ИНСТИТУТ ФИЛОСОФИИ, ПОЛИТОЛОГИИ И...

513
ИНСТИТУТ ФИЛОСОФИИ, ПОЛИТОЛОГИИ И РЕЛИГИОВЕДЕНИЯ КОМИТЕТА НАУКИ МИНИСТЕРСТВА ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН «АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ МОДЕРНИЗАЦИИ КАЗАХСТАНА» Материалы Международной научной конференции, посвященной 80-летию академика НАН РК, доктора философских наук, профессора А.Н.Нысанбаева «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ә.Н.Нысанбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағы Алматы 2017

Transcript of ИНСТИТУТ ФИЛОСОФИИ, ПОЛИТОЛОГИИ И...

  • ИНСТИТУТ ФИЛОСОФИИ, ПОЛИТОЛОГИИ И РЕЛИГИОВЕДЕНИЯКОМИТЕТА НАУКИ

    МИНИСТЕРСТВА ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    «АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ МОДЕРНИЗАЦИИ КАЗАХСТАНА»Материалы Международной научной конференции,

    посвященной 80-летию академика НАН РК, доктора философских наук, профессора А.Н.Нысанбаева

    «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ә.Н.Нысанбаевтың 80 жылдық мерейтойына

    арналған халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағы

    Алматы2017

  • УДК 1/14ББК 87А 43

    Рекомендовано Ученым советом Института философии,политологии и религиоведения Комитета науки МОН РК

    Редакционная коллегия:

    C.Е. Нурмуратов (ответственный редактор),А. Сағиқызы, С.Ю. Колчигин,

    Е.Б. Токтаров

    Актуальные проблемы модернизации Казахстана = Қазақстан жаңғыруының өзекті мәселелері. Материалы Международной научной кон-ференции, посвященной 80-летию академика НАН РК, доктора философ-ских наук, профессора А.Н. Нысанбаева / Под общ.ред. С.Е. Нурмуратова. – Алматы: Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, 2017 – 513 с. – каз., рус.

    ISBN – 978-601-304-084-4

    В сборнике содержатся материалы Международной научной конфе-ренции, посвященной 80-летию академика НАН РК, доктора философских наук, профессора Абдумалика Нысанбаевича Нысанбаева. Работа конфе-ренции была посвящена актуальным вопросам модернизации полити-ческой системы Республики Казахстан, проблемам философии и методо-логии научного познания, исследованию творческого наследия деятелей «Алаш», а также феномена религиозного образования в эпоху современно-го постсекуляризма.

    Рекомендуется философам-исследователям, ученым и преподавате-лям вузов, докторантам и магистрантам, а также всем, кого интересуют про-блемы развития современного общества.

    УДК 1/14 ББК87

    ISBN – 978-601-304-084-4 © Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, 2017

  • 3 Пленарная сессия

    ПЛЕНАРНАЯ СЕССИЯ

  • 4 Актуальные проблемы модернизации Казахстана. Материалы Международной научной конференции

  • 5 Пленарная сессия

  • 6 Актуальные проблемы модернизации Казахстана. Материалы Международной научной конференции

  • 7 Пленарная сессия

    АКАДЕМИК Ә. НЫСАНБАЕВ 80 ЖАСТА

    Нұрмұратов С.Е.,философия ғылымдарының докторы, професор (Алматы, Қазақстан)

    Әбдімәлік Нысанбайұлы Нысанбаев 1937 жылы мамырдың 1-інде Қызылорда облысындағы Сырдария ауданының Қарауылтөбе ауылында шаруа отбасында дүниеге келді.

    Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтындағы (қазір Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеті) физика-математика факультетін бітірген. Сталиндік стипендияның иегері.

    Қызылорда мемлекеттік педагогикалық университетін қызыл диплом-мен тамамдағаннан кейін (қазіргі Қорқыт ата атындағы мемлекеттік универси-тет) Қазақстанның Ғылым академиясына келіп жұмысқа тұрады. Жас жігіттің барлық арманы бойындағы өзінің тұлғалық әлеуетін, шығармашылық шабы-тын ғылымға, білімге арнау, халқына, оның ұлттық руханиятына сыйлау, шы-найы қызмет ету екеніне күмән келтіруге болмайды.

    1960-1961 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясы Химия ғылымдары институтының аға лаборанты жұмысын атқарады.

    Академик Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен әлемге танылған және талай кәсіби шебер мамандар қызмет атқарған Ұлттық Ғылым Академи-ясы еліміздегі іргелі зерттеулерді жүргізудің нағыз үлгісі болған ғылыми кадрлардың шоғырланған ордасы болатын.

    1961 ж. Ә.Н. Нысанбаев Қазақ КСР Философия және құқық институ-тына келді, онда алдымен аға лаборант, кейіннен кіші ғылыми қызметкер міндетін атқарды. Әбдімәлік Нысанбайұлы кейін Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясы Философия институтының аспирантурасына оқуға жіберіледі.

    Қазақ зиялыларынң ХХ ғасырдағы көрнекті өкілі, академик, белгілі заңгер Салық Зиманов жетекшілік еткен «Философия және құқық инсти-тутынан» бастау алған Әбекеңнің ғылыми шығармашылығы қазіргі кезеңге дейін табысты жалғасуда. Қаныш Имантайұлы мен Салық Зиманұлы жас маманның Мәскеуге барып аспирантурада оқуына себепкер болған көреген басшылар болатын.

    1964 жылы желтоқсан айында танымал философ И.В. Кузнецовтың басшылығымен КСРО Ғылым академиясының Философия институтында «Математикадағы ақиқаттың табиғатын ашудағы сәйкестік принципінің маңызы» атты кандидаттық диссертацияны мерзімінен бұрын қорғады.

    1975 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы Философия және құқық институтының қарауына «Математикалық білімді синтездеу мен дамытудың диалектикалық-логикалық принциптері» атты докторлық диссертациясын қорғады.

    Ә.Н. Нысанбаевтың барлық өмірі Қазақ КСР ҒА Философия және құқық институтымен тығыз байланыста болды. Мұнда ол аға лаборанттан кіші және аға ғылыми қызметкерге, жаратылыстанудың философиялық мәселелері бөлімінің (қазір ғылым және техника философиясы бөлімі)

  • 8 Актуальные проблемы модернизации Казахстана. Материалы Международной научной конференции

    меңгерушілігіне және 1990 жылдан ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтының , ал 1991 жылдың аяғынан 2011 жылға дейін Философия және саясаттану институтының директорлығы қызметін атқарды. 1997 – 2003 жылдары еліміздің Қазақ энциклопедиясының бас редакторы қызметін қоса атқарды.

