GE Oil & Gas 10900 сериясы...қатені немесе сұрақты жергілікті...

8
GE Oil & Gas 10900 сериясы 500 сериясындағы реттегіштермен пайдалануға арналған Masoneilan* серіппелі-диафрагмалы және дифференциалдық қысым жетектері Пайдалану нұсқаулығы GE деректерінің жіктелуі: Жалпыға арналған

Transcript of GE Oil & Gas 10900 сериясы...қатені немесе сұрақты жергілікті...

GE Oil & Gas

10900 сериясы500 сериясындағы реттегіштермен пайдалануға арналған Masoneilan* серіппелі-диафрагмалы және дифференциалдық қысым жетектері

Пайдалану нұсқаулығы

GE деректерінің жіктелуі: Жалпыға арналған

2 | GE Oil & Gas © 2015 General Electric Company. Барлық құқықтар қорғалған.

ОСЫ НҰСҚАУЛАР ТҰТЫНУШЫНЫ/ПАЙДАЛАНУШЫНЫ ТҰТЫНУШЫНЫҢ/ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ӘДЕТТЕГІ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫНА ҚОСЫМША РЕТІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ, ЖОБАҒА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ. ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҰҒЫМДАРЫ ӘРТҮРЛІ БОЛАТЫНДЫҚТАН, GE КОМПАНИЯСЫ (GENERAL ELECTRIC КОМПАНИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕНШІЛЕСТЕРІ МЕН ФИЛИАЛДАРЫ) НАҚТЫ БІР ПРОЦЕДУРАЛАРДЫ АТАП АЙТУҒА ТЫРЫСПАЙДЫ, БІРАҚ БЕРІЛГЕН ҚҰРЫЛҒЫ ТҮРІНЕ ҚАТЫСТЫ НЕГІЗГІ ШЕКТЕУЛЕР МЕН ТАЛАПТАРДЫ БЕРЕДІ.

БҰЛ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫҒАНҒА ДЕЙІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ҚАУІПТІ БОЛУЫ МҮМКІН АЙМАҚТАРДА МЕХАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ҚАУІПТІ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛҒАН ТАЛАПТАРДЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНЕДІ ДЕП ПАЙЫМДАЛАДЫ. СОНДЫҚТАН, ОСЫ НҰСҚАУЛАР ҚҰРЫЛҒЫ ОРНАТЫЛАТЫН ОРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІСТІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ЗАҢДАРЫНА САЙ ЖӘНЕ ОРНАТЫЛАТЫН ОРЫДАҒЫ БАСҚА ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТАЛАПТАРЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ТҮСІНДІРІЛУІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ ТИІС.

БҰЛ НҰСҚАУЛАР ҚҰРЫЛҒЫДАҒЫ БАРЛЫҚ ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛЕРДІ НЕМЕСЕ АУЫТҚУЛАРДЫ ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ОРНАТУҒА, ПАЙДАЛАНУҒА НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ БОЛУЫ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАРҒА САЙ БОЛУДЫ МАҚСАТ ЕТПЕЙДІ. ЕГЕР ТОЛЫҒЫРАҚ МӘЛІМЕТ ҚАЖЕТ БОЛСА НЕМЕСЕ ТҰТЫНУШЫНЫҢ/ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ ҮШІН ЖЕТКІЛІКТІ ҚАМТЫЛМАҒАН БЕЛГІЛІ БІР МӘСЕЛЕЛЕР ТУЫНДАСА, GE КОМПАНИЯСЫНА ЖҮГІНІҢІЗ.

GE КОМПАНИЯСЫ МЕН ТҰТЫНУШЫНЫҢ/ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕШІЛІКТЕРІ ҚҰРЫЛҒЫМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ КЕЛІСІМШАРТТА ТІКЕЛЕЙ АТАЛҒАН ШАРТТАРМЕН ҚАТАҢ ТҮРДЕ ШЕКТЕЛЕДІ. GE КОМПАНИЯСЫ ОСЫ НҰСҚАУЛАРДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚҰРЫЛҒЫҒА НЕМЕСЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ БАСҚА ЕШБІР ҚОСЫМША ЖАУАПКЕРЩІЛІКТЕРДІ МОЙНЫНА АЛМАЙДЫ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕРДІ БЕРМЕЙДІ.

