E-mail: [email protected] 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да...

12
Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан» – Бішкектен (Қырғызстан) Төрт көз түгел... Бұл жолы «төрт көз түгел» жинал- ды. Əрине, бұлайша түгендей сөйлеу- імізге түрткі болған былтырғы жыл- дың соңында Санкт-Петербургте өт- кен дəл осындай жиынға Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қатыспауы себеп еді. Бірақ бұл жолы Одаққа мүше бес елдің де президент- тері – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Армения Республикасының Прези- денті Серж Саргсян, Қырғыз Рес- публикасының Президенті Алмазбек Атамбаев қатысты. Тіпті, жиында ал- тыншы Президент – Одаққа өздерін байқаушы ел ретінде ұсынған Молдова Президенті Игорь Додон мен ЕЭК алқасының төрағасы Тигран Саркисян болды. Жоғары Еуразиялық экономи- калық кеңестің отырысы əдеттегідей алдымен шағын, одан соң кеңейтілген құрамда өтті. Онда Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015-2016 жылдары атқарған жұмыстары тал- қыланды. ЕАЭО іске қосылғаннан бері оған мүше елдер қандай же- тістіктерге қол жеткізді, неден ұтыл- ды, неден ұтты, міне, осы сауал- дар төңірегінде мəселе қаралды. Тарап- тар Одақ аясындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті жайттарын, халықаралық ынтымақтастық пен Еуразия кеңістігіндегі одан əрі интег- рациялану жайын талқылады. Молдова байқаушы ел атанды Алқалы жиынды кеңестің биылғы төрағасы ретінде Қырғызстан Прези- денті Алмазбек Атамбаев жүргізіп отыр- ды. Қырғызстан Президенті шағын құ- рамдағы кездесуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері Молдова Президенті Игорь Додонның ресми үндеуіне байланысты Молдоваға ЕАЭО байқаушысы мəртебесін беру туралы шешім қабылдағанын атап өтті. №73 (29054) 17 СУІР, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ ДИДАР 12-бет РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЙМАҚ 11-бет ТУҒАН ЖЕР БҰЛ БАС КИІМДІ БАЙТҰРСЫНОВ ТА КИГЕН 8-бет КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ ҚАРҚЫНДЫ ҚАДАМ 10-бет МАРС ПЕЙЗАЖЫ Мұндай жерді Шығыс Қазақстандағы Қиынкеріш аңғарынан көруге болады ҒЫЛЫМҒА АДАМ КАПИТАЛЫ МАҢЫЗДЫ Экономикалық одақ – елдер дамуының қозғаушы күші ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ткен жұма күні Қырғызстанның астанасы – Бішкек қаласында ткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– (Соңы 2-бетте) (Соңы 12-бетте) ЛАТЫН ҚАРПІ ӘЛЕММЕН ҚАУЫШТЫРАДЫ ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТОПЫРАҒЫНА ТІЗЕ БҮК! 10-бет 7-бет Алдан СМАЙЫЛ Жәркен БДЕШҰЛЫ EUR/KZT 330.18 USD/KZT 310.87 RUB/KZT 5.53 CNY/KZT 45.14 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Алаш оғыланының үніне әлем тамсанды. Тамсанды да таңдай қақты. Аспанасты елінен әуелеген қазақ баласының әні трткүл дүниені та- мылжытты. Һәм табындырды. Жер беті Димаштың даусына елтіп тұр. Жаһан Димаштың жеңісін сүйіншілеп, жар салуда. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– БӘРЕКЕЛДІ! Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан» Əсіре əсерсіз сөз – осы. Қытайдың Чанша қаласында қаңтардың ор- та шенінде басталған «Singer-2017» байқауы сенбінің кешінде мəресіне жет- ті. Күллі дүние көз тіккен беделі биік додада бақ сынаған қандасымыз Димаш Құдайберген екінші тұғырдан көрінді. Жанкүйерлердің дені əттеген-ай десе де, гонконгтік əншінің (Sandy Lam) жерлесі- мізден бір тұтам ілгері озғандығы заңды да. Өйткені, жарыстың да, жүлденің де иесі – жер бетіндегі ең көп халық. Сөзіміз тұшымды болу үшін, байқау барысынан аз-кем баяндасақ. Димаш- тың даңқын асқақтатқан доданың он төрт кезеңінде де қазақ баласы үнемі үздіктердің қатарынан көрінді. Шын да- рын мен саф талантқа бас иген миллиард- тар қандасымызды «Азияның ең та- нымал əншісі» атағымен марапаттады. Бұған қоса, əнші «17th China Music Awards» шарасында «Халықаралық деңгейдегі танымал əнші» жүлдесін де қанжығасына байлады. Бірінші кезең бəріміздің есімізде. Француздың «SOS d’un terrien en détresse» əнін орындап, көрермен қошеметіне бөленген Димашты қы- тайлық музыка маман- дары сол кезде-ақ «Тəңір назарына алған əнші» деген. Ал біздің əнші- мізге еліткен ұлттың бақандай 3 миллион табынушысы қазақша үйрене бастады. Димаштың ал- ғашқы əнінен кейін əлеуметтік мик- роблогына жазылушылардың саны бір сағатта 35 мыңнан 118 мыңға жеткенін қайтерсіз. Келесі бəсекеде Димаш ресейлік əйгілі əртіс Витастың «Опера 2» атты шығармасын аса жоғары деңгейде шырқап, мерейімізді үстем еткені есте. Сол тұста ғой көпшілік оны «Екінші Витас» атағаны. Алайда, туған топырағын кие тұтатын əнші «Мен қазақтың Димашымын» деді. Иə, бас жүлдені еншілемесе де Димашты əлем таныды. Оның орын- даушылық шеберлігі мен ешкімге ұқса- майтын ерекше даусына əлемдік сахна- дағы өнер жұлдызы Лара Фабиан таң- данып, атақты актер Джеки Чан бетпе-бет жүздесуге келді. Димаш мықтылардың ығына жығылмай, өз ұлтының намысын биік ұстағаны да абырой болды. Құрметті отандастар! Айтулы Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – барлық құрлықтарды ме- кен еткен көптеген адамдардың өміріндегі ерекше мəні бар мей- рам. Биыл православтар мен ка- толиктердің оны бір мезетте атап өтуі мейрамның мəні мен маңы- зын арттыра түсуде. Біздің елімізде барлық адам- дар Пасханы, сондай-ақ, басқа да маңызды діни мерекелерді жылы сезіммен қабылдайды. Бұл бірегей дəстүр біздің қоғамымыздың тату- лық, достық жəне келісім құнды- лықтарымен бекітілген бірлігін айшықтай түседі. Бүгінгі таңда барлық конфес- сиялардың бір-бірін сыйлауға жəне ашық пікірлесуге негізделген же- місті ынтымақтастығы – Қазақстан- ның ерекше мақтанышы. Ежелгі Пасха мейрамы – жаң- ғырудың, ізгі үміт пен жағымды істер жасауға талпыныстың ныша- ны. Осының барлығы жүйелі түрде түбегейлі өзгерістерді жүзеге асы- рып жатқан еліміздің қазіргі даму кезеңімен үндесіп жатыр. Жарқын мерекеде барлық қа- зақстандықтарға денсаулық, отба- сыларына амандық, барлық баста- маларына табыс тілеймін! Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы Дүние сүйсінген Димаш

Transcript of E-mail: [email protected] 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да...

Page 1: E-mail: info@egemen.kz 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да баяндай отырып, ұйымның құрылуы ... Одаққа мүше мемлекеттердің

Динара БІТІКОВА,«Егемен Қазақстан» –Бішкектен (Қырғызстан)

Төрт көз түгел...Бұл жолы «төрт көз түгел» жи нал -

ды. Əрине, бұлайша түгендей сөй леу-

імізге түрткі болған былтырғы жыл-дың соңында Санкт-Петербургте өт-кен дəл осындай жиынға Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қатыспауы себеп еді. Бірақ бұл жолы Одаққа мүше бес елдің де президент-тері – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей

Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасы ның Президенті Александр Лукашенко, Армения Республикасының Пре зи-де нті Серж Саргсян, Қырғыз Рес-пуб ли ка сының Президенті Алмазбек Атам ба ев қатысты. Тіпті, жиында ал-тыншы Президент – Одаққа өздерін байқаушы ел ретінде ұсынған Молдова Президенті Игорь Додон мен ЕЭК алқасының төрағасы Тигран Саркисян болды.

Жоғары Еуразиялық эко но ми -калық кеңестің отырысы əдет тегідей

алдымен шағын, одан соң кеңейтілген құрам да өтт і . Онда Еу разиялық экономика лық кеңестің 2015-2016 жыл дары ат қар ған жұ мыс тары тал-қыланды. ЕАЭО іске қосылғаннан бері оған мүше елдер қан дай же-тіс тіктерге қол жеткіз ді, неден ұтыл-ды, неден ұтты, міне, осы са уал- дар төңірегінде мəселе қарал ды. Та рап-тар Одақ аясындағы экономика лық өзара іс-қимылдың өзекті жайт тарын, халықаралық ынтымақтастық пен Еуразия кеңістігіндегі одан əрі интег-рациялану жайын талқылады.

Молдова байқаушы ел атанды

Алқалы жиынды кеңестің биылғы төрағасы ретінде Қырғызстан Пре зи-денті Алмазбек Атамбаев жүргізіп оты р- ды. Қырғызстан Президенті ша ғын құ-рамдағы кездесуде Жоғары Еу ра зиялық экономикалық кеңес мүшелері Молдова Президенті Игорь Додонның ресми үндеуіне байланысты Молдоваға ЕАЭО байқаушысы мəртебесін беру туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

№73 (29054) 17 С�УІР, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

ДИДАР

12-бет

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

АЙМАҚ

11-бет

ТУҒАН ЖЕР

БҰЛ БАС КИІМДІ БАЙТҰРСЫНОВ ТА КИГЕН

8-бет

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ ҚАРҚЫНДЫ ҚАДАМ

10-бет

МАРС ПЕЙЗАЖЫМұндай жерді Шығыс Қазақстандағы Қиынкеріш аңғарынан көруге болады

ҒЫЛЫМҒА АДАМ КАПИТАЛЫ МАҢЫЗДЫ

Экономикалық одақ – елдер дамуының қозғаушы күші

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев �ткен жұма күні Қырғызстанның астанасы – Бішкек қаласында �ткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

(Соңы 2-бетте)

(Соңы 12-бетте)

ЛАТЫН ҚАРПІ ӘЛЕММЕН ҚАУЫШТЫРАДЫ

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТОПЫРАҒЫНА ТІЗЕ БҮК!

10-бет7-бет

Алдан СМАЙЫЛ

Жәркен Б ДЕШҰЛЫ

EUR/KZT 330.18 USD/KZT 310.87 RUB/KZT 5.53 CNY/KZT 45.14ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алаш оғыланының үніне әлем тамсанды. Тамсанды да таңдай қақты. Аспанасты елінен әуелеген қазақ баласының әні т�рткүл дүниені та-мылжытты. Һәм табындырды. Жер беті Димаштың даусына елтіп тұр. Жаһан Димаштың жеңісін сүйіншілеп, жар салуда.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

БӘРЕКЕЛДІ!

Асхат РАЙҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Əсіре əсерсіз сөз – осы. Қы тайдың Чанша қа ла сында қаң тардың ор-та шенінде бас талғ ан «Singer-2017» байқауы сен бінің кешінде мəресіне жет -ті. Күллі дүние көз тік кен беделі биік додада бақ сы на ған қандасымыз Ди маш Құдайберген екін ші тұ ғырдан көрінді. Жан кү йер лердің дені əттеген-ай десе де, гон кон гтік əн шінің (Sandy Lam) жер ле сі-мізден бір тұтам іл ге рі озғ ан дығы заңды да. Өйткені, жа ры с тың да, жүлденің де иесі – жер бе тіндегі ең көп халық.

Сөзіміз тұшымды болу үшін, бай қау барысынан аз-кем баяндасақ. Димаш-тың даңқын асқақтатқан до да ның он төрт кезеңінде де қазақ ба ла сы үнемі үздіктердің қа та ры нан кө рінді. Шын да-рын мен саф та ла нтқа бас иген миллиар д - тар қан да сымызды «Азия ның ең та-нымал əн ші сі» ата ғымен марапаттады. Бұ ған қоса, əнші «17th China Music Awards» шара сында «Ха лықаралық дең гейдегі та нымал əнші» жүл де сін де қан жығасына байлады.

Бірінші кезең бəріміздің есі мізде. Француздың «SOS d’un terrien en détresse» əнін орындап, көрермен қо ше ме ті не

бөленген Димашты қы-тай лық музыка маман-дары сол кезде-ақ «Тə ңір на за ры на ал ған əнші» деген. Ал біз дің əн ші -мізге еліткен ұлттың ба қандай 3 миллион табыну шы сы қа зақша үй рене бас та ды. Димаштың ал-ғашқы əні нен кейін əлеу меттік мик-ро бло гына жа зы лушылардың са ны бір са ғат та 35 мыңнан 118 мың ға жет ке нін қай терсіз.

Келесі бəсекеде Димаш ре сейлік əйгілі əртіс Ви тас тың «Опера 2» атты шығармасын аса жоғары дең гейде шырқап, ме рей і міз ді үстем еткені ес те. Сол тұста ғой көпшілік оны «Екін ші Витас» атағаны. Алай да, туған то пырағын кие тұ татын əнші «Мен қа зақ тың Димашымын» деді.

Иə, бас жүлдені енші ле ме се де Димашты əлем таны ды. Оның орын-дау шылық ше берлігі мен еш кім ге ұқ с а-майтын ерекше дау сына əлемдік сах на-да ғы өнер жұл ды зы Лара Фаб иан таң-данып, атақ ты актер Джеки Чан бет пе-бет жүз десуге келді. Ди маш мық ты лардың ығына жы ғыл май, өз ұлтының на мы сын биік ұстағаны да абы рой болды.

Құрметті отандастар!

Айтулы Пасха мерекесімен шын жү ректен құттықтаймын!

Бұл – барлық құрлықтарды ме-кен еткен көптеген адамдардың өмі рін дегі ерекше мəні бар мей-рам. Биыл пра вослав тар мен ка-то ликтердің оны бір ме зетте атап өтуі мейрамның мəні мен ма ңы-зын арттыра түсуде.

Біздің елімізде барлық адам-дар Пас ханы, сондай-ақ, басқа да ма ңызды ді ни мерекелерді жылы се зім мен қа был дайды. Бұл бірегей дəс түр біз дің қо ғамымыздың та ту-лық, достық жə не ке лісім құн ды -лық тарымен бе кі тілген бір лігін ай шықтай түседі.

Бүгінгі таңда барлық кон фес-сия лардың бір-бірін сыйлауға жə не ашық пікірлесуге негізделген же -місті ынтымақтастығы – Қазақ с тан- ның ерекше мақтанышы.

Ежелгі Пасха мейрамы – жаң-ғы рудың, ізгі үміт пен жа ғымды іс тер жасауға тал пы ныстың ныша-ны. Осының бар лығы жүйелі түрде тү бегейлі өз ге рістерді жүзеге асы-рып жатқан елі міздің қазіргі даму ке зеңімен үн десіп жатыр.

Жарқын мерекеде барлық қа-зақ с тандықтарға денсаулық, от ба-сы ларына амандық, барлық бас та-маларына табыс тілеймін!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

Дүние сүйсінген Димаш

Page 2: E-mail: info@egemen.kz 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да баяндай отырып, ұйымның құрылуы ... Одаққа мүше мемлекеттердің

2 17 сәуір 2017 жылСаяСат

Сондай-ақ, Қырғызстан Одаққа төрағалығын жылдың соңына дейін жалғастыра отырып, оның аясында кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдай туғызып, еуразиялық экономикалық кеңістік шеңберінде мүмкіндікті молай-та беру керектігі туралы ұстанымын жал ғастыратынын жеткізді. Себебі, Қырғызстан Президенті кәсіпкерлікті да-мытуды экономиканың негізгі қозғаушы күші санайды. Бұл ретте, ол Одақ жұ-мы сын жандандыратын негізгі төрт ба-сым дық – еркін тауар айналымы, еркін қыз мет, еркін еңбек нарығы және еркін қар жы айналымын дамыту бағытында бір лескен жұмыстарды жалғастыра беру керектігіне тоқталды.

А.Атамбаев бұл мәселеде кейбір ке-дер гілердің де кездесетінін тілге тиек етті. Осыған орай, Одаққа мүше мемлекет-тер мемлекеттік органдармен қоса, биз-нес өкілдерімен де тығыз байланыс- та жұмыс істеуі керек. Қырғызстан Пре-з и денті, өкінішке қарай, елдерінен жұ -мыс із деп шетелге кетушілердің аз емес -тігін ал ға тарта отырып, бұл ретте, ең бек мигрант тары мәселесіне де баса на зар аударуды сұрады. Сондай-ақ, ер кін еңбек нарығындағы жұмыс күшін ер теңгі күндері зейнетақымен қамту жай ын да назардан тыс қалдыруға болмай ты нын жет кізді. А.Атамбаевтың айтуын ша, Қырғызстан үшін Одақ аясында ауыл ша руашылығы, жеңіл өнеркәсіп, қай та өңдеу өнеркәсібі сияқты салаларда жұмыстың жандануы аса маңызды. Бұл ретте, Қырғызстан Президенті өз де ріне көр сеткен қолдаулары үшін Ре сей мен Қазақстан президенттеріне зор алғыс айт ты. А.Атамбаев сөзінің қо-ры тын ды сында жалпы Одаққа мүше болу Қырғызстан үшін мол мүмкіндік әрі мәр-те бе екенін жеткізді.

Күрделі кезең кедергі болды

Бұдан әрі сөз кезегін Армения Президенті Серж Саргсянға ұсынды. Ол өз елінің Одақ жұмысына үлесі жайын-да баяндай отырып, ұйымның құрылуы күрделі кезеңге дөп келгенін атап өт ті. Оның сөзіне қарағанда, әлемдік эко-но микадағы тұрақсыздықтың салдары Одақ жұмысына белгілі деңгейде өзін дік салқынын тигізген. Алайда, оған қа ра-мастан, бұл интеграциялық құрылым ел-дердің макроэкономикалық өсіміне жақ-сы әсерін тигізіп, дағдарыстан шығудың жо лы болған.

Ал Беларусь Президенті Александр Лукашенко өз кезегінде Одақ аясында кейбір проблемалар да бар екендігін тілге тиек етті. Өйткені, келісілген кей-бір келісімдердің нақты жүзеге асып жат-қа нына күмәні бар. Осыған байланыс- ты Беларусь Президенті Одақтың ішкі тәртібін қолға алу керектігін, бұл рет-те, комиссия құрылып, орындалмаған бастамаларға сұрыптау жүргізуді қолға алу қажеттігін ұсынды.

Одақ жұмысына оң баға

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сөзінде алдағы ма-мырда үш жыл толатын құрылым жұ мы-сы на оң баға берді. Мемлекет бас шысы Астанада қол қойылған еура зия лық эко номикалық одақ туралы шарт тың орындалуына қатысы бар негізгі тұс-тарға тоқталды.

