Қазақстан — Уикипедия · Web viewМұздықтардың абляциялық...

47
Қазақстан Уикипедия жобасынан алынған мәлімет Мында өту: шарлау , іздеу Басқа мағыналар үшін, Қазақстан (айрық) деген бетті қараңыз. Қазақстан Республикасы Қазақстан туы Қазақстан елтаңбасы Координаттар : 48°57′00″ с. е. 66°14′00″ ш. б. / (Г) (О) Ұраны : «Алаш! (тарихи) Алға Қазақстан! (ресми емес)» Әнұраны : «Менің Қазақстаным» (тыңдау (? ·тыңдау )) Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан 1991 жыл (КСРО -дан) Ресми тілдері қазақша

Transcript of Қазақстан — Уикипедия · Web viewМұздықтардың абляциялық...

Қазақстан — Уикипедия

Қазақстан

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

 Басқа мағыналар үшін, Қазақстан (айрық) деген бетті қараңыз.

Қазақстан Республикасы

Қазақстан туы

Қазақстан елтаңбасы

Координаттар: 48°57′00″ с. е. 66°14′00″ ш. б. / 48.95° с. е. 66.233333° ш. б. (Г) (О)48.95, 66.233333

Ұраны: «Алаш! (тарихи)Алға Қазақстан! (ресми емес)»

Әнұраны: «Менің Қазақстаным» (тыңдау (?·тыңдау))

Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан 1991 жыл (КСРО-дан)

Ресми тілдері

қазақша — мемлекеттік тілорысша — ресми тіл

Астанасы

 Астана

Ірі қалалары

Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Семей, Өскемен

Үкімет түрі

Президенттік унитарлы республика

ПрезидентіПремьер-министрі

Нұрсұлтан НазарбаевСерік Ахметов

Мемлекеттік діні

Зайырлы мемлекет

Жер аумағы• Барлығы• % су беті

9-шы2 724 900[1] км²1.7

Жұрты• Сарап (2011)• Тығыздығы

16 638 000[2] адам (62-ші)6,11 адам/км² (224)

ЖІӨ (АҚТ)  • Қорытынды (2011)  • Жан басына шаққанда

216.785 млрд[3] $ (53-ші)13,001[3] $ (69-шы)

ЖІӨ (номинал)  • Қорытынды (2011)  • Жан басына шаққанда

178.312 млрд[3] $ (56)10,694[3] $ (67-ші)

АДИ (2010)

0.714[4] (Жоғары) (66-шы)

Этнохороним

қазақстандықтар

Валютасы

Қазақстан теңгесі ₸(КЗТ, код 82)

Әуе компаниясы

Аір Астана

Интернет үйшігі

.кз,.қаз

ЫСО коды

КЗ

Телефон коды

++7-6хх, +7-7хх

Уақыт белдеулері

ҰТЦ +5, +6

Қазақстан, Қазақстан Республикасы (орыс. Казахстан, Республика Казахстан; қысқартылған атауы — ҚР) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9- орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларна дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км, оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[5]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[6].

Мазмұны

· 1 Тарихы

· 1.1 Ежелгі замандағы Қазақстан

· 1.2 Қазақ ұлтының құрылуы

· 1.2.1 Қазақ хандығының құрылуы

· 1.3 Ресейдің Қазақ Даласын отарлауы

· 1.4 Кеңестік режим жылдарындағы Қазақстанның дамуы

· 1.5 Қазақстанның жаңа тарихы

· 2 Географиясы

· 2.1 Климаты

· 2.2 Су қоры

· 2.2.1 Мұздықтар

· 2.2.2 Өзендер

· 2.2.3 Көлдер және бөгендер

· 2.2.4 Теңіз

· 2.3 Қазақстан флорасы

· 2.4 Қазақстан фаунасы

· 3 Әкімшілік бөлінуі

· 3.1 Ірі қалалар

· 4 Халқы

· 5 Мемлекеттік құрылысы

· 6 Табиғаты

· 6.1 Жер бедері

· 7 Табиғат ресурстары

· 7.1 Геологиялық құрылымы

· 7.2 Кен байлықтары

· 7.3 Жер ресурстары

· 7.4 Агроклиматтық ресурстары

· 7.5 Орман ресурстары

· 7.6 Су ресурстары

· 8 Саяси жағдайы

· 8.1 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

· 8.2 Сыртқы саясат

· 9 Қоғам

· 10 Экономикасы

· 11 Энергетикасы

· 12 Мәдениет және қоғам

· 13 Білім беру жүйесі

· 14 Бұқаралық ақпарат құралдары

· 15 Әлеуметтік саласы

· 16 Қарулы күштері

· 17 Түсініктемелер

· 18 Сыртқы сілтемелер

· 19 Тағы қараңыз

Тарихы

 Толық мақаласы: Қазақстан тарихы

Ежелгі замандағы Қазақстан

 Толық мақаласы: Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы Ы мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан.

Қазақ ұлтының құрылуы

 Толық мақаласы: Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ хандығының құрылуы

 Толық мақаласы: Қазақ хандығының құрылуы

Ресейдің Қазақ Даласын отарлауы

 Толық мақаласы: Қазақстанды Ресейдің Отарлауы

Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті.

· 1822 ж. “Сібір қазақтары туралы жарғы”, 1824 ж. “Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы” деген құжаттармен қазақ жерін басқару тәртібі белгіленді. Осы заңдар бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Ішкі округтер құрылды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді.

· 19-ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары Оңтүстік Қазақстанға өз бақылауларын орнатты. Қазақтар Қоқан мен Хиуа билеушілеріне қарсы жиі-жиі бас көтеріп отырды. Отарлық езгінің күшеюі, шұрайлы жерлерді тартып алып, бекіністер салу Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын (1837 – 47) тудырды.

· 19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі аяқталды.

· 1914 ж. 1-тамызда Ресейдің 1-дүниежүзілік соғысқа тартылуы Қазақстан халқына ауыр соққы болып тиді.

