Деректі киноның дарабозы · 2016-03-01 · шындық,...

43
1 Қазақ ұлттық өнер университеті Ақпараттық-кітапхана қызметі Деректі киноның дарабозы Библиографиялық көрсеткіш Астана, 2016

Transcript of Деректі киноның дарабозы · 2016-03-01 · шындық,...

1

Қазақ ұлттық өнер университеті

Ақпараттық-кітапхана қызметі

Деректі киноның дарабозы

Библиографиялық көрсеткіш

Астана, 2016

2

ӘОЖ 01:7.07(574)

КБЖ 91.9:85.737

О-65

Қазақ ұлттық өнер университеті

Ақпараттық-кітапхана қызметі

Редактор

Кинотанушы, өнертану кандидаты, Қазақ Ұлттық өнер университеті

«Өнертану» кафедрасының доценті Назира Рахманқызы Мұқышева

Құрастырған

Анықтама-библиографиялық және ақпараттық жұмыс

бөлімінің жетекшісі О.Б. Абенова

Ораз Әбішевке 100 жыл: Библиографиялық көрсеткіш / Н. Рахманқызы, О.Б.

Абенова.- Астана: Қазақ ұлттық өнер университеті, Редакциялық басылым

бөлімі, 2016.-

Ақпараттық-кітапхана қызметі құрастырған библиографиялық

көрсеткіш белгілі кино шебері, қазақ деректі киносының негізін қалаған

режиссер Ораз Әбішевтің өмірі мен шығармашылығына арналып отыр.

Библиографиялық көрсеткіш оқытушыларға, студенттер, магистранттар

және көпшілік оқырман қауымға арналады.

3

ОҚЫРМАНҒА

Ақпараттық-кітапхана қызметі белгілі кино шебері, қазақ деректі

киносының негізін қалаған режиссер Ораз Әбішевтің өмірі мен

шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткішті ұсынады.

Библиографиялық көрсеткіште Ораз Әбішевтің түсірген фильмдерінің

фильмографиясы, марапаттары, ол туралы жазылған кітаптар мен мерзімді

басылым беттеріндегі мақалалар, естеліктер, фотосуреттер еніп отыр.

Көрсеткішке қазақ және орыс тілінде жарық көрген материалдар

енгізілді.

Ораз Әбішевтің фильмографиясы хронологиялық ретпен ал, ол туралы

жазылған зерттеулер, естеліктер, сондай-ақ шығармашылығы туралы

мәліметтер әліпбилік жүйемен орналастырылған.

Библиографиялық көрсеткіш кинотанушы, өнертану кандидаты, Қазақ

ұлттық өнер университеті «Өнертану» кафедрасының доценті Назира

Рахманқызы Мұқышеваның кітапхана қорындағы «Кинорежиссер Ораз

Әбішев» және «Ораз Әбішев=Ораз Абишев» атты еңбектерінің негізінде құрастырылды.

Көрсеткіш соңында есімдер көрсеткіші берілген.

4

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану

кандидаты, кинотанушы, профессор, Қазақ Ұлттық

өнер университеті «Өнертану» кафедрасының

меңгерушісі Нөгербек Бауыржан Рамазанұлы

ДЕРЕКТІ КИНОНЫҢ ДАРАБОЗЫ

Ораз Әбішевтің бүкіл шығармашылық ғұмыры қазақ деректі

киносының қалыптасып, дамуымен тығыз байланыста болған. Режиссер өзінің

фильмдерінде өмірдің небір құбылыстары мен оқиғаларын шынайы әрі қаз-

қалпында бейнелеуге тырысты, ал кейбірінде сол өмірдің шын мәнінде қалай

болу керек екендігін көрсетіп, асқақ арманы мен суреткерлік кіршіксіз пәк

көңілін паш етті. Кезінде Совет деректі киносының режиссерлері тек партия

мен үкіметтің нұсқауымен ғана емес, өз жүрегінің әмірімен де өмір

құбылыстарына бояманы жиі енгізді. Өйткені олар айналасындағы тіршілікті

әдемі қалпында көргісі келді, сондықтан бұл шығармаларда мейірімділік пен

үкілі үміттің табы айқын сезіліп, көрерменнің көңіліне жарқын болашаққа

деген сенімді ұялатты. Осы үшін бүгін оларды айыптау әділетсіз, әрі әдепсіз

болар еді. Өйткені кез-келген кинематографистің нақты тарихи уақыттың

аясында өмір сүретіні айтпаса да түсінікті. Мол қаржыға, инвестицияға,

шетелдік продюсерлер мен түсетін пайдаға тікелей тәуелді, арнайы

тапсырмамен түсірілетін фильмдер қазіргі таңда да жиі кездеседі. Алайда бұл

фильмдердің көпшілігі өнер туындысының алтын діңгегіне айналуына тиісті

шындық, адамгершілік сияқты қасиеттерден алыс кеткендігіне сан мәрте куә

болдық. Ал Ораз Әбішевтің фильмдерінің кез-келгенін алып қарасаңыз да,

терең шындыққа құрылғанына көзіңіз жетеді. Себебі, олардың барлығы дерлік

қарапайым адамдар, ауыл еңбеккерлері мен жаңа қалалардың тарихы туралы

әңгіме қозғайды. Ораз аға өзінің әрбір кейіпкеріне сүйіспеншілікпен қарап,

құрметтеп, аса бағалайды және бұл кинопленкада мәңгілік бейнеленіп қалады.

*Н. Рахманқызының «Ораз Әбішев. Ораз Абишев» кітап-альбом.- Алматы: RUAN, 2007.-Б.6.

5

Кинотанушы, өнертану кандидаты, Қазақ

Ұлттық өнер университеті «Өнертану»

кафедрасының доценті Назира Рахманқызы

Мұқышева

Ораз Әбішевтің өмірі мен бүкіл шығармашылығы

еліміздегі деректі киноның қалыптасуы мен даму кезеңдерімен тығыз

байланысты болды. Деректі кинодағы алғашқы жолын кинохроникадан

бастады. Бұл 1944 жыл еді. 1946 жылы өзінің алғашқы деректі фильмін, ал

соңғы фильмін 1986 жылы түсіреді. Қарап отырсаңыз, Ораз Әбішевтің деректі

кинода қызмет еткен осы жарты ғасырға жуық кезеңі кеңес үкіметінің елімізде

үстемдік құрған кезеңімен тұспа-тұс келген екен.

Кеңес үкіметі ә дегеннен кино өнеріне басым назар аударғаны белгілі.

Киноға өзінің идеологиясын жүргізуге ең бір ыңғайлы әрі ұтымды өнер ретінде

қарады. Әсіресе, деректі киноны сол идеологияның басты қаруы ретінде

ұстады. Қысқаша айтқанда, деректі кино кеңес үкіметінің қазақ жеріндегі көзі,

жүрегі, әрі қолы болуы керек еді. Бірақ, Ораз Әбішев қазақ деректі киносын

үкіметтік киноға емес, халықтық киноға айналдыра білді. Қызыл цензураның

қайнап тұрған кезде әркімнің батылы жете бермейтін тақырыптарға баруының

өзі сол кезең үшін ерлікпен пара-пар болды. Халықтың өткені, мәдени мұрасы

туралы көрсетуге, айтуға тиым салған сонау 1960-1970 жылдары осы

тақырыпты қолға алып, бірнеше фильм түсірді. Әрине, ондай батылдыққа бару

үшін, тек халқына деген сүйіспеншілік қана емес, темірдей берік азаматтық

позицияның болуы да өте маңызды еді.

Ораз Әбішевтің халықтық кино жасауының тағы бір дәлелі – қазақ өнері

мен мәдениетінің, әдебиетінің, тарихының қаншама көрнекті өкілдерінің

бейнесін экранда қалдырды. Олардың арасынан күйші Динаны, күш атасы

Қажымұқанды, композитор Мұқан Төлебаевты, ән мен жырдың дүлдүлі Кенен

Әзірбаевты және тағы да басқа көптеген көрнекті тұлғаларды көреміз.