    1974 ж. ғалымның еңбектері Ш.Ш. Уәлиханов атындағы бірінші сыйлыққа лайық деп танылды. Ал «Материалистік диалектиканың негізгі принциптері және олардың ғылыми танымда атқаратын қызметтерін зерт-теу» атты монографиялық жұмыстар циклі үшін Ә.Н. Нысанбаевқа басқа ғалымдармен қатар Қазақ КСР-ның 1984 ж. ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

    Өткен ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда бұрынғы Одаққа, одан қалды әлемдік философиялық әлеуметке ерекше танылған, өзін ма-мандар алдында мойындатқан «Алматы философия мектебі» қалыптасты. Академик Ж.Әбділдин бастаған диалектикалық логикамен айналысатын топтың ғылыми ізденістері мемлекет тарапынан да жоғары бағаланды. Міне солардың бел ортасында білікті маман Әбдімәлік Нысанбаев та болды.

    Ә. Нысанбаев өзінің Мұрат Сәбит сияқты және т.б. философия саласындағы әріптестерімен бірге «Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы» атағына 70-шы жылдар иегері болуы кездейсоқ оқиға емес еді. Әбекең өзінің ғылыми шығармашылық өмірбаянында белгілі бір ғылыми бағытты игеріп, көптеген ғылыми атақтар мен мемлекеттік марапаттауларға ие болды және көптеген елдердің ғылыми орталықтарының құрметті мүшесі, көптеген халқаралық деңгейдегі журналдардың редакциялық кеңесі мен алқасының мүшесі болып келгенін атап көрсетуге болады. Қазақстанның ғылыми деңгейін, оның халқының даналық парасатын әлемге таныту үшін әлемдік ғылымның интеграциялық үрдістерінен шеттеп қалмауы керек екенін ол өзінің қажырлы еңбегімен танытып келді.

    Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап, Ә.Н. Нысанбаев ғылыми жетекшілік жасап келе жатқан ғылымның логикасы мен әдіснамасы жөніндегі дербес философиялық мектеп ретінде өмір сүре бастады, тіпті ол уақыт өте келе халықаралық сипатқа ие болды. Мектептің құрылуы жаңа өзгеше әрі өзіндік тың ойды және пікірлестерді өз төңірегіне топтай, біріктіре алатын, оларға дем беруге қабілетті ғылымның үлкен ұйымдастырушысы болуды талап етеді. Жаңа мектеп осы замандағы ғылыми теорияларды олардың өзара ықпал етуі және әлеуметтік практикаға шығуы барысында зерттеуді, ғылымның бүтін қоғамдық құбылыс, осы заманғы мәдениеттің құбылысы ретіндегі инварианттық сипаттамаларын айқындауды, оларды зерделеуді өз алдына міндет етіп қойды.

    Жаңа мектептің ғылым әлемінде өз орнын табуы – оған тән өзіндік ойдың ғана емес, бойында ғылыми талант пен күшті мінез-құлық мінсіз тоғысқан басшының - Ә.Н. Нысанбаевтың белсенділігі мен шығармашылық бастамасының да жемісі. Канттың жазғанындай, мінез-құлық иесі болу дегеніміз – субъектінің бойында өзін-өзі өз санасы арқылы өзіне жүктелген практикалық принциптерді өзгеріссіз орындауға міндеттей алатындай

  • 9 Пленарная сессия

    ерік-жігер қасиеттері болуын білдіреді. Осындай ерік-жігер Әбдімәлік Нысанбайұлы тұлғасында толықтай көрініс береді.

    Оның ғылыми еңбектері мен қағидаларын Францияның, Иранның, Ресейдің, АҚШ-ың, Түркияның, Қытайдың және басқа елдердің ғалымдары жоғары бағалады.Оның жетекшілігімен және тікелей атсалысуымен отандық ғалымдар UNESCO, TASIS, Сорос-Қазақстан. Түрксой және т.б. халықаралық бағдарламалардың шеңберінде ел үшін пайдалы ғылыми зерттеулермен айналысты.

    1989 жылы Ә. Нысанбаев Қазақ КСР Ғылым академиясы корреспон-дент мүшесі атағына ие болса, кейін ҚР ҰҒА академигі болып сайланды

    Іргелі зерттеулердің ұлтымыздың рухани әлемі үшін және академиялық ғылым үшін маңыздылығын Әбекең өзінің көптеген мақалалары мен сұхбаттарында үнемі ескертіп жүреді. Ә.Нысанбаевтың тікелей бастамасы-мен Институт ауқымында Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған кезеңнің алғашқы жылдарында-ақ, дәлірек айтқанда 1991 жылы қазақ философи-ясы мәселелерін кешенді зерттеуге арналған бөлім ашылды. Бұл ұлттың даналығына, оның руханиятының тарихына, тілі мен діліне деген бетбұрыс болатын. Бұрын ғылыми зерттеулер тек орыс тілінде жазылып, диссерта-циялар тек орыс тілінде қорғалып келсе, енді ғылыми ортада Әбдімәлік Нысанбаевтың белсенді басқаруымен қазақ тіліндегі зерттеулер мен қорғаулар көбейе бастайды.

    Ғылым Академиясында ғылымның барлық саласы бойынша дарынды мамандар шоғырланып, қазіргі еліміздегі білім мен ғылымның іргетасын қалыптастырған болатын.

    Әбекеңнің тікелей ұйымдастыруымен көптеген білікті мамандар осы игілікті іске тартылып, соның нәтижесінде көп томдық «Қазақ даласының ойшылдары» деген топтаманың жарыққа шығуына күш салынды. Қазіргі кезеңде ғалымның ғылыми жетекшілігімен терең зерттеліп жатқан «Қазақ философиясының тарихы» деген 5 томдық жинақтың 4 томы жарық көрді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жазылған дүниелердің құндылығы негізінен ұлт руханияты бойынша істің бастамасы болғанында, яғни кеңестік түсініктегі ұлт философиясына деген көзқарастың қайта қаралып, ондаған жылдар бойы бұзылмай тұрған сеңнің іргесі сөгілгендей болуында еді.

    Ол өзінің шығармашылық жолында барлығы 600-ден аса ғылыми мақалалар мен 40-тан аса астам монографияларды жарыққа шығарды және оның ішінде 80-нен аса ғылыми туындыларын әлемнің 25 тілінде жарияла-нып, ондаған дүниежүзінің жетекші елдерінде беделді халықаралық кон-ференцияларда баяндамалар жасаған аса көрнекті маман. Әбекең АҚШ, Германия, Қытай, Түркия, Ресей, Иран, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Мысыр, Украина, Польша, Болгария, Франция және т.б. елдерде өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін көрнекті мамандар алдында жария етті. Еліміздің философияны дамыту саласындағы жетістіктерімен әлемді ғылыми көпшілікке лайықты деңгейде таныстыра білді және ол әртүрлі ғылыми орталықтармен ғылыми байланыстар орнатып, әр қилы елдердің

  • 10 Актуальные проблемы модернизации Казахстана. Материалы Международной научной конференции

    білікті мамандарын өзіміздің елдің ғылым саласындағы жас ұрпағымен жүздесуіне, қатынасуына ат салысып келді.