· Жаппай наразылықтар нәтижесінде 1916 жылғы көтеріліс шықты. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 жылғы 25-маусымдағы майдандағы қара жұмысқа Қазақ пен Түркістан өлкелерінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды.

· 1917 ж. патшаны тақтан құлатқан Ақпан революциясының оқиғалары көп ұзамай Қазақстанға да жетті.

· 1917 ж. 21 – 28 шілдеде Орынборда 1-Бүкілқазақ съезі өтті. Делегаттар ұлттық автономия, жер-су, т.б. мәселелердің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлік және қазақ саяси партиясын құру мәселелеріне баса назар аударды. Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, т.б. қайраткерлер отаршылдыққа қарсы Алаш партиясын құрды. Олар қазақ халқын отарлық езгіден азат ету ұраны төңірегіне топтасып, қазақтың дербес, тәуелсіз Алашорда демократиялық мемлекетін құруға кірісті. Бірақ көп ұзамай бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ жерінде де кеңес билігі орнады.

Кеңестік режим жылдарындағы Қазақстанның дамуы

1917 жылы большевистік революциядан кейін Қазақстанда Кеңес билігі орнады. Бірінші дүниежүзілік және азамат соғыстары бүкіл ел шаруашылығын күйретті. 1920-1921 жж. қыста болған жұттың салдарынан ірі қараның жартысына жуығы қырылды. 1921 жылы жаз егінсіз болып, аштық орнады. Тек 20-жылдардың соңына қарай Қазақстан қалпына келді. 1920 жылы Қазақстан автономды, ал 1936 жылы КСРО құрамындағы одақтық республика болды.

Аймақтың экономикалық әлсіздігін есепке ала отырып, одақтық үкімет Қазақстан шаруашылығын қарқынды түрде дамытуды алға қойды және 1941 жылы өнеркәсіп өндіріс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда сегіз есеге артты.. Ірі экономикалық жобаларды орындауға ресурстарды топтастырудың жоспарлық жүйесінің мүмкіндіктері арқасында Қазақстан 30-жылдары көшпелі өлкесінен ірі және өнеркәсіптік, егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған, жоғары мәдени деңгейі бар аймаққа айналды.

Қазақстан аумағында мыңдаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылды, он мыңдаған шақырымға созылған темір және автомобиль жолдары түсті. Қазақстан түрлі түсті және қара металл, көмір, мұнай, бидай, мал шаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісі болды. 1991 жылы Қазақстан үлесіне қорғасын, мырыш, титан, магний, қалайыны өндіруде одақтық өндірістің 70 пайызы, фосфор мен хром өндірісінің 90 пайызы, күміс пен молибденнің 60 пайыздан астамы тиесілі болды. Қазақстан дәнді дақылдардың ірі өндірушісі болды.

Алайда, экономикалық дамудағы жетістіктер үшін қазақ халқы құнын өтеді. «Социалистік индустриялау» әдісі қайғылы жағдайға әкелді. Нәтижесінде ұжымдастыру бойынша қозғалыс 30-жылдары аштыққа әкеліп тіреді. Қазақтардың бір бөлігі тобымен Қытайға және көршілес ортаазия елдеріне кетті. 1931-1934 жылдары аштық пен аурудан бір жарым миллион адам қаза тапты, ол этностың 40 пайызын құрады.

Қазақстан бұрынғы КСРО аумағындағы негізгі тұрғындардың ең аз бөлігін құраған бірегей республика болды; мұндай жағдай 30-жылдары халықтың көп бөлігінен айырылғаннан емес, КСРО-ның басқа аймақтарынан Қазақстан аумағына жүз мыңдаған адамдарды жарамсыз большевиктік режимде 1937-1938 жж. террор құрбандарына арналған концлагерлер ұйымдастыру арқылы қоныс аудару салдарынан болды.

1935 жылдан 1940 жылға дейінгі кезеңде Батыс Украина, Белоруссия және Литвадан поляктардың жер аударуы көп орын алды (120 мыңға жуық адам). ІІ дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға Поволжья немістері, Кавказдан шешендер, ингуштар және басқа да ұлт өкілдері күштеп қоныс аударылды, ал 50-60 жж. тың игеруге байланысты біздің елге Ресей, Украина, Белоруссиядан миллиондаған тұрғындар көшіп келді. Нәтижесінде 1926 жылы республикадағы барлық тұрғынның меншікті салмағы 57,1% құрап, 1939 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін төмендеді, ал 1959 жылы небәрі 30 пайызға тең болды. Тек соңғы жылдары қазақтардың меншікті салмағы 50 %-дың көрсеткішке жетті. 70-80 жылдар қарсаңында КСРО-ның экономикалық және әлеуметтік-саяси өміріндегі дағдарыс Қазақстанға да әсер етті. Қатаң жоспарлық жүйе елдің экономикалық дамуын, әлеуметтік саланы тоқыратты. Сондықтан да қайта құру саясаты жариялылық пен демократияға сенген Қазақстан халқынан кең қолдау тапты. Алайда, 1986 жылғы 17 желтоқсанда орын алған Алматыдағы жастардың демократиялық көтерілісінің қатты қысымға алынғаны тағы да «әлеуметтік» жүйенің жарамсыздығын көрсетті.

Қазақстанның жаңа тарихы

· Қазақстан жері 6-ғасырда билеушілері ашина руынан шыққан Түрік қағандығының билігінде болды.

· Бірақ 603 ж. ішкі-сыртқы қайшылықтарға байланысты мемлекет Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді.

· 704 ж. Жетісуда Түркеш қағандығы (704 – 756) орнады.

· 756 ж. қарлұқ тайпалары саяси үстемдікке қол жеткізді. Сырдарияның төменгі және орта бөлігі мен Арал өңірін Оғыз мемлекеті жайлады, ал Қазақстанның солтүстігінде Қимақ мемлекеті орнады, Жетісуда Қарлұқ мемлекеті (766 – 940) құрылды.

