінен) департаменттердің/институттардың басшылары не бұған тиісті құқығы бар адам қол қойған фирмалық бланкідегі қолдау хаттары енгізілуі қажет, олар жобаны құптайтынын, қаржыландыру алуға келісетінін растайды, қаржылық емес көмектің және Негізгі өтінім берушінің тәжірибесі мен дағдыларының осы жобаға сәйкестігінің сипаттамасын қамтиды. Назар аударыңыз, қолдау хаттарына Негізгі өтінім берушілер қол қоймауға тиіс.

- Егер өтінімге тең әріптестер қосылса, онда олардың рөлі, дағдылары мен білімі, жобаға үлесі және тең әріптес (тең әріптестер) туралы тиісті ақпаратты қамтитын сипаттама бар pdf форматындағы файл енгізілуі қажет.

Өтінімге қоса тіркелген не жеке жіберілген кез келген басқа құжаттар ескерілмейді.

Өз өтініміңізбен жұмыс жасай алу және әріптестеріңізбен оның мазмұнымен бөлісе алу үшін Word құжаты форматындағы өтінімді пайдалануыңызға болады, оған мына сілтеме арқылы қол жекізе аласыз: www.britishcouncil.org/education/science/current-opportunities/newton-institutional-links-april-2016

Алайда, бұл сіздің жауаптармен қолайлы форматта жұмыс істеуіңізге мүмкіндігіңіз болу үшін ғана. Өтінімнің түпкі нұсқасы тек онлайн

тәртібімен берілуге тиіс.

Онлайн-өтінім жүйесінде техникалық проблемалар туындаған кезде сіз конкурс жабылғанға дейін мына мекенжайға хабарлай аласыз: [email protected]. Егер сіз техникалық проблемалар туралы конкурс жабылғаннан кейін хабарласаңыз, біз өтініміңіздің сәйкестігін бағалау процесінде мұны ескере алмаймыз.

Өтінімнің толтырылған нысанын жүйеге жіберместен бұрын өтінім берушілер онлайн форматта мыналарды растау туралы сауал алады:

Ұлыбритания мекемесі(лері)нің және әріптес ел мекемесі(лері)нің атынан өтінім берушіге арналған алынған рұқсат. Бұл департаменттер/институттар басшылары не бұған тиісті құқығы бар адамдар қол қойған, тиісті мекемелердің қоса берілген қолдау хатымен расталуға тиіс.

British Council-тен не ұлттық әріптестен қаржыландыру алғаннан және шартқа қол қойғаннан кейін жетекші өтінім беруші(лер) мекемесінің келісімі туралы. Бұл да қолдау хатына енгізілуге тиіс.

Гранттарды беру процесінің транспаренттілігі мен адалдығына әсер етуі мүмкін алдауды, сыбайлас жемқорлықты, ақшаны жылыстатуды және басқа да қаржылық және репутациялық

Page 17: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

тәуекелдерді болдырмау жөніндегі British Council қағидаларымен келісу туралы.

Онлайн өтінім жіберіле сала, өтінім беруші өз өтінімінің сәйкестендіру нөмірі бар хат алады. Өтінім беруші алынған сәйкестендіру нөмірін British Council-пен кейінгі хат алысу кезінде қолдануға тиіс болады. Электрондық почта арқылы автоматы түрде растау алмаған өтінім берушілер мына мекенжай бойынша British Council-пен хабарласуға тиіс: [email protected].

10. Өтінім берушілерді тексеру

Ұлыбритания заңнамасына сәйкес әрекет ету үшін British Council өтінім берушілердің мекемелері де, олардың қызметкерлері де, әріптестер, директорлар не өтінім берушілердің акционерлері:

- ұлттық немесе ұлтүсті органдардың қаулысына сәйкес қаржылық мәмілелер жасауына тыйым салынған тұлға/ұйым

- Интерпол немесе кез келген ұлттық құқық қорғау органы қылмысқа байланысты қазіргі уақытта іздестіріп жатқан адам - ұлттық немесе халықаралық бақылаушы органдар тарапынан шаралар қолданылуға жататын адам - экспорттық, сауда немесе сатып алудағы бақылауға жататын не (жеке тұлғаға қатысты жағдайда) компания директорының қызметінде болу құқығынан айырылған адам - тәуекелі жоғары адам/ұйым не (жеке тұлғаға қатысты жағдайда) саяси маңызы бар адам ретінде тіркелмегендігіне көз жеткізу үшін өтінімді қарау процесінде кез келген уақытта үшінші тараптардың тиісті дерекқорларында тексеруді жүзеге асыра алады.

