1 жылдан бастап Басылым 1930 [email protected] шығады...

12
1 маусым жұма 2018 жыл №22 (8427) Басылым 1930 жылдан бастап шығады [email protected] 29 мамыр күні ауданымызда «Әлеуметтік қызметтер, бизнес және демалыс орталығында» медиация кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылу салтанаты- на аудан әкімі Абат Шыныбеков, ауылдық округ әкімдері, аудандық соттардың судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты. Медиация кабинеті ашылды Медиция кабинетінің ашылуын- да сөз сөйлеген аудан әкімі Абат Шыныбеков: -Медиация заңының қолданылу мақсаты – бұл даула- сушы тараптарды сотқа жеткізбей- ақ өзара бітімге келтіру, даулы мәселелерді бітімгершілікпен шешу болып табылады. Осы орайда ауданымызда халық арасында 29 мамыр күні аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске ауылдық округ әкімдері, мекеме- бөлім басшылары қатысты. Кеңесті ашқан аудан әкімі: - Бүгінгі жиналып отырған басты се- беп – ауыл шаруашылығы, ветери- нария және жер қатынастарының атқаған жұмыстары мен алда тұрған міндеттерін саралау, -деді. Кеңесте аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшы- сы Сергей Тоқпанов «Ауданның ауыл шаруашылығы саласын- да 2018 жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы» хабар- лама жасады. -Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласын- да 31 заңды тұлға, 616 шаруа қожалықтары тіркелген. Есепті мер- зімге шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара малы 88594 басты құрайды. Бүгінде ауданда асыл тұқымды ірі қара малын өсірумен 11 шаруашылық, қой өсірумен 3 шаруашылық және Ауыл шаруашылығы бойынша кеңес өтті жылқы өсірумен 3 шаруашылық айналысуда. Сондай-ақ мал шаруашылығы бойынша аудан шаруашылықтары субсидия алуға берген өтінімдеріне сәйкес 342 млн. 389 мың теңге көлемінде қаржыландырылған. Субси- дия көлемі бойынша ең төменгі көрсеткішті Болашақ округі (0 теңге), Қарасу (300 мың теңге), Талдықұдық (1 млн. 250 мың теңге), Қайыңды округі (2 млн. 350 мың) көрсетіп отыр. 2017-2018 жылғы қыс маусымының ұзарып кетуі- не байланысты ауданның кей- бір ауылдық округтері мен шаруашылықтарында мал азығының тапшылығы орын алып, шөп тасымалы ұйымдастырылды. Осы жағдайдан тиісті қорытынды шығару мақсатында мал азығының жылжарымдық қорын жасақтау үшін әрбір округке тапсырма- лар беріліп, аудан бойынша жал- пы 350,0 мың тонна табиғи мал азығын дайындауымыз қажет. Сонымен қатар маусымдық қой қырқу жұмыстары жүзеге асыры- луына байланысты мамыр айының 23-25 күндері аралығында Атырау қаласының жүн өңдеу фабрика- сы «Сaspiy lana Atyrau» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп, барлық ауылдық округтерге жүн қабылдау жөнінде толық мәліметтер берілді, -деді хабарламашы өз сөзінде. Сондай-ақ кеңесте аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Аманжол Қажығалиев хабарла- ма жасап, ветеринариялық іс- шаралардың орындалуы бойын- ша ағымдағы жылдың 5 айында атқарған жұмыстары туралы айтып өтті. -Ветеринария бөлімімен жоспарға сай құтыру, пастереллез, сібір жарасы, бұлдырмақ ісік және т.б. ауруларға қарсы вакцинация- лау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бруцеллез ауруына қарсы 5 айлық жоспарға сай ауданда 43951 басқа бекітілсе, орындалғаны 31978 бас ірі қара малы серологиялық тәсілімен зерттеліп (72,8%), 569 бас оң нәтиже беріп, зақымдану – 1,8 % құрады. Содан 301 бас санитариялық сойылымға тапсы- рылды. Қалған бас ірі қара малды санитариялық сойылымға тапсы- ру ұйымдастырылуда. Ұсақ қара малы бойынша 70260 басқа бекітіл- се, 24845 бас зерттеліп (орындалу – 35,4%), оң нәтиже анықталғаны 53 бас. 64 түйеден қан алынып, 3 түйе оң нәтиже берді және 55 иттен қан алынып, оң нәтиже берген 7 ит аластатылды, -деді хабарламашы. Сонымен қатар кеңесте аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Артур Айтжанов та өз саласы бойынша атқарылған жұмыстардан хабарлама жасады. Кеңесті қорытындылаған аудан әкімі Абат Абайұлы тиісті сала бас- шыларына тапсырмалар жүктеді. Мөлдір ӘНУАРБЕК медиация түсінігін қалыптастыру, заңның тиімділігін ұғындыру мақсатында бүгін әдістемелік нұсқаулықтармен жабдықталған медиация кабинеті ашылып отыр. Енді осы кабинет ауыл азаматтары арасындағы өзара түсініспеушілікті жоятын, елдің бірлігін нығайтып, дауларды азайтатын орынға ай- налып, халық игілігі үшін жұмыс атқарады деп сенеміз, -деген тіле- гін жеткізді. Жаңадан ашылған медиация кабинетінің лентасын аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ұмсын Мұқанғалиева мен кәсіби емес медиатор Шынболат Өтешқалиев қиды. Айта кетейік, аудамызда биыл- дан бастап 1 кәсіби медиатор Марат Харесұлы Тоясов қызметін бастаса, ауылдық округтерде 22 кәсіби емес медиаторлар жұмыс жасауда. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ Бүгінде Қазақстандағы ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп мәселелерді көтеріп жүр. Қазіргі қоғамда гендер саласындағы сан қырлы күрделі мәселелерді түсіндіру үшін, ер де, әйел де өзінің құқықтарының тең екендіктерін сезіну үшін ар- найы қоғамдық бірлестіктер арқылы түсінік жұмыстары жүргізіліп, жоспарлы іс-шара- лар қолға алынуда. Осыған сәйкес 30 мамыр күні аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева төрағалық етуімен «Еліміздегі гендерлік теңдіктің қалыптасуы мен ерекшелігі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар- да аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы «Қазталов ауданы жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат» жөнінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ семинарда БҚО «Жайық дауысы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қадиша Мұқанова, БҚО ішкі істер департаментінің полиция майоры Шынар Қапаева, гендерлік сая- сат, қоғамдағы зорлық-зомбылық факторларының алдын алу шара- лары жөнінде әңгіме өрбітті. Мемлекетіміздің ұлт саулығы жөніндегі бағдарламадан бастап Гендерлік теңдікті қалыптастыру бағытындағы семнар әйел адамдарға қатысты барлық заңды екшеп берген Қадиша Халыққызы отбасы мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, жыл сайын елімізде некелескен отбасылардың дені ажырасып ке- теді және жалғыз басты аналар қатары жылдан-жылға көбейіп отыр. Бұл ащы да болса шындық, -деді өз сөзінде. -Әйел заты әрқашан да өмір үшін, адамгершілік үшін күрескен. Біз өзгерістер заманында өмір сүріп жатырмыз. Әйел адам әр нәрсеге деген жауапкершіліктің шегін жақсы біледі. 2009 жылы ерлер мен әйел адамдардың арасындағы гендерлік тепе- теңдікке мемлекеттік кепілдік жайлы және әйелдерге қатысты жасалынатын тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу туралы екі гендерлік заң қабылданған бо - латын. Қазіргі қоғамда дұрыс ген- дерлік ұстаным болу қажет, -деген қаржы саласының ардагері Ганди Шамкелова тұрмыстық зорлық- зомбылық түрлері жайлы көптеген мәліметтер айтты. Семинарда жалпы аудан көлеміндегі әйелдің тыныс-тіршілігі жөнінде аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина хабарлама жасады. Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Жұлдыз АСҚАР Жуырда аудандық “Үздік мемлекеттік қызметші 2018” байқауы өтті. Байқау екі негізгі кезеңнен тұрды. І кезең – байқауға қатысуға іріктеу кезеңі. Байқаудың І кезеңіне 13 мемлекеттік қызметші қатысып, оның 9-ы II кезеңге жол- дама алған болатын. 23 мамыр күні өткен байқаудың II кезеңінде байқауға қатысушылар аудандық конкурстық комиссиясының ал- дында жеке әңгімелесуден өтті. Бұл кезеңде қатысушылар өзін-өзі таныстыру, заңнамаларды білу деңгейі, ситуациялық жағдайларда шешім қабылдау қабілеттері “Үздік мемлекеттік қызметші 2018” бойынша сұрақ-жауап, әкімшілік реформалар аясында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойын- ша жарысты. Байқау қорытындысы байқау ережесіне сай 5 күннің ішінде шығарылып, “Үздік мемлекет- тік қызметші – 2018” аудандық байқауының жеңімпаздары болып ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мәншүк Елтайқызы Баты- рова және аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Абзал Нұртайұлы Ел- таев танылды. “Ауыл айнасы” ақпарат

Transcript of 1 жылдан бастап Басылым 1930 [email protected] шығады...

Page 1: 1 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/22.pdf · 23-25 күндері аралығында

1 маусымжұма

2018 жыл №22 (8427)

Басылым 1930 жылдан бастап

шығады[email protected]

29 мамыр күні ауданымызда «Әлеуметтік қызметтер, бизнес және демалыс орталығында» медиация кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылу салтанаты-на аудан әкімі Абат Шыныбеков, ауылдық округ әкімдері, аудандық соттардың судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Медиация кабинеті ашылды

Медиция кабинетінің ашылуын-да сөз сөйлеген аудан әкімі Абат Шыныбеков: -Медиация заңының қолданылу мақсаты – бұл даула-сушы тараптарды сотқа жеткізбей-ақ өзара бітімге келтіру, даулы мәселелерді бітімгершілікпен шешу болып табылады. Осы орайда ауданымызда халық арасында

29 мамыр күні аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске ауылдық округ әкімдері, мекеме-бөлім басшылары қатысты.

Кеңесті ашқан аудан әкімі: -Бүгінгі жиналып отырған басты се-беп – ауыл шаруашылығы, ветери-нария және жер қатынастарының атқаған жұмыстары мен алда тұрған міндеттерін саралау, -деді.

Кеңесте аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшы-сы Сергей Тоқпанов «Ауданның ауыл шаруашылығы саласын-да 2018 жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы» хабар-лама жасады.

-Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласын-да 31 заңды тұлға, 616 шаруа қожалықтары тіркелген. Есепті мер-зімге шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара малы 88594 басты құрайды. Бүгінде ауданда асыл тұқымды ірі қара малын өсірумен 11 шаруашылық, қой өсірумен 3 шаруашылық және

Ауыл шаруашылығы бойынша кеңес өтті

жылқы өсірумен 3 шаруашылық айналысуда. Сондай-ақ мал шаруашылығы бойынша аудан шаруашылықтары субсидия алуға берген өтінімдеріне сәйкес 342 млн. 389 мың теңге көлемінде қаржыландырылған. Субси-дия көлемі бойынша ең төменгі көрсеткішті Болашақ округі (0 теңге), Қарасу (300 мың теңге), Талдықұдық (1 млн. 250 мың теңге), Қайыңды округі (2 млн. 350 мың) көрсетіп отыр.

2017-2018 жылғы қыс маусымының ұзарып кетуі-не байланысты ауданның кей-бір ауылдық округтері мен шаруашылықтарында мал азығының тапшылығы орын алып, шөп тасымалы ұйымдастырылды. Осы жағдайдан тиісті қорытынды шығару мақсатында мал азығының жылжарымдық қорын жасақтау үшін әрбір округке тапсырма-лар беріліп, аудан бойынша жал-пы 350,0 мың тонна табиғи мал азығын дайындауымыз қажет.

Сонымен қатар маусымдық қой қырқу жұмыстары жүзеге асыры-луына байланысты мамыр айының 23-25 күндері аралығында Атырау

қаласының жүн өңдеу фабрика-сы «Сaspiy lana Atyrau» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп, барлық ауылдық округтерге жүн қабылдау жөнінде толық мәліметтер берілді, -деді хабарламашы өз сөзінде.

Сондай-ақ кеңесте аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Аманжол Қажығалиев хабарла-ма жасап, ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы бойын-ша ағымдағы жылдың 5 айында атқарған жұмыстары туралы айтып өтті.

-Ветеринария бөлімімен жоспарға сай құтыру, пастереллез, сібір жарасы, бұлдырмақ ісік және т.б. ауруларға қарсы вакцинация-лау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бруцеллез ауруына қарсы 5 айлық жоспарға сай ауданда 43951 басқа бекітілсе, орындалғаны 31978 бас ірі қара малы серологиялық тәсілімен зерттеліп (72,8%), 569 бас оң нәтиже беріп, зақымдану – 1,8 % құрады. Содан 301 бас санитариялық сойылымға тапсы-рылды. Қалған бас ірі қара малды санитариялық сойылымға тапсы-ру ұйымдастырылуда. Ұсақ қара малы бойынша 70260 басқа бекітіл-се, 24845 бас зерттеліп (орындалу – 35,4%), оң нәтиже анықталғаны 53 бас. 64 түйеден қан алынып, 3 түйе оң нәтиже берді және 55 иттен қан алынып, оң нәтиже берген 7 ит аластатылды, -деді хабарламашы.

Сонымен қатар кеңесте аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Артур Айтжанов та өз саласы бойынша атқарылған жұмыстардан хабарлама жасады.

Кеңесті қорытындылаған аудан әкімі Абат Абайұлы тиісті сала бас-шыларына тапсырмалар жүктеді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК

медиация түсінігін қалыптастыру, заңның тиімділігін ұғындыру мақсатында бүгін әдістемелік нұсқаулықтармен жабдықталған медиация кабинеті ашылып отыр. Енді осы кабинет ауыл азаматтары арасындағы өзара түсініспеушілікті жоятын, елдің бірлігін нығайтып, дауларды азайтатын орынға ай-налып, халық игілігі үшін жұмыс атқарады деп сенеміз, -деген тіле-гін жеткізді.

Жаңадан ашылған медиация кабинетінің лентасын аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ұмсын Мұқанғалиева мен кәсіби емес медиатор Шынболат Өтешқалиев қиды.

Айта кетейік, аудамызда биыл-дан бастап 1 кәсіби медиатор Марат Харесұлы Тоясов қызметін бастаса, ауылдық округтерде 22 кәсіби емес медиаторлар жұмыс жасауда.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Бүгінде Қазақстандағы ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп мәселелерді көтеріп жүр. Қазіргі қоғамда гендер саласындағы сан қырлы күрделі мәселелерді түсіндіру үшін, ер де, әйел де өзінің құқықтарының тең екендіктерін сезіну үшін ар-найы қоғамдық бірлестіктер арқылы түсінік жұмыстары жүргізіліп, жоспарлы іс-шара-лар қолға алынуда.

Осыған сәйкес 30 мамыр күні аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева төрағалық етуімен «Еліміздегі гендерлік теңдіктің қалыптасуы мен ерекшелігі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-да аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы «Қазталов ауданы жанындағы әйелдер істері және о т б а с ы л ы қ - д е м о г р а ф и я л ы қ саясат» жөнінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ семинарда БҚО «Жайық дауысы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қадиша Мұқанова, БҚО ішкі істер департаментінің полиция майоры Шынар Қапаева, гендерлік сая-сат, қоғамдағы зорлық-зомбылық факторларының алдын алу шара-лары жөнінде әңгіме өрбітті.

Мемлекетіміздің ұлт саулығы жөніндегі бағдарламадан бастап

Гендерлік теңдікті қалыптастыру

бағытындағы семнар

әйел адамдарға қатысты барлық заңды екшеп берген Қадиша Халыққызы отбасы мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, жыл сайын елімізде некелескен отбасылардың дені ажырасып ке-теді және жалғыз басты аналар қатары жылдан-жылға көбейіп отыр. Бұл ащы да болса шындық, -деді өз сөзінде.

