Сақшы №52 (4218)

8
№52 (4218), 14.07. 2016, бейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРЫНЫ ҚҰРЫЛУЫ МҮМКІН Биыл Ақтөбе облысында «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде 49 əлеуметтік нысан жөнделеді. 2016 жылы Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының инфрақұрылымды жəне тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты да- мыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 49 инфрақұрылымдық нысанды жөндеу жоспарлану- да, оның 45-іне күрделі жөндеу, 4-не ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөнделетін ғимараттардың 37-сі – білім беру, 6 – денсаулық сақтау, 5 - мəдениет жəне 1 денешынықтыру нысаны. Инфрақұрылымдық жобалардың іске асыры- луы 1 мың 82 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 549 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады. Бүгінгі күні 40 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 988 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 508 адам - «ЖҚЖК- 2020» бағдарламасына қатысушылар. 2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК- 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыста- ры негізінде өңірлер арасында бөлінеді. 284 НЫСАН САТЫЛДЫ Жекешелендірудің екінші толқынын жүзеге асыру туралы 2016 жылғы 11 шілдедегі жағдай бойынша барлығы 284 нысан сатылды. 2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сəйкес сатуға барлығы 1005 ны- сан жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде 505 нысан жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 11 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 479 нысан шығарылды, оның ішінде 284 ны- сан - республикалық меншік бойынша - 19, коммуналдық меншік бойынша - 139, ƏКК - 74, холдингтер бойынша – 52 нысан сатылды. Нəтижесінде республикалық бюджетке 6 994 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 4 659 млн. теңгеден астам, холдингтер 67 416 млн. теңге, ƏКК 3 717 млн. теңге қаражат таратылды. Республикалық меншік бойынша барлығы 65 нысан жекешелендіруге жатса аталған кезеңінде іс жүзінде сатуға 25 нысан жоспарланған, оның ішінде 19 нысан сатылды. Коммуналдық меншік бойынша 491 объектінің сатылуы белгіленді. Соның ішінде 246 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 240 нысан шығарылып, оның 139-ы сатылды. Əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар бой- ынша сатуға 166 нысан белгіленді. 100 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 95 нысан сатуға қойылды, 74 нысан сатылды. Ұлттық компаниялар мен холдингтер бой- ынша 283 нысан жекешелендіруге жатады, 11 шілдедегі жағдайы бойынша жоспарланған 134 нысанның 119 нысаны сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 52 объект сатылды. «Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық жəне сенімді өзара қарым- қатынас нығаю мен жан-жақты дамудың жақсы үрдісіне ие. Екіжақты ынтымақтастықтың терең əлеуетін ескерсек, келешекте ол өз жалғасын тауып, екі елдің өркендеуіне жұмыс жасайтынына сенімдімін», – делінген құттықтау телеграммасында. «Ағымдағы жылдың 15-16 шілдесінде Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтетін «Азия – Еуропа» 11-саммитінің қорытындылары еліңіздің қарқынды дамуына жаңа серпін беретінін сеніммен айта аламын», – деп баса айтты Кəрім Мəсімов. Премьер-Министр Ж. Эрдэнэбатқа зор денсаулық, бақыт, жұмыста табыс, ал ынтымақтас моңғол халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі. Сондай-ақ, К.Мəсімов Баян Өлгийде селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетіледі деп мəлімдеді. «Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаевтың тапсырмасымен Баян Өлгийдегі селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетіледі», – делінген Үкімет басшысының Twitter желісіндегі жазбасында. Еске салайық, 10 шілдеде Моңғолияның этникалық қазақтар шоғырланған Баян-Өлгий қаласында сел жүріп, 100-ден аса үй қираған еді. 700-ден аса адам баспанасыз қалды. Екі адамның қаза тапқаны хабарланды. Қызметімен құттықтады ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ШЫҒЫС АЙМАҚТЫҚ АЭРОҰТҚЫР ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ ЕРТІС ӨЗЕНІНЕ СЕКІРІП КЕТКЕН ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ƏЙЕЛДІҢ ӨМІРІН АЖАЛДАН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ. 12 шілде күні сағат 13.30 шамасында Өскемен қалалық ІІБ-ның 102 нөміріне куəгерлерден Ертіс жағалауының Ғашықтар аллеясы тұсында бір əйелдің өзенге секіріп кеткені туралы хабар келіп түседі. Кезекші қызметкер жедел шешім қабылдап, оқиға орнына сол маңайда жүрген қалалық жергілікті полиция қызметінің Жол-патрульдік полиция батальонының экипажын жібереді. Құрамында аға сержант Азамат Ибраимов пен кіші сержант Мейір Рахымғалиев бар экипаж дереу құтқарушыларға қоңырау шалып, шақырту жіберіп, оқиға орнына кел- ген кезінде судағы адамды көреді. Құтқарушылар жасағының моторлы қайықпен оқиға орнына жедел жеткенінің арқасында суға секіріп кет- кен кейуананы құтқару мүмкін болды. Полицейлер мен құтқарушылар тездетіп жетіп, полиция кіші сержанты Мейір Рахымғалиев əйелге қайыққа мінуге көмектесіп, бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қатты ағыс əлгі əйелді Өзен вокзалының маңайына дейін апарып тастаған екен. Келіп жеткен медицина қызметкерлері 67 жастағы əйелді жан-жақты тексергенімен, кейуананың өзі ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазіргі уақытта Өскемен қалалық ІІБ тергеу органдары болған оқиғаның мəн-жайын тексеріп жатыр. Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі ЖАРАЙСЫҢ! Адам өмірінің арашашылары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Премьер-министрі Маттео Ренциге Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті жолаушылар пойыздарының соқтығысуы салдарынан ондаған италиялық азамат опат болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Елбасы көңіл айтты ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ К. МƏСІМОВ МОҢҒОЛИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Ж. ЭРДЭНЭБАТТЫ ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ. Осыған орай жақында Тараз қалалық ІІБ- нің Жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері осы қызметке саналы ғұмырын жұмсаған ардагерлермен арнайы кездесіп, ақыл- кеңестерін тыңдады. Батальон бастығы, поли- ция подполковнигі Бақытжан Жолдасбековтің бастамасымен қолға алынған игілікті шара шеңберінде жол полициясы қызметінің ардагер- қариялары осы салаға енді келіп жатқан жас буынға əңгімелерін айтып, естеліктерімен бөлісіп, қызметте кездесетін қиындықтар мен кедергілерден қалай сүрінбей өту керектігі жөнінде айтып берді. Жалпы Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінде қатарға жаңадан қосылған жас мамандарға жауапкершілігі мол, тала- бы қатал қызметте қолдау білдіріп, оларды патриоттық рухта тəрбиелеп, Отанға деген мақтаныш сезімдерін тереңдете түсуді мақсат тұтқан іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады. Жас қызметкерлердің бойында моральдық, адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, мемлекеттік қызметкердің басты құжаты – Ар-ұждан кодексінің талаптарын сақтауды үйрету де на- зардан тыс қалған емес. Тағылымы мол бұл істе аға буынның алар орны ерекше екені айтпаса да түсінікті. Ардагерлер қызмет жолын енді ғана бастаған жастармен білгендерімен бөлісіп, жеке тəжірибелерінде болған кей жайттардың қыр- сырын ашып көрсетуден еш жалыққан емес. Олардың бірі жұмыс барысында неге ерекше көңіл бөлу керектігіне мəн берсе, енді бірі жас буынды мəдениеттілікке, қарапайымдылыққа баулып жатты. Жастарды тəрбиелеу ісіне белсенді араласып жүрген ішкі істер органда- ры ардагерінің бірі Р.Таңатарұлы жамбылдық полиция қызметінде ар мен намысты биік ұстайтын, өз істеріне нық сенімді буын келе жатқанын сеніммен айтты. «Бұл жастар қоғамдық тəртіпті сақтап, елге көмек қолын созуда ең бірінші қағида – Антқа адал бо- лып қалу екенін жақсы біледі. Сол себепті біздің артымыздан еріп келе жатқан өскелең ұрпақтың адамгершілігі мен кəсібиліктеріне күмəн келтірмейміз», – дейді ақсақал. Ардагерлермен бірге өткізілген бұл тəлімді шараға 18 «Қайсар» жасағы, Жол-патрульдік полиция батальонының 36 қызметкері мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ, жергілікті БАҚ тілшілері қатысты. Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі ТАҒЫЛЫМ АҒА БУЫННЫҢ АЙТАРЫ БАР ЖАМБЫЛДЫҚ САҚШЫЛАР ЖАҚСЫ БІР ІСТІ ҚОЛҒА АЛДЫ. ОЛАР АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАРДЫҢ АҚЫЛЫНА ҚҰЛАҚ ТҮРІП, МОЛ ТƏЖІРИБЕЛЕРІНЕН ҮЛГІ АЛУДЫ ОҢ ЖОЛҒА ҚОЙЫП ОТЫР.

description

Сақшы №52 (4218) 14.07.2016

Transcript of Сақшы №52 (4218)

Page 1: Сақшы №52 (4218)

№52(4218),

14.07. 2016, бейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРЫНЫ ҚҰРЫЛУЫ МҮМКІНБиыл Ақтөбе облысында «ЖҚЖК-2020»

бағдарламасы шеңберінде 49 əлеуметтік нысан жөнделеді.

2 0 1 6 ж ы л ы А қ т ө б е о б л ы с ы н д а «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының инфрақұрылымды жəне тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты да-мыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 49 инфрақұрылымдық нысанды жөндеу жоспарлану-да, оның 45-іне күрделі жөндеу, 4-не ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жөнделетін ғимараттардың 37-сі – білім беру, 6 – денсаулық сақтау, 5 - мəдениет жəне 1 денешынықтыру нысаны.

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асыры-луы 1 мың 82 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 549 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 40 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 988 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 508 адам - «ЖҚЖК- 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК- 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыста-ры негізінде өңірлер арасында бөлінеді.

284 НЫСАН САТЫЛДЫЖекешелендірудің екінші толқынын

жүзеге асыру туралы 2016 жылғы 11 шілдедегі жағдай бойынша барлығы 284 нысан сатылды.

2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сəйкес сатуға барлығы 1005 ны-сан жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде 505 нысан жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 11 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 479 нысан шығарылды, оның ішінде 284 ны-сан - республикалық меншік бойынша - 19, коммуналдық меншік бойынша - 139, ƏКК - 74, холдингтер бойынша – 52 нысан сатылды.

Нəтижесінде республикалық бюджетке 6 994 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 4 659 млн. теңгеден астам, холдингтер 67 416 млн. теңге, ƏКК 3 717 млн. теңге қаражат таратылды.

Республикалық меншік бойынша барлығы 65 нысан жекешелендіруге жатса аталған ке зең і нде і с жүз і нде с а т у ға 25 нысан жоспарланған, оның ішінде 19 нысан сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша 491 объектінің сатылуы белгіленді. Соның ішінде 246 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 240 нысан шығарылып, оның 139-ы сатылды.

Əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар бой-ынша сатуға 166 нысан белгіленді. 100 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 95 нысан сатуға қойылды, 74 нысан сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бой-ынша 283 нысан жекешелендіруге жатады, 11 шілдедегі жағдайы бойынша жоспарланған 134 нысанның 119 нысаны сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 52 объект сатылды.

«Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық жəне сенімді өзара қарым-қатынас нығаю мен жан-жақты дамудың жақсы үрдісіне ие. Екіжақты ынтымақтастықтың терең əлеуетін ескерсек, келешекте ол өз жалғасын тауып, екі елдің өркендеуіне жұмыс жасайтынына сенімдімін», – делінген құттықтау телеграммасында.

«Ағымдағы жылдың 15-16 шілдесінде Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтетін «Азия – Еуропа» 11-саммитінің қорытындылары еліңіздің қарқынды дамуына жаңа серпін беретінін сеніммен айта аламын», – деп баса айтты Кəрім Мəсімов. Премьер-Министр Ж. Эрдэнэбатқа зор денсаулық, бақыт, жұмыста табыс, ал ынтымақтас моңғол халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

Сондай-ақ, К.Мəсімов Баян Өлгийде селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетіледі деп мəлімдеді.

«Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаевтың тапсырмасымен Баян Өлгийдегі селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетіледі», – делінген Үкімет басшысының Twitter желісіндегі жазбасында.

Еске салайық, 10 шілдеде Моңғолияның этникалық қазақтар шоғырланған Баян-Өлгий қаласында сел жүріп, 100-ден аса үй қираған еді. 700-ден аса адам баспанасыз қалды. Екі адамның қаза тапқаны хабарланды.

Қызметімен құттықтады

ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ШЫҒЫС АЙМАҚТЫҚ АЭРОҰТҚЫР ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ ЕРТІС ӨЗЕНІНЕ СЕКІРІП КЕТКЕН ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ƏЙЕЛДІҢ ӨМІРІН АЖАЛДАН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ.

12 шілде күні сағат 13.30 шамасында Өскемен қалалық ІІБ-ның 102 нөміріне куəгерлерден Ертіс жағалауының Ғашықтар аллеясы тұсында бір əйелдің өзенге секіріп кеткені туралы хабар келіп түседі. Кезекші қызметкер жедел шешім қабылдап, оқиға орнына сол маңайда жүрген қалалық жергілікті полиция қызметінің Жол-патрульдік полиция батальонының экипажын жібереді. Құрамында аға сержант Азамат Ибраимов пен кіші сержант Мейір Рахымғалиев бар экипаж дереу құтқарушыларға қоңырау шалып, шақырту жіберіп, оқиға орнына кел-ген кезінде судағы адамды көреді. Құтқарушылар жасағының моторлы қайықпен оқиға орнына жедел жеткенінің арқасында суға секіріп кет-кен кейуананы құтқару мүмкін болды. Полицейлер мен құтқарушылар тездетіп жетіп, полиция кіші сержанты Мейір Рахымғалиев əйелге қайыққа мінуге көмектесіп, бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Қатты ағыс əлгі əйелді Өзен вокзалының маңайына дейін апарып тастаған екен. Келіп жеткен медицина қызметкерлері 67 жастағы əйелді жан-жақты тексергенімен, кейуананың өзі ауруханаға жатудан бас тартқан.

Қазіргі уақытта Өскемен қалалық ІІБ тергеу органдары болған оқиғаның мəн-жайын тексеріп жатыр.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

ЖАРАЙСЫҢ!

Адам өмірінің арашашылары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Премьер-министрі Маттео Ренциге Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті жолаушылар пойыздарының соқтығысуы салдарынан ондаған италиялық азамат опат болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Елбасы көңіл айттыҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ К. МƏСІМОВ МОҢҒОЛИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Ж. ЭРДЭНЭБАТТЫ ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

Осыған орай жақында Тараз қалалық ІІБ-нің Жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері осы қызметке саналы ғұмырын жұмсаған ардагерлермен арнайы кездесіп, ақыл-кеңестерін тыңдады. Батальон бастығы, поли-ция подполковнигі Бақытжан Жолдасбековтің бастамасымен қолға алынған игілікті шара шеңберінде жол полициясы қызметінің ардагер-қариялары осы салаға енді келіп жатқан жас буынға əңгімелерін айтып, естеліктерімен бөлісіп, қызметте кездесетін қиындықтар мен кедергілерден қалай сүрінбей өту керектігі жөнінде айтып берді.

Жалпы Жамбыл облыстық Ішк і і с тер департаментінде қатарға жаңадан қосылған жас мамандарға жауапкершілігі мол, тала-бы қатал қызметте қолдау білдіріп, оларды патриоттық рухта тəрбиелеп, Отанға деген мақтаныш сезімдерін тереңдете түсуді мақсат тұтқан іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады. Жас қызметкерлердің бойында моральдық, адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, мемлекеттік қызметкердің басты құжаты – Ар-ұждан кодексінің талаптарын сақтауды үйрету де на-зардан тыс қалған емес.

