Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2...

20
1 Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография бөлімі Суреткердің парасат биігі / жазушы Төлен Әбдікұлы 75 жаста/ Библиографиялық көрсеткіш Арқалық – 2017

Transcript of Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2...

Page 1: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

1

Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы

Әдістеме-библиография бөлімі

Суреткердің парасат биігі

/ жазушы Төлен Әбдікұлы 75 жаста/

Библиографиялық көрсеткіш

Арқалық – 2017

Page 2: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

2

Page 3: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

3

Құрастырушыдан

Ұлттық көркем ойға соңғы леп, терең таным әкелген қабырғалы

қаламгерлердің бірі Төлен Әбдікұлының 75 жылдығына орай облыстық № 2

әмбебап ғылыми кітапханасының, әдістеме-библиография бөлімі

библиографиялық көрсеткішін құрастырып, оқырман назарына ұсынылып

отыр.

Танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлы қалың

оқырмандарға да әдеби ортағада кеңінен танымал. Оның талантының ерекше

екендігіне оның тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған шырайлы

шығармалары дәлел. Жазушының алғашқы жарияланған әңгімелерінен,

соңғы жазған романдарына дейін, жұртшылықтың жүрегінен жол тауып,

оқырмандардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Қаламгер Төкен

жазған пьесалар бойынша спектакльдер қойылды, сценарийлары бойынша

кинолар түсірілді. Бұл туындылардың бәрі де көпшілік көңілдерінен шығып,

ел құрметіне бөленді.

Т. Әбдікұлының шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі,

өмірдің мән-мағынасына философиялық тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.

Библиографиялық көрсеткішке жазушының өмірбаяны мен

еңбектерінің және ол туралы жазылған әдебиеттер тізімі енгізілді. Мерзімді

басылымдарда жарияланған мақалалары мен шығармаларының тізімі

хронологиялық ретпен орналасқан.

Библиографиялық көрсеткіш студенттерге, жазушының

шығармашылығын зерттеушілерге, әдебиетті сүйетін оқырман қауымға

арналған.

Page 4: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

4

Талант тағлымы

Жазушы Төлен Әбдікұлы 1942 жылы Қостанай

облысы Жангелдин ауданы, Айса Нұрманов

шаруашылығына қарасты Көлқамыс ауылында

дүниеге келген.

1960 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің

филология факультетіне оқуға түседі. Университетті

аяқтаған соң, «Қазақстан пионері», «Жалын»

альманахының редакцияларында қызмет жасады. 1977

жылы «Қазақфильм» киностудиясының сценарий

бойынша редакция коллегиясының бас редакторы

болып тағайындалды.

1979-1989 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінің мәдениет бөлімі

нұсқаушысы, сектор меңгерушісі болды.

1989-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан

Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы болып тағайындалды.

1994 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың басқаруымен ҚР Президентінің

мәдениет саласындағы көмекшісі болып тағайындалды.

1997 жылдан күні бүгінге дейін Төлен Әбдікұлы Президент әкімшілігінің

ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етеді. 1973

жылдан бері Жазушылар одағының мүшесі. Оқырманын ойға жетелейтін,

дүние сырына тереңірек үңілдіретін, шығармаларын қазақ баласы сүйініп

оқитын жазушының қаламынан «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақтар»

(1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1980), «Оң қол» (2002)

атты әңгімелер мен повестер жинақтары, «Өлара» (1985), «Ақшоқыда қыс

қатты» (1987) романдары таңдамалы шығармаларының екі томдығы

(1992) жарық көрді.

«Біз үшеу едік» атты қойылымы республика театрларында үздіксіз жүріп

жатыр. Кинодраматургия саласында да атсалысып, «Қыз Бәтіш пен

Ерсейіт повесті бойынша «Өтелмеген парыз», «Белгісіз ұлдың тағдыры»

атты көркем фильмдердің сценарийлерін дайындады. Шығармалары

бірнеше шет тілдеріне аударылып орыс тілінде «Истина» атты кітабы екі

рет басылып шықты. Т. Әбдіков грек аңыздары «Эллада ерлерін» (1977)

қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Халықаралық Ф. Кафка

атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының лауреаты (2003).

