диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп...

116
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 6М010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ДЮСЕМБАЕВА САЛТАНАТ КАНАГАТҚЫЗЫ ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ КӨП МӘДЕНИЕТТІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ 6М010100, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін жазылған магистрлік диссертация Ғылыми жетекші Т.Б.Байназарова, п.ғ.к., доцент Кафедра меңгерушісі Т.Б.Байназарова, п.ғ.к., доцент Қорғауға жіберілді: Хаттама № ____ «____» _______________ Алматы, 2016

Transcript of диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

6М010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

ДЮСЕМБАЕВА САЛТАНАТ КАНАГАТҚЫЗЫ

ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ

БАЛАЛАРДЫ КӨП МӘДЕНИЕТТІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

6М010100, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін жазылған

магистрлік диссертация

Ғылыми жетекші Т.Б.Байназарова, п.ғ.к., доцент

Кафедра меңгерушісі Т.Б.Байназарова, п.ғ.к., доцент

Қорғауға жіберілді: Хаттама № ____ «____» _______________

Алматы, 2016

2

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.............................................................................................................4

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ КӨП МӘДЕНИЕТТІ

ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................8

1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті тәрбиелеудің

психологиялық-педагогикалық негіздері.................................................................8

1.2 Мектеп жасына дейінгі үш тілді білім беру үдерісінде көп мәдениетті

тұлға қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері........................................22

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ

БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ КӨП МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ

ӘДІСТЕМЕСІ...........................................................................................................44

2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға үш тілді білім беру үдерісінде көп

мәдениетті тәрбие берудің әдістемесі.....................................................................44

2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға үш тілді білім беру үдерісінде көп

мәдениетті тәрбие беру бойынша тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының

нәтижесі......................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................94

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................99

ҚОСЫМШАЛАР

3

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР – Қазақстан Республикасы.

АҚШ – Америка Құрама Штаттары.

БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы.

ЮНЕСКО – United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization –

UNESCO – Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет

жөніндегі Ұйымы.

КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.

МДҰ – Мектепке дейінгі ұйым.

ЖОО – Жоғарғы оқу орны.

ЖМББС – Жалпыға міндетті білім беру стандарты.

4

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың

күшеюіне байланысты қоғамның тарапынан шет тілін ерте жастан оқытуға

деген қызығушылық арта түсті. Елімізді жаңа саяси жолға бастайтын

Президентіміздің «Қазақстан - 2050» Стратегиялық Жолдауында Қазақстан

азаматтары 2025 жылға шейін үштұғырлы тілді меңгеру қажеттілігі, білім

арқылы интеграциялану үшін ағылшын тілін де жақсы білу қажеттігі айтылған

болатын [1]. Сондықтан да Елбасы Жолдауының басымдылықтарының бірі –

үштұғырлы тілді азаматтар қалыптастыру. Ендеше қазақ, орыс, ағылшын

тілдерін мектепке дейінгі кезеңнен бала санасына үш тілділік аясынан көп

мәдениеттілікті сіңіру өзекті мәселе болып табылады.

Мектепке дейінгі кезеңде шет тілін оқыту әдістемесі әлемде ХІХ ғасырдан

дами бастады. Шет тілін ерте жастан оқыту – баланың дүниеге келген кезден

бастап мектепке барғанға дейінгі интуитивті-тәжірибелік негізде жүретін

оқыту. Соның ішінде батыс мемлекеттерінде (АҚШ, Англия, Франция, т.б.) үш

тілді білім берудің маңыздылығы дәлелденіп, мектеп жасына дейінгі білім беру

мекемелерінде билингвалды (екі шет тілі) оқыту кең таралған. Әлемдік

тәжірибеде мектепке дейінгі тәрбиеде балаларды екі тілділікке үйрету –

билингвализм әлемнің әрбір елінде, қоғамның әрбір санатында, әрбір жаста

жүріп отырған құбылыс. Ғалымдардың пікірінше, тіл – мәдениет бейнесі

ретінде билингв тұлға көп жағдайда ойлауы терең, құндылықтары жоғары

көпшілікке қарағанда ерекше қоғам мүшесі [2].

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға назар аударып

«Еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы –

көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені белгілі. Президент жүктеген

тапсырмаларға сәйкес, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени

бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-

2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай

«Барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25% – ағылшын тілін

меңгеруі тиіс» делінген [3].

ҚР «Білім туралы» заңның № 8 бабында «азаматтық пен патриоттыққа,

Отанға – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік

рәміздерге деген сыйластыққа, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге

тәрбиелеудің...; әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне

ортақтасудың, республиканың қазақ халқы мен басқа да халықтарының салт-

дәстүрлерінің тарихын оқудың» маңыздылығы басып айтылған [4].

Қазіргі білім беру жүйесінің нысаны – көп мәдениетті кеңістікте

тәрбиеленіп, дамып отырған адам. Ұлттық сана-сезімнің күрт өсуіне

байланысты этникалық және этномәдени өздік сәйкестендіруге ұмтылу

халықтың тек өз ұлтына ғана емес, басқа да жақын және алыс ұлттар ортасына

деген үлкен қызығушылығына себеп болып отыр. XXI ғасыр Қазақстан

азаматының әлемдік мәдениетке араласуы қоғамның әлеуметтік талабы болып

5

тұр. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері көп мәдениетті және полиэтникалық

қауымдастықтарға жатады.

Бұл елдердегі үлкенді кішілі ұлттардың толерантты қатар өмір сүру

қажеттілігін қамтамасыз ету білім беру саясатының қағидасы көп

мәдениеттілікке тәрбиелеуді құрал ретінде қажет етеді.

Осындай мәдениеттің өзара ара қатынасы мен өзара шарттылығы мектеп

жасына дейінгі балалардың бір тілден гөрі үш тілдік жүйені игеруі үдерісіндегі

көп мәдениетті тәрбие беру туралы ғылыми психологиялық-педагогикалық

нұсқаулықтардың жоқ болып, берілген әдебиеттердің құрылымында үш тілді

білім берудің мектеп жасына дейінгі балалардыың жас ерекшеліктеріне

сәйкестенбеуі және осы үдерісті қамтамасыз ететін мамандардың дайындық

деңгейінің жеткіліксіз болуы, бізді үш тілді білім біру үдерісінде мектеп

жасына дейінгі балаларды көп мәдениеттілікке тәрбиелеу мәселесін түбегейлі

қарастыруға түрткі болды.

Үш тілді білім беру үдерісінде көп мәдениетті тәрбиені іске асыруда

психологиялық, педагогикалық ұсыныстардың болмауы, тәрбиенің жас

ерекшеліктеріне сәйкес болмауы, осы салада мамандардың кәсіби құзыретінің

жеткіліксіздігі, қазіргі көп мәдениетті қоғамға көп мәдениеттілік пен

толеранттылықтың педагогикалық ғылыми-әдістемелік негіздемесін талап

ететінін көрсетеді.

Осы тұрғыда төмендегідей қарама-қайшылықтар анықталып отыр:

- өскелең ұрпақтың көп мәдениетті тәрбиесіне деген қоғам талабы мен

мектепке дейінгі ұйымдардағы шынайы жағдай;

- білім беру үдерісінде көп мәдениетті тұғырдың қажеттілігі мен

педагогика ғылымында бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі;

- білім беруде туған тілден бөлек бірнеше тілде оқытуды қосу арқылы

ғылыми негізделген көп мәдениетті тәрбиенің жүйесіне қажеттілік пен үш тілді

білім беру жағдайында көп мәдениетті тәрбиелеудің жеткілікті зерттелмеуі.

Осы қарама-қайшылықтар зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Үш

тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп

мәдениеттілікке тәрбиелеу» деп алуға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты – үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына

дейінгі балаларды көп мәдениеттілікке тәрбиелеуді теория тұрғысында негіздеу

және тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеудің объектісі – мектеп жасына дейінгі балаларды көп

мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Зерттеудің пәні – үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі

балаларды көп мәдениеттілікке тәрбиелеу әдістемесі.

Зерттеу міндеттері:

- зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау жасап, «көп мәдениетті

тәрбие», «мектеп жасына дейінгі балаларға үш тілді білім беру», «көп

мәдениетті тұлға» ұғымдарына теориялық анықтама беру;

6

- мектеп жасына дейінгі балаларды үш тілді білім беру үдерісінде көп

мәдениетті тұлға қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық

мүмкіндіктерін анықтау;

- мектеп жасына дейінгі балалардың көп мәдениетті тәрбиелілігінің

көрсеткіші, өлшемі мен деңгейін анықтау;

- үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп

мәдениетті тәрбиелеу әдістемесін дайындау;

Зерттеудің болжамы – егер, зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге

талдау жасап, «көп мәдениетті тәрбие», «мектеп жасына дейінгі балаларға үш

тілді білім беру», «көп мәдениетті тұлға» ұғымдарының мазмұнына теориялық

анықтама берілсе, мектеп жасына дейінгі балаларды үш тілді білім беру

үдерісінде көп мәдениетті тұлға қалыптастырудың психологиялық-

педагогикалық мүмкіндіктерін анықталып, мектеп жасына дейінгі балалардың

көп мәдениетті тәрбиелілігінің көрсеткіші, өлшемі мен деңгейі анықталса және

әдістемесі дайындалса, – онда, мектепке дейінгі жаста көп мәдениетті тұлға

тәрбиелеу іске асады деп болжамға келеміз. Өйткені, дәл осы кезең мектеп

жасына дейінгі балалардың ұлттық мәдениеттер туралы көзқарасы мен білімін

қалыптастыруға, патриоттық сезімін тәрбиелеуге, толеранттылыққа ықпал

етеді.

Зерттеудің жетекші идеясы: мектеп жасына дейінгі балаларды үш тілді

білім беру үдерісінде көп мәдениеттілікке тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік

негіздерінің жасалуы мен мектепке дейінгі балалардың көп мәдениетті

тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін ескере отырып

жасалған заманауи әдістердің көмегімен тиімді іске асады.

Зерттеудің дереккөзі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.

Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті

стандарты, Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке

барамыз» бағдарламаcы, шет елдік және отандық философ, психолог, педагог

ғалымдардың еңбектері.

Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық базасын әлеуметтік,

мәдени, этникалық, ұлттық, тілдік, көркем элементтерінің өзара байланысы және көп мәдениетті тәрбие туралы (А.Н. Джуринский, В.В. Макаев, З.А.

Малькова, Д.Б. Сажин, И.М. Синагатуллин, Л.Л. Супрунова, В.Ю. Хотинец);

Қазақстанның көп мәдениетті білімі этнографтардың, этнопедагогтар және

әлеуметтік педагогтар этно-мәдениеттанушылар, ғалымдары (Ю.В. Бромлей,

Э.Д. Сулейменова, С.А. Ұзақбаева, Н. Елікбаев, Л.М. Гитихмаева, С.К. Калиев,

К.Ж. Кожахметов, Б.А. Жетпісбаева), шетелдік педагогикадағы ерте жастағы

үш тілді білім беру теориялары (Я.А. Коменский, К.А. Гельвеций, И.Г.

Песталоцци, Ж-Ж. Руссо), интегративті оқыту туралы (Е.Л. Бахталина, И.Л.

Бим, М.З. Биболетова, Н.Н. Трубанева, Ж. Пиаже, М. Финокьяро); шет тілін

оқытуда психологиялық-педагогикалық жағдай туралы (В.А. Артемов, И.Л.

Бим, И.А. Зимняя, А.А. Леонтьев, Е.И. Негневицкая); шет тілін коммуникативті

7

оқыту әдісі (Е.И. Пассов), шет тілін әлеуметтік тұрғыдан оқыту әдісі (Е.М.

Верещагин, В.Г. Костомаров, Р.Г. Миньяр-Белоручев, В.В. Сафонова, Г.Д.

Томахин, С.Г. Тер-Минасова) құрайды.

Зерттеу әдістері. Теориялық: мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық,

ұлтаралық, көп мәдениетті тәрбиелеу және үш тілді оқыту теориясы мен

практикасы жайлы философиялық, психологиялық-педагогикалық және

әдістемелік әдебиеттерді зерттеу және талдау жасау. Эмпирикалық әдістер:

педагогикалық бақылау, педагогикалық мониторинг, модельдеу, саралау,

сауалнама.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы мен жаңалығы. - Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттер талдау жасап, «көп мәдениетті

тәрбие», «мектеп жасына дейінгі балаға үш тілді білім беру», «мектеп жасына

дейінгі баланың көп мәдениетті тұлғасы» ұғымдарының мазмұнын нақтылау;

- мектеп жасына дейінгі балаларды үш тілді білім беру үдерісінде көп

мәдениетті тұлға қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық

мүмкіндіктерін анықтау;

- мектеп жасына дейінгі балалардың көп мәдениетті тәрбиелілігінің

көрсеткіші, өлшемі мен деңгейін анықтау;

- үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балалардың көп

мәдениетті тәрбиелеу әдістемесін дайындау;

Зерттеудің практикалық маңыздылығы.

Зерттеу барысында дайындалған «Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп

жасына дейінгі балалардың көп мәдениеттілікке тәрбиелеу әдістемесі»

мектепке дейінгі ұйымдарда қолданысқа ене алады.

Зерттеу базасы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қарасу шағын аудандық

№177 бөбекжай-балабақшасы.

Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезең (2014) – зерттеу мәселесі бойынша маңызды қағидаларды,

заңды-нормативті құжаттарды, әдістемелік дереккөздерді талдау, ұғымдық

және ғылыми аппараттарды анықтау және жиналған ақпараттарды жүйелеу.

Екінші кезең (2015) – жиналған теориялық және әдістемелік материал-

дарды талдау, сыни тұрғыда ойластыру, мектеп жасына дейінгі балалардың көп

мәдениетті тәрбиесі бағытында мектепке дейінгі ұйымдардың жағымды

тәжірибесін зерттеу мақсатында ізденіс тәжірибесін ұйымдастыру.

Үшінші кезең (2016) – мектеп жасына дейінгі балалардың көп мәдениетті

тәрбиесінің деңгейін диагностикалау, көп мәдениетті тәрбие беру әдістерін

жасап шығару, тәжірибелік-зерттеу жұмысын реттеу және жалпылау.

Ғылыми-зерттеудің құрылымы:

Ғылыми жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және

қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, мәселесі, зерттеу мақсаты,

міндеттері, болжамы, әдістері, ғылыми жаңалығы мен практикалық

маңыздылығы баяндалады.

8

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ КӨП МӘДЕНИЕТТІ

ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениеттілікке

тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздері

Қазіргі таңда көп мәдениеттілік пен көп мәдениетті білім мемлекеттің

ұлттық-тілдік білім саясатымен шартталуда. Оның қағидалары Қазақстан

Республикасының Конституциясының «Қазақстан Республикасының тілдері

туралы» және «Білім туралы» заңында көрсетілген.

«Тілдер туралы» заңның №6 бабында: «Қазақстан Республикасының кез-

келген азаматы білім алу мен тәрбиелеу тілін еркін таңдауға құқығы бар»

делінген [5].

Көп мәдениетті білім – басқа мәдениеттер, дәстүрлер, өмір сүру салты,

халықтардың рухани құндылықтары туралы білімді игеруге; жастарға жат

мәдениеттік жүйелерге сыйластықты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін және

келешек ұрпақтың этникалық барабарлықтарының артуына жағдай жасайтын

заманауи білімнің маңызды құрамдас бөлігі.

Қазақстан Республикасының елбасы Н.Назарбаев айтуынша: «Қазақстан

өзінің көп ұлттылығымен ерекше әрі мықты. Оның жерінде екі басты арнасы

бар қайталанбас көп мәдениетті кеңістік қалыптасқан. Біреуі қазақ мәдениеті

мен оның құрамдас бөліктерінің, тілінің қайта жаңғыртуын бейнелейді. Екінші

арна – орыс халқының санғасырлық даму барысында бойына сіңірген дәстүріне

негізделген орыс тілді мәдениет. Жекеленген екі арнаның баршылығын

мойындауымыз екеуінің бір бірін толықтырып және байытып тұруын жоққа

шығармайды, ассимиляцияны дәлелдемейді. Қазақстанның көп мәдениеттілігі –

қоғам дамуының прогрессивті факторы. Қазақстан халықтарынының

Еуразиялық түп төркіні шығыстық, азиялық, батыстық, еуропалық ағымдарды

біріктіруге мүмкіндік беріп, көп мәдениеттіліктің дамуының қайталанбас

қазақстандық түрін құруға мүмкіндік береді» [6].

Ел президенті Н.Ә. Назарбаев ұлттық білімнің алдына биік мақсат қойды.

Білім беру бәсекеге қабілетті, жоғары сапалылыға айналуы қажет.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ең алғашқы

буыны мектепке дейінгі білім берудің қазіргі таңдағы өзекті мәселесі мектеп

жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті тәрбиелеу маңыздылыққа ие болды.

2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Мектепке

дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Білім

туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27

шілдедегі Заңына сәйкес әзірленіп, стандартта білім беру мазмұнына

қойылатын талаптарында: баланың өмірін қорғауды және денсаулығын

нығайтуды, толыққанды физикалық дамуын, Қазақстан Республикасы

халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері негізінде салауатты өмір салтының

құндылықтарын қалыптастыруды; тілді және ана тілін, қатынас мәдениетін

дамытуды, сауаттылық негіздерін меңгеруге дайындауды; мектеп жасына

дейінгі балалардың адамгершілік, құндылық бағдарын адамның оң мінез-

9

құлқы, мінез-құлық нормалары мен ережелері, қазақстандық қоғамда

қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде

қалыптастыруды; өз Отанына, туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік

рәміздерге құрметпен қарауға, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне

деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеуді атай отырып, біздің зерттеу мәселеміз

бойынша көп мәдениетті тәрбие берудің қажеттілігін көрсетті [6].

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті

стандартының «Коммуникация» білім беру саласының мақсатында ана тілінің

базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени-

әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағы ортамен ауызша және

ауызша емес құралдардың көмегімен қатынас жасауға қабілетті мектеп

жасына дейінгі көп тілді тұлғаны тәрбиелеу көрсетілген [7]. Осылайша,

нормативтік-заңдық құжаттар мен қазіргі Қазақстан Республикасының

экономикалық және саяси даму бағыты стратегиясына сәйкес, білім беру

жүйесінің алғашқы буынында – мектепке дейінгі білім беруде мектеп жасына

дейінгі балаларды көп мәдениетті тәрбиелу түбегейлі зерттеуді қажет етіп

отыр. Сондықтан біз өз зерттеу жұмысымызды «көп мәдениетті тәрбие»

ұғымының шығу тегі мен теориялық негіздерін анықтаудан бастаймыз.

Біздің зерттеу жұмысымыздың мектеп жасына дейінгі балаларды көп

мәдениетті тәрбиелеу мәселесінің педагогикалық негізін педагог-психологтар

(Я.А. Коменский, П.Ф. Каптерев, А.Н. Джуринский, М.А. Богомолова, В.В.

Макаев, З.Л. Малькова, Л.Л. Супрунова, Н.Д. Гальскова, Л.А. Парамонова, В.В.

Сафонова, Э. Соколова, Г.К. Селевко, Л.С. Выготский) философ зерттеушілер

(М.М. Бахтин, С.Б. Библер), этнографтар (Л.Л. Баграмова, Ю.В. Бромлей, М.С.

Джунусова) ойлары құрды.

Көп мәдениетті тәрбиеге деген қызығушылық халықаралық

ынтымақтастықтың кеңеюімен, полиэтникалық құрамды қоғамдардың ішіндегі

этникалық расалық азшылықтардың өз құқытары үшін күрестің күшеюімен

байланысты.

Көп мәдениетті тәрбие идеясы 1960-жылдардың ортасында АҚШ-та пайда

болып, «көп этникалық білім беру» деп аталды. Бірақ ондаған жылдар өте

зерттеушілер өз еңбектерінде «көп мәдениетті білім беру» ұғымын қолдана

бастауымен ұғым ғылыми қатынасқа осы атпен берік бекітілді.

Ең алғашқы «көп мәдениетті білім беру» ұғымының анықтамасы 1977

жылғы «Халықаралық педагогикалық сөздікте», «тілдік, этникалық, ұлттық

және нәсілдік нышандары ерекшеленетін, екі немесе одан көп мәдениеттерден

көрініс тапқан педагогикалық үдерістің ұйымдастырылуы мен мазмұнын

қамтитын тәрбиелеу» деп көрсетілді.

Көп мәдениетті білімнің мақсаты бүгін көп мәдениетті ортада белсенді

және тиімді тұрмыс жасайтын, басқа мәдениеттерді құрметтеу мен сезінуде

дамыған түсінігі бар, түрлі ұлт, нәсіл, наным-сенімдері бар адамдармен татулық

пен түсіністікте тұра алатын адам қалыптастыру.

Я.А. Коменский «Пампедия» атты өз бағдарламасында адамдардың

ортақтылығы олардың қажеттіліктері мен мақсаттары тұжырымдамасына

10

негізделе отырып пампедияны балаларда басқалармен ынтымақтастықта өмір

сүру қабілетін қалыптастырудың біріккен ортақ міндеттерді орындаудың

адамдарды сыйлау мен жақсы көрудің бүкіл адамзатты тәрбиелеудің

универсалды бағдарламасы ретінде қарастырады.

П.Ф. Каптеревтың тұлға қалыптастыруда көп мәдениетті тәрбиенің рөлін

түсінуде педагогикадағы ұлттық пен ортақадамзаттықтың байланысының

идеялары құнды. Ол туған тілде оқытуды ұлттық рухани құндылықтарға

ортақтастыру ретінде және білім алушылардың ғылыми көзқарасын

қалыптастырушы ретінде қарастырды. П.Ф. Каптерев өз зерттеулерінде туған

елдің жалғыз ғана нағыз мәдениет тасымалдаушысы емес, тәрбие беруде бір

ғана емес, басқа да көптеген халықтарға көңіл аударуға шақырды. Ол өз ұлттық

идеалдың кемшіліктерін құндылықтырды алумен толтырып, ұлттықты басқа

ұлттармен, бүкіл халықтықпен және ортақ адамзаттықпен байланыстыруға

ақыл берген.

Бахтин мен Библердің адамның ерекше мәдениет әлемі ретінде болмысы

туралы тұжырымдамалары көп мәдениетті тәрбиенің болмысын түсінуде өз

үлесін қосады. Сөз (ой, таным) Бахтин бойынша диалогте шексіз көп жаңа

мағынаға ие болуда. Өзіндік «Менді» түсіну басқалармен қарым қатынасқа

түскенде жүреді. Тарихи ортада мәдениетке ие болу арқылы тұлға дамыту

тұжырымдамасы, мәдениетті түсіну мен оның әрқилы уақыт пен кеңістіктегі

көріністері адамның қазіргі замандағы орнын анықтауға алып келеді.

Л.С. Выготскийдің мінез-құлық пен психиканың дамуы теориясының

Мәдени-тарихи негізінде көп мәдениетті тәрбиені негіздеуде келесідей

маңызды қорытындылар жасауға болады, осыған сәйкес психикалық дамудың

көзі мен детерминанттары тарихи дамып отырған мәдениетте жатыр.

Ғалымның ойынша, баланың мәдени дамуындағы кез келген функция екі жақты

көрініс табады, алдымен әлеуметтік, содан кейін психологиялық, алдымен

интерпсихикалық категория ретінде адамдар арасында, содан кейін

интрапсихикалық категория ретінде бала ішінде көрініс табады. Сыртқы

процестен ішкіге өтуде психиканың дамуы өз құрылымы мен функциясын

өзгертеді. Барлық жоғарғы функциялар мен олардың қатынасы негізінде

адамдардың қоғамдағы шынайы қарым-қатынасы жатыр.

Көп мәдениетті тәрбие проблема ретінде алғаш өзін екінші дүниежүзілік

соғыстан кейін жариялады, сол кезде жаңадан құрылған ЮНЕСКО мен БҰҰ

өздерінің жаңа мәдени және білім беру саясаттары туралы жариялады, адам

құқығы туралы декларациясында көрсетілген анық айқындалған

ортақадамзаттық құндылықтар негізінде және адамгершілік ұстанымдар

идеясына негізделді. Өткен ғасырдың 60-жалдары осы бағыттың өкілдері білім

беру мен тәрбие беру жүйелерін орнына келтіру, қоғамның өмір сүру жағдайын

жақсарту, тоталитаризмнің құлауын қамтамасыз етсе, ортақ адамзаттық

құндылықтарының шарықтауына жетеміз деп санады. ХХ ғасырдың 70-80

жылдары мәдени саясаттың акценті жалпыдан жекеге қарай ауысады, осы

мәдени плюрлизм теориясының негізгі мәселесіне мәдени алуан түрлілік пен

мәдени азшылықты дамыту айналады.

11

Алғаш рет көп мәдениетті білім алу мәселесі Екінші дүниежүзілік

соғыстан кейін өзін жариялаған болса, жаңадан құрылған ЮНЕСКО мен

Біріккен Ұлттар Ұйымының ең алдымен Адам құқықтарының декларациясында

көрініс тапқан жалпыадамзаттық құндылықтардың негізінде адамдық қадiр

идеясына негізделген жаңа мәдени және білім беру саясатын жариялады. Бұл

бағытты өткен ғасырдың өкілдері 60-жылдарында біз тоталитаризм құлатуға

қол жеткізу үшін, қоғамдастықтың өмір жағдайын жақсарту, білім беру және

оқыту жүйесін құру ғана қажет болды, содан кейін әмбебап құндылықтар жеңісі

келеді деп сенген. ХХ ғасырдың 70-ші жылдары және 80-ші жылдары мәдени

саясат назары, атап айтқанда, жалпы ауысатын, және мәдени плюрализм

теориясы негізгі міндеті мәдени әралуандылық және мәдени азшылықтарды

насихаттауды қамтамасыз ету болып табылады.

Ендігі күні символдық әлемнің мәдени көптігін орналастыру – әлемнің

бірнеше кейіпі және өзін-өзі бейнелеуі, мәдени айырмашылықтары туралы

айту. Осыған байланысты мультикультурализм заманауи нұсқасы кез келген бір

мәдени моделін, құндылықтар жүйесі жарамды деп танудан бас тартады [8].

Осы зерттеудің ерекше қызығушылық танытатын жағы – ұлттық және

халықаралық білім беру мәселесіне арналған жұмыстарды талдау болып

табылады.

Қазіргі уақытта, философиялық этнографиялық, және социологиялық

зерттеулер контексінде Л.Л. Баграмова, Ю.В. Бромлей, М.С. Джунусова, және

т.б. «халықаралық», «ұлттық» және жалпыға бірдей өзара іс-әрекеті елегінен

және басқа да ұғымдар зерттелуде.

Балаларға көп мәдениетті, азаматтық, патриоттық, ұлттық және этникалық

білім берудің теориясы мен практикасын зерттеу осы мәселе педагогиканың

бүкіл тарихында өзекті болғанын көрсетті. Алайда, бұл қоғамның әлеуметтік-

саяси қажеттіліктеріне байланысты әр түрлі жолмен шешілді. «Патриоттық»,

«ұлттық», «ұлтшыл» тұжырымдамасының мағынасы, авторлардың батыл

қатынасы, мемлекет халқының тұжырымдамалар мен жобаларды жасаушылар

басқа ұлттар мен нәсілдердің халқымен достық, толерантты өмір сүруінің

қажеттігін танып жатса, басқа ойлар өшпенділік пен түрлі басқа конфессиялар

мен халықтардың жікшілдеріне байланысты адамдарды физикалық қырып-

жоюға айдап отырды. Қазіргі заманғы білім беру мағынасында ұлтаралық

(этносаралық) тәрбие көптеген ұлттар мен қоғамдастықтарды ұлттық

хабардарлығын кеңейту ретінде қарастырылады. Ұлттық тәрбие – анықтаушы

фактор проблемасы, халықаралық қажетті элемент ретінде қарастырылады.

Отандық зерттеулерде көп-мәдени білім берудің мақсаттарын,

принциптерін, мiндеттерiн, мазмұнын, технологияларын дамыту жан-жақты

жүргізілуде.

А.Н. Джуринский көп мәдениетті тәрбиені ұлтаралық социалистік

тәрбиенің баламасы ретінде қарастырады, идеологиялық бірлігі мен әлеуметтік

интеграция жағдайында ұлттық мәдениет сыртында тұлғаны қалыптастыру да

деп қарастырады. Сонымен қатар, көп мәдени білім беру үдерісінде бірі басым

келетін мәдениеттер арасындағы қарым-қатынасқа аса назар аударады [9].

12

М.А. Богомолова, көп мәдени білім беру өз болмысы бойынша ұлтаралық

тәрбиелеуге жақын болып табылатынын атап, тұлғааралық өзара іс-әрекетті

қамтитынын, ұлтшылдық пен нәсілшілдікке қарсы екенін атап көрсетті. Ол

мәдени-қалыптастырушы құндылықтарға бағыттала отырып, плюралистік

жағдайға әр түрлі мәдениеттердің өзара іс-әрекеті және басқа мәдени

құндылықтарға бейімделуге бағытталған [10].

В.В. Макаев, З.Л. Малькова, Л.Л. Супрунова көпмәдениетті тәрбиені, көп

ұлтты және көп мәдениетті ортада белсенді әрі тиімді өмір сүре алатын, басқа

мәдениеттерге сыйластық пен түсіністігі сезімі дамыған, басқа ұлт, нәсіл, дін

өкілдерімен бейбітшілік пен сыйластықта өмір сүре алатын адамның тұлғасын

қалыптастырумен анықтайды [11].

Этнолингвистикалық тұғыр көп мәдени тәрбиені көршілес мәдениет

өкілдерімен және кеңістікте балалар мен жасөспірімдердің әмбебап

құндылықтарын қалыптастыру дағдыларында жас ұрпақты таныстыру аясынан

өзара іс-әрекет етуде шектейді [12].

Бірқатар авторлардың (Н.Д. Гальскова, Э. Соколова) басқа мәдениетті,

басқа өмір сүру жолын қабылдауға дайындықты толеранттылық танытумен

байланыстырады, өйткені адамдардың өзара төзімділік көрсетуі – түрлі ұлт

адамдарының жаушылдығына қарсы тұрады [13, 14].

Көп мәдениетті тәрбиенің барлық анықтамаларында оның мәнінің толық

ашылуына толық мүмкіндігі бар. Біздің түсінігіміз бойынша көп мәдениетті

тәрбие – мәдениет құраушы құндылықтарды игерудің мақсатқа бағытталған

ізгілендіруші үдерісі ретінде мәдени-плюралисттік орта жағдайында

тұлғааралық біріккен іс-әрекетті дамыту қабілетін қарастыратын басқа мәдени

құндылықтарға бейімделу.

Алуан түрлі ғылымдар – философия, психология, жаратылыстану,

мәдениет – өз міндеттеріне сәйкес әрбір жеке тұлғаның мәселесін қарастырады,

осы тұжырымдамаға өз түсінігін береді. Жалпы ғылыми ұғым – «тұлға» деп

айтуға болады. Біздің ойымызша, Г.К. Селевконың жеке тұлға туралы

тұжырымдамасы осы біздің зерттеу тақырыбына ең тығыз сай келеді «Тұлға –

әлеуметтiк рөлдерді атқаратын мінез-құлық актілерінің жиынтығы, әлемді

түсіну және өзіміздің оған қатынасымыз, әлеуметтік маңызды қасиеттерінің

жиынтығы, қарым-қатынас жүйесінің әлемде және өзіне қатысты – адамның

психикалық, рухани мәні, жалпылама сапа жүйесіне түрлі қызмет көрсететін,

және т.б. жүйелік талаптар, дағдылар жиынтығы, шығармашылық қабілеттері

[15, 16, 17].

Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік тәжірибе, қызығушылық

және психикалық-физиологиялық даму ерекшеліктерін назарға ала отырып,

«мектеп жасына дейінгі балаланың көп мәдениетті тұлғасы» деп – туған

өлке жайлы, оның материалды және рухани мәдениеті, өнері, әдебиеті, өз елі

мен алыс және жақын халықтардың салт-дәстүрі, күнделікті өмір мен қоғамда

мінез-құлық нормаларын және оларды ұстана білетін, алған білімі мен

көзқарасын өз тұрмысында қолдана алатын элементарлы түсінігі бар мектеп

жасына дейінгі баланы айтуға болады. Басқаша айтқанда, көп мәдениетті

13

тәрбиенің мектепке дейінгі педагогикадағы мақсаты ретінде осы айтылған көп

мәдениетті тұлғаны қалыптастыру деп қарастыруға болады.

Көп мәдениетті білімнің мақсаты бүгін көп мәдениетті ортада белсенді

және тиімді тұрмыс жасайтын, басқа мәдениеттерді құрметтеу мен сезінуде

дамыған түсінігі бар, түрлі ұлт, нәсіл, наным-сенімдері бар адамдармен

татулық пен түсіністікте тұра алатын адам қалыптастыру.

Көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру идеясы әрқашан қазақтың

халықтық педагогикасында аталып келген. Қазақстанның көп мәдениетті білімі

Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б. ағартушы-ғалымдар

ойларына негізделген.

Қазақ топырағында этномәдени білім идеясының туын алғаш көтерген

Ш.Уәлиханов. Ағартушы этномәдени білім беру мазмұнында қазақ халық ауыз

әдебиетін жинақтау арқылы балалар мен жастар тәрбиесінің әлеуметтік –

тарихи тәжірибесін әсерлі көрсете білді. Ол: «Халықтың тұрмысы мен әдет-

ғұрпы,- деп жазды, - бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өткенді қастерлеу

және аңыздардың молдығы – терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының

ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол

нағыз таза тіл» [18].

Ы.Алтынсариннің пікірінше, оқу-тәрбие процесінде халық

шығармашылығын пайдалану балаларды ата-баба салт-дәстүрлерін сыйлауға,

адамдардың ойлары мен әрекеттерін дұрыс түсінуге үйретеді, адамгершілік

сапаларының, эстетикалық талғамдарының және т.б. қалыптасуына септігін

тигізеді. «Қазақ баласы ортаны ғылыми танып-білмеді; алайда ол өзін қоршаған

табиғат құбылыстары туралы көп білді, Сарыарқа даласында жақсы бағыт ала

білді; ол атқа жақсы шапты, садақтан дәл атты, аңшылыққа, ақындар айтысына

қатысты; ертегішілерді тыңдады. Қазақ баласы ұтқыр мақалдарды, ертегілерді,

жұмбақтарды, ойындарды, адамгершілік үйретулерді қабылдап, естерінде

сақтады».

Абайдың көп-мәдени білім беру идеяларындағы басты нысана - «Атаның

баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа

тисін», – деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды [19].

Білім беру аясында көп мәдениетті тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күні өзекті.

Бұл Қазақстан Республикасының егемендігінің орнауы, тұрғылықты халықтың

этномәдени ерекшеліктері мен жарты ғасырлық адамдардың өз тілі мен

тарихынан жаттануына әкелген білім беру жүйесімен байланысты.

Қазақстанның көп мәдениетті білімі этнографтардың (Ж. Артықбаев, Ю.В.

Бромлей), тарихшылар (М. Козыбаев, М. Муканов), әлеуметтік философтар

(Ж.М. Абдильдин, 3. Мукашев, А.Н. Нысанбаев), этносаясаткерлер (И.

Кушербаев), этномәдениетшілер (Ж.К. Каракозова, А. Сейдимбеков),

этнопсихологтар (Н. Джандильдин, К.Б. Жарықбаев, Ж.И. Намазбаева, В.К.

Шабельников), этнопедагогтар және әлеуметтік педагогтар (Ж. Асанов, К.Б.

Болеев, С.К. Калиев, К.Ж. Кожахметов) және т.б. ғалымдардың ойларына

негізделген [20, 21].

14

Көп мәдениетті білім – балалардың басқа мәдениеттер, дәстүрлер, өмір

сүру салты, халықтардың рухани құндылықтары туралы білімді игеруге;

жастарға жат мәдениеттік жүйелерге сыйластықты тәрбиелеуге мүмкіндік

беретін және келешек ұрпақтың этникалық барабарлықтарының артуына

жағдай жасайтын заманауи білімнің маңызды құрамдас бөлігі.

Э.Д. Сулейменова айтуынша, үш тілділік, Қазақстанның тілдік

жағдайының айтарлықтай және сөзсіз сипаттамасын бейнелейді. Ол қазақ,

орыс, ағылшын тілдерінің белсенді қатысуымен іске асып отыр. Қазақ, орыс,

ағылшын тілдеріндегі құзыреттілік болашақ биік әлеуметтік және кәсіптік

жетістіктерге мүмкіндік беретін бірнеше тілді білудегі кәсіптік және

тәжірибелік қажеттіліктің табиғи көрінісі [22].

Тәуелсіз елімізде оқушыларға этностық-мәдени білім берудің әдіснамалық,

теориялық және практикалық мәселелерін шешуде «Қазақстан

Республикасындағы этникалық-мәдени білім» тұжырымдамасының маңызы зор

болды.

С. Қалиевтың «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен

тарихы» еңбегін қазақ этнопедагогикасы тарихын бір жүйеге келтірген тұңғыш

құнды зерттеу деуге болады [23].

Қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық-теориялық мәселелерін терең

қарастырған ғалым К.Ж. Қожахметов этнопедагогиканың бағыттау негізі

педагогиканың әдіснамасы екенін ашып көрсетсе, қазақ этнопедагогикасының

ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздерін қалаушылардың бірі ғалым С.А.

Ұзақбаева халықтық педагогиканы халық бұқарасы білімінің, іскерліктері мен

дағдыларының жиынтығы ретінде мектептегі оқу-тәрбие процесінің

әдіснамалық негізі тұрғысынан қарастырған.

Н. Елікбаев қазақ халқының ұлттық психологиясының қалыптасуы мен

заңдылықтарын, оның өзіндік табиғатын, құрылымын, тарихы мен әлеуметтік-

мәдени негіздерін анықтай келе, тарихи сана мен ұлттық мәдениет – ұлт

рухының өзегі, қазақстандық патриотизм мен ұлттық тәрбие – рухани

топтасудың тірегі екенін, елімізде этникалық қарым-қатынас мәдениеті мен

келісімін жетілдіру арналарын анықтаған.

Л.М. Гитихмаева «көп мәдениетті білім тек мәдениеттердің диалогы,

адамдар қоғамдарының арасындағы байланыс орнату ғана емес, бұл қарым-

қатынас, басқа мәдениеттің ерекшелігіне үңілу, басқа мәдениеттің көріністеріне

деген саналы әрекет ету білігі және сонымен қатар өзіндік мәдениетті дамыту,

өзіндік руханилықты байыту. Мақсаты тұтастай өзіндік мәдениет деңгейін:

қатынас жасау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, ақыл еңбегі мәдениетін дамыту

болып келетін қазіргі таңдағы Қазақстандағы жайт – көп мәдениетті тұлғаны

тәрбиелеуге идеалды сәйкес келеді» деп жазды.

Көп мәдениетті білімнің мазмұны көп аспектілі және пәнаралықтың биік

деңгейімен ерекшеленеді. Ол өз кезегінде үш тілді білімнің мәселелерін

гуманитарлық, жаратылыстану, көркем-эстетикалық оқу пәндері және бөлек

халықтардың тарихы мен мәдениеті бойынша арнайы курстарының

мазмұнында қарастыруға мүмкіндік береді.

15

Көп мәдениетті білім қағидаларының оқу материалдарында бейнелену

белгілеріне келесілер жатады:

- гуманисттік идеялардың бейнеленуі;

- әлем халықтары мен Қазақстанның этникалық топтарының мәдениетінің

өзіндік сипаты мен ортақ элементтерінің сипттамасы;

- жаһандану үдерісінің ашыла түсуі, заманауи жағдайда елдер мен

халықтардың біріккен байланыстарының күшейе түсуі;

- мәдениеттердің біріккен әрекеті мен әсерінің көп түрлі формаларының

айқындалуы.

Ел президенті Н.Ә. Назарбаев ұлттық білімнің алдына биік мақсат қойды.

Білім беру бәсекеге қабілетті, жоғары сапалылыға айналуы қажет. Қазақстан

мектептерінің түлектері өз білімдерін шет елдік ЖОО-да жалғастыра алатындай

дәрежеге жетуі қажет.

Көп мәдениетті білімнің міндеттеріне келесілер жатады:

- мәдениет пен көптүрлі мәдениет туралы түсінік қалыптастыру;

- Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мәдени құндылықтарына

ортақтасу;

- Қазақстандық мәдениетке деген жағымды құндылықты бағдарлар

қалыптастыру;

- мәдени айырмашылықтарға деген жағымды қатынас қалыптастыру;

жағымсыз этно-әлеуметтік таптаурындардан айырылу;

- әртүрлі мәдениет өкілдерімен жемісті қатынас жасаудың біліктері мен

дағдыларын дамыту;

- ұлтаралық қатынас жасаудың мәдениетін қалыптастыру.

Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру теориясының негізін

қалаған Ж.Ж. Наурызбай Қазақстан Республикасында балаларға этномәдени

білім беру тұжырымдамасы мен моделін, тіл саясаты тұжырымдамасын

ұсынып, балаларға этномәдени білім берудің ғылыми-теориялық негіздерін,

мақсаты мен міндеттері, құрылымы мен жүзеге асыру принциптерін айқындап

берген.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстанның білім беру жүйесі мен

педагогикалық ғылымы (үшінші кезең) әлемдік білім кеңістігінен өз орнын

алып, қарқынды дами түсуде.

Этномәдени білім беру бағытында төмендегідей игілікті істер атқарылды:

- оқу құралдары мен оқулықтар, ұлттық тілдегі терминдер сөздігін шығару

ісі жалғасуда;

- балалар үшін мәтіні үш тілде қатар берілген суретті кітаптар

шығарылуда;

- тілашарлар мен тілді өздігінен үйренетін кітапшалар шығарылуда;

- радио мен теледидардан тіл курстары мен ел, жер тарихынан мағлұматтар

беретін хабарлар берілуде Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес

қазақ тілінде «Балапан», «Мәдениет», «Білім арнасы» т.б. телеарналары

ашылды;

16

- мемлекеттік тіл мен басқа этникалық топтар тілін дамытуға бағытталған

әдістемелік оқу құралдарын шығару ісі жалғасуда;

- жалпы білім беретін мектептерде «Қазақстан халықтарының тарихы мен

әлем тарихы», «Қазақстан халықтарының мәдениеті мен әлем мәдениеті» т.б.

біріккен курстар енгізілуде.

Мұның барлығы көпұлтты мемлекетімізде этномәдени білім беру

проблемаларын өз мәнінде шешіліп жатқандығының айғағы. Ал бұл, өз

кезегінде Қазақстан Республикасында этникалық-мәдени және мемлекеттік

сәйкестілікке қол жеткізеді.

Үш тілділік қазіргі көп мәдениетті әлемнің бүгін ең маңызды факторына

айналуда. Біздің елімізде қазақ тілі – әлемдегі түркі тілдер жүйесінің ең байы,

орыс тілі – мемлекеттік тілмен бір деңгейде қолданылатын ұлтаралық қатынас

тілі және ағылшын тілі – біріккен ұлттардың іскерлік қатынас, ғылым тілі,

жаһандық тіл үйретілуде.

Шет тілдерін оқыту саласындағы мемлекеттік білім беру саясаты

Қазақстан аумағында үш тілділікті дамытудың маңыздылығын мойындауына

негізделген.

Төзімділік (толеранттылық) тәрбиесін өмірінің алғашқы жылдарынан

бастау керек, және жетекші рөл мұғалімдерге тиесілі. Олар фольклор, халықтық

және сәндік өнер, әдебиет, туған жердің және басқа халықтардың қоршаған

орта құралдарын, аумағын мекендейтін халықтардың мәдениетімен таныстыру

процесінде төзімділік рухында мектеп жасына дейінгі балаларға біліммен

байланысты бағдарламаларды жүзеге асыру қажет деп табылады. Балалардың

түрлі халықтардың мәдениетін тануы процесінде тұлға ретінде өзіне және басқа

да адамдарға көзқарасын қалыптастырады, және ұлттық бірегейлігінің әмбебап

маңыздылығын атап көрсетеді.

