Орал өңіріОрал өңіріГазет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚСАЯСИ ГАЗЕТ– 70С
– 12 0С
БЕЙСЕНБІ,11 қаңтар 2018 жыл
№4 (20568)
www.oraloniri.kzwww.facebook.com/oraloniri
Туды Абзал алып шығады 11
www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaik_press www.instagram.com/zhaikpress
www.zhaikpress.kz
Егіндікөл эссесі
1213 16
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты
МӘЛІМДЕМЕСІ
Құдайдан да қорықпайды екен ...
Қымбатты отандастар!Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға тө-
теп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050 жылға дейін-гі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз.
Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бас-тадық.
Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешен-ді іс-шаралар жүргізілуде.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қа-былданды.
Құрметті қазақстандықтар!Бүгін адамзат жаңа өнеркәсіптік рево-
люция дәуіріне аяқ басып отыр. Заманауи технологиялар дүниені өзге-
ріске ұшыратуда. Жаһандық технологиялық ілгерілеушілік-
тер өзімен бірге сын-қатерлерді де, сондай-ақ өсімнің жаңа мүмкіндіктерін де алып келуде.
Бұл – біздің әлемдегі аса дамыған 30 ел-дің қатарына жедел ену үшін тарихи мүм-кіндігіміз.
Менің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауым жарияланды.
Ол елімізді төртінші өнеркәсіптік револю-ция жағдайында дамытуға арналған.
Мен алдымызда жүзеге асыратын 10 не-гізгі міндетті көріп тұрмын.
Енді олардың мәнін қысқаша мазмұндап берсем деймін.
Бірінші. Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
Біздің өнеркәсібімізге еңбек өнімділігінің деңгейін өндірістік процестерді цифрлан-дыру және заманауи бизнес-модельдерді меңгеру арқылы арттыру керек.
Екінші. Ресурстық әлеуетті пайдаланудың тиімділігін айтарлықтай жақсартқан жөн.
Ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу талап етіледі.
Олар алынатын ресурстардың үлесін, оларды қайта өңдеудің ауқымын ұлғайтуға, сондай-ақ өндірістің энергия тиімділігі мен экологиялылығын арттыруға мүмкіндік бе-реді.
Үшінші. Агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керек.
Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімді-лігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс.
Төртінші. Транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыта беру.
Цифрлық технологияларды енгізу мен интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға және
транзиттен түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді.
Бесінші. Құрылыс пен тұрғын үй-комму-налдық шаруашылығында заманауи техноло-гияларды қолдану.
Құрылыстың жаңа тәсілдері, ғимарат-тардың энергия тиімділігіне талаптардың арттырылуы, инфрақұрылымдарды басқа-рудың интеллектуалдық жүйелері қазақ- стандықтардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Алтыншы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
Банк жүйесін сауықтыру шаралары ба-қылауды күшейтумен қоса жүруі және қара-пайым азаматтардың мүддесін ескеруі тиіс.
Банк иелері мен оларды басқаратындар-дың жауапкершілігін айтарлықтай арттыру қажет.
Несиелендіруді кеңейту және қор на-рықтарын дамытуды қамтамасыз ету талап етіледі.
Жетінші. Адами капиталдың жаңа сапасы. Білім беру жүйесінің барлық деңгейі за-
ман шындығы мен экономика сұраныста-рына жауап беруі тиіс.
Бұл арада мұғалім мамандығының беде- лін арттыру керек.
Денсаулық сақтау саласында жаңа тех-нологияларды қолдану аурулардың алдын алу мен емдеуді айтарлықтай жақсартып,
медициналық қызмет көрсетулердің сапасын жоғарылатуы тиіс.
2016-2017 жылдары әлеуметтік төлемдер үш рет арттырылды.
Оның ішінде базалық зейнетақылар 29%-ке, ынтымақты зейнетақылар 32%-ке, ден-саулық сақтау саласы қызметкерлерінің ең- бекақылары 28%-ке дейін, білім беру сала-сы қызметкерлерінің еңбекақылары 29%-ке дейін, мемлекеттік қызметшілердің еңбек-ақылары 30%-ке ұлғайтылды. Бұл үрдіс жал-ғастырылатын болады.
Үстіміздегі жылы әлеуметтік салаға деген бюджет шығындары 12%-ке арттырылып, 4 триллион теңгеден асып түседі.
Базалық зейнетақы жұмыс өтілі ескеріле отырып, орташа есеппен 1,8 есе көбейеді.
Оқу бағдарламаларының жаңартылған мазмұны аясында оқудан өткен мұғалімдер-дің лауазымдық жалақысы біліктілігін дә-лелдеуіне байланысты 30-дан 50%-ке дейін өсетін болады.
Сегізінші. Бұл – тиімді мемлекеттік бас-қару.
Цифрлық технологиялар бизнесті реттеу-ге қатысуды әрі қарай азайтуды жалғасты-руға, мемлекеттік қызмет көрсетулер мен мемлекеттік қолдау сапасын жақсартуға, азаматтар сұранысын толығырақ ескеруге мүмкіндік береді.
Өңірлердің экономикалық еркіндігі мен
жергілікті өзін-өзі басқаруы кеңейтілетін бо-лады.
Тоғызыншы. Заң үстемдігі мен жемқор-лықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып қала береді.
Оныншы. «Смарт Сити» технология-ларын енгізу өсіп келе жатқан қалалардың проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік беріп, олардың инвесторлар үшін тартым-дылығын арттырады.
Бүгінде баршамызға осы он міндетті ше- шу жолында жұдырықтай жұмылу қажет.
Олар Жолдаудың толық мәтінінде егжей-тегжейлі мазмұндалған.
Құрметті қазақстандықтар!Аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл
қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек. Ол үшін Үкімет пен әкімдер кеңінен тү-
сіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа
«цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты.
Осыны әрбір қазақстандық терең түсінуі керек.
Қазақстанның жарқын болашағы жолын-да барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін!
«Егемен Қазақстан»,№6, 10 қаңтар 2018 жыл
Ұрыда ұят, намыс, обал-сауап деген түсінік болмайтыны белгілі. Алайда, олардың харам әрекеттерін Алланың жердегі қасиетті орны – мешітте жасауы, тіптен шектен шыққандық демей не деуге болады?! Соған қарағанда, олар Құдайдан да қорықпайтын болып тұр ғой.
жолдау2 Бейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қа- лай іске асыратынымызды, бала- ларымызды қалай тәрбиелейтіні-мізді түбегейлі өзгертуде.
Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажет-тігін ескеріп, «Қазақстан2050» даму стратегиясын қабылдадық.
Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақса-тын қойдық.
100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орын-далып қойды. Қалғандары, негізі-нен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.
Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды.
Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда.
«Цифрлық Қазақстан» кешен-ді бағдарламасы қабылданды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды.
Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді.
Қажетті бағдарламалардың бар-лығы бар.
Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен же-тістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.
Құрметті отандастар!
Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құр-дық.
2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды.
2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудеміз.
Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өт-кізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірін-ші мемлекет болдық.
Қазақстанда табысты жұмыс іс-теп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты.
2017 жылы еліміз әлемдік дағ-дарыстың қолайсыз салдарын ең-
Төртінші өнеркәсіптікдамудың жаңа
Қазақстан Республикасының Президенті
серіп, сенімді өсу жолына қайта түсті.
Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 про цент болып, ал өнеркәсіптік өнім-нің өсуі 7 проценттен асты.
Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 проценттен асып түсті.
Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүм-кіндік берді.
Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентке дейін төмендеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономи-калық табыстарының негізі – біз-дің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім.
Дегенмен, Қазақстанның жетіс-тіктері сенімді тірек саналады, бірақ ол ертеңгі табыстарымыз-дың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек.
«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет.
Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс.
Мұның өзіндік сынқатерлері де, мүмкіндіктері де бар.
Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қа-зақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін.
Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек.
БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
Оның нәтижелері мұнай ба-ғасы күрт төмендеген 2014-2015 жылдардағы дағдарыста негізгі тұрақтандырушы факторлардың бірі болды.
Сол себепті жоғары еңбек өнімділігі бар қайта өңдеу секторына деген бағдарымыз өз-герген жоқ.
Сонымен қатар индустриялан-дыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс.
Кәсіпорындарымызды жаңғыр-туға және цифрландыруға бағыт- талған, өнімнің экспортқа шы-ғуын көздейтін жаңа құралдар ды әзірлеп, сыннан өткізу қажет.
Бұлар, бірінші кезекте, технологиялардың трансфертін ын-таландыруға тиіс.
Еліміздің бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорнын цифрландыру жө-ніндегі пилоттық жобаны іске асырып, бұл тәжірибені кеңінен тарату керек.
Цифрлық және басқа да ин-новациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін дамытуы аса маңызды мәселеге айналып келеді.
Ол біздің Назарбаев Универ-
ситеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартап- тардың халықаралық технопар-кі сияқты инновациялық орта лықтардың төңірегінде қалып-тасуға тиіс.
«Алатау» инновациялық техно-логиялар паркінің қызметін ұйым-дастыруды түбегейлі қайта қарау қажет.
Нақты сектордың жаңа техно-логияларға деген сұранысты ын таландыруы және венчурлық қаржыландырудың жеке нарығының қызметі инновациялық экожүйе жетістіктерінің негізгі факторлары болып саналады.
Бұл үшін тиісті заңнама қажет. Бұдан бөлек, IT және инжи
нирингтік қызмет көрсетуді да-мыту ерекше маңызға ие болып отыр.
Экономиканы цифрландыру табыс әкелгенімен, жұмыс күшінің көптеп босап қалу қаупін де тудырады.
Босайтын жұмыс күшін еңбекпен қамту үшін келісілген саясатты алдын ала тиянақтау ке-рек.
Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет бо-лады.
2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға ар-налған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек.
ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады.
Бірақ шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресур-старды басқаруға қатысты ұста-нымдарды сыни тұрғыдан қай та пысықтау керек.
Кешенді ақпараттықтехнологиялық платформаларды бел-сенді түрде енгізу қажет.
Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндіру-шілердің өз жұмыстарының эко логиялық тазалығы мен тиім-ділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек.
Астанада өткен ЭКСПО2017 көрмесі баламалы, «таза» энергия саласындағы дамудың қан-шалықты қарқынды екенін көр-сетті.
Бүгінде әлем бойынша өндірі-летін электр энергиясының төрт-тен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі.
Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 процентке жетеді.
Біз 2030 жылға қарай Қа-зақстандағы баламалы энергия үлесін 30 процентке жеткізу мін-детін қойдық.
Қазір бізде жалпы қуаттылығы 336 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 55 нысаны жұмыс істейді. Соларда 2017 жылы 1,1 миллиард киловаттсағат «жасыл» энергия өндірілді.
«Жасыл» технологияларға ин-вестиция салу үшін бизнесті ын-таландыру маңызды.
Өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабы-на сай утилизациялау және қай- та өңдеу үшін шаралар қабылдау керек.
Осы және басқа да шаралар заңнамаға, соның ішінде Экологиялық кодекске өзгерістер ен-гізуді талап етеді.
ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.
Біз егін егіп, дәнді дақылдар- ды өсіруді үйрендік.
жолдау 3Бейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл
революция жағдайындағы мүмкіндіктеріН.НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына Жолдауы
Оны мақтан тұтамыз. Алайда, қазір ол жеткіліксіз.
Шикізатты қайта өңдеуді қам-тамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет.
Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды.
Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс.
Ол ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет.
Осыған орай аграрлық университеттердің рөлін қайта қа-рау керек.
Олар диплом беріп қана қой-май, ауыл шаруашылығы кеше-нінде нақты жұмыс істейтін не- месе ғылыммен айналысатын ма-мандарды дайындауға тиіс.
Бұл жоғары оқу орындарынан оқу бағдарламаларын жаңар-тып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибе ні тарататын орталықтарға ай-налу талап етіледі.
Мысалы, егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын бол-жамдаудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқыш себудің, зиянкестермен және арамшөп-пен күресудің интеллектуалды жүйелері арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады.
Жүргізушісі жоқ техника ада-ми факторды азайтып, егіншілік-тің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Жаңа технологиялар мен биз-нес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашы-лықтарды кооперациялау қажеттігін күшейтеді.
Ауыл шаруашылығы субъекті-лерінің кооператив түрінде жұ-мыс істеуіне жанжақты қолдау көрсету керек.
Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың страте гиялық жолын тауып, ілгеріле-туге тиіс.
Ауыл шаруашылығын қарқын-ды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет.
Бұл бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азықтүлік брендін қалыптасты-рып, ілгерілетуге мүмкіндік бе-реді.
Сонымен қатар жерді барын-ша тиімді игеретіндерді ынталан-дырып, ал дұрыс пайдалана ал-майтындарға шара қолдану керек.
Тиімсіз субсидияларды ауыл шаруашылығы кешені субъекті-леріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет.
5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиі-сінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырамын.
ТӨРТІНШІ. Көліклогистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді.
Бұл туралы көп айтылды. Жалпы, Қазақстан арқылы өт-
кен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтады.
Транзиттен түсетін жыл сайын-ғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр.
Бұл инфрақұрылымға жұмсал-ған мемлекет қаражатын тез ара-да қайтаруға мүмкіндік береді.
Жүк қозғалысын онлайн режі-мінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңіл-дету мақсатымен блокчейн сияқ-ты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамта-масыз ету қажет.
Заманауи шешімдер логисти-каның барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүм-кіндік береді.
«Үлкен деректерді» (Big data) пайдалану сапалы талдауды қам-тамасыз етуге, өсімнің резервін анықтауға және артық шығын ды азайтуға жағдай туғызады.
Осы мақсаттар үшін Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажет.
Бұл жүйе көлік ағынын тиімді басқаруға және инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттігін анықтауға жол ашады.
Ішкі өңірлік қатынастарды жақ-сарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қай та салуға арналған қаржы көле-мін көбейту керек.
Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы кө-лемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет.
Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек.
БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
Жүзеге асырылып жатқан бағ-дарламалар арқасында Қазақ-станда пайдалануға берілген тұр-ғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты.
Тұрғын үйді көпшілікке қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде.
Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шақ-қанда 30 процентке өсіп, бүгін- де 21,6 шаршы метрді құрады.
Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу ке-рек.
Осы міндетті орындау бары-сында құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материал-дарды, сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдерді қолдану керек.
Ғимараттардың сапасына, эко логиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоға-ры талап қою қажет.
Салынатын және салынған үй-лер мен инфрақұрылымдық ны- сандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек.
Бұл тұрғындарға қолайлы жағ-дай жасап, электр энергиясын, жылу мен суды тұтынуды қысқар-тып, табиғи монополистерді тиім-ді жұмысқа ынталандырады.
Заңнамаға, соның ішінде табиғи монополиялар саласын реттейтін заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қажет.
Әкімдер тұрғын үйкоммуналдық инфрақұрылымын же тілдіру мәселесін мемлекет-же-кеменшік серіктестігі негізінде белсенді шешуі керек.
Ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард тең ге қарастыруы қажет.
АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
Банктік портфельдерді «на-шар» несиеден арылту ісін аяқтау қажет.
Ол үшін банк иелері шығында-рын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс.
Акционерлердің аффилирлен-ген компаниялар мен жеке адам-дардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс бо-лып саналуға тиіс.
Ұлттық Банк мұндай істерге немқұрайлы қарамау керек.
Әйтпесе, мұндай мемлекеттік органның не керегі бар?
Ұлттық Банк тарапынан қаржы
институттарының қызметін қада-ғалау қатаң, уақтылы әрі нәтижелі болуға тиіс.
Мемлекет қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғауға одан әрі кепілдік береді.
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды тездету қажет.
Сонымен қатар 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін халыққа бе- рілген валюталық ипотекалық займдар жөніндегі мәселені Ұлттық Банкке толығымен шешуді тапсырамын.
Сол күннен бастап аталған валюталық займдарды жеке тұл-ғаларға беруге заң жүзінде тыйым салынған болатын.
Ұлттық Банк пен Үкімет эко-номика салаларындағы нақты тиімділікті есепке алатын ставка-лармен бизнеске ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп шешуге тиіс.
Инвестициялық ахуалдың одан әрі жақсаруы және қор нарығының дамуы маңызды болып саналады.
Бұл – жұмысын бастаған «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізгі міндеттерінің бірі.
Ол халықаралық озық тәжіри-бені пайдаланып, ағылшын құқы- ғы мен заманауи қаржы техноло-гияларын қолданатын өңірлік хабқа айналуға тиіс.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ұлттық компанияла-рының акцияларын IPOға табыс-ты түрде шығару қор нарығын дамытуға септігін тигізеді.
ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.
Білім берудің жаңа сапасы. Барлық жастағы азаматтарды
қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.
Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамы-ту болуға тиіс.
2019 жылдың 1 қыркүйегіне қа-рай мектепке дейінгі білім бе ру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.
Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға кө шу басталды, ол 2021 жылы аяқ- талатын болады.
Бұл – мүлде жаңа бағдарлама-лар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.
Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек бо-лады.
Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет.
Білім берудің барлық деңгейін-де математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек.
Бұл – жастарды жаңа техноло-гиялық қалыпқа дайындаудың ма-ңызды шарты.
Білім беру мекемелерінің ара-сындағы бәсекелестікті артты-рып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру ен-гізілетін болады.
Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қа-рағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек.
Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында ком-пьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса ал-ғанда, барлық қажетті инфрақұ-рылымдары бар балалар техно парктері мен бизнесинкубаторларының желісін құру керек.
Бұл жас ұрпақты ғылымизерттеу саласына және өндірістіктехнологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.
Қазақстандықтардың болаша-ғы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.
Орыс тілді мектептер үшін қа зақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде.
Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.
Алайда, соңғы жылдары әлем-де қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған.
Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді.
Мысалы, «ғаламтор» (Интер-нет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр.
Осындай аудармаларды негіз-деу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек.
Латын әліпбиіне көшу бұл мә-селені реттеуге мүмкіндік береді.
2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліп-биіне көшудің нақты кестесін жа-сау қажет.
жолдау4 Бейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл
Орыс тілін білу маңызды бо-лып қала береді.
2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1сыныптан бастап оқытылып келеді.
2019 жылдан 1011сыныптардағы жаратылыстану ғылы-мының жекелеген пәндерін оқы-туды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.
Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жа-һандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.
Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады.
Кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіпті Президент болып сайлануға да мүмкіндігі болады.
Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналады.
Оқытудың мазмұндылығы за-манауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесім- ді түрде толықтырылуға тиіс.
Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Ин-тернетке қосу және мектептері- мізді видеоқұрылғылармен жаб-дықтау жұмыстарын жалғастыру қажет.
Жұмыс берушілерді тарту ар-қылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды еске-ре отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек.
«Баршаға тегін кәсіптіктехникалық білім беру» жоба-сын жүзеге асыруды жалғастыру қажет.
Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді.
Үкімет бұл міндетті орындауға тиіс.
Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын ин-тернетте орналастыру керек.
Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді ме-кен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізу-ге жол ашады.
Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үл-кен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер са-нын көбейту керек.
Осыған орай металлургия, мұ-най-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технология-
лар салаларын зерттеу ісінде ба- сымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту керек.
Қолданбалы ғылыми-зерттеу-лерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап еті-леді.
Жоғары оқу орындары шетел-дердің жетекші университеттері-мен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және транс-ұлттық корпорацияларымен бір лескен жобаларды белсенді түр-де жүзеге асыруы қажет.
Жеке сектордың бірлескен қаржыландыруға атсалысуы барлық қолданбалы ғылыми-зерт-теу әзірлемелері үшін міндетті та-лап болуға тиіс.
Жас ғалымдарымызға ғылы-ми гранттар аясында квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі сая-сатын жүргізуіміз керек.
Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді.
Жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жа-сауға көбірек құқық беріп, олар-дың академиялық еркіндігін заң-намалық тұрғыдан бекіту керек.
Оқытушылардың қайта даяр-лықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менед- жерлерді тартып, әлемдік уни-верситеттердің кампустарын ашу қажет.
Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек.
«Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында.
Өзінің тарихын, тілін, мәдение-тін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.
Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.
Халықтың өмір сүру ұзақты-ғының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына бай-ланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады.
Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс.
Саламатты өмір салтын наси-хаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек.
Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және ны-
ғайтуға ерекше назар аудару керек. Тиімділігі аз және мемлекет
үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагнос-тика жасап, сондай-ақ осы сала-ны амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет.
Бұл тәжірибе әлемде бұрын- нан бар.
Оны батыл әрі белсенді түрде енгізу керек.
Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет.
Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Біз кардиология, босандыру және өкпе ауруымен күресу ке-зінде атқарған істеріміз сияқты жұмыстарды да жүргізуіміз керек.
Денсаулық сақтау саласы ха-лықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады.
Оны енгізудің қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайды.
Алайда, Денсаулық сақтау ми-нистрлігі мен Еңбек және халық-ты әлеуметтік қорғау министр-лігі іске асырмаған дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүр-гізу талап етіледі.
Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажет.
Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушы-сы ретінде немесе ерікті меди-циналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады.
Ақпараттық жүйелерді бірік-тіру, мобильдік цифрлық қосым-шаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қа- ғаз қолданбайтын ауруханаға» кө-шу арқылы медициналық көмек- тің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет.
Медицинада ауруларды диаг-ностикалау мен емдеудің тиімді-лігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын ен-гізуге кірісуіміз керек.
Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды са-палы даярлау маңызды мәселе болып саналады.
Бүгінде бізде Назарбаев Университетінің бірегей Медицина мектебі бар. Онда біріктірілген университет клиникасы жұмыс іс-тейді.
Бұл тәжірибе барлық медици-налық жоғары оқу орындарына таратылуға тиіс.
Осы және басқа да шаралар-ды іске асыру үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақ тау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу қа-жет.
Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі.
Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор.
Барлық негізгі мамандық бо-йынша заманауи стандарттар әзірлеу қажет.
Бұл стандарттарда жұмыс берушілер мен бизнесмендер ең- беккерлердің білімі, қабілеті мен құзыретінің қандай болуы қажет-тігін нақты белгілейді.
Кәсіби стандарттардың та лаптарын ескеріп, білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу қажет немесе қазіргі бағдарла-маларды жаңарту керек.
Өзінөзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар эко-номикалық өсімнің резерві сана-лады.
Мен өзін-өзі жұмыспен қамты-ғандар мәселесін қарастыру жө-нінде бірнеше рет талап қойған-мын.
Еңбек және халықты әлеумет-тік қорғау министрлігі бұл іске жауапсыздық танытып, атүсті қарап отырды.
Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүм-кіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа маман-дық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкер-лер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта оты-рып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет.
Өзінөзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мей-лінше жеңілдетіп, оларға мемле-кет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет.
Қазақстандықтардың жаңа жұ мыс орнын салыстырмалы түр
де тезірек иеленуге, соның ішін-де еліміздің басқа да елді мекен-дерінен жұмыс табуға мүмкіндігі болуға тиіс.
Бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу қажет. Онда бос жұмыс орында-ры мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталуға тиіс.
Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ кәсіби бағдарлы тест тапсы- рып, оқу курстары мен мемле- кеттік қолдау шаралары туралы біліп, өзін қызықтыратын жұмыс таба алатын болады.
Еңбек кітапшаларын да элек-трондық форматқа көшірген жөн.
Электрондық еңбек биржасы туралы заңды 2018 жылғы 1 сәуірге дейін қабылдау қажет.
Әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Қазір зейнетақы жүйесі то-лықтай еңбек өтіліне байланыс-тырылған.
Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады.
Осыған орай, барша қазақстан-дықтар өздерінің атқаратын жұмыстарын заңдастыруға зор мән беруі керек.
Әлеуметтік сақтандыру жү-йесінде де еңбек өтілі мен өтемақы мөлшері арасындағы өзара бай-ланыс күшейтілетін болады.
Біз 2018 жылдан бастап халық-тың әлеуметтік тұрғыдан аз қам-тылған тобына атаулы әлеумет тік көмек көрсетудің жаңа тәр-тібіне көштік.
Оның шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 процентінен 50 процентіне дейін көтерілді.
Еңбекке қабілетті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмек олар жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана қолжетімді болады.
Еңбекке қабілетсіз азамат- тарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары күшейтіледі.
Қымбатты қазақстандықтар!
Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайды.
2016-2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейгенін еске салғым келеді.
Базалық зейнетақы, жалпы ал-ғанда, 29 процентке, ынтымақты зейнетақы 32 процентке, бала тууға байланысты жәрдемақы 37 процентке, ал мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға
Төртінші өнеркәсіптікдамудың жаңа
Қазақстан Республикасының Президенті(Жалғасы. Басы 23беттерде)
жолдау 5Бейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл
төленетін жәрдемақының әрқай-сысы 43 процентке өсті.
Денсаулық сақтау саласында- ғы қызметкерлердің жалақысы 28 процентке дейін, білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 29 процентке дейін, әлеу-меттік қорғау саласы қызметкер-лерінің жалақысы 40 процентке дейін, «Б» корпусындағы мемле-кеттік қызметшілердің жалақысы 30 процентке, стипендиялар 25 процентке өсті.
Дағдарыс заманы. Әйтсе де, әлемнің санаулы ғана елдері әлеуметтік салаға жұмсайтын шығындарын осылай арттыра алды.
Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты.
Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табыстарын көбейтеді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артты.
Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек бала- лар тәрбиелеп отырған отбасы-ларына арналған жәрдемақы лар 16 процентке дейін өсті.
2018 жылдың 1 шілдесінен бас-тап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа ал-ғанда 1,8 есе көбейетін болады.
Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 шіл-десінен бастап кәмелетке тол-ған, бала кезінен бірінші топта- ғы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын.
Бір ең төменгі күнкөріс дең-гейінен кем емес мұндай жәрде-мақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады.
2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болады.
Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұс таздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтары- нан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын.
Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зият-керлік мектептерінде бейімде-луден өткен заманауи оқу бағдарламалары.
Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.
Сонымен қатар 2018 жылы ка-
тегориялар арасындағы алшақ-тықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын.
Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек.
Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыра-тын болады.
Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің раста-луына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.
Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет.
СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.
Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғын-дардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет.
Осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайту ға бағытталған заң қабылдауды жылдамдату керек.
«Бір терезе» қағидаты бойын-ша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік органдардың ақ- параттық жүйелерінің интеграция-сы «бір өтініш» қағидаты бойын-ша жекелеген мемлекеттік қыз-мет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік бе-реді.
Сонымен қатар табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру керек.
Олар үшін және энергия өн-дірушілер үшін инвестициялық бағдарламаларын ескеріп, негіз-делген тарифтерді белгілеу ма-ңызды.
Бизнесклиматты жақсарту үшін батыл іс-қимыл талап етіле-ді, әсіресе, өңірлік деңгейде.
Үкімет бизнесті көлеңкеден шығарып, оны қолдауға бағыттал-ған жүйелі шаралардың жаңа пакетін дайындауға тиіс.
Мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың санын қысқарту есебінен жекешелендіру жоспарын кеңейте отырып, оны іске асыруды жеделдету қажет.
Әкімшілік шығындарды азай-ту үшін ведомствоға бағынышты нақты қажетті ұйымдарды мүм-кіндігінше біріктіру керек.
Босаған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің фактор
лықбалдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін ен-гізуге бағыттау қажет.
Бұл орталықтағы және өңір-лердегі мемлекеттік қызметшілер жалақысының диспропорциясын қысқартады, сондай-ақ жұ-мыстың сипаты мен тиімділігі ес-керілетін болады.
Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, 2018 жылы орталық және жергілік-ті мемлекеттік органдарда осы жүйені енгізудің пилоттық жобаларын іске асыруды тапсырамын.
Өңірлердегі мемлекеттік қыз- меттің тиімділік әлеуетін олар-дың экономикалық дербестігі мен жауапкершілігін арттыру ар-қылы мейлінше толық ашу керек.
Жалпы алғанда, өңірлік саясат өңірлердің шығындарын теңесті-руден жеке табыстарының өсімін ынталандыруға бағытталу- ға тиіс.
Атап айтқанда, бүгінде әлем- дегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып сана-лады.
Үкімет виза мәселелерін жеңіл-детуді, инфрақұрылымды дамы-туды және туризм саласындағы кедергілерді алып тастауды қам-титын кешенді шаралар қабыл-дауы керек.
Фискальды орталықсыздандыру аясында шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын өңірлік бюджет-терге беру мәселесін шешу керек.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мыңнан астам адам тұратын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі бас-қарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу заң жүзінде белгіленген.
2020 жылдан бастап бұл нор-малар барлық елді мекендерде күшіне енеді.
Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі, сон-дай-ақ шығындардың 19 бағыты ауыл бюджетіне берілді.
Бұл жергілікті маңызы бар мә-селелерді шешу үшін халықты тартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін за-манауи цифрлық технологияларды қолдануға тиіс.
революция жағдайындағы мүмкіндіктеріН.НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына Жолдауы
Мемлекет пен компаниялар жаңа технологияларды енгізе оты-рып, өз ақпараттық жүйелері мен құрылғыларының берік қорғалуын қамтамасыз етуі ке-рек.
Бүгінде киберқауіпсіздік ұғы-мы тек ақпаратты ғана емес, со-нымен қатар өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарды басқару тетігін қорғау дегенді де білдіреді.
Осы және өзге де шаралар Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында көрініс табуға тиіс.
ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса бе-реді.
Көп жұмыс істеліп жатыр. Соңғы 3 жылда ғана жоғары
лауазымды шенеуніктер мен мем-лекеттік компаниялардың басшы-ларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды.
Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде кел-тірген залалы өтелді.
Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олар-дың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады.
Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастыры-лып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.
Сот және құқық қорғау жүйе-лерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда.
Заңнамаға қылмыстық процес-тегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді.
Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді.
Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орын-дарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді бел-сенді түрде енгізу керек.
ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл.
Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосы- луы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз.
Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мега-полистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады.
«Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аудара-тын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет.
Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты.
Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таң-дайды.
Сондықтан, Астананың тәжіри- бесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптасты-рып, Қазақстан қалалары арасын- да озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек.
«Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны тарату-дың және еліміздің барлық ау- мағында тұрмыс сапасын артты-рудың локомотивтеріне айнала-ды.
Міне, алдымызда тұрған 10 міндет осы. Бұлар – түсінікті әрі айқын.
Қымбатты қазақстандықтар!
Біз саяси тұрақтылық пен қо-ғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік.
Технологиялық және инфрақұ-рылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берілді.
Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы ба-лансты нақтылай түсті.
Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық.
Бұл базалық үш бағыт Қазақ-стан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады.
Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.
«Егемен қазақстан»,№6, 10 қаңтар 2018 жыл
халық пен билік6 Бейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркә сіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндік
тері» атты Қазақстан халқына би-ылғы Жолдауы мемлекетіміздің барлық экономикалық саласын және әлеуметтік кеңістігін төртін-ші өнеркәсіптік революция жағ-дайында дамытуға бағытталған. Сондықтан Елбасымыз мақсаты айқын дамудың жоғарғы сатысына жету үшін осы Жолдауда 10 негізгі міндетті көрсетіп беріп отыр.
Ел экономикасының негізі бо-лып табылатын өнеркәсіп сала-сына цифрлық (сандық) жүйеге негізделген жаңа технологиялар енгізу арқылы көшбасшы сектор-ға айналдыруды бірінші міндет ре-тінде белгілеу өте құптарлық.
Бәрімізге белгілі, соңғы жыл-дары әлемдік мұнай нарығында қалыптасып отырған тұрақсыз жә-не төмен баға саясаты Қазақстан экономикасының локомотиві бо-лып табылатын мұнай-газ саласы-ның дамуына да белгілі бір дәре-жеде өзінің кері әсерін тигізуде. Осыған қарсы тұрар бірден-бір құрал және саланы қарқынды
дамытуға негіз болар қадам кө-мірсутегін іздестіру мен барлаудан бастап, оны өндіру мен өңдеуге дейінгі аралықта өндірісте жаңа технологияларды қолдану және инновациялық жобаларға иек ар-ту. Бұл дегеніміз өнімнің өзіндік құнын төмендету, сапасын көте-ру, ресурстық базаны тиімді пай-далануға қол жеткізеді.
Индустрияның шикізаты бо- лып табылатын табиғи ресурста-рымызды ұтымды пайдалану және оларды игеруге қатысты басқару ісін мейлінше жетілдіруді Елба-сы Жолдауда екінші міндет етіп қойып отыр.
Геология саласына инновация-лық жобалар енгізу мен жер қойнауын барлау кезінде жаңа технологияларды қолдану жаңа кен орындарын ашуда геология-лық тәуекелді (риск) азайтып қана қоймай, оған кететін бюджеттік қаражатты немесе инвестициялық шығындарды үнемдеуге жол аша-ды.
Кемел келешектің жоралы жолы
Мирболат ТІНӘЛИЕВ,ҚР Инвестиция және даму
министрлігініңГеология және жер қойнауын
пайдалану комитетіне қарастыБатыс Қазақстан өңірлік
геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының
басшысы, Қазақстан Республикасының жер қой
науын құрметті барлаушысы:
Биылғы Жолдау аясында Президентіміз көліктік-логисти-калық инфрақұрылымдардың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа тапсырмалар жүктеді. Осы тапсырмаларға сәйкес өңіріміз-де де тиісті іс-шаралар жоспары жасақталып, жүзеге асатын бо-лады.
Жыл өткен сайын біздің об-лысымыздың аумағында да кө-лікпен тасымалданған жүк көле-мі артып келеді. Өткен жылдың 11 айында жүк айналымы 2 798,6 млн. тонна шақырымды құрады (2016 жылмен салыстырғанда 5,0 пайызға өскен).