    Ә.Н. Нысанбаев 1994 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен оған «Қазақстан ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер» жоғары құрметті атағы берілді.

    Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы медалімен (1995), «Достық» және «Парасат» ордендерімен, Абы-лайхан (1997), Мұстафа Шоқай (2000) алтын медальдарымен марапатталды.

    Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері гуманитарлық білім саласын-да қазақ халқының ұлттық санасының, оның диаспорасының этникалық мәдениетінің мәселелері өзектене түсті. Әртүрлі саланың мамандары бірігіп қазақ диаспорасы мәселесін пәнаралық тұрғыда ғылыми-зерттеу деңгейінде қарастыруды ұйымдастыруды Әбекең өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл-дары қолға алған болатын. Соның нәтижесінде диаспоратану ғылымы қалыптасуда, бірнеше ұжымдық еңбектер дүниеге келді. Мәселен, «Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі» (Астана, 2005), «Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы» (Алматы, 2007), «Жаһандану жағдайындағы шетел қазақтарының құндылықтық әлемінің өзгеруі» (2013).

    1995 жылдың мамырында Қырғыз Республикасы президентінің жарлығымен оған «Қырғыз Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағы берілді.

    Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10, 20, 25 жыл», мерейтойлық медальдеріне ие болды.

    Әрбір халық өзінің ұлттық энциклопедиясын қалыптастырады. Еге-мен мемлекетіміздің дербес елдігін танытатын Әнұран, Елтаңба, Ту сияқты мемлекеттік рәміздер қатарында ұлттық энциклопедияның қалыптасуы да танылды. Ол да тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарындағы кезек күттірмес маңызды істердің бірі болатын. Энциклопедияның дәстүрлі рәміздік си-патымен қатар, мән-мағыналық, мәтіндік мазмұнының байлығы ұлт руханиятының кемелденуі үшін оның маңыздылығын арттыра түседі. Сондықтан Әбекең жетекшілік еткен мекеме Қазақ энциклопедиясы алдын-да заманауи жаңа талаптарға лайықты, тәуелсіз мемлекетіміздің мәртебесін асқақтатуға бағытталған, тарихи шынайы деректерге негізделген, ғылыми ұстанымдар мен әдіснаманы басшылыққа ала отырып, тарихымыз бен мәдениетіміздегі ақтаңдақтардың ақиқатын ашып көрсететін, түбірінен жаңа, тәуелсіз елдің энциклопедиясын дайындау міндеті тұрды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсыр-масы бойынша Үкімет шешімі қабылданған соң «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясына Бас редактор болып Әбдімәлік Нысанбаев тағайындалды.

    Әбекең 1997 жылдан 2003 жылға Қазақ энциклопедиясының бас ре-дакторы қызметін қоса атқарып жүрген шақта, тәуелсіз Қазақстанның негізгі кітаптарының бірі болып саналатын көп томдық «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясының алғашқы төрт томының шығуына себепкер болды. Оның тікелей ғылыми жетекшілігімен халқымыздың ұлттық руханияты үшін

  • 11 Пленарная сессия

    аса маңызды «Қорқыт Ата», «Құрманғазы», «Мұхтар Әуезов», «Қазақстан Республикасы. Он жылдық шежіресі», «Қазақ», «Қазақстан Республика-сы. Энциклопедиялық анықтамалық», «Екімыңжылдық дала поэзиясы», «Түркістан» халықаралық энциклопедиялардың шығаруының өзі ұлтымызға деген ізгі ниеттің, оның рухани дүниесіне деген өзіндік құрметтің көрінісі деуге болады. Халқымызды шынымен жақсы көрсек, оған деген құрметіміз жоғары болса, онда оны осылай халықаралық деңгейдегі іспен, нақты шығармашылық әрекеттермен танытқан жөн және оның рухани байлығын, өзін-өзі жете тануға талпынысын ғылыми жүйелейтін уақыт та келді.

    Ә. Нысанбаев «ұлттық энциклопедия ең алдымен сол ұлттың, халықтың дүниетанымы мен ұғымын жүйелейді, отандық ғылым мен білімнің, жал-пы қоғамның жаңа сатыға көтерілуіне негіз қалайтын іргетас» деп қазақ тіліндегі ұлттық ұғымдар мен түсініктерді, терминдерді қайта жүйелеуге баса назар аударды.

    Қазақ ұлттық энциклопедиясының дүниеге келуі тәуелсіз еліміздің ғылыми мәдени өміріндегі елеулі құбылыс болды. Жаңа тұрпаттағы ұлттық энциклопедияның тұжырымдамасын дайындап, жұмысты өркениетті жолға қойған, редакцияның кадрлық, материалдық жабдықталуын ұйымдастырған Әбекең еді. Әрине, Әбекеңмен бірге, энциклопедияның за-ман талабына сай шығуы үшін аянбай тер төккен ұжымның да еңбегі зор болды.

    Жәлеләддин Руми алтын медалінің иегері (Түркия, 2000).Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан

    Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапат-талды (2004).

    Халқымыздың рухани мәдениетін, тілін және тарихын жанданды-ратын қадамдардың бірі болып саналатын - «Мәдени мұра» мемлекеттік стратегиялық ұлттық жобасы 2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қолға алынған еді. Бағдарламаның басты мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы қордаланған рухани байлығын барынша ғылыми електен өткізе отырып ғылыми жүйелеу арқылы оқырман қауымға ұсыну, сонымен қатар әлемдік ғылыми ойдың үздік үлгілері мен жетістіктері негізінде гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау болатын. Акаде-мик Әбдімәлік Нысанбаевтың ғылыми жетекшілігімен осы мемлекеттік бағдарламаның ауқымында 62 том кітап қазақ тілінде шығарылды. Оның ішінде жиырма том қазақ халқының ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі философиялық мұрасын жинақтауға арналды (ұлт руханиятының тарихи және философиялық қайнар көздері өз тілімізде осы томдарда өрнектелген).

    Осы маңызды мемлекеттік бағдарлама бойынша 20 том әлемдік философиялық мұраның ең үздік үлгілері мен үзінділері түрінде жинақталып, мемлекеттік тілге тікелей тәржімеленді, әл-Фарабидің негізінен бұрын жарияланбаған шығармаларының 10 томы және әлемдік психологиялық мұраның 10 томы, сонымен қатар Шығыс пен Батыс фи-лософиясы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған 2 оқу құралы жарық көрді. Жоғарыдағы қазақ руханияты үшін аса жау-

  • 12 Актуальные проблемы модернизации Казахстана. Материалы Международной научной конференции

    апты жұмыстың басы-қасында ғылыми ұйымдастырушы, бас редактор ретінде академик Әбдімәлік Нысанбаев жүрді. Көптеген түсініктемелер мен мақалалар жазу, бұл томдардың әрбір бетін електен өткізу, олардың мазмұны мен формасына толықтай жауап беру тек шығармашылық шынайылықты, руханиятқа, ұлттық тілге деген деген іңкәрлікті, құрметті білдіреді.

    Еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің орныққан алғашқы жиыр-ма бес жылында Қазақстандық бірлік пен бірегейліктің негізі ретіндегі жалпыұлттық идея, ұлттық тұрақтылық пен саяси және рухани қауіпсіздіктің кепілі сияқты барлық қазақстандықтарды толғандырып келген тақырыптарды қозғауына байланысты Ә. Нысанбаевтың есімі көпшілікке ерекше танымал бола түсті. Академик Нысанбаевтың баспасөз бен теледидарда, радио мен газет беттерінде сөйлеген сөздері, оның ғылыми жетекшілігімен жарық көрген шығармалар, тәуелсіздік идеясына қатысты көптеген жеке және ұжымдық монографиялардың жариялануы – міне, осының барлығы республика өміріндегі маңызды оқиғаларға жатады. Жалпы Әбекең гуманитарлық салалар бойынша жас кадрларды, білікті ма-мандарды дайындау ісіне де барынша қомақты үлес қосқан ұстаз. Ол фи-лософия және саясаттану бойынша халықаралық ғылыми мектеп құрды. Оның тәрбиелеген студенттері мен аспиранттары, магистранттары мен док-торанттары еліміздің түкпір-түкпірінде, басқа елдерде де табысты қызмет атқаруда.

    Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалін иеленді (2006).

    «Дарын» ұлттық компаниясының (Моңғолия, Улан-Батор) «Озат кісі» құрметті атағы берілді(2006), «Түркі әлеміне қосқан үлесі» Халықаралық сыйлығының иесі (Түркия, 2006).

    2016 жылы ғалымның таңдамалы ғылыми еңбектерінің 10 томдығы электрондық нұсқада жарық көрді (ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты сайты).

    Академик Ә.Н. Нысанбаев үлгілі, зиялы отбасының отағасы екенін атап өткеніміз орынды. Өмірлік зайыбы Нысанбаева Зейнеш Әшенқызы – химия ғылымдарының кандидаты. Ұлы Назар – заң ғылымдарының канди-даты, қызы Динара – философия ғылымдарының кандидаты, қазіргі кезеңде Түркияда қызмет атқарады. Оның сонымен қатар бес тамаша немерелері 4 шөбересі бар. Шыңғысхан – экономия ғылымдарының кандидаты, Дани-яр – заңгер маман және қазіргі уақытта АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында халықаралық құқық мамандығы бойынша магистратурадан өтуде, Ай-жан – Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондондағы университететті бітіріп келген білікті маман. Әмір мен Дәмір деген немерелерімен қатар Абылай, Әлижан, Әлнұр, Аиши деген кішкентай шөберелер де өсуде. Осындай бақытты отбасының бірлігі нығайып, көрнекті ғалымның, белгілі философия және саясаттану маманының болашағы жарқын болсын, өзінің бойындағы шығармашылық әлеуетін паш ете түссін деп тілек айтқымыз келеді.

  • 13 Пленарная сессия

    МОДЕРНИЗАЦИЯ 3.0 – ИЗМЕНЕНИЯ В ОБЩЕСТВЕННОМ СОЗНАНИИ

    Шаукенова З.К. директор Казахстанского института стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, член-корреспондент НАН РК,

    доктор социологических наук, профессор (Астана, Казахстан)

    Казахстан в своей новейшей истории переживал несколько направле-ний модернизации.

    Первое направление – это построение новых институтов, в том числе в сфере внешней политики, межэтнических и межконфессиональных отно-шениях, конституционном строительстве, механизме сдержек и противове-сов, политических партиях и движениях, НПО, религиозных организациях. Казахстан создавался с нуля, не имея даже границ, то есть фундаменталь-ного фактора идентификации – своей территории. Поэтому нужно было выстроить атрибуты государственности, очертить границы, договорившись об этом со всеми своими соседями. Сам по себе это сложный переговорный процесс, который Казахстан сумел успешно завершить в сжатые сроки.

    Второе направление модернизации – это переход от плановой эконо-мики к рыночной, создание слоя собственников, формирование среднего класса, малого и среднего бизнеса, в целом пробуждение предпринима-тельской инициативы казахстанского общества. В Казахстане фактически создана новая экономика. ВВП страны увеличился в 25 раз. Доля бедного населения была сокращена с 46% в 2001 году до 2,5% в 2016 году. Размеры среднего класса по медианному уровню доходов от 220 до 630 долларов уве-личились с 7% в 1991 году до 23% в 2016 году. Поменялась структура эко-номики за счет создания сервисных отраслей, роста индустрии. Появилось новое поколение казахстанцев – 7,7 млн. граждан рождены после обретения Казахстаном Независимости.

    Все изменения мы наблюдаем по жилищному и авто-буму, росту куль-турных потребностей, туристической активности, в целом росту рынка услуг. В конечном итоге экономический рост сказался на ощущениях ком-фортности, улучшении социального, медицинского, инфраструктурного обеспечения населения, что привело к увеличению продолжительности жизни казахстанцев с 67,6 лет в 1991 году до 72 лет в 2017 году.

    Казахстан вышел на магистральный путь своего развития. Страна нако-пила солидный багаж социально-экономических, политических результа-тов. Вместе с тем ощущалась необходимость принятия платформы модер-низации общественного сознания, дополняющей политические реформы и модернизацию экономики.

    Модернизация – это изменение самой природы объекта, сущности, а не просто комбинация и наложение новых элементов. Готовых рецептов для модернизации нет. Чаще всего модернизацию отождествляют с вестерниза-цией, хотя это не одно и то же. Модель вестернизации без модернизации

  • 14 Актуальные проблемы модернизации Казахстана. Материалы Международной научной конференции

    показала свою несостоятельность; модель модернизации без вестернизации показала свою недолговременность; догоняющая модель сегодня осложне-на тем, что Запад удаляется все дальше, шагнув в новый информационный мир. Остается одна модель – национальных модернизаций, которые могут быть осуществлены на новом уровне – ускоренном развитии человеческого потенциала.

    Сегодня модернизация требуется не только развивающимся странам. Развитые страны мира также находятся в постоянных изменениях, особен-но с поиском новых оптимальных моделей национального развития. Среди таких изменений – трансформация социально-экономической доктрины Велфэйестэйт. На всем протяжении противоборства двух систем – комму-нистической после революции в России в 1917 году и капиталистической – западные модели существенно полевели. Возникла теория Кейнса, или так называемого социального капитализма, регулируемого рынка, госкапита-лизма. В 80–90-х годах эта модель обнаружила кризис и пересматривалась в рамках политического курса Маргарет Тэтчер, лейбористов при Тони Блэ-ре, получившего еще название «третий путь». Трансформация затронула и Соединенные Штаты Америки.

