9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан...

384

Transcript of 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан...

Page 1: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып
Page 2: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

УДК821.512.122ББК 84 (5 Қаз) 7-5Қ 23

Қазақстан РеспубликасыМəдениет жəне ақпарат министрлігіАқпарат жəне мұрағат комитеті

«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

Кiтапты жүйелеп, баспаға əзiрлегенҒафу Қайырбековтің жұбайы Хамзина Бəдеш

Қайырбеков Ғ.Қ 23 Көп томдық шығармалар жинағы./Ғафу Қайырбеков. –

Алматы: «Қазығұрт» баспасы», 2013. 9-том. Өлеңдер – 384 бет.

ISBN 978-9965-22-450-8

Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғафу Қайырбековтің көптомдық шығармалар жинағының 9-томына өлең өлкесінде өзіне ғана тəн ерекше стилімен жауһар жырлар қалдырған аса дарынды ақынның лирикалық өлендері мен аудармалары енген.

Кітап көпшілік оқырманға арналады.

УДК821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) 7-5

ISBN 978-9965-22-450-8ISBN 9965-22-255-X © Хамзина Б., 2013

© «Қазығұрт» баспасы», 2013

Page 3: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып
Page 4: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

4

АҒАДАН ҚАЛҒАН АМАНАТ

Ғ. Қайырбеков көрегендік мына бір сөзді қағазға түсіріп кеткен. Сол жарық көрмеген сөзді «Қазақ əдебиеті»

газетінде жариялауға ұсынғанды жөн көрдім.Оны газетке ұсынған жазушының жары – Бəтеш.

Ғафу ҚАЙЫРБЕКОВ

ЕЛБАСЫНА

Жалпы қазақ қоғамында, оның ішінде Қазақ мемлекеті аталған 71 жылдың ауқымында не бір жазық маңдай, марқас-қа, бір өзі бір халықты, қазақты еске түсіретін кемеңгер са-баздар өмір сүрді де, қолында билік, өмір жоқ болса, құның да, қадірің де жоқ кесапат дəуірде қайран басы қор болып, «не жаздым, не жаздым халқыма» – деп, зар еңіреп, тірлікпен қош айтысқандар аз емес. Туғызуын туғызғанмен, өз бала-сын қорғай алмаған халықтан сорлы бар ма екен?!

Ақтығында біздің көзіміздің тірісінде, қайта құру дəуірі-нің бізге берген бақыты – Азаттық, Еркіндік, Егемендік тұсында тағы да сол халық ортасынан тағы бір азамат шығарды. Ол – Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев.

Азаттық алған елдің туғызары көп болмақ, ол əлі үлгіріп жатқан жоқ. Амандық болса, не бір талантты жастар арамыз-да бар. Енді бар болып, қаулап шығуға тиіс.

Нұрсұлтанның біз үшін, қазақ үшін қадірі осынау бір кез-ден құдіретті мемлекет, қазіргі тілмен айтқанда, – империя, ыдырай сөгіліп, «балапан басына, тұрымтай тұсына» болған

Page 5: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

5

берекесіз де, иесіз жағдайда, «ау, ел басқарар кім бар?» дегенде суырылып шыққан даралығы. «Е, ел, бұл халық əлі иесіз емес екен», дегізгендігі. Дегізіп қана қоймай, өзінің ақылдылығы, дербес қимыл-əрекетімен, əсіресе, ержүректілігімен, Үлкен Қазақстан атынан үлкен сөз сөйлеп, кең келісім, мол пішім көрсетіп, тек Одақ көлемінде емес, дүние жүзінің алдында бедел, ықпалға ие болғандығы. Қысқасы, қазақ атын көптен бері шырқатып, бір аспанға шығарғаны.

Біз, қазақтар, мұны, бұл тарихи еңбекті ешқашан естен шығармауымыз керек. Бір сол үшін мақтансақ əбден жара-сады.

Ендігі мақсат – Нұрсұлтанның мемлекеттік дəрежедегі ақылмен жоспарлап отырған аса қиын, күрделі дəуірдегі тығырықтан республиканы қалай алып шығу туралы əрекет, істерін қолдап, көтерісіп əкететін азаматтар, қайраткерлер жиналуы керек. Мысалы, Абылай төңірегіндегі билер мен ба-тырлар сияқты. Яғни, бүкіл қазақтың қолда бар ерлері ұрандап қосылуы керек. Біздің, маңдайымызға заманның, уақыттың салған қырсығы аз болғандай, өзіміздің ескі қырсығымыз жеке-жеке бышырап, үй ішінен үй тігіп күншілдікті, өсек-ғайбатты қоздырып, тек тен-текке бүлінетініміз бар. Енді ел боламыз десең, құрымаймыз десең – ол əдетті қоймасаң да қоясың.

Азаматта көп жағдайда жазық бола бермейді, жазық сұңқарды қоршаған қарғаларда болады. Нұрсұлтан осылар-дан сақ болса екен! Ең арманды тілек – осы.

Нұрсұлтанға айтар аманат, құдайға шүкір, ел қабырғасы бүтін тұрғанда, маңына ең талантты адамдарды жинап, осы-ларды тəрбиелеуді де қатар жүргізу керек. Жалғыздықтан жаман жоқ.

Жол болсын, Нұрсұлтан, жол болсын. Қазақ елі!!!

Мен бақ құмар емеспін,Маған енді Бақыт, тақыт – билейтін тəмəм елді, Арман емес. Сондықтан ақ сөйлеймін –

Page 6: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Халық қазақ, кезегің жаңа келді!Дабырламай, шуламай, даналықпен Даусыңды естірт баяғы далалық кең.Көтер көкке ұлыңды бір сен үшін Мына күнде маңдайға дара біткен!Сынға түскен екі ұдай тұста мына, Қарамайды ол бақытқа, бас қамына,Лайық ол, байқасаң, қазақ түгіл Əлемді де əдемі басқаруға!

15 ноябрь, 1991 жыл.

Page 7: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

БІРІНШІ Б�ЛІМ

ША�ЫН ХИКАЯЛАРТа�ы да келді, �не, а� боз атым,Алдымнан мені �имай ора�ыт�ан

Page 8: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

8

КӨНСАДАҚ

Күйдік, жандық, сүйіндік, –Талай жолда адастық,Шашырадық, жиылдық,Достастық та, жауластық.Жеңілдік пен қиындықӨтті бастан алмасып,Отырмыз енді иіліп,Көнсадақтай шаң басып.

Осының бəрі, ойласаң,Бір тостаған тіршілік.Тостағанға тоймасаң,Табақты іздеп күрсініп,Жүрген кездер талтаңдап.Күнің озық, ілгері Ай,Тамақ таңдап, дəм таңдап,Көп тасынған күндер-ай!

Оның бəрі енді артта, –Керегі жоқ аһ ұрып.Өзіңе өзің жүк артпа,Арттағыны шақырып.Аз қалса да алдағың,Артық болар көруге,Бармай тұрып қармағыңСу түбіне шөгуге.

Лақтырып қал тағы бір,Соңғы балық ілігер,Көнсадақтың жағы бірТартылар да дірілдер.«Ала өгіздей мөңіреп»,Атар соңғы жебесін,Сен де, мерген, еңірет,Оқ таусылды демесін...

Page 9: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

9

БАРЫП ҚАЙТУЯКИ

ЕМХАНА ЭЛЕГИЯСЫ

Бірінші доктор Болат Ізбасқанұлына,Екінші доктор БəдегүлжамалХамзақызына арнаймын.

I

Достарым, дерт суырған денем арық,Демімді тартам іштен əрең алып,Қаңқаның қаусап қалған арасыменЖүректен қан жүреді төмен ағып.

Сүйекті өрт мүжіген, күйік шалған,Жілікті сынып қалған, қиып салған,Бір шебер көлеңдейді көз алдымдаТұманның арасынан тұйықталған.

Деген сөз: «барып қайттың, барып қайттың»...Белгідей тағдырымды анықтайтын,Шуылдап құлағымда тұрады ылғи,Меңіреу мен емеспін оны ұқпайтын.

Миым сау, ой ойлайды баяғыдай,Көз – шылау, көрген сурет таяды ұдай,Қозғауға денем күйрек, басым имекТағдырдың тастап кеткен таяғындай.

II

Жүйрік ем, өзі берген құдай қанат,Көрмеген құлау түгіл бір тайғанап,

Page 10: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

10

Басына той төбенің ағып келіп,Кетуші ем абыройды тудай қадап.

Сағынып сан жарысты алаңдаушы ем,Дүбірден денем қызып қала алмаушы ем,Ұршықтай дөңгеленіп жөнелгенде,Даланың ой-шұқырын қаранбаушы ем.

Жер билеп, көз алдымда көк теңселіп,Сағымды көсілуші ем көктей сөгіп,Қашанда бəйге болса, «менікі» деп,Қапысыз өзіме-өзім кеткен сеніп.

«Көз бар-ау, көз тиеді-ау» деген ойданАулақпын, сақ болудан көңіл бейғам,Отырмын енді еске алып соның бəрін,О, тоба, дерің бар ма пəле қайдан!

III

Сондай бір жарыс па еді, жоқ есімде,Майданның шыға келіп төбесіне,От көрдім ар жағында маздап тұрған,Əлде бұл қан қырсықтың елесі ме?

От емес, өрт екен бір қалың шұбақҚалмайтын қарығанда, жаның шыдап,Екпінмен келген бойы қойып кеттім,Қойсын ба тұрған дене жану сұрап?

Теріден түктің бəрі түсті күйреп,Сүйекті жалын қауып, ыстық илеп,Жығылдым, жындар күлді сықылықтап,Үстінде пері ойнақтап, мыстан билеп.

Page 11: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

11

Маңайда жоқ еді ешкім жан дегеннен,Жəне жоқ бұл сұмдықты көрген елден,Ажалдың оңаша оғы осы екен ғойСығалап көзден аққан көлденеңнен.

IV

Содан соң қаңғыр-күңгір, салдыр-гүлдір,Асылған артым тұман, алдым бұлдыр,Қақпасын басқа дүние ашсам керек,Бір уыс тіршіліктен қалған тұлдыр.

Қапыда үлгірмедім «қош» деуге де,Бірдеме үзілгендей бос кеудеде,Бір айқай сол кеудеден шықты ма əлде,Соңғы бір қоңырауындай көшкен кеме?

Ал, кəне, есің қалса, аңғарып ал!Ашылды алтын сарай – алды бір зал,Арбады, қызықтырды жиһазымен,Төбеде қызыл-жасыл шамдары бар.

Солардың дəл астында сылаң қаққанСұлулар бөкселерін бұраңдатқан.Шу етіп мені көріп жетіп келді,Бу атқан денесінен кіл ант атқан.

V

Қасыма жете беріп, тұра қашты.Көргендей жанып тұрған бір ағашты,Шашырап қызыл шоғы маңайымаҚуырып жіберді ме қолаң шашты?

Page 12: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

12

Мені бір адам емес, пəле көріп,Жоғалды əлдеқайда дөңгеленіп,Кең сарай сатыр-сұтыр құлап түстіАр жақтан дала ашылды сəулеленіп.

Кісінеп бір қызыл ат келді жетіп,Танауын қос шелектей желбіретіп,Алтын ер, күміс жүген күбірлегенТөгілген құйрық-жалы жерге жетіп.

Сол сəтте үзеңгіге салдым аяқ,Қарғыдым ат үстіне қарғудай-ақ,Құйғытып кете бардым көкжиеккеҚалам ба бұл шабыстан жанымды аяп.

VI

Бұл шабыс қандай шабыс, мəн бермедім,Талай бір ойға түстім, қырға өрледім,Ақ боз ат айнымайды бір бағыттан,Бетке алып жүйтки берді күн белдеуін.

Ат емес, менің өзім зырлап ұшқан,Іздедім осыншама кімді алыстан,Іздедім осыншама нендей мекен?Ал сонда «тоқта!» деген бір дауыстан.

Қалт тұрып қалған екем, ат мызғымай,Жануар болған екен қып-қызыл май,Ер-тоқым күйіп кеткен ыстығымнан,Əлі де басылмаған от қызуды-ай!

Кеудемді əлгі шабыс əлдилегенБасылдым, кезім екен əл білмеген.Қасымда əйелім тұр: – «Анау жаққаБармашы, бармашы», – деп зар илеген.

Page 13: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

13

VII

Ия, анау ашық алаң атырабы,Дауыстап атымды атап шақырады,Бір мола қыр үстінде қылаңдайды,Кеппеген жаңа қазған топырағы.

Жаңағы ат соған қарай алып қашқан,Үстіне келіп қаппын мен ұқпастан,Жетектеп мені əкетті қайран жарым,Баяғы күндерімдей қол ұстасқан.

Жаяулап кері қайттық, денем аман,Қызыл ат үстен тоқым, ерін алған,Кісінеп, əлдеқайда болды ғайып,«Берді ғой құдай қайтып сені маған»!

Деген сөз құлағыма естілді анық,Ояндым кезінде алау кештің жарық.Қанша күн, қанша сағат ойымда жоқ,Соншама жатсам керек есім танып.

VIII

Шынымен ояумын ба, білмен бірақ,Көңілім түске жақын – өңнен жырақ,Айқасқан кірпіктердің арасынанЖіңішке жіптей сəуле тұр қалтырап.

Құлағым шалғышының қайрағындайШыңылдап, тірлігімнің айғағындай,Естимін енді бір сəт дауыстардыШалғайда анам даусын шалғанымдай.

Кіргендей бір топ адам баса-көктеп:«Түскені бұл кісінің қашан еді?» деп,

Page 14: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

14

Сұраған біреу сөзін естіп қалып,Зорланып кірпігімді ашам ептеп.

Самсаған еркек, əйел ақ киімдіЖатырқап қарасып тұр жат күйімді,Аласа қара жігіт баяндайды,Қалдырмай тарихымды, тамтығымды.

IX

«Қалмаған бастан басқа күймеген жер,Ал қызыл тас үстімен сүйрегенде,Қол шыққан құлағанда, жамбас сынған –Дегендей пəле, қырсық үймелеңдер.

Алдымен күйік жаман, соны емдейміз,Үмітпен емдегенге көнер – дейміз.Жүрегі аман екен бір жақсысы,Сынықты содан кейін шегендейміз.

Тоқтамай əлгі қара зырлатады,Ешкім жоқ, өзі ғана тіл қатады.– «Жақында бізге келген жаңа дəріДененің барлық суын құрғатады».

Ол судың суырылған орнына бізИықтың тамырынан нəр құямыз.Үш қабат қою-сұйық дəрі жағып,Қауыпты күйік бетін тайдырамыз».

X

Жымиды ішіндегі аққұбасы,Шамасы осы келген топтың басы,

Page 15: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

15

Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқанЖөнелді жағдайымның көп куəсі.

Біреуі қалып қойды ақ халаттың,Манадан оны бірақ байқамаппын.Қарасам, о, ғажайып, өз əйелім,Қалмайды-ау аңқаулығың, қайран ақын!

« – Айналдым, – дейді, – жаным, бұл күніңнен,Дүниеден кетіп барып, бір тірілген,Шырағың қайта жанды, шыда, шыда!»Тамшылап ыстық жасы кірпігінен.

Отырды маңдайымды сүйеп жұмсақ,Тағы да есім ауып кетті бұл шақ,Тағы да өрт өлкеге сапар шектім,Баяғы сəн сарайды бетіме ұстап.

XI

Белгілі сайтан көпір, жын сатысы,Өрлеймін, жоқ бұл жолы бір қатысы...Сол жақта екі түндей жүріп қаппын,Адамның неткен ұзақ мұнша түсі?!

Доктордың манағы айтқан басталды емі,Дүниенің төңкеріліп аспан-көгіКеткендей болады екен дəрісінен,Олай деп ескертпеген бастан мені,

Ысқырған айдаһар ма, алдаспан ба,Дерсің бір, денеме кеп жармасқанда,Көп уақыт, жерге түспей жаңғырығыпЫшқынған ащы айқайым қалды аспанда.

Шырылдап қайран жаным бала құстай,«Тоқта!» деп, байғұс жүрек қалады ұстай.

Page 16: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

16

Сау етіп келген дəрігер тобыКөрінді күнде маған жан алғыштай!

XII

Дозақтың басқышынан мен құларда,Аярсып, аяғансып келіп алғаКөріп ем бір сұмпайды көзі қызыл:«Ақыным, ал жолыңнан енді қалма!»

Деген ол, сөзін ұғып жатқаным жоқ,Көзінің сұғыменен атқанын оқ.Жатырмын жаңа біліп, ойша ақтарып,Дүниенің адам ашпас қатпары көп.

Оллаһи, тиген көзі соның маған,Ешбір жау босағамды торымаған.Ақ көйлек адам едім, жұртқа сенгішЕш сөзді жаманатқа жорымаған.

Ешкімге болған емес өш ниетім,Көбінің өз мінезін кештім еркін,Біреулер түк жазығың болмаса даБар екен тірлігіңді көпсінетін...

XIII

Əлі де күн – қорқыныш, түн – үрейменУақыт сүйретілген, сүмірейген.Бірақ та жоқ қызыл ат, жоқ қызыл көз,Жоқ мола мені күтіп үңірейген.

Жатырмын тіршіліктің нақ қасында,Тозақтың енді бармай қақпасына,

Page 17: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

17

Түскенде сыпырылып қолда қалған,Қараймын қызыл аттың ноқтасына.

Қараймын жар жүзіне жадау тартқан,Бұл күндер маңдай шашын сəл ағартқанҮстімнен күндіз-түні төніп байғұс,Үмітпен күндер өткен, таңдар атқан.

Ойымда дəрігердің жанталасы.Ол емес – бес бересі, алты аласы.Көңілін құлатты ма құдай мағанСіңбестен ішкен сусын, татқан асы.

XIV

Шабыт пен бар өнерін салып бақты,Жақсыны көңіл танып, жан ұқпақты,Жағдайым оңып онша жатпаса да,Азамат оң сөзінен жалықпапты.

Түсімде, естен танған кездерімде,Көп көрдім аруақтардың өздерін де,Ағалар, замандастар, інілерім,Баяғы жылы шуақ көздерінде.

Білдірмей бұл дүниеден өткендерін,Білдірмей көп арманды кеткендерін,Бəрінен ықыласы көрінді артықБұл күнде тірі жүрген көп пенденің.

Деймін мен əйеліме: «Дəм əзірле,Көп болды қол тимеді бір мəзірге!»Дəмге олар қарамады, үндемеді,Деді ме: «Тұра тұршы сен əзірге!»

Page 18: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

18

XV

Ал өңде ести сала оқиғаны,«Ажалда, тұтқында» деп ақын жаны,Адамдар үздік-создық шұбырды-ай кеп,Секілді жел теңізді сапырғаны.

Əбекең, Мұқаң, Дихаң, Хамаң, Сырбай,Əрқайсысы асқар таудың панасындай,Қалмады академик, профессор,Қазақтың көңілдері даласындай.

Замандас, жасы кіші бауырларым,Бірге өсіп, бір жасаған қауымдарым,Соларға ішім риза елжірейді,Қадірді біле берген сауыңда кім?

Пендемін, қай жақынды іздедім мен,Шығар деп естімеген, дүзде жүрген.Жандардың бар екені есімде жоқҚашанда шөп шықпайтын іздерінен...

XVI

Солайша кетті қырсық өз басымнан,Аз күнде көп қорқытқан «олжасымен».Қалдым мен аман-есен, ел тілегі,Жар жəне балалардың көз жасымен.

Біледі мұның бəрін бастан кешкен,«Мынау тау, мынау заңғар аспан дескен».Уақытша «əулиелер» ақ ордасыБолады бір-ақ сəтте астан-кестен.

Білсең де дүниенің бір мінезін,Күндейді ең арғысы күнді көзің.

Page 19: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Мысалы, сол ғылымды, тағылымды,Əреңдеп, «өле жаздап», білдім өзім.

Бұл күнде заман – жұмбақ, күн – уайым.Білмейсің тағдырыңа кім құдайын,Бір кезде шаңырағыңа тіреу болғанКүйреді тау бəйтерек, сынды қайың.

XVІІ

Достарым, мен бір сүлде – ақсақ, арық,Шығыпты шағын күнде шаш ағарып,Сондағы айырбасқа алған дəулет –Тағы да бауыр бүтін, бас амандық.

Жазғырып, жазған деме мұның несін,Сен ертең кешеріңді, бүгін кештім,Сол ғана айырмасы. – Жалған пікірДегенің – естімесін мұңымды ешкім.

Үйір ғой көлеңкеден шуаққа жұрт,Бір күні қайрат қайтып, қуат қажып,Шаң жұқпас шашасына сан тұлпардыңБəрінің жығылары – бір-ақ қазық.

Бұл да бір кезім болсын ой ағытқан,Тағы да келеді, əне, ағарып таң,Тағы да келеді, əне, ақ боз атым,Алдымнан мені қимай орағытқан.

Қараша, 1990 жыл.

Page 20: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

20

АЗАТТЫҚ ПЕРЗЕНТТЕРІ(поэма)

Ел болса, Ер туғызбай тұра алмайды,Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды.

Иса Байзақов

I

АЗАТТЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ҰЛДАРЫ

«Қашан сен ел болып едің», – деген сұрақ,Тиеді атқан оқтан ауырырақ.Кеудеңде намыс деген бір от болса,Лап етіп сыртқа шығар сонда бір-ақ.

Ел мен Ер біздің тілде екі-ақ əріп,Көрген жоқ бірін айтсаң, бірі қалып.Көнсадақ, көзсіз батыр шығар қырғаКүн туса ел басына, бұлт айналып.

Біледі ол ондай жолда бас кетерін,Алысқа ат ерттемес əсте тегін.Біледі ол өзі өлсе де, ел қаларын,Қуатын ата кегін жас жетерін.

Жортқанда дүрсілдетіп кең даласын,Қорек қып алты малта алған асын,Көтерген көкке сермеп найза басын,Көргенде көлдей көсір жау қарасын.

Үш тұстан, ұлан-байтақ үш қияннан,Қиырдан дауыс жетпес күш жия алған,Қазақты намыссыз деп кім айтады,Айнымас ақ-арыстан, құс-қыраннан.

Page 21: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

21

Ақырып ата аруағын шақырғанда,Шаңқ етіп, шар тарапқа шарқ ұрғанда,Шашақты шұбар ала ту желбіреп,Самсаған шығарғанда батырды алға,

Пай, пай, ай емен найза сартыл қағып,Семсерден ұшқан оттар жарқыл қағып.Апай төс алмауыттар омырауласып,Əуелі аспанға бір шапшып алып.

ІІ

Содан соң шаң шығарып будақ-будақ,Қан шоқпар өз-өзінен қолда тулап,Ақ сауыт шығыршығы желмен ойнап,Дулыға шеке керіп, басты бунап.

Жүйткиді-ау, жүйткігенде түрі кандай!Айбыны екі көзге құйылардай.Жеңістің қанды олжасы енді бір сəтНе бұған, не дұшпанға бұйырардай.

Майданы басталғанда жекпе-жектің,Көтеріп ауыр салмақ жеткен екпін,Сарт етіп соғылғанда жау-жартасқа,Жанжалы қайнағанда жер мен көктің.

Батырлар айқайына далада ашық,Тұлпарлар арқырауы араласып,Бір сəтте жау жығылып, ер мертігіп,Жануар тірі иесін ала қашып.

Сонау бір кернеп тұрған көкжиектіДегенше қалың қолға енді жетті,Қалың қол қырдан ойға төгіледі,Құжынап құмырсқадай жердің беті.

Page 22: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

22

Мына шақ қиын болар енді аңғару,Ми-палау – кімнің қазақ, кім жоңғары,Əп-сəтте қан қуырдақ қалды толыпДаланың алып астау – бір аңғары.

Қанша күн созылды бұл кескілесу,Жимастан екі жақта ешкім есін,Кім тірі, кім өлінің шекарасыБілінбес, жанды құлақ естімесін.

Дейтін бір қызыл қырғын, хан талапайБалқаш пен екі арасы Аңырақай,Ебінің есер желін бетіне алып,Аңырап ауды қалмақ қаралы айқай.

Қазақтар жаралы мен өлік артқан,Арқаға, Сыр, Жайыққа көш шұбалтқан,Ақсауыт дал-дал болған, найза сынған,Тұлпардың тұяғынан от шығартқан.

Жарылып жырым-жырым сүйем қалған,Басылып сойқан соғыс зəрені алған,Шаң басқан ақ кіреуке, көк дулыға,Тебінгі терге шіріп, қанға малған.

Қауқайып ат үстінде сүлделері,Қазақтың қырау қабақ шын ерлері,Қабанбай, Бөгенбай мен Жəнібектер –Сабаздар сөгілмеген іргелері.

Шұбырған қол соңында баяу басып.Барады түгендесіп, амандасып.«Бас қосып жүрелікші жау жоқта да,Қамшының ұшын жалғап, хабарласып».

Дейді олар, бəлкім, серті, бəлкім анты,Əйтеуір аманаттар айтып жатты.

Page 23: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

23

Ең басты ауыздағы алтын сөзі –Сақталды Елдік салты, Ерлік салты.

* * *

Өткенде одан жүз жыл арада ауыр,Қаптады дала үстінде қара дауыл,Басына Азаттықтың арқан түсті, –Еркіндік көзден ұшты қайран дəуір.

Тағы да туды қырсық сөнер шағы,Елінің ескі салты, көне сəні,Ақ туын атасының қолына алдыКенжесі Абылайдың Кенесары.

Тағы да жиды батыр үш тараптан,Алысқа аруағымен күш таратқан,Ұрпағы ескі ерлердің қайда кетсін,Жаралған ошағынан ұшқан оттан.

Жиналды батырлардың қарты, жасы,Еңіреген ер біткеннің қарт ұясы,Тау Көкше тарландарын баурына алдыШошайған бұлт үстінде тақиясы.

Түбінде əр қарағай бір-бір тұлпар,Таң асты, жауды күткен ылғи сұңқар,Басына əр қияның алау жақты,Ортада хан Кененің үңгірі бар.

Айқасты, қайран ерлер айқасуда,Сарыарқа тұнып кетті айқай-шуға,Қаншама айлар өтті, күндер өтті,Қан кешу, оны есептеп байқасын ба?

Баяғы қалған кəзір жекпе-жектер,«Ер болсаң, енді дейтін бетпе-бет кел!»

Page 24: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

24

Тастайды қалың қолды селдіретіпСорайған өңештері зеңбіректер.

Қор болды күш танытпай кереметтер,Оқ құсқан ұңғысынан пулеметтерАжалдың шалғысындай қиратады,Кеткендей дүрілінен дөңгелеп бел...

Сай келсін қаруыңа қару қайдан!Мынау бір көз көрмеген қанды майдан,Не керек тау шағылды, мыс құрыды,Кеткендей аруақ көшіп Абылайдан.

Арқадан ауды Кене амалы жоқ,Атаның ұран салар заманы жоқ,Арқадан ауғаны оның – бағы ауғаны,Арманнан өкпесіне қадалып оқ.

Не керек оның соңын айта беріп,Ел жиып соғысам, – деп, қайта келіп,Ендігі азып болған ел жиылмай,Соңына бақ таярда сайтан еріп,

Шашылды батырлары, бастан бағы,Жаншылып тістерінде бас бармағыӨкінді ол, заманына қарғыс айтып,Сұп-суық қызыл көзден жас парлады.

Баяғы басын жұтты жеке арманы,Қазақты енді бүтін ете алмады.Адасты Азаттықтың ақырғы ұлы,Қазаға қайдан қырсық жер таңдады?!

Бермеді бұған дұрыс пана құдай,Тебіренді Түркістанда хан Абылай,Жортуыл жолда басы қалатұғынСалт болды батырларға содан былай.

Page 25: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

25

* * *

Қашанда қасиеттеп қазақ тұтқан –Артық жоқ дүниеде Азаттықтан,Сол үшін, соны қолдан бермеймін деп,Тарихта талай ерлер басын жұтқан.

Солардың Ер Исатай соңғысындай,Жайықтың арнасына толды судай,Нарыннан қаулап шықты қарағайдай,Ханыңа қара түгіл қол ұсынбай.

«Қамы үшін қара қазан, сар баланың»Деместен «бас кесіліп, қор боламын»,Қаптаған көк қаруға ол да шықтыТүбінде «Жасқұс» пенен Жанқаланың.

Желбіреп сары ала ту шыққан бойда,Құйылып қалың əскер қырдан ойға,Астында Ақ табан ат, алда Исатай,Сол күнде «қырқарланып құралайда»,

Бір жеңіс, екі жеңіс дəмін татқан,Амал не, үшіншіде қаза тапқан,Егіздің сыңары еді ер МахамбетСодан соң аза күйін аңыратқан!

Сөзі өткір көктен түскен жай оғындай,Иранның суын жұтқан болатындай,Мөңіреген сар садақтың дауысындай,Аққудың үн шығарған қанатындай,Дүниеден ақын өтпес ол ақындай.

Сабазын, Исатайын жоқтағанда,Тыңдаған таныс алып, дəт табар ма?Кетпей ме тамырында қаның тулап,Сен дағы міне шауып Ақтабанға.

Page 26: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

26

Кеппестен кетті көзден жасы мəңгі,Бір сатқын, туа құзғын асыранды.Көсіліп көк жайлауда отырғанда,Қапыда қанды қолмен басын алды.

Сондағы соңғы сөзі түскен бастың:«Азаттық!» –Ер өмірі қысқармасынБілмеген қарғыс атқан, сұмпайыларҰқпады бұдан сұмдық іс болмасын.

Олардың азаттықпен тағдыры рас, –Сүлделер намыс қонбас, ар бұйырмас.Осылай Азаттықтың құрбаны бопҚиылды бас соңынан тағы бір бас.

* * *

Жанқожа, Есет, Бекет, Сырым Даттан,Ел десе шыбын жаны шырыл қаққан,Наурызбай, Ер Өтеген, батыр СаурықАңыз боп келіп жеткен жүз ұрпақтан.

Амал не, қиған соның бəрі басын,Тауысқан Азаттық деп жарым жасын,«Аруақтар даласында дамылдасын,Ұрпақтар Еркіндікті сағынбасын».

Дегендер тұтас туған тұлға бүтін,Киместен өткен жандар құл қамытын,Қашанда Азаттықтың бір перзентіБойында жатар тулап бұл халықтың.

Page 27: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

27

ІІ

АЗАТТЫҚТЫҢ АҚЫРҒЫ ҰЛДАРЫ?

Қанаумен қан қақсатып таман елді,Содан соң ондаған жыл аға берді,Ең соңғы айқайындай АзаттықтыңАқырып алға шықты Аманкелді.

Бұл жолда ол да білді бас қиярын,Ішінде темір қамал, тас қияның,Ұстасы Ұлт-Азаттық қозғалыстыңСоғыстың даладағы тапты заңын.

Төгіліп қара нөсер төбесіненЖатса да, жаңылмаған ер есінен,Тұтқиыл шабуыл мен қаша ұрысу –Даланың ой мен жыра, белесінен.

Жеткізбей зеңбіректен ұшқан допқа,Бір адам əрең беріп жүз солдатқа,Жарқылдап жазды күнгі жай отындайБіртіндеп жаяу жағасын жыртқан жоқ па?

Сарбаздар Ақтөбеден, Ақмоладан,Көкшетау, Ұлытау, Сыр – көп саладан.Қара құм, қызыл құмның қойнауынанДариядай қол құйылып жатқан оған.

О, шіркін, емес еді-ау осал ағаң,Кезі жоқ көп екен деп, жау санаған.Үш жылдай ұлы сүргін, қанды айқастаЖеңілмей, елу мың қол асыраған.

Бақса да тағдыр бұған қысас қылып,Өзінен мықты жаудан күш асырып,

Page 28: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

28

Тарихта тұңғыш рет қазақ күресінЖіберді төңкеріске ұштастырып.

* * *

Одан соң ширек ғасыр шамасындаОтанның жау жармасты жағасына,Аштықтан, тас қамаудан сиреген елҚарамай қансыраған жарасына.

Қашанда өр намыстан жоқ қалуы –Бойында көк қаруы – кек қаруы,Дегенде: «қазақ қайда? – кетті түсіп,«Аллалап» барған беттен отқа кірді.

Сұрапыл қырғын еді Мəскеу үшін,Желігін мынау жаудың бас! – деу үшінТағы да Қазақстан керек болды,Қазақтың төкті əкеліп əскер күшін.

Составтар ағылды-ай кеп күн шығыстан,Халықтар қан аралас бір туысқан,Армия, дивизия, сан полктыңКеудесін ашу-кектің бұлты қысқан.

«Мəскеудің өкпе тұсы, сол қанатынКеле сап қорғау ісін қолға алатын.Кəдімгі Қазақстан» деген шақтаБолады енді уақыт жайланатын.

Бір өзі он дивизия жүгін артып,Деместен «болды Отаным мұның артық».Бұл шақта сағат түгіл, минут та жоқ,Азынап соғыс шегін жатыр тартып.

Page 29: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

29

Панфилов дивизиясы – жүрегіндей,Дүрсілдеп соққан жаудың үрейіндей,Айрықша айқасты бір батальон,Күндіз-түн кірпігін біреуі ілмей.

Жарқырап сонда шықты Баукең – есім,Бара сап басқан жаудың əуселесін.Онымен бірге шықты қазақ атыЕжелден туып берген ер төресін.

Ар жағын енді толғап айтып-айтпа,Білді əлем сол күндерде-ақ атын жатқа.Елу жыл келеді елі ер есімінБөлеумен əн мен жырға, махаббатқа.

Тауысу мүмкін емес санап бəрін,Одан соң шыққан қаулап ер аттарын,«Бəрінен сұмдық екен» депті дұшпан,Қара орыс – əне біреу қазақтарың!

«Бауыржан» атты бала мыңнан астам,Ойласаң оның өзі – ұлы дастан,Тоқтамас ұл туудан қазақы анаБауыржан туа берер тиылмастан.

* * *

...Кейін бір кездескенде Баукең мағанƏлі де аузым жетіп айта алмағанҚазақтың соғыстағы мінезі еді –Ғажайып жай тірлікте байқалмаған.

Əрине, сұрапылда жеңдік – дейсің,Жеңгізген Елдік – дейсің, Ерлік – дейсің,Тағы да одан басқа бір күш барынМен айтсам еш суреттеп сен бітпейсің.

Page 30: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Қазақтың Азат деген өз атасы,Болсын деп, Азаматтың азат басы,Соны іздеп кең даланы шарлаған ол.Көшумен көктем айы, жаз аптасы.

Орыстың «қазақ» деген бір жұрты бар,Өзгеше орыстардан өз ғұрпы бар,Казактар атты «қазақ» деседі оныБолған соң еркіндікке ол да құмар.

«Казак» деп атап кеткен бізге ұқсатып,Үйреткен баласына ат ұстатып,Ерлері тұлпар мінсе, ерін алмас,Іздеумен еркін өмір күн ұзартып.

Қашанда азат кісі – намысты адам,Бұл казак адалдыққа нан ұстаған,Соны айтқан соңғы соғыс философиясы –Сондықтан қазақ тұлғасы таныс маған...

Маған да таныс еді мұндай бір жан,Қазақта соңғы батыр – Ер Бауыржан,«А Я сам – последний сын – вольности! – депАяғын орысшалап бір қайырған...

Дүниеден ол да кетті – кім бар тынбас?!Кезі жоқ өз перзентін жер қаусырмас.Алайда елдің жаны, Ел рухыАзаттық таппайынша ер таусылмас.

Page 31: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

31

КӨКИЫҚ

I

– Жаз, ақын, қасыма кел, қалам ұста.Қалған бір еске алынбай қалтарыстаБасымнан бала күнгі өткен тарих,Баяғы тірлік үшін арпалыста.

Мен оны саған ашып көп айтпағам.Өмірге жаңа ғана жол аттаған.Ол кезде жас едің сен арман қуған,Көңіліңе қасірет бұлтын жолатпаған.

Күн жарық, енді бүгін ашық аспан,Жатыр ел шындық айтып жасырмастан.Менің де тарихым бар бір кішкентай,Қақпағы көптен жатқан ашылмастан.

Деп, Бəдеш, бұрды ақынның сөзге бетін,Дəл қəзір ықыласын сезген еркін.Көңілсіз бір əңгіме айтарында,Əдеті көзге жасы тез келетін.

ІІ

Туған жер – көрген сайын Көкиықты –Қостанай түбіндегі зор биікті,Күрсінем, оңашада ой бұзылып,Еске алып бала күнгі сол күйікті.

Жаз емес, гүл едім мен күзде егілгенШаң емес, мұң шұбаған іздерінен.Сонау бір сор айдаған жолаушыныңСондағы «халық жауы» қызы едім мен.

Page 32: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

32

Сескенбе, енді қорқып не қыласың, –Бəрібір сен қасымнан табыласың.Бала едім шолақ кекіл, «жалаң аяқ»Білмеймін «жау» дегеннің мағынасын.

Көп еді ағайынды əкем менің,Алдағы көз жеткізер қатерге кім.Бəрінің аты шауып тұрған кезі,Болады бір өрлеуі əр пенденің.

Киім сай, тамақ дайын – бəрі алдында.Мейірінен ата-ананың нəр алдым да,Жайқалып жас жауқазын өсе бердім,Ол күннің қысқа екенін біле алдым ба?

«Көкиық» ауыл сырты мұнарланған,Сол жаққа шие теріп бару арман,Гулесіп кілең бала жөнелуші ек,Көк орай шалғын кешіп белуардан.

Баурайы көзің тұнған шие, жидек,Бірінен бірі қалың, түйдек-түйдек.Жайқалған жасыл жуа, сарымсақтарШалғайға əкететін бізді сүйреп...

... Ауылға келген сəтім мен қаладан,Кез еді жаздың беті бер қараған,Не жетсін каникулдың қызығына,Бала күн бала беттен сорғалаған.

Қалада папам, мамам – біз үшеуміз,Елге кеп ағайынмен жүздесеміз.Онда əкем элеваторда есепші еді,Есебі: мың десе – мың, жүз десе – жүз.

Кісі еді еңсегей бой, ер мүшелі,Адамға қайыр, нəсіп бергіш еді,

Page 33: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

33

«Талапкер» танабында аға-інісі,Соларға демалыста келгіш еді.

Ел еді ол «Алатай мен Қыжық» деген,Ағайын арасынан қыл өтпеген.Кім білген күн боларын жауығатын,Кім білген ауырарын сұм дертпенен.

ІІІ

Кешегі аштық деген кесепаттан,Жігіттер аман қалған екі ошақтан.Гүрілдеп бас-аяғы үш-төрт жылда,Ауылда колхоз құрып, іске тартқан.

Шағы еді, бірі бастық – ел ағасы,Сол кезде бірі ауылнай ең алғашқы,Əкеммен немере еді екеуі де,Еңбекпен жүрген жерде беделі асты.

Əдеті көре алмайтын көп ағайын,Өсекке, күншілдікке болар дайын,Жүргендер табылады қап, бəлем – деп,Түсінбес жаңа күн мен қоғам жайын.

Сол кезде «отыз жеті» жетті келіп,Ел ішін гулеп жала кетті керіп.Көрсетіп өз əкесін, өз бауырын.Құтырды нелер жауыз екіленіп.

Күнелткен нелер қулар арамды жеп,Қазақтай қадірліге қадалды ай кеп.Кешікпей қара хабар келді ауылдан:«Хамзаның екі ағасы қамалды» деп.

«Колхоздың құрылыс заңын бұрмалаған,Асырып қулық ісін жүрген əмəн» –

Page 34: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

34

Осы екен бар болғаны – таққан кінə,Жатпаған дəлел іздеп бұл жаладан.

Əйгілі Қостанайдың ақ түрмесі,Құжынап жалалыға жатты іргесі.Кісендеп, оларды да айдап əкеп,Кесімсіз кеше кешке жапты, – десті.

Мен онда оқитынмын біріншіде,Кіргендей күннен қапас түн ішіне.Түнерді, түршігісті əке-шешем,Тағдырдың таппай амал бұл ісіне.

Əрине, баламын ғой, түк ұқпадым,Бірақ та сала берді суып қаным,Бақытын бал балалық еркеліктіңЖүректен əкеткендей жұлып алып.

Жиналып жаны ашитын ағайындар.Деседі: «болған іске не амал бар.Қайнағаң Жүсіпбек те кетті қашып,Жүруге бүгін түнде сен дайындал!

Алады, алмасына кепілің жоқ,Алдыңда қазған ордан секіру жоқ.Өтіп кет Ресейге ішкі жаққа,Қасыңда жүрсін серік екі інің боп.

Бала мен əйеліңе ештеңе етпес,Өйтпесең, өкінішің естен кетпес».Деп зарлап ақыл айтып, босағаныБосатпай келіп жүрді екі күн кеш.

Амал не, көнбей қойды оған əкем:«Жазғыру жазықсызды бола ма екен?Сыпырып бəрімізді əкетердей,Не нəубет бізге келген алабөтен».

Page 35: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

35

Дал болды дəлеліне өзі сенбей,Ұзамай ағалармен көрісердей.Əрине, жақсылықтан көп дəметті,Болса да көзі шелдей, көңлі шердей.

Осындай тағы бір кеш отырыста,Жалт еттік есік қаққан бір дыбысқа.Екі адам кіріп келді əзірейілдей,Түрлері ұқсамайды еш туысқа.

Жалғыз сөз: «жабылдыңыз» бар айтқаны.Əкетті, алды-артына қаратпады.Айыбы, кейін білдік, Сəкен ақынСөздерін жұртқа жаттап таратқаны.

Айтпақшы, үйдің ішін тінтіп жылдамСəкеннің кітабы мен төрде тұрғанШкафтан екі-үш кітап қоса əкеткен.Өзгесі есімде жоқ – бұлдыр тұман.

IV

Ұстады ақ түрмеде айға жақын,Жабулы бəрі жұмбақ жаманаттың,Күздің бір қара суық күні еді бұл,Түрменің дəл түбінде сай болатын.

Сол сайға «ертең жүреді» деген кештеЖиналдық, түк түсінбей өңкей кеще.Жылаған бала-шаға, жаураған жұртƏлі де андағайлап келеді еске.

Түрмеге тіреп салған темір жолды,Көргенмін бұрындағы көмір жоны.Тау-тау боп жататұғын жиегіндеБолмайтын алған ешкім көңілге оны.

Page 36: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

36

Таң ата сол темір жол бойымен бір,Тоқтады қара вагон салдыр-гүлдір.Дəл сондай қара қақпа ашылды да,Тарады төңірекке қаңғыр-күңгір.

Көрінді ар жағынан қара шоғыр, –Сайдағы күтіп жатқан біздің тобыр.Жүгірдік жан ұшырып сол мезетте,Кетпейді көз алдымнан кезім со бір.

Əкемді көрген бойда жеттім ұшып,Кеудемді бір сұрапыл кетті қысып.Жылау ма, өксік пе əлде, байқамадым,Үлгірдім, саусағынан сүйіп, құшып.

Əкемнің көрінбеді екі ағасы,Сұрауға баламын ғой жоқ шамасы.Қоштасу бар болғаны екі-үш минут,Вагонның кіре беріс босағасы.

Бетімнен бір сүйді əкем ең соңғы рет,Қасымда мамам байғұс тұрды еңіреп.Білмеді содан былай көріспесін,Қимады жаманатқа сүйген жүрек.

Қолымда жіпке тізген кірəнжілік,Беруге жүгіріп ем соны ұмтылып,Қатыгез милиционер қолым қақты,Сөйткенше кете барды вагон жылжып.

Баланың қолын қакқан сұм ант атқан,Деген бір сөз естілді соңғы жақтан.Күңіреніп қала берді қайғылы топ,Кетпейді əлі күнге сол құлақтан.

Кетпейді қара вагон əлі есімнен,Жалтырап шыққан күннің сəулесінен.

Page 37: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

37

Бұлдырап көз ұшынан ғайып болды,Айнымай қасіреттің күймесінен.

V

Арада қанша өткені жоқ жадымда,«Сібірдің ағаш кесіп орманындаЖатырмыз» деген хабар жетті бізге,Шамасы Свердловск оң жағында.

Ап-анық менің оны білетінім,Хат жазып, посылка сап жүретінмін,Үкімі он жыл екен кескен оған,Санайтын кезіміз ғой күн өтуін.

Шешеміз деп жүргенде барып қайтам,Басталды қанды соғыс, алып майдан.Үзілді содан былай хат пен хабар,Білмедік тағдыр айдап шықты қайдан?

Əлде ол аттанды ма соғыс жаққа,Немесе аударды ма қоныс басқа.Сібірдің мұзы менен батпағындаҚалды ма қайран басы тоғыспасқа?

Белгісіз үшті-күйлі болды ғайып,Аспанға қала бердік қолды жайып,Арада төрт ауыр жыл өтті бастан,Секілді теңіз кешкен жалғыз қайық.

Қалтылдап өмір сүрдім, қайтсем де өлмей,Талап қып оқу оқып, құр сенделмей,Одан соң мұғалімдік анда-мұндаТірліктің ол да түрі дəл сендердей.

Page 38: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

38

Бар ма еді көрмегені ол ұрпақтың?Деген сөз – «жау баласы – қызы жаттың»Пионер, комсомолға да алдырмаған,Кейінде ЖенПИ-де де зардап тарттым.

Соқпақ жол, содан соңғы өмірбаян,Бəрі де белгілі ғой, өзіңе аян.Сондағы бұлдыр тұман арасындаЖылаған күндерімді қайда қоям?

Батырып балалықтың мұңға басын,Қып-қызыл табанымды құмға бастым.Сондағы қасіреттің бір таңбасыДегенім – өлеңіңде бұл да қалсын!

Жасында жиырма жеті болды жесір,Өксікпен өтіп кеткен өмірі есіл.Кешегі мамам байғұсты еске аламын,Тағы да жылап қойсам, мені кешір!

VI

«Көкиық» балалықтың мекені еді,Айырды «Көкиықтан» ерте мені,Тағдырдың маңдайыма жиі соққанАяусыз ақ бораны, өкпек желі.

Бұл күнде Көкиық та – бір төмпешік,Айдары аласарып, кеткен өшіп.Көрінген көлік пенен машиналар,Басына шығып жатыр ентелесіп.

Бір кезде заңғар еді, биік қандай,Болатын аспан – төбе, бұлт – маңдай.Сонда да көрген сайын осы кездеҚараймын қайран көзім сүйіп қанбай!

Page 39: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Өзім де Көкиыққа қалам ұқсап,Жыртылған жылдар мүжіп, жағамды ұстап.Көзімде əлі де тұр КөкиықтанЖүгіріп келе жатқан балалық шақ.

Көкиық ата-баба мекені еді,Бар əлі мен оқыған мектебім де,Ауылда ең биік үй сол болатын,Ол дағы мыжырайып шөккен мүлде.

Қайтсын ол: «мен бармын» деп жар салсын ба?Қалыпты биік үйлер тасасында.Уақыттың тасасында қалған меніңАз күнгі балалығым басы сонда.

Осы еді көңілімде тозбас аныз,Туамыз, туған жерде қаз басамыз.Бұл күнде қалдық біраз жасқа келіп,Ғұмырдың көкиығын біз де асамыз.

Деп Бəдеш аяқтады əңгімесін,Менімен бірге кешіп өмір көшін.Ақыры айтып тындым дегендей-ақ,Қырық жыл сақтап келген сыр мүддесін.

Құпия адам жаны – сарай неткен?Мұны естіп сонда терең ойға кеткем,Қиялда Көкиықты мен де көргемҚасынан жаяу-жалпы талай өткем.

Көкиық жағалай тал, жасыл орман,Етектен терген шие шашып алған.Əркімнің болады бір Көкиығы –Тіршілік сапарының басы қалған.

Page 40: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

40

БІР УЫС ШАШ(баллада)

І

Кеудені тасып кернеген,Қуаныш жыры бір басқа.Қайғыны жазып көрмеп ем,Көзімді жаспен жумасқа.

Оллаһи, жасты ұнатпан,Түсірер жара көңілге.Кезім жоқ жанды жылатқан,Жылатпан қалған өмірде.

Кетеді денем түршігіп,Жүрегім шаншып, ми қайнап,Жасына жатса тұншығып,Яки біреу «ойбайлап».

Қашамын безіп аулаққа,Кетемін кезіп тау ішін.Естімеу үшін бейуақыттаБақытсыздықтың дауысын.

II

...Есімде сол кеш, екінді,Қаланы құрсап тылсым күш,Өмір тоқтаған секілдіЖалпақ алаң тым-тырыс.

Жаяумын, бұл сəт, о, ғажап,Көшеде жоқ қозғалыс.

Page 41: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

41

Құбылыс қой мынау жат,Қашан, қалай болған іс?

Хабарым жоқ, талай күнТауда жатқам жыр жазып,Өзімше бір құдаймын,Өзімше алтын бір қазық.

ІІІ

Есімде сол кеш... ЕкіндіБолғандай бір зор қаза.Оқып жатқан секілдіБүкіл қала жаназа...

Келем алаң шетінде,Зəрем кетіп келем мен.Жолықтым бір кемпіргеТірі пенде дегеннен.

Шашында қыс қырауы,Бетінде мұз тұр тамшы,Кəрі адамның жылауы –Көзге тиген бір қамшы...

«Алла!» деген дыбысыӨксігімен аралас,Əрең алған тынысы –Дем деуге де жарамас.

Жөн сұрау да сорлыдан,Болды ауыр күш маған,Көзім түсті, қолындаБір уыс шаш ұстаған...

Page 42: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

42

IV

Əжептəуір кезден соңТебірене, толғана.Түк білмеуім сезген соң,Сөйледі əлгі кейуана:

– Үшінші күн, – деді ол.Ойран болды бұл қала,Желтоқсанның желі сор,Əкелгендей зіл-зала.

Ол да тағдыр бұйрығы,Шошынғандай аллаң да.Адамдардың құйыныҚұйылды бұл алаңға.

Өңшең қазақ жастары,Лапылдаған жалындай,Қарсы бір сөз бастадыҚаруға да бағынбай:

– Өзімізді өзімізБилейтұғын кез жетті,Көлгірсуді көзімізСүймейтұғын кез жетті!

Жаса, біздің бостандық,Жаса, Қазақстаным!О, басқыншы – қастандық,Осынша ұзақ ұстадың!

Жібер менің қолымды,Басыңды тарт жерімнен.Өзім ашам жолымдыӨзіме арнап берілген!

Page 43: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

43

Деуі-ақ сонда мұң екен,Көк қарулар кезенген,Көкшіл беттер безерген,Аяу білмес сұм екен.

Мылтық, таяқ, шоқпарменҰрды, кетті, таптады,Айқай, ұйқай, боқтауменАспанды шу қаптады.

Азан-қазан төңірек,Бір алапат басталды.Талай қыздар еңіреп,Талай бұрым, шаш қалды.

Қанды тастың үстінде,Əлем тапырақ алаңда,Сол жеңеді, күш кімде,Қараусыз күн қараң да.

Қанды тастың үстінде,Қайран қыршын сорлыларҚан жоса боп қақсады.Қарасат майдан болды дəл,Айдады, қырды, ластады...

Білем, қалқам, ар жағын,Қалды дүние қараң боп.Мұның соңғы зардабынБолжауға да шамам жоқ.

Деді қария күрсініп,Мына хабар ызғарынСезіп, бойым түршігіп,Өз-өзімнен мұздадым...

Page 44: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

44

V

– Қолыңыздағы немене?Деуге шамам келді əзер.– Көзің көріп, сене ме,Сондағы бір қаныпезер,Жұлған, тартқан, сүйреген,Қайран ару шашы бұл,Күйген отқа, күйгенҚыршын өмір жасы бұл.

Көріп тұрып алыстанКеше жағамды ұстап ем,Қара тасқа жабысқанЖатып еді қыпша бел,Бір қазақтың сұлуы.Сүйретіліп бұрымы.Не айтайын, құлыным,Үзілді ғой жұлыны.Деп тағы да кейуанаОнан сайын қысылды.Тез азынап жел ғанаКөзінен жас ұшырды...

VI

Есімде сол кеш. Екінді...Есімде кемпір қаусаған...Өлі бір дене секілдіҚажыған қала, шаршаған.Қиялымда іздеймінҚайда екен сонау сорлы қыз.Соны көрген біздейдіңҚанша қаны болды мұз?!.

Page 45: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

45

Ұмыту деген ол күнді –Болғаны санаң саңлаусыз,Сонау бір қанды толқындыТоқтаусыз, байқаусыз.

Есімде менің сол алаң,Есімде кəрі сол анам,«Желтоқсан» десе, əлі менТүсімде шошып оянам...

Желтоқсан, 1992 жыл.

ƏКЕ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА

Соғыстың жаңа біткен зіл-заласы...Таусылды ажал-салық күнде аласы.Қанаты күйген қаздар секілденіпҚазақтың қайтты үйіне мың баласы...

Майданның қай қырында қалмады олар,Жалғызы талайлардың жанға балар.Ал мұндай талай əке көз тоздырды,Баяғы əдетімен жолға қарар.