Осы міндеттерді іске асыру мақсатында, көп мәдениетті білім беру

мазмұны мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

-материал-гуманистік идеяларды қамтуы қажет;

-Қазақстан және басқа да елдердің халықтарының мәдениетінде айрықша

бірегей ерекшеліктерге сипаттама беру қажет;

-бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге мүмкіндік беретін ортақ

элементтердің Қазақстан халықтарының дәстүрлер мәдениетін ашып көрсету;

-балаларды туған мәдениетпен – қазақ және әлем мәдениетімен таныстыру

қажет [24].

Осы айтылған мақсаттан мектеп жасына дейінгі балалардыды көп

мәдениетті тәрбиелеудің келесідей міндеттері туындайды (Сурет–1): Қазақстан

мен әлемдегі мәдениеттің алуан түрлілігі туралы балалардың көзқарасын

қалыптастыру; мәдени айырмашылықтарға жағымды қатынасын тәрбиелеу; әр

түрлі мәдениет тасымалдаушыларымен жемісті іс-әрекет ету қабілеті мен

дағдысын дамыту; балаларды ынтымақтастық, толеранттылық, гуманисттік

ұлтаралық қатынасқа тәрбиелеу.

Түрлі халықтардың мәдениетіне мектеп жасына дейінгі балаларды

таныстыру проблемасы әрқашан зерттеушілердің назарында (М.И. Богомолова,

17

Е.Л. Барахсанова, Е.С. Бабунова, С.А Козлова, Т.Ф. Бабынина, В.Д. Ботнарь,

Л.Д. Вавилова, Э.Ф. Вертякова, Н.Г. Капустина, Т.А. Куликова, И.И. Невежина,

И.А. Махнева, Э.К. Суслова, Т.В. Черник, JI.C. Ядрихинская және т.б.).

Сурет–1. Мектеп жасына дейінгі балалардың көп мәдениеттілігін

қалыптастырудың міндеттері.

Е.С Бабунова зерттеулерінде [25] тұтас дәстүрлі отбасында орыс

мәдениетіне қызығушылық қалыптастыру үшін оңтайлы жағдайды анықтау

қажет болды. Алғаш рет балалар мүдделерін қалыптастыру орыс дәстүрлі

мәдениет отбасы мүмкіндігін анықталды; Ресей дәстүрлі мәдениетінің отбасына

балалардың ерекше мүдделерін зерттеу; оны қалыптастыру мазмұны мен

әдістемесін негізделген, және мектеп жасына дейінгі бастапқы тарихи білімді

меңгеру мүмкіндігін дәлелдеді.

Е.С Бабунова зерттеулерінің мақсаты орыс халқының баланың мәдениет

әлеміне «батыру» және қызығушылығын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау,

әсер жасауды қоса алғанда, тиімді бағдарламаны әзірлеуге және тестілеуге

болады. Ұлттық мәдениет үшін қызығушылық қалыптастыру баланың жеке

тәжірибесіне емес, ақылына бағытталған материалдан басталады.

Е.И. Корнеева [26] сияқты Е.С. Бабунова зерттеуі балалардың Орыс

халқының мәдениетіне халықтық серуен және ойын-сауықтарына

таныстыруына негізделген. Эксперименттік жұмыс эмоционалдық және

танымдық материал үстем мақсаттарына «конденсациясы» әдісімен

негізделген. Бұл техниканы С.Л. Козловамен әзірленді және С.Н. Морозшок

аппробациядан өткізген. Назар тек балалардың белсенді қатысуымен келеді,

Қазақстан мен әлемдегі мәдениеттің алуан түрлілігі

туралы балалардың көзқарасын қалыптастыру

мәдени айырмашылықтарға жағымды қатынасын

тәрбиелеу

әр түрлі мәдениет тасымалдаушыларымен

жемісті іс-әрекет ету қабілеті мен дағдысын

дамыту

балаларды ынтымақтастық, толеранттылық, гуманисттік

ұлтаралық қатынасқа тәрбиелеу

18

бірінші кезекте, ақпарат функциясы, түсініп орындау, маусымдық халықтық

серуен ұйымдастыру, сәндік кескіндеме, музыкалық және ауызша фольклорға

кіріспе жасап, күнделікті өмірде қалған басым мақсаттар айналасында орыс

мәдениетімен таныстыру болып табылады.

В.Д. Ботнарь [27] өз зерттеулерінде Молдова халық ертегілерін балалар

мен басқа адамдарға оң эмоциялық қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал,

ұлттық, сондай-ақ әмбебап моральдық құндылықтарға ғана емес, балаларды

таныстыру құралы ретінде көрсетеді. Ертегілер мазмұнының ойындары-

драматизация ертегі суреттердің неғұрлым эмоциялық қабылдауға ықпал етті.

Е.Л. Барахсанова жұмысы [28] халық (жұмыс үстелі) ойындары арқылы

Якут халқының мәдениетімен мектеп жасына дейінгі балаларды таныстыру

әдістемесін ашады. Ойындар балалардың бір-біріне достық-зияткерлік дамуы

мен білім беру ұйымының, ұлттық мәдениетін білу қызығушылығының аса

маңызды шарты болады.

Л.Д. Вавилова ғылыми-зерттеуінде [29] Коми республиканың ұлттық

мәдениетімен балабақшаларда мектеп жасына дейінгі балаларды таныстырудың

тиімді педагогикалық шарттарын 4-6 жас аралығынан іріктеуге бағыттаған. Ол

үшін өнер және қолөнер, ауызша және музыкалық фольклор таңдалды. Кезең-

кезеңмен дамыған педагогикалық технология ұлттық мәдениет қолжетімді

мазмұнына балаларды таныстыру мектеп жасына дейінгі балалардың тәуелсіз

және шығармашылық іс-әрекет арқылы Коми ұлттық имиджін, көрінісін,

сипаттамаларын мүмкіндігін ашты. Бұл Коми халқының ұлттық сипаттағы оң

мүмкіндіктерін біріктіретін ересек (Марпида әже) сипатын аккультурация

процесіне енгізуге ықпал етті.

Л.М. Захарова зерттеуінде [30] ХХ ғасырдың екінші жартысында ұлттық

педагогика түрлі ұлт халқына арнаған мектеп жасына дейінгі балалардың

қалыптастыру мәселесіне оң көзқарасын арналған. Зерттеушілер азаматтық

білім беру мәселесі, әлеуметтік сезім, басқа халықтармен бауырлас қарым-

қатынастармен тығыз балаларды адамгершілік білім беру және адам

құқықтарын жүзеге асыруға қатысы бар деп белгілеу мүмкіндігіне ие болды.

Н.Г. Капустина зерттеулерінде ұлтаралық тәрбиенің үш деңгейі [31]

анықталған: танымдық деңгейде – әлемдегі мәдениеттер әртүрлілікті білу және

түсінуді қалыптастыру; орнату деңгейде – нанымына, сезім, әдептілік болып

табылатын мазмұны, төзімділік, адамдардың моральдық қамтуды бағалау ғана

емес, ұлттық және этникалық белгілері бойынша; мінез-құлық деңгейі –

ұлтаралық қарым-қатынастардың жоғары деңгейін сипаттайтын белгілі бір

әдеттер құрайды.

Т.В. Черник жұмысы осы мәселеге арналған [32]. Білім беру процесінің

бірлігі мен тұтастығы мынадай қағидаларды сақтауды талап етеді: қарым-

қатынас мәселелері, білім беру құралдары мен әдістері, балалар қызметінің әр

түрлі өзара іс-әрекетін ұйымдастыру, оқытушылар, мекемелер мен отбасы күш

бірлігі қарым-қатынастардың мәдениетін қалыптастыру.

Баланың тұлғасына жаңа көзқарас: қадір-қасиеті мен жауапкершілік,

құрметтеуге қабілеті мен өзін-өзі бағалау шығармашылық тұлғасын-еркін білім

19

беру, өздерін түсіну, олардың өмірлік қажеттіліктерін және басқа да адамдарды

«сезу» С.А. Козлованың тұжырымдамасында жүзеге асырылады [33]. Адами

және ұлттық құндылықтарға бағытталған әлемдік сананың қалыптасуы, білім

беру, әлеуметтендіру бөлігі болып табылады. С.Л. Козлова әзірлеген қоғамдық

әлемге баланы қатыстыру «Мен – Адаммын» бағдарламасы өзінің мазмұны

мен бағытына барлық адамзатқа ортақ проблемаларды шешеді, ұлттық,

азаматтық, әлемдік білім тәжірибесі мектепке дейінгі мекемелер үшін бағалы

нұсқаулық болып табылады.

Біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбына Э.Ф. Вертякованың

билингвизм жағдайында көркем және шығармашылық қызметін ұйымдастыру

туралы жұмысы жақын. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың этникалық және

мәдени дамуының негізгі өлшемдерін анықтады: этникалық топтың (ұлттық

мерекелер, салт, дәстүр, ұлттық ойындар) бағытында тұрақты оң көзқарас;

эмоционалдық көрінісі және сұлулық пен бірегейлігі ұлттық мәдениетті,

эмоциялар орындау арқылы тыңдауға және қарым-қатынас қабілетін және

ұлттық белгісі мен суреттердің сипатына оң реакция; сәндік және сындарлы

ұлттық элементтерін пайдалану; ана тілін игеру, басқа тілдерді [34] игеру.

М.И. Богомолова өз жұмыстарында түрлі мәдениеттер өкілдерінің өзара іс-

әрекет дағдыларын дамыту мәселесі, балалардың туған жер тарихы мен

географиясын оқу процесіне шешіледі деп көрсетті. «Мектеп жасына дейінгі

балалар үшін Татарстан туралы» кітаптар сериясы [35, 36] балабақшаның ең

жас тобынан бастап балалармен жұмыс әдістемесін ашады. Түрлі халықтардың

ертегілерін оқып әр түрлі ұлт құрдастарымен және ересектермен бірлескен

сапарлар, экскурсиялар, спорт күнделікті байланыс көзайымы және достық

қарым-қатынастарды дамытуға ықпал етеді. Автор ойынша, балаларды ұлттық

мәдениетке жақындастыруды ерте жастан олардың туған жеріне

қызығушылығын иіру үшін, туған жер мәдениеті мен өмірі, дәстүрлеріне

таныстырудан бастау керек. Бұл жұмыста жоспарлануы тиіс, алдыңғы

қадамдарда игерген білімі мен балалардың жинақталған тәжірибесін назарға

алу керек. Кітапта болашақ жоспарлары, мәтіндер мен фольклор мен авторлық

жұмыстардың жиынтықтарын, орыс-татар сөздік минимумдарын қамтамасыз

етеді.

Автордың өзге де жұмыстарында түрлі халықтардың мәдениеттеріне

балаларды таныстыруда қызығушылық құру және дамытуда білім беру негізгі

құралдарын әзірледі: тікелей және жанама байланыс; балалар әдебиеті; көркем

суреттер, иллюстрациялар; фольклорлық; халықтық музыка; ойын;

ойыншықтар; мерекелер, әндер мен өлеңдер бар таңертеңгіліктер, ұлттық

қуыршақтар.

Ұлтаралық диалог этикасының жаңа жолдарын Э.К. Суслова [37] қамтиды.

Ол халықаралық диалог қалыптастыруға мүмкіндігінше ертерек кірісу керек

деп атап көрсетті, басқа ұлт өкілдеріне адамгершілік қалыптастыру тезірек

басталса, ол соншалықты көп тұрақтылыққа ие болады. Э.К. Суслова

«Балаларды ұлтаралық қатынас этикасына тәрбиелеу» нұсқаулығында мектеп

жасына дейінгі баланы тәрбиелеуге болатын түрлі халықтарға ортақ рухани

20

және моральдық қасиеттеріне баса назар аударады. Автор келесідей жоспарлау

принциптерін белгілейді: жергілікті жағдайларды зерттеу; балаларға тәрбие

беру мен оқытудың түпкілікті мақсаттарын анықтау; балабақша мұғалімдері

мен ата-аналардың бірлескен шараларын ұйымдастыру; мектеп жасына дейінгі

балалардың жас және жеке ерекшеліктерін зерттеу және қарастыру.

Т.Ф. Бабынина орыс, татар, чуваш, удмурт [38] ұлттық мәдениеттеріне

таныстыру барысында мектепке дейінгі ересек топ балалардың тұлғасын

қалыптастыру бойынша зерттеу жүргізді. Танымдық, шығармашылық-әрекеттік

аудандарда және өзін-өзі тану аясында бірлікте қарастырғанда, ол мәселені

шешу тиімділігі оқу процесіне өзара-байланысты ұлттық мәдениеттерді

оңтайлы интеграциялаумен байланысты екенін дәлелдеді.

Шет тілін оқыту процесінде шетел тілі мәдениетімен мектеп жасына

дейінгі балаларды тәрбиелеу бойынша біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың

тақырыбына үндесетін жұмыстар: Н.А. Малкинаның [39] ертегі негізінде, И.А

Махневаның [40] білім беру ойын технологиясын жүзеге асырылып автордың

әзірлеген ойындарының ерекше жиынтығы, И.И. Невежинаның [41] ұлттық

балалар музыкалық мәдениеті.

Балабақшадағы көпмәдениетті білім беруді ұйымдастыруда ересек топ

балалардың негізгі іс-әрекеті – ойындар, есте сақтау, ойлау, қиял қабілеттеріне

қолдау жүргізіледі. Дәстүрлі әдістер (әңгіме, сауалдасу, түсіндіру, жаттығу) өз

халқының және шет елдердің өмір сүру, тұрмыс-салт, өмірімен балаларды

таныстырудың көрнекі әдістері, ұлттық мәдениеттің ауызша және музыкалық

фольклорын сіңіруге көмектеседі. Дәстүрлі емес нысандары әрбір ұлттық

мәдениеттің бірегейлігін балаларға таныстыруға және түрлі халықтардың

мәдениетіне жақындатуға арналған. Түрлі ұлт адамдарына достық сезімдері мен

қарым-қатынастары бірнеше халықтар туралы білімдердің белгілі бір ауқымын

балалардың меңгеруі арқылы тәрбиеленуде: олардың әрқайсысының

тұрғылықты орны, бас қаласы, туған жер, климаттық, тарихи, табиғи қоршаған

ортасы мен өлкесі, республикасы, (түрлі еліміздің әр өңіріне тән) еңбек түрі,

күнделікті өмір (тұрғын үй, тұрмыстық заттар, ұлттық тағамдар), туған және

туған емес тілдер туралы, фольклорлық (ірі және шағын халықтық, ән, би,

ұлттық киім, сәндік және шет елдердің қолданбалы өнер түрлі жанрлар, көркем

әдебиет жұмыстары), адамдардың жоғары моральдық қасиеттері, түрлі ұлт

адамдарымен олардың достық қарым-қатынастары [42].

М.И. Богомолова мен Э.К. Суслова зерттеулерінде балалардың

қызығушылығы өз елінің халықтарына, ең жақын ұлттық ортаға оңай

қалыптасатыны дәлелденді. Осыған оқу-тәрбиелеу жұмысы ғана емес, сондай-

ақ бүкіл қоршаған шындық ықпал етеді. Халықтар достығы қоғамдық

қызығушылық сипатын қалыптастыру ұзақ және күрделі процесс. Балалардың

сезіміне, олардың қиялына неғұрлым терең әсері [43, 44] бар болуы тиіс.

Білім берудің мәдениет қалыптастырушы қызметінің артуын оның ағарту

құралынан мәдениетті дамыту механизміне айналуы тиіс әлем мен оның

ішіндегі адам көрінісін қалыптастырудың әдісіне айналу керектігін Я.М.

21

Колкер мен Е.С. Устинова [45] атап көрсетті. Бұл қайта бағдарлау білім

берудегі шет тілдерін игеруге де қатысты.

22

Сурет–2. Мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті тәрбиелеудің үлгісі.

23

Шет тілді білім беру үдерісіне көп мәдениетті компонентті енгізу

маңыздылығы мен негізділігі бұрыннан бері әлем зерттеушілерімен танылуда

[46, 47, 48].

И.Е. Пассов бұл тұжырымдамасын жалғастыра дамыта отырып, ол білім

беру формуласын ұсынады: мәдениет арқылы тіл мен тіл арқылы мәдениет.

Оның айтуынша, осы білім беру процесінің механизмі мәдениеттер диалогы

қолдауымен коммуникативтік болып табылады [48].

Осылайша, зерттелуші проблема бойынша әдебиеттердің теориялық

талдауда келесідей жайт анықталды: ұлттық мәдениетпен таныстырудың

баланың тұлғасын қалыптастыру тұрғысынан әлеуетке ие екенін көрсетті.

Дәстүрлі компоненттерін қамтыған ұлттық мәдениеттің әлеуеттілігі: тікелей

және жанама байланыс; фольклорлық, музыкалық фольклор, халық ойындары

мен шет елдердің өнері және қолөнері, салт-дәстүр; ұлттық ойыншық; ойын;

мерекелер және шет елдердің әндері мен өлеңдері бар таңертеңгіліктерден

тұратыны анықталды. Алайда, қазіргі уақытта, мектепке дейінгі көпұлтты

тұлға құру мақсатында түрлі халықтардың мәдениетімен жақындастыру

проблемасы жеткілікті көрініс алған жоқ. Трилингвизм мәдениетін көтермелеу

ерекше рөлі түрлі лингвистикалық және этно-мәдени қауымдастықтар

халқының және шет елдердің тілдік әлемнің (мәдениетінің) арасында өзара

түсіністік туралы тілдік білім үйренуге өз халқының нақты құралы

мәдениеттермен танысу үдерісі ретінде беріледі.

Ғылыми әдебиеттер талдау нәтижесінде біз мектеп жасына дейінгі

балаларды көп мәдениетті тәрбиелеудің моделін әзірледік (2-сурет).

Мектепке дейінгі көп мәдениетті тұлға қалыптастырудың заңдылықтары,

міндеттері, қағидалары, ықпалдары мен құралдары, әдістері мен тәсілдері,

нысандары теориялық тұрғыда сараланып, нәтижесінде, мектеп жасына дейінгі

балалардың көп мәдениетті тәрбиелілігінің көрсеткіштері анықталды: туған

елінің мәдениеті мен алыс және жақын елдердің мәдениеті туралы

түсініктерінің болуы; патриоттық сезімдерінің болуы; басқа елдердің

мәдениетіне қатынасын сезінуі; толеранттылық сезімінің болуы – қалыптасқан

көп мәдениетті тұлғалылықтың нәтижесі.

Тіл мәдениетпен өте тығыз байланысты: мәдениетпен қатар өседі, дамиды,

көрініс табады. «Тіл-мәдениет көрсеткіші», – дейді А.А. Леонтьев. Сондықтан,

біз зерттеу жұмысымыздың келесі тарауында мектеп жасына дейінгі

балаларына үш тілді білім беру үдерісінде көп мәдениетті тұлға

қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін

қарастырамыз.

1.2 Мектеп жасына дейінгі үш тілді білім беру үдерісінде көп

мәдениетті тұлға қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық

мүмкіндіктері

1999 жылы ЮНЕСКО Бас Конференциясы қабылдаған қаулысы білім беру

саласында кем дегенде үш тілде, атап айтқанда ана тілін, аймақтық немесе

24

ұлттық тілі және халықаралық тілді пайдалануды білдіретін «Көп тілді білім

беру» терминін қабылдады.

Көп тілді білім беру – білімі мен дағдыларынан, тілдік пен сөйлеу

әрекетінен көрініс табатын адамзат «фрагменті» әлеуметтің маңызды

тәжірибесі ретінде бірнеше тілді бір мезгілде шебер қолданатын, көп тілді адам

ретінде жеке тұлғаның оқыту және дамытудың мақсатқа бағытталған,

ұйымдасқан, нормаланған үштұтас процесі болып табылады.

Шет елдік педагогтар, психологтар, лингвисттер, көрнекті қоғам

қайраткерлері ерте жастағы үш тілділіктің мүмкіндіктеріне түрліше баға берді.

Әлемдік тәжірибе бойынша, балаларды шетел тіліне оқыту туралы көзқарастар

түрлі уақытта өзгеріп отырды.

Эллинизм дәуірінде (б.з.д.IV-б.з.IV) грек тілі үстем болды. Сол заманның

сақталып қалған жазба деректеріне сүйенетін болсақ, оның ішінде ең алдымен

рим педагогы Марк Фабий Квинтилианның «Шешеннің естелігі туралы» атты

шығармасында жеті жасқа қарай баланың туған тілінен басқа екі тілді – грек

және латын тілдерін біліп шығуы керектігі болғанын біле аламыз.

Квинтилиан екі тілге үйретуді грек тілінен бастап, кейіннен латын тіліне

көшіп, екі тілді қатарлас игеруді ұсынды.

Ежелгі Римнің білім жүйесінде мектептердегі грамматика мен риториканы

оқыту грек тілінде жүрді, кейіннен әдетте үйдегі дайындықтан кейін 12 жастан

бастап оқытатын латындық грамматика мектептері пайда болып, тез уақытта

кең таралып кетті.

Орта ғасырлар кезеңінде Рим империясының құлауынан кейін 476 жылы

латын тілі білім берудің негізгі тіліне айналды. Ол Батыс Еуропа елдерінде кең

таралып кетті. Еуропалық монополизмнің басты идеологиялық күші ретінде

Христиан шіркеуі ғылым, өнер мен білімде басымдыққа ие болды. Осыған

байланысты балаларды 7-10 жастан бастап монастырлер, соборлар, шіркеу

мектептерінде латынды оқытудан басталады. Мектеп бағдарламаларынан туған

тілдің алынып тасталуы мен туған тілге сүйенуден бас тарту ұлтаралық тілді

игеру үдерісін діни догмалардың пайдасына механикалық және мағынасыз есте

сақтауға айналдырып, оқушыларға үлкен қиыншылықтар алып келді.

XIV ғасырда мәдениет саласында үлкен төңкеріс – Қайта өрлеу дәуірі,

немесе Ренессанс басталады. Адамзатты жер бетінде ең басты құндылыққа қою

білім тілін таңдау мәселесіне қатынасты түбегейлі өзгертті. Осы кезеңге жаңа

таптың – буржуазияның тууы жатады, ол қоғамда жетекші саяси күшке

айналады. Христиан шіркеуі өмірдің салаларында оның ішінде білім беру

саласында негізгі орындарын жоғалтады. Оқытудың авторитарлы ұстанымы

біртіндеп гуманисттік бағытпен ауысады, туған тілдің рөлі арта түседі. Қайта

өрлеу дәуірінің соңына қарай Еуропа елдерінде бастапқы оқыту туған тілде

жүргізілді.

Капиталистік-экономикалық қатынастардың дамуы мемлекеттер

арасындағы байланыстың кеңеюін қажет етті және шетел тілдерін оқуды

өзектендірді. XVI ғасырда испан тілі, XVIII-XIX ғ.ғ. – француз және неміс

тілдері, XIX ғ. – ағылшын тілі кең тарады.

25

Қайта өрлеу дәуірінің педагогтері мен жазушы-гуманисттері – шетел

тілдерін игерген, француз гуманисты Франсуа Рабле, ағылшын социалист-

утописті Томас Мор, итальян социалист-утописті Леонардо да Винчи, испан

жазушысы Мигель Сервантес, поляк ғалымы Николай Коперник, итальян

ойшылы Джордано Бруно – ерте жастан бастап оқытуды туған тілде жүргізудің

ұлтаралық қатынастың үйлесімді қалыптасуына, әлем мәдениетіне ортақтасуға

қажеттілігін айқын көрсетіп кеткен.

Осы кезеңнің утописттік педагогикалық шығармаларының арасынан Т.

Кампанелланың «Күн қаласы» ерекешеленеді. Оның идеалды мемлекетінде

балалар 3 жасынан бастап әліппемен танысып, содан кейін «көршілердің»

өмірімен танысу үшін шетел тілдерін оқи бастайды.

Сол кезеңнің педагог-гуманисттері оқулықтар құрап, өз ғылыми

еңбектерінде тәрбиелеу мен білім беру мәселелерін қарастырған, білім беру

мекемелерін ұйымдастырған. Я.А. Коменский (1592-1670) ең алдымен

педагогиканың, адамның өмірге келуінен өмірден қайтуына дейін ең кең

мағыналарда қарастырылатын тәрбие теориясының, ғылымның негізін

қалаушы ретінде белгілі. Оның «Ұлы дидактикасы» (1632) мамандарға ғана

емес, оқырмандардың кең ортасына танымал. Бірақ Я.А. Коменскийдің «Аналар

мектебі» (1632), «Тілдердің ең жаңа әдісі» (1648), «Адамзат әрекеттерін түзету

бойынша жалпы кеңес» (толығымен тек 1966 жылы басылып шықты)

көлеңкеде қалып қоюда. Оның еңбектерінің бір қатары тіл мәселесіне арналған.

Соның ішінде: «Адамзат әрекеттерін түзету бойынша жалпы кеңес» бесінші

бөлігі «Панглоттия» (жалпыға бірдей тіл мәдениеті), «Тілдердің ең жаңа әдісі»,

«Кітапты – ең алғашқы табиғи дарынның дамытушы құралын епті қолдану

туралы» (1650).

Ол ана тілінен бастап әр тілді бөлек үйренуді ұсынды. Ол шетел тілін

жеткіншек жаста туған тілге деген түбегейлі әрі жан жақты сүйеніш негізінде

игеруді жақтады. Оның шетел тілін оқыту үдерісі мен әдісінде туған тілдің

орны мен рөлі туралы ойлары ерекше құнды. Оның көрсетуі бойынша: «I.

Оқытушы мен оқушы бір тілде сөйлейді. ІІ. Барлық заттың түсіндірілуі таныс

тілде жасалады. ІІІ. Тілдің грамматикасы мен сөз қоры сүйеніп оқытылатын

тілге қарай ыңғайланады (латын тілі – туған грек тілі арқылы және т.с.с.). ІV.

Жаңа тіл біртіндеп оқытылады – алғашында оқушы түсініп үйренеді (бұл ең

оңайы), сосын жазып үйренеді (сонымен қатар алдын ала ойластыруға уақыт

беріледі), ең соңында сөйлеп үйренеді, бұл ең қиыны, өйткені ол алдын ала

дайындықсыз жүреді. V. Латын тілі мен туған тілді оқуда соңғысы белгілі

болғандай бастаушы болады, ал латын тілі – еруші болады» [49].

Я.А. Коменский тұтастай шет тілін оқуға арналған оқулықтар жүйесін

жасап шығарған. «Тілдердің ашық есігі» атты және басқа да жұмыстарында

ғалым шет тілін меңгеруде он түрлі амалды бөліп көрсеткен:

- мәтінді латын тілінде оқудың алдында туған тілде оқып шығып, оқылуда

дұрыс дыбыстау мен сөздер ритмін түзеу керек;

- ары қарай мәтін түсіндірілуі қажет;

26

- оқушылар кітаптарын жауып, мұғалім айтқан сөздерді аударады.

Сонымен қатар жаттығудың жазбаша түрі грамматиканың этимологиялық

қырын қайталаудан тұрады;

- мәтін бойынша грамматикалық жаттығулар және сөздерді грамматикалық

талдау;

- мәтінді этимологиялық жаттау;

- мәтіндегі антоним, синоним, паронимдерді талдау;

- мәтін бойынша синтаксисті талдау;

- мәтінді орфография мен просодия көзқарасынан қарастыру, өлең

құрастыру заңдылығы мен мәтін мазмұнын айту;

- мәтінді сұрақтар қою мен жауап беру арқылы логикалық талдануы;

- берілген үзінді бойынша сөздік талдау мен игерілген мәлімет бойынша

жұмыс [50].

Нәтижесінде, Коменскийдің көптеген жемісті еңбектері шет тілдерін оқыту

педагогикасы мен әдістемесіне енді. Чехия гуманист-ойшылының

педагогикалық тұжырымдамалары ары қарай ассоциативті психологияның

негізін қалаушы Джон Локктың (1632-1704), ұлы француз ағартушысы Жан

Жак Руссоның (1712-1778), Клод Адриан Гальвеций (1715-1771), Дени Дидро

(1713-1784), Жан Антуан Никола Кондорсе (1743-1794) еңбектерінде дамыды.

«Тәрбие туралы ойлар» атты кітабында Джон Локк шетел тілін (француз

тілін) туған тілдің негізінде меңгеруді ұсынады және шет тілін оқыту

әдістемесін кеңейтіп, оқытуды шет тілінде қарым-қатынастың үздіксіз үдерісі

ретінде қарастырады. Оның ұсынысы бойынша, шет тілі арқылы басқа да

пәндер мысалға, жағрафия, тарих оқытылуы тиіс. Осылайша, Джон Локктың

арқасында үш тілді білім беру оқытудың жаңа тәсілдерімен байыды, оның

ішінде: шет тілін оқытудың интеграциялық қағидалалары қолданды – бір

салада алынған білімдер басқа пәндерді оқыту барысында қолданылса, оқу

үдерісінің тиімділігі артты; үздіксіз қарым-қатынас барысында шет тілін оқыту

әдісі апробацияланды.

Ж.Ж. Руссо мұрасында айтарлықтай орынды педагогикалық мәселелер

алып жатыр. Өзінің атақты «Эмиль, немесе тәрбие туралы» шығармасында ол

балаларды ерте жастан шет тіліне оқытуды бірнеше рет атап көрсетті. Ол ең

алдымен білімнің туған тілде берілу идеясын жақтайтындығын және «...қалай

айтылса да, менің ойымша, кез келген бала 12 немесе 15 жасқа дейін шынымен

де екі тілді меңгеріп кете алмайды, мен ғажайыптар туралы айтып отырған

жоқпын» атап көрсеткен [51]. Ол шетел тілін меңгеруді сөздерді, оларды

білдіретің дыбыстар мен бейнелерді үйренудің жаңа идеялар, жаңа формалар,

жүйесі ретінде ұлттық мінездер жемісіндей қарастырды.

Клод Адриан Гальвеций [52] мен Дени Дидро[53] балалардың өз туған

тілдерінің үйретілуінің маңыздылығын айқындап, ал шетел тілі халықтардың

түсіністіктеріне әсер ететіндігін атап өткен.

Жан Антуан Никола Кондорсеның үш тілділіктің даму тарихына қосқан

үлесі көтерілістер кезеңімен тепе-тең түсті. Ол Ж.Ж.Руссо, Дени Дидро,

Гальвеций педагогикалық тұжырымдамаларын біріктірді. Ол ұлтқа қарамай

27

ұлтаралық саяси теңдікті ұсынды, туған тілде білім берудің бес сатылы

бағдарламасын жасады. Шет тілін меңгеруге басқа жаратылыстану мен

қоғамтану ғылымдарымен бірдей деңгейде оқытылуға орын берілді.

Немістің теорияшыл педагогі Иоганн Гербарт Фридрих (1776-1841) шет

тілін жоғарғы сословие балаларын тәрбиелеудің маңызды факторы ретінде

қарастырды, сонымен қатар грек тілін тәрбиелік мағынасы бар «Одиссеяны»

оқу үшін меңгеру керек деп санаса, ал латын грамматикасын бала жасындағы

сана үшін тым қиын деп санады [54].

Осылайша, ХІХ ғасырда ерте жастағы үш тілді білімнің теориялық

аспектілері Европаның педагог-ағартушыларының назарында болғанын білеміз.

Үш тілділік жоғарғы сословиелік балалардың білімінде қолданылғаны

анықталды.

ХХ ғасырдың үш тілді білім саласындағы негізгі сұрағы: шет тілдеріне

оқыта бастаудың балалар дамуының бірдей ұқсас жағдайлары болатындығы

еді. Үш тілділік саласында бірінші зерттеуді Ронжа мен Леопольд өткізді.

Классикаға айналған Ронжа зерттеуі бойынша әкесі баласымен туылғанынан

неміс тілінде сөйлесе, ал анасы – французша сөйлеген. Эксперимент

эмпирикалы анық жағдайды көрсетті: екі тілде сөйлеуді үйренген бала оңай

меңгермей ғана, сол тілде сөйлеуден жеткілікті құзыреттілік пен сенімділікке

ие болды. Ал сол кезекте ересек адам тіл меңгеруде балалық шақтағыдай

меңгеру нәтижесіне жетуі қиын [55].

1959 жылы атақты психоневролог В. Пенфилд осы фактіге айырықша

физиологиялық, церебральды анықтама берді. Пенфилд бойынша, бір ғана

емес, бірнеше дыбыстық белгілер жүйесінің еріксіз игерілуіне мүмкіндік

беретін мидың жүйке затының дамуының критикалық кезеңі бар. Осы кезеңге

дейін ми жеткілікті дамымайды: ол жеткілікті икемді емес. Осы кезеңнің

соңына қарай ми ие болған икемділігін жоғалтып, жаңа дыбыстық белгілер

жүйесінің меңгерілуі жанама жүреді. Мидың икемділік кезеңі 9 жасқа дейінгі

уақытпен шектеледі [56].

Пенфилд ойын психолингвист Д. Титоне қолдайды, өйткені оның ойынша:

мектеп жасына дейінгі баланың шет тілін меңгеру қабілеті тек жүйке жүйесінің

икемділігі арқасында ғана емес, оның шектен тыс ашықтығы мен кез келген

жаңа тәжірибені қабылдауға деген ынтасымен артады.

Балалардың шет тілін оңай игеруі туралы психолог Э. Пулгрэм

импринтинг құбылысымен түсіндіреді («imprint» - басып алу, сақтап қалу, есте

қалдыру), бұл құбылыс сөз тіркестерін ғана емес, тұтас сөйлемдерді есте тез

қалдырумен түсіндіріледі. Импринтинг құбылысының уақыты да анықталды –

сегіз жасқа дейін [57].

Сонымен, шет елдегі ерте жастағы үш тілді білімнің даму тарихының

анализы, ерте заманнан бастап балаларды шет тіліне үйреткенін анықтады.

Орта ғасырларда латын тілін игеру туған тілдің игерілуіне қарама-қайшы жүрді.

Келесі кезеңде үш тілді білім беруде тілдердің оқытылу тәртібі сұраққа алынды.

Шет елдік зерттеушілер әлемдік үш тілді білімнің дамуына үлкен үлес қосты.

28

Қазақстан Республикасында көп тілді білім берудің теориясы мен

практикасының пайда болуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық

мәселесін қарастырайық. Көп тілді білім берудің тарихи-педагогикалық

алғышарттарын анықтау мақсатында білім беру жүйесінің дамуы және

біздің елімізде тілдердің дамуының негізгі кезеңдерінің дәуірлерін

қарастыру қажет.

Кеңестік кезеңге дейінгі тілдердің дамуы және білім беру жүйесіндегі

көрінісі оқытуда орыс тілінің араб тілін біртіндеп ауыстыруымен

сипатталады.

Зерттеулер көрсеткендей, тілдің құрылуы Кеңестік кезеңде ең

проблемалық көрініс тапты, В.Г. Храпченковтың дәуірлеуіне сәйкес атап

айтқанда, үш саты кіреді:

бірінші кезең – 20-шы жылдардың басы – 30-шы жылдардың басы;

екінші кезең – 30-шы жылдардың басы – 50-ші жылдардың ортасы;

үшінші кезең – 50-ші жылдардың ортасы – 90-шы жылдардың басы [58].

Бірінші кезең Қазақстандағы білім беру жүйесін қалыптасуы мен бастапқы

біліммен сипатталады. 1918 жылы, Үкімет құжаттары «Бірыңғай еңбек мектебі

туралы ереже», «бірыңғай еңбек мектебінің негізгі принциптері», «ұлттық

азшылық мектептері туралы» жарияланған, оған сәйкес барлық революцияға

дейінгі мектеп кеңестікке яғни, бірыңғай еңбек мектебіне айналады.

Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудың бұл кезеңінде большевиктер

ресми кезінде олардың арасында жетекші, түрлі идеологиялық бағыттар көп

қабатты болды. Екінші ағыс ұлттық-демократиялық болды, оның негізінде А.

Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және

басқалары болды. Бұлар Алаш Орда партиясының басшылары болып табылады,

және бағдарламасында келесідей жариялады: «Білім, барлықтың меншігі болуы

тиіс. Барлық мектептерінде білім тегін болуы тиіс. Бастауыш мектепте, оқу-

әдістемелік жұмыс олардың ана қырғыз (қазақ) тілінде жүргізілуі тиіс. Олардың

орта және жоғары білімі бар болуы керек, және жоғарғы оқу орны болуы тиіс.

Мектеп автономды болуы тиіс: мемлекет мектептің ішкі өміріне кедергі

келтірмеуі тиіс. Барлық оқытушылар мен профессорлар сайланады [59]. Сол

жылдары мектептерде оқыту қазақ тілінде араб әліпбиін қолданумен

жүргізілгенін атап өткен жөн.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары – Қазақстан тарихындағы ең қайғылы

кезеңдердің бірі, жаңа империяның шикізат қорына айналдыруы. Ол орыс

тілінің тоталитарлық енгізілуімен байланысты қоғамда қазақ тілінің

проблемаларын өткір қабылдаған жылдар болды.

Қазақ зиялыларының қазақ тілінің этникалық тілі ретінде адам

қалыптастыру үшін патриотизмді қалыптастыру факторы ретінде қазақ

мәдениетінің ерекшелігін қорғау үшін, ана тілі ретінде маңыздылығы туралы

түсініктері өсті. Ана тілін өте жақсы білу қажеттігін қамтитын «ана тілі»

мектебінің идеясы, туған халқының өнері мен әдебиеті, география және тарихы

білімінің негізгі шарты ретінде, олардың арасында қазақ ғалымдары,

29

тәрбиешілер, мұғалімдер, бүкіл ғалымдардың қызметінің арқауы болып

табылады:

Ахмет Байтұрсынов – Қазақ филологиясы (тіл білімі мен әдебиеті) негізін

қалаушы, қазақ әдебиеті мен қазақ тілін меңгеруде теориялық ұғымдарды

реформалау принциптерін әзірледі;

Жүсіпбек Аймауытов – әдебиет және тіл білімі Қазақ этно-психологиялық

аспектілері, психологиялық терминологияны әзірлеуші зерттеуші, атап

айтқанда, оқыту мен тәрбиелеу үшін өз елінің тарихы мен туған жер

географиясын зерттеу үлкен мән берді;

Мағжан Жұмабаев – Қазақстан бірінші өкілдерінің бірі, мәдени қарым-

қатынастарда Шығыс және Еуропа дәстүрін жалғастыра отырып, ғылыми

жұмыстар мен кітаптар («Бастауыш мектептегі ана тілі», «Болашақтың оқу

құралдары мен мектебі», «Педагогика») авторы, Қазақстандағы педагогика

ғылымының негізін қалады.

Осылайша, осы жылдары құрылған Қазақстанның ғылыми-педагогикалық

мектебі педагогика классиктерінің (Я.А. Коменский, И. Песталлоци, К.Д.

Ушинский) ана тілінің тұлға қалыптастырудағы маңызының теориялық

ұстанымын жалғастырды әрі дамытты, соның негізінде қазақ тілінде оқытудың

негізін қалады.

ХХ ғасырдың 50-ші жылдары, қазақ халқы өзінің этникалық көзінен

кесіліп, өз ұлттық этикалық нормаларын, өзінің ұлттық сипатын жоғалтты [60].

Білім беру жүйесін дамытуға әкелген әлеуметтік және саяси факторлар,

лингвистикалық құрылысына толық әсерін тигізді.

Осылайша, кеңестік тіл саясатын И.Г. Илишев [61] үш негізгі кезеңдерге

анықтайды:

1- кезең – Халықтарды орыс тілінде дамыту мен қолдаумен сипатталады;

2- кезең – Ұлттық мәдениетін қалыптастыру тек формальды түрде, бірақ

мазмұны деэтникалық болып табылады;

3- кезең – Ана тілін жоғалту тұрақты үрдіс ретінде белгіленген.

Төмендегідей тіл құрылысының бірнеше өзге нұсқасы: 1) белгілі бір

бағытта жазуды дамыту; 2) ескі алфавитті жетілдіру; 3) барлық дерлік

жазбаларды кириллицаға аудару (орыс графикалық базасы) [62]. М.И. Исаев

алты негізгі қадамдарды анықтайды:

оның пікірінше, бірінші кезең – бұрыннан келе жатқан жазбаларды

жақсарту бойынша жұмыс, революциядан кейінгі бірқатар жылдарды қамтиды;

екінші кезең – (1920-30 ж.ж.) бірнеше ондаған жазу жүйелерінің

графикалық негізін латын әліпбиіне ауысуына байланысты;

үшінші кезең – бұрын жазуы болмаған халықтарының жазбасын құрумен

сипатталады;

төртінші кезең – 30-шы жылдарында КСРО халықтарының жазба тілін

кириллицаға ауысуымен байланысты;

бесінші кезең – (1940-1979) жаңа көп салалы шарттарда жұмыс, ұлттық

республикалар мен облыстардың орыс емес халқының ана тілі мен орыс тілі,

30

мәдени мәселелерін дамытып, нығайту, одан әрі әлiпбиi мен орфографиясын

жетiлдiру жолдарын іздеу байқалды;

алтыншы кезең – «бетбұрысты жылдардың» (1989-1995) басталуы [63].

Басқа зерттеушілердің айтуынша, сол уақытта, қоғамда тілдік процестер

үш негізгі үрдістермен сипатталды:

1)КСРО халықтарының рухани және материалдық мәдениетінің өсуіне

байланысты ескі жазба мен жаңадан құрылған жазба тілін дамыту;

2)халықаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін кеңінен пайдалану;

3)билингвизмді, әсіресе, ұлттық-орыс тілін дамыту.

Ұлы қазақ ақыны, жазушы, философ Абай Құнанбаев өз уақытында орыс

тілін оқуға қазақтарды шақырды. Ол қазақ халқының орыс тілі мен әдебиетін

оқи келе әлем әдебиетін қосылуға қабілетті болады деп білген. Қазір біздің

алдымызда жаңа міндеттер тұр: ана тілі мен мәдениетін дамыту арқылы, біз

көптілді тұлғаны қалыптастыруымыз керек.

Көп тілді тұлға – әлемнің бірнеше тілінің белсенді иесі болып табылады;

сөйлеу тұлғасы – жеке бірнеше тілді бір мезгілде сөйлеу қызметін жүзеге

асыруға мүмкіндік беретін психологиялық-физиологиялық қасиеттердің

кешені; коммуникативтік тұлғасы – вербальды емес мінез-құлық дағдыларының

жиынтығы және әр түрлі тілдік қоғамдардың өкілдерімен қарым-қатынас

құралы ретінде әлемнің бірнеше тілін пайдалануы; сөздік тұлғасы-құндылыққа

бағытталған, дүниетанымның бірнеше тілде лексикалық көрініс табатын, мінез-

құлық тәжірибесі жиынтығы [64].

Көп тілді білім берудің мәдениетаралық қарым-қатынастағы іргелі

идеялары бар:

- балалардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес әр түрлі тілдерді

пайдалану арқылы ынталандыру және көтермелеу;

- мәдениаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;

- олардың өзара іс-әрекетінің нақты мәдени ерекшеліктері мен

сипаттамаларды тіл арқылы ұдайы тану стратегиясы;

- өз мәдениеті шегінен шыға білу және өз мәдени ерекшелігін жоғалтпай

медиатор қасиетіне ие болу;

- балалардың айырмашылықтарды талқылау үшін мәдениеттер арасындағы

делдалдық осы мәдениеттер мен қабілеттерін арасындағы айырмашылықтар

білімі негізінде болып жатқан этно-мәдени құндылықтарды, сұхбаттасушымен

бірыңғай жүзеге асыру, сондай-ақ оларға қатысты өз көзқарасын өзгерту

қабілеті;

- балалардың мәдениеттану және лингвистикалық елтанулық біліміне арқа

сүйеуі;

- нақты елге (немесе аймақта) аударудың әлеуметтік-мәдени жағдайға

оқыту тілдерінің мазмұнын қамтамасыз ету [65, б. 2].