Ораз Әбішев шығармашылығының келесі, өте бір маңызды тұсы –

қарапайым жұмысшылар, құрылысшылар, қойшылар, егіншілер оның

фильмдерінің басты кейіпкерлері болды. Кейіпкерлерінің өмірі мен еңбегін

дәріптеді, оны поэтикалық деңгейге дейін жеткізді.

Ораз Әбішев фильмдерінің тағы бір қыры - барлық фильмдерінің

қантамырында ұлттық әуездің есіп тұратыны. Тіпті, табиғаттың өзін көрсетсе

де, сол әуезді сезіп отырасың. Егер, Шәкен Айманов, Абдолла Қарсақбаев,

Сұлтан Қожықов, Мәжит Бегалиндер қазақ көркемсуретті киносын ұлттық,

халықтық деңгейге көтерсе, тура сол сияқты Ораз Әбішев те қазақ деректі

киносын халықтық, ұлттық деңгейге жеткізді.

6

ОРАЗ ӘБІШЕВТІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Ораз Әбішев 1916 жылы бірінші мамырда бұрынғы Семей облысы,

қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы, Қайнар ауылында дүниеге

келген. Әкесі Әбіш кезінде Абыралы, Қу аудандарында болыс болған. Кеңес

үкіметі жылдарында Қарақаралыда уездік сот қызметін, кейін Семей қаласында

қорғаушы (адвокат) қызметін атқарады. Анасы – Тоқжігітова Зағипа дмбыра

мен сырнайда бірдей ойнап, сызылта ән салатын. Сонымен бірге, он саусағынан

өнер тамған, қол өнер жұмысына шебер болған. Анасының Матай деген

бауыры да тамаша ән салып, Әміре Қашаубаевтың шәкірті атанған.

Бала кезінен Ораз Әбішев тұла бойына жақсы әкеден азаматтық,

мейірімділік, адалдық, парасаттылық қасиеттері, ал ана сүтімен әншілік өнер

дарыды.

Жастайынан өнер бұлағын сусындап өскен Ораз ағаны 1935 жыл жер-

жерден өнерлі жастарды жинап жүрген Әди Шәріпов Семейден Алматыға оқуға

алып келеді. Сөйтіп, ол 1936 жылы екі жылдық актер мектебіне оқуға

қабылданады. Алматыдағы Қазақ музыка театрында әнші болған Ораз Әбішев

Құрманбек Жандарбеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Қанабек Байсейітов сынды

қазақтың талантты перзенттері мен бірге сахнаға шығып, үлкен өнер

мектебінен өтеді. «Жалбыр» операсында Қанабек Байсейітовтың дублері

ретінде Міржақып Дулатовтың ролін ойнайды. «Ер Тарғын» операсында –

Сыпыра жыраудың, «Айман-Шолпанда»- Өзбектің, «Қыз Жібек» операсында -

Сансызбай рольдерін сомдаған болашақ кино шебері 1936 жылы Москвада

өткен қазақ мәдениеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып өнер көрсетеді.

Ораз ағаның әншіліктен өнердің басқа саласына ауысуының тарихы бар.

1938 жылы Ашхабадқа қазақ өнерінің онкүндігіне барған сапарында тамағына

суық тиіп, сырқаттанады да сахнаға шыға алмай қалады. Алматыға қайтып

келген соң Құрманбек Жандарбеков: «Дауыс дегенге аса сенім жоқ. Кино

мамандарын дайындайын деп жатыр. Қабілетің бар ғой, киноға ауыссаң

қайтеді?!» - деп ағалық ақылын айтады. Осы кезден бастап әнші Ораз Әбішев

өмірінде жаңа шығармашылық белес басталады. Сөйтіп, ол 1939 жылы

Қазақстанда енді бастау алып келе жатқан кино өнерін игеруге батыл қадам

жасайды.

Міне, сол кезден бастап, алпыс жылға созылған тынымсыз еңбектің

жемісі – «Тастағы таңбалар», «Көгілдір арал», «Абсент», «Тарихпен сұхбат»,

«Сынақ», «Жетісу жұлдыздары», «Қалыбайдың бағы», «Жыраулар», «Аталар

жолымен», т.б. тамаша деректі фильмдер. Сондай-ақ, Ораз Әбішевтің

шығармашылығында өнер, соның ішінде қазақ халқының өнерпаз, ардақты ұл-

7

қыздары туралы фильмдері жиі орын алады Бұл кездейсоқ емес еді. Себебі, О.

Әбішевтің өзі жастайынан өлең-жырмен сусындап өскен. Өнердегі алғашқы

жолын әнші болудан бастады. Сондықтан да болар, ол «Дина» Дина Нұр-

пейісова, «Ән мен жыр дүлдүлі» Кенен Әзірбаев, «Мұқан Төлебаев» Мұқан

Төлебаев туралы т.б. «Халық таланттары», «Құрманғазы атындағы оркестр»,

«Сәлем, Москва», «Қазақстан әндері», «Арман аралы», «Кеншілер әулеті»,

«Желден жүйрік» т.б. құнды туындылары ұлттық рухымызды, мәдениетімізді

шыңдауға қызмет ететін қазына болып табылады.

«Дина» атты фильм өнер адамдары туралы фильмдер сериясының

көшбасшысы.

Ә.Оразбаев деректі фильмдері үшін Қазақстанның Мемлекеттік

сыйлығын алған. “Октябрь Революциясы”, екі мәрте “Құрмет белгісі”,

Қазақстан Республикасының «Отан» ордендерімен марапатталып, «Экран

шебері» атағын иеленген.

Рахманқызы, Н. Кинорежиссер Ораз Әбішев = Ораз Абишев

/ Н. Рахманқызы.- Алматы: Қазақстан:Шапағат, 1998.- 176 бет

8

Ораз Әбішев шығармашылығының хронологиясы

1936 ж. Бүкілодақтық кинематографистер институтының екі жылдық курсының

актерлік факульететін бітіреді.

1936 ж. Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиет және өнері І онкүндігінің

мүшесі.

1936 ж. Абай Атындағы Қазақ мемлекеттік опера театрының хор әртісі, солисі.

1938 ж. Алматыда Қазақ музыкалық театры (қазіргі Қазақ академиялық опера

және балет театры) жанындағы студияны бітірген.

1939 ж. Мәскеуден режиссерлік факультетінде оқыған.

1944-1986 ж.ж. Ораз Әбішев «Қазақфильм» киностудиясының режиссері

1957 ж. КСРО кинематографистер одағының мүшесі

1976 ж. Қазақ балаларды қорғау комитетінің мүшесі.

Марапаттары мен наградалары

1950 ж. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері

1957 ж. «Тың жерлерді игергені үшін» медалі

1959 ж. Қазақстан Республикасының Халық әртісі

1959 ж. «Құрмет белгісі»

1971 ж. Қазан Революциясы ордені

1974 ж. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

1986 ж. Еңбек Қызыл Ту ордені

2005 ж. «Отан» ордені

9

«Әр халықтың қанында ұлылықтың дәні, нәрі бар.

Кинематографистердің міндеті асыл дүниенің уыз нәрін

тап басып тауып, кіршіксіз таза күйінде халыққа,

қалың елге ұсына білу».

Режиссер Роберт Флаэрти

ОРАЗ ӘБІШЕВ ТУРАЛЫ ОЙЛАР

«Ораз Әбішевтің өнері ұлттық идея мен рухқа, намысқа негізделген. Ол

кісінің жасаған дүниелері қазақ халқының көркем деректі шежіресі, яғни

қазіргі заман үшін өте бағалы және бағасы ғасырлар өткен сайын арта

түсетіні күмәнсіз. Өйткені, «біздің ата-бабаларымыз ХХ ғасырда қалай өмір

сүрді, немен тыныстады, нені армандады» деп сұрайтын келер ұрпаққа Ораз

Әбішевтің шығармалары адастырмай, анық жауап береді».

