МИНИсТР ТАс ЖОлдың ЖұМысыМеН...

8
Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті * Газет 1936 жылдан бастап шығады * [email protected] №25 (8654) Жұма 22 маусым 2018 жыл Ауданымызға ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, облыс әкімі Алтай Көлгінов және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен іссапармен келіп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан «Орал –Тасқала - Ресей Федерациясы» бағытындағы тас жолдың жұмысын көрді. Жолдың құрлысымен таныстырған «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Берік Желдікбаев Орал-Тасқала-Ре- сей жолының жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтынын, соның былтыр 27 шақырымы жөнделгенін айтты. - Қазір қалған жұмыс қарқынды жүруде. Жол бойында 3 асфалть-бетон жұмыс жасап тұр. Бұл жолдан келешекте күніне 5-6 мың көлік өтеді деп есептелген. Сондықтан бұл жол транзиттік көлік ағынына лайықтап салынуда. 13 тоннаға дейін- гі көліктер жүре алады. Жол бойына аялдама- лар, әжетханалар, салу қарастырылған. Биылға қаражат бөлінді, жыл аяғына дейін жолды жөндеп бітіреміз,- деді Б.Желдікбаев. Сапар барысында Министр Ж.Қасымбек мер- дігер компанияға жолдың сапалы салынуын және уақытында аяқтауларын тапсырды. Айта кетейік, жалпы ұзындығы 100 шақырым, ені 7,5 метр болатын, екі қозғалыс жолақты бұл жолға Ұлттық қордан 23 194, 98 млн.теңге бөлінген. Мер- дігер - «Юнисерв» ЖШС. Мемлекеттік қызметшілер күнінің 20 жылдығына арналған іс-шараларға қорытынды жасалды. Айтулы күнге орай өткен басқосулар мен мамандардың біліктілігін анықтаған сайыстардың да нәтижесі жарияланды. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі А.Халелов әріптестерін төл мерекемен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. - Ел игілігі үшін атқарған қызметтеріңіз жемісті болсын. Халық алғысы мен бата- сын ғана алыңыздар. Отбасыларыңыз аман, денсаулықтарыңыз мықты болсын,- деген Алдияр Сансызбайұлы бір топ мемлекет- тік қызметшілерді үлгілі еңбектері үшін ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысының алғыс хатымен марапаттады. Олардың қатарында Мереке ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ә.Әжігереев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қ.Омаров, аудан әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және қаржы- шаруашылығы жұмысы бөлімінің басшысы М.Таңатжанов бар. Бұған қоса, Қазақстан ауылдық округінің әкімі Е.Төлепқалиев пен Шежін ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Д.Имашева аудан әкімінің алғыс хаттарына ие болды. Осы мерекеге орай аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен «Өз ісінің үздігі» сайысының жеңімпаздары да елеусіз қалмады. Бұл орайда аудан әкімінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Н.Белгин «Ең креативті қызметкер» аталымын иеленсе, Мерей ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Распаева «Сөз шебері» аталы- мы бойынша марапатталды. Сондай-ақ «Үздік портфолио» аталымымен Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Галиева, «Үздік бағдарлама жетекшісі» аталымымен Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж.Аспандьярова, «Ең еңбекқор» аталымымен Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Сүтеева марапатталды. Атал- мыш сайыстың бас жүлдесі Достық ауылдық округінің әкімі Ә.Тәшімовке бұйырды. Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты. МИНИсТР ТАс ЖОлдың ЖұМысыМеН ТАНысТы МеРейлі КүНгі МАРАПАТ

Transcript of МИНИсТР ТАс ЖОлдың ЖұМысыМеН...

Page 1: МИНИсТР ТАс ЖОлдың ЖұМысыМеН ТАНысТыekpyn.kz/wp-content/uploads/2018/06/25.pdf · Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті

Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті * Газет 1936 жылдан бастап шығады * [email protected]

№25(8654)Жұма

22 маусым 2018 жыл

Ауданымызға ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, облыс әкімі Алтай Көлгінов және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен іссапармен келіп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан «Орал –Тасқала - Ресей Федерациясы» бағытындағы тас жолдың жұмысын көрді.

Жолдың құрлысымен таныстырған «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Берік Желдікбаев Орал-Тасқала-Ре-сей жолының жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтынын, соның былтыр 27 шақырымы жөнделгенін айтты.

- Қазір қалған жұмыс қарқынды жүруде. Жол бойында 3 асфалть-бетон жұмыс жасап тұр. Бұл жолдан келешекте күніне 5-6 мың көлік өтеді деп есептелген. Сондықтан бұл жол транзиттік көлік ағынына лайықтап салынуда. 13 тоннаға дейін-гі көліктер жүре алады. Жол бойына аялдама-лар, әжетханалар, салу қарастырылған. Биылға қаражат бөлінді, жыл аяғына дейін жолды жөндеп бітіреміз,- деді Б.Желдікбаев.

Сапар барысында Министр Ж.Қасымбек мер-дігер компанияға жолдың сапалы салынуын және уақытында аяқтауларын тапсырды.

Айта кетейік, жалпы ұзындығы 100 шақырым, ені 7,5 метр болатын, екі қозғалыс жолақты бұл жолға Ұлттық қордан 23 194, 98 млн.теңге бөлінген. Мер-дігер - «Юнисерв» ЖШС.

Мемлекеттік қызметшілер күнінің 20 жылдығына арналған іс-шараларға қорытынды жасалды. Айтулы күнге орай өткен басқосулар мен мамандардың біліктілігін анықтаған сайыстардың да нәтижесі жарияланды.

Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі А.Халелов әріптестерін төл мерекемен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

- Ел игілігі үшін атқарған қызметтеріңіз жемісті болсын. Халық алғысы мен бата-сын ғана алыңыздар. Отбасыларыңыз аман, денсаулықтарыңыз мықты болсын,- деген Алдияр Сансызбайұлы бір топ мемлекет-тік қызметшілерді үлгілі еңбектері үшін ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысының алғыс хатымен марапаттады. Олардың қатарында Мереке ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ә.Әжігереев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қ.Омаров, аудан әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылығы жұмысы бөлімінің басшысы

М.Таңатжанов бар. Бұған қоса, Қазақстан ауылдық округінің

әкімі Е.Төлепқалиев пен Шежін ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Д.Имашева аудан әкімінің алғыс хаттарына ие болды.

Осы мерекеге орай аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен «Өз ісінің үздігі» сайысының жеңімпаздары да елеусіз қалмады. Бұл орайда аудан әкімінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Н.Белгин «Ең креативті қызметкер» аталымын иеленсе, Мерей ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Распаева «Сөз шебері» аталы-мы бойынша марапатталды. Сондай-ақ «Үздік портфолио» аталымымен Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Галиева, «Үздік бағдарлама жетекшісі» аталымымен Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж.Аспандьярова, «Ең еңбекқор» аталымымен Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Сүтеева марапатталды. Атал-мыш сайыстың бас жүлдесі Достық ауылдық округінің әкімі Ә.Тәшімовке бұйырды.

Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.

МИНИсТР ТАс ЖОлдың ЖұМысыМеН ТАНысТы

МеРейлі КүНгі МАРАПАТ

Page 2: МИНИсТР ТАс ЖОлдың ЖұМысыМеН ТАНысТыekpyn.kz/wp-content/uploads/2018/06/25.pdf · Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті

2 22.06.2018 жыл АПТА ТЫНЫСЫ

Өткен аптада аудан орталығында 2018 жылғы мектеп бітіруші түлектердің қоштасу кеші өтті.

Шарада аудан әкімі А.Халелов 11 жыл бойы білім теңізінен нәр алып, мектеп атты білім ордасы-нан тәлім-тәрбие алған әрбір түлек үшін бұл сәт жаңа өмірдің бастамасы екенін айтты.

- Алғашқы қоңырау балалық арманыңа жетелеп, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үні қанаттанған жастар-ды арман биігіне ұшырып, ең үлкен өмір мектебіне шығарып салады. Енді алда сіздерді үлкен сынақ – ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр. Осы сыннан сүрінбей

өтіп, қалаған мамандық иесі болуларыңызға шын жүректен тілектеспін. Қашанда білім алу жолында жан-жақты із-деніп, парасатты ұстанымды қалыптастырып, ел тізгінін ұстайтын азамат болыңыздар.