Тағылымы мол бұл істе аға буынның алар орны ерекше екені айтпаса да түс ін ікт і . Ардагерлер қызмет жолын енді ғана бастаған жастармен б ілгендер імен бөл іс іп , жеке тəжірибелерінде болған кей жайттардың қыр-сырын ашып көрсетуден еш жалыққан емес.

Олардың бірі жұмыс барысында неге ерекше көңіл бөлу керектігіне мəн берсе, енді бірі жас буынды мəдениеттілікке, қарапайымдылыққа баулып жатты. Жастарды тəрбиелеу ісіне белсенді араласып жүрген ішкі істер органда-ры ардагерінің бірі Р.Таңатарұлы жамбылдық полиция қызметінде ар мен намысты биік ұстайтын, өз істеріне нық сенімді буын келе жатқанын сен іммен айтты. «Бұл жастар қоғамдық тəртіпті сақтап, елге көмек қолын созуда ең бірінші қағида – Антқа адал бо-

лып қалу екенін жақсы біледі. Сол себепті біздің артымыздан еріп келе жатқан өскелең ұрпақтың адамгершілігі мен кəсібиліктеріне күмəн келтірмейміз», – дейді ақсақал.

Ардагерлермен бірге өткізілген бұл тəлімді шараға 18 «Қайсар» жасағы, Жол-патрульдік полиция батальонының 36 қызметкері мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ, жергілікті БАҚ тілшілері қатысты.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі

ТАҒЫЛЫМ

АҒА БУЫННЫҢ АЙТАРЫ БАРЖАМБЫЛДЫҚ САҚШЫЛАР ЖАҚСЫ БІР ІСТІ ҚОЛҒА АЛДЫ. ОЛАР АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАРДЫҢ АҚЫЛЫНА ҚҰЛАҚ ТҮРІП, МОЛ ТƏЖІРИБЕЛЕРІНЕН ҮЛГІ АЛУДЫ ОҢ ЖОЛҒА ҚОЙЫП ОТЫР.

Page 2: Сақшы №52 (4218)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№52 (4218), бейсенбі, 14.07.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бетті дайындаған Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Ирак

ХАО

Ұлыбритания

Премьер-Министр көңіл айтты

ҚЫРҒЫЗ САРАПШЫСЫ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТƏЖІРИБЕНІ ЕНГІЗУДІ ҰСЫНДЫ.

Соғыс жəне бейбітшілік материалдары институтының қолдауымен өткен Қырғызстанның қауіпсіздік мəселелеріне арналған Бішкектегі дөңгелек үстелде сарапшы Наргиза Алапаева экстремистердің жастарды діни-радикалды ағымға арбауының алдын алу үшін Қазақстанның тəжірибесін қолданысқа енгізуді ұсынды.

«Діни-экстремистік ұйымның əлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды ғана емес, білімді жəне қызмет жасап жүрген жастарды да өз қатарларына тартумен айналысып келе жатқанын тəжірибе көрсетіп отыр. Біздің еліміз қол қусырып қарап отыр дегім келмейді. Жұмыстар жүргізіліп жатыр, бірақ сонда да діни экстремизмнің алдын алу шараларын күшейту қажет. Мысал ретінде көрші Қазақстанның тəжірибесін алуға болады, 2013 жылы Президент Жарлығымен іс жүзінде жастар арасындағы өзекті мəселелерді шешіп, экстремистік идеологияның радикалды идеяларына бой алдыруға жол бермейтін Антитеррористік комиссия құрылды», – деді қауіпсіздік бойынша сарапшы Н.Алапаева.

Қырғыз сарапшылары оған қазақстандық тəжірибені Қырғызстан жағдайында қолдану мүмкіндігі туралы бірқатар сұрақтар қойды.

Теракт салдарынан 9 адам қаза тапты

Ирак астанасы Бағдад орталығында көлік жарылып, 9 адам қайтыс болды. Ал 30 тұрғын жарақат алған. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлайды.

Жарылыс шииттер тұратын Рашидия ауданындағы базарда болған. Мұндай жантүршігерлік оқиғалар шаһарда үкімет əскерінің террористік Ислам мемлекетіне қарсы жиі шабуылдар ұйымдастыруына бай-ланысты үдей түскен. Экстремистік ұйым 3 шілде күні Бағдадта болған екі ірі жарылысты өз мойнына алған. Нəтижесінде 250 адам жарақат алған болатын.

Айта кетейік, маусым айының аяғында Ирак əскері Фаллуджу қаласын қарулы содырлар-дан азат етті. Ал, өткен аптаның сенбісінде үкімет қарулы күштері Мосул шаһарындағы авиабазада Ислам мемлекеті содырларының шабуылын тойтара білді.

Күн жүйесінде тағы бір ғаламшар бар болып

шықтыАстрономдар күн жүйесінен алыс

орналасқан ергежейлі жаңа ғаламшарды тапты, – деп жазады The Guardin халықаралық астрономиялық одақ (ХАО) мəліметіне сілтеме жасап.

2015RR245 аспан денесі 730 жыл кезеңімен 34-120 астрономиялық бірлік қашықтықта созылған жолында Күннің айналасында қозғалады екен. Ергежейлі ғаламшардың радиусы – 350 шақырым. Аспан денесінің сыртқы қабаты мұздалған азот, су, көміртегі монооксиді жəне аз мөлшерде осы химиялық элементтің күрделі байланысқан түрі бар. Оның ішкі қабатының температурасы -2200 Цельсий. Бұл ергежейлі ғаламшардың мате-риясын сақтайды жəне пішінін өзгертпейді.

2015 RR245 ғаламшары Күнге тек 2096 жылы жақындауы мүмк ін . Оған дей ін

ғалымдар аспан денесінің орбитасын зерт-теп, физикалық жəне химиялық құрылымын түсінуді жоспарлап отыр. Негізі Күн жүйесінде сегіз ғаламшар бар. Олардың ішінде ең алыбы əрі ауыры – Юпитер. Плутон 2006 жылдан бастап ғаламшар болып есептелмейді, себебі ол ғаламшарға тəн шарттарға сəйкес емес. Ол өз орбитасында басымдыққа ие емес.

Жаңа премьер-министр тағайындалады

Ұ л ы б р и т а н и я н ы ң І І М б а с ш ы с ы Терезе Мэй Консерватив партияның лидері, елдің премьер-министрі бо-лып тағайындалады, – деп хабарлай-ды РИА Новости партия комитетінің басшылығына сілтеме жасап.

Мэй о сыған дей і н консерваторлар мен премьер-министрдің орнына негізгі үміткерлердің бірі болды. Ал 11 шілдеде оның бəсекелесі Андреа Лидстің сайлаудан шығып қалуына байланысты Мэй премьер-министр қызметіне жалғыз үміткер болды.

BBC News басылымының мəліметінше, Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон 13 шілдеде отставкаға кетуі жайлы ресми түрде мəлімдеме жасайтынын айтты. Оның айтуынша, сол күні кешке-ақ жаңа пре-мьер-министр жұмысқа кірісе алады.

Айта кетейік, кезектен тыс сайлау партия басшысы Дэвид Кэмеронның отставкаға кетуіне байланысты өткен. Кэмерон 23 мау-сымда ұлыбританиялықтардың оның үндеуіне қарамастан Еуропалық Одақтан шығуға дауыс бергені үшін осындай шешімге келген.

Сонымен қатар, Ұлыбританияда соңғы 26 жыл ішінде премьер-министр қызметінде əйел болмаған екен. Осы уақытқа дейін жалғыз əйел адам, əйгілі Маргарет Тэтчер премьер-министр болған.

«Италия Премьер-министрі Маттео Ренци мен қаза тапқан жолаушылардың туыстарына қолдау білдіріп, қайғыра көңіл айтамын», – деп жазды К.Мəсімов өз твиттерінде.

Еске сала кетейік, күнделікті 200 пойыз өтетін Италияның ауқымды теміржолында пойыздар соқтығысы орын алды. Соңғы ақпараттар бой-

ынша, екі жолаушылар пойызынан 25-ке жуық адам мерт болған, ондаған адам жарақат алды. Көпшілігінің жағдайы ауыр.

Соқтығыстың себебі əлі анықталған жоқ. Итальяндық тергеу органдары адам факторы əсер етуі мүмкін деп болжам жасауда.

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ КƏРІМ МƏСІМОВ ИТАЛИЯДАҒЫ ПОЙЫЗДАРДЫҢ СОҚТЫҒЫСЫНАН ҚАЗА ТАПҚАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЙҒЫҒА ОРТАҚТАСЫП, КӨҢІЛ АЙТТЫ.

Елбасы сапары талқыландыБЕЙЖІҢДЕ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚКП ОК САЯСИ БЮРО ТҰРАҚТЫ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ, ҚХР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСІНІҢ ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРІ ЧЖАН ГАОЛИ-МЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.

Қос тарап қыркүйек айында G20 саммитіне қатысу үш ін Н . Назарбаевтың ҚХР са -парына дайындық барысын жəне екіжақты ынтымақтастық мəселелерін кең ауқымда, «Нұрлы Жол» жəне «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламаларының ортақ тұстарын, сауда-экономикалық, индустриялық, инновациялық жəне басқа салалардағы өзара қарым-қатынас жайын талқылады.

Қытайға жұмыс сапары барысында Б.Сағынтаев Шэньси провинциясына, Сиань қаласына ба-рып, аймақ басшылығымен жəне Қытай бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізеді.

«Каспий бестігінің» қарқыны

ЕУРООДАҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СЕКТОРЫ ЖАҢА КАПИТАЛ ТАРТУ МƏСЕЛЕСІ МЕН НЕСИЕЛЕР БОЙЫНША ДЕФОЛТ КЕСІРІНЕН ҚИЫН ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛДЫ.

ЕО банктеріне бухгалтерлік баланстағы «саңылауды» жабу үшін 150 млрд. еуродан астам қаржы керек, деп ескертті Deutsche Bank бас экономисі Дэвид Фолькертс-Ландау. Бұл туралы Утро.ру хабарлады.

«Еуропа ауыр дертке шалдықты», – деді ол Welt am Sontag неміс басылымына берген сұхбатында. Банкирдің пікірінше, тез арада ақша аударылмаса, ЕО банк жүйесін күйреу қаупі күтіп тұр.

Фолькертс-Ландау 2008 жылы АҚШ-тағы банк секторын ретке келтіру үшін 500 милли-ард доллар кеткенін еске салды. Одан үш есе аз

қаржымен Еуропаны құтқарып қалуға болады. Бірақ, бұл міндетті нормативтерді құрбандыққа шалуды талап ететін өте өзекті мəселе деп санайды ол.

Бəрінен бұрын қаржыгер Италияның банк жүйесі үшін алаңдаулы. Ондағы мерзімі өтіп кеткен несиелер көлемі 350 млрд. еуроға жетті жəне күннен-күнге артып келеді. Фолькертс-Ландаудың бағалауынша, оны құтқару үшін кемінде 40 млрд. еуро қажет.

Еуропалық банктер балансындағы мерзімі өткен несиелердің жалпы көлемі 2 млрд. еуроға жеткен.

РФ Сбербанк сарапшылары италиялық банктерді құтқарудың соңы еуроаймақ үшін ауқымды экономикалық дағдарысқа ұласатынын мəлімдеді.

Еуропа банктері күйреуі мүмкін

Алматыда жер сілкіндіАЛМАТЫ МАҢЫНДА ЖЕР СІЛКІНДІ, ДЕП ХА-БАРЛАЙДЫ ҚР БҒМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ ТƏЖІРИБЕ-ƏДІСТЕМЕЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ СЕЙСМИКАЛЫҚ СТАНСАЛАР ЖЕЛІСІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ.

15.2 магнитудалы жер сілкінісі 12 шілде күні 13:02-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер дүмпуінің ошағы 20 шақырым тереңдікте тіркелді, – делінген хабарламада.

Алынған мəліметтерге сай, жер дүмпуінің жиілігі 2-3 балды құрады.

Қазақстандық тəжірибені енгізуді ұсынды

АСТАНАДА 14 ШІЛДЕДЕ М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ЖҰМЫССЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗЕКТІ БОС ОРЫНДАР ЖƏРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ. БҰЛ ЖӨНІНДЕ АСТАНА ҚАЛАСЫ ƏКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ ХАБАРЛАДЫ.

Биыл бос орындар жəрмеңкесі жетінші рет өткізіледі. Шараға 50 жұмыс беруші, соның ішінде мемлекеттік мекемелер мен жеке кəсіпкерлер қатысады. Келушілерге 500-ден астам бос жұмыс орны ұсынылады.

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы бос орындар жəрмеңкесін тұрақты түрде өткізеді. Биыл тағы да бес жəрмеңке өткізу жоспарланып отыр.

Еске салайық, жыл басынан бері бос орындар жəрмеңкелерінің арқасында 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда, 1 мыңға жуық адам қоғамдық жұмыстарға, 400-ден астамы кəсіптік даярлау, қайта даярлау жəне біліктілікті арттыру курстарына жіберілді. Сондай-ақ, 250-ден астам адам жастар практи-касынан өтті.

«Байқоңырмен» əріптестік жалғаспақ

РЕСЕЙ ЕКІНШІ КЕЗЕКТЕГІ ВОСТОЧ-НЫЙ ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ АШЫЛСА ДА, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «БАЙҚОҢЫР» АЙЛАҒЫН ПАЙДАЛАНУДАН БАС ТАРТПАЙТЫН БОЛДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ «ИНТЕРФАКС» БАСЫЛЫМЫНА БЕРГЕН СҰХБАТЫНДА РОСКОСМОС БАСШЫ-СЫ ИГОРЬ КОМАРОВ МƏЛІМДЕДІ.

«Сенімді түрде айта аламын, «Байқоңырдан» к е т у г е жəне б арлық ұшырылымдарды «Восточный» айлағына ауыстыруға жоспарымыз жоқ. «Байқоңырда» ұшыруға арналған барлық инфрақұрылым жасалған, алдын ала ұшуға дайындық орталығы да бар. Жақсы нəтиже көрсетіп отыр, ресурсы əлі таусылған жоқ, сондықтан бұл ұшу қондырғыларын Байқоңырдан ауыстыру қате», – деді мемкорпорацияның басшысы.

Оның айтуынша, «Байқоңырмен» əріптестік жалғасын табады. «Біз ғарыш саласында Қазақстандағы əріптестерімізбен коопера-цияны кеңейтіп, ғарыш айлағының техникалық мүмкіндігін жоғарылатқымыз келеді», – деді ол.

Ал Роскосмос осыған қарамастан, жаңа перспективалық жобаларды «Восточный» айлағында жүзеге асыруды ойлап отыр екен.

Алдағы ауа райы қандай?СИНОПТИКТЕР 2016 ЖЫЛДЫҢ 14-16 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖА-МЫН ЖАРИЯ ЕТТІ.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш тəулікте Қазақстанның солтүстік бөлігінің ауа райына циклонның əсері тиеді. Онымен жаңбыр, жекелеген аудандарда бұршақ, температура əдеттегіден 1-3 градусқа төмен болады екен. «Республикамыздың оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс аудандары, циклон-мен байланысты атмосфералық фронттардың əсерінде болады. Шығыс жаққа ығысқан олар кей жерлерге найзағайлы, өткінші жаңбыр əкеледі, аптап ыстықтың беті қайтқанымен температура климаттық нормадан əлі де жоғары болады», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК өкілдері.

Ал батыста ғана жауын-шашынсыз жəне өте ыстық болады деп күтіліп отыр. Термометрдің күндізгі көрсеткіші 30-38 градус ыстықты көрсетеді, кей жерлерде 41 градус аптапқа жетеді.

Бос орындар жəрмеңкесі өтеді

П р е м ь е р - М и н и с т р с ы р т қ ы с а я с и ведомстволардың басшыларына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс айтты.