«Ұйымның шарттық-құқықтық ба-засы жасалып, оның аясы жүйелі түрде кеңейіп келеді, ұзақ мерзімді және орта мерзімді басымдықтары да айқындалды. Тауардың, қызмет көрсетудің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы нақты жүзеге асуда. Біз экономика са-ласында бір-бірімізбен келісе жұмыс жүр гізіп, экономиканың маңызды дег ен бөліктерінде үйлесімді саясат ұстанып отырмыз. Әртүрлі елдермен және халықаралық ұйымдармен байла-ныс орнығып келеді», деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасу кезеңінде еуразиялық экономикалық одақтың жаһандық экономикадағы дағдарыстық құбылыстарды және күр-делі геосаяси жағдай қатерлерін ең-сере білгенін атап көрсетті. «Осы-ның барлығы Одақтың соңғы уақытта айтарлықтай төмендеп кеткен көр сет-кіштеріне әсерін тигізді. Алайда, дағ-дарыс мәңгілік емес, құлдыраудың со ңы өсімге ұласатыны белгілі», деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Одаққа қ а ты-сушы елдердің көпшілігі былтыр күрделі жағдайға қарамастан, экономикалық көр сеткіштер өсіміне қол жеткізгенін атап өтті. «2017 жылдың басындағы статистикалық мәліметтер көңілге үміт ұя латады. Осы жылдың алғашқы ай ла -рының нәтижесі бойынша, еАЭО-ның сыртқы сауда көлемі 37 пайызға ұл-ғайды, ал өзара сауда 38 пайызға өсті», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан басшысы аталған оң үрдісті орнықтыру қажет-тігін айта келіп, осы бағыттағы бас ты қадамдарды атап көрсетті. «Бірін ші-ден, еАЭО-ны дамытуға кедергі кел-тіретін барлық шектеулерді жою қа-жет. екіншіден, тауарды өткізетін на-рық тарды кеңейтіп, инвестиция өсімі үшін халықаралық әріптестермен жаңа сауда-экономикалық келісімдер жасалу-ын қамтамасыз ету керек. Үшіншіден, елдеріміздің экономикасы үшін осын-дай күрделі кезеңде өзара көмек қолын соз ған жөн. Төртіншіден, дағдарыстық құбылыстарды еңсеруге Дағдарысқа қар сы күрес кеңесі жақсы жәрдемші бо-ла алады», деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Экономика және қаржы министрлері кеңесінің, сондай-ақ еАЭО елдерінің орталық банктері жетекшілерінің құ-ра мын жасақтау жөніндегі ұсы ныс та-ры на ерекше назар аударды. «Кеңес Одаққа мүше мемлекеттердің қаржы-эко номикалық саясатының мәселелері және дағдарыстық құбылыстардың алдын алу үшін өзара келісілген ша-ралар қабылдау жөнінде еАЭО ор-гандарына ұсынымдар береді. Оның жұмысы экономикалық өсім мен қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бірлескен іс-шараларды іске асыруға бағытталады. Кеңестің жұмысы G-20-ның жанындағы Қаржы тұрақтылығы жөніндегі кеңестің және еуропалық комиссия жанындағы ЭКОФИН-нің (еуропалық одақтың

экономика және қаржы мәселелері жөніндегі кеңесі) қызметіне ұқсас бо-лады», деді елбасы.

Ресей Президенті Владимир Путин де өз кезегінде Одақ жұмысы табысты жүр гізіліп жатқанын атап өтті. Одақ дағдарыс қиындықтарынан құтқарған қау іпсіздік құралы болғанын алға тарт-ты. Бұған әлемдік экономиканың тұ рақ-сыздығына қарамастан, Одаққа мүше мем лекеттер қол жеткізіп отырған эко -номикалық көрсеткіштер дәлел бо ла-ты нын мысалға келтірді. Ресей Пре-зи денті, бұл ретте, Қазақстан бас шы -сының пікірін құптайтынын айтып, тіпті, Н.Назарбаевтың сөзінен дәй ек-сөз де келтірді. Интеграциялық бай ла-ныс тардың арқасында қазіргі эко но-ми калық тұрақтылыққа қол жет кізіп отырғанымыз туралы ойын нақ тылай түсті. «Белгілі бір дәрежеде Одақ сыртқы конъюнктураның ықпалын жойып, ұлттық экономиканы жаңа бағыттарға бейімдеді», деді Ресей басшысы.

Бұдан әрі Молдова Президенті сөз алды. Игорь Додон Молдова үшін бұл шараға қатысу айрықша оқиға екенін атап көрсетті. Интеграциялық байланыстардың беки түсуіне Молдова Республикасы ерекше маңыз беретінін айтып, еАЭО-ға байқаушы ел мәртебесін үлкен жауапкершілікпен сезінетінін жеткізді.

Келісімдерге қол қойылды

Кеңейтілген құрамда өткен отырыс- та еАЭО-ға мүше елдердің 2017-2018 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдары бекітілді. Құжатқа сәйкес, макроэкономикалық ахуалды жақсарту, корпоративтік сек-торды инвестиция көлемін арттыруға ынталандыру, шикізаттық емес экс-портты ілгерілету секілді елеулі шара-лар көзделген. Сонымен қатар, отырыс қорытындысында еАЭО мен оған мүше мемлекеттер және Иран арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі уақытша келісім туралы құжат қабылданды.

Қауіпсіздік мәселелері қаралды

Ал келесі алқалы жиын – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мем лекеттер басшыларының бейрес-ми кездесуіне Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан президенттері Серж Саргсян, Александр Лукашенко, Нұрсұлтан Назарбаев, Алмазбек Атамбаев, Владимир Путин, Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы міндетін атқарушы Валерий Семириков қатысты.

Б е й р е с м и к е з д е с у б а р ы с ы н -да ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер

бас шы лары ұйымды одан әрі дамыту жә не қауіпсіздікті қамтамасыз ету са-ла сын дағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Ұжымдық қау іп-сіздік туралы шарт ұйымына қатысушы елдер үшін биыл мерейтойлық жыл екенін атап өтті. Осыған орай, елбасы кез десуге қатысушыларды Шартқа қол қой ылуының 25 жылдығымен құттықтап, оның ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті қам тамасыз етудегі, сондай-ақ ұйымға мү ше мемлекеттердің тұтастығын ны-ғай тудағы маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен бірге, Қазақстан басшы-сы ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік саласындағы басқа да халықаралық институттармен және ұйымдармен өзара іс-қимылының аясын кеңейту мәселесіне қатысушылар назарын аударды. Бұдан бөлек, ұйым мүшелері қазіргі заманғы өңірлік және жаһандық қатерлермен күрес жолын-да күш жұмылдыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу соңында ұйымға мүше мем-лекеттердің басшылары Юрий Гри-горьевич Хачатуровты ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы етіп тағайындады.

Екіжақты кездесуМем лекет басшысы Нұрсұлтан

Назарбаев сол күні, сондай-ақ, Бішкекте Молдова Республикасының Президенті Игорь Додонмен кездесу өткізді. Мем-ле кеттер басшылары әңгімелесу ке зінде Қазақстан мен Молдова ара сын дағы ынтымақтастықтың перспек тивалы ба ғыттарын, сондай-ақ еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық және мәдени-гу манитарлық салалар екіжақты ын-ты мақтастықтың басымдығы бар ба-ғыт тары ретінде атап өтілді. Бұған қоса, Қазақстан Президенті И.Додонды Молдова Республикасының еАЭО жа-нын дағы байқаушы мемлекет мәртебесін алуымен құттықтап, бұл жауапты қызмет ба рысында табысты жұмыс жүргізуіне ті лектестік білдірді.

Молдова Президенті де Нұрсұлтан Назарбаевқа еАЭО-дағы байқаушы мәр-те бесін алу мәселесіне қатысты қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Кездесуге Молдова жағы бастамашы болды.

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Экономикалық одақ – елдер дамуының қозғаушы күші

(Соңы. Басы 1-бетте)

Page 3: E-mail: info@egemen.kz 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да баяндай отырып, ұйымның құрылуы ... Одаққа мүше мемлекеттердің

17 сәуір 2017 жыл 3

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

Мақаланы оқып шыққаннан кейінгі алғашқы байқайтынымыз, ойды жеткізудегі ерекше мәнер­лілік, дәлдік пен қарапайымдық. Сонымен бірге, бұл еңбек мей­лін ше терең, күрделі әрі кемел­дігімен ерекшеленеді. Еліміз дегі рухани жаңғырудың тұжырым­дамалық бағдары министрден бас­тап, қатардағы қарапайым азамат түсінетін, баршаға ұғы нық ты, бай әрі ықшам тілмен жеткізіледі. Биылғы жылдан бас тап Қазақстан жаһандық бә се кеге қабілеттілікке қол жет кізуге бағытталған еліміздің үшін ші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаға белгілі. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып та­былады.

Бұған дейін еліміз жаңа тәуел­сіз мемлекетті құру арқы лы бі­рінші жаңғыруды жүзе ге асырды. Содан кейін «Қазақ стан­2030» Стратегиясын қабыл дады және Астананы салды. Нәтижесінде еліміз әлемнің да мыған 50 елінің қатарына кірді. Бұл екінші жаң­ғырудың нәти желері.

Мұның бәрін таратып ай­тып отыру себебіміз еліміздің жүйелі әрі дәйекті эволюциялық дамуы на бағытталған мемлекеттік саясаттың өзара байланысы мен сабақтастығын көрсетуді мақсат тұтып отырмыз.

Бүгінгі таңда Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыру аясында саяси реформа, эконо­микалық өсімнің жаңа моделін құру және рухани жаңғыру сияқ ты үш жаңғыру үдерісі жү зеге асыры­латын болады.

Аталған үдерістердің қата­рында рухани саланы жаңғырту негізгі бағыт болып табылады. Мұндай аксиомалық байлам жа­сауға берік негіз бар деп ой лаймын. Әлбетте, саяси және экономи­калық жаңғырудың жетістігі, бірін­ші кезекте, рухани қатынастар басымдық алатын қоғамдық сананың деңгейіне байланыс­ты болмақ. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани жаңғыру ең өзекті міндеттердің алдыңғы қата рына шығып отыр.

Бұл орайда, ең әуелі, жал пы­ұлттық құндылықтарды тереңдету негізінде түбірлі өз герістерді қажет етіп отырған осы саланың бүгінгі жай­күйін атауға болады.

Мәселен, егер де биік мін­берде зерделейтін болсақ, біз де демократияның басты бел гісі сана­латын сайламалы үдеріс саяси өмірде өзінің орнын тапты. Биылғы жылы консти ту циялық реформалардың аясын да ел Президентінің бірқатар өкілеттіктері биліктің өзге тар­мақтарына берілді. Осыған орай, Мемлекет басшысы Пар ламент палаталарының бірлескен отыры­сында сөз сөйлеп «Біз жүріп келеміз, біртіндеп алға басудамыз, яғни бұл қоғамды демо кратияландырудың сатыларының бірі... Басқа мемле­кеттер өзде рінде бар демократияға жүз деген жылдар бойы жүрді... Демократия – бұл жолдың басы емес, бұл жолдың аяғы, ол біздің мақсатымыз», екенін атап көрсетті.

Экономикаға келетін болсақ, Қазақстан нарықтық экономи каның көрнекті үлгілерінің бірі болып та­былады. Мысалы, бү гінде Мемлекет басшысының тап сырмасы бойын­ша Үкімет Экономикалық ын­тымақтастық және даму ұйымына мүше көптеген елдердің ІЖӨ­нің 15%­ы деңгейі көлеміндегі мемлекеттің экономикаға қаты суын азайту бойынша жұмыс жүргізуде. Мемлекеттің эконо микаға қатысу үлесін есепке алғанда, мемлекеттің бақы лауын дағы және жанама бақы­лауындағы ұйымдардың ІЖӨ­ге шаққандағы жалпы қосымша құнының (ЖҚҚ) арақатынасы ескеріледі. 2014­2015 жылдардың қорытындылары бойынша ЖҚҚ­ның ІЖӨ­ге арақатынасы 21,1% және 19,1%­ды құрады.

2016­2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспа­рында 780 ұйымды, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі ең ірі 64 компанияны бәсеке лестік ортаға беру қарас тырылған.

Қабылданған шаралар мемле­кеттің экономикағы қатысуын елеулі қысқартады және елі мізде жеке бастамалардың белсен ділігін арттырады.

Рухани­мәдени салаға қатысты әзірге мұндай өзгерісті айта ал­маймыз. Әрине, аталған саланы тұтастай нарыққа беру жөнінде әңгіме қозғалып отырған жоқ. Басты мақсат, мемлекеттің және азаматтық қоғамның өзара іс­ қимылының негізінде барша

руханиятты жаңғырту болып та­былады. Бұл орайда, елімізде 2014 жылдан бері қазақстандықтардың жоғары руханилығы мен мәдени ментальдығының бәсекеге қабі­леттілігін қалыптастыруға бағыт­талған Қазақстан Республи ка­сының мәдени саясатының тұжы­рымдамасы іске асырылуда.

Елбасының бағдарламалық мақаласы – бұл, ең әуелі ХХІ ғасырда шынайы өмірде ұлттық са­наны айқындайтын және қоғамдық сананы өзгерту жолдарының жал­пы бағыттарын белгілейтін дүние­танымдық­идеологиялық мақала. Оның мақсаты күшті әрі жауап­ты адамдардың Біртұтас ұлтын құру болып табылады. Мақала кіріспеден, «ХХ ғасырдағы ұлттық сана туралы», «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екі негізгі тараудан және қорытындыдан тұрады.

Ең әуелі, ел Президенті та­рапынан бүгінгі таңда адамзат қоғамы жинақтаған аса зор өрке­ниет тәжірибесіне зерделі талдау жасау бойынша қыруар жұмыс жүргізілгенін көруге болады.

Біздің дәуірімізге дейінгі V­VI ғасырларда өмір сүрген Қытайдың ежелгі ойшылы Конфуций адам­ның өмірі ең әуелі моральмен реттелуі тиіс екенін тұжырымдап берді. Бұған білім мен тәрбиенің арқасында қалыптасатын дұрыс адамгершілік әдептердің ережесі ли ұғымын насихаттау негіз болды. Қытай өзінің жүздеген жыл дардан бергі өмір салтында Конфуцийдің осы өсиеттеріне ба­рынша адалдығын көрсетіп келеді.

Мемлекет басшысының жоға­ры рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы жаңғыру бойынша қолданылған жаңаша ұғым. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Пре­зидент жаңғырудың 6 бағытын белгілейді. Бұл бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жа­уап береді. Олардың әрқайсысына егжей­тегжейлі тоқталу мақаланың басты міндеті емес екенін ескеріп, біз екінші және үшінші жаңғырулар – «Прагматизм» және «Ұлттық бірегейлікті сақтауға» назар аудар­сақ.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «әуелі экономи­ка, содан кейін саясат» принципі баршаға таныс. Біздің ойымызша, оның сабақтаса дамуы қоғамдық сананы жаңғыртуда айқын көрінеді. Әлемнің жетекші елдерін табысқа жеткізген нақты прагматизм игілікке қол жеткізудің әмбебап кілті болып саналады. Дәл осының арқасында қоғамдық­экономикалық формация ретінде капитализм құрдымға кет­кен социализмді біржолата жеңді.

Мақалада біздің ұлттық коды­мыздағы прагматизмнің бар екендігіне дәлме­дәл негіздеме бе ріледі. Ұлы Даладағы қатаң та биғи жағдайлар мен шөлейтті жерлердегі тіршілікпен байла­нысқан көшпенділік дәстүрі ата­баба ларымыздың бойына табиғат­пен үндескен өмір салтын, яғни прагматизмді қалыптастырды. Өткен ғасырлардағы қоғамдық­саяси ойдың дамуына талдау жа­сай отырып, Елбасы радикалдық идеологияның заманы мүлдем кел­меске кеткенін тұжырымдайды. Сол себепті, біздің болашаққа жа­салатын ұранымыз реализм және прагматизм болмақ.

XIX ғасырда Германияның ұлы канцлері Отто Бисмарк Realpolitik мемлекеттік бағытын өмірге енгізді. Ол әр түрлі идео­логиядан бас тартып практикалық тұжырымдарға басымдық берді. Сондықтан, Елбасының тұжы­рымы анық: біз жекелеген адамның және тұтас ұлттың мүмкіндіктері мен шектерінің аясында нақты мақсаттарға қол жеткізуді бағдар­лауымыз керек.

«Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты екінші бағытқа қатысты тоқталсақ, Президент дамудың әмбе бап үлгісі болмайтынын нақты жеткізіп, тек ұлттық модельді ғана алға тартады. Бұл тұжырым қазіргі заманғы дәуірдегі ұлт құрылысында аса маңызды болып табылады. Ортақ тіл, мәдениет,

тарих – бұлар барлық заманда да қуатты мемлекеттің іргетасы екеніне ешкім дау туғызбаса керек. Бұл бағытта ең әуелі ұлттық рухты атап көрсеткіміз келеді. Бұл жерде біз Мемлекет басшысының «Тарих толқынында» атты келелі моногра­фиясын парақтай отырып, тарихқа қысқаша шолу жасап көрсек. Біздің рухани бастау ларымыз қазіргі Қазақстанның аумағында біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықта өмір сүрген ежелгі арийлерден басталады. Содан кейін саясат сахнасына бірінші мыңжылдықта билік құрған жау­ынгер сақтар шығады. Бұдан соң ұлы ғұндар дәуіріне кезек беріліп, олар түркілер билігіне дейінгі б.д.д. ІV ғасырда өмір сүрді. Одан кейінгі заманда орын алған тарихи оқиғалар еліміздің ақпараттық­мәдени кеңістігінде кең көрініс тапты. Генезистің және біздің ұлттық рухымыздың қалыптасуы мен дамуына екпін берген ортақ құрамдастар бар. Айтылғандарды түйіндейтін болсақ, Мемлекет басшысының ұлттық рух тура­лы ұсынған тезисі Ұлы Дала елін дамытудың басты қозғаушы күшіне айналады.

Екінші тарау «Таяу жылдар­дағы міндеттерге» келсек, бұл іс­қимыл жоспары бірінші ке­зекте Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы дамуын айқындайтын стратегиялық сипатқа ие.

Осы тараудағы нақты жоба­лардың қатарында келесі екеуіне жан­жақты тоқталуды жөн көрдік.

Бірінші жоба – бұл қазақ жазуының латын әліпбиіне кезең­кезеңмен көшірілу мәселесі.

Біріншіден, Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшуді тек бүгін ғана қозғап отырған жоқ, оны 2012 жылы жариялады.

Екіншіден, Қазақстанның да­муында латын әліпбиі арқылы дамудың 11 жылдық тарихи тәжіри­бесі қалыптасқан (1929 – 1940 жж.).

Үшіншіден, бір тілдің жалпы­адамзаттық немесе былайша айт­қанда, «франк лингвасы» бойын­ша дамуы бұл заңды әрі тарихи құбылыс. Орта ғасырларда араб­тар барлық батысеуропалықтарды осылай атады. Шын мәнінде, сол кезеңдерде франкліктік билік ерек­ше салтанат құрды. Бұдан кейін француздардың билікке келу кезеңі басталды.

XX ғасырда біз тағдырдың талқы сымен дәйекті тарихи дамудың жалпыға бірдей сүрле­уінен шығып қалдық. Қазіргі таңда біздің елімізге заманы мыздың бірегей мемлекет қайраткері, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшы лығымен өркендеп жатқан тәуелсіз мем­лекет ім і зд і жаһандық дең­гейде дамуына жол ашатын ла­тын әліпбиіне көшудің керемет жағдайы туып отыр. Біз мұны «Қазақстан­2050» Стратегиясының басты мақсаттарына қол жеткізудің және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кірудің бірден­бір мүмкіндіктері деп білеміз.

Біз назар аударып отырған екінші жоба «Қазақстанның ру­хани жәдігерлері». Мәдениет са­ласы материалдық және руха­ни құндылықтардан тұратыны мәлім. Өкінішке қарай, бұған дейін елімізде киелі құндылықтарға де­ген тұжырымды көзқарас болған жоқ. Сондықтан, ел Президентінің бастамасы бойынша қолға алынған жоба ұлттық бірегейліктің маңызды рухани тірегі болып табылады.

Әрбір халықтың өзіне тән киелі орындары бар. Бізде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Бұлар ежелгі Тараз, Ұлытау, Түр­кістан, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет ата кешені. Алайда, қо ғамдық санада бұл орындар ту­ралы бірегей ұғым мен ортақ тү­сінік қалыптаспаған. Сондықтан, ұлтты ұйыстырудағы аталған стра­тегиялық міндетті орындауда осы жобаны жүзеге асырудың маңызы аса зор.

Ойымызды қорытындылайтын болсақ, жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындықты және ұмтылысты қажет етеді. Өйткені, біз айрықша серпінділікпен жылжып жатқан уақытта өмір сүрудеміз.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңа тарихи кезеңге тән қатерлер мен тәуекелдерге жан­жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің терең көзқарасын білдірді.