Өмір жолдарыңыз түзу, сәттілік серіктеріңіз болсын, - деген Ал-дияр Сансызбайұлы түлектерге «Алтын белгі» белгісін тақты.

Аудандық мәслихат хат-шысы С.Рахимов «Үздік аттес-тат» иегерлерінің қолдарына атестаттарын берсе, «Нұр Отан» партиясы аудандық фи-лиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, Ыбы-

рай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Б.Тасмағамбетов, педагогикалық қызметінің ар-дагері М.Набиева Қ.Сәтбаев,

Ы.Алтынсарин, С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептері мен «Сәулет» мектеп-лицейінің түлектеріне аттестаттарды салтанатты түрде табыстады.

Кеште сөз алған «Алтын белгі» иегері Г.Қабдығалиева 11 жыл бойы білім берген ұстаздарына барлық түлектер атынан алғысын айтып, ата-ана мен ұстаздар үмітін ақтайтындарына сенім білдір-ді.

Сондай-ақ шарада «Сәулет» мектеп-лицейінің түлектері «Қош, мектебім» әнін қосыла шырқады. Айта кетейік, биыл 11 сыныпты 140 оқушы

тәмамдап отыр. Қорытынды атестаттау нәтижесі бойынша 13 түлек «Алтын белгіні» ақтап шықса, 5 оқушы «Үздік аттестат» иегері.

е.елеКеНОВ

БАсТы МАҚсАТ ұлТТыҚ эКОНОМИКАНы

цИФРлАНдыРу«цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады.

Аталмыш бағдарламаның 4 негізгі бағыты бар.Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз

етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру.Екінші бағыт– экономиканың салаларына (көлік және логисти-

ка, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және элект-ронды сауда) цифрлы технологияны енгізу.

Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын артты-ру.

Төртінші – IT мамандарды даярлау. Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты –

қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық эконо-миканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде».

Осы орайда Тасқала ауданы бойынша «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының оқыту семинарына әлеуметтік осал топқа жататындардың ішіндегі жұмыссыздардан – 78 адам, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан 28 адам, ал мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 10 адам қамтылды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жол¬дауы еліміздің әл-ауқатын арт¬¬тыруға бағытталған маңыз¬ды қадамдардың бірі деп санай¬мын. Елбасымыздың тапсырмасын орындау басты парызымыз, міндетіміз десек артық болмайды. Осы тұрғыда цифрландыру әрдайым жалғасын тауып отырады.

Б.КеНТОғАеВА,халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шағын-футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Шараға аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің тәрбиеленушілері қатысты.

- Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы партия филиалының жіті бақылауында. Соның ішінде балалардың қоғамға бейімделіп, болашақта өз орындарын табуы, кәсіп тілін меңгеруі жолында ар-найы жұмыстар қолға алынып келеді. Осындай шаралар мүмкіндігі шектеулі жастарға қоғам назарын аудартуға себепші болмақ. Со-нымен бірге, спорттық шара оларды жігерлендіріп, алға ұмтыла түсуіне ықпал етеді, - деді филиал төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез.

Жеңімпаз командаға партия филиалы тарапынан футбол және баскетбол добы сыйға тартылды.

г.сАғАТОВА,«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты

ӨРеНдеРдің ӨЗгеШе ОйыНы

БАРАды ҚАНАТ ҚАғыП...

Шарада аудан әкімі А.Халелов барлық медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатарына алғыс хат табыстады. Бұдан кейін сахна төріне көтерілген «Нұр Отан» партиясы аудандық фили-алы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез ақжарма тілегін арнап, партия атынан кейбіреуіне алғыс хат берді.

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының атынан грамота, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің және Ұлттық са-раптама орталығының БҚО филиалының алғыс хаттары табысталды.

Шара мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары дайындаған кон-церттік бағдарламамен жалғасты.

Өз тілшіміз

МедИцИНА ҚыЗМеТКеРлеРі МАРАПАТТАлды

Аудандық мәдени-демалыс орталығында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.

Page 3: МИНИсТР ТАс ЖОлдың ЖұМысыМеН ТАНысТыekpyn.kz/wp-content/uploads/2018/06/25.pdf · Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті

322.06.2018 жылМӘСЕЛЕ

ТАсҚАлАдАғы КӨң-ҚОҚыс ТӨгеТіН ЖеРдің ЖАйы ЖылМА Жыл КӨТеРіліП Келе ЖАТҚАНыМеН, әлі КүНге дейіН ӨЗ ШеШіМіН ТүПКіліКТі ТАПҚАН ЖОҚ. Бұл МәселеНі ШеШуге ЖеРгіліКТі АТҚАМіНеРлеР АсығАР еМес. АлдАРыНА БАРсАң АйТАТыНдАРы «ШеШеМіЗ» дегеН ҚысҚА ғАНА ЖАуАП. ҚысҚАсы, БАяғы ЖАРТАс, БіР ЖАРТАс...

Ауылдың солтүстік бөлігіндегі қоқыс полигоны төрт гектар жерді «төсіне» басып жа-

тыр. Айналасы ешқандай қоршалмаған. Ашық-шашық. Атқамінерлер «әне ше-шеміз, міне шешеміз» деп, өгіз аяңға салынып жүргенде, жел тұрса ұша жөнелетін «ақ тауықтардан» (целлофан пакеттерден) бастап, баклашка, т.с.с түрлі қалдықтар ауыл ішіне кіруге «беттеп» ке-леді. Яғни, шара алынбаса бірнеше айда қоқыстан аяқ алып жүре алмай қалуымыз да ғажап емес. Осыдан екі ай бұрын әлгі полигоннан пакет былай тұрсын, малдың өлекселерін көріп, есіміз екеу, түсіміз төртеу болғаны бар. Нағыз экологиялық апат дерсіз мұны. Дереу әлеуметтік желіге жазғаннан кейін ғана лауазымды тұлғалардың шыр-пыры шықты. Тілші «түртпектемейінше» қозғалмайтын “жа-уапты адамдардың” жауапсыздығының кесірі бәрі...

Әрине, барлығына тек әкімдік кінәлі деген ойдан аулақпыз. Тұрғындардың да тазалыққа немқұрайлы қарап, көрінген жерге қоқыс тастай салатындарын ай-тпай кетуге болмас. Соның салдарынан ауылдың сыртымен қоса, іші де қоқысқа толудың аз-ақ алдында тұр. Үйлерінің айналасын айнадай жарқыратып қоятын

тұрғындар сай-салаға қолдарындағы қоқыс толы пакеттерін тастамай, тазалық баршаға ортақ екенін ескерсе екен дейміз.

Аталған мәселенің қашан, қай уақытта шешілетінін білмек бо-лып аудан әкімі Алдияр Халеловке жолықтық. “Көтеріп отырған мәселеңіз орынды. Дегенмен, оны бүгін-ертең шешеміз деп айта алмаймын. Себебі, үлкен қаражатты талап етеді. Қазіргі таңда жаңа полигонға жер бөлінді, яғни орны дайын. Конкурс өтіп жатыр. Қаражат мәселесі шешілсе, биыл ше-шуге тырысамыз”, - деді аудан әкімі.

Айта-айта ауыр, жаза-жаза жа-уыр болған бұл мәселе тезірек өз шешімін табады деп үміттенеміз. Енді тақырыптың екінші бір қырына ойыссақ. Ол ауыл ішіндегі қоқыс жәшіктерінің уақытында төгілмей, шашылып жататындығы. Мұны да өз көзімізбен көрдік. Мәселен, «Сәулет»

шағын ауданындағы ең шеткі бес үйдің қоқыс төгетін жәшігі ернеуінен асып-тасып жатыр.

- Биыл бұл жәшік мүлдем төгілген жоқ. Салатын жері де жоқ, тіпті. Шашылған қоқыс жел тұрса ұшып, шарбағымызға кіреді. Мен өзім балаларыма ауланың ішінен шұңқыр қаздыртып алдым. Қоқысты сонда төгемін, - дейді Кәмила есімді тұрғын.

