edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында...

103
042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. Страница 1 из 103 2. ДӘРІСТЕР 1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы 1 - тақырып. Кіріспе Дәріс жоспары: «Жануарлар систематикасы» пәні. Пәннің мақсаты және міндеттері. Жүйелеу (систематика) қазіргі жануарлар әлемінің алуан түрілілігін анықтай отырып, жануарлар түрлеріне сипаттама беріп, олардың туыстық байланыстарын анықтайды және осының негізінде түрді туысқа, туысты тұқымдасқа, отрядқа, классқа және типке біріктіріп жүйені құрайды. Адамзат жануарлар жүйелеуін өте ерте заманнан бастаған. Жіктеуге (топтастыруға, классификацияға) деген қажеттелік – адамның танымдық қызметінде маңызды болып табылады. Қазіргі жүйелеуге Карл Линнейдің Табиғат жүйесі (Systema Naturae) бастама болды. Оның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық категориялардың иерархиясы (сатылары) көрсетілген. Біз қазіргі уақытқа дейін Карл Линнейдің биноминальды номенклатурасымен (жинағымен) қатар, оның ұсынған көптеген ғылыми атауларында қолданудамыз. Ол сипаттаған жануарлардың 4000 түрінің кейбіреуі, оның жіктеген топтары өзгерседе, осы топтардың өздері сақталуда. XVIII ғасырдың соңында А.Жюссье тұқымдас категориясын енгізсе, XIX ғасырдың басында Ж.Кювье жануарлардың түрі туралы ұғым қалыптастырды. Осының нәтижесінде, XX ғасыр басында жүйелеуде мына жеті

Transcript of edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында...

Page 1: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 1 из 76

2. ДӘРІСТЕР

1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

1 - тақырып. Кіріспе Дәріс жоспары:«Жануарлар систематикасы» пәні.Пәннің мақсаты және міндеттері.

Жүйелеу (систематика) қазіргі жануарлар әлемінің алуан түрілілігін анықтай отырып, жануарлар түрлеріне сипаттама беріп, олардың туыстық байланыстарын анықтайды және осының негізінде түрді туысқа, туысты тұқымдасқа, отрядқа, классқа және типке біріктіріп жүйені құрайды.

Адамзат жануарлар жүйелеуін өте ерте заманнан бастаған. Жіктеуге (топтастыруға, классификацияға) деген қажеттелік – адамның танымдық қызметінде маңызды болып табылады.

Қазіргі жүйелеуге Карл Линнейдің Табиғат жүйесі (Systema Naturae) бастама болды. Оның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық категориялардың иерархиясы (сатылары) көрсетілген. Біз қазіргі уақытқа дейін Карл Линнейдің биноминальды номенклатурасымен (жинағымен) қатар, оның ұсынған көптеген ғылыми атауларында қолданудамыз. Ол сипаттаған жануарлардың 4000 түрінің кейбіреуі, оның жіктеген топтары өзгерседе, осы топтардың өздері сақталуда.

XVIII ғасырдың соңында А.Жюссье тұқымдас категориясын енгізсе, XIX ғасырдың басында Ж.Кювье жануарлардың түрі туралы ұғым қалыптастырды. Осының нәтижесінде, XX ғасыр басында жүйелеуде мына жеті негізгі таксономиялық категория қалыптасты:

Таксономиялық категория

Қазақша атаулары Латынша атаулары

патшалығы (царство) regnum

тип phylum

топ (класс) classis

отряд ordo

тұқымдас (семейство) familia

туыс (род) genus

Page 2: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 2 из 76

түр (вид) species

Классификациямен жүздеген систематиктер жұмыс жүргізседе, нақты ережелер мен терминологияны белгілеу қажеттілігі туындады. Қазір жануарлар патшалығын бөлетін ең үлкен топты (таксон) тип деп атайды. Әрбір типті класқа, отрядқа, тұқымдасқа, туысқа және түрге (кейде аралық категорияларды да бөледі, мысалы тип тармағы, тұқымдас үсті және т.б.) бөледі. Жоғарыдан төменгі иерархиялық топқа дейін өту барысында бір таксонға жататын жануарлардың арасындағы туыстық дәреже арта түседі. Барлық жануарлар бір түр негізінде белгілері бойынша өте ұқсас және шағылысу кезінде күйлі ұрпақ береді.

Жануарлар систематикасында мына жалпы биологиялық ғылымдар: морфология, анатомия және гистология (жануарлар денесінің сыртқы, ішкі макро-микроскопиялық құрылысы), физиология және биохимия (оның қызметтік қасиеті), эмбриология (жеке даму заңдылықтары, ішкі, сыртқы даму себепшарттары - факторлар), генетика (өзгергіштік және тұқым қуалаушылық, табиғи сұрыпталу-популяциялық генетика), экология (өмір сүру көрінісі, органикалық емес ортамен, басқа да жануарлар, өсімдіктер, микроағзалар түрімен байланысы, популяциялық экология, биоценология), этология (жануарлардың мінез-құлқы) жиі қолданылады.

Қазақстан табиғатының әртүрлілігі, әрі ол толық зерттелмегендіктен еліміздің жерінде әр түрлі жануарлар әлемі кең таралған. Қазіргі кезде республика фаунасында құрлықтағы сүтқоректілердің 692 түрі (оның 13-і қосмекенділер, немесе амфибиялар, бауырымен жорғалаушылар –

Page 3: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 3 из 76

рептилийлер; 473 - құстар және 155 аңдар - сүтқоректілер) және 140 түрі балықтар. Мұндай жануарлар түрі мен молдығы Қазақстаннан басқа еш мемлекетте жоқ. Республикамызды мекендейтін осы сүтқоректілердің 155 түрінің практикадағы маңызы зор. Аң кәсібінде жануарлардың 72 түрі ауланады, оның ішінде бұлғын, сусар, кәмшәт, кара күзендер ерекше қымбат тері береді. Аңдардың басқа түрлерінің терілері мұндай қымбат бағаланбайды, дегенмен олар көп және 100 мыңдап, миллиондап ауланады (ондатр, кәдімгі саршұнақ, күзен, каспийлік итбалық т.б.).

Кәсіптік аң терісі «еркін» шет елдік валютаны алудың бірден - бір маңызды және экономикалық тиімді көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан, аң терісін тегіннен «жұмсақ алтын» деп атамаған. Жергілікті фаунаның көптеген аңдары (қарлы барс, гепард, қарақал-қарақұлақ, құлан, арқар, марал, ақбөкен-жезкиік және т.б.) мемлекет ішіндегі зоологиялық шет елге шығаруда және зоосауда да аса құнды шикізат.

Қазақстан аңдарының бай фаунасы –үй жануарларының жаңа түрлері мен тұқымдарын шығаруда өте ірі және құнды генофонд болып табылады. Өткен ғасырда оңтүстік Алтайда кермарал, марал аталықтарының сүйіктенбеген мүйізінен алынатын дәрілік зат – пантыны алу мақсатымен жабайы маралдарды қолға үйрету, жаңа марал шаруашылықтарын ашуға жеткізді.

Сүтқоректілер 3 отрядының өкілдері (жәндік қоректілер, жарқанаттар, жыртқыштар) ауыл, орман шаруашылықтарына, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымына зиянды кемірушілер мен жәндіктерді жойып, белгілі пайдасын тигізуде. Олардың кейбір ішкі ағзалары, дене мүшелері және майы ғылым саласында, халық медицинасында, порфюмер өндірісінде және т.б. кең қолданысқа ие. Аюдың өтін дайындап, шет елге шығарады, маралдың жыныс мүшелерін, құйрығын, марал, жезкиіктің сүйіктенбеген мүйіздерін – панта, аюдың, борсықтың, суырдың, саршұнақтың майларын әзірлеп, шет елге шығарады. Қазақстаннан жыл сайын белгілі бір мөлшерде марал пантасы және киіктің мүйізі шет елге шығарылады.

Республиканың халық шаруашылығына сүтқоректілер зор пайдасы мен бірге, кейбір түрлері көп экономикалық шығынға да ұшыратуда. Ауыл шаруашылығына ерекше зиян тигізетіндерге, көбінесе кемірушілер (саршұнақ, тышқан, атжалман), сұр қасқырлар жатады. Саршұнақтар жайылымға аса зиянын тигізуде. Бір гектарда орташа бірлігі бойынша кіші саршұнақтардың 20-30 келсе, онда олар азық қорының жартысына жуығын жояды. Кемірушілер орман шаруашылы, егістікті қорғайтын орман жолақтары, бақтар және жүзім егісіне зор экономикалық шығын әкеледі. Кемірушілер, әсіресе құм тышқандары, су егеуқұйрықтары,

Page 4: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 4 из 76

ондатралар, саршұнақтар індерін темір жол, шоссе, т.б. бойына салып, оларды бұзады.

Үлкен кері әсерін тигізетін сүтқоректілерге, адам, үй жануарларына қауіпті жұқпалы аурулар мен ішек құрттары инфазиялары пайда болатын, әрі оларды тарататын түрлері жатады. Мысалы, бактериялық аурулардың жабайы сүтқоректілер мен үй жануарларына тән мына ауруларды: қылау, пастереллез, листереллез, сібір жарасы - топалаң (қойда), жамандат (жылқыда), қараталақ (ірі қарада), ақшелек, қарабез (түйеде), түйнеме, күйдіргі (адамда), бруцеллез, туляремия, туберкулез, кеміргіштер обасы, маңқа және басқаларды атауға болады. «Жануарлар систематикасының» мақсаты – жануарлар әлемі, оның дамуы, негізгі ерекшеліктері мен адам өміріндегі маңыздылығымен таныстыру болып табылады. Сұрақтар:1. Жануарлар системетикасы нені оқытады?2. Қандай отряд, тұқымдас, түрлерді қарастырады? Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

2 - тақырып. Қоянтәрізділер тұқымдасы (Leporidae)

Дәріс жоспары:Қоянтәрізділер отрядына сипаттама.Қоянтәрізділер отрядының систематикасы.

Қоян тәрізділер отряды қазір екі тұқымдастан, шақылдақтар және қояндар тұқымдастары бар 12 туыстан тұрады. Қоян тәрізділер тұқымдасы (Leporidae) 10 туыс (45 түр) қосып, 3 негізгі топты біріктіреді: 1) кәдімгі қояндар (Leporidae) шамамен 20 түр, 2) үй қояны (Oryctoladini) шамамен 15 түр, 3) қатты түкті немесе ежелгі қояндар (Pentaladini) шамамен 10 түр.

Қоян тәрізділер тұқымдасы ең ірі отряд өкілдерінен тұрады, дене ұзындығы 30- 69 см жетеді. Кеміргіштерден басты ерекшелігі сол, олардың үстіңгі жақтарында бір емес екі жұп күрек тістері болады. Онымен бірге, сол және оң қатары күрек тістері арасындағы сүйекті таңдайының түрі жіңішке көлденең өткілше тәрізді келеді. Қоян тәрізділерде ауыз тістері болмайды, күрек тістері азу тістерінен негізгі, тістері жоқ кеңістікпен (диастема) бөлінген. Құлақтары ұзын, ланцет тәріздес, басына жабысқан, олар көз аймағына жетеді. Алдыңғы аяқтары қысқа, саусақтарымен жүреді, артқы аяқтары керісінше ұзын, табан дерлік, сондықтан секіріп жүгіреді. Табаны қалың қылды түктермен жабылған, жастықша келген табаны жалаңаш болмайды. Азу тістерінің түбірі ашық, сондықтан әр уақытта өсуде болады. Үлбірі жұмсақ,

Page 5: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 5 из 76

үлпілдек, терісі жұқа, мықты емес, дегенменде фетр (қоян жүнінен басылған материал) өндірісінде, өте сирек тауар ретінде жүреді. Тұқымдас құрамына 13 құрып кеткен, 9 қазіргі түрлер енеді. Олар өте өсіп-өңгіш, жылына бірнеше рет ұялайды да, әрқайсысында 5-10 көжегі болады. Антарктида мен Мадагаскардан басқа бүкіл жер шарына тараған. Жаңа Зеландия, Австралия, Американың оңтүстік бөлімінде, мұхит аралдарының бірталайында, әрі Қазақстанның шығысында, Тарбағатай мен Алатауда оларды адам жерсіндірген. Мекен ету орны әралуан – тайга орманынан орманды, қыр даласына дейін. Қысы-жазы қоян қалың бұталары немесе көп шөмшекте, жиі терең орман ішінде аялдай береді. Қоянның қоректенуі жыл мезгіліне орай әртүрлі болады. Жазда түрлі шөптесін өсімдіктерді жейді де, бұршақ, қырықбуын, саңырауқұлақтардыны ұнатады. Қыста негізі азығына ұсақ бұташалар, жаңғақтар және т.б. жатады.

Түрлері Атауы

Ақ қоян Lepus timidus 

Ор қоян Lepus europaeus

Құм қоян Lepus tolai

Жапон қояны Lepus brachyurus

Маньчжур қояны Lepus mandschuricus

Қылтанды қоян  Caprolagus

Жолақты қоян Nesolagus

Үй қояны Oryctolagus

Өрмелеуші қоян Pentalagus

Африкаляқ қоян  Poelagus

Ергейжелі қоян Brachylagus

Онтүстік африкалық қоян  Pronolagus

Американдық қоян  Sylvilagus

Флорида қояны Floridanus

Дала қояны Аudubonii

Мексика қояны Сunicularis

Page 6: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 6 из 76

Шақылдақтар тұқымдасы (Ochotonaidae)

Қалқанқұлақ шақылдақ Ochotona roylei

Дауыр шақылдағы Ochotona daurica

Дала немесе кіші шақылдақ Ochotana pusilla

Алтай шақылдағы Ochotana alpine

Монгол, Палласова шақылдағы Ochotona pallas

Американдық шақылдақ Ochotona princeps

Дене тұрқы 25-74 см. Аналығы жылына екі рет 6 көжектен әкеледі. Қояндар 12 жылдай өмір сүреді. Әдетте жеке жүргенде дыбыс шығармайды. Жылдамдығы сағатына 70 шақырым. Халық шаруашылығында терісін, жүнін, түбітін және етін дайындайды.Жыныс мүшесінің сүйегі жоқ.

Кемірушілерге қарағанда қоян тәрізділердің қарны (морфологиялық емес, физиологиялық) 2 бөлімнен тұрады: а) фундальді, мұнда тек азықтың бактериялды ашуы жүреді; б) пилорикалық, мұнда азық пепсинмен қорытылады.

Үй қояны сәйкесінше ұсақ жануарлар, денесінің мөлшері 25-50 см, жүнінің жалпы түсі жиірек бурыл, реңі бар сұр және қызыл қышқыл түсті болады. Буаз болу уақыты 28-30 күн. Қатты жүнді қояндар. Бұлар құлақтары қысқа және артқы аяқтары қысқа ұсақтау жануарлар түрі жүні қатты, қылшықты. Қатты жүнді қояндар нағыз қояндар сияқты тез жүгіре алмайды және үй қояндары тәрізді ін қазуға бейім емес. Түрдің көп бөлігінің аналығы жылына бірнеше ұрпақ әкеледі. Балаларының саны 2- ден 8 - ге дейін, тіпті 15 көжекке дейін құбылып өзгереді. Інде тұратындарының балалары жалаңаш және соқыр, әлсіз болып туады. Ал жақсы тұрағы жоқтары көреген, денесі түкті тіптен туа сала қозғалысқа бейім болып туады. Буаз болу мерзімі 26 – 55 күнге дейін. Жыныстық жетілуі 10 аптадан 2 жасқа дейін. Қоян жаулары көптеген жыртқыш құстар және сүт қоректілер. Антрактида мен Мадагаскардан басқа барлық жерде таралған. Жаңа Зеландия, Австралияда, Онтүстик Американың онтүстик бөлігінде және Мұхит аралдарында адам таратқан. Қазақстанның Шығыс бөлігінде, Тарбағатай, Алтайда, және т.б. жерде таралған.

Ақ қоян (Lepus timidus) ересектерінің дене ұзындығы 44-65 см, кейде 74 см-ге жетеді, салмағы 1,6 - 4,5 кг. Ең ірілері Батыс Сібір тундрасында (ормансыз мүк басқан далада 5,5 кг дейін), ең ұсақтары Якутия мен Қиыр Шығысты (3 кг) мекендейді. Құлақтары ұзын (7,5-10

Page 7: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 7 из 76

см), бірақ ор қоян құлағынан қысқа болады. Құйрығы тұтасынан ақ түсті, біршама қысқа және домалақ , ұзындығы 5-10,8 см. Табандары жалпақ , қалың түктенген. Ол Скандинавия, солтүстік Польша, Ресей, Қазақстан, солтүстік-батыс Монғолия, солтүстік-шығыс Қитай және Жапонияның ормансыз мүк басқан даласын, орманды, жартылай ормансыз даласын мекендейді. Ымырт түскенде және түнде шығатын жануар. Таң алдында, кешке таман өте белсенді болады. Бұл өсімдік қоректі, қоректенуі жыл мезгілінде айқын байқалатын жануар. Көктемде , жазда өсімдіктің жасыл бөліктерімен қоректенеді. Ұядағы көжектер саны аналықтың мекен ету ортасына, жасына, физиологиялық күйіне байланысты болады. Көжектері 1-ден 11-ге дейін жетеді, ал тайга, тундра қояндары ұясында орташа 7 көжектен, ортаңғы және оңтүстік аймақта таралғандарда 2-ден 5-ке дейін болады. Үлбірі фетр (жүнінен басылған материал) өндірісінде, өте сирек тауар ретінде жүреді.

Жапондық қоян (Lepus brachyurus) дене бітімі ақ қоянға ұқсас, салмағы шамамен 2,5 кг. Түгінің түсі ақшыл қызыл-қоңыр түстен қою қоңыр-сұр түске дейін құбылып, басы, аяғы ақ түсті болады. Жапонияның Хонсю, Сикоку, Садо , Оки және т.б. аралдарында кең тараған. Жыныстық жетілу жасы 10 ай. Аналықтары көжектерін жылына 3 - 5 рет сәуір - тамыз айлары аралығында туады.

Маньчжур қояны (Lepus mandschuricus) үй қоянына ұқсас, құлақтары мен артқы аяқтары біршама қысқа болады. Түсі қою қоңыр-сары я қызыл қошқыл түсті қара «ағынды» суреттей, бұл бейне жазда және қыста бірдей байқалады. Бұл аң Қытай, Кореяның шығыс, солтүстік-шығысындағы жалпақ жапырақты ормандарын, Ресейдің Приморье, Приамурье маңдарын мекендейді. Оның жаз мезгіліндегі негізгі мөлшері (рацион) әртүрлі шөптесін өсімдіктерден, қыста бұталардың бұтақтары мен қабықтарынан тұрады. Тәуліктің қараңғы уақытында ол белсенді, күндіз шөпшек астында, тастар арасындағы қуыстарда, кейде ағаштардың төменгі қуыстарында, ал қыста қар астындағы індерінде болады. Жылына 2 – 3 рет көжек әкеледі.

Ор қоян (Lepus europaeus) денесінің ұзындығы 57-68 см; салмағы 4-6 кг, кейде 7 кг жетеді. Дене бітімі нәзік. Оның ақ қояннан айырмашылығы өте ұзын құлақтарынан (9,4-14 см), ұзын сына тәрізді құйрығынан (7,2-14 см), үстіңгі бөлігінің қара немесе қара-қоңыр түсінен көрінеді. Көзі қызыл-қоңыр түсті. Артқы аяқтарыда ақ қояндікінен ұзынырақ, бірақ табандары қысқа және жіңішке. Түсі жазда сары я қызыл қошқыл-сұр, қоңыр, қызыл-қоңыр, сарғыш, сары я қызыл қошқыл-жирен, әртүрлі түсті болады. Түп түбіті ұштарынан құралған ірі қара шұбарлық тән. Көзінің айналасында ақ сақинашалар болады. Құлақтарының ұштары жыл бойы қара болады. Қыста алынған үлбірі жазға қарағанда ақшыл

Page 8: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 8 из 76

келеді. Ор қоян Еуропа, Азия, Солтүстік Африка, Ирландия, Шотландия, Финляндия, Қазақстанның ежелгі дала жануары. Жаз мезгілінде ол өсімдіктермен, ағаш пен бұталардың жас тармақтарымен қоректенеді. Қыста, ақ қояндай емес, тұқымдармен, шөп қалдықтарымен қоректене береді. Жылына 2-3 рет көжек береді. Буаздық мерзімі 45-48 күн, 1-5 көжек туады.

Құм қоян (Lepus tolai) басы мен денесінің ұзындығы 40-48 см, құйрығының ұзындығы 5,0-тен 7,5 см дейін, құлақтары 81-110 мм. Денесі сымбатты, басы кішкентай. Үлбірінің түсі арқасында қою сары немесе қара араласқан құм түстес. Құрсақ бөлімі сарғыш ақ түсті. Құлақ негізі жалпақ, ұшы қара - қоңыр. Ауғанстан, Қытай, Монғолия, Пакистан, Қазақстан аймақтарында кең таралған. Жайылымдарда, шөлді, шөлейтті және дала аумақтарында бұталы өскіндерде мекен етеді. Жылына 1-3 рет көбейеді де, 3-тен 10-ға дейін көжек әкеледі.

