ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ...

82
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ СМЖ 3-деңгейдегі құжаты ПОӘК ПОӘК042-18- 3.1.31/01-2013 «Тереңдетілген басқару есебі» пәнінің оқу- әдістемелік кешені №3 басылым «ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН БАСҚАРУ ЕСЕБІ» ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 6N0508 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Transcript of ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ...

Page 1: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ СМЖ 3-деңгейдегі

құжатыПОӘК

ПОӘК042-18-3.1.31/01-2013«Тереңдетілген басқару

есебі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№3 басылым

«ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН БАСҚАРУ ЕСЕБІ»ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

6N0508 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІНОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013

Page 2: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 3-бет 55 беттен

Мазмұны

1 Глоссарий2 Лекциялар3 Тәжірибелік сабақтар4 Магистранттардың өздік жұмыстары

454754

Page 3: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 4-бет 55 беттен

1. ГЛОССАРИЙ Басқару есебі – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән. Калькуляция - өнімнің бір бірлігін өндіруге кеткен шығындардың ақшалай бейнедегі көрінісі. Бюджеттеу - өндірістегі қысқа мерзімді жоспарлау. Жалпы өнім – есептік кезеңде шығарылған барлық дайын өнім құнынан өз өндірісінін жартылай фабрикаттар құнын алып тастағандағы өнімдер құны. Товарлы өнім – есептік кезенде шығарылған, өз өндірісінің және тапсырысшының материалдарынан жасалған, техникалық бақылаудан өтіп, қоймаға тапсырылған өнімдер құны. Дайын өнім - өндірістің барлық стадияларынан өткен, техникалық талаптар мен стандарттарға сай келетін, пайдалануға дайын қоймаға өткізілген немесе сатуға арналған өнімдер. Жартылай фабрикаттар - өндеудің алғашқы этаптарынан ғана өткен, әлі де өндеуді қажет ететін бұйымдар.

Калькуляция -өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемге есептелінген өзіндік кұны.

Алдын ала жасалатын калькуляция - өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды.

Жоспарлы калькуляция - өнімге (жұмысқа, кызметке) және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістін технологаясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.

Сметалық (болжамдық) калькуляция - бұл жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.

Нормативтік калъкуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады.

Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады, ал ол жоспардан кәсіпорынға байланысты себептері бойынша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері бойынша да (материалдарға бағанын өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін. Шамаланған калькуляция-нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады Бағдарланған шешімдер — алдың-ала белгіленіп, дайын процедурасы бой-ынша жүретін, дәстүрлі және стандартталған шешімдер. Бағдарланбаған шешімдер — стандартталған емес, әлсіз құрылымдық жағдайындағы жаңа шешімдер үшін, әдеттегі мәселелерді шешуде қолданады. Инвестициялық жоба — бұл экономикалық пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімге жұмсалатын ақшалай және басқа да ресурстар. Маржиналды табыс – бұл өнімді сатудан түскен түсім мен айнымалы шығындар бойынша есептелген, толық өзіндік құнның арасындағы айырма. Аннуитет — бұл біркелкі жүйеде қайталанатын ақшы ағындарының жүйелілігі. Өндірістің зиянсыздығы- өндірісте не табыс, не зиян болмағанда қалыптасатын жағдай. Шығындар – белгілі бір материалдық игілік алу үшін жұмсалатын ресурстар. Релевантты шығындар – ұйымда басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қолданылатын өндірістік шығындар жиыны.

Page 4: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 5-бет 55 беттен

Тікелей шығындар алғашқы құжаттардың негізінде белгілі өнім (қызмет, жұмыс) түріне жатқызуға болатын шығындар. Оларға материалдық шығындар, еңбек ақы және одан аударымдарға шығындар жатады. Барлық тікелей шығындар калькуляциялық шоттарда бейнеленеді.

Жанама шығындар бірнеше өнім түрлерінің өндірісімен байланысты, өнімнің өзінідік құнына оларды тарату арқылы енгізілетін шығындар.

Үстеме шығындар - өндірісті басқарумен және қалпында ұстаумен байланысты шығындар. Шартты – тұрақты шығындар - өнім шығару көлемі өзгергенде шамасы өзгермейтін шығындар. Шартты - ауыспалы шығындар - өнім шығару көлеміне сәйкес азайып немесе көбейіп отыратын шығындар. Көпшілік өндіріс – үздіксіз ұзақ уақыт ағымында бір түрлі өнім шығаратын өндіріс типі. Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді

Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары.

Page 5: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 6-бет 55 беттен

2 ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ

1 тақырып: Тереңдетілген басқару есебінің ұйымдастырушылық және әлеуметтік аспектілері, белгісіздік жағдайындағы іс - әрекеттер теориясы

Дәріс сұрақтары:1. Басқару есебінің функциялары. 2. Басқару есебін ұйымдастырудың әлеуметтік аспектілері. 3. Өнім циклі мен бәсекелестік ортасының өзгерісі.4. Тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыру және менеджментке жаңа жолдар.5. Орта өзгерісінің басқару есебіне жүйелік әсері.

1. Бүгінгі тандағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындау кезінде, баға саясаты аясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда, яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетін өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді. Баскарушы есепті қалыптастыру мен дамытуда епті қадам болып, кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (басқарушылық) бухгалтерияны бөлу қажет болды. Екі дербес бухгалтерияны (қаржылық және калькуляциялык) кұру ең алдымен өндірістің ұлғаюымен, оны шоғырландырудың өсуімен, капиталды орталықтандырумен, ірі компанияларды кұрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау қажеттілігімен байланысты болып келеді. Бұл белгілі бір жағдайда біртұтас ұлттық шоттарды қалыптастыруға әсер етті. Мәселен, екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі континентальды Еуропа (Франция, Германия және т. б.) елдерінде ұлттық шоттар біртұтас нысанда қаржы және басқарушы есеп шоттары болып саналды. Ұлттық шоттар жоспарының одан әрі дамуы қаржылық есепті жасау мүмкіндігіне бағытталды және көбінесе олар өздерінін қаржылық есеп аясында шектелді. Бұндай құрылымдық өзгерістер ағарту саласына да өз әсерін тигізе бастады.

Басқарушы есептің ролі

Басқарушы есептің екіжақты атқаратын ролі

1. Ұйымдардың барлық мүдделерін қамтитын жүйенің опеациялары

Өндірістік есеп жұйесі шеңберіндегі өзіндік қызметтер операциялары

1.1 Мәселенің қойылуы

Мәселені шешуге арналған ұйымдастыру

Нәтижелерін бағалау

Page 6: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 7-бет 55 беттен

Басқарушы есептің дербес оқу пәні ретінде пайда болуы Американдық бухгалтерлер ассоциациясының (Аmerican Ассоuntinq Аdsociatien) түлектерге бухгалтер-талдаушы квалификациясын беріп, басқарушы есеп бойынша диплом алу жөнінде 1972 жылы әзірлеген бағдарламасымен байланысты. Бұл жыл бухгалтерлік есептің қаржы және басқарушы есебі болып, ресми түрде бөлінуін айқыңдады. Отандық экономикада басқарушы есепті жаңа құбылыс түрінде қарау қателік болар. Бухгалтерлік қызметтің атқаратын жұмысы совет үкіметінің кейінгі жылдарымен салыстырып карағанда, 20-30 жылдардың басында едәуір кеңірек болған. Сол заманның бухгалтері есептік те, сондай-ақ жоспарлы-талдамалық жұмыстарымен де айналысқан. Социалистік шаруашылық жүргізу жүйесі мсн орталықтандырылған жоспарлауды нығайтуды көздейтін елдердің даму деңгейлерінде біртіндеп бухгалтерлік қызметтен жрспарлы және қаржылық бөлімдерінің бөлінуі, оларға бухгалтерлік өкілеттіктің, бір бөлігін беру орын алды. Қайта құру кезінде, нарықтық экономикаңың пайдасына орталықтандырылған басқару жүйесінен бас тартып, бірақ жоспарлаудың рөлін дәлелсіз төмендетудің салдарынан — кесіпорынның техникалық өнеркәсіптік-каржылық жоспарының мәні жойыла бастағаны байқалды. Басқарушы есебіндегі бюджеттеу, көбінесе отаңдық тәжірибеде қолданылған техникалық-өнеркәсіптік-қаржылық жоспорды жасаудың тәртібін еске салады. Қазақстандық экономистерге жақсы танымал, факторлық талдау басқарушы есепте, нақты шығындардың сметалықтан ауытқуларын талдау кезінде пайдаланады.

2. Қазақстан Республикасының жүзеге асырылып жатқан бухгалтелік есептің халықаралық стандарттарына көшу, жаңа экономикалық жағдайлар бухгалтерлік қызметтің міндеттері мен өкілеттіктерін ұлғайтуда. Басқару іс-әрекеті тиген бухгалтерлер

Басты мәселелер қатарына мыналар жатады:

Сату (өткізу); Нарық үлесі; өнімнің

құрылымы; табыс деңгейі; акциядан түскен

таза табыс; басқарудың

тиімділігі; қоршаған

ортаның факторлары;

диверсификация және тәуелділік;

жалақының

Осы фразадағылар мына мәселелерді қамтиды: әрбір басқарушының нақты талаптарына жауап беретін кері байланыстың жекеленген жолдарын дайындау; өңделмеген мәліметтердің жиынтығы ғана емес, сонымен қатар мақсаты бағытталған хабар нысанына қарай ақпараттар мен мәліметтерді беру; ауытқу мен проблемалардың жай констатациясының орынан, түзету әрекетін енгізу бойынша нұсқаулар дайындау; мәліметтерді жинау мен таратудың орталықтандырылмаған жүйесін жасау; бухгалтер-талдаушы өз тәжірибесін басқарушыларға олардың міндеттері мен жоспарларына тұрақты бақылау үшін көмек көрсету;

Басқарушы есептің басты басқаратын аясы және осы этапқа кіретіндер: Қажет ресурстардың үздіксіз болуын қамтамасыз ету; Ресурстардың пайдалануын бақылау жасау; Қойылған міндеттерді шешуге байланысты жұмыстардың аралық сипатын

дер кезінде және бойынша дәл өлшеу; Басшылардың шешімді жасау және түзетулерді енгізу әрекеттерін орындау

барысында, оларға қажет мәліметтер мен нұсқауларды беру; Басқарушылар үшін нұсқауларды дайындау және істің аралық шолуы

барысында оларға көмек көрсету.

Page 7: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 8-бет 55 беттен

бухгалтер-талдаушы (бухгалтер-менеджер) деп аталады. Кәсіпорындағы басқару есебін ұйымдастырудағы маңызды жағдайлардың бірі-бухгалтерлік есептің жеке жүйешесі ретінде қадрмен қамтамасыз ету болып отыр. Басқару есебін жүргізу үшін шаруашылық операцияларын тіркеумен ғана шұғылданбай, кәсіпорынды басқаруға да қатысатын білікті бухгалтер-талдаушы талап етіледі. Басқару процесінің міндетті іс-қызметтерін оқып- білген соң, басқару міндеттерін орындау кезінде менеджерлерге көмек көрсететін бухгалтер-талдаушы атқаратын рөлді қысқаша қарап көрсететін кез келген. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымында жеке бөлімшелер арасында желілік және (штабтық) өндірістік қатынастар болуы мүмкін. Желілік қатынастар бағынышты адамдарға нұсқау беруді көздейді. Бас бухгалтер-талдаушы барлық бухгалтерлік қызмет, демек желілік қатынастар жұмысы үшін де жауап береді. Желілік емес өндірістік қатынастар бір бөлім екінші бір бөлімдерге (мысалы кадр, жабдықтау, жобалау, қаржымен қамтамасыз ету бөлімдеріне) қызмет көрсеткен кезде пайда болады. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметі бұл орайда да штабтық сипатқа ие болады, өйткені оған бағынышты қызмет кәсіпорының басқа бөлімшелеріне кеңес береді, қызмет етеді және үйлестіреді. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметіне толығырақ тоқталайық. Басқарма іскерлік байланыстарды жоспарлау, бақылау мен реттеуден және ынталандырудан тұратыны бәрімізге белгілі. Жоспарлау. бухгалтер-талдаушы өнімнің қандай түрлерін, қай рынокта, қандай бағамен сату мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ күрделі қаржы жөніндегі ұсыныстарды бағалау үшін ақпарат бере отырып, өндірістік бөлімшелердің келешектік жоспарларын (бюджеттерін) жасауға қатысады. Бюджеттегі ақпарат өте дәл болуы және кірістер мен шығыстар жайлы мәліметтері, яғни жетуге тиісті жоспарлы көрсеткіштері болуы керек. Жоспарлар жауапкершілік орталықтарымен бірлесіп әзірленеді. Жоспарларды жасау төменнен жоғары қарай жүзеге асырылады. Бақылау мен реттеу. Бухгалтер-талдаушының қатысуынсыз бұл процестің де болуы мүмкін емес. Бақылау мен реттеу процестерін жүзеге асыру үшін жеткен нәтижелер туралы есептерге саясатын басқару есептерінің мәліметтері пайдаланады. Бұл есептерде нақты нәтижелерге және әрбір жауапкершілік орталықтары үшін жоспарланған көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жасалады. Бухгалтер-талдаушы жоспарлы көрсеткіштерден болатын кейбір өндіріс нәтижелерінің ауытқу жағдайлары туралы менеджерді хабардар еткенде, бақылау мен реттеу процесінде үлкен рөл атқарады. Басқаша айтсақ бухгалтер-талдаушы өндірістік нәтижелерге шұғыл талдау жүргізе отырып, өндірістің осал тұстарын белгілеп, бақылау мен реттеу процестерін іске асырады. Бухгалтер-талдаушы дайындаған есептер, бір жағынан, жауапкершілік орталықтары басшыларының қызметін әділетін бағалауға мүмкіндік береді; екінші жағынан, менеджерлер мен басшыны қай учаскелерде жоспарлық көрсеткіштерге жету мүмкін болмағаны туралы хабардар етеді. Іскерлік байланыстар (ақпарат алмасу). Басқару есебі ақпарат пен есеп алмасудың тиімді жүйесін ұйымдастыру мен жетілдіру жолымен іскерлік байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Мысалы. Жоспарлар жүзеге асыруға жауапты менеджерлерге жеткізіледі, оның үстіне, бұл ақпарат әр түрлі бөлімшелердегі менеджерлерге өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін пайдалы болуы мүмкін. Сметаны орындау жөніндегі бухгалтерлік есептер менеджерге маңызды ақпарат ұсынады, ол басшылықты қаншалықты табысты атқарып отырғаны және ауытқушылықтар жөнінде басқару тәсілдері көмегімен қандай сұрақтарды қарастыру қажет екендігі жайлы тұжырымдар жасайды. Ынталандыру. Бухгалтер-талдаушы жасайтын бюджет менеджерлерге жоспарлы көрсеткіштер туралы анық түсінік-таныстыру беріп, олардыұйым жұмысты алдына қойылған мақсаттарға жету үшін ұйымдастыра алуға жетелеуге, ынталандыруға тиіс. Бюджетті атқару туралы есептер еңбек өнімділігінің орындалған көрсеткіштеріне түзету енгізуді дәлелдеуге және нақты нәтижелерді жоспарланғандармен салыстыру арқылы

Page 8: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 9-бет 55 беттен

қандай көрсеткіштерге жетуге тиісті екендігі жайлы ақпарат беруге ынталы. Бұнда басқа, бухгалтер-талдаушы ұйым қызметкерлерінің қызметін ынталандыруға мүмкіндік жасайды және болуы ықтимал басқару проблемалары және жан-жақты қарастыруды талап ететін мәселелер аумағын анықтауға үлкен көмек көрсетеді. Кәсіпорындағы бухгалтер-талдаушының кәсіби іс-әрекеті арқасында жеке қызметтері арасындағы ақпарат пен есеп беруді алмасу мен менеджерлердің бақылау мен реттеу процестерін атқаруы үшін негіз жасалады. Осылайша, бухгалтер-талдаушы, біріншіден, басшылық алдында бөлімшелердің бухгалтерлік есептерінің шынайылығы үшін жауапкершілік көтереді, екіншіден жауапкершілік орталықтары басшыларына жоспарлау мен жұмыс қорытындысын шығаруда көмек көрсетеді.

3. Өнім ассортименті мен өндіріс көлеміне қатысты басқарушылық шешім қаржылық есеп берудің ақпараты негізінде қабылданады. Үлкен ассортиментпен өнім шығаратын кәсіпорын оны әр түрлі жолдармен географикалық, территориялық орналасуы әрқилы тұтынушыларға сатады: үлкен және кіші мөлшерде, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы, жеткізумен және жеткізусіз және т.б. Мұндай тәжірибе өнім түрлері және нарық сегменті бойынша алынатын табыс туралы жеке есеп беруді талап етеді.

Жекелеген сегмент бойынша қаржылық есеп беру өзіне жалпы соманы қосу керек және кәсіпорынның жалпы қаржылық есеп беруінде жазылуы қажет.

Әрбір өндірістік бөлімшелердің шығыны кәсіпорынның барлық деңгейіндегі өндірістік шығынның бір бөлігі болып табылады және ол өндіріс тиімділігімен, өнім түрлерімен, жұмыс уақытының толық пайдаланылуымен және т.б. бақылануы керек.

Әрбір кәсіпорындағы бақылау жүйесінің өзіндік ерекшелігіне қарамастан, ол мына тұрпатты рәсімдерді қамтуы керек:

әр өнімнің пайдалылығын қадағалау; әр өнім бойынша алынған жалпы пайданы бақылау; нақты пайданың болжалдыдан ауытқуын анықтау; шығын құрылымының есебі, шектен тыс байқалмайтын шығындарды шығарып

тастау; жекелеген өнімдерге келетін үстеме шығындардың орнын толтыру есебі; бағаны өзгертуде оның сұраныс икемділігіне әсері және кәсіпорында

қолданылатын басқа да бақылау рәсімдері.Бақылау рәсімдерін пайдалану болжанған пайданы алу үшін өндіріс көлемі қандай

болуы керек, нақты пайда шамасына қол жеткізу үшін сатудың қандай бағасын белгілеу керек, кәсіпорын жұмысының қауіпсіздік (залалсыз) шегі қандай, қауіпсіздік аймағы өткізілген өнімнің құрылымы қандай, міне осыларды анықтау қажет.

Өнім бірлігінің сандық есебі залалсыздық нүктесін есепсіз–ақ теңестіруге негізделеді:

Қалаулы пайданы алу үшін = Тұрақты шығын + Қалаулы табыс сатылған өнім бірлігінің саны Өнім бірлігінің бағасы

Есептеудің тікелей әдісі теңестіру бірден – бір негізі болып табылатын жалпы табыс әдісі деп аталады.

Жалпы табыс = Өнімді өткізуден - Өзгермелі(маржиналдық табыс) түскен түсім шығын

Мына фактіге назар аударған жөн: шешім белгіленген өндіріс диапазонының шегінде ғана қолайлы болмақ. Бұл диапазонсыз өнім бірлігінің өзгермелі шығыны мен сату бағасы басқаша болады. Кейде талдау үшін қауіпсіздік аймағын, сондай – ақ қауіпсіздік шегінің коэффициентін есептейді.Қауіпсіздік аймағы = Жоспарланған сату – Залалсыздық нүктесінде өткізу

Page 9: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 10-бет 55 беттен

Қауіпсіздік шегінің = Жоспарланған сату + Залалсыздық нүктесінде өткізу коэффициенті Жоспарланған сату

Залалсыздық нүктесі қауіпсіздік алаңын көрсетеді.Жалпы талдаудан соң әрбір өнім немесе өнім ассортимент пайдасының жеке салым

кестесі жасалады.Өнім пайдалылығы = Өнім бірлігінің маржиналдық табысы * 100 % (рентабельность) Өнім бірлігінің бағасы Өнімнің көлемі мен ассортиментіне әлдеқайда кең тарау үшін сегментті есептің көп

сатылы деректеріне негізделген сегментті талдау әдісі пайдаланылады. Пайда деңгейі тек өніммен ғана анықталмайды, сондай – ақ әрбір аймақтың жалпы пайда сомасына салынған ақша бойынша да бағаланады. Кәсіпорынның маржиналдық табысының құрылымы нарық аймағы бойынша, ал аймақтың іші - өнім түрлері бойынша есептеледі. Кәсіпкерлік сегменттің бақылау формасы өндірістік бөлімшелер тарапынан әр өнімнің өткізу бағасын белгілеу сияқты рәсімді де қарастырады.

Сондықтан әрбір бөлімшенің пайда сомасына салынатын салым ақша өндірістің тікелей шығынына және кәсіпорынның таза табысының әсеріне емес, жалпы үстеме шығындардың жаппай жиынтықты орнын толтыратын салым ақша ретінде қарастырылады.

Егер өнім ассортименті маржиналдық салым ақшаның және таза табыстың деңгейімен анықталса, онда орташа өзгермелі шығындар сатудағы сияқты тура сондай үйлесіммен өзгереді. Мұндай жағдайда өткізудің жоғары деңгейі шығынды кемітеді.

Сатудың өсуіне өндіріс қуаты жетпейтін болса, онда ол қосымша инвестиция мен жұмысшы күшін іріктеуді қажет етеді және бұл өндірістің тиімділігін төмендететін, шығынды арттыратын салдар тудырады.

Бір атаумен аталатын өнім түрлерін шығаратын кәсіпорынның алдында өнім шығарылымның ассортименті мен оны өткізуді ұтымды жоспарлау міндеті пайда болады.

4. Нарық жағдайында кәсіпорынның шаруашылық механизмін талдау өндірістің экономикалық тиімділігіне, оның зиянсыздығына, табыстылығына, яки оған: баға мен сұраныс; өндіру көлемі мен өнімді өткізу; кәсіпорынның тұрақты шығындары; өнім бірлігіне есептелген айнымалы шығындардың үлесі шешуші әсер ететінін көрсетеді. Бұл кезде кәсіпорынның тұрақты шығындары мен өнімнің бірлігіне шаққан айнымалы шығындар кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне мүлде әр түрлі әсер етеуі мүмкін. Сондықтан кәсіпорынды тиімді және ұтымды басқару шаруашылық субъектілерінде жүргізілетін есептің жүйесіне тәуелді болып келеді. Осы кезге дейін Қазақстсінда аталған мәселе өз дәрежесінде ескерілмей келеді, ал бухгалтериядан алынатын ақпарат, кәсіпорыннын, шаруашылық жағдайын тиімді басқаруға қолайлы болып келе бермейді. Қазақстандағы әрекет етуші бухгалтерлік есеп жүйесі салық пен алымдар бойынша мемлекеттік кіріс Министрлігі мен қаржы Минситрлігінің мақсаттарына бейімделген, бірақ шаруашылық субъектісін ұтымды басқарудың қажеттілігі өз дәрежесінде ескерілмеген. Негізінен мемлекеттік органдар үшін іске асырылып жүрген бухгалтелік есеп жүйесі, мақсатқа лайықты деген пікірмен қелісуге болады. Сондықтан, бүгінгі тандағы мемлекеттік оргаңдарында қабылданып жатқан бухгалтерлік есеп беру нысандарының (формасының) мәселесін қозғамай-ақ, шаруашылық субъектілерін басқару жөнінде дәйекті шешімдер қабылдау үшін, қажет болатын басқарушы есеп жүйесі бойынша шаруашылық субъектісінің басшылығының нұсқауымен жүргізу болады. Басқарушы есепті бүгінде бизнестің бір бөлігі ретінде қабылдауға болады, бірақ осы жөнінде бухгалтерияның бухгалтерлері мен қызметкерлері шексіз шарасыздықты танытып отыр. Үкімет пен орталық жоспарлаушы органдар үнемі бухгалтерлік есепті жүргізудің тәртібін белгілеп отырды. Бухгалтерлер табыс табуға (үлес қосуға) бағытталған өз көзқарастарын енгізуге мүмкіндіктер берілген жоқ, сондықтан олардың көзқарастары да өз деңгейінде танылған жоқ. Бухгалтер, ақпарат беретін бірыңғай

Page 10: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 11-бет 55 беттен

аппараттың қызметкері ретінде қарастырылды. Олар басқару шешімдерін қабылдауға өте сирек қатыстырылды. Бірақ, бизнестің нарыққа бағытталған тұсында бухгалтерлер өздерірінің жауапкершілігінің аймағының өскенін сезді және басқарушы есеп оған өте жақын қызмет етуші жүйе ретінде танылды.