Кəрім Мəсімов соңғы жылдары елдеріміздің арасындағы өзара іс-қимыл едəуір жанданғанын айтып өтіп, «Каспий бестігі» аясындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгей іне қанағаттанатынын білдірді.

Ке зде су ге қа тысушылар көп жақты серіктестіктің жəне Каспий теңізінің құқықтық мəртебесінің өзекті мəселелерін талқылады.

«Каспий теңізі – біздің елдердің дамуының маңызды мəселелерінің бірі. Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі туралы Конвенция жо-басын қабылдау үшін өзара тиімді шешімге келеміз деген үміттемін. Бұл барлық өңір үшін алға үлкен қадам болмақ», – деді К.Мəсімов.

Кездесу қорытындысы бойынша та -раптар өзара достық түсіністікті одан əрі нығайтуға, барлық салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты, оның ішінде Каспий теңізін үйлестірілген пайдалану, Каспийдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша дамытуға дайындықтарын білдірді.

Естеріңізге салсақ, Əзербайжан, Иран, Ресей жəне Түрікменстанның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Каспий теңізінің

құқықтық мəртебесі туралы Конвенция жобасы бойынша позицияны келісу үшін Астанаға келді.

Сыртқы саясат ведомствосы басшысы Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, бұндай форматтағы кездесу елімізде алғаш рет өтіп отыр.

«Арнайы жұмыс топтарында Каспий теңізінің құқықтық мəртебес ін реттеу жөніндег і кел іссөздер басталғалы 20 жыл өт іпт і . Осы кезең аралығында барлық тараптар ауқымды жұмыстар атқарып, Каспий теңізінің құқықтық режиміне қатысты жекелеген эле-менттер келісілді. Айтарлықтай салмақты құқықтық базаға қарамастан, «Каспий бестігі» əртүрлі бағыттағы халықаралық келісімдерді дайындау қарқынын одан əрі үдетуге ниетті. Бұл құқықтық база ең бірінші кезекте құзыретті органдар арасындағы же-келеген бағыттар бойынша Каспий теңізінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық ту-ралы келісімге ведомствоаралық хаттаманы əзірлеу мəселесін қамтып отыр», - деді ми-нистр Е. Ыдырысов.

Оның айтуынша, аталмыш келісім негіздемелік құжат болып табылады. Əрі Каспийдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жəне құқыққа қайшы əрекеттермен күрес бойынша теңіз маңындағы мемлекеттердің өзара əрекеттестігі үшін құқықтық негіз қалыптастырады.

ҮКІМЕТ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ КƏРІМ МƏСІМОВ КАСПИЙ МАҢЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

Page 3: Сақшы №52 (4218)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№52 (4218), бейсенбі, 14.07.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

Жас инспекторлар арасында

ЖЕДЕЛ ЖИЫН

ИГІ ІС

Э.МҰХТАРОВА, Жамбыл облысы

БҮГІНГІ ҚОҒАМНЫҢ ЖЕГІ ҚҰРТЫНА АЙНАЛҒАН СЫБАЙ-ЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛГЕНІМЕН, БҰЛ ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АЗАЯР ЕМЕС. ДҮЙІМ ЖҰРТТЫҢ БАС АУ-РУЫНА АЙНАЛҒАН ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДА ҰДАЙЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАЛЫП КЕЛЕДІ.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде өтетін апта сайынғы жедел жиында жемқорлық мəселесі өткір көтеріліп, талқыға салынады.

Жиын сайын мекеме бастығы, əділет подполковнигі Бауыржан Сауранбаев қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде көптеген мысал-дар келтіре отырып, оған еш жол бермеуді талап етіп, адал қызмет атқаруға шақырады.

Жуырда осындай жиындардың бірінде мекеме қызметкерлерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің консультанты Ғани Рысқұлбектің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, дəрістер оқылған болатын. Сол жиында «Тек жұдырық болып жұмылғанда ғана қоғам дертінен өзімізді арашалай аламыз» деген тұжырымдар айтылды. Ендеше, етек-жеңді жинап, сыбайлас жемқорлықтан бойымызды аулақ ұстауға дайын болғанымыз жөн.

Мұны білу маңыздыГ.ОМЕЛЬЧЕНКО, Жамбыл облысы

СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ РЕСПУБЛИКАМЫЗДА ƏЛЕУМЕТТІК ШИЕЛЕНІСТІҢ ӨСУІНЕ СЕБЕПКЕР БОЛАТЫН ДІНИ ЭКСТРЕМИСТІК ƏРЕКЕТТЕРГЕ АЗА-МАТТАРДЫ ЕЛІКТІРУ ЖАҒДАЙЫ ЖИІЛЕГЕНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ ШЕҢБЕРІНДЕ ЭКСТРЕМИСТІК ƏРЕКЕТТЕРГЕ ҚАТЫСҚАН АЗАМАТТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МƏСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.

Семинарға қатысу үшін Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері Н.Байғаскинов, М.Нығметов, сонымен қатар, Жамбыл облысы əкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ Ақпараттық түсіндіру жəне талдау бөлімінің өкілі А.Күлүмбетов келді. «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер тура-лы» Заң кеңінен түсіндіріп, экстремистік əрекеттерге қатысқан азаматтардың жауапкершілігінің жалпы мəселелері ашылып айтылды.

Қазіргі уақытта тұрақтылық пен қауіпсіздікке жан-жақты қауіп төнген жағдайда жастардың арасында ұлттық-патриоттық тəрбие жүргізу мəселелері маңызды рөл атқарады. Семинар барысында ТЖД қызметкерлері білікті мамандардан қызықтырған сұрақтарына кеңінен жауап алды.

Алынған ақпараттың маңыздылығы мен пайдасын ескере отырып, шақырылғандарға осындай семинарларды аудандық бөлімшелерде өткізу тура-лы ұсыныстар берілді.

Естелік төсбелгілердің тұсаукесері өтті

Гүлнəр ЖАМАНҚҰЛОВА, Алматы қаласы

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ІШКІ ІСТЕР ОР-ГАНДАРЫНДА ЕСІМДЕРІ ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІМЕН ҚАЛҒАН ЕЛ АЗАМАТТАРЫ ІШКІ ҚЫЗМЕТ ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТЫ ШЫРАҚБЕК ҚАБЫЛБАЕВ ПЕН МИЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ МАҚАН ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ ЕСТЕЛІК ТӨСБЕЛГІЛЕРДІҢ ҚОҒАМДЫҚ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ.

Шараға əділет генерал-майоры Р.Қайдаров, милиция генерал-майоры С.Исабаев, отставкадағы полиция полковнигі Т.Ермағанбетов, ІІО Ардагерлер кеңесінің басшылық құрамынан С.Асыл-Кеней мен М.Куцов, қызметтік боры-шын өтеу кезінде қаза болған қызметкерлердің отбасына көмек орталығының төрағасы А.Османов, сондай-ақ Шырақбек Қабылбаев пен Мақан Есболатовтың отбасы мүшелері мен туған-туысқандары шақырылды.

Салтанатты тұсаукесерге қатысушылар өткен күндер туралы тамаша əңгімелер айтқан ардагерлерге жылы тілектерін, алғыс сөздерін айтып, ілтипат білдірді. Шырақбек Қабылбаев пен Мақан Есболатовты жұрт Қазақстанның ішкі істер органдарының жарқын да көрнекті тұлғалары, өз істеріне адал беріліп, өмірлерін халыққа қызмет етуге арнап, ерекше жетістіктерге жеткен жандар деп біледі.

«Бүгін тағы да көрнекті бір бастама іске асты. Ардагерлеріміздің еңбегі сіңген қоғамдық төсбелгілер тапсырылды. Көрнекті тұлғалардың мұрасын зерттеп, сақтау біздің борышымыз! Осынау жоғары марапатты дайындауға атсалысқандарға алғыс білдіруіме рұқсат етіңіздер! Ол ардагерлер үшін де, қазіргі жəне болашақ ұрпақ үшін де лайықты ынталандыру болмақ! Əріптестеріміздің омырауына еңбегіне баға боп тағылмақ», – деп атап өтті Алматы қаласының ІІО Ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал-майор Сағынжан Байболұлы.

Шараға қатысқан барлық ІІО ардагерлеріне құқық қорғауда өзгелерге үлгі болып, құрметке бөленгендері үшін төсбелгілер тапсырылды. Сондай-ақ, Шырақбек Қабылбаев пен Мақан Есболатовтың туыстарына да төсбелгілер табысталды.

Тұсаукесерде ішкі істер органдарының ғана емес, тұтастай Қазақстанның тари-хында ізі қалған көрнекті қайраткерлерінің өмір жолы туралы кітаптар ұсынылды.

Жазғы демалыс уақытында проку-ратура қызметкерлерінің балалары-на арналып ел Тəуелсіздігінің жəне Қазақстан Республикасы прокура-тура органдарының 25 жылдығына орай «Тəуелсіз елдің ертеңі» атты

і с -шаралар ұ йымда с тырылды . Аталған іс-шаралар шеңберінде балалар елордалық өрт сөндіру бөлімінде жəне өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайында болып, жылу түтін камерасындағы

өрт сөндірушілердің жұмысын көрді. Сонымен қатар, балалар «Біздің міндет – құтқару!» атты фильмді тамашалады. Б ір інші көрме за-лында астананың өртке қарсы қызметін ің құрылу тарихы жай-ында білді. Бұнда департаменттің құрылған күнінен бастап барлық басшылардың, Ұлы Отан соғысы жəне Төтенше жағдайлар органда-ры ардагерлерінің өмірбаяндары жазылған тақта орналасқан.

Бас прокурор Ж.Асанов алғыс хат-ты табыс ете отырып, М.Қайсановқа балалар үшін қызықты əрі пайдалы экскурсия ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Əріптестерін құттықтаған Бас про-курор мейрамның тарихи маңызына, ел ім і з бен жас елордамыздың дамуындағы Мемлекет басшысының рөліне тоқталды. «Президенттің салиқалы саясатының нəтижесінде Астана өз қалыптасуында таңғаларлық жетістіктерге жетті, заманға сай жəне табысты мемлекеттің символына айнал-ды», – деп атап көрсетті Жақып Асанов.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Ақынның ұлы істері мен ұлағатты жəне тарихи өм ір і туралы сыр шерте т і н шығармалар қ а тары терең мағыналы жаңа туындыла-рымен толыққанымен таныстыра өтті. Мұхтар ағаның туындыларын-да ғибратты ғұмыры айшықталған ж а н д а р д ы ң о қ и ғ а л а р м е н сабақтастырыла берілуі оқырманды өзіне еріксіз тартады. Тағылымы мол «Талайларды сын күтіп тұрады алда» атты шығармашылық кешті Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Бекайдар Тойлыбаев жүргізді. Ол Мұхтар Шахановтың өзіне асқақ рух берген, тəрбиелік мəні зор, ерік-жігеріне əсер еткен бір оқиғаны баяндады.

Бекайдар Адамбекұлы студент шағында жіг ітт ікке ер ік берген кезінде жас жігіттің мың сауалы-на жауап ретінде берген Мұхтар ағаның «Жігітті жігерлендіру» өлеңін оқитынын, сол өлеңмен өзінің на-мысын қайрап , б ү г і нде үлкен қызметтерден көрінуінде де осы өлең құдіретінің ізі бар екеніне кеңінен тоқталды. Əлі күнге жатқа оқитынын

бір көрсетті.Тіл жанашыры Мұхтар аға ана

т іл імізге құрмет, ұлттық мүдде, Отанға адал қызмет ету жөнінде жастарға жүрек тебірентер сыр шертті. Сондай-ақ, Оқу орталығының тыңдаушылары кездесу барысын-да ақынның жазған өлеңдер ін мəнерлеп жатқа айтып, əндерін

шырқады. Тіпті, кейбір тыңдаушылар Мұхтар ағаға арнаған өлеңдерімен арнау айтты. Кездесуде халық жазушысының ой-өрісін, қажыр-қайратын шынайы сезініп, таңданыс жəне мақтаныш сезімі кернегенін жарыса айтып жатты. Сұхбат кезінде қонақтардан жəне тыңдаушылардан бірнеше сауалдар қойылды, кейін ол тыңдаушыларға қолтаңба беріп, естелікке бірге суретке түсті. Тəлім мен тəрбие ерекше кездесуде Ұлы Дала данасынан алар үлгі-өнеге мол.

ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығы

Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты бастау алған шара Қазақ ССР аумағындағы Қызыл əскер əскери құрылымдарының 1941-1945 жылдардағы құрылуы жəне қазақстандықтардың Мəскеу түбіндегі жаппай ерлігінің 75 жылдығына ар-налды.

Шілденің 4 күні Алматы қаласының 2 8 п а н ф и л о в ш ы л а р п а р к і н е н шыққан автоқұрам Бішкек, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Бурабай

қалалары арқылы өт іп , Астана қаласына шілде айының 8-і күні келді. Салтанатты шара «Отан қорғаушылар» монументінің алдында өтті. 1941 жылы бұл жерде Қызыл əскердің далалық оқу орталығы болған. Ары қарай Павлодар, Семей, Аягөз, Алакөл, Талдықорған, Сарыөзек, Қапшағай жерлерін аралап, Алматы қаласына 12 шілдеде қайта оралды.

Аталған кең ауқымды шараның м а қ с а т ы м е м л е к е т т і л і к п е н патриоттық сезімді, жалпыұлттық

құндылықтарды нығайтуға септігін тигізу жəне қазақстандықтарды «Мəңгілік ел» идеясын ұсынуға, «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыруға шақыру, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі мен батылдығын насихаттау бо-лып табылады.

Астанадағы акцияға мешіт имам-дары, шіркеу қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, авто-шеру басшысы, генерал-майор Марат Марденов жəне автошеру штабының бастығы , полковник Жұмажан Ерғалиев қатысты. Партия суретшісі Жеңіс Молдабеков сөз сөйлеп, өз ту-ындысын сыйға тартты.

Генерал-майор Марат Жүкенұлы акцияға қатысқан көрермендерге алғысын айтып, бір аспан астында əр ұлт өкілдерімен тату-тəтті өмір сүрейік деген тілегін білдірді.

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

БАС ПРОКУРОРДАН АЛҒЫС ХАТ

АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БАС ПРОКУРАТУРАДА САЛТАНАТТЫ ЖИ-НАЛЫС ӨТІП, ЕЛІМІЗДІҢ БАС ПРОКУРОРЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ПОЛКОВНИГІ М.ҚАЙСАНОВҚА АЛҒЫС ХАТ БЕРДІ.

ТАҒЫЛЫМ

Халық жазушысымен кездесуІІМ-НІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ Б.МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ АСҚАҚ РУХТЫ АЗАМАТЫ, МЕМЛЕКЕТ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ, АҚЫН МҰХТАР ШАХАНОВ ОФИЦЕРЛЕР ЖƏНЕ ТЫҢДАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

АКЦИЯ

Патриоттық автошеруЭльвира ТӨЛЕГЕН, Астана қаласы

«ГЕНЕРАЛДАР КЕҢЕСІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫМЕН, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫМЕН ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАУЫНГЕР ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕРІМЕН БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЛАЛАРЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА АЗАМАТТАРЫ» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ.

Адал қызмет атқаруға шақырды

СЕМИНАР

Page 4: Сақшы №52 (4218)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№52 (4218), бейсенбі, 14.07.2016 е-mail:[email protected]

ШАРА

РЕЙД

Қазіргі таңда облыс көлемінде 17 шағын жəне орта бизнес субъектісі ту-ризм саласы бойынша өз қызметін атқаруда. Батыс Қазақстан облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері осы ұйымдардың адамдарды еңбекке жəне жыныстық қатынаста пайдалану фактілеріне қатыстылығын анықтау бағытында тексеру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп тұрады. Операция қолға алынған үш күн ішінде мұндай фактілер анықталған жоқ.

