балдың пайдасы-жоба

23

description

Балдың пайдасы жайлы

Transcript of балдың пайдасы-жоба

Page 1: балдың пайдасы-жоба
Page 2: балдың пайдасы-жоба

•Бал деп нені айтады?•Оның тарихы қайдан бастау

алады?•Аралар оны қалай жасайды?

Page 3: балдың пайдасы-жоба

«Бал- жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың,

тәтті сұйық зат.»

Page 4: балдың пайдасы-жоба

Мақсаты мен міндеттері:• Балдың

пайдалылығын оқып-біліп,дәлелдеу.

• Адамдардың балды қандай жағдайда қолданатындығы жайлы танысу,оқып-білу.

Балдың пайда болу тарихымен танысу;

Балдың жасалу технологиясымен танысу;

Балдың құрамын оқып-білу

Балдың түрлерін анықтап білу;

Балдың қалай және қай жерде қолданылатынын оқып-білу.

Page 5: балдың пайдасы-жоба

Зерттеу нысаны- адам

Зерттеу заты- бал

Зерттеудің өзектілігі- біз балды күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.

Зерттеудің болжамы- егер біз бал жайлы көбірек оқып білсек, онда балдың көптеген сырларын ашар едік.

Зерттеу әдістері

-ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

-бақылау жүргізу;

-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.

Page 6: балдың пайдасы-жоба

Ежелгі қытай және үнді жазбаларында балдың ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.

Ұлы грек математигі Пифагор,ойшыл философ Демокрит те өзінің өмірінің ұзақ болуының себебі –балды жиі қолданғандықтан деген.

Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп,қолға ұстай бастаған.Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы Орталық Азия аймағында омарта шаруашылығының отаны болып саналады.Елімізде өндірілетін балдың 80 % жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде.

Балдың шығу тарихы

Page 7: балдың пайдасы-жоба

Көпшырынд

ы

Бақ балы

Біршырынд

ыТау балы

Балдың түрлері

Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.

Дала балы

Page 8: балдың пайдасы-жоба

Балдың құрамында:

түрлі ферменттер;минералды тұздар;микроэлементтер;органикалық қышқылдар мен амин қышқылдары

Page 9: балдың пайдасы-жоба

Бал жинауБал аралары өте еңбекқор жәндік. Бал жинауда

жыл мезгілі, ауа райы, ара ұясының күйі, өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы,

шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл атқарады. Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі

мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Негізінен бұл істі «жұмысшы»

аралар ғана атқарады. Аралар жайылған кездері ондаған шақырымға дейін алаңсыз

ұшып кете береді. Және адаспай өз ұяларын тауып қайтады. Барлауға шыққан ара ә

дегеннен шырынды гүл мен шүйгінді шөпті іздейді. Тапқан кезде өздеріне тән белгілермен

кейінгілерге хабар береді.

Page 10: балдың пайдасы-жоба

Балдың қасиеті

Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.

Өте құнарлы,тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді.

Page 11: балдың пайдасы-жоба

Арамен емдеу Арамен емдеу медицина ғылымында «Апитерапия» деп аталады. Отандық дәрігер, апитерапия маманы А. Құрманбаевтың берген мәліметтеріне сүйенсек, арамен емдеуге араның балы, прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы және емдік әсері өте күшті сүт жатады.

Білікті дәрігерлердің пікірінше, балды дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс.Себебі, бал — шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар.

Дегенмен, дәрігерлер балмен емделуді бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс көреді.

Page 12: балдың пайдасы-жоба

Балдың қолданылуыМедициналық

жағдайда

Тағам түрлерін жасауда

Косметологиялық жағдайда

Page 13: балдың пайдасы-жоба

Біздің зерттеу жұмысымыз

Араның құрылысымен танысу(биология пәні кабинетінде)

Page 14: балдың пайдасы-жоба

Балдың құрамында глюкоза барын анықтау барысы.

(химия пәні кабинетінде )

Page 15: балдың пайдасы-жоба

Біздің дәрігермен кездесуіміз(медициналық кабинетте )

Page 16: балдың пайдасы-жоба

Бет терісіне арналған маска

1а/қ ірімшік1а/қ сүт½ ас қасық бал

Page 17: балдың пайдасы-жоба

Бал қосылған алма бәліші(анамыздың көмегі )

2 алма4 ас қасық бал1 стакан қант1,5 стакан ұн

100 гр. сары май2 жұмыртқа

3 ас қасық лимон шырыны

Page 18: балдың пайдасы-жоба

Бұл өте қызықты болды

Page 19: балдың пайдасы-жоба

Ауылымыздағы омарташымен кездесу

Николаевка селосыОмарташы:Кондратьев В.В.1982 жылдан бастап осы іспен айналысады

Page 20: балдың пайдасы-жоба

Сауалнама нәтижесі

Page 21: балдың пайдасы-жоба

Түйінді ой

Балдың құрамында адам ағзасына пайдалы барлық химиялық қоспалар бар екенін аңғардық.

Балдың өте ертеде алғашқы адамдарға дейін пайда болғанын,ата-бабаларымыз оны тағам ретінде де,ем-дом ретінде де пайдаланғанын оқып білдік.

Балдың пайдасы өте зор.Оның емдік қасиеттеріне байланысты кеңінен қолдануға болады.

Page 22: балдың пайдасы-жоба

Қорытынды Біз алдымызға қойған мақсатқа жеттік деп ойлаймыз.Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра,өз зерттеу жұмысымызды жүргізіп,көзімізбен көріп,дәлелдеуге тырыстық.Бұл жұмыс бізге қатты ұнады.Осы жұмысымызды келешекте ары қарай жалғастыру жоспарымызда бар.

Page 23: балдың пайдасы-жоба

Назарларыңызғакөп рахмет!