Бәрімізге белгілі, басқарушы есеп қолданыстағы тұжырымдамаға сәйкес - бұл сапалы жаңа құбылыс, ол бухгалтерлік есептің бір бөлігі ретінде (бірақ бұл арада қаржы есебінің жетекші ролі сақталады), жедел-техникалық, статистикалық есеп, жоспарлау, бақылау мен экономикалық талдау элементтерін, сондай-ақ болашақ оқиғаларды болжау сияқты ресурстарды бақылаудың синтездік нәтижесін қамтиды.

Нарықтық қатынастардың құрылымында, сондай-ақ оларды реттеу механизмінде басқарушы есеп маңызды роль атқарады. Ол нарықтық қатынастардың ажырамас бөлігі және де бір мезгілде экономикалық саясатты жүзеге асырудың маңызды құралы. Міне, сондықтан, бүгінгі таңда басқарушы есептің табиғатын, тереңірек олардың фунциональдық ерекшеліктерін жете түсінуді, олардың ішінен кәсіпорынды тиімді басқару мүддесіне толық сай келетін әдістерін көре білу қажет.

Осыдан келіп, біздің пайымдауымызша, өндірісті басқару жүйесінде басқарушы есептің атқаратын ролі ең алдымен "басқарушылық шешімдерді жасау" мәселесін шешумен анықталады, бірақта бұл үшін бір мезгілде, өндірісті басқаруда жақсы жағдайы болу үшін, екі бапты бірден түсіну керек:Бірінші бабы мынадай басқару элементтерінен тұрады:

а) мәселеленің қойылуы (ақпараттар жинау, басқаруды синтездеу,жоспар құру, шешім қабылдау, яғни басқаша айтқанда бұлардың барлығы инновациялық жәрдем беруді білдіреді);

б) қойылған мәселелерді жүзеге асыруға басшылық ету (ұйымдастыру, мәліметтер алмасу, дәйектеу, шаруашылық субъектінің бағытыбойынша кеңестер беру, яғни басқаша айтканда бұл, біріншіден, біріншібағыттың бастапқы екі элементін бір біртұтас бүтінге үйлестіруді,екіншіден, қол астындағыларды оқыту және оларды даярлаудыбілдіреді);

в) нәтижелерді өлшеу (бақылау, бағалау).Екінші бабы басқарушы есептің техникалық жақтарымен байланысты, ал егер дәлірек

айтсақ, күрделі (капиталдық) жұмсалымдардың сметаларын жасау және олардың өтелімін анықтау, смета-жоспарларын, (нормаларын) кұру, запастарды басқару және т. б.

Демек, басқарушы есептің ролі — бұл екі бапты үйлестіру немесе өндірісті басқарудың барлық шешуші элементтерін, бизнесте ірі жетістікке жетуге бағышталған бір бүтінге айналдыру. Сонымен қатар, шаруашылық субъектіні тиімді басқаруда, яғни жоғарыда баяндалған мәселелерді шешу үшін, басқарушы есептің өзіндік проблемалары да жеткілікті. Сондықтан бұл параграфта басқарушы есептің роліне басты назарды аударамыз, өйткені бұл дұрыс шешім қабылдау үшін, жалпы және жедел басшылықты жүзеге асыратын менеджерлердің қажеттіліктеріне сай келеді, ал қаржылық менеджменттегі қаржының қызметі, сондай-ақ қаржылық есепте өз бетінше дербес зерттеуді қажет етеді.

Яғни, болашақта кәсіпорыңды тиімді басқару мақсатында, оның қаржылық жағдайын талдау, есеп беруді жасау және ағымдағы есепті қамту қызметтерін біріктіретін бухгалтерияның ролін түбегейлі өзгертуге тура келеді. Бүл, біріншіден, нарық жағдайында меншік құрылымының өзгерісін түсіндіреді және мемлекеттік меншік сол меншіктің бір ғана түрі; шаруашылық субъектісінің қызметінің нәтижесіне көптеген мүдделі жаңа меншік иелері пайда болады, өйткені оған олар өз қаржысын жұмсайды. Екіншіден, шаруашылық субъектісіне қажетті қаржылық және бәсекелестік күресте жеңіске жету үшін басқарушылық шешімдерін іздеуге мәжбүр болады. Осы мақсатта нарықтық коньюнктураны зерттейді, өзінің қызметін өз бетінше дербес жоспарлайды, жабдақтаушылар мен сатып алушыларды табады, бағаны белгілейді және т.б.

Page 11: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 12-бет 55 беттен

Үшіншіден, бюджеттік қаржыландыру мен мемлекеттік несиелендіру көп жағдайда шаруашылық субъектісінің қаржыландыру көзі болып табыла бермейді. Олар қаржыландырудың басқа да көздерін іздестіреді. Сондықтан шаруашылық субъектісі бәсекелестік күреске тек сатып алушылар мен өткізу нарығы үшін ғана енбейді, сонымен қатар коммерциялық банктердің несиелері үшін, басқа да потенциалды инвесторлардың қаражаттарын тарату үшін де енеді.

Осының барлығының нәтижесінде шаруашылық субъектісіде, бір жағынан, басқарушылық шешімдерді қабылдау және олардын нәтижелерін бағалау үшін, толық және дер кезінде акпараттардың болуына деген кажеттілік туындайды. Басқа жағынан, шаруашылық субъект өзіне өз қаражаттарын салуға (немесе салуға ниеттенуге) сәйкес акпараттар беріп отыруы керек. Сонымен бірге, нарық жағдайында салықтық аударылымдардын дұрыстығы туралы мемлекетке есеп беру қажеттілігі сақталады.

5. Нарықтық экономика жағдайындағы бухгалтерлік есеп есеп жүргізушілік пен статистикалық қызметінен гөрі, шаруашылық субъектінің қызметі туралы ақпараттарды беру, өңдеу, жинаудың, сондай-ақ, мүдделі жақтардың өздерінде бар ақша қаражаттарын қалай ұтымды инвестициялау керектігі жөніндегі талабына жауап беретін, және олардың қабылдаған шешімдерінің негізділігіне көздерін жеткізетін құралына айналды.

Әкімшіліктің жаңа мүддесін қанағаттандыру мүмкіндігіне тек қана бухгалтер-талдаушы ғана ие, себебі ол шаруашылық субъектінің экономикасын үғынуға қабілетті, қаржылы-есептік мәліметтер негізінде, оның олқы жерлерін анықтай алады, және де ол салықтық жоспарлауды жасайды.

Бүтіндей сірә, шаруашылық субъектінің қаржылық сәттілігі, ұйымдастыру деңгейіндегі басқарушы есептің жүйесіне тура пропорционалды болып келеді.

Осыдан, ең бастысы — мақсаттарды таңдау, сосын басқарушы есептің осы роліне қайшы келмейтін сәйкестікте әрекет ету варианттарын таңдау және оны қолдана білу. Менеджерлер әр заматта акпараттарға зәру болады, егер олар бухгалтер-талдаушылар дайындаған ақпараттар бойынша шешім қабылдайтын болса, онда оның түпкі әсері де қарастырылуы керек. Басқарушы есепті дұрыс ұғынудың қажетті жағдайы, шешім қабылдау процесін жете түсіну болып табылады. Дәлірек айтсақ, оптималды шешімдерді қабылдаумен басқарушы есептің ролі тығыз байланысты, онда ол іс әрекеттің баламалы варианттарын дайындау үшін қарапайым және қисынды негіз жасауға мүмкіндік береді. 3- суретте шешімді қабылдау процесінің моделі және үлгісі көрсетілген. Бастапқы бес кезеңі шешімді қабылдау мен жоспараудың процесін көрсетеді. Осының ішінде жоспарлау негізінен шешімді қабылдаудағы іс әрекеттің баламалы варианттарын таңдауда ең үлкен роль атқарады. Соңгы екі кезең таңдап алынған баламалы варианттарын жүзеге асыру мақсатымен, нақты көрсеткіштерді түзету мен бағалаудан қалыптасатын тікелей басқару процесін көрсетеді Енді біз бұл кезендерді жеке-жеке қарастырып көрейік.

Еске сала кетейік, дұрыс шешім қабылдамас бұрын, әрбір әрекеттің варианттары бойынша басымдылығын бағалай отырып, шешімді қабылдаушыларға мақсаты мен негізгі бағыты туралы анықгауға барынша мүмкіндік беру керек. Осыдан, шешімді қабылдау процесінің бірінші кезеңі — мақсаттарды анықтау және мәселелерді ұйымдастырудан тұрады. Компанияның мақсаттары мен мәселелері неден туындайды және соның ішіңде максималды табысқа қол жеткізу мақсатын негіздеуде әр түрлі аргументтердің ұсынылуы жөнінде қызу пікір таластың болғаны жөн. Мақсаттарды анықтағаннан кейін бухгалтер-талдаушы іс-әрекеттің (немесе стратегияның) баламалы варианттарын іздестіреді, сондықтан ШС басшысына төмендегі іс-әрекеттің варианттарының біреуіне немесе бірнешесіне сүйену ұсынылады:

қолданыста жүрген нарық жағдайына бейімделген өнімнің жаңа түрлерін сатуға дайындау;

өнімді сату үшін тыңнан жаңа нарығын іздестіру, яғни ол үшін жаңа өнім түрлерін дайындау;

Page 12: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 13-бет 55 беттен

өндірілген өнім түрлері бойынша, өздігінше жаңа нарыкты жасау, (игеру)Баламалы варианттарды іздестіруде бухгалтер барлық мүмкін болатын баламаны анықтауы керек. Мысалы, басқарушы офиске қызмет көрсетуде өзінің мәселелерін шешу үшін мынадай шығындарды қысқарту баламаларын анықтайды:

запастар, материалдар мен құрал-жабдықтарды сатып алуды жақсарту; нысандарды және басқа да баспа материалдарын стандарттау; көрсетілген мерзімінен тыс жұмыстарды қысқарту; қызметкерлердің еңбегін тиімді пайдалану; контор (кеңсе) жұмыстарын автоматтандыруды дамыту; материалдарды ысырап қылу мен ұрлықты болдырмау үшін бақылауды

жақсарту.Әр түрлі іске кірерде олардың кұндылығын ескеретін, творчестволық ойлай білетін

басшы, осы кезенде белсенді түрде идеяларды немесе ойларды іздейді және өз қарамағындағыларға өзінің нұсқауларын береді. Ол айқындалған (табылған) балама саны көбейген сайын, мәселелерді табысты шешу үшін мүмкіндіктердің көбейгенін білдіреді.

Баламаларды салыстыра отырып, басқарушы бірінші кезекте: ақша мен адамдарға деген қажеттілігін, инвестицияның қайтарымын, талап етілетін уақытын, басқа бөлімшелердің мұқтаждары, еңбек қатынастарына әсер етуін, қолда бар артықшылықтарын пайдалануын және басқа да осы сияқты іске қатысы бар факторларды қарастыру керек. Тандап алынған баламаларды іске асыруда, олардың іске асатындығын қайта тексеру керек, яғни реализм тағы да жоспардың шешілетін мәселелерге сәйкестігін бағалаудың шешуші кілті екендігіне көзін жеткізу керек. Осы мәселелерді және жоспарды ұсынып отырған басқарушы да, оның басшысы да оларды қарауға және бекітуге міндетті. Олар бұл жоспарларды жақтау кезінде, оны тағы да зерттеуі керек, ол үшін оның мына ретте сәйкестігін қараған жөн:

1. Қалыптастырылған жоспардың күтілуі қаншалықты негізделген, яғни қойылған мәселелерді шешуге мүмкіндігі бар ма? Егер олай болмаса, онда жоспарлар мен мәселелер бұл сұраққа жауаптың жағымды болатындай етіп қайта қаралуы тиіс.

2. Тәжірибеде бар барлық баламалар анық анықталды ма және бағаланды ма?3. Барлық негізгі кезеңдердің орындалуының нақты уақытша графигі ұсынылды ма?4. Ұсынылған графикке сәйкес жоспарды іске асыру барысында, оны сандық өлшеуге

мүмкіндік бар ма?5. Жоспардың іске асырылуына қатысы барлар үшін түсінікті ме?6. Активтерді пайдаланылудан түсетін қайтарымдарды оңтайлатуға мүмкіндік бар ма?Таңдап алынған іс-әрекеттердің баламалы бағыттары бюджетті жасаудың жол

сілтейтін нүктесі болып табылады. Смета -бұл әкімшіліктің қабылдаған әр түрлі шешімдерін жүзеге асырудың қаржылық жоспары. Смета түсімдері және қолма-қол ақшалардың кері ағылуы, сатудан түскен табыстар мен шығындар ескеріледі. Сметаларда болашақ нәтижелер мен ұйымның ниеті шоғырланған нысанда, біртұтас құжатқа жинақталып көрсетіледі. Бұл кұжат қорытынды қаржылық смета деп аталады және табыстар (кірістер) мен шығыстардың сметалық шоттарынан, қолма-қол ақша қозғалысының есеп айырысуы мен баланстан тұрады. Сметаны жасау барысында ұйымның әрбір бөлімшесі, әкімшіліктің жормалданған шешімдерін жүзеге асыру туралы өздерінің ролің білгені жөн.

Қызметтің нәтижесін бақылау (мониторинг) үшін бухгалтер сметаның орыңдалуы жөнінде есеп беруді дайындайды және белгілі бір шешімдерді орындауға жауапты менеджерлерге ұсынады. Сметаны жасау кезінде бухгалтер-талдаушы қысқа мерзімді жоспарларды дайындауға баса көңіл аударады және өткен кезең нәтижелері туралы мәліметтердің қалыптастыруына да жауапты, себебі олар болжау көрсеткіштерін жасауға қажет болады. Одан баска, ол жұмыс графигі мен сметаларды жасау процедурасын белгілейді, ұйымның барлық бөлімшелерінің қысқа мерзімді жоспарларды дайындауын үйлестіреді және осы жоспарлардың тығыз өзара үйлесімділігін қадағалап отырады.

Page 13: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 14-бет 55 беттен

Сосын ол бұл жоспарларды жоғарыдағы басшының бекітуі үшін, барлық ШС бойынша жалпы жинақгалған қаржылық сметаларын жасайды.

Сөйтіп бухгалтер-талдаушының көз қарасы тұрғысынан сметалар өздерінің қарапайым нысанында, бірлесіп қарастырылған барлық басқарушылардың жоспарлары мен мәселелерінің, жоспарлы (мақсатты) кезеңде бүтіңдей ұйымның табыстары мен шығыңдарына әсер ететіңдей, ақшалай көрсетілген бірліктің сандық көрінісі болып табылады.

Ерекше атап өтетін жайт, бұл табысты әрекет етуші субъектілердің, сметаны жоспарлауда қажетті шараларды таңдау, яғни барлық басқарушылық команданың бірлескен жұмыстарының нәтижесі ретінде, міндеттемелерді жасау үшін пайдалы екеніне көздері жету керек. Бизнес қадамы осы процестің жалпы тізбегінде деп айтуға мұқтаждық жоқ, бірақта ол барлық қажетті қадамдарды (шараларды) өзіне кіргізуі керек

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:1.Қаржылық есеп пен басқару есебінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары

қандай?2.Басқару есебінің объектілері қандай?3.Басқару есебінің ақпарат көзі қандай?4.Басқару есебіндегі функциялар қандай?

2 тақырып: Стратегиялық басқару, стратегиялық есеп және олардың тереңдетілген басқару есебіне ықпалы

Дәріс сұрақтары:1. Шығындар функцияларын анықтаудағы жалпы ұстанымдар. 2. Шығындар функцияларын бағалаудағы өткен мәліметтерді пайдалануда ескеретін факторлар. 3. Қорлардың тиімді мөлшерін есептеу. 4. «Дәл мерзімде» жүйесі.5. Тапсырыс мөлшерін анықтау.

1.Өндіріс шығындары бұдан да басқа мынадай топтамаларға бөлінеді:- жауапкершілік орталықтары бойынша;- құрамына қарай;- өндіріс процесіндегі экономикалық роліне қарай;- өндіріс көлемінен тәуелділік сипатына қарай;- өзіндік құнға жатқызылу уақытына қарай немесе есептік кезеңдерге қарай;- тиімділігіне қарай;- шығын түрлеріне қарай.Өндірістің барлық шығындары өнімнің жекелеген түрлерінің немесе біртекті өнімдер

топтарынын өзіндік құнына кіргізіледі. Өзіндік құнға қосылу тәсілінен тәуелді шығындар тікелей және жанама шығындар деп бөлінеді.

Тікелей шығындар алғашқы құжаттардың негізінде белгілі өнім (қызмет, жұмыс) түріне жатқызуға болатын шығындар. Оларға материалдық шығындар, еңбек ақы және одан аударымдарға шығындар жатады. Барлық тікелей шығындар калькуляциялық шоттарда бейнеленеді.

Жанама шығындар бірнеше өнім түрлерінің өндірісімен байланысты, өнімнің өзінідік құнына оларды тарату арқылы енгізілетін шығындар.

Құрамы бойынша өндіріс шығындары бір элементті және кешенді болып бөлінеді, яғни шығындарға енгізілетін элементтерден тәуелді болады.

Өндіріс процессіндегі экономикалық ролінен тәуелді шығындар негізгі және үстеме деп бөлінеді. Негізгі шығындар өнім жасаудың өндірістік процессіне тікелей кіретін шығындар.

Page 14: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 15-бет 55 беттен

Үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қалпында ұстаумен байланысты шығындар.

Өндіріс көлеміне қатысты шығындар шартты-тұрақты және шартты- ауыспалы шығындардың мәні, олардың шамасы өндірілетін өнім көлеміне тікелей пропорционалды өзгеретіндігінде. Олар өнімнің бір бірлігіне нормаланады. Шартты тұрақты шығындар өнім өндірісі көлемінен тәуелсіз және ауыса қоймайды. Шамалары кәсіпорын бойынша шектеліп отырады. Ауыспалы және тұрақты шығындар шартты түрде алынады, өйткені олардың арасында шығындар мен өнім көлемінің қатаң есептігі жоқ.

Есептік кезендер немесе өзіндік құнға жатқызу уақытынан тәуелді өндірістік шығындар ағымдағы және бір мезгілдік қана болып бөлінеді. Өндіріс шығындарын ағымдағы және бір мезгілдік - деп қатаң бөліп қарау өнімнін өзіндік құнын ай сайын дұрыс есептеуге мүмкіндік береді.

Тиімділігінен тәуелді шығындар өнімді және өнімсіз деп бөлінеді. Өнімнін өзіндік құнының денгейіне өнімсіз шығындар көп әсер етеді.

Өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін шығындар шығын элементтеріне және шығындардың калькуляциялық статьяларына бөлінеді. Шығын элементтері - өндірісті ұйымдастыру мен технологиясына байланысты экономикалық біртекті шығындар. Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтау өндіріске қанша шығындалғанын көрсетеді.

Өнімнің (қызметтін, жұмыстың) өндірістік өзіндік құнын құрайтын шығындар экономикалық элементтері бойынша топталады:

- материалдық шығындар;- еңбек ақы шығындары;- еңбек ақыдан аударымдар;- негізгі құралдырдың тозуы;- басқа да шығындар;Өнім өндірісіне кететін шығындарды осылайша ғылыми жіктеу өзіндік құнды

анықтауға тиімді есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, өндірісті ұйымдастыру және өндіріс шығындарының алғашқы және талдамалы есебін құрауда осы жіктеудің маңызы зор. Өнімнін өзіндік құнын анықтауда шығындар өнімнің өзіндік құнына кіретін үлесі есепті кезеңге сәйкес келетіндей боып таратылады. Өнімнің қандай түрі болмасын оның негізін құрайтын, яғни оны шығаруға кеткен шығындарды белгілі жіктелген, ғылыми негізделген шығын баптары арқылы есептеудің оның өзіндік құнын дәл анықтауына мүмкіндік береді. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өндірістік құнына кіретін шығындардың дұрыс есептелуі әрбір өнімнің, өнім топтарынын нақты өндірістік өзіндік құнын анықтайды.

2. Есеп және калькуляция объектілері бойынша жиынтық есеп. Өндіріс шығындарының аналитикалық есебі. Бұл есеп өнімнің бір өлшемінің іс жүзіндегі өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл әрбір калькуляциялық (есептік) объектке ашылған карточкалар немесе арналған ведомосы арқылы жүзеге асады. Осы ведомостарда (карточкаларда) шығындардың баптары, ал баяндауыш ведомостарда — айдың басы мен соңындағы цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс калдықтары, ай ішіндегі шығындар, дайын өнімді, түпкілікті ақауды, аяқталмаған өндіріс жетіспеушіліктерін, кайтымды қалдыктарды есептен шығару жөне басқа да есептен шығарулар көрсетіледі. Ведомостарға (карточкаларға) тиісті мәліметтерді жазу үшін кажетті кұжаттар мен талдамалык кестелер негіз болады. Ведомостар (карточкалар) бойынша жиынтық әр цех бойынша көрсетіледі, ал аяқталмаған өндіріс калдықтарынын сомасы — Бас кітапта керсетілген 8010-шот бойынша қалдықтарға тең болуға тиіс. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алу ведомостарының (карточкаларынын) деректері бойынша шығарылған өнімнің накты өзіндік құны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген қағаз (накладная) арқылы

Page 15: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 16-бет 55 беттен

коймаларда кіріске алады. Өндірілген өнімнің кұнына 1320 -"Дайын өнім" шоты дебеттеледі жөне 8010-шот кредиттеледі.

Өндірістегі шығындардың жиынтық есебі шығындардың жиынтық есебі ведомосында жүргізіледі. Біртектес бұйымдардың жекелеген түрлері немесе тобы калькуляциялау объектілері болатындықтан, біртектес өнімнің бірін немесе бірнеше түрлерін жасауға жұмсалған шығындарды есептеу үшін ведомоста осыған ұқсас шоттар ашылады. және түрлі жағдайлардағы өнімнің өзіндік кұн бойынша бар нұсқауларға талдау жасап, кәсіпорынды басқару органдарына өзіндік кұн туралы деректер береді, бұл деректер осы органдар үшін ағымдық және болашақ операцияларды бақылауды жүзеге асыру құралы болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына өту үстінде екені белгілі. Осы тұрғыда материалдық қорлар есебін жүргізудегі ерекшеліктерге тоқталайық. Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша қорларды есепке алу «Қорлар» деп аталатын 2 ХҚЕС – мен регламенттелінеді. 2 – ХҚЕС 9 – тармағында былай делінген: «Қорлар міндетті түрде өзіндік құн мен өткізудің мүмкін болатын таза құны сияқты екі шаманың азы бойынша бағалануы тиіс». Мұны аз бағалау ережесі (LCM – Lover of cost market) деп атайды. Сонымен, қорлар қаржылық есептілікте ең ұстамды баға бойынша ескерілетін болады. Өткізудің мүмкін болатын таза құны (ӨМТҚ) – активті сату нәтижесінде алынуы мүмкін сома, одан сату шығындары шегеріледі. Әдетте, ӨМТҚ – ны бағалау кезінде қалыпты операциялар барысындағы сауда деп түсіндіріледі, демек, активті сату үшін керекті жағдайға келтіруге арналған кез – келген шығындарды ескеру қажет.ӨМТҚ – ның бағалау есептемелері ең сенімді айғаққа негізделеді. Қорлардың есеп – қисабын қаржылық есеп беруге қол қою күніне дейін қол жеткізілген ақпарат негізінде кәсіпорынның мамандары жүргізеді. ӨМТҚ – ның есеп – қисабын жасау кезінде бұл қорлардың неге арналатынын, есепті кезең аяқталғаннан кейін болған уақиғаларды кезең аяғында болған жағдайларды растайтын уақиғаларды сондай деңгейде ескеру керек. Кәсіпорын ӨМТҚ – ның есебін расталуын қамтамасыз етеді.Бұл растау қорларды бағалауды жүзеге асырған сарапшының есеп беруімен рәсімделеді. Онда қорлардың нарықтық құнының өзгеру себептері, олардың құнын төмендету шамасы көрсетіледі және қорлар құнының өзгеру үрдісі болжанады. (кәсіпорында өтімсіз, құнсызданған және нормативтен артық қорларды анықтау жөнінде комиссия құрылуы тиіс). Бұл құжат өзіндік құн мен өткізудің мүмкін болатын таза құны арасындағы айырманы шығындарға есептен шығару үшін негіз болмақ. Тәжірибеде қорларды сату олардың өзіндік құнынан төмен жүзеге асырылатын жағдайдың болуы мүмкін. Оның себептері мыналар бола алады:

1. тауарларға арналған жалпы нарық бағаларының төмендеуі;2. қорлардың табиғи жағынан зақымдануы;3. бұйымның жасалуын аяқтау үшін қажетті қосымша шығындар. Қорлар құнының өткізудің мүмкін болатын таза бағасына дейін төмендетілу практикасы теориямен үйлеседі. Оған сәйкес активтерді оларды сатудан немесе пайдаланудан алу тұспалданған, сондай – ақ қорлардың өзіндік құнын өтей алмауы тұспалданған құнынан жоғары құны бойынша есепке алу дұрыс емес. Аз бағалау ережесі бойынша тауарлық қорларды бағалаудың үш негізгі әдісі бар:

1. Баптылық әдісі – қорлардың әрбір атауы бойынша өзіндік құны мен сату бағасы салыстырылады.

