Ағашты күйдіріп өрнектеу және өңдеу әдісі

11
Сабақтың тақырыбы: Ағашты күйдіріп өрнектеу және өңдеу әдісі. Сабақтың мақсаты: Ағашты күйдіріп, бұйымға өрнек сала білу. Тұрмысқа қажетті заттарды жасап үйрену арқылы ұлттық ерекшелігімен көркемдік құрылымымен танысу. Дамушылық мақсаты: Ойлау, шығармашылық қасиетін дамыту, сабақтағы теориялық білімдерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастырып, оны іс жүзінде пайдалануға үйрету. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, технология. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, топтық жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта ағаш, ағаш материалы, ою өрнек, сызғыш, қарындаш, электрокүйдіргіш құралы. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Жаңа сабақты баяндау. Ағаш беттерін күйдіріп өңдеу туралы қысқаша мағлұмат берейін.Ағаш беттерін күйдіріп өңдеу өнерін пирография деп атайды. Алғашқы уақыттарда ағашты күйдіру өнері көп қолданбаған. Өйткені, күйдіру аппараты болмаған. Өйткені күйдіру апараты болмаған.Ағашты күйдіру үшін темірді,инені отқа

Transcript of Ағашты күйдіріп өрнектеу және өңдеу әдісі

Page 1: Ағашты күйдіріп өрнектеу және өңдеу әдісі

Сабақтың тақырыбы: Ағашты күйдіріп өрнектеу және өңдеу әдісі. Сабақтың мақсаты: Ағашты күйдіріп, бұйымға өрнек сала білу. Тұрмысқа қажетті заттарды жасап үйрену арқылы ұлттық ерекшелігімен көркемдік құрылымымен танысу.

Дамушылық мақсаты: Ойлау, шығармашылық қасиетін дамыту, сабақтағы теориялық білімдерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастырып, оны іс жүзінде пайдалануға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, технология.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта ағаш, ағаш материалы,

ою өрнек, сызғыш, қарындаш, электрокүйдіргіш құралы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Жаңа сабақты баяндау. Ағаш беттерін күйдіріп өңдеу туралы қысқаша мағлұмат берейін.Ағаш беттерін күйдіріп өңдеу өнерін пирография деп атайды. Алғашқы уақыттарда ағашты күйдіру өнері көп қолданбаған. Өйткені, күйдіру аппараты болмаған. Өйткені күйдіру апараты болмаған.Ағашты күйдіру үшін темірді,инені отқа қыздырып қолданған.Бұл көп уақытты талап етеді,уақыт өте өнертапқыштар тұрақты тоқ күшімен куйдіретін апарат ойлап тауып Пирография өнерін одан әрі қарай дамытты.Бұл аппаратпен ағашты ғана емес,сонымен қатар тері,сүйек,картон беттеріне куйдіріп сурет салуға болады.Қазіргі уақытта пирография өнері ұмытылып барады. Осы өнерді жаңғырту үшін осы сабақта ағаш бетін куйдіру арқылы жұқа тақтайшаға Кіші жүздін белгілерін суреттерін бейнелейміз. Сонымен қатар, жиектерін ою-өрнектерімен күйдіру арқылы өрнектеледі.

Page 2: Ағашты күйдіріп өрнектеу және өңдеу әдісі

Кіші жүз Адай

Кіші жүздегі саны көп рулардың бірі Адай руы. Маңғыстау адайларының шыққан тегі туралы нақты деректер мардымсыз болды деп көрсеткен екен. Каспий теңізінің жағалауында мекендеген ежелгі адайлардың ұрпақтары болуы мүмкін деген жорамал айтылған, сол арада ол адайлар оғыздардың «ада»(арал) «адайлар» «аралдықтар» деген сөзінен

шыққан нұсқасын да келтіреді. Бізге дайлар, дахтар, адай руының алыстағы бабалары деген нұсқа әбден ықтимал болып көрінеді.

