asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің...

51
К І Р І С П Е Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда бұл үрдіс адамзат өркениеті дамуының қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Осы үрдістің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда. Қазіргі кезде білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. [1] Ақпараттық технологияны меңгеру саласында біраз ғылыми зерттеулер орындалған. Оларда болашақ мамандарды практикалық іс-әрекеттерде ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалануға даярлау (Г.С.Базарбаева, Б.Т.Барсай, Ж.Ж.Жанабаев, В.В.Егоров, М.С.Мәлібекова, А.К.Мыңбаева, О.Ү.Мұсабеков, Қ.А.Сарбасова, Г.О.Тәжіғұлова, А.З.Тұрсынбаев және т.б.), іс-әрекетін дамыту, болашақ мамандардың ақпараттық және зерттеу

Transcript of asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің...

Page 1: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

К І Р І С П Е

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда бұл үрдіс адамзат өркениеті дамуының қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Осы үрдістің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда.

Қазіргі кезде білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. [1]

Ақпараттық технологияны меңгеру саласында біраз ғылыми зерттеулер орындалған. Оларда болашақ мамандарды практикалық іс-әрекеттерде ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалануға даярлау (Г.С.Базарбаева, Б.Т.Барсай, Ж.Ж.Жанабаев, В.В.Егоров, М.С.Мәлібекова, А.К.Мыңбаева, О.Ү.Мұсабеков, Қ.А.Сарбасова, Г.О.Тәжіғұлова, А.З.Тұрсынбаев және т.б.), іс-әрекетін дамыту, болашақ мамандардың ақпараттық және зерттеу мәдениетін қалыптастыру (Р.Ч.Бектұрғанова, Г.Г.Воробьев, С.Н.Лактионова, М.С.Мәлібекова, О.С.Сыздықов, А.Нұғысова, С.Маусымбаев және т.б.), мұғалімнің ақпараттық-әдістемелік іскерліктері мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру (С.Н.Лактионова, Л.Ю.Малай және т.б.), мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру (С.Р.Доманова, Е.Н.Пасхин және т.б.), компьютерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру (В.М.Блинов, Н.Н.Диканская және т.б.) және т.б. қарастырылады.

Компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән берген Ж.А.Қараевтың (оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру), А.Ә.Шәріпбаевтың (компьютердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу), С.М.Кеңесбаевтың (болашақ мұғалімдердің ақпараттық технологияны пайдалана білу проблемалары), М.Ф.Баймұхамедованың (компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың модельдері), Ж.Ж.Жаңабаевтың (ақпараттық технологиялардың даму

Page 2: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

жағдайында мамандардың инженерлік-сызба даярлығын жетілдіру) еңбектерінің кейбір бағыттары аса қызығушылық танытады.

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатып, өндірісті автоматтандыру мен күшейтудің, жоспарлау мен басқаруды жетілдірудің аса маңызды факторының бірі болып компьютерлік технологияны пайдалану саналады. Қазақстанда жүріп жатқан өзгерістер білім беру жүйесінің алдына оқушылардың болашақтағы кәсіби іс-әрекеттерінде компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы даярлығын жетілдіру міндетін қойып отыр.

Жаңа заман мамандары меңгеруді қажет ететін білім, іскерлік, дағдының да аясы үздіксіз кеңейіп, мазмұны толықтырылуда. Бұл кәсіптік және құзырлылық деңгейі жоғары, өндірістің қарқынды даму жағдайына тез бейімделе білетін, кездескен проблеманың шешімін өздігінен дербес жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру қажеттілігінен туындайды.

Жаңа ғасырға білімді адам болып компьютерлік технологияны жетік меңгергенде ғана енуге болады. Өйткені халықтың іс-әрекеті барған сайын олардың ақпараттануына, компьютердің және телекоммуникацияның көмегімен алған ақпараттарын тиімді өңдеу қабілетіне байланысты. Бұл орта білім беру жүйесінің алдына оқушылардың компьютерлік технологияны практикалық әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру міндетін қояды. [2]

Дипломдық жұмыстың мақсаты – оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың теориялық негіздерін айқындау және осы даярлықты ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыру. Интерактивті оқу құралдарын жетік меңгеріп, пайдалану үрдісін үйрету.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:1. Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлаудың әдіснамалық

тәсілдерін негіздеу және тұжырымдау.2. Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлау мазмұнын анықтау

және оқу-әдістемелік кешенін жасау.3. Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлау әдістемесін жасау

және оны тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы – егер, интерактивті оқу

құралын пайдалануға даярлаудың әдістемелік тәсілдері айқындалып, тұжырымдамасы жасалса, оларды практикада жүзеге асырудың мазмұны негізделіп, арнайы әдістемемен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыздандырылса, онда оқушылардың компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануынан білім, іскерлік, дағдысы қалыптасады.

Жетекші идея: интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлау кәсіптік және құзырлылық деңгейі жоғары, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруда септігін тигізеді.

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері: біртұтас педагогикалық үрдіс теориясы.

Page 3: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

Дипломдық жұмыстың көздері: дипломдық жұмыстың проблемасы бойынша педагогтардың еңбектері; Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми материалдары, Білім және ғылым министрлігінің орта білім беру мәселелері туралы нормативті құжаттары мен оқу кешендері (тұжырымдамалар, стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар және т.б.); педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар. [1, 2, 3, 4, 17, 21]

Дипломдық жұмыстың әдістері: дипломдық жұмыстың проблемасына қатысты әдебиеттерге теориялық талдау, орта білім беру жүйесінің оқу-әдістемелік құжаттарымен танысу, озық тәжірибелерді зерделеу, тест, әңгімелесу, практикалық тапсырма, дипломдық жұмыстың нәтижелерін қорытындылау.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:1. Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлаудың әдіснамалық

тәсілдері негізделді.2. Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлау мазмұны анықталды

және оқу-әдістемелік кешен жасалды.3. Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлау әдістемесі жасалды

және оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жүзінде дәлелденді.Дипломдық жұмыстың практикалық мәні. Оқу-тәрбие үрдісіне:

«Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлау тұжырымдамасы»; оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде

пайдалануға даярлаудың әдістемелік жүйесі; «Компьютерлік технологияның орта білім беру жүйесіндегі мәні», компьютерлік тапсырмалар, тест тапсырмалары, әдістемелік нұсқаулар

ендірілді.Дипломдық жұмыстың нәтижелерін жоғары және арнайы оқу

орындарында, орта білім беру орындарында, мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың базасы: дипломдық жұмыстың практикалық бөлімі: 1) «Интерактивті тақтамен жұмыс істеу тәсілдері» атты оқыту курсы Н.Ақшабаев атындағы орта мектепте; 2) тексеруді ақпараттық технология негізінде өткізу жөніндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс №36 орта мектебінде орындалып, нәтижелері оқу үрдісіне енгізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш теориялық және практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, көздері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық, практикалық мәні туралы ақпарат беріледі.

«Білім беруді ақпараттандыру үрдісі» атты бірінші бөлімде қазіргі қоғамды ақпараттандыру, білім беру үрдісін ақпараттандыру, орта білім беру жүйесін ақпараттандыру және оның мақсаты жайында баяндалады.

Page 4: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

Ақпараттық қоғамның негізгі талаптары, ақпараттық бірлікті қалыптастыру қарастырылады. Сонымен қатар, білім берудегі технологиялардың қазіргі білім беру жүйесіндегі мәні, технологиялық білім жайлы мағлұматтар беріледі.

«Информатика пәні бойынша интерактивті оқу құралын жасау технологиясы» атты екінші бөлімде интерактивті тақтамен оқытудың алғашқы бастамалары, «Активті экран» кешені, интерактивті тақтамен жұмыс, интерактивті тақтаның ерекшеліктері жайлы, интерактивті құралдардың түрлері, оларды қолдану, мүмкіншіліктері туралы толық мағлұмат беріледі. Мұнда оқушыларды компьютерлік технологияны пайдалануға даярлаудың мазмұны, өзіндік ерекшеліктері сипатталып, оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлауды қамтамасыздандыратын кешеннің мазмұны қарастырылады.

«Информатика пәнін оқытудағы интерактивті тәсілдер» атты үшінші бөлімде оқыту үрдісінде интерактивті экранды қолдану әдістемесі, интерактивті оқыту әдістемесі, интерактивті оқыту әдістерін қолдану, интерактивтік технология, қашықтан оқытуда интерактивтік сабақтарды ұйымдастыру жайлы айтылады. Мұнда оқушыларды компьютерлік технологияны пайдалануға даярлаудың әлеуметтік-педагогикалық жағдайы қарастырылады. Оқушылардың компьютерлік технологияны пайдалануға даярлаудың әдіснамалық тәсілдері негізделеді, компьютерлік технологияны білім беру жүйесінде пайдаланудың бүгінгі тәжірибесі мазмұндалып, оны жетілдіруге байланысты тұжырымдамасы ұсынылады.

