пайдалануды басқармасының Мойынқұм...

18
«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды басқармасының Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. I.Орман шаруашылығының құрылымы. Мойынқұм орман шаруашылығы мекемесі Қазақ ССР Орман шаруашылығы министрлігінің 1981 жылғы 16-шы қаңтардағы №9 бұйрығы бойынша, Қосқұдық орман шаруашылығы мекемесінің иелігіндегі мемлекеттік орман қорын оңтайландыру мақсатында, 506325 гектар орман қоры жер көлемімен құрылды. Орман шаруашылығы мекемесі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы Қабышев көшесі №3 үйде орналасқан. Мекеме кеңсесі. Қазіргі кездегі Мойынқұм орман шаруашылығы мекемесінің иелігіндегі мемлекеттік орман қорының жалпы жер көлемі 865865 гектардан тұрады. Орман қоры жерлері Шу өзенінің сол жақ жағалауындағы Мойынқұм өңіріндегі шөл және шөлейтті аймақта орналасқан. Климаты өте тез ауыспалы, қыс айларында ауа суықтығы -40-45 С-ге дейін, жаз мезгілінде +45+50 С ыстық болады.

Transcript of пайдалануды басқармасының Мойынқұм...

Page 1: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар

«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды басқармасының Мойынқұм ормандарды және жануарлар

дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесі.

I.Орман шаруашылығының құрылымы.

Мойынқұм орман шаруашылығы мекемесі Қазақ ССР Орман шаруашылығы

министрлігінің 1981 жылғы 16-шы қаңтардағы №9 бұйрығы бойынша, Қосқұдық орман

шаруашылығы мекемесінің иелігіндегі мемлекеттік орман қорын оңтайландыру

мақсатында, 506325 гектар орман қоры жер көлемімен құрылды. Орман шаруашылығы

мекемесі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы Қабышев көшесі №3

үйде орналасқан.

Мекеме кеңсесі.

Қазіргі кездегі Мойынқұм орман шаруашылығы мекемесінің иелігіндегі мемлекеттік

орман қорының жалпы жер көлемі 865865 гектардан тұрады. Орман қоры жерлері Шу

өзенінің сол жақ жағалауындағы Мойынқұм өңіріндегі шөл және шөлейтті аймақта

орналасқан. Климаты өте тез ауыспалы, қыс айларында ауа суықтығы -40-45 С-ге дейін,

жаз мезгілінде +45+50 С ыстық болады.

Page 2: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар

Орман қоры жерлерінің құрылым бойынша жер көлемімен орналасу кестесі:

р/с Құрылым атауы Жер көлемі (га)

1 Төменгі-Шу орманшылығы 369928

2 Қарашарда орманшылығы 343395

3 Фурманов орманшылығы 152542

жиынтығы 865865

Орман қоры аумағындағы орналасқан ормандар, қоршаған ортаға тигізетін пайдалы

әсеріне байланысты: халықаралық. республикалық.жергілікті мәндегі автомобиль

жолдары мен темір жолдар бойындағы 9979 гектар қорғаныштық және 855886 гектар

егістік пен топырақ қорғау орман екпе ағаштары жер көлемдерімен бөлінген. Орман қоры

аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар белгіленбеген.

Мойынқұм орман шаруашылығы мекемесінің иелігіндегі орман қоры жерлерінің

санат бойынша орналасу сипаттамасы төмендегі кестеде көрсетілген.

р/с Орман қоры жерлерінің санаты Ауданы, га Пайыздық

қатынасы

I. Орманды жерлер 788169 91,0

1 Орманмен көмкерілген 605178 69,9

2 Жинақталмаған орман екпелері 230 0,1

3 Орман тұқымбағы 20 -

4 Орманмен қамтылмаған 182741 21,1

-ағашы кесілген жерлер 6874 -

-алаңқай жерлер 35084 -

-өртенген ж/е жойылған екпелер 15023 -

-сирек ормандар 125760 -

II. Ормансыз жерлер 77696 9,0

Барлығы: (I+II) 865865 100,0

II. Орманды қору және күзету.

Орман шаруашылығы мекемесінің мемлекеттік орман қорын, рұқсатсыз пайдалану мен

орман зиянкестерінен қорғау және өрттен күзету іс-шараларын тиімді орындау

мақсатында, орманшылықтар аумағы 4 орман шебері техникалық учаскелер мен 28 орман

айналымына бөлінген. Орманшылықтар аумағында 4 орман күтушілеріне арналған

қызметтік үйлер, 5 өрт бақылау мұнаралары орналастырылған.

Page 3: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар

Қарашарда орманшылығы 20-шы оралым орман күтушісінің үйі

Page 4: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар

Фурманов орманшылығы 6-шы оралым өрт бақылыау мұнарасы.

Орманды өрттен, аурулар мен зиянкестерден қорғау және күзету бойынша

орындалатын іс-шаралар көрсеткіші.

р/с Іс-шаралар атауы Өлшем

бірлігі

Орын-

дала-

тын

көлемі

1 Өрт қауіпі мезгілінде өрт бақылау мұнараларында

тұрақты кезекшілік ұйымдастыру.