Шара аясында Батыс Қазақстан облыстық ІІД Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының, оның ішінде Орынбор, Саратов, Волгоград, Астрахань облыстарында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жоспарға сəйкес іс-шараларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, адамдарды жұмысқа тарту, тасымалдау, жасыру жəне саудаға салу жөнінде ынтымақтастықты жандандыру мақсатында департамент басшылығы тарапы-нан РФ шекаралас облыстарының ІІО басшыларымен адам саудасына қарсы күрес жөнінде қызметтік кездесулер ұйымдастырылды. Қазіргі таңда РФ ішкі істер органдарының адам саудасы бағытындағы ұлтаралық ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы ақпарат жоқ.

Жедел алдын алу шарасы барысында аумақтарда ақылы жыныстық қызмет көрсететін адамдар шоғырланатын қоғамдық пайдалану орындары жіті бақылауға алынды. Атап айтқанда: Шолохов көшесі бойындағы айналмалы жол, «Кишлак», «Шипагер», «Депо» сауналары толықтай тексерілді.

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша жезөкшелікпен айналы-сатын 15, жеңгетайлықпен айналысатын 2 адам (Қазақстан Республикасы ƏҚБтК 449-бабы) анықталып, есепке қойылды. Барлығы да Батыс Қазақстан облыстық ІІД есептері бойынша тексерілді, «Бейне++» жəне «Папилон» же-дел анықтау есебіне қою жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы адам саудасына қарсы күрес тобының қызметкерлері жезөкшелікпен жəне жеңгетайлықпен айналысатындарды есепке қою бойынша ұдайы жұмыстарды бір сəтке де кейінге ысырған емес. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облыстық ІІД есебінде 20 жеңгетай мен 223 жыныстық қызмет көрсететін жезөкше жəне 5 кəмелетке толмаған есепте тұр. Жезөкшелікпен айналысатындар мен адам саудасының құрбаны болғандарды анықтау мақсатында профилактикалық əңгімелесулер жүргізу кезінде арнайы шараға «Əйелдерді қолдау аймақтық орталығы» қоғамдық құрылымының өкілдері де қатыстырылды. Осы жұмыс барысында «Адам саудасынан сақтан!», «Коммерциялық секс туралы не білуіңіз қажет?», «Жұмыс іздейсіз бе?» тақырыптарда буклеттер дайындалып, таратылды.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Кишлак» саунасында небəрі 16 жəне 18 жастағы қыздарды ақылы түрде екі мың теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ұсынған 19 жастағы қала тұрғынын анықтап, қолға түсірді.

Сондай-ақ, «Шипагер» саунасында 1988 жəне 1994 жылы туған қыздарды жыныстық қатынаста қызмет көрсету үшін ұсынған 1974 жылы туған сауна əкімгері ұсталды. Бұл фактілерге қатысты қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөліміне сəйкес қылмыстық істер қозғалуда.

Аталған жедел алдын алу іс-шарасы бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Жақында Есіл ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы «ОӨАЖҚЖ» РММ-мен, сонымен қатар, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге с у т о ғ а н д а р ы н д а ғ ы т ө т е н ш е жағдайлардың алдын алу мақсатында кезекті рет рейд өткізді. Есіл ауданы ТЖБ-ның басты мақсаттарының бірі – суға шомылу кезінде адамдардың қайғылы оқиға ға ұшырамауын қатаң бақылау болып табылады. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен 2016 жылғы жазғы шомылу кезеңінде жап-пай шомылуға арналған орындардағы құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету үшін де арнайы іс-шаралар жоспары қабылданған болатын.

Есіл ауданы ТЖБ қызметкерлері жұмыс барысында қауіп туғызуы мүмкін аймақтардың бірі – Қазақстан мемлекеттік заң университеті мен «Газмашаппаратура» бақша өсіру қоғамдастығы аумақтарында өтпелі

көп ірлерд ің бар екен ін ұдайы ескертіп отырады. Осыған орай бұл көпірлерге ескерту жəне тыйым салу негіздерінде 30 белгі де қойылған болатын.

Сақтық шаралары мақсатында

қаланың мектеп оқушыларымен əңгімелесіп, рейдке қатысушыларға қауіпсіздік шаралары туралы жəне су тоғандарындағы, жаппай суға шомы-лу орындарындағы іс-əрекет туралы ескерту құралдарын таратты.

Өткізіліп жүрген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, жыл ба-сынан бері Есіл ауданында 6 адам суға батып кет іп , қаза болды. Өкінішке қарай, осындай қайғылы жайттардың басты себептер і – қала тұрғындарының қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамай, алкогольді сусындарды ішіп, тыйым салынған жерлерде суға шомылуы жəне жүзуді білмеуі болып отыр.

Есіл ауданы ТЖБ қызметкерлері жүргізген алдын алу іс-шараларының басты көздегені – елорда тұрғындары мен қонақтары жаппай шомылуға арналған орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтауы үшін қауіпсіздік шараларымен таныстыру болып та-былады.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы Марина Лискованың мəлімдеуінше, тұрмысы орташа шаңырақтардың дені ішімдікке əуес болып келеді. Мұндай отбасылардың арасында жұмыс істемейтіндері де жетерлік. «Сол себепті де олар өздеріне де, айналасындағы жақындары мен көршілеріне де қауіп төндіреді. Бұл қауіп-қатердің алдыңғы қатарында – өрт қауіпсіздігі де тұр», – дейді ол.

Бұл санаттағы қала тұрғындары тиісті органдардың ерекше бақылауында тұр. Олардың үйлеріне Өскеменнің өрт инспекторлары мен полиция қызметкерлері жиі бас сұғады. Қауіптің

алдын алуды басты бағытқа алған рейдтің мақсаты – тұрғындардың өз жеке қауіпсіздігіне жіті назар аудар-ту жəне өрт оқиғасын болдырмау үшін балаларға жағдай жасау. Атап айтқанда, мұндай отбасыларда мас күйінде ересектердің шылым шегуі, бұзылған пешті пайдалану, ескі не-месе бұзылған электр құралдарын, сондай-ақ, қолдан жасалған жылыту құрылғыларын қолдану өртке əкеп соқтырады.

Кезекті рет ұйымдастырылған рейд-те өрт инспекторлары мен полицей-лер тұрғындармен түсіндіру əңгімесін өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға ұсыныстар берді, жаднама та-

ратты. Бұл қағаздарда өрт қауіпсіздігі ережесі мен шұғыл қызметтерді шақыру тəсілі толық жазылған. Жылыту маусы-мы жақындап келе жатқандықтан ма-мандар тұрғындарға баспаналарының қауіпсіздігі туралы қазірден бастап ойлану керектігін түсіндіріп, қазірден бастап пештерді қалыпты жағдайға келтіру керектігін ескертті. Жалпы Өскемен қаласында жыл басынан бері тұншықтырғыш газбен уланып 6 адам қайтыс болыпты.

«Тұрғындармен, оның іш інде əлеуметт ік жағдайы нашар от-басылармен профилактикалық əңгімелесулерді біз тұрақты түрде өткіземіз. Бірақ, өкінішке қарай, адам-дар өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелеріне немқұрайлы қарап, өз өмірлері мен айналасындағыларға, оның ішінде ең біріншіден балалардың өміріне қауіп төндіреді», – дейді Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері Медет Мұқашев. «Тұрмысы төмен отбасыларды аралау барысында профилактикалық əңгімелесу мен өрт қауіпсіздігі шаралары жөнінде нұсқаулықтар өткіземіз. Үйлерін тазалыққа келтіруге шақырамыз. Өкінішке орай, мұндай шаралар кейде əсер ете бермейді, көптеген адам-дар мəселенің барлық қауіптілігін тіпті түсінбейді де», – дейді рейдке қатысқан тəртіп сақшылары.

Қаланың Төтенше жағдайлар басқармасы барлық тұрғындарды өрт қау і п с і зд і г і н і ң қарапайым ережесін сақтауға, өрт кез інде дұрыс іс-қимыл жасауға өз балала-рын үйретуге шақырады. Тек осылай ғана өз өміріміз бен балаларымызды, денсаулықтарымыз сақтап қала ала-мыз!

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Бұл жұмыстардың басым бөліг і адамдардың жаз мезгілінде демалатын орындарында, атап айтқанда саяжай кооперативтерінде жəне бала-лар шомылуды жақсы көретін, саяжай аумағының маңында орналасқан эрегация жүйелерінде (ка-налдар, арықтар) жүргізіледі. Осылайша, жыл басынан бері Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жəне профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері «Химик», «Радуга», «Водник», «Юбилейное» , «Жамбылс трой» «Өнд і р і с т і к кооператив і» ӨК саяжай кооперативтер ін ің төрағаларымен бірге тұрғындар арасында 5 жиын өткізіп, саяжай кооперативтеріндегі өрт қауіпсіздігі

ережелерін сақтау мəселелерін талдап көрсетті. 938 тұрғын үйге арнайы барып, қауіпсіздік шаралары тұралы тағы бір рет түсіндіріп өткен құтқарушылар 500-ге жуық тұрғынға қол қойдыра отырып, өрт жəне судағы қауіпсіздікті сақтау туралы нұсқаулық өткізді.

Жүргізілген түсіндіру жəне алдын алу жұмыстары халықтың өрт қауіпсіздігі шаралары туралы білімін тереңдетіп қана қоймай, ақпараттық деңгейін көтеруге, тұрғын үй секторының өртке қарсы қорғанысын нығайтуға, сонымен қатар, шомылу маусымы кезінде жазатайым жағдайлардың санын қысқартуға ықпал етері сөзсіз.

ЕСІЛДЕГІ ЕСКЕРТУ ШАРАЛАРЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АСТАНА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫН СУҒА ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫРДЫ.

Жауапсыздықтың салдары ауыр боладыӨСКЕМЕНДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІ МАМАНДАРЫ ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН, ƏЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ НАШАР ОТБАСЫЛАРДЫҢ ҮЙЛЕРІНЕ АРНАЙЫ БА-РЫП, ТЫНЫС-ТІРШІЛІКТЕРІН ҰДАЙЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАП КЕЛЕДІ. ЖЫЛ БАСТАЛҒАЛЫ БЕРІ ЖЕРГІЛІКТІ ІІО-НЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОСЫНДАЙ 11 РЕЙД ӨТКІЗГЕН.

Өз амандығың өз қолыңдаБерік САТЫБАЛДИЕВ, Жамбыл облысы

ӨРТКЕ ҚАТЫСТЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАР МЕН СУ АЙДЫНДАРЫНДА АДАМ ӨЛІМІ ЖАҒДАЙЫН БОЛДЫР-МАУ ЖƏНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕКТОРЫНА АРНАЙЫ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІП КЕЛЕДІ.

STOP, трафик!Асылай ГУБАШЕВА, Батыс Қазақстан облысы

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ МАУСЫМНЫҢ 21 МЕН 23 КҮНДЕРІ АРЫЛЫҒЫНДА АДАМ САУДАСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ АНЫҚТАУ, АШУ, СОНДАЙ-АҚ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «СТОП-ТРАФИК» ЖЕДЕЛ ШАРАСЫ ӨТТІ.

Қоғамдық құрылымның көмегі көп

АҚМОЛАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА 2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ СЫЙАҚЫ БЕРДІ. ОСЫЛАЙША ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ТƏРТІПТІ САҚТАП, ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСУДЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІНДЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ.

Жыл басынан бері ғана Ақмола облысы аумағында полицейлердің қоғамдық тəртіп көмекшілерінің жəрдемімен 800-ге жуық құқық бұзушылық анықталып, 300-ден астам қылмыстың беті ашылды. Тəртіп сақшыларына көмекке көбінесе қоғамдық ұйымдардың мүшелері келеді. Қоғамдық тəртіпті сақтау, ел ішіндегі тыныштықты қадағалау бағытындағы іс-шараларға да ұйымдағылар бір кісідей атсалысып жүр. Полицияның кешенді күштерінің құрамында олар тұрғылықты бөлімшелер мен аймақтарда жүргізілетін патрульдеу шараларына да қатысады.

Бүгінгі күні Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінде 230 қоғамдық құрылым қызмет көрсетеді. Олардың құрамында мыңнан астам адам біріктірілген. Қоғамдық құрылымдардың қатарында жедел жастар жасақтарының өкілдері, по-лиция қызметіне өз еркімен көмектесем деген еріктілер мен «Сақшы» ауылдық жасақтарының белсенді мүшелері бар. Соңғы кезде Ақмола облысы аумағында қоғамдық құрылымдар саны айтарлықтай арта түскенін де айта кеткен жөн.

Бүгінгі күні полицияның əр учаскелік бөлімшесінде Қоғамдық кеңес құрылған. Күн сайын полиция қызметкерлері кеңес мүшелерімен бірге аулалық байқау өткізіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдын алу жəне жедел шара-ларда учаскелік инспекторларға үлкен көмек көрсетіп келеді.

Осы уақытқа дейін полицияның қоғамдық көмекшілеріне 4 миллион теңгеден астам қаржы бөлінсе, бұл жолы полицейлер 108 адамға сыйақыны 2 миллион теңге көлемінде берді.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

АЙМАҚ

Page 5: Сақшы №52 (4218)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№52 (4218), бейсенбі, 14.07.2016 е-mail:[email protected]

АЙМАҚ КӨТЕРГЕН МƏСЕЛЕ

Солтүстікқазақстандықтар 1150 рет масаң күйде көлік тізгініне отырған. Бұл тек жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері облыс жолда-рында анықтаған жүргізушілер ғана. ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы «Көлік құралын алкогольдік масаң күйдегі тұлғаның басқаруы» жол қозғалысы саласындағы заңнаманың бұзушылықтарына жатады. Алайда, бұл баптың кейбір қатаң санкциялары да ащы суды ұрттауды жақсы көретіндер үшін кедергі болмай тұр.

Араққа сылқия тойып алып апат жасаған оқиғаның бірі таяуда Тайынша ауданында тіркелді. Ақжар ауданындағы Ленинградское

селосының 46 жастағы тұрғыны 2015 жылы сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан 4 жылға айырылған бо-латын. Сонымен бірге, 150 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды. Бұл жаза оған қайтадан мас күйде көлік тізгініне отырғаны үшін берілді. Оның қайталап жасаған бұл əрекеті қылмыстық құқық бұзушылыққа жатады. Алайда, қат-қабат келген бұл қатаң жазалар да оған сабақ болмаған сияқты. Өткен сенбі күні ол үйінен арақ ішіп, «Нива» автокөлігіне о т ы р ы п , Т а й ы н ш а ауданының Аққұдық

ауылындағы туыстарына барыпты. Ауылға кел-ген соң рульге ие бола алмай ЗИЛ жүк көлігімен соқтығысқан. Абырой болғанда, апат салдарынан ешкім зардап шекпеген. Екі көлікке де зақым келген. Бұл дерек бойынша Тайынша ауданының Жергілікті полиция қызметкерлері сотқа жіберу үшін материалдар əзірлеуде.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД ЖПҚ бастығы, полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың мəлімдеуінше, жыл басынан бері аймақта жүргізуші куəлігінен бұрын айырылып көлік басқарып жүрген 72 жүргізуші əкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Жаз кезінде Жол қозғалысы ережелері

бұзушылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлінбек. Себебі, дəл осы кездері облыс жолдарында қозғалыс көп болады», – дейді Жергілікті полиция қызметінің басшысы.

Жол апатын жасап, жазадан жалтарып жүргендердің бірі – айыппұл төлемейтіндер екені ақиқат. Осы уақытқа дейін заң бұзған петропавлдық жүргізушілер үш миллион теңгеден астам айыппұл төлеулері керек болған. Осыған орай өңір сақшылары «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасын да қолға алған болатын. Бұл шараның басты мақсаты – қала тұрғындарының əкімшілік айыппұлдары мен басқа да берешектерін өндіріп алу болып табылады.