Практикалық бөлімде оқушыларды компьютерлік технологияны оқу үрдісінде және оқудан тыс жұмыстарда пайдалануға даярлау әдістері мен формалары беріледі, тәжірибелі-эксперимент жұмысының ұйымдастырылуы және нәтижелері сипатталады, оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың перспективасы беріліп, электронды оқыту жүйесі құрылды.

Қорытындыда дипломдық жұмыстың негізгі нәтижелері мен қорытындысы талданып, қағидалары тұжырымдалады және оларды пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттары және проблеманың болашақта зерттелетін бағыттары көрсетіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде дипломдық жұмыс барысында қарастырылған философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттер қамтылады.

Қосымшада зерттеу барысында қолданылған материалдар мен құжаттар келтіріледі.

Page 5: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

1. БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ҮРДІСІ

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда бұл үрдіс адамзат өркениеті дамуының қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп, жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Осы үрдістің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда.

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не?

Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті үрдіс. Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл үрдістегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Осыған орай, біздің еліміз де ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. [21]

Білім беру жүйесін ақпараттандыру қазақстандық білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға қойылып, қажетті шартқа айналды. Білім берудің ақпараттандыру үрдісі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем

Page 6: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастыру мен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуды емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылықты талап етуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. [3]

Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – компьютерлерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалану. Мұндағы басты жаңалық компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес, ол оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады:

оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру; сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрлерін таңдау; сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта интернет мүмкіндіктерін пайдалана

отырып, қалаған мағлұматтарын алуға, ғылыми жаңалықтармен танысуға мүмкіндіктері мол. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты - оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI  ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:

компьютерлік техниканы интернет компьютерлік желі электрондық және телекоммуникациялық құралдарды интерактивті құралдарды электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім

сапасын көтеру.Еліміздегі саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай білім

беруді ақпараттандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай

Page 7: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы - әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық-техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен

шеберліктеріне;

оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне; оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара

байланысына тәуелді. [4]

«Ақпарат» термині латынның «informatio – түсіндіру, мазмұндама» деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп, түсіндіру деген мағынаны білдіреді. Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін қолданылады. Ақпаратты қандай да бір мәліметтердің жиынтығы деп түсінуге болмайды. Ақпарат белгілі бір мәселелерді шешуге қажетті, ұғынықты және белгілі бір дәрежедегі бағалылығы танылған білім болып табылады. Қазақ Ұлттық энциклопедиясында: «ақпарат» (информация, лат. informatio – түсіндіру, баяндау, хабардар ету) - істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру және т.б. түсінік беріледі. Ақпарат мәтін, сурет, кесте, графика, сан, әуен, дыбыс, иіс, аралас түрде беріледі. Мысалы: кітапта ақпарат мәтін, сан; халықтың өсімі, сирек кездесетін жануарлардың азаюы кесте; шаруашылықтың дамуы график, диаграмма; жаңа ән дыбыс, әуен түрінде берілетінін түсіндіре отырып, түрлі деректемелер келтіруге болады, мысалы, электрондық оқулықтардағы бейне материалдар. [21]

1.1 Білім берудегі оқыту технологиялары

XXI ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту үрдісінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.

Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Кез келген сабақ барысында, тіпті күнделікті тұрмыста барлығы компьютерге,

Page 8: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

компьютерлік жүйеге байланысты болып тұр. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік-бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие. [21, 14]

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технология түрін қолдануға болады. Бұл технологияның бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, әр пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оның іс-әрекетін жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда, оқушының әрекеті – технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлуі қажет. Өйткені, оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр. [17]

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесі оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Бұл мамандар үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге, өндіріс пен жеке адамдар арасындағы ықпалдастықтың ізгілікке бағытын жасай білуіне тиіс. Осы жағдайларға байланысты жоғары оқу орнының ең маңызды міндеті – кәсіби жағынан білімді, қабілетті маман даярлау болып отыр. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі реформалау үрдісі оның мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологияларды ендіруге байланысты жаңаша педагогикалық көзқарасты туындатады. Дүние жүзі қоғамдастығы жаңа ақпараттық технологиялар дәуірінде өмір сүруде. Қазақстан мемлекетінің ғылыми-техникалық

Page 9: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

саясатында жаңа бағыт пайда болды. Сондықтан білімді игеру технологияларын меңгерген мамандарды даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселесі. [1,2]

«Технология» деген термин гректің түп тамыры «techne - өнер, шеберлік, кәсіп» және «logos – ғылым, білім» деген сөздерінен шыққан.

«Технологиялық білім» термині XX ғасырдың 40-50 жылдары пайда болды. Бұл термин тұрмыстық құрал-жабдықтарға (үнтаспа, телевизор және т.б.), сол сияқты оқу үрдісінде техникалық құрал-жабдықтарға байланысты қолданылып келген. 50-60 жылдары «Технологиялық білім» термині бағдарлама оқыту идеясын тарату мақсатында педагогикалық үрдісте әдіс-тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған.

«Технология», «оқыту технологиясы» дәстүрлі педагогикада қалыптасып біткен ұғымдар емес, дегенмен бұл ұғымдарды оқыту үрдісіндегі жаңа ұғымдар деп айтуға болмайды. Дәстүрлі оқыту үрдісінің өзіне тән дәстүрлі оқыту технологиясы бар, олар оқытушы оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу кезінде пайдаланатын әдістер мен құралдар арқылы сипатталады.

Оқыту технологиясы, бір жағынан оқу ақпаратын өңдеуге, бейнелеуге және өлшеуге арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан оқыту технологиясы – оқытушының оқыту үрдісіне қажетті техникалық немесе ақпараттық құралдарды пайдаланып студентке әсер ету әдістері туралы ғылым. [21]

Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы әр түрлі мағынада түсіндіріледі. Көп тараған анықтамалардың бірін В.П.Беспалько ұсынған: «Педагогикалық технология - оқу мен тәрбие үрдістерін еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді».

Бүгінгі күні білім беру саласында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мұғалімге оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

ҚР-ның «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен де құруға мүмкіндік береді.

Page 10: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

Кейінгі жылдары «педагогикалық технология» түсінігінің жаңа даму кезеңі жүріп жатыр. «Педагогикалық технология» мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерінің біріккен жүйесі арқылы іске асатын, ақпаратты білім беру нәтижесі және рефлексия негізінде білім алуға бағытталған, бір үлгідегі педагогикалық жүйе деген түсінікті береді. Педагогикалық жүйе құрылымы:

оқу және тәрбиелеу мақсатында нақты жүйелі дидактикалық, педагогикалық жұмысты жүргізу;

студент меңгеруге тиісті ақпарат мазмұнын толықтыра отырып, жүйелеу; қажетті дидактикалық, техникалық оқу құралдарын кешенді қолдану және оны дұрыс қолдануын қадағалап отыру;

тәрбиелеу және диагностикалық оқыту жүйесін дамыту; оқушыға жоғары деңгейде сапалы білім беруге кепілдеме беру

мәселелерін қарастырады. [17, 14]Қарапайым ақпараттық технологиялардың пайда болуын ертеректегі

жазумен байланыстырса болады. Бұл таудағы жазулар, суреттер, ағаш қабығындағы, папирустағы белгілер мен суреттер және т.б. Ақпараттық технологиялардың дамуындағы қуатты қадам кітапты баспаға беруден басталды.

Адамзаттың ақпаратты тасымалдауға және алмасуға мұқтаждығы зор болды. Егер ақпаратты таратуды жеделдету үшін от, курьерлер, содан соң пошта, семафорлы телеграф қолданылса, электрлік телеграф және телефон ойлап шығарылғаннан кейін ақпаратты тарату мүмкіндігі өзгерді. Радио мен теледидар, содан соң компьютер, цифрлық байланыстар жүйесі мен есептеуіш желілерді ойлап шығару, 1978 жылы алғашқы дербес компьютерді жасау және оның тез таралуы мен ақпаратты жинақтаушы, түрлендіруші және тасымалдаушы құрал ретінде дамуы, жаңа автоматтандырылған ақпараттық технологиялардың адам қызметінің барлық облысына енуіне мүмкіндік берді. Адамзат жетістіктерінің байланыс, ақпаратты өңдеу, жинақтау және бейнелеу құралдары аймағында интеграциясы автоматтандырылған ақпараттық технологиялардың қалыптасуына себепші болды.

Автоматтандырылған ақпараттық технологиялардың негізін келесі техникалық жетістіктер құрайды:

Үлкен көлемді ақпараттың машиналық тасымалдауышта, яғни магниттік және оптикалық дискілерде жинақтау құралдарын жасау;

Әртүрлі байланыс құралдарын, яғни радио және телевизиялық байланыс, телекс, телефакс, байланыстың цифрлық жүйелері, компьютерлік желілерді жасау;

Белгілі бір алгоритм бойынша ақпаратты өңдейтін, жинақтайтын және білімді генерациялайтын компьютерді жасау.