Еуропалық алтын медальдің (2003), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының

иегері (2004).

Қаламгер кино өнері мен театр өнеріне де өзіндік үлес қосқан, онда да

айтарлықтай табысқа жетті.

Төлен Әбдіков – іскер, ізденісі мол қоғам қайраткері. Еліміздің

егемендігін бекітіп, тілін, дінін, мәдениетін өркендетуге үлкен қоғамдық

үлес қосып қоғамдық қызметтер атқарып келеді.

Page 5: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

5

Жазушының қаламгерлік талантына нәр берген «қазақ

руханиятының ең ежелгі, киелі бөрі» Торғай оқырмандары да жазушының

әр шығармасын асыға күтеді.

Шығармалары:

1. Парасат майданы [Мәтін] : повесть / Төлен Әбдікұлы. Астана:

Фолиант, 2009. – 88 б.

2. Әке [Мәтін] : повесттер мен әңгімелер / Төлен Әбдікұлы. Алматы:

Қайнар, 2006.- 384 б.

3. Оң қол [Мәтін] : повесттер мен әңгімелер / Төлен Әбдікұлы. – Алматы:

Атамұра, 2002. – 352 б.

4. Таңдамалы роман және повесттер [Мәтін] / Төлен Әбдікұлы. –

Алматы: Жазушы, 1991. – 512 б.

5. Өлара [Мәтін] : роман / Төлен Әбдікұлы. – Алматы: Жалын, 1985. – 352

б.

6. Ақиқат [Мәтін] : повесттер мен әңгімелер / Төлен Әбдікұлы. – Алматы:

«Жазушы», 1974. – 184 б

7. Күзгі жапырақтар [Мәтін] : повесттер / Төлен Әбдікұлы. – Алматы:

Жазушы, 1971. – 160 б.

Мерзімді басылымдардағы жарияланымдары:

8. Тұғыр мен Ғұмыр [Мәтін] : [проза] / Төлен Әбдікұлы // Жалын . - 2011.

- № 2. - Б. 2-31.

9. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде [Мәтін] / Төлен Әбдікұлы //

Егемен Қазақстан. - 2009. - 23 қаңтар. - Б. б.

10. Ғылымды меңгерген дінбасы немесе дінді игерген ғалым [Мәтін] :

[Әбсаттар Дербісәлі жайында] / Т. Әбдікұлы // Қазақ әдебиеті. - 2007. –

14-20 қыркүйек. – Б. б.

11. Әбдікұлы, Төлен. Өмірге өмір жалғасып...[Мәтін] : [ақын Назарбек

Бектемісұлы жайлы] / Төлен Әбдікұлы // Қостанай таңы. – 2004. – 5

мамыр. – Б. 5.

12. Жанна Д, Арк феномені [Мәтін]: [Тәуелсіздік толғауы] / Төлен

Әбдікұлы // Егемен Қазақстан. – 2001. – 21 наурыз. – Б.1,2.

13. «Оң қол» менің өзге шығармаларыма обал жасап жүрген секілді...

[Мәтін] / Төлен Әбдікұлы // Қазақ әдебиеті. – 2000. – 22 қыркүйек. – Б.

4.

14. Кемедегінің жаны бір [Мәтін] / Төлен Әбдікұлы // Торғай таңы. –

1994. – 14 наурыз. – Б. 2.

15. Жазушының негізгі құралы –сөз [Мәтін] / Төлен Әбдікұлы // Қазақстан

жаршысы. – 1994. – 14 маусым.

16. Азат ел әдебиетінің алғы шарттары өткен уақыттың есесін қайтарар

Page 6: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

6

[Мәтін] / Төлен Әбдікұлы // Жас алаш. – 1993. – 20 қараша.

17. Сөз маржаны: Мақал-мәтелдер [Мәтін] / Төлен Әбдікұлы // Қазақстан

мұғалімі. – 1992. – 9 қазан.

