E-mail: [email protected] 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке...

16
№82 (29063) 28 СУІР, ЖҰМА 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ EUR/KZT 342.03 USD/KZT 313.9 RUB/KZT 5.52 CNY/KZT 45.54 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: РУХАНИЯТ 9-бет КЕЛБЕТ РУХАНИЯТ 14-бет САЯСАТ 8-бет ӘУЕЗОВ ҒАШЫҚ БОЛҒАН ҒАЙЫПЖАМАЛ... (Бір махаббаттың баяны) 3-бет БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ ӘШІМБАЕВ ФОРМУЛАСЫ «ҰЛ ТІЛЕГІ – ҰЛТЫНДА!» ЖОЛ САЛСАҢ, МОЛ САЛ ДӘРІГЕ БАЙЛАНҒАН ҒҰМЫР 12-бет 11-бет Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ Анар ТЛЕУХАНҚЫЗЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2017 жылғы 28 маусымға тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сəйкес, 2011 жылғы тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутат- тары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты- ның депутаттарын сайлау 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың əкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 27 сəуір №468 ТАҒАЙЫНДАУ ХРОНИКА Мемлекет басшысының өкімдерімен Абилфас Муслимович Хамедов жəне Сергей Викторович Вишняк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімдерімен Розақұл Сатыбалдыұлы Халмурадов жəне Леонид Николаевич Питаленко Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды. – Наталья Павловна, күні кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті. Еліміз енді 1 Мамыр − Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін тойлағалы жатыр. Айтулы осы іс-шаралардың түпкі мақсаты бірдей сияқты. Осыған келісесіз бе? – Əрине, келісемін. Қазақстан халқының бірлігі күні 1996 жылдан бері мереке ретінде аталып келеді. Ал кешегі өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХV сессиясының тақырыбы «Жаңғыру негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» болды. Ассамблеяның сессиясында да, өткен жылдар ішінде мерекеленген Қазақстан халқының бірлігі күнінде де еліміздегі этностар арасындағы өзара ынтымақ, салтанат құрған бейбітшілік, жарасым тапқан достық барынша сөз етілді. Соның арқасында қол жеткізілген табыстарымыз, бағындырған белестеріміз мысалға келтірілді, болашақта атқарылатын өміршең істер тағы бір сараланып, мақсат-міндеттеріміз нақтыланды. Бұл мəселелерде Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Егемен Қазақ- стан» газетінде жарияланған «Бола- шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ- дарламалық мақаласының орны ерек- ше екенін баса айтқым келеді. Онымен жақынырақ танысқан адамның бо- йында еліміздің келешегі кемел, бүгінгіден ертеңіміз жарқын болады деген сенімділік орнығатыны анық. Мысалы, мақалада атап көрсетілген алдағы уақытта қазақстандық құнды- лықтарды қалыптастыру жəне оны нығайту, ұлттық идеологияны жетіл- діру, қоғамдық сананы трансфор- мациялау, тағы басқа да мəселелер қазақстандықтар үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа тұрпатты жаңғыртудың ең бас- ты шарты – ұлттық кодты сақтай білу. Міне, осылар қоғамның интеллек- туалды дамуына рухани септесуші жаңа бастамалардың тақырыбы бо- лады. Сондай-ақ, ол қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтушы қазақстандық патриотизмге тəрбиелейді. – Еліміздің халқы Алғыс айту күнін де атап өтіп жүр... – Мемлекет басшысының Жарлы- ғымен 1 наурыз Алғыс айту күні деп белгіленді. Қазақстан халқы Ассамблеясы да 1 наурызда (1995 жылы) құрылған еді. Ассамблеяның ХХIII сессиясында сөйлеген сөзін- де Елбасымыз 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау жөнінде ұсыныс білдірген болатын. «Қазақ- стан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанын- дай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту əділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстан- дықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», − деген еді сонда Елбасы. (Соңы 4-бетте) 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ «Бірлігімізді бағалай білейік» – дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары, саяси ғылымдар докторы Н.П.КАЛАШНИКОВА ––––––––––––––––––––––––– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Шымкент қаласында «Қазақ еліне мың алғыс!» мону- ментінің ашылу салтанатына қатысқан Елбасы күні кеше Астанада «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен ткен Қазақ- стан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында айтылған, ңірлерде жүзеге асырылған игі істердің біріне куә болды. –––––––––––––––––––––––– Бақтияр ТАЙЖАН, Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, «Егемен Қазақстан» Өңірдегі этнос өкілдерінің қаржы- лай демеуімен бой көтерген биіктігі 7,5 метр болатын монумент еңселі ғи- маратпен бірге алдағы уақытта елді берекелі бірлікке ұйыстыратын маңыз- ды іс-шаралар өтетін патриоттық алаң- ша ретінде ел игілігіне жұмыс істейтін болады. Бірлікті қалайтын қазақ елінің бауырмалдығын, қонақжайлығын, мейірімділігі мен досқа адалдығын бағалай білген, кезінде жүргізілген солақай саясаттың салдарынан ата- бабалары Қазақстанға күштеп қоныс- тандырылған этностардың өсіп-өнген ұрпақтары əрдайым Елбасы саясатын қолдап, ынтымақ-бірлікке сызат түс- пеуіне мүдделілік танытып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы ғима- ратының алдынан бой көтерген «Қазақ еліне мың алғыс!» монументінің бой көтеруі де өңіріміздегі түрлі ұлт пен ұлыстың Қазақ еліне деген кіршіксіз ризалығы мен ақеділ шынайы алғы- сының символдық көрінісі іспетті. Монументтің ашылу салтанатын- да Мемлекет басшысы көп ұлтты мемлекетіміздегі ұлттар мен ұлыстар татулығы Тəуелсіз Қазақстанның бас- ты байлықтарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы жөндеуден өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы- ның өңірдегі нысаны ретінде ішкі құ- рылымы толықтай өзгертілген ғима- ратты аралап көрді. Облыстық бюджет қаржысы есебінен жөнделген 3 қабат- ты нысанда «Қоғамдық келісім» ме- кемесінің қызметкерлері мен өңірдегі этномəдени бірлестіктердің кеңселері, 800 орынға арналған көрермен залы бар. Сонымен бірге, мұнда түрлі үйір- мелер мен жексенбілік мектептердің жұмыс істеуіне жағдай жасалған. Оң- түстік жұртшылығын берекелі бірлік пен ырысты ынтымаққа үндейтін іс- шаралар мен форумдар, кездесулер мен семинарлар осында өткізілетін болады. Өңірде 20 облыстық этномəдени бір- лестік жұмыс істейді, олардың аудан- дар мен қалаларда 51 филиалы мен 17 жастар қанаты, 11 жексенбілік мектебі бар. Салтанатты рəсімнен соң Мем- лекет басшысының назарына этно- мəдени бірлестіктер өкілдерінің орындауындағы «Бірлігіміз жарас- қан» деп аталатын музыкалық ком- позиция ұсынылды. Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспа- ры ел дамуына оң ықпалын тигізіп келеді. Бұл орайда, Елбасы жыл басында Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында тек 2014-2016 жыл- дар аралығында экономиканы қол- дауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсалғанын атап өткен болатын. «Мұның барлығы экономикалық өсімді жəне бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орында- рын ашуға мүмкіндік берді», делінген Жолдауда. Елбасы тыныс-тіршілігімен танысқан Шымкенттегі алюми- ний профильдерін əзірлейтін «Gold Aluminum» ЖШС де осындай игі бағ- дарламалардың, инвестициялық сая- саттың нəтижесінде өнімін көбейтіп, өрісін кеңейтуде. 2014 жылы индуст- рияландыру картасы аясында іске қосылған зауытта 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Елбасы ақ- параттық стэндтер мен экспозициялық үлгілерді көріп, кəсіпорынның жұмыс жоспарлары жөнінде мəлімет алды. (Cоңы 2-бетте) Оңтүстікте жағымды жаңалық көп

Transcript of E-mail: [email protected] 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке...

Page 1: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

№82 (29063) 28 С�УІР, ЖҰМА 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

EUR/KZT 342.03 USD/KZT 313.9 RUB/KZT 5.52 CNY/KZT 45.54ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

РУХАНИЯТ

9-бет

КЕЛБЕТ

РУХАНИЯТ

14-бет

САЯСАТ

8-бет

ӘУЕЗОВ ҒАШЫҚ БОЛҒАН ҒАЙЫПЖАМАЛ...(Бір махаббаттың баяны)

3-бет

БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ӘШІМБАЕВ ФОРМУЛАСЫ

«ҰЛ ТІЛЕГІ – ҰЛТЫНДА!»

ЖОЛ САЛСАҢ,МОЛ САЛ

ДӘРІГЕБАЙЛАНҒАН ҒҰМЫР

12-бет11-бет

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ

Анар Т�ЛЕУХАНҚЫЗЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды

2017 жылғы 28 маусымға тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республи касын дағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыр күйек тегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы ның 69-бабына сəйкес, 2011 жылғы тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутат-тары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты-ның депутаттарын сайлау 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың əкімдері Қазақ стан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 27 сəуір №468

ТАҒАЙЫНДАУ

ХРОНИКА

М е м л е к е т б а с ш ы с ы н ы ң ө к і м д е р і м е н Абилфас Муслимович Хамедов жəне Сергей В и к т о р о в и ч В и ш н я к Қ а з а қ с т а н х а л қ ы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Розақұл Сатыбалдыұлы Халмурадов жəне Леонид Николаевич Питаленко Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды.

– Наталья Павловна, күні кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті. Еліміз енді 1 Мамыр − Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін тойлағалы жатыр. Айтулы осы іс-шаралардың түпкі мақсаты бірдей сияқты. Осыған келісесіз бе?

– Əрине, келісемін. Қазақстан халқының бірлігі күні 1996 жылдан бері мереке ретінде аталып келеді. Ал кешегі өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХV сессиясының тақырыбы «Жаңғыру негіз і – тұрақтылық, бірлік, келісім» болды. Ассамблеяның сессиясында да, өткен жылдар ішінде мерекеленген Қазақстан халқының бірлігі күнінде де еліміздегі этностар арасындағы өзара ынтымақ, салтанат құрған бейбітшілік, жарасым тапқан достық барынша сөз етілді. Соның арқасында қол жеткізілген табыстарымыз, бағындырған белестеріміз мысалға келтірілді, болашақта атқарылатын өміршең істер тағы бір сараланып, мақсат-міндеттеріміз нақтыланды.

Бұл мəселелерде Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Егемен Қазақ-стан» газетінде жарияланған «Бола-шақ қа бағдар: рухани жаңғыру» бағ-дар ла малық мақаласының орны ерек-ше екенін баса айтқым келеді. Онымен жақы нырақ танысқан адамның бо-йын да еліміздің келешегі кемел, бүгін гіден ертеңіміз жарқын болады деген сенімділік орнығатыны анық. Мы салы, мақалада атап көрсетілген ал да ғы уақытта қазақстандық құнды-лықтарды қалыптастыру жəне оны

нығайту, ұлттық идеологияны жетіл-діру, қоғамдық сананы трансфор-мация лау, тағы басқа да мəселелер қазақ стандықтар үшін аса маңызды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа тұрпатты жаңғыртудың ең бас-ты шарты – ұлттық кодты сақ тай білу. Мі не, осылар қоғамның интел лек -туал ды дамуына рухани сеп те су ші жа ңа бас тамалардың тақы ры бы бо-лады. Сондай-ақ, ол қоғам дық келі сім мен жалпыұлттық бір лі к ті ны ғайту шы қазақстандық патриотизмге тəрбиелейді.

– Еліміздің халқы Алғыс айту күнін де атап өтіп жүр...

– Мемлекет басшысының Жарлы-ғымен 1 наурыз Алғыс айту күні деп белгіленді. Қазақстан халқы Ассамб леясы да 1 наурызда (1995 жылы) құрылған еді. Ассамблеяның ХХIII сессиясында сөйлеген сөзін-де Елбасымыз 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау жөнін де ұсы ныс білдірген болатын. «Қазақ -стан халқы Ассамблеясы құ рыл ған күн – 1 наурызды жыл са йын барлық

этностардың бір-бірі не мейір бан дық танытып, ол адам дар ды өз туғанын-дай қабылдаған қазақ тар ға алғыс айту күні ретінде атап өту əділетті бо лар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да жа қын дастыра түс пек. Бұл күн мейі рім діліктің, бүкіл қазақ стан-дықтар дың бір-біріне деген досты ғы мен махаббатының жарқын мере кесі бола алар еді», − деген еді сонда Елбасы.

(Соңы 4-бетте)

1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

«Бірлігімізді бағалай білейік»– дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары, саяси ғылымдар докторы Н.П.КАЛАШНИКОВА

–––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Шымкент қаласында «Қазақ еліне мың алғыс!» мону-ментінің ашылу салтанатына қатысқан Елбасы күні кеше Астанада «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен �ткен Қазақ-стан халқы Ассамб лея сы ның XXV сессиясында айтыл ған, �ңірлерде жүзеге асырылған игі істердің біріне куә болды. ––––––––––––––––––––––––

Бақтияр ТАЙЖАН,Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Өңірдегі этнос өкілдерінің қар жы-лай демеуімен бой көтерген биіктігі 7,5 метр болатын монумент ең селі ғи-марат пен бірге алдағы уа қыт та елді бере келі бірлікке ұйыс тыратын маңыз-ды іс-шаралар өте тін патриоттық алаң-ша ретінде ел игі лігіне жұмыс істей тін болады. Бір лікті қалайтын қазақ елінің бауыр малдығын, қонақ жай лы ғын, мейі рім ділігі мен досқа адал дығын баға лай білген, кезінде жүр гізіл ген со ла қай саясаттың салдарынан ата-ба ба лары Қазақстанға күштеп қо ныс -тан дырылған этностардың өсіп-өнген ұр пақ тары əрдайым Елб асы саясатын қолдап, ынтымақ-бір лікке сызат түс-пеуіне мүдделілік таныт ып келеді. Қазақ стан халқы Ассам блея сы ғима-ратының алдынан бой көте рген «Қазақ еліне мың алғыс!» мону менті нің бой көтеруі де өңірім іздегі түрлі ұлт пен ұлыстың Қазақ еліне деген кір шік сіз ризалығы мен ақеділ шына йы ал ғы-сының сим во лдық көрінісі іспетті.

Монументтің ашылу салтанатын-да Мемлекет басшысы көп ұлтты мемлекетіміздегі ұлттар мен ұлыстар татулығы Тəуелсіз Қазақстанның бас-ты байлықтарының бірі екенін атап

өтті. Сондай-ақ, Елбасы жөн деу ден өтіп, Қазақстан халқы Ассамблея сы -ның өңірдегі нысаны ретінде ішкі құ -ры лымы толықтай өзгертілген ғима-рат ты аралап көрді. Облыстық бюджет қаржысы есебінен жөнделген 3 қа бат-ты нысанда «Қоғамдық келісім» ме-ке месінің қызметкерлері мен өңір дегі этномəдени бірлестіктердің кеңсе лері, 800 орынға арналған көрермен залы б ар. Сонымен бірге, мұнда түр лі үйір-ме лер мен жексенбілік мек теп тердің жұ мыс істеуіне жағдай жасалған. Оң -түс тік жұртшылығын берекелі бір лік пен ырысты ынтымаққа үндейтін іс-ша ра лар мен форумдар, кездесулер мен се ми нар лар осында өткізілетін бола ды. Өңір де 20 об лыс тық этномəдени бір-лес тік жұмыс істейді, олардың аудан-дар мен қа ла лар да 51 филиалы мен

17 жас тар қа наты, 11 жексенбілік мектебі бар.

Салтанатты рəсімнен соң Мем-лекет басшысының назарына этно-мəдени бірлестіктер өкілдерінің орын дауын дағы «Бірлігіміз жарас-қан» деп аталатын музыкалық ком-позиция ұсынылды.

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспа-ры ел дамуына оң ықпалын тигізіп ке л еді. Бұл орайда, Елбасы жыл басын да Қазақстан халқына арнаған «Қазақ станның Үшінші жаңғыруы: жаһан дық бəсекеге қабілеттілік» атты Жол дауында тек 2014-2016 жыл-дар ара лығында экономиканы қол-дауға қосымша 1,7 триллион теңге жұм сал ғанын атап өткен болатын.

«Мұ ның барлығы экономикалық өсімді жəне бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орында-рын ашуға мүмкіндік берді», делінген Жолдауда.

Елбасы тыныс-тіршілігімен таны с қан Шымкенттегі алюми-ний про фильдерін əзірлейтін «Gold Aluminum» ЖШС де осындай игі бағ-дар ламалардың, инвестиция лық сая-саттың нəтижесінде өнімін көбейтіп, өрісін кеңейтуде. 2014 жы лы индуст-рияландыру картасы ая сын да іске қосылған зауытта 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Елба сы ақ-параттық стэндтер мен экспо зициялық үлгіле рді көріп, кəсіп орынның жұмыс жоспарлары жөнінде мəлімет алды.

(Cоңы 2-бетте)

Оңтүстікте жағымды жаңалық көп

Page 2: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

2 28 сәуір 2017 жылсаясат

(Соңы. Басы 1-бетте)

«Жеке өндіріс ашып, им-портталатын тауарлардың ор-нын басу – еліміздің экономика­лық дамуының қазіргі кезеңін­дегі маңызды міндеттің бірі», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай­ақ, Елбасы компания қызметкерлерімен әңгімелесіп, жұмыстарына табыс тіледі және кәсіби жетістіктерге жетуіне ниеттестігін білдірді.

Түрік инвесторларының қаты суымен құрылған «Gold A l u m i n u m » Ж Ш С ө т к е н жылы 750 тонна алюминий профильдерін шығарып, оның 20 пайызын Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанға экспорттаған. Бүгінде компания қазақ­түрік индустриялық аймағында екінші зауыттың құрылысын жүргізуде. Жоба құны – 2,6 млрд теңге. Болашақта зауыт­та 50 адам жұмыспен қам ты­лады деп күтілуде. Қазіргі таң да Қазақстан нарығындағы алюми­ний профильдерінің көлемі 50 мың тонна болса, оның 25 мың тоннасы Қытай мен Ресейден, Өзбек стан мен Түркиядан им­порт талады екен. Аталған кәсіп­орын импорт үлесін азайту мақ­сатында бәсекеге қабілетті өнім түрлерін көбейтпек.

Ауыл шаруашылығы саласы – Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының негізгі бағыты. Яғни, бұл сала бойынша ауыз толтырып айтарлық жұмыстар мен қолға алынған бастамалар көп. Осы орайда, Мемлекет бас­шысына Сайрам ауданындағы «DALA­FRUIT.KZ» ЖШС­нің дала қосында облыстың әлеу­меттік­экономикалық көр сет­кіштері баяндалып, ауылшаруа­шылық өнімдерінің көрмесі ұсынылды.

«Бұдан 10­15 жыл бұрын өзі­міз осындай алуан түрлі өнім өндіреміз деп ойлап па едік? Ал бүгін ол шындыққа айнал­ды», – деді Елбасы көр меге қо йылған отандық өнім дер ді ара лау барысында. «Қазақ стан ­ның Үшінші жаңғыруы: жа­һан дық бәсекеге қабілет ті лік» Жолдауында ел Прези денті аг рарлық сектор экономи ка ­ның жаңа драйверіне ай на­луы керек тігін, еліміздегі агро­өнер кәсіп кешенінің болашағы зор екендігін айтты. Оңтүстік Қазақ стан облысына келген сапарының бірінде «Шағын және орта кәсіпті өркендетуді Оңтүстіктен үйрену керек», деп үлкен сенім білдірген еді. Тумысынан еңбекке бейім,

ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс диқандары мен шаруалары расында агро­шаруа шылығында үлкен табыс­тарға қол жеткізіп келеді.

Облыс әк імі Жансейіт Түйме баев баяндама жасап, ауыл шаруа шылығы саласын­дағы жетіс тіктерге тоқтал ды. Мәселен, қаңтар­нау рыз ай­ларына ауыл шаруашы лы ғы ның жалпы өнім көлемі 64,4 млрд теңге болып, өткен жылдың тиіс­ті кезеңімен салыстырғанда 7,9 млрд теңгеге артты. Тек, жылы­жай лардың өзі 1 142 гектарға жетіп, респуб ли кадағы үлесі 80 пайызды бағын дыруы мұндағы жұмыс тардың қарқынды жүріп жатқандығын байқатады.

«Сіздің тапсырмаларыңызға қатысты арнайы сараптама жүргізіп, проблемаларды шешу­дің жолдарын анықтаудамыз. Біздің облысымызда бұл мәсе ле­лерді шешудің басты жолдары – өңіріміздегі халықтың орна ласу тығыздығын ескере отырып, адами капиталдың сапасын арт­тыру; ауыл шаруашылығын қар­қын ды дамыту мүмкіндіктерін толы ғынан пайдалану; туризм сала сын дамытып, қосымша жұ­мыс орындарын ашу. Бюджет қар жы сын тиімді пайдалануға және қосымша кіріс көздерін анық тауға қатысты тиісті шара­лар, сонымен қатар, мем лекет­жек еменшік әріптестігі тетігін қолдану жұмыстары жүргізіле­ді. Жұмыссыздық деңгейін төмен дету, кәсіпкерлікті қол­дау мақ сатында 21 192 адамға

әлеу мет тік қолдау шаралары көрсе тілді. Жалпы 3 330 жұмыс орны құрылды», – деді облыс әкімі. Сондай­ақ, Ж.Түймебаев егіс тікті әртараптандыру, там­шы латып суару және мал шаруа­шылығындағы көрсеткіштер бойынша деректер келтірді.

Облыс әкімдігінің күш салуы ның, жұмысты дұрыс ұйым дас тыруының арқасында ауыл шаруашылығы бойынша Оңтүс тік Қазақстан облысы рес­пуб ликада көш бастап келеді.

Мемлекет басшысы аталған бау шаруашылығында өңірдің зия лы қауым өкілдерімен кезде­сіп, жақында «Егемен Қазақ­стан» газетінде жарияланған «Бола шаққа бағдар: рухани жаң ғыру» мақаласы жайында пі кір лесті. Елбасы кездесу де өңір дің бірегей тарихына және мәдени ерекшелігіне тоқтал ды. «Оңтүстік Қазақстан – қазақы ­лықтың қаймағы бұзыл ма ған өлке. Бұл – абыздар мен әулие­лердің қасиеті дарыған, Қожа Ах мет Ясауи мен әл­Фарабидің ізі қал ған, көне мәдени мұраға бай киелі жер. Қазір бұл өңірде бүкіл ел халқының 16%­ы тұра­ды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті оңтүс­тік өңірдің тарихын тұтас Қазақ­станның тарихы деуге бола-тынын атап өтті. «Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде 800­ден астам тарихи­мәдени ескерткіш бар. Әлемге әйгілі жәдігерлеріміздің көпшілігі осында. Түркістан, Отырар, Сайрам, Сауран қала лары,

Қожа Ахмет Ясауи, Арыс тан баб кесенелері – біздің мақта­нышымыз. Осындағы әрбір төбе мен қырқаның, өзен мен көлдің аттары – тұнып тұрған тарих. Мәртөбе, Күлтөбе және Ордабасы – халқымыздың сақталуына әсер еткен қазақ­тың бірлігі мен тұтастығының қа сиетті символы. Біз осы ның бәрін ұрпақтың санасына сіңі­руі міз керек. Жастарды пат рио­тизмге, отаншылдыққа, туған жерді сүюге баулу қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев елде үштілділікті толыққанды енгізу­дің өзектілігіне тағы да тоқта лып, әліпбиді ауыстыруға қатысты күмәнді сейілтті. «Ағылшын тілін оқытуды жандандыру қажет, ол іскерлік ортаның барлық сала-сында қолданылатын болады. Бұл – заман талабы, тек бізге бай-ланысты емес», – деді Елбасы. Әлемдегі сән­салтанаты келіс­кен, экономикалық қиындық тар­дан мойны босаған, халқының әлеуеті жоғары 30 елдің қатарына қосылу – біздің мемлекетіміздің стра тегиялық басты бағыты. Осы ны айтқан облыстың зиялы қауы мы Мемлекет басшысы ның «Әжептәуір жаңғырған қоғам­ның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналуы оп­оңай», деген салиқалы пікірі тұрғы­сында өз ойларын айтты.

Мысалы, жазушы Мархабат Байғұт Елбасы мақаласындағы прагматизмге тоқталып, қанағат, ұстамдылық мәселесі өте орын-ды көтерілгенін, Оңтүстікте ысы рап шылдықтың барын білдірді. Ал кәсіпкер Серікжан Сейіт жанов еліміздің ширек ғасырда жет кен жетістіктерін Елбасы еңбегімен байланыс­тырды. Кәсіп кер 2010 жылы «Стандарт» цемент зауытын ашқанын, енді ал да ғы уақытта еуропалық талап тар ға жауап бере алатын мұнай өнім дерін шығаратын «Стандарт неф­техим» зауытын салатынын жет кізді. Сондай­ақ, кездесуде сөз алғандар ата­бабадан ми-рас болып қалған ізгі қасиет­тер ді, ұлттық рухты, ұлт тық бо л мысты қайта түлету тура­лы ойларымен бөлісті. «Туған жер» бағдарламасы жалпы­ұлт тық патриотизмнің өзегіне айналатындығына сенім дерін білдірді. Ал ол өз кезегін де Отан ды шексіз сүю деген шы-найы сезіммен қабысады.

Кездесуді қорытындылаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс бюджетінің бес-тен бірі ғана өзіндік табыс, қалған 80 пайызы дотация еке нін еске салды. Облыстың ауыл шаруа­шылығында жаңалық көпті­гін, енгізіліп жатқан жылы жай, тамшылатып суару әдіс терін ұлғайта түсу қажет тігін атап өткен Елбасы бизнес ке әр да йым қолдау көрсетуді тапсырды.

Осындай емен­жарқын сырласудан соң Мемлекет

басшысы «DALA­FRUIT.KZ» серіктестігінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныс­ты. Мемлекеттік индустрия ­лық­инновациялық даму бағ ­дарламасы аясында іске қосыл­ған серіктестікте бастап қы ­да 83 адам тұрақты жұмыс­пен қамтылып, компания жұ­мы сын бастаған үш жылда оның саны 277 адамға жеткен. «Агробизнес­2020» және «Биз­нестің жол картасы­2020» бағ­дар ламалары арқылы жеңіл­детілген несиенің есебінен 400 млн теңге алған серіктестік басшылығы жұмысты дұрыс жолға қойып, бүгінгі таңда қазы наға 607 млн теңге салық, жұмыс шыларға 705 млн теңге ай лық төлеп отыр. Жалпы көлемі 106,5 гектар болатын «DALA­FRUIT.KZ» ЖШС­нің бауына 215 мың түптен ас там жеміс ағаштары егілген. Мұн­да алманың «Гренни», «Смит», «Фуджи», «Голден­дели шес», «Гала», «Айдеред», ал хоры мен шиенің «Стенлей» ат ты шетел дік сұрыптарын кез дес ­тіруге болады. Яғни, мұн дағы 1 гектар жерге шамамен 2 500 түп ағаш көшеті қонды рыл­ған. Заманауи техникамен жаб­дықталған бау тамшылатып суа ру жүйесі арқылы нәр алады.

Ауыл шаруашылығы өнім­дерінің көбеюіне байланысты серіктестік жиналған өнімді ұзақ уақыт сақтауды қолға алды. Биыл осы мақсатта ауа темпе-ратурасын реттеу жүйесі бар 15 мың тонналық жаңа қойма іске қосылды. Онда ауа реттегіш тоңазытқыштар, жемістерді сұрыптау мен жүк көліктерінің бірнеше түрлері бар. Шетелдік озық технологиялармен жұмыс істейтін қойма жемістердің са-пасы мен табиғилығын ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік береді. Сөз орайы келгенде айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан об-лысында интенсивті бау шаруа­шылығын қарқынды дамы-ту жұмыстары қолға жақсы алынған. Облыста жеміс­жидек ағаштары алқаптарының көлемі 19,5 мың гектар болса, оның 2 мың гектары интенсивті бауларға жатады. Өңір шаруалары осы жылы аймақта 1,5 мың гектар жерге интенсивті бау тәсілімен көшеттер отырғызып, осындай баулардың жалпы көлемін 3,5 мың гектарға жеткізуді жоспар-лап отыр. Бүгінгі күні интен­сивті баулармен өңірде 15 агро­құрылым айналысады.

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Оңтүстікте жағымды жаңалық көп

Page 3: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

28 сәуір 2017 жыл 3

ҚазаҚстан Республикасы пРезидентінің ЖаРлығы

«Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға

теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1. «Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан

Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Респуб­ликасының ПҮАЖ­ы, 2011 ж., № 55, 783­құжат) мына­дай толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери кұралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалардың тізбесінде және сипаттамаларында:

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестіріл­ген өзге де наградаларының тізбесінде:

«Медальдар:» деген бөлімде: 10­тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен

толықтырылсын:«5) І, ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» («Защитник

Отечества»).»; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей

бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралым дар дың ведомстволық және оларға теңестіріл­ген өзге де наградаларының сипаттамаларында (бұдан әрі – Сипаттамалар):

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің медальдары» деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөлімдермен толықтырылсын:

«І дәрежелі «Ел қорғаны» (54­1­қосымша)І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі алтын жалатылған

сары түсті металдан дайындалады және диаметрі 42 мм он сәулелі айшықты жұлдыз нысанында бо­лады. Медальдағы бейнелер – бедерлі. Медаль аверсі нің ортасында – қызыл түстің аясында «ЕЛ ҚОРҒАНЫ» деген жазуы бар төменгі бөлігінде лента өткізілген лавр бұтақтарымен көмкерілген шең бер. Шеңбер көгілдір түсті эмальмен боялған.

Шеңбердің ортасында өткір жүзі жоғары қаратылып айқастырылған семсерлер аясында қалқан орналасқан, онда алқызыл аяда танк, ұшақ, корабль және десанттық әскерлер эмблемалары бейнеленген Қазақстан Республикасының картасы сұлбасының бейнесі бар. Жұлдыз сәулелерінің сәнді ұштары ұлттық ою­өрнек элементтерімен өрнектелген. Сәулелердің фрагменттері көк түсті эмальмен боялған. Бес сәуледе диаметрі 2 мм жасанды тастар орнатылған.

Медальдың реверсінде бедерлі бейне бар. Ортасында бес жолға «І; ДӘРЕЖЕ; ОТАНЫҢДЫ СҮЙ; ХАЛҚЫҢА; ҚЫЗМЕТ ЕТ» деген жазу орналасқан. Жазу шеңберін айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ» деген жазу орналасқан.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға бекітіледі. Таған ені 10 мм болатын сол жақ жиегінен қошқыл жу­сан түстес, оң жақ жиегінен қошқыл көк түсті, ортасын­да ені 12 мм қошқыл көк түсті үш жолағы бар сарғыш түсті жолақтан тұратын тік жолақты қатқыл лентамен тысталады. Тағанның ортасында бастырылып жасалған Қарулы Күштердің эмблемасы орнатылады.

Медаль киімге түйреуіштің көмегімен бекітіледі.ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» (54­2­қосымша)ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалі ақ түсті метал­

дан дайындалады және диаметрі 42 мм он сәулелі айшықты жұлдыз нысанында болады. Медальдағы бейнелер – бедерлі. Медаль аверсінің ортасын­да – қызыл түстің аясында «ЕЛ ҚОРҒАНЫ» деген жазуы бар төменгі бөлігінде лента өткізілген лавр бұтақтарымен көмкерілген шеңбер. Шеңбер көгілдір түсті эмальмен боялған. Шеңбердің ортасында өткір жүзі жоғары қаратылып айқастырылған семсерлер ая­сында қалқан орналасқан, онда танк, ұшақ, корабль және десанттық әскерлер эмблемалары бейнеленген Қазақстан Республикасының картасы сұлбасының бейнесі бар. Жұлдыз сәулелерінің сәнді ұштары ұлттық ою­өрнек элементтерімен өрнектелген. Сәулелердің фрагменттері көк түсті эмальмен боялған.

Медальдың реверсінде бедерлі бейне бар. Ортасында бес жолға «ІІ; ДӘРЕЖЕ; ОТАНЫҢДЫ СҮЙ; ХАЛҚЫҢА; ҚЫЗМЕТ ЕТ» деген жазу орналасқан. Жазу шеңберін айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ» деген жазу орналасқан.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға бекітіледі. Таған ені 10 мм болатын сол жақ жиегінен қошқыл жу­сан түстес, оң жақ жиегінен қошқыл көк түсті, ортасын­да ені 12 мм қошқыл көк түсті үш жолағы бар сарғыш түсті жолақтан тұратын тік жолақты қатқыл лентамен тысталады. Тағанның ортасында бастырылып жасалған Қарулы Күштердің эмблемасы орнатылады.

Медаль киімге түйреуіштің көмегімен бекітіледі.»;

Осы Жарлыққа 1 және 2­қосымшаларға сәйкес Сипаттамаларға 54­1 және 54­2­қосымшалармен толықтырылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы К о н с т и т у ц и я л ы қ Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де на­градаларынан айыру) қағидаларында:

«3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздері» деген бөлімде:

«Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін» медалі» деген кіші бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

«Ел қорғаны» медалі44­1. «Ел қорғаны» медалімен:әскерлерге басшылық жасауда және қойылған

міндеттерді орындауда, оқу­жаттығуларда, жауынгерлік кезекшілікті атқару кезінде, жаңа жауынгерлік және арнайы техниканы меңгеруде, қару­жарақ пен әскери техниканы ұдайы жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету жай­күйінде ұстауда, қолбасшылықтың арнайы (жедел) тапсырмаларын орындау кезінде, жұмылдыру даярлығында, әскери­патриоттық, педагогикалық, ғылыми­зерттеу, емдеу және өзге де әскери (әскери­қолданбалы) қызметте, мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери мамандықты меңгеруде ерекше көзге түскені үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, сондай­ақ Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін, әскери қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталады.

44­2. «Ел қорғаны» медалі екі дәрежеден тұрады:1) Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін,

әскери қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлер құрамы мен Қазақстан Республикасының азаматтарын марапаттауға – І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі;

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сержанттар және сарбаздар құрамдарының әскери қызметшілерін марапаттауға – ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалі.».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАзАРбАЕв

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 25 сәуір №466

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 466 Жарлығына

1-ҚОСЫМША

Сипаттамаларға 54-1-қосымша

І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі

Қазақстан Республикасы Президентінің 217 жылғы 25 сәуірдегі № 466 Жарлығына

2-ҚОСЫМША

Сипаттамаларға 54-2-қосымша

ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалі

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«егемен Қазақстан»

Біздің еліміздің Гаага конферен­циясына мүше болуы Қазақстан құқық жүйесінің әлемдік стандарт­тарды ескере отырып, одан әрі да­муына, қазақстандық азаматтар­дың шет елдердегі мүдделері мен құқық тарының қорғалу тиімді­лігін артты руға ықпал етеді. Гаага конферен циясының құрамына ену Қазақстанға ортақ істер мен саясат жөніндегі кеңес ке қатысуға, кон­венция жобала рын әзірлеу үшін арнайы комиссиялар жұмысы­на қатысуға немесе Гаага кон­ференциясы жұмысының аясын­да халықаралық жеке құқықтың барлық мәселелерін зерделеуге, Гаага конвенциясына үйлестіруді талдау барысында Гаага конфе­ренциясы мен оның мүшелерінің сараптамалық көме гін алуға, не­месе өзге Гаага конвен ция ларына қосылудың тиімділігі мәсе ле лерін қарастыруға мүмкіндік береді.

Сенаторлар Георгий Ким мен Рашит Әкімовтің сауалына Әділет министрі Марат Бекетаев жауап берді. Сенатор Марат Тағымов заң­ды қолдау тұрғысында сөз сөйледі.

Заңнамаға дене шынық тыру мен спорт мәселелері бойынша түзетулер екі оқылымда қара­лып, қабылдан ды. Құжат дене шынық тыру және спорт саласын қаржы лан дырудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру, айқындығы мен қар жыландыру жүйесінің шы­найы лығын арттыру мақсатында әзірленген болатын. Түзетулермен еліміздің Бюджет кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекс­ке, сондай­ақ, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бюджет кодексіне түзету Қазақстан Республикасының Ұлттық олим­пиада комитетіне 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап дене шынық­тыру және спорт саласындағы мемлекеттік тапсырманы алуға

және оған қатысуға құқық беруді көздейді. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңда спорт түрлері бойынша бюджет қаражатының тиімді бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында спорт түрлерін сара­лау жүйесін енгізу, Ұлттық олим­пиада комитетін қоса алғанда, мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы функциялардың аражігін ажырату, т.б. ұсынылады.

Қосымша баяндама жасаған се­натор Серік Бектұрғанов құжат ты қабылдау нәтижесінде респуб ли­калық және аймақтық деңгейдегі қар жы ресурстарын объективті және тәуел сіз бөлуге кепілдік бере тін үлгі қа лыпт асатыны күтіліп отыр ға н ын жеткізді. Атап айтқанда, заң жо ба ­сында көзделгендей, спорт түр лері не саралау жүйесін енгізу және ба сым­дықтар тізімін белгілеу өңір лер бас­шыларының әуестіктері мен ұнату­шылықтарына қарамастан еліміз де де, аймақтарда да келешегі зор ба­ғыт т арды дамы туға мүмкіндік береді.

Сенаттың Халықаралық қаты­нас тар, қорғаныс және қауіп сіз­дік комитетінің төрайымы Дари ға Назарбаева заң жобасын әзірлеу ші­лерге комитеттің бірқатар ұсыныс­тарын айтты. Олар: Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – президенттік тест көрсеткіштерін

күрделілігіне байланысты бірнеше санатқа бөлу; Мәдениет және спорт министрлігі «Самұрық­Қазына» әл­ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен бірге бірыңғай оператор («Туризм және спорт индустриясын дамы­ту қоры») арқылы бұрын бөлінген қаржы көлемін сақтай отырып, кәсіби және бұқаралық спортты дамытуға қаржы бөлу; Мәдениет және спорт министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, кәсіби арнаулы және бұқаралық спортты қаржыландыру жөніндегі бюджет бағдарламасын бөлу мәселесін пысықтау, сондай­ақ кәсіби спорт клубтарына, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептеріне және спорт ғимараттарына салық жеңілдіктерін беру (ТСК, жер мен мүлік салығы, ҚҚС); мына санат­тарды: кәсіби спорт, арнаулы және бұқаралық спортты пайыздық қатынастарға байланысты мемлекет бюджетінен қаржыландыру көлемін белгілеу, аймақтарда спортты дамы­ту мен спорт инфрақұрылымын да­мыту, саламатты өмір салтын наси­хаттау, спорт жарыстарын қолдауды жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігіне беру. Міне, осы және тағы басқа маңызды мәселелерді заң жүзінде бекіту көзделіп отыр.

Отырыс барысында сенатор лар­дың депутаттық сауалдары жария етілді.

Асхат РАЙҚҰЛ,«егемен Қазақстан»

«Біз, инвестициялық саясатты өзгертудің қажеттілігін жақсы түсінеміз. Сол себепті саладағы жұмыстың аймақтар­да тұралап қалғанын қаламаймыз. Сондықтан, облыс әкімдерінің инвестициялар жөніндегі орынбасарларымен қосымша кеңестер өткіздік. Кейбір басшылардың осы салада жұмыс істеуге әлі де дайын емес екенін байқадық. Тілді тиісті деңгейде білмейтіндері де көп нәрсені аңғартады. Иә, олардың басқа жұмыстары да жетіп­артылатынын білеміз. Осыған байланысты біз Президент Әкімшілігіне тиісті xат әзірлеудеміз. Инвестиция тарту жұмысын ретке келтіру керек», деді Б.Сағынтаев. Оның айтуынша, шет ел инвестицияларын тартудың бұрынғы жүйесі толығымен өзгертілді. Осы салада арнайы «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы құрылды. Ал компанияның директорлар кеңесі Үкімет басшысы деңгейіне дейін көтерілді. Соның өзі инвестициялық саясаттың басымдығын, Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек.

Премьер­Министр жақында АҚШ­та өткен «Шевронның» басшысы Уотсон мырзамен кездесуіне тоқталды. «Ол соңғы жиырма бес жыл ішінде Қазақстан қалай өссе, «Шеврон» да солай дамығанын айтты. Алдағы уақытта компания өз өндірістерін кеңейту аясында 39 млрд доллар көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл – әлем бойынша мұнай­газ саласындағы ең ірі инвестиция», деді Үкімет басшысы.

Басқосуда баяндама жасаған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек соңғы бес жылда түбегейлі өзгерген еліміздегі инвестициялар саласындағы заңнама халықаралық талаптарға сай келетіндігін тілге тиек етті. Инвесторлар үшін визалық жеңілдік қана емес, салық, ке­ден мен рұқсат беру бойынша ыңғайлы жағдайлар жасалған. «Осының арқасында Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Вusiness» рейтингінде 41­орыннан 35­орынға көтерілді. Ал өткен жылдың қорытындысында елімізге тартылған шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 20,6 млрд долларға дейін өскен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық. Ол ақшаның басым бөлігі тау­кен, өңдеу кәсібі, электр энергиясымен қамтамасыз ету мен ақпараттық технологияларға салынады», дейді Ж.Қасымбек. Министрдің мәліметінше, Қазақстан экономикасына инвестиция салу жағынан Нидерланд көш бастап тұр. Одан кейін АҚШ, Швейцария, Франция, Қытай мен Ұлыбритания келеді.

Министр шет ел инвестицияларын тартып қана қоймай, оны ұстап қалу қажеттігіне де тоқтады. Реинвестициялар үшін барлық жағдайларды жасау маңызды. Сол үшін биыл маусым айының аяғына дейін Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, инвестицияларды тартудың ұлттық стратегия әзірленбек. Стратегия инвестицияны қайдан, қалай және қай салаға тарту қажет екенін айқындайды. Оның айтуынша, – «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының бүгінде шет елде және жергілікті жерлерде арнайы бөлімшелері жұмыс істейді. Компания Үкіметтің атынан барлық келіссөздерді жүргізетін болады. Ал компанияның өңірлердегі өкілдері облыс әкімдерінің кеңесшісі қызметін қоса атқарады.