Егер өтінім беруші немесе кез келген басқа тарап жоғарыда аталған себептердің қайсыбірі бойынша осындай дерекқорларда тіркелген болса, онда мұндай өтінім беруші осы гранттық конкурстың өлшемшарттарына сәйкес келмейді деп қаралады. Өтінім беруші тексеру процесін аяқтау үшін British Council негізді түрде сұратқан ақпаратты ұсынуға тиіс. Өтінеміз, өтінім нысанының нақты мәтінімен танысыңыз және мәтінді түсінгеніңізді растап, жалауша қойыңыз.

11. Іріктеу процесі

Іріктеу процесі British Council-дің өтінімнің 1-қосымшаны және 2-қосымшаның Талаптарын тізімін қоса алғанда, осы Басшылықта

Page 18: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

жазылған талаптарға сәйкестігін тексеруден басталады.

Талаптарға сәйкес келетін өтінімдер одан әрі тәуелсіз сыртқы сапалық бағалауға жіберіледі, әріптес елдің даму мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігі, әріптестікті дамыту және оның орнықтылығы үшін әлеуеті былайша тексеріледі:

- Ұлыбританияда кемінде екі тәуелсіз сарапшының бағалауы (бағалау нысанына арналған 3-қосымшаны қараңыз) - Әріптес елде өтінімдерді қарау - Бағалау комиссиясының баллын айқындайтын, өтінімдерді талдайтын және қаржыландыруға ұсынымдар беретін британдық бағалау комиссиясының қарауы. Бағалау комиссиясы өтінім қаншалықты сапалы жасалғанын, және жобаның әріптес елдің экономикалық дамуы мен әлеуметтік әл-ауқатына ықпал ету әлеуетінің бар-жоғын айқындайды. - ЭЫДҰ белгіленген Ресми даму мақсаттарына және Ұлыбритания Халықаралық даму министрлігінің консультациясы жанындағы Ньютон Қоры әзірлеген басшылыққа сәйкес болуына өтінімдерді қарайды, http://www.newtonfund.ac.uk/about/what-is-oda/ қараңыз. Барлық өтінімдерде зерттеулердің нәтижелері табыс деңгейі төмен адамдардың өміріне қалай оң ықпал ететіні және әріптес елдің экономикалық дамуы мен әлеуметтік әл-ауқатына ақылға қонымды мерзімдерде (3-15 жыл) қандай үлес қосатыны нақты жазылуға

тиіс. Егер өтінім бұл талапқа сай болмаса, ол сапасына қарамастан қабылданбайды. - Ньютон Қоры Әріптестерінің және ұлттық қоса қаржыландырушы ұйымның және әріптес елден тартылған басқа тараптардың британдық бағалау комиссиясының бағалау нәтижелері мен әріптес ел бағаларына, сондай-ақ Ресми даму мақсаттарына сәйкестік нәтижелеріне сүйеніп түпкілікті шешім қабылдауы.

Талапқа сай келетін жобалар Ұлыбританиядағы келесі Бағалау комиссиясының бесеуінің біреуімен қарастырылып, бағаланатын болады:

Мәдениет және Өнер;

Биологиялық және медициналық ғылымдар;

Техникалық және жаратылыстану ғылымдары;

Қоршаған орта, ауылшаруашылық және азық-түлік өнімдері туралы ғылым;

Әлеуметтік ғылымдар.

Өтінім берушілер онлайн өтінім нысанында өздерінің ұсынысын қандай Комиссия қарауға тиіс екенін көрсетеді. Басымдық тәртібімен үшке

Page 19: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

дейінгі пәндік саланы таңдауға болады. Қажет болған кезде бізде сіздің өтініміңізді басқа Комиссияға беру құқығы сақталады.

Өтінімдер төменде Қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес 3-тен 60 баллға дейін бағаланатын болады. Белгіленген 30 баллдық шекті мәнге жетпейтін бағасы бар ұсыныстар қаржыландыруға жатпайды. Сонымен бірге, 30 баллдық шекті мәнге тең және одан асатын орташа бағаға қол жеткізу өтінім қаржыландырылады дегенді білдірмейді.