2. Негізгі тауарлық топтар әдісі – тауарлардың әрбір тобы үшін жалпы құны мен жалпы сату бағасы салыстырылады. Сосын әрбір топ неғұрлым төмен құны бойынша салыстырылады. Қорлардың тиісті атауларының өзара

Page 16: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 17-бет 55 беттен

байланыстылығынан баптылық әдісті іс жүзінде қолдану мүмкін емес болғанда, осы тәсіл қолданылады.

3. Қорлардың жалпы деңгейі әдісі – барлық тауарлық қорлар өзіндік құны бойынша әрі сату бағалары бойынша бағаланады және неғұрлым төмен баға тауарлық қорлар үшін пайдаланылады деп тұспалданады.

Қорлар құнының төмендеу шамасы былай анықталады:-баптылық әдіс кезінде – 7 мың теңге (600 – 593);-негізгі тауарлық топтар әдісі бойынша – 5 мың теңге (600 – 595);-қорлардың жалпы деңгейі әдісі бойынша - 4 мың теңге (600 – 596).Қорлар құнының ӨТМҚ – на дейін төмендеудің жалпы шамасын, сондай - ақ қорлар бойынша барлық ысыраптарды мұндай төмендеу болған не осындай шығындар орын алған кезеңнің шығындары ретінде көрсеткен жөн.

Осы аталған әдістер бойынша қорлар құнын бағалау:

Кесте - Қорлар құнын бағалауҚорлар түрлері

Өзіндік құны

ӨТМҚ LCM баптылық

LCM тауарлық топтар бойынша

LCM қорлардың жалпы деңгейі бойынша

Кірпіш 100 103 100 - -Цемент 200 198 198 300 -Құм 300 295 295 295 -Жиыны 600 596 593 595 596

Бұл жағдайда қорлардың өзіндік құнын өткізудің таза құнына дейін есептен шығаруды мына шоттар корреспонденциясымен тікелей есептен шығару әдісі деп атауға болады.

Д-т 7216 «Қорлардың өзіндік құны ӨТҚ – на дейін есептен шығару бойынша шығындар»

К-т 1330 «Тауарлар»Егер қорлар құнын ӨМТҚ –на дейін төмендетудің бұрын уағдаласқан шарттары

өзгерсе, онда есептен шығару сомасы жаңа құн өзіндік құнның азы және мүмкін болатын өткізудің қайта қаралған таза құны болатындай етіп сторноланады. Яғни өткізудің мүмкін болатын таза құнын ұлғайтудан туындаған қорлардың кез – келген қайтадан қосымша есептеу шамасы есептеу жүзеге асырылған кездегі шығындар ретінде танылған қорлар шамасын кеміту ретінде танылуы тиіс.

Қорлар айналым қаржылары болғандықтан,олар жи» айналуы керек. Үш айға дейін қозғалыссыз жатуын қалыпты жағдай деп есептеуге болады, ал қалған мерзімдержөнінде бұлар «проблемалары бар» қорлар болады. Өндірістік қорлардың белгіленген нормативтері болмаған кезде нормативтік қорларға олардың орташа айлық шығынынан асатын қорлар жатады. Нормативтерден артық қорлардың туындау себептері пайдаланылмайтын, өтімсіз, жатып қалған материалдық қорлардың болуынан. Мұндай активтерді іске асыру жөнінде шұғыл шаралар қолдану қажет, ал әзірге сол қорлардың құнсыздануына резервтер жасау керек.

Қорлардың құнына қарай белгіленетін резервтеу пайызын кәсіпорынның өзі белгілейді және бұл оның есеп саясатында айтылады. 1 жылдан аса қойма бойынша қозғалысы жоқ қорлар – резервтің 100 % болады. Резервтер құру бойынша шоттар корреспонденциясыОперация мазмұны Дебет Кредит

Page 17: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 18-бет 55 беттен

Резервтер жасау 7216-«Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ – на дейін есептен шығару бойынша шығыстар»

1361-«Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ – на дейін жеткізу бойынша резерв»

Резерв жасау есебінен кейіннен қорларды есептен шығару

1361-«Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ-на дейін жеткізу бойынша резерв»

1330-«Тауарлар»

Өткізудің таза құнының ұлғаюына байланысты қайтадан қосымша есептеу (шығындардың кемуі)

1361-«Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ – на дейін жеткізу бойынша резерв»

7216-«Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ – на дейін есептен шығару бойынша шығындар»

Құнсызданған немесе нормативтен артық тауарлық – материалдық қорлардың кейбір түрлері бойынша қорлар құнының төмендетілуіне резерв сатудың мүмкін болатын бағасын толық деңгейде дәл белгілеу мүмкін болмайтын немесе мұндай бағаны айқындау едәуір ақшалай және уақыт шығындарын талап етілетін жағдайларда да жасалына алады.

Сонымен , ХҚЕС –ның аса маңызды талабы бизнестің мүмкін болатын проблемаларын қаржылық есеп беруде адалдықпен көрсету болып табылады.

4. «Дәл уақытында» жүйесі жалпы түрде өндірісті басқарудың формасы болып табылады. Ол 80-ші жж. Жапонияда пайда болды. Бұл жүйеде мерзімді жабдықтаулар қызмет етеді, яғни өндірістің келесі кезеңіне қажетті материалдар, қорлар, тауарлар тұтынушыға дәл қажет болған кезде жеткізіледі.

«Дәл уақытында» жүйесі материалдық-өндірістік қорларды есептеу мен басқаруға, өндіріс үрдісіне және дайын өнім шығарылымына тікелей әсер етеді. Осыған тәуелді өндіріс шығындарын есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өзіндік ерекшеліктері пайда болады. Берілген жүйе кәсіпорынға тұтынушыға бірден жеткізу арқылы, дайын өнімді, сондай-ақ өндіріске қажетті шикізаттарды қоймада сақтау бойынша шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Тұтынушыларға дайын өнімнің жоспарланатын жеткізулеріне негізделетін өндірістің дәстүрлі (орталықтандырылған) үлгісінен айырмашылығы, «дәл уақытында» жүйесі нақты сұранысқа тура бағдарланған жүйеге сәйкес әрекет етеді, мұнда өндірістік бөлімшелердің тығыз қарым-қатынасына, өнім өндірісінде өндірістік үрдістің берілген кезеңінде қажетті ресурстарды ғана пайдалануға ерекше назар аударылады.

«Дәл уақытында» жүйесі идеалды түрде болғанда өнімге жұмсалатын уақыт оны өндіру уақытына дәл келуі қажет. Бұл қатынастың өндірісті ұйымдастыру жүйесінде шешуші мәні бар. Батыс мамандарының көзқарасы бойынша «дәл уақытында» жүйесін және материалдық ресурстарды жоспарлау жүйесін енгізбеген кәсіпорындарда өнім өндірумен тығыз байланысты уақыт өнімге жұмсалатын бүкіл уақыттың 10% құрайды.

Осылайша, бұл кәсіпорындарда уақыттың көп бөлігі өнім өндірісіне емес, оған ілеспелі үрдістерге, яғни сақтау, сапаны бақылау, тасымалдау, ішкі орын ауыстыруға жұмсалады. Өнімді шығаруға, дайындауға кететін уақыттың 90 % өнімнің өзіндік құнын емес, шығынды өсіреді. Өнімді шығаруға даярлау уақытының минимумдалуына тән «дәл уақытында» жүйесінің келесі қасиеттерге ие болуы, шығындарды қысқартуда маңызды артықшылықтар береді:

• материалды-өндірістік қорлардың шамалы болуы не мүлдем болмауы;• материалдар өндірістік бөлімшелерге қажетті жағдайда түседі, кейде бірнеше

сағат ішінде;• өндіріс процесі, аяқталмаған өндіріс қорларын қоймалаусыз, бірнеше цехта

жүзеге асырылады;• дайын өнім түтынушылардан алынған тапсырыстардан артық өндірілмейді.

Page 18: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 19-бет 55 беттен

• «Дәл уақытында» жүйесі материалдық-өндірістік қорларды басқарудың әдісі ғана емес, құнды жасаумен байланысы жоқ, шаруашылық операцияларды жою бойынша менеджменттің философиясын бейнелейді, яғни бүкіл өндірістік цикл ағымында өнім сапасын жақсартуға бағытталған.

«Дәл уақытында» жүйесінің негізгі принциптері болып келесілер табылады:1. Сенімді жабдықтаушыларды іздеу.1. Өндірілетін өнім сапасын өндіру.2. Сатып алынған материалды-өндірістік қорлар бойынша шығындарды

қысқарту.3. Сатып алынатын материалдар партияларының санын азайту

және тапсырыстар көлемін өсіру.4. Резервтік материалдық-өндірістік қорларды қысқарту.5. Материалдық-өндірістік қорларды нөлге жеткізуге ұмтылу.6. Өндіріс процесін қарапайымдандыру, оңтайландыру.7. Өндіріс циклын қысқарту, мұның өзі аяқталмаған өндіріс уақытын

қысқартады.8. Елеулі емес ақаулар мен кемістіктердің болуы не олардың мүлдем болмауы. «Дәл уақытында» жүйесі кәсіпорын менеджерлерінің жабдықтаушылармен тығыз

қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді. Көп жағдайда бұлар бір-бірін бәсекелес деп қарастырмайды, керісінше қоян-қолтық қызмет ету арқылы серіктестік байланыстар орнатады.

Осылайша, «дәл уақытында» жүйесін пайдалану кезінде тапсырысша мен жабдықтаушы арасындағы қатынастарды сипаттай отырып, келесідей негізгі белгілерді бөліп көрсетуге болады:

• ұзақ мерзімді келісім шарт жасау;• жабдықтаушы өзі жеткізетін өнімнің сапасына бақылау орнатады, өйткені

ақаулардың анықталуы тұтынушы өндірісіндегі істен шығуларды болдыру мүмкін;• материалдық-өндірістік қорлардың аз партияларына жиі тапсырыс

жасау; бұл жағдайда жабдықтаушы жабдықтаулардың үздіксіздігін қамтамасыз етеді;• жабдықтаушы мен тапсырысшы арасында ақпараттық байланыс идеалды

болуы керек:• партнерлық қатынастарды жетілдіруді жалғастыру.«Дәл уақытында» жүйесіндегі өндірістік технологиялық тізбектегі әрбір бұйым-

бөлшек өндірістің келесі этапына қажет болған жағдайда ғана өндірілетінін бейнелейтін процесс. Осылайша, «дәл уақытында» жүйесі шығындар мен уақыттың неғұрлым аз көлемінде ақаусыз өнім өндірумен сипатталатын және бұйымдардың аз санын өндіру кәсіпорынға зиян әкелмейтін, өндірстік технологиялық процесті қатаң ұйымдастыруды талап етеді.

Материалдарға қажеттілікті жоспарлау жүйесінің негізгі элементтері болып келесілер табылады:

Әрбір бұйымның саны мен өндіріс уақытын тура анықтайтын, негізгі өндірістік кесте.

Соңғы өнім өндірісіне қажетті материалдар, бөлшектер, құрамдас бұйымдар көрсетілген, материалдар тізімі.

Әрбір бұйым, бөлшек немесе құрамдас өндірістерде пайдаланылатын, материалдық-өндірістік қорлар туралы есеп берушілік. Берілген бұйымдар туралы ақпараттар жеке компьютерлік файлдарға келіп түседі. Мұнда қолда бар материалдар туралы және алынуға тиіс материалдар саны және жеткізілу күні туралы ақпараттар белгіленеді.

Сатып алуға қажетті барлық материалдар үшін тапсырысты орындау уақыты және кәсіпорында өндірілетін бөлшектерді құрастырып жинаудың стандартты уақыты.

Page 19: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 20-бет 55 беттен

«Дәл уақытында» жүйесінің негізінде өнімге құн қосатын операцияларды ғана қарапайымдандыру идеясы жатыр. «Дәл уақытында» жүйесін пайдаланатын, кәсіпорындарда өндірістік шығындардың қарапайымданған жүйесін жүргізудің негізгі себептері келесідей:

Ұйым менеджерлері материалдар бақылауын анағұрлым тиімдірек жүргізеді. Материалдар мен аяқталмаған өндірістің үлкен көлемдерінің болмауы, нақты қолда бар материалдар мен аяқталмаған өндіріске бақылау жүргізуге және мониторинг өткізуге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

Өнім өндірісі мерзімдерінің қысқаруы мен алдын ала жасалған тапсырыс бойынша өндіріс жүйесіне тәуелді, өндірістік шығындардың жалпы көлеміндегі аяқталмаған өндіріс шығындарының үлесі анағұрлым төмен.

Өндірістің әртүрлі стадияларында орын алатын, ақаулардытүзетумен байланысты, шығындардың егжей-тегжейлі есебін жүргізу қажеттілігінің азаюы.

«Дәл уақытында» жүйесін пайдаланғанда, әрбір бөлімшілерде өндірістік циклдың барлық кезендерінде шығындар есебін жүргізудің қажеттілігі жоқ, өйткені жұмыскерлер бүкіл процеске бақылау жасап, қажетті түзетулерді тез енгізе алады. «Дәл уақытында» жүйесін іске қосу кезінде материалдық-өндірістік қорларды бағалау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жүйені пайдаланғанда бірінші алынған материалдардың өзіндік құны бойынша (ФИФО) бағалау әдістерінің мәні төмендейді. «Дәл уақытында» жүйесін пайдалану жағдайында айтылған әрбір әдісті пайдалану жолымен есептелген қорларды бағалаудан ауытқуларындағы айырмашылықтар 100% шаққанда елеусіз болады. Бұл алынатын материалдардың өндіріске бірден түсуімен түсіндіріледі. Мұның нәтижесінде есепті кезең соңында ешқандай қорлар қалмауы мүмкін.

«Дәл уақытында» жүйесі бойынша шығындар есебінде уақыт ұғымының маңыздылығы жоғары, себебі өндіріспен және өзге де процестермен байланысты қызметтердің барлық түрлері дәл уақытында орындалу үшін жоспарланады. Өнім өндірісінің басынан аяғына дейін қажетті уақыт кезеңі, өндірістік цикл деп аталады және ол жеке 4 элементтен тұрады: өндіріс уақыты; сақтау ұзақтығы және ұйымдастырушылық не техникалық себептер бойынша бос тұрып қалу уақыты; өнімнің орын ауыстыруының уақыты; өнімнің сапасын бақылау уақыты.

Өндіріс уақытының ағымында ғана өнім құнының өсімі жүзеге асырылады. Идеалды түрде өндірістік циклдың басқа элементтері мүмкіндігінше азырақ болу қажет. «Дәл уақытында» жүйесінің тиімділігінің кең таралған көрсеткіші болып өндіріс тиімділігінің коэффициенті табылады. Ол келесі формула арқылы анықталады:

мұндағы То - операцияларға жұмсалған уақыт; Тоц- өндірістік цикл уақыты.Берілген коэффициент өндірістердің жеке түрлеріне де, бүкіл кәсіпорынның

өндірістік циклы ішінде есептелу мүмкін. Идеалды түрде өндіріс тиімділігінің коэффициенті 100% тең болу керек. Мұнда ол барлық уақыттың қосымша құн жасаумен байланысты операцияларға жұмсалатындығын көрсетеді. Тәжірибеде бұл көрсеткіш 100% анағұрлым төмен, көп жағдайда ол 10% тең.

Бұдан басқа, 1 сағатта өндірілген өнім бірлігінің саны, материалды-өндірістік қорларды сақтау уақыты, құрал-жабдықтарды қайта жөндеу уақыты (жабдықтарды қайта жөндеуге жұмсалған уақыттың өнім өндірісінің уақытына қатынасы) сияқты көрсеткіштер де пайдаланылады.

Егер компания өз өндірісінде ақаусыздық деңгейіне жетуге ұмытылса, ешбір ақау, жоғалтулар болмауы керек және бухгалтерлік есеп жүйесі барлық жоғалтулардың, ең елеусіздерінің де ақшалай өлшемдегі жеке есебі жүргізілетіндей етіп құрылу қажет. Басқарушылық есептің негізгі мақсаты болса ақаусыз өнім өндірісіне барынша көңіл бөлу

Page 20: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 21-бет 55 беттен

және «дәл уақытында» жүйесіне сәйкес өнім өндірісінде сапа ұғымының ерекше мәні бар екенін көрсету.

Сапа көрсеткіштерінің бірі келесідей анықталады:С= ақаулы өнімнің саны не өндіріс қалдықторының саны / өндірілген өнімнің

жалпы саныӨнім сапасын өлшеудің кең таралған тәсілі өндірілген өнімнің миллион бірлігіне

шаққандағы ақау санын анықтау табылады (кейбір кәсіпорындарда 1 млн өнім бірлігіне шаққанда 1 ақау не одан да аз келеді). Бұдан басқа, өнім сапасы ақаулы өнімді қайтарумен, рекламация мен шағым жасау санымен де анықталады.

«Дәл уақытында» жүйесінің қызмет етуінің негізгі сұрақтарын қарастырып болған соң, бірқатар артықшылықтарды бөліп көрсетуге болады:

• қойма қорлары көлемдерінің 75% қысқаруы, бұл шикізат пен материалдарға салынатын қаржыларды азайтуға әкеледі;

• материалдық-өндірістік қорлардың ішкі орын ауыстырумен байланысты шығындарды қысқаруы;

• материалдарды және дайын өнімді сақтау үшін арналған бөлмелер мен алаңдарды рационалды пайдаланудың арқасында инвестициялардың қысқаруы;

• жабдықтаушылар, транспорттік ұйымдар, тапсырыс берушілер арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруы;

• құрал-жабдықтар санына және жұмысшылар еңбегіне ақы төлеу шығындарына қажеттіліктің азаюы;

• материалдық-өңдірістік қорлардың ескіру, жоғалту және бүліну тәуекелімен байланысты, шығындардың қысқаруы;

• жалпы шығындардың азаюы, әсіресе үстеме шығындардың (тиеу-түсіру жұмыстары, өнім сапасына, шикізат пен материалдарды сақтауға бақылау жасайтын инспекторларды ұстау);

• құжаттарды толтырумен байланысты кеңсе жұмыстарыныңқысқаруы («дәл уақытында» жүйесін енгізгеннен кейін тапсырыс,талап, наряд жазудың қажеттілігі жоғалады);

• құрал-жабдықтарды жөндеу шығындарының 20% қысқаруы.Материалдық-өндірістік қорларға инвестиция салу мәселесін қарастырғанда қорлар көлемінің қысқаруы нәтижесінде нақты болатын үнемге ерекше көңіл аударылады. «Дәл уақытында» жүйесін пайдаланатын ұйымдардың көбінде материалдық-өндірістік қорлар айтарлықтай қысқарғанымен, көп мөлшері әлі де сақталуда. Бұл кәсіпорындағы шикізат, құрастырушы бұйымдар, жартылай фабрикаттардан өзгеше қорлардың болуымен шартталады. Бұл қорларды берілген жүйеде үнемдеу өте қиын, сонымен қатар тауарлы-материалдық құндылықтарды нөлдік деңгейге дейін бірден қысқарту мүмкін емес.

5.Тапсырыстың оңтайлы мөлшері, сақталатын қорлардың саны немесе жасалынған тапсырыс саны әсер ететін, шығындар арқылы анықталады. Неғұрлым материалдардың үлкен саны бір уақытта тапсырылса, соғұрлым жыл бойы азырақ тапсырыс жасау қажет, яғни тапсырысты орындау құны азаяды. Алайда тапсырыс аз жасалса, орташа қордың үлкен көлемде болудың қажеттілігі өседі, мұның өзі қорларды сақтау құнының артуына әкеледі.

Басқарудың мақсаты тапсырыстың үлкен санын таратып орналастыру құнымен салыстырғанда көлемі үлкен қорларды сақтау құнын азайтуда жатыр. Тапсырыстың оңтайлы мөлшері - бұл бүкіл тапсырыс көлемінің және қорларды сақтау құнының ең аз мөлшерде болғандағы жасалатын тапсырыс көлемі. Тапсырыстың оңтайлы мөлшері тапсырыстың анағүрлым үнемді мөлшері атымен де таныс, оны әртүрлі мөлшердегі тапсырыстың жиынтық құнының кестесі көмегімен, графикалық немесе формула көмегімен анықтауға болады.

Осы үш тәсілді бір мысалмен қарастырайық.

Page 21: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 22-бет 55 беттен

Мысал, компания сыртқы жабдықтаушыдан бірлігіне 5000 теңге багамен шикізат сатып алады. Осы өнімге жалпы жылдық қажеттілік- 40000 бірлік және келесідей қосымша ақпарат берілген.

Тауарлы-материалдық құндылықтар қорларынасалынған инвестицияларға қажеттіжылдық табыс (10% *5000) 500Қорлар бірілігін сақтаудың басқа да шығындары 100Қор бірілігін сақтау құны 600Бір тапсырысты жеткізуге жұмсалатыншыәындар (кеңселік, тұрақты, пошталық,телефон және т.б.) 1200Тапсырыстың оңтайлы мөлшерін анықтау қажет.Кестелік әдіс. Әртүрлі мөлшерлі тапсырыстар үшін жылдық релевантты шығындар

кесте көрсетілген. Бұл кесте бойынша 400 бірлікке тапсырыс экономикалық тиімді. Мұндай көлемде жиынтық жылдық релевантты шығындар минималды болады.

Кесте - Әртүрлі мөлшерлі тапсырыстар үшін релевантты шығындар.

КөрсеткіштерТапсырыс көлемі, бірлік

100 200 300 400 500 600 800 1000Орташа қор, бірлік1 50 100 150 200 250 300 400 5000Жабдықталатын тапсырыстардың саны2

400 200 133 100 80 67 50 4

Қорларды сақтаудың жылдық құны, мың теңге3

30 60 90 120 150 180 240 3000

Тапсырысты орындаудың жылдық құны, мың теңге

480 240 169,9 120 96 80,4 4,8 60

Жиынтық релевантты шығындар, мың теңге

510 300 249,6 240 246 260,4 300 3004,8

1Егер тапсырысты қабылдау сәтінде қорлар болмаса және алынған материалдар бірқалыпты пайдаланылатын болса, орташа қортапсырылған көлемнің жартысына тең болады. Егер резервтікқор болса, тапсырыс көлемі туралы шешімге сәйкес құрылған, орташақор, тапсырылған көлемнің жартысына тең болады. Өйткені қордыңең аз мөлшері әрбір тапсырыс үшін өзгерусіз қалады.

2Жабдықталатын тапсырыстың санын 40000 бірлікке тең,қажетті жылдық көлемді тапсырыс мөлшеріне бөледі.

3Сақтаудың жылдық құны орташа қорды қордың бір бірлігінсақтау құнына көбейту арқылы табады.