Жиын барысында Дүниежүзілік банктің инвестициялық ахуал мәселелері бойынша кеңсе басшысы Иван Нимак табыс іздеген инвесторлардың Қазақстанға назар аудар­ғаны жөн екенін айтты. «Kazakh Invest» ұлттық ком­паниясы» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашев ком­па ния инвесторларының мемлекеттiк органдармен өзара қатынасы, мiндетi мен мақсаты туралы әңгімеледі.

Инвестиция тартуға ілкімділік қажет

––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сыртқы істер министрлiгiнде «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 1 қыркүйекке дейін әзірлеп, бекітуді тапсырған Ұлттық инвестициялық стра-тегия жобасының таныстырылымы өтті. Жиынды ашып сөз сөйлеген Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бұл жұмыстарға халықаралық сарап-шылар да тартылып отырғанын жеткізді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болып, палата әуелі Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялады. Оның құрамында 79 ел мен Еуропалық одақты қосқанда 80 мүше бар. Бүгінгі таңда Гаага конференциясының аясында 39 конвенция жасалған болса, біздің еліміз олардың 8-ін ратификациялады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Заңнамаға түзетулер қабылданды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура-лы» заң жобасын қоғамдық талқылау өтті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––– Арнұр АСҚАР,«егемен Қазақстан»

Талқылауға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, белгілі журналистер, сондай­ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Жиын басында сөз алған министр Д.Абаев Мемле кет басшысы ведмоствоның алдына еліміздің ақпа­рат кеңістігін нығайту, отандық ақпарат құрал­дарының деңгейін көтеру, коммeникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар міндеттер жүктегенін айтты. «Біз осы міндеттерді басшылыққа ала оты рып, заң жобасын әзірлеуге оған ақпарат саласы маман дары ның, үкіметтік емес ұйымдардың, жалпы қоғам өкіл дерінің жан­жақ ты атсалысуына мүмкіндік бер генбіз. Жоба әзір лен­геннен бергі уақытта көпте ген талқылаулар мен қызу пікірталастар өткізіл ді. Бүгінгі таңда көпшіліктің ұсыныс­пікірлері ескері ле келе, жобаның негізгі бағыттары бойынша ұстаным дарымыз бір арнадан табылуда деуге болады», деді министр.

Жаңа құжат талқылауға шығарылғаннан кейінгі аралықта оған қатысты 200­ден астам ұсыныс түсіп, соның 70 пайызы құжатқа енгізілген. Жалпы алғанда, құжатқа 250­ге жуық түзетулер қарастырылған. Осы түзетулер негізінде 4 кодекс пен 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

Заң жобасы қоғам талқысына ұсынылған тоғыз айға жуық уақыт ішінде тиісті жұмыс тобының үш отырысы өтіп, еліміздің барлық өңірінен келген өкілдердің қатысуымен қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылған болатын. Министрлік жанындағы Қоғамдық кеңесте де талқыланған.

«Заң жобасымен жұмыс барысында қарапайым азаматтар тарапынан да көптеген өтініштер түсті. Әсіресе, балаларды қорғауға бағытталған бейнелері мен жеке деректерін жариялауды шектеуге, «бала­ның жасына сай ақпарат» ұғымын енгізу сынды шара лар қабылданды», деді министр.

Д.Абаевтың айтуынша, бүгінгі таңда «кибербул­линг», яғни әлеуметтік желілер, байланыс құралдары арқылы қудалау, ар­намысына нұқсан келтіретін әрекет жасау мәселесі өте өзекті болып отыр. Министрлік заң жобасында осы тектес мәселелерді назарға алуға ниетті.

Заң жобасы барлық орталық мемлекеттік органдармен, Президентке есепті қызығушылық танытқан органдармен, сондай­ақ 14 облыстың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен,

бас­аяғы 35 органмен келісілген. Қазіргі таңда құжат жобасы Үкіметте қаралуда.

Жиын барысында Ақпарат және коммуника­циялар министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Елдос Нәшірәлі БАҚ­тардың экономикалық жүктемесін жеңілдету, яғни ұсақ заң бұзушылықтар бойынша тиражды тәркілеу немесе БАҚ­тың жұмысын уақытша тоқтату сынды нормаларды алып тастау ұсынылып отыр ғанын айтты. Бұдан басқа, мемлекеттік орган­дар, ұйымдар және БАҚ­тар арасында өзара іс­қи­мыл жөніндегі арнайы өкілдер, құрылымдық бөлім­шелер туралы да өзгеріс енгізіліп отыр.

Жалпы, заң жобасы БАҚ, телерадио таратылымы, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қатынастарды құқықтық тұрғыда регламенттеуге бағытталған.

суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ,

«егемен Қазақстан»

БАҚ туралы заң жобасы талқыланды

саясат

Page 4: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

4 28 СƏУІР 2017 ЖЫЛБОЛАШАҒЫМЫЗ – БІРЛІКТЕ!

Татулық – басты байлығымыз

––––––––––––––––––––––––––––Татулық – біздің ең басты бай-лығымыз. Қаншама ұлттың баласы на құшағын кең ашқан бай тақ Қазақстанымыз – бүгінде тұрақ тылық пен достықтың бесігі. Бұл туралы ҚХА-ның жақында �ткен ХХV сессиясында да жан-жақты айтылды. �рбі рі міздің жүрегіміздің т�рінде мемлекетімізге деген риясыз құрмет ең алдыңғы орында тұруға тиіс. Президент Нұрсұлтан �бішұлы Назарбаев елдің тұрақ ты дамуын, ұлттардың татулығы мен достығын әрдайым басты назарда ұстап келеді. ––––––––––––––––––––––––––––

Елбасымыздың жуырда барша халық-қа жол тартқан «Болашаққа бағдар: ру хани жаңғыру» атты мақаласын бүтін бір мем-лекеттің тамырына қан жүгіртіп, жан-жақ-ты дамуымызға жол ашатын мəні терең тари хи құжат деп түсінеміз. Дамудың даң-ғыл жолын қалыптастырып, елдігімізді қуат тап, бірлігімізді бекемдейтін бір мақсат жолында жұмылып, ертеңгі күнге нық сеніммен қарауға бағыттайтын мəні терең мақалада айтылған əр бағдар-ламаның орны бөлек. Дамыған озық технологияларды игеріп, бірнеше тіл меңгерген, бəсекеге барынша қабі лет ті зияткер ұрпақ – мемлекеттің келешегі.

Əлемнің əр түкпірінде дау-жанжал, түрлі қақтығыстар орын алып жатқан қиын шақта тұрақтылығымыз бен татулығымызды сақтап, бейбіт өмір сүріп отырғанымыз Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасы деп білеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі ретінде ел тарихында орын алып жатқан елеулі мерекелермен барша қазақстандықты құттықтаймын. Ұйғыр этномəдени бірлестігі бірлік пен берекені, сенім мен ізгілікті, татулық пен тұрақтылықты əрдайым қол дай ды. Еліміздің мерейі үстем бо лып, мем-лекетіміз қарыштап дами берсін.

Шаймардан НҰРЫМОВ,Парламент Мәжілісінің депутаты,

Республикалық ұйғыр этномәдени бірлестігінің т�рағасы

Тұрақтылық – тұғырымыз

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясын теледидар арқылы та-машалап, ерекше əсер алдым. Елбасы Ассамблея мүшелеріне тың міндеттер жүктеді. Президент «Туған жер» жоба-сы Ассамблея үшін зор мүмкіндіктерге жол ашып беретініне тоқталып, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жо-басына Ассамблея тікелей қатысып, басы-қасында жүруі керектігін айтты.

«Біздің қаншама замандасымыз, қаншама Ассамблея белсендісі ел игілігі үшін риясыз қызмет етіп жүр. Ұлтына, қай өңірден екеніне, жынысы-на қарамастан, біз олардың барлығын елге таныта білуіміз керек. Мұнда қойылатын талап біреу ғана, ол – азаматтың Қазақстан дамуына қосқан үлесі», – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы азаматтық біре гейлікті нығайтып, бірлік пен келі сімді қамтамасыз ету қажеттігін айтып, қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын реттеп, олардың қызметтері-нің нақты критерийлерін жасауды, Үкі метке қайырымдылықты дамыту, оның ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды. Бизнес, шығармашылық жəне ғылыми зиялы қауым өкілдерін «Туған жер» жобасына қатысуға жəне өз ауылдас-тарын қолдау үшін күш жұмылдыруға шақырды.

Ұлт пен ұлысты ұйыстырған Қазақ-стан халқы Ассамблеясы секілді қоғам-дық институттың еліміздегі татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызы зор. Сондықтан, Ассамблея мүшелері Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға жұдырықтай жұмылып, белсе-не атсалысады деп ойлаймын.

Сессия жиынына қатысқан Шы-ғыс Қазақстан облысындағы ҚХА ғы лыми-сараптамалық тобының төр-айымы Нелли Краснобаева əлеумет-тік-демографиялық дамудың респуб-ликалық зерттеу институтын құру жөнінде жақсы ұсыныс айтты. Бұл ұсынысты мен де құптаймын.

Сөзімнің соңында Президенттің жуықта жарық көрген мақаласы барша қазақстандықтарға, менің замандастары-ма ерекше жігер бергенін айтқым келеді.

Армен КАРАПЕТЯН, армян этномәдени

бірлестігінің мүшесі

Шығыс Қазақстан облысы

Сəрсенбі күні өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХV сессиясына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда жарық көрген «Болашаққа бағдар: руха-ни жаңғыру» мақаласы өзек бол-ды. Елбасы ұсынған «100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қа зақ-стан дағы 100 жаңа есім» жəне бас-қа да зор көлемді жобалар ұлт тық сананы жаңа сатыға көте ретініне біз сенімдіміз. Сан ұлттың өкілдері бас қосқан сессия сөз жоқ, біздің мемлекетіміздің қуаты бірлікте, өзара сыйластықта екенін тағы бір жақсы көрсетіп өтті.

Шындығында, рухани жаң-ғыру тек бүгін басталған жұмыс емес еді. Бізде тəуелсіздік кезе ң-ін де бұл бағытта бірнеше ауқым-ды іс-шаралар атқарылды. Бү гін-де əлем бойынша 9-орынды ие-лен ген ұлан-асыр жерді ұрпаққа ама нат таған жауынгерлік жəне ерлік рухымен қатар, Қазақ дала сы ежелден қонақжайлылық, дана лық, парасат пен тату лық тың жо ғары дəрежесін көр сетті. Тағдыр жазуы-мен біздің ата лары мыз осы қа сиетті жерде ошақ құрды. Ал бүгін біз бір ту дың астындағы бір тұтас Қазақ-стан азаматтары еке ні мізді мақ-танышпен айтамыз.

Мəселен, 2003 жылы 15 қазанда

Қарағандыда облыстық литва «Литуаника» ұйымы құрылды. Мұның өзі сол уақытта рухани жаңғыруға алғашқы қадамдар болатын. Ал облыс орталығында Дос тық үйі ашылғалы ол мүм кін -дік тері міз арта түсті. Бұрын дары тек іс-шараларда бас қоса тын болсақ, бүгінде Дос тық үйі об -лысы мыздағы түр лі ұлт өкіл дерінің мəдени тоғы сып, толысуына ық-пал етуде. Сондай-ақ, Достық үйін де ашыл ған медиация мен халық шығар ма шылығына арнал-ған арнайы кабинеттер нəти желі жұмыс жасауымызға жол ашты. Осы жұмыстардың озық үлгі сін-дей, «біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – əрі тарихи сəтті қадамдар əр қазақ стандыққа берілген мүмкіндік».

Барлық отандастарымды алда келе жатқан достық мере-кесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Виталий Ионо ТВАРИОНАС,Қазақстан халқы Ассамблеясы

Кеңесінің мүшесі, облыстық литва этномәдени

бірлестігінің т�рағасы

ҚАРАҒАНДЫ

(Соңы. Басы 1-бетте)

Бірінші кезекте, бұл күндердегі сал танат ел Президентінің бірлік пен жасам паздықты нығайтуға деген саяса ты ның дұрыстығын көрсетіп тұр. Əуел бас тан ұстанған ынтымақ пен береке-бір лік тің жемісті нəтижесіне бүгінде бар ша қазақстандық куə болып отыр. Ал Алғыс айту күнін, бұл қазақ халқына не месе барлық этностардың бір-біріне ал ғыс айтуы ғана емес, сондай-ақ, оны əр аза мат тың өз еліне, өз отбасына жəне өз туған жеріне алғыс айтуы деп қабыл даған жөн. Алғыс айту күнін атап өту «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық патриот тық идеясын жүзеге асыруға жəне қазақ стандық бірегейлікті дамытуға ықпал етеді. Сол себептен де, бұл Қазақ стан халқы Ассамблеясының қоғам дық рухани сананы толықтыруға бағыт тал ған негізгі жобаларының бірі болмақ.

– Бүгінде тіл саясатын жетілдіру

жəне үштілділікті дамыту мəселелері қо йылып отыр. Сіздің пікіріңіз қандай?

– Қоғамды жұдырықтай жұмыл ды-ратын жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келі сім негізіндегі қазақстандық модель-дің аталған мəселелерге байланысты өзіндік тəжірибесі бар. Олар ретіне қарай іске асырылып жатыр. Алғашқы кезде мемлекеттік тілді білуге басымдық берілген болса, соңғы жылдары мемле-кет тік тіл – қазақ тілімен бірге, орыс жəне ағылшын тілдерін де меңгеру қа жет-тігі күн тəртібіне қойылып отыр. Ағыл-шын тілі мен орыс тілінің неге қажет екенін Мемлекет басшысы талай рет айтқан болатын. Бұлардан бөлек, елімізде өзбек, ұйғыр, татар жəне басқа бірқатар этностардың өз ана тілдерінде білім алуларына мүмкіндіктері бар. Корей, неміс, ұйғыр театрлары жұмыс істеуде. Бұдан артық қандай қамқорлық, қандай жанашырлық керек?!

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ағылшын

тіліне қатысты мынадай ой айтыла ды: «Жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кəсіби бай ланыс құралы ретінде жапа-тармағай оқып жат-қан ағылшын тілін біздің де жаппай жəне жедел үйренуіміз керектігі еш дəлелдеуді қажет етпейтіндей». Енді қазақ жазуын біртін деп латын əліпбиіне көшіру жұмыс-тары қолға алынады. Бұл Қазақстан ның əлем мəдениетімен жəне ғылымымен жақы нырақ танысуына мүмкіндік береді. Екін ші жағынан, əлемдік қоғамдастықтың Қазақ стан қоғамымен, Қазақ елінің тарихи-мəдени құндылықтарымен, түрлі өнер туындыларымен танысып, болашақта байланыстар жасауына жол ашады.

– Қазақстан қоғамында бейбіт ші-лік пен келісімнің институттық жүйе-сі нық орнықты деп айта аламыз ба?

– Елімізде бейбітшілік пен келісім ді нығайтудың институттық жүйесі жасал-ған жəне ол саяси-құқықтық негіз де жұ-мыс істеп келеді. Бүгінде олар өз мін-де тін тиімді атқаруда деп айтуымызға

бола ды. Мысалы, Ұлт жоспары шең-берін де Ассамблея қоғамдық-саяси үде-ріс терді тиімділікпен жаңғыртуда жəне ол реформаларды жүзеге асыруда тұрақ ты-лықты қамтамасыз ететін негізгі ресурс болып табылады. Сон дай-ақ, қазіргі кезде Ассамблея қыз меті не жаңа бағыттар да қосылып отыр. Олар – қоғамдық келісім мен қо ғам дық бақылау институттарын дамы ту, медитация мен қайрымдылық қыз мет терін үйлестіру. Қызметтердің көп ші лігі заңнамалық модельдің саяси-құ қық тық аспектілерін кеңейтеді. Яғни, қазақстандық бірегейлік пен бір лікті дамытуға байланысты кешенді іс-шара-ларға қатысуға міндеттейді. Қоры та айт-қанда, бақ бағалай білгеннің басы на қо-натынын ұмытпайық, яғни бірлі гі мізді бағалай білейік.

– Əңгімеңізге рахмет.

�ңгімелескен �лисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Мемлекет басшысы: «Бүгінгі Ассамб лея тарихы ол тұрақтылықтың, тату лық тың, бейбітшілік пен келісімнің шежі ресі болып саналады. Бірліктің киелі бесігі, елді ортақ мақсатқа жұмыл-дыратын бірегей тетігі», – деді өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында сөйлеген сөзінде. Асы ра айтқаным емес, Елбасының əр сөзі мені толқытты, тебірентті. Осындай ғажап елде өмір сүріп жатқанымызға, қоғам-дағы тыныштық пен тұрақтылыққа тағы да риза болдық, рахмет айттық.

Қаншама ұлттың өкілі араздық дегенді білмей, бір шаңырақ астында тату-тəтті ғұмыр кешіп жатыр. Мен ешқашан қазақ емес екенімді сезініп көрм еппін. Осы елдің тең құқылы аза -маты ретінде барлық арман-мақ сат-тарыма жетіп келемін. Бүгінде ба-қытты əкемін, немерелерім де қазақ жерінде өсіп жатыр, кəсібім де өркен деп келеді. «Иверия» грузин этномəдени бірлестігі жанынан құрыл ған балалар би ансамблі Ассамблея жиынында өнерлерін көрсетті. Бұл – біз үшін

үлкен мəртебе. 2012 жылы құрылған ансамбль мен хор облыста өтетін барлық мəдени шаралар мен республикалық, халықаралық байқау ларға қатысып, жоғары марапаттар иеленіп жүр. Өткен жылы да Астана да «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жыл дығы» атты этномəдени фести вальге қатысты. Енді ЭКСПО қонақ тарына өнерлерін көрсетуге дайын-дық үстінде. Өз ұлтымыздың құнды-лықтарын, дəстүрі мен салтын осы лай ша дамытып, насихаттау үшін Қазақ станда барлық жағдайдың жасалғаны бізді шын қуантады.

Облыстағы 17 этномəдени бірлес-тік тің барлығы да қоғам өміріне бел-сен ді атсалысады. Атыраудағы Достық үйі бейбітшілік пен бірліктің орда сына айналды. Еліміз тыныш, жағ дайымыз жақсы, менің ойымша бақыт деген – осы!

Зураб БОБОХИДЗЕ,«Иверия» грузин этномәдени

бірлестігінің т�рағасы

АТЫРАУ

Осы күнге дейін Президент əлеу-меттік-экономикалық саланың дамуын, жаңғыруын талап етіп, бағдарламалық құжаттардың бəрінде олар орнын тапты. Ал бүгін рухани саланың жаңғыру таңы атқаны көрініп тұр. Өз тарапымнан мен рухани жаңғыруды халқымыздың са-насында сілкініс тудырып, патриоттық сезімге шоқ тастау деп білемін. Тек са-налы адамдар ғана азаттықты бағалап, тəуелсіздіктің туын бекем ұстай алады.

Президенттің бағдарламалық мақа-ла сы əркімге де ой салып, біз тек өз Отанымыз, өз Қазақстанымыз үшін барлық игілікті жасауымыз керек деген пікір тудыратыны күмəнсіз. Əрине, ол үшін ішкі саясат қызметтері белсенді жұ мыс істеп, Елбасының мақаласын түсін діруге талмай кірісуі керек жəне бұл жұмыс бір реттік, науқаншылықпен шек-те лмей, үнемі жүргізіліп тұрғаны жөн.

Өз тарапыңнан не істер едіңіз деген сұрақ қойылса, мен өз мүм кін шіліктерімді, өзімнің медиа-құрал дарымды пайдала-нып, мақаланың маңызын жерлестеріме түсіндіруге тырысып жүрмін. Сондай-ақ, мен Оңтүстік Қазақстан облыстық мəсли-хатының депутаты ретінде біздің Орда-басы ауданы мен Қарағанды облысы ның Ұлытау аудандарының арасында бауыр-ластық қатынас орнату туралы ұсыныс жасайтын боламын. Өйткені, бұл екі аудан да Қазақ хандығының тарихында өшпес орны бар жерлер. Сөйтіп, мақаладағы туған жердің қадірін ұрпақтарға таратуда бір сүйекті шара жасаған болар едік.

Дулат �БІШ, Оңтүстік Қазақстан облыстық

мәслихатының депутаты

ШЫМКЕНТ

1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

«Бірлігімізді бағалай білейік»

Тағаттылық – таңдауымыз

Ассамблея – рухани баспалдақ

Бақыт деген – бірлік пен бейбітшілік–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы халықтың к�птен күткен, к�ңілінде жүрген мәселелерін к�терді. ҚХА-ның күні кеше табысты �ткен сессиясы да сол мәселені талқылап, шығып с�йлеген әріптестеріміздің бәрі мақалада к�терілген мәселелердің орынды екенін, �здерінің ойларынан шыққанын айтты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 5: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

28 сәуір 2017 жыл 5САЯСАТ

Өңір Өмірі

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан»

Ақтоғайдың алғашқы концентраты алынды

Биыл облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші артып, оң бағыттағы өзгерістерге жол ашып отыр, деді облыс әкімі. Мемлекет басшысының Жолдауында экономи-каны технологиялық жаңғыртуды жеделдетуге басымдық берілді. Президент жаңа индустрия-ны құрумен қатар дәстүрлі базалық салалардың дамуына серпін беру керектігін алға тартқан болатын. Бұл өнеркәсіп, көлік, логистика және құрылыс секторларын қамтиды.

Өңір басшысының айтуынша, ағымдағы жылы ақпан айында Ақтоғай кен байыту ком-бинатында алғаш рет тауарлы мыс концентра-ты алынды. Жаңа технологияны пайдалану жолымен Бақыршық кен байыту кешенінің алтын шығаратын кен орнына 129 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, жылына 2 млн тонна кен өңделмек. Бұл комбинат келесі жылы іске қосылады. Сондай-ақ, толық циклді автозауыт пен автобөлшек шығарушы технопарктің құрылысы да үздіксіз жүргізілуде. Яғни алдағы уақытта Қазақстан автокөліктерді құрастырудан автобөлшектер дайындап, шығарудың кластерлік деңгейіне өтеді. Қазіргі кезде аймақ инфрақұрылымына шет ел инвести-циясын тиімді тарту үшін Азия даму, Еуропа қайта құру және даму банктерімен жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте «Бизнестің жол карта-сы-2020» бағдарламасы аясында 7 млрд теңгеге бағаланған ішкі инфрақұрылым құрылысы ту-ралы да айта кеткен ләзім.

Сүт шаруашылығының жаңа сызбасы

Өткен жылы агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 46 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығындағы негізгі бағыттың бірі – тауарлы сүт өндірісі.

Облыста 836 мың тонна сүт өндіріледі. Биыл өндіріс көлемі 900 мың тоннаға дейін өседі. Бұл еліміздегі ең жоғары көрсеткіш, деді Д.Ахметов. Шығыс Қазақстандағы сүттің 70 пайызы қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Сондықтан қосалқы шаруашылықты дамы-ту – негізгі басымдықтардың бірі. Шағын ғана отбасылық шаруасын дөңгелетіп отырған қарапайым адамдар сүтті сауып, сатумен та-быс табады, осы арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етеді, деді ол. Осы орайда жекелеген қосалқы шаруашылықтар мен сүт өңдеушілер, зауыттар арасындағы тиімді кооперацияға қол жеткізу және сүт шаруашылығын дамыту ту-ралы да кеңінен әңгімеледі. Шығыс өңірінде бұл жұмыс жүйелі атқарылуда. Мәселен, сүтті жинауға арналған әмбебап бекеттер құрылысы бойынша заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған модульді өндіріс саласы дамып келеді. Бұрын біз мұндай модульдерді Қытай мен Ресейден сатып алатын едік. Қазір көрші елдерге қарағанда, анағұрлым сапалы құрал-жабдықтарды өзімізде шығаруды жолға қойдық. Біз соңғы бір жарым жыл ішінде 50-ден астам сүт қабылдау бекетін салдық. Бұл орындар сүт зауыттары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды байланыстырушы тетікке айналды. Осылайша, сүт өндірісінің жаңа сызбасы қаллыптасып, оған шаруашылық өкілдерінен бөлек, ауыл әкімдері, мал дәрігерлері де қатысатын болды, олардың рөлі нығайды. Бұл халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына да игі әсер етіп отыр. Келешекте сүт жинау бекеттерінің барлығы ко-оперативтерге біріктіріліп, келесі деңгейге – сүт өңдеу зауыттарының акциялануына қатысуға жетуі әбден ықтимал, деді облыс әкімі. Өңір басшысы аталған саланы өрістете беру үшін ірі дәстүрлі тауарлы шаруашылықтарды дамыту қажеттігін айтады. Облыста осы кезде 41 жаңа тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталуға жақын. Соның нәтижесінде жоғары сапалы сүт өнімінің үлкен көлеміне қолжетімділікті қамтамасыз ете аламыз, деді ол. Сүт қабылдау бекеттеріндегі сүт шикізатының бағасын көтеру туралы сауалға өңір басшысы бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын, бірақ сүт шикізаты бағасының көтерілуі нарықтық талаптарға сай жүзеге асатынын, алдағы уақытта көрші Қытай нарығына шығу арқылы отандық өнім құнын көтеруге күш салып жатқанын жеткізді. Сонымен қоса, облыстың экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында өнімдерді өңдеу бойын-ша инвестициялық жобалар іске асырылуда. Мәселен, Қытай елінің стандарттарын ескере отырып, қазақстандық өнімді сертификаттау зертханасын ашу мәселесі қарастырылуда.

Үш мыңнан астам мұғалім оқытылуда

Сондай-ақ, өңір басшысы үш тілділік мәселесіне де тоқталды. Облыста осы мәселеге орай қанатқақты жоба жүзеге асырылып жатқан болатын. Білім және ғылым министрлігімен бірге жүргізілген бұл жұмыстың алдында аймақтағы тілді меңгеру деңгейі тексеріліп, оның нәтижесі көңіл көншітпегенін жеткізген өңір басшысы барлығы 3400 ағылшын, қазақ және орыс тілі пәндерінің мұғалімі үш жыл бойы оқытылатынын ерекше атап өтті. Былтыр

ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері ағылшын тілін үйретуді оқыды. Ал қазақ тілін ең үздік педагогтарымыз оқытып жатыр. Қазақ мектебіндегі орыс тіліне қатысты да осыны айтуға болады. Егер мыңнан бір орыстың ба-ласы қазақ тілінде таза сөйлеп тұрса қуанамыз, мақтанамыз. Неге? Қазақтың көбі орыс тілінде жақсы сөйлесе де ешкімді таңғалдыра алмай-ды немесе қуантпайды емес пе?! Яғни, бұл өздігінен болатын құбылыс. Өйткені, үлкен қиындықтар өтті, бізде басқа әдістеме, өзге бағдарлама болды. Біз барлығын өзгерттік, әдістемені де, бағдарламаны да ауыстырдық. Бүгінде қазақ тілін енгізу әдістемесі толығымен Кэмбридж университетінің ағылшын стан-дарттарына бейімделді. Ағылшын тілі де кэмбридждік жүйе бойынша жүргізілуде, деді облыс әкімі. Осы ретте облыста елімізде алғаш рет латын қарпіндегі оқулықтар шығаруға қадам жасалғанын атап өтті.

Семейге серпін беретін жобалар көп

Даниал Кенжетайұлы өңірдің денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан шаруа-ларды да атап өтті. Ана мен бала денсаулығын сақтау, онкология, қан айналымы жүйесі ауру-лары бойынша жұмыс істейтін 150 дәрігер үш жыл бойы қазақстандық және шетелдік үздік емханаларда кезең-кезеңімен дайындықтан өтеді. Бірлескен шеберлік сабақтар мен ашық семинарлар өткізу үшін батыс медициналық университеттерінің үздік профессорлары мен дәрігерлерін шақыру жоспарланып отыр, деді ол.

БАҚ өкілдері тарапынан өңір басшысы-на Семей қаласы туралы бірқатар маңызды сұрақтар қойылды. Семей – өзіндік ерекшелігі, жоғары мәдениеті бар шаһар. Онда біздің үлкен құндылықтарымыз сақталған. Қала бюджеті 2014 жылы 21 млрд теңгені құраса, биылғы жиынтық бюджеті 49 млрд теңгеге тең. Семей қаласында 10 млрд теңгеге әуежай жөнделіп жатыр. «Абай-Арена» спорт кешенінің жобалау-сметалық құжаттарын аяқтап қалдық. Әрине, Семейдің инженерлік-коммуникациялық желісі қанағаттанарлық деңгейде емес. Сондықтан бүгінде суағар жүйелері бойынша жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде, су, жылу және кәріз құбырларын ауыстыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Биылдың өзінде қаладағы жол құрылысына, ағымдағы және орта жөндеу жұмыстарына 3 млрд теңге бөлінді. Оған қаладағы барлық жол-құрылыс компаниялары қатысуда. Одан өзге Семейде «Қарағайлы» атты заман талабына сай жаңа ауданның құрылысы басталды. Бұл қаладағы сәулет-қала құрылысы талаптарына барлық қырынан сәйкес келетін жаңа аудан болады. Сонымен бірге, Семейде және өңірдегі басқа қалаларда жаңадан салына-тын құрылыстарда әр үй мен пәтерге 1,5 орыннан көлік тұрағын салу ескеріліп отыр. Сондай-ақ, барлық тұрғын үй жанынан әлеуметтік нысандар бой көтереді. Облыс басшысы ағымдағы жылы Семей қаласының адам танымастай өзгеретінін жеткізді. Соның ішінде өзен жағалауы, орталық алаң сияқты біраз орындар өзгереді. Ол қаланың проблемалары мен әлсіз тұстарын жақсы білетінін, жақын арада қаланың жеке тұрғын үй құрылысы саласында жақсы серпін болатынын атап өтті.

Сонымен бірге, жолаушы тасымалдаушылар мен шұрық тесік болған жол мәселесінің жеке қадағалауында екенін жеткізді. Мен тасымалда-ушылармен кездестім. Семейді ұзақ жылдан бері әуре-сарсаңға салып келе жатқан жол мәселесі тамыз айында шешілетініне сөз бердім, деген өңір басшысы қозғалыс кестесі мен сапаға байла-нысты мәселелер бар екенін жеткізді. Айтуынша, тасымалдаушы компаниялардың ешқайсысы көлігін жөндегісі келмейді немесе жаңа, сапа-лы автобус сатып алғысы келмейді. Қозғалыс кестесі жоқ. Қолында GPS болса да, кестесінен қалып келеді. Облыс басшысы осы орайда өңірдегі тасымалдаушыларға бәсекелестік орта тудыруға ниетті екенін жеткізді. Біз мұны бәсекелік негізде құру үшін Еуропа қайта құру және даму банкімен келіссөздер жүргізуді аяқтап қалдық. «СемАЗ» зауытынан екі жүзден астам автобус сатып алып, шынайы бәсекелік орта құрамыз, деді. Осылайша, жолдар жөнделіп, көліктер сапасы жақсарып, жүру кестесі жолға қойылып, барлығы бір ізге түскен соң қоғамдық көліктегі жолақы құны да көтерілетінін атап өтті. Яғни, жолақы құны нарық талабына сай болуы тиіс, деді.

ЭКСПО қарсаңында өңірдің туристік әлеуеті туралы сөз қозғаған облыс басшысы бірқатар туристік нысандарды жаңғыртуға маңыз беріліп отырғанын жеткізді. Соның бірі – Алакөл. Биыл көл жағалауын абаттандыруға 550 миллион теңге қаражат бөлінді. 147 қонақ- үйдің қожайынымен ғимараттарды санитарлық, өрт қауіпсіздігі және басқа да талаптар бойын-ша қалыпқа келтіру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Олар өз міндеттемелерін орын-дамайтын болса, биылғы маусымда қызмет көрсету құқығынан айырылатынын да атап өтті. Сондай-ақ, былтыр 300 мыңға дейін турист келсе де жағалаудағы кәсіпкерлер бар-жоғы 28 миллион теңге салық төлеген. Сондықтан салық түсімін реттеу мәселесі де назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Өзекті мәселелер шешімі––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру аясын-да өткен баспасөз жиынында өңір басшысы ағымдағы жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі индикаторы жағымды динамикамен басталғанын жеткізді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Астанада «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру барысы туралы» тақырыбында партиялық тыңдау өткізді.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сауд Арабиясы Королі мен Кувейт Әмірі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Эр-Рияд қаласында Сауд Арабия-сы ның Королі Салман бен Әб дел Әзиз Қазақстан Респуб ли ка сы ның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қа былдады. Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Короліне 2017 жыл-ғы 10-11 қыркүйекте Астана қа-ласында өтетін тарихтағы ал ғаш Ис лам Ынтымақтастығы Ұйымы ның ғы лым және технологиялар бой ын ша саммитіне Қазақстан Рес пуб ли касының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыру хатын табыс етті. Қазақстандық дипломаттың сө зі не сүйенсек, Корольдің Ислам әлем-і н дегі ең ірі мемлекеттердің бірі нің бас-шысы ретінде саммитке қатысуы оның табысты өтуіне маңызды үлес қосады.

Өз кезегінде, Сауд Арабиясының Ко ролі шақыруға алғысын білдіре оты-рып, оны мұқият қарастыратындығына уә де берді. Оның айтуынша, Сауд Ара -биясы Қазақстанды жақын әрі маңызды мемлекет ретінде қарас ты ра ды және екіжақты қарым-қатынасты да мыту мен нығайту қажет деп санай ды.

Монарх Сирияда бейбітшілік пен қау іпсіздік орнатуда Астана про це-сінің маңыздылығын айтып, аталған ба ғыттағы Қазақстан Республикасы бас шысының үлкен үлесін айтып өтті.

Өз кезегінде министр Қазақстан та рапының Эр-Риядпен өзара тиімді ын тымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын айтып, Елбасының халық-ара лық бастамалары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық да муын да-ғы маңызды жобаларды қолдағаны, Астана қаласының құрылысы мен ал-дағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қа ты-сатыны үшін ризашылық білдірді.

Жарасымды әңгімені қорытын ды-лай келе, Сауд Арабия сы ның Королі Пре зидент Нұрсұлтан Назарбаевқа

зор денсаулық, бақыт, алдағы уақытта жұмысына табыс ті леді және барша Қазақстан халқына игі тілегін жеткізуді өтінді.

Сыртқы істер министрінің Ку-вей т ке сапары аясында Қай рат Әбді-рах мановты Кувейт Мем ле ке ті нің Әмірі шейх Сабах әл-Ахмед ас-Сабах қабылдады. Кувейт басшы-сына Астана қаласында өте тін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы ның ғылым және технологиялар жө нін дегі самми-тіне Қазақстан Рес пуб ликасының Президенті Нұр сұл тан Назарбаевтың шақыру ха ты табысталды. Әлемде бұл Та яу Шығыс елінің күрделі халық-ара лық кезеңде бітімгерлік және гу-ма нитарлық бастамаларға саяси әрі қаржылық қолдау көрсететін кон ст-рук тивті күштердің бірі ретінде қа рас-ты рылатындығы атап өтілді.

Әмір Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруына ризашылығын білдірді, со-нымен қатар, осындай саммиттің өтуін қолдайтындығын және оған қа тысуға ниетті екенін хабарлады. Сондай-ақ, Кувейт Астананың бар лық бейбіт мақсаттағы бастамаларын іске асы-руда сенімді серіктес бо латындығын жеткізуді өтінді. Екі ел бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамт ама сыз ету үшін жан-жалдарды әскери жол мен емес, бейбіт бастамалар, гу ма нитарлық көмек, сая-си процестер ар қылы реттегенді жөн көреді.

Қайрат Әбдірахманов Кувейт Пре мьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі шейх Сабах әл-Халед Ас-Сабахпен келіссөз жүргізді. Жарасымды әңгіме барысында ішкі саясат және өңірлік, жаһандық аренада ашықтық, ұстамдылық, то леранттылық

принциптерін ұста нуда екі елдің ұқсастығы атап өтілді. Бұл тұр ғыда, тараптар Бірік кен Ұлттар Ұй ымы шеңберінде ынтымақтастық мә селелерін және Кувейт мемлекетінің 2018-2019 жылдары Қауіпсіздік Ке ңе сіне мүше болу кандидатурасын тал қылады.

Кувейт Сыртқы істер министр лі гі-нің басшысы Қазақстан Президентінің бей бітшілік бастамасын қолдайтынын және Қазақстан елордасында өткен Сириядағы жағдайды реттеу бойын-ша келіссөздер процесіне ерекше мән бере отырып, халықаралық күш үшін қазіргі кездегі күрделі жанжалдарды рет теуге байланысты Астана рөлінің маңыздылығы артып келе жатқанын атап өтті.

Қайрат Әбдірахманов өз кезегінде әріп тесіне Кувейттің Азық-түлік қау-іп сіздігі жөніндегі ислам ұйымы жа р- ғысын алғашқы мүше мемлекеттер қатарында ратификациялағаны жә не Қазақстанда Атом энергиясы жө ні н- дегі халықаралық агенттіктің Ха-лықаралық төмен байытылған уран банкін құруда 10 млн АҚШ дол лары көлемінде қаржылай үлес қос қаны үшін ризашылығын білдірді. Сон-дай-ақ, Йемен қақтығысын ше шу жо-лындағы аймақтық күшке жәр демдесу жө ніндегі Кувейт дип ло ма тия с ының жұ мысын қолдады.

Кувейт жеке бизнесінің қазақстан-дық қызмет секторына салған бірінші инвестицияларын ескеріп, тараптар екі ел арасындағы экономикалық ынты-мақ тастықты кеңейту маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мұнай-газ сала-сы мен исламдық қаржыландыру құ-рал дарын дамыту бойынша іскерлік қа рым-қатынастар құрудың болашағы зор екені мәлімделді. Осыған орай, Қазақстан-Кувейт үкіметаралық ко-миссиясының 4-ші отырысына дай-ын дық қажеттігі көлденең тартылды.

Кувейттің Араб экономикалық даму қорының гранты есебінен Аста -наның техникалық-эко но ми ка лық инфрақұрылымының не гіз де месі әзірленді, Қазақстан Рес пуб ли касы Ауыл шаруашылығы ми нис тр лі гі нің ғимараты салынды, сон дай-ақ, Қызылорда об-лысында сумен жаб дық тау, санита-рия, денсаулық сақ тау салаларындағы бірқатар жобалар іск е асырылғандығын айрықша атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы Сыртқы іс тер министрінің аталған өңірлерге са-пары араб елдерімен көптеген өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мә селелер бойынша, әсіресе, Астана про цесі бойынша ұстанымдарды са-лы с тыруға мүмкіндік берді.

Кездесулер барысында 2016 жы лы Ислам Ынтымақтастығы Ұйы мы ның Ыстанбұлдағы саммитінде мақ ұл-данған «Ислам әлеміндегі татуласу» бас тамасын іске асырудың аспектілері белсенді түрде талқыланды. Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың, әсіресе, экономикалық дипломатия бағытындағы даму прогресін атап көрсетті.

Король мен Әмірдің қабылдауларында болды

Жолдыбай БАЗАР,«Егемен Қазақстан»

Аталған шараға Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары – «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Гүлмира Исімбаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева, Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Парламент депутат-тары, сондай-ақ, мемлекеттік орталық органдардың, облыс әкімдіктерінің, университеттердің, колледждердің, коммерциялық және қоғамдық ұйым-дар дың басшылары қатысты.

Отырысты ашқан «Нұр Отан» пар тиясы Төрағасының бірінші орын баса ры соңғы 16 жылдың ішін-де Қазақстанда жұмыссыздықтың екі есеге азайып, ол 13 пайыздан 5 пай ызға төмендегенін айта ке ліп, бұл өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік-эконо ми-калық саясатының тиімділігінің айқын дәле лі болып табылатынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан Еуропа одағынан (8,2%), Украинадан (9,7%), Қырғызстаннан (8%), Бразилиядан (12%), Ресейден (5,6%) озып, АҚШ пен Ұлыбританияның (4,8%) көрсеткішіне жақындап қалған.

Сонымен қатар, Мұхтар Құл-Мұхаммед адам капиталының сапа-сын көтеру мен азаматтарды тұрақ-ты жалақымен қамтамасыз ету, биыл ғы жылы Мемлекет басшы сы серпін берген ауқымды және жап-пай жаңғырудың көздеген бас ты мақ саты болып табылатынын а тап өтті. «Сан миллиардтаған инвес ти-ция ларды тарту, жаңа зауыттар мен фаб рикалардың құрылысы, биз нес-ті қолдау, ауыл шаруашылығын кө -те ру, инфрақұрылымды жаң ғыр-ту, әлеуметтік жағдайды арт ты ру – осының бәрін де біздің Елба сы-мыз халқымыздың әл-ауқатын жақ-сарту үшін істеп жатыр. Соның ар-қа сында бізде қазір тіпті жұмыс кү ші жетіспеуде. Елімізде 445 мың жұ мыссыздың тіркелгеніне қара-мас тан, өткен жылы ғана ең алды-мен көр ші елдерден табыс табу үшін

көп те ген шетелдіктер келді. Осындай үйлесімсіздікті түзету биылғы жылы Президенттің тапсырмасымен жүзеге асырыла бастаған, ауқымы жағынан біре гей, Нәтижелі жұмыспен қам-ту мен жаппай кәсіпкерлікті дамы-ту бағдарламасының негізгі бағыт-тарының бірі болып табылады», – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Өз кезегінде Еңбек және халық ты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова аталған жаңа бағдарлама-ның бес жылға арналғанын хабарла-ды. «Үстіміздегі жылдың 1 наурызы-нан бастап Елбасының тапсырмасы на сәйкес дайындалған Нәтижелі жұмыс-пен қамту және жаппай кәсіпкерлікті да мыту бағдарламасын жүзеге асыра бас тадық. Қазіргі таңда бағдарламаға қа ты сушылардың саны 122 мыңға жетті. Олардың 50 пайызға жуығы ауыл тұрғындары. Өткен екі айдың ішін де республика көлемінде 57 мың аза мат ашық вакансияларға, яғни тұрақ ты жұмысқа орналастырылып, 23 мыңнан астам жас әлеуметтік жұ-мыс орындарына және жастар практи-ка сына тартылды», – деді министр.

Т.Дүйсенова одан әрі бағдарлама-ның негізгі мақсатын сөз етті. Оның айтуынша, бұл жаңа бағдарлама азаматтарды жаппай оқы ту арқылы олардың өздігінен жұ мысқа тұруын қолдау, несие беру ар қылы өз кәсібін ашуға мүмкіндік жа сау болып табы-лады. Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда ми нистрлік облыс әкімдерімен бірлесе отырып жаңадан ашыла-тын жұмыс орындарын анықтау ісін аяқтаған.