Үш тілділік қазіргі көп мәдениетті әлемнің бүгін ең маңызды факторына

айналуда. Біздің елімізде қазақ тілі – әлемдегі түркі тілдер жүйесінің ең байы,

орыс тілі – мемлекеттік тілмен бір деңгейде қолданылатын ұлтаралық қатынас

31

тілі және ағылшын тілі – БҰҰ іскерлік-қатынас, ғылым тілі, жаһандық тіл

үйретілуде.

Осы тұғырда біз, мектеп жасына дейінгі балаларға үш тілді білім беру

деп – балалардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес қазақ, орыс, ағылшын

тілдерін пайдалану арқылы ынталандыру және көтермелеу, мәдениаралық

қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, олардың өзара іс-әрекетінің нақты

мәдени ерекшеліктері мен сипаттамаларды тіл арқылы ұдайы тану, өз мәдениеті

шегінен шыға білу және өз мәдени ерекшелігін жоғалтпай медиатор қасиетіне

ие болу, балалардың айырмашылықтарды талқылау үшін мәдениеттер

арасындағы делдалдық осы мәдениеттер мен қабілеттерін арасындағы

айырмашылықтар білімі негізінде болып жатқан этно-мәдени құндылықтарды,

сұхбаттасушымен бірыңғай жүзеге асыру, сондай-ақ оларға қатысты өз

көзқарасын өзгерту қабілеті, балалардың мәдениеттану және лингвистикалық

елтанулық біліміне арқа сүйеуі деп қарастырамыз.

Шет тілдерін оқыту саласындағы мемлекеттік білім беру саясаты қазақстан

аумағында үш тілділікті дамытудың маңыздылығын мойындауына негізделген.

Мультилингвизм (полилингвизм) – бірнеше тілді белгілі бір әлеуметтік

қауымның шегінде қолдану (ең алдымен ел); әр қайсысы нақты коммуникативті

жағдайға сәйкес таңдалатын жеке тұлғаның (адамдар тобының) бірнеше тілді

қолдануы [66]. Екі құбылыс бір-бірімен тығыз байланысты (үш тілді қоғамда

коммуникацияға деген қажеттілік қайсы бір оның бөлігінің мүшелерінің

көптілділігін тудырады), бірақ қатаң айқындалмаған: бір тілділік басым

қоғамда оның бөлек бір мүшелерінің үш тілділігін жоққа шығармайды,

керісінше, елдің көптілділігі тілдік қауымдар шегінде көпшілік бір тілді

тұрғындармен келісілген бола алады (мысалы, Швейцарияда) [67]. Сондықтан

да көптілділік «индивидуалды» және «ұлттық» деп айырып қарастырылады,

соңғысы социолингвистикалық зерттеудің пәні болып қызмет етеді. Көптілділік

үлкен көлемде көпұлтты елдерге тән (КСРО, АҚШ, Индия, Нигерия және т.б.)

[68]. Көптілділік жағдайында коммуникативтік формалар (тілдер, диалекттер,

сөйлеу мәнерлері, әлеуметтік және кәсіптік жаргондар және т.б.) функционалды

иерархия құрайды, мысалы: 1) топ ішіндегі қатынастың бітік локальды

құралдары («үй» тілдері), 2) топаралық тұрмыстық қатынастың локальды

құралдары (Азия мен Африканың көп-рулы ауылдық қауымдарындағы

аталмыш «базар» тілі), 3) әкімшілік (немесе ұлттық) областың тілі, 4) көп

ұлтты аумақттың тілі, 5) жалпы мемлекеттік тіл («мемлекеттік емес» ұлтаралық

бола алады). Егер бірінші және екінші қадамдағы тілдер бейресми ауызша

қатынаста қолданылстағы мақсаттта қызмет етсе, келесілері аталған

функциядан бөлек, жаппай және ресми (айтарлықтай көлемде жазбаша)

коммуникация ретінде функциясы өседі – бұл білім беру, ақпарат құралдары,

әдебиет, мәдениет, ғылым тілдері [69].

Көптілділік көп жағдайда екі тілділік (билингвизм), тағы да диглоссия

ретінде жүзеге асады. Жаппай үш және одан да көп тілдерді игеру жағдайлары

салыстырмалы түрде сирек кездеседі. КСРО-да тұрғындардың 28,1% (73 млн.

адам) екі тілді, екінші тілдің рөлінде орыс тілі қызмет етеді (1979). Көптілділік

32

үшін (билингвизмге) қолданыстағы тілдердің функционалды мәртебесі мен

олардың жақындығының – генетикалық немесе типологиялық дәрежесі

айтарлықтай маңызға ие [70]. Көптілділіктің негізінде тілдердің

интерференциясы мен конвергенциясы іске асып, тілдік одақтар құрылып

жатады.

Қазақстан Республикасы көп ұлтты ел бола келе үш тілді мемлекет.

Қазақстан Республикасының тұрғындарының 70 пайызы екі тілді азаматтар. Екі

тілділік тарихи фактордың нәтижесі бола келе, Қазақстанның ұзақ мерзімді

саясатының маңызды бөлігі.

Әлемдік педагогиканың көзқарасында көп мәдениетті тәрбиенің

тұжырымдамалық безендірілуі 1970–1980 жылдардың шегінде жасалды. Көп

мәдениетті тәрбие мәселесі жөнінде Алдыңғы қатарлы зерттеулерге

американдық және канадалық ғалымдар ие. Американдық және канадалық

қоғамның объективті сипаттамалары: мигранттардың бірінші, екінші, үшінші

ұрпақтарының қоғамы, расалық сан алуандылық, полиэтникалық, көп

мәдениетті тәрбиелеу (білім беру) мәселесін зерттеуге жағдайлар жасады.

Соңғы он жылдан аса уақыттың ішінде Қазақстанның педагогикалық және

әлеуметтік ғылымдарының қызметкерлері (Б.А. Жетпісбаева, С.С. Құнанбаева)

[71] бұл салада жұмыстарын мақсатты түрде жүргізуде.

Заманауи әлемде билингв балалардың саны жылдан жылға артуда. Бұл

жаһандану процесімен, геосаяси ахуалмен, мигранттар санының артуымен,

тұрғындардың білім дәрежесінің артуымен байланысты жүріп жатқан құбылыс.

АҚШ, Ресей, Франция, Англия елдерінің тарихи, саяси, экономикалық және

әлеуметтік жағдайына байланысты, миграция көлемі салдарынан білім

жүйелерінде билингвизм кең тараған. Қазақстан Республикасы көп ұлтты және

тарихи, мәдени, саяси-экономикалық салдарына байланысты үш тілді білім

жүйесіне бет алды.

Үш тілділік – бұл қарым-қатынас жасауда үш тілдік жүйені қолдана алу

қабілеті. Бала ойланбастан бір тілден екінші тілге грамматикалық үлгілер мен

фонетиканы шатастырмай өтіп отырады. Табиғи билингвизм балалар

туылғанынан әр түрлі мәдениет иелерімен қатынас жасағанда, ал жасанды

билингвизм балаларды арнайы оқытқанда дариды.

Ең кең тараған және класиикалық болып танылған тұғырды француз

лингвисты М. Граммонт құрастырды. Оның ең негізгі қағидасы мынадай: «Бір

тіл – бір ата-ана».

«Үш тілділік феномены баланың метакогнитивті, әсіресе,

металингвистикалық қабілеттерін дамытады». А. Микелли (Лондон

университетінің Когнитивті нейроғылымдар институты) зерттеулері шет тілін

оқу – бас миының сол жақ төбесінің (мидың сөйлеуге жауап беретін

аумақтарының бірі) бұрыш (ангулярлы) қатпарындағы сұр заттың артуына

әкелетінін анықтады. Ерте жастан шет тілін үйрену оңайға түседі өйткені ми

иілгіш әрі өзгерістерге жақсы түсе алады. Сұр заттың көбеюі білетін тілдің

дәрежесі мен оның қолданысымен тығыз байланысты. Үш тілділік бір уақытта

33

күрделі әрі әр түрлі өлшемдерге жататын тұжырымдарды жасайтын және іске

қосатын қабылет ретінде айқындалатын шығармашылыққа ықпал етеді [72].

Ерте жастағы полилингвтер монолингвтерге қарағанда когнитивті

артықшылықтарға ие және сұрыпталған назар мен назарды бұзатын

факторларды елемейтіндікті қажет ететін бір тапсырмадан екіншіге оңай

көшеді; әр түрлі жағдайларда ойластыру үлгісі мен іс-әрекетімен ерекшеленеді:

«шиеленісті шешу» қабілеті, күрделі ақпаратты талдап болжам құрастырумен,

атқару функцияларының вербальды тапсырмаларды атқару ғана емес, іс-

әрекетті басқару мен жоспарлау үшін маңызды процестердің тез дамуы; өмірдің

алғашқы айларында миды пассивты жаттықтыру келешектегі ойластыру мен

ақпаратты сақтауда аз күш жұмсайды, бұл өз кезегінде білім алу

жылдамдығына әсер етеді [73].

Полилингвтердің сөйлей бастауы қалыпты балалар тілінің бастамасы шегі

мен тамаша түсінік мәнмәтініне кіреді. Полилингвтер семантикасының дамуы

кезеңіне бір тілді құрбыларынан ертерек 2-3 жаста жетеді.

Полилингв-балалардың мінез-құлқына арналған зерттеулерде:

сұхбаттасушының қажеттіліктеріне деген ерекше қайырымдылық (Genesee,

1975); хабардың адекваттылығы мен екі ойлылығын бағалай алу қабілеті

(Siegal, 2010); өтірікті тез аңғара алатындық (Siegal, 2010); мазақпен жабылған

ниетті, полилингвтердің нәтижелілігі олардың өз қателі сенімдері мен

көзқарастарын жиі қарастыру қабылетімен байланысты болуы мүмкін (Sorace,

2007) [74].

Шет тіліне үйрете бастау үшін баланың ана тілінде сөйлеу қабілеті

қалыптасуы қажет. Сондықтан баланың ана тілін игеру үдерісін бақылау

маңызды. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл үйренуі үшін тілді

қолданысты қажет ететін жағдаймен кездестіру маңызды. Балаға тілді

қолдануды формальды түрде үйретпесе де, тіл үйрену баланың бүкіл

физикалық, әлеуметтік, когнитивтік дамуының бір бөлігі. Егер бала 6 немесе 7

жасқа жеткенше тілмен таныс болмаса, қолданып көрмесе, тілді үйреніп кете

алмау мүмкіндігі бар. 2 мен 6 жас аралығындағы балалар тілді соншалықты тез

үйренеді, нәтижесінде 6 жастарында тілдің құзіретті қолданушылары болып

шығады. Мектепке дейінгі жас кезінде балалар керемет тілді үйрену қасиетіне

ие, тілді үйренуі еріксіз түрде жүреді [75; 76].

Ғылыми зерттеулер бойынша балалар табиғи түрде «коммуникаттивтік

құзыреттілікті» игереді және тілдің грамматикалық ережелерін түсініп,

қолдану ережелері туралы білім жинайды. Лингвистикалық құрылымдылық

баланың өз когнитивтік және әлеуметтік белсенділігі нәтижесінде келеді.

Сонымен бірге балалардың даралығы мен олардың тілді үйреніп кету

жылдамдығында үлкен айырмашылық болады. Әртүрлі елдегі балалардың тілді

бірдей жаста үйреніп кете алатынын ескерсек, бір тіл екінші тілден қиын емес

екендігін тұжырымдаймыз. Шындығында баланың лингвистикалық және

коммуникативтік құзіреттілігін даму мүмкіндігі болады, және ол тілді табиғи

жағдайда үйрене алады. Балалар мен ересектердің қарым-қатынастары көп

жағдайда сәтті болуы біздің коммуникативтік құлқымыз бір ережеге

34

бағынатындығын білдіреді [77]. Patton Tabors (Паттон Тейборс)

тәрбиелеушілерді тілді жұмыс істеуі үшін барлық бөлшегі тура келуі керек

“пазл” ретінде қабылдауды сұрайды. Пазлдың бұл бөлшектері: фонология,

лексика, грамматика, дискурс және прагматика (Tabors, 1997).

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ортаның, тұқым

қуалаушылықтың, тәрбиенің тұлға дамуының факторы болып табылатындығы

дәлелденген және мектепке дейінгі жас – шет тілін игерудің сензитивті жасы

болып табылады (И.В. Вронская, Н.Д. Гальскова), тілдік орта мен

дамытушылық орта тұлға дамуына мүмкіндіктер береді (М. Монтессори). Ерте

жастан оқытылатын шет тілінің тілдік қабілеттерді ашатындығы анықталған,

мысалы: баланың көзқарасында екі әлемдік сурет қалыптасады, бала екі тілді

сәйкестендіруді үйренеді, нәтижесінде ойлау қабілеті көп-деңгейлі болып

дамиды, себебі бала белгілі бір тілден абстракциялайды, басқа мәдениетпен

таныса отырып толеранттылыққа үйренеді, қарым-қатынасқа түсу қабілеті

дамиды [78].

2-6 жас аралығындағы балаларды шет тіліне үйретуде көптеген

тәжірибелер жүргізілген. Тәжірибелер шет тілі – ерте жастағы балаларда

түсініктердің қалыптасуына әсер ететіндігін көрсетті. Егер, түсінік абстрактілі

ойлаудың формасы болса, онда шет тілін игеру мен абстрактілі ойлаудың

дамуы арасындағы қарым-қатынас тығыздығын анықтауға болады.

Тәжірибелер туылғаннан шет тілін меңгеріп кету мүмкіндігінің бар

екендігін, ерте жас балалардың бұған деген ерекше қабілетінің барлығын

көрсетті. Психологтар балалардың шет тілін үйренуі ана тілінде сөйлеуіне

жағымды әсер ететіндігін айқындады. Шет тілін үйреніп жүрген балалардың

жартысынан көбінде есте сақтау қабілеті жоғарғы деңгейде және зейіні

тұрақты. Зерттеушілердің ойынша шет тілін 5-8 жаста меңгере бастау дұрыс,

себебі, бұл жаста туған тілдің құрылымы жетілген болып табылса ал жаңа тілге

саналы қарай бастайды. Бұған қоса, осы жаста сөйлеу құлқының белгілі бір

тұрақты ерекшелігі қалыптаспай тұру кезеңінде ойын жаңаша жеткізуге еш

кедергі болмайды, шет тілінде қарым-қатынасқа түскен кезде психологиялық

қиындықтарға кезікпейді.

Шетелдік психологияда (Л.С. Выготский, Б. Уайт, Дж. Брунер, Р. Робертс,

С.Н. Рубинштейн) балалар ересектерге қарағанда шет тілін тез игереді деген

мәліметтер бар. Балалар есте сақтауға аз күш жұмсайды, олар ересектерге

қарағанда жалған наныммен, таптаурындармен кездеспегендіктен, жаңа ойын

ережелерін оңай қабылдайды. Қарым-қатынастың ойын сипаты – балаларды

шет тіліне үйретудің басты ерекшелігі. Психологияға сүйенетін болсақ, 2-7 жас

аралығында балаларда нақты-бейнелі ойлау дамыған. Ол объектілер туралы

ассоциативті әрекеттер түрінде іске асады. Балалар ой-қорытындылары

қабылдауда берілген көрнекілік алғышарттарға сүйенеді [79]. Мектеп жасына

дейінгі балалардың осындай ойлау ерекшеліктері оқытуда көрнекілікті кең

қолдануға және пәнге қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен

балабақшадағы шет тілін меңгеру алдағы мектепте тілді сәтті меңгеруге негіз

қалайды. Дұрыс әдістемелік оқыту барысы мен психо-физиологиялық

35

ерекшеліктерді ескеру жағдайында, шет тілін оқыту – баланың сөйлеуі мен

жалпы дамуына жағымды әсер етеді.

Полилингвизмнің кемшіліктеріне келесілерді жатқызуға болады: екі тілді

балалардың сөйлеуі бір тілді балаларға қарағанда кешірек басталады,

Полилингвтердің сөздік қорының аздығы, сөз іздеудегі жылдамдықтың

төмендігі, метатілдік интерференция [80].

Полилингв-балаларды тәрбиелеудің заманауи педагогикалық мәселелеріне

келесілерді жатқызған жөн:

1)мәдениетаралық құзыреттіліктің педагогтармен бірге мектеп

оқушылары, балабақша тәрбиеленушілерінде де қалыптастыру қажеттілігі;

2)полилингв-балаларда коммуникативтік-сөйлеу құзыреттілігін

қалыптастыру қажеттілігі;

3)полилингв-балалардағы коммуникативтік-сөйлеу құзыреттілігін

қалыптастырудың Қазақстанда бейімделуі мен әлеуметтенуінің педагогикалық

бағдарламаларының болмауы.

Көптеген этностардан тұратын көп мәдениетті орта, қоғам, жағымды әсер

етеді, мысалы, әртүрлі мәдениеттер туралы көзқарас алғанда, олардың салт-

дәстүрі, жақсылық пен жамандық туралы ұғым, өз мақсатына жетуде ұлтаралық

қатынаста діл мен құзыреттіліктерге ие болуға көмектесумен қатар жағымсыз

әсерлеріне де ие, ең алдымен олар ұлттық негізде, басқа мәдениетке

шыдамсыздық көрсету мәнінде конфликтті жағдайдың тууына байланысты

жайттар.

Осы жағдайда ұлтаралық құзыреттілікті анықтап алуымыз керек. Ол үшін

біз құзыр мен құзыреттілік ұғымдарының айырмашылығын анықтауымыз

керек.

Қоғамдық педагогика сөздігіне сүйенетін болсақ, келесідей анықтама

беріледі:

«Құзырет – белгілі бір мекемеге, шенді тұлғаға, заңмен, немесе басқа да

құжатпен тіркеліп берілетін міндеттер мен іс-әрекет жиынтығы, белгілі бір

саладағы білім мен тәжірибе;

Құзыреттілік – (латын тілінде competentia – құқық бойынша белгілі бір

шенге қатынас) – бір іс туралы пікір айтатын құзыретке ие болу; білімдерге ие

болу» [81].

Осылайша, құзыреттілік екі кеңістікте анықталады. Ол белгілі бір

құзыретке ие болу, немесе ол құзыретке ие болу негізінде бір іс-әрекетті

орындай алумен анықталатын тұлғаның қасиеті [82].

Көп мәдениеттіліктің қалыптасуы бүкіл әлемнің әр түрлі халықтарының,

әр түрлі мәдениеттердің бір кеңістікте, бір қалада, бір елде бірлікте өмір

сүруінің негізі (3-суретке қараңыз).

Алда айтылып өткендей, көп мәдениетті тәрбиелеудің ғылыми негізін

америкалық және канадалық ғалымдар қалап кеткен. Бірақ Қазақстан

Республикасы көп мәдениеттілік тұғырынан алғанда жақсы көрсеткіш бола

алады. Қазақстан халықтарының ұзақ жылдар бойы бірлік өмір сүруінде бір де

бір этностың өзіндік мәдениеті, тілі, тарихи қоныстануы өзгеріске ұшырамады.

36

Бұл тарихи бірізділікке халықтық тәрбие мен ауыз әдебиеті, фальклор, ойындар

мен билер әсер етті [83].

Бұл жерде мәдениетсіз тұлға екінші тұлғаны мәдениеттілікке үйрете

алмайтындығы жайлы факт бар. Сондықтан да, ең алдымен, көп мәдениеттілік

балалармен айналысатын педагог құзыретінде болуы керек.

Сурет 3 – «Үш тілді баланың көзқарасын құруға табиғи әсер етуші көздері».

Полилингв-балалардың коммуникативтік-тілдік құзыреттілігіне келсек,

заманауи педагогика талаптарына сай, билингв-балалардың тілдік

құзыреттілігін қалыптастыру технологияларын жасап шығару өте маңызды.

Педагогика және психологиялық энциклопедиялық сөздігінде тілдік

құзыреттілікті «берілген тілде практикалық еркін сөйлей алу, диалог түрінде де,

монолог түрінде де дұрыс, шапшаң және динамикалық сөйлей алу, естілетін

және оқылатын сөйлеуді жақсы түсіну, және кез келген функционалды стильде

сөз сөйлей алу мен түсіну. Индивидтің мәдениетінің бөлінбейтін құрамдас

бөлігі [84]. Тілдік құзыреттілік – сөйлеу-қатынас практикасының кеңдігімен,

түрлі жанрлардағы көп әдебиеттерді оқуменен пайда болады», – деп

анықтайды.

Сөйлеу құзыреттілігі деп – баланың қарым-қатынастың белгілі бір

жағдайында туған тілін практикалық қолдана алуы, вербальды, вербальсыз

(ым, ишара, мимика, қимыл) және интонациялық құралдарды немесе олардың

Балабақша

мектеп

Тұрғылықт

ы ел БАҚ-ы

Тұрғылықт

ы ел қоғамы

жанұя

Үш тілді

бала Басқа әсер

етуші көздер

37

тұтастығын қолдана алуы. Сөйлеу құзыреттілігі лексикалық, грамматикалық,

фонетикалық, диалогтік және монологтік құрамдас бөліктерден тұрады.

Мектепке дейінгі ересек жастағы бала құрдастары мен достарының болуын

қажет етеді. Ол өз уақытының 50-70%-ын олармен қатынаста өткізеді.

Бала қарым-қатынас серіктес ретінде ересек адамға қарағанда

тартымдырақ бола түседі. Біріккен іс-әрекеттері өте шапшаң дамиды. Олардың

негізгі сипаттамасы – ұшқыр эмоцияналдық қозу. Бала күн сайын серігін еркін

таңдау жолында өте көп қатынасқа түседі. Егер баланың қызығушылығы, оның

тұлғалық қатынас пен біріккен әрекеттерге деген қажеттілігі қанағаттанатын

болса, оның қоршаған ортаға деген сенімділігі пайда болып, қоғамдық

қатынастар кеңістігі үлкее түседі. Осы жастағы бала құрдастарының

ойындарын бақылай алу, олардан бір зат сұрау, рахмет айту, серігімен

сөйлескенде сыпайы болу қабілетіне ие болады [81]. Берілген жаста

ситуациядан тыс қарым-қатынас пайда болады (болып жатқан жағдайдан тыс

шығатын қатынас). Ситуациядан тыс қатынастың 2 формасы бар: танымдық

және тұлғалық. Танымдық қатынас егер бала жақсы сөйлей алатын болып,

балалармен және ересектермен көз алдында тұрмаған заттар туралы

сөйлескенде болады.

Тілдің даму деңгейі көп жағдайда балалардың қатынасқа түсіп, әңгімені

жалғастыра алуымен анықталады. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар тек

танымдық тақырыпта ғана емес, адамдардың өміріне қатысты тұлғалық

тақырыптарға сөйлескісі келеді. Осылайша мектепке дейінгі жаста ең күрделі

әрі жоғарғы түрі – қатынастың ситуациядан тыс тұлғалық формасы пайда

болады. Енді бұл жағдайда қасиеттер мен іс-әрекеттердің (өзінің және басқа да

балалардың) бағалануы маңызды бола түседі. Балада түсіністікке деген

қажеттілік пайда болады – қатынастың тұлғалық формасының айқын

ерекшелігі [85]. Қатынастың басты мазмұны – іскерлік біріккен әрекет пен

біріккен ойын әрекеті. Конфликттер саны мен әсері күрт өседі. Қарым-

қатынастағы шиеленісушілік арта түседі. Құрбылары үнемі өзімен

салыстырудағы нысанға айналады, сонымен қатар, салыстыру ортақтықтықты

анықтауға емес, керісінше өзін басқамен қарама-қайшы қоюға бағытталған.

Өзін мойындатуға, сыйлауға деген қажеттілік ересектермен, құрбыларымен

қарым-қатынаста басты рөлге шығады.

Ойын көп мәдениетті ортада тілді үйренуге мотивацияны қалыптастырады.

Балалар ойыны – балалардың ересектер әрекеттері мен араларындағы

қатынасты ерекше, жағдаятты формада қайталуынан тұратын тарихи дамып

келе жатқан іс-әрекет түрі.

Л.С. Выготский ойынды «еркін мінез-құлық мектебі» деп атаған.

Д. Б. Эльконин, басты тұжырымдарының бірі болып табылатын ойынның

қоғамдық табиғатын қарастырды. Көрнекті теоретик әрі зерттеуші балалардың

ойын әрекетін бақылап ойынның адам қарым-қатынасы саласына деген

сезімталдығын атай көрсетті. Оның ойынша, ойын баланың қоғамдағы

жағдайынан пайда болып, сол жағдайларды көрсетеді [86].

38

Ойын арқылы полилингв-балалардың Қазақстан қоғамындағы өмірге

қызығушылық пайда болады. Ойын арқылы бала модульденген қатынастарға

араласады, мінез-құлқының мотивтері дамиды. Ойын ішінде қатынастың

объективті негізіне ойын мазмұны мен балалар таңдаған рөлдер жатады.

Қызықты ойындар бірігуге ынталандырады, біріккен ойындарға қызығушылық

арттырады, пайда болған қиыншылықтарды шешуде дұрыс қатынастарды

орнатады. Ойын мазмұны арқылы балалар ұйымшылдығы мен қарым-

қатынасының деңгейін көрсетеді.

Адамның қоршаған әлемді тануы «тірі пайымдаудан» – сезімдерден,

қабылдаудан, түсініктерден басталады. Мектеп жасына дейінгі ересек топ

балаларында бұл психикалық үрдістер айтарлықтай жақсы дамыған.

Баланың қоғамға ортақ сенсорлық эталондарды (дыбыс, жарық, түстер, спектр

гаммасын) қабылдауы аса маңызды роль атқарады. Жүйе ретінде сенсорлық

эталондарды қабылдау баланың қабылдауын өзгертеді. Адамның адамды

қабылдауы сияқты психикалық күрделі үрдіс қабылдаушының дамуымен,

ондағы қарым-қатынасқа деген қажеттіліктердің қалыптасуымен бірге жүреді.

Оған әрекеттің жаңа түрлерін (әсіресе ұжымдық), қарым-қатынас шеңберінің

кеңеюі және жағдайдан тыс тұлғалық қатынастардың пайда болуы өз септігін

тигізеді.

Мектеп жасына дейінгі ересек кезең – тұлғаның, сапалық жаңа, жоғарғы

субъект бірлігі – тұлға бірлігін қалыптастыратын, психологиялық

механизмдерінің қалыптасу кезеңі болып табылады. Бала нені қалайтынын

біледі және өз мақсатына жетеді, оның әрекеттерін қоршаған орта жағдайы

немесе өзінің шешімдері анықтайды. Бұл өзгерістер психикалық дамудың

барлық жақтарында көрініс табады – коммуникативтік, танымдық, ерік-

жігерлік, мотивациялық. Адамның «Мені», тұлғаның ішкі мазмұны өздігінен

пайда болып қалыптаспайды, ол тек қоршаған адамдармен қарым-қатынас

барысында, белгілі бір жеке қарым-қатынас негізінде қалыптасады.

Ересектермен қарым-қатынас тұрғысынан бірінші орынға жағдайдан тыс

қарым-қатынас – танымдық және тұлғалық қатынастар шығады. Тұлғалық

қатынас кезінде талқылау объекті – заттар емес, адамдар әлемі болады. Мектеп

жасына дейінгі ересек жастағы балалар әрекет ету ережелері, өздері және ата-

аналары жайлы сөйлескенді жақсы көреді. Бұл қатынастың негізінде баланың

өзара түсіністігі жатыр. Негізгі сипаты қарым-қатынас, іскерлік серіктестік,

бірге ойнау.

Психикалық даму, тұлғаның қалыптасуы өзін-өзі сезінумен және өзіне

жеке, рухани және қоғамдық жаратылыс ретіндегі қатынаспен байланысты.

С.Л. Рубинштейн индивидтің шынайы дербестігінің өсуіндегі өзін сезінуінің

дамуының қозғаушы күші оның өзара қатынастарының өзгерісінен көрінеді

[87].

Мектеп жасына дейінгі ересек кезеңде бала дербес бола бастайды,

ересектерден бөлек әрекет ете алады, айналасындағы адамдармен қатынасы

кеңейеді. Бұл өзін толық және терең сезінуге, өзінің және өзге қатарластарының

39

артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл кезеңде

өз-өзін бағалауы – сана көрінісінің маңызды формасы белсенді дамиды.

Бұл жастағы ең маңызды жаңадан қалыптасатын – еркін әрекет ету:

импульсивті және риясыз болып, норма және ережелермен байланыса

бастайды. Балада өз әрекеттерінің алдын ала образы қалыптасады, ол реттеуші

ретінде болады. Ол бала әрекеттерін үлгімен салыстыра отырып басқарады

және реттейді.

Мотивациялық тұрғыда да үлкен өзгерістер болады. Мектеп жасына

дейінгі ересек топтағы баланы бұрын болмаған себептер әрекетке итермелей

бастайды. Бұл ересектер өміріне деген қызығушылықпен, оларға ұқсауға деген

талпыныспен байланысты. Маңызды мотивтер ішінде: жаңа әрекет түрлеріне

деген қызығушылық (ойын, құрастыру, еңбек және т.б.), отбасыдағы ересек

адамдармен жағымды арақатынасты орнату және сақтап қалу, жеке жетістіктер

мотиві, өзін жақсы көруі, өз-өзіне сенуі, жарысу, танымдық мотивтер бар.

Мектеп жасына дейінгі баланың тұлғасының қалыптасуында адамгершілік

мотивтер үлкен роль атқарады. Олардың пайда болуы және дамуы қоғамдағы

адамның әрекет нормаларын игеру және түсінумен байланысты. Бұл жерде

негізгі орынға қоғамдық мотивтер: жағымды істер жасау, көмектесу, пайдалы

істер жасау шығады. Сонымен бірге бұл мотивтер бір-біріне тығыз байланысты.

Мотивтердің өзара байланысты болуы – баланың мотивациялық жағының

дамуында үлкен жаңалық болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалардың ерекшеліктерінің

ішінде темперамент ерекше орын алады. Адам темпераменттің физиологиялық

негізі оның жоғарғы жүйке әрекетінің түрі болып табылады. И.П. Павлов

жүйке жүйесінің негізгі үш қасиетін (күш, қозғалмалылық, әрекет) және бұл

қасиеттердің негізгі төрт үйлесімін [88] атап кеткен. В.С. Мерлин темперамент

түрлерінің психологиялық көріністері жайлы мәліметтерді жалпылады:

сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик. Мектепке дейінгі ересек топ

балаларының жүйке жүйесінің негізгі жас ерекшеліктеріне: қоздырушы және

тежеуші үрдістердің әлсіздігі, олардың бірқалыпты болмауы, өте жоғары

сезімталдық, ересектермен салыстырғандағы күштің тез қайта қалпына келуі,

жүйке жүйесінің жұмсақтығы темпераментке әсер етуге мүмкіндік береді,

алайда әсер ету шараларын темпераменттің әлсіз жақтарын тежеп және оның

күшті жақтарын дамытатындай етіп таңдайды [89].

К.Д. Ушинский, назар аудару – бұл адам денесіне сырттан кіретін

нәрсенің бәрі өтетін есік дейді. Назар аударудың ең маңызды қасиеттерінің

бірі – оның тұрақтылығы, бір нәрсеге ұзақ назар аударуға мүмкіндік беруі.

Мектепке дейінгі ересек топ жасындағы балада еркін, еріктік емес, нақты

қойылған мақсатсыз пайда болатын назар аудару пайда болады. Алайда

балалар бір іспен белсенді және өнімді түрде он бес минутқа дейін тұрақсыз

айналыса алады [90]. Осылайша еркін, белсенді, нақты қойылған мақсатпен,

ерік-жігермен байланысты назар аудару бастауы пайда болады. Оның пайда

болуы – адам психикасындағы маңызды жаңалықтардың бірі. Назар аударудың

негізгі түрлері өзара тығыз байланысты және бір-біріне ауысып отырады.

40

Назар аудару мен қабылдауды жетілдіру бала жадысына тікелей әсер етеді,

бұл мектепке дейінгі жаста сана ортасында болады, барлық функциялардың

қалыптасуына негіз болатын орталық психикалық функциялардың бірі болып

табылады (Л.С. Выготский). Балада еркін жады түрі дамыған. Бұл өмір

кезеңінде психикада жаңа - өздігінен есте сақтау және қайта жаңғырту пайда

болады, ол жеті-сегіз затты немесе он-он бес суретті есте сақтай алады.

Мектеп жасына дейіні ересек топ баласына эйдетикалық жады тән.

Балалардың 40%-ға жуығы көргенін толықтай есінде сақтай алады. Бұл қабілет

мектепке дейінгі жаста сақталады және мектеп жасына өткенде жоғалып

кетеді. Ересек мектепке дейінгі жас кезеңінен өту кезінде сөздік жадының

ерекше қарқынды дамуы байқалады. Мектепке дейінгі ересек топтағы балалар

сөз материалын көрнекілік материалындай толық есте сақтай алады.

Мектепке дейінгі жастағы балада эмоциялық жады дамудың жоғары

деңгейіне жетеді. Бұл жады түрі мектепке дейінгі жастағы балаларда өте жақсы

дамыған және оның негізі бола алады. Жадының дамуы тек түсініктер

шеңберінің кеңеюінде ғана емес, жеке және нақты образдардан қоғамдық

образдарға өтуден көрініс табады. Балалар бірнеше рет қайталанатын

материалды жеңіл жаттап алады. Біз мектепке дейінгі жастағы балалардың

жадысы образдық сипатта болатынын атап өткен болатынбыз, сондықтан

балада жарқын образдық көріністер беретін мәтіндер ерекше жеңіл жатталады.

Балалар ертегілерінің, өлеңдерінің, әндерінің көпшілігі осыған негізделген.

Есте сақтауды мәтіннің эмоционалдық қанықтылығын жақсартады. Бала көп

эмоциялық әсер беретін шығармаларды тез есте сақтап, қайта жаңғыртып айтып

бере алады.

Мектеп жасына дейінгі ересек кезеңде тек өзі көрген құбылыстар ғана

емес, сонымен бірге қоршаған шынайылықтың жалпыланған қасиеттері

қызықтыра бастайды. Бала тікелей көріністен басқа бағытқа өтіп, құбылыстар

арасындағы себеп-салдар байланысын анықтап, жаңа материалды жалпылап

және жақсы логикалық ой-түйіндер жасай алады. Біз үшін логикалық ойлаудың

тек заттар немесе түсініктер байланысын сараптауда ғана емес, сонымен бірге

адамдар әрекетін салыстыру барысында да дамуы маңызды. Мектеп жасына

дейінгі ересек топ балаларына оқылған кітапты, көрген фильмді және олардың

кейіпкерлерін, олардың әрекеттерін талқылау өте пайдалы.

Сана құрылымы және адамның психикалық қызметтерінің барлық жүйесі

үшін ең маңыздысы – ойлаудың дамуы [91]. Мектепке дейінгі жастағы бала

ойлауы енді көріністік-әрекеттік емес, ол көрген жағдайдан алшақтайды,

сәйкесінше, тікелей сезіну арқылы берілмейтін жалпы түсініктер арасында

байланыстар орнату мүмкіндігі туындайды. Бала жағдайлар мен құбылыстар

арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтап, түсіндіріп, түсініп және

өзінің қоршаған ортаға деген түсінігін қалыптастыра алады. Ол тікелей

заттармен ғана емес, олардың образдары мен көріністерімен де әрекеттер жасай

бастайды. Осылайша алты жасар баланың таным жүйесінде – көрнекі-образдық

ойлау қалыптасады.

41

Баланың сөйлеуі мен оның ойлауы өте тығыз байланыста. Мектеп жасына

дейінгі ересек кезең – өте қарқынды даму кезеңі.

Бұл кезеңде басымдық сөйлеудің семантикалық (мағыналық) жағына

ауысады. Бұл жаста бала өз тілінің барлық жақтарын: сөздігін, дыбыстық,

грамматикалық құрамын меңгеріп алады. Сөйлеудің маңызды қызметі –

қарым-қатынас қызметі. Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы бала

ересектермен және қатарластарымен сөйлесе отырып, ситуациялық,

мәнмәтіндік түсіндіру формаларын қолдана бастайды [92].

Бұл жастағы қиял бұрынғыға қарағанда өте жарқын көрініс табады.

Баланың қиялы ерте және мектепке дейінгі жас шекарасында пайда болып,

мектепке дейінгі ересек кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырайды. Еркін қиялдың

дамуымен бірге қиялдың жаңа түрі – еркін қиял пайда болады. Оның пайда

болуы және әрі қарай дамуы баланың қоршаған ортамен, бірінші кезекте

ересектермен, қарым - қатынасының жаңа формасының пайда болуымен

байланысты. Қиялдың дамуында сыртқы тірек маңызды роль атқарады. Егер

өзінің қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде мектепке дейінгі жастағы

баланың қиялы шынайы ойын материалымен бірге және ойындардың,

рольдерімен, заттардың ұқсастығымен байланысты болса, ал мектеп жасына

дейінгі ересек топ баласында бұл ойынға өте қатты байланысты болмайды және

басқа заттар да тірек ретінде қолданыла береді. Бұл жастағы қиял образдарына

жарқындық, қозғалмалылық, өзгергіштік тән.

Баланың психикасының дамуында оның өзіндік әрекеті де маңызды роль

атқарады. Психологтар баланың психикалық өміріне сараптама жасау кезінде

танымның және әрекеттің бірлігінің әдістемелік принципіне сүйенеді, оған

сәйкес психика тек әрекетте көрініс тауып қана қоймай, сол жерде

қалыптасады. Психика қалыптасуының жастық кезеңдерінің ауысуы жаңа

әрекеттер түрлерінің әсерінен болады. Дәл осы әр жасқа тән әрекеттер

барысында маңызды таным, сезім, ерік-жігер, мінез, баланың толық

тұлғасының өзгерістері орын алады. Алайда бұл белгілі бір даму кезеңінде бала

тек бір әрекетпен айналысады, ол ересектермен қарым-қатынас жасайды,

немесе ойнайды, немесе оқиды, немесе еңбек етеді деуге болмайды.

Мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың репертуарында адам

әрекетінің барлығы дерлік кездеседі және олардың әрқайсысы психикалық

дамуға әсер етеді. Ең алдымен ойынды қарастырайық. Ойын - балалардың

сүйікті ісі ғана емес, бұл мектеп жасына дейінгі балалардың ең маңызды

әрекеттерінің бірі. Дәл осы ойын арқылы осы жастың жаңа ерекшеліктері

қалыптасады.

Мектеп жасына дейінгі ересек кезеңдегі ойынның негізгі мазмұны – бұл

тек заттармен әрекеттер жасау емес, адамдар арасындағы қатынас және өзіне

алынған рольге байланысты ережелерді орындау. Ойын күрделенген сайын

оның қатысушыларының саны да артады және ойын бірлестіктерінің бірге болу

ұзақтығы артады. Осылайша үш жастағы балалар ойын үшін екі-үштен шағын

топтарға бірігеді және ойынды он-он бес минут ойнайды; төрт жастағы балалар

– алты адамнан бірігіп, қырық минутқа дейін ойнайды; алты-жеті жастағы

42

балалар үлкен топтармен ойнайды (он бес балаға дейін) және олардың ойыны

бірнеше күнге жалғасуы мүмкін. Ойын басталғанға дейін балалар оны

жоспарлайды, рольдерді бөледі, қажетті ойыншықтарды таңдап алады, ал ойын

кезінде бір-бірін бақылап, түзетіп, бағдар беріп, қандай да бір кейіпкердің өзін

қалай ұстауы керектігі жайлы айтып отырады. Мектепке дейінгі жастағы

ересек топтағы балалар әртүрлі: рольдік, қозғалмалы, дидактикалық ойындарға

қызығады. Сюжетті-рольдік ойын бала жасының негізі мотиві – ересек адам

әлеміне ену талпынысын қанағаттандырады [96]. Мектеп жасына дейінгі ересек

топ балаларында ережелері бар ойындар үлкен орынға ие. Олар ойдан

шығарылған жағдайдағы рольдік ойындардан пайда болады (А.А. Леонтьев,

Д.Б. Эльконин, Ф.И. Фрадкин). Бұл ойындардың негізі роль және ойын

жағдайы емес, ережесі мен міндеттері. Ережелері бар ойындар: қозғалмалы,

заттармен ойналатын дидактикалық, стол-баспа ойындары, сөздік ойындар,

қиял-ойындар, театрландырылған-ойындар. Басқа адамдарға әсер етуді негізгі

мотив етіп алатын өнімді эстетикалық әрекетке өтудің формаларының бірі

театрландырылған ойындар.

Соңғы он жылдықта ойынға бала өмірін ұйымдастыру формасы ретінде

қарау белең алып келеді (Л.П. Усова). Ойынға деген мұндай көзқараста

педагог позициясы өзгереді. Ол бала өмірі мен әрекетін ұйымдастырушыға

айналады, ал оның қызметіне «балалар қоғамындағы» қатынастарды басқару да

енеді.

Ойын баланың мотивациялық жағының дамуында үлкен роль атқарады.

Бұл ерекшелікке назар аудара отырып, Д.Б. Эльконин ойынның маңызы балада

мазмұндық жағынан жаңа әрекеттердің және соған байланысты міндеттердің

пайда болуымен ғана шектелмейді. Ойын барысында балада мотивтердің жаңа

психологиялық формасы пайда болады. Дәл осы ойында санаға дейінгі,

жарқын бояуға ие, қалау мотивтерінен сана шегінде тұратын жалпы ниет

мотивтеріне өту іске асады.

Басқа әрекет түрлері де жаңа қажеттіліктердің қалыптасуына септігін

тигізеді, алайда басқа ешқандай әрекетте дәл ойындағыдай ересектер өміріне

толыққанды ену, осындай қоғамдық функциялардың, адам әрекетінің мағынасы

ерекшеленуі болмайды. Баланың дамуы үшін ойынның алғашқы және негізгі

маңызы осындай [93].

Мектеп жасына дейінгі ересек топтармен жұмыс жасайтын педагогтар өз

жұмыстарында Л.С. Выготскийдің: «дамудың алдына түсіп, алға тартуы керек»

оқу қағидасына сүйенеді. «Мектеп жасындағы ақыл-ойды дамыту және оқыту

мәселесі» жұмысында өзекті даму деңгейі жайлы түсінік береді, ол балада бар

психикалық қызметтер ерекшеліктерін және жақын даму аймағын сипаттайды:

«Баланың ересек адам көмегімен жасай алатын әрекеті баланың жақын

арадағы даму аймағына жатады... Бұл баланың ертеңгі күнін, оның

динамикалық даму күйін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, баланың

ақыл-ой даму күйі кем дегенде оның екі деңгейін – өзекті даму және жақын

арадағы даму аймағын анықтау арқылы анықталуы мүмкін» [91].

43

Мектеп жасына дейінгі ересек топта ойынмен қатар көркемөнер әрекеттері

де маңызды. Балалар қуана отырып суреттер салады, мүсіндер жасайды,

жапсырма жасайды, билейді, ән салады, ертегі тыңдайды, сүйікті туындыларын

көрсетеді. Көркемөнер әрекеттерінің түрлерін дамытуға олардың қол

жетімділігі мен көркемдігі ғана емес, сонымен бірге балалардың белгілі бір жас

ерекшеліктері де әсер етеді: олардың жеңіл әсер алуы, образды-эмоционалды

сәттерге сезімталдық танытуы осы жастағы бірінші және екінші сигналдық

жүйелерге тән. Н.С. Лейтес: «Көркемөнер» түріне жақын балаларға қабылдау

жарқындығы, көрнекі-образдық жады, қиялдың байлығы және абстрактілік

ойлаудың кейбір жетіспеушілігі болатындығын айтады» [94].

Балалардың көркемдік-сөйлеу әрекеттері сан алуан: олар ертегілерді,

әңгімелерді тыңдайды және мазмұнын айтады, өздері ойдан шығаруға

тырысады, өлеңдерді, мақал-мәтелдерді жатқа айтады. Көркемдік-сөйлеу

әрекеттері театралды-ойындық әрекеттермен тығыз байланысты, оған шағын

шығарма үзінділерін көрсетуді жатқызуға болады. Ең алдымен – тыңдау. Алты

жастағы балада танысатын көркем шығармалар шеңбері кеңейе бастайды.