· 10-ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті (942 – 1210/12) пайда болды. Қарахан әулетінің негізін салған Сатұқ Боғра-хан исламды қабылдады.

· Найман тайпалар одағы 8-ғасырдың орта кезінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон өзені аралығында сегіз оғыз деген атаумен пайда болған.

· 12-ғасырда керейіттер (керейлер) мен меркіттер қосылған наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылымға айналды. Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер 10-ғасырдың бас кезіне жатады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында керейіттер қазіргі бүкіл Моңғолия мен Алтай аумағына үстемдік етті. Жалайырлар Шыңғыс хан империясының өрлеу кезіне қарай Селенгаға құятын Орхон сағасын мекендеген.

· 1190 – 1206 ж. моңғолдар талқандағаннан кейінгі найман мен керейіт тайпалары, жалайырлар болашақ қазақ халқының қалыптасуына белсене қатысты.

Жетісудағы Қарақытайлар мемлекетінің (1128 – 1213) құрылуы Орталық Азиядағы қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Әскери-саяси үстемдік 11-ғасырдың басында Қыпшақ хандығына көшті. Қыпшақ ақсүйектері оғыздарды Арал мен Каспий өңірі далаларынан тықсырып шығарды. Аймақта Дешті Қыпшақ атауы пайда болды.

Ежелгі Тараз қаласы.

· 11-ғасырдың орта тұсында қыпшақ тайпалары Еділден өтіп, Еуропа халықтарымен қарым-қатынас жасай бастады.

· 1219 – 24 ж. Қазақстан жері толығымен Шыңғыс хан империясының құрамына енді. Қазақстан жерінің дені (далалық жағы) – Жошы ұлысына, Оңтүстік-шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына енді.

· 13-ғасырдың екінші жартысында Шыңғыс хан құрған империя бірнеше дербес биліктерге бөлінді. Қазақстан жерінің көпшілік бөлігі енген Жошы ұлысы – Алтын Орда мемлекетіне айналды. Бірақ, ішкі тартыстар, Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары, бұл мемлекеттің бөлшектенуіне алып келді. Қазіргі Қазақстан жерінің көпшілік бөлігінде Алтын Ордаға тәуелді Ақ Орда мемлекеті болды. Орыс хан тұсында Ақ Орда дербес хандыққа айналды. Ақ Орда – Қазақстанда жергілікті тайпалардың (қыпшақ, қоңырат, үйсін, керей, найман, қарлұқ, т.б.) негізінде құрылған алғашқы мемлекет болды.

· 14-ғасырдың ортасы мен 16-ғасырдың бас кезінде Жетісу мен Шығыс Түркістанда Моғолстан мемлекеті құрылды. Есенбұға хан (1429 – 61/62) тұсында Ақ Ордадан Жетісуға Жәнібек пен Керей бастаған қазіргі қазақтың бір бөлігі көшіп келеді. Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған аса ірі мемлекеттің бірі – Ноғай ордасы Едіге тұсында қалыптасты. Ноғай ордасының құрамына маңғыт, қыпшақ, қаңлы, қоңырат, найман, үйсін, алшын, тама, аз (ас), т.б. ру-тайпалар енді.

· 16-ғасырда Ноғай ордасы бірнеше дербес ордаларға бөлінді. Оның Қазақстан жеріндегі бір бөлігі қазақтардың Кіші жүзінің құрамына кірді. Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін (1462) ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, байырғы Жетісу халқы және Дешті-Қыпшақтан көшіп келушілер Керей мен Жәнібек бастаған қазақ хандығының қуатын арттыра түсті. Қасым ханның (1511 – 23) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығайды. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен-тұрағы қалыптасты.

· 17-ғасырдың орта тұсынан бастап Қазақ хандығының қорғаныс жағдайы нашарлап кетті.

· 1635 ж. бір орталыққа бағынған Жоңғар хандығы Оңтүстік Сібір мен Шығыс Түркістанды толық бағындырып, Қазақ хандығының ең басты жауына айналды. Тәуке хан (1680 – 1718) тұсында “Жеті жарғы” заңдар жинағы құрастырылды.

Абай Құнанбайұлы.

· 18-ғасырда қазақтар тұратын аймағына қарай үш Жүзге бөлінді. Әр Жүздің өз ханы болды. Бас ханның ықпалы төмендеді. Қазақ жерінде бір орталыққа бағынған мемлекеттің болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұхар мен Хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі еді.

· 1723 ж. ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне жойқын шапқыншылық жасады. Халық бұл кезеңді “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп атады. “Елім-ай” деген қасіретті ән осы кезден қалған. Халық бірігудің қажеттігін түсініп, Ордабасы құрылтайында қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып Әбілқайыр хан сайланды.

· 1730 ж. көктемде Балқаш көлі маңында ірі шайқас өтті. Әбілқайыр хан, Бөгембай, Қабанбай, Наурызбай сияқты батырлар бастаған қазақ жасақтары жоңғарларға шешуші соққы берді. Бұл жер кейін “Аңырақай” деп аталып кетті. Бірақ қазақ жерін азат ету жолындағы жорықтар аяғына дейін жеткізілмеді. Осы тұста әрбір Жүздің өз ішінде бытыраңқылық күшейді. Осының салдарынан 1731 ж. 10-қазанда өткен Кіші жүздің құрылтайында Ресейге қосылу туралы шешім қабылданды.

· Жоңғарияда 1745 ж. Қалдан Серен өлгеннен кейін, оның мұрагерлері арасында таққа талас басталды. Абылай хан осы сәтті пайдаланып, қазақ жерін азат етуге кірісті.

· 1755 – 58 ж. Қытай әскерлері жоңғар билеушілері арасындағы тақ таласын пайдалана отырып, олардың мемлекетін мүлдем жойып жіберді.