18. Әбілдің жалғыз ешкісі [Мәтін] : [әңгіме] / Төлен Әбдікұлы // Спорт. –

1992. – 22 ақпан

19. Қайырсыз жұма [Мәтін] : [әңгіме] / Төлен Әбдікұлы // Қазақ әдебиеті.

– 1991. – 19 шілде. – Б. 8,9,13.

20. Ақиқат: Фантастикалық повестінен үзінді [Мәтін] / Төлен Әбдікұлы //

Лениншіл жас. – 1975. – 17 қаңтар.

Ол туралы әдебиеттер:

21. Әбдікұлы Төлен [Мәтін] // Торғай елі энцикл. / құраст. Т. Рсаев ; ред.

А. Ахметов. - Алматы: Арыс, 2013. – Б. 74-75.

22. Қазақстан жазушылары [Мәтін] : [Төлен Әбдіковтің өмірінен деректер

берілген] / құраст. Саят Қамшыгер, Қайырниса Жұмашева. – Алматы,

2009. – 48 б.

23. Әбдікұлы Төлен [Мәтін] // Торғай тарландары : өмірбаяндық энцикл.

Т. 1. / құраст. Ә. Жақып. – Астана, 2009. – Б. 20-21.

24. Сұлтанов Қ. Заман және замандастар [Мәтін] : [мақалалар, эссе,

портреттер, очерктер] / Қ. Сұлтанов. – Астана, 2009. – 150-155 б.

Мақалалар, сұхбаттар, әңгімелер:

25. Адам басшыға емес, заңға бағынуы керек [Мәтін] : [сұхбат] /

сұхбаттасқан Арман Асқарұлы // Парасат. – 2014. - № 4. – Б. 2-3.

27. Исабеков, Дулат .Әдебиетті журналистика алмастырған

[Мәтін] / Дулат Исабеков // Таң – Шолпан. – 2010. - №1. – Б. 12

28. Исмағұлова, Арайлым. Театрдың жаңа маусымы [Мәтін] /

Арайлым

Исмағұлова // Костанай. – («Қостанай» қосымшасы). - 2009.– 27 қазан.

30. Айқадамова, Айтолқын. Жазушы сыр ақтарды [Мәтін] : [Қостанайға

белгілі жазушы келді] / Айтолқын Айқадамова // Қостанай таңы. –

2009. – 20 қазан. – Б. 1.

31. Сегізбаев, Кәдірбек. Қатарың сиремесін, қаламдасым [Мәтін] : [әдебиет

мәселесі] / Кәдірбек Сегізбаев // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 20-26 ақпан. –

Б. 7.

32. Тіл – аманат [Мәтін] : [«Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының

кезекті отырысы өтті] / жазып алған Төлен Тілеубай // Жас қазақ. –

2009. - 6 ақпан. – Б. 1-3.

33. Танабаева, Гүлмира. Төлен Әбдікұлының шығармашылық нысаны

[Мәтін] / Гүлмира Танабаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2008. - № 9. –

Page 7: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

7

34. Астана халықтың рухын көтерді [Мәтін] : [сұхбат] / әңгімелескен

Гүлзина Бектасова // Түркістан. – 2008. – 3 шілде. – Б. 4.

35. Өз тілінде сөйлей алмайтын мемлекетті толыққанды мемлекет деп

айтудың өзі мүмкін емес [Мәтін] : [сұхбат] / сұхбаттасқан Айгүл

Аханбайқызы // Айқын. – 2008. – 13 мамыр. – Б. 1-3.

36. Азамат абыройы – ел абыройы [Мәтін] : [жазушы Төлен Әбдіков

«Парасат майданы» повесті үшін ҚР мем. сыйлығына ие болуы туралы]

// Қостанай таңы. - 2004. – 21 желтоқсан. - Б. 4.

37. Жастықты аңсау маған тән мінез емес [Мәтін] : [әңгіме] / әңгімелескен

Назира Байырбек // Қазақ әдебиеті. – 2002. – 6 қыркүйек. – Б. 12.

38. Жанұзақова, Құралай. Мәңгілік майдан [Мәтін] / Құралай Жанұзақова //

Жұлдыз. – 2008. - № 4. – 196-199 б.