Сондықтан, Мемлекет басшы­сы атап өткендей, еліміздің әрбір азаматы бүкіл қоғам, саяси пар­тиялар мен қозғалыстар, барша мемлекеттік органдар ағымдағы жағдайға талдау жасап, біздің қай жерде тұрғанымызды анықтап, әрбіріміздің не істеу керектігімізді жете ұғынуы керек.

Біз б іртұтас ұлы ұлттың перзенті екенімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Біздің жолымыз айқын: Жаңару арқылы жарқын болашаққа жетейік!

Рухани жаңғыру – Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізі

Қазақстан Премьер­Министрі Б.Сағынтаевтың кестесіндегі алғашқы кездесулердің бірі Нью­Йоркте АҚШ­тың: Citigroup, Mastercard, Berkley, Morgan Stanley, Black Rock, Goldman Sachs сияқты аса ірі қаржы инсти­тутта рының сондай­ақ, әлемдік рейтинг агенттіктері: Moody’s, Standard&Poor’s, Greylock Capital, Guggenheim International, Alliance Bernstein, Public Capital Advisors, Business Council of International Understanding өкілдерімен жүз­десуі болды.

Кездесуге қатысушылар әлем дік экономика және Қазақ­стан ның экономикалық саясаты дамуының өзекті мәселелерін, сондай­ақ, бірлескен жобалар­ды жүзеге асыру, инвестиция­лар тарту, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру және активтерді басқару мүмкін­діктерін талқылады.

Қазақстан Премьер­Министрі Б.Сағынтаев «Chevron» корпо­рациясының Еуразиялық аймақ бойынша басшысы Т.Левимен кездесті.

Кездесу барысында тарап­тар мұнай­газ саласында ын­тымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

Содан кейін Бақытжан Са­ғынтаев Нью­Йорк қаласының экс­мэрі Рудольф Джулианимен кездесті.

Диалог аясында телеком му­никациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы өзара іс­қимыл және ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Премьер­Министр сондай­ақ, «Citigroup» компаниясының пре зиденті Джеймс Форесемен кездесті.

Тараптар қаржы­банктік өзара іс­қимылды тереңдету мәселе­лерін, сондай­ақ, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін талқылады.

Бұдан кейін Бақытжан Са­ғынтаев «WR Berkley Group» сақтандыру компаниясының төр­ағасы Б. Барклимен және «Robotti & Company Advisors LLC» ком­паниясының басшысы И. Шварц­манмен кездесу өткізді. Оның барысында сақтандыру және еліміздің банк саласына инвес­тициялар тартудың заманауи те­тіктері талқыланды.

Бұдан әрі Премьер­Министр Б.Сағынтаев «Bloomberg» компа­ниясының негізін қалаушы және Нью­Йорк қаласының экс­мэрі М.Блумбергпен кездесу өткізді.

Б.Сағынтаев М. Блумбергпен Қазақстанның қаржы нарығын және «Астана» халықаралық қар жы орталығын дамыту сала­сындағы ынтымақтастық мәселе­лерін талқылады. Кездесу дің маңызды нәтижесі Астанада Блумберг телеарнасы мен кеңсе­сін ашу туралы келісім болды.

Содан кейін Бақытжан Сағын ­таев «GE Transportation» ком­паниясының бас атқарушы ди­ректоры Дж.Миллермен кез десті.

Әңгімелесу барысында та рап­тар газ саласындағы ын ты мақ­тастық мәселелерін талқылады.

Сондай­ақ, Нью­Йоркте Бақыт жан Сағынтаев АҚШ­тың «I Scuared Capital», «General Electric», «Grace, Robotti & Com­pany Advisors», «AGCO», «AES», «Black and Veatch», «Ameri­can Industrial Acquisition Corp­oration» сияқты жетекші компа­нияларымен Қазақстан эконо­микасына инвестициялар мен жаңа технологиялар тарту мәсе­лелерін талқылады.

«OSI Systems», «Pfizer» және

«GE Transportation» компания­ларымен кездесулер аясында Қа­зақ станда технологиялық жаб­дықтар өндірісіне инвестициялар тарту туралы, ал «Rahal Foods» компаниясымен орга никалық азық­түлік өндірісі тұрғысындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Премьер­Министр «OSI Systems» компаниясының атқару­шы вице­президенті А. Мехрамен кездесу өткізді.

Компанияның Астана қаласы­ның әуежайы мен қазақ стандық кеден бекеттеріне Rapiscan ска­нерлеу жүйелерімен жабдықтау жүргі зе тіндігі туралы келісімге қол жеткізілді.

Одан кейін Б.Сағынтаев «Pfizer» компаниясының вице­пре зи денті М.Геттлермен кездес­ті. Қазақстанда вакциналар өн­діретін зауыт салу туралы келі­сім ге қол жеткізілді.

Бұдан әрі Премьер­Министр экономист Н.Рубинимен маңызды әрі қызықты кездесу өткізді. Жа­һандық және аймақтық эконо­микалық даму тақырыбы бойын­ша пікір алмасу өтті.

Келесі күннің таңертеңінде Премьер­Министр «Cisco» кеңсе­сін аралады және компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы Дж.Чамберспен кездесу өткізді.

«Cisco» компаниясының негізі 1984 жылы қаланған және қазіргі уақытта кең көлемді желі жабдықтарын шығарады, олардың қатарында маршрути­заторлар, IP­телефония өнімдері, Ethernet­коммутаторлар, желі қауіпсіздігі құрылғысы, Wi­Fi рұқсат нүктесі, оптикалық ком­мутация платформалары, ATM­коммутаторлар т.б. бар.

Қазақстан үшін осындай атақ­ты әлемдік компаниямен ынты­мақтастық Мемлекет бас шы­сының Жолдауында ұсыныл­ған ел экономикасын жаңғыр ту бойынша міндеттер тұрғысында ерекше мәнге ие.

Осында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру ая­сында «Зерде» АҚ пен «Cisco» компаниясы арасында ынты­мақтастық орнату туралы мемо­рандумға қол қойылды.

Сан­Францискода Б.Сағын­таев атақты экономист А.Лаф­фермен кездесті. Кез десу бары­сында жаһандық экономикадағы өзекті үрдістер, заманауи салық саясатының ерекшеліктері тал­қыланды.

Содан кейін Премьер­Ми­нистр Robomatter Inc. прези денті Скип Смитпен кездесу өткізді, оның барысында компанияның инно вациялық білім беру бағдар­ла маларын Қазақстанда, жастар­ды ком пью терлік ғылымдарға бағ дар ламалауға және робот­ты тех никаға оқыту және даяр­лау үшін қолдану мүмкіндігін талқылады.

Одан кейін, Бақытжан Сағын­таев «Tesla Motors» кеңсесіне барып, онда роботты техника мен бағдарламалауға негізделген электромобильдер өндірісінің толық кезеңімен танысты.

Бұдан кейін Бақытжан Са­ғын таев «Сhevron» компа ния­сының төрағасы Джон Уот сонмен кездесті. Әңгімелесу бары сын­да тараптар мұнай өнім дерінің әлемдік нарығын дамы тудың қазіргі жағдайы мен болжамда­рын, еліміздегі мұнай­газ жоба­ларындағы ынты мақтас тықты кеңейту мәсе ле лерін, сонымен қатар, Қазақ стандағы Болашақ кеңею жобасын талқылады.

Премьер­Министр «IBM

Watson West» орталығын арала­ды, онда Бақытжан Сағынтаевқа компанияның жасанды зерде, бейне мен сараптауды танып­білу саласындағы әзірлемелері мен «ақылды» қалаларға арналған инновациялық шешімдері таныс­тырылды.

Сапар қорытындысы бойын­ша «IBM» компаниясы мен «ИТП» ДКҚ арасында Астана қала сын да қаржылық техноло­гиялар, «Ақылды қала» бойын­ша техноло гиялар және қала құ рылысы мен оны пайдалану­ды бас қаруға арналған техно­логиялар бойын ша қолданбалы зерттеулерге арналған зертхана құру бойынша меморандумға қол қойылды.

Сондай­ақ, Бақытжан Сағын­таев «Autodesk» компаниясының кеңсесіне барып, компания вице­президенті Дэвид Крейнмен кез­десті.

Тараптар Қазақстанда Auto­desk құзырет орталығын құру мәсе лесін талқылады.

Сонымен қатар, «Autodesk» компаниясымен бірлесіп, қазақ­стандық жаңа құрылыс материал­дарының сапасын анықтау және сертификаттау зертханасы құ­рылатын болады.

Премьер­Министрдің кесте­сіндегі аса маңызды шара лар­дың бірі – «Project: Collider» тех нологиялық форумы болды, онда Б.Сағынтаев инновациялар саласындағы әлемдік көшбасшы компанияларды Қазақстан эко­но микасының жаңғыртылу үдерісіне белсендірек қатысып, инвес тиция құюға шақырды.

Премьер­Министр «Bridge West Group» Директорлар кеңе­сінің төрағасы Маси Таэби мен кездесу өткізді, оның қо ры тын­дысы бойынша «Қазақ те ле­ком» АҚ­пен меморандумға қол қойылды, онда Интернетке қол­жетімділік желілерін ауқымды дамыту мақсатында америкалық компанияның жабдықтарын сатып алу бойынша ықтимал ынтымақтастық көзделген.

Содан кейін «Learn Capital» басқарушы серіктесі Г.Мауро­мен кездесу өтті, оның қорытын­дысы бойынша ҚР БҒМ «Ақпа­раттық­талдау орталығы» АҚ­пен «чартерлік мектептер» деп аталатын үлгі бойынша инно­вациялық білім берудің қанат­қақты жобасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы мемо­рандумға қол қойылды.

Қазақстан Премьер­Министрі Б.Сағынтаевтың АҚШ­қа жұмыс сапары аясында Кремний алқа­бында Қазақстанның өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойыл­ды.

Инновациялық өкілдік Крем­ний алқабында Қазақстанның тех­нологиялық стартаптарын дамы­ту платформасымен қамтамасыз етеді, еліміздегі кәсіпкерлік пен ғылым ды да мытуға ең үздік техно логиялық идеялар мен үде­рістерге қолжетімділікпен қам­тамасыз етеді. Сондай­ақ, Қазақ­станның ірі корпорацияларына әлемдік деңгейде инновациялық өзара іс­қимыл жасасу, бірегей ақпарат пен ресурстардың қол­жетімді болу мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, Премьер­Министр Б.Сағынтаев «DFJ» ком паниясының кеңсесіне барып, оның негізін қалаушы Т. Дра­пермен кездесті.

«DFJ»­тың бірқатар қазақ­стандық компанияларға қолдау көрсетуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Айта кету керек, «DFJ» компаниясы технология­лар саласында даму сатысындағы және бастапқы сатыдағы жобалар­ды инвестициялауға бағдар­ланған.

Бақытжан Сағынтаев Кремний алқабының инновациялық орта­лығының кеңсесіне барып, са­рапшылар тобымен және орталық президенті А.Куновпен кездесті.

Б.Сағынтаев «Plug and Play Tech Center» компаниясының кең сесінде де болды.

Одан кейін Премьер­Министр «Jabil» компаниясының кеңсесіне барды, ол түрлі салалардағы жа­һан дық технологиялық корпора­цияларға электроникаларды жо­балап, әзірлеу бойынша кешенді қызметтер көрсететін әлемдегі ең ірі өндірістік компаниялардың бірі.

Сонымен қоса, Бақытжан Сағынтаев «Google» кеңсесінде болып, онда компанияның ІТ­саласындағы қазіргі әзірле меле­рімен танысты, сонымен қа тар, қызметкерлермен Қазақ станға қажетті жобаларды тал қылады.

Бақытжан Сағынтаев «Micro­soft» корпорациясының ұжым дық вице­президенті Д.Ле вин мен кез­десу өткізді. Кездесу барысында компанияның бағдар ламалық шешімдерін Қазақ стан ның шағын жинақты мектеп теріне енгізу мәселесі тал қыланды.

Осылайша, Премьер­Министр Бақытжан Сағынтаевтың Аме­рика Құрама Штаттарына жұмыс сапары аяқталды. Өткізілген кез десулер мен қол қойылған құ жат тар Қазақстанға елімізде цифрлы инфр ақұрылымды дамы­туға жағдай жасауға, жаңа ин­дустриялар ды таратуға, Индус­трия 4.0 элемент терін ұлттық эко номикаға инте грациялауға кө мек береді.

Озық технологиялар –өркендеу кепілі

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Б.Сағынтаев 11-14 сәуір аралығында жұмыс са-парымен АҚШ-қа барды, мұнда әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізіп, Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыртылуы аясында бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Өткен аптаның ортасында еліміздің саяси өмірінде елеулі оқиға болды. Қазақстан Рес публи касының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола шақ қа бағдар: рухани жаңғы ру» атты бағдарламалық мақаласы жарыққа шықты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

саясат

Page 4: E-mail: info@egemen.kz 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да баяндай отырып, ұйымның құрылуы ... Одаққа мүше мемлекеттердің

4 17 сәуір 2017 жылРухани жаңғыРу

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан мемлекеті өзін өзі ұлттық мәдени идентифика-циялау тұрғысынан маңызды қадам жасады. Қазақ елі таяу жылдары латын әліпбиіне көшеді. Бұл мәселе талай мәрте көтеріліп, талқыланғаны мәлім. Кез келген шешімді байып-пен, асқан көрегенділікпен қабылдайтын Қазақстан Президенті латын әліпбиіне көшу мәселесіне өзінің халыққа 2012 жылғы Жолдауында арнайы тоқталып, оның мерзімін 2025 жылға белгілеген болатын. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстанның латын әліпбиіне көшетіні туралы жаңалық көршілес Ресейде үлкен пікірталас туғызды. Ақпарат шыға сала рунетте қызу талқылау басталды. Ертесіне Ресейдің орталық басылымдары түгел дерлік бұл тақырыпқа бір-бір мақала арнады. Шынын айту керек, басым көпшілігі «Қазақстан Президентінің бұл шешіміне не себеп болды?» деген сұрақ қойып, соған жауап іздеді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ержан ӘБДІРАМАН,«Егемен Қазақстан»

Олардың арасында саясатты бөлек қойып, мәселені салқын ақылмен сараптаушылар да бол-ды. Біз төменде ахуалдың байы-бына бармай айтылған көп пікірге тосқауыл қоярлық екі коммента-рийге айрықша тоқталып отыр-мыз.

Антон Носик – белгілі ре сейлік журналист әрі блогер (Яндекс рейтингі бойынша танымалдығы жөнінен алдыңғы ондықта). Lenta.ru, Vesti.ru, Gazeta.ru, Newsru.com сияқты Ресейдегі аса ірі ин­тернет­басылымдарға жетек­шілік жасаған. «Эхо Москвы» радиосының сайтына шыққан «Бүгінде латын сәннен қалды ма?» атты мақаласында Антон Носик Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ әліпбиін латынға көшіру тапсырмасын талдайды.

«Кеше бәрі Қазақстанның латынға көшетінін талқылады. Ресейлік патриоттар наразы. Путинді сынаушылар «Ресей дің мәдени орбитасынан» тағы бір көршінің шығуына себепші әрекет жасады деп Путинді кінәлады... Алайда, мақаланың тікелей өзімен танысу ешқайсысының басына келмеді. Бекер­ақ». Осылай деп Антон Носик «Егемен Қазақ­стандағы» Президент ма қала­сының сілтемесін көр сетеді. Және мақаладан мына үзіндіні алады:

Мен  2012  жылғы жел тоқ­сан  айында жария  ет кен  «Қа­зақстан­2050» Стра тегия сында «2025 жылдан  бастап,  латын әліпбиіне  кө шуге  кірісуіміз 

керектігін» мәлімдедім. Бұл  – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді  бастай­мыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай  іс  қағаздарын, мерзімді баспасөзді,  оқулықтарды, бәрін де  латын  әліпбиімен  ба сып шығара  бастауға  тиіс піз». Иә, Носик қазақша үзінді келтіреді. Сосын мәтінді гугл­транслейт арқылы орысшаға аударып, оның мағынасын түсінгенін айтады. Не түсініпті деймісіз? Сөзбе­сөз келтірейік.

«Бір іншіден , Назарбаев мұнда 2012 жылы қабылданып қойған «Қазақстан-2050» атты бағдарламасын айтып отыр. Онда 2025 жылдан бас тап қазақ жазу-ын кирилл қарпінен латынға ауы-стыру қарастырылған. Расында ондай құжат бар, орысшасын интернеттен табуға болады. Және оның 28-бетінде «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліп­биіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде та­рих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабыл дауға тиіспіз және бұл әлем мен бірлесе түсуімізге, балала рымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін же­тік игеруіне, ең бастысы – қа­зақ тілін жаңғыртуға жағ дай туғызады» деп анық жазылған.

Яғни, мақаланың әл іпби мәселесіне қатысты жерінде Назарбаев 4 ,5 жыл бұрын қабылданып, өзі қол қойған мем-лекеттік құжаттағы мақсат пен оны іске асыру мерзімін

сөзбе-сөз қайталап отыр. Ол кезде Қырым, ЛНР/ДНР, Сирия сияқты мәселелер жоқ болатын. Ендеше, Влади вос токтан Львовқа дейінгі конс пирологтардың зор өкіні шіне қарай, олардың әңгі-месі тағы да надандық пен ақыл жалқаулығынан шығып отыр».

Одан әрі ресейлік сарапшы түркітілдес халықтарға әліпбидің қалай таңылғанын, ал еріктері барда нені таңдағанын түсіндіре кетеді.

«Қай мысалды айтпайық, түркі тілдері кирилл жазуына ол тілде сөйлейтін респуб ликалардың егемендігі жоқ кезде, Мәскеудің тікелей нұс қауымен мәжбүрлеп көші рілді. Ал өз таңдауларын жа сауға мүмкіндік алған уа қыт-та барлық түркі халық тары ла-тын қарпін таңдаумен болды: Түркия 1928 жылы, Әзер байжан мен Түрікменстан 1992 жылы, Өзбекстан 1993 жы лы...» дейді журналист.

Бұдан кейін Антон Носик 1991, 1992 және 1993 жылдары өткен кездесулерде түркітілдес елдер өкілдерінің ортақ әліпби ретінде латынды таңдауға ке­ліскендерін айтады. Яғни, қа­зақ жазуын латынға көшіру мәселесі бір күнде әлдебір саяси себептерден жасалған әрекет емес, бұрыннан жоспарланған таңдау екенін түсіндіреді. Ал сөз соңында өзіне түркі тілдерін кирилл жазуы-нан гөрі латынша оқу оңай екенін мына мысалмен жеткізеді.

«Соңғы 20 жылда Түркия мен Қазақстанда бірнеше рет болдым. Туған әліпби мен үшін кирилл болғанмен, өз басым түркіше көше жазуларын оқудан ешқашан қиындық көрген емеспін. Тіпті, ол сөзде дәстүрлі латында жоқ ç,  ğ,  ö және ü әріптерінің өзі қалай оқылатынын түйсікпен білем. Ал жол бойындағы қазақша жазулардағы ә,  ғ, ң,  ө,  ұ және ү әріптерінің қалай дұрыс оқыла­тынын ұға алмай­ақ қойдым. Тіпті, кириллмен 47 жылғы таныс­тығым да көмектесе алмады».

Пікір білдіруші тағы бір ресейлік, Polit.ru басы лымының ғ ы л ы м и р е д а к т о р ы Б о р и с Долгин қазақ жазуын латынға көшірудің зардабын ойлап уайымдаушыларға мынандай бұлтартпайтын уәж айтады.

«Қазақ жазуын латынға ауыс ­тыру туралы»

1. Кирилл қарпіндегі қазақ жазуы 1940 жылы қабылданды. Яғни, базбіреулер сияқты жүз жылдық немесе мыңжылдық мұраны уайым етудің қажеті жоқ.