Жиында белгілі болғандай, осы жыл дың соңына дейін ірі мем ле кет-тік және салалық жобаларды іске асы ру дың, сондай-ақ, жаңа кәсіп-орын дар ды құрудың арқасында 346 мың жұмыс орны ашылатын көрінеді. Бұл орайда адамдарға сұранысқа ие ма мандықтарды игеруге көмек көр-се тіледі. Мәселен, биылғы жыл дың қыр күйегінде 21 мың жас адам тех-ни ка лық және кәсіптік білім ұйым да-рына оқу ға жіберілмек.

Сала министрінің айтуын ша, еңбек нарығында электр газ бен дә не кер -леушілердің, аспаздардың, жөн деу жұмыстарын жүргізетін темір ұст а- ларының, электрмонтерлердің, мал

дәрігерлерінің, электриктердің, мон-таж шылардың және тігіншілердің жетіспеушілігі байқалады. Жастарға осы мамандықтарды мемлекет есе-бінен меңгеруге мүмкіндік туып отыр. Жиырма төрт жастан асқан азамат-тарды тегін, қысқа мерзімді білім алу курстарына жіберіп, содан кейін олар-ды жұмысқа орналастыру көзделуде.

Сонымен қатар, министр еңбек күшін жұмылдыруды арттыру бо- йынша да жұмыс жүргізіліп жат қа ны, ха лық тығыз орналасқан өңір лер дің тұр ғындарына жұмыс қолы же тіс-пейтін жерлерге қоныс аудару ұсы ны-лып, бұл процесс басталып кеткенін сөз етті.

Отырыста тағы бір бағыт – кәсіп- к ер лікті дамыту мәселесі де сөз бол-ды. Биылғы жылы ғана ауыл ды жер-лер дегі өз ісін баст а ған кә сіп керлерге 3300 несие беру жос пар лан ған екен. Ауыл шаруа шы лы ғы вице-министрі Гүлмира Исаева ның айтуын ша, кәсіп-кер жылына 6 пайыздық мөл шер ле ме-мен 5 жылға 18 миллион тең геге дейін несие ала алады.

Жиында Нәтижелі жұмыспен қам ту және жаппай кәсіпкерлікті да мыту бағдарламасының орында-лу барысы таныстырылғаннан кейін нұр отан дықтар мемлекеттік орган-дар мен өңір басшыларының алдын-да атқа рылып жатқан жұмыстардың көңіл аударарлық тұстарын нақтылап берді. Мәселен, депутаттарды өңірлік деңгейдегі еңбек балансының ресур-сы, жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс сапасы, еңбек миграциясының жоспарлануы, көрші елдерден келетін заңсыз жұмыс күшінің ағымы, шағын несиелерге қол жетпеушілік, білім беру мекемелерін қайта бейіндеу жә-не басқа да бірқатар мәселелер атап өтілді.

Тыңдау барысында аталған мәселе-лер ді талқылауға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті да-мыту бағдарламасын іске асыруға тікелей қатысатын ауыл кәсіпкерлері мен қоғамдық ұйымдар өкілдері де онлайн көрсетілім арқылы қатысты. Олар түйткілді мәселелерді атап, аху-алды түзеуге байланысты өз ұсы ныс-тарын жеткізе білді әрі өздерін тол-ғандырған сауалдарын тиісті мини с- тр ліктер мен мемлекеттік органдар бас шыларына қойып, лайықты жау-аптарын алды.

Отырысты қорытындылаған Мұхтар Құл-Мұхаммед жүз мыңдаған қазақ стандықтың әл-ауқатының арта түсуі жаңа бағдарламаға байланыс ты екеніне тоқталды. Сондықтан да пар-тия алдағы уақытта да оның орын да-луының сапасын қатаң қадағаламақ.

Жақсылығы мол жаңа бағдарлама

Page 6: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

6 28 сәуір 2017 жылрухани жаңғыру

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Жақында ғана Ордабасы тау ы­ның биігінде біршама уақыт ой ке шіп жүрудің сәті түсті. Облысқа кел гелі көкейімізде еді. Ордабасы бағ зыдан­ақ Бірлік биігі атанған. Сақ, түркі дәуірлерінің бедерлері бәдізделіп қалған. Өкінішке қарай, қорғандар қиратылып, қорымдар тоналған. Басқыншылар бүлдірген. Отаршылар ойрандаған. Бәлкім, бірталай «Алтын адамдары­мыз» қараулардың қанжығасында кете барды.

Бұл тауда Ақтабан шұбы рын­дының үшінші жылында, 1726 жыл ғы сәуірде үш данагөйіміз Төле би дің, Қазыбек би дің, Әйтеке бидің әрекеттері арқа сын да Бірлік жиыны өтіп, азаттық жолындағы рух туы көтеріліп, алаш бостандығы үшін аттаныс басталған.

Тұңғыш Президентіміз Нұр сұл­тан Әбішұлы Назарбаев осы Ор­да б асыда, Тәу елсіздіктің үшінші жы лында, көк желекті көктемде өз бас тамасымен ұйымдастырылған ұлы жиында «Бе ре ке басы – бірлік» бая ндамасын жа саған. Тұтасу тойы аталған үш ел дің президенттері, жиырма шақты мем лекеттің деле­гациялары, Қазақ стан ның барлық облыстары мен қала ла ры нан, ау­дандары мен ауылдарынан арман­аңсарларын аялай жеткен жұрт – жиынтығы жүз елу мыңға жу ық адам қатысқан Бірлік басқосуы Тәу ел сіздігіміздің тәй­тәй басқан қадамын нық тай түскен еді.

Мемлекет басшысы Ордабасы биігіндегі баяндамасында: «Бізді бұл киелі төрге арманды тілек, елім деген перзенттік жүрек алып келіп отыр. Біздің де ойлағанымыз – бірлік. Біздің де аңсарымыз – еліміздің көсегесінің кө гергені, дәу летті де сәулетті өмір сүр гені. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би за манындағы басты мақсат – бұл қа зақ тың бірлігі болса, бүгінгі мақ­сат та дәл сол. Жалғыз­ақ айырма­сы – қасиетті баба ларымыз басын қосып берген қазақ халқы енді бүкіл Қазақстан халқының бірлігіне ұйытқы болуға тиіс. Береке басы – бірлік. Бірлігіміз берік болса, болашағымыз баянды болары сөзсіз», деген болатын.

Осы мақалада Елбасы «Ордаба­

сы ға оралу – Отаншылдық рухы­мыз дың жаңғыруы», дейді. Бай­қап қарасақ, Көшбасшымыз рух жаңғыруы хақын да осы Орда­ба сыда сөз қозғап, ой қорытты. Бір лік биігіндегі, өзі Тәуел сіз дік туын желбірете көтерген Ту төбе түбіндегі текті сөздер мен тол­ғамды ой ла ры кейінгі көптеген кі тап тарында, мақалаларында үне­мі үйлесімді үнде сіп, жарасымды жалғасып, кеңейіп, терең деп, биік­теп байыпталады.

Ордабасыдағы орасан зор, ұлт тық ұлы жиынның жалғасы ретінде Ұлытауда да ұлағатты басқосу өткізген Президент тағы да ұлтшілік және ұл таралық татулық, ата­бабалар аманат ет кен ынтымақ туралы толғанып, рух пен елдік және ерлік жөнінде тебіренді.

Арада он жыл өткенде елімізде «Мәдени мұра» мұраттары жүзеге асырыла бастады. Мемлекет бас­шысы «Мәдениет – ұлт келбетінің, оның жанының, ақыл­ойы мен бек­зат тығының көрінісі. Өркениетті ха лық өз тарихының даму барысын, мә де ни етінің ілгерлегенін, елінің даңқын шы ға рып, ақыл­ойдың, өнердің әлемдік же тіс тіктерінің алтын қорына зор үлес қосқан ұлы адамдарын мақтаныш етеді. Ұлт осы, мәдениеті мен салт­дәстүрлері арқылы танылады», деді.

Бұрынырақтағы «Әділеттің ақ жолы», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан жолы» сияқты бір қа­тар кі тап тарында негізінен эко­но микалық саясаттың мәселелері мә ністеле тұра, бәрібір ұлттық рух пен намыс ұлық талады. «Өмір өт­ к ел дері» сұхбат кітабы да рухани те рең тебіреністерге толы. Бірер жыл бұрынғы Ұлытауда өткен сыр­сұхбатында да, былтырғы күз айларында жарияланған «Ұлы Дала ұлағаттарында» да қазіргі күндері Қазақ елі тұтастай дерлік ден қойып, қызу талқылап

жатқан «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақаласының нағыз негіздері тұнып тұр. Жалпы ай­тайын дегенім, Елбасымыздың ең бектеріндегі жасампаздық жал­ғас ты ғына, жүрек дүрсіліндей жү­йе лікке қай ран қаласың. «Ел бо­лу үшін, ең алдымен, ұлттық рух, ұлттық қасиеттерді мем л екеттік саясат ретінде ұстанамыз және оны әркез мақтан етеміз», дейді «Ұлы Дала ұлағаттары» туындысында.

Елім, жерім, Отаным, Қазақ­ста ным деп жан­жүрегімен шын ұғы нып, шынайы сезінетін, ұл­тын қасиет тұтатын әрбір жан «Бо лашаққа бағдар: рухани жаң­ғы ру» туындысымен тыныс тау­да десек, асыра айтқандық емес. Президентіміз жыл басын да ғы халыққа Жолдауында Қазақ стан ­ның үшінші жаһандық бәсе ке ге қабілеттілікке, озық отыз ел дің қатарына қосылуға бағыт ұста н­ғанын айқындады. Үшінші жаң ғы­ру үдерістерінің мақсаттары мен міндеттерін көрегендікпен нақ ты­лаған Көшбасшымыз енді, міне, ру хани жаңғырудың жолдарын жа­рия лап, сәулесі бар саналарды дүр сілкіндіріп, серпіліс тудырып отыр.

«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәс­түрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, заман сырынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың алғышарттарына ай­налдыра білу қа жет. Егер жаңғыру ұлттың рухани та мы р ынан нәр ала алмаса, ол адасуға бас тайды», деп жазылған мақалада.

Президент XXI ғасырдағы ұлт­тық сана туралы талдамасының ал дын да жер жүзіндегі өз ге ріс­терге, түсінікті­түсініксіз күр де­лі құбылыстарға шолу жасайды.

Күн санап өзгеріп жатқан дү бір­лі дүниеде сана­сезіміміз бен дү ­ниетанымымызға әбден сіңіп қал­ған таптаурын қағидалардан арыл­ма сақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүлде мүмкін еместігін екшейді.

Текті жұрттардың тарихи та­мырларынан бастау алатын руха­ни коды туралы айта келіп, «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақ­тай білу» екенін атап көрсетеді.

Тәуелсіздік алғалы бері көп жағ дайларда саясаткерлердің, зия­лылардың, ардагерлердің арасында идеология туралы небір пікірлердің айтылып та, жазылып та жүргені белгілі. «Бізде идеология жасалмады», «Идеологиямыз нашар», «Идеология жоқ» деуге дейін баратын дар, бұрынғы қа саң қа ғидаларды қай талай «қай ғыр атын дар» аз емес. Мемлекет басшысы мұндай көз қа рас тардың да негізсіздігін дәлелдеп, өткір жауап береді.

«Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақ­сат ты түрде ұмтылмаса, ертең іс ке аспақ түгілі, елді құрдымға бас­тайтын попу лис тік идеология лар пайда болады. Өкінішке қа рай, тарихта тұтас ұлт тар дың еш қашан орындалмайтын елес идео лог ия­ ларға шырмалып, ақыры су тү біне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идеоло­гиясы – коммунизм, фа шизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді», дейді Пре зидентіміз.

Мемлекет басшысы мең зе­гендей, бүгінде радикалды идеоло гиялар ға сы рының келмес­ке кеткенін, алайда олардың қа­ у іп ті қалдықтары мен сырқатты сарқыншақтары саналарды сар­сылтып келе жатқанын ұмытпай, ұлағатты ұмтылыстар мен сер­гек сер пілістерге басымдық беруіміз керек. Енді Елбасымыз

ерекшелегендей, аса айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағ­дар лар қажет. Ең бастысы, олар ел дің, қоғамның, адамдардың мүм­кіндіктері мен шама­шарқын мұ­ қи ят ескеруге тиіс. Осыларды ой­са нал арға орнықтыруды берік ұста­на тын Елбасы реализм мен прагма­тизм ғана таяу онжылдықтардың ұр а ны болуға жарайтынына, бар­лық іс­әрекеттер мен тыныс­тір­шіліктің не гізгі арқауы етудің ма ңыздылығына ерек ше екпін тү­сіреді.

Прагматизм хақында парасатты ойла рын оймыштай ортаға салған Елбасы қазіргі қоғамда шынайы мә дениеттің белгісі – орынсыз сән­салтанат емес. Керісінше, ұс­та мдылық қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсететінін айтады.

Көргенділік, тектілік, жоғары жа­ у ап кершілік, сондай­ақ, обал, сауап, ұят сынды киелі ұғымдар, қанаға т­шылдық пен қарапайымдылық қа сиет тер сана сапасына тікелей қатысты. Осы нау ұлағатты ұғымдар мен қымбат қа сиеттерді біздің асыл ата­бабалары мыз ғасырлар бойы берік ұстанып, ұр пақтан­ұрпаққа ұластырып отырған. Біреулер әдейілеп, әзәзілденіп, арасына сына қағып, сызат түсіруге тырыса тын дін мен дәстүріміздің таң ға ла р­лықтай үйлесетіні де біздің ұлтт ық ко дымыздың о бастағы негіз д е рінің мық тылығында. Өкінішке қа рай, көп нәр селерден айырылдық не­месе ажырап қала жаздадық. Талай­талай тек ті лік тұрпаттарымызды бұлыңғырлатып, күң гірттендіріп алдық.

Оңтүстікте, облыс орта лы ғын­д а, барлық аудандар мен ауыл­дарда тойханалар, салтанат сарай­лары, мейрамханалар өте көп. Бір жағынан дұрыс та шығар. Бірақ, мемлекет басшысының ма­қа л асында нақ­нақ аталғандай, ысырапшылдық, астамшылық, орын сыз сән­салтанат, даңғазалық, кер дең дік сияқты толып жатқан кеселдер дертке айналғаны да рас. Тіпті, тоғы шар лықтың топастануға тұтасып, бат тасып бара жатқан жағдайлары да жоқ емес.

Нұрсұлтан Әбішұлы ұлты­мыз дың қасиет пен өсиетті қа­дір лейтінін, хал қы мыздың қай мақалын алсақ та, олар дан тек үлгі мен өнеге, ақыл мен па расат, адамгершілік пен иман, достық пен бауырмалдық айқын көрініп, анық танылатынын бұған дейінгі бірнеше еңбектерінде ерекше­леп көрсеткен. Міне, сол ұлттық ұлы мұраларды ұлық тай оты­рып, бүгінгі әлемнің озық жа ңа­лықтарын жатырқамай меңгеріп,

ауру ларымызды жасырмай, ке­селдерден же дел арылуға тиіспіз.

Арылу үшін ұлттық салт­дәс­түр леріміздің, тіліміз бен музыка­мыз дың, әдебиетіміздің, яғни ұлттық рухымыздың жаңғыруына сөз жүзінде емес, іс жүзінде же­туі міз қажет. Біздің өңірдегі бас­қосуларда, талқылауға арналған түр лі жиындарда, кездесулерде тек сөзуарлыққа салына бермей, нақ тылы істермен, бастамалармен өне ге өрістету туралы айтылуда. Той лардың өзін де тү бегейлі өз­гер туг е, жаңғыртуға болады. Ол үшін тың бастамалар да, сондай­ақ, заң дық негіздер де керек.

Бұл жағынан алысқа бармай­ақ, на мыстанбай­ақ өзбектерден өнеге ал ған жөн.

Мақаланың бірінші тарау ын­дағы «Білімнің салтанат құ руы» бөлімінде де Елбасымыз ұлты мыз­дың ұлағат тылығын мәністейді. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу біздің қанымызда бар қасиет екенін ерек ше көрсе­теді. Тәуелсіздік жылдарын да «Болашақтан» бастап, бәсекеге қабі леттілік мақсатында мерейлі іс тер ат қарылғанын аңғартады. Білімнің сал танаты жалпыға ортақ болуға тиіс екенін алға тартып, құндылықтар жүйе сінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететініне баса назар ау­дарады. Мақалада айтылғандай, әлем дегі ең жақсы 100 оқулықты әр түрлі тіл дерден қазақ тіліне ауда рып, жас тар ға дүние жүзіндегі таңдаулы үл гіл ер дің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау – үлкен үрдіс.

Елбасы өз еңбегінің бесінші бө лімінде XX ғасырдағы алапат аласапырандағы ойрандар мен төң­керістерге, сырттан таңылған со­ра қылықтарға тоқталады. Ұлттық да муымыздың өзімізге тән жолы, бір жола күйретілгенін, қоғамдық

құ ры лымның бізге жат үлгісі ерік­сіз та ңыл ғанын, ұлтымызға адам айтқысыз де мографиялық соқ­қы жасалып, оның жа расы бір ғасырдан бері әлі жазылмай ке ле жатқанын, қазақтың тілі мен мә де­н ие ті құрдымға кете жаз да ғ а нын, елі міздің көптеген өңір лері эко ло­гия лық апат аймақтарына айна л ға­нын жаны ауыра жазған.

Әрине, өткен ғасырдың бір­қатар игіліктері болғанын да баға­лап, ба ғам дай келе индустриялан­ды руды, әлеу меттік және өндірістік инфра құ рылымдардың құрылуын, жаңа ин теллигенцияның қалып­ т а суын жаң ғырулар қатарына жат­қызады. «Бірақ, бұл – ұлттық емес, аумақтың жаң ғы руы еді», дей ді Елбасымыз. Бізге ре во лю ция лық емес, эволюциялық да му жолда ры тән екенін талдап, ре во лю циял ар­дың әлі де өңін өзге ртіп, ұлт тық, ді ни, мәдени, сепа ра ти с тік перде жа мылғанынан сақ тан дырады.

Сананың ашықтығы хақында ашық айт ады. Халықаралық тә жі­рибелер т а ғылымына тоқ та лады. «Өзің дікі ғана таңсық, өзгенікі – қаң сық» деп кері тар тпай, өзге­лер дің табыстары нан үйрену, озық же тістіктерді қабылдай бі лу өр­леудің кілті екенін қолға ұста т қан­дай көрсеткен.

Екінші тараудағы алты мін дет­тің аса айқын қойылуы айрықша. Не істеу ке ректігін нақтылауы бө­ л ек ше. Күт і ле тін нәтижелерді де талдап берген.

Осы мақалаға орай, Мемлекет ба с шысы еліміздің көр нек ті жа­зушы ла ры Бексұлтан Нұр же кеев­ті, Дулат Исабековті, Смағұл Елу­баевты қабыл дап, емін­еркін сұх бат құрды. Бірталай мә селелер ашық қозғалды. Латын әліп биіне көшу жөнінде зиялылар зиятты пікірлер, ұтырлы ұсыныстар білдірді.

Ономастика жөнінде де Оңтүс­тік те өзіндік өзекті мәселелер жоқ дей алмаймыз. Бұл мәселеде асы­ғуға да, кешігуге де болмайды. Не бір үлкен, кең, ұзын көшелер әл де кімдерге беріліп кеткен, ал ал­бырт шағы да, кемелденген кезеңі де, өмірінің соңы да осында өткен хандардың ханы Абылай атамызға жарытымды көше бұйырмаған.

«Туған жер» бағдарламасы бой ынша біз тиісті жобалар жа­сау ға кірістік. Өткен жылы облы­сы мызға мемлекет және қоғам қай­рат керлері, ірі­ірі бизнесмендер, бұ рынғы және қазіргі басшылар, ға лымдар, ақын­жазушылар, өнер қайраткерлері, тағы басқалар бар – барлығы екі жүздей түлектерімізді жинап, «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» атты айтулы жиын өткізгенбіз. Сол басқосудың тәжірибесін Елбасы мақаласына сәйкес дамытып, жетілдіріп, жаң­ғыр тамыз. Қазақстанымыздың қасиетті, киелі жер лері туралы айт қанда, Отырар, Түркістан, Сай­рам, Ордабасы, Қазы ғұрт, Қаратау, Созақ, тағы басқалары қандай патриоттың да көз алдынан тізіліп өте бастайтыны түсінікті.

Елбасы біздің облыстағы Түркіс тан ды ұлттық немесе құрлық тық қа на емес, жаһандық ауқымдағы құн ды лық тар қата­рын да арнайы атап жазды. Биыл «Түркістан – Түркі әлемінің мә­дени астанасы» іс­шаралары жан­жақты қанат жайған. ТҮРКСОЙ ұйымы түркі әлемінің мәдени астаналарын таңдау жобасын 2012 жылдан бері жүзеге асыру­да. Бұл құрметке алғаш Астана қаласы, одан кейін Түркияның Ескі шаһар, Татарстанның Қазан, Түрікменстанның Мары, Әзер бай­жанның Шеки қалалары ие бол­ға ны белгілі. «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жоба­сын неғұрлым мәнді де мазмұнды, та ғылымы мол сапада атқару мақ­са тында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Мәдениет және спорт министрлігі және біздің облыстың басшылығы, тиісті мекемелері мен ұйымдары, бүкіл жұртшылығы жүйелі жұмыстар ат қарып жатыр. Мерекенің ашылу салтанаты Түркі дүниесінің текті төрі Түркістанда әз­Наурыз мерекесімен бірге өтті. Оған 15 мемлекеттен 25­ке жуық түркітілдес ұлттардан 300­ге жуық мейман, байтағымыздың барлық өңірлерінен өкілдер қатысты. Елбасымыздың бастамалары осы­лайша өзінің өрісті жемісін беруде.

Түркияны түлеткен, батыл ре­формаларды жүзелеген Ататүрік «Бізге ештеңенің де керегі жоқ, бізге тек ұмтылыс керек», де­ген екен. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Бізге бәрінен де бірлік пен ынтымақ керек», дейді. Се бебі қазақ үшін, қазақстандықтар үшін Мәңгілік Елдің мәңгілік страте­гиясы – бірлік пен ынтымақ. Ата­бабалар ама наты да осы. Татулық тұғыры тұ рақтылықты сақтап, жаңа жағдайда жаң ғырмасақ, өзгермесек, санадағы сар қыншақ қоқыстардан құтылмасақ, Ел басы мақаласында айтылғандай, та­рихтың шаңына көміліп қалуымыз мүмкін.

Иә, бүкіл еліміз ерекше жағ дай­да. Жаңғыруға деген ұм ты лыс та, құл шы ныс та оянуда. Сана сапасы – сер п ілісте. Сол серпілістің күшейе түспегі, ж е ңіс те рі мен жемістері жүйелі болмағы, ұза ғынан сүйін­дірмегі ләзім. Баршамыз сөз бен істің бірлігіне, нақтылы нәти же­лерге ұмтылайық.

Сана серпілісі –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сәуірдің самалы елімізге ерекше екпін, соны серпіліс әкелді. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бүкіл байтағымызға жан-жақты талқыланып, небір ойлар қозғалып, парасатты пікірлер білдіріліп жатыр. Тіпті, дүниежүзілік деңгейде де бұл қасиеті қат-қабат құжат ұлттық жаңғырудың үлгісі, Қазақстанға ғана тән өзіндік жолдың өнегесі ретінде жоғары бағалана бастады.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қоғамға қозғау салған Елбасы ұлтты ұйыстыруға, кешегімізді са­ралап, келешегімізді кемелдендіруге үндеп, «Ұлттық кодты» сақтап қалу­дың сан алуан бағытын байыптайтын тамаш а туындысын тарту етті.

Мақаланың «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана» деп аталған алғашқы тарауында Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ғасырдың талаптарына төтеп беру үшін экономикамыздың әл­ауқатын арттырып қана қоймай, сананы жаң­ғыртудың бірнеше ерекшелігін алға тартты. Дәлірек айтқанда, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, сал­тымызды сақтап, дәстүрлерімізді дәріптеп, рухани байлықтарымызды абаттандыруға шақырды. Жершілдік секілді жаһандық жаңғырудың та­лаптарымен жанаспайтын жағымсыз әдеттерден арылып, ысырапшылдықты ысырып, ықылым заманнан қалыптас­қан ымырагершілікті ыдыратпаудың ыңғайын егемен елге еркін тілмен тағы бір мәрте жеткізді.

Бұдан бөлек, жастарды тәулік сайын түрленген техноголиялық дәуірдің қарқынынан қаймықпай, білім кеңістігінде мемлекет ұсынған мүм кіндіктерден құр қалмай, бәсе кеге қабілеттілікті арттыруға қау қарлы бо­луын да атап өтті. Бұл – Ел ба сы ның өсиетін өскелең ұрпаққа өне ге етуінің өлшеусіз үлгісі деген сөз.

Мақаладағы тағы бір бағдар – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жоба­сының қолға алынуы. Бұл – әлем дегі ең таңдаулы 100 оқулықты әр түр лі тілдерден қазақ тіліне ау да руы деген сөз. Кейде студенттер қауымымен

кездескенімізде мемле кеттік тілдегі оқулықтар санының аздығын алға тартушы еді. Міне, енді олардың да армандары орындалар күннің алыс еместігін аңғардық.

Патриотизмнің парасаттылығын пайымдайтын «Туған жер» бағдар­ламасының қолға алынатынын айтқан Президент адамзат баласы үшін қастерлі ұғым саналатын «Туған жердің» қадір­қасиетін саралай өтіпті. Бұл бағдарлама өз кезегінде еліміздің әрбір аймағында өткеннен сыр шертетін көне ғимараттар мен тарихи ескерткіштерді, мәдени нысандарды қалпына келтіруді, өңірлерде өлкетану, экологиялық та­зарту жұмыстарын жүргізуді, ауыл аймақты абаттандыруды көздейді. Кәсіпкерлер де, зиялы қауым өкілдері де, шенді­шекпенділер де, жастар да туған жерлеріне қамқорлық таны­тып, жанашырлықтың жаңаша үлгі­сін көрсетулері қажет екенін ұсын ­ған Елбасының бастамасы қолдау сыз қалмауы қажет деп санаймыз.

Сонымен қатар, Елбасының Тәуел сіздік жылдарында өз ақылы мен, еңбегімен, білімімен, дарынымен оза шапқан азаматтардың «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асы­ру идеясымен де танысып шықтық. Жасампаздықтың жарқын жылдарын­да жақсылықтың жанынан табылған жандардың бұл жинағы жастарға да үлгілі жоба болары ақиқат.

Данияр СҮНДЕТБАЕВ,«Нұр Отан» партиясы

жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы

Мемлекет басшысының ұлттық сананы жаңғырту туралы ұстанымы маған жақын әрі түсінікті. Онда үшінші жаңғыртуды табысты іске асыру жолындағы біздің ұжым дық сана мыздың даму бағдары айқы н­дал ған. Президент өзінің «Болашаққа бағ дар: рухани жаңғыру» атты мән­ма ңы зы жоғары мақаласында жаһан­дық бәсекелестікте білім нің маңызды екеніне де баса назар аударған. Сон­дық тан да қазақстандықтар «жұ мыс күту» және «тиімді ұсыныс тосу» сияқ­ты бұрынғы, ескірген ұстанымнан ары­лып, білімін тереңдету арқылы биік та­быс тарға өздігінен қол жеткізуі керек.

Қазіргі технологиялар еңбек нары­ғы нан бұрын талап етілген маман­дықтарды ығыстырып шығару да. Мәселен, түрлі деңгейдегі опера тор­лар ұмытылуға айналды. Оларды компьютерлік бағдарламалар тиім­ділікпен ауыстыруда. Біз өзіміздің өмірімізден «хатшы­машинистка», «киномеханик», «ТБК бақылаушысы» және т.б. сияқты мамандықтардың

ұмы тылғанына оншақты жыл бол­ғанын да сезбей қалыппыз.

Тіпті, «еңбек» деген сөздің өзі «кәсіби әрекет» деген тұрақты тір­кеспен ауыстырылып кетті. Ал жалданып жұмыс істеу немесе бизнес жасау қазір моно біліктіліктен поли біліктілік саласына ауысып барады.

Еңбек нарығында өзінің кәсіби білік тілігін үнемі арттыратын, іскер­лік қауметін дамытатын, білімін жаң ғыртатын мамандарға ғана сұра­ныс болады. Президенттің ұсыныс­тарын қолдай отырып мен де отан­дас тарымды мамандық таңдау сала­сын да белсенділігін арттыруға, кә­сіби білігі мен білімін жаңғыртуға шақырамын. Қазір бізге ұтқырлық, белсенділік және жеке жауапкершілік категорияларымен ойлау керек, сонда ғана біз пайдалы болып, кәсіби тұрғыдан сұранысқа ие боламыз.

Ирина УНЖАКОВА,Парламент Мәжілісінің

депутаты

Өнер адамдарына жігер бередіҚазақстан Республикасының Президенті –

Елбасы Н.Ә.НАзАРБАЕвҚА

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!Халықтың сенімін арқалаған Елбасымен бірге 25 жылды абыроймен

еңсеріп, ертеңге деген үлкен үмітпен қараймыз. Сіздің әрбір жаңа бастамаңыз біздерді болашаққа нық сеніммен жетелей түсуде. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы – ел ертеңі мен ұрпақтар сабақтастығы үшін жасалар игі істерге атсалысуға әрқашан әзір.

Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаңыз біздерді, өнер адамдарын шабыттандырып, жігерімізді тағы да қамшылай түсті. Жаңғыру жөніндегі осынау сарабдал ойларыңыздың маңызын терең түсіне отырып, ХХІ ғасырдағы жаһандық үдерістерге сай өмір сүру үшін заман ағымына бейімделе отырып, өзгеру мен дамуға деген бастамаңызға бірауыздан қолдау білдіреміз.

Құрметпен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ж.СЕЙДУЛЛАҰЛЫ

Жанымызды ерекше тебіренттіҚадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаңызды газеттен оқып зор қуанышқа ие болып отырмыз. Әсіресе, оның ішінде туған жерге деген махаббат өнер адамдарына ерекше әсер ететіні сөзсіз. Сол мақаланың ішінде «Туған жерін сүйе алмаған, Сүйе алар ма туған елін», деген өлең жолдары біздің жанымызды ерекше тербеді.

Сол сияқты латын әліпбиіне көшу идеясын да шын жүректен қолдаймыз. Осындай мағынасы терең сарабдал ойлардан қуат алған өнер адамдары еліміздің мәдени­рухани байлығын одан әрі асқақтата береді. Әндерін жаза береді.

Сізге амандық, саулық тілейміз.

Құрметпен, Қазақстан Республикасының халық әртісі Ескендір ХАСАНғАЛИЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біржан ХАСАНғАЛИЕВ

Мәңгілік Елге бастайтын дара жолҚұрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаңызды қызу қолдаймыз. Елді рухани жаңғыру жолындағы салиқалы ойларыңыз бен жүктеген міндеттеріңіз – Мәңгілік Ел болуға апаратын тікелей дара жол. Сондықтан Сіздің еліміздің тыныштығы мен өнегесі озық өркениетті елдер қатарына қосу жолындағы жанқиярлық еңбегіңізге толымды табыс тілейміз.

Риясыз құрметпен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музей ұжымы

ақ тілектер ағыны

Бәрі де өзгеріп, жаңғырып жатыр

Жастарды жігерлендірген жаңа бағдар

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемл екет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ру-хани жаңғыру» атты «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған ма қ а ласы мәні мен мазмұны, маңызы мен мағынасы қоса өріліп, өзін дік өміршеңдігін көрсеткен көлемді туынды болғаны сөзсіз. Тарих тың толқындарын таразылаудан басталып, ұлт болмы-сын ба рын ша бағамдаумен байланысып, мемлекеттік атқаруы тиіс мін дет терін межелеп берген мақала біздің де тебіренуімізге түрткі болды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 7: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

28 сәуір 2017 жыл 7Қоғам

– Ерлан Тынымбайұлы, сая­си кеңістікте талдаулар жасап жүрген сарапшы ретінде Ел­басы мақаласы ұлттың ұйысуы­на қандай тұғырнама жасап бере алады деп ойлайсыз?

– Елбасы мақаласы қазірдің өзінде ұлттың ұйысуына әсер етіп отыр. Мақала жарияланғаннан бері жүргізілген мониторингті, әлеуметтік желілер мен кез­десу лерде айтылған пікірлер ді сараптасақ, қоғамда ынтымақ­тасуд ың ерекше көрінісі орын алға нын байқаймыз. Түрлі көз­қарас пен саяси бағыттағы адам­дармен кездескенімізде айтар­лықтай пікір қайшылығы, анта­гонизм, үзілді­кесілді қарсылық болған жоқ. Яғни ортақ мүдделер мен құндылықтар төңірегінде ұйысуға, бірліктің артуына игі әсер етті. Қазақ қоғамында да оңшыл, солшыл, ұлтшыл және басқа көзқарастағы топтар бар. Бірақ, көтерілген тақырыптар қоғамның осындай барлық белсенді топта­рын қамтыды. Осы уақытқа дейін сарапшылар оған стратегиялық құжат, бағдарламалық мақала деп түрлі бағасын берді. Менің түсінігімде, бұл – ұлттың жаңа сая­си платформасы. Өйткені, Елбасы мақаласы қазақтың интеллекту­алды топтарына үлкен серпіліс берді, қозғалыс пайда болды. Осы уақытқа дейін қазақ қоғамы ішкі мәселелер төңірегінде тежеліп тұрған сияқты еді. Әлемдік сая­си, әлеуметтік, технологиялық үдерістер қарқынды түрде артқан тұста элиталық топтарымызға жаһандық үрдістер мен ұлттық мүдделерді тең есепке ала оты­рып, талдау жетіспей жатады. Осы тұрғыдан Елбасымыз қандай да бір құжат қабылдауда, бағдарлама жа­сауда әлемдік үдерістерді әрқашан естен шығармай жүзеге асыруға тырысатын бірден­бір тұлға. Әсі­ресе, соңғы жылдардағы әр Жол­дауы айналада қалыптасқан түрлі геосаяси, экономикалық про цес­терді тізбектеумен басталады. Елі мізде пайда болған үрдіс тер ді мысалға келтіріп, белгі лі бас та ма­ларды көтереді. Бұл ма қала Елба­сының жаһандық, ай мақтық түр лі процестерді, ел дегі нақты үрдіс­терді және қор даланған ішкі мәсе­лелерді сараптау нәтижесіндегі ой­ларының жиынтығы.

– Елбасы Жарлығымен Қоғам дық сананы жаңғырту жөнін дегі ұлттық комиссия құ рыл ды. Құрамында өзіңіз де барсыз. Комиссияның руха­ният ты көтерудегі негізгі кілті, тетігі қандай болмақ?

– Ең алдымен, оның құрылу маңызына ден қоюымыз тиіс. Еліміздің саяси тәжірибесінде ұлттық комиссия жиі құрыла бермейді. Елбасы жыл сайын ел алдына Жолдаумен шықса да, оны жүзеге асыру үшін ұлттық комис­сия құрылған емес. Ұлттық комис­сия ерекше жағдайда құрылады. Соңғы жылдары Ұлт жоспары және саяси жаңғыру мен руха­ни жаңғыру мәселелері бойын­ша құрылды. Бұл бағдарламалық мақалада көтерген бастамаларды табанды түрде іске асыруға мән берілгенін аңғартады. Ұлттық комиссияны лауазымына сәйкес басқара алатын қаншама тұлға лар бар. Бұл жолы Президент Әкім­шілігінің Басшысына тапсырылуы комиссияның саяси мәртебесі мен деңгейін көтеріп отыр. Екіншіден, құрамына түрлі мемлекеттік құрылымдарға жетекшілік жа­сап отырған азаматтар енді. Яғни көтерілген мәселелерді жүзеге асыру үшін әкімшілік тетіктер, мүмкіндіктер ескерілді. Мәселен, қаражат немесе заңнамалық өзгерістер керек. Осы іспетті

жайттарды қам тама сыз ету үшін беделді сая си тұлғалар тартыл­ды. Ұлттық комиссия біздің саяси тәжірибеде белгілі тақырыптарды қоғамдық деңгейде жан­жақты талқылау үшін құрылады. Менің ойымша, бұрынғы саяси жаңғыру жөніндегі комиссияның нәтижесі есепке алынып, бірнеше бағытта жұмыс тобы құрылуы мүмкін. Мәселен, латын әліпбиіне көшу, оқулықтар даярлау және туған жер бойынша жекелеген жұмыс топтары құрылуы кәдік. Құрамына қоғамдық белсенді топтардың өкілдері тартылып, лауазым иелері ғана емес, сарапшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері кеңінен қатысады деп ойлаймын.

– Мемлекет басшысы ма­қаладағы бірқатар мәселелердің бұқаралық ақпарат құрал­дарында басты нысанаға ай­налуы керектігін айтты. Ар қау болған тақырыптар жеке­же­ке алғанда да ақпарат құрал­дарына дайын азық іспетті...

– Иә, Елбасы мақаласында айтылған мәселелер – дайын медиажобалар. Бас басылымда жарияланғаннан кейін корпо­рацияда мақаланы талқылаған жиын өткіздік. Дәстүр бойын­ша «Қазақстан» ұлттық арна­сы да күзгі маусымға әзірленіп жатыр. Шын мәнінде, мақалада айтылған мәселелер ұлттық арна үшін дайын платформа, дай­ын тұжырымдама. Біз барлық тақырыпты күзгі маусым аясында көрерменге ұсынуды пысықтап жатырмыз. Мәселен, «Мен – қазақпын!» атты үлкен жоба­ны енгізбекпіз. Дәстүрлі ән мен күйді, термені насихаттайтын тележоба бірнеше айға созыла­ды. Өңірлерді толық қамтитын осы жоба арқылы ұлттық рухани байлығымызды көрсетеміз. Одан басқа туған жер, киелі орындарға байланысты деректі фильмдер, реалити­шоу түсіру көзделген. Рауан Кенжеханұлы сияқты әріптестерімізбен әңгімелесе отырып, оқулықтарға байланысты бейнедәрістер ұйымдастыруға, аудиокітаптар жобасын шығаруға шешім қабылдадық. Басқа да жо­балар бар. Сәтін салса, маусым жақындағанда таныстырамыз. Ал Мемлекет басшысы айтқан мәселелерді эфирден талқылауға бірден кірісіп кеттік. Өйткені, мақала жарияланар алдында арна кестесіне бірқатар жаңа қоғамдық­саяси бағдарламалар желісін енгізген едік. Мәселен, «Басты тақырып» жаңа сарапшы­ларды тартуды көздейді. Сондай­ақ «1 студия» сияқты саяси ток­шоуымыз шықты. «Парасат май­даны» шығармашылық топтармен әлеуметтік­қоғамдық мәселелерді талқылаудың жаңа формасын қарастырады. Қазақ радиосында да жаңа бағдарламалар бар. Осы арқылы медиақұрылымдардағы ағартушылық бағытты күшейтуді қолға алдық. Соңғы уақытта арна лар ойын­сауық бағытына әуес теніп кеткені белгілі. Әрине, онсыз болмайды, көрерменнің қызығушылығын оятуымыз тиіс. Бірақ ұлттық арна мен қазақ радиосы ағартушылық бағыт ты ұмытпауы керек. Елбасы мақа­ласы осы миссияны қолға алуы­мызға негіз болып отыр.

– Елбасы қаламгерлермен кездесуінде қоғамда қаупі мол діни экстремизмге назар ау­дарды. Сіз де экстремизм мәсе­лелерін зерттеп жүрсіз. Экст­ремистік қатермен күрес фор­малары экранда қалай көрініс табуы тиіс?

– Біз діни экстремизммен күрес дегенде басылымға немесе арнаға белгілі бір дін өкілін шақырып,

дін жөнінде түсініктеме беруі ке­рек деп ойлаймыз. Діни уағызды күшейту діни бағыттағы жұмысты күшейту дегенді білдірмейді. Елбасы мақаласының негізгі ойы – ұлттық сипат пен ұлттық сана. Яғни, адам өзін ұлттың өкілі, ру­хани мұраның жалғастырушысы сезінбесе, ол түрлі идеологияның жетегінде кетеді. Барлығымыздың алдымызда тұрған сын – осы. Жаһандану кезінде әртүрлі идео­логия ықпалының күшейгені соншалық, қоғам мүшелерін жан­жаққа жетелейді. Біреуді ис­лам халифаты идеологиясына, біреуді басқа идеологияға тарта­ды. Бұл біз үшін ерекше қатерлі. Өйткені, кеше ғана отарлық кеп­тен босадық. Сондықтан Елбасы айтып отырған ұлттық кодымыз қандай, ұлттық сипатымыз неден құралады, осыны анықтап алайық. Латын әліпбиіне көшу, туған жер, киелі орындар –қазақылығымызды арттырудың бір шарасы. Оны жеке жобалар деп те қарауға болмайды, өйткені, науқаншылыққа әуестеніп кетуіміз мүмкін. Талқыланып жат­қан жобалар жиынтығының түп кі мәні ұлттық сипатымызды арт­тыруда жатыр. Яғни діни экстре­мизммен күрес тек дін өкілінің уағы зымен шектелмейді. Бұл со­нымен бірге, жаңа бағдарламалар арқылы ұлттық ән мен күйді, термені сапалы түрде санаға сіңіру, бойымыздағы қазақылықты ояту, ұлттық өнер туындыларына жаңа деңгейде назар аудару, дәстүр мен құндылықтарды насихаттау, тара­ту және басқа да жұмыстар. Негізгі мақсат – ұлттық сипатымызды арт­тыру, ұлттық сананы жаңғырту.

– Елбасы елорда әкіміне сын айтқан соң қала басшысы таң атпай қала аралап жүрді. Ал эфир сынынан қорытынды шығаруды қалай жолға қоюға болады?