Автоматтандырылған ақпараттық технологиялар барлық ақпараттық операцияларды автоматтандыруға, яғни қоғамның ғылыми-техникалық прогресін жеделдетуге бағытталған. [18]

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық оқу орындарында

Page 11: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

қолданылады. Қоғамды ақпараттандыру үрдісі және олармен тығыз байланысты білім беру іс-әрекеттері түрлерін ақпараттандыру ақпараттық технологияларды жаппай тарату мен жетілдіру үрдісімен сипатталады. Осындай технологиялар қазіргі кездегі ашық және қашықтан білім беру жүйесінде ақпаратты таратуда және оқытушы мен оқушының бірлескен әрекетін қамтамасыз етуде белсенді түрде қолданыла бастады. Қазіргі заман оқытушысы ақпараттық технологияларды білімде ғана емес, сонымен қатар оны өзінің кәсіби қызметінде де пайдалануға мамандануы қажет. [3]

ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып, ақпаратты жинақтау, өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін ақпараттық технология деп атайды.

М.И.Жильдак ақпараттық технологияны былай деп анықтайды: «ақпаратты жинаудың, ұйымдастырудың, сақтаудың, өңдеудің, берудің және көрсетудің әдістері мен техникалық құралдарының жиынтығы. Ол адамдардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқарудың білімін және мүмкіндігін кеңейтеді».

И.В.Роберттің анықтауы бойынша педагогикада ақпараттық технологиялардың құралдарына микропроцессорлық есептеуіш техникасының базасында жұмыс істеуші бағдарламалы-ақпараттық құралдар мен құрылғылар, сонымен қатар ақпаратты жинау, жинақтау, сақтау, өңдеу және беру операцияларын қамтамасыз ететін ақпараттық алмасудың қазіргі заманғы құралдары мен жүйелері жатады.

Ақпараттық-педагогикалық технологиялар құралдары педагогикалық мақсатқа лайық қолдануды қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік, нормативтік-техникалық және ұйымдастыру-инструктивтік материалдарымен бірге білім беруді ақпараттандыру құралдарын жасайды. [21]

«Оқытудың ақпараттық технологиялары» ұғымын анықтауға әр түрлі тұрғыдан қарауды талдау А.В.Шолохович берген анықтама толық қамтып көрсететіндігін аңғартады. Бұл анықтамада мазмұндық тұрғыдан ақпараттық технологиялар білім беруде ақпараттандыру құралдары қолданылатын жоспарлы және саналық түрде ұйымдастырылған оқыту үрдісін қарастырумен шұғылданатын дидактиканың саласы болып белгіленеді. [17]

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың көмегімен оқытушы мен оқушының жедел қатынас жасауы қашықтан оқытудың ажырамайтын бөлігі болып табылады. Осындай қатынас жасау барысында оқушы оқытушыдан кеңес алуына, жобаларды, есептерді талқылауына болады. Бұл сонымен қатар, оқытушыға оқушының материалды меңгеру барысын бақылауға және оқытуды жекешелеп оқыту түрі негізінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу оқу процесін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдау мүмкіндігін береді. Ақпараттық технологиялар арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасау керек. Оқу орындарында

Page 12: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

жаңа ақпараттық технологияларды қолдану нәтижесінде, адам машықтанған потенциалды тұлғаға айналады.

Ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондықтан, мектепте қазіргі уақытта фундаментальдық пәндерді оқытуды ақпараттандыру оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Заман ағымына сай күнделікті сабақта видео, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Ақпараттық қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауымен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру оқу ісін байытады, информатиканы ғана емес, басқа да көп пәндерді оқытудың жаңаша түрлері мен тәсілдерін жетілдіруге, жаңартуға мүмкіндік беретіні дәлелденген. Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану білім берудің төмендегідей жаңа түрлерін кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктер тудырады:

интерактивтік сұхбат – ол қолданушының компьютермен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл арада сұхбат мәтіндік бұйрықтар мен жауаптар арқылы қарқынды түрде жүзеге асып отырады;

нақты объектілерді басқару; экранда көрініс тапқан түрлі объектілердің, құбылыстардың,

үрдістердің үлгілерін басқару; оқу үрдісінің нәтижелеріне автоматтық бақылау, өзіндік бақылау

жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша тестілеу, түзетулер енгізу. [2,3,4]

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдаланып, оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру арқылы болашаққа деген сенімін оятып, кәсіби бағыттылығын қалыптастыру керек болып отыр. Олай болса, барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Жаратылыстану–математика пәндерін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар бұл кезде оқытудың мынандай технологиялық аспектісінің маңызы зор екендігін ескеру қажет:

оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелерін сәйкес талдаулармен және ұсыныстармен бірге көреді;

интерактивті құралдардың мүмкіншілігін пайдаланып, компьютермен

Page 13: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі мен ықыласын көтереді.

Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынандай нәтижелерге қол жеткізеді:

оқу материалын терең түсінуге; оқу мотивациясының артуына; алған білімінің ұзақ уақыт есте сақталуына; білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына т.б.

Бүгінде білім беру жүйесін ақпараттандыру істерінің басты мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады. Білім беру ісінің өзі күрделі құрылымнан тұратын жүйе ретінде қарастырылады. Осындай күрделі жүйе бір-бірімен және қоғамдық өмірдің басқа аумақтарымен де тығыз байланысқан бес бөліктен тұрады: теориялық-әдіснамалық, педагогикалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және технологиялық жүйелер.Сондықтан да қазіргі кезде білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі – ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық жағы емес, керісінше оны ұйымдастырушылық, әлеуметтік және педагогикалық жақтары болып отыр.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.2. Білімге бір-бірінен алыс ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып, қол жеткізуге болады.3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлігі оқу материалының сапасын арттырады.[13]

«Ақпараттық технология» ұғымы Ресейде XX ғасырдың соңғы он жылдықтарында ақпараттың қалыптасу үрдісінде пайда болды. Ақпараттық технологияның басты мақсаты – адамның ақпараттық технологияға талдау беруі үшін ақпаратты жасауы және соның негізінде белгілі бір әрекетті жасауда шешім қабылдауы. Ақпараттық технологияны ақпараттың тараушылық түріне, оны өңдеудің құралына, әдістеріне қарай екі түрге бөліп қарастырады: дәстүрлі (қағаздағы - адамның жұмысындағы құжаттарды пайдалануға негізделеді) және жаңа (компьютерлік – есептегіш техниканың құралдарын кең көлемде пайдалануға негізделген). [21]

«Жаңа ақпараттық технология» ұғымы компьютердің пайда болуымен және кең көлемде білім беру жүйесіне ендірілуімен байланысты. Компьютерді кәсіби тапсырмаларды шешу үшін пайдалана білу маман даярлығының міндетті компонентінің біріне айнала бастады. Сондықтан білім берудің алдына оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану міндеті қойылып отыр.

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып,

Page 14: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді тез игеруге жағдай жасайды.

Оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану: оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін белсендендіруді; болашақ мамандарды көпсалада дамытуды; қоғамды ақпараттандыру жағдайында болашақ мамандарды өмірге

даярлауды; көлемді ақпарат үрдісіне негізделген әлеуметтік тапсырысты жүзеге

асыруды қамтамасыздандырады. [6]Жаңа ақпараттық технологиялар деп дербес компьютерлердің

көмегімен, әсіресе олардың желілері арқылы ақпаратты дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.

Бiлiм берудi ақпараттандыру үрдісi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге, бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Жаңа ақпараттық технологияларды педагог мамандарды дайындауда пайдалану едәуір тиімді болып табылады, оны сапалы ете түскені - тәрбиенің жаңа құралдарына қол жеткізгеніміз, педагог пен шәкірт байланысының жетілгені. Қазір біздің өмір сүріп отырған әлем жаңару үстіндегі ақпараттық білімдік орта, онда жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың бірігуі білім беру жүйесін қажетті деңгейіне жеткізеді. Сондықтан білім беруге қойылатын талаптар үнемі өзгереді, қазіргі маман жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалануға дағдылануы, ақпаратты тауып, өңдей білуі, шығармашылықпен ойлап, шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.

Жаңа ақпараттық технология кұралдарын пайдалану оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. [7]

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық үрдісінің негізіне айналды. Ақпараттық-технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар маңызды роль атқарады.

Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар

Page 15: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. [21]

Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі болып табылады. Бұл технология электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, on-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Электрондық поштамен жұмыс жасау қашықтықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады. Электрондық пошта компьютердің көмегімен кез келген ортаны дайын болған әр түрлі құжаттармен, жаңа жобалармен жылдам таныстырып, ақпаратты өте жылдам, әрі толық күйінде өзгертпей, барар жеріне сенімді түрде жеткізеді. Электрондық пошта көмегiмен мұғалiм мен тыңдаушы арасында оқу материалдарын жiберуге мүмкіндік туады, сондай-ақ тыңдаушы мұғалiмге өзiне түсiнiксiз болған материалдар бойынша сұрақтар жiберуiне болады. Бiр жағынан, ол мұғалiмнiң жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда мұғалiмнiң жұмысы материалдар мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар жiберу қызметтерiн атқарумен шектеледі.

Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң басқаруымен өткiзiледi. Мұғалiм пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.

FTP-серверлерiнiң қызметi өте үлкен көлемдегi файлдарды (ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал WWW-серверi оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылады. Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк бередi. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана емес, сонымен қатар, графиктiк, дыбыстық және видеоақпараттарды да орналастыруға болады. WWW желiсiнiң әлемдiк ресурсында гипермәтiн түрiнде көрнекi және анықтамалық материалдар орналастырылады.

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:

компьютерлiк үйрету бағдарламалары; электрондық оқу құралдары; компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау; электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар; аудио және видеоматериалдар; Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар.

Page 16: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. [18]

Елімізде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және ақпараттық ортаны қалыптастыру – білім беру жүйесінің түбірлі өзгерістеріне негіз болды, яғни, білімдік желі құру жұмысы басталды. Әрбір деңгейде және тұтас алғанда бүкіл білім беру жүйесінде кеңінен қол жететін ақпараттық білімдік орта қалыптасты, онда әрбір оқушы оқу барысында қазіргі жаңа ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін еркін пайдаланатын болды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісiнде пайдалану, оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруына мүмкiндiк бередi:

оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту үрдісiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк, компьютерлiк ойындар және т.б.) пайдалану;

проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;

жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу үрдісiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технология саласы бойынша мамандардың дайындығын жетiлдiру үшiн келесi бағыттар iске асырылуы қажет:

педагог мамандардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруды қамтамасыз ететiн дайындық өткiзудi жетiлдiру;

қашықтан оқыту технологиясын бiлiктiлiктi арттыру жүйесiне енгiзу мәселелерiн байқаудан өткiзу және оны ендiру;

бiлiктiлiктi арттыру жүйесiне виртуалды консалтингiлiк қызметтi енгiзу моделiн жасақтау және оны ендiру;

информатика мұғалiмдерiнiң және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды бiлiм беру үрдісiне пайдалану мүмкiндiктерiнiң тиiмдiлiгiн айқындайтын озық тәжiрибелерiн жинақтап, жүйелеу және мәлiметтер базасын аталған тәжiрибелермен толықтыруды қамтамасыз ету;

мектеп басшылары мен мектеп пәндерiнiң мұғалiмдерiнiң практикалық

Page 17: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

қызметiне қолданылатын қолданбалы программалық құралдарды (электрондық оқулық, энциклопедия) жинақтау банкiсiн толықтыруды жалғастыру.

Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:

вариативтiлiк - әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;

болашаққа негiзделген - күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;

рефлексивтi-креативтi - жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;

эргономикалық - нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;

iзгiлiктiлiк - бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;

тәжiрибеге бағытталған - оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибенi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақтылы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық үрдістерiнiң өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;

жекелеген консультация беру - тыңдаушыларға консультация беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып, қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.

Бiлiм беру қызметкерлерiн қайта даярлау практикалық және жобалық сипатты анықтайды. Ол ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану тәжiрибесi, сабақты ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т.б. жұмыстарды қамтиды.

Педагог мамандардың қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану бағытында бірнеше деңгейлер негізделеді.

Элементарлы-бейімделген деңгей. Бұл деңгейде келесі мазмұндар қарастырылады:

компьютермен және оның құрылғыларымен жұмыс жасау техникасы; компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндіктері; оқу үрдісінде қолданбалы программалық құралдарды қолдану

дағдылары; білім беруді ақпараттандыруды нормативтік-құқықтық жағынан

қамтамасыз ету; ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім беру жүйесіне

енгізудің тұжырымдамалық негіздері; білім беруді басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар және т.б.

Page 18: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

Қызметтік-ізденістік деңгей. Мұнда педагог мамандар ақпараттық технологиямен жұмыс жасау негіздерін практикалық түрде меңгереді. Сондықтан мұнда жұмыс орындарын автоматтандыру үрдісін құру технологиясы (АЖО-директор, АЖО-оқу ісінің меңгерушісі, АЖО-сабақ кестесі, АЖО-кітапхана және т.б.) және мультимедиялық электрондық оқу құралдарын жасақтау алгоритмі сияқты мәселелер қозғалады. Сонымен бірге келесі сипаттағы мәселелер де қарастырылады:

білім беруді ақпараттандырудың теориялық негіздері; білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды

енгізудің психологиялық-педагогикалық негіздері; педагог мамандардың біліктілігін көтеру жүйесіне ақпараттық

технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың дидактикалық шарттары; ақпараттық технология негіздерін оқытуда жобалау және итерактивтік

әдістерді қолдану негіздері; басқарудың ақпараттық жүйесін автоматтандыру моделі және оқу

үрдістерін ақпараттандыруды дамыту технологиясы. Жүйелік-шығармашылық деңгей. Мұнда келесі мәселелер қарастырылады:

электрондық оқу-әдістемелік құралдарын жасақтау алгоритмі; автоматтандырылған жұмыс орнын жасақтау технологиясы: «АЖО-

директор», «АЖО-оқу ісінің меңгерушісі», «АЖО-бухгалтер», «АЖО-сабақ кестесі» және т.б.;

әлемдік ақпараттық кеңістікке ену мақсатында web-сайтты жасақтау; оқыту әдістерін жетілдіру және т.б. [21]

Қазіргі кезде дыбыстық, графикалық, видео, мультимедия, гипертекстік элементтермен оқытатын «қашықтан компьютерлік оқыту технологиясы» пайда болды. Оның негізгі оқыту құралдарының бірі болып электрондық оқулық табылады. Ол оқушыларды даралап оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал ретінде қолданылады. Қазіргі заман талабына сай электронды оқулықтар құрып, қашықтан оқыту мәселелерін шешу үшін арнайы Web-сайттар даярлап, осы мақсатта даярланған сайттарды Internet желісіне қосу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Қашықтан оқыту технологиясы қазіргі кезде бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатарлы технологиялардың бірі болып есептеледі. Қашықтан оқыту технологиясының артықшылығы - оқыту барысында қолданылатын мультимедия жүйесінде оқытылатын оқыту бағдарламаларын студенттер жылдам қабылдайды және оқу өзіне ыңғайлы жерде, тиімді уақытта жүргізіледі. Қашықтан оқыту технологиясын үздіксіз технология немесе оқытушымен интернет арқылы сұхбаттасатын сырттай білім алудың жаңа түрі деп айтуға болады.

Қашықтан оқыту – оқыту формаларының бірі ретінде электрондық және телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану арқылы оқу танымдық қызметтерді әдістемелік тұрғыдан жан-жақты және жеке тұлғаны дамыту барысында алыстағы білім беру мекемелеріндегі ұйымдастырылған оқыту

Page 19: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

үрдісі. Мұндай оқыту үрдісі құралдары, әдістері мен формалары арқылы ерекшеленеді.

Қашықтан оқытудың ақпараттық технологиялары – оқу материалдарын жасақтау, құру, беру және оларды сақтау, қашықтан оқу үрдісін ұйымдастыру мен оны жүргізу. [19]

Оқытудың жаңа әдістерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға сай бейімдеу, олардың білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу – бүгінгі күннің басты талабы. Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, оларды жүзеге асыра алатын сауатты ұрпақпен қамтамасыз ете алады. Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарастарын қалыптастырып, ой-өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын арттырады.

Компьютерлік технологиялар ұғымы информатиканың қалыптасу үрдісінде XX ғасырдың соңғы он жылында ғылым мен техниканың ерекше дамып, ғылыми-техникалық революцияның негізі қаланған кезеңде кең өріс ала бастады. Компьютерлік технологиялардың ерекшелігі - мұнда еңбек өнімі де, пәні де ақпарат, ал еңбек құралы - есептеуіш техника мен байланыс құралдары болып табылады. Компьютерлік технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. [21]

В.М.Глушковтың пайымдауынша: «компьютерлік технология кешенді ғылым мен инженерлік немесе арнайы пәндерден тұрады, шығармашылықты, жобалауды, ойлап табуды, баға беруді, жасап шығаруды, компьютерленген жүйені функционалдау (іске қосу), олардың әлеуметтік тәжірибедегі әсері мен қолдану аясының негізі болып табылады». ЮНЕСКО-ның құжаттарында «компьютерлік технология» терминіне үлкен мағына берілген: ақпарат жинау, талдау мен өңдеу, оған қоса ақпаратты өңдеу құралдары, микропроцессорларды басқа да электрондық жүйелермен үйлестіре білу, т.с.с.

Компьютерлік технологиялардың базалық терминологиясын ағылшын сөздері мен сөйлемдерінен пайда болған орыс неологизмдері (жаңа сөздер) құрайды. Барлық программалық жасақтамалар орыс тілінде болғанымен, компьютермен жұмыс істегенде монитор экранында ағылшын сөздері мен фразалары көптеп шығады. Осы тұста адамның ағылшын тілін білмеуі, жұмысқа кедергі болады. Бірақ дербес компьютермен жұмыс істегенде жиырма-отыз сөздер мен сөйлемдерді, мысалы, copy (көшіру), move (жіберу), rename (атын өзгерту), delete (өшіру), error on drive A (А дискіде қате бар) және т.б. жаттап алу жеткілікті болады.