2. Кез келген тілді кез кел ген әліпбиде жазуға болады. Әрине, егер онымен кәсі би лингвистер айналысса. Қазақшаны латын негізінде жазу тәжірибесі бар. Сол сияқ ты тағы бір түркі тілі – түрік­шенің латын әліпбиімен жазылып келе жатқанына көп уақыт болды.

3. Әліпби, яғни жазудың әрбір нұсқасы – көп жағдайда бір ғана мәдениеттің меншігі емес, ол – мәдени байлық. Мұ ны кириллге де, латынға да және басқаларға қатысты да айтуға болады.

4. Кирилл мен латын түр­лі елдерде қолданылады. Ал бір әліпбиден басқаға өту дің себебі, маңызды болуы мүмкін. Бірақ ондағы мақ сат Болгариядан алы-стап, Ве несуэлаға жақындау деп ешкім күдіктенбейді.

5. Уақыт өте келе кирилл мен жазылған қазақша кітаптарды оқу қиындай ма? Иә. Араб графи-касынан латынға, сосын латын-нан кириллге өткенде де солай болды. Тек кеңес кезін дегіден айырмасы, енді кітап ханаларды «дұрыс емес» («неправильный») жазудағы кітаптардан тазартады деген қауіп жоқ.

6. Мұндай шешім қабылдау – Қазақстанның егемен құқығы.

7. Көршілердің «Ресейден алы-стауына» қатысты сын­пі кірлер болса, оны Ресей дің посткеңестік елдер бағы тындағы сыртқы сая-саты автор ларына арнау қажет. Мұны мен қатар, ішкі саясаттың және бас қа да параметрлердің өзіндік рөлі бар».

Бүгінде Құ рама Штат­тар президенті лауазы мында отырған кезде Трамп тың по­пулистік ұран дарын Қытай­Америка стра тегия лық диа ло гының безбенделген тезистері ал мас тырды. Соның нәти жесінде Си Цзиньпин мен Д.Трамптың кездесуі ба-рысында та раптарға бүтіндей бір сезімтал мәселелер бой-ынша уағдаласудың сәті түсті.

Соның ішінде Вашингтон «бір Қытай» қағидатын ұстану жөнінде уәде берді. Қытайдың жетекші газет­терінің жазуларынша, Си мен Трамптың кездесуінің қорытындысы АҚШ пен Қытай басшы ларының жаңа форматтағы мемлекетаралық келіс сөздер өткізуі үшін қажетті іргетас қалаған.

Сонымен бірге, екі ел президент тері ыстық нүк­телердегі ахуалдарды талқы­лауға айрықша тоқталған. Сарап шылардың пікірінше, америкалықтарға Қытай тара-бын ҚХДР­ды сабырға шақыру қажет тігіне сендірудің орайы келген. Соның нәтижесінде Трамп келесі аптада­ақ Пхеньянның кезекті бомба сынауына жол бермеуі үшін Солтүстік Корея аумағына ескер ту ретінде соққы жасауға дайын екендігін мәлімдеді.

Қытай баспасөзі бұл жа­ңа лықты сақтықпен қа был алды. Америкалық авиа т а­сығыш тардың Қытай аума­ғына жақын болуы Пе кинге ұнамайды. «Жэнь мин жиа-бо», «Глобал таймс», Синьхуа сияқты шешуші басы лым­дарда Корей түбегіне қа тыс­ты америкалық жоспарды сынаған мақалалар жария-ланды.

Екінші жағынан АҚШ­

тың Сириядағы белсенді іс­қи мыл дары іс жүзінде Бей ­жіңнің ешқандай реакция сын туғыз ған жоқ. Тіпті, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Си­рия проблемасы бо йынша дау ыс бе рудің өзі ҚХР пози­циясының өзгергенін көр­сетіп берді. Бұрын барлық да-уыс беруде Қытай Ресеймен бірге қарсы дауыс беретін. Осы жолы, өткен аптада Сирия бойынша қарарға да-уыс беру кезінде ҚХР қа лыс қалып, сол арқылы бүтін­дей алғанда америкалық көзқарасты қолдайтынын көр сетті. Бұл сәтті Мәскеу мей лінше теріс райда қабыл­дады.

Бірнеше күннен кейін амери калық әскерилер тағы бір зымы рандық соққы жаса-ды. Бұл жо лы Ауғанстан тер-риториясы бойынша. БАҚ­тың хабарлауына қарағанда, АҚШ ДАИШ тер рорлық ұйымының және оның Ауғанстандағы мүшелерінің тер риториясына ядролық емес «аса ірі бомба» тастаған.

РБК газет і ММХҚИ Талдау орталы ғының дирек­торы А.Ка зан цевтің пікірін келтірген, ол бол са Ресей үшін АҚШ­тың зы мырандық соққысы маңызды емес, өйткені, Вашингтон өз жау­ап кершілігі аймағында іс­әрекет жасауда дегенді ай-тады. «Өз рейтингін сақтау үшін Трамп қа жеңіс қажет, сондықтан да ауған дық бағыт таңдап алынып отыр», деп мәлімдеді Казанцев.

АҚШ­тың осындай әскери операциялар жүргізу жоспа-рында қауырт белсенділікке көшуіне байланысты сарап-шыларда Корей түбегінде

соғыстың басталып кетуі жөнінде елеу лі қауіптер пай-да бола бастады.

Сирия мен Ауғанстанға жасал ған зымырандық соқ­қылар Ресей­Америка қарым­қатынастарына белгілі бір шие леніс әсерлерін енгізді. Осылайша бір апта бойы америкалық баспасөз Трамп­тың Ресейге қатысты пози­циясының өзгергені туралы жаза бастады. АҚШ Кон­гресінде Ресейге қатысты жаңа санкциялар жобасы ұсынылды. Мамандардың пайымдауынша, бұл шара-лар пакеті таяу уақыттарда қабылдануы мүмкін.

Осындай жағдайда, АҚШ мем лекеттік хатшысы Р.Тил­лерсонның Ресейге сапары ай тарлықтай күрделі формада өтті. Кейбір дерек көздердің ха бар лауынша, Тиллерсон мен Лав ровқа ешқандай нақты уағда ластықтарға қол жеткізудің сәті түспеген. Әрине, кездесу тараптардың ұстанымдарын жақсырақ түсінуге көмектесті. Деген­мен, Ресей тарабының Си­риядағы химиялық шабуыл­ды егжей­тегжейлі анық­тайтын арнайы топ құру тура лы ұсынысы жауапсыз қал ды.

Сонымен бірге, Ре сей сыртқы саясат ведом ство­сының басшысы С.Лавров «АҚШ­тың Шай рат әуе­жайына жасаған зымы­рандық шабуылының мейлін­ше арандатушылық рөлге ие екендігін атап көрсеткім келеді», деп мәлімдеді.

Жоғарыда айтылғандар көрсетіп отырғандай, АҚШ­Ре сей­Қытай үш жақты қа­рым­қа тынастарында белгілі бір өзгерістер орын алуда. Дәстүрлі Сирия проблемасы-

на енді КХДР мен Ауғанстан төңірегіндегі ахуал қосылып отыр.

Қалыстасқан жағдайға қарағанда, Солтүс тік Ко­рея проблемасы таяу уа­қыттарда неғұр лым кө кей­кесті мәселелердің біріне айналмақ. ҚХР СІМ бас-шысы Ван И­дің мәлім­деуінше, Солтүстік Корея төңі регіндегі жанжалдың кез келген сәтте тұтанып кетуі мүмкін. Қытай тарабы жағдайды ушықтырмау үшін қажетті деген барлық күш­жігерді шұғыл түрде жұмсау керектігін ұсынуда. Қытай маман дарының айтуынша, ҚХДР төңі регіндегі жанжал бастала қалған жағ дайда, онда жеңімпаздар болмайды. Оның үстіне өткен аптада Корей халық армиясының бас штабы Вашингтон та-рапынан арандатушылық әрекеттер бола қалған жағ­дайда АҚШ­қа алдын ала соққы жасауға дайын екен­діктерін мәлімдеген бола-тын.

Солтүстіккореялық зы­мы рандардың Оңтүстік Корея, Жапония немесе АҚШ­қа жете ріне не ме­се жетпесіне қарамас тан, Пхеньянның зымыран дық соққы жасауға дайын ды­ғының өзі бүкіл адамзат алдында зор қауіп­қатер ту-ындатады. Мұн дай жағдайда әлем жаңа бір аса ірі соғыс табал дырығында тұр деуге болады. Бұл ретте көп мә­селе бүгінде басталып кет-кен АҚШ, Қытай және Ресей ара сындағы стратегиялық саудаға байланыс ты болмақ.

Руслан ІЗІМОВ

Ақш-Ресей-қытай үш жақты қарым-қатынасыОл қандай бағытта өрбімек?

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазіргі уақытта АҚШ-Ресей-Қытай үш жақты қарым-қатынасында жаңа тенденциялар байқалуда. Өткен аптада болған Қытай-Америка диалогы сарапшыларды осындай пайымға жетелеп отыр. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ресейлік сарапшының байыпты байламы

Осмонакун ИБРАйыМОВ, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым акаде мия­сының мүше корреспон­денті, Қырғыз станның бұрынғы мемлекеттік хатшысы

Енді міне, 12 сәуірде «Еге мен Қазақстан» газетінде жариялаған бағдарламалық ма қаласында елді рухани жаң ғыр тудың алдағы бағыт­бағ дарын айқындай оты-рып, латын әліпбиіне көшуге бай-ланысты дайындық жұмыстарын жүргізу үшін нақты тапсырмала-рын беріп отыр.

Бұл жаңалық Қазақстанмен к ө р ш і м е м л е к е т т е р д е с о л

күннің ең басты халықаралық жаңалықтарының бірі ретінде ұсынылып, қызу талқыға түсіп кеткенін бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырмыз. Біздің Қырғызстан қоғамы да бұл мәселеде ойланып қалғаны анық. Өйткені, елімізде латын әліпбиін енгізу жайы бұрындары да талқыланып жүретін. Оның үстіне латиница қазақтың да, қырғыздың да жазу тәжірибесінде өткен ғасырдың 20­30 жылдары болған, яғни екі елге де соншалық жат емес.

Сонымен қатар, бауырлас түр кітілдес елдердің іші нен Өз­бекстан, Әзербайжан мем ле кеттері латын әліпбиіне әлдеқашан көшіп қойғаны мәлім. Енді Қазақстан да

жазуын латын әліпбиіне көшіретін болса, Қырғызстан да аса бір қобал жусыз латын әліпбиіне өтуі мүмкін деп нық сеніммен бол­жауға болады.

Тағы бір жайт. Латын қарпіне көшу – ол түркі әлемі жағын таңдау деген қалыптасқан пікір бар. Белгілі дәрежеде алған да, бұл олай емес, бірақ ол қалай дегенде де өзге ұлттың таңдауы. Ол – мем-лекет тәуел сіздігінің таңдауы. Ол біздің ата­бабаларымыздың жүз жыл дықтар ғана емес, мың жыл­дықтар бойғы мақсаты. Сон дықтан шынымен де пісіп­жетіл ген істі жүзеге асыру қажет болатын.

Жаңа әліпбиге көшу ауыр бола ма? Олай деп ойламай-мын. Сонау 20­30 жылдары араб әрпі латын әрпіне алмастырыл-ды, ал одан кейін кирилл әрпіне көшу міндеттелді. Одан ешкім де ақылынан алжасқан жоқ. Және сәйкес келмейді деп те мәлімделген жоқ. Оның сыртын-да, өңір елдерінде дәл осы жылда-ры ең бір елеулі мәдени­білім беру тұрғысындағы секіріс орын алды.

Сондықтан мен Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған қазақ елін рухани жаң­ғыртуға қатысты барлық ой­тұжы­рымдарымен келісе отырып, то­лық қолдай тынымды білдіргім келеді. Сондай­ақ, бір нәрсеге – ендігі қабылданатын латын әрпін бірегейлендіру мәселесіне назар аударсам деймін. Түріктер оны өз қалаулары мен пайымдауларына қарай бейімдеп алды. Өзбек­түрікмен нұсқасында да солай болды. Бірақ, латын әрпін қазақшаға бейімдеуде қырғыз графикасының ескерілуі де өте маңызды. Өйткені, біз бірге жұмыс істеуге тиіспіз. Және бірге болуға тиіспіз. Қара пайым тілмен айтқанда, біздің кирилл алфавиті бөліп тастаған тілдеріміз іс жүзінде айтар лықтай айырмашылықсыз, бірдей тілдік жүйеден екенін ескер­генде, қазақ­қырғыз латыны біртектес болуы қажет деп ойлаймын.

Жаңа әліпби таңдаудың жаңа сынақ екені барынша түсінікті. Бауырлас қазақ халқына бұл жол-да сәттілік пен табысқа жетуді шын жүректен тілегім ке леді.

ҚыРҒыЗСТАН

Біз бірге болуға тиіспіз

Page 5: E-mail: info@egemen.kz 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да баяндай отырып, ұйымның құрылуы ... Одаққа мүше мемлекеттердің

17 сәуір 2017 жыл 5Рухани жаңғыРу

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Егемен Қазақстан» газетінде 12 сәуірде жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы түркітілдес мемлекеттер – Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінде айрықша ықыласпен оқылып, зор қызығушылық тудырды. Ежелден іргесі ажырамаған құдайы көрші, бауырлас өзбек халқы да Қазақстан Президентінің бағдарламалық мақаласымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен танысып, ондағы айтылған ұлттың рухани жаңғыруына қатысты ой-тұжырымдарды қолдайтындықтарын білдірді. Өзбекстан жұртшылығы, әсіресе, латын әліпбиіне көшуге байланысты қазақ елінде биылдан бастап нақты қадамдар жасалып, дайындық жұмыстары жүргізілетіндігі туралы жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдады. Бұл жөнінде Өзбекстанның бірнеше белді ақпарат құралдары терең мән бере жазғаны соның айғағы деп білемін. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Vodiymedia.uz (Өзбекстан)

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел үкіметіне қазақ әліпбиін латын әріптері негізінде жасап шығуға тап-сырма берді.

«Үкімет қазақ әліпбиін латын әріптері негізінде жасап шығуы ке-рек», делінген Назарбаевтың «Еге­мен Қазақстан» газетінде шыққан авторлық мақаласында.

«Ғалымдар мен қоғамдық тал­қылаудан соң, жыл соңына дейін латын әріптері негізінде жасалған қазақ әліпбиінің жалғыз нұсқасын шы ғарамыз. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды дайындау және орта мектептер үшін арнайы пән енгізу керек», деп айтты Қазақстан Президенті.

Жаңа латын әліпбиіне көшудің алғашқы жылдары Қазақстанда кирилл және латын әріптері бірге қолданыла береді. Дәл біздегі сияқты қазақстандықтар да латын графикасы негізіндегі әліпбиіне кезең­кезеңімен көшеді.

kun.uz (Өзбекстан)Қазақстан Президенті Нұрсұлтан

Назарбаев латын тіліндегі қазақ әліпбиін 2017 жылдың соңына дейін жасап шығару туралы тапсырма берді. Бұл туралы ел Президенті «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақаласында айтты.

«Латын жазуына көшудің ма­ңызы зор. Бұл – заманауи техно-логиялар мен коммуникацияларда бәсе кеге қабілеттілікті арттыру мен ХХІ ғасырдың білім беру жүйесіне ыңғайланудың жолы. Балаларымыз мектеп кезінен­ақ ағылшын тілі арқылы латын әріптерін үйренеді. Сол үшін өскелең ұрпаққа қиындық тумайды. 2017 жылдың соңына дейін ғалымдар мен қоғамдық талқы­лаудың көмегімен жаңа әліпбиді қа был дауымыз керек», делінген Назарбаевтың мақаласында.

Қазақстан Президентінің айтуын-ша, 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды дайындау және орта мектептер үшін арнайы пән енгізу керек. Сондай­ақ, кирилл және латын әріптері алғашқы уақыттарда бірге қолданыла береді.

daryo.uz (Өзбекстан)Қазақстан Президенті Нұрсұлтан

Назарбаев ел үкіметіне қазақ әліпбиін ауыстыру кестесін түзуді тапсырды.

«Үкімет қазақ әліпбиін латын әріптері негізінде жасап шығуы ке-рек», делінген Назарбаевтың «Еге­мен Қазақстан» газетінде шыққан авторлық мақаласында.

«2017 жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің латын тіліндегі нұсқасын жасап шығуымыз керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін маман-дар дайындалсын және орта мектептер үшін арнайы пән енгізілсін. Жақын екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстарын жүргізу керек», дейді Н.Назарбаев.

Sputniknews-uz.com

(Өзбекстан)Қазақстан Пре­

зиденті Нұрсұлтан Назарбаев жыл соңына дейін қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру бо­йынша бірыңғай стандарттар дайын-дау туралы тапсырма берді. Өзінің мақаласында Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметіне қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру туралы тапсырма жүктеді.

«Біз осы мақсаттағы жұмыстарды қолға аламыз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру бағдарламасын д а й ы н д а у ы т и і с » , д е л і н г е н Н.Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан мақаласында.

Мақалада Назарбаев латын әліпбиіне өту бастамасын заманауи технологиялар мен коммуникация­ларда бәсекеге қабілеттілікті арт-тыру мен ХХІ ғасырдың білім беру жүйесіне ыңғайланудың жолы ретінде түсіндіреді.

«Үкімет қазақ тілін латын әліп­биіне көшірудің нақты кестесін жа-сауы керек. Латыншаға көшудің

терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай­ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байла-нысты. Мектеп қабырғасында бала-ларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», дейді Н.Назарбаев.

Президенттің айтуынша, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица да қолданыла тұрады.

Cumhuriyet (Түркия)

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Үкіметіне қазіргі қол­даныстағы кирилл әліпбиін латынға ауыстыру туралы тапсырма берді. Назарбаев «Егемен Қазақстан» газе тінде жариялаған мақаласында жаңа әліпбидің бірыңғай стандар-тын жыл соңына дейін дайындауды тапсырды.

«2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүр­гізілуі керек», деді Мемлекет басшы-сы. Қазақстан Пре зиденті алғашқы кездері қос әліпбидің қатар пайдала-нылатынын айтты.

Бұдан бұрын КСРО құрамында болған Әзербайжан, Молдова, Түрікменстан мен Өзбекстан латын әліпбиіне көшкен еді. Өзбекстан рес-ми түрде латын әліпбиіне көшкенімен, кирилл әріптері әлі де қолданыстан шықпаған. Ал Қырғызстан мен Тәжікстан кирилл әріптерін қолдануда.

Aljazeera Türk (Түркия)Кирилл әріптерімен латынға кө­

шуге дайындалып жатқан Қазақ­стан 2018 жылдан бастап мектеп оқулықтарын латын әріптерімен баспақ. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылға дейін барлық кітаптардың, мерзімді басылымдардың және ресми іс қа­ғаздардың латын әліпбиіне ауысаты-нын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол ел Үкіметіне латын әліпбиіне көшу тура-лы тапсырма берді.

«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Назарбаев Үкіметке жыл соңына дейін латынға көшудің бірыңғай стандар-тын дайындауды тапсырды.

Мақалада Мемлекет басшысы X­XX ғасырлар аралығында елдің араб әліпбиін пайдаланғанын, 1929 жылдан бастап латын әліпбиі енгенін, ал 1940 жылы кирилл әріптерінің қолданысқа кіргенін айтады.

2017 жылдың соңына дейін сала мамандарымен ақылдаса отырып, латын әліпбиіне көшудің бірыңғай стандартын дайындауды тапсырған Мемлекет басшысы 2018 жылдан бас тап мектеп бағдарламасына латын әріптерінің енгізілетінін айтты. Алдын ала жоспарға сай, бастапқы кезде қос әліпби қатар қолданыста болмақ.

Trt.net.tr (Қырғызстан)Қазақстан 1929­1940 жылдар

ара лығында қазақ­латын әліпбиін қолданғаннан кейін кириллицаға өткен болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кириллицаны латын таңбасына ауыстыру туралы тапсырма берді. Президент «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында жаңа латын әліпбиінің үлгісі жылдың соңына дейін дайын-далу керектігін айтты.