– Жекелеген мемлекеттік құры лымдар мен шенеуніктердің жұмысын талқылағанда халық­тық пікірді еске ала бермейміз. Басылымдарда, арналарда белгі­лен ген тақырыпты терең әрі жан­жақты сараптауға ұмтылуымыз ке­рек. «Апта» сараптамалық бағдар­ламасына өлшемдер рейтингін енгізіп, өткен шығарылымында ең белсенді депутатты анықтадық. Осы сияқты құралдар мен тәсіл­дер арқылы олардың қыз меті мен жұмысын бақылап отырғаны­мызды көрсетеміз. Яғни, көңілі­міз толатын­толмайтынын біл­діреміз. Алдағы уақытта қай құры­лымдардың ақпаратқа ашық екенін көрсетпекпіз. Мәсе лен, тасқын кезінде керек ақпарат ты дер кезінде бергені де, күттіріп қойғаны да болды. Яғни, қай мекеме жария­лы жұмыс жүргізеді? Осы сияқты формалармен қарауымыз керек. Бірақ біздің медиада талқыланып жатқан тақырыптар күннің басты тақырыбымен жиі сәйкес келе бермейді. Осы тұрғыдан да ойла­нуымыз керек.

– Биыл Алашорда үкіметінің құрылғанына – 100 жыл. Осыған байланысты арнада дерек ті фильмдер түсіріліп жат­қанынан құлағдармыз...

– Біз Алаш тақырыбына кеңірек қарауға ұмтылып отыр­мыз. Алаштың 100 жылдығына бірқатар жұмыс жоспарланған. Бұл орайда бір­екі деректі фильм іспетті формальді жұмыспен шектелмеуіміз тиіс. Мұны жүйелі

түрде әртүрлі бағдарлама арқылы қамтимыз. Айталық, тәулігіне бірнеше рет шығып тұратын бағдарламааралық роликтерді эфирге енгіздік. Онда Алаш әскері, Әлихан Бөкейхан, тағы бас қалар туралы қысқа­нұсқа мәлі меттер беріліп отырады. Жал­пы, мұндай деректерді жария лау жастарға қажет. Сондай­ақ, дерек­ті фильмдер түсірілуде.

– Бағдарламалар сапасын рейтинг арқылы анықтау үрдісі орныққаны белгілі. Жобалар сапалы көрермен қалыптас­тырғанымен, рейтинг үдесінен шыға ма деген сауал туады...

– Рейтинг мәселесін екі жақта қарастыруға болады. Біріншіден, біз рейтингтен біржола кете ал­маймыз. Өйткені, бұл қандай да болса, өлшем. Оған қатысты сын­пікірлер бар. Осыған орай рейтинг түзетін құрылымдардың өкілдерін шақырып, арнайы кездесу өткіздім. Өлшем әдістемесі, техникасы ту­ралы сауалдарымызды қойдық. Дегенмен, рейтинг жалпы бағытты көрсете алады. Мысалы, қазіргі рейтингтік өлшемдер елімізде телеарналар аудиториясының 70 пайызы қазақтілді орта екенін көрсетеді. Осылайша, негізгі үрдістерді анықтайды. Біз күнделікті жұмыс бағытын да­мыту үшін бұл өлшемдерді есеп­ке аламыз. Екіншіден, тек рей­тинг қуалаумен әуестенбеуіміз тиіс. Әріптестерге рейтингке ғана жүгіне беруге болмайтынын айта­мыз. Мысалы, жаңадан енгізілген рухани­танымдық бағдарламалар белгілі рейтинг өлшемін бермеуі де мүмкін. Бірақ бұл бағдарлама лар керек. Телеарналар көрермендер ­дің ішкі қызығушылығын анық­тау да рейтингті есепке алуы тиіс. Сонымен бірге, талғам туралы ой­лануымыз қажет. Мысалы, эфирден «Келін» атты үнді сериалын алып тастадық. Сонда арнаға рейтинг беріп отырған үнді сериалы екендігі айтылды. Яғни, арна әлеуетін, ау­диториясын жоғалтқысы келмесе үнді сериалын тоқтатпауы керек деген сыңайда пікірлер болды. Егер рейтингті ойлар болсақ, онда «Келіннің» орнына тағы он сери­алды алып келіп, таңнан кешке дейін ұсынуға болар еді. «Келін» эфирден 5 жыл бойы берілді. Осы сияқты дүниелерге көрерменді үйретіп тастадық. Сондықтан талғам қалыптастырудың маңы­зы зор. Әрине, тарихи­таным­дық тұрғыдан шет ел сериалда­рын жалғастырамыз. Ең бастысы, енді өз өнімдерімізге ден қоямыз. Осы жылдары 50­ден астам се­риал түсіріппіз. Жақында Қыр­ғызстанда 14 телеарнаның қаты­суымен тұсаукесер өткіздік. Сонда қырғыздың телеарна басшыла­рына «Сіздер де біз сияқты үнді, түрік сериалдарын көрсетесіздер. Бірі отбасылық кикілжіңдер, бірі идеологияға тұнып тұрған өнімдер. Сондықтан дәстүріміз де, қоғамымыз да жақын біздің өнімді алғандарыңыз дұрыс» дедім. Әлбетте, отандық фильмдерді сы­наса да біздің өнімде отбасылық құндылықтар, мотивациялық желілер басым. Осыны түсіндіру арқылы қырғыз елінің 3 арнасымен келісімшарт жасадық. Яғни, қырғыз теленарығына үнді, түрік сериалда­рымен бірдей дәрежеде еніп отыр­мыз. Бұл жұмыс жалғасады. Қазір Татарстан, Башқұртстан елдерімен келіссөз жүргізілуде. Келешекте Әзербайжан, Өзбекстан, Қытай және Моңғолия теленарығына шығуды жоспарлап отыр­мыз. Ұлттық арна толығымен өз өніміне көшіп жатыр. Қазір «Көзайым», «Сүйе білсең» деген сериалдарға қызығушылық үлкен. Болашақта шет ел нарығындағыдай «Көзайым­2» деген маусымдық жобаларға айналдырмақ ойымыз бар. Бұл жыл сайын жаңа жобалар бастаудан гөрі көрерменнің көзін үйрететін формат болмақ.

Әңгімелескен Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

Елбасы мақаласындағы бастамалар – дайын медиажоба

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғам­ға үлкен қозғау салды. Еліміздің рухани дүниесін дегі бетбұрыстарға негіз қалайтын мақаладағы жаңа міндет­тер туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан ҚАРИНМЕН әңгі мелескен едік. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Толғандырар ТаҚырып

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

«Апат айтып келмейді». Алай­да, жыл сайын қайталанатын осы су тасқынынан сабақ алып, көк­тем гі қарғын судың алдын алатын уақыт жетті. Бұрын да қар жауа­тын. Тіпті, ертеректе үйдің үстінен ж үріп кетіп, бүтін ауылдарды ба­сып қалатын қалың қарды көзіміз көр ді. Бұрын да көктем келіп, сол қ алың қар күрт еритін. Өзендер тасып, ернеуінен асатын. Бірақ дәл осындай жыл сайын қайталанатын апат болған емес.

Биыл су тасқынының қатты болатынын болжау қиын емес еді. Барлық өңірлерде дерлік қар қа­лың түсті. Мемлекет басшысы көк темгі қарғын суға ертерек да­йын далу керектігін үнемі ес керт ті. Тіпті алысқа бармай­ақ, үс ті міз дегі жылдың ақпан айында Премьер­Министр Бақытжан Сағын таев­тың төрағалығымен көк темгі су тасқынының алдын алу ша ра лары на арналған Үкіметтің үл кен оты рысы өткенін еске сал сақ та жеткілікті. Сол отырыс та бар лық өңірлердің басшы­лары есеп беріп, көктемгі қарғын суға сақа дай­сай екендіктерін мә­лім де ген болатын. Үкімет басшы­сы өңір әкімдеріне, әсіресе, Ақ мола, Алматы және Қарағанды облыс­тары ның әкімдеріне өткен жыл дар­дағы кемшіліктерден қо ры тын ды шығарып, елді мекендер ге қатер төндіретін көктемгі су тас қынын болдырмаудың барлық мүм кін­діктерін жасау қажеттігін ба рынша тапсырған еді.

Ал бұл өңірлерде сабақ ала­тын оқиғалар баршылық. 2010 жылы наурыздың 11­інен 12­сіне қа ра ған түні Алматы облысының Қызылағаш елді мекені су тас­қынының астында қалды. Же­кеменшіктің қолына берілген «Қызылағаш» су қоймасының қа­рау сыз қалған бөгеті бұзылып, ер­неуіне сыймай тұрған тасқын су жойқын күшпен жолындағыны жапыра сарқырай жөнелді. Шырт ұйқыдағы Қызылағаш кентінің бұл жойқын тасқынға қарсы тұрар қауқары жоқ еді. Апат салдарынан 290 адам зардап шегіп, 44 адам қаза тапты. Тұрғындардың мал­мүлкі түгел шығынға ұшырады. 2014 жылы наурыздың 30­ынан 31­іне қараған түні Қарағанды об лы сындағы Көкпекті кенті су қой масының бөгетін бұзып шық­қан тасқынның астында қалды. Жеке мен шіктің иелігіне бе рілген «Көкпек ті» су қоймасы да қараусыз қалған екен. Бұл апат сал дарынан 5 адам қаза тауып, 300­ге тарта үй суға батты. 2014 жылы 7 ­8 сәуір ара лы­ғында Жабай өзені тасып, Атба сар қаласын су алып кетті. Апат сал­дарынан 400­ге жуық үйді су алып, 250 адам басқа жерге көшірілді...

Бұл су апаттарының салдары талай сараланды. Бірақ апат қасі­рет тері жергілікті билікке сабақ болмаған екен. Үстіміздегі жыл­ғы 15 сәуірде Атбасар қаласын Жабай өзенінен қорғап тұрған бө гет ті су шайып кетті. Қала­да 454 үй су астында қалып, 1379 адам басқа жерге көшірілді. 2014 жылғы су тасқынынан ке­йін қаланы тасыған өзен суы­ нан қорғау үшін Жабай өзенінің жа­ға лауына ұзындығы 9,5 шақы рым, биік тігі 7 метр бөгет салу туралы ше шім қабылданған болатын. Осы мақ сат үшін республикалық бюд­жеттен 200 миллион теңге қаржы бөлінді. 2014 жылғы су тасқыны кезінде Жабай өзенінің суы 4,5

метрге дейін көтерілген еді. Осыған байланысты Ақмола облысының әкімдігі бөгеттің биіктігін 7 метр­ге дейін көтеру туралы шешім қа был дады. Сөйтіп, 2016 жылы мем лекеттің қыруар қаржысы жұм­салған бұл «заманауи» су бөге­ті пайдалануға берілді. Атбасар ауда ны ның әкімі Андрей Никишов салтанаты рәсімде бұл құрылыс нысанының салынуына байланыс­ты қала су тасқыны қаупінен то лық құтылғанын паш етті. Өкінішке қарай, әкім мақтаған нысан алғашқы сынаққа шыдамады. 200 миллион теңгеге тұрғызылған су бөгетін тентек Жабай жылға жеткізбей жоқ қылды. Биылғы жылғы 25 на­урызда Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мен Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин көктемгі қарғын судың алдын алу шараларын бақылау мақсатында тікұшақпен өңірді ара­лады. Сол жолы да бұл жаңадан салынған бөгеттің қауіпсіздігі ту­ралы ерекше мәлімдеме жасал­ды. Енді не болды? Ел сенімін арқалаған мүйізі қарағайдай әкім­қаралардың екі сөйлегені ме? Айтпақшы, сол жолы Ақмола облысының әкімі биылғы жылы көктемгі қарғын судың алдын алу үшін облыстық бюджеттен 900 миллион теңге қаржы бөлінетінін мәлімдеген болатын. Бұл қыруар қаржының тиімділігі кәне?

Бүгінде елімізде кешенді гид­ро техникалық нысан ретіндегі 270 су қоймасы бар, оның 62­сі рес публикалық маңыздағы, 208­і жергілікті маңыздағы су қой ма лары. Жергілікті ма ңыз да­ғы су қоймаларының көп ші лігі кәсіпкерлердің жекемен ші гі не берілген. Олар бұл су қой ма ларын­да балық өсіріп, аң аулап, пай да табады. Ал су көздерінің қау іп­сіздігі мәселесіне бас ауыр тпай ды. Стратегиялық су қой ма лары мен су көздеріне жекемен шікті маңай лат­пау туралы талай­талай айтылды, нақты мысалдар мен дәлелденді. Одан шыққан қо рытынды қайда?

Жоғарыда атап өткеніміздей, көк темгі қарғын судың алдын алу мә селесіне байланысты үстіміздегі жылғы 22 ақпанда өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице­министрі Қайрат Айтуғанов есеп берді. Оның айтуынша, «Казводхоз» республикалық мем­ле кеттік кәсіпорнына қарасты 2177 гидротехникалық нысан бар екен. Оның ішінде 78 су қоймасы, 83 гид­ро желі, 26 тоған және 1990 бас қа ны сандар. Сол отырыста вице­ми­нистр бұл гидротехникалық нысан­дар мен су қоймаларының биылғы көктемгі қарғын суларына төтеп беретіндігіне Үкімет мүшелерін сендірген болатын. Соның ішінде Атбасар қаласын су тасқынынан қорғауға арналған бөгет те бар еді...

Өкінішке қарай, көктемгі қар­ғын судан келетін келеңсіздікті бол дырмау мәселесі жоғары мін­берлерден жылда айтылады. Жылда миллиондаған қар жы бөлініп, кешенді шаралар белгіленеді. Бірақ «баяғы жартас − сол жар­тас». Қауіпсіздікті қам тамасыз ету жауапкершілігі жүк телген басшылар да жалған уәдесінен жаңылмайды. Көктемгі қарғын су­дан өзендер тасып, бірқатар өңір­лерге қатер төндірген қауіптердің де беті қайтпайды. Барынан айыры­лып, баспанасыз қалатын қара­пайым халық. Жыл сайын қай та­ланатын бұл келең сіз дікке тосқауыл қойылып, жалған уәде беретіндер жазаланып, жазық сыз халық жапа шекпейтін күн қа шан?!.

Салғырттықсан соқтырады

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Көктем келіп, күн жылынғаннан бері телеарналар мен газеттердегі су тасқыны туралы ақпараттардан көз сүрінетін болды. Бейнебір соғыс кезіндегі мәліметтер сияқты: «Ақтөбе облысында бұрын­соңды болмаған су тасқыны орын алды. Сәуірдің 16­сынан 17­сіне қараған түні Қарғалы, Елек, Жіңішке, Жаман Қарғалы атты өзендер бір мезгілде тасып, бірнеше елді мекендерді су басып қалды. Ақтөбе қаласының шетіндегі үйлерді, өзен жағасындағы саяжайларды су алды»; «Атбасар қаласында өте күрделі жағдай қалыптасты. Жабай өзені тасып өткен жылы ғана салынған бөгетті бұзып кетті. Жүздеген үй су астында қалып, 130 үйді су басу қатері төніп тұр»; «Ақмола, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында 2000 үйді су басқан. 50 елді мекеннің су астында қалатын қаупі туындап тұр»; «25 сәуірде Петропавл қаласында төтенше жағдай жариялан­ды. Есіл өзені ернеуінен асып, қала бұрын­соңды болмаған су тасқынына тап болды»...––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 8: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

8 28 сәуір 2017 жылкелбет

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Белгілі бір уақыт аралығында өзің үшін «жаңалық» тауып, бірақ сол олжаңды әлі ешкім таппағандай, танымағандай күйге түсіп, күйгелектеп, айналаңа жар сала жүретін кез болады. Саған дейін талай көреген көз, аңдағыш көңіл тамсанып, таңырқаған байлыққа, сұлулыққа жақсылық жасағың келіп «Мынаны көрдіңдер ме?» деп дабырайтып айтқаныңа кейін қатты ұяласың. Өзіңнен бұрын онымен етене жақын, таныс үлкендер бұл «жаңалығыңа» күле қарағанын кейін есіңе аласың. Кеш түсінесің. Бірақ сол кезде ұялатын, ыңғайсызданатын түк жоқ сияқты еді. Себебі, «тап-таза» едің... Сол «жаңалығыңды» тапқаныңа шүкір. Таппағанда, кезікпегенде қайтер едің? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бағашар ТұрСынБайұлы,«Егемен Қазақстан»

Алдыңғының сөзімен айт қан да диа-лектика заңдылығы деген, осы шығар. (Кейін оқыған дарымыздың жаңалық емес екенін енді түсініп жүрміз ғой!). Екінші курста әрқайсысымыз ақын, я жазушы болғымыз келіп бір-бір классиктің кітабын құшақтап жүретін кезде Жарасқан поэзия сына жолыққан едік. Оның лирикалық өлеңдері мен эпи-граммалары, балаларға арналған жыр-лары мен сындары көңілімізді ерекше толқытты. Бір күні ақын болғымыз кел-се, бір күні сыншы, келесі күні сатирик боламын деп Жарасқан қалам тартқан жанрдың әрқайсысын тіске басып көргенбіз. Тіпті ешкім оқымаған он бес шақты эпиграмма да жазылған. Махаб-бат туралы өлеңде сан жоқ. Жарас-қанның арнау өлеңдері де объектісінің ерекшелігін, мінезін тап басып, юмор-мен де жазылатын. Енді, сондай топта-масына келгенімізде өмірден ерте озған достарын жоқтаған жырларына кезіктік. Кеңшілік Мырзабеков деген талантты ақын болғанын, Сағат Әшімбаев деген ғажайып дос, білімді сыншы болғанын сонда білдік. Ду-думанның, сырлы кештердің куәсі болған махаббат жыр-лары енді көп оқылмайтын болды. Одан гөрі Жарас қанның Сағат туралы айтқан ойлары көп толғандыра бастады. Албырт романтизм, жастық желік бір сәтке сап тыйылып, біз неге Жарасқан сияқты ақын, Сағат сияқты сыншы бол-маймыз деген ой іштей мазалады. Сол арнаудағыдай сөзді бір-бірімізге айта аламыз ба, айта қалсақ соған лайық бола-мыз ба деген жауапкершіліктің алғашқы жүгін сонда ғана ойлағандай едік.

* * *Әбіш Кекілбайұлы «Үнемі бір

жаққа асығыс аттанып бара жатқандай қапылатын да жүретін. Лапылдап атып, лапылдап батқан күн сияқты аса бір шуақты адам еді», деп еске алыпты. Бірде Нұрлан Оразалин де «Ол үнемі асығып жүретін. Бір жерде жаңа кітап шығыпты десе, елден бұрын тауып алып оқитын. Соны оқуға үлгермей қалатындай сезінетін. Шешен еді. Айтқанын жеткізе түсіндіріп, өз ойын дәлелдеп шығатын», деп еді. Оралхан Бөкейдің «Сағат оқыса жетеді. Содан сұрап алармын», деген әзіл-шыны аралас атақты сөзін естідік. Сағат Әшімбаев туралы естеліктердің қай-қайсысы да, ауызекі сөздің бәрі де ылғи жақсы сөз, риза лебіз. Соған лайық адам, сыншы, азамат бола білген қысқа ғана ғұмырында «көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» дейтін аталы сөзге пайымдық тұтас тығымен жетіпті. Өзін жа ғалаған, ағалаған жастардың біреуінен көмегін аямапты. Қы сыл-таяң шаққа тура келген заман дасының көшін түзеуге жан салыпты. Ұлт басындағы кез келген мәселеге ұсақ демей, ірі демей жан алысып, жан бері сіп кірісіпті. Сағат Әшім баев тың шыншыл болмысына, әділ сө зіне, ғибратты ғұмырына кө зіміз ді са-тып қараймыз, қызы ғамыз.

Әшімбаевтың сындарымен танысқан шағымызда әдебиет деп аталатын бүтін әлемнің жай-жапсарына қаныға қоймаған, газет-журналдардан ғана көріп, оқып жүргеніміз болмаса тірі ақын-жазушымен таныспаған едік. Әдеби өмірдің былайғы жұрт естісе сенбейтін атмосферасын сезінбеген ке-зімізде бәрі кітаптағыдай болады деп ойлайтынбыз. Ардың сөзі ғана, әдебиет болашағы ғана тал қы ланып жататын

рухани кемел әлемдей елестейтін. Көркем шығарма жарыққа шығады, сын жазылады, сыншы құрметтеледі деп ойлаппыз. Ылғи қошеметке бөленіп, сый көреді деп түсініп піз. Сыншыға бәрі жарасатындай еді. Әлдеқашан классик деп мойындалған ақын-жазу-шыларымыз Сағаттың сынына ілініпті, биік талғамынан өт пепті. Ә, солай болуы керек деп қабылдаппыз.

Сөйтсек, Әшімбаев Кекіл баевша айтқандай, «өз тұ сын дағы әдебиеттің ескеруге болатындай есімдері мен туын-ды ларының ешқайсысын да елеу сіз қалдырмапты»; «өңкей көкей жасық-тарды көзінен тізіп ап, өңшең арық-тұрықты иығы нан шұқылап бағатын орынсыз қазы мырлыққа салынбапты»; «нағыз жасықты жұрттың өзі айт пасаң да тани алады» деп түсініпті.

* * *Өмір көркем шығармада ғыдай емес

екен. Әдеби өмір сында да айқын көрінбейді. Шығар машылығына сын ай тылған қаламгердің қандай күй кешкенін сыннан білуге болушы ма еді. Сыншының әдеби өмірге емес, сынға белсенді ара ласқанына куә кітаптары, ес теліктері білімпаз адамның дидарын айқын көрсетеді. Пушкин заманын-да қандай ақын ның кейін ескерілмей кеткенін, Толстойдың Пушкинді кімнің түсіндіруінен кейін мойындағанын, «Ағайынды Карамазовтардың» Достоев-ский өмірімен тікелей байланысын, Карамазовтардың прототиптерін Әшім-баев тың жазғанынан оқып алып, тап бір өзіміз тапқандай тоқмейілсу пай-да болғанда тоғышарлыққа қарсы пайымдары санаңды қайта бір сілкіп өтетін. Әшімбаевтың уайымы – әдебиет хәлі. Абай айтатын «уайымсыздығыңа уайым қылды» берік ұстанған сын-шы халықтың рухын оятуға күш са-лып, қаперсіз жүрісін уайым етті. Сағат Әшімбаев айтқан әлеуметтік ой-сананың дамуы, эстетикалық мұрат, көркемдік талап, рухани тоғышарлық бүгін де әдебиеттің гөй-гөйі. Түзеле алмай жатырмыз ба, әлде енді оңалып келеміз бе деген сауалға соған уайым қылатын адамның жоқтығынан емес, Сағатша күйіп-піспегендіктен жауап таба алмай келе жатқан жоқпыз ба?! Рухани күйдің мүшкіл хәлін, проза мен поэзияның қайта лауға ұрынғанын, сынның қайратсыздығын, дра ма-тур гияның көңілсіздігін, пуб лицис-тиканың қайтқан жүзін сөз қылғансып «ыңыранамыз да отырамыз». Нақты, не себепті осы күйге душар болғанымызды білмегендіктен, одан шығудың тетіктері мынау-мынау деп ұсын бағандықтан, оның орындалуын табанды түрде бір-бірімізден талап етпегендіктен де ру-хани ауажайылушылыққа тап болып отырмыз. Неге сөзге тоқтауды ұмыттық? Тыңдауға ниет, естуге құлық болмаған соң, кім сөзін шығын қылғысы келеді. Май данды іздеп жүріп араласа кететін елдің бәрі Сағат еместігі еске түседі.

Әдебиетке ерте араласып, ерте таныл-ған сыншы ал ғашқы «Сын мұраты» кіта-бы үшін Жастар сыйлығын алды. Ой тәуелсіздігіне жету шы ғармашылық адам үшін ең қиын жол. Біреудің ықпалынан шықпау дамуға апармайды. Немесе бағалауда да өзге ұлт тың жазушыларын өлшем етіп алудың өзі тәуелділіктің көрінісіндей еді. Оны біз қазір түсініп жүрген шығармыз. Бірақ қазақ жазушы-ларын «Қазақтың Шолоховы», «Қа зақ-тың Чеховы» деуді қою керектігін алғаш айтқан да Сағат болатын. Сыншының

ар тында қалған әдеби мұрасы – оның өмірлік қағидалары мен ұстанымдарының айқын кө рінісі. Алпысыншы жылғы тегеурінді топтың ішінде әде биеттегі сапарын сыннан бас таған ақын-жазу-шыларымыз біртіндеп проза мен поэзияға біржола ауысқан шақта айтарын айғайламай жеткізер, біліммен, парасат-пен ұқтырар сыншыға әдебиетіміз зәру еді. Сол тұтса Төлеген Тоқбергеновтің қасына жас Сағат Әшімбаев іркілмей келіп қосылған. Содан өмірінің соңына дейін әдебиеттің – ардың сөзін айтып өтті. Нәзік, жара ланғыш болмысы ұлт, әдебиет мәселесіне келгенде қайраттанып кететін тұлғаның сыни еңбектері кейінгі жас буын ға үлгі орнына қала бермек. Мейлі

кем айтқан тұсы болсын, қызбалықпен ақын-жазушылардан артық талап ет-кен тұсы болсын, соның бәрі сыншы өмірінде болуға тиіс жағдаяттар ретінде ес те болады. Айналаңдағы қалам дас-тар мен бірде тату, бірде қату тіршілік кешіп жү ретініңді, сонда да ар ісінен ай нымауыңды Сағат жолы еске салып тұрады.

* * *

Оның бүкіл шығармашылық өмірінің лейтмотиві – азаматтық. «Азаматтық манифесі айқын емес халықтың болашағы да айқын емес» деген Монтень сөзін өзі де берік ұстанды. Оның сыншылығы алдымен азаматтықтан туған ба деп ой-лайсыз. Өйткені, туған елдің әдебиетінің дамуына мүд делі болды. Соған қызмет етті. Өзінің азаматтық парызы, борышы деп қабылдады. Сыншысы ғана емес, әдебиеттің жоқшысына айналды. Сағат Әшімбаевтың айтқандарын, «Азаматтық формуласын» ақыл емес, кеңес деп қабылдағанымыз жөн. Ол – Сағаттың

өзінің мани фесі. Ал оны біз ұлттың азаматтық манифесіне айналдыра ала-мыз ба? Ол өзімізге байланысты. Адам, ең алдымен, азамат болмай, ұлтына жақсылық жасамайды екен. Біз бүгін аза-мат деген сөзді жалпақ жұртқа қаратып айта береміз. Ал Сағат үшін ол ең биік дәреже еді. Оның қазақ телевизиясы-на «Жүректен қозғайық», «Парыз бен қарыз» бағдарламаларын шығаруының бір төркіні осы болатын. Өзін осы жұмысты істеуге міндетті санады. Ол үшін қанша күресті, әр бағдарлама эфир-ге шыққан сайын қандай дау-дамайдың астында қалса да жеңілмегені сол азаматтық позициясынан – айқындаушы күшінен еді. Ұлт мәселесінде кез кел-

ген дүниеге немқұрайлы қарамау керек деп түсінді. Келеңсіз құбылыстар, ең алдымен, жақсылық пен жа мандықты, озық пен тозықты, жақсы адам мен жа-ман адамды айырмаудың кесірінен бо-лып жатқанын ашық айтты. Бұл жерде ол енді әдебиет сыншысы емес, қоғам қайраткері ретінде көрінді. «Государства погибают тогда, когда не могут более от-личать хороших людей от дурных» деген Диоген сөзін тарқатып талдауы ең ал-дымен оның мемлекетшілдігін көрсетер еді. Азаматтық пен немқұрайлылықтың одақтаса алмайтынын, осы екеуін ажырата білуді түсіндіруге тырыс ты. «17-18 декабрь! 1986 жыл. Мен бұл күндерді ұмытқан күні ұлт намысы де-ген ұғымды да ұмытатын шығармын. Ал оны ұмытқан жерде барыңнан да жоғың жақсы» деп жазыпты күнделігінде. Азаматтық позиция сын – формуласын кейінгі ұрпақ ұстанар, я ұстанбас. Ұлт намысын өмірден биік қояр, я қоймас. Оған Сағат зәру емес, біз мұқтажбыз. Әшімбаев өзі сол формуласынан бір

ауытқымай ғұмыр кешкеніне сенесің. Ұлт болу үшін алдымен азаматтық, азамат болу үшін рухани елгезектік қажет. Соны ұғындырудың бір жолы жаппай насихатпен айналысу еді. Сағат Әшімбаевтың азаматтық болмысы Желтоқан оқиғасы кезінде айрықша көрінген. Ең көп айтылар сөз, ескерілер мінезі осы болса да, одан аттап та кете алмайтының тағы аян. Рубикжан Яхинге тапсырып, алаңдағы көріністі түсіріп алған кезі, ондағы қағажулар мен қақтығыстар естеліктерде анық жазылған. Көлбай Адыр бекұлының «Казахское дело» мақаласындағы жан тебірентерлік оқиғалар Сағат Әшімбаевтың сыналған тұсы екенін де қазір ойлайсың. Сол сыннан аман өткен, сол амандыққа ұлтжандылығымен қапысыз жеткенін кейінгі біз бағамдай алсақ, сол да – сабақ. Алаңда қақаған аяз-да дірдектеп, бір-біріне жабысып отырған қаракөздердің тұсынан қолынан қайран келмей «қайтейін-ай» деп өтіп бара жа-тып, жан қалта сындағы дәрісін өзі алуға шамасы келмей қалғанын көз алдыңа елестетудің өзі жанға ауыр. Жазушы Жүсіпбек Қор ғасбектің «Желтоқсан» әңгі месіндегі көңілсіз көрініс тура сол естелікті оқыған кезде көз алдыңа келеді. Өзің де іштей «қайтейін-ай» деп күбірлегендей боласың. Тура сол қысылтаяң шақта Сағат Әшімбаевтың басына төнген қауіптен біреу қорғаса, біреу қуанды. Сағат өзі сәт-сапар тілеп, қолдау көрсеткен екі інісі «Парыз бен қарыз» хабарынан кейін үстінен арыз жазып, жоғарыға шағымданыпты. Онсыз да қайта-қайта Орталық комитеттің жиналысына түсіп жүрген Әшімбаев үшін бұл оңай соққы болмағаны анық. Осы оқиғаны айтқан Болат Қазиев ол «інілерінің» атын атамауды жөн көріпті. Көлбай Адырбекұлы да қазбаламапты. Бізге де керегі шамалы. Әйтеуір, олар-дың есімін жақсы білетін жанның барын білемін. Ең алдымен, ұстаз алдында, ұлт алдында қарабет болу тіпті «оңай» екенін есте сақтауға жақсы. Сағат Әшім баевты «Алашорданың көзқарасын насихатта-ушы», «ұлтын әсіре көтермелеуші» деп қудалап (жо ғарыдағы арыз негізінде), біраз әурелеген. «Алтын қордағы» «Бес ғасыр жырлайды» хабарының бі-разын ұлтшылдықтың сарыны бар деп қырқып тастапты. Содан жиналыстан-жиналыс, тергеуден-тергеу болып, әбден қалжыратқан. Бірақ оған бола жеңіле салған Сағат болмапты. Әшімбаевқа жазылған жоғары жақтың теріс мінез-демесін, сол жиналысқа қатысқан (жи налыстың мақсаты Әшімбаевты Телерадио комитеті төрағасының орын-басары қыз метінен босату) ұжымы түгел жоққа шығарып, адал азамат, іскер бас-шыны қорғап қалыпты. «Жұрт тарап жатқанда Әшімбаев отырған орнынан қозғала қой майды. Жа нынан өтіп бара жат қан Рафаэл Жұ ма баев жапсарлас орындыққа тізе бүкті. Зал іші босаған кезде Әшім баев терең күрсініп, іштегі шерін бір-ақ шығарды. Қоңырқай жүзі кү-ңі реніп: «Реке, ұжымыма ризамын!» – деп қою кірпігін жұ мып-аш қанда, қос жана-рынан қос там шы төмен қарай жылыста-ды» (К.Адырбекұлы. «Казахское дело).

* * *Ұлтының рухани қазынасы үшін

талмай қызмет қылған тұлғаның дида-ры жарық. Өзі ғана, осының бәрін мен істесем деген өзімшілдікке салынған жоқ. Халықтың керегіне жа райды-ау деген адамдардың бәріне қолұшын соз-ды. Бұл, ең алдымен, ұлтқа жасалған жақсылық деп есептесек болады. Сағат Әшімбаев тәуелсіздікті көрмей кетті деп мен өкінбеймін. Ол көрмеген жарық күнді ұрпағы көрді, ұлты көрді. Сексен ал тының қаһарлы күні табандап тұрып алған ұлтының қайратын көрді. Халқының алдындағы азаматтық ерлігі үшін билікке жақпай, таяқ жегенде қорғап қалғандарға қаратып: «ұжымыма ризамын!» деген сөзі енді уақыт пен жаңғырып: «Ұлтыма ризамын» деп естілетіндей. Ұлтың да саған риза!

Әшімбаев формуласыесімі елдің есінде

Оның бүкіл шығармашылық өмірінің лейтмОтиві – азаматтық. «азаматтық манифесі айқын емес халықтың бОлашағы да айқын емес» деген мОнтень сөзін өзі де берік ұстанды.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Театр көктемі-2017» халықаралық фестивалі биыл Жұмат Шаниннің 125 жылдығына арналды. Мақсаты – түркітілдес елдер арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты нығайту, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, кәсіби театрлардың өнерін насихаттау, тәжірибе алма-су. Өнер мерекесін еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі, ТҮрКСОй Халықаралық ұйымы мен Оңтүстік Қазақстан об-лысы әкімдігі ұйымдастырды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Фарида БыҚай,«Егемен Қазақстан»

Фестивальға қатысқан 10 театрдың арасында Жүсіпбек Аймауытов атындағы Пав-лодар облыстық қазақ музы-калық драма театры да болды. Баянауылдық Жұмат Шанин еліміздің тұңғыш ұлт театрының негізін салды. Шым кенттің қазақ драма театры на 1972 жылы оның есімі берілгенін де білеміз. Фестиваль ұйымдастырушылары да осынау тұғыры биік тұлғаның жерлестеріне лайықты құрмет

білдіріпті. Атап өтерлік тағы бір ерекшелік – бұл бәйгеде Шанин шығармаларын сах-налаған да жалғыз осы Ай-мауы тов театрының ұжымы болып шықты. Театр ұжымы белгілі режиссер, марқұм Жа-нат Хаджиев сахналаған Ж.Ша-ниннің «Арқалық батыр» тари-хи драмасын көрсетті. Жал пы, Шаниннің халық жыры негізінде жазылған «Арқалық батыры» өте күрделі қойылым, кезінде Шаниннің өзі Арқалық батырдың рөлін орындағаны белгілі.

Айта кетейік , Арқалық

батыр дың бейнесін сомдаған Бекболат Оқасов Қасымхан Ш а н и н а т ы н д а ғ ы а р н а й ы ж ү л д е н і , Ж ұ м а х а н Д о с -паев «Ұтымды бейне» аталы-мын дағы сыйлықты иеленді. Тарихи драмада өмірлерін өнер ге арнаған Сейітжан Тәжі-баев, Бейбіт Шәнім, Жұма-хан Досбай, Руслан Нығман, Кенжеғазы Қарымсақ, Талжібек Атамбек, Толқын Әбдіррахим сияқты талантты әртістер ой-нады. Ал «Театр көктемі-2017» халықаралық фестивалінің бас жүлдесі У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясын сахналаған Астананың Жастар театрына берілді. Аймауытов театрының әртістері Түркістанға барып-қайтуларына қолдау көрсеткен белгілі теміржолшы, театр жан ашыры Әби Сарқыншақов ағаларына алғыс айтуда.

ПаВлОДар

театр

«Арқалық батыр» Түркістаннан оралды

Page 9: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

28 сәуір 2017 жыл 9руханият

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматыда бір сыпсың әңгіме жүрді. «Несін айтасың, ұлы жа-зушымыз Мұхтар Әуезов бір ғажап келіншекке ғашық болған екен. Ташкеннен ұлы жазушымыздың сол қызға жазған ғашықтық хұсни-хаттары табылыпты... ». Бәріміз де елең ете қалдық.Жаңашыл «Жалын» журналы ма, әлде «Таңшолпан» ба екен, Мұхаң хатынан бірер үзінді жариялап та үлгерді. Ынтықтығымыз арта түсті.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

1990-жылдар.Мұхаңның эпистолярлық

мұрасы жайында әртүрлі әңгіме, әртүрлі нұсқада айтылып жүріп жа-тыр. Ауыз әдебиетімен ауызданған қазақ емеспіз бе: «Бәленшекең Ташкеннен Мұқаңның бір шемо-дан хатын алып келіпті...», – деген сөздер де аяғымен жүріп кеп берді. Бүгінде соның бәрі тым-тырыс.

2000-жыл ма екен, Шымкентке Әбдіжәміл аға арнайы келді. Жүрісі суыт. Атқосшылыққа Бердібек Сапар баев әдеттегідей мені қосты (Бұл кезде Оңтүстік Қазақстан об-лысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасарымын). Өзбекстанға бармақпыз. Әбеңнің қалтасында 10 мың доллар. Өзбекстанда жоғары оқу орнында тарихшы профессор бар. Оның қолында сарымайдай сақтап отырған Мұхтар Әуезовтің мол көлемді эпистолярлық мұрасы бар. Ол – Мұхаңның тағдыр айдап Өзбекстанға барған қазақ қызына жазған хаттары. Өзбек ССР-і Ден-саулық сақ тау министрінің орын-басары дәре жесіне дейін жетіп, жа-самыс тартпай дүние салған қазақ қызы ахирет алдында Мұхаң хат-тарын әлгі азаматқа аманаттаған. Сол хаттарды Нұрпейісов сатып алып қайтпақ.

Нұрпейісовтей классигімізді 10 мың долларымен Өзбекстан өткізіп, әлдеқандай іске душар етіп алудан кәдімгідей қорықтым. Жасыратын не бар?! Содан Адыл ағаға телефондадық. Адыл Яқубов – өзбек әдебиетінің классигі. Обалы не, Адыл аға Әбеңдей до-сын Ташкентте қонақ етіп күтіп алғысы келеді-ақ. Мен ойлаған қаупімді айтамын сыздықтатып. Ол да қауіп ойлады. Ақыры Сары ағашта кездеспек болып уәде байластық. Адыл аға әлгі тарих шыны алып Сарыағашқа келеді. Шымкенттен Әбең бастап біз барамыз. Бізді Сарыағашта өзбекстандық қонақтар күтіп алды. Жақын жер. Тез жетіпті. Мей-рамханада отырмыз. Адыл Яқубов әлгі тарихшыны үгіттеп-ақ әкелген екен. Әбеңе қосыла барын салып, қызбалана сөйлеп, бірі қазақша, бірі өзбекше тарихшыны қинайды келіп, қинайды келіп. Сәбең

жарықтық айтпақшы, әлгі тарих-шы азаматымыз да «пір атқан қу» болып шықты. Мұхаң хаттарының кейбірінің мазмұнын айтып, кей-де тіпті сөзбе-сөз үзінді келтіре сөйлеп үзілдіреді-ау біздің қос ағамызды. Қызыққан қос қаламгер «е, е, е» – деп ентіге, ентелей түседі. Бұлар ен телеген сайын ол шалқая жөнеледі. Тарихшы емес, тас екен, дедім мен. Екі жазушының салы суға кетті... Біз үмітпен барып, са-лақтап бос қайттық Шым кентке. Бос қайтқанымызбен, Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Адыл Яқубов екеуінің Мұқаңдай ұлы ұстаз-дарына деген шексіз құр метіне куә болып едім сол жолы. Бүгінде Адыл Яқубов та жоқ мынау жарық жалғанда. Әбең қартайды.

Өткен-кеткен жайларды ай-туда мән бар. Сол кездерден құла ғымды Ташкен жағына түре жүремін. Әлденеше рет сапарға да барып қайттым. Барған сай-ын сұрастырып әлекке түсемін. Әңгіме бар. Қолға түскен ештеңе де жоқ. Мұхаң ғашық болатын Ғайыпжамал кім? Неткен періште ұлы адамның назарын аударып, ышқын кетіріп жүрген? Сол эпис-толярлық дүниелерді қолға түсіріп Андре Моруаша қызықты бір дүние жазар ма еді, шіркін-ай?!

Архив ақтарып, қағаз қара-ғыштаймыз. Жадымыздан шық-пайды-ау, шықпайды Мұхаң ның махаббаты...Жақында әлгі сұрақ-тарға жауап тапқандай болдым.

Алматы мемлекеттік педаго-гикалық универ ситеті өзінің та-рихын әріден (1918 ж.) тарту орнына беріден (1928 ж.) алып кезекті мерейтойын атап өткені бар. Шы нында, халқымыз үшін ардақты осы оқу орны өзінің та-рихын 1918 жылы Түркістан ре-спубликасы Халық Ағарту комис-сариаты шешімімен Ташкендегі орыс педагогикалық училищесі жанынан қазақ бөлімінің ашылу-ынан бас тауы керек еді. Өйткені, араға жыл, жыл жарым салып 1920 жылы осы педагогикалық учили-ще негізінде (базасында) Өлкелік Қазақ Ағарту институты ашылады. Бұл – қазақтың тұң ғыш жоғары оқу орны. Аталған оқу орны іргесін

кеңейте келе, 1928 жылы Алматыға «Қазақтың педагогикалық инсти-туты» атанып қоныс аударады. Оу, тақырыбымыз Мұхаң ғашық болатын Ғайыпжамал жайында еді, қайда кетіп қалдық біз?

Гәп бар. Әрі-бері кітап, ескі қағаз ақтарып жүргенде аталған институттың директоры райында Сәрсеновтей азаматтың аты ата-латын. Толық аты-жөні – Сәрсенов Далил Чегилекұлы (Дұрыс қазақ-шасы Дәлел Шегелекұлы болатын шығар). Ол қайдан шыққан зиялы?

Дәлел Шегелекұлы 1898 жылы 21 шілдеде бұрынғы Нарын бо-лысы Зайсан уезінде көшпелі қазақ отбасында өмірге келеді. Ол ауылда айдалып (жер аудары-лып) келген бір ғана орыс отбасы болыпты. Шамасы, төңкерісші. Соның жас баласымен ойнап жүріп Дәлел орыс тіліне судай болады-ау, шамасы. Әрі қарай орыс-түзем мектебі, Семей ер-лер гимназиясын үздік оқып аяқ-тайды. Енді не? Енді іргедегі Том университетіне барып, заң фа-культетіне оқуға түседі (1919 ж.). Қаныш Сәтбаев, Әлімхан Ермеков, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы оқыған Томбы ғой бұл. Семейде Мұхтар Әуезовпен бірге оқыған Дәлел қазақ даласының солтүстік қиырынан білім іздеп барған осы өспірімдермен достық қарым-қатынасқа түседі. (Бәрімен бірдей болмас, әрине). Әсіресе, Қаныш Сәт баевпен дос болса керек. Барыс-келіс жасап жүріп Қаныш – Мұхтар – Дәлел үштігі аражігі ажырамастай жақын тартады.