Көліктік-логистикалық ин-фрақұрылымдардың тиімділігін арттыруға біздің облысымыздың географиялық орналасу жағ-дайы да зор рөл атқарады. Көлік инфрақұрылымын дамыту ая-сында былтырдан бастап Орал қаласының Зашаған кентінде «БАСК» көліктік-логистикалық
орталығының құрылысы жүруде. Жобаның бірінші кезеңінде об-лыс тұрғындары үшін құжаттар-ды рәсімдеуді жеңілдететін ар-найы халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады. Жобаны жү- зеге асырып, толық іске қосу мерзімі 2017-2020 жылдар ара-лығын қамтиды.
Өткен жылы «Орал» әлеу-меттік-кәсіпкерлік корпорация-сымен «Орал» әуежайын жаңа- лап-жаңғырту жұмыстары бас- талды. Енді Батыстан Шығысқа және Шығыстан Батысқа қарай тасылатын жүктердің кедергісіз тасымалы үшін онлайн режим-де цифрлық технологиялар ен-гізіледі. «Орал» әуежайы арқы-лы әуе маршруттарының желісі дамып келеді. Мәселен, былтыр Мәскеу, Франкфурт, Анталия және Шарм-эль-Шейх (Египет) қалалары бағытында әуе мар-шруттары ашылды. Бұл іс ағым-дағы жылы да жалғасын табады.
Орал қаласының әкімдігімен қоғамдық көліктердің жұмыс са-пасын арттыру тұжырымдамасы жүзеге асырылуда, 2017-2020 жылдарды қамтитын бұл құжат көлікте цифрлық технология-ларды енгізуді көздейді. Қала-лық маршруттарда «Бас репорт» қалалық көліктерді диспетчер-леу жүйесі, электрондық жолақы төлеу жүйесі енгізілуде.
Қорыта айтқанда, бұл Жол-дау бұрын бастау алған жоба-ларды одан әрі дамыта түсуге, жүйелендіруге мүмкіндік бере-тіндігімен құнды.
Миржан САТҚАНОВ,облыстық жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
Мына жүйрік заманда бөгелу-ге, баяулауға болмайды, тек қана белді бекем буып, батыл алға басу керек. Мемлекетіміздің басшысы-ның жаңа Жолдауымен танысып отырғанымда, мені осындай ой
баурады. Жылдың дәстүрлі басты тарихи құжатында тәуелсіздіктің өткен кезеңіндегі бүкіл игілікте-рімізді, жетістіктерімізді еселеу, жаһандық сын-қатерлерге лайық-ты қарсы тұру жолы және дәуір алдымызға көлденең тартып отыр-ған тың қадамдар өте тұжырымды қамтылған.
Биылғы Жолдауда нақпа-нақ көрсетілген 10 басым міндет бір сөзбен айтсақ, елімізге ауадай өте қажет. Иә, уақыт қандай ұш-қыр десеңші! Күні кеше компью-терге, ұялы телефонға елең етіп, таңданып едік, енді заманауи құрал-жабдықтардың нағыз «кө-кесімен» танысып, білудеміз. Қо-ғамды, өндірісті, тұрмысымызды жаңартудағы жаһандық тренд – цифрландыру. Өндіріске заттар интернетін, жасанды интеллектіні енгізумен байланысты IV өнер-
кәсіптік төңкеріс. Индустрия 4.0. Өмір қалай тез өзгеруде? Әлемдік дамудан тысқары қалмай, 2050 жылға қарай бәсекеге мықты 30 елдің қатарына қосылу бағытын Елбасымыз өте сенімді түрде ме-желеп беріп отыр. Демек, еліміз серпіліп, түлей түседі. Бұл сөзсіз.
Агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық сатыға көтеру, адами капиталдың жаңа сапасы, келешегіміздің бесігі – мектеп мұғалімінің беделін көтеру, білік- тілігіне сай оның жалақысын арт- тыру, бәрі-бәрі де жаңа Жолдау-да тайға таңба басқандай өрнек-телген. Кең байтақ ортақ шаңы-рағымызда игі істер арнасы кеңи береді, жұртымыздың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтеріледі, міне, жарқын тағдырымыздың жоралы жолы бұл. Ақ жолымызға құт да-рысын!
Хамит ЖАНӘЛИЕВ,ардагерұстаз, Базартөбе
ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Ақжайық ауданы:
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш- ұлы Назарбаевтың биылғы Жол- дауының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталуында терең мән-мағына бар. Қазақ елі дамудың бірнеше сатысынан өтіп, дағ-дарыстың тар жолынан аман шығып, өзінің басты бағытын айқындаған ел. Қазақстан ғы-лым мен техниканың халық-аралық сапа стандартына сай келетін өнімдерді экспорттауға, бұқара халықтың жаппай еңбек- ке жұмылуына, жаңа мүмкін-діктерді ашуға қазірдің өзінде дайын екенін Мемлекет басшы-
сының сөзінен аңғаруға бола- ды.
Жаһандану саясаты дендеген сайын біздің ел соны жетістік-теріне сүйеніп, бәсекеге қабілет-тілікті арттыра түсуді басты мақ-сат тұтуда. Индустрияландыру, ақпараттандыру мен техникалық мүмкіндіктерді дамыту, мемле-кеттік қызмет түрін электрондық жүйеге көшіру, ғылым мен тех-никаны дамыту – осы үдерістің жемістері. Жолдаудың жетінші бағытында білім берудің барлық деңгейінде математика және жа-ратылыстану ғылымдарын оқыту- дың сапасын арттыру қажеттігі айтылды. Сондай-ақ цифрлық білім беру ресурстарын дамы- тып, кең жолақты интернетке қосу және мектептерді видеоқұ- рылғылармен жабдықтау жұмыс-тарын жалғастырудың маңызды-лығына да тоқталды. Бұл біз се- кілді мұғалімдерге және оқушы-ларға үлкен мүмкіндік болмақ.
Бұл Жолдау «100 нақты қа- дам» Ұлт жоспары аясында «Қа-зақстан – 2050» стратегиясын нәтижелі жүзеге асыру үшін қа-зақстандық қоғамды бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра алады деп сенемін.
Жадыра САПАРОВА,Орал қалалық №42 «Ақниет»
гимназиясының мұғалімі:
Президентіміз Нұрсұлтан Әбіш-ұлы Назарбаевтың Жолдауын жыл сайын асыға күтіп, егжей-тегжейлі оқитындардың бірімін. Өйткені Мемлекет басшысы Қа-зақстан халқына арнаған жыл са-йынғы Жолдауларында тәуелсіз еліміздің бүгіні мен ертеңін са-ралап, атқарылатын іс-шараларды айқындап, ел дамуының барлық саласы бойынша нақты міндеттер жүктейді. Сәрсенбідей сәтті күні еліміздің республикалық ресми га- зеттерінде жарияланған «Төртін
ші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдауында Елбасы жаңа әлемге, яғни төртін- ші өнеркәсіптік революция әле-міне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап берді. «Елі-мізге дамудың жаңа сапасы қа-жет. Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол бірінші кезекте төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге не- гізделуі тиіс» деген Нұрсұлтан Әбішұлы бұл межеге таяу жылда-ры маңызды 10 міндетті орындау арқылы қол жеткізуге болатынын айтты.
Жас буынның өкілі ретінде за-мандастарымды Елбасы өз Жол-дауында атап өткендей, ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдение-тіміз бен экономикамызды одан әрі жетілдіру жолында еңбек ету-ге шақырамын. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассам-блеясы жанындағы «Грамада» бе-ларусь этно-мәдени бірлестігінің мүшесі ретінде өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ за-ман талабына сәйкес шет тілдер-ді меңгерген озық ойлы азамат атанудың мән-маңызын терең ұғы-намын. Өзім ана тілім беларусь
тіліне қоса, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білемін. Болашақта өзге тілдерді де үйреніп, шет мемле-кеттерге саяхатқа шығып, ой-өрі-сімді кеңейтіп, білімімді жетілдір-гім келеді. Ол үшін еріншектікке салынбай, тынбай іздену, еңбек ету қажеттігін де жақсы түсінемін.
Облыстық диагностикалық ор-талықта менеджер болып жұмыс істегеніме үш жылға жуықтады. Күнделікті қызметімде орталыққа хабарласқан адамдарға дертті ерте бастан анықтаудың қанша-лықты маңызды екенін түсіндіріп, көрсетілетін қызмет түрлері бо-йынша мәлімет беріп отырамын. Жолдауда саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшей-ту, жастардың репродуктивті ден- саулығын қорғауға және нығай-туға ерекше назар аудару, со-нымен қатар ауру-сырқауды ба-рынша ерте анықтау мен емдеу мәселелері туралы айтылған. Осы шараларды іске асыру үшін «Халық денсаулығы және денсау-лық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекстің қабылданатыны отан-дастарымыздың сапалы медици-налық қызмет алу мүмкіндігінің арта түсуіне кепіл болады деп ой-лаймын.
Ирина РАЗЕНКОВА,«Грамада» беларусь
этномәдени бірлестігінің мүшесі,
Батыс Қазақстан облыстық диагностикалық орталықтың
менеджері:
Иесіз ит-мысықтарды жою бағасы неге ала-құла?
Құдайдан да қорықпайды екен ...
7қоғаМБейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл
Бұл туралы аталмыш бағ-дарламаны іске асыру бо-йынша өткен облыстық
сарапшылар кеңесінің отырысын- да облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов мәлімде-ді. Сейсенбі күні «Нұр Отан» пар- тиясының облыстық филиалы ғи-маратында болған осынау жиын- ға мемлекеттік құрылым, қоғам-дық ұйым, ассамблея өкілдері мен кеңес мүшелері қатысты.
– Былтыр жыл соңында «Ру- хани жаңғыру» бойынша респуб-ликалық жобалық кеңсесінен өңір-лердегі сарапшылық кеңесін мем-лекеттік қызметші емес, тәуелсіз азаматтар басқару жөнінде тап-сырма келді. Бұған дейін бұл са-рапшылық кеңеске мен жетекші- лік жасаған едім. Енді мына тап- сырмаға сәйкес ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің шешімімен бұл қызметке облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлан Серғалиев тағайында- лып отыр. Ал хатшы болып, Жәң- гір хан атындағы БҚАТУ музейінің директоры, тәуелсіз сарапшы Нұр- жан Төлепов бекітілді. Кеңес мү-шелері негізінен бұрынғы құрам- да қалды. Осы жаңартылған құ- раммен жаңа 2018 жылғы жұмы-сымызды бастаймыз.
Елбасы «Болашаққа бағдар: ру-хани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын былтыр жариялады. Сол себепті, өткен жыл бұл бағ-дарламаның қалыптасу жылы бол-ды. Жобалық кеңсе жасақталды, сарапшылық кеңес құрылды, об- лысымызда, соның ішінде аудан-дарда бұл бағытта түрлі жұмыс-тар атқарылды. Елімізге танымал сарапшылар келіп, «Рухани жаң-ғырудың» негізгі қағидаттарын жас тарымызға түсіндірді. Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай ғылыми-практикалық кон-ференция, өзге де маңызды іс-ша- ралар өтті. Жыл соңында облыс әкімі кейбір меценаттарды мара- паттағаны белгілі. Сондай-ақ ау- дан әкімдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан- ауылда жүзеге асатын жобала-рының тұсаукесерін жасады. Бұл жобаның бәрі біртұтас картаға ен-гізіліп, республикалық кеңсемен келісілді. Жалпы жыл қорытын-дысында осы атқарылған іс-ша-ралар бойынша біз ел көлемінде алғашқы бестікке ендік. Бұл – жақ- сы көрсеткіш, – деген Ғабидолла Абдоллаұлы аталмыш бағдарлама бойынша жүзеге асатын барлық жоба сарапшылық кеңес мүшеле-рімен келісілетінін де атап өтті.
Жиынның күн тәртібіндегі мә- селелер бойынша баяндама жаса- ған облыстық білім басқармасы- ның басшысы Шолпан Қадырова-ның сөзіне қарағанда, «Туған жер» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы үш ба- залық бағытта іске асуда. Олар: рухани-құндылық және практи- калық бағдар беру мақсатында-ғы «Өлкетану», баланың қабілет-қарымын, даму перспективасы мен ертеңгі еңбек нарығындағы мүмкіндіктеріне орай «Саналы аза- мат» және жастардың бойында азаматтық, патриоттық, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалып-тастырып, дамытуға негізделген «Отаным – тағдырым» бағыттары. 2017-2022 жылдар аралығында өтетін 90 шара тізілімге енгізіл- ді. Былтыр соның жартысы жүзе-ге асты, оған 32 мыңнан астам адам тартылды. Ал биыл бұл тізі- лім бойынша 88 іс-шара ұйым-дастырылып, 50 мыңнан астам адам қамтылатын болады.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев-тың айтуынша, өзі жетекшілік жа-сайтын басқарма «Рухани қазы- на» кіші бағдарламасына үйлесті-руші болып бекітілген. Оның «Ту-ған жер – туған ел» базалық бағы- ты бойынша 66 іс-шара, соның ішінде 12 жоба, «Қасиетті Қазақ-стан» аясында 25 шара, ондағы 3 жоба, «Қазіргі Қазақстанның мәдени жетістіктерінде» 5 іс-ша-ра, соның ішінде 4 жоба белгі- ленді. Өткен жылға жоспарлан-ған индикатордың бәрі орын-
далды. Биыл жүзеге асырылатын жобалардың ішінде Жәнібек ау- данындағы Ғұмар Қараш кесе-несін қайта тұрғызу бар. Құны 8 млн. теңге болатын жоба меце-наттар көмегімен жүзеге аспақшы.
Азаматтық белсенділігі мен өз туған өлкесінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімін нығайтуға бағытталған «Атамекен» кіші бағ-дарламасының өңірімізде жүзе- ге асуына жауапты болып белгі-ленген облыстық жастар саяса- ты басқармасы тарапынан да бі-раз жұмыс атқарылды. Аталмыш басқарма басшысы Аян Сақошев-тің баяндауынша, өңіріміз бойын-ша 93 жоба тізілімге енгізіліп, оның 67-сі аяқталды.
«Ақпарат толқыны» кіші бағ- дарламасына тоқталған облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы-ның орынбасары Дархан Қады- рәлиев республикалық, облыс-тық, аудандық БАҚ-тарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңі- рімізде жүзеге асуы жөнінде барлығы 6234 материал жарық көргенін мәлімдеді.
«Рухани жаңғыру» өңірлік жо-балық кеңсесінің жетекшісі Сал-танат Тұманбаеваның айтуынша, кеңсеге ғалымдардан және өзге де жеке адамдардан аталмыш бағдарлама аясында жүзеге асы- руды сұраған түрлі жоба келіп түсуде. Ол жобаның бәрі сарап-шылық кеңеске жолданатын бо-лады. «Бағдарлама арқылы бір жылдың ішінде халықтың санасын жаңғырту мүмкін емес, – деді Сал-танат Асқарқызы. – Бағдарлама аясында ұйымдастырылған шара-
ларға қатысқан 100 адамның он шақтысының санасына сәуле түс-се, соны үлкен жетістік деп біле-міз. Біз енді санға емес, сапалық көрсеткішке мән беруіміз керек. Мәселен, 15 қаңтарда Шыңғырлау ауданында Шыңғырлау өзенінің үстінен салынған көпірдің ашылуы өтеді. Бұл сондағы жергілікті ха- лықтың біраздан бері айтып жүр-ген мәселесі. Сол себепті тұрғын- дар үшін онда ғылыми-тәжіри-белік конференция өткізгеннен гөрі, осындай өмірлік қажеттілігі бар жобалардың жүзеге асқаны тиімді».
Жиын барысында сөз алған са-рапшылық кеңес төрағасы Нұр- лан Серғалиев меценаттарды ел- жұртқа кеңірек таныстыру қажет-тілігіне тоқталды. Облысымызда-ғы 22 меценаттың ізгілікті істері- нен хабардар болған өзге кәсіп-керлердің ішінен солардай болу-ға талпынатындардың шығары анық. Ал белгілі ғалым, аталмыш кеңестің мүшесі Мұрат Сабыр күнделікті істеліп жатқан шара-лардың бәрін «Рухани жаңғыру- ға» әкеліп тіреуге қарсы екенін білдірді. Көше тазалауды, көпір салуды бұл бағдарламаға әкеліп телудің қаншалықты қажеттілігі бар?! Елбасы айтқандай, ұлттық мәдени код аясындағы, яғни тіл, әдебиет, мәдениет, тарих бағы-тындағы, мемлекетті құраушы ұлт- қа тікелей қатысты нәрселер бағ-дарлама аясында қамтылуы тиіс. Соның ішінде қазақ даласына ре-нессанс әкелген Алаш зиялыла- рын, олардың мұраларын зерттеп, насихаттауымыз керек.