Құқық бұзушылық жасаған əр адам өзінің жауапкершілікке тартылатынын естен шығармауы тиіс. Жазадан құтылмау қағидаты – «Борышкер» іс-шарасының басты мақсаты болып саналады. Сол себепті, əкімшілік айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүрген азаматтар – полицейлердің қырағы назарында. Бұл күндері тəртіп сақшылары қарыздарын төлеуге асықпай жүрген тұрғындардың үйлеріне де бас сұғуда. Үш күн ішінде полицейлер 300-ден астам петропавлдыққа барып, берешегі барын еске салған. Сондай-ақ, облыс орталығының жолдарында да «Жол приставы» жүйесі тынымсыз жұмыс істеуде. Екі күн ішінде оның көмегімен жал-пы сомасы 2 миллион теңгеден астам қарызы бар 50 жүргізуші ұсталды.

Шара іске қосылған үш күннің ішінде Петропавл қалалық ІІБ əкімшілік полиция қызметкерлері 3 миллион теңгеден астам айыппұлды өндіріп алған. «Айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған жұмыстар жүргізушілер тарапынан болатын басқа да құқық бұзушылықтарды ескертіп қана қоймай,

олардың орын алуына жол бермеуге мүмкіндік береді», – дейді Петропавл қалалық ІІБ Əкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Эльдар Нұрғалиев.

Ал, автоматты түрде жұмыс істейтін жол қозғалысының бейнебақылау жүйесінің көмегімен жыл басынан бері Петропавл қаласында жол қозғалысы ережелерінің 1522 бұзушылығы анықталды. Бұл жалпы сомасы 26 миллион теңгеден асатын əкімшілік айыппұлдар. Олардың басым бөлігі төленген.

Е с тер ің і з г е сала кетей і к , Петропавл қаласында «интеллектуалды көше қиылыстары» Интернационал-Астана, Интернационал-Жамбыл, Абай-Мир көшелерінің қиылыстарында орналасқан. Олар бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне өту, тоқтау сызығынан асып тоқтау, қарсы бағытқа шығу сияқты бұзушылықтарды тіркейді. Бұл учаскелерде 694 жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. Бұдан бөлек, облыс орталығының жолдарында жол үстіндегі қозғалысты бақылайтын біріктірілген жүйелер де жұмыс істеуде. Олар Жамбыл-Партизанская, Жұмабаев-Сүтішев, Мир-Интернационал, Мүсірепов-Жамбыл көшелерінің қиылыстарында орнатылған. Бұл жүйелердің көмегімен бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне өту мен жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асыру бұзушылықтарын тіркейді. Бұл жеті көше қиылыстарында жарты жыл ішінде бағдаршамның қызыл түсіне өтудің 222 фактісі тіркелген.

Бұдан бөлек, облыс орталығында жылдамдық өлшеу іштер д е орна тыл ғ ан . Олардың көмегімен біріктірілген жүйе орнатылған көше қиылыстарында заң бұзған 600 жүргізуші ұсталды. «Талдау көрсеткендей, аталған учаскелерде жүргізушілер жол ережесін азырақ бұзатын болып-ты. Апатты жол учаскелерінде орнатылған барлық автоматтандырылған жүйелер жұмысының басты міндеті – жол-көлік оқиғаларын ескерту», – дейді облыстық ІІД Əкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дəурен Қазбеков.

Міне, осындайда Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік батальонына үлкен міндеттер жүктеледі. Құрылым азаматтардың жеке жəне мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар қоғамдық қауіпсіздікті де бақылайды. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың жолын кесу, болған жағдайда ізін суытпай ашу, қылмыскерлердің алды-нан қақпан құру да осы құрылымның тікелей міндеті. Ең бастысы жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау жолында күндіз-түні қырағы күзетте тұрады.

Жол сақшыларының осынау қиын да жауапты жұмыстарымен танысу үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергіл ікт і полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальо-нына арнайы бардық. Бізді бата-льон командирі, полиция полковнигі Əбдіғани Сейдуалиев жылы қарсы алды. Жұмыс аяғы болып қалса да əңгімелесуге уақыт тапты.

Иə, Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-

патрульдік полиция батальонына үлкен міндеттер жүктелген. Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы өте үлкен. Өзбекстан Республикасымен бірге төрт бірдей облыспен шектесетін ұлан-ғайыр сайын далада көсіліп жатқан республикалық маңызы бар трассаларды кірпік қақпай қадағалау

оңай шаруа емес. Оның үст іне өңірдегі Түркістан, Отырар, Сайрам, Түлкібас, Сарыағаш аудандарының тарихи жəне мəдени ескерткіштерге бай көрікті жерлеріне шетелдерден, республикамыздың түкпір-түкпірінен туристер ағылып келіп жатады. Олардың тиісті маршруттарының қ а у і п с і з д і г і н б а қыл ау д а о с ы батальонға жүктеледі. Батальондағы 7 взвод осы күрделі міндеттерді орын-дау жолында үнемі қауырт іс үстінде жүреді. Міне, қараңыз, Жамбыл об-лысы бағытына қарай 110 километр, Өзбекстан Республикасы бағытына қарай 187 километр, Қызылорда облысы бағытына қарай 194 кило-метр, Қарағанды облысы бағытына қарай 400 шақырым жолды бақылау 7 взводқа қаншалықты оңай? Иə, 13 бағытта 2 ауысыммен қызмет ететін батальонның жол сақшылары үнемі жауынгерлік қырағылықта жүреді.

Сандар сөйлесін. 2016 жылдың 6 айында республикалық маңызы бар автожолдарда 116 (былтыр 131) жол-

көлік оқиғасы орын алып, соның сал-дарынан 36 (2015 жылы 62) адам қаза тауып, 181 (2015 жылы 257) адам түрлі дене жарақаттарын алған. Статистика көрсеткендей, 2015 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 11,4 пайызға өсіп отыр. Ал, қаза тапқандар 41,9 пайызға, дене

жарақатын алғандар 29,6 пайызға төмендеген. Сонда да батальон басшы-лары автокөлік жүргізушілері ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заң талаптарын орындай бермейтініне, соның салдары-нан адамдардың ажал құшып немесе дене жарақаттарымен ауруханаларға түсіп жататындарына алаңдайды.

Негізінен автомобиль апаттары автожолдың халқы тығыз орналасқан елді мекендерден өтуі, автожолдардың ескіргендігі, тарлығы, жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруы,

қарсы бағытқа шығып кетуі, түрлі маневр жасауы жəне арақашықтықты сақтамаулары салдарынан туындайды екен. Оның үстіне қазір Оңтүстікте Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолы толық біткен жоқ. Автомобильдер тар жолда бір-біріне қарама-қарсы жүреді. Бұл апаттың тууына əкеліп соқтырады.

Батальон қызметкерлері 2016 жылдың алты айын-да жол ережелерін бұзған 43 933 (2015 жылы 40 203) жүргізушіге əкімшілік хат-тама толтырыпты. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1259 хаттама көп деген сөз . Жоғарыда айтып өткеніміздей, жүргізушілер к ө л і к т і м а с к ү й д е басқарады, жылдамдықты барынша асырады, руль-де келе жатып ұялы телефонмен сөйлеседі. Қ арама - қар сы жол ғ а шығып кетеді, қауіпсіздік белдігін тақпайды, жаяу жүргіншіні белгіленген жерден өткізбейді. Міне, көріп отырсыз, осының бəріне бақылау орнату ба-тальон жол сақшыларына үлкен салмақ түсіреді.

Елбасымыздың «Нөлдік төз імділ ік» қағидасын

қалыптастыруда мемлекеттік жəне құқық органдары қызметкерлері алды-на үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Осы талаптарды орындауда Жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері биылғы алты айда 742 əкімшілік хатта-ма толтырған. Соның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішіп жүру, ұсақ бұзақылық жасау, темекі шегу, заңсыз сауда жасау, біреулерге себепсізден себепсіз тиісу бойынша тəртіп бұзушылықтар анықталған.

Жол - па тр ул ьд і к п олиция сы -на жүктелер міндет сондай, олар республикалық маңызы бар трас-салар бойында кездесетін барлық қылмыс атауын ашуға атсалысады. Мəселен, 2016 жылдың 6 айында ЖППБ-ның жеке құрамы 36 (2015 жылы 32) қылмыстың ашылуы-на қатысқан. Оның ішінде 2 зорлау, 3 заңсыз қару тасымалдау немесе алып жүру, 10 ұрлық, 6 автомобильді заңсыз айдап кету, 2 есірткіні заңсыз сақтау қылмысы əшкереленген. Сонымен бірге, жер қойнауын заңсыз пайдаланған 1 қылмыс ашылған. Ал, бір есер өзінше билік құрмақ болған ғой. Осының бəрі батальон командирі, п олиция полковни г і Əбд і ғ ани Тойшыұлы басқаратын жеке құрамның ашқандары.

Бірде мынадай оқиға орын алды. Түркістан қаласына кіре беріс көшеде бір топ адам сөйлесіп тұрады. Жол сақшылары олардың бірі қару ұстап тұрғанын байқап қалады. Олар келіп жеткенде əлгі адам қаша жөнеледі. Ол қашып бара жатып қолындағы қаруын біреудің ауласына қарай лақтырып кетеді. Дегенмен, ол алысқа ұзамады.

Кентау қаласында да осыған ұқсас оқиға тіркелді. Ішкі істер бөліміне бір

топ қарулы адамның өзін ұрып-соғып кеткені туралы шағым түседі. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері күдіктілерден 2 мылтық, электрошокер жəне қара түсті бетперде тəркіледі. Күдіктілер ісі сотқа жолданды.

Т ү л к і б а с а у д а н ы н д а е с і р т к і б и з н е с і м е н а й н а л ы с қ а н д а р д ы əшкерелеу де Жол-патрульдік полиция батальонының еншісінде.

Қыз зорлап қашып бара жатқан күдіктіні кісендеу оқиғасы да өз ал-дына детектив болады. Тізе берсек, мұндай оқиғалар жеткілікті. Осының өзінен-ақ ЖППБ қызметкерлерінің қырағылықтарын аңғаруға болады.

Осындай қылмыстарды ашуда жəне негізгі міндеттерді жол-көлік оқиғаларын барынша азайтуға ерен еңбектерімен көзге түсіп жүрген сақшылар көп. Солардың ішінде №2 взвод командирі, полиция май-оры Əлкен Сейітбеков, №7 взвод командирі, полиция капитаны Ерік Байзақұлы, №3 взвод командирі, полиция капитаны Қанат Рақышов айтарлықтай еңбектер імен де-партамент бастығының алғысын алып жүр. Сол сияқты инспектор-лар, полиция старшиналары Ержан Есқараев, Жанқозы Базарқұлов, Қамбар Тұяқбаев, Абай Үсенов, Жеңіс Ержанов, Ержан Мыңбаев қырағылықтарымен танылған. Олар жол қауіпсіздігі ережелерінің қатаң сақталуына үлес қосып қана қоймай, бірқатар қылмыстарды ашқан.

Міне, осынау күрделі жұмыстарды үйлестіруде Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальонының командирі, полиция полковнигі Əбдіғани Сейдуəлиевтің мол тəжірибесі, ұйымдастырушылық қабілеті өз пайдасын тигізіп жүр. ҚР Ішкі істер министрлігінің, Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығының, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан об-лысы əк ім ін ің грамоталарымен марапатталған Əбдіғани Тойшыұлы өз саласының үздігі, білікті басшы ретінде танылған жан. Шымкенттегі қазақ химия-технологиялық институ-тын, Қазақ мемлекеттік заң академия-сын бітірген ол бұл қызметке бірқатар баспалдақтан өтіп келді. Үнемі өсу жолындағы оған бұл қызмет сеніп тап-сырылды. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД басшылығы батальон жұмысына оң баға беріп отыр.

Ал, ала таяқ ұстаған ағайындар көлік жүргізушілерге үнемі «Асықпаңыздар, айналайындар!» деумен келеді. Иə, асыққан сайтанның ісі.

Əбдіғани да қарамағындағыларға үнемі «асықпаңдар, істің мəн-жайына терең үңіліңіздер» деп отырады.

АСЫҚПАҢДАР, АЙНАЛАЙЫНДАР!Сабырбек ОЛЖАБАЙ

БҮГІНДЕ ЖОЛ БЕЛГІСІН БАЙҚАМАЙ ҚАЛАТЫНДАР ТІПТЕН КӨБЕЙДІ. ОНЫҢ БЕЛГІЛІ СЕБЕПТЕРІ ДЕ БАР. ЖАС ЖҮРГІЗУШІЛЕР КУƏЛІКТІ СА-ТЫП АЛАДЫ. БАЙЛЫҚТЫҢ БУЫ ҰРЫП, ЕКІЛЕНЕТІНДЕР ДЕ ЖЕТКІЛІКТІ. АЛ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҮЛКЕН КҮРЕ ЖОЛДАРДА ТЫНЫМ-СЫЗ АҒЫЛҒАН АВТОКӨЛІКТЕР ІШІНДЕ КІМДЕР КЕТІП БАРА ЖАТҚАНЫН БОЛЖАП БІЛУ ТІПТЕН МҮМКІН ЕМЕС. ОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ҚАНДЫҚОЛ ҚАРАҚШЫ ДА, ЕСІРТКІ ƏКЕТІП БАРА ЖАТҚАН КУРЬЕР ДЕ, ЖЫМЫСҚЫ ОЙЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН АСЫҒЫП БАРА ЖАТҚАН ЖЫРЫНДЫ ДА БО-ЛУЫ ƏБДЕН ЫҚТИМАЛ.

ҚАРА ЖОЛДА ДА ҚАУІПСІЗДІК ҚАЖЕТДинара САҒЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІНІСТЕРІ КӨЛІКТІ МАС КҮЙДЕ ЖҮРГІЗГЕН МЫҢНАН АСТАМ ЖҮРГІЗУШІНІ АНЫҚТАҒАН. ОСЫНЫҢ ӨЗІ-АҚ КӨЛІК ТІЗГІНІН ҰСТАҒАНДАРДЫҢ ЖАУАПСЫЗДЫҒЫН АҢҒАРТСА КЕРЕК.

Page 6: Сақшы №52 (4218)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№52 (4218), бейсенбі, 14.07.2016 е-mail:[email protected]

ƏРІПТЕС КЕЛБЕТІ

Əлияның ақ тілегі

Х а л қ ы м ы з қ а ш а н д а н ə з і к ж а н д а р д ы қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысына балап, ырыс пен молшылықтың символы деп білген. «Заманына қарай адамы» демекші, қазір қыз-келіншектеріміз уақыт талабынан қалмай, жоғары кəсібиліктің үлгісін көрсетіп, ер аза-маттармен иық тірестіре жүріп, жауапты да күрделі салада абыройлы қызмет етуде.

Ішк і і с т ер ор гандарының қызмет і н і ң қ и ы н д ы ғ ы н а қ а р а м а с т а н а р у л а р ы м ы з азаматтық борыштарын өтеу жолында қажымай еңбек етуде. Шендегі апа-əпкелеріміз жандары нəзік болса да, рухтары биік екендерін жыл санап дəлелдеп келе жатыр. Күн-түн демей халықтың тыныштығы үшін қызмет жасап жүрген аруларымыздың еңбегін атап өтпесек болмайды.

Қандай жұмысқа болмасын білек сыбана кірісіп, абыроймен атқарып жүрген осындай ай қабақ аруларымыздың бірі – Қарағанды қалалық І ІБ ақпараттық аналитикалық бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Əлия РАХЫМОВА.