1920 жылы Томбы универ-ситетінің медицина факуль тетіне Ғайыпжамал Құтымова есімді қыз бала келіп оқуға түседі. Бет

біткеннің ажарлысы еді дейді архивтік деректер. Қазақ бозбала-лары бәрі бірдей Ғайыпжамалға қайырылады. Әсіресе, Мұхтар мен Дәлел... Қос бозбала қос-қатар қолына жүрегін ұстап, тұра жүгіреді, ықылас сөзін айтады, жолында құлайды... Қыз Дәлелді таңдайды. Жігіттер қаумалағанда қыздар құтылар жалғыз амал солардың ішінен бірінің ете-гінен ұстап, тұрмысқа шығу. Ғайыпжамал солай етеді. Таңдауы Дәлелге түседі. Өзгелерінің

ренжімеуін өтінеді. Бозбала мен бойжеткен сөйтіп 1923 жылы отау құрады. Бақытты еді.

Ол кезде түрік жұрты ұлыс-қа бөлін генімен, ұлт-ұлтқа жік-телмеген, ұлт рес публи кала рына жіліктелмеген бүтін кезі. Ортақ аты – «Түркістан респуб ликасы». Орталығы – Ташкент. Отау құрған екі жас қол ұстасып Ташкент келеді. Шамасы, Томбыдай әрі суық, әрі қымбат қалада оқуын жалғастыру қиынға түссе керек. Әрі Дәлел оқуын тәмамдаған. Екеуі Ташкентке келе Ор та Азия университетінің бірі − саяси-әлеуметтік факультетінің үшінші курсына (жоғары білімді), екіншісі медицина факультетіне ауысып оқуын жалғайды.

Дәлелдің Ташкентте ашыл-ғ а н т ұ ң ғ ы ш Қ а з а қ а ғ а р т у

институтының директоры бола-тын сәті, міне, осы кезең. Дәлел Сәрсеновтің қолымен жазылған ресми хат, институттың жағдайын түзеу туралы, оқуды таза қазақ тілінде жүргізу жайындағы жаз-балары оның шынайы ұлтшыл қайраткер болғанын көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сары ағаш ауданындағы Қапланбек кол леджі (Онда Шәмші жарықтық оқыған) әуел баста Орта Азия мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып ашылған

сияқты. Архивтік деректерге қарағанда сондай ой келеді. Қазіргі Қапланбек елді мекенінде солай 1920- (1928 жылы болуы керек.) жыл дары ашылған. 1930-жылдары Москва, Ленинградтан сенімсіздік көрсетіліп небір ғалымдар келіп Қапланбек техникумында сабақ берген. Ғайыптан-тайып менің қолыма түскен «Вертикальное и горизонтальное распредъеленіе ТУРКЕСТАНСКИХЪ ЖИВОТ-НЫХЪ. Н.А.Северцева» (Москва. Въ Университетской типо графіи (Катковъ и К), на Страстномъ бульваръ. 1873» аталатын кітаптың титулдық бетінде екі белгі бар. Бірінде мал иесі – «С.Алексеев. 19.12.10. 09. Ташкент», деп жаза-ды. Ал келесі штампта «Библиотека Ср.Аз. зоотехникума» – деген

белгі. Айтылған жайларды аса бір дәлдікпен беріп отыруда мән бар. Аталған оқу орны алдымен ғылыми-зерттеу институты бо-лып ашылған ба, әлде Орта Азия зоотехникалық техникумы болып ашылған ба? – деген сұрақтарға жетелейді. Әлгі Алексеевіміз кім? Ол да ығысып келген маманның бірі ме? Сұрақ көп. Өз жөнімізге көшелік.

Дәлел Орта Азия мал шаруа-шылығы ғылыми-зертттеу ин-ститутын биік өреге көтеремін деп тыным таппай жүріп сүзек жұқтырып алады. Сүзек зарда-бынан 1932 жылы көз жұмады. Қайда қойылғанынан хабарсыз-быз. Томбыдан сүйіп алған жары Ғайыпжамал қайда?

Ғайыпжамал Құтымова 1928 жылы Орта Азия университетінің медицина факультетін үздік бі-тіреді. Үздік бітірген Ғайып жа-малды университет басшылығы «Акушер және гинекология» кафедрасына алып қалады. Аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарады.1931 жылы Ғайыпжамал Денсаулық сақтау халық комис-сариатына қарасты «Ана мен ба-ланы сақтау» басқармасына бас-шы етіп жіберіледі. 1932 жылы Басқарма институтқа айналып, Ғайыпжамал директор болып қызмет істейді.

Мұхтар Әуезов те Орта Азия университетінің аспиран-турасында оқыған. 1920-жыл-дардан Таш кентпен тағдыры тығыз байланыстағы адам. Ташкенде баспасөзбен бай -ланысты еңбек етт і . Т іпт і , Сұлтанбек Қожанұлымен бір пәтерде тұрған. Сол жерде тұт-қындалған. Жалындап өсіп келе жатқан жас жазушы Дәлел мен достық байланысын үзбеген. Аралас-құралас жүрген. Түр-меден шыққан соң Дәлел досының сүзектен көз жұмғанын көрді. Ша-масы, тұтанғыш сезімдер Мұ қаң-ның Ғайыпжамалға бұрынғы ма-хаббаты осы кезде қайта оянған...

Ғайыпжамал – Мұқаң ғашық болатын Ғайыпжамал!

1938 жылы Денсаулық сақтау халық комиссарының орынба-сары әрі Өзбек ССР-і Жоғарғы Советінің депутаты болып сай-ланады. Даңқты орынбасар. 1947 жылы докторлық диссертация қорғағалы тұрған жерінде жүрек талмасы ұстап кенеттен көз жұмады Ғайыпжамал Мұстафақызы. Қазақ -тың аяулы қызы, бауыр лас Өз-бекстанның мемлекет қай рат кері, үлкен ғалымына айналып еңбек ете жүріп көз жұмған Ғайып-жамал Ташкенттің «Минор» қабір-ханасына қойылады.

Бір махаббаттың белгілі-белгісіздеу баяны, міне, осындай!

Ал мен әлі де ізденістемін...

Құлбек ЕРГӨБЕК

(Жалғасы. Басы 67-71 нөмірлерде)

Жәмиланың жарқылдаған шуақты күлкісі, үндемей булы ғатын Даниярдың тау мен даланы толқытқан елде жоқ өзгеше әні, құдай сорға жаратқан тоғы-шарларды милыққан ұзақ ұйқысынан « о я т ы п » ж і б е р д і . О л а р а ң - т а ң . Шыңғыстың әдебиеті – бір бөлек әлем, тоғышарлардың әдебиеті – тіпті, басқа бір дүние. Тоғышарлар жұлқынғанын қой мады. Өздеріне-өздері келе алмай, «шала ұйқы» боп: «Кім? Оу, кім бұл – Жәмила деген? Сай қал десе!», «Бет бар ма, орысқа шоқынған Шыңғыста? Мұның Жәмиласы – Шолоховтың Аксиниясы!», «Отан үшін, Сталин үшін деп, неміс фашизмімен соғысқан ерлеріміздің бірі – мына құтырған Жәмиланың күйеуі Садық деген азаматымыз кім боп шықты сонда? Қырғыз әдебиеті көрмеген жат тұлға – Жәмила! Жә миланы әдебиеттен аластау керек! Құрту керек! Моральдық жағынан ақсаған, азған әйел – ол!» деп, даттай берді. Шыңғыс бұл сөздің бәрін… бәрін естіп жүрді.

Сол күндерде Шыңғыстың бағына бар-ша жұртты сүйінткен бір есті үн естілді. Ұлы Мұхтар еді, ол! Ол жалғанның жартысын дай кең маңдайы жарқырап, ту сыртында қарлы шыңдары көк тіреген Алатау… иек астында ұшы-қиырына көз жетпейтін қазақ даласы…Даниярының шегі жоқ ұзаған әніндей осынау байтақ өлкеден алысқа … о, тым алысқа есімі жайылып, өріс ұзартып бара жатқан Шыңғысына көңілі толып, құдды бір төрт құбыласы сай адам… бос бұралған дом-бырадай қоңыр үні балбырап: «Любовь Джамили и Данияра изображенная в пос-тепенном нарастании, внешно скупом выражении эмоции, дает почувствовать красоту, старстность, «насыщенность» их характера. Хорошо, что Джамиля и Данияр – люди повседневного физического труда – душевно богатые люди. Они человеч-ны, щедры в своих чувствах, им не чуждо вдохновение, они умеют петь душой – не голосом!» деді.

Бұл сөз – Шыңғыс таланты жө нінде жан баласы айтып көрмеген терең мәнді ақылды сөздердің қайнар бұлағын ағытты.

Жәмила Күндей күлімдеп, келбеті ал-тын Айдай толықсыды. Бықсық күңкіл бірте-бірте тұн шығып, тұңғиыққа бата берді.

Шекер ауылының шырайлы келіні Жәмила Парижден бір-ақ шықты. Мұхтар-дың ықпалымен Лениндік сыйлықтың лауреаты Луй Арагон «Жәмиланы» фран цузша «сөйлетті.» Ол: «Ма хаббат жөнүндеги ен сонун баян» деп толғанды. Францияның «Юманите», «Драпо руж ме-гезин», «Леттр хрансез», «Нове ксен жки», «Эколь ля насьен» атты газет, журналда-ры «Жәмиланың» тұнып тұрған мөлдір лиризмін француздың әуезді, шәрбат тілімен өбектеп, тебірене жазды.

Совет әдебиетінің үлкен бір беделі Зоя Кедрина: «Переве денная на французксий, испанский, польский, итальянский язы-ки, она вызвала широкий отклик в фран-цузской, бельгийской, польской прессе. Почему это произошло?

И первое объяснение, который при-ходит на ум, это – что успех «Джамили» объясняется тем, как растет по весне трава, как льет теплый дождь, как по-том прорывая покров туч, светит солнце на эту дерзскую молодую травку», деп Шыңғыс прозасының табиғи болмысына шек келтірмеді.

Әлем назары Шыңғысқа ауды!Пырағы дәйім ұлы бәйгіден келіп, шат-

шадыман сүйінішке бөленген атбегідей шалқыды Мұхтардың жүрегі!

Әдебиеттегі таптанды жол емес, тыңнан сүрлеу салған Шың ғыстың ащы терін, ауыр мехнатын көріп, небір сұқты, сұғанақ, қазымыр көздерден қызғыштай қорыды, өзіне шәкірт санады, мәрт Мұхтар! Өзіне деген осы мейі рімін мейірлі жүрекпен сезінген Шыңғыс та оны «Ұлы ұстазым!» деді.

Шыңғыстың «Жәмиласы» ерекше шырай берген «Повести гор и степей»

кітабы алғаш рет Лениндік сыйлыққа ұсынылып, бағы сыналар сәтте анау-мынауға былқ етпейтін Мұхтар тағы да шамырқана қозғалды. Тағы да үнінен парасат лебі шықты. Сол бір кездерде Москвада СССР Жазу шылар одағында қырғыз әдебиетінің консультанты болған белгілі ақын Түменбай Байзақов маған бір жолы Фрунзеде салиқалы отырыс үстінде былай деді: «О, ой, өзгеше жаратылған Мұқам-ай! Москваға келіп жүретін әдеті.

Тәңірдің бір сәтті күні Мұқам «Россия» қонақ үйінде қырғыз әдебиетінің қаймағы дерлік зиялыларымен бас қосты. Олардың ішінде – Аалы Тоқомбаев, Түгелбай Сыдықбеков, Сүйінбай Ералиевтер бар еді. Сол әңгімеде Мұқам Асан қайғыша толғанып, әріден сөз бастады; «Қырғызда екі ат бәйгісі болады, бірі-кеме ге бәйгі, оған тай-құнан шабады, екін шісі – ірі саңлақ арғы мақ тар қосылатын – чоң бәйгі! Мына ғажапты қараңыздар, мен Шыңғысты кеме-ге бәйгіден алып, чоң бәйгіге қосып отыр-мын. Адам ның пендешілік қасіреті шаш тан асады. Жазатайым біреуің үзеңгімен омы-рауына соғып, бірің шаужайына жармасып, құйысқанынан тартып… тағы бір көзіне қан толған неме Ақан серінің Құлагерін мерт қылғаны секілді орға жығып жүрмеңдер, түге! Пәлі, олай етсек ел боламыз ба, біз? Әуелден қазақ, қырғыздың намысы бір! Әне бір жылдары «Манас» эпосына қатер төнгенде аяндық па, бәріміз? Сен Аалы, сол бір күндерде пендешілікке бардың. Қазақ, қырғыздың қалмақтармен болған ежелгі соғыстарының жойқын эпизодта-рын дәйім сызып тастап отырдың. Бақсам, сенің түбің – сондай шайқастарда қолға түскен қалмақтар екен. Сенің аталарың сол жаулықтың кезінде осы қырғыздарға сіңіп, келе-келе бауырласып, Чоң Кемин, Кичи Кеминді жайлап, «Бес қалмақы» де-ген ата боп, өркен жайыпты. Жатсынбапты қырғыздар. Сен, Аалы, бүгінде қырғыз әдебиетінің ұлттық мақтанышы дейді. Ақкөңіл, қауқылдаған қырғыз жұрты сені алақанына салып, көкке көтереді. Осы қадірді білгенің жақсы. Білесің де. Бірақ, осының бәріне кейде кісілік пара-сат жетіспей жатады. Сен Аалы, қырғыз жазу шыларының арасындағы болым-сыз күңкілге тыйым сал! Мына Түгелбай екеуіңнен ешкім аса алмайды. Сүйінбай – Шыңғыстың ең тілектес достарының бірі. Менің көкейімдегі жүрген бір түйткіл осы

еді. Біздің Шыңғыс алысқа… тым алысқа сілтейтін жүйрік! Сілтесін! Бауырын жа-зып, қанатын жайып ғарышқа самғасын! Ата-баба рухы-Манас қолдасын! Бағы жан сын, шіркіннің! Дүниеге, адам дарға, қоғамға айтар сөзі бар, Шың ғыстың! Сөзін бөлмеңдер, айт сын… айтсын Шыңғыс!» – деді.

Бұл – бір сөзден өліп, бір сөзден тірілетін елдің естілеріне айтылған бәтуалы сөз еді. Ол әрі сес те болды.

Уақыт – бәріне куә, бәріне төреші…Жәмила Европа мен Азия ның ғана емес,

бүкіл әлемдік классикалық әдебиеттің ұлы пірлері – Шекспирдің Джульет тасы, Катаринасы… Пушкиннің Татьянасы, Мұхтардың Ділдасы, Тоғжаны, Әйгерімі бар сәулетті галереядан орын алды.

«Жәмила»… Шыңғыстың жазушылық тағдыры… адамға осындай да жүрек бітеді екен, деп таң-тамаша еткен Даниярдың әндетуі мені бес жылдай толқытып жүрді. Бес жыл!

Мезгіл шіркіннің тағы бір жай машуақ күзі келді. Тау, тоғай, бақ іші қызылды, жасылды, сарғыш түске малынды. Жер бетін алтын жапырақтар жапты. Аспан тып-тынық мұхиттай мөп-мөлдір еді.

Сол, 1963 жылдың қазан айының онын-шы жұлдызы күні Алматы жұртшылығы радиодан қуанышты хабар естіді. Мос-квадан! Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов Лениндік сыйлықтың лауреаты атаныпты!

Бұл кезде мен қазақ теледидарында редактор едім.

Сол күні ұлы сәске кезі. Бәріміз жа-пырлап, бас редактор, ақын Жаппар Өмірбековтің кабинетіне жинала қалдық. Ол кісі аға редактор, ақын Саттар Сейітқазин екеуі қуанып, Шыңғыс жөнінде біраз жай-ды асығыс-үсігіс айтып тастады. Жаппар жұмсақ, дәмді сөйлесе, Саттар Шыңғысқа өзінен басқа дос жоқтай оны иемденіп алып, мүлде бөсіңкіреп кетті. Екеуі де Москвада Горький атындағы институтта Шыңғыспен бірге оқыпты. Шыңғыстың кісілігін, кей шығармаларының жазы-лу тағдырын… әсіресе, дәл сол кез дерде Мұхтардың ақылымен «Жәмиланы» орыс тілінде жазып шығу хикаясын тамсана сөз қылды. Жаппар Саттардың лепірме сөзін зорға тоқтатып: «Фрунземен қазір ғана хабарластым. Қырғыз ағайындарды құттықтадым. Шыңғыс әлі Мос квада екен. Ертең самолетпен ұшып келетін көрінеді. Жаңа осы сендердің алдарыңда «Алматы» санаторийінде дем алып жатқан председателіміз Кенжеболат Шалабаевич сөйлесті. Көргенді кісі ғой, «Мұхаңның ар-маны орындалды!» деп, қуанышында шек жоқ. Бізге мән-жайды бажайлап, түсіндіріп, жедел тапсырма берді. Мысалы, Шыңғыс ертең Фрунзеге келсін делік. Үйіне кірген сәтте мен телефон соғам. Біздің студия да пресс-конференция өткіземіз. Оған ақын-жазушыларымыз, журналистеріміз… өнер иелерін шақырамыз. Кенжекеңнің айтуы бойынша намыс үшін осы тірлікті қырғыздардың өзінен бұрын жасау ымыз керек. Солай етеміз!» деді.

Бас редактор әрқайсымызға міндет жүктеді.

Илья ЖАҚАНов

Таңғажайып махаббат (Лирикалық эссе)

Өмір-Өзен

Мұхаң ғашық болатын ғайыпжаМал кіМ? неткен періште ұлы адаМның наза-рын аударып, ышқын кетіріп жүрген? Сол эпиСтолярлық дүниелерді қолға түСіріп андре Моруаша қызықты бір дүние жазар Ма еді, шіркін-ай?!

Сол, 1963 жылдың қазан айының оныншы жұлдызы күні алМаты жұртшылығы радиодан қуанышты ха-бар еСтіді. МоС квадан! қырғыз жазушыСы шыңғыС айтМатов лениндік Сыйлықтың лауреаты атаныпты!

Әуезов ғашық болған Ғайыпжамал... (Бір махаббаттың баяны)

Page 10: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

10 28 сәуір 2017 жылпарламент

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сенат отырысында депутат Мұхтар алтынбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады. Онда былай делінген: ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті үстіміздегі жылдың 24 ақпанында «Хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру бойынша құқық қорғау органдарының қызметін нормативтік-құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді. Осында айтылған кейбір мәселелерге орай біз Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, онда жоғалған азаматтардың және олардың туыстарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды одан әрі жетілдіру мәселесіне назар аударған едік. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Мәжілісі депутаттарының орталық билік органдарының на-зарын аудару, көмегін көрсету жөнінде жолдаған сауалдарының көтерген мәселелері өмірдің барлық саласын қамтиды десек, қателеспейміз. Мәселен, наурыз айында Зәуреш аманжолова бастап, басқа бірқатар де-путат қостап қол қойған сауал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенованың атына жолданған еді. Онда депутат Түркістан қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында туберку-лез ауруының өршіп тұрғанына назар аударған-тын. Орталықтағы 502 науқастың 65-і туберкулезге душар болып, оның 3-уі көз жұмған. Осы дертке ұшырағандар Шымкент қаласындағы жүйке жүйесі ауруханасында және тағы басқа ауруханаларда да бар болып шыққан. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ станның Үшінші жаңғыруы: жа һан дық бәсекеге қабілеттілік» Жол дауында еңбек нарығын жаң-ғыр ту мақ сатында еңбеккерлерді ар тық жұ мыс күші бар өңірлерден жұ мыс күші же тіс пейтін өңірлерге ұтымдылықпен тартуға қолдау көр-сету керектігін атап көрсетті.––––––––––––––––––––––––––––

Сауал Салмағы

парламентші пайымы

Жаңа Жоба Жайында

Сауалы мен Жауабы

Сізді не толғандырады?

фотокүнделік

Суретті түсірген Ерлан омаров, «Егемен Қазақстан»

Келісім 2015 жылғы 25 қа­рашада Ыстанбұлда жа сал ған.

Бас келісімнің мақсаты ИЫҰ­ға мүше елдердің ара­сын дағы сауда­эко но ми ка­лық және ғылыми ын ты мақ­тастықты жүзеге асыру қа­ғи дат тарын құқықтық бекіту бо лып табылады.

Қазақстан Рес публика­сының қолданыстағы заңна­ма сының ережелеріне қай­шы лықтарды болдырмау жә не Тәуелсіз Мемлекеттер Дос тастығының, Кеден ода­ғы ның және Еуразиялық эко­но микалық одақтың еркін сау да аумағы шеңберіндегі

Қазақстанның халықаралық міндеттемелерінің болуы мүм кін коллизияларын бол­дырмау мақсатында Қа­зақстан Рес публикасы бас ке лісімге мә лімдеме мен жә­не ескертпелермен қол қой­ды.

Бас келісім халықтардың игілігі мен өркендеуін орна­ту ға бағытталған ортақ мүд­де лерге қол жеткізу үшін Қазақстан мен ИЫҰ­ға мүше ел дердің бірлескен күш­жі­ге рін шоғырландыруға мүм­кін дік береді, деп хабарлады Парламент Сенатының бас­пасөз қызметі.

Кәрібай МҰСЫРМаН,Мәжіліс депутаты

Демографиялық болжам бойынша, 2050 жылға қарай оңтүстік өңірлерде халық саны 5 миллион 300 мың адамға көбейіп, жұмыссыздық мәселесі күрделене түсуі мүмкін. Керісінше, солтүстік өңірлерде тұрғындар саны 900 мыңға ке міп, жұмыс күшінің жетіспеушілігі үлкен про блемаға айналуы ықтимал. Елімізде кейінгі жыл дары қалыптасқан осындай демографиялық тең­герімсіздікті реттеу мақсатында Мемлекет бас шысының бастамасымен Үкімет жұмыс күші ар тық өңірлердің тұрғындарын жұмыс күші же тіспейтін өңірлерге қоныстандыру ісін қолға алғандығы мәлім.

Алайда, осы, мемлекеттік тұрғыдан ал­ған да аса маңызды істің жергілікті жерлер­де орындалуы қанағаттанарлықтай емес. Ең бек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мә ліметіне жүгінсек, өткен жылы Үкімет қау лы сы мен жұмыс күші артық өңірлерде тұратын от басыларды жұ мыс күші жетіспейтін өңірлерге қо ныс тан ды руға бөлінген 463 квотаның 196­сы ғана игерілген, яғни тиісті тапсырма небары 42 пайызға ғана орындалған. Осы орайда, Сол түстік Қазақстан облысы ғана айрықша мүд де лілік танытып, өткен жылы квотадағы 110 от басының орны­на 129 отбасыны қабыл да ған.

Алдағы уақытта тұрғындарды жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші жетіс­пей тін өңірлерге қоныстандыру жұмы сы ның қарқыны мен ұтымдылығын арттыру мақ­сатында мы надай іс­шаралар жедел қолға алы нуы ке рек­ақ. Біріншіден, қоныс аудару­шыларды қ а былдаудың 2017­2019 жылдарға арналған өңір лік квотасын бөлу мәселесін қайтадан қарау қа жет. Өйткені, үстіміздегі жылы артық жұмыс күші бар өңірлерден жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге 288 от­басыны қоныстандыру бел гі ле н ген. Ал бұл жеткіліксіз. Өйткені, бір ғана Сол түстік Қазақстан облысы биыл квотадағы 110 отба­сы ның орнына 300 отбасын қабылдауға да­ й ын екендігін мәлімдеп отыр.

Екіншіден, жұмыс күші артық өңірлер тұр ғындарының жұмыс күші жетіспейтін өңір лерге бірнеше отбасы болып, шоғырлана кө шуін ұй ым дастырған жөн. Мұның өзі олар дың барған жер леріне тезірек бейім де­луіне оң әсерін ти гі зері даусыз.

Сонымен қатар, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті да мы­тудың 2017­2021 жылдарға арнал ған бағ­дарламасы бойынша қоныс аудару шы­лардың тұрғын үйді жалға алуына бөлінетін қыруар қаржыға олардың өздері көшіп бара­тын елді мекендердегі босап тұрған тұрғын үйлерді сатып алуына рұқсат беру керек.

Бұған қоса, қоныс аударушылардың өзде­рі үшін тұрғын үйлер салуына мүмкіндік ту­ғы зу және оларды тиісті инфрақұрылыммен қам тамасыз ету қажет. Мұның өзі жергілікті ат қарушы органдардың қоныс аударушылар­ды тұрғын үймен қамтамасыз етуін әл­деқайда жеделдетері сөзсіз. Үкімет бөлген кво таның өткен жылы толық игерілмеуінің негізгі себебі осы екендігі ескерілуге тиісті.

Және де тұрғын үйді жалға алу келісім­шар тында егер қоныс аударушының отба­сы ке мінде 5 жыл бойы тұрған жағдайда оған сол тұрғын үйді тегін жекешелендіру құқығы бе рілуі қарастырылса да артықтық ет пес еді. Сон дай­ақ, Қостанай, Павлодар, Сол түстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан об лыстарының қоныс аударушыларды қа­был дауға әлеуеті бар елді мекендерінің тіз­бе с ін жасап, олардағы білім беру және ден­сау лық сақтау мекемелерін оқушылар мен тұр ғындар санының азаюына байланысты жа буға мораторий жариялаған жөн.

Мемлекеттік маңызы бар осынау мәсе­ле лердің оң шешілуіне Үкімет тарапынан мүдделілік танытылады ғой деп үміттенемін.

Туберкулез аса қатерлі жұқпалы ауру болғанымен, емдеуге жататынын ес кер т­ кен депутат науқастардың өлім ха ліне жетуі тамақтың, емнің дұрыс бол мауынан емес пе деген сұрақ қояды. Осы ған орай, ол 1995 жылы туған бір пациенттің салмағы 28 кг ғана болғанын айтады. Туыстарының науқастарды дұ рыс тамақтандырмайды,

оларды ан тисанитариялық жағдайда ұстайды де г ен шағымдары да ескерусіз қалған. Осын дай деректерді алға тартқан депутат министрден жұқпалы дерттің ал­дын алу және оларды оқшаулау шарала­рын қа растыруды сұраған болатын.

Сауалға министр Т.Дүйсеновадан жуыр­ да төмендегідей жауап келді: «Оңтүстік

Қазақстан облысы әкімінің 2017 жылғы 21 ақпандағы өкімімен туберкулездің ушығу ошақтарын оқшаулау бойынша іс­шараларды ұйымдастыру жөнінде штаб құрылды. Әкімдік ауруға шалдығу қатерін жою және инфекцияның тара­ луын болдырмау мақсатында 2017 жылғы 6 наурызда ведомствоаралық жоспарды бекітті. Облыстық бюджет комиссиясы Орталықтың ескі корпусында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық­сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 9 089,4 мың теңге көлемінде қаражат бөлу бойынша өтінімді қолдады. Бүгінгі күні Орталыққа жұмысқа директордың медициналық қызмет жөніндегі орын­басары (1,5 ставкаға) терапевт дәрігер қабылданды. невропатолог дәрігерді (1 бірлік) тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2017 жылғы 10 наурызда денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармалары тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірге «Семинарлар өткізуді ұйымдастыру туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы №10 бірлескен бұйрыққа қол қойды. Облыс әкімінің өкімімен Басқарма басшысы Ә.Темірбаеваға қатаң сөгіс жарияланды. Ведомстволық бағынысты мекемелердің (МӘМ) қызметіне жетекшілік ететін бас­шы орынбасарына қатысты облыс әкімінің аппаратына атқаратын қызметінен боса­ту туралы хат жолданды. Орталықтың бұзушылыққа жол берген 22 қызметкеріне тәртіптік жазалау шаралары қолданылды, оның ішінде 5 қызметкер (директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбаса­рын қоса) атқаратын лауазымдарынан босатылды. Өз қамқорлығындағылардың туберкулезбен ауыру фактісін жасырғаны үшін Орталықтың бұрынғы директоры Б.Каримбаевқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», делінген.

Серік аҚЫЛБаЙ,Сенат депутаты

Бүгінгі күннің ақиқатын және технологиялық жаңа лық­тарды ескере отырып, ха бар сыз кеткендердің орна лас қан жерін уәкілетті орган дар мен тез арада табу тәжі ри бе сіне және жедел­іздестіру мен процессуалдық шаралар ды кешенді қолдануға қара мас тан, бұл тетік тұрақты же тілдіруді қажет етеді. Алай ­да, жедел­іздестіру қыз ме ­тінің іске қосылған те ті гінің ағынында хабарсыз кет кен­дер дің және олардың туыс та­ры ның құқықтары мен заңды мүд делерін қорғау мә селелерін ұмы тпауымыз қажет.

Қазіргі таңда адам жоғал­ған жағдайда аталған факт тір­келеді және жедел­іздестіру қыз метінің барлық шаралары жүргізіледі. Бірақ бұл рет те тіркеу нөлдік позиция бо­ йынша жүзеге асырылады,

яғни Қылмыстық кодекстің жеке тұлғаға қарсы нақты бабына сілтеме жасалмайды. Біздің ойымызша, осы сот тал қылауы аясында хабар­сыз кеткен тұлғаның асы ра­ у ын дағыларды істің мән­жа йы анық талғанға дейін «жәбір ле­нушілер» деп тану туралы мә­селені қарау мақсатқа сай бо­лады. Осы адамдардың атал­ған мәртебесі қылмыстық­про цестік заңнаманың аясын­да жә бірленушілерге зиянды өтеу қо ры арқылы олар дың заңды құ қықтары мен мүд­делерін қор ғауға мүм кін дік береді.

Атап өтетін жайт, «Жәбір­ле нушілерге зиянды өтеу қо­ры туралы» Заңның жобасы Парламент Мәжілісінің қа ра­ у ында жатыр. Біздің ойымыз­ша, төлемдер бюджеттік қа­ра жат тан жүзеге асырылып, асырау шысын жолғалту бойын­ша әлеу меттік жәрдемақыларға

те ң естірілуі тиіс. Одан басқа, хабарсыз кеткен ата­аналар­ды іздестіру күнінен бас­тап кәмелеттік жасқа тол ма­ған балаларға уақытша қам­қоршылық белгілеу тура лы мәселе шешілмеген күйін де қалмауы керек, себебі, осы кезең аралығында олар дың мүдделерін білдіру заң на ма лық деңгейде реттелген жоқ. Сон­дай­ақ, заңнамалық акті лер де ата­аналарды іздестіруге тек жақын туыстарының өті ніш білдіру құқығын көздейтін нор маны ғана емес, сонымен қатар, ата­аналардың қам­қорлығынсыз қалған бала лар мен жетім балалар ме ке ме ле­ріндегі балалардың заңды өкіл­дерінің өтініш білдіру құ қы ғын көздейтін норманы ен гіз уді мақсатқа сәйкес болады деп есептейміз.

Бүгінгі күні балалар үйіне тү сетін балалардың көбінесе жа қын туыстары жоқ немесе олар баланың одан арғы тағ­дырына қызығушылық біл­дір мейді, ал ата­аналардың қам қорлығынсыз қалған ба­ла лар мен жетім бала лар үшін білім беру ұйым да ры бас­шыларының мұн дай құ қық­тары жоқ. Сон дық тан, Үкі­мет жоғары да бая н да л ған­дарды жә не қоз ғал ған мә се­ленің маңыз ды лы ғын ескере отырып, осы бастаманы іске асыру мәселесін ағымдағы заңнамалық қызмет аясында қарастырса жөн болар еді.

«Құрметті Бақытжан Әбдір­ұлы! Менің депутаттық са­ уал жолдауыма азаматтық жә не мемлекеттік авиация салас ын да­ғ ы ұшу қауіпсіздігін қам та масыз етудің тиімсіз жүйесі се беп болып отыр. Қазіргі уа қыт та азаматтық авиация сала сын сертификат­тау, сондай­ақ ұшу қауіпсіздігін қадағалау мен ба қылау функцияла­ры Қа зақ станда бір ғана органның – Қа зақстан Республикасы Ин вес­ти циялар және даму мини стрлігі Азаматтық авиация комитетінің қа рауына берілген, яғни сол мем­ле кеттік орган сертификаттайды және қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады.

Бұл қалыптасқан жағдай, меніңше, қабылданатын ше шім­дер дің объективтілігін қам та ма­сыз етпейді, сыбайлас жем қор­лық пен құқық бұзушылыққа жағдай ту ғызады, соның негізінде авиа ция лық оқыс оқиғалардың туын дау тәуекелдері арта түседі. Егер статистикаға мән берсек, 2012 жылдан 2016 жылға дейінгі уақыт ішінде Қазақстанда 30­дан астам авиаапаттар мен оқыс оқиғалар орын алып, 85­тен аса адамның өмірі қиылды, бұл сер­тификаттау мен қадағалау рә­сімдері сапасының төмендігін көр сетеді.

Осыған байланысты, бі рін­шіден, азаматтық және мем ле­кеттік авиациядағы сертификат­тау, қадағалау және бақылау жө­ніндегі мемлекеттік функция­ларды әртүрлі мемлекеттік ве­домстволарға қайта бөлу қа жет. Екіншіден, Қазақстан Рес пуб­ликасының Үкіметі жаны нан ұшудың қауіпсіздігін қада ға лау ды жүзеге асыратын және авиациялық оқыс оқиғаларға тер геп­тексеру

жүргізетін дербес мемлекеттік орган құру ке рек. Бұл органның қызметі аза маттық авиа ция сала­сымен ға на шектелмеуі тиіс. Оның қа дағалауы мен бақылауына мем­лекеттік органдар авиа ция сы ның қызметі де (ҚМ, ҰҚК, ІІМ жә­не т.б.) жатуы қажет, себебі бұл мемлекеттік органдардағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен және авиаапаттарды тергеп­тек­серумен байланысты қалыптасқан жағдай, ол да жақсартуды қажет етеді. Әлі күнге дейін мемлекеттік авиациядағы (ҚМ, ҰҚК Шекара қызметі, Ұлттық ұлан) және жеке­мен шік авиациядағы соңғы жыл­дары орын алған апаттардың, оқи­ғалардың ресми түрде жария лан­ған нақты анықтамасы жоқ. Осы себептен авиациялық оқиға лар ға профилактика жүргізу мүм кін болмай отыр.

Сондай­ақ, ұшу қауіпсіздігін қам тамасыз ету мәселесін бір­неше мемлекеттік құрылы м­ның жұмысымен байланысты кешенді міндет ретінде қарау керек. Оны шешудің жолдары осы саладағы ғылыми­зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне, оларды қамтамасыз ету практи­касына ендіруге де байланысты. Сонымен бірге, ұшу қауіпсіздігін тиісті қадағалау мен бақылауды қамтамасыз ету, әсіресе, соңғы уақыттарда орын алып отырған террорлық актілердің жандануы аясында өте маңызды. Бұған қоса, бүгінгі таңда ұшақсыз ұшатын аппараттардың әуе кеңістігін пай­далануына да бақылау жоқ.

Баяндалғанның негізінде, көр­сетілген мәселелерді қарау ы ңыз­ды және қарау нәтижесі бойынша заңда белгіленген мерзімде жазба­ша жауап беруіңізді сұраймын».

Ұшу қауіпсіздігі ұдайы назарда болуы қажет

Хабар-ошарсыз кеткендердің балалары қорғаусыз қалмауы тиіс

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инно ва-циялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген оты рысында «Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімді ратифи-кациялау туралы» заң жобасы қаралды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

талқылау тағылымы

Нұрлыбек ДОСЫБаЙ,«Егемен Қазақстан»

Заң жобасымен еліміздің Бюд­жет кодексіне, «Салық жә не бюд­жетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) жә не «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізі леді. Атап айтқанда, Ұлттық оли м­ пиада комитетіне 2018 жыл ғы 1 қаңтардан бастап дене шынықтыру және спорт саласындағы мем ле­кеттік тапсырманы алуға және оған қатысуға құқық беруді көздейді. Сондай­ақ, спорт түрлерін сара­лау жүйесін енгізу ұсынылды. Уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдарға қосымша міндеттер беріледі.

Заң жобасындағы бірқатар ережелер бойынша қызу пікір­сай ыс өрістеді. Сенаторлар Жабал Ерғалиев пен Әли Бек­таев шетелдік легионерлерді тар ту ға кететін елеулі қаржының шы ғысына алаңдаушылық біл­дірді. Депутаттардың айтуын­ша, аймақтардағы спортты қар­жыландыруға бөлінетін қар жы­ның 40­50 пайызы кәсіби фут­бол топтарына беріледі. Деген­мен, дене шынықтыру және спорт саласындағы футбол мен спорттың кейбір басқа түрлерінің нәтижесі төмен деңгейде қалып отыр.

Біздің еліміздегі легионер­лерге бөлінетін қаржының жал­пы сомасы туралы депутат Владимир Редкокашиннің қой­ған сауалына Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков нақты жауап бере ал мады. Министрдің орын­басары кәсіби футбол клубта­ры бюджетінің жабықтығын айта отырып, клубтардың мем­лекет қаржысы есебінен қар­жы ландырылатынын жеткізді. Министрлік өкілі спорттың же­ке леген түрлері бойынша ле­гио н ерлерді тарту өзін өзі ақтап отырғанын айтты.

Сенаторлар Жабал Ерғалиев, Әли Бектаев және Серік Бек­тұр ғанов ұлттық спорт түр ле­рін қолдауға шақырып, об лыс­тардағы дарынды балаларға ар­налған спорттық мектеп­интер­нат тарға қалған қаржыны беру үде рістеріне назар аударды.

Пікірсайысты қорытындылай ке ліп, Әлеуметтік­мәдени даму жә не ғылым комитетінің төрай ы­ мы Бірғаным Әйтімова қа был­дан ған ережелер осы саланың ай қын дығын қамтамасыз ете­тініне, олимпиадалық жә не па­ра лимпиадалық қо з ға лыс тар ды, ұлттық спорт түрлерін да мытуға жағдай туғызатынына үміт арта­тынын жеткізді.

Заң жобасы палатаның қарау ы­ на жіберілді.

Легионерлерге жұмсалатын ақша өзін ақтап жүр ме?

Жауырды жаба тоқығандарға – лайықты жаза

Көш неге көлікті емес?

Бас келісім – тиімділігі мол құжат

Page 11: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

28 сәуір 2017 жыл 11экономика

Сараптама

үйренетін үрдіС

Жол салсаң, мол сал

Санаулы күндерден кейін әлемдік деңгейдегі айтулы шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 Халықаралық көр-ме сінің де жалауы желбіремек. Яғ ни, бас қала ел айнасы болса, жол-кө лік инфрақұрылымы оның беделін арт-тыратын бренді болып табылады. Мемлекет басшысының елорданы одан әрі өркендету мәселесінде қа-ла ның базалық инфрақұрылымын, оның ішінде қала жолдары мен жол ай рықтарын барынша дамытуға үнемі ба сымдық беріп келе жатқандығы да сон дықтан.

Бұл ретте бас қаламызда соңғы жыл-дары көше жолдарын күрделі жөндеуден өткізу және жаңа автокөлік жолдарын салу мәселесі біршама оңтайлы шешім тауып келе жатқанын атап айтқан жөн. Соңғы бес-алты жыл көлемінде қала аумағында жол құрылысын жетілдіру бойынша аса ірі жұмыстар атқарылды. Астана қаласының автокөлік жолдары басқармасының хабар-лауынша, бүгінгі күні қаланың көше және жол-көлік жүйесі 953 көшеден тұрады, оның жалпы ұзындығы 1049 шақырымды құрайды. Оның ішінде, асфальт-бе-тон жабуы бар жолдар – 803 шақырым (76,5 пайыз), қатты жабуы жоқ жолдар 246 шақырым (23,5 пайыз). Инженерлік инфрақұрылым нысандарына 8 жолайрық, 17 автокөлік көпірі, 4 жаяу жүргінші көпірі, 9 жол өткелі кіреді.

Қаланың шеткі аудандарын дамыту ая-сында тек 2011-2017 жылдар аралығында ғана 101 шақырым жол және 275 шақырым инженерлік желі салынып, пайдалануға бер ілд і . Күйгенжар , Қазақауыл, Пригородный, Қараөткел, Заречный және Промышленный тұрғын алаптарында жол салу жұмыстары аяқталды. Өткен жылы ұзындығы 41 шақырымды құрайтын 57 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 275 көшеде ағымдағы жөндеу жұ мыс тары, атап айтқанда, 68 көшеде ба ғ дар лық әдіспен жөндеу, 207 көшеде шұ ң қыр ларды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үс тіміздегі жылы 6 шақырым жаңа жол құрылысын, 32 шақырым инженерлік желілердің құрылысын салу жұмысы аяқталмақ.

Соңғы уақытта елордамыздың жол-кө лік инфрақұрылымын жаңғырту мақ-сатында бірқатар маңызды жобалар іс-ке асырылды. Атап айтқанда, «Астана LRT» ЖШС 2014 жылы ITS жоба-сын пайдалануға ұсынды. ITS жобасы бірнеше кіші жобалық жүйеден тұрады. Олар: бағдаршам нысандарын бейімдеп басқару; жүргізушілерді хабардар ету жүйесі; қоғамдық көлікті диспетчерлік қызметпен қамтамасыз ету жүйесі; жол жүру ақысын төлеудің электронды жүйесі; қаланың автотұрақ кеңістігін ба қылау жобасы; жол қиылыстарын бейнебақылау жүйесі. ITS жобасы бас қаламыздағы 6 көшедегі 42 реттелетін жол қиылысын автоматты басқаруды жүзеге асырды. Осы жобаны пайдалану нәтижесінде бұл көшелер қиылысының өт кізу қабілеті мен көлік ағымдарының қоз ғалыс жылдамдығын орта есеппен 21 пай ызға дейін арттыруға қол жеткізілді.

