Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы...

32
Н А З А Р Б А Е В У Н И В Е Р С И Т ЕТ І Н Е

Transcript of Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы...

Page 1: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

НАЗАРБ

АЕВ

УНИВЕРСИТЕТІНЕ

Page 2: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ

Назарбаев Университеті (НУ) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұл-тан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы ашылған. Негізгі қағида-ты білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау болып табылатын НУ халықаралық танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады. Университет ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру және т.б. салаларда ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға, сол арқылы еліміздің ілгері дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.

ПАЙЫМДАУЫ

Қазақстанды және әлемді дамыту мен өркендетуге қажетті ғалымдар мен мамандарды, басшылар мен кәсіпкерлерді даярлау.

МИССИЯСЫ

Қазақстанның жоғары білім беру және ғылым жүйесінде реформаларды жүргізудің моделі болу және Астананың инновациялар мен білімнің ха-лықаралық орталығы болып қалыптасуына үлес қосу.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ

Қазақстанда білім беру жүйесін реформалаудағы көшбасшылықНазарбаев Университетінің тәжірибесін қазақстандық жоғары оқу орында-ры мен зерттеу орталықтарына таратуды қамтамасыз ету.

Академиялық көшбасшылықАкадемиялық көшбасшылықты дамыту және қолдау арқылы Назарбаев Университетінің миссиясына қол жеткізу.

Ғылыми көшбасшылықӘлемнің озық ғалымдары және зерттеу орталықтарымен әріптестікте әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүйесін қалыптастыру

Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің моделін құруҚазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі қызмет көрсету моделі ретінде Назарбаев Университетінің денсаулық сақтау жүйесін құру.

Инновациялар және ғылымды өндіріске енгізу Қазақстандағы инновациялардың негізгі қозғаушы күші болу және Астананың инновациялардың өңірлік орталығы ретінде қалыптасуының негізін жасау.

НУ-дың мемлекеттік сектормен өзара әрекеттері НУ ұлттық және басқа да маңызды бастамашылықтарды қолдау мақсатында үкіметпен, индустриямен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.

Page 3: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 3

Page 4: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

4 |

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДАҒЫ

КӨШБАСШЫЛЫҚ

Назарбаев Университеті қалыптасқан сәтінен бастап Қазақстан-ның білім беру саласын реформалаудың кең ауқымды бағдар-ламасының бір бөлігіне айналды. Университет эксперимент-тік алаң болып табылады, оның табысты нәтижелері еліміздің жоғары білім беру жүйесіне таратылады.

Жоғары білім беру мектебі (ЖББМ) Кембридж университеті мен Пенсильвания Университетінің халықаралық сарапшыларымен және профессорларымен бірлесіп Қазақстанда білім беруді да-мытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ) бастамашылық еткен жоғары білім беруді басқару сала-сындағы реформаларға қолдау көрсету мақсатында ЖББМ жоғары білім беруді трансформациялаудың кешенді процесін басқаруға көмек көрсету үшін Қазақстанның ұлттық және өңірлік ЖОО-ларының 300 басшыларына тренингтер ұйымдастырды.

ЖББМ елімізде үш тілдік білім беруді дамытуға жәрдемдесу үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің арнайы бағдар-ламаларын әзірледі, Назарбаев Университетінің Білім беру са-ласындағы көшбасшылық орталығымен бірлесіп, Қазақстан-ның барлық өңірлерінен келген пән оқытушыларына ағылшын тілін оқытуды өткізеді .

ЖББМ Қазақстан Республикасының ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері үшін тұрақты түрде тренингтерді, семинарлар-ды, мастер-кластарды мына бағыттар бойынша өткізеді: оқы-тудың интерактивті әдістері, зерттеу әдістері, сыни педагогика, ғылыми мақалаларды жариялау, академиялық ағылшын тілі.

>300ЖОО басшылары

біліктілікті арттыру курстарынан өтті

>4000мұғалім ағылшын

тілінен тренингтер-ге қатысты

>1200оқытушылар

Қазақстанның 13 қаласындағы

семинарларға қатысты

Page 5: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 5БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІН ТАРАТУНазарбаев Университетінің негізгі институционалдық міндеттерінің бірі табысты тәжіри-бені трансляциялау болып табылады. Осы мақсатта НУ тұрақты негізде тренингтер мен оқыту семинарларын ұйымдастырады, сондай-ақ Жоғары білім беру көшбасшыларының жыл сайынғы Еуразиялық форумы шеңберінде қосымша іс-шаралар өткізеді. 2017 жылы НУ-да Университеттің тәжірибесіне трансляциялау үшін арнайы департамент құрылды.

EHELF – ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМЫ

2012 жылдан бастап EHELF жоғары білім беру мәселелері бойынша халықаралық сын-дарлы диалогтың, сондай-ақ НУ тәжірибесін тарату платформасы болып табылады. Форумға жыл сайын 500-ден астам халықаралық және қазақстандық қатысушылар қатысты.

Өткізілген EHELF форумдарының тақырыптары:

• 2018 Озық технологиялар заманында жоғары білім берудегі инновациялар

• 2017 Жоғары білім берудегі басқару, менеджмент және көшбасшылық

• 2016 Жоғары білім және экономиканы жаңғырту: инновациялық және зерттеу университеттері

• 2015 ХХI ғасырдың түлегі: негізгі құзыреттер және заманауи еңбек нарығы

• 2014 Табысты университет: құру жолдары

• 2013 Қазақстанда білім беру саясатына қол жеткізу

• 2012 Жоғары білім берудегі жаһандық тенденциялар және олардың өңірлік деңгейдегі ықпалы.

Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту мен әле-уетін арттырудың жетекші орталығына айналды. Кітапхана қызметкерлері кітап-ханалық істің сарапшылары болып табы-лады, зерттеулермен айналысады және өз еңбектерін басып шығарады.

Регистратор офисінің тренингтеріРегистратор офисі қазақстандық ЖОО регистраторларының жұмысын жаңғырту бастамасының негізгі буыны болып табы-лады. НУ-дың Регистратор офисі толық қызметтер түрін көрсететін регистратор-лар офистерін дамыту мақсатында Қа-зақстанның академиялық регистраторлар қауымдастығын құруды жоспарлап отыр.

Басқа мамандандырылған тренингтерНУ тәжірибесін трансляциялау бойынша мамандандырылған тренингтерді Провост офисі, Қабылдау департаменті, Студенттік істер жөніндегі департамент, Студенттерді кәсіптік бағдарлау және дамыту орталығы және Университеттің басқа да құрылым-дық бөлімшелері жүргізеді.

Кәсібі ұлттық қауымдастықтар НУ жоғары білім берудің түрлі салаларын-да идеялармен және озық тәжірибемен алмасуға жәрдемдесу мақсатында кәсі-би ұлттық қауымдастықты құруға ықпал етеді.