Сәбит Досанов, жазушы

М. Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері

«...Сол кезеңнің қырағы «қатал» цензурасына жалтақтамай, ата-

бабамыздың тарихы, өнері мен мәдениетін ежелгі ғасырлар қойнауынан

аршып алып, халқына қайта ұсынған режиссердің тарапынан болған нағыз

азаматтық және батыл қадам еді. Бұл - өз ұлтының тағдыры мен

болашағына алаңдаушылық білдіріп, бейберекет қарамайтын үлкен жүректі

тұлғаның ғана қолынан келетіні белгілі».

Олжас Сүлейменов, ақын,

Қазақстанның халық жазушысы

«Режиссер Ораз Әбішев үшін ең қымбат, ең маңыздысы – ақиқат пен

әділеттілік болатын. Сол себепті, оның барлық фильмдері шынайы болып

шықты. Біз үшін Ораз Әбішұлы шыңырау шыңындағы Ұстазға айналды және

солай болып қала да береді...»

Болат Нүсімбеков, кино операторы

«Ораз Әбішұлы өз ісін үлкен шеберлікпен, аса жауапкершілікпен

атқарды. Әрдайым өзіндік ерекшелігі бар жаңа кейіпкерді экранға алып келіп,

халық шығармашылығының қайнар көзі мен шынайы өмірді бейнелеп

отырады...»

Юрий Резников, кинодраматург, редактор

«Ораз Әбішұлы өз ғасырының азаматы, өз халқының перзенті, өз

замандастарының көрнекті өкілі. Қазіргі уақыт – өткен мен келешек

жолындағы бекет.Себебі, ертең қазіргіміз өткен уақыт болып, болашақ ұрпақ

10

кезеңі де келер. Сонда олар жаңарған елдің өткен елу жылын Ораз

Әбішұлының фильмдерінен тамашалайтыны анық».

Сламбек Тәуекел, кинорежиссер,

Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері

«Режиссер Ораз Әбішев халқына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін өзі

түсірген фильмдері арқылы білдірді. Орекеңнің жарты ғасыр ішінде түсірген

деректі шығармаларының барлығы қазақ халқының мерейін өсіріп, рухын

көтеретін жыр жолдары десе де болады. Бір сөзбен айтсақ, Ораз Әбішев –

қазақ ұлттық деректі киносының Классигі».

Владимир Татенко, кинорежиссер,

Қазақстан өнерінің еңбек сіңірген қайраткері

«Орекең нағыз арманшыл, асқақ ойдың адамы. Сондықтан, оның

барлық фильмдері де табиғат және адамға деген ерекше сезім мен шынайы

ықылас көрініс тапқан. Өзінің әрбір кейіпкеріне: жас па кәрі ме, шопан әлде

ғалым ба, металлург әлде өнер адамы ма, барлығына бірдей құрметпен әрі

сүйіспеншілікпен қарайды».

Ләйлә Ғалымжанова, Қазақ ССР мәдениет министрі (1961-67 жж.),

Қазақ ССР мемлекеттік кино комитетінің төрайымы (1977-80 жж.)

11

ОРАЗ ӘБІШЕВКЕ...

Айғақты киномыздың ақсақалы Ораз Әбішевке:

О бастан өнер үшін жаратылған,

Жаныңда парасатты сана тұрған.

Ұлтыңның ұлағатты ұлы атанып,

Тұр биік, Ораз аға, дара тұлғаң!

Марапат нар тұлғаңа жарасады,

Кім бұған шәк келтіріп таласады.

Қиялдың құдығынан қазып алып.

Туғыздың талдай дерек, тамашаны!

Жарасар азаматқа жақсы атағы,

Ел сыйлап еңбегіңді жақсы атады.

Ұлтыңның тарихында ең алғашқы

Атандың деректі фильм ақсақалы.

..............................................................

Сейтқали Қалыбекұлы

Абыралы аймағы, Қайнар ауылы.

26 қазан, 2002 жыл

АЗАМАТ

«Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды,

Ер туып жоқ елді бар қыла алмайды»-

Деп кеше ақын Иса жырға қосқан

Бүгін сөз айтулы абзал аға жайлы.

Дегеннің ер азамат мәні бөлек

Тәптештеп айтып берем несін дерек.

Ісімен, ел сүйсінер өнерімен

Азамат көптен биік тұрса керек.

Деген бар ел мұраты – ер мұраты,

Шығады азаматымен елдің аты.

Атса оқ, шапса қылыш, ізгі жүрек

Ісінен танылады тегі, заты

Айтулы ер азамат Ораз Әбіш

Есімі ел қазаққа әбден таныс.

Ақырын жүріп, анық басып көпке

Еліне сыйлағаны тау-тау табыс.

12

Айтулы ұмыт қалмаған ұлы-қызы

Бәрінің әрекеті жарқын жүзі.

Деректі кино фильмі көз алдыңда

Сайрап жатыр өткен жол, қалған ізі.

Өткерген іс халықтық жатқан қайнап

Тізіліп көз алдыңнан өтеді сайрап.

Өнер мен әдебиет ұлылар

Кәдімгі тірі қалпы жүр гүл жайнап.

Өткенді көріп, танып масайрадық

Еңбегің сан-сан ғасыр жасайды анық.

Өнерде салған жолың қызықтырып,

Толғанып көрер талай жас ойланып.

Тұрсынхан Әбдрахманқызы,

Қазақстанның халық жазушысы,

филология ғылымдарының докторы.

05.05. 2011 жыл

ОРАЗ ӘБІШҰЛЫНА

Өмір-өзен. Ізгілерге нұрлы өткел,

Ізгілікті түсінгендер құрметтер.

Сізсіз аға, өнегелі ӨНЕРДЕ

Із қалдырған парасатты суреткер.

Ғұмырыңыз болған емес мәнсіз де,

Тұғырыңыз болған емес әлсіз де.

Даналықтың дәнін сепкен ӨМІРДЕ

Даламыздың қасиеті бар сізде.

Бұл өмірден өкінішсіз өтті кім?

Бейуақытта тербегенмен текті мұң...

Әппақ тілек тілейміз біз СІЗГЕ аға

Биік рух аласармас деп бүгін!

Күләш Ахметова – Қайырбек Асанов,

Мамыр, 1996 жыл

13

ОРАЗ ӘБІШЕВТІҢ АЙТҚАН ҰЛЫ СӨЗДЕРІ

Деректі киноның көш басында

« - Мен бақытты жанмын. Өйткені өнерге келген алғашқы күннен

бастап, Құрманбек Жандарбеков, Манарбек Ержанов, Ғарифолла

Құрманғалиев, Қанабек Байсейітов сияқты тағы басқа қазақтың біртума

марқасқалары, Ал кино өнерінде Георгий Рошаль, Моисей Левин сияқты

талантты адамдар алғашқы ұстаздарым болды.

Олардан алған тәлім-тәрбием шыншыл өнер жасауға, ешкімге

ұқсамайтын өзіндік соқпағыңды салуға, әр дайым адал азаматтың позициясын

ұстануға баулыды... »

Кейіпкерге барар жолда

« - Кейіпкердің ішкі жан дүниесін, рухани әлемін түсіну үшін, олармен

жақын араласу керек. Сонда ғана олар саған сеніп, камера алдында ашыла

түседі. Бір қызығы олардың әрі қарайғы тағдырына, өсу жолына кино өнерінің

көмектесетін құпия бір заңдылығы бар. Өйткені, кино өнерінің адамның

бойындағы ешкімге ұқсамайтын ерекшелігіне назар аудартатын сиқыры

бар...»