Жабайы немесе еуропалық қоян (Oryctolagus cuniculus) денесінің ұзындығы 31-45 см, салмағы 1,3-2,5 кг. Құлағының ұзындығы 6-7,2 см. Табандары түсіңкі, тырнақтары ұзын және тік орналасқан. Денесінің үстіңгі түсі әдетте қоңыр-сұр, кейде жирендеу. Құйрығының ұшы қара немесе сұр түсті. Арқасында, қылшық түктер ұшынан құралған қою қоңыр түсті жолақ байқалады. Дене бүйірлеріндегі күңгірт ақшыл жолақ сан аумағында жалпақ дақ болып аяқталады. Құрсағы ақ немесе ақшыл-сұр түсті. Қазіргі уақытта жабайы қояндар Батыс және Орталық Еуропа, Скандинавия, оңтүстік Украина, Қырым, солтүстік Африка көптеген облысын мекендейді. Бұлардың 8-10 ересек дарақтары мен топтасып өмір сүреді. Буаздық мерзімі 28-33 күн. Ұядағы көжектер саны 2-ден 12-ге жетеді.

Page 9: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 9 из 76

Қоян тұқымдастары (Leporidae)

Ақ қоян (Lepus timdus) Маньчжур қояны

(Lepus mandschuricus)

Құм қоян (Lepus tolai)

Жапондық қоян (Lepus brachyurus)

Page 10: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 10 из 76

Ор қоян (Lepus europaeus)

Жабайы қоян (Oryctolagus cuniculus)

Еуро қояны (Oryctolagus cuniculus)

Шиншилла (Chinchilla)

Page 11: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 11 из 76

Калифорниялық қояны (Sylvilagus bachmani)

Ергейжелі қоян (Orictolagis cuniculus)

ШАҚЫЛДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ (Ochotonidae)

Тұқымдаста тек қана Ochotona туысының 20-25 түрі Азия, Солтүстік Америка тропикалық емес, таулы, далалы аумақтарында тарлған. Ресейде оның 5 түрі мекендейді. Әдетте, олар топтасып, өте сирек жеке, тіршілік етеді. Азияны мекендейтін шақылдақтар айырмашылықтарын қояндардан едеуір қысқа құлақтарынен, біраз ғана ұзын аяқтарынен, сырттан көрінбейтін құйрық бастамасынан, тек әр қатарда 5 (алтының орнындағы) күрек тістері бар тіс жүйесінен көруге болады. Жоғарғы күрек тістері өте жалпақ, терең науашығы болады, сондықтан олар екі ұшымен аяқталады, төменгісі кіші, өте қатты иілген. Шақылдақтар көлемдері едеуір кішкентай. Дене ұзындығы 25 см. Құлағы дөңгелек тәрізді, қысқа, олардың ұзындығы кейбір түрлерінде бас ұзындығының жартысынан аспайды. Артқы аяқтары ұзындығына қарағанда алдыңғысынан көп айырмашылығы жоқ. Құйрығы болмайды. Мұртшалары (вибриссы) қояндарға қарағанда ұзын, кейбір түрлерінде дене ұзындығының үштен біріне тең. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп тұрады: жазда қоңыр, сары я қызыл қошқыл-сұр, жирен немесе қоңыр, қыста көбінесе сұр немесе сары я қызыл қошқыл-сұр. Жыныстық жағынан аталығы мен аналығы 8 - 11 айда жетіледі. Табан мен саусақтарының төменгі жағында түк щеткасы болады, бірақ бірталай түрлерінде саусақ ұлтаны жалаңаш келеді. Жыныстық жетілуі 8-11 айға келеді. Жылына 2-4 ұрпақ береді, ол наурыз,

Page 12: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 12 из 76

сәуір-тамыз айларында өтеді. Буаздық мерзімі 1 ай шамасы, 2-13 көжектен әкеледі. Олар Еуропаның оңтүстік-шығысында, солтүстік Американың солтүстік-батыс бөлімдерінде мекендейді. Біздің елдің аймағында оның 5-8 түрлері (дала, алтай, моңғол, қалқанқұлақты, қызыл), оның ішіндегі дала түрі орынбор мен қазақстан далаларын, дауp түрі – Тува, оңтүстік Забайкалье далаларын мекендейді. Республикамыздың барлық аймақтарындағы далалы, шөлейтті, шөлді, кейде тіпті таулы аймақтарға дейін таралған. Тастар мен қорымдар арасындағы қуыстар мен жырықшаларда, кеміргіштердің бос індерінде тұрақты тіршілік етеді. Бұлардың дыбыс беру қабілеті өте жақсы жетілген. Күндіз белсенді, қысқы ұйқыға жатпайды. Өсімдіктердің 100-ге жуық түрімен қоректенеді. Қысқа қарай азық қорын жинайды, өсімдіктерді кептіріп, кейде салмағы 27 кг шөмелей салады (шөмелейші деп аталады).

Шақылдақтар тұқымдасы (Ochotonidae)

Қалқанқұлақ шақылдақ (Ochotona roylei)

Дала шақылдағы (Ochotana pusilla)

Page 13: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 13 из 76

Моңғол немесе Палласова шақылдағы (Ochotona pallas)

Даурлік шақылдақ (Ochotonadaurica)

Тибеттік шақылдақ (Ochotonadaurica)

Алтай шақылдағы

(Ochotana alpine)

Page 14: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 14 из 76

Үнділік немесе ройла шақылдағы (Ochotona roylei)

Американдық шақылдақ (Ochotona princeps)

Дала шақылдағының (Ochotana pusilla ) ұзындығы 153-210 мм, салмағы 95-280 г. Құйрығы сыртынан көрінбейді. Аяқтары қысқа, табандары қою қалың түктермен жабылған, олар саусақтарды да жауып тұрады, табан ұзындығы 25-36 мм. Тырнақтары жіңішке, қысқа, маусымға орай өзгеріп отырады. Құлақтары дөнгелек, қара-қоңыр түсті, ұзындығы шамамен 17-22 мм. Оның жазғы үлбірінің түсі қою-қоңырдан сары я қызыл қошқылға және қуқыл-сарғылт түрлі түсті қоңыр-сұрға дейін құбылады. Барлық дерлік Еуропа, Азия, Ресей, Қазақстан жерлерінде таралған. Азық мөлшері алуан түрлі, оған әртүрлі шөптер, жапырақтар, бұталардың жас өркендері, гүлдер, жемістер, тұқымдар кіреді. Буаздық мерзімі 22-24 күн. Аналықтары жылына әдетте екі рет көбейеді де, 6-12 көжектен әкеледі.

Монғол немесе палласов шақылдағы денесінің ұзындығы 20-25 см, құлақтары қысқа 20-26 мм, бірақ даур шақылдағынан ұзын келеді. Түгінің түсі жазда сарғыш-сары я қызыл қошқыл, қыста сұр, қоңырқай реңді. Буаздығы орташа 25 күн жүреді, жылына 2-3 рет ұрпақ әкеледі. Орташа 6-9, кейде 12 күшігі болады.

Даур шақылдағы (Ochotona dauurica) денесінің ұзындығы шамамен 180-195 мм. Табанының ұзындығы 29-31 мм, құлақтары қысқа 16-25 мм. Ерінінің шеттері мен танауының ұшы ақшыл түктермен жамылған. Жазда үлбірінің түсі қоңыр, қыста біркелкі сұр қуқыл-сарғылт

Page 15: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 15 из 76

реңді. Олардың буаздық мерзімі шамамен 25 күнге жуық. Аналықтары ұрпақтарын іннің ішіндегі арнайы орналасқан жеке ұяда туады. Ұясында 3-8 ұрпағы болады.

Алтай немесе альпы шақылдағы (Ochotona alpina) денесінің ұзындығы 17,5-25,1 см, салмағы 160-350 г. Құлақтары едеуір үлкен, домалақ, ұзындығы шамамен бас ұзындығының жартысына тең 1,8-2,6 см. Құлақ қалқанының шетінен жіңішке ақшыл көмкөрме өтеді. Жазда үлбірінің түсі ақшыл сары-сұрдан қоңыр сары түске және қоңыр-сары я қызыл қошқыл және қоңыр-сұр түске дейін құбылады. Қыста үлбірі күлді сұр немесе қою ұзына бойына тараған қоңыр-сұр түсті келеді. Олар Шығыс Сібірдің оңтүстігінде, Монғолияда, Алтайда және т.б. жерлерде таралған. Тіршілік етуі күндіз жүреді. Ыстық күндері таңертен (сағат 5-тен 10-ға дейін), кешкі және бұлтты күндері күні бойы белсенді болады. Қыста белсенділігі төмендейді. Азық мөлшеріне әртүрлі өсімдіктер, әрі олармен бірге саңырауқұлақтар және қыналар кіреді. Буаздық мерзімі шамамен 30 күнге созылады. Екі жыныстыңда жас дарақтары көбеюге екі жасында бастайды. Тіршілігінің ең ұзақтығы 6 жыл.

Бақылау сұрақтары: 1.Шақылдақтардың түрлерін атаңыз.2. Шақылдақтар қояндардан қандай белгілерімен ерекшеленеді?3. Қояндар тұқымдасына сипаттама беріңіз.4. Қояндар мен шақылдақтар тұқымдасында көбеюі мен өсуі қалай

жүреді? Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

3 - тақырып. Тиін тұқымдасы (Sciuridae)Дәріс жоспары:Кемірушілер отрядына сипаттамаТиіндер тұқымдасына сипатама

ТИІНДЕР ТҰҚЫМДАСЫ

Жүйелеуінде 48 туыстары 2 тұқымдас астына: тиіндер мен ұшарларға біріктірілген. Тиіндер түрлері саны бойынша (280) тек тышқантәрізділер тұқымдасынан ғана кем түседі. Тиіндер тұқымдасы: нағыз тиіндер (Scwrinae), суырлар (Marmotinae), борша тышқандар, саршұнақтар, ұшарлар тұқымдасы астынан тұрады. Қазақстанда тұқымдас асты өкілдерінің барлық түрлері таралған. Бұл тұқымдасқа кіретін

Page 16: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 16 из 76

өкілдерінің көлемі орташа, ірі, дене ұзындығы 70 см, оның салмағы 9 кг болады.

Түрлері Атауы

Тиіндер тұқымдасы (Sciuridae)

Аса ірі тиін түрі (Ratufa)

Үлкен құйрықты тиін Ratufa macroura

Үнді алып тиін Ratufa indica

Екі түсті тиін Ratufa bicolor

Ақ сары түс тиін Ratufa affinis

Ергежейлі тиін түрі (Microsciurus)

Орталық Америка ергежейлі

тиін

Microsciurus alfari

Амазон тиіні Microsciurus flaviventer

Батыс ережелі тиін Microsciurus mimulus

Сантадер тиіні Icrosciurus santanderensis

Тиін түрі (Sciurus)

Парсы тиін  Sciurus anomalus

Аризон сүр тиін  Sciurus arizonensis

Кәдімгі тиін Sciurus vulgaris

Ергежейлі тиін Sciurus microsciurus

Қызыл тиін Sciurus tamiasciurus

Лағыл тиін Sciurus rubrisciurus

Пальмалы тиін Sciurus funambulus

Бұталы тиін Sciurus рaraxerus

Жалынды тиін Sciurus flammifer

Сүр- сары тиін Sciurus griseoflavus

Боливия тиіні Sciurus ignitus

Жапон тиіні Sciurus lis

Шұбар тиін  Sciurus variegatoides

Page 17: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 17 из 76

Ұшар түрі

Солтүстік Азия ұшар Pteromys

Қара ұшар Aeromys

Қытай ұшар Aeretes

Жүнаяқты ұшар Belomys

Тасты ұшар Eupetaurus

Солтүстік Америка ұшар Glaucomys

Индонезиялық ұшар Lomys

Аса ірі ұшар Petaurista

Ергежейлі ұшар Petinomys

Сүрғылтау ұшар Pteromyscus

Борша тышқан Eutamias sibiricus

Ұзынқұйрықты саршұнақ Citellus undulates

Реликті саршунақ Citellus relictus

Кіші саршунақ Citellus pygmaeus

Құмдық саршунақ Citellus fulvus

Үлкен саршұнақ Citellus major

Қызылмұрт саршұнақ Citellus erythrogenus

Тараққұйрық Spermophilopsis

Leptodactylus

Дала суыры Marmota bobac

Көк суыры Marmota menzbieri

Тиіндерге сыртқы түрі мен тіршілік етуіне орай әртүрлі жануарлар жатады. Дене мөлшері ұсақ және орташа. Денесінің ұзындығы 6 см-ден (тышқан тәрізді тиін) 60 см-ге дейін (суырлар) жетеді. Сыртқы түріне қарап, тиіндерді бұтада мекендейтін, жер үсті деп ажыратады. Жер үсті тиіндерінің дене бітімі тығыз, әрі қысқа, мықты алдыңғы аяқтарымен ерекшеленеді. Барлық тиіндердің артқы аяқтары алдыңғысынан ұзынырақ, бірақ 2 еседен аспайды. Артқы аяқтары 5- алдыңғы аяқтары 4- немесе 5-саусақты болады. Алдыңғы және артқы аяқтарындағы IV саусақ ең ұзыны

Page 18: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 18 из 76

болып келеді. Түк жамылғысы қалың және жұмсақ. Түсі біркелкі немесе жолақты, дақты болып, қара және ақтан жирен немесе қою сары түстер байқалады. Буаздық мерзімі 22-45 күн. Аналықтары 1-ден 15-ке дейінгі аралықта жалаңаш және соқыр ұрпақ әкеледі. Барлық жер шарында, тек Австралия облысы, Мадагаскар, Оңтүстік Американың оңтүстік бөлімі мен полюстік облыстардан басқа, таралған. Ресей фаунасында тиіндер тұқымдасының 15 түрі: нағыз тиін, кәдімгі тиін, азиялық боршатышқан, саршұнақтың 9 түрі және суырдың 4 түрі кездеседі. Бұта, жартылай бұтаны мекендейтін кемірушілердің дене бітімдері сымбатты, мойыны айқын көрінеді, құйрығы ұзын, ол қаңқасына тең келеді, қалың мамықтанған, аяқтары, әсіресе артқылары ұзын, саусақтары жіңішке ұзын, тырнақтары күрт иілген өткір. Інде мекендейтін аңдардың тұлғасы мығым, мойыны айқын көрінеді, құйрығы қысқа (әдетте денесінің ұзындығының жартысындай). Аяқтары қысқа, саусақтарының әлсіз иілген тырнақтары болады. Алдыңғы аяғының ішкі саусағы дамымаған, ал екіншісі кейде мүлдем болмайды. Түк жамылғысы ауыспалы, бұталарда мекендейтін түрлерінде інде мекендейтіндермен салыстырғанда түк жамылғысы әдетте қалың, жұмсақ және үлпілдек. Түк жамылғысының түсі құба сарғыш, сұр, кейде қара және жирен реңді болып келеді. Көбеюі және өсуі: буаздық мерзімі 22-45 күн. Аналықтары 1-ден 15-ке дейінгі аралықта жалаңаш және соқыр ұрпақ әкеледі. Таралуы: Австралиядан, Мадагаскардан, Оңтүстік Американың оңтүстік бөлігінен басқа барлық аумақта кездеседі. Тиіндер алуан түрлі ландшафтарда мекендейді: ормандар, ашық жазықтар, шөлде, тундрада, тауда, тропиктен Арктикаға дейін. Тиіндердің көпшілік түрлерінің шаруашылық маңызы зор. Мысалы, кәдімгі нің өңделмеген терісі біздің өңірде кәсіптік есептеліп, фаунада бірінші орын алады. Сапа жағынан екінші кезекте тиіннің басқа түрлерінің терлері тұр. Суырлар мен саршұнақтардың майы техникалық мақсатта қолданылады, әрі олардың көптеген түрлерінің еттері жеуге жарамды. Саршұнақтар егін шаруашылығына келтіретін зияны, әрі көптеген тұқымдастарының өкілі аурулар таратуда маңызды рөл атқаратыны аян.

Кәдімгі тиін (Sciurus vulgaris) көлемі кішкентай денесі созылыңқы және үлпілдек құйрықты кеміргіш. Дене тұрқы 19,5-28 см, құйрығы  13-19, салмағы 250-340 г. Басы домалақ, көздері қара түсті үлкен болып келеді. Құлақтары, әсіресе қыс кезеңінде жақсы байқалатын шашағы бар, ұзын. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзындау болады. Саусақтарындағы тырнақтары тұтқыр, әрі өткір. Түр асты, тіпті бір популяциядағы тиін түсі маусым сайын өзгеріп отырады. Жазда жирен, қоңыр немесе қара қоңыр түс басым болса, қыста сұр және қара, кейде қоңыр түстер басым болады. Құрсағы ашық немесе ақ түсті. Тиіндердің

Page 19: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 19 из 76

меланды тіпті қара терісі және альбинос, терісі ақ теңбілмен жабылған ала түрлері де кездеседі. Қысқы боялымы тиін құйрығының түсіне орай, «қызыл құйрықты», «қоңыр құйрықты» және «қара құйрықты» болып бөлінеді. Кәдімгі тиіндер Камчаткада, Сахалинде, Жапонияда таралған. Қырымда, Кавказда, Тянь-Шаньда жерсіндірілген. Қазақстанда олардың үш түрі кездеседі: тиін-телеутка (S.v.exalbidus), калбиндік тиін (S.v. calbinensis), алтайлық тиін (S.v.altaica). Олар жылына екі рет 3-5 ұрпақтан әкеледі. Кәдімгі тиіннің бір-бірінен түсімен ерекшеленетін шамамен 40 түршесі сипатталып жазылған. Тиін – ормандарды мекендейтін жануарлар. Олардың негізгі қорегіне ағаштардың тұқымдары, оның ішінде қалқан – жалпақ жапырақтары жатады да, ең жақсы азық болып есептеледі. Буаздық мерзімі 35- 38 күнге созылады, ұяласында 3-10 ұрпағы болады.

Ұшар (Pteromyinae). Олардың алдыңғы, артқы аяқтарының арасында жұқа тері жарғағы болады, осының әсерінен олар ауада қозғалып, қалықтап ұша алады. Сондықтан олар кейде бірталай қашықтықты жеңіп шығады. Ұшар құйрығы ағашқа «қонғанда» тежеуіш қызметін атқарады. Тиіндерге қарағанда ұшарлар ұясы түнде белсенді болады.

Кәдімгі ұшар (Pteromys volans Linnaeus) Қазақстанда олардың екі түрі кезедеседі: семейлік (Р.v.betulinus) және орташа сібірлік (P.v.turovi). Жылына екі рет көбейеді, бір ұяда 3-5 ұрпақтан болады.

Солтүстік Америкалық ұшар (Glaucomys), Оңтүстік Канада мен АҚШ-тың батысында мекендейді, жыртқыштардан ағаштар арасында ерекше қалықтап ұшу шеберлігі арқасында қорғанады. Жарғағын аса үлкен етіп ашу үшін төрт аяғында жаяды, ол ағаштан ағашқа ұшуына жеткізеді. Ұшарлар тұқымдасының ең ірі түрі - Тагуан, ұзындығы 1,2 м (құйрығымен бірге) жетеді және 60 метрге дейін ұша алады. Ұшарлардың құйрықтары ұзын және үлпілдек келеді. Олардың көмегімен олар ұшу бағытын бағыттайды. Одан басқа, олар теңгергіш қызметін орындайды. Бұлар құйрықтарын жаңбырдан және күннен қорғану үшін, немесе суық жерде ұйықтағанда жастық ретінде қолданады. Ұшарлардың табандарында ұзын тырнақтары болады. Бұл ұшарларға ағаштың қабығынан ұстануға қажет.

Тиін- ұшардың (Pteromys volans) дене ұзындығы 12-22,8 см, құйрығы 11-13 см, салмағы 170 г. Басы домалақтау, танауы доғал, түнде белсенді өмір сүруге байланысты көздері үлкен қара болып келеді. Құлақтары жұмырланған, шашақсыз. Аяқтары өте қысқа, артқы аяқтары алдыңғыларынан үзынырақ. Тырнақтары қысқа, қатты иілген, өткір. Ұлпаны (мех) қалың, жұмсақ, жібек тәрізді, тиінге қарағанда ол қалың, әрі

Page 20: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 20 из 76

нәзік. Денесінінің үстіңгі жағы күміс - сұрғыш түсті, жиірек сары я қызыл қошқыл түсті немесе қоңырлан реңді, төменгі жағы қуқыл-сарғылт ақ түсті. Көзі қара жиекпен қоршалған. Тиін-ұшар ескі жапырақты, аралас орманды мекендейді. Ұрғашысы жылына бір рет 2-4 ұрпақтан әкеледі. Буаздық мерзімі 4-5 апта.