Мамандандырылған тренингтер

Page 6: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

6 |

АКАДЕМИЯЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ

НУ-да оқу академиялық бағдарламалармен шектелмейді. Алуан түрлі пән-дер бойынша жоғары сапалы академиялық бағдарламалармен қатар сту-денттер сабақтан тыс түрлі іс-шараларға, пәнаралық бағдарламаларға тар-тылады, ғылыми жобаларға қатысады, кәсіптік тағылымдамалардан өтеді, сондай-ақ жазғы семестр уақытында шетелде оқу мүмкіндігіне ие болады және тағы да басқалар. Университет студенттердің инновациялық ойлау қабілетін, жан-жақты дамуы мен кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға тыры-сады. НУ-дың академиялық көшбасшылығының негізгі құрылымдық блок-тары мынадай түрде ұсынылады:

Академиялық тұтастық (этикалық қағидаттарды сақтау, адалдық): тәртіптік және академиялық бұзушылықтарға төзбеушілік

Оқуға түсу мен әрі қарай оқу үшін халықаралық стандарттарға сәйкес қой-ылатын академиялық талаптарМіндетті этикалық нормаларды, цифрлық сауаттылық пен кәсіпкерлік курстарды қамтитын бакалавриаттың негізгі/базалық оқу бағдарламасы

Білім мен ғылымды интеграциялау: студенттердің ғылыми тәсілді талап ететін міндеттерді шешуі, ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы, ғылыми жарыстар мен халықаралық конференцияларға қатысуы

Студенттерге бағдарланған және олардың таланттарын ашуға ықпал ететін, сондай-ақ жаңа идеяларды зерттеу мүмкіндігін ашатын білім беру ортасы

Білім беру технологиялары: оқыту мен сабақ берудегі цифрлық шешім-дерді жан-жақты пайдалану

Мульти мәдениетті қоғам: студенттердің мәдениаралық құзыретін да-мыту үшін халықаралық оқытушылармен және түрлі мәдениет өкілдерімен өзара әрекеттесу

Шетелде оқу мүмкіндігі: халықаралық академиялық қоғамдастыққа ин-теграциялау арқылы студенттердің ой-өрісін кеңейту және білім алу тәжіри-бесін молайту

2017 жылы НУ академиялық сапа, ғылыми-зерттеу қызметі мен стратеги-ялық басқару тәжірибесі бойынша Еуропалық Университеттер Қауымда-стығының тәуелсіз сыртқы бағалауынан табысты өтті.

IEP есебімен мына жерде танысуға болады

Page 7: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 7АКАДЕМИЯЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ

МЕКТЕПТЕР

• Инженерия мектебі• Гуманитарлық және әлеуметтік

ғылымдар мектебі • Ғылым және технологиялар мектебі• Медицина мектебі• Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар

мектебі*• Жоғары бизнес мектебі*• жоғары білім беру мектебі*• Жоғары мемлекеттік саясат мектебі*

АКАДЕМИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

• Университет алдындағы дайындық бағдарламасы **

• Магистратура бағдарламасының дайындық жылы**

• 20 бакалавриат бағдарламасы

• 25 магистратура бағдарламасы

• 3 докторантура бағдарламасы

• 1 «Медицина докторы» бағдарламасы

*магистратура бағдарламалары ** бір жылдық бағдарлама2018 жылдың мамырындағы жағдай бойына 2018-2019 академиялық жылға арналған. Бағдарлама туралы толық ақпа-рат www.nu.edu.kz веб-сайтында

ТҮЛЕКТІҢ АТРИБУТТАРЫ

• Жеке тұлға ретінде өзінің даралығы мен ауқаттылығын көрсету;

• Өз мамандығы бойынша терең және жан-жақты білімді игеру;

• Зияткерлік дамыған, білімқұмар, жаңашыл және ой-өрісі кең адам болу;

• Шешімдерді ойланып қабылдау және басқаларды топтастырып біріктіру мен қызықтыру қабілетінің болуы;

• Алғыр, ынталы және жаңа мүмкіндіктерді ашуға қабілетті болу;

• Көп тілді және түрлі мәдени ортаға еркін бейімделу;

• Қазақстанның патриоты бола тұрып, әлемнің білімді азаматы болу;

• Өз елін дамытудағы көшбасшылық рөлді өзіне алуға дайын болу.

Дерек көзі: НУ регистратор офисі, 2018 жылдың 25 қаңтарындағы жағдай бойынша

10:1студенттер мен оқытушы-

лардың арақатынасы

25 халықаралық

студент

Студенттердің 33 % «Алтын белгі» иегерлері

болып табылады

фаундейшнбағдарламасының

студенттері

Медицина

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар

Жаратылыстануғылымдары, инженерия,технологиялар жәнематематика

Магистранттар және докторанттар

Бакалаврлар

Ерлер Әйелдер49% 51%

Магистрант ДокторантМедицина докторы бағдарламасының студенттері

6997

715

NUFYP студенті NUZYP студенті 58

702

студент 4223

4%4%

35%35%

61%61%

881881

25822582

760760

Page 8: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

8 |

2015-2017 жылғы НУ түлектерінің қазіргі жағдайыЖұмысқа

орна-ласқандар

Оқуды әрі қа-рай жалғастыр-

ғандар

Жұмыс іздеуде

Басқалар (оқудағы үзіліс,мансаптағы

үзіліс, декрет)Барлығы

Бакалаврлар 626 (48 %)

571 (44%)

72 (5 %)

39 (3%)

1308 (100 %)

Магистрлер және PhD

417 (84 %)

34 (7 %)

8 (2 %)

38 (7%)

497 (100 %)

Барлығы 1043 (58 %)

605 (34 %)

80 (4 %)

77 (4 %)

1805 (100 %)

БҮКІЛ ӘЛЕМ БОЙЫНША НУ ӨКІЛДЕРІ РЕТІНДЕГІ ТҮЛЕКТЕР

НУ түлектері қауымдастығының өкілдіктері АҚШ-та, Ұлыбританияда, Сингапурда, Оңтүстік Кореяда, Қытайда, Германияда, Алматы мен Атырауда ашылды.

Дерек көзі: Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы, 2018 жылдың 15 мамырындағы жағдай бойынша

Түлектеріміздің жартысына жуығы Карнеги-Меллон Университеті, Колумбия университеті, Дьюк Университеті, Швейцарияның Цюрих жоғары техникалық мектебі, Лондонның Империя колледжі, Король Абдалла атындағы Ғылыми-технологиялық университет, Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебі, Массачусетс технологиялар институты, Сингапурдың Ұлттық университеті, Сеулдің ұлттық университеті, Оксфорд университеті, Стэнфорд университеті, Лондонның Университеттік колледжі, Токио технологиялық институты, Цинхуа Университеті, Берклидегі Калифорния университеті, Питтсбург Университеті, Висконсин-Мэдисон Университеті, Уорвик Университеті сияқты және әлемнің басқа да үздік жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастыруда.

НУ ТҮЛЕКТЕРІ

НУ 2015 жылдан бастап түлектерді шығара бастады. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев түлектердің барлық төрт оқу бітіру рәсімін басқарды. 811 студенттен құралған төртінші оқу бітіру рәсімі 2018 жылғы маусымда өтті.

2018 жылғы түлектер

811 бакалавр

506магистрант және

докторант

305

Түлектердің жалпы саны(2015-2018 жж.)