«Астана қаласының автотұрақ кеңіс ті-гін бақылау» жобасының басты мақсаты қаламызда көліктерді тұраққа қоюдың өскелең мәдениетін қалыптастыру бо-лып табылады. Жасыратыны жоқ, қала көшелерінде қалай болса, солай тұраққа қойылған автокөліктерден аяқ алып жүре алмайсыз. Бұл келеңсіздіктер кө-шеде автокөліктердің жүріп-тұруын қи-ын датып, жол қауіпсіздігі ережесінің өрес кел бұзылуына әкеліп соғады. «Ас-тана қаласының автотұрақ кеңістігін ба-қылау» жобасы екі кезеңмен жүзеге асы-рылуда. Бірінші, кезеңде Нұрлы жол бульварында 910 автотұрақ орны қал-ып тастырылса, өткен жылдың соңына дей ін қаламызда 9 мың ақылы автотұрақ орны іске қосылды. Түйіндей айтсақ, бұл заманауи жобалардың басты мақсаты – көшелердегі көлік кептелістерін жойып, қала аумағында кедергісіз көлік қа тынасын қалыптастырып, жол-кө лік қыз метінің са-пасын арттыруда аста на лық тардың жоғары мәдениетін қалып тас тыру болып отыр.

Қазіргі таңда А. Байтұрсынов атын-да ғы және Ж. Нәжімеденов атындағы кө шелерде Тәуелсіздік даңғылынан жаңа вокзалға дейін ұзындығы 4,7 шақырымға созылған 6 жолақты жол салынып жатыр. Бұл жаңа жолдың есептік өткізу қабілеті 5,5 мың автокөлікті құрайды. Жаңа вокзалдың алдындағы А82 көшесінде және вокзалдың артындағы А62 көшесінде жолаушыларға барынша ыңғайлы абаттан дыру жұмыстары жүргізілуде. Көлік стратегиясының тиімділігі тек жол-көлік инфрақұрылымын дамыту-мен ғана шектелмесе керек. Бұл орай-да, қала көшелеріндегі қоғамдық көлік қатынасының және жолаушыларға көр-сетілетін қызмет сапасының да айрықша маңызы бар екендігі даусыз. Осыған орай, қаламыздағы қоғамдық көлік қатынасын жақсарту және жолаушыларға барынша тиімді де сапалы қызмет көрсету жайы барған сайын жүйелі түрде жетілдіріліп келеді. ЭКСПО-2017 Халықаралық ма-ман дандырылған көрмесін өткізу кезінде елі міздің барлық өңірлерінен келетін жо-лаушылар автобусының тасқыны арта-ды деп күтілуде. Алдын ала жасалған ке с те бойынша, бұл кезеңде қаламызға күн сайын 118 жолаушылар автобусы келмек. Жолаушыларға қолайлы жа ғдай жасау және олардың қауіпсіздігін қам-тамасыз ету үшін қалааралық тасымал жүйесіне төрт көліктік хаб арқылы қыз-мет көрсетілетін болады. Бұл хабтарда (са пар жайларда) жолаушыларға жоғары дә режедегі қызмет көрсетіліп, барынша қо лайлы жағдай жасалмақ.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

– Зарина Ғұсманқызы, «Жас Атамекен» жас кә сіп керлер клубының құ рыл ғанына тура екі жыл бол ды. Бұл көп уақыт емес, бі рақ біраз істің басын қай ырып тастадыңыздар. Мұ-ны көпшілік «Атамекен» кә сіпкерлер палатасының жа нынан құрылған еншілес ұйым болар деп қабылдап жүр ді. Расында клуб тап сыр ма мен құрылды ма?

– Иә, кейбір білмеген кі сі лер дің осы-лай ойлап қа латыны бар. Бірақ клуб-тың кәсіпкерлер палата сы на үш қайнаса сорпасы қосылмайды, бұл менің өзім-нің жеке бастамаммен, өзім мен пікірлес тағы төрт жас кә сіпкер бірлесіп құрған ұйым. Мүм кін Қазақстанның өзге өңір-лерінде жастарды бизнес ке тарту үшін жұмыс істейтін қо ғамдық ұйымдар бар шығар, одан аса хабарым жоқ, бірақ дәл біз ашқандай, жастарға биз нестің қыр-сырын тегін үй рететін клубтың балама-сы әлі жоқ. Облыс әкімдігі немесе биз-нес саласындағы қуатты ұй ымдардың ешқайсысынан тап сырма, ұсыныс түскен емес. Бірде достық сыйластығымыз бар жас кәсіпкерлер отырып, жас тарды кәсіпке тарту жө нін де ойластық. Ойласа келе осы клубты таза қоғамдық не гіз-де, энтузиазммен құруды жөн санадық. Ісіміз тиянақты, заң ды болуы үшін оны «Жас Ата мекен» жас кәсіпкерлер клу-бы» жекеменшік қоры деп тіркеттік. Қордың жалғыз құ рылтайшысы өзіммін. Біз дің жастарға көрсететін кө ме гіміздің барлығы тегін, әр ап таның бейсенбісінде жина лып, тренингтер өткіземіз. Ке л- гендерді тіркейміз, олар клуб тың мүшесі болып саналады. Қа зір олардың қатары 800-ге же тіп қалды.

– Қанша жерден кәсіпкер бол саң да, тегін жұмыс істеу оңай емес қой, белгілі бір мақ саттарың бар ма?

– Мақсат емес-ау, арманымыз да бар. Мақсатымыз – жас тар арасын-да кәсіпкерлікті на сихаттау ғана емес, тара ту. Ең бастысы, жастар екі қолын қалтасына салып, не істерін білмей бос жүр ме сін, кәсіпкерлікке көзі ашыл-сын деген ой біздікі. Ел ба сы айтқандай, шағын және ор та бизнес экономиканы жан дандырудың, халықтың әл-ауқатын көтерудің жо лы. Нұр сұл тан Назарбаев

өзі нің жолдау ларында, мақ а ла ларында шағын жә не ор та бизнесті дамыту сала-лық, өңірлік монополияны жою дың, нарықта тауарлар мен қыз меттерді көбейтудің, жаңа жұ мыс орындарын ашу және қо ғам тұрақтылығының кепілі бо-латынын айтып келеді. Тіп ті, ол кісінің Германия, Жапония, Бельгия, Италия сек іл ді да мы ған елдерде шағын жә не орта биз нес барлық кә сіп орындардың 90 пайызын құрайтынын да айтқаны жұрт-тың есінде болар. Енді сол ша ғын және орта кәсіпкерлікті жас тар дамытпаса кім дамыта ды? Ал біздің жастардың кө бін-де масылдық психология әлі де жо ғары екенін жасырып керегі жоқ. Жастар бүгін кәсіпкерлік ісін ашпаса, сол істі ертең шет ел дік келіп ашады. Қазір мемле-кет кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдайды жасап қой ды. Тек іздену керек, білу ке рек.

– Жастармен жұмыс жаса й тын мемлекеттік, үкі мет тік емес ұйымдар да бар ғой? Со нымен қатар, биз нес-ті бас та у ға қаржылай кө мек бе ретін қар жы инсти ту ттары да бар. Олардан сіз дер ба с та ған жұмыстың айыр ма шы -лы ғы неде?

– Әдетте, олардың көбі «дайын» жас- тармен жұмыс істейді. Мысалы, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, Жастар саясаты мәселелері бас-қармасы, кейбір үкіметтік емес ұйым-дар студенттерді, онсыз да жастар арасындағы үздік, көшбасшы жастарды тартады. Ал бізге келетін жұмыссыз, өмірден өз орнын таппадым деп жүрген жастар. Оларға біз өзінің нанын табуға, ақша жасауға «ағарту жұ мыстарын» жүргіземіз. Қа зір аудан, қалалардан таң-дау лы жастарды жинап алып, айқайлатып форум, тағы бас қа да шуылдатқан шара-лар өт кізу соншалықты нәтиже бе реді деп ойламаймын. Онда ай тылған мәселелер сол жерде қа лады. Ал бізге кәсіпкерлікке қы зыққан жастар өздеріне ке ректіні іздеп келеді. Қазір әр бейсенбіде 30 адамға дейін сабақ өткізуге мүмкіндік тап тық. Ең бастысы, біз жас тар ды шақырмаймыз. Бір-бі рі нен құлақтанып немесе әлеу-меттік желілердегі екі па рақ шамыздан қарап, өздері келеді.

– «Жас Атамекен» жас кә сіпкерлер

клу бы әзір қа ладағы жастармен жұ-мыс іс теп отыр екен. Ауыл жастары қам тыла ма?

– Ауыл жастарын қамту жос-парымызда бар. 90-жылдары ата-аналарымыздың көрген қиын ды ғы бү-гін гі жастардың, менің құр дас та рым-ның есінде жоқ. Біз ол кезде өмірге енді кел дік, бала болдық. Со ны мен қатар, бүгінгі ауыл жағ дай ына бай ланысты болар, ауыл дағы жас тарда әлеуметтік қиын шы л ықтар жоқ емес. Дегенмен, тығырықтан жол табуға болады. Ол үшін ауыл жастарын бизнес туралы жеткілікті ақпараттандыру керек. Олар ға ақпарат жетіспегендіктен, істі қалай бастарын білмей салы суға кете береді немесе бас тау ын бастап, жарты жолдан тас тап кетеді. Олардың жүре гіне сенім ұялату өте жақ сы жұ мыс болар еді. Олар өзі-не сен бейді. Біз шалғай аудан дар дың барлығына баруды ойластырып отырмыз.

– Жақында сіздер өткізген «Бизнес-жәрмеңке» көрмесі ерекше шара бол-ды. Осы жө нінде айтсаңыз.

– Елбасы шағын және орта бизнестің экономиканың қозғаушы күші екенін ай-тып келеді. Машина жасап, кен өндіріп жатқан ірі кәсіп орын дардың орнын жоққа шы ға ра алмаймын, онсыз эконо мика да-мымайды. Бірақ олар кө біне экспортқа, сыртқы эко но микалық сұранысқа тікелей тәу елді. Халықаралық қаржы дағдарысы жылдары алдымен ірі кәсіпорындардың қайығы қай ырлағаны есімізде. Ал ша ғын және орта бизнес икемді, эко номикалық

қиындықтарға төзімділік көрсетеді. Өйт кені, ол халық сұранысына жұмыс істейді. Сондықтан жәрмеңке-көрме арқылы жас кәсіпкерлер бірімен бірі та-ныссын, өндірген өнімдерін көрсін дедік. Тұр ғын дар біздің жастардың қолы нан не келетінін байқасын деп, тұтынушы мен кәсіпкерді кездес тір гіміз келген. Біздің жәрмеңке кәсіп кер лерге тегін жарна-ма да болды. Тағы бір мақсатымыз, бюрократияға «қарсылығымызды» да біл ді ру еді. Мысалы, біздің «Биз нес-жәр-меңкеде» меморандум, келісімшартқа отыру бол ған жоқ. Оны керек те ет кен жоқ пыз. Ха лық аралық дүр кіреп өтетін жәр мең ке лерде жа салатын кел ісі м-шарттар, мемо рандумдардың бар лығы бірдей орындалады дейсіз бе? Жоқ! Біздің көрмеге келгендер визит карточкаларын алмаса жетіп жатыр деп ойладық. Егер тауар ұнаса тұтынушы оны қайдан бол-сын тауып алады.

Сосын тағы бір мақсаты мыз ды айтай-ын, бұл ең маңыздысы деп те білемін. Біз тұтынушыларды өз өлкемізде, өз елімізде жасалған тауарларды алуға тәрбиелеуіміз қажет. Қостанайлық кәсіп кер лер жасаған жиһаздың Ресейден, Украинадан әке-лін гендерден несі кем? Тек им порттық тауардың бағасы қым бат. Мен жақында инно ва циялық сұлулық салонын ашу үшін ғимарат сатып алдым. Оның жөндеу жұ мыс тарына тек Қостанайда шы ға-рылған құрылыс материалда рын пай-даланатын боламын. Бізде барлығы да бар. Тере зе, есік, тұсқағаз, жиһаз дей сіз бе, осының барлығын да кә сіп кер лер «бизнес-жәр мең кеге» әкеліп көрсетті. Мен мұнымен өзімнің Қостанайдың патриоты екендігімді көрсетемін әрі анағұрлым арзанға түседі.

– Айтпақшы, өзіңіз қандай бизнес- пен айналысасыз? Мамандығыңыз қандай?

– Мен өзім құрған күзет агенттігінің жартылай иесімін. Қостанай қаласын-дағы сауда орындары, түрлі кеңселер, қой малар, гараждар, тұрғын үйлер біздің агент тіктің қыз метін пайдалана-ды. Қос та най да пәтер ұрлығы, қой ма-лардың, га раж дардың тоналғаны жиі - л еп кетк енін білген соң осы бизнес түрін ашуға бел байлаған едім. Ойымды іске асырдым. Енді осы бизнестен түскен табысты жинап, әлгінде айтқанымдай инновациялық сұлулық салонын ашуға дайындықты бастап кеттім. Өзім шет ел филология сы маманымын, ағылшын, неміс тілдерін жақсы білемін. Айтпақшы, біздің клубтағы менің әріптестерім де ағылшын тілін меңгерген. Заңгер мамандығын да игердім. Бизнес заң білуді талап етеді.

Сұхбаттасқан Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Бір қызығы, егін ша руа-шы лығында өндірілген осы 14,4 миллиард теңгенің 10 мил ли ард теңгеге жуығы бір ға на Оңтүстік Қазақстан об-лы сының үле сі не тиеді екен. Біз мұны еліміздің Ста тис тика ко митетінің сайтына кіріп, сон-да ғы мәліметтерге сүйене оты-рып анық тадық. Сонда қысқы-көк темгі мау сымда өнім өндіру ісі елімізде тек бір облыста ға-на жолға қойылған ба? Мұ ның сы рын қалай түсінеміз?

Мұның өзі бір есептен тү-сі нік ті де. Оңтүстік Қазақ с тан- – кө көнісі мен же міс-ж и де-гі мол, жылыжайы көп өң-ір. Соң ғы жылдары бұл өңір-де, әсіресе, жы лыжай ша руа-шы лықтарының қар қын ды түр де дамытылуы өңір хал қы үшін табыстың тағы бір кө-зін ашып бер ген секілді. Сон-дай-ақ, жылыжайлар салу бір-шама дамыған Алматы об лы-сында 2,1 миллиард теңгенің, Қарағанды облысында 590 ми л- лион теңгенің егіншілік өнім-дері өндіріліпті. Міне, осы өңір-лер ді басқалардан қара үзіп, алда келеді деп айтуға болады. Ал Статистика комитетінің деректері бойынша, Қостанай, Қызылорда облыс тарында үс-ті міздегі жылдың бі рін ші тоқ-сан ының қорытындысында

егін шілік саласында бар бол-ға ны 5-6 миллион теңгенің ған а өнімдері өн ді ріл ген екен. Демек, бұл облыстар қыс қы-көк темгі маусымда көкөніс түр лерін тек сырттан сатып алу мен ғана шұ ғыл данып, тіпті қы сы жайлы ОҚО-ны айт пай-ақ қояйық, ауа райы өз де ріне ке летін Қарағанды об л ы сы-ның қыста кө көніс өн діру тә-жі рибесінен үйренуге мой ын-сұн бай отырғандығы сезіледі.

Дегенмен, мал шаруа шы-лы ғында ет пен сүт секілді өнім дерді өндіру жыл он екі ай бойы жүргізіле беретін болса, егін шаруашылығындағы ас тық секілді не гізгі өнім өн ді рісінің маусымдық си па ты ба сым бо-лып келеді. Диқандар көк темгі-жазғы маусымда жер өңдеп, оған дән сіңіріп, жас өс кінді күтіп-бап тап дегендей, көбінесе берекелі күз айы на дайындала-ды. Қоңыр күз – диқан қау ым үшін ең ырыс ты кезең. Ал мал ша руа шы лығында мәселе бас-қа ша. Мал өсірген адам үшін, егер ісін дұрыс жүр гі зе білсе, әр ай сайын табыстың қайнар кө зі қай най береді.

Соның дәлеліндей, еліміз бой ынша мал шаруа шы лы ғын-да үс тіміздегі жыл дың бі рін ші тоқ са нының ет өн діру көр сет-кі ші өт кен жылдың осы мер-зімімен са лыстырғанда 3,8 па- й ыз ға ө с се, сүт өндіру 3,6 пайызға ар та түскен. Әри не,

мұндай ал ға ба су ларға Үкіметтің өт кен жы лдың соңы н да ауыл ша руа шылығы саласында 2017-2021 жылдарды қамтитын жа-ңа бағдарлама қабылдап, онда өнім кө ле мін арттырудың және ауылдардағы тір лікті жан-дандырудың бір қатар тың тә-сілдерін іске қос қан дығы себеп бол ғандығы ай қын. Атап айт-қанда, бұл бағ дарламада ауыл-дар дағы үй ша руа шылықтар мен шағ ын шаруа қо жалықтарын ауыл шаруашылық коопе ра тив -теріне біріктіре отырып, олар-дың қо лындағы артық өнім дер-ді жи настырып, сүт зауытта ры мен ет ком бинаттары на тап-сыру жөнінде шаралар ке ше-ні әзірленіп, осы істі жү зе ге асыруға едәуір қаржы қарас ты -рыл ған болатын.

Аталған мәселе бойынша, 2017 жылға еліміздің өңір ле-рінде 326 ауыл ша руашылық кооперативін құру жос пар лан са, тек бірінші тоқсанның өзінде ғана

соның 182-сі құ рылып үлгеріпті. Мұның 62-сінің сүт қабылдау, қалған 58 кооперативтің мал сою бе кеттері бар. Жоспар бойын-ша сүт қабылдау ба ғы тында әлі 185, мал соятын орындар-ды ұйымдастыра отырып ет қа-былдау ба ғытында тағы 30-ға тар та кооператив ұйым дас ты-рылуы керек. Демек, мал ша -руашылығы саласында өнім кө -ле мінің ұлғаюы әлі де жал ға са береді деген үміттеміз.

Енді өңірлер деңгейіне кел сек, бі рін ші тоқсан қо ры-тындысы бойынша мал ша руа-шылығы саласында 62 милли-ард теңгенің өнімін өндірген Алматы об лысының, 54 мил-лиард 448 миллион теңгенің өні мін өндірген Оңтүстік Қазақстан облысының, 41 мил-лиард 813 миллион теңгенің өн і м ін өндірген Шығыс Қазақстан облысының ел ішін -де гі үлесі өте қомақты екен-ді гін, ай туға бо лады. Жалпы,

үс тіміздегі жыл дың бі рінші тоқ санында еліміз бой ынша өн ді рілген 339,1 миллиард теңгенің тең жарымына жуығы осы үш облыстың ен ші сіне тиіп отыр. Демек, ау ыл ша-руа шылығында, соның ішін де мал ша руашылығында коопе-ра тивтендіру ісінің өріс алуы бұл облыстардың аг ра р лық әле уетін ашуға қосымша сер-пін бе реді деген ойдамыз.

Жалпы, мал шаруашылығы са ласында өнім өндіруде Қос-та най облысынан бас қа барлық өңір лердің алға бас қа ны бай-қалады. Мәселен, өткен жыл-дың бі рінші тоқсанымен са-лыстырғанда мал өнімдерін өндіру көлемі Павлодар облы-сында 12,4 пайыз, Маңғыстау облысында 7,3 пайыз, Жамбыл облысында 4,2 пайыз, Алматы облысында 3,9 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында 3,7 па- йыз, Ақтөбе облысында 3,4 па- йыз өсе түскен.

Агросектор: Тоқсан қорытындысы не дейді?

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жуырда болып өткен Үкімет отырысында Ауыл ша руа­шылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов еліміздің аграрлық саласы үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанын негізгі көрсеткіштер бойынша елеулі табысқа қол жеткізгенін мәлім етті. Оның айтуы бойынша, 2017 жылдың бірінші тоқсанында саладағы ішкі жалпы өнімнің көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,9 пайызға өсіп, 353,7 миллиард теңгені құраған. Соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 3 пайызға өсіп, 339,1 миллиард теңге болған. Ал егін шаруашылығында 14,4 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылдың осы мерзіміндегі деңгейін сақтап қалған. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақтың қыздары қай уақытта да замандастарын таңғалдырумен келеді. Қаршадай қара қыз. Ол ұйымдастырған жас кәсіпкерлер клубын аз уақыттың ішінде шетелдіктер де біле бастады. Қостанайдағы бизнестің қыр­сырын та­нып, өз ісін ашқысы келетін жастар клубқа өздері келеді. «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының төрайымы Зарина КӨКЖАНОВАНЫ әңгімеге тартқанбыз. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«Істі бүгін біз бастамасақ, ертең шетелдіктер келіп ашады»– дейді қостанайлық жас кәсіпкер зарина көкжАновА

Page 12: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

12 28 сәуір 2017 жыләлеумет

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елімізде соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесін, оның ішінде онкологиялық қызметті жетілдіру бойын­ша ауқымды жұмыстар атқарылды. «Қазақстан Респуб­ли касында онкологиялық көмекті дамытудың 2012­2016 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру Қазақстан да онкологиялық қызметтің әлеуетін ішінара ны­ғайтуға, нарықтық тетік элементтерін енгізуге, замана уи медициналық технология трансфертін іске асыруға, ж е келеген онкологиялық диспансерлердің материалдық­тех ни калық базасын нығайтуға, обырдың ерте диагностикасы бой ынша заманауи әдістерді енгізуге, кадрлар даярлауға ық пал етті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап еліміздің денсаулық сақтау са­ласына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілмек. Бұл – денсаулық сақтау бағытындағы мүдделі іс­шараларды әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Әр емхана жоғары білікті медициналық көмек көрсетуге мүдделі болады. Себебі, аталған қор ауруханаларға және емханаларға көрсеткен сапалы медициналық қызмет үшін қаражат төлейді, сонымен бірге, қызмет сапасын қатаң бақылайды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Дәріге байланған ғұмыр

«Қазір еліміздегі донор жетіс пеу­шілігі өте өткір мәселе. Бүгінде ал­мас тырылған органның 90 пайызы ті рі донорлардан алынады. Егер бұ­лай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүй ректі ұлт атану қаупі барлығын жа сыруға болмайды. Одан шығудың жо лы қандай?

Ол – мәйіттен алынған органдар-ды салу. Бұл жерде халықтың, әсіресе, оның ішінде қазақтардың оны беруге деген ынтасының аздығынан қаншама пациент күткен күніне жете алмай, сағағынан ерте үзілген гүлдей, орган жетімсіздігінен ерте солып жатыр. Күту парағына қанша сарыла қарағанмен, донор жоқ. Мәселен, Еуропада алмас- тырылатын органдардың 70-80 пай-ызы мәйіттен алынады. Әрине, дәл бұрынғыдай емес, елімізде де шама-лы қозғалу бар, бірақ тым мардым-сыз. Жылына 15-16 мәйіттен орган алынады. Ал қазір 3 мың адам бүйрек ауыстырудың кезегінде, 1,5 мың паци-ент бауыр беретін донор табылса деп отыр. Бұл екі органды тірі донордан алуға келсе, ал жүрек, өкпе үшін тек мәйіт керек», деген болатын Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология және транс-плантология орталығы ағза трансплан-тациясы бөлімшесінің меңгерушісі Ғани Құттымұратов жуырда газетімізде жарық көрген «Донор сыйлаған ғұмыр» атты мақалада. Қостанай облысы, Жангелдин ауданы Торғай кентінің тұрғыны Самал Есполова мәйіттен алы-натын жүрек пен өкпе алмасуын сарыла күткен сондай көп пациенттің бірі.

Созылмалы жүрек ақауымен және өкпе гипертензиясымен ауыратын II топ тағы мүгедек Самалды бүгінде қатты қинап отырған жайт, донор табылғанша үмітін ертеңге жалғап келе жатқан аса қажетті дәрілердің жетімсіздігі. Өйт кені, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету тіз бе-сінде Самалға қажет препараттар жоқ. Қостанай облыстық денсаулық сақ-тау департаменті облыстық бюджет-тен осындай дәрілерге қаражат бөлуін сұраған екен. Тиесілі сома бөлінгенімен құжат реттеу аяқталмай, міне, 4 айдың жүзі болды дәріні күтіп телмірген Самал редакцияға хабарласқан.

– Маған қажет 2 дәрінің біреуіне ғана айына 60 мың теңге керек. Мүгедектігіме байланысты 37 мың теңге жәрдемақы аламын. Анам – зейнеткер. Қазір аурудың жаныма батқаны сондай ұйқы көрмеймін. «Қарға адым жер мұң болған» деген сөз бар емес пе? Менің күйім дәл сол кеп. Екі метр жерге 2-3 де-малып барамын. Кейде аузы-мұрнымнан қан кетеді. Бір құман суды көтермек түгілі, бойым ауырлап, қатты шаршап, демігіп қаламын. Жүрегімнің тарсылы күшейгенде тыныс алуым қиындап, алқынамын-ай келіп. Қиналған күйімді жақсартатын дәрілеріме қолым жетпей жатыр. Әкем ертеректе қайтыс болған, ал дәрі алатын қаражаттың жоқтығынан менің қиналғанымды көріп анам да көз алдымда қартайып барады. Жаспын ғой, небәрі отыз бестемін, өмір сүргім келеді. 2014 жылдан бері Ұлттық ғылыми кар-диология институтында донордың ке-зе гінде тұрмын. Жылына екі рет келіп жатып, жоғары білікті дәрігерлердің көмегін аламын, бірақ қазір донор қашан табылады дегеннен де сол күнге жете алмай қаламын ба деп қиналудамын, –дейді Самал.

Егер бұл бір ғана Самалдың басын-да ғы проблема десек қателесеміз. Рес-публика бойынша осындай ғұмыры дәріге байланған жандар қаншама?! Өмір лерін соза түсер дәріге деген зә-ру лік науқастарды әр жылдың басын-да қинап жатады. Алдымен қаржы мә-селесі шешілуі керек, одан соң тен дер өтуі тиіс, одан дәріхана оны босат қан-ша қаншама қымбат уақыт зая кетеді. Ал дәріге тәуелді ауыр науқастар үшін оның бір түйірі олардың мына жал-ғандағы тұз-дәмінің таусылмауына тікелей байланысты. Оның үстіне жағ-дай лары ауырлағанның үстіне ауырлап, «суға кеткен тал қармайды» дегендей, дерт меңдеген науқас жанұшыра кім көмек бере қояды екен деп хәлі жет кені да был қағады. Әйтпесе, апыр-ай, шы ра-ғым сөнер, қос жанарым жұмылар сәт жақындап келе ме деп қиналады.

Осындайда «неге?» деген сауал ал-дың нан шығады. неге, біз әрбір олқы-лық тан са бақ алмаймыз? неге жыл сайын про б л е малар қайталануы тиіс? неге дә ріге тел мірген ауыр науқасы бар па ци ент тер дің жыл сайын шамасының қан шаға же тіп жығылатынын алдын ала есептеу ге, соған байланысты тиісті шаралар ды қарастыруға болмайды? Үкі мет, жер гілікті билік тізе қоса, қо ян- қолтық осы бағытта жұмыс ат қар са бұл пәлендей шешілмейтін қиын түй-і н, шалқайып кеткен шаруа емес. нор -мативтік кесімді құжаттарын даяр лау да соншалықты қиынға соқпаса ке-рек. Қазақ «Қалауын тапса, қар да жа-нады» деп бекер айтпайды. Егер осы мәселеде қар жанатындай қала с ты -рылуы табылса, дәріге ғұмыры бай лан-ған қазақстандықтардың алғысы шекс із болар еді.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы 5 жылда бағдарламаны іске асыруға 200 млрд теңгеге жу ық қаражат жұмсалды. Бі-рақ, қабылданған бағдарлама нә тижесінде Қазақстанда он ко -логиялық қызметті жақ сар ту-дың жақсы жақтары орын алғ-а ны мен, көптеген мәселелер әлі шешімін таппай отыр. Бар-лық облыстық диспансер лер шаруашылық жүргізу құ қы ғын-д ағы мемлекеттік кәсіпорын мәр тебесін ала алмауда. Онко-ло гиялық науқасты емдеу құ-ны ның тарифтері әр тү р лі, он ко-ло гиялық диспансерлерді жаб-ды қтаудың бірыңғай стандарты анық талмаған, цитостатиктерді орта лық тандырылған ері ту ка би-неттері бар л ық жерде аш ы л маған. Қазіргі уақыт та ем қа былдап жатқан онко ло гия лық нау қастар санына орай онк ологиялық қыз-мет ті қар жы лан дыру (науқастар саны өс кен сайын қаржыландыру өсе ді) өзін өзі ақтамай, қызметті же тіл діруге ықпал ете алмау-да. Өй т кені, қаржыландыруды ұл ғай ту мақсатында әр мекеме бас шы сы есепке алынған онко-ло гиялық нау қас санын өсіруге ты рыс ады. Ал бұл ме ди ци налық кө мек сапасына да, ста тис ти ка-ның дұрыстығына да, жалпы он-ко логиялық қызметті дамытуға ке рі әсерін тигізеді.

Тағы бір айта кететін жайт, бағ дарлама аясында скрининг жүр гізуге қомақты қа ражат бө-лінгенмен, қатерлі ісікті анық тау кө лемі айтарлықтай ұл ғай мағ ан. Бүгінде скринингтің осы әдіс те-рінің тиімділігі туралы бір қа тар мәселе орын алып отыр. Мә с елен, 2016 жылы мемле кетте өңеш, ас қазан, жатыр мойны, ко л о-ректалдық обыр, қуықасты бе зі, ге па тоц ел лю лярлық обыр дың 6 локали за циясы бой ынша скрини-нг жүр гізілді. Тексерілген 1 988 662 адамнан скрининг бойын-ша тек 2015-нен онкологиялық науқ ас анықталды. Бұл барлық тек серілгендердің 0,1 пайызын құрап, онкологиялық ау руларды анықтау көр с ет кішінің төм ен-дігін және скри нинг кезін де бюджеттік қаражаттың тиім сіз

жұм салғанын көрсетіп отыр. Ск рининг бастапқы медико-са-нитарлық кө мек (БМСК) ма-ман дарының көмегімен жүр гі з і- летіндіктен, ұйымдастыру мә се-лелерін дұ рыс шешіп, сондай-ақ, ск ри нингке қа тысушылардың кә сіби деңгейін жо ға ры л ату қа-жет еді.

Десек те, онкологиялық кө-мек ті же тіл діру бойынша жүр гі-зілетін іс-шаралар тиім ділігінің жет кіліксіздігін мына деректер-ден де көруге болады.

Мәселен, елімізде өлім көр-сеткіші бой ынша қатерлі ісік тен қайтыс болғандар 2-ші орын да тұр (12,1 пайыз). Жыл сай ын елімізде 17 мыңға жуық адам қайтыс болса, оның 16,9 пай ызын өкпе обыры құ рай ды. Жал пы, қатерлі ісіктерден болатын ауру көрсеткіші де өсіп, 9,7 пайызға жет кен.

Осы ретте, онкологиялық кө мек ті да мы тудың 2012-2016 жыл дарға арналған бағ дар ла ма-сын іске асыру нәтижесі ха лық пен медициналық қоғам арасын-да кеңі нен талқыланбағанын атап өткен жөн. Халыққа көрсетілетін он кологиялық кө мек ті дамыту үшін бұл бағдарламаны қа б ыл-дау тиімділігі мен қанша қаражат жұм салғаны белгісіз. Десек те, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мем лекеттік бағ-дар ламасында онколо гия елі міз де денсаулық сақтауды да мы туд ың 5 басымдығының бірі ре тінде анық талған. Онкология – бұл муль ти пән дік сала, науқасты емдеу ке з інде әр түр лі сала ма-мандары қаты са ды: хирур гтер, химиотерапевтер, әр ба ғыттағы терапевтер, сәулелік терапия дә рі герлері, диагностикалық құ рал дарда жұ мыс істей тін ма-манд ар, психологтар, әлеу мет тік қызметкерлер. Яғни, адамның өмір сү ру ұзақтығы мамандардың дұрыс қойған диаг ноз дарына, кәсіби шеберліктеріне, ем ді дұрыс бастап, емдеу кезеңін дұрыс таң дауына байланысты.

Қазақстанда диспансерлік әдіс терге негіз делген онко ло-гия лық қызметті ұй ым дас тыру

ұс танымдары өзін ақ та ғанын атап өткеніміз жөн. Бұл қа тер-лі ісікпен ауыратын нау қас тар-ға мамандандырылған м е ди-циналық көмек көрсетілуін қам -та масыз етеді.

Алайда, бізді Міндетті әлеу -меттік ме ди циналық сақ тан-дыру (МӘМС) жүйе сі аясын да онкологиялық қыз метті жүр гізу барысы алаң да тады. Мы салы, Ресейде онко логиялық нау қас-тар ды кез келген көп салалы кли-ника емдей алады. Өңірлердегі ауру ха налар онкологиялық нау-қас тар ды қа былдай береді. Се-бе бі, оларға міндетті меди ци-на лық сақтандыру бойынша ақ ша төленеді. Ал рецидив терге опе рация қажет керек болса, он кологиялық орта лық тарда жа са лады. Ал біздің тә жі ри бе-міз де жал пы емдеу жүр гі зе тін ме ди циналық ұйым дар да, жеке клиникаларда, шетелде операция жасалып, науқастың ас қынумен келу жағ дай лары көптеп орын алған.

Елімізде МӘМС жүйесінің ен гі зі луі және көп салалы хиру р- гиялық ста ционарлар, оның ішінде жекеменшік кли ни ка-лардың онконауқастарға опе ра-ция жасауға рұқсат алуы обыр-дың ас қы нуының өсуіне әке луі мүмкін. Сөйтіп, көп жыл дар бойы жолға қойылған жүй-ені жо ғалтып алуымыз мүм-кін. МӘМС жа ғ дайында он-ко логиялық қызметті дамы-ту үшін қаржыландырудың ны саны мен тү рі маңызға ие. МӘМС шеңберінде он коло-гия лық қызметті дамытуды қар жы ландыру тетігі әлі жаса-ла қойған жоқ. Он кологиялық нау қастарға операция ж асауға рұқ сат берілетін медициналық ұй ым дарды аккредиттеу талап-тары қатаң бо луы қажет. Бар лық

рецидив жағдайлары ден сау лық сақтау басқармасы дең гей інде қа таң қаралып, лицензия сын алуға дейінгі ша ралар қо л да-нылуы тиіс.

Сондай-ақ, онкологиялық нау қастарға үш деңгейлі ме д и -ци налық көмек көрсету идея сын қол даймыз. Елі мізде он ко логия-ны нақты өңір лен ді ру (регионали-зация) саланы ай тарлықтай же-тіл діруге мүм кін дік береді, ма-ман дардың к ә сі би деңгейін жо-ғарылатады, за манауи құрал-дар ды тиімді пай далануға, жаңа техноло гия ны жылдам енгізуге, әр дең гейде ме д и циналық көмек көрсету стандарттарын әзір-леуге ықпал етеді. Мысалы, ұйқы бе зінің обыры сияқты қа-тер лі ауру сирек кез деседі. Ал оны диагностикалаудың өзін-дік қиындықтары бар, опера-циялар да сирек жасалады, яғни асқыну мен рецидивтер жиі бо-лады, тиісінше өлім көр сеткіші де жоғары. нау қас ты уақтылы 3 деңгейде емдеу медициналық көмек сапасын жоғарылатуға, адам өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда медициналық көмек көрсетуді 3 деңгейге бөлу cипаты көбіне орындалмайды, бұл ем деу сапасына әсер етеді. Сондықтан онко логиялық нау-қастарға медициналық кө мек ті үш деңгейлі көрсету заң мен бек-іті луі керек.

Қалай дегенде де, әлеу метт-ік маңызы бар ауруларға жа-татындықтан онкология қызметін қазіргі қалпында сақтап, қыз-метті қаржыландыруды мемле-кет есе бінен жүзеге асыру қажет деп санай мыз. Өйткені, бүгінде медициналық ұй ымдардың бір-қатарын шетелдік ин вес тор ларға бе ру мәселесі көтеріліп отыр. Бұл онкология қызметіне де қа ты с ты болуы мүмкін.

Сондай-ақ, бірінші кезек-те пациент тің, медициналық қыз меткердің, мем ле кетт ің мүддесін қорғап, барлық жұ мыс та лаптарын анықтауды ұсы-намын. Инвес тор ларға мем ле-кетт ік тапсырысты алып, обыр -дың күрделі формаларын диа г- нос тикалау мен емдеу жүр-гізіп, заманауи ме ди циналық құра лдармен жабдықталған 4 облысаралық онкология орта-лы ғын (оң түстік, солтүстік, шы-ғыс, батыс) ашуды ұсынуға бо-лады. Бұл орталықтарда жал-пы емдеу саласы мамандары-на обырды ерте диагностика-лау бойынша үздіксіз оқулар жүр гіз у қажет. Инвесторларды елі мі з де жоқ технологияларды енг ізуге, мамандар ды бұл тех-но логияларға оқытуға, ме ди -ци нал ық мақсаттағы бұй ым дар-ды сатып алу кезінде отандық өнімдерді алуға мін детт еу керек.

Жастардың онкология жөн-інде сау ат тылығын жоғары ла -ту бағдарламасын әзір леу қа-жет. Бұл аурудың асқынған са-тысында онкопатологияның тө мендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, «Онкология» мем ле кет тік ұлттық бағдарламасын әзір-леуді қа жет деп санаймыз. Он-да онкологиялық қызмет мә-селелерін шешу тәсілдері мульти-пәндік болуы қажет, ден саулық сақтау саласының қыз меткерлері, мемлекеттік жә не жергілікті басқару орган дары, қоғамдық ұйымдар осы ма ңызды мәселені шешуде бір лесіп күш жұмсауы ке-рек. Яғ ни, бағдарламаның негізгі ма қ са ты – стратегияны анықтау жә не онкологиялық аурулар мен нау қа стардың өлім көрсеткішінің өсу қарқынын төмендету үшін обы рға қарсы күрестің негізгі ба ғыттарын анықтау, емдеу са-пасын, медициналық және әлеу-меттік-еңбекпен сауықтыру ем-дерін жақсарту.

Денсаулық сақтау министрі-нің тапсырмасы бойынша әзір-ле нген «100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік жобасы аясында денсаулық сақтау мә се-лелерін шешу жөніндегі қысқа мер зімді іс-шаралар жоспары онкологиялық аурулардан қа уіп-тену, қатерлі ісіктерді ерте диа-гностикалау, онкологиялық ауру-лардан болатын өлімді төмендету мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттырары сөзсіз.

Дамир ДӘУЛЕТБАЕВ,

Алматы қалалық онкологиялық

орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының

докторы

Осы орайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен күтеріміз көп. Біріншіден, денсаулық қорғау ауыртпалығын бөлісу және тұр ғындардың өз денсаулығын ны ғай туға көңіл бөлуі арқылы қоғамдық ын тымақтастыққа қол жеткізуге болады. Ам булаториялық дәрі-дәрмектермен қам тамасыз ету пакеті кеңейеді. Екін ші ден, МӘМС-тің енгізілуі жалпы тә жірибе дәрігерлері және учаскелік дә рі герлер жүктемелерін кезең-кезеңімен (бір учаскедегі 2000 адамды 1500-ге дей ін) азайтуға мүмкіндік береді. Бұл қолжетімділікті арттырып, кезекті азай-тады, сәйкесінше қабылдау сапасына әсер етеді. Дәрігер әр науқасқа көбірек уақыт бөле алады. Қазіргі күні емхана-ларда дәрігерге электронды түрде жазы-лу жүзеге асырылуда. науқастарға сапа-лы және жоғары деңгейлі медициналық көмек көрсету, кезексіз емхана бойынша күнделікті жұмыстар жасалуда. Бұл үрдіс МӘМС жүйесінің арқасында әрі қарай да жетілдіріледі деген сенімдеміз. Үшіншіден, қор салымшылары – сақ тандырылған аза-маттар жасына, әлеу мет тік мәртебесіне, тұрғылықты же рі не және табысына қарамастан тең дә режеде медициналық және дәрі-дәр мектік көмекпен қамтамасыз етілмек. Бә секелестік дамып, медициналық қыз мет сапасы жақсарады. Сәйкесінше, тұр ғындар денсаулығын жақсартудың нәтижесінде өмір сүру ұзақтығы да арта-ды. Төртіншіден, МӘМС енгізілген кез-де медициналық қызметкерлер жа ла қысы еңбегіне қарай бағаланады деп кү тілуде.

Ал, Астана қаласындағы № 6 қала-лық емханада бас дәрігер Динара Бай-сер кинаның қадағалауымен мамандар медициналық сақтандыру бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүр гі-зуде. Жыл басындағы мәліметтер бой-ынша, емханаға тіркелгендер саны – 71 905, оның ішінде үлкендер – 46 759, ба-лалар – 22 799, жасөспірімдер – 2347, зейнеткерлер – 7096. Емханада күн сайын

МӘМС туралы жадынамалар та ратылады, қабылдауға келген тұр ғын дарға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Тіркеу тізбесі бой-ынша тұр ғындардың әлеуметтік мәртебесі тура лы деректерді ен гізу жұмыстары күн-делікті жүріп жа тыр. Бүгінге дейін біздің емханаға тір келген тұрғындардың 3 985-нің мәр тебесі анықталды. Белсенді түр де жүр гізіліп жатқан бұл жұмыс ағым дағы жыл дың 31 маусымына дей ін аяқталуы ти іс. Электронды жазы лым бойынша күн сайын терапевт-дәрігерлерге 350-дей адам жазылады. Ал, әзірге педиатр, хирург, травматологтар кезек бойынша, невропа-толог, кардиолог, окулист се кіл ді маман-дәрігерлер талон бойынша қа былдайды. Мұның бәрі алдағы уа қыт та электронды жазылым бойынша рет теледі. Емханада МӘМС бойынша 5 ада м нан құралған жұмыс тобы бар. Олар ха лыққа және емха-на қызметкерлеріне тү сіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бас -тап мемлекеттің, жұмыс беру ші лер дің және азаматтардың ортақ жау ап кер ші лі-гіне негізделген мін дет ті әлеу меттік ме-ди циналық сақ тан ды ру жүй есі енгізіледі. Бұл жүйе нің тиімд і лігі әлем дік тәжірибеде дә лел ден ген. Ме ди циналық сақтандыру жүйе сіне қа ты су шыларға кең көлемді ме-ди ци налық қыз меттер ұсынылмақ. Оған қа тысатын тұр ғындардың әлеу мет тік қор-ғалмаған тобына мемлекет қолдау көр сетеді. Жуырда еңбек ұжы мы мен бір ге талқылаған Елбасы Жол дау ын да айтылғандай, емхана-мыз мін детті әлеу меттік медициналық сақ-тан дыру жүйе сі нің талаптарына сай ме ди-циналық қызмет көрсетуге әзір.