39. Теңізбай, Аққұм. «Оң қол» үнемі жүрегімді жылытып тұрады [Мәтін] /

Аққұм Теңізбай // Нұр Астана. – 2008. – 16-23 сәуір. – Б. 8.

40. Жамандықты жеңу үшін өзімізді-өзіміз жеңе білуіміз керек [Мәтін] :

[сұхбат] / сұхбаттасқан Аягүл Мантаева // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 18

тамыз. – Б. 6.

41. Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы [Мәтін] :

[сұхбат] / сұхбаттасқан Сауытбек Абдрахманов // Егемен Қазақстан. –

2005. – 29 қазан.

42. Мен үшін ең үлкен қызмет – жазушылық қызмет [Мәтін] : [сұхбат] /

сұхбаттасқан Есенгелді Сүйінұлы // Қостанай таңы. – 2002. – 19 қараша.

- Б. 4.

Ол туралы мерзімді басылымдардағы жарияланымдар:

43. Жәрімбетова, Н. «Оң қол» фильміне оң баға берілді [Мәтін] : [жазушы

Төлен Әбдіктің «Оң қол» әңгімесі бойынша түсірілген фильм жайында]

/ Н. Жәрімбетова // Егемен Қазақстан – 2017. – 10 ақпан. – Б. 12.

44. Бекболатұлы, Ж. Төлен Әбдіковтің көркемдік дүниетанымындағы

Торғай : тарих және тұлғалар [Мәтін] : [жазушы Төлен Әбдіков жайлы

деректер] / Ж. Бекболатұлы // Үркер. – 2013. - № 2. – Б. 37- 44.

45. Құрманғалиев, Қ. Төлен туралы толғаныс [Мәтін] : [жазушы Төлен

Әбдікұлы туралы] / Қ. Құрманғалиев // Қазақ әдебиеті. – 2012. – 7

қыркүйек. – Б. 10-15.

46. Әбіш, Д. Дарындылар арасындағы дара талант [Мәтін] : [жазушы Төлен

Әбдікұлы – 70 жаста] / Ә. Дамир // Қостанай таңы. – 2012. – 6 қараша. –

Б.1,2.

47. Шаяхмет, А. Қаламгер қайраты [Мәтін] : [жазушы Төлен Әбдікұлы

туралы] / А. Шаяхмет // Жас өркен Қостанай. – 2012. – № 6. – Б. 14-15.

48. Шөкен, М. Жерлес жазушыға – Елорда құрметі [Мәтін] : [Астана

қаласында өткізілген жазушы Төлен Әбдікұлының шығармашылық кеші

туралы] / М. Шөкен // Торғай. – 2012. – 2 қараша. – Б. 3.

49. Ғалымжанова, З. Қияға самғаған қыран [Мәтін] : [жазушы Төлен

Page 8: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

8

Әбдіков туралы] / З. Ғалымжанова // Арқалық хабары. – 2007. – 5 қазан.

- Б. 3.

50. Мекебаев, А. Сағыныштың санадағы суреті [Мәтін] : [жазушы Төлен

Әбдіковтың «Парасат майданы» кітабы жайлы] / А. Мекебаев // Қазақ

әдебиеті. – 2004. – 3 желтоқсан. – Б. 13.

51. Мұсабаев, Х. «Парасат майданы» - парасат[Мәтін] : [жазушы Төлен

Әбдіков туралы] / З. Ғалымжанова // Арқалық хабары. – 2007. – 5 қазан.

- Б. 3.

52. Төлен Әбдіктің алтын медалі [Мәтін] : // Қостанай таңы. – 2003. – 9 сәуір.

53. Әбдірайымұлы, А. Талантты туынды сыйлық үшін жазылмайды

[Мәтін] : [М. Әуезов атындағы сыйлық жерлесіміз Төлен Әбдіковке

берілді] / А. Әбдірайымұлы // Ана тілі. – 2003. – 15 мамыр.