Графикалық әдісте кесте келтірілген мәліметтер сызба түрінде суретте көрсетілген. Тік осьте - қорларға салынған инвестицияларға жылдық релевантты шығындар, ал көлденең осьте - тапсырыстар көлемі немесе қорлардың орташа деңгейі белгіленген. Көлденең осьте - іс жүзінде екі шкала, бұл тапсырыстар көлемін және қорлар деңгейін көрсету үшін жасалған.

Графиктен көріп отырғанымыздай, егер қорлардың орташа деңгейі немесе тапсырыс мөлшері өссе, онда сақтау құны да өседі. Басқа жағынан, тапсырысты орындау құны қорлар деңгейі мен тапсырыс мөлшерінің өсуіне қарай азаяды. Жиынтық шығындар сызығымен тапсырысты сақтау мен орындау құнының сомасы белгіленеді.

Жиынтық шығындар сызығы 400 бірлік көлеміндегі тапсырыс үшін минимумда орналасқан, және тапсырысты орындау құны мен қорларды сақтау құнын көрсететін

Page 22: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 23-бет 55 беттен

қисықтардың қиылысу нүктесінен өтетінін көріп отырмыз. Осылайша, сақтау құнының тапсырысты орындау құнына тең екенін көрсететін нүктеде тапсырыс мөлшері анағұрлым үнемді.

теңге

420000360000

300000 Жиынтық шығын240000

180000 Сақтау құны120000

60000

0 200 400 600 800 Тапсырысты орындау құны

Тапсырыс көлемі

100 200 300 400Қордың орташа деңгейі

Сурет -Тапсырыстың оңтайлы мөлшерінің сызбасы.

Жиынтық шығындар сызығы 400 бірлік көлеміндегі тапсырыс үшін минимумда орналасқан, және тапсырысты орындау құны мен қорларды сақтау құнын көрсететін қисықтардың қиылысу нүктесінен өтетінін көріп отырмыз. Осылайша, сақтау құнының тапсырысты орындау құнына тең екенін көрсететін нүктеде тапсырыс мөлшері анағұрлым үнемді.

Графиктегі жиынтық релевантты шығындар тапсырыс мөлшерінің өзгеруіне аса сезімтал еместігі ерекше көңіл аударарлық. Мысалы, тапсырыс мөлшерінің 25% өзгеруі- 400 бірліктен 300-ге дейін немесе 500 бірлікке дейін- жылдық жиынтық шығындардың 240000 теңгеден 246000 теңгеге не 249600 теңгеге дейін, яғни 2,5 не 4% өсуге әкеледі. Тапсырыстың 50% өсуі - 400 бірліктен 600 бірлікке дейін- жылдық шығындардың 240000 теңгеден 260400 теңгеге не 8,5% өсуіне өкеледі.

Тапсырыстың оңтайлы мөлшерін сақтау құны, тапсырысты орындау құны және оның мөлшері арасындағы негізгі қатынастарды ескеретін, формула көмегімен анықтауға болады. Бұл қатынастар келесіде болуы мүмкін: кезеңде қорлардың бір статьясына жалпы қажеттілікті бейнелейтін, кезең бойынша тапсырыстар санын (D) тапсырылған бірлік санына (Q) бөлгенге тең. Тапсырысты орындау құны келесі формуламен анықталады:

Кезеңдегі жалпы қажеттілік Бір тапсырысты DО

Page 23: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 24-бет 55 беттен

Тапсырылған көлем * орындау құны Q

Қор бірлігін сақтау құны тұрақты деп алсақ, кезең бойынша жалпы сақтау құны кезеңдегі орташа қорды (ол тапсырылған көлемді екіге бөліп анықталған (Q /2)), қор бірлігін сақтау құнына (Н) көбейткенге тең.

Жалпы сақтау құны келесі формуламен есептеледі:

Тапсырылған көлем Бір бірлікті Q Н 2 * сақтау құны = 2

Кез келген мөлшердегі тапсырыстар үшін жиынтық релевантты шығындар (ТС) келесідей анықталады:

Жоғарыда келтірілген формуланы Q бойынша диффиренциалдай отырып және туындыны нөлге теңестіргенде жиынтық шығындар функциясы үшін ең аз мөлшерді анықтай аламыз.

нөлге теңестірсек,

Мұндағы Q - тапсырыстың оңтайлы мөлшері, D - кезең бойынша жалпы қажеттілік, О - бір тапсырысты орындау құны, Н - қор бірлігін сақтау құны.

Осы формула арқылы келтірілген мысалды шығаратын болсақ,

бірлік

Қосымша қорларды (яғни қайталап тапсырыс жасау сәті) алуға тапсырысты қай уақытта жасау керектігін анықтау үшін тапсырысты құжаттаудан тапсырысты іс жүзінде жабдықтауға дейін қанша уақыт өтетіндігін білуіміз қажет. Бұл период тапсырыс циклы деп атайды. Белгілі бір жағдайлардағы тапсырысты қайталау уақыты тапсырыс циклындағы күндер (апталар) санын қорлардың күндік (апталық) шығынына көбейту арқылы табылады. Материалдар, бөлшектер және қосымша материалдар үшін тапсырысты қайталау уақыты болып сатып алуға тапсырыс жасалып және тапсырыс жабдықтаушыларға жіберілетіндегі уақыт табылады. Өз өндірісінің жартылай фабрикат қорлары үшін тапсырысты қайта жасау уақыты жартылай фабрикаттар қорлар деңгейінің өнімді өндіретін бөлімшелерге тапсырыс жасау қажет болғандағы қалыптасатын қор деңгейіне сәйкес келу уақыты болып табылады.

Егер жылдық шикізат шығыны 6000 бірлік құрайды, ал апталық шығын тұрақты деп алсақ, онда егер жылда 50 жұмыс аптасы бар болса, апталық шығын 120 бірлікке тең болады. Егер тапсырыс циклі – 2 апта болса, онда қор 240 бірлікке дейін түскенде тапсырыс қайта жасалу қажет. Тапсырыстың оңтайлы мөлшері бойынша қорларды қашан толықтыру қажет болатынын анықтауға болады. Мысалы, егер тапсырыстың оңтайлы 600 бірлік, ал жылдық сұраныс 6000 бірлікке тең болса, онда жыл ағымында 10 тапсырыс жасалады. Жылдағы 50 жұмыс аптасында тапсырыс әрбір 5 жұма сайын жасалады. Алайда

Page 24: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 25-бет 55 беттен

тапсырыс циклі – 2 аптаға тең болғандықтан, фирма бірінші жабдықтаудан кейін 3 жұма өткен соң ғана, қор 240 бірлікке дейін азайғанда тапсырыс жасайды ((600 бірлік тапсырыстың оңтайлы мөлшері) – (120 бірлік апталық шығын)*3 апта)). Осылайша, тапсырыстың оңтайлы мөлшер моделі белгісіз сұраныс жағдайында, қорларды қашан және қандай мөлшерде толықтыру керектігін анықтауда пайдаланылады.

Тапсырыстың оңтайлы мөлшері және оны өндірісте не жабдықтаушыларда орналастыру сәті сақтандыру қорының шамасынан тәуелді. Жоғарыда айтылып кеткен есептеулердің формулалары белгілі бір анық жағдайда: болжамдардың дұрыстығы, жабдықтау мерзімдерін уақытылы қайта қарау, тапсырыстың қайталау мүмкіндігін болдырмау, сақтандыру қорларын жабдықтаушыларда сақтау кезінде іске асырылады.

Ал егер жабдықтау шарттарында іркілістер байқалса, бұл есептеулерге әсер ететін өзге де факторлар туралы қосымша ақпарат жинауды талап етеді. Кәсіпорын мұндай жағдайда тапсырысты қайталау сәтін бағалаудың сандық әдістерінен бас тартып, арнайы жағдайларды көңілге алады. Олар: жабдықтау мерзімдерінің ұзартылуы, қорларды пайдалануды жеделдету, болашақта бағалардың өсуі, материалдардың ескіруі белгісіздік.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:1. Шығындар функцияларын анықтаудағы жалпы ұстанымдар қандай ?. 2. Шығындар функцияларын бағалаудағы өткен мәліметтерді пайдалануда ескеретін факторлар қандай ? 3. Қорлардың тиімді мөлшерін есептеу қалай жүргізіледі? 4. «Дәл мерзімде» жүйесінің мәні неде?5. Тапсырыс мөлшерін анықтау қалай іске асады?

3 тақырып: Шаруашылық операциялар негізіндегі өзіндік құнды калькуляциялау және менеджментДәріс сұрақтары:1. Бюджеттік жүйе түрлері. 2. АВС әдісі негізінде смета құру. 3. Қаржы салымдары пайдасы, экономикалық қосылған құн.

1. Шаруашылық субъектісіне басқарушы есеп жүйесін енгізу туралы шешімді қабылдау үшін, алдымен біршама дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Басқарушы есепті өндіріске енгізудің басты себептері болып мыналар табылады:

- ШС-нің іс-әрекетінің негізгі тиімділік көрсеткіштерінің нашарлауы: табыс, капитал мен айналым рентабельділігі, өтімділік және т.б.;

- ШС-нің менеджментіне ұсынылатын талаптардың өз деңгейінде болмауы, калькуляциялау менталдау, жоспарлаудың ескірген әдістері;

- ШС-де қолданып жүрген басқару мәнері мен есеп пен талдаудың әдістері менеджерлерді канағаттандырмауы (мысалы, жекелеген өнімдер бойынша нақты сату тиімділігіне қатысты нақтылықтыц жоктығы немесе олардың топтарында, немесе жеке-леген бөлімшелердің істерінде тиімділіктін пақты көрініс таппауы т.б.);

- ШС-де жекелеген бөлімдер арасында орындалған жұмыстар мен келісілген шарттардың үйлесімділігінің жоқтығы;

- жаңа жағдайда қызмет етуге бейімсіздігі және бюджеттеудің жоқтығы т.б. Бірақта басқарушы есеп жүйесін енгізу үшін, ШС-де қолайлы жағдай пісіп жетілуі керек. Егерде оның қызметіндегі негізгі керсеткіштер нашар-лай бастаса, онда аталған шешім қабылданбайды, бірақ осындай кезеннің алғашқы сатысында (яғни, дабыл қаға бастаған шағында) ол қабылдануы мүмкін. Өйткені басқарушы есеп жүйесін енгізу процесі көп еңбек пен қара-жатты талап етеді. Бірақ ондай шешім қабылдар алдыңда, ұйымдағы психо-логиялық ахуалды да зерттеген жөн. Егерде ШС өте киын жағдай қалыптас-қан болса, онда оны кәсіпорынға асығыс енгізудің қажеттілігі жоқ.

Page 25: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 26-бет 55 беттен

Басқарушы есеп жүйесін дайындау туралы шешім қабылданып, орында-ушылар тағайындалған соң, басқарушы есептің инструменталдық базасы қалыптастырылады. Басқарушы есеп құралдарын менеджмент тәжірибесіне енгізуден бұрын, оларды ШС нақты жағдайларына бейімдеу және әзірлеу керек. Бірінші кезекте келесі көрсеткіштерді есептеу мәселесі қозғалады:

- шығындарды: айнымалы және тұрақты етіп бөлу;- ШС-де жоспарлау немесе бюджеттеу жүйесін (мұнда стратегиялық та, жедел

жоспарлауда) калыптастыру;- өнімдер мен шығындардың пайда болу орындары бойынша шығындарды есептеу;- Шағымдағы қызметтері мен инвестициялардыңтиімділігін есеіпсу;- жоспарлы және нақты көрсеткіштердің ауыткуларын талдау.Басқарушы есептің бұл аталған құралдары (инструменттері) бойынша сәйкес

есептеулер арнайы әдебиеттерінде келтірілген. Егерде бұл әзірленген инструменттер (кұралдар) қолданушылардың ойынан шықпаса, ондя оны одан әрі жетілдіру мәселесі қозғалады. Бұл арада шығындарды айнымалы және тұрақты етіп бөлудің мәселесі үлкен пікір сайысты туғызуы мүмкіи Аталған мәселе көптеген шаруашылықтарда бүгіннің өзінде жүзеге асырыла бастады. Сондықтан кез келген шаруашылық нарықтың қатан занына төзіп беру үшін, оның кейбір талаптарына бейімделуі керек:

- талданатын объектілері нақты және түсінікті болуы;- шаруашылық субъектісіндегі бөлімшелердің қызметінің нәтижелеріне берілген

түсініктемесі (интерпретациясы) менеджерлер үшін дәлелді болуы;- тексерушілерде (бақылаушыларда) белгілі бір тәуелсіздікке ие болуы және

олардың аргументациясының орынды болуы;- "клиенттер" (менеджерлер) тарапынан бақылаушыларға достық сеніммен қарауы;- коммуникация мен ынтымақтастықты қатар алып жүруі.Бұл кезең өте ұзаққа, шамамен үш жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл кезеңдерден

кейін орнықты кезеңі (фазасы) басталады және ол келесідей белгілерімен көрінеді:- бухгалтер-талдаушылардың қызметіне менеджерлердің сенімі артады, соның

арқасында олардың бірлескен жұмыстары және коммуникациясының көлемі өседі және бөлімшелердің жұмыс нәтижесі айтарлықтай жақсарады;

- басқарушы есептің қызметтері ШС-нің ұйымдастырушылық құрылымында, олар ең жоғары иерархиялық деңгейіне ие болады және шешілетін мәселелердің спектрі ұлғаяды;

- бақылау-аналитиктері менеджерлердің жақсы серіктесі бола бастайды және барлық жерде басқарушы есептің тиімділігі туралы пікірлер таратыла бастайды.

2. Кейбір елдерде өнімнің өзіндік құнын кальеуляциялау кезінде көбінесе батыс елдерінің өзінде екі бірдей әдісті қолданады: барлық жанама шығындарды ендіру негізінде, яғни «абзорпшен - костинг» пен «директ - костинг» жүйесін қолданады. «АВС» - бұл өзіндік құнға тек жанама шығындары енгізіледі. Бұл жүйеде өзіндік құнды есептеу қағидасы мынадан тұрады, онда шығындардың жанама бөлігі жоспарланады. «АВС» жүйесінің толық өзіндік құннан айырмашылығы, ол өндірілген өнімнің өзіндік құнына тарту барысында, тек алдын ала стандартталған жанама шығындарды ғана есепке алады. Кейде, директ – костинг жүйесінің өз аталымында біршама шарттылықтар да кездеседі. Сондықтан да біршама авторлар өзінің еңбектерінде, аталған жүйенің артықшылықтарын ғана емес, керісінше кемшіліктерін көруге және оның мейлінше жетілдіруіне емес, дәстүрлі өндірістік есептің аясынан шықпауына жете мән береді. «АВС» жүйесіндегі өнімді өндіру мен сатуға байланысты барлық жанама шығындарға қатысты жүргізіледі. Сонымен бірге, ол алдын ала стандартталған өзіндік құн бойынша есептелінеді. Оны есептеу үшін өнімді дайындаумен байланысты жанама шығындар болып табылады. Іс жүзінде, кей жағдайда шығындардың қандай топтарға жатқызылатындығын анықтау оңайға соқпайды.

Page 26: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 27-бет 55 беттен

Экономикалық әдебиеттердің көбісінде «АВС» жүйесі мен «директ - костинг» жүйесі бірге қарастырылады, яғни салыстырмалы түрде жазылады. «Абзорпшен – костинг» жүйесінде де негізгі материалдар мен еңбек өнімділігінің ауытқулары және көрсеткіштері қарастырылады. Сонымен қатар, «АВС» калькуляциялау әдісіне де және өндіріс шығындарының әдістеріне де жатқызылады. «Абзорпшен - костинг» пен «директ костинг» жүйелерінің арасында ерекшеліктері мен ұқсастықтары көп, айырмашылықтары тек алдын ала стандартталған жанама шығындарды ғана есепке алады. «АВС» жүйесі туралы әдбиеттерде аз жазылған,яғни ақпарат көздері аз болып саналады, өйткені бұл жүйені қолданған кезде пайдасы аз болып саналады. Бұл жүйеде де «директ – костинг» жүйесі сияқты маржиналды тәсілді пайдаланады.Осы тәсіл арқылы қаржылық – шаруашылық қызметіндегі шығындарды көрсеткіштерді есептеуде қолданылады. Бірақ, батыс елдерінде осы екі әдісті бірге қарастырады. Олардың айырмашылықтары тек шығындарды есептеу кезінде ғана болып есептеледі.Сондықтан да басқару есебіндегі негізгі қағидаларының бірі: оның көп еңбекті қажет ететін және көптеген есептеулерден кейін қосылатын шаруашылық субьектінің барлық шығындарының жиынтығын емес, ол тек жанама шығындардан тұратын кплькуляциясы басты қағидасы етіп ұстанады. Сөйтіп, «АВС» жүйесінің толық өзіндік құннан түбегейлі ерекшелегі, оның жанама шығындарды есептеуге қатысуында. Ол толық өзідік құнды калькуляциялау кезінде олар есептеулерге қатыспайды. Айтып өткеніміздей, жанама шығындарды жатқызатын тұрақты шығындар иеленушісін тез табу және оның тиімді болуын қарастыру есеп жүйесінің басты мәселесінің бірі.

3. Шаруашылық субъектісінің ішкі табыстар нормасы өзінің физикалық мәні бойынша, тек инвестициядан алынатын пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады, және сол бойынша инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін несие алуына болатындығын да керсетеді. Бұл нормалық пайыздың мөлшерлемесі тек жобаны жүзеге асыру кезінде, одан алынатын барлық ақшалай түсетін қаражаттарының (табыстар мен амортизациялық қаражаттарының) дисконтталған кұны, сол жобаның дисконтталған шығын құнымен тен болса ғана қабылданады.

Ішкі табыстар нормасының керсеткішін есептеу үшін мынадай аналитикалық формуласы немесе тендігі пайдаланады:

Бұл формула үшін: жыл, тоқсан, ай сайын біркелкі болатын қызметтің уақыт кезеңдерінде есептелінеді.

Келтірілген формула дисконттау мөлшерлемесін шешуге колайлы жағдай туғызады. Және ол теңдеудің көмегімен өтеу мерзімін оның ішкі табыстылық нормасымен салыстыруға болады, демек оның ішкі өтелу коэффициентімен (Р) үксастығы байқалады. Егер ішкі табыстылық нормасы жеткілікті болса, онда шаруашылық субъектісінің зиянсыздық нүктесінде тұрғандығын байкатады. Олай болса, ішкі табыстар нормасы (табыстылығы), карыз алудың ең жоғарғы мөлшерлемесін корсетеді, яғни дисконттау мелшерлемесінің ен биік деңгейі, баскаша айткднда, инвестициялық жобанын тиімді және тиімсіздігін айкындайтын шекарасы ретінде қарастыруға болады. Егер, ШС ішкі табыстар нормасының деңгейінен, операциялық шығындары асып кетсе, онда бұндай жоба тиімсіз деп танылады.

Сондықтан, тәжірибеде, ішкі табыстар нормасы, инвестициялық жобалардың варианттарын іріктеу (сүрыптау) үшін сүзгіш ретінде пайдаланады. Нарыктык экономикасы дамыған елдерде инвестициялық жобаны іріктеу үшін шаруашылық субъектісінің ішкі табыстар нормасы - 0,15-0,20 - пайыздан кем болмағанды қалайды. Ішкі табыстар нормасы: табыс пен инвестицияның деңгейімен (немесе оның айырмасымен) ғана емес, сондай-ақ олардың уақыты бойынша да таратылатын процесіне байланысты

Page 27: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 28-бет 55 беттен

болып келеді. Күрделі қаржыны, бөлудің барысында, одан алынатын табыстың мерзімі созылған сайын, ішкі табыстар нормасы да төмендей береді. Инвестициллық жобаларды салыстырмалы тұрғыда талдау үшін, олардың уақыты бойынша түсетін табыстын графигін құрастырған жөн. Ішкі табыстар нормасы қатыстық (относительді) көрсеткішті береді. Ол өзара басқа жобалармен салыстыруға, әртүрлі жобалар үшін олардың табыстарының абсолюттік мәнін анықтауға, жақсы жобаларды тандап алуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен де, бұл критерияның маңызды бір кұндылығы, оның дисконттау мөлшерлемесін анықтауды бірінші кезекке қояды. Одан баска, ішкі табыстар нормасының кемшілігі - жалпы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға керек қаражаты (оның жалпы құны) онда ескерілмейді, және де амортизациялық аударылымдар сиякты туынды шығындарды бөліп көрсетпейді. Экономикалық әдебиеттерде жоғарыда аталған әдістерден басқа, инвестицияның рентабельділік индексіне (пайда индексіне) де біршама көңіл бөлінеді. Бұл әдіс таза келтірілген құн әдісінің жалғасы (салдары) десекте болады. Рентабельділік индексі (РІ) мына формула бойынша есептелінеді:

Ескертетін бір жай, егерде РІ >1 болса, онда жобаны қабылдау керек. РІ < 1 болса, онда жобаны қабылдамау керек. РІ=1 болса, онда жоба не табысты, не зиянды болуы ықтимал (яғни, жобаны қабылдау басшының интуициясына байланысгы болып келеді).

Таза келтірілген эффектіден рентабельділіктін ерекшелігі, ол қатыстық (относительді) көрсеткішті береді (бұл кезде күрделі қаржының деңгейі бір өнім бірлігіне есептелінеді).

Аннуитет — бұл біркелкі жүйеде қайталанатын ақшы ағындарының жүйелілігі. Егер инвестициялық жобалардан түсетін ақша ағындарының бірқалыптылығы болса ғана, аннуитет тәсілін қолдануға болады.

Ақшаның бұндай ағының келесідей формуласы бойынша есептелінеді:

Тәжірибеде, ақша ағындарының бірқалыпты болып түсетін инвестициялық жобалар жиі кездеседі, бірақта мұндай жобаларды бағалау үшін көп жағдайларда, осы жобаның кандай жорамалды аннуитетіне эквивалентті екенін анықтау керек. Алдымен ақша бірлігіндегі аннуитеттің деңгейін білгеннен соң, оны келесідей формуланың көмегімен анықтауға болады:

Мұндағы, С - аннуитетРУ — бағаланатын (немесе бағаланған) жобанын келтірілген құны.Сонымен, аннуитеттің құны (С) жобаның келтірілген құнымен (РУ) тең болса,

және инвестор инвестициялық жоба үшін өз капиталын салса, сондай-ақ әрбір кезенде С көлемі біркелкі төлем әкелсе, онда бұндай инвестициялық жобаның парықсыз екендігі шығады. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1. Бюджеттік жүйе түрлері қалай жіктеледі? 2. АВС әдісі негізінде смета құру қалай жүргізіледі?3. Қаржы салымдары пайдасы, экономикалық қосылған құн қалай анықталады?

4 тақырып: Басқару шешімдерін қабылдаудағы шығындар жайында ақпараттар

Дәріс сұрақтары:

Page 28: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 29-бет 55 беттен

1. Сапалы аспектілер маңыздылығы. 2. «Шығындар - өнім көлемі - пайда» талдауы. 3. Бірнеше өнім түрлерінің зиянсыздығын талдау. 4. Тәуекелділік пен анықталмаған жағдайларда шешімдер қабылдау.5. Инвестиция шешімдерін талдау. 6. Жеке ресурстар бойынша шектеу

1. Өнім ассортименті мен өндіріс көлеміне қатысты басқарушылық шешім қаржылық есеп берудің ақпараты негізінде қабылданады. Үлкен ассортиментпен өнім шығаратын кәсіпорын оны әр түрлі жолдармен географикалық, территориялық орналасуы әрқилы тұтынушыларға сатады: үлкен және кіші мөлшерде, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы, жеткізумен және жеткізусіз және т.б. Мұндай тәжірибе өнім түрлері және нарық сегменті бойынша алынатын табыс туралы жеке есеп беруді талап етеді.

Жекелеген сегмент бойынша қаржылық есеп беру өзіне жалпы соманы қосу керек және кәсіпорынның жалпы қаржылық есеп беруінде жазылуы қажет.