Шұбар саршұнақ (spermopnllussuslicus) кішкентай жануарлардың бірі, дене ұзындығы 26 см, құйрығы қысқа (денесінің төрттен бір бөлігі), ойнақы мойындағы көркем басы едеуір ірі, көзі өте үлкен. Оған қарама-қарсы құлақ қалқаны кең есту қуысы айналасындағы кішкене тері білігіне дейін жойылған. Табандары қысқа, әсіресе алдыңғысы, ұзын қозғалмалы саусақтарымен. Бүкіл дене түктері қысқа, әсіресе басында олар едеуір сирек және жабысып тұрады. Барлық саршұнақтардың, оның ішіндегі шұбардың ерекшеліктері сол, олардың ұрт аржағында қаптар болады. Денесінің түсі едеуір ашық және шұбар. Арқасында негізгі қоңырлаң түстің үстіне жиі едеуір ірі нақты ақ дақтар бытырап шашылған, бұл шұбарлық бейне түрге тән атауға ие болған. Шұбар саршұнақтар өте жиі астықты далаларда, жайылымдарда мекендейді. Бұл саршұнақтар топтасып өмір сүреді де, әрбір ересек жануар өзінің жеке ініне ие болады. Шұбар саршұнақ, өз тұқымдастарындай қыста ұйқыға кетеді. Олар ұйқы кезінде ерекше кейіпте болады, артқы аяғына отырып (басқа аңдардай жатпай), басын құрсағына иіп, оны сыртынан құйрығымен жауып, ұйықтайды. Көбею кезеңі қысқы ұйқыдан кейін бір жарым аптадан кейін басталады. Буаздық мерзімі айдан аз болады, ұясында 6-8 ұрпағы болады. Шұбар саршұнақ ауыл шаруашылығы дақылдарының жауы, қауіпті туляремия аурын тасымалдауға қатысады.

Дауыр саршұнағы (Spermophilus dauuricus) шұбар саршұнақтан кішілеу, ақшыл дақтарсыз және түрлі түсті емес, оған қарама-қарсы оның құмды-сұр түсті арқасы түктерінің ұштары қоңырланған. Құйрығының жиегі қара - ақ болып, сигнал қызметін атқарады. Бұл саршұнақ Забайкалиенің құрғақ жоталы далаларын, Монғолия, Қытаймен шектесетін аумақты мекендейді. Жылдың 4 айына жуық кезде белсенді, тамызда ұйқыға жатып, сәуірде оянады. Дауыр саршұнағының саны көп емес. Дегенменде Забайкальеде оба ошағын қолдауда маңызды рөл атқарады. Айтарлықтай зиянды егістікке тигізеді, тұрғын үйлерге жақын мекендейді.

Жас саршұнақ (Spermopnilus pygmaeus) саршұнақтардың ішінде ең кішісі, дене ұзындығы 23 см аспайды, арқасы мен бүйір түсі қоңыр - сұр, нашар байқалатын сары шұбар болып келеді. Басында қоңыр-жирен «қалпағы» болады. Ол Приднепровья, Предкавказья, Төменгі Поволжья жазықтық даласы мен шөлейтін, Приаральяның шығысына, Қазақстан

Page 21: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 21 из 76

Бетпақ даласына дейін жетіп, мекендейді. Олар кішігірім аумақта үнемі мекендеп өмір сүреді. Бұл саршұнақтардың ұйқыға кетуі өте ұзақ, бірақ таралу аймағының әр бөлігінде және аңдардың әр жасында өз мерзімі болады. Солтүстікте барлық кеміргіштер қысқы індерінде тамыз-қыркүйек айларында жасырынып, тек қар ерісімен сәуір айында оянады. Кейбір жануарлардың белсенді тіршілік ету кезеңі жылдың 3 айына жуық қана байқалады. Оянғаннан бірнеше күннен соң ұйығу басталады, буаздық мерзімі 25-26 күнге созылып, ұясындағы ұрпағы 5-тен 8-ге дейін саналады.

Қызыл жақты саршұнақ (Spermophilus erythrogenys) Шығыс Қазақстанның, Батыс Сібірдің оңтүстігі, Қытайдың қиыр солтүстік-батыс қуаң даласы мен шөлейтін мекендейді. Өзінің атауын жағындағы жирен түсті дақтарына байланысты иеленген, басқа белгілері бойынша жас және жирен саршұнақтың аралығы орнында. Далалы аудандарда қызыл жақты саршұнақ ұйқыға тек қыста жатады, оңтүстікте жазда ұйықтауы мүмкін, жылдың құрғақ мезгілдерінде саршұнақтар күз мезгілінде де індерінен шықпауы мүмкін. Сондықтан белсенді тіршілік ету уақыты көктемнің 3 айы мен жаз басына келеді. Бұл мезгіл саршұнақтардың көбеюі мен ұйқы кезіне қажет май жинауына ғана жетеді. Әрі, жас саршұнақтардай жайылымдықтар мен дәнді дақылдардың зиянкесіне жатады.

Сары немесе кұмды саршұнақ (Spermophilus fulvus) саршұнақтар ішіндегі ең ірі түрі, дене ұзындығы 39 см жетеді. Денесі бір түсті құмды- сары, дақсыз және теңбілсіз, басында да дақтар болмайды. Таралу аймағы Қазақстанның, Орталық Азияның, солтүстік Иранның таулы өлкесін және Ресейдің шөлді және шөлейтін қамтиды. Қазақстанда үш түр мекендейді: аралдық (S.f.fulvus), еділдік (S.f.orlovi) және түркістандық (S.f.oxianus). Олар жылына бір рет көбейіп, бірден 9-ға дейін ұрпақ әкеледі.

Ұзын құйрықты саршұнақ (Spermophilus undulatus) бұның негізгі ерекшелегі сол, денесінің жартысына тең құйрығы ұзын, тыныш өмір сүруде құйрығы арқасына қарай қайырылып тұрады. Сонымен қатар бұл саршұнақтың артқы аяқтары бірталай ұзын, құлақтары да басқа түрлерге қарағанда үлкен. Ол Сібірдің оңтүстігінде Алтайдан Приамурья және Моңғолия мен Қытай жағында жатқан аумақта таралған. Ұйқысы қыркүйек айында басталып, мамыр айында аяқталады. Буаздық мерзімі шамамен бір ай, жазда ұясында 5-6 ұрпағы болады. Қазір азиялық ұзын құйрықты саршұнақтардың мына түршелері белгілі: 1)забайкальялық, 2) нерчиндік, 3) куттық, 4) амурлық, 5) алтайлық, 6) моңголдық. Бұлардың соңғы екеуі Қазақстанда да кездеседі.

Жирендеу немесе күреңдеу саршұнақ (Spermophilus major) Волганың арғы бетіндегі далаға тән. Дене ұзындығы 34 см құрады. Қысқы

Page 22: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 22 из 76

ұйқысының ұзақтығы 8 айға жуық. Қазіргі кезде ол көптеген таралу аймағы бөліктерінде жойылған.

Күз суыры немесе байбақ (Marmota bobac Mulle) Қазақстандағы туыс 4 саршұнақтар түрінің бірі. Бұл ірі кеміргіш (салмағы 8 кг дейін, дене ұзындығы 60 см дейін) бозды, өте сирек Қазақстан даласының солтүстік жартысындағы аралас шөпті мекендейді, қалған үш түрі таулы жерде болады. Байбақ ірі аң, тұлғасы тығыз, шомбал, ал аяқтары айтарлықтай қысқа, жуан, әрі мықты. Құлақтары кішкентай, мойыны қысқа. Түк жамылғысы өте төмен. Қылшықты түктері түбіттен сәл ғана жоғары орналасады. Қазақстан байбағының жетілген дарағының арқа және екі жақ бүйірінің түсі ақшыл реңді қуқыл-сарғылт болады. Басының жоғарғы жағы жирен түсті. Ұрттары (бет бөлігі) қоңыр түсті. Құрсағы қоңыр сары түсті. Кейбір дарақтары өте ақшыл реңді болады. Жас күшіктерінің толыспаған үлбірі (мех) ересектеріне қарағанда сарғыштау болып келеді. Олар бір інде ұясымен, жұптарымен бірге 2-3-тен 7-10 дараққа дейін мекендейді. Орталық Қазақстанда байбақтар іннен шыққанға дейін немесе одан шығысымен сәуәр айы басында күшіктейді. Қазақстан байбақтарының жыныстық жетілуі ТМД-ның Европалықпен салыстырғанда кешірек басталады, мүмкін ол жетіліп қалған суырлардың жұптау мезгілінен кейін таралуынан да болар. Қазақстан ауданындағы байбақтардың бір ұясындағы дарақтардың орташа саны құбылмалы - 5,3-тен 5,7 аралығында болады.

Суырлар (Marmota) жалпы кеміргіштер арасында, өз туыстарының ішіндегі ең ірі көлемділер. Олардың қыста ұйқыға кететіні кеңінен аян. Қалтылдақ денесі болады, айтарлықтай аяқтары қысқа, артқы аяқтары алдыңғысынан бірталай ұзын болады. Тиіндермен туыстығы, олардың сапалы үлбірінен байқалады, ол қалың, ұзын, сирек орналасқан қылшықты түктері бар, әрі жұмсақ және жылы болады. Дегенмен де, олардың өздеріне тән ерекше құрылым белгілері болады. Суырлардың бассүйектірі біраз жалпақтау, көздері қылилау болып келеді. Танауының ұшы үлкендеу, құлақтары қысқа, домалақтау, жүнінен сәл ғана көрініп тұрады. Тиіндерге қарағанда құйрығы қысқа, жайпақ емес, қайта көлденеңкесіндіде дөңгелек және ұзын түктермен жабылмаған. Бұл белгілер олардың барлығы жер үстінде мекен ететінін дәлелдейді. Бірақ, суырларды басқа кеміргіштерден, тіпті алыстан қарағанда да, ерекшелейтін басты белгісі, оның көлемі болып табылады. Тіпті ең кішкентай түрлерінің өзі (Мензбира суыры, орман суыры) 2-3 кг тартады және дене ұзындығы 35-40 см, ал ірілері (далалық, гималайлық суырлар) 8-10 кг болады және дене ұзындығы 65-70 см. Әр түрлерінде түктерінің

Page 23: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 23 из 76

түсі сарғыш - сұр, күміс - сұр, қоңыр - қызыл жирен, ал денесінің кейбір бөліктері қара болуы мүмкін.

Моңғол суыры немесе тарбаған (Marmota sibirica) әдетте ол тегістелген көлбеу беткейлер, шатқалдар мен жыраларда мекендейді. Тарбағандар қыста ұйықтау үшін бір інге бірнеше ұя 16-20-ға дейін топтасады. Бір түйіншеде үймелеп жатудың өзі, әрі ұя төсенішінің қалың қабатымен толған күй қыстау микроклиматына қолайлы жағдай тудырады. Тарбағандардың саны соңғы он жылда күрт қысқарды, ол кәсіптікті реттемеуден, тың жерлерді жыртқандықтан және обаға қарсы ошақтарды жаппай жою әсерінен болды. Қазіргі уақытта тарбаған қорғауға алынған, РФ Қызыл кітабына енгізілген.

Камчаткалық суыр (Marmota cantschatica). Дене ұзындығы 63 см. құйрығы айтарлықтай қысқа. Суыр ашық түсті ұзын, жұмсақ үлбірімен ерекшеленеді. Суырларға тән әдеттегі дене үстінің құмды сары түсі күңгірттенген, себебі қылшықты түктерінің ұшы қара құрсағы ашық-сары я қызыл қошқыл болып келеді. Олар тау шалғынында, жартастардың бөктерлерін мекендейді. Буаздық мерзімі бір айдан асады, ұяда 5-7 ұрпағы болады. Қазіргі уақытта бұл кеміргішті кәсіптік аулау тек Камчаткада рұқсат етілген. Басқа жерде ол қорғауға алынған, Қызыл кітапқа тіркелген.

Алатышқанның (Tamias, Eutamias) 25 түрі бар, оның көпшілігі Солтүстік Америкада мекендейді, тек евразияда бір түр бар. Ол азиаттық немесе сібірлік алатышқан. Жер үсті-ағашта тіршілік етеді. Салмағы 30-120 г, құйрығымен есептегенде көлемі 5-15 см. Барлық түрлерінің ерекшелік белгісі сол, олардың арқа бойы бес қара жолағы болады, олар ақ немесе сұр жолақтармен бөлінген. Басқа алатышқандардың түсі қызыл-қоңыр немесе сұр-қоңыр болып келеді. Бұл олардың жалпы белгісі болғандықтан, кейбір түрлерін алғашқыда ажырату қиынға түседі. Қазақстанда алатышқанның бір сібірлік түрі (Eu.s.sibiricus) мекендейді. Қазан-сәуір айлары аралығында ұйқыға жатады. Жылына бір рет көбейеді, ұяда 4-6 ұрпағы болады.

ТИІНДЕР ТҰҚЫМДАСЫ (Sciuridae)

Page 24: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 24 из 76

Кәдімгі тиін (Sciurus vulgaris) Индияның аса ірі тиіні (Ratufa indica)

Қызыл тиін (Tamiasciurus hudsonicus) Солтүстіктің пальмалық тиіні (Callosciurinae)

Page 25: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 25 из 76

Топырақ тиін(Xerus)

Гималай жолақ тиін(Tamiops macclellandi)

Төртжолақты тиін (Xerinae)

Сібір борша тышқаны (Tamias sibiricus)

Жас борша тышқан (Tamias minimus)

Забайкал саршұнақ(Citellus dauricus)

Page 26: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 26 из 76

Американдық саршұнақ (Spermophilus parryii)

Орман саршұнақ (Marmota monax)

Жартасты саршұнақ (Spermophilus variegatus)

Байбак (Marmota bobak)

Page 27: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 27 из 76

Ұшар тиін (Pteromys volans)

Жопондық ұшары (Pteromys momonga)

Кәдімгі құндыз (Castor fiber)

Канадалық құндыз (Castor canadensis)

Page 28: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 28 из 76

Орман қарақасы(Dryomys nitedula)

Бақшаның қарақасы (Eliomys quercinus)

Жаңғақтықтың қарақасы (Muscardinus avellanarius)

Секіргіш қосаяқ (Allactaga sibirica)

Page 29: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 29 из 76

Жұнбалақ қосаяқ (Dipus sagitta)

Бұраубасы (Myospalax)

Жонғар атжалманы (Phodopus sungorus)

Ондатр (Ondatra zibetica)

Page 30: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 30 из 76

Сұрақтар: 1) Отрядқа сипаттама беріңіздер? 2) Систематикасын атаңыз? 3) Халық шаруашылығында маңызы қандай? 4) Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді? Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

4 - тақырып. Кемірушілер отряды. Тышқан тәрізділер тұқымдасы, тышқандар туысы (Murinae), атжалман тұқымдасы (Cricetidae). Дәріс жоспары:Кемірушілер отрядының қысқаша сипаттамасыКемірушілер отрядының систематикасы.Кемірушілер отрядының таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы. Тышқан тәрізділер тұқымдасы. Систематикасы (жүйеленуі). Тұқымдас мөлшері, келбеті, өмір сүрулеріне қарай әртүрлі жануарларды біріктіреді. Мөлшері бірден ұсақ тышқандарға дейін бар. Дене ұзындығы 5 – 48 см. Көбінің құйрығы денесінің ұзындығынан асады. Шайнайтын тістері дөнестеу келеді. Өрмелеуіш тышқандар (Dendromurigae). Сипаттамасы. Жанбас сүйегі 6 -10 см. Құйрығы 7 -12 см. Өрмелеу кезінде құйрығымен жіңішке бұталарды және шөптердің сабақтарын орап алады. Алдыңғы аяқтарында ұшталған тырнақты 3 ұзын бармақтары бар. Таралуы: Барлық жерде. Саванналарда, ормандарда, бұталы жерлерде тұрады. Көбеюі және өсіп дамуы. Жылда әр түрлі уақытта көбейеді. Аралығы 3-5 балаға дейін туады. Тышқандар 100 туысқа біріккен 400 тышқан түрінің, 300-ге дейін тышқандарға жатады. Африқалық шөптесін, бұлақтар маңындағылар, жолақты, ала, мысырлы, азияттық, сары тамақты, таулы және қара түрлері ажыратылады. Сипаттамасы. Ұсақтауларының көлемі 5- 6 см, орташасы 35-50 см. Аралығында құбылады. Салмағы 7-8 грамм 3 кг- ға дейін. Құйрығы сирек түкті қабыршақпен қапталған.Таралуы. Барлық жерде кездеседі. Көбеюі мен өсіп дамуы, буаз болу мерзімі 25 тәулікке созылады. Аналық 3-4 бала туады.

Page 31: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 31 из 76

Африкандық тышқан Дала тышқаны

Акациев көртышқаны Қосаяқ

Кішкентай тышқан Ондатр

Бамбук егеуқұйрық тұқымдасы. Сипаттамасы: Денесі көлемді, басы домалақ, көздері кішкентай, құлақ қалқаны жетілмеген жүні әртүрлі құрылымды.Таралуы. Африка, Үндістан, Қытай және т.б. жерлерде. Көбеюі және өсіп дамуы: Буаз болу мерзімі 21 тәулік, аналық 3-5 бала туады. Көртышқандар тұқымдасы. Сипаттамасы: Жер астында өмір сүруге бейім. Дене мөлшері орташа, ұзындығы 20-30 см. Құйрығы сыртқа шықпайды. Құлақ қалқаны жоқ. Басы үлкен. Жүні ұзын емес, бірақ қалың. Аяғы қысқа, білегі мен табаны жалпақ. Топырақ қазудағы басты мүшесі аяғы емес күрек тістері.

Page 32: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 32 из 76

Таралуы: Африка, Азия, Таяу Шығыс елдерінде. Саршұнақтар сыртқы келбеті жағынан көртышқандарға немесе тышқандарға ұқсайды. 102 түрі белгілі, олар 13 топқа топтастырылған. Ергежейлі, қызыл құйрықты т.б. түрлерін ажыратады.Дене ұзындығы 10 см дейін, құйрығы 12 см-дей, ұшында сыпыртқы басы сияқтысы бар. Жалпы сарғыш-сұр, жирендеу түсті. Табаны жүнмен қапталған. Әдебиетер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша) Сұрақтар: 1. Тышқан тәрізділер тұқымдасына сипаттама беріңдер2. Жүйеленуін атаңыздар3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?

1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекяқтылар отрядының систематикасы

5 - тақырып. Жыртқыштар отряды (CARNIVORA).Иттер тұқымдасы (CANIDA). Қасқыр және қорқау түрі.

Дәріс жоспары:Жыртқыштар отрядына сипаттама.Иттер тұқымдасына сипаттама.Иттер тұқымдасының таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы. Жыртқыштар отрядына сипаттама. Иттер тұқымдасы. Қасқыр және қорқау түрі. Бұл тұқымдастың өкілдерінің дене көлемі орташа, аяқтары ұзын, саусақтарымен басып тез қозғалатын ұзын тұмсықты, әдетте құйрығы ұзын жүндесті болып келеді. Алдыңғы аяғы 5 бармақты, артқысы 4 бармақты тырнақтары моқал. Жыртқыш тістер мен шошақ тістері жақсы дамыған. Иттер тұқымдасының өкілдері көбінесе жануар тектес азықпен қоректенеді. Систематикалық ерекшелігі бойынша үлкен орын алады, олар аюлар тұқымдасы мен жанаттар тұқымдасына жақын. Иттер тұқымдасы Антарктикадан басқа барлық жерге таралған. Қазақстанда 2 түрі-қасқыр және қорқау қасқыр таралған. Отрядқа жануарларды азық көзі ретінде пайдалануға бейімделген сүтқоректілер жатады. Көлемі орташа, бірақ ірі түрлері де кездеседі (жолбарыс, ақ аю). Дене көлемі кіші жыртқыштарға ақкүзен, ақкістерді жатқызуға болады. Көпшілік жыртқыштар құрлық жануарлары болғанмен, жартылай суда тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Бас сүйегі әр түрлі пішінде: кейбір түрлерінде бет әлпеті алдыға созылыңқы болса, енді біреулерінде қысқа бірақ ми сауыты дамыған. Үлкен ми сыңарларында иірімдер айқын байқалады. Төрт тіс типтері де түбірімен дамыған, күрек тістері үлкен емес, шошақ тістері жақсы дамыған, ұзын және өткір. Үстіңгі жақтың соңғы жалған азу тістері мен бірінші азу тістері айқын байқалып жақсы формада дамыған. Бұл тістерді жыртқыш тістер деп атайды. Аяқтары табанды, жартылай табанды және төрт немесе бес болып келетін бармақты жақсы дамыған сүйек болып келеді. Бұғанасы кейбіреулерінде рудимент түрінде болады немесе

Page 33: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 33 из 76

мүлде болмайды. Құйрығы әдетте ұзын (дене ұзындығының жартысындай немесе одан да ұзын), сирек қысқарақ болады. Денесі түктермен қапталған. Аталық бездері құрсақ бөлімінде орналасқан. Жатыры екі ұшты. Жыныстық диморфизм көпшілігінде әлсіз дамыған, немесе тіпті болмайды. Сезім мүшелерінің жақсы дамыған, есту мен иіс сезу мүшелері, көру мүшесі бар. Көптеген жыртқыштар жылына бір ұрпақ әкелсе, кейбір түрлері екі жылда бір бала туады. Жыртқыштардың экономикалық маңызы өте зор. Олардың арасында бағалы терілі аңдар да (бұлғын), спорттық және кәсіптік аңшылық объектілері де кездеседі. Бір түрлері малшаруашылығына зиян тигізіп, әр түрлі ауру таратушылар болса, енді біреулері ауылшаруашылығына зиянды кемірушілердің санын реттеуші болып табылады. ТМД да 6, Қазақстанда 5 тұқымдас мекен етеді. Қасқыр-Canis Lupus Linnaeus Систематикасы (жүйеленуі): Қазақстанда жануардың 4 түр тармағы кездеседі: сібірлік орман қасқыры (C. aliaicus), дала қасқыры (C. catpe-stris)- батыс және орталық Қазақстанда кездеседі, шөлді жердің қасқыры (C. desertorum)- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында кездеседі, жазық бөлігінде тибеттік қасқыр (C.chanco) мекендейді. Сипаттамасы: Сымбатты, күшті, үлпілдеген құйрығы мен аяқтары ұзын, ірі овчарка итіне ұқсайды. Терісі ашық сұр түстен қара түске дейін болады.Сібірлік қасқыр-ең ірі және бассүйегі көлемді келеді. Дала қасқыры дене пішіні жағынан сібірлік қасқыр мен шөл қасқырыеың арасында, ал шөл қасқыры-ең кішісі: Ересек аналықтардың салмағы 25-28, аталықтарының салмағы 28-38 кг шамасында. Бассүйегі кішкентай, ростралды бөлігінде сәл созылыңқы келеді. Көбінің түсі ашық сұр түсті болады, кейбіреулерінде қылшықтарының ұшы қара түсті болып келеді. Желке тұсында және құлағының сыртқы бөлігінде жирен түске ауысады. Жүні басқа түр тармаққа қарағанда қатты және азырақ сәнді болады. Тибеттік қасқыр, дала қасқыры сияқты, сібірлік және шөлді қасқыр арасында орташа көлемді болып келеді. Арқасы тегіс, желке тұсы жоғары, артқы бөлігі жалпақтау және төмен орналасқан. Кеудесі үлкен, ауыр, күшті жақтары үлкен, мұрны ұзын, кең маңдайлы. Көздері алшақ орналасқан, үлкен емес, сәл қиқарлау келеді. Құлақтары үлкен емес, үшбұрыш пішінді, ұштары үшкірлеу келеді, алға қарай бағытталған, аралары алшақ.