...Сондай бір қазақ шалы ұлын күтіп,Дамылсыз айды итеріп, күн жылжытып.Үш мезгіл ас соңында жолға шығып,Тіршіліктің өзге қамын мүлде ұмытып.

Тосты ол тосудай-ақ той қызығын,Хабар жоқ, дала меңіреу, жол да меңіреу –Жалғыз-ақ естиді ылғи байғұс үнін.

Page 46: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

46

Жалғыз-ақ естиді ылғи кемпір даусынБайлаған қасіретке есіл басын,Жан екен шалдан гөрі ол сабырлыБолса да ана көкірек дерті басым.

Жыл өтті, келер солдат келіп болды,Сəн кірді, талай үйге көрік қонды.Жейдешең жазға шықты жалаң аяқ,Қыстағы шешіп тастап бөрік, тоңды.

Ұлы жоқ, жоқ тіпті оның елесі де,Даланың көбейгендей белесі де,Соғыстың бітерінен аз-ақ бұрынХат жазған, «аманмын» деп, əлі есінде...

Не бір сөз «қара қағаз» – жаманат жоқКуəгер жолдасымнан жəне хат жоқ,Əйтпесе күтер ме еді осыншама, –Ол түгіл айтпай келген азамат көп,

Ұл байғұс жүрген шығар кешігумен,Даланың шимай жолы кесірінен,Деді ме, темір жолға жақындаймынҚалаға көшіп барды кемпірімен.

Вокзалдың бір үй жалдап нақ қасынан,Күзетті стансаның қақпасынан,Есігін сан пойыздың көзбен тінтіп,Сұрады əр жүкшіден қап тасыған...

Page 47: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

47

Тағы да жылға жақын өтті уақыт,Бұл күтіс шал байғұсқа кетті батып,Сонда да құр сүлдесін сүйреумененПойыздың даусы шықса, тұрады атып.

Қой – деді кемпір бірде – қой, мұныңды,Көтердік ел көтерген қайғы-мұңды,Сен түгіл мен шаршадым үйде отырған,Онсыз да тауыстың ғой аз ғұмырды.

Жоқ қой ол, келер еді əлдеқашан,Бəрібір күтетұғын сен болмасаң,Жалғыз күн шайыңды ішші бір дұрыстап, Қоймасаң мынауыңды – елге қашам!Жоқ шығар сендей адам ұлын күткен,Қалғанша қу сүйегі құр үміттен.Қайтайық топырақтан тыс тұрғанда.Күн қалды бір-ақ тұтам бұл тірліктен.

– Жарайды, ең соңғы рет шығып қайтам, –Деді шал, – жетелеп тұр үміт сайтан.

Page 48: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

48

Үстіне бар жақсысын киіп алып,Көрінді тағы орнынан күндегі айтқан.

О, ғажап! Қуаныштан жүзі жайнап,Басқыштан баппен басып түсіп жайлап,Алдында келе жатыр шалдың ұлы –Ұмтылды көре салып: «а, құдайлап!»

Байғұс шал жете беріп, ұшты мұрттай,Жүгірді баласы да із суытпай,Не керек, дүние көзден ұшты бұлттай.

Сағынған бауырында құлыншағы,Бір сəтке «үһ» деді де тыныс алды.

Ұлының тірі тұрған бейнесінеКөзінің ақтық рет қырын салды.

Аң-таң боп бала тұрды жылай алмай,Тағдырдың соққысы еді мынау қандай!Шаршаған күтуменен сорлы жүрекЖарылды жалғыз сəтке шыдай алмай.Солдаттың кешіккені түсті есіне,Екі жыл тағы əскери іс

кешуге

Page 49: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

49

Байғұсты алып қалған жеңістен соң, –Мықтымен онда ерік жоқ күштесуге.Соны айтып болады ғой хат салуға.Салақтық сор боп тиеді сасқаныңда,Еңіреп өкініштен шайнағандаБармақтың қан көрінді бас жағында...

Көрген жұрт жимай тұрды əлі де есін,Тағдырдың сұмдығына ел не десін?Белбеуін солдат сонда шіреп буып,Көтеріп алды жерден өлі əкесін.

Кім жазар қайран ердің осы дертін, –Əкенің естімеген өсиетін?Көтеріп келе жатты ол қос қабаттапСан жылғы Сағыныш пен қасіретін...

НАН ТУРАЛЫ БАЛЛАДА

Жүр едім серуенде тал түсте мен,Жер қара, əлі үстіне қар түспеген.Шыққаны əлде дүкен, əлде мектеп,Бір бала келе жатты нан тістеген.

Ендігі жартысы қалған ақ шүректіЛақтырып, табанымен басты, кетті.Жүрегім шымыр етіп, ми қозғалып,Қайдағы еске салды тақсіретті.

Page 50: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

50

...Жыл еді елге түскен жеті кырсық,Аштықтан бар төңірек кетті ыңырсып,Шөп қайзап, сарсу ішіп, сарымсақ жеп,Нан түгіл, көзден ұшты құрт-ірімшік.

Жамылып құрым киіз, жамау шоқпытТіршілікке не істетпеді амал жоқтық.Іздеген талғажауды табан астыЖүрдік біз жеген иттей «айналсоқтық».

Соғыстың іште, сыртта желі аңырап,Сатылап құлап жатты сан шаңырақ,Астынан сол шаңырақтың қылтидық бізСекілді жауын күнгі саңырауқұлақ.

Дегендей «өлмегенге өлі балық»,Жаз шығып, жерден жуа теріп алып,«Атшоқай», «Атқұлақ» пен «Көк буылдық»Жеуші едік қолмен үгіп дəнін жарып.

Аңдыдық азаматы бар үйлерді, –Ол үйде таба жауып, нан илейді.Лақтырар ор ауызға жарты тілім,Жарылқап жаутаңдаған сəбилерді.

Сол нанды содан қайтып түсте көріп,Жатамыз жеген болып, тістеленіп,Қарының қайта оянғанда, қайта ашады,Не пайда түспеген соң ішке келіп...

Бұл – тарих қоятұғын еске алмай-ақ,Сұм заман қалдырмаған еш жанды аяп,Оянды тағы кеуде түкпіріненАқ нанды қарғыс атқыр басқанда аяқ.

Ұмтылып келдім дағы қолыма алып,Үргілеп, иіскедім, шаңын қағып,

Page 51: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Əлгі нан сөйлегендей болды мағанАдамдай əрі мұқап, əрі налып:

– Кесапат осы күнгі болып жатқанҚарғысым қалың елді менің атқан,Құтырып кеткен жоқ па иттен жаманТойынса, асыраған иесін қапқан.

Қашанда ұрмас тегін кепиетім, –Кез болды бастан бақыт кетіретін,Нан-иман, ұмыттыңдар иман атын,Əдетің өткізіп ап, өкінетін...

О, ғажап! Нанның сонша тілі жатық,Болғанмен зілмауырдай мұңы батып,Бала емес, бар жазаны мен алғандайОрнымда оңала алмай тұрдым қатып.

Page 52: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

52

ҚАЗАҚ АҚШАСЫ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА

Қайтпайды тасқа соқпай жайын басы,Болады кезек дүние қайырмасы.Бір түрі – біз көрмеген жанталастыңКешегі кесек ақша айырбасы.

Ашылды қанша қойма, канша құлып,Қопсыған қолғап іші, қанша шұлық.Домалап дорба, қапшық, темір сауыт,Сасқанда қолдан сусып, сан шашылып.

Біреулер елдің қанын тегін сорып,Біреулер тапқан шығар терін сор ғып,Əп-сəтте құнсыз қағаз болып шықты,Кешегі жүз сомдық пен елу сомдық.

Сіңбестен ауызға алған азанда асы,Қайнады келесі күн базар басы,Ақшаға ақша сатқан кімді көрдің? –Біз көрдік – бұл тірлікте, замандасым!

Кешегі «түгім жоқ» деп жүрген зарлап,Талайлар бай боп шықты, құдай қарғап,Өзіне өзінікі бұйырмағанБайғұстар жинай берген қалай қармап.

Не керек, талай қоқыс шықты сыртқа, –Кездесті қу мүйіздер қу тұмсыққа,Қашанда қанағаттан айрылса адам,Белгілі жолығары бір қырсыққа.

Адамы қапылысты қанша ұлттың,Кешегі көзді жеген ақша-құртың,Көрсетті алпыс айла, қырық мінезКəсібін аймандай ғып барша жұрттың.

Page 53: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

53

Бір қазақ қаладан ба, ауылдан ба?Дабылы ақша айырбас қағылғанда,Бір дорба сарайынан алып шықты,Қуанып қапылыста табылғанға.

Тұрды да кезегіне айырбастың,Құпия қапшығының аузын ашты.Кассаға жұмарлақтап қойып жатты,Су тиген қардың асты, жауын асты.

Жабысып жүз сомдықтар құшақтасқан,Түрі бар айрылмайтын пышақтасаң,Кассирдің бадырайып кетті көзі, –Көрмейтін мынау сұмдық үш ұйықтасаң.

Талайын болып еді ажыратпақ,Айрылып көмірінен, бəрі де аппақҚағазға айналды да шыға келді,Əлде не жазуы да балдыр-батпақ.

– Қой, мынау болмайды, – деп, кассир «пақыр»Қайтарды бар ақшаны ақыр-тақыр.Не күлер, не жыларын білмей байғұсҚазақты көзі тесіп бара жатыр.Ал, қазақ алды дағы қапшығын жəй,Кассаға енді қайтып бас бұрылмай,Үн-түнсіз кете барды, халық аң-таң.Көрмеген көз болғаны істі мұндай«Жиыппын жұрт жиды» деп бекер малды,

Page 54: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Ақыры ит жеместе текке қалды», –Деді де өз-өзіне, бір шұқырғаДорбасын лақтырды да, кете барды.Далада айдағанмен малды топтап,Саудаға əрі анқау, əрі шорқақ.Қазаққа біткен ақша соры бар, – деп,Бір өзбек қатты өкінді басын шайқап.

Page 55: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

ЕКІНШІ Б�ЛІМ

ШО�ЫР ЖЫРЛАРАр $ндемей жатады жан т$бінде,Оны& жалган (згедей жо� ай�айы.

Page 56: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

56

АР ДЕГЕНІҢ ҚАНМЕНЕН ЕГІЗ ТУҒАН...

Ой-шеру

Мен жан емен əзелден айқайым көп,Ашуланам өзімді шайқайын деп.Қар суындай көктемде қаптағанменТүсерім көп сабама, қайтарым көп.Мен келіппін дүниеге, бұл жарыққаЖер бетімен жүгіріп қайтайын деп.Тастамаймын қолымнан қаламымды,Тағы бір сөз жұртыма айтайын деп.

Үміт деген босатпай жібек арқан,Жаңа таңның нұрына иек артам.

ІІ

Сол үмітпен жүргенде көгенделіп,Бір жағынан жəрдемге өлең келіп,Қайта алып ұшады мені аспанға,Үйірілгенде кейде бір төбемде бұлт.Кеткен кезде кейде бір жан құлазып,Жалғыздыққа шыдамай, кеудем кеміп,Кеше менің соңымнан шұбырған жұртБүгін қалып қойғанда ере беріп.

Əлгі екеуі айтады ақыл маған:«Төмендемеу керек» – ақын адам.

III

Болдық бүгін жазушы кітабы жоқ,Құмарпаздай қолы бар ұтары жоқ.Көздеуі бар мергендей атары жоқ,

Page 57: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

57

Байтеректей сидиған бұтағы жоқ.Бəрінен де сұмдығы: іштен жылап,Өксіп өткен адамдай ұрпағы жоқ.Кілең «жоққа» мылқаудай тіл де шолақ,Не беретін жауабы, сылтауы жоқ.

Шүкір айтып құдайдың əр таңына,Жабысамыз тірліктің арқанына.

IV

Егер осы күншілдік, көре алмастық,Қолға ілігер зат болса – жанталасып,Тауып алып, быт-шытын шығарар ем,Аяқ асты қылау ем таптап, басып.Адамдыққа жасаған обалы үшін,Бірге жүріп, су ішіп, от оттасып.Бірге күліп сауықта, сайраңдасып,Бірге барып жұмыса қолтықтасып.

Жиналыста мақтаса біреу сеніШыға келер бұлтиып соқыр шегі.

V

Егемендік, Еркіндік, ДербестікпенЕкі-үш жылдай күнелттік өлместікпен.Ол бұрынғы барлықтың екпіні еді,«Жоқ» дегенге шығатын сенбестікпен.«Бар» болса да, «жоқ» дейтін əдет таптық,Əуес болдық бедеудей берместікпен.Табиғаттан ежелгі біз айрылдықЖомарттықты жұқтырған тал бесіктен.

Page 58: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

58

Осы күнде ешкімге болмас мақұл:«Өле жегенше, бөле же» деген нақыл.

VI

Бұл қазақта ұғымы бар «заржақ» деген,Бүгін барлық ақындар зарлап өлеңЖазып кетті, қарғайды əлде кімді,Болмай қойды ашуда «алды-арт» деген.Өлең – деген сезім ғой, жан күйі ғой,Бəлкім, ол да дұрыс па – ойлай берем.

Кіл жылауық, өлеңнен өнер шықпас,Қанша сыйлап, ықылас қойғанменен.

VII

«Қайран біздің даламыз – ҚазақстанТаза алтыннан жаралған, таза мыстан».Деп мақтанып келеміз баяғыдан,Сол үшін де жоқ едік аз алысқан.Ішкі, сыртқы жауменен қанша ғасыр,Қаншама рет даланың тозаңы ұшқан.Біз көрмеген алтынды жат таниды,Антұрғанның көргіш-ақ көзі алыстан.

Қаптап жатыр: «қəзір-ақ меңгерем» деп,«Бермегенді құдайың – мен берем» деп.

VIII

Оңай нəрсе, əрине, сырттан сынау,Осы сынау – біздерді құртқан сынау.Іс істемей, сөз істеп үйренгенбіз,Есігіңнің өзіңе тұтқасы жау –Не ашуға келтірмес, не жабуға,

Page 59: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

59

Қалған амал – көмекті жұрттан сұрау.Сұрау түбі – болады қайыршылық, –Сен де соны, о, досым, ұққансың-ау.

Түбі, түбі, болады бір жақсылық,Біз қояйық сол үшін қол тапсырып.

IX

Қосамыз деп біз əуре қазақ басын,Қоса алмасақ: Еркіндік, азатқа сын.Көңіл айтпай, сол сөзді ауыз айтып,Ешқашанда ішіңді тазартпасын.Білген болып бəтуə бастайсың да,Тастайсың да кетесің тез-ақ сосын.«Тірлік түбі – бірлік» деп күнде айтқанмен,Ол іс емес, əшейін, сөз-ақ, досым...

Сен солардың бастарын қоссаң бағың,Екі, үшеуден əуелі болса-дағы.

Х

Көп жақсылық жасадым көрінгенге,Маған сондай мамандық берілген бе?Қамықпадым сұраса, ала алмаудан,Жалықпадым сұраса, беруден де.Көп жаманды қойнымда паналаттымАлыстан да, жақыннан, елімнен де.Арым таза, əйтеуір аулақ болдым,Үш қазақты үш жаққа бөлуден де.

Бəлкім, содан болды ма несібем көпАйдаладағы енеді есіктен кеп.

Page 60: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

60

XI

Қасиет деген сатар зат болса егер,Соны да қағып кетер бір саудагер.Құдай сақтап адамдық, ар дегенді,Зат қылмаған пенденің көзі көрер,«Арын сатты ақшаға» деген жай сөз,Əуелде ары болмаса, несін берер?Ар дегенің қанменен егіз туған,Қасиетсіз қанда ар болмас өсіп-өнер.

Саған айтар мына бір өсиет, досым,Қаражатың болмасын – қасиет болсын.

XII

Бала-шаға би болған шаңыраққа,Əке көзі жоғалмай тұрған шақта.«Бет-бетіне түйе айдап» бəтшағарлар,Бір-бірінің үстінен барған сотқа.Жан безеріп, жүрегің қан жылайды,Адам аяу дегенің қалған жоқ па?Көз көрмеген бүл сүрең қайдан шықтыБаяғының салатын бəрін отқа?

Айтшы, досым, біздерді бүл жалғандаКөру үшін осыны қалдырған ба?

XIII

Түгіне де қарамай, мойын бұрмай,Ермек етіп отырам ойымды ұдай,Оны істейтін кəдімгі ми емес пе,Ең болмаса, аман қыл соны, құдай!Енді менде қалғаны сол-ақ болды,

Page 61: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

61

Мылтық алып күзетер қорығымдай.Демократия – демалыс емес саған,Аты басқа – бəрі де бұрынғыдай.

Бұрынғыдай емес тек бүгінгі ұран:«Өз суыңды өзің іш құдығыңнан».

XIV

Əулие жоқ, бұл күнде пайғамбар жоқ,Алақанын көшеде жайғандар көп.Оған сенің берерің болмаған соң,Сенде жайғың келеді алғандай боп.Төрт қолға да төрт тиын түспеген соң,Оп-оңай-ақ шығасың сор маңдай боп.Сен оны, ол сені аяғансып,Ұзап бара жатасың армандай боп.

Бұл көңілсіз суретті неге жаздым –Жақсылығы жақын-ау келер жаздың...

XV

Жанталасып жатырмыз ел болуға,Хабарласып, барамыз онда-мұнда,Біз де сорлы емеспіз солармененТолып жатқан қағазға қол коюға. Əлдеқайда белгісіз олар мағанӨтіп жатқан пойыздай жол бойында.«Уəде» деген белінде жазуы бар,Қашан жету бірақ та жоқ ойында.

Жас дегенің кеп қалды осы кезде,Түсіп қалып жүрем бе разъезде?

Page 62: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

XVI

Пар-парымен парламент келер əлі,Кеше армансыз сайрады елге бəрі.Біздің қырсық арылмай келе жатқанСөз бен істің қашанда кереғары.Келмей жатып жағдайын мəселе қып,Тағы батты бас қамын ойлағаны.Үлгірген жоқ тамып та бір тамшы тер,Болашақта қиналмақ кімнің жаны?Бұрынғыдай сөгіс жоқ, партбилет жоқ,Омырауында белгісі бар болғаны.

Сым бойында тізілген қарлығаштарТоқ жүгірсе, жандарын алып қашар.

XVII

Тылсым ойлар масадай мазаны алып,Тағы бір сөз көңілсіз жазары анық.Қойдым енді мына бұлт ол да қойсын,Себе бермей кір жаңбыр азаланып.Сенемін мен күн шығар Алатаудан,Жайнап аспан ашылар тазаланып.Алтын баған – үмітім, сен де түзел,Сүйене-сүйене қалдың ба жұқаланып.Ертең, ертең – жан салған бұл ойыңда«Жоқ» дегенді «бар» деген ұғары анық.

Жоқтықты жоқ болса да, жоқ деместік,Меніңше барып тұрған оптимистік!

Page 63: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

63

СЫЙЛАСТЫҚҚА НЕ ЖЕТСІН

Осы сөзді айтуданБара жатыр мəн қалмай,Ұрттап алып жай судан,Ауызыңды шайқағандай.

Сыйластыққа не жетсін –Оған айтар нендей дау,Құр ішіңнен сезесің,Əттең, қолдан келмейді-ау!

Бəтуəсіз, дуасыз,Берекесіз кеткен күн,Қай жүйрікпен қуасыз –Қуғанменен жеткен кім?

Бірін-бірі қинасу,Бірін-бірі тоздыру, –Бет жыртысу, күнде ашу,Өсек, ғайбат сөз қылу.

Күншілдігі кісініңПайда болған туа сап.Тарлығынан ішініңАйналмайды шынашақ.

Қайда сосын сыйласу –Қала берген ол арман.Дүние боқты жинасу –Берерменсіз аларман.

Абай айтқан сөз асыл –Сол баяғы халықпыз,Өтсе дағы бір ғасырӨзгермей-ақ қалыппыз.

Page 64: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

64

Қашан қалар бұл қосып,Кезі бар ма тоқтаған?Кіре беріп сыйласып,Шыға беріп боқтаған.

Дүние, шіркін, кезексің,Бірде шөл, бірде бай теңіз.«Сыйластықка не жетсін!»Тағы айтамыз. Қайтеміз?

ЫСТЫҚСЫҢ СЕН...

Ыстықсың Сен бір түрліЖаста салған əуендей,Сиқырлы да сүйкімдіӨтіп кеткен дəурендей.

Сүйек-буын сыз тартып,Тамырда қан салқындап,«Шонданайға тұз артып»,Ат айдаушы алқымдап,

Асықтырып барады,Əлдеқайда? «жүр-жүрлеп».Сонда саған қараймын,Сəл аялдап тұрғым кеп.

Сонда бойды жылытыпСоңғы ыстық буыңмен,Жамандықты ұмытып,Жақсылықтың нұрымен.

Сүйейсің сен, өзің деƏрең-өрең тұрғанмен,Əлі қалған көзіңдеМаған деген бір дəрмен,

Page 65: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

65

Маған деген бір сəулең, –Сол қадірің сүйкімді.О, тіршілік, бал дəурен,Ыстықсың-ау біртүрлі!

Неткен ғажап жомарттықБірде жарың, бірде анаң.Əлі саған қол артыпЖүргеніме қуанам.

Сол қуаныш – бар мəзір,Барлық куə, бар кепіл,Қайда барсам, бірге жүр.Қайда отырсам, бірге отыр.

Ыстықсың Сен өйткені, –Жылытқан суық бетімді.Болашағым, өткенімСенде тұрған секілдіЫстықсың-ау біртүрлі...

НЕДЕН ҚОРҚАМ?..

Қорқамын, осы кəзір неге мен? – деп,Болған соң өзім дербес, егемен, – деп,Сұраймын өз-өзімнен, қуаттанам,Сонда да тұрғандаймын тағы елеңдеп.

Жібердік «шекті» бұзып, «араны» ашып,Түбінде қаламыз ба қара басып,«Қыз алып», қыз берісіп» дегендейінБарады қара шүршіт араласып.

«Қар жаумай, қазан ұрмай» деген нақылТал түсте біз қаламыз неге қапыл?

Page 66: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

66

Үйіндей əкесінің «əлəулəйлап»,Тайраңдап тар көшеңде келе жатыр.

Осыған жанығады жаным күнде,Қорқамын жетпейтіндей əлім мүлде,Бір кезде миллиард пұт астық алсақ,Сен бүгін миллиард қытай алып жүрме!

Қалғанбыз екі ғасыр жер қорғаудан, –Жер сату – болса бүгін білген саудаң,Жүрмейік Ахаң айтқан баяғыда«Бір өртке кезігіп капшыққан қаудан».

Қорқамын айыптама мені, ағайын,Демеймін «уайымды жеп алайын»,Сонда да күні бұрын діріл қағып,Қорқамын, қорқатын тек мен болайын!

* * *

Көшеде бір ит көрдім,Жер бауырлап жылжыған.Кешегі сау біткен күнАуызында үзім нан.

Қос жамбасын байғұстыңЖанып кеткен əлде не, –Салады кеп бар күшінЖарты ғана сау дене.

Алдыңғы екі аяқ пенБаста қалған тіршілік,Көргенімде аяп мен,Кетті денем түршігіп.

Page 67: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

67

Тапа-тал түс жарық күн,Қарап болмас көз əсте,«Ит жанды» деген халықтыңТүсті сонда сөзі еске.

Əрең жетіп тасағаЖатты байғұс нанын жеп,«Өмір деген осы маБіз қимайтын қадірлеп?»

Деп мен ұзақ ойладым.Қапы жерде қамығып.Қайуан екеш қайуанныңКеудесінде бар үміт.

Кетем деген жақсарып,Жақсылыққа жолығып,Жүрген кеуде, басты алыпШығар, бəлкім, сол үміт.

Нəрсе ме осы ойланбас,Анау үміт титтей-ақ,Өтесің-ау, қайран бас,Адам түгіл итті аяп...

* * *

Келді көктем қыс бойына кір басқан,Кейде қара, кейде сұйық, сұр аспан.Енді міне көк нөсермен тазарыпДүниеге жас сəбидей көз ашқан.

Ақша бұлттар, найзағайлар анталап,

Page 68: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

68

Анасына сағынышын арқалап,Келіп жатқан перзенттері секілдіО, тəңірі, о, мəңгілік махаббат!

Кеткен аспан жайдағыдан биіктеп,Даланың да көркі неткен сүйікті ед!Гүлдер-қыздар жұпар шашып тұрғандайМына тойға бар асылын киіп кеп.

Сонда сонау көк жүзіне қарадым,Жалғыз ноқат – боз торғайы даланыңБір орында мық шегедей қадалып,Төкті дейсің көмейдегі бар əнін.

Күннің нұры, қыстың жыры қосылып,Сорғалады төмен қарай жосылып,Дүр сілкінді жердегі бар тіршілікƏн-баспалдақ көк жүзіне жол шығып.

Сол жолменен жоғарыға ұмтылып,Ауа мөлдір, əн де мөлдір тұп-тұнық,Тыңдады-ау бір бозторғайын өзініңСол бір сəтте жатқан дала тік тұрып,Бақытты ғой көктегі құс ол да аса

Page 69: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

69

Сол биігі, сол мекені қолдаса, –Далаңның құр далиғаны не керекБоз торғайы, өз торғайы болмаса!

* * *

Бір жарым ғасырБір есім асылЖадыңнан аста кетпей тұр.Туғызған соныШыңғыстың жоныАспанға аз-ақ жетпей тұр.Жетпейді оғанКеремет туғанКемеңгер басын құраса.Абай ғой, – дедіңҚазақтай елдіңТөбесі кім? – деп сұраса.

Жабықсан егер,Беретін шеберКөзіңнің жасын құрғатып.Адамның нары –Абайдың бары,Əкенің бары – бір бақыт.

Тұлғасы алып.Бір өзі халықТуар ма кісі Абайдан.Ақылы – теңізАспанмен егізКеудесі алтын сарайдай.Батыстай сабаз,Шығыстай маңғаз,

Page 70: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

70

Жаһандай байтақ жаралған.Сондай бір ұлдыТудырып тындыҚазақта қандай бар арман!

ТҰЗ БЕН СУ

Асқазанның шипасы,Десіп, оған жұрт сенген,Жүрем ылғи су тасыпҚасымдағы дүкеннен.

Ұлғайғанда қай мүшеЗəру емес ем-домға!Деді маған бəйбіше:– Тұз ала кел бір дорба.

Барған жұмыс өтеліп,Қапшық толы тырсылдап,Екі ауырды көтеріпКеле жаттым мықшыңдап.

Тұз да ауыр, су да ауыр –Ішетінің, жейтінің,Сабақ екен бұл да бірКəдімгі өмір дейтұғын.

Ішіңде де, сыртыңдаСол екеуі қабатың,Көшсең ертең жұртыңдаСол екеуі қалатын.

Сорладым, – деп жүресің,Шөлдедім, – деп жүресің,Осы екеуі алатынДүниедегі үлесің.

Page 71: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

71

Осы екеудің өзі ғойСусының да, асың да.Кейде сондай қызық ойКеледі екен басыңа...

Барған жұмыс өтеліп,Қапшық толып тырсылдап,Екі ауырды көтеріп,Келе жаттым мықшыңдап...

НОҒАЙМЫСЫҢ

Орманбетхан өлгенде,Он сан ноғай бүлгенде.

Ескі жырдан

Есімде Балқар тауларынБөктерлеп, одан көкке өрлеп,Чегемнің миуа бауларынШілдеде сая көкпеңбек,

Кезгенмін сері Қайсынмен.Ғажайып бақыт күн кешіп,Күн аймалап, Ай сүйгенЭльбруспен тілдесіп.

Кездесіп еді сонда бірАқсары сұлу келіншек,Оралмас енді ол дəуірҚайтадан жігіт көрінсек.

Орысша оқып жырымды,Орысша айтты өлеңді,Бір кезде əлгі сұлуымҚазақша сөйлеп жөнелді.

Page 72: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

72

– Қарындаспын ғой, Сізге менСағыныш əнін сақтаған,Ғасырлар бойы іздеген,Ғасырлар бойы таппаған. –

Деді де, қошқыл көзіненМұңды бір сəуле төгілді.Кəдімгі қазақ сөзіненАйырмасы жоқ көрінді.

– Балқар ма, əлде қарашай –Деп тұрсыз-ау мені Сіз, –Деді тағы. Сөз қоспайҚалды сосын сол үнсіз...Тұрдым ұзақ таңырқап, –Жолығып сол сарқызбен,Қай бұл тұқым, қай ұрпақАйнымайтын дəл бізден??

Сол сұрақты жүзімненОқығандай тез-ақ тым:– Ноғай жұрты қызымынЕгізімін қазақтың.

Бар деп сондай халықтыЕсітпеген боларсыз.Бізге ондай тарихтыОқытпаған. Оған Сіз,Мен емеспін айыпты.

– Ноғаймысың? – дедім мен,Еркін басып төсіме,Сонау арғы, бергіденНелер түсіп есіме.

Ел қамқоры Едіге,Орақ, Мамай, Телағыс,

Page 73: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Орда тіккен ЕділгеНоғай деген ел-арыс.

Асан Қайғы, ШалкиізӨлең-жырда мұнара,Қос дулыға, қос мүйізНəріктің ұлы ер Шора...

Тағы... Тағы... ТалайларЕлестеді көзіме.Қайран туыс ноғайларОн сан болған бір кезде.

Əр санында жүз мың ба,Одан көп пе кім білген?Біткен дəм мен тұзы ма –Бөлінген де, бүлінген.

Бүлінудің қырсығынАртық білген осылар.Қашан ғана бұл шығынӨтелер де, қосылар?

Дедім, іштей бір өксіп,Сөзімді оған тыңдатпай,Əлде ұялып, жүрексіпТұрды байғұс үн қатпай.

Тұрды көкте қарап түнТағдырдың қос құрбанын,Ноғай менен қазақтыңҚұшақтасып тұрғанын.

Page 74: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

74

ОЙЛАЙ, БОЙЛАЙ ӨМІРДІ...

Ойлай, бойлай өмірді,Біраз жүрген сапарда,Ауырды да, жеңілдіАлып бірдей қатарға.

Анау – демей, бұл – демейӨткен күнге жоқ кінə,Қала алмадым үндемей,Жырға зауқым соқты да.

Тимесе де өзгегеЖарты тиын пайдасы,Жарқ етсін бұл кезде деКөңілімнің айнасы.

Көбейді ғой, жасаған,Көне күнге күлгендер,Бəрін өзі жасаған,Бəрін өзі білгендер.

Адам болса надандау,Жарар, бəлкім, кешіру.Өткеніңді жамандау –Өзіңді өзің өшіру.

Өшіретін, қыратынӨмір саған əріп пе?Уақыты жоқ кəрі ақынҚайта оқитын əліппе.

Не болса да болғаны,Тірлік, сенде жоқ айып,Онан дағы кел, кəніҚол ұстасып қояйық!

Мамыр, 1993 жыл.

Page 75: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

75

ТІРШІЛІК ТІРНЕКТЕРІ

Ақынның өлең-жыры – өмірлесі,Емес ол ойнай салар көңілдесі.Отына ғашықтықтың күйеді оларСүйеді бірін-бірі қалмай есі.

Дүниеге нұр сəулесін жаяды олар,Сырлары сонда əмбеге аян болар,Жаны ашып бір-бірінің саулығына,Мүсіркеп, бірін-бірі аяр болар.

Нақсүйер, өмір-серік жарыңды еске,Түсірер, бақытың мен барыңды еске.Тек осы ақын үшін өлең ғана, –Осыны білмегеннің бəрі кеще!..

* * *

«Жоқпын» деп өлең болса, айтпас ақын,Өзгедей бақыт жолын бақпас ақын.Бақыты өлеңі боп қоса туған,Зардабын жалғыздықтың тартпас ақын.

Тамаша айтып кеткен оны Мағжан,Ұмытпас ақыл, есі, ойы бар жан.Сөз еді ол өзге емес, өзіне айтқан,Бағасын дүниенің көріп арзан.

Сондықтан жұбатқан ол мұңды жанынЖырымен тарқатқанда шын құмарын.Сыймады жер бетіне көк перзенті,Баянсыз көп кызықтың қиды бəрін

Болжады даласында аз қонысты,Қаңқылдап аспанында қаз боп ұшты, –

Page 76: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

76

Кетті ол сол ұшқаннан қайтып қонбай,Ақымақтар өлтірдік, – деп мəз болысты...

* * *

Сол Мағжан соны білген неткен дана.Дүниеде шеккен азап, көрген нала,Сүйген жар, тапқан бала – бəрі қалып,Көрге де бірге түсер өлең ғана...

* * *

Дүние дүрмегіненАдасып қалған шақта,Өтетін жүрегіңненБір жол бар – аман сақта.Жалғыздық өкпегіненЖанды алып қалатын сол,Əмəнда төте жүргенАбайға баратын жол.

Өлеңге баратын жолКезікпей құса-мұңға.Кіргендей болатын жолƏкенің құшағына.

Сонда сен ұғасың бірҚұшақтап бұл екеуін,Өлеңнің кім екенін,Əкеңнің кім екенін.

Ұғасың кісілікті –Өмірдің күшін мықты.Есіңе сақтағайсыңАқыным бұл шындықты...

Page 77: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

77

* * *

Ай бір күміс ақ табақ,Күн бір алтын от шанақ,Көзің барда қарап қал,Беліңді бу, көкке бақ!

О, құдірет табиғат!Сен ғанасың ақиқат,Сенен өзге құбылысБəрі жұмбақ, бəрі жат.

Ол да шындық түсінсең, –Түсінбесең ішін сен, –Жалған сыртпен əуресің,От құсасың күрсінсең.

Солай, ақын жолаушым,Жалғыз шындық – қолдаушың.Жұрттың бəрі ұйқыда,Сен ғана тек ояусың...

* * *

«Маржандай асыл сөзді айға айтушы ем,Көк бұлттан түскен жайдай жайнатушы ем,Сəбидей жаңа туған хош иістіƏлдилеп тіл ұшында ойнатушы ем» –

Деп ем мен бұдан жиырма жылдай бұрынЖалтылдап тұрған шақта тудай жырым,Басылып бара жатыр бірте-біртеБұл күнде сондай арқа, сондай жыным.

Бабым жоқ, бап табатын шеберім жоқ,Бір шауып кетерім бар, келерім жоқ.

Page 78: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

78

Аспан мен жерді қосқан қайран айқай,Бұл күнде үндеуге де себебің жоқ.

Белгісіз болашағың бұлдыр сағым,Таң атса, ойланды жұрт бір құрсағын,Сенетін кісім де жоқ, ісім де жоқ, –Шабылмай, қарап тұрып сынды сағым.

Оздырып ақындықтан əкімдікті,Көрінді атқа қонған əркім мықты.Күндейді əлі тірі жүргеніңдіДегендей «қатарыңның бəрі бітті!»

Ойласаң, ойың тозар, жаның жүдеп,Кешегі жал, құйрықтың бəрін күзеп,Қоймайды уақыт деген қара қайшы,Жалмайды намысың мен арыңды жеп.

Көресің, көресің де көз жұмасың,Соларға қарауға жоқ ықыласың,Іздейсің ескі күннің елестерін,Тапқандай өтірікші өз куəсін...

* * *

Өлеңді жазбай кеткен көптен бергіОятып, міне тағы көктем келді.Боятып жеті түске бар өлемді,Тағы бір сүйістіріп көк пен жерді.

Тағы бір алып мені есіне жұрт:«Е, мынау бар екен ғой», – десін де жұрт.Тағы бір тебіренейін жыр бесіктеТұрғанда таңым кетіп, кешім келіп.

Page 79: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

79

Неше том, жазған өлең неше кітап,Көз көрген құбылыстың бəрін құптап,Жинаған жүн-жұрқасын кəрі кемпірСекілді кетерінде бір ұқыптап.

Сөреден бəрі қарап тұр байғұстар.Дегендей: «кезің қайда қолыңа ұстар?»Қайтсын-ай, олар да бір қаққан қазықМен кешкен үлкен өмір жолын нұсқар!

Қайтемін қиялымды енді күштеп,Бір талай тастаппын ғой еңбек істеп.Томпиған саусағымның сүйелдеріИемге бара жатыр көнбегіш боп.

«Ақынның кімге керек мұнша зары»Демеңдер, кейде көңіл мұң шалады.Баяғы дүбірлеткен дүлдүл тұяқҚайтсе де қалады ғой бір шабары...

* * *

Ойлай, бойлай өмірді,Жақсы, жаман көп көрдім,Ауырды да, жеңілдіБəрін бастан өткердім.

Енді аллаға мың шүкір,Жалғыз жанға көп сауға.Жатар жерің бір шұңқырАлтын сарай салсаң да.

Жас кезіңде ойлайсың,Мəңгі жасайды екем деп,Жүгіруді қоймайсың,Қусам болды, жетем деп.

Page 80: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

80

Ұлғайғанда ұмтылу –Бір олжа да, бір зиян.Үзілу де, жыртылу –Бір жіңішке, бір жуан.

Қайран жастық сабырсыз,Қай жыраға жықпадың,Қайрат жұмсап дамылсызТаусыларыңды ұқпадың.

Енді мынау отырысЕскі томар түбінде.Төңірегің тым-тырыс,Айқай-думан түсіңде.

«Анау жоқ та, мынау жоқЖоққа жетпес күшің де,Болса болды көңіл тоқ,Ылғи «жоқтың» ішінде.

Тоқ көңілдің – сол батырЖан жүдесе, бағатын.Анау жақта жол жатырӨзің «жоққа» баратын.

ЗАМАН-АЙ, СЕНІ ҚАЙТЕЙІН

Уақыт

– Ақын, неге үндемейсің?Шабыт қайда? Шалт қайда?Күбірлейсің, күрмелесіңШабан қиял шаппай ма?

Page 81: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

81

Ақын

Ой тағдырын түк түсінбейМінезіңнен бүгінгіТөрт аяғын тік түсірмей,Арғымағым сүрінді.

Жолың тайғақ, таға кетік,Алдымда жар тұрғандай,Баяғыдан баға кетіп,Кəзіргідей құн қалмай,

Өтіп кеткен өмірімді,Өксіп, аңсап, күрсінем,«Етіп тəрік сол күніңді,Жаманда!» – деп, тұрсың сен.

Жоқ, уақыт сенде тұғыр,Селмен көшкен селдейсің.Сен бəрібір екі ғұмырМаған қайтып бермейсің.

Жақсы ма еді, жаман ба еді,Ол күнім мен ол айым?Етпей-ақ қой алаң мені,Сонда-ақ қалып қояйын.

Ғайбаттау үшін өткендіБүгінің артық болса еді.Өткеннен қалған көп белгі –Өміріңнің өлшемі.

Идея бар, мақсат бар,Жетемін деген талап бар,Жабыдан озған жақсы ат бар,Қағайын десең қанат бар.

Page 82: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

82

Ол күндерді несінеЖазғырасың, жарқыным!Бүгіннің бəрі – несие,Өтейтін жоқ алтыным...

Уақыт

Əдеті, адам көз ілсе,Түсіне кірер баяғы,Əр уақыт өзіншеБасы да бар, аяғы.

Жаңа мезгіл, əр кезең,Қиналып туар сəбидей,Немесе бейне долы өзенӨткелі жұмбақ – бəрі үрей.

Құтырып кеткен пенденіңКелтіру абзал тобасын.Болады шегі əр ненің,Бəрібір соған соғасың.

Ақын

Заманай, сені қайтейін,Ұстатпайтын сынапсың,Бір ілгері, бір кейінТолқисың да тұрасың.

Үйлесуге сеніменЖүрек қайдан шыдасын,Арман, үміт, сенімменБос сағымды қуасың.

Кешегі бір əулиеБолып шығып бүгін жын,

Page 83: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

83

Баяны жоқ дүниеМен амалсыз түңілдім.

Ақын

Алыста жатыр ауылым,Ағайыннан жоқ хабар,Бар еді сансыз бауырым,Не жазып едім жат болар?

* * *

Мен шыр етіп түскен жер,Қайран қопа Шұбалаң.Қозғалады іштен шер,Тағдырыңа мен алаң.

Ат қып мінген мен талайАйналайын нар қамыс.Дəуреніңде жағалайЖортушы еді жолбарыс.

Одан бері келгендеМекен етті қабандар.Сол күніңді көргенде,Ерде қанша арман бар?

Одан бері бір күндеОрналасқан көк бөріСонау ұлы сүргіндеҚанға батқан бөктері.

Енді, міне, қалғаныңКүтім де жоқ, күйт те жоқ.Шидей бойың, жан-жағың,Маңайыңда ит те жоқ.

Page 84: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

84

Мен қайтейін, мекенім,Маңдайыңда қырсық бар.Жер азудың не екенін,Ел азудың не екенінҚайдан білсін шымшықтар?

Неткен мынау басқа өмірМеңіреу, мылқау, тұманды,Өңшең тасыр, тас көңіл,Кім жібітер бұларды?

Адам боп туып əуелде,Итке айналған не сұмдық?Заманақыр келердеЖоғалта ма есін жұрт?

Уақыт

«Уақыт солай, жол солай», –Дейтін «білгіш» өріп жүр.Өзі айыпты болса да,Бəрін менен көріп жүр.

Ақын

Жарты ғасыр болыпты-ауЖазғаныма мен өлең,Əлі де болса толықтауЖаза түссем деген ем.

Бəріне көңіл көншімес,Іздеймін жаңа серпінді.Керемет өлең көршілесҚасымда жүрген секілді.

Қарманып қалам сілтеймін,Қарайламай да, қамданбай.

Page 85: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

85

Шыға алмай жүрген бір тердіңХабары жақын қалғандай.

Миымда күнде қан майдан,Қиялым қайдан көзі ілсін,Құтқарар қиын жағдайданӨлеңім, сонда өзіңсің!

Ақпан, 1992 жыл.

ОЙ-ТОЛҒАУЛАР

Өмірге келіп енген соң,Ондағы арман, мақсат не?Оянар ойың сəлдең сон,Анашың берген ақ сүтпен.

Ой дегенің – ми болмақ,Домалап түсіп жөргектен,Міндетің сенің қозғалмақОтырып яки еңбектен.

Солқылдап миың төбеңдеƏлде бір бақыт, əлде сын,Бұйырар саған ол ендіҚаз тұру, жүру əммесін.

Ал содан жолың басталмақ,Күн бағып көкте, Ай қарап,Қисықта түзу баспалдақ,Шөптесін яки тайғанақ.

Жылау да сылтау, күлулер,Өкініш пенен өтініш,Тірліктің құны білінер,Толысып ойың, бекіп іш.

Page 86: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

86

* * *

Ал содан кейін алмасар,(Нанбасаң барлап білші өзің),«Өзім» деген бір сезім,«Елім» деген бір сезім.

Алмаспай қалар кезі бар, –Алланың ол да салғаны,Жалғанда жалғыз «өзі» бар.Өзінің қамы – арманы.

Көбейді бұл шақ сондайлар,Оп-оңай оны байқайсың,Еріңді іздеп елді ойлар,Жақыннан, жаттан таппайсың.

Жүйріктің бағын топ сынарАлғашқы аяқ салғаннан.Жалғанда сорлы жоқ шығар,Көп болып, жалғыз қалғаннан!

* * *

Ал, «Елім» деген бір ұлан,«Жерім» деген бір тарлан,Ат алдырып Қырымнан,Ер алдырып Бұхардан.

Бұла да бойын бекітіп,Намыспен мүше шегелеп,Ақтабан тұлпар секіртіп,Абыройлы сапар шегер еді.

Ойламас еді бір басын,Кесіліп қалса, қайтем, – деп,

Page 87: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

87

Ел үшін белін буғасын.Қайыспай шауып, қайта өрлеп.

Азаттық туын шұбалтып,Қалыңға барып кірер ед,Атадан бата құмартып,Алдында тізе бүгер ед,

Ақсақалды бабасыАқ сүңгі қолын жаяр ед,Найзадай тіп-тік нар басыАруағы елге аян ед.

Күңірентіп мына даланы,Сілтідей көпті тындырып,Дауысы жанға дауалы,Əр сөзі – жиһаз бір мүлік.

Батасын баба берер ед,«Əумин» десіп қалайық,Азамат сапар шегер ед,Қарасы жауға молайып.

* * *

Сондағы мақсат не дейсіңНамысы – найза, күші – кек,Өмірге келіп енгесін,Ұяттан өлмеу үшін ед!

Туған соң болып ер-кіндік,«Еңку де еңку жер шалған»,Еліне тілеп еркіндік,«Ерулі атқа ер салған».

Page 88: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

88

Соларды іздеп сандалдым,Тарихтың тінтіп қоймасын.«Елім» деген жандардыңЕстімей даусын қойғасын.

«Шын жыласа, – деген бар, –Соқыр көзден жас шығар».Бүгін болмаса, табыларЕртеңнен жақсы басшылар.

Кəсібі жаман пысықтың –«Жүзік көзінен жүз өту»Орыннан тұрар ұшып кім,Арманы – елді түзету?!

Өтінер туған халқынанАртына мойын бұрғанда,Баяғы дəстүр-салтынанАлыстап кетпей тұрғанда.

«Еңсеңді көтер, Елім!» – деп,Оятып намыс, ойда күш,Сондайда бастар Ер керек,Толғағы жеткен қозғалыс.

Ақтара салып толқынын,Аймалап ата-мекенін,«Халықпен ойнау, жарқыным,Қауіпті жұмыс екенін»,

Танытар досқа-жатқа даСондай да сондай жігіттер,Дəл осы мынау шақта да,Жоғалмас біздің үміттер.:

Page 89: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

89

* * *

Нан жоқ болса – табылар,Ар жоқ болса – Аштық сол.Көбейіп сансыз жабылар,Едəуір бізді басты сор.

Ата-баба көрмегенҚорлықты кештік кіл қорқақ.Үрейден үрей өрлегенКүн – ылайсаң, түн – бұрқақ.

«Қорқа алман» деген батылдың,Артына арыз жапсырып,Басына салдық пақыр күн.Жендетке жанын тапсырып.

Талантты туған талайды,Ұзаттық қолдан байлатып,Жұмсадық ерді малай ғып,Төбеден таяқ ойнатып.

«Жақсы еді ғой, байғұс!» – деп»,Жантайып жатып еске алдық.Қуаныштан қайғы істеп,Жасап едік қастандық.

Əлі де «жақсы» кемдіктеҚортықтар қорлы, дəулетті.Өзіміз бағзы елдіккеОрнатқан қолдан нəубетті.

Əлі де жүрміз мақұрымБілімнен, мəдениеттен,Жамандық болса – шақырдық,Алыстан адал ниеттен.

Page 90: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

90

Рақымсыз, қарау, аш көздік,Қайырымсыз бауыр, қарындас,Есекті қойдық бас, көз ғып,Өрескел мұндай табылмас!

Опасыз, сатқын кіл сымпыс,Кешегі достық, бүгін жау,Жаңылса жағың – жалт бұрыс,Тұрақсыз дүние – зырылдау.

* * *

Дегенмен...Дегенмен елміз əлі біз,Сақталған салттың жұрнағы.«Əу» десіп кетсек бəріміз,Жығылған жерден тұрғалы.

Ұтыламыз, талап бар,Болса да əзір күш тапшы,Баяғы күйген қанаттарСəл сіліксең – ұшпақшы.

Баяғы ауыз бірліктенҚолдағы қалған жұқана.Сəл қозғасаң – жан біткен.О, тəңірім, о, пана!

Ел едік біз, Ер едік,Ұмытпағандар бар екенКəзір-ақ кетер теңеліпБаяғы дəулет, берекем.

Ал, азамат, жаңа ұрпақ,Барыңды қолдан шығарма,Жақсылықпен жарылқап,Жақсы салтпен тұр алда!

Page 91: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Өзгелердей шүкір бізЖатқан жоқпыз қырқысып,Əлі де кеңбіз, бүтінбіз,Ырысты, асты бірге ішіп,

Бақытты қолдан бөлісіп,Ағайын тату, ел аман,Сағынып, есен көрісіп,Шығарып бір бас жағадан.

«Бір жеңнен қол» деген бірБəтуə сөзіңді есіңе ал!«Көсегең сенің көгерер»Десе, бізге несі бар!

«Үлкен қазақ еді-ау бұл,Үлкендігі шын екен!» –Дегізер келді бір дəуірАруақты қоныс, ұлы мекен!

Сен аман бол, сенем менКісілік, елдік салтыңа,Мына бір ауыр белеңнен,Өт те, келші қалпыңа!

Сағынған жұртқа қалаулы,Сенікі сөйлер енді сөз. Батырлар тұтқан жалаудыБатырлар ұстар келді кез!

«Азат!» деп ауыз айтқаннан,Жарамас түгел ол шынға!Айнымас ұран, ант, иман –Рухың азат болсын да!

Желтоқсан, 1990 жыл.

Page 92: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

92

КӨКТЕМДІ ШАҚЫРУ

Көктем, əлі тастамапсың сен мені,Таусылмайтын рахаттай жердегі,Тағы да бір құлағыма келеді,Алыс қалған жас дəуреннің əндері.

Əлде сенің атың ба екен – əн аты,Ақындарды алып ұшар қанаты.Қайту үшін торғын көкте жуынып,Бұл өмірдің туса сəтті сағаты?!

Неге саған осыншама құмартам,«Тағы да бір туар көктем, туар таң», –Деймін дағы өзімді алға сүйреймін,Шаршап қалған жүрегіме жүк артам.

Дəл осылай сынық қанат көбелекКүн шыққанда алтын сəуле себелеп.Қонушы еді жақындағы бір гүлге,Көрінетін соның өзі керемет.

Гүлден гүлге секіретін күн қайда,Қалмау үшін қайран басы бір сайда,Қанағат қып жалғыз гүлдін жұпарынЖатушы еді құлдық етіп құдайға.

Қайран көктем, менің туған нағашым,Қартайсам да еркелетіп бағасың.Тағы да сен ескі жүлге – тамырдаҚанды қозғап, шымырлатып барасың.

Көктем, көктем, бір жасама, көп жаса,Болар еді бұл тіршілік далбаса,Сен болмасаң, сен келеді – деген бірАсыл үміт, жасыл үміт болмаса.

Page 93: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

93

* * *

Кел, көктем, келші көктем, кеудеңді тос,Сен едің ежелгі дос, беделді дос,Алысқа, əкет мені бір сапарға,Қасыма ескі серік өлеңді қос!

Баяғы есіңде ме ақбоз атым,Бəйгеге салған бойда, сəтте озатын,Өзі де, ер тоқымы бірдей тозып,Бұл күнде жағдайы оның жоққа жақын.

Болмайды ылғи іштен тынса кісі,Əуелде болған болса шын дауысы.Шіркіннің бір айқайы қалған шығар,Тұлпардың қалғандай-ақ бір шабысы.

Ал, көктем, көтер мені жеңіл қолмен,Кезімде сені көріп көңілденген.Шаң басқан қанатымды бір сілкейін,Сау болса қауырсыны сөгілгеннен. І

Сағынған кең серуен – көк айнасын,Байғұсың ең əуелі бір айналсын,Содан соң шыр айналсын шырқау жақты,Аймалап, айдарымен жел ойнасын.

Кəрі құс, – жап-жас көңіл қайран шабыт,Қайтсын бір мекеніне сайран салып,Сол кезде нөсерлетіп құяр, бəлкім,Өлеңнен төбесіне айналса бұлт.

Ия, солай алшы, көктем, бір сергітіп.Жұмбақтың көкірегіме желі бітіп,Қалайын жалғыз сəтке құдайсынып,Əйтпесе, неғылам мен сені күтіп?!

Page 94: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

94

* * *

Сексеуілді құмайттаӨмір бар, – деп кім айтқан?Бар, – деп соны естідімЕртеде бір суайттан.

Суайт та жоқ бүгіндеӨз сөзіне сүрінген,Ақ көңілді жан еді,Ел көзіне ілінген.

Содан бері неше жыл,Сонау кəрі сексеуілКөрген сайын əлгі сөзЖүретұғын есте бір.

Елге бірде барғанда,Сирек жаңбыр жауғанда,Көктем еді осындай,Жер бұлтты сауғанда.

Ертеңінде жатты құмКешегі бір шаттығын.Тез ұмытқан без бүйрек,Бауырында батты күн.

Сол батар күн нұрында,Сексеуілге бұрындаҚарамайтын əдетім,Қарап едім, шынында.

Көз тоқтатсам, леп тартып,Еніп түске көк барқыт.Сексеуіл тұр бусанып,Кеше қурап жатқан түп.

Page 95: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

95

О, дүние! – дедім менТаң-тамаша көңілмен.Сөйтіп сонау құмайттаӨмір барын көрдім мен.

Дəл осылай кейде біз,Неғыласың – пендеміз;Жете тұрып жетпейдіАқиқатқа зердеміз.

* * *

Көктем, сенің бар-ау бір кереметің,Адамды ұмытшақ қып жіберетін.Өйткені сендегінің бəрі жаңа,Көктегі жаңартады күн де көркін.

Бəрін де көргендейсің бірінші рет,Бəрі де саған қарар күлімсіреп.Тек кана қуаныштың сөзін айтар –Алдыңнан ашылады ұлы сурет.