· 1758 ж. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Абылай келісімге келу туралы Бежінге елшілер жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнай бастады.

· 1771 ж. Түркістанда Абылай үш Жүздің ханы (бас хан) болып сайланды.

· Абылай хан 1781 ж. қайтыс болып, орнына ұлы Уәли таққа отырды. Бұл кезде Ресей үкіметі барынша күшейіп, қазақ даласымен шындап айналысты.

Отарлау барысында патша үкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті.

· 1920 ж. 4 – 12 қазанда Орынборда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Қазақ АКСР) құрылды.

· 1925 жылдан кейін республиканың қоғамдық-саяси өмірі күрт өзгеріп кетті. Тәркілеу, күштеп ұжымдастыру, саяси қуғын-сүргін, қарулы жазалаушылардың елді қанға бөктірген ожарлықтары халықты қайғы-қасіретке ұшыратты.

· Қазақ халқы жаппай ашаршылыққа ұшырап, 1929 – 31 ж. Қазақстанда 372 көтеріліс болды. Шет елдерге (Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғанстан) ауа көшу басталды. Қазақ жері саяси тұтқындар қамалатын лагерьге айналдырылды. Олардың ең ірісі Қарағанды лагері болды.

· 1937 жылдың күзінде Қазақстанға Қиыр Шығыстан жүз мың кәріс, 1943 – 44 жылдары күрд, түрік, иран, неміс, әзербайжандар, шешен-ингуштар жер аударылып, қоныс тепті.

· 1941 ж. 22 маусымда Германия КСРО-ға соғыс ашты. Елдің бүкіл экономикасы соғыс қажетіне лайықталып қайта құрылды.

· 1941 – 45 ж. барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта, т.б. кәсіпорындар салынды. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы жасақталды. Соғыстағы ерліктері үшін 499 қазақстандық (98-і қазақ) жауынгерлер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 410 мыңға тарта қазақстандық соғыстан оралмады.

Сурет:Баyтерек.жпг

Бәйтерек

· 1941 ж. күзде жеке адамдар мен ұжымдардан майданға ерікті көмек ұйымдастырылып, қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтар сатып алынды. Майдандағы солдаттарға 1600 вагон азық-түлік, киім-кешек жіберілді.

· 1946 ж. 1-маусымда Қазақстан Ғылым Академиясы ұйымдастырылып, оның тұңғыш президенті болып Қаныш Сәтбаев сайланды.

· 1954 ж. басталған тың көтеру нәтижесінде халықтың 61%-ы Ресей, Украина, Молдовадан келгендермен көбейді. Республиканың жергілікті халқы – қазақтардың саны 30%-ға дейін төмендеді.

· 1986 ж. Желтоқсан ереуілі күллі Кеңес Одағындағы халықтардың саяси өмірін жандандырудың басы болды.

· 1991 ж. 8-желтоқсанда Минскіде КСРО тарап, 16-желтоқсанда Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда экономиканы реформалаудың бірнеше тәсілі қолданылды:

1. социалистік экономикадан нарықтық экономикаға өту;

2. дағдарысқа қарсы бағдарлама;

3. макроэкономикалық тұрақтандыру;

4. дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;

5. экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету. [7]

 Толық мақаласы: 11-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер

· Сақтар

· Үйсін мемлекеті

· Қаңлы мемлекеті

· Қимақ қағанаты

· Ғұндар

· Сарматтар

· Батыс түркі қағандығы

· Түркеш қағандығы

· Хазар қағандығы

· Оғыз мемлекеті

· Қимақ қағандығы

· Қыпшақ одағы

· Қарахан мемлекеті

· Хорезм шахтығы

· Жошы ұлысы

· Шағатай ұлысы

· Ақ Орда

· Көк Орда

· Ноғай Ордасы

· Сібір хандығы

· Өзбек Ордасы

· Моғолстан

· Қазақ хандығы

· Қоқан хандығы

· Хиуа әміршілігі

· Бөкей хандығы

· Алаш Орда

· Қазақ АКСР

· Қазақ КСР

Географиясы

 Толық мақаласы: Қазақстан географиясы

Қазақстан Республикасының аумағы Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең төмен жері Қарақия (Қаракие) ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан.

Климаты

 Толық мақаласы: Қазақстан климаты

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда –45 –50°С-қа жетеді. Жазы қоңыржай жылы, дегенмен кейде ауа температурасы 35 – 40°С-қа жетеді. Оңтүстік аймақтарда қысы жылы, дегенмен кейбір күндері мұнда да 30 – 35°С аяздар байқалады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде 100 — 200 мм болса, тау бөктерінде 500 —– 600 мм-ге жетеді.

Су қоры

Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді. Шөл мен шөлейт зонасында көлдер мен өзендер аз, ал таулы жерлер мен дала және орманды дала зонасында едәуір мол.

Республика аумағында ішкі сулар бірнеше түрге бөлінеді. Олар: өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар және бөгендер мен каналдар.

Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлік ерекшеліктсрі ең алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2–4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта біркелкі таралмаған.

Мұздықтар

Алтай.

Қазақстан өзендерінің негізгі су көздерінің бірі - мұздықтар. Мұздықтар тұщы судың зор қоймасы. Қазақстан жерінде мұздықтар таралған аудандары шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы - Алтай, Сауыр жоталары, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар (1985). Алып жатқан ауданы - 2033,3 км2. Мұздың жалпы көлемі 100 км3.

Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км2-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аум. 1369 км2), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км2), Теріскей (144,9 км2) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км2), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км2). Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлік мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда). Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор үлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық Корженевский мұздығы – Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұз. 11,7 км, ауд. 38,0 км2, мұзының жалпы көл. 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңдығы 50 – 100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10–30 м.