Қасқыр

Құйрығы үлкен, серпімділік буынына дейін түседі. Қыста жүні сәнді, ал шөлді қасқырдың жүні қатты болады. Жыл мезгіліне байланысты жүнінің түсінде айырмашылық байқалмайды. Шөл қасқырының бас сүйегі ірі және

Page 34: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 34 из 76

көлемді. Бет жағы мықты тістерінің орналасуына байланысты ұзыншақ, миы үлкен емес. Тістері өте күшті, жыртқыш тістері үлкен, тістері аса ұзын емес, бірақ негізі жалпақ келеді. Апанын адам аз жерлерде борсықтың, түлкінің інін кеңітіп (1-2 м) салады, таудың беткейінде, жыраларда кездеседі. Таралуы. Қасқыр Еуропа, Азия және Солтүстік Америкада таралған. ТМД-да барлық жерлерде кездеседі. Қасқыр көбінесе ірі және орташа көлемді жемтіктермен, үй жануарларымен қоректенеді. Қазақстан территориясында қасқыр барлық жерінде кездеседі, бірақ біркелкі емес. Бұл жыртқыштар сулы және қорек бар жерде ғана жүреді. Қасқырлар өзінің ареалында санын өздері реттейді. Бұл табиғат санитары, себебі кез -келген жыртқыш сияқты біріншіден, ауру немесе әлсіз жануарлармен коректенеді, яғни табиғаттағы табиғи сұрыптаудың маңызды факторы болып табылады. Қабан, құлан, елік қасқырдың негізгі жемтігі болып табылады. Қасқырлар 15-16 жыл өмір сүреді. Жаз мезгілінде қасқыр өзін және бөлтірігін саршұнақпен, сұртышқанмен асырайды, ал қыста үй жануарларына шабады. Көбеюі және өсу шегі. Ересек қаншық қасқырдың күйлеуі шағылысуға дейін 1 ай бұрын бастайды (2-ден 6 апта). Кейбір аналықтар наурыз айының бірінші жартысында шағылыса алады. Жас аналықтар жорыққа 22 айында шығады және шағылысу ересек аналықтарға қарағанда 7-14 күн кешігеді. Қасқырдың иттермен шағылысу жағдайлары да кездеседі. Қасқырлар өзара шағылысады: ата-ана х бала, бауыр х қарындас. Жануарлар бірін-бірі иіскеп, мұрындарымен бір-бірін итеріп, тістерімен терісін тістейді. Қаншық қасқырдың жүктілігі 62-63 күн шамасында. Аналықтар 22 айында жыныстық жетіледі. Халық шаруашылығындағы маңызы. Адамдардың жыртқыштарға деген көз қарасы теріс. Қасқыр мал шаруашылығына көп теріс әсерін тигізеді, жыл бойына малға шабады. Қасқырды қазіргі кезде жүн алу мақсатында көп пайдаланбайды, бірақ қасқыр жүнінің тауарлық бағасы жоғары. Бұдан жасалған бұйымдардың өткен уақыттарда маңызы зор болатын. Қазіргі уақытта қасқыр терісі көне заманның бұйымы ретінде қабылданады және унты, тұлұп т.б. тігуде таптырмас материал болып табылады.

Қорқау қасқыр-Canis auerus Linnaeus. Систематикасы (жүйеленуі): Қазіргі уақытта қорқау қасқырдың 4 түрі эфиопиялық (C.simensis Ruppel), жолақты (C.adustus Sundevall), тебіңгі(C.mesomelas Schreber) және қорқау (Canis auerus Linnaeus). Бірінші 3 түрі Африкада мекендейді, соңғысы Африкада, Еуропада және Азияда мекендейді. ТМД территориясында 1 түрі-қорқау қасқырдың 2 түр тармағы кездеседі. Бұлардан Қазақстанда қорқау қасқыр таралған. Сипаттамасы: Қорқау қасқыр — ірі сүтқоректілердің өлекселерін жеп, тіршілік етеді. Сырт белгілері бойынша қасқырға ұқсайды. Мөлшері қасқырдан екі есе кіші. Үлкендігі иттей болады. Аяқтары нашар жетілген, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзындау, жерді қазып, көмген өліктерді ашып алуға бейімделген. Тырнақтары моқал әрі жасырынбайды. Бұлардың жақтары өте мықты, тістері үлкен, сүйектерді ұсатып жібереді. Емшегі 5 жұп. Жоғарғы

Page 35: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 35 из 76

ерінінің төмені бөлігі, басының төменгі жағы және тамағының алдыңғы бөлігі ақшыл-қызғылт түсті, мұрны көзіне дейінгі аралықта ақшыл қоңыр сұр түсті, арқасы көзге жақсы көрінетін дағы бар сұр, құйрығының үсті жирендеу, орта шені ашық түсті және төменгі бөлігі қара түсті. Бассүйегі қасқырдыкіне ұқсайды, бірақ бас сүйегі ұсақ және көлемі кіші

Қорқау қасқыр

Таралуы: Қорқау қасқырлар Африкада, Оңтүстік Азияда тараған. Кавказ маңында және Орта Азияның оңтүстігінде бір түрі — теңбіл қорқау қасқыр кездеседі. Апандары өсімдік бұталарымен, жапырақтарымен және бұталы өсімдіктер шырмауықпен жақсы оралып жауын-шашын өткізбейтіндей жақсы қорған бола алады. Көбеюі және өсу шегі. Қорқау 1 жылда 1 ұрпақ береді. 9 айында жыныстық жетіледі. Аналықтар 10 айында шағылыса береді. Балаларын көздері жабық күйінде, тіссіз туады. Халық шаруашылығындағы маңызы. Терісі сапасы жағынан қасқырдікінен төмен, жылуды жақсы ұстайды, тері салмағының жеңілдігімен бағаланады. Өндірісте терісінен малақай, жаға, тон тігуге пайдаланады. Бұзау, лақ, қозыға шабады. Елді мекендерде құстарды ұрлайды.Сұрақтар:1. Жыртқыштар отрядына сипаттама бер.2. Систематикасын (жүйеленуін) атаңдар.3. Халық шаруашылығында маңызы қандай?4. Көбеюі мен өсу шегі қалай жүреді?5. Қасқырдың қорқау қасқырдан қандай айырмашылығы бар?Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

6 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Иттер тұқымдасы. Түлкі туысы (VULPES OKEN).

Дәріс жоспары:Түлкі туысының сипаттамасы.Түлкі туысының систематикасы.Түлкі тусының тралуы, көбеюі, халық шаруашылық маңызы.

Түлкі — Vulpes vulpes Linnaeus. Систематикасы (жүйеленуі): Дене мөлшері кішілеу (денесінің ұзындығы 70-77 см, салмағы 6 – 7 кг) және құйрығы ұзын (55 см-ге дейін) үлпілдек, ұшы

Page 36: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 36 из 76

ақ аяқтары қысқалау болып келеді. Құлақтары үлкен, ұштары үшкір келеді. Түлкінің естуі, иіс сезу қабілеті ерекше жақсы дамыған, бірақ көруі әлсіз. Аяғындағы бармақ сүйелдері үлкен емес. Түлкі терісінің бояуы ашық сары түстен сұр-қызыл қошқыл түске дейін өзгереді. Қазақстандық түлкінің түкті жамылғысы үлпілдек, түсі ашық сары. Қарны мен құрсағы ақ түсті, ал аяқтары қаралау сұр жолақты болып келеді. Ірі түлкі – караганка. Бұндай түлкі түрі қызылқұм, мойынқұм және шөл даларында кездеседі. Бұл түлкінің басқа түрінен ерекшелігі мынада: түкті жамылғысы қатты және ұзын болады, құйрығы ұзын, ұшы әлсіз ақ түсті және де тамағы мен кеудесі ақ реңге боялған болады. Сипатамасы: басқа түрлермен салыстырғанда дене бітімі ірі келеді. Денесінің ұзындығы 52-77см, ал құйрығы 39-5см. Еркегінің салмағы 3,3-6,8, ұрғашысы 3,3-6,0кг аралығында болады. Жүннің жоғары жағы қызыл- қошқыл түстен ақшыл сары сұрлау түске және қара араласқанға дейін өзгереді көбіне тамағы мен кудесі, денесінің алдыңғы бөлігі, құйрығы лас ақ түсті болып келеді, кейде қаралау немесе тіптен қара түсті болады. Біріқ құйрығының ұшы әр уақытта ақ түсті. Таралуы: Бүкіл Еуропада, Африкада, Азияның көп бөлігінде, және солтүстік Америкада таралған. ТМД елдерінде Альпы тауынан шөлге дейін, дала мен орман далада, яғни Республикамыздың барлық жерінде кездеседі дерлік..

Караганка Ақ түлкі Түлкілердің арасында өздерінің жүнінің түсін өзгертетіндер кездеседі. Оларда денесінің жоғарғы бөлігі қаралау, ал төменгі бөлігі қара сұр, кейде тіпті қара түсті, арқасында крест тәрізді қара суреті бар түрлері кездеседі. Тағы бір түрі бар оның арқасындағы крест тәрізді суреті қара бұрыл түсті, ал денесінің төменгі бөлігі әрқашанда қара түсті болады. Оларды кресті түлкілер деп атайды. Сонымен қатар бүкіл денесі қара түсті, кейде бурыл рең кездесетін түрі болады. Бурыл рен көбінесе қабырғасында, аяғында көрінеді, ал қошқыл түс мүлдем болмайды. Жүндерінің түсін өзгертіп тұратын түлкілер Қазақстанда жиі, ал крестілер, серебрянка және қара бұрыл түлкі сирек кездеседі. Түлеу: Түлкі жылына 1 рет түлейді. Оңтүстік Қазақстанда көктемгі түлеу кезеңі ақпанның ортасында-ақ байқалады. Бірқалыпты түлеу кезінде ескі жүн уыс – уыс болып толық түсіп, орнына жана түк өсіп шығады. Жаз бойы түлкі

Page 37: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 37 из 76

жүнінің бір қабаты ғана өседі. Сол себептен жүні жұқа және қатты болады. Күзге қарай мамық жүні өсе бастайды кейін жүні ақырындап қалындай бастайды, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде қарашаның бірінде, солтүстікте 15-не қарай қалыптасады. Тұрақты орны және уақытша тығылатын жері. Інің өзі қазады немесе борсықтыкін тартып алады. Інінің бірнеше есіктері, ұзың дәліздері болады, олардың бәрі ең түпкі ұяға барып тіреледі. Інің көл жағасына, жайылым жерлерде қазады. Мезгілге байланысты тәуліктік күн көруі. Мінез құлқы. Түлкінің белсенділігі азығына байланысты. Көбінесе бұл жыртқыш кеш қарайғанда шығады жәнеде азығы коп болады, қарыны тоқ болса түн ортасына қарай дем алады. Таңға жуық қайта жорыққа шығады, сосын түске қарай, күндіз тағы дем алады. Өз азығын белсенді түрде кеш мезгілінде 17-22 сағат аралығында іздейді. Ерте коктемде жорыққа күндізде шыға береді. Тіптен түлкінің қатты аязда да жорыққа шыққанын байқадық. Бұлар ұсақ кеміргіштермен, көбіне тышқандармен қоректенеді, сонымен қатар жерде ұялайтын құстардың ұяларын бұзады, майда құстарды ұстайды. Қоңыр күзбен қыста жануарлар қорегі аз болғанда әртүрлі жеміспен шырынды өсімдіктерді жейді. Мысалы қант қызылшасының қалған түбіртегін кеміреді. Көбеюі және өсіп дамуы. Түлкі 49 -58 күн аралығында, жиірек 52 күн буаз болады.Әр күшіктегенде 4 -6 , кейде тіпті 12- ге дейін туады. Оларды ата – анасы бірге тәрбиелейді. Күшіктері әлсіз, соқыр, тіссіз және есту қабілеті жетілмей туады. Салмағы 100 – 115 г аралығында, дене ұзындығы 10 -15 см құйрығы 3,4 -3,5 см болады. 1,5-2,5 айлықтарында жорыққа шығып кетеді. Түлкі жұптасып тіршілік етеді. Күйлеу уақыты қаңтар- ақпан айлары. 50 – 60 күннен кейін аналығы арнайы апанда 15-ке дейін жәутігін әкеледі. Халық шаруашылығындағы маңызы: Кеміргіштермен қоректенгендіктен ауыл шаруашылығына оң әсер етеді. Орманды далада Солтүстік Қазақстанда жылына 2000 тышқантектестерді құртады. Түлкі терісі бағалы аң. Қазақтың атақты бас киімі «тымақ» түлкі терісінен жасалады. 50-60 жыл бұрын Қазақстанда жылына 100 мың түлкі терісі дайындалатын, ал 1985 жылы 2 мыңнан аспады.Сұрақтар:1.Жыртқыштар отрядына, иттер тұқымдасы түлкі туысына сипаттама беріндер?2.Жүйеленуін айтып беріндер?3.Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?4.Кобеюі өсіп дамуы қалай жүреді? Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

Page 38: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 38 из 76

7-тақырып. Жыртқыштар отряды. Жанат тәрізділер тұқымдасы (PROCYONIDAE).

Дәріс жоспары:Жанат тәрізділер тұқымдасына сипаттама.Жанат тәрізділер тұқымдасының систематикасы.Жанат тәрізділердің таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы. Жыртқыштар отрядының және жанат тұқымдасының сипаттамасы:Жануарлар әр түрлі көлемді, салмағы 0,8- ден 160 кг-ға дейін болады. Сыртқы келбеті жақсы ерекшеленеді: кейбір түрлері мысықты, түлкіні, жанат тәрізді итті, аюды еске түсіреді. Мұндай жануарлардың ерні және мұрны қозғалмалы тұмсық (хобот). Тұқымдастың ең ірі өкілі гиганттық панда – денесінің құрылысына қарай орташа көлемді, аюға ұқсайды. Басы әр түрлі формалы, бөлек түрлерінің беткі бөлігі созылыңқы, басқаларыныкі қысқа. Құлақтары қысқа сәл домалақ келген, аяқтарында 5 бармақ болады. Табаны көбінесе жалаңаш. Үшінші бармағы ұзыншақ келеді. Тырнақтары қысқа, бүктелген және жанынан қысылған. Көп түрлерінде тартылмаған. Түкті жамылғысы жақсы дамыған қалын және биік. Түсі бірқалыпты сары немесе бурыл ашық жирен және қара түс аралас болып келеді. Бас сүйегі әр түрлі формалы, ми қорабы және бет бөлімі жақсы жетілген қысқадан ұзынға дейін. Жыртқыш тістері кішікентай және ірі болады. Азу тістері өткір емес. Көп түрлері (гиганттық пандадан басқалары) ағашқа жақсы өрмелейді, ал кинкожу өзінің өмір сүру кезенің ағашта өткізеді. Тұқымдас ареалы 2 бөлімшеден тұрады: бірінші бөлігі Солтүстік Американың көп бөлігін, Орталық және Оңтүстік Американы, ал екінші бөлігі онтүстік Шығыс Азияның Гималай ауданын, Непал және Сикким, жоғары Бирманы, Юньань, Гань-Су шекарасына дейінгі аумақты қамтиды. Тұқымдас 8 туыс және 15 түрді құрайды, олардың 2 туысы оңтүстік-шығыс Азияны мекендейді.

Жанат туысы— PROCYON STORR. Жанат туысы орташа көлемді жануарлар. Денесінің ұзындығы 41-60, құйрығы 20-40 см , салмағы 15-22 кг. Денесі сәйкесінше қысқа, аяқтары ұзын, басы, бет бөлігі жалпақ, құлағы сәл домалақтау, көздері үлкен, азу тістері жалпақ. Аяғы бес бармақты, бармақ арасы жарғақпен қосылған. Білегі мен табаны қысқа, түкпен қапталған бұл түктер денсіндегі түктерден қатты еркшеленеді. Түкті жамылғысы қалың үлпілдек келеді. Систематикасы (жүйеленуі): үлпілдек жүнді, қысқа аяқты, орташа мөлшердегі жануарлар, мөлшері және түсінің ерекшелігіне қарай жанат тәрізді итті еске түсіреді. Құлақтары үлкен ұш жағы домалақтау, қыс мезгіліндегі жүнінің түсі бурыл-сұр, жирен және қызылдау ренді, күңгірт. Жүнінің ұш жағы қаралау болғандықтан терісі ұсақ шымырлау келеді. Денесінің төменгі бөлігі ашық түсті, білегі мен табаны ашықтау тіпті ақ түсті түктермен қапталған. Бармақтары терен ойылған, құйрығында 5-7 ге дейін қара немесе бурыл түсті сақиналары бар. Басы сұр түсті. Құлақтарында негізінен артқы бөлігінде үлкен емес қара дақтары бар. Жанаттың бас сүйегі үлкен ми қорабымен ерекшеленеді,

Page 39: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 39 из 76

мұрын сүйектері қысқа және жалпақ, есту барабаны домалақ пішінді. Жыртқыш тістері ұзын емес жоғарғы тістері түзу төменгілері сәл бүгілген. Төртінші және бірінші жоғарғы азу тістері бірдей ал екінші азу тістері біріншісінен екі есе кіші, аталығының дене ұзындығы 435-545 аналығы 410-570 мм. Аталығының құйрық ұзындығы 200 – 405, аналығыныкі 192-340 мм. Жануарлардың салмағы жыл мезгіліне байланысты ауысып отырады 5,4 – 15,75 кг-ға дейін тіптен 22,2 кг-ға дейін өседі.