Page 20: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

Компьютерлік технологияның тарихи даму жолына жасаған талдау, оның мынадай бағыттарда дамығанын көрсетеді (1-сурет). Компьютерлік технологияның дамып жетілуін, оның қай жерде, қалай қолданылуы мен бағытталуына қарай айқындауға болады (2-сурет). Ол ақпараттық технологиялардың күннен-күнге өркендеуіне байланысты жаңарып отырады. Мысалы, графикалық редакторлауға жаңа түс, материал немесе жаңаша бояулардың әдістері енгізілсе, мұның өзі үлкен жаңалық болып есептеледі.

Компьютерлік технологияны былайша топтастыруға болады: көркем компьютерлік технология; инженерлік-компьютерлік технология; иллюстративті-компьютерлік технология; іс-құжаттық компьютерлік технология; когнитивті-компьютерлік технология және т.б. [18]

1.1.1-сурет. Компьютерлік технологияның бағыттары

Күнделікті баспа жүйесі

Мультимедия баспасы Жобалауды автоматтандыру жобасы (САПР)

Виртуалды жүйеКомпьютерлік

технологиялардың бағыттары

Космостық жүйе

Интернет жүйесі

Үш өлшемдегі графика және анимация

Компьютерлік технологияның қолданылуы

Иллюстративті КТ Инженерлік КТ Көркем суретті КТ

Мәт

інді

к, а

қпар

атты

қ ж

әне

оқу

бағд

арла

мала

рын

иллю

стра

циял

ау

Кез

-кел

ген

проц

есте

рді

(мод

елде

у)

иллю

стра

циял

ау

Құр

амал

ы қ

ұжат

тард

ы,

карт

алар

ды қ

ұрас

тыру

Ком

пью

терл

ік м

одел

деу

(маш

ина,

ғим

арат

жән

е т.

б.)

Көр

кем-

граф

икал

ық

пәнд

ерге

ком

пью

терл

ік

қолд

ау. С

урет

, ко

мпоз

иция

, кес

кінд

еме

жән

е т.

б.

КТ

жек

е ж

анрл

ары

ның

қалы

птас

уыКино индустриясы

Page 21: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

1.1.2-сурет. Компьютерлік технологияның қолданылуы және бағытталуы

Компьютерлік технология түрлерінің атқаратын міндеттері әртүрлі.Көркем-компьютерлік технология негізінен кескіндеме, сурет, сәндік-

қолданбалы өнер, көркем және кітап графикасы, мүсін және т.б. графикалық пәндерге бағытталады. Әйтсе де, ол компьютерлік пәндерді толығымен ауыстыра алмайды. Өзіне тән «Adobe PhotoShop», «Adobe Іllustrator», «Corel Draw», «Fractal Design Painter», «3D Studio Max» және т.б. мүмкіндіктеріне қарай бағытталап жасалған арнайы бағдарламалармен шектеледі.

Иллюстративті-компьютерлік технология белгілі бір ақпаратты (мәтін, аудио жазбалар және т.б.) көруге бағытталады немесе оқуға көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Компьютерлік технологияның бұл түрі арқылы білім алушы бағдарламаны үйренеді және мультимедиа технологиясының көмегімен кез-келген пәндегі ақпараттарды алып қарауға мүмкіндік алады. Иллюстративті компьютерлік технология, сондай-ақ ғылыми ізденістердің нәтижелері мен графикалық мазмұнда жиі қолданылады.

Іс-құжаттық компьютерлік технология офистік тапсырмаларды шешуде: графиктер мен диаграммалар құрастыру, кестелер мен таблицаларды көркемдеу және т.б., құжаттарды өңдеуде, графикалық көркемдеуде, факстарды, фирмалық стильдерді жасауда қолданылады.

Когнитивті-компьютерлік технология болса, бағдарламалық қамсыздандыру мен бағдарламаның интерфейстерін жасауға, әсіресе, тесттік шешімдерді қабылдайтын бағдарламаларға бағытталады.

Сонымен, жоғарыда айтылғанның бәрі жаңа компьютерлік технологияны күнделікті өмірде (киноиндустрия, компьютерлік модельдеу және дизайн, білім беру саласы, полиграфия, үш көлемдегі графика және анимация, сәулет, видео өндіріс, мультимедиа және т.б.) кең көлемде пайдалануға болатынын дәлелдейді.

Когнитивті КТ КТ бағыты Іс-құжаттық КТ

Про

грам

мала

рды

ж

абды

қтау

үш

ін

инте

рфей

стер

ді

жас

ау

Оқы

тыла

тын

жән

е те

стіл

енет

ін

прог

рамм

алар

Ком

пью

терд

ің

дисп

лейі

нде

жар

ияла

у үш

ін

Баст

ыру

ға ж

әне

басқ

а да

тас

ыма

лдау

үш

ін

Граф

икал

арды

жән

е ди

огра

ммал

арды

, ке

стел

ерді

сал

у ж

әне

табл

ицал

арды

кө

ркем

деу

Құж

атта

рды

, ф

акст

ерді

без

енді

ру

(фир

малы

қ ст

иль)

Page 22: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

Жалпы адамның компьютерлік технологиямен жұмыс жасау техникасы жылдар бойы қызықты өркендеу дәуірлері арқылы дамыды. Ақпаратты тіркеу және сақтау әдісі де сонау тасқа белгі, ою, өсімдіктер мен папирустардың қабығына сурет салу кезеңінен бастама алады. Қазіргі заманда ақпарат тасушылардың міндетін қағаз, фотопленка, магниттік таспалар, магниттік дискілер, оптикалық дискілер, желілер атқарады, оларға ақпарат лазерлік сәулелердің көмегі арқылы жазылады және қолданыс табады.

Компьютерлік технологияның даму деңгейі, алдымен, түбегейлі жаңару мен жетілдіру тенденциясына апаратын ақпараттық және бағдарламалық құралдардың жағдайымен айқындалады. Ақпараттық-бағдарламалық сипаттама арқылы білім жүйесіндегі дидактикалық үрдісті дамыту бағытына септігін тигізіп отырады.

Компьютерлік технология құрамы үш бағытты қарастырады: жеке техниканы пайдалану арқылы ақпараттық жүйенің техникалық жағдайын қамтамасыз ету, ақпаратты бағдарламалық өңдеуден өткізу техникасы және негізгі ақпаратты белгіленген бағдарлама бойынша техникадан өңдеп шығару.

Компьютерлік технологияны пайдалану, оқытудың мақсаты мен мазмұнын өзгертіп, оқытуды ұйымдастыруда жаңа әдістер мен формалардың төмендегідей мүмкіндіктерін байқатады:

оқушылардың – болашақ мамандардың жеке қабілеттерін ашуға және олардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетік дамуына;

оқушылардың танымдық қабілеттерінің қалыптасуына және шығармашылығына өздігімен жетуіне ұмтылуға;

оқыту мен тәрбиелеу үрдісі мазмұнын, формалары мен тәсілдерін үнемі жаңартып отыруға септігін тигізеді.

Студент компьютерлік технологияны толық меңгермей, оның күрделі де қызықты әдістері мен жолдарын зерделемей, алдында тұрған компьютерлік технологияға қатысты тапсырмаларды шеше алмайды.

Жоғары оқу орындарында мамандардың кәсіби даярлығын ұйымдастыруда компьютерлік технологияны пайдалану реттілікті болжайды: оқытудың құралдары, пәнді зерттеу, кәсіби тапсырмалардың шешімін іздестіру. Сонымен бірге білім алушыларға мынадай білім дағдыларын меңгертуді көздейді:

педагогикалық аспаптық құралдардың тұжырымдамалық тұрғыда жасалуын; оқу-ақпараттық ортаның жас маман даярлығының өзінің кәсіби ортасына бейімделе білуін;

ақпараттық технология арқылы оқушылардың кәсіби-бағдарлық тапсырмаларды шешудегі даярлық деңгейін.

Болашақ мамандардың компьютерлік технологияны пайдаланудан, практикалық білім негіздерінен тәжірибе жинақтауын қажет етеді. Компьютерлік технологияны меңгеру:

олардың атқаратын міндеттерін; жұмыстың негізгі қағидаларын, қолдану саласын білуді;

Page 23: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

технологиялардың ұсынған негізгі функционалдық мүмкіндіктерін білуді;

бағдарламалық құралдармен жұмыс жасау тәсілдерін жетік білуді, оларды шығармашылықпен практикада пайдалануды қарастырады.

Ғылыми-зерттеулерге жасаған талдау бізге компьютерлік технологияның жіктемесін өңделетін ақпараттың түріне қарай топтастыруға және қайсыбір технологияны әрбір маманның кәсіби іс-әрекеттерінде пайдалануға болатынын қарастыруға мүмкіндік берді. Жіктеме шартты түрде төрт бағытты қарастырады: компьютерлік технологиялар, компьютерлік технологиялардың құралдары, кәсіби іс-әрекет түрлері, ғылыми-зерттеудің жұмысы.