Нақты елдер үшін ерекше басым бағыттар түпкілікті шешім қабылдау кезінде осы бағдарлама бойынша жалпы өлшемшарттарға қосымша қаралады. Елдер бойынша басым бағыттардың тізімін 1-қосымшадан қараңыз.

Экономикалық өсу және әлеуметтік әл-ауқат үшін өзектілік нақты әрі анық жазылған өтінімдер ғана қаржыландыру үшін қаралады (4-бөлімде көрсетілгендей).

12. Мәліметтерді қорғау

Өтінімнің онлайн үлгісін толтыру шеңберінде British Council өтінішкерлерден келесі жағдайларға рұқсат беруін сұрайтын болады:

Өтінімді өңдеу, кейінірек марапаттарды тағайындау, сыйақыларды төлеу, мониторинг жасау, марапатты қамтамасыз ету және қарастыру мақсатында ұсынылған өтінім ішіндегі ақпаратты пайдалану. Кейбір жағдайларда ақпарат марапатқа іріктеу және мониторинг жасау мақсатында ұлттық Бағдарлама жөніндегі серіктестермен бірлесе отырып пайдаланылатын болады.

Іріктеуден сәтті өткен өтінімдердің ішіндегі ақпаратты веб-сайт беттерінде және басқа да баспасөз беттерінде, есептемелер мен құжаттарда жариялау.

Келешекте өтінішкерлерді British Council-ң мүмкіндіктері туралы хабарландыру.

Ұлыбританияның «Мәліметтерді қорғау туралы» заңнамасына сәйкес

өтінішкерлер бізде сақталатын ақпарат көшірмелерін алуға (ол қызмет

үшін біз ақыны талап етуіміз мүмкін), сондай-ақ, осы ақпараттағы кез-

келген дәл емес мәліметтерді түзеуді бізден сұрауға құқылы. Бұған

қатысты бүкіл толық ақпаратты British Council-ң Мәліметтерді қорғау

туралы бөлімінің http://www.britishcouncil.org/home-data-protection.htm веб-

парағынан алуға болады немесе British Council-ң жергілікті бөлімшесінен

немесе мәліметтерді қорғау тобынан сұрауға болады.

13. Байланыс деректері

Page 20: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

Осы конкурс бойынша барлық сұрақтарды немесе комментарийлерді бірінші кезекте «Зерттеу байланыстары» бағдарламасының электрондық почтасының мына мекенжайына жіберу қажет [email protected]

Page 21: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

1-қосымша – Әрбір елге арналған қағидалар бойынша басшылық

Жергілікті ерекшелікке және даму мұқтаждықтарына оңтайлы көзқарасты қамтамасыз ету үшін басым бағыттар, ерекше инновациялық проблемалар және гранттық қаржыландыру мен оның ұзақтығы сияқты қосымша талаптар бойынша сұрақтар ұлттық әіптестермен келіссөздер жүргізу арқылы елдердің деңгейінде дайындалды.

Бұл қосымша конкурсқа қатысушы әрбір ел бойынша ерекше басшылық ұсынады. Өтінім берушілер оларды өз өтінімдерін дайындауды бастағанға дейін осы құжаттың негізгі мәтінінің қағидаларымен бірге ескеруге тиіс. Бұл талапты (қатысушы елдер бойынша ерекше қағидалар енгізу) қамтымаған өтінімдер қаржыландыру үшін қарастырылмайды.

Әріптес ел

Тақырыптық басым салалар6

Ұзақтығы Гранттар мөлшері

Қосымша қаржы-ландыру көздері

Өзге өлшемшарттар, талаптар мен шектеулер

Қазақстан

«Ньютон – Аль-Фараби»

«Институционалдық байланыстар» бағдарламасы бойынша Қазақстаннан жолданған жобалар «Ньютон - Әл-Фараби» әріптестік бағдарламасында басымдық берілген кең бағыттардың біріне қатысты болуы керек,

4 - 24 ай

£50 000 – £300 000 (фунт стерлинг)

Қазақстаннан жетекші өтінім беруші ретінде өтінімді кім бере алады

ЖОО, коммерциялық емес мемлекеттік зерттеу ұйымдары, мемлекеттік зерттеу

6 4-бөлімде көрсетілгендерден ауытқыған болған жағдайда. 4-бөлімде келтірілген экономикалық даму және әлеуметтік әл-ауқат мақсаттарын

қанағаттандыру жөніндегі талаптаржекелеген қатысушы елдер бойынша талаптардан таңдап алынған басым бағыттардан ауытқыған кезде өз өзектілігі мен міндеттілігін сақтайтынын атап өткіміз келеді.