Жүре берсең, көре бересің демекші, ауыл ішін аралап жүріп Скоробогатов көшесіндегі тау-теке қоқысты көріп (суретте) жағамызды ұстадық. «Сапа-рымызды» әрі қарай жалғастырып, тағы бір қоқыс жәшігіне көзіміз түсті. Бұнда да сол жағдай. Енді мына «қызықты» қараңыз, жаңағы қоқыс жәшігі орталықтағы аудан әкімінің орынбасарының үйінің артында тұр. Биліктің бір тізгінін ұстаған адамның үйінің арты қоқысқа толып жатса,

қарапайым тұрғындарға қандай өкпе арта аламыз...

Ауылдың ішін қоқысқа толтырып, округ әкімдігі қайда қарап отыр де-ген сұрақпен Тасқала ауылының әкімі Жаннұр Ахметовке жолықтық.

- Ауыл ішіндегі қоқысты шығаруға «Даму Тасқала» ЖШС жауапты. Алай-да, біз оның уақытында шығарылуын қадағалап отырмыз. Кейбір көшелердегі қоқыс жәшіктерінің төгілмей қалуы тұрғындар тарапы-нан болып отыр. Себебі, ақшасын төлемейді. Қазір әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жа-тырмыз. Алдағы уақытта ескі қоқыс төгетін жәшіктерінің орнына жаңа 35 жәшік қоямыз, - дейді Ж.Ахметов.

Ал, «Даму Тасқала» ЖШС басшысының міндетін атқарушы

Мәншүк Исмағұлова болса, тұрғындар ақша төлемесе қоқысты шығармаймыз деп отыр.

- Біз қоқыс жәшіктерін аптасына үш рет төгеміз. Ал бірқатар көшелердегі қоқыс жәшіктерінің төгілмей қалуының бір-ден-бір себебі – тұрғындар ақша төлегісі келмейді. Мен мұны округ әкімдігіне ескерттім. Ақша төлемей отырған тұрғындарды сотқа береміз. Бізде басқа амал жоқ. Сосын бізбен келісім шартқа отырған бірқатар мекемелер де қоқыс шығармайды. Яғни, бізге ешқандай тап-сырыс бермейді. Қоқыстарын қайда жі-беріп жатырғанын білмейміз, - дейді ол.

«Сен салар да мен салар, атқа жемді кім салар» демекші, атқамінерлер бір-бірі-не сілтеп отырғанда қоқысты басымызға «киіп» отырмасақ жарар еді...

есенжол елеКеНОВ

Целлофандар «сәлемі» немесе көшенің «көркі»

болған қоқыстар

Page 4: МИНИсТР ТАс ЖОлдың ЖұМысыМеН ТАНысТыekpyn.kz/wp-content/uploads/2018/06/25.pdf · Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті

4 22.06.2018 жыл АЙТУЛЫ КҮН

Бар өмірін мемлекеттік салаға арнап, абыройлы қызмет атқарған мемлекеттік қызметшілер ауданымызда жетіп артылады. соның бірі Мереке ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы әділбек Жанабекұлы әжігереев.

Ол 1955 жылы 15 қазанда сол кездегі Камен ауда-нына қарасты Подтяжки ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1973-1975 жылдары әскер қатарында болып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген. Сөйтіп елге оралғаннан кейін алғашқы еңбек жолын 1975 жылы Крупский атындағы совхозда шопанның көмекшісі болып бастайды. Осылайша еңбек ете жүріп ауылшаруашылығының дамуына өзіндік үлес қосады. Бұдан басқа ол әртүрлі салада қажырлы еңбек етеді.

1982 жылы Орал ауылшаруашлық институтын аяқтағаннан кейін Жезқазған облысы Ұлытау ауда-нында , Ақтөбе облысының Новороссий аудандарын-да зоотехник болып қызмет атқарады. 1986 жылдың сәуір айынан бастап Камен ауданына қарасты Шипов совхозында зоотехник-селекционер, зоотехник болып

еңбек етеді. Кейін Камен аудандық ауылшаруашылығы бөліміне зоотехник мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. 1988-1991 жылдары облыстық асыл тұқымдандыру бірлестігінің I категориялы зоотехнигі деген атақ алады. Қазіргі таңда Мереке ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істеуде.

-Мемлекеттік қызмет үлкен жауапкершілікті та-лап етеді. Өйткені халық бізге қарап бой түзейді. Сондықтан әр мемлекеттік қызметші өз ісіне жау-апкершілікпен қарап, абыройлы болған жөн. Мұны жоғары оқу орындарын жаңадан бітіріп, алғашқы еңбек жолын мемлекеттік органдардан бастасам де-ген өмірлік тәжірибесі жоқ жас қызметшілер мемле-кеттік қызметтің қаншалықты жауапты және ауқымды екенін түсіне бермейді. Кейде ата-анасының итермеле-уімен, бұрмаланған түсінікпен мемлекеттік қызметке түскен жастар жұмыстың ауыртпалығын көтере алмай, қызметтен шығып кететіндері бар. Мемлекеттік қызмет жай ғана шырт киініп, әдемі кеңседе, тұрақты жалақы алып отыру емес, бұл күнделікті, қажырлы, тиянақты еңбек ету. Бұл жұмысқа алдымен бірнеше іріктеу саты-ларынан өту қажет деп ойлаймын, -дейді кейіпкеріміз өз сөзінде.

Ия, 40 жылға жуық мемлекеттік салада абыройлы қызмет атқарған Әділбек Жанабекұлы биыл зейнет-керлік демалысқа шығады.

Бар саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған ол «зейнеткерлікке шықсам да кейінгі келген толқынға өз тәжірибемді үйретуге даярмын,-дейді. Олай болса, іске сәт!

Өз тілшіміз

Мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын ең маңызды тетіктердің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім де мемлекеттік қызметшіден басталады.

Аудандық мәслихат аппаратының қос бірдей бас маманы Мұратқали Балденов пен Галина Проценко да саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған жандар.

30 жылдай еңбек өтілі бар Мұратқали Рақымұлы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Шежін ауылын-да 1983 жылы бастап, зоотехник, ауылдық атқару ко-митетінде төраға, ауылдық совет хатшысы, одан соң еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ауылдық округтің әкімі лауазымдарын үлкен жауапкершілікпен атқарған жан. 2000 жылы Тасқала ауылына келгеннен кейін де мемлекеттік қызметін одан әрі жалғастырып, аудандық аумақтық басқармада инспектор, аудандық үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің басшы-сы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Тасқала

ауылдық округінің бас маманы қызметтерін абырой-мен атқарды. 2012 жылдан бері аудандық мәслихат аппаратының бас маманы қызметінде өмірлік мол тәжірибесімен бөлісе отырып, адал қызмет атқаруда.

«Мен бар өмірімді мемлекеттік қызметке арна-дым, менің қызметім елдің мүддесіне адал еңбек ету-де»-дейді ол. Мұратқали Рақымұлы жұмыста үнемі жастарға ақыл-кеңесін беріп, жас мамандарға үлгі-өнеге болып келеді. Ол тынымсыз еңбегі үшін 2011 жылы аудан әкімінің, «Нұр Отан»ХДП аудандық фи-лиалы төрағасының алғыс хатымен, 2014, 2018 жыл-дары аудандық мәслихат хатшысының алғыс хат-тарымен, 2016 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің Алғыс хаты және БҚО әкімінің Алғыс хатымен марапаттал-ды.

Ал, Галина Владимировна да бар саналы ғұмырын бухгалтерлік қызметке арнаған жан. Алғашқы еңбек жолын 1984 жылы есепшіден бастаған ол әр түрлі мекемеде үлкен жауапкершілікпен еңбек етті. Кейін 2005 жылдан бастап аудандық экономика және қаржы бөлімінде бухгалтер, 2014 жылдан бастап аудандық мәслихат аппаратының бас маман-бухгал-тері қызметін абыроймен атқарып келеді.

«Маған есепші қызметі өте ұнайды, ол менің кәсіби қызметім және кез-келген уақытта жас бух-галтерлерге көмектесуге дайынмын.» -дейді Гали-на Владимировна. Ол жас мамандарға бар білгенін үйретіп, өзінің іс тәжірибесімен бөлісуге әзір тұрады. Галина Владимировна бұдан басқа аудандағы мем-лекеттік қызметкерлер кәсіподағының төрайымы. Ол өзіне тапсырылған қоғамдық қызметті үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді. Ол жемісті еңбегі үшін 2015 жылы мемлекеттік банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен, Қазақстан

Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасының – Супербухгалтер атағымен, 2014, 2018 жылдары аудандық мәслихат хатшысының, 2016 жылы Тасқала ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Мұратқали Рақымұлы мен Галина Владимировна да мемлекеттік қызметшілер арасында өтетін аудандық, облыстық спорттық сайыстарға белсенді қатысып жүлделі орындардан көрініп жүр.