Оған мазмұны мен көркемдік формасы жағынан күрделі шығармалар ене

бастайды. Тыңдаудың, көркем шығармамен танысудың барысы да қиындай

түседі. Балалар өз назарын шоғырландыра отырып, үлкен шығармаларды

мұқият тыңдай алады, өзінің шығарма мазмұнына, кейіпкерлерге қатысты

пікірлерін білдіре алады. Бала әдеби шығармалар жанрын айыра алады және

олардың кейбіріне басымдық бере бастайды. Педагог үшін балалардың көркем

шығарманы қабылдауы – дамудың маңызды көрсеткіші. В.Л. Сухомлинский

егер бала ертегіні тыңдай отырып жақсылық пен жамандықтың күресін

сезінбесе, егер қуаныш орнына бейжайлық танытса – бұл бала жанында бір

кемшілік бар екенін және оны жою үшін көп күш салу керек екендігін айтқан

[95].

Мектепке дейінгі жастағы ересек топ балалары музыкалық әрекеттермен

қуана айналысады: музыканы қабылдау, орындау, шығару. Бұл әрекеттердің

әрқайсысы баланың музыкалық қабілеттеріне және жалпы тұлғасына әсер етеді.

Мектепке дейінгі жастағы ересек топ балаларының көркем сурет

әрекеттеріне: сурет салу, құрастыру, жапсырмалар жасау енеді. Құрастыру

балалардың арнайы қабілеттерін дамытып қана қоймай, сонымен бірге қарым-

қатынастың, эстетикалық, адамгершілік қасиеттердің дамуына да әсер етеді.

Балалар өз жоспарларын және әрекеттерін үйлестіруді, бастамашылдық

танытуды, жол беруді, бір-біріне көмектесуді, ортақ сәттілікке қуануды

үйренеді.

Көркем-сурет әрекеттерінің ішінде мектепке дейінгі жастағы ересек топ

балалары арасындағы ең танымалысы – сурет салу. Балалар өз әрекеттерінен

ғана көркемдік құралдарын іздеп қоймай, сонымен бірге әртүрлі бағыттағы

көркемөнер құралдарын көреді, әлеуметтік тәжірибені игереді және оны өз

шығармашылығында қолданады. В.С. Мухинаның айтуы бойынша балалар

көркемдік құралдарын қоғамның барлық рухани мәдениеті тәрізді қабылдайды

[92]. Жапсырмалар жасау заттарды үш өлшемді кеңістікте көрсетуге мүмкіндік

44

береді. Жапсырмамен айналыса отырып балалар қағаздан әртүрлі өрнектер

қиюды, оларды түрлі түсті фонға орналастыруды меңгереді.

Көркемөнер әрекеттерін басқару кезінде педагогтардың басты назары бала

тұлғасын, оның эмоционалды, танымдық, ерік-жігер жақтарын дамытуға

аударады. Көркемөнер әрекеттері барысында ересек мектеп жасына дейінгі

баланың сенсорикасы, оның ойлауы, жадысы белсенді қалыптасады, көркемдік

талғам, адамгершілік қасиеттер дамиды. Көркемөнер әрекеттерінің

балалардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы беретін мүмкіндіктерін

жіберіп алуға болмайды.

Мектепке дейінгі жастағы ересек топ балалары сенситивті кезеңде болады

және шет тілдері меңгеру қабілетіне ие. Тілдерді оқу балаларды дамытудың

тиімді құралдарының бірі. Көркемөнер, ойын, сурет және басқа да әрекет

түрлерінде балаларда шет тілдерді меңгеруге деген кейінірек қалыптастыру

қиын, тіпті мүмкін болмайтын қабілеттер дамиды (Л.Л. Алякринский, Ш.А.

Амонашвили, Л. Блум, А.А. Леонтьев, В. Пенфилд, Э. Пулгрэм, Л. Робертc,

С.Н. Цетлин, К.И. Чуковский).

Сонымен, балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерінің

сараптамасы, мектепке дейінгі жастағы ересек кезеңде ақыл-ой, эстетикалық,

адамгершілік дамуы, оның эмоциясының, ерік-жігерінің, зердесінің жетілуі

байқалатындығын көрсетті. Бұл жерде тұлғаның маңызды қасиеттерін, бала

белсенділігін, қоршаған әлемді тану, бала санасында біркелкі әлем бейнесін

қалыптастырудың, болашақ азаматқа лайықты қасиеттердің, оның сезімдерінің,

түсініктерінің, көп мәдениетті тұлғасының қалыптасуының үлкен потенциалы

жатыр.

Философиялық, тарихи, педагогикалық, психологиялық әдебиеттердің

зерттелу мен талдануы, қазіргі таңда көп мәдениетті тәрбиенің жаһандану

заманында өзектілігін ашып көрсетіп, көп мәдениетті тұлғаны тәрбиелеуге жол

көрсетуде. Көп мәдениетті тәрбие мәдениеттер қарым-қатынасына екпін салып,

кез келген халықтардың мәдени үйлесімділігіне үлесін қосуда.

Шетелдік және Отандық педагогикада көп мәдениетті және онымен

байланысты ұлтаралық тәрбиеге қатысты маңызды идеялар, практикалық

ұсыныстар, тұтас жүйелер мен жобаларды кездестіреміз. Көптеген

педагогикалық шығармалардың, зерттеулердің авторлары, мектепке дейінгі

жастан бастап ақ ұлттық, ұлтаралық, көп мәдениетті тәрбиенің қажеттілігін

дәлелдеп көрсетті. Өйткені мектепке дейінгі жаста әлемге деген көзқарастың

құндылықты негізі қаланады. Көп мәдениетті тәрбие үдерісінде балалардың көп

мәдениетті тұлға ретінде қалыптасуы жүреді, балалардың халықтық, ұлттық

мәдениетіне деген ортақтасу, толеранттылық пен шыдамдылық тәрбиесі,

өзіндік ұлттық ерекшеліктеріне құрмет негізі қаланады.

45

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ

БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ КӨП МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға үш тілді білім беру үдерісінде

көп мәдениетті тәрбие берудің әдістемесі

Эксперименталды-педагогикалық жұмыс кезеңінде біз келесідей

міндеттерді анықтадық:

1. ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті

стандартының негіздерін, «Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек

жастағы (5 жастан 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқыту

бағдарламаcы мазмұнын талдау;

2. ересек жастағы балалардың көп мәдениетті тәрбиесінің үлгісін құрастыру

(ағылшын тілді білім беру үдерісінде) ;

3. ересек жастағы балалардың көп мәдениетті тәрбиесінің көрсеткіштерін

анықтау;

4. бақылау тобы мен эксперименталды топтың көп мәдениетті тәрбиесін

анықтаудың диагностикалық әдістерін құрастыру;

5. диагностика нәтижесіне негізделе отырып ересек жастағы балалардың

көп мәдениетті тәрбиесінің әлсіз жактарын анықтау;

6. педагогикалық эксперименттің қалыптастыру кезеңін жүргізу. Мектепке

дейінгі ұйым жағдайында ересек жастағы балаларды көп мәдениетті

тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;

7. анықтау мен қалыптастыру эксерименттерінің (бақылау және

эксперименталды топтағы) нәтижелерінің анализі;

8. ересек жастағы балалардың көп мәдениеттілігін қалыптастыру бойынша

педагогтар мен ата-аналарға арналған ұсыныстар жасап шығару.

Диссертациялық зерттеу жұмысының эксперименталды бөлімінде біз

заманауи педагогтар мен психологтардың әдістерін негізге алдық, және

авторлық әдістер жасап шығардық. Диагностикалық әдістер мағлұматтарына

46

сүйене отырып, біз ересек жастағы бақылау мен эксперименталды топ

балаларына көп мәдениетті тәрбиелілігінің деңгейін анықтадық.

Алматы қаласының, Алатау ауданы №177 бөбекжай-балабақшасы

эксперименталды жұмыстың базасы ретінде қызмет атқарды. Тәжірибеде

барлығы 41 бала қатысты. Оның ішінде «Құндыз» эксперименталды тобында 20

бала, және «Ертөстік» бақылау тобында 21 бала қатысты.

ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті

стандартын және «Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы

балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаcы мазмұнын талдай келе, біз білім

беру мазмұнына қойылатын талаптарда мемлекеттік, орыс және басқа тілдерді

зерделеу көзделгені және негізгі міндеттерінің бірі біздің зерттеу

жұмысымыздың көп мәдениетті үш тілді тұлға қалыптастыру мақсатына

сәйкестігін көрсетеді, онда: - полиэтникалық және полимәдени мегаполисте

ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігін сақтауға негіз болатын ұлтаралық

қатынас мәдениеті негіздерін қалыптастыру – деп көрсетілген [11, 6 б.].

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті

стандартының білім беру мазмұнына қойылатын талаптарында мектепке

дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

балалардың өмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін

қамтамасыз етуге қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін

дамытуға, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған және өз

Отанына, туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен

қарауға, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне деген ізгі қарым-

қатынасқа тәрбиелеуді және «Коммуникация» білім беру саласы мақсатында

біздің зерттеу жұмысымыз бойынша үш тілді тұлға қалыптастыруды

келесідей анықтаған: ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген,

мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын,

айналасындағы ортамен ауызша және ауызша емес құралдардың көмегімен

қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу

деп көрсетілгенін анықтадық [13].

Кесте–1. Балалардың Коммуникативті-тілдік құзыреттілігі (5-6 жас)

№ Құзыреттілік

көрсеткіштері

5 жастан бастап 6 жасқа дейін

1 Қатынас мәдениеті Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережесін сақтайды

2 Тілдің-грамматикалық

құрылымы

Грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады, тілге сыни

қатынасын білдіреді

3 Тілдің дыбыстық

мәдениеті

Сөздерді орынды қолданады, дыбыстарды ажыратады,

мәнерлеп оқудың түрлі тәсілдерін қолданады

4 Сөздік Антоним, синоним және көп мағыналы сөздерді түсініп,

сөйлеу барысында қолданады

47

5 Байланыстырып сөйлеу Түрлі сөз таптарын, эпитеттер мен теңеулерді қолданып,

монолог қалыптасады

6 Шығармашылық тілдік

қызмет

Оқиғаларды құрастырады, ауыспалы және астарлы

мағыналы ойларды түсініп, оларды қолдана біледі

7 Шығармаларды

қабылдау

Кітапқа деген қызығушылық білдіреді, өлеңдерді

мәнерлеп жатқа айта алады

«Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды

тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаcы біздің зерттеу жұмысымызға байланысты

бағдарламаны іске асыру міндеттеріне:

- Қазақстанның патриоттық және мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде

жалпыадамзаттық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;

- полиэтникалық және көпмәдениетті мегаполисте ұлтаралық қатынастарды

үйлестіру процесінде маңызды звено болып табылатын ұжымдағы

тәрбиенушілердің ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру;

- баланы жалпыәлемдік және жалпыұлттық құндылықтар рухында дамыту мен

тәрбиелеу мақсатында отбасы мен мектепке дейінгі ұйым ортасының

мүмкіншіліктерін пайдалануды қарастырады.

«Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды

тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаcының «Қатынас» білім беру саласында

байланыстырып сөйлеуін, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік

әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін,

сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік

шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен

міндеттері қарастырылады. Мақсатына ана тілінің базалық құндылықтарын

меңгерген, мемлекеттік және басқа да тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара

қатынасқа дайын, айналасындағылармен тілдесу арқылы қарым-қатынас

жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі ересек жаста «Қатынас» білім беру саласының базалық

мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлері:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- сауат ашу және жазу негіздері;

- мемлекеттік, орыс және басқа тілдер арқылы жүзеге асады.

Балаларды тәрбиелеудегі міндеттердің сәтті шешілуі тек

тәрбиеленушілердің жасы психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерінің

заңдылықтары мен дамуы туралы білген жағдайда мүмкін.

Адамның қоршаған ортаны тануы «тікелей бақылау» - сезіну, қабылдау

және елестетуінен басталады. Метепке дейінгі ересек жасқа қарай осы

психологиялық үдерістер айтарлықтай дамиды. Қоғамда қабылданған

сенсорлық этолондардың (дыбыстар гаммасы, түстер спектрі) балалармен

игерілуі маңызды рөлге ие. Жүйе ретінде сенсорлық этолондарды игеру бала

қабылдауын өзгертеді. Адамның адамды қабылдауы сияқты күрделі үдеріс

48

қарым-қатынас қажеттілігінің құрылуымен қабылдаушының өз дамуымен қатар

дамиды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық мәдениеттер туралы

білімдерін анықтау барысында, М.И. Богомолова, О.В. Дыбина, С.Л. Козлова,

В.Л. Лекторский, Э.К. Суслова, В.О. Хотинец [10, 96, 35, 38] зерттеулерін

талдауына негізделген, олардың басқа мәдениет өкілдеріне деген қатынасы

көрсеткішіне сүйендік. Көп мәдениетті тәрбиенің көрсеткіші ретінде біз:

балаларды өз елінің мәдениеті туралы, алыс және жақын халықтар мәдениеті

туралы элементарлы білімінің болуы, патриоттық сезімдердің болуы, өз елінің

азаматы болуын сезіну, басқа елдердің мәдени байлығына қатысын сезіну,

басқа ел мәдениеті мен өкілдеріне төзімділік таныта білу. Айтылған

көрсеткіштерді есепке ала отырып, көп мәдениетті тәрбие критериалары

анықталып, деңгейлері қойылды. Осылайша, зерттеу жұмысымызға

байланысты мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының көп мәдениетті

тәрбиелілігінің үлгісін құрастырдық (Кесте 2.)

Көп мәдениетті тәрбиенің критериялары ретінде біз: балаларда өз халқы

мен басқа халық мәдениетіне қызығушылықтың болуы; басқа мәдениет

өкілдеріне төзімділік таныту, көңіл бөлу, сезімталдық симпатия; адамдарға

қандай да мәдениет өкілі болуына қарамастан сыйластық деп алдық.

Біз балаларды 5 топқа бөліп қарастырдық: төменгі деңгейлі, орта

деңгейден төмен, орта деңгей, орта деңгейден жоғары, және көп мәдениетті

тәрбиенің жоғарғы деңгейі.

Төменгі деңгей (Т). Балалардың ұлттық мәдениеттер туралы танымдары

қалыптаспаған, олар алынған білімді өмірде қолдана алмайды; басқа халық

мәдениеті мен өкілдеріне төзімсіздік көрсетеді.

Орта деңгейден төмен (ОТ). Балалардың ұлттық мәдениеттер туралы

танымдары анық қалыптаспаған, үстіртін, олардың ұлттық мәдениеттер

компоненттері мен ұлттар мәдениеті туралы танымын іске асыру шараларына

қызығушылығы жоқ; балалар басқа ел мәдениеті мен өкілдеріне бейжай.

Орта деңгей (О). Балалардың ұлттық мәдениеттер туралы танымдары

жалпы қалыптасқан, бірақ ұлттық мәдениеттер компоненттері туралы білімін

қолдануда дербестік пен белсенділік жоқ; мәдени айырмашылықтарға, басқа

мәдениет өкілдеріне еріксіз төзімділік байқалады.

Орта деңгейден жоғары (ОЖ). Балалардың осы жасқа сәйкес ұлттық

мәдениеттер туралы танымдары қалыптасқан. Олар ұлттық мәдениеттерге

қызығушылық танытады, әр түрлі іс шара барысында ұлттық мәдениет туралы

танымы мен білімін белсенді қолданады. Өздерінің мәдени тәжірибесін көбейту

мен басқа мәдениет өкілдерімен қатынасқа түсуге тырысады.

Жоғарғы деңгей (Ж). Ұлттық мәдениеттер компоненттері туралы

танымдары тұрақты, танымдарын әр түрлі іс әрекетте шығамашылық түрінде

қолданады, өмірлерінде төзімділік қағидасын белсенді ұстанады, оны басқа

балаларға үйретеді.

49

Мектепке дейінгі ересек топ балаларының ұлттық мәдениеттер туралы

білімдері мен танымдарын анықтау мақсатымен балалармен жеке әңгімелесу

жұмысы жүргізілді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды мәдениетпен таныстыру - күрделі

педагогикалық процесс. Мектепке дейінгі ересек топ балаларының түрлі

халықтар мәдениетімен таныстыру жұмысының мектепке дейінгі ұйым мен

жанұядағы жағдайының қаншалықтығын, және ата-аналардың осы бағытта

жұмыс жүргізуді маңызды деп санауын анықтау маңызды. Осы және басқа да

мәселелер біздің зерттеу жұмысымыздың анықтау сатысының негізгі

міндеттерін белгілеп берді: 1) қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім беру

ұйымдары тәжірибесінде балалардың көпмәдениетті білім жағдайын зерттеу; 2)

балалардың көпмәдениетті білімінің бастапқы деңгейін диагностикалау; 3) ата-

аналардың ұлттық мәдениеттергі деген көзқарасын анықтау.

Алматы қаласының, Алатау ауданы №177 бөбекжай-балабақшасы

мектепке дейінгі білім беру ұйымында көп мәдениетті білім беруді

диагностикалау үшін зерттеу мақсатымен тәрбиешілерге сауалнама жүргізіліп,

оқу-әдістемелік жабдықтарға тексеріс жүргізілді.

Кесте–2. Мектепке дейінгі балаларының үш тілді білім негізінде көп

мәдениетті тұлға қалыптастырудың үлгісі

Компо

нентте

рі

Өлшем

дері

Көрсеткіштері Деңгейлері

Төм

енгі

Ортадан

төмен

Ортаңғы Ортадан

жоғары

Жоғары

Когн

ити

вті

к

Бал

алар

да

өз

хал

қы

мен

бас

қа

хал

ық

мәд

ени

етін

е қы

зығу

шы

лы

қты

ң б

олуы

;

балаларды өз

елінің

мәдениеті

туралы, алыс

және жақын

халықтар

мәдениеті

туралы

элементарлы

білімінің

болуы,

патриоттық

сезімдердің

болуы, өз

елінің азаматы

болуын сезіну Бал

алар

ды

ң ұ

лтт

ық м

әден

иет

тер т

ур

алы

тан

ым

дар

ы қ

алы

пта

спағ

ан

Бал

алар

ды

ң ұ

лтт

ық м

әден

иет

тер т

ур

алы

тан

ым

дар

ы а

ны

қ қ

алы

пта

спағ

ан, үст

ірті

н,

Бал

алар

ды

ң ұ

лтт

ық м

әден

иет

тер т

ур

алы

тан

ым

дар

ы ж

алп

ы қ

алы

пта

сқан

,

Бал

алар

ды

ң о

сы ж

асқа

сәй

кес

ұлтт

ық

мәд

ени

етте

р т

ур

алы

тан

ым

дар

ы

қал

ып

тасқ

ан.

Ұлтт

ық м

әден

иет

тер к

ом

пон

ентт

ері

турал

ы т

аны

мд

ары

тұ

рақ

ты

50

Іс-ә

рек

етті

к

Ад

амд

арға

қан

дай

да

мәд

ени

ет ө

кіл

і

болуы

на

қар

амас

тан

сы

йлас

тық

басқа елдердің

мәдени

байлығына

қатысын сезіну

олар

алы

нға

н б

ілім

ді

өм

ірд

е қолд

ана

алм

айд

ы

олар

ды

ң ұ

лтт

ық м

әден

иет

тер

ком

пон

ентт

ері

мен

ұлтт

ар м

әден

иет

і

турал

ы т

аны

мы

н і

ске

асы

ру

шар

алар

ын

а қы

зығу

шы

лы

ғы ж

оқ;

бір

ақ ұ

лтт

ық м

әден

иет

тер

ком

пон

ентт

ері

турал

ы б

ілім

ін

қолд

ануд

а д

ерб

есті

к п

ен б

елсе

нд

ілік

жоқ;

Олар

ұлтт

ық м

әден

иет

терге

қы

зығу

шы

лы

қ т

аны

тады

, әр

түр

лі

іс

шар

а б

ары

сын

да

ұлтт

ық м

әден

иет

турал

ы т

аны

мы

мен

біл

імін

бел

сен

ді

қолд

анад

ы.

тан

ым

дар

ын

әр т

үр

лі

іс ә

рек

етте

шы

ғам

ашы

лы

қ т

үрін

де

қолд

анад

ы,

Эм

оц

ион

алд

ық

Бас

қа

мәд

ени

ет ө

кіл

дер

іне

төзі

мд

ілік

тан

ыту

, көң

іл

бөлу, се

зім

талд

ық

сим

пат

ия;

басқа ел

мәдениеті мен

өкілдеріне

төзімділік

таныта білу

бас

қа

хал

ық м

әден

иет

і м

ен

өкіл

дер

іне

төзі

мсі

здік

көрсе

тед

і б

алал

ар б

асқа

ел м

әден

иет

і

мен

өкіл

дер

іне

бей

жай

.

мәд

ени

айы

рм

ашы

лы

қта

рға

, б

асқа

мәд

ени

ет ө

кіл

дер

іне

ерік

сіз

төзі

мд

ілік

бай

қал

ады

.

Өзд

ерін

ің м

әден

и

тәж

іри

бес

ін к

өб

ейту

мен

бас

қа

мәд

ени

ет ө

кіл

дер

імен

қат

ын

асқа

түсу

ге

тыры

сад

ы.

өм

ірл

ерін

де

төзі

мд

ілік

қағ

ид

асы

н б

елсе

нд

і

ұст

анад

ы, он

ы б

асқа

бал

алар

ға ү

йрет

еді.

Тәрбиешілерге келесідей сұрақтар қойылды:

2. Ұлттық мәдениетпен таныстыру жұмысында сіз қандай әдіс тәсілдерді

қолданасыз?

3. Ұлттық мәдениетпен таныстыру үдерісінде қандай әдебиеттерді

қолданасыз?

4. Ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен осы халықтардың фольклоры

негізінде алыс халықтардың мәдениеттерін көрсететін балалар әдебиетіне

сүйене отырып, балаларды мәдениетпен таныстыру мүмкін деп санайсыз ба?

Зерттеу нәтижесінде келесідей жағдайлар анықталды: №177 бөбекжай-

балабақшасы тәрбиелеу орталығында балаларды өз халқының (қазақ)

мәдениетіне және жақын ұлттық қоршаған орта (орыс) халықтарымен

таныстыру жүргізіледі. Әр топ бөлмесінде ұлттық бұрыштар, ұлттық

тәрбиелеудегі қуыршақтар, орыс және қазақ халық ертегілері бар кітаптар, орыс

және қазақ таңғы ән шырқауы орындалады, орыс, қазақ ойындары өткізіледі.

Тәрбиешілердің болашақ жоспарларында ертегілер, жұмбақтар, өлеңдер,

тәрбиелеуде осы халықтардың нақыл сөздері, түрлі халықтық серуен, ойындар,

ойын-сауық, қазақ және орыс халықтарының ауызша фольклорын пайдалана

отырып қызметті жүргізу көрсетілген.

Қазақ тілін оқыту бөлмесінде қазақ халық педагогикасы бойынша түрлі

кітаптар, костюмдер және материалдар бар. «Қазақстан Республикасының

бұрышы» қазақ халқының күнделікті өмірде қолданатын объектілерін, қазақ

51

халық костюмдері, тәрбиелеуде қуыршақтары, туы, елтаңбасы, елдің картасы

безендірілген.

Осымен қатар орыс тілін игеруге арналған «Русская горница» атты орыс

халқының тұрмыс құралдарымен арнайы жабдықталған сыныбы бар. Осыған

қоса Монтессори сыныбында орыс тілін игеруге арналған әріптер жинағы бар.

Осы құрал-жабдықтар арқылы балаларды орыс халқының мәдениетімен

таныстыруға арналған сабақтар өткізеді.

Мектепке дейінгі ұйымның әдістемелік бөлмесінде балалар жұмысына

арналған үлкен әдістемелік материалдары бар. Қазақ және орыс халықтарының

мәдениетін таныстыруға арналған балалар материалдары жинақталған.

Бейнекөрсетілім, тақырыптық альбомдар, туған жерімен таныстыру,

табиғатпен, мәдениеті мен өнерімен, әдебиеті мен салт-дәстүрімен таныстыру

туралы тәрбиешілердің сабақ жоспарлары бар.

Мектепке дейінгі ұйымда «Мектепке дейінгі тәрбие» мен «Отбасы және

мектеп» атты журналдардың басылымдары бар. Осы басылымдар талданып,

арнайы мақалалар картотекасы дайындалған. Балабақшада халықтар

ертегілерінің жинағы бар және ол оқу-тәрбие жұмысы барысында зерттелетін

тақырыпта қолданылады. Бірақ, балалардың шет елдер мәдениетіне таныстыру

әдістемелік құралдары мен ұсыныстары жоқ.

Осылайша, мектепке дейінгі ұйымда арнайы мәдениетпен таныстыру

көркем-әдістемелік құралдарының бар екендігіне көзіміз жетті.

Біз МДҰ ересек топ балаларының 2015-2016 жылғы әр түрлі мәдениетпен

таныстыру тәрбие жұмысының жоспарын зерттедік. Оқу жылына келесідей

сабақ көлемі бөлінгені анықталды: 1. «Алматы- менің қалам», 2. «Туған елім –

Қазақстан Республикасы», 3. Қазақ халқының салт дәстүрі, 4. Қазақ халық

ертегілері, 5. Әлем ертегілері

Көріп отырғандай, ересек топ балаларының күнтізбелік жоспарында туған

елдің мәдениетіне айтарлықтай орын бөлініп отыр, сонымен қатар әлем елдері

мәдениетінің бір бөлігі ертегілер арқылы туған жерге сүйіспеншілік, табиғатқа

сыйластық, басқа халықтармен тіл табысушылық пен жақынға деген

сүйіспеншілік, халқына, жеріне, салт-дәстүріне сыйластыққа үйретеді. Бірақ

басқа елдер мәдениетіне аз орын берілген.

Осылайша бастапқы диагностика бізге келесідей жағдайларды анықтауға

көмектесті:

- ересек топта қазақ және басқа халықтардың мәдениетімен таныстыруға

арналған әдістемелік құралдардың жеткілікті екендігі анықталды;

- күнтізбелік жоспарда туған халық мәдениеті мен жақын халықтар

мәдениетімен таныстыруды қамтитын сабақтар тізбегі бар, бірақ көп

мәдениетті тәрбие элементтері мен әдістері аз, ол алыс және жақын елдер

мәдениетімен таныстыруды қамтиды;

- атқарылатын жұмыстар басқа елдер мәдениетімен таныстыру мақсатына

ие болғанымен, басқа елдерге төзімділік тәрбиесіне аз көңіл бөлінеді.

Біздің көзқарасымыз бойынша қиындықтар тәрбиешілердің балаларды көп

мәдениетті тәрбиелеуге дайындығы жоқтығы мен әдістемелік құралдардың

52

аздығымен байланысты: мектепке дейінгі ересек топ балаларды көп

мәдениеттілікке тәрбиелеуге арналған құралдар, арнайы курстар,

бағдарламалар мен технологиялар.

Ересек топ балаларының көп мәдениетті тәрбиесінің бастапқы

деңгейінің диагностикасы

Тәжірибелік-зерттеу жұмысында Алматы қаласының, Алатау ауданы №177

бөбекжай-балабақшасы бақылау және эксперименталды топтардың ересек

топтарынан 41 бала, 10 педагог, 33 ата-ана қатысты.

Бақылау және эксперименталды топтар өздерінің көрсеткіштерінің бір

біріне сәйкестігіне байланысты таңдалып алынды (балалардың ортақ даму

деңгейі, жастарының сәйкестігі, топтағы сапалық толықтық, материалдық

мүмкіндіктерінің бірдей болуы, тәрбиешілердің білімдерінің бір деңгейі).

Қалыптастырушы кезеңде эксперименталды топқа 41 бала кірді. Оның ішінде

«Құндыз» эксперименталды тобында 20 бала, және «Ертөстік» бақылау

тобында 21 бала қатысты

Сауалнама барысында балалар ұлттық құрамы келесідей: 70 % - қазақ

ұлтының балалары, 15 % - орыс ұлтының балалары, 15 % - басқа ұлт балалары

(Кесте 3. қараңыз).

Кесте–3. Экспериментке қатысушы балалардың ұлттық құрамы, %

Сауалнама нәтижесінде балалардың ұлттық құрамы: қазақ ұлтының

балаларының санының көп болуымен анықталады. Өйткені, мектепке дейінгі

ұйым қазақ тілді білім беру мекемесі болып табылады.

Тәжірибе жүргізу мақсатында келесідей балалар мен ата-аналарға арналған

әңгімелесу сұрақтарын құрастырдық (Қосымша 1).

Барлық балалар анкетаның ең бірінші сұрағына дұрыс жауап берді «Сен

тұрып жатқан қала қалай аталады?». Республика атауына ересек топ

балаларының 95% дұрыс жауап берді. Кейбіреулері республика атауын қала

атауымен шатастырды (Қалдыбай М.) немесе Қазақстанның басқа қаласын

атады (Алиева Д.), тағы басқалары ауыл атауын Республика астанасы деп

есептеді (Жарас Г.). Ал кейбір сұрақтарға дұрыс жауап берілмеді. Мысалы

Бауыржан Е. «Мен үлкен қалада тұрамын. Оның аты Қазақстан» деген жауапты

біз дұрыс емес жауапқа жатқыздық. Барлық балалар ҚР туының түстерін дұрыс

естеріне түсіре алды. 55% пайызы ҚР Елтаңбасында не бейнеленгенін атай

алмады. Осылай, Айгүл Ш. Елтаңба ортасында шаңырақтың орнына күн

бейнеленген деп атады. Рамиля К. Тудың түсін есіне қате түсірді. Аружан Т.

Жай ғана жауапты «елтаңбада аттарға ұқсайтын жануар бар, есімде жоқ қалай

аталады» деп атады. Басқалар сұрақты жауапсыз қалдырды.

Кесте–4. Анықтау кезеңінде (тәжірибелік топ негізінде) балалардың

Қазақстан мәдениеті туралы танымдарының деңгейі

Балалар саны Қазақ ұлтының

балалары Орыс ұлтының

балалары Басқа ұлт өкілдері

41 70 % 15 % 15 %

53

Балалар саны Өз қалаларының

атын біледі Елінің атын біледі Қазақстанның

символикасын біледі 41 100% 95% 45%

Балалардың Өз елінің мәдениеті туралы білімдері негізінде, өз елдерінің

мәдениеті білімдерін өз тұрмысында қолдану деңгейін көрсететін тәжірибелік

топтағы кесте жасалды.

Кесте–5. Тәжірибе тобындағы Балалардың өз елі туралы танымдары, (%)

№ Баланың аты Қазақ елінің

ертегілерін

біледі

Қазақ елінің

мейрамдарын

біледі

Қазақ елінің

салт-дәстүрін

біледі

1 2 3 4 5

1. Рано Г. ОЖ О ОЖ

2. Кәрім К. ОЖ ОЖ Ж

3. Рамиля К. Ж Ж ОЖ

4. Ләззат А. ОЖ О ОТ

5. Жанат О. ОЖ ОЖ О

6. Сандуғаш У. Ж ОЖ Ж

7. Ринат С. ОЖ Т Т

8. Рамазан Т. ОЖ ОЖ О

9. Алина М. ОЖ ОЖ ОТ

10. Рамиль М. ОЖ Т Т

11. Мақсат Д. ОЖ О ОЖ

12. Рахат Ш. ОЖ ОЖ Ж

1 2 3 4 5

13. Самир М. Ж В ОЖ

14. Аружан Т. ОЖ О ОТ

15. Марат Р. ОЖ ОЖ О

16. Ринат Т. Ж ОЖ Ж

17. Сабина О. ОЖ Т Т

18. Айсұлу Ф. ОЖ ОЖ О

19. Айгүл Ш. ОЖ ОЖ ОТ

20. Алмат Р. ОЖ Т Т

Т-0%, ОТ-0%, О-0%,

ОЖ-80%, Ж-20%

Т-20%, ОТ-0%, О-

20%, ОЖ-50%, Ж-

10%

Т-20%, ОТ -

20%, О-20%,

ОЖ-20%, Ж-

20%

Сұралған балалардың 80% Ресей елінің астанасын айта алмады,

жауаптары: «Ресейдің астанасы - қала» (Айгүл Ш.), «Ресейдің астанасы -

Астана» (Айсұлу Ф.). «Мен білмеймін, мен ол жақта болмадым» (Рамиля К).

Балалар Ресейде орыстардың тұратыны туралы анық біледі (85 %),және оның

ішінде басқа да елдердің бар екенін біледі. Балалар Ресейде орыс тілінде

сөйлейтінін атап өтті 80%. Ресейде қандай елдер бар деген сұраққа ешкім жауап

бере алмады.

54

Кесте–6. Балалардың жақын ортадағы ел туралы түсінігі, (%)

Жеке әңгімелесу барысында алынған жауаптарды талдау нәтижесінде,

орыс халқының ертегілері, салты мен мейрамдары туралы білімдерінен

келесідей Кесте жасалды.

Кесте–7. Ресей халқының мәдениеті туралы түсініктері (тәжірибелік топ

негізінде)

№ Бала аты Орыс халқының

ертегілерін біледі

Орыс

мейрамдарын

біледі

Орыс халқының

салтын біледі

1 2 3 4 5

1. Рано Г. ОЖ О О

2. Кәрім К. Ж Ж ОЖ

3. Рамиля К. ОТ О Т

4. Ләззат А. ОЖ О ОЖ

5. Жанат О. Т О О

6. Сандуғаш У. Ж О ОЖ

7. Ринат С. ОТ О Т

8. Рамазан Т. ОТ О О

9. Алина М. Т Т О

10. Рамиль М. ОТ Т Т

1 2 3 4 5

11. Мақсат Д. ОЖ О О

12. Рахат Ш. ОТ О Т

13. Самир М. Ж Ж ОЖ

14. Аружан Т. ОЖ О ОЖ

15. Марат Р. Т О О

16. Ринат Т. Ж Ж ОЖ

17. Сабина О. ОТ О Т

18. Айсұлу Ф. ОТ О О

19. Айгүл Ш. Т Т О

20. Алмат Р. ОТ Т Т

Т-20%, ОТ-40%, О-0%,

ОЖ- 20%, Ж-20%

Т-20%, ОТ-0%, О-

60%, ОЖ-0%, Ж-

20%

Т-30%, ОТ-0%, О-

40%, ОЖ- 30%, Ж-

0%

Сұралған балалардың 15% басқа елдердің тілдерін атай алды – ағылшын,

жапон, корей, қытай, неміс. 85% - жауап беруден бас тартты. Барлық

сұралғандар арасында екі бала Ұлыбританияда қандай тілде сөйлейтінін атай

алды, саны 10% құрайды. Жаңа жағдайларда адам шет тілдерімен күнделікті

өмірде жиі кездесетін болды. Одан бөлек, интеграциялық қоғамдық үдерістер

шет тілінің статусына әсер етіп қоймай, оның қоғамда атқаратын орны мен

Балалар саны Ресей астанасын

біледі

Ресейде қандай

тілде сөйлейтінін

атап өтті

Ресейде қандай

халық тұратынын

атады

41 20% 80% 85%

55

қызметін ауыстыруда. Халықтар арасындағы ортақ түсіністік пен әлем

мәдениетінің алуантүрлілігіне басымдылық беріліп отыр. Қазіргі кезеңде

Ағылшын тілі бірінші халықаралық және шет тілдері арасындағы ең көп

сұранысқа ие болып отыр. Осыған байланысты балалармен жеке сауалдасуда

Ұлыбритания туралы, ағылшын тілі мемлекеттік болып табылатын ел туралы

сұрақтарды қосуды жөн көрдік. Балаларға Ағылшыын мәдениеті жайлы

ештеңке таныс емес екені анықталды (ағылшын ертегілері, ағылшын

тақпақтары, ертегі кейіпкерлерін, балалар көркем әдебиеті шығармалары,

әндер, санамақтар, ойындар, салт-дәстүрлер). Самир М. Винни Пух туралы еске

түсірді.

Кесте–8. Анықтау кезеңіндегі бақылау мен эксперименталды топ

балаларының Ұлыбритания мәдениеті жайлы түсінігі, (%)

Алынған мәліметтер негізінде балалардың Ұлыбритания мәдениеті туралы

түсінігін анықтадық.

Кесте–9. Анықтау кезеңіндегі балалардың Ұлыбритания мәдениеті туралы

түсінігі көрсеткіші (эксперименталды топ негізінде)

№ Бала аты жөні Ұлыбритани

яда қай тілде

сөйлейтінін

біледі

Ағылшын

ертегілері

мен

кейіпкерлері

н біледі

Ағылш

ын

мақал-

мәтелде

рін

біледі

Ағылш

ын

салт-

дәстүрі

н

біледі

Ағылш

ын

тақпақта

рын

біледі

Ағылш

ын

ойында

рын

біледі

1. Рано Г. ОТ Т Т Т Т Т

2. Кәрім К. Т Т Т Т Т Т

3. Рамиля К. О О Т Т Т Т

4. Ләззат А. Т ОТ Т Т Т Т

5. Жанат О. Т Т Т Т Т Т

6. Сандуғаш У. О Т Т Т Т Т

Көрсеткі

ші

тоб

ы

Ұлыбритания

да қай тілде

сөйлейтінін

біледі

Ағылшын

ертегілері

мен

кейіпкерлер

ін біледі

Ағылшы

н мақал-

мәтелдер

ін біледі

Ағылш

ын салт-

дәстүрін

біледі

Ағылшын

тақпақтар

ын біледі

Ағылшы

н

ойындар

ын біледі

Төменгі Б-Т 70% 90% 100% 100% 100% 100%

Э-Т 70% 80% 100% 90% 90% 100%

Ортадан

төмен

Б-Т 20% 0 0 0 0 0

Э-Т 10% 10% 0 10% 10% 0

Орта Б-Т 10% 10% 0 0 0 0

Э-Т 20% 10% 0 0 0 0

Ортадан

жоғары

Б-Т 0 0 0 0 0 0

Э-Т 0 0 0 0 0 0

Жоғары Б-Т 0 0 0 0 0 0

Э-Т 0 0 0 0 0 0

56

7. Ринат С. Т Т Т Т Т Т

8. Рамазан Т. Т Т Т Т Т Т

9. Алина М. Т Т Т Т Т Т

10. Рамиль М. Т Т Т Т Т Т

11. Мақсат Д. Т Т Т Т Т Т

12. Рахат Ш. Т Т Т Т Т Т

13. Самир М. О О Т Т Т Т

14. Аружан Т. Т ОТ Т Т Т Т

15. Марат Р. Т Т Т Т Т Т

16. Ринат Т. О Т Т Т Т Т

17. Сабина О. Т Т Т Т Т Т

18. Айсұлу Ф. Т Т Т Т Т Т

19. Айгүл Ш. Т Т Т Т Т Т

20. Алмат Р. Т Т Т Т Т Т

Т-70%, ОТ-

10%, О-20%,

ОЖ-0%, Ж-

0%

Т-80%. ОТ-

10%, О-10%,

ОЖ-0%, Ж-

0%

Т-100%,

ОТ-0%,

О-0%,

ОЖ-0%,

Ж- 0%

Т-

100%,

ОТ-0%,

О-0%,

ОЖ-

0%, Ж-

0%

Т-100%,

ОТ-0%,

О-0%,

ОЖ-0%,

Ж- 0%

Т-

100%,

ОТ-0%,

О-0%,

ОЖ-

0%, Ж-

0%

Балалардың түсініктері туралы жүргізілген зерттеу, балалардың

Ұлыбритания туралы білімдерінің төмен екендігін көрсетті.

Қуыршақтың адам кейіпін беретінін ескере отырып, басқа ұлттарға деген

балалардың қатынасы мен толеранттылығын анықтау үшін біз ұлттық

киімдерге киілген қуыршақтарды зерттеуге кіргіздік. Біз М.И.Богомолова

методикасын қолдандық [61]. Үш ұлттық киімдегі қуыршақтарды алдық: қазақ,

орыс, шотландық (ұл бала-қуыршақ) (Қосымша 2). Балаларға ойнауға қуыршақ

таңдау берілді. Балалар (Аружан Т. Марат Р. Ринат Т.) Шотландиядағы ер

адамдар ұлттық киімі тор белдемше - кильт екендігіне сенуден бас тартты.

Балалар Ник атты кильт киген ойыншыққа күмәнмен қарады. Олардың зейіні

тез арада Арай мен Аленушка атты қуыршақтарға ауды. Рано Г. Жанат О.

Сандуғаш Т. Қуыршақтардың шаштарын өруге кірісті. Басқа балалар

қуыршақтарды сипауға, киімдерін ұстауға, аяқ киімдерін ұстауға

(Аленушканың сабан аяқ киімін) тырысты. Тек Айсұлу М. Ник атты шотланд

қуыршағынан көзін айырмады. «Неге белдемше киеді екен? Басқа ер адам киімі

жоқ па?» деген сұрақтар қойды. Бақылау нәтижесінде және әңгімелесу

барысында, балаларға қай қуыршақты ұнатып, үйіне алып немесе сатып алғысы

келетініне сүйене отырып, келесі Кесте құрдық:

Кесте–9. Балалардың ұлттық қуыршаққа қатынасы, (%) Балалар саны Қазақ ұлттық

киіміндегі қуыршақ

ұнайды

Орыс ұлттық

киіміндегі қуыршақ

ұнайды

Шотланд ұлттық

киіміндегі қуыршақ

ұнайды 41 50% 40% 10%

57

Балаларды тіл дамыту, еңбекке баулу, аппликация, сурет, мүсіндеу, музыка

сабақтарында, қарым-қатынас, ойын, мереке, сауалнама алу мен әңгімелесу

барысында бақылау, олардың көп мәдениетті тәрбиесінің дәрежесін анықтауға

мүмкіндік берді.

Кесте–10. Анықтау кезеңінде балалардың көп мәдениетті тәрбиесінің

деңгейін салыстыру, (%)

Топ Төменгі

деңгей

Ортадан

төмен

Орта Ортадан

жоғары

Жоғары

Бақылау тобы 35% 8% 23% 22% 12%

Эксперименталды

топ

38% 9% 16% 19% 18%

Сурет–4. Анықтау кезеңінде балалардың көп мәдениетті тәрбиесі

дәрежесін зерттеудің нәтижесі, (%)

Зерттеу нәтижелері келесілерді анықтауға мүмкіндік берді: көп мәдениетті

тәрбиелілігі төмен дәреже көрсеткен балалар саны бақылау тобы мен

эксперименталды топта жоғары 35% және 38%. Орта дәрежені көрсеткен

балалар эксперименталды топқа қарағанда бақылау тобында артық, бірақ

жоғарғы дәрежені көрсеткен балалар саны эксперименталды топта бақылау

тобының санын асады. Басқа дәрежелердегі айырмашылық 6%-дан аспайды.

Негізінде бақылау тобы мен эксперименталды топтың көп мәдениетті тәрбиесі

тәжірибе-зерттеу жұмысының басында бірдей дәреже көрсетті.

Ата-аналардың ұлттық мәдениетке қатынасын анықтау

Бақылау және эксперименталды топ балаларының ата-аналарымен

сауалнама жүргізілді. Индивидуалды жартылай жабық анкета отыз сұрақтан

құрылды (олардың ішінде 15 – жанұя мерекелері, елдердің ұлттық мерекелері,

басқа ел мәдениеті жайлы әдебиет оқуы, түрлі елдердің мәдени

құндылықтарына ортақтасу маңыздылығы, басқа елдердің мәдениетін танудың

қажеттілігі туралы мағлұматтан тұрды. Екі сұрақ демографиялық және

35

8

23 22

12

38

9

1619 18

0

5

10

15

20

25

30

35

40

Төменгі көрсеткіш

Ортадан төмен Орта Ортадан жоғары Жоғары

Бақылау тобы Эксперименталды топ

58

қоғамдық дәрежесі туралы болды. Қалған 13 сұрақ тілдерге қатынасын

анықтады (Қосымша 1). Ата-аналардың көпшілігі сауалнамаға байсалдықпен

қарап, сұрақтарды нақтылап алды.