Экранда кейіпкер тұлғасы

« - Менің фильмдерім менің кейіпкерлерім... Менің жеке әрі

шығармашылық өмірбаяным олармен біте қайнасып кеткен Ұлы Абай, аты

аңызға айналған Қажымұқан, даңқты ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының

батыры Талғат Бигелдинов, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда

Алдабергенов, өнер дүлдүлдері Дина Нұрпейісова, Мұқан Төлебаев, Ахмет

Жұбанов, Кенен Әзірбаев...

Кино музасы қаншама адамдармен танысуыма, араласуыма көмектесті

десеңізші...»

Туған жер тұғырың

« - Адам – Жер-Ананың төл перзенті. Құдіреттің адамзат баласына сыйлаған

ең қасиетті байлық – тамаша табиғаттың аясында өмір сүріп келеді. Жер-

Ананы күтіп-баққан адам өзінің де, өзгенің де өміріне бақыт пен сұлулық алып

келетіні белгілі.

14

«Өлкесіне қарап, жігітін таны» деген қазақтың мақалы бекер айтылған жоқ.

Адам баласын алға жетелейтін де, жігерлендіретін де-туған жеріне деген

шексіз сүйіспеншілік...»

Көне дүние күмбірі

« - Соңғы кезде «көшпенділер өркениеті» жайлы, ата бабамыздан қалған

теңдесі жоқ ұлттық мәдени мұра туралы жиі айтылып жүр. Меніңше

көшпенділердің мәдениеті мен өркениетіндегі ең басты ерекшелік – өзінің

қоршаған ортамен, табиғатпен үйлесімділікте өмір сүре білу. Егер адам

табиғатпен үйлесімділікте ғұмыр кешсе, оның дені де, тәні де, санасы да

дертке ұшырамайтыны белгілі. Ежелгі көшпенді халықтың ұлылығы осы

үйлесімділікте жатса керек..»

Кешегі мен бүгінгі күннің рухани байланысы

« - Өзгелерге қарағанда, деректі кино шеберінің адамдардың

дүниетанымы мен сана-сезіміне өмірдің өзі енгізген маңызды өзгерістерді

бақылауына мүмкіндігі мол...

Егер фильмдерінде шынай өмір туралы ойлары мен толғаныстарының

өзіндік жүйесі, ерекше бейнелік құрылымы қалыптасып, көңіліндегі сансыз

сұрақтары мен арманы туралы көрерменмен бөлісі алса, онда ол – режиссер

үшін нағызсуреткерлік жолдың басталғандығының, ал кинематографтың

шынайы өнерге айналғанының белгісі...»

15

ФИЛЬМОГРАФИЯ

1946

1. «Біздің колхоз «Қызыл Ту» («Наш колхоз «Кызыл Ту»). 3 бөлімді.

Сценарий авторлары – О.Әбішев, Б. Мотвеев. Операторы – И. Гитлевич.

Музыкасы – А. Хамиди. Дыбыс операторы – С. Брук.

1947

2. «Дина» («Дина»). 3 бөлімді. Сц.авт.- К. Сатыбалдин. Реж.- О. Әбишев.

Операторы – М. Аранышев

3. «Біздің рапорт» («Наш рапорт»). 3 бөлімді. Киноочерк. Сц.авт.- Э.

Файк, Г. Иодко. Реж. - Э. Файк, Реж. - О. Әбішев. Опер - М. Аранышев, Г.

Новожилов, В. Зайцев, И. Чикноверов, Н. Кононов, Я. Смирнов, И. Тынышпаев,

А. Кулаков, А. Колесников, А Коваль, М. Сағымбаев, Ф. Абслямов, Б. Сигов,

Дыб. опер. – Г. Мирошниченко

1949

4. «Қазақстан әндері» («Песни Казахстана»). 2 бөлімді киноочерк. Сц.

авт.- Р. Кармен, А. Баргин, Реж. - Реж. - О. Әбішев. Опер. - Н. Кононов, И.

Бессарабов, Муз. көркемдеуші - С. Шавельский

5. «Алыс жайлауда» («На дальных пастбищах»). 1 бөлімді киноочерк.

Сц. авт.- А. Баргин. Реж. - Реж. - О. Әбішев. Опер. - И. Гитлевич. Дыб. Опер. –

Б. Ұзақов. Опер.асс. –Т. Садахметов. Реж. асс. – Г. Багутдинов. Муз.

көркемдеуші - С. Шавельский

6. «Гүлденген дала» («Преображенная земля»). 2 бөлімді киноочерк. Сц.

авт.- Г. Иодоко. Реж. - Реж. - О. Әбішев. Опер. – М. Араниязов. Опер.асс. – М.

Додонов. Дыб. опер. – Е. Нестеров. Муз. көркемдеуші - С. Шавельский

1954

7. «Халық таланттары» («Народные таланты»). 4 бөлімді. Сц. авт.- В.

Шрейберг. Реж. - О. Әбішев. Опер. – И. Чикноверов, М. Аранышев Дыб. опер.–

Г. Мирошниченко.

16

8. «Абай» («Абай»). 1 бөлімді киноочерк. Сц. авт.- В. Рапопорт, О. Әбішев.

Реж. - О. Әбішев. Опер. – О. Зекки, М. Додонов, И. Беляков. Дыб. опер. – Е.

Додонова.

1955

9. «Құрманғазы атындағы оркестор» («Оркестор им. Курмангазы») 1

бөлімді киноочерк. Сц. авт.- В. Рапопорт, О. Әбішев. Опер. – С. Шарипов. Дыб.

опер. – Л. Додонова.

10. «Тың өлкесіндегі совхоздар құрылысында жергілікті

материалдарды қолдану» («Использование местных материалов в

строительстве совхозов на целине»). 2 бөлімді киноочерк. Сц. авт.- Қ.

Сиранов. Реж. - О. Әбішев, Я. Смирнов. Опер. - А. Колесников, Г. Новожилов.

С. Шарипов. Дыбыс. опер. - Л. Додонова. Муз. көркемдеуші - Я. Коран.

1956

11. «Бақытты балалық шақ» («Счастливое детство»). 1 бөлімді деректі

фильм. Сц. авт.- В. Рапопорт. Реж. - О. Әбішев. Дыб. опер. – Г. Мирошниченко.

Муз. көркемдеуші - В. Поляков

12. «Біздің қалада» («В нашем городе»). Киноочерк. Сц. авт.- Ф. Спивак.

Реж. - О. Әбішев. Опер. – И. Чикноверов, Дыб. опер. – В. Поляков

13. «Көркемөнерпаздардың байқауы» («Смотр художественной

самодеятельности»). 3 бөлімді хроникалық фильм. Реж. - О. Әбішев. Опер. –

И. Чикноверов, О. Зекки. Дыб. опер. – Я. Харон. Реж. асс. – К. Бесполова, А.

Гусе, В. Васильченко.

14. «Ауылдан келген қыздар» («Девушки из аула»). 1 бөлімді деректі

фильм. Реж. - О. Әбішев. Дыб. опер. – Г. Мирошниченко. Текст - Ф. Спивак.

Муз. көркемдеуші - В. Поляков.

1959

15. «Қазақ жерінде» («На земле Казахстана»). 2 бөлімді киноочерк. Сц.

авт.- А. Ахметова. Реж. - О. Әбішев. Опер. – Ю. Стебут, Ю. Гибов, В. Шаталов.

Дыб. опер. – В. Поляков. Дир. – Д. Оразов, Р. Хангильдин.

17

16. «Екінші тың шақырады» («Зовет вторая целина»). 2 бөлімді

киноочерк. Сц. авт. – А. Жәмшиев. Реж. - О. Әбішев. Опер. – М. Сағымбаев.