Әрбір өндірістік бөлімшелердің шығыны кәсіпорынның барлық деңгейіндегі өндірістік шығынның бір бөлігі болып табылады және ол өндіріс тиімділігімен, өнім түрлерімен, жұмыс уақытының толық пайдаланылуымен және т.б. бақылануы керек.

Әрбір кәсіпорындағы бақылау жүйесінің өзіндік ерекшелігіне қарамастан, ол мына тұрпатты рәсімдерді қамтуы керек:

әр өнімнің пайдалылығын қадағалау; әр өнім бойынша алынған жалпы пайданы бақылау; нақты пайданың болжалдыдан ауытқуын анықтау; шығын құрылымының есебі, шектен тыс байқалмайтын шығындарды шығарып

тастау; жекелеген өнімдерге келетін үстеме шығындардың орнын толтыру есебі; бағаны өзгертуде оның сұраныс икемділігіне әсері және кәсіпорында

қолданылатын басқа да бақылау рәсімдері.Бақылау рәсімдерін пайдалану болжанған пайданы алу үшін өндіріс көлемі қандай

болуы керек, нақты пайда шамасына қол жеткізу үшін сатудың қандай бағасын белгілеу керек, кәсіпорын жұмысының қауіпсіздік (залалсыз) шегі қандай, қауіпсіздік аймағы өткізілген өнімнің құрылымы қандай, міне осыларды анықтау қажет.

Өнім бірлігінің сандық есебі залалсыздық нүктесін есепсіз–ақ теңестіруге негізделеді:

Қалаулы пайданы алу үшін = Тұрақты шығын + Қалаулы табыс сатылған өнім бірлігінің саны Өнім бірлігінің бағасы

Есептеудің тікелей әдісі теңестіру бірден – бір негізі болып табылатын жалпы табыс әдісі деп аталады.

Жалпы табыс = Өнімді өткізуден - Өзгермелі(маржиналдық табыс) түскен түсім шығын

Мына фактіге назар аударған жөн: шешім белгіленген өндіріс диапазонының шегінде ғана қолайлы болмақ. Бұл диапазонсыз өнім бірлігінің өзгермелі шығыны мен сату бағасы басқаша болады. Кейде талдау үшін қауіпсіздік аймағын, сондай – ақ қауіпсіздік шегінің коэффициентін есептейді.Қауіпсіздік аймағы = Жоспарланған сату – Залалсыздық нүктесінде өткізу

Қауіпсіздік шегінің = Жоспарланған сату + Залалсыздық нүктесінде өткізу коэффициенті Жоспарланған сату

Залалсыздық нүктесі қауіпсіздік алаңын көрсетеді.Жалпы талдаудан соң әрбір өнім немесе өнім ассортимент пайдасының жеке салым

кестесі жасалады.Өнім пайдалылығы = Өнім бірлігінің маржиналдық табысы * 100 %

Page 29: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 30-бет 55 беттен

(рентабельность) Өнім бірлігінің бағасы Өнімнің көлемі мен ассортиментіне әлдеқайда кең тарау үшін сегментті есептің көп

сатылы деректеріне негізделген сегментті талдау әдісі пайдаланылады. Пайда деңгейі тек өніммен ғана анықталмайды, сондай – ақ әрбір аймақтың жалпы пайда сомасына салынған ақша бойынша да бағаланады. Кәсіпорынның маржиналдық табысының құрылымы нарық аймағы бойынша, ал аймақтың іші - өнім түрлері бойынша есептеледі. Кәсіпкерлік сегменттің бақылау формасы өндірістік бөлімшелер тарапынан әр өнімнің өткізу бағасын белгілеу сияқты рәсімді де қарастырады.

Сондықтан әрбір бөлімшенің пайда сомасына салынатын салым ақша өндірістің тікелей шығынына және кәсіпорынның таза табысының әсеріне емес, жалпы үстеме шығындардың жаппай жиынтықты орнын толтыратын салым ақша ретінде қарастырылады.

Егер өнім ассортименті маржиналдық салым ақшаның және таза табыстың деңгейімен анықталса, онда орташа өзгермелі шығындар сатудағы сияқты тура сондай үйлесіммен өзгереді. Мұндай жағдайда өткізудің жоғары деңгейі шығынды кемітеді.

Сатудың өсуіне өндіріс қуаты жетпейтін болса, онда ол қосымша инвестиция мен жұмысшы күшін іріктеуді қажет етеді және бұл өндірістің тиімділігін төмендететін, шығынды арттыратын салдар тудырады.

Бір атаумен аталатын өнім түрлерін шығаратын кәсіпорынның алдында өнім шығарылымның ассортименті мен оны өткізуді ұтымды жоспарлау міндеті пайда болады.

2. Өндіріс қызметін жоспарлауда «шығын – көлем – пайда» талдауы жиі пайдаланылады. Егер өндіріс көлемі белгіленсе, онда тапсырыс портфеліне сәйкес осы талдаудың арқасында ұйым баланс ретінде де, таза пайда түрінде де табыстың белгілі бір шамасын алу үшін шығын шамасы мен сату бағасын есептейді. Осы талдаудың көмегімен жарнама шығыны, өнім бағасы немесе материал жабдығы, өндіріс құрылымы өзгергенде өндірістік бағдарламалардың әр түрлі нұсқаларын оңай санауға болады. Басқаша айтқанда, «шығын – көлем – пайда» талдауы өндірістік процестің бір немесе бірнеше параметрлері өзгеретіндей болса, қандай дүниеге ие болып қалады дейтін сұраққа жауап алуға мүмкіндік тудырады.

Нарықты қалыптастыру және оны реттеудің әдісін әзірлеу – сұраныс, ұсыныс, баға тәрізді нарықтық элементтердің өзара байланысы мен олардың бір – біріне тәуелділігін анықтайды.

Жүйенің әрбір элементі өндіріс, шығын және табыстылық (маржиналдық) факторларының ықпалына тәуелді болып, өзгеріп отырады.

«Шығын – көлем – пайда» талдауы – бұл негізінде шығынның, түсімнің, өндіріс көлемінің және пайданың; басқарушылық жоспарлаудың аспабы мен бақылаудың өзара байланысы жататын шығын мінез – құлқының талдауы болып табылады. Аттары аталған өзара байланыстар қаржылық қызметтің негізгі моделін қалыптастырады. Бұл менеджерге қысқамерзімді жоспарлау мен баламалы шешімдерді бағалау үшін осы модель бойынша талдаудың нәтижесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Залалсыздықты талдаудағы мақсат – ұйымның өндірістік қызмет деңгейі (іскерлік белсенділігі) өзгергенде қаржылық нәтижесінің қандай күйде болатынын белгілеу.

Залалсыздықты талдау шығындары тұрақты және өзгермелі деп бөлуге негізделгендіктен, бөлудегі нақтылыққа, яғни бөлудің неғұрлым нақтылығына қарай қабылданған шешім соғұрлым орнықты болады. Мұндай бөлу өзіне тұрақты ретінде де, өзгермелі ретінде құраушыларды қосатын аралас (жартылай өзгермелі) деп аталатын шығындардың болуын белгілі бір деңгейде қиындатады.

Өндірістің залалсыздығын талдау аз уақыт ішіндегі сату көлемі, шығындар мен пайданың арасындағы өзара байланысты анықтап береді.

Талдау нәтижесі бойынша ұсыныс берілетін кезеңде өндіріс қуаттылығы шектеулі.

Page 30: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 31-бет 55 беттен

Бұл арада басшылыққа өндіріс көлемінің шиеленіскен («өлі») сәтін, яғни сын көтермейтін осал тұсын анықтауға мүмкіндік тудыратын өнім шығарылымының талдауына баса назар аудартады. Барлық өнімді өткізуден түскен түсімге кәсіпорын шығыны тең болатын өткізу көлемінің мұндай сәті, яғни шиеленіскен сәт деп аталады. Бұл жүйеде пайда да, зиян да болмайды.

3. Халықаралық тәжірибеде шиеленіскен сәтті анықтау үшін мына әдістер қолданылады: теңестіру, маржиналдық табыс, графикалық. Осыған орай, бухгалтерлік басқару есебінің жүйесінде залалсыздық нүктесін есептеу үшін тағы да үш әдіс қолданылады:

Математикалық (теңестіру әдісі); Маржиналдық табыс (жалпы пайда); Графикалық әдіс.Математикалық әдіс (теңестіру әдісі) мына формула бойынша таза табысты

есептеуге негізделген:

Өнімді Өткізудің осы Жалпы сомадағы Өнімді өткізуден өткізуден көлеміндегі тұрақты = түскен таза түскен түсім өзгермелі шығын шығын табыс

Формула көрсеткіштерінің есептік ретін бөлшектегенде оны былайша көрсетуге болады:

x бірлігінің x бірлігінің Жалпы Өнімді өткізулен саны өнім саны бірліктегі сомадағы = түскен бірлігінің өзгермелі тұрақты таза бағасы шығын шығын табыс

Бірлік санын формулада белгілейік, яғни залалсыздық нүктесіндегі өткізу көлемін – х арқылы теңестірудің оң бөлігін 0 – ге теңестіреміз (өйткені кәсіпорынның залалсыздық нүктесінде пайда жоқ) және мынаны аламыз.

Х * Өнім Өнім Тұрақтыбірлігінің бірлігінің шығын = 0. бағасы өзгермелі шығыны

Жақшаның ішінде өнім бірлігінің маржиналдық табысы, яғни түсім мен өзгермелі шығынның арасындағы айырмашылық пайда болады. Осыдан шиеленіскен сәттегі өткізу көлемі анықталады.

Жалпы сомадағы Жалпы сомадағы Шиеленіскен тұрақты шығын тұрақты шығын сәт = Бірлік Өнім бірлігінің = Өнім бірлігінің бағасы өзгермелі шығыны маржиналдық табысы

Шиеленіскен сәт формула бойынша анықталады: Тұрақты шығын

Х = Өнім бірлігінің маржиналдық табысы Теңестіру әдісін құрылымдық жылжытудың ықпалын талдауда қолдануға болады.

Өткізу - өткізуден түскен түсімнің жалпы сомасындағы өнімінң қатысыты үлесін іріктеу ретінде қарастырылады. Егер құрылым өзгеретін болса, онда түсімнің көлемі міндеттелген шамаға жетеді, ал пайда аз болуы мүмкін. Пайдаға ықпал ету ассортименттің қалай

Page 31: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 32-бет 55 беттен

өзгергеніне байланысты - өнімнің аз пайдалылығы немесе жоғары пайдалылығы жағына қарай болады.

Маржиналдық табыс әдісі математикалық әдіске балама болып табылады. Маржиналдық табыстың құрамына пайда мен тұрақты шығын сомасына теңестіріп өткізуі керек. Осы арада тепе – теңдік нүктесіне қол жеткізіледі.

Маржиналдық табыс = Тұрақты шығыннемесе

Өнім бірлігінің * Өнім бірлігінің саны = Тұрақты шығын маржиналдық табысы

Бұдан Тұрақты шығын

Залалсыздық нүктесі = Өнім бірлігінің маржиналдық табысы

шығады.Маржиналдық табыс – бұл өнім өткізуден түскен түсім мен өзгермелі шығын

арасындағы айырмашылық (егер есеп өткізілген өнімнің барлық көлемінде жүргізілетін болса) немесе өнім бірлігінің сату бағасы мен өнім бірлігіне келетін өзгермелі шығынның арасындағы айырмашылық.

Егер маржианалдық табыстан тұрақты шығынды шегеріп тастаса, онда пайданың шамасы алынады.

Табыс = Маржиналдық табыс – Тұрақты шығын.Маржиналдық тәсілдемені ішкі фирмалық жоспарлау мен шешім қабылдаудың

аспабы ретінде қарастыруға болады. Ол «шығын – көлем – пайда» талдауын жүргізу үшін керек. Шығын, шаруашылық қызметтің көлемі және пайданың арасындағы өзара байланысты қарастыруды пайдалылықтың табалдырығы деген анықтаумен жиі аталады (өндіріс көлемінің қиын шегі) немесе залалсыздық нүктесі.

Өнім маржиналдығы – бұл түсімге (бағаға) проценттік қатынаста көрінетін, өнім бірлігіне келетін маржиналдық табыс.

Алдағы кезеңдерге шешім қабылдау үшін маржиналдық табыс пен өткізуден түскен түсімнің (яғни, түсім процентінде маржиналдық табысты анықтау) арақатынасындағы есеп пайдалы деп саналады. Бұл үшін мынадай есеп жазылады:

Маржиналдық табыс (теңгемен) Өткізуден түскен түсім (теңгемен) * 100 %

Маржиналдық табыс бағаны қарастырумен, шығарылған өнімнің ассортиментінің өзгеруімен, өнім өткізуді ынталандыруда сыйақының мөлшерін белгілеумен, жарнамалық компанияны өткізумен және басқа да маркетингтік операциялармен байланысты басқарушылық шешімнің негізіне жатады.

Маржиналдық талдау маржиналдық табысты енгізуге және шығындарды тұрақтыға, өзгермеліге топтастыруға негізделген.

Мынаны есте ұстау керек «тұрақты» және «өзгермелі» ұғымдары өнім бірлігінің шығындарына емес, жиынтық шығынға қатысты. Өнім бірлігіне қолдануда кері сурет байқалады; өндіріс көлемі өзгергенде тұрақты шығын өзгеріп, өзгермелі шығын өзгеріссіз қалады.

Мұндай топтастыруда кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің құрылымы мыналарды ұсынады: 1.Сату көлемі. 2.Өзгермелі шығын. 3.Маржиналдық табыс 4.Тұрақты шығын 5.Операциялық пайда (сатудан түскен пайда).

Сонымен,

Page 32: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 33-бет 55 беттен

Маржиналдық табыс = Сату көлемі - Өзгермелі шығын;

Операциялық табыс = Маржиналдық табыс – Тұрақты шығын (сатудан түскен пайда)Осылайша, есеп беруде екі қаржылық көрсеткіш болады: маржиналдық табыс және

пайда.Кіріс туралы есеп беруде маржиналдық табыс сияқты қаржы көрсеткішін бөліп

көрсету шығарылған өнім пайдалы немесе пайдасыз екенін анықтап береді. Өйткені тұрақты шығын жеке жолмен көрсетілген, оның операциялық пайданы (сатудан түскен пайда) қалыптастыруға ықпалы анық көрінеді.

Өнімді өткізуден = Жалпы сомадағы + Осы өткізу көлемінің түскен түсім тұрақты шығын өзгермелі шығыныГрафикалық әдіс залалсыздық моделінің графикасын құру негізінде өндіріс

көлемінен болатын пайда мен шығынның, өткізуден түсетін жиынтық табыстың теориялық байланысын анықтап береді.

Залалсыздық нүктесін (тепе – теңдік нүктесін) анықтау залалсыздықты талдаудың орталық сәті (теңдей етіп талдау) болып табылады. Әлбетте, осы көлемді көтеру барлық өсу ауқымында пайданың болуын қамтамасыз етеді, ал оны кеміту залалға соқтырады.

Өндіріс көлеміндегі шығынның мінез – құлқы мен пайданың экономикалық моделі кәсіпорыннның қаншалықты және қандай жағдайда өсу үстіндегі шығарылған өнімдерді өткізе алатынын білдіреді.Оның негізінде өндіріс көлемінің артуына, яғни өндіріс көлеміне бағаны кемітудің жағымды немесе жағымсыз әсерін анықтауға болады.

Залалсыздық нүктесінің есебі мен оның талдауы тұрақты, өзгермелі шығындарды және өнімнің, жұмыстың, қызметтің өткізу көлемін басқарудың негізгі құралы болып табылады. Мұндай тәсіл кәсіпорын қандай сату көлемінде залалға ұрынбайды, яғни кәсіпорын ақшасынан айырылатын сату көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Залалсыздық нүктесі – бұл кәсіпорын шығынның орнын (ай, тоқсан, жыл) толтыратын жеке уақыт аралығындағы міндеттелген бағамен сатудың физикалық көлем деңгейі; яғни залалсыздық нүктесі - өзін - өзі өтеушілік элементі.

Кәсіпорынның табысы залалсыздық нүктесінің шегінде сатудан пайда болады. Бұл - өзін - өзі қаржыландыру элементі.

Залалсыздық нүктесінің есебі банкрот профилактикасы қажет. Ол кәсіпорынның құрылымында немесе оның қаржы жүйесінде өзгеріс болса қайта есептелуі мүмкін.

Графикалық әдіс өндіріс көлемінің көптеген нақты мүмкіндіктерінде шығын мен пайданың қалай өзгеретінін, сондай – ақ сатудың залалсыздығына және міндеттелген пайданың шамасына қол жеткізу үшін қандай көлем қажет болатынын анық көрсетіп береді

Залалсыздық графигін құруда мына жағдайлар шығады: Заттай бірліктегі өндіріс көлемі (сату) графиктің көлденең осінде көрсетілген, ал

құндық көріністегі шығындар мен сату сатылас осінде бейнеленген; Тұрақты шығын жеісі абцисса осіне қосарлас (параллельді) өтеді, өйткені

олардың және өндіріс көлемінің (сатудың) арасында ешқандай байланыс жоқ; Жиынтық шығын желісі тұрақты шығын шамасына сәйкес ордината осінің

нүктесінен басталады, өйткені, егер сату болмайтын болса, онда өзгермелі шығын да болмайды, тек фирманы залалға ұрындыратын тұрақты шығын ғана болады. Сатудың өсуіне қарай желі өнім бірлігінің өзгермелі шығын шамасының ордината осі бойынша өсу арқылы оң жаққа жоғарыға қарай бағыт алады;

Сатудан түскен түсім желісі нөлдік нүктеден басталады, өйткені, егер сату болмаса, онда түсім де болмайды ғой. Сату көлемінің өсуіне қарай түсәім желісі өнім бірлігінің сату бағасының ордината осі бойынша өсу арқылы оң жаққа жоғарыға қарай бағыт алады.

Page 33: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 34-бет 55 беттен

Талдаудың графикалық әдісін қолдану барысында факторлардың бастапқы қатынастары мен нәтижелендіретін көрсеткіштер (залалсыздық пен пайда нүктелері) тіркелген залалсыздықтың бастапқы графигі негізгі алынады. Содан соң талданған нұсқаға байланысты графикке сол немесе басқа факторлардың өзгеруіне әсері көрінетін «қайта қалыптасқан» деп алатын залалсыздық графигін алуға мүмкіндік береді.

Залалсыздық нүктесін анықтау қауіпсіздік алаңының (зонасы) көрсеткішін есептеуге мүмкіндік береді. Қауіпсіздік алңы залалға ұрынбай сату көлемін қаншалықты кемітуге болатынын көрсетіп береді және формула бойынша есептеледі. Қол жеткен болжалды Тепе – теңдік Қауіпсіздік = немесе жоспарлы сату көлемі - (залалсыздық) нүктесі зонасы Қол жеткен болжалды немесе жоспарлы сату көлемі

Залалсыздық талдауы, сонымен бірге, өндірістің мүмкіндіктері мен нарықтың қажеттілігін қоса ескеретін сату бағасы және өнім бірлігіндегі (сатудың ақшалай бірлігі) тұрақты шығын мен өзгермелі шығын арасындағы қалыптасқан арақатынасынан болатын пайданың мүмкін немесе қажетті шамасына қол жеткізуге бағдарланған басқарушылық шешімнің нұсқаларын бағалауды да қарастыруды ұйғарады.

Пайданың белгілі бір сомасына қол жеткізуге қажетті сату көлемі формула бойынша анықталады:

Сату көлемі = Тұрақты шығын + Табыс Үлесті маржиналдық табыс

Әрбір кезекті бұйымды сатудың залалсыздығына қол жеткізгеннен кейін ол үлесті маржиналдық табыстың шамасына тең пайданың түсуін қамтамасыз ететіндіктен пайданы талдау және басқару мақсатында мына формуланы былай көрсеткен дұрыс болады: Сату = Тұрақты шығын + Берілген табыс =көлемі Үлесті маржиналдық табыс Үлесті маржиналдық табыс Тұрақты шығынның орнын толтыруға Берілген пайданы алуды= қажетті сатудың саны және осыған орай + тікелей қамтамасыз ететін Залалсыздыққа қол жеткізу сатудың саны

Мынаны есте ұстау қажет, залалсыздықты талдау барысында бірқатар ұйғарымдар қабылданады. Олардың негізгілері:

өндіріс көлемі мен сату көлемі бірдей (тең); өнім бірлігінің сату бағасы сату көлемінің өзгеруіне қарай өзгермейді; қолданылатын материалдың, қызметтің бағалары мен еңбекақы өзгермейді; кәсіпорынның шығынын тұрақты және өзгермеліге нақты бөлуге болады; тек бір ғана тепе – теңдік (залалсыздық) нүктесі болады; өнімнің бір түрі өндіріліп, сатылады және көп номенклатуралы өндірісте

сатудың тұрақты құрылымы сақталады; тек өндіріс көлемінің қолайлы диапазоны деп аталатын, яғни шығын, сату көлемі

және пайданың арақатынасынан анықталатын кәсіпорынның іскер белсенділігінің интервалы талданады. Бұл диапазон болмаса осы заңдылық бұзылуы ықтимал, ал қабылданатын шешім дұрыс болмайды.

4. Нарықтық экономикада фирма (кәсіпорын) қызметінің мақсаты пайда табу екені белгілі. Дәл бұл шарт кезінде фирма тұрақты жұмыс істей алады және өсу үшін негізбен қамтамасыз етеді. Фирманың тұрақты табысы салынған капиталдан алынатын дивиденд түрінде көрініс табады, жаңа инвесторларды тартуға септігін тигізеді және фирманың меншік капиталының өсуіне әкеледі. Бұл мәселенің өте маңызды аспектісі болып бухгалтерлік, кейіннен экономикалық пайда алудың алғашқы қадамы ретінде фирма қызметінің залалсыздық тұжырымдамасы табылады.

Page 34: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 35-бет 55 беттен

Экономикалық көзқарасы бойынша залалсыздық ұзақмерзімді тепе – теңдік жағдайында болатын қазіргі бәсекелес нарықта фирманың қалыпты күйі. Мұнымен қатар экономикалық пайда, яғни фирманың шығындары инвестицияланатын капитал табысының орта нарықтық ставкасы, сондай – ақ кәсіпорынның қалыпты табысы қосылған кезде пайданың анықтамасы қарастырылады. Осыдан залалсыздық анықтамасы келесі түрде болады.

Залалсыздық нүктесі – бұл сатудан түскен түсім толығымен өнім өндіруге кеткен барлық шығындарды, соның ішінде фирманың меншік капиталына орташа нарықтық пайызды және қалыпты кәсіпкерлік табысты жабу кезіндегі фирма өнімінің сату көлемі.

Іс жүзінде, егер фирманың бухгалтерлік пайдасы бар болса, яғни сатудан түскен табыс пен сатылған өнімнің өндірісіне кеткен ақшалай шығыстардың сальдосы оң болса, онда ол экономикалық пайда мағынасында залалсыздық нүктесіне жетпеуі де мүмкін. Мысалы, фирма пайдасы оның меншік капиталына орташа нарықтық пайызға қарағанда аз болуы мүмкін. Нәтижесінде өте жоғары пайда алуға көмектесетін капиталды қолданудың тиімді әдістері болады. Сөйтіп, залалсыздық нүктесінің түсінігі бір уақытта фирма қызметінің тиімділік критериі болып табылады. Залалсыздық нүктесіне жетпеген фирма қалыптасқан нарықтық құрылым көзқарасы бойынша тиімсіз әрекет етеді. Бірақ бұл жайт өз бетімен фирманың жұмысын тоқтату себебі болып табылмайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін фирманың шығын құрылымын жете зерттеу қажет.

Фирма тиімді жұмыс атқаруы үшін фирма өз пайдасын жоғарылатуы қажет. Пайданы жоғарылату процесі экономикалық мағынада залалсыздық нүктесін іздеу процесіне теңестіріледі. Пайданы жоғарылату процесін талдау кезінде келесі негізгі түсініктер қолданылады.

Шекті табыс - өнім шығарылымының бір бірлікке өсуі кезінде фирманың жиынтық табысы өзгеретін мөлшер.

Шекті шығын - өнім шығарылымының бірлікке өсуі кезінде фирманың жиынтық шығындары өзгеретін мөлшер.