Сауалнама нәтижесі: сұралған отыз үш ата-ананың 50%– «жұмыскер», 30%

– «қызметкер» деп көрсетті, 10% – «кәсіпкер», 10% – «жұмыссыз» деп

белгіледі.

Кесте–11. Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың әлеуметтік жағдайы, ( %)

Ата-аналар саны Жұмыскер Қызметкер Кәсіпкер Жұмыссыз

33 50% 30% 10% 10%

Кесте ата-аналардың көп бөлігінің интеллектуалды жұмыс

жасамайтындығын көрсетеді.

Кесте–12. Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың білімі, ( %)

Ата-аналар саны Жоғарғы Орта кәсіптік Орта

33 30% 55% 15%

Ата аналардың 30% жоғарғы білімді, көпшілігі 55% – орта кәсіптік білімге

ие, 15% – орта білімді болғаны анықталды.

Сауалнама мәліметтерін талдау мен зерттеу, отбасыларында негізгі қазақ

және орыс ұлттық мерекелері өтілетінін көрсетті: Наурыз, Құрбан-Айт, 8-ші

наурыз, Ораза-Айт, Жаңа жыл.

Барлық ата-аналар «ұлттық мәдениет» ұғымын қалай түсінесіз деген

сауалға келесідей ұлттық мәдениет құрамдас бөліктерін: фольклор (ертегілер,

мақал-мәтел, жұмбақтар), өлеңдік халық өнері, декоративті-қолданбалы өнер,

ойындарды атап өтті. Ата-аналардың ұлттық мәдениетке деген қатынасын

келесі Кестеда көрсеттік.

Кесте–13. Ата-аналардың ұлттық мәдениетке қатынасы, (%)

Ата-аналар саны Балаларын

тәрбиелеуде өз

елінің салт-

дәстүрін

қолданады

Басқа елдердің

ұлттық

мәдениеттері,

салты, тілі

туралы көбірек

білгісі келеді

Түрлі елдердің

мәдениетімен

танысуды

қазіргі кезде

маңызды деп

санайды

Сұраққа жауап

бермеді

33 15% 30% 30% 25%

Балалармен әңгімелесу мен ата-аналардан сауалнама жүргізу балалардың

қызығушылықтарының ата-аналарының эстетикалық сұранысына тікелей

тәуелділігін көрсетті. Балалар ата-аналарының халықтар арасындағы қатынаста

мәдениеттің рөлі мен түсініктері қалыптасқан ұлттық мәдениетке қатынасы, ең

алдымен, олардың білімі, кәсіптік дәрежесі, өмір салтына байланысты.

Сауалнама нәтижесі ата-аналардың басқа халық мәдениетіне, бала

тәрбиелеуде басқа халықтардың мәдени ерекшеліктерін білудің рөліне

қызығушылықтан немқұрайлыққа дейін алуан-түрлі қатынасын көрсетті.

59

Қорыта келгенде, қазіргі мектепке дейінгі ұйым жағдайында мектеп

жасына дейінгі балалардың көп мәдениетті тәрбиелеу жағдайын зерттеуде

басқа елдердің мәдениетіне ортақтасу деңгейін зерттей келе келесідей

қорытындыларға келдік:

1. Мектепке дейінгі ұйым жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың

көп мәдениетті тәрбиесі жағдайын зерттеу балалардың басқа халықтардың

мәдениеті туралы білімдерінің нақты еместігін көрсетіп, басқа халық

өкілдерімен достасуға қызығушылығының төмендігін көрсетті. Әсіресе бұл

қатынас алыс ортадағы халыққа (Ұлыбритания) көрсетілді. Бұл жағдай ең

алдымен, түрлі ұлттар мәдениеті туралы білімнің жоқтығымен, және тірі

қызығушылықтың жоқ болуымен түсіндіріледі.

2. Балалардың түрлі халықтар мәдениетіне жақындасуын әлсірететін

жағдайдың бірі – ата-аналардың бала тәрбиелеу облысында толеранттылыққа аз

көңіл болуы болып есептеледі.

3. Алыс және жақын қоршаған орта халықтарының мәдениетін

таныстыруды қосатын балаларды көп мәдениетті тәрбиелеудің жұмысын

ұйымдастыру қажеттілігі туып отыр. Балаларды өз халқының мәдениетіне

ортақтастыру жұмысын тереңдету керек.

Үш тілді білім беру кеңістігінде мектеп жасына дейінгі балалардыды көп

мәдениеттті тәрбиелеуде интеграциялық әдісті қолдану

Заманауи әлеуметтік-мәдени жағдай Білім беру саласындағы

инновациялық өзгерістермен сипатталады: білім беру мазмұнынның

басымдықтары өзгеруде, технологиялар ауысуда.

Қазақстан қоғамындағы жағдайы әлемдік қауымдастыққа біздің

мемлекеттік саясаттың ашықтығы және күнделікті өмірдің барлық салаларында

интернационалдандыру салдары әртүрлі ұлттық мәдениеттер арасындағы өзара

қатынас құралы ретінде шетел тілдерін пайдалануды ынталандырды. Шетелдік

жергілікті мектептермен әріптестік қарым-қатынастарды кеңейту, шетелдік

хабар тарату телехабарларын көрсету, шет тілін тасушыларды тыңдау және сол

елдің мәдениеті туралы ақпараттың шынайы құралдарын тыңдау үшін нақты

мүмкіндіктер ашылды.

Бұл факторлар ұлттық мәдениетті білу құралы ретінде шетел тіліне баланы

мүмкіндігінше тезірек үйрету қажеттілігіне әкеледі. Баланы ерте кезден шетел

тіліне үйретуді Отандық және Ресей ғалымдардың сұраққа алып талдауы

кездейсоқ еместігін көрсетеді [88].

Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп білімінде ерте жастан шет тілін

оқыту жаппай енгізу процесін бастап кетті, мәдениеттер арасында тікелей және

жанама диалогқа қатысу үшін балаларға сенімді іргетас қалау қажет, оқыған

тілдің елінің тарихы мен қазіргі заманғы өмірі біртіндеп оның дәстүрлері мен

мәдениетімен біргіп оқытылады. Бұл балаға түрлі мәдениеттер арасында

үйлесімді ынтымақтастықта өз орнын табуға мүмкіндік береді және

мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға өз әлеуетін кеңейтеді. Басқа елдің тілі

арқылы мәдениетін үйрету, балаларды жалпы адамзаттық ойлауын

қалыптастыруға ықпал етеді [89].

60

Оқу үдерісін зерттеуші психологтар ойынша, интеграциялық оқуда

идеялар мен принциптердің ұқсастығы, жеке пәндерге оқытуға қарағанда оңай

байқалады деп есептеді, өйткені бұл жағдайда бір мезгілде алған білімдерін

түрлі салалардағы [92, 93] қолдану мүмкіндігі бар, өйткені нақты пәндерді

оқыту қарағанда жақсы байқауға болады деп саналады. Пиаже бастауыш

деңгейінде, балалардың көпшілігі нақты ойлайды деп санайды және оқыту

абстрактілі идеяларға [90, 91] қарағанда, танылатын объектілерге негізделуі

тиіс деп санады.

Осы нысандарға не болатынын зерттеу бір облыстың аясынан шектелуі

мүмкін емес. Айта кетсек, балалар оқу барысында ғылыми пәннің құрылған

логикалық ретіне ілесе алмайды. Дәстүрлі пән бағдарламасынан гөрі

интеграциялық бағдарламаларда сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамытып,

заманауи өмірде кездесетін мәселелерді шешуде ғылыми зерттеу әдісін

қолданады және оқуға деген ынта артады.

Ағылшын тілін оқудың алғашқы кезеңінде келесідей интеграцияланған

бағдарламалар ұсынылады: ана тілі мен шет тілі базасындағы ертегілер

(Н.А.Малкин); «Ағылшын тілі және қоршаған орта» (Н.Н. Трубанев); мектеп

жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекетіне интеграцияланған – музыка, ойын,

көркем өнер (Е.Ю. Бахталин); шет тілдік мәдениетпен танысу (И.А. Махнев).

Тіл – мәдениеттің айнасы, атты сөз бізге жақсы таныс. Онда адамды

қоршаған әлем, оның нағыз өмір сүру жағдайы ғана бейнеленіп қоймай,

халықтың жалпы сана-сезімі, менталитеті, ұлттық мінезі, өмір салты, салт-

дәстүрі, намысы, ары, құндылықтар жүйесі, әлемді тануы мен әлемге көзқарасы

бейнеленеді [94].

Интеграцияланған тілдік бағдарламаларда шет тілі өз бетінше нақты

функцияны атқарып, таным мен қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді;

осы арқылы білім берудің оқыту және дамыту мүмкіндіктерін біріктіру

жолымен балалардың түрлі және біртұтас дамуына ықпал етеді; бұндай

бағдарламалар шетел тілі оқу бағдарламасы мазмұнын елеулі кеңейтуге және

түрлі іс-шараларға балаларды қатыстыра отырып, олардың бейімділігі,

қабілеттерін кең мүдделерін қалыптасуы мен дамуына әкеледі; шет тілін

меңгеруде дәлелді практикалық қолдану үшін жағдайлар жасалады, дағдылары

дамып, балалардың одан қуаныш пен қанағат алуға, олардың жұмысының

нәтижелерін көруге мүмкіндік береді [95].

Сонымен қатар, белгілі бір дәрежеде интеграцияланған бағдарламаларды

құру білім беруді дамыту және іске асыру мәселесін шешеді және адамзат оқу

процесінің мерзімін қысқартуға жолдарын іздеген кезде, қазіргі жағдайда

оқытуды тездететін әдістер үлкен маңызға ие.

Америкалық зерттеуші М. Финокьяро ойынша, интегративтік тәсіл

күнделікті жағдайларда ақпарат сұрауда, кешірім сұрауда пайдаланылатын

сөйлеу актісін нақты әлемдік коммуникативтік функцияларын аралас оқытуға

мүмкіндік береді деп санайды. Фрагменттік білімді тіл тасушының түсінуіне

ықпал етпейді. Кең әдеби, музыкалық ақпарат салынған бағдарламалар,

61

шындықты көрсететін көп өлшемді түсіністік пен мәдени элемент ретінде

тілдің рөлін қамтамасыз етеді [96].

Педагогикалық плюрализм жағдайында балаға ең тиімді шет тілдік мәдени

білім беру шет тілін интеграциялық оқыту аясында жүзеге асады. Бұл жағдайда

балалар шет тілінің негіздерін ойын түрінде (жиі санадан тыс деңгейде),

сонымен қатар оқытылып жатқан тілдің елінің мәдениеті туралы кең кешенді

игеруге мүмкіндігі бар.

Бұл мәселені шешуге біз дайындаған мектеп жасына дейінгі балалардыды

үш тілді білім беру үдерісінде көп мәдениеттілікке тәрбиеледің «Винни-Пух

әлемі» бағдарламасы бағытталған. Онда екі компонент – мәдени тәрбиелеу мен

ағылшын тілі – автономдық дербестікке ие, және мектепке дейінгі ұйым

жағдайында бала тәрбиесінде бірдей маңыздылыққа ие.

«Винни-Пух әлемі» бағдарламасында біз келесідей мақсаттарды

анықтадық: 1) мектеп жасына дейінгі балалардыды Ұлыбритания мәдениеті

туралы түсініктерін құру. Ұлыбритания мәдениетіне таныстыру және оны өз

халықтарының (қазақ, орыс) мәдениетімен салыстыру.

2) Балаларға қарапайым күнделікті жағдайларда қарым-қатынас үшін

ағылшын тілінен элементарлы білім беру. Шет тілдік білім, білік және

дағдыларын қолданыстың нақты саласына бағыттау (дәстүр, фольклор,

мәдениет, балаларға арналған музыка, балалар әдебиеті).

3) Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Достық, сыйластық,

басқа адамдарға төзімділік рухында балаларды тәрбиелеу.

4) Қазіргі әлемдегі шындықты ескере отырып, Ұлыбритания халқына

балалардың эмоционалдық және құндылық көзқарасын қалыптастыру, достық,

түрлі халықтардың мәдениетін құрметтеу рухында балаларды тәрбиелеу.

5) Мектеп жасына дейінгі балаларды тікелей мәдениеттер диалогына

ықпал ететін нақты әрекеттерге белсенді қатысуға дайындау.

Бағдарламаға жеті сюжеттік-тақырыптық блоктар кіреді:

1. «Ұлыбританияға қош келдіңіз» – "Welcome to England";

2. «Кел танысайық! Ағылшынша есімдер» – "What is your name?";

3. «Рождество. Жаңа жыл» – "Christmas. Happy New Year";

4. «Әулие Валентин күні» – "Saint Valintine's Day";

5. «Ағылшын үй жануарлары» - "Pets";

6. «Ағылшынша шәй ішу» – "English Tea Party";

7. «Аналар мерекесі» – "Mother's Day".

Бағдарлама екі бөлімнен тұрды:

- ұлттық дәстүрлер туралы негізгі білімдер мен түсініктер, ұлттық

мәдениет, өнер, британдық балалар әдебиеті;

- ауызша негізде ағылшын тілін үйрету (монолог және диалог пішіндерде

шетел тілінде білім алмасу, ағылшын тілінің тілдік коммуникацияда танымдық

коммуникативтік қабілеттерін дамыту).

Бағдарламаның мақсаттары оның мазмұнын анықтады:

- Ұлыбритания мәдениетімен таныстыру: ағылшын мәдениеті

компоненттері: халық ауыз әдебиеті шығармашылығыустным, әндік

62

шығармаылық, декоративті-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, балалар

әдебиеті (Қосымша 3);

- ағылшын тілін игеру: ауызша сөйлеу тақырыптары, тілдік материалдар

және сөйлеу қызметінің әр түріне қойылатын талаптар.

Кесте–14. Ұлыбританияның ұлттық мәдениетінің компоненттерін оқу-

тәрбие үдерісінде қолдану

Мәдениет компоненттері Құралы Қолданудың уақыты мен орны

Халықтың ауыз әдебиеті

өнері

Ертегілер, Санамақтар,

Мақал-мәтелдер

Тіл дамыту сабақтары (оқу және

әңгімелеу)

Ән өнері Ритмикалық әндер, қол

ұстасып жүріп айтатын

өлең

Сабақтан тыс (таңертең және

түстен кейін) ұйқы алдында,

ұйқыдан тұрғанда, сайрандауда,

ойында-драмалық көріністе,

қуыршақ театры

Музыка сабағы.

Мерекелер. Көңіл көтеруде.

Декоративті-қолданбалы

өнер

Ұлыбритания елтаңбасы,

ұлттық киімдеріндегі

өрнектер (тартан)

Сурет салу сабағында.

Дидактикалық ойындарда.

Ойындар Қимыл ойындары, сөздік

ойындар, дидактикалық

ойындар

Таңертен, кешке, сайранда,

Мереке, көңіл көтеруде.

Біздің бағдарламамыздың даярлауда ағылшын тілін оқыту өзіндік мақсат

емес, адамзаттың ортақ мұрасы ретінде ағылшын мәдениетіне негізделеді деп

көзделген. Құрастылып отырған шет тілдік мәдени жағдай өзіндік көп

мәдениетті тәрбиенің іргетасы, ал ағылын тілі оның құралы болып табылады.

Ана тілі басқа екінші орыс тілі және үшінші ағылшын тілін оқытуға база

және негіз болып табылады.

Ана тілі білім беру мазмұнының іріктеу кезінде оқу материалын және

оқыту процесінде дағдыларын қалыптастыруда ескерілді. Ағылшын тілінің

айтылуына үйретуде білім алушылардың ана тілінің артикуляциялық базасы

мен екпіні есепке алынды. Әріптердің Ортақ және әртүрлі айтылу

ерекшеліктерін көрсету және аудару мүмкіндіктері мен интерференцияларды

(кедергілер) есепке алу балаларға жаңа тілдік айтылуды меңгеруге көмегін

тигізді. ана тілін лексиканы үйретуде есепке алу түсінікті игеруде, сөз құрауда,

сөздің көп ма, сөз құрауда, сөздің көп мағыналылығында шешуші рөл атқарды.

Ана тіліне сүйене отырып, тыңдалған материалды түсіну дағдыларын

қалыптастыру (оқытылған естілетіндей немесе көзбен қабылданады, сөйлеу

мазмұнын болжау), оқытуда диалогтік және монологтық сөйлеу (ана тілінде

қалыптасқан дағдыларына сүйене отырып: өзі туралы айтуға, суретті

сипаттауға).

Мынадай ережелер нұсқаулық ретінде қабылданды:

1. Балаларды ағылшын тілін оқыту барысында, шет тілін үйренуде өз ана

тіліндегі білімдерін пайдалану жолын көрсету.

63

2. Шет тілінде қатынас жасауда ағылшын дыбыстарының балалар үшін

әртүрлі қиындық әкелетінін есте сақтау, тиісті ана тіліне жақын дыбыстарды

оқытуда уақытты үнемдеу.

3. Ана тілімен байланыс орнату үшін, сөйлеудің лексикалық аспектісі

бойынша жұмыс: функциясы, нысаны, мағынасы және пайдалануы бойынша

[97].

Бірнеше авторлардың (Е.О. Бахталин, И.В.Вронская, А.Д. Климентенко,

E.H. Негневицкая, Е.И. Пассов) көзқарасын есепке ала отырып біз

бағдарламаның мазмұнына мынадай құрамдас компоненттерді енгіздік:

- элементарлы айтылу (фонетикалық) дағдылары мен ауызша сөйлеу

қызметі, олар өз кезегінде шет тілінде диалогқа қатысу және оқытудың

үрдісінде оларды одан әрі дамыту және жетілдіру үшін бейнелі лингвистикалық

негізін құруға мүмкіндік береді;

- тілдік материал (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық);

- сөздік-сөйлеу материалы, оның ішінде өз мағынасы бойынша толық сөз

тіркестері, клишелер, және супер-фразалық бірліктер: поэзия, ән, санамақтар,

мәтелдер (Қосымша 4);

- тілдік және сөйлеу материалды арасында бағытталу туралы негізгі білім.

Шет тілдерін оқыту мазмұнын іріктеудің маңызы зор болды. Өйткені

тілдік бірліктер мен жүйелерді күшті сіңіру балалардың нақты сөйлеу

заңдылықтарымен қарым-қатынас жасаумен қатар, жағдайдың ерекшеліктеріне

байланысты іс-әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат етті. Сондықтан, ұлттық салт-

дәстүр, ұлттық мәдениетіне, ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы

ақпаратқа негізделген, әрбір блокқа өлеңдер, санамақтар,қысқа ертегілер,

әндер, ағылшын тілінде спектакльдер материалдары іріктелді. Олардың

кейбіреулері тек тыңдалым үшін арналды, басқалары – есту, түсіну және

репродукция үшін.

Қатынастың табысты болуы сөйлесушілердің өз сөзін қалай анық және

мәнерлеп безендіруіне тәуелді. Шет тілі байланысқа оқыту кезінде, өзара

түсіністік мүмкіндігі сөйлеудің айтылу аспектісімен байланысты, сондықтан,

шет тілінде сөйлеу әрекетін оқытуды жетілдіру негізінен осы қызметтің

дыбысталу негіздерін қалыптастырумен табысты анықталады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды шет тілдік сөздің айтылуын оқытудың

басты тәсілі – имитативтік, осы жас балаларының психо-физиологиялық

ерекшелігімен түсіндіріледі. Е.Ю. Бахталина айтуынша [100], сөздік

қатынастың жағдайын дәл имитациялау маңызды, сонда балалар сөйлеуге

дайындалудың қажеттілігі кетеді, бірақ сөйлесуді бірден бастайды; сөздің

айтылуы сөйлеуге "салынбауы" керек, оның негізгі, шет тілдік қатынастың

басқа компоненттерімен лексикалық және грамматикалық дағдыларымен

ажырамас байланысты болуы керек.

Айтылуды меңгеру олардың ана тіліндегі дыбыстарды салыстырғанда

ағылшын тілінің дыбыстық құрылымы негізінде салынды. Тиісінше келесілер

бөлінді:

64

1) Орыс, қазақ және ағылшын тілдеріне ұқсас дыбыстар, арнайы

дайындықты талап етпейді, балалар білім мен дағдыларды ауыстыру арқылы

оларды үйренді: [m], [b], [s], [z] ,[g].

2) Орыс және қазақ тілінде аналогиялық дыбыстардан бірнеше ерекшелене

естіледі, түзетуді талап етеді: [t], [d], [n], [l], [e], [p], [k].

3) Орыс және қазақ тілінде кездеспейтін, артикуляциялық түсіндіруді

талап етеді: [w], [h], [æ], [ ], [ ], [r].

Сабақтарда шет тілін қосудан кейін сөйлеудің дыбыстық мәдениетімен

жұмыс бүкіл сабақ бойы жалғасады, сонымен қатар ойын тәсілі қолданды:

көптеген дыбыстар балаларда ертегі бейнелерімен немесе таныс жануарлар,

құстармен ассоциацияланды. Дикцияны жаттықтыруда кішкене ертегі, ән,

өлеңдердің сценарилік ойнатылуы көмектесті («Теремок», «Колобок», «Тіл

туралы ертегі»).

«Фонетикалық» ойындар балалардың есту зейіні мен есте сақтауын, есту

дағдысын және дыбыстарды ұзынды қысқалығын айыруға, тісара дыбыстарын,

ашық дыбыстарды естуге дамытуға қолданылды.

Ағылшын тіліне үйрету бағдарламасын әзірлеуде біз И.В. Вронская әдісін

қолдандық [99]. Тілдік материалды үлестіруде біз оқыту үшін оның жиі

қайталау қажеттілігіне ғана бағдарланбадық, негізгі жүктеме еркін жадыда

жүзеге асырылды, сондай-ақ назарға балалардың еріксіз жадқа қабылдау

қабілетін ескердік – импринтинг, бір рет қабылданған мәңгіге сақталмаса, ұзақ

уақыт бойы жадында қалады.

Сөйлеу материалдарын меңгеру барысында мынадай талаптар қойылады:

1. Барлық іріктелген лексика балалардың күнделікті өмірінде жиі кездесетін кең

таралған сөйлеу құлқының (стандартты) формулалар негізінде әрі қарай

құрастұруды қамтамасыз етуі керек. 2. Меңгеруге тиісті материал құрамы

балалар үшін өзекті болуы тиіс және белгілі бір қолдану аясына бағытталуы

керек (дәстүрлер, фольклор, мәдениет, балаларға арналған музыка, балалар

әдебиеті). 3. Тілдік материалды іріктеу ана тілінде қалыптасқан сөйлеу

дағдыларының деңгейін есепке ала отырып жүргізілуі керек. Бұл талап

қолжетімділік пен шамаға сәйкес жалпы дидактикалық қағиданың іске асуын

қарастырады. Үйрену үшін балаларға ұсынылған лексикалық бірлік және

сөйлеу үлгілері , олардың интеллектуалдық және лингвистикалық даму

деңгейіне сәйкес келуі тиіс. Сөйлемдердің грамматикалық безендірілу

үлгілерінен ең элементарлылары алынды. Ана тілінде көлемі бес немесе алты

сөйлемнен көп емес сөйлеу құрылымдары болмағандықтан бұл қағида сөйлеу

материалын іріктеуде есепке алынады. 4. Тілдік материал балаларға өнімді

және сезімтал сіңірілетін активті және пассивті минимумға бөлінеді. 5. Лексика

таңдау жалпы әдістемелік принциптерге сәйкес жүзеге асырылды:

семантикалық құндылығы, құрылыстық қабілеті, жиілігі.

Біз мәдени бағыты басым тілдік және сөйлеу материалдарын таңдадық

(Қосымша 4). Пассивті және белсенді минимумды іріктеуде біз Е.Г.

Боровикова., М.Е. Зубкова., Ю.Л. Минаев әдістемелік ұсынымдарын

басшылыққа алдық [100].

65

Бұл лексикалық дағдыларды қалыптастыру үшін лексикалық материалды

концентрлік ұйымдастыру есебінен қалыптастыру көзделген болатын.

Таңдалған лексикалық материалдың барлық көлемі бірінші ситуациялық-

тақырыптық блоктар бойынша ұйымдастырылды, белгілі бір лексикалық

бірлікті ұйымдастыруды пайдалану міндеттері сюжеттік-тақырыптық блок

жағдайларында талданды, балалар және байланыс қызметі жағдайлардың

ауызша әрекеттерінің адекваттылығымен ынталандырылды. Тілдік материал

біртіндеп жұмсайтын, сюжет және тақырыптық блоктар кейбір қазіргі уақытта

жұмыспен қамту тақырыбын сай келетін лексиканы, қалыптасқан шетел тілінде

сөйлеу дағдылары мен балалардың қабілеттерін деңгейін таңдап алынды. Одан

кейін бұрын үйренген лексика балаларға тақырыптық топтың лексикалық

бірлік белгілі бір көлемімен толықтырылды және басқа да лексикалық

бірліктермен синтагмалық және парадигматикалық қатысқа кірді.

Балалардың лексиканы шоғырлануға қатысты оқып білуі: кеңінен сөздік

қорын байыту арқылы және тереңдікке – синтагмалық, парадигматикалық,

семантикалық байланыстарды кеңейту арқылы Әрбір жаңа сабақ лексика

тұрғысынан алдыңғының жалғасы болып, оны нығайтуға және дамытудан

көрініс табады. Бұл ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту және автоматтандыру

ықпал етті. Лексикалық материал кестелер түрінде ұйымдастырылды. Мысалы:

I want to jump to sing to dance

Please, give me a card a candy a cake

I like English Christmas Santa Claus

(to sing, to dance)

Сол жақ вертикальда синтактикалық құрылыс (синтагмикалық байланыс)

мысалдары орналасқан, оның көмегімен бір бірімен мағыналы байланысты

сөйлемдер құрылады. Горизонтальды кеңістікте лексикалық бірліктер мен сөз

тіркестері орналасқан, олардың көмегімен сөйлеу мысалдары құрылады.

Оларды парадигмикалық байланыстар біріктіреді. Осылайша, шын мәнінде

мағыналық байланыс орнатылады (ол вертикаль бойынша байқалады): мағына

– мән – шет тілдік сөз пішіні [103].

Арнайы ұйымдастырылған грамматикалық құбылыстары: балалардың

хабардарлық негізінде сөйлеу үлгілерін дәйекті басқарудың принципі

грамматикалық категориялары емес, балалардың мағынасын түсіну арқылы іске

асады.

Әзірленген интеграцияланған бағдарлама оқу жылына арналған және

тәрбиелеу мен балабақшадағы балаларға білім берудің негізгі процесіне

сәйкестендірілген. Ол мектепке дейінгі мекемелерде балаларды көп мәдениетті

тәрбиелеу жөніндегі жұмыстардың ажырамас бөлігі болуы мүмкін.

«Көп мәдениетті білім беру және ағылшын тілі» интеграцияланған

бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналады, және кез

келген мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті тәрбиелеу, үш тілді

білім беру бағдарламаларына «қосымша» болып табылады.

Балалармен қалыптастырушы жұмысты ұйымдастырудың

міндеттері, мазмұны және шарттары

66

Қазіргі кезде Қазақстанда, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге

бағытталған, жаңа жүйенің қалыптасуы орын алуда, оқыту-тәрбиелеу үрдісі

тәжірибесінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Сонымен бірге әртүрлі

оқыту әдістері мен педагогикалық жүйелердің диалогын орнату, тәжірибеде

жаңа формаларды қолданып көру, сонымен қатар қазіргі Қазақстан жағдайында

өткен уақыттың бүтін педагогикалық жүйелерін қолдану да өте маңызды

(Г.К.Селевко). Осыған байланысты мектепке дейінгі ересек жастағы

балалардағы қазақтың, орыстың, ағылшындардың ұлттық мәдениеті жайлы

білім жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін, зерттеу-тәжірибелік жұмыс

кезеңінің мәліметтерін ескере отырып, қалыптастырушы кезең әдістемесі мен

ұсыныстар жасалды. Бұл әдістің негізіне мектепке дейінгі ересек жастағы

балаларды көп мәдениетті тәрбиелеу ұсыныстары жасалды. Біз зерттеу-

тәжірибелік жұмысымыздың базасы болып табылатын «Тілдер туралы» заңын

ескердік. Бұл заңда тілді қолдану еркіндігі, қазақ және орыс тілдерінің

республика территориясында тең құқықты әрекет етуі, Қазақстанның

мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қазақ және орыс

тілдерін оқыту жайлы айтылған. «Тілдер туралы» заңның №6 бабында:

«Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы білім алу мен тәрбиелеу тілін

еркін таңдауға құқығы бар» делінген [5]. «Білім туралы» заңның № 8 бабында

«азаматтық пен патриоттыққа, Отанға – Қазақстан Республикасына деген

сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге деген сыйластыққа, ұлттық салт-

дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеудің...; әлемдік және отандық мәдениеттің

жетістіктеріне ортақтасудың, республиканың қазақ халқы мен басқа да

халықтарының салт-дәстүрлерінің тарихын оқудың» маңыздылығы басып

айтылған [4]. Осылайша МДҰ тәрбиелеу және білім беру үрдісі үш тілді білім

беру жағдайында болады. Тілдерге оқыту барысында тілі оқылып жатқан тілдің

мәдениеті де қарастырылады, алайда тәжірибе көрсеткендей бұл айтарлықтай

тиімді емес.

Біз жасап шыққан әдіс педагогикалық үрдістің тұлғалық бағытталуға

негізделген педагогикалық әдіске жатады және Шалва Александрович

Амонашвилидің гуманистік-тұлғалық технологиясына жақын болып келеді.

Әдісте келесідей жіктемелік параметрлер бар:

Қолдану деңгейі бойынша: жалпы педагогикалық.

Философиялық негізі бойынша: гуманистік.

Негізгі даму принципі бойынша: социогенді.

Тұлғалық құрылымға бағытталуы бойынша: ассоциациялық-рефлекторлы.

Мазмұн сипаты бойынша: оқыту + тәрбиелеу, гуманитарлық, жалпы білім

беру, тұлғаға бағытталған.

Басқару тфипі бойынша: кіші топтар жүйесі.

Ұйымдастыру формасы бойынша: дараландыру және дифференциация

элементтері бар дәстүрлі

Балаға қолданылатын әдіс бойынша: гуманистік - тұлғалық, серіктестік

педагогикасы.

67

Басым әдісі бойынша: түсіндірмелі-көрнекілікті, шығармашылық

элементтері бар ойын.

Білім алушылар категориясы бойынша: жалпы балаларға тұлғалық әдіс

қолдану негізінде.

Мақсатты бағыттар

Балада өз ұлты, жақын және алыс ұлттардың мәдениеті, олардың

фольклоры жайлы түсінік қалыптастыру; таным негізінде патриоттық

сезімдердің негізінің қалыптасуына әсер ету, баланың әр ұлт мәдениетіне

қатысы бар екендігін сезіндіру, әр түрлі мәдениет өкілдеріне жағымды

көзқарастарын қалыптастыру. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі

мәселелерді шешу қажет: бала санасына барлық ұлттарға және елдерге ортақ

құндылықтарды қолжетімді формада жеткізу; көңіл көкжиегін кеңейту;

адамгершілік негіздерін салу. Қойылған міндеттерді шешу жолдары -

мектепке дейінгі білім берудің барлық құралдарын ұлттық мәдениет

компоненттерімен толықтыра отырып пайдалану.

Концептуалдық қағидалар

- Серіктестік педагогикасының гуманистік - тұлғалық әдісінің барлық

қағидалары: тұлғаға білім беру нысанасы ретінде жаңа көзқараспен қарау,

оқыту - тәрбиелеу үрдісінің тұлғалық бағытталуы; жеке әдістер қолдану

(тұлғаның жақсы жақтарын іздеу, психологиялық–педагогикалық

диагностиканы қолдану, оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі тұлға ерекшеліктерін

ескеру).

- Мектепке дейінгі баланың адамгершілік және зияткерлік дамуы етене

жақын байланысқан және қиялдың, сонымен қатар логикалық және абстрактілі

ойлаудың қарапайым формаларының қалыптасуына, өз-өзін бағалауының

жоғарылауына, толеранттылық сезімінің қалыптасуына әсер етеді.

- Бала тұлғасының шығармашылық потенциалы өзінің әртүрлі ұлттардың

мәдени байлығына қатысы бар екенін сезінуімен бірге, сонымен қатар жалпыға

ортақ мәдениет және құндылықтарға қосылуымен бірге қалыптасады.

Мазмұн ерекшеліктері

Әдістеменің өзегі ұлттық мәдениет компоненттері жайлы білім. Дәл осы

білім мектепке дейінгі жастағы балаға адамзаттың әртүрлілігі мен бірлігін бір

уақытта сезінуіне, олардың бір-бірімен тығыз байланыста екенін, олардың

құқықтары сақталуы керек екендігін, сонымен бірге ұқсас емес адамдар мен

идеялар әлемінде өмір сүруге дайын болуға дайындайды.

Нақты білімдер: а)қолжетімді ақпарат жеткізеді; б)эмоция, сезім оятады;

в) әрекетке итермелейді.

Біз әдіс мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды анықтадық:

- балаларды қазақ, орыс және ағылшын ұлттарының мәдениет әлеміне

алып келеді; баланың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған жүйелі, дамытушы

сипатқа ие болуы; білім берудегі бірлік принципін іске асырады және бала

әрекеттерінің және дамуының әр қырын көрсете алады; балаларға білім беру

және тәрбиелеуді тиімді ұштастырады; балалар әрекеттерінің барлық түрін

68

ұйымдастыра алады, гуманизация, ұлттық ерекшеліктер, дәстүрлер принципіне

негізделеді;

- терең дараландырылған, балалардың психикалық дамуының жас

ерекшеліктерін ескереді; мектеп жасына дейінгі баланың көп мәдениеттілігінің,

сезімдерінің, эмоция, көңіл-күй, әдеттерінің, пайымдарының, түсініктерінің

қалыптасуын қарастырады. Нәтижелер тәжірибелік сипатқа ие болды және

әртүрлі балалар әрекеттерінде маңызды роль атқарады (сабақтарда, ойында

және күнделікті өмірде).

Әдістеме ерекшелігі. Аталған білім және қабілеттер әдістемелердің және

әдістемелік тәсілдердің арнайы мазмұны көмегімен қалыптасты, оларға:

гуманизм, балаларға махаббат білдіру, балалар бақыты, таңдау еркіндігі, таным

қуанышы; дара әдіс: тұлғаны зерттеу, қабілеттерін дамыту, сәттілік

педагогикасы; қарым-қатынас шеберлігі, екі жақтылық заңы, жариялық.

Оқыту жұмыстары: ағылшын тіліне оқыту.

Балар әрекеттерін бағалау: сапалық бағалау (сипаты, өз-өзін сынау,

бағалауға оқыту).

Жасалған әдісті іске асыру үшін келесі міндеттер қойылды:

- мектеп жасына дейінгі балаларға қолжетімді Қазақстан, Ресей және

Ұлыбритания ұлттық мәдениеті компоненттерін іріктеп алу;

- тәжірибелік жұмысқа арналған материалдарды дайындау;

- мектепке дейінгі жастағы балаларға үш тілді білім беру үдерісінде көп

мәдени тәрбиелеу әдістемесін тәжірибе жүзінде тексеріп көру;

- мектепке дейінгі жастағы балаларға үш тілді білім беру үдерісінде

көп мәдениетті тәрбиелеудің тиімді әдістерін, құралдарын және формаларын

анықтау және тексеру.

Үш бағыт анықталды:

1. Өз ұлтының мәдениетімен таныстыру ( қазақ).

2. Жақын ұлттың мәдениетімен таныстыру (орыс).

3. Алыс ұлт мәдениетімен таныстыру ( ағылшын).

Әр бағытты іске асыру келесі бөлімдер арқылы іске асырылды:

1. Танымдық әрекет.

2. Ойын әрекеттері.

3. Шығармашылық әрекеттер.

4. Музыкалық әрекеттер.

5. Еңбек әрекеттері.

Әр бөлім оның мазмұнын нақтылайтын бірнеше блокқа ие (Қосымша 3).

Балалардың өз ұлтының және алыс, жақын ұлттардың мәдениетімен

таныстыру жұмыстары ұлттар мәдениетінің диалогтық принциптерін ескере

отырып (М.М.Бахтин, В.С.Библер), «жақыннан алысқа» ретімен, білімді

кеңейтудің келесі үш кезеңде қайталанатын ретін ескере отырып жасалды:

1-кезең- ұлт мәдениеті жайлы түсінік, білім қалыптастыру;

2-кезең- алынған білім және түсінікті жүйелеу;

3-кезең- мәдениет жайлы балалардың түсініктерін пысықтау, салыстыру.

69

1-кезеңде келесі түрдегі сабақтар жүргізілді: оқу, әңгімелесу, ұлттық

музыканың және ауыз әдебиетінің шығармаларын таныстыру; танымдық

әңгімелер; жолсапарлар; сурет өнері.

2-кезеңде ұлттық фольклорлық мерекелер, балаларға арналған көңіл

көтеру шаралары, дидактикалық ойындар жүргізілді.

3-кезеңде балалардың бір ұлт жайлы алған білімін нығайту, басқа ұлт

мәдениетімен таныстыру және ол жайлы түсінік қалыптастырумен ұштастыра

отырып іске асырылды: қолданбалы өнер заттарының көрмелері

ұйымдастырылды; жәрмеңке; балалармен әңгіме ұйымдастырылды,

театрландырылған, сюжеттік - рольдік ойындар жасалды.

Ұлттық мәдениет құралдарын іріктеуде біз М.И.Богомолова, С.А.Козлова,

Н.А.Малкинаның әдістерін басшылыққа алдық. Балалармен жұмыс жүргізу

үшін келесі ұлттық педагогика құралдары алынды: халық ауыз әдебиеті

(ертегілер, жырлар, мақалдар, жаңылтпаштар), музыкалық фольклор (өлеңдер,

күйлер, әндер), ұлттық ойындар және мерекелер, қолданбалы өнер, дәстүрлер

мен салттар.

Таңдалынып алынған материал дидактикалық ойластырылған және

мектепке дейінгі ересек жастағы балалар жасына бейімделген.

Қалыптастыру кезеңінің қойылған міндеттерін шешу үшін алдын ала

балалармен жұмысқа қажеттілігі және лайықтылығына қарай материалдар

таңдап алдық.

Мәдени феномен ретінде ертегінің ролі ерекше. Шығармашылық образда

ертегі балаға таныс емес әлемді көрсетеді және осылайша баланың әлемді

тануға деген қажеттілігін қанағаттандырады. Ертегі тыңдай жүріп бала басқа

мәдениеттің өмірі, дәстүрі, салттары жайлы біледі. Сонымен бірге ертегі

әлемдегі барлық адамдар оның еліндегі адамдарға тән қасиетке ие екендігін:

олар мейірімді, ержүрек, еңбексүйгіш екендігін түсінуге мүмкіндік береді. Ұлт

ертегілерін көп мәдениетті тәрбиелеу үрдісіне енгізу маңыздылығы ертегі

беретін «әлем суреті» бүтін және ол жерде, ұлттық сана призмасы арқылы

өткен (ұлттық ертегілерде) немесе жеке автор туындысындағы (әдеби ертегі),

басқа тілдегі мәдениет көрінісі бар екендігімен де байланысты.

Кесте–15. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау үшін орыс

және қазақ ұлттарының ертегілерін іріктеу

Орыс ертегілері Қазақ ертегілері

1 2

Жануарлар жайлы

«Түлкі мен құмыра» «Мақтаншақ Қоян»

«Күңкілдек мысық, Котофей Котофеевич»

«Аю мен түлкі» «Ақымақ қоян»

«Қараторғайлар және кәрі торғай»

Сиқырлы ертегілер

1 2

«Хаврошечка» «Арман гүл»

Тұрмыс ертегілері

«Сивка-Бурка» «Үш қыз»

70

Ағылшын ертегілерін іріктеу кезінде біз келесі мәнді ертегілерге

басымдық бердік: 1)мотивациялық ойды оятатын бағыттағы (балаларға

ертегілерді тыңдау немесе оны ойнау өте қызық) - «Джонни-Бәліш»;

2)ақпаратты және білімдік құндылығы жоғары (ертегі балаға өзі жайлы айтып

береді) - «Күннен Шығысқа және Айдан Батысқа қарай», «Алтын жанасу»; 3)

тілдік қолжетімділік (ертегі тілі және мазмұны білім беру жүйесі мен бала

қажеттіліктеріне сай келеді – «Үш торай» ертегісі [102].

Ұлттық ертегілер балаларға үлкен тәрбиелік әсер береді, себебі олардың

көпшілігінде адам өмірі, адамдық қарым-қатынас сипатталады. Бұл баланы

қызықтырады. Ертегілердің айқын байқалатын дидактикалық сипатын айта

кеткен жөн. Олардың барлығы танымдық сипатқа ие. Олардың басым

көпшілігінде ұлтқа тән адамгершілік сипаттар беріледі: Отанға, ұлтқа деген

махаббат және оны қорғау, жамандықпен күрестегі батырлық, достық және

шығармашылықтағы адалдық және т.б. ертегі ұлт мінезін, оның

психологиясын, өмірлік идеалдарын көрсетеді. Ертегілердің тағы бір қыры –

қиял ғажайып, ойдан шығарылған элементтердің болуы.

С.Л.Сухомлинский бала өміріндегі ертегінің орнына үлкен мән берген,

себебі ертегі сөздері бала санасында өмір сүреді және ғажайып суреттер

салатын сөздерді естігенде бала үлкен сезімдерге бөленеді. Ол білім беруді

ертегісіз елестетуге болмайды деген [103].

Ағылшын ертегілеріндегі танымдық сипаттан басқа олардың

ерекшелігін де айта кету керек. Дана педагог – халық ертегілерді қызықты етіп

құрастырған. Ағылшын ұлттық ертегілерінде тек тірі образдар ғана емес,

сонымен бірге ағылшын ұлтының әзілге деген құмарлығы да әдемі күлкілі

сәттермен жеткізілген («Қояндардың құйрығы неге қысқа?», «Ақылды тышқан

жайлы ертегі», «Қоян және ешкі жайлы ертегі»).

Ұлттық ертегілерде адам деп тек еңбек ететін адамды ғана айтатыны

жайлы да ой байқалады. Еңбекпен және күреспен адам жақсы қасиеттерді

дамытады. Бұл жағынан кішкене қызыл тауық жайлы ертегі өте қызық ("The

Little Red Hen").

Ертегімен жұмыстың әртүрлі формалары бар: ертегілерді оқу, аудиода

тыңдау, бейнебаян көру, оларды айтып беру, ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін

талқылау, ертегі білгірі байқауларын жүргізу, суреттер көрмесін ұйымдастыру

және т.б. Балаларды (ересек адам басшылығымен) ертегі желісімен кино

сюжетін жасауға үйрету тәжірибесі де бар. Мұндай суреттеу – ертегіні ой

елегінен өткізудің дұрыс жолы. Ертегімен жұмыс жолдары сан алуан және бала

тұлғасының қалыптасуына жағымды әсерін тигізеді.

Біз таңдап алған ағылшын ұлтының ертегілері шығармашылық образда

балаға таныс емес әлемді алып келеді, ұлттық тұрмыстың көрінісі, жоғары

шеберліктің үлгісі бола алады, өсіп келе жатқан ұрпақты жанжақты

тәрбиелеудің негізі бола алады.

Кесте–16. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларымен жұмыс жасауға

арналған Ұлыбритания ертегілерін іріктеп алу

71

№ Ертегі атауы Автор Тілі Қазақ тіліндегі баламасы

1. Шабдалы қыз Халық Қазақ "Аққулар-қаздар"

2. Мыстан және сиқырлы қояндар Халық Қазақ

3. Алтын жанасу Халық Қазақ

4. Күннен Шығысқа және Айдан

Батысқа қарай

Халық Қазақ

5. Джонни-Бәліш Халық Қазақ "Бауырсақ"

6. Үш торай Халық Қазақ

7. Қояндардың құйрығы неге

қысқа?