2616 бакалавр

1814магистрант және

докторант

802

435Магистратура

бағдарламасында

89Докторантура

бағдарламасында

13Бірлескен маги-стратура және докторантура

бағдарламаларында

68«Медицина

докторы» бағдарламасында

Page 9: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 9АКАДЕМИЯЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ

Бакалавр түлек-терді салалар бойынша жұмысқа орналастыру

Магистрант және докторант түлектерді салалар бойынша жұмысқа орналастыру

Өнеркәсіп және өндіріс - 22%

Қаржы & Консалтинг - 21%

Білім беру - 16%

Ақпараттық технологиялар - 6%

Құрылыс - 5%

Мемлекеттік сектор - 5%

Энергия - 1%

Денсаулық сақтау - 1%

Маркетинг және сатулар - 1%

Басқасы - 22%

Білім беру - 47%

Өнеркәсіп және өндіріс - 10%

Мемлекеттік сектор - 9%

Қаржы - 6%

Энергия - 3%

Ақпараттық технологиялар - 2%

Құрылыс - 2%

Денсаулық сақтау - 1%

Басқасы - 20%

Қазақстанда жұмысқа орналасу• KPMG

• PwC Kazakhstan

• Теңізшевройл

• Ernst & Young Қазақстан

• Самұрық-Қазына

• BI Group

• Электровоз Құрастыру Зауыты

• Шлюмберже Қазақстан

• McKinsey & Company Қазақстан

• «ҚазМұнайГаз»

• Эйр Астана

• General Electric

• Басқалар

Шетелде жұмысқа орналасу

• Booking.com (Нидерланды, Амстердам)

• Cisco Systems (Чех Республикасы - Прага, Нидерланды - Амстердам)

• Specialist Computer Centers (АҚШ, Чикаго)

• Google Inc (Германия - Берлин, Ұлыбритания - Лондон)

• Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (Канада, Монреаль)

• Lenovo Group Limited (Қытай, Бейжің)

• Procter & Gamble (Польша - Варшава, Ресей - Мәскеу)

• SKC – пленкалар мен хими-каттарды өндіру компаниясы (Оңтүстік Корея, Сеул)

• Басқалар

НУ түлектерінің стартаптары• AE – құрғақ

трансформаторларға болжамды қызмет көрсету

• Aqua Point – жоғары сапалы ас суына арналған құрылғыны шығару

• Bio Terra – көкөністерді, тұқымдарды және көшеттерді өсіру

• Black Rainbow – анимациялық студия

• Ecoprot – спорт тағамдарын өндіру

• Heath Project – пайдалы тағамдарды өндіру

• Observer – тұлғаларды тануға негізделген қауіпсіздік пен рұқсатты бақылау жүйесі

• Skills Pro – балаларға арналған робот техникасы туралы курстар

• Remonteka.kz – техниканы жөндеу қызметтері

• ZAF Leather – былғары өнімдерін шығару

Дерек көзі: Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы, 2018 жылдың 15 мамырындағы жағдай бойынша

ЖУМЫСҚА ОРНАЛАСУ Қазіргі кезде НУ түлектері экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейді, оқуларын жалғастырады, сондай-ақ өз бизнесін ашады. Жұмысқа орналасқан түлектердің басым көпшілігі Қа-зақстанда жұмыс істейді, сондай-ақ түлектердің бірқатары ше-телдегі ірі компанияларда қызмет етеді.

Page 10: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

10 |

ҒЫЛЫМИ КӨШБАСШЫЛЫҚ

66%STEM

пәндерінде

Халықаралық жарияланымдар

2011-2018 жж. бөлігінде

14%Өмір туралы ғылымдарда

7%Әлеуметтік

ғылымдарда

НУ көбінесе STEM пәндерін, сондай-ақ өмір туралы ғылым, әлеуметтік ғылымдар мен білім саласын негіз-ге ала отырып, еліміздің ғылыми басымдылықтарына сәйкес пәнаралық іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді. НУ еліміздің, сондай-ақ жалпы әлемнің эко-номикалық, технологиялық және әлеуметтік пробле-маларын шешуге өзінің ғылыми үлесін қоса отырып, мемлекеттік сектормен, индустриямен және басқа да жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтасады.

НУ ілгері жылжи отырып, сондай-ақ зерттеу топтары арасында пәнаралық өзара әрекеттесуге мүмкіндік бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарла-маларды күшейту, ерекше ғылыми жетістіктері үшін әлем бойынша танылған атақты профессорларды жұмысқа тарту, постдокторанттардың көпшілік санын жұмысқа жалдау арқылы зерттеу университетінің не-гізін қалыптастыруда.

13%Басқасы

Page 11: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

Құрылыс, инфрақұрылым,көліктік жүйелер және

SMART қалалар

Физика жәнеғарыш зерттеулері

Энергетика, озық материалдаржәне тұрақты даму

Компьютерлік инженерия,Деректер туралы ғылым,Коммуникациялар және Желілер

Робот техникасыжәне зияткерлік жүйелер

Биология, химия,биомедицина және нейроғылым

Антропология, әлеуметтанужәне тарих: жарқынболашаққа қол жеткізуүшін өткенді зерделеу

Білім беру

Нарықтар мен үкіметтер

Инновацияжәне кәсіпкерлік

Еуразия зерттеулері

Мұнай, пайдалы қазбалар,жер туралы ғылым,

ресурстарды басқару

| 11ҒЫЛЫМИ КӨШБАСШЫЛЫҚ

~400 зерттеуші (ОПҚ

және NLA ғылыми қызметкерлері)

>1700 халықаралық басылымдар

13.9 % НУ басылымда-

ры әлемнің дәйексөз жария-ланымдарының

10% кіреді

>65 студенттер

жарияланымы (жеке өздері

және ОПҚ-пен бірлесіп)

>80 ғылыми және оқу

зертханалары

ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

NLA мемлекет қаржылан-дыратын қолданбалы зерт-теулер жүргізеді. Өмір ту-ралы ғылымдар орталығы мен Энергетика және жаңа материалдар туралы орта-лықтан тұрады.

NAC Аналитика мемле-кеттік және жеке сектор үшін экономика мен саясат саласында ана-литикалық қызметтер көрсетеді.

NATIONAL LABORATORY ASTANA (NLA) NAC ANALITICA

НУ МЕКТЕПТЕРІ

НУ зерттеулерінің көптеген бөлігін НУ-дың барлық Мектептері докторанттарының, магистранттары мен бакалавр студенттерінің қатысуымен профес-сорлар мен постдоктор-анттар жүргізеді.

Page 12: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

12 |

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫҢ ОРТАША ҮЛЕСТІК ИНДЕКСІ, 2011-2018

2,4

2,2

1,8

1,6

1,4

1,2

1,0

2,0

0,8

0,6

0,4

0,2

00

10 20 30 40 50 60 70 80

Chulalongkorn University

Colorado School of Mines

Duke University

HKUST

Indian Institute of Technology,Bombay

Kazakh NationalTechnical University

King Saud University

L.N. GumilyovEurasian National University

MoscowState University

National University of Singapore

Peking University

Seoul National University

Singapore University of Technology and Design

Tsinghua UniversityUnited Arab Emirates University

UniversityCollege London

University of Cambridge

University of ColomboUniversity of Indonesia

University of Luxembourg

University of Pennsylvania

University of Pittsburgh

University of Tokyo

University of Wisconsin

University of YangonAl Farabi Kazakh

National University

WorldAverage

KAUST

НУ-дың стратегиялық əріптестері Қарқынды дамып келе жатқан университеттер

Азия университеттері альянсының мүшелері Қазақстанның ұлттық университеттері

Халықаралық ынтымақтастық (%)

Жар

ияла

ным

дард

ың

орта

ша

үлес

тік

инде

ксі

*Дереккөзі: SciVal арқылы Scopus деректер қоры, 2018 жыл

НУ оқытушылары мен зертте-ушілері 800-ден астам халықа-ралық ұйымдармен ынтымақта-сады, оның ішінде Принстон университеті, Кембридж уни-верситеті, Оксфорд университеті, Гарвард университеті, Колумбия университеті, Токио Универси-теті, INSEAD, Гонконг Универси-теті, Макс Планк Институты, Се-улдің Ұлттық Университеті және тағы басқалар.

Жаһандық сын-тегеурінді шешуге НУ-дың үлес қосу талпынысын Еу-ропалық одақ (Horizon 2020), Дү-ниежүзілік банк, Британ Кеңесі, Корольдік инженерия акаде-миясы (Ұлыбритания), Фламанд ғылыми кеңесі сияқты және т.б. халықаралық ұйымдармен ын-тымақтастық туралы шарттардың өсіп келе жатқан саны растайды.