Тəңірінің өзі келіп көрме ашқандай,Таласып адам көзі жармасқандай.Əр тұстың, əр бояудың сиқырынанАқылың əлденеге адасқандай.

Баладай ішің тартып мəз боласың,Ұмытып алдына əкеп қойған асын.Ол сəби, қуыршақпен ойнамай ма?Сол кезде есейіп қап, ойланасың.

О, дүние, қуыршақ дүние, сені қимай,Өтесің өмір бойы жинай-жинай,Əкетер өзіңді де бірге жинап,Жаңағы көрме жайған шебер құдай!

Page 96: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

96

* * *

...Есімде Шұбалаңның нар қамысы,Сыятын қойынына зорға құсы.Көктемде ығы-жығы жəрмеңке боп,Асырға айқұш-ұйқыш толған іші.

Ұя сап, абыр-сабыр құрылыс қайнап,Тағы да көрме ашылып, тұрмыс жайнап.Қаптайды неше түрлі жұмыртқалар,Жел тербеп, салындыны қуысқа айдап.

Оларды қыздырады тірлік буы,Желбіреп төбесінде рақат туы.Туудың, жанданудың белгісіндейТербейді дүниені перзент шуы.

Сол кезде туған қопам – Шұбалаңым,Көрінер көрмесіндей бір Алланың,Көрінер жалпақ жиһан бөлшегіндей,Соларды алдыма алып қуанамын.

Бəрін де өзім жасап отырғандай,Шынында осы жерде ой туғандай.Бұларды мен көрмесем, мен болмасам,Белгісіз – дүниенің көркі қандай!

* * *

Болдың-ау, көктем маған енді естелік!Қалайын неңді санап, неңді ескеріп.Тұрғандай тар көпірдің аузына кеп,Мен жеккен он бес арба, он бес көлік.;

...Тағы да ораламын Шұбалаңға...Айналып мен ойнайтын су-алаңға,

Page 97: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

97

Малтимын, батып-шығып келе жатам,Жолығып маған жұмбақ бір ғаламға.

Қылтиған жас құрақтар су астынан,Айнымай қырдың жаңа жуасынан.Бойынан таратады кермек иіс,Жас иіс – тірлік исі бұл ашылған.

О, көктем, ол иісті білесің сен,Бөлетін əр тірліктің үлесін сен.Сəбидің қолтығында, борбайындаАйналып хош иіске жүресің сен.

Жастығың, сонда сенің жаңалығың,Жасампаз, жарылқаушы даналығың.Дəл сондай перзентіңнің біреуі еді,Сонау бір менің тəтті балалығым.

Мен соған ораламын сені көрсем,Ең алғаш кездескен күн менімен сен,Жыл сайын маған соны көрсетем деп,Жетелеп мұнша алысқа келіп ең сен...

Малтимын... Тағы есімде, кеудем суда...Жаңғырған құлақ тосам көлден шуға...Жамырап жас құрақтар сөйлеседі,Не айтқанын мынау жеңіл желден сұра.

Табаным біраздан соң жерге тиіп,Болған соң көк толқында тербетіліп,Ырғалып суды кешіп келе жатам,Шыпылдап қамыс басы белге тиіп...

Тағы да елестейді өмір маған...Толқыны қанша кешсем тойдырмаған.Сол толқын əлдиімен, əн-күйіменБілдірмей жылды ұрлаған, ойды ұрлаған.

Page 98: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

98

Алдымда тұр жағалау көлбең қағып,Өмір-су бір тынбастан келген ағып.Сонау бір құрғақ, суық жағалауғаБас қойып, жығылармын мен де барып...

* * *«...Тағы да келді көктем, күн əдемі,Керілген шым жібектей көк əлемі.Сен маған бұл көктемде кездеспедің,Айтатын көңілімде сыр бар еді...»

Сырбай

Ия, сен кездеспедің бұл көктемде...Мол кеттің осы жолы бір кеткенде,Баяғы қимас көңіл əдеттен бе,Ойлаушы ем мəңгі қаста жүр деп, мен де.

...Астында отырушы ек жапырақтың,Тұратын төбемізден шашырап күн.Жамылып алтын-күміс сəулелерді,Қараушы ек ар жағына атыраптың.

Сол жақтан қызық күндер, сəтті күндер,Дегендей: «Бақытым көр, шаттығым көр».Қол былғап шақыратын екеумізді:– Ал, Ғафу, бір əдемі əн айтып жібер.

Сол əнмен көкжиекке аттанайық!Жыр жазып, ақын деген атқа ылайық.Іс істеп адам деген атқа ылайық,Илаһим, тіл мен көзден сақ болайық!

Деуші едің, көп айтпаушы ең сөзді маған,Көп сөзді айтпайды ғой өзіне адам!Өзіңдей көруші едің ғажабы сол,Мендей-ақ сақтап жүрген көзіңді аман.

Page 99: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

99

Сол сезім өзге түгіл маған жұмбақ,Жүргелі туыс сүйіп, аңға құндап,Ондай мен хикмəтті көргенім жоқ,Дүниеде, сірə, көрмей қаларым хақ.

Ия, сондай менде де бір сыр бар еді,Көктем ғой сондағыдай бұл да əдемі.Ол сырым – тағы да бір қатарласып,Жазатын көктем жайлы жырлар еді.

Жан едің жалпақ елге атың ыстық,Кетуге жасадың-ау асығыстық.Біздегі жыр-туыстық, жан-туыстық,Кімде жоқ жəй ағайын, жəй туыстық...

* * *

Қамықпа, көңіл көтеріл,Ренжітпейік көктемді.Белгісі жастың екен бұлЕске ала беру өткенді.

Байқалды қанда бұлқыныс.Оянып, ойнап аққандай.Тағы бір жұмбақ тылсым күшСағынып мені тапқандай.

Баяғыдағы батырларАсынғанда бес қару,Аруағын дереу шақырарЖорықта жоқ қой кеш қалу.

Сондай бір сезім мені деҚоршайды көктем келгенде.Желіге түсем, желігеЖел ойнақтап кеудемде.

Page 100: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

100

Жалғанның жанға бəрі дос,Көңілге серік көп тауып,Қайғысыз, қамсыз басым бос,Алдағы сəттен жоқ қауып.

О, дариға, бұл шақтаТолады ішім сенімге,Біреуге яки бір затқаЖақсылық жасай беруге.

Өзімнен өзім құлшынамƏрекет, істі сағынып,Болмайды сəтім тыншыған,Сəулелі ойлар сабылып.

Сөздерді қақшып қашағанКетемін сонда сөйлеп мен:«Осының бəрін жасағанКөктемнің күші ғой» деп мен.

* * *

«Қырық жылғы жарыңаҚартайды көзің болып таң.Қарағандай аруғаЖаңа ғана жолыққан.

Мына көктем қайтеді,Алдап, көзің жазбай-ақ,Тағдырдың сан тəлкегіБастан өткен аздай-ақ!» –

Дейді маған ақын досАйтып шағым көктемге.«Ақылыма ақыл қос,Ми сұйылып кеткен бе?»

Page 101: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

101

Мен күлемін мəз болып:– Осал сөзді айтпа онша,Көл-көңілге қаз қонып,Аққу ұшып жатпаса.

Кəрі əйелдің жас болып,Қайта келіп сүймесе,Жаның балқып, мас болып,Қайта отына күймесе.

Жердің бəрі қып-қызылҚырмызыға толмаса,Бойыңдағы от-қызуБаяғыдай болмаса.

Маңайыңа дос толып,Бал бөлісіп ішпесе,Əр сөзіңді хош көріп,Қошеметтей түспесе.

Алтын тақта бір мезгілОтырмасаң патша боп,Нақ төбеңде күмбез кіл,Асыл-маржан тас та көп.

Жарқ-жұрқ етіп сол тастанАйнымайтын көздері,Кəнизактар тұс-тұстанЖалынбаса өздері.

Күй кешесің сондай бір...Қой, бауырым, қой, құрсын!Əулие деп көктемдіНесін күтіп отырсың?!

Page 102: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

102

* * *

Ал, көктем, сөйлеп болды ақын жаны,Осы өлең сені айқайлап шақырғаны.Сонау бір жолдың шеті жақындады,Болатын жан-жағының тақыр бəрі.

Таусылып бара жатыр көз көргендер.Кешегі таусылмасқа сөз бергендер.Солайша өмір заңы – тірлік заңы,Ол заңда жоқ қой əлі өзгергендер.

Мезгілдің төртеуі де сен болғанда,Көбірек жасар ма едік бұл жалғанда,Арман ғой ол əшейін пендешілік,Қашанда көп нəрседе құн болған ба?

Жарайды, келдің, кəне, жайнаң қақшы,Бойдағы мұздап қалған қанды ойнатшы!Келдің сен, шақырғанға тілімді алып,Ақынды сыйлағаның қандай жақсы!

Көк шыбық исің қандай, денең қандай!Иіскеп өкпе байғұс дем алғандай.Қажыған қайран жүрек қайта соғып,Қарайған қайран көңіл ағарғандай.

Сандалып, сая таппай саясаттан,Жоқшылық, қымбатшылық, сор апаттан,Бір сəтке паналауға аш қойныңды,Зарығып, қорғаушымдай жаңа тапқан.

Такаббар патша мінез, кінəз кеудеКөнбейді қуанышты күн «аз» деуге,Баяғы ақбоз атты бермесең де,Апарып таста ақынды біраз жерге!

Наурыз, 1993 жыл.

Page 103: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

103

КӨКШЕТАУ, СЕНІ САҒЫНДЫМ

Ендігі саған ентігіп,Барар едім қасқиып,Мен жатырмын мертігіп,Тұяғыма тас тиіп.

* * *

Құдайға жақындардың таза бəрі,Таусылмас жердегінің азабы əлі...Құртуға өзін-өзі адам асық,Аздай-ақ жаратқанның жазалары.

Тау Көкше, Айың – айбар, Күнің – шабыт,Қараушы ем көлге түсіп, жуынса бұлт.Тұрмыстың ақ жанымды кірі шалса,Қайтушы ем саған барып, мұңым шағып.Сонда сен жұбатушы ең сүйіп, құшып,Кетуші ем қайта шалқып, биікке ұшып.Қалықтап «Жеке батыр» маңайында,Қанатым күн сəулесін қиып түсіп.Қайтадан ұшушы едім қарсы құсқа,Асыққан оңтүстікке осы тұста.Ақ бұлтқа саусағыммен жыр жазушы ем,Қаламым жерде қалып қапылыста.Содан соң қонушы едім шың басына.Зулаған екпінімді бір басуға.

Page 104: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

104

Етектен өрлеуші еді қыз-қарағайАқынмен оңашада сырласуға.

Хош иіс, жұпар самал арбап мені,Төменде Бурабайдың жайнап көлі.Сыңқылдап қыз күлкілі шағалаларШақырып, мені еркіме қоймап па еді?!

Сонда мен жолыққандай арманыма.Бір қарап жалын көзбен жан-жағыма,Басынан «Оқжетпестің» қарғушы едім,Қарамай өлгеніме, қалғаныма.

Сағындым, сағыныппын соның бəрін,Есімде шаршағаным, демалғаным.Тек қана ақын жайлар мекен едің,Белгісіз маған бүгін не болғаның...

* * *

«Танадай құлаққа ұрған» тыныш маңай,Естисің алғаныңды тыныс қалай.Табиғат біздей емес, көне шеберБір ісін тастамаған дұрыстамай.

Бəрі – заң, тап-тұйнақтай бəрі орнында.Жарасым, үйлесімі, сəні орнында.Алаң тұр ат шаптырым айналасы,Өзі жоқ, Абылайдың тағы орнында.

Босаған кеше ғана қанды ұрыстан,Шаршаған, қос өкпесі шаңды құшқан,

Page 105: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

105

Жайып сап шеңгелдерін жасыл шөпке,Жатқандай бейбіт ұйықтап хан-арыстан.

Айналып мың-мың тұлпар қарағайға,Батқандай басын шұлғып қалың ойға.Қалыпты Жеке батыр қатып ұйықтап,Мас болып жеңіп алған абыройға.

Қос жартас Ер Қабанбай, қарт БөгенбайЖауының жағасынан шап бере алмай,Түстерін түсінде де қарш-қарш қайрапТүстері əлдекімді мерт қылардай.

Оқшау шың – Шақшақұлы Жəнібек-Тархан, Дос түгіл, жауы сыяр жаны бек дарқан.Шет қалып, кешегі тойлар у-шуынанОңаша ойға батқан – менің атам.

Бірі еді халық қалаған төрт тіректің.Өзі еді сонау білмес өрт жүректің.Бүгін де керегіңді есіңе алмай,Дүниеден қайран ерлер өттің-кеттің.

... «Танадай құлаққа ұрған» – маңай жым-жырт,Ағады мəңгі керуен уақыт жылжып.Жатқандай бір айдаһар көлден шығып,Бəрін де өңешіне тартып, қылғып.

Əрине, ұрпақ қалар, тұрмыс қалар,Аз емес алдымызда мың нұсқа бар.Амал не, ала алмаса содан үлгі,Таулардың түбіндегі құмырсқалар?!

Page 106: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

106

* * *

«Үңгірі Кенесары» – көпке мəлім,Бұл жерде дем алуға шөккен нарың.Перзенті қасірет пен өкініштіңАузынан «Аһ!» дегендей, төккен жалын.

Еркесі елден дара бір құдайдың,Өзінен айнымаған Абылайдың.Көзінің шарасына дала сыйған,Қараса сəулесімен жарық айдың.

Шағылып күн нұрына дулығасы,Теңселіп төбесінде тудың басы.Жөнелмек таң алдында жөңкіп əскер,Қазақтың қайта оянса бұл ағасы.

Төменде қаңтарулы кіл күрең ат,Таң асып, ерін алмай тұрған жарап.Мызғиды аяқ үсті өңшең бəрі,Күзеткен хан ұйқысын қадағалап...

...Осында келген сайын осынау суретКетпейді көз алдымнан жалғыз рет.Үңгірдің түкпірінде бір жолбарысЖатқандай жұлдыздарға басын тіреп.

Ауыр қол оятуға дəті бармай,Ал кəзір аруақ ұран шақырғандай,Шақырса, үңгірдегі сол жолбарысБолады енді бір сəт атылғандай...

Page 107: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

107

* * *

Хан Абылай, қадіріңді ерте біліп, –Жыр жаздым, өзегімді өртендіріп.Ол өлең «Абылайдың ақ үйі» еді,Сол үшін ала жаздадым желкем қиып.

Отыз жыл өтіп кетті одан бері,От еді ол кездегі заман лебі.Ақын да отқа түсер көбелек қой,Барған жоқ ешкім айдап соған мені.

«Бір сұрақ – əлі күнге мен аңғарман,Сұрап келем ақылды адамдардан,Өзге жұрттың хандары жақсы болып,Біздің хандар қалайша жаман болған?»

Дедім мен, жəй бір сұрақ секілді еді,Бір əкім ал, тілдеді, селкілдеді.«Қайдағы бұйырмаған бұзық сұрақҚоятын сен кім? – деді, мен кім? – деді.

Сұрақты мен қоям! – деп əкіреңдеді:– Немене, Абылай сенің əкең бе еді?Кет, əйдə, Абылайыңмен қоса жоғал!Əкеңді танытамын ертең! – деді.

Əкемді танытты ма, танытпады ма?Оны айтып мен қайтейін уақытта мына.Өйткені бұл күнде де аз емес қойЖүргендер бақыт қамында, тақыт қамында.

Сондайдың бірі кеше ұлы асыңда,Алаңда, қыруар жұрт қыр басында,Сөйледі туған балаң секілденіп,Төредей көптен жүрген хан қасында.

Page 108: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

108

Қарадың оқты көзбен суретіңде,Жарқылдап айбын ойнап бұл бетіңде,Содан соң қарт Көкшедей қалдық қатып,Жатпай-ақ сөз шығындап «кіл жетімге».

Жəй қиял. Болғаным жоқ ол асыңда,Жақсының қызғанатын моласын да,Əдеттің əлегіне бар ма шара,– Қырсық қой сен де алысқан о басында.

* * *

Күз болып, жер тоңазып, суыды аспан,Əп-сəтте қарағайлар шуылдасқан.Манағы шымқай күрең тұлпарлардай,Жан-жақты бір құдірет дүбір басқан.

Қайнаған қара бұлттар арасынанКөкшенің ұшар басы жаңа ашылған,Шағылып күн нұрына шаншылғанда,Айнымас Абылайдың найзасынан.

Бір арман, бір сағыныш жəне қозғап,Кетеді жүрек байғұс жана жаздап,Жортады қара бура көл айналып,Ту сыртта екеу-үшеу бота боздап.

Алаңдап, қайтсын көңіл алабұртпай, –Уақыт – сүт пісірім аралықтай,Сағындым, сағынғанда, əдеті ғой,Ұсақтың көрінетін бəрі алыптай.

Page 109: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

109

* * *

Тау Көкше – сен едің ғой жер сұлтаны!Жарасқан жақсылардың жақсы Отаны.Жүрегін құдайдың да қуантушы ең,Тамылжып табиғаттың атса таңы.

Қаншама сыйладың сен от жаныма,Қарамай ысыраптап жаққаныма.Тек қана сені көріп қайту үшінРизамын жер бетіне соққаныма!

ЖАНАЙДАР МУСИНДІ ЕСКЕ АЛУ

Көкшетау, көкшіл сағым бұлдыраған,Кім берер сендегі өткен күнді маған,Сен менің жастық шағым секілдісің,Ақбоз ат, жүрген, ерсіз құлдилаған.

Ал бүгін сол сағымның арасынанІздеймін бір жігітті, аласұрам.Таппаймын, таппауыма сенбеймін де,Айқайлап, жөн сұраймын əр асудан.

«Жанайдар! Жанайдар!» – лап жан даусым,Жаңғыртып тұрады ұзақ əр тау ішін.Япыр-ау, қайран сабаз, қайда кеттің?Мен түгіл, жел жоқтайды, тартады ішін.

Бір сұмдық, естігенім, шын болар ма?Жүргендей ұя таппай күн қонарға,Көзіме елестейді өмір-шатқал,Тар жолда құлаған ат, сынған арба...

О, дүние, олай болса, сен де сатқын,Мұңымды енді боздап кімге шақтым?

Page 110: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

110

Тірейтін аттың басын тұғырым жоқ,Ал босқа азын-ауық желге шаптым.

...Алдымнан шығушы еді-ау «ағатайлап»,Көкшені бір сілкінтіп, алақайлап,Бұл тірлік кетуші еді жəрмеңке боп, –Ал, Ал! – деп бар жиһазын маған сыйлап.

«Балапан сор», «Кіші шабақ», «Үлкен шабақ»,«Бүркітті» ар жағында түкті балақ,«Шортанды», «Майбалық» пен «Айна көлің»Жататын үйрек, қазы су сабалап.

«Қотыр көл», қайран жөкей – ақ қайраңым,Арқалап ну қарағай – ат байларым, Арудай құшақтасқан, би билескен,Ақ қайың, көлеңкелі көк сайларым.

«Кеңащы», «Біржан төбе», «Жеке қара», –Қыдырған Жанай-жанмен екеу-ара,Дүниенің шолақтығын, қатыбасынСөйлестік соңғы жолы неге ғана?

– Қайтайын бір апарып Сырымбетке,Па, шіркін, Сырымбеттей сұлу көп пе? –Деп еді-ау, жете алмады ол сертіне,Сұм тағдыр, мінезің бар қырын кетпе!

Жалынын көп шығарар өшпек өмір,Қадірі қалу үшін есте не бір,Ер еді үзілетін тепсе темір,Кең еді Арқа-кеуде, Көкше-көңіл!

Жанындай сүюші еді өз өлкесін,Дос еткен ер серісін, қыз еркесін.Атан нар айдалада аңырайды,Жоғалтып қапияда қос өркешін.

Page 111: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

111

Мұңымды тоқтатайын əрі ұзатпай,Шілдеде азынаған аңызақтай,Өмірдің осынысы обал-ақ тымӨткізер жақсыларды мəңгі жоқтай.

...Тау Көкше, сағынышым саған дегенОсылай кетер ұзап самалменен.Сағынбай мен қайтейін азаматты, –Тау көркі, жердің көркі адамменен.

ТІРШІЛІК СƏТТЕРІНЕН(Өлеңге оралу)

Жан құмар енді тыныс, дем алысқа,Қан түсті қисық тамыр, кері ағысқа.Сонда да ескі серік – өлең байғұс,Əлі сен шақырасың мені алысқа.

Келмейді көп қағуға кəрі қанат,Тұрғанмен ұмтылуға əлі жарап.Ұзаққа шыдамайды бергі жылу,Мезгілдің ар жағында қары борап.

Басылған дүние шуы кетіп алыс,Қалған бір көп тасқыннан жетім ағыс,Ағады бос кеудеде жайбарақат,Оның да бар болғаны бір қуаныш.

Осылай көз буалдыр, көңіл бұлдыр,Алыстан күмбірлеген күміс сыңғыр.Тек қана салады еске бір кездегіШабытты шағыңды əсем көмей-бұлбұл.

Сөйтсе де, шақырасың тағы алысқа,Дейсің де қайран елең: «қалам ұста!»

Page 112: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

112

Ой, дос-ай! Сені тыңдар заман бар ма?Мұз болған жұрт жүрегі мына тұста.

Жазбасам өзім үшін етіп ермек,Іздесе жаралы жан дəрі-дəрмек,Əшейін сүйемелдің амалындай,Қайткенде тұра тұру реті келмек.

Əйтпесе, өлең шіркін кімге қымбат, –Онсыз да қымбатшылық күнде шарлап,Тұрғанда ми шатасып, құлақ шыңылдап,Бүгінің түсініксіз, ертең – жұмбақ.

КӨГЕРШІНДЕР

Күнде ертемен нан септім,Қызықтадым сол сəтті.Сөйте-сөйте дəндеттімКөгершінді он шақты.

Тереземді азаннанТырсылдатып тұрғаны,Келетіндей базарданКөзге таныс бір жаны.

Қыстың көзі қыраудаНе мақұлық жансебіл,Халы келмес сұрауғаҚалғандығын қанша өмір.

Сонда да бір жанталас –Тіршілік үшін, нан үшін.Өлдім десе, байқамас,Жасы талап кəрісін.

Page 113: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

113

Шетке қағып əлсізін,Жейді ананың бұл асын,Бұлардың да арсызынБайқап, біліп тұрасың.

Түні бойы күзетіп,Терезеге телмірген.Башпайына сыз өтіп,Өкпесіне жел кірген.

Бір көгершін жүдеу бас,Шыдам, парыз өтеген.«Енді оңаша жермін ас –Тойып, толып бөтегем!»

Дегенінше, еңбегіТағы зая, қайтпайды,Қайдан, қашан келгеніБелгісіздер қаптайды.

Астында қап бəрінің,Жаншылады бүйірі,Зордан тапқан нəрініңБұйырмай бір түйірі.

Бұрып еді бүйрегім,Қалсыншы деп бүгін жеп.«Бəрі осы-ау дүниенің»Қала бердім күбірлеп.

ҚҰМЫРСҚАЛАР

Жаз бойы дамыл көрмегенҚұмырсқалар қауымы.Айнымайды көмбеденШошақ төбе ауылы.

Page 114: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

114

Тасымаған, термегенНəрсесі жоқ арқалап,Толып кеткен көр-жерменСалған үйі қат-қабат.

Ол үйінің қыста көрБерекесін, берігін.Кілең бəрі қыпша белƏйелі кім, ері кім?

Біле алмайсың жырақтаЖатқан өмір жүйесін.Бар секілді бірақ таƏйтеуір бір үйлесім.

Еркек, əйел жоқ болса,Өсіп-өну мүмкін бе?Қуат берген көп соншаКіп-кішкентай шіркінге.

Көп айтқанша бірліктіАғайынға, жолдасқа.Осыларша бір мықтыБайлам тапсақ, болмас па?

* * *

Менің балам қырықта,Сенің балаң қырықта.Өсіп жатыр əйтеуірАстанада туып та.

Енді елуде ер жасы,Байқа сөздің мəнісінЖерлестіктің мағынасыӨзгермесе, неғылсын...

Page 115: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

115

Тасығанмен ауылданҚала көнбес ырқыңа, –Ескілікпен ауырғанЕсіл туыс жұртына.

Болашағы жоқ нəрсе,Бола тұрсын дегенмен.Сол бір ұғым өзгерсе,Дəл бүгін де көнем мен.

БАЛЫҚТАР

Көксерке – Ақжайықтың əміршісі,Оны да солай еткен тəңір күші.Жолында ағып өткен сəуле қалып,Балықтар басын иген үлкен-кіші.

Шынында ол – су астының найзағайы,От болып жүрген жері, барған жайы.Жүрегін жандырады сұлулардың,Естіліп құмарлықтың жан айғайы.

Қара көз, бұраң дене, қызыл көйлек –«Жасынан əлпештеген қызым ғой» деп,«Сен ал!» – деп ұсынады балық біткен,«Таңдайтын сендер емес, өзім ғой!» деп.

Паң сері, балық патша көлденең кепТұрады, көз алдыңда көлбелеңдеп.Билейді судың сұлу бикештері,«Көңілдің бəйгесінен мен келем» деп.

Бір кезде өткір көзі тоқтай қалып,Қадалар біреуіне оқтай барып.Зу етіп дəл қасынан өте шығар,Жөнелер нөкерлері доптай қағып.

Page 116: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

116

Ішінен ақ пəуеске көресің текБұлқынған ақ тортаның денесін тек.Жебенің суылдаған желі еседі,Атылған адырнаны кере сілтеп...

Содан соң Жайықты өрлеп екі ғашық,Жүректің лапылдаған өртін басып,Айқасып қанаттары – құшақтары,Аунақшып, бауырласып, қолтықтасып.

Шашатын уылдырық күндер туып,Ойласар ұрпақ қамын бірге тұрып.Сол кезде түседі еске жүрген шағыСу астын махаббатқа бір толтырып.

* * *

«Ойбайдан» əн шықпас,«Гөй-гөйден» күй шықпас,Тұншығып барамын,Қарағым, түндікті аш!

Оңымнан жел тұрсын,Жаным бір желпінсін,Шырақшы əніңді,Сəнімді келтірсін.

Тұрмыстың күйбеңі,Қаншама сүйреді,Қалды ғой сүлдерім,Қызыққа қи мені!

Тілекті ал өтінген,Айықтыр дертімнен.Өткендей болайынҚиямет көпірден.

Page 117: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

117

Қажыдым мүлде мен,Айтпашы мұңды өлең,Бақытты бір əн айтБұрын мен білмеген.

Тасиын, толайын,Тұғырға қонайын.Тəңірінің қасынаБарғандай болайын.

ЖАЛҒЫЗ АЯҚ ЖОЛДАР

Жүгіруші ем жасымдаЖалғыз аяқ жолдармен,Апаратын асуға,Яки суға, орманмен.

Кейде қиыр көкжиекӨрге жіптей ілетін,Көкжиекке иек сүйеп,Күн астына кіретін.

Сол жолдарды жұмбақтайКөруші едім бір тылсым,Өмір ме екен шумақтапТастап кеткен кім білсін?!

Əрбір жолда адамныңТағдыры бар секілді.Алғаш ізін салған кім,Кім жобасын келтірді?

Бір жүргенің із ғана,Көп қайталау – жол болмақ.Ізді «жол» деп біз ғанаАйтып жүрген долбарлап.

Page 118: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

118

Дала – кітап, жол – жазуДала төсі қым-қиғаш.Болмай одан көз жазу,Көп қараймын бұрмай бас.

Ұзақ жолды қызықтап,Қысқа жолдан түршіктім,Жолы болмау – қазақтаБелгісі ғой қырсықтың.

«Жолымды бер» – дейді олар,Ол – сұрауы кезектің,Əркімнің бір жолы бар,Құты болғанға не жетсін!

АСПАН ҚАДІРІ

Көк күмбез, айналайын, аспан сенен,Мен саған жастан сүйіп, жастан сенем,Биікте не шаруам бар сен болмасаң,Қаншама жердің бетін басқанменен.

Басыңды көтеруге аспан керек,Табиғат құмнан өзге, тастап бөлек.Бəрі де ұмтылады көкке қарайӨсуге дəметкендей достан көмек.

Мақтандық, «жақындаттық көкті біз» деп,Қашанғы таза орыннан боқтық іздеп,Шимайлап, тесіп, ұңғып, тінтіп, бұзып,Шірендік бүлдіргенге «мықтымыз» деп.

Кешір сен, көне түрік көк тəңірісі,Біз болдық нағыз аруақ соққан кісі.Айналды қайран аспан қазан түпке,Арылмас ыс пен түтін, оттан іші.

Page 119: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

119

Солқылдап, жер өкпесі қабынғанда,Ауаны жалғыз жұтым сағынғанда,Жалынып көк аспанға қараушы еді,Тəубе ғып жан ашыры табылғанда.

Сол еді жерге жалғыз болысатын,Қаншама алғанымен алыс атын,Жер, суды жалмап, жұтып болғаннан соң,Аспанмен кезек келді алысатын.

Не керек, айтып-айтпай өкініштенБіз болдық өкпесін жеп, өтін ішкен.Айқайлап, «аспан асты кең» деп жүріп,Дем алып, тыныс табар жер түгескен.

Белгісі Жаһан жайға адам қастық –Ақырзаман шегіне қадам бастық.Үй қираса, үй саларсың орнына,Аспанды қайта салып ала алмассың.

БАРМАҚ ШАЙНАУ

Ердің соңы – ИсатайБармағын шайнап өткен жер.

Мұрат

Көне сөзі қазақтыңЖəне көне кəсібі,Өтті осылай азап күн,Күн емес-ау, ғасыры.

«Бармақ шайнау» – сөз біту,Лаж, амал таусылу.Көрейін десең – көз біту,Қасірет-тұман қаусыру.

Page 120: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Қайран біздің ерлер-ай,«Халқым» деп ішке қан қатқан,Нелер жылдар, нелер айЖол тоздырып, шаң қапқан.

«Бермеймін»! деп жерімді,Қанымен шөп суарған.Əр жотада көмуліСүйектері қуарған.

Сол жерлерді жат табанКейін талай таптаған,Құрып кете жаздаған,Құдай өзі сақтаған.

Халықпыз қой, кеңдіктенЖаратпаған олқы ғып,Саның, жаның кемдіктен,Өзгемен жер толтырып.

«Шыға ғой» деп айта алмай,«Кете ғой» деп тағы айтпай,«Дос» көңілін қайтармай,«Қас» жүрегін қарайтпай.

Аңдуменен жан-жақты,Отының – су, отың – мұз,Сол бір сорлы бармақтыТағы шайнап отырмыз.

Page 121: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

121

ТҮЙІН

Жігіт ол жақсылыққа жаны құмар,Көз нұрын алдай алмас құбылыстар.

Қасым

Əрине, табиғатта ұлы күш бар,Əрекет, əлемдегі құбылыстар.Ой болса, əкетеді нелер саққа,Көз болса, мыңнан соның бірін ұстар.

Түбі жоқ, дүние бір тесік қазан,Бер жағы, ар жағы да азан-қазан.Дəл сондай шуы болмаса, дүние болмас,Қаншама қашқанымен сенің мазаң.

Балық та, көгершін де, құмырсқа даТырмысқан тіршілікке, тұрмысқа да.Бір мезгіл соларға да қарау керек,Мəн беріп құбылысқа, мың нұсқаға.

Алған соң ерекше ми, адам атын,Соларға ой көзімен қадалатын,Қиялдың айнасына түсіретін,Атқарып тілсіздердің аманатын.Кейде бір осындайды жазады ақын.

Ғафу ет, өлең сөздің сыншылары,Жұмбақ қой ортақ ойдан кім шығары.Қадаған бұл да шабыт бір шыбығы,Бойлаған болмаса да сөз шынары...

Қаңтар, 1993 жыл.

Page 122: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

122

ҚОБЫЗ САРЫНЫ ТУРАЛЫ ӨЛЕҢДЕР

1. Ықылас

Жатқанда жер құпиясы құлпын ашпай,Хақ тəңірі пендесімен сыр сырласпай,Тылсымын көк пен жердің шешу үшінДүниеге келді біреуі Ықыластай.

Құдайдың ықыласын кетті аударып,Аңырап шыққан бір үн көкті жарып,Азынап жердің мұңы, күңіренісі,Алланың құлағына жетті барып.

Жер-ана Ықылас деп қойған атын,Жайғанда бар ұлысқа күй қанатын,Оятты ол он ғасырды аттап түсіп,Баяғы Қорқыт-ата аманатын.

Шанағын шаңнан сілкіп көн қобыздыңҚаптаған терісімен көк өгіздің,Оятты ол дабылдарын, дауыстарынБаяғы Қыдыр қыпшақ, көне Оғыздың.

Баяғы баба түрік саздарынанСыр тартып, самаладай маздады жан,Оянды сар даланың батырларыЖеңімпаз жалауына жазған ұран.

Түріктің шаңырағын ұстап қалғанБар ма екен қазақта арман, қыпшақта арман?Бар ма екен, о, дүние, Ықыласта арманҚобызын Қорқыт-ата құшақтаған!

Сол үшін Ықыласқа табынам мен,Күй санап, сөз көбейтіп не ғылам мен?

Page 123: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

123

Тірілтер ата-баба, ел мұрасынТағы бір сондай ерді сағынам мен!

2. Ықластың қобызы(Аңыз-шындық)

ІБілмеймін тегі қай ағаш –Əлде шындық, əлде аңыз,Бейне жүрек жалаңашКүрең шанақ шал-қобыз.

Алдымда жатыр үн-түнсіз,Үзілген қылы-ыспасы.Жатыр ма сөйлеп ың-шыңсыз«Көне бір заман нұсқасы.

Бізде ықылас болғанменЫқыласы жоқ, – иесі.Ол қоштасып жалғанмен,Қобызда қалған киесі.

Зал тым-тырыс, Мұражай.Жағалай қобыз əулеті.Қиқымы қалған шұғадай, –Тұғымы Ықаң – Дəулеті.

Сөз алды бір кез толғанып,Кірпікте жасы жылтырап.– Уа, инабат, сенім мол халық,Атамнан қалған бір шырақ.

Жүз жылдай жанып келіп едБіздің үйдің ішінде,Шешем байғұс еңірепҰстатпайтын кісіге. –

Page 124: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

124

– Əкемнің көзі – өзі, – деп,Қалды жылап ауылда.Баладан артық көріп ед,Басып келген бауырға.

Бəрін несін айтайын,Таусылмайды ертегім.Мен солардың, ағайынБірін ғана шертемін.

II

Отыз екінші – жыл қырсық,Ел қазаққа батқан жұт.Жолдың бойы ыңырсыпҚұлап-сұлап жатқан жұрт.

Сарысудан көк суғаКөтеріле ауған ел,Баяғыда шөп шығаМал емшегін сауған жер.

Енді мал да, жан да жоқ, –Ағайын да, туыс та.«Талма, өзегім, талма» деп,Қуырып жеп құмырсқа.

Қоңыз терген, шөп қаузап,Босқан жайы белгілі,Омыраудан жас саулапЕске түсіп шер күні.

Шешем байғұс шертетінСол бір жылдар апатын,Өзегіңді өртейтінХикаялар айтатын.

Page 125: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

125

– Бір күндері, – дейді анам,Əлі келмей сөйлеуге.– Еш қауһар да қалмағанСүйегімізді сүйреуге.

Сонда əкеңнің айтқаны:– Қажытты ғой жол бізді,Қажатпашы арқаңды,Таста мынау қобызды!

Өкпелемес əулие,Қарғысына шалдырмас,Қараң қалғыр дүниеКімді жолда қалдырмас.

Сексеуілдің ішіне,Құм астына көмейік,Бір алланың ісінеШара бар ма, не дейік!

Сонда шешем күңіренген:– Бұл сөзіңе көнбеймін,Мен əкемді бір көмгем,Екінші рет көмбеймін.

Онан дағы таста де,Мынау сəби балаңды.Енді амал басқа не,Мал да, жан да таланды.

Аман болсақ, мал бітер,Бала бітер бойыма,Бола бермес мəңгі шер,Балам жоқ деп мойыма.

Бірақ... бірақ қазақтанЕнді Ықылас тумайды.

Page 126: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

126

Бұл қобызды жоғалтсаң,Жеті жұртың шулайды.

Не дер ұрпақ ендігі,Не дер бізге келер күн?Өлсем дағы мен мұны,Құшақтап жатып өлермін!

Дегенім əлі есімде,Көп қой мұңым, қапам даҚұмға батып бесігіБала қалған жапанда.

Бəрі қалды не керек,Тірі қалдық аман-сау,Сол қалуға бір себепҚобыз шығар осынау.

ІІІ

– Мен осылай шығардаҚолға қобыз өңгеріп,Халы келмей жылауға,Тек ішінен күңіреніп.

Қалды байғұс сол анам,Қалмасына жоқ шыдам.Кейін тағы оралам,Кейін əкеп тапсырам.

Мұражайдың төріненОрын алар бұл қобыз.Атам аты берілгенБұл да үйім ғой бір егіз.

Page 127: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

127

Көз қандырып қалыңдар,Көру үшін əкелдім.Анам айтқан сөзі дəл:«Көзі еді деп əкемнің».

Ол да мауқын бір бассын,Апарайын қайтадан.Сөзімді екі қылмаспынСертке басым шайқаман.

Деді Дəулет – ойлы ағаң,Біз отырмыз қия алмай,Бір тылсым күш байлаған,Еркімізді жия алмай...

3. Қызыл талша – қыз Раушан

Алтын үкі былғақтап,Былғақтаса, күй қаптап,Ақ саусағы бұлдырап,Ақ моншағы сылдырап,Қара көзі мөлдіреп,Кекіл шашы желбіреп,Қыпша белі бұралып,Қиғаш қасы – бір əліп,Қыз Раушан – қызыл тал,Өзі сері, өзі сал,Ықыластың күйлерінҚар суындай жүлгеніңЖүйкіткенде, жүйеніңБəрі босап, балқыды-ау,Шабыт шіркін шалқыды-ау!

Көздің алды – көк аспан,Көк аспанға ұласқан,

Page 128: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

128

Ақша бұлттай зымырап,Етек-жеңін жиып ап,Күй көшеді шалғайға,Шақыра ма, арбай ма,Еңірей ме, жылай ма,Шағым айтып құдайға,Боз інгендей боздай ма,Қоңыр қойдай қоздай ма,Шаншыла ма сүңгідей,Қанды жорық күнгідей,Бір күйден соң бір күйгеҮйрек саусақ сүңги ме,Қайта көктем оралып,Жер жібекке оранып,Ояна ма махаббат,От сезімдер анталап,Сонда мына қызыл тал –Бірде қымыз, бірде балЖұтқыза ма көмейге,Біз секілді кедейге!

Қызыл талша – қыз Раушан,Бұл дүниеде сен болсаң, –Қобыз болса, күй болса,Хақтан келген сый болса,Қайран баба ЫқыласӨлмейтіні ып-ырас.Қыз – өріс те, ұл – мирас.Əулет жолы қып-қиғаш,Алысқан қол айтқан серт –Дүние деген бір концерт,Мəз боламыз – боп аң-таң,Көп соғамыз алақан,Өмір көшсе алаңсыз,Ақырғы рет бір шолып,

Page 129: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

129

Сонда біздер қалармыз,Қол емес-ау сан соғып...

Наурыз, 1993 жыл

ОЙ ЖҮГІРІП ƏР САҚҚА...

Уақыт, заман сипаты жайында мен,Талай-талай жыр жазып, пайымдап ем,Мынау тұста шашырап шартарапқаЖинап-жинап аламын ойымды əрең.

Бəлкім, шапшаң құбылған өзгерістенҚала ма екен ажырап ой өрістен?Бəлкім бағзы қалыптан шыға алмайдыБой үйренген, баяғы көз көріскен?

Мен өткеннің ете алман бəрін мансұқ,Болғанменен жаңалық жанға таңсық.Өмір қалды айнаның сынығындай,Оны бүтін етпейсің жамап, аршып.

Бар қырсығы, қызығы, бейнетімен,Бар қисығы, кескіні, келбетімен,Сол айнаға түп-түгел түсті бəріМенің жүрген тарихым жер бетімен.

* * *

Қанша бүгін жаманда, мейлі маған,Мен партия жолынан айнымағам.Сен айтқандай ол жеке адам емес,Ол – идея, ол – мақсат алға қойған.

Page 130: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

130

Ол – бəтуə, ол – күрес, ол – бас, бірлік,Бір құдайға сыйынбай болмас тірлік.Бір жұлдызға маңдайды тіремесең,Қиын емес кетуің азып, жүнжіп.

Еңбек ету үшін де үміт керек –Сыйынатын құдіретің күтіп көмек,Бойыңдағы барыңды беруге деҚайратыңды тұратын сілкіп, демеп.

Арылту да, аршу да – оның ісі,Келсе адамның арымен жолығысы.Бəрін жасар – идеям отаншылдық, –Пенделіктен жоғары оның күші.

* * *

Жазғырғанмен тарихтың шаңдақ көшін, –Көңілімнен өшпейді ардақты есім.Бір партия – пірімді қалдыр маған,Көп партия, көп құдай сенде-ақ болсын.

* * *

Ар туралы арсыздар көп айтады,Айтқан сайын күдікті молайтады.Ар үндемей жатады жан түбінде,Оның жалған өзгедей жоқ айқайы.

* * *

Барды «жоқ» деу дəстүр боп алды бүгін,Жоқты «бар» деу көңілге салды жүгін.

Page 131: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

131

Жаны аяулы жақсыны былғау оңай,Сол боп кетті кəсібі барлығының.

* * *

Келді тағы өкініш арманнан соң,Ой адасып санаңда сандалған соң,«Аға» деген «жағадан» не қаладыЖағасынан ағаның алғаннан соң.

* * *

Қайран көңіл қайтпаған таудан,Енді бүгін ол бақыт ауған бастан.Су мүжіген бір томар – ескі терек,Дүние – балық оралып, аудан қашқан.

* * *

Өлең-темір суырған ой-көріктенБір күндерде қазуы бойды еріткен.Көп көмірдің ішінде жоғалдың ба,Көрінбейсің көзіме сен неліктен?!

* * *

«Айнымас дос қайда бар?» – деген Абай,Бірге кешкен өмірді, жылды талай,Жоқ боп кетті-ау шіркіндер, бар боп тұрып,Дүние көшіп барады қалай қарай?

Page 132: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

132

* * *

Кеше əулие, бүгін жын, бəрі мансұқ,Қымызы жоқ сабадай қалған қаңсып.Бабалардың дəстүрі, қасиетіБара жатыр алыстап, тұман басып.

* * *

Су орнына келді ме құм кезегі,Қайран Арал үзіліп тынды өзегі.Тура біздің тарихтың құруындайТаң қалдырған əлемді бір кездегі.

* * *

Уа, Азат ой, ақ дəмің қандай тəтті» –Деп, таңырқап талай жұрт таңдай қақты.Сол тəттіге у қосып алмау жағынАқыл, сабыр көзімен кім байқапты!?

* * *

«Бар мақсатым – ант пен иман, инабат,Мен ешкімге жасағам жоқ қиянат.Нар жайылған, ер қайырған мекендеЕсек жүрсе, мен емеспін виноват!»

Деп жазғанмын бұдан талай жыл бұрын,Кейбіреуге келген кезде бір жыным.Сол келуден кетіп қала жаздағам,Тағдырымның жинай алмай шылбырын.Ақын байғұс жүрегіне түсірерҚай тұста да дəуірінің шындығын.

Page 133: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

133

* * *

Бүгін кедей, байлығына қарамай,Ақша, пұлын ардан биік санамай.Бір сəлемге атын түсіп беретінҚайран біздің бабалардың заманы-ай!

Күн соңынан күнелтумен сабылып,Шабылмайтын жерлерінде шабылып.Шаршағанда, өзге түгіл, отырсыңӨз балаңның сəлемін де сағынып.

* * *

Бұрынғылар «күн өтті» деп, жыласа,Енді оған өкіну жоқ тым аса.Күндер өтіп, жақындаса жалақы,Соған ғана мəз боламыз балаша.

* * *

Бұл күнде де кедей – жомарт, бай – сараң,Осы жайды түсіндірер қай санаң?!Көбейді ғой садақасыз сайтандарМұхаммедті айырмайтын Айсадан.

* * *

Тату күндер «тақиясына тар келіп»,Қату күндер əзəзілге əл беріп,Бірін-бірі жұлып жеуге жұмсайтынОсы біздегі нендей қырсық, не желік?

Page 134: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

134

Жақсылықпен аты шықса біреудің,Орынына онан сайын тілеудің –Күні бұрын ор қазамыз құлайтын,Құлай жатсаң, қажеті жоқ сүйеудің.

* * *

«Топ жидым, топыр сайлап кіл жауыздан,Бас қылды олар мені бір ауыздан!» –Деп, сұмдық мақтанышпен айтты біреу«Асау той, тентек жиын», дуда қызған.

Шошынды, сөзіне жұрт түсінбеді,Ал анау өкінбеді, күрсінбеді.«Дос жинадым» дегенде, жаңалық жоқ,Айтып едім жаңалық үшін, – деді.

* * *

Жастық шақта кеуде-сор көкке тіреуБолса дағы ойы – мұз, миы – сіреу.Жəне сондай желөкпе бір жиында:«Алтын тауып алдым!» – деп айтты біреу.

«Көрсет! Көрсет!» – дауыстап жұрт дүрлікті.Алтын кетті жетектеп ит тірлікті.«Ол – алтыным мынау!» – деп, əлге дереуҚасындағы көрсетті бір жігітті.

«Ойбой!» – деді шегініп ашулы топ,«Өңшең дүлей, есердей ақылы жоқ,Бір ақылды жылтырап көзге түссе,Ардақтаған ағайын асылым деп».

Page 135: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

135

Содан артық алтынның жоқ керегі! –Деп еді, жұрт тағы да өкпеледі...Қол ұстасып екеуі кетті қырға...Бұл уақыт – гүл жайнаған көктем еді...

* * *

Қаулымен «Халық ұлы» болмас адам,Ерлерің ел бастаған, жол бастаған.Билерін ой бастаған, сөз бастаған,Ол атты дəметпеген о баста ағаң.

Көбейді «халық артист», «халық ақын»,Естіген атынан да жаңылатын,Қажет пе «халық» деген сөзбен ойнау,Тоңғанда, тон секілді жамылатын.

Батырлар мың сан қолдың алдын тосқан,Əншілер аққуменен даусын қосқан.Ақындар елдің асқар биігіненАғатын ақ бұлақтай таусылмастан. –

Бəрі де ел есінде қалып қойған,Атаған есімдерін жалықпай жан.Біз көрдік «кереметті» дүзге шықпай,Оп-оңай үйде жатып «халық» болған.

* * *

Қазақ əлі сүйенген құлағына,Надандықтың қалмаған ылаңы ма?Кім жетісер, кітаптан көзін алмай,Толық қанбай білімнің бұлағына?!

Page 136: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

«Əлəулəймен» əлі əуес қайран бауыр,Жаман қисын, жадау сөз – болған жауыр.«Үлкен айтыс», «Бала айтыс», «Шал айтыстар»Сөз қадірін жей қойды əжептəуір.

Абай, Гете, Шекспир, Байрон, Пушкин –Пайдаланбас бұл күнде қайырын ешкім.Қайырылмайтын боп алдық қарындасқа,«Қайран қойым» деп жүріп, «қайран ешкім».

* * *

Мұңды қиял қайғыны жинай-жинай,Пайда таппас бергенмен жанды қинай.«Ұлып» жұртқа қайтқан ой, енді дем ал,Ойна да күл, көңілден бұдан былай.

Сəуір, 1900 жыл.

Page 137: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

�ШІНШІ Б�ЛІМ

)Р АЛУАН )УЕНДЕРБойласам тарихы&а кетем жыра�,Ежелден мекен еді& алтын т2ра�.

Page 138: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

138

МЕМЛЕКЕТІМ МЕНІҢ

Мұз құрсанған, ақ көрпеге оранған,Қиын-қыстау, сары аяздан бораннан,Қорықпастан туған менің – бөбегім –Мемлекетім – азаттығым оралған.Сені əлдилеп келем менАузымдағы таусылмайтын өлеңмен.Кеудемдегі жүрегім мен қаныммен,Қан арқылы қайрат жиған денеммен.Сені бағып, саған деген алаңменКүн кешемін, бар ынтамды салам менҚайтсе сенің қатаяр деп буының.Қайтсем жəрдем етемін деп саған мен.Босата алман бұл əкелік сезімненПайда болған сенің туған кезіңнен.Дəл осылай бір дем алса өзіңмен.Арман, арман-арман едің сен де бірМемлекетім – қазағымдай ер көңіл.Сен жасайсың бақыты үшін ұлтымның,Көтересің, көтергендей

жерде гүл!

Page 139: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Сенем саған, сенгенімдей Құдайға,Сенгенімдей көгімдегі Күн, Айға,Сенгенімдей барлығыма тірлікте,Сенген адам сенен ақы сұрай ма?Сен өзімсің, келген жоқсың шет елденЕңбегімсің сан бейнетпен өтелген.Ескі арманнан жаңа туған сəбисің,Сені əлдилеп, сені аруақтап өткен мен, Сенің жасыл жалауыңның астында.Келер ұлдар елге болар бас тұлға.Туар талай нағыз қазақ нарларыҚарсы барар дауыл, сел мен тасқынға!Келе жатыр, келе жатыр жаңа ұрпақ,Тек солардың бақытын күт, бабын тап.Баяғыдай сарбаздарың самсасын,Дүние саған қарасын бір таңырқап!

Қазан, 1994 жыл.

Page 140: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

140

ЖЕҢІС СОЛДАТЫ(баллада)

Соққанда жылына бір Жеңіс күніЖанының жазылғандай кеңістігі,Қарт солдат өз полкінің туын ұстап,Білдірмей жалғыз аяқ кемістігін.

Алаңға шығушы еді таңғы шақта,Полктас бауырларын сан құшақтап.Сүйісіп, амандасып болғаннан соң,Қасқайып тұрушы еді алғы сапта.

Соңынан тізілетін жауынгерлер,Отанның əр тұсынан келген ерлер,Жарқырап өңірінде ордендері,Бір кезде алып берген елге бедел.

Бір кезде алып берген елге Жеңіс,Сабаздар бірте-бірте келмей тегіс,Жыл санап сирек тартып бара жатты,Сарқылып сабасынан бейне теңіз.

Қырық жыл, қырық қатар жиналысқанСағынып, бір-біріне түу алыстан.Туған жер аспанында айқұш-ұйқышЖол қалып, қарт бүркіттер зулап ұшқан.

Кездесіп тоғызыншы май мейрамында,Алысқан ғарасаттың майданында.Еске алып ескі жорық асуларын,Қанатын қараушы еді жайған туға.

Ал бүгін... Өзге полк солдаттарыҚатарға тұрып жатыр андап бəрі...Олар да түгел емес, сиреп кеткенКешегі бір-бір үйдің шаңырақтары.

Page 141: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

141

Жалғыз тұр жалғыз аяқ мына солдат,Төмендеп, көтерілмей туы аспандап,Жалғыз тұр... Əлі келген бір адам жоқ,Жаңғырып дуылдайды тулап жан-жақ.

Сағаттар зырылдайды, ағады уақыт,Өмірдің баянсызын баяндатып,Байлайды бір орында қарт солдатты,Əлі де қайран үміт алаңдатып.

Жоқ ешкім. Күн еңкейді, жұрт азайды...Қанатын түн жетектеп бұлт та жайды.Еңіреп қоя берді бетін басып,Солдаттың бар үмітін жұтты қайғы.

Дегендей «бұлттан бұрын мен жауайын»,Көз жасын соңғы тамшы қан жуайын.Дегендей солқ-солқ еткен кеудесіненКөк тасқа тамды қасірет, тамды уайым.

Қайтадан сол тамшыны бір сіміріп,Қараған өзге жұртты күрсіндіріп,Көп талған күні бойы жалғыз аяқКешкі ымырт қойнауына кетті кіріп.

Дейтіндей мезгіл емес – ертең-бүгінЕске алдым қырық төрт жыл өткендігін.Дəл бүгін сол солдаттай ұққан жан жоқЖалғанда жалғыздықтың не екендігін!

ҚҰТТЫҚТАУ ЖЫР

Ардақ тұтқан, ағалар, ардагерлер,Аман-есен апаттан қалған ерлер!Құттықтаймын Сендерді Жеңіс күніҚарт офицер, қашанғы қарт жауынгер.

Page 142: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

142

Сəулесіндей Жеңістің шашыраған,Ордендерің кеудеңде жарқыраған,Азаттықтың күніндей елестейсің,Алтын жеңгем аяулы, алтын ағам.

Мен де соғыс сұмдығын көрдім жастан,Жетім күнгі бейнетім шаштан асқан,Көкірегімде əлдилеп келемін менСаған деген құрметті тастамастан.

Құлағымда «Жеңіс!» деп жар салғаның,Есімде бар еңіреп қарсы алғаным,Сондағы жақсылықтың жұрнағындайЖасаңдар жарықтығым, жайсаңдарым!