Page 22: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

Әріптестікбағдарламасы

олар келесі:

o Энергетика

o Денсаулық сақтау және

әл-ауқат

o Ауылшаруашылық технологиялары

o Сұрапыл апаттардан кейін қалпына келтіру

o Экология және қоршаған орта

o Азық-түлік және су.

институттары

Бастапқы іріктеуден өткен қатысушылар онлайн өтінімге қосымша өтінімдердің қысқаша паспортын (шаблон ұсынылады) қазақ және/немесе орыс тілдерінде өтінімдердің сәйкестігі туралы растауды алғаннан кейін 2 апта ішінде ұсынуы қажет.

Жеке меншік және/немесе үшінші секторлардан әріптес(тер) тарта отырып технологиялар мен білімді коммерцияландыруға және/немесе трансфертіне екпін жасалған өтінімдерге ерекше ілтипат білдіріледі.

Page 23: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы
Page 24: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

2-қосымша - Талаптарға сәйкестікті тексеруге арналған бақылау сұрақтарының тізімі

Өтінім өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін берілді

Өтінім онлайн-өтінімнің тиісті нысанын толтыру арқылы ұсынылды

Өтінімді Ұлыбританияның жетекші өтінім берушісі және 1-қосымшада көрсетілген

әріптес елдің жетекші өтінім берушісі берді.

Жетекші өтінім беруші:

o Жоғары сапалы зерттеулер жүргізу мүмкіндігі бар коммерциялық емес жоғары

оқу орнында

o Зерттеулер жүргізу мүмкіндігі бар мемлекеттік жоғары оқу орнында

o «Катапульт Орталықтарда7» (Catapult Centre) (Ұлыбританияның жетекші өтінім берушілерімен болған жағдайда)

o 1-қосымшада көрсетілген баламалы мекемелерде жұмыс істейді.

Ұлыбританияның жетекші өтінім берушісінің мекемесі жоғары оқу орны болмаса,

онда ол мына тізімде болуға тиіс: https://www.britishcouncil.org/sites/default/files/eligible_uk_research_organisations_v_3_november_2015.pdf

Өтінім берушілер фирмалық бланкілерде: департаменттер/институттар

басшылары не бұған тиісті құқығы бар адамдар қол қойған және осы

Басшылықтың 9-бөлімінде сипатталғандай жобаға деген ұстанымды растайтын,

біреуі Ұлыбританияның жетекші өтінім берушісінің мекемесінен және екіншісі

әріптес елдің жетекші өтінім берушісінің мекемесінен 2 қолдау хатты қоса берді.

Қолдау хаттарына жетекші өтінім берушілер қол қоймаған.

7 https://www.innovateuk.org/-/catapult-centres

Page 25: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

Өтінім берушілер бюджеттік өтінімнің ұсынылған нысанын пайдалана отырып

егжей-тегжейлі бюджеттік өтінім берді

Егер қосымша әріптестер болса, онда олар туралы тиісті қосымша ақпарат

жүктелген

Өтінім нысаны толық толтырылған және қағидаларға сәйкес келеді

Өтінім нысаны мен ілеспе құжаттар ағылшын тілінде толтырылған

Жетекші өтінім берушілер «Зерттеу байланыстары» бағдарламасы бойынша гранттарға өтінімдердің осы конкурсы шеңберінде 1 өтінімнен ғана берді.

Егер жетекші өтінім берушілердің қайсыбірі Ньютон қорының

«Институционалдық байланыстар» бағдарламасы бойынша

қаржыландыруды алған болса, бұл жоба оны айтарлықтай толықтырады

Жетекші өтінім берушілердің екі мекемесінде («Жетекші мекемелер»)

грантпен British Council ұсынып отырған парақорлықты, алаяқтықты және

кәсіби теріс қылықтарды болдырмау жөніндегі талаптарға жауап беретіндей

билік жасау мүмкіндігі болуға тиіс. Өтінім берушілер онлайн-өтінім нысанының

алдындағы тиісті сұрақтарды растай отырып, British Council талаптарына

сәйкестікті растауға тиіс.