-Әйел заты әрқашан да өмір үшін, адамгершілік үшін күрескен. Біз өзгерістер заманында өмір сүріп жатырмыз. Әйел адам әр нәрсеге деген жауапкершіліктің шегін жақсы біледі. 2009 жылы ерлер мен әйел адамдардың арасындағы гендерлік тепе-теңдікке мемлекеттік кепілдік жайлы және әйелдерге қатысты жасалынатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы екі гендерлік заң қабылданған бо-латын. Қазіргі қоғамда дұрыс ген-дерлік ұстаным болу қажет, -деген қаржы саласының ардагері Ганди Шамкелова тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері жайлы көптеген мәліметтер айтты. Семинарда жалпы аудан көлеміндегі әйелдің тыныс-тіршілігі жөнінде аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина хабарлама жасады. Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

Жұлдыз АСҚАР

Жуырда аудандық “Үздік мемлекеттік қызметші – 2018” байқауы өтті. Байқау екі негізгі кезеңнен тұрды. І кезең – байқауға қатысуға іріктеу кезеңі. Байқаудың І кезеңіне 13 мемлекеттік қызметші қатысып, оның 9-ы II кезеңге жол-дама алған болатын. 23 мамыр күні өткен байқаудың II кезеңінде байқауға қатысушылар аудандық конкурстық комиссиясының ал-дында жеке әңгімелесуден өтті. Бұл кезеңде қатысушылар өзін-өзі таныстыру, заңнамаларды білу деңгейі, ситуациялық жағдайларда шешім қабылдау қабілеттері

“Үздік мемлекеттік қызметші – 2018”

бойынша сұрақ-жауап, әкімшілік реформалар аясында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойын-ша жарысты.

Байқау қорытындысы байқау ережесіне сай 5 күннің ішінде шығарылып, “Үздік мемлекет-тік қызметші – 2018” аудандық байқауының жеңімпаздары болып ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мәншүк Елтайқызы Баты-рова және аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Абзал Нұртайұлы Ел-таев танылды.

“Ауыл айнасы” ақпарат

Page 2: 1 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/22.pdf · 23-25 күндері аралығында

2 1 маусым 2018 жылАПТА АҚПАРАТЫ

Аудан әкімінің орынбаса-ры Зәйлім Мәжитова бастаған ақпараттық-насихат тобы Бостандық, Көктерек, Қарасу (Жұлдыз), Жаңажол, Қараөзен, Талдыапан (Сарықұдық), Қошанкөл, Қараоба ауылдық округтерінде болып, “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған” бағдарламасы, зейнетақы төлеу жүйесіндегі өзгерістер, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» туралы тұрғындарға түсінік берді.

Халықты нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті да-мыту, кәсіп бастауға несие беру, оқуға жіберу, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында келісім-шарттар жасау, ар-наулы әлеуметтік төлемдер бойынша аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мирлан Құсайынов және аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Артур Берденов кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар зейнетақы тағайындаудағы өзгерістер, ай сайынғы зейнетақы жарнасын аударудың пайдасы, оның жұмыс өтіліне әсері жөнінде

Ақпараттық-насихат тобы округтерде

25 мамыр күні 150 жылдық та-рихы бар Алма Оразбаева орта мектебінде “Сәт-сапар, алтын ұя түлектері” атты салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шарада сөз алған облыстық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллин және аудан әкімінің орынбаса-ры Нұретден Құтхожин мере-кемен құттықтады. Сондай-ақ Алма Оразбаева орта жалпы білім беретін мектебінің директо-

25 мамыр күні Ғ.Беғалиев атындағы мектепте соңғы қоңырау салтанаты өтті. Соңғы қоңырау салтанатына аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ғ.Бегалиев мектебі биылғы оқу жылын 215 оқушымен аяқтап отыр. Оқушылардың білім мен тәрбие алуына 35 ұстаз абыройлы қызмет жасады. Салтанатта мек-теп директоры Ернар Ильясов озат оқушыларға алғысхаттар табыста-

са, сонымен қатар осы жиында бір топ үздік ұстаздар да марапатқа ие болды. Салтанатты жиында мек-теп бітіргендеріне 20, 25, 40 жыл болған түлектер қатысып, өздерінің жүрекжарды тілектерін арнаумен қатар мектепке, ұстаздарына сый-сияпаттарын табыстады.

Ән-жырмен өрілген салтанатты жиын сыңғырлай соғылған соңғы қоңырау үніне үласты. Салтанатты жиыннан кейін мектеп түлектерінің форумы өтті.

25 мамыр күні Бірік орта жалпы білім беретін мектебінде соңғы қоңырау салтанатты шарасы өтті. Салтанатты шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева және мектеп бітір-гендеріне 5,10,20,40 жыл болған түлектер, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты.

Жиында аудандық ішісі саясат бөлімінің басшысы Самал Жанге-реева, мектеп директоры Уәлихан Жағыпаров, мектеп түлектері

ры Әлия Ғұсманова және мектеп түлектерінің ұстаздары мен ата-аналары сөз алып, барша мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тіледі.

Шарада осыдан 10,20,30,40,50 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер де келіп, ақжарма тілек-терін білдіріп, мектеп кезіндегі естеліктерімен бөлісті.

Соңғы қоңырау салтанатында мектеп түлектері ән-жырдан шашу шашып, шырқалған әсем әуендер үнімен түлектер қимастық сезіммен қоштасып жатты...

оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздар қауымын соңғы қоңырау мерекесімен, оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Салтанатты шарада мектеп-ті үздік бітірген, түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушыларға мақтау қағаздары табысталды. Мектеп оқушылары әнінен шашу шашып, 5,10,20,40 жылдық түлектер өз естеліктерімен бөлісті.

әлеуметтік төлемдер орталығының басшысы Эльмира Сармалаева нақты әрі анық түсіндіріп бер-ді. Айта кетейік, көп жағдайда кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы жетекшілері қарауында жұмыс жасайтындар келісім-шарт жа-саспайды, сәйкесінше оларға зейнетақы жарнасы аударылмай-ды. Ал енді жаңадан заңға енгізіл-ген өзгерістерге сай егер сіздің зейнетақы қорында ай сайын аударылған қаржыңыз болмаған жағдайда болашақта зейнет жа-сына жеткенде зейнетақысыз қалуыңыз бек мүмкін. Осы

олқылықтың алдын алу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керектігі де осы жиында тұрғындарға жет-кізілді.

Сондай-ақ кездесуде медициналық сақтандыру жүйесінің халыққа беретін бірден-бір нәтижесі, денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру жүйесі мен оның артықшылықтары тура-лы да айтылды. Осы мәселелер жөнінде тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптар алды.

Округ тұрғындарымен кезде-суде аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы осы бағыттағы ауданда жасалып жатырған жұмыстарға тоқтала келіп, Елбасының “Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясындағы xалық бо-лып атқарылып жатырған игі істермен таныстырып өтті. Со-нымен қатар балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың өмір қауіпсіздігін сақтау, алдағы келе жатырған мерекелерді ұйымдастыру сынды мәселелерді де тілге тиек етті.

“Ауыл айнасы” ақпарат

29 мамыр күні «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен «Медиация – дауларды шешудің баламасы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудандық сот төрағалары, кәсіби және кәсіби емес медиатор-лар, округ әкімдері, бөлім басшы-лары қатысты.

Дөңгелек үстелде сөз алған аудан әкімі Абат Абайұлы: - Қазіргі таңда Қазақстанда медиа-ция институты жұмысы белсен-ді түрде жүргізілуде. Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен ҚР «Медиация туралы» Заңы да қабылданды. Осы орайда ауда-нымызда 2016 жылдан бастап күні бүгінге дейін кәсіби, кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен 262 іс медиация тәртібімен қаралып, оң шешімдерін тапқан. Медиа-

«Медиация – дауларды шешудің баламасы»

торлармен қаралған істердің дені құқықтық болып келеді. Осы кезге дейін 8 ауылдық округ бойынша 12 кәсіби емес медиатор жұмыс жүргізсе, қазіргі кезде 1 кәсіби ме-диатор, 16 ауылдық округ бойын-ша 22 кәсіби емес медиаторлар жұмыстарын бастады. Кәсіби емес медиаторлардың саны бойын-ша ең көбі Жалпақтал ауылдық округінде – 4 медиатор. Соның ішінде жоғары белсенділікпен жұмыстарын атқарып отырған кәсіби емес медиаторлар – Абы-лай Молдашев, Ғилым Едекешов, Шымболат Өтешқалиев, Айсұлу Иманғалиеваны атап өтуге бола-ды, -деді.

Дөңгелек үстелде ауданымыздағы кәсіби медиато-ры Марат Тоясов, аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ұмсын Мұқанғалиева, №2

аудандық сот төрағасы Айбар Би-жанов, кәсіби емес медиаторлар Абылай Молдашев, Ғилым Едеке-шов, Айсұлу Иманғалиева өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.

Мәселен, кәсіби емес ме-диаторлар санын арттыру, медиаторлардың медиаторлықты растайтын құжаттармен қамтылуы, олардың арасында сөз саптауды жетілдіру, жеңіл, орташа қылмыстарды сотқа дейін жеткіз-бей шешу мәселелері айтылды.

-«Дау мұраты – біту» деп Сы-рым бабамыз айтқандай, қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алынуы құптарлық жәйт. Аудан-да ашылған медиация кабинеті де алдағы уақытта халық игілігіне жұмыс жасап, дауларды шешу-ге, келісімді нығайтуға арналған орын болатынына сеніміміз мол. Медиаторлар тарапынан тиісті жұмыс жоспары жасақталып, жер-гілікті атқарушы органдармен бір-лесе жұмыс жүргізілуі тиіс, -деді дөңгелек үстелді қорытындылаған аудан әкімі.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Еліміздің түкпір-түкпірінде соңғы қоңырау сыңғырлап, мек-теп түлектері 11 жыл бойы білім нәрін сусындатқан оқу ордасымен қоштасты. Жалпақтал ауылындағы К.Меңдәлиев атындағы білім ор-дасында 2017-2018 оқу жылының соңғы қоңырау салтанаты өтіп, болашақ маман иелерін мектеп қабырғасынан түлетіп ұшырды.

Оқушылардың жүздерінде қуаныш пен қимастық сезім-дері көрініп тұр. Бұл күн, әсіресе, білім ұясынан қанат қаққалы тұрған түлектер үшін ерекше. Салтанатты жиынға қатысқан облыстық қазынашылық басқарма басшысының орынбасары Арман Балғашиев, мектеп директоры Сал-танат Өтеғұлова бітіруші түлектерді құттықтап, білімді, биік парасатты

азамат болуларын тіледі.Бұл күні ата-аналардың да ке-

уделерін ерекше қуаныш сезімі кернеуде. Күні кеше тарыдай болып мектеп табылдырығын аттаған балалары таудай болып, өмірдің жаңа белесіне аяқ аттап баспақшы. Сондықтан алдағы ше-шуші сынақтан сүрінбей өтулеріне тілек білдіруде. Ұстаздар мен ал-тын ұя мектебіне алғысын білдір-ген мектеп бітіруші түлектер әсем әннің ырғағында вальс толқынына тербеліп, ұстаздарға сый-құрмет жасады.

Шарада соңғы қоңырауды мектептің оқу озаттары 1 сынып оқушылары Гүлжанат Ерболато-ва мен Ислам Болат сыңғырлата соғып, жас түлектердің қимас сезім-дерін жеткізгендей әсер қалдырды.

Қазталов орта жалпы білім бе-ретін мектебінде 2017-2018 оқу жылының аяқталуына байланыс-ты «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиыны оздырылды. Мектеп оқушылары сап түзеп, балалардың жыл бойғы жетістік-тері дәріптелді.

Мектептің 1 сынып оқушылары мектеп бітіруші түлектерге ар-

нап өлең-жырларын арнады. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бекжанов, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Асыл Кенжеғалиева, сонымен қатар Ба-тыс Қазақстан облысының метро-логия департаментінің басшысы, мектеп түлегі Салауат Вахитов қатысып түлектерге, оқушыларға өз құтықтауларын жеткізді.

Page 3: 1 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/22.pdf · 23-25 күндері аралығында

31 маусым 2018 жыл МӘСЕЛЕ

Қазіргі кезде аудан орталығында халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік сатумен айналысатын сауда орындары, дәмханалар мен дүңгіршектер жетерлік. Бұл сауда нысандардың бәрі күнделікті тұрмысқа қажетті та-уарлар сатып, табыс тауып қана қоймай, көшелердің келбетін аша-тындай қалыпта болулары ке-рек. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша меншіктің барлық үлгісіндегі заңды және жеке тұлғалар белгіленген және бекітілген аумақты сәулет, тазалық, экологиялық талаптарға сай өз қаражаты есебінен жинап, қажетті жабдықтарды орналасты-рып, көріктендіру нысаны мен эле-менттерін қалыпта ұстап, жөндеу жұмысын жүргізулері қажет. Ал аудан орталығында орналасқан сауда орындары мен жеке меншік иеліктегі ғимараттар аумағы осы талаптарға сай келе ме?

Осыған орай 23 мамыр күні аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан орталығындағы сауда-саттық орындарын аралады. Өткен жылы қараша айында сауда-саттық орындарын аралаған кезде бірқатар сын-ескертпелер айтылған болатын. Соның ішінде дүкен, дәмхана айналасын қоршау, абаттандыру, жарықтандыру, гүл, тал-теректер отырғызу сынды мәселелер көтерілген еді. Міне, содан бері 6 айдан астам уақыт өтті. Бірақ «баяғы жартас сол жар-тас», тек бірен-сарандары болма-са, айтылған ескертулерді ескер-ген кәсіпкерлер жоқ. Дүкендердің

Кәсіпкерлер ауыл тазалығына неге атсалыспайды?

алдында гүлдің орнына ошаған, талдың орнына тікенек өсіп тұр. Ал олардың қоқыс тастайтын орындары мен артқы жақтары ашық-шашық қоршаусыз жатыр. Аудан орталығының қақ ортасын-да, басты көшесінде орналасқан сауда орындары ауылдың сәнін алып, сиқын кетіріп тұр. Безендіру жұмыстары да қолға алынбаған. Со-нымен қатар санитарлық-тазалық мәселелері де сын көтермейді.

-Көбіңіздің кәсіпті бастағандарыңызға 10 жылдан астам уақыт өтті. Бірақ сол 10 жыл бұрынғы дүкен сол баяғы қалпында әлі тұр. Қарапайым терезе торлары сырланып, маңдайшадағы жазуларына жарық қондырылмаған. Мұның бәрі аудан орталығын абаттандыру жұмыстарына кері әсерін тигізуде. Сондықтан сауда орындарының айналасын көркейту, заманауи талаптарға сай ұстауды тапсы-рамын. Бұл айтылған мәселелер орындалмаған жағдайда тиісті шаралар қарастырылатын бола-ды, -деді сауда орындары иелері-мен кездескен аудан әкімі Абат Абайұлы.

«Үйдiң тазалығы оның иесi-не байланысты» деген сөз бар. Сондықтан да ауылымыздың тазалығы тұрғындардың тiкелей өздеріне байланысты. Дүкен бол-сын, үй болсын, оның аумағын абат-тандырып, тазарту жұмыстарын жүргізіп, келбетін көркейтіп отыру баршамыздың міндетіміз.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Бұл мысалдарды неге келтіріп отырмыз? Осы бір өзекті мәселе тұрғысында халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова бастаған ақпараттық-насихат тобы округтерді арала-ды. Бұндағы мақсат – «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған» бағдарламасы, зейнетақы төлеу жүйесіндегі өзгерістер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы кеңінен түсіндіру болатын. Бұл мәселелермен айналасатын саланың мамандарының айтуы бойынша ауданымызда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін заңдастыруда, жыл басынан бері мәртебелерін өзектендіруде 5037 адамның мәртебесі жоқ деп таныл-са, соның күні бүгінде 939-ның мәртебесі анықталып, өзгертілген. (Ескерту: Деректер жаңартыла түседі.) Сондай-ақ міндетті зейнетақы жарнасыз жұмыс жасай-тындар жыл басында 497 құраса, соның 138-і өзектендіріліп отыр. Нәтижесіз өзін-өзі қамтушылар 3288 болса, соның 409-ы өзектендірілген көрінеді. Бұнымен қоса «Еңбек шартын жасаңыз!» атты республикалық акцияға сәйкес жұмыс тобы құрылып, жұмыс жасауда. Яғни, күні бүгінде 66 жұмыс берушілер 140 адаммен еңбек келісім-шартын жасаған.