Орташа толық шығындар – шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін толық шығындар үлесі (яғни тұрақты шығындар + айналмалы шығындар + қайтарылмайтын шығындар).

Микроэкономика курсынан белгілі: кейбір уақыттан бастап (шығарылымның кейбір көлемінен) айналмалы шығындар қисығы өспелі, ал шекті табыс қисығы кемімелі болып табылады. Пайданы жоғарылату мақсаты үшін негізгі болып шығарылымды бір бірлікке өсіру кезіндегі шекті табыс пен шекті шығын арасындағы арақатынас табылады. Шекті шығындар шекті табыстан аз болса, шығарылым өсімі фирма табысының өсуіне әкеледі; шекті шығындар шекті табыстан жоғары болса, фирманың шекті табысының өсуіне өнім шығарылымының төмендеуі әкеледі. Енді максимальды табыс пайда болатын нүктенің критерийлерін анықтауға болады.

Фирманың максимальды табысы шекті табыс шекті шығынға тең болғандағы өндіріс көлемі кезінде пайда болады.

Оптималды нүктеде пайда немесе шығынға жететіндігін анықтау үшін фирма өнімінің бағасы мен орташа толық шығындар арасындағы қатынасты қарастыру қажет. Ең қолайлы болып оны графикалық түрде көрсету табылады.

5. Инвестициялық жоба — бұл экономикалық пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімге жұмсалатын ақшалай және басқа да ресурстар.

Бұл пайданы есептеп шығару мен бағалау үшін басқарушы есептің пайдаланатын экономикалық есептеулер жүйесінің біршама элементгері қолданады.

Демек, инвестициядағы басқарушы есеп алға койылған мақсаттарға қол жеткізу үшін және соның негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін, бірқатар инвестициялық жобаларды талдауға және оларды бағалауға тура келеді.

Page 35: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 36-бет 55 беттен

Тап осыған байланысты жана экономикалық шындыққа сәйкес ұзақ мерзімді инвестициялардың тиімділігін бағалау мен талдау жүйесі ең бір өзекті мәселеге айналып отыр.

Бүгінгі таңда, өмірлік маңызы бар шаруашылық саласында дұрыс және оптималды басқарушылық шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін, шынайы дәрежеде экономикалық белсенділік деңгейін көтеретін және оны сатылы әдістемелік тәсілмен қамтамасыз ететін есептеулердің қажеттілігі пісіп жетілді. Ұзақ мерзімді инвестицияларды талдау және есептеулерді жүргізудің барлық бағыттары бойынша зерттеулер жүргізудің көкейтестілігі, көптеген қаржылық ұйымдардың да (банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және зейнетақы қорлары және т.б.), және бірқатар жекелеген инвесторлардың да, алдыңда тұрған тауқыметті мәселесі болып түр. Ал бүдан алынған зерттеулерді одан әрі іске асыру, одан да қиын мәселе болып отыр.

Жақын уақыттан бері ұзақ мерзімді инвестицияларды талдау мен есептеуге, яғни Қазақстанның экономикасына батыс компанияларының қаражаттарын тартуға байланысты, инвестицияның мәнісін ашуға біршама талпыныстар жасалып жатыр.

Осы кезге дейін инвестициялық есеп пен талдау бойынша жүргізілген зерттеулер кешенді сипатта болған жоқ, өйткені ол жөніндегі әдістемелік зерттеулер қажет деңгейінде нығайтылмады. Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасына тартылатын ұзақ мерзімді инвестииияларды тиімді бағалау, талдау және шаруашылық субъектісінің қаржылық қызметін басқару бары-сында, әлі де болса есептін кейбір жекелеген әдістері жете зерттелмеген.

Осы күнге дейін негізгі корларды жаңғыртуда инвестициялаудың қажеттілігін бағалау, осы шараларды қаржыландьірудың оптималды көздерін тандау, күрделі қаражаттардың тиімділігі бағалау, тәуекелділіктің сезімталдығын және дағдарыстың әсерін жанаша принципте дисконттау, "икемді" мөлшерлемені табу және оны талдау мәселелері өз шешімімдерін толығымен тапкан жоқ.

Тәжірибеде, инвестициялықталдаудың екі әдісі бар, онда мөлшерлеменін ең төменгі шегін капиталдардың орташа қүны бойынша анықтаса, ал екінші әдісінде тәуекелділіктің ең жоғарғы сатысы бойынша есептелінеді. Бұл ара-капиталдардың орташа құнын дисконттау мөлшерлемесін оның түпкілікті варианты деп есептеуге болмайды, өйткені ол нақты жағдайды толық көрсетуі мүмкін сондықтан да оған жиі түзетулер енгізіледі

Ал түзетулерден кейін колданатын күрделі қаржы тұжырымдамасының, басты екі кемшіліктері бар, атап айтсақ:

* біріншіден, бухгалтерия есебінде тек ШС-нің меншігіндегі инвестицияларды ескереді;

* екіншіден, бухгалтерия есебінде материалдық емес активтерді инвестиция ретінде ескерілмейді, себебі оның есебінде кептеген дүдәмалдылықтың бар екендігі анық.

Мұндай жағдайда, талдаушылар күрделі қаржы қатарына жалға алынған негізгі құралдарды (лизинг бойынша) және материалдық емес активтердің амортизацияланбаған шығындарын активтерге қосу арқылы түзетулер енгізеді. Тек осындай түзетулерден кейін таза инвестициялар деңгейі анықтап, "талдаушылардың аз ғана тобы ұлғайтылған тұжырымдаманы пайдаланады бұл тұжырымдамаға сәйкес активтің (капиталдың) барлық элементтері (кейде пассивтері де) субъектінің табыстылығын анықтау үшін инвестиция ретінде қатыстырылады.

Бұл анықтама негізінен шағын кәсіпорын үшін сэйкес келетін сиякты, ойткені инвестицияны бұндай кен мағанада карау кәсіпорындардың мақсатына сай келе бермейді. Олар "инвестицияға салынған қаржының түрлерше (яғни өздерінікі немесе қарызға алынғанына), карамастан күрделі қаржыны іюліп қараулы мақсат тұтпайды, ондағы салымдар, тек жалпы салымдар бойынша өлшенеді. Инвестицияларды, негізінен барлық инвестицияланған капиталдардың жиынтығы ретінде қарастырады. Демек, инвестицияның бухгалтерлік тұжырымдамасы тек күрделі қаржыны бөлу ғана емес,

Page 36: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 37-бет 55 беттен

сондай-ақ, барлық активтердің жиынтығын береді. Егер бухгалтерияда әр түрлі себептер бойынша есеп мәліметтері бұрмаланбайтын болса, онда ("тыншы" ретінде немесе коммерциялық құпия ретінде), инвестицияны бағалауға бухгалтерлік есептің мәліметтерін қолдануға болар еді.

Ұлғайтылған тұжырымдаманы қолдай отырып: инвестиция ретінде танылмаған материалдық емес активтер мен жалға алынған құралдарды есепке алмай, тек баланста көрсетілген активтер бойынша санауға болар еді. Көптеген экономистер капиталдардың шығындарын инвестиция ретінде қарастырады. Инвестиция динамикасы (қозғалысы) активтің белгілі бір баптарының өзгерісіне тең болады.

Бұл арада, "инвестицияланган капитал" деген ұғым екі мағына береді. Біріншіден, кез келген капитал: акцияға, облигацияға, баска кәсіпорыннын жарнасына (пайына) айналған түрінде, демек ұзақ мерзімді қаржы активі ретінде әрекет ететін, басқа кәсіпорынның пайдасынан өзіне қатысты үлестік салмағын) өз кәсіпорыныңа әкелетін бағалы қағаз тобы жатады. Яғни, оның өнім өндірумен тікелей байланысты еместігін білдіреді.

Қазақстанның бухгалтерлік балансында инвестицияланған капиталды екі жарып көрсетеді, оның бір бөлігі ағымдық актив құрамында болса, ал екіншісі ұзақ мерзімді активтер қатарында болады. Олай болса, инвестицияланған капитал өз кұрамына "Аяқталмаған құрылыс", "Ұзақ мерзімді қаржы бөлу" (еншілес, тәуелді кәсіпорындарының пакет акцияларын, жарна үлесін алу, техниканы бөлу, ұзақ мерзімге карыз беру және т.б.) жағдайлары жатады. Тап осы тұрғысынан инвестицияны кең көлемдегі мағанасын білдіретін сияқты.

Батыс елдерінде инвестицияның бұл түрін екіге бөледі, тікелей инвестициялау, яғни инвестицияланған кәсіпорындарды, олар өз басқаруына және бақылауына алғандығын көрсетеді (кейде оларды майнорити деп те атайды). Ал екінші түрі, портфельдік инвестициялау, оның көлемі бүкіл акционерлік капиталдың 10%-тей құрамын құрайды, бірақ ол басқару мен бақылау құқғын бермейді.

Ал енді біз инвестицияны қаржылық-экономикалық талдау тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда ШС кдржылық тұрақтылығын талдау үшін, инвестицияны негізгі және айнымалы капиталымен қатар, қаржылық және қаржылық емес етіп, екіге бөлудің керектігін ұсынамыз.

Енді осы айтылғандарды басқарушы есеп тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда оның сындарлы кезеңі болып, мыналар жатады:

- инвестицияның есебін жүргізу, яғни есебін шығару;- инвестицияның бюджетін құрастыру;- жылдар бойынша ақша-қаражаттарының ағындарын бағалау;- қолданыс таба алатын капиталдың шын мәніндегі бағасын анықтау, яғни оны

дисконттау коэффиценті ретінде пайдалануға болатьшдығын керсету;- инвестицияның тиімділігін баяндайтын критерилерін талдау. Жобаны бағалау мен

талдаудың бүгінге дейін танымал екі әдістері бар:а) дисконттық бағалау (немесе динамикалық бағалау);б) есептік бағалау (немесе статикалық, жай).Аталған бағалаудың екі категориясы да бір бірімен өте тығыз байланысты.

Мәселен, статистикалық категориясы (кейде әдебиеттерде оны мәселелер пемесе міндеттер деп атайды) шаруашылық субъектісінің табыстылығын (қолма-қол ақша түрінде) құрайтын қабілеттілігін көрсетсе, ал динамикалық міндеттер шаруашылық субъектісінің өз ресурстарын табыстылыққа (қолма-қол ақшаға) қаншалықты жақсы айналдыра алатындығын көрсетеді.

6. Жоспарлауда, есеп пен талдауда тұрақты және айналмалы шығындардың жеке есебі жолымен пайданы анықтау мен болжамдаудың қарапайым және сенімді әдісі бар. Бұл әдістің мәні келесіде:

Page 37: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 38-бет 55 беттен

1. Экономикалық объектінің (өндіріс, өткізу, әкімшілік және қаржылық шығындар) функциясына қатысы бойынша шығындар элементтерін бөлу, сондай – ақ қысқа мерзімді кезеңде өндірістің жағымды шарттары кезінде өндіріс пен өткізудің көлемінің өзгерісіне байланысты көлемдері өзгеретін тұрақты және айнымалы шығындарға шығындар элементінің бөлінісі.

2. Айнымалы шығындардың өнімнің өзіндік құнына жатқызылуы. Өнімді өткізуден түскен табыс пен оның өзіндік құны арасындағы айырма маржиналдық табысты, яғни тұрақты шығындарды жабуға дейін өнімнен түскен табысты білдіреді. Өйткені айнымалы шығындар экономикалық объектінің қызметінің нәтижесі болып табылатындықтан, онда оларды өнімнің өзіндік құнына жатқызу қажет болады.

3. Тұрақты шығындар олардың пайда болу кезеңінетабыстар мен шығындар есебіне жатқызылады және өнімді өткізуден түскен табысты алу үшін табыстардың жалпы шотынан алынады.

4. Аяқталмаған өндіріс пен өткізілмеген өнім (кезең басында және аяғында) айнымалы шығындар бойынша бағаланады. Осыған байланысты келесілерді атап өту керек:

өткізілген, сондай – ақ өткізілмеген өнім мен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына айнымалы шығындар жатқызылатындықтан, ал өндіріс пен өткізуге кеткен тұрақты шығындар пайда мен шығын шотына жатқызылса, онда ешқандай есепке алынбаған шығындар қалмайды;

айнымалы шығындар тікелей және жанама шығындардың бөлігін қосатындықтан, бұл әдіс жанама айнымалы шығындардың үлестіру мәселесін шешуге көмектеседі;

өнімнің айнымалы өзіндік құны өте маңызды болып келеді, өйткені өнімді сату үшін минимальды баға болып табылады. Өнімнің өзіндік құнына айнымалы шығындардың элементтерінің көлемінің өзгерісі әсер ететіндіктен және қысқа мерзімді кезеңде тұрақты шығындар көлемінің өзгерісін өткізу мүмкін емес болғандықтан, бұл табыс пен пайда тұрақты шығындардың нәтижесі емес, айнымалы шығындардың нәтижесі болып табылатынын білдіреді. Маржиналдық табыс сомасы өндірістің бар немесе жоғына қарамастан пайда болатын тұрақты шығындардың барлығын немесе бір бөлігін жабуда қатысады. Осыған маркетингте маржиналдық табыс пен өндіріс көлемінің шекті нүкте әдісі негізделген.

Бұл әдістің барлық артықшылықтарына қарамастан, оған келесідей шекті ескертулер бағытталған:

бұл әдіс жанама шығындардың жатқызылудың сұрағын соңына дейін шешпейді. Айнымалы шығындар шын мәнінде жанама болып табылатындықтан, бухгалтердің алдында өнімнің әрбір түрінің өндірісі мен өткізіліміне кеткен жанама айнымалы шығындардың үлесін анықтау мәселесі қалады;

тәжірибе жүзінде шығындар элементтерін өндіріс пен өткізу көлеміне қатысы бойынша айнымалы және тұрақты шығындарға бөлу оңай емес, өйткені шығындардың кейбір элементтері не жартылай айнымалы, не жартылай тұрақты болып табылады. Бұл мәнін анықтау мақсатымен берілген шығын элементін қозғайтын алдыңғы мәліметтерді зерттеуді талап етеді. Еске сақтайтын жайт, шығындар элементінің мәні анықталғанға дейін оның қасиеттері өзгеруі мүмкін (тұрақты шығындар айнымалы шығындарға өзгереді және керісінше);

маржиналдық табыстың өзгерістері өндіріс пен өткізу көлеміне ғана емес, сондай – ақ өндірістің сатып алынған құралдардың құнына, оларды пайдалану тиімділігіне және өнімнің сату бағасына байланысты. Бұл маржиналдық табыс өзгерісінің себептерін талдауды талап етеді;

Берілген әдіс әкімшілікке ұзақ мерзімді кезеңге бағаларды тағайындауда көмектеспейді, өйткені өндіріс процесінде қолданылатын негізгі құралдардың өндірісі

Page 38: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 39-бет 55 беттен

үшін орнын жабу үшін қажетті тек айнымалы шығындарды ғана емес, сондай – ақ тұрақты шығындарды да жабу қажет.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:1. Сапалы аспектілер маңыздылығы немен түсіндіріледі? 2. «Шығындар - өнім көлемі - пайда» талдауы қалай анықталады? 3. Бірнеше өнім түрлерінің зиянсыздығын талдау қалай жүргізіледі? 4. Тәуекелділік пен анықталмаған жағдайларда шешімдер қабылдау қалай жүргізіледі?5. Инвестиция шешімдерін талдау қажеттілігі неде?6. Жеке ресурстар бойынша шектеу қалай жүргізіледі?

5 тақырып: Басқарудағы бақылау жүйесі және инвестициялық шешімдер.Дәріс сұрақтары1. Өндіріске күрделі салымдар жұмсау2.Инвестициялық жобалар туралы шешімдер қабылдау1.Инвестициялық жоба — бұл экономикалық пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімге

жұмсалатын ақшалай және басқа да ресурстар.Бұл пайданы есептеп шығару мен бағалау үшін басқарушы есептің пайдаланатын

экономикалық есептеулер жүйесінің біршама элементгері қолданады.Демек, инвестициядағы басқарушы есеп алға койылған мақсаттарға қол жеткізу

үшін және соның негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін, бірқатар инвестициялық жобаларды талдауға және оларды бағалауға тура келеді.

Тап осыған байланысты жана экономикалық шындыққа сәйкес ұзақ мерзімді инвестициялардың тиімділігін бағалау мен талдау жүйесі ең бір өзекті мәселеге айналып отыр.

Бүгінгі таңда, өмірлік маңызы бар шаруашылық саласында дұрыс және оптималды басқарушылық шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін, шынайы дәрежеде экономикалық белсенділік деңгейін көтеретін және оны сатылы әдістемелік тәсілмен қамтамасыз ететін есептеулердің қажеттілігі пісіп жетілді. Ұзақ мерзімді инвестицияларды талдау және есептеулерді жүргізудің барлық бағыттары бойынша зерттеулер жүргізудің көкейтестілігі, көптеген қаржылық ұйымдардың да (банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және зейнетақы қорлары және т.б.), және бірқатар жекелеген инвесторлардың да, алдыңда тұрған тауқыметті мәселесі болып түр. Ал бүдан алынған зерттеулерді одан әрі іске асыру, одан да қиын мәселе болып отыр.

Жақын уақыттан бері ұзақ мерзімді инвестицияларды талдау мен есептеуге, яғни Қазақстанның экономикасына батыс компанияларының қаражаттарын тартуға байланысты, инвестицияның мәнісін ашуға біршама талпыныстар жасалып жатыр.

Осы кезге дейін инвестициялық есеп пен талдау бойынша жүргізілген зерттеулер кешенді сипатта болған жоқ, өйткені ол жөніндегі әдістемелік зерттеулер қажет деңгейінде нығайтылмады. Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасына тартылатын ұзақ мерзімді инвестииияларды тиімді бағалау, талдау және шаруашылық субъектісінің қаржылық қызметін басқару бары-сында, әлі де болса есептін кейбір жекелеген әдістері жете зерттелмеген.

Осы күнге дейін негізгі корларды жаңғыртуда инвестициялаудың қажеттілігін бағалау, осы шараларды қаржыландьірудың оптималды көздерін тандау, күрделі қаражаттардың тиімділігі бағалау, тәуекелділіктің сезімталдығын және дағдарыстың әсерін жанаша принципте дисконттау, "икемді" мөлшерлемені табу және оны талдау мәселелері өз шешімімдерін толығымен тапкан жоқ.

Тәжірибеде, инвестициялықталдаудың екі әдісі бар, онда мөлшерлеменін ең төменгі шегін капиталдардың орташа қүны бойынша анықтаса, ал екінші әдісінде тәуекелділіктің ең жоғарғы сатысы бойынша есептелінеді. Бұл ара-капиталдардың орташа құнын дисконттау мөлшерлемесін оның түпкілікті варианты деп есептеуге болмайды,

Page 39: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 40-бет 55 беттен

өйткені ол нақты жағдайды толық көрсетуі мүмкін сондықтан да оған жиі түзетулер енгізіледі

Ал түзетулерден кейін колданатын күрделі қаржы тұжырымдамасының, басты екі кемшіліктері бар, атап айтсақ:

* біріншіден, бухгалтерия есебінде тек ШС-нің меншігіндегі инвестицияларды ескереді;

* екіншіден, бухгалтерия есебінде материалдық емес активтерді инвестиция ретінде ескерілмейді, себебі оның есебінде кептеген дүдәмалдылықтың бар екендігі анық.

Мұндай жағдайда, талдаушылар күрделі қаржы қатарына жалға алынған негізгі құралдарды (лизинг бойынша) және материалдық емес активтердің амортизацияланбаған шығындарын активтерге қосу арқылы түзетулер енгізеді. Тек осындай түзетулерден кейін таза инвестициялар деңгейі анықтап, "талдаушылардың аз ғана тобы ұлғайтылған тұжырымдаманы пайдаланады бұл тұжырымдамаға сәйкес активтің (капиталдың) барлық элементтері (кейде пассивтері де) субъектінің табыстылығын анықтау үшін инвестиция ретінде қатыстырылады.

Бұл анықтама негізінен шағын кәсіпорын үшін сэйкес келетін сиякты, ойткені инвестицияны бұндай кен мағанада карау кәсіпорындардың мақсатына сай келе бермейді. Олар "инвестицияға салынған қаржының түрлерше (яғни өздерінікі немесе қарызға алынғанына), карамастан күрделі қаржыны іюліп қараулы мақсат тұтпайды, ондағы салымдар, тек жалпы салымдар бойынша өлшенеді. Инвестицияларды, негізінен барлық инвестицияланған капиталдардың жиынтығы ретінде қарастырады. Демек, инвестицияның бухгалтерлік тұжырымдамасы тек күрделі қаржыны бөлу ғана емес, сондай-ақ, барлық активтердің жиынтығын береді. Егер бухгалтерияда әр түрлі себептер бойынша есеп мәліметтері бұрмаланбайтын болса, онда ("тыншы" ретінде немесе коммерциялық құпия ретінде), инвестицияны бағалауға бухгалтерлік есептің мәліметтерін қолдануға болар еді.

Ұлғайтылған тұжырымдаманы қолдай отырып: инвестиция ретінде танылмаған материалдық емес активтер мен жалға алынған құралдарды есепке алмай, тек баланста көрсетілген активтер бойынша санауға болар еді. Көптеген экономистер капиталдардың шығындарын инвестиция ретінде қарастырады. Инвестиция динамикасы (қозғалысы) активтің белгілі бір баптарының өзгерісіне тең болады.

Бұл арада, "инвестицияланган капитал" деген ұғым екі мағына береді. Біріншіден, кез келген капитал: акцияға, облигацияға, баска кәсіпорыннын жарнасына (пайына) айналған түрінде, демек ұзақ мерзімді қаржы активі ретінде әрекет ететін, басқа кәсіпорынның пайдасынан өзіне қатысты үлестік салмағын) өз кәсіпорыныңа әкелетін бағалы қағаз тобы жатады. Яғни, оның өнім өндірумен тікелей байланысты еместігін білдіреді.

Қазақстанның бухгалтерлік балансында инвестицияланған капиталды екі жарып көрсетеді, оның бір бөлігі ағымдық актив құрамында болса, ал екіншісі ұзақ мерзімді активтер қатарында болады. Олай болса, инвестицияланған капитал өз кұрамына "Аяқталмаған құрылыс", "Ұзақ мерзімді қаржы бөлу" (еншілес, тәуелді кәсіпорындарының пакет акцияларын, жарна үлесін алу, техниканы бөлу, ұзақ мерзімге карыз беру және т.б.) жағдайлары жатады. Тап осы тұрғысынан инвестицияны кең көлемдегі мағанасын білдіретін сияқты.

Батыс елдерінде инвестицияның бұл түрін екіге бөледі, тікелей инвестициялау, яғни инвестицияланған кәсіпорындарды, олар өз басқаруына және бақылауына алғандығын көрсетеді (кейде оларды майнорити деп те атайды). Ал екінші түрі, портфельдік инвестициялау, оның көлемі бүкіл акционерлік капиталдың 10%-тей құрамын құрайды, бірақ ол басқару мен бақылау құқғын бермейді.

Ал енді біз инвестицияны қаржылық-экономикалық талдау тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда ШС кдржылық тұрақтылығын талдау үшін, инвестицияны

Page 40: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 41-бет 55 беттен

негізгі және айнымалы капиталымен қатар, қаржылық және қаржылық емес етіп, екіге бөлудің керектігін ұсынамыз.

Енді осы айтылғандарды басқарушы есеп тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда оның сындарлы кезеңі болып, мыналар жатады:

- инвестицияның есебін жүргізу, яғни есебін шығару;- инвестицияның бюджетін құрастыру;- жылдар бойынша ақша-қаражаттарының ағындарын бағалау;- қолданыс таба алатын капиталдың шын мәніндегі бағасын анықтау, яғни оны

дисконттау коэффиценті ретінде пайдалануға болатьшдығын керсету;- инвестицияның тиімділігін баяндайтын критерилерін талдау. Жобаны бағалау мен

талдаудың бүгінге дейін танымал екі әдістері бар:а) дисконттық бағалау (немесе динамикалық бағалау);б) есептік бағалау (немесе статикалық, жай).Аталған бағалаудың екі категориясы да бір бірімен өте тығыз байланысты.