. Енот

Түлеу: ересек жануарлардың түлеуінің бастапқы белгілері сәуір айында, ал буаз аналықтарда сәл кешірек байқалады. Түлеу басталған кезде денесінің әр түрлі бөлігінде уыс- уыс жүндер пайда болады . Қыстық жүннің түлеуі бас және мойыннан басталады, кейін денесіне ауысады. Түлеуі тамыздың 2-ші бөлігінде аяқталады. Жас жануарлар қыстаудан кейін ересектерден бұрын наурыз айының ортасында түлей бастайды. Таралуы: жанат Солтүстік Америка және Америкадан Панама каналына дейінгі бөлікті алып жатыр. Бұлардың санына табиғаттық жағдайлар өте көп қар жамылғысы әсер етеді. Бұл кезде жануарлар өздерінің азықтарын таба алмайды, сондықтан бұл фактор жанаттардың тірі қалуын анықтайды. Жанат азық тандамайды таралу аймағына байланысты өсімдік және жануарлармен қоректене береді. Құрт-құмырсқалардан басқа жабайы жүзім, құрма, долана т.б. қоректенеді. Батпақты Висконсин штатында жануар негізінен балық, андатыр, шаян, жүзім және жүгерімен қоректенеді. Тәуліктік өмір салты: мінез-құлқы, жанат кешкі және түнгі уақытта белсенді жануар. Інінен күн батқанда шыққаннан түні бойы азық іздеумен болады. Жанат ағаштарда жақсы өрмелейді, бірақ азығын негізінен жерден аулайды. Судын жанынан тапқан олжасын суда шайқайды, содан кейін жейді, сондықтан шайқаушы атауын алды. Ұйқыға кетуі: қатты және қары мол қыста ұйқыға кетеді, аяз күндерінің ұзақтығына байланысты ұйқыға кету кезеңі 4 айға дейін созылады. Көбеюі және өсіп дамуы. Жанаттар жылына бір рет туады. Буаз болу мерзімі 63 күнге дейін созылады. Шағылысу мерзімі ақпан, наурыз айларында басталады. Балаларын сәуір мамыр айларында туады, жетілуі туғаннан кейін 18-20 күн, 45 күнде тісі шығады және 2,5 айлығында анасымен бірге жорыққа шығады. Тәуелсіз өз бетімен өмір сүру салтын 6 айлығында бастайды,

Page 40: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 40 из 76

аналықтарының жыныстық жетілуі жасқа дейін, ал аталықтары 2-ші жылында ғана жыныстық жетіледі. Жанат көбінесе жұптасып өмір сүреді. Халық шаруашылығындағы маңызы: жанат жүн өндірісінде бағалы аң және отаны Солтүстік Америкада көп мөлшерде ауланады. Зиянды құрт-құмырсқалармен, кемірушілерді жойып пайдасын келтіреді. Жанаттың еті өте дәмді және Америкада деликотес болып саналады. Жанат тектес иттікіне қарағанда жүні жоғары сапалы. Жанатты тұзақ құрып аулайды. Қазақстан мен Өзбекстанда жанат пайда болғанынан бастап ол өндіріс көзі болмады. Біздің ойымызша қар көп түсетін аймақтарда жанаттарды тек арнайы шаруашылықтарда өсіруге болады. Жанат – Қазақстан мен орталық Азиядағы орман, жаңғақты ормандар үшін өте пайдалы. Сұрақтар:1. Жыртқыштар отряды, жанат тәрізділер тұқымдастарына сипаттама беріндер?2. Систематикасын атаңыздар?3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?4. Көбеюі мен дамуы қалай жүреді?Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекяқтылар отрядының систематикасы

8 тақырып. Жыртқыштар отряды. Аю тәрізділер тұқымдасы.Дәріс жоспары:Аю тәрізділер тұқымдасына сипаттама.Аю тәрізділер тұқымдасының систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы. Жыртқыштар отряды, аю тәрізділер тұқымдасына сипаттама. Тұқымдастың кейбір түрлері жыртқыштар отрядының ең ірі өкілдері болып саналады. Аюлардың денесі үлкен, денетұрқы сәйкесінше қысқа және мықты. Басы үлкен, көздері кішкентай ұясына терең орналасқан, құлақтары домалақ және кей түрлерінде ұзыншақ, мойны қысқа жуан, жерге табанын тигізіп журеді 5 бармақты, жүрген кезде барлық табаны жерге тиіп жүреді, тырнақтары шетінен қысылған тартылмаған және сәл бүгілген, білегінде және табанында сүйелдері бар, құйрығы өте қысқа, жүні ұзын және қалың, тек малайлық аюдың жүні қысқа және сирек емшектері 1 – 3 жұп түсі біркелкі ақ бурыл немесе қара. Кеудесінде және мойнында ашық ақ дақтар және жолақтар болады, бас сүйегінің үлкен барабанды камералары тығыз. Бас сүйегінің беткі жағы ұзыншак, жақтары сәйкесінше ұзын және мықты. Жақтың төменгі бөлігінде кіші көлемді ішке карай қайырылған альвеолярлық өскіні бар тістері толық, бірінші 3 азу тісі немесе басқа тістері жоқ болуы мүмкін, сондықтан тіс саны 40 немесе одан аз болады. Азу тістері дөнестеу жалпақтау, жыртқыш тістері мықты. Тұқымдас ареалы Солтүстік Америка, Еуразия арктикалық босейінінен Солтүстік Африка және Оңт. Америка бөліктерінде таралған.

Page 41: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 41 из 76

Ареалдың азаюы антропогонезге байланысты. Аюлар жазық немесе таулы ормандарда таралған, ал ақ аю арктикада мекендейді. Түрдің көбі кез- келген азықпен немесе өсімдікпен, тек ақ аю ғана жануар қоректі. Кейбір аюдың түрлері қысқы ұйқыға кетеді. Күзде жиналған майлардың арқасында қыстап шығады. Жылына бір рет көбейеді. Балалары 1 – 2 – 3 болады. Түнде белсенді келеді. Көру қабілеті әлсіз есту қабілеті өте жақсы аюлар жануарлардың жоғарғы дамыған тобы. Кейбір түрлері қолға тез үйренеді. Көп аудандарда спорттық немесе аңшылықта пайдаланады. Ауыл шаруашылығына тигізетін кері әсері өте көп емес. Қазырғы кезде аюдың көп түрі қорғалады. Көп түрдің артқы жақ бөлігі көлемді келеді. Систематикасы (жүйеленуі): тұқымдас 7 түр 4 туысқа біріктірілген.Ubus туысында — 4 түр, Tremarctos туысында — 1 оңтүстік америкалық көзілдірікті аю, Meluisus туысында -1 — оңтүстік азиаттық ерінді аю және Helarctos туысында— 1 оңтүстік азиаттық малайлық аю. ТМД және Қазақстан фаунасында екі — Ursus arctos isabellinus — тяньшаньдік немесе ақ тырнақты, бурыл аю — кәдімгі бурыл аю. Көзілдірікті аю (Tremarctos ornatus). Сипаттамасы: орташа көлемді жануар денесінің ұзындығы 1,5-1,8 метр, салмағы 148кг., жүні сабалақ қара немесе бұрыл ренді. Таралуы: Оңт. Америкада таулы ормандарда бұталы жерлерде мекендейді қызыл кітапқа енгізілген.

Малайлық аю Ерінді аю (медведь губач) Малайлық аю бирунаг деген атау тағы бар. Тұқымдастын ең кіші өкілі. Сипаттамасы: ұзындығы 110-140см, салмағы 65кг. бұл қысқа мұрынды мықты жануар аяқтары ұзын, табаны жалпақ денесі қара қысқа жүнмен қапталған кеудесінде ақ немесе жирен түсті таға тәрізді белгісі бар таралуы Бирма, Үндіқытай, Тайланд мемлекеттерінде таралған. Ағашқа жақсы өрмелеуге бейімделген. Көбеюі және өсіп дамуы: моногамдарға жатады, аналық 2 бала туады. Қысқы ұйқыға кетпейді. Ерінді аю (медведь губач).Сипаттамасы: туыстағы жалғыз түр, малайлық аюдан үлкен, денесінің ұзындығы 1,4-1,8 метр, салмағы 130 кг. Аяқтары ұзын, тырнақтары үлкен, мұрыны ұзын, жүні қатты сабалақ әсіресе иық арасында, түн мезгілінде белсенді, күндізгі уақытта көбінесе ұйықтайды. Индостан ормандарынан Шриланкаға дейін таралған.

Page 42: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 42 из 76

Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу ұзақтығы 7 ай. 1- 3 бала туады. Қызыл кітапқа кіргізілген. Сұрақтар:1. Жыртқыштар отряды аю тәрізділер тұқымдасына сипаттама берініздер2. Систематикасын атаныздар.3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай жүреді?Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

9 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Сусарлар тұқымдасы (MUSTELIDAE).

Дене тұлғасы, қағида бойынша, күшті ұзарған, аяқтары қысқа, табаны немесе жартылай табанын тигізіп жүреді, бес саусақты, көбінесе тырнақтары иілмеген. Аяқ білезігі мен табаны түкпен қапталған, жаланаш жастықшасы болып, өте сирек тіпті жалаңаш болады. Кейбір түрлерінің бармақтары арасында жақсы дамыған, әсіресе артқы аяқтарында жүзу жарғақтары болады. Басы сәл созылынқы, тұмсұғы үшкірлеу, кейде жалпақ. Құлақтары кей түрлерінде үлкен, үшкірленген, басқаларында кішілеу, домалақтау, тағы бір түрлерінде тіпті жойылған, есту жолдары тұйықтала алады. Мойны қысқа. Құйрығы өте қысқадан ұзынға дейін түрленеді. Түк жамылғысы әдетте қалың, жібек тәрізді, кейде сирек, қылшықты. Оның түсі әртүрлі келеді. Бір түске боялуымен қатар, арасында өте түрлі-түсті ашық тарғыл сүретте кездеседі. Жылына 1 немесе 2 рет түлейді. Кейбір солтүстіктегі түрлерінің түк жабыны қыста ақ болады. Бас сүйегінің құрылысы мен мөлшері аса әртүрлі, ол жануарлардың көлемі мен тіршілік етуіне байланысты. Көптеген түрлер бас сүйегінің көлемі үлкен емес, бет жағы қысқа, ми қабығы қампайған. Ірі түрлерінің бас сүйегінде қырлары жақсы көрінеді. Төменгі күрек тістерінің саны екіге, жоғарғы және төменгі тіс түбірінің алдындағы екіге, тіс түбірінің төменгі артқысы бірге дейін қысқаруы тек аз түрлерінде байқалады. Жыртқыш тістері жақсы дамыған. Көптеген түрлердің азу тістері өткір дөңестеу, ал кейбірінде қоректенуіне орай мұқал төмпешікті болады. Сезім мүшелері ішіндегі ең дамығаны есту және иіс сезу ағзалары. Қағида бойынша, олар жылына 1 немесе 2 ұрпақ береді, олардың саны 1-ден 10-ға дейін жетеді, кейде одан да көп болады. Көптеген түрлерінде жасырын сатысы байқалады, ол бірнеше күннен бірнеше айларға созылады. Сусарлардың практикалық маңызы зор, себебі оның көптеген түрлері аса құнды кәсіптік аң терілі хайуандарға жатып, аң шаруашылықтарында өсіреді. Бұл тұқымдастың көптеген түрлері өте пайдалы, өйткені олар зиянды кеміргіштерді, жәндіктерді, олардың

Page 43: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 43 из 76

дернәсілдерін (личинка) жояды. Тұқымдас жүйесі әлі толық анықталмаған. Тұқымдаста 24 туыс, онда 64 түр, Қазақстанда олардың 6 туыс және 14 түрі кездеседі.

Түрлері АтауыАмерикандық борсық American badgerАмерикандық сасықкүзен  Mustela nigripesБирмалық сасыққүзеннің борсығы Burmese Ferret badgerКәмшат Lutra lutra Linnaeus Ақкіс Mustela ermineГризон Galictis vittataЗорилла Ictonyx striatusИлька Martes pennantТеніз қамшаты Enhydra lutrisСары күзен Mustela sibiricaТас сусары Martes foina ErxlebenИтаю Mellivora capensisОрман сусары Martes martes LinnaeusАққалақ Mustela nivalis LinnaeusЕуропа қара күзені Mustela LutreolaШұбар күзен Vormela peregusna

GuldenstaedtБұлғын Martes zibellina LinnaeuКұну Gulo gulo LinnaeusСарғыш күзен Mustela altaica PallasТайра Eira BarbaraХарза Martes flavigulaСасық күзен Mustela еversmanni Lesson

Ласка (Mustela nivalis Linnaeus) денесі ақ тышқандай жіңішке, ұзын, қысқа табанды, онда өте өткір тырнағы болады. Басы сопақша, кішкентай құлақтары домалақтанған, танауының ұшы доғал және біраз қосарланған. Құйрығының негізінде бездері бар, олар жағымсыз иісті сұйықтық бөледі. Бастың үсті, арқасы, бүйірлері, құйрығы және аяғының сыртқы жағындағы жазғы үлбүрінің түсі қоңырша-қоңыр, ал тамағы, жоғарғы ерінінің жиегі, төсі, құрсағы және аяқтарының ішкі жақтары таза ақ түсті болады. Үлбүрінің қалыңдығы жазда да, қыста да бірдей, бірақ жазғы түгі қысқа, қыстағыдан жіңішке. Америка мен Африкада таралған, Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Қазақстанда оның 2: сібірлік,

Page 44: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 44 из 76

шөлдік түрлерін ажыратады. Жыл бойы белсенді болады. Ол шапшаң, жылдам жүгіреді, жақсы өрмелейді, малтиды, батылдылығы және басқаға шапқындық жасауымен ерекшеленеді, әрі барлық ұсақ жануарлардың қауіпті жауы саналуда. Олар кеміргіштер, балапандар, бақалар және жәндіктермен қоректенеді. Буаздығы 5 жұмаға созылады. Ұясында 4-тен 8-ге дейін ұрпақтары болады. Олардың тіршілік ұзақтығы орташа 20-30 жыл.

Тас сусары (Martes foina Erxleben) Қазақстанда, оның тек 1 түрі: орта азиялық тас сусары ғана кездеседі. Еуразия, Монғолия, Гималай, Ресей, Тянь-Шань, Алтайдың көп бөлімдерінде таралған. Кеміргіш, құс, өсімдік және жемістермен қоректенеді. Жыныстық жетілуі 15-27 айларда жүреді. Буаздық мерзімі бір айға созылады, 3-4 күшік әкеледі. Орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 10 жыл. Қазақстанның Қызыл Кітабына тіркелген.

Орман сусары (Martes martes Linnaeus) Еуропа, Азияның батыс бөлігін, Батыс Сібір, Кавказ, Испания және Скандинавияны мекендеп, ең бастысы орманды жерлерде қоныс тебеді. Қазақстанда тек бір: оңтүстік орал орман сусары ғана таралған. Оның түгі сарғылт немесе қою-қоңыр түске боялған. Қысқы үлбірі ұзын, жібек тәрізді, жазда ол қысқарақ және қатты. Денесі сопақша, біршама қысқа аяқтары және түк жамылғысымен. Құйрығы біршама ұзын, жібек тәрізді, оның басты қызметі сусар өрмелеп, секіргенде тепе-теңдігін сақтау. Басында үшбұрышты, сары жолақпен көмкөрілген құлақтары орналасқан. Талғаусыз қоректенетін аң, бірақ ұсақ сүтқоректілерді, құстарды, олардың жұмыртқаларын жеуді ұнатады. Жыныстық жетілуі тіршілігінің екінші жасында басталады, бірақ олар алғаш рет, үш жасында шағылысады. Жылына бір рет көбейеді, 2-ден 4 күшікке дейін әкеледі. Қазақстанның Қызыл Кітабына тіркелген.

Сусарлар тұқымдасы (Mustelidae)

Page 45: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 45 из 76

Американдық борсық (American badger)

Американдық күзен (Mustela nigripes)

Бирма борсық(Burmese Ferret badger)

Қамшат (Lutra lutra Linnaeus)

Page 46: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 46 из 76

Ақкіс (Mustela erminea)

Гризон (Galictis vittata)

Зорилла (Ictonyx striatus)

Илька (Martes pennanti)

Page 47: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 47 из 76

Теніз қамшаты (Enhydra lutris)

Сары күзен (Mustela sibirica)

Тас сусары (Martes foina Erxleben)

Итаю (Mellivora capensis)

Page 48: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 48 из 76

Орман сусары (Martes martes Linnaeus)

Аққалақ (Mustela nivalis Linnaeus)

Еуропа қара күзені (Mustela Lutreola)

Шұбар күзен (Vormela peregusna Guldenstaedt)

Page 49: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 49 из 76

Бұлғын (Martes zibellina Linnaeus)

Құну (Gulo gulo Linnaeus)

Сарғыш күзен (Mustela altaica Pallas)

Тайра (Eira barbara)

Харза Сасық күзен

Page 50: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 50 из 76

(Martes flavigula) (Mustela eversmanni Lesson)

Америкалық борсық (American badger) денесінің ұзындығы 42-74 см, құйрығы 10-16 см, салмағы 10-12 кг. Канада мен Мексикада таралған. Құрғақшылық, шөлейт бұталармен жабылған жерлерде қоныс тебеді. Белсенді өмір сүруі түнде өтеді. Кеміргіштермен және тағы басқа ұсақ жануарлармен қоректенеді.

Америкалық күзен, немесе қара аяқты күзен (Mustela nigripes) денесінің ұзындығы 45 см, құйрығы үлпілдек, ұзындығы 15 см дейін, салмағы 0,3 кг артық. Денесі тапал, ұзынша өте қысқа аяқтарымен. Үлбірі негізінде ақ, түктерінің ұшына қарай қоюлана береді де, аңның жалпы түсі сарғыш-қоңыр реңді болады. Оның аяқтары мен құйрығының ұшы қара, ал қарааяқты күзен басқа күзендерге тән «қара бет» маскасы болады. Бұл түс оларға мекендеу ортасында байқалмауға көмектесетін түр есептеледі. Ұсақ жануарлармен, ірі жәндіктермен, құстармен қоректенеді.

Бирмалық сасықкүзен борсығы (Burmese Ferret badger) денесінің ұзындығы 33-44 см, құйрығы 15-23 см, салмағы 1-3 кг. Бирма, Қытай, Вьетнам, Тайланд және т.б. жерлерде таралған. Тарақан, қоңыз және шегірткелермен қоректенеді. Өзін қорғау үшін және ортада еркін өмір суру үшін аналь безінің сөлін қолданады. Жүкітілігі 57-80 күнге созылады. 1-3 күшік әкеледі.

Кәмшат (Lutra Lutra) денесінің ұзындығы 55-95 см, құйрығы 26-55 см, салмағы 6-10 кг. Табандары қысқа, жүзу жарғақтары болады. Құйрығы бұлшық етті, үлпілдек емес. Оның тіршілік етуі жартылай суда өтеді, онда сүңгіп, қорегін табады. Орман өзендерінде, көлдерде, тоғандарда мекен етеді. Белсенділігі жыл бойы байқалады. Орта азия, Тянь-Шань, Жетісу Алатауында, Алтайда таралған. Қазақстанда оның екі: cолтүстік және ортаазиялық түрлері бар. Көбінесе балық, ұсақ кеміргіш және құстармен қоректенеді. Жүктілігі жасырын кезеңін қосқанда 270 күнге жетеді. Жүктілік кезеңі 63 күнді құрайды. Екі жылда бір ет күшіктейді де, ұясында 2-5 күшігі болады. Ортаазиялық кәмшат Қазақстанның Қызыл Кітабына тіркелген.

Ақкіс (Mustela erminea) аталығының дене ұзындығы 17-38 см, аналығында 6-12 см, салмағы 70-260 г. Солтүстік Америка, Греция, Турция, Қытай, Жапония, Ресей және Қазақстанда таралған. Қазақстанда 2: тоболь, фергандық түрлері кездеседі. Олар орманды дала, тайга, тундра аудандарын мекен етеді. Су жағасында орнығып, кеміргіш, жәндік және құрғақ шөптермен қоректенеді. Жыныстық жетілуі 2-3 айды құрады. Жүктілігі жасырын кезеңін қосқанда 8-9 айға созылады. Ұясында 3-тен 18-ге дейін күшіктері болады.

Page 51: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 51 из 76

Гризон (Galictis vittata) денесінің ұзындығы 47,5-тен 55 см. дейін, құйрығының ұзындығы 13-тен 19 см. дейін, салмағы 1,5-нан 3,8 кг. дейін. Денесі сымбатты, аяқтары қысқа болады. Арқасының түсі сұрғылт-сұр, маңдайдан төменгі тұмсығының бөлімі, мойынының төменгі бөлімі және құрсағы қара түске боялған. Мандайының ақ жолағы мойынының бүйірінен иығына дейін өтеді. Ол Мексика, Боливия, Аргентина және Бразилияда таралған. Тіршілік етуі, көбінесе күндіз, кейбір аумақтарда түнде өтеді. Ең жылы күндізгі сағаттарда жыртқыш, біршама демалады. Паналайтын жеріне щың құз жылғасы, ағаштың қуысы және тамыры, әрі сауытты аңнан қалған індер жатады. Ол көбінесе жерде, сирек ағаштарда болады. Жүктілігі 40 күнге созылады, бірден төртке дейін күшік туады.

Зорилла (Ictonyx striatus) денесінің ұзындығы 28,5-38,5 см. тең, құйрығы 20,5-30 см. Аналығының салмағы 566-880 г., аталығы - 681-1460 г. Африка, Сахара мен Нигерияда таралған. Саванна мен жазық жерлерде орын тебеді. Кеміргіш, жылан, құс жұмыртқаларымен қоректенеді. Түнгі уақытта өмір сүреді. Жауын көрсе, иісі жаман секрет бөледі. Жүктілік ұзақтылығы 36-37 күнге созылады, 1-ден 4-ке дейін күшік табады.

Илька (Martes pennanti) ірі сусардың бірі. Денесінің ұзындығы құйрығын қосқанда 72-120 см., салмағы 2-5 кг. Солтүстік Американың ормандарын мекен етеді, қылқанды орманда жүргенді ұнатады. Тышқан, тиін, құс және балықтармен қоректенеді. Олар ағашта өрмелейді, тәулік бойы белсенділік көрсетеді. Жүктілік мерзімі 11-12 айға созылады, оның 10 айы бойы ұрық дамымайды. Ұясында 5 күшікке дейін саналады. Тіршілік ету мерзімі 10 жылға жетеді.