Жалпы бюджет 1-қосымшаға сәйкес бір әріптес елге арналған ең үлкен

рұқсат етілген сомадан 10%-ға артық болмайды. Егер жалпы бюджет ең үлкен

рұқсат етілген сомадан 10%-ға асса - қабылданбайды; егер 10% шеңберінде

болса қарауға жіберіледі. Егер қаржыландыруға мақұлданған болса, бюджетті

ең үлкен рұқсат етілген сомаға дейін қысқарту қажет.

Бюджеттің «басқа зерттеу шығыстары» атты бабы өтінімнің жалпы бюджетінің

30%-ынан аспайды (егер 1-қосымшада өзгеше көрсетілмесе).

Егер 30%-дан артық болса - қабылданбайды.

Бюджеттің штаттағы қызметкерлерге арналған бабы адам ресурстары

бабы бойынша сұратылған жалпы соманың 30%-ынан аспайды.

Page 26: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

Егер әріптес елдің жетекші мекемесі қандай да бір жағдаймен британдық

жоғары оқу орнымен немесе ҒЗИ-мен үлестес болса, онда өтінімде әріптес

елдің басқа жоғары оқу орындары мен ҒЗИ да көрсетіледі.

Page 27: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

3-қосымша - бағалау нысаны

Өтінімнің сапасын және даму мақсаттарына сәйкестігін бағалауды Ұлыбританиядағы сараптама тобының мүшелері жүзеге асыратын болады, және қаржыландыру туралы түпкілікті шешім British Council жергілікті офисі мен ұлттық әріптестердің талқылауы барысында қабылданады. Әріптес елдің экономикалық дамуы және әлеуметтік әл-ауқаты үшін өзектілігін (тура немесе жанама) нақты бейнелейтін өтінімдер қаржыландыру үшін қаралады. Сондай-ақ 2 және 4-бөлімдер бойынша орташа баллы 30-ды құрайтын және одан жоғары өтінімдер ғана қаралады.

Баға

Диапазон

1-бөлім – Экономикалық даму мен әлеуметтік әл-ауқат үшін өзектілік

ИӘ/ЖОҚ

Өтініш әріптес елдің экономикалық дамуына және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға оң әсер етудің қолайлы жолдарын нақты сипаттайды және табысы төмен адамдардың өміріне ақылға қонымды мерзімде (3-15 жыл ішінде) оң әсер етуге алып келеді.

Анағұрлым нақты ақпарат алу үшін

басшылықтың 4-бөліміне жүгінуіңізді сұраймыз.

2-бөлім – Зерттеулер/инновациялар сапасы және жалпы ақпарат

0-20

Page 28: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

Зерттеу/инновациялық тақырыптың академиялық өзектілігі мен уақтылығы нақты жазылып көрсетілген.

Өтінім берушінің ұсынылып отырған әріптестік жобасын жүргізу және қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жеткілікті тиісті тәжірибесі бар.

Осы ынтымақтастықтан мекемелер және/немесе кең ауқымды зерттеу/инновациялық қоғамдастық алатын пайда нақты әрі анық көрсетіліп жазылған

Ынтымақтасатын мекемелердің тиісті академиялық мәртебелері бар.

Британ тарапы және әріптес ел мекемесі үшін тиімділік пен пайда нақты әрі анық сипатталған.

20 балл: Барлық

өлшемшарттарға толық деңгейде сәйкес келеді

16-дан 19 баллға дейін: Өлшемшарттардың көпшілігіне өте жоғары деңгейде сәйкес келеді

11-ден 15 баллға дейін:

Өлшемшарттардың көпшілігіне жоғары деңгейде сәйкес келеді

6-дан 10 баллға дейін: Өлшемшарттардың көпшілігіне жеткілікті деңгейде сәйкес келеді