Революцияға дейінгі және кеңестік тарих әдебиетінде адай руынның құрылымын ешкім жариялаған емес, сондықтан біз осы арада сол рудың ру құрылымын толық келтірген. Адай руының Ұрандары: «Бекет», « Тегелен», ал таңба белгілері бірінші топқа үш белгі болып кіреді. Соңғы белгі іс жүзінде алғашқы екеуімен бірдей, олардың бәрі адайлардың негізгі жаңа белгілері болып табылады.

Кіші жүз Табын

Табын руы кіші құрамындағы жеті-ру бірлестігіне кіреді. Жетіру құрамындағы ең ірі руы және жетіру бірлестігі бір текті емес. Қазақтың ханы Әз-Тәуке Қобда, Елек, өзендері мен Маңғыстау мен Арал арасындағы Башқұрт халқын, жоғарғы Орал Тобыл жақтарына ығыстырғанда бұрынғы Ноғайлы еліне қараған Тама, Табын, Жағалбайлы, Кердері, Керейіт, Тілеу, Рамадан дейтін

руларды Алшынға қосып, оларға жеті ру деп ат қойды. Табындардың үш руы осында бас қосып, ел болғаны-ау деген тұжырымды бекіте түседі.«Табын, ұраны «Тостаған» «Серке» .Таңбасы – көсеу – тарақ – шөміш, тостаған. Табындар мекендеген ежелгі аймақ қатырына осы маңдағы Табун-Толағай тау қыртыстарында жатады деп айта аламыз.

Page 3: Ағашты күйдіріп өрнектеу және өңдеу әдісі

Кіші жүз Байбақты

Байбақты руларының таңба белгілері бір ғана белгісін келтіреді. Таңбалардың осы әр алуан түрін мұқият қараған кезде олардын бәрі бірдей ұқсас екені және біреулерінде кішкене сызықшалардың негізгі сызыққа тік бұрышпен, ал басқаларында қиғашталып келуімен ғана ерекшеленеді. Байбақты руының ұраны «Дәуқара» .

Кіші жүз Шекті.

Шектілердің соңғы таңбасы өз тегін арғын тайпасының Қаракесектерінен бастайтын. Қаракесек руының таңбасымен жақын, сондықтан да Шектілердің бір бөлігінің,атап айтқанда ожырай бөлімшесі ата-бабалары Арғындардан шығуы мүмкін екенін теріске шығармайды. Таңба белгілері ойық, тіке сызықша болып келеді.

Практикалық жұмыс.

Керекті құрал-жабдықтар: фанера, электркүйдіргіш құралы, қарындаш, сызғыш. Нұсқаулық бойынша орындалады.1.Кіші жүз таңбалары беріледі.2.Таңба белгілерін тақтай бетіне түсіріп, электркүйдіргіш құралымен жүргіземіз.3.Шеттерін әрлеу үшін тұрмыста қолданылатын ирек ою-өрнектерін қолданамыз.Сергіту сәті Мақал-мәтел жарысы ұйымдастырылады.

Жаңа тақырып бойынша пысықтау сұрақтары: «Ұста» тобы

1. Аққу ою-өрнегін қиып көрсетіңдер.

Page 4: Ағашты күйдіріп өрнектеу және өңдеу әдісі

2. Күйдіріп салынған өрнектің түсі өзгереме?«Зергер» тобы1. Қошқар мүйіз оюын қиып көрсетіңдер.2. Күйдіру үшін қандай ағаштар керек?

«Өнерлі» тобы1. Шұғыла ою-өрнегін қиып көрсетіңдер.2. Шеттерін әрлеу үшін қандай өрнектерді қолдануға болады?

«Шебер» тобы 1.Қос мүйіз ою-өрнегін қиып көрсетіңдер. 2. Электркүйдіргіш құралымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін айтыңыздар.

Қорытындылау.

Топтар жасаған бұйымдарын келесі топпен ауыстырып, бір-біріне пікір айтып бағалайды.

Page 5: Ағашты күйдіріп өрнектеу және өңдеу әдісі
Page 6: Ағашты күйдіріп өрнектеу және өңдеу әдісі
Page 7: Ағашты күйдіріп өрнектеу және өңдеу әдісі
Page 8: Ағашты күйдіріп өрнектеу және өңдеу әдісі
Page 9: Ағашты күйдіріп өрнектеу және өңдеу әдісі