А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі...

17
АҚПАРАТТЫҚ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН 19 20 20

Transcript of А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі...

Page 1: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

АҚПАРАТТЫҚ БУКЛЕТ

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢАТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН

192020

Page 2: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

Құрметті ата-аналар!

Сіздерді өзіңіздің ұлыңыздың/қызыңыздың оқуға түсуімен және республикамыздағы ең жас әрі серпінді дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі – қуатты материалдық-техникалық базасы, сапалы ғылыми-педагогикалық құрамы, көптеген шетелдік әріптестерімен тығыз әрі нәтижелі байланыстары бар Назарбаев Университетінде жаңа оқу жылын баста-уымен шын жүректен құттықтаймын.

Назарбаев Университеті студенттерінің қауым-дастығына оқуға түсу – бұл сіздің балаңыздың еңбегі және сіздің тәрбиеңіздің, өмірдегі белсенді ұстаны-мыңыздың, қажырлы еңбегіңіз бен табандылығы-ңыздың нәтижесі.

Назарбаев Университетінің басты активі және зор мақтанышы болып табылатын Университет студенттерінің жоғары дәрежелі білім алумен қатар тұлға ретінде жан-жақты даму мүмкіндігі бар. Назарбаев Университетінің студенті болу құрметті әрі дәрежелі болумен қатар үлкен жауапкершілікті де жүктейді. Университетте Қазақстанға және бүкіл әлемге барынша тиімді қызмет етуге қабілетті азаматтарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін студенттің әмбебап моделінің қалыптасуы мен дамуына барлық жағдайлар жасалған. Назарбаев Университетінің студенттеріне арнаған сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті: «егер Университет еліміздің жоғары оқу орындары үшін үлгі болып табылса, онда оның әр студенті өзінің барлық құрдастары үшін жарқын үлгі әрі біздің ғылымымыздың мақтанышы болуы тиіс» деп атап көрсетті.

Балаларыңыздың зияткерлік білім алуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз, олар Назарбаев Университетінің қабырғасында одан әрі дамуын жалғас-тырады, сондай-ақ олардың болашақ кәсіби және жеке жетістіктерінің берік тұғырына айналады

Құрметпен және ізгі ниетпен, Қадиша Нұрділдақызы Даирова

Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент

Page 3: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

3 |

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРБейімделу аптасы дегеніміз не және ол қай кезде өтеді?Бейімделу аптасы әдетте оқу жылының басында өтеді және жаңадан келген студенттер мен олардың ата-аналарына арналған түрлі таныстыру іс-шараларын өткізу болып табылады.

Назарбаев Университетінің (НУ) Бейімделу аптасының бағдарламасы студенттердің НУ-дағы жаңа өмірге тез және жеңіл бейімделуіне мүмкіндік береді және Университеттегі өмірмен, ережелермен және оқу процесінің ерекшеліктерімен, оқытушы- профессорлар құрамымен танысуды және басқа да қызықты іс- шараларды қамтиды.

Ата-аналар бейімделу аптасына қатыса ала ма? Бейімделу аптасы кезінде жатақханада ата-аналарға орын бөліне ме?Біз ата-аналарды Бейімделу аптасының бірінші күніне қатысуға шақырамыз, бұл студенттермен жұмыс істейтін НУ бөлімшелерінің ақпараттық сессиясын қамтиды.

Бейімделу аптасын өткізу кезінде студенттердің ата-аналарына жатақханада орындар берілмейді.

Студенттің НУ кампусының аумағында тұруы міндетті ме?Кампустың аумағында тұру міндетті емес. Студенттер кампуста да, сондай-ақ одан тыс жерлерде де тұра алады.

Жатақханада тұру талаптары қандай?НУ студенттердің жатақханада жайлы тұруы және сабаққа дайындалуы үшін барлық жағдайды жасайды. НУ жатақханаларында тұру ақылы болып табылады. Бөлме 4 адамға арналған және барлық қажетті заттармен толық жабдықталған. Әр студентке төсек орны, шкаф-гардероб, тумбочка, ілгіштер, жалюзи, ортопедиялық матрац қарастырылған. Студенттер жатақханасының әр қабатында студентке өзі тамақ әзірлеп алу үшін ас бөлмесі бөлінген. Әр бөлмеде жуынатын бөлме бар.

Жатақхананың алғашқы екі қабатында студенттердің белсенді демалуына арналған алаң бар, онда студенттерге бейне және теледидар бағдарламаларын көруге, музыкамен айналысуға, би билеуге және үстел теннисін ойнауға жағдай жасалған.

Сонымен қатар, жатақханада студенттер үшін медициналық орталық, дәріхана, дәмхана, шағын-маркет, кір жуу, химиялық тазалау, төлем терми-налдары жұмыс істейді.

Жатақханада студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ID-карталармен өткізу тәртібі орнатылған. Студенттердің қонақтарына да ID-карталар беріледі. Қонақтарға ID-карта алу үшін жеке куәлігі болуы керек.

Жатақханада тұратын студент болмағанда қонақтар-ға жатақханаға кіруге болмайды.

Келу уақыты: жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 8.00-ден 23.00-ге дейін. Жатақханада тұру ере-желерімен НУ-ға келгенде таныса аласыз.

Студенттерді жатақханада орналастыру қандай қағидат бойынша жүргізіледі?Жатақханадағы студенттерді орналастыруды және бөлмелерді бөлуді Студенттік істер жөніндегі депар-тамент жүргізеді. Студент орындарды бөлу кезінде берілген бөлмеге орналасуға тиіс.

НУ-да ата-аналар қонаққа келген жағдайда оларды кампусқа орналастыру қарастырылған ба?Студенттердің ата-аналары НУ кампусындағы қонақүйге орналаса алады. Орындардың болуы, тарифтер және брондау туралы ақпаратты +7 (7172) 70-58-40 телефоны, reception21@ nu.edu.kz электрон-дық поштасы арқылы алуға болады.