Енді осы мәселені қарапайым тілмен түсіндірер болсақ, халықтың қызметін заңдастыру, былайша айтқанда өзектендіру әрбір адамға өзінің болашақ өмірі үшін қажет болуда. Алай-да осы мәселеге келгенде көп адамдар бұған селқостықпен қарауынан көп нәрседен ұтылып қалуда. Мысал келтірейік, бір шаруа қожалығында 1000-ның үстінде қой, 200-дің үстінде ірі қара, тағы басқа да малдары бар

Зейнетақы қоры. Медициналық сақтандыру(Ертеңгі күнді ойлап жүрміз бе?)

дейік. Оның бержағында басқа да атқарар шаруалар бар. Ал осы шаруа қожалығының салық, басқа да органдарға берген мәліметтері бойынша 1-2 адам ғана келісім-шартпен жұмыс жасап жүрген болып шығады. Бір-екі адаммен қыруар шаруаны атқару мүмкін бе? Мүмкін емес. Сонда заңды тір-келмеген басқа жұмысшылардың зейнетақы қорына тағы басқа да әлеуметтік төлемдері аударыл-

майды. Нәтижесінде ол адамның зейнетке шығарда зейнетақы қорында жинақталған қаржысы болмайтын жағдайға душар бо-лады. 1998 жылдан кейінгі еңбек жасағандардың зейнетақы қорына салған қаржысы болмаса және оны ай сайын аударып тұрмаса, онда зейнетақысыз қалатыны бел-гілі болуда. Сондықтан қазірден бастап жастар жағы осы мәселені ескерулері қажет.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, жұмыс істеушінің тапқан табы-сынан тек зейнетақы қорына қаржы аударылады да, ал мін-детті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаржысы жұмыс бе-руші орнынан аударылатынын білген жөн. Сонымен қатар мін-детті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі адамдардың денсаулығын сақтаудың басты факторына айналмақ. Бұл ауда-

Ауданымызда «Еңбек шар-тын жасаңыздар!» атты акция жүргізілуде. Осыған байланыс-ты ауданымызда жұмыс тобы бекітіліп, олар өздеріне бөлінген округтерде шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерді аралап, бейресми жұмыспен қамтылған азаматтардың жұмыс бе-рушілермен арасындағы еңбек қатынастарын заңдастыруды талап ету қажеттілігі жөнінде а қ п а р а т т ы қ - т ү с і н д і р м е жұмыстарын жүргізуде.

Акцияның мақсаты – формалды емес еңбек қарым-қатынастарын айқындау және болдырмау, аза-маттарды еңбек саласында құқықтары туралы хабарландыру деңгейін арттыру болып табылады. Қазіргі уақытта формалды емес жұмыспен қамтылу мен оның сал-дары әлеуметтік – еңбек қарым-қатынастары саласында маңызды мәселе болғандықтан, акция өзекті болып табылады.

Бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру

Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін негізгі құжат – еңбек шарты.

Акция бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесінде ауданы-мызда күні бүгінге 68 жұмыс бе-руші 161 жұмысшымен келісім-шарт жасасып отыр. Соның ішінде атап өтсек, Ақпәтер ауы-лына қарасты «Бейназар-Б» шаруа қожалығының жетекшісі Бейбіт Өтеғұлов 11 жұмысшымен, «Асхат» шаруа қожалығының же-текшісі Бауыржан Мұқанғалиев 4 жұмысшымен, Жалпақтал ауылындағы «Альбина» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Альбина Сәрсенғалиева 6 жұмысшысымен еңбек шартын жасады. Бірақ әлі де жұмысшыларын келісім-шартсыз алып отырған шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер кездесіп отыр.

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы

Жақында Қазталов ауылының тұрғыны Саша Гефнейдермен жолығып қалдым. Әңгімесінде ол: - Зейнетке шықтым. Кеңес үкіметі тарағаннан кейін (аутокөлік жүргізуші болғанмын) жеке кәсіпкер болып тіркеліп, таксист болдым. Бірақ одан түскен тиын-тебен неге жетсін?

Ай сайын зейнетақы қорына қорадағы малдарымнан екі қойды сатып, қаржы ауда-рып тұрдым. 81 мың теңге алатын зейнеткерлікке шықтым, -дейді.

Бұл бір әңгіме. Енді тағы бір әңгіменің ұшын шығарайын. Өзімнің ағам Темірбо-лат биыл тамыз айында зейнеткерлікке шықпақшы. 15 жасынан еңбекке араласты. Кеңес үкіметі тарағанға дейін аутокөлік жүргізуші болып еңбек етті. Бірақ оның қорасындағы қойы Сашадан көп болса да қой сатып, зейнетақы қорына көк тиын салмаған. Ол әңгімесінде: - Ел қатарлы 40 мың теңге зейнетақыға шықсам, жа-райды, - деп қарап отыр... Осы екі жағдайды сараласақ, қазағымыздың жан-жағын қымтап, болашағын болжап жүрмейтін аңғалдығына күлкің де келеді. -Пойыздың билеті қалтамда ғой... -деп асықпай шәйін ішіп отыратын, қайран қазекем-ай!..

рылатын қаржы – сол салымшыға қызмет етеді. Егер ол қаржы бол-маса, ауырған адам алғашқы ме-зеттегі ғана медициналық көмек ала алады. Басқалай көмек алу мүмкіндігі болмайды. Сондай-ақ медицина саласындағы цифр-ландыру жүйесі де былайша айтқанда, амбулаториялық кар-тасыз қаралу неғұрлым тиімдірек бола түседі. Мысалға, бір қалаға барып ауырып дәрігерге қаралдыңыз дейік, сол кезде оған тек жеке куәлігіңізді көрсетесіз. Дерекқорда барлық денсаулық тарихыңыз тұрады.

Халықпен кездесуде әңгіме өзегіне айналған тақырыптың бірі – жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік төлемдер мәселесі болды. Жаңа нысандағы атау-лы әлеуметтік көмек дегеніміздің өзі – жан басына есептегенде орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасылар) берілетін төлем. Бұл атаулы әлеуметтік төлем – шарт-ты және шартсыз ақшалай көмек болып бөлінеді. Шартты төлем – әлеуметтік бейімдеу шара-ларына міндетті түрде қатысу шартымен жасалады. Егер

отбасындағы еңбекке қабілетті адам ұсынылған жұмыстан бас тартса, тиесілі қаражаттың 50 пайызы қысқартылады. Ал екін-ші рет бас тартса жүз пайызға қысқартылады. Ал шартсыз төлем жұмысқа тартылуға мүмкіндігі шектеулі белгілі топтарға ғана беріледі.

Біз бұл мақаланы Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауынан және «Бес әлеуметтік жоба» Үндеуінен туындаған міндеттерді қалай жүзеге асырудың тетіктерінің жүргізіліп жатқанына аз-кем тоқталдық. Сайып келгенде бұл жұмыстардың барлығы да халықтың әлеуметтік тұрмысын одан әрі жақсарту бағытындағы қадамдар бо-лып табылмақ.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Page 4: 1 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/22.pdf · 23-25 күндері аралығында

41 маусым 2018 жылТАҒЗЫМ

31 мамыр күні еліміз бойынша ашаршылық құрбандарына 85 жыл. 1937-1938 жылдардағы сая-си қуғын-сүргін құрбандарының ел ішінде мен куәгері болдым. Аштық кезінде Қазақстанда 1918-1921, 1922-1930, 1932 жылдары үлкен апатты жағдайда адам баласы бірін-бірі жегенді біз тарих беттері-нен оқып білдік. Яғни, 1922 жылы 2 миллион 305 мың 591 адам аштан өлген. Мен 1928 жылы бес жастағы бала болсам да бәрі есімде (ауыр, қасиетті жылдар адам баласын ерте есейтеді екен). Ауылымызда Үмбетай деген бай адам болды. Бұл кісінің малын кәмпеске жа-сап, өзін жер аударды (тұтқындап алып кетті). Балалары жер ауып, Қытайға көшіп кетті деп естідім. Қалған отырықшы ауылдың малда-рын ортаға салды, бермегенін тар-тып алды. Ұжымшар боласың деп халық арасына насихат жүргізілді. Тұрғылықты жеріміз Жаңақала ауданының №8 Тұрдықұл ауыл кеңесі болатын. Бірақ бұл жердегі

“Бұдан былай қайғы-қасіреттер болмасын!”

халықтардың тұрмысы нашарлап, күн көріс болмай отырықшы ауыл халқы аштыққа кездесті. Салда-рынан отырықшы халық тоз-тоз болып бастары ауған жаққа босып кетті. 1929 жылы атам Сәрсенбі, әкем Сақып, әкемнің інісі Өтеш өздерінің жанұяларымен Астрахан қаласына кәсіп іздеп бір түнде түйе арбамен көшті. Киім, тамақ жоқ, жейтініміз «ат шоңқай» құмыршық, балпақтың еті (бұларды кептіріп, тұздап алады). Ішетініміз шәй ор-нына қырда өсетін «шалфей» де-ген жапырақ шөп. Қайнатқанда қып-қызыл боп түсі өзгереді. Осы қазіргі шәйден өзгешелігі жоқ. 1929-1930 жылы Астрахан қаласының бір батағасына көшіп бардық. Бірақ өзен жағасында отырып балық аулауға ешбір мүмкіндік жоқ бол-ды. Мұнда да ашығып, жүдеп ауруға шалдықтық. Біз төрт ағайынды едік. Менен үлкен ағам, бір қарындасым, бір інім тұрмыстың ауырлығынан ішетін тамақ болмағандықтан ауырып, қарындасым мен інім ісіп-кеуіп аштан қайтыс болды. Бұған басты себеп – барған жеріміз-де адам баласының көптігінен өзен жағасында балық аулауға мүмкіндік болмады. Кім әлі жетеді, сол ау салып немесе қармақ сала-ды. Түрлі ұлттың өкілдері бар.

1931 жылы қайта көшіп Ресей жерінің Озинки ауданының Спартак деген ауылына орналастық. Бірақ астық шығымы нашар болып, күн көрісіміз бірден нашарлай берді. Тамақ орнына жейтініміз бұрынғы жинап кептіріп алған балпақ және «ат шоңқай». Бұларды да бітіп қалады деп аз-аздан береді. 1932

жылы құт-қамал айларында бас көтерген үлкендеріміз аштықтан ісіп-кеуіп, көтерем халге жетті. Атам Сәрсенбі, әкем Сақып, Өтеш ағайдың үйіндегі жеңгем Ынта үшеуі бір айдың ішінде аштықтан қайтыс болды. Жылап-еңіреп біз-дер қалдық. Сөйтіп үш үйлі жаннан бес адам опат болды. Сол жылдың мамыр айында Өтеш ағамның бас-тауымен Фурманов ауданының “Красный партизан” кеңшарының Сарықұдық бөлімшесіне келдік. Анам сауыншы болып, біз ағам Елеусін екеуміз бұзау бақтық. Бірақ Өтеш ағамыз: -Елге қайтайық, елдің жағдайы жақсарды, -де-генсін 1933 жылы Жаңақала ауданының №8 Тұрдықұл ауыл кеңесінің қарауына көшіп кел-дік. Талаптан ұжымшарына мүше болып кірдік. Бұл негізі өзіміздің туып-өскен ауылымыз болатын. Мен 1939 жылы орталау мек-тепті бітіріп, ұжымшарға вет-санитар болып жұмысқа орна-ластым. Бұл басталған еңбек жолымды опасыздықпенен тұтқиылдан шабуыл жасаған не-міс басқыншыларының әрекеті өзгертті. 1942 жылы сәуір айында өзімнің сұрануым бойынша Қызыл Әскер қатарына алындым.

Менің болашаққа, әсіресе, жастарға айтарым бұдан былай қайғы-қасіреттер болмасын. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, бейбіт-шілік заман болсын деген тілегімді білдіремін.

Жұмат СӘРСЕМБИЕВ, Ұлы Отан соғысы ардагері

30 мамыр күні аудандық кітапхана мен Қазталов музейінің ұйымдастыруымен ашаршылық себеп-тері мен зардаптарына тоқталу мақсатында және 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Ер есімін ескерген ел” атты танымдық шарасы озды-рылды. Ауылымыздың еңбек ардагерлері мен мек-теп оқушылары қатысқан шара жерлесіміз, ғалым Хабиболла Әбілұлы Діні-шевке арналып, оның өмірі мен шығармашылығы ту-ралы деректер оқылды.

Оның өміріне қысқаша тоқталсақ, Хабиболла Әбілұлы

“Ер есімін ескерген ел”

1906 жылы бұрынғы Бөкей губерниясының Талов уезъ-інде дүниеге келіп, ағасы Әсет Дінішевтің көмегімен хат таныған. Кейін Александ-ров-Гай ауылында бастауыш мектептен білім алып, 1926 жылы Орынбор қаласындағы “ Қ а з к р а й м е д т е х н и к у м ы н а ” оқуға түседі. 1928 жылы халық ағарту комиссиясының шешімі-мен Мәскеуге оқуға жолдана-ды. 1932 жылы оқуын үздік бітірген жас жігіт КСРО Ғылым Академиясының шешімімен Ленинградта аспирантурада оқиды. Сол кезден білімімен талай мықтылардың көзіне түсіп, оның зерттеген еңбектері жоғары бағаланады. Бірақ 1937-38 жылдардағы репрессияның тырнағына ілініп, “Халық жауы” деген жала жабылады.

Сол себептен оның ғылыми жұмыстармен айналысуына тыйым салынады.

Хабиболла Дінішев ел басы-на күн туған 1941 жылы қолына қару алып соғысқа аттанады. Ха-биболла Әбілұлының жанұясы Ленинград қоршауында қалып қояды. Жұбайы Бауле бала-ларымен бірге 1 ай бойы неше түрлі ауытпалықтарды басынан кешіріп, Қазталов жеріне орала-ды. Соғыстан кейін Хабиболла Әбілұлы Орал қаласында еңбек етіп, 1973 жылы өмірден озған.

Міне, зұлмат жылдардағы солақай саясаттың салдары-нан арыстай азаматқа қара күйе жағылып, оның ғылым жолындағы еңбектері еш бола-ды.

Шарада Хабиболла Дінішевтің өлеңдері оқылып, қуғын-сүргін құрбандары туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар шара-да осындай танымдылық шарасы өтіп жатырған Жалпақтал ауы-лымен интернет желісі арқылы тікелей көпір орнатылып, екі жақтағы шараға қатысушылар арасында байланыс жасалды.

Шара соңында сөз алған ауылымыздың еңбек ардагер-лері оқушыларға қуғын-сүргін жылдары туралы өздері білетін естеліктерін айтып берді.

Қайрат ЖАҚЫП

Жыл сайын 31 мамырда са-яси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккендердің аруағына құран бағышталады. Биыл да Жалпақтал ауылындағы орталық саябақтағы «Қазақ халқын қорғаушылар одағы. Жалпақтал жасырын жастар ұйымы» атты ескерткіш тақтаға көп адам жиналды.

Шараға ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин, мекеме-кәсіпорын басшылары, қуғынға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, ар-дагерлер, еңбек ұжымдары, ауыл тұрғындары қатысты. Гүл шоқтарын қою рәсімін жасап, бір минут үнсіздікпен еске алды. Са-яси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш жанындағы шарада қаза болғандардың аруағына Жалпақтал ауылдық мұсылмандар мешітінің имамы Тілепберген қажы Нұрәлиев құран

бағыштап, дұға оқыды.Жиында округ әкімі Самиғолла

Сафиоллаұлы, Жалпақтал аграрлық және салалық техноло-гиялар колледжінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Ғұмаров, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов сөз сөйлеп, бүгінгі бейбіт күнді арман етіп, соның жо-лында құрбан болған тұлғаларды еске алды. Ақ тілектерін арнады.

Кейін Жалпақтал ауылындағы жастар демалыс орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Холодное лето пятьдесят третьего…» атты кинофильм көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – келешек ұрпаққа осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау болатын.

Тұрарбек АҚМЫРЗА

Қыршын кеткен боздақтарды еске алды

31 мамыр күні аудан орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қазақ тарихындағы тұғырлы тұлға» атты еске алу ша-расы оздырылды.