Компьютерлік технологияны оқытуда пайдалану – уақыттың талабы. Бүгінгі күннің басты міндеті, компьютерлерді оқытуда жинақталған тәжірибелерге жан-жақты талдау бере отырып, компьютерлік оқытуды бағдарламалық және әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыру болып табылады. [21]

Қазіргі уақытта мультимедиа технологиялары – бұл оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың кеңінен дамып жатқан бағытының болуы. Мультимедиа технологиялары оқу үрдісін байытады, оқуды тиімді етуге мүмкіндік береді.

Мультимедиа – бұл қарқынды дамып келе жатқан, өзіне теледидарлық кескіндеудің және стереодыбыстық бейнелілігі мен нақтылығын дербес компьютердің интерактивтілік (үздіксіз әрекеттесу) мүмкіндіктерімен біріктірген ақпараттық технология. Осы негізгі үш құраушылар, яғни үш орта мультимедиа терминін түсіндіреді, оның ең қысқа анықтамаларының бірі – көру және дыбыстық әсерлерінің интерактивтік программалық жабдықтаманың басқаруымен өзара әрекеттестігі.

Мультимедиа құралдары деп бірыңғай басқару элементі – компьютермен жалпы негізде өңделетін өзара байланысты мәтіндік, графикалық, көру және дыбыстық деректердің комбинациясын атайды. Мультимедиа құралдары – ішкі логикалық байланыстары және жеке тасушылардың қосынды қуатынан әлдеқайда артық қуаты бар жоғары деңгейде жинақталған жүйелер. Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасушыларынан негізгі айырмашылығы – интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі (коммуникабельділігі).

Интерактивтілік (үздіксіз әрекеттесу) пайдаланушының болып жатқан оқиғаларға белсенді қатысуына мүмкіндік жасайды. Мысалы, интерактивті оқытушы программада пайдаланушының қалауы бойынша қажетті тарауды шығаруына, өтілген тарауды қайталап оқуға және т.б. болады. Егер жүйе пайдаланушы енгізген кейбір деректерге, сұратуларға және т.б. жауап қайтарса, онда өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейі қамтамасыздандырылады.

Интерактивтілік түсіндіру еркіндігімен тікелей байланысты. Мультимедиа құралдары белгілі бір жолды ғана қолдануға мәжбүр етпей, өз бетімен таңдау мүмкіндігін береді.

Page 24: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

Үшінші атрибут - қатынасқа бейімділік (коммуникабельділік) біртіндеп басым болып келеді. Қазіргі құралдар деректер өңдеу, телекоммуникациялар мен тұрмыстық электроника сияқты бір кездерде бір-бірінен алшақ болған салаларды біріктіруге мүмкіндік береді (мұның мысалы теледидарды дербес компьютермен ұштастыру болады).

Бағдарламалы және әдістемелік қамтамасыздандырулардың жақсартылуында, сонымен қатар, оқытушылар құрамының квалификациясының жоғарылауында, білім беруде қазіргі ақпараттық технологиялардың қолданылуы көрінеді. Мәтіндік ақпаратпен, графикалық бейнемен, дыбыспен, анимациялы компьютерлік графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалы орталар мультимедиа ортасы деп аталады. Мультимедиалық технологияларды іске асырудың негізгі ортасы бейнелеудің компьютерлік және бейне-компьютерлік ортасы деп аталады.

Қазіргі кезде мультимедиа технологиясын қолданудың бірнеше негізгі бағыттары мен өздерінің ережелері, терминологиясы қалыптасып келеді. Мультимедиа технологиясын қолданудың негізгі салалары:

Білім беру мен оқытып-үйретудегі мультимедиа (Computer Based Training – CBT) аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары кәсіби деңгейді қамтамасыз ететін білімдер тез өзгерістерге бейім келеді. Дамудың қазіргі деңгейі оларды ұдайы жаңартып отыруды талап етеді. Бұл жағдайда олар кітап, көрнекі құралдар сияқты дәстүрлі оқытып-үйретудің тиісті даму қарқынына ілесе алмайды. Мультимедианың қандай да бір өнімдерін оны пайдалануды оқытып-үйрету құралдарымен қоса ұсыну жағымды ережеге айналды. Бұдан басқа, материалды берудің әр алуан құралдарын қолданатын компьютерлік оқытып-үйрету технологиясының бірқатар артықшылықтары бар:

оқып үйренетін материалды жақсы және барынша терең түсіну; білімдердің жаңа саласын оқып үйренуге уәждеу; оқып үйрену уақытының айтарлықтай қысқаруы нәтижесінде

уақытты үнемдеу; алынған білімдер неғұрлым ұзақ уақыт есте қалады және қысқаша

қайталағаннан кейін іс жүзінде қолдану үшін оңайырақ еске түседі; өндірістік оқып үйрену мен біліктілігін көтеру шығындарының азаюы. Фирмалық презентация және өнімді жарнамалау. Көрнекі жарнама

саласы мультимедианы қолданудың нақтылы үлгісі болып табылады. Мұндай көрнекі жарнамалардың көмегімен тұтынушыларға қажет ақпаратты өз беттерімен алу мүмкіндігі бар. Мысалы, бұл банктердің осы жолмен несие ұсынуы, әр алуан банк операциялары бойынша ақпарат берілетін операциялық залдар, көрмелер мен жәрмеңке залдары; саяхаттар бюросы; вокзалдар және т.с.с болуы мүмкін. Жиһаз дүкенінде жарнама программасы бар терминалды орнатқанда сатып алушы жиһаз бұйымдарын салыстырып, жеке бұйымдардың өзара үйлесуін тексереді және тіпті оларды өз үйіне қоюды модельдей де алады. Автосалонда барлық мүмкін жабдығымен қоса қолда бар модельдерді көрсетуге болады. Сатып алушы өзіне қажет модельді

Page 25: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

таңдап ала алады. Ал презентациядан алған әсер сатып алуға септігін тигізеді.

Компьютерде модельдеу және кибернетикалық кеңістік. Модельдеу программасы осындай жүйенің интерактивті қасиеттерімен үйлестікте қозғалмалы бейнелеу мен дыбыстың көмегімен қандай да бір нақтылықты табиғи түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Адам мен компьютердің өзара іс-әрекеті пайда болатын және виртуалды нақтылық жасауда айқындалатын кибернетикалық кеңістік (Cyberspace) деп аталатын сала мультимедианы қолданудың жаңа бағытын кеңейтіп, байыта түседі. Бейнеленетін виртуалды үш өлшемді әлем пайдаланушымен интерактивті қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді. Мұндай виртуалды әлемдер әдетте компьютердің және автоматтандырылған жобалау жүйелерінің (Computer Aided Design - CAD) негізінде жасалады.

Бағдарлау жүйелері. Соңғы кезде картографиялық материалды интерактивті пайдалана алатын программалар кеңінен таралып келеді. Анықтама алғысы келетін адам маршруттың бастапқы және соңғы пункттерін және осы маршруттың тағы да бірнеше аялдама пункттерін көрсетеді. Берілген шарттарға – жүретін километріне, құнына және т.б. қарай программа жол жүрудің бірнеше маршруттарын есептейді. Әрине, мұнда мультимедиалық ештене жоқ. Бірақ, таңдалып алныған маршрутқа бейне үзінділерді, фотосуреттерді, дыбыстық сүйемелдеуді қосатын болсақ, мұндай жүйе туристік фирма үшін таптырмайтын құрал болады.

Егер шағын компьютерде осындай жүйе және жер серігі арқылы электрондық байланыс болса, онда картасыз, жол бастаушысыз және жол-жөнекей адамдардан сұрамай-ақ, мейлінше көп мәлімет пен әсер ала отырып, кез келген маршрут бойынша жүріп өтуге болады.

Әр түрлі өнімдер бойынша анықтамалар мен басшылыққа алынатын нұсқаулар экранда интерактивтік программалардың көмегімен бейнеленуі мүмкін. Microsoft фирмасы Multimedia Extensions-ты компакт-дискіде ұсынады және контексті анықтама жүйесін HyperGuide-тің көмегімен пайдалануды ұсынады. Жүйе кілтті сөздер мен тарапты сілтемелерді пайдаланып, кез келген қажетті ақпаратқа мейлінше тез қатынауға мүмкіндік береді.

Қызмет көрсету және жөндеу. Аспаптарды, жабдықтарды, күрделі жүйелерді пайдалану мен жөндеу бойынша бірде-бір баспа нұсқауы мультимедиа жүйе атқаратындай соншалықты қолайлы әрі толық мәлімет бере алмайды, онда операциялар бейнеклиптер түрінде көрсетіледі де, дыбыс түсіндірмелерімен сүйемелденеді. Техникалық құралдар болса, мұндай нұсқау әлдеқайда қысқа мерзімде дайындалуы және анағұрлым тез жетілдірілуі әрі жаңартылуы мүмкін.