54. Абдуллин, Ә. Туған Торғайында Төлен жүр [Мәтін] : [жазушы Төлен

Әбдік туған елінде] / Ә. Абдуллин // Қостанай таңы. – 2003. – 11 шілде.

55. Мұхамбетқалиұлы, Қ. Адамзат қайда барасың? [Мәтін] : [жазушы Төлен

Әбдіктің «Парасат майданы» повесті туралы ойлар] / Қ.Мұхамбетқалиұлы

// Қазақ әдебиеті. – 2003. – 7 қараша.

56. Жазушы Төлен Әбдікұлы Франц Кафка атындағы алтын медалдің иесі

[Мәтін] : // Таң шолпан. – 2003. – Б. 3.

57. Исабеков, Д. Ұланнан ұшқан ұлағатты суреттер [Мәтін] : [жазушы Төлен

Әбдіков 60 жаста] / Х. Мұсабаев // Қостанай таңы. – 2002. – 27 тамыз.

58. Елтебаева, Г. Болмысы бөлек тұлға [Мәтін] : [жазушы Төлен Әбдікұлы –

59 аста] / Г. Елтебаева // Торғай. – 2002. – 20 қыркүйек. – Б. 3.

59. Исабеков, Д. Адами парасат, әлеуметтік тереңдік [Мәтін] : [қаламгер

Төлен Әбдіков шығармаларының басты ерекшілігі] / Д. Исабеков // Заман

Қазақстан. – 2002. – 6 қыркүйек.

60. Нұржекеұлы, Б. Төлен көтерілген биіктік [Мәтін] : [қаламгер Төлен

Әбдіков шығармашылығы туралы] / Б. Нұржекеұлы // Жас алаш . – 2002.

- 5 қыркүйек.

61. Жүнісұлы, М. Туған елдің келіпті, Төлені де – 60-қа! [Мәтін] : [өлең] / М.

Жүнісұлы // Торғай. – 2002. – 20 қыркүйек. – Б. 3.

62. Абдуллин, Ә. Талант тағылымы [Мәтін] : [жазушы Төлен Әбдіков

туралы сөз ] / Ә. Абдуллин // Қостанай таңы. – 2002. – 18 қазан.

63. Жүнісұлы, Ж. Ізгілік теңізінен інжу терген [Мәтін] : [жазушы Төлен

Әбдікұлының 60 жылдығына орай ұйымдастырылған конференция] / Ж.

Жүнісұлы // Торғай. – 2002. – 4 қазан. – Б. 4.

64. Әбдіхалық, Ж. Төленнің парасат майданы [Мәтін] : [жазушы Төлен

Әбдікұлының «Парасат майданы» кітабы туралы] / Ж. Әбдіхалық //

Егемен Қазақстан. – 2002. – 13 қараша. – Б. 4.

65. Кекілбайұлы, Ә. Талантты ұрпақтың тағылымды келбеті [Мәтін] : [

жазушы Төлен Әбдікұлының шығармашылық кешінде сөйлеген сөзінен] /

Ә. Кекілбайұлы // Егемен Қазақстан. – 2002. – 29 қараша.

66. Дәулетбаева, Б. Құпия есіктің құлпын ашқан қаламгер [Мәтін : [жазушы

Төлен Әбдікұлының шығармашылығы туралы] / Б. Дәулетбаева // Қазақ

Page 9: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

9

әдебиеті. – 2002. – 22 қараша.

67. Сүйінұлы, Е. Туған жері талантын бағалады [Мәтін] : [жазушы Төлен

Әбдік туған жерде] / Е. Сүйінұлы // Қостанай таңы. – 2002. – 19 қараша. -

Б. 4.

68. Сүйінұлы, Е. Мен үшін ең үлкен қызмет – жазушылық қызмет [Мәтін] :

ҚР Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің

орынбасары Төлен Әбдікұлымен сұхбат / Е. Сүйінұлы // Қостанай таңы. –

2002. – 19 қараша. – Б. 4.

69. Туған елдің Төлені [Мәтін] : // Қостанай таңы. – 2002. – 8 қараша.