Калан (Enhydra lutris) денесінің ұзындығы 120-150 см, салмағы 22-45 кг. құрайды. Қиыр Шығыс, Аляска және Калифорнияда таралған. Олар, көбінесе күндіз тіршілік етеді, көп уақытын суда өткізеді. Мұхит экологиясын сақтауда маңызды рөл атқарады, себебі теңіз кірпілері санын бақылайды. Шаян тәрізді теңіз жәндігі - краб, моллюск, теңіз кірпілерімен қоректенеді. Жыныстық жетілуі 3-5 жасында. Жүктілігі жасырын кезеңін қосқанда 7-8 айға созылады.

Колонок (Mustela sibirica) денесінің ұзындығы 28-30см., құйрығы 16,5 см. жетеді. Гималай, Қытай, Жапония, Қиыр Шығыс және Оралда мекен етеді. Орман, елді мекенде орнығуды ұнатады. Кеміргіш, жәндік және өлекселермен қоректенеді. Жүктілігі 28-42 күнге созылады. Ұясында 4-тен 10-ға дейін күшіктері болады.

Балжегіш (Mellivora capensis) денесінің ұзындығы 77 см., құйрығы 25 см., салмағы 7-ден 13 кг. дейін жетеді. Таралу аймағы Африка, Азия, Индия, Непал. Түрлі ауа райы-климат жағдайында, оның ішінде дала, орман және таулы жерде тіршілік етеді. Белсенділігі түнде болады. Қорек

Page 52: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 52 из 76

іздеп олар жерде жүреді, кейде ағаштарға, әсіресе балға жеткісі келгенде шығады. Кеміргіш, түлкі, жылан және жәндіктермен қоректенеді. 1-ден 2-ге дейін күшіктер туады. 26 жыл өмір сүреді. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.

Европалық құндыз (Mustela Lutreola) денесінің ұзындығы 28-40 см., құйрығы 12-20 см., дене салмағы 550-800 г. Европа, Ресей, Германия, Франция, Белоруссия, т.б. елдерде таралған. Бұлақ, өзен және көлдердің жағалаулары бойында қоныстанады. Ұсақ балық, кеміргіш, шаян, бақа және құстармен қоректенеді. Жүктілігі 42-46 күнге созылады. Аналығы 4-7 күшік әкеледі.

Шұбар күзен (Vormela peregusna Guldenstaedt) денесінің ұзындығы 29-38 см., құйрығы 15-22 см., дене салмағы 370-730 г. құрайды. Европа, Азия, Ресей, Қытай, Монғолия және Қазақстанда таралған. Қазақстанда 2: каспийлік, жетісулық түрлері кездеседі. Дала, шөл, таулы жер, өзен мен көлдер маңайларында қоныстанады. Жыл бойы белсенділігін көрсетеді. Саршұнақ, аламан және құстармен қоректенеді. Жүктілігі 11 айды құрады, онда жасырын кезеңді ажыратады. Ұясында 3-тен 5-ке дейін саналатын күшіктері болады. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

Құну (Gulo gulo Linnaeus) денесінің ұзындығы 70-86 см., құйрығы 18-23 см., дене салмағы 9-18 кг. құрайды. Америка, Батыс Европа, Сібір және Қазақстанда таралған. Қазақстанда тек бір ғана: европалық түрі кездеседі. Жәндік, қоян, құс және өлекселермен қоректенеді. Екі жылда бір рет 2-ден 4-ке дейін күшіктер әкеледі.

Бұлғын (Martes zibellina Linnaeus) денесінің ұзындығы 56 см., құйрығы 20 см. дейін болады. Терісінің боялуы құбылмалы, сондықтан оның аталуы да ерекше. «Басы» ең қарасы және қымбаты. «Үлбірі» өте ашық түске, құмды-сары немесе қуқыл-сарғылтқа боялған – ең арзаны. Аралық боялғаны: «жағалығы-воротовой» - қоңыр реңді арқасында қою белдігі, бүйірлері ақшыл келеді, тамағында үлкен ашық түсті дағы болады. Ресей, Жапония, Қазақстанның Алтай өңірлерінде кездеседі. Қазақстанда тек бір - Алтайлық түрі ғана кездеседі. Тышқан, тиін, жаңғақ және жемістермен қоректенеді. Жүктілігі 250-290 күнді құрады. 3-тен 6-ға дейін күшіктер әкеледі.

Сарғыш күзен-солонгой (Mustela altaica Pallas) аталығының ұзындығы 21-ден 28 см., аналығы 21см.-ден 26 см., құйрығы 10-нан 15 см. дейін болады. Корея, Индия және Ресейде кездеседі. Қазақстанда екі: түркістандық, алтайлық түрлері кездеседі. Ұсақ кеміргіш, жәндік қоректі, құстармен қоректенеді. Жүктілік ұзақтылығы 30-49 күнге созылады, аналығы жылына екі рет 2-ден 6-ға дейін күшіктер әкеледі.

Page 53: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 53 из 76

Тайра (Eira barbara) дарағының дене ұзындығы 56-дан 68 см. дейін, бұл жануардың салмағы 4-тен 5 кг. дейін болады. Америка, Аргентина, Мексиканы мекендейді. Тұлғасы сымбатты, созылыңқы, аяқтары біршама қысқа. Қалың, қысқа түгі қою-қоңыр түске боялған, ондағы басы басқа денесіне қарағанда біраз ақшылдау, ал алқымында, көбінесе сары немесе ақ дағы орналасады. Ол көбінесе түнгі уақытта белсенді тіршілік етеді, ағашқа өрмелеп, бірталай жерден секіріп өтеді. Жүктілігі 70 күнге созылады. Ұясында екі күшіктен болады.

Харза (Martes flavigula) шыршалы, аралас орманды жерді тіршілік ететін ерекше жануардың бірі. Дене ұзындығы 55-80 см., құйрығы 35-44 см., дене салмағы 5,7 кг. құрайды. Индоқытай, Қытай, Гималай және Ресейде қоныстанады. Жүктілігі 120 күнге созылып, ұясында 2-5 күшігі болады.

Сасық күзен (Mustela eversmanni Lesson) денесінің ұзындығы 52-56 см., құйрығы 18 см., сламғы 2 кг. дейін болады. Чехия, Югославия, Азия, Қиыр Шығыс және Қытайда кездеседі. Барлық аумақтарда таралған. Қазақстанда 2: петропавлдық, туркестандық түрлері бар. Түнде, іңірде тіршілік етеді. Белсенділігі күндіз де, түнде де, жалпы жыл бойы байқалады. Кеміргіш, ұсақ құс және өсімдіктермен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюіп, 7-ден 14-ке дейін күшіктер әкеледі. Сұрақтар:1) Жыртқыштар отряды, сусар тұқымдасына сипаттама беріңдер.2) Жүйеленуін атаңыздар.3) Халық шаруашылығында маңызы қандай?4) Көбеюі мен өсіп – дамуы қалай жүреді?Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10 – 12 (қосымша).

1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекяқтылар отрядының систематикасы

10 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Мысық тәрізділер тұқымдасы (Felidaе)Дәріс жоспары:Мысық тәрізділер тұқымдасына сипаттама.Мысық тәрізділер тұқымдасының систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы. Жыртқыштар отряды, мысық тәрізділер тұқымдасына қысқаша сипаттама. Тұқымдасты екі тұқымдас тармағына, төрт туысқа және отыз жеті түрге ажыратады. Мысық тәрізділер – жыртқыштардың ішіндегі өздерінің жемтіктерін баспалап, қарауылдап, сирек аңдып аулаудан ең жақсы әдістенген жануарлардың бірі болып табылады. Денесінің ұындығы 50 -ден 380 см-ге дейін, құйрығы 10-нан 114 см, салмағы 1,5-тен 275 кг арылығында болады. Жыртқыш тістері ұзын, майысқан. Азу тістері өткір және кескіш болып келеді.

Page 54: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 54 из 76

Барлық мысық тәрізділер жер үсті өмір салтымен өмір сүреді. Олар орман, сирек шөл даланы, саванналар мен тауларды мекендейді. Мысық тәрізділердің арасында жақсы жылдам жүгіретіндері де кездеседі. Олардың барлығы бармақтарымен жүреді. Тек жануарлармен ғана қоректенеді. Көбінесе дараланып немесе топтап, ал арыстандар 20 дараға дейін немесе одан да көп топтармен өмір сүреді. Буаз болу кезеңі 55-270 тәулікке дейін созылады. Балалары соқыр және әлсіз болып туылады. Көп түрлерінің аналықтары 12-15 айдан кейін жыныстық есейеді. Өмір сүру ұзақтығы 30 жыл.

Орман мысығының суреті

Орман мысығы – Felinae silvestris, кейде еуропалық немесе жабайы мысық деп те атайды. Сыртқы келбеті бойынша кәдімгі сұр мысыққа ұқсайды. Дене тұрқы 75-80 см, құйрығы 30-34 см, салмағы 6 – 10 кг шамасында. Батыс Еуропа, Шотландия, Кіші Азияда, Кавказда таралған. Орман мысығы таулы орманда және аралас ормандарда өмір сүреді. Буаз болу мерзімі 63-68 тәулікке созылады. 3-8 жас мысық туады. 9- 11 күнде өсіп жетіледі. Дала мысығы- Felinae Lybica. Сыртқы көрінісі бойынша үй мысығына ұқсайды, сәл ғана үлкендеу және реңі басқа. Дене тұрқы 63-70 см, құйрығы сұр-сарғыштау 23-33 см. Қысқы жүнінің жалпы реңі арқасы мен жанында қара дақтары бар сұрғылтым-сарғыш. Құйрығында бірнеше қара сақиналары бар. Таралу ареалы: Орташа және Орталық Азия, Қытай, Армения, Орал, Қазақстан. Қара сексеуіл өсетін құмды шөлдерде, сазды көлдері бар бұталы жазықтықтарда мекендейді. Негізінен ұсақ тышқандармен, ондатрмен, қосаяқтармен және т.б. қоректенеді. Шағылысу мерзімі –қаңтар-наурыз айларында өтеді. 5-10 жас мысық туады. Шағыл мысығы-Felinae margarita. Мысық тәрізділерге жататын түр. Шағыл мысығы негізінен Арабия, Синай түбегінде, Сахараның солтүстігі мен Пәкістанның құмды жерлерінде кездеседі. Ал Қазақстанда Маңғыстау түбегінің бұйратты құмдары мен шағылдарында және Қызылқұмды мекендейді. Дене тұрқы 40-52 см, салмағы 1,3-3,4 кг. арқасы мен бүйірі құм тектес сарғыш, денесінде айқын емес қара жолақтары болады. Құйрығының ұшы қара қоңыр. Құлағы үшбұрышты, самай сақалы жақсы көрініп тұрады. Табандарындағы тарақ тәрізді қалың қылшықтары олардың құмда еркін жүруіне мүмкіндік береді. Қоңыс тепкен жерлерінде ін қазады, кейде түлкі, қарсақтың ескі індерін де пайдалана береді. Ұсақ кеміргіштермен (қосаяқтар, құмтышқандар), кейде бауырымен жорғалаушылармен, ұсақ құстармен және жәндіктермен қоректенеді. Корегін аулауға түнде шығады. Шағыл мысықтар ақпан-наурыз айларында

Page 55: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 55 из 76

шағылысып, аналығы сәуір-мамырда 2-5 (көбінесе 3) жас мысық туады. Құмды, шөлді аймақтарда тіршілік ететін болғандықтан аз зерттелген. Шағыл мысығының саны қай жерде болсын аз, Қазақстанда 1952-55 ж. оның 6 дарасы ұсталғаны туралы деректен басқа мәлімет жоқ. Республикада Үстірт және Ақтау-Бозашы қорықшыларында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қамыс мысығы-Felinae chaus. Басқа мысықтарға қарағанда ірілеу келеді, мөлшері 73-75 см аралығында, салмағы 16 кг дейін. Денесі салыстырмалы алғанда қысқа, аяқтары биік, құйрығы ұзын емес, құлағында кішілеу шашақтары немесе тұлымы бар. Өзен көл бойындағы қопалар мен тоғайларды мекендейді. Құм қояны кеміргіштер, су құстарымен қоректенеді. Жемін көбіне түнде аулайды. Жылына бір рет қаңтар-сәуір айларында мауығып, мамырда 3-5 мысық табады. 1,5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Қамыс мысығының терісі аса бағалы емес, сондықтан оның шаруашылық маңызы шамалы. Ауыл шаруашылықтарына зиян келтіреді. Манул- Felinae manul. Қысқа жуан аяқтары бар үй мысығына ұқсайды. Басы нығырлау келген, құлақтары домалақтанған, құйрығы өте жуан. Дене тұрқы 52- 65 см, құйрығының ұзындығы 21-25 см. Манул санаулы ғана, сол себептен қызыл кітапқа енгізілген.

Пума

Систематикасы (жүйеленуі): Пума және ягуар- Felinae concolor. Пуманың екі түр тармағын ажыратады (флоридтік және шығыс пумалары). Бұл екі түр де Қызыл кітапқа енгізілген. Сипаттамасы: бұл өте ірі аң, 197 см. ұзындыққа дейін жетеді, құйрығының ұзындығы 82 см, салмағы 105 кг. Пуманың денесі тым ұзарған, басы үлкен емес, күшті, сымбатты аяқтары, ұзын құйрығы бар. Жүні қалың, бірақ қысқа жоғарғы жағы сарғыш-бурыл түске,ал төменгі жағы ақ түске боялған. Мұрнының ұшы ақ түсті. Таралуы: Канада, Оңтүстік Америка. Таулы ормандарда мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 90 тәулік. 2-3 бала туады.

Page 56: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 56 из 76

Балық аулағыш мысық Оцелот

Балық аулағыш мысық - Felinae viverrina негізгі азығы балық. Денесінің ұзындығы 100-120 см. аралығында толқиды,оның сұр түсті жүні қара ірі дақтармен бейнеленген, ал маңдай бөлігі жолақты. Систематикасы (жүйеленуі): Оцелот – Felinae padalis мысық тұқымдасының ішіндегі көлемі жағынан ең кішісі. Сипаттамасы: Дене тұрқы 135-150 см-ге дейін жетеді, бұның 30-40 см құйрығы алады. Бұл басы үлкен, күшті және сымбатты жануар. Қызыл кітапқа енгізілген. Таралуы: Оңтүстік Америкада. Көбеюі мен өсіп дамуы: буаз болу ұзақтығы 70 тәулікке созылады. 2-4 бала туады.

Леопард

Систематикасы (жүйеленуі): Мұнарлы леопард – Felinae nebulosa. Дене көлемі бойынша кіші және орташа мысықтардың ортасындағы жануар. Сипаттамасы: дене тұрқы 62-106 см. құрайды, құйрығы 60-90 см., салмағы 16- 23 кг. Денесі ұзыншақ, майысуға икемді, аяқтары қысқа жалпақ табанды, жалаңаш қатты сүйелдері бар. Ағашқа шығуға бейімді, ыңғайлы. Қалың жүнінің түсі сұр немесе сарғыш түсті. Таралуы: Оңтүстік Азияда, Қытайда, Непалда. Нулы тропикалық орманда мекендейді. Көбеюі және өсіп-дамуы: буаз болу мерзімі 86-92 тәулікке созылады. Балаларын кеуекте (қуыста) 2-5-еу етіп туады. Қызыл кітапқа енгізілген. Сұрақтар: 1. Жыртқыштар отряды, мысық тәрізділер тұқымдасына сипаттама беріңдер. 2. Систематикасын (жүйеленуін) атаңыздар. 3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай? 4. Көбеюі мен өсіп-дамуы қалай өтеді? Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

11 - тақырып. Ескекаяқтылар отряды. Итбалықтар тұқымдасы. PINNIPEDIA.

Дәріс жоспары:Итбалықтар тұқымдасына сипаттама.Итбалықтар тұқымдасының систематикасы.

Page 57: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 57 из 76

Итбалықтар тұқымдасының таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы. Ескекаяқтылар отрядына қысқаша сипаттама. Ескекаяқтылар — орташа және ірі көлемді жыртқыш жануарлар, сулы ортада мекендейді, бірақ өмірінің белгілі бір кезеңдерінде (көбею және түлеу кезінде) қатты субстратты (организм қоректеніп тіршілік ететін орта) (мұз, құрлық) және ұзақ уақыт бойы ауада болуды қалайды. Ескекаяқтылар- көп емес 30 түр шамасындағы топ. Қысқа мойны біртіндеп біліктей денеге білінбей ауысады. Алдыңғы және артқы аяқтары жүзу ескектеріне өзгерген. Белгілі бұл тұқымдастың артқы ескектері денесінің артына қарай қайырылады және құрлықта жануарлардың қозғалуына ықпал етеді. Кәдімгі итбалықтардікі алдыға қарай қайырылмайды, үнемі артқа қайырылып жүреді және қатты субстратта қозғалуға көмектеспейді. Көбінесе ескекаяқтылар ірі немесе орташа көлемдегі жануарлар, денелерінің ұзындығы 1.2-ден 6,0 м-ге дейін., салмағы 20 кг-нан 20 т-ға дейін болады. Көп түрдің жүн (котиктерден басқасы) қысқа, қатты, аздап түбітті, ал кей түрінде тіптен редукцияланған (морждар). Тістері қоректену ерекшеліктеріне қарай құрлықта өмір сүретін жануарлармен ұқсас, бірақ аздар дифференцияланған. Морждардың жоғарғы күрек тістері үлкен, кескіш тістерінің және азу тістерінің беткей жағы тегістеу келеді. Жануарлар тірі балықпен, ұлулармен, шаянтәрізділермен және т.б. қоректенеді. Ескекаяқтылар суық және қалыпты жылы солтүстік пен оңтүстік жартышарда мекендейді. Тұқымдастың үшеуінен ТМД фаунасында, Қазақстанда тек бір түрі ғана нағыз итбалықтардың (Phocidae) —каспийлік итбалығы (Phoca caspica) мекендейді.

Нағыз итбалықтар тұқымдасы — PHOCIDAE

Орташа және кішкентай көлемдегі, біліктей денелі, денесінің астына қарай қайырылмайтын артқы аяқтары бар жануарлар. Ересек жануарлардың түкті жамылғысы қысқа, қатты, түбіті жоқ. Көп түрдің жаңа туған балаларының жүні үлпілдек және қалың болады. Бұл тұқымдастың 10 түрінен Қазақстанда тек біреу-каспийлік итбалық (Phoca caspica ) ғана мекендейді. Систематикасы (жүйеленуі): каспийлік итбалықтың байкал итбалығымен (Phoca sibirica) және Шығыршықты нерпамен ортақ ұқсастықтары көп.Каспийлік итбалық Каспий теңізінің бассейніндегі жалғыз түр және географиялық басқа пішіні жоқ. Сипаттамасы: бұл итбалықтың суда өмір сүруге бейімділігі және құрлықты қаламайтыны сыртқы пішініне көп өзгерістер әкелген. Сыртқы пішіні бойынша ұршық тәрізді формалы, денесінің алдыңғы

Page 58: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 58 из 76

жағы жуандау. Басы үлкен емес, денесі сияқты тығыздалған. Мойны қысқа және денесіне қарай бірқалыпты ауысады, қозғалысы шектелген. Алдыңғы аяқтары редукцияланған, ескектерге өзгерген және де қатты субстратта қозғалу мақсатында қолданылмайды. Олар алдыға, артқа және төмен жоғары қарай бүгілу қабілетін сақтап қалған. Алдыңғы аяқтарындағы бармақтарының мықты тырнақтарымен мұз бетіндегі тыныс алу үшін, мұз бетіне шығу үшін тесіктерді кеңейтеді, қоректерін жұлмалау үшін пайдаланады. Артқы аяқтары денесінің астына қарай қайырылады, Аяқ-қол бөлімдерінің үлкен бөлімі терілі-бұлшық етті қапта орнында болады; дистальді олардың бөлімі ұзартылған және көлденең еркін иіледі - оңға және солға .Артқы аяқтарының бірінші және бесінші бармақтары ұзындығы бойынша үлкен емес, ал ортаншысы қысқарақ. Барлық бармақтарының арасы жарғақпен қосылған, бұл ескегінің көлемін үлкейтіп тұрады. Итбалықтың артқы аяқтарының табаны жоғарыға қаратылған. Құрлықта өмір сүретін жануарлармен салыстырғанда суда өмір сүруге бейімделгендіктен қаңқасының және бұлшық ет массасы аз болады: дене салмағының 7—10%, тері асты майының — 34-52, қаңқасының — 4,03-7,31, бұлшық етінің— 27,7—30,3%. Итбалықты су астында жүзу кезінде оттегімен қамтамасыз етіп тұратын көптеген механизмдері бар. Бұл олардың сыртқы демалысын уақытша тоқтатып қоюға мүмкіндік береді, бұл дельфиндерде 3-4 реттен аспайды. Жануарлардың қоректену ерекшеліктеріне қарай тістерінің жүйесі тек қоректі ұстап тұруға бейімделген. Азу тістері 3 қырлы, төртінші қыры кейбір особьтерде ғана кездеседі. Тістері астыңғы үстіңгі жақ тістері бір-біріне қосылған кезде құлып сияқтанып жабылып қалады. Бұндай жабылу кезінде көлемі тіптен кішкентай азықтарын да ұстап тұра алады. Каспийлік итбалықтың бас сүйегі жіңішке, созылыңқы. Тұмсық сүйектері маңдай сүйегіне бекітіледі. Оның алдыңғы қырларында үш шығыңқы екі ұзын (шеткі) және қысқалау-орташа жақтары болады. Есту көпіршіктері сәйкесінше үлкен емес және үшбұрыш пішінді. Жынысы жағынан жетілген жануарлардың дене тұрқы 125—160 см-ді құрайды, сонымен қатар аналықтары аталықтарынан едәуір кішкентай болады. Салмағы 100 кг болатын жануарларда кездеседі. Жыл мезгілдеріне байланысты жануарлар ең көп салмақты терең күзгі уақытта және қыс мезгілінің басында жинайды. Итбалықтардың барлық жас мөлшеріне қарай ең аз салмағы төлінен басқасы, түлеу аяқталар шақта көктемде және жаз мезгілінің бастапқы кезінде байқалады. Түлеу: ересек жануарларда түлеу бір – ақ рет болады. Кейбір особьтердің түктерінің толығымен ауысуына 2-3 аптадан 1 айға дейінгі уақыт кетеді. Негізінде түктерінің түсуі көз айналасынан, басының беткі жағынан, ескектерінің алдыңғы жағынан, құйрығының маңайы және артқы ескектерінен басталады. Кейін арқа тұсында басынан құйрығына дейін домалақ және сопақша пішінде дақтар пайда бола бастайды. 7-10 күн ішінде ескі жүннен босаған аймақтары жоғарыдан төмен арқасынан ескектеріне қарай ауыса береді, ол кезге дейін басқа жеріндегі ескі жүндері толығымен түсіп үлгереді. Ең соңында

Page 59: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 59 из 76

жандарындағы жүндер түседі. Итбалықтар қысқы ұзын жүндерін тастап жаңа қысқа сирек жүндермен қапталады. Бұл кезде жүннің көптеген реңдері болады, және бүкіл денесіндегі бұл реңдер оларды өте сүйкімді, әдемі етіп көрсетеді. Бірақ бұндай әдемі болып жүруі тек 2-3 аптаға ғана созылады. Таралуы: каспийлік итбалық тек Каспий теңізінің маңын ғана мекендейді. Жануар сонымен қатар аз мөлшерде Иран территориясындағы өзен-суларда мекендейді.