Дыбыс. опер.- В. Поляков. Дир.- Т. Оразов.

17. «Сәлем, Москва» («Сәлем, Москва»). 3 бөлімді киноочерк. Сц. авт.- В.

Рапопорт. Реж. - О. Әбішев. Опер. – М. Сағымбаев, А. Фралов Дыбыс. опер.- В.

Поляков. Текст - В. Рапопорт.

1960

18. «Жаңа адам өсіп келеді» («Растет человек»). 1 бөлімді деректі фильм.

Сц. авт.- Г. Жданов, О. Әбішев. Реж. - О. Әбішев. Опер. – М. Сағымбаев.

Дыбыс. опер.- В. Поляков. Ред. – Ю. Симаранов.

19. «Баянауыл» («Баян-ауыл»). 1 бөлімді деректі фильм. Авт.- О. Әбішев,

Т. Оразов. Реж. - О. Әбішев. Опер. – М. Тынышпаев. Опер. асс.- Ю. Литвяков.

Дир. – Т. Оразов.

20. «Сенімен бірге» («С тобой рядом»). 5 бөлімді деректі фильм. Сц. авт.-

А. Медведкин, А. Кузнецов. Реж. - О. Әбішев. Опер. – С. Шарипов, М.

Беркович, В. Васильченко, И. Гитлевич, Ю. Литвяков. Текс – М. Садкович.

Дыбыс. опер.- В. Поляков.

21. «Достармен бірге» («Если рядом друзья»). 1 бөлімді киноочерк. Сц.

авт.- В. Рапопорт. Реж. - О. Әбішев. Опер. – М. Сағымбаев, И. Чикноверов.

Дыбыс опер.- В. Поляков.

22. «Шопанның досы әрі көмекшісі» («Друг и помощник чабана»). 2

бөлімді киноочерк. Сц. авт.- Л. Шнайдерман. Реж. - О. Әбішев. Опер. – Б.

Якупов. Дыб. опер. - У. Дәулеткалиев. Кеңесшілер- И. Кржипов, Ю. Пальциков.

23. «Үнемі сапарда» («Всегда в пути»). 2 бөлімді киноочерк. Сц. авт.- О.

Әбішев, Г. Емельянов. Реж. - О. Әбішев. Опер. – М. Сағымбаев. Дыб. опер. - У.

Дәулеткалиев.

24. «Жастық шақ шақырады» («Юность зовет»). 1 бөлімді киноочерк.

Сц. авт.- В. Рапопорт. Реж. - О. Әбішев. Опер. – М. Сағымбаев. Дыбыс опер.- В.

Поляков.

25. «Жұмысшы қыздар» («Рабочие девчата»). 2 бөлімді деректі фильм.

Түрлі-түсті. Сц. авт.- Ф. Спивак. Реж. - О. Әбішев. Опер.- Ян Вон-Сик. Дыбыс

опер.- С. Першин.

18

26. «Терең іздер» («Глубокие следы»). 1 бөлімді киноочерк. Сц. авт. мен

реж. - О. Әбішев. Опер.- Ян Вон-Сик. Дыбыс опер.- В. Поляков. Ред. - Ф.

Спивак.

27. «Тың өлкесі» («Целинный край»). 1 бөлімді киноочерк. Сц. авт.- В.

Байдерин. Реж. - О. Әбішев. Опер. – М. Сағымбаев, Зайцев, Каравлев, Дыбыс

опер.- В. Поляков.

28. «Бір жаздағы бес кездесу» («Пять встреч одного лета»). 2 бөлімді

деректі фильм. Сц. авт. - О. Әбішев, М. Портной. Реж. - О. Әбішев. Опер. – М.

Дуганов, М. Сағымбаев. Дыбыс. опер. – С. Першин.

1966

29. «Қазақстан миллиарды» («Есть казахстанский миллиард»). 2

бөлімді деректі фильм. Сц. авт. - Ю. Симаранов. Реж. - О. Әбішев. Опер. – В.

Будинский.

1967

30. «Өнер № 1» («Искусство №1»). Сц. авт. – Э. Рассохина. Реж. - О.

Әбішев. Опер. –И. Гитлевич, М. Дуганов. Ред. – М. Портной.

31. «Біздің Қазақстан» («Наш Казахстан»). 1 бөлімді. Сц. авт. – О.

Әбішев. Реж. - О. Әбішев. Опер.- Ян Вон-Сик, А. Колесников. Ю. Литвияков, И.

Антонов.

1968

32. «Апа» («Апа»). 1 бөлімді киноочерк. Сц. авт. – О. Әбішев, Б. Ғабитов.

Реж. - О. Әбішев. Опер. – Б. Гутлин. Дыбыс опер.- В. Поляков.

33. «Қазақстан спорты» («Казахстан спортивный»). Киноочерк. Сц. авт.-

В. Рапопорт. Реж. - О. Әбішев. Опер.- И. Гитлевич, М. Сағымбаев, В.

Васильченко. Дыбыс опер.- В. Поляков.

34. «Тастағы таңбалар» («От надписи на камне»). 2 бөлімді. Сц. авт.- А.

Тойғанбаев, А Жиреншин. Реж. - О. Әбішев. Опер.- Ян Вон-Сик, Б. Якупов.

Дыбыс опер.- У. Даулеткалиев. Ред.- К. Калпакова. Дир. – Т. Оразов.

1969

19

35. «Ашық алақан сыры» («Тайна раскрытой ладони»). 1 бөлімді. Сц.

авт. – А. Медеуов. Реж. - О. Әбішев. Опер.- М. Дуганов. Дыб. опер. - У.

Даулеткалиев. Ред. – К. Колпакова. Дир. – Т. Оразов.

36. «Туған күніңмен, Қызылорда» («С днем рождения Кызыл-Орда»). 1

бөлімді киноочерк. Сц. авт. және реж. - О. Әбішев. Опер. – Ф. Абслямов, В.

Арыстанбеков. Дыб. опер. - С. Першин. Ред. – К. Колпакова. Дир. – Т. Оразов.

37. «Бір хаттың ізімен» («По следам одного письма»). 2 бөлімді

киноочерк. Сц. авт. - О. Әбішев, М. Портной. Реж. - О. Әбішев. Опер. – Б.

Гутлин, Е. Беспрозванных. Дыб. опер.- С. Поляков. Ред. – К. Колпакова. Дир. –

Б. Қажымұқанов.

1970

38. «Арман аралы» («Остров мечты»). 1. бөлімді киноочерк. Сц. авт.

және реж. - О. Әбішев. Опер. – Ф. Абсалямов, В. Арыстанбеков. Дыб.опер.- Г.

Бурмистрова. Ред. –К. Колпакова

39. «Шахтерлер әулеті» («Династия шахтеров»). 1 бөлімді. Сц. авт. – В.

Татенко, Ю. Литвяков. Реж. - О. Әбішев. Ред. – К. Колпаков. Дыб.опер.- Г.

Бурмистрова. Дир. – П. Милай.

40. «Желден де жүйрік» («Опережая ветер»). 1 бөлімді киноочерк. Сц.

авт. және реж. - О. Әбішев. Опер. – В. Васильченко. Ред. – П. Мироголов.

Дыб.опер.- Г. Бурмистрова. Дир. – П. Милай.

41. «Достар құшағында» («Объятия друзей»). 2 бөлімді. Сц. авт. – Д.

Снегин. Реж.- О. Әбішев. Опер. – А. Колесников, В. Белялов, П. Меньшиков.

Дыб. опер.- С. Поляков. Ред. – В. Лаврова. Дир. – К. Палтушев.

1973

42. «Мұқан Төлебаев» («Мукан Тулебаев»). 2 бөлімді. Сц. авт. – Ж.