ОСЫ НҰСҚАУЛАР ТҰТЫНУШЫҒА/ПАЙДАЛАНУШЫҒА СИПАТТАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАТУҒА, ТЕКСЕРУГЕ, ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ОҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ КӨМЕК РЕТІНДЕ БЕРІЛЕДІ. БҰЛ ҚҰЖАТ GE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАЗБАША РҰҚСАТЫНСЫЗ ЕШБІР ҮШІНШІ ТАРАПҚА ТОЛЫҒЫМЕН НЕМЕСЕ ІШІНАРА ҚАЙТА ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ.

Masoneilan 10900 сериясындағы жетекті пайдалану нұсқаулығы | 3© 2015 General Electric Company. Барлық құқықтар қорғалған.

Маңызды – орнату алдында оқып шығыңызMasoneilan 10900 сериясындағы жетектің нұсқаулығында қауіпсіздікке қатысты немесе басқа да маңызды ақпаратты беретін «ҚАУІП», «ЕСКЕРТУ» және «АБАЙЛАҢЫЗ» деген жазулары бар жапсырмалар берілген. Басқару клапанын орнатуға және оған қызмет көрсетуге дейін нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. «ҚАУІПТІ» және «ЕСКЕРТУ» белгісімен көрсетілген қауіп-қатер адам жарақатына байланысты. «АБАЙЛАҢЫЗ» белгісімен көрсетілген қауіп-қатерлер жабдықтың немесе мүліктің бүліну ықтималдылығын меңзейді. Зақымданған жабдықты пайдалану белгілі бір пайдалану жағдайларында жарақатқа немесе өлімге себепші болатын бұзылған процестерге әкелуі мүмкін. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық «ҚАУІП», «ЕСКЕРТУ» және «АБАЙЛАҢЫЗ» ескертулеріне толығымен сай әрекет ету қажет.

Бұл – қауіпсіздік туралы ескерту белгісі. Бұл адам жарақаты қаупінің болу ықтималдылығы туралы ескертеді. Жарақат алу немесе өлім ықтималдылығына жол бермеу үшін осы жапсырмалардан кейін тұратын барлық қауіпсіздік туралы ескертулерге бағыныңыз.

Еленбеген жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелетін ықтимал қауіпті жағдайды көрсетеді.

Еленбеген жағдайда ауыр жарақатқа әкелетін ықтимал қауіпті жағдайды көрсетеді.

Еленбеген жағдайда жеңіл не орташа жарақатқа әкелетін ықтимал қауіпті жағдайды көрсетеді.

Ықтимал қауіпті жағдайды көрсететін қауіпсіздік ескерту белгісі еленбеген кезде, мүлікке зақым келуі мүмкін.

Ескертпе: Маңызды фактілер мен жағдайларды көрсетеді.

Осы нұсқаулық туралы• Осы нұсқаулықтағы ақпарат алдын ала ескертусіз

өзгертілуі мүмкін.

• Осы нұсқаулықта қамтылған ақпарат GE компаниясының жазбаша рұқсатынсыз толығымен немесе ішінара аударылмауы немесе көшірілмеуі тиіс.

• Осы нұсқаулықтағы мәліметтер туралы кез келген қатені немесе сұрақты жергілікті жеткізушіңізге хабарлаңыз.

• Бұл нұсқаулар Masoneilan 10900 сериялы жетектер үшін арнайы жазылған және осы өнім санатынан тыс басқа жабдықтарға қолданылмайды.

Қызметтік мерзіміMasoneilan 10900 сериялы жетектердің ағымдағы бағаланған қызметтік мерзімі 25 жылдан астам уақытты құрайды. Өнімнің пайдалы қызметтік мерзімін ұзарту үшін жыл сайынғы тексерулерді жүргізу, күнделікті күтім жасау және өнімді кез келген күтпеген кернеудің алды алынатындай етіп орнату қажет. Нақты пайдалану жағдайлары өнімнің пайдалы қызметтік мерзіміне де әсер етеді. Орнату алдында, талап етілсе, белгілі бір бағдарламалар туралы нұсқаулар алу үшін зауытқа жүгініңіз.

КепілдікGeneral Electric компаниясы сатқан заттардың материалдарында және жасалуында кемшіліктердің жоқтығына жеткізілгеннен кейінгі бір жыл ішінде кепілдік беріледі, кепілдік жарамды болуы үшін осы бұйымдар GE ұсынған қолдану нұсқауларына сәйкес пайдаланылуы керек. GE компаниясы кез келген өнімнің өндірісін тоқтатуға немесе өнімнің материалдарын, дизайнын немесе техникалық сипаттамаларын ескертусіз өзгертуге құқылы.