Халық Қазақ

8. Қоян және ешкі жайлы аңыз Халық Қазақ

9. Ақылды тышқан жайлы ертегі Халық Қазақ

10. The Red Hood Халық Ағылшын Қызыл қалпақ

11. The Little Red Hen Халық Ағылшын Кішкентай қызыл

балапан

Кез-келген әдебиетпен байланыс оқырманды байытады. Оның ажырамас

бір бөлігі балалар көркем әдебиеті. Көркем әдебиетті оқу өз әрекеттерін

кейіпкерлер әрекеттерімен салыстыруға мүмкіндік береді, мектепке дейінгі

оқушылардың қоршаған әлем және ондағы өзінің орны жайлы түсінігін

кеңейтеді, эмоционалдық жағынан әсер етеді, оқиға деген сезімдер

туындатады. Көркем шығармалардың мазмұны келесі талаптарға сай болуы

керек:

- әртүрлі елдегі балалар мен ересектердің өмірі жайлы әр алуан және

шынайы білім беру;

- көп, артық, материалды қабылдау және игеруді қиындататын

материалдардың болмауы;

- қарапайым, түсінікті, көркем тілмен жеткізілген болуы керек.

Балалармен жұмыс кезінде орыс, қазақ және ағылшын классикалық балалар

әдебиетінің ең танымал шығармалары қолданылды.

Кесте–17. Орыс, қазақ және ағылшын классикалық балалар әдебиеті

туындыларын көп мәдениетті тәрбиелеу кезінде пайдалану

№ Автор Кітап атауы

1 2

Орыс мәдениеті

1. Самуил Маршак Он екі ай

2. Александр Волков Зүбаржат қаласының сиқыршысы

1 2

3. Александр Пушкин «Алтын бұтақ жайлы, Өлі патшайым және жеті

батыр жайлы» Ертегілер

Қазақ мәдениеті

4. Ы. Алтынсарин Ертегілер, өлеңдер

5. Абай Құнанбаев Өлеңдер

6. Халық әдебиеті Ертегілер

72

Ағылшын мәдениеті

7. Джеймс Мэтьи Барри Питер Пэн

8. Кеннет Грэм Талдардағы жел

9. Беатрис Хелен Поттер Ертегілер

Ұлттық ауызекі тілінде мақалдар пайда болады және өмір сүреді. В.И.

Даль мақалдарды ауызекі сөйлеуге енген нақыл сөздер деп санайды [101].

Оларға қысқалық және қарапайымдылық тән. Осыған қарамастан олар

пайымдаудың жоғары нақтылығымен, нақты бір ойды көркем жеткізумен,

жалпылаумен, әртүрлі өмір жағдайларына байланысты және халықтың

әлеуметтік-тарихи тәжірибесі тұрғысынан ой түйіндер жасауымен

ерекшеленеді.

Мақалдар үлкен тәрбиелік мәнге ие, осылайша олар педагогикалық құрал

бола алады. Мақалдар жағымды идеалдарды тәрбилеуге мүмкіндік береді:

Отанға деген сүйіспеншілік («Отансыз адам — ормансыз бұлбұл»), еңбек

сүйгіштік («Бүгін жасауға болатын істі ертеңге қалдырма»), достық («Қиын

сәтте жаныңда болған дос – шын досың»), адамгершілік («Жақсы атақ

байлықтан артық»), әділеттілік пен арамдық, жақсылық пен жамандық арасын

көрсетеді («Не ексең, соны орасың»), өмір жағдайларында дұрыс таңдау

жасауға («Ең жақсысына қолың жетпесе, қолыңдағы барды ең жақсы жолмен

пайдалан») және денсаулыққа («Бірінші байлық - денсаулық») үйретеді (Кесте

18).

Балаларды ұлттық дәстүр және мәдениетпен таныстыру мәселесін әндік-

өлеңдік фольклор арқылы сәтті шешуге болады (Кесте 19).

Кесте–18. Мағынасы ұқсас қазақ, орыс және ағылшын мақалдарын іріктеу

[103]

№ Ағылшын мақалы Орыс мақалы Қазақ мақалы

1 2 3 4

1. There is по place like

home.

В гостях хорошо, а дома

лучше.

Отансыз адам – ормансыз

бұлбұл. Қонақта жақсы,

үйде одан да жақсы.

2. East or West home is

best.

Дома и стены помогают. На

чужой сторонушке рад чужой

воронушке.

Қонақ шақырғанды

ұнатпайтын адам

қуаныштың не екенін

білмейді. Үйде қабырғаң да

көмекшің.

3. A friend in need is a

friend indeed.

Друг в беде - истинный друг.

Друзья познаются в беде.

Құстың күші қанатында,

адамның күші достықта

Шын дос қиындықта

танылады

4. An apple a day keeps a

doctor away.

Кушай по яблоку в день, и

доктор не понадобится.

Күніне бір алма жеп

тұрсаң, дәрігер де қажет

болмайды

1 2 3 4

5. The right thing in the

right place.

Всему свое место. Бәрінің өз орны бар.

6. That's another pair of Это совсем другое дело. Бұл мүлдем басқа іс.

73

shoes.

7. Never put off till

tomorrow what you can

do today.

Никогда не откладывай на

завтра то, что ты можешь

сделать сегодня.

Ойын ойна бірақ істі

ұмытпа. Бүгін істеуге

болатын істі ешқашан

ертеңге қалдырма.

8. Tastes differ. О вкусах не спорят. Талғамға талас жоқ.

9. If you cannot have the

best, make the best of

what you have.

Если не можешь заиметь

лучшего, используй

наилучшим образом то, что

имеешь.

Наның үгіндісі де бағалы,

оны жерге тастама. Ең

жақысысына қолың

жетпесе, қолыңда барды ең

жақсы жолмен пайдалан

10. Every thing is good in

its season.

Всё хорошо в своё время.

Всякому овощу своё время.

Ойнап айтсаң да, ойлап айт

Әр нәрсенің өз уақыты бар..

11. A tree is known by its

fruit.

Дерево познается по плодам. Ағаш жемісімен, адам

ұрпағымен танылады

12. Be slow to promise

and quick to perform.

Не дав слова - крепись, а дав

слово - держись.

Уәдені беруде баяу,

орындауда жылдам бол.

13. A good name is better

than riches.

Добрая слава лучше богатства. Жамандардың ішінде үздік

болғанша, үздіктердің

ішінде әлсіз болған жақсы

Жақсы атақ байлықтан

артық

Кесте–19. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен жұмыс жасау үшін

қазақ, орыс әндерін іріктеу

№ Орыс мәдениеті

1. Перевоз Дуня держала

2. Я с комариком плясала

3. Во поле берёзонька стояла

Қазақ мәдениеті

4. Аппақ аппақ, жапалақтап...

5. Қазақ музыкасы «Бұлбұл»

6. Бесік жыры

Ән салу - балабақшадағы сабақтар, сонымен қатар екінші тілді (ана тілі

емес) оқытудың бастапқы кезеңіндегі кең таралған жұмыс жасау формасы. Ән

айту арқылы шет тілінің оқытушысы бірден бірнеше мәселені шеше алады: ең

алдымен балаларды оқытылып жатқан тілге жақындататын, жоғары

эстетикалық және тәрбиелік мәнге ие; шет тілінде ән айту сол тілдегі сөздерді

айту қабілетін жетілдіреді, ән айту-сабаққа жан бітірудің, шаршауды басудың,

балаларға еркін сезіну мүмкіндігін берудің ең жақсы жолы.

74

Тілге етене ену мәдениетпен танысусыз мүмкін болмайды, ал ол

мәдениетте сол тілдегі музыка үлкен роль атқарады. Басқаша айтқанда шет

тіліне балалар әндері арқылы ену. Басқа тілде ән айту шет тілдегі әнді бос

жаттау мен орындаудан тұрмауы керек. Егер ән мәтіні оқылатын материалмен

байланысты болса, оның тиімділігі еселеп артады.

Кесте–20. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен жұмыс жасау

кезіндегі ағылшын әндерін іріктеу

№ Ағылшын тіліндегі әндер Орыс тіліндегі

1. "Good morning, good morning to you" «Шалтай-Болтай», «Король жорығы»

2. "I am Nick, I am Nick" "How old are you?"

"Where are you from?" "What is your

name?"

«Дженни», «Қыздар мен ұлдар жайлы»,

«Бөшкедегі қыздар»

3. "How is your mother?" "You are sleeping.

Brother John?"

«Барабек», «Билейік», «Патшайымға

қонаққа барғанда»

4. "Colours" «Әңгіме», «Тауық»

5. "Old MacDonald" «Бәліш»

6. "Clap, clap, clap your hands" "Put your

fingers on the head" "My hands"

Ойындарды іріктеу кезінде біз ойын - өмір қажеттілігі және баланың

жанжақты даму құралы екендігін ескердік. Ойын балаларға қуаныш пен

рахат сыйлауы керек. Балалар ойындары маңыздылығы жағынан ән, ертегі,

мақалдардан кем түспейді және ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Ұлттық салттар,

көне дәстүрлер, сенімдер балалар ойындарында қала береді. Ойынның ұлттық

сипатында әр ұлттың мәдени байлығы, дәстүрі жатыр. Көптеген ойындардың

мазмұны әлемнің әр қиырындағы адамдардың өмірі мен тұрмысы жайлы

ақпарат бере алады.

Ағылшын тіліне оқыту кезінде бағдарламалық (балабақшаларға арналған)

ағылшын тіліндегі ойындар қолданылады, мысалы: «Үкі», «Мысық-тышқан»,

"Little Gray Mouse". Ағылшын тілі ойынға ұлттық бояу береді, ал таныс

сюжет балаға өзінің басқа елдегі қатарластарын, олардың қызығушылықтарын

дұрыс түсінуге, оларға деген достық қатынаста болуға мүмкіндік береді.

Кесте–21. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен жұмыс жасауға

арналған Қазақстан, Ресей және Ұлыбритания ұлттық ойындарын іріктеу

№ Ойын атауы Ел

1 2 3

1. Ұшқыр аттар Қазақстан

2. Мүшектерде жүгіру Қазақстан

3. Оркестр Қазақстан

4. Қуаласпақ Қазақстан

5. Ұшқалақ мысық Қазақстан

1 2 3

6. Верба-вербочка Ресей

75

7. Алтын қақпақ Ресей

8. Трифон ағайдың жасыл

алаңқайындағыдай

Ресей

9. Оттықтар Ресей

10. Тышқан қақпаны Ресей

11. Мыстан-кепір Ресей

12. Қасқыр мен қойлар Ресей

13. Бұлақ Ресей

14. Түлкі мен қаздар Ұлыбритания

15. Оққағарлар Ұлыбритания

16. Елес Ұлыбритания

17. Маймыл салкалары Ұлыбритания

18. Бақандағы қораз Ұлыбритания

19. Масаны өлтір Ұлыбритания

20. Ағылшын тілінде «Үкі» Ұлыбритания

21. Ағылшын тілінде «Мысық-тышқан» Ұлыбритания

22. Ағылшын тілінде «Little Grey Mouse» Ұлыбритания

Көптеген ойындарды жүргізушісіз ойнауға болмайды, себебі ойын ережесі

соны талап етеді. Жүргізушіні немесе ойында бастаушыны таңдаудың бірнеше

әдісі бар - санамақ, ойын карточкалары «жұп-тақ». Ағылшын тіліндегі

санамақтар үш тілді білім беруге жақсы әсерін тигізеді. Бұл жағдайда

санамақтардың мәтіндерінің фонетикалық айтылуы ғана емес, сонымен бірге

басқа тіл атмосферасына етене енуге де мүмкіндік беріледі. Санамақтар

сюжеттік-тақырыптық блоктар бойынша бөлінеді. Мысалы, келесідей

санамақтар қолданылады :

1. Up and down, Up and down,

Which is the way To London Town?

Where? Where? Up in the air,

Close your eyes - And you are there.

2. My name is Ann.

Her name is Nan.

His name is Ben.

Say it again.

3. Little grey mouse, Little grey mouse,

Where is your house?

Little black cat, Little black cat,

That is my flat!

Кез-келген ұлт мәдениетінің негізгі құраушы бөліктерінің бірі мерекелер

болып табылады. Мерекелер мәдениеті өзіндік ерекшеліктерге ие және сол

ұлтты сипаттай алады. Ұлттық мерекелерді ұлттың сан ғасырлық мәдениетін

бойына жинаған қазына деп бекер айтпайды.

Қазақтардың дәстүрлі мерекелік мәдениетінің ерекшелігі онда діни және

әртүрлі көшпелі шаруашылық кезеңдеріне арналған мерекелердің болуымен

байланысты. Наурыз жаңа жыл мерекесі қазір қысты шығарып салу және

көктемді қарсы алу мерекесі ретінде тойланады. Наурыз - табиғаттың оянуы,

76

жердің құнарының артуы мерекесі. Қазіргі кезде көктемдік егістік

жұмыстарының аяқталу құрметіне ұйымдастырылатын мереке.

Орыс ұлтының мерекесі көне славяндардың пұтқа табынушылық

мәдениеті негізінде қалыптасқан. Ұлттық мереке - рухани той. Бұл топтағы

мерекелер Құдайлық, Мәртебелі, әулиелер мерекесі болып бөлінеді. Оқиға

маңыздылығына қарай -үлкен, орташа және кіші мерекелерге бөлінеді. Сан

ғасырлардан бері Киелі Пасха символы ретінде қолдан боялған жұмыртқа

саналып келеді.

Ағылшын мерекелері: діни (Рождество, Пасха), тұрмыстық (Әулие

Валентин Күні, Жаңа жыл, Боксинг Дей, Ана күні және т.б.), ел тарихындағы

айтулы күндерге арналған мерекелер (Қаза болғандарды еске алу күні және т.б.)

[103].

Кесте–22. Қазақ, орыс және ағылшын мәдениеттеріндегі ұлттық

мерекелерді іріктеу

№ Қазақ мәдениеті Орыс мәдениті Ағылшын мәдениеті

1. Жаңа жыл мерекесі

31-желтоқсан

Жаңа жыл мерекесі

31-желтоқсан

Жаңа жыл мерекесі 31-желтоқсан

(New Year's Day)

2. жоқ Жоқ Боксинг Дей (Boxing Day) 1-қаңтар

3. жоқ бар, 14-ақпан Әулие Валентин Күні (St. Valentine's

Day) 14-ақпан

4. Әйелдер күні Әйелдер күні Аналар күні(Mother's Day) мамырдың

екінші жексенбісі

8-наурыз 8-наурыз

5. Наурыз 21-наурыз Жоқ Жоқ

6. Жоқ Пасха Пасха (Easter)

7. Балаларды қорғау күні

1-маусым

Жоқ Жоқ

8. 9-мамыр жеңіс күні 9-мамыр жеңіс күні Соғыста қаза тапқандарды еске алу

күні (Memorial Day) мамырдың соңғы

дүйсенбісі

Мереке мәдениетімен танысу балалардың сол мерекелерге қатысып көруі,

көрнекіліктерді тамашалауы, сәйкес әдебиетті оқуы арқылы іске асады.

Мерекелерге дайындалу кезінде костюмдер әзірлеу және бөлмені безендіру

үшін ата-аналар көмекке тартылады.

Ұлттық педагогика жүйесінде дәстүрлер мен салттар ерекше әсер етуші

күшке ие. Дәстүрлер - салттарға қарағанда өтке кең ұғым болып саналады. Олар

ұзақ уақыт бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген әлеуметтік мәдени жүйенің

бөлігі және қоғамның құндылықтары мен нормалары жүйесіне енеді. Кең

мағынасында «дәстүр» - мәдениеттің ұрпақтан ұрпаққа берілуі.

Дәстүрлер қоғамдық өмір, дін, мәдениетте көрініс табуы мүмкін. Және

салттар мен дәстүрлер ұрпақтардың рухани сабақтастығының әлеуметтік

механизмі болып табылады. Олардың көпшілігі жүздеген жылдардан өткен.

Ұзақтылық, тұрақтылық, беріктік - ұлттық дәстүрлерге тән ерекшеліктер.

Балаларды дәстүрлі еңбекке тәрбиелеуге балаларды еңбекке баулу да енеді -

ертегілер, мақалдар, нақыл сөздер арқылы еңбек еткен адам ғана адам ретінде

77

саналатыны жайлы айтылады. Мысалы қазақтардың Сабантой мейрамы егістік

жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізіледі, онда дәстүрлі ойындар, көңіл-

көтеру әрекеттері ұйымдастырылады, себебі ол мерекеге адамдар өз еңбегімен

жетті.

Көптеген салттар балалардың көп мәдениетті тәрбиеленуіне әсер етеді.

Англия – тарихы терең және теңдессіз дәстүрлерге ие. Ағылшын дәстүрлерін

және ұлттық ағылшын мінезін қалыптастыруда елдің аралдық орналасуы

ерекше орын алды. Елдің географиялық орналасуы елдің аралда өзге елдерден

оқшауланып орналасуы ағылшын мәдениетінің маңызды түсініктерін

қалыптастырды: үй (home), еркіндік (freedom), жеке өмір (privacy), саналылық

(common sense), әзіл (sense of humour), джентльмен (gentleman), адал ойын (fair

play), өз-өзін ұстай білу(stiff upper lip).

«Үй» қазақтың «Отан» түсінігіне жақын келеді. Ағылшын тіліндегі үй

сөзінің отанмен ұштасуының өзі де ерекше. Бұл жәйтті көптеген мақалдар

дәлелдей алады: "East or West, home is best", "Home, sweet home", "An

Englishman's home is his castle". Ағылшынның "home" сөзі әдетте қазақ тіліне

«үй, тұрғынжай, отбасы» деп аударылады. Алайда Карен Хоит өзінің

«Британияны түсіну» еңбегінде ағылшындар үшін үй өздері тұратын жер ғана

емес сонымен бірге сонда тұратын адамдар қалыптастыратын атмосфера деп те

айтады [95].

Салт белгілі қоғамға тән тұрақты әрекеттер стереотипі. Осы мәдениетке

қысты шығарып салу, ағылшындарда - көне салттар: Тауэрде «Кілттерді

табыстау» және ағылшындық шәй ішу әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді;

олар британдықтардың өткенін бүгінімен байланыстырушы болып табылады.

Біз жасаған мектеп жасына дейінгі балаларға үш тілді білім беру

үрдісінде балаларды көп мәдениетті тәрбиелеудің әдістемесін іске асыру

барысында қолданылған құралдар мен әдістер, және зерттеу нәтижелері мен

ұсыныстар келесі параграфта қарастырылады.

2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға үш тілді білім беру үдерісінде

көп мәдениетті тәрбие беру бойынша тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының

нәтижесі

Қалыптастыру тәжірибесін бастар алдында біз ұйымдастыру

жиналысында ата-аналармен таныстық және оларды бірлесе әрекет етуге

шақырдық. Біздің әдісіміз жайлы әңгіме болды. Барлық ата-аналар көп

мәдениетті тәрбие беруді мектепке дейінгі кезден бастау керек екендігіне

келісті.

Тәжірибелік топта тәжірибелік фактор енгізілді - Ұлыбритания

мәдениетімен танысу үшінші тіл (ана тілі емес) ағылшын тілін оқуды

балалардың ақпараттық кеңістігін кеңейту құралы ретінде қолданумен бірге

өтті, себебі мәдениеттің кез-келген даму кезеңінде оған қызмет ететін тіл сол

мәдениетті толық және дұрыс көрсете алады (Е.И.Верещагин, В.Г.Костомаров).

Көп мәдениетті тәрбиелеудің тиімділігін үш тілді білім беру барысында іске

78

асырудың тиімді екендігі жайлы гипотеза қалыптастырылды. Жұмыста

«Винни-Пух елі» біріктірілген бағдарламасы қолданылды.

Туған ұлтының және жақын ұлттардың мәдениетімен танысу

балабақшада біздің тәжірибе жұмыстарымыз басталғанға дейін өтілгендігін

ескере отырып, тәжірибелік жұмыста ұлттық педагогика құралдарына

басымдық берілді. Ажырамас құрамдас бөлік ретінде қазақ фольклорын

қолдану алынды: ертегілерін, ұлттық әзілін, мақалдарын, балалар әдебиетін,

қолданбалы өнерін, ойындарын. Сабақтарда және күнделікті өмірде

балалардың назарын біздің еліміздің көп ұлтты екендігіне аударттық. Онда

көптеген ұлттар өмір сүреді және олардың әрқайсысы әлемдік мәдениеттің

дамуына өзіндік үлесін қосты.

Тәжірибе жүргізілген топтағы қазақ ұлттық мәдениетімен танысу

жоспарын саралауға сүйене отырып және мектепке дейінгі жаста ойынның

негізгі әрекет түрі екенін ескере отырып, біз қазақ мәдениетіне қазақ ұлттық

ойындары тұрғысынан қарауға басты назар аудардық.

Қазақ ұлттық ойындарында тартыс, ұжымдық әрекет ету, эмоция, алуан

түрлілік басым. Мысалы «Ұшқыр аттар», «Асық», «Мүшекте жүгіру»,

ойындарындағы жарыс балаларда эмоциялар туындатып және оларды

қызықтырады. Барлық балалар, әсіресе, ұл балалар өзінің ептілігі мен

шапшаңдығын көрсеткісі келеді. Балалар олардың біріге күш салуы жеңіске

алып келетінін өздері түсінді. Ринат С.: «Біздің жеңген себебіміз Сания М. тез

жүгіреді». Салтанат О.: «Рамазан қапты тез киіп алды». Осылайша балалар

қазақтың «Достық байлықтан артық» мақалының мағынасын іс жүзінде

түсінді. Сәйкес жағдайда дұрыс таңдалып қолданылған мақалдар балалардағы

бауырластық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді.

Кесте–23. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен жұмыс жасау үшін

ұлттық қазақ ойындарын іріктеу

№ Ойын атауы Ұйымдастыру формасы

1. «Адасқан аттар» Сабақтан тыс

2. «Кім бірінші?» Сабақтан тыс

3. «Асық» Дене тәрбиесі сабағы

4. «Түлкілер мен тауықтар» Дене тәрбиесі сабағы

5. «Тығылмақ» Дене тәрбиесі сабағы

6. «Сұр қасқыр» Дене тәрбиесі сабағы

7. «Аңшылар мен қояндар» Дене тәрбиесі сабағы

8. «Бақалар» Дене тәрбиесі сабағы

9. «Ұшқыр аттар» Дене тәрбиесі сабағы

10. «Қаптарда жүгіру» Сабақтан тыс

11. «Оркестр» Сабақтан тыс

12. «Құмыраны сындыру» Сабақтан тыс

13. «Қуаласпақ» Дене тәрбиесі сабағы

14. «Ұшқалақ мысық» Сабақтан тыс

15. «Ұшты, ұшты...» Сабақтан тыс

16. Наурыз тойын өткізу Сабақтан тыс

79

Балалар қазақ ұлтының дәстүрлерін тереңдеп және берік игеруі үшін

балаларға ойындар қалай және қашан пайда болғандығы және басқа

ұлттардың қандай ойындарына ұқсайтыны жайлы айтылды. Балаларда қазақ

ұлттық ойындарын ажырата білу қабілеті, өзінің ұлты үшін мақтаныш сезімі,

осындай қызықты ойындарды ойлап тапқан ұлтына деген махаббат сезімдері,

патриотизм оянды. Сонымен бірге балалардың басқа ұлттардың ойындарына

деген қызығушылық, бірлесе отырып жетістікке жету қызығушылығы оянды.

Үлкендеу балалар ертегілерге қатты қызығушылық танытты. Ұлттық

ертегілердің даналығы оларға қазақ халқының ерекшеліктерін, терең ойлы,

мейірімді, қайырымды тұстарын көрсетеді. Ертегілер арқылы балалар қазақ

халқының мал шаруашылығы, аңшылықпен, шеберлікпен, саудамен

байланысты болған өткені жайлы біле алды.

«Үш қыз», «Нан-батыр», «Ертөстік» ертегілерінің мазмұнына қарай біз

балалар және ата-аналармен біріге отырып қуыршақ театры мен

фланелеграфқа кейіпкерлер дайындадық. Балалар осы ертегілер бойынша

қойылған қуыршақ театрын қызығушылықпен тамашалап қана қоймай, өздері

де әртіс болуға тырысты. Оларды қазақ оюлары салынған әдемі киімдер,

тұрмыстық заттар, қандай да бір ертегінің қойылымы қызықтырды.

Қазақ мәдениетінің ұлттық колоритіне енуге қазақ әдебиетінің классигі

А.Құнанбаев, қазақ ағартушысы Ы. Алтынсаринның өлеңдерімен танысу өз

әсерін тигізді. А. Құнанбаевтың «Бақа мен өгіз», «Ешкі мен қой жайлы»

ертегілері тапқырлықтың, батылдықтың, ерліктің үлгісін көрсетеді. Ертегілер

балаларға қатты ұнады. Әдеби шығармаларды сараптау кезінде біз О.М.

Дьяченок ұсынған балаларды ертегіні модельдеуге үйрету әдістемесін

қолдандық. Ертегі мазмұнын біз логикалық аяқталған бөліктерге бөлдік,

олардың әрқайсысын балалар суреттер ретінде салды. Нәтижесінде ертегі

мазмұны жайлы толық көрініс-апперцептивті Кесте пайда болды. Оған сүйене

отырып, балалар ертегіні сәтті қайталап айтып бере алды, фланеграфта

көрсетіп берді.

А. Құнанбаевтың «Күз», «Қарлығаш», «Таң», «Туған тілім» лирикалық

өлеңдерінде керемет буындар, жолдарды балалар өте жеңіл қабылдай

алды және баланы шынайы үлкен поэзия әлемімен таныстырды.

Қазақ поэзиясының алдыңғы өкілдерінің бірі М. Жұмабаевтың

азаматтық поэзиясы балалардың отанға деген сүйіспеншілігін оятты: «Ант»,

«Батыр жігіт жайлы», «Мен қазақпын», спортқа қызықтырды: «Қысқы

өлеңдер». Әсіресе балаларды дыбыстарға еліктеп жазған өлеңдер қатты

қызықтырды. Осылайша «Қораз» және «Көкек» өлеңдерінде қораз және көкек

дауыстарына еліктеу көркем жеткізілді. Барлығы мойындағандай бұл

кейіпкерлердің ролін ең жақсы орындағандар Алия Р., Сержан У., Ләйлә А.,

Арман Т. болды.

Балалардың қазақ жазушылары мен ақындарының өлеңдерін оқуы

«Қазақ мәдениеті үйірмесі» ертеңгіліктерінің бағдарламасына қосылды, онда

А. Құнанбаевтың, Ы. Алтынсариннің, халық ауыз әдебиетінің шығармалары

оқылды, халық ертегілерінің желісімен қуыршақ театры көрсетілді.

80

Қазақ ұлтының мәдениеті жайлы білімді жинақтау барысында,

балаларда осы ұлттың ерекшеліктері жайлы түсініктер қалыптасты, өз

ұлтының мәдени құндылықтарымен салыстыру үрдісі жүріп жатты, өзге

мәдениетті қабылдау, оларға оң көзбен қарау сезімдері қалыптасып жатты.

Орыс мәдениетімен танысу барысында, біз осылайша балалардың назарын

еліміздің көп ұлтты екендігіне, онда қаншама ұлттар тұратынына,

отанымыздың мәдениеттерге бай екендігіне аудардық.

Балалар тәрбиешінің әңгімелерін қызыға отырып тыңдады, сұрақтар

қойып отырды. Жігер О. Таңғалыспен: «Жер бетінде неге сонша көп ұлттар

тұрады?», - десе, ал Айсұлу М.: «Картадан біздің қаланы қалай табуға

болады?», - деп таңданыс білдірді. Сабақтан кейін «Ресей әлемдегі ең үлкен

ел» екендігіне таңданысын жасыра алмады.

Әрі қарай «Ресей фольклоры» тақырыбына сабақтар ұйымдастырылды,

онда біз балаларды әртүрлі фольклор жанрларымен - жаңылтпаштар, әндер,

орыс жұмбақтары, ойындармен, әзіл әңгімелермен, өтірік өлеңдермен

таныстырдық. Әртүрлі шығармаларды орындау балаларға фольклорлық

сценарийлерді жаттауға мүмкіндік берді, сонымен қатар бұл шығармалар

театрландырылған көріністер мен мерекелерге дайындыққа көмек ролін

атқарды. Біз келесі әзіл өлеңдерден бастадық:

1. Галки, вороны, Все ли вы здоровы? Одна галка нездорова, Себе ножку

наколола. Мы поедем в Торжок, Купим галке сапожок.

2. Лиса по лесу бежала, Лиса хвост потеряла. Ваня в лес пошёл, Лисий

хвост нашёл. Лиса рано приходила, Ване ягод приносила. Ване ягод приносила,

Рыжий хвост отдать просила.

3. Зайка белый, Куда бегал? В лес дубовый. Что там делал? Я капустку

щипал, Под берёзоньку клал и не знаю, кто украл!

Балалар өтірік өлеңдерді ұнатты. Бұл өте ерекше шығармалар. Оларда

оқиға желісі барынша күрделі, жалған, теріс аударылған күйде баяндалады.

Мұндай әндер мен әңгімелерде алуан түрлі жағдайлар орын алады: аяғы

жоқтар жүгіреді; ат отырған арбаны ер адам сүйрейді; таяқтарға жан бітеді;

орамжапырақ қоянды тістеп алады; аю ұшады; су жанады және аспаннан

тұшпара жауыны жауады. Бұл балаларда күлкі шақырды және шынайы

оқиғалармен, заттармен байланыстарды түсінуге мүмкіндік берді. Келесі өтірік

өлеңді балалар қатты ұнатты:

Таңертең кеш батқанда, кешке жақын таң атқанда шыт арбада бір адам

келе жатты оның артында Қасқыр бәліш салынған табақтан жүзіп өтуге

тырысты. Қоян аспанға қарап еді, Аспан сілкініп жатыр екен. Оның үстіне

бұлттан тосап тамып тұрыпты.

Жаңылтпаштарды балалардың барлығы бірден қайталай алды деуге

болмайды, алайда жаңылтпаштар өздерінің қиындығымен балаларды

қызықтыра елітті. Алайда бұл қиындықтар балаларды тоқтата алған жоқ.

Жаңылтпаштар қиын сөздерді дұрыс айтуға үйретеді, орыс тілінің

байлығымен, жаңа поэтикалық образдармен таныстырады. Біз келесі

жаңылтпаштарды қолдандық.

81

1. Не клюй, курица, крупку, Не кури, Кирилл, трубку.

2. Был барабан белорыл, Всех баранов перебелорылил.

3. Купи кипу пик, Кипу пик купи, Пик кипу купи.

4. Краб крабу сделал грабли, Подарил грабли крабу. Грабь граблями

гравий, краб. Три горсти гороха Пропусти через грохоло, Да не оброни зерна

Горохова.

Балалармен ойнақы және билейтін әндерді орындап жүріп біз шеңбер

жасап, ұлттық билерді биледік. Ойынға және актерлікке деген талпыныс

балаларда ерекше. Сондықтан ойын элементтері белгілі бір деңгейде әндерге

де енгізілді. Балаларға, әсіресе, қыздарға ән сюжетімен әрекет ететін әндер

ұнады. Көркем де ойнақы әндер балалардың жадында тез сақталып қалып

жатты. Бұндай ойын-әндер балаларды бірге ойнауға біріктірді, оларға және ата-

аналарына қуаныш силады.

Орыс жұмбақтары да өте әдемі. Оларда терең ой, тапқырлық, образды

көріністер бар. Халықта: «Бетсіз бет перде астында» жұмбағы бар.

Жасырылған зат астарланып жеткізіліп отыр.

Жұмбақтар байқағыштықты, ақылды, тапқырлықты тексеру үшін

жасалған. Олар балаға айналасына мұқият қарауды, байқағыш болуды, әдемілік

пен байлықты бақылай білуді талап етеді. Кейде кейбір жұмбақтарды балалар

бірден таба алмады, түрлі талқылаулар орын алып жатты. Жауапты іздеу

балалардың бірігуіне, жұмбақтарды жасаған ұлтқа деген құрметпен қарауға

тәрбиелейді [103].

Кесте–24. Орыс халық жұмбақтары.

№ Жұмбақ Жауабы

1. Рассыпалось к ночи Золотое зерно, Глянули утром - Нет

ничего.

Аспандағы

жұлдыздар

2. Что за конь над водой Трясёт гривой золотой? Солтүстік

шұғыласы

3. Выше леса стоячего, Выше облака ходячего, На поляне синей

Пасётся жеребец сивый. Днём он спит, А ночыо глядит.

Ай

4. Встала красна девица рано, Встала бела да румяна. Умылась

ясной росой, Увилась золотой косой. Сама, добрая, на всех

глядит, Л на себя не велит.

Күн

5. Лезла Алена с печки, Потерала золотые колёчки. Месяц видел. Шық

Балаларға орыс ұлттық ертегісінің кейіпкері Липунюшка келді. Ол өзінің

костюмі жайлы айтып берді: «жерден өсіп шыққан» көйлегі жайлы (көйлекке

арналған матаны қалай жасайтыны жайлы); қисық жағалы көйлегі; шалбары;

жөке қабығынан жасалған шәркесі, қызыл белбеуі жайлы айтып берді. Орыс

қыздары зығырдан жасаған көйлектер, сарафан киетінін, шаштарында қызыл

бау және қызыл етік киетіні жайлы айтып және оларды суреттен көрсетіп

берді. Айгуль Ш. Алия Р. ертеңгілікте дәл осындай костюмдерде билегенін

есіне түсірді, Айсылу Ф. «Біздің сән театрында мұндай костюмдердің бүтіндей

бір жинағы бар» ,- деді.

82

Липунюшка балаларды достық жайлы орыс мақалдарымен таныстырды

және Марат Д. : «Енді ешқашан Ринат С.-мен ұрыспаймын»,-деген шешімге

келді.

Бұл сабақтар балалардың орыс ұлттық мәдениетіне деген

қызығушылығын арттырды және балаларда еңбек сүйгіштік, қызығушылық,

қонақжайлық, мейірімділік сияқты қасиеттерге тәрбиелейді.

Орыс халық ертегілерін, А.С. Пушкиннің ертегілерін оқу балалардың

орыс әдебиетіне деген шынайы қызығушылығын оятты, оларды қазақ

ертегілерімен салыстыруға жетеледі. Осылайша «Бақа-патшайым» орыс

ертегісі балаларға «Үш қыз» қазақ ертегісін естеріне түсірді. Балаларды

оларды салыстыра отырып, кейіпкерлерінде ұқсастықтар тауып жатты. Бұл

мәдени құндылықтардың ортақтығы, әр мәдениет және олардың өкілдеріне

құрметпен қарау керек екендігін түсіндірді. Ертегілерге қолданылатын

көрнекіліктер арқасында біз балаларды орыс отбасының тұрмысымен,

киімімен және дәстүрімен таныстырдық.

Ұлттық қолданбалы өнермен таныстыру бойынша сабақтарда

көркемсурет, әшекейлеу өнерімен таныстыру жүргізілді. Балаларды орыс

бояулары және көркем оюлар өнері әлемімен таныстыру балалардың

жұмыстарды орындауға, орыс қолданбалы өнеріне деген қызығушылықты

қалыптастырды.

Ертегіші-әжей балаларға шебер-суретші жайлы әңгімені айтып берді, ал

көркемсурет сабағында балалар біздің басшылығымызбен өрнектер салып

үйренді, сонымен бірге бұл іске үлкен қызығушылықпен қарады. Ең үздік

жұмыс ретінде Рамазан М. жұмысы таңдалды.

Ұлыбритания мәдениетімен танысу үшін біз жасап шыққан мектепке

дейінгі ересек жастағы балаларды үш тілді білім беру барысында көп

мәдениетті тәрбиелеудің «Винни-Пух Елі» бағдарламасы қолданылды.

Бағдарламадағы тілдік материалмен жұмыс жасау ондағы мәдени компонентті

ерекшелеуге, ал лингвистік жаттығуларды мәдени сипатта қарастыруға

бағытталған. Балаларда сәйкес білімді, қабілеттерді қалыптастыру: таныстыру

- ойлау - қолдану Кестесы бойынша жүргізілді.

Ата-аналар үшін арнайы «Ағылшын тілі және мәдениеті» үйірмесінің

жұмысы жолға қойылды. Онда балалардың суреттері, жапсырмалары, ермексаз

туындылары қойылды, мысалы «Тауэр мұнарасындағы кілт табыстау

салтанаты». Бейне материал (ағылшын тілінде ертегілер, Ұлыбритания жайлы

бейнефильмдер жазылған бейне кассеталар) балаларда ағылшын мәдениеті

жайлы түсінікті нық қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге ата-аналарды

Ұлыбритания мәдениетімен таныстырды.

Тәжірибелік топтағы әр балада өзінің сабақ дәптері болды. Онда балалар

ағылшын әдебиетінің және ертегілерінің өздеріне ұнаған кейіпкерлерінің

суреттерін (Винни-Пух, Робин Гуд, Питэр Пэн, Пятачок, Кенгуру анасы),

елдердің туларын, ағылшын эмблемаларын, ұлттық костюмдер суреттерін

салды. Балаларға «Менің отбасым», «Менің үй жануарларым», «Менің

83

ағылшын ертегісіндегі сүйікті кейіпкерім» («Ағылшын үй жануарлары»,

«Ағылшын шай ішу дәстүрі» сюжеттік – тематикалық блоктары және т.б.)

Әр сабақтың соңында балаларға ынталандыру сыйлықтары беріліп

отырды: бояуға арналған суреттер, жапсырмалар. Бояуға арналған суреттерде

ағылшын мәдениетінің заттары мен ертегі кейіпкерлерінің суреттері болды.

Ол кейіпкерлер жайлы, олардың қайдан екендігі, авторы кім екендігі жайлы

хабар берілді.

Әр сюжеттік-тақырыптық блок бойынша балалар өлеңдер мен әндер

жаттады. Осылай жатталған үлгілерді балалар өз сөздерінде бейімдеп қолдана

бастады. Әндер бірнеше сабақ ішінде жатталды, дыбыстардың дұрыс

айтылуына, екпінге, интонацияға баса назар аударылды (Кесте 25).

Музыкалық-ритмдік жаттығулар немесе билейтін әндер - би

қимылдарымен бірге жүретін әндер - балаларға тек этикалық тәрбие беріп

қоймай, сонымен бірге топтағы достықты нығайтуға, әр баланың қабілетін

ашуға, ағылшын ұлттық мәдениетіне деген қызығушылыққа алып келді. Осы

мақсатта біз келесі әндерді таңдап алдық: "On the tiptoes", "Clap, clap your

hands" (музыкалық жаттығу), "Heads and shoulders" (музыкалық жаттығу), "Put

your fingers on the head". Әрі қарай бұл музкалық-жаттығулар және әндер

тәжірибелік топтағы балалар ойынының ажырамас бөлігіне айналды. Ұлттық

ойындар орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді (Кесте 26).

Кесте–25. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен жұмыс жасауға

арналған ағылшын әндерін іріктеу [103]

Сюжетті-

тақырыптық блок

Ағылшын тіліндегі ән Орыс тіліндегі ән

1. «Ұлыбританияға

қол келдіңіз!»

"Good morning, good

morning to you"

«Шалтай-Болтай»,«Король

жорығы»

2. «Кел танысайық!

Ағылшын есімдері»

"I am Nick, I am Nick"

"How old arc you?"

"Where arc you from?"

"What is your name?"

«Дженни», «Ұлдар мен қыздар

жайлы», «Бөшкедегі қыздар»

3. «Рождество. Жаңа

жыл»

"I low is your mother?"

"You are sleeping, Brother

John?"

«Барабек», «Билейік»,

«Патшайымға қонаққа барғанда»

Кесте–26. Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасау үшін

ағылшын тіліндегі ұлттық ойындарды іріктеу

№ Сюжетті-тақырыптық блок Ойын

1. «Біздің сүйіктілеріміз» «Үкі», «Мысық-тышқан», "Little Grey Mouse"

2. «Рождество. Жаңа жыл» Барлық ұлттық ойындар

3. Мерекелер, көңіл көтеру Барлық ұлттық ойындар

4. «Аналар күні» «Түлкі мен қаздар»

Ойын санамақтан басталады, олардың сюжеттік-тақырыптық блоктар

бойынша бөлінуі төмен келтірілген (Кесте 27).

84

Кесте–27. Ағылшын тіліндегі санамақтарды іріктеу № Сюжетті-тақырыптық блок Санамақ

1 2 3

1 2 3

1. «Ұлыбританияға қош келдіңіз» 1. Up and down.

Up and down, Which is the way To London Town?

Where? Where? Up in the air, Close your eyes — And

you are there. 2. My name is Ann. Her name is Nan.

His name is Ben. Say it again.

2. «Біздің сүйіктілеріміз» Little grey mouse, Little grey mouse, Where is your

house? Little black cat, Little black cat, That is my

3. «Әулие Валентин күні» One, two, three, four.

Five, six, seven, eight,

Put some candies on my plate.

4. «Аналар күні» Jump - jump, jump - Jump far away; And all come

home Some other day.

5. «Рождество. Жаңа жыл» Spring is green, Summer is bright, Autumn is yellow,

Winter is white. This is my father This is my mother,

This is my brother Paul. This is my sister, This is my

uncle. How I love them all.

Зерттеушілер атап өткендей (О.В. Дыбина, Р.М. Чумичева, J. Наrmer)

қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде орталық әдіске басымдық

берілуде. Ата-аналардың көмегімен «Ағылшын мәдениеті музейі» безендірілді

және «тірі» атмосфера құрылды.

«Музейдегінің» барлығы балаларды басқа мәдениетті қабылдай білуге

бағыттады. Шкаф сөрелерінде жануарлардың макеттері мен суреттері,

ағылшын ертегілерінің кейіпкерлері - Винни Пухтың, оның достары Питэр

Пэнның, Беатрис Хелен Поттер ертегілерінің кейіпкерлерінің ойыншықтары,

ағылшын жазушыларының кітаптары, ағылшын ертегі кітаптары, «Винни-Пух

елінің» астанасы -Лондонның көрікті орындары бейнеленген альбомдар

орналастырылды.

Арнайы түрде шотландықтар, уэлсьтіктер, ағылшындар, ирландықтар

ұлттық киімдерімен түсірілген, кілт табыстау салтындағы корольдік гвардия

суреттері бар арнайы альбом дайындалды. Алиса және Никтің қуыршақтары

ағылшын стилінде жасалған қонақ бөлмесінде, дастархан басына жайғасты.

Арнайы балаларға арналып тігілген ұлттық костюмдерде осында

орналасқан. Мұндай интерактивті көрме балаларға тек экспонаттарды көріп

қана қоймай, сонымен бірге ұстап көруге де мүмкіндік берді. Бұл өте

маңызды, себебі балаларға адамды «пассивті» емес «активті» тұрғыдан тануға

жеңіл болады. Мұнда олар ұлттық костюмдерді киіп, ағылшын сүтті шайынан

дәм татып, ағылшын қуыршақтарын қозғап, оларға ән айтып бере алатын

болды. Мұндай мини-музейдің тағы бір артықшылығы бар: мұнда ағылшын

мәдениетін шынайы түсінудің кілті жатыр еді. Осы бөлмеген кірген сәттен

бастап балалар өздері оқып жатқан елдің мәдениет әлеміне енгендей әсер

алады.

85

Сабақтарға арналған бөлмелерде гүлдердің қойылуы оларды қолайлы

және көркем етті, сонымен қатар балаларға ағылшындардың гүлдерге, әсіресе

Арман гүлге деген махаббатын еске салып тұрды. Арнайы географиялық

бұрыш балаларды әлемнің, Ұлыбританияның және басқа да ағылшын тілінде

сөйлейтін АҚШ, Австралия, Үндістан сияқты елдердің карталарымен танысуға

шақырды. Ата-аналардың күш салуымен Ұлыбританияның әкімшілік

бөліктерінің де картасы жасалды: Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік

Ирландия және олардың эмблемалары белгіленген (мак – Ұлыбританияда

бейбітшілік символы; алқызыл арман – Англия эмблемасы; бас пияз – Уэльс

эмблемасы; үшжапырақ – Ирландия эмблемасы). Қабырғаларда Лондонның

көрікті орындарының фото суреттері ілінді.