Жаңадан құрылған және қарқынды өсіп келе жатқан уни-

верситет бола тұрып, НУ зертте-улер мен инновацияларға қолай-лы функционалдық ортаны құру мақсатында өзінің ғылыми про-цестері мен рәсімдерін тұрақты жетілдіріп отырады. Зерттеулер-ге студенттердің қатысуын көтер-мелеу және мемлекеттік, жеке секторлармен ынтымақтастықты одан әрі дамыту Университет-тің басымды міндеттері болып табылады.

Өзінің зерттеу мансабын бастап келе жатқан қазақстандық жастардың басын қоса отырып, НУ Жас ғалымдардың қауымда-стығын құрды. Қауымдастық жас ғалымдардың арасына өзара әрекеттесудің, ғылыми қоғамда-стықтың арасында ақпаратпен алмасуды жақсартудың, пәна-ралық диалог пен жастардың ғылыми идеяларын ілгерілетудің тиімді алаңына айналады деп күтілуде.

Азияның 14 үздік уни-верситеттерімен бірге НУ Азия университет-тері альянсының (AUA) негізін қалаушылардың бірі болып табылады. 2017 жылы құрылған AUA-ның мақсаты ғылыми-зерттеу ынты-мақтастығын дамыту, студенттермен алмасу, Азияда жоғары білім берудің стратегиясы мен саясаты талқы-лау, сондай-ақ Азия университеттерінің халықаралық мәрте-бесін арттыру арқылы өңірлік және жаһандық сын-тегеуріндерді шешу болып табылады.

Page 13: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 13ҒЫЛЫМИ КӨШБАСШЫЛЫҚ

СТУДЕНТТЕРДІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕ ТАРТУ

Біз студенттерді белсенді түрде тарта отырып, институционалдық зерттеу мәдениетін құруға ұмтыламыз. НУ оқу кезінде студенттерге жан-жақты тәжірибе мен халықаралық ғылыми ортаға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Зерттеулер академиялық бағдарла-малардың барлық деңгейлеріне интеграцияланады. Оқытушылар мен зерттеушілердің қолдауымен студенттер пәнаралық конкурстар мен жобаларға қатысады, халықаралық журналдарға зерттеу жұмыстарын жариялайды және ұлттық әрі халықаралық ғылыми дискурсқа үлес қосады. Студенттердің 2017 жылғы ғылыми қызметінен алынған кейбір мысалдар:

Азия Эко Марафон 2018 «Электрондық автомобиль» Инженерия мектебі, Ғылым және тех-нологиялар мектебі, сондай-ақ Әлеу-меттік және гуманитарлық ғылымдар мектебі студенттерінің командасы өзінің дипломдық жобасының аясында энерги-ялық тиімді автомобильді құрастырды. Команда Сингапурда 2018 жылы Shell компаниясы ұйымдастырған энергиялық тиімділік бойынша ең үздік әлемдік кон-курстардың бірі болып табылатын эко марафонға қатысты.

Осы конкурс автомобильдерді жобалау-ға, құрастыруға, тестілеуге және энерги-ялық тиімді автомобильдерді басқаруға мүмкіндік бере отырып, бүкіл әлем бой-ынша студенттер командаларын шақыра-ды. Біздің дарынды командамыз «Электр батареясымен қоректенетін электромо-биль прототипі» санатында 120 студент-тік команда арасында 20-шы орынға ие болды. Автомобиль 1 кВт/с зарядымен 77,4 км арақашықтықты өтті.

Халықаралық студенттік ғылыми жарыстар НУ бакалавр студенттерінің командасы гендік инженерияны пайдалана отырып, жаңа жасуша жүйелерін әзірлеу мақса-тындағы синтетикалық биология - iGEM 2017 халықаралық беделді студенттік конкурсында алтын медаль ұтып алды.

Конференцияларда ең үздік мақала үшін марапаттауНУ-дың екінші курс студенті PHENMA-2017 (Жаңа материалдардың физикасы және механикасы) конференциясында «Үздік та-ныстырылым» деген марапатқа ие болды. Студенттердің зерттеу жұмысы Гуанчжоу қаласындағы 5-ші Халықаралық онкология бойынша симпозиумында «Үздік танысты-рылым» номинациясында 3-ші орын алды.

Page 14: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

14 |

77%Халықаралық

оқытушы- профессорлар

құрамы

23%Ұлттық оқытушы-про-

фессорлар құрамы

~300«Болашақ»

бағдарламасының түлектері

>50«Талап»

стипендиясының иегерлері

>50НУ магистрлік

бағдарламасын аяқтаған

қызметкерлер

2018 жылдың 10 мамы-рындағы жағдай бойынша

ақпарат; НУ Адами ресурстарды басқару

департаменті

ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛАР ҚҰРАМЫ НУ әлемнің 50-ден астам елінен келген өкілдерден тұратын, біліктілігі жоғары оқытушы-профессорлар құрамын ерекше атап өтеді. Олардың көбісі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Грекия, Ита-лия, Оңтүстік Корея, Австралия, Түркия және Италия азаматтары болып табылады. Бұл ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді түр-де айналысатын, халықаралық бәсекеге қабілетті оқытушылар, олар көптеген наградалардың иегерлері және құрметті кәсіптік қауымдастықтардың мүшелері болып табылады.

НУ-да 428 оқытушы мен нұсқаушылар, 15 постдокторант және 90 оқытушы ассистенттері жұмыс істейді.

Профес-сорлар

Қауымда-стырылған

профессорларАссистент профессорлар Нұсқаушылар

33%39%17%11%

Ескертпе: Барлық профессорлар докторлық дәреже иегерлері болып табылады.

ЖЕРГІЛІКТІ ОПҚ-ТЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУНУ өзінің және басқа да жоғары оқу орындарының оқы-тушы-профессорлар құрамындағы ұлттық құрамды даярлауды жүзеге асырады. Барлық күш-жігер шетелде жұмыс істейтін қа-зақ диаспорасының біліктілігі жоғары өкілдерін (оқытушылар мен зерттеушілер), сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының да-рынды түлектерін және басқа да шетелдік жоғары оқу орында-рының PhD дәрежесі бар түлектерін тартуға бағытталған. Қазір-гі уақытта НУ-да «Болашақ» бағдарламасының 300-ге жуық түлектері жұмыс істейді.

НУ қызметкерлерді өзіндегі «Талап» стипендиялық бағдарла-масы, «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқытуға жіберіп және жаңа постдокторантура бағдарламасы бойынша жұмысқа қабылдай отырып, болашақ оқытушы-профессорлар құрамын дамытуды қолдайды. Университет сондай-ақ оқы-тушылардың ассистенттері және ғылыми ассистенттер ретінде постдокторанттарды, докторанттарды және магистранттарды жалдайды.

ӘКІМШІЛІКНУ – жоғары білікті әкімшілік персоналдың көмегімен серпінді дамып келе жатқан жас университет. Университет өз ісіне беріл-ген кәсіпқойлар командасын жинады, олардың көбісі – шетел-дік білім мен кәсіби тәжірибе алғандар.

Университет қызметкерлерге кәсіби даму үшін көп мүмкіндік-тер, оның ішінде академиялық мансапты бастау мүмкіндігін ұсынады.