Балама поштамен сәлемдеме жіберу үшін қандай пошта мекенжайын көрсету қажет?Егер Сіздің балаңыз НУ кампусының аумағында тұратын болса, онда Сіз келесі пошта мекенжайын көрсетесіз: 010000, ҚР, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай Батыр даңғ., 53, блоктың, бөлменің нөмірі; студенттің ТАӘ және студенттің сәйкестендіру нөмірі.

Менің балам қай жерде тамақтанады?Студенттерге арнайы тамақтану жоспары ұсыны-лады, оған сәйкес олар студенттік жеңілдікпен белгі-ленген ай сайынғы төлеммен асханадан тамақта-нады.

Page 4: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

| 4

Асхана заманға сай жабдықтармен жабдықталған. Кәсіби аспазшылар күн сайын табиғи және жоғары сапалы өнімдерден жаңа піскен тағамдар дайын-дайды.

Студенттік асханадан басқа, Университеттің кампусында дәмханалар мен шағынмаркеттер бар. Сонымен қатар, студенттер ас бөлмеде өздері тағам әзірлей алады.

Студенттердің НУ кампусының аумағында тұру жағдайы қаншалықты қауіпсіз?Кампустың аумағы, оның ішінде жатақханалар тәулік бойы күзетіледі. Университет кампусының аумағына кіру рұқсаттама арқылы жүргізіледі. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Университеттің әрбір блогында бейне бақылау орнатылған. Өрт қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді.

Оқу корпустарының бөлмелерінде, жатақханаларда, спорт және басқа да ғимараттарда төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында НУ-дың жауапты бөлімшелері Университеттің персоналы мен студенттеріне оқу жаттығулары мен нұсқамалық шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады.

Жалпы, кампустың аумағында қылмыстың және құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Университет елеулі жұмыстар атқарып отыр, алайда біз НУ-дың барлық студенттерін кампустың аумағында және одан тыс жерлерде өздерінің қауіпсіздігі үшін жауапты болуға және өзі байқаған құқық бұзушылықтар туралы НУ-дың қауіпсіздік қызметіне уақтылы хабарлауға шақырамыз.

Егер балам бөлмеде бірге тұратын көршісімен жанжалдасып қалса, кімге өтініш білдіру керек?Көршілермен кикілжің жағдаяттары және жатақханада тұруға байланысты проблемалар туындаған жағдайда студент Студенттік істер жөніндегі департаментке өтініш білдіруі керек.

Студентке кампуста медициналық қызмет көрсетілуі үшін не істеу керек?Кампуста студентке медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және ТМККК шеңберінде БМСК-ні қамтамасыз ету үшін кампустағы University Health Center медициналық орталығына тіркелу қажет.

Студент кәмелетке толмаған жағдайда өтінішке студенттің ата-анасы (немесе қамқоршысы) қол қоюы тиіс. Бұл ретте студенттің тууы туралы куәлігінің (немесе басқа тиісті құжаттың) және ата-анасының

(немесе қамқоршысының) жеке куәлігінің көшірмелері қоса беріледі. Бұдан басқа, оқу басталғанға дейін Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі департаментіне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін барлық талап етілетін құжаттар тапсырылуы тиіс: 086-у нысаны (флюорографиямен), 063 нысаны (егу картасы), наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар. Жаңа студенттерді қабылдау кезінде ақпараттық сессиялар өткізіледі, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету мәселелерінің жағдайы мен егжей-тегжейі жайлы хабарлама жасалады.

Балам ауырып қалса, бірінші кезекте оған қайда бару керек?Университеттің аумағында БМСМК және медициналық сақтандыру бағдарламалары бойынша қызметтер көрсетуді қоса алғанда, амбулаториялық-емханалық қызметтер көрсететін University Health Center медициналық орталығы жұмыс істейді.

Студенттерге ауырып қалған жағдайда немесе шұғыл медициналық көмек қажет болса, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетудің барлық мәселелері бойынша ақпарат алу үшін жұмыс күндері сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін кампуста 24-25 блоктағы медициналық орталығына мына телефондар арқылы хабарласу керек: +7 (7172) 69 26 16 69 26 немесе студенттерге берілген медициналық пластикалық карточкада көрсетілген сақтандыру компаниясының Call- орталығына қоңырау шалу керек. Сағат 20:00 кейін демалыс және мереке күндері 11-блоктағы медициналық орталыққа медициналық көмекке жүгінуге болады. Ол жұмыс күндері сағат 20.00-ден 8.00-ге дейін, сондай-ақ мереке және демалыс күндері кесте бойынша жұмыс істейді.

Шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда 103 телефоны арқылы жедел медициналық көмек көрсету бригадасын шақыруға болады.

Университетте психолог бар ма? Қандай жағдайларда және қандай мәселелер бойынша оған өтініш білдіруге болады?Университетте студенттерге кәсіби консультациялық және психотерапиялық көмек көрсететін Психологиялық консультация орталығы жұмыс істейді.

Университеттің студенттері психологтан тегін және жеке консультация алады және қажет болған жағдайда психотерапия курсынан өтуіне болады.

Page 5: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

5 |

Студенттер кез келген өзекті мәселелер бойынша психологқа өтініш білдіре алады.Мысалы:

• емтихан алдындағы стресс, өз күшіне сенбеушілік;

• эмоциялық тұрақсыздық (қорқыныш, фобиялар, беймазалық, депрессия, агрессия);

• күйзеліс жағдайлары (ата-анасының айырылысуы, жақын адамдардың қайтыс болуы, ауыр сырқат және т.б.);

• адамдар арасындағы жанжалдар;• ұйқының бұзылуы және т.б.

Университетте студенттер психология бойынша білім алатын және мақсатты болжау қағидаттарын, тайм-менеджментті, өзін-өзі реттеу және өмір сапасын арттыратын басқа да дағдыларды іс жүзінде пайдалану тәжірибесін қолдануды үйренетін тренингтер мен семинарлар тұрақты түрде өткізіледі.Егер сіз балаңыз үшін алаңдасаңыз немесе сұрақтарыңыз болса, сіз алдын ала телефон немесе электрондық пошта арқылы кездесуді тағайындап, мамандардан кеңес ала аласыз.