Теміртау қаласының тумасы Қарағандыдағы «Болашақ» институтын үздік дипломмен тəмамдаған түлегінің бірі. Ішкі істер саласында 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарып жүрген Əлия Төлеубайқызы: «Мамандықты дұрыс

таңдай білу маңызды. Əйел затына ерлермен қатар елдің тыныштығын күзету қиын шаруа екенін білемін, дегенмен мамандығың өзіңе шынымен де ұнап жатса еш қиындық тумайды. Жалпы заң бар жерде тəртіп бар, ал тəртіп бар жерде береке-бірлік, өсу, өркендеу бар. Əр жұмыстың өз қиындықтары болады, сондықтан да ерік-жігеріңіз, ең бастысы – ниетіңіз болса қызметтің еш қиындығы жоқ», – дейді.

«Погон тақсаңыз, ер кісілермен сапта қатар тұрсаңыз, өзіңізге тəн емес шешім қабылдауға тура келетін кездер болады, – дейді қызмет жайлы ойын ары қарай сабақтаған ол. – Сондықтан да қажет болған жағдайда, турасын айтсақ, «ер мінезділік» танытуға тура келеді. Погон таққан қыз-келіншектердің өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындап, биік белестерді бағындырып жүргеніне ел куə. Шынымен де отбасымен бірге мұндай ауыр жұмысты қатар алып жүру екінің бірінің қолынан келе бермесі анық».

Сөз орайы келгенде айта кетейік, Əлия Төлеубайқызы қызмет ететін ақпараттық-аналитикалық бөлім – қылмыспен, қоғамға қайшы əрекеттермен күресуде маңызды орын алатын үлкен саланың бірі. Күнделікті түсіп жатқан ақпараттарды жүйелеу, келіп түскен материалдарды тіркеу, есепке алынған

тұлғаларды уақтылы тіркеу, қылмыстық істердің қозғалысына бақылау жасау, қорытындылау – бұл да бір үлкен жауапкершілікті талап етеді . Полиция жұмысының қай саласын алсаңыз да қажырлық, туралық пен білімділік қажет. Сол себепті бұл қызметтің де өзіне тəн қиындықтары жетерлік.

Биыл Əлия Төлеубайқызына екі б ірдей тəлімгерлер слетіне қатысу бақыты бұйырған екен. 6 маусымда Нұра аудандық ІІБ-де жас қызметкерлер мен тəлімгерлер слеті өтті. Ал,

9-11 маусым күндері Петропавл қаласында ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған еліміздің бүкіл облыстарынан 100-ге жуық ІІО тəлімгері мен жас қызметкері қатысқан слет өтті.

Б ұ л ш а р а н ы ң б а с т ы м а қ с а т ы – ж а с қызметкерлердің патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін арттыру, қызметке деген адалдықты ояту жəне де қай кезде болмасын ар-намыспен жауапкершілікті алға қоюды үйрету болатын.

«Слеттің алғашқы күні ІІМ Ұлттық ұланның əскери институтының алаңында арнайы техни-ка мен соңғы үлгідегі қару-жарақтың көрмесі таныстырылды. Қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан Ғазиз Есімовтің аты-на арналған жас қызметкерлер аллеясының салтанатты ашылуына қатысып Академия қызметкерлер атынан жас көшеттерді отырғызу іс іне атсалыстық. ІІД кинология қызметі орталығы мен «Достық» алаңында орналасқан ІІД мұражайын тамашаладық. Қазақстанның əр түпкірінен жиналған тəртіп сақшыларының ай-тулы мерекесі жоғарғы деңгейде өтті», – дейді бұл жөнінде полиция майоры.

«Елбасымыз өзінің əр сөзінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне үлкен сенім артып отырғанын айтып өткен болатын. Енді сол артылған аманатты адал атқарып, ел сенімін ақтай білейік. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызметтеріңізде шыдамдылық пен адалдық туын биік ұстаңыздар. Ішкі і с т ер ор г андарына өм і рлер і н а рна ғ ан қызметкерлерімізге үлкен алғысымды білдіре отырып шын жүректен ұзақ ғұмыр, күш-жігер, шаңырақтарыңызға бақыт тілеймін. Бізге артылған жүктің ауырлығын еңсере жүріп көтере біліп, қызметте абыройлы, жемісті болайық», – дейді əріптестеріне ақ тілегін жеткізген Əлия Төлеубайқызы.

ТҰҢҒЫШ ƏЙЕЛ ПОЛКОВНИКАДАЛДЫҚ – ҚҰЛДЫҚ ЕМЕС, АР АЛДЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ. «ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ» ДЕГЕН СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫН ЖОҒАЛТЫП БАРАМЫЗ. «ТАМАҒЫ ТОҚТЫҚ, ЖҰМЫСЫ ЖОҚТЫҚ АЗДЫРАР АДАМ БАЛАСЫН» ДЕП АБАЙ ҚАЛАЙ ДӨП АЙТҚАН?! ҚОҒАМНЫҢ АЗУЫ ДА ОСЫДАН БОЛСА КЕРЕК. «МАҚСАТЫҢЫЗ НЕ?» ДЕГЕН СҰРАҚҚА НЕ ДЕП ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢІЗ?! «АДАМ БОЛУ» ДЕР ЕДІМ. АДАМ БОЛМАЙ, МАҚСАТ АТАУЛЫНЫҢ БАРЛЫҒЫНА ЖЕТУІҢІЗ НЕҒАЙБЫЛ. МҰНЫ ТҮСІНЕТІН ЖАН НЕКЕН-САЯҚ. СОЛАРДЫҢ БІРІ – ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ДƏРЕЖЕСІНЕ ЖЕТКЕН ТҰҢҒЫШ ƏЙЕЛ, ПРО-ФЕССОР РОЗА ҚҰЛЖАҚАЕВА.

Кім ол? Несімен адал болды? Ерлігі неде? Бұл сұрақтарға оның атқарған игі істері ғана жауап бере алады.

Роза Балбатырқызы 1933 жылы 1 қыркүйекте Ақтөбе облысының Темір қаласында дүниеге келген. Оның заң саласын өмірлік мұраты етіп таңдауы тектен тек емес. Себебі, əкесі Балбатыр Құлжақаев – халық сотының хатшы-сы, сот, тергеуші, прокурор болған адам. Əке жолын қуған қыз 1950 жылы Алматы мемлекеттік заң институтына түсіп, «құқықтану» мамандығын үздік біліммен тəмамдайды. Оның поли-ция полковнигіне дейінгі жолы 1954 жылдан бастау алады. Жетпісінші жылға дейін прокуратурада, Ішкі істер министрлігінде қызмет атқарады, Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеушісі, əрі қарай Қарағанды облысы Ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі лауазымын атқарды.

Роза Балбатырқызы 1970 жылы Қарағандыға қоныс аударады. Қарағанды жоғары мектебі ашылысымен, қызметке тұрады. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясында тəлім берді. 1995 жылдан бастап Академияның қылмыстық құқық жəне криминоло-гия кафедрасының профессоры, заң ғылымдары бойынша кандидаттық дис-сертация қорғалатын диссертациялық кеңест ің мүшесі , адъюнктер мен ізденушілердің ғылыми жетекшісі болып келді.

Оның жетекшілігімен 6 адъюнкт кандидаттық диссертация қорғаған. 60-тан аса ғылыми жұмысы жарыққа шыққан. Ғылыми баяндамаларымен халықаралық, республикалық ғылыми-тəжірибелік конференцияларға қатысқан. Бір атап өтерлік жағдай – ол көп жылдар бойы Академияда қылмыстық құқық жəне кри-минология пəндерін мемлекеттік тілде оқытуды жетілдіруде оқу-əдістемелік кеңестің жетекшісі болды. Ол мемлекеттік жəне ведомстволық марапаттаулармен, атап айтқанда, «Құрмет», «Қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «ҚР Тəуелсіздігіне 10 жыл», «КСРО ІІМ мінсіз қызметі үшін», «ҚР ІІМ үздік қызметі үшін», КСРО ІІМ Қазақ КСР «Милиция үздігі» ордендерімен, сонымен қатар ҚР ІІМ «Мінсіз қызметі үшін жəне лайықты жетістігі үшін», ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің «ҚР Білім беру үздігі», «Қазақстан Республикасында білім берудің Құрметті қызметкері» Құрмет грамоталарымен марапатталған. ІІМ Қарағанды Академиясының басшы құрамдарының көптеген алғыс хат, мадақтауларымен марапатталғаны да бар.

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Президенті Н.Назарбаевтың 2011

жылғы 5 желтоқсандағы № 1 8 8 Ж а р л ы ғ ы м е н Əскери жəне қызметтік міндетін мiнсiз атқарғаны, з а ң д ы л ы қ т ы ж ə н е қ о ғ а м д ы қ т ə р т і п т і сақтауды нығайтқаны, ұ л т т ы қ қ а у і п с і з д і к т і жəне қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін « Құ р ме т» о р д е н і м е н наградталған.

Роза Балбатырқызы өзінің ұзақ та ауыр қызметі ж а й л ы б ы л а й д е г е н екен: «Алдыңғы толқын ағалардан үйренер үлгі қашан да аз емес қой. Менің де өнеге тұтқан, асыл қасиеттерінен үйренген алдымда ағаларым аз болған жоқ. Өмірлік тəжірибемді ғылым əлемінде негіздесем деген ниет ақыры осы салаға да ден қойғызды. Ғылыми еңбектер жазып, оны оқу үрдісіне пайдаланып жүрдім. Ондай дүниелерім жинақтала келіп, диссертацияға айналды. Ұлттық Ғылым академиясының құқық жəне философия институтында академик М.Баймаханов ағаның жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғадым. Бас оппоненттікті қазақ заң ғылымының қазіргі ақсақалы, ғұлама ғалым, акаде-мик Салық Зиманов аға атқарды. Мен осы кезеңде ол кісілердің адамдық, адалдық қасиеттеріне тəнті болып қана қоймай, шамам жеткенше үйрендім. Соны күні бүгінге дейін бағдаршамдай есімде ұстап келемін. Өмірден алар бір тəлім, осы ұрпақтар сабақтастығының үзілмей келе жатқан алтын арқауы ғой. Бір кездері сол ағаларға шəкірт болып, соны бүгінге дейін мақтан етсем, енді өз шəкірттерім де ұлттық үлгімен маған да ілтипат көрсетіп жатады. Осыған ерекше риза болып, халықтық қасиет жалғаса берсе екен деп отырамын».

Ал Роза Балбатырқызы жайлы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Серік Ақсұңқарұлы: «Ол адамзат қоғамындағы бостандық, теңдік, əділдік дейтін асқақ идеяларды ту ғып ұстаған қоғамда өмір сүріп, көңілі көншіген ұрпақтың соңғы көзі еді! Жер асты-нан жік шығып, дүние дəл бүгінгідей ұлтқа, руға, діни сектаға, экстремистік топтарға бөлініп, ырың-жырың болады деп ойлаған жоқ-ты... Қазақстан егемен ел болғанда, алғашқылардың бірі болып қуанған осы буын еді. Жамандықтан көзі ашылмай, ата-баба аруағына тəу етіп, көресінін көрген буын – бұл! Апай осы кезде өзінің бойындағы барлық қабілет-дарынын тəуелсіз Қазақстанның заңгер кадрларын дайындауға бағыштады», –

деген болатын.Осы жерде Роза Балбатырқызы туралы

əңгіме қозғауымыздың тағы бір себебі бар. Оның қазақ ғылымына қосқан үлесі зор. «Қазақ əйелдерінің арасынан шыққан алғашқы полковник, құқық жəне кри-минология бойынша тұңғыш профессор дəрежесіне жеткен Роза Балбатырқызы Құлжақаеваның бойынан əділдіктің туын көтерген асыл қасиетпен қатар əйел жанының нəзіктігін, аналық мейірімін күнде көріп жүреміз. Өмірлік ұстанымы «Жылтырағанның барлығы – алтын емес» деген даналық қағидаға негізделген жанның қайсарлығы, бір сөзділігі кімді де болса сүйсінтпей қоймады.

Өмірге адам болып келіп, адам бо-лып кетудің өзі – ұлы іс. Оған жеңіл қарауға болмайды. Сенің алдыңда мыңдаған ұрпақ тұр. Олар өзінің па-рызы мен қарызын адал атқарса, сен неге сол жолды ұстанбайсың? Ұстанып қана қоймай, кейінгі ұрпаққа қалыбын бұзбай, қадірін кетірмей тапсыруға міндеттісің. Біз мұны ол кісінің аналық ақылы, жұдырықтай жүрегіне өмір бойы жиған өлмес өнегесінің көрінісі деп білеміз. Кез келген ұстаз шəкіртінің көңіл түкпірінен ойып тұрып орын ала алмайды. Ал біз Роза Балбатырқызының алдына қаршадайымыздан келіп, одан қанаттанып ұшып, бүгінгі дəрежеге жеттік. Ендеше ұстаз үмітін ақтаған шəкірт ұстазын қашан да ес інен шығармайды. Соның б ір дəлел і жан дүниеден шығып, ой орамында қорытылған, ұстазға арнаған осы ізетті де инабатты жылы сөздер болса керек», – деп еске алған екен заң ғылымдарының докторы Асылбек Смағұлов.

Міне, Роза Балбатырқызының өнегелі де үлгілі өмірбаяны осындай. Адалдық пен тəртіпті қатар ұстанған жандардың бірі Роза Құлжақаева еді...

Құлынтай МОНАЙ, ІІМ Б. Бейсенов атындағы

Қарағанды Академиясының оқытушысы,

гуманитарлық ғылымдар магистрі

Б і р а қ , б і з б і л е т і н А қ е р к е зұлымдық пен зорлық-зомбылық, қаскүнемдік пен қаныпезерлік жайлаған ортада жұмыс істеп жүр. Полиция формасын кидің екен, осынау қиыншылығы мен мехнаты мол қамытқа басыңды өзің сұқтың екен, енді одан қорқып, қамықпа! Ол алдында талай қиындықтар болатынын білмей қалған жоқ. Тəртіп сақшысы боламын деген арман оның бойына мектепте оқып жүргенде-ақ ұялады. Бəлкім, атасы Шалқар Еркебаевтың Ұлы Отан соғысынан оралысымен ішкі істер бөліміне қызметке тұрып, барлық өмірін қылмыскерлерді құрықтауға арнағаны əсер еткен де шығар. Ол кісі зейнеткерлікке шыққанға дейін қылмысты іздестіру бөлімінде жұмыс істеді. Милиция майоры шенімен зейнеткерлікке шықты. Ол ұлы Нұртасқа үнемі адалдық жолын көрсетті. Сол Нұртастың қызы Ақерке Түлкібас ауданына қарасты Сазтөбе ауылындағы А.С.Макаренко атындағы орта мектепті бітірген соң «ата жолын қуамын» деп шешті.

Əуеліде Нұртас «қыз балаға бұл қол емес шығар» деп қиналды. Соңында əкесі еске түсті. «Ақеркем атасының жолын қуғысы келген екен ғой» деп масаттанды. Сонымен, Ақерке Шалқарова 2010 жылы ІІМ Бəрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясына түсіп, оны қызыл дипломмен бітіріп шықты. «Құқық қорғау қызметінің үздігі» сертификатымен оралды. Қызыл дипломды қызға қашан да жол ашық еді. Ол Сайрам аудандық ІІБ анықтау бөліміне қызметке жайғасты. Біз ойлағандай Ақерке ерке болмысты ғана емес, нағыз ер-азаматқа тəн қайрат иесі де болып шықты. Ол былтыр Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығының полиция күніне орай ұйымдастырған қыздар арасындағы волейболдан өткен жарыста үшінші орынды еншіледі. Биыл да Ақерке бастаған қыздар командасы жүлделі орынға ие болды. Бұдан бөлек, аудандық ішкі істер басқармасы ұйымдастырған спорттық жарыстарда Ақерке Нұртасқызы үнемі алдыңғы саптан көрініп жүр.