Өндіріс және өндірістік бақылау. Өндіріс процесін тиімді ету үшін әр түрлі жүйелер жасалады, олар CIM (Computer Integrated Manufacturing – компьютердің басқаруымен біріктірілген өндіріс) деп аталады. Мультимедиа құралдарын қолдану жүйелердің дамуында – бейнелеу мен дыбысты беру,

Page 26: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

оларды автоматты немесе жартылай автоматты түрде талдау мен өңдеу, қашықтықтан бақылау мен басқару сияқты жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Мұрағаттау және құжаттау. Бұрын пленкалар мен микрофиштарда сақталатын ақпарат енді көбінесе бейнедискілер мен CD-ROM-да орналастырылады. Кейбір мұрағаттау жүйелері деректер банктерінің көмегімен мәтінді, графиканы, жеклеген бейнелер мен дыбысты басқарады және оларды әр түрлі ақпарат тасушыларында орналастырады.

Мультимедиа – презентациялар. Олар бизнесте барған сайын маңызды роль атқаруда. Нарықты зерттеумен айналысатын фирмалардың деректері бойынша, АҚШ компанияларының 70%-ға жуығы қазір өздерінің презентацияларында мультимедиа құралдарын пайдаланады, олар барған сайын статикалық графикалар мен слайдтардың орнын басып отыр. Ірі және шағын компаниялар көбінде дискеттердегі жарнамалар деп аталатын жарнаманы қолданады. Презентация пакеттерінің көпшілігі дискетаға презентацияны оның қайта жаңғырту утилитасымен бірге орналастырып, сатып алушыларға жіберуге мүмкіндік береді, бұл презентация оның көмегімен жасалынған прораммалық жабдықтаманың жоқ кезінде презентацияны өткізуге жағдай туғызады. [15]

Информатиканы оқытуда қазіргі мультимедиа технологияларын қолдану үйретілетін бағдарламалық қамтамасыздандыру мүмкіндіктерін көрнекті көрсетуге мүмкіндігін береді, соның ішінде, слайд-презентациялармен көрсету оқытудың тиімділігін жоғарылатады. Мультимедиа технологияларымен жұмыс істеу кезінде оқушылар қызықты әрі танымдық әрекеттерге араласа алады. Осындай процесс барысында жастар білім алып, оны іс жүзінде қолданып қана қоймай, сол ортадағы қосымша мәлімет көздері мен қажетті деген құралдарды да өздері таңдап алады. Сонымен, мультимедиалық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқу ақпаратын көрнекті етеді, оны оңай және тез қабылдап меңгерілуіне жол береді.

Интерактивті технология. Қазіргі қоғамның ақпараттандырылуы білім беру үрдісіне түбегейлі өзгерістер алып келіп, оқыту әдістерінің негіздерін қайта қарастыруды талап етіп отыр. Оқушыларға ақпараттық білім негіздерін негіздеу, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу іс-әрекетін жүзеге асыру маңызды мәселеге айналуда. Осыған байланысты педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім, білік, дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізетін ақпараттық технологияның бір түрі – интерактивті технология. Мұндағы «интерактивті» (inter - бірлесу, act - әрекет жасау) сөзін ағылшын тілінен аударғанда «бірлесіп әрекет жасау» деген мағынаны білдіреді. Білім берудегі интерактивті технология – оқу үрдісінде ұжымдық, бірін-бірі толықтыратын және барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы. Бұл сабақ барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес. Интерактивті технология барысында әрбір ұстаз өз бетінше сыныппен

Page 27: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданады.

Қазіргі кезде қарым-қатынас үрдісіне негізделген оқыту – интерактивті технологиямен оқытуға үлкен көңіл бөлінуде. Оқыту үрдісі тиімді болу үшін қарым-қатынастың үш жағы қатысуы қажет: 1) ақпарттық (ақпараттың берілуі және сақталуы); 2) интерактивті (біріккен іс-әрекетте өзара әсердің ұйымдастырылуы).

Бүгінгі күні интерактивті оқыту 2 бағытта жүзеге асырылуда:1. «Қарым-қатынас мәдениеті», «Риторика», «Біз адамдар арасында

өмір сүреміз» т.б. арнайы оқу курстарын ендіру;2. Оқу жағдаяттарын барынша пайдалану, студенттер үшін «қарым-

қатынас алаңын» құру. Интерактивті оқыту кезінде студенттер тек қана бақылаушы болып қатыспай, қиын мәселелерді де өз бетінше шеше алатын болады.

Интерактивті технологияны оқыту үрдісінде пайдалану әдістерін үшке бөлеміз:

техникалық құрал-жабдықтарды қолданбай оқыту әдісі; техникалық құрал-жабдықтарды жарым-жартылай қолдану әдісі; техникалық құрал-жабдықтарды қолдана (аудиовизуалды) оқыту әдісі.

Интерактивті технологияның техникалық құрал-жабдықтарды қолдана оқыту әдісіне компьютерді, мультимедиалық проекторларды немесе бейнемагнитофондарды пайдалану жатады. Аталған құралдардың барлығы білім беру секторларында, оқыту орталықтарында жиі қолданылады. Осыған байланысты Smart technologies Inc. компаниясы 1991 жылы дүниежүзінде бірінші болып интерактивті тақтаны ұсынды.

Интерактивті технологияның техникалық құрал-жабдықтарды қолданбай оқыту әдісіне: жұптасып жұмыс істеу, ротациялық (ауыспалы) үштік, карусель – айналмақ, шағын топтармен жұмыс, аквариум, аяқталмаған сөйлем, миға шабуыл (мозговой штурм), броундық қозғалыс, есептеу ағашы, өз атынан сот, азаматтық тыңдау, рөлдік (іскерлік) ойын, сығымдау әдісі, өз позицияңды ұстан, дискуссия, дебаттар т.б. жатады. [21]

Page 28: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

3.2.1-сурет. Интерактивті технологияның мақсаты

Оқытудың интерактивті технологияларының қолданылуы

Атауы Мақсаты Мәні МеханизміДаралап Оқушылардың

танымдық, шығармашылық ой-өрісін дамыту

Оқу-танымдық міндеттерді дәйекті және мақсаткерлікпен ұсыну

Ізденістік әдістер; танымдық міндеттер қою, ой операцияларын жүзеге асыру

Модульдік оқыту Оқытуды оңтайландыру, жеке тұлғаның ойлау деңгейін бейімдеу

Оқушының жеке жұмысын ізденімпаздықпен орындауы

Мәселелік әдіс, жеке қарқынмен жұмыс

Дамыта оқыту Жеке тұлғаны және оның қасиеттерін, ойлау қабілетін дамыту

Білімін, біліктіліктерін шығармашылық ойлау қабілеті арқылы әлеуметін жетілдіру

Оқушыларды алуан түрлі ой қызметінің түріне тарту

Саралап оқыту Ойлау қабілетін және т.б. қабілеттерін дамытуға оңтайлы жағдай туғызу

Бағдарламалық материалды әр түрлі жобадағы деңгейде ұсыну, міндетті деңгейден төмен емес

Жеке дара оқыту әдістері

Ойын арқылы Білімді, білікті, дағдыны игерудің тұлғалық- қызметтік сипатын қамтамасыз ету

Ақпараттар іздеуге, өңдеуге, игеруге бағытталған өз бетінше атқарылатын танымдық қызмет

Шығармашылық қызметке тартатын ойын әдістері

Page 29: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

3.2.2-сурет. Интерактивті технология әдісі

3.2.3-сурет. Интерактивті технология әдісінің пайдасы

«Информатика» пәнін оқыту технологиялары. Мектептегі информатиканы оқытудың негізгі міндеті – ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану үрдістерін меңгеру, оқу барысында, кейіннен қызмет ету саласында өзін-өзі көрсету, дамыту құралы ретінде компьютерлік

Page 30: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады. Білім беру технологияларын таңдауда информатиканы оқыту мақсаттары мен міндеттері, оқитын материалдың мазмұны, тиісті материалды игеруге балалардың дайындық денгейі, оқытудың күтілетін нәтижелері ескеріледі. Информатика сабағында оқушылардың қызығушылық, шығармашылық, танымдық әрекеттерін дамыту және жаңа технологиялар өнімін пайдалану шеберлігін қалыптастыру, өз іс-әрекеті мен ойын креативті пайдалана білуге дағдыландыру керек. Ол үшін оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру қажет. Сабақта белсенділікпен жұмыс жасап, одан қорытынды шығара білу, оқушыны өз бетінше ізденуге, іскерлікке дағдыландырады. Сабақта материалды игеріп қана қоймай, зерттеу, сынау, сараптау, өмірмен байланыстыру, білім мен білікті практикада пайдалану, өз пікірін қорғай білу – оқушы белсенділігінің көрінісі.