    Возникли идеи мотивирующего государства, государства ответствен-ного. Безопасность стала ключевым фактором и мерилом состоятельности любого общества. Произошел ренессанс государства как института, мо-делирующего и продвигающего такие ценности и образ жизни, которые были бы ориентированы на успех, самодостаточность, эффективность и ре-зультативность. Образование из отраслевого понятия трансформировалось в глобальный целевой ориентир для миллионов молодых людей.

    Другое изменение – это кризис либерализма, связанный с крушением модели мультикультурализма в Европе на фоне потока миграции и бежен-цев из стран Ближнего Востока и Азии, Северной Африки, зон конфликтов. Европа с ее либеральными ценностями оказалась уязвимой перед новой глобализацией, когда становятся открытыми дороги не только для обмена технологиями, перетока инвестиций и производственных мощностей, но и для массового передвижения населения из одной части планеты в другую. Диспропорции развития стран и регионов оказались настолько велики, что законодательные и даже географические преграды игнорируются людьми, бегущими от голода, неминуемой гибели. Последствия этого – Брексит, угроза полураспада и крушения Европейского союза, терроризм в сердце Европы.

    Самая глубина, сердцевина третьей модернизации, которая была обо-значена Главой государства в Послании народу 31 января 2017 года - модер-низация общественного сознания. Ее необходимость Елбасы изложил в сво-ей программной статье «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания». В ней заложена платформа, соединяющая горизонты прошлого, настоящего и будущего.

    Человеческая природа основывается не только на истоках рациональ-ности. Человеку прежде всего необходимы духовные основы. Наша нацио-

  • 15 Пленарная сессия

    нальная природа, культура и сознание длительное время находились в со-стоянии консервации. Довлели опыт, а скорее, ошибочные представления о событиях прошлых лет. Огромный и кропотливый труд по созданию соб-ственного багажа культуры и истории, национального достояния, всего, что составляет генофонд нации, был проделан благодаря реализации иниции-рованной Президентом государственной программы «Мәдени Мұра». Дан-ная программа дала возможность почувствовать свою историю, язык, его звучание, поэтику. Многое, что было отражено в устном народном творче-стве, было систематизировано на материальных носителях. За семь лет реа-лизации программы «Мәдени Мұра» были достигнуты важные результаты:

    отреставрированы 78 памятников истории и культуры, в том числе за рубежом - реставрация мавзолея Султана Аз-Захир Бейбарса, мечети Сул-тана Бейбарса, строительство историко-культурного центра и мавзолея Аль-Фараби; проведена масштабная инвентаризация более 11,5 тыс. памят-ников республиканского и местного значения;

    сформирован полноценный фонд гуманитарного образования на ка-захском языке, в частности издано 537 наименований книг тиражом более полутора миллиона экземпляров, среди которых уникальные серии по истории, археологии, этнографии, новые энциклопедические словари;

    проведены глубокие исследования музыки средних веков, что позво-лило выпустить Антологию казахской традиционной музыки «Мәңгілік са-рын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні»;

    создано 20 документальных фильмов об особо важных исторических местах и наследии национальной культуры.

    Среди более поздних проектов можно отметить создание Археологи-ческого парка в Таразе в рамках торжественных мероприятий, посвящен-ных 550-летию Казахского ханства; издание 100-томного сборника казах-ского фольклора «Бабалар сөзі», 30-томного сериала терминологических сборников и др.

    Так на протяжении нескольких лет зарождался новый модернизаци-онный проект, который мы можем видеть в рамках президентской статьи «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания». Особенность данной статьи в ее структуре. Она носит программный характер и состоит из двух частей - методологической и практической. Первая часть - О нацио-нальном сознании в XXI веке состоит из 6 подразделов, которые раскрывают характеристики прогрессивного общественного сознания, в том числе: кон-курентоспособность; прагматизм; сохранение национальной идентичности; культ знания; эволюционное, а не революционное развитие; открытость.

    При этом важно отметить, что все упомянутые характеристики но-сят практический характер, то есть они взяты из жизни. В этом суть новой парадигмы идеологического конструирования. Нет надобности создавать искусственные лозунги и потом подгонять под них все общество. Гораздо правильнее находить некие ценности в обществе, которые выкристаллизо-вались в результате его исторического развития. Все шесть характеристик – это наши ценности, с которыми мы живем и хотим добиться совершенства в их развитии.

  • 16 Актуальные проблемы модернизации Казахстана. Материалы Международной научной конференции

    Конкурентоспособность – это наша цель в сфере экономики и разви-тия человеческого капитала. Прагматизм – это понимание той реальности, в которой мы находимся, это понимание своей ниши, возможностей. Ка-захстан всегда отличался трезвым взглядом на международную жизнь, ре-гиональные процессы. Сохранение национальной идентичности – это клю-чевой вопрос выживания. Без собственного я, без культуры сложно найти достойное место в мире. Все смотрят на то, что каждая нация может внести в копилку общемирового достояния. Культ знания – это один из важней-ших критериев общественного развития. Образование, наука являются ве-дущими факторами продвижения нации. Эволюция, а не революция – это наш опыт ХХ века. Опыт 70-ти летнего развития на основе результатов рево-люции в конечном итоге оказался провальным. Да мы получили не мало и научились многому, но заплатили за это слишком высокую цену. Наконец, открытость сознания – это свойство номадической культуры, всего большо-го пласта наших культурных свойств. Среди них гостеприимство, толерант-ность сознания, коммуникабельность.

    Вторая часть статьи, с конкретными спецпроектами - это повестка дня на ближайшие годы. Данная часть содержит шесть конкретных проектов. Они потребуют очень кропотливую и содержательную работу. Сегодня не-обходима не просто идеологическая программа, а нужна модернизацион-ная платформа для всей общественно-гуманитарной отрасли, исследовате-лей, ученых, чтобы реализовывать практические проекты.

    Эти важные проекты заявлены в статье Главы государства: поэтапный переход на латиницу, 100 новых учебников на казахском языке, программа «Туған жер», Духовные святыни Казахстана, современная казахская культу-ра в глобальном мире, 100 новых лиц Казахстана.

    Например, переход на латиницу. До 2025 года осталось не так много времени – всего 8 лет. При этом следует фактически осуществить трансфор-мацию всей учебной и методической базы, подготовить специалистов, учи-телей, перебороть инерцию сознания.

    Или проект «Новое гуманитарное знание: 100 учебников на казахском языке». Как это может показаться на первый взгляд, это не так просто най-ти 100 лучших учебников. Мировые гуманитарные науки уже давно шаг-нули вперед. Учебники и пособия обновляются практически ежемесячно, возможно даже еженедельно. За этим потоком сложно поспеть. То есть, мы сегодня сталкиваемся с большим разнообразием различных учебных и учебно-методических материалов. Однако есть фундаментальные труды, которые востребованы на протяжении десятилетий. С одной стороны, мы должны привлекать классические учебники, наиболее признанные во всем мире. Но с другой стороны, должны смотреть как меняется мир, какие но-вые знания приходят, методики и подходы в обучении.