Ал, енді өз ісінің үздігі, Сайрам аудандық ІІБ-ның аға анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Ақерке Шалқарова негізгі қызметтік борышы бойынша қандай қылмыс ашты? Əңгімемізге алтын арқау болуы үшін бірер мысал келтіре кеткенді жөн санадық.

«Көкнəр-2015» операциясы кезінде Ақерке Манкент ауылын аралап келе жатты. Кенет бір ауладан ерекше хош иісті өсімдіктің өсіп тұрғанын байқады. Аула иесі əлгі гүлге ерекше қарайтын тəрізді. Тексере келгенде əлгі «гүл» сора өсімдігі болып шықты. Аулада 4 түп сора өсіп тұр екен. Үй иесі оны «денсаулығыма байланысты ішіп көрмек едім» деп ақталады. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар жəне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-шаралар туралы» шешіміне байланысты ауласы-на сора өсірген азамат жауапкершілікке тартылды.

Шымкент-Шаян тасжолымен құйғытып келе жатқан жеңіл автокөлік қарсы келе жатқан «Ауди» көлігімен соқтығысып, бір адам қаза бола-ды. Осы істі тергеу Ақеркеге жүктелді. Сөйтсе, автокөлік иесі, Бəйдібек ауданының тұрғыны Қалмұрат көлігін мас күйде айдапты. Рульге ие бола алмай, қарсы келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Соның салда-рынан «Ауди» автокөлігі жүргізушісінің қасында отырған əкесі ауыр дене жарақатынан қайтыс болады. Ал, жүргізушінің ағасы түрлі дене жарақаттарымен Сайрам аудандық орталық ауруханасына түседі. Осы істі тергеген Ақерке рульге сылқия тойып алып отырған жүргізушінің кінəсін мойына қойып берді. Іс сотқа жолданды.

«Анықтаушы қызметі өте жауапты да ауыр. Алғашқы анықтау жұмыстары дұрыс жүргізілсе, қылмыскер жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды. Осы ретте Ақерке өзіне жүктелген жауапкершілікті жақсы сезінеді. Үнемі қызметін мінсіз атқаратын жəне спорттық жарыстарға белсене қатысатын оны біз мақтаныш тұтамыз», – дейді Сайрам аудандық Ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алтынбек Əшірбеков.

Ақеркенің ішкі істер саласындағы еңбек жолы енді ғана басталды. Жуырда ғана ол қызмет саласында алға бір қадам жасады. Яғни, анықтаушылықтан аға анықтаушы қызметіне көтерілді. Өмір алда ғой. Академияны қызыл дипломмен бітірген Ақеркенің шығар биіктері мен алар асулары əлі де алда. Оған біз толық сенеміз.

Ботагоз КЕНЖЕБАЕВА, Қарағанды қаласы

БҮГІНГІ ТАҢДА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДА НƏЗІК ЖАНДАРДЫҢ АЛАР ОРНЫ ЕРЕКШЕ. ҚАЙРАТТЫЛЫҚТЫ ҚАНАТ ЕТІП, АУЫР ДА ЖАУАПТЫ ЖҰМЫС АТҚАРЫП ЖҮРГЕН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА ҚАРАП, ҚАЙРАН ҚАЛАСЫҢ. ЕРЛЕРГЕ БЕРГІСІЗ ЕҢБЕК ЕТІП, ƏЙЕЛ ЗАТЫНЫҢ АҚЫЛЫНА КӨРКІ САЙ ЕКЕНІН ІСПЕН ДƏЛЕЛДЕП ЖҮРГЕН ҚАРЛЫҒАШТАРЫМЫЗДЫҢ ҚАТАРЫ КҮН САНАП АРТУДА.

Ата жолын қуған қызСабырбек ОЛЖАБАЙ

АҚЕРКЕ! ОСЫ ЕСІМ АТАЛА ҚАЛҒАНДА ЕҢ ƏУЕЛІ НƏЗІКТІК, ҰЯҢДЫҚ, ЕРКЕ БОЛМЫСТЫҢ НАЗ ҚЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАЙСЫЗ. ИƏ, ЕРКЕЛІК ТЕ, АҚҚУДАЙ АДАЛДЫҚ ТА ЕҢ БІРІНШІ ҚЫЗ БАЛА-СЫНА ТƏН. СОНДЫҚТАН БОЙЖЕТКЕН БОЙЫНАН ОСЫНДАЙ АСЫЛ ҚАСИЕТТЕР ІЗДЕЙТІНІҢІЗ АНЫҚ.

ТАРИХ.ТҰЛҒА. ТАҒЗЫМ

Page 7: Сақшы №52 (4218)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№52 (4218), бейсенбі, 14.07.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

– Геннадий, мұнайлы өңірге басқан алғашқы қадамыңыз құтты болсын! Қаладағы кездесулермен ғана шектеліп қалмай, өзіңді бір көруді аңсап жүрген ауылдағы жанкүйерлеріңмен жүздесіп жəне ондағы бокс десе ішкен асын жер-ге қоятын спортшы жастармен де кездесіп, олармен шеберлік сы-ныптарын да өткізетін шығарсың?

– Əрине. Мен ылғи да осындай са-парларымда міндетті түрде шеберлік сыныптар өткізуді жоспарлап жүремін. Себебі, мұндай кездесулер қай спорт түрімен болсын айналысатын жастарға нақты бағыт-бағдар сілтейді, алға қойған мақсаттарына жол ашады, жоғары жетістіктерге жетулеріне, сол үшін аянбай тер төгулеріне құлшындырады. Тек мен емес барлық атақты спорт шеберлері колдары бо-сап, алыс елді мекендерге барғанда кейінгі ізбасарларына ақыл-кеңестерін беріп, жас спортшыларға шеберлік сағаттарын өткізуге, өздері көп жыл-дан бергі жинаған тəжірибелерін, яғни, бокстың қыр-сырларын, оның жаңа əдіс-тəсілдерін үйрете кетуді маңызды санайды.

– Көптің көкейінде жүрген с ұ р а қ - б ұ л с і з д і ң к е л е с і қарсыласыңыздың кім екендігі?

– Əзірге белгілісі – келесі жекпе-жегімнің осы жылдың қыркүйек айында Лондон қаласында өтетіні. Күні бүгінге дейін оның дəл уақыты мен орны

белгілене қойған жоқ. Қарсыласым болса британдық кəсіпқой боксшы, WBA тұжырымы бойынша уақытша əлем чемпионы кіші Крис Юбэнк болады деп жоспарланып отыр. Қазіргі кезде оның командасымен арнайы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

– Бір кездегі өз сұхбатыңызда, еліміздің төрінде, яғни, Астанада үлкен спорт додасын өткізуді жоспарлап жүргеніңізді айтып қалған едіңіз. Ол жағы қалай бо-лып жатыр?

– Ол рас. Өз елімде бокстан жекпе-жек ұйымдастыру менің көптен ой-ымда жүрген мақсатым. Шынымен де осындай ауқымды да қызықты шараны Қазақстанымның төрінде ұйымдастыру, сол арқылы бүкіл дүние жүзінің бокс жанкүйерлерінің назарын елімізге аудару ерекше іс болар еді. Өйткені, спорттың осы түрінен біздің еліміз əлемді елеңдететін ерекше жетістіктерге жету-де. Олай болса, қазақстандық бокс жанкүйерлері осындай шынайы шоу көруге əбден лайықты дегім келеді. Бүгінгі таңда біздің елімізде кəсіпқой боксты дамыту бағытында ауқымды іс-шаралар жүзеге асуда. Олай болса отандастарымды спорттың осы түрімен жақын таныстырып, шын желпінтіп тастаудың да уақыты жетті деп ойлай-мын. Алғашқы сайыс сəтті өтсе, өзге ел-дер де бізді шын мойындайтыны, бізге құлақ түре жүрері сөзсіз. Келесі жылы Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесі өтеді.

Бүкіл əлемнің назарын одан сайын Қазақстанға аударту мақсатында бокс кешін осы көрмеге арнап дүркіретіп өткізу жоспарымызда бар.

– Кəсіпқой бокстан əуесқой боксқа ауысып, ұлттық құраманың сапында Қазақстанның абыройын қорғауға мүмкіндік туса оған келісер ме едіңіз?

– Жоқ, кəсіби боксты мен тастай алмаймын. Шындығына келгенде бұл екеуі екі бөлек спорт түрі. Бұл артқа қарай бір қадам шегініс жасау болып табылады. Əрине, ұлттық құрама са-пында өнер көрсету əр спортшының арманы екені сөзсіз. Дегенмен, мұны тек мен ғана шеше алмаймын. Оны шешетін белгілі құрылым, арнайы заңдылықтар бар.

– Естігеніміздей с із туып-өскен өлкеңізде көмір байыту кəсіпорнын қаржыландыруды қолға алыпсыз, осы жағына да тоқталып кетсеңіз?

– С ұ р а ғ ы ң ы з о р ы н д ы . М е н кəсіби рингтен тапқан табысымды Қазақстанымның экономикасына са-лып, еліме игілігін көрсетсем деп едім. Бұл идея Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Барлығын жеңіп, үйге қайт» деген сөзінен кейін пайда бол-

ды. Елбасының маған ой тастауымен Қазақстанға инвестиция құюды қолға алдым. Осы жаңа кəсіпорында тұрақты 150 адам жұмыс жасайтын болады. Орайы келгенде айта кетейін, «Неге көмір өнеркəсібіне көңіл аудардыңыз?» деген сауал туындауы мүмкін, өйткені, əкем осы салада, яғни, шахтада 35 жыл қызмет жасады. Сондықтан да осы сала маған, отбасымызға өте жақын, ондағы жұмыстың да қыр-сырын жақсы білемін. Ендігі ойым осы саладағы кəсіпорынды дамытып, өзімнің үлесімді қосу, елімнің экономикасын өркендетуге атсалысу.

Бұл кездесуден соң Геннадий Головкинді облыс əкімі Нұрлан Ноғаев арнайы қабылдады. Облыс басшысы спортшыға жақсы лебізін білдіріп, оның жоғары жетістіктеріне көптен бері тəнті болып жүргенін ағынан жарыла айтты.

«Мен де сен ің миллиондаған жанкүйерлеріңнің бірімін. Сенің жекпе-жектеріңнің барлығын жібермей қараймын. Сенің жеңістерің – барлық қазақстандықтардың жет і ст і г і . Замандастарың мен аға ұрпақ сені мақтан тұтса, кішкентай өрендеріміз сендей болуға ұмтылады. Сенің жетістіктерің өз алдына мақсат қоя білген əрбір спортшы үшін алын-

байтын қамал жоқ екендігінің нақты айғағы. Головкин Қазақстанның көк байрағын аспандатып, үстіне зерлі шапан киіп, ринг төріне шыққанда – миллиондаған қазақстандықтың жүрегін мақтаныш сезімі кернейді. Ақпараттардан оқығанымыздай, сенің ендігі қарсыласың кіші Крис Юбэнк, сені жеңу үшін барын салатынын айтып жар салуда. Бірақ біз Геннадий Головкин оған да кімнің кім екенін рингте айқын көрсетеді деп сенеміз». – деп түйіндеді сөзін өңір басшысы.

Өз кезегінде кəсіпқой боксшы қазақстандық бокс мектебінің дамуы-на бар күш-жігерін салатынын, қазір елімізде балаларды спортқа баулу үшін өте ауқымды істер жасалып жатқанын, Үкімет тарапынан да үлкен қолдау ба-рын айтты. Басты мəселе спортшының өзіне, ел алдындағы жауапкершілігіне де байланысты деді ол.

«Кішкентай кезімде мен де əлемді тамсандырған атақты боксшылар Мұхаммед Əли, Майк Тайсон сын-ды спортшылардың жекпе-жектерін көргенде олардың жетістіктерін қайталау мүмкін емес деп ойлайтын-мын. Енді осы деңгейге біз де жетіп, шеберлігімізді кейінгі жастарға, өскелең ұрпақтың бойына дарытсақ дейміз. Сізге, əсіресе, балалар боксына көрсетіп жатқан қолдауыңыз үшін рахметімді ай-тамын. Мен осы серпілісті көріп, қатты қуанудамын», – деді Геннадий.

Бұдан соң Г.Головкин Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекетт і к университеті жанындағы «Жайық» спорт кешенінде балаларға шеберлік сыныбын өткіз іп, олимпиадалық резервтерді дайындау орталығының жəне облыстық мүгедектер спорт клубының жаттығушыларымен кездесіп, пікір алмасты. Ал кешке «Мұнайшы» стадионында футболдан ел біріншілігі аясында өткен «Атырау» мен «Тобол» командалары кездесуінің құрметті қонағы болды. Стадионда бірінші тайм-нан соңғы үзілісте жанкүйерлер арасын-да өткізілген байқаудың жеңімпазына Г.Головкин өз қолтаңбасы қойылған былғары қолғапты сыйға тартты.

СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ ЕНДІГІ ОЙЫМ – ел экономикасын өркендетуге атсалысу

СПОРТ – ЖАМАН ƏДЕТТЕН АУЛАҚ ЕТЕДІФУТБОЛ

Алматы қалалық ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы Алмалы ауданының əкімдігі, «Ақ ниет» үкіметтік емес ұйымы, Жастар саясатын дамыту мемлекетт і к қорын, Мемлекеттік наркологиялық медициналық-əлеуметтік түзету орталығының өкілдерімен бірлесе отырып Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған шара жоспарының пункттерін орындау аясында «Есірткісіз болашақ» атты ұранмен оқушылар арасында сай-

ыс өткізді. Жарыс қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде ұйымдастырылды. Ауқымды шараға қаланың барлық аудандарының өкілдері қатысты.

«Спорт шарасы жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мен оларды саламаттылық негіздеріне бейімдеу мақсатында өткізілді. Оған үш жүзден астам адам қатысты. Балалар футбол ойнап, уақытты көңілді əрі танымдық тұрғыда өткізді. Сонымен қатар, сауда-ойын-сауық орталығы аумағында қосымша «Жаман əдеттерге жол жоқ» акциясы өткізілді. Онда бозбалалар мен бой-жеткендерге есірткі мен психотроптық заттарды пайдаланудың зияны мен зардаптары туралы түсіндірілді», – деді өткізілген шара туралы Алматы қаласының ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дəулет Қазкеев.

Полиция қызметкерлері шара ба-рысында қатысушылардың бəріне н а ш а қ о р л ы қ т ы ң а л д ы н а л у ғ а бағытталған «Наркопост» жəне «Есірткісіз болашақ» атты ведомстволық журналдарын таратты.

Гүлнəр ЖАМАНҚҰЛОВА, Алматы қаласы

АЛМАТЫЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР «ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» АТТЫ ҰРАНМЕН БАЛАЛАР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН САЙЫС ӨТКІЗДІ.

Геннадий ГОЛОВКИН:

Кəрім БАҚРИДЕНОВ, Атырау облысы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРАЗ ӨҢІРІНДЕ БОЛҒАНЫМЕН АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН КƏСІПҚОЙ БОКСТАН ОРТА САЛМАҚТАҒЫ ƏЛЕМ ЧЕМПИ-ОНЫ ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН ЕЛІМІЗДІҢ МҰНАЙЛЫ АСТАНАСЫ САНА-ЛАТЫН АТЫРАУДА БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЕКЕН. WBA, IBA, WBS, IBF ТҰЖЫРЫМДАРЫ БОЙЫНША ОРТА САЛМАҚТА ҚАРСЫЛАСТАРЫН ТҮГЕЛДЕЙ ШАҢ ҚАПТЫРҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ МҰНАЙЛЫ ӨҢІРГЕ КЕЛІП, ЖАНКҮЙЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ. ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖƏНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АРНАЙЫ ШАҚЫРТУЫМЕН КЕЛГЕН ЧЕМПИ-ОН, АТЫРАУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ САПАРЫН ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯ-ЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ЖЕРГІЛІКТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕН БАСТАДЫ. ОНДА ЖУРНАЛИСТЕР ӨЗДЕРІНІҢ КӨКЕЙЛЕРІНДЕ ЖҮРГЕН КӨПТЕГЕН СҰРАҚТАРЫН ҚОЙЫП, НАҚТЫ ЖАУАПТАР АЛДЫ.

Жақсыбек ЖҮНІСОВ, Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ҚАРАСТЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА АУДАНДЫҚ «ЖАСТАР» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ МЕН ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖƏНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ОРТАЛЫҚ СТАДИОН АЛАҢЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ.

Жарысқа 5 адамнан құралған 8 команда қатысты. Командалар арасында Қармақшы аудандық пробация қызметінің қызметкерлері жəне пробация есебінде тұрған азаматтардан құралған команда да ойын көрсетті.

Əр ойынның ұзақтығы 15 минуттан 2 кезеңнен өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша Қармақшы аудандық пробация командасы 1-орын-ды иеленсе, спорт бөлімінен құралған команда мен жастар арасында құралған командалар 2 жəне 3-орында қанағат тұтты.

Жеңімпаздарды жəне жақсы ойын көрсетуші ойыншыларды Қармақшы аудандық жастар қоғамдық бірлестігінің сыйлықтарымен жəне аудандық денешынықтыру жəне спорт бөлімінің дипломдарымен марапаттады.

Аяқдоп мерекесіЕЛОРДА КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУГЕ ОРАЙ Қ.МҰНАЙТПАСОВ АТЫНДАҒЫ СТАДИОНДА КӨПШІЛІК ФУТБОЛ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.

Футбол бойынша турнирде мемлекеттік қызметкерлер министрлігі мен елордалық басқармалардың санынан құралған 37 команда қатысты. Солардың ішінде Астана қалалық ІІД футбол командасы да болды.

Ойыншылар алты топқа бөлініп, сайыс екі – топтық жəне финалдық са-тыдан тұрды. Футболда алдына жан салмайтын ойыншылар тартысты əрі қызу сайысты көрсете білді. Əр команданың жеңіске деген құлшынысы мен ауызбіршілігі жанкүйерлер үшін сапалы жарысты тамашалауға мүмкіндік берді. Қызықты да дес бермеген жарыста жүлделі орындар келесідей қатар бойынша анықталды. Бірінші орынды Астана қаласы Мемлекеттік кіріс департаментінің футбол командасы, екінші орынды Астана қалалық ІІД фут-бол командасы, үшінші орынды ІІМ қызметкерлері иеленді. Барлық жарысқа қатысушылар мерекелік кубоктар мен дипломдармен марапатталды.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Жарайсың, Ларионов!БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СПОРТ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ТƏРБИЕЛЕНУШІСІ ДƏУЛЕТ ЛАРИОНОВ ҚЫТАЙДЫҢ ТАЙЧУНГ ҚАЛАСЫНДА КАДЕТТЕР АРАСЫНДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ӨТКЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КҮМІС АЛҚА ҰТЫП АЛДЫ.

Спорт мектебінің мəліметінше, Дəулет 63 келі салмақ дəрежесінде өнер көрсеткен. Естеріңізге сала кетсек, Дəулет Ларионов əріптесіміз, Батыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкері, əйелдер арасындағы еркін күрестен əлем чемпионатының қола жүлдегері Екатерина Ларионованың туған бауыры. Екатерина Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Қазақстанның на-мысын 63 келі салмақ дəрежесінде қорғайтын болады.

ФУТБОЛ

Пробациялықтар бас жүлдегер

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ

Дəл Астана күні ұйымдастырылған сайысқа Екібастұз қаласының əкімі Қайрат Нүкенов, ІІБ бастығы, по-лиция подполковнигі Абай Жүсіпов, жедел уəкілдер, тергеушілер, учаскелік полиция инспекторлары, əкімдіктің

қызметкерлері, колледждер мен мек-теп оқытушылары, медициналық қызметкерлер, қала ұйымдары мен кəсіпорындарының өкілдері қатысты. Жаппай жеңіл атлетикалық жүгірістен Президенттік мəреге белсенді қатысқан

спортшылар жүгірістерін тəуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы – Астанаға арнады. Спорттық шара соңында олар: «Біздің астанамыз көркейіп, гүлдене берсін, əрбір қазақстандықтың жүрегінде орын алсын», – деген тілектерін жеткізді.

Екібастұз қалалық ІІБ баспасөз қызметі

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Жаппай жүгіріске шықтыЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА ЖАППАЙ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖҮГІРІСТЕН ПРЕЗИДЕНТТІК МƏРЕ ӨТТІ.

Page 8: Сақшы №52 (4218)

СӨЗ СОҢЫ№52 (4218), бейсенбі, 14.07.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Неля АРЦИМОВИЧ Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 12678Тапсырыс: № 3046

Нөмірдің кезекшісі: Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВОйлан, тап!

БАЙҚАУ

АКЦИЯ

ЖАЗ БАСТАЛЫСЫМЕН ҚАЛА ҚАРБАЛАСЫНАН ШАРШАП, ҚОЛЫМЫЗ ҚАЛТ ЕТКЕНДЕ ОТБАСЫМЕН ТАБИҒАТ АЯСЫНА, ҚАЛА БЕРДІ СУ АЙДЫНДАРЫН-ДА ДЕМАЛУҒА ТЫРЫСЫП, ҚАЛА СЫРТЫНА ШЫҒУҒА ҰМТЫЛАМЫЗ. ТАЗА АУАДА, СУҒА ЖҮЗІП ҮЛКЕНДЕРМЕН БІРГЕ ДЕМ АЛСЫН ДЕП БАЛАЛАРЫ-МЫЗДЫ ДА БІРГЕ АЛА ШЫҒАМЫЗ.

Өкінішке қарай жыл басынан бері су айдындарында 10 адам қаза тапса, оның бесеуі – бала. Бұл сан жылдан-жылға өсіп келеді.

Сол себептен баланы өзіңізбен суға бірге апармас бұрын, қарапайым қауіпсіздік ережесімен бала да таныс болуы керек.

- Шомылуға арналмаған орындарда жəне қауіпті жерлерде, құтқару құралдарынсыз, алкогольдік ішімдік ішкен күйде шомылуға қатаң түрде тыйым салынады.

- Балаларға үлкендердің қарауынсыз суға түсуге мүлдем тыйым салынады. Ата-аналар, балаңыз суда болған жағдайда оны мүлдем көзден таса қылмаңыздар!

- Балаларыңызға үрлемелі жастықшаларда, матрацтарда қолдан жасалған жүзу құралдарында жүзуге рұқсат етпеңіздер! Естеріңізде болсын, олар кез келген уақытта жарылып немесе тесіліп, балаңыз суға батып кетуі мүмкін.

- Балаларға таныс емес орындарда сүңгуге рұқсат етпеңіздер. Өздеріңіз де сон-дай іс-əрекетке бармаңыздар. Себебі, су астында тастар немесе ағаштар болуы мүмкін, ол бір жеріңізді жарақаттап қана қоймай, мұның арты қайғылы оқиғамен аяқталуы ықтимал.

- Балаларыңыз су ішінде қандай ойын ойнап жатқанын қадағалаңыздар! Ойнап жатып бір-бірлеріңді суға «батырып» немесе суда «тығылып» ойнау қауіпті екенін түсіндіріңіздер.

Осындай суда өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелерін сақтаған жағдайда тосын оқиғаның алдын алып, балалардың өмірін жəне денсаулығын сақтап қала аласыздар. Ең бастысы – балаларыңызды суда жалғыз қалдырмаңыздар! Əрдайым баланың қасында болсаңыз, дем алысыңыз да жақсы өтпек!

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Абатты бөлім атағы үшінЖЫЛ САЙЫН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМДЕРІНДЕ ӨЗ АУМАҚТАРЫН ҮЗДІК КӨГАЛДАНДЫРУ БОЙЫНША БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ ТАЯУДА КӨГАЛДАНДЫРУ, АБАТТАН-ДЫРУ БОЙЫНША ҮЗДІК ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІН АНЫҚТАУ БАЙҚАУЫ ӨЗ МƏРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

Бір атап өтетіні, көктем басталысымен Өрт сөндіру қызметінің мамандары бөлім аумағында тынымсыз еңбектеніп, гүл отырғызып, тіпті, кейбірі одан əрі аумақты абаттандыру жұмыстарын жалғастырмақ ниетте арнайы газон қырыққыш сатып алып жатады. Бұл қызметіне шын беріліп, мамандығын шын сүйген жандардың бастамасы болар.

Аталған байқауда арнайы комиссия жұмыс жүргізіп, олар 20 қатысушының ұсынған материалдарының ішінен 3 номинацияны анықтады. Байқау қорытындысы бойынша Т.Рысқұлов ауданы №10 Өрт сөндіру бөлімі 1-орынды жеңіп алды. Ал Меркі ауданы №11 Өрт сөндіру бөлімі жүлделі 2-орыннан көрінсе, Тараз қалалық №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 3-орынды місе тұтты. Бұл байқаудан өрт сөндірушілердің тек тілсіз жаумен арпалысып қана қоймай, тіршілігінің көп бөлігі өрт сөндіру бөлімінде өтетін болғандықтан абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, сонымен бірге еңбекқорлықтарымен де танылып көпшілікті табиғатты аялауға шақыратынын да аңғаруға болады.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Департаментке қарасты УГ-157/1 мекемесі жеке құрамының арасында ұйымшылдықты тереңдетіп, біртұтас тəж ірибел ік жəне ақпараттық-имидждік іс-шараларды кеңінен өткізуді мақсат тұтқан акция аясында идеологиялық əрі тəрбие жұмыстары да кеңінен қолға алынды.

Шараны өткізудегі тағы бір негізгі мақсат – ел ордасы Астананың Тəуелсіздіктің басты атрибуты мен табысты қазақстандық жолдың факторы ретіндегі базалық рөлін ілгерілету болып табылады. Осы орайда, акция аясында Атырау об-лысы бойынша ҚАЖД-ге қарасты УГ-157/1 мекемесінің қызметкерлері балаларымен б ірге «Туған жер тарихына саяхат» тақырыбында Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қызықты əрі танымдық экскурсия жасады. Еліміздің даму тарихы, салт-дəстүрі, мəдениеті, табиғатымен танысқан қызметкерлер мен олардың балалары мұражайдан мол мағлұмат қана емес, ерекше əсер алып қайтты

Психолог – асыл мамандықЭ.МҰХТАРОВА, Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД-ГЕ ҚАРАСТЫ ЖД-158/2 МЕКЕМЕСІНДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ПЫСЫҚТАУ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ.

Семинар барысында ЖД-158/2 мекемесі нің сотталғандары арасында түрлі ойын-дар ұйымдастырылды. Мəселен, бір ойында жазасын өтеушілер өзі ұнататын түсін сурет арқылы бейнелеп, бір-бірінің қағазға түсірген ойларымен бөлісті. Семинар-тренингті Д.Əліпбаева мен Ж.Көмекова жүргізді. Жуырда ғана қос маман Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелері арасында «Ең үздік психолог» атты облыстық байқауға қатысып, 3-орынға ие болған болатын.

Мамандар психология қызметінің қыр-сырын жетік меңгерген. Сол себепті болар тренинг барысында осы мамандық бойынша жұмыс жүргізудің ең үздік əдістерін жетілдіріп, тың жолдарын ұсына алды. Психологтар күнделікті ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері арасында да əрқашан қол ұшын беріп жүреді. Жеке құрам арасында олардың əрқайсысының орны ерекше. Сотталғандармен де, қызметкерлермен де сөйлескен кезінде олар бала бақытын, ата-ана, жолдас қолдауын жəне де өмірдің əрбір минутын қуанышпен өткізу керектігін əрдайым еске салып отырады. Таңның атысы, күннің батысы мекемеде қызмет атқаратын мамандарға бір уақыт түрлі ойындар ойнату арқылы миды тынықтырудың пай-дасы көп екенін көрсетіп келеді. Мұндай тренинг барлық қатысушыларға ұнап, олар бұдан кейін де əр ай сайын бір күнді белгілеп, сол күні психологиялық тре-нингтер өткізуге, бір жағы қос маманның біліктіліктілігін арттыруға қолдау білдіру қажеттігіне бірауыздан келісті.

Елімізде соңғы кезде қараталақ ауруының тым жиілеп кетуіне бай-ланысты Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы «Мойылды кентінде эпизоотия салдарынан туындаған төтенше жағдайдың ал-дын алу бойынша қала қызметтерінің іс-əрекеттері» тақырыбында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Жаттығудың негізгі мақсаты қандай да бір жұқпалы аурулардың туын-дауына қарсы қала қызметтерінің өзара б ірлес іп іс-əрекет ету іне дағдыландыруға бағытталды.

Өйткені, мал иелерінің өздері көп жағдайда мал дəрігерлеріне медициналық көмек сұрап жүгіне қоймайды, көбі малдарын екпейді, т іпт і , одан бас тартып жатады. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұндай жағдай өткір мəселелердің біріне ай-налып отыр.

Айтылған жағдайды талдай оты-рып, қараталақ ауруы туындауының негізгі себебі кейбір мал иелерінің немқұрайлылық танытуы екендігі анықталды. Ал оның салдары өздеріне жəне жалпы қоғамға зиян келтіруі мүмкін. Таяуда ғана еліміздің кейбір өң ірлер інде мұндай жағдайлар тіркелген еді.

Соңғы оқиғалардың себептерін жəне 2016 жылға арналған Павлодар қаласының Негізгі іс-шараларының жоспарын ескере отырып, Павлодар қ а л а с ы Т ө т е н ш е ж а ғ д а й л а р басқармасы арнайы тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.

Оқу-жаттығу өткізу барысында

жергілікті полиция қызметкерлері карантин орны ретінде Подхозная көшесінің бойын қоршауға алып, өткізу режимін ұйымдастырды.

Осыдан кейін, залалды орынға дезинфекция қызметі жұқпалы ауру-мен науқастанған 1987 жылы туған азамат орналасқан жазғы ас үйде залалсыздандыру шараларын өткізді. Олардың соңынан жедел жəрдем қызметкерлері, апаттық медицина дəрігерлері кіріп, науқастанған адам-ды қарап, соңғы байланыста болған қарым-қатынастарын, ет өнімінің қайдан келгендігін сұрастырды.

Барлық іс-шаралар обаға қарсы

арнайы костюмдерде өткізілді. СЭС қызметкерлері де сондай обаға қарсы костюмдерде жұмыс істеп, тұрғын аумақтағы азық-түлік, мал ұсталған орыннан топырақ пен су, мал сойылған орыннан сынамалар алды.

Ветеринария қызметі үй малын тексеріп, анализдер мен сынамалар алды. Содан кейін арнайы құралдар

арқылы мал ұстаған орындарға з а л а л с ы з д а н д ы р у ж ұ м ы с т а р ы жүргізілді.

Өткізілген оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қала қызметтерінің алға қойған міндеттерді толық орындап, жоғары шеберлік көрсеткені ата-лып өтті. Павлодар қаласы ТЖБ-ның тəуліктің кез келген уақытында төтенше жағдайды жоюға əз ір екендігіне баға берілді.

Мұражайда болып қайттыЭ.КӨПТІЛЕУОВА, Атырау облысы

ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДАНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ – АСТА-НА!» АТТЫ АКЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

Эпизоотия салдарымен күрес пысықталды

Қ.КӨПБАЕВ, Павлодар қаласы

МОЙЫЛДЫ КЕНТІНДЕ ЭПИЗООТИЯ НƏТИЖЕСІНДЕ ТУЫНДАҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ.

ЖАДЫҢЫЗДА ЖҮРСІН!

Жазыңыз жайлы өтсін десеңіз...

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