9 МАЙ

Ия, ол – мамыр емес, май болатын,«Жеңіс» – деп сан баланың қойған атын.Солар да елу жасқа келіп қалдыЖетектеп немересін, қолқанатын.

Солдаттың алды тоқсан, жүзге келді,Суарған қаныменен туған жерді,Олардың мыңнан бірі қалса тірі,Алпыстан асып кеттік біздер енді.

Бала едік жалаң аяқ он үштегі,Қан белдеу – тартылғанда соғыс шебі,Жадымнан кетер емес қайран елдіңСондағы қайғыны жеп, сор ішкені.

Он бесте қабырғама түсті салмақ,Нан тауып, үй асырап, жаным жалдап,Бір оттан үш азамат аттанғанда,Мен қалдым еркек кіндік – жалғыз бармақ.

Page 143: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

143

Тұрмыстың тұра қалдым кермесіне,Солардың көрінді ме келмесіне.Кендірмен белді буып келешекке ,Мен тарттым «қайдасың» деп, жел несібе!

Артымда екі шеше, бес жетімекАрқасын отыратын пешке сүйеп,Келер деп қашан Ғафу дорбасымен,Бір құшақ отын тасып, кеште сүйреп.

О, жоқ, мен айта алмаймын одан əрі,Белгілі не болғаны, не қойғаны...Жан сүйреп біреуінің оралғаны,Хабарсыз екеуінің жоғалғаны.

Оларды жеңіс күні көп тосқаным,Айтуға төзбес жүрек, жетпес қаным.Қымбатқа түстің ғой сен, қайран Жеңіс,Секілді көрініп ең атпас таңым.

Ия, ол – мамыр емес, май болатын,Жайғанда 9 май – той қанатын,Сол өмір бəрі келіп түседі еске,Тебіренбей қайтсын сосын, қайран ақын!

ҚЫРҒЫЗ ƏУЕНДЕРІ

Тоқтағұл тойына

Жасымнан атың сенің маған таныс,Дала мен тауды қосқан бір жолбарыс.Тайғанақ тағдырыңның жолы болғанСары Арқа, Сусамырдың арасы алыс.Арқалап, азынатып қобызыңды,«Тоқтағұл тоғыз дауыс, тоғыз үнді!» –

Page 144: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

144

Дегізген бар қазақтың баласына,Өшірер қандай құдай сол ізіңді!

Шырмалап бұғау менен бұғалыққа,Əділет, қолың жетпей туралыққа.Зар илеп жүрсең-дағы жырыңменен,Қостың сен бір халықты бір халыққа.Бірге айтып ел қазақ пен ел қырғыздыҚашаннан бөліспеген еншімізді.Қаншама туыспыз деп келсек-дағы,Ең алғаш туыстырған сенсің бізді.

Ол – шындық. Бұза алмайды шындықты ешкім,Шындық пен тірлік кештім, бірлік кештім.Бір ақын қазақтағы Ғафу дегенУа, Тоқа, мен сеніменен кіндіктеспін!Қалармын тарихты айтсам, көпке кетіп,Өзіңдей өрен жырды төкпелетіп,Тұрғандай көрінеді бүгін мағанШоң Манас ер Қосайды еркелетіп.

Халқың бар ел сыйлаған, ер сыйлаған,Дəметер менің одан сол сыбағам –Мəңгілік атағыңды бермесе де,Бір күнгі абыройыңды берсін маған!

Шақырдың сен...(Шыңғысқа)

Шақырдың Сен.Мəз боп қалдым мен соғанБаяғыдан сөзім еді аңсаған.Ол шақыру жетті маған, кезімдеАлпыс асып, азын-аулақ шаршаған.

Page 145: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

145

Əлі есімде... Тойы еді Бердақтың,Қандас бауыр Қарақалпақ – ардақтыңҚұшағында сайран салып жүрдік бізҚос перзенті қырғыз бенен қазақтың.

Туған жердің таңдап алған мүлкінен,Баста бөркің, алтайы қызыл түлкіден.Қыс еді ол, жаңа жауған қардан соңҚолың сенің сол бөрікті сілкіген.

Жаңа бөрік одан сайын жаңарды...Тебірендім мен сілкіп санамды.Сен ол сəтте есіңе алдың тауыңды,Мен ол сəтте ойлап тұрдым даламды.

Əлі есімде... Тойы еді МырзоныңТағы түсті сеніменен бір жолым.Айлы кеште айтып едің сен маған,Біздің елде ненің барын, не жоғын.

– Тарихыңның етек-жеңін жазып көр,Таулар... Таулар... Анау жалпақ жазық бел.Адам тауын қадірлеуге келгенде,Жеткізбейді бізге, – дедің, – тəжіктер.

Ескерткіштер құжынаған мынау бақ –Хожа Хафиз, Омар һаям жыр аулап.Рудаки, Əбу-Əли СинаменТұр əнекей тұл бойынан нұр қаулап.

Соққан анау мəрмəр тастан түсі аппақ,Əбілқасым Лахутийге түс аттап,Ортасында Душанбенің Мирзо тұрЖалғыз өзі бүтін тауды құшақтап, –

Дедің дағы, қарадың сен маған көп,Əлде не бір өкінішке алаң боп.

Page 146: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

146

– Ал мен болсам, Тоқтағұлды іздеймінАл сен болсаң, тіпті іздейтін ағаң көп.

Кіп-кішкентай ел ғой мынау – байқасаң,Сенде жатыр байтақ дала, байлық сан.Ғасырлардан қалған мұнда дəстүр бар,Қарасаң да көрінетін қай тұстан! –

Дедің, мені құшақтадың дала боп,Көкірегімде маған ыстық жанады от,Мен де тұрдым қалың ойға шомылып,Сен тұрғанда жұқа ойлауға шама жоқ.

...Сен шақырдың, Тоқтағұлдың тойына,Тағы да бір кірді тасқын бойыма,Мен барамын дана туған АуылғаМен барамын ақындардың Сойына.

Сонда үш елдің данасымен жолығып,Мен қайтармын қуанышқа шомылып.Сен тұрарсың биіктерден көрініп,Маңдайыңа түлкі бөркің төгіліп.

Қыркүйек, 1985 жыл.

АҚКӨЛ АҢЫЗЫ

Ассалаумағалайкум, Əулие Ақкөл,Кел, кəне, созысайық қолыңды əкел,Торғайдың бөлек жатқан бүйрегіндейЖер едің жолың да төр, жоның да төр.

Бойласам тарихыңа кетем жырақ,Ежелден мекен едің алтын тұрақ,Сабадай сахараға біткен жалғызҚандырып ердің шөлін, сен жарқырап.

Page 147: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Шырақтай жатушы едің сөнбестей-ақ,Сұраса, аллаға да берместей-ақ.Өзіңнен бір пайғамбар туып еді,Еш адам жерін айтса, сенбестей-ақ.

Кісі еді бүкіл ұлтқа құны жеткен,Қатесіз айыратын мұны көптен,Бір ғана балаға емес, бар халыққаЖан еді-ау əкесіндей тіл үйреткен.

Үйрендік осы күні атын айтпай,Ол қалды жолы алыста, үйге қайтпай,Ақкөлім атын атап күнде соның,Шақырып сен жатырсың дамыл таппай.

Білгенге жер – əулие, су – əулие,Кімге опа берер дейсің бұл дүние.Аққудың «аха-аха»-лаған даусынанОянам, оралғандай əкем үйіне.

Қой енді мен қайтайын мына күнге,Сен жайлы сыр айтайын, сірə, кімге,Ескі мен жаңасына бұл өлкеніңҚашаннан қайран Ақкөл куəмін, – де.

Ақкөл, ризамын өзім саған,Барлықтың, батырлықтың көзін салған,Ескі ата, жап-жаңа ұрпақ бəрі дағыКеліп тұр сеніменен сөйлесуге жер-жиһаннан.

Торғай.

Page 148: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

148

АХАҢ ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Алламен атың ұқсас арыстаным,Шыққанда Лаухил Махфуз – ғарыштан үн,Тіл қатқан сол тəңірге АдамзаттанСен едің, құлақта əлі дауыстарың.

«Ахмет құдайменен сөйлесіпті», –Дегенді жер құлағы сан есітті.Құдай да қазақшаға жүйрік екен,Екеуі бір рахат хəл кешіпті.

Қазақты құдай оған «ел қыл», – депті,Еншіңе ен даланы бердім, – депті,Сондағы Елшім сенсің, саған сенем,Беделім, сен боласың белгім, – депті.

Ал содан бастады Ахаң, тілден бəрін,Алғандай Айдан қуат, Күннен жалын,Тазартты лас сөзден, кір-қоқыстан,Нəр құйды, тіл емдеудің білген заңын.

Көтерді ғылыми тілге дейін оны,Мағынасы бəрі жаңа, бəрі соны,Содан соң ашты ғылым қақпасын ол –Адамзат дамуының сара жолын.

«Сен түгіл құдайыңның өзі білген,Тіліңнің қасиетін сезіп, үйрен!» –Деді де қазағына, бауырына, –Жоқ еді осы жолда көзін ілген.

Не керек, сор ма біздің маңдайдағыАйыпты үйіп-төгіп қай-қайдағы,Көпсініп алтын басын пақыр елгеҚамады, қырға айдады, ойға айдады.

Page 149: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

149

Ойлаған жеткізбеді мың ісіне,Тағдырдың дегенінше «мұнысы не?»Кезінде көк тəңірісі ұйықтап қалғанАтты оны жер құдайы түн ішінде!

Естідім осы аңызды – бала шағым,Кезімде ой аласа, сана шағын,Көз қиып Ахаңды атау неткен сұмдықҚазақтың атқаны ол болашағын.

Бəрі бар халық айтқан осы аңызда,Жақсыға жасық сөзді қосамыз ба?Халық бар, халық болса, Ахаң да бар,Əнекей, отыр қазір ортамызда.

Маусым, 1991 жыл.

ЖАЙ ҚАНАТЫҢДЫ, СЕРМЕ, ҚАЗАҚСТАНЫМ!

Жай қанатыңды! Сермеші, Қазақстаным!Күн жаңа туды! Кернеші аспан тұстарын.Əуе батыры – Əубəкірұлы арқылыБолды-ау бақыт – ғарышқа ғажап ұшқаның.

Отыз жыл аттай ойлаған арман, үмітке!Өзегі толған өкініш, өкпе, күдікке,Жаһанды баққан жаратқан ием, қуат бер,Жұлдызды қуған мынау қоңыр жігітке!

Арманын көріп, көзінің жасын бір сыққан,Түрікті кеше түгендеп келген Нұрсұлтан!О, дүние! Оның түсінер ме едің сол сəтінКүбірлеп тұрған: «Сақта, – деп, – тілден, қырсықтан!»

Page 150: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

150

Қазақы мінез – қаусырған жалпақ туыстыОңы мен солын, Батысты, байтақ Шығысты,Қақ жарып көкті ағысын көріп қазақтыңБүкіл дүние көздерін алмай тұрысты!

Самға, Тоқтар! Тоқтамай солай жүйткі Сен!Қақ дабылыңды, Дала боранындай ұйтқы Сен!Бар қазақтың жүрегін алып барасың,Құлдыққа көнбес Ұл боласың ба, бүйтпесең!

Жай қанатыңды, топшыңда күштің қос бəрін,Республикам – Еріктім менің, бостаным.Тарихи таңның шапағат нұрын жамылып, –Ерлігің сенің – Елдердің басын қосқаның.

Солардың адал тілегі бізді оңғарсын!Асықпа, бауырым, алатын алда заңғар шың!Топалаң жылды тойға ұластырған ғажайып,Тарихта солай Тоқтарың тартқан жол қалсын!

КӨК БАЙРАҚ

Көк Байрақ! Тудың ба сен, Ту болдың ба?!Желбіре тас төбемде, тура алдымда.Көтерген алтын арай күн күмбезінҚанаты қандай мықты қыранның да!

Кім білер көк қадірін сұңқар білмей,Кім білер жер қадірін тұлпар білмей,Кім білер жол қадірін ұлтан білмей,Кім білер ел қадірін сұлтан білмей.

Бəрі де тұр жазулы сенде, Байрақ!Дəл кəзір желбіреген желмен ойнап,Үстінде Ақ Орданың жалғыз жалау,Аспанның елшісіндей келген жайнап.

Page 151: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

151

Мəңгілік азат елдің сен белгісі,Мемлекет мерейінің сенген күші.«Жасасын еркін қазақ!» – деп шаттанар,Шалқалап сол биіктен көрген кісі.

Шарықта, шарла көкті, көк байрағым,Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.Мен сенің салтанатты сағатыңаӨлеңнен алтын шашақ шоқ байладым.

Қашаннан жалау құмар ақын жаны,Айналып сені құстай шарқ ұрады.Қашанда көк жолында, көз ұшындаАқынның, ақиықтардың бар тұрағы!

Ал самға, əлем кезіп, əн ұраным!Қалықта, ел таңбасы – шаңырағым.Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,Аспандат Атам қазақ Аруағын!

ДАЛАНЫҢ БЕРГЕН ЖЫРЫ ЕДІ..

Басталған дүние ежелденАлудан емес, беруден.Алланың өзі – сенем мен,Беруші болып көрінген.

«Жарылқаушы ием» деген сөзСодан қалса керек-ті.Байқамаймыз кейбір кез,Себептен туған себепті.

Жасауды елге қайырды,«Алладан келген парман» деп,Ойлауды бізден айырды,Алудан басқа арман жоқ...

Page 152: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

152

* * *

Қазақтан көшу кеткен соң,Дала да қалды далада.Тарихты аздап зерттесең,Даласыз қазақ бола ма?

Дала деп өлең жазғанмен.Даланы білмей қартайдық.Алданып өткен аз дəуренМақтандық, соған марқайдық.

Қазекеңдегі бар байлық –Маңдайға біткен кеңістік,Ойыса-ойыса ортайдық,Оны да жатпен бөлістік.

Ата-бабаның моласын«Қазына бар» деп қаздырдық.Қазақтың қайран даласынБомбалап, улап, аздырдық.

Алдық, – деп жүрміз азаттық, –Азаттық дəмі ащы ғой.Даласыз қалған қазақты,Қазақ, – деп ұқсақ жақсы ғой.

ЖЕЗҚАЗҒАН

Бар қазынаны артып ап,Уақытпен жарысқан.Сен көзіме жарқырапКөрінесің алыстан.

Бір бүйірің – Ұлытау,Бір бүйірің – Қарсақпай.

Page 153: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Сені тапқан жігіт-ауҚаныш-аға, ер Сəтпай!

Дəл осыдан жиырма жылБұрын сені көргенмін.Бұрымыңды сонда бірӨлеңіммен өргенмін.

Ол – бұрымың сап-сарыБидай өңді жез еді,Құдай берген бастағыЖез телпектің өзі еді.

Батырлардың баяғыЖезге малған жебесі, –Пайғамбардың таяғыЖердің сөккен көбесін.

Киіз қалпақ қазақтарМыс қайнатқан ақ сүттей.Қаһарлы қыс, жаз аптапЖүрмейтұғын тас тінтпей.

Бəрін-бəрін суреттеп,Жазған едім сол жылдар.Шебер еді құрметкеСол сабаздар, сол ұлдар.

Сарқылмасын бойындаЕсіл дəулет, есіл құт.Сəкен аға тойындаЖез тасыды десін жұрт!

Page 154: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

154

ЖАҢА АРҚАҒА СƏЛЕМ

Қашаннан жер сұлтаны – Алтын бесік,Жаңа Арқа, аманбысың, халің нешік?Ер өлсе, жер де сорлы – жесір əйел,Қалады кіріп, шығар жалғыз есік.

Сəкеннен айрылған күн саған батқан,Жиырылдың жеті қабат жаманаттан.Сол күні су тартылып, таулар шөкті,Айрылып алла берген аманаттан.

Аманат Сəкен еді алған жұрты,Алла емес, оны бірақ адам құртты.Жоқ, шыны – адам қолымен заман құртты,Заманы өзі орнатқан басын жұтты.

Тарихта болған емес мұндай сұмдық,Өзіне өз баласы салған құрық.Белгілі оның аты «советстан»«Тар жол, тайғақ кешуден» алған сыйлық.

Жаңа Арқа, сен білесің соның бəрін,Айрылған ақ Сəкеннен сорың қалың.Туғызып арыстанды нең бар еді,Мың итке білгеннен соң жолығарын?

Алайда айта алмайсың тағдырға өкпе,Өкпе айтып, бақытыңды басқа теппе.Қазақтың алақандай бір ауылынШығарған Сəкенің ғой аспан-көкке!

Атыңды «Жаңа Арқа» деп жаңғыртқан да,Сол еді жер түбінен алдыртқан да.Өзіне бір өлкенің атын беріпМəңгілік дуалы ауыз дарытқан да.

Page 155: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

155

Бүгін де Сəкен атын алып ұшты,Елдігің, кісілігің қаны күшті.Сол атпен тағы қайта бір тірілді,Сарғайған Сары-Арқаның сағынышы!

* * *

Алпыстың жетеуіне жас жеткенде, –Кəрілік келемін – деп ескерткенде,Көрдім-ау Жаңа Арқаны көз аманда,Əрі асып көкжиектен көш кеткенде.

Болдым мен бұл өлкеге неге құмар?Өзімше оның түрлі себебі бар.Бірінші бұл – Сəкеннің ақ бесігі,Алдында бар қазақтың беделі бар.

Екінші – бірге оқыған достарым бар,Сейфолла, Хамит, Серік Қошқар ұлдарАңыз ғып Жаңа Арқаны айтушы еді,Тыңдаушы ек студенттік қостағылар.

Ақша тау, Кіші тау мен Ор таулары,Секілді салтанаттың отаулары,Көк шалғын үстіменен аққан өзен,Сағымға жүзген жайлау, қыстаулары.

Жөңкілген жылқылары жанды бұлттай,Жүйріктер шашасына шаң жуытпай.Аңқиған ақбоз үйлер күнге қарап,Айналаң ай астында ақ ұршықтай.

Қос шешен Іслам-аға, Сəйділ-көкем,Ойпырмай солар да бір сəйгүлік екен,Тарихи əңгімені жосылтқанда,Дейтіндей қастарынан қашан кетем?

Page 156: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

156

Сейфолла айналайын ер ардағы,Жоқ еді мен дегенде аяр жаны.Білмеймін жүз айтты ма, мың айтты ма,Мен саған көрсетем, – деп Жаңа Арқаны.

Ішінде көрсете алмай кетті арманы,Таусылып тіршіліктен татар дəмі,Жоғалтқан асылдарым түседі еске,Мынау бір қиын өмір сағаттағы.

Осылар Жаңа Арқаны таныстырған,Талай жер астанадан алыс тұрған.Боп кеткен көрмесем де өз елімдей,Туыстай күнде хабар алыстырған.

«Ел атын ер шығарар» деген рас,Сəкенді ардақтаған бүкіл Алаш,Кешегі сол Сəкеннің сарқыты, – деп,Жатсынбай мені дағы бауырыңа бас.

Қыркүйек, 1994 жыл.

ТОРҒАЙ ТАСЫП БАРАДЫ...

Ұлы тауды жатқан қар қыстай басып,Көктем жігіт бөктерген қыздай қашып,Қара сүмбіл бұрымдар тарқатылып,Торғай тасып барады, Торғай тасып.

Солтүстікке шыға сап шапшып, ұрып,Əне тартты батысқа жалт бұрылып,«Қара Торғай», «Сары Торғай», «Қарын салды»«Жалдамаға» қосылды «Тасты» бұзып.

«Теке» шықты бақырып тау Қызбелден,Терістіктен тепсініп жалғыз келген,

Page 157: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

157

«Қоңыраулыға» қол бұлғап «Дəмді» өзені,«Қарасуы Қазбектің» сəлем берген.

Одан əрі бұл Торғай боталай ма?Басын қосты «Байғабыл» «Тоқанайға»!.«Қабырға» мен «Жыланшық» қатар ағып,Кездесе алмай кетеді бірталайға.

Үлкен Торғай – солардың ұлы анасы, .Ұлы арнасы жайылып ұлан-асыр,Жалпақ елді жарылқап олжасымен,Балықтары жазыққа шыға қашып.

Жəрмеңке ашып құстары азан-қазанСекілді бір ақ көбік, қара қазан,Көк құрақтан көлдері алқа тағып.Жұпар шашып тұрады-ау таңда азан.

Жаз бойына жататын өткел бермей,Кең кемері жағалай шөккен белдей,Су толатын астауы зор болған соң,Ол тасқынның зардабын ешкім көрмей.

Бүкіл ойпат шабындық, шалғын кешіп,Тербелетін шілдеде жасыл бесік.Ат қып мініп – ойнайтын о, балалық,Нар қамыстың найзадай басын кесіп.

... «Торғай биыл тасыды» деген хабарҚандай бақыт сөз еді елең қағар!«Онда болды! Береке толды», – дейтін,Сақалдарын тарақтап қариялар.

Торғай тасып барады, Торғай тасып,Туған жерге жүрегім қандай ғашық,Қайтармын-ау биыл да, дəм бұйырса,Толқынына бір сүңгіп, маңдай басып!

Мамыр, 1993 жыл.

Page 158: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

158

КӨКШЕ ЖЫРЛАРЫНАН

Тау Көкше, келіп жеттім саған тағы,Ежелден ер бесігі, хандар тағы.Аман ба ақ шағала, көкала үйрек,Аман ба орманыңда аңдар тағы.

Аман ба Оқжетпес пен Абылай алаң,Жұмбақтас көлге түсіп, ой ойлаған.Аман ба хан Кененің қара үңгірі,Ақ семсер сол арадан жауға ойнаған?

Аман ба көз қуаныш – көл Бурабай,Аман ба қалың қайың, ну қарағай,Аман ба Жеке батыр жатқан оқшау,Ұйқысы əлі күнге бір тарамай?!

Бəрі де аман болса, – мен де аманмын, –Жыршысы жағы тынбас кең далаңның,Тау Көкше тау тасыңа жетпес сеніңЖинаса бар маржанын жер-жиһанның!

Не берем, сағыныштан басқа саған,Өзіңді жазда аңсаған, қыста аңсаған.Мен дағы бір желіңмін бұлт айдаған,Мен дағы толқыныңмын тас қашаған.

Бірақ мен сен секілді мəңгі емеспің,Тіршілік сағымындай жанды елеспін,Бір күні тағдыр қолы қағып түссе,Олжамды сенен көрген аз демеспін.

Шаншылған ер қазақтың көк семсері,Секілді көрсем ылғи көктен сені.Тұра бер көз алдымда көлбең қағыпКөкесі жер біткеннің Көкшем-сері!

Page 159: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

159

БІРЖАН-САЛ ТОЙЫНА

Ұлы ескерткіш – Сен сыйлаған əрбір əн,Уа, кешір бізді, құдіретті сал Біржан!Жаңа соқсақ бір ескерткіш көп жылданТопырағыңда толған алтын, мəрмəрдан!

Қиындыққа қирап жатқан заманға,Арта салып кінəмізді əманда,Жалықпаймыз арқалаудан борышты,Барымызды бұйырта алмай саған да.

Ал сен болсаң, туған жердің боздағы,Енді бізге айта алмайсың сөз дағы,Тек ұшасың аспанымда əн салып,Нұрдай жауып жасыл желек жаздағы.

Қаншама жыл қам көңілді көтеріп,Жатқан шақта өмір шіркін өртеніп.Бір сол үшін, жалғыз ғана сол үшінАруағыңнан садаға да кетелік!

Біржан деген – мыңға деген ұғымменСөйлеп тұрмын өз басыңда бүгін мен.О, Дариға, осыншама көп сөзденШырқар ма едім өз əніңнің бірін мен!

Мақтан Көкше, жер сұлуы, Ер-Ана!Сал Біржанды туа алғансың сен ғана,Сенің алтын бесігіңнің арқасыƏн бөленіп тұрса бүгін кең дала!

Көктем, менің тұрасың сен ойымда,Жүрсем дүние қыры мен ойында.Біржан-Көкше, Көкше-Біржан – егіз сал,Сені еске алам сыңарыңның тойында.

Page 160: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

160

Жиырма жылдай үзбей соққан мекенім,Сен ұқтырдың ұлылықтың не екенін, –Біз өлерміз өлшеулі күн біткенде,Өлмейсіңдер Біржан менен екеуің!

Көкше, 10 маусым, 1994 жыл.

АҚАН-АҒА!

Алланың атыменен аталатынДүниенің бар байлығын, махаббатынБөктеріп Құлагердің аш беліне,Жалғаннан шауып өтті Ақан-аға.

Ақанға Құлагерді құдай берген,Жəй тарих нағашыдан сұрай келген,Құлагер құлағанда қайран серіҚұшақтап қара жерді жылай берген.

Өйткені сыңарынан айрылған ол,Арманы қанатынан қайрылған ол,Дүниеге «қош!» деп қолын бір сермеді,Жүрегі қиянаттан айныған ол.

Ақаңды азған заман ұғынбады,Құдай да жарата сап бұрылмады,Тек қана ұғынды оның ғажаптығынАқ маңдай қарауылдың сұлулары.

Олардың Ақан еді сыйынғаны,Махаббат базарына жиылғаны,Ақанның жылағаны олар үшінЖалғанның бар қызығы тыйылғаны.

Дүниеден Ақан көшті, қызық көшті,Деді де, қара шашын қиып, кесті.

Page 161: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

161

О, жалған, сұлулардың азасынанКім көрген ауыр қаза, қиын сесті!..

Ақан ол – махаббаттың пайғамбары,Қазақтың жиған мүлкі, жайған малы –О, оның бір əніне тұрмайтынАмал не, көр соқырлар аңғармады.

Кемісін кім айтады өз əкеңнің,Деген соң: «Дүниеге өзім əкелдім»,Асылын өлтіріп ап өз қолымен,Жылайтын əдеті ғой қазекеңнің.

Жарайды, кешір бізді, Ақан-аға, –Қайта шық тарих атты сахнаға,Ел болды сол қазағың, кісі болды,Əйтпесе, жақсыларын шақыра ма?

Туған жер, осылардың ойла бəрін,Ойлауға бұрын сенің болмады əлің.Ақаңды тойлағаның, ата қазақ,Ол – сенің елдігіңді тойлағаның!

Оқжетпес, шілде, 1993 жыл.

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНА

Əрқашан алла атымен, иман, антпен,Адамдық ар, абырой, инабатпен,Ақындық жүрегіммен, қазақ қызы,Сүйемім сүттен таза махаббатпен.

Сенде бір халық қалпы, ұлттың исі,Қашанғы берекенің, құттың исі,Сен бөлеп, сен тербеткен ақ бесіктен,Сан сабаз, ер-азамат шықты кісі.

Page 162: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

162

Батырлар елім «бар» деп, «үйім бар» деп,«Отаным, от жағатын күйім бар» деп,«Қайырлы қазаным бар, асым бар» деп,«Сол асқа батагөйлер жиылар» деп,

«Ұрпағым, бауыр етім, балам бар» деп,«Ақ жарым, ақ сүт берген анам бар» деп,«Азанды қазақ деген атым бар» деп,«Сол қазақ еркін жайлар далам бар» деп.

Қан кешсе үзеңгіден, жау қашырып,Тоздырса, алпыс екі алмас ұрып,Сен бар, – деп, қазақ қызы, саған сеніп,Келді олар қанша ғасыр жалғастырып.

Орал сен, қазақ қызы, сол қалпыңа,Ошаққа, босағаға болған тұлға,Қашанда ерге серік, ерге қуат,Орал сен, орда құты – сол салтыңа!

Бүгінгі елтең-селтең, қалтаң-құлтаң,Шойқы етік, шолақ шашпау, қиқаң-сиқаң,Жария жалаң балтыр, жалаңаш төс,Мінезсіз, бейпіл ауыз, бұртаң-бұртаң.

Бағусыз, берекесіз, бейбастақтық,Түбі сор, еш уақытта бермес бақыт.Содан қаш, қазақ қызы, жан бауырым,Кетеді ертең сені жер жастатып.

Орал сен, өз ұяңа, тал бесікке,Оян сен, анаң салған əнді есіт те,Ойлан сен, ойың азат мынау күнгеӨзгелер кешіксе де, сен кешікпе!

Өйткені сен ұйтқысы болашақтың,Елдікке, кісілікке жол ашатын,

Page 163: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

163

Сезімнің, ақ сенімнің сенде көзі,Біздегі барлық ақыл, парасаттың.

Қозғал сен, сен қозғалсаң, ел қозғалар,Намыстан сені көріп ер қозғалар,Сəніңді, сəукелеңді көтер биік,Кешегі жан сүйсініп, мың көз қарар.

Өзіңе бұл тілегім бір ақтарған,Баяғы көңіліммен құлап қалған.«Па, шіркін, қыз төресі – қазақта» деп,Естіген қалмасыншы құлақта арман!

Адамға табиғаттың қосқан күшін,Наурыздың ақ батасын қостау үшін,Ұлыстың ұлы күні айтқан тілекАлланың құлағына тез шалынсын!

5 наурыз, 1991 жыл.

ОРДАБАСЫНА СƏЛЕМ!

Атыңнан айналайын, Ордабасы,Жиналған үш қазақтың Ер-Данасы, –Егерде олар солай жиналмаса,Елдің де қалар еді жерде басы.

Жердің де жесір қалып, сорасы ағып,Көрінген қоныс тауып, қора салып.Дүниеден қазақ деген атың өшіп,Жан-жақтан тарихыңды таласа жұрт!

О, жоқ, жоқ, жоқ! Құдай оны салмай басқа,Маңдайды қара қырсық шалмай қасқа,Асынып Бірлік атты алдаспанды,Аттанған осы арадан қанды айқасқа.

Page 164: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

164

Осы жер намыс туын көтерген жер,Елім – деп ер өзегі өртенген жер,Осы жер – үш арыстан басын қосып,Жоңғарға жолбарыстар жөңкілген жер.

Атыңнан айналайын, Ордабасы,Бетіңнен бір сүйейін бері қарашы!Айтшы сен, бар қазақты біріктіргенСондағы қандай еді сөз Данасы!

Қазақтың жүрек, жанын жиып алған,Сондағы қай сөзі еді, дүние жалған,Дариға-ай, соны білсем, айтар едім,Сонау сөз керек тағы бүгін маған!

Тағы бір дүр еткізіп, сілкіндіріп,Тағы бір буырқантып, бұлқындырып,Алар ма ек былқ-былқ еткен бос мойындыБасына бағындырып, тұрқын бұрып.

Сол үшін жиналдық біз мына бүгін,Осы күн – қасиетті күн, дуалы күн,Алланың өз қолынан алу үшін,Бірліктің, тұтастықтың куəлігін!

КЕШЕГІ ДОС – БҮГІН ЖАУ...

Сөз қалмапты Абайдан айтылмаған,Қанша терсең, маржаны сарқылмаған,Алып Айна аспанға сүйеп қойған,Бар суретін дүниенің айқындаған.

Кешегі дос – бүгін жау қаны суық,Кешегідей келмейді жаны жуық,Мен жасаған қайырдың, жақсылықтыңЖүрегінен шығарған бəрін қуып.

Page 165: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

165

Қырық жылғы достықты қырық тиынғаСата салу түспейді түк қиынға.Барлық тірлік, кешегі бар байланысПышақ кескендей келе ме кілт тыюға?

Қасиет шіркін байлықпен бағаланса,Қажеті жоқ, əрине, маған онша.Тапқан жолдан тоқтатып менің нем барСол жолымен ұшпаққа бара қойса.

Дүниенің кезектігін, шолақтығын,Адамның бір-біріне қонақтығынКүнде айтамыз мақаммен, мақалмен де,Опасыздық таппайды одан тыным.

Жауығуға хəлім жоқ, тіс қайрауға,Ыза болып, от іздеп іш қайнауға.Жататұғын шама жоқ енді менде,Уақыт шіркін сабалап, түсті айдауға.

Əттең, əттең соларды бір сағатқаОйлантатын амалды білсең, айт та!Жүк секілді байғұстар жолда қалғанКезіккенде қыр-асу, құм-құмайтқа...

ҚАРСЫ АЛУ ЖЫРЫ

Ассалаумағалейкүм!Кел, кел, бауырым!Сенікі мынау – жатқанӨлкең, аулың!Бір кезде оң қарамай,Теріс қарап,Көрсетсе өгейсітіп желке, жауырын!

Page 166: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

166

Ол – оның кінəсі емес,Заманы сұм.Кездесті, болмады ғой амалы шын,Туған жер, ата-баба, қара қонысЖаралған бұл дүниеде қазағы үшін.

Ал ашты көңіл сарай, жан қақпасын,Енді ешкім бет қайтарып қол қақпасын.Астына алтын толқын мұхитынаҚұйыл сен көктен, жерден, қара тасқын!

Ол тасқын – қазақ тасқын, ұлт тасқыны,Елімнің жұмырлығы, жұптастығы,Тарихта тұңғыш рет ту көтеріпШыққан күн – еш қазақтың ұмытпас күні!

Көріскен, құшақтасқан, алып ұшқан,Жүрекпен жүздерінен жалын ұшқан,Балқиды Алматының ақ аспаныСарғайған сан заманғы сағыныштан!

Даусыңнан айналайын «бауырымдаған!»Түспе-түс қандай ұқсас қаның маған,Исіңнен айналайын бұрқырағанБаяғы беріп кеткен қайран бабам!

Ал, кəне, беліңді шеш, деміңді бас,Алдына тартылды бас, берілді ас,Сары қымыз сапырулы, сапар кесе,Жайылды ақ дастарқан елу құлаш.

Ашылды Алтай, Арқа, Атырау көкАлатау «қайдан жүрсің, батыр-ау!» деп,О, шіркін, өз алдыма күнім туса,Бəріңді отыр едім шақырам, – деп.

Page 167: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

167

Жаңғырып жатыр жан-жақ думан-думен,Бас қосқан бақытты сəт – туған күнмен.– Дариға, тіршіліктің рақаты-ай! – деп,Бауырлар, шетсіз-шексіз қуандым – мен.

Кел қазақ, емін-еркін кеш əлемді,Қабыл ал құттықтау мен көп сəлемді,Қабыл ал тебіренген ақын жаннанҚұйылған мына тұста осы өлеңді!

28 қыркүйек, 1992 жыл.

НАУРЫЗ ҚАЗПИ-де

ҚазПИ-дің мен айналдым аруағынан,Қашанда нұр саулаған шаңырағынан,Бəрі де содан шыққан, содан өскен,Ұлдардың «қазағым» деп салған ұран.

Кешегі Байтұрсынның Ахметі,Көп тартқан қазақ үшін тақсіретті,Ол дағы дəріс оқып, аз күн жүрген,Жүз аттап босағаңды қасиетті.

Ғалым аз Құдайберген Жұбановтай,Аханнан кейін туған бір алыптай.Еңкейіп есігіңнен ол да кірген,Сыйлаған аруағыңды құлазытпай.

Одан соң басталатын ұлы шерік,Ұстаздар бір-біріне бірі серік,Сəрсекең Аманжолов келе жатса,Жол беріп, қақ жарылып тұрушы едік.

Бəрі де өткен күн деп ойлағанда,Тарихтың теңізіне бойлағанда,

Page 168: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

168

Келеді көз алдыма солар менің,Бұл күнгі наурызды тойлағанда.

Қарт ҚазПИ, жаңа ҚазГТИ – бəрі, осында,Біз тұрмыз сол ұрпақтар арасында,Қазақтың білімі мен қасиетіСақталған алпыс жылдай шамасында.

«ЖАЗУШЫ» БАСПАСЫНА АЛПЫС ЖЫЛ

Əлі есімде Пролетардың көшесі...Осы күнгі көп көшенің «шешесі»,Əлі есімде... ескі көпес ескі үйіКөк темірмен көмкерілген шекесі.

Біреуінде «Жазушылар одағы»(О, дариға, заман екен о-дағы),Екіншісі «Кихл» деген баспа еді,Сол одақтың бағынышты «боданы».

42 жыл бұрын, ия, осыдан,Мен сол «Кихлдың» санатына қосылғам.Төрт жыл бойы ойнақтағам төсінде,Кəрі ҚазПИ – ажырарда досымнан.

Он алты жыл сонда жастық күні өтті,Өңшең отқа орап алған жүректі,Қайран менің қара шаңырақ мекенім,Адам етті, ақын етті, түлетті.

Əлі есімде – Жақан, Айтпай, Қалмақан,Ғабдол, Фатих, Жаулыбайдай кəрі атан.Құлыбектің Абдолласы, Ғалекең,Сағынғали, Сырбай менен ақ Тақаң.

Page 169: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

169

Əлі өзімдей жаңа өршіген желігі,Өлең-жырдың Төлеужандай көрігі,Жұмағали, Айтпай Шанжар, Тілеген,Құланбай, Жаппар, Қирабайдың Серігі.

Əбдікəрім, Қабдыкəрім, Ізтайлар –О, дариға: күндер еді біз тойлар,Көбі кетті дүниеден солардың –Көкірегімді еске алғанда мұң жайлар.

Оларды айтсам, сағынышым көпке ұзар,Қайран жүрек сондағыдай отқа зар.Басталатын ақындардың «шілдесі»,Түс кезінде қайнаушы еді көкбазар.

Жайнаушы еді сыры толы тостаған,Бүгінгідей ішіне су қоспаған,Сəске түсте Сəукеңдерге жолығар,Амантайлар таң азанда «тастаған».

Сөйтіп жүріп қыруар жұмыс тынатын,Қолжазбалар жатпай ұзақ, шығатын.Қалың-қалың кітап болып сөредеЕңбегіңе көзің қунап тұратын.

Арыстандар Мұқаң, Сəбең, Ғабеңдер,Олар келсе, жаңғырыққан сəлемдер,Жарқ-жұрқ еткен алтын, күміс таяқтарҚолдарына тұтқан ылғи кемеңгер.

Бəрі менің кешегідей есімде,Өткен дəурен енді қайтып келсін бе,Қиялыңмен өзің іздеп бармасаң,Оны іздейтін бүгінгі ұрпақ сенсің бе?

Сөйткен менің туған ұям – «Жазушым»,Саған деген сезім адал, сөзім шын.

Page 170: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

170

Бар қазақтың рухы сіңген мекені,Талантының тал бесігі өзіңсің.

Сен асатын алда талай белес көп,Ол белесің – қиын күнің емес тек,Тұрады ылғи сені көрсем, ұлт жазғанКөз алдымда таудай кітап елестеп.

Магниттей көкірек көзін ұстайсың,Бұл тірлікте сен есімнен шықпайсың,Бұл күндегі алпыс асқан ақсақал– Бір кездегі балам ед, – деп ұққайсың.

Қырық кітап, бəлкім, одан көп пе екен,Өзім жазған, сен бастырған түптеткен.Біздің өмір қанша екені белгісіз,Сен жасай бер, қарашаңырақ құт мекен!

14 қаңтар, 1994 жыл.

«ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ» ГАЗЕТІНЕ 60 ЖЫЛ

«Қазақ əдебиеті» – қазақтардың газеті,Сорпасы көп осы күні, аз еті.Сонда да оның қара қазан басынаДəм татуға шақыратын əдеті.

Мен де бүгін алпыс жылдық той-дəмін,Татамын-ау деген тəтті ойдамын.Сен дегенде, еске түсер қайдағым,Кең далама қаздай қанат жайғаным.

Жайғаныңда талмай биік ұшқаның,Болды бірақ ала-құла аспаның,Нағыз қазақ өз тілінде сөйлейсің,Сен тұрғанда, қайтем сөзін басқаның.

Page 171: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

171

Демегенмен «дүниені шайқадың»,Мен де саған бастық болып байқадым.Ия, сен де ұмытпаған шығар деп,Сол кездегі орынбасардың айтқанын.

Қарашаңырақ, қара қазақ сардала,Бұл қазақтың бар тілегі сол ғана,Сенем сені бетіне ұстап өтер деп,Мынау біздің етек-жеңі мол дала.

Сен арқылы сөзім жерде қалған жоқ,Рахмет саған, көңілімде жалған жоқ,Əр əрпіңді көзім сүйіп, өзіңдіКөкірегіме басып өтсем арман жоқ.

«Қуыс үйден шықпау үшін құр ауыз»,Өзіңе арнап өлең жаздым бір ауыз.Тағы жаба салмау үшін бір «жауыз»О, жасаған, газетіне нұр жауғыз!

14 сəуір, 1994 жыл.

«КІТАПХАНА» ЖУРНАЛЫНА

Сəлем, саған – сағындырған жас перзент!Сен қарыштап туа салып, өс, ержет!Бүкіл қазақ кең даласын арала,Малшылармен тауға шығып, төске өрлеп!

Егіншілер, балықшылар, кеншілер,Оқыр сені, өз мүлкіндей еншілер.Жарқылдашы сен жастардың қолында,«Кел білімнің шарайнасы, келші», – дер.

Солар ертең болашақтың тірегі –Өз ұлтымен бірге соққан жүрегі.

Page 172: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

172

Біз мемлекет бола алмаймыз білімсіз,Білім ғана – бар құрылыстың сүйегі.

Білім ғана – өркендеудің ақ жолы,Содан ғана елдігіңнің бар, жоғы.Көрінеді көлденеңнің көзіне,Осы бастан келешекке қамда оқы!

«Кітапхана» – атың сенің тым ыстық,Жаңа таңда жарқыраған күміс шық,Секілденіп жанымызға Нұр тамыз,Сен құстай боп көзімізде жүр ұшып.

Сені Абайдың аруағы жебесін,Сені Ыбырай ықыласы демесін,Сен айналып шағаладай шарықтаБіздің жаңа ғылым, білім кемесін!

Енді алдыңда айдай анық жол жатар,Сен арқылы ел сəлемін жолдатар!Сен жасай бер, жақсылықтың жаршысы,Саған бүгін мен тілеймін оң сапар!

ҚОШ, АҒА!(Ғабең қазасына)

Егіліп еңсе, санам менБар ақылым жылап тұр.Өзенім, тауым, далам менАна тілім жылап тұр.

«Айрылдық шеберденАлтын таспа сөз өрген,Өзі елді үйретіп,Үйренетін өзі елден,

Page 173: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Кереметтердің кетері –Табиғат заңы ежелден».

Ұзақ та дархан өмірдіКемеліне келтіріп,Кемерінен асырып,Өзіңдей кешкен адам аз,Шапағат нұрың шашылып,Өнерден соққан мұнараңТарихта қалар шаншылып.

Тірліктегі төр мен босағаТірелген жері осы ара.Саяхатшысы жалғанныңАтынан түсті, не шара?Жүгенсіз, ерсіз ат дүниеБосана шапты, босана,Босана шапқан сол атты,Ауысып мінер ер сана.

Болашаққа аманаттыАйтып бір кеткен осы аға,Ел алғысын жамылып,Қазына берген қаншама,Жасайды атың мəңгілік,Қош, кемеңгер, қош Аға!

Желтоқсан, 1985 жыл.

Page 174: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

174

АҒАНЫ АҢСАУ

Тоқсанға толған күніңде,Тоғыса алмадың халқыңмен.Көрісе алмадың дүние,Дүрілдеп тұрған даңқыңмен.

Таусылды, тағат амалым,Даусыңды ғана тыңдатып.«Жоқ» деген қиын қамалдыңАр жағынан үн қатып.

Ғайып боп ғажап кескінің –Патшадай мүсін, ай маңдай.Қағасың бұлдыр кешқұрым,Ауаға жұпар жайғандай.

Қайтара алмай өзімеАлланың қатал бұйрығын,Көрінбей қалдың көзіме,Айбыны асқар биігім.

Халықпен өмір бір кешкенДаңғайыр, дархан данышпан.Еңбегіңді айтып түгеспен,Қадіріңді айтып тауыспан.

Сағындым мұңнан айықпай,«Қасымда жоқ» деп ағам да.Ескексіз мынау қайықтайҚалтылдап тұрған заманда.

Баяны қысқа аз дəурен,Өтерсің сен де біздерден.Арыстандарды аңсауменАрыстарымды іздеумен.

1992 жыл.

Page 175: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

175

СƏБЕҢСІЗ ЖИЫРМА ЖЫЛ(1993)

Жиырма жыл. Уақыт жұлдыз қалай аққан,Кеткелі Өмір-өлке уалаяттан,Кəдімгі біздің Сəбең – сонша мезгіл,Қазақтың онсыз таңы қалай атқан?!

Деймін мен, деймін дағы таң қаламын,Сабазы кеше жүрген сар даланыңДүние кемесінен түсіп қапты,Тұсында «ажал» деген бір қаланың.

Жиырма жыл – бəрі соның кешегідей,Ап-анық төрт амалдың есебіндей....Қасында қайран Сəбең келе жатамДаланың даңқы биік көсеміндей.

Домалақ үлкен басын маған бұрып,Сөйлейді мені де бір адам біліп,«Есіңде қалсын» дей ме елдің сөзіТұрғанда жер үстінде аман жүріп.

Таяғы тық-тық етіп тасқа батып,Баяғы өткен істі баспалатып,Толқындай тоғытушы еді таудан аққан,Тыңдаушы ем ауызымды ашпай батып.

Жүруші ек «кім асар» мен «Медеулетіп»,Жолменен жалғыз аяқ белдеулетіп,Ішінде жұпар иіс қарағайдыңБірде тік, бірде түсіп, көлбеу кетіп.

Айтатын Мұхтарменен шың асқанын,Үстінде əйдік айғыр «шалқасқаның»

Page 176: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

176

Айтатын тас қияда тапа тал-түсТаласып екі айғырдың шайқасқанын.

Тағы да талай-талай сөз кететін,Асықпай əңгімесін өзгертетін,Есіне түседі ылғи сол сағаттарЖас келіп əлсін-əлсін көзге жетім.

Жиырма жыл – мынау дүние көшесіненКетіпті өмір ағып есесімен.Ал, Апа, құйып жібер дəм татайынСəбеңнің шай ішкен бір кесесімен.

16 сəуір, 1993 жыл.

АУЫЛЫМ, ЖАҢА ЖЫЛЫҢМЕН!

Қазақта қасиетті сөз «Ауыл» деген,Ел – деген, қара шаңырақ қауым – деген,Қашанғы ата-баба топырағы, Ұлғайған ұзын ұрпақ, бауыр – деген.

Ынтымақ, ырыс, бірлік – бəрін құшқанЖалғыз сөз жаратылған сағыныштан,Есіме «Ауыл» десе, үйім түсер, –Ен жайлау, əке-шешем бар туысқан.

Тарихта талай өткел, тар қыспақтан,Сан соғыс, аштық қырсық қан қақсатқан,Бəрінен аман қалған қайран ауыл,Мен үшін артықсың сен бар ұрпақтан.

Артықсың қала, шаһар, хан сарайдан,Биіксің қаншама ақыл, қаншама ойдан.Кетеді тұла бойда қан шымырлап,Көрінсе көк түтінің əлдеқайдан.

Page 177: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

177

Көк жалау желбіресе шаңырақтан,Келгендей ғажайып үн аруақтан.Сол тудың астына кеп ұялайсың –Алтайдан, Алатаудан салып «Аттан».

Арқадан, Атыраудан, Дария-СырданАспанға ақ тозаңнан жол асырған.Қол болып қара құрым қаптайсың Сен,Əдетің жер қорғағыш сан ғасырдан.

Сар дала, салқын жайлау кең көсілген,Төсінен қалың бұлттай ел көшірген.Ауылым, ақ мекенім, панам, саям –Тербетіп тал бесікте мені өсірген.

Кемітіп жатса біреу сені қорлап,Кетеді қаным қайнап, жаным зарлап.Намыстан өртенемін, оянады,Тереңде жатқан сөнбей шоғым жайнап.

Сен маған сондай сезім берген жастаң,Арасын шарлағанда жер мен аспан,Көзіме көрінесің, алтын қазықБайлаған құлын күннен қозғалтпастан.

Мен саған күндіз-түні ораламын,Жөргегім қабат-қабат оранамын.Сонда да мен көргендей боп, мəз боламын,Жанарын маған төнген жан-анамның.

Білем мен халың сенің кəзір ауыр,Басыңда қымбатшылық, қиян дəуір.Алмайды қара еңбектен жаның дамыл,Бас босап ең болмаса жылында бір.

Баяғы бір анадай аппақ жанменҚаланы асырайсың сүтпен, нанмен.

Page 178: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Жалаңаш-жайдақ күйің көрген сайынҚиналам, өз-өзімнен қысылам мен.

Əрине, дəрмен-ылаж жоқ қой менде,Жұмақты түсіретін көктен жерге,Дəулетті əкелетін ортаңа əкеп –Көргенім болмаса тек көппен бірге.

Бар балаң өзімдей боп толғанса егер,Жабылып жағдайынды қолға алса егер.Байлығың басқа жаққа шашырамай,Жиналып бір сабаға қорланса егер.

Береке, татулықты жиып тұрсаң,Уыздай уақытыңда үйып тұрсаң,Баяғы ата-баба батасыменТөменшік, пенделіктен биік тұрсаң.

Сонда сен тез жетесің мұратыңа,Құтыңа, қуат қосып қуатыңа,Ел үшін мың шақырым жол жүрсе де,Баяғы арымайтын мін атыңа!

Баяғы қажымайтын жолыңа шық,Ел едің жақсыларға жаның ашық,Жомарт ең ұсынғанда қолың ашық,Сол үшін болған саған бəрі асық.

Тілеймін Жаңа жылда мол жақсылық,Өзіңе құдай сені жолдас қылып,Жасасын болашаққа жолбасшылық,Аман бол қазақ деген қараша ауыл.Отырмын осы өлеңмен қол тапсырып!

Қаңтар, 1994 жыл.

Page 179: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

179

1988

Екі сегіз,Сегіз егіз –Менің алпыс жылымсың.Барлық өмірбаяным менБар ақиқат шынымсың,Кел, кəнекей, бар тамырменБарлық қаным жүгірсін.Ризамын, айналайын,Əлі, жүрек, шымырсың!

Сибка, Бəдеш,Деші маған:Өмір, Ғафу, қызық қой!Қызықтығын дəлелдеугеБалапандарың тізіп қой!Тізіп қой да, қорша мені, –Тірлік деген сызық қой,Сол сызықтанШығып кетпесін,Ақын-мінез бұзық қой!

КөпсінбесінТағдыр бізше,Осы дəулет, рақатты.Рахмет, құдайға даБізге бақыт тұрақтатты.Туған жылым,Алпыс жасым,Болсын маған тым-ақ сəтті, –Ал солайша бұл бокалдыАлды Ғафу, бір-ақ тартты.

Page 180: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

180

ҚЫРЫҚ ЖЫЛ ҮЙІМЕ

Қырық жыл, құдай бізді сақтағаннан,Қаншама асу-белес артта қалған,Қаншама қайрат жұмсау керек болды,Бітпеуге адал үміт, аппақ арман.

Қырық жыл – ауыз үшін айтуға оңай,Өткелден өттік біздер талай-талай,Қайысты қабырғамыз, жан күйзелді,Аллаға жалбарынып қарай-қарай.

Сан рет шаңыраққа төнді қауып,Қисайып, орта жолда жүгім ауып,Тұрғанда, жаутаңдадым жан-жарыма,Ол сонда шығушы еді жолды тауып.

Тапқаны – дүниені сірестіріпЖинамай, жүрді жұртқа үлестіріп,Құдайдың күтуші еді несібесін,Құдай да қоймады оны түгестіріп.

Қазақтың қасқа жайсаң сабаздарыБас қосты мұсылмандай намаздары,Соларға дəм татқызып, бата алушы ек,Содан да жүрек тозып, жан азбады.

Мақтады ақ Бəдешті соның бəрі,«О, шіркін, жақсы болса ердің жары,Осындай болсын» деген дауыстарыЖаңғырып құлағымда тұрады əлі.

Зəрем жоқ тіл мен көзден сонда менің,«Уа, аруақ, уа, тəңірім, қолда!» дедім.Қолдады, бір ғажайып қуат бердіТаусылмас дəмім шығар ол да менің.

Page 181: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

181

Қырық жыл, қырық дұға, қырық шырақ,Жағайын, тағы жанға қызу сұрап,Қасыма келші, Бəдеш, ақ бəйбіше,Баяғы қыз күніңдей жылы ұшырап.

Кеш мені, көп қажытсам бейнет беріп,Сабырмен соның бəрін сен өткеріп,Қозғалмас алтын қазық секілденіп,Тұрасың көз алдымда бөлектеніп.

Ал, шүкір! Жеттік міне қыр басына,Жан болмас сенен өткен ұрғашыда,Қыпшақтың асыл тұқым, бір нəсіліҚасиетін үйіп-төккен бір басыңа!

Болғанмен өзің – алтын, жарың – күміс,Тоздырмай қояр ма оны дүние-тұрмыс.Солардың бəрін көріп, солқылдамау,Емес ол бір пендеге оңай жұмыс.

Адалсың, жаңа жауған қар секілді,Биіксің, жібек жабу нар секілді.Қырық жылда мен мақтамай, кім мақтайды,Жар болдың, жар болған соң жар секілді.

Рахмет, не айтайын, қалқам,Саған, Риза, риясыз ортаң Саған.Өмірдің қалған жағын біз білмейміз,Əлі де көз тиер деп қорқам Саған.