Осындай азаматтар, өздерінің жемісті еңбегімен кейінгі жастарға үлгі. Оларды өз ісінің майталманы десек қателеспейміз.

Т.еРЖігіТОВА,аудандық мәслихат аппаратының басшысы

МеМлеКеТТіК ҚыЗМеТ - елдің МүддесіНе АдАл еңБеК

еңБегіМеН елеНгеН ЖАН

23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні

Page 5: МИНИсТР ТАс ЖОлдың ЖұМысыМеН ТАНысТыekpyn.kz/wp-content/uploads/2018/06/25.pdf · Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті

522.06.2018 жылӘЛЕУМЕТ

Адал еңбегімен, өнегелі ісімен, адамгершілік қасиеттерімен ел мүддесі жолында аянбай тер төге еңбек еткен ел ағаларынан ауданымыз кенде емес. солардың бірі - қаймағы бұзылмаған, қасиетті Оян топырағында дүниеге келген Қадірхан Қайыров ағамыз.

Қадірхан аға сонау 1938 жылы нағыз қиын-қыстау мезгілде дүние есігін ашты. Маңдайға жазғаны сол болса көнбеске амал бар ма? Үш жасында әкесі Қайыр алғашқылардың бірі болып қан майданға алынады. Үйдің бар тірлігі мен бес бала-ны асырау анасы Мүслимәнің мойнына артылады. Бұл әрине, балалардың да ерте есеюіне әсер етеді. Екі апасы Ха-зима мен Мауия үй тірлігімен айналыс-са, өзі және інілері Әбухан мен Ғалимат өз қалдерінше еңбек етіп, аналарына көмектеседі.

Қадірхан аға сегізінші сыныпты бітір-ген соң үш жылдай әскер қатарында Отан алдындағы азаматтық борышын өтейді. Сөйтіп әскерден соң туған ауы-лына келіп машина рөліне отырады. Ауылда еселі еңбек ете жүріп 1961 жылы Бәтимә есімді бойжеткенмен отбасын құрады. Өмірге үш қыз екі ұл әкеліп тәрбиелейді. Олардың жоғарғы білім алуына жағдай жасайды. Ал, 1965 жылы Оралдың ауыл шаруашылық техникумы-на түсіп, оны ойдағыдай бітіреді. Сөйтіп, «Степной» совхозының №1 фермасына меңгеруші болып тағайындалады. Сол жылдары өзімен бірге үзеңгілес еңбек еткен аға малшылар А.Жаманғарин, Ж.Есқалиев, М.Жүзжігітов, Ғ.Бекесов пен М.Меңдіғалиевтердің еңбектерін әлі күнге мақтан етеді. Аға шопан Ф.Маханов, Т.Бисенбаев, Т.Өтебалиева,

Т.Инбалин, М.Қуанғалиев пен бригадир О.Жанақовтың да өлшеусіз еңбектері оның есінде мәңгі сақталған. Осындай еңбекқор азаматтардың арқасында Қадірхан аға басқарған бөлімше аудан бойынша алғашқы орындардан көрінді.

1971 жылы аудандық партия комитетінің ұйғаруымен ол жаңадан құрылған «Амангелді» совхозына директордың орынбасары қызметіне жіберіледі. Жаңадан бой көтерген сов-хозды дамыту, оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету оңайға түспейді. Себебі тың даладан құрылған жаңа шаруашылыққа балабақша, мектеп, мәдениет үйлері ауадай қажет еді. Осы

ғимараттарды салу үшін оған құрылыс материалдарын жеткізу де Қадірхан Қайырұлының мойнында болды. Ол құрылысқа қажетті материалдарды із-деп, сонау Қиыр шығыстағы Иркутс, Байкалдың Баргузеніне, Буряттың Силигин орман шаруашылығына ба-рып айлап жатып, ауылға вагон-вагон құрылыс материалдарын жіберетін.

Сондай-ақ жаңадан құрылған совхоз аумағына су тартуға қажетті құралдар мен газ подстансасы бөлшектерін жет-кізуге де зор үлес қосады. Осылайша еңбек ете жүріп, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын сырттай бітіреді.

Қадірхан Қайырұлының кейінгі еңбек жолы Шежін ауылында жалғасып, осы жерде ұзақ жылдар бас зоотехниктің

міндетін атқарады. Осы жылдар ішінде малды асылдандыру, түліктерді қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Сол жұмыстардың басы қасында осы Қадірхан аға жүрді. Ол кеңес үкіметі кезінде айырықша мәнге ие болған «Ақжайық» биязы жүнді асыл тұқымды қой авторының көмекшісі. Сол кезде республикадан малды асылдандыруға елге келген ғалымдармен бірлесе еңбек етті. 1994 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін өз өтініші бойынша селекциноер зоотехник болып қызмет атқарды.

Ия, тағдырдың ызғарлы дауылынан бәз біреулер солқылдақ шыбықтай бір

жағына қисайып жатса, енді біреулер адамдығын жоғары ұстап, өз биігінен төмендемейді. Асыл адам қай кезде де бір қалыптан айнымайды. Адамдығын ту еткен жандар ғана тағдыр қандай сый жасаса да, астамшылық танытпай, аспай-саспай қарсы алады. Қадірхан Қайырұлы ағамыздың болмысын да осыған жатқызуға болады.

Бұл кейіпкерімізді мақтау үшін айты-ла салған құрғақ сөз емес. Оның адами тазалығынан туып отырған ой.

Халық қашан да нағыз ерлерден, кесімді сөз айтып, өз ісін соңына жет-кізе білетін нар тұлғалардан сүйеніш іздейді. Сондай жан ретінде Қадірхан Қайырұлының бейнесін көптің көңіл ай-насынан табамыз. Өзін мақтауды жаны, қаламайтын кейіпкеріміз әр сөзінде «Мұны тек мен ғана істегенім жоқ. Көппен бірдейміз ғой»,- дейді. Десекте, елге есті сөз айтар Қадірхандай ел ағаларының бар ғұмыры бүгінгі де, келер ұрпаққа да әрдайым өнеге. Биыл сексеннің сеңгіріне келіп отырған оның елге жасаған еңбегі, іскер басшылығы, адамдарға қамқорлығы, белсенді жұмысы онымен қызметтес, әріптес, сыйлас, ниеттес, тілектес болған қаншама жандардың көкейінде жаңғырып тұрары шындық. Ал біз сол өнегелі ғұмырдың бір ғана сәтін айта алдық.

Назгүл сеРіКҚыЗы

Өнегелі ғұмырдың бір сәті

Заман өзгерді ме, жоқ әлде, адам ба? Бұл сауалдың жауабын беру қиын. Алайда бір өзгерістің барын бүгінгі қоғамның дәлелдеп отырғаны рас.

Ащы су адамды есінен таңдырып, танымастай етіп өзгертеді. Тіпті «керемет момын адам еді, ішкендегі мінезін-ай» деп жатқандарды жиі естиміз. Дегенмен, қазіргі кезде ащы суға ер адамдармен қатар, нәзік жандылардың да құмартып жүргені кездеседі.

«Арақ құмыраның ішіне ғана сияды». Расында да ішімдікке сылқия тойған жандардың абыройы артқаны шамалы. Айрандай ұйыған отбасының бе-рекетін алып, шаңырақты екіге жарады. Ол аздай, біреудің жанын қиса, енді біреудің өмірін түнекке ай-налдырады.