Page 15: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 15ҒЫЛЫМИ КӨШБАСШЫЛЫҚ

>100студенттік клубтар

мен ұйымдар

>1000Астанада халықаралық іс-шараларды ұйымда-стыруға көмектесетін

еріктілер

>100студенттік қайырым-

дылық ұйымдар мүмкін-діктері шектеулі бала-ларға қолдау көрсетті

>30көмекке мұқтаж балалар

апталық сабақтарға қатысады

>25спорт клубтары

2018 жылдың 15 ақпа-нындағы жағдай бойынша

ақпарат; НУ Студенттік істер департаменті

СТУДЕНТТІК ӨМІР Кампуста тұратын студент-тердің 80%-ға жуығы оның әлеуметтік ортасын қалып-тастыруға белсенді түрде ат-салысады. Кампус күнтізбесі әртүрлі оқиғалар мен іс-шара-лардан тұрады.

НУ-дың заманауи инфрақұрылы-мы қаланың қатал климатынан қорғау үшін жайлы жағдай жа-сайды. НУ психологтардың кеңес беру қызметтерін ұсына отырып, студенттердің эмоциялық күйіне де аса көңіл бөледі.

НУ-да студенттердің қы-зығушылықтары бойынша аясы кең клубтар мен ұйымдар жұмыс істейді. Студенттік клубтар академиялық бағдар-ламалармен, зерттеу жобала-рымен, сауықтыру іс-шарала-рымен, театр өнерімен, спорт және басқа да қызмет түр-лерімен байланысты.

Студенттік ұйымдар – универ-ситетте студенттермен, сон-дай-ақ бүкіл әлем бойынша жастармен ынтымақтастықты нығайтудың мықты құралы. SPE, ACM, AIChE, IEEE, SIAM, ISPOR сияқты, халықаралық студенттік ұйымдардың жер-гілікті бөлімшелері оларға шетелдік құрдастарымен қа-рым-қатынастарды қолдауға мүмкіндік береді.

Кейбір студенттік бастама-лар жергілікті қоғамдастыққа көмек көрсетуге бағытталған. НУ студенттері спорт турнир-лерін, пікірталастар, хор мен оркестр концерттерін және қонақтардың қызықты дәрі-стерін ұйымдастырады.

Студенттер ұйымдастырған қайырымдылық ісіне әлеумет-тік тұрмысы нашар отбасы-ларынан шыққан және мүм-кіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында барлық НУ қоғамдастығы тартылады.

Қайырымдылық мақсатын-да қаражат жинау жөніндегі іс-шаралардан басқа, студент-тер апталық Жексенбілік мек-тепте балаларды оқытады.

НУ студенттерінің көбісі Аста-нада өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер конгресі, Астана экономикалық фору-мы, Бокстан әлем кубогы және басқа да көптеген, әртүрлі халықаралық және ұлттық іс-шараларға еріктілер ретінде қатысады.

Page 16: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

16 |

НУ-ДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

• Мәдени әртүрлілік • Білім алуға тең қолжетімділік• Жетістіктер негізінде іріктеу• Тұтастық• Жоғары этикалық қағидаттар мен

кәсіпқойлық • Айқындылық және ашықтық

Page 17: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 17ҒЫЛЫМИ КӨШБАСШЫЛЫҚ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕР

НУ-дың институционалдық және академиялық дамуына қолдау көрсететіндер:

• Кембридж Университеті (Ұлыбритания)

• Колорадо Тау-кен ісі мектебі (АҚШ)

• Дьюк Университеті (АҚШ)

• Сингапур Ұлттық университеті (Сингапур)

• Лондон Университет колледжі (Ұлыбритания 2010-2015 жж.)

• Пенсильвания Университеті (АҚШ)

• Питтсбург Университеті (АҚШ)

• Висконсин-Мэдисон Университеті (АҚШ)

• Аргон ұлттық зертханасы (АҚШ)

• Лоуренс Беркли атындағы ұлттық зертхана (АҚШ)

• Питтсбург университетінің Медицина орталығы (АҚШ)

Page 18: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

18 |

БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

ИНТЕГРАЦИЯСЫNU білім, ғылым және клиникалық практика интеграциясы арқылы Қазақстанда мақсаты денсаулық сақтау саласын жетілдіру болып табылатын интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің құрылымының негізін қалады және оны құруды жалғастыруда. Осы интеграция НУ ауруханаларында пациенттерге медициналық қызмет көрсету стандарттарын жетілдіруге ықпал ете отырып, көптеген оң нәтижелер береді.

НУ-дың интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесіне Медицина мектебі (SOM), Өмір туралы ғылымдар орталығы (CLS) және Университет медицина орталығының (UMC) ауруханалары кіреді.

Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің бағыттары:• кадрлық әлеуетті арттыру,

клиницист-дәрігерлердің, сондай-ақ іргелі және трансляциялық, клиникалық зерттеулермен айналысатын ғалым-дәрігерлердің жаңа буынын даярлау

• клиникалық диагностика мен емдеуде серпілісті жүзеге асыру

• көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын талдау және жақсарту үшін клиникалық ақпаратты пайдалану

• медициналық көмектің сапасын және медициналық қызмет көрсетудің экономикалық тиімділігін жақсарту

• тәжірибе беру және бірлесіп хаттамалар мен рәсімдер жасау мақсатында Қазақстанның медициналық университеттерімен және медицина орталықтарымен тығыз ынтымақтастық

Page 19: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 19БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ИНТЕГРАЦИЯСЫ

ОҚЫТУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕР: МЕДИЦИНА МЕКТЕБІ

Медицина мектебі ашылған сәттен бастап төртжылдық кезең ішінде елеулі ілгеріледі. Стратегиялық әріптес Питтсбург Универ-ситетінің Медицина мектебімен ынты-мақтастықта интеграцияланған зерттеу компонентімен биомедицина және денса-улық сақтау саласында оқытудың кешенді бағдарламасы әзірленді, сондай-ақ оқыту, зерттеу жүргізу және клиникалық прак-тика үшін қолайлы және ынталандырушы академиялық орта құрылды. Мектептер бағдарламаларының саны көбейіп, төртке жетті және қазіргі уақытта оқыту бакалав-риат және магистратура бағдарламалары бойынша да жүргізіледі.

«Медицина докторы» бағдарламасының студенттері алғашқы оқу жылынан бастап клиникалық практикадан өтеді. Бұл оларға міндетті медициналық практикадан өт-кенге дейін клиникалық дағдыларға ие болуға мүмкіндік береді. Медицина мек-тебі зерттеу жобаларына қатысатын, жұ-мыстарын халықаралық рецензияланатын журналдарда жариялайтын және халықа-ралық конференцияларда таныстыратын студенттерді мақтан тұтады. Бұдан басқа, Медицина мектебі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура бағдар-ламасын және медбикелік іс саласындағы бакалавриат бағдарламасын іске қосты.

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

Өмір туралы ғылымдар орталығындағы зерттеулер биомедициналық ғылым са-ласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді практикаға енгізу арқылы өмір сапасын, денсаулықты және ұзақ өмір сүруді жақ-сартуға бағытталған.

2018 жылы CLS «NӘR» синбиотигінің алғашқы шығарылған өнімін өндіруге кірісті.

Өмір туралы ғылымдар орталығының 4 басымды бағыттары:

• Геномдық зерттеулер және дербес медицина

• Регенеративтік медицина және жасанды ағзалар

• Биоинженерия, инновациялық жасуша технологиялары және жасуша терапиясы

• Трансляциялық медицина, дұрыс қартаю, жаһандық денсаулық және денсаулық сақтау

КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКА: УНИВЕРСИТЕТТІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

UMC құрамына 4 аурухана кіреді, олар-дың 3-і JCI халықаралық аккредиттеуден өткен, ауруханалардың алтын сапа стан-дартының иегерлері.

• Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы – 2015 жылы қайта JCI аккредиттелген;

• Республикалық балаларды оңалту орта-лығы – 2014 жылы JCI аккредиттелген;

• Республикалық диагностикалық орта-лық – 2014 жылы JCI аккредиттелген;

• Онкология және трансплантология ұлт-тық ғылыми орталығы.

UMC өзінің стратегиялық әріптесі Пит-тсбург Университетінің Медициналық ор-талығымен және халықаралық мамандар-мен бірге аурулардың сирек кездесетін және ауыр түрлерін диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы хаттамаларын әзірлеумен айналысады.

UMC қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуы артып келеді. Мысалы, Медицина мектебінің оқытушыларымен бірлесіп, Lancet Global Health журналына мақала жарияланды, онда церебральды сал ауруымен ауыратын балаларды ем-деудің пәнаралық кешенді тәсілі сипатта-лады. Осы әдістеме бүкіл әлемде кеңінен қолданылу үшін үлгі болуы мүмкін.

UMC туралы нақтырақ

Page 20: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

20 |

ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДЫ

КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУИнновациялық кластердің мақсаты – Университетте пайда болған ғылыми зерттеулер мен озық идеялардың нәтижелерін инновациялық коммерци-ялық өнімге ауыстыруға мүмкіндік беретін серпінді эко-жүйені құру.

НУ-да кластердің үш элементі бар: коммерцияландыру офисі, бизнес-инку-батор және технопарк. Қазіргі уақытта инфрақұрылымның негізгі элементі – «Астана Бизнес Кампус» (ABC) ғылыми паркі әзірлемесі жасалуда.

Astana Business Campus (ABC)ABC ерекшелігі озық инновациялық хабты құру үшін кәсіпкерлердің, же-текші компаниялардың, ғылыми-зерттеу топтарының, стартаптардың, сон-дай-ақ оқытушылардың, студенттер мен кәсіби өнім берушілердің бірлес-кен жұмысы мен белсенді өзара іс-қимылы болып табылады.

ABC – бұл еліміздің ұлттық жобасы. ABC аумағы Астананың инновациялық дамуы үшін ҚР Үкіметі құрған «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағының бөлігі болды.

ABC туралы ақпарат

Page 21: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 21ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ

КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУЕТТІ ТАРТУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

НУ дарынды оқытушыларға, студенттер мен зерттеушілерге арналған орталыққа айналды және қазіргі уақытта университетте кәсіпкерлік және инновациялық көзқара-сты дамытуға бағытталған.

ABC кластерінде цифрлық электроника, бейне монтаждау және анимация, 3D-мо-дельдеу, интернет-маркетинг, технологиялық және инновациялық кәсіпкерлік сияқты бағыттарда тренингтер, семинарлар, шебер-сыныптар және қонақтардың дәрістері өткізіледі.

Ірі ұлттық және халықаралық компаниялармен ынтымақтастықта «Хакатондар», «Мар-кетондар» және басқа да студенттік жарыстар өтеді.

Осы іс-шараларға қазіргі кезде бар және болуы ықтимал стартапттар көп тартылады, сондай-ақ әртүрлі кәсіп саласындағы адамдармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ

Қазіргі уақытта НУ-да бастапқы капитал берудің қаржылық механизмдері жасалған және бизнес-періштелерді тарту механизмдері әзірленуде. Болашақта табысты жоба-лар халықаралық венчурлық капитал қатысушыларына таныстырылады. Бұдан басқа, инновацияларды дамыту үшін бізді корпоративтік сектор қаржыландырады..

ASTANA BUSINESS CAMPUS ЭКО ЖҮЙЕСІ

НУ ғылымиорталықтары

НУ мектептері

Ғылыми парк

ТехнопаркКоммерция-ландыру офисі

Бизнесинкубатор

UniversityMedical Center

Page 22: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

22 |

Идеялар бизнес-инкубаторы

Бизнес-инкубатор мамандандырылған кәсіби консультаци-ялар беру арқылы ерте даму кезеңдерінде ерекше бизнес идеялар мен инновациялық стартап жобаларына қолдау көр-сетеді.

Бизнес-инкубатордың екі негізгі бағдарламасы бар: ABC Incubation және ABC Quick Start Acceleration. Бағдарлама-лар қатысушыларға командаларды құруға, бизнес-білім, кәсіби консультациялар алуға көмектеседі, сондай-ақ прототиптерді жасау үшін технологияларға қолжетімділік-ті ұсынады. Бұдан басқа, қатысушылардың өз жобаларын ірілендіруге, инвестициялар тартуға және Технопаркте орынжай алуға мүмкіндік береді.

2016-2017 жылдары Quick Start Acceleration ABC бағдар-ламасына 16 жоба және 2018 жылы 8 жоба қатысқан.

НУ-дың ЖАҢА КОМПАНИЯЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ HeartStitch жүректің және басқа да қантамыр құрылымының ақауларын қашықтықтан ем-деуге арналған инновациялық тігу жүйесі болып табылады. Бұл бірегей технология қажетті ашық отасыз және басқа заттар-ды имплантациялаусыз, жүректі тігуге мүмкіндік береді.

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ

Коммерцияландыру офисі коммерциялық әлеуеті жоғары жобаларға прототиптер жасау, эксперименттік өндіру, патенттеу, зияткерлік меншік құқықтарын басқару және нарыққа шығару арқылы әзірлеудің келесі кезеңіне өтуге көмектеседі.

Коммерцияландыру офисінің Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтарын басқаруда бірегей тәжірибесі бар және патенттерді іздестіру, тауар белгілерін тіркеу және т.с.с. тиісті қызметтерді ұсынады.

2012 жылдан бастап оларды кейіннен коммерцияландыру мақсатында 20-дан астам жоба қаржыландырылды, осының нәтижесінде зияткерлік меншік құжаттарына 60-тан астам өтінім берілді және 35-тен астам патент алынды. Осы сәтте екі лицензиялық келісімге қол қойылды және үш компания құрылды.

Коммерциализацияландыру жобалары

Стартаптар

іздеу жәнетарту

іріктеу жәнебағалау

интеллектуалдықменшіктібасқару

нарықтаілгерілету

жарыстар,Хакатондар,тренингтер

ABCIncubation

бағдарламасы

ABC QuickStart Accelerationбағдарламасы

нарықтаілгерілету

Лицензиялықкелісімдер

Қол

дау

Инкубациялық бағдарламалар туралы нақтырақ:

EDUCATED MEDICAL

SOLUTIONS

Инвазиясы аз оталарға арналған инновациялық тігу жүйесінің өндірісі

Стартап туралы ақпарат

Page 23: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 23ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ

БАТАРЕЯЛАР ИНСТИТУТЫ

батареялардың жаңа түрлерін

әзірлеуR&D

ENGINEERINGқұрылыстағы,

энергетика мен ауыл шаруашылығындағы

инновациялық технологиялар

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ

ОҢТАЙЛАНДЫРУтехнологиялық проце-

стерді оңтайландыруға, өндірістің энергиялық тиімділігін, модельдеу

процесін бағала-уға арналған АТ-шешімдер

MICROREAD TECHNOLOGY KAZAKHSTAN

генетикалық талдау жүргізуге арналған кешенді қызметтер

көрсету және те-стілер жүйесі

ECOSTANDART.KZмұнаймен ластанған топырақты тазалауға арналған технология

COMPUTER VISION

TECHNOLOGYкомпьютерлік технология-

лар мен машиналық оқытуды пайдалана отырып, тра-фикті тіркеуге арналған

бағдарламалық қамтамасыз ету

INFORMATIXақпараттық

технологиялар мен телекоммуникация-лар саласында ке-шенді шешімдер

ұсыну

Инкубациялау нәтижелері*

Коммерцияландыру нәтижелері*

Технопарктің сыртқы резиденттері*

AE LABқұрғақ трансформа-торлар мониторинг

жүйесі

EGISTIKегін шару-

ашылығындағы дәлдікке арналған

геоақпараттық жүйелер

KOMPRAконтрагенттерді тексеру сервисі

KUNDEерекше қа-

жеттіліктері бар ересектерді оқытуға

және жұмысқа орналастыруға арналған кафе

IZZIинтернет арқылы шағын және орта

бизнеске арналған брондау қызметі

SMART MONKEYдамытатын ойын-шықтар жинағы

*Коммерцияландыру офисі, Резиденттер технопаркі және ABС Quick Start бағдарламаларына қатысушылар құрған компаниялардың мысалдары.