Бақытым, Ғафурам мен Əлимашым,Үш қарға – мен жасаған жарым жасым,Сыйлаған сенің маған үш маржаның,Құдайым тек солардан жарылқасын.

Ағайын, айналайын құрметіңнен,Жерің жоқ ақ көңліме кір келтірген.

Page 182: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

182

Бұйырсын сендерге де осындай тойƏрқашан орын алып күн бетінен.

Шығардым көңіл күйін, жан дыбысым.Осындай қуаныштың барлығы үшін,Ғафудың қырық жылдық қазынасы –Мынау бір шаңырағының саулығы үшін!

1992 жыл.

* * *

Арқаның жұтып келем самал желін,Мен үшін жоқ, Торғайым, жаман жерің.Бес күндей ат үстінен түсірмедің,«Ничего» – мен күн көрген адам едім.

Мен де талың жайқалған далаңдағы,Қайда жүрсе, сен үшін алаң жаны,«Қойым көп» деп мақтанбан, «ойым көп» депСен туралы тебіреніп калам дағы.

ҚОСТАНАЙҒА ТАҒЫ ДА СƏЛЕМ

Əлі күнің шыққан жоқ, ақ таңың бар,Десем дағы шалқайып жатқаным ар.Ұшып тұрдым төсектен ұйықтамастан.Бауырым бар, сағынған қарттарым бар.

Көп айтқызбас көкіректе нала жатыр,Бəрінен де сен күшті, ана батыр.Шашы ағарып, шаршауға жолдас болып,Ғафуың да қартайып бара жатыр.

Page 183: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

183

Кешір мені, кеш, Тобыл, Қостанайым!Əлі күнім батқан жоқ, бастан айым,Қадірменді қабыл ал, Қостанайым,Таңнан тұрып өзіңе сəлем жаздым.

Алыстағы бір уыс топырағым деп,Ата болып, ақ тілеп отырамын деп,Тілсіз айтқан бұйрығың маған жетер,Керек болған күніңде шақырамын деп.

Өне бойда шымырлап қаным тасып,Қоя берді жүрегім удай ашып.Анау жақта мені іздеп Тобыл жатыр,Ашуланып аузынан көбік шашып.

Бұл жалғанға шіркін-ау не болған деп,Жат болуға патшағар жаралған деп,Өңшең өгей ұлдарды туыппын деп,Өзіме де обал жоқ, о, жалған деп.

Оныкі де дұрыс қой ойлағанға,Басына күнде бір белгі қоймағанға,Жатады ылғи ұлдары атаусыз қап,Өзгелерді мадақтап тойлағанда.

Өкпелеуге жөні бар толық оның,Өкпелеуге бірден бір жолы келді.Тарих деген анаға қазақ аттыОсылардан кім жақын болып еді?

Хақысы бар біздерді басқа ұрса да,Қағып алып қайтадан тасқа ұрса да,Мына дүние даңқыңды жеп жатқанда,Тышқанша да, түлкіше, қасқырша да.

Соны біліп, болады жаным алаң,Жүрек деген семсерді жанып алам.

Page 184: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

184

Қолда барға шүкірлік деген бар ғой,Жалынамын қолдай жүр, жаным анам!

Отаны едің орнықты сан сабаздың,Жан түкпірін сен үшін қанша қаздым!Перзентіңді бір ұқсаң жарар еді-ау,Сағындым ғой мен сені, Қостанайым!

ЖАҢА ЖЫЛҒА СӨЗ

Қош боп тұр, мың тоғыз жүз тоқсан екі,Тағы да өкінбес ем соқсаң екі,Мен үшін жомарттығыңа ризамын,Демеймін əрбір күнім босқа өтті.

Ақын ем жүрегім – от, жаным – жалын,Рахмет, соның бəрін қабылдадың,Жетектеп бəйбішемді, БəдешімдіҚырыққа толды менің шаңырағым.

Мен сенде жұлдыздай боп жарқырадым,Тежемей шабытымның арғымағын,Жаздым мен бұрқыратып туған елдіңТарихын – бергі жағын, арғы жағын.

Бір түрлі арқаланып, алдым қызып,Аққудай арманымның бəрі жүзіп.Көңілімнің айдынында тұрып алды,Көрінді дүниенің бəрі қызық.

Екен ғой еркіндігім, азаттығым,О, соған əсер еткен ғажап бүгін,«Əлемнің қоры ма» деп жүруші едім,Дариға-ай, жақсы екен ғой қазақтығым.

Page 185: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

185

Мен сенен көргенім жоқ қапалық күн,Қасиетті адамдардан хат алыппын.Ақталып ескі еңбегім, жаңа еңбегім,Мен сенде «Халық ақыны» атаныппын.

Халықтың айналайын атынан мен,Қашанда аруағын шақырам мен,Қолдаған сол еді ғой ұзақ сүйіп,Сыйлаған ыстық көңіл, тəтті дəмін!

Мен сенде ұмытпаймын жолдарымды,Астары арыстардың, тойларыңды,Ұмытпан Қостанай мен АрқалықтыңҚұрметті азаматы болғанымды.

Ұмытпан қуаныштарын жанұямның,Тасыған толқынындай дарияның.Аруы астананың атанғанынАлғашқы өз немерем Мəдинаның.

Тауыспан көрген қызық, құрметті мен,Бəрін де ең бақытты күн деп білем,Туған жер, осылардың бəрі үшін деӨзіңе борышты – мен, міндетті – мен.

Ескі жыл, мың тоғыз жүз тоқсан екі,Сондықтан артығы жоқ соқсаң екі.Жаңа жыл, қайырлы бол сен де сондайТарихтың үмітпенен ашқан беті!

Жаңа жыл, жаңа бақыт ала кел Сен,Ол сенің құдіретіңе болады өлшем,Не жетсін, о, дариға, жаңа жылдаБəріңді құттықтауға аман-есен!

Page 186: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

186

ШАШУ

Қазақстан – менің туған анамсың,Өзгеде жоқ, өзімде бар даласың.Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.

Қазақстан – ғажапстан жер дүлдүл,Болашаққа самғап ұшқан сен бір жыр.Ол таусылмас, ол сарқылмас өзіңдей,Оны талай жырлап өтер ер бұлбұл.

Қазақстан деген жалғыз сөзбенен,Салмақтырақ тарта берем өзгеден.Ең шетіңе қойып қойған белгіңдей,Жолаушыға сені іздеген кез келем.

Page 187: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Т�РТІНШІ Б�ЛІМ

АРДА3ТАРБір с�лемге атын т$сіп беретін,

3айран бізді& бабаларды& заманы-ай.

Page 188: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

188

ЖƏКЕҢ АУЫЛЫ

Алматыдан шыға келсең көз алдың – Көк бөрікті Жəкең ауылы – өз ауылың, Шығады одан қара шаңырақ иесі, Қара қазан, қара саба, ожаудың.

Шығады одан бесік исі, сүт исі, Құдай əсте арылтпаған құт исі, Арылмаған балалардың аузынан Айран исі, құрт исі, қатық исі.

Түтін исі, анаң жаққан от исі, Тердің исі, атаң мінген ат исі, Көрік исі, көмір исі ағаштың, Темір исі, ескі үзеңгі – тат исі.

Өлең исі, күмбір-күмбір күй исі, Қой маңырауы, қара малдың күйісі, Балалардың төбелесі, күресі, Ел аулақта ғашықтардың сүйісі.

Ұзынағаш, Қара Қастек, Үш Қоңыр – Төрт мезгілде алуан-алуан түсті өңір. Келтірмейді соларды еркін жайлауға Қайран біздің шолақ өмір, қысқа өмір.

Жəкеңдей боп шама қайда жүз жасар, Жаратылдық жазмышта біз нашар. Тоқсан жаста ғашық болған Жəкем-ай, Қырық жаста қасымыздан қыз қашар.

Қайран ауыл, қайран бауыр, көп туыс, Алматыда тығылатын жоқ қуыс. Кəзір кетем, атым, əне, дайын тұр, «Жамбыл» деген жазуы бар автобус!

Қараша, 1993 жыл.

Page 189: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

189

КҮННЕН ТУҒАН

Күннен туған, Ғұннан туғанПайғамбар.

Мағжан

Рас қой, күн перзенті, шынында, ақын, Бəрінен күннің оған нұры жақын. Жердегі құдайлардың басын иіп, Бəрі де алдына кеп жығылатын.

Өйткені оның оты шарпымайтын, Тірлік жоқ, шарпығанда балқымайтын. Тас та жоқ, тақыр да жоқ өзге түгіл, Алланың елшісіндей аты да айқын.

Қолына қалам алса құдіретті, Ұршықтай үйіреді ол жер мен көкті. Ұшқан құс, жүгірген аң, жүрген адам, Бəрін де көз алдында көлбеңдетті.

Не дерсің, тəңірі демей оны сонда, Жерге бір келіп-кетер анда-санда, Болады ел де жесір, жер де жесір Болмаса бір ақыны əрқашанда.

Сондай боп елестейді Мағжан маған,Мейлі ол адам дерсің бағы жанбаған. Алайда ақындықтың аруағын Көтерді биігіне армандаған.

Не керек Ел қазақты бір шулатты, Салды да ауызына мың шумақты. Ана тіл, Ана жырдың бұлағынан Таңдайын талайлардың сусындатты.

Page 190: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

190

Ондайлар жер бетінде көп тұрмайды, Көп тұрып, атына кір жұқтырмайды. Жүргендер құдайды да күнде боқтап Қадірін əулиенің ұқтырмайды.

Сондықтан аз ба, көп пе алдарқатқан, Ақынға жол болады алғыс айтқан. Сүйегі қалды қурап сан ант атқан. Бір кезде ақынды атқан, аққуды атқан.

Басына туды жақсы бір кезек күн, Ақынның ақ бесігі – «Жолды өзектің». Ал енді тербеліңдер, ақ қайыңдар, Арманға сан жыл айтқан сен де жеттің.

Ал енді шайқалыңдар, қарағайлар, Басына биік-биік тарады ойлар, Тарады алтын жаңғақ, асыл сөздер, Соны айтып, туды күнің бір айғайлар.

Арулар, қақтырыңдар, əн қанатын, Тəн балқып, қызығына жан қанатын. Түсетін маржан десе – Мағжан аты, Оралды енді бүгін қайран ақын.

Оралды бар көркемдік, сұлулық та, Есімі бұлдыраған бұрын жұртқа! Тарихтың бұл да берген бір сабағы, Ешқашан ақындықтың туын жықпа!

АХАҢ ТУРАЛЫ ОЙ

Жаралып асыл Торғай топырағынан, Қазаққа болып кеткен ортақ ұлан. Ұлдар көп, ең бастығы Байтұрсынов, Ахаң деп, өз ағам деп, Ел таныған.

Page 191: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Ол өткен ауыр жолдар, асыл жолдар Болашақ асылдардың басын жалғар. Ілінген мəдениет сарайында «А» деген əліппеңнің басында ол бар.

Əуелден бас болуға жаратылған, Жарқырап жарық жұлдыз дара туған. Əр сөзі – пайғамбардың тасбиығы, Əр тасы дұғаменен таратылған.

Қасқиған қазағыңның кең маңдайы, Далаңның жеткізбейтін жер шалғайы,Көз тіккен көлеміне көк аспанның Түнекті түріп түскен найзағайы.

Данасы қазақ түгіл Ер түріктің, Тарихы жеті ғасыр, жеті жұрттың. Миына керуендей түнеп қалған, Шыңына шыға алмаған ентігіп күн.

Қопарып, қорда басқан тіліңді аршып,Қолыңа қайтып берген сынын ашып, Ақылмен Ай сынығын Айна қылып, Көр деген көлеңкеден жүзіңді ашық.

Алламен аты қатар Ахаң еді, Бүгін де алғысымен атар Елі, Атыңнан мен де айналдым, қайран Атам, Əрқашан тастамасын батаң мені!

Торғай.

Page 192: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

192

БИ-АҒАҢ ТУРАЛЫ ЕКІ ӨЛЕҢ

1. Бір уыс топырақ

Жармағанбет баласы Бимағанбет, Бүкіл халық атаған Би-ағаң деп. Ол еліне көп қызмет етсе-дағы, Құдай оған көп өмір сыйлаған жоқ.

Көк құдайдан жер құдай болып басым, Амалың не қырсыққа жолыққасын. Таңғажайып тарихи жолында оныңТынды сұмдар жеткізбей алып басын.

Ол тəңірінің қасында отыратын, Адам еді-ау құрандай оқыр атын. Жабыққанда жанына медеу етіп, Қайран елі əулие, пір тұтатын.

Дəл осылай алыпты туғызамыз, Туғызып ап, желкесін қиғызамыз. Бір талантқа жүз итті салып қойып, Талатамыз, жұлдызын жұлғызамыз.

Жылдар өтті: «Ол ғажап еді» дейміз, Жиналып кеп, жоқтаймыз, еңірейміз. Тыямыз да тез сосын тегін жасты, Тарихтағы орынын белгілейміз.

Солай-солай озады өмір деген, Салдыр-салақ баяғы көңілменен. Қаншама елдің сабазы қалды жерде, Ең болмаса дұрыстап көмілмеген.

Солғаннан соң тасталған орны ақық, Əйтеуір бір топырақ тауып алып. Бір уыс қып əкелдік туған жерге, Жұбаныш қыл көңілге соны, халық!

Page 193: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

193

Біздің қолдан келгені болды сол-ақ, Осылай тастап кетеді дүние шолақ. Туғанда да бір уыс топырақ едің, Өлгенде де бір уыс топырақ қалады.

Дүние, пəни шындығы бұл да мəңгі,Көз жасымен ұзату қимағанды.Жүз жыл бұрын бір топырақ бұрк, ете қап,Жүз жылдан соң жеріне ол оралды!Біз де соған шүкір қып, кəне, жұртым,Оралды деп ойлайық Би-ағаңды!

Қостанай, тамыз, 1994 жыл.

2. Ескерткіш

Сонау шаһар Уфадан, Медреседен енді елге, Сағынышпен сусаған Бала шəкірт келгенде.

Одан бергі Троицк Мешіттері самсаған. Жеккендері пəуеске Бай ноғайлар қоршаған.

Сол шəһардан жас жігітБілім алып, ой тапқан.Болашаққа асығып Шыққан беті «Айқаптан».

Яки талай жол кешіп Қарабалық, Бөрліден. Баяғы бір тал бесік, Туған үйден көрінген.

Page 194: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

194

Қыр астынан шығатын Қайран алтын Қостанай. Жатқандай боп түн қатып Керуен қонып, көш талай.

Сонда болған осы алаң – Қостанайдың қақпасы. Тоғыз жолдың қоршаған Тоқайласқан қақ басы.

Осы араға Би-ағаң Талай-талай кеп түсті. Бір қолында шамадан,Бір қолында кепкісі...

Жетпіс пе əлде, сексен жыл Өткен болар арада. Артта қалып кешкен жол, Алда туған қалаға.

Тағы оралып тұр міне, Бар шабыты бабында. Сол бір тірі күнінде, Сол бір жайсаң шағында.

Сол баяғы асыл күй – Бізге мəңгі мақтаныш. Кел, əлеумет, басыңды ій, Кел, жолаушы, аттан түс!

Аттан түс те, сəлем бер, Бүкіл қазақ сыйлаған. Бəрің сүйген кемеңгер – Алдында тұр Би-ағаң!

Қостанай, 3 тамыз, 1994 жыл.

Page 195: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

195

ІЛИЯС ОМАРОВ

Қанша мадақ, асыл сөз, алтын өлең Айтар едім ақындық салтыменен. Айтар едім шабытты шарқ ұрумен, Кеудемдегі найзағай жарқылымен.

Қорқам бірақ, қор қылып алам ба деп, Жеткізе алмай босқа əлек болам ба деп, Сонау биік қызметін Ілекеңнің Халқына деп, атқарған қоғамға деп.

Кең жаратқан тəңірім даласындай, Көңілі мол көл-дария шарасындай, Бір көргенде бауырына басушы еді-ау Үлкенсімей немесе баласынбай.

Бір көргенде шұғыласын жайып саған, Сала берген ақылың, байып санаң, Сəлемі үшін атыңды түсіп беруге, О, дариға, сол еді лайықты адам!

Қашан, қайда болмасын жолы жарық, Тараушы еді алдынан толы халық. Бақытты боп шығатын талай қазақ Есендесіп бір кетсе қолын алып.

Қиын заман байлады қолын əттең, Іс істетпей ақылы, ойына тең, Адам еді жоғыңды бар қылатын, Шебер еді жартыны бүтін еткен.

Мына күнде керек-ақ адам еді, Ел тұрғанда жыртылып жаға-жеңі, Жалғыз өзі – асқар тау, панаң еді, Арқаң еді сүйенсең, ағаң еді.

Page 196: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

196

Адамдарды азбаған сондай алтын, Сағынғанның айыбы жоқ қой, халқым! Өзі түгіл, сөйлеген даусынан да Лебі есетін даланың қоңыр салқын.

Орыс, қытай, ағылшын, неміс, түрік Заманында сыйлаған тегіс тұрып,«Қазақ екен мынау да!» деген бəрі, – «Құдай асықпай жаратқан келістіріп!»

Адам аз ба кісіге мəз оты жоқ, Жақсылықсыз, жағымсыз əдеті көп. Ілекеңдей жайсаңдар келіп кетпесе, Дүниені дүние деп қажеті жоқ!

Заман заңы – жылдардан жыл өседі, Зулай-зулай ұлғаяр күн есебі, Сенемін мен, Ілияс Омаровтың Рухы да қазақ үшін күреседі!

27 қараша, 1992 жыл.

МҰҚАН, СЕНІҢ ЖҰЛДЫЗЫҢ...

Мұқан, сенің жұлдызың таныс маған, Шығысында аспанның қоныстаған. Сол жұлдыздан бір ғажап үн келеді, Қазақ атын шақырып, дауыстаған.

Дауыстаған, биікке жетелеген, Көкжиектен көз ашып ертеменен. Ел рухын көтеріп, аскақтатып, Ұран болып құлаққа жетеді өлең.

Тұла бойым шымырлап сонда менің, Іштен тынып, шығады зорға демім.

Page 197: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

197

Салтанатпен қалшиып қалам қатып, Шепте тұрған батырдай қорғап елін.

Мейлі ол маған əн ұран, ел ұран ба, – Аруағымды оятқан ылғи таңда. Шабытымды шақырған шаңқай түсте, Күй боп мені тербеткен күн батқанда.

Бəрібір сол – аяулы жұлдыз үні, Мені бастап жүреді күндіз-түні. Оны естісек, құлақтың амандығы, Яғни біз өмірде жүрміз тірі!

Мен айналдым сонау бір құт жұлдыздан, Мен айналдым халқымнан ұл туғызған, Мен айналдым Мұқанның құдіретінен Бар қазақты алдында тік тұрғызған.

АТА ЖЫРАУ

Сонау бір Абылай-заман алыстағы, Қазақтың қасқа маңдай данышпаны.Ханы да, батыры да бас шұлғыған Адамның алтын жалды Арыстаны.

Есіме Бұхар түссе, таңдай қағам, Дүниеге келген-ау деп мұндай да адам. Зар болған бір сөзіне өткізе алмай Байың да бар дəулетін мыңды айдаған.

Бұхардай буып-түйіп айта алар ма Бір сөзін бүкіл ру тайпаларға, Тоқтаған қашқан керей, босқан арғын, Жүре алмай Қыпшақ жүгін тартқан арба.

Page 198: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

198

Түстікте Үйсін-аға, батыста Əлім – Сөзімен шешкен түйіп шатысқанын, Жүгінткен Абылайдың алдына əкеп, Тоқтатқан ағайынның айтыстарын.

Төккенде жыр маржанын түйдек-түйдек, Жүк болан тарта алмайтын атан сүйреп. Қазақта қасиет сөздің қазынасы, – Бұхардай бұл тарихта адам сирек!

Бұл күнде үш жүз жылда жиырма беске Толғанда, түсер ғасыр ғұмыр еске. Қазақтың қандай халық болғандығын Сол Бұхар дəлелдеген – Ұлы емес пе?

Не айтайын Бұхар десе, бұдан басқа, Бір сөзім бермейтұғын бір алмасқа, – Тілеймін – тағы да бір Бұхар тусын, Тағы да ақыл айтар алты алашқа!

ƏБІШКЕ

Жаным Əбіш, жігіт болдың еңселі, Мəжіліс құрар ордалы да кеңселі. Өмір бақи жақсы көру – міндетім Жүрегімнің күші жетсе, мен сені.

Неге? Не үшін? Оны өзің білесің, Бұл өмірде тек жақсылық-үлесің. Ақылымның айнасында жарқылдап, Жүрер ұзақ Əбіш деген бір есім!

Page 199: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

199

ГҮЛНАР-АПА(Міржақыпқызы Дулатоваға)

Мен атыңды бала кезден естідім. Содан бері жоқ ұмытқан еш күнім. Тағдыр-дауыл қоймай қуған қаңбақтай Көз алдымда тұрды сенің кескінің.

Өйткені мен Жақаң туған өзені – «Қоңыраулыда» еңбек еткен кез еді. Жақаң аты-оңашада айтатын Сол ауылдың шалдарының сөзі еді.

Мұнарытып қыстың күні батқанда, Малын жайлап, ел ұйқыға жатқанда, Төнтер деген жағы талмас бір жырау Сұлтанбектің хикаясын айтқанда.

Жорғалардай жолсызбенен жосатын, Арасында Жақаң атын қосатын, – «Сұлтанбектің нағашысы болатын, Ол жарықтық өзі көсем, өзі ақын».

Деп қоятын, құлағыма сыбырлап, Бір тарихтан суыртпақтап, сыр ұрлап, – Қалып еді ол сабаздан жалғыз қыз, Қайда кəзір, тірі ме екен, сол бейбақ?» – Сөй деп қойып, «Гүлнар-ай!» деп əн салып,Отыратын көзіне сəл жас алып.Жас Сұлтанға жазған Жақаң өлеңін Тағы айтатын, қайғысынан босанып...

Одан бері жарты ғасыр кетті өтіп, Жадымыздан Жақаң атын шеттетіп. Жер бетінде өзің жасап келесің, Оның гүлін көкірегіңде көктетіп.

Page 200: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

200

Михнатың мен азабыңды мен айтып, Қайтем бүгін қасіретіңді молайтып. Беки-беки тасқа айналған сабырың Тарих жолында қала берсін солай тік!

Есту үшін жақсы əкенің жақсы атын, Тірі болу, шыдау еді мақсатың, – Сол арманға жеттің бүгін, Апатай, Бас қатырман айта беріп басқасын.

Қайран Жақаң қайта келді халқына. Сен де бүгін алақайла, жарқыра! Бір де болса, бірегей ғып бір қызды Рахмет оған тастап кеткен артына!

ІНІМ ƏБДІСАҒИТ

Мен аға боп, сен іні боп жүргелі Тіршіліктің өтті талай күндері. Мемлекетке үлкен еңбек сіңірген Сен бүгінгі азаматсың іргелі.

Жəй сөз емес, оның ғажап дəлелі – Сен жобалап, салған үйлер əдемі, Астананың көркі болған сарайлар, Ел қазақтың болашаққа сəлемі.

Адамдарды еш алаңсыз сүйдің сен, Ішін нұрға толтырдың сан үйдің сен, Сол адамдар рақатты көрсін деп, Көбін бердің көкіректегі сыйдың сен.

Тағдыр сенің жүрегіңе нəр еккен, Сол нəріңнен төңірегің дəметкен.Жаның жұмсақ, тұла бойың толып тұр Туа біткен мəдениет, əдеппен.

Page 201: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

201

Ауырма сен, үйір болма дертпенен, Сен керексің шаруамызға көптеген. Азаматқа зар боп қалған заманда, Сендей-сендей бізге жігіт жетпеген.

Қуанышқа да, қайғыға да ортақсың, Əрқашанда көп тілегі қолдап шын. Əрқашанда жаманаттан алыстап, Жаның сенің жақсылыққа жол тапсын!

НАРИМАНҒА

Сен менің бар жағынан бауырымсың, Облыс, ауданымсың, ауылымсың, Қашанғы республика қайраткері – Ұстаған ел көзіне тəуірімсің.

Көтеріп туған жердің абыройын, Жұмсалды бір сол үшін ақыл-ойың. Тек қана адал еңбек арқасында Биіктеп қатарыңды тұрды бойың.

Демедім сені біреу сүйеді-ау, – деп, Біреудің не құдасы, күйеуі-ау, – деп, Ойладым аруақтардың арқасы-ау, – деп, Өйткені жақсылардың сүйегі-ау, – деп.

Қолдаған екеумізді құдырет – бір, Біз туған топырақ бір, қан, жүрек – бір. О, дүние, өтіп кеткен қанша заман, Алпысқа сені бүгін келді деп тұр!

Бала едің мен көргенде он үштегі, Жарбиған қоян тымақ, тон үстегі, Белгісіз болашақта кім болары, Үлесі дүние-базар бөлістегі.

Page 202: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

202

Жасайды уақыт шіркін кереметті, Табиғат сені ақылды, зерек етті.Арада жылдар өтті, ауыл түгіл Бар қазақ сонда сені керек етті.

Мақтанып арасында ағаң жүрді, Меңгеріп өзі дағы тəмам жырды, Сондықтан айырықша қуанышым – Тұрғанда артқа тастап алпыс жылды.

Аллаға барлығы үшін рахмет – Алыңдар байғазыға осы өлеңді!

Маусым, 1994 жыл.

ЖЕҢЕШЕМ(Бикен Римова)

«Біздің Бикен!» деген сөзді сыйғызып,Соғар едім ұста болсам бір жүзік, Арнар едім соны саған, жеңеше, Жетпіс жаста жас келіндей тұрғызып.

Ондай менің жоқ қой, əттең, өнерім, – Жүзік болсын жазған осы өлеңім. Жүзік тозар, ия болмаса жоғалар,Ал өлеңнің тозбасына сенемін.

«Халық қызы», менің жеңгем Бикенім», – Десем саған, жақсы бағаң – бұл сенің, Өнеріңе алпыс екі тамыр мен Бəрі балқыр жетпіс екі жүйкенің.

Сен жеткіздің мың əйелдің мінезін – Сахнада өміршідей бір өзің,

Page 203: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Барлық миды, бар жүректі биледің, Өнер-аспан, Ай да өзің, Күн де өзің.

Бəлкім, ақын асып кетсе, кешірім, Жеңгесіне тең таппаса, несі мін, Еркелеймін, əрі именіп, сыйлаймын, Ертелі-кеш естілгенде есімің.

Сен ағамның, Шахаң шаһтың жарысың, Құшақтаған ел қазақтың арысың. Неткен сенің бақытты еді білегің, Неткен күшті махаббатың, намысың!

Бəрін-бəрін білем, сезем жүрекпен, Ол тарихқа енді талай жыл өткен, Сен бөлендің құрметіне халықтың Талант деген құдай берген құдыретпен.

Бəрі де бар – Атақ, даңқ, Абырой, Салт-салтанат, салиқалы сабыр, ой. Тек Шахаң жоқ – əттең, мұның бəрінен Бір шалыңның болғаны да тəуір ғой.

Сен артиссің, жазушысың, данасың, Жетпіс асқан Бəйбішесің, анасың, Бірақ мынау тойыңда да, ойымда Сен мен үшін Жеңеше боп қаласың.

5 қараша, 1993 жыл.

Page 204: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

204

ШАХАН МУСИН(80 жасына)

Сонау-сонау Колыманың түбінен, Талай сабаз сүйектері шіріген Мұз-моладан қайта-қайта түре кеп, Өліп барып, қайта-қайта тірілген Қайратыңа таң қаламын, ағажан, Кескініңе қарап тұрып бүгін мен!

Айнымайсың Аспаһани қылыштан Соққан бір кез асыл болат құрыштан, Батырлардың балуан қолын талдырып, Шыққан талай қанды қырғын ұрыстан, Шын мықты екен сені солай жаратқанКөкте отырған құдай деген бір ұстаң.

Тамаша актер, сергек сері, жақсы ақын, Құпия жан – ешкім білмес мақсатын, Такаббар ұл таудан биік кеудесі Адам түгіл, бұлт табаны баспайтын, Осы күнгі осал тұқым, нəсілден Ондай ұлды туа алмайды еш қатын.

Шахаң-Шахаң – шаң жүрмейтін маңынан, Таза туған ақ сүйектер табынан, Дауыл соқса жығылмаған бір шынар –Тағдыр өрті талай оны қарыған,Көргіш екен Рабиғадай қасқыр қыз Азаматтың арыстанын таныған!

Сексенде де сенде жанар ұшқын көп, Қызығамын отқа бірге түскім кеп.Қызығамын «өмір» деген сахнада Ең болмаса бірге ойнауға үш күн кеп. Мақтанамын мен де бірге жүрдім, – деп,

Page 205: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

205

Жүргеннен соң бірге шарап іштім, – деп.Бар бол, Шаха!

21 желтоқсан, 1993 жыл.

ШЕРХАН ДОС

Жылдар, жылдар... Кешегі керуен жылдар...Жолдар, жолдар...Ол жолда кім жоқ, кім бар, – Түгендейтін тұрып ап қыр басында,Кеше бота,Жүк артқан бүгін бір нар.

Дүние солай өтеді қайрылмастан Кешегіні бүгінмен айырбастап, Ағаң менен ініңді алмастырып, –Жоғың менен барыңды жайып тастап.

Шерхан, Шерхан!Отыз бес жыл бұрын, Сен,Жігіттіктің сүйреткен шылбырын, Сен, –Құнан едің құлдилап қырдан асқан,Бірде түзу, жүгірген – бір қырын, Сен.

Көп шабыстың ішінде кім аңғарған, Шығарыңды бұл күнде бір аңғардан, Шығарыңды шырқырап атқан оқтай Тосарыңды тозаңды бір-ақ алдан.

Сол шабыспен алты қыр, алты саты – Келіп қапсың бір шыңға алпыс атты,Ауыстырып ылаумен алпыс атты, – Ауыстырып сақалға жастық шақты.

Page 206: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

206

Енді ұйқының төбеңде бұлты сиреп, Сені де алға шығарды жұртың сүйреп, Сенің дағы аузыңа ел қарады, Азаматым бар ғой, – деп, арқа сүйеп.

Ал таң атты, күн шықты, сені оятты, Мемлекет жалауы көк байрақты. Қанат қақты, парламент қоңырау соқты, Үзеңгіге, батырым, сал аяқты!

Қақпа ашылды, сықырлап жөнелді есік, Біз тұрайық ентелеп, елеңдесіп,«Ұлт туралы сөйлеуге, трибунағаШерхан шығып барады» дегенді естіп.

ƏСЕТ ДОС

Əсетжан, əсем достық алауысың, Жығылмас Адамдықтың жалауысың, Ел үшін, ел сыйлаған заман үшін, Мен үшін, жарым үшін, балам үшін.

Достығың отыз жылдан асты міне, Қырықта қылшылдаған жас күніңде Сенімен кездесіп ем құшақтасып, Ант беріп, айрылмасқа бас тігуге.

Елестер сені көрсем қазақ жұртым, Білдірмей сол кездегі азын ұлттың, Көбейткен берекесін, аманбысың –Уа, менің Көкшетауым, Қазығұртым!

Халқыңа қызыл судай беделіңмен, Бір жаса сері көңіл сен еліңмен, Қиыннан қайыспаған қабырғаңа Сүйеніп əлі күнге келемін мен.

Page 207: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Сапырған дүниені Сыр суындай, Қайратың қара нөсер бір суынбай, Тағдырдың қырсығына қылыш ұрдың, Құдайдың қолындағы ұршығындай.

Зорықпай, талықпай да танауратып, Басыңнан уақыт бұлтын сан аунатып, Тұлпарым, тұяғыңа шаң жұқтырмай Жетпіске жетіп келдің жалаулатып.

Ал соған қол соғады Ғафу досың, Тірліктің бірге кешкен алтын көшін, Айтамын құтты болсын Көкшетаудан, Алладан əр тілегің мақұл болсын!

Сəлем де балаларға, Қапираға, Сəлем де қара шаңырақ қарт ұяңа. Барармын базарлыққа өлең артып, Қалсам да қатыса алмай қапияда.

Қашанда достық – деген атпен өскен, Қабыл ал «қайран досым, қап!» деместен. Сəлем де ел-жұртыңа тойлап жатқан Кəдімгі қара Ғафу, ақ Бəдештен!

11 қыркүйек, 1990 жыл.

Page 208: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

208

СЕЙДАХМЕТКЕ(жыр-шашу)

«Қалың қазақ ішінде Жомарт еді Сейдешің, Өзім деген кісіге Шешіп берер жейдесін!».

Сырты қара, іші ақ, Қоян ішік секілді. Қыста кисең ыстық-ақ, Балқытады етіңді.

Бауырыңды жібітіп, Бал мен жеміс жегізген.«Маңдай алды жігіттің –Осы нағыз» дегізген.

Кеше көрген туысың, Бүгін тапқан жолдасың. Іс істемес күні үшін, Өзі мықты болғансын.

Бақ дəметіп, шен сұрап, Жерлестігін сатпаған. Көзден жасы тамшылайКөмек сұрап жатпаған.

Жар саулығын тілеген, Ар саулығын сұраған, Аруақ өзі сүйеген, Аллаң өзі құраған.

Жүдеу тартқан шағында Қыдыр кетпей маңынан. Қайта түсіп бабына, Қайта дəулет дарыған.

Page 209: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

209

Атақты Медеу – бай жомарт, Адамзаттың асылы. Туған соны қайталап,Сейдахмет нəсілі.

Текті атаның баласы Тартпай қоймас нəсілге. Асып толса қанасы Айналатын теңізге.

Мың қойыңның ішінде Ақ мүйізді бір қошқар, Хан келсе де кішірмей, Қамшы тастап, сөз бастар.

Арғы атасы – Қасқарау, Бергі атасы – Қарасай, Белде күміс таспа-бау, Өңіріне жаға сай.

Емен садақ өңгерген, Еңсесінде ақ сауыт. Асу-асу жол көрген, Асау жауға көп шауып.

Айта берсең, жетпейсің, Ердің арғы түбіне. Бір айналмай кетпейсің Құт құйылған күбіге.

Сол Сейдешің келіпті Міне бүгін алпысқа, Нені көрді, нені ұқты Өмір деген тартыста?

Соны айтайын деді ме, Қаптап келген еліне,

Page 210: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

210

Елін баққан еріне Ер туғызған жеріне.

Ия, тыңдайық, тыңдайық, Сөйлесін, дос, сөйлесін, Көп жасасын халайық, Қара бала, қара шал, Қара тұлпар Сейдешің!

5 маусым, 1993 жыл.

БАЙҒАБЫЛДА БІР БАЛА

Байғабылда бір бала əннен туған, Ол барында арылмас елден думан. Торғын толқын мінгізіп өркешіне, Күн шыққанда көмейін нұрмен жуған.

Қайырмасы:Шырқа, бауырым, Туған аулың, Қуанып, соқсын қолын. Өткен алғаш,Сан сандуғаш, Бір саған берсін жолын.

Байғабылда бір бала сайрап тұрған, Таңдайынан бал құйып таңды атырған. Боз торғайы даламның сен жасай бер Өнерімен талайды таң қалдырған.

Байғабылда бір бала əн аулаған, Бірде шалқып, бір қалқып баяулаған. Туған жерді сарғайып сағынғанда, Соны ғана тыңдасам болар маған.

Page 211: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

211

БАУЫРЛАРДЫҢ БАТАСЫ(Олжасқа)

Қазақтың ұлы, Олжасым! Аруақтар сені жебесін, Құдайдың өзі қолдасын, Қиын-қиын сапарда Қыдыр болсын жолдасың. Қырғи талант, қылыш тіл Ел атынан сөйлесең – Дуалы ауыз қорғасын!

О, Олжасым, Олжасым! Бауырлармен бөліскен, Жиған-терген олжасын, Қиын күнде қол беріп, Қия шыңнан жол көріп, Тіккен үміт ордасын, Сен секілді ерлердің Еңсесі төмен болмасын!

Саған жаулық сағынған, Жауыз жандар оңбасын. Қамқоршы болдың сен елге, Кешегі күні СемейдеХалықтың көріп көз жасын, Тыйғызған ажал бомбасын. Бəрін айт та, бірін айт,Ұзақ та болсын өз жасың. Қадір алла, қабыл ет Бұл тілектің əммəсін! Аумин!

Page 212: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

212

ЕЛДІҢ ЖАҚСЫСЫ

Көңіл серігі, жанның құрдасы.Жаһанның байлығы, жалғыз бір басы. Елдің жақсысы, жақсы баласы, Сенен тілегім – сағындырмашы!Өмірге өкпем жоқ, бəрі бардай-ақ,Қалмадым ел үшін, қайран жанды аяп. Елдің жақсысы, ідесем сирексің Қос өркеш биік қомды нардай-ақ.

Page 213: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

БЕСІНШІ Б�ЛІМ

БАЛАПАНДАРАлматыда ауыл бар, «�афу» – оны& есімі.

Page 214: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

214

АЛМАТЫДА АУЫЛ БАРАлматыдағы №12 мектептің

2 «Ж» сыныбына

Алматыда ауыл бар, «Ғафу» – оның есімі. Қарсы алады бауырлар, Ашық оның есігі.

Əдемі екен, сəн екен Секілді ылғи қыр гүлі. Бəрі сəби, бала екен –Ол ауылдың тұрғыны!

Аппақ көңіл алаңсыз Бейне ақынның жанындай. Қара көздер, қараңыз Бақытты өмір шамындай.

Бала жастан себілген Асыл дəнге жетсін не? «О, жасаған!» – дедім мен, – Бергеніңді көпсінбе!»

Қалдым аң-таң абдырап, Ғажап еді бұл қандай, Кілең Ғафу жаудырап Маған қарап тұрғандай.

Кетті көзден жас шығып, Тұрды асылып кірпікте. Жақсы екен ғой жақсылық, Көрсең оны тірлікте! Рахмет, бауырлар! Сендер аман бола бер.

Page 215: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

215

Алматыда ауыл бар, Барсаң, соған соға кел!

12 мамыр, 1993 жыл.

БІЗДІҢ АЙДАР МЕКТЕПТЕ

Бүгін жарты ай, білім оты жанғалы, Біздің Айдар біріншіге барғалы, Иығына асып алған боқшаның Ауырлапты алғашқыдан салмағы.

Неге олай? Оның, сірə, бар мəні, – «А» əрпіне толып кеткен жан-жағы, Күнде бір «бес» – алып жатқан бағасы, Балықшы екен ылғи қапқыш қармағы.

– Мынау бала – əлден өзі зерек, – деп, Танып апты ұстазы да бөлек, – деп, Қуанады атасы мен əжесі: «Оқыған соң, солай оқу керек», – деп.

Ойын, ойын, ойын қымбат əлі де, – Бала ғой ол, ойынсыз күн сəні не? Кейде тіпті ойыншықтай қарайды Жаңа ғана алған «бестің» бəріне.

Түс көреді қызық-қызық не түрлі, Əне бір «А» дəптеріне секірді, Əне бір «Б» жүгіріп кеп қасына Əлгі «А»-мен ойнап жатқан секілді.

Ылғи таңда асығады мектепке, Жаңа таныс достарына жетпекке, Ылғи «бестің» қасына кеп бейтаныс Мына бір «төрт» тұра қапты теп-текке.

Page 216: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Кеше кешке көп ойнады-ау, шамасы, Жақын екен «бес» пен «төрттің» арасы, Дегенменен жараспай-ақ тұр екен, Өшіруге болмас па екен қарасын?

Өкінеді Айдар солай бір «төртке» Бағаның да мінезі бар кілт етпе, «Ертең оны «беспен» қоршаймын, Бүгін тиіп қайтем оған құр текке!»

Дейді Айдар, күбірлейді ақырын, Оңашада шақырады ақылын,Ақылдың да бар болғаны жақсы екен, Əйтпесе ғой, таяқ жейді «батырың».

Солай-солай, үйрет, бойыңды, Солай-солай, оят ерте ойыңды, Əлсін-əлсін аяйсың ғой, əрине, Босағада қалып қойған ойынды.

Атаң-əжең, əке-шешең өзі де, Жалған емес жақсы оқыған кезінде, Əсте бала тартпай қоймас теңіне, –Тез көнетін тəрбиенің тезіне.

Жаса Айдар, жақсы туған немерем, Жапырағым мен сенімен көгерем, Адам өмірі ұрпағымен ұзарар, Күнде өсемін, жаңғырамын, көбейем.

Соған куə, жан немерем, сен барсың, Сені көріп, мені де жұрт аңғарсын, Түбі менің жетпей қалған жолымды Əрі қарай жарқыратып жалғарсың!

10 қыркүйек, 1991 жыл.

Page 217: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

217

ƏЛИНАҒА ЕКІ ӨЛЕҢ

1

Үш жастағы Əлина – Ол ортаншы немерем, Сағынышты жанына Жинағыш ед не деген!

Əке-шеше алысқа Бір жетіге кеткенде, – Ата-əже, таныс та, Көзіне ілер жоқ пенде.

Өлеңі де, сөзі де Солар болып əр сағат,Түк құрлы да сезілмей Тұрсақ тағы қоршалап.

Жан ауыртты біраз күн, Түсінде де шақырып. Таусылды əбден лажым, Жұбатумен шарқ ұрып.

Олар үйге енгенде, Жолдарынан айналып, Шамасы жоқ лəм деуге, Қалды тілі байланып.

Əшейіндегі «шешеннің», Кірпіктері шық ұстап, Тамсанды да неше мың, Бір күрсінді дұрыстап.

Əжесінің көзінен Оңай жасы кетті ыршып.

Page 218: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

218

Жүрек шіркін өзімен –Өзі болып тыпыршып.

«Ойбайласаң табылмас, Əке-шешеге айырбас», – Дедім іштен мен-дағы, Бұрынғылардың сөзі рас!

2

Беске толған күні, сен, Салдың адам суретін. Бұрындағы білуші ең Бояулардың ретін, Бірақ онда, мен білсем, Ит пен мысық жүретін.

Сұрап едім «бұл кім» деп, «Аташа!» деп тіл қаттың. Өзіме өзім күлкім кеп, Ұзақ қарап мен қаппын.

Мұрын қисық, көз қисық, Үлкен басты, ши борбай,Намыс билеп, сөз қысып, Дегім келді: «қой, ойбай!»

Үндемедім, қатасын Қайран басым жаңа ұқты. Қожанасыр атасын Айнытпастан салыпты.

Талай-талай талантты Суретшіні көріп ем, Бірақ мұндай ғажапты Көрген жоқпын тегі мен.

Page 219: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

219

Мəз болдым да ойландым, (Уа, қандағы құдыретім!) Талабыңнан айналдым, Жақсы-ақ екен суретің.

Жақсы-ақ екен бүгін де Етсін атаң сəл сабыр, Сен саларсың түбінде Портретімді ең тəуір!

ҒАФУ – ҒАФУРАЛАР

Өзім – Ғафу,Қызым менің – Ғафура,Екі əріптіЖалғап тұрған атыма,Тағы меніңКелді өмірге немерем,ТаусылмайтынҰрпақ жайлы айтуға.

Оның аты – Бақытқызы Ғафура,Ол қырқынанШығу керек жақында,ШаңырағымдаЖаңғырады үш Ғафу –Бұдан артықСыйлық бар ма ақынға?!

Дүниедегі Ұлы байлық – Ұрпақ қой,Барлық арман – Соны сақтап тұрсақ қой.Өз алдына соның бəрі – несібе,

Page 220: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

220

Тас төбеңненТөгіп тұрған бұршақ қой.

Рахмет, тағдыр,Сенің жомарт қолыңа,Менің солайМаржан сепкен жолыма.Ал, Ғафулар,Бұйырамын сендерге, –Тізіліңдер Бас Ғафудың соңына!

Сонда көңілімЖазғы аспандай аршылар,КөкірегімненАйтылмаған əн шығар,Өз қанымнанӨмір жасап, бөлініп,ЖүрегімненТарап жатқан тамшылар.

Жасаңдаршы,Рахатқа тояйын,Өмірімді өңшең жырмен бояйын.Бер қолыма,Ғафураны кішкентай – Өзімді өзім иіскегендей болайын.

Маусым 1986жыл.

АЙДАР МЕН ƏЛИЯ

Бірің төртке, бірің толдың екіге, Бір қарадың жарық дүние бетіне, Екеуіңнің араларың бес-ақ күн, Март айының жарасып тұр көркіне.

Page 221: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Сендер енді балалары көктемнің Маңдайыңнан сүйетұғын көктен күн, Немерелерім – шыбығымның шыбығы Мен сендерді жүрегімнен өткердім.

Мен сендерді жанымменен қарсы алдым, Жапырақтарым бар, – деп, – менің жар салдым. Бөліп бердім бір-бір тамшы қанымнан. Суалмасын, – деп, – тамыры бақшамның.

Тəтті біткен немереге жете ме,Жетсе-дағы, көңіл күйін шерте ме, Ғафурадан туған менің қос қозым, Мен қой демен, ертелі-кеш еркеле! Мен қақпайын ешқашанда бетіңді, Мен ақтайын аталық бұл сертімді, Сендер-дағы кісі болып өсіңдер Жақсы жазған екі өлеңім секілді.

Бəрінен де аман-тірлік сол артық, Ата-анаң салған жақсы жолы артық,Өссін менің Əлияшым əн айтып, Айдарына, ағасына қол артып.

Замананың жақсы бейбіт, уақыты, Сендердікі берекесі, бар құты.Біз жартылай бақыт көрдік амалсыз, Балалардың бүтін болсын бақыты!

Наурыз, 1988 жыл.

Page 222: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

222

ТАҒЫ ДА ƏЛИЯҒА

Төртінші немеремсің – көзіңді ашқан, Көргенің аппақ дүние – жер мен аспан. Содан соң Адам аты тіршіліктен Алғашқы анаң болды амандасқан.

Сен – сəби ештеңеден хабарың жоқ, Өмірге келмесіңе амалың жоқ, Келген соң, бəріне де шалықтайсың, Сен үшін баршылықтың жаманы жоқ.

Шіркін-ай, мен де сендей болар ма едім, Бəріне сəби саусақ созар ма едім, Бəріне сеніп келдім мен де сендей, Əйтпесе, бұл бекетке соғар ма едім!

Тілегім – сенде менің болса қаным, Келеді болашағың болжағаным,Тартпа сен, өзге менің ұрпағыма Ойлайтын тіршілікте олжа жанын.

Тартпа сен, не əжеңе, не атаңа, Мейлі, түн келе ме, таң ата ма, Олар да жаман болған кісі емес қой, Жолыққан сан жақсы мен сан алқаға.

Əйткенмен, жақсыдан көп кіл жаманнан Олардың көңілдері кірлеген жан. Тіпті де олар түгіл, əкең, анаң, Жақсыны ажыратуды білмей қалған.

Сен маған өзім білмес шебердейсің, Берместі жұрт бермеген берердейсің. Сондықтан мен сенімен сырласамын, Сендей-ақ көрер жұмақ, көрер бейішім.

Page 223: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

223

Дариға, не ойламайды кəрі арыстан, Тірлікте ұсақтармен жаны алысқан, Қашанда көрінетін əдеті ғой Өзінен өрбігеннің бəрі данышпан.

Тартқайсың жаны жомарт, пейілі кең, Қуантқан серуені, сейілімен, Атаңа, жақсы қазақ ақынына – Қадірін қайран елі кейін білген.

Тартқайсың жақсы əжеңе Бəдеш деген,Ол жаққан от-шырақтың бəрі өшпеген, Ер түгіл есекке де үйіне келсе, Еркеле, етігің шеш: «Дəм іш!» – деген.

Тартқайсың қадірлінің бəріне сен, Тартқайсың шырқап салған əніме сен, Түбінде өзімді өзім сағынғанда, Сенімен, тек сенімен əңгімелесем.

Көп жаса, туған, келген күнің құтты, Сол үшін жинап едім бүгін жұртты, Сен менің кіп-кішкентай болшы күнім, Төбемнен көшіретін қалың бұлтты!

Мəселе – үлкенде емес, кішіде емес, Мəселе – тағдырдың да күшінде емес,Мəселе – адамзаттың көңілінде Біреуді кісі, біреуді кісі демес.

Түгендер пенде болмас армандарын, Үйімде кіп-кішкентай жанған жалын – Дүниеде елестетіп жүрсең болды, Атаңның ақ денеңе тамған қанын!

Page 224: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

224

ГҮЛНАРҒА

Жан Гүлнарым,Жалғыз қызы інімнің.Жұма ма еді,Қай күн еді бүгін күн?Сейткерейді тағы да еске алайынТұра тұршы,Асықпашы, құлыным!

Сен кетерсіңАқ ботадай ноқта үзіп,Бəлкім, сеніңАлдыңда тұр көп қызық.Мен қалармын,Жыл мүжіген бір жартас –Ескі күнді көз алдымнан өткізіп.

Мен сол күнгеКəрі көзбен бір қарап,Шыға алмаймынЖас дəуреннен шырғалап.Қартайдым ба,Кірпігімді күйдіріпБір жетім жас бара жатыр сырғанап.

Мынау кетіп бара жатқанСендей боп.Бұл дүниеден бүтін өткенПенде жоқ.Қимастықтың соғып өткен желі ғой,Əрине, оған жасымайын мен де көп.

Ақын болып,Көргенім жоқ кемсеңдеп,Ғұмырымды азайтсам да кем-кемдеп,

Page 225: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

225

Жай əшейін көңіліме келер мұң:– Əкең байғұс текке Асыққан екен, – деп.

Адал едің елге өзіңдей сенетін,Еңбек десе,Жаныңды да беретін,Сол еңбегің шықсын сенің алдыңнан,ПеріштеңдейҚиналғанда келетін.

Сол еңбекпен Қайда жүрсең еркін өс! Еркіндіксіз Босағаң да беркімес. Барын жұртқа Үлестірген Сейткерей, Бүгін құр қол Қалса дағы өкінбес.

Сол қасиеттіҚайда жүрсең тастама,БақытыңдыӨз қолыңмен жасқама.Қайда жүрсең,Жолдас болсын жақсылық,Жарылқаса,Гүл бітеді тасқа да.

Ал, балапан, Алаңдама тарт алға! Асын ішсін Алаңдамай атаң да. Қасиетті бол, Əулетіңдей адал бол! Осы берер Жасауым да, батам да!

Page 226: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

226

БАҚЫТҚА

1

Балам, сені осы көп Айтып жүр ғой жақсы деп, Мен өзім де ойламан Ақыл сенде тапшы деп.

Көз тиіп ед бір рет, Жүрек сорлы дірілдеп, Жарыла жаздап, сау қалды Естіген соң «тірі» деп.

Оның несін айтайын, Шүкірлікке қайтайын, Көргенімде қуанам Жеті сайын, ай сайын.

2

Мен ұлғайған шығармын, Сендегі өмір-жол əсем, Ақындықты бір алдың, Ақылымды көп ал, сен!

Кəрі таудың қойнында Жыл жинаған кені көп. Кəрі адамның бойындаАқыл жимас жері жоқ.

Ақша деген бір күнгі Бола қалған олжа ғой.Ақыл деген мың жылғы Тозу білмес қорда ғой!

Page 227: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

3

Мендегі арман – жұмыс тек, Қолым тисе – мың тəубе! Маңдайыңнан иіскеп, Шашыңды бір сипауға!

Ынсап пенен ынтаның Емі – өзіңді сəл билеу. Сенің де бір іңкəрің – Өз балаңды əлдилеу.

Білемін мен, нанамын, Шаңырақты сақтайсың. Ең асылы, қарағым, Кісілікті баққайсың.

Page 228: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

228

НЕМЕРЕЛЕР

Жексенбінің күніндеКелген сайын демалыс,Атасының үйіндеБолады үлкен жиналыс.

Бес немере бес жақтан –Үйдің іші толады.Бес саусаққа ұқсатқанАтасы да соларды.

Біреуі кеп қол беріп,Бірі бетін тосады,Қандай ыстық сəн-көрік,Үлкен үйдің ошағы.

Басталады бір думан –Сағынышпен қауышқан.Үйдің іші жаңғырғанАлуан түрлі дауыстан.

Мынау жаңа ойыншық,Мынау жаңа бір кітап, –Алдарына жайысып,Көздері де жыпықтап,

Бас изескен, тыңдасқан,Кенет айнып көңілдерБасқа ермекке ұласқан, –Бəрі қызық көрінер.

Жаңа көйлек, башмақтар,Жаңа мынау галстук.Панамалар, қалпақтар –Айырбастап алысып,

Page 229: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Кезектесіп киісіп,Қызықтасып, мақтасып,Сүйісіп те, тиісіп,Аздан кейін шатасып,

Қайсысына атасыБолысарын білмейді,Бəрі – өзінің ботасы,«Бəрімізді сүй» – дейді.

Сондайда бір тағы даАта – құшақ толады.Балапандар бағындаБағбандай болады.

Үйдің іші – хош иіс,Түгел жұпар айналаң.Қандай жақсы қосылысЖас бұлбұлдар сайраған!