– Біз тарихымызды жөнді біл- меуімізден де қасірет шегіп отыр-ғанымыз анық. Рухымыз да, са-намыз да сілкіне алмай жүрген еді. «Рухани жаңғыру» – осынау олқылықтарымыздың орнын тол- тырып, біраз нәрсе жасауға мүм-кіндік беретін бағдарлама. Осыған байланысты жастарға жөнді жол сілтеуіміз керек. Ол тек өзімізде- гі музейлерді көрсету емес. Мына Атыраудағы Махамбеттің, әрі қа-рай Астрахандағы Құрманғазының, Ақтөбе облысының аумағындағы Исатайдың кесенелеріне апара-йық жас ұрпақты. Сырым төбені көрсін, Жұбанның жүрген жолда-рын білсін, Қадырды кеңірек та- нысын. Орданың музейіне, Сарай- шыққа барса, үлкен әсер алып, рухани тұрғыдан байып, Отанға деген сүйіспеншілігі одан әрі арта- тыны белгілі. Міне, рухани жаң- ғыру деген осы, – деді белгілі ақын, сараптамалық кеңестің мү-шесі Ақұштап Бақтыгереева.
Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,«Орал өңірі»
Барлық жобакеңес мүшелерімен келісілмек
Былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасының төрт шағын бағдарламасы бойынша облысымызда жүзеге асатын 44 кіші жобасы мен 251 шарасының тізімі жасалды. Сол тізімге сәйкес өткен жылға белгіленген жоспарлар тиісті деңгейде орындалды. Жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгенің жобалары жүзеге асты. Осы қаржының бір бөлігі бюджет есебінен қаралса, қалғанын меценаттар бөлді.
БҚО ІІД-ның жергілікті полиция қызметі қызметкерлері «Қауіпсіз жол» шарасының үш күнінде 1196 жолда жүру ережесін бұзушылық-ты анықтады. Жылдамдықты ша- мадан тыс асырып, көлігін жүйт-кітіп, «есірген» 120-дан астам жүр-гізуші әкімшілік жазаға тартылды. Бұрылыс, қозғалыс ережелерін 197 жүргізуші бұзып, айыппұл тө-леуге хаттама толтырылды. Ал, «жүз грамдатып» алып, масаң
Қаңтар айының 59 аралығында көлік жүргізушілер арасында жолда жүру тәртібін жақсартып, жолкөлік оқиғаларын азайту, жол ережесін бұзудың алдын алу шараларын күшейту мақсатында облыс жолдарында «Қауіпсіз жол» шұғыл алдын алу шаралары өткізілді.
күйде көлік тізгініне отырған 38 жүргізуші полицейлердің құ-рығынан құтыла алмады. 288 жүр- гізуші көлігін белдікті тақпай ай-дап бара жатқан жерлерінен тоқ-татылды.
Ең өкініштісі, жыл басталмай жа-тып-ақ, облыс жолдарында 9 жол апаты орын алды. Онда 4 адам көз жұмып, 13 жолаушы түрлі дең-гейде жарақаттанған.
Өз тілшіміз
Жол ережесін үш күнде 1196 жүргізуші бұзған
дала-қала8 Бейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл
Құлақішілік, құлақсырты, цифрлық, микро, ылғалға төзімді, құлақтағы шуды азайтқыш, аккумуляторлы естуге арналған аппараттар сатылады.
Естуге арналған аппараттар
Мекенжайы: «Зенит» МҮ 16 қаңтар күні, сағ. 9.00ден 12.00ге дейін
Сарайшық көшесі, 27/1
Бағасы 20 000 – 80 000 теңге аралығында. Таңдау және жеке реттеп беру. Кепілдеме. Қарсы көрсеткіштер болуы мүмкін, кеңес алу керек.
Осы аптаның сейсенбісінде ҚР Парламентінің депутаттары Жексенбай Дүйсебаев, Бақтияр Мәкен және Зәуреш Аманжолова Орал қаласындағы «Смарт Орал» халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚО) жұмысымен танысты.
Халық қалаулылары ХҚО-ға ке- лушілер және қызмет көрсетуші-лермен жүздесіп, ахуалға қанықты. Аталмыш орталықтың бөлім бас-шысы Луиза Құсайынова астана- лық мәртебелі меймандарды жұ-мыспен таныстырып, оған толық түсінік берді. – Облыс орталығын- да осындай екі орын бар. Соның бі- рі – біз қаланың өзімен қатар За-
шаған кентінің тұрғындарына да қызмет көрсетеміз. Осы орынға кү- ні кеше ғана көштік. Әрине, әлі де орын тарлық етеді. Соған қарамас-тан, біздің орталықта 641 тегін және ақылы қызмет түрі көрсеті-леді. Күніне шамамен 1500-2000 адам қабылдаймыз. Мемлекет бас- шылығының көрсетілетін қызметті цифрландыру жөніндегі тапсырма-сы және «Бір терезе» қағидатына сәйкес бізден басқа прокуратура өкілі, адвокат, нотариус, медиатор-лар да кез келген уақытта қызмет көрсетуге даяр. Әрине, «Атамекен» республикалық кәсіпкерлер пала- тасының облыстық филиалы ұйым- дастырған қызметтер түрінде ша- ғын және орта бизнес өкілдерінің қалаған мәселесін жедел шешіп бе- ре алады, – деді Л. Құсайынова де- путаттармен әңгіме барысында. «Атамекен» республикалық кәсіп-
керлер палатасы облыстық филиа- лы директорының міндетін атқа-рушы Марат Нұрқуатов та депу-таттар сауалына нақты да, жедел жауап қайтарды.
– Орталықтың жұмысы қалыпты екен. Басқа өңірден депутат болып сайлансақ та, Оралдағы мына ха-лыққа қызмет көрсету орталығының тыныс-тіршілігіне дән риза болып, көңіліміз толайып тұр. Мұнда кез келген келушіге толық жағдай жа-салған. Тіпті прокуратура өкілі, медиатор және де басқа жұртқа қажетті қызмет түрлері өнімдерінің осы кеңседен табылуы халықты билікке жақындата түседі, – деді БАҚ өкілдеріне берген шағын сұх-батында депутат Зәуреш Аманжо-лова.
Серік ІЗБАСАРҰЛЫ,«Орал өңірі»
Депутаттар дән ризаЖуырда ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен келіп кетті.
Мәжіліс депутаты алдымен Қы-зылоба ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарын аралап, шаруа қо-жалығы жетекшілеріне «Жайы-лым туралы» заң жобасын түсінді- ріп, еліміздің ауыл шаруашылы- ғы саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы кеңес берді. Мұнан соң аудан орталығына ат басын бұрып, «Ауданаралық са- уықтыру ауруханасы» оңалту ор- талығындағы ем алушылар және ұжыммен жүздесіп, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Ау- дан әкімдігінің мәжіліс залында Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүй- себаевтың қатысуымен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын міндет- мақсаттарды талқылау жөніндегі актив жиыны өтті. Алқалы жиынды аудан әкімі Н. Қарағойшин ашып, жүргізді.
Басқосуға облыстық ауыл шар-уашылығы басқармасының басшы-сы Берік Есенғалиев, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, тағы басқалары қатысты.
Кездесуде Жексенбай Қарта- байұлы жоғарыда аталған бағдар-ламаларға байланысты елімізде атқарылып жатырған іргелі жұмыс- тарға тоқталды. Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдар-
ламалар, оны жүзеге асыру жай-лы баяндады. Шағын қожалықтар-дың кооперативтерге бірігуі ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік бе- ретінін жеткізді. Сондай-ақ ҚР «Жа-йылымдар туралы» заңындағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, кеңінен мағлұмат берді.
– Еліміздің әлемдегі 30 озық ел- дің қатарына енуі үшін ел болып, баянды бірлікте еңбек етуге тиіс-піз. Еліміздің дамуына зор ықпал ететін ауыл шаруашылығын дамы-ту жолында белсене еңбек етуі- міз керек. Ауданның тыныс-тірші-лігімен танысып, риза болып отыр- мын. Көкейлеріңізде жүрген сауал-дарыңыз болса, жауап беріп, ай- тылған мәселелерді тиісті орын-дарға жеткізіп, мәселелердің ше-шілуіне атсалысамын, – деді депу-тат Дүйсебаев.
Бұдан кейін аудандағы ауыз су мәселесі жөнінде аудандық мәс- лихаттың хатшысы З. Сисенғали, жаппай жекешелендіру, баға тұрақ-сыздығы төңірегінде зейнеткер Н. Мақанов, зейнетақы туралы Ш. Әбуғали, тағы басқа азаматтар өз ұсыныс-пікірлерін айтып, ой бө-лісті.
Жиынды қорытындылаған ау-дан әкімі Наурызбай Қарағойшин ауданға келіп, ел жағдайымен та-нысып, тиімді кеңестер бергені үшін халық қалаулысы Жексенбай Қартабайұлына аудан активі аты-нан алғыс айтып, елдің дамуы- на атсалысып жүрген депутаттық қызметіне сәттілік тіледі.
Ақсұңқар СӘДІР,Жаңақала ауданы
Пікірлерге құлақ түрді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында домбыраны бүгінгі ұрпаққа кеңірек насихаттауды қолға алуымыз қажет. Бұл бағыттағы жұмыс ауданымызда әлдеқашан басталған.
Мәселен, Қараөзен мектеп-ли- цейінде 2011-2012 жылдары Зәй-лім Мәжитова (бүгінде аудан әкі- мінің орынбасары) директор қыз- метін атқарғанда, үзілісте дауыс күшейткіш арқылы күй әуенін ой- натып қоюды үрдіске енгізді. Со- ның нәтижесінде мектептен бүгін-де есімдері елге танымал Жібек Болтанова сынды айтыскер ақын-дар шықты. Мектеп-лицейдің қа- зақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұ- ғалімі Медет Жанболаттың пайым- дауынша, күй өнері – ұлт ділінің өзегі. Құрманғазы, Абай, Махамбет- тердің ізбасарларын тәрбиелеп шығару үшін алдымен домбыра
Қоңырау орнына күй ойнайды
үніне бөлеп, санасына сіңіру қа-жет. Осы мақсатта Қараөзен мек-теп-лицейінде қоңырауды күймен алмастыру 2011-2012 оқу жылы-нан жолға қойылған. Міне, осы кез- ден бастап Құрманғазының, Ди-наның, Тәттімбеттің, Қазанғаптың, Махамбеттің, Нұрғисаның және тағы да басқа күйшілердің туын- дылары әр үзіліс сайын күмбірлеп ойналып тұрады. Мұның өзі – ру- хани тәрбиенің бастауы. Енді бү-гінде осы үрдіс ауданның 27 мек-тебінде қабылданып, оқушыларды сабаққа шақыруды күй орындау-мен бастау енгізілді. Сонымен қа- тар ауданның барлық мектебінде
домбыра үйірмесін ашу жоспарла-нып отыр. Ал Талдыапан ауылын-да домбыраға арналған монумент жасалды. 2016 жылы Тәуелсіздік- тің 25 жылдығына арналып ашыл-ған композициялық монумент өзі- нің бай мазмұнымен ерекшеле-неді. Сондай-ақ домбыраны наси-хаттау мақсатында аудандық “Ауыл айнасы” газетінің бетінде үнемі “Нағыз қазақ домбыра” атты ар-найы танымдық айдар ашылды. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасын табады.
Әсем БОЛАТ,Қазталов ауданы
9СаятБейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл
Осы күнгі Қаратөбе ауданы Қоскөл аймағында Серғазы
атамыздың бәйге бермейтін жүйрік торы биесі бо
лыпты. Әкем Сафолла бала күнінде сол торы биеге мініп,
ағайындарымен қасқыр соғуға шығады.
Аң аулаушылардың ішінде Сер-ғазының інісі болыс Бисенғалидің ұлы Мамай да бар екен. Мамай ерекше қамшыгер болған. Құлаш-тап ұрмаған, нұқып ұрған. Қам-шысының басында кішкене ғана қорғасын құйылған. Төбелескенде қарсыластарының жауырында-рын тесіп жібереді екен. Көкшо-лақ аты өте ақылды болған. Иесі-нің айтқанын қалтқысыз түсінген. «Һайт!» деп ақырғанда шоқиып отыра қалып, алдыңғы екі тұяғы-мен қарсы келгенді соғып, аузы-мен тістеп, аттан адамды жұлып түсіреді екен.
Қасқыр қажырлы болып қуғын-шылардан қара үзіп, қарағандар-дың арасына жатып алады. Сафол-ла атамыз торы биемен өкшелеп отырып жетіп, қасқырды соғуға бата алмай, артындағыларды күтіп тұрады. Сол кезде бірінші жеткен Мамай «бір иттің күшігін соғып алмай, манадан неғып тұрсың, әкел торы биені!» – деп ақырады. Сафолла атамыз бергісі келмейді.
Сонда Мамай атамыз қамшының ұшымен түртіп қалғанда бала аттың бауырына қалай жалп ете түскенін білмей қалады. Мамай торы биеге қарғып мініп қасқырға ұмтылғанда, тыңайып қалған қасқыр да қарсы ұмтылып биенің тамағын орып жі-береді. Мамай атамыз қасқырды өзіне тән әдіспен бір ұрып төбесін ойып жібереді, қасқыр сеспей қатады. Қолқасы кесілген торы биенің тамағынан қанды көбік атқылап тұрады. Аңшылар көйлектерін жыртып биенің тамағын байлап, қасқырды сойып, терісін алып, ауылға қайтады. Серғазы атамыздың кемпірі Шолан Байбақтының тұқымы Қалия есімді әжеміз екен. Ол кісі өте қайратты, әрі емсек кісі болған. Қайныларын «қасқырдың басын кесіп әкел» деп қайта қуып, әкелгесін қасқырдың тістерін қағып алып, отқа өртеп, биенің тамағын тазалап жуып, ұстарамен қырып, қасқыр тісінің күлі мен күшаланы араластырып жараға сеуіп, тарамыспен тігіп тастаған. Содан торы бие құлан-таза жазылып кетеді. Тамағында азғантай ғана қара тыртық қалады. Одан кейін де талай жарыста бас бәйгені алады.
Төлеген САФУЛЛИН,зейнеткер,
Орал қаласы
Қазақта «Иттің бәрі тазы емес, еттің бәрі қазы
емес» деген сөз бар. Бұл атабабамыздың осы бір тазы тұқымды итті қалай
бағалағанын көрсетеді. Оны аз десеңіз, тазыны жеті қазынаның бірі деп, жігіттің
жүйрік ат, қыран құспен қатар тұратын үш серігінің біріне
балаған.
Қазақ тазыны қалай құрметте-генін хан Кене заманында біздің тұтқынымызға түскен қырғыздың Қалша деген батырын қайтаруды сұрай келгендерге қазақ-қырғыз-ға аты шыққан «Көкдауыл» атты құмай тазыға айырбастап алған-дығынан да көруімізге болады.
Кезінде бір ауылды асыраған иттің сырттаны саналатын тазыны баптау, оның тұқымын көбейту ісі кешегі кеңестер кезінде тоқы-рап, осы бір құндылығымыздан айырыла жаздадық. Қазақ да-ласындағы тазының саны 19 ға-сырда 150-160 мыңдай болды деп орыс ғалымы А. Добромыслов жазып кеткенімен, осы күні елі-мізде 500-ге жетер-жетпес қана тазы бар екен. Құрудың аз-ақ ал-дында қалған тазы тұқымдының саны 200 басқа дейін кеміген кездер де болыпты. Дегенмен ұлттық құндылығымызды сақтап, ит баптауды жанына серік еткен азаматтарымыздың арқасында соңғы жылдары тазы саны артып, қазақтың тамаша салты қайта жаңғыра бастағандай.
Бүгінде елімізде тазы қанын тазартып, оның тұқымын көбейту
мақсатында түрлі көрмелер мен сайыстар ұйымдастырылып тұ-рады. Зеленов ауданында да тазы асырап, иттің осы түрінің көбеюіне, ұлттық құндылығымыз-дың сақталуына өз үлесін қосып отырған жан бар. Ол – бірнеше жылдан бері тазы баптайтын Сағидолла Мұқанов. Сәкең аула-сындағы Лашын және Тайга есім-ді тазылардың бірін Алматыдан, енді бірін Тараз қаласынан ал-дырыпты. Аңшылықпен 1986 жыл-дан бері айналысып келе жатқан Сағидолла ағамыз бұрын өзінде белорустың гончак тұқымды иті болғанын айтады. Оның ойын-ша, гончак – иттің асылы тазыға жетпейді. Гончак жаралы аңды немесе көзіне көрінген аңды қуалайды да, иіс сезіп, із кесу жа-ғына осалдау келетін көрінеді. Ал тазы тұқымды иттің артықшы-лығы – із кесуі және иісшілдігін-де екен. Кейіпкеріміздің өзі айт-қандай, тазы туралы білімі мол болмаса да, осы уақытқа дейін біраз мәліметке қаныққан. Ол тазыларды тамақтандыруға ерек-ше мән берумен қатар бабынан айырмас үшін далаға шығарып, жүгіртіп тұруды дағдыға айнал-дырған.