Технопаркте зерттеулер жүргізуге, прототиптерді жасауға және эксперименттік өндіріске арналған жабдықтар орнатылған. Жарақтандыру мыналарды қамтиды:

ТЕХНОПАРК

• Fab Lab

• Медиа-зертхана

• Прототиптеу орталығы

• Талдамалық зертхана

• Биотехнологиялық зертхана

• Жаңартылатын энергияға арналған тест алаңы

Page 24: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

24 |

НУ-ДЫҢ ҮКІМЕТПЕН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ

Біз мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда көмек көрсете, сондай-ақ тех-нологиялық және инновациялық дамуға ықпал ете отырып, Үкіметпен, жеке сек-тормен, білім беру мекемелерімен және қоғамдық ұйымдармен белсенді ынты-мақтастықты қолдаймыз. Мұндай ын-тымақтастық бізге Қазақстанның ұлттық

мақсаттарына жетуге елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді. Елдегі жетекші зерттеу университеті ретінде НУ өнеркәсіп үшін инженерлік шешімдерді ұсыну мақсатын-да зерттеулер жүргізеді және өз құзы-ретінің аясында үкіметтік ұйымдарға кон-салтингтік қызметтер көрсетеді.

Ғылым және технологиялар мектебі (ҒТМ) ҚР Үкіметіне «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша консультациялар береді. Пре-мьер-министр кеңсесінің бастамасымен мемлекеттік қызметшілер мен ҒТМ Қазпо-шта, Қазақтелеком, Зерде сияқты ұлттық

компаниялардың қызметкерлері үшін деректерді талдау теориясы мен әді-стері, сондай-ақ негізгі тұжырымдамалар және оларды мемлекеттік секторда қол-дану бойынша апталық семинарларды ұйымдастырды.

Медицина мектебі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және 6 медициналық жоғары оқу орындарының стратегиялық консультанты болып табылады. Бұл ын-тымақтастық елде медициналық білім бе-руді жаңарту, озық тәжірибе алмасу және Медицина мектебінің тәжірибесін транс-ляциялау мақсатында орнатылды.

Осы ынтымақтастық аясында Медицина мектебі Жоғары білім беру мектебімен (ЖББМ) бірге 6 медициналық жоға-ры оқу орнының 70-тен астам басшы-ларына арналған тренингтерді өткізді. Сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындары NUSOM халықаралық әріптес жоғары оқу орнымен ынтымақтастық мо-делін қабылдады.

Page 25: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 25NU’S ENGAGEMENT WITH THE PUBLIC SECTOR AND INDUSTRY

Назарбаев Университеті Қазақстанның орта білімін реформалаудың алғы шебін-де тұрған Назарбаев Зияткерлік мектеп-терімен (НЗМ) тығыз ынтымақтастықты қолдайды. ЖББМ бірлескен ғылыми зерт-теулер және мұғалімдердің біліктілігін арт-тыру курстарын өткізу сияқты бағыттар-да НЗМ-мен ынтымақтасады, сондай-ақ орта білім беру саласын жаңарту бойын-ша реформаларды іске асыруда қолдау көрсетеді.

Осы ынтымақтастық аясында 2013 жылдан бастап заманауи педагогикалық теория мен практикалық оқыту әдістерін зерделеу мақсатында ЖББМ магистратура бағдар-ламаларында 150-ден астам НЗМ мұғалімі оқыды, сондай-ақ 100 мұғалім біліктілік арттыру курстарына қатысты. Сондай-ақ, 2017 жылы Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебі НЗМ-ның пәндер бойынша 140 мұғаліміне ар-налған тренингтер мен зертханалық прак-тикумдарды өткізді.

ИНДУСТРИЯМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ

Ну оқытушылары мен зерттеушілері Қа-зақстан экономикасының өнеркәсібі мен нақты секторының технологиялық проблемаларының ғылыми шешімдерін табуға көмектеседі. Ғылыми және инже-нерлік жобалар Шелл, Самұрық-Энерго, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг, Петрофак және т.с.с. ірі компаниялар үшін жүргізілді.

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) “А” корпусы үшін басқарушылық дағдыларын дамыту, саясаттың негізгі әзірлемелері, мемлекеттік саясатта мі-нез-құлық психологиясы және экономи-касын қолдану, тұрақты даму және қала

құрылысы, жұмыс ортасы мен уәждеу және т.с.с. бағыттарда Қазақстанның мемле-кеттік қызметшілеріне арналған бірқатар кәсіптік семинарлар ұйымдастырылды.

Назарбаев университетінің Жоғары бизнес мектебі (GSB) кәсіпкерлік, қаржы, марке-тинг, ауқымды деректер, басшылық және өзгерістерді басқару мәселелері бойынша 8 елден келген 600 бизнес-кәсіпқойлар үшін тренингтер ұйымдастырды. Соңғы бес жыл ішінде GSB орта және шағын биз-нестегі 2500 иегерлер мен басшыларға арналған бизнесті жүргізу дағдыларын дамыту бойынша тренингтер өткізді.

БАСҚА ҰЙЫМДАРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТІНазарбаев Университеті көбінесе АДБ, ХВҚ, ЭЫДҰ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, сон-дай-ақ салалық және бизнес-қауымдастықтар, жоғары оқу орындары және т.с.с. си-яқты, ірі халықаралық ұйымдар семинарлары мен конференцияларын өткізетін алаң болып табылады. Халықаралық ұйымдармен және Қазақстанның жоғары оқу орында-рымен өзара түсіністік туралы 100-ден астам меморандумға қол қойылды.

Page 26: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

БОЛАШАҚ БАҒЫТТАР

Page 27: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 27Болашақ бағыттар

2025 жылға дейін студенттер саны 8000 болатын инфрақұрылымды жобалауНУ 2025 жылға дейін қарқынды дамып, өзінің студенттік контингентін екі есе көбей-туді жоспарлап отыр. НУ-дың осы жаңа даму кезеңіне шығуына байланысты универ-ситет оқытудың үздіксіздігі мен сапасын сақтап және жақсарта отырып, оқытушы-лардың, персоналдың, инфрақұрылым мен объектілердің өсу деңгейіне сай болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Зерттеу мәдениетін дамытуға ынталандыру үшін постдокторанттардың санын көбейту НУ-да постдокторантура моделі серпінді дамып келеді, ол негізгі ғылыми мәдениетті құруды жеделдетуге, студенттерге үлгі болуға, сондай-ақ оқы-тушы-профессорлар құрамына ғылыми зерттеулерді жүргізуге көмектесуге септігін тигізеді. Кейіннен постдокторантура моделінің Қазақстанның басқа университеттеріне де енгізілуі күтілуде.