Шығыршықты нерпа Тевяк

Page 60: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 60 из 76

Хохлач Уздделла итбалығы

Көбеюі және өсіп дамуы: аналық итбалықтар жыныстық жағынан 5-ші жылы ғана жетіледі. Аталықтары да осы кезде шағылысуға түседі. Каспийлік итбалықтың буаз болу мерзімі 11 ай. Халық шаруашылығындағы маңызы: ұзақ жылдар бойы итбалық өндіріс көзінің шикізаты болып келеді. Өйткені құнды шикізат-май береді. Бұл май парфюмерияда және медицинада пайдаланылады. Ірі жануарлардың терісін тері шикізаты ретінде қолданады. Систематикасы (жүйеленуі): құлақты итбалықтар тұқымдасы – Otaridae. 7 туысы бар: солтүстік, оңтүстік, калифорниялық, теңіз мысықтары, оңтүстік теңіз арыстандары, сивучтар, австралиялық теңіз арыстандары, жаңа зенландиялық теңіз арыстандары. Сипаттамасы: оларда редукцияланған болса да құлақ қалқандары сақталған. Артқы ескектері табан жағында бүгіледі, олар денесін ұстап тұруға негізделген. Алдыңғы ескектері үлкендеу келеді. Көлемдері үлкен, денесінің ұзындығы 3,8 м-ге дейін жетеді. Таралуы: солтүстік жартышарда, тынық мұхитында. Көбеюі мен өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 360 тәулікке дейін созылады, тым ұзаққа созылу себебі эмбрион буаз болу кезінде жетіле бастайды, кейін дамуы тежеледі немесе тоқтайды. Систематикасы (жүйеленуі): морждар тұқымдасы – Odobenidae. Ең ірі ескекаяқтылар. Тұқымдаста бір түр-морждар. Сипаттамасы: ересек аталықтардың денесінің ұзындығы 300-450 см-ге. жетеді, салмағы 1,5 т шамасында. Аналықтарының дене мөлшері кішірек. Денесінің ұзындығы 265-365 см., салмағы 700-800кг. аталықтарының жыртқыш тістері жуан және ірі. Тұмсығы қысқа және өте жалпақ. Терісі өте қалың. Түкті жамылғысы сирек, кей кезде болмайды. Түктерінің түсі жирендеу. Таралуы: Атлантика, Солтүстік мұзды мұхит, Беринг теңізі. Көбеюі және өсіп дауы: баяу көбейеді. Жыныстық жағынан 6 жасында жетіледі. Сәуір – мамыр айында шағылысады. Көбі 3 немесе 4 жылда бір ұрпақ туады.Сұрақтар :1. Жыртқыштар отряды, ескекаяқтылар тұқымдасына сипаттама беріңіздер.2. Жүйеленуін атаңыздар 3. Халық шарашылығындағы маңызы қандай? 4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

Page 61: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 61 из 76

2 Модуль Жұптұяқтылар систематикасы12 - тақырып. Жұптұяқтылар отряды. Күйіс қайтармайтындар. Шошқа,

пекарилер, бегемот тұқымдасы.Дәріс жоспары:Шошқа тұқымдасының қысқаша сипаттамасы.Шошқа тұқымдасының систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.Пекарий тұқымдасына сипаттама, систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.Бегемоттар тұқымдасының сипаттамасы, систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы. Систематикасы (жүйеленуі):Отряд тұяқтыларды біріктіреді, үшінші, төртінші бармақтары дамып келеді, олардың арасында аяқтарының осі өтеді. Басқа жанындағы бармақтар (көп түрінде екеу) әлсіз дамыған және ортаншы бармағынан жоғары орналасқан. Барлық бармақтарының аяққы қабыршақтары тұяқпен қапталған. Күйіс қайтармайтындар 3 тұқымдасты біріктіреді: шошқа (suidae), пекарилер (tayassudae), бегемот (hippopotamidae), 8 туыс, 12 түрге біріктіреді. Шошқалылар тұқымдасы (suidae). Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Аяқтарында жан бармағы жақсы жетілген 4 бармақты. Жыртқыш тістері үлкен, жоғарғы тістері бүгілген, азу тістері дөңестеу. Қарны жай қарын, қосымша бөлімдері бар. Тұқымдаста 9 түр бар, олар 5 туысқа біріктірілген. Сипаттамасы : өзен шошқасы (potamochoerus) . Бұл жануарлар өте әдемі болады. Жүнінің түсі ашық жирен, арқасында ақ жолақты, тұмсығында ақ түктері бар және құлағында ұзын шашағы бар. Жыртқыш тістері онша ұзын емес, бірақ өткір. Дене тұрқы 100-150 см, биіктігі 55-80 см, салмағы 80 кг. Аталықтарының көздері мен тұмсығының арасында сүйек өскіні болады. Таралуы : Африкадан оңтүстік Сахараға дейін және Мадагаскар аралын мекендейді. Бұталы және орман даланы мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу ұзақтығы 130 тәулік. Орташа мөлшерде 4 ала жолақты торай әкеледі. Халық шаруашылығындағы маңызы: жабайы және үй жануарларына шабады. Отармен жүреді, жорыққа түнде шығады және өте сақ.

Page 62: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 62 из 76

1- Украиндік ақ шошқа, 2- вьетнамдық салпан қарын, 3- йоркшиндік

Қабан немесе жабайы шошқа (Sus scrofa) – ең көп таралған түр. Сипаттамасы: Дене тұрқы 130-175 см, биіктігі 100 см-ге дейін, салмағы 60-тан 150 кг аралығында. Басы өте үлкен, сүйірленген. Құлақтары ұзын және кең, көздері кішкентай, тұмсығы таңқиған. Денесі серпімді қылшықпен қапталған, ал қыста ұзынырақ және қалың түбітті. Арқасында қылшықтары тарақты. Таралуы: Еуропаның барлық солтүстік бөлігін Скандинавияның жарты аралын, Ладож көлін, Калуж және Туль облыстарын Азия мен Африка, Мадагаскар, Жаңа Гвинея және т.б. мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: аналықтары шағылысуға бірінші рет екінші жылы ғана түседі 18-20 айлығында, ал аталықтары 4 немесе 5 жылы түседі. Аналықтарының жыныстық жетілу 8-10 айларында, ал аталықтары 18-20 айларында жетіледі. Шошқалардың жаппай шағылысуы наурыз-мамыр айларына сәйкес келеді. Торайларының саны 4-10 шамасында. Халық шаруашылығындағы маңызы: негізі аңшылардың- өндірістік жануары. Сақалды шошқа (Sus harbatus). Сипаттамасы: дене мөлшері қабан сияқты 100-160 см, салмағы 100 кг шамаасында. Өзінің атауын беткі бөлігін ауызынан құлағына дейінгі аймақты алып тұрған ашық түсті ұзынырақ қылшығы үшін алды. Денесі сирек қылшықпен қапталғандай, арасынан сұр немесе сұр-қызғылт терісі көрінеді. Бетінде көздері мен жыртқыш тістерінің арасында сүйелдері бар, ол әсіресе аталықтарында жақсы дамыған. Таралуы: Малакка жарты аралында, Суматра, Ява, Индонезия аралдарында 6 түраралығы кездеседі. Тропикалық және бұталы жерлерді мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: жыныстық жағынан жетілуі 17-19 айлығында байқалады. Буаз болу мерзімінің ұзақтығы 171-175 тәулік. Жыл ішінде көбейе береді. 2-8 торай туады. Халық шаруашылығындағы маңызы: негізі аңшылардың- өндірістік жануары. Пекарий тұқымдасы (Tayassudae) Сипаттамасы: Пекарилер шошқалардан денесінің мөлшері жағынан кіші, дене тұрқы 115 см дейін, бойы 55 см, салмағы 30 кг дейін. Қарны 3 бөліктен тұрады., алдыңғы бөлігінде шұжық тәрізді қаптары болады. Шошқаларға қарағанда артқы аяқтарында 3тұяқтары бар және екеуі толық немесе жартылай өседі. Жоғарғы жақ жыртқыш тістері төмен қарай

Page 63: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 63 из 76

қаратылған, олар үшқырлы, мықты келеді. Барлығы 38 тісі бар. Арқасының артқы бөлігінде мускус тәрізді секрет бөлетін бездері болады. Басы үлкен, мойны қысқа, көздері ұсақ. Қылшықтары қалың, қарақұсының тұсында және мойнында, арқа тұсында ұзынырақ болады. Таралуы: Америка, Мексикада кездеседі. Әртүрлі ормандарды және бұталы жерлерді мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: аналықтары 8-8,5 айларында жыныстық жетіледі, ал аталықтары 11-11,5 айларында жыныстық жетіледі. Буаз болу мерзімі 142-149 тәулік. 2-4 торай туады. Халық шаруашылығындағы маңызы: негізі аңшылардың- өндірістік жануары, еті деликатес есебінде жүреді. Бегемоттар тұқымдасы (Hippopotamidae). Сипаттамасы: денесі біліктей массивті келеді. Аяқтары қысқа жуан, 4 бармақтары болады, олардың өзінше бір тұяқтары арасы жарғақпен қосылған. Басы мойынсыз келеді, үлкен. Дене тұрқы 400-420 см., бойы 165 см., салмағы 3000-3200 кг. Терісі түкті жамылғымен қапталмаған. Тек беткі бөлігінде және құйрығынының ұшында қатты темірге бай оның кеуіп кетуінен сақтайтын қылшықтар бар. Ауыз қуысы кең, жақты орасан зор, сирек орналасқан тістермен қаруаланған. Таралуы : Орталық және Шығыс Африкада кездеседі. Бегемоттар –қоғамдық жануарлар. Бегемоттардың тобы 20-30 балалары бар аналықтардан тұрады және аталықтары белгілі бір аймақтың жиегін алады. Көбеюі және өсіп дамуы: 9 жасында аналықтары, ал 7 жасында аталықтары жыныстық жағынан жетіледі. Буаз болу мерзімі 240 тәулік, тек бір ғана бегемотты туады. Халық шаруашылығындаы маңызы: етін тамаққа пайдаланады. Су сиырының терісі және жыртқыш тістері құнды шикізат көзі болып табылады. Сұрақтар : 1. Жұптұяқтылар отрядына, тұқымдасына шошқаларға, пекарларға, бегемоттарға сиптаттама беріңдер. 2. Жүйеленуін атаңыздар. 3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай? 4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді? Әдебиеттер : 1-9 (негізгісі), 10-12 (қосымша)

2 Модуль Жұптұяқтылар систематикасы13 - тақырып. Жұптұяқтылар отряды. Күйіс қайтаратындар отряд тармағы. Құдыр, Бұғы тұқымдастары. Дәріс жоспары:Жұптұяқтылар отряды. Күйіс қайтаратындар отряд тармағына қысқаша сипаттама.Күйіс қайыратындар отряд тармағының систематикасы, таралуы, көбеюі, маңызы.Құдыр, Бұғы тұқымдасытарының сипаттамасы, систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Page 64: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 64 из 76

Күйіс қайтаратындар отряд тармағы 6 тұқымдасты, 76 туысты 180 түрге біріктіреді.Систематикасы (жүйеленуі):Құдыр тұқымдасы (Moschidae)Бұғылар тұқымдасы (CERVIDAE)Су бұғылар тұқымдас тармағы (Hydropotinae);Нағыз бұғылар тұқымдас тармағы (Cervinae);Еліктер тұқымдас тармағы (Capreolinae);Бұлан тұқымдас тармағы (ALcinae) Бұғы тұқымдасы (Tragulidae) 2 туысты 4 түрімен біріктіреді. Сипаттамасы: Бұғылар – қоянның көлеміндей ғана ұсақ жануарлар. Асқазаны үш бөлімнен тұрады.(қатпаршақ жоқ). Алдыңғы аяғы артқы аяқтан

біраз қысқарақ. Аяқтары 4 тұяқты. Африкандық бұғының дене ұзындығы 75 – 85 см , биіктігі 35 – 40 см , салмағы 10 – 15 кг. Таралуы: Африкада таралған. Көбеюі және өсіп дамуы: Жүктілігі 4 – 5 ай. Аналығы тек бір ғана бала тауады. Азияттық бұғының немесе канчилдің дене ұзындығы 70 – 75 см, биіктігі 30 – 35 см, салмағы 5 – 8 кг. Үнді бұғысы немесе дақты канчиль басқа жануарлардан реңінің қаралау және ашық түсті дақтарының бар болуымен ерекшеленеді. Құдыр (кабарожи) тұқымдасы. (Moschidae). Сипаттамасы. Құдыр (Moschus moschiferus) орташа келген жануар. Ұзындығы 90 см, биіктігі 70см, салмағы 15 – 17 кг. Түсі қоңыр және қара қоңыр. Мүйізі жоқ, бірақ аталығында жоғарғы ерінің түбінен 7 – 9 см, шығып тұратын ерекше, ұзын келген жоғарғы шошақ тістері болады. Дабыл жарғағы

Page 65: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 65 из 76

өте ұсақ. Өмір сүру ұзақтығы 4 - тен 5 жылға дейін. Денесінен басы ашық түсті келген. Астыңғы жақтан бастап, мойынның астымен кеудесінде екі жұп ақшыл жолақтар созылып жатады. Бас сүйегі үлкен емес. Бет әлпеті мен ми бөлігі салыстырмалы қысқарақ. Артқы аяқтары алдыңғыдан ұзынырақ болғандықтан артқы дене бөлігі салмақтырақ және алдынан биіктірек. Тұмсығының ұшында танау тесігінің жанында үлкен терісіз аймақ бар. Құлақтары үлкен, үстіңгі жағы дөңгеленген. Құйрығы өте қысқа. Аяқтары 4 саусақты. Канчиль. Таралуы: Гималай,Үнді Қытай, Шығыс Азия, Манғолия, Қытайда мекен етеді. Қоректенуі: Қынамен, балқарағаймен, қылқан жапырақтылармен қоректенеді. Түлеу: Жылына бір рет түлейді. Қыстың аяғынан көктемнің соңына дейін ескі түктерді жаңа түктер біртіндеп алмастырады. Көбеюі мен өсіп дамуы: 15 – 18 айларда жыныстық жағынан толысады. Жүктілігі 185 – 195 тәулікке созылады. Мамыр айында аналығы 1 сирек жағдайда 3 бала туады. Халық шаруашылығындағы маңызы: Аңшылық – кәсіптік маңызы зор. Бұғы тұқымдасы (CERVIDAE). Бұғы тұқымдасы 7 тұқымдас тармағынан, 12 туыстан 30 түрден тұрады. Сипаттамасы: Ұзын, қалың және берік тұяқты аяқтары бар жануарлар. Көпшілігінде аталықтарының мүйізі болады. Мүйіз – маңдай сүйегінің түбінен өсіп шығатын, әдетте бұтақталған сүйектегі түзіліс. Бұғылардың мүйізі жыл сайын түсіп және қайтадан өсіп отырады. Өсіп келе жатқан мүйіз дәнекер – ұлпалы, шеміршекті және сүйекті кезеңдерден өтеді. Өскен мүйіз қысқа түктері бар (бархат) терімен қапталған. Сүйектену процесі мүйіздің түбінен басталып ары қарай жалғасып ортадан ұшына дейін жүреді. Сүйектену процесінің аяғында мүйізді қаптап тұрған тері өледі және жарылып түсіп қалады. Мүйіз бағананың түбінен әдетте бірнеше өскіндер тарайды. Ең төменгі өскіншек бірінші көз үсті деп аталынады. Одан кейін екінші көз үсті, үшінші өскіні ортаңғы деп аталады, одан кейін орналасқан – жоғарғы деп аталады. Өскіншектердің аяғы екінші рет бұтақтануы да мүмкін. Бас сүйегінің көз аймағының жанында екі танау жас өзекшесі орналасқан. Көз жас сүйегінің сыртқы бетінде көз алды шұңқырлары орналасқан. Жақ аралық сүйегінде танау тесігі қысқа. Жоғарғы шошақ тістері тек кейбір аталықтарында ғана ұзын, жоғарғы ерін түбінен шығып тұрады. Терісінде көптеген арнайы бездері болады. Өт болмайды. Сүт безі төрт бөлікті. Су бұғысы тұқымдас тармағы. (Hydropotinae)

Page 66: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 66 из 76

Су бұғысы

Сипаттамасы: Мүйізсіз. Дене тұрқы 75 – 100 см, биіктігі 45 – 75 см, салмағы 9 – 15 кг. Реңі күрең – қоңыр, жоғарғы ерні мен көзінің аймағы ақ түсті. Жазда терісі қысқа, қыста қалың, мамықты. Таралуы: Азия, Шри – Ланка, Қытай, Үндістанда таралған. Өзен және көл маңындағы шалғында, шөптесіндерде мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: Буаздығы 6 айға созылады. Маусым-шілде айларында 1 – 2 бала туады. Қиыр шығыс бұғыларының шағылысу уақыты қыркүйек және қазан айларының басында басталады. Қысқа қарай табынға бірігеді, сәуір айында ескі мүйіздерін тастап, маусым айында 2-3 жаңа мүйіз өскіні пайда болады. Нағыз бұғы тұқымдас тармағы. (Cervinae); Сипаттамасы: Бұл тұқымдас тармағы 2 туыстан 12 – 14 түрден тұрады. Денесі 130 – 160 см, биіктігі 100 см, салмағы 40 – 80 кг болып келетін ірі жануарлар. Жақсы дамығын мүйіз тек аталықтарында ғана бар.Жануарлардың барлық түрлері аңшылық немесе кәсіптік болып есептеледі. Бір түрі бұғы арнайы шаруашылықтарда өсіріліп жас мүйіздерінен пантокрин деген дәрі жасалынады. ТМД – да 3 түрі, Қазақстанда нағыз бұғы деген бір ғана түрі кездеседі. Жетісу және Алтайлық деген екі формасын ажыратады. Таралуы: Бірінші формадағы жануарлар Қазақстанның оңтүстік – шығысында таулы аймақтарда мекендейді, екіншісі – шығыс пен Алтайды мекендейді. Марал – Еуразиядағы ең ірі бұғы. Тек аталықтары ғана мүйізді. Европалық бұғылардан оның айырмашлығы денесінің көлемі, мүйізінің ерекше формасы , көзінің көлемі орналасуы, және өте қысқа құйрығы.Аталықтарының аяқтары ұзын, кең маңдайлы, күшті мойынды. Аналықтары аталықтардан біршама кішірек, ұзын мойынды, басы ірі және құлақтары ұзын. Аналықтарының түсі қыста қара, аталықтары көбінесе ашық -сары.