Мәселен, статистикалық категориясы (кейде әдебиеттерде оны мәселелер пемесе міндеттер деп атайды) шаруашылық субъектісінің табыстылығын (қолма-қол ақша түрінде) құрайтын қабілеттілігін көрсетсе, ал динамикалық міндеттер шаруашылық субъектісінің өз ресурстарын табыстылыққа (қолма-қол ақшаға) қаншалықты жақсы айналдыра алатындығын көрсетеді.

Статистикалық мәселесі (немесе міндеті) динамикалық (өсіңкілік) мәселеге (міндеттерге) қарағанда, біршама үстемдігі бар және ол тұрақты қалыпқа қызмет етеді: егер ШС ұзақ уақыт бойында статикалық деңгейде табыстылық (қолма-кол ақша, рентабельділік) мәселесін шеше алмаса, онда он-іай шаруашылықтың қызмет етуі екіталай. Егер ШС қолма-кол ақта түрінде жеткілікті түрде табыс алуға кабілетсіз болса, онда олардың қолма-қол ақшалары ШС ұзақ уақытка арналған мерзімдік міндеттемелерін қаржыландыруға жеткіліксіз болады. Тіптен операциялық пен кұрылымдық деңгейде ста-тикалық мәселелерін шешкенімен, бірақ қажетті қолма-қол ақша ағымын үстай алмаса, онда олар өздерінің қаржылық тұрақтылығын сақтап қалу мүмкіндігінен айырылады. К,олма-қол ақшалар шаруашылық субъектісіне табыс әкелетін операциялардың (немесе капиталдардың) жүргізілуімен байланысты болып келеді, басқаша айтқанда, кез келген табыс ондағы жасалатын операциялардың тиімділігіне, мазмұнына және олардың нәтижесіне тәуелді.

2.Табыстың негізгі екі қайнар көздері бар: біріншісі: иемденушілер — М(а)К; екіншісі қарыз берушілер — банктер және тағы басқа мекемелер (реципиенттер), сондай-ақ жеке тұлғалар. Ал шығындар негізінен үш топқа бөлінеді: жабдықтаушылар; персонал және салық службасы. Одан баска, шаруашылық субъектілері колма-қол ақшаның артығын инвестициялық қажеттіліктері үшін қайта пайдалануына немесе оны резервтеріне орналас-іыруына болады. Басқарушы есеп инвестициялық жобаны шүғыл емес, страгегиялық мақсаттарға бағыттайды, сондықтан ШС бұл кезде өзінің құрылымдық бөлімшелерімен ұйымдасқан түрінде тығыз байланыста болғаны жөн, яғни жоба әдетте кептеген жауапкершілік орталықтарымен әрекеттеседі, иемек мақсаттарға жету процесінде, олар біршама тексерілген, өзара әрекеттерімен камтамасыз етілген жағдайда ғана қабылданады.

Жобаны бағалаудан оны толық жүзеге асыруға дейінгі тұтас процесі (немесе "тіршілік циклы") тексеріледі және инвестициянын тиімді болуын камтамасыз ететін тиісті есептеулер жүргізіледі.

Есептеулер тек біржолғы емес, сондай-ақ ағымды сипатқа да ие болады. Нәтижесінде, бір жағынан, жобаның мақсатына жеткендігі тексерілсе, ал басқа жағынан - дәлдеп түзетілетін шаралардың фақтісі мен жоспарлары салыстырылады. Сайып келгенде, басқарушы есептің инвестициялық мәселелеріне және инвестицияның түрлеріне (нақты және қаржылық) бейімделген, ағымдағы тиімділікті бақылайтын және болашақтағы мақсатты болжайтын жүйесі қалыптасады.

Page 41: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 42-бет 55 беттен

Жобаларды талдау және бағалау әдістері негізінен кептеген болжамды бағалаулар мен есептеулердің пайдаланғанын көздейді.

Жоба уақыты созылған сайын, оның белгісіздігі және тәуекелділігі артады, яғни оны жүзеге асырудың соңғы жылдарында болған, ақша-қаражаттарының ағыны арқылы бақылап сынауға болады.

Инвестициялық жобаларды бағалаудың басты критерийлері болып мыналар табылады:

1. Таза келтірілген эффект;2. Инвестициянын рентабельділік индексі;3. Табыстың ішкі нормасы және т.б. Экономикалық әдебиеттерде кен таралған даулы пікірлер осы инвестициялық

жобаны бағалаушы төңірегінде шоғырланған. Инвестициялық жобаның тартымдылығын бағалау проблемасы оның табыстылық деңгейімен тығыз байланысты болып келеді.

Инвестициялық жобаның табыстылығын анықтау үшін, ең алдымен Дюпон пирамидасына жүгінейік.

Инвестициялық жобаның табыстылыгын анықтайтын Дюпон пирамидасы

Сонымен, жоғарыда келтірілген инвестицияны тексерудің екі әдісі (есептеулері), сондай-ақ Дюпон пирамидасы инвестициялық жобаның экономикалық мәнін ашуға көмектеседі; біріншіден, инвестициялық процестерге жасалған жүйелік тәсілдерінің мәнін ашуға; екіншіден, басқарушы есепте қолданатын бағалау әдісіне, оның барлық шектеуші-факторларын, оның ішінде: уақыт пен тәуекел факторын, банк несиесінің орташа пайызы мен инвестициянын орташа пайызының өсу каркының, талап етілетін инвесдициянын көлемін, шығындарды, сатудың көлемін, дисконттау мөлшерлемесін және т.б. мәселелерін қарастырады.

Басқарушы есептін инвестициялық мәселелері инвестициялық процестің сызбасын талдау нәтижесінде қалыптасуы мүмкін.

Инвестицияны талдау барысында, онда пайда болатын барлық мәселелерді аса күрделі емес математикалық функциялардың көмегімен де шешуге болады. Бұл функциялар келесідей мағлұматтардан тұрады: пайыздық мөлшерлеме; есептеу кезеңі; инвестициядан алынатын табыс.

Пайыздық мөлшерлемесі деп белгілі бір уақыт бірлігіне белгіленген (яғни, алдың ала есептеліп койылған) табыстың относительдік деңгейі, яғни табыстың (пайыздық ақшанын) белгілі бір уақыт мезігіліне (бірлігіне) есептелген қарыз сомасының қатынасы. Инвестициядан алынатын табыстың мөлшерлемесін анықтау кезінде, оның негізгі қаржылық критериясы ретінде, күрделі пайыздық эффектісі қолданады.

Есептеу кезеңі — бұл уақыт интервалының, пайыздық мөлшерлемесіне ұштастырылғаны. Аналитикалық есептеуде есептеу кезеңі ретінде, жылдық интервалы алынады.

Page 42: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 43-бет 55 беттен

Инвестициядан алынатын табыс болжамдық аналитикалық есептеулердің көмегімен анықталады.

Қарыз берушіге несиелік келісім шарттың (борыштық міндеттеменің) мерзімі біткенге дейін, оларға белгіленген пайыз мөлшерлемесінде ғана төленеді, ал негізгі несиені етеу үшін, қарыз алушылар арнайы төлем қорын жасайды. Қарызданушы әрбір кезең сайын несиенің негізгі бөлігін және онымен қоса оның пайызын өтеуді қамтамасыз ету үшін, жеке қорлар ашады.

Бұл мәселелердің ішінде инвестициялық кезеңнің алдыпда жасалатын шараларға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені онда инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтаудың мәселесі тұрады, демек тап сол жерде оның мөлшерлемесін тандау жасалынады, ал сосын ол осы бойынша дисконтталады. Әдетте, пайыз мөлшерлемесін тандауда қарыздың орташа пайыз деңгейіне сілтеу жасалынады, бірақта ол инвестицияланатын жобаның тәуекелділігіне де байланысты болады, демек ол мөлшерлемеге тәуекелділіктің орташа үстемесі қосылған түзетулер бойынша жүргізіледі.

Біздің қарастырып отырған инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау әдістері, инвестициялық циклдің жаңадан жасалған немесе реконструкцияланған кезеңіндегі табыстар мен шығыстардың алғашқы мәліметтеріне сүйенеді.

Бұл алғашқы мәліметтердің қатарына мыналар кіреді: қарастырылып отырылған кезең уақытының ішіндегі шығарылған (шығарылатын) өнім деңгейі; шығарылған өнімнің сату бағасы; әрбір өнім түрін шығаруға байланысты жұмсалған айнымалы шығындардың деңгейі; қарастырылған кезендегі ШС-нін өнім түріне жатқызылған шығындар; өнімді шығару нәтижесінде алынған табыс (пайда) деңгейі; өндірістің жұмыс істеу деңгейін ұстау мен ұлғайтуға бөлінген күрделі қаражаттардың деңгейі.

Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау, инвестициялық кезең алдыңда және инвестициялаудың барысында жүргізілетін болғандықтан, онда қолданатын мәліметтердің едәуір деңгейі болжамды болып келеді, демек оңайлау тәсілін пайдалануды мақсат тұтады. Бірақта, біздің пікірімізше, бұл оңайлау тәсілі (әдебиеттерде дәстүрлі немесе статикалық әдіс деп те атайды) жеткілікті ұзақ мерзімге арналған құрал-жабдықтары бар және амортизациялық шығындары аса көп емес шағын және орташа деңгейдегі кәсіпорындар үшін қолайлы.

Ал егер біз оның тек нақты табыс деңгейін (сонымен қоса таза табысын) және инвестицияға бөлінген қаражаттың деңгейін дисконттауға негізделген инвестицияның рентабельдігін бағалайтын болсақ, онда бұндай инвестициялық жобалар кез келген кәсіпорын үшін тиімді болуы мүмкін (осы мәселе жөнінде "Инвесторларды басқару" деп аталатын В.В.Шереметтін кітабында аталған мәселе жан-жақты қарастырылған).

Негізінен алғанда инвестиция процесі көптеген іскерлік шешімдерді қажет ететіндіктен ол жан-жақты зерттеулер жүргізуді талап етеді. Бірақ біз бұл арада дисконттау мен пайыздардың негізгі әдістеріне талдау жасауды ана мақсат тұттық. Болашақтағы ақша қаражатының құнын қазіргі шаққа келтіру құбылысын дисконттау деп атайды (яғни нолъдік вариантқа келтіру).

Болашақ құны (БК) - белгілі бір жағдайда, ақша қаражаттарын инвестициялаудың нәтижесінде, болашақта алынатын кұны деп топшылайды және ол пайыздық мөлшерлеме, уақыт кезеңі, пайыздарды есептеп шығарудың жағдайы бойынша жүзеге асады.

Ағымдық кұны (АҚ) (немесе дисконтталған күны) деп — бүгінгі күнінің деңгейіне келтірілген төлем құны немесе төлем топтамасы, бірақ ол болашақта ғана іске асады.

Дисконттау (пайыздық) мөлшерлемесін анықтау кезінде, күрделі пайыздар эффектісіне аса үлкен мән беріледі. Бұл күрделі пайыздар, өзінің есептелген кезінде шегерілмейді, керісінше, ол бастапкы сомасына қосылады. ол келесі кезеңде жаңа табыстарды әкеледі.

Ал бұл алынған табыс не кайта каржыландыруға, не болмаса депоненттелуіне (немесе резервтеріне) бағытталуы мүмкін. Бұл табыстың жыл сайынғы деңгейі, ақша

Page 43: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 44-бет 55 беттен

ағымының тендей түсімімен (немесе белгіленген аннуитетімен) анықталады. Ол үшін жоғарыда келтірілген формуланың, өңделген түрі пайдаланады:

Болашақтағы инвестициядан түсетін табыстың ағымдық кұны мынадай факторларға тәуелді болып келеді:

а) ақша қаражаттарының ағылуы мен кері ағылулары арасындағы уақыттың алшақтығымен;

б) қажет пайыздық мелшерлемесі немесе дисконты (мысалға, қайта қаржыландыру үшін шыға-рылған облигациялар үшін оның деңгейі 7%-тен аспайды; ал жаңа жобалар үшін, ондағы нарык жағдайының тұрақтылығына байланысты болады, ол 20% кем болмауы керек т.б.);

в) күрделі қаржыны белу барысында есептелетін тәуекелділіктің деңгейі.Егер жоба алғашқы рет қаржыландырылып отырса, онда ондағы тәуекелділіктің

деңгейі де жоғары болады. Демек, ағымдағы бірлік құнының пайдалануы, оның әр түрлі уақыт кезеңіндегіне және іске асатын жобалардың, нәтижелер мен шығындарының бір қалыптылығына байланысты болып келеді.

Сайып келгенде, осы және баска формулаларды пайдалану барысында біз әр кезде, әртүрлі мәселелердің туындауы мүмкін. Мысалы үшін, дискон-ттау мөлшерлемесін негіздеудің нақты тетігін табу, есеп саясатын қалыптастыру, капиталдардың орташа құнын табу сияқты мәселелердің бүгінге дейін ақтык шешімі табылған жок. Егер бұл аталған жағдайлар ез дәрежесінде жасалмаса, онда бұндай инвестициялық жобалардың күмәнді болатынды-ғында дау жоқ.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:1. Күрделі қаржы салымдары қалай жұмсалады?2. инвестициялық жобалар туралы шешімдер қабылдау қалай жүргізіледі?

6 тақырып: Пайданың стратегиялық талдауы және бағалық көрсеткіштердің баланстық стратегиясы мен жүйесі.

Дәріс сұрақтары1.Жедел бақылау жүргізу реті2. Сметаның орындалуын бағалау1.Шаруашылық субъектісінің ішкі табыстар нормасы өзінің физикалық мәні

бойынша, тек инвестициядан алынатын пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады, және сол бойынша инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін несие алуына болатындығын да керсетеді. Бұл нормалық пайыздың мөлшерлемесі тек жобаны жүзеге асыру кезінде, одан алынатын барлық ақшалай түсетін қаражаттарының (табыстар мен амортизациялық қаражаттарының) дисконтталған кұны, сол жобаның дисконтталған шығын құнымен тен болса ғана қабылданады.

Ішкі табыстар нормасының керсеткішін есептеу үшін мынадай аналитикалық формуласы немесе тендігі пайдаланады:

Бұл формула үшін: жыл, тоқсан, ай сайын біркелкі болатын қызметтің уақыт кезеңдерінде есептелінеді.

Келтірілген формула дисконттау мөлшерлемесін шешуге колайлы жағдай туғызады. Және ол тендеудің көмегімен өтеу мерзімін оның ішкі табыстылық нормасымен салыстыруға болады, демек оның ішкі өтелу коэффициентімен (Р) үксастығы байқалады. Егер ішкі табыстылық нормасы жеткілікті болса, онда шаруашылық субъектісінің зиянсыздық нүктесінде тұрғандығын байкатады. Олай болса, ішкі табыстар нормасы (табыстылығы), карыз алудың ең жоғарғы мөлшерлемесін корсетеді, яғни дисконттау

Page 44: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 45-бет 55 беттен

мелшерлемесінің ен биік деңгейі, баскаша айткднда, инвестициялық жобанын тиімді және тиімсіздігін айкындайтын шекарасы ретінде қарастыруға болады. Егер, ШС ішкі табыстар нормасының деңгейінен, операциялық шығындары асып кетсе, онда бұндай жоба тиімсіз деп танылады.

Сондықтан, тәжірибеде, ішкі табыстар нормасы, инвестициялық жобалардың варианттарын іріктеу (сүрыптау) үшін сүзгіш ретінде пайдаланады. Нарыктык экономикасы дамыған елдерде инвестициялық жобаны іріктеу үшін шаруашылық субъектісінің ішкі табыстар нормасы - 0,15-0,20 - пайыздан кем болмағанды қалайды. Ішкі табыстар нормасы: табыс пен инвестицияның деңгейімен (немесе оның айырмасымен) ғана емес, сондай-ақ олардың уақыты бойынша да таратылатын процесіне байланысты болып келеді. Күрделі қаржыны, бөлудің барысында, одан алынатын табыстың мерзімі созылған сайын, ішкі табыстар нормасы да төмендей береді. Инвестициллық жобаларды салыстырмалы тұрғыда талдау үшін, олардың уақыты бойынша түсетін табыстын графигін құрастырған жөн. Ішкі табыстар нормасы қатыстық (относительді) көрсеткішті береді. Ол өзара басқа жобалармен салыстыруға, әртүрлі жобалар үшін олардың табыстарының абсолюттік мәнін анықтауға, жақсы жобаларды тандап алуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен де, бұл критерияның маңызды бір кұндылығы, оның дисконттау мөлшерлемесін анықтауды бірінші кезекке қояды. Одан баска, ішкі табыстар нормасының кемшілігі - жалпы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға керек қаражаты (оның жалпы құны) онда ескерілмейді, және де амортизациялық аударылымдар сиякты туынды шығындарды бөліп көрсетпейді. Экономикалық әдебиеттерде жоғарыда аталған әдістерден басқа, инвестицияның рентабельділік индексіне (пайда индексіне) де біршама көңіл бөлінеді. Бұл әдіс таза келтірілген құн әдісінің жалғасы (салдары) десекте болады. Рентабельділік индексі (РІ) мына формула бойынша есептелінеді:

Ескертетін бір жай, егерде РІ >1 болса, онда жобаны қабылдау керек. РІ < 1 болса, онда жобаны қабылдамау керек. РІ=1 болса, онда жоба не табысты, не зиянды болуы ықтимал (яғни, жобаны қабылдау басшының интуициясына байланысгы болып келеді).

Таза келтірілген эффектіден рентабельділіктін ерекшелігі, ол қатыстық (относительді) көрсеткішті береді (бұл кезде күрделі қаржының деңгейі бір өнім бірлігіне есептелінеді).

Аннуитет — бұл біркелкі жүйеде қайталанатын ақшы ағындарының жүйелілігі. Егер инвестициялық жобалардан түсетін ақша ағындарының бірқалыптылығы болса ғана, аннуитет тәсілін қолдануға болады.

Ақшаның бұндай ағының келесідей формуласы бойынша есептелінеді:

Тәжірибеде, ақша ағындарының бірқалыпты болып түсетін инвестициялық жобалар жиі кездеседі, бірақта мұндай жобаларды бағалау үшін көп жағдайларда, осы жобаның кандай жорамалды аннуитетіне эквивалентті екенін анықтау керек. Алдымен ақша бірлігіндегі аннуитеттің деңгейін білгеннен соң, оны келесідей формуланың көмегімен анықтауға болады:

Мұндағы, С - аннуитетРУ — бағаланатын (немесе бағаланған) жобанын келтірілген құны.Сонымен, аннуитеттің құны (С) жобаның келтірілген құнымен (РУ) тең болса,

және инвестор инвестициялық жоба үшін өз капиталын салса, сондай-ақ әрбір кезенде С

Page 45: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 46-бет 55 беттен

көлемі біркелкі төлем әкелсе, онда бұндай инвестициялық жобаның парықсыз екендігі шығады.

2.Аннуитеттегі есептеулер жобаның бір қалыпты емес ақша ағындарымен салыстыру кезінде пайдалы (тиімді) болып саналады, өйткені ол барлық ақша ағындарын, бір жылдың ауқымына сыйғызуға (келтіруге) мүмкіндік береді.

Аннуитет критериясының артықшылығы — ұзақтықтылығы әртүрлі жобаларды салыстыру мүмкіндігін береді, ал келтірілген кұн әдісінде бұндай мүмкіндік жок. Бірақ әдістің кемшілігі - келтірілген құн әдісіндегі кемшіліктерді қайталайды.

Демек, ақша ағындарының дисконттауын сипаттай келе, ондағы инвестициялық жобаның артыкшылықтары мен кемшіліктері жөнінде басқарушы есептің кемегімен біршама қорытынды жасауға болады.

Дисконттау әдісінің артықшылықтары:-пайдаланатын ресурстардың баламалы кұндарын ескереді;-есепке нақты ақша ағыны алынады, шартты бухгалтерлік деңгейі ескерілмейді,

яғни инвестициялық жобаларды бағалау инвесторлар тұрғысынан және ол есептік саясаттан тәуелсіз түрінде жүргізіледі;

-инвестициялық жоба меншік иесінің мүддесін қорғайды, яғни акционерлерді.Дисконттау әдісінің кемшіліктері (яғни, бұндағы пайымдау оның бастапқы

жағдайынан шығады):Ақша ағындарын дисконттау критериясы дәстүрлі критерияға қарағанда біршама

қиындықтарды туғызады және ол талдаушының біліктілігіне қатаң талаптар қояды:... ресурстардың баламалы құнын көрсететін адекватты (пара-пар) дисконттау

нмшерлемесін тандап алудың киындығымен байланысты;... ақша ағынының болжамдары әрқашанда жеткілікті түрде шындыққа жақын бола

бермейді (кейде ол сараптаушының субъективтік көзқарасымен байланысты); ... бастапқы ақпаратгарды жинау өте қиын, өйткені, қолданыстағы есеп жүйесі,

іикты ақша ағындарын көрсету ұшін жеткілікті түрде бейімделмеген;... есептеулердің қатыстык (относительді) жағдайын есептеп шығарудың

киындыгы; ... инвестициялық жобаларды дисконттау критериясы Қазақстан үшін дәстүрлі

смес, сондықтан оған іс жүзінде жеткілікті түрде ғылыми ізденістер керек.Жалпы алғанда дисконттау критериясы дәстүрлі әдіске карағанда (рентабельділік,

өтеушілік) біршама жетілген: олар ресурстарды пайдалану кезінде қолдан шығарып алған олжасын (пайдасын)анықтау үшін тиісті әдістерді таңдауға мүмкіндік береді, нарық заңдарына икемді болуына комектеседі, яғни ресурстардың экономикалық кұнын анықтайды. Бірақ та ііүл критериялардың бірде-біреуі басқарушы есеп жүйесінде таза күйінде кездеспейді, олар тек "жетілген нарық" жағдайында ғана пайдаланады, ал парық жағдайы тұрақсыз жағдайда және ақпараттар толық емес кезде, инвестицияны талдау үшін, олардың модификацияланған түрі пайдаланады. Кез келген жобанын ақша ағымдарын дисконттау кезінде, оның алдыңда бірінші мәселесі болып дисконттау мөлшерлемесін тандау проблемасы түрады.

Экономикалық әдебиеттерде дисконттау өлшерлемесін анықтау үшін коптеген тәсілдерді пайдаланады. Бірақ олардың ішінде ең көп таралғаны: капиталдың орташа есептелген құны: заемдық капитал бойынша пайызы; бөлінген күрделі қаржының кауіпсіздік молшерлемесі және т.б.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:1.Смета қалай жасалады?2. Сметаның орындалуы қалай бақыланады?

Page 46: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 47-бет 55 беттен

7 тақырып: Уақыт факторы мен шектеу теориясы және жұмыстар сапасыДәріс сұрақтары1.Басқару есебіндегі бюджеттеу2.Бюджеттік бақылау

1.Басқарушы есебінде қойылған мақсаттарға жету үшін, инвестициялық жобаларды бағалау критерийлері жетекші роль аткарады. Инвестициялық жобаның қаржылық та, қаржылық емес те мақсатта жүзеге асырылуы мүмкін. Нарықтық экономикасының жағдайына жақынырақ және типтік жағынан басымырақ болып келетін қаржылық мақсаттарына кеңірек тоқтатайық. Инвестициялық жобаларды бағалаудың көптеген қаржылық критерийлері белгілі, бірақ олардың әр қайсысының өзіндік артыкшылықтары мен кемшіліктері бар.

Инвестициялық жобаларды бағалаудың әр түрлі критерийлерін пайдалану жөнінде әртүрлі түсініктер бар. Сондықтан біз бүгінгі таңға дейінгі белгілі болған бағалаудың критерийлерін тандап алдық, және оның қалыптаскан жіктемесін суретте келтірдік. Бірақ, оларды тандаған кезде, олардың нақты ерекшеліктері мен өзгешеліктерін де ескердік. Бірінші кезекте шешімді қабылдау үшін барлық маңызды мәліметтерді бақылау, нормалау, тәуекелділіктерді бағалау мен инвестициялық есептеулерді жүргізудің колайлы әдістерін дайындау керек.