– Бірде қос тазымды ертіп, далаға шықтым. Иттерді біраз серуендетіп, ауылға қарай бет алғанымыз сол еді, кенет Лашын әлдененің иісін сезгендей тіміс-кілене қалды. Сол-ақ екен, бір түлкі сайдан шығып, қаша жөнел-ді. Лашыным біраз қуалап барып, ауызды сала бергенде түлкі де мойнын бұрып, шап бергендей болды. Осы кезде итім түлкіні ас-панға лақтырып үлгерді де, бойы
жазылған түлкіні ауадан басып түсті. Осы көрініс әлі күнге көз алдымда, – деп тазысының алғыр-лығын сүйсіне суреттейді ол.
Ол сондай-ақ «Сарыала қаз деген құстың жұмыртқасынан кейде күшік шығады. Сол нағыз құмай болады екен. Бірақ ондай ит тек Тәңірі берейін деген адам-ға ғана жолығатын көрінеді» деп келетін ел ауызындағы аңыз әң-гімелерді де майын тамыза әң- гімелейді. Ағамыз «Лашыным ал-ғыр болса, Тайгам ақылды» дей-ді. Көпшілік жағдайда Лашынның қуып жетіп алған аңдарын Тайга-сы иесіне әкеліп береді екен.
Кейіпкеріміз болашақта тазы тұқымды иттерді көбейтуді қолға алмақ. Сөйтіп ол бір кездері құ- рып кете жаздаған ит асылын сақтап қалуға өз үлесін қоспақ. Әрине, жігіт ағасының бұл ісі құптарлық. Бабаларымыздан қал-ған мұра, өнер өзімізден басқа кімге керек?! Бүгінде Алабай десе түркіменнің, борзая десе орыстың иттері еске түседі. Ал қазақтың тазысы неге ешкімге керек емес?! Қазақ қазақ болға-лы бірге жасасып келе жатыр- ған итіміздің бағасын өзіміз түсі-ріп алғандаймыз. Дәстүрлі саят-шылық та өнер, мәдени мұра. Сондықтан тазы асырап, оның тұқымын асылдандыру ісін қол-ға алған азаматтарға мемлекет тарапынан да қандай да бір де-меушілік, қолдау көрсетілер бол-са, ұтарымыз мол болар еді.
Түгелбай БИСЕН,Зеленов ауданы
Суретті түсірген автор
Бәйгеторы
Сағидолла аңшының тазылары
Сағидолла Мұқанов тазыларымен
10 Бейсенбі, 11 қаңтар 2018 жылдӘулет
Айта кетейік, 2004 жылы құрылып, негізінен асыл тұқымды мал өсірумен
айналысатын «Сәбит» қожалығы-ның бүгінде шаруасы мығым. Қыс- қы-жазғы орындардағы мекен-тұ- рақтарын сайлап алған. Тұрғын үйге қоса, қора-қопсысы да са-қадай-сай. Бүгінде кәсібін дөңге-леткен Мирболат, Ерболат есімді ағайынды Құрманғалиевтер өңірі-міздегі асыл тұқымды мал өсіруді жақсы жолға қойған маңдайалды шаруашылық. Төрт түліктің ішінен қазақтың асыл тұқымды ақ бас ірі қарасын және асыл тұқымды көшім жылқысын өсіріп, оларды өз төлдері есебінен көбейтуде. Шаруашылықтың малы төрт қыс-тақта орналасса, олардың бағы-мымен тұрақты түрде 25 адам шұғылданады. Қожалықтың негіз-гі малы орналасқан орында бес үй салынған. Біреуінде қожалық иесі тұрса, қалған үйлерде шаруа-шылықта жұмыс жасайтын төрт отбасы тұрады. Қожалық менші-гінде 18 543 гектар жер болса, со-ның 874 гектары егістік, 811 гек- тары шабындық, 16 833 гектары жайылымдық жер. Егістіктен тү-
Депутат бағасын берген қожалықОблысымызға арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің хат
шысы Жексенбай Дүйсебаев Ақжайық ауданындағы «Сәбит» шаруа қожалығында болып, асыл тұқымды мал өсіру жұмысымен танысты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов пен БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов
астаналық мейманды қожалыққа бастап барды.
Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ, ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты:
– Қаңтар айының алғашқы жұмыс күндерінен бастап Пар-ламент депутаттары еліміздің өңірлерін аралауда. Батыс өңі-ріне жұмыс сапарымен келіп, бірқатар аудан-ауылдарда бол- дық. Бұндай кездесулер сайлау-шылар үшін де, депутаттарға да қажет-ақ. Депутаттар халық пен үкіметтің арасындағы дәнекер іспеттес. Осындай жұмыс са-парларында өңірлердегі оң өз-герістерді көзбе-көз көреміз, тұрғындардың ұсыныс-пікірле-рі мен мұң-мұқтаждарын құла-ғымызбен естиміз. Содан түйін шығарып, жоғарғы өкілеттік органдарға жеткізу – біздің басты мақсатымыз. Батыс Қа-зақстан облысында атқарылып жатқан бірқатар игі істердің куәсі болдық. Әсіресе, ауыл шаруашылығын дамыту, мал басын асылдандыру мен кө-бейту мақсатында жасалған қарқынды істердің куәсі бол-дық. Бүгінде қай салаға болма-сын мемлекеттен үлкен қол-дау көрсетілуде. Сол арқылы бірқатар түйін шешіліп келе-ді. Бірақ шешімін таппаған түйткілдер де бар. Мәселен, бүгінде өндірілген өнімді са-палы өңдеп, уақтылы нарыққа шығарып, тиімді бағамен сату жағы ақсаңқырап тұрғаны бел-гілі. Өнім өндіретін адам оны өткізуге бас ауыртпауы тиіс деп ойлаймын. Бұл жерде өнімді тасымалдау, өңдеу, сақ-тау, сатумен шұғылданатын басқа буындар іске қосылуы керек. Ендігі жерде осы мәсе-леге көп көңіл бөліп, бір шеші-мін табуымыз қажет.
сетін өнім орташа есеппен гекта- рына 15-20 центнерді құрайды. Бүгінде қожалық иелігінде ірілі-ұсақты 900 бастай асыл тұқымды мал бар. Өткен жылы өңірдің бар-лық аудандарынан дерлік қожа-лықтар осы шаруашылықтан 167 бас асыл тұқымды қашар мен бұқа сатып алған.
Түс ауа шаруашылыққа арнайы келген меймандарды ағайынды шаруа жігіттер қожалық маңын-дағы канал бойынан қарсылап алды. Қонақтардың көліктен түсуі сол екен, қожалық иелері шаруала-рымен таныстыра жөнелді. Су ар- насын бойлай өскен тал-теректің іргесінде, көпірте шашылған көк шөпті күйсеп тұрған малдың қарасы көп-ақ. Шөбі алдында, суы жанын- да орналасқан асыл тұқымды ана- лық осы жерде қыстап шығады екен. Өткен жылғы төлінен енді ажыратылып, төлдеудің жаңа ке-зеңіне көшкен аналық малдың қыл-майқаны білінбейді. Әр та-бында 120 бастан бағылады. Каналдың арғы бетінде өткен жылы жай төлдеген марқа бұзау-лар анасының қасында ойнақтап жүр. Одан әрі бұрыннан «Қызыл
Иван» деп аталып кеткен қожа-лықтың негізгі мекені орналасқан қыстаққа келіп жеттік. Қаз-қатар салынған тұрғын үйлер, тізілген қора-қопсы. Әуелі заманауи үлгі-де салынған малды қолдан ұрық-тандыру, ем-дом жұмыстарын жүр- гізуге арналған бекет, ондағы мал егу жұмыстары көрсетілді. Қазақ- тың ақбас тұқымының республи-калық палатасының Батыс Қазақ-стан және Ақтөбе облыстары бо-йынша өкілі Мақсот Балқыбаев келген қонақтарды қожалықтағы мал тұқымын асылдандыру бағы- тындағы атқарылған істермен, алда тұрған жоспарлармен таныс- тырды. Маман осы жұмыстардың барысында кездесетін қиындық- тарды да атап, сол мәселелердің шешу жолдарын қарастыру керек-тігін де айтып өтті.
Қаңқасы темірден тұрғызылып, төбесі қымталып салынған орын-да өткен жылы алынған төлдер тұр. Асыл тұқымды таналар мен бұқашықтарға арналған қорада барлық жағдай жасалған. Көк шөп, құрама жем, таза сулары алдарын-да. Ауланың іші мұнтаздай. Бұқа-шықтар шағын бөлмелерге 12-15
бастан бөлініп қойылған. Әр бөл-менің тұсында олардың шығу тегі туралы мәлімет, әр айда қосқан тірілей салмағы секілді барлық қажетті мағлұмат жазылған. Аула-ның жанында шағын бордақылау алаңы бар. Бұл «майлы орынға» жаңағы бұқашықтар мен таналар кезектесіп, айына екі мәрте кіріп шығады екен.
Асыл тұқымды мал өсірудің кә-нігі маманы Мақсот Балқыбаев- тың айтуынша, заманауи үлгіде салынған мұндай станция көп жерде кездесе бермейді. Бұл іс-тердің барлығы асыл тұқымды қа-зақтың ақбас тұқымды малының басын көбейту, таза қанды бұқа- лар шығару мақсатында жасалуда.
Өңірдегі мақтаулы қожалықтың жұмысымен жіті танысқан Мәжі-ліс депутаты Жексенбай Дүйсе-баев та шаруашылық ісіне көңілі толғандығын айтты.
– Сонау жетпісінші жылдардың басында жоғарғы оқу орнында оқы-ғанда, кейін еңбекке араласып, мал шаруашылығы саласында жұмыс жасағанда, асыл тұқымды мал өсі-ру туралы теориялық білімім бо-латын. Ал бүгін алғаш рет Батыс Қазақстан облысынан осы игі істің қалай атқарылатынын көзіммен көріп тұрмын. Мал шаруашылы- ғын дамытып, сапалы өнім алу-да мал басын асылдандырудың маңызы зор. Айналысып отырған істеріңіз берекелі болсын! – деді Жексенбай Қартабайұлы.
Қожалық иелері жаңа үлгідегі салынған тұрғын үйлердің ау- мағын кеңінен қоршап, жеміс ағаш-тарын егуді де қолға алған.
– Атадан мал қалғанша, тал қалсын демей ме атам қазақ. Сол мақсатта шағын болса да, бақ отырғызуды қолға алдық. Өткен жылдың көктемінде бірнеше жүз- деген түп алма ағашын ектік. Бұ-йырса, екі-үш жылда жемісін кө-реміз бе деп отырмыз, – дейді Ер-болат Құрманғалиев.
Нұрбек ОРАЗАЕВ,«Орал өңірі»
11МӘСелеБейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл
Әлқисса, біздің қолымыз-ға жақында сенімді де- реккөздерінен Орал
қаласы мен облыс аудандары бо-йынша бұралқы ит-мысықтардың көзін құртуға арналған ақшаға қатысты мәлімет тиді. Күні кеше түгесілген 2017 жылға тиесілі осы ресми құжатты қарап отырып, біз қараусыз ит-мысықтарды жоюға бағытталатын қаржы-қаражат мөл- шерінің әркелкілігіне қатты таң-қалдық. Бұған мына төмендегі кес- те арқылы сіз де көз жеткізе ала-сыз.
Үлкендікішілі елді мекендердің көшелерін кезіп, қараусыз жүрген итмысық, әсіресе, ит атаулы елжұртқа ай тарлықтай қауіпті екендігін тәптіштеп айтып жату – басы
артық шаруа. Дәрігерлердің айтуынша, халықтың өзге бөлігіне қарағанда қараусыз иттердің қабуынан мектепке бара жатқан немесе сабақтан қайтып келе жатқан балалар көбірек зардап шегетін көрінеді. Бұған қоса бұралқы итмысықтар әр түрлі жұқпалы дерттерді таратушы да болып табылады. Сол себепті, олар дың көзін уақтылы жойып отырмаса, жағдай ушыға түсері шүбәсіз.
Аумақтық бөліністердің атауы
Ақжайық ауданыБөкей ордасы ауданыБөрлі ауданыЖаңақала ауданыЖәнібек ауданыЗеленов ауданыҚазталов ауданыҚаратөбе ауданыСырым ауданыТасқала ауданыТеректі ауданыШыңғырлау ауданыОрал қаласы
Әрбір итмысықты жою үшін бюджеттен бөлінген қаржы
1500 теңге1100 теңге2800 теңге1500 теңге1633 теңгебаға белгіленбеген1000 теңге1642 теңге1214 теңге1320 теңге750 теңге1840 теңге5094 теңге
мыш мекеме 2017 жылғы маусым айының біріне дейін 2906 иесіз иттің көзін құртқан. Былтыр осы мақсатқа Зеленов ауданы бойын-ша жергілікті бюджеттен 4 359 000 теңге бөлініп, осы қаржы жаңағы 2906 бұралқы итті жою барысын- да түгелдей игерілген көрінеді. Яғни ит басына 1500 теңгеден ке- ліп тұр. Бұл аз ба, көп пе, ол жа-ғы бізге беймәлім, оның анық-қа-нығын мамандар анықтай жатар. Айтпақшы, Зеленов ауданында қа- раусыз ит-мысықтарды жоюдың ережесі мен ақшалай құны әлі
«Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Нұрмағанбетовтың біздің редакцияға жолдаған жазбаша мәліметіне қарағанда,
жалпы облыс бойынша 2017 жылы бұралқы итмысықтарды аулапжоюға 56 795 600 теңге бөлініп, иесіз 21 232 ит пен 1154 мысық жойылған. Биыл бұл жұмыс үшін 55 414 мың теңге қарастырылған көрінеді.
Енді мына мәселеге зер сала-йық: Зеленов ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 29 ақпандағы №49 қаулысына сәйкес осы ауданға қа- расты шаруашылық жүргізуге құ-қылы ветеринарлық стансаның бір міндеті – бұралқы ит-мысық-тарды жою. 2016 жылы мұндай шаруаны мүлдем атқармаған атал-
күнге дейін бекітіл-меген көрінеді. Бірақ бізді қатты ойландыр- ғаны, Орал қаласы мен облыс аудандарында қаңғыбас ит-мысық-тарды жоюға бөлінетін қар- ж ы - қ а р а ж ат -
тың тым ала-құлалылығы. Мәсе-лен, 2017 жылы Теректі ауданы бо- йынша әлгіндей бір хайуанды ұс- тап, жоюға 750 теңге жеткілікті болса, тура осындай «операция» үшін Тасқала ауданында 1320 тең- ге, Жәнібек ауданында 1633 теңге, Қаратөбе ауданында 1642 теңге, Шыңғырлау ауданында 1840 теңге, Бөрлі ауданында 2800 теңге, ал Орал қаласы бойынша тіпті 5094 теңге қазына қаржысы бөлінген екен. Аумағы шағын облыста бір жұмыс үшін бюджет ақшасының әрқилы бөлінуі кім-кімді де ой-лантуы тиіс. Өйткені, Теректі ау- данының аумағындағы иттің кә-дімгі ит секілді төрт аяғы бар да, ал осы мақсатқа аталмыш аудан-ға қарағанда, бюджет қаржысын әлденеше есе көп бөлетін аудан-дардың территориясындағы ие- сіз иттердің 8 немесе 16 аяғы бар ма екен? Бөлінетін бюджет ақша-сына қарағанда, кейбір елді ме- кендердегі «алыпсоқ, бөрібасар-
лар» ит атушылардан қашқанда, тіпті ғарышқа ұшқан Белка мен Стрелка құсап, зымыранға (ра-кетаға) мініп, зуылдайды емес пе екен деп ойланып қаласың.
2017 жылғы 26 желтоқсанда өткен Әдеп кеңесінің былтырғы соңғы отырысында «Батыс Қазақ- стан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік меке- месінің басшысы Серік Нұрма-ғанбетов есеп берді. Осы жиын-да ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойын-ша департамент басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы Болат Исақов иесіз ит-мысықтарды жоюға қа-тысты баға саясатын бірізденді- ріп, жүйелеу қажеттігін ескертті. Бұл мәселеге қалалық және ау-дандық мәслихаттардың депутат-тары да сергек қарар деген үміт-теміз.
Бауыржан САЛЫҚҰЛЫ, «Орал өңірі»
Иесіз ит-мысықтарды жою бағасы неге ала-құла?
Жуырда Оралдағы Тә- жиден Батырұлы атын- дағы қалалық мешіт-
тегі жамағаттың қалтасынан ақ- ша ұрлап жүрген атыраулық аза-маттың ісі әшкере болып, әрекеті елді шулатты.
Орал қалалық ішкі істер бөлі- мі баспасөз қызметінің мәліме- тіне сүйенсек, құлшылық үйінде азғындыққа барған ұрының қыл- мысы жедел басқару орталы-ғына қосылған мешіттегі бейне-бақылау камерасына түсіп қалған. Адамдардың көзіне дәрет ал- мақшы болып көрінген А. есімді
Ұрыда ұят, намыс, обалсауап деген түсінік болмайтыны белгілі. Алайда, олардың харам әрекеттерін Алланың жердегі қасиетті орны – мешітте жасауы, тіптен шектен шыққандық демей, не деуге болады?! Соған қарағанда, олар Құдайдан да қорықпайтын болып тұр ғой.
азамат мешіт жамағаты намаз оқуға кеткен кезде олардың сырт киімдерінің қалтасын тіміскілеп, ақшаларын жымқырған. Орал қа-лалық ішкі істер басқармасына қарасты Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 25 жастағы еш жерде жұмыс жаса-майтын, бұған дейін де істі болған Атырау қаласының тұрғынын ұс-тады. Бұлтартпас дәлелдермен ұсталған ұры өз кінәсін мойын-дап отыр. Үш күннің ішінде 370 мың теңге жымқырғанын өзі айтқан. Суық қолды арамза
мешіттегі бейнебақылауға түсіп қалмаса, әлі талай кісінің қалта- сын қағуы мүмкін еді.
Қазіргі таңда бұл факті бойын-ша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөліміне сай төрт эпизодпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Гүлсезім БИЯШЕВА,«Орал өңірі»
Құдайдан да қорықпайды екен ...
туған жер12 Бейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл
«Туған жер» бағдарла-масына байланысты әңгімелер болсам,
1957 жылы Егіндікөл ауылындағы Социализм жетіжылдық мектебін бітіріп, онжылдық білімді Қара-төбе орта мектебінен алған біз өзімізше есейдік. Білім жолында жан-жаққа кетсек те, өскен жері-міз Егіндікөлімізді еске аламыз. Бала кезіміздегі ағаларымыздың алды сол кезде жетпістің жотасы-на шығып жатса, соңы қырықтың қырқасында болатын. Бұл аға-апа- ларымыз қазір «Бұлақ басы», «Арал», көлдің қырқасындағы «Беске»» деп аталатын зираттарда жатыр.
«Тіксай», «Жамансай», «Бұлақ-сай» мен «Таласкөл», «Соркөл», «Егіндікөл», «Сарбастыкөл» деген атаулар босқа айтылмаған. Сай да, көл де, бұлақ та бар.
Бұлақ
Бала кезімізде естіген аңыз әңгімеден бұлақтың көзі үй ор-нынан да үлкен болғандығын, көзден атқылаған су шалқып, ар-насынан асып бара жатқасын ауыл шалдары ақылдасып, бұлақ көзін құрым киізбен бітегенін, шөлдеп келген түйе ботақанымен көзге батып кеткендігін білетінбіз. Ал-тыншы сыныпта оқып жүргенімде, мектеп кабинетінен 500 грамм кішкентай гирді ұрлап алып, үй-ден алып шыққан шарғы жіпті ораған дискінің ортасындағы те-сікке жіңішке темір өткізіп, әлгі гирді бұрқылдап жатқан бұлақ көзіне салып жібергенімде көздің тереңдігі болар, шарғы жібім жет-пей қалғаны есімде. Жер астынан бұрқылдап шығып жатқан сумен бірге бауырының екі жағында қал-қаны бар, ұзындығы бес санти-метрдей ақ балық шығатын. Қазір бар-жоғын білмеймін. Бұлақ суы жазда салқын, қыста қатпайды,
жып-жылы, бұрқырап, көлге қарай ағып жатады. Бұлақ суын жұрт-шылық құлағынан бұлақ (аурудың аты) ағатындарға емдікке пайда-ланады. Босқа ағып, көлге құйып жатқан бұлақ суын ел игілігіне жаратқан колхоз төрағасы Қаби Мереев деген. Ол колхозға бақша еккізді. Бақшаны суаруға бәлен-бай жылдан бері ағып, көлге құйы-лып жатқан бұлақ суын пайдалану мақсатында ауылға тиімді шара жасағаны әлі көз алдымда. С-100 тракторымен бұлақ суы ағар жо-лына тимей, су жиналатын аңғар жасап екі ортаны бөгеді. Ауыл оны Екі орта деп атады. Төбе болып жатқан «Екі ортаны» қазір барсаң
да көресің. Бөгет аңға- ры суға толған кезде артық су ағып тұратын темір труба салды. Бө-гетке жиналған су терең еді. Бөгетке жиналған суды ұстап тұрған қақ-паны ашып жіберген-де, қолдан қазылған арықпен аққан бұлақ суы егілген картопты, малға жемге деп егіл-ген қарбызды суарды. Иван деген ақсақ орыс күндіз бақшашы бол-са, түнде күзетшісі Із-болғанов Таңат деген бақалтақ бойлы сейтек шал болды. Оның Ра-хат деген қызы қазір Егіндікөлде тұрады. Бақша жүлге-жүлгемен аққан сумен өздігінен суарылып болған соң қолдан жасалған қақпа жабылып, су қайтадан бөгелген аңғарды тол-
тыратын. Бөгеттің жоғары жағынан қойған темір трубада деңгейінен асқан су таудан аққан судай бо-лып, төмен құлап, көлге тоқтаусыз құя беретін. Су жиналған кезде екі ортадағы тереңдікте Дәулетияров Құспанның (ауылда қара Құспан дейді) Талма деген алты оқитын қызы бөгеген бұлақ суына кет-кенін, оның денесін Құлекешов Нығыметтің қызы Назым алып шық-қанын бұлаққа суға түсіп жүрген біздер көзімізбен көрдік.
Қабидан кейін тегін ағып жат- қан бұлақ суының «пайдасын» ха-лық игілігіне жаратты дегендерді естігенім жоқ. Бір кезде қыз кет- кен, «Екі орта» бөгеті сақталып, әлі күнге көлге құйып жатырған бұлақтың қазіргі сиқы мынау:
Білмеймін, сол жылдарғы дәс-түр ме екен, ата-анамыздың құр-дас, замандастарын әке, шеше дейтінбіз. Бұлақ басындағы ескі үйімізді тастап, колхоздың кар-топ еккен бұрынғы бақшасының
орнына жаңа үй салдық. Бізден кейін үй салған, ысықтың майда-ны Құлекешов Нығымет (суретте) әкемізбен (1900 ж. т) үй арасында үй жоқ көрші болдық. Нығымет әкем соғыста бір қолын беріп келіпті. Ауылда оны «Шолақ қол Нығымет» деп атайды. Нығымет әкеміз әңгімешіл еді. Солтүстік батысқа қарай бір шақырымға жуық жерде көлденең көсіліп, Қа-занғап сайы жатыр. Үлкендердің айтуынша, сайдың арғы беті Тұр-лығұл қыратты жазығының ете-гіне ұласады. Ол жерді Тұрлығұл тауы, Тұрлығұл төмпесі деп атай береді. Тұрлығұлдан әрі бір-екі қыр асқанда Тіксай, одан кейін Бұлақсай бар. Нығымет өзінің 1920 жылдардың басында Бұлақсай-дың суы қыр бетімен ағып келіп, осы күнгі Үштесіктің тұсынан өтіп, Егіндікөлдің оңтүстік бетінде ор-наласқан Калинин қыстағындағы Қосағашқа құйып, Қалдығайты өзе-ніне қосылып кететінін көзімен көргенін әңгімелейтін. Үштесік – ауылдың батыс бетіндегі Егінді-көл – Қоскөл грейдер жолының бойындағы ойпаң жерге көктемгі судың жолды бұзбай ағып өтуі үшін салынған суағар. Қазанғап сайының өзі тайыздалып барып, осы Үштесікке ұласады.
– Осыдан-ақ ертеде бұл жер-лер құрғақ қырлық емес, шаруа-шылыққа қолайлы, ағын суы бар шұрайлы өлке болғанын аңғару қиын емес, – дейтін Нығымет әкем.
Құныскерей паналаған Борлы үңгір
Өмірден өткен кейбір адам-дардың тарихта аты жойылмай, ол туралы әңгімелер аңыз болып айтылатын болды. Соның бірі
– Құныскерей Қожахметов (суретте). Оның есімі Батыс Қа-зақстан және Атырау (бұрынғы Гурьев) облыс-тарына белгілі.
Ол Кеңес өкіметі кезінде Көз- діғара ауылдық советінің төраға-сы болған. Бір ғана шағын жағ-дай оның өміріне үлкен өзгеріс әкеліп, оған атақоныстан қашуға тура келген. Қызылқоға ауданы-мен шектес жатқан Қаратөбе ау-данының «Қаратөбе» совхозына қарасты «Жарлы» бойындағы үң-гірді, Егіндікөл ауылының іргесін-дегі Қарақоға елді мекенінің сол жағында Сегізсайға шыға берісте-гі үңгірді паналаған. Осы қыстақ-тың сол жақ бетінде биік жарды әдейі тескендей, үңгірді адамдары
«Құныскерей үңгірі» (суретте) деп аңыздап айтады.
– Құныскерей Егіндікөл бетінде болыпты. Оны ақын Әсірәлі Әбі-тиев өз көзімен көрген. Соркөл жақта ертеде қалың қамыс болып-ты. Соркөлде Құныскерейді мили-циялар қамағанда көлдің ішінен шығып, құтылып кеткен. Милиция-ны атып, қолынан жарақаттап кет-кен, – дейді егіндікөлдік Батырбай аға Тінәлиев.
Мына фотолар «банды» Құныс-керей қуғыншылардан қашып жүр- генде үйрегін атып, жабайы ал-масын жеп, балығын аулап, па-
налаған жер. 2013 жылы 9 қыр-күйекте Ақтайсай жақтағы көне құлпытастарды іздеп тауып, фото-ға түсірген экспедиция мүшесі, «Қаратөбе өңірі» газетінің сол кез-
дегі фототілшісі Серікбай Хасанов.
Еңбек ардаге-рі Батырбай Тін-әлиев (суретте) туған ауылының арғы-бергі тари-хына байланыс-ты көптеген қы-зықты әңгімелерді білетін шежіре аға болды.
Егіндікөл ауылына барғанымда, Сердалин Ертай інімнің үйінде ауылға қыдырып барғанда Ба-тырбай ағамен әңгімелесіп, айт-қандарын диктофонға жазып ал-дым. Суретін берді.
– Мен 1927 жылы Егіндікөл ауылында туғанмын, – деді ол. Бұрынғылардың айтуынша, біздің Егіндікөлді әуелде тоғыз үй қожа келіп мекендеген екен. Вышканың (бұрынғы Телемұнара орны) қа-
сындағы төмпені Тұрлығұл деп атайды. Тұрлығұл – Қожаның аты. Қожа «Қайтыс болғанда сүйегімді арбаның үстіне салып, тертені қаңтарып, бос қоя беріңдер. Арба қай жерге барып тоқтаса, мені сол жерге жерлеңдер» деп өсиет ет-кен. Сол өсиеті бойынша қожаны қазіргі Тұрлығұл төмпесіне жер-леген. Қазанғапсай – сол қожаның жайлауы екен. Қожалардан кейін бұл жерді Ысық руының Сейтек- тері жайлаған.
Әсірәлі ағайдың айтуынша, Сейтекте Жаңабай деген батыр болған. Жаңабай патшадан жер
бөліскенде «Сенің жасаған жерің емес, құдай жасады» деп осы Егін-дікөлді алыпты.
Сейтектен Тілеуберлі, Жанға- был, Ырыс, Мәлік. Біздің арғы атамыз осы Мәлік. Әкем Тінәлі, оның әкесі – Жұмалы, оның әкесі – Тайсойған. Жұмалы мен Тайсой-ғанды көргенім жоқ. Бұлардың бәрі Беске қауымында жатыр. Бескенің руы да Сейтек. Көл ба-сындағы қыраттағы «Беске» қауы-мы – Сейтектердің қауымы.
Өз әкем Тінәлі, Тінәлінің әкесі Жұмалы. Жұмалы ауқатты, бай кісі болған. Алмаз ауылымен қатынас жасап тұрған. Түске дейін бір жор- ға, түстен кейін бір жорға мінеді
ЕгіндікөлҚазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтың сырын шертеді, әрбір жер атауының төркіні туралы талайталай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімі ел есінде сақталған біртуар перзенттер бар», – деп жазған болатын.
Құрсай бойы
туған жерБейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл 13
екен. Отырған қонысы – Арал. Ол күнде Аралдағы құм етегіндегі кішкене татырдың суы бие бай- лағанда аттың сауырынан келеді екен. Жылқы мен түйе ұстаған.
Түйесінің алды Дөңгелек ащыға құлап жатқанда, арты Аралда-ғы құдықтан жаңа өріп жатады екен. Жаңақоныстың ар жағын- дағы Қаратор деген сайда ағаш үй тігіп отырған. Жұмалы атам өзіміздің Ысық руының Сақау торғай, Ұста торғай деген кісіле-рімен старшындыққа таласып, билікке өткен. Сақау Торғай Жа-рылғасын тоғайын мекен еткен. Ол ертеде Тұзтөбе жақта орыстың қарауында жұмыс жасап келген. Жалшылығында жүрген орыстан елге барам деп рұқсат сұраған.
эссесі
Арнасы тартылса да, балығы бар өзен
Әкем қайтқанда мен қасында бол-дым. Сонда «Папам нағыл дейді? Көк айғыр нағыл дейді?» – деп жатты. Қайтарда әкесі ойына түсіп жатқан ғой.
Сейтекұлы Құлпының ұрпағы – Қалмағамбеттің Сәдені деген бо-лыс болыпты. Егіндікөлді ертеде сол басқарыпты. Атамыз өлген соң әкемнің шаруасы төмендегенде сол кісі мал үлестіріп берген.
Қалмағамбеттің Сәдені ерте-де кісі өлтірген бе, содан Тұзтөбе жағына қарай шығып кеткен. Сөйтіп ол кісі Тұзтөбеде қалған. Оның Алман, Әйтекен деген аға-лары болды. Олар Лубен ауы- лында қайтыс болды. Әйтекен де-ген менің әкемнің құрдасы көрі-неді. Мен Әйтекенді де, Алманды
тай баламын. Соқаның құйрығын ұстайтынмын.
Ол аңшы болды. Тоқылған үл-кен шимен сүзіп, балық аулады. Мүсірәлі ағам Воронеж майда-нында хабарсыз кетті.
Сүлеймен әулие
Арал деген жерде биік төбе басына ертеде Сүлеймен деген әулие жерленген. Қабірі ұзақ сақ- талу үшін көртопырақтың үстіне бор төккен екен. Сол зират әлі күнге сақталған. Ертеде ысық жігіті, облыста басшы қызметте болған Жақсығалиев Сағидолла деген кісі белгі қойып, «Мұқанбетжан баласы Сүлеймен 1941 жылы 72 жасында қайтты, Тас тойған Жақсығали ба-ласы Сағидолла. Азамат атынан 1962 жыл» деп жазыпты.
– 1940 жылдардың бас жағына дейін өмір сүрген Сүлеймен атай-дың көзін көре қалдық. Оның туып өскен жері осы Егіндікөл. Сүлеймен атай орта бойлы, арық та емес, толық та емес, орташалау келген қара торы кісі еді. Тобы- ғына түсетін мол қара жадағайы болды, – деді Батырбай Тінәлиев аға. Ол кісі бұлақ басындағы Құ- лекешов Нығметтің төбесі май-ланған үйінде отырды. Өзі мал баққан кісі еді. Нығметтің айтуын-ша, Мұқамбетжан өте оқымысты кісі болыпты. Сүлеймен атаны дін ұстағаны үшін милициялар қуда-лап, түрмеге жапты.
Әкесі Мұхамбетжан Тұщықара-дағы Айт мазарынан жүз елу қа-дамдай жерге жерленген. 1966-67 жылдар шамасында оның басына бұрынғысы жойылып кеткендік-тен, жаңа құлпытас қойылды. Атын ұмытып отырмын, Темірбайдың әкесі пар өгізбен сүйреп апарып қойды құлпытасты. Сол кезде ол кісінің жасы жетпіске келіп қалған. Бұлар – Ысықтың Қарақұрсағы.
Беске деген ысық – сейтек бо-лыпты. Алтын мен күмістен сақи-на, білезік, сырға жасайтын зер- гер болыпты. Егіндікөл ауылы- ның көл басындағы қыратқа алғаш болып жерленген жер «Беске» атаныпты. Тұтас ғұмырын туған жерінде өткізген Нығымет әке де, Батырбай аға да қайтыс болды.
Аққұмнан табылған жәдігерлер
Шыңғырлау ауданының Сегіз-сай ауылының іргесінде ұзынды- ғы бірнеше шақырымға созылған Аққұм Қаратөбе ауданының Егін-дікөл ауылына жақын жатыр.
Ел ауызындағы аңызда Аққұм ХV ғасырда қалмақтың ханы Ал-шағырдың ордасы болған деседі.
Жорыққа кеткен Қарақыпшақ Қо-быланды батыр жеңіспен ауылына келсе, қалмақ Алшағыр хан ауы- лын шауып, Қобыландының ата-анасы мен інісін тұтқындап алып кетеді. Қобыланды кейін қалмақ-тың Алшағыр деген ханымен со- ғысқан. Тұтқында жатқан ата-ана-сын, інісін құтқарған.
Алшағырға болысамын деп келген Шошай ханды да алады. Осы соғыста Қобыланды батыр Алшағыр ханның ордасын тал- қандайды. Талқандалған орда ке-йін құмға айналған.
Сонымен, балалық шағымыз өт-кен Егіндікөл ауылы жасымыз жет- піс бестен асса да, есімізден кетер емес. Оның жазда болатын құм бораны ерекше. Егіндікөлде құм бораны болғанда, Аққұмда да бо-ран болып, талай тарихи жәдігер-лерді ашып тастайды. Осы кезде барсаң, олжалы болғаның. Енді бір құм бораны соққанда, олар-ды көшкен құм жауып тастайды. Егіндікөлдіктер жазда құм күресе, қыста қар күреуге үйренген.
Аты аңызға айналған Аққұм мені Егіндікөл орта мектебіне мұғалім болып келгесін де қызық-тырды. Ауылда соққан құм боран басылған бойда Аққұмға бардым. Жезден жасалған екі қырлы, үш қырлы жебе ұштарын, құмыра сынықтарын тауып, маған дейін
тарих пәндерінің мұғалімдері Жа-маев Ғабдолдла, Аймашев Аман-келді ағалар ұйымдастырған мек-теп мұражайына әкеліп қойдым. Енді бір барғанымда, ұшы сын- ған, сыртын тат басқан қайқы қылыш таптым. Аудандық музей ашылғасын, осы қылышты мұра-жайға тапсырдым. Бұл қылыш – қа- зір М. Мералиев атындағы аудан-дық тарихи-өлкетану мұражайда Аққұм туралы жәдігердің бірі. (суретте).
Егіндікөл – Табындар мекендеген жер
Табынның Қалмақ деген тар-мағы Лубеннің Кіндікті деген же-рін мекендепті. Табын – Жиембет Бөкенбай батыр Қараұлы Бұл- дырты мен Қалдығайты өзенде- рінің аралығындағы Аққұм ал-қабында дүниеге келген дейді. Шыңғырлау өңірінде Сегізсай бойында Табын руының Қараба- тыр, атақты Есенаман деген- дер тұқымдарымен батыр болып- ты. Егіндікөлдіктер «тау жақ» деп жүргені осы Есенаман тауы. Есенаманның руы – Табын. Есен- аманның арғы бабалары Бөкен-бай, Қара батыр. Заманында жеті атасының бәрі батыр болған де-седі.
Егіндікөл ауылындағы Қаратал орманының іргесінде ағып жат- қан Қалдығайты өзеніне жақын жерде «Жәші тал» деген жер бар.
«Жәші тал» деген жерде табын Жәші деген тұрған. Ол Тіленші-ұлы Жоламан батырдың баласы. Жоламан Сегізсайдың төртінші сайын мекендеген. Жәшінің мо- ласы Аққұмның бергі бетін-де. Жәші талдың бер жағында Әбілеш тоғыты деген жер бар. Әбілеш те табын. Жалпы Жәші тал бойы – табынның жері. Осы
кісінің атымен «Әбілеш тоғайы», «Әбілеш тоғыты» деп аталған жер атаулары қариялардың ауызекі әңгімесінде әлі де болса аталып жүр.
«Туған жер» бағдарламасы бо- йынша егіндікөлдік кәсіпкерлер-дің ауылға жасаған игі істері – бөлек көлемді мақала.
Егіндікөлдік Қайыржан ХАСАНОВ,
өлкетанушы,Қазақстанның құрметті
журналисі,М. Өтемісов атындағы
БҚМУдың құрметті профессоры,Орал қаласы
Егіндікөлдік Сәкен Базарбаевтың Аққұмнан тапқан қылышы. Суретке түсірген Нұржан Қайыржанұлы. 9.09.2013.Өзен жағасында өсіп тұрған жабайы жеміс ағашы – ранетка
«Еліңе баратын болсаң, мен сенің үстіне ағаш үй тігем. Алдыңа мал салам» депті қожайыны. Содан бір үйір жылқы мен бір табын сиыр берген. Сақау Торғай Жа-рылғасын қыстауына келіп, қыста-ған дейді. Жарылғасын қыстауы Қалдығайтының арғы бетінде, Қа- ракемердің етегінде болыпты. Қа- зір ол жерде жаман қыстаулар-дың орны қалған, жағалай ор. Ол жерде соғыс уақытында колхоз- дың малы болды.
Жұмалы атама жара шыққан. Ем болсын деп жетектеген бура-ны басынан айналдырса да, ау- руы жазылмаған. Асқынып кеткен жара ауруынан ол жиырма сегіз жасында қайтыс болған. «Беске» қауымында оған қойылған құлпы-тастың тұқылы тұр. Құлпытасты сын- дырып, диірменге пайдаланған.
Әкем Тінәлі атқа мықты болған кісі. Ертеректе екіге жарылып тұр-ған топтың арасынан атпен шауып келіп, тулақтың үстіне тасталған теңгені іліп әкеткенін көзіммен көрдім. Байдың баласы ғой. Ол кісіні тақымын кесіп тастамаса, аттан түспейді дейтін. Зылт де-ген аты болды. Қашаған биелерді қайырып, желіге әкеліп тығады.
да көрдім.Егіндікөлдегі бұлақ басында
мешіт ұстаған Мырзағали деген молда болды. Кейін ол мешіттің қарағайы сол бұлақ басындағы мек тептің құрылысына пайдала-нылған. Мырзағалидің руы – Ысық. Анамның айтуынша, әулие адам болған. Бұлақ көзінің арғы бетін-де Ізболғанның баласы Таңат де-ген отырды. Пері ме, шайтан ба, қайдан білейін, Таңаттың үйіндегі терезеге жауып қойған шыптаны бота болып сүйкеніп, түсіріп кете береді екен. Сонда Мырзағали молда «Ол әуелде бір жалаңаш бала еді. Қазір өсті. Орындарың- ды ауыстырыңдар», – депті.
Мырзағали мешіт ұстағанда, Нұралының әкесі Ынтағали азан-шы болған. Ынтағали – Сейтектің Нұрбайы. Ол бұлақ басында отыр-ды. Соғыс жылдарында бақша егіп, картоп, қияр, капустадан жақсы өнім алды.
Әкемнің інісі – Мүсірәлі ағам Жәшиталда отырды. Ол өте шаруа кісі еді. Атамның отырған орны Аралда шағылдың етегін соқамен жыртып, тары екті. Ол күнде көл-шіктерде су мол болатын, тары жақсы шықты. Сонда мен кішкен-
ӘлеМ14 Бейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл
Өткен жылдың желтоқсан айын- да сырқаттанып, Орал қаласына келдім. Дертім қатерлі ісік болған-дықтан, облыстық онкологиялық диспансерге келіп қаралған бола-тынмын. Диагнозыма сәйкес күр-делі ота жасап, сауығуыма септігін тигізген облыстық онкологиялық диспенсерінің бас дәрігерінің орынбасары, білікті маман Тайман Төлеуғалиұлы Амановқа алғысым-ды білдіремін. Бұл азамат талай науқастың сауығуына себепші бо- лып, шипалы қолымен дертке дауа тауып, көптің алғысын алып жүр- ген жан. Өз ісінің шебері, алған білімімен халқына аянбай еңбек
еткен абзал жанның еңбегі жана бергей! Сонымен қатар онкология- лық диспенсердің ұжымына, бар-ша мейірбикелерге алғысымды білдіремін. Қиын шақта жаныма де- меу болған күйеу балаларыма, қа- рындастарыма, қайын ағаларыма, балдыздарыма, барша ағайынға рақметімді айтамын. Емдеуші дә- рігеріме қолыңа дерт бермесін, емің шипалы болып, алғыс алып, талабыңмен өрге жүзе бер демек-пін!
Асылбек НЕҒМЕТЖАНОВ,зейнеткер,
Бостандық ауылы,Қазталов ауданы
Баршаңызға алғыс айтамын
А
Міне, өткен жылдың аяғынан бастап, қаңтардың алғашқы күндерінде Иран елі дүрлігу үстінде болды. Діні бір, ділі жақын әрі Қазақстанның стратегиялық әріптесі болып табылатын мемлекеттің саяси шиеленіске тап болуы ешкімді де немқұрайлы қалдырмайды. Сонымен көне парсы еліндегі даудамай неден шықты?!
Соңғы жылдары Қазақстан мен Иран арасында тым тәуір экономикалық қа-
рым-қатынастар қалыптасты. Қазір Қазақстан осыдан санаулы жылдар бұрын салынған көршілес түрік- пен елін жарып өтетін жаңа темір- жол желісі арқылы Иран және әрі қарай араб елдеріне экспортқа шықты. Оның келешектегі әлеуеті мол. Сондай-ақ, Қазақстан Иранға астық өнімдерін шығарады. Сырт- қа ет шығаратындардың ішінде Қызылорда, Қостанайдан басқа біздің Жайық өңірі де бар. Мәсе- лен, былтыр біздің облыстан атал-мыш мемлекетке 200 тонна ет жөнелтілген. Демек, Иранның қа- лыпты тыныс-тіршіліктен ауытқы-мауы Қазақстан үшін экономика- лық тұрғыдан да керек-ақ.
Батыс Азияда орналасқан Иран Ислам Республикасының бес мың-жылдық тарихы бар. Ол көне пар-сы империясы, Сасанидтер және басқа да тарихта атауы қалған мем- лекеттердің мұрагері. Ал 1934 жыл- дан бергі ресми атауы – Иран. Иран парсының «Айранам» сөзінен шыққан. Оның аудармасы – «Арий-лар елі». Яғни неміс, үнді, ауған ұлттары сияқты парсылар да көне арийлердің ұрпағы. Сол үшін соғыс жылдарында неміс нацистері иран-тәжік ұлттарын «жоғары арий» нә- сілінің қатарына қосыпты. 1979 жыл- ғы аятолла Рухолла Хомейни бас-қарған ұлттық-діни көтерілістен кейінгі осы елдің ресми атауы – Иран Ислам Республикасы.
Бүгінгі Иран ислам әлемінде ішкі жалпы өнім деңгейі жөнінен төртінші орында. Технологиялық дамуы бойынша көп мұсылман елі-нен көш ілгері. Ұлттық байлығы – газ бен мұнай өз иелігінде әрі оны үнемді пайдалануда. Ел халқының саны – 78 миллион. Оның басым көпшілігі парсылар (61 %), әзірбай- жандар (16 %, бірақ кей сарапшы- лар олардың санын 35-40 пайызға жеткізіп отыр). Қалғандары араб-тар мен күрдтер және саны аз өзге ұлт-ұлыстар. Саяси-қоғамдық өмірі- не келсек, елде ислам, христиан-дық, отқа табынушылықтан (зоро- астризм) басқа діни сенім мойын-далмайды және тыйым салынған. Өлім жазасы қасақана кісі өлтіру- шілерге, әйел және бала зорла-ғандарға, гомосексуализмге қарсы қолданылады және жедел орын- далады. Порнография да заң жү-зінде қатаң қудаланады.
Халық толқулары былтырғы желтоқсан айының ортасында бас- талды. Ең әуелі Мешхед, Исфаһан қалаларында басталған шеру ел- дің өзге өңірінде де жалғасты. Ел-
Ираннан маза қашып тұр...
дің астанасы Теһран да шет қалған жоқ. Шерулер ең әуелі экономи-калық ахуалға наразылықтан бас- талды. Яғни адамдар тұрмыс дең- гейінің төмендеуіне, қымбатшылық пен ақшаның құнсыздануына на- разылығын білдірді. Оған көп ұза- май әлеуметтік талап – жемқор- лықты жүгендеу мәселесі қосылды. Күн өткен сайын ирандықтар кө- кейінде жүрген саяси талаптарды да сыртқа шығарды. Атап айтқан- да, иран сарбаздарының Сирия- дағы соғысқа қатысуы, соның сал- дарынан мемлекеттік бюджетке салмақ түсуі қосылды. Қоғамдық тәртіп сақшылары ереуілге шық- қандарға қарсы көзден жас ағы-затын газ бен резина оқтарды қол- данды. Әсіресе, көшеге шыққан-дардың басым көпшілігін құрай-тын жастардың дүкендерді, қоғам- дық орындарды талқандап, көлік- терді өртеуі, полиция және қауіп- сіздік күштері тарапынан қарсы әрекетті туғызуы түсінікті. Билік-ке қарсы топтың бір өкілі Мехдет Каруби халықтың құқық қорғау күштеріне өштігін ел түрмелерін- дегі саяси тұтқындарды азаптау- мен байланыстырып отыр. Ал жас-тар болса, дін өкілдерінің саяси биліктен кетуін үзілді-кесілді та- лап етуде.
Толқулардың басында ресми билік көпке дейін үн қатқан жоқ. Жаңа жылдың қарсаңында ғана ел президенті Хасан Рухани адамдар-дың қай талабын да ашық білдіруге құқылы болғанымен, иран жұртын бейбастақтық жасамауға, сабырға шақырды, әрі арандатушы сыртқы күштерді айыптады. Алайда ереуіл-шілер тыншымады. Керісінше, сту-денттер жоғарғы басшы, аятолла Әли Хаменей мен президенттен өз еркімен доғарысқа кетулерін талап етті. Көп ұзамай биліктің жақтаста-ры да ереуілге шығып, отандаста-рын Батыс пен Израиль, АҚШ-тың айтақтауына ермеуге, ұлт пен ха- лық бірлігін сақтауға шақырды.
Теһран қаласының әкімдігі ендігі жерде толқуға шыққандарға қарсы қатаң шаралар қолданатынын мә-лімдеді. Ал шетелдегі 4 миллион ирандық пен АҚШ президенті Трамп, Израиль басшылығы қуанышта-рын жасырар емес. АҚШ-тың түрт- кіштеуімен Ирандағы жағдай жыл басында БҰҰ-ның Қауіпсіздік ке-ңесінде қаралғанымен, Иранның одақтастары Ресей мен Қытай сая-си қысымға ашықтан ашық қар- сы шықса, Франция қалыс қалды. Нәтижесінде АҚШ пен Англия оқ- шауланып, Иранға қарсы ұсыны-сын өткізе алмады. Иранмен ты-ғыз қарым-қатынастағы Германия, Франция, Бразилия сынды ірі мемлекеттер де жеке ұстанымын сақтап отыр. Мұсылман әлемі де бірі бейтарап, бірі жанашыр бо-лып, дау-жанжалдан іргесін аулақ салуда. Ал Сауд Арабиясының АҚШ жағына шығуы түсініксіз болып, мұсылман әлемінде таңданыс ту-дыруда. Қазақстан билігі қарама-қарсы тараптарды ынтымақ пен саяси мәмілеге келуге шақырады. Өйткені, Иран басқасын айтпаған- да, елімізден астық пен ет, кейбір шикізат түрлерін тұрақты сатып алушы, сенімді экономикалық се-ріктес.
Қазір әлеуметтік дүмпу саябыр- сыған сыңайлы. Алайда кей сарап- шылар 2009 жылы да Иранда осындай толқулардың болып, ке-йін басылғанын тілге тиек етсе, өзгелері саяси дағдарыстың өр-шіп, ливиялық нұсқаның көрініс табуы ықтималдығын бекерге шы- ғармайды. Өйткені әлеуметтік же- лілер арандатушылық әрекеттерін бәсеңдетер емес. Иран билігі қан-шама ақпарат көзін бұғауласа да, әзірге бой беретін түрі жоқ. Мұның өзі толқулардың тасасында тұрған қатерлі күштердің барлығын жоқ- қа шығармайды.
Серік ИХСАНҒАЛИ,«Орал өңірі»
– Әрине, Ирандағы халық толқулары жақсы көрініс емес. Меніңше, онда негізінен экономикалық мазмұн басым. Жоқшылық пен жұмыссыздық діңкелеткен халық еріксіз ереуілге шықты. Ал саяси талаптардың артында сыртқы күштердің тұруы әбден мүмкін. Жастардың тәжірибесіздігі мен қызбалығын әлдекімдер жиіркенішті мақсаттарға шебер пайдалануға тырысады. Сондай-ақ әлеуметтік желілердің де бүлдіргіштік қуаты күшті. Әлеуметтік шиеленіске қатысқандардың көшеде ойына келгенін істеуі заңға да, адами әдепке де қайшы. Қандай қоғамдық әрекет болсын, заң шеңберінен шықпау шарт.
Аталмыш оқиғалардан Иранның ресми билігі дұрыс сабақ алса, жақсы болар еді. Себебі Иранның халқы көп. Арасында жастардың қарасы басым. Демек, билік бағаны бұғаулап, жұмыссыздықты ауыздықтап, басқа да әлеуметтік мәселелерді шешсе, елдегі ахуалдың қалпына келері сөзсіз. Әдетте ашынған адамда ақыл мен сабырға жүгіну жетіспей жатады. Ал көйлегі көк, қарыны тоқ кісілер атой салып, көшеге шықпайды. Сонда саяси талаптар өз-өзінен кейінге шегеріледі. Дегенмен, елде саяси өзгерістер енгізсе де, артық болмас еді. Сөз соңында айтарым, Иранға ынтымақ пен бақуатты тұрмыс тілеймін.
Қайсар ТАШАЙ,тарихшы, облыстық тарих және археология орталығының қызметкері:
хабар-ошар
«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]
Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС
Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН
Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы ҒҰБАЙДУЛЛИН
Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген
Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 54-18-08.Редакция алқасы: Есенжол ҚыСтАУБАЕв,
Сырымбек тҰяҚОв (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕвА (жауапты хатшы),Сәкен ӘБІЛХАЛыҚОв (қоғамдық-саяси бөлім),Нұртас САФУЛЛИН (гуманитарлық бөлім),Нұрбек ОРАЗАЕв (экономика бөлімі).
Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдала-нылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiр-мейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған мате-риалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл-данады.
белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.
Жауапты хатшы 54-38-22.Жарнама қабылдау
тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 54-04-90.
Е-mail: [email protected]
телефондар:
15Бейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл
Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компьютерлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Полиграфсервис" ЖШС баспаханасында басылды. Л.Толстой көшесі, 27/6. Телефон: 50-51-46Индексі: 65533 Таралымы: 14 222, 4 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Г. ҚОЛғАНАТОВАКезекшi редактор: Н. ОРАЗАЕв
А
Сауда-саттық9-шы шағынаудан аумағынан
ауданы 116 м2 болатын (Қызылжар көшесі, 19) барлық жағдайы жасал-ған жеке үй сатылады. Жер аумағы 10 сотық, гаражы, моншасы бар.
Тел.: 8 701 735 81 81
Қызмет көрсетуҒимарат ішіндегі жөндеулерді
жүргіземіз. Шпаклевка, ГКЛ, МДФ, бояу, түсқағаз жабыстыру, линолеум, ламинат, кафель, плинтус, орто па-нельдерді орнату.
Тел.: 8 705 402 73 26
Теректі ауданы Дуана ауылының тұр-ғыны болған, аяулы інім Қабдолкәрім Дүйсенқұлұлын сағына еске аламыз. Өмірден өткеніне 18 қаңтар күні 40 күн болып отыр.
Сұм ажал салып қармағын, інім кетті арадан.Ұмыта алмай өзіңді, жоқтаумен жүр ғой ағайын.Тағдырдың салған ісіне, көнеміз ғой, көнеміз,Иман тілеп соңыннан, дұға оқып жүреміз.
Ініміздің жатқан жері жарық, жаны жәннатта болсын.
Сағына еске алушылар: ағажеңгесі ҚабдолкәкімКүләш, бауырлары Светлана, НұрланГүлнар, Данияр, Арман, зайыбы
Қансұлу, балакеліні ТілегенБалым, немережиендері
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі және рес-публикалық жоғары техникалық колледжі ұжымдары Батыс Қазақ- стан облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Қайдар-қызы Жүсіпқалиеваға анасы
Мастура Насырқызы Жүсіпқалиеваның қайтыс болуына байланысты отбасының орны толмас ауыр қайғысы- на ортақтасып, ағайын-туғандарына көңіл айтады.
2018 жылғы 12 ақпан сағат 11.00-де Зеле-нов ауданы Январцев ауылының орта мектеп ғимаратында
«ЧМГККОда коммерциялық емес есеп ке алу жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.
Мүдделі тұлғалар мен қоғамдық ұйымдар
«ҚОӘБ» құжаттарымен төмендегі мекенжай арқылы хабарласа алады: БҚО, Орал қаласы, А. Карев көшесі, 43/1, «Жайықмұнай» ЖШС, байланыс телефоны: 8-7112-93-39-00 (6153).
ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкес (57-бап), «Жайық-мұнай» ЖШС «НИПИнефтегаз» АҚ дайындаған «Чинарев кен орнындағы №521 бағалау ұңғымасының муллин түзілімдеріне тереңдетуге арналған жеке техникалық жоба» БҚО бойынша экология департаментіне жобалық құжаттаманы мемлекеттік эко-логиялық сараптама жүргізу үшін ұсынуды жоспарлауда.
Барлық мүдделі тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктерге мемле-кеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында келесі мекен-жай бойынша өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік беріледі: БҚО, БҚО бойынша экология департаменті, Орал қ., Л. Толстой көшесі, 59. Тел.: 50-04-81, 51-92-98, факс: 51-29-81.
Жобаның мерзімі: 5 жыл және 8 ай. Шығындарды өтеу және кірістерді алудың бол-
жамды көздері: инвестициялық шығындардың өтемақысы, операциялық шығындардың өтемақы- сы, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаның құны: 167 356 мың теңге.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мем-лекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңының 32-бабы бойынша біліктілік талаптарына және же- кеше әріптесті таңдау бойынша конкурстық құжат-тамаға сәйкес келетін барлық әлеуетті қатысушы- лар жіберіледі.
Конкурсты ұйымдастырушыға берілетін қажетті конкурстық құжаттар және әлеуетті қатысушылар-ға қойылатын талаптар, конкурстық құжаттама- да көрсетілген.
Конкурсты өткізу туралы осы хабарландыру жа- рияланған сәттен конкурстық құжаттар бумасы- ның көшірмелерін сағат 9.00-ден 13.00-ге және 14.30-дан 18.30-ға дейін мына мекенжай бойынша: Орал қаласы, Достық даңғылы, 201-үй, 114-бөлме- ден алуға болады. Конкурстық құжаттама топта- масының бумасы тегін ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өті-німдер, сонымен қатар біліктілігі бойынша іріктеу үшін құжаттар, әлеуетті қатысушылармен желім-делген конверттерде «Батыс Қазақстан облысы- ның денсаулық сақтау басқармасы» ММ-на мына мекенжай бойынша: Орал қаласы, Достық даңғылы, 201-үй, 114-бөлмеге қолма-қол жеткізіледі.
Әлеуетті жекешелік әріптестің біліктілік талап- тарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі – 2018 жылдың 30 қаңтарының сағат 13.00-ге дейін қоса алғанда.
Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдердің соңғы мерзімі – 2018 жылдың 9 ақпанының сағат 13.00-ге дейін.
Конкурстық өтінімдердің конверттерін ашу 2018 жылдың 9 ақпанында сағат 15.00-де мына мекен- жай бойынша жүзеге асырылады: Қазақстан Рес-публикасы, Орал қаласы, Достық даңғылы, 201-үй, 117-бөлме.
Нақтыланған ақпаратты «Батыс Қазақстан облы-сының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сында, Орал қаласы, Достық даңғылы, 201-үй алуға болады, 8/7112/245518, 8/7112/245506, жауапты тұлғалар – Перепелкина Людмила Анатольевна, Каналиев Асылбек Саламатович.
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Лубенка ауылындағы ауысымына 35 келушіні қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы және пайдалануы жобасы бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру.
Облыстық, Орал қалалық ардагерлер ұйымының кеңестері об-лыстың экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан
Зайыр Ғибатұлы Бірмұхамбетовтың дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен тума-туыс-қандарына қайғырып, көңіл айтады.
Зеленов ауданы Январцев ауылының тұр-ғыны болған, аяулы ана Алтын Ізімқызы Арыстанованың бақилық болғанына бір жыл болуына орай сағынышпен еске ала-мыз. Арамызда болса, биыл қаңтарда 75 жасқа толар еді.
Бір жыл толды өмірден өткеніне,Бізді тастап келмеске кеткеніне.Сіздің бейнеңіз кетпейді есімізден,Сыңғырлаған күлкіңіз бен есіміңіз.
Ұмытпаймыз біз сізді ешқашан да,Алланың әміріне шара бар ма?!Айырылдық осындай асыл жаннан,Бағынамыз тағдырға әрқашанда.
Жатқан жері жарық, топырағы торқа, иманы жолдас болсын.
Еске алушылар: балакеліндері, қызкүйеу балалары, немережиендері
Батыс Қазақстан облысының аумағы бойынша Орал-Самара, Орал-Саратов, Ақсай-Ақтөбе, Орал- Ақсай көлік магистральдары арқылы негізгі талшық- ты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) өтеді. Негізі талшықты-оптикалық желілеріне зақым келуі, байла-ныс қызметін ұзақ уақыт бойы кідіртеді.
Магистральдық байланыс желілерінің қауіпсізді- гін қамтамасыз ету және оларды сыртқы ұйымдар мен жеке тұлғалар тарапынан бұзуды болдырмау мақ- сатында «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы заңының (2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-П бұйрығы), «Республикадағы телекоммуникация желілерін қор- ғаудың ережелері» талаптарын қатаң сақтау қажет. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министірінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы бұй- рығымен бекітілген, Қазақстандағы қауіпсіздік аймақ-тарын және оларды пайдалану тәртібін қоса алған- да, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету талаптарын қатаң сақтаулары қажет.
Барлық заңды тұлғалар меншік түріне қарамастан және қазба жұмыстарымен айналысатын азаматтар- дың барлығы қазба жұмыстарын бастамас бұрын, алдымен жұмыс жүргізілетін жерлермен байланыс желілері өтіп жатпайтынын, егер өтіп жатқан жағдай- да кімге тиесілі екендігін анықтауы тиіс. Байланыс
желілері болған жағдайда, өз жұмысын бастайтын коммуникациялық мекемемен жұмысты үйлестіру қажет, өз жұмысын бастағанға дейін үш күн бұрын оның өкіліне жазбаша түрде шақырып, жұмысын тек оның қатысуымен орындау қажет.
Естеріңізде болсын: байланыс кабелін зақымдау мемлекетке жүздеген мың, миллиондаған теңгемен есептелетін материалдық зиян келтіреді, ол материал- дық залал кабелді зақымдауға кінәлі заңды тұлғалар мен азаматтардан өндіріп алынады; тікелей кінәлі адамдар ҚР ҚК 398-бабына сәйкес екі жүз айлық есеп-тік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тар- туға, не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу- ға жазаланады.
Жер қазу жұмыстарын жүргізуге және келісім алуға қатысты барлық мәселелер бойынша мына мекенжайға хабарласу қажет:
090013, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Желаев к., өнеркәсіп аймағы, 7-үй.
Тел.: 8 (7112) 939051, 514299, 939004, факс: 939009.090300, Ақсай қаласы, өнеркәсіп аймағы, 150 Н үй.
Тел.: (71133) 92500, 92501. «KazTransCom» АҚ Орал фи-лиалы.
БАЙҚАҢЫЗ, КАБЕЛЬ!
Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «М. Бегалиева атындағы жалпы орта білім
беретін мектебі» КММ (оқыту тілі – қазақша) төмендегі азаматтық қызметшінің
бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды
Қосымша білім беру педагогі - 1 бірлік (білімі – жоғары).
Хабарландырудың толық нұсқасы www.bokeyordabko.gov.kz жарияланды.
Индекс: 090202, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, М. Бегалие ва көшесі, №2 ғимарат.
Анықтама телефондары: 8 7114040012, 8 7114040003.
керуен Сарай16 Бейсенбі, 11 қаңтар 2018 жыл
Құттықтаймыз!Ақжайық ауданы Бітік ауылының ба-
йырғы тұрғыны, балаларының ардақты анасы, немере-жиен, шөберелерінің сү- йікті әжесі Мәстура МЕңДІҒАЛИҚЫЗЫН 90 жасқа толуымен құттықтаймыз! Дені- не саулық, амандық, немере-шөберелері-нің қызығын көріп, Алла берген жасын жасап отыруына тілектеспіз!
Қиындықта талайларын демеген,Ұл-қыздарын, бөлмей бірге елеген.Ардақты әже сізді айдынға теңейміз, Мерейтойда ұзақ ғұмыр тілейміз.
Шөберенің жақсылығын көргейсіз, Шөпшек сүйіп ортамызда жүргейсіз! Артта қалған, бейнетіңіздің зейнетін, Ұрпағыңызбен мәңгі бөлісіп жүргейсіз!
Игі тілек білдірушілер: балакеліндеріңіз, қызкүйеу балаларыңыз, немерешөберелеріңіз, жиендеріңіз
Тасқала ауданы ІІ Шежін ауылының тұр-ғыны, балаларының асқар таудай сүйеніші, немерелері мен жиендерінің сүйікті ата-сы, асыл жар Зайдулла Хамидоллаұлы МҰХАМБЕТАЛИЕВТІ айтулы 70 жас ме- рейтойымен шын жүрегімізден құттық-таймыз! Шаңырағымыздың бәйтеректей тірегі болып отырған әкемізге, ең алды-мен, Алла мықты денсаулық берсін деп тілейміз. Аяулы анамыз екеуіңіз біздің арамызда шаттыққа кенеліп, бақытқа бө- леніп жүре беріңіздер. Дос-жаран мен туған-туыс құда-жекжат ара- сында абыройыңыз әрдайым артып, немере-жиендеріңіздің қызы-ғын көріп, жүз жасаңыз!
Игі тілекпен: балакелініңіз РинатГүлжайнат, қызкүйеу балаларыңыз ЖанболатЭлеонора, ОрынбасарАниса,
БауыржанЭльвира және немерелеріңіз бен жиендеріңіз
Зеленов ауданы Дариян ауылының тұрғыны, сүйікті келініміз, жеңгеміз, анамыз Гүлайым САПАҚЫЗЫН мерейлі 55 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.Бала-шаға қызығына кенеліп,Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Құттықтаушылар: қайын атаенеңіз, қайын інікелініңіз, балаларыңыз Райымбек, Даниал
Жаңақала ауданы Жуалыой ауылы-ның тұрғыны, ардақты әкеміз Ашық Әдиетұлы АБИЛОВТЫ келіп жеткен 55 жасымен құттықтаймыз!
Өмір-өзен жақсылығын жалғасын,Тіршілікте сәттіліктер қолдасын.Жанұямен мақтанамыз қашанда,Арамызда сіздей әке болғасын.
Құттықтаушылар: зайыбыңыз Айсұлу, ұлқыздарыңыз Азамат, Ақниет, Ақбота,
қызкүйеу балаңыз МерекеАйгерім, жиеніңіз Нұрахмет
Бұл шараны БҚО Ішкі іс-тер департаментінің бас- тығы, полиция генерал-
майоры Махсұтхан Аблазимов ашып, Жайлыбай Келдібайұлын мерейлі жасымен құттықтады.
1956 жылы орта мектепті тә-мәмдаған Жайлыбай Адаев еңбек жолын Орал жөндеу зауытында токарь болып бастаған. 1960 жылы әскери борышын өтеп келіп, Са- ратовтағы заң институтын тәмам-
Полковникке құрмет
Облыстық Ішкі істер департаментінде ішкі істер құрылымдарының және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы, доғарыстағы милиция полковнигі Жайлыбай Адаевтың 80 жасқа тоуына орай салтанатты жиын өтті.
дайды. Кейін Орал облысының прокуратура құрылымдарында, Орал облыстық партия комитеті- нің әкімшілік бөлімінің меңгеру-шісі, Орал облысы Ішкі істер бас-қармасында тергеу бөлімінің бас- тығы, Ішкі істер басқармасы бас-тығының орынбасары лауазымын-да абыройлы қызмет істеді.
Полиция генерал-майоры Мах- сұтхан Аблазимов ата-баба дәстү-рімен мерейтой иесінің иығына
шапан жауып, сый-сияпат табыс етті.
Жайлыбай Келдібайұлы құрмет-ті еңбек демалысына шыққаннан кейін де өзінің бай тәжірибесін жас қызметкерлерге үйретіп, де-партаменттің қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.
БҚО ІІДның баспасөз қызметі
Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиадада Қазақстан туын шорттрекші Абзал Әжіғалиев алып шықпақшы.
ҚР Мәдениет және спорт ми-нистрлігі Спорт істері және дене тәрбиесі комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаевтың мәлім еткеніндей, шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы әлем кубогы кезеңдеріне қатысып, жақ-сы нәтиже көрсетті. Сөйтіп, шорт-трекшілер өз тарихында алғаш рет Олимпиаданың он жолдама- сына ие болды. Сондықтан ту кө-теруші ретінде шорт-трекші Абзал Әжіғалиевтің таңдап алынуы тегін емес.
Туды Абзал алып шығады
Айта кетейік, Абзал Әжіғалиев Батыс Қазақстан облысының Сы-рым ауданында 1992 жылы дүниеге келген. Оралда 2001 жылы жабық мұз айдыны сарайы ашылғаннан кейін шорт-тректен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков дайында-ған шәкірттерінің бірі. Ол Сочи Олимпиадасында негізін батысқа-зақстандық шорттрекшілер құра-ған ҚР ұлттық құрамасы сапында 5 мың метрлік эстафетада бесінші орынға табан тіреді. Ал 2016 жы- лы қарашада АҚШ-тың Солт-Лейк- Сити қаласында шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде 500 метр қашық-тықта айды аспанға шығарып, же-
ңімпаз атанды. Ол мұндай табысқа қазақстандықтар арасынан тұңғыш рет қол жеткізді. Одан кейін өткен жылы Алматы қаласында ХХVІІІ дүниежүзілік қысқы универсиа-дада және Минскіде әлем кубогы кезеңінде дәл сол қашықтықта кү-міс жүлдеге ие болды.
А. Әжіғалиев қазіргі таңда ко- мандаластарымен бірге Голлан-дияда жаттығуда. Қазақстан ұлт-тық құрамасының бас бапкері М. Қарсыбековтің сөзіне қарағанда, Абзал Олимпиадада өзінің оң жам- басына келетін 500 метр қашық-тықта сынға түседі.
Ғайса БӘЙМЕН
Top Related