Н.Назарбаев: «2018 жылдан бас тап жаңа әліпбимен білім беру үшін әдістемелер дайындалып, орта мектептер үшін латын әліпбиінде кітаптар басылып, алдағы екі жылда методикалық істер атқарылуы керек», деп жазды.

Дайындаған Әли БиТӨрЕ,

«Егемен Қазақстан»

Басқа БасылымдаРдан

Елбасы мақаласы бауырлас елдер назарында

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі шетелдік басылымдарда жан-жақты талқыланып жатыр. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ғайбулла БАБАЯрОВ, тарих ғылымдарының докторы

Осы ретте, бұрынғы ке­ңес тік кеңістікте болған түр­кітілдес мемлекеттердің іші­нен Әзербайжан мен Өзбек­станның латын әліпбиіне көшіп қойғанын ескерсек, өңірлік интеграциялық үде­рістер қарқынды түрде жү­зеге аса бастаған қазіргідей кезеңде мұндай шешімді ба-уырлас халықтардың қуана қабылдауы заңдылық. Өйт­кені, көршілік әрі туыстық байланыстардың қарқынды дамуына экономикалық және материалдық факторлар ғана емес, сонымен қатар, рухани және мәдени қарым­қа ты­настардың күшеюі де тікелей ықпал ететіні шындық. Мұн­дай байланыстар туралы сөз

болғанда, бас ты факторлар ретінде қоғамда ортақ та-рих пен ортақ мәдени құн­ды лықтар жөніндегі са наны қалыптастыру айрықша маңызды. Ал оны жүзеге асы рудың негізгі құралы тіл екендігі айдан анық. Бұл рет те бізде тіл жақындығы бұрын­нан бар, бірақ әліпбидегі айырмашылықтарға байла-нысты бір­бірімізді оқып, тү сінуде қиындықтар туын­дай тыны жасырын емес. Сон дықтан латын әліпбиін пай далану арқылы туысқан ха лық тардың арасындағы руха ни­мәдени, ақпараттық бай ланыстар бұрынғыдан да өрісін кеңейтетін болды.

Қазақстан мен Өзбек­станның латын әліпбиіне өту үдерісінің туыстас екі елдің өзара қарым­қатынастарын дамытуда маңызды орын

алары сөзсіз. Әсіресе, соңғы айларда екі ел арасындағы эко номикалық, мәдени жә не басқа да салалардағы бай­ланыстардың одан әрі арта түскенін ескерер болсақ, Ор­талық Азияда дербес ма ңызға ие осы екі елдің ортақ жаз уды қолдануы барлық жа ғынан құба­құп болары анық.

Өзбек пен қазақ халқы – түп тамыры тереңнен қабысатын, арғы тегі бір ұлыстан – түр кі жұртынан табы сатын туыс­қан елдер. Біздің халық та­ры мызды шежірелі тарих-пен бірге сан ғасырлар бойы адам зат өркениетіне сүбелі қазына болып қосылған мәйек­ті мәдениет пен ортақ құн­дылықтар байланыстырады. Кешеден бүгінге дейін ар қауы үзілмей жеткен осы байла-ныстар қазіргі Өзбекстан мен Қазақстан ның жаңа за мандағы

ынты мақтастығына, тату көршілік әрі стратегиялық серіктестік аясындағы қарым­қатынастарына негіз қалаған болатын. Олай болса, келе-шекте латын таңбасындағы әліпбиді қолдану осы ынты­мақтастықты жаңа биікке, са-палы деңгейге шығаратынына кәміл сенімдіміз. Тілі мен салт­дәстүрі өте жақын өзбектер мен қазақтар латын жазуы ар қылы бір­бірінің жазып­сызғанын оңай оқып, түсіне алатын бо-лады. Ал толық тү сіністік бар жерде ортақ мүдде алға шығып, көптеген ке дергілер өздігінен­ақ жойылады деп есептейміз.

Сөз соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ елінің бас басылымын-да жарияланған мақаласында ай тылған жайттарды, соның ішінде латын әліпбиіне көшуге байланысты мәселелерді ба-уырлас өзбек жұрты айрық­ша ықыласпен, ерекше қуа­нышпен қабылдағанын тағы да атап айтқым келеді. Елдің стратегиялық жоспарына сәй­кес, 2025 жылы латын әліп­биіне толық көшу үшін да йын­дық жұмыстарының би ыл дан басталуын аса байып ты қа дам деп бағалаймыз. Бұл қа дам баршамызға құтты бол сын!

ӨЗБЕКСТАН

Туыстық байланысты нығайтатын тағы бір маңызды қадам

Мақалада Мемлекет бас шысы Үкіметке латын әліпбиін қолдану бойынша әзірлік жұмыстарын бастау-ды тапсырды. «Егемен Қазақ­стан» газетінде Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа қазақ әліпбиі мен жазу нормала-ры жа салатынын, ал 2025 жыл ға қарай ел толықтай латын әліпбиіне көшетінін мәлімдеді. Мемлекет бас-шысы кириллица 1940 жылы саяси көзқарастар бойын-ша енгізілгенін, оған дейін қазақтар араб әліпбиін пай­даланғанын еске салды. Пре­зиденттің пайымдауынша, жаңа әліпбиге өту қиындық туғызбауға тиіс, себебі, қазір­гі жас буын ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап оқиды, оларға латын әліпбиін қабылдау қиынға соқпайды.

Ұсынылып отырған жа­ңа шылдық техникалық ма­мандықтарды ағылшын ті­лінде оқуды жеңілдетіп, тех­нологиялық жаңару бағдар­ламасын жүзеге асыруға ық­пал етеді, көптеген пәндерді бастауыш сыныптан бастап, Шекспирдің тілінде өтуге мүм кіндік береді. Бүгінгі

таң да Түркиядағы, сондай­ақ Ба тыс Еуропадағы диаспора-лар латын әліпбиінің қазақша нұсқасын қолданатынын айта кету керек. Латын әліпбиін енгізу мәселесі Қазақстанда 2007 жылдан бері талқыланып келеді, алайда күні бүгінге дейін оған қатысты шешім шықпаған еді.

Латынды пайдалану ар­қылы Астана Батыс елде­ріне бет бұрады, Түркияға бұрынғыдан да жақындаса түседі. Оған таңғалудың жө­ні жоқ, себебі, тілі мен мә­дениеті жағынан Қазақстан славян әлемінен гөрі түркі әлеміне жақын. Бұл орайда, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі аралықта Әзербай­жан, Түрікменстан және Өз­бекстан сияқты, Қазақ стан да өзінің гео саяси басым­дықтарына қа рай жаңа өрке­ниет көпір лерін салуда.

Тіл мен мәдениет са-ласына қатысты мұндай өзгерістердің өзіндік баға­сы болатыны бел гілі. Са­рапшылардың пайым дауын­ша, бұл саладағы мәселелерді шешуде тұрақ ты лыққа тал-пыныс бас ты тетік болуға тиіс.

«Мадьяр Немзет» басылымы:

Қазақстан 2025 жылдан бастаплатын әліпбиіне көшеді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан алдағы он жылдың ішінде латын әліпбиіне көшеді. Жуырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы туралы мақаласы жарық көрді. Сарапшылар бұл жаңалықты елдің бағыт-бағдарының өркениетті түрде өзгеруі деп бағалауда. Дегенмен, бұл саяси тұрғыда Астана ресейге арқасын береді дегенді білдірмейді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 6: E-mail: info@egemen.kz 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да баяндай отырып, ұйымның құрылуы ... Одаққа мүше мемлекеттердің

6 17 сәуір 2017 жыл

Аягүл МИРАЗОВА,Қазақстанның Еңбек Ері

Тәуелсіздігіміздің ар қасында әрбір жастың, әрбір азаматтың құқы қорғалып қана қоймай, оның болашақтағы болмысын қамтамасыз ететін қасиетті де киелі Ата Заңымыздағы баптар да халқымыздың кемел келешегіне қызмет етуде. Елбасымыз Нұр­сұл тан Назарбаевтың кешегі күні жариялаған «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында бел гі­леп берген ел дамуының үшінші жаңғыру кезеңіндегі саяси­эконо­микалық кемелденулерді руха­ни нәрлендіру, ізгі руханиятқа бағ дарлау арқылы қазақстандық жа ңа өрлеуді толыққанды етудің со ны үлгісін жасап отыр деп білемін. Ұлы ойшыл бабамыз әл­Фарабидің тәлімсіз өркениеттің адамзат үшін қауіптілігін ескерт­кеніндей, Нұрсұлтан Әбішұлының бұл мақаласы осы тұрғыдан адам ­зат қоғамының дамуындағы бү­кіл әлемдік ақыл­ойдың жаңа бе­ле сі дер едім.

Өзім мектептегі ұстаздық әлем өкілі болғандықтан, оның орта білім беру саласы үшін мәнінен ой қозғасам деймін. Алдымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бүкіл болмыс­идеяларын мектептің 1­12

сыныптарының білім стандарт­тарына, оқу бағдарламаларына, оқулықтарына, сандық оқу құрал­дарына тұтасынан негіз етіп ендіруді ұсынар едім. Мен өз тәжірибемде көзім жеткеніндей, белгілі бір бағдарсыз, яғни иде­ологиясыз оқу­тәрбие ісі ешуа қыт та да алға бас пайды. Елбасының «Ру ха ни жаңғыру» идея ­лары бұдан бұ рын жа­рияланған Тәуел сіз дік толғауы, Мәң гілік Ел сияқты өркенді бас та­малардың заңды жалғасы әрі концептуалдық жи­ыны ретінде мектеп идеологиясы болаты­нына сенімдімін. Мемлекет бас­шысының: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», дегеніндей, бүгінгі жасампаз болмысымыздан озық, оны алға бастайтын идеяларды көріп, ризашылық білдіргім келеді.

«Бәсекелік қабілет – ...мате­риалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім... Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты фактор­лар әркімнің алға басуына сөзсіз алғышарттардың санатында. Сол себепті «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілді білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты

бағдарламалар – ұлтымыздың, яғни барша қазақстандық тардың ХХІ ғасыр талап тарының қамы» дей отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы біздің білім берудегі бү­гінгі үдерісіміздің даму жалғасы әрі бағдары ретіндегі мақалада

«Білімнің салтанат құруы» деп бөлектеп арнайы айдарлап орын бе рілгені, оны «білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», деп тұжырымдауы біз­дерге, мұғалімдерге, жаңа қуатты серпін береді.

Мақаланың І І тарауындағы «Таяу жылдардағы міндеттер» тақырыбында көр­сетілген нақ ты жобаларды жү­зеге асыру міндеттерінің ая­сында ұсынылған «Туған жер» бағдарламасының «Туған жерге туыңды тік» деп қазақ бекер ай­тпаған деген тамаша мақалмен бас талған ұсы ныстардың әр бір сөйлемін оқыған сайын жа ның рақаттанып, қуанышқа бө ле­несің.

Осы «Туған жер» бағдар ла­ма сы аясында, ауылдарға, білім бе ру мекемелеріне, түрлі мәдени жаң ғыруларға азаматтық бас та­машылдық ретінде жекелеген азаматтарды қолдау, қамқорлық, демеушілік көрсету үрдісіне

мәр тебе беру – азаматтарымызға ой салып, батылдыққа серпін береді деп білемін.

Сондай­ақ, тарихи тұлға лар­дың галереясын бүгінгі жасам­паз дық дамуымыздың көш ба­сында көрініп жүрген, ел есінде сақталатын ерен перзенттерін, осы желіде туған аймақ тарихы мен географиясын жүйелі оқу құралдары арқылы жас ұрпаққа ұсыну мүмкіндігі қаралатыны қуантты.

Халқымызда «Үш күндігін ой­ламаған қыздан, үш жылдығын ойламаған ұлдан» келешегіне жауапкершілікпен қарайтын аза­мат шықпайтыны туралы мәнді де әділ үкім бар. «Қызым үшін қызартпа, ұлым үшін ұялтпа, Алла» дейтін де тілек ұл тымыз­дың келешек санасы ежелден қа лыптасқан үрдіс екенін айғақ­тайды. Осынау ұлттық сана ұлт к одына негізделген «Рухани жаң­ғы ру» бағдарламасында жал ғасын тауып отыр.

Мақалада көрсетілгендей: «...жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін» деген Елбасының сенімін ақтау мек­теп ұстаздары қауымының Отан, Ел, жас ұрпақ алдындағы абы­ройлы, патриоттық міндеті деп есептеймін.

АЛМАТЫ

Ой салады, батылдыққа серпін береді

Бұл бағдарламалық мақала елге ерекше серпіліс әкелді. Еркіндіктің ерке самалын сезіндік. Ұлт көкейінде жүрген ұстанымдар қарапайым да соншама ұғынықты қалпы ұсынылды. Кеше, бүгін һәм көкжиегі көрінген болашақ айқын бағдарға ілінді.

Елбасы өз мақаласында «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның бол­мысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында», – дейді. Көнені қия алмай, жаңаны жия алмай жүрген талайлар үшін аса батыл байлам. Көптен күткеніміз де осы сөз! Өйткені, ой озат та азат болмай толық еркіндік жоқ.

Өзгенің тасы өрге дома­лағандай көріп келгеніміз рас. Бәлкім соғыс көрмеген, отқа күй­меген кейбір өркениетті елдерде даму қарқыны жоғары шығар.

Сол себепті өзге да­мушы мемлекеттер­ге үстем көзқараста да болар. Ақ сөйлеу парыз, десе де олар­да руханияттың рөлі тым төмен. Мораль мен адамгершілік ахуал жыл өткен са­йын құлдырау үстінде. Ақ ша материалдық игілік. Ал, ма те­риалдық игілік ешқашан культ ке айналмауы керек. Рухани игі лікті культ дәрежесіне көтерген елдің ғана мерейі үстем, бағы зор.

Нұрсұлтан Назарбаев осының бәрін ақыл таразысына салып, еліміздің үшінші яғни рухани жаңғыруы мен білімді ұлт, бо­яу­болмысын жоғалтпаған жұрт атануының сара жолын көрсетіп берді. Жаһанданудың күмәнді тұстары басым. Оған еріп өңір тиегімізді ағыта қойсақ салт, дәстүр, ұлттық нақыш сынды қымбат қазынамыздың бояуын солғын тарттырып аламыз. Қай ғасырдың белесіне шықсақ та

иманы мен жиғаны бұйырған, иба­әдебі үзілмеген, аузында дуа, сақалына кие дарыған қазақ болып қалғанға не жетсін! Өйткені, біз өзгеге та­бынып та, таңырқап та болған тәуелсіз елміз! Елбасы бізге осыны меңзеп отыр. Нұрлы болашаққа

алып шықпасам м аған серт, ере ал масаң саған серт деп отыр!

Сонымен бірге, мақалада айтылғандай, «Туған жер» бағ­дар ламасы жалпыұлттық па­трио тизмнің нағыз өзегіне ай ­налады. Туған жерге деген сү­йіс пеншілік Туған елге – Қа­зақ станға деген патриоттық сезімге ұласады», – деген жол­дар елді ерекше жігерлендірді. Түрлі күмән­қауіпті сейілтті.

Иә, қазақ қашанда туған жер­ге кіндігінен байланып қалған. Әлемнің қай түкпіріне өкшеміз тисе де, атакүлдікті аңсап ора­латынымыз сондықтан. Баяғы бабаларымыз алыс сапар шек­кенде, беліне туған жердің бір уыс топырағын түйе кететіні

сол қасиетінен шығар? Өйткені, оған небір арыстарымыздың тері мен қаны, арманы мен мұңы, қуанышы сіңген. Туған жер туып, өсіп­өркендесең де керек, өлсең де керек. Әсіресе, қазақ үшін!

Адамның көйлегі тозар, көңілі тозбауы абзал. Ол үшін Президент айтқандай, тарихи жадыны оятып, туған елдегі киелі ғимараттар мен қасиетті қорым, қоныстарға баса назар аудару ләзім. Бұл кешегі қырсық қашып, қыдыр айналдырған елдің еншісіндегі іс. Расында да, ол үшін Ғылым акаде­миясы мен Жазушылар одағының рөлін барынша арттырған жөн. Соңғы жылдары етек алып кет­кен қолдан батыр, би жасау, жоқ жерден әулие, әмбие табу, күмәнді жерге табыну сынды келеңсіз көріністерге тоқтам болар еді. Асыл мен жасықты айыра білетін халқымыздың сахи да сарабдал көңілінен айналайын!

Бұл – рух жыры!Бұл – рухани жаңғыру мен

жаңаша түлеу туралы толғау.

Рахымжан ОТАРБАЕВ,жазушы-драматург, Атырау

қаласының құрметті азаматы

Айқын ұстаным

Ескендір ХАСАНҒАЛИЕВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әр адамның ауылы – дүниедегі ең қа дір лі мекен. Нақты осы жер оны өткенмен және болашақпен байланыстырады. Бойындағы бар жақсы қасиеті үшін туған жеріне қарыздар. Иен далада елегізіп қарап тұратын кішкен тай ауылдар үлкен жол­ға шыға рып салатын ұлы қасиетін әлі күн­ге жоғалта қой ған жоқ. Қазақы пат ри­отизмнің қай нар кө­зін бажай ласақ, тағы да ауылдан бастау алады. Ұлттық па­триотизм үлгісі кіндік қаның тамған жерден, туған өлкеге сүйіспеншіліктен басталады. Қала лық болып жүргендердің қай­қайсысы да осы шағын мекендердің топы рағы сыйлаған сарқылмас қуаттың күші мен азаматтық болмысын қа лып­тастырып, өмірлік мақсатын орындап келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назар баев­тың «Егемен Қазақ стан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа ласында «Патриотизм кін дік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңі ріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен бастала­ды» деп тереңнен қозғағаны да сондықтан. Мемлекетке деген сүйіспеншілік туған жерге деген ыстық ықыластан бастау алады.

Алайда, ауылынан әлденеше жыл бұрын ұзап кеткендер күзгі жа пырақтай сарғайған са ғы ны­шын жылы естеліктермен бө­ліссе ғана басылатындай, жа­рыса әңгімелеп, сол сәтте ғана сөз етумен шектеліп, уақыт өте келе тым­тым алыстай бас тай­тыны бар. Қаланың у­шуынан қашқандай, қауырт тіршілігінен көңілі қалғандай болып «Ах, менің ауылым», «қайран, менің қара орман, алтын бесігім» деп танауын желіне, кеудесін көкорай шалғынына төсеп, үздігіп бар­ғандардың өздері екі күннен артық шыдай алмай, шаһарын бетке алып жатады. Тіршілік қамымен қала жағалап, қоныс тепкендер де шаруасы болмаса, тиіп­қашып бара бермейді.

М е м л е к е т б а с ш ы с ы

Н.Назарбаевтың бағ дар ламалық мақаласынан таяу жылдарға белгі леген міндеттерінің ішін­де «Туған жер» бағдар ламасы қабылданатынын, оның ауқы­мы біртіндеп «Туған елге» ұла­сатынын оқи отырып көңі лім­ді мақтаныш сезімі кернеді. Елбасының «Ауылым – әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар

ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл мағынасы терең сөздер» дегені тамы­ры туған жеріне бай­лан ған қазаққа «ал­тын қазығыңнан алы­стама» дегенді ай қын аңғартады.

Бәріміз де ау­ылда тудық, қара

топырағында асыр салып өстік. Шет елдерге сапарға шыққанда үнемі жусаны аңқып, түтіні бұрқыраған ауы лым көз ал­дымда тұратын. Ауылға деген сағыныштан бір әуеннің сазы көкірегіме келіп құйылып жүруші еді. Өзім де арасында ыңылдап қоямын. Ара­тұра «осы әуеннің сөзін кімге жаздырсам екен?» деп ойлап қоямын. Сөйтіп, ақын Бәкір Тәжібаевқа қолқа сал­дым. Бұл, шамасы, 1974 жыл бо­латын. Ол да ауылдан шыққан азамат қой, демде жазып берді. Елбасының туған жерге қатысты сөзіне арқау болған «Ауылым – әнім» осылай туған еді.