70. Кекілбайұлы, Ә. Адамстанға саяхат [Мәтін] : [жазушы Төлен Әбдікұлы

алпыста ] / Ә. Кекілбайұлы // Егемен Қазақстан. – 2002. – 4 қыркүйек.

71. Тұрғалиева, О. Пенделік мұң мен періште үміт жаршысы [Мәтін] :

[жазушы Т. Әбдікұлының шығармашылығы туралы] / О. Тұрғалиева //

Жалын. – 1997. - № 7. – Б. 252-265.

72. Құрманғалиев, Қ. Сырбаз суреткер [Мәтін] : [жазушы Төлен

Әбдікұлының шығармашылығы жайында] / Қ. Құрманғалиев // Қазақ

әдебиеті. – 1992. – 4 қыркүйек. – Б. 12.

73. Әлденұлы, Б. Таныс та бейтаныс талант [Мәтін] : [жерлес жазушы Төлен

Әбдікұлы – 50 жаста] / Б.Әлденұлы // Торғай таңы. –1992. –15 тамыз.–Б. 4.

74. Әлім, Қ. Төленнің Торғайдағы тойы [Мәтін] : [жерлес жазушы Төлен

Әбдікұлының мерейтойы] / Қ. Әлім // Егемен Қазақстан. – 1992. – 29

тамыз.

75. Елубай, С. Таланттың тоғысқан шағы [Мәтін] : [жазушы Төлен

Әбдікұлының шығармашылығы жайлы] / С. Елубай // Парасат. – 1992. –

№ 8. – Б. 13.

76. Піралиева, Т. Теңіз дәмі [Мәтін] : [жерлес жазушы Төлен Әбдікұлының

шығармашылығынан] / Т. Піралиева // Жас алаш. – 1992. – 8 қыркүйек.

77. Бөкеев, О. Белеске беттеген бес жігіт [Мәтін] : [ жазушылар Д. Исабеков,

Б. Нұржекеұлы, Т. Әбдікұлы, А. Сейдімбеков, К. Сегізбаевтардың

шығармашылығына шолу шығармашылығынан] / О. Бөкеев // Қазақ

әдебиеті. – 1983. – 25 ақпан. – Б. 6.

Page 10: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

10

Төлен ағама

Төңкерілген төбелер,

Көқалаттың жерінде.

Тектілікті көргенмін,

Төлен келді дегенде.

Тектілікті көргенмін,

Төленінің бойынан.

Тәттілерді тергенмін,

Төлені бар тойынан.

Сымбатты бір жас жігіт,

Күлімсіреп тұратын.

Тентек біткен басбіліп,

Ел назарын бұратын.

Төлен келсе жай жүріп,

Өткізбейтін уақытты.

Туған жерде ой түріп,

Сан қуанды, қамықты.

Қабырғаны жағалап,

Қашықтығын білдірді – ол.

Туған жерге ғаламат,

Ғашықтығын білдірді – ол.

Оқығанмын «оң қолын»,

Оң қолыма алып мен.

Қыр асырып қой соңын,

Оңашада қалып мен.

Түкпірінде жүректің,

Шағын ауыл шаттанған.

Таудан биік төбелер

Төлен ізін ап қалған.

Тірлік билеп ерікті,

Туған жер тұр алыста.

Туған елдің келіпті,

Төлені де – 60-қа!

Сағыныштың сазы де,

Аға жүрек мұздаса.

Асуларға алдағы,

Алқынбай жет, 100 жаса!

Мұрат Жүнісұлы

Page 11: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

11

Төлен Әбдік шығармалары:

Сарабдал да саз жазатын жазушы өз

замандастары басындағы күйзелістерді

зерделейтін «Парасат майданы» хикаятнамасын

оқырмандарына табыстады. Бұл шығарма

туралы Әбіш Кекілбайұлы: «...қайталап айтып

беруге келмейтін зұлмат хикая. Оны оқып

отырып, ойың он саққа жүгіріп, ойланасың,

тебіренесің. Ойланған сайын ойсырай құлазып,

тебіренген сайын теңселе күйзелесің. Нағыз

өнердегі «шок терапиясы», - деп жазып, жоғары

бағасын берді.