Рсалдин, С. Нарымбетов. Реж. - О. Әбішев. Опер. – Б. Қадырбеков. Дыб. опер. -

У. Даулеткалиев, Г. Бурмистрова. Ред.- Б. Жеребко. Дир. – Г. Ефимов.

43. «Тарихпен тілдесу» («Диалог с историей»). 2 бөлімді түрлі-түсті

деректі фильм. Сц. авт. – Х. Арғымбаев, Л:. Енисеева. Реж. - О. Әбішев. Опер.

20

– Б. Дауылбаев, Дыб. опер. –Л. Додонова. Ред. –В. Лаврова, Ю. Резников. Дир.

– П. Милай.

44. «Л.И. Брежнев - Қазақстанда» («Л.И. Брежнев в Казахстане»). 2

бөлімді түрлі-түсті деректі фильм. Сц. авт. – Х. Шаңғытбаев. Реж. - О. Әбішев.

Опер. – А. Мищенко, В. Васильченко. Дыб. опер. – В. Поляков. Дир. - К.

Колтушев.

45. «Кенен Әзірбаев» («Крылья Кенена»). 2 бөлімді деректі фильм. Сц.

авт. – Ә. Тарази, О. Әбішев, Қ. Сиранов. Реж. - О. Әбішев. Опер. – В.

Васильченко. Дыб. опер. – З. Абикенова. Муз. ред. – Н. Тілендиев. Ред. – В.

Мироголов. Дир. – О. Жүнісов.

46. «Сапардың жалғасуы» («Продолжение пути»). 1 бөлімді киноочерк.

Сц. авт. – О. Әбішев, Б. Жеребко. Реж. - О. Әбішев. Опер. – В. Васильченко.

Дыб. опер. – В. Додонова. Ред. – В. Лаврова.

47. «Абсент» («Абсент, сын Араба и Баккары»). 1 бөлімді. Сц. авт. – О.

Әбішев, А. Бекмухамедова. Реж. - О. Әбішев. Опер. – А. Байұзақов. Дыб. опер.

– В. Поляков. Ред. – Ю. Резников. Дир. – М. Омаров.

1975

48. «Мәукеннің атамекені» («Земля Маукена»). 2 бөлімді. Сц. авт. – М.

Фельд, О Әбішев. Реж. - О. Әбішев. Опер. - Ян Вон-Сик, Р. Сабиров. Дыб.

опер. – Г. Бурмистрова. Ред. – Б. Жеребко. Дир. – И. Слабченко.

49. «Жетісу жұлдыздары» («Звезды семиречья»). 1 бөлімді. Сц. авт. және

реж. - О. Әбішев. Опер. - Ян Вон-Сик. Ред. – В. Миронов. Дир. – О. Жүнісов

1977

50. «Сын сағаты» («Испытание») 2 бөлімді. Сц. авт. – О. Әбішев, В.

Миронов. Реж. - О. Әбішев. Опер. – К. Аманбаев, В. Глазунов, А. Байұзақов,

Ю. Шавкун, В. Боярский, Ян Вон-Сик, Е. Беспрозванных. Дыб. опер. – Г.

Бурмистрова. Ред. – Б. Жеребко. Дир. – Ю. Федоров.

21

1978

51. «Қажымұқан» («Его звали Хаджи Мукан»). 2 бөлімді. Сц. авт. – А.

Бүркітбаев. Реж. - О. Әбішев. Опер. – Э. Боярский. Дыб. опер. – Г.

Бурмистрова. Ред. – Б. Жеребко. Дир. – Н. Ашканова, Қ. Бекмаханбетов.

1979

52. «Талғаттың биік аспаны» («Высокое небо Талгата»). 2 бөлімді. Сц.

авт. – А. Сулеева, С. Райбаев. Реж. - О. Әбішев. Опер. – С. Махмұтов. Дыб.

опер. – С. Першин. Ред. – Б. Жеребко. Дир. – А. Кәрімбаев.

53. «Жылқы шаруашылығы» («Мясомалочное коневодство»). 2

бөлімді. Сц. авт. – В. Белкобыленко, К. Даутов. Реж. - О. Әбішев. Опер. – С.

Сухов. Дыб. опер. – Г. Бурмистрова. Ред. – Г. Белянин. Дир. – Қ.

Бекмаханбетов.

1984

54. «Қалыбай бағы» («Сад Калыбая»). 1 бөлімді түрлі-түсті деректі

фильм. Сц. авт. – Т. Абдулхалықов. Реж. - О. Әбішев. Опер. – К. Аманбаев,

Дыб. опер. – О. Қожанов. Ред. – Б. Жеребко. Дир. – Ю. Федоров.

1985

55. «Өнерлі өрендер ұясы» («Черты прекрасного»). 1 бөлімді түрлі-түсті

деректі фильм. Сц. авт. – А. Жағанова. Реж. - О. Әбішев. Опер. – С. Сухов.

Дыб. опер. – О. Қожанов. Дир. – Т. Буренкова.

56. «Рәпия» («Рапия»). 1 бөлімді. Сц. авт. – С. Сухов. Реж. - О. Әбішев.

Опер. – Б. Нүсімбеков. Дыб. опер. – О. Қожанов. Ред. – М. Арынғазиева. Дир.

– М. Омаров.

1986

57. «Ысқақовтың он екінші биігі» («12-я» высота Искакова). 2 бөлімді.

Сц. авт. – Б. Жамкенов. Реж. – О. Әбішев. Опер. – Б. Нүсімбеков. Дыб. опер. –

О. Қожанов. Ред. – Б. Жеребко.

22

Ораз Әбішев туралы мерзімсіз (кітаптар) басылым беттерінде

58. Айнагулова,К. Тенденции развития киноискусства

Казахстана [Текст]: Институт литературы и искусства имени М. О. Ауэзова / Кульшара Айнагулова (киновед, кинокритик), Катеш Алимбааева.- Алма-Ата:

Гылым, 1990.- С.125-159.- 1581 [2] с.

59. Айнагулова,К. Документальное киноискусство 60-70-х годов [Текст]:

//Очерки истории казахского кино. Алма-Ата: Наука, 1980.-С. 208-239.- 270 с.

60. Әбішев Ораз [Мәтін] // Қазақстан Ұлттық энциклопедия/ Бас редакторы: Ә. Нысанбаев.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.- Б.626.- ISBN

5-89800-123-9.- 720 б.

61. Әбішев Ораз [Мәтін] // Қазақ мәдениеті: Энциклопедиялық анықтамалық/ Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.-

Алматы: Аруана Ltd, 2010.- Б.85-86.- ISBN 9965-26-095-8.- 655 б.

62. Әбішев Ораз Әбішұлы [Мәтін] = Абишев Ораз Абишевич // А. Асылбеков. Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені = Кто есть Кто в

Республике Казахстан: 2 томдық анықтамалық.- Алматы: Изательский дом Кто

есть Кто в Республике Казахстан, 2011.- 2-ші Том.- Б.1050-1051.- ISBN 978-601-

278-475-6.- 1310 б.

63. Кино Казахстана [Текст]: Справочник / Составление Т. К. Смайлова.- Алматы: Жибек жолы, 2000.- С. 5-196.-394 с: иллюстрации.

64. Кинословарь [Текст] Энциклопедия. В 2-х томах. Т.1 А-Л / Гл.редактор С. И. Юткевич. Москва: Советская энциклопедия, 1966.- С.15-17

65. Қазақ ұлттық кино өнерінің қалыптасуы (1940-1950 жж.) [Текст] // Б.Р. Нөгербек, Г.Қ. Наурызбекова, Н.Р. Мұқышева. Қазақ киносының тарихы:

Оқулық.- Алматы: ИздатМаркет, 2005.- Б.34-72.- ISBN 9965-9634-3-6.- 288 б.

66. Ногербек, Б.Р. Кино Казахстана [Текст] / Бауыржан Рамазанулы Ногербек (киновед, кандидат искусствоведения, руководитель мастерской

киноведения; 1948).- Алматы: Национальный продюсерский центр, 1998.-С. 23-

32.- 272 с.: иллюстрации.