Елбасының мақаласы турасын айтқанда, ұлтымыздың ұясы, ал­тын бесігі, ырыстың кіндігі са­налып келе жатқан ауыл туралы салиқалы сөзі көңілге ерекше бір серпін берді. Ауыл түлесе – қазақ түлейді. Өйткені, ауыл мен қазақ ажырамас ұғымдар.

М е м л е к е т б а с ш ы с ы Нұрсұлтан Назарбаев «Адам ба­ласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір­бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің тү­бінде әлдилеп өтпейтін жан ба­ласы болмайды» деп жазады бағ дарламалық мақаласында. Жү­рек тебірентерлік, туған жердің ұлылығын ұғындырар сөздер. Алдағы уақытта «Туған жер» бағ дар ламасының аясында туған елдің де еңсесі биіктейтіні сөзсіз.

АЛМАТЫ

Ауыл мен қазақ – ажырамас ұғымдар

Баяндылыққа бастайтын бағдар

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН. Ә. Назарбаевқа

Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы!Кеше ғана жарияланған Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» атты тақырыппен жариялаған мақалаңызбен танысып, Алматы қаласының зиялы қауымының бір тобы бүгін арнайы бас қостық. Біз мұны мақала емес, бағдарламалық маңызды құжат ретінде қабылдап отырмыз. Көптен бері аңсап жүрген армандары­мыз, еліміздің ішкі қажеттілігіне айналған жаңа қадамдар жан­жақты әрі серпіліс туғызып, шын мәнінде баршамызды қуанышқа бөледі.

Құжаттың басты ерекшелігі – мұнда қазақ деген халықты Мәңгілік Тәуелсіз мемлекетке айналдырудың нақты бағыттары, сол жолдағы мақсат­міндеттері атап көрсетіліпті. Бағдардың өн бойы­нан елді алға талпындыру, жігерлендіру, қайрау, жетілдіру ниеті айқын аңғарылады. Тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерімізді көздің қарашығындай сақтай отырып, басқа елдердің де озық үлгісін қабылдай білу – табыстың кілті екені қарапайым тілмен, қамқор ни­етпен тамаша түсіндірілген. Бір сөзбен айтқанда, кейбір кертартпа әдеттерден арылып, халқымыздың сан ғасырлардан бері жинақталып, жүйеленген салт­санасын, мәнін жоймайтын аса құнды қасиеттері мен дәстүрін сақтай отырып дамуға, ұлттық модификациядан өтуге үндейді.

Тұтас алғанда, елімізді кезекті биік белеске бастап отырған Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, халыққа оян, серпіл, шыңдала түс, қайраттан деп, халқыңыздың санасын, мінезін өзгертуге, қайырлы нәрселерге ұмтылуға шақырып отырсыз. «Сенің мінезің – сенің тағдырың» дейтін даналық сөз рас болса, бұл бағдар, сөз жоқ, қазақ халқының бақытын баянды етуге ықпалын тигізері даусыз.

Бағдарда сананы жаңғыртуға байланысты бірнеше нақты міндеттер қойылған. Латын әліпбиіне көшу, заман талабынан қалмай, ағылшын тілін үйрену, күнкөріс үшін экономикалық жағдайлар қалыптастырып отырған жаңа кәсіптерді игеру, білім сапасын арттыру үшін әлемнің үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аударып, жастарымызға ұсыну сияқты мәнді де маңызды мақсаттар алға тартылыпты. Сонымен қатар, «Туған жер», «Туған ел» бағдарламаларын құру жайлы идея, әрбір ауыл­аймақты қадірлеп­қастерлеуге шақыру, еліміздің қасиетті жерлерінің мәдени­географиялық белдеуін құру, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығының назарына ұсынудың жаңа тәсілдерін қарастыру бастамасы бізді қанаттандырды. Отандастарымыздың, жастардың патриоттық сезімін қалыптастыратын мұндай шаралардың, сондай­ақ, бағдарда көтерілген өзекті мәселелердің баршасының іс жүзіне асуына біз, аға буын өкілдері, барынша күш салуға дайын екенімізді Өзіңізге жеткіземіз.

Алматы қаласының зиялы қауым өкілдері атынан:Асанәлі Әшімов, Өмірзақ Айтбаев, Сәбит Оразбаев, Бексұлтан

Нұржекеев, Есмұқан Обаев, Дандай Ысқақов, Дос Көшім, Талғат Мамашев, Кәдірбек Сегізбаев, Сұлтанәлі Балғабаев, Ерден Қажыбек, Смағұл Елубаев, Есенғали Раушанов, Әбдеш Төлеубаев, Өмірбек Байтұрсынов, Марат Тоқашбаев, Әшірбек Көпішев, Жанарбек Әшімжан, Әлібек Асқаров жане басқалар (барлығы 71 адам).

Алматы қаласы, «Достық» үйі, 2017 жылғы 13 сәуір

Рухани жаңғыРу

Page 7: E-mail: info@egemen.kz 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да баяндай отырып, ұйымның құрылуы ... Одаққа мүше мемлекеттердің

17 сәуір 2017 жыл 7Рухани жаңғыРу

Латын қарпі әлеммен қауыштырады

Қазақ тілі 2025 жылы латын қарпіне көшірілуі керек. Республика Президенті қойып отырған талап осындай. Бұл ұйғарымды халық та, зиялы қауым да қолдайды.

Анығына келсек, еліміздің тіл ма-мандары бұл шаруаға дайындықты ерте қолға алған еді. Латын қарпіне талпы-ныс алғаш 1993 жылы жасалды. Осы жылы Анкарада Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Түркия елдерінің ғалымдары бас қосып, бүкіл түркі жұртына ортақ 34 әріптен тұратын үлгі қабылдады. Бұл елеулі рухани оқиға болды. Барша түркі дүниесі әлем елдерінің басым көпшілігі қолданып отырған жазуға көшсе, біріншіден, өзара ақпарат ал-масу жеңілдейді, екіншіден, жаһандық өркениетке даңғыл жол салынады.

Осыдан соң қазақтың тіл маман-дары әлгі 34 әріптен тұратын үлгінің төңірегіндегі жұмысты қыздырды. Ұлттық Ғылым академиясының академигі Әбдуәли Қайдаровтың жобасы ретінде белгілі болған 24 әріптен тұратын қазақ нұсқасы әзірленді. Ал, түйіп айтсақ, 2013 жылға дейін жүзден астам жоба дайындалған еді.

Латын қарпіне екінші талпыныс 2007 жылы жасалды. Ел Президенті 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында латын графикасына көшу мәселесін зерттеуді тапсырды. Осыған орай Білім және ғылым министрлігінде ар-найы комиссия құрылды. Оның жұмысына республиканың белгілі тіл ғалымдарымен бірге қоғамдық институттардың ма-мандары тартылды. Қыруар шаруа атқарылды. Өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы латын қарпіне көшу та-рихы зерттелді. Осы қаріпті, 1993 жылғы ортақ әрекеттен кейін тоқтап қалмай, игеріп әкеткен Әзербайжан, Өзбекстан мен Түрікменстанның тәжірибесі тал-данды. Аталған елдерге ғылыми экспеди-циялар ұйымдастырылды. Олар әкелген деректер ұшан-теңіз болатын. Соның бәрін Тіл білімі институты сегіз қоғамдық гуманитарлық институтпен бірлесе оты-рып, ғылыми сүзгіден өткізді.

Осындай көл-көсір жұмыстың нә-ти жесінде қазақ тілінің латын гра фи ка-сындағы бес жобасы жасалды. Бұлар тіл білімі ғалымдарының талай талқылау мен өңдеуден өткен ұжымдық үлгілері бола-тын. Сондықтан да құнды.

Латын қарпіне үшінші талпыныс 2013 жылы жасалғаны белгілі. Соған орай Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті республикалық ғылыми конференция өткізді. Онда 2007 жылы Білім және ғылым министрлігінде құрылған арнайы комиссияның негізінде жаңа, мемлекеттік мәртебеге ие комис-сия құру қажет делінді. Оған жүктелетін міндеттерді де саралап бердік.

Басты міндет – еліміз 2025 жылы ла-тын қарпіне толық көшкенше, осыған дейін жазылған және жасалған әдеби, ғылыми, т.б. мұраларды кириллицадан жаңа әліпбиге түсіріп үлгеру. Бұлар жа-салмаған күнде, ұрпақтар арасындағы дәс түрлі рухани-мәдени сабақтастық бел гісіз мерзімге үзіледі. Ал мұны сәтті жү зеге асыру үшін біз түбегейлі қол да-натын латын қарпіндегі графиканы мүм-кіндігінше қысқа уақытта қабылдауға тиіспіз.

Ашығын айту керек, бұл оңай шаруа емес. Қазақтың бай әдеби тілі, ғы лым мен техниканың тілі, саясат пен эко но-миканың тілі еркін қамтылатын, тіл бі-лімінің барлық талаптарына сай графи-каны жасау қиынның қиыны. Мұны ла-тын қарпіне бізден көп бұрын көшкен Өзбекстанның тәжірибесінен көріп отыр мыз. Бұл елде латын қарпіне өту 1991 жылы басталып, 2010 жылға дейін созыл ды. Сол мерзімде жаңа әліпби үш рет реформаланды.

Әзербайжанның іс-тәжірибесінде де ескерілетін жайлар жоқ емес. Мұнда ерте-ден жинақталған мол мұра латын қарпіне түсіріліп біткенше 10 жыл қажет болды. Сол уақыттың ұзына бойында кириллица латынмен бірге қолданылды.

Тағы да бір өткір мәселе – ғылыми-шығармашылық мұраның бәрін латын әрпіне қотарамыз ба?

Айтайын деп отырғаным, әдеби көркем туындылардың кешегі коммунистік-кеңестік рухта жазылғандарын қозғаудың қажеті жоқ. Сол секілді, көркемдік дең-гейі төмен дүниелерді де жайына қал-дыру керек. Осы іспен тұрақты айналы-сатын білікті шығармашыл комиссия құ рылғаны абзал. Бұл комиссия рухани-әде би кеңістігімізді тұзы татымайтын, тал ғамсыз шығармалардан арылтуы тиіс. Атал ған міндеттің зор жауапкершілікпен ат қарылуының айрықша ұлттық маңызы бар.

Міне, еліміздің рухани өміріндегі елеулі кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Біз кириллица аталған әліпбидің ықпалынан, анығырақ айтқанда, оның толыққанды иесі болып табылатын жұрттың саяси-ақпараттық ықпалынан арылатын кезеңге жеттік. Ағылшын тіліне жаппай бет бұ р-ған тұста, енді кешеуілдеу ретсіз. Да мы-ған елдердің, әлемге озық ғылыми-тех-ни калық және рухани-философиялық идея лар беріп келе жатқан елдердің бүкіл адам заттық деңгейдегі өркениетімен ке-дергісіз қауыштыратын бастама толымды нәтижелермен дәйектелетініне қылаусыз сенеміз.

Алдан СМАЙЫЛ,жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Карл БАЙПАҚОВ, академик

Елбасының бағдарламалық мақаласы Қазақ стан ның ғы-лыми қауымдастығына жаңа леп әкеліп қана қоймай, жоғары санаттағы рухани кезеңге бет-бұрыс жасауға бағыт сіл теді. Мемлекет басшысы ұсы-нып отырған мәдени рефор-ма өте дер кезінде ұсыны-луымен маңызды. Мұнсыз эко номикалық және басқа да салалық өзгерістер бәрібір тиімсіз болар еді. 2017 Қазақстан дамуы үшін өзгеріске толы жыл болмақ. Экономикалық жаңғыру мен конституциялық реформамен бірге Президент өте өзекті мәселені – адам ка-питалы мәселесін алға тартып отыр. Бәсекелестікте жетістікке және көшбасшылыққа жет-кісі келетін халық ұлттың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыра отырып, бүгінгі күннің

және болашақтың азаматын қалыптастыруда оны көп тіл білетін, мәдениетті, өзін ғана емес, жақын әрі алыс көршісіне құрметпен қарайтын жан-жақты білімді, сауатты тұлғаға айналдыруды көздейді.

Мен ел Президентінің бас-тамасымен құрылған Мәде-ниеттерді жақындастыру орта-лығына жетекшілік жасаймын. Бұл орталықтың қызметі мен міндеті біздің азаматтарымыз-ды келісім рухына, бүкіл әлем және Қазақстан азаматтары ұстанатын өзінің және өзгенің дініне, мәдениетіне құрметпен қарау ісіне үйлестірілген. Бұл қасиеттер біздің ата-бабамызға да, халқымызға да ешкім сырт-тан әкеп таңбаса да, табиғатына тән болып келеді. Бүкіл мә-дениеттер мен діннің сұхбат алмасу соқпағы болып біздің даламызды көлденеңінен кесіп өткен Ұлы Жібек жолын еске алайықшы. Жетісудың ең ірі

сауда және қолөнер орталығы болған Қойлық қаласында мұсылман да, христиан да, будда өкілдері де қоян-қолтық өмір сүрген. Бұл жөнінде ХІІІ ғасырдың ортасында француз королі ІХ Людовиктің Мөңке ханға жолығуға жіберген өкілі Гильом де Рубрук жа-зып қалдырған. Ол Қойлық қаласында болып, көргенін су-реттеп жазған. Рубрук қаладан мешітті де, будда храмын да, христиан шіркеуін де, манихей ғибадатханасын да көргенін

айтады. Қойлық қаласын қазған археологтар осы аталған нысандардың қалдықтарын тапқанда, еріксіз бас шайқады.

Әрбір қазақстандық өз елінің патриоты болуға міндетті деп есептеймін. Мемлекет басшысы «Туған жер» бағдарламасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасауды бекер тапсырып отырған жоқ. Патриотизм өз тарихы мен тамы-рын білумен тікелей байланысты. Біздің халқымыздың тарихы өте бай. Отырар мен Түркістан, Тараз бен Сауран қалалары тарихтың ғажайып әуеніне тұнып тұр. Қазақ хандығының байтақ жерін тұтасымен сақтап қалу үшін күресіп, Қазақстанның азаттығы жолында арпалысып, бар өмірі ат үстінде өткен батырларымыздың есімі бізге мәлім. Белгілі тари-хи орындарды танып, оларды қастерлей білу өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызы зор. Өзінің туған

жеріне, өз халқы мен бабасы-на сүйіспеншілігі, құрметі жоқ адамның жер бетіндегі ізгілік үшін бір ұлы іс жасайды дегенге өз басым сене алмаймын.

Қазақстан бар болғаны 25 жылда әлемдік саяси аре-нада мойындалып, дамыған тәуелсіз мемлекетке айналуы-на көптеген көрнекті заман-дастарымыз қол ұшын соз-ды. Біз оларды білуіміз керек және ол адамдардың өресімен теңесуіміз керек.

Жалпы алғанда, Прези-денттің бұл жаңа мақаласы – Қазақстан жаңғыруына заман-мен үндес адамның көзқарасы тұрғы сынан жаңаша қарау. Ел мен қоғамды құрып жатқан біздің әрқайсымыз дәл осы мемлекетте өмір сүру мен еңбектенуге қолайлы жағдай туғызуға мүдд елі болуымыз керек.

АЛМАТЫ

Заманмен үндескен мақала

Елбасы сөз басын, яғни кіріспеде «Мен еліміз мықты, әрі жауап кершілігі жоғары Бір тұтас Ұлт болу үшін бо-лашаққа қалай қа дам басаты-нымыз және бұқаралық сана-ны қа лай өзгертетініміз тура-лы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көр дім», – деп бастаған. Осындағы Біртұтас Ұлт деген ұғым ға ерекше екпін бере қараған абзал. Мемлекет басшысы осыған дейінгі ширек ғасырлық сындарлы саясатында «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» де-ген ұстанымды басшылыққа алып келді. Енді, еліміз Тәу-елсіз мемлекет ретінде мық-тап орнықты. Мем лекет-тіліктің барлық атрибутта-ры қалыптасты. 25 жылдық межеден кейін еліміз жаңа дәуірге – жа ңару, жаңғыру заманына аяқ бас ты. Пре-зи денттің би ылғы халыққа Жол да уын да Қазақстанның үшін ші жаң ғыруы туралы айтылды. Міне, нақ ты сая-си және экономикалық жаң -ғырулардың қатарына Рухани жаңғыру идеясы қосылды. Осы арқылы Елбасы қазақ-тың ұлттық идея сын тұтас тұжырымдап, нақ ты ай қын-дап, жаңа ға сырдағы ау қым-ды мақсат тар мен мін деттерді бел гілеп берді.

Қазақтың ұлы ойшылы Абай туралы текке айтып отырған жоқпын. Абай өз заманынан озып, «көп тұ ман келер заман» деген ке лешек көк жиегіне көз жүгірткен жан. «Мал тапса, қарын тоя-ды. Онан соң, бі лім түгіл өнер керек екен. Со ны үй-ренейін, не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. За ра-рынан қа шық болу, пайдасы-на ортақ болуға тілін, оқуын, ғы лымын білмек керек. Оның себебі, олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, кө кі-рек-көзің ашылады», – деп кетті Абай. Биыл құрыл-ғанына 100 жыл тол ған

«Алаш» қозғалысының ба-сы-қа сында жүргендердің бәрі де Абайдың шәкірттері. Абай қа зақтың бір ғасырлық даму кезеңін ерте бағдарлап берді. Алаштықтар сол Абай идеясын жүзеге асыруға ұм-тылды. Бірақ тағдырдың тезіне түс ті, солақай саясат-тың сығымына тап болды, қанаттары тым ерте қыр-қылды. Ұлт жолында құрбан болды.

Нұрсұлтан Назарбаев та Абай сияқты келешектің кел-бетін елдің бәрінен бұрын көріп отыр. «Табысты болу-дың ең іргелі, басты фак торы білім екенін әр кім терең түсінуі керек. Жастарымыз басым дық беретін меже-лердің қатарында бі лім әр-дайым бірінші орын да тұруы шарт. Се бебі, құндылықтар жүйесінде бі лім ді бәрінен биік қоятын ұлт қана табыс-қа жетеді», – деуінде үлкен мән-мағына бар.

Нұрсұлтан Әбішұлының ағыл шын тілін меңгеру тұрғысында айтқан мына сөзіне зер салайықшы: «Бір қарағанда, жер жүзіндегі мил-лиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапа-тармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жап-пай және жедел үй ренуіміз керектігі еш дә лелдеуді қажет етпейтіндей. Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, ита-льян немесе басқа да тілдерді сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар

ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма? Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жа һандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты шарты. Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Бірін шіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қа тысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екін ші-ден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзге-рістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жыл-да біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тә-сілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өз ге реді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық же тіс тіктерін бойға сіңіру мүм кіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі».

Абай тірі болса, тап осындай мазмұндағы сөзді ай татын еді! Ұлы ойшыл мен ұлы саясаткердің ойы бір төңіректен шығып отыр-ғанына қалайша қайран қалмайсыз?!. «Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арза нырақ түседі... Мал-ды қалай адал еңбек қыл-ғанда табады екен, соны үй ретейік, мұны көріп жә-не үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұрт қа бірдей законы бол-маса, законсыз қорлығына көн бес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел бо-лып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек», – дейді Абай. Жұртына жауығып айтқан жоқ, жаны ашып айтты. Ке мел ойлы кемеңгер сон-дай сөзді айта отырып, қа-зақтың кертартпа мінезі мен

қалыбын сын тезіне салған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев та тап солай жол сілтеп, ба-ғыт-бағдар беріп отыр. Жүре жұққан зарарлы дағ ды, ке-жегеден кейін тартар кесір мінездерден арылу керектігін Президент те нұсқап кетеді. «Жаңа тұр патты жаңғырудың ең басты шар ты – сол ұлттық кодыңды сақ тай білу. Онсыз жаңғыру деге ні ңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді ны ғайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан ша-латын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық».