    Наша главная задача – это выполнить поручение Главы государства – довести современное знание до нашей молодежи, обновить учебную базу по общественно-гуманитарным дисциплинам.

    Сегодня наша вузовская общественность, профессорско-преподава-тельский состав преимущественно пользуется переводными учебниками

  • 17 Пленарная сессия

    на русском языке, либо учебниками, разработанными российскими авто-рами. Но это только часть всего того, что может предложить нам мировой фонд. Особенно это касается англоязычной литературы. Больше половины всей информации в мире идет на английском языке. Согласно статистике W3Techs, доля англоязычного интернета составляет 54%. Русскоязычные сайты – 6,4%; немецкий – 5,4%; японские – 5,1%; испаноязычные – 4,9; и франкоязычные – 4,1%. В Европе, а также в странах Азии английский давно является базовым, языком международного общения.

    В этой связи, при отборе учебной литературы мы должны придержи-ваться нескольких моментов. Во-первых, это наиболее востребованные учеб-ники с предельно более поздним сроком издания. Во-вторых, это каскадный принцип отбора – от большего объема к более отборному и отфильтрован-ному перечню. В-третьих, максимально использовать имеющиеся книж-ные фонды наших библиотек. В-четвертых, авторитетность авторов и из-дательств, выпускающих учебники. В-пятых, для отбора учебников следует привлечь отечественных преподавателей, хорошо знающих свой предмет и имеют представление о круге передовой и востребованной литературы.

    Все это необходимо делать уже сейчас, поскольку с 2018-2019 годов пе-редовые общественно-гуманитарные учебники должны прийти в студенче-ские аудитории, школьные классы.

    Таким образом, модернизация общественного сознания – это живой и кропотливый процесс. Никто не сделает это за нас. Мир таит большие возможности, которыми необходимо воспользоваться. Если мы не сможем это сделать, то останемся на задворках мирового развития. Но мы можем освоить то, что нам дает окружающий мир.

    В современном мире энергия общественного сознания является веду-щим фактором социальной пассионарности и экономической активности. Каковы основные мотивации в нашем обществе, которые столь точно про-чувствованы и определены Елбасы в его программной статье? Это модер-низационные ожидания, вера в особый национальный путь с учетом дости-жений и опыта успешных наций, желание сделать вклад в общемировую копилку ценностей, прогресса и развития.

    ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ САРДАРЫ

    Қалижанов У.Қ. ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы,

    профессор (Алматы, Қазақстан)

    Қазақ халқының ежелгі тарихынан қазіргі кезеңіне дейін талай данагөйлер, ойлы азаматтар өмір сүргені белгілі. Халқымыз әдетте терең мағынасы бар сөзге, гұламаның тұжырымдарына аса құлақ қойған. Осы қасиеттерімізді жастайынан қадірлеп өскен, Сыр бойының түлегі, Отанымыздың қадірлі азаматы, ғалым, ұстаз - Әбдімәлік Нысанбайұлы

  • 18 Актуальные проблемы модернизации Казахстана. Материалы Международной научной конференции

    Нысанбаев 1937 жылы мамырдың 1-інде Қызылорда облысындағы Сырда-рия ауданының Қарауылтөбе ауылында шаруа отбасында дүниеге келді. Жақында Әбекеңнің 80 жасқа толған мерейтойы аталып өтеді.

    Жас Әбдімәлік мектепті аса үздік бітіргеннен соң, ол Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтындағы (қазір Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеті) физика-математика факультетін бітірген. Сталиндік стипендияның иегері.

    Жарты ғасырлық ғылым аясындағы өмір тарихы көп нәрседен сыр шертетіні анық. Ол кісі сонау алпысыншы жылдардың басында Қызылорда мемлекеттік педагогикалық университетін қызыл дипломмен тамамдағаннан кейін (қазіргі Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университет) Қазақстанның Ғылым академиясына келіп жұмысқа тұрады. Жас жігіттің барлық арманы бойындағы өзінің тұлғалық әлеуетін, шығармашылық шабытын ғылымға, білімге арнау, халқына, оның ұлттық руханиятына сыйлау, шынайы қызмет ету екеніне күмән келтіруге болмайды.

    1960-1961 жж. Қазақ Ғылым академиясы Химия ғылымдары институтының аға лаборанты жұмысын атқарады. Академик Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен әлемге танылған және талай кәсіби ше-бер мамандар қызмет атқарған Ұлттық Ғылым Академиясы еліміздегі іргелі зерттеулерді жүргізудің нағыз үлгісі болған ғылыми кадрлардың шоғырланған ордасы болатын.

    1961 ж. Ә.Н. Нысанбаев Қазақ КСР Философия және құқық институ-тына келді, онда алдымен аға лаборант, кейіннен кіші ғылыми қызметкер міндетін атқарды. Әбдімәлік Нысанбайұлы кейін Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясы Философия институтының аспирантурасына оқуға жіберіледі.

    Қазақ зиялыларынң ХХ ғасырдағы көрнекті өкілі, академик, белгілі заңгер Салық Зиманов жетекшілік еткен «Философия және құқық инсти-тутынан» бастау алған Әбекеңнің ғылыми шығармашылығы қазіргі кезеңге дейін табысты жалғасуда. Қаныш Имантайұлы мен Салық Зиманұлы сияқты көрнекті тұлғалар жас маманның Мәскеуге барып аспирантурада оқуына себепкер болған көреген басшылар еді.

    1964 жылы желтоқсан айында танымал философ И.В. Кузнецовтың басшылығымен КСРО Ғылым академиясының Философия институтында «Математикадағы ақиқаттың табиғатын ашудағы сәйкестік принципінің маңызы» атты кандидаттық диссертацияны мерзімінен бұрын қорғады.

    1975 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы Философия және құқық институтының қарауына «Математикалық білімді синтездеу мен дамытудың диалектикалық-логикалық принциптері» атты докторлық диссертациясын қорғады.

    Ә.Н. Нысанбаевтың барлық өмірі Қазақ КСР ҒА Философия және құқық институтымен тығыз байланыста болды. Мұнда ол аға лаборанттан кіші және аға ғылыми қызметкерге, жаратылыстанудың философиялық мәселелері бөлімінің (қазір ғылым және техника философиясы бөлімі) меңгерушілігіне және 1990 жылдан ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтының , ал 1991 жылдың аяғынан 2011 жылға дейін Философия және саясаттану институтының директорлығы қызметін атқарды. 1997 – 2003

  • 19 Пленарная сессия

    жылдары еліміздің Қазақ энциклопедиясының бас редакторы қызметін қоса атқарды.