Жақында аудандық сотта А.Дүйсенғалиевтің төрағалық етуімен, Т.Жамаловқа байланыс-ты қылмыстық іс қаралды. Тергеу барысында анықталғандай жеке шаруашылықпен айналысатын Т.Жамалов қарауында жұмыс жасайтын В.Хайдаровпен бірге өз үйінде отырады. Алкогольді ішімдікке тойған олар бір мезетте жанжалдаса бастайды. Ұрыстың соңы төбелеске ұласқанда Т.Жамалов әріге бармай

тоқтатқысы келеді. Алайда өзіне қайта-қайта байланып, ауыр сөздер айтқан қызметкерінің қылығына шыдамай оны соққыға жығады. Сотталушының сөзіне мән бер-сек, ашуға булыққан ол өз әрекетіне есеп бере алмай қалған. Нәтижесінде бас пен мойын жарақатын алған В.Хайдаровтың қабырғалары да сынады. Оған қоса, өкпе мен бөтекесіне де зақым келген. Қинала бастаған жолдасын көргенде ғана есін жиған Т.Жамалов бірден жедел жәрдем шақыруға кіріскен. Алайда жәбір көруші оқиға болған жерде көз жұмады. Орын алған оқиғаның барлығына үлкен өкініш танытса да, Т.Жамалов 6 жылға

бас бостандығынан айрылды.Статистика бойынша аудан көлемінде 2017 жылы

барлығы 48 іс қаралса, оның ішінде 22 іс медиа-ция тәртібімен шешілген. Ал биыл жартыжылдық көрсеткіштің өзінде қаралған іс 24-ке жетіп отыр. Бұл ретте 15 іс медиация тәртібімен шешімін тапса, қалған 9 іске үкім шығарылған. Бұндай көрсеткіштен-ақ қылмыстық әрекеттің кемімей, керісінше жыл санап артып отырғанын байқауға болады. Бұрындары естігінде жағаңды ұстатқан оқиғаларға бұл күні адамның еті әбден үйренген бе деген ой еріксіз мазалайды.

Сыртынан қараған жанға Т.Жамалов, тепсе темір үзетін жігіт, сөзінен ісі басым ер адам. Алға қойған

мақсаты қаншама? Бірақ болған оқиға оны барлығынан бас тартуға мәжбүр етпек. Бұны тағдыр дейсіз бе, әлде басқаша ма, оны өзіңіз шешерсіз. Алайда қабырғаңды қақсатқан қайғылы оқиғаның ар жағында ащы судың тұрғаны – ащы да болса шындық.

Кісі өмірін ойынға айналдырған ішімдіктің бағасы адамгершіліктен анақұрлым биік болғаны ма сонда?

(Мақаладағы кісі есімдері ойдан алынған)

ә.БеКеШеВА

Кісі өліміне таңқалмайтын болдық

Page 6: МИНИсТР ТАс ЖОлдың ЖұМысыМеН ТАНысТыekpyn.kz/wp-content/uploads/2018/06/25.pdf · Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті

6 22.06.2018 жыл МАМАН МІНБЕРІ

БРуцеллеЗ - ҚАТеРлі АуРуБруцеллез – ауыл шаруашылық малдары мен адамды зақымдайтын

созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит, арт-рит және жыныстық қабілетінің бұзылуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Бруцеллез мал шаруашылығына үлкен экономикалық шығын әкеліп қана қоймай, сонымен қатар адам денсаулығына үлкен қауіп төндіретін, қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде кездесетін кең тараған жұқпалы аурулардың бірі. Ауру қоздырғышының бір-неше түрі бар. Brucella туыстастығы астында 6 түрге бөлінеді. Бру-целлез қоздырғыштары суда 2 айдан артық, сүтте 40 күн,шикі етте 3 ай,ірімшікте 2 ай, жүнде 4 айға дейін сақталады. Сұйық ортада 60 градуста 30 мин, 80-85 градуста 5 минут ішінде, 100 градуста бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бруцеллалар 4-5 сағатта өледі, топырақта тіршілігін 100 күн сақтайды. Төменгі температураға өте төзімді болады. Мұздатып қатырылған етте 5 ай, сүт өнімдерінде 1,5 айға дейін сақталады. Түрлі дезинфекциялық препараттарға өте сезімтал: 2% фенол, 3% лизол,креолин,0,2-1,0% хлорлы известь және хлорамин ерітіндісі бірнеше минутта залалсыздандырады. Бруцел-лез инфекциясының негізгі көзі ауру жануарлар болып табылады. Жануарларға бруцеллездің жаппай жұғу мезгілі төлдеу кезі және ауру малдардың іш тастауы(аборт). Осы кезде бруцеллез қоздырғыштары сыртқы ортаға өте көп мөлшерде бөлініп шығады. Одан кейін жем-шөп,су, мал төсеніші арқылы сау малдарға жұғады. Жануарлардың бруцеллезді жұқтыру көзіне аталық малды (бұқа, қошқар) жатқызуға болады. Мысалы бруцеллезбен ауыратын бұқа бір маусымда 40-50 сиырға ауру жұқтырады. Бруцеллез адамдарға әр түрлі жолдармен жұғады. Індет көбінесе жанасқанда (ауру малмен немесе олардың өнімдерін, шикізаттарын пайдаланғанда) немесе алиментарлық жол-мен жұғады. Бруцеллез адамның тірек қимыл,жүйке,жыныс және басқа да жүйелерін қатты зақымдап, оның зардабы мүгедектікке әкеледі.

Жануарларда бруцеллездің белгілері (клиникасы) әр түрлі бо-лады. Аурудың негізгі белгісі мерзімінен бұрын іш тастау, ол кезеңде іш тастаған төлмен, шарана суымен, плацентамен, жыныс органдарының сұйығымен көп уақытқа дейін сыртқы орта бруцеллез қоздырғыштарымен ластанады. Бруцеллалар сыртқа ауырған малдың несебімен және сүтімен шығады. Сонымен қатар малдың терісі, қорадағы мал орны, төсеніш, жем- шөптің қалдықтары, құрал-сайман-дар, мал қора, жайылым және суаттар ластанады. Ауылшаруашылық малдарының арасынан іш тастау белгілері анықталса, мал иесі іш тасталған төлді (итке жегізуге,далаға тастауға болмайды!) сақтап, өте шұғыл түрде ветеринариялық мамандарға хабарлауға тиісті. Ветеринариялық мамандар іш тасталған төлден патологиялық мате-риал алып оны аудандық ветеринариялық зертханаға жеткізеді.

Бруцеллез ауруының алдын алу үшін жыл сайын ауыл шаруашылық жануарларына жоспарлы түрде диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. “Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрі А.Мамытбековтың 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығына сәйкес, бруцеллезге бейім жануарларды сатып алғанда, оларды 21 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұстайды және бруцеллезге диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Басқа жа-нуарлармен бірге табынға қосуға, бірге ұстауға зерттеулерден теріс нәтиже алғаннан кейін ғана барып рұқсат етіледі. Егер зерттеу кезін-де оң нәтиже берген жануарлар анықталса, оларды оқшаулайды және 15 күн мерзім ішінде анықталған жануарлар ет комбинаттарына санитарлық союға тапсырылады. Бруцеллезбен ауырған немесе оған күдікті малдардың көңін, төсенішін және жем-шөп қалдықтарын өртеп жояды немесе заласыздандырады. Барлық мал иелері меншік түріне қарамастан ҚР «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жануарларды өсіріп, күтіп баққанда ветеринариялық-санитариялық Ережелерді қатаң сақтауға міндетті.

Аудан бойынша ветеринариялық-профилактикалық жоспарға сәйкес 2018 жылдың ақпан-мамыр айларында 15484 бас мүйізді ірі қара бруцеллезге тексеріліп 169 бас мал оң нәтижеге анықталды. Ауруға шыққан малдар ет комбинатына 15 күн мерзім ішінде санитарлық союға тапсырылды. Сонымен қатар «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ-нің күшімен Тасқала ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылының ірі қара малдарын бруцеллезден сауықтыру іс-ша-ралары жүргізілуде.

ғ.КеНЖеШеВ,ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Тасқала аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Тасқала ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық

инспекторы

Зияткерлік меншік құқығы біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.

Заңдарда белгіленген тәртіппен рәсімделген және материалдық тұлғаға көшірілген зияткерлік меншік

нысандарының бәрі нарықтық тауар айналы-мында пайдаланылады және материалдық емес құндылықтар түрінде есепке алына-ды. Материалдық емес құндылықтар туралы мәмілелер нәтижесінде алынған табысқа жал-пы белгіленген тәртіппен салық салынады.