Студенттерді университет алдындағы дайындау бағдарламасы дегеніміз не?

Студенттерді университет алдындағы дайындық бағдарламасы (NUFYP) – бұл «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Мектептеріндегі бакалавриат бағдарламасына түсу үшін студенттерді университет алдындағы дайындық бағдарламасы бойынша оқытудың жеделдетілген бір жылдық курсы.

Оқу бағдарламасы аясында студенттер академиялық ағылшын тілін меңгеру дағдыларын жетілдіреді және математика саласындағы білімдерін қалыптасты-рады. Курс студенттердің өз бетінше оқу және ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сыни ойлау дағдыларын нығайтуға, сондай-ақ бакалавриат бағ-дарламасында қолданылуы мүмкін бизнеске кіріспе, жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, химия, биология және физика сияқты негізгі пәндер бойынша білім беруге бағытталған.

Курстың ұзақтығы 1 академиялық жылды (2 семестрді) құрайды. Курс 6 пәннен тұрады, оның екеуі (академиялық ағылшын тілі және математика) барлық оқу бағыттары үшін міндетті болып табылады, 2 семестр бойы оқытылады. Қалған 4 пән таңдап алынған оқу бағытын ескере отырып, таңдау бағыты бойынша әзірленген және тиісті салалардағы құзыретті қалыптастыруға бағытталған.

Page 6: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

| 6

Қорытынды аттестаттаудан табысты өткен және өтпеген білім алушыларға оқудан өткендігі туралы сертификат беріледі. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Мектептерінде әрі қарай білімін жалғастыру үшін білім алушы әрбір Мектепте белгіленген ең төменгі критерийлерге сәйкес болуы тиіс.

Кредиттік оқыту жүйесі дегеніміз не?Университетте білім беру бағдарламасы элементтерінің (курс/пәндер/модульдер) көлемін өлшеу үшін ECTS (Кредиттерді аударудың және жинақтаудың еуропалық жүйесі) сынақ бірліктері қолданылады.

Сынақ бірлігі орташа статистикалық тұрғыда студенттің бағдарламаны меңгеруі және тиісті біліктілікке ие болуы мен оқу нәтижелерін игеруі үшін қанша уақыт жұмсауы тиіс екендігін көрсетеді.Студент жалпы саны кемінде 24 ECTS кредиттер және 36 ECTS кредиттерден астам емес пәндерге тіркеле алады, бұл бір семестрде 4-6 пәнді құрайды. Студент төрт оқу жылы ішінде кемінде 240 ECTS кредиттерді жабуға тиіс.

Бір ECTS кредит 25–30 оқу сағатына тең. «Оқу сағаттары» деген ұғым лекцияларды, практикалық сабақтарды, семинарларды, оқу практикаларын, студенттің өзіндік жұмысын (әдебиетті оқуды, жазбаша жұмыстардың жобаларын дайындауды, емтихандарды тапсыруға дайындықты) қамтиды.

«Оқу сағаттары» деген ұғым лекцияларды, практикалық сабақтарды, семинарларды, оқу практикаларын, студенттің өзіндік жұмысын (әдебиетті оқуды, жазбаша жұмыстардың жобаларын дайындауды, емтихандарды тапсыруға дайындықты) қамтиды.

НУ Бакалавриат бағдарламасының ұзақтығы қандай? Бакалавриат бағдарламасын аяқтау үшін қанша кредиттік сағаттар жинау қажет?Университет Мектептері үш академиялық кезеңді қамтитын академиялық күнтізбеге сәйкес жұмыс істейді, олар – күзгі, көктемгі және егер ұсынылған болса, жазғы семестрлер. Жазғы семестр әр Мектеп жеке белгілейтін талаптарда ұсынылуы мүмкін.

Мақсаты студенттерге бағдарламаның талаптарына бейімделуге көмектесу болып табылатын Бейімделу аптасы күзгі семестрдің басында өтеді. Күзгі және көктемгі семестрдің ұзақтығы 14 аптаны, 1 апта каникулдар мен семестрлік емтихандар кзеңін құрайды.

Бакалавр дәрежесін алу үшін студенттерге әрбір Мектептің талаптарына сәйкес кредиттердің нақты санын жинау қажет (орта есеппен алғанда 240 ECTS кредиті). Әдетте, қойылатын талаптарға міндетті түрде оқытылатын және элективті (таңдау бойынша) пәндердің тізімі мен жинауға қажетті кредиттердің ең төменгі саны кіреді. Талаптар әдетте оқытылуы тиіс және кредиттердің ең төменгі санын алу қажет, міндетті және элективті (таңдауы бойынша) пәндер тізімінен тұрады. Студентке оқуға түсу кезінде қолданылатын, мамандығы бойынша талаптармен нұсқаулық беріледі.

Page 7: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

7 |

НУ-да студенттердің қазақ тілін үйренуіне қаншалықты көңіл бөлінеді?Университетте қазақ тілін, әдебиетін және мәдениетін оқытуға арналған арнайы бағдарлама әзірленген. Ең үздік қазақстандық және шетелдік оқыту әдістемелерін қамтитын бағдарлама Университеттің әрбір студентіне қазақ тілі мен мәдениеті туралы білімін дамытуға мүмкіндік береді. Қазақ тілін меңгеру студенттерге білім берудің жалпы талаптарының бір бөлігі болып табылады.

Университетті бітіргені туралы диплом алу үшін студент қазақ тілі пәні бойынша 12 ECTS кредит алуы тиіс.

Сонымен қатар, Университеттің әрбір студенті «Қазақстан тарихы» пәнін оқуы тиіс. Пән студенттің таңдауы бойынша қазақ немесе ағылшын тілінде оқытылады. Пәннің бағдарламасы отандық тарихты терең зерттеуді қамтиды және студенттердің Қазақстан тарихына деген ғылыми көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.