Мұздықтардағы мұздың жалпы көл. 100 км3. Мұз басудың төменгі шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюі кезіндегі жоғ. және еріп азаюы кезіндегі төменгі бөліктері арасындағы шегі) абсолют биіктігі солттүстіктен оңтүсттікке және батыстан шығысқа карай арта түседі. Егер де Алтайда бұл көрсеткіш 2500–2800 м болса, Тянь-Шань тауында 3500–3800 м. Бұның өзінде оңт. беткейлерге қарағанда солт. беткейлердің шекарасы 200–250 м төменірек жатады. Қазақстан мұздықтары негізінен тым төмен температуралы келеді. Әсіресе, мұздың үстіңгі 12–15 м қабаты қыс кезінде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейінгі беткі қабаты 0С-қа дейін ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, темп-расының төмендігіне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуіне байланысты мұздықтар жылына 50–70 м-ге дейін төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесінің) маусымы қалыпты жағдайларда 2–2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлш. 1 м шамасында. Мұздық суы – тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынының басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді. Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұз. жылына 5–20 м-ге, ауд. 1000 м2, мұз қоры 0,05– 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде ауд. 20000 км2-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан; оның төм. шегі Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.

Өзендер

 Толық мақаласы: Қазақстан өзендері

Сырдария

Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.

Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.

Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Оның республика жеріндегі ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Онда көптеген су электр станциялары (СЭС) орналасқан. Жоғ. бөлігіндегі ағыны 2 ірі су электр ст-ларымен (Бұқтырма Су Электр Стансасы және Өскемен Су Электр Станциясы) реттелген. Өзен суының біраз бөлігі Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Орталық Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы мен суының молдығы жөнінен республикадағы екінші өзен – Сырдария. Қазақстандағы ұз. 1400 км, жалпы ұз. 2219 км. Егін суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбір жылдары Арал т-не жетпей тартылып қалады. Балқаш көлі атырабындағы ең ірі өзен —Ілеің республика шегіндегі ұз. 815 км (жалпы ұз. 1001 км). Оның ірі салаларының бірі Шілік өзенінен бастап, Шамалған өзеніне дейін ұз. 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған. Ал Батыс Қазақстанды, негізінен, Жайық өзені суландырады. Ол республика жерінен тыс Оңт. Оралдан басталады. Қазақстандағы ұз. 1082 км, жалпы ұз. 2428 км. Бұлардан басқа ірі өзендерге Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Талас өзені, Торғай өзені, Ырғыз , Сарысу, Нұра, Ойыл, Жем, т.б. жатады. Бірақ бұлардың кейбіреуінің деңгейі жазда тым төмендеп, кейбіреуі мүлдем тартылып қалады, ал көктемде қар суымен толысып тасиды.

Қазақстан өзендерін ұзындығы бойынша 85 022 өзеннің ішінде 84 694-і шағын (ұз. 100 км-ге дейін), 305-і орташа (500 км-ге дейін) және 23-і ірі (500–1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңт.-шығысындағы Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торының жиілігі (барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңірлерге қарағанда жоғары, 0,4–1,8 км/км2 шамасында. Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауларынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек (0,03 км/км2-ге дейін) келеді. Өзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал т-дерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс, Есіл және Тобылға құятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара теңіз.алабына қарайды. Қазақстан өзендерінің көпшілігі жазда суы тартылып, жеке-жеке қарасуларға бөлініп қалады. Біразы көктемгі қар суымен маусымдық көлдерге құйылып, жазда сорға айналады. Қазақстан өзендері толығу сипатына қарай 3 топқа бөлінеді: қар суынан толығатын, мұздық суынан және аралас толығатын өзендер. Өзендердің көпшілігі көктемде тасиды, тек мұздық суынан толысатын өзендер ғана жазда тасиды. Климат сипатына байланысты өзендердің көп жылдық арын мөлшері де үнемі өзгеріп отырады. Жазық өңірлер өзендері арынының орташа өзгергіштігінің вариациялық коэффициенті негізінен 0,80-нен 1,20-ға дейін жоғарылайды. Бұл шамадан тек Жайық өз-нің ағын өзгергіштігі кемірек (0,58–0,80), ал Тобылдікі көбірек (1,50-ге дейін) келеді. Тау өзендерінің жылдық ағын мөлшерінің ауытқуы онша болмайды, әсіресе Іле Алатауының солт. беткейінен басталатын өзендер деңгейі тұрақты. Тау өзендерінің суы гидрохимиялық құрамына қарай гидрокарбонатты болады; олардың минералдығы жоғары деңгей кезінде 200–300 мг/л, деңгейі төмен түскенде 500–600 мг/л-ге дейін жоғарылайды. Жазық өңір өзендерінің суы сульфатты немесе хлорлы топқа жатады және олардың минералдығы су жинайтын алаптың ауданына, жер бедері мен топырақ сипатына, климаттық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Шөлейт және шөл белдемдердегі өзендердің минералдығы 100–200 мг/л-ден (бастау жағында) 5000 мг/л-ге дейін (төм. ағысында) артады.

Өзендердің лайлылығы жөнінен Қазақстанның жазық және таулы аудандар арасында үлкен айырмашылық бар. Жазық жер бедеріне және өзен егістігінің шамалы болуына байланысты мұндағы өзен суында қатты зат ағыны біршама аз болады, лайлылығы 200 г/м3-ден артпайды. Борпылдақ жынысты өңірде ағатын Бат. Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500–700 г/м3). Таулы аудандар өзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай 50–100 г/м3-ге дейін артады.

Көлдер және бөгендер

 Толық мақаласы: Қазақстан көлдері

Каспий теңізі

Арал теңізі (1989-2008).

Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл, Қорғалжын, Марқакөл, Теңіз көлі сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің көпшілігі тұйық көлдер. Көбінің суы тұзды, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр. Қазақстанның жалпы 48 262 көл айдынының 45 248-і шағын (ауд. 1 км2-ге дейінгілер) көлдер қатарына жатады. Ауд. 10 км2-ден астам ірі көлдер саны 296, ал 100 км2-ден астам аса ірі көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесіне Қазақстандағы барлық көлдердің жалпы ауданының 60%-ы тиеді). Қазақстан аумағы бойынша көлдер біркелкі таралмаған. Кейде бұлар бір-бірінен жүздеген километр алшақ жатады, кейбір өңірде жиі орналасып, біртұтас көлдер жүйесін құрайды. Солт. Қазақстанда жалпы ауд. 15 623 км2 болатын 21 580 көл болса, бүкіл Орт. және Оңт. Қазақстанда жалпы ауд. 4658 км2 болатын 17 554 көл ғана бар. Солт. Қазақстанда 100 км2-лік аймаққа 3 км2 көлемдік көл айдындары болса, бұл көрсеткіш Орт. және Оңт. Қазақстанда сәйкес түрде 0,23 және 0,53 км2-ге дейін кемиді. Қазақстан көлдері пайда болуы жөнінен тектоник. және экзогендік түрлерге бөлінеді. Каспий және Арал т-дері, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөл, Марқакөл, т.б. ірі көлдер тектоник. қазаншұңқырларда қалыптасқан. Экзогендік көлдерге Сілетітеңіз, Теке, Жалаулы, Қызылқақ, Үлкен Қараой, т.б. жатады. Орманды дала және дала белдемдері көлге бай. Жалпы республика айдындарының көпшілігі абс. биіктіктері 100 м-ден 3500 м-ге дейінгі борпылдақ төрттік шөгінділердің үстінде орналасқан. Көлдердің су жинайтын алаптарының ауданы көбінесе 10-нан 320 км2-ге дейін, ал шөлейт және шөл белдемдерінде бұдан да аумақты келеді. Қазақстан көлдері шарасында 190 км3су жиналған. Көктемде көлдер деңгейі 0,2 м-ден 6 м-ге дейін көтеріледі. Жаздың ортасына қарай сіңу және булану мөлшерінің артуына байланысты көлдердің деңгейлері күрт төмендейді, ал кейбіреуі кеуіп қалады. Төм. деңгей қазан–қараша айларында байқалады. Көпшілік көлдер деңгейінің орташа жылдық ауытқу амплитудасы 1 м шамасында. Ағынсыз көлдер су балансының шығымы түгелдей дерлік булануға кетеді. Көлдердің су балансындағы жалпы кірістің 10–90%-ы жер беті ағынынан, 12–40%-ы жауын-шашыннан құралады. Шарасы граниттік жыныстар үстінде қалыптасқан көлдер баланстары кірісінің 40%-ы жер асты суы ағынынан қалыптасады. Көл суының хим. құрамы жалпы минералдылық пен иондық құрамының әр түрлілігімен және тұрақсыздығымен сипатталады. Тұз концентрациясының маусымдық және көп жылдық ауытқуы көл суы деңгейінің өзгеруіне тығыз байланысты. Республика көлдері су көлемінің 87%-дан астамы сульфатты (Балқаш, Алакөл, Теңіз көлдері, т.б.), ал қалғаны карбонатты немесе хлорлы келеді.

Бөгендер Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді:

· 50 км2-ге дейін - кіші

· 250 км2-ге дейін - орта

· 1000 км2-ге дейін - ірі

· одан үлкендері - аса ірі бөгендер.

Қазақстанда қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 км2 тұщы су жиналған. Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Ақкөл, Шерубай-Нұра, Кеңгір және т.б.

Теңіз

Қазақстанның батыс және оңт.-батыс жағын, еліміздегі ірі тұйық су айдындары – Каспий және Арал т-дері шайып жатыр. Каспий т. – солт. (тереңд. 4–8 м), орта (780 м-ге дейін) және оңт. (тереңд. 1000 м-ден астам) бөліктерге ажыратылады. Арал т-нің шарасы Тұран тақтасының төмен қарай иілген тұсында қалыптасқан. Деңгейі қарқынды төмендеуде (қ. Каспий теңізі және Арал теңізі). Жер асты суы. Алаптағы не кендегі су сыйыстырушы жыныстардың сипатына байланысты – жарықшақтық, жарықшақтық-қабаттық және қабаттық (пластық) жер асты сулары болып бөлінеді. Жарықшақтық су таулы, қыратты және ұсақ шоқылы аймақтарда кеңінен тараған. Құрамы әр түрлі атпа, шөгінді, метаморфтық жыныстардың жер бетіне жуық үгілу аумағында (30–50 м-ге дейінгі тереңдікте) қалыптасады. Бұлар жер бетіне көбіне минералд. төмен (0,1–0,1 г/л), су шығыны мардымсыз шағын бұлақтар түрінде ұшырайды. Тектоник. жарылыстар мен жаралу тегі әр түрлі жыныстардың жапсарларын бойлай қуалаған бұлақтар мен тайыз ұңғымалардың су өнімд. 5–7, кейде 10–15 л/с-ке жетеді.