Бұл ғажайып демалыс,Немерелер мекеніТұла бойға жаңа күшҚұйып беріп кетеді.

Page 230: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

230

АҚ КӨЙЛЕКТІ ШАЛ

І

Ағып біткен Дария,Енді кəзір жоқ санда,Болды ауылда қарияКелген жасы тоқсанға.

Оның кəзір куəсі аз,Замандастың бірі жоқ.Балалармен күні мəз,Үлкендермен жыры жоқ.

* * *

Айқай, жаздың кезі еді,Күнде думан болатын.Ар жағына өзенніңАуыл көшіп қонатын.

Ақ көйлекті балаларАсау тайдың үстінде,Қырдан асып жоғалар,Көкшіл сағым ішіне.

– Пай-пай, шіркін балалық,Ойна да күл – барын сал! –Деп қарайтын қадалыпАрттарынан əлгі шал.

Бəрі де оның өзініңШөбересі, шөпшегі.Санап шығу өзі мұң,Сол сəбилер көп, тегі.

Page 231: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

231

Бала біткен андыздап,Шалдың үстін басады-ай!Бейне үлкен қарбызғаҮймелеген масадай.

* * *

Күн сəулесі шашырап,Ауа жұпар сепкенде.Алтын аймақ атырап,Өмір күйін шерткенде.

Ақ көйлекті əлгі шал,Үйден шығып байыппен.Суын төгіп, алып сəлАйналысар қайықпен.

Ерте кезде еменненШапқан біреу – сол қайық.Атағы ескі дегенмен,Жүзуінде жоқ айып.

Жүзеді шал қалтылдап,Қолы ескекті бұлжытпас.Секілді оған алтын тақ –Жағадағы жұмыр тас.

Барып соған отырып,Омырауын ашады.Аздап терін кептіріп,Аздап демін басады.

Ал содан соң айқайғаҚұлақ тігер төңірек.Қарамастан ай-шайғаБала біткен төгілед.

Page 232: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

232

Шал бастайды жағадаКүндегі сол ермегін.Анталаған балағаБерер шешіп көйлегін.

Көйлек қолға тигесінКөкала көкпар басталып,Шал байғұстың жейдесінТартады бəрі бас салып.

Қызар майдан жарқылдап,Екі санын шапақтап,Шал күледі қарқылдап,Астау басы қалтылдап.

Күлкінің, сен көкесінКөрмей жүрген екенсің.Жұмыр тасқа жата қап,Шал соғады шекесін.

Көздің жасы шұбырыпКөкіректі жуады.Іште күлкі қыдырып,Шалдың шегін буады.

Өлімші боп күлкіденШал қалғанда əрең сау,Жалғыз жаға, екі жең,Өзге жағы қырық құрау.

Соры шыққан көйлекті,Береді əкеп балалар:– Бəрекелді, дүрлеттік,Болды-ау қызық, қан базар!

– Бірін беріп, бір күлемБас жұтамас көйлектен,

Page 233: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

233

Қайран, осы күлкіденАйырмасын! – дейді екен.

КҮН БАЛАСЫ

Қырауытқан қыс міне,Аспан ашық, дөңгелек.Целиноград үстінеКүн келеді өрмелеп.

Түсіп қалған секілдіКірпіктері көзінің,Күндегіден бір түрлі,Құлағы бар өзінің.

– Əже, əже! – деп БақытҚойды қолын шошайтып.– Күнді қара, бізге ұқсапАлыпты құлақ жасатып.

– Жылы киін, құлыным,Суық айдың келді іші.Құлағы болса, ол күнніңТоңғанының белгісі.

II

Келсе Бақыт класқа,Көрсе ішін аралап,Күндегіден бір басқа,Күндегіден əдемі-ақ.

Бүкіл мектеп күніменСекілді бір той-тойлар.

Page 234: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

234

Өңшең əсем киінгенАғайлар мен апайлар.

Радио саңқылдапСөйледі осы арада:«Батыр Титов – космонавтБүгін біздің қалада!..»

Қазір ме, əлде, түсте ме,Айтты Титов келем! – деп,Тыңның нағыз кішкенеБатырларын көрем, – деп.

III

Отыр Титов ортада,«Күн баласы» кəдімгі!Бойы биік ортадан,Мінезі де сабырлы!

Басын сəл-сəл қисайтып,Қарап Бақыт тоқталды.«Жіберсеңіз сіз айтып,Сұрағым бар!» – деп қалды.

– Осы біздің жер қандай,Қарағанда күн жақтан?– Бейне сенің шарыңдайКөкжиекке орнатқан!

Шар болғанда ғажап шарТұратындай қозғалып,Таулар, сулар, құрлықтарКөрінеді көзге анық.

Page 235: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

235

Мысалы, осы сен туғанТың даланың үстінен,Шолып қарап сыртынанТалай рет ұштым мен.

Оқи бердім, құмарттымБұра алмастан бетімді,Ғажайып бір ұлы ақынЖазған дастан секілді.

Отаны дəн-алтынныңЖарқырайтын жазда мол,Ұлы қазақ халқыныңДастаны ғой жазған ол!

– Бəрі саған көрінсе,Жүріп көктің жолымен,Жер мен Аспан, сеніңше,Қайсы жақсы, сонымен?

– Демен сені түзетем,Сұрау қойдың ең басты.Жер дегенің – біз екен,Біз болған соң, – жер жақсы!

– Енді менде сұрақ жоқ,Болсын батыр тегін кім?Жерден артық тұрақ жоқДегенсін, мен жеңілдім.

Ду күлісті бəрі де,Деді Титов – Жігітсің!Жас болсаң да, əлі де,Жер қадірін біліпсің!

Page 236: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

IV

«Күн баласы» қоштасыпКетті алысқа аттанып.Күтіп отыр хаттасып,Келеді деп көп халық.Бақыт келіп үйінеАйтты есінде қалды не.Əжесіне түніменШертті ұзақ əңгіме.

Сонда Титов депті оған:«Жалған айтып не етейін.Келесі бір сапардаӨзіңді ала кетейін.

Сайлап «Восток» кемесін,Бір жорыққа арнармыз.«Жер мен аспан кеңесін»Көкке барып жалғармыз».

«Дұрыс!» деген даусынанӨзі оянып кетті оның.Сонау қырдың астынанӨрмеледі көкке Күн.

Page 237: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

237

БАЛҚУРАЙ(балаларға арналған баллада)

Ертеде болды досым бала Ағыбай,Жан еді жас та болса талабы бай.Тыңдайтын жер-көктегі бар дыбысты,Ұстаздан күнде алатын сабағындай.

Кей кезде боз торғайдың шырлағанын,Бұлбұлдың көк тоғайда жырлағанынТыңдаушы ед баурын төсей жата қалып,Ұқпаушы ек өңшең бала мұның мəнін.

Бір күні жоқ боп кетті сол Ағыбай.Жаз келді қыс ауысып жылдағыдай.Сағынып қызық досты жүрдік аңсап.Жастықтың бұлбұлындай, гүл бағындай.

Жаздың бір жайма шуақ тал түсіндеЖүр едік торғай қуып тал ішінде.Сызылып сыңсып келіп бізге жеткенБір ғажап құлақ түрдік алыс үнге.

Балалар жапырласып шықтық қырға,Тыңдадық орналасып бір шұңқырға,Құлаққа үн келеді, иесі жоқ, – Қалайша таң болмассың бұл сиқырға!

Біресе құс болады сайрап тұрған,Біресе арыстандай айға атылғанГүжілдеп, арсылдаған дыбыс шығып,Алады зəремізді əлгі антұрған.

Біресе сыңғыр-сыңғыр бал бұлақтай,Біресе кісінеген арғымақтай,Қасқыр боп маңыратып қойды қуып,Болады жамыраған қозы-лақтай.

Page 238: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

238

Сызылтып жылағандай мұңын шағып,Киіктің қансыраған күйін салып.Біресе шуылдайды жас құрақтайБасынан өтіп кеткен құйын шалып.

Біресе майпаңдатып балапандай,Əн төгіп тұрғандай бір бала таңдай.Ұға алмай таңғажайып мына сырды,Болады көздеріміз алақандай.

Сонымен жұмбақ болып ол күн өтті,Біле алмай бəрімізді ой жүдетті,Сол түні барлық бала түс көріппіз,Шертістік ертеңіне сол бір кепті.

Бірі айтты: – Ол түсімде – шайтан екен,Шайтандар алуан тілде айтады екен!Бірі айтты: «Самалай» деген құс баласыОсылай шегін ылғи тартады екен.

Бірі айтты: «Ол түсімде, əжем айтқанАйнымай жүрген екен жезтырнақтан!»Бірі айтты: «Ол жалмауыз кемпір екенБір сайда алжып ажал жетіп жатқан!»

Осылай тұрған кезде дабырласып,Ал, кəне, баяғы үн тағы да шық!Кейбірі балалардың құлағын басып,Кейбірі аң-таң болып аузын ашып.

Сабырсыз сауық құмар шіркін жастық!Тағыда не болар деп тыпырластық.Сол дыбыс тағы шықты тым жақыннан,Жабысып жата қалып, бұғып, састық.

«Ай, нағып жатырсыңдар?» деген батылҮн шықты, үрейлендік өңшең «батыр».

Page 239: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

239

Болғанға таныс дауыс, жалт қарасақ, –Жымиып қасымызда Ағыбай тұр!

Көрінді өзгергендей бала мүсін,Ғажабын көрдім десем, нанамысың?Асынған қурайы бар, тесік-тесік,Тазартып сыңғырлатып алған ішін.

Көзіміз бəріміздің сол қурайда,Бұл қалай бұған дейміз болды пайда?Құшақтап жолдастарын, үйірлесіпБолған соң сөз сөйледі Ағыбай да:

– «Балалар, мен кеткенмін нағашыма,Нағашым қызыл құмның арасында.Сол кісі бұл қурайды сыйлап берген,Əн-күйдің кереметі – бəрі осында!»

Деді де, тартты аузына қурайды алып,Күй ағып саусақтары қунаң қағып,Ғажайып алуан түрлі үн құбылып,Кеткендей жер дүние шыр айналып.

Төңірек күйге толды, балқып маңай,Ағады бала Ағыбай шалқып қалай,Көзінен кей уақытта жасы парлап,Алады өз-өзінен толқып талай.

Дүниенің біз естіген дыбыстары,Қурайдың үнінде тұр дұрыс бəрі.Кешегі ғажап сиқыр осы болды,Сыйлаған Ағыбайға туысқаны.

Балқытты бəрімізді Ағыбай кеп,Əр уақыт əрбір күйге салады-ай кеп.Талдырып, тамылжытып тартып болыпҚурайын сүюші еді «Балқурай» деп.

Page 240: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Біз содан ауызға алмай Ағыбай – деп,Есімін атап кеттік Балқурай – деп.Даланың бар дауысын өзі салғанСендік біз күй атасы сол құдай – деп.

Ол əсем балалықтың жыршысы еді,Ол дəурен, жас салтанат тұрмыс еді,Сыйлаған табиғаттай нағашысы,Даланың дархан талант бір құсы еді.

Құс емес, бала еді ғой өздеріңдей,Қалмады қаршадайдан көзге ілінбей.Тудырған бала дарын, БалқурайынМезгіл жоқ, балалықтың мезгіліндей!

Page 241: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

241

АҚКӨЛ АҢЫЗЫ(баллада)

Аққу көлге қандай болса, Ақаң бізге сондай еді.

(Ел аузынан).

Торғайдың оңтүстігін алып жатқан,Ететін əлі күнге халық мақтан,Көктемде көк ереуіл – су жолыменТолқыннан жоны шығып, балығы аққан.

Бір көл бар Ақкөл атты айдыны кең,Таңдантқан тарихының байлығымен,Бетіне сан мың жұлдыз түссе-дағы,Көрмеген шатастырып айды күнмен.

Көл еді кемімеген сабасынан,Лебі ескен ырыздықтың жағасынан.Көктемде қар суымен тасып-толып,Асырып тоқтар еді шарасынан.

Ол өзі жай қазаққа теңіз еді,Тулаған ақ сазаны семіз еді.Қураған шөл даланың қу таңдайынЖаз шықса мың емшектен емізеді.

Баяғы бала кезім əлі есімде...Қиялдың мініп алып кемесіне,Ақкөлдің айдынымен жосушы едім,Қулақ сап ақ толқынның кеңесіне.

Ол сонда айтушы еді аңыз маған:«Бір сабаз, қазақтағы нағыз данаң –Тіліңнің осы күнгі тиегін ашып,Білімнің құдіретін уағыздаған». –

Page 242: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

242

Дейтін де, үнсіз қалып, сəл бөгеліп,Қайтадан енді баяу тілге келіп:Сұрама атын оның, басқа түгілМен-дағы айта алмаймын, үндемелік.

Əзірге «сыртың білмей, ішің білсін». –Не ғажап, нендей жұмбақ, нендей тылсымМынау кеп əлдене деп күбірлейді,Ұқпайсың мейлің жыла, мейлің күрсін.

Ақкөлдің аққулары баяғыданЖаз болса осы араны сая қылған.Сондықтан Аққу көлі – бір аты оның,Арылмас періште құс алабынан.

Бұл сəтте судан көркін байқап алып,Керіліп, кербезденіп, жəй таранып,Қасынан қайығымның өте берді,Сұрадым – осылардың айтары анық.

Болды олар бірдеме деп сөйлегендей,Үлкені жүзіп келіп көлденеңдей,Бəріне басын шайқап тұрып алды, –Қалыппен маған жұмбақ əлденендей.

Есімде «А» – дегені адамға ұқсап,Көзіме қара көзі қадалды сəт, –Айналып аяқ жағы сыңсуға оның,Секілді болып кетті азалы шақ.

Содан соң көтеріліп су бетінен,Қатайып қанаттары сүйретілген;Баяғы ғажап əнге қайта басып,Аспанды əшекейлеп суретімен.

Ақ жібек арқандай боп белдеу тартып,Жөнелді өз күйіне өзі балқып.

Page 243: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

243

Калыппын маңдайымды күнге тіреп,Ауада «А» дыбысы тұрды қалқып...

Ақкөл де, айтпады атын аққулар да,Айтпасқа мəңгі берген анты бар ма!Əрине, сұрағам жоқ адамдардан, –Ол туыс оңай жөнін таптырар ма!

Оларға айтқан сөзім дарымас деп,Белгілі ақиқатқа жаны қас – көп.Аузына тіршіліктің қақпақ қойғанƏйтеуір бір сұмдықтың бары рас деп

Жүргенде шаш ағарды, жас ұлғайды,Шығардым мен де есімнен тосын жайды,Кыр асып үйірімен кеткен жылдарШақырсаң, қайта басы қосылмайды.

Соңғы рет барғанымда Ақкөл – арыс:«Ақыным, есіңде ме айтқан аңыз,Аяғын қоя салған, басын бастап, –Белгісіз уақытта ақ-қарамыз.

Мен – Ақкөл, атым қойған – далам менің,Мені сен, – қара – десе, нанар ма едің!Жоқ, – дейсің енді кəзір.Сезген жоқсыңДегізген ақты қара заман лебін.

Бəрі де сонау күннің зіл заласы,Тірелген зəулім биік шыңға басы,Ахмет Байтұрсынов халі солай –Қазақтың маңдайдағы бір данасы.

Жоқ – дедік, жоқ – деп келдік, болмаған деп,Болса егер, ол – жақсы емес, оңбаған деп.

Page 244: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

244

Сұрасаң оның атын, тіл байланды,Біле алмай, біле тұрып, сорлаған көп.

Жазығы жарық дүние қолға ұстатқан,Қағаз бен қалам берген, тіл ұстартқан.Сол ТІЛДІҢ жасап мəңгі ережесін,Желісін мызғымастай дұрыс тартқан.

Секілді барлық əнің, барлық күйің –Бүгінгі кезге тосқан əліпбиің.Ақаңның ақылының жемісі еді –Саған – деп, тастап кеткен тарих сыйын.

Көгіңнен сұңқар еді саңқылдаған,Қаз еді, халқым-ай – деп қаңқылдаған.Ел түгіл, көл білетін сол сабаздың«Айт-айт!» – деп қоймап едің атын маған.

Ал, айттым, келді кезек тимей көптен,Күн кешкен айдау, азап кіл бейнетпен,Жан еді ол, жаһан сырын білсе-дағы,Еліне не жазғанын білмей кеткен».

Деп сөзін аяқтады Ақкөл маған,Баяғы сұрағына аққу да алаң.Боп жүрген, ол да үстімнен сырнайлаттыДауысы көл жаңғыртып «Ақаңдаған».

Қашанда тарихы жоқ ел болмайды,Еріксіз, еркіндіксіз ер болмайды, –Осынау жай шындықты айтқызбағанНендей сор, бізге келген нендей қайғы!

Мағынасын сол сұрақтың енді бағып,Сірескен миындағы сеңді жарып,Сананың сарайына жарық түсті,Көз байғұс көр дегендей бəрін анық.

Page 245: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Мезгілсіз меңіреуліктің түкпіріненАшылып жатыр шындық жік-жігімен,Күн туды құр сүлденің құрсағынанКөп уақыт өліп жүрген рух тірілген.

Халықпын, ұлтпын деген бір мақтанышЗымырап жетті бүгін ұрпаққа алыс.Елім деп еңіреп туған сан ерлердіңЕсімі болашаққа болмақ таныс.

Бір заман айтуға да тыйған атын,Барды жоқ дегенге тек иланатын,Келмеске кетті қырсық,МойындағыШешілді қыл арқаны қиянаттың.

Ел болып алғыс айтып бұл дəуренгеҚан, жүрек жақсы соғып тұр кеудеңде.Халықтың денсаулығы – зор бақытыРухтың бостандығы болған күнде.

Куаныш! Куанышқа шек жетпейді!Өжет ел өз тарихын тергетпейді.Қаңқылдап қайтқан қаздай мекенінеОралды он сан сабаз шөлдеп пейлі.

Тағы да түспей қайнап қазаны оттан,Той жасап жатыр бүгін Қазақ атаң,Бір кезде аспандатқан аруағынАйналып кетейін, – деп, – азаматтан.

Сан жылдар Ақаң жайлы аңыз айтқан,Соңғы рет тілдің майын тамыза айтқанҚұттықтап қайта туған перзентіменЖақында Ақкөл жаққа барып қайтам...

Page 246: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

246

«ЖЕР ЖҮРЕГІ»КІТАБЫНАН 1967 ЖЫЛ

КЕГЕНМЕН КЕЗДЕСУ

І

Марттағы қыстың жауызын-ай,Жаздырмас жаурын-сыртыңды,Үңірейген мылтық аузындайЫзғары жаман бір түрлі.

Келеміз бірге үш ақын,Төртінші жолдас партизан,Жол десе құстай ұшатын,(Əңгіме десе аққыған).

Асу бір жолға жайлы екен,Аузында əзіл, жаны жаз.Асатқандай-ақ майлы еттенОл айтса сөзді – бəрі мəз.

Қызық-ау оның күлкісі,Шарт ете қалған аспандай,Оны естіп таудың түлкісіОн екі қырдан асқандай.

Қойшы, əйтеуір ол шалғайҚысқарып кеткен секілді.Жəрмеңке, базар осы айғайҚұсша алып жеткен секілді.

Көрінді сонау беткейденКөлденең село мұнартқан,Екінді тартып еңкейгенСалады көзін күн арттан.

Page 247: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

247

ІІ

Ертеңгі сағат он болған,Клубтың маңы өзге шу.Халықтың жаны жаңғырған,Өтті бір əсем кездесу.

Оқылды жырлар, арнауларЖүзіміз нұрға шомылып.Небір де шырқау, самғауларКөңілден жатты көрініп.

Əр жерде қызу бір шоғыр,Жарқылдап жүрген кітаптар.Секілді бейне гүл шоғынТартуға ап жүрген құшақтар.

– Əттең-ай, əттең жоқ кітап,Қарашы мынау аузына!Жүретін халық қолтықтапБар еді-ау бізде қазына!

Бұл кітап, сірə қай да мол!Аз ба едік іздеп жол тартқан!– Алдырды кеше АйдаболАнау бір Ақсу, Сарқандтан.

– Оларға керек емес пе!– Олар да жүрер ізденіп.– Сендерге ақын келгенше.Береміз əкеп біз, – дедік.

– Əрине, жақсы шай мен қантЖылына жетер мол алған.Бұл күнде мынау жамағатКітапқа құмар боп алған.

Page 248: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

248

Беттері демек...ал, досым,Байқасаң мұнда қызықты бір,Кемпірі болсын, шал болсынБəрінің беті қып-қызыл.

Кім көрген елді мұндайлықСəулелі кескін, нұр маңдай.Денсаулық деген бір байлықАйтпай да сөйлеп тұрғандай.

Басталды жиын.Таныстық.Қадалды көздер жан-жақтан.Айтылған сəлем бəрі ыстықЖүректен шығып кеп жатқан.

Не бір де шешен, білімпазҚұяды сөзді жаңбырдай.«Мынауың көп те, мұның аз»Айтады бірін қалдырмай.

Еңбегің, ақын, – егін жай,Алатын солар дəн жинап.Садаға кетсін, – дедім-ай,Дүмбілез кейбір кандидат.

Махаббат құрмет астындаКөміліп басың жатсын да,Көтеріп айтса – массынба,Кемшілік айтса – жатсынба!»

Ризамын, Лиза қарындас,Бір жетті төбем аспанға.Өзіңдей сыншы табылмасМен жазған өлең, дастанға.

Сөзің де сенің болмады-ауОрынсыз мақтау, бекер сын.

Page 249: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

249

Алғыспен сəлем, қол бұлғау,Ағаңнан қабыл етерсің!

...Бұдан соң концерт. Əн-өлеңБи менен күйде жоқ қисап.Биледі-ау бір қыз, «пау!»деген,Жүгіріп жанған от құсап.

Біресе сол қыз аяулыСыбызғы күйін шалғаны-айҚұлаштап созып баянды,Құлатып əнге салғаны-ай!

Алдыңнан бейне кіл аққуӨткендей көзден сияғы-ай!Төгіліп көктен əн «Гəкку»Жөңкіліп жерде күй «Адай».

Қашанда, қайда бармайық,Деместен көктем, күз келді,Қанатын күй мен əн жайыпҚарсы алады ылғи біздерді.

Кезсең де не бір жер шетін,Ғажап-ау дейсің бұл нендей?Кəдімгі «Қазақконцерттің»Қасыңнан қалмай жүргендей.

ІІІ

Күн шықты тағы таулардыңЖалаңаш төсін қызартып.Ертемен жүрген жандардың«Көлеңке басын ұзартып».

Page 250: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

250

Келеміз заулап, даланыңҰйқысын бұзып, шаңдатып.Сақтаған деген ағаныңАулынан шығып дəм татып.

Сақтаған демек, ол кісіОсы елдің басшы ағасы.Тəжірибе ақыл, мол кісі,Елулер жасы шамасы.

Талай бір тағдыр тартысынБасынан кешкен жайы бар.Айтқызбай сөздің жартысын,Алыстан шапшаң пайымдар.

«Зор Əкім болған бір кезде», –Деп қойды біреу сыбырлап.– Бай кісі-ау шіркін мінезге,Жатпайды ашу шығындап!

Үстінен түйе жүрсе, түкҚабағын шытпай шыдаған.Маңдайдың терін бір сүртіпМаңқиып қарап тұр ағаң.

Бұрынғы ұрпақ ғажайып,Қадірін соның білсең-ақ!Осылар қазір азайыпБарады сиреп жыл санап, –

Дейді хатшы жас Төлен,Шылымы қолда сөніп қап.Жағалай шыңдар тас төбең,Машина суға төніп қап...

...Ақсайдың басы бір ауыл,Жатқандай жусап жерге күн.

Page 251: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

251

Мекені екен бір бауырАғайынды өскен ерлердің.

Үлкені соның Ыдырыс,Қарсы кеп мынау қол алған.Жақында ғана бұл туысСъезге барып оралған.

Ыдырыс деген қайраткер,Ыдырыс деген ірі адам.Өмірі бейне бай дəптер,Көбі кеп ақыл сұраған.

Бауырыңа кіріп туыстай,Ізетпен кейде қысылған.Жабырқау тартып суыспай,Жалпылдап жанын ұсынған.

Қадірлі еңбек, ақ еңбекБойында сабыр құйғандай.Үлкенді асыл ағам деп,Кішіге көңілі имандай.

Осынау дала секілдіҚарапайым өзі де.Кейбіреудей желпілдеп,Көтеріңкі айтпас сөзді де.

Көңілінде мол-ақ шүкірлік,Көкірегі ашық өскелі.Ойында оның бір күндікАбырой емес көшпелі.

– Ортадан герой сайлайтынБарлығының табысын,Барлығының намысынБір кісіге байлайтын.

Page 252: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

252

Жалғаншы кейбір қылықтар,Жоқты – бар деп мəз қылған.Өрге аспай ондай былықтар,Өмір өзі жазғырған.

Дейді бастық Сақтаған,Ыдырыс үнсіз тыңдайды.Сол үнсіздік көп мағанЕскертеді бір жайды.

Дүниеде шіркін адамныңЕңбегі жанбас кез бар-ауЕсіміңді атау оған мұң,Есіне де алмас кез бар-ау.

Қара жердің қыртысынҚара тер боп көтерсең,Осының бəрі жұрт үшін,Жұртым көрсін десең сен,Жұртың кейде көрмейді-ау...

Ал көрді ме, – көргесінТүймедейің түйедей.Бір түспейсің жерге сен,Кеттің шырқап сен «кедей!»

Былтырғы жақсың биылға,Келесі жылға жараған.Сен əңгіме жиында,Сен – əуезе тараған.

Əрине, мұндай қылықтыӨзіміз сынап, түзейміз.Кезінде қате кім ұқты,Түзуміз кəзір біз, – дейміз.

Біз өткен жолды теп-тегіс,Ақ айдын еді дер кім бар.

Page 253: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

253

Ерлікпен басып өткенбіз,Менің де сонда белгім бар.

Қатемді бүгін көрем деКөре сап дереу жөндеймін.Дертімді бүгін көрем де,Көре сап дереу емдеймін,Сау тұрмыс, аман тіршілікАқылдың ісі – сол деймін!

Тарт бауырым Ыдырыс,Иесі сенсің жер-көктің.Бұл байлық, бақыт, бұл ырысАрқасы адал еңбектің.Еңбексіз жерде жоқ тірлік,Еңбексіз көкте сөнбек күн.

V

Ыдырыс айтты: – жігіттер,Одағы қызық бір сайран,Болады мұнда бүркіттер,Қызылға күнде қисайған! –

Ду күліп жатыр жас жағы,Өзіне мұны жорысып.– Ол да бір дала дастаны,Ол да бір сайран, ол ыстық! –

Дейді Ыдырыс тағы да– Осында біздің ағай бар!Мықты ғой шалдар бабына.Шаруасы сол құс – бар ойлар.

Барайық! – деді. Бардық ал!Пай-пай, шіркін, шалымды-ай!

Page 254: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

254

Алтын артқан алты қапКегеннің қара нарындай!

Еңсегей бойлы, тік тұлға,Емендей күрең балта алмас.Жарасар мұндай мықты ұлғаАсынып жүрсе алты алмас.

Қазандай қара бөріктіКөтерген басы – бойға сын.Көк темір кисе көріктіБолғандай ма деп те ойлайсың.

Көздері қандай шын өткір,Зулаған оқтың өтіндей.Əншейінгі адам жүдеп тұрАлдында оның жетімдей.

Қайрымды, ақыл нұры барАлайда бірақ сол кездің.Шіркін-ай талай сыры барАна бір өткен, сол кездің,

Шынында алмай бетімдіОсынай айбын кісіден,Махамбет келген секілдіМасайрап қалдым ішімнен.

Абырой, бақтан, биліктенШыңдағы қымбат кəрі ұя,Қысы да жазы биіктенБір түспей жүрген қария.

Жаны да оның қалайша,Асқар да биік болмасын!Ары да оның қалайшаТаза да сүйрік болмасын!

Page 255: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

255

Ұшыр, қария, құсыңды,Құстарың ылғи көп болсын!Қарғадан аспан ұшында,Сұңқар мен қырғи көп болсын.

VI

Қадірлі елі Кегеннің,Қасиетті менің ерлерім,Аяулы бəрі көргеннің, –Абзал бір сенің еңбегің.

«Алтын да бесік, кең жайлау»Жарықтық елдің құшағы-ай!Рақатқа көңіл бір қанды-ау,Жіберген аттай тұсамай!

Парткомде хатшы – жас Төлен,Ішінде соның сен барсың.Алғысқа толы осы өлеңСаған да тура арналсын.

Биіктеп əні жалғанып,Аспанға күнде үш барған.Жұлдыз тағып, мал бағып,Ит жүгіртіп құс салған.

Талантты халық, ер халық,Мен сені қалай сүймейін!Жолыңа сенің құрмалдық,Өмірім менің бұл! – деймін.

Тасқындай қайнап тағы бірКеле де жатқандайсың сен.Көкала нөсер, көк жаңбырКөктемге тартқандайсың сен!

Page 256: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Өртеңге шыққан жауқазын –Өренің қандай көп еді!Қаңырап бір кез тау-тасың,Қаңқ етпес күндер боп еді!

Шүкірлік, елім, шүкірлік,Бозаңда жортып боз киік,Болады əсем бұл тірлікБұза алмас ешкім көз қиып.

Сахара дала, сайын белАқ саумал, аппақ жел барсын.Мейілің күн-түн сайын кел,Қарсы алар қазақ ел барсың!

Əнменен жаның егіз бопТарихтан танбай тартарсың.Болашақ атты теңізгеСарқырап құйып жатарсың.

Кеген – АлматыМарт, 1966.

Page 257: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

257

«БЕЙБІТШІЛІК ДАУСЫ»кітабынан 1951 жыл

БЕЙБІТШІЛІК ҮШІН

Мыңдаған қалам өрнегі түсіп,Алуан көздің от ізі қалған,Талайдың басып алақаны ыстық,Келесі қолға суымай барған;

Маған да жетті сол қағаз қымбат.Жүректен шықты мызғымас антым.Қаламның бойын қуалай зырлап,Құйылды барып қағазға əрпім.

Үндеуден көрді, көзім тез шалып,Інімнің қолын қойылған шапшаң.Тұрғандай болды тұтасып, халықОсынау байтақ астында аспан.

Жалауын бейбіт өмірдің ортақКөтеріп қолдан айбарлы үнмен.Жауыздық үнін жаныша шырқап,Өзімдей ұлан өмірді сүйген.

Толды бір кеуде сезіммен күшті,Халықтың алып қайратын көріп.Келешек маған жымыя түсті,Өзінің ғажап ісіне сеніп.

Page 258: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

258

«ШАБЫТТЫҢ ҚАЙНАР БҰЛАҒЫ»кітабынан 1959 жыл

МИЛЛИАРД ДЕГЕН САЛМАҚПЕН

Айбыны күздің ежелденАқ жауын, нөсер, ақша қар.Асырсаң артық кезеңненАшуын айтпай, бас салар.

Биыл да салды қиғылықДағдыдан тіпті ерте кеп,Қара бұлт қаптап ұйлығыпБұрқана шөкті жерге кеп.

Басталды үлкен арпалыс,Табиғат-адам қат-қабатКөрсетті адам асқан күшАстығын бермей арқалап.

Жағаға тиген жармасыпҚайырып күздің шеңгелін,Алтын бір өзен арнасынАғызып жатыр ерлерім.

Серттескен жерде мызғымайҚалатын халқым қашанда.Ашулы болса күз мұндайБұғалық дайын асауға.

Page 259: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

259

«АҚЫНҒА»кітабынан 1954 жыл

АБАЙ ҚАСЫНДА

Жартасқа барған жалғыздыңДауысы күнде мың шықсын,Түн күзеткен байғұздыңҚұлағы сорлы, нені ұқсын?!

Сəлем еді айтқан бүгінгеАраға тастап талай жыл,Күндіздей жарық түні де,Жадырап қазір Абай жүр.

* * *

Теңізде туған толқынныңТатулығы тым ыстық,Бірінің бірі қолтығынСүйеп жатыр, сүйісіп.

Сондай-ақ, досым, біздергеДау айтады қандай жан,Жыр қатарын тізердеЖаралдық десек Абайдан?!

* * *

Жыр жазамын дегенде,Сөзден тыяр лас. Бөтен –Жетімдік көрмей өлеңдеƏкесі болған жақсы екен!

Page 260: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

260

«БАСТАУШЫМЫЗ ПАРТИЯ»кітабынан 1961 жыл

БАҚЫТ ТУРАЛЫ ДАСТАН

Партия программасынаПартия-ең ұлы бір ақын маған,Қолында халық берген алтын қалам,Сол қалам жазып шыққан əрбір жолданАдамзат болашағы жарқылдаған.

Оның зор тақырыбы-жырламағы –Адамның бақыты мен нұр қадамы,Бастаған өз дастанын аяқтауға,Ленин бізге берген бұл Дананы.

Партия, өзіміздің партиямыз,Əлемнің болған бүгін халқына аңыз.Сенгенбіз, əр күн сайын сенудемізИльичке, оның берген антына біз.

Тағы да оқылық біз ғажап дастан,Əр жолдан, əр əріптен көз алмастан.Бар əлем бір-ақ күнде оқып шыққанДəл мұндай жазды кітап қай данышпан?

Жазған жоқ, жазбайды ешкім демі шағын.Кеңіткен ел төбесін, ел құшағын.Күш қана жазады оны, ер ТитовтыОралтқан он жеті орап жердің шарын!

Бұл дастан – Бақыт дастан, Өмір дастан,Алғы күн аңғарына көзіңді ашқан.Жіберді ол жеңіске орап, жеңіске орапКүн сайын адымымды өзім басқан.

Page 261: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Бұл дастан жояр жерден дұшпандықты,Жомарттық шығыр қуып іштарлықты.Бұл дастан қастерлейді адамдықты,Өмірге, татулыққа құштарлықты.

Партия – ең ғажайып ақын маған,Қолында халқым берген алтын қалам,Ол жазған əр əріптен қасиеттіАлдағы асыл күнім жарқылдаған!

Page 262: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

262

«АТАМЕКЕН»кітабынан 1981 жыл

ЕЛІМ МЕНІҢ

Қазақстан – менің туған анамсың.Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан.Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.

Тарих маған талай-талай соғар деп,Жатқандайсың асықпасам болар деп,Бақыт өзі менде туған құс еді.Күнде менің басыма кеп қонар деп.

Қазақстан-ғажапстан, жер дүлдүл,Болашаққа самғат ұшқан сен бір жыр.Ол таусылмас, ол сарқылмас өзіңдей,Оны талай өтер жырлап ер бұлбұл.

Елім менің, атыңды атап ер жеттім,Ақ сүт беріп, əлдиіңмен тербеттің,Тербеттің де, құдіретті сөз беріп,Тек өзіңе тең биіктен сөйлеттің.

Сəл жасқанып, сəл қорынып шегінсем,Шапалақпен өзің тартар едің сен,Қолтығымда сенің қолың тұрғаныШаршы топта шаншыла бір көрінсем.

Қазақстан деген жалғыз сөзбенен,Салмақтырақ тарта берем өзгеден.Ең шетіңе қойып қойған белгіңдей.Жолаушыға сені іздеген кез келем.

Кез келем де, ала кетем далаңмен,Өзім білген бар күйіммен, бар əнмен.

Page 263: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

263

Сені жырлап таныстырам жолшыбай,Тастап кетер тартпай тусам саған мен.

Жарқын жылдар хиқаясын шертем мен,Зымыратып мынау ғажап өлкеммен,Бір тарауын кеш те зорға тауысып,Келесісін бастар болам ертеңмен.

Бастаймын да бал қымыздан сəскелік,Ақ жүректен, ару қолдан ас беріп,Аралатам алтын айдар қаланыСап тастаған нелер мəрмəр тасты өріп.

Бір кездегі жетім дала, бос мекен,Жерімнен мен жеті жұмақ көрсетем.Жолаушыма дегізбесем маған серт –Бар өмірім осында өтер болса екен!

Соның бəрін көрсеттірген өзіңсің,Ғажаптармен жол шектірген өзіңсің.Қазақстан, менің Қазақстаным,Сөзімсің де жұртқа қатар, көзімсің!

Жарқыра сен жарты ғасыр жасындаБіз тұрамыз ғасырлардан ғасырға.Көк белдеулі оттай қызыл ту ұстап,Қазақстан деген сөздің қасында!

* * *

Кеудеге туған жердің нəрін жинап,Жыр құйған ақындардың бəрі қымбат.Солардың бірі өмірден кеткен сайынҚалады қаным құрғап, тауым қирап.

Page 264: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Кең өлкем, көркің жақсы-ақ шығар,Солар ғой одан сайын мақтап шығар.Солармен сен қымбатсың, сен асылсың,Өсірген өңшең өрім аппақ шынар.

Бір солар сені мұнша əулие еткен,Шыға алмай қалғаныңда қалың өрттен,Солардың құлын даусы шырқырағанАжалдың апатынан алып өткен.

Тиме сен, сүй оларды, қорға оларды,Баққанша басқа масыл қарғаларды,Қолдағы бар тұйғынның қадірін біл,Қорлама, қолтықта да қолда мəңгі.

Көпсінбе, солар қаптап кетсін мейлі,Бəрі де сенің қолың жетсін-дейді,Олардың ең байғұсы сен деп өлер,Көпсінбе, аспан құсын көпсінбейді...

Page 265: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

265

БАЛЫҚШЫ ИВАН(Балаларға арналған шағын поэмалар)

Арнау

Аманбысың, жас достарым,Айттым сəлем ағалықпен.Жақсы болды-ау бас қосқаным,Келді уақыт жаңа күткен.

Берейін бір əңгіме айтып,Жырлап Иван уақыйғасын.Сабағыңнан үйге қайтыпБарғаныңда оқығайсың.

І

Бала едік біз өздеріңдей,Бала едік біз кеше ғана,Жүретінбіз көзге ілінбей,Көзге ілетін шеше ғана.

Томпаң қағып, үйден шығып,Сүйретуші ем қол шанамды.Бірде жыйып, бірде сығыпУыстаушы ем ақша қарды.

Жұмсақ қарды бала көңлімТөсегім ғой деп білетін.Су боп қалса, анам меніңКиімімді кептіретін.

Тағы ойнаушы ем киіп алып,Мұз-сырғанақ шақыратын.Менің бала досым ТəліпҚойыныма қар тығатын.

Page 266: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

266

Досым берген ойыншықтайТөсіме оны басатынмын.Жеткенше үйге, қолым сұқпайКөріп мəз боп, тасатынмын.

Келсем үйге, қарасам менОйыншығым жоқ болатын.Қоян ішік, қолғап мүлдемТағы да су боп қалатын.

Ұрсушы едің, күлуші едің,Сонда маған, қайран ана!Мен асығып тұрушы едім,Шақыратын қайта дала.

Төзуші едің асып жатқанБейнетіме қысты күнгі,Бой қыздырып, баурым жылтқан,Не дермін сол ыстығыңды!..

Өтуші еді осылай бірБалалықтың талай қысы,Күміс өзен, жасыл адырЖазымды да жазайыншы!

ІІ

Шіркін, ұзақ жүруші едікКүтіп көктен шағаланы.Уəделесіп, кетер келіпКөрші ауылдың балалары.

Ол уəде əлі есімде,Əлі есімде, ұмытпадым.Бармақ едік дəл кезіндеКөп жеріне жұмыртқаның.

Page 267: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

267

Талай бала сырлас едік,(Не бар сырды жасыратын!),Елегізіп тұрмаушы едік,Естігенде асық атын.

– Суға атып ең бір сақамдыЖазбайды, – деп, – тəйкесінен.Салдың, Тəліп, бір сойқанды,Үңілдім мен су төсіне.

Шығар ма ол суға атқан соң,Шығады деп тостым бекер.Тереңіне бір батқан соңСақаны айдап тасқын кетер.

Өтер солай балалық та,Жыл тасқыны айдағасын.Кетті достар шар тарапқа,Қайда Тəліп, қайда Қасым?!..

ІІІ

Бала едік қой өздеріңдейКүнге қарап біз жымыйған.Қарттар бар ғой өз жеріңде,Болсын таныс біздің Иван!

Біздің Иван, құрдас Иван,Келді сексен яки жүзге.Қалмайтынбыз біз қасынан,Əйтеуір сол жақын бізге!

«Нешедесің, ата?» – десек,– Бір жасым аз, бір жасым көп!Жұрт əшейін айтады өсек,Мен сендермен құрдаспын! – деп,

Page 268: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

268

Жымыятын, күлетін де,Таңқалушы ек біздер оған.Жоқ шығар-ау жер бетіндеСуда одан көп жүзген адам!

Қолдан ойған қара қайық,Шығыршығы алқымында.Жүруші еді ол ауын жайыпТорғай-өзен толқынында.

Жардың жайпақ жағасындаАқ шатыры желпілдейді.Көруші еді ол баласындайКірсең, шықсаң еркің мейлі!

– Ау, қараймыз бүгін кешке,Дайын болсын қапшықтарың!Сен, Тəліпжан, төбелеспе!Мен сендердің бастықтарың!

Үшеуің де бірдей келме,Сен, Қасымхан, шатырда қал!– Қалмаймын мен!– Ойбай, неге?Олай болса Мақтым қалар –

Бас изеймін, көнемін де,Иван айтса, шама қайсы!Емес қашық көлемі де,Шатыр менен ау арасы!

Күн ұзаққа мекенімізШатыр маңы-ескі жыртық.Үйді ұмытып кетеміз біз,Уəделі кешті күтіп.

Page 269: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

269

Барып қайтып жүреді ИванҚаладағы өз үйіне,Арба жегіп ридуан1

Қызыл қасқа өгізіне.

Ридуан ба, білмейміз біз,Тек əйтеуір алабы бар?Шатыр бағып жүреміз біз,Иван өзі қала құмар.

Айтпақшы, мен ұмытыппын,Кешіріңдер оны бірақ,Таныстырып келді шыққым,Иван жайын толығырақ...

Мəселе бар бұл арада,Айтпай кетсек болмайды енді:«Қазақ» дейді – шындығында –Оны туған Торғай елі.

Көпті көрген талай шалдарНасыбай сап, шырт түкіріп.Бұл жөнінде таласа аларТымақ шешіп, шарт жүгініп.

Ортаға əкеп салады оларБірге өскенін Иванымен,Жалаңаяқ талай жылдарАсық атып, қырда жүрген.

Жас шақтарын еске алады,(Қартайса адам, солай білем,Кəрі көзден жас тамады,Соны айтқанда олар кілең).

1 Арба

Page 270: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

270

Қалай енді таласарсыңКөріп шалдар көңіл күйін?!Қартайғанда өткен күнгеКуə табу болар қыйын.

Тірі қалған бес-алты шалСол Иванның серіктері,Сендірді де өзгені де,Өздері де сеніп келді

Иван қазақ деген сөзге.Иван да оған таласпайды.Насыбайдан бір атып апШалдар сөзін растайды.

Сол шалдармен жарысқандаАйтысып не аңыз ғажап,Не əзілмен сайысқандаӨзі де енді нағыз «қазақ».

«I» дыбысын «ы» ғып айтып,Кететіні бір бар еді!Сөйлегенде қол шошайтып,Оң жақ көзін жұмар еді...

Үй де өзінен басқа жаны –Бір ұл, бір қыз, бір кемпірі.Сол үшеуі басқарады,Үй жұмысын күнбе-күнгі.

Қасқа өгізін айтып қойдық,Итін болар айтпаса да,Себебі ол зəрені алыпҮретін-ді, қаппаса да.

Үйі оның тал шарбақтыҚаланың дəл ортасында.

Page 271: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

271

Ол шарбақты қашан қақты,Білсең, досым, айтасың ба?

Айта алмайсың, себебі оныАйта алмайды Иван дағы.Сұрармыз біз келер жолы,Болжаймыз ба күнді алдағы?

Алдым, бəлкім, іш пыстырып,Иванды ұзақ таныстырып.Аз тыныстап алдық демді,Жалғайын мен əңгімемді.

ІV

Қарап құздың шоқтығынанКүн тұр міне батыс жақта.Ау қарауға шықты ИванБалалармен осы шақта.

Қасым, Тəліп есі кеткенҚол бұлғайды маған қырдан.– Əй, Мақтым, сен қос шелекпенСу əкеп қой! – дейді Иван.

Аналардан бұрынырақКіріскенге міндетімеМен де мəз боп қалдым қунап,Жүзді қайық су бетінде.

Жүзді қайық су бетінде,Күміс ирек ізін тастап.Ескегімен суды тілеАуына Иван барды бастап.

Қандай қызық, расында,Иванның мəз түрін көрген!

Page 272: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

272

Қалып шелек қыр басында,Жар жағалап жүгірдім мен.

Көріп Иван аңдып тұрыпДеген даусын: «Қайда, қайда?»Кешкі өзен жаңғырығыпƏкетеді əлдеқайда.

«Аудан үркіп кетер балық!»Деген Иван өкінішін,Есітіп қап, жата қалып,Енді сезіп отыр ішім.

Қалмадым мен сонда дағы,Қатарласып қайықпенен.Иван ауын қолға алады!Көзі толған балықпенен.

Қатар-қатар тізілген ауҚалтқылары батып төмен.Сол бір мезет қызық еді-ау,Ойнаса қол балықпенен!

Көрсе көп сыр түсінер ед,Сол уақытта кім Иванды!Төніп аудың үстіне кеп,Қызық еді-ау жымыйғаны!

Екі бала шыжым тартып,Отырады балық көріп.Шықса қалтқы суға қалқыпҚалады қарт налып, кейіп:

– Əне жерден бір үлкенніңКөрдіңдер ме босағанын!?Əй, сен, Қасым, түрік ерін,Бар ма сөзден шаршағаның?

Page 273: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

273

Айтып ем ғой «қал» – деп саған!Аузыңа бір жоқ тыныштық!Сабырсызсың, мүлде жаман!Дейді оған Иван ұрсып.

Сөйтіп олар қайтар кезде,Үлгіремін шатырға кеп.Естіледі айтқан сөздер,Қалды міне жақынға кеп...

Жүгіремін қарсы алуға,Жарға тұмсық қайық тіреп, –Сонда Иван жасыл қырғаЛақтырады балық күреп.

Дейді айқайлап маған Иван«Ал, күзетшім. Сақтанып қал!»Шыққан ылғый жаңа суданЖатады ыршып ақ балықтар.

«Əй, Мақтым, сен қос шелекпенТұнық жерден алдың ба су» –Тəліп, кəне, түс жиектенСаған міндет балық аршу!

Ең тəуірін, ең ірісін,Ең асауын, ең тірісінМақтым, кəне, ұр қазанға!Қасымхан-ау, тұзың бар ма? –

Аяма, мол, сал уыстап,Ас ішейік бір дұрыстап! –Дейді Иван, біздің Иван,Шетке шығып, шелек ұстап...

Page 274: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

274

V

Отырып ап алқақотан,Жеп отырмыз балықты біз.– Бір кеспесін жесең, шортанТойғызады, еті тығыз.

Білмейсің-ау тəттіні сен,Тентек Қасым, тəуір Қасым!Жеп отырсың майлы кілеңАқ балықтың қабырғасын! –

Онан дағы тəуір жерінБермейсің бе аршып маған! –Сыйламайтын жасы үлкенінКөрген жоқпын сендей адам! –

Дегенде Иван, қасын қағып,– Құрдаспыз ғой, – дейді Қасым, –Тез ағарған шашың нағып?– Сынағышын елдің басын!

Мендей сен де басқа жақсаңКөрер едім балық майын!Басқа жағып бір түн жатсаң,Шығарады ақ қып бəрін. –

Деп кеңкілдеп күледі Иван,Кетік тістен тілі шығып.– Мен де жағам – дер Қасымхан,Ойын сөзін шын деп ұғып.

– Қой, – деп Иван ҚасымханғаЖалынады кəдімгідей.– Түспей қояр балық ауға,Ақ бас болсаң бəрің бірдей.

Page 275: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

275

Өзі жылтыр, өзі қоюҚара шаш қой бала сəні.Мен бастықпын, ақ бас болуБастықтарға жарасады. –

Дейді Иван түсіндіріп.Тыңдар Қасым есі кетіп.– Алайын ба тісім жұлып,Сенің неге тісің кетік?!

– Қойдың тісін салдырып ем,Қоймай-қоймай түседі екен!Түсіп, бітіп қалды мүлдем.– Қой тіспен ас іше ме екен? –

Деймін мен де жаным ашып,Ақыл айтып өзімше бір.Сұрау қояр жəне Қасым:– Сенің неге көзің шегір?

Оған тағы мəз болады.Көзін қысып, күліп Иван.Сөйтіп кеңес қозғалады,Əңгімеге біз ұйыған.

– Болдық, – дейміз бір ауыздан,Ас жияды сонда Қасым.Шатырдан біз шығамыз да,Шарлаймыз кеп арба қасын.

Мен кетемін қасқа өгізгеТүбектегі жатқан күйсеп.Қалады Иван осы кезде,Бəрімізге балық өлшеп.

– Сенің тиген үлесіңеЕкі шортан, төрт ақбалық.

Page 276: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

276

Аз болмас бұл бір өзіңе,Жүрме ертең ұйқтап қалып! –

Күн шығарда болып əзірТұрыңдар үй қасына кеп!Айтып ем ғой анада бір,Үйіңе əтеш асыра деп, –

Тіл алмайсың кейде түге!Дегенменен жарайсыңдар!Түсе қалды енді есіме,Əкеңде бір аласым бар! –

Ұмытпай соны айта салшы,Сен туғанда алып еді! –Дейді Иван. – Ол не аласы?– Екі қаптай балық еді!..

Айтам сөздің арасында,Байқайсың ба тамашаны!Сол Торғайдың қаласындаИванның көп алашағы.

Менің оны білетінім,Қағазды ылғый топтап жүред.Көрсетіп ап, күлетұғын,– «Алдына он жыл боп қалды», – деп,

Кендірменен шанди салғанСап-сары ала қағаз кілең.– Ана шалдан, мына шалданҚолтаңбаны ала жүрем! –

Деп күледі бізге қарап,Біз тұрамыз аң-таң қалып,

Page 277: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

277

Ескісіне шылым орап,Жаңаларын қояды алып.

Дəл осылай əр күн сайынДостығымыз келеді өсіп.Қасқа өгізді жолға салып,Біз қайтамыз желдей есіп.

Ақ шатыр да түн күзеткен,Артымызда қалады ұдай,Өзенге біз қойып кеткенАқ көйлекті қарауылдай.

VI

Шатырдамыз. Көктегі күнКəдімгідей қозғалады!Секілденіп су төгетінИван шалдың жез қалағы.

Көрінеді маған солай,Мүмкін ерсі болар жұртқа.Мен тұрамын тамашалайКүн енгенде жұқа бұлтқа.

Шатыр маңы жалтырағанКілең балық қабыршағы.Кейі түнде кеппей қалғанТабаныңа жабысады.

Ал алыстан тұрсаң қарап,Соның өзі тым тамаша.Ақ шатырды жатыр орап,Кіл он тыйын күміс ақша!

Сəскеде өзен жағасындаОтырамыз ау кептіріп.

Page 278: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

278

Сол маңайды анда-сандаЖаңғыртамыз ал кеп күліп.

Төбемізде қыйқу салып,Шаңқылдайды шағалалар.Кейде өзенге шүйгіп барыпТайыз жерден шабақ алар.

Кейде біздің ауға ілінген,Шаяндарды қырда жатқан.Жалт-жалт қарап, əудем жерденШағалалар сырғанатқан.

Балалық-ау, кейде біздерЖіпке тағып шабақтарды,Тастай салып құла түзгеОтырушы ек қарап тағы!

Асап қалып қомағай құсƏ дегенше қақалатын.Құтылмасын білген байқұсЖан-жағына жар салатын.

Сонда Иван көріп қалып:«Жібер, – дейді, – жылар, қарғап!»Босанып құс өліп-талып,Кететін-ді көкке самғап...

VII

Бар деп ек қой ұл мен қызы,Петька, Мария – аттары оның.Айттық жəне олар өзіБіздің шатыр жақта жоғын.

Шал үлгірмес жалғыз бəрін,Шаруасына қолы жетіп,

Page 279: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

279

Қораға еккен қарбыз, қауын,Жүреді олар соны күтіп.

Қарсы ап Иван келген шақта,Қасқа өгізін доғару мұң.Қайта жегіп, кетер суғаƏмірімен олар мұның.

Бақша демек, бақша жайынАйтып кеткен бір жөн болар.Қаласында сол ТорғайдыңЖалғыз бақша Иванда бар.

Авдей ұста егеді – деп,Айтып жүрді бала кейбір.Ауласында тұрған гүлдепБақша көргем жоқ əйтеуір.

Авдей ұста «сараң» дейді,Екті, бəлкім, шалғай қырдан.Ебін тапқан адам жейді. –Шалдар жейді шал тамырдан...

Не əсем Иван бақшасынан!Шешек атып аулада гүл,Жаз шілденің ортасындаЖап-жасыл боп тұрады-ау бір!