1-ден 5 баллға дейін: Кейбір өлшемшарттарға жеткілікті деңгейде сәйкес келеді

0 балл: Өлшемшарттардың біреуіне де жеткілікті деңгейде сәйкес келмейді

3-бөлім – Өтінім

0-20

Ұсынылып отырған ынтымақтастықтың сипаттамасы қол жеткізу үшін нақты, негізді әрі шынайы мақсаттарды қамтиды және ұзақ мерзімді әсер ету әлеуетін көрсетеді. Өтінім берушілер

20 балл: Барлық

өлшемшарттарға толық деңгейде сәйкес келеді

16-дан 19 баллға дейін:

Page 29: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

ынтымақтастықтан күтілетін ерекше нәтижелерді және қолжетімді мақсаттарды нақты және анық жазған. Өтінім британдық тарап үшін де, әріптес елдің зерттеушілері/инноваторлары, мекемелер мен зерттеулерді немесе жоба бойынша қызмет нәтижесінде пайда болатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді түпкі пайдаланушылар үшін де пайданы көрсетеді, атап айтқанда кім және қалай пайда алатынын сипаттайды. Қосымша әріптестердің жетекші мекемелері мен ұйымдары тарапынан қолдаудың (қолданылуға болатын жерде; екі тараптан да) сенімді дәлелдемелері бар. Ұсынылып отырған ынтымақтастық жаңа байланыстарды қолдайды немесе бар байланыстарды айтарлықтай кеңейтеді әрі дамытады. Егер жетекші мекемелер ынтымақтастықты жүргізіп жатса, грант оларды одан әрі күшейтіп, жақсартуға көмектеседі деген нақты дәлелдемелер болса. Өтінім әріптестер арасындағы жобалық ынтымақтастық менеджменті мен коммуникациялар процесі қалай ұйымдастырылатыны туралы нақты және анық түсініктеме береді. Өтінім баға мен сапа арақатынасын білдіреді; барлық шығыстар толық негізделген

Өлшемшарттардың көпшілігіне өте жоғары деңгейде сәйкес келеді

11-ден 15 баллға дейін:

Өлшемшарттардың көпшілігіне жоғары деңгейде сәйкес келеді

6-дан 10 баллға дейін:

Өлшемшарттардың көпшілігіне жеткілікті деңгейде сәйкес келеді

1-ден 5 баллға дейін: Кейбір өлшемшарттарға жеткілікті деңгейде сәйкес келеді

0 балл: Өлшемшарттардың біреуіне де жеткілікті деңгейде сәйкес келмейді

4-бөлім – Орнықты даму және әлеуетті дамыту

0-60

Page 30: TRAVEL GRANT GUIDELINES DRAFT · сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінен тікелей пайда табу мақсатында ғылыммен байланысы

Зерттеушілер, практик-инноваторлар мен басқа да әлеуетті бенефициарлар үшін кәсіби даму және әлеуетті арттыру тұрғысынан мүмкіндіктер нақты жазылған. Ынтымақтастық зерттеулерді экономикалық және әлеуметтік пайдаларға бұру, мысалы академиялық емес саладан әріптестермен жаңа байланыстар орнату не технологиялар трансферті үшін жаңа процестер құру арқылы бұру мүмкіндіктерін қолдайды. Өтінім қатысатын мекемелер/ұйымдар өз ынтымақтастығын болашақта да қолдауға ниетті екендігін нақты және анық түсіндіреді. Қатысатын мекемелер қаржылық емес үлес беру арқылы ынтымақтастыққа өз қолдауларын білдіреді (қоса қаржыландыру көптеген елдердің өтінімдері үшін айтарлықтай талаптардың бірі болып табылады)

20 балл: Барлық

өлшемшарттарға толық деңгейде сәйкес келеді

16-дан 19 баллға дейін: Өлшемшарттардың көпшілігіне өте жоғары деңгейде сәйкес келеді

11-ден 15 баллға дейін:

Өлшемшарттардың көпшілігіне жоғары деңгейде сәйкес келеді

6-дан 10 баллға дейін: Өлшемшарттардың көпшілігіне жеткілікті деңгейде сәйкес келеді

1-ден 5 баллға дейін: Кейбір өлшемшарттарға жеткілікті деңгейде сәйкес келеді

0 балл: Өлшемшарттардың біреуіне де жеткілікті деңгейде сәйкес келмейді

САПАНЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ЖАЛПЫ БАЛЛ

(2-бөлім + 3-бөлім + 4-бөлім)

0-60