Әбдікұлы, Т. Парасат майданы [Мәтін] :

таңдамалы / Т. Әбдікұлы. – Алматы :

Раритет, 2012. – 616 б.

Page 12: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

12

Төлен Әбдіктің "Оң қол" әңгімесінің желісі

бойынша түсірілген фильм

Page 13: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

13

Төлен Әбдіктің жастық шағы

Ақын-жазушы, драматург Ақылбек Шаяхметтің

шығармашылық қызметінің 50 жылдығына арналған кеште

Page 14: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

14

Бас мүфти

Ержан қажы Малғажыұлымен

Белгілі журналист, публицист Шархана Қазығұлдың «Оңашадағы онлайн ойлар»

кітабының тұсаукесері

Page 15: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

15

‘’

Төлен Әбдік – Түркі әлемі әдебиетінің жыл адамы

«Қостанай таңы» облыстық газетінің тілшісі

Қасқырбай Қойшымановтың Төлен Әбдікпен сұхбаты

Page 16: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

16

Литература – «духовный стержень» двух народов атты кездесу

Төлен Әбдікұлының 70 жыл шығармашылық кеші

Page 17: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

17

Есімдердің алфавиттік көрсеткіші

1. Абдуллин, Ә. - 62

2. Айқадамова, А. – 30

3. Әбдікұлы, Төлен. – 1-21

4. Әбіш, Д. – 46

5. Әбдірайымұлы, А. - 53

6. Әбдіхалық, Ж. – 64

7. Әлденұлы, Б. – 73

8. Әлім, Қ. - 74

9. Бекболатұлы, Ж. – 44

10. Бөкеев, О. - 77

11. Ғалымжанова, З. – 49

12. Дәулетбаева, Б. - 66

13. Елтебаева, Г. – 58

14. Елубай, С. - 75

15. Жақып, Ә. – 24

16. Жанұзақова, Қ. – 38

17. Жәрімбетова, Н. – 43

18. Жүнісұлы, Ж. - 63

19. Жүнісұлы, М. - 61

20. Исабеков, Д . – 28, 57, 59

21. Исмағұлова, Арайлым. -29

22. Исмағұлова, Арайлым. -29

23. Кекілбайұлы, Ә. – 65, 70

24. Құрманғалиев, Қ. – 45, 72

25. Мекебаев, А. - 50

26. Мұсабаев, Х. - 51

27. Мұхамбетқалиұлы, Қ. – 55

28. Нұржекеұлы, Б. - 60

29. Піралиева, Т. - 76

30. Сегізбаев, Кәдірбек.

31. Сүйінұлы, Е. – 67, 68

32. Сұлтанов, Қ. – 25

33. Танабаева, Гүлмира. - 33

34. Теңізбай, Аққұм. – 39

35. Тұрғалиева, О. - 71

34. Шаяхмет, А. – 47

35. Шөкен, М. – 48

Page 18: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

18

Мазмұны:

1. Құрастырушыдан

2. Талант тағлымы

3. Шығармалары

4. Мерзімді басылымдардағы жарияланымдары

5. Ол туралы әдебиеттер

6. Мақалалар, сұхбаттар, әңгімелер

7. Ол туралы мерзімді басылымдардағы жарияланымдар

8. Төлен ағама (арнау өлең)

9. Т. Әбдік шығармалары

10. "Оң қол" әңгімесінің желісі бойынша түсірілген фильм

11. Жазушы өмірінен фотосуреттер

Page 19: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

19

Page 20: Суреткердің парасат биігіarkalyk-ounb2.kz/images/5/2.pdf1 Облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография

20

Біздің кітапхананың мекен-жайы:

110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы

Абай көшесі, 62. Тел. (факс) 7-09-16.

E – mail:[email protected]

Құрастырушы: Г.К. Сейтқожина

Компьютерлік терілім: Г. К. Сейтқожина

Редактор: Ә.Қ. Ахметжанова

Шығарылымға жауапты: К .Б. Борибаева

Басуға қол қойылды 17.02.2017

Таралым 5

Басылым: ксерокс

Көлемі 1,75