Еске алу шарасы Сағит Садықов атындағы мәдени демалыс орталығы жанындағы Халықтық театры әртістерінің репрессия құрбаны Тұрар Рысқұлов туралы «Қызыл жебе» ғұмырнамалық ро-ман-эпопеясынан үзінді қойылым арқылы өрілді. Бұл қойылымда зобалаң жылдардағы қазақ ұлтының болашағы үшін аянбай қызмет еткен Тұрар Рысқұлов пен ұлы Ескендірдің өмірінің тра-гедиямен аяқталуы және жұбайы Әзизаның қуғынға ұшырауы жақсы көрініс тауып, жиналған көпшілікті үлкен әсерге бөледі.

Шараға жиылғандар қуғын-сүргін құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерт-кіш мемориалына гүл шоқтарын қойды. Шарада сөз алған аудан

әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин: - Бүгінгі күн – барша қазақстандық үшін қаралы дата. Сол зұлмат жылдары солақай саясаттың кесірінен құрбан болған аталарымыз бен зиялы қауым өкілдерінің еліміз үшін атқарған істерін ұмытпауымыз керек. Сол тарихты бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіре отырып, олардың ерліктерін дәріптеуіміз қажет, - деді.

Шарада аудандық кітпахананың ұйымдастыруымен Алма Ораз-баева атындағы орта мектебінің оқушылары сол жылдары «халық жауы» атанып, құрбан болған қазақ арыстарының портреттері мен олардың кітаптарын ортаға алып, олар туралы жазылған өлеңдер топтамасын оқыды.

Шара соңында саяси қуғынға ұшыраған жерлестеріміздің ұрпақтары атынан еңбек ардагері Жұпар Мұханбетова сөз сөйлеп, шараны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Қайрат ЕСІМҒАЛИ

“Қазақ тарихындағы тұғырлы тұлға”

Page 5: 1 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/22.pdf · 23-25 күндері аралығында

Даңқты апамыздың мұрасын

келіні көздің қарашығындай

сақтап отыр

1 маусым 2018 жыл 5

Сонау 60-70 жылдары Сәлима Ғұбашева апамыз туралы бүкіл ақпарат құралдарында жиі жа-зылып жүрді. Сәлима апамызды аудан ғана емес, облыс өңірі түгел біледі десек қате болмас еді. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған апамыз өзінің жан жол-дасы Есен ағамен бірге жүрек қалауларымен шопандық кәсіпке барды. Құр барған жоқ. Адал еңбек, ащы тердің арқасында биіктен көрінді. Әр жүз саулықтан 130-дан қозы алып, рекорд жаса-ды. Бұл еңбек далада қалған жоқ. Үкімет бағалады. Сәлима апамыз ҚазақССР Жоғарғы Советінің де-путаты болып сайланды. Ленин, Октябрь революциясы ордендерін кеудесіне тақты. 1968 жылы мем-лекет апамызға «Волга Газ-21» аутокөлігін сыйға тартты.

Бүгінгі күнде еңбегімен даңққа бөленген Сәлима апамыздың шаңырағын ұлы Руслан мен келіні

Мамыражай мамыр айының алғашқы күнінде Қайыңдының қызғалдақты алқабында өткен «Қызғалдақ – көктем» фес-тивалінде 100 оқушы және ұстаздардан құралған оркестр Құрманғазы бабамыздың күйін орындадық. Дәл сол күні бұлтсыз көк аспанда қыран көрінді. Күйші бабамыздың «Адай» күйінің екпінді үніне

Біз шәкірттерімізбен бірге

қуанудамыз

Менің елім – менің ауданым – менің ауылым

тәуелсіз еліміздің символы – қыран құс қалықтағандай әсер етті. Кең даланы күй оятқандай болды, алқызыл қызғалдақтар да күй әуенімен тербелген-дей болды... Ал күні кеше ғана «AQJAI’YQ» арнасының «Күншуақ» бағдарламасында туған ел аясында өткен осы бір өнер фестивалі туралы, оның рухани тәлім-тәрбиелік маңызы

туралы әңгіме өрбіді.Бұны неге келтіріп отырмын?

Сарыөзен мен Қараөзеннің орта-сында жатқан елден талай өнер тарландары түлеп ұшты. Елдің мақтанышына айналды. Мен де кіндік қаным тамған Қазталов ауылын мақтан тұтамын. Осы ауылым биыл үлкен қуанышқа бөленгелі тұр. Ол – аудан орталығында тұңғыш рет ар-найы өнер мектебінің салынуы. Қазіргі күнде іргетасы қаланып жатыр. Шәкірттеріміз тар жер-де өнерден дәріс алатын. Алла қосса, бұның бәрі артта қалып, олар нағыз өнер ордасынан білім алатын болады. Сол салынып жатқан өнер шаңырағынан елдің атын әлемге паш ететін талант-тар шығатынына біз сенеміз.

Туған ауылым көркейіп, дами берсін!

Әсемгүл ЖҰМАБАЕВА,газеттің «Нағыз қазақ –

домбыра» айдарын жүргізуші

Бүгінгі күнде еңбек адамдарын дәріптеу жұмыстары жүргізіліп жатса да әлі де болса олқы соғып жатқан тұстары бар екенін байқаймыз. Әсіресе, жастарға нағыз еңбек ерлерін насихаттау кемшін қалуда. Сөзіміз рас болуы үшін мысал келтірейік. Мектеп-терде түрлі кездесулер болып жа-тады. Сол кездесуге қатысатын адамдардың мінездемесіне қарай қалсақ, негізінен қызметте болғандар, былайша айтқанда түрлі басшылық қызметте болғандар. Жиындарда да со-лар сөз алып жатады. Дұрыс та болар. Оларға кінә тағудан аулақпыз. Әркім өз қызметі бойынша қоғамға еңбегін сіңіреді ғой. Сонымен қатар бір ескерткіш тақта қою немесе арнайы шара-лар өткізілсе де батырлардың, өнер адамдарының есімдерімен байланыстырылып жатады. Бұл да дұрыс. Ал мынаған көз жіберіп жүрміз бе?

Егінді кім салды? Өрісті малға кім толтырды? Шыжыған ыстықта, қақаған аязда техника рөлін кім ұстады? Тоғандарды, үйлерді кім салды? Бұлақ көзін кім ашты? Әрине, қарапайым еңбек адамдары. Сол еңбек оларды даңққа бөледі. Солардың жасаған істерінің рахатын кейін-гілер көруде. Бірақ дәріптеуге келгенде сараңдау мінез таныта-мыз. Бүгінде «100 жаңа есімнің»

Еңбек ерлерін білесіз бе?индустриясын қалыптастыруда еңбек адамдарының бейнесі сұранып тұрған жоқ па? Алдында өткен бір жиында ауданымыздың құрметті азаматы Кәрім аға Өтеғұлов мынандай ұсыныс айтты. -Ауданымыздағы “Социа-листік Еңбек Ерлеріне” ескерткіш тұғыр орнату уақыты келді. Бұл жастарға үлгі болатын іс бола-ды, -деді. Бұл мәселені аудан әкімі Абат Абайұлы да қолдады. Әрине, бұл жұмыстар бірте-бірте атқарылатыны белгілі. Сондықтан бұл да бүгінгі күнде алға қойған мақсат болып табы-лады деп санаймыз.

Өйткені «Рухани жаңғыру» аясында жас ұрпақтың бойына бүгін өткізіліп, ертең ұмытылып қалатын шаралар емес, олардың бойында туған ауылдың Сағындық Ерешов, Ахат Аяпов, Ыбырай Сауанов, Қайша Ми-ханова тағы басқалары сияқты қарапайым еңбек ұлыларының есімдері сақталу керек.

Міне, осы Кәрім ағамыздың ұсынысын ел азаматтары қабыл алып, жуырда Жалпақтал ауылындағы орталық саябақта 13 “Социалистік Еңбек Ері” мен 2 “Кеңес Одағының Батырына” арналып бюст орнатылды.

Бұл еңбек ұлыларының есімдерін ұрпаққа үлгі етуде атқарылған игі іс деп білеміз.

Әсем БОЛАТ

Света ұстап отыр. Бір айта кетер жәйт, келіні Света Сәлима апамыз қолданған дүниенің барлығын ша-шау шығармай, арнайы бөлмеге жинаған. Бұл еңбекті қадірлеу, өсіп келе жатырған ұл-қызына өнегелі жолдың тәрбиесін беру. Све-та Сәлима апайдың бүкіл еңбек жолы, өмірі туралы мағлұматтарды жинап, кітап қылып шығармақшы. Осыған көз жіберсек, әр шаңырақта Светадай енесін қадірлеген, оның өнегелі жолын үлгі еткен келіндер көп болса, бақытты шаңырақтар көп болар еді дейміз. 50 жыл өтсе де ата-анасының көзіндей болып қалған «Волга» аутокөлігі гаражда мінін бұзбастан әлі сақтаулы. Бұны да өнегелі іс дейміз. Суреттерден бүгінгі ұрпаққа ой салатын, тарихқа көз жіберетін құнды дүниелерді көреміз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасында айтылған мәселелер ауданымызда жүзеге асуда.

Жеке құрам мүшелері мұражайда болды

Өйткені әрбір адам өзінің туған жерінің тарихын, өткенін білмей, елінің өткені мен бүгінгісін сарап-тай алмайды.

Осыған орай МКҚБ ММ 2-ПБ Қазталов ауданы 4-взводының

жеке құрамы аудандық та-рихи-өлкетану мұрайжайына экскурсияға барып, ондағы түрлі экспонаттармен танысты.

Мұражай жетекшісі Назкеш Адаялиева мұражай көрмесіне қойылған мәдени мұралардың тарихымен таныстыра келіп, сонымен қатар өлкемізден шыққан белгілі тұлғалар – Ұлы Отан соғысының, тыл, еңбек ардагерлері мен қоғам, өнер қайраткерлерінің өмірлеріне қысқаша шолу жасады.

Жеке құрам мүшелері аудан тарихына қанығып, оның жүріп өткен жолдарынан мол мағлұмат алды.

Дастан ЕСҚАЛИЕВ,БҚО МКҚБ ММ 2-ПБ Қазталов

ауданы 4-взвод командирі,полиция лейтенанты

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясын-да педагогтардың атқарар рөлі ерекше мәнге ие. Осы орайда Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі ерекше күш – адамдар, олардың ерік-жігері, денсаулығы, табандылығы, білімі» десе, соның негізгі қуаттандырушысы педагог болып табылады. Рухани жаңғыру біздің жарқын болашағымыздың бүгінгі тарихы болып табылады. «Өткені жоқ елдің, бүгіні де бол-маса керек» демекші, әр заман өз талабына сай дамығанымен, әр қоғам өзіндік мәнін жоймауы ке-рек. Рухани жаңғыру жолындағы Қазақстан халқының біртіндеп ла-тын қарпіне көшуі еліміздің еңсесін көтерер саяси оқиға болары хақ. Латын қарпіне көшу барысында

педагогтің атқарар рөлі ерекше. Негізгі қозғаушы күш ретінде әр педагог өз үлесін қосары анық. Білімнің салтанат құрған зама-нында, әрине, біздің еліміз алда болуы қажет. Ескі көзқарастардан арылып, алға ұмтылуымыз шарт. Қазіргі замандағы жастарымыздың ғылым-білімге деген қызығушылық үдерісі тоқтаусыз, тіпті өлшеусіз даму үстінде. Бұл бізді – педа-гогтерді шабыттандырады. Әр педагогтің арманы ынтасы мол балалармен жұмыс жасау, олар-ды алға ұмытылдыру, дамыту, қанаттандыру, рухани жаңғырту болып табылады. Елбасымыздың алдағы уақытта қазақ тіліне ауда-рылуы тиіс деп белгіленіп берілген 100 оқулығы білім-ғылым сала-сына тың өзгеріс, жаңа леп әкеледі. Бұл аударылатын оқулықтар, әсіресе, болашақ педагогтер үшін маңызды болмақ. Рухани

жаңғыру жолында педагогтеріміз әрқашан ізденісте, үнемі дамуда болуы шарт. Рухани жаңғыру жо-лында педагогтің ізденімпаздығы мен білімі ерекше рөл атқарып, табысқа жеткіздеді. Педагог ма-ман ретінде де, қоғамның бір мүшесі ретінде де, адам ретінде де еліміздегі әрбір өзгерістерді жеті бақылап оған өз үлесін қосуы тиіс. Мен педагог ретінде саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аян-бай тер төгуге міндеттімін. Бұл менің Қазақстаныма қосқан үлесім және қоғамға әкелген рухани жаңғыртуым деп білемін. Өз ойым-ды «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» деген Елбасымыздың сөзімен аяқтағым келеді.

Жанар ҚАЖИЯҚПАР,“Ақжелкен” бөбекжайының

психологі

Рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар рөлі

Page 6: 1 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/22.pdf · 23-25 күндері аралығында

6 1 маусым 2018 жылТуған жер

“Мың алғыс саған, алтын ұя мектебім”

24 мамыр күні Жаңажол ауы-лында 1988 жылы мектеп бітір-ген түлектердің “Туған жер” бағдарламасы аясында туған елге тартуы ретінде орнатылған “Менің жүрегім – Жаңажол” композициясының ашылу сал-танаты өтті. Ашылу салтана-тында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова: -Бүгінде елімізде Елбасымыздың “Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру” мақаласының негізінде “Туған жер” бағдарламасы аясын-да көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде ауданымызда осы бағдарламаға сәйкес биыл 35 жоба жоспарланған болса, соның

Форумға ардагер ұстаздар, ауыл тұрғындары және Алма Оразбаева мектебін әр жылдары бітірген түлектер қатысты.

Форумда сөз алған мектеп директоры Әлия Ғұсманова барша қатысушыларға қош келдің айтып, білім ордасы-на қаржылай және рухани қолдау білдіріп жүрген бір топ түлектерге алғысхаттар табыс етті.

Форумда қатысушылардың назарына Алма Оразбае-ва мектебінің ұстаздары әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сонымен қатар аудан орталығында Алма Оразбаева атындағы білім ордасының 150 жылдық мерейтойына орай әр жылдары осы мектепті бітірген түлектердің аутошеруі оз-дырылды.

Алма Оразбаева атындағы білім ордасында өткен соңғы қоңырау салтанатты шарасынан кейін мек-теп бітіруші және мектеп бітірген түлектердің форумы өз жалғасын тапты.

“Алма Оразбаева – 150 жыл”

24-25 мамыр күндері аудандық мәдениет үйінде Елбасымыздың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасына орай және Алма Оразбаев атындағы орта мектебінің

ашылғанына 150 жыл толу мерейтойы аясында осы мектеп ұжымының ұйымдастыруымен “Мың алғыс саған, алтын ұя мектебім!” атты мектеп бітірген түлектердің форумы озды-

рылды.

Елбасымыздың “Рухани жаңғыру” бағдарламасы ая-сында және Алма Оразбаева мектебінің 150 жылдық мерей-тойына орай мектеп ұжымының ұйымдастыруымен осыдан 30, 40,

45, 50 жыл бұрын мектеп бітір-ген түлектермен кездесу форумы дөңгелек үстел, сонымен қатар басқа да шаралар форматында оз-дырылды. Түлектерді аудан әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин құттықтап, осындай шараға ынтымақтық танытып қатысып жатқандарына өз алғысын біл-дірді. Осы жиындарда ұрпақтар сабақтастығы көрініс тауып, биылғы мектеп бітіруші түлектер аға-апаларының насихатқа толы әңгімелерін тыңдады. Сондай-ақ форумда қонақтардың құрметіне мектеп өмірімен байланысқан сахналық қойылымдар қойылып, бейнероликтер көрсетілді.

Қайрат ЕСІМҒАЛИ

27-сі күні бүгінге әр жылғы мектеп түлектерінің қолдауымен іске асы-рылды. Осының бірі – бүгін өзіміз куә болып отырған “Менің жүрегім – Жаңажол” композициясы. Осын-дай ел игілігіне арналған жұмыстар алда жалғаса берсін! Түлектерге алғысымыз шексіз, -деді.