Тасқала ауданының әділет басқармасы да зияткерлік меншік құқығы бойынша мемле-кетік қызметті жүзеге асырып келеді. Оның негізгі міндеттері: зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды өндіруге қатысу, туындылар мен шектес құқық нысандары-

на, селекциялық жетістіктерге, зияткерлік меншік құқығын қорғау сұрақтары бойынша азаматтарға кеңес беру және ұйымдастыру, авторлық мүліктік құқықтарын ұжымдық не-гізде басқаратын ұйымдардың қызметінде қолданыстағы заңнама талаптарының орында-луын қадағалау және тексеру, зияткерлік мен-шік саласындағы ақпараттық басылым қызметін ұйымдастыру.

Зияткерлік меншікті дамыту үшін ең алды-мен осы саладағы құқықты қамтамасыз ету қажет. Сондықтан, тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар шеңберінде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылуда.

д.МАХАШеВА,Тасқала ауданының әділет

басқармасының Басшысы, Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі

медициналық сақтандыру де-геніміз – халықтың денсаулығын қорғайтын жүйе. Дамыған

елдердің көпшілігі оны денсаулық сақтау сала-сында қолданып, нәтижесін көріп отыр. Мұнда арнайы қорға жиналған қаражат есебінен те-гін медициналық көмек алуға болады. Бүгінгі таңда басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Сондықтан да денсаулыққа қатысты мәселелерді алдын ала ойластыру қашанда оң нәтиже бермек. Әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты, дегенмен мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа көптеген жағдайларды, ұтымды және жақсы мүмкіндіктерді жасап отыр. Ендігі жерде бұл мәселеге мемлекет және жұмыс беруші де белсенді араласпақ. Мысалы, сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекемелер төлеп отырады, ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Сон-дай-ақ, еңбеккер азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударады. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.

Міндетті медициналық сақтандыруды екіге бөліп қарастырар болсақ, оның біріншісі – не-гізгі сақтандыру түрі. Бұл сақтандыру түріне мемлекеттік бюджеттен тегін көрсетілетін медициналық қызметтер кіреді. Ол еліміздің барлық азаматтарына қолжетімді болады. Мем-лекет өз міндетіне медициналық қызметтердің бірнеше түрін алады. Мысалы, оның ішінде же-дел жәрдем қызметін, санитарлық авиацияны, әлеуметтік маңызы бар ауруларға ем көрсетуді,

төтенше жағдайда көмек көрсетуді және алдын алу шараларына қатысты екпелер бар. Ал екін-ші түрі – міндетті әлеуметтік сақтандыру аясын-да қаржыландырылатын сақтандыру. Бұл негізгі сақтандыруға кірмеген басқа да медициналық қызметтер түрін қамтитын сақтандыру бо-лады деп көзделуде. Оған амбулаторлық-емханалық көмектер, ауруханада жатып ем-делу, жоғары технологиялық көмектер кіреді. Сақтандырудың осы түрі міндетті сақтандыру жүйесіне тіркелген азаматтар үшін қолжетімді болады. Мемлекет заңға сәйкес халықтың бір-неше топтары үшін үлкен жеңілдіктер жасауда. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 сана-ты босатылады, оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы. Яғни, қорға са-латын қаражаты жоқ жандарға мемлекет ақша төлейді. Мысалы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр Ана» атағын алғандар, соны-мен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ор-денімен марапатталған көп балалы аналар мен ҰОС ардагерлері және мүгедектерге мемле-кет тарапынан төлемдер жасалады. Сонымен қатар, жұмыссыз жүкті әйелдер мен зейнет-керлер және жұмыссыз ретінде тіркелген, т.б. азаматтарға да жеңілдіктер қарастырылған.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулықтарын сақтау бойын-ша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ететін жүйе.

Ж. АХМеТОВ, Тасқала ауылдық округінің әкімі

МіНдеТТі әлеуМеТТіК МедИцИНАлыҚ сАҚТАНдыРу

ЗИяТКеРліК МеНШіК дегеНіМіЗ Не?

еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қолға алынған ұлт Жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» 80-қадамы және денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр.

Page 7: МИНИсТР ТАс ЖОлдың ЖұМысыМеН ТАНысТыekpyn.kz/wp-content/uploads/2018/06/25.pdf · Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті

722.06.2018 жылКЕРУЕН

Меншік иесі:“Жайық Пресс” ЖШс,

бас директорЖантас Набиоллаұлы

сАФуллИН

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман

хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты.

Газет ҚР байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті

2012 жылғы 19 қаңтарда тіркеліп, №12267-Г куәлігі берілген.

Мекенжайымыз: 091000Батыс Қазақстан облысы,

Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, С. Жақсығұлов көшесі, 5.

Телефондар: Редактор: 8(71139)21132Жауапты хатшы: факс 8(71139)21456

Біздің электронды поштамыз: [email protected]

Газет Тасқала аудандық “Екпін” газеті редакциясында компьютерлік әдіспен

теріліп, беттелді. “Полиграфсервис” ЖШС

баспаханасында басылды. Орал қаласы, Л.Толстой көшесі, 27/6.

“Екпін” Тасқала аудандық қоғамдық-саяси газетінің

директор-редакторы Назгүл серікқызы

ЖәРдеМОВА

Газет аптасына 1 рет шығады.Көлемі 2 баспа табақ.

Тапсырыс: 7.Таралымы: 1569 дана

«еңБеК ЖОлы» РесПуБлИКАлыҚ КОНКуРсы

Бұл әдістемелік ережелер «Еңбек жолы» республикалық конкурсының ұйымдастырылуы мен өткізілу тәртібін рет-тейді және жастарды еңбекке деген құрмет рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау мен көбейту мақсатында өндірістегі үздік еңбек әулеттері мен жұмысшыларды анықтауға мүмкіндік береді. Конкурс еңбек Адамының қоғамдағы беделін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» қамқорлығымен еңбек өнімділігін арттыру-ды ынталандыруға септігін тигізеді.

2. «Еңбек жолы» конкурсын(ары қарай- конкурс) өткізу мақсаты:

1) Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаһандануы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын тиімді жүзеге асыру, ұрпақтардың мирасқорлығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралы позитив-ті қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасының да-муына елеулі еңбек үлестерін қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтанышты тәрбиелеу.

Конкурсқа кәсіпорындардың (саласынан тәуелсіз) барлық жұмысшылары қатыса ала-ды.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:1) «Үздік еңбек әулеті» - ең көп жұмыс өтілі

бар, көбірек марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.

Ескерту: конкурсқа барлық мен-шік нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.

Еңбек әулеті- бір отбасының жақын туыстарының бір не одан көп ұрпақтарын(бір немесе екі жұбай балаларымен немесе не-мерелерімен бірге) таныстыратын, қазіргі уақытта қызмет атқаратын және берілген кәсіпорында 20 жылдан кем емес еңбек өтілі бар бір ұйымның жұмысшы тобы. Әулет бас-шысы болып бәрінен бұрын еңбек жолын бастаған еңбек әулетінің өкілі есептеледі.

Еңбек әулеті ауданның, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесіп, өз кәсібін наси-хаттауы керек.

2) «Өндірістің ең жас жұмысшысы»- жұмыс өтілі 5 жылдан көп емес өндірістің ең белсен-ді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.

3) «Жұмыс жасайтын жастардың ең үздік тәлімгері»- 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар аса тиімді тәлімгер таңдалады.

Құжаттар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қабылданады.

Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

РесПуБлИКАНсКИй КОНКуРс «еңБеК ЖОлы»

1. Настоящее Методические рекомендации регламентируют порядок организации и про-ведения республиканского конкурса «Еңбек жолы» и позволяют определить лучшие тру-довые династии и работников производства, в целях воспитания молодежи в духе уважи-тельного отношения к труду, сохранения и приумножения трудовых традиций. Конкурс будет способствовать повышению статуса Че-ловека труда в обществе и стимулирования производительности труда под эгидой «Об-щества всеобщего труда».

2. Цель проведения конкурса «Еңбек жолы»(далее – Конкурс):

1) обеспечение эффективной реализации программной статьи Главы Государства «Со-циальная модернизация Казахстана: двадцать шагов к обществу всеобщего труда», сохране-ние преемственности поколений;

2) формирование позитивного обществен-ного мнения о людях труда и создание усло-вий для формирования новых трудовых ди-настий на предприятиях и организациях;

3) воспитание у казахстанцев гордости за достижения соотечественников, внесших зна-чительный трудовой вклад в развитие эконо-мики Республики Казахстан.