Күн нұрына балбырап жүзКүндей күліп шығып сол сəт,Су құйғанда Мария қызЖапырақтар тағар моншақ!

Қызыл-жасыл гүл жайқалыпКөзді тартып тұрар бəрі.Ала қабық, жасыл қабықҚауын, қарбыз, қыярлары.

Page 280: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

280

Ертіп бізді Иван атайƏкелгенде ауласына,Бергенінше шыдам таппай,Қараушы едік əр қайсына.

Үйіріп-ақ жіберуші ед,Тілдің дəмін, көздің жауын.Үйге қарап жүгіруші ек,Қойнымызда бір-бір қауын...

«Кеңсем де бар – дейтін кейде,Кеңсесіне келетінбіз.«Рыбтрест» деген жазуҚақпасынан көретінбіз.

Шаруасының бар ретінКеңсесінен жөндеп алып.Масаттана шал күлетін:«Таусылмаса суда балық,Таусылмайды қызметім!Оны білем өзім» дейтін!

Бəрі орнымен тап-тұйнақтай.Қора-қопсы, ауласы да.Төзімді-ақ бір мəңгі заттай,Өгізі де, арбасы да.

Бəрі біздің көзге таныс,Бəрі соның көңілге ыстық.Жас болсақ та, сондық əр ісҮлгі екенін көп ұғыстық.

Біз «жолдас» деп жүрдік оны,Өзі «құрдас» деп алғасын.Сəбиліктің жүйрік ойыАңғарта ма адам жасын?

Page 281: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

281

«Балықшы Иван» деген атынЕртегідей аңыз етіп,Айтушы еді елде əркімБілуші еді оны жетік.

Судағы көп балық сырынКім біледі бір өзіндей!Көрінуші ед бізге ол, шыным,Бүкіл балық иесіндей!

VIII

Кейде біздер ақ шатырдыңІшінде аздап дем аламыз.Демейді ол «бас қатырдың»,Береді айтып нелер аңыз.

«Мен осында, сендерге ұқсап,Торғайымда тудым, – дейді.Сонау қырда мен де асыр сап,Көбелекті қудым» – дейді.

«Етікші еді əкем менің,Өз ісіне шебер еді.Көн, былғары əкел мейлің,Жақсы етік қып берер еді.

Көп айтпаймын əке жайын,Мен де əкеммен «жолдас» едім,Өліп қалды, неғылайын,Етіксіз қор болмас едім! –

Дегенменен, оқасы жоқ,Балықтармен дос боп алдым.Оқуы бар, тамағы тоқƏзірінше қос баламның!»

Page 282: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

282

Қояды ол басын изеп,Аяқтап боп əңгімесін.Дейміз тағы анталап кеп:– Балықтардан не білесің?

– Балықтармен өздеріндейӨзім күнде сөйлесемін.Жыпылықтап көздеріндейКүледі олар кейде сенің –

Деп Қасымның маңдайынанҚояды ол жеңіл шертіп.Аузымыздан су шұбырғанМына ғажап сөзге елтіп.

«Айтшы, айтшы!» деп, шуласамыз,Аламыз кеп шалдың есін.Оқып алған біз де айтамыз,«Алтын балық» əңгімесін.

– Алтын балық көргенім жоқ,Күміс балық көрдім өзім.Балық екен өркөкірек,Жақтырмадым ол мінезін.

Сөйлеспейді меніменен,Адамды жек көрем – дейді.Кете бер сен жөніңменен,Қорықпадым сенен, – дейді.

Ашуланып, мен түңілдім,Аузыма салып қойдым.Күмістерін кемпірімніңШапанына тағып қойдым!

Дейді беті бүлк етпестен,Оған біздер өкінеміз.

Page 283: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

283

– Сол балықпен бұл күнгешеДос болсаңыз, кетті неңіз? –

Дейміз дағы, қамығамызШал күледі жайлап қана.Ол айтады тағы да аңыз,Біз демалып жай жатқанда.

Шал шаруаның түрлі жайын,Балықтармен көп сөйлескен...Бірақ əлгі өр мінезді,Күміс балық кетпейді естен...

XI

Кейде Иван ойға қалып,Дейді: «мұны еске алайын.Енді түссе күміс балықАйнымастай дос болайын!

Көрсетейін сендерге əкеп.Сендер дағы дос болыңдар!Алып қояр, бəлкім, мектепЗерттейтұғын жастарың бар!

Тарту етіп берем дағы,Күміс балық ауға тез түс!Қалу керек менендағыШынында да бір еcкерткіш!

Елу жылдай балық аулапҚалайша мен аталмаймын!Өлгеннен соң бəрі қалмақ,Көрге бірге апармаймын!»

Page 284: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

284

Деп шынымен серт ететінАқкөңіл қарт, біздің Иван.Бізді мəз ғып ерке ететінСол жүзі ед-ау сəл жымыйған!

Аулап жүрдік балықтарды,Баяғы бір үміт арбап,Күміс балық жолықпады,Ауды қойып, салдық қармақ.

Бас шайқайды Иван кейде,Əлде жұмбақ өкінішпен.«Мен қателік қылғам» дей ме,Қарар көзбен оты көшкен?!

Алайда ол қамықпайды,Салады ауын терең жерге.Сол бір күміс балық жайлыАйтады аңыз келгендерге.

Ау балықты мүмкін ілерДеп жүргенде «іздесейік!»Өтті жылдар, өтті күндер,Қалыппыз ғой біз есейіп!

Енді сендер іздесіңдер,Жаңа буын жас балалар!Шал Иванмен жүздесіңдер,Сендермен де дос боп алар!

«Суда балық қырылмаса,Иван Өлмес» деген сөз бар.Сонау қырдан бүгін де аса Қайран досым жүрген шығар!

Сендерге арнап жазған шағын Басы болды бұл дастанның,

Page 285: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

285

Жазарсыңдар аяқ жағын Жас достарым, сырластарым!

Алматы, 1956 февраль.

БАЙҚОСАҚТЫҢ ЕГІНІ

Байқосақтың егіні,Көк талқанның тегіні.

(Ел аузынан.)

Көптен жүрген көңілде, Бір əңгіме осы еді, Байқосақ та өмір де Балалардың досы еді.

Байқосақтың дүниеден Көшкеніне жыйырма жыл.Қашан туды, нешеде? –Есімде жоқ дəл кəзір.

Тек əйтеуір қарт күнін Көргенім бар бір рет, Сақал-шашы аққудың Бейне мамық жүні – деп,

Айтсам жалған демеңдер,Жас оқушы достарым,Қалам, сия, ақ дəптерӨз жанымнан косқаным,

Өзге əңгіме бəрі шын,Айнытпастан көшірем.Дедім: Сендер таныссын Байқосақтай досымен.

Page 286: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

286

I

Жарты ғасыр арттағы Жылға үңіліп байқасақ. Алдымыздан шықпағыАнық біздің Байқосақ.

Қай шамада сол жасыДесең, айтам жобалап.Дəл сол кезде, шамасы, Қырықтарда болар-ақ.

Бар тұрса да көрікті Дəн өсетін жері кең. Айналыспай келіпті Онда олар егінмен.

Бос өткізіп жаз күнін, Тасыйды екен азығын «Алыс жерден арбалап, Жақын жерден дорбалап»

Бері келе сыр біліп, Сеуіп дəнді бастапқы,Екі-үш үйден бірігіп, Егін сала бастапты.

Сол алғашқы жерге бір Тиген кетпен, күрегі, Егіншінің елдегі Байқосақ та бірі еді.

Page 287: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

287

II

Көктем келіп, бір жар сап Деген кезде: «қырға шық!» Сатып алды Байқосақ Тұқымдық дəн бір қапшық.

Айырбасқа берді оған Жалғыз бие құлынын. Ат қып мінем деп жүрген Арманы да ұлының Қоса кетті сонымен, Қынжылғанмен не шара? – «Егін шықсын, алдымен, Ат біржаққа қаша ма!–

Деп те қойды Байқосақ Баласына өкінген, – «Егін жаман болмас-ақ. Сақтаса егер көз-тілден!»

Деп өзінше кей шақта Іштей тілек тіледі. Ең алғашқы қазақта Егіншінің біреуі.

ІII

Қара қырға кетпен ап, Ертең шығам деген күн, Үй алдында Байқосақ Қолына ұстап егеуін,

Егеп, баптап отырды Суарылған кетпенді.

Page 288: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

288

«Мында кел!» – деп шақырды Жалғыз ұлы Сəкенді.

Біздің егін салар жер – Қарасайдың жағасы. Ерсін бізге, хабар бер, Көрші үйлердің баласы.

Ерт, бəрі де қалмасын, – Атымтайдың Мəлігін, Əшірбектің Хамзасын, Ноғайбайдың Тəлібін – Амантайын Айтпайдың, Əбдрашын Көпбайдың, Қалдырмастан ертіп кел, Бəріңдағы барасың. Құралдарды бөліп бер, Осы алтауың жарайсың! –

Деді əкесі Байқосақ, Кетті ұлы тыңдай сап.

IV

Ойдəй келіп шаңдатты Жеті кетпен қыр басын. Өңшең бала қайратты, Салса, кімді тыңдасын!

Мəз болады Байқосақ: «Қайтпа, ерлер, қайтпаңдар! – Дейді кейде айқай сап – – Башпайларың байқаңдар –

Шауып кетіп жүрмесін, – Шетке таста шөптерін.

Page 289: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

289

Ұсақтап тұр ірісін Шүйдесімен кетпеннің!–

Деп ақылын жиі айтып, Қояды сол Байқосақ. Жаны сонда бір шалқып, Көңілі де бір жасап.

V

Егіндік жер шабылды Бас-аяғы бір күнде. Қол тырма да табылды Топырағын үгуге.

Себу керек тұқымды, Алған сатып бір қапшық Қалар, күтсе көп күнді Топырағы тобарсып.

Бұрын егін екпеген, Аз астықты ептеген Байқосақтың бидайды, Көзі жерге қыймайды.

«Шыға қалса құба-құп, Шықпай қалса жүдə жұт!» – Деп те күдік ойлайды, Екпей, бірақ, болмайды!–

Азар болса шықпассың, Тəуекелге нық бастым. Еңбек еткен, балалар, Несібеңе қараңдар!

Page 290: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

290

Бəрің де шын тіле тек, Еңбек сіңір – деді де, Бала басы бір етек Бидай берді себуге.

VI

Ексе дағы егуін Болды уайым шығуы. «Шығар» деген сенімін Жеңе берді күдігі.

Көктейтұғын мезгілі Асып кетті бір апта. «Егін Өсер» деп жүрді Балалары бірақ та.

Егісінің бұл күйін, Тек Байқосақ ұғынған. Баяғы сол бір құйын Боз топырақ суырған.

Келсе егіннің басына, Жүдеп қайтар кеңілі. «Өткен деген осы да, Егін екпей өмірі,

Келмеді ме бабына, Қайшы ма екен заңына? Жер сұраса берер ме, Мұрат байдан тағы да!-

Осы ойымен əуре боп Жүрді егінші Байқосақ. Мазақ етер елде көп Мұндай іске жанын сап,

Page 291: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

291

Шыға қалса жетті енді, Кетседағы торғай жеп!» – Деп биылғы көктемді Тосты ырысты болғай! – деп.

VII

Себілгелі сол егін Өтті күндер арада. «Өзім барып келемін, Біраз күнге қалаға!

Бар еді бір сырқатым, Емдетем деп жүретін. Соған сəтті күн таптым, Енді келді ретім.

Қалсам егер бір айдай Емделумен жатып ап, Егінді естен шығармай, Жүргейсіңдер бақылап! –

Деді дағы Байқосақ, Жыйылған топ балаға. Көк биесін жеге сап, Жүріп кетті қалаға.

VIIІ

Айтқанындай Байқосақ Жатып алды емделіп,Бұл кездерде өркен сап Шықты дəндер жерге өніп,

Page 292: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

292

Өзін еккен жас ұлан Балалардан айнымай, Жел жүгіріп басынан Тербеледі əр бидай.

Еңбек деген осы да, Көрсең көзің тойғандай. Құба қырдың басына Көл орнатып қойғандай.

Сүйсінеді балалар, Таңданады өздері. Өз еңбегін бағалар Тұңғыш міне кез келді.

Арам шөптен арылтып, Өбектейді бидайын. Шөлдесе олар шаң жұтып, Шөлдетпейді бидайын.

Қарасайдың қабағын, Кетпенменен қырнап кеп, Орап егін жан-жағын, Байлап қойған суды əкеп.

Алты бала – алты дос Жүрді сақтап бұл салтын. Ортақ еңбек – көңіл хош, Етті оларды тым жақын.

Қояды тек кейбір сəт, Көңілдері алаңдап. Бас егінші Байқосақ Қашан қайтып оралмақ?

Page 293: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

293

IX

Келе жатты бір күні Қырдан асып Байқосақ. Есіл-дерті егіні, Талай күдік ой қоршап, Тура егінге бұрылды, Ауылға да соқпастан. Балалар да жүгірді Көріп, сабыр таппастан.

«Сүйінші де, сүйінші, Егін шықты, көк егін!»– Мен айттым, мен бірінші,– Жоқ, алғаш мен көргенмін–

Деп шуласты балалар, –«Тоқта!»–деді Байқосақ. Сендерге төрт сұрау бар. – Болдындар ма айқай сап?

«Шөбің өсті – дейсің бе? Егін өсті – дейсің бе? Жерге қарай өсті ме? Көкке қарай өсті ме?

– Көкке қарай, я көкке! Арылтқанбыз шөптен біз.– Олай болса біз текке Шаршамаған екенбіз.

Көп жасаңдар, балалар,Келдім, сырқат тазарып.Міне əкелдім, қаладан, Сендерге де базарлық!–

Page 294: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

294

Деді шат боп, расынан, Айтып сырын бар тіпті.Ала қоржын басынан, Алып жатып кəмпитті.

X

Сөйтіп еккен сол егін Ғажап бітік шыққаны. Құс та жемей, жел оның Сабағын да жықпады.

Бір қапшықтан он қапшық Егін басты Байқосақ. Аз ба, көп пе ойлап шық, Шын ба, əлде бұл жаңсақ.

Көп қой десең еркіңде, Аз болды деп өкінбе. Тиді əйтеуір сол астық, Бала басы бір қапшық.

Содан қайтып жыл сайын, Егін екті Байқосақ. Балаларға іс жайын, Сеніп кетті Байқосақ.

«Аты болсын менікі – Егіңдер дəн жас ұлан. Ашықпасын ел жүртың, Тарықпасын асынан!

Сұрап алған жарымас, Егіп алған емінбес.

Page 295: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

295

Еңбексіз ас табылмас, Еңбектен де, белің шеші!

Шашылған дəн өсетін, Торқа екен ғой жеріміз. Білмеппіз ғой қасиетін, Қадірлейік енді біз!»

Деген екен Байқосақ Соңғы егінін жыйнарда. Сол бір сөзі көп ой сап Жетті біздің жылдарға.

ХІ

Бардым былтыр, балалар, Туған жерге сағынып.Нелер жаңа қалалар, Қалыпты тез салынып.

Жер еді бұл тым шалғай, Əрі елсіз, əрі кең. Машина да тым оңай Аса алмайтын өрінен.

Жадау еді жат тұлға, Жаздырмайтын ой тұрқын. Белесінде ақ бұйраСелеу ғана толқыйтын.

Енді кəзір жағалай Жатқан жалпақ көк егін. Мен теңізде бір шалғай Бейне жүзіп келемін.

Page 296: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

296

Қалды маған совхоздың Директоры жолығып. Баласы екен тап біздің Байқосақтың сол жігіт.

Жіберді өткен тарихты Осынау жігіт ойға сап. Есіме түсті сол бір шақ, Есіме түсті Байқосақ.

Қазақ халқын қоныстандыру жаршысы, демократ-ақын, журналист Мұхамеджан Сералинге, ескерткіш.

АҚСОРДАҒЫ СЕЛО

І

Ойлап көрсек, балалар, Жылдар өтті бұған көп. Жасы үлкендер шамалар, Онда өзім туғам жоқ.

Бірақ нендей уақыйға Болды қай жыл, қай күні Тарих дайын оқуға, Алда кітап жаюлы.

Туған елдің ертеде Бастан өткен өмірін, Оқуға да, зерттеуге Соқса зауқың, көңілің,

Талай қызық табасың,Кəдімгі дос кітаптан.

Page 297: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

297

Əр уақыйға арнасы Өз алдына жыр жатқан.

Оқып алған бір тарих Есімде ылғый жүретін. Бермек едім жыр жазып, Келді соған ретім.

ІІ

Білесің бе, жас достым, Көш дегеннің не екенін? «Жаз да көштім, қыс көштім, Мəлімсіз боп мекенім,

Жарғақ құлақ үйренді Шыйқылына арбаның. Жалғыз қоспақ түйемді, Көше беруге арнадым,

Дос дегенде серігім, Мал дегенде бар малым, Кезек шалып жол шетін Аяңдай бер жануарым!»

Деген əнді сен, сірə, Жоқ шығар-ау естуің? Түр байқасаң, осында Көне тарих, ескі күн!

«Қөш бойындай алыста» Деген сөзде сыр жатыр. Қазақ көші бір басқа Жай көшуден – біл, батыр!

Бүкіл əулет ел болып, Жапыра жасыл төскейді.

Page 298: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

298

Айлық жолдан жер шолып, Қоспақ нарға қос теңдіАртып алып, жылқыны Алға салып құрықтап, Жол бойында кей түні Ат үстінде ұйықтап,

Ата-баба көшіпті Қоныс іздеп ай сайын. Арбап көзді, көп жұртты Қырда жатты көк сағым –

Көк орай шалғын шөп болып, Көкала толқын су болып. Жетіп келсе,– жоқ болып – Бұлтқа ұласқан бу болып.

Осылай көңіл алдаған, Осылай басқан жүрегін. Бармаған жері қалмаған Табаны тесік түйенің.

Осылай көштің мəнісі Тарихтың сырын қозғасақ. Көбірек шолдық алысты, – Кетейік өзге сөз бастап.

III

Қазақта жақсы бір адам Бойына жыйып күш-білім, Ең алғаш журнал шығарған Шашуға білім ұшқынын.

Ол кезде біздің далада Білімді адам аз-ақ тым.

Page 299: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

299

Баласы сирек калада Қалың ел, жалпақ қазақтың.

Небəрі елу шақырым Тұрып-ақ жақын тақалып. Қаланы көрмей ақыры Кетіпті кей жан қартайып.

Келсе де бірі зəуқайыр, Зор үйді көріп қаладан, Зорға деп, басы шалқайып Тымағын басып қараған.

Сол кезде əлгі жақсы адам Журналын басып, таратқан. Алғашқы сөзін бастаған Білімнен, шəкірт, сабақтан.

«Қараңғы қазақ көгінде» Жұлдыздар жарык шашсын – деп, Жауқасын, сəби-өмірлер Есігін мектеп ашсын! – деп,

Теңдіксіз келген талай жыл Анамыз алға бассын, – деп, Білімді ана ала біл, Жақсы боп өссін жас түлек!»

Деген арман, мақсатты Мəселе қылып көтерген. Жалаудай болып жақсы аты Көрінген алыс өлкеден.

Қазақтың қызы қара шаш Хат жазған оны мақұлдап.Шаттығы, мұңы аралас Бас изеген қарт тыңдап.

Page 300: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

300

«Жетеді жерің кең байтақ, Қала сал, соған қоныстан. Өнеге үйрен, үлгі тап Өнерлі аға Орыстан.

Бола алмас мекен лашық, Еңсесі зор халыққа, Ас па айран бір қасық, Ырысы мол халыққа?

Торқадай қара топырақ Жатқан жоқ па дəн аңсап? Көмір тауып, отын жақ, Азықты жыйна, егін сап.

Алтынды алшы уыстап, Аяқтың асты ен байлық. Еңбекпен адал тыныстап Енжарлықтан сен де айық!»

Деп жазды ол халыққа, Түсініп үгіт бағасын. Көз жіберсең тарихқа Оны содан табасың...

IV

Ақсордың басы бір думан, Ақсордың басы ұлы еңбек. Бала да шаға жыйылған «Шығар екен кім ерлеп!»

Дейтін емес бəсеке, Басталды бір ортақ іс.

Page 301: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

301

Қыздар да жүр жас ерке, Бар ағайын, бар таныс.Түрініпті білегін, Ағаш жонған, жер қазған. Жыйнап ауыл күрегін, Бастапты істі ел жаздан.

Тас үйілген ортаға, Арық қазған жүлгелеп. Суға таяу жалтаңға Кесек құйған бір бөлек.

Анадайдан үн қатқан Ұста дүкен көрігі. Қайнаған іс бір жатқан Ақсордық бұл өңірі.

Құм тасыған көп адам, Лай құйған қаншама! Ағаш алып арбадан, Қыз-жігіттер əн сала.

Апарады шеберге, Есік, көсік, терезе, Болып дайын əй-демде, Қаланады кереге.

Өлшеп енін, ұзынын Болашақ бір көшенің, Салмақ үйдің тізімін, Құйған кесеқ есебін.

Алып, нұсқап біреу жүр, Қалаша өзі киінген.«Не ғажапты білер бұл!» Деседі жұрт сүйінген.

Page 302: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

302

Дəл осы бір қарқынмен, Дəл осы бір күреспен, Осы ұйымшыл қалпымен Іскер білек бірлескен

Өтті жаздың үш айы, – Сарша тамыз, шілдесі. Оңтүстікке құс тайды, Келіп күздің сұр кеші.

V

Десе, нанар қандай жан: «Кеше тақыр жер осы». Ақ үйлері шаңкайған Тұр Ақсордың селосы.

Мектебі тұр дəл баста Жауып көше иегін. Сабағына алғашқы Баласының біреуін

Келе жатыр жетектеп Осы село ұстасы. Мерекелі сəн мектеп – Білім басы, іс басы,

Кызыл жалау көтеріп, Қол бұлғайды далаға. Үйден-үйге жылт беріп Томпаңдаған балаға.

Маңдайына əр үйдің Тулар толқып қонды кеп. Октябрьге дəл бүгін Он жыл аттай толды – деп,

Page 303: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

303

Баяндайды ұрандар Анық айқын жазылған. Үн қосқандай бұған дəл Жаңғырады жазық маң.

Тұр бір адам. Үйінің Төбесінде ерке күн. Жұқа желең киімнің Жел серпиді етегін.

Күлімдейді ол, сəл жүдеу Жүзіне нұр шағылып. Көңілінде зор медеу, Арман тынды, жанды үміт.

Қарады ол күнге де Кəдімгідей қызығып. Алыста аппақ бір кемеСекілденіп жүзді бұлт.

Əшейінде тым биік Күн төмендеп қалғандай. Көптен тілек тындырып, Жақын келген армандай.

Бəлкім, əлде, бұл адам Кетті ме өсіп, биіктеп?! Ел көңіліндей тазарған Төбесінде тұнық көк.

Солай болмақ, ұқ жаным, Əрқашан да біл парқын: Арманынан шыққанның Төбесінде күн жақын!

Page 304: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

VI

Өзі кешкен күрестің Терісе алмай жемісін, Жұлдызындай бір кештің Сөнбеймін, деп, ел үшін, Беймезгілде тап болған Сырқатының емі үшін – Келіп жатып аулына Салдырды сол селоны.Ұмытар ма қауым да, Ұмытар ма ел оны, Ұмытар ма жас сəби Көзін ашқан біліммен. Халыққа ізет, досқа сый Көрсеткен жан – тірілген Көңілінде көп жұрттың Жақсы сөзбен, жақсы үнмен, Сол əдемі тарихтың Алғы бетін аштым мен. Кемім болса, кеш мұны, Толықтырар ел əлі. Ол адамның есімі Мұхамеджан Сералин.

Page 305: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

305

БАҚЫТ ПЕН ВИТЯ

І

Витя жақын көрші еді, Екі жылдай Бақытқа. Көріскені осы еді,Осыншама уақытта.

Шынында көп екі жыл Көріспесе көршілер! Құрбылары естісе, «Таныспауы ерсі» дер.

Екі жылда сан жолдас Табылмай ма, шынында! Жолдасыңсыз сəн болмас Ойнап кетіп тұруға.

Кешіріңдер оларды, Көңілдерің қалмасын! Таныспауы мүмкін ғой, Үшке жаңа толғасын.

ІІ

Осы жылғы көктемнің Бір əдемі күнінде Шықты есік шерткен үн,Рұқсат сұрап кіруге.

Естімеді үйде ешкім, Тықыры əлсіз болғасын. Енді қалай күймессің, Есік ашпай қойғасын!

«Отклой!» деген бір дауыс, Шыққаннан соң даладан.

Page 306: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

306

Ашылды есік, кірді үйге, Таныс емес жаңа адам.

ІІІ

Шынашақтай бір бала, Кірді үйге кешігіп. Қарар емес ай-шайға, Жатыр өзі шешініп.

Бір машина, бір мысық, Қолтығына тұр қысып, Қарады ол жан-жаққа, Қалта толған ойыншық.

Тұрды Бақыт аң-таң қап, Мына тосын қонаққа. Келіп бір кез жақындап, Апарды оны төр жаққа.

Не десер деп бұл бір сəт,Үй ішінде тосты жұрт.Ойыншықтар құрып сап, Қалған екен қосылып.

Бір-біріне қол сұнып, «Таныстық» та демеді. Думанға үйді толтырып, Олар ойнай жөнелді.

ІV

Бірінші күн кездескен, Болды үлкен бір қыйындық. Кіп-кішкене қабағын, Сəл шытынып жыйырып,

Page 307: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

307

«Естімейді неге – деп Мынау Витя құлағы!» – Əжесінен Бақыт кеп, Сыбырлады – сұрады.

Тұр Витя да қасында, Аң-таң қалып досына.«Құлағы ести қоймайды», Деп, ол дағы ойлайды.

Не кінə бар құлақта,Тіл ыңғайға көнбесе? Ұғынар бұлар қалайша, Екі тілде сөйлессе?!

V

Бақыттың Витя үйіне. Күнде түсте келеді. Машинист боп, шофер боп, Екеуі ойнап береді.

Екеуі де ұмытты, «Естімейтін» кінасын. Күнді ойынмен жылжытты, Ішісті де бірге асын.

Ұғындырды оларды, Ортақ ойын шапшаң-ақ. Оларға азық болады, Достық жылы қас-қабақ.

Кеш батқанын үнемі, Бұлар білмей қалатын. Амалсыздан киініп, Витя үйіне баратын.

Page 308: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Біраз сөзін Витяның, Бақыт жаттап алыпты.Мұның сөзін ол дағы, Үйіне айтып барыпты.

Міне қызық тамаша,Бір күн байкап қараса –Екеуі де жүр сөйлеп Орысша да, қазақша. Білмейді олар тек қана Үйренген бұл өнерін. Бір-бірінен тапқанға Ұғысуға керегін.

Олар екеу болды енді, Көп қызыққа кенелді. Олар екеу болғасын. Ойыншық та көбейді.

* * *

Біздің ұлы Отанда Достықпен ұрпақ өсетін. Ойна достар, өс еркін, Өсер дəуір, өсер күн!

Page 309: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

309

ҚОС БӨБЕКӨлең

І

Көктемде тудың, күн тұрды шалқып, Аспаным қандай тап-таза мөлдір! Жел есті жайлап, сыбырлап айтып Келгенін бізге бір сəби өмір.

Көктемде тудың, гүлімсің қызым, Күтейін сені, баптайын сені. Үй ішім менің, түрмысым – қызым Бағайын сені, сақтайын сені.

Кішкентай күнім, құмда қап ізім, Жүруші ем қырдан бəйшешек теріп. Хош иіс сəби, қызғалдақ қызым, Еске алдым соны, мен сені көріп.

Қамықсаң-шаттық, шаршасаң-тыныс. Əкеге мерей сəби қыз жаны. Таусылмас байлық, сарқылмас ырыс Өмірдің шырын, ақ уыз балы!

ІІ

Сүй, ұлым, сүй анаңды, Менен де, бірақ қызғанба. Əрине, саған ұнамды Одан артық жүз бар ма?

Мен үшін жалғыз жүректі Екіге бөлген сен едің.

Page 310: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

310

Ұлғайтып арман, тілекті, Жер басып міне жөнелдің.

Жүгірші! – деймін мен саған, Байқашы! – дейді ол елжіреп.. Екеуміз үшін біл, балам, Мəңгілік қамқор сол жүрек.

МАРАТТЫҢ ТҮСІӨлең

Ертеңгілік үдетіп, Ұзақ жауды ұлпа қар. Түс ауа шана сүйретіп. Дөңге шықты балалар.

Шаршап əбден жығылды, Үйіне кеп жас Марат. Көзі ұйқыға жұмылды, Көңілінде сырғанақ.

...Түс көріпті, түсінде Тағы шана тебеді. Қырдан ойға түсерде, Шана бұрыс жөнелді.

Жығылды ол бір омбы Қарға түсіп кетті де.Ғажап! Сол бір қар оныңыстық тиді бетіне.

– Бұл не қылған ыстық қар, Мынау екен керемет! Дегенменен қызық қар, Ұстап өзін көрер ме ед!–

Page 311: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Деді дағы уыстап, Қысып қалды қолымен. Оянды өзі дауыстап, Түстегі сол ойымен.

Күлді ол енді жымыйып, Қар–деп білген «ыстығы». Қасында жатқан бұйығып, Екен тарғыл мысығы.

Page 312: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

312

А. ТВАРДОВСКИЙДІҢ«ЖЕРҰЙЫҚ» кітабынан

1987 жыл

І-ТАРАУ

Азаннан бері аттаныпКеледі жігіт – жол қашық.Төбеде селдір ақша бұлт,Далаға дала жалғасып.

Сағынып ыстық үйекті,Сабылып ұшқан тырналар,Жер үсті білді не кепті,Сезбейді одан бір хабар.

Жапырлап жатқан жұрт анда,Өткелдің аузы жамыраған,Жылжиды халық, жүкті арба,Паромшы қария жаураған.

Сыңырлап паром, сым арқан,Симаған халық асылып,Уəкіл де қысты бір жақтан,Сандықты қатын асығып.

Жүйткиді паром, зырлайды,Балташы артель – шат көңіл.Барады алып сырнайдыҚайдағы қиыр шетке бір...

Басында сымы ызыңдап,Бағандар алға самғайды.Поездар жолда зуылдап,Қуады өзен шалғайды.

Page 313: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

313

Бұтаның басы ақ бөрік –Қараша қардың көбігі.Мұрынға исі тап келіпАңқиды қайың собығы.

Əлемнің əсте жолы кең –Əлемнің тарау жолы көп,Келеді өз жолымен,Никита біздіц Моргунок.

Əбзелін əбден сайлаған,Боз ат та, біраз шаңытты-ау.Қарыстырып байлағанБүлк етер емес қамыт бау.

Арба майы – аз ол ма,Қамшысында қапы жоқ.Баратындай базарғаСайланыпты Моргунок.

Жуынған, ол салақ па,Үсте пиджак, сəн етік,Баратындай қонаққаМай қалашты дəметіп.

Қалды қоныс, қара албар,Зырылдайды бағандар.Көрінбейді үй төбесі,Пешінің де өңеші...

Бұта басы мол бу боп.Жоғары өрлеп кетеді.– Хош бол,– деді Моргунок, –Ата-баба мекені!..

Page 314: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

314

ІІ-ТАРАУ

Асқанда бір адырданАлтындаған шіркеуліСело шықты алдынан.

Наполеон бұл жерден,Москваға лап қойған.Отыз сегіз жыл бұрын,Никитаны осындаШоқындырған, ат қойған.

Жиырма деревняғаҚоңырау үні күмбірлеп,Басы базар, жəрмеңке,Қозатұғын ду-дүрмек.

Мойны өзгеден озық үй,Көрінетін сол артық,«Илья Бугров» жазуыМаңдайында мұнартып.

Тура жатыр жолы оныңƏлде базар, дау, жанжал,Ортасында селоныңЖиналып тұр адамдар.

Сырнайлатқан бір халық,Ат-арбаның саны жоқ.Ат бұрылды, жол қалып.– Тоқта! –Деді əлгі топ.

– Түс, жолаушы, белің шеш?Тоқта, дереу, ат доғар!Тойламасаң болар кеш,

Page 315: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

315

Бұдан соңы жоқ болар.Біреу жеңнен,ЕтектенНикитаны жетектеп,Əкелді үйге, столға.Көнбейтұғын күш бар ма!

– Ал тостаған, қақ содан,Дем шығармай қағыңыз.Тойла тойды, бастап əн,Ең соңғымыз барымыз...

Үй несі бір кезде,Асылды да столға.– Есік ашық, төр-талқан.Аяйтыным жоқ, қалқам.Ал, жігітім, іш те, ойна!

Сайранда, іш, сал əнді,Алып жібер тағамдыБөтелкеде не қалды?Кімдікі ол? Кім үшін?Болмасын еш жұмысың.

Кімнің малы?Қай баурың?Кімдікі анаСамаурын?–Бізге оның бəрібір,Сайранда да, сал дүбір!

Стол басы моншадай,Терін сүртті Моргунок.Қайсы келін, қайсы бай?Той кімдікі? Мағлұм жоқ.

Page 316: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

316

Үй иесі анда-санда,Дейді: – бірден құямын!– Ас та осында, той да осындаБəрі де бар, шырағым!

Бір тостаған əзер алды,Көңлі селқос Моргунок,Ішті, жеді, əнге салды,Кенде қалған сорлы жоқ.

– Кімді еске алу, кімнің асы?– Уа, ортақ ас, əркім-ақ бар!– Тойлаушы кім?– Бай-кулақтар!Есімізге түссін, – дедік,Өтіп кеткен аруақтар!

– Іштік, жетер,Бөспе бекер...– Біздің Исус,Жасапты ғойБір тамаша іс...

– Мен төлемен,Мен төлемей, кім төлеген?– Неге, неге тəңрім құсы,Дəнді шоқып жемейсің?Неге, неге көңіл хошы,Жақсы əн салып бермейсің?

Құс айтады сонда бұған:– Торда тұрып нетейін,Қапасыңды ашшы маған,Кеңшілікке кетейін...

– Іштік, жетер,Бөспе бекер.

Page 317: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

317

Ойламайтын кещеміз.Қайтып үйге ойланайық,Ертең тағы не ішеміз?

– Біздің Исус ХристосСу кешіпті-ау бір кезде...

– Мен төлемей,Кім төлеген?Шөмеле үшінҚырда жатқан,Сиыр үшінКүн-түн баққан,Шөп үшін де сар даладан,Күндіз-түні арбалаған,Мысықтың да құйрығы үшін,Күшіктің де құйрығы үшін,Үйіңнің де бүтіні үшін,Тұрбаның да түтіні үшін,Талай есеп-қисап үшін,Жыным білсін, тағы не үшін...

Білеміз біз! Қусың сен бір,Бар азықты суға төгіп,Маған да жоқ, саған да жоқ, –Деп тұрсың ғой буға бөгіп.Білеміз! Тым есер деме.Алып жібер, көтер кəне!

– Қырық жыл бұрын осыдан,Болған екен бір солдат.Оба тиіп тосыннанЕлге түссе бар салмақ.Жаппай тиген обадан,Қалыпты тек сол аман.Ішім-жемі дəулердей,

Page 318: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

318

Тартатыны əн-керней,Арағыңды мескелепЖұтқанында дəс беред.Көп ішкеннен сол солдат,Бəрі өлгенде, дені сауАман қапты, бəтір-ау!

– Трулля-трулля-трулля-шы,Түрен жұтқан атасы,Балта жұтқан баласы,Тарақ жұтқан бикеші,Біздің сөздің мақамы,Ішіп қойған кемпіріНан пісірген тапаны.Кіріп кеткен пешке де,– Қалмады,– деп,– балам-ау,«Нан пісірер ештеме...»

Жұрт мəз-мəйрəм, мұң іштеБəрі бекер білем мен.Ал Илья КузьмичкеЖылау дұрыс күлгеннен.

– Келтір, келтір, аямайДəм-тағамды берсеңші!– Қандай өзі қонақжайБолып кеткен десеңші!

– Достан аяр нем қалған,Ескі көрші сəні де.Жер астына мен барғанБарады ғой бəрі де.

– Тыңда бізді, қожайын,Тəңірі құсы жыр селдет!Ақырғы рет құй бəрін,Қал, байғұсым, бір сермеп!..

Page 319: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

319

Күжілдеді көп қонақТəлтіректеп Моргунок,Шықты сыртқа, қақпалап,Енді аялдар халі жоқ.

Шықты шаңның будағы,Шаң-шұң дауыс тынбадыОл ұзаған кезде де...– Қозғал, боз ат, табыларБір кең өлке бізге де.

ІІІ-ТАРАУ

Алыстап тынды село да,Шыбыртқы қолда ширығып.Шалғайда, мұнар далада,Келеді ымырт үйріліп.

Ат құйрығын бір қозғап,Асып тентек жел өтті.Күн күркіреп, жай маздап,Жаңғыртады жер-көкті.

Жауып сол кез жас жаңбырТысырлады төңірек.Осылар өткен жазда бірДала нұрға бөгіп ед.

Баладай бейне МоргунокАлақанын тосты оған.Атының көзі ол бір от,Қайырып мойнын тастаған.

Жануар ондай ат қайда!Адамдай еді тілге тым.

Page 320: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

320

Барарын сауық, айт, тойғаБес күн бұрын білетін.Үй іші, қора-қопсысы,Барлығы киім, тамақтың,Бəрі де осы ат күші –Арқасы еді сол аттың.

Ұры, қары, бөріденСол атына қору боп,Оң көзіндей көрінген,Сақтап еді Моргунок.

Шығарында мекенненҚұрды атымен бір кеңес.Жақсылық жоқ күткенмен,Атсыз үйің үй де емес.Пəлен жыл серік жануар,Өзімнен қалмас жөнің бар!

Аты да тартып сол жолменКеледі таппай бір тұрақ.Сауырға сипай, сау желген,Арқада буы бұрқырап.

Басылды жаңбыр. ТұяқтыңІзінде қалды су толып.Шашады сəуле жырақ күнДоғаның басы бу болып.

Кеш батты. Енді МоргунокБажаға соқпақ ойы боп,Бұрылды жолдан – қонағаҚоштасып кетпей бола ма!Бажасы да бір жайсаңКісі еді жарқын əрқашан.

Page 321: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

321

Жарлары болса кіндіктес,Досынан артық кім күтпес?!Дос болғалы жиырма жыл.Шашты да ақ шалды бір,Айтатұғын бірге əзіл,Айтатұғын əнді бір...

Қақпасына кіргеннен.Қалбалақтап қарсы алды: – Бəрекелді, дос мəңгі,Жақсы кезің бір келген! –

Қалдым қунап сен келіп,Бажам, күтіп, сағындық.Көктем туып, жер кеуіпКетер болды, неғылдық?

Моргунок жауап берді оған:– Бажасың, доссың ең жақын.Аспанның асты кең маған,Əңгімем сол айтатын...

Көнбейді анау ал, бірақ:– Бажам-ау, етпен бас сауға!Барады күнде жер құрғап,Сірə де болмас тастауға.

Қалысты бір кез үндемей,Өз ісін ешкім мін демей.

Балалар отыр бұрышта.Əйелі əзір дəм жиыпСтолға жайып дұрыстап,Əкеліп берді бал құйып.

Тастады достар бір-бірден.Бұрын да солай қағатын.

Page 322: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

322

Арылмай қабақ кірбіңнен,Тауысып отыр тағатын.– Шырқасақ па екен онда жыр?– Шырқасақ, əйда, шырқайық,Əніміз болар соңғы бұл.

Дос болды олар жиырма жыл,Шашты да ақ шалды бір.Айтатұғын бірге əзіл,Шырқаушы еді əнді бір.

Қоңырқай бастап əнге тым,Столға сүйеп сом білек,Екі де мужик енді еркінШырқады сөйтіп соңғы рет.

Жағына қолын таянып,Балбырап батты тереңге.Отыр ма Еділді ойға алып,Құмартып алыс өзенге?Ойлады ма екен кедейдіңТағдырын мына тас бауыр?Ащы да болса өмірдіңТəттілігін аса бір?

Шырқады олар не жайлыЖасырмай көздің жасын да?Бəлкім, бір қызды ойлайдыСүйе алмай кеткен жасында?..

Никита біздің, ол, бəлкім,Мұншама жұмсап кеткені,Өз басын болар ойлайтын,Өз мұңы болар шерткені.

Мəз қылып əке-шешесінТуып еді Никита,

Page 323: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

323

Ақ шіркеуде денесінЖуып еді Никита.Он жетіде үйленіпЕнші алды да Никита,Оңаша аулақ жер бөліп,Егін салды Никита.

– Колхоз болман ешқандай, –Деп қарысты Никита.Көгергенше көз, маңдайМас боп ішті Никита.

Үй, орманын тастауғаБел байлады Никита.Ететіндей бас сауғаКім айдады, Никита?

ІV-ТАРАУ

Атасы марқұм айтатын:Үнемі тұрмас ер бүтін,Ақыл, дəулет, қайраттыңМезгілі болмақ кемитін.

Кетуші еді кей кездеСол қария мақалдап:– Жиырмаңда күштен құр болсаң, –Құр болғаның əрқашан,Келеді-ау деме, бейқам жат.

– Отызға келген жасыңдаОй болмаса басыңда, –Болар-ау деме, ол босқа.– Қырықта дəулет қонбаса,Қонар-ау деген далбаса,Сірə де, сірə болмас та...

Page 324: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

324

Ал, Моргунок, ол кезде,Мəн бермейді бұл сөзге.Жиырмамен қалды қоныс боп,Болмады күштің дерегі;Қайдан болсын, соғыс боп,Қара нан болса қорегі.

Барады отыз ол да өтіп,Молаймады ақыл, ой да түк.Болар-ау ақыл, мол санаң,Дəулетің сай болса оған.

Қырдан асса қырық тұр?Қарасы батты дəулеттің.Болмасын əбден біліп тұр,Береке, ырыс, сəулеттің.

Шіркін-ай, болса сол байғұсБугров баймен тең еді-ау!«Уа, Никита Федорыч!»«Илья Кузьмич!» – дер еді-ау!

Шіркін-ай, түтін будақтап,Сыйлар ед дəмі мол тұрса,Жарасып əзіл, қалжақтап,Қадірлесіп отырса.

Кеңесіп, қозғап əр жайдан,Əнге де салса бір уақыт,Егінін шолып шалғайданКеле жатса бір қайтып...

Болжалды күнге аз қапты,Моргунок əлі бəз қалпы.

Асып та кеткен ақыл жоқ,Батыл да емес, қу да емес.

Page 325: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

325

Өзіне сенді Моргунок,Алдында арбап тұрды елес.Келеді бастап жол алыс,Əйтеуір алдан шығар деп.Ететін ескі ел аңызЖерұйық атты жер бар деп.

Алыстағы сол елде,Бар аз үйлі бір селен.Тау басында, сəн жерде,Жан-жағын тал бүркеген.

Ұзыны да көлденеңЖер сенікі көлбеген.Шаша салсаң қолмененДəн болмайды өнбеген.

Еш адам жоқ қол қағар,Тек өзіңді құрмет ет.Орам десең орып ал,Жүрем десең жүріп кет.

Айдағаның алдыңда,Шырт түкіріп, алшаң бас.Құдық əзір малыңа,Ешкім ақы, ақша алмас.

Қысы-жазы ол елдеҮйрек жүзер көлінде.Коммуна, колхоз дегендіБілмейді олар, тегінде!

Шаруа деген еркін жұрт,Тастайды екен қарық қып.Уа, Жерұйық, Жерұйық,Жақсы елсің-ау, жарықтық!..

Page 326: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

326

Келеді ол əлі аттанып,Жол бір шалғай, жол қашық.Төбеде төнген ақша бұлтДалаға дала жалғасып.

Тууы көктем айы мұң,Жасыл шапан жон үсті.Жапырағы қайыңныңЕкі-ақ күнде толысты.

Ол да көктеп жайды шоқЖатқан томар сан ғасыр.Барған сайын МоргунокДала біткен жап-жасыл.

Жаздағыдай күн ыссы,Ауыздығын ат шайнап,Жаңа аңызда жүр ұшып,Ұзақ-қарға айқайлап.

Атызда өскен шөп дүркін,Аңыз жатыр жазып бой!Піскен нандай жер шіркінАл да аузыңа салып қой.

Дала үстінде көктемніңКөкшіл буы бұрқырап,Соңға қалың топты ертіпТрактор жүр зырқырап.

Тұқым дəнін толтырғанЖарқырайды ақ қапшық,Дəн себуге ел тұрғанҚатарласып, топтасып.

Айтысады əр не кеп,Жер қасында жыртылған.

Page 327: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

327

Шегінісіп сəл кенет,Алға қайта ұмтылған.Соқа артынан соқасыЕрсілі-қарсыл шұбырған.– Колхозшы ма, бұл қайсы?– Колхозшымыз, əкежан...

Қыбыр етіп шалғын шөп,Тербеп самал жел кетті.Барған сайын МоргунокМасайрайды жер беті.

Жер-ай!Шіркін, десейші,Қар суынан балбырап,Тершиді асыл кеудесі,Күн нұрына маужырап.

Жер-ай!Шіркін, созылғанМың шақырым шалғайға.Бозторғайлар созады əн,Ондай əсем əн қайда?

Жер-ай!Шіркін, күнде шу,Көз жетпейді шетіне.Неткен бақыт күн кешуОсы жердің бетінде!

Жер-ай!Сірə, шегің жоқ,Төрт құбыла – төңірек.Құшар еді Моргунок,Құшақ жетпес, не керек.

Page 328: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

328

Туған күнді жол жұтып,Ат қажыды – аңыру жоқ.Ел көрінбеді енді түк,Келеді тек Моргунок...

V-ТАРАУ

Күн астына бет алып,Келеді жаяу бір кісі.Сайланыпты, бел таңып,Үлкен жолға жүргінші.

Құс қанаты секілді,Жауырыны бұлтыңдап,Иыққа асқан етіктіңКеледі шаңы бұрқылдап.

Шұлғауы тұр көрініп,Арқасында қобдиша.– Ақсақал-ау, сені жұртТонаған ба дəл мұнша?

Сөз басталды, МоргунокАуызға алды Құдайды.Ат доғарды, қонды кепКөлеңкеге қолайлы.

– Мұндай күнде қаңғырыпНең бар еді, поп, сенің.Пітір, зекет – мал жиыпЖатпассың ба теп-тегін.

– Пітір, зекет қайда енді?Намаз да жоқ ол түгіл.Поптар кетті жайға енді,Дін бұзылды, қой түңіл.

Page 329: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

329

Бірі қағаз көшіріп,Тағы бірі тапты нан.Күн көріске көшті жұрт,Солай бəрі сап болған.Ал, өз басым... кеземінШаршасам да, талсам да.Хаққа сенер болса елім,Поп жоқ болса – мен сонда.

Қалса жастар үйленіп,Поп іздесе, болмаса,Мені сол бір үйден күт.

Перзент туып, попқа адамЗар боп тұрса – тап болам.

Ұзын сөздің қысқасы,Керек болса қайда поп –Жүрем сонда пайда боп.

Елім зəру – емші өзім,Тосқандар көп жолда əлі.Енді маған – шын сөзім,Бір ат болса болғаны.

Саяның жақсы самалы.Поп қалтадан суырып,Əмиянын қағады,Əндетеді жымиып:

– Мұнда, мұнда тұз балық,Тұзды балық бар еді,Сыйлап еді қыз алып,Сыйлаған бір бала еді.

Мұнда жүздік сом тұрған,Көкеңіздің жүздігі.

Page 330: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

330

Эх, антұрған, антұрған,Камаринның мұжығы!..

Қиғаштап қарап МоргунокОйлайды: қой үндемен.Отырса да жарлы боп,Побың желдей гулеген.

Əулие де емес ол тіпті,Монах та болмас, тегінде.Көрген тек əуес поптықты,Сүйеніп діни сенімге.

– Түскі бір намаз жақсы еді,Ауырсаң майдан жоқ емі.Николай соңғы патша еді,Митрофан соңғы поп еді.

Приход мейрам болғандаӨзімнен өткен жан бар ма,Қаласаң – мінем арбаңа,Табыс менен, ат сенен,Аш болам деп ойлама!

Моргунок қалды тілге кеп:– Ішіп ап, бөсу не керек,Сенің жолың бір бөлек,Менің жолым бір бөлек.

Өз атың мен, өз доғаңБолған жерде қорлық жоқ.– Кімсің? – десе, мен оған:– Бұл Никита Моргунок, –

Демеймін бе? Тегінде,Атқа мін де, алға бас,

Page 331: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

331

Ат мінген соң, тегінгеЖүр деп ешкім ойламас.

Күндіз жүрсең – қонаққа,Түнде жүрсең – қалағаБарғандайсың, аулақтаАтсыз жолың бола ма.Құдай үшін жұмыртқаЖинап, тегі, бас қатар.Менің жолым жырақта,Алаң болма, ақсақал!

VI-ТАРАУ

Жеткен жерге түней сап,Моргунок тартты аңырмай.Арбаның асты үйге ұқсап,Табыла кетті орын-жай.

Шытырлай жанып боз қурай,Жолдағы атқа – түн іші,Соқпайын десе көз қимай,Қарайды екі жүргінші.

Адамның алуан түріменЖолықтырар сол түнгі от –Кімдер ол, тегі қай жерден –Білмейді бірін Моргунок.

Көз ұйқыда, көңілі ояуНикита жатыр тың тыңдап.Кейі атты, кей жаяу –Қасынан өткен сықырлап.

Жастанышын бір жөндепҚояды қолмен ол кейде,

Page 332: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

332

Келеді баяу, əн өрлепҚабақта, ана деңгейде.

– Əйнегін тегіс құм басып,Төбесі түспей сəл тұрған,Ішінде ескі лашықКемпір менен шал тұрған.Шал балығын аулаған,Кемпір жібін иірген.Көрінер тауық ауладан,Мысығы да үйінен.

Елден аулақ кəрілерТұрған екен күнелтіп.Бопты бір жыл əбігерЖардан асып су кетіп.

Күркіреп көктем келіпті,Күшімен қарды дал-дал ғып.Бар өзен тасып, желіктіТолқыны тулап долданып...

Əуре болды МоргунокЖөндеп ұйқы соға алмай,Бар тапқаны қалғу тек,Аржақта əлгі бір дауыс,Ертегін отыр доғармай:

– Кіріпті бəрі колхозға,Шал қиқайып көнбепті.«Өз үйімнен ал қозға –Қозғалмауым жөн», – депті.«Ел үстінде бір қарияЖүрсе кімнен кем» депті...

Су да лықсып ол кезде,Баспалдаққа келіпті.

Page 333: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

333

Қалқып шарбақ ілезде,Толқын алға теуіпті.Жанталасып күнде шалАршыса да болмапты.

Айтысады адамдарАңыз етіп сол жəйтті.Əр-берден соң кемедейКетсе керек үй жүзіп.Ішінде бір телегейҮй келеді – ой, қызық!Əтеш қатты қышқырып,Пештен түтін будақтап,Кемпір мен шал үш тұрып,Үш жығылып, тұр қақсап.Біздің мына селоныңДəл қасына тоқтапты.Тасқын қайтып, ел оңып,Жер кебіртең боп қапты.Шал абайлап қараса,Бəрі жаңа ел бүгін.– Тұрмыс құрмай жаңаша,Болмас, – депті, кемпірім...

Никита қалғып-шұлғидыБасынан алмай қалпағын.Жер одан баяу жылиды,Жапырса шөптің əр талын.

Боз қырау тұрған бақшаға,Жұлдыздар сөніп сол шақта,Бұтада жусап бозша атПысқырып қояд аулақта.

Хош иіс бүркіп таң таяу,Жол ұйқыда. Жым-жырт шақ.

Page 334: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

334

Жерұйық деген жер бар-ау,Жатыр-ау, шіркін, ол да ұйықтап...

VII-ТАРАУ

Нұрға бөлеп жер үстінЖазғы шөптей қаулаған,Кетті кернеп ел ішін,Бір қауесет шарлаған.

Жаңғырығып күндіз-түн,Қамтыды ауыл, селоны.Жалған, шынын кім білсін,Күтті, əйтеуір ел оны.

Күрес кешіп сан жылдай,Түссе дағы жолға сын.Ойлап па еді ел мұндайӨзінің қамын, өз басын.

Қауесет гулеп барады,Аралап қала, даланы.

Қарайды ылғи жұрт алға,Биігін таудың мекендеп.Мініп ап жүйрік тұлпарға«Сталин келеді екен», – деп.

Үстінде сұр шинелі,Өзенді өрлеп, тау асып,Сталин өзі келедіТрубкасы жарасып.

Халқына айтар сөз дайын,Барсын мейлі шет жерге,

Page 335: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

335

Көріп істің мəн-жайынЖазады дейді дəптерге.

Алыста да емес өзі елден,Суарыпты атын, – дейді жұрт,Жуықтағы өзеннен.Жолығып түнде бір шалдан,От тұтатып, шырпы алған.Десеңші момын сол қартты-ай,Қалыпты-ау тіпті тіл қатпай.Сұрамақ болған көп жəйттен,Сұрамай қалған – тек əттең.