Сонымен қатар Жаңажол ауылдық округінің әкімі Қайыржан Өмірәлиев те өз лебізін білдіріп, түлектерге алғысxат табыс етті. Шарада сөз алған 1988 жылғы түлектер туған елге, жерлестері-не арнап жүрекжарды тілектерін ақтарды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Түлектердің

24 мамыр күні Бостандық ауылдық округінде Бостандық орта мектебін бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің “Туған жер” бағдарламасы аясында сыйға тартқан “Бостандық. Қош келдіңіздер! Сәтті сапар!” атты композициялық белгінің ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатында сөз алған ауылдық округ әкімі Ма-

нарбек Сүндетов, “Нұр Отан” партиясының Бостандық баста-уыш ұйымының төрайымы Алтын Ақбаева, ауылдық бастауыш ар-дагерлер кеңесінің төрағасы Серік-бай Жапақов, 20 жылдық мектеп түлектері атынан Абзал Хайруллин сөз алып, ауылдың көркейіп, да-муына үлестерін қосқан түлектерге ризашылықтарын білдіріп, батала-рын берді.

Жалпақтал мәдениет үйінде түлектер форумы өтті. Бұл шараға мектепті осыдан 10, 20, 30, 35, 40, 50 жыл бұрын бітірген түлектер мен ауыл тұрғындары қатысты. Түлектерді Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин құттықтап, шараның маңыздылығына тоқталды.

-Кезінде осы мекеннен түлеп

Жалпақталды түлектер бас қостыұшқан сан түрлі мамандық ие-лері туған жерге келіп, жүздесіп жатқандарыңа өте қуаныштымын. Осындай шараға ынтымақтық та-нытып қатысып жатқандарына өз атымнан және ауыл тұрғындары атынан шынайы алғысымды біл-діремін. Жалпақтал ауылында бір күнде түлектердің арқасында үш бірдей нысан халық игілігіне

беріліп отырғаны үлкен мақтаныш. Түлектердің ауызбіршілігі арта берсін, -деген Самиғолла Сафиоллаұлы 10, 20, 30, 35, 40, 50 жыл бұрын бітірген түлектерді алғысхатпен марапаттады.

Сонымен қатар мәдениет үйінің өнерпаздары ән-жырдан шашу ша-шып, түлектердің өмірінен бейнеро-лик көрсетілді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Қоныс ауылының тұрғындары 25 мамыр күні үйдегі тіршіліктерін кейін ысырып қойып, әдеттегіден өзгеше көңіл-күймен мектепке қарай ағылды. Мектеп ауласы күндегіден ерекше салтанатты. Жа-лаушалар ілініп, шарлармен, түрлі ленталармен безендірілген. Мектеп ұжымы келген қонақтарды күтіп, әр жылдардағы мектеп түлектерінің кеудесіне түлектер төсбелгісін қадап беріп жатыр.

Келген түлектер мектеп дәлізінде орналасқан мектеп өмірімен, тір-шілік-тынысымен таныстыратын стендтерді тамашалап, кей су-реттерден өздерін, сыныптас до-старын, сабақ берген ұстаздарын көріп, мәз боп жатыр.

Түлектермен бірге мектепте әр жылдарда ұзақ жыл еңбек ет-кен ардагер-ұстаздар да келді. Солардың бірі Бәтима Қанешқызы жас тілшілерге берген сұхбатында

Дүбірлі той өттімектеп тарихынан қысқаша естелік айтып берді.

Бұл шараға мектептің алғашқы түлегі Қайыр Тұралиев алғашқы қонақ болып ертемен келді. Ағамыз өзі оқыған сыныбына кіріп, мектеп кезін еске алып, сыныпта қанша оқушы оқығанын да ұмытпағанын айтты. Түлектер түгел иін тіресе мектептің акт залына жиналып, мектеп директоры Өбила Аяп құттықтау сөз сөйлеп, шараның бағдарламасымен таныстырып өтті.

Шараның жалғасы ауылдық клубта өткен болатын. Онда түлектерге арнап мерекелік дас-тархан жайылып, оқушылар күшімен ұйымдастырылған кон-церт ұсынылды.

Өз кезегінде түлектер мектептегі қызықты кездерінің естеліктерімен бөлісіп, мектеп түлектері, қазіргі таңда аудандық саз мектебінің

хор және вокал мұғалімі Гауһар Мерғалиева мен қазіргі таңда үй шаруасындағы көп балалы ана, ибалы келін болған Рысқаным Тоғаева тамаша ән тарту етті. Шара барысында түлектермен ойын ойнатылып, би биленді. Осы форумға келген барлық түлектерге мектеп директорының атынан алғыс жарияланып, диплом та-бысталды, естелік сыйлықтар берілді. Сөз алған түлектер мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп, игі тілектерін жаудырды.

Былтыр ғана мектептің 40 жылдығын тойлаған мектеп ұжымы биылғы оқу жылында түлектер форумын ауыл тұрғындарының көмегімен, қолдауымен үлкен абы-роймен өткізді.

Әлия ҚАДЕСОВА, Қоныс мектебінің қазақ

тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

25 мамыр күні салтанатты жиын-да мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің туған ауыл-дарына арнаған «Менің жүрегім – Әжібай» атты композициялық белгінің ашылу рәсімі де өтті. Ашылу рәсімінде сөз алған ауыл ақсақалы Ораш Малаев ауылдың

көркеюіне үлесін қосып жатырған 20 жылдық түлектерге алғысын білдірді. Сондай-ақ мектеп бітірген-деріне 40 жыл толған түлектер био-логия кабинетіне аквариум сыйға тартқанын да айта кету керек.

Гауһар ҚҰРМАНҒАЗИЕВА

Page 7: 1 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/22.pdf · 23-25 күндері аралығында

71 маусым2018 жыл Туған жер

25 мамыр күні Жалпақтал ауылында орталық саябақта Жалпақтал ауылының 1966 жылы туылған түлектері “Батырлар ал-леясын” сыйға тартты. Мұнда 13 “Социалистік Еңбек Ерлері” мен 2 Кеңес Одағының Батырының бюсті орналасқан. Бұл жұмыстарға мек-теп бітіргендеріне 35 жыл болған түлектер 10 миллион теңге шама-

25 мамыр күні Жалпақтал ауылында 1978 жылғы мек-теп бітірген түлектердің тартуымен “Жастар саябағы” ашылды. Саябақтың ашылуында құттықтау сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков түлектерге xалықтың алғысын жеткізсе, 1978 жылғы түлектер атынан сөйлеген Талғат Нығметов: -Елге деген маxаббаттан туған осын-дай сый ауыл жастарының сүйікті орнына айналып, еліміз көркейе берсін! -деген тілегін білдірді. Сонымен қатар 1978 жылғы түлектерге Жалпақтал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилым Едекешов, ауылдық округ әкімі Самиғолла Ақмурзин ризашылықтарын білдіріп, алғысxат табыс етті. Саябақтың лентасын қию рәсімі соғыс арда-гері Жұмат Сәрсембиев пен түлек Айгүл Тасыбаеваға берілді.

25 мамыр күні Қошанкөл ауы-лында мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің демеу-шілігімен жасалған «Қошанкөл» жол белгісі салтанатты түрде ашылды.

Салтанатты жиында сөз алған

25 мамыр күні Қошанкөл ауылының орталық саябағында мектеп бітіргендеріне 25 жыл толған түлектердің демеу-шілігімен жасалған «Атаме-кенім – Қошанкөл» диодты композицияның ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова: -Осы ауылда кіндік қандары тамған ұл-қыздарыңыз керемет сый жасаған. Осындай өскелең істер барлық ауылда да көрініс табуда. Осындай іс-тер бүгінгі мектеп қабырғасында отырған жасөспірім балаларға үлкен ой салады. Күні ертең олар да сіздердің жасаған істеріңізді әрі қарай жалғастыратынына біз сенеміз. Ұрпақ сабақтастығы осындай істерден бастау ала-ды. Сондықтан түлектер сіздерге

туған жерге тартуы

сында қаражат жұмсады.

Ашылу сал-т а н а т ы н д а “ Б а т ы р л а р аллеясының” л е н т а с ы н Ұлы Отан соғысының ар-дагері Жұбат Сәрсембиев және мек-теп бітіргені-не 35 жыл толған түлек Қ а з а қ с т а н

Республикасының Даму және ин-вестициялар министрлігінің жа-уапты xатшысы Замир Сағынов қиды. “Батырлар аллеясының” ашылуымен құттықтаған облыстық мәслиxат xатшысы Мәлік Құлшар, аудан әкімі Абат Шыныбеков: -Елбасымыздың “Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру” мақаласының “Туған

жер” бағдарламасы аясында Жалпақтал ауылында түлектердің демеушілігімен үлкен-үлкен игі істер атқарылуда. Соның бірі – бүгінгі ашылып отырған “Батырлар аллеясы”. Туған жерді түлетуде түлектердің жасап жатырған іс-теріне ел атынан алғыс айтамыз, -деді. Аллеяның ашылу салтана-тында еңбек ерлерінің бюсттеріне гүл шоқтары қойылып, “Қыз Жі-бек” үлгілі ансамблі арнау арнады. 1983 жылғы түлектердің атынан сөз сөйлеген ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты xатшысы Замир Сағынов: -Бұл ал-лея түлектердің туған жерге деген сүйіспеншілігінен, еңбек ерлері мен батырларымызға деген құрметтен туған тарту. Туған еліміз түлей берсін, көркейе берсін. Мұндай іс-тер алда жалғасын таба береді деп сенеміз! - деген лебізін білдірді. Со-нымен қатар аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуа-нов ақ батасын берді.

25 мамыр күні Жалпақтал ауы-лында 1998 жылғы мектеп бітір-ген түлектердің тартуымен “Стрит Воркаут” спорттық жаттығу алаңы ашылды. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Абат Шыны-беков: -Бәріңізді жаңа заманауи спорттық жаттығу алаңының ашы-луымен құттықтаймын. Сіздердің күштеріңізбен, демеушілігіңізбен сыйға тартып отырған тартуларыңыз елдің, ауылдың дамуына қосқан үлкен үлес деп білеміз. Осы мамыр айында аудан бойынша түлектердің демеушілігі-мен жалпы құны 40 миллионның, соның ішінде жалпақталдық түлектердің демеушілігімен 24 миллион теңгенің жұмыстары атқарылып, ел игілігіне табыстал-ды, -деді. Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Қауметов те түлектерге алғысын жеткізді. Түлектер атынан сөз алған Сенім Раxметуллин түлектердің туған жерге деген тілегін жеткізді.

Сондай-ақ осы түлектер ауы-зашар беріп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған он отбасылардың үйіне барып, көмек көрсетіп, 250 мың теңгеге қаражатқа азық-түлік үлестірді.

-Қасиетті Рамазан айында біз секілді аз қамтылған отбасыларға жасап жатқан көмектеріңізге рақмет. Армандарыңыз орындал-сын! Көмек қолын созып, осындай бастама көтерген 1998 жылғы мек-теп түлектеріне ризашылығымыз шексіз, -деп отбасылар алғыстарын

жаудырды.Сонымен қатар осы күні

Жалпақтал мешітінде ауыз бекіткен жамағатқа 1998 жылғы түлектер ауызашар берді. Осынау ұлы күні ауыз бекітіп, ораза тұтқан жандарға ауызашар беру қай-қай мұсылманға да сауапты іс.

1998 жылғы түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуы-на орай Жалпақтал ауылын-да екі күнге созылған спорттың шағын футбол, арқан тарту, қазақ күресінен спорттық шара-ларын ұйымдастырды. Екі күнге созылған жарыста футболдан ардагерлер арасында ІІІ орынды 1981 жылғылардың команда алса, ІІ орынды 1980 жылғылар, ал І орынға 1984 жылғылар ие болды. Ал жастар арасында І орынды 1989 жылғылар, ІІ орынды 1991 жылғылар мен ІІІ орынды 1990

жылғылардың командасы алды. Арқан тару сайысында ІІІ орынға 1990 жылғылар ие болса, ІІ орын-ды 1984 жылғылар мен І орынды 1977 жылғылар командасы өзара бөлісті. Қазақ күресінен ІІІ орын мен ІІ орынды Қанат Мұсағалиев пен Айбар Асқаров өзара бөліссе, «Түйе палуан» және бас жүлдені Бейбіт Мәдиев қанжығасына бай-лады. Мәдениет үйінің алаңында марапаттау рәсімі оздырылып, жүлдегерлер мен жеңімпаз коман-далар мен белсенділік танытқан командалар және жекелеген но-минация иелерін дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапат-тады. Кешкісін би кеші оздырылып, 1998 жылғы түлектердің отшашуы-мен аяқталды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

аудан әкімінің орынба-сары Зәйлім Мәжитова: -Осы бір еңселі бел-гі қошанкөлдіктердің еңсесінің қандай екенін байқатып тұрған жоқ па?! Киелі санымыз болып келетін 7 санына негіз-деліп жасалған белгінің ұлттық нақыштары да рухани бағыттардан ой түйгізгендей. Міне, осыны түлектер туған ауылына сыйға тартқан. Осындай ұл-қыздары бар ауылдың ертеңі нұрлы болары сөзсіз. Сондықтан сіздерге алдағы уақытта да биіктер-ден көрініңіздер деген тіле-гімізді жеткіземіз,-деді.

аудан әкімдігі аты-нан алғысымызды білдіреміз, -деген тілегін жеткізді.

Айта кету керек Қошанкөл саябағы болашақта дема-лыс орны болуымен қатар рухани орынға да айналғалы тұр. Аудан әкімінің орын-басары халықпен ә ң г і м е ле с к ен д е , -туған жер-ге патриоттық

көзқараспен қарайтын азамат-тар түрлі істерді қолға алса, бұл саябақ жаңарып, жасарады,- деген ойын білдірді.

Расында да атқарылып жатқан және болашақты жос-парлап отырған істердің басы-қасында жүрген округ әкімі Радж Шәріпов, мектеп директоры Ер-нар Ильясовтың Қошанкөлді түлетуге алысқа көз тігіп отырғанын байқадық. Лайым да жоспарларыңыз, алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін, қошанкөлдіктер!

Саябақтың алдындағы салта-натта отбасылық ансамбльдің же-текшісі Марат Биғалиев орындаған «Ауылдың адамдары-ай» әні көк аспанға қалықтап, ауыл ажарын одан әрі аша түскендей болды.

Серік ҒАБИТҰЛЫ

Әр жылдары бітірген мектеп түлектерінің бастамасымен туған жерлеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет, ауылдарын жандандыру, көркейту мақсатында түрлі бағыттағы

жұмыстар жүргізілді. Яғни, жалпы көлемі 40 млн. теңге тұратын аллеялар, саябақтар, ком-позициялар, спорттық алаңдар, бюсттер, жол белгілері, музейлер ашылды.

Шат-шадыман болған, қуаныштан жүздеріне нұр ойнаған ауылдың адамдарын көргенде осындай бір істер елді біріктіре түсетінін, біріге түсіп, берекелі іс-терді қолға алатынына көзіміз жет-ті.

Қарасу орта жалпы білім бере-тін мектебін 2003 жылы бітірген түлектер туған еліне «Менің жүрегім – Қарасу» атты белгі қондырды.

Ал мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектер мектептің

алдына өз күштерімен қақпа есік қондыртып, ауласының ішіне үлкен электор жарығымен жарқыратып, орындықтар орнатты.

Жұлдыз АСҚАР

Page 8: 1 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/22.pdf · 23-25 күндері аралығында

8 1 маусым 2018 жылСОТ.ҚҰҚЫҚ

18 мамыр күні Қазталов аудандық сотында «Медиация – дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға кәсіби медиатор Марат То-ясов, Қазталов ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұқанғали Бектілеу, «Тоғжан» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алтын Ақбаева және аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелде аудандық соттың судьясы Ұмсын Сүйінғалиқызы Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексінің жаңа нормала-рында татуласу келісімдерін және дауларды медиация тәртібінде реттеу туралы шарттарын және партисипативті рәсім тәртібінде реттеу туралы келісімдерін жаса-су рәсімдері мен салдары нақты реттелгенін, осыған орай медиация институтының артықшылықтарын түсіндіріп, медиацияның дау-жанжалға екі жақтың мүдделері мен қажеттіліктерін

«Медиация – дауды шешудің тиімді тәсілі»

қанағаттандыратындай шешім нұсқасын таңдауға мүмкіндік бере-тінін айтып өтті.