Инвестициялық жоспарлаудың жүйелік процесі аясында, баламалы ин-инвестициялық жобаларды бағалау және олардың ішінен қолайлысын таңдап алу үшін, басқарушы есепте қолданатын есептеулердің әдістеріне сүйендік.

Енді осы әдістердің негізінде жаткан, әрі дисконттау қағидасына базаланған, яғни инвестициялардың тиімділігін бағалайтын — динамикалық әдісін жан-жақты қарастырып көрейік.

Әлемдік тәжірибеде жоғарыда аталған бағалау әдістерінің ішінде ең қолайлысы болып — таза келтірілген құн (NРV) 20 критерийлері танылған.

Алдымен біз таза келтірілген құн әдісінің колдану басымдылығына және ақционерлер тарапынан қойылатын талаптарына токталайық. Сосын біз шаруашылық субъектісінің (ШС) жағдайына сәйкес келетін шындык болжамдар жасап, NРV моделімен байланысты мәселелерге кеңірек тоқталайық.

Енді біз инвестициялық жобаның көрнектілігі мен айқындылығы үшін, шартты мәліметтерді пайдалана отырып, жай мысалды келтіріп көрейік. Инвестиция бойынша кезделген шығындардың деңгейі 25 000 аб құрады және бұдан былайғы кезде оған қосылатын таза қолма-қол ақша ағыны 12 500 аб болады делік, енді осы жағдайды кестеге түсіріп, және оны бағалап көрейік. Егер біз инвестор талап еткен мөлшерлемесі бойынша алатын болсақ, онда ол жылына 10 пайызды құрайды.

Қолма-қол қосымша ақша түрінде инвесторға таза келтірілген кұн (NРV) 6086 аб тен болады. Кез келген он мәні бар жоба инвесторлар үшін колайлы болып табылады.

Шаруашылық субъектісі инвестицияның мәселесін шешпестен бұрын, бірінші кезекте дисконттау мөлшерлемесін анықтайтын техникасына жете мән береді. Шаруашылық субъектілерінде ақционерлердің саны коп болса, онда дисконттык пайыздың мөлшерлемесі бұл тұлғалардың" басым көпшілігінің талабын минимальды табыстылықпен қанағаттандыруы тиіс. Сондықтан мұндай субъект үшін қолайлы дисконттық мөлшерлеме болып, капиталдың орташа есептелген құны алынуы мүмкін. Қарсы жағдайда, оны екінші рет нарық саудасына шығарғанға тең.

Көріп отырғанымыздай, NРV моделінің әрекеттілігі үшін қолайлы критерия болғанымен, онда бірқатар жорамалдар бар, олар осы моделдің іс жүзінде пайдалануына біршама шектеулер қояды. Соңғы отыз жылдың ішінде инвестицияны бағалау мақсатында көптеген теориялық зерттеулер жүргізіледі, бірақта бұл зерттеулерді іске асыру барысында көптеген қиындылықтардың бар екендігі байқалды. Дегенмен де, қарапайым таза келтірілген NРV моделіне базаланған дисконттау әдісі өнеркәсіпте кең қолдау таба басталады, бірақ олар өз жорамалдауындағы шектеуші факторларды ескермеді.

Page 47: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 48-бет 55 беттен

Инвестицияны бағалау мәселесін қарастырумен қатар, осы мәселенің қалпы бөлігін зерттеу үшін, біз мынадай мысалды келтіріп көрейік, өйткені ол мәселенің негізін қалайды. Біз ұсынып отырған бұл мысал құрама сипатқа ие, яғни инвестицияны бағалаудың әр түрлі әдістерін сыпайы іріктеліп алынған тұрғысынан пайдаланғанды қалайды. Басқаша айтсақ, оның NРV критерийлері) аддитивтілік (қосылу) қасиеттілігі бар болғандықтан, олар әртүрлі жобалар бойынша жасалған көрсеткіштердің мәндерін жинастыруға және инвестициялық портфельді оптималдандыру үшін, агрегатталған деңгейді пайдалануға мүмкіндік береді. Біздің бұл арадағы мақсатымыз, жобаны пайдаланғаннан кейінгі қолма-қол ақшаның қозғалысын болжау болып табылады, сондықтан да кейбір өзгермейтін табыстар мен шығыстар есепке алынбайды.

Жоғарыда келтірілген ақпараттың әрбір элементі сандық немесе құндық бағаны көрсетеді.

Әрбір элементтің күтілетін өзгерісін және оның қарқының пайдалана отырып, суретте көрсетілген қолма-қол ақшаның болашақтағы ағының есептеуге болады.

Жобаның калған жылдарына сұраныс осыған ұқсас есептелінеді. Бірақ бұл жылдардың аралығында, нақты жүнге деген сүраныстың деңгейі де, кон-дырғының куаттылығы да кеміген. Қондырғыньщ белгіленген қызмет ету мерзімі бойынша жалпы өнім өндіру енімділігі 372 450 ц кұрады, ол оның осы кезде нақты сатылу құны 303 910 ц тең болды (38 кестені қараңыз). Егер кәсіпорын өз қуаттылығында толығымен жұмыс істейтін болса, онда біз тағы бір жылға (яғни алтыншы жылға) 68 540 ц көлемінде жүннің сатылуын болжауымызға болар ед. Бұл арада оның сатылу бағасын ағымдағы бағадан анықтайды (100 аб.).

Енді осы аталған бағаны, сату келеміне көбейтіп, жалпы жинақталған табысты анықтаймыз. Тап осындай процедурасы материалдарға да қатысты қолданады, бірақ онда баға ретінде өнімді ендірудің (шығарудың) коэффициентін қолданады, сосын оны ондірілетін өнімнің болжанған келеміне көбейтеді (сатылған өнімнің келемі емес).

2.Жұмыс күшінің шығындар да өнімнің күтілген көлеміне сүйене отырып анықтаймыз, бірақта біз бұған бірінші жылы арнайы кәсіби дайындықтардан өткен персоналдарды ауыстыру нәтижесінде орын алған ішкі балама шығындарын қосамыз. Тұрақты штатка кіретін жұмыс күшіне байланысты шығындарды біз ондірістің баламалы шығындары ретінде қарастырамыз. Біздің пайымдауымызша 1 25 тұрақты шығындар жүмсалған, ал бұл, жұмыс күшін ауыстыруға кеткен шығындарға шамалас келетін сиякты.

Энергияға кететін ағымдағы шығындар жыл сайын 5%-ке артып отырады.Көптеген зерттеушілер амортизацияяық аударылымдарды нақты экономикалық

шығындар деп есептемейді, өйткені олар машиналарга жатқызылғанымен, бірақ оның интенсивті түрде пайдаланғандығын кврсетпейді.

Алайда, қондырғыны демонтаждау (бөлшектеу) кұны оның қызмет ету мерзімінің аяғында, инвестициялық шешімдердің нәтижесінде, алынған қолма-қол ақшаның нақты езгерісіне жаткызылады. Сондықтан, бөлшектеу құны, алтыншы жылдың шығынына кіреді. Бұл арада атап ететін жайт, ондағы жобаны дайындауға және оны жарым-жартылай пайдалануға кеткен шығындар, қайтарылмайтын шығындар болып саналады, ол жобадан алынған табыстан шегеріледі.

Біз жыл сайын алынған жалпы табыстан өндірістің жалпы балама шығындарын шегереміз де, және сол жылдарға тән осы жобадан күтілген қосымша таза қолма-қол ақшаның түсімін де бағалаймыз. Өйткені, әрбір жылда алынатын қосымша таза қолма-кол ақшалар инвестиция женіндегі шешімдердіц тікелей нәтижесі ретінде көрінеді және олар тікелей инвесторлар күткен болашақтағы қолма-қол ақша ағындарынын өзгерісін бейнелеп береді. Одан басқа, бұл өзгерістердің барлығы өздерінің пайда болған уақыт кезеңіне сәйкес болғандықтан, ол нақты ақшалай көрінісін де білдіреді.

Бағаның өсуі кезінде болатын болашақтағы қолма-қол ақша ағыныңың жиынтығын алу, бұл оның екінші әдісі болып табылады, бірақ оларды да ағымдағы бағалармен қайта есептелуі мұмкін. ШС жағдайында колма-қол ақшаның бірінші ағыны - 613 000 құрады,

Page 48: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 49-бет 55 беттен

яғни ол бұл жобаның бірінші жылында алынатын сомасы болып есептелінеді. Енді осы сомаға қарап және өндірілетін тауарды сату кабілеттілігіне сәйкес, болашақтағы қолма-қол ақшаның ағының (сомасын) анықтауға болады. Берілген инфляцияның даму қарқынына қарап, болашақтағы қолма-қол ақша сомасын әр жылдың үлесіне сәйкес дисконттап, болашақтағы қолма-қол ақша ағынының эквивалентін сатып алу кабілетіне сәйкес ("нақты" құнын) есептеуімізге болаы.

Кестеде жобаның барлық жылдарындағы нақты қолма-кол ақша мыныңың болжамдық жиынтығы керсетілген. Егер біз дисконттау мөлшерлемесін қолма-қол ақша ағынымен, оның ағымдағы көрсетілген бағасымен, демек эквиваленттік құнымен есептесек, онда ол таза келтірілген құнның дисконттау мөлшерлемесі үшін есептелген мәнге сәйкес келмейді. Бұрындары пайдаланылған пайыз (10%) мөлшерлемесін қолданатын болсақ, онда біз дағдарыс (инфляция) жағдайын ескеруіміз керек. Егер кәсіпорын қызмет ететін аймақта, елде, инфляциялық климаты (элементтері) айрықша ескерілмейтін болса, онда бүндай жағдайда дисконттау мөлшерлемесінен, инфляциялық элементтеріне сәйкес жасалған қосымшаларын алып тастауымызға болады.

Демек, дисконттау мөлшерлемесінің нақты (шын мәніндегі) эквиваленті былайша есептелінеді: 1,10 : 1,04= 1,0577 немесе 5,77% тең.

Бұндағы, 5,77% бұл эквивалент көрсеткіші, ол 10 мен 4 пайыздарының арасындағы сандық айырмасы емес және оған тең деп қарауға да болмайды.

Егер бұл нақты (немесе шын мәніндегі) дисконттау мөлшерлемесін, на-кгы колма-қол ақша ағындарының есебін шығару үшін қолдансақ, онда біз ақша козғалысын талдау кезіндегі, нәтижелерге сәйкес жауапты аламыз, ,ісмек ол жобада келтірілген құндық сомасына (1389861 аб) сәйкес келуі мүмкін.

Біз талдаудың екінші әдісін көрсеттік, өйткені өнеркәсіптін көптеген Оасшылары ағымдағы бағалардың есебін шығарғанды артығырақ көреді, яғни пағалар арқылы болашақтағы қолма-қол ақшанын ағындарын жасағанды дұрыс санайды.

Тәжірибеде кейбір менеджерлер (тек олар ғана емес, сондай-ақ ғылымда да) инвесторлардың инфляциядан күткен (немесе инфляция үшін жасалған) табыстылығын, дисконтталған нақты ақша ағыныңа қосқанды калайды.

Егер кез келген шаруашылық етуші субъектісі осы тұрғыда дисконттау процедурасын жасайтын болса, онда қабылданған шешімнің дұрыс еместігін байқау қиын емес және ол инвестицияға қажет каражаттың тапшылығына жетелейді. Сонымен, қорта келе, инвестицияны бағалау үшін (ИРУ) таза келтірілген кұнның әдістерін пайдалану мьгнадай жайларды береді:

біріншіден, бұл аталған жоба барынша ақша ағымдарын емес, инвесторлардың мүдцесін қорғайды;

екіншіден, кез келген шаруашылық субъектісі инвестициялық капиталға тапшылығын емес, тек оның тәртібімен жеңіл айналысатындығын көрсетеді. Сондықтан, жобаны әзірлеген кезде оның теріс жақтарын да ескерген жөн.

Сайып келгенде, шаруашылық субъектісі өзінің қаржылық жағдайын түзеу үшін, дисконттау мөлшерлемесін күрделендірмей-ақ жобаны қаржыландырудың мүмкіндігін іздестіру керек.

Тап осындай мақсатка жету үшін мынадай формуланы қолданған жөн:

Page 49: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 50-бет 55 беттен

Бұл әдістің басты кемшілігі — дисконттау мөлшерлемесін есептеп шығарудың қиындығы, яғни капиталды пайдаланудың баламалы мүмкіндігінің жоқтығы. Осыған коса, инвестициялық жобанын тым ұзақ мерзімге арналатындығы, және жоба іске қосканнан кейінде, оны салыстыратын баламасы-ның кездеспейтіндігі, жобаның тек абсолютті көрсеткіште болатындығы, яғни бір сөзбен айтқанда "жобаның қауіпсіздік резерві" туралы ақпараттың жоқтығы — таза келтірілген құнның критериясын пайдалауына біршама кедергі жасайды.

Жоғарыда айтылған кемшіліктерге карамастан, біз таза келтірілген кұн критериясына, яғни ақша ағыныңың жобасына талдау жасап көрейік.

Бұл арада талдау қорытындысын да, ақша қаражаттарының бюджетін де ете женіл түрде модификациялауға келетіндігін естен шығармау керек. Сол себептен талдаушы, инвестициялық жобалардың нағыз жағдайын және мүмкіндігін анықтау үшін, оны басқа да әдістерімен бірге ұтымды ұштастырған абзал.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:1.Бюджеттік бақылау қалай жүргізіледі?2. Қысқа мерзімді жоспарлау қалай жүргізіледі?

3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

1 тақырып. Тереңдетілген басқару есебінің дәстүрлі басқару есебінен айырмашылығы.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1.Басқару есебінің функциялары2.Басқару есебін ұйымдастыру мен әлеуметтік аспектілері3.Өнім циклі мен бәсекелестік ортасының өзгерісі4.Тұтынушылардың қажеттілігін өтеу5.Есептің басқару жүйесіне орта өзгерісінің әсері Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1. Айтжанова Ж.Н.Стратегический учет собственности Алматы 20032. Тайгашинова К.Т.Методические и теортетические основы управленческого учета Алматы 2002

2 тақырып. Шығыстар мен логистикалық шығындарға қатысты терминдер мен концепциялар

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1.Шығындар функцияларын анықтаудағы жалпы ұстанымдар2.Өндірістегі жоғалтулар есебі3. Өзіндік құнның функционалды калькуляциясы Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1.Николаева С.А. Особенности учета затрат в условиях рынка: система «директ - костинг» Москва 1992.2. Алан Апчерч. Управленческий учет: принципы и практика.Москва 2002

Page 50: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 51-бет 55 беттен

3 тақырып. Жабдықтау және сату процестермен өзін - өзі қамтамасыз ету, шығыстар есебінің альтернативті жүйесі негізіндегі табыс әсері

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1.Шығындарды басқару және «құндылықтар» тізбегі2. «Дәл мерзімде» жүйесі3. Стратегиялық басқару есебі4. Сапа шығындары5. Теңестірілген есеп тізімдемесіӘдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1.Друри К. Введение в управленческий и производственный учет. Москва Аудит ЮНИТИ 2000.2.Карпова Т.П. Управленческий учет. Москва Аудит ЮНИТИ 1998

4 тақырып. Белгісіздік шарттардағы әрекет теориясыТәжірибелік сабақ сұрақтары:1.Смета құру2.Ауытқуды талдау3.Жауапкершілік орталықтары есебі4. Трансферттік бағаның құрылуыӘдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1. Айтжанова Ж.Н.Стратегический учет собственности Алматы 20032. Тайгашинова К.Т.Методические и теортетические основы управленческого учета Алматы 2002

5 тақырып. Табиғатты қорғау қызметін басқару есебін құрудың негізгі механизмдері.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1.Релевантты ақпараттардың мәні2. «Шығындар – көлем - пайда» талдауы3.Шектеулі факторлар талдауы4.Шешімдер қабылдау үшін релевантты шығындар мен табыстарды өлшеу Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1.Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект. Москва 2000.2.Управленческий учет – Учебное пособие, разработанное на основе стандартов бухгалтерского учета. Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999.

6 тақырып. Бағалаушы көрсеткіштердің жүйесі және стратегиялық есеп.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1.Инвестицияны бағалау әдістері2.Салық салу және инвестициялық шешімдер3.Инвестиция бағалауға инфляцияның әсері4.Күрделі қаржы салымдары кезіндегі тәуекелділікті талдау

Page 51: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 52-бет 55 беттен

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1.Радостовец В.К., Габдуллин С.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы 2000.2.Тасмағамбетов Т.А. Басқару есебі, жоспарлау және стратегиялық талдау. Алматы 2000

7 тақырып. «Директ - костинг» калькуляциясының жүйесі.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1.Сызықтық программалау, оның әдістері2.Графикалық әдіс.3.Симплекс әдіс4.Матрицаның интерпретациясы5.Сызықтық программалауды пайдалану нұсқалары Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1. Айтжанова Ж.Н.Стратегический учет собственности Алматы 20032. Тайгашинова К.Т.Методические и теортетические основы управленческого учета Алматы 2002

8 тақырып. Даунсайзинг және қуаттылықты басқару

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1. Даунсайзинг, оның әдістері2. Қуаттылықты басқаруӘдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1.Пашигорева Г.И., Савченко О.С. Системы управленческогг учета и анализа Санктъ – Петербург 20022. Сатубалдин С.С.Учетные системы транзитной экономики Алматы 2003

9 тақырып. Сапа уақыт факторы және шектеу теориясы

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1. Сапа уақыт факторы2. Шектеу теориясыӘдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1.Пашигорева Г.И., Савченко О.С. Системы управленческогг учета и анализа Санктъ – Петербург 20022. Сатубалдин С.С.Учетные системы транзитной экономики Алматы 2003.

10тақырып. Бағаны қалыптастыру бойынша шешім қабылдау. Халықаралық трансферттік бағаны қалыптастыру

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1. Бағаны қалыптастыру бойынша шешім қабылдау.

Page 52: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 53-бет 55 беттен

2. Халықаралық трансферттік бағаны қалыптастыру

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1.Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект. Москва 2000.2.Управленческий учет – Учебное пособие, разработанное на основе стандартов бухгалтерского учета. Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999.

11 тақырып. Операция кезінде шығындарды басқару және инновайиялық процестер.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1. Операция кезінде шығындарды басқару2. Инновациялық процестер.Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1.Пашигорева Г.И., Савченко О.С. Системы управленческогг учета и анализа Санктъ – Петербург 20022. Сатубалдин С.С.Учетные системы транзитной экономики Алматы 2003

12 тақырып. Стратегиялық басқару және стратегиялық есеп, оларды қалыптастыру механизмі.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1. Стратегиялық басқару2. Стратегиялық есепӘдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1.Николаева С.А. Особенности учета затрат в условиях рынка: система «директ - костинг» Москва 1992.2. Алан Апчерч. Управленческий учет: принципы и практика.Москва 2002

13 тақырып. Шығыстарды басқару, жабдықтаушылар мен сатып алушылармен байланыс.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1. Шығыстарды басқару2. Жабдықтаушылар мен сатып алушылармен байланыс.

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1.Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект. Москва 2000.2.Управленческий учет – Учебное пособие, разработанное на основе стандартов бухгалтерского учета. Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999.

14 тақырып. Релеванттық шығындар және тереңдетілген басқару есебінде оларды қалыптастыру механизмі.

Page 53: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 54-бет 55 беттен

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1. Релеванттық шығындар2. Тереңдетілген басқару есебінде оларды қалыптастыру механизмі.

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1.Николаева С.А. Особенности учета затрат в условиях рынка: система «директ - костинг» Москва 1992.2. Алан Апчерч. Управленческий учет: принципы и практика.Москва 2002

15 тақырып. Операция қимасында сапаны басқару.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1.Орепация қимасы2.Сапаны басқаруӘдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1.Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект. Москва 2000.2.Управленческий учет – Учебное пособие, разработанное на основе стандартов бухгалтерского учета. Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999.

16 тақырып. Өнімнің және бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.2. Бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер1.Пашигорева Г.И., Савченко О.С. Системы управленческогг учета и анализа Санктъ – Петербург 20022. Сатубалдин С.С.Учетные системы транзитной экономики Алматы 2003

4. МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

4.1 Өздік жұмыстарды орындауға жалпы нұсқаулар

«Тереңдетілген басқару есебі» пәнінен өздік жұмыстарды өткізудің әдістемелік нұсқауы студенттердің ілгерілемелі қаржылық есеп пәнінен оқу барысындағы алған білімдерін дамытуға, тереңдетуге және нақтылай түсуге көмектеседі.

Тереңдетілген басқару есебі - кәсіпорынның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғары оқу орындарында оқитын магистранттарға өндірістік есепті дамытуға арналған бірқатар құрылымнан тұрады. Курстың басты мақсаты – халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша басқарушылық есепті студенттерге меңгерту. Оларға басқарушылық есеп ақпараттарын қалай қолдану қажеттілігін және осы ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді. Сонымен қатар мұнда есеп стандарттарындағы өзгерістер де қарастырылады.

Page 54: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 55-бет 55 беттен

Магистранттарға басқарушылық есепті оқытуда бағдарлама, яғни осы пәнді оқытуда жұмыс бағдарламасы жасалған. «Тереңдетілген басқару есебі» пәнінен өздік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар осы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалды. Ол магистранттарға тереңдетілген басқару есебі курсының өздік жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға көмектеседі. «Тереңдетілген басқару есебі» пәнінен жүргізілетін өздік жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі. «Тереңдетілген басқару есебі» пәнінен жүргізілетін өздік жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі. «Тереңдетілген басқару есебі» пәнінен өздік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіреді.

4.2 Реферат тақырыптарының тізімі

1. Қаржылық есеп пен басқарушылық есептің ұқсастықтары мен ерекшеліктері

2. Аяқталмаған өндірістің есебі3. Стандарт – кост жүйесі4. Материалдық шығындардың есебі5. Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындарды

есептеу6. Көмекші өндірістің есебі7. Директ – костинг жүйесі8. Өндірістік шығындардың жиынтық есебі9. Қорлардың деңгейін жоспарлау және бақылау10. Бюджеттік бақылау11. Шешімдер қабылдаудағы релевантты шығындар12. Трансферттік бағаның құрылуы13. Кешенді өндіріс шығындарының есебі және қосалқы өнімнің өзіндік құнын

калькуляциялау14. Шығындардың толық үлестірілуі мен өзгермелі шығындар бойынша өзіндік

құнның калькуляциясы15. Өндірістік есептін шотттар жүйесі, талдамалық есепті ұйымдастыру.16. Көмекші өндіріс жұмыстары мен қызметтерінін өзіндік құнын

калькуляциялау мен өндіріс шығындары есебінің ерекшеліктері.17. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын процестік

әдісі.18. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын сатылық

әдісі.19. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын

тапсырыстық әдісі.20. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын нормативтік

әдісі.21. Аяқталмаған өндірістің бағалануы, түгенделуі және есебі.22. Материалдық шығындардың есебі23. Еңбек ақы шығындарының есебі24. Дифференциалданған есеп: ұзақ мерзімді шешімдер қабылдау25. Дифференциалданған есеп:қысқа мерзімді шешімдер қабылдау26. Калькуляция бірліктері, объектілері және әдістері27. Бюджеттеу – қысқа мерзімді жоспарлау

Page 55: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ · Web viewБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК

ПОӘК 042-18-3.1.31/01-2013 Басылым №3 56-бет 55 беттен

28. Тура және жанама, тұрақты және ауыспалы шығындар29. Өндірістік есеп бойынша құжаттар айналымы30. Стандартталған шығындарды қалыптастыру31. «Шығын – көлем - табыс» деңгейін анықтау32. Өнімді өндіру және сату деңгейін талдау33. Дайын өнімнің есебі34. Абзорпшен – костинг әдісі35. Еңбек ақы шығындарын есепке алу36. Өндірістік есеп шоттары37. Зиянсыздықтың бухгалтерлік моделі38. Зиянсыздықтың экономикалық моделі39. Өндіріске инвестиция салу тиімділігі40. Өндірістік есептің ақпараттық базасы