Grade Point Average (GPA) дегеніміз не?Бұл АҚШ-тың көптеген колледждері мен университеттерінде және кейде Еуропада пайдаланылатын студенттердің академиялық жетістіктерін бағалау жүйесі, ол бойынша бағалау кезеңі аяқталған соң берілген әріптік бағалар сандық көрсеткіштерге өзгертіледі. НУ-да GPA 4 балдық шкала бойынша есептеледі. Студенттің GPA ағымдағы оқу кезеңі ішіндегі кредиттердің жалпы санына әрбір пән бойынша алынған балдың сандық эквивалентіне кредиттердің көбейтілген сомасының арақатынасы болып табылады.

Студенттерге каникул уақытында үйлеріне бару және кері қайту жолақылары төлене ме?Бакалавриат студенттері жылына екі рет, қысқы және жазғы каникул кезінде 4 еселенген АЕК мөлшерінде жол жүру өтемақысын алатын болады. Дайындық орталығының білім алушылары жылына бір рет, қысқы каникул кезінде 4 еселенген АЕК мөлшерінде жол жүру өтемақысын алатын болады.

НУ студенттерінің «Назарбаев Университеті» стипендиясының мөлшері қандай? Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес Университет алдындағы дайындық бағдарламасының тыңдаушыларына берілетін «Назарбаев Университеті» стипендиясының мөлшері 17 807 теңгені құрайды. Тыңдаушыларға бұл стипендия оқытудың барлық мерзіміне тағайындалады және ай сайын төленеді.

Бакалавриат бағдарламасының студенттеріне берілетін «Назарбаев Университеті» стипендиясы 20 949 теңге, жоғарылатылған стипендия – 24 091 теңге.

Магистратура бағдарламасының студенттеріне берілетін «Назарбаев Университеті» стипендиясының мөлшері – 100 000 теңге.

Оқытудың бірінші семестрінде «Назарбаев Университеті» стипендиясы бакалаврлар мен магистранттарға шартсыз тағайындалады және ай сайын төленеді.

Page 8: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

| 8

Оқытудың келесі семестрлерінде бакалаврлар мен магистранттарға «Назарбаев Университеті» стипендиясы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша «Назарбаев Университеті» стипендиясын тағайындау және төлеу критерийлеріне сәйкес тағайындалады. Бұл ретте маңызды критерийлердің бірі – студенттердің оқу бағдарламасына байланысты GPA-ның белгілі бір мәніне қол жеткізуі.

«Академиялық үлгерім» дегеніміз не?Әрбір семестр аяқталғанда орташа баға (GPA) есептелінеді және студенттің академиялық үлгерімі анықталады:

• Қанағаттанарлық академиялық үлгерім. Жалпы және семестрлік GPA 2.00-ге тең немесе одан астам (ең жоғары балл 4.00), студенттің академиялық үлгерімі қанағаттанарлық.

• Академиялық ескерту. Егер семестрішілік есептерден кейін семестрдің соңында академиялық сынақ мерзімін тағайындау қажет болса, студент академиялық ескерту алады.

• Академиялық сынақ мерзімі. Жалпы және/немесе семестрлік GPA (кемінде 2.0) негізінде қанағаттанарлық академиялық үлгерімге қол жеткізбеген студентке академиялық сынақ мерзімі тағайындалады.

«Шартты мәртебе» дегеніміз не?Университет алдындағы дайындық бағдарламасынан бакалавриат бағдарламасына ауысу кезінде студентке шартты мәртебе (сonditional) берілуі мүмкін.

Бұл мәртебені алып тастау үшін бірінші семестрдің соңында студентке 2.00-ге тең немесе одан астам GPA алу қажет.

Плагиат дегеніміз не?Студенттік плагиат дегеніміз студенттің ақпарат көзіне сілтеме жасамай, қағаз бетінде және электрондық тасымалдағышта жарияланған бөтен мәтінді жазбаша жұмысында пайдалануға байланысты студенттің НУ-да белгіленген академиялық нормалар мен ережелерді бұзуы болып табылады.

Интернеттің пайда болуына байланысты плагиат елеулі проблемаға айналды. Кейде студенттер интернеттен тұтастай абзацтар мен беттерді көшіріп алады да ақпарат көзіне сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысын өзінің еңбегі ретінде көрсетеді.

Осындай бұзушылық елеулі академиялық теріс қылық болып табылады, бұл үшін студентті Университеттен оқудан шығару сияқты жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.

Page 9: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

9 |

Қандай себептер бойынша студент НУ жатақханасынан шығарылуы мүмкін?Студентті Университеттің жатақханасынан шығару үшін негіздемелер:1. студенттің дұрыс жазылмаған, қолдан жасалған немесе жалған мәліметтерді, жатақхана беру үшін негіз болып табылатын құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда;2. ауыру себебінен анықтама ұсына отырып, болмаған және/немесе форсмажорлық жағдайларды, аралық каникулдарды, семестр аяқталғанда каникулдарды немесе басқа да сабақта болмау себептерін қоспағанда, Университетті және Мекемені алдын ала хабардар етпей, қатарынан күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде студенттің жатақханада болмау жағдайы;3. Мекеменің бастамасымен Шартты бұзуға әкелетін, соның ішінде мынадай тармақтарды қамтитын Шарт бойынша міндеттемелерді студент орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда:А) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың, сондай-ақ Өрт қауісіздігі талаптарының сақталмауы және мекеме белгілеген нысан бойынша тиісті Жадынамаларға қол қоюдан бас тарту;Б) жатақханада техникалық құралдардың, электр-тұрмыстық жабдықтардың тиісінше пайдаланылуын қамтамасыз етпеу;В) басқа біреулерге, соның ішінде басқа студенттерге жатақханада орын және/немесе бөлме беру;Г) басқа адамдарға ID-картаны және/немесе жатақханадағы бөлме кілтін беру;Д) өз бетінше көшу, сондай-ақ қабылдау-тапсыру актісі бойынша берілген мүлікті жатақхананың бір бөлмесінен басқа бөлмесіне көшіру және/немесе шығару;Е) алкогольді, құрамында спирт бар ішімдіктерді әкелу, сақтау және/немесе пайдалану, уытты немесе есірткі құралдарын тарату, сақтау және/немесе пайдалану, алкогольді, есірткі немесе уытты заттарды пайдаланудың нәтижесінде мас болу жағдайы және қолданыстағы заңнамамен жауапкершілік көзделген өзге де әрекеттерді жасау; Ж) жатақханада және оның аумағында темекі және басқа да заттарды шегу (сигарет, трубка, кальян).