Сондай-ақ кәсіби медиатор Ма-рат Тоясов: -Ағымдағы жылдан бастап кәсіби медиатор қызметіне тағайындалдым, бізге адамдар өз кикілжіңдерін шешу мақсатында келеді, әрдайым оларға алғашқы көмегімізді аямаймыз. Сотпен тығым қарым-қатынас жасап, жақсы жұмыс жасаймыз деген ойдамын,

-деп медиация туралы халық ара-сында үгіт-насихат жұмыстарына аса көңіл бөлу қажеттігін жет-кізіп, медиация процедурасының қолдану барысында кездесетін сұрақтарын қойды.

Дөңгелек үстелде медиаторлар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері медиация институтын одан әрі дамыту туралы ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

Әсем БОЛАТ

Еліміздегі «Медиация тура-лы» Заңы мемлекетіміздің сот жүйесіне айтарлықтай өзгерістер әкеліп, дауларды шешуде өзіндік бір оң ықпалын тигізуде. Медиа-ция – ол сот төрелігінің ажыра-мас бөлігі екендігін, тұрғындар арасында оның дауды шешу-дегі тиімді тұстарын насихат-тау бағытында жұмыстануымыз қажет.Медиацияның тиімді жақтарының бірі ол – екі тараптың татуласу үдерісі жүзеге асқан уақытта дауға соттың қатысуы міндетті болмай, азаматты айыптау мәселесі қозғалмайды. Дауды шешуде тараптар үшін тиімді жақтарын қарастыру көзделгендіктен, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Азаматтық процестік кодексі» қолданысқа енді. Аталған заңнамалық актіде арнайы «Татуластыру рәсімдері» деген тарау көзделген. Жаңа «Азаматтық процестік кодексін-де» алға қойылған міндеттерді орындауда дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейін-гі тәртібіне, соттағы татула-су рәсімдеріне ерекше көңіл бөлінген. Татуластыру рәсімдері жеке регламенттелген. Тараптар арасындағы дауды медиатор немесе тараптардың өтінішхаты негізінде судья жүргізе алады.Бір іс аясында тараптар бірқатар мәселелерді шеше алады, өйткені талап қоюдың мәні мен негізінің бір мезгілде өзгертілуі шешіледі.Әсіресе, бұл жағдай балаларға қатысты, мұра жөнінде туыстар арасындағы, көршілер, еңбек ұжымдары арасындағы даулар-ды қарау және шеуде оң ықпалын тигізеді.

Татуластыру рәсімдері даудағы тараптарды татулас-тырушы судьялардың көмегімен медиация арқылы немесе

Татуластырудағы заңның тиімділігі

медиатордың көмегімен шешу рәсімі сияқты істерді қараудың баламалы тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. Татуласты-ру рәсімдері даулы тараптарға барынша аз материалдық және моральдық шығып жұмсап, дау-ды мейлінше қысқа мерзімде ше-шуге және тараптарға қолайлы болатындай шешім шығаруға бағытталады.

Медиацияның ең негіз-гі мақсаты ол-екі тарапқа да қанағаттарлық шешім шығару. Сонымен қатар медиацияның артықшылығы- рәсімнің толық құпиялылығын қамтамасыз етіп, шешімнің орындалу деңгейі жоғару болуында.Оның соттағы іс жүргізу процесінен ерекшелігі – ол еркін түрдегі процесс болып табылады.

«Азаматтық процестік кодекстің» жаңашылдықтарының бірі – партисипативтік рәсімнің енгізілуі болып табыла-ды. Ол дауларды реттеудегі татуластырудың үшінші түрі бо-лып табылады. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 24-бабына сәйкес, соттың ведомстволығына жататын, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау (жанжал) тараптардың жаз-баша келісімі бойынша меди-ация, партисипативтік рәсім тәртібімен шешілуі немесе бұған заңда тыйым салынбаған кезде төреліктің қаралуына берілуі мүмкін. Партисипатив-тік рәсім кезінде дауды реттеу тараптардың өздерінің және олардың адвокаттарының бел-сенді қатысуы негізінде жүзеге асырылады.

Э.ҚАЙСАҒАЛИЕВА,

Қазталов аудандық Әділет басқармасының басшысы

Қазталов аудандық сотын-да сотқа келушілерге арналған өткізу және объектішілік ре-жимдерді қамтамасыз ету жөніндегі жаңа қағидалар талқыланды.Семинарға сот ма-мандары, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты. Іс-ша-рада аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Р.Қаженов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті

Жаңа қағида талқыланды

соттарының соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің, оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі бірлес-кен бұйрық енгізілгенін, қағида соттардың ғимаратына келушілер үшін, сот отырысына қатысу үшін келген және өзге де тұлғалар үшін, сондай-ақ республика аумағындағы кез келген ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін өткізу және объектішілік ре-жимдерді қамтамасыз ету тәртібін реттейтінін атап өтті.

Семинарда аға сот приставы А.Қонақаев қатысушыларды өткізу

режимінің жалпы тәртібімен таныс-тырды. Оның ішінде келушілер, процеске қатысушылар, ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдарға қатысты өткізу режимін ұйымдастыруға ерекше тоқталып кетті. Жаңашылдықтарға сәйкес сот процесіне қатысушылар жаза-тын құрылғыларды, есептегіш тех-никаны, мобильдік құрылғыларды көпшілік кіретін бөлігіне кіргізуге рұқсат етіледі.

Сот ғимаратына келушілер, сот үдерісіне қатысушылар немесе сот төрағасының қабылдауына келгендердің жеке куәлігі, ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері, адвокаттар қызметтік куәлігімен және сот при-ставы жазған рұқсатнама, сотқа шақыру қағазы, хабарлама не-гізінде арнайы журналға тіркеліп жіберіледі. Келушілер осы ереже-лерді, күзет қызметкерлерінің не-месе сот приставының өкілеттігі шегінде қойылған талаптарын орындамаған жағдайда, сондай-ақ сот ғимаратына келу мақсатын ай-тудан бас тартса сот ғимаратына жіберілмейді.

Алтынбек ҚОНАҚАЕВ,Қазталов аудандық

сотының аға сот приставы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес (әрі қарай – Заң) «жемқорлық» мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiк-тер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады. Сы-байлас жемқорлықпен байла-нысты құқықбұзушылық, сыбай-лас жемқорлықпен байланысты немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасау болып табыла-ды, дисциплинарлық, әкімшілік

Жемқорлықтың негіздеріжәне қылмыстық жауапкершілікке орнатылған заңдылықпен тарта-ды. Құқықбұзушылық субъектілері, сыбайлас жемқорлықпен байла-нысты мемлекеттік функцияны орындаудағы уәкілеттер және оларға теңестірілген тұлғалар болып табылады. Сыбайлас жемқорлық қылмысына келесі қылмыстар жатады:

-біреудің сеніп тапсырған мүлігін иелену немесе жұмсап қойған тұлға, мемлекеттік функцияны орындаудағы уәкілетті, немесе оған тенестірілген тұлға, егер ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалануға байланысты болса;

- алаяқтық, жасаған тұлға, мем-лекеттік функцияны орындаудағы уәкілетті немесе оған теңестірілген

тұлға, егер ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалануға байланыс-ты болса;

- жалған кәсіпкерлік жасаған тұлға, мемлекеттік функцияны орындаудағы уәкілетті немесе оған теңестірілген тұлға, егер ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалануға байланысты болса;

- рейдерлік жасаған тұлға, мем-лекеттік функцияны орындаудағы уәкілетті немесе оған теңестірілген тұлға, егер ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалануға байланыс-ты болса;

- пара алу;- пара беру;- билігін асыра пайдалану;- қызметтік өкілеттік неме-

се билік шегінен шығу, пай-

да табу мақсатында және өзіне артықшылық жасағанда және т.б. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықта әкімшілік жауапкершілік тарту, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық тура-лы Кодексінде келесі әкімшілік құқықбұзушылық түрлерін қосқанда қарастырылған:

- Қаржылық бақылау өлшемі бұзылғанда, ол дегеніміз қасақана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңында қарастырылған табыс туралы де-кларацияны тапсырмаған немесе толық тапсырмағанда;

- Жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға заңсыз материалды сыйақы беруде;

- Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және мемлекеттік орган-дармен заңсыз табыс алуда;

- Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдауда.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті өз құзырет шегінде барлық мемлекеттік органдар және ла-уазымды тұлғалар жүргізу ке-рек. Айқындау, жою, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты ескерту және оны жасаған айып-ты тұлғаны прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және тағы басқа органдар өз құзірет шегінде жауапкершілікке тартады.

Қазталов ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасы

Page 9: 1 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/22.pdf · 23-25 күндері аралығында

91 маусым 2018 жыл МАМАН МІНБЕРІ

Қазіргі таңда Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға қадам жасауда. Әлемдегі жағдай түбегейлі өзгеріп ке-леді. Бұл жаңа жаһандық аху-ал, сондықтан да біз оны қабылдауымыз керек. Ашып айтқанда, әлемде төртінші өнеркәсіптік революция бастал-ды. Сондықтан да Президенттің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауға, қорғауға, дамытуға аса мән берілген. Қазақстанның Үшінші жаңғыруы – еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айна-лып, бәсекеге қабілетін арттыра түспек. Елбасы кәсіпкерлікті да-мыту арқылы дамыған елдердің қатарында бәсекеге қабілетті мемлекет болуды көздейді. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін айқындаудың бірден-бір тетігі әртүрлі халықаралық рейтингтер болып табыла-ды. Олардың бірі Дүниежүзілік

Экономиканы дамытудың бірден-бір жолы –

кәсіпкерлікке жол ашуБанктің «Doing Business» рейтін-гісі. Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» индикаторларының ішінде кәсіпорындарды ашу көп маңызға ие болып отыр. «Бизнесті жүргізу» индикаторы дегеніміз – дүниежүзі елдерінің бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жа-сау көрсеткіштерін жүргізу және оны глобалды талдау болып табы-лады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27 қадамында бүкіл әлемдік экономикалық форум мен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» ретингінде Қазақстан Республикасының ұстанымдарын жақсарту көзделген. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27 қадамын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

А.БАЙЖІГІТОВА,Қазталов ауданының сот

актілерін орындау бойынша №2 аумақтық

бөлімінің басшысы

«Өзен жағалағанның өзегі тал-майды» дейді халқымыз. Күнкөріс қамымен не қызығушылықпен тұрғындардың бірі балық ауласа, бірі шаян ұстайды.

Ауданымызда тіршілік көзі болып отырған өзен-көлдер баршылық.

Олардың қатарында Қараөзен, Сарыөзен, Қарасу, Ащысай өзендері және Ақкөл, Саршығанақ, Балықты көлдері бар. Десек те халықтың қатеріне салып қойғаным артық болмас. ҚР-ның Ауыл шаруашылығы министрілігі орман шаруашылығы және жануар-лар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына сәйкес Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу Батыс Қазақстан облысының басқа су айдындарында 1 мамыр-дан 31 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салынады, барлық суда 1 мамыр-дан 30 қыркүйекте қоса алғандағы аралықта шаяндарды аулауға тыйым салынады. Балық және шаянды аулауға тыйым салған мерзімде, осы заңды бұзған бүзақыларға қылмыстық әлде әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР-ның кодексінің 383-бабы бойын-ша «Балық аулау және балық ре-сурстары мен басқа да су жануар-ларын қорғау қағидаларын бұзу»

1. Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн

Балық және басқа да су жануарларын аулауға тыйым салынады

жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi-не бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъек-тiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен тыйым салынған жер-лерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу – әкімшілік құқықбұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъек-тiлерiне екі жүз елу айлық есептік

көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – әкімшілік құқықбұзушылық зат-тары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сек-сен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есеп-тік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Шаянның «табиғат санитары» ретінде қоршаған ортаға ерек-ше үлес қосатын қасиеті барын ғылымдар растайды. Мәселен, өзен-көлдерде әртүрлі су өсімдіктер өседі. Уақыт өте келе олардың шөгіндісі түрлі улы газ шығарады. Соның салдарынан оттегі азайып, суда кей жағдайда балық және басқа су жануарлары өледі. Сол өлекселермен шаяндар қорек етеді. Су тазалығын сақтауға сеп болатын «санитарлар» күрт азайса, экологиялық ахуалдың қаншалықты нашарлай түсетіні белгілі. Көбейген кезінде шаян-дар шабақтарға жау. Сондықтан табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін құзырлы органдар шаян аулауға арнайы лимиттер бөледі. Негізі-нен қазан айынан бастап сәуір айының аяғына дейін бір адамға үш шаян аулағыш құрал-сайманы мен бес келіге дейін шаян аулауға рұқсат етіледі. Сондықтан аудан тұрғындарын, балық және басқа су жануарларын аулауға тыйым салынған мерзімде оларды аула-май, уылдырықтарын еркін ша-шып, ұрпақтарын жалғастыруына атсалысайық деп шақырамын.

Махамбет БЕРҒАЛИЕВ,БКО орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі

мемлекеттік инспекторы

Құрметті Қазталов ауданының тұрғындары! Қазталов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдың 21 мамырынан бастап «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акцияның басталуы туралы хабарлайды.

Акцияның негізгі мақсаты:-азаматтардың белсен-

ділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін артуы;

- халықтың ақшалай есеп ай-рысулары барысында бақылау-кассалық аппаратының қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;

- азаматтарды қызмет, тау-ар, жұмыс тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу.

Акция электрондық форматта «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы өткізілуде.

Акция 2018 жылдың 21 мамыры-нан бастап қараша айының 30-на дейін өтеді.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясына өздері тұтынған тауар, жұмыс неме-се қызмет үшін берілген фис-калды түбіртек суретін жіберген Қазақстан Республикасының аза-маттары қатыса алады.

Акцияға қатысушыларға да, түбіртек санына да шектеу қойылмайды.

Бұл ретте, бір түбіртек бір ұтыс билетіне теңеледі.

Акцияға қатысу үшін:- түсірілген түбіртектің суретін

жолдау қажет;- бір түбіртек жеке бір сурет бо-

луы қажет;- жолданған түбіртекте ЖСН/

БСН, күні, уақыты, қорытынды сомасы, фискалдық белгі анық көрінуі тиіс;

- түбіртекте фискалдық белгі – ФП, Ф, F, фискалдық, фискалдық түбіртек жазбасы болуы керек; түбіртектің түпнұсқасын сақтау міндетті емес;

- «Wipon» мобильді қосымшаны жойған жағдайда алдынғы

жолданған түбіртектер есепке алынбайды;

- қайталап жолдаған түбіртектер есепке алынбайды;

- жолданған түбіртекте алынған тауарлардын күні және уақыты 2018 жылдын 21 мамырынан ерте болуы керек.

Ұтыс жеңімпаздары түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады. Қаншалықты көп түбіртек жолданса, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де өсе түседі.

Ай сайын Батыс Қазақстан об-лысы бойынша мемлекеттік кіріс-тер Департаментінде ұтыс ойыны өткізіледі.

Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, онда бағалы жүлделер ой-натылады, оның ішінде бас жүлде – аутокөлік ұтысқа салынады.

Қазталов ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасы

Менингит – мидың шырышты және жұмсақ қабатының қабынуы, жұқпалы ауру. Менингит ауруын тудыратын себептер бойынша бактериологиялық және вирус-ты болып бөлінеді. Менингит ау-руы бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып саналады. Алматы облысы бойынша менин-гит ауруының 30 оқиғасы тіркеліп, төртеуі өліммен аяқталды. Бұл ауру көбінесе балаларға өте қауіпті.

Ал қабыну жағдайы бойынша іріңді және серозды болып бөлінсе, басқа аурулардың құлақ, мұрын, бас қуысының жарақаттарының себебінен алғашқы және екінші рет-тік менингит болып сараланады.

Менингит жұқпаларының қай-қайсы түрі бойынша ауру бел-гілері бірдей бастың қатты ауруы, жүрек айнуы, құсу, дене қызуының көтерілуі, мойын етінің қабынуы, аяқ-қолдарын соза алмауы, әлсіздену жарыққа қарай алмау, денеге қол тигізсе ауырсыну. Алай-да балаларда да, үлкендерде де алғашқы күндері бұл белгілердің кейбіреуі байқалмауы мүмкін.