Жаңа оқыту технологияларын пайдалану аясында информатика пәнін оқытуды жетілдіру, яғни әрбір оқушының өз ерекшеліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйесін жасауға ұмтылу – ең басты мақсат. Осы міндеттерді атқару үшін жоғарыда айтылғандай, оқушының жеке білім алуға талпынуын, ұжымдық қасиеттерін жетілдіретін, өзінің білім алу жолын өзі басқаратындай деңгейге жеткізетін бірнеше педагогикалық технологияларды пайдалану қажет. Қажетті технологиялар мен әдістемелер оқушының дай ындығына, жасына және қарастырылатын пән бағдарламасының бөліміне қарай таңдалып алынады. [14]

Информатиканы оқыту кезінде қолданылатын білім беру технологиялары пәндік білім және біліктілігін, сондай-ақ түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы керек. Олар:

қызметтің әр басқа түрлерін меңгеру кезінде ақпараттық тәсілді қолдануы;

баланың өзі нәтижеге жетуі және жаңа білім ашу үшін болжам құруы; оқушының өз бетімен іс-әрекет жасау, шығармашылық және күтілетін

нәтижеге жетуі үшін әртүрлі тәсілдерді қолдану мүмкіншілігі; оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізуге «оқушы-мұғалім»

өзара іс-қимылдарды бағыттауы; әртүрлі көздерден ақпаратты іздеу, өңдеу, қолдану тәсілдерін меңгеруі; ойлау әрекеттерін меңгеруі: талдау, синтездеу, абстракциялау,

жалпылау, классификациялау; зерттеу дағдыларын игеруі: болжамды ұсыну, мәселені модельдеу,

мәселені негіздеу және шешу, жобаны әзірлеу, бақылау және өзін-өзі бағалау; информатика тілін меңгеруі және оны қолдануы. Информатиканы бастауыш мектепте оқыту жасына сәйкес

технологияларды қолдануды болжайды: ойын;

Page 31: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

білімнің дидактикалық бірлігін ұлғайту; зерттеушілік; жобалық; ақпараттық-коммуникациялық; тұлғалық-бағыталған.

Деңгейлеп оқыту технологиясы әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға, әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергендігін қамтамасыз етеді. Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей қарастырылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді, нәтижелі болуы үшін жеке тұлғалық, психологиялық даму ерекшеліктерге, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлінуі тиіс. Күнделікті сабақта сабақ өткізу формаларының және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін қолдану керек. Сабақтың мазмұнын, сабақты өткізудегі тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдау қажет. Сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар алынып отыруы тиіс. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын, білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.

Дамыта оқыту технологиясы оқушының оқу, білім алу үрдісінде жан-жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі т.б. қабілеттерін дамытуды айтамыз. Сондықтан, оқу үрдісі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп-салдар байланыстарын табу, жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс. Бұлардан басқа оқу үрдісінде оқушылардың көптеген ақыл-ой қабілеттері жұмыс істейді. Олар: болжам жасауға қабілеттілік, ойлаудың шолғыштығы, жалпы қабылданған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың икемділігі, құбылыстардың байқалуы, қиын ұқсастықтарын аңғару, білуге құмарлық т.б.

Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және оқушылардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді. Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады. Дамыта оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар, олардың оқу білігін дамытуды да көздейді. [18]

ҚОРЫТЫНДЫ

Page 32: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

«Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта дайындау үрдісі арнаулы және орта мектептерден бастау алмақ» деген Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді бей-жай қалдырмауы тиіс.

Бүгінгі заман мамандарына қажетті білім, іскерлік, дағды аясының үздіксіз кеңейіп, мазмұнының толықтырылып жетілуі кәсіптік және құзырлық деңгейі жоғары, өндірістің қарқынды даму жағдайына тез бейімделе алатын, кездескен проблеманың шешімін өздігімен жүзеге асыра алатын, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру қажеттігінен туындап отыр.

Оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау нақты әдіснамалық тәсілдер кешенінің көмегімен шешімін табады. Компьютерлік технологияны пайдалануға даярлық – тұлғаның компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдаланудағы тәжірибесін меңгеру деңгейін көрсететін және мотивациялық, интеллектуалдық-мазмұндық, эмоционалды-еріктік, шығармашылық-іс-әрекеттік, эксперттік-аналитикалық компоненттерін біріктіретін тұлғаның қозғалысты дамудағы сапасы.

Тұжырымдама оқушыларды жүйелі бірізділікте компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға бағдарлайды. Оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру моделінің аясында мақсат, міндеттер, компоненттер, кезеңдер, мазмұн, құралдар, өлшемдер мен көрсеткіштер, деңгейлер, шарттар өзара бірлікте қарастырылады.

Оқу-әдістемелік кешен оқушылардың компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға байланысты білімін жүйелеп, іскерлігін жетілдіреді, өздігімен дербес шығармашылық ізденіске бағыттайды. Оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау әдістемесі эксперимент барысында дәлелденген нәтижелерге негізделеді.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби бағыттылығының қалыптасуына жол ашады.

Қорытындылай келе айтарым: оқушының шығармашылық қабілеті, практикалық әрекеттері ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы болады. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытып, кәсіби бағыттылығын қалыптастырады.

Page 33: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

Дипломдық жұмысымның қорытындысында нәтижелерді талдау негізінде келесі мазмұндағы ұсыныстар бере аламын:

1. Бүгінгі әлеуметтік, педагогикалық және орта мектеп оқушысының даму сұранысын қанағаттандырудың басты көзі - информатиканың негізгі және қосымша курстарын мектептің толық оқу жоспарының негізгі бөлігіне енгізу қажет.

2. Ұсынылып отырған тұжырымдаманы оқушылардың кәсіби даярлығында пайдаланған жөн.

3. Оқу-әдістемелік кешенді (оқу құралы, компьютерлік тапсырмалар) оқу үрдісінде пайдалануға болады.

4. Мектепте оқытылатын әрбір пән бойынша қазақ тілінде электронды оқу-әдістемелік кешендер дайындау жұмыстарын жандандыру қажет.

5. Мектептің материалдық және техникалық базасын нығайта отырып, әрбір сынып кабинетінің ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарымен жабдықталуына жете мән беру керек.   

6. Дипломдық жұмыстың нәтижелерін мамандардың білімін жетілдіру институттарында пайдалану қажет.

Дипломдық жұмыстың проблемасы күрделі де көпсалалы проблеманы толығымен шешуді мақсат етпейді. Алдағы уақытта: болашақ мамандарды компьютерлік технологияны практикалық іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру; болашақ мамандарды компьютерлік технологияны меңгерту үрдісінде кәсіби даярлау проблемаларын арнайы зерттеуді талап етеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Page 34: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/14/1403_______.docx · Web viewсабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. Оқушылар кез келген уақытта

1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Егемен Қазақстан, 28 қаңтар 2011 ж. 2. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Егемен Қазақстан, 29 қаңтар 2010 ж.3. «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Егемен Қазақстан, Астана, 2010 ж. 4. «ҚР Білім туралы заңы», Алматы, 2007 ж.5. «ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты», Астана, 2007 ж. 6. Бөрібаев Б., Балапанов Е. «Жаңа ақпараттық технологиялар».– Алматы, 2001.7. Баймұхамедиев С.Қ. «Жаңа ақпараттық технология».- Алматы, 2003. 8. Мұхаметжанова С.Т. Жартынова Ж.Ә. «Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері», Алматы, 2008 ж.9. Джеймс Л.Молер «Flash MX 2004» Руководство Web-дизайнера, М.: Эксмо, 2006.10. Лещев Д. «Flash MX 2004» Теория и практика. Самоучитель. СПб., 2004.11. Панкратова Т. «Flash MX 2004» Учебный курс. СПб., 2004.12. «Macromedia Flash MX 2004 ActionScript 2.0 Справочник разработчика / Под ред. Артеменко Ю.Н. М., 2005.13. А.Сахатова «Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану», Математика в школе журналы, 2001 ж.14. «Қазақстан мұғалімі» газеті, 2008 ж., 5 наурыз. 15. Н.Ермеков, Ж.Қараев, Н.Стифутина «Информатика» 10 сынып.- Aлматы: Жазушы, 2000 ж.16. Н.Ермеков, Ж.Қараев, Н.Стифутина «Информатика» 7 сынып.- Aлматы: Жазушы, 2000 ж.17. Нұрмұханова Г. «Жаңаша оқыту – уақыт талабы» Қазақстан мектебі - №10/200418. «Информатика негіздері» № 1,2,3,4,5,6 2006 ж., № 2,4,5,6 2007 ж., № 1,2,3,4,5,6 2008 ж., № 1,2,3,4,5,6 2010 ж.19. «МИФ» (математика, информатика, физика) №1 – 2011.20. «Интерактивті тақтаны пайдалану бойынша әдістемелік көмекші құрал» Тараз қ.21. «Интернет материалдары: «Google» және «Mail.ru» сайттары, 2010-2011.22. Теңгебаев Т., Мыңжасарова Т. «Электронды оқулықтар – оқыту үрдісінде» Қазақстан мектебі - №7/2004