67. Ногербек, Б.Р. На экране "Казахфильм" [Текст]: Статьи, рецензии, эссе, интервью / Бауыржан Рамазанулы Ногербек (киновед, кандидат

искусствоведения, профессор, руководитель мастерской киноведения; 1948).-

Алматы: RUAN, 2007.- С. 257-262.- 520 с.

23

68. Рахманқызы, Н. Кинорежиссер Ораз Әбішев [Мәтін] = Ораз Абишев / Н. Рахманқызы.- Алматы: Қазақстан:Шапағат, 1998.- 176 бет + 16 бет

жапсырма сурет.

69. Рахманқызы, Н. Ораз Әбішев [Мәтін] = Ораз Абишев / Нәзира Рахманқызы.- Алматы: RUAN, 2007.- 224 б.: иллюстрации.-(Қазақ киносының

ұлы тұлғалары = Великие мастера казахского кино).

24

Ораз Әбішев туралы

мерзімді (газет-журналдар) басылым беттерінде

70. Абдрахманов С. Экранда – Қажымұқан // Социалистік Қазақстан, 1978.- 29 август.

71. Абишев О. В ногу со временем шагая / интервью взяла Людмила Енисеева // Огни Алатау, 1983 .- 19 января.

72. Айғалиев Б. Деректі фильм шебері // Социалистік Қазақстан, 1986.- 24 май.

73. Айнагулова К. Достоверно и поэтично // Казахстанская правда, 1986.- 24 мая.

74. Атышев Ф. Биіктен биікке // Социалистік Қазақстан, 1966.- 10 сентябрь.

75. Ахинжанова С. Из глубины веков // Казахстанская правда, 1968.- 12 ноября.

76. Әбішев О. Талап / Кинорежиссер өз творчествосы туралы // Қазақ әдебиеті, 1985.- 26 апрель.

77. Әзімов С. Өз қолтаңбасы бар суреткер [Мәтін]: Режиссер Ораз Әбішевке дүниеден озды. / Сергей Әзімов (кинорежиссер) // Егемен Қазақстан:

Жалпыұлттық республикалық газет.- күн сайын шығады.- Астана, 2013.- 15

наурыз.- Б.7.

78. Әлпиев Р. Тұтас бір дәуір [Мәтін]: Режиссер Ораз Әбішевке дүниеден озды. / Рымбек Әлпиев (кинорежиссер) // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық

республикалық газет.- күн сайын шығады.- Астана, 2013.- 15 наурыз.- Б.7.

79. Ән мен жырдың дүлдүлі // Социалистік Қазақстан, 1974.- 13 сентябрь.

80. Бабошин Н. Страстью кадры кепящие. // Вечерняя Алма-Ата, 1970.- 23 мая.

81. Бабошин Н. Ясность. // Целиноградская правда. 1974.- 10 ноября.

82. Бахвалова А. В поисках нового. // Казахстанская правда, 1957.- 12 марта.

83. Бекмухамедова А. Раскрытая ладонь // Ленинская смена, 1986.- 24 мая.

25

84. Верещагин И. Фильмы Ораза Абишева // Вечерняя Алма-Ата, 1974.- 3 сентября.

85. Гимн мужеству // Казахстанская правда, 1977.-15 сентября.

86. Гусинский А. Человек Корчагинской закалки // Огни Мангышлака, 1978.- 10 марта.

87. Дайырбеков А. Өрелі тұлға // Жаңғырған Абыралы, 1996.- 13 сәуір.

88. Дайырбеков А. Тұлға тұрпаты // Егеменді Қазақстан, 1996.- 5 маусым.

89. Дәрімбетов Б. Тың шежіресі – экранда // Орталық Қазақстан, 1979.- 11 май.

90. Досанов С. Өнердегі алыптардың бірі еді [Мәтін]: Режиссер Ораз Әбішевке дүниеден озды. / Сәбит Досанов (жазушы) // Егемен Қазақстан:

Жалпыұлттық республикалық газет.- күн сайын шығады.- Астана, 2013.- 15

наурыз.- Б.7.

91. Елубай С. Деректі киноның дарабозы [Мәтін]: Режиссер Ораз Әбішевке дүниеден озды. / Сұмағұл Елубай (жазушы) // Егемен Қазақстан:

Жалпыұлттық республикалық газет.- күн сайын шығады.- Астана, 2013.- 15

наурыз.- Б.7.

92.

93. Енисеева Л. Ораз Абишев // Новый фильм, 1972.- №8.-С.6-7.

94. Зікібаев Е. Өнер тарланы // Ақиқат.- №3.- Б.85.

95. Исаева Г. Деректі экран қарлығашы // Қазақ әдебиеті, 1986.- 23 май.

96. Казакова Н. Гимн труду // Новый фильм, 1974.- №24.- С.3.

97. Карибаева Л.В. В истории оставшиеся строки // Новый фильм, 1985.- №9. – С.16-17.

98. Карпыков Х. Пути дароги режиссера Абишева // Вечерняя Алма-Ата, 1979.- 28 мая.

99. Костина В. Ораз Абишев // Новый Фильм, 1979.- №14.- С.4.

100. Костина В. Его звали Хаджи-Мукан // Новый фильм, 1978.- №21.- С.3.

26

101. Костина В. Испытание // Новый фильм, 1977.- №14.- С.2.

102. Кукушкин Ю. Здравствуй, Хаджи Мукан // Казахстанская правда, 1978.- 22 октября.

103. Кекілбаев Ә. Жсампаздың жыршысы // Социалистік Қазақстан, 1974.- 28 август.

104. Колоточник Н. Зримые ритмы // Казахстанская правда, 1973.- 14 марта.

105. Күйеубаев О. Жылдар жемісі // Қазақ әдебиеті, 1975.- 31 январь.

106. Қабанбаев М. Кино-шежіре // Социалистік Қазақстан, 1974.- 28 август.

107. Қыдырбекұлы Б. Кинорежиссер О. Әбішев туралы // Социалистік Қазақстан, 1958.- 24 май.

108. Лобова Н. О времени и о себе // Огни Мангышлака, 1978.- 7 января.

109. Лоцман Л. Пока бьется сердце. // Огни Мангышлака, 1978.- 29 марта.

110. Мекішев Б. Деректі фильмдер шежіресі // Алматы ақшамы, 1996

111. Рахманқызы, Н. Деректі киноның атасы [Мәтін]: Режиссер Ораз Әбішевке 100 жыл / Назира Рахманқызы (кинотанушы) // Егемен Қазақстан:

Жалпыұлттық республикалық газет.- күн сайын шығады.- Астана, 2016.- 6

ақпан.- Б.10.

112. Рахманқызы, Н. Ойымда да, санам да, жүрегім де – еліммен

бірге... [Мәтін]: Режиссер Ораз Әбішевке туралы / Назира Рахманқызы (кинотанушы) // Айқын: Республикалық қоғамдық-саяси газет.- Астана, 2014.-

7 наурыз.- Б.4.

113. Резников Ю. Источник вдохновения // Казахстанская правда, 1974.- 20 август.

114. Сиранов К. Ветеран экрана // Огни Алатау, 1974.- 11 сентября.

115. Смаилов К. Зримая история // Казахстанская правда, 1996.- 3 мая.

116. Талғаттың биік аспаны // Жаңа фильм, 1980.- №9.- Б.3.

117. Тастағы таңбалар. // Қазақ әдебиеті, 1968.- 28 сентябрь.

27

118. Тлеужанов З. Экранда – ел шежіресі // Қазақ әдебиеті, 1981.- 9 январь.

119. Харченко И. Шахтерлар // Жаңа фильм.- №16.- Б.2.