Студент НУ-дан қандай себептер бойынша оқудан шығарылуы мүмкін?Студентті Университеттен оқудан шығаруға негіз болатын себептер:

1. ақылы негіздегі білім алушының оқу төлемінің талаптарын бұзуы;2. оқуға қабылдау кезінде көрінеу жалған құжаттарды немесе мәліметтерді ұсынуы;3. дәлелді себептерсіз сабақтардың белгілі бір санына қатыспауы;4. GPA және/немесе СGPA ең төменгі деңгейіне сай болмауы;5. бағдарлама бойынша білім алуын жалғастыру үшін қажетті талаптарды орындамауы;6. Университеттегі Студенттердің мінез-құлық кодексі мен тәртіптік рәсімдерінде көзделген негіздер бойынша;7. ішкі қағидаларды және/немесе Университетке қабылдауды, білім алушыларға арналған нұсқаулықты қоса алғанда, Университетте білім беру процесін ұйымдастыруды реттейтін Университеттің кез келген басқа да ішкі құжаттарын бұзуы;8. кредиттердің ең төменгі санының тіркелмеуі;9. оқудың бірінші аптасының соңында қандай да бір пәнге тіркелмеу;10. дәлелсіз себеп бойынша академиялық демалыстан шықпау;11. шартты түрде оқуға қабылданған жағдайда білім алуды жалғастыруға арналған талаптарды орындамау;12. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Университеттің ішкі құжаттарында көзделген өзге де себептер.

Page 10: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

| 10

НУ өз түлектерінің жұмысқа орналасуына қалай көмектеседі?НУ-да Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы (бұдан әрі – МКБО) 2012 жылдан бастап өз қызметін жүзеге асырады. Орталық студенттерді кәсіби дамыту, оларды кәсіби ортаға дайындау, сондай-ақ студенттермен, түлектермен, ата-аналармен, жұмыс берушілермен, Мектептермен және жалпы Университет қауымдастығымен тығыз әріптестік қарым-қатынас құру және ілгерілету үшін мансап қызметтерін ұсынады.Орталық студенттерді кәсіби дамытумен және еңбек қызметіне дайындаумен айналысады, кәсіптік практика ұйымдастыру, жұмыс берушілердің қатысуымен әртүрлі іс-шараларды, кәсіпорындарда экскурсиялар және т.б. өткізу арқылы түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Бос лауазымдарды тиімді іздеу және әртүрлі мансаптық іс-шараларға тіркелу үшін студенттер CAC CareerNet атты мансап онлайн порталын пайдалана алады. Порталда тіркелген студенттер мен түлектер ірі компаниялардың профиліне, өзекті бос лауазымдарға және мансаптық кеңес беру сессияларына жазылуға рұқсат алады.Жұмыс берушілер порталда ашық бос лауазымдарды орналастырады, олар тіркелген студенттер мен түлектердің түйіндемелерін одан әрі жұмысқа жалдау үшін қарайды.Орталықта сондай-ақ мансап және кәсіби кеңес беру бойынша жеке сессиялар өткізіледі. Сессия барысында студенттер түйіндеме жазу, сұхбаттасудан өту, мансап жолын жоспарлау мен табысқа жету мәселелері бойынша жауап алады.

НУ-да әлеуетті жұмыс берушілерді тарту бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? Компанияларға кәсіби және жауапты қызметкерлер қажет, студенттер кәсіби және мансаптық дамуға мүмкіндік беретін жұмыс берушілерге мүдделі болады.

Орталық түлектердің лайықты жұмыс табуы, ал компаниялар кәсіби біліктілігі және жеке дағдылары бар мамандарды жұмысқа алу үшін қазақстандық, сол сияқты халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатады. Осы ынтымақтастық аясында жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру семиналары, сұхбаттасу, компаниялардың презентациялары және т.б. сияқты әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. НУ түлектері білім беру және ғылым, өндіріс, мемлекеттік сектор, қаржы, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, энергетика, құрылыс және т.б. салаларда жұмыс істейді және жұмыс беруші компаниялар тізімі жыл сайын кеңейтіледі. Көптеген түлектер стартаптарды және өз бизнес-жобаларын сәтті іске қосты.

НУ-да студенттік практика қалай ұйымдастырылады?Әдетте студенттік практика жаз айларында өтеді. Студенттерге практикадан өту мүмкіндіктері CAC CareerNet платформасы арқылы жіберіледі, бұдан кейін олар қажетті құжаттарын тапсырады және тестілеу мен әңгімелесуді қамтуы мүмкін конкурстық іріктеуден өтеді. Практикадан өту мәселесін талқылау іріктеу ресімінен кейін жеке негізде өткізіледі. Практика компания қоятын талаптарға сәйкес ақылы немесе ақысыз болуы мүмкін. Кредиттік практикадан өту кезінде Мектептер күнделікті және қорытынды есептер мен тәлімгерлердің, студенттердің пікірлері бойынша студенттің дамуына мониторинг жүргізеді. Практика аяқталғанда студенттер мен олардың тәлімгерлері арнайы сауалнамаларға жауап береді, бұл практиканың ұйымдастырылу сапасы мен студенттердің дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Page 11: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

11 |

• Академиялық үлгерімнің жоғары көрсеткіші (GPA);

• «Conditional» мәртебесінің болмауы (шартты мерзімде) немесе «Probation» (Сынақ мерзімі);

• Үміткердің жасы 18 және одан астам болуы тиіс.