Бұл нұсқаулық Masoneilan 10900 сериясындағы жетектерге қолданылады.

Ескертпе:

• Жетекті орнату, пайдалануға беру және оған қызмет көрсету жұмыстары білікті және оқытылған кәсіби мамандарға тапсырылуы керек.

• Белгілі бір пайдалану жағдайларында зақымдалған жабдықты пайдалану жүйенің жұмысының нашарлауына себеп болуы мүмкін, ол жарақаттануға немесе өлімге әкелуі мүмкін.

• Техникалық сипаттамаларға, құрылымға және құрамдас бөлшектерге енгізілген өзгерістер осы нұсқаулықты қайта жасауға себеп болмайды (мұндай өзгерістер өнімнің функциясы мен өнімділігіне әсер етпейтін болса).

• Жүйеден барлық қоқыс түйіршіктердің шығарылғанына көз жеткізу үшін барлық айналма түтіктерді мұқият шаю керек.

Қауіпсіздік туралы ақпарат

4 | GE Oil & Gas © 2015 General Electric Company. Барлық құқықтар қорғалған.

Шегі (psi)Жетек түрі

1.5 - 3

0.5 - 2

Макс. тұрақты

қысым (psi)

Корпус өлшемі

2 - 106 - 20

15 - 4030 - 7560 - 12580 - 250

150 - 750

3 - 1210 - 3530 - 7560 - 125

3 - 1530 - 855 - 30

10 - 60

75 - 185

Т ө м е н қ ы с ы м к о р п у с ы

Серіппе сызбасы

Диффере-нциалдық

Ж о ғ а р ы қ ы с ы м к о р п у с ы

100 - 330

250

600

1000

1500

5

4

5

4

3 1/2

5

9

11

43 1/2

Арнайы

60

250

750

Осы жабдықты орнату немесе жөндеу жұмыстарын жүргізгенге дейін төмендегі нұсқауларды мұқият қарап шығу және түсіну керек. Бұл құрылғыға тек білікті маман ғана қызмет көрсетуі керек.Осы нұсқаулықтағы қауіпсіздік ережелерін және ескерту жазбаларын сақтамау құрылғының жұмыс істемей қалуына немесе оның зақымдануына алып келуі мүмкін. Бұған қоса, мұндай абайсыздық жұмыс орнында болған қызметкерлерді қауіп-қатерге душар етуі мүмкін.

Жалпы Бұл түзетпе және техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар Masoneilan 500 сериясындағы қысым реттегіштермен қолданылатын 10900 сериялы жетектерге қолданылады. Олар ұсынылған қосалқы бөлшектерді қамтитын бөлшектердің сілтемелерінің тізімін қамтиды.

500 сериялы реттегіштер корпусының датчигін/жетегін орнату, пайдалану, реттеу және оған техникалық қызмет көрсету үшін төмендегі кестеде көрсетілген нұсқаулардың нөмірлерін қараңыз.

Қосалқы бөлшектер

Техникалық қызмет көрсету кезінде әрдайым GE қосалқы бөлшектерін пайдаланыңыз. Masoneilan бөлшектерін жергілікті GE өкілі немесе Masoneilan қосалқы бөлшектер бөлімі арқылы алуға болады. Бөлшектерге тапсырыс бергенде әрқашан сериялық нөмір тақтайшасында көрсетілген Masoneilan үлгісі мен сериялық нөмірлерін көрсетіңіз.

Сатудан кейін қызмет көрсету бөлімі

GE компаниясында реттегіштер мен қосалқы бөлшектерді алғаш іске қосуды, жөндеуді және оларға қызмет көрсетуді орындайтын біліктілігі жоғары мамандары бар «Сатудан кейінгі қызмет көрсету бөлімі» жұмыс істейді. Ең жақын GE сату кеңсесімен немесе өкілімен хабарласыңыз.

Оқу курсы

GE Masoneilan үнемі техниктерге арналған оқыту семинарларын өткізеді. Осы семинарлардың біріне қатысу үшін жергілікті GE Masoneilan өкілімен немесе біздің оқыту жөніндегі бөлімімізбен хабарласыңыз.