3. В Конкурсе могут участвовать все работ-ники предприятий (вне зависимости от от-расли). Информация о проведении Конкурса должна быть размещена во всех средствах массовой информации.

4. Конкурс состоит из 3 номинаций:1) «Лучшая трудовая династия» - выбирает-

ся самая многочисленная династия с самым продолжительным трудовым стажем, имею-щая наибольшее количество наград.

Примечание В конкурсе могут принять участие пред-

ставители трудовых династий в организациях всех форм собственности.

Трудовая династия – группа работников од-ной организации, представляющая два и бо-лее поколения близких родственников одной семьи (один или оба супруга совместно с де-тьми или внуками), осуществляющая трудовую деятельность в настоящее время и имеющая суммарный стаж работы на данном предпри-ятии не менее 20 лет. Главой династии призна-ется представитель трудовой династии, ранее всех начавший трудовую деятельность.

Трудовая династия должна принимать ак-тивное участие в общественной жизни аула, района (города, области), содействовать про-фессиональной ориентации молодежи, про-пагандировать свою профессию.

2) «Лучший молодой работник производс-тва» - выбирается самый активный и трудо-любивый работник производства со стажем работы не более 5 лет;

3) «Лучший наставник работающей молоде-жи» - выбирается самый высокоэффективный наставник со стажем работы не менее 20 лет.

Документы принимает Таскалинский район-ный отдел занятости и социальных программ

Таскалинский районный отделзанятости и социальных программ

сеМИглАВый МАР ОРТА МеКТеБі МеКТеБі БОс лАуАЗыМғА АШыҚ КОНКуРс ЖАРИялАйды

1. Есепшінің көмекшісі-1 бірлік тұрақты.2. БҚО, Тасқала ауданы, Достық ауылы, Семиглавый Мар орта мектебі, телефон: (8711-3-9)24-2-643. Біліктілік талаптары: жоғары немесе арнаулы орта бухгалтерлік

білімі.4. Құжаттард 15 күнтізбелік күннің ішінде тапсырылсын.Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттар ұсынылады: конкурсқа

қатысу туралы өтініш; жеке куәлігі, білімі туралы, еңбек қызметін растай-тын құжаттар көшірмелері; кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ; денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурс әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Мереке ауылының тұрғыны болған бірімізге қымбатты апа, бірімізге аяулы ана, енді біріміз-ге сүйікті қарындас Мақпал КАлБАеВАНың дүниеден озғанына биыл 20 жыл болады.

Тағдыр солай қатал болды, амал жоқ,Қарсы тұрар сол тағдырға шамаң жоқ.Қалдың Апа Мақпал жүректерде жара боп,Жатқан жерің жайлы болып,Жаны жұмақтың төріне жетсін – - деп Алладан тілейміз.

сағына еске алушылар: сіңлісі Бақыт, ағасы Темірғали губашев Бақтыгерейұлы, қыз-күйеу баласы Руслан – Шаттыгүл, жиені Альмира, бала- келіні Райымбек – эльвира, немерелері Раййан, Амира, кенже ұлы Заманбек

елбасымыз Н.ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-казақ тілінде» деген болатын. Осыған орай қазіргі таңда мемлекеттік тілге үлкен көңіл бөлінуде.

Сот жүйесінде мемлекеттік тіл туралы ҚР Президентінің Жарлығы, одан кейінгі ҚР Жоғарғы Сотының жоспарына сәйкес, сондай-ақ, Тасқала аудандық сотында мемле-кеттік тілді дамыту мәселесі Жоғарғы және облыстық сот басшылығының қатаң бақылауына алынып, алдағы уақытта құжаттардың мемлекеттік тілдегі үлесін 100 пайызға жеткізу жоспарланған.

«Тілдер туралы» ҚР Заңы республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қолдану және дамыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Тасқала аудандық сотының іс жүргізуіне көшсек, со-тпен барлық мемлекеттік орган-дары мен ұйымдар арасындағы

хат алмасу, кіріс, шығыс және ішкі құжаттар 100 пайыз мемле-кеттік тілде, сонымен қатар сотта өткізетін барлық жиналыстар мен жұмыс кеңестері мемлекеттік тілде өткізіліп, қабылданған шешімдер мемлекеттік тілдегі хаттамалармен, анықтамалар, шолулар, талдаулар, басқа да соттың ішкі құжаттары мемлекеттік тілде ресімделеді.

Сот жүйесінде мемлекеттік тіл мәселесі күн тәртібінен түспей, тіл-ге қатысты шаралар, атап айтқанда дөңгелек үстелдер, семинар-лар өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілінде мақала жариялау үрдіске айналған.

Мемлекеттік тілдің қолдануы және дамуы мемлекеттік маңызды мәселе, сондықтан оны жүзеге асы-ру үшін ерекше көңіл бөліп, тұрақты түрде, күнделікті жұмыс барысында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бәрімізге ортақ міндет, се-бебі тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру қажет.

М.ЖАКуПОВ,Тасқала аудандық сотының

аға сот приставы

Тіл Мәселесі БАсТы НАЗАРдА

Page 8: МИНИсТР ТАс ЖОлдың ЖұМысыМеН ТАНысТыekpyn.kz/wp-content/uploads/2018/06/25.pdf · Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті

СОҢҒЫ БЕТ8 22.06.2018 жыл8

Тасқала ауданы, Тасқала ауылының тұрғыны болған сүйікті жар, ардақты ана, аяулы әже Ағис Қойбағарқызы Жанекенова егер тірі болса 24 маусымда 80 жасқа толар еді. Амал не? Сұм ажал оны ортамыздан тым ерте алып кетті. Біз бүгін анамызды сағынышпен еске аламыз.

Жан едіңіз орны бөлек өмірдегі,Жарқын бейнеңіз өшпейді көңілдегі.Сағынышпен еске аламыз өзіңізді,Жұмақта болсын дейміз жаныңызды.

сағынышпен еске алушылар: жолдасы Мақсот, бала-келіндері, қыз-күйеулері, немере-жиендері, шөберелері.

Былтыр ғана күрделі жөндеуден өтіп, төрт аусым бойынша балаларға қызмет ететін «Шұғыла» аудандық жазғы-сауықтыру және «Айбын» әскери-патриоттық лагері өз жұмысын бастады.

Оның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынба-сары Люция Жұбанышқалиева бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, ақ жарма тілегін арнады.

- Бұл жерде осыған дейін сіздердің аға-апаларың жазғы уақыттарын тиімді өткізген еді. Алайда ол кезде жағдай басқаша болатын. Былтырдан бері бұл жер күрделі жөндеуден өтіп, сендерге жаңадан беріліп отыр. Енді сіздер, бөлмелері таза, жап – жарық ғимартта алаңсыз демалатын боласыз-дар. Сондықтан уақыттарыңды көңілді, әрі тиімді өткізуге тырысыңдар. Барлығы өз қолдарыңда. Тәрбиешілеріңнің айтқанын екі етпей, тәртіпті болыңдар. Қауіпсіздік ереже-лерін сақтап жүріңдер,-деді.

Лагерь ауысымы араға 12 күн салып өзгеріп отырады. Бүгінгі таңда алғашқы ауысым өз қызметін 50 оқушымен бас-тады. Таңғы жаттығудан кейін балалар табиғат аясында се-руендейді. Бос уақыттарында

дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ секілді спорттық ойындармен айналысады. Оқушылардың қызығушылық танытқан тағы бір саласы – робототехни-ка Лагерьде оған бар жағдай жасалған.

Сонымен қатар бала бойындағы талант пен қабілетті шыңдау мақсатында «Көңілді би кеші», «Лагерь аруы», «Ла-герь сұлтаны» секілді сай-ыстар ұйымдастырылады. Оған қатысқан оқушы өнерін ортаға салып, білгенімен бөліседі.

Астананың 20 жылдығына орай аудандық мәдениет, тіл-дерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Еңсесі биік Астана» мәнерлеп оқу сайысына белсене қатысты.

Алдағы уақытта лагерь дема-лушыларына танымдық саяхат-тар өткізу жоспарлануда.