Page 67: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 67 из 76

Бұғы Үлкен мазама

Кішкене құдыр Кәдімгі құдыр

Тау ақбөкені Личи

Марал Тянь–Шань, Жонғар– Алатауында, Алтайда, Тарбағатайда таралған.Кермарал (Cervus dama) теңбіл түсті. Дене ұзындығы 130-160 см. Иранда, Палестинада, Иракта, Украинада, Беларуссияда таралған. Жазда шөптесін өсімдіктермен, қыста ағаштың қабықтарымен қоректенеді. Буаздығы 7.5-8 ай, 1 кейде 2 бала туады. Негізінен саябақта декоративті жануар ретінде пайдаланады.

Page 68: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 68 из 76

Еліктер тұқымдасы (Capreolinae.) Сипаттамасы: Елік дене тұрқы кішкене, салыстырмалы түрде қысқа келген бұғы. Түсі жазда ақшыл, қыста көкшіл. Дене ұзындығы 100-135 см, биіктігі 75-90см, салмағы 20-37 кг. Таралуы: Еуропада, Кавказда, Иранда, Алтайда, Қытайда таралған.Жапырақты, аралас орманды мекендейді. Шөптесін және бұталы өсімдіктермен, жидектермен, емен жаңғағымен қоректенеді. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімінің ұзақтығы 9 ай, оның 4-4,5 жасырын кезеңіне келеді. Аналықтары 1-2 бала туады. Халық шаруашылығындағы маңызы: спорттық аңшылықтың көзі ретінде пайдаланылады.

Еліктер

Бұлан тұқымдас тармағы (ALcinae). 6-7 түр тармағына бөлінеді, оның 4-5 түрі ТМД-ны, қалған 2 түрі Солтүстік Американы мекендейді. Сипаттамасы: Өте ірі бұғы. Дене ұзындығы 300 см-ге дейін жетсе, биіктігі 235 см және салмағы 580-600 кг. Аяқтары ұзын , кеуде бұлшық еті күшті. Түсі қара – қоңыр. Таралуы: Солтүстік Америка, Еуропа, Азия, Канада да таралған. Орманның әртүрлі аймағын мекендейді. Ағаш-бұтақты өсімдіктермен, саңырауқұлақтармен қоректенеді. Көбеюі және өсіп-дамуы: Жүктілігі 225-240 күн, 1-2 төл туады. Халық шаруашылығындағы маңызы: Аңшылық – кәсіптік маңызы зор. Сұрақтар: 1.Жұптұяқтылар отряды. Күйіс қайтаратындар отряд тармағы. Құдыр, Бұғытұқымдастарына сипаттама беріңдер. 2. Жүйеленуін атаңыздар. 3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай? 4. Көбеюі мен өсіп-дамуы қалай өтеді?Әдебиет: 1-9 (негізгісі), 10-12 (қосымша)

2 Модуль Жұптұяқтылар систематикасы

Page 69: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 69 из 76

14 - тақырып. Жұп тұяқтылар отряды. Күйіс қайыратындар отряд тармағы. Қуысмүйізділер (полорогие) тұқымдасы

Дәріс жоспары:Күйіс қайтаратындар отряд тарамағына сипаттама, систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.Қуысмүйізділер тұқымдасына сипаттама, систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы. Жұп тұяқтылар отряды. Күйіс қайыратындар отряд тармағы. Қуысмүйізділер (полорогие) тұқымдасының сипаттамасы Қуысмүйізділер түқымдасы: (Bovidae) Систематикасы. Түр санына байланысты жұп тұяқтылардың ең ауқымды тұқымдасы, сонымен қатар биологиялық типіне байланысты: ең кішкентай қояннан бастап орасан зор үлкен бұқаларға дейін жеңіл қара құйрықтан көлемді қойларға дейін болады. Тұқымдасты 53 туысы және 115 түрі бар 10 тұқымдас тармағына ажыратуға болады. Тістер жүйесінде жоғарғы күрек және жыртқыш тістері болмайды. Бұлардың бас терісінің бездері жақсы дамыған және де құйрығында, шабы мен тұяқ аралығындағы бездері жақсы дамыған. Дукерлар тұқымдас тармағы (Cephaiophihae). Сипаттамасы: көлемді емес Африкандық бөкенге ұқсас, ең үлкен дегендері еліктің көлеміндей қояннан сәл үлкендеу болады. Мүйіздері қысқа, Артқы аяқтары алдынғыларынан сәл ұзынырақ. Тұқымдас тармағы 2 туысты біріктіреді: бұталы және орманды немесе айдарлы дукерлар.Таралуы: Африканы мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: Буаз болу мерзімі 4 ай шамасында. Аналығы 1- 2 төл туады. Ергежейлі бөкендер тұқымдас тармағы: (Neotraginae) . Сипаттамасы: Тұяқты жануарлардың арасында ергежейлі. Биіктігі 25 см, салмағы 8 – 9кг, реңі біркелкі бурыл, құрсағы ақ түсті. Таралуы: Батыс Африка. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 6 ай шамасында, тек бір ғана төл туады. Винтмүйізді (Бұралған мүйізді) бөкендер тұқымдас тармағы (Tragelaphinae). Сипаттамасы: орташа және ірі көлемді жануарлар мүйізі спираль етіп оралған. Тұқымдас тармағы 10 түрлі 4 туысты біріктіреді. Үлкен куду (Tragelaphinae strepsiceros). Бұл сымбатты ірі бөкен, ашык көгілдір немесе сарғыш сұр түсті жанында жіншке ақ жолақтары болады. Басты әдемілігі мүйізінде спиральды мүйізі 1,5 метрге дейін жетеді.Таралуы: Африкада және Онтүстік Азияда. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 7- 8 ай шамасынд. Халық шаруашылығындағы маңызы: Еуропалық және Американдық аңшылардың басты олжасы. Төрт мүйізді бөкен (Tetracerus quadricornis): Сипаттамасы: Озінің атауының, аталығында 2 жұп мүйізінің болуымен қатар маңдай бөлігінің алдыңғы жағында тағыда 2 жұп қысқа мүйізі болады.

Page 70: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 70 из 76

Үлкен емес сымбатты жануар бурыл түсті, құрсақ бөлігі ақ түсті. Таралуы: орманның жайылымды жерлері, қалың бұталы ормандармен ауысып отыратын орындарды қалайды . Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 180 тәулік шамасында қаңтар немесе ақпан айларында аналығы 1 – 3 төл туады . Сиыр тәрізді бөкен тұқымдас тармағы(Alcelaphinae). Кәдімгі бубалдарды (Alcelapnus), хиролдарды (Dama hunteri), гнуды (Connochaetes) біріктіреді. Сипаттамасы: кәдімгі бубалдар туысы (Alcelapnus) немесе конгалар(A buselapnus)–едәуір ірі бөкен. Реңі жирен, біркелкі. Жіңішкерген және ұзындау басы үлпілдеген құйрығы бар едәуір ірі бөкендер. Тұқымдас 3 туыс және 6 түрді біріктіреді. Таралуы: Африка, Конго, орманы жоқ жазықтықтарды мекендейді. Конгондароте жақсы жүгіреді, тіпті жылқыларда жете алмайды. Көбеюі және өсіп дамуы: буаздылығы 250 – 260 тәулікке созылады, маусымда аналығы 1 – 2 лақ туады. Қызыл кітапқа еңгізілді. Бубал немесе хирола (Dama hunteri). Сипаттамасы: 100 см ұзындыққа дейін жетеді. Реңі жирендеу, көздерінің арасын қосатын ақ түсті көлденең жолағы бар. Мүйізі жіңішке және ұзындығы 66 см шамасында. Таралуы: Хирола 10-20 жануар болып топтап өмір сүреді. Құрғақ, қалың бұталы өскіндер өскен жерлерді мекендейді. Сипаттамасы: гну туысы (Connochaetes). Ірі көлемді жануарлар, ұзындығы 130-145 см, салмағы 250-270см шамасында. Түсінің жалпы реңі көгілдір-сұр түсті. Жануардың қабырға тұсында көлденең қаралау түстегі жолақтар өтеді. Таралуы: Шығыс және Оңтүстік Африканы мекендейді. Саванналарда және кең ауқымды төмендегі жазықтықтарда кездеседі. Көбеюі және өсіп дамуы: гнулардың шағылысу кезеңі сәуір айында басталады. Бұзаулау кезеңі ақпан-наурыз айларында болады. Қылышмүйізді бөкендер тұқымдас тармағы (Nippotraginae). Сипаттамасы : едәуір ірі өкілі-атты бөкен (Nippotraginae equinus). Биіктігі 160 см –ге дейін жетеді, салмағы 300 кг, қатты жалы бар жуан мойны бұл бөкенді атқа ұқсас етіп көрсетеді. Көлемді, өткір, түріктің қылышы сияқтанып бүгілген мүйізі 90-95 см дейін жетеді. Таралуы: Африканың Сахарадан басқа барлық жерлерін мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу уақытының ұзақтығы 270-280 тәулікке созылады. Бір ғана бұзау туады. Су текелері тұқымдас тармағы (Reduncinae). Тұқымдас тармағы 8 түрі бар 3 туысты біріктіреді. Сипаттамасы: ересек бөкендердің биіктігі 120-130 см дейін жетеді, ал салмағы 250 кг. Мүйіздері ауыр салмақты, арасы кең қойылған, аша тәрізді, 1м ұзындыққа дейін өседі. Түсі бурыл-сұр, жануардың сауырында ақ дақ болады. Таралуы : Африканың Сахарадан басқа барлық жерлерін мекендейді.

Page 71: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 71 из 76

Көбеюі мен өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 7-8 ай. Жалпы бұзаулау жауын-шашын кезеңінің басында басталады. Қарақұйрықтар тұқымдас тармағы (Ahtilopihae). Тұқымдас тармағында 7 туыс, 19 түр бар. Сипаттамасы: қарақұйрықтардың аяқтары ұзын, бойының ұзындығы 100-120 см., салмағы 70-85 кг. Түсі біркелкі құмды сұр түсті немесе қоңыр. Басы қара және ашық түсті жолақты суреттермен салынып қойылғандай.Джейран (G subgutturosa) – аяғы ұзын қарақұйрық, дене тұрқы 95-115 см., салмағы 18-33 кг. Аталықтарының мүйізі қара түсті, бүгілген.

Томсонның қарақұйрығы Тар Таралуы : Иран, Ауғанстанда, Монғолияда, Қазақстанда, Өзбекстанда және т.б. Көбеюі және өсіп дамуы: жыныстық жағынан 18-19 айлығында жетіледі. Буаз болу мерізімі 5,5 ай. Сәуір мен мамыр айларында туады. Сайғақтар (киіктер) тұқымдас тармағы (Saiginae). Теке мен қара құйрық аралығындағы жануарлар. Сипаттамасы: Дене тұрқы 100-145 см, биіктігі 55 – 80 см, салмағы 20-50кг. Сайғақтың ең көзге түсетін көрнекісі ауызының үстінен жұмсақ қозғалмалы томпайған мұрны. Мүйізі жартылай мөлдір ашық балауыз түсті, тігінен койылған тәрізді. Таралуы: Монголияны және Европаны т.б. мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: аналықтар лағын бір жасында туады. Теке және қойлар тұқымдас тармағы (Caprinae). 11туыс және 16-20 түрді береді. Сипаттамасы: Горал (Hemorhaedus goral) – жануардың денесі тығыз орналасқан, үй текесін еске түсіреді. Дене тұрқы 106-125 см, биіктігі 70-75 см., салмағы 32-42 кг. Мүйізі қара түсті, ұзындығы 10-23 см. Реңі жирендеу-бурыл немесе сұр. Мұрнынан басы арқылы қара жолақ өтеді. Таралуы : Азия, Қытай, Корея, Тибетті мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 250-260 тәулік. Маусым айында аналығы 1 немесе 2 лақ туады. Қызыл кітапқа енгізілген. Тау текелер туысы (Capra) 8 түрді және 20 түр тармағын біріктіреді.

Page 72: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 72 из 76

Сипаттамасы: жануарлар орташа көлемді, денесі тығыз орналасқан, мықты аяқтары бар. Құйрығының төменгі жалаңаш бөлігіндегі безі жақсы дамыған, бұл без өткір иісті иіс бөледі. Аталықтарының мүйізі қара түсті, қылыш тәрізді бүгілген, аналықтарының мүйізі қысқа. Таралуы: Түркия, Иран, Кавказ, Грузия, Азербайжан, Туркменияда таралған. Көбеюі және өсіп дамуы: анылықтары мен аталықтары бір жылға таяу уақытта бөлек жүреді. Шағылысу мерзімі қараша айының ортасынан желтоқсан айына дейін жүреді. Сәуір-маусым айларының аяғына қарай аналықтары 1-2 лақ туады. Арқар (Ovis ammon). Арқардың 10-11 түрі белігілі. Сипаттамасы: Өте әдемі, сымбатты, денесі жеңіл жануар, аяқтары ұзын, мойны жіңішке және басы жоғары қарай қойылған. Кейбір түрлерінде мойны мен кеудесінде ілгіші бар. Түсі сары немесе қоңыр-сұр. Биіктігі 65-75 см, салмағы 20-4 кг. Таралуы: Үндістанда, Тибетте, Орталық Азияда, Қазақстанда, Еуропа мен Қырымда кездеседі.

1 — меринос; 2 — романовді; з — каракөл; i — сириялық күйрықты

Көбеюі мен өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 155-170 тәулік. Наурыз айының ортасында сәуірде туады. Қарлы қой, чубук (Ovis canadensis) арқардан айырмашылығы денесінің ауырлығында, мойыны қысқа және жуан. Дене тұрқы 148-182 см, биіктігі 95- 115 см, салмағы 70-140 кг. Таралуы: Шығыс Сібірде, Камчаткада, таулы, таудың қиыр беткейлерін жақсы көреді. Көбеюі және өсіп дамуы: аналықтар жыныстық жағынан өздерінің өмірлерінің екінші жылында ғана жетіледі. Ал аталықтары шағылысуға үшінші жылы ғана түседі. Бұқалар тұқымдас тармағы (Bovinae) . Тұқымдас тармаққа 4 туыс және 10 түр кіреді. Сипаттамасы: қуысмүйізділердің ең ірі өкілдері. Көлемді дене тұрқын мықты аяқтары ұстап тұр, ауыр, үлкен, төмендеу орналасқан басында мүйіздері бар. Тұяқ арасында бездері жоқ. Түкті жамылғысы қысқа, денесіне

Page 73: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 73 из 76

жақсы бекіген. Таралуы: Азияда, Африкада, Еуропада, Америкада, Қазақстанда таралған. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 275-315 тәулік. Көбею мерзімі белгілі бір жыл мезгіліне негізделмеген.Бұл тұқымдас тармағына үнді буйволы, гаур, бантенг, қодас, тур, жабайы өгіз жатады.

Аноа Үндіқ буйволы

Бантенг Гаур

Page 74: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 74 из 76

Қодас Тур

Сұрақтары:1.Жұптұяқтылар отряды, қуысмүйізділер тұқымдасына сипаттамасын беріңдер.2. Жүйеленуін атаңыздар.3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

3 Модуль Тақтұяқтылардың систематикасы15 – тақырып. Тақтұяқтылар отряды. Жылқы,мүйізтұмсық, тапир

тұқымдасы.Дәріс жоспары:Тақтұяқтылар отрядына сипаттама, систематикасы.Жылқы, мүйізтұмсы, тапир тұқымдасының сипаттамасы, систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы. Тақтұяқтылар отряды. Жылқы, мүйізтұмсық, тапир тұқымдасының сипаттамасы. Тақтұяқтылар отряды (Pepissodactyla). Жылқы тұқымдасы (Equidat). Сипаттамасы: тақ тұяқты сүтқоректі жануарлардың (тапирден басқасы) аяқтарының осі 3-ші бармағы арқылы өтеді. Бұған бүкіл денесі тұрақтанады. Кейбір түрлерінің жанындағы бармағы дамымаған. Азу тістері күрделі құрылысты себебі эмалі тістің ішінде орналасқан. Отряд 3 тұқымдасқа бөлінеді: мүйізтұмсықтарға, тапирлерге, жылқыларға.Жануарлар топтап өмір сүреді, олар тек Африка мен Азияны мекендейді. ТМД-да қазіргі уақытта бұл тұқымдастың тек жабайы бір түрі ғана сақталған.

Page 75: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 75 из 76

Екінші түрі (тарпан) өткен ғасырдың аяғында құрып кеткен. Жылқылар тұқымдасына құлан, зебра және есек жатады. Құланның сипаттамасы (Equus hemionus): жіңішке аяқты сымбатты жануар. Дене тұрқы 175—200 см; биіктігі 130—150 см. Құлақтары жылқыға қарағанда едәуір ұзын. Жалы қысқа. Құйрығы жіңішке. Ұзын жалы тек оның үшінші бөлігінде ғана өседі. Жүнінің түсі сарғыш-сұр, жоғарғы жағынан қара-бурыл жолақ өтеді. Құланның екі түрі Қылы кітапқа енгізілген (үнділік, сібірлік). Таралуы: Кұлан - жазықтықтар мен жоталы шөлдерді және жартылай шөлді жерлерді, ал өткен уақытта даланы да мекендеген. Табынмен бірге жүреді. Табыннан жас құлындарды туу кезінде және емізу кезінде қалып қояды Көбеюі және өсіп дамуы. Полигамдар, шағылысу кезеңінде неғұрлым күшті айғырлары ұрғашылардың жақтауларын қалыптастырады және ертіп жүреді. Шағылысу кезеңі ақпан айының аяғынан маусымға дейін болады. Буаздылығы 11 ай шамасында, 1 құлын туады. Мезгілді жер ауыстырып отыруға бейім. Зебраның сипаттамасы : үлкен емес жолақты жануарлар. Дене тұрқы 2-2,4 м., биіктігі 1,2-1,4 м., салмағы 350кг. Ашық-сұр немесе бурыл реңді денесінен көлденең қара жолақтар өтеді. Таралуы: Эфиопия, Сомали, Кения және т.б. жерде кездеседі. Көбеюі және өсіп дамуы: бірінші шағылысу кезеңі 13-15 айларында байқалады.Жабайы есек (Equus asinus)– бойы жылқыдан кішкентай. Биіктігі 1,1-1,4 м, басы ауыр, салмақты, жалы кішкентай. Казіргі кезде жабайы есектің екі түрі сақталған (самалийлік, нубийлік). Екі түрі де Қызыл кітапқа енгізілген.Пржеваль жылқысы (Equus сaballus) – типтік жылқы, денесі тығыз орналасқан, басы салмақты, мойны жуан, аяқтары мықты. Реңі құмды-сарғыш түсті. Дене тұрқы 220-280 см., биіктігі 120-146 см., салмағы 200-300 кг. Таралуы: қазіргі кезде табиғатта жылқы мүлдем жоғалып кеткен, бірақ зоопаркте сақталған. Тапирлар тұқымдасы (Tapiridae). Қазіргі кезде бұл түр Оңтүстік-Шығыс Азияда және 3 түрі Оңтүстік Америкада кездеседі. Мүйізтұмсықтардың бірнеше түрін ажыратады (суматрандық, үнділік, явандық, қара). Қара мүйізтұмсықтың сыртқы бейнесінің ақ мүйізтұмсықтан өзгешелігі жоғарғы жақ ерінінің құрылысында. Қара мүйізтұмсықтың ерні үшкірленген және мұрнымен астыңғы ерніне қарай асылып тұрады. Бұл ерінінің көмегімен жануарлар қорегін ұстай алады.

Тапир

Page 76: edu.semgu.kz · Web viewОның 1758 жылы жарияланған 10 басылымында тип, класс, отряд, туыс және түр сияқты таксономиялық

042-18-22 1.8/03-2015 2015ж. № Страница 76 из 76

Сипаттамасы: олардың алдыңғы аяқтарыны 4 бармақтан, ал артқы аяқтарында 3. Тапирлар көлемді жануарлар, салмағы 225-300 кг., дене тұрқы 180-200 см., биіктігі 75-120 см. Басы кішілеу қозғалмалы мұрнымен, көздері кішкентай, құлақтары қысқа, 42-44 тісті. Жоғарғы сыртқы тістері ұзарған. Қалың терісі қысқа түктермен қапталған. Таралуы: Азияда, Еуропада, Америкада таралған. Сазды және бұталы жерлерді мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: буаздылығы 390-400 тәулікке созылады. Мүйізтұмсықтылар тұқымдасы (Phinocerotidae). Сипаттамасы :

Суматр мүйізтұмсығы

Ауыр денелі жануарлар, үш бармақты аяқтары және түкті жамылғысы жоқ қалың терілі. Дене тұрқы 2-4 м, салмағы 1-3,6 т. Таралуы : Оңтүстік-Шығыс Азияда және Африкада. Көбеюі және өсіп-дамуы: буаздылығы 419-550 тәулікке созылады. аналықтары бір ғана төл туады.Сұрақтар :1. Тақтұяқтылар отряды, жылқы тұқымдасына сипаттама беріңдер2. Жүйеленуін атаңыздар.3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?Әдебиеттер : 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)