Сипаттамасы - Пайдалану 10900 жетегі – қарапайым және қуатты механикалық құрылғы. Бұл – пневматикалық жылжу сояуышы бар түрі. Жетектің номиналды диапазоны – қысым мәніне арнайы реттеу жасау арқылы қол жеткізуге болатын, фунт/шаршы дюймдегі (psi) қысым ауқымы.

Диафрагманы (11) диафрагма пластинасына (10) конфигурациялау жетек сояуышының (6) икемді жоғарғы бағыттағышы ретінде қызмет етеді. Нейлонмен күшейтілген неопрен диафрагмалары біркелкі және дәл жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Төменгі бағыттағыш – серіппе реттегішінде (2) орналасқан, май сіңірілген қола төлке (3).

Ескертпе: Арнайы қызмет түрлеріне арналған нейлонмен күшейтілген неопрен диафрагмасын тапсырыс беру бойынша PTFE жабынымен бірге алуға болады. Басқа материалдар қосымша болып табылады және қолданылған сұйықтықтар үшін қолжетімді.

10900 сериялы жетек 500 сериялы реттегіштермен қысымды және дифференциалды қысымды қолдануды азайту үшін қолдануға арналған.

Төңкерілген сызбада қалаған функцияны қамтамасыз ету үшін қолжетімді комбинациялар көрсетілген. 10900 сериялы жетектер

номиналды диапазонда (psi) жұмыс істеуге арналған. Төмендегі сызбаны қараңыз.Серіппелі диафрагмасы бар жетектерде үш жетек корпусы бар: 60 psi тұрақты қысымға шамаланған корпус, 250 psi тұрақты қысымға шамаланған корпус және 750 psi тұрақты қысымға шамаланған корпус.Дифференциалды қысым жетектерінде екі жетек корпусы бар: 250 psi тұрақты қысымға шамаланған төмен қысымды корпусы және 600, 1000 және 1500 psi тұрақты қысымға шамаланған жоғарғы қысым корпустары.

Реттегіш үлгісі №

525; 525-50526; 526-50

Корпустағы датчик/жетек нұсқауы №

535H; 535H-50536H; 536H-50

535V; 535V-50

GEA30557A

GEA31597

176419 E

Реттегіш үлгісі №

ТӨМЕНДЕТУ

Функциясы

Серіппелі-диафрагмалы

Жетек түрі

525535H535V

КЕРІ ҚЫСЫМ

ДИФФЕРЕН-ЦИАЛДЫҚ

ТӨМЕНДЕТУ

525-50535H-50535V-50

526536H

Дифференциалдық

526-50536H-50

ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ КЕРІ ҚЫСЫМ

Masoneilan 10900 сериясындағы жетекті пайдалану нұсқаулығы | 5© 2015 General Electric Company. Барлық құқықтар қорғалған.

30-75, 60-125 және 80-250 psi ауқымдарына арналған нұсқа

0,5-2, 1,5-3, 2-10, 6-20 және 15-40 psi ауқымдарына арналған нұсқа

1-сурет — 500, 500H және 500V үлгісіндегі реттегіштерге арналған серіппелі-

диафрагмалы жетектер 150-750 psi ауқымдарына арналған нұсқа

8

7

5

1

4

2

13

16

6

15

11 28 14 10

23

22

3

27

Сериялық нөмір

тақтайшасы

РеттегішҚосқышСояуыш

Тығынды сояуышСомындар

8

5

1

13

16

6

179

11 10

2

4

3

Сериялық нөміртақтайшасы

РеттегішҚосқышСояуыш

Тығынды сояуышСомындар

ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР СІЛТЕМЕСІ

1 Қамыт2 Серіппе реттегіші3 Төлке (2-сілт. қоса)4 Төменгі серіппе орындығы5 Жетек серіппесі 6 Жетек сояуышы7 Қақпақ бұранда (төменгі корпус қамыты)8 Диафрагма корпусы (төменгі)

9(2) Диафрагма камерасы10 Диафрагма пластинасы11 Диафрагма •13 Диафрагма корпусы (жоғарғы)14(1) Диафрагма шайбасы15 Қақпақ бұранда (диаф.корпусы)16 Сомын (диаф.корпусы)17(2) Түйреуіш (диаф.корпусы)