Зәуре ХАРАШАЕВА,№6 қалалық емхана бас дәрігерінің

ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін

атқарушы

АСТАНА

мәселенің мәнісі

қамданған қапы қалмайды

Қатерлі ісіктен қалай сақтандырамыз?

Емханада елге түсіндіріліп жатыр

Page 13: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

28 СƏУІР 2017 ЖЫЛ 13АЙБЫН

Бейбітшілік пен тыныштықтың арқауы

––––––––––––––––––––––––––�зінің туған жерін, туған елін сүймейтін адам бола қоймас. �йткені, Отанды сүю, ең алды-мен, адамдықтың, азаматтықтың белгісі. Отанды сүюден Отанды қорғау бастау алады. Елім деп ержеткен ерге Отанынан артық ештеңе жоқ. Ондай адам Отан-анасын ештеңеге айырбастамай-ды, ешуақытта опасыздық жаса-майды. ––––––––––––––––––––––––––

Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан»

Сондықтан да Ғабит Мүсірепов «Еліңе опасыздық – туған анаңа опасыздық» деп бекер айтпаса керек. Ендеше, қолына қару ұстап, Отанды қорғау күзетінде жүрген ел жастарының қазіргі жалынды істерін мақтанышпен айту парыз. Өйткені, біздің қазақстандық жігерлі жастарымыздың, яғни айбынды əскери қызметшілеріміздің Отан қорғау жолында атқарып жатқан іс нəтижесі жоғарыдағы сөз төркінімен ұштасатындығы қуанта түседі.

Кең-байтақ елімізді күзетіп, хал қы-мыздың тыныштығын сақтап отырған əскери қызметшілердің еңбегі ерекше. Ол əскеріміз осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1992 жылы 7 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына сай құрылды. Ал бүгінде бұрын-соңды болып көрмеген əлеуеті асқақ əскеріміз, саны мен сапасы жарасқан Қарулы Күштеріміз бар.

Өткен ғасырдың 90-жылдары тəуе л-сіз дік алуымызға байланысты елі міздің ал дына өткір, бірақ өмірлік ма ңызы зор міндет – өзінің Қарулы Күш те рін жа-ңадан құру міндеті қойылған еді. Əскер – ел қорғаны. Оның үстіне, егемен ел болған соң, өзін өзі құрметтеп, өзін өзгеге сыйлата білетін мемлекет кез келгеннің басынуына жол бермейді. Кең-байтақ қазақ жері кезінде басқыншы жаулар-дан аз зардап шеккен жоқ. Сондықтан, сол заманда-ақ ата-ба ба мыз «Жау жоқ деме, жар астында, бө рі жоқ деме, бөрік астында», деп сақтық пен де, сақтандыра да айтқаны белгілі.

Біздің айбарлы бабаларымыз кезінде ел мен жердің тəуелсіздігі үшін сан күресті. Солардың арқасында, яғни атта-ры аңызға айналған көшпелілер – сақтар, ғұндар мен көк түркілердің ұрпағы ретінде біз басты байлығымыз – қазіргі Қазақстанның ұлан-байтақ даласына мұрагер болдық. Арада небір сұрапыл жылдар өтті. Халқымыздың тəуелсіздікке, аумақтық тұтастыққа деген сан ғасырлық арман-мүддесі өткен ғасырдың 90-жыл-дарында жүзеге асты. Еліміз егемендігін алды. Алайда кеңестік кездегі қияңқы саясат өз ізін ойсыратып қалдырған еді. Сол Кеңес Одағынан қалған қирандыдан мықты əскер жасақтау қиял секілді көрінетін. Өйткені, өзіндік айбынды Армия республиканың ерекшелігіне жəне географиялық жағдайына бай-ланысты қайта құруды, айтарлықтай материалдық шығынды қажет етті. Соған қарамастан, сол кезде: «Ішкі жəне сыртқы саясаттың құрылымындағы негізгі іргетас – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан, бізге ел егемендігін қор ғау мүддесі үшін кез келген қатерге төтеп бере алатын, сапасы зор заманауи əс кер қажет», деген болатын Президент Н.Назарбаев.

Міне, бұл орайда халық Нұрсұлтан Əбішұлына өз тағдырын, өз болашағы мен ұрпақтарының болашағын сеніп тапсырды. Президент елдің дамуы мен гүлденуіне теңдессіз күш сал-ды. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Көп ұзамай ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып аталды. Тəуелсіз республиканың заңдық құқықтарының негіздеріне жəне Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қаты сушы мемлекеттер арасындағы қол жет кен келісімдерге байланысты Пре-зиденттің 1992 жылдың 7 мамырын-дағы Жарлығы бойынша Қазақ стан аумағында орналасқан Қарулы Күш тер өздерінің мүліктерімен қоса респуб-ликаның қарауына өтті. Жоғарғы Бас қол басшы ретінде Қарулы Күштерді бас қаруды Президент өз қолына алды. Осылайша, 1992-1998 жылдары Тəуел-сіз Қазақстанның Қарулы Күштері қай-та құрылды, ал 1999 жылдан оны жасақ-таудың түбейгейлі реформасы басталды.

Əрине, мына алмағайып заманда қуатты əскердің қажеттігі сөзсіз. Бірақ, ол басқыншылық əрекеттерді қалайтын, соғысты шақыратын əскер болмауы керек. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен біздің кең-байтақ Отанымызда тыныштық пен бейбітшілік болғанын қалаймын. Ол миллиондаған қазақстандық отбасылар үшін қажет. Мен қайғыдан шашы ағарып кеткен əзіз аналардың темір табыт құшақтап оты-рып, егіліп перзенттерін жоқтағанын, жастардың жалыны тұтанбай жатып, қанаты қиылып, мүгедек болғанын, қариялар жермен жексен болған үйлерінің орнын іздеп шарқ ұрып, нақақтан көз жа-сын төккенін қаламаймын», деп жазды. Тура солай.

Біздің Қарулы Күштеріміз бейбіт ші-лік ті ту етіп ұстанады. Əскери доктрина-мыз да бейбіт мақсатты, өзара достықты көз дейді. Бұл – біздің еліміз, халқымыз үшін қажет ұстаным.

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрлық əскерлеріне қа-расты «Оңтүстік» өңірлік қол бас шы лы-ғы ның бүгінгі тыныс-тіршілігі де елдік, ұлттық мүддеге негізделген. 2003 жылы құры лып, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Қызылорда облыстарында əкім шілік тұрғыда шекараландырылған штаб қолбасшылығы Тараз қаласында орналасқан. Өңірлік қолбасшылық құра-мына орталық бағыныстағы жəне əуе қор ғанысы күштерінің бөлімдерінен өзге шекаралық шектегі əскери бөлімдер кіреді. Ал «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының міндеті – оңтүстік-шығыс аймақта қауіп-сіз дікті қамтамасыз ету. Бұл міндеттерді бү гінде өңір қолбасшылығы қарқынды түрде жүзеге асырып келеді. Осы күнге дейін «Айша бибі», «Көктал», «Дарбаза» оқу-жаттығу алаңдарында əскери шара-лар өткізіліп, бірқатар жетістіктерге қол жет кізілді. Мұндай шаралар ел үшін еңбек ету ге ниетті жастардың да жігерін жанып, қай ратын шыңдай түсетіні анық.

Жуырда ғана Жамбыл облысындағы «Мəтібұлақ» жалпыəскери полигонын-да «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің бригадалық тактикалық

оқу-жаттығуларының соңғы кезеңі өт-кізілді. Тактикалық оқу-жаттығудың соң-ғы кезеңіне қатысушылар арнайы əскери қимылдар жүргізуді іске асырып, өздерінің біліктілігін, тə жірибелілігін көрсетті. Əс кери бөлім дердің ұдайы орналасу ау да нынан «Мəтібұлақ» полигонына дейінгі ара қ ашықтық 1000 шақырымнан асып түсті. Ал техникаларды темір жол арқылы та сымалдау мақсатында əскери хабар жеткізу органдары арқылы тех-никаны арту мен түсіруді ұйымдастыру үшін 10 эшелоннан аса құрама дайындал-ды. Аталған оқу-жаттығу алаңдарында «Оң түстік» өңірлік қолбасшылығының мо тоатқыштар, инженерлік-саперлік, ар тиллериялық, барлау жəне танк бө-лім шелері, біріктірілген медициналық вз воды, байланыс жəне материалдық-тех никалық қамтамасыз ету бөлімшелері болды.

Сондай-ақ, оқу-жаттығуға десант-ты-шабуылдаушы батальоны, Ұлттық қау іпсіздік комитеті Шекара қызметінің жəн е Ұлттық ұланның, аумақтық қор ға-ныстың шұғыл тобы, сонымен қатар, Əуе қор ғанысы күштерінің шұғыл-тактикалық басшылығы да қатысты. Мұнда барлығы 4 мыңнан аса əскери қызметші, 600 бірлік əскери техника, 2 мыңнан аса атыс қаруы, сонымен қатар 12 ұшақ пен тікұшақ

та қарастырылған. Оқу-жаттығудың негізіне халықаралық лаңкестер мен діни экстремистік ұйымдардың өзара қимылдарының нəтижесінде орын алуы мүмкін деген оқиғалар нұсқасының кір-гізілуі де дұрыс шешім. Өйткені, бүгінгі таң да əлем халқын алаңдатып отырған осын дай жағдайлардың алдын алу, оны бол дырмау мəселелері де қол бас шы лық-тың қатаң бақылауында.

Қолбасшылық құрамының оқу-жат тығу кезіндегі тағы бір ерекшелігі – жау ын герлік қимылдар жүргізудің клас сикалық емес жəне стандартты емес формаларын қолдану болып отыр. «Мəтібұлақ» жал пыəскери полигонында да «Танк карусель» тактикалық тəсілдері мен туннель ұрысы əдісі сынақтан өткі-зіл ген. Тактикалық тəсілдердің міндетіне кіретін қарсыласқа жиі соққы беру, танк экипаждары қозғалып бара жатқанда қапталдан басу, бір-бірін ауыстыра оты-рып ұдайы атыс жүргізу де бүгінгі таңда қолбасшылықтың «бес қаруы сай» екенін көрсетеді.

Тұрақты болып тұратын оқу-жатты-ғу дың негізгі міндеттері өз алдына, жал-пы қолбасшылықтың бөлім басшылары мен жеке құрамы жаттығу барысында далалық жағдайда əскерлерді орналас-тыру, тамақтандыру, жауынгерлік күзет,

Өңірлік қолбасшылық өз міндетіне адал

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына ширек ғасыр толғалы отыр. Ел Тәуелсіздігінің тарихымен тамырлас Қазақстан Қарулы Күштері мемлекет тұрақтылығын басты назарға алып, халық тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, қоғам құндылықтарын құрметтеуде �зіне тиесілі міндетті адал атқарып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан» деген с�зі бүгінде Қазақстан Қарулы Күштерінің негізгі темірқазығына айналған. �з Отанын, елін мақтаныш етіп, жерін қорғауды парызым деп білген әскери қызметшілер бүгінгі таңда мемлекетке, қоғамға қалтқысыз қызмет етіп, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда да қажырлылық танытып келеді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Соған орай Ұлттық ұланда бұл күн жыл сайын «Ерлікке тағзым күні» болып аталып өтеді. Еске алу шаралары, елді, өскелең жас ұр пақты елдікке, ерлікке, бірлікке шақы руға арналған тағылымдық шара лар жер-жерде, республика бойынша əр əскери бөлімде ұйымдас тырылады. Мəселен, 7 сəуір күні Алматыда ерек ше əсерлі шараларға толы бол-ды. Ұлт тық ұланның «Оңтүстік» өңір лік қолбасшылығы 5571 əскери бөлімінде ел үшін от кешкен ер-лерді еске алу шарасы өтті. Онда сөз алған «Оңтүстік» өңірлік қолбас-шылығының колбасшысы генерал-майор Қайрат Ақтанов: «Көршіңнің үйінде шу шықса, сен де тыныш жата алмайсың. Тоқсаныншы жыл-дар дың алмағайып жылдарында да жағдай осылай болып еді. Көрші тəжік-ауған шекарасында соғыс оты у шығып тұрды. Күнде қан төгілу, қанды қасап, от кешу. Осы тұста біз дің елдің мыңдаған жастары да ТМД мем лекеттері ара сында жа-салған халықаралық ке лісім аясында осы отты нүктеден табылды, тау ха-лықтарына тыныш тық тілеп, іштей қан жұта аққан қарт Пяндж өзенінің ж а ғасын бас ты. Сол қантөгісте ер-лікпен антқа адал дықтарын дəлел-де ген қазақ стан д ық алдаспан на-мысты 7-ші ро та ның жаужүрек жігіттерінің қай-қай сының болсын батырға лайық орны бар. Олар біздің мəңгілік жадымызда», деді.

Сонымен қатар, осы күні Қор-ғаныс министрлігі Құрлық əскер-лері нің институтында «Ерлік күні» айрықша атап өтілді. Оған ауған соғысы мен өзге тəжік-ауған шека-расы қақтығысының арда гер ле рі,

елі міздегі Тəжікстан елші лі гі нің əс кери атташесі, оқу орнының бас -шы лығы мен курсанттары қа тыс ты.

Алдымен шараны ұйым дас ты-рушы ретінде сөз алған «Ардагер» Ауған соғысы жəне жергілікті қақ-ты ғыстардың ардагерлері мен мү-ге дектерінің республикалық қо ғам-дық одағының төрағасы, за пас тағы под полковник Серікбай Бай мол ди-нов: «Тəжік-ауған шека ра сын дағы сол қаралы оқиғаға биыл 22 жыл то лып отыр. Қайт кен мен, қайсар ұл да рымыз айқын басымдықпен тойтарыс та нытқан жауға барынша төтеп бе ріп, жауынгерлік борыш-тарын өжет тікпен өткерді. Абы-ройды таптат пай, антқа деген адал-дықтарын танытты. Ішкі əскер жауынгерлерінің ерлік істерін Елбасы – Қазақстан Рес публикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ə.Назар баев та жо ғары бағалап «Қазақ стандық батальонның сарбаз дары Тəуелсіз Мемлекеттер Дос тас тығы сыртқы шекарасының тəжік-ау ған бөлігін ерлікпен күзетті. Боз дақтарымыз мем лекетіміздің қау іп сіз дігін сақ-тау жолында жанын пида етті. Олар біздің бейбітшілігіміз бен ты-ныш ты ғымызды қорғады», деген бола тын. Сол уақыттан бері сол 17 жау ынгердің ерлігін Ұлттық ұлан ылғи 7 сəуірде атап өтіп келеді. Ол ерлеріміз ең əуелі бүкіл еліміздің сеніп тапсырған сенімін ақтады. Сон дықтан да мен жəне біздің ардагерлер қауымдастығы осы күнді «Ерлік күні» деп белгілеп, ер лікті дəріптейтін шараларды елі міздегі барлық қорғаныс сала-сы ның ұжымдарында өткізуді

ұсынып отырмыз. Осы ұсыны-сымызды қолдап, өскелең ұрпақ қа тағ ылымды тəрбие болатынын жете тү сініп, осындай шараны өткізуге ат салысып отырған Құр лық əс-керлері əскери инсти тутының бас-шылығына алғысымды біл діре мін. Ендігі жылдардан бастап бұл ата-улы күн «Ерлік күні» еліміз бой-ынша бүкіл Отан қорғаушы жұрт-шы лықтың ортақ шарасы болып өтетініне кəміл сенемін», деді.

Мұнан соң сөз алған Тəжікстан елшілігінің əскери атташесі полков-ник Мақсұтжан Жұмаев қазақ стан-дық жауынгерлердің тəжік халқына деген баға жетпес көмегі үшін 2007 жылы Душанбе қаласында үлкен монумент орнатылғанын атап өтті. Сол ерлік оқиғасының көзі тірі куəгерлері − Ұлттық ұланның ар-дагерлері, запастағы полковник Ерлан Алданазаров, запастағы под-полковник Қайрат Ғұсманов жи-налған қауым алдында сол бір қиын қыстау күндер жайлы есте лік те рімен бөлісіп, тағылымды əңгіме өрбітті.

Шара соңы патриоттық рухта шырқалған əндермен жалғасты. «Ерлік күні» жайлы бізбен өз пі-кі рін бөліскен «Оңтүстік» өңірлік қол басшылығы қолбасшысының тəр бие жəне əлеуметтік-құқықтық жұ мыстар жөніндегі орынбасары полковник Сабыржан Сү лейменов: «Батырларымызды ұлық тау − хал-қы мыздың сал ты. Біз еш уақытта да ел үшін жанын пида еткен арыста-ры мызды ұмыт пауымыз керек. Қай-та сол ер лердің ерлік істерімен жас ұр пақ ты отансүйгіштік рухта тəр-бие лей білуіміз қажет. Бұған дейін 7 сəуір боздақтарға тағзым ету кү-ні болып келді. Енді ол «Ерлік кү-ні не» айналғалы отыр. Төбемізде мəң гілік бейбіт аспан орнасын деп ті леймін. Бала жылап, ата-ана қа-й ғырмаса екен. Сол ұрыста қаза тап қан жаужүрек жігіттеріміздің қай-қайсы болса да батыр атағына лайық. Олардың рухтарына мың тағзым етемін», деді.

Арман �УБ�КІРОВ,майор

АЛМАТЫ

Жауынгерлер үздік нәтиже көрсетті

––––––––––––––––––––––––––––––––––––Семейдегі «Шығыс» жалпы әскери полигонында Қа зақстан Ұлттық ұланының «Шығыс» �ңірлік қол бас шылығы мен Қорғаныс министрлігінің «Шы ғыс» �ңірлік қолбасшылығының ұжымдары бір лескен түрде далалық оқу-жаттығу жиында-рын �ткізді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жиынға Семей, Павлодар, Өскемен, Курчатов қала-ларын дағы əскери бөлімдердің жауынгерлері қатысты. Олар радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс мəселелері бойынша сынға түсті.

– Əрине, далада жаттығу жұмыстарын өткізу оңай болмады, – дейді Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбас шы лығы баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді. – Ауа райы тосын мінез танытса да жауын-герлер талап үдесінен шыға білді. Оқу бағдарламасы толық орындалды деп айта аламыз. Далада əскери қызметкерлер əскери техника мен қару-жарақтарды, жеке құрамды түрлі радиациялық, химиялық, биологиялық қалдықтардан тазартты. Жəне осындай қауіпті заттардың қай жерде бар екендігін де анықтай алды.

Полигондағы жаттығу жұмыстары аяқталған соң, қорытынды есептері тапсырылды. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығындағы радиа циялық, химиялық, биологиялық (РХБ) қорға нысы қыз метінің басшысы, полковник Қайрат Тұрғынбеков пен Ұлттық ұланның «Шығыс» аймақтық қол бас шы лы-ғындағы РХБ қорғанысы қызметінің же тек шісі, подпол-ковник Абай Қасенов оқу-жаттығу жұ мыс тарының нəтижесі бойынша эстафета өткізді.

– Мен бірінші рет РХБ қорғанысы дегеннің не екендігін тəжірибе барысында көрдім, себебі осын-дай далалық полигон жұмыстарына тұңғыш рет қатысуым, – дейді Ұлттық ұланның «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының 6679 əскери бөліміндегі РХБ қорғанысы қызметінде дозиметрші-маман, қатардағы жауынгер Мирас Қалиев. – Алдағы уақытта осы Ұлттық ұлан мен өңірлік қолбасшылық бірігіп, түрлі апат-ты жағдай орын алған жерлер болса, сондай қауіпті аймақтардағы радиа ция лық, химиялық, биологиялық зи-янды заттарды қауіп сіз дендіріп, тазартуға мүмкіндіктері бар деп ойлаймын.

– Біздің осындай жұмыстарымыз мамандарымыздың кəсібилігін арттыруға көмектеседі деп ойлаймыз, – дейді Ұлттық ұланның «Шығыс» аймақтық қол бас -шылығындағы РХБ қорғанысы қызметінің жетек шісі, подполковник Абай Қасенов. Полигондағы жатты ғу-лар дың нəтижесінде Ұлт тық ұланның «Шығыс» өңірлік қол басшылығы бірінші орынды жеңіп алды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВАСЕМЕЙ

Ерлік ешқашан ескірмейді––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ел тарихында ерекше атаулы күндер бар. Олар зор мәнге ие. Мәселен, 16 желтоқсан − Тәуелсіздік күні әр қазақстандық үшін қымбат, қастерлі. Сондай-ақ, мәңгілік ұмытылмас күндер бар. Кешегі Ішкі әскер, бүгінгі Ұлттық ұлан үшін ол − 7 сәуір. Дәл осы күні, 1995 жылы қазақстандық Ішкі әскердің жауынгерлері тәжік-ауған шекарасында қайтпас қайсарлық пен ерліктің ерен үлгісін к�рсеткен болатын. Амал қанша, мұздай қаруланған лаңкестермен кескілескен сол шайқаста 17 жауынгер оққа ұшып, 34-і жарақат алды. Оларды ұмытпау, ерліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу − біздің басты мақсатымыз. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

əс керлерді бүркемелеу жəне тұрғылықты ор наласу пунктінен тыс жерде əскери техниканы пайдалану мəселелерін қа-рас тырады. Сондай-ақ, жеке құрам жо-ғары моральдық-психологиялық тұ-рақтылық, төзімділік, сонымен қатар қару-жарақ пен əскери техниканы пай-да лану шеберліктерін де көрсетіп ке леді. Бұл тұрғыда да əскерилердің əлеу еті жо ғары. Кəсіби мамандар егемен елі міз-дің өркендеуіне, одан əрі дамуына жəн е қауіп сіздігіне өз үлесін қосуда.

Бүгінде мемлекет тарапынан əскери қыз метшілерге жасалып отырған жағ-дай жоғары деңгейде. Сарбаздарды ме-ди циналық, əлеуметтік қамтамасыз ету жұмыстары жолға қойылған. Бір ғана мысал, өткен жылы ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облысын-да 120 пəтерлі бес тұрғын үй пайда-лануға беріліп, «Оңтүстік» өңірлік қолбас-шылығына қарасты 91 678 əскери бөлі-мінің қызметкерлері қоныс тойын той лау бақытына ие болған еді. Ал «Оңтүс тік» өңірлік қолбасшылығы əскери басқар-масының қолбасшысы, генерал-майор Марат Құсайынов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сəйкес, əске-ри қалашықтардың инфрақұрылымын же-тіл діруге, əскери қызметшілердің толық-қан ды жұмыс істеуі үшін олардың отбасы мү шелеріне де қолайлы жағдай жа са лып отыр ғанын айтады. Сондай-ақ, елі міз-дің Қорғаныс министрлігі де жыл сайын əскери қызметшілерге əлеуметтік қол дау көрсетіп келеді. Еліміздің қорғаныс сала-сын дамыту бүгінде өз жемісін беріп отыр.

Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы «Тəртіпке бас иген құл болмайды» деген. Те мір дей тəртіпті ту еткен Қазақ мем-ле кетінің қорғаныс саласы ширек ғасыр ішінде биік белестерді бағындырды. Ұлы Даламызда ғасырлар бойы қалыптасқан далалық тəртіп тəуелсіздік дəуірінде жаңаша сипат алып, ұлтқа, мемлекетке қал тқысыз қызмет ету мəртебесіне ие бол ды. Ел ерлерді дүниеге келтіретін бол-са, ерлердің де ел ішінен шығатыны заң-дылық. Ер елінің тыныштығын күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жағдайда қорғаныс саласының бұдан да биік белес-терге шарықтап, самғай беретіні анық.

Жамбыл облысы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына ширек ғасыр толғалы отыр. Ел Тәуелсіздігінің тарихымен тамырлас Қазақстан Қарулы Күштері мемлекет тұрақтылығын басты назарға алып, халық тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, қоғам құндылықтарын құрметтеуде �зіне тиесілі міндетті адал атқарып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан» деген с�зі бүгінде Қазақстан Қарулы Күштерінің негізгі темірқазығына айналған. �з Отанын, елін мақтаныш етіп, жерін қорғауды парызым деп білген әскери қызметшілер бүгінгі таңда мемлекетке, қоғамға қалтқысыз қызмет етіп, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда да қажырлылық танытып келеді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына ширек ғасыр толғалы отыр. Ел Тәуелсіздігінің тарихымен тамырлас Қазақстан Қарулы Күштері мемлекет тұрақтылығын басты назарға алып, халық тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, қоғам құндылықтарын құрметтеуде �зіне тиесілі міндетті адал атқарып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан» деген с�зі бүгінде Қазақстан Қарулы Күштерінің негізгі темірқазығына айналған. �з Отанын, елін мақтаныш етіп, жерін қорғауды парызым деп білген әскери қызметшілер бүгінгі таңда мемлекетке, қоғамға қалтқысыз қызмет етіп, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда да қажырлылық танытып келеді.

Page 14: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

14 28 сәуір 2017 жыл

Кешегі соғыс кезіндегі жоқ­шылық пен таршылықтың салқыны соғыстан кейін дүниеге келген ұрпақтың да санасынан әлі өше қойған жоқ. Оның ызғары әлі күнге дейін жанымызды түршіктіріп, денемізді қариды.

Иә, бір түйір дәнге зар болған сондай тор ғай тірлікте алға ұмты­лып, болашаққа талпынып, оқу қумақ түгіл оған ұмсынудың өзі ол кезде ерлікке пара­пар еді. Тұлым­шағы желбіреген жауқазын қыз Болай дың бойынан осындай ерлік табылды. Ол Ленгірде ашылған мұғалімдер училищесіне баруға бел буады.

Сол тұстағы адамдардың бір­біріне деген мейірімділігі мен бауырмалдығы бүгінгі күнге аңыз болып естіледі. Ауылдық кеңестің төрағасы мен мектеп директоры оның бұл ойын барынша құптап, құжаттарын қаттап, ақ батасын беріп, діттеген оқуына жібереді.

– Сол кезде Құдайдың өзі мені таусылмас ырзық­несібеге, бақ­берекеге итерген ғой деп ойлай­мын. Өйткені, ұстаздықтан асқан қасиетті де, қадірлі мамандық жоқ қой, кім кімнің де ойында анасы­нан кейін ұстазы тұрмай ма! – деп еске алады бұл күнде қарт ұстаз.

Басқа да ер­азаматтардың қата­рында мұғалімдердің қару ұстап, жаппай майданға аттанып кеткен кезі. Маман тапшы. Училищені жақсы бітірген мұны білім басшы­лары Елтай мектебіне оқу ісінің меңгерушісі етіп жібереді. Сол кезде Болай Мәткерімқызы небәрі 13 жаста ғана екен.

Міне, көп жылғы еңбегі мен білім беру жүйесін дамыту және өскелең ұрпақты тәр бие леу ісіне қосқан үлкен үлесі үшін ұстаздардың ең үл кен наг радасы Ы.Алтынсарин белгі сімен марапатталған Болай Мәт керімқызы Қасымбекованың 40 жылға созылған ұлағатты ең­бек жолы осылай басталып еді. Ауылдастарының айтуынша, Нұр­лы бай ата мен Болай апаның ал­дынан мың қаралы шәкірт білім алыпты. Бұл деген осы бір тау қойнауындағы аз ғана Абайыл ауылын да өмір бойы ұстаздық ет­кен ол екеуі мың қаралы шаңыраққа білім шырағын жағып, осынша от­басын білім нұрымен нұрландырды деген сөз.

Осы арада, енді Болай апамыз­дың құдай қосқан қосағы соғыс және еңбек ардагері, Түлкібас ауданының құрметті азаматы, Халық ағарту ісінің озық қыз­меткері Нұрлыбай Тұңғыш байұлы Қасымбеков туралы айтпай кетуге тіпті де болмайды.

Бір қызығы, ол кісі соғысқа алынғанда өзінің қазақша айт қанда «айхай жерлесі», сол кезде­ақ атағы аспандап тұрған Бауыр жан Мо мыш ұлының пол кіне барып түседі.

Содан бір реті келгенде бұл «Асса лаумағалейкүм» деп қазақ­ша сәлем береді ғой.

– Сен кімсің? –деп тіксініп қалады Баукең. Бұл жөнін айтады.

– «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді» деген ма қалды білесің бе? – дейді батыр түсін сәл жібітіп, – білсең осыны ұмытпа!

Болды, бітті. Жерлесім деп ол да емешегі үзіліп емірене қой ған жоқ, ба­тыр деп бауырына кіруге бұл да бейіл танытпады. Ел тағдыры таразыға түсіп тұрғанда ағайынгершілікке жол жоқ екенін екеуі де түсінеді. Ақыры Нұрекең батыр ағасына берген сертінде тұрып, елдің де, жердің де на­мысын қолдан бермей, бес жыл Отан үшін от кешіп жүріп, соғыс біткен соң кеудесін орден мен медальдарға малып елге оралды.

Болай апамыздың айтуынша, олар соғыс жүріп жатқанда біреуі майданда, біреуі тылда жүріп хат жазысып, хабарласып, сол бір қиын­қыстау кездері бір­біріне дем беріп, демеу көрсетіп тұрғанға ұқсайды. Ақыры көңілдері жарас қан екі жас, өмірлерін де жарастырып, бас қосып, шаңырақ көте реді. Қос ұстаздың қосылып өткіз ген ұлағатты жолдары осылай басталған.

– Біз екеуміз де мұғалім бол­ д ы қ. Ауылымыздың барша ба ла сы алдымыздан өтті, – деп еске алады апамыз. – Соларды тәрбие леуден асқан парыз жоқ деп ойладық. Құдай осы пейі лімізді құптады ма, Нұрекең екеумізге он перзент берді. Айна ламызды жоқшылық буып тұрса да оларды қалай ба­ғамыз деп қай ғыр ған жоқпыз. Алла асырайды дедік.

Қазақ үшін ененің жөні бө­лек. Ол шын мәнінде екінші анаң. Бұлардың шаңырақтары шат­тыққа толып, құт­береке даруына Нұрекеңнің шешесі Рәзия әже міз­дің де зор шапағаты тигені анық.

Бүгінде Нұрекең мен Болай ананың шаңырағында дүниеге келген екі қыз, сегіз ұлдың бәрі де ұясына да, қиясына да қонған. Олар өсіп­өнген үлкен әулет. Осылайша, Болай ананың бейнетінің зейнетін көріп отырған жайы бар.

Сәулебек ЖӘМКЕНҰЛЫ,заңгер-журналист

Жаныңда Жүр Жақсы адам

Ұлағатты жол

руханият

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ақын – табиғаттың ерекше жаратылысы, халықтың тілі, заманының үні. Кез келгеннің таным-түйсігі жете бермейтін мың қатпарлы құпия болмыстарды, екінің бірі аңғара бермейтін сәлдей құбылыстарды ақын жүрегі алдымен сезіп, жанын шүберекке түйе шырылдайды, жақсылықтың жаршысы болып көркем де айбынды, мағыналы да маңызды өлең-сөздерімен алға ұмтылдырады. Ақын – уақыттың сыйы және қожасы! Олар халық жүрегіне жол тапқан уытты өлеңдерімен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан құрмет биігіне қонақтай алады, есімі қай жерде де, қай кезеңде де ықыласпен айтылып, жыр жолдары ел аузынан түспейтін қанатты тіркеске айналады. Бұл ақын талантының, ақын шеберлігінің нақты көрінісі болмақ. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Шүкір, тарих пен тағдыр қазаққа қыл ша мойын домбыраны қылғындыра ұстап жыр сапырып, толғау түйдектеткен ауыз әдебиетінің аузымен құс тістеген айтқыштарынан, қалам алып, ақ параққа сұлу жолдарды кестелеген Абайдан бері қарай да сөз шеберлерін, жыр жампоз­дарын беруден жаңылған жоқ. «Даласы ән салып тұратын» қазақ – өнерпаз, ақынжанды халық. Бірақ, бір қиырдан жырлаған өлеңі төрт тарапқа тегіс тарап, күллі жұрттың жүрегіне қонақтап, тіліне оралған, өзіміз түгіл өзгелер құмарта тыңдап, өз тілде ріне аударуға асығатын ақындар – нағыз ақын және олар сана­улы. Олар – өңірдің мерейі, халықтың мақтанышы. Биіктерден үн асырып, сөз самғатқан ақындардың бірі – Бүкілодақтық II Халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауре­аты, ЮНЕСКО аясында өткен халықаралық Махамбет сыйлығының иегері Сабыр Адай. Сабыр дың халқымыздың өткен қиын тағдырына тағзым ету және ұлттың рухын жанып, тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеуге бел бууға шақыратын жігерлі өлең шумақ­тары барша қазақтың ұранына айналды.

Алла, Алла,Сен жаратқан, сенің ғана құлыңмын.Тамшысымын нұрыңның.Тағдырмын – Мен,Өзің оған мөр басқан,Жүрекпін – Мен, лүпілдеген ғұмырмын....Алла, Алла,Әр жүректе бір­бір қайғы, жетім бе?!Жалбарынбақ саған ғана не тілде.Аманат жан сені іздесе ғарыштан,Қауырсын – жыр қалсын жердің бетінде.Миғраждан «сүф» деп үрленген демнің

нәтижесінде кеудесіне жан біткен әрбір пенде өмірге іңгәлап емес, Аллалап келеді. Әлсіз саусақтарын жымырған балаң уысы­на қос қолдай ұстай келген ырыс­несібесін «Алла» деп шашып жіберіп, тіршіліктің өн бойында сол шашылған несібесін те­румен болады екен. Поэзияда «Алла» деп сөз саптаған Сабыр ақын 1960 жылы көрнекті ұстаз, еңбек ардагері Адайұлы Шеркешбай мен ауыл шаруашылығы са­ласында еңбек еткен алтын алқалы ана Рейімқызы Ұмсынайдың отбасында өмірге келді. Ол 1981 жылы Алматы цирк өнер студиясынан Құбыш Мұхитовтың күй класын бітірді. Өнерді жанына серік ет­кен күйші Сабыр Маңғыстаудың мәдениет саласында 20 жылдан астам еңбек етіп, 2000­2011 жылдары республикалық «Үш қиян» және «Отпан­Otpan» газеттерінің құрылтайшысы ретінде қызмет атқарды. Орал педагогика институтында дәріс ала жүріп, поэзия мен күй әлемінің ортасы­на екпіндей енді. Әр жылдары Ақтау­да Қашаған ақынның, Ақтөбеде Есет батырдың, Әбубәкір Кердерінің, Бай ғанинде Асау­Барақтың, Оралда Сы рым батырдың, Ордабасыда Үш бидің, Көк шетауда Абылай ханның тойларында және Орталық Азия – Қазақстан ақындарының айтыс тарында жүлделі орындарға ие болды. Маң ғыстау өлкесіндегі «Адай ата – Отпан тау» мәдени кешенді этнографиялық орта лығын салу идеясының авторы, ұйым дас тырушысы және «Адай» қорының пре зиденті.

Құйқылжыта күй төккен Сабыр өз дос­тарымен бірге Бейнеу аудандық мәдениет үйінде «Алтыбақан» құрып, қазақтың асыл өнерін шаң­тозаңнан арылтып, халқына қайта сыйлауға талаптанды. Ұстаз ретінде он екі перне, қос ішекке құмартқан өрендерді өнер әлеміне жетеледі. Қазақтың айтулы айтыскер ақыны ретінде де талайға танылған Сабыр ақын Мэлс Қосымбаев, Нұрлан Мұсаев, Арғынбек Қалбаев, Абай Қалмағанбетов, Салауат Исақаев, Шынарбек Қалиев, Жанар Айлашова сын­ды талантты жастар ға сыйлас, пікірлес ұстазы болды. Ал Сабыр Адайдың сөздеріне сазгерлер жазған әндер – сахнаның сәніне айналды, бір қатары ән байқауларынан жоғары жүлделерді иеленді.

Оқырман ба?Оқырманда гүл ғой бірЖан­бесікке жата қалар тілдей жыр.Әр тағдырдың кеудесінде бір мұң бар,Қалай сеніп, кімге айтарын білмей жүр....Тұтас Алаш менің жаным кәдімгі,Жырың – жөргек,

күйің – күйме, ән үлгі.Кірпік қақпай тербетумен келемін,

Жүрегіме салып алып бәріңді.Ей, оқырман, сені іздеген

өлеңмін.Маңырайды, маңыстайды

көбең күн.Сен мұңайма, жүрегіңде

мен бармын,Сен мұңайсаң

мен қайғыданөлермін, –

дейді ақын «Оқыр ­манға ар нау» өле ңін де.

Оқыр м а н ­н ы ң т а л ғ а ­мы мен санасу, оқы р манның

ал дын дағы жауапкершілікті сезіну – ақынға қажетті ең басты міндет. Осы парыз ды ұғы нып, мойындаған ақын ғана шығар машылық шыңына, құрмет қиясына шыға алады. Қуанарлығы – Сабыр ақын жырлары оқырманмен егіз, ел­жұртымен етене. Оның себебі, ақын жырларының

ұлт тарихымен түбірлестігінде жатыр деп түйсінуге болады. Сонау көшпенділер тарихы, көк түріктің дүбірі, Алаш және қазақ ділі, асыл дін. Қазақ хандығының құрылуы, ұлан­ғайыр далада салтанат құрған құндылықтар, салт­дәстүр, күй мен өлең, рух пен ұран, ел мен жер, ер мен ерлік, қоғам, бейбітшілік, маңғаз да мәрт Маң ғыстау, кең Нарын, сырға тұнған Сарай шық, Отпанның шыңы, тәуелсіз ел мен оның мәңгілік мұраты – Сабыр Адай шығармашылығының алтын арқауы.

Ат дүбірі...Ұлы Қыпшақ, Сақ күлді,Найзасында намыс бар,

қылышында бақ тұрды.Күннен ырыс,Тәңір сыйлап шат қылды,Айдан ұшқын ат тұяғы лақтырды, Ат дүбірі,Естілеме ескіден,Есіл ерлер самал жел боп өксіген.Шіркей – шүршіт,Ат тұяғы Үрімде,Еділдейін ел ем қалған тектіден, –

деп көшпенділер кезеңінің дүбір­дүрмегін көз алдыңа әкеліп, құлағыңа естіртеді. Көшпенділер, көктүріктер

мен көкбөрілер тақырыбын ту еткен Сабыр шығармаларындағы ең басты мұрат – түп­тамырымызды тану және ұлттық рухты жану. Аттила, Мүде хан бейнелерін асқақ рухпен жырлай келіп, кәрі Каспий жағалауында өрекпіген жа­уын өз қанына тұншықтырып өлтірген Томирис ханшайым ды, яғни Тұмар апа­мызды өз жырына өзек етеді.

Біздің Тұмар – Мойындағы намыс­ты,Ұлы жорық таныс­ты.Ата жауға біздің елде орын жоқ,Кир Патша, олда келіп қан ішті.Біздің Тұмар – алмас қылыш суарған,Көк найзағай шыға келер мұнардан.Ел дегенде етек­жеңін тел түйіп,Біздің қыздар ту ұстаған Тұраннан, –

деп елдік пен ерлікті жоғары бағалайтын Сабыр ақын қыз да болса халқына қалқан болған, ақылды патшайымның Бопай, Хиуаз, Әлия, Мәншүк, Ләззат, Сәбира сынды қайсар қазақ қыздарының апа­сы екендігін, Тұмардай батыр қыздың ізбасар сіңлілерінің осал болуға хақы жоқ екендігін меңзейді. Сабыр өлеңдеріндегі тектілік пен тегеурін төркіні қайдан десек, бұл сауалға ақынның өзі «Мендік жырда көкбөрінің қаны бар», деп жауап береді. Демек, намыстан жаралған айбынды көкбөрінің қаны қазақы қайратпен, тектік қасиетпен, Маңғыстаудай ұлы даланың киесімен ұштасқанда, туған жыр дүлей болмағанда қайтсін?!

Сабыр Адай қазақ тарихында әрбір зобалаң­зұлматтар иіріміне қаламымен «сапар шегіп», күңірене үн қосты, жырдан ескерткіш тұрғызды.

Ту көтерген Тұраннан баба құзбын,Соның бәрін сезеді дала біздің.Ер Алашпын түссе де жасын көктен,Өртенбеген, өшпеген асыл неткен.Тамырымды көп шапты, балталады,Мұқалған жоқ сонда да нар талабы.Жүрегімде қаны бар Ер Түріктің,Тегім – бөрі, тел емген бөлтірікпін! –

деп ол іштегі қыж­қыж қайнаған пер­зенттік аңсар, азаматтық жігер мен ақын­дық қуатын, таудан аққан судай ек пінді өлеңдерін Алаш тақырыбында ақтарды.

Қос құрлықтың тербеткен ақ бесігін,Қазақ деген Халықпын – нақты есімім!..

Мен сені сүйдім қанша үнсіз қалып,Бар ма екен сендей, сірә, мінсіз халық?!Болмайды ірілікті ұсақтауға,Дайынмын күллі әлемді құшақтауға!,

деп толғанады. Бұл – бағзы қазақтың жыр­мен жазылған тағдыр­жолы болса, алдына асқақ армандар қойған бүгінгі қазақтың жыр­мұраты.

С.Адай шығармалары Алаш тақы­рыбын толғай келе, Түркі құндылығы, Қазақ хандығының құрылуы, қазақ даласы тақырыбына қарай ойысады. Бұл тұрғыда оның ішкі жай­күйі Махамбет ақынмен үндеседі, яғни жауынгер ақын Махамбет батыр мен Сабыр ақын арасында өзіндік бір үйлесім, рухани ұқсастық бар секілді. Махамбет заманына қарай жорық ақыны болса, Сабыр – бейбіт заманның рух­ты ақыны, рух жоқтаушысы. Осы өзара үндестік қабыса келе ақын бойынан

«Серттесу» атты өлең болып төгілді. «Серттесудегі» ой мен мазмұн, өлеңнің көркемдік қуаты ақынның мерейін өсіре түсті. «Серттесу» өлеңімен қазақтың, Маңғыстаудың екі бірдей азаматы ЮНЕСКО­да топ жарып, қазақты әлемге таныта түсті. Сабыр ақын ЮНЕСКО ая­сында өткен халықаралық Махамбет сыйлығының иегері атанса, маңғыстаулық белгілі жыршы Амандық Көмеков Орталық Азия жыршы­жырауларының байқауында бас бәйгені иеленді.