Жарықшақтық-қабаттық жер асты сулары Маңғыстаудың таулы бөлігіндегі, Мұғалжардағы, Сарыарқадағы, Оңт. және Шығ. Қазақстандағы шағын құрылымдарды құраушы, палеозой мен төм. мезозойдың әлсіз цементтелген терригендік және карбонаттық жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Жер бетінде бұлақтар түрінде кездеседі, не тайыз ұңғымалармен (су шығымы 5 л/с-ке дейін) шығарылады. Карстық құбылыс молынан дамыған әктасты қабаттардағы бұлақтардың су шығымы кейде 10–35 л/с-ке жетеді. Жезқазған – Ұлытау ауданы мен Үлкен Қаратаудағы (Мырғалымсай, Келтемашат, т.б.) кен қазбалары мен ұңғымаларға жарықшақтық-қабаттық су көп жиналады. Жарықшақтық және жарықшақтық-қабаттық сулар молаюдың қолайлы жағдайларында едәуір су қорын жинайды. Таулы өңірлердің 860 мың км2 аумағына 800 м3/с немесе 25 км3/жыл жарықшақтық немесе жарықшақтық-қабаттық сулардың жиналатыны анықталды. Оның 16 км3/жыл мөлшері Оңт. және Шығ. Қазақстан тауларының, 9 км3/жыл мөлшері Сарыарқа мен Бат. Қазақстанның биік жерлерінің үлесіне тиеді. Қабаттық жер асты сулары негізінен жазық аймақтардағы баяу цементтелген және цементтелмеген антропогеннен палеозойға дейінгі терригендік және карбонаттық жыныстардың қат-қабаттарынан орын алған. Қабаттық су жиналатын жыныстардың қалыңдығы өзен аңғарларында бірнеше метрге, биіктеу өңірлерде 0,5–1,5 км-ге, Шу-Сарысу, Арал маңы, Сырдария, Маңғыстау – Үстірт өңірлерінде 3–6 км-ге, Каспий ойпатында 10–23 км-ге жетеді. Сулы жыныстардың жоғ. қабаттарында арынсыз грунт сулары, төменіректе арыны жоғары артезиан сулары қалыптасады. Тұщы және қышқылтым сулар өзен аңғарларында, эолдық құм алқаптарында, су айырықтық құмдық түзілімдерде және сонымен бірге Каспий ойпатының шығ. бөлігіндегі, Солт. Арал, Ортаңғы Маңғыстау, Сырдария, Шу-Сарысу, Іле, Ертіс маңы ойпаттарындағы бор шөгінділерінде, пермь-триас, юра, палеоген-неоген шөгінділері жиылған жекелеген телімдерінде бірнеше метр тереңдіктен 500–1000 м (Іле ойысында 2700 м-ге дейін) тереңдіктерде кездеседі. Минералд. 50–550 г/л тұздықтар Каспий ойпаты, Шу-Сарысу, Теңіз-Қорғалжын, Торғай қолатының орт. мен төм. горизонттарында, Маңғыстау мен Үстірттің едәуір бөлігінде, Солт. Қазақстанда кеңірек тараған. Жалпы қабаттық қоры 570 м3/с немесе 18 км3/жыл. Жылда табиғи жолмен жаңарып (орны қайта толып) отыратын қорларының шамасы 43 км3/жылға тең. Осы қорлар негізінде жер асты суларының пайдалануға болатын әлуеттік (потенциалдық) қоры 53 км3/жылға жетеді. Мұның 16 км3/жылдайы барланған (2000). Қазақстандағы Алакөл артезиан алабы, Бетпақдала артезиан алабы, Каспий маңы артезиан алабы, Қаратау артезиан алабы, Қызылқұм артезиан алабы, Маңғыстау артезиан алабы, Мойынқұм артезиан алабы, Солтүстік Қазақстан артезиан алабы, Сырдария артезиан алабы, Торғай артезиан алабы, Ұлытау артезиан алабы, т. б. жер асты суының ірі қорлары саналады.

Қазақстан флорасы

Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер. Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары Оңт. Балқаш өңірі мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге жататын Акдалопһyтон царадоцкі пен қырықбуынға жататын – Сарітұма татжанае. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен.

Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн. жыл), неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан. Өсімдіктердің Қазақстан жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың осыншама бай өсімдіктер дүниесі түрлердің биол., экол., эвол. ерекшеліктеріне байланысты әр түрлібірлестіктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.

Қазақстанның жазық бөлігі орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдеріне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ – республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қ-ларының маңында орналасқан. Орман түзуші түрлер: жылауық қайың, талдың бірнеше түрлері, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнің шалғындық және далалық телімдерінде алуан түрлі шөптесін өсімдіктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететін қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлінеді: 1) оңтүстік ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемі – сұр ормандық топырақта қайыңды-теректі, теректі ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемі – қайыңды-теректі шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлі және астық тұқымдасты шөптесін өсімдікті далалық экожүйелер таралған.

Далалық аймақ - еліміздің жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110,2 млн. га, батыстан (Еділ-Жайық өзендері аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктері) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-і – эндемиктер. Негізгі басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлінеді: 1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдімгі және оңт. қара топырақтағы алуан түрлі шөптесін – бозды белдем; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем–күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелі-бозды дала; 3) шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем – ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала.

Шөлді аймақ – жалпы аум. 124,6 млн. га. Өзіне тән өсімдік жамылғысы алуан түрлі, 2500 – 2800 түр бар, олардың ішінде 200 – 215 түрі – эндемиктер. Шөлді аймақ 5 белдемге ажыратылады: 1) солтүстік далалы жердегі құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер – аум. 40 млн. га., немесе еліміздің жер аумағының 14,7%-ы. Өсімдік жамылғысы астық-тұқымдасты – жартылай бұталы (боз, еркекшөпті-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгін-раң-шағыржусан-еркекшөпті) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстік тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер – аум. 51,2 млн. га, немесе республика жерінің 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы (қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамыған; 3) оңтүстіктегі өте құрғақ, ыстық шөлдер – аум. 30,3 млн. га, немесе Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты – жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлі), ал дөң және тізбектелген аллювийлі – эолды құмдарда бұталы-сексеуілді-эфемероидты (сексеуіл-қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғылары тән; 4) тау етегіндегі құрғақ, өте ыстық шөлдер – аум. 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негізінен эфемероидты ірі шөптесін-жартылай бұталы өсімдіктер өседі; 5) тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер – аум. 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттік бұталы өсімдік жамылғысы тән.

Қазақстанның таулы экожүйелерінің аум. 18,6 млн. га, яғни республика жерінің 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 – 5 биіктік белдеулі биік таулар ғана. Таулы экожүйелердің флорасын 3400 – 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның ішінде 540 – 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 – 170 эндемик түрлер бар. Олардың ішінде, шыршалы (шренктік шырша, сібірлік шырша); май қарағайлы, самырсынды (сібірлік самырсын, сібірлік майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрікті (кәдімгі өрік), қайыңды-теректі (түкті қайың, көк терек) – жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 – 800, ширнелік (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері бар.