18 Тоқтатқыш қақпақ21(4) Тарылмалы сақина22(5) Тоқтатқыш бұранда23(5) Тоқтатқыш аралық сақина27(1) Жоғарғы серіппе шайбасы28(1) Қарсы сомын (жетек сояуышы)30 Аралық сақина (тек 3,5 өлшемі)

• Ұсынылған қосалқы бөлшектер(1) Тек 0,5-2, 1,5-3, 2-10, 6-20 және 15-40 psi ауқымдарына

арналған

(2) Тек 150-750 psi ауқымына арналған(4) Тек 60-125 және 80-250 psi ауқымына арналған(5) Тек 526 және 536H түріндегі реттегіштерге орнатылған 0,5-2, 1,5-3, 2-10, 6-20 және 15-40 psi

ауқымдарына арналған жетектерде

Сілт. Бөлшек аты Сілт. Бөлшек аты Сілт. Бөлшек аты

6 | GE Oil & Gas © 2015 General Electric Company. Барлық құқықтар қорғалған.

8

5

1

6

2

4

3

16

7

17

9

10

11 1316

25

24

26

27

РеттегішҚосқышСояуыш

Сериялық нөмір

тақтайшасы

Тығынды сояуыш сомындары

3

2

4

1

5

7

8

6

16

27

9

10

11

15

12 13 14 28

26

2524

29

25

РеттегішҚосқышСояуыш

Сериялық нөмір

тақтайшасыТығынды сояуыш сомындары

2-сурет — 500-50, 500H-50 және 500V-50 үлгілеріндегі реттегіштерге арналған дифференциалдық қысым жетектері

ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР СІЛТЕМЕСІ

Жоғарғы қысым корпусының құрылымы

1 Қамыт2 Серіппе реттегіші3 Төлке (2-сілт. қоса)4 Төменгі серіппе орындығы5 Жетек серіппесі 6 Жетек сояуышы7 Қақпақ бұранда (төменгі корпус қамыты)8 Диафрагма корпусы (төменгі)

9 Диафрагма камерасы10 Диафрагма пластинасы ( 24-сілт.қоса)11 Диафрагма •12(1) Жоғарғы диаграмма пластинасы13 Диафрагма корпусы (жоғарғы)14(1) Диафрагма шайбасы15(1) Қақпақ бұранда (диаф.корпусы)16 Сомын (диаф.корпусы)

17(2) Түйреуіш (диаф.корпусы)24 Плунжердің қосалқы жиынтығы 25(3) Сақина •26 Сақина бекіткіші27 Жоғарғы серіппе орындығы ( 6-сілт. қоса)28(1) Қарсы сомын29(1) Жалғау адаптері

Сілт. Бөлшек аты Сілт. Бөлшек аты Сілт. Бөлшек аты

• Ұсынылған қосалқы бөлшектер(1) Тек төменгі қысым корпусының құрылымында(2) Тек жоғарғы қысым корпусының құрылымында(3) Саны: Төменгі қысым корпусының құрылымында - 2 Саны: Жоғарғы қысым корпусының құрылымында - 1

Орнату Бумен өңдеу режимінде диафрагма конденсат тосқауылымен қорғалатындай етіп жетекті төменге қарату арқылы орнатылуы керек. Егер басқаша орнатылса, дұрыс конденсат тосқауылы орнатылған болуы керек.

Серіппелі-диафрагмалы жетектерде 1/2 дюйм NPT қысым жалғағышы жоғарғы диафрагма корпусында (13) орналасқан.

Дифференциалды қысымды жетектерде 1/2 дюймдік NPT жоғарғы қысым жалғағышы жоғарғы диафрагма корпусында (13) орналасқан және 1/2 дюймдік NPT төменгі қысым жалғағышы диафрагмалық камерада (9) немесе жалғағыш адаптерінде ( 29) орналасқан.

Реттегіштің функциясына сай орнату үшін реттегіш корпусындағы датчикті/жетекті орнату нұсқауларын оқыңыз.

Төменгі қысым корпусының құрылымы

Masoneilan 10900 сериясындағы жетекті пайдалану нұсқаулығы | 7© 2015 General Electric Company. Барлық құқықтар қорғалған.

Реттеу Қысым параметрі ретпен көрсетілген кезде, реттегіш зауытта орнатылған мәнге сынақ жүргізу үшін тиісінше орнатылады. Содан кейін, серіппедегі қысым жиналу кезінде бөлшектерге (диафрагмаға, серіппеге) түсетін қажетсіз күштің алдын алу үшін толығымен босатылады.