мұнара

3

2 Өртке қарсы минералдандырылған жолақтар

орналастыру

шакырым

50

3 Өртке қарсы орналастырылған минералдандырылған

жолақтарға күтім жасау

шақырым

656

4 Орманды қорғау және сақтау туралы панолар мен

тақтайшаларға күтім жасау

дана

44

5 Орман ағаштарын аурулар мен зиянкестерден қорғау

мақсатында кеспеағаш аймағынан тыс жерлердегі

қоқыстарды жинату

гектар

мың текше

метр

7,5-8,0

6 Жергілікті тұрғындармен орман тақырыбында

кездесулер мен жиналыстар ұйымдастыру

саны

3

7 Жергілікті ақпарат құралында орманды өрттен

қорғау, сақтау және пайдалану туралы мақалалар

жариялау

саны

4

Page 5: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар

Орман қорында орман және дала өрттері болған жағдайда, өртті өшіруге арнайы 9

адамнан тұратын мамандандырылған мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімі

айналысады. Өрт жасақшылары мекеме есебінен арнайы ақылы оқытудан өтіп,

сертификат беріледі.

Page 6: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар
Page 7: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар

Өрт сөндіру бөлімінің құрамы өрт сөндіру техникасымен.

Орман шаруашылығы мекемесінің теңгеріліміндегі орман өртін өшіруге

қолданылатын техникалар мен құрал-жабдықтар тізбесі:

1. Арнайы өрт сөндіру Уаз-3303065 АЦ-0,9 маркалы автомашинасы - 1дана

2. Өртке қарсы тосқауыл жасайтын МТЗ-80.1тракторы ПН-3-35

соқасымен - 2дана.

3. Арнайы «ALFT» өрт өшіруге арналған сыйымдылығы

3,0 мың литр тіркеме - 1дана.

4. Өрт қауіпі мезгілінде орман қорын бақылау жасайтын

жеңіл автомашиналар - 3дана.

5. Ранцерлік су бүріккіштер - 5дана.

6. Күректер - 30дана.

7. Шартылдақ (сабалағыштар) - 30дана.

8. Сыпыртқылар - 30дана.

9. Балталар - 2дана.

10. Ағаш кесетін моторлы ара - 1дана.

Page 8: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар

III. Орманды молайту, өсіру және пайдалану.

Орман қорында орманды молайту және өсіру іс-шарасы бойынша, тұқымбақта

өсірілген сексеуіл ағашының бір жылдық өскіндерін ТЕС-1(технологиялық есептік

сүлбе) сәйкес , алдын-ала жыртылып дайындалған телімдерге механикалық әдіспен

отырғызылады. Отырғызылған орман екпелеріне, алғашқы бірінші және екінші

жылдары көктем айларында, қатар араларына механикалық әдіспен күтім жұмысы

орындалады. Орман қорында жыл сайынғы отырғызылатын орман екпелерінің

көлемі 300-350 гектардан тұрады.

Қарашарда орманшылығы 30-шы оралым тұқымбақ

Орман қорын пайдалану бойынша мәлімет

р/с Орманды пайдалану түрлері Өлшем

бірлігі

Пайдалану

көлемі

1 Орманды жанама пайдалану - -

оңы ішінде:

-жайлымдықтарды мал жаюға пайдалану

мың га.

20,7-44,7

-дәрілік шөп дайындау тонна 20,0-60,0

-саңырауқұлақ жинау тонна 0,8-1,7

Page 9: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар

IV.Флора, фауна және гидрология.

Мекеменің орман қоры жерлерінде шөл және шөлейтті аймаққа бейімделген ақ

сексеуіл, қара сексеуіл, жиде, тораңғы ағаштары мен жыңғыл, жүзген, шеңгел,

қоянсүйек, қараған, теріскен, сеңгірлек (астрагал) сораң (солянка песчанная)

бұталары өседі. Орман қорындағы басты орман қалыптастыратын орман ағаштары

түрінен қара сексеуіл ағашы, орман ағашымен көмкерілген алқаптардың 65,7

пайызында өсіп тұр..

Page 10: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар

Ақ және қара сексеуіл ағаштары,жузген және жыңгыл бұтасы.

Шөптесін өсімдіктерден құмды өңір табиғатына бейімделген жусан,қара жусан,

изен, еркек, тарлау, сұңғыла, селеу, ала бота және торғай оты өседі.

Жазы аптап ыстық, қысы қоңыржай болып келетін Мойынқұм өңірінде, құмды

аймаққа бейімделген жануарлар дүниесінен: қарақұйрық, қабан, құм қояны,

борсық, қасқыр, жабайы мәлін, түлкі, сарыала қаз, үкі, қырғауыл,дуадақ, шіл,

байғыз, жапалақ, құм кесірткесі, тасбақа, жылан тіршілік жасайды.

Page 11: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар
Page 12: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар
Page 13: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар
Page 14: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар

Құм кесірткесі

Page 15: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар
Page 16: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар

Тасбақа

Қырғауыл

Қарақұйрық

Page 17: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар

Құм қояны

Мемлекеттік орман қоры аумағында, шөлді аймаққа тән су көздерінің тапшылығы

көрінеді. Орман қоры аумағынан ағып жатқан өзендер және орналасқан көлдер

жоқ, тек Қарашарда орманшылығында жер астынан ағып шығатын 2-і артезиан су

көзі сондай-ақ, 28 гектар аумақтағы бірнеше кішігірім көлшіктер орналасқан.

Page 18: пайдалануды басқармасының Мойынқұм ...adm.zhambyl.gov.kz/app/uploads/sites/12/2017/05/Mekeme... · 2017. 8. 1. · көзі сондай-ақ, 28 гектар

Қарашарда орманшылығы 20-шы оралым өздігінен ағып жатқан артезиан су көзі.