Шығып жүрсе жолға əр күн.Асып талай сан қырдан,Моргуноктың ол, бəлкім,Қарсы келер алдынан.

Сақтап еді сыр қанша,Ұйқысыз өтті түн қанша.Нені армандап, нені ойлап,Шықты жолға дəм айдап,

Ненің орны, жөні жоқ,Оймен шолды Моргунок.

– Айтшы, жолдас Сталин,Білсін жөнін жұрт мұның.Қанша тұрмақ мұнша күн,Бар ма, сірə, бір тыным?

Өмір жөндеуге ұшырап,Бəрі кетті – түбімен.Бұл жақсылық іс бірақ,Қарсы емеспін тегі, мен.Тыңда мені, тыңдап ал,Атым жайлы бір хабар.

Page 336: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

336

Кесер баста, тұл бойда,Кесіп айтар мін қайда,Жүрген шығар мінбей-ақВорошилов мұндай ат.Елня деген жерден менСатып алып, жем бергем.Қажыды əбден жол соғып,Болар қиын қалса өліп!

Су əзірлеп астауғаСу іш десем – ішпеді.Жем жемеді – сасқандаБасыма ақыл түспеді.

Таңда тағы туды күн,Ерте тұрып, қарасам.Шайнайды атым сулығын,Іс оңалды орасан!

Отыз сегіз жасым бар,Екі жыл кемі соғар кеп.Қырықта дəулет, болсын мал, –Болмаса, күтпе болар деп.

Шаруа шарты ат барда –Өткізбейше текке өмір,Мен өзіммен жаһандаБолғым келді жеке бір.

Ұзыны да көлденеңЖер менікі көлбеген,Тастай салсаң қолмененДəн болмайды өнбеген.

Дəл осылай тұрсам сəл,Демеймін еш арман бар.

Page 337: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

337

Содан кейін колхозғаКіруіме қолтаңба ал!

Жақсы өмірлі келешекКелеріне сенем мен.Əйтсе дағы бір тілекТілер едім сенен мен.

Моргуноктың қыстағынҚалдырыңдар кейінге –Десең жолдас Сталии,Ісім түгел менің де.

Бүкіл елде бір еркеЖүрсін десең сондай бір.Ешкім оны күндеп те,Көрсетпес ед һəм жəбір...

Жат өлкеде қону жоқ,Жолаушы еркін жол билеп,Келеді біздің МоргунокОсы бір ойын əлдилеп.

Ұлы жыл! Көктем! Жер кеңіп,Төгілді жомарт нұр қандай,Биікте бір қол сермеліп,Шақырып алға тұрғандай.

VIII-ТАРАУ

Елде, жолда жоқ есепСуыт жүріп ол өткен.Ат суарды неше ретӨзен яки түбектен.

Page 338: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

338

Таусылар емес жол бірақ,Кеудені қайғы кернеген.Қалды ғой артта бұлдырапТалай бір аспан, жер деген.

Дəл осындай пішінде –Үсті-басын шаң басқан.Жұмыр жердің үстіндеСірə, суыт болмас жан.

Алыс жолда, күн қайнап,Қурап кетті шапаны.Күндіз əрең шыдайды-ақ,Түнде көңлі қапалы.

Кешкі тымық самалдаҮйің түсер ойыңа.Томар екеш томар даТұр өзінің орнында.

Қаңғы да жүр сен болсаң...Кенет суып кескіні:– Ей, қайрымды азамат,Əй, қайрымды азамат!.. –Деген дауыс естілді.

Қараса: алба-жұлба жанҚайыршы келіп тұр қаста.Өтінді жүзбен мұңданған:– Мінгізе кетсең болмас па?

Жетектеп алған ұлы бар,Ығына ол шалдың тығылар.Сөйледі кекеп: Байыпсың,Танымай қалдың жүзбе-жүз?Моргунок састы: – Құдай ұрсын,Илья Кузьмич, сіз бе еңіз?

Page 339: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

339

– Илья болғам елу жыл,Ол атым қазір жоғалған.Киімнен де денем тұл.Түгім жоқ өзге баламнан.

– Солай да солай, жарқыным,Заманың осы құбылған.– Айтқаны келді-ау нақылдыңКездесер деген тірі жан...

Моргунок атын шідерлеп,Жинады əбзел, бел шешті.Отырып алып дізерлеп,От басында кеңесті.

– Жарықтық жердің зəрі көп,Жылынбай болмас тонды адам! –Деп көңілді МоргунокЛитрлік алды дорбадан.

– Илья Кузьмич, ал кəні,Көршің едім мен сенің,Жақсылап бір, арманым, –Қонақ етсем деуші едім.

Бар мəзірге қанағат,Іш те жылын, мейманым.Ал жөніңді айт саралап,Бұл қай жүрген сайраның?

– Ана бір жақтан келемін.– Не көрдің онда? Жай қалай?– Жақсы жер екен, сене көр!Орманда барак жағалай,Жата қал да, өле бер!..

Page 340: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

340

– Илья Кузьмич, солай де,Ашудың жөні бір басқа.Шаруасы жүр ғой оңай деп,Несі бар бейнет қылмасқа...

– Ақылси қалдың сен де тым.Істер едің бейнетін,Көріп тұрсаң зейнетін.– Бастай жөнел, сен онда!– Өйтетұғын күш қайда...– Тартып қалсаң болмай ма?– Қол бата ма ондайға.

Никита тыңдап, көз салыпҚояды сонау ат жаққа.Жылынып, бала, томсарып,Ұйқыға кетті сол шақта.

Əкесіне еріп ашынған,Барады сəби қай жолға?Мойынға қиғаш асынғанҚаңылтыр құты, қап дорба.

– Несі бар, – дейді қарт қайсар, –Қыс түскенше нəсіп мол.Бермеген жерде айқай сал, –Əніңе бас – кəсіп сол.

Шіркін-ай, соңғы жылда дəл,Тандырып, түге естерін,Бытыра болса шығарарЖеріңнің астан-кестеңін!

Шығып ап шіркеу басынаКүңгірлетпей жоқ сабыр.Жеріне байтақ РоссияЖеткізе дабыл қақса бір!

Page 341: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

341

Никита қалғып, түсіндеКөреді жатқан көршісін,Кенеттен аты кісінеп,Жіберді бөліп сол түсін.

Оянса – көрші жоқ мұнда,Қиын ба, пəле тап келсе!Арба мен бала орнында.Ат қайда? Жоқ қой ат, бəсе...

Бұтадан бұта қоймайды,Үңіліп жүріп, із қарап.Таптыру болсын қайдағы,Шынымен қолдан сызған ат.

Орны қапты аунағанОт басында көршінің.Аттан із-тұз қалмаған,Жатыр қалдық бір шылым.

Тыныс бітіп кеудеде,Көбейді ауыз желімі.– Құрау-құрау... – деуге деИлікпеді еріні.

– Құрау-құрау...Жым-жырт түн.Тұманды дала... Таң қылаң...Тастап туған үй ішін,Жолға шықты жалғыз жан.

Ілгері кетті жас тағы,Ісі бір оңға баспады.

Сейілді тұман,Шық майда.Күн шықты. Бірақ ат қайда?

Page 342: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

342

Аты жоқ.– Əйдə, тұр, бала!Ұйқымен алдың бір түнді.Əкең сені бір малғаАйырбастап үлгірді.Қалды əкетіп боз аттыШылбырымен сүйретіп.Сенің аузың бозартты,Мені кетті үйретіп.

Сыйлап едім асымменСыйды білмес еш пенде.Сені ұрайын несін мен,Ұрады деп сескенбе!

Түні қысқа, жолы көп,Қалды аспанда күн де өрлеп.Киді етігін Моргунок,Алды көңлін бір демдеп.

Жиды арба əбзелін,Дөңгелегін майлады.Қобдишасын, аз жүгінАрба алдына жайғады.

Ауырсынар көп жүк жоқ,Бірақ алыс, жол шаңдақ.Кетті тартып Моргунок,Ерді бала томпаңдап.

XI-ТАРАУ

Еңістен еркін құлдилап,Зыр қағады дөңгелек,Атсыз да жылдам жылжиды-ақБолды бір қызық керемет.

Page 343: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

343

Кездескен кісі таңырқапҚарайды ұзақ көз алмай,Иттерді құдай жарылқап,Созыла шапты тозаңдай.Басылмайды сол даусы.Жұрт бір аң-таң сөзіне:– Сұр ат мінген жолаушыТүспеді ме көзіңе?

Қарысып əбден қалды аяқ,Кедір де бұдыр жол о да,Осыған қырсыққандай-ақТаусылмай қойды село да.

Халықтың түсті көзіне, –Табылды сылтау күлкіге,Жабысып əйнек жүзінеЖарқылдап жатыр жұрт, түге.

Таусылды-ау құрсын, дəт-шыдам,Қиын ғой кері оралмақ.Еткендей мазақ, қас бұған,Шуылдап кетті бар аймақ –Тауық та жатыр айғайлап.

Көпірден əрі жар қабақ,Көзден бір таса болғай-ақ.Көкесі жардың ал мынау,Екпінге шыдар ер керек,Арбам-ай, арбам, қалдың-ау,Қалдың-ау, қайран дөңгелек!

Көпірден əрі тау кетпек,Арт жағы шаңның ақ басы.Келеді біреу дедектеп:– Тоқташы! – дейді, – тоқташы!

Page 344: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

344

Қарар да емес ай-шайға,– Жүріңіз, кəне, ақсақал,Сельсоветке қайта айда!Қоршалап халық шулаған,Бөгейді мұның жолын кеп:«Көбейді неше түрлі адам,Бірі ғой мынау соның!» – деп.

– Моншада қонған шал, – дейді,Жер таба алмай демалар.Алтын тісі бар, – дейді,Болар-ау ескі генерал...

Өздері солай деп қана,Сүйейді артын арбаның.– Жарқыным, қанша тек қана...– Қашқанда қайда барамын?

Сельсовет, сірə, қыспады,Отыруға орын нұсқады:– Бар болса егер документ –Көрсеткенің мақұл! – деп.

Көйлегінің жағасынКөсілте ашып Моргунок,Алып шықты қағазын,Көп аңырып тұрған жоқ.

Сап-сары ғып бүктегенАйнымайды ақшадан,Айқұш-ұйқыш жіппенентаңып, шапдып тастаған.

– Қарағаны бір сиыр,Қарауымда жеті жан.Астық дайындығынанАғаш дайындығынан –

Page 345: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

345

Барлық жайыңды ұғынам.Қамсызданып қалғанмынАлда болар шығыннан.Қора-қопсы күйіме,Үш əйнекті үйіме,Жеті жарым теңгеніңПұлын төлеп бергемін.

Василково қыстағыСельсоветім – Касплян.Жөнделмей тұр іс мəніАтым кетіп астымнан.

– Жарар, жайың белгілі,Бір жұмбақ іс ендігі.Жөні қалай, айтшы, дос,Ел кезуің бостан-бос? –

Деді бастық, – Өзің шын,Жүрмекпісің құр босқа?Болсаң егер жазушыМəселе онда бір басқа.

Жөнеле бер! Тарт елге,Сенен келер не қатер?– Бұларың не, артель ме?– Я, артель. Бəрі артель...

Тағы да арба шаңдатты,Ұзай берді сол жаяу.– Көрмедің бе салт атты?– Көргенім жоқ... –дейді анау.

Тарта-тарта тырбаңдап,Иықты жіп кеседі.

Page 346: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

346

– Цыган бар ма бұл маңда?– Бар, колхозда, – деседі.

X-ТАРАУ

Үй салмасы қасқырдың,Пісірмесі аю нан –Ереже ғой, рас, бұрынЕл ішінде жайылған.

Таңданады Моргунок –Цыгандардың қолында,Бір-бір өткір шалғы орақ,Шөп шауып жүр ол мұнда.

Мужиктардай кəдімгіҚатарласа тізілген,Жусатады шалғындыБір-бірінің ізімен.

Аңқиды, айқой, бал исі,Іссіз, тірлік, сəнің жоқ!Жайнап қолда шалғысы,Сілтер еді-ау Моргунок.

Тұнып тұрған көк майса,Мезгілі екен шіркіннің.Əттең, баста ой басқа,Ол ойы емес бұл күннің.

– Əуре болдым жарты күн,Ат қағазы қалтамда.Қайтар атты, жарқыным,Алмасаңдар – айтам ба?!

Page 347: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

347

– Жарар, мынау бір жайсаңМұжық екен – сөзіне ер,Атыңды егер танысаңАл да мініп, жүре бер.Көк шалғынды сол ара –Бейне жұпар, жиған бал.Моргунокты қорағаАлып кірді цыгандар.

Кіргізді де, кідіртіпШеткерірек шығартты.Алып шықты құтыртып,Алқаракөк бір атты.Сүгірет пе екен жануар,Шымқай жібек жалы бар.

Айтары жоқ, ат сұмдық,Көрсе көңіл босатты.– Ал, қожайын, айт шындық,Танисың ба осы атты?

Моргунокты тағы даКейінірек ысырды.Алып шықты арғымақƏлгіден де мүсінді.

Жауырыны тақтайдай,Қаз мойынды жануар.– Ал, қожайын, ат қандай?Таныдың ба? Танып ал!

Моргунокты тайдырдыШеткерірек. КөлденеңШықты алып бір айғырдыАт құдайы сол деген.

Page 348: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

348

Ат біткеннің сұлтаны,Не талаптың бəрі бар.– Ал, қожайын, ат таны;Тани білсең, танып ал!Дəл осылай қораданАлып шықты он бес ат.– Əуре қылдың манадан, –Деді оған, – жер босат.

Кірмек болды ұйқыға,Енді бүгін алаңсыз.– Ертең, базар. Ұқ, бала,Ат іздеуге барамыз.

– Аға, бізді қонуғаШақырады цыгандар!– Жоқ, төсектес болуғаЖарамайды ол адамдар.

Түн. Қотанда мал тыныш,Жол үстіне шаң шөкті.Қара аспанға ай шығып,Жарқыратты төңіректі.

Монша артынан суығанСамаурындай быжылдап,Құлақ тұнар шыбыннан,Түні бойы ызыңдап.

Оң бүйірге бір аунапЖатып еді Моргунок.Ұйқы деген жүр аулақ,Ұйқы түгіл, қалғу жоқ.

Маса тынып, шалқайып,Жүзді көкте аппақ ай.

Page 349: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

349

«Жақсы едіңдер қандайлықУай, жануар аттар-ай!» –

Деп, күрсінді МоргунокСол бүйірге бір аунай.Ұйқы түгіл, қалғу жоқ,Көзге тіреу тұрғандай.

Жатты ол енді сақалынЖұлдыздарға қаратып.Дəл қасында ат дайын,Қалмаса тек таң атып,Қамыс қақпа қару ма,Оңай-ақ тұр алуға.

Ой бола ма көз ілсе,Ойлап жатыр өзінше:– Цыгандарға мұнша аттыҰрламаса, кім сатты?Ұрлады ғой, əрине,Ұрлады ғой бəрін де.

Енді бұның өзіненҰрлап алса, қайтеді?Оқа болмас ол, тегі?Оқа болмас, əрине...

Жатудың бабы жоқ, тегі,Жататын төзім, күші жоқ.Сарайға қарай беттеді,Түзге шыққан кісі боп.

Ту сыртынан біреудіңСезді қолын ол ауыр.– Уа, бұ кім-ай? Кім едің? –Деп сұрады қарауыл.

Page 350: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

350

– Мен ғой шыққан түз жаққа, –Деп бықсыды ол сығыр.Ұзап барып аулаққаӨйтіп-бүйткен болды құр.– Сағатқа қарап шығатынƏдетің бар-ау шамасы?– Қайтейін, шырақ, тағатымЖеткені сол ғой, эхе-хе! –Дей салып, тайды батырың,Артымен жылжып ақырын.

Етігін киіп жалма-жан,Алдағы күнге мол сеніп,Арылмай иық арбаданЖөнелді тағы жол шегіп.

XI-ТАРАУ

Атсыз сол арба жол үстінКезгелі міне дəл үш күн.

Қояды мұжық қалжыңдап,– Заматта шықтым болдым да ат.

Өнерім – жұмыс атқармақ– Заматта шықтым болдым да ат.

Сұлы жеу – сұмдық деп едік,Шағыр да шайнап жей бердік.

Түрегеп ұйықтау несі ерлік.Жортып та жүріп түс көрдік!..

Белгісіз қала, жұмбақ елІздеген бар ма мұндай ер!

Page 351: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

351

Келеді дала жалғасып,Көпір мен көпір алмасып.

Есебі бітпей бағанның,Жүзеді көкте баяу күн.Алыста қалды ел-мекен,Қатыны қандай халде екен?

Ат мініп кеткен күйеуінКүтеді-ау – кіру үйге мұң.

Əрине, қайдан ол білсін,Байының мына болмысын.

Түзде жүр зырлап трактор,Поезд бір бейне ұшқан құс,Самолет көкте қақты зыр,Полюсты кезіп мұз жарғыш.

Аттай-ақ төзім бітті оған,Кезі жоқ арба тоқтаған.

Келеді бала қалмай-ақ,Жүрсін ол – қайтсін жолды аяп.

Келеді заулап, кенеттенАлдыңғы жақтан бір аттыңДүбірі шықты, ел ме екенАржағы сонау қыраттың.

Бір қырын шықты жаңғырық,Келеді салтты шаңды ұрып.

Таяды міне... Тұр алдаСұр атқа мінген кісі кеп.Поп екен, көрсе, бір ол да.

Page 352: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

352

Жіберді сонда жануар.Иесін танып кісінеп...

Моргунок сасып қалды, əттең,Үлгіріп шықпай жетектен.Сөйткенше болмай, поп əлгіЗымырап көзден жоғалды.

Ұрыдан ұры қақты да,Əкеліп попқа сатты ма,Түсті екен қайдан ат мына...– Тоқта!..– деп шапты соңынан,Сорғалап тері жонынан.

Көзіне түсіп құлақшын,Көре алмай қалды қыр астын.

– Тоқта! – деп даусы қарлықтыТарылды кеуде, шаң жұтты.

Өкпесін ұстап, ол ұшты,Жаңғырып елсіз жол үсті.

Тигендей бір кез қаңғып оқ,Құлады барып Моргунок.

Қозғалар емес, бейне өлік,Жер зымырап, тербеліп.

Өзендер биік өрмелеп,Көпірлер кетті дөңгелеп.

Ат дыбысы алыстап,Жер баяулап, қалыс қап,Аздан соң тыныш болды да,Бəрі де түсті орнына.

Page 353: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

353

Далада жолдың үстіндеЖатыр ол, біткен күш мүлде...

Басылып шаңы жолдың да,Келеді ымырт үйріліп.Жүз жылғы қайың – ол мұндаОсынау жым-жырт күйді ұғып,Бұтағын төмен иді нық...

– Ау, аға, аға,Тұршы, аға!Жүрейік енді, шаршама...

XII-ТАРАУ

Сабырмен саспай НикитаКеледі топты қақ жарып.– Жол беріңдер, жігіттер, –Деп қояды паңданып.

Ығысып халық, қаумалапТағады мына жанға сын.Атты жүр ме екен саудалап,Сатпақшы ма екен арбасын?

– Қараңдар, жұртым, хал-жайға,Айтатын мұңым, сірə, бар.Атымды ап қашты базарғаҰрлықшы бір пірəдəр.

Көлеңке, лапас, кермеге,Маңайы майса шалғын көкАт тұратын жерлергеТоқтады келіп Моргунок.

Page 354: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

354

Таланын сынап ол, əні,Базарға кетті мол сиып.Сұр атты көрсе болғаны,Қалады қатып, қалшиып.

Көп екен көркем сұр ат та,Ол атқа теңдес ат қайда-ай:Бірінің жалы сұйық таБірі тым дөңес – шот маңдай.

Самса мен балық, тұздаған,Бүлкілдеп қояр бір шегің.Сақалды қария, аздап əнСалады, шертіп күршегін.

– Николай саздан жасағам,Өнерлі қолға илеткем.Жекеше болсаң – жарымнан,Коммунар болсаң ширектен.

Алаңға көп жұрт құйылған,Алаң бір толы тостаған.Жиналып жақын, қиырданБилейді халық, бастап əн.

– Жол бер-ау, жол бер, халайық, –Артель бір айғыр əкепті.Көрмеге қандай лайық,Аулақ кет, аулақ, ал, тепті!Тізгінге екеу жармасып,Үш жігіт жатыр қолдасып.

Езуі аттың ақ сабын,Көздері жайдай жалтылдап...– Кім алды?– Мына біз алдық.

Page 355: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

355

– Төледің ақы, қанша құн?– Алды ғой біраз, алқымдап.

Гуледі базар, тынбады,Қатын да, қыз да – жүр бəрі.Күрсітіп аттары көк шөпті,Сұлыны құрғақ қылғытты.Саудагер жаннан ес кетті,Көбікті ыстық жер жұтты.

Сюртук киген мұртты шалМүйізден сүйреп ешкіні,Қамалған торға іші тар,Торайдың қызық кескіні.

Көліктен сырғып, көліккеТынбады шулы, сол дабыр.Бұрқырап спирт, желіктіҚоздыра түсті ол да бір.

Ыстықтап, шаңнан ауа тар,Шарбақтың түбін мекендеп,Қайыршы отыр қаз-қатарСадақа болар ма екен деп.

Шығады бір əн қалжырап,Ішінен шудың не түрлі,Сөздері күңгірт, ал, бірақТаныс бір дауыс секілді.

Халықпен бірге қозғалып,Жерінен жылжып сол тұрғанМоргунок келсе, көзге анықБасылды оттай қайыршы,Бақырға бөркін толтырған.

Page 356: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

356

Жетекші жігіт жылтыр бетҚасында отыр бүлкілдеп.

«Құс айтады сонда бұған:Торда тұрып нетейін,Қапасыңды ашшы маған,Кеңшілікке кетейін».Əншінің көзі жұмылған,Аузында сөзі – бір құдай.– Ах! – деді сонда НикитаАйрыла жаздап буыннан:– Илья Бугров! Сұмырай!

Қос қолы «əне» дегенше,Жайылып алға, шап етті.– Тоқта! – деп, даусы саңқ етті.Шашылды бақыр, тас көшеДөңгелетіп əкетті.

Көріктей даусы гүжілдеп,Никита басты шалды асқа.Жиналды халық дүбірлеп:– Соқырды ұрды-ау ал босқа!– Қайдағы соқыр, көзі бар...Көзі бар оның – мен білем.– Қой, жігіт, рас, көзі кем!

Бугров жатыр қырылдап:– Босатшы, өліп барамын.Босатшы, Никит, шынымен-ақ,Атыңның айтам хабарын...

– Айт дереу, – дейді ышқынып, –Қалмай тұрып тіс сынып.– Босатшы, Никит... ысқырық!– Қайда олар, қайда? Екеу ме?Айда екеуін Гепеуге.

Page 357: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

357

– Айт, босатам,– Кейін айтам.– Айт деймін енді, зəнталақ!– Айтайын, жүр аулаққа,Тұр ғой халық анталап.Келеді Илья КузьмичпенҚол ұстасып Моргунок.Кезі емес мейрам бал ішкен,Басында кəзір ол күн жоқ.

Келеді дедек қақтырып,Беріңдер дейді – жол былай.Соқырдың бөркін жымқырыпАлыпты ұстап айрылмай.

Келеді жəне бір жақтанТалтүсте мас боп алғандар.Постовой зекіп, үн қатқан.– Қолыма түсіп қалмаңдар!

Никитаға БугровСыбырлайды, үні жоқ:– Қызықсың өзің – атың бар,Барлығына антымды ал!

Дегенше болмай, қапыстаБугров зыта жөнелді,– Ал ұста да, ал ұста!Ұрылар, көрме төбеңді!!Деп айқайлап əлгі шал,Өтірік ұры қуған боп,Топқа кіріп, болды жоқ,– Ау, ағайын, ағайын! –Деді де қалды Моргунок.

Ұрының қолда қалпағы,Көз жазып кетті ол тағы.

Page 358: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

358

Қалыңнан қайдан таптырсын,Баяғы базар бір базар,Өзге де жанжал тапты шын,Халық жоқ болған шуға зар.– Рақмет, саған ит-шошқа!Есімнен кетпес бұл соққы! –Деді де Никит, ашуменБөрікті жерге бір соқты.

XIII-ТАРАУ

Жол жиегі көк егін,Жол үстінде қою шаң,Ауада жүзді ақ түтін...

Келеді жігіт бір балаң,Бұйра шашты сол жігіт,Қалпағын теріс киген сəн,Желкесіне қондырып.

Келеді жігіт жайсаң бірҚыздарға өлең, артқан жыр.Тағасы темір із тастап,Келеді жігіт ойқастап.

Трактор алған курстанОсынау жігіт бұйра бас.Төрт тактыға ол ұста,Жүргізуге жиналмас.

Күлейін десе – күлкі емес,Жақсы ғой, бірақ, бір гəп бар.Мінгізді, болды жік-жапар,– Ал, жігітім, жөнел тез.Барар жерге тура апар!

Page 359: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

359

Ағашты басып сындырма,Тек бір ғана жолға сен,Жеткеніңше бұрылма,Бұлтаңдаушы болма сен.– Дұрыс-ақ болсын. – Жөнелді ол,Ұзады қуып шақырым. Тұрмады еш зат бөгеп жол,Келеді заулап батырың.

Рульді алды меңгеріп,Шофердей бейне бір қолмен.Апырау, алда не көлік?Мынадай ғажап кім көрген?

Жатыр ұйықтап бір кісіАрбаның нақ астында.Жалаң аяқ жүргіншіБаласы бар қасында.

Жан-жағында жоқ ешкім,Қамсыз жатқан қай мұңдық...Жақындап ол тілдесті:– Аттан, атай, айрылдың!

Бас көтерді ол жылдам,– Əлдеқашан айрылғам. –

Деді дағы қайтаданЖата кетті бүкжектеп.– Сен кідірме сапардан,Біз асығар түк жоқ, – деп.

– Кешір, құдай жоқ десем,Қайдан жүрсіз, ақсақал?

– Жолым ұзақ, сөзге сен,Түсті сондай басқа хал!

Page 360: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

360

– Жарар, атай. Жоқ құдай.Тіркел маған, көп тұрмай.– Қарсы емеспін мен бұған,Бір кілтипан бар бірақ.Қауіп етем арбамнанҚалса қайтем саудырап.

– Сауданы қой, кəні, ап кел,Іс шешілді, сөз қысқа.Арбаңа өзім жауапкер,Өз колхозым, өз ұстам.

Тіркеп алып заулады,Мұндай жақсы болар ма.Зырыл қағып қалмады,Жүйтки түсті сол арба.

Келеді солай шал, жігіт,Төбеде түтін будақтап,Далада жатыр жаңғырып,Осынау тосын үн қаптап.

Шофердей бейне бір қолменКеледі жігіт меңгеріп.Тағы не пəле кез келген?Пайда болған не желік?

Тыңдаса – дыбыс тым өзге,Болды тосын сұрақ бұл.Тоқтай қалды бір кездеӨзінен өзі трактор.

Қиын болды бұл бір іс,– Кешіріңіз, кідіріс!Жөндейік бір тетікті,Қоян кіріп кетіпті.

Page 361: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

361

Терледі өзі жігіт те,Кез келуін қырсықтың!Риза боп тұр Никита:– Құмарымнан бір шықтым!

Сайман алып дəрігердейТың тыңдайды тексеріп,Асау атты емдердейҚимылдайды сескеніп.

Арқасымен жер сүйкеп,Кірді жігіт астына.Бентік алып бір бөлшек,Қойды қалпақ қасына.

Қайтсін жігіт, терлесе,Жөндеу оңай іс емес.Жиырма жасқа келгеншеМонтер болған кісі емес.

Атасы да бабасы,Жоқ қой бұған шарасы.Монтер болған бұлар жоқ,Ол ақиқат – құдай жоқ!

Шын сөз – құдай жоқ кез бұл.Бес жыл деген не тəйрі,Емес қой ол көп мезгіл.Дəл осынау қайсар жанҰшқыш болмақ майталман!Дəл осынау бұйра бас,Бұдан асқан ми болмас!

Һəм сүйікті, һəм жолдасМенің батыр досым-ау,Сен ұмытар ма екенсіңКүндеріңді осынау?

Page 362: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

362

Жатқаныңды даладаШаңды жолдың үстінде.Егін пісіп маңайда,Ырғалғанын түсіңде.Сонда сонау сол мұжықЕш нəрсеге қам қылмай,Қажытса да жол мүжіп,Көңлі тынбас қаңғырмай,Арба сүйреп қиырға,Тарта берсе – қиын ба.

– Ал, ақсақал, құлшынып,Бұрап жібер, азырақ,Құдай жоғы – бір шындық!

– Əкелші, – деп МоргунокАлақанға түкірді.

– Ал, кəнекей, кəне, – деп,Жігіт те бір күтінді.

Никита қалды шегініп,Сонда мотор гүр етті.Долданғандай тебініп,Аз тұрды да, зыр етті...

Дүңкілдетіп көпірді,Жүйткітті-ай кеп сол жігіт.

Жер қоймайтын секілді,Кетті айдап мол жүріп.

Түтер жердің түбітін.Шаңы көкте ажырап.

– Ау, жігітім, жігітім,Аялдасаң азырақ.

Page 363: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

363

– Үш шақырым қалды енді.– Жоқ, тауыстым дəрменді.

Осыған да мың алғыс,Ақыл-кеңес айт маған.Пұлын берсем тынар іс,Қайдан жақсы ат табам?

Жалт бұрылып сол сөзденДеді анау саспай түк:– Пұлына да колхозданАла алмайсың ат сатып.

Əлде жалған, əлде рас –Айтты жөнін бұйра шаш.– Сау бол енді, жол əзір,Кеттім өзім қырманға.Островаға соға жүр,Ат боп қалар сол маңда.Мəстек ылғи жеген жем,Ат қой бірақ... дегенмен.

Төтемен тарт – жол əлгі...Жаяула да – желіп кет.Арбаң менен балаңдыҚолхат алып беріп кет.

Ал аман бол! Мойыма!Əйтсе дағы тоқта, қарт!Шақырамын тойыма.Құдай жоғы – ақиқат!

XIV-ТАРАУ

Күн қуратқан отындайОстрова селосы.

Page 364: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

364

Тесік өкпе – үйлері,Мыжырайған төбесі.Отыз үш үйге – үш мұржа,Жылуы жоқ жер осы.

Керенау, керең күн шығар,Көңілсіз сəуле шашырап.Жалғыз-ақ əтеш жыршы бар,Болсайшы ол да жасырақ.

Көңлі түссе шақырып.Мүлгиді жайда есалаң,Қай мезгіл, қай күн, ақыры,Білмейді мұнда еш адам.

Білмейді мұнда еш Патша-Өзен,Қаншама ғасыр қалғыды,Азаншы ғана түс кезең,Қаңғырлатар шалғыны.

Төңірек толқын – егінжай,Іргелі елдің танабы.Аралда үйлер шатырыҚылт етіп кейде қалады.

Шірік сабан жер-көкте,Саялап шарбақ сынығын,Отыр жұрт ағаш дөңбекте,Бұрқыратып шылымын.

Қуықтай қасқа қарт отыр,Бəкімен бір зат тазалап.– Жай-жапсарыңды айта отыр,Колхозбысың, жамағат!

Жамырасты мұжықтарЖайып сырын өсексіз.

Page 365: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

365

– Біз қараңғы, кіріптар,– Біз, шырағым, есекпіз.

Жағына қолын таянып,Бір əйел кетті кəстектеп.– Айтады жұрт, ол анықБіз бір жүрген естек, – деп.

– Колхозда жоқ елмін де, –Мырс етті əлгі қызу қарт.Тезекшіл қоңыз менмін де, –Тентіреген ызыңдап.Əйтеуір шөп шабылар,Шабар кезең табылар.

– Не істеп жатсың?– Сырнай ғой?– Ол не керек?– Керегін,Ынтық болсаң тыңдай ғой,Үлестіріп беремін,Отыр құрал сай болмай...Сен де, шалым, байсың ба?– Жай деп пе едің бай болмай?

– Шырағым, дəулет молындаСыйлады мені айналам.Бес үзбе қамшы қолымда,Төрт жүздей қара айдағам.

Болушы ем елге сый қонақ,Шалқытып ішіп күні-түн.Ат дейсің бе? Қайдағы ат?Дұрыс па есің, жігітім?..Алайда жемес қақыңды,Сатсайшы, көршім, атыңды.

Page 366: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

366

– Нарқы келсе сатпай ма, –Сататұғын ат қайда?

– Бар еді менің бір атым –Қымбат болар бірақ тым.

Жарты өмірді, сөзге илан,Сол атқа сарп еттім мен.Ол нарықты өзге адамБере бермес деп білем.

– Сатар едім атымды,Жеңу қиын қатынды,

Жыламай да, жылап таАйтары оның бір кеңес:Кіре қалсаң колхозғаАтсыз кіру жөн емес.Түртті жайлап əлгі қартМоргунокты бүйірден.– Мен сатайын, ал бір ат,Жүр, шырағым, жүр бермен!Шал жеделдеп əкелдіМоргунокты кідіртпей.Ит күркесі секілдіТозған үйге бір титтейТөрт тағандап бір ат тұр,Тарамысы боз қурай.Қалыпты екі құлақ құр,Су қараңғы көз жұрдай.Тұр жануар қозғалмайИтер мейлі, үр мейлі.Шал да одан көз алмай:– Ат патшасы – бұл, – дейді.

Шал үдетті айғайын:– Ə, не дейсің? Жаман ба?– Атсыз өтсем де, алмаймын..

Page 367: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

367

– Е, өзің біл, ал – алма...Саудасына – түскені,(Сабасына – піспегі)Ат емес пе, көршілер?

– Айғыр емес. Əрине, ат,Тұр ғой отша жалындап!

Шапса – желдей зырлайды,Жатса – үш күнсіз тұрмайды.Мейлі сындыр тісін мың,Тырп етуге халі жоқ.– Хал-жайларың түсіндім, –Деді сонда Моргунок.

– Балам, кəне, білсең айт, –Шал жабысты желімше.Біздің өмір несі ұят,Ең жақсы өмір меніңше.

Ұзыны да көлденеңӨзіңдікі жер деген.Бір дəн ексең қолмененӨнбейтіні кемде-кем

Еш адам жоқ қол қағар,Тек өзіңді құрмет ет.Шабам десең – шауып ал,Жүрем десең – жүріп кет.

– Жұпыны екен тұрмысың, –Деді ұялып Моргунок.– Бақыт деген кім үшін?Бақ байлықта тұрған жоқ.

Бір жұтым су, үзім нанБолса бар ма кемтігің.

Page 368: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

368

Оған қоса баспанаң,Оң бүйірде кемпірің.

– Сөз-ақ.– Дұрыс!– Əдетте...Жолаушының сөзі солНеге, құсым, əлбетте,Дəм термейсің неге мол?

Бар мəселе тұр сонда.Бой үйренген бұл бір сын.Айтыпты құс жыр сонда:Торда кешкен күн құрсын...

– Болса еркіндік қай жердеБолса жүру өз ісің,Жалақы ма, əлде неАлса мұжық сонысын.

– Жанымыз бір болса екен...– Қосса, түге, бір басын...Əттең, қатын көнсе екен,Қатын қайдан тыңдасын!

– Қатын жайлы сөзді қой,Кісі бар ма бізден кем.Текке өмірім озды ғойТегін тұрмыс іздеумен.

Кісілердің бидайыЖелкілдейді жер тіреп.Кісі еместің қурайыКетті тозып, тентіреп.

Кісілердің баласыСауық сайран бастатты.

Page 369: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

369

Бір столда дəм-асы,Дос тəттіге ас тəтті.

Балаларымнан ал мынаТұрмысы артық торайдың.Əкеде ғой бар кінə,Кінəсы жоқ олардың.

Отырғаның күйбеңдеп,Сол бір қалпың бір көрсем.Кеттім қолды бір сермеп.Күл болмасаң, бүл бол, сен!

Ал Никита МоргунокАң-таң, не айтты сол жігіт?Өзі берер жауап жоқ,Не түсінді бұл сонда,Осыншама уақыттаОсыншама жол жүріп?

Деді сонда Моргунок:– Бұл бір қатал жол, рас,Ештеменің жөні жоқ.Болды бəрі қым-қиғаш.

Сендердің де тұрмысыңЖайсыз екен, бауырлар.Бүйтіп көрген күн құрсын,Дейсің бе, əлде, қауымға ал.

Өзім болсам, мені деЕсепке қос, бейімде.Жүре алмаймын атым жоқІлгері де, кейін де.

Зар илеймін ерте-кеш,Құр шықпаған жаным бар.

Page 370: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

370

Неғылайын, ат емес,Кісі еді ғой жануар!

Өз қолымнан қақтырыпНан ұсынсам, жегендей.Тың тыңдайтын қалт тұрып,Кім келеді дегендей.

Жамбасыма жер батып,Шығам түнде көз ілмей.Тұрған біреу үн қатыпЖақсы атымның өзіндей.

Естігендей боламынТұяғының дыбысын.Қатып тыңдай қаламынТаусылғандай тынысым.

Ол жайылған шалғынныңИісі де біртүрлі.Неғылайын, сағындым,Сол атымды сүйкімді.

Жұрттың бəрі тым-тырыс,Никита өзі күрсінді.Босап көңіл, балқып іш,Көзге бөркіп түсірді.Үн жоқ елде отырған,Сөз таусылды – сыр мəлім.Сол мезетте шал тұрған,Салды ауызға сырнайын.

Жыбырлатты бармағын,Кетті есіліп əдемі үн:– Жасыл баққа барамын,Жаңғақ үзіп, теремін.

Page 371: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

371

Шал жырлайды жаңғақты,Емес əлі мезгіл түн.Белбеуіне жалғаптыМұжық жалғыз жез кілтін.

Жамау-жамау көйлегіКезеді иық арасын...Жыр да: «Жігіт, сен меніҚайда əкетіп барасың?»

Сол бір жасыл гүл бақты,Сол бір жаңғақ күй-жырын,Атасынан тыңдаптыОл жиырма бес жыл бұрын.

– Қой, кетейін, жарым күнТағы да бос қалды артта.Арбам-менен қамытымНе күйде екен анжақта...

XV-ТАРАУ

Сүйер ісің боладыІшінде бір мың істің.Сүюші еді НикитаҚырман басу жұмысын.Дыбысынан дəн басқан,Танушы ед ол жазбастан.Байдың, поптың қырманынБасушы еді топ адам.Бұзбай жұмыс ырғағын,Кезектерін санаған.Бір қимылдан танбастанЖүреді олар толық күн.Музыкамен тең басқанСолдатындай полктың.

Page 372: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

372

Ал Никита Моргунок,Жұмсап бойда зор күшті,Əйелімен екеуі-ақАтқаратын сол істі.

Түнге дейін дəн басып,Тынбаушы еді қолы бір,Тыңдаушы еді жалғасынЖалғыз аяқ сол дүбір.

Қызық еді қызылдауДəнді желге ұшырып.Шіркін, көңіл бұзылды-ауӨткенді еске түсіріп.

Желге қарсы бір уысДəнді қолмен шашқанда,Жерге түскен сол ырысАйға ұқсайды аспанда.

Манағы бір алтын айАлтын тауға айналып,Дəн тазарып сарқылмай,Жатпас еді ол жайланып...

Трактор үні жаңғырып,Жатқан жалпақ қырманға,Келіп, қарап тұрды ол да.Жерді шуға толтырғанТемір тұлпар тұяғы.Рульді ұстап отырғанТракторшы баягы.

Түтін көзді байлайды,Төңіректің бəрі құм.Амандасып болмайды,Маңайына бару мұң.

Page 373: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

373

Жібермейді еш дəнін,Сабан таза – кіл күміс.– Пенжегіңді шеш, жаным,Кел, ұялма, кел кіріс!

– Кəне! – деді Моргунок,Шешінді, айыр қолға алды.Күштің оңы, солы жоқ,

Іс қызды да, шаң қалды.

– Е, мен де бір? Е, тəңір,Ешкімнен кем түспейін!

Бұйыр, жұмса, ет əмір,Не істе десең істейін!..

Жалқау да емен, ез де емен,Кем емеспін өзгеден.

Айырымен жайпайдыАлтын масақ асатып,Білер емес ай-шайдыТастады ілез жамсатып.Кетті, қайтсін шыдар ма,Тер одан да, бұдан да.Сабан бір тау. Білді іші,Күш сарқылып тынды, рас.Келді сонда бір кісіМоргунокпен құрбылас.

Шымыр біткен дене зор,Кең пейілді жан болар.– Сен, бауырым, дейді ол, –Былай сілтеп, былай ал!

Page 374: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

374

Бір арбадай сабандыƏуп! – дегенде сап қылды.Отыра қалып, жаңағыБастан аса лақтырды.

Қағып үстін, сөйледі олЖайдары өзі жан екен.– Ал, қонағым, енді молШылым шегу жөн екен.

– Қандай бастық мінезі,Жібере ме кетуге,– Мен бастықтың өзімін,Ойнаймын деп өкінбе!..

Ал темекі, ал, толтыр,Құр емессің қайраттан.Жол-жөніңді айта отырЖүрсің, туыс, қай жақтан?

– Алыстан ба?– Алыстан,Ельна жақтан келем мен.– Хош келіпсің, туысқан.

Екі жігіт бейтаныс,Сөзге кетті тым алыс.– Олай болса, несі бар,Колхозды көр, арала.

Өзің, жолдас Моргунок,Шамала да, бағала.

Аралатып ол шықпақЖер дегенің, сірə, көп.Моргунокты қолтықтапКетті Андрей Фролов.

Page 375: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

375

Əкелді əрбір аулағаƏрі таза, əрі əсем.Қоршаулары жап-жаңаТұрмыстарын қара, сен,

Өріске де апардыЖердің түгі – бəрі май,Сиырларды мақтадыБейне өзінің малындай.

Жылқылар да ұқты оныТанысындай талайғы.Бұзаулар да тіпті оныңАлақанын жалайды.

Ерсіл-қарсыл аралапКөрді бəрін Моргунок.Жаңа бақша, жаңа бақ,Қайда көрсе балғын көк.

Қақпа, қора қандай нық,Қағып қазық бекіткен.Мықты қаққан сондайлықАйрылмайды жер тіптен.

Бəрі де шын, бəрі анық,Бəрі қажет өмірге.Тұр бір сұрау оралыпМоргуноктың көңліне:

– Партиялық адамсыз,Сізге, əрине, ол жеңіл.Айтыңызшы маған, сіз,Қанша тұрмақ бұл өмір?

– Қазір, жолдас Моргунок,Қайтады жұрт тамаққа.

Page 376: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

376

Оған дейін əзір бопҚалар, мүмкін жауап та.

Аяр дейсің достан не,Шақырамын ас-дəмге.

XVI-ТАРАУ

Фролов Мирон – өз атамƏлі де тең бір жасқа.Он алты поп пен төрт патшаКөріпті көзбен бұл жаста.

Бəріміз одан соң қалмай.Өстік бір қаулап ормандай.

Көрді құрмет қарт мына,Жетіп жаттық тілге де,Заводқа да, шахтағаСолдатқа да, түрмеге.

Кеттік солай əлемгеКүн көріспен шашырап.Бар шығармыз бар елде,Фроловтар бар шырақ!Мəскеу, Сібір, Күншығыс,Біз жоқ жерің, сірə, жоқ.Бірі ұшқыш, машинист,Профессор Фролов.

Бар агроном, командирСақтаған бұл тəртіпті,Жазушы да бар тіпті.Алпамсадай бəрі де,Мысал үшін мына мен,

Page 377: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

377

Тартқанбыз біз кəріге,Ол бір ескі зор емен.

Азаматтық майдандаАлты жерден оқ алдым.Мен болмасам, жай жандаШыдар еді оған кім.

Заң бойынша жарымжан,Басын ұстар жөнім бар.Соқа орнына балдақтың.Болды үлкен бір дау-жанжал,Сонда қатты соғылдым,Дəу болғасын, сау қаппын.

Шалғын бөліп жер өлшепСалық жинап жүр едім,Сүйіп мəңгі, бергем серт,Ленин жолын жүрегім.

«Жерді өзіңе өлшеп ал.Көр тақтайың сай босын»,Деп Грачев батшағар, –Қағаз жазып, бай көршім,Кетіпті өзі күш қылып,Есігіме қыстырып.Мəлім болған күшіменФроловтар əулеті.Еді ежелден күші кемГрачевтар дəулетті.

Олар сауда жасайтын,Қаңғырушы ек кей түн біз.Олар майды асайтын,Біз топырақ жейтінбіз.

Page 378: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

378

Жендет, ата жауым сен,Бұл күн, мына сағатта –Сұм, Степка Грачев,Сонау шірік табыңмен,Жүрсің қаңғып қай жақта?

Бітерде ақтық тынысым,Кезеңде – аштық қамаған,Картоп сұрап біз үшінБарып еді-ау жан анам.

Билеп жанын ұялыс,Қораға əрең кірді ептеп,Деді-ау Полкан Иваныч,Итін де ол құрметтеп...

Ол емес-ау айтарым.Алмақ болды жау өшін,Мен тартқан жер үшін,Сондықтан ол деп жазды:Көр тақтайың сай босып.

Мейрамында УспенніңАңдыды олар мені бір.Грачевтар өскен мыңБəрі маған төніп жүр.Ауыл алыс, жол ұзақКеле жаттым түн іші –Қолда таяқ жалғыз-ақКесіп алған ұл үшін.

Степка Грач үн қатты: – Тырп етпе де, қол көтер!Револьверің құр қапты,Бос қарманба, ол бекер.

Page 379: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Таста, баурым, айлаңды,Қағаздарың қайда əлгі?!

Қолдарында кіл сойыл,Таптырар ма мұршаны.Əттең, төртеу болса бір,Бесеу болса бір сəрі.

Елсіз маңай, жат аймақ,Еш дыбыс жоқ өңірде.Айқайлау ма? АйқайлапКөргенім жоқ өмірде.

Ойлау керек бас қамын,Олар қару сайлады.Маған қарай мастарынАлға салып айдады.

Ұрып жықтым үшеуін,Көк желкемнен тас ұрды.Белгісіз боп түс өңім,Ұстай алдым басымды.

Жығылғаннан тұрмадым.Бар ма, сірə, бас демеу,Грач айтты: «Ұлдарым,Болды қылмыс, қаш дереу».Кетер емес есімненҚоштасқаным ұлыммен.«Таяқ сынды, кешір, сен,Сақтамадым оны мен.

Қош бол, ұлым, оқып өт,Өс, өркенде, ойлай біл.Осы біздің өкімет,Оны əкеңдей қорғай біл...»

Қысқартылып алынған.

Page 380: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

380

МАЗМҰНЫ

Шағын хикаялар

Көнсадақ....................................................................................8Барып қайту яки емхана элегиясы...........................................9Азаттық перзенттері (поэма)..................................................20Көкиық.....................................................................................31Бір уыс шаш (баллада)...........................................................40Əке туралы баллада................................................................45Нан туралы баллада................................................................49Қазақ ақшасы туралы баллада...............................................52

Шоғыр жырлар

Ар дегенің қанменен егіз туған... .........................................56Сыйластыққа не жетсін..........................................................63Ыстықсың сен..........................................................................64Неден қорқам?.........................................................................65Тұз бен су.................................................................................70Ноғаймысың?...........................................................................71Ойлай, бойлай өмірді..............................................................74Тіршілік тірнектері..................................................................75Заман-ай, сені қайтейін...........................................................80Ой-толғаулар............................................................................85Көктемді шақыру.....................................................................92Көкшетау, сені сағындым.....................................................103Жанайдар Мусинді еске алу.................................................109

Page 381: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

381

Тіршілік сəттерінен...............................................................111Көгершіндер...........................................................................112Құмырсқалар..........................................................................113Балықтар................................................................................115Жалғыз аяқ жолдар................................................................117Аспан қадірі...........................................................................118Бармақ шайнау.......................................................................119Түйін.......................................................................................121Қобыз сарыны туралы өлеңдер............................................122Ойжүгіріп əр саққа................................................................129

Əр алуан əуендер

Мемлекетім менің.................................................................138Жеңіс солдаты (баллада) .....................................................140Құттықтау жыр......................................................................1419 май.......................................................................................142Қырғыз əуендері....................................................................143Ақкөл аңызы..........................................................................146Ахаң туралы аңыз..................................................................148Жай қанатыңды, серме, Қазақстаным!................................149Көк Байрақ ............................................................................150Даланың берген жыры еді....................................................151Жезқазған...............................................................................152Жаңа Арқаға сəлем................................................................154«Алпыстың жетеуіне жас жеткенде»... ...............................155Торғай тасып барады............................................................156Көкше жырларынан..............................................................158Біржан-сал тойына................................................................159Ақан-аға!................................................................................160Қазақ қызына.........................................................................161Ордабасына сəлем!................................................................163Кешегі дос – бүгін жау..........................................................164Қарсы алу жыры....................................................................165Наурыз ҚазПИ-де..................................................................167«Жазушы» баспасына алпыс жыл ......................................168

Page 382: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

382

«Қазақ əдебиеті» газетіне 60 жыл........................................170«Кітапхана» журналына.......................................................171Қош, аға!................................................................................172Ағаны аңсау ..........................................................................174Сəбеңсіз жиырма жыл...........................................................175Ауылым, жаңа жылыңмен!...................................................1761988.........................................................................................179Қырық жыл үйіме..................................................................180«Арқаның жұтып келем самал желін»... ............................182Қостанайға тағы да сəлем....................................................... –Жаңа жылға сөз.....................................................................184Шашу......................................................................................186

Ардақтар

Жəкең ауылы..........................................................................188Күннен туған..........................................................................189Ахан туралы ой......................................................................190Би-ағаң туралы екі өлең........................................................192Ілияс Омаров..........................................................................195Мұқан, сенің жұлдызың.......................................................196Атажырау................................................................................197Əбішке....................................................................................198Гүлнар-апа.............................................................................199Інім Əбдісағит........................................................................200Нариманға..............................................................................201Жеңешем ...............................................................................202Шахан Мусин........................................................................204Шерхан дос............................................................................205Əсетдос..................................................................................206Сейдахметке..........................................................................208Байғабылда бір бала..............................................................210Бауырлардың батасы.............................................................211Елдің жақсысы.......................................................................212

Page 383: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Балапандар

Алматыда ауыл бар...............................................................214Біздің Айдар мектепте..........................................................215Əлинаға екі өлең....................................................................217Ғафу-Ғафуралар.....................................................................219Айдар мен Əлия.....................................................................220Тағы да Əлияға......................................................................222Гүлнарға.................................................................................224Бақытқа..................................................................................226Немерелер..............................................................................228Ақ көйлекті шал....................................................................230Күн баласы.............................................................................233Балқурай (балаларға арналған баллада).............................237Ақкөл аңызы (баллада) ........................................................241«Жер жүрегі» кітабынан 1967 жылКегенмен кездесу...................................................................246«Бейбітшілік даусы» кітабынан 1951 жылБейбітшілік үшін...................................................................257«Шабыттың қайнар бұлағы» кітабынан 1959 жылМиллиард деген салмақпен..................................................258«Ақынға» кітабынан 1954 жылАбай қасында.........................................................................259«Бастаушымыз партия» кітабынан 1961 жылБақыт туралы дастан.............................................................260«Атамекен» кітабынан 1981 жылЕлім менің..............................................................................262Балықшы Иван (Балаларға арналған шағын поэмалар)...............................265Байқосақтың егіні..................................................................285Ақсордағы село.....................................................................296Бақыт пен Витя......................................................................305Қос бөбек...............................................................................309Мараттың түсі........................................................................310А. Твардовскийдің «Жерұйық» кітабынан 1987 жыл........312

Page 384: 9 tom Kaiyrbekov - Tilalemi.kz · 15 Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан Жөнелді жағдайымның көп куəсі. Біреуі қалып

Кітапты шығаруға жауапты –«Қазығұрт» баспасының директоры

Темірғали КӨПБАЕВ

Ғафу ҚАЙЫРБЕКОВ

Көп томдық шығармалар жинағы

Тоғызыншы том

Өлеңдер

Редакторы Нұрсұлу ДЮСЕНБЕКОВАСуретшісі Нұран АЙЫМБЕТ

Техникалық редакторы Дарико ОМАРҒАЛИЕВАБеттеген Ермек МЕЙІРБЕКОВ

ИБ № 395 Басуға 19.07.2013 қол қойылды.

Қалыбы 84х108 1/32. Офсеттік басылым.Қарып түрі Times New Roman. Шартты баспа табағы 20,0.

Таралымы: Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2000 дана +150 дана баспаның тапсырысы бойынша. Тапсырыс №

«Қазығұрт» баспасының компьютер орталығында теріліп, беттелді.

«Қазығұрт» баспасы, 050009, Алматы қаласы,

Абай даңғылы 143, 522-офис.Телефон (факс) 8(727) 394-42-86.

e-mail: [email protected]