Реттегіштің қысым диапазоны сериялық нөмір тақтайшасында ойылып жазылған.

Мынадай әрекеттерді орындаңыз:• Реттегіштің шығыс жағындағы тоқтату клапанын ашыңыз және

кіріс жағындағы тоқтату клапанын ішінара ашыңыз, сол кезде жүйедегі қысымның баяу қалыптасуына мүмкіндік беріледі.

• Бақыланатын қысым желісінің клапан(дар)ын ашыңыз және манометр(лер)дің көмегімен тексеріңіз. Жетектің серіппені реттеу құралы арқылы орнатыңыз (2).

(Қысым параметрін (немесе қысым дифференциалын) арттыру үшін, серіппені қысу мақсатында реттеу бұрандасын сағат тілі бағытымен бұраңыз. Параметрді азайту үшін, серіппені қысымнан босату мақсатында реттеу бұрандасын сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз).

• Реттегіштің кіріс жағындағы тоқтау клапанын толық ашыңыз.

Қызмет көрсетуДиафрагманы ауыстыру

жетектердегі диафрагманы ауыстыру(500 сериясындағы реттегіштер, 1-сурет)• Басқарылатын қысым желісін диафрагма корпусынан (13)

алыңыз және серіппе реттегішін (2) кері бұрау арқылы серіппені түсетін қысымнан толығымен босатыңыз.

• Жоғарғы диаграмма корпусын (13), [сомындар (16) және бұрандалар (15)], [150-750 psi ауқымдағы бұрандалар емес (15)].

A) 0,5-2 / 1,5-3 / 2-10 / 6-20 / 15-40 / 30-75 / 60-125 және 80-250 psi ауқымдарында:

Қарсы сомынды (28), диафрагма шайбасын (14) және диафрагманы (11) алыңыз.

B) 150-750 psi ауқымында:Диафрагманы (11) алыңыз.

Ескертпе: Осы операция барысында тығынды сояуыш сомындарына қолданылатын кілттің көмегімен жетек сояуышын ұстап тұрыңыз.

• Жаңа диафрагманы жоғарыда сипатталған әрекеттерді керісінше орындау арқылы орнатыңыз және қайта құрастырыңыз.

• Серіппе қысымын қайта реттеңіз (жоғарыдағыны көріңіз).

Дифференциалды жетектерде(500-50 сериясындағы реттегіштер, 2-сурет)

а. Төменгі қысым корпусы құрылымында:• Диафрагма корпусынан (13) және диафрагма камерасынан

(9) жоғарғы және төменгі қысым желілерін алыңыз.

• Серіппе реттегішін (2) кері бұрау арқылы серіппені қысымнан толық босатыңыз.

• Сомындарды (16) және қақпақ бұрандаларды (15) алыңыз. Жоғарғы диаграмма корпусын (13) алыңыз.

• Қарсы сомынды (28), жоғарғы диафрагма пластинасын (12), жоғарғы сақинаны (25), шайбаны (14) және диафрагманы (11) алыңыз.

• Жаңа диафрагманы жоғарыда сипатталған әрекеттерді керісінше орындау арқылы орнатыңыз және қайта құрастырыңыз. Қажет болса, жоғарғы диафрагманы (25) ауыстырыңыз.

• Серіппе қысымын қайта реттеңіз (жоғарыдағыны көріңіз).

b. Жоғарғы қысым корпусы құрылымында:• Диафрагма корпусынан (13) және диафрагма камерасынан

(9) жоғарғы және төменгі қысым желілерін алыңыз.

• Серіппе реттегішін (2) кері бұрау арқылы серіппені қысымнан толық босатыңыз.

• Сомындарды (16), жоғарғы диафрагма корпусын (13) және диафрагманы (11) алыңыз.

• Жаңа диафрагманы жоғарыда сипатталған әрекеттерді керісінше орындау арқылы орнатыңыз және қайта құрастырыңыз.

• Серіппе қысымын қайта реттеңіз (жоғарыдағыны көріңіз).

Сақиналарды ауыстыру (25) (төменгі және жоғарғы қысым корпусында) Дифференциалдық жетектерде, (2-сурет)

• Жетек басын мына тарауда сипатталғандай етіп бөлшектеңіз: «Диафрагманы ауыстыру».