• Мектеп немесе қабылдайтын тарап қоятын басқа да талаптар.

Оқу кезеңінде кәсіби практикадан өтудің артықшылығы неде?Бұл студенттерге таңдаған мамандығы бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге, жұмыс ұжымына сіңіп кетуге, мамандармен араласуға және әлеуетті жұмыс берушілермен кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік береді. НУ студенттері Қазақстандағы, сол сияқты шетелдегі компанияларда практикадан өту мүмкіндігіне ие болады. Осылайша, осы жазда біздің студенттер АҚШ, Корея, Жапония, Германия, Франция, Ресей, Сингапур және Ұлыбритания елдерінде практикадан өтті.

НУ студенті бола тұра, шет елде қысқа мерзімді бағдарламаларға қатысуға бола ма (1 аптадан 1 академиялық жылға дейін)?:Болады. Ағылшын тілін жоғары деңгейде білу және шетелдік әріптестердің болуы НУ студенттеріне алмасу бағдарламаларын (Эразмус+, әріптес ЖОО, стратегиялық әріптестер), шетелдегі жазғы семестрді, жазғы мәдени бағдарламаларды қамтитын шетелдік академиялық және мәдени оқу бағдарламаларына ойдағыдай қатысуға мүмкіндік береді.

«Шетелде оқу» бағдарламасына (Study Abroad and Exchange Programs) кім қатыса алады?Университет бағдарламаға қатысушылар үшін келесі талаптарды қояды:

Студенттік үкімет дегеніміз не?Университеттің студенттік үкіметі – студенттердің өзін-өзі басқарудың жоғары органы, сондай-ақ оқу және оқудан тыс қызметпен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған студенттердің бастамаға толы бірлескен қызметі. Студенттік үкімет Университет әкімшілігі және басқа да кез келген ұйымдар алдында студенттердің мүддесін білдіреді, сондай-ақ студенттердің қоғамдық мәнге ие бастамаларын іске асырады, студенттер ортасында тәрбие жұмыстарына, демалысты, спорт пен бос уақытты ұйымдастыруға көмектеседі. Студенттік үкімет өз қызметінде заңдылық, жариялылық, ашықтық, өзін-өзі басқару және еріктілік қағидаттарын басшылыққа алады.

Студенттік үкіметті мерзімі 1 (бір) академиялық жылға НУ студенттерінің дауыс беруі арқылы сайланатын Президент басқарады. Президент өз кезегінде Студенттік Үкіметтің негізгі бағыттарына мүшелері жетекшілік ететін министрлер кабинетін қалыптастырады.

НУ студенттері бос уақытын қалай өткізеді?НУ студенттердің демалысын ұйымдастыру үшін барлық жағдайларды жасайды.

Кампус аумағында спорт кешені және атлетикалық орталық бар. Мұнда НУ студенттері мини-футбол, баскетбол, волейбол, жүзу, құзға шығу және т.б. секілді ойындарды өткізе алады.

Университетте сонымен бірге интеллектуалды даму, ғылыми-зерттеу, шығармашылық, ойын-сауық, мәдениет, өнер және спорт саласындағы 200-ден астам студенттік ұйымдар мен клубтар жұмыс істейді.

Студенттік ұйымдарға кіру студенттерге жаңа достар табуға, дағдылар мен қабілеттерін дамытуға, таланттарды ашуға және білімдерін тереңдетуге, топтарда жұмыс істеуге, мақсаттарды айқындауға және оларға қолжеткізуге, уақытты үнемді пайдалануға және сауығуға мүмкіндік береді.

Page 12: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

| 12

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР

БейімделуСтуденттің НУ-дағы жаңа студенттік өмірге бейімделу кезеңі әртүрлі болуы мүмкін. Егер студенттердің кейбіреуі жеңіл және тез бейімделсе, ал кейбіреулеріне бейімделу кезеңі қиындықтар туғызады. Атап айтқанда, студент өз үйін сағынады, жаңа достарына үйренісе алмайды немесе оқи алмаймын деп күйзеледі, климатқа үйренбеу де мүмкін және т.б.

Балаңызбен ұдайы хабарласып отырыңыз. Онымен сөйлесіңіз, Университеттегі студенттік өмір туралы сұраңыз, әрдайым қолдау көрсетіңіз және көңілін көтеріңіз. Осы арқылы ол өз үйінің сүйіктісі екенін және үйдегілердің оны әрдайым күтетінін білетін болады.

Жаңа ортаға бейімделу кезеңінің ерекшеліктері туралы ұлыңызға/қызыңызға түсіндіріп қойыңыз. Осы жағдайдың уақытша екендігі және жақын арада барлығының өз орнына келіп, жақсы болатындығы туралы айтыңыз.

Университетте студенттерге қиын уақытта олардың проблемаларын шешуге көмек көрсетуге дайын қызметтердің жұмыс істейтіні туралы және оларға ұялмай өтініш білдіруге болады деп ескертіңіз.

Оқудағы қиындықтарАстана – заманауи, әсем және өркендеп келе жатқан қала. Осында алғаш рет келгенде студенттер түрлі ойын-сауық шараларын бірінші орынға қояды да, оқуын нашарлатып алады. Кей жағдайларда ата-аналар баласының нашар үлгерімі туралы кеш біледі. Осындай жағдайларды болдырмау үшін:

• өз балаңыздан оқу үлгерімі, жетістіктері туралы ұдайы сұрап отырыңыз;

• оқуда қиыншылық болған жағдайда, тікелей пән оқытушысына өтініш білдіруге кеңес беріңіз. НУ-дың әрбір оқытушысы «офистік сағат» уақытында студенттерді қабылдайды, оларға көмек көрсетеді.

Денсаулыққа қатысты проблемаларАуру-сырқаудан аман болу, созылмалы аурулардың алдын алу үшін балаңыздың қажетті медициналық тексерістен уақтылы өтіп отыруын қадағалаңыз.