120. Хасенов Н. Қажымұқан // Қазақ әдебиеті, 1976.- 4 август.

121. Хасенов Н. Экранда көне заман // Социалистік Қазақстан, 1969.- 25 март.

28

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Ораз Әбішевтің 90 жылдық мерейтойында

29

30

31

ФИЛЬМДЕРІНЕН КӨРІНІС

32

«Біздің қалада фильмінен» кадрлар. 1959 ж.

«Қазақ жерінде» фильмінен кадрлар, 1959 ж.

«Жұмысшы қыздар» фильмінен кадрлар, 1964 ж.

«Дина» фильмінен кадр, 1947 ж.

33

«Мұқан Төлебаев» фильмінен кадрлар,

1973 ж.

«Ән мен жыр дүлдүлі» фильмінен кадр, 1974 ж.

34

ОТБАСЫ

35

36

ЕСІМДЕР КӨРСЕТКІШІ

Абдрахманов С. 70

Абдулхалықов Т. 54

Абикенова З. 45

Абишев О. 71

Абсалямов Ф. 3, 36, 38

Айғалиев Б. 72

Айнагулова К. 58, 59, 73

Аманбаев К. 50, 54

Антонов И. 31

Араниязов М. 6

Аранышев М. 2, 3, 7

Арғымбаев Х. 43

Арынғазиева М. 56

Арыстанбеков В. 36, 38

Атышев Ф. 74

Ахинжанова С. 75

Ахметова А. 15

Ашканова Н. 51

Әбішев О. 60, 61, 76

Әзімов С. 77

Әлпиев Р. 78

Бабошин Н. 80, 81

Багаутдинов Г. 5

Байдерин В. 27

Байұзақов А. 47, 50

37

Баргин А. 5

Бахвалова А. 75

Бекмаханбетов К. 51, 53

Бекмухамедова А. 47, 83

Белкобыленко В. 53, 54

Беляков И. 8

Белялов В. 41

Белянин Г. 53

Беркович М. 20

Бесполова К. 13

Беспрозванных Е. 37, 50

Бессарабов И. 4

Боярский В. 50, 51

Брагин А. 4

Брук С. 1

Будинский В. 29

Буренкова Т. 55

Бурмистрова Г. 38, 39, 40, 42, 48, 50, 51, 53

Васильченко В. 15, 20, 33, 40, 44, 45, 46

Верещагин И. 84

Гибов Ю. 15

Гитлевич И. 5, 20, 30, 33

Глазунов В. 50

Гусе А. 13

Гусинский А. 86

Гутлин Б. 32, 37

38

Ғабитов Б. 32

Дайырбеков А. 87, 88

Дауылбаев Б. 43

Дәрімбетов Б 89

Дәулеткалиев У. 22, 23, 34, 35, 42

Додонов М. 8, 6

Додонова В. 8, 46

Додонова Л. 9, 10, 43, 45

Досанов С. 90

Дуганов М. 28, 30, 35

Елубай С. 91

Емельянов Г. 23

Енисеева Л. 43, 93

Ефимов Г. 42

Жағанова А. 55

Жамкенов Б. 57

Жәмшиев А. 16

Жданов Г. 18

Жеребко Б. 42, 46, 48, 50, 51, 52, 54, 57

Жиреншин А. 34

Жүнісов О. 45, 49

Зайцев В. 3, 27

Зекки О. 8,13

Зікібаев Е. 94

Иодко Г. 6

Исаева Г. 95

39

Казакова Н. 96

Каравлев 27

Карибаева Л. 97

Кармен Р. 4

Карпыков Х. 98

Кәрімбаев А. 52

Кекілбаев Ә. 103

Коваль А. 3

Колесников А. 3, 10, 31, 41

Колоточник Н. 104

Колпакова К. 34, 35, 36, 37, 38, 39

Колтушев К. 44

Кононов Н. 4

Коран Я. 10

Костина В. 99, 100, 101

Кржипов И. 22

Кузнецов А. 20

Кукушкин Ю. 102

Күйеубаев О. 105

Кулаков А. 3

Қабанбаев М. 106

Қадырбеков Б. 42

Қажымұқанов Б. 37

Қожанов О. 56, 54

Қыдырбекұлы Б. 107

Лаврова В. 41, 43, 46

40

Литвяков Ю. 19, 20, 31, 39

Лобова Н. 108

Лоцман Л. 109

Махмұтов С. 52

Медведкин А. 20

Медеуов А. 35

Мекішев Б. 110

Меньшиков П. 41

Милай П. 39, 40, 43

Мироголов П. 40, 45

Миронов В. 48, 49, 50

Мирошниченко Г. 3, 7, 11, 14

Мищенко А. 44

Мотвеев Б. 1

Нарымбетов С. 42

Нестеров Е. 6

Нөгербек Б. 65, 66, 67

Нүсімбеков Б. 57

Оразов Т. 15, 16, 19, 35

Омаров М. 47, 56

Палтушев К. 41

Пальциков Ю. 22

Першин С. 25, 28, 36, 52

Поляков В. 11, 12, 17, 18, 20, 21, 24, 26, 32

Поляков С. 14, 15, 16, 26, 27, 33, 37, 41, 44, 47

Портной М. 28, 30, 37

41

Райбаев С. 52

Рассохина Э. 30

Рапопорт В. 9, 11, 17, 21, 24, 33

Рахманқызы Н. 68, 69, 111, 112

Резников Ю. 43, 47, 113

Рсалдин Ж. 42

Сабиров Р. 48

Сағымбаев М. 3, 16, 17, 18, 21, 23, 24, 27, 28, 33

Садахметов Т. 5

Садкович М. 20

Сатыбалдин К. 2

Сигов Б. 3

Симаранов Ю. 18, 29

Сиранов Қ. 10, 45, 114

Слабченко И. 48

Смаилов К. 115

Смаилова К. 63

Смирнов Я. 3, 10

Снегин Д. 41

Спивак Ф. 12, 14, 25, 26

Стебут Ю. 15

Сухов С. 55

Сүлеева А. 52

Тарази Ә. 45

Татенко В. 39

Тәуекел С.

42

Тлеужанов З. 118

Тойғанбаев А.

Тынышпаев И. 3, 19

Тынышпаев М.

Тілендиев Н. 45

Ұзақов Б. 5

Файк Э. 3

Федоров Ю. 50, 54

Фельд М. 48

Фролов А. 17

Хамиди Л. 1

Хангильдин Р. 15

Харченко И. 119

Харон Я. 13

Хасенов Н. 120, 121

Чикноверов И. 3, 7, 12, 13, 21

Шавельский С. 4, 5, 6

Шавкун Ю. 50

Шаңғытбаев Х. 44

Шарипов С. 9, 10, 20

Шаталов В. 15

Шнайдермен Л. 22

Шрейберг В. 7

Юткевич С. 64

Якупов Б. 22, 34

Ян Вон-Сик. 25, 26, 31, 34, 48, 49, 50

43

МАЗМҰНЫ

ОҚЫРМАНҒА..........................................................................................................3

Деректі киноның дарабозы.....................................................................................4

Назира Рахманқызы Ораз Әбішев туралы.........................................................5

Ораз Әбішевтің өмірі мен шығармашылығы....................................................6

Ораз Әбішев шығармашылығының хронологиясы..........................................7

Ораз Әбішев туралы ойлар......................................................................................9

Ораз Әбішевке..........................................................................................................11

Ораз Әбішев айтқан ұлы сөздер...........................................................................13

ФИЛЬМОГРАФИЯ.................................................................................................15

Ораз Әбішев туралы мерзімсіз басылым беттерінде........................................22

Ораз Әбішев туралы мерзімді басылым беттерінде.........................................24

ФОТОГАЛЕРЕЯ.....................................................................................................28

ЕСІМДЕР КӨРСЕТКІШІ.....................................................................................33