Желмая мініп жерұйық іздеген Асан қайғының дерті не, мақсаты қандай? Ол ертегінің еріккен кейіпкері емес, ұлт қам­қоры. Бұл идеяға да Сабыр туындысынан қаныға түсеміз. Жырлар арқылы Қор­қыттың, Асан атаның мұңына ортақтасып, Ясауи бабамыздың қасиетіне бас иеміз. Сарайшық, Түркістан жерлеріне тағзым етіп, бабакүлдіктің топырағын құшырлана иіскеп, ауасын мейірлене жұтқандай боласың.

«Сарайшық – ұлттық тарихымыздың темірқазығы, киесі, кестелі дастаны, өнеге мен өрнекке толы мұрасы. Сарайшық − ұлттық рухымыздың айбары мен айбыны, серпін берер мақтанышы. Қашанда, Құл

тілегі – құлқында, Ұл тілегі – ұлтында, ғой!.. Сарайшықты асқақтату арқылы ұмыт болған ұлы дәурен, сән­салтанатты жаны мыз бен қанымыздан қайта тауы п, оянуға мүмкіндік бар. Бізге жетпей жүргені де сол емес пе?!.» дейді ақын:

Қош енді,Қоңыр төбе, сырлы мекен,Мен байғұс мекенімді жыр ғып өтем.Жылға сай, жылым біткен,Ұлын күткен,Сарғайған Сарайшық та мұңдық екен!..

деп Сарайшықпен сырласа қоштас қан ақын:

Төгілмес төрден бекер жыр, Абылдан қалған шекер жыр.Атамыз Адай айғақтап –Қазығын қаққан мекен бұл.Әркім де елге ғашық дер,Әлдилеп әнге басып көр.Қайтейін сені, Маңғыстау –Кеудеме сыйсаң жатып көр.Баса да көрме жаңылып,Қол жайдым Хаққа жалынып.Сен сарқылсаң, Маңғыстау –Жалғанда жүрмін нағылып?!...Салт­дәстүрдіңСандығы, –Маңғыстау сенде бар үміт! –

деп туған Маңғыстауына үлкен сенім мен үмітін арқалата тыныстайды.

Қазақ тарихындағы әрбір кезеңге, қазақы құндылықтарға, ұлтты ұлт ету жолындағы айтулы бабаларға жыр арнаған Сабыр қазақ, Қазақстан, ұлт, салт­дәстүр, Маңғыстау, дін, діл, тіл, ел­жер, қоғам, бейбітшілік және руханият тақырыбын тасада қалдырған жоқ. Оның «елім» деп еңіреген жүрегінің үні, «жұртым» деген тілегі қазақ даласының әр қиырына қалқып жетіп, әрбір жүректерге қонақтады, әрбір тілге тұрақтады. Бүгінде С.Адайдың «Қазақстан − жалғыз ұлы қазақтың» және «Әр қазақ − менің жалғызым» деген жол­дары барша қазақ баласының аузында жүр.

Тағылымды сөзге еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Сіздерде Сабыр Адай деген ақын жігіт бар. Сабырдың бір өлеңі «Қазақстан − жалғыз ұлы қазақтың» деп аяқталады. Өте мағыналы сөз. Әрқайсымыздың отбасымызда ұл­қыз,

немере­шөбере өсіп келеді. Солардың қызығын көріп, балаларымыздың бақыт­ты, айналамыздың аман болуын тілеймін. Ал Қазақстан − барша қазақтың жалғыз ұлы, ортақ перзенті. Бәріміз болып тәуел­сіздігі енді тәй­тәй басып келе жатқан аман дығын тілейік. Кемеліне келуіне бар қуат­жігерімізді жұмсайық» десе, «Әр қа зақ – менің жалғызым» тіркесі заң ғар жазушы Ә.Кекілбай тарапынан «...Елі нің көсегесі көгермейінше, ешкімнің де көсегесі көгермейді. Қазақстанның көсегесі көгеру үшін әр қазақтың бағы жа­нып, әр қазақтың талабы өрге басуы шарт. «Әр қазақ – менің жалғызым».

Бұған дейін ешкімнің аузынан шыға қоймаған уәж. Тек бірі үшін бірі қуанып, бірі үшін бірі қайғыра алатын ұлттың ғана ұпайы түгел болмақ.

Сабыр Адай бұл ұлы ақиқатты ғашы­ғынан ерте айырылған Мұңлықтың за­рындай, жат жерде жүріп жабыққан бейбақтың шеріндей, бауыр еті баласына мейірленген ақпейіл әкенің ақ тілеуіндей сай­сүйегіңді сырқыратар тебіреніспен жеткізеді» деп және «... Жалпы, «Әр қазақ – менің жалғызым» деген әр шумағынан отаншылдықтың оттай ыстық махабба­ты лаулап, әр сөйлемінен әлеуметшіл жүректің дүрсілі аттай тулаған лирика кітабын арғы­бергіден сирек кездестіресіз.

Оның кейіпкері – Отан, авторы – Намыс. Жеріме сай Ел, Еліме сай Ер, Бабама сай Ұрпақ бола алып, Өкініштен қорытынды, Үміттен нәтиже шығара алсақ деген намыс» бағаланған болатын.

Сабыр Адай туралы айтқанда, Маңғыс­таудағы қасиетті Отпан тау биігінен са лынған Адай ата және «Отпан тау» тарихи­мәдени этнографиялық кешеніне соқпай кету мүмкін емес. Ол, өткенге бас иіп, тарих толқынында тоз­тоз болған ұлттық мұраларды түгендеу, дұшпанға баба сесін сездіріп, ұрпаққа ата айбарын сіңіру, тәуелсіз еліміздің бірлік, рухания т бағытындағы идеологиясына қолдау көрсету мақсатындағы шаруа. Таудың иы ғында тұрып аспанмен таласқан кешен қан шалықты асқақ болса, оның алдына қойған арман­мұраты да соншалықты биік.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2007 жылы 27 қазанда «Отпан тау» тарихи­мәдени этнографиялық кешенінің ашылу салтанатына «Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің игілігін жыл өткен сайы н молынан сезіне түсуде. Өз тағды­рымыз өз қолымызға тиіп, экономи­ка нығая бастасымен­ақ, біз «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдап, киелі жерлерімізді, батыр бабаларымызды, мәдени мұраларымызды тарих қойнауынан аршып алып, тереңінен сыр тартып, жаңғыртып, қадірлеп, қастерлеуге ден қойдық. Құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгін ашылғалы отырған «Отпан тау» тарихи­мәдени кешені де осы ел тәуелсіздігінің тікелей жемісі екені анық.

Көне де қасиетті Маңғыстауда сан­қилы сын сағаттарында ұран отын жаққан, кәрі сеңгір Отпан таудың бүгінде мәңгілік отын маздатар Тағзым биігіне айналуы жан сүйсінер жақсылық, өткенге деген құрмет, болашаққа деген жауапкершіліктің биік өнегесі дер едім. Бұл кешен түбі терең тарихымызды ұрпақтарымыздың есіне са­лып, жүректеріне имандылық нұрын сеуіп, ұлы мұраттарға үндеп тұратын болады. Ол, сондай­ақ, Маңғыстау өңіріне жолы түсетін қазақстандықтар мен шетелдік туристердің де арнайы іздеп барып тәу ететін қасиетті мекенжайына айналады деп үміттенемін», деп құттықтау хат жол­дады. Бұл ақтілеулі хат кешен жұмысының алға басуына сенімді төлқұжат болды.

Демек, Адай ата кесенесі – ұлтты ұйыстыратын, тілекті тұтастыратын, өт­кен ді танып, ертеңге жұмылған жұды­рықтай екпіндей ұмтылатын бірліктің биігі. Қиындыққа және ерлікке толы тарихымыз­ды, салт­дәстүрімізді, еш халық қайталай алмайтын өзіндік рухани мәдениетімізді ұрпақтан­ұрпаққа жалғастырудың жайы. Кешегі кезеңде Отпан басынан жалтылдаған қанқызыл от «жау шаптылаған» Үрейдің, әрі ерді ел қор ғауға шақыратын Үміттің Ұран­Оты болса, Отпанның биігіндегі бүгінгі от – бабаларға Тағзым, бүгінгіге Бірлік, ертеңге шексіздікпен ұласқан Мәңгілік­Оты болып лаулайды!

Патриоттық тақырыптағы өлеңдермен бірге, қазақтың күйлерін, әлеуметтік теңсіздік салдарынан қосыла алмай ажал құшқан ғашықтарды, халық жанына жақын барлық тақырып пен мәселені өткір жыр­лайтын Сабыр ақын шығармалары шет­елдерге шыға бастады. 2011 жылы мек­теп оқушысы С.Аманқосова Венгрияның Будапешт қаласында өткен халықаралық ғылыми жобалар сайысында «Сабыр Адай поэзиясындағы ұлттық рух және көркемдік сапа» тақырыбында 1­орынды иеленіп, нәтижесінде ҰБТ­дан босаты­лып, Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті атанды. 2016 жылы түріктің «Гүнсел Санат» әдебиет­мәдениет журна­лына бір топ өлеңдері түрік тіліне аудары­лып басылды.

Қазақтың түп­тамырын танып, ба­балар ерлігінен қуат аламын, тәлімінен тағылым аламын, бойымдағы елжандылық сезімді қанаттандырамын деген ұрпаққа Сабыр өлеңдері – тәрбие құралы, санаға ұлттық рухты сіңіретін күш, алдына биік мақсаттар қойып, «Мәңгілік Ел» болуға ұмтылған, рухани жаңғыруды болашаққа бағдар еткен біздің қандастарымыз үшін қажетті рухани сабақ. Ұлттық кодты сақтай алу үшін ұлттық мінез де керек. Сабыр ақын шығармалары – осы ұлттық мінездің мектебі.

Маңғыстау облысы

ЕсІмІ ЕЛГЕ ЕЛЕуЛІ

«Ұл тілегі – ұлтында!»

ҚазаҚтың түп-тамырын танып, бабалар ерлігінен Қуат аламын, тәлімінен тағылым аламын, бойымдағы елжандылыҚ сезімді Қанаттандырамын деген ұрпаҚҚа сабыр өлеңдері – тәрбие Құралы, санаға ұлттыҚ рухты сіңіретін күш

Page 15: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

28 сәуір 2017 жыл 15жарнама

еске алу

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 51-бабына сәйкес «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі 2017 жылғы 21 сәуірде өткізілген «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды.

Күн тәртібінің мәселелері бойынша келесі шешімдер қабылданды:1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің 2017 жылғы 21

сәуірдегі жылдық жалпы жина лысының күн тәртібі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі белгілеген редакцияда бекітілсін («Қазақстан Халық Банкі» АҚ Дирек торлар кеңесінің сырттай отырысының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 9 хаттамасы).

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жал-пы саны – 9 252 871 762. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жиналыста ұсыныл ған дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 196 859 934. «Жақтаушылар» – 8 196 859 934, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» – 0, дауыс беруге қатыспағандар – 0.

Шешім жиналыста ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акциялары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданды.

2. Тәуелсіз аудиторлардың есебін есепке алып, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың 2016 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 252 871 762. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 196 859 934. «Жақтаушылар» – 8 192 112 494, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» – 4 747 440, дауыс беруге қатыспағандар – 0.

Шешім дауыс беруге қатысып отырған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік даусы-мен қабылданды.

3. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 2016 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелері бойынша алынған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:

1) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың жай акциялары бойынша диви-дендтер есептелмесін және төленбесін;

2) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың 2016 жылғы таза табысы бөлінбесін және бөлінбеген таза табысқа жатқызылсын.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 252 871 762. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акцияларының жал пы саны – 8 196 859 934. «Жақтаушылар» – 8 196 720 014, «қарсы болғандар» – 59 760, «қалыс қал-ған дар» – 80 160, дауыс беруге қатыспағандар – 0.

Шешім дауыс беруге қатысып отырған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік даусы-мен қабылданды.

4. Акционерлердің осы жылдық жалпы жи налысының қарастыруына ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылдағы өз қызметі туралы есебі мәліметке алынсын және Директорлар кеңесінің жұмысы, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелерінің қызметтерін атқаруы жағымды деп танылсын.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 252 871 762. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 196 859 934. «Жақтаушылар» – 8 192 070 734, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» – 4 789 200, дауыс беруге қатыс пағандар – 0.

Шешім дауыс беруге қатысып отырған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік даусы-мен қабылданды.

5. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы 7 (жеті) адам мөлшерінде анықталсын.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 252 871 762. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 196 859 934. «Жақтаушылар» – 8 196 859 934, «қарсы болғандар» – 0, « қалыс қалғандар» – 0, дауыс беруге қатыспағандар – 0.

Шешім дауыс беруге қатысып отырған «Қазақ стан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік даусы-мен қабылданды.

6. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың Дирек торлар кеңесі уәкілеттіктерінің мерзімі 3 (үш) жыл деп анықталсын, бұл мерзім «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жаңа Директорлар кеңесі сайланатын акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетін сәтте өтеді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 252 871 762. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 196 859 934. «Жақтаушылар» – 8 196 859 934, «қарсы болғандар» – 0, « қалыс қалған-дар» – 0, дауыс беруге қатыспағандар – 0.

Шешім дауыс беруге қатысып отырған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік даусы-мен қабылданды.

7. Мына тұлғалар: тәуелсіз директорлар ретінде Александр Сергеевич Павлов, Анвар Галимуллаевич Сайденов, Арман Галиаскарович Дунаев, Кристоф Рёль және Фрэнк Кайларс, «Холдинговая группа «АЛМЭКС» АҚ-тың өкілі ретінде Мажит Тулеубекович Есенбаев, Умут Болатхановна Шаяхметова «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері етіп сайлансын.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы

саны – 9 252 871 762. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысу үшін тіркелген акционерлердің жалпы дауыстар саны – 8 196 859 934. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысу үшін тіркелген акционерлердің кумулятивтік дауыс беру үшін жалпы дауыстар саны – 57 378 019 538.

Кумулятивтік дауыс беру нәтижелері: Арман Галиаскарович Дунаев – 8 229 119 285 кумулятивтік дауыс, Мажит Тулеубекович Есенбаев– 8 148 204 115 кумулятивтік дауыс, Кристоф Рёль (Christof Ruehl) – 8 196 601 153 ку мулятивтік дауыс, Александр Сергеевич Павлов – 8 229 479 925 кумулятивтік дауыс, Анвар Галимуллаевич Сайденов – 8 229 145 655 кумулятивтік дауыс, Фрэнк Кайларс (Franciscus Cornelis Wilhelmus (Frank) Kuijlaars) – 8 196 599 953 кумулятивтік дауыс, Умут Болатхановна Шаяхметова – 8 148 645 775 кумулятивтік дауыс.

8. Акционерлердің осы жылдық жалпы жиналысының қарауына ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат мәліметке алынсын.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 252 871 762. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 196 859 934. «Жақтаушылар» – 8 182 870 305, «қарсы болғандар» – 13 929 869, «қалыс қалғандар» – 59 760, дауыс беруге қатыспағандар – 0.

Шешім дауыс беруге қатысып отырған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік даусы-мен қабылданды.

9. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар акцио нерлердің осы жылдық жалпы жиналысының қарауына ұсынылған редакцияда бекітілсін.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қол қою бойынша өкілеттік «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың Корпоративтік хатшысы Игорь Михайлович Ляшенкоға берілсін.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 252 871 762. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 196 859 934. «Жақтаушылар» – 8 196 857 534, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қал ғандар» – 2 400, дауыс беруге қатыспағандар – 0.

Шешім дауыс беруге қатысып отырған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік даусы-мен қабылданды.

10. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Кор поративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар акционерлердің осы жылдық жалпы жиналысының қарауына ұсынылған редакцияда бекітілсін.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 252 871 762. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акцияларының жал-пы саны – 8 196 859 934. «Жақтаушылар» – 8 196 859 934, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» – 0, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы санынан дауыс беруге қатыспағандар – 1 056 011 828.

Шешім «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағына және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жарғысының 26-бабы 2-тармағына сәйкес «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы санынан алғанда, дауыс берудің білікті басымдылығымен қабылданды.

11. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережесіне өзгерістер мен толықтырулар акционерлердің осы жылдық жалпы жиналысының қарауына ұсынылған редакцияда бекітілсін.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 252 871 762. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акция ларының жалпы саны – 8 196 859 934. «Жақтаушылар» – 8 196 859 934, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалған-дар» – 0, дауыс беруге қатыспағандар – 0.

Шешім дауыс беруге қатысып отырған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік даусы-мен қабылданды.

12. Акционерлердің осы жылдық жалпы жиналысының қарауына ұсынылған «Қазақ стан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініш-шағымдарды және оларды қарастырудың қорытындылары туралы ақпарат назарға алынсын.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 252 871 762. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 196 859 934. «Жақтаушылар» – 8 196 852 774, «қарсы болғандар» – 7 160, «қалыс қалғандар» – 0, дауыс беруге қатыспағандар – 0.

Шешім дауыс беруге қатысып отырған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік даусы-мен қабылданды.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚДиректорлар кеңесі

ХАБАРЛАМА

«АтМӨЗ» ЖШС 2017 жылдың 12 мамырында сағат 12.00-де Атырау қаласы, З.Қабдолов көшесі, 1 мекенжайындағы «АтМӨЗ» ЖШС-нің орталық әкімшілік ғимаратында (мәжіліс залында) болатын ашық ке-зектен тыс жалпы қатысушылар жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселенің енгізілгені туралы хабарлайды.

Күн тәртібі:1. «АтМӨЗ» ЖШС Басқармасының кейбір мүшелерін сайлау туралы.

«АтМӨЗ» ЖШС Басқармасы

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына кепілдегі мүлікке

сауда-саттық жариялайды:

Лот №1 – «Айнұр» автожанармайқұю стансасы, жалпы алаңы 46,40 ш.м., аталған объектімен аумақтық және функционалды байланысты, жер телімінің жалпы алаңы 0,03630 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі: 12-194-001-189) және жабдығымен бірге (сыйымдылық 25м3 – 4 бірлік, құбырғы – 3 дана), орналасқан мекенжайы: Қостанай об-лысы, Лисаков қ., Тобыл к-сі.

Бастапқы баға – 15 114 750 теңге, сауда-саттық әдісі – ағылшын. Сауда-саттық 11.05.2017 ж. сағат 10.00-де мына мекенжайда

өткізіледі: Қостанай облысы, Лисаков қ., 3-ш/а., 20А-үй.Бастапқы бағаның 3% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық

Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер үшін қажетті құжаттардың тізімін алуға сенім білдірілген тұлғаға хабарласу керек.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер 2017 жылғы 10 мамырда сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Сауда-саттыққа қатысуға барлық өтінімдер мына мекенжайда қабылданады: Қостанай қ., Таран к-сі, 146, 408-бөлме.

Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тәсілімен енгізуі қажет.

Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Бұхарбаев Болат Болаттайұлы, Қостанай қ., Таран к-сі, 146, шот KZ676010011286000142, БСН 940140000385.

Сауда-саттық өткізу мәселесі бойынша анықтама алу телефонда ры: 8 (7142) 59-33-85, ішкі 8383, 8 (727) 330 16 80, 8 (727) 330 17 57, 8 (727) 330 17 83.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы «Материалдық-техникалық қамтамасыз

ету басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК директоры лауазымының бос

орнына конкурс жариялайды

«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК мына мекенжайда орналасқан: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 4-үй, анықтама телефоны (7172) 74-60-69. Кәсіпорынның негізгі қызметі – Қазақстан Республикасы Парламенті әкімшілік ғимараттары мен қызметтік үйлерін пайдалану, сондай-ақ жабдықтау функ-цияларын орындау, қоғамдық тамақтану саласында қызметтер ұсыну, құжаттарды тираждау және баспа өнімдерін дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:● білімі жоғары инженерлік-техникалық;● мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорынның бейініне

сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;● әкімшілік ғимараттар кешенінің тіршілігін қамтамасыз ету сала-

сында ұйымдастырушылық жұмыстары тәжірибесінің болуы; ● тиісті мамандану салаларында қатынастарды реттейтін Қазақстан

Республикасы нормативтік-құқықтық актілерін білу.Әңгімелесуге рұқсат алған кандидаттар, конкурс жариялаған

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында, құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бас тап сағат 10.00-ден 17.30-ға дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі: 1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш 2. Кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы 3. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме 4. Еркін түрде жазылған өмірбаяны 5. Білімі және еңбек өтілі туралы нотариалды бекітілген құжаттар

көшірмесі 6. Нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама 7. Қазақстан азаматтығының жеке куәлігіКонкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау және

конкурс мына мекенжайда өтеді: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс, А314-кабинет. Анықтама телефоны (7172) 74-74-68, тел/факс 74-74-27.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ(Қазақстан Республикасы, А26М3К5, Алматы қ.,

Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 40)

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының Төралқасы белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі

Оразалы Сәтімбекұлы БАЛАБЕКОВТІҢөмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық моделдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымы көрнекті ғалым, КСРО құрметті химигі, ҚР Ұлттық академиясының академигі

Оразалы Сәтімбекұлы БАЛАБЕКОВТІҢқайтыс болуына байланысты марқұмның зайыбы Нұржамалға және туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық моделдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымы ҚР БҒМ ҒК «Микробиология және виру-сология институты» РМК бас директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор Аманкелді Құрбанұлы Садановқа анасы

Тойған САДАНОВАНЫҢ дүниеден озуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының ұжымы «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Мыңжасарұлы Әдікеновке ағасы

НАУҚЫМБАЙДЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып шын ниет-тен көңіл айтады.

«Ақбақай кен-металлургия комбинаты» АҚ Директорлар кеңесі (бұдан әрі – қоғам), мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жам был облы-сы, Мойынқұм ауданы, Ақбақай кенті, Қуанышбаев к-сі, 1, акционерлердің жылдық жалпы жи налысын 29.05.2017 ж. сағат 11.00-де мына мекенжайда шақыру туралы хабарлайды: Жам был облысы, Мойынқұм ауданы, Ақбақай кенті, Қуанышбаев к-сі, 1.

Қоғам акционерлерін тіркеу 29.05.2017 ж. сағат 10.00-де басталады. Кворум болмауы жағдайында, жиналысты қайталап өткізу күні – 30.05.2017 ж. сағат 11.00-де сол мекенжайда.

Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімін жасау күні 26.05.2017 ж.

Күн тәртібі:1. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;2. Қоғамның 2016 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту; 3. 2016 жылғы таза табысты бөлу тәртібін бекіту. Акциялар бойынша

дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту.

Акционерлер және олардың өкілдері күн тәртібіндегі материалдармен мына мекенжайда таныса алады: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ақбақай кенті, Қуанышбаев к-сі, 1. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз немес сенімхат болуы тиіс

Алла аз ғана ғұмыр бер-се, арамыздағы ардақты аза-матымыз Идрисов Мұратбек Қамбарұлы бүгінде 70-ке то-лар еді. Сөз жоқ, той жасалып, Мұратбек Қамбарұлының өмір жолын ұрпаққа үлгі қылып, мерейін асырып, абыройын асқақтатар еді. Өлшеулі өмір сол мерейлі мерекесіне жеткізбей алып кетті.

1948 жылы 24 ақпанда Қарағанды облысы, Жезді ауда-ны, Қарсақпай кентінде дүниеге келген Мұратбек Қамбарұлы әкеден 12 жасында қалады. Жетімдік көрсетпей, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шо-қыттырмай Мұратбекті ана-сы тәрбиелейді. Жетімдік пен қиындықтың ащы дәмін бұ-ғанасы бекіп, қабырғасы қатпай татқан бозбала жастайынан зе-рек, алғыр болып өседі.

Отан алдында борышын адал атқарып әскерден келген-нен кейін, милицияға жұ-мысқа қабылданады. Қыз мет қылып жүрсе де, оқудан қол үзбейді. 1978 жылы Алтын-сарин атындағы Арқалық пе дагогикалық институтын ма тематика мамандығы бо-йын ша, 2002 жылы Қазақ құ-қық тану және халықаралық қатынастар институтын құқық-тану мамандығы бойынша сырт тай бітіреді. Тағдыры қай

салаға бұрылады, сол саланың маманы болу үшін үнемі білімін же тілдіріп отырғаны бүгінгінің ұр пағы үшін үлгілі іс екені дау-сыз.

Мұратбек Қамбарұлы 1990 жылдан Торғай облысының экология және биоресурстар бас қармасында бөлім басшысы, орынбасар және бірінші орынба-сар, кейіннен Алматы қаласында Экология және биоресурстар министрлігінде кадр бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды. 30 жылдан астам еліне, халқына адал мемлекеттік қызметкер болды. Қызметіне адал, жүк-теген тапсырманы мүлтіксіз орындауының нәтижесінде

ұжымда беделді, халық алдын-да абыройлы бола білді.

Ол көзі ашық, көкірегі ояу, зердесі тұнық азамат та-рихты жақсы көрді. Содан бо-лар, сәулелі ғұмырының соңғы жыл дарын мұрағат саласы-на жұмсады. Алматы қаласы Мұ рағаттар және құжаттама басқармасы бастығының орын-басары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат ми-нистрлігі Ақпараттар және мұ-рағат комитеті Археография және деректану орталығы дирек-торының кеңесшісі, Қазақ стан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын сақтауды қамтамасыз ету қызметінің басшысы, бас директорының кеңесшісі болып қызмет етті.

Павел Шишига, Петр Ос-тровский, Николай Баев, Се рік-бек Дәукеев, Алтыншаш Жа-ғанова, Өмірзақ Озғанбаевтай ұлағатты тұлғалардан тәлім алып, олардың қарамағында қызмет атқарды.

Мұратбек Қамбарұлы Мәң-гілік елдің өлшеусіз мұрасын қайта жаңғырту үшін алыс жақын шетел мұрағаттарымен халықаралық келісімдер аясында әріптестік туралы қан шама келіссөздер мен мемо рандумдардың іске асуы-на атсалысты. Қазақстан тари-хына қатысты құжаттарды та-буда бірлесе жұмыс істеу үшін

ғылыми-зерттеу институттары-мен, орталықтармен, жоғары оқу орындарымен әріптестік орнат-ты. Мұрағат саласындағы еңбегі жоғары бағаланып, 2011 жылы Мәскеу қаласында басылған «Лучшие люди» үлкен ТМД елдерінің энциклопедиясына енді. Ұзақ жылғы еселі еңбегі лайықты бағаланып, мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен мара-патталады.

Ағамыз анасын алақанында аялап өтіп, 59 жасына дейін анасының ақ батасын алған ұлағатты ұл. Сонымен қатар, елге танымал мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген қайраткер, Сариева Рысты Халесқызына өмірлік серік бола білген адал жар, Әселдей білімді, парасатты, саналы перзентін шексіз сүйген қамқор әке еді.

Жаны жайсаң ағамыздың ашық-жарқын мінезі, тектілік тұнған тұлғасы әрдайым жү-регімізде сақталады.

Ардақты ағамыздың орны пейіштен болып, жаны жәннатта тербелсін!

Еске алушылар: туыстары, достары, әріптестері

Жарқын бейнесі әрдайым жадымызда

Page 16: E-mail: info@egemen.kz 28 С˛УІР, Ж˘МА 2017 ... · Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс

16 28 сәуір 2017 жыл

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақ халқы үшін ғана емес, Азияда орналасқан 30-ға жуық мемлекет үшін жылдың бас мейрамы болып та-былатын Наурыз мейрамын әбден жер кеуіп, табиғат толықтай жаңарып, көктем шуағы молынан төгілген сәуірге дейін тойлаудың еш артықтығы жоқ, әcілінде. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

дидар

––––––––––––––––––––Жақында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жүріп жатқан «Астана көктемі» атты мерекелік онкүндігінің аясында республикалық студент ақындардың ай-тысы өтті. Оған еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын ең таңдаулы жас айтыскерлер қатысты. ––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––Жуырда Тахауи Ахтанов атын-дағы Ақтөбе облыстық драма театрының ұйымдастыруымен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде Қазақстан драма театрларының ІІ рес-публикалық «Балауса» экспе-риментальды қойылымдар фес-тивалі өтті. –––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторАмантай ШӘРІП

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторларыҒалым ОМАРХАН, Жолдыбай БАЗАР

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (701) 3757434;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ШЕНдЕСТІрУ

Қазақ – қашанда қазақ!

Қазаққа ісмерліктің қиыны жоқ,Киізден жасамаған бұйымы жоқ.Аяққап, қоржын, дорба – бәрі жүннен,Бұйырған берекенің түйіні боп.

Ши буған қамыстың көк құрағынан, Құрақтың әр талынан ұғады мән.Шабақтап шиге жүнді киіз басса, Пайдалы өнер бар ма, сірә, бұдан?!

Қорғанбек АМАНЖОЛ,«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ауыр атлетикаТүрікменстан астанасы Ашха­

бадта ауыр атлетикадан Азия чем­пионаты өтіп жатыр. Бүгінге дейін төрт зілтеміршіміз өнер көрсетті. Үш күннің қорытындысы бойын­ша, Қазақстан Ұлттық құра­масының қоржынында бір алтын медаль бар. Жалғыз жүлденің иегері – 69 кило сал мақта сынға түскен Альберт Линдер.

Енді жарыс тұғырына тағы үш қазақстандық спортшы шығады.

Азия чемпионаты 30 сәуір күні аяқталады.

ХоккейХоккейден Қазақстан Ұлттық

құрамасы Киевте өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші дивизион командалары арасындағы дода­сына қатысуда. Хоккейшілеріміз осыған дейін мұз айдында төрт кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетіп, бір рет ұтылып қалды. Төрт ойын қорытындысы бойынша,

жерлестеріміз сегіз ұпаймен өз тобында екінші орында келеді. Топ тағы соңғы ойынды Қазақстан құр амасы бүгін Венгрия хоккей­шілерімен өткізеді.

Айта кетейік, әлем чемпио­натының элиталық дивизионына өз тобында бірінші және екінші орын алған командалар ғана шы­ғады.

ФутболҚазақстан Футбол федерация­

сы Шымкенттің «Ордабасы» клу­бына өз алаңында ойын өткізуге шектеу қойды. ҚФФ өкілдерінің

айтуынша, Қажымұқан Мұңайт­пасов атындағы орталық стадион­ның жарығы ФИФА талаптарына сай келмейді.

Еске салсақ, Қазақстан Фут­бол федерациясы осыған дейін «Атырау» және «Ақтөбе» клубта­рына да өз алаңында ойын өткізуге шектеу қойған болатын.

БоксГеннадий Головкиннің мау­

сым айында жекпе­жек өткіз­бейтіні белгілі болды. Бұл ту­ралы боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді. Оның

айтуынша, Джейкобсқа қарсы жек­пе­жектен кейін Головкин үшін британдық боксшы Сондерспен кездесу өткізуге уақыт тым аздық етеді. Сондықтан, ол жекпе­жек­тен Головкиннің командасы бас тартқан.

Леффлер 6 мамырда өтетін Альварес («Канело») – Чавес кездесуінің жеңімпазы Голов­киннің келесі қарсыласы болуы ықтимал екенін айтады.

Әзірлеген Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан»

Айтыстың өнерге талпынған бала қанатын қатайтатын, бұлақ көзін ашатын тәрбиелік жағына Қостанай облысында жасалған игі шаралар дәлел. Тобыл­Торғай өңірінде мек­теп оқушыларының «Жас тұлпар» облыстық айтысы биыл 25­ші рет өтті. Ол алғаш рет 1992 жылы Науырзым ауданында басталған бо­латын. Айтыс десе, делебесі қозатын көрермендер ақындарды баласынған жоқ, аудандық мәдениет үйінің аузы­мұрнынан шығып отырған еді. Бір қызығы, алғашқы айтыста қазылар алқасына төрағалық ет­кен белгілі сатирик жазушы Ғұмар Ахметчин 25 жыл бойы осы міндетті сүйіспеншілікпен атқарып келеді. Ол Меңдіғарада өткен 25­ші айтыстың да қазылар алқасын басқарды.

− Алғашқы айтыста бас

жүлдені алған Салтанат Өтелбаева 7­сыныпта оқитын, ол қазір об­лыстық, республикалық айтыс­тарға қатысып жүрген танымал ақын, мәдениет саласындағы білдей маман. Үшінші орынды 5­сыныпта оқитын Қыдырбек Қиысқан деген шынашақтай қара балаға беріп, қолына ве­лосипед ұстатып едім. Енді сол Қыдырбек өзіммен бірге қазылар алқасында отыр, тама­ша термеші, әнші, республикаға белгілі журналист. Онан да қы­зығын айтайы н, «Жас тұлпар» айтысының бірінде үшінші орын­ды тілі мірдің оғындай қалақтай ғана қара балаға берген едік, енді сол Ерлан Қалмақов өткен жыл­дан бастап, облыстық мәдениет басқармасының тізгінін қолына алды. Өзі жақсы жазба ақын. 25­ші айтысқа Ерланның өзі келіп, мектеп оқушыларының айтысын

дамытуға үлес қосқанымды айтып, облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Дауымова мен мәдениет басқармасының бас­шысы ретінде өзі қол қойған Алғыс хатты тапсырды. Айтыста қанатын ұштаған балалардың осы­лай өскеніне еңбегім далаға кетпе­ген екен деп, төбем көкке жеткен­дей болды, − деп ағынан жарылды Ғұмар Ғарифұлы.

− Айтысқа жатпай­тұрмай дайын далатынбыз, өз імізді кәдімгі ақын сезінетін едік. Мен сол айтыста Сәния деген қызға: «Ержетіп, аттың жалын тартқан кезде, Ауылыңа әдейі іздеп барып қайтам» дегенім есімде. Зал қол шапалақтап, дуылдап кетті, – деп есіне алады Қыдырбек Қиысқан.

Меңдіғарада өткен 25­ші айтысқа облыстың әр шалғайынан 16 оқушы қатысты. Тәуелсіздік алардан бұрын қазақтың саны

2 пайыз ғана деп есептелетін Рудный қаласында қазір бірнеше қазақ мектебі бар. Айтысқа жыл сайын ақынын шығаратын да Рудный қаласы. Баяғыда қазақ тілінің иісі шықпай, тым­тырыс жататын Денисов, Қарасу, Сары­көл аудандары да биыл бір­бір ақынын үкілеп жіберіпті. Күні бойы көрерменін балапан жыр мен желпінткен айтыста қазылар алқасы бас жүлдеге меңдіғаралық оқушы Дінмұхамед

Құсайыновты лайық көрді. Одан кейінгі жүлделерді қанжылаған оқушылар мен талай шәкіртті өнерге баулыған белгілі айтыс­кер ақын Бүркіт Бекетов үздік тәлімгер ретінде марапатталды.

Тілі орысшаға бұра тарта беретін Қостанайдың қазақы­лануына киелі өнердің де үлесі жоқ деп кім айтар енді?

Қостанай облысы,Меңдіғара ауданы

Рауан ҚАЙДАР,«Егемен Қазақстан»

Сөз сайысына «Айтыс ақын­дары мен жыршы­термешілер одағының» басқарма төрағасы Жүрсін Ерман төрағалық етіп, фи­лология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Әлтай, белгілі айтыскер ақын Дәулеткерей Кәп­ұлы, ақын Қалқаман Сарин, кәсіп­кер Оралбек Ботбай қазылық жа­сады. Айтысты ұйымдастырып, жүр гізген – айтыскер ақын, ЕҰУ қа зақ әдебиеті кафедрасының до­центі Серікзат Дүйсенғазы. Ұй ым ­дастыру жұмыстарын үйлес тірген университеттің Әлеу ме т тік және азаматтық даму де пар та менті екенін де айта кетсек дейміз.

Төрт сағатқа созылған жыр жарысындағы жүйріктердің аяқ алысы да әртүрлі болды. Кө сіліп шапқандары да, тосы­лып жатқандары да кездесті. Дегенмен, елге енді көрініп келе жатқан жастардың қарым­қабілеті алысқа жетеріне осы айтыстың көшін отыз жылға жуық сүйреп келе жатқан Жүрсін Ерман сенім білдірді.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық санамызды ояту мәселесі көтерілсе, соның бір жарқын мысалын біздің қанымызға сіңген айтысымыздан айқын аңғаруға болады. Айтысқа құмартатын, қазақ тілінің дәмін талғайтын балалардың қаулап өсіп келе жатқаны қуантады», деді ол.

Аламан айтыстың қоры­тындысы бойынша бас бәй гені Қ.Жұбанов атындағы Ақтө бе өңірлік мемлекеттік универ си­тетінің студенті Әлихан Жақ сы­лық жеңіп алды. Бірінші орын ЕҰУ­дің студенті Нұрғанат Қайратқа бұйырса, екінші орын­ды Қызылордадағы «Болашақ» университетінің студенті Бегжан Ержігіт пен Қазақ гуманитарлық заң университетінің магистранты Данияр Алдаберген өзара бөлісті. Ал жүлделі үшінші орынға Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Аруна Керімбек пен Тәт­тімбет атындағы Өнер колледжінің студенті Нұрмұxамед Байсүгіров лайық деп танылды.

Бәйгеге қатысқан ақындардың бар лы ғына да Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Осынау мәдени шараға С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театрының труп­пасы да тыңғылықты дайындықпен ба­рып, «Қасірет» психолологиялық дра­масын сахналады. Қойылымды қазылар алқасы жоғары бағалап, «Ең үздік режиссерлік шешім» аталымына лайық деп тапты. Аталмыш спектакльдің пре­мьерасын қызылжарлық көрермендер өте жылы қабылдаған еді. Енді міне, ба­

тыс өңірінде де ыстық ықыласқа, жылы ілтипатқа бөленді.

Жас режиссер Фархад Молдағали белгілі жазушы Рахымжан Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» туын­дысының желісімен сахналаған спек­такльдің негізгі идеясы – жастарды ғасырдың басты індетінен жирендіру, оның әр отбасына әкелетін қасірет­қайғысын ұғындыру. Көрерменді ой­ландыратын қойылымда уақыт кеңістігі, кейіпкерлердің мінез ерекшелігі, шығармадағы мәтін мен сахнадағы іс­әрекет әдемі үйлесім тапқан.

17 жылдық тарихы бар жас театрдың тың жетістіктері бұған дейін де халық­аралық деңгейде атап өтілген болатын. Жеңісті жолдар жалғасы тоқталмақ емес.

Балжан БЕКМАҒАМБЕТОВА,С.Мұқанов атындағы қазақ

музыкалық драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Солтүстік Қазақстан облысы

Жеңісті жолдар жалғасы

өНЕр мираС

мЕрЕй

СпорТ

Жас ақындар жарқылы

Талаптың мініп тұлпарын

Жарыстар күнделігі

Мира БАЙБЕК,«Егемен Қазақстан»

Ұлттық кітапхана ұжымы күні кеше Наурыз мейра­мын атап өтті. Арнайы іс­шараға еліміздің зиялы қауым өкілдерімен қатар, Кувейт елінен келген делегация, International Women’s Group ұйымының қадірлі қонақ­тары, араб елінің табысты әрі іскер әйелдері қатысты. Қадірлі қонақтар арасын­да «SOS балалар қалашы­ғымен» меморандумға қол қою және Қазақстанмен қарым­қатынасты нығайтуды мақсат тұтып келген Help4Love қайы­рымдылық қорының прези­денті, араб елдерінде қайы­рымдылық жұмыстарымен

танымал болған Кувейт тума­сы, «Ізгі ниет елшісі» атанған доктор Ахмад әл­Маскати де болды.

Алыстан ат арытып кел­ген кувейттік меймандар Н.Дәулетова атындағы зал­да арнайы ұйымдастырылған көрмеден кітапхана қорында сақтаулы тұрған көне Құран кітаптарды, араб тіліндегі қолжазба мұраларды көріп, кітапхана ұжымына риза­шы лықтарын білдіріп, қазақ еліне деген риясыз алғыстарын жеткізді.

Кувейттен келген деле­гация кеңесшісі Наржес әл­Юсефи тілшілерге берген сұхбатында: «Бізді қазақ­стандықтар ас қан қо нақ­жай лылықпен қа р сы алды.

Алматы қаласының сұлу табиғатына қатты қызықтық. Ұлттық кітапханада өтіп жатқан Нау рыз мейрамы­нан қазақ хал қының салт­дәстүрімен, ұлттық тағам­дарымен танысып шықтық. Алдағы уақытта да Қазақстан мәдениетімен, өркениетімен жақын таныссақ, қазақ елінің әлемге танылуына біз де үлес қоса жүрсек дейміз. Себебі, Қазақстан сияқты өте көркем, қонақжай елді, оның сұлу табиғатын бүкіл әлем білуі, көруі тиіс деп ойлаймын. Келешекте әйел кәсіпкерлердің қауымдастықтарымен ынты­мақтастық орнатуға тырыса­мыз. Мамыр айында Кувейтте өтетін Халықаралық ұлттық киімдер көрмесінен Қазақстан делегациясын да көргіміз ке­леді», деді.

Жастары алтыбақан теуіп, ән айтып, би билеп, қыз ұзату, беташар, ақындар айтысы сын­ды ұлттық салт­дәстүрімізді көрсете білген Ұлттық кі­тап хана ұжымы шетелдік

қо нақтарға арнап киіз үйлер тігіп, наурыз­көжемен қа тар, көптеген ұлттық тағам түр­лерін де ұсынуды ұмыт пады.

Қазақстанның халық жа­зушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өз сөзінде қызыл империяның саяси құрбанына айналған мәдени мұрамыз – Наурыз мерекесінің 70 жылдан кейін халықпен қайта қауышуына қатысты өз естеліктерімен бөлісті.

Шетелдіктерге қазақ хал­қының мәдениетін, салт­дәстүрін таныстыру мақ са­тында Ұлттық кітап ханада аталып өткен Ұлыстың ұлы күнінде Марат Омаров, Ай­жан Нұрмағамбетова, Алма Аман жолова , Ша хизада , Бе рікбол, Ардақ Иса таева, Айбек Мұ хаметалиев сияқты эстрада жұлдыздары ән айт­са, балалар би топтары өз өнерлерін ортаға салып, қо­нақтардың ризашылығына бөленді.

АЛМАТЫ

Кувейттіктер ұлттың салт-дәстүрімен танысты

«Егемен Қазақстан» газетінің келесі нөмірі 2 мамыр, сейсенбі күні шығады