Біртұтас ұлт болу, бәсе-келік қабілетті арттыру, мәдени және сана ашық-тығына ұмтылу, қанымызға сіңген, тамырымызда бүл-кілдеген ізгі қасиеттерді қай та түлету, қана ғат шыл-дық, қарапайымдылық, үнем шілдік сияқты болмыс-бітімге қол жеткізу – ұлт мұраты. Әсіре се, ұлт тық бір тек тілікті сақтау, ұлт тық код ты жойып алмау деген өзек ті мә селелерді со қырға таяқ ұстат қан дай етіп, көр-сетіп беруі Елбасы мақа ла-сы ның салмағын арттыра түседі.

«Іс тетігін кадр таба-ды» деген мазмұндас мә-телді тіл ұшына тиек етер болсақ, Елбасы ай қын дап, белгілеп берген ұлан-ғай-ыр істердің бәрін жүзеге асыруға ма қалада айтыл-ғандай, «бәсекеге бей ім-делген мамандар» керек. Ол қайдан шығады? Жаңа буыннан, жас ұр пақтан шығары сөзсіз. Сондықтан, Елбасының мақаласын бар -ша қазақ баласы жата-жас-тана оқуы, ой тоқуы, бел буып, білек түрініп, жүзеге асыруға жаппай атсалысуы тиіс деп есептеймін.

Тұтас ұлттың намы-сын қай рай тын, жігерін ұш тайтын осындай сөз ке-рек еді. Елбасы сергек сая-саткерлігін көрсетіп, Алты алаштың баласына аталы сөз айтты. Ендігісі – ел-жұрттың қолындағы, Тәуелсіздік жолындағы мәселе.

Нұртөре ЖҮСІП,«Айқын» газетінің

бас редакторы, Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері

Елбасының ұлттық идеясы

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазіргі қазақ қоғамының алдына өте үлкен, айрықша маңызды мәселелерді қойды. Абай өзінің әйгілі «Қарасөзі» арқылы қазақты ХХ ғасырға даярласа, Нұрсұлтан Назарбаев ел-жұртты ХХІ ғасырға даярлаудың жолын нұсқады. Өте қуатты, жасампаздық пен жігерге толы мақала.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымдарының докторы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын мұқият оқыдым. Біз қайта түлеудің экономикалық-саяси жаң ғы руын қолға алдық. Енді аталған жаң ғырудың рухани жаңарусыз, адами факторсыз бол-майтыны белгілі. Осы мақаланы оқып отырғанда ХХ ға сырдың 20-жыл дарында В.И.Ле нинмен ай тысқан, кейін АҚШ-қа кет кен ресейлік әлеу меттанушы-фи-

ло соф Питирим С о р о к и н е с і м е түсті. Ол больше-виктер көсеміне: «Сіз социализмді, к іммен, қандай адамдармен құр-мақсыз? Ресей со-циализмге дайын емес. Ел надан, ада-ми әлеуеті төмен. Мұндай елде со-

циализмді күшпен, қуғын-сүргінмен құрасыз. Бұл түбі социализмді құртады», деді. Айтқаны келді. «Нақұрыстар мен қабілетсіз адамдардан тұратын қоғам ешуақытта үлкен табысқа ие бола алмай-ды. Бір топ сауатсыз надандарға тамаша Конституция берсеңіз де тамаша қоғам құра алмайсыз. Ал керісінше, талантты, дарынды, білімді, дені сау, жігерлі аза-маттардан тұратын қоғам сөзсіз, өмір сүрудің жаңа, ілгері жолдарын бастап, табыстарға жетеді» деді ол. Бұл – өте құнды пікір. Кейін мұны адами капитал деп атады. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы адами капитал сапасын жақсарту туралы тапсырмасы осы идеямен үндесіп жатыр.

Негізінде, ақпараттандыру дәуірі, сөз жоқ, адамға, оның рухани ұстанымына тіреледі. Президент Н.Назарбаев: «күт-пеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің отбасы, ошақ қасында қалуынан туындайды» дейді. Біздің көптеген баста-маларымыз рухани-идеологиялық қолдау таба алмай, аяқсыз қалып жатады. Тегінде, басты байлық – мұнай-газ, алтын сынды табиғи байлықтар, ақша емес, бұл – адам және оның рухани қуаты. Адам – эко-номиканы жасаушы фактор ғана емес, қоғамның мәні мен мақсаты. Сондықтан, экономикалық дамуды, рухани дамуды адамнан бөліп қарауға болмайды.

Мәселен, облыс әкімдері өз есебінде өңірде қанша адам тұрады, қанша адам дүниеге келді, қаншасы өмірден озды, қандай аурулар себебінен озды, емдеуге келетіні қанша еді, қанша бала әкесіз өсіп жатыр, қанша адам жұмыссыз, олардың ұлты, жасы қандай деген іспетті адами фак-торды сараласа, экстремизмнің себептері туралы дұрыс көзқарас қалыптастырар едік. Өкінішке қарай, мұндай талдау жа-самаймыз. Біз адамға куәландырушы, жұмыс күші ретінде қараймыз. Сондықтан елдегі әлеуметтік-экономикалық саясат жағымсыз дүниелердің алдын алуы ке-рек. Мәселен, әлеуметтік-экономикалық қадамдарымыз қаншалықты жағымсыз нәрселердің алдын алар еді? Осы мәселелер зерделенуі керек.

Біздің бойымызда бір қорқыныш бар сияқты. Бұл түсінікті де. Өйткені, төркініміз – Кеңес Одағы. Қызыл қоғамда «Барлығы адам үшін!» деген ұран болды. Бірақ түбі адамды ұмытып кетті. Оның барлық мұқтажын таба алмады. Кеңес өкіметінің құрдымға кеткенінің бір себебі сол. Сол себепті Елбасымыздың рухани жаңғыру жөніндегі бастамасын даурықпай, кешенді түрде сараласақ, қоғамымыз тәрбие, білім, мәдениет жағынан жаңа деңгейге көтеріледі деген ойдамын. Бұл жерде негізгі идея – адам. Адамның қолынан барлығы келеді. Біз табиғатты да жаңғырта аламыз. Қазақ «Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деп айтады. Біз Жер-Ананы сыйламағандықтан да экологиялық тоқырауға ұшырадық. Елі міздегі табиғатты қорғау да парасатты жан дардың қолында. Сондықтан, адамның ақыл-парасаты елімізді алға жетелейтіні анық.

АҚТӨБЕ

Қоғамның қозғаушы күші

Page 8: E-mail: info@egemen.kz 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да баяндай отырып, ұйымның құрылуы ... Одаққа мүше мемлекеттердің

8 17 сәуір 2017 жылрухани жаңғыру

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»,Данагүл ҚАЗИХАН, журналист

Елбасының мақаласы тура­лы зиялы қауым өкілдері өз­дерінің ой­пікірлерін ор та ға салды. Алғашқы болып Қа­зақ стан Жазушылар ода ғы­ның мүшесі, «Адырна» әдеби жур налының бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы Елбасы ма қа ласының маңыздылығына тоқ талып, онда айтылған мә се­лелердің елге, халыққа берері көп екенін жеткізді.

– Елбасының бағдарламалық мақаласы – халықтың, қазақ­тың үлкен, ұлы мәселесі. Сон­дық тан, бұл мақала санасы сер гек, болашақты ойлайтын азаматтардың барлығына өте тү сінікті деп ойлаймын. Онда ха лыққа барлық мәселелер өте нақты айтылған. Ел ба сы өз мақаласында бүгінге дей­ін елімізде саяси реформа, экономикалық даму мен өр­кен деу мәселесі айтылғанын, ен дігі уақытта солардың негізгі ұс ты ны – рух мәселесін көтеру, – деп бастады ол өз әңгімесін.

Дүниеде көптеген ұлт осын­дай ұстынның жоқ ты ғы нан, әркімнің жетегінде ке ту дің кесірінен, болмаса адами, пен­делік адасудан жер бе тінен жойылып, тек аттары қалғанын тарихтан білеміз. Не болма­са, олардың бөлшек­бөл шек болып бөлінгенін де бі леміз. Бұл бағдарлама біздің хал­қымызға керек, бұл – рухани да муымыздың бағдарламасы. Сондықтан, Елбасы айтқандай, рухани мәселелер бәрінен ең бірінші орында тұруы тиіс. Халықтың рухының бүтіндігі, халықтың жоғын тауып беру – мәңгілік мәселе. Міне, осы мә селелерге Елбасы нақты тоқ­талып, өз мақаласында негізгі проблемаларды айтып, солар­ды қалай өзгерту керектігін көрсетіп берді, – деді бұдан әрі белгілі қаламгер.

Бұдан кейін Қ.Жұбанов атын дағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің про ректоры, тарих ғылым да­ры ның докторы, профессор Рахым Бекназаров Елбасы ма­қа ласында айтылған білім беру, тарих, өлкетану салаларына қатысты өзінің пікірін білдіріп,

бүгінгі күні университетте жа­салып жатқан жұмыстарға тоқ­талып өтті. Ол өз ой­пікірін бы­лайша түйіндеді:

– Орта ғасырда өмір сүр­ген Жүсіп Баласағұн 1069 жы­лы былай деп жазып кеткен: «Өнер­білім – қос қанаты адам­ның, осыменен білерсің тілін ға ламның» – деп. Міне, бұл – аксиома. Қазақ дәстүрінде ба­ла ға әр кезеңде сапалы білім бе руге тырысқан. Еліміздің 25 жылында бұл салада бұған дей ін қазақ тарихында мүлдем бол маған күрделі өзгерістер ен гізілді. Мемлекеттік білім ме ке мелерімен қатар, елімізде же ке меншік, шет мемлекет­термен бірлескен оқу орын­дары ашылды, академиялық­ұтқырлық бағ дарламасын жүзеге асыру нә тижесінде алдыңғы қатарлы шет мем­лекеттердің оқу орындарын­да оқуына студенттерге мүм­кіндік берілді. «Топ­500»­ге кіретін университеттердің атақты профессорлары дәріс оқып жатыр. «Болашақ» бағ­дар ламасы арқылы бүгінде біз дің университеттің өзінде 15 оқытушы магистратура мен докторантурада білімін же тілдіріп келді. Ең бастысы, Ел басы өз мақаласында бү гін­гі күні күрделі жүріп жат қан адамзат эволюциясына дер кезінде бейімделе білуіміз ке­ректігін жеткізді. Яғни бізд ің бү гінгі міндет – жаңа ма ман­дық тарға жас ұрпақты дайын­дау. Бір мамандықты оқып алып, жайбарақат отыру зама­ны бітті, замандастар! Қазіргі талап – өмір бойы білім алу, жа ңаша өмір сүруге бейімделу, – деп түйіндеді ол өз ойын.

Басқосуда философия ғы­лым дарының докторы, профес­сор Амангелді Ай талы, Ақтөбе кө лік жә не жаңа технология­лар кол леджінің директоры Же ңіс гүл Мұхамбетпайызова, М.О с панов атындағы Батыс Қа зақ стан мемлекеттік меди­ци на университетінің кафед ра же текшісі, профессор Алтай Тай жанов сөз сөйлеп, жи­нал ғандарға еліміздің рухани тұрғыдан қайта түлеуіне ба ­ғытталған Елбасының құнды ұсы нысында айтылған бас та­ма ларға үн қосуға шақырды.

Ақтөбе облысы

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік универстиетінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған «Рухани жаңғыру – мемлекеттің ті регі, халықтың жігері» атты об лыс тық форум өтті. Форумға об лыс әкі мі Кәрім Көкірекбаев қа ты сып, баяндама жасады.

– Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардың алғашқы сәттерінен бастап Елбасы саналы қоғам орна­туды, оның басты қағидаттарына ұлттық құндылықтарымыз негіз болатынын шаршамай, талмай үздіксіз айтып келеді.

Рухани өрлеу біздің қоғамға аса қажет және біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі. Өйткені, барлық дүние сана­сезімнен бастау алады. Бұл – мазмұны терең тарихи мақала. Ұлт руханиятын өркениет би і­ гіне шығаратын үлкен бағ дар ­ламалық құжат, – деді облыс басшысы. Сондай­ақ, Кәрім Кө кірекбаев «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағ дарламаларының өңір үшін де өркенді істерге бастамашы бол ғанын айта келіп, Елбасы м а­қаласында айтылған ағылшын ті лін үйренудің маңыздылығы, ла тын әліпбиіне көшу қажеттігі тө ңірегінде де өз ойын ортаға сал ды.

Форум барысында сөз алған М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков рухани жаңғырудың ғылыми негіздеріне тоқталды. Сондай­ақ, білімнің салтанат құруы жөнінде де пікір білдірді.

Елбасы өзінің бағдарламалық ма қаласында ХХІ ғасырдағы ұлт тық сана туралы кеңінен сөз еткені белгілі. Тараз Мем ле кеттік педагогикалық инс ти тутының ректоры Дария Қо жамжарова өткен ғасырдағы қазақ халқының тағдырына байланысты жайлар­ды баяндай келе, ХХІ ғасырдағы ұлттық және тарихи сана төңірегінде қалыптасқан ойымен бөлісті. Ал жазушы­драматург

Елен Әлімжан, Қазақстанның халық әр тісі Мәкен Рахымжанова елі міз дің мәдени­рухани дамуы тө ңірегінде әңгімеледі.

Елбасы ағылшын тілін үй ре­нудің маңыздылығын әрдайым ай тып келеді. Сондықтан да, жас­тардың тіл үйренуде табанды бо­луы жарқын болашақтың ке пілі бола алады. Бұл тұр ғы да Әулиеата өңірінде тіл бі летін, бәсекеге қабілетті жас тар баршылық. Соның айғағындай, М.Х.Дулати атын дағы Тараз Мемлекеттік уни­верситетінің студенті Сағи Ал­тынкоп Елбасы мақаласына бай­ланысты өз ойын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жет кізді.

Жамбыл облысы

Азамат ҚАСЫМ,«Егемен Қазақстан»

«Мемлекет басшысының бұл мақаласы – ұлттық сананы жаңғырту жобасы және Қазақстан қоғамын дамытудың идеологиялық негізі. Сондықтан, оны жете түсініп, негізгі міндеттерді іске асыруға үлес қосу әрбір ел азаматының қасиетті парызы болуы тиіс», деді жиында ең алдымен сөз алған облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова.

Баяндамашы мақалада білім саласы­на айрықша көңіл бөлінгенін, бүгінде 91 шығысқазақстандық жас шет елдің 11 беделді оқу орындарында «Болашақ» бағдар ла ма­сымен білім алып жатқанын, өңірдегі 8 жоғ а ­ ры оқу орны мен 82 колледжде 62 мың жас тың оқып жүргенін атап өтті. Өңірде мәдениет саласына да ерекше мән беріліп,

былтыр аймақтағы бес бірдей тарихи орынға әлемнің үздік археолог ғалымдарының қатысуымен қазба жұмыстары жүргізілгенін, Катонқарағай ауданындағы Берел жазығында аспан асты мұражайы ашылғанын, бұл ба­ғыт тағы жұмыстардың биыл да жалғасын та батынын жеткізді.

Әсем Нүсүпова Елбасы мақаласында атап өтіл ген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асы руға шығыс жұртшылығының белсене қа тысатынына сенім білдіріп, өңірдің бұл та­рап та өз тәжірибесі, өз үлгісі бар екендігіне тоқ талды.

«Шығыс Қазақстанда бірнеше жыл­дан бері «Туған жерге тағзым» акциясы жүзеге асырылып келеді. Акция аясында осы өңірден қанат қаққан кәсіпкер, меценат азаматтардың көмегімен құны 25 миллиард теңгені құрайтын 4 мыңға жуық жоба іске асырылды. Мектеп, балабақшалар, спорт кешендері салынды», деді облыс әкімінің орынбасары.

«Нұр Отан» партиясы облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орынбаса­ры Әнуарбек Мұхтарханов Елбасының мақаласы көзі қарақты, көкірегі ояу жұртты бейжай қалдырмайтынын, ұлтымыздың құндылықтарын көзіміздің қарашығындай сақтауға шақыратынын тілге тиек етті.

«Мақалада прагматизм мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Қанымызға сіңген

көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес деп анық айтты. Президент еліміздің эво лю­циялық дамуы, ұлттық бірыңғай тұтастық, бі лім беру салаларын қамтитын ру хани жа­ңа ру жолын ұсынды», деді ол.

Бұдан кейін сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик: «Жұрт ­шы лық жылы қабылдап жатыр. Алайда, ал­ды мызда үлкен міндет тұрғанын ұмы т пайық. Елбасы мақаласында жүктелген мін деттерді өңірдің әрбір тұрғынына жет кі зуге тиіспіз», деді.

Облыстық мәслихаттың депутаты Риза Молдашева Мемлекет басшысы сөз еткен «Туған жер» бағдарламасының мәні терең екендігін, жастарды патриоттық рухта тәр­би елеуге ерекше үлес қосатынын атап өтіп, журналистер қауымына да артылар жау ап­ к ершілік жүгі салмақты екендігін жеткізді.

Жиын соңында сөз сөйлеген Семейдегі электртехникалық колледжінің директоры Азат Сарпеков шығысқазақстандық жас­тардың Президент мақаласын зор ықы­ласпен қабылдағанын, әсіресе, «Жаңа гу­манитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы замандастарының ерекше қызығушылығын туғызып отырғанын айтты.

ӨСКЕМЕН

Рухани құндылыққа жетер өлшем жоқ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалындағы жиын республика Президент і Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналды. Мұнда маңызды саяси-ұлттық құндылықтар мен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы айтылған. Біздің бүгінгі мақсатымыз – елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Сондықтан, Елбасы мақаласында бүгінгі өскелең за-ман талаптарына сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылған деп атап көрсетілді аталған жиында.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––Қазақстан Рес пуб ли ка сы-ның Президенті Нұр сұлтан Назарбаев «Бо лашаққа бағ дар: ру хани жаңғыру» ат ты бағдарламалық ма-қа ла сында ХХІ ғасырдағы ұлт тық сана туралы өз ой ын орнықты көзқарас не-гі зінде ортаға салып, таяу жыл дардағы міндеттерді де түсіндіріп берген болатын. Елбасы жыл басында жа -риялаған Жолдауында да Қазақстанның үшін ші жаң -ғыруының аса ма ңыз ды -лығына тоқ тал ған еді. Ен ді толыққанды жаңғыру жо-лындағы ұлттың міндеті қан-дай деген сауалға да Ел басы мақаласынан жау ап табуға болады. Бо лашақ пен өткенді үй ле сімді сабақтастыру идея сынан туындаған Ме м-лекет басшысының бағ дар-ламалық мақаласын Жам-был жұртшылығы да жы лы қабылдады.––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай Шығыс Қазақстан облысы активінің жиыны өтіп, өңірдегі ұйымдар мен әр саланың өкілдері қоғамдық санаға қозғау салған стратегиялық құжаттың мән-маңызы жөнінде ой-пікірлерін білдірді.––––––––––––––––––––––––––––––

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан»

Актив жиналысын жүргізіп отырған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл мақаласы оның жыл басындағы Қазақстан хал­қына жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бә секеге қабілеттілік» атты Жол­дау ымен тығыз байланыс ты, оны ң жалғасы іспетті екенін айт ты.

Сана сілкінбей, саяси, эко ­но микалық даму баянды бол­май ды. Алқалы басқосуда сөз ал ған Қостанай мемлекеттік пе дагогикалық институтының рек торы, тарих ғылымдарының докт оры, профессор Еркін Әбіл «ру хани жаңғыру не үшін керек?» деген ойды алға тартты.