    1974 ж. ғалымның еңбектері Ш.Ш. Уәлиханов атындағы бірінші сыйлыққа лайық деп танылды. Ал «Материалистік диалектиканың негізгі принциптері және олардың ғылыми танымда атқаратын қызметтерін зерт-теу» атты монографиялық жұмыстар циклі үшін Ә.Н. Нысанбаевқа басқа ғалымдармен қатар Қазақ КСР-ның 1984 ж. ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

    Өткен ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда бұрынғы Одаққа, одан қалды әлемдік философиялық әлеуметке ерекше танылған, өзін ма-мандар алдында мойындатқан «Алматы философия мектебі» қалыптасты. Академик Ж.Әбділдин бастаған диалектикалық логикамен айналысатын топтың ғылыми ізденістері мемлекет тарапынан да жоғары бағаланды. Міне солардың бел ортасында білікті маман Әбдімәлік Нысанбаев та болды.

    Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап, Ә.Н. Нысанбаев ғылыми жетекшілік жасап келе жатқан ғылымның логикасы мен әдіснамасы жөніндегі дербес философиялық мектеп ретінде өмір сүре бастады, тіпті ол уақыт өте келе халықаралық сипатқа ие болды. Мектептің құрылуы жаңа өзгеше әрі өзіндік тың ойды және пікірлестерді өз төңірегіне топтай, біріктіре алатын, оларға дем беруге қабілетті ғылымның үлкен ұйымдастырушысы болуды талап етеді. Жаңа мектеп осы замандағы ғылыми теорияларды олардың өзара ықпал етуі және әлеуметтік практикаға шығуы барысында зерттеуді, ғылымның бүтін қоғамдық құбылыс, осы заманғы мәдениеттің құбылысы ретіндегі инварианттық сипаттамаларын айқындауды, оларды зерделеуді өз алдына міндет етіп қойды.

    1989 жылы Ә.Нысанбаев Қазақ КСР Ғылым академиясы корреспон-дент мүшесі атағына ие болса, кейін ҚР ҰҒА академигі болып сайланды. Ә.Нысанбаевтың тікелей бастамасымен Институт ауқымында Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған кезеңнің алғашқы жылдарында-ақ, дәлірек айтқанда 1991 жылы қазақ философиясы мәселелерін кешенді зерттеу-ге арналған бөлім ашылды. Бұл ұлттың даналығына, оның руханиятының тарихына, тілі мен діліне деген бетбұрыс болатын. Бұрын ғылыми зерттеу-лер тек орыс тілінде жазылып, диссертациялар тек орыс тілінде қорғалып келсе, енді ғылыми ортада Әбдімәлік Нысанбаевтың белсенді басқаруымен қазақ тіліндегі зерттеулер мен қорғаулар көбейе бастайды.

    Сонау жиырмасыншы және отызыншы жылдары қазақтың небір ру-хани саңлақтары тарих сахнасынан көрінгені белгілі. Ол кезең қазақ зия-лылары өзін шын мәнінде әлемге танытқан кезеңі болатын. Ұлт руханияты Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұстафа Шоқай және т.б. зиялылар тобымен етене та-нысып, солардың арқасында халықтың ұлттық санасы оянды, кемелденді десе де болады. Міне, осындай өзіндік ұлт руханиятының, әдеби тілінің жарқырап өзінің дүмпуін танытқан екінші шақ өткен ғасырдың алпысын-шы және жетпісінші жылдары деп бағалауға болады.

    Әбекеңнің тікелей ұйымдастыруымен көптеген білікті мамандар осы игілікті іске тартылып, соның нәтижесінде көп томдық «Қазақ даласының

  • 20 Актуальные проблемы модернизации Казахстана. Материалы Международной научной конференции

    ойшылдары» деген топтаманың жарыққа шығуына күш салынды. Қазіргі кезеңде ғалымның ғылыми жетекшілігімен терең зерттеліп жатқан «Қазақ философиясының тарихы» атты 5 томдық жинақтың 4 томы жарық көрді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жазылған дүниелердің құндылығы негізінен ұлт руханияты бойынша істің бастамасы болғанында, яғни кеңестік түсініктегі ұлт философиясына деген көзқарастың қайта қаралып, ондаған жылдар бойы бұзылмай тұрған сеңнің іргесі сөгілгендей болуында еді.

    Ол өзінің шығармашылық жолында барлығы 600-ден аса ғылыми мақалалар мен 40-тан аса астам монографияларды жарыққа шығарды және оның ішінде 80-нен аса ғылыми туындылары әлемнің 25 тілінде жарияла-нып, ондаған дүниежүзінің жетекші елдерінде беделді халықаралық кон-ференцияларда баяндамалар жасаған аса көрнекті маман. Әбекең АҚШ, Германия, Қытай, Түркия, Ресей, Иран, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Мысыр, Украина, Польша, Болгария, Франция және т.б. елдерде өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін көрнекті мамандар алдында жария етті. Еліміздің философияны дамыту саласындағы жетістіктерімен әлемді ғылыми көпшілікке лайықты деңгейде таныстыра білді және ол әртүрлі ғылыми орталықтармен ғылыми байланыстар орнатып, әр қилы елдердің білікті мамандарын өзіміздің елдің ғылым саласындағы жас ұрпағымен жүздесуіне, қатынасуына ат салысып келді.

    Ә.Н. Нысанбаев 1994 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен оған «Қазақстан ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер» жоғары құрметті атағы берілді.

    Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы медалімен (1995), «Достық» және «Парасат» ордендерімен, Абы-лайхан (1997), Мұстафа Шоқай (2000) алтын медальдарымен марапаттал-ды. Диаспоратану ғылымы бойынша бірнеше ұжымдық еңбектер дүниеге келуіне себепкер болды. Мәселен, «Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі» (Астана, 2005), «Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы» (Алма-ты, 2007), «Жаһандану жағдайындағы шетел қазақтарының құндылықтық әлемінің өзгеруі» (2013).

    1995 жылдың мамырында Қырғыз Республикасы президентінің жарлығымен оған «Қырғыз Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағы берілді.

    Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10, 20, 25 жыл», мерейтойлық медальдеріне ие болды.

    Әбекең 1997 жылдан 2003 жылға Қазақ энциклопедиясының бас ре-дакторы қызметін қоса атқарып жүрген шақта, тәуелсіз Қазақстанның негізгі кітаптарының бірі болып саналатын көп томдық «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясының алғашқы төрт томының шығуына себепкер болды. Оның тікелей ғылыми жетекшілігімен халқымыздың ұлттық руханияты үшін аса маңызды «Қорқыт Ата», «Құрманғазы», «Мұхтар Әуезов», «Қазақстан Республикасы. Он жылдық шежіресі», «Қазақ», «Қазақстан Республика-сы. Энциклопедиялық анықтамалық», «Екімыңжылдық дала поэзиясы»,

  • 21 Пленарная сессия

    «Түркістан» халықаралық энциклопедиялардың шығаруының өзі ұлтымызға деген ізгі ниеттің, оның рухани дүниесіне деген өзіндік құрметтің көрінісі деуге болады. Халқымызды шынымен жақсы көрсек, оған деген құрметіміз жоғары болса, онда оны осылай халықаралық деңгейдегі іспен, нақты шығармашылық әрекеттермен танытқан жөн және оның рухани байлығын, өзін-өзі жете тануға талпынысын ғылыми жүйелейтін уақыт та келді.