А.сейТМұХАНОВА, «Шұғыла» жазғы

сауықтыру лагерінің басшысы

Бүгінде еліміздің біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 10 миллионнан астам жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) шоғырланған. Олардың жай-күйіне алаңдаушылық - барлық салымшылар мен алушыларға тән құбылыс. Зейнетақы жинақтарының ахуалы туралы азаматтарды құлақтандыру – зейнетақы қорының басты міндеттерінің бірі. Ал қазақстандықтар өз зейнетақы шоттарының жағдайы туралы қалай біле алады? Бұл туралы БЗЖҚ мамандары 20 маусым күні бүкіл республика бойын-ша өңірлік филиалдарда өткен Ашық есік күнінде әңгімеледі.

Қор өкілдерінің айтуынша, қазір көрсетілетін қызмет түрлері дәстүрлі әдістермен шектелмей-ді. Себебі, бұрын жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу үшін Қор кеңсесіне барып өтінім жазу немесе пошта байланысымен пайдалану керек бола-тын. Соңғы жылдары салымшылар мен алушыларға қолайлы болу үшін көптеген электрондық қызмет түрлері енгізілген. Ал электрондық үкіметтің арқасында қашықтықтан қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейе түсті.

Біз бүгін оқырмандарымызды олармен кеңірек таныстырып өтпекпіз. Алдымен дәстүрлі қызмет көрсету түрлеріне тоқталайық. Біріншісі – Қор кеңсесіне барып тікелей қызмет алу. Бұл үшін Қазақстан бойынша 218 бөлімше жұмыс істейді. Жеке куәлігіңіз немесе шетелдік төлқұжатыңызды көрсетіп, тиісті қызмет түрін алуға болады. Өзіңіздің орныңызға сенімді өкіліңізді де жібере аласыз. Тиісінше ол жеке құжатымен бірге нотариалды бекітілген сенімхатыңызды, құжаттарыңыздың көшірмелерін ала баруы керек.

Пошта арқылы қызмет көрсету түрін таңдаған салымшыларға БЖЗҚ көрсетілген мекен-жай бойын-ша жылына бір рет жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама таратады. Алайда қоныс аударған кезде азаматтардың көпшілігі жаңа ме-кен-жайы туралы ескертуді ұмытып кетіп жатады. Сондықтан бұл тәсіл салымшылар үшін қолайлы деу қиын.

Тіршіліктің барлық салалары цифрландыруға бет бұрған заманда ақпарат алудың электрондық тәсілдері қарқынды дамуы заңдылық. Бұл салым-шылар үшін де, Қор үшін де ыңғайлы. Алғашында салымшыларға ақпарат электрондық пошта арқылы

таратылды. Хабарландырудың бұл тәсілі әлі де кең қолданыста. Ол үшін азамат немесе оның сенімді өкілі БЖЗҚ кеңсесіне барып, құлақтандырудың атал-мыш әдісін таңдайтыны туралы өтінім жазуы тиіс. Қажетті құжаттар тізімін жоғарыда атап өттік.

Заманауи технологиялардың дамуы бір орнын-да тұрған жоқ. БЖЗҚ қызметтерінің аясы да уақыт талабына сай кеңейе түсуде. Мысалы, бүгінде ЖЗШ туралы ақпарат Қордың сайтынде қолжетімді. Оны пайдаланудың екі түрлі әдісі бар: қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы (қолтаңба «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпо-рациясында рәсімделеді) немесе тіркелген логин (жеке сәйкестендіру номері - ЖСН) арқылы. Сайтта тіркелмес бұрын азамат БЖЗҚ бөлімшесіне барып, бұл хабарлау тәсілін таңдайтыны туралы өтінім жазу керек. Сонымен қатар, сайтта электрондық цифрлық қолтаңба арқылы «жеке кабинет» ашуға болады.

Айта кетерлігі, «Жеке кабинетпен» қолданушылар қатары артып келеді. Сайтта ЭЦҚ арқылы автори-зация жасағандар міндетті зейнетақы жарнала-рына арналған жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы, зейнетақы төлемдерін белгілеу туралы өтінім беріп; өзіне қатысты қосалқы мәліметтерін, ақпараттандыру әдісін өзгерте алады.

Смартфон, планшет, жеке компьютерлері барлар арнайы мобильді қосымшамен пайдалана алады. Авторизация БЖЗҚ сайтына кіру үшін қолданылатын логин мен құпиясөз арқылы жасалады. Қосымша арқылы ЖЗШ жай-күйін қадағалап қана қоймай, зейнетақы жүйесі туралы көптеген пайдалы ақпарат алуға болады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы білу үшін EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталына да жүгінуге болады. Бұл үшін «Азаматтарға» санатының «Әлеуметтік қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөліміне кіру ке-рек. Бір ғана талап – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ЭЦҚ рәсімдеу немесе бір мәртелік құпиясөз қолдану.

БЖЗҚ электрондық сервистерді одан әрі жетіл-діре бермек. Қазіргі таңда Қор операцияларының жартысынан астамы қашықтықтан жүргізіледі. Кор-поративтік даму стратегиясына сәйкес 2021 жылға қарай олардың үлесін 60 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

ЖАҚсы деМАлыс үШіН ЖАғдАй БАР

ҚұРМеТТі ТұТыНуШылАР!Тасқала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізуге құқылы)

«Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» МКК ҚРҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2018 жылдың 22 мамырдағы №04-07/814 хаты-на және уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы 2018 жылдың 22 мамырдағы №58-НҚ бұйрығы негізінде, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап келесі тарифтер қолданысқа енгізілгенін Сіздің қаперіңізге салады.

Сумен қамту бойынша қызметтер үшін төлем айына 1 адамға (су есептегіш құралдары жоқ) – 360,62 теңге.

Тасқала ауданының Мереке, Айнабұлақ, Аққайнар, Ақтау, Атаме-кен, Достық, Өркен, Оян және Тасқала ауылдарының тұрғындары үшін (субсидиялау нормаларын 1 адамға айына 1,8 м3 сақтап жағдайда):

А) ауыз су есептегіш құралы тұрғын үйдің ішінде орналасқандарға - 1 текше метр ауыз суға 30 теңге 00 тиын;

Б) ауыз су есептегіш құралы орталық су желісіндегі сақиналарда (шахталарда) орналасқандарға - 1 текше метр ауыз суға 40 теңге 00 тиын

Нормадан асып кеткен жағдайда тұтынудың нақты көлемін белгіленген нормаларын тұтыну құны қолданыстығы тарифпен төленеді.

«Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» МКК әкімшілігі

уВАЖАеМые ПОТРеБИТелИ!ГКП «Таскалинское районное коммунальное хозяйство» акима-

та Таскалинского района (на праве хозяйственного ведения) до-водит до Вашего сведения, что на основании письма №04-07/814 от 22.05.2018г. Департамента Комитета по регулированию естес-твенных монополий, защите конкуренции и прав потребителей МНЭ РК по ЗКО и утвержденного приказа об утверждении времен-ного компенсирующего тарифа №58-ОД от 22.05.2018 года на пре-доставление услуг по водоснабжению с 1 июля 2018г. вводятся в действие следующие тарифы:

Стоимость питьевой воды для следующих населенных пунктов Таскалинского района Мереке, Айнабулак, Аккайнар, Актау, Ата-мекен, Достык, Оркен, Оян и Таскала (при условии соблюдении нормы потребления 1,8 куб.м на 1 человека в месяц) составляет:

А) прибор учета питьевой воды расположен в жилых домах за 1 кубический метр питьевой воды - 30 тенге 00 тиын;

Б) прибор учета питьевой воды расположен в смотровых колод-цах (шахтах) расположенных на центральном водопроводе за 1 ку-бический метр питьевой воды - 40 тенге 00 тиын;

В случае превышения фактического объема потребления от ус-тановленных норм потребления стоимость разницы будет оплачи-ваться согласно действующему тарифу предприятия.

Администрация гКП «Таскалинское районное коммунальное хозяйство»

Атауы Өлшем бірлігі2018 жылдың 01 шілдесінен

бастапсу

Тұрғындар 1 текше метр 300,52 Бюджеттік 1 текше метр 542,77

Басқа тұтынушылар 1 текше метр 324,78

Наименование Ед.изм.с 1 июля 2018 года

водаНаселение 1 куб.м. 300,52

Бюджетные организации 1 куб.м. 542,77Прочие потребители 1 куб.м. 324,78

Цифрлы Қазақстан

ЖеКе ЗейНеТАҚы ШОТТАРы ТуРАлы Не БілеМіЗ?