Студенттер контингентін интернационалдау Студенттердің көпұлтты контингентін тарту университеттің халықаралық беделін ілгерілету үшін басымды міндет болып табылады. НУ шетелдік студенттерді көбірек тарту арқылы мәдени әртүрлілік ортасын одан әрі дамытуға ұмтылады. Сондықтан да НУ түлектері жаһандық әлемде бәсекеге қабілетті болады. Әртүрлі мәдениет және ұлт өкілдерімен өзара іс-қимыл жаһандық әлемнің дамуына қа-жетті көшбасшылық дағдыларды дамыту мақсатында оларға мәдениеттер ара-сындағы өзара іс-қимыл бойынша жақсы тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Стартаптардың инновациялық мәдениет құру НУ-дың барлық Мектептері студенттерінің, профессорларының, пост-докторанттарының белсенді өзара әрекеттесуін ынталандыру, сондай-ақ Қазақстанның басқа ЖОО-ларындағы жастармен олардың ынтымақта-стығын нығайту арқылы қарқынды инновациялық және кәсіпкерлік мә-дениетті дамытуды жалғастыруда.

Индустриямен байланысты нығайтуНУ ғылыми және техникалық синергияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті одан әрі ілгерілету үшін индустри-ямен белсенді ынтымақтастықты жалғастырады. Бұл компанияның өзекті мәселе-лерін шешуге қосатын біздің зерттеушілеріміздің үлесін арттырады, сонымен қатар компанияларға біздің дарынды студенттеріміздің әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстанның спорт медицинасына үлес НУ спорт медицинасының, биокинетика мен пайдалы тағамның көмегімен кәсіби спортшыларды қолдау; сондай-ақ аурулардың алдын алу үшін дене шынықтыру жаттығулары арқылы халықтың салауатты өмір сүруін қолдау және дұрыс қартаюға қолдау көрсету мүмкіндіктерін зерттейді.

Халықаралық деңгейде танылуды одан әрі ілгерілету НУ Қазақстанның халқына қызмет ету мүмкіндігіне ие бола отырып, сондай-ақ Стратегия 2050 мақсаттарына жету үшін экономиканы диверсификациялауға жәрдемдесе отырып, білім берудің жаһандық аренасында өз позицияларын нығайтуды жалғастыруда.

Page 28: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

28 |

2006 2009 2010 2011 2012

НЕГІЗГІ ДАТАЛАР:

НАУРЫЗҰлттық медици-налық холдинг клиникасының алғашқы JCI ак-кредиттеуден өтуі

КҮЗЖоғары мем-лекеттік саясат мектебінің және Жоғары білім беру мектебінің ашылуы

МАУСЫМ«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зият-керлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заңына қол қою

ТАМЫЗБакалавриат мек-тептерінің ашылуы

КҮЗНазарбаев Университетінің алғашқы ғылыми жарияланы-мы Медицина саласындағы алғашқы ғылыми конференция

МАУСЫМНазарбаев Университетінің ашылу рәсімі.

КҮЗДайындық мек-тебінде сабақтар-дың басталуы.

Ғылыми ор-талықтардың ашылуы – Энер-гетикалық зерт-теулер орталығы және Өмір туралы ғылымдар орталығы

КҮЗУниверситетті құру бойынша жаңа жобалық топтың тағайындалуы. «Астананың жаңа университеті» АҚ-тың құрылуы

НАУРЫЗХалықаралық деңгейдегі беделді универси-тетті құру идеясын Президент алғаш рет жыл сайынғы Қазақстан халқы-на Жолдауында жариялады

Page 29: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 29Болашақ бағыттар

2013 2014 2015 2016 2017

НАУРЫЗNational Laboratory Astana ғылыми орталығының құрылуы

МАУСЫМҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев-тың қатысуымен алғашқы түлек-тердің оқу бітіру рәсімі

ТАМЫЗМедицина мек-тебінің ашылуы

КҮЗҰлттық медици-налық холдинг клиникалары-ның базасында University Medical Center құру

ЖЕЛТОҚСАНҚазақстан Респу-бликасы Үкіметінің қаулысымен «Зерт-теу университеті» мәртебесін алу

МАМЫР«Қазақстан-2050» – Oxford University Press баспасы шығарған НУ-дың алғашқы басылымы

ШІЛДЕПилоттық Техно-парктің ашылуы

КӨКТЕМЖоғары биз-нес мектебінде Executive MBA бағдарламасының іске қосылуы

Жоғары қамқор-шылық кеңестің Назарбаев Уни-верситетінің 2013-2020 жылдарға арналған страте-гиясын бекітуі

НУ-дын 2017 жылгы кызметi туралы акпарат

СӘУІРАзиялық универ-ситеттер бірлесті-гінің құрылуы

МАМЫРДокторантура бағдарламасының алғашқы түлек-терінің бітіруі

ТАМЫЗЕвропа Уни-верситеттерінің Қауымдастығы өткізген НУ-дың сыртқы тәуелсіз бағалау нәти-желері бой-ынша есептің жариялануы

ҚЫРКҮЙЕКТау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мек-тебінің ашылуы Жоғары мем-лекеттік саясат мектебінде PhD бағдарламасының ашылуы

Магистратура бағдарламасының дайындық жылы-ның ашылуы

ҚЫРКҮЙЕКABC Quick Start Acceleration алғашқы бағдар-ламасының іске қосылуы

ҚАЗАНДокторантура бағдарламасы бойынша алғашқы дипломдарды қорғау (Жоға-ры білім беру мектебі)

ҚАЗАНУниверситеттің институционал-дық өзін-өзі баға-лаудың басталуы

Page 30: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

30 |

Қазақстан жер көлемі бойынша табиғи ресурстары бай әлемнің ең ірі елдерінің он-дығына кіреді. Тәуелсіздікті алғаннан бері 25 жылдың ішінде Қазақстан орташа кірісі бар және нарықтық экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айнал-ды. Қазақстан 120-дан астам этникалық топтатардан құралған халқы бар көп ұлтты мемлекет болып табылады.

1997 жылы Елорда еліміздің солтүстік бөлігіне көшірілді. Астана заманауи Қа-зақстанның маңызды экономикалық және футуристік архитектурасы бар мәдени орталығына айналды. Қала тұрғындарының саны 1 миллионға жетті, олардың көптеген бөлігін дамудың перспективалық ахуалын жасайтын дарынды жастар құрайды.

Page 31: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

| 31Болашақ бағыттар

АСТАНА

18 МЛНхалық саны

2.7 МЛНшаршы км. жер көлемі

ТЕНГЕҰлттық валюта

1991КСРО ыдыраған соң

тәуелсіздік алу

>1 МЛНхалық саны

31Астана тұрғын-

дарының орташа жасы

ЭКСПО 2017 БОЛАШАҚ

ЭНЕРГИЯСЫ көрмесі

Астанада өтті

722шаршы км.

ҚАЗАҚСТАН Қазақстан туралы

толығырақ:

Астана туралы толығырақ:

Page 32: Nazarbayev University...Кітапхана Тренингтері НУ Кітапханасы қазақстандық ЖОО кітап-ханашыларын кәсіптік дамыту

nu.edu.kz

@NUedukz – Twitter

@NUedukz – Instagram

@Nazarbayev University group/page – Facebook

@Nazarbayev University open community – VKontakte

Қабанбай Батыр даңғылыАстана, Қазақстан

Тел: +7 (7172) 709022

Президент кеңсесі IV Басылым

Маусым