Бөлме ойындар және ритмдік жаттығу өткізуге қолайлы болатындай етіп

таңдалды.

Ағылшын мәдениетімен танысу үрдісі балалармен Винни-Пух еліне

саяхат жасау түрінде өтті, онда олар жаңа таныстар тапты, достарына

туыстарына бард, көңіл көтерді, әртүрлі ертегілер ойлап шығарды.

Ұлыбританиямен танысу Лондонға «жолсапардан» басталды. Балалар ол

жаққа қуана-қуана аттанды. Балалар Ұлыбританияның: Англия, Уэльс,

Шотландия және Ирландия сияқты төрт бөлікке бөлінетінін қызығушылықпен

тыңдады. Марат Д. ол елдердің аттарын айтуға тырысуы балаларды күлкіге

қарқ қылды. Балалар мемлекет тарихы жайлы білді. Осы тұрғыдан Рауан Ш.

егер король болса басқа ұлттарға соғыс ашатындығы жайлы қиялын айтып

қалды.

Балалар Ұлыбританияда жыл бойы жылы болатынына таң қалды. Сания

М. осындай елде сіңлісімен бірге қуана тұратындығы жайлы айтты.

Балаларды таңқалдырған заттардың бірі екі қабатты автобустар болды:

«Міне керемет! Мен мұндайды әлі көрген емеспін» (Арман Т.) , «Қандай

керемет! Біздің балабақшаға осындай келсе ғой!» (Рамиль Х.), «Мұндай

автобус қалай жүреді?» (Айрат С.), «Екінші қабатында да адамдар отыра ма?» (

Марат Р.)

Рауан Ш. суреттен шотландықтардың ұлттық аспабы волынканы көріп

қалып: «Мен Балтық жағалауында болғанда әжемнің үйінен осындайды

көргенмін!»,- деді. Сания М. және Марат Р. ағылшындардың футбол ойнауды

өте жақсы көретініне қуанды: «Ағылшындар біздің қалаға келе ала ма? Ура!»

(Марат Р. ).

Балаларға Алиса және Ник есімді қуыршақтар Ұлыбританиядан қонаққа

келді. Және бірден түсініксіз тілде бірнәрсе айта бастады. Балалар түк

түсінбестен тәрбиешіден түсіндіруді сұрады. Тәрбиеші қуыршақтардың

амандасып жатқанын түсіндіріп, балаларға да ағылшынша "Good morning!" деп

амандасуды ұсынды. Балалар тәрбиешісінің артынан "Good morning!" деп

қайталауға тырысты. Айгуль Ш. балалардың айтқаны Алиса және Никтікіндей

әдемі шықпайтындығын байқады. Рауан Ш. осылай ағылшынша қалай әдемі

сөйлеуге болатынын білгісі келді. Осында балалар «Тіл жайлы ертегіні»

тыңдады. Тілдегі лексикалық бірліктерді нығайту үшін біз балаларға ойнауды

86

ұсындық: «Қазір біз қызық ойын ойнаймыз ( 5-6 баланы шақырамыз). Арман Т.

кері қарап тұрады, балалардың бірі келіп оны түртіп "Good morning!" деп

айтады. Арман ол кім екенін таба аламекен? Балалар кезекке тұрып бір-бірден

келеміз». Балалардың барлығы түртіп көргісі келді. Сондықтан ретті

ағылшын тіліндегі: Y, О, U spells you, О, U, Т spells out! Санамағымен

анықтадық.

Балаларға санамақ өте ұнады. Марат Р. Ұлыбритания балаларының өздері

сияқты ойнайтынын түсінгендігін айтты. Енді болар бірге ойнай алар еді.

Осылайша балалар ойын формасында бірнеше тапсырманы орындады:

ағылшын тілінде амандасуды үйренді; ағылшын фольклорының шағын

формасы – санамақтармен танысты; ең бастысы – өздері Ұлыбританиядағы

қатарластарымен тең деңгейде сезінді. Бұл жайлы Раушан Т.: «Ұлыбританияны

енді біз жақсырақ білеміз» деді.

Соңында қуыршақтар алдымен тәрбиешімен, содан кейін барлық

балалармен қоштасты: "Good-bye, Raushan! Good-bye, Alina! Good-bye, Marat!".

Балалар да ағылшын тілінде жауап берді.

Ағылшын тіліне оқытатын тәрбиеші балаларға келесі сұрақтарға жауап

беруін сұрады: «Бүгін біз көп қызық нәрселер білдік! Қай елдерде ағылшын

тілінде сөйлейді? Алиса мен Ник қайдан келді? Таңертең ағылшынша қалай

амандасамыз? Ағылшынша қалай қоштасады?».

Сабақтардан кейін балалар сабақ бөлмесіндегі болған жәйттерден әсер

алғандығы сондай, қайтқысы келмеді. Алия Р. және Марат Р. ағылшын тілінде

амандасу және қоштасуды қайталаса, Айсылу Ф. Және Раушан Т. санамақты

естеріне түсірді. Осы күннен бастап балаларға тәрбиешімен және топтағы

достарымен ағылшын тілінде амандасу және қоштасу қатты ұнап қалды.

Айсылу Ф.: «Біз енді шын ағылшындық құрбымыз болғанын армандаймыз. Біз

оған хат жазар едік. Ол жердегі адамдар қалай сөйлесетінін естен

шығармауымыз қажет», -деді.

Балалармен бірге қонжық Винни Пух және оның достары - Кристофер

Робин, Пятачок, Кенгуру анасы, Тигра да саяхаттады. Балалар оларға үлкен

сүйіспеншілікпен қарап оларды өз топтарының мүшесі ретінде қабылдады.

Тәрбиешілермен, ата-аналармен Ұлыбританияның көрікті жерлері жайлы

альбомдарды қарау, костюмдерді киіп көруді біз ұлттық ағылшын

мелодияларын қосумен үйлестірдік, балаларға уэльс ұлттық әндері қатты

ұнады. «Уэльс – әндер елі» бейнефильмін қарау ұйымдастырылды.

Фильмді қарау барысында балалар музыка желісімен билеуге тырысты.

Бұл Алия Р. және Салтанат О. да өте жақсы шықты. Осымен қатарластыра

музыка сабақтарында балалармен «моррис» ағылшын ұлттық биінің

қимылдарын үйрендік. Ұлттық әуендердің ойнауы балаларға жағымды әсер

етті және олар қол ұстасып биледі ( Айсылу Ф. Раушан Т. Салтанат О. ).

Шотланд ұлттық биі ұл балаларға қатты ұнады, олар оны үйреніп және

«Әртүрлі ұлттардың жаңа жылдық салттары» жаңа жылдық кешінде керемет

орындап шықты.

87

Балаларда ағылшын өміріне деген қызығушылықты ояту үшін

«Ұлыбританияға қош келдіңіз!» фильмі көрсетілді. Балалар тынышталып,

теледидар экранына мұқият қарап отырды. Барлығына шетелдегі өз

қатарластары қалай өмір сүретінін көру өте қызық болды. Марат Д. армандап

отырып: «Мен де Англияға барып және Джондардың отбасында қонақ болғым

келеді»,- деді. Джондар отбасы - фильмнің басты кейіпкерлері. Әрі қарай

ағылшын тілінде барлық ағылшын отбасы мүшелерін қалай дұрыс атау керек

екендігі талқыланды. Содан кейін топта:

Father, mother

Sister, brother.

Hand and hand

With one another

өлең жолдары жиі естіліп жатты. Ұлыбританияға «саяхат» кезінде алынған

әсер мен білім балалардың ойынында көрініс тапты. Біріншіден ойындарды

бастар алдында олар ағылшын тіліндегі санамақтарды жиі қолданып жатты.

Кешкі және таңғы уақытта балалар құрылыс ойынын ойнады: Тауэр мұнарасын,

ағылшын қорғандары және үйлерін, олардың алдындағы гүлдерді жасады, кілт

табыстау салтын ойнатып жатты. Өздерінің ойындарына аттар қойды:

«Ағылшын үйі» (Раушан Т.), «Ағылшын гвардияшылары» (Марат Д. )

Ұлыбритания мәдениетімен танысуға ағылшын тіліндегі "Building

blocks", "Good morning, good morning to you", "Clap your hands, clap your hands

together" және басқа да әндерін жаттау да енді. Сурет салу және құрылыспен

айналысып отырып балалар жиі ағылшын әндерін әуендетіп отырды. Ең сүйікті

әндері "Building blocks" болды, Сания М. «бұл әннің ойнауға көмектесетінін»

айтты.

Балаларды ағылшын ертегілерімен барлық ертегілер сақталатын

сандықтың «Кілтін сақтаушы –Ертегіші» таныстырды. Әр жаңа ағылшын

ертегісі «менің алтын сандығымда сендерге айтып бергім келетін өте қызықты

бір ертегі бар, егер тапсырмамды орындасаңдар оны айтып беремін деген

сөздерден басталады». Балаларға ағылшынға ән немесе санамақ, өлең оқуға

тапсырма беріледі.

Балалар танысқан алғашқы ағылшын ертегісі «Джонни-бәліш» болды.

Балалар бұл ертегінің орыстың «Бауырсақ» ертегісімен ұқсас екендігін бірден

байқады. Ертегі сюжеті ұқсас бірақ оқиғалары әр түрлі екендігін айтты (Рауан

Ш), Айгүл Ш. «Бауырсақ» ертегісінің негізгі кейіпкерлері ата, әже, қоян,

қасқыр, аю, түлкі екендігін айтты. Ол орыс ертегісімен салыстырғанда

«Джонни-бәліштегі» кейіпкерлер: ата, әже, ұлы, құдық қазған жұмысшылар,

жер қазғыштар, аю, түлкі екендігін және қоянның жоқтығын байқады.

Марат Р. бауырсақтардың жасалу ерекшеліктерін де атап өтті:

«Бауырсақты ұн қалдықтарынан, ал Джонни Бәлішті өнімдерден жасайды».

Ертегіні қайталап айту кезінде бастапқыда олар ана тілін ғана қолданды,

алайды уақыт өте келе бұл жаңа қызығушылықтарға жетеледі. Олар ағылшын

ертегісін ағылшын тілімен тығыз байланыстыра бастады және көп жағдайда:

88

«Ағылшын тілінде «ерте, ерте, ертеде» қалай айтылады? (Раушан Т.),

«Достар қиын сәтте анықталады ше?» (Арман Т.)» ,- деп сұрап жатты.

Сұрақтарға жауап бере отырып біз біртіндеп ағылшын ұлтының

мақалдары мен жаңылтпаштарымен танысуды бастадық. Ағылшын мақалдары

және жаңылтпаштары Винни-Пух еліне «саяхатқа» қайталанбас ағылшын

ұлтының ұлттық атмосферасын беріп отырды. Балалар орыс және ағылшын

тілінде ұқсас нақыл сөздер бар екенін байқап жатты. Мақалдармен және

жаңылтпаштармен жұмыс жасау күнделікті жүргізілді. Біз ағылшын

мақалдарын атадық, ал балалар оны жаттап алуға тырысты, ата-аналарына

айтып берді. Әсіресе балаларға қысқа мақалдар қатты ұнады. Көп мәдениетті

екі тілді курстың аяғындағы «Кім көп ағылшын ертегілерін біледі?»

байқауында Сания М. басқаларға қарағанда айтарлықтай көп ағылшын

мақалдар мен олардың орыс тіліндегі нұсқаларын айту арқылы бірінші орынды

иеленді ("East or West, home is best", "Tastes differ").

Ойын басында ағылшын тіліндегі санамақты қолдану қалыпты жағдайға

айналды. Сөзбен ойналатын ұлттық ойындардан басқа («Үкі») балалармен

жұмыс жасау кезінде қозғалмалы («Салки»), топтық («Оққағарлар», «Түлкі мен

қаздар»), стол үстіндегі ойындар («Қуыршақты ағылшын стилінде безендіру»,

«Англия эмблемалары» лотосы). Ойындардың соңғы аталған түрі

Ұлыбританияда тұратын ұлттардың ұлттық костюм элементтерін балалар

жадында ұзаққа сақтауға, оларды ажырата білуге, өздігінен суреттер салуға

үйретуге көп септігін тигізді. Ағылшын өмірі мен тұрмысы жайлы білімді

толықтауға мерекелер, көңіл көтеру, ертеңгіліктерде өз әсерін тигізді. Соңғы

кезде балабақшаларда осындай бос уақытты өткізу түрі кең таралған. Балалар

әртіс болған өте қатты ұнайды. Оларға өнер көрсеткен және оған ата-

аналарының қалай қуанғанын көру ұнайды. Осы мақсатта Ұлыбританияның

мерекелері және ұлттық салттары тақырыбында қызықты шаралар

ұйымдастырылды: «Рождество. Жаңа жыл», «Әулие Валентин күні», «Аналар

күні», «Ағылшын шай ішу дәстүрі», « Ағылшын таңғы асы».

Әртүрлі ұлттардың жаңа жылдық салттары» музыкалық жаңа жылдық

кеші бір жағынан әр түрлі ұлттардың мәдениеттерінің өзара байланысты екенін

көрсетсе, ал екінші жағынан балалардың басқа ұлттар мәдениеті жайлы

қаншалықты жақсы білетінін анықтап берді (3-қосымша). Тәрбие үрдісінде

мәдениеттің ертегі, өлеңдер, жаңылтпаштар, ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер,

әртүрлі мерекелер сияқты компоненттерін қолдану ұлттық мәдениеттерге,

олардың ерекшеліктеріне, тұрмысына деген қызығушылық туындататыны

анықталды. Оны балалардың суреттері мен ойын әрекеттерінен байқауға

болады.

Тәжірибелік топ балалары ағылшын тілінде Ұлыбританияның негізгі

ұлттық мерекелерін атауды, қарапайым сұрақтар қоюды және оларға жауап

беруді, қарапайым монологтық және диалогтық сөйлемдер құрауды (үш-төрт

сөйлем) үйренді. Олар көптеген ағылшын тіліндегі әндерді санамақтарды

жаттап алды. Оларға өте қызық болды, олар ата-аналарына ағылшын тілін

күнде оқығысы келетіндігін айтты (Салтанат О.), Винни-Пухпен кездесу үшін

89

балабақшаға асықты. Қызығушылық Ұлыбритания мәдениетін тануға, мәдени

құндылықтарымен танысуға табиғи талпыныс тудырды.

Біздің жұмысымыздың қорытындысы «Тәтті құмар» мерекесінде

ұйымдастырылған викторина болды. Әртүрлі ұлттардың ұлттық тағамдарының

дәмін татып көріп, балалар тек қазақ, орыс және ағылшын мәдениеті жайлы

білімімен ғана емес: балалар көркем әдебиеті мен ертегіден, дәстүрлер мен

салттардан, мақалдар және жаңылтпаштардан жарысты, ұлттық билерді,

әндерді орындады, ұлттық ойындар ойнады, ұлттық тәтті тағамдардың дәмін

татып көрді.

Үш тілді білім беру үдерісінде көп мәдениетті тәрбиелеу әдістемесі

толық түрде Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, Алатау ауданы №177

бөбекжай-балабақша мектепке дейінгі ұйымында сынақтан өтті.

Біздің тәжірибелік – зерттеу жұмысымыздың соңғы кезеңі келесі

бағыттардан тұрды: аталған тәжірибе әдісі бойынша балаларды бақылау;

әртүрлі әрекет барысында балаларды бақылау және олардың қазақ, орыс және

ағылшын ұлттарының мәдениеттері жайлы түсінігін, көп мәдениетті

тәрбиелену деңгейін анықтау; ұлттық мерекелер, көңіл көтеру, көрмелер

түріндегі есептік жұмыстарды ұйымдастыру; алынған нәтижелерді сараптаудан

өткізу.

Мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың Қазақстан, Ресей және

Ұлыбритания мәдениетімен танысуы балалардың сүйікті әрекеттері

саласында (танымдық, ойын, көркемсурет, сөйлеу, музыка, еңбек) мектепке

дейінгі білім беру мекемесінде жүргізілді. Балалар танысатын ұлт олар үшін

әлемдік маңызы бар өнер туындыларын тудырушы ретінде көрініс тапты: қазақ

ұлтымен балалар ән тыңдай отырып танысса, орыс ұлтымен - орыс

шеберлерінің туындылары арқылы, ал ағылшын ұлтымен - Лондонның көрікті

жерлерін көру, балалар кітаптарын оқу арқылы танысты. Осылайша біз

балалардың жалпы адамзат құндылығына қосылу мүмкіндіктерін кеңейттік,

оларды танымдық тұрғыда көркем және қолжетімді жасадық. Балалардың

ұлттық мәдениеттерімен танысуға қозғалмалы жаттығулар, сурет салу

тапсырмалары, әндер, жапсырмалар, ойындар, шағын қойылымдар және ана

тілі мен ағылшын тілінде өтетін рольдік ойындар енді.

Ұлттық-мәдени фонды қалыптастыруға пәндік орта да әсер етті: «Қазақ

мәдениеті бұрышы», «Орыс шеберханасы», «Ағылшын мәдениеті музейі».

Барлық сабақтарда, мерекелерде және көңіл көтерулерде ойын әдістері

қолданылды, ол өз кезегінде балалардың қоршаған әлемді қабылдау және басқа

ұлттық мәдениеттері жайлы түсініктің қалыптасуына әсер етті, сонымен бірге

болашақ азамат ретіндегі көп мәдениетті тұлғаның ой пайымдарының негізі

мен көзқарастарын қалыптастыруға негіз болды деуге болады. Әртүрлі

ұлттарға, өзге мәдениеттегі қатарластарына деген достық көзқарас

балалардың шығармашылығында, фольклорлік мерекелерге белсенді

қатысуында байқалды. Балаларға ағылшын қуыршақтары қатты ұнады, олар

«Ағылшын мәдениеті музейіне» келді және өздері ойындар ұйымдастырды.

90

Қыздар өздерінің қуыршақтарын ағылшын тілінде атай бастады: Пэм, Алиса,

Энн және т.б.

Біріктірілген әдіс – ертегілер, жаңылтпаштар, әндер, мәтелдер, санамақтар,

жұмбақтар, балалар көркем әдебиетінің туындылары – мектеп жасына дейінгі

балаларға қарай бейімделді. Жасалған мәдениет компоненттерін пайдалану

әдістері және формалары жүйесі мәдениеттерге деген қызығушылықты және

жағымды көзқарастың дамуына әсер етті. Әдіс мақсаттарын ұлттық мәдениет

құралдары арқылы іске асыру реттілік принципін ұстанды: мазмұнын тану -

балалардың әрекет барысындағы шығармашылығы - алынған білім жайлы

түсініктерді саналы түрде түсіну.

Біздің тәжірибелік - іздеу жұмыстарымыздың маңызды бөлігінің бірі

арнайы педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру болды. Тәжірибелік жұмысты

ұйымдастыру педагогикалық шарттарды сақтай отырып көп мәдениетті

тәрбиелеудің тиімділігін екі тілді білім берумен бірге жүргізу оның

тиімділігін арттырады деген гипотезаның дұрыстығын тексерумен байланысты

болды.

Осыған байланысты тәжірибелік топта оқу жылы бойы мақсатты түрде

тәжірибелік факторды енгізу жүзеге асты, нақтырақ айтсақ арнайы

біріктірілген «Винни-Пух елі» бағдарламасы жасалды, оның біріктіруші

құраушылары - көп мәдениетті тәрбиелеу және ағылшын тіліне оқыту

балалардың оқылып жатқан тіл елі жайлы білімін арттырды және олардың көп

мәдениетті тәрбие деңгейін көтерді.

«Винни-Пух елі» біріктірілген бағдарламасы Ұлыбританияның ұлттық

мерекелеріне және дәстүрлеріне бағытталған болатын. Ұйқастармен жұмыс

жасау тілді оқуға функционалды әдіспен келу принципін іске асыруға

мүмкіндік берді: балалар бастапқы кезеңнің өзінде тілдік этикет, сонымен

қатар мәдениет компоненті болып табылатын сөздерді қарым-қатынаста

қолдана бастады. Бастапқы екі ай оқудан кейін балалар ағылшын тілінде

амандасуды және қоштасуды, өзі және отбасы, Ұлыбританиядағы қатарластары

жайлы белгілі бір ақпараттарды жеткізуді үйренді.

Әрі қарай оқытудың білім беру және тәрбиелік компоненттері күшейтілді.

Балалармен әртүрлі тақырыпта әңгімелер жүргізілді. Оның мысалы ретінде

"The Red Hood", "The Little Red Hen" ертегі-фильмдерін талқылауды айтуға

болады. Балалар сұрақтарға жауап берді, өз суреттерін, туындыларын

ағылшын тілінде қарапайым түрде сипаттап берді, қуана ағылшын әндерін

айтты.

Бағдарламаны іске асыру жұмыстары барысында балаларды бақылау

әрекеттерді біріктіру кезінде балалардың шаршамайтындығын, бір әрекеттен

екінші әрекетке өту олардың назарын басқаруға, бір материалды бірнеше жаңа

жағдайларда (ана тілінде және ағылшын тілінде) қайталауға мүмкіндік береді,

ассоциациялар санын арттырады және сәйкесінше тез игеріледі және балалар

жадында ұзаққа сақталады.

Біздің әдістемемізді тәжірибе жүзінде тексеру қойылған мақсаттарға

тиімді жетуге мүмкіндік беретін тәрбиелеу формаларын, әдістерін және

91

құралдарын анықтауға және тексеріп көруге мүмкіндік берді. Біз

біріктірілген бағдарлама курсына ағылшын ұлтының мақалдары мен

мәтелдерімен жұмысты қосуды дұрыс деп таптық. Балаларды басқа ұлттық

мәдениет компоненттері қызықтыратын болып шықты: ертегілер, өлеңдер,

санамақтар. Балалар мақалдардың күнделікті өмірде қолданылуын көрді,

сонымен қатар жаттау қабілеті жақсы балалар ағылшын тіліндегі нұсқаларды

жақсы есте сақтағанын қорытынды викторинада көрсете алды.

Кейбір жоспарланған, «Ағылшын үйіндегі рождество», қамыстан заттар

жасау, ертегі желісі бойынша ермексаздан заттар жасау сияқты тапсырмаларды

орындау біздің бағдарламамызда сабақ компоненті ретінде өзін ақтай алмады.

Сәттілік критерийлеріне сәйкес біз балаларда қалыптасқан қабілеттер

негізінде болатын және оларды жақсы көретін тапсырмаларды беруді дұрыс деп

таптық. Біз суреттер салуға және бояуға көңіл бөлдік, бұл балаларға өте үлкен

көмегін тигізді және уақытты үнемдеді.

Біріктірілген бағдарламаны іске асыру балалардың ойлау әрекетін

жеделдетуге септігін тигізді. Ата – аналар балалардың алған білімін үйде

қолданып, бөліскісі келгендігін айтып өтті. Жаңа жыл қарсаңында балалар

оны ағылшын тілінде тойлауды ұсынды ( Марат Д., Раушан Т., Алия Р., және

т.б.). Балалар Әулие Валентиен күніне арналған құттықтау хаттарын жасап

және оларды ағылшын тілінде құттықтауды жаттады, бұл «Англиядағыдай

болуы үшін» ( Арман Т.) жасалды. Тәжірибе аяғында келесі мәліметтер

анықталды:

Кесте–28. Тәжірибенің анықтау және бақылау кезеңіндегі балалардың

Ұлыбритания жайлы түсінігін білу

Тәжірибе

кезеңі

Топ

Төменгі

көрсеткі

ш

Ортадан

төмен

Орта

көрсеткі

ш

Ортадан

жоғары

Жоғарғы

көрсеткіш

Анықтау

кезеңі

БТ 93,3% 3,3% 3,3% 0 0

ЭТ 88,3% 6,7% 5% 0 0

Бақылау

кезеңі

БТ 11,7% 15% 23,3% 46,7% 3,3%

ЭТ 1,7% 3,3% 18,3% 56,6% 20%

Дәл осы мәліметтерді 5-суреттен де көруге болады.

92

Сурет–5. Тәжірибенің бақылау және анықтау кезіндегі балалардың

Ұлыбритания мәдениеті жайлы түсінік деңгейін зерттеудің нәтижелері, (%)

Сурет тәжірибенің соңғы кезеңіндегі тәжірибелік топтағы ұлттық

ағылшын мәдениеті жайлы түсінік деңгейінің сапалық өсім көрсеткішін

көрнекі түрде көрсетеді. «Ортадан төмен» және «Жоғары» арасындағы деңгей

көрсеткіш айырмашылығы ең үлкен, ал «орта» және «ортадан төмен»

деңгейлері арасындағы айырмашылық ең кіші екендігі байқалады. Бұл

ағылшын тіліне тәжірибелік оқыту тәжірибелік топтағы Ұлыбритания

мәдениеті бойынша білімнің игерілу тиімділігіне әсер еткенін, ағылшын

халқының өміріне деген қызығушылықтың артқанын және Ұлыбритания

халқына, басқа мәдениет өкілдеріне деген достастық көзқарасының

қалыптасқандығын білдіреді.

Тәжірибелік-зерттеу жұмыстарында дәстүрлі тиімді әдістермен қатар

өзгеше әдістер де қолданылды. Дәстүрлі әдістер (әңгіме, түсіндіру,

жаттығулар, көрнекіліктер және басқалары) фольклормен, ұлттық мәдениетпен

таныстырды. Балалар ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін сезінуі үшін, ұлт

мәдениетіне жақындауы үшін біз дәстүрлі емес әдістерді пайдаландық, олар

балалардың ұлттық байлықтар әлеміне тереңдеп енуіне мүмкіндік берді. Бұл

балаларға жаңа элементтерді – ұлттық костюмдер элементтерін қолдану, ертегі

шығару, заттық-кеңістіктік орта қалыптастыру, сырттай саяхатты қолдану

болды. Жұмыста шығармашылық жұмысты ұйымдастыру әдістері қолданылды

– ұлттық киімдердің қуыршақтық модельдерін жасау; ұлттық мәдениет жайлы

білімді белсенді игеруге қызығушылықты арттыру әдістері (ертегілер

қойылымы, символикалық ойындар). Біз егер балалар өз әрекеттерін

қызығушылықпен жасаса, барлық мәселелерді өздері шешсе: көрмеге

дайындалса, қазақ, орыс, ирландық және шотландық әндер мен билерді

жаттаса, залды «Әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрлері» кешіне безендірсе,

ағылшын тілінде Санта Клаусқа хатты аудиоға жазса және тек біріккен күш

салу, шыдам, басқалармен тіл табысу ғана сәттілікке алып келетінін сезінсе,

білім беру – тәрбиелеу үрдісінің нәтижелері айтарлықтай күшті болатынын

байқадық. Сәттілікпен тәрбиелеу мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда

11,7 1523,3

46,7

3,31,7 3,3

18,3

56,6

20

93,3

3,3 3,3 0 0

88,3

6,7 50 0

0102030405060708090

100

Төменгі көрсеткіш Ортадан төмен Орта көрсеткіш Ортадан жоғары Жоғарғы көрсеткіш

Бақылау кезеңі БТ Бақылау кезеңі ЭТ Анықтаушы кезең БТ Анықтаушы кезең ЭТ

93

35%

8%

23% 22%

12%6%

10%

30%36%

18%

0%

10%

20%

30%

40%

Төменгі көрсеткіш

Ортадан төмен

Орта көрсеткіш

Ортадан жоғары

Жоғарғы көрсеткіш

Бақылау тобы

Анықтау кезеңі БТ Эксперименттен кейін БТ

ұлттар мәдениеті, барлық ұлттардың теңдігі жайлы түсінікті, жер бетінде өмір

сүретін барлық адамдарға деген сый-құрметті қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Ең жиі қолданылған жұмыс формаларының бірі ұлттық өнер

туындыларының көрмелерін ұйымдастыру болды. Балалардың көрмелерді

ұйымдастыруға қатысуы олардың кітап, ашық хаттар, суреттер, қолданбалы

өнер заттарын жинауынан көрінді. Көрмені ашуға дайындық кезінде бірде-бір

қатыспай қалған көрермен болған жоқ. Жалпы мақсат балаларды біріктіруге

мүмкіндік берді. Жалпы мақсат, мүдде оларды барлығының бір-біріне

көмектесуі қажет екендігіне, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге үйретті.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде балалар ұлттық және фольклорлық

мерекелерге, көңіл көтеруге белсенді қатыса бастады, безендіру жұмыстарымен

айналысты, әртүрлі ұлттардың ертегілерін тыңдап талқылап, өз ертегілерін

шығара бастады. Көп мәдениетті тәрбиелеу бағдарламасы бойынша барлық

сабақтар естіген және көрген заттарды талқылаусыз өтпейді. Балалар өз

сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.

Бір-бірін түсіне білу, қоғамға ортақ өзара қарым-қатынастар нормасын

бағдар ретінде ұстау, балалардың өз ұлты жайлы, жақын және алыс ұлттар

жайлы білім жинақтауымен бірге тәрбиеленіп отырды. Балаларға жүргізілген

сауалнама балалардың өз және өзге ұлттарға деген көзқарасы қалай

өзгергендігін көрсетті. Бұл көп мәдениетті тәрбие деңгейінде көрініс тапты

(Сурет 6).

Жүргізілген жұмыстың қорытынды кезеңінің нәтижелері бақылау және

тәжірибелік топ балаларын көп мәдениетті тәрбиелік деңгейіндегі өзгерістерді

көрсетті. Жағымды өсімді екі топтан да байқауға болады, алайда тәжірибелік

топта бұл өсім айтарлықтай жоғары.

Кесте–29. Балалардың анықтау және бақылау кезеңдеріндегі көп

мәдениетті тәрбиелену деңгейін салыстыру

Эксперимент

кезеңі

Топ Төменгі

көрсеткіш

Ортадан

төмен

Орта

көрсеткіш

Ортадан

жоғары

Жоғарғы

көрсеткіш

Анықтау

кезеңі

БТ 35% 8% 23% 22% 12%

ТТ 38% 9% 16% 19% 18%

Бақылау

кезеңі

БТ 6% 10% 30% 36% 18%

ТТ 2% 7% 25% 37% 29%

38%

9%

16%19% 18%

2%7%

25%

37%

29%

0%

10%

20%

30%

40%

Төменгі көрсеткіш

Ортадан төмен

Орта көрсеткіш

Ортадан жоғары

Жоғарғы көрсеткіш

Эксперимент тобы

Анықтау кезеңі ЭТ Эксперимент нәтижесі ЭТ

94

Сурет–6. Тәжірибелік-іздеу жұмыстарыны бақылау және анықтау

кезеңдеріндегі тәжірибелік және бақылау тобындағы балалардың

көпмәдениетті тәрбиелену деңгейін зерттеу нәтижелері

Жағымды өсімді екі топтан да байқауға болады, алайда тәжірибелік

топта бұл өсім айтарлықтай жоғары. Бақылау және тәжірибелік топтардың

мәліметтерін салыстыра отырып біз әр параметр бойынша орташа мәндердегі

айырмашылықты байқадық. Бақылау және тәжірибелік топтағы балалардың

тәрбиелігінің төменгі деңгейі арасындағы айырмашылық 4%, ортадан төмен –

3%, орта – 5%, ортадан жоғарыда – 11% болды. Тәжірибелік-зерттеу

жұмыстарының аяғына қарай көп мәдениетті тәрбие деңгейі ортадан жоғары

балалар саны арты, сәйкесінше төменгі деңгей саны азайды. Егер бақылау

кезеңінде бақылау және тәжірибелік топтың 12% және 18% оқушыларын

жоғары деңгейге жатқызсақ, анықтау кезеңінде бұл көрсеткіш 18% және 29%-

ға жетті. Төменгі деңгейдегі өзгерістер балалардың орта және ортадан жоғары

деңгей өтуімен байланысты өзгеріп отырды. Анықтау кезеңінің нәтижелері

тәжірибелік жұмыстар жүргізу нәтижесінде тәжірибелік топтағы көп

мәдениетті тәрбиелік деңгейінің артуы бақылау тобына қарағанда екі есеге

артқандығын көрсетті.

Осылайша тәжірибелік және бақылау топтарындағы сандық және сапалық

көрсеткіштерді ескере отырып, біз жасаған үш тілді білім беру үдерісінде іске

асырылатын көп мәдениетті тәрбиелеу әдістемесі моделі балалардың

патриоттық сезімдері, өзінің әртүрлі ұлттар жайлы түсінігін қалыптастыру

үшін айтарлықтай жоғары нәтижелер көрсеткендігін байқауға болады.

Мектепке жасына дейінгі ересек топ балаларының психофизиологиялық

ерекшеліктерін зерттеу 6 жастағы балалардың, логикалық дамуының

қарқындылығына, тәртіпке, қатарластарымен тіл табысуына байланысты көп

мәдениетті тәрбиелеуге саналы түрде қатысуға дайын екендігі жайлы

қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Еліктеу жадының дамуы олардың екінші

(шет) тілді игеруге сәтті қол жеткізетіндігін білдіреді. Балаға білім берудің

тиімді жолы – біріктірілген арнайы бағдарламаларды құру екендігі жайлы

ғалымдардың көзқарасын ескере отырып (Ж.Пиаже, М.Финокьяро және т.б.),

біз «Винни-Пух елі» деп аталатын үш тілді білім үдерісінде көп мәдениетті

тәрбие берудің біріктірілген әдісін жасадық, онда мәдени құндылықтарды игеру

ағылшын тіліне оқытумен үйлесім тапты.

Өзгеріп жатқан геосаяси жағдайларда адам шет тілдеріне деген

қажеттілікпен барынша жиі ұшырасып келеді. Соңғы кездері жаппай үшінші

тілді оқу мектепке дейінгі мекемелерден бастау тәжірибесі енгізіліп келеді. Үш

тілді білім беру барысында балалар оқылатын тіл арқылы сол елдің ұлттық

ерекшеліктерімен де танысады.

Қазіргі мектепке дейінгі білім беру жағдайындағы балаларды әртүрлі

ұлттардың мәдениетіне жақындату диагностикасы, бұл жұмыстың мектепке

дейінгі мекемелерде жүріп жатқандығын, алайда тәрбиешілердің кәсіби

дайындығының жетіспеуіне байланысты тек интуитивті деңгейде екендігін

көрсетті. Тәжірибелік-іздеу жұмыстарының бақылау кезеңіндегі балалардың

95

көп мәдениетті даму деңгейіне жүргізілген сараптама балалардың 38%

(бақылау тобы) және 35% (тәжірибелік топ) ұлттық мәдениет жайлы білім мен

түсініктің, басқа ұлт өкілдері мен олардың мәдениетін тануға деген

қызығушылықтың төмен деңгейіне ие екендігі, сонымен қатар басқа мәдениет

өкілдері балаларына деген достық көзқарасының төмен екендігі анықталды.

Бұл кемшілікті жою үшін біз үш тілді білім беру үдерісінде балаларды көп

мәдениетті тәрбиелеудің әдістемесін жасадық.

Біздің әдістеменің концептуалдық қағидалары Ш.А.Амонашвили

гуманистік-тұлғалық әдістеріне жақын. Біздің әдістемені енгізудің мақсаты

балаларға жақын және алыс ұлттардың мәдениеті жайлы білім мен түсінік

беру, толерантты және достық көзқарас қалыптастыру болды: нақты білім

балаларға түсінікті ақпарат жеткізуі керек, эмоция, сезім туындатуы қажет;

әдіс мазмұны дамытушы, тиімді, балалардың жеке және жас ерекшеліктерін

ескеруі керек.

Біз тәрбие-білім беру үрдісінің әртүрлі формасын, әдісін және құралдарын

қолдандық. Ең тиімділері: ауызекі және музыкалық фольклор, ұлттық ойындар,

қолданбалы өнер, ұлттық қуыршақтар болды. Жұмыс барысында балалардың

әртүрлі мәдениетті сәтті қабылдауына және өзге мәдениет өкілдеріне деген

жағымды көзқарасты қалыптастыруға бағытталған әртүрлі дәстүрлі және

дәстүрлі емес әдістер қолданылды. Тәжірибелік топта тәжірибелік фактор –

ағылшын тіліне оқыту енгізілді. Көп мәдениетті тәрбиелеуді тілді оқыта

отырып, сол елдің мәдениетімен таныстыру арқылы жүргізу тиімділігінің

жоғары екендігін жайлы гипотеза расталды.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жүргізілген тәжірибелік-зерттеу

жұмыстары біз жасаған әдістеменің, балаларда «өзге мәдениет» түсінігін

қалыптастыруға бағыталған, мақсатты бағыттары қол жетімді және мектепке

дейінгі ересек жастағы балаларда көп мәдениетті тәрбиені қалыптастырудың

айтарлықтай жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуге болатындығын көрсетіп

берді.

Осының бәрі тәжірибелік топта іске асырылған көп мәдениетті тәрбиелеу

әдістемесі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылып келе жатқан

дәстүрлі әдістерден тиімді екендігі жайлы қорытынды жасауға негіз бола

алады. Бұл тәжірибелік қорытынды тәжірибелік-зерттеу жұмыстары кезінде

алынған мәліметтер гипотезадағы шарттарды растайтынын көрсетеді.

96

ҚОРЫТЫНДЫ

Біздің диссертациялық зерттеу жұмысымыз тарихи-теориялық және

теориялық-тәжірибелік зерттеу сипатына ие. Жүргізілген теориялық

зерттеулер және тәжірибелік-зерттеу жұмыстары негізінен біз қойған

гипотезаны растады және ерте үш тілді білім беру және көп мәдениетті

тәрбиелеу саласындағы әрі қарай зерттеулердің болашағын анықтап берді.

1. Зерттеу балаларды көп мәдениетті тәрбиелеу теориясы мен

тәжірибесіне сараптама жасау, жағымды этнос-аралық ерекшеліктерді анықтау

заманауи педагогика үшін құнды екендігі, балаларды ұлттық және әлем

әдебиетіне бейімдеудің қайнар көзі екендігі жайлы гипотезаны растады.

Ғылыми, тарихи-педагогикалық әдебиеттерге сараптама жасау

қарастырылып отырған тақырыптың және оны педагогикалық ойдың даму

тарихында зерттеумен байланысты сұрақтардың өзектілігін көрсетті.

Азаматтық, патриоттық, тәрбие, ұлттық, ұлтаралық тәрбиелеу – саясат,

педагогика, философиядағы негізгі мәселелердің бірі. Әр ғылым жекелеген

адамдар мен ұлттар арасындағы қатынастарды жақсартумен байланысты,

күрделі мәселелерді шешудің өз әдістерін ойлап табуға тырысты.

Қазіргі қоғамның жаһандану жағдайында көп мәдениетті тәрбие үлкен

маңызға ие болып келеді. Ұлттардың мәдени құндылықтарына бейімдеу білім

беруді гуманизацияланудың ажырамас бөлігіне айналды. Дәл осы мәдениет

97

арқылы адамзаттың рухани тәжірибесі беріледі, ол ұрпақтар арасындағы

байланыстың негізі болып табылады.

Көп мәдениетті тәрбие беру ұлтаралық тәрбиеге жақын болып келеді:

тұлға аралық қарым-қатынасты қарастырады, түсініктік сезімін туындатады,

ұлтшылдық және нәсілшілдікке қарсы тұрады. Ол мәдени білім беру

құндылықтарын игеруге, плюралистік мәдени орта жағдайында әртүрлі

мәдениеттердің өзара әрекеттесуіне, басқа мәдени құндылықтарға бейімделуге

бағытталған. Көп мәдениетті тәрбие беруде этникалық және ұлттық

ерекшеліктерді ескеру ұлт аралықпен салыстырғанда маңыздырақ болады.

Ұлтаралық тәрбиенің өзектенуі интеграция, сонымен қатар саяси және

экономикалық процесстермен байланысты.

Жұмыста «көп мәдениетті тәрбие», «мектепке дейінгі ересек жастағы

баланың көп мәдениетті тұлғасы», «мектеп жасына дейінгі балаға үш тілді

білім беру» түсініктеріне түсіндірмелер берілген.

2. Көп мәдениетті тәрбиенің құрамдас және ажырамас бөлігі үш тілділік

мәселесі. Үш тілділіктің әлеуметтік-психологиялық негіздері және

трансформациясы көне дәуірден басталып, қазіргі заманға дейін жетті. Үш

тілділік (трилингвизм) толық көлемде (әлеуметтік-психологиялық) елдегі

экономикалық-саяси жағдайға байланысты екендігі анықталды.

Көне мемлекеттердің өзінде үш тілділік және көп тілділік құбылыстары

болды, бұл патриотизм бастауы ретінде қарастырылған болатын.

Отандық педагогикада үш тілділік көне қазақ өмірінде көрініс тапқан. Ол

іскерлік, сауда, мәдени байланыстарды орнату үшін қажет болды. Уақыт өте

келе шет тілдерін отбасылық тәрбиеде және мектепте оқытуда қолданудың

қажеттілігі туындады. Кейде, әсіресе қоғамның жоғарғы бөліктерінде, өзге

тілге шектен тыс мәндері салдарынан өз тілінің көлеңкеде қалуы орын алып

жатады. Сондықтан өзге тілді білудің маңыздылығымен қатар педагогикада

ана тілдің маңыздылығы мәселесі, бастапқы тәрбие мен білімнің ана тілінде

болуы керектігі жайлы мәселелер көтеріле бастады.

Бұл мәселенің қазіргі жағдайдағы өзектілігі мен маңызы коммуникация

мен бұқаралық ақпарат құралдарының қарқынды дамуымен байланысты, олар

жаңа ақпараттық жүйенің қалыптасуына алып келді, «жалпыға ортақ

мәдениет» арманын іске асыруға жақындатты. Үш тілділік мәселесін

қарастырудың тағы бір маңызды тұсы – қазіргі әлемдегі елдердің қоршаған

мәдениетпен тығыз байланысқа түсуі, оның нәтижесінде бірыңғай әлемдік

мәдениет аясында өзара байланыс іске асады. Осы үрдістің өзі ғаламдық

сипатқа ие бола бастады.

Үшінші тілді үйренудің ең қолайлы кездерінің бірі мектепке дейінгі кез,

дәл осы жаста біз ана тілі мен өзге тілдерді оқуға қажетті негіздің қалыптасуы

мен дамуына баса назар аударамыз. Осыған байланысты біз дайын

әдістемелерді зерттедік және қолдандық, онымен қатар мектепке дейінгі

жастағы топтар үшін үшінші тілге (ағылшын) оқытудың өзіндік бағдарламасын

жасадық және сынақтан өткіздік.

98

Заманауи тәрбие жүйесінде үш тілділік әр түрлі ұлт балаларын

жақындатуда өзекті боп қалып келеді. Ол тарихқа, психологиялық негізге,

құқықтық негізге, белгілі бір педагогикалық тәжірибеге ие. Алайда барлық

жұмыстың сәттілігі сауатты, кешенді, жоспарлы және жүйелі әдістерді

қолданумен байланысты.

Зерттеуде ұлттық педагогиканың құндылықтық дүниетанымдық

потенциалын қолдану және зерттеу, оның балаларда жалпы адамзат

құндылықтарына деген жағымды көзқарасын қалыптастырудағы, балалардың

өз ұлтының және басқа ұлттардың мәдениетіне деген қызығушылығын

дамытудағы мүмкіндіктері ерекше орын алды. Мектепке дейінгі жастағы

балаларды тәрбиелеудегі ұлттық педагогика кешендерін қолдану бойынша

бағдарламалар мен әдістемелер жасалды, олар сынақтан өтті және белгілі бір

жағымды педагогикалық әсер берді.

Көп мәдениетті тәрбиелеу мәселесін зерттеудегі тарихи әдіс өзінің алуан

қырлылығын, педагогиканың көптеген өзекті мәселелерімен тығыз байланысты

екендігін көрсетті. Қазіргі кезде көп мәдениетті тәрбиелеу мәселесінің

маңыздылығы артып келеді және әрі қарай тереңдеп зерттеуді және жедел

тәжірибелік шешімдер табуды талап етеді.