Балаңыз ауырып қалса және Университеттің медперсоналына дәрігерлік көмек алуға бармаса, дереу медициналық орталыққа бару қажет екендігін және өзін-өзі емдеуге болмайтынын түсіндіріңіз.

Балаңыздың жақын достары мен бөлмеде бірге тұратын балалардың байланыс телефондарын жазып алыңыз.

Астананың климатын ескере отырып (ызғарлы және қарлы қыс, қатты жел, жаңбыр, құбылмалы ауа райы) балаңызға жылы киіну қажеттігі туралы және қыстыгүні (қатты суықта) кампустан тыс жерге шықпауға кеңес беріңіз.

Қауіпсіздік

Көптеген балалар Астанаға НУ-да оқу үшін кішкентай қалалар мен ауылдардан келеді. Ірі қалалардың тұрғындарына қарағанда, олар қандай да бір қауіпсіздік шараларын қолдануға машықтанбаған. Осыған орай, оларға мұқият болуды, бөлмеден далаға шыққанда және ұйықтар алдында есік пен терезелерді кілтке жауып отыруды, сондай-ақ ірі ақша сомасын өздерімен алып жүрмеуді және көрінетін жерде қалдырмауды түсіндіріңіздер.

Астана – біздің Республикамыздың елордасы, еліміздің бас қаласы. Қала басшылығы тұрғындар мен келген қонақтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге бар күшін салады. Мемлекет тарапынан қолданылып жатқан қауіпсіздік шараларымен бірге әрбір адам көшеде, ғимараттарда сақтық шараларын сақтаулары тиіс. Осыған орай, студенттерге қалада түнгі уақытта жүрмеуді, күдікті адамдарға сенім білдірмеуді және олармен қарым-қатынас жасамауды тағы да естеріне салу артық болмайды.

Page 13: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

13 |

Page 14: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

| 14

СТУДЕНТТЕРМЕН ТІКЕЛЕЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН НУ-дың НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ

Студенттік істер жөніндегі департамент

Студенттік істер жөніндегі департамент (DDT) студенттердің өміріне қатысты стратегиялық саясаттарды әзірлеуге және дамытуға бағытталған алдыңғы қатарлы құрылымдық бөлімше болып табылады. DDT Студенттік үкімет пен ұйымдардың іс-шараларына, соның ішінде күнделікті студенттік істерді басқаруға, Университет әкімшілігімен және университеттің мектептерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. DDT қызметкерлері НУ оқытушыларымен және студенттерімен жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған, сыныптан тыс, әртүрлі зияткерлік және шығармашылық бағдарламаларды ұйымдастыру саласындағы оқытушылармен және студенттермен тығыз қарым-қатынас жасайды.

Асхат Орымбайұлы БекжановДиректорТел.: +7 (7172) 70 60 85E-mail: [email protected]

Бахтияр РахимовБас менеджерТел.: +7 (7172) 70 90 26E-mail: [email protected]

Қасымхан Нұрмұхамедов Аға менеджерТел.: +7 (7172) 70 65 75E-mail: [email protected]

Қаламкас СағадиеваМаманТел.: +7 (7172) 69 27 38E-mail:[email protected]

Регистратор офисі

Сайт: http://registrar.nu.edu.kz/E-mail: [email protected]Тел: +7(7172) 70 65 29

Регистратор офисі – студенттердің деректер қорына жауапты, сондай-ақ оқу үрдісін ұйымдастырып, бақылайтын академиялық департамент. Регистратор офисі студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге және Университет қауымдастығына тиесілі және уақтылы қызмет көрсетеді.

Офистің негізгі міндеттері:1) Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес

оқу процесін қамтамасыз ету және бақылау;

2) Барлық студенттердің электрондық деректер қорын жүргізу және жаңарту;

3) Студенттердің жеке файлдарының мұрағатын жүргізу, жаңарту және сақтау;

4) Оқу кестесін және пәндерге тіркелуді қамтамасыз ету;

5) Оқу бітіру рәсімін дайындау және ұйымдастыру;

6) Деректер мен статистиканы беру.

Page 15: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

15 |

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы

Сайт: https://cac.nu.edu.kz

Орталықтың негізгі функциялары:

• Университетте оқу процесінің (білім беру семинарлары, тренингтер мен мастер кластар, қонақтардың дәрістері, экскурсиялар) шеңберінде студенттердің Кәсіптік дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;

• Университет студенттеріне қызмет саласын таңдауға және кейіннен мансабын дамытуға, еңбек нарығындағы мінез-құлыққа байланысты мәселелер бойынша кеңес беру;

• Университет студенттеріне оқу процесі кезеңінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мәселелері бойынша кеңес беру;

• Университет сстуденттері мен түлектері үшін кәсіптік практика мен тағылымдама ұйымдастыру;

• Түлектерге арналған уақытша, тұрақты жұмыс пен тағылымдаманы қоса алғанда, өзекті бос лауазымдар базасын қалыптастыру;

• Шетелдіктерді қоса алғанда, әлеуетті жұмыс берушілер мен үміткерлердің деректер қорын қалыптастыру;

• Орталықтың сайтында және мансап порталында (CAC CareerNet) студенттердің, түлектер мен жұмыс берушілердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;

• Университет түлектерінің қауымдастығына бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыруда жәрдемдесу;

• Жұмыс берушілерге жас мамандарды жұмысқа алу бағдарламаларына, Университет студенттері мен түлектеріне арналған мансаптық іс-шараларды ұйымдастыруға және компаниялардың оқу процесіне қатысуына байланысты консультация беру.