Көп жағдайда менин-гит ауруының пайда болуына жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы да себеп болуы мүмкін. Бактериологиялық менингит түрлері:

Менингококк – мидың қабынуы жедел басталады, науқас қалшылдап, мазасызданып, қызуы көтеріліп, басы ауырып, жарықтан, шудан қорқу пайда болады, бала-ларда тырысу-қарысу жиі кезде-седі.

Менингококцемия — оқыстан басталады, дене қызуы 40 С, тіпті одан да жоғарыға көтеріледі, 5-15 сағат аралығында денеде қанды бөртпелер пайда болады, менин-гит ауруының ең қауіпті саналатын бұл түрі тез басталып, шапшаң өрбиді. Бірден қызуы төмендеп, қан қысымы азайып, денеде көгерген бөртпелер пайда болады. Тыныс алуы қиындап науқас өліп кетеді.

Іріңді менингит – ауруын қоздырушы бактериялар (гемо-фильді таяқша, пневмококк, ме-нингококк, стафилакокк) синусит, остемиелитпен ауырғандармен

қарым-қатынаста болған жағдайда, бас сүйектің жарылуы салдарынан болуы мүмкін,

Пневмококты менингит – көбінесе 30 жастан асқан адам-дарда кездеседі, пневмониямен, отитпен, синуситпен, эндокордит аурулары жағдайында дамуы мүмкін.

Серозды менингит – дене қызуы көтеріледі 38-40 С, өте қатты бас ауруымен, құсумен, бұлшық еттері ауыруымен, іші өтеді, ма-засыздану, аяқ-қолдары сіре-седі, сандырақтайды. Серозды менингиттің қоздырғыштары Echo және Коксаки энреровируста-ры, ауру көздері энтеровирусты науқастар және қоздырғыш тасы-малдаушылар болып табылады.

Серозды менингит – қоздырғыш адамға су, көкөністер, тағамдар, кір қолдардан жұғады, көбінесе көлдерде, қауыздарда суға шомылғандар арасында тіркеледі.

Серозды менингит 3-6 жас аралығындағы балалар арасында тіркеледі, ересектер өте сирек ауы-рады, өршіу кезеңі жаз мезгілі.

Менингиттен сақтану тәсілдері:әсіресе, жас балаларға суға шо-мылуды мүмкіндігінше азайту, көкөністерді, жеміс-жидектерді қайнаған сумен шаю, тазалап жуу, жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, қолды сабынмен жуу.

Менингит жұқпасымен ауы-рып қалмауға кеңес: саламат-ты өмір сүру, дұрыс тамақтану, дәрумендер қолдану, дұрыс ұйықтау, шынығу, көп қозғалу, жаман әдеттерден сақ болу, көңіл-күйдің жоғары болуы адам ағзасын кез келген аурушаңдықтан қорғайтынына сенім білдіреміз.

Құрметті ата-аналар, менингиттің белгілерін тағы да естеріңізге береміз: жоғары температура, бас ауру, мұрын қуысының қабынуы, тамақтың қышуы, құсу осы белгілер болса дереу 103 телефонына қоңырау шалып, медициналық кеңес алуға асығыңыз.

А.ЕРКІНҒАЛИЕВА,Қазталов ауданы бойынша

ҚДСБ-ң бас маманы

Менингиттен сақтанайық!

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!»

Page 10: 1 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/22.pdf · 23-25 күндері аралығында

10 1 маусым 2018 жылИМАНДЫЛЫҚ АЙНАСЫ

Адамзат баласының ықылым замандардан бергі сан тараулы тарихында дінсіз қоғам болмаған. Адам баласы жаратылғалы бері Жаратушының тарапынан адамдарға нақтылы жол көрсету, белгілі бір бағыт-бағдар сілтеу бойынша жөн-жоба, ұстаным ретінде ауық-ауық діндер түсіп, оларды жеткізу үшін елшілер, пайғамбарлар жіберіліп отырды.

Тарихтан белгілі, қандай да бір қоғам болмасын, егер көпшілік ұстанған белгілі бір дін болма-са, ол қоғам, яғни ел басқа бір елдің құрығына ілігіп, тәуелділікке ұшырап отырған, тәуменділікке түскен. Ал дінсіздендіруге бағытталған қоғамның жоғалып, нәтижесінде мүлдем өшіп бі-тетініне кешегі өзіміз шекпенінен шыққан КСРО тарихы куә. Осы-дан-ақ діннің мемлекетті ұстаушы әрі құраушы негізгі күштердің бірі рөлін атқаратынын айқын аңғаруға болады.

Жаратушы иенің тарапынан соңғы дін ретінде жіберілген ислам діні өзінің хақтығын, өміршеңдігін көрсетіп, шынайылығын жан-жақты мойындатып келеді. Бүгінде Ислам діні әлемдік негізгі діндердің қатарынан саналады.

Ислам дініне дейінгі қайсыбір дін болмасын, өзгерістерге, түрлі бұрмалаушылықтарға ұшырап отырды. Соның нәтижесінде олар дін ретінде жойылып, үкімдерін жойды. Ал солардың барлығы да сауатсыздықтың салдарынан, дін-ді жете түсіне алмаушылықтың себебінен сондай күйге түсті де-уге болады. Бұған сол діндер дін ішінен шыққан, өздерін «шынайы дін» ретінде көрсетуге тырысқан кереғар діни ағымдардың бөлекше бағыттары мен ерекше іс-әрекеттері басты себеп болды деуге толық негіз бар.

Дініміз адамзат баласы-на имандылықты, парасат пен пайымды, кешірім мен келісімді, шапағат пен мейірімді, қанағат пен рахымды, білім мен еңбекті насихаттайтындықтан мұсылман адамға көптеген жауапкершіліктердің жүктелетіндігі анық. Солардың ішінде шынайы дінімізді насихаттау, қоғамды ізгілікке шақыру – басты мақсаттардың бірі. Адамзаттың асыл тәжі саналатын Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірден өткеннен кейін сахабалар исламның алғашқы өкілдері бо-лып табылды. Олардың тарапы-нан Хижаз аймағына және өзге өңірлерге дінді дұрыс уағыздап жеткізу мақсатында көптеген

шәкірттер дайындалып, жі-беріліп отырды. Діннің негіз-гі бағыттары мен рәсімдерінің дұрыс, ретті қолданылуы – басты мақсаттарға айналды. Бұл жер-дегі сахабалардың еңбегі ұшан-теңіз болып, сол кезеңдердегі дін мәселесін, соның ішінде Құран Кәрімді, хадис шәріптерді және ислами жораларды мұсылмандар сахабалар арқылы үйренді.

Жалпы, тарихқа көз жүгіртсек, сахабалардың әрбірінің діни ілім-білімге ерекше үлес қосуымен қатар иман, амал, әдеп, зуһд, тақуалық және көркем мінез-құлықта да өзіндік мәселелерді берік қалыптастырғандығын байқаймыз. Сол арқылы дін жер бетіне кеңінен таралды десек артық айтқандық емес.

Асыл дініміздің қазақ жеріне та-ралуы туралы (зерттеуші ме, әлде ғалым ба?) Рүстем Сыздықовтың еңбегінде «Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ елі оңтүстігі мен батысы сонау 8 ғасырда Түргеш қағанаты кезінде Абу Музахим – «Сүзгіш» Сұлық қаған, орталық, солтүстік және шығысы 13 ғасырда Алтын Орда мемлекетінің ұлы хандарының бірі – Берке хан тұсында, соңғы хақ ислам дінін, оның ішіндегі сүннет жолындағы Әбу Ханифа мәзһабын (әлемдегі барша мұсылмандардың 70-ке жуық пайызы Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады) қабылдаған еді» -делінген.

Осы уақытқа дейін асыл дініміз қаншама қиын жағдайларға тап болса да батыр бабаларымыздың найзаларының ұшымен, білектерінің күшімен, дана-ғалым бабаларымыздың ілкімді ілім-білімдерімен, т.б. себептермен біздерге жетіп отыр. Сондықтан бүгінгі ұрпақ үшін жеткен бұл ама-натты сақтап, ары қарай кейінгі буынға жеткізу – біздер үшін басты міндеттердің бірі.

Халқымыз кезінде жүзге, тайпаға, руға бөлінгенімен діни бір тұтастықты берік ұстану арқылы өз халықтығын, ұлттығын сақтап қала алды. Барша ата-бабаларымыздың ұстанған жолы Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы болды. Соның нәтижесінде ай-рандай ұйыған іргелі ел болды. Арғы-бергі, тоқсан толғаулы та-рихымызды парақтар болсақ, халқымыздың қандай да бір діни алауыздықтарға жол бермегенін байқаймыз. Бүгінде өкінішке орай, дінімізді сан тарауға бөліп алған діни ағымдардың қатары артып ба-рады. Бұған интернет жүйелерінде жарияланып жатқан бей-берекетсіз

материалдар мен телеарналардан көрсетіліп жүрген атыс-шабысқа, зорлық-зомбылыққа толы фильмдердің әсері, көшелерде бей-берекетсіз сатылып жатқан түрлі бейнетаспалар мен қалай болса солай шығарылып жүрген діни кітаптар мен кітапшалардың, шетелдердегі діни оқу орындары-нан білім алушылардың кереғар уағыздарының ерекше ықпалы болып отырғанын айтуға тиіспіз. Сондықтан оларға нақты тосқауыл қоятын кез әлдеқашан жетті де-сек артық айтқандық емес. Бұл үшін қолданыстағы діни тұрғыдағы заңдарымызды мейілінше күшейту керек-ақ. Шын мәнінде ислам діні ұлттығымызбен, ұлттық салт-сана мен әдет-ғұрыптарымызбен бірге біте қайнасып кеткен деуге бола-ды. Қайсыбір салт-дәстүрімізді алып қарасақ та оның өн бойы-нан ислам ұшқындарының өзара үйлесім тауып тұратындығын байқауға болады. Дін мен салт-сананың үндестік-үйлесімділігі дегеніміз – қасиетті ислам дінін қабылдаған кезден бастап ата-бабаларымыздың сан ғасырдан бері діни тәжірибесі арқылы тір-шілік түйткілдерін тірнектеп рет-теген, бағыттап қалыптастырған әдет-ғұрпы, дәстүр-салты. Әрине, ислам мен дәстүрлі қазақы сенім арасындағы үндестік, үйлесімділік дана халқымыздың діни білімі не-гізінде жүзеге асып келді. Қасиетті Құранда: «Алланың көктер мен жерді жаратуы, адамдардың тіл-дері мен түстерінің алуан түрлігі оның тағылымының белгілері. Шексіз бұны түсінгендерге ғаламат бар» делінген (Рұм сүресі, 22 – аят).

Ұлы Абай атамыз: «Алла – мінсіз, әуелден,

пайғамбар – хақ, Мүмін болсаң үйреніп, сен де

ұқсап бақ. Құран рас, Алланың сөзі – дүр

ол, Тәһуәліне (шындығына) жетерлік ғылымың шақ»

-деп халықты Аллаға иман кел-тіріп, әр істе пайғамбарға ұқсап, оның асыл қасиеттерін үйреніп, өнеге алуға шақырған.

Сондықтан біздер кеше-гі тарихымызға үңіле отырып, болашаққа байламды бағдар жа-сауымыз керек. Ол үшін ертеңгі ұрпағымызды саналы азамат ретінде қалыптастыру мақсатында оларға осы бастан таухидті, Алланың бірлігін үйретуге тиіспіз.

Е.САҚАУОВ, теолог

«Ақниет» ҚБ-нің төрағасы

Теріс ағымдардың алдын алсақті діни ағымдардың алдын алу мақсатында аудандағы спорт мектебінің және Қазталов, А.Оразбаева мектептерінің спорт пәніне сабақ беретін мұғалімдерімен кездесу өткізілді. Кездесуде аудандық жастар ресурстық орталығының мама-ны, теолог, «Ақниет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Есбол Сақауов спорт саласында жұмыс жасайтын қызметкерлердің де-структивті ағымдардан сақ болула-ры жөнінде және теріс ағымдарға қарсы әрекет жасау туралы әңгімеледі. Кездесу барысында спортшылар өздерінің толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жауап-тар алды.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Рамазан – мейірім һәм із-гілік айы. Жалпақтал мешітінің жамағаты сауабы мол мүбәрак айда түрлі шаралар мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, игі іс жасау жо-лында жарысуда.

Мешітімізде тұрақты түрде ауызашар дастарханы жайылып, күнделікті тарауық намазын оқуға келетін жамағат пен ауылдың жасы үлкен тұрғындарына тегін таксилер ұйымдастыруда. Ауы-зашар беруге ауылдың барлық мекемелері және кәсіпкерлері қатысуда. Оларға Алла разы бол-сын.

Сонымен қатар Жалпақтал мешітінде қайырымдылық акция-лары аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік және қайырымдылық көмек

Жалпақтал жамағаты ізгілік

жолында жарысуда

көрсетілуде. Мешіт шәкірттері арасында

құран хатым оқылып, бас имам Тілепберген қажы Нұрәлиевтің бастамасымен өткізілетін ауқымды байқауларға, дәлірек айтқанда, «Менің алғашқы ора-зам», «Құран Кәрімді тәжудпен жатқа оқу», «Имам Науаидің ха-дистерін жинағын жатқа айту» секілді қадір түнінде өткізілетін жарыстарға қатысуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ жамағатының білім деңгейін көтеру мақсатында үздіксіз сабақтар жүргізіліп, түрлі тақырыптарда уағыздар айты-луда, сонымен қатар ауылдық округтердің халқымен кездесулер өткізілуде.

Жалпақтал мешіті

Жуырда аудандық кітапханада “Имандылық – адамгершіліктің асыл қасиеті” атты кезде-су өтті. Кездесуге Қазталов ауылдық мешітінің имамы Жан-досбек Құсайынов, Қазталов орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Кездесу барысында имандылық туралы бейнероликтер көрсетіліп,

“Имандылық – адамгершіліктің асыл

қасиеті”кітапхана қызметкерлері “Иманды қыз” көрінісін қойды.

Қазталов ауылдық мешітінің имамы Жандосбек Құсайынов мектеп оқушыларына имандылық, ислам діні туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар сұрақтар қойылып, пікір алмасылды.

“Ауыл айнасы” ақпарат

Бүгінгі күнде әлемді лаңкестік қаупі алаңдатуда. Әлем елдері осы бір сұмдық құбылыспен күресуде. Мыңдардың өмірін жалмайтын неше түрлі лаңкестік әрекеттер қай жерден болса да көрініс беріп қалып жүр. Осы орайда терро-

ризмге қарсы күресте бүкіл әлем бірігіп жұмыс жасауда. 28 ма-мыр күні облыстық терроризмге қарсы комиссия жанындағы жұмыс тобының отырысының мәжілісінің хаттамасына сәйкес спорт саласындағы деструктив-

Рамазан айы мүбәрак болсын! Рамазан айы Алла тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп, жыл он екі айдың ең қадірлісі болып са-налады.

Игі мұсылман қадір тұтатын қасиетті Құранның алғашқы аят-тары да Алла тарапынан Рама-зан айында түсіріле бастаған. Сондықтан Рамазан айы – Құранның құлшылық пен тәуба, кешірімділік айы.

Рамазан айының басталуы-на орай аудан жастарының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарының арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті. Жарыстың ашылуында Қазталов ауылдық мешітінің имамы Жан-досбек Құсайынов сөз алып, бар-ша тұрғындарды Рамазан айы-мен құттықтады. Сонымен қатар әр жұма сайын тегін такси ауыл

Рамазан айы құтты болсын!

тұрғындарын барар жерлері-не жеткізіп отыр. Бұл өте әдемі ұйымдастырылған шара деп білемін. Рамазан айында жасаған игі істеріңіздің сауабы тиіп, Алла риза болсын.

Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері, аудан әкімі Абат Шыныбеков, ауыл әкімі Жүсіп Шакуов, мекеме басшылары-на және аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Мирлан Құсайынов, жастар ресурстық орталығы, коммуналдық шаруашылық кәсіпорынның қызметкері Салтанат Мырзахме-това әрдайым қолұштарын созып, қолдарынан келген көмектерінен аянып қалмайды. Рамазан айын-да қайырымдылық көрсетіп жүрген жандарға ризашылығымды біл-діремін.