Диссертацияда, үш тілді білім беруді қамтитын және отандық және

шетелдік педагогикадағы осы бағыттарды тығыз байланыстыратын, көп

мәдениетті тәрбиелеу теориясын жасауға үлес қосу талпынысы жасалды.

3. Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлтаралық (интернационалдық) және

патриоттық (ұлттық) тәрбиелеудің отандық тәжірибесі ой елегінен өткізілді.

Халықаралық, Бүкіл Қазақстандық ғылыми – тәжірибелік патриоттық

тәрбиелеу, үш тілділік, ұлттық педагогика бойынша конференциялардың

материалдарының сараптамасы жасалды. Осы негізде: мектеп жасына дейінгі

ересек балаларды көп мәдениетті тәрбиелеудің және үш тілді білім беру

барысында көп мәдениетті тәрбие беру бойынша «Винни - Пух елі»

біріктірілген бағдарламалары жасалды.

Мақсаты бағытталған педагогикалық әсер ету жағдайында әр ұлт

өкілдеріне деген көзқарас мектепке дейінгі жастан қалыптаса бастайды. Оның

даму жолдары жағымды көзқарастан бастап, басқа ұлт өкілдеріне деген

достастыққа, олар жайлы ақпарат алуға, сый-құрмет көрсетуге қарай

бағытталады.

Диагностикалық зерттеулер тәжірибе жүзіндегі мәселе жағдайы жайлы

объективті тұжырым жасауға және арнайы жасалған тәжірибелік-зерттеу

жұмыстарының дамуының бақылау сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік

берді. Жұмыс басында мектеп жасына дейінгі балалардағы өлкетану және

мәдениеттану түсініктерінің анық емес екендігі, ұлттық мәдениетке деген

ситуациялық-тұрақсыз қызығушылық, басқа ұлт өкілдерінде қатарластарымен

танысуға және дос болу деген құлшыныстың жоқтығы, ұлттық қуыршақтармен

ойын мазмұнының қысқа және жұпыны екендігі байқалды.

99

Бұл мәселені шешуге біздің зерттеуде ұсынылған адамға деген

сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді, басқа мәдениет өкілдеріне деген жақсы

көзқарасты қалыптастыру технологиясы өз септігін тигізді.

Біздің зерттеуімізде балаларды көп мәдениетті тәрбиелеу, үш тілді білім

беруге деген толыққанды әдістер қолданылды, балаларға түсінікті әсер ету

құралдары, жақын және алыс ортасы, жеке және жас ерекшеліктері ескерілген,

дәстүрлі және дәстүрлі емес жұмыс формалары жасалды.

Зерттеу жұмысында педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың

формаларын, әдістерін және тәсілдерін зерттеу аса маңызды орын алды.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау кезінде дәстүрлі әдістермен

бірге дәстүрлі емес әдістерде қолданылды. Дәстүрлі әдістер (сөйлеу, көрнекілік,

тәжірибе) балаларды өз елінің ұлттарымен және Ұлыбритания халқымен,

олардың өмірімен, еңбегімен, тұрмысымен таныстырды, оларға ауызекі және

музыкалық фольклорды тануға көмектесті. Дәстүрлі емес әдістер (пәндік-

кеңістіктік ортаны құру, ойын технологияларын қолдану, ертегілер шығару,

ұлттық киімдерді модельдеу) балалардың сабағын көңілді етті және олардың

қиялы мен сезімдеріне терең әсер етуге мүмкіндік берді.

Ұлттардың мәдениеті мен тұрмысы жайлы алынған ақпараттар балалардың

белсенділігін, олардың әртүрлі әрекетерге деген құлшынысын арттырды:

ұлттық музыкаға билеу, ұлттық қолданбалы өнер көрмелері үшін заттар

дайындау.

Зерттеу мектеп жасына дейінгі балалардың басқа ұлттарға деген көзқарасы

қызығушылықтан, мейірімділіктен, назар аударудан байқалатынын көрсетті.

Басқа ұлттардың өкілдеріне деген достық көзқарас балалардың бірнеше

ұлттар жайлы білімді игеруіне байланысты тәрбиеленеді: ұлттардың

әрқайсысының тұратын жері, бас қаласы, климаты, табиғат жағдайлары,

еңбегі, тұрмысы, ұлттық шығармашылығы, ұлттық адамгершілік қасиеттері,

басқа ұлттармен қарым-қатынасы.

Көп мәдениетті тәрбие беру мәселесін біз «мектеп жасына дейінгі

баланың көп мәдениетті тұлғасы» түсінігімен тығыз байланыста қарастырдық.

Мектеп жасына дейінгі баланы көп мәдениетті тәрбиелеу – өзінің сипаты

бойынша өте күрделі үрдіс, ол тек әртүрлі құралдар, әдістер, мақсаттылықты

ғана емес сонымен бірге ұзақ уақытты да талап етеді. Балаларды әртүрлі

ұлттармен, олардың мәдениетімен, дәстүрімен жүйелі таныстыру жұмыстары

нәтижесінде балаларда толық саналы көпұлтты Қазақстан және басқа да

шет елдер туралы көзқарас қалыптасады.

Зерттеу нәтижелері балаларды әртүрлі ұлттардың ұлттық мәдениетіне

жақындату барысында мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасын

қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыстың тиімділігін дәлелдейді.

Алынған мәліметтерді тексеру мақсатында балалардың көп мәдениетті тәрбие

деңгейінің, олардың өз және өзге ұлттар жайлы түсінігінің, көзқарастарының

салыстырмалы сараптамасы жасалды. Мектеп жасына дейінгі баланың

әлеуметтік маңызды қасиеттерінің: туған өлкесі, оның табиғаты, материалдық

және рухани мәдениеті, өнері, әдебиеті, дәстүрі жайлы түсінігі, қоғамдағы

100

және тұрмыстағы нормаларды білуі, алынған білімді өмірде қолдана білу

қабілетінің жиынтығы ретінде қарастырылып келген «мектеп жасына дейінгі

баланың көп мәдениетті тұлғасы» түсінігіне анықтама берілді.

Балалардың өзінің этникалық ұлтын, басқа балалар мен ересектердің

ұлтын білуі өмір, еңбек, өз ұлтының және өзге ұлттардың мәдениеті жайлы

түсінігімен ұштаса отырып біздің және басқа да әлем елдерінің көп ұлтты

құрамы жайлы нақты түсініктің қалыптасуына алып келеді.

4. Жүргізілген тәжірибелік-зерттеу жұмыстары бізге ең құнды құралдарды

анықтауға мүмкіндік берді. Балаларды ұлт мәдениетіне жақындатудағы негізгі

құрылғылары музыкалық және ауызекі фольклор, ұлттық ойындар, ұлттық

қолданбалы өнер болып табылады.

Зерттеу барысында мектеп жасына дейінгі балаларды өз ұлтының және

басқа ұлттардың мәдениетіне жақындауына, достық, адамгершілік,

ұқыптылық қасиеттерін тәрбиелеуге септігін тигізетін педагогикалық шарттар

анықталды.

Диссертацияның әртүрлі кезеңдерінде алынған нәтижелерді ескере

отырып, келесідей жалпы қорытындылар жасалды:

1. Философиялық, тарихи-педагогикалық, психологиялық-этнографиялық

әдебиеттерді зерттеу заманауи қоғам өмірінде көп мәдениетті тәрбиелеу

адамның барлық өмір кезеңдеріндегі тұлғаның қалыптасуының ең маңызды

шарты екендігін көрсетіп берді. Тәрбиелеудің патриоттық, азаматтық, ұлттық,

ұлтаралық сияқты бағыттарының әдіснамасына сүйеніп және тығыз

байланыстыра отырып, осы бағыттардың теориясы мен тәжірибесіндегі

жағымды жетістіктерді таңдай отырып көп мәдениетті тәрбиелеу өзінің

тәрбиелеу мазмұны жағынан ерекшеліктеріне де ие. Көп мәдениетті тәрбиелеу

мәдени білім беру құндылықтарын игеруге, әртүрлі мәдениеттердің мәдени

плюралистік ортада өзара әрекеттесуіне, басқа да мәдени құндылықтарға

бейімделуге негізделген.

Мектеп жасына дейінгі балаларды үш тілді білім беру үдерісінде көп

мәдениетті тәрбиелеудің концептуалдық моделінде көп мәдениетті тұлғаны

тәрбиелеу, көп мәдениетті тәрбиелеудің тиімділігін анықтайтын

заңдылықтарды табу, көп мәдениетті тәрбиелеудің принциптерін, әдістемесін

анықтау және осы үрдістің нәтижелерінің сапалық сипатын анықтау

мақсаттары бар.

2. Көп мәдениетті тәрбиелеу үрдісінің тиімділігі, мазмұнын іріктеуді,

өзара байланысты ұлттық компоненттерді педагогикалық үрдіске тиімді

қосуды қарастыратын технологияны енгізу; жоғарғы мектеп жасына дейінгі

балалардың психофизиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне және ұлттық

мәдениет ерекшеліктеріне, ұлттық мәдениеттердің тәрбиелік - білім беру

потенциалын іске асыруға бағытталған дифференцияланған әдіс; ұлттық

мәдениетпен «жақыннан алысқа қарай» реті бойынша таныстыру арқылы

қамтамасыз етіледі. Жоғарғы мектеп жасына дейінгі балалардың көп

мәдениетті тәрбиесінің көрсеткіштері: балаларда өз елінің, алыс және жақын

елдердің мәдениеті жайлы қарапайым түсініктердің болуы, патриоттық

101

сезімдердің болуы, өзінің ел азаматы екендігін, өзінің басқа ұлттардың

мәдени байлығына қатысы бар екендігін сезіну және басқа мәдениет өкілдеріне

деген жағымды көзқарастың болуы. Біздің зерттеуіміздің қорытындысы

аталған мәселені толықтай шешеді деп айтуға болмайды, көп мәдениетті

тәрбиелеудің көптеген қырлары әрі қарай зерттеуді қажет етеді. Олардың

ішінде: көп мәдениетті тәрбиелеу мәселесіндегі мектепке дейінгі мекемелер

мен мектеп арасындағы байланыс жолдарын зерттеу; мектептің балабақшада

алынған түсінікті дамытуға жағдай жасауы; мектепке дейінгі білім берудің

әртүрлі кезеңдерінде үш тілде білім беру үдерісінде әртүрлі ұлттар

мәдениетімен таныстыру мәселелерін айта кетуге болады, бұлардың барлығы ,

педагогикалық жұмыс үшін маңызды, үш тілді білім беру жағдайындағы көп

мәдениетті тәрбиелеудің бірыңғай бағдарламасын жасауға мүмкіндік берер еді.

Осылайша, берілген ғылыми-зерттеу үш тілді білім беру үдерісінде көп

мәдениетті тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық тұстарын зерттеу үшін, адамға

деген сүйіспеншілікті, достықты тәрбиелеуге бағытталған үрдістің

технологиялық және құралдық жабдықтамасын жасау үшін теориялық негіз

болуы мүмкін.

Сонымен, мектеп жасына дейінгі балаларды үш тілді білім беру үдерісінде

көп мәдениетті тәрбиелеудің МДҰ тәрбиешілері мен ата-аналарға келесідей

ұсыныстарды ортаға шығардық:

Сөйлеу материалдарын меңгеру барысында

- барлық іріктелген лексика балалардың күнделікті өмірінде жиі кездесетін

кең таралған сөздерден жинақталып құралуы;

- меңгеруге тиісті материал құрамы балалар үшін өзекті болуы және белгілі

бір қолдану аясына бағытталуы (дәстүрлер, фольклор, мәдениет, балаларға

арналған музыка, балалар әдебиеті);

- тілдік материалды іріктеу кезінде ана тілінде қалыптасқан сөйлеу

дағдыларының деңгейін есепке ала отырып жүргізілуі керек. Үйрену үшін

балаларға ұсынылған лексикалық бірлік және сөйлеу үлгілері, олардың

интеллектуалдық және лингвистикалық даму деңгейіне сәйкес келуі тиіс.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Назарбаев Н.А. Стратегия трансформации общества и возрождения

евразийской цивилизации. – М., 2000. – С.16-18.

2. Collier, V. P., & Thomas, W. // Language minority student achievement and

program effectiveness. / Research summary on ongoing study. – Fairfax, – VA:

George Mason University, –1995. – P.178-183

3. http://baq.kz/regional_media/post/45590

4.Закон Республики Казахстан «Об образовании» от 27 июля 2007 года №

319-III ЗРК. – C.32-33

5. Закон Республики Казахстан от 11 июля 1997 года № 151-I «О языках в

Республике Казахстан» (с изменениями и дополнениями по состоянию на

03.07.2013 г.). – C.11-20

102

6. Назарбаев Н.А. Стратегия трансформации общества и возрождения

евразийской цивилизации. – М., 2000. – С.20-21.

7. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз»

бағдарламаcы, –Астана, 2010. –13-21 б.

8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті

стандарты, № исх: 3851/1.4-10/5502 от: 10.04.2015

9. Джуринский А.Н. Сравнительная педагогика: Учеб. пособие для студ.

сред, и высш. пед. учеб. заведений. – М.: Академия, 1998. – 176 с.

10. Богомолова М.И. Двуязычие в системе национального и

межнационального воспитания и обучения в педагогическом наследии:

Учебное пособие для студентов педагогических вузов. – Набережные Челны.,

2002. – 63 с.

11. Макаев В.В., Малькова З.А., Супрунова Л.Л. Поликультурное

образование — актуальная проблема современной школы // Педагогика. 1999.

№4. – С. 3-10

12. Синагатуллим И.М. Новый миллениум: роль и место иностранного

языка в поликультурном социуме // Иностранные языки в школе. 2002. № 1. –

С. 32-37.

13. Гальскова Н.Д., Коряковцева Н.Ф., Мусницкая Е.В., Нечаев H.H.

Обучение на билингвальной основе как компонент углубленного языкового

образования//Иностраншле языки в школе. 2003. № 2. – С. 12-16.

14. Соколова Э. Образование - путь к культуре мира и толерантности //

Народное образование. 2002. № 2. – С. 111-118.

15. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учеб.

пособие. – М.: Народное образование, 1998. – 256 с.

16. Алякринский В.В. Имитация детьми (4-7 лет) русских и некоторых

английских гласных //Вопросы психологии. 1963. – С. 17-23.

17. Амонашвили Ш.А. Здравствуйте, дети! Пособие для учителя. 2-е изд. –

М.: Просвещение, 1988.

18. Әбілдина С.Қ. Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің

қалыптасуымен дамуы. Автореферат, – Қарағанды, 2010. – 11-13 б.

19. http://kk.convdocs.org/docs/index-56750.html?page=4

20. http://kk.convdocs.org/docs/index-56750.html?page=4

21. http://kk.convdocs.org/docs/index-56750.html?page=4

22. Э.Д. Сулейменова Языковые процессы и политика. – Алматы:

Казахский университет, 2011. – 117с.

23. http://kk.convdocs.org/docs/index-56750.html?page=4

24. Э.Д. Сулейменова Языковые процессы и политика. – Алматы:

Казахский университет, 2011. – 117с.

25. http://kk.convdocs.org/docs/index-56750.html?page=4

26. Сажин Д.Б. Поликультурализм: теория и образовательная практика. –

СПб.: ИОВ РАО, 2001. – 75 с.

103

27. Бабунова Е.С. Формирование у детей старшего дошкольного возраста

интереса к русской семейной традиционной педагогике: Дис. ... канд. иед.наук.

– М., 1996. – 166 с.

28. Корнеева Е.И. Фольклорные праздники и развлечения в

патриотическом воспитании дошкольников (средний дошкольный возраста):

Дисс. ... канд. пед. наук. – М., 1995. – 181 с.

29. Ботнарь В.Д. Воспитание у детей эмоционально-положительного

отношения к людям разных национальностей посредством игры- драматизации

(на материале национальных детских садов Молдовы): Дис. ... канд. пед.наук. –

М., 1998. – 168 с.

30. Барахсанова Е.А. Педагогические условия использования якутских

настольных игр в интеллектуальном развита детей 4-11 лет. Дисс. ... канд. пед.

наук. – Якутск, 1995. – 158 с.

31. Вавилова Л.Д. Педагогические условия приобщения дошкольников к

национальной культуре в детском саду республики Коми: Дисс. ... канд. пед.

наук. – СПб., 1993. – 252 с.

32. Захарова Л.М. Проблема формирования у дошкольников позитивного

отношения к людям разных национальностей в отечественной педагогике

(вторая пол. XIX в.в.): Автореф. дисс. ... канд. пед. наук. – М., 1998. – 17 с.

33. Капустина Н.Г. Воспитание у старших дошкольников

доброжелательного отношения к людям (на материале ознакомления с людьми

разных рас): Дис. ... канд. пед. наук. – Екатеринбург, 1996. – 261 с.

34. Черник Т.В. Идеи и традиции русской педагогики в воспитании

культуры отношений современных дошкольников: Дисс. ... канд. пед. наук. –

М., 1996. – 211 с.

35. Козлова С.А. Формирование общественной направленности

дошкольников в процессе познания социальной действительности: Дисс. ...

докт. пед наук. – М., 1987.

36. Богомолова М.И., Шарафутдинов З.Т. Дошкольникам о Татарстане

(средний дошкольный возраст): Учебно-методическое пособие для

воспитателей детского сада. – Набережные Челны, Альметьевск, 1995. – 125 с.

37. Богомолова М.И., Шарафутдинов З.Т. Дошкольникам о Татарстане

(старший дошкольный возраст): Учебно-методическое пособие для

воспитателей детского сада. – Набережные Челны, Альметьевск, 1995. – 157 с.

38. Суслова Э.К. Интернациональное воспитание детей старшего

дошкольного возраста (7 год жизни): Дисс. ... канд. пед. наук. – М.: 1974. – 232

с.

39. Бабынина Т.Ф. Формирование личности ребенка старшего

дошкольного возраста в процессе ознакомления с национальной культурой:

Дисс. ... канд. пед. наук. – Екатеринбург, 2001. – 201 с.

40. Малкина Н. Л. Методика использования сказки в обучении

дошкольников устной речи на английском языке: Aвтореф. дисс. ... канд. пед.

наук. – СПб., 1996. – 21 с.

104

41. Махнева И. А. Интегрированная игровая технология ознакомления с

иноязычной культурой детей старшего дошкольного возраста: Автореф. дисс...

канд. пед. наук. – Екатеринбург, 2001. – 23 с.

42. Богомолова М.И. Интернациональное воспитание дошкольников. – М.:

Просвещение, 1988. – 112 с.

43. Богомолова М.И. Генезис прогрессивных концепций

межнационального воспитания детей: Автореферат дисс... д-ра пед. наук. –

Екатеринбург, 2003. – 43 с.

44. Суслова Э.К. Интернациональное воспитание детей старшего

дошкольного возраста (7 год жизни): Дисс. ... канд. пед. наук. – М.: 1974. – 232

с.

45. Колкер Л.М., Устинова Е.С., Еналиева Е.М. Практическая методика

обучения иностранным языкам. – М.: Академия, 2001. – 264 с.

46. Гальскова Н.Д., Коряковцева Н.Ф., Мусницкая Е.В., Нечаев H.H.

Обучение на билингвальной основе как компонент углубленного языкового

образования//Иностраншле языки в школе. 2003. № 2. – С. 12-16.

47. Негневицкая Е.И. и др. Английский язык: Учеб. пособие для 1 кл.

общеобразовательных заведений. – М.: Просвещение, 1994. – 112 с.

48. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному

говорению: Пособие для учителей иностранного языка. – М.: Просвещение,

1985. – 208 с.

48. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному

говорению: Пособие для учителей иностранного языка. – М.: Просвещение,

1985. – 208 с.

49. Коменский Я.А., Изб. пед. соч в 2-х томах. /Отв. ред. А.И. Пискунова.

Сост. Э.Д. Днепров и др. Т. II. – М.: Педагогика, 1982. – 576 с.

50. Коменский Я.А., Локк Д., Руссо Ж-Ж., Песталоцци И.Г.

Педагогическое наследие /Сост. Кларин В.М., Джуринский A.M., – М.:

Педагогика, 1989. – 416 с.

51. Руссо Ж. Ж. Педагогические сочинения: В 2-х т. T. I. /Под ред. Г.Н.

Джибладзе; сост. А.Н. Джуринский. – М.: Педагогика, 1981. – С. 115-116.

52. Гельвеций К.А. О человеке, его умственных способностях и его

воспитании. – М.: 1938. – С. 403-427.

53. Дидро Д. Систематическое опровержение книги Гельвеция "Человек".

Соб. соч. Т. 2. М., 1940. – С. 120-242.

54. Гербарт И.Ф. Общая педагогика, выведенная из цели воспитания. Изб.

пед соч. T. I. М., 1990.

55. Макки М., Сигуан У.Ф. Образование и двуязычие. Пер. с фр. – М.:

Педагогика, 1990. – 184 с.

56. Пенфилд В., Роберте JI. Речь и мозговые механизмы. – М.: Медицина,

1964. – С. 215-217.

57. Пулгрэм Э. Человек говорящий-экологический подход // Наука и

жизнь. 1971. №7. – С. 31-46.

105

58. Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической

мысли Казахстана: Учеб. пособие. – Алматы: Университет «Кайнар», 1998. –

193 с.

59. Сембаев А.И., Храпченков Г.М. Очерки по истории школ Казахстана

(1900-1917 гг.) // Под ред. Е.И.Шехтермана. –Алма-Ата: Мектеп, 1972. –162 с.

60. Сырымбетова Л.С. Этнопедагогика: Учеб. пособие. – Караганда: Санат-

Полиграфия, 2008. – 197 с.

61. Илишев И.Г. Язык и политика в многонациональных обществах:

Проблемы теории и практики: Дис. ... д-ра полит.наук. – СПб., 2000.

62. Зыков М.Б., Галимьянова В.Р. Языковая ситуация как

социолингвистическая проблема. –Нефтекамск: РИО НФ БашГУ, 2007.–116 с.

63. Исаев М.И. Этнолингвистические проблемы в СССР и на

постсоветском пространстве // Вопросы языкознания. 2002. № 6. – C.101-118.

64. Жетписбаева Б.А. Теоретико-методологические основы полиязычного

образования Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора

педагогических наук Республика Казахстан. – Караганда, 2009.

65. Кусаинова Г.Т. Полиязычное образование учащихся как фактор

эффективности межкультурного общения// Вопросы языкознания. 2002. №6. –

C.185-191.

66. Дешериев Ю. Д., Закономерности развития и взаимодействия языков в

советском обществе, – М., 1966;

67.Новое в лингвистике, в. 6, Языковые контакты, – М., 1972;

68.Швейцер А. Д., Современная социолингвистика. Теория, проблемы,

методы, – М., 1976;

69.Weinreich U., Languages in contact: findings and problems, – N. Y., 1953;

70.Ferguson Ch. A., Language structure and language use, – Stanford, 1971.

71. Жетписбаева Б.А. Полиязычное образование: теория и методология:

Монография.-Алматы: Білім,2008.

72. Сластенин, В.A. Педагогический процесс как система. Издат. дом

МАГИСТР-ПРЕСС, 2000. - с. 51

73. Weinreich U., Languages in contact: findings and problems, N. Y., 1953;

74. Ferguson Ch. A., Language structure and language use, Stanford, 1971.

75. Hakuta, K. (1986). Mirror of language: The debate on bilingualism. New

York: Basic Books. (ERIC Document No. ED264326)

76. Lindfors, J. W. (1991). Children’s language and learning (2nd ed.). Boston:

Allyn and Bacon.

77. Krashen, S. D. (1996). Under attack: The case against bilingual education.

Culver City, CA: Language Education Associates.

78. Lindfors, J. W. (1991). Children’s language and learning (2nd ed.). Boston:

Allyn and Bacon.

79. Играет дошкольник. Развитие детей старшего дошкольного возраста

в игровой деятельности: Сборник/ под ред. Т. И. Бабаевой, З. А. Михайловой.-

СПб; «Детство-пресс», 2007,-199с.

106

80. Ривина Е. К., Толстых В. К., Башлай Е. Ю. социум микрорайона как

ступенька в большой мир// Управление ДОУ, 2004, № 5-С. 72–80.

81. Словарь по социальной педагогике / Автор-составитель Л.В. Мардахаев

– М., 2002. С. 125

82. Лингводидактический энциклопедический словарь / Автор-составитель

Л.Н. Щукин – М.: Астрель: Хранитель, 2007. С. 117

83. Воспитание детей в старшей группе детского сада: Пособие для

воспитателя дет.сада/ В. В. Гербова, Р. А. Иванкова, Р. Г. Казакова и др.;

Сост.Т. М. Лямина. — М.: Просвещение, 1984. — 288с., ил.

84. Столяренко А. М. Психология и педагогика; учеб. пособие для

студентов вузов- 2 изд., перераб. и доп. М.: Янита-дана, 2008.-527 с.

85. Якобсон С., Чернавина С., Копачева Ж., Пакомова Е. Формирование

взаимоотношений между детьми 3–4 лет.//Дошкольное воспитание, 2001, № 1.-

с 5–11.

86. Эльконин Д.Б. Психология игры. М., 1978. 304 с.

87. Рубинштейн СЛ. Основы общей психологии: в 2 т. М., 1989. Т.2. С. 14-

93.

88. Павлов И.П. Избранные труды. /Под общей ред. М.А. Усиевича. М.:

Учпедгиз, 1954. 418 с.

89. Мерлин B.C. Очерк интегрального исследования индивидуальности.

М.: Педагогика, 1986. 254 с.

90. Дьяченко О.М., Лаврентьева Т.В. Психическое развитие дошкольников.

М.: Педагогика, 1984. 128 с.

91. Выготский Л.С. Лекции по психологии. СПб.: Союз, 1997. 144 с.

92. Мухина B.C. Возрастная психология. М.: Академия, 1997. 456 с.

93. Шаграева O.A. Детская психология. М.: Владос, 2001. 368 с.

94.Лейтес Н.С. Возрастная одаренность: Учеб. пособие. М.: Академия,

2000. 320 с.

95. Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. Киев.: Радянська школа, 1969

96. Дыбина-Артамонова О.В. Предметный мир как источник познания

социальной действительности: Учебно-методическое пособие для студентов

факультета дошкольного воспитания. Самара.: Издательство Самарского ГПУ,

1997. 104 с.

97. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. М.: 1999. С.

5-102.

98. Пиаже Ж. Избранные психологические труды. М.: Международная

педагогическая академия, 1994. 680 с.

99. Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка. СПб.: Союз, 1997. 254 с.

100. Бахталина Е.О. Интегрированное обучение английскому языку в

детском саду: Дисс. ... канд. пед. наук. Петрозаводск., 1998. 173 с.

101. Даль В.И. Пословицы русского народа. М.: Гослитиздат, 1957. С. 3-5.

102. Малкина Н. Л. Методика использования сказки в обучении

дошкольников устной речи на английском языке: Лвтореф. дисс. ... канд. пед.

наук. СПб., 1996. 21 с.

107

103. Кагуй Н.В. Поликультурное воспитание детей дошкольного возраста в

процессе билингвального образования, дис. канд. пед. наук– Елабуга, 2004. –

215 с.

Қосымша 1.

Балалардың ұлттық мәдениет туралы түсініктерін анықтайтын сұрақтары

1. Сен тұратын қаланың аты қандай?

2. Қазақстанның астанасы қай қала?

3. Қазақстан Республикасының қандай қалаларын білесің?

108

4. Қазақстан Республикасында қандай халықтар өмір сүреді?

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының түстері қандай?

6. Қазақстан Республикасының елтаңбасында не бейнеленген?

7. Сен қандай ұлттық мерекелерді білесің және өз отбасыңмен қандайын

тойлайсың?

8. Сен тұрып жатқан ел қалай аталады?

12. Қалай ойлайсың, қандай ертегілерді халық ертегілері деп атайды?

13. Қандай халық ертегілерін білесің?

14. Қандай халықтардың ертегілерін білесің?

15. Сен ағылшын халқының өлеңдерін, әндерін, ертегілерін білесің бе?

16. Сенің ана тілің қандай? Ана тілі дегеніміз не?

17. Шетел тілі дегенді білесің бе?

18. Сен қандай шетел тілін білесің?

19.Қандай елдерде шетел тілінде сөйлейді?

20. Тағы қандай елдерді білесің?

21. Ұлыбритания деп аталатын елдің қай жерде екенін білесің бе?

22. Ұлыбританияда қандай тілде сөйлейді?

23. Ағылшын мерекелері мен салт-дәстүрін білесің бе?

Ата-аналар сауалнамасы

1. Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз қандай:

а) жұмыссыз б)жұмыскер в) қызметкер г) кәсіпкер

_________________________________________________(басқасын жазу).

2. Сіздің біліміңіз:

а) жоғары б) орта арнайы в) орта

_________________________________________________(басқасын жазу).

3. Сізде отбасылық мерекелер бар ма?

а) иә, олар ата-бабамыздан келе жатыр

б) Иә, сондай нәрсе болады деп ойлаймын

_________________________________________________(басқасын жазу).

4. Сіз балаларыңызды тәрбиелеуде өз халқыңыздың дәстүрін пайдаланасыз ба? Егер солай

болса, қандай?

_________________________________________________

Түрлі халықтардың мәдениетіне сіздің қатынасыңыз:

_________________________________________________

5. «Мәдениет» терминін қалай түсінесіз?

_________________________________________________

6. Сіз түрлі халықтардың мәдениеті туралы кітаптар оқып тұрасыз ба?

_________________________________________________

7. Сізге әр түрлі елдердің мерекелері мен дәстүрлері туралы көп білуге не көмектеседі:

а) кітаптар, газеттер б) теледидар в) достары мен әріптестер

_________________________________________________(тағы не жазу)

8. Сіз жақын (Ресей, Қырғызстан, Татарстан, Өзбекстан) және алыс ұлттық қоршаған

ортаның (Еуропа, Америка, Австралия, Африка) ірі мерекелерін білесіз бе?

_________________________________________________

9. Сіз түрлі елдердің мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы ақпаратты табасыз:

а) жалықтыратын және пайдасыз

б) маған немесе ешкімге қажет емес,

109

в) тәрбиелеуде кәсіпқойлар осы мәселелермен айналыса берсін

г) жай

г) қызықты және пайдалы

_________________________________________________(тағы не жазу).

10. Басқа да халықтардың мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары және өмірі туралы

қосымша ақпарат алғыңыз келе ме?

а) Иә, бұл өте қызықты

б) иә, ол ақыл кеңейтеді

в) Жоқ, ешқайда бара жатқан жоқпын, өйткені

г) Жоқ, бұл үшін уақыт жоқ, өйткені

_________________________________________________(тағы не жазу).

11. Сіз білетін басқа елдер мен халықтардың жазушылар, суретшілер, композиторлар,

суретшілер тізімі

_________________________________________________

12. Сіз балаларды түрлі мәдениеттермен таныстыруды қаншалықты ерте бастау керек сияқты

деп ойлайсыз?

а) ерте балалық шақтан

б) мектепте

в) өзі-ақ бәрін анықтайды

г) қажеті жоқ

_________________________________________________(тағы не жазу).

13. Сіз «төзімділік/толеранттылық» сөзін қалай түсінесіз?

а) Мен сөздің мағынасын түсінбеймін

б) адамды немесе затты қабылдауда наразылықтың жоқтығы

в) бас бостандығын құрметтеу

ә) жарылқау, жұмсақтық, төзімділік

г) төзбеушілік

е) Мен нақты жауап бере алмаймын.

_________________________________________________(тағы не жазу).

14. Қазіргі кезде түрлі мәдениеттермен таныстыру маңызды деп ойлайсыз ба?

а) иә

б) жоқ

_________________________________________________(тағы не жазу).

15. Иә болса, қазіргі кезде түрлі мәдениеттермен таныстыру не үшін маңызды деп ойлайсыз?

а) қызықты

б) ақыл кеңейтеді

в) ол басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі

г) бейбіт өмір сүруге

_________________________________________________(тағы не жазу).

16. Сіз қандай тілдерді білесіз?

_________________________________________________

17. Орыс тілін қай жасыңызда үйрендіңіз?

_________________________________________________

18. Баланың тілді ерте үйрене бастауы дұрыс деп ойлайсыз ба? Егер олай болмаса не

үшін?

_________________________________________________

19. Сіз балаңыздың ағылшын тілін білуін қалайсыз ба?

_________________________________________________

20. Ағылшын тілін білудің пайдасы бар ма?

_________________________________________________

21. Сіз ағылшын тілін білесіз бе?

110

_________________________________________________

22. 2020 жылға қарай Қазақстан үш тілді ел бола алатындығына сенесіз бе?

_________________________________________________

23. Балаңызбен туған тілден басқа тілдерде сөйлесесіз бе?

_________________________________________________

24. Ағылшын тілін білу болашақ балаңыздың жоғарғы білім алуына пайдасын

тигізетініне сенесіз бе?

_________________________________________________

25. Сіз жанұяңызбен Шет елдерге шығып тұрасыз ба?

_________________________________________________

26. Балаңыздың болашақта Ағылшын тілінен басқа француз не неміс тілдерін білгенін

қалайсыз ба?

_________________________________________________

27. Көп тіл білудің маңызын қалай түсінесіз? Немесе оның қажеті жоқ па?

_________________________________________________

28. Балабақшада ағылшын тілі сағаттарының көбеюіне қалай қарайсыз?

_________________________________________________

29. Балаңыздың балабақшадан алатын біліміне қанағаттанасыз ба?

_________________________________________________

30. Балаңызбен бірге шетел тілінде сөйлей алуды қалайсыз ба?

_________________________________________________

Қосымша 2.

111

Эксперимент барысы. Балалардың толеранттылық деңгейін анықтау.

Эксперимент барысы. Балалардың ағылшын және қазақ тілінен білімдерін

тексеру. Монтессори әріптері.

Қосымша 3

112

Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп

мәдениеттілікке тәрбиелеу бағдарламасы

1. «Танымдық әрекеттер» бөлімі

Мақсаты:

Балаларда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания жайлы өлкетанулық түсінікті

қалыптастыру. Ұлттардың шығармашылығымен, дәстүрімен, өмір салтымен

таныстыру. Ұлттық мәдениетке қызығушылығын, әртүрлі ұлт өкілдеріне

бірдей қатынаста болуға, әртүрлі мәдениет өкілдері жайлы, өздерінің басқа

елдердегі қатарластары жайлы біліміне кеңейтуге тәрбиелеу.

Алынған білімді тәжірибе жүзінде қолдануға талпыныс қалыптастыру.

Мазмұны: өлкетану материалымен, ұлттық мәдениет компоненттерімен

(ұлттық ауыз әдебиеті, ән шығармашылығы, қолданбалы өнер, ұлттық

ойындар), тұрмысымен, дәстүрімен, этикетімен, салтымен таныстыру.

2. «Ойын әрекеттері» бөлімі

Мақсаты: Балаларда өз әрекеттерін серіктестерімен үйлесімді ету қабілетін

қалыптастыру. Балалардың физикалық, көп мәдениетті дамуына әсер ету.

Балаларды Қазақстан, Ресей және Ұлыбритания ұлттарының ұлттық

ойындарымен таныстыру. Алыс және жақын ұлттардың ойындарына деген

жағымды-эмоционалдық қатынас қалыптастыру. Балаларға ұлттық мәдениет

ерекшеліктерін түсінуге көмектесу. Ұлттық ойындардың ерекшеліктерін

анықтай білу, әртүрлі ұлттардың ойындарын салыстыра білуге үйрету.

Балалардың әртүрлі ұлттар ойындарына қызығушылығын дамыту, басқа ұлт

өкілдеріндегі қатарластарымен қарым-қатынас орната білу қабілетін дамыту.

Мазмұны: Ұлттық ойындар (қозғалмалы, хорлы, стол үстіндегі ойындар),

ұлттық ойыншықтар, дидактикалық ойындар, сюжеттік-рольдік ойындар,

театрландырылған ойындар.

3. «Шығармашылық әрекеттер» бөлімі

Мақсаты:

Балалардың ұлттардың көркем өнері, шығармашылығы жайлы білімін

байыту. Балаларда барлық ұлттарды біріктіретін адамзатқа ортақ

құндылықтардың бар екені жайлы түсінік қалыптастыру. Балалардың

мәдениетке деген қызығушылығын қалыптастыру. Балаларды алынған білімді

өмірде қолдана білуге оқыту. Балаларды адамзат құндылықтары әлеміне қосу.

Шығармашылық және өзін көрсете білу еркіндігін тәрбиелеу. Басқа

мәдениетті түсіне білу, жақсылық жасай білу қасиетін қалыптастыру. Балының

жалпы адамзат құндылықтарына қосылу мүмкіндіктерін кеңейту, оларды

қолжетімді, сезілетін, эмоционалдық бояулы ету.

4. «Музыкалық әрекеттер» бөлімі

Мақсаты:

Балаларды өз ұлтының, жақын және алыс ұлттардың музыкалық

фольклорымен таныстыру. Балалардың әр ұлттың музыкалық туындыларының

мәнін түсіне білу қабілетін дамыту, әртүрлі ұлттардың музыкалық

мәдениетін еркін қабылдай білу қасиетін қалыптастыру. Әр алуан адамдар мен

идеялар әлемінде өмір сүруге тәрбиелеу. Басқа музыкалық шығармашылықты

113

қабылдау қабілетін тәрбиелеу, әртүрлі ұлттардың би өнеріне қосу, музыкалық

түсініктерді кеңейту. Әртүрлі ұлттардың музыкалық мәдениетіне деген

қызығушылық қалыптастыру.

Мазмұны: Ұлттық музыкалық фольклормен таныстыру. Ән. Би.Ұлттық

музыкалық аспаптармен таныстыру.

5. «Еңбек әрекеттері» бөлімі

Мақсаты:

Барлығымен тең деңгейде бірге еңбек ету қажеттігін түсіндіру, қоғамға

пайдалы болу, жетістіктерге жету, қажеттіліктерді қанағаттандыра білу

қабілеттерін тәрбиелеу. Балалардың өз және алыс, жақын ұлттардың еңбек

дәстүріне жақындату,

Мазмұны: Ұлттық сыйлықтарды, ойыншықтарды, естелік заттарды,

көрме атрибуттарын өздігінен және ересектермен бірге дайындау. Үй

жұмыстарын жасау, шаруашылық-тұрмыстық еңбектер (мереке алдында).

Қосымша 4

Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының үш тілді сөздік қоры

№ Ағылшын тілі Дыбысталуы Қазақ тілі Орыс тілі

114

1. Hello! Hi! Хеллоу! Хай! Cәлем! Привет!

2. My name is… Май нейм из... Менің атым... Меня зовут...

3. I’m from Kazakhstan Айм фром Казакстан Мен Қазақстаннанмын Я из Казахстана

4. I speak Kazakh Ай спик казак Мен қазақша

сөйлеймін

Я говорю на

казахском

5. Who are you? Ху а ю? Сен кімсің? Ты кто?

6. I’m Kazakh, Russian,

English

Айм Казак, Рашн,

Инглиш

Мен қазақпын,

орыспын,

ағылшынмын

Я казах/казашка

7. How are you? Хау а ю? Қалайсың? Как ты?

8. I’m fine Айм файн Жақсымын Хорошо

9. How old are you? Хау олд а ю? Қанша жастасың? Сколько тебе лет?

10. I’m five years old Айм файв иирс олд Мен бес жастамын Мне пять лет

11. Where do you live? Уе ду ю лив? Қайда тұрасың? Где ты живешь?

12. I live in Almaty Ай лив ин алмати Мен Алматыда

тұрамын

Я живу в Алматы

13. Why? Уай Неге? Почему?

14. I like Ай лайк Ұнатамын Мне нравится

15. I love you Ай лав ю Мен сені жақсы

көремін

Я люблю тебя

16. Take Тейк Ал Возьми

17. Give Гив Бер Дай

18. Say Сэй Айт Скажи

19. Sing Сиң Өлең айт Пой

20. Dance Дәнс Биле Танцуй

21. Go Гоу Бар Иди

22. come кам кел приди

23. Look Лук Қара Смотри

24. Wake up Уейк ап Ұйқыдан тұр Проснись

25. Sleep Слип Ұйықта Спи

26. Fly Флай Ұшу Летать

27. Mother/mom Мада/мам ана Мама

28. Father/dad Фада/дәд әке Папа

29. brother Брада аға Брат

30. sister Систә әпке Сестра

31. grandma Гранма Апа Бабушка

32. grandpa Гранпа ата Дедушка

33. family Фамили жанұя Семья

34. Friend Френд Дос Друг

35. Girl/boy Гөрл/бой Қыз/бала Девочка/мальчик

36. Teacher Тичә Мұғалім Учитель

37. Pupil Пюпл Оқушы Ученик

38. Cat Кәт мысық Кот

39. Dog Дог Ит Сабака

40. Chicken Чикен Тауық Курица

41. Cow Кау Сиыр Корова

42. Horse Хорс Ат Лошадь

43. Wolf Уолф Қасқыр Волк

44. Bird Бүрд Құс Птица

45. One, two, three, four,

five

Уан, ту, фри, фор,

файв

Бір, екі, үш, төрт, бес Раз, два, три, четыре,

пять

46. Six, seven, eight,

nine, ten

Сикс, севен, ейт,

найн, тен

Алты, жеті, сегіз,

тоғыз, он

Шесть семь восемь

девять десять

47. big Биг Үлкен Большой

48. small Смол Кіші Маленький

49. little Литл Кішкентай Меньший

50. high Хай Биік Высокий

51. low Лоу Аласа Низкий

115

52. Kindergarten Киндәгартн Балабақша Детский сад

53. House Хаус Үй Дом

54. Tree Три Ағаш Дерево

55. Flower Флауа Гүл Цветок

56. Mountain Маунтин Тау Гора

57. River Ривә Өзен Река

58. Dream Дрим Арман Мечта

59. Sun Сан Күн Солнце

60. Moon Мун Ай Луна

61. Star Стар Жұлдыз Звезда

62. Sky Скай Аспан Небо

63. Cloud Клауд Бұлт Облако

64. Water Уота Су Вода

65. Fire Файа От Огонь

66. Earth Үрф Жер Земля

67. Wind Уинд Жел Ветер

68. Airplane Эйплейн Ұшақ Самолет

69. Car Кар Көлік Машина

70. Dall Дол Қуыршақ Кукла

71. Ball Бол Доп Мяч

72. Pencil Пенсил Қарандаш Карандаш

73. Crayon Крэйон Майлы қарандаш

74. Ice-cream Айс крим Балмұздақ Мороженое

75. Milk Милк Сүт Молоко

76. White Уайт Ақ Белый

77. Black Бләк Қара Черный

78. Purple Пүрпл Күлгін Фиолетовый

79. Yellow Йеллоу Сары Желтый

80. Blue Блю көк Голубой

81. Red Ред қызыл Красный

82. Green Грин Жасыл Зеленый

83. Hat Хәт Бас киім Шапка

84. Dress Дрес Киім Платье

85. Hand Хәнд Қол Рука

86. Leg Лег Аяқ Нога

87. Head Хэд Бас Голова

88. Hair Хейә Шаш волосы

89. Eyes Айс Көз Глаза

90. up Ап Үстіге вверх

91. Down Даун Астыға Вниз

92. Left Лефт Сол На лево

93. Right Райт Оң На право

94. Yes Йес Иә Да

95. No Ноу Жоқ Нет

96. Good Гуд Жақсы Хорошо

97. Bad Бәд Жаман Плохо

98. Nice Найс Әдемі Приятно

99. Snow/ Winter/cold Сноу/уинтә/колд Қар / қыс/суық Снег/зима/холодно

100. Summer/hot Самма/хот Жаз/ ыстық Лето/жарко

101. Spring/warm Сприң/уорм Көктем/жылы Весна/тепло

102. Autumn/ rain Отм/рэйн Күз/жаңбыр Осень/дождь

Қосымша 5

Бақылау экспериментінің барысы

116

1. Балалардың ағылшын әріптерімен жұмыс жасауы

2. Балалардың ағылшын ойындарын ойнау барысы