    Жәлеләддин Руми алтын медалінің иегері (Түркия, 2000).Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан

    Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапат-талды (2004).

    Халқымыздың рухани мәдениетін, тілін және тарихын жанданды-ратын қадамдардың бірі болып саналатын - «Мәдени мұра» мемлекеттік стратегиялық ұлттық жобасы 2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қолға алынған еді.

    Осы маңызды мемлекеттік бағдарлама бойынша 20 том әлемдік философиялық мұраның ең үздік үлгілері мен үзінділері түрінде жинақталып, мемлекеттік тілге тікелей тәржімеленді, әл-Фарабидің негізінен бұрын жарияланбаған шығармаларының 10 томы және әлемдік психологиялық мұраның 10 томы, сонымен қатар Шығыс пен Батыс фило-софиясы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған 2 оқу құралы жарық көрді.

    Еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің орныққан алғашқы жиыр-ма бес жылында Қазақстандық бірлік пен бірегейліктің негізі ретіндегі жалпыұлттық идея, ұлттық тұрақтылық пен саяси және рухани қауіпсіздіктің кепілі сияқты барлық қазақстандықтарды толғандырып келген тақырыптарды қозғауына байланысты Ә. Нысанбаевтың есімі көпшілікке ерекше танымал бола түсті. Академик Нысанбаевтың баспасөз бен теледидарда, радио мен газет беттерінде сөйлеген сөздері, оның ғылыми жетекшілігімен жарық көрген шығармалар, тәуелсіздік идеясына қатысты көптеген жеке және ұжымдық монографиялардың жариялануы – міне, осының барлығы республика өміріндегі маңызды оқиғаларға жатады. Жалпы Әбекең гуманитарлық салалар бойынша жас кадрларды, білікті ма-мандарды дайындау ісіне де барынша қомақты үлес қосқан ұстаз. Ол фи-лософия және саясаттану бойынша халықаралық ғылыми мектеп құрды. Оның тәрбиелеген студенттері мен аспиранттары, магистранттары мен док-торанттары еліміздің түкпір-түкпірінде, басқа елдерде де табысты қызмет атқаруда.

    «Дарын» ұлттық компаниясының (Моңғолия, Улан-Батор) «Озат кісі» құрметті атағы берілді(2006), «Түркі әлеміне қосқан үлесі» Халықаралық сыйлығының иесі (Түркия, 2006).

    2016 жылы ғалымның таңдамалы ғылыми еңбектерінің 10 томдығы электрондық нұсқада жарық көрді (ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты сайты).

    Академик Ә.Н. Нысанбаев үлгілі, зиялы отбасының отағасы екенін атап өткеніміз орынды. Өмірлік зайыбы Нысанбаева Зейнеш Әшенқызы –

  • 22 Актуальные проблемы модернизации Казахстана. Материалы Международной научной конференции

    химия ғылымдарының кандидаты. Ұлы Назар – заң ғылымдарының канди-даты, қызы Динара – философия ғылымдарының кандидаты, қазіргі кезеңде Түркияда қызмет атқарады. Оның сонымен қатар бес тамаша немерелері 4 шөбересі бар. Шыңғысхан – экономия ғылымдарының кандидаты, Дани-яр – заңгер маман және қазіргі уақытта АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында халықаралық құқық мамандығы бойынша магистратурадан өтуде, Ай-жан – Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондондағы университететті бітіріп келген білікті маман. Әмір мен Дәмір деген немерелерімен қатар Абылай, Әлижан, Әлнұр, Аиши деген кішкентай шөберелер де өсуде. Осындай бақытты отбасының бірлігі нығайып, көрнекті ғалымның, белгілі философия және саясаттану маманының болашағы жарқын болсын, өзінің бойындағы шығармашылық әлеуетін паш ете түссін деп тілек айтқымыз келеді.

    Өзінің саналы ғұмырын түгелдейге жуық гуманитарлық ғылымдар саласындағы шығармашылық ізденістерге арнаған академик Әбдімәлік Ны-санбаев ұлт руханиятының қалыптасуы мен дамуының түрлі қатпарларын философиялық тұрғыдан зерделеуден өткізгенін атап өту керек. Әбекең биылғы жылдың мамыр айында тойлайын деп отырған өзінің сексен жылдық мерейлі өмірбаянының елу жылдан аса белесін философия сала-сы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арнаған екен. Соның бірталайын даналық әлемін зерттеу арқылы ұлт тілін барынша дәріптеуге арнағанын ұмытпағанымыз абзал.

    РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ТҰЛҒА

    Әбжанов Х.М., Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының

    директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (Алматы, Қазақстан)

    Қазақ халқының философиялық ой-санасы тереңге тамыр жіберген. Анахарсистен қалған сұңғыла байлам-түйіндер, Алпамыс жырындағы отаншылдық, мемлекетшілдік, әлденеше ұрпақты тәрбиелеген «Ақсақ құлан» тәрізді күй-шежірелер ақылсызға – ақыл, санасызға – сана бітіретін құдірет. Әріде сақтар мен байырғы түркілердің, беріде Алтын Орданың мұрагері болып табылатын біздің бабаларымыз, тұлғаларымыз төл мемлекетін құрған XV ғасырдан бүгінге дейін күрес пен бәсекенің, жеңіс пен жеңілістің, ілгерілеу мен іркілістің қилы замандарын бастан өткере жүріп, адамзат ақыл-ойының қазынасына баға жетпес олжа сала білді. Асан қайғының Жерұйықты іздеуі, «Азаулының Стамбұлдан несі кем», деген До-спанбет жыраудың өршіл рухы, Көмекей әулие Бұхарекеңнің адамзат бала-сы қызыққа тоймайтынын дәйектеуі – бәрі Ұлы даладағы Мәңгілік Ел идея-сын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырды. Шоқанның: халық дұрыс дамуы үшін азаттық пен білім керек, Абайдың: адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Ахметтің: тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, Мұхтардың: ел боламын

  • 23 Пленарная сессия

    десең бесігіңді түзе, деген қағидалары әлемдік философияның төрінен орын алуға лайық даналық пен ақиқаттың шыңы.

    Демек, Алаштың анасындай Сыр бойында дүниеге келіп, Қорқыттың аңыздарын, Майлықожаның жырларын құлағына құйып өскен тума талант Әбдімәлік Нысанбаевтың физика, математика, химия мамандықтарын игер-ген соң әмбебап даярлығымен 1961 жылы Қазақ КСР ғылым академиясының философия және құқық институтына аға лаборанттыққа келуі, бір қарағанда, қисынсыз кө