– Өткен ғасырда неміс фило­софы Макс Вебер мәдени және экономикалық дамудың өзара байланысын зерттеді. Философ қорытқандай, ұлттар тек өндірген тауары мен көрсеткен қызметін ғана емес, бәсекеге бүкіл қоғамдық құндылықтарын, білім жүйесін қосады. Ал бүгінгі экономикалық бәсеке ұғымы тек өнім өндіру,

қызмет көрсету емес, «ақыл» жарысынан тұрады. Сондықтан, Елбасы бұл мақалада заманау и және тиімді білім жүйесін жа­сау, жұмысшы кадрлардың бә­секеге сай болуы үшін олардың зияткерлігін, парасат зердесін көтеру керектігін тапсырды. Бұл барлық жағынан да елдің бәсекеге қабілеттілігін көтереді, –деді Еркін Аманжолұлы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауларында, сөйлеген сөздерінде уақыттың сипатын, жаһандану үдерісінде ұтылып, жұтылып кетпеу үшін бейімделе білуіміз керектігін айтып оты­рады. Бұл жолғы мақалада да дамудың әлемдік жылдамдығын айтып өтеді. Жазушы Ғұмар Ахметчин Елбасының еліміздегі қоғамдық сананы жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өткендігін, бұлжымайтын екі ереже – ұлттық код, ұлттық мәдениетті сақтау және ұлт тың дамуына кедергі б олатын өт кеннің кертартпа тұс тарынан бас тарту туралы айтқаны уақыт та лабымен үн де­сетінін, мұнсыз еш қандай жаң ғы­ру болмайтынын же т кізді.

– Қазақ халқының рухани бол мысы сан ғасыр қойнауынан

бұл жы май келе жатқан гума­низммен, адам гершілік ізгі қасиеттерімен ерек шеленеді. Сталинд ік қу ғын­сүрг інге ұшыраған ха лықтарды қазақтың кеудеден ит ермей, бір үзім на­нын бөліскенін бү гінде барлық этнос өкілдері ал ғыспен еске алады. 1990 жылы Қазақстанға Германиядан арнайы кел ген, бұрынғы Ақмоладағы АЛЖИР тұрғыны болған Гертруда Платайстың естелігі бүкіл әлемді таңғалдырды. Қамаудағы жан­дарды аш­арық күйінде қамыс дайындатуға апарғанда көрші ауыл дың балалары «таспен» аты пты. Айдауылдар «сендерді ба ла ларға дейін жек көреді» деп ма сай рағанда, жарым көңілді әйелдер жылай бастайды. Сөйтсе, әлгі тас дегендері қазақтың құрты деген екен. Халқымыздың адамгершілікті ту еткен осындай қасиеті жоғалса, қа тыгездікке жұ тылса ұрпақты ер тең қалай елестетер едік? Ұлттық мә дениет мар жандарының негізі, бұ лақ бас тауы халықтың қанына сің ген адамгершілік, ізгілік қа сиет те жатыр, – деді Ғұмар Ғарифұлы.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік уни вер си ­тетінің аға оқытушысы, филосо­фия ғылымдарының кандидаты Денис Качеев Ел басының ма қа­ладағы білім жө ніндегі пікір ле­ріне тоқталды. Қазақстан Тәу ел­сіз дік тің алғашқы жылдарынан бастап білім саласын дамытуға з о р м ә н б е р д і . М е м л е к е т басшысының бастамасымен түрлі бағдарламалар жасалды, соның

ішінде «Болашақ» бағдарламасы арқылы жастар әлемнің озық уни­верситеттерінен терең білім алды. Қазақстанда құрылған универ­ситеттер, зияткерлік мектептер, ре фор малардың жүргізілуі осы са л а ның жаңа тұрпатқа ие болу­ына бас тады.

– Қазір жас ұрпақ мектептер мен жоғары оқу орындарын­да тек білім алып ғана қоймай, ХХІ ғасыр талабынан шығуды, Қазақстан экономикасының, қо­ғамның дамуына өзінің қа жеттігін сезінуді үйренуі қа жет. Бүгінгі уақыттың талабы –үш тілділік, бұл мамандар даярлаудың жаңа форматының бір сипаты, – деді жас ғалым Денис Качеев.

А к т и в ж и н а л ы с ы н д а «ГрИн» Қостанай облысы бой­ынша Аза ма ттық альянсы қо­ғамдық қор ы ның төрайымы Динара Өте ба ева, Челябі уни­верситеті Қостанай филиалы директорының орын ба сары, заң ғылымдарының канди­даты Әлімжан Бекмағамбетов, «СарыарқаАвтоПром» зауыты мотро логия басқармасының бас ты ғы Вадим Чашков Елбасы мақаласы ту ралы пікір білдіріп, ондағы қо ғам дамуы, жаңғыруы үшін қа зақ стандықтар қаперіне алатын мә селелерді атап өтті.

Актив соңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Елбасының заман талаптарына сай көтерген бастамаларының Қостанай өңірінде де игі істерге мұрындық болатынын айтты.

ҚОСТАНАЙ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамдық санада сілкініс тудырғандай болды. Елбасы көтерген мәселелер жұртшылықтың көңіл түкпіріндегі ойларды қозғады, ертеңімізге жауапкершілік жүктеді. Облыстағы зиялы қауым өкілдерін, басқарма, жоғары, арнаулы оқу орындары басшыларының басын қосқан облыс активінде де осы мақалада айтылған мәселелер өзек болды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ-да р ламалық мақаласын талқылауға арналған «Қазақстан ның эволюциялық дамуындағы жастардың рөлі» атты жиын өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бәсекеге қабілеттілікті арттырады

Кемел келешекке қарқынды қадам

Қоғамдық санаға қозғау салды

Арнұр АСҚАР,«Егемен Қазақстан»

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақ­стан жастарының конгресі бір­лесіп өткізген шараға вице­министр Абзал Нүкенов, Пар­ла мент Мә жі лісінің депутат­та ры Бақтияр Мә кен мен Ге н­надий Шиповских, рес пуб ли­калық жастар ұйым да рының көшбасшылары, ел ор далық студенттер қатысты.

Дін істері және азаматтық қо ғам министрінің орынбаса­ры Абзал Нүкенов айтып өт­кен дей, биылғы жылдың ал­ғаш қы тоқсаны еліміз үшін аса маңызды оқиғаларға то­лы болды. Жыл басында Ел­ба сының конституциялық ре­фор маларға қатысты үндеуі жа рияланды. Мемлекеттік би ­лік тармақтарының өкі ле т ­тіктері қайта қаралып, бір қа ­тар жауапкершіліктер мен өкі­леттіктер үкімет пен Парл а ­м ентке жүктелді. Жергілікті бас қарушы органдардың рө лі күшейді. Еліміз үшінші эко но­микалық жаңғыру жолына қа дам басты. Еліміздің алдағы уа қытта әлемнің дамыған отыз елі нің қатарына қосылуы үшін рухы бай,

мәдениеті жоғары, білімі кемел азаматтық қоғам қалыптастыру керек.

– 12 сәуір күні «Егемен Қазақстан» газетінде Елбасы­мыз дың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ дар­ламалық мақаласы жарыққа шықты. Бұл біздің еліміз үшін үлкен ма ңыз ға ие, құндылығы тең дессіз дү ние деп білеміз. Президент мақа ла сының қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін жете түсіну үшін, оның астарына тереңірек үңі лу үшін бүгінгі кездесуге жас тардың өздері мұрындық бол ға нына қу а ныштымын, – деді Абзал Нүкенов.

Жиын барысында Мәжіліс де путаттары, «Қазақстан жас та­р ы ның конгресі» заң ды тұлғалар бір лестігінің жетекшілері сөз сө й ­ леп, Елбасы мақаласының жас­тарға қатысты бөлімдері туралы өз ойларын ортаға салды.

Дін істері және азаматтық қо ғам министрлігінің өкілдері жас тармен жұмыс істейтін орган ретінде алдағы уақытта жастар ұйымының қанатын кеңге жаюы­ на, ел игілігі үшін қолға алған жұмыстарына қолдау көрсетуге, жаңа жобалардың жолын ашуға әрдайым әзір екендіктерін айтты.

Эволюциялық даму: жастардың рөлі

Page 9: E-mail: info@egemen.kz 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да баяндай отырып, ұйымның құрылуы ... Одаққа мүше мемлекеттердің

17 сәуір 2017 жыл 9әлеумет

Ұлттық денсаулық сақтау жүйе­сін дамыту және жаңғырту саяса­ты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшін ші жаңғыруы: жаһандық бә­се кеге қабілеттілік» атты Қа зақ­ с тан хал қына Жолдауында б е ріл­ген тап сыр маларға сәйкес жү зе ге асыры лу да.

Ақпараттық жүйелерді пайда­лану өздігінен қазақстандық ден­сау лық сақтау саласы үшін иннова­ция болып табылмайды. Әр түрлі ав то маттандыру деңгейіндегі ақ­пар аттық жүйелер еліміздің ме ди­ци налық ұйымдарына бұрыннан бас тап енгізіле бастады, алайда, атал ған процесс әртекті және бір­лес пеген және түпкілікті па ци ент тің мұқ таждықтарына бей ім дел меген бо латын.

Электронды ден сау лық сақ тау­дың жаңа ар хи тек ту ра сы ның негізгі ком по нент те рі нің бі рі Денсаулық сақ тау са ла сын да ғы ақпараттық жү йе лер ді ақ па раттандыру жә не ин­теро пе рабельділігін қам та ма сыз е ту плат формасы (Интеро пе ра бель ді лік платформасы) болып табыла ды.

Интероперабельділік платфор­масын енгізу пациенттің мұқ таж­дықтарына бейімделген қау іп сіз, әділ, жоғары сапалы және тұ рақ ты денсаулық сақтау жүйесін қам та ма­сыз ету үшін медициналық кө мек ті үздіксіз көрсету, ден сау лық сақ тау саласының ақ па рат тық жүй елерінің өзара іс­қи мы лын қам тамасыз ету, өзекті, нақ ты жә не толық ақпаратты авто мат тан ды рылған түрде жинау мүм кін ді гін береді.

Қазақстан Республикасының элек тронды денсаулық сақ тау са ­ласын дамытудың 2013­2020 жыл ­дарға арналған тұжы рым да ма ­сының негізге алынатын қа ғи дат ­тарының бірі «пациентке бей ім ­де лу» болып табылады. Яғни, оны іске асыру үшін пациентке ме ди­циналық көмек көрсету ке зін де Қа­зақстан Республикасы аза ма ты ның электронды денсаулық пас порты қолданылуы және бұл қол жетімді болуы тиіс.

Электронды денсаулық пас­ порты пациенттің ел ішіндегі м е д и ц и н а л ы қ ұ й ы м д а р д а

тексеруден өту және ем алу нәти­же лері, оның ішінде бұрын ауырған ауру ла ры мен созылмалы аурулары, дә рілік заттар мен басқаларға аллер­гия лық реак ция сының бар­жо ғы ту ралы элек трон ды деректер ке ше­нінен тұрады.

Аталған ақпарат Инт ер о пе ра­бе л ь ділік платфор масының құ ра­мы на кіретін бірыңғай эле к тро н ды денсаулық паспорты ре по зи то­рийінде сақталады жә не ме ди ци ­на қызметкерлеріне қол же тімді бо лады.

Пайдаланушылардың Ин те ро ­перабельділік платформасында сақ­та латын ақпаратқа қолжетімділігі мы н адай жеке электронды ден сау ­лық сақтау кабинеттерінің кө ме гі ­мен ұйымдастырылатын болады:

– пациенттің жеке кабинеті;– денсаулық сақтау қыз мет ке рі­

нің жеке кабинеті.Пациенттің жеке кабинеті пай­

да ла нушыға оның электронды ден саулық паспортындағы дербес деректеріне, сондай­ақ, қа был дау­ға жазылу, дәрігерді үйге ша қы ру жә не басқа да денсаулық сақ тау са ­ла сының электронды қыз мет те ріне қолжетімділікті қам та ма сыз етеді.

Пациенттің жеке кабинетіне па­циенттің денсаулығына байланыс­ты (мысалы, жоспарлы тексеру, қа рау, егу) іс­шараларды өткізу қа ­же т тігі туралы хабарламалар тү се­тін болады.

Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін қызметкердің жеке ка бинеті пациенттің электронды денсаулық паспортымен өзара іс­қимыл жасау, электронды жолдама­лар мен тағайындауларды басқару арқылы қызметкер жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндігін бе ретін, сондай­ақ, талдамалық жә не статистикалық ақпаратқа, де­н саулық сақтау саласының көр сет­кіш тері мен индикаторларына қол­же тімділікті қамтамасыз ететін вир­туалды кеңістік болып табылады.

Операциялық және талдамалық есептілік автоматтандырылған түр­де әртүрлі көздерден жиналған жә не де ректер үлгісіне сәйкес құ ры лым­дал ған деректер негізінде қа лып­тас тырылады.

Электрондық денсаулық паспор­тын жүргізу процесінің д ұ рыс жұмыс істеуі және есеп ті лікті қалыптастыру ден сау лық сақ тау саласының ақ па­рат тық жү й елерімен, оның ішін де ме ди ци налық ақпараттық жүй е­лер мен, Интероперабельділік плат­фо р масымен ықпалдасуды талап ете ді. Осылайша, Қазақстан Ре с ­публикасының Бірыңғай элек трон ­ды денсаулық сақтау ке ңіс ті гі құ ры­ла ды. Денсаулық сақ тау саласының ақпа раттық жү й еле рімен тиімді өзар а іс­қи мыл жа сау олардың инт е­ро пе ра бе ль ді лігін қамтамасыз етуді, яғни се ма н тикалық үйлесімділікті сақ тап қа лумен клиникалық және кли никалық емес деректермен ал­масу мү м кіндігін қамтамасыз етуді талап етеді. Аталған мақсаттарға қол жет кізу үшін Интероперабельділік плат формасы халықаралық дең гей ­де танылған, стандартталған тә сіл­де мелерге негізделген ықпалдасу те тіктерін пайдаланады.

Интероперабельділік плат фор­ма сының құрамына Қазақстан Рес­пуб ликасының электронды ден сау­лық сақтау саласындағы барлық қа тысушылар үшін ақпараттық объек тілердің – анықтамалықтар мен жіктеуіштердің, тіркелімдердің (пациент тердің, медицина қыз мет­керлерінің, денсаулық сақ тау ұй­ым дарының және бас қа лар дың) бі ­рыңғай эталондық ма ғы на сын қам ­тамасыз ететін инфра құ ры лым дық компоненттер кіре ті нін қо сым ша атап өту қажет. Сон д ай­ақ, Ин теро ­перабельділік плат фор ма сының құ­рамында ақпараттық ре с ур с тар мен деректерді сыртқы жә не ішк і қау іп­тер ден қорғайтын ең заманауи ақ па­раттық қауіпсіздік құ рал дары мен рә сімдер іске асырылады.

Интероперабельділік платфор­масы медициналық көмек көр­сету жә не басқару шешімдерін қабылдау са пасын жоғарылату және пациентті оның денсаулығы туралы кешенді ақ паратпен, дер­бестендірілген нұс қаулармен және ескертулермен қам тамасыз ету мүмкіндігін беруге арналған тұжы­рымдаманы іске асыру шеңберінде құрылған іргелі жобалардың бірі болып табылады.

Сайын Шайхиев, Әділбек Сағадиев,

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республика­лық электрондық денсаулық

сақтау орталығы» ШЖҚ РМК

Жаңа технологиялар платформасы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазіргі заманауи ақпараттық технологиялар адам өмірінің, оның ішінде денсаулық сақтау саласының түрлі тармақтарында өндірістік үдерістерді басқару және қызметті автоматтандыру мүмкіндігін береді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Нұрлыбек дОСЫБай,«Егемен Қазақстан»

Г.Әбдіқалықова бүгінде әлемнің 124 мемлекеті, соның ішінде біздің еліміз де тұрмыстық зорлық­зомбылықпен күресуге тікелей бағытталған заңдарға ие екенін атап өтті. Өткен жылы Мемлекет басшысының арнайы Жарлығымен Қазақстанда 2030 жылға дейінгі отбасылық және ген дерлік саясат тұжырымдамасы бе кітілгені белгілі. Аталған құ­жат тың отбасын қорғау жү йе­сінің тиімділігін арттыру мен жыныстық белгісіне қатысты күш көрсету фактілерін азайтуға бағытталғандығына тоқталған М ем лекеттік хатшы, осы күнгі өзекті тақырыптардың бірі – БАҚ пен әлеуметтік желілердегі зор­лық­зомбылық оқиғаларының орын алып жатуына қатысты пікір білдірді.

«Қоғам тарапынан бұл мәсе­леге деген алаңдаушы лық тың бар екені де мәлім. Сон дық тан, Ұлттық комиссия құқық қор ғау органдарымен бірлесе отырып, зорлық­зомбылық оқи ғаларының алдын алудың заң дық тетіктерін реттеуі қажет. Со ны мен бірге, біз отбасы инс ти туты мен бала тәрбиесіне қа тыс ты халықтық дәстүрлерді жаң ғырту арқылы осы дертті жою ға мүмкіндік алмақпыз. Ендеше, аталған күрделі мәселе­мен күресте мемлекеттік орган­дар ды, үкіметтік емес ұйым­дар ды, бұқаралық ақпарат құ­рал дарын және бүкіл қоғамды жұ мылдыру бойынша нақты жұ мыс жүргізуіміз керек», деді Г.Әбдіқалықова.

Жиын барысында Бас про ­ку ратура мен Ішкі істер минис­тр лігінің отба сылық­тұрмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мен құқықтық қолдану

практикасын күшейту мәселелері, соны мен қатар, отбасылық­тұр ­мыстық қарым­қатынастар сала­сындағы заң на маны жетіл діру бо йынша іс­шаралар туралы ақ па ­ра ттары тыңдалып, талқы ланды.

Жиын барысында Бас про­курор Ж.Асанов құқық қорғау ор гандарының бастамасымен елімізде жуырда ғана отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен үйдегі зорлық­зомбылықты азай­туға бағытталған 53 тармақтан тұра тын арнайы «Жол картасы» жасалғанын жеткізді. Қанатқақты жоба аясында мемлекеттік ор­гандар қызметшілерінің есебінен құралған топ Оңтүстік Қазақстан облысының екі ауданында ха лық­пен кездесіп, құқықтарын түсін­діріп, алдын алу шараларымен ай­на лысады.

Өз кезегінде, Ішкі істер м и­нистрлігі тарапынан құқық бұ зу­шының зардап шеккен адам мен байланысуын шектеуге мүм кін­дік беретін қорғаушылық ұй­ғарымдар мен мінез­құлыққа қой­ылатын ерекше шарттар сия қты әкімшілік­құқықтық әсер ету дің жаңа шараларын жүзеге асы­рудың қажеттігі айтылды. Бұл от басылық жанжал тудырушыны бас панасынан (құқық бұзушының бас қа баспанасы болған жағдайда) уа қытша (30 тәулікке дейін) шы­ға руға, сондай­ақ зардап шеккен

отбасының кәмелетке толмаған немесе әрекет етуге қабілетсіз мүшелерімен қарым­қатынасын шектеуге мүм кіндік береді.

Сонымен қатар, отырыста өт­кен жылдың сәуірінен бастап отбасылық жанжал шығару шы­лар ға алкогольді ішімдіктерді (үйде де) 3 айдан 1 жылға дейін ішуге сот тәртібімен тыйым салуға ықпал ететін заңнамалық норма енгізілгені де айтылды. Осыған орайлас ойын білдірген Бас про­курор мас күйде елдің мазасын алатын жандарды айықтырғыш орнында ұстау мерзімін 3 сағаттан 1 тәулікке дейін ұзартуды заңмен бекіту қажеттігін алға тартты. «Қазіргі қолданыстағы әдісіміз өз нәтижесін беріп отыр деу ге келмейді. Айықтырғышта ұстау уақытын бір тәулікке созсақ, ол осы аралықта мастығынан айы ғып, есін жинап үлгерер еді», деді Ж.Асанов.

Отырыс қорытындысы бо­йын ша Мемлекеттік хатшы Г.Әбді қалықова мемлекеттік ор ган дарға тұрмыстық зорлық­зомбылықты жою бойынша бір­қатар нақты тапсырма берді. Ал жалпы, «Тұрмыстық зорлық­зомбылықтың алдын алу тура­лы» Заң қолданысқа енген соңғы же ті жылда елімізде тұрмыстық қылмыстардың деңгейі 10%­ға дейін төмендегені байқалғанын айта кетейік.

Отбасы құндылығын дәріптейтін «Жол картасы» жасалды

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бас прокуратурада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың жетекшілігімен Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Парламент Мәжілісінің депутаттары мен Үкіметтің