Жұпар МҰҚАНБЕТОВА,еңбек ардагері

Болашаққа байламды бағдар жасауымыз керек

Page 11: 1 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/22.pdf · 23-25 күндері аралығында

111 маусым 2018 жыл АУЫЛ АЙНАСЫ

Ж О Б А

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке

төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облы-сы Қазталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін еске-ретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.

2. «Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ.Нұрғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазталов ауданы әкімінің орынбасары С.Ғ.Бегжановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі А.Шыныбеков

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «___» _____________ № қаулысына қосымша

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа

бөлу коэффициенті

№ Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері Аймақ коэффициенті Қазталов ауданы

Қазталов ауылдық округі 1. Қазталов ауылы 2,35 2. Бозоба ауылы 2,15 3. Қоныс ауылы 2,25 4. Сексенбаев ауылы 1,95

Ақпәтер ауылдық округі 5. Ақпәтер ауылы 2,2 6. Кішкенеталдықұдық ауылы 1,75 7. Кішкенешал ауылы 1,55

Березин ауылдық округі 8. Қайыңды ауылы 2,2

Болашақ ауылдық округі 9. Болашақ ауылы 2,2 10. Көпкүтір ауылы 1,95 11. Жаңатаң ауылы 2,15 12. Аққурай ауылы 2,05

Бостандық ауылдық округі 13. Бостандық ауылы 2,2 14. Қаракөл ауылы 2,05

Бірік ауылдық округі 15. Әжібай ауылы 2,2 16. Қызылту ауылы 1,65 17. Саралжын ауылы 1,65

Жалпақтал ауылдық округі 18. Жалпақтал ауылы 2,3 19. Құлақ ауылы 1,8

Жаңажол ауылдық округі 20. Жаңажол ауылы 2,2 21. Әбіш ауылы 2,05 22. Көмекші ауылы 2,05 23. Таңат ауылы 1,65

Көктерек ауылдық округі 24. Көктерек ауылы 2,1 25. Еламан ауылы 1,65 26. Оразғали ауылы 1,9 27. Саралжын ауылы 1,9 28. Сатыбалды ауылы 1,9

Қараоба ауылдық округі 29. Қараоба ауылы 2,2 30. Еңбек ауылы 2,05 31. Қонысбай ауылы 1,8

Қараөзен ауылдық округі 32. Қараөзен ауылы 2,3 33. Жас ауылы 2,05 34. Құлақ ауылы 1,55 35. Серік ауылы 1,65

Қарасу ауылдық округі 36. Қарасу ауылы 2,15 37. Ащысай ауылы 1,95 38. Бостандық ауылы 1,95 39. Жұлдыз ауылы 2,1 40. Төреғали ауылы 1,45

Қошанкөл ауылдық округі 41. Қошанкөл ауылы 2,2 42. Ордабай ауылы 2,05

Талдыапан ауылдық округі 43. Талдыапан ауылы 2,05 44. Бейістерек ауылы 1,85 45. Қайшақұдық ауылы 1,85 46. Қособа ауылы 1,95 47. Сарықұдық ауылы 2,15

Талдықұдық ауылдық округі 48. Талдықұдық ауылы 2,05 49. Құрман ауылы 1,35 50. Таскүтір ауылы 1,35 51. Хайруш ауылы 1,65

Тереңкөл ауылдық округі 52. Нұрсай ауылы 2,2 53. Беспішен ауылы 2,05 54. Мереке ауылы 1,9

“Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы №395 бұйрығына сәйкес, ауылдық жерге жұмыс жасауға және тұруға келген мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін несие беріледі. Аталған бағдарлама аясында біздің ауданымызда 2010-2017 жылдар аралығында 229 жас маман тұрғын үй сатып алып, жұмыстарын жасауда. Ағымдағы жылы да бұл бағдарлама жалғасын табуда. Бірақ та осынша мемлекеттен қолдау көре тұра мемлекет алдындағы қарызын төлеуде мамандар немқұрайлылық, селқостық танытып, қарыз төлеу уақыты мерзімдерін өткізуде. Осыған орай Қазталов ауданының экономика және қаржы бөлімі жас мамандар-дан берешектерді өндіруді сотқа беру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 5 (бес) маманның азаматтық ісі Қазталов аудандық сотында оңтайландырылған жүйемен қаралып, шешім шықты. Шығарылған шешімдер қазіргі таңда жеке сот орындаушыларға орындау үшін жол-данды.

Құрметті жас мамандар, сондықтан өздеріңіздің тұрғын үйлеріңізді сақтап қалу үшін уақтылы қарыз төлеу керек екендігін тағы бір мәрте естеріңізге саламыз. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Батыс Қазақстан филиалының 01.05.2018 жылғы мәліметіне сәйкес ауданымызда жалпы берешек соммасы 8 652 448 теңгені құрайды. Олардың ішінен қарызы ұлғайған мамандардың тізімі.

№ Тегі, аты-жөні қарыз соммасы1 Ахметова Нурганым Мергеновна 2629902 Бигазиева Айдана Турсынгалиевна 1132183 Бисемалиев Айбек Айболатович 1289314 Галимова Фариза Гайсиевна 701535 Елемесова Гулсана Аскаровна 1763876 Жалиева Ақжүніс Ержанқызы 1225737 Жумасейтова Айгерим Сериковна 6846858 Кикимова Бибинур Ерболатовна 2267729 Куаншаева Айша Нурлановна 68841110 Куспанов Едил Рабхатович 17462911 Латыпов Рамиль Габтрауфович 48353412 Малаев Мирасбек Гадилтаевич 17342013 Молдагалиев Куандык Жубандыкович 22087214 Мукангалиева Айдана Аскаровна 14246915 Нурмухамбетова/Шубарова Айгерим Уаликызы 14947116 Нурмуханбет Улганым Жубангаликызы 9247817 Рахматуллина Айгерим Бакыткереевна 9321618 Рахматуллина Арайлым Кадирбековна 7195219 Сарсенбаева Молдир Кажыгереевна 14279220 Суйешов Жанболат Едилович 7515321 Тлепова Мейрамгуль Талгатовна 16149722 Тлеубаева Ботагөз Абзалқызы 18360123 Хайруллина Гульвира Ескаковна 151033124 Хамзин Нурбол Дамирович 8865025 Шадиярова Адеми Талгатовна 12467526 Ғұмар Сұлтан Нұрболатұлы 11375327 Айдынгалиев Асан Кайырлиевич 4715328 Айтмагамбетова Ботагоз Кажымукановна 3067329 Букеев Мейржан Сыгаевич 4675030 Газизова Сымбат Абдрахмановна 4906331 Губашева Эльмира Нурлановна 6014032 Дарипова Айгерим Бериковна 3335833 Даумова Гульмайра Камидуллиевна 3594734 Ескалиева Айнагуль Нургалиевна 4716235 Жаныбекова Бағдат Әділбекқызы 3182736 Жапакова Хамка Марленовна 4825737 Жубанова Назым Аманжоловна 6068138 Жумабаева Асемгул Хамидуллиновна 3288139 Ищанов Сабыржан Миржанович 3023640 Казиев Рауан Бауыржанович 4516741 Лұқпанов Амангелды Болатұлы 5959642 Мажитова Багдагул Махамбетовна 3157543 Нагимов Ерлан Магжанович 3389644 Сакиболлина Айгерим Гарифоллаевна 3015745 Салыхов Вильям Алматович 3199346 Сарсенова Маржан Маратқызы 3193247 Тайров Замир Ерланович 5316448 Шамуратова Инабат Галиаскаровна 3347049 Қуандықов Арыстанбек Насіпқалиұлы 46003

Нүркен ИМАНҒАЛИЕВ, Қазталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы

Қарызы ұлғайған мамандар

Page 12: 1 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығады ...auylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/22.pdf · 23-25 күндері аралығында

АУЫЛ АЙНАСЫ 12 1 маусым 2018 жыл

Газет аптасына 1 рет шығадыКөлемі 3 баспа табақ

Тапсырыс 22Нөмірдің таралымы:

3533 дана

Меншік иесі«Жайық Пресс» ЖШС

бас директорЖантас Сафуллин

«Жайық Пресс» ЖШС Қазталов аудандық

филиалы «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің

директор-редакторы:Серік Ғабитұлы

Жұмағалиев

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті

көзқарасы болып есептелмейді.

Редакция оқырман хаттарына жауап

бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін

автор жауапты. Мақалалар электрондық нұсқада

қабылданады

Мекен-жайымыз:090700Батыс Қазақстан облысы,

Қазталов ауданы, Қазталов ауылы

Шарафутдинов көшесі, 13Телефондар:

Редактор: 31-4-68 Жалпақтал ауылы: 21-3-70

Біздің электронды поштамыз

E-mail: [email protected]

Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып

есептеледі

Газет Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газеті

редакциясында компьютерлік әдіспен теріліп, беттелді.«Полиграфсервис» ЖШС

баспаханасында басылды.Орал қаласы, Л.Толстой

көшесі: 27/6

Газет ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитетінде 2012 жылы

19 қаңтарда тіркеліп, №12263-Г куәлігі берілген

Индексі 65794

Есіңе мені алғайсыз

“Жайық Пресс” ЖШС “Ауыл айнасы” газеті редакциясы ұжымы газеттің тілшісі Әсем Болатқызына сүйікті әкесі

Болат Халиуллиннің ауыр науқастан қайтыс болуына байланысты қайғысына

ортақтасып, көңіл айтады.

Қошанкөл ауылының тұрғыны болған асқар таудай әке, ардақты жар Мақсот Кабиров арамызда болса 3 маусым күні 70 жасқа толар еді. Тағдырдың жазғанына шара бар ма?!.

Жанға бермес біртуарым, еренім,

Жар едің ғой, әке едің, ер едің. Жан әкем-ау, жанға батып

жоқтығың, Сабылумен сағынуда ел ерін.

Сағына еске алушылар: жұбайы Талшын, бала-келіндері Ержан-Бота, Ербол-Гүлжан, Ер-нар, Еркін-Бота, немерелері Ай-герім, Диляра, Мансұр, Алдияр

Талдықұдық ауылының тұрғыны болған сүйікті ұлымыз, адал жар, қамқор жездеміз Дәурен Қайырғалиұлын өмірден озғанына 40 күн то-луына орай сағынышпен еске аламыз. Жатқан жері жарық, топырағы торқа, иманы жолдас болсын.

Жан едің орны бөлек өмірдегі,Жарқын бейнең өшпейді

көңілдегі.Жүректегі сарғайған

сағыныштар,Жас болып жанарлардан

төгіледі.Еске алушылар: Қарасу ауы-

лынан ата-енесі, балдыздары

Көңіл айту

Хабарландыру“Р.Байжумашев” жеке кәсіпкерлігі гранит тастарынан құлпы тас және

темір қоршауларға тапсырыс қабылдайды. Сонымен қатар жаңа үлгідегі темір қақпалар дайындайды. Біздің мекен-жайымыз: Жалпақтал ауы-лы, Қ.Мырзалиев көшесі №9/1 үй, Анықтама телефондарымыз: 8/71138/21-445, 8775-408-0851, 8705-331-4738

Үй сатыладыЖаңажол ауылынан бес бөлмелі тұрғын үй сатылады. Ауласында са-

райы, құдығы, мал қорасы бар. Аламын деушілер болса бағасы келісім бойынша. Мекен-жайымыз: Абай көшесі, №12/2, анықтама телефонда-рымыз: 8/71138/26-440, ұялы байланыс: 8775-477-6826

Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің бір сөзінде домбыраның үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деу қиын деген екен. Иә, расында да ұлттық үніміз, әуезді әніміз, әкенің қанымен, ананың сүтімен келген әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ғажап мәдениетіміз әлемнің теңдесі жоқ жауһары деп білеміз.

Бүгінгі таңда елімізде ұлттық ру-хани мұрамыз ән мен күйді, терме орындаушы жастарымыздың ше-берлігін шыңдау мақсатында “Мен қазақпын” телевизиялық мегажо-басы бастау алған болатын. 29 мамыр күні осы мегажоба да біздің ауданымызға келіп, нағыз талант-тыларды анықтады.

Аудандық мәдениет үйінде “Мен қазақпын” жобасының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Жобаның ашы-лу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова

“Мен қазақпын” мегажобасына жолдама алды

сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға 8 үміткер қатысты. Жоба соңында облыстық халық шығармашылығы орталығының “Халық шығармашылығы” бөлімінің басшысы Есенгелді Молдағалиев байқауға қатысушы

Ержан Құмарғалиев, Мұрат Ахме-тов, Гүлзия Жанғалиева, Асылжан Оразаевтарға облыстық кезеңге жолдама табыстады. Байқауға қатысқан басқа да үміткерлер алғысхатпен марапатталды.

Жұлдыз АСҚАР

30 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде балалар шығармашылығына арналған аудандық “Айгөлек – 2018” бала-лар байқауы өтті.

“Айгөлек – 2018” байқауы

Байқауда вокал, би жанры бойын-ша бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды. Тек бір өкініштісі бұл байқауға үміткерлердің қатысуы аз болды.

Байқаудың нәтижесінде во-кал жанры бойынша 1 орын-ды Ақпәтер ауылынан келген Айсәуле Талғатқызы, 2 орынды Жаңатаңнан келген Дильназ Рафхатова жеңіп алса, 3 орын-нан көктеректік Іңкәр Серікқызы көрінді. Ал би жанры бойынша сынға түскен биші бүлдіршіндер арасында 1 орынға ақпәтерлік “Жастолқын” бишілер тобы, 2 орынға қайыңдылық “Қызғалдақ” бишілер тобы ие болса, 3 орын-ды Талдықұдық ауылынан кел-ген “Балдәурен” бишілер тобы өз қанжығаларына байлады. Жүлделі орын алған жеңімпаздарға дип-ломдар мен естелік сыйлықтар та-быс етілді.

Қайрат ЖАҚЫП

30 мамыр күні психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік шара-мыз «Атамекен» мейрамханасын-да өткізілді. Кабинет меңгерушісі Дилара Жеңісқызы балалар күніне арналған ертеңгілікке келген ата-

«Әрқашан күн сөнбесін!»

аналар мен балаларға мерекелік лебізін білдірді. Шара барысында мамандар «Қызыл телпек» ерте-гісі кейіпкерлерінің рөлін сомдап, мерекелік ойындар мен ән шашу-ларын, мың бұралған билерімен балалар мен ата-аналарға ере-кше көңіл-күй сыйлады. Соны-мен қатар демеушілік білдірген аға-әпкелеріміздің қаражатынан

балаларға тәтті үстел мен сыйлықтар табыс етілді. Осы шараның өтуіне демеуші болған аудандық мүгедектер қорының төрайымы С.Өтеғалиқызына, жеке кәсіпкерлер: «Қазбек» дүкенінің иесі Д.Ахметов, «Перизат» дүкенінің иесі А.Төлегенов, «Барыс» дүкенінің иесі Қ.Шайхолла, жеке қожалық жетекшісі А.Абитов пен дәмді пицца пісіріп, балаларға тар-ту еткен А.Айтқұлова, ертеңгіліктің өтуіне мейрамханасын беріп, қолдау көрсеткен Ж.Дәулетовтер отбасына және балаларды аутокөлікпен тасымалдауға көмектескен спорт мектебінің басшысы Р.Шәріпқалиевке ризашылығымызды білдіреміз. Шара соңында ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.

Әсемгүл ДӘУЛЕТОВА,әлеуметтік педагог

Әжібай ауылының тұрғыны болған қайын апаларының сыйлы да қадірлі келіні Бақыт Қажымованың өмірден өткеніне 30 мамыр күні 1 жыл толуына орай сағына еске аламыз. Жанға жайлы мінезің мен кең құшағыңды жайып жүрсең де кең дүниеге сыймай, шын дүниеден тапқан мәңгілік мекенің жұмақ болсын!

Жасы мен кәрісін де бірдей күткен,

Шуағы түсетұғын күндей көктен.Адамға жанашыр боп әрқашан

да,Адамға өкпелеуді білмей өткен.

Жатқан жерің жарық, иманың жолдас болсын!

Сағына еске алушылар: қайынапалары Күләш, Рәш, Гүлбану

Жарнама бұрышы