Евгения КимДиректорТел.: +7 (7172) 70 90 16E-mail: [email protected]

Әлия БеркімбаеваБас менеджерТел.: +7 (7172) 70 64 31E-mail: [email protected]

Ғайни ЕсембековаАға менеджерТел.: +7 (7172) 70 58 86E-mail: [email protected]

Азель ШайхинаМенеджерТел.: +7 (7172) 70 92 61E-mail: [email protected]

Жанар МахаеваМенеджерТел.: +7 (7172) 70 58 95E-mail: [email protected]

Арайлым СеріковаМаманТел.: +7 (7172) 70 65 38E-mail: [email protected]

Page 16: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

| 16

Bursar’s Office E-mail: [email protected]’s Office басты міндеті - Университет пен студенттер арасындағы қаржы операцияларын мониторингтеу және бақылау, оның ішінде стипендия төлемдері, жол ақысын, студенттік іссапар шығыстарын, сондай-ақ оқу ақысын және басқа да көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу.Ескендір БаядиловБасшыТел. +7 (7172) 70 60 32E-mail: [email protected]

Айсұлу ТүктібаеваАға менеджерТел.+7 (7172) 70 91 99E-mail: [email protected]

Дайындық мектебі (CPS)«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Мектептерінің бакалавриат бағдарламаларына студенттердің оқуға түсуі үшін бір жылдық университет алдындағы жедел дайындық бағдарламасын жүзеге асырады.Балжан БлискельдиноваБас менеджерТел: +7 (7172) 70 59 74 E-mail: [email protected]

Рейчел НикласОқытушыE-mail: [email protected]

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіСайт: http://seng.nu.edu.kz/seng/Сай ФокВице ДеканТел.: +7 (7172) 70 57 26E-mail: [email protected]Динара ИбраеваАкадемиялық мәселелер бойынша аға менеджерТел.: +7 (7172) 69 46 29E-mail: [email protected]Әсел БатыроваМенеджерТел.: +7 (7172) 70 65 10E-mail: [email protected]

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебіСайт: https://smg.nu.edu.kz/Фиделис СуоринениДеканТел.: +7 (7172) 70 90 51E-mail: [email protected]Данияр МалғаждарМенеджерТел.: +7 (7172) 69 45 34E-mail: [email protected]Алтынай ҚажкеноваМаманТел.: +7 (7172) 69 46 [email protected]

Студенттер жатақханасыБахтияр РахимовСтуденттер жатақханалары үйлестірушісі Тел.: +7 (7172) 70 90 26E-mail: [email protected]Юлия ПалкинаСтуденттер жатақханалары үйлестірушісіТел.: +7 (7172) 70 65 57E-mail: [email protected]@nu.edu.kz

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ЖӘГҒМ)Сайт: http://shss.nu.edu.kzЖаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында маманданған бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырады.Дэниел ПьюДекан Тел: +7 (7172) 70 59 10E-mail: [email protected]Дилроба ОмароваСтуденттік істер бойынша үйлестіруші Тел.: +7 (7172) 70 90 13E-mail: [email protected]

Page 17: А ПАРАТТЫ БУКЛЕТ НАЗАРБАЕВ …...2017/08/03  · қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустарының бөлмелерінде,

17 |

Психологиялық консультация орталығы Ерден НұртаевАға психологТел.: +7 (7172) 70 57 35E-mail: [email protected]Ольга ЯковенкаАға психологТел.: +7 (7172) 70 60 74E-mail: [email protected]Руфия ОмароваПсихологТел.: +7 (7172) 70 63 03E-mail: [email protected]Нәзира СауғабаеваПсихологТел.: +7 (7172) 70 64 20E-mail: [email protected]Ольга ЖуравлеваПсихологТел.: +7 (7172) 70 92 77E-mail: [email protected]Темірлан ЕсжановПсихологТел.: +7 (7172) 70 92 88 E-mail: [email protected]Аида ОразалиноваМенеджерТел.: +7 (7172) 70 90 42E-mail: [email protected]

University Health Center / Университеттің денсаулық орталығы

University Health Center (UHC) негізгі міндеті – «Назарбаев Университеті» студенттеріне, қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне алдыңғы қатарлы медициналық практикаға және медициналық көмектің халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттары сәйкес амбулаториялық-емханалық көмек көрсету. UHC «University Medical Center» КҚ РДО-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ыңғайлы болу үшін кампуста 24-25-блоктарда орналасқан. UHC негізгі артықшылықтары мен ерекшеліктері:

UHC-да мынадай медициналық қызметтер көрсетіледі:

o UHC-ге бекітілген НУ студенттері мен қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері үшін бастапқы медициналық-санитариялық қызмет көрсету (БМСК);

o Ерікті медициналық сақтандыру бағдарламалары талаптарына сәйкес ұсынылатын медициналық қызметтер (ЕМС);

o Ақылы негіздегі медициналық қызметтер: медициналық консультациялар, диагностикалық және емдік рәсімдер, медициналық тексерулер және массаж.

Тел.: +7 (7172) 69 26 16, 69 26 06E-mail:[email protected]

1. University Health Center-дің студенттер мен қызметкерлер үшін қолжетімділігі;

2. Медициналық персоналдың біліктілігінің жоғары деңгейі;

3. Медициналық көмектің барлық кезеңдеріне қолжетімділік (БМСК-нің КДП және стационарлық мекемелермен интеграциясы)

4. Жоғары кәсіптік және әлеуметтік бағытталушылық;

5. Әлеуметтік мәні бар аураларды ерте анықтау және аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау;

6. Жетекші шетелдік университеттердің медициналық орталықтарының тәжірибесін енгізу;

7. Медицина мектебінің амбулаториялық-емханалық көмек және отбасы медицинасы қызметтерін көрсету бойынша клиникалық база.

Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі департаментіДенсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі департаментінің (ДСЕҚД) негізгі мақсаты – Назарбаев Университетінде денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмыстарды дамыту, ішкі бақылау және үйлестіру.

Осы мақсатқа сәйкес ДСЕҚД-ның негізгі міндеттері мен функциялары Университетте денсаулық сақтауды және еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесін әзірлеу және енгізу; Университеттің бөлімшелері мен ұйымдарының қатысуымен кешенді шараларды қоса алғанда, Университетте денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; Университет аумағында денсаулық сақтауды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және ішкі бақылау;

E-mails: [email protected] – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша;

health@ nu.edu.kz – студенттерге медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету мәселелері бойынша