• Диафрагма камерасын (9) плунжердің датчигімен/жетегімен (24) бірге алу.

• Сақина бекіткішіне (26) қолданылған сомын кілтімен оны диафрагма камерасынан (9) бұрап шешіңіз.

• Сақинаны (25) плунжерді зақымдап алмай шешіп алыңыз. Жаңа сақинаны салып, сақина бекіткішті (26) орнына салыңыз да, қатайтыңыз.

• Серіппе қысымын қалпына келтіріп, қайта реттеңіз.

Қайта жинау кезінде диафрагма корпусының барлық сомындарын (16) біркелкі етіп қатайтыңыз.

Бөлшектемес бұрын реттегіш оқшаулануы және қысым шығарылуы керек.

Реттеуді құрылғыға қызмет көрсетуге дейін жалғастыру қажет.

* General Electric Company сауда белгісін білдіреді.

Осы құжатта пайдаланылатын басқа компания атаулары мен өнім атаулары тіркелген иелерінің сауда белгілері немесе сауда белгілері болып табылады.

© 2015 General Electric Company. Барлық құқықтар қорғалған.

GEA31593A-KZ 06/2015

АВСТРАЛИЯБрисбен:Телефоны: +61-7-3001-4319Факс: +61-7-3001-4399

Перт:Телефоны: +61-8-6595-7018Факс: +61 8 6595-7299

Мельбурн:Телефоны: +61-3-8807-6002Факс: +61-3-8807-6577

БЕЛЬГИЯТелефоны: +32-2-344-0970Факс: +32-2-344-1123

БРАЗИЛИЯТелефоны: +55-11-2146-3600Факс: +55-11-2146-3610

ҚЫТАЙТелефоны: +86-10-5689-3600Факс: +86-10-5689-3800

ФРАНЦИЯКурбевуаТелефоны: +33-1-4904-9000Факс: +33-1-4904-9010

ГЕРМАНИЯРатингенТелефоны: +49-2102-108-0Факс: +49-2102-108-111

ҮНДІСТАНМумбайТелефоны: +91-22-8354790Факс: +91-22-8354791

Нью-ДелиТелефоны: +91-11-2-6164175Факс: +91-11-5-1659635

ИТАЛИЯТелефоны: +39-081-7892-111Факс: +39-081-7892-208

ЖАПОНИЯҚытай Телефоны: +81-43-297-9222Факс: +81-43-299-1115

КОРЕЯТелефоны: +82-2-2274-0748Факс: +82-2-2274-0794

МАЛАЙЗИЯТелефоны: +60-3-2161-0322Факс: +60-3-2163-6312

МЕКСИКАТелефоны: +52-55-3640-5060

НИДЕРЛАНД АРАЛДАРЫТелефоны: +31-15-3808666Факс: +31-18-1641438

РЕСЕЙВеликий НовгородТелефоны: +7-8162-55-7898Факс: +7-8162-55-7921

МәскеуТелефоны: +7 495-585-1276Факс: +7 495-585-1279

САУД АРАВИЯСЫТелефоны: +966-3-341-0278Факс: +966-3-341-7624

СИНГАПУРТелефоны: +65-6861-6100Факс: +65-6861-7172

ОҢТҮСТІК АФРИКАТелефоны: +27-11-452-1550Факс: +27-11-452-6542

ОҢТҮСТІК ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АМЕРИКА ЖӘНЕ КАРИБ АРАЛДАРЫТелефоны: +55-12-2134-1201Факс: +55-12-2134-1238

ИСПАНИЯТелефоны: +34-93-652-6430Факс: +34-93-652-6444

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІТелефоны: +971-4-8991-777Факс: +971-4-8991-778

ҰЛЫБРИТАНИЯБракнелТелефоны: +44-1344-460-500Факс: +44-1344-460-537

СкелмерсдейлТелефоны: +44-1695-526-00Факс: +44-1695-526-01

АҚШМассачусетсТелефоны: +1-508-586-4600Факс: +1-508-427-8971

Корпус Кристи, Техас Телефоны: +1-361-881-8182Факс: +1-361-881-8246

Дир-Парк, ТехасТелефоны: +1-281-884-1000Факс: +1-281-884-1010

Хьюстон, ТехасТелефоны: +1-281-671-1640Факс: +1-281-671-1735

ТІКЕЛЕЙ САУДА КЕҢСЕЛЕРІНІҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРЛЕРІ