KAGAZY RECYCLING ҚАПТАМА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ МАКУЛАТУРА ӨҢДЕУ

7
KAGAZY RECYCLING ҚАПТАМА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ МАКУЛАТУРА ӨҢДЕУ

description

KAGAZY RECYCLING ҚАПТАМА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ МАКУЛАТУРА ӨҢДЕУ. KAGAZY RECYCLING: ЖАУАПТЫ БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАПТАМА. - PowerPoint PPT Presentation

Transcript of KAGAZY RECYCLING ҚАПТАМА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ МАКУЛАТУРА ӨҢДЕУ

Page 1: KAGAZY RECYCLING ҚАПТАМА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ  МАКУЛАТУРА ӨҢДЕУ

KAGAZYRECYCLING

ҚАПТАМА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ МАКУЛАТУРА

ӨҢДЕУ

Page 2: KAGAZY RECYCLING ҚАПТАМА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ  МАКУЛАТУРА ӨҢДЕУ

• Қағаз өнімдері нарығында 2001 жылдан бері табысты түрде қызмет етіп келе жатқан «Kagazy Recycling» ЖШС өңделген шикізаттан қағаз, гофрокартон мен буып-түю өнімдерін шығаруда. Қазіргі уақытта «Kagazy Recycling» компаниясы Қазақстан мен Орталық Азияда өндіріс көлемі бойынша, сондай-ақ өндірілетін өнімнің сапасы бойынша көшбасшы жайғасымдарға ие.

• Біз өнімдердің көптеген түрлерін шығарамыз : – Гофралауға арналған қағаздың түр-түрі – Гофраланған картонның жазық

қабаттарына арналған картонның түр-түрі –  Қаптағыш қағаз – Қақпағы шешілетін қораптар –  Сусыма өнімдерге арналған науашалар –  Сүт және өзге өнімдеріне арналған

науашалар –  Күшейтілген науаша –  Ашық түрдегі науаша, қақпағы бар науаша –  Төрт клапанды қорап – Торламалар, аралық төсемелер,

салынбалар – Өзі жинағыш қораптар – Өздігінен ашылып жайылатын қорап – Ернеулі астау – Сыйлықтық қаптама

2

KAGAZY RECYCLING: ЖАУАПТЫ БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАПТАМА

Page 3: KAGAZY RECYCLING ҚАПТАМА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ  МАКУЛАТУРА ӨҢДЕУ

• Біздің компания макулатура жинаудан бастап дайын өнімді шығарып және сатуға дейін өндірістің толық циклын қамтитын тігінен

ықпалдастырылған бизнес болып табылады.

• Kagazy Recycling - бүкіл ел бойынша макулатура жинау орындарының желісіне ие болып отырған Қазақстандағы жалғыз

компания. Жыл сайын «Kagazy Recycling»

ЖШС шамамен 50 мың тонна макулатура жинап өңдеуде, осылайша, ол шамамен 500 мың ересек ағашты не болмаса 10 шаршы

километр орманды кесуден сақтауда.

• «Kagazy Recycling» компаниясы Қазақстан мен Орталық Азияда халықаралық Орман қорғаншылық кеңесінің сертификатына (Forest Stewardship Council, FSC) алғашқы болып ие

болған шынайы “жасыл” компания. FSC сертификаты компанияның тігінен-ықпалдастырылған өндіріс циклының барлық сатыларында қолданып отырған шикізатының экология саласындағы ең жоғары стандарттарға сай болып отырғанын растайды.

3

КОМПАНИЯМЫЗДЫҢ БІРЕГЕЙЛІГІ

Page 4: KAGAZY RECYCLING ҚАПТАМА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ  МАКУЛАТУРА ӨҢДЕУ

КОМПАНИЯЛАР

Smurfit Kappa, SCAMondi, Otor, Seyfert

Kagazy Recycling

Thimm

ProwellGondardennes

Roba

Adolf Jass BillerudVarel

KAGAZY RECYCLING ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА

Макулатура жинау Қағаз бен картон шығару

Гофокартон шығару

Қаптама шығару Қаптама

Page 5: KAGAZY RECYCLING ҚАПТАМА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ  МАКУЛАТУРА ӨҢДЕУ

ӨНДІРІСІМІЗДІҢ БІРЕГЕЙЛІГІ

5

Макулатура қағаз қоймалжыңына өңделеді

Компания өзінің меншікті желісі арқылы Қазақстанның 20 өңірінен макулатура жинайды. Макулатура сұрыпталып, тазартылып, буып-түйіліп және зауытқа жіберіледі

Қағаз шығарғыш машиналар күніне 80-100 тонна жоғары сапалы картон: гофрокартон өндірісіне арналған негізгі материалдар – лайнер мен

флютинг шығарады

Гофромашина картонды жоғары сапалы мықты гофрокартонға айналдырады

Үш түсті басып шығарғыш машиналар гофрокартон парақтарын жеңіл, мықты және әдемі гофроқаптамаға айналдырады

Page 6: KAGAZY RECYCLING ҚАПТАМА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ  МАКУЛАТУРА ӨҢДЕУ

• 2012 жылы «Қазақстан Қағазы» АҚ мен оның еншілес компаниясы «Kagazy Recycling» ЖШС Going Green - әлеуметтік экологиялық жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – бүкіл ел бойынша макулатура жинау көлемін арттырудың арқасында бизнестің дамуын қамтамасыз ету. Қазіргі сәтте Қазақстан бойынша «Қазақстан Қағазы» АҚ-ның макулатура жинайтын 20-дан астам бекеті бар, оның бесеуі Алматыда.

• Жоба халықты қоқысты сұрыптау және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау мәдениетіне үйретуге арналған. Қағаз қалдықтарын өңдеу қоршаған ортаға пайдасын тигізеді және өзінде макулатураның басым бөлігі қалдық ретінде кәдеге жаратылатын ландшафтың өзгеруіне ықпалын тигізеді.

• Жоба шеңберінде компания өз алдына бірнеше міндеттер қоюда: жиналатын макулатура көлемін жылына жүз мың тоннаға дейін арттыру, Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші «жасыл» компанияға айналу, жобаның Қазақстан бойынша серіктестер желісін құру. «Қазақстан Қағазы» компанияларды, ұйымдар мен бизнес-орталықтарын макулатура өткізу ісінде әріптестікке шақырады.

GOING GREENЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ

Page 7: KAGAZY RECYCLING ҚАПТАМА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ  МАКУЛАТУРА ӨҢДЕУ

БАЙЛАНЫСТАР:

Маркетинг департаменті T: +7 (727) 244 88 02E: [email protected]

www.kazakhstankagazy.com

Осы құжатта ұсынылған ақпарат жалпы сипатқа ие және сол не өзге тұлғаның не ұйымның нақты міндеттемелерін ескерусіз әзірленген. Біз уақтылы және дәл ақпаратты ұсынып отыруға тырысатынымызға қарамастан, біз бұл ақпараттың оны алу сәтінде тура сондай дәл болып шығатынына не болмаса келешекте тура сондай дәл болып қалатынына кепілдік бере алмаймыз. Мұндай ақпаратқа негізделумен қайсыбір әрекеттерді тек тиісті мамандардан кеңес алудан кейін және нақты жағдайды мұқият талдап бары қана қабылдап отыруға болады.