Қазақстан фаунасы

Қазақстан жерінде сүтқоректілердің 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекенділердің 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады.

Қазақстанның солт-ндегі орманды дала белдемінде бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын су құстары – аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Еділ өз. жағалауынан Алтай тауы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан – дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседі. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақ бөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады.

Едәуір бөлігін Жайық өз-нің аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнің батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда еур. қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседі. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекенділерден Жайық, т.б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнің шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген. Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бірнеше түрі кездеседі. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 – 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетін. Бұл белдемде құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетін үстірт арқары жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні – қарақал кездеседі.

Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі – жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш к-нің солт. жағалауындағы кейбір аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солт. Балқаш маңындағы бірнеше жерден ғана тіршілік ететін бес башайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседі. Оңт. Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуіл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тіршілік етеді. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмырбас, ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлері, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңт-ндегі кейбір жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елік, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседі. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердің жағалауындағы қалың қамыс арасында бірқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетін, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңт-н қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сібір таутекесі, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, т.б. кездеседі. Зайсан қазаншұңқырынан оңт-ке қарай созылып жатқан тауларда [Сауыр, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы] марал, елік, арқар, сібір таутекесі, қоңыр аю, сілеусін, барыс, ұзынқұйрық саршұнақ мекендейді. Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауы мен Талас Алатауында көкшіл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетін Мензбир суыры жерсіндіріле бастады. Қазақстанның оңт.-шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай, тазқара, бүркіт тіршілік етеді.

Кең байтақ Қазақстан жерін мекендеген жабайы жануарлардың тәжірибелік маңызы бар: олардың кейбіреулері (ақ бөкен, марал, жабайы шошқа, ондатр, суыр) ауланады, екінші біреулері – өсімдік пен жануар зиянкестері (саршұнақ, тышқан, т.б.) мал мен адам ауруларын таратады. Кемірушілер жазық және таулы жерлерде оба ауруын, тышқан тәрізді, кемірушілер туляремия, лептоспироз, қуқызба ауруларын таратады. Қансорғыш кенелер аталған аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бірқатар қан-паразиттік аурулар жұқтырады.

Жануарлар түрлерінің қазіргі сипаты бірқатар жағдайларға байланысты, олардың аралығында, ең алдымен, жердің аса кең аумақта игерілуі, осыған орай жер суару, не керісінше, көптеген жайма су аңғарларын құрғатып, тех. дақылдар егу нәтижесінде жер бедерінің өзгеруі сияқты жағдайларды атап көрсету керек. Мұның нәтижесінде соңғы 150 – 200 жыл ішінде республика бойынша керқұлан (Пржевальский жылқысы), қабылан, тұран жолбарысы, тоғай бұғысы сияқты түрлері жойылып кетті. Көптеген аса бағалы аң түрлерінің азайғандығы соншалық, тіпті оларға жойылу қаупі төнген. Бұлардың қатарына қарақұйрық, үстірт арқары, арқар, Мензбир суыры, ортаазия өзен құндызы, қарақал жатады. Құстардың ішінде дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, қоқиқаз, орақтұмсық, жылан жегіш қыран, бүркіт, балықшы, кезқұйрықты субүркіт саны тым азайып кетті. Олардың бәрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілді. Сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабының” 3-басылымына қорғауға алынған аңдардың 40 түрі, құстың 56 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, балықтың 16 түрі енгізілді. Қорықтарда көптеген сирек кездесетін жануар түрлері мемл. қорғауға алынды (қ. Ақсу-Жабағылы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Наурызым қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы). Республикамыздың қазіргі жануарлар дүниесі алуан түрлі, ал оның кең байтақ жерінде бұрын да көптеген жануарлар мекендеген. Мұнда бір кезде құрып кеткен омыртқалылардың 200-ден астам түрі, көне дәуірдегі теңіз жайылмасында тіршілік еткен бауырымен жорғалаушылардың, балықтардың, омыртқасыз жәндіктердің, мәселен, ұлулардың бірнеше жүздеген түрі табылды.

Әкімшілік бөлінуі

Қазақстан Республикасы — унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 14 облыс, 86 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Байқоныр), 168 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.

Қазақстанның әкімшілік бөлінісі

Аймақ

Әкімшілік орталығы

Ауданы, км²

Тұрғыны(1 қаңтар2011 ж. адам)[8]

1

Алматы облысы

Талдықорған

223 924

1 857 781

2

Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО)

Өскемен

283 226

1 396 746

3

Қарағанды облысы

Қарағанды

427 982

1 351 905

4

Жамбыл облысы

Тараз

144 264

1 043 617

5

Оңтүстік Қазақстан облысы(ОҚО)

Шымкент

117 249

2 563 081

6

Қызылорда облысы

Қызылорда

226 019

699 132

7

Ақтөбе облысы

Ақтөбе

300 629

777 256

8

Қостанай облысы

Қостанай

196 001

881 234

9

Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО)

Петропавл

97 993

588 910

10

Ақмола облысы

Көкшетау

146 219

732 964

11

Павлодар облысы

Павлодар

124 800

746 010

12

Батыс Қазақстан облысы (БКО)

Орал

151 339

607 975

13

Атырау облысы

Атырау

118 631

531 562

14

Маңғыстау облысы

Ақтау

165 642

523 301

15

Алматы — республикалық маңызы бар қала

319

1 434 755

16

Астана — республикалық маңызы бар қала

710,2

697 257

17

Байқоңыр — республикалық маңызы бар қала

57

Ірі қалалар

Ақ Орда, Астана

Астана

Алматы

Байқоңыр ғарыш аймағы

Орыны

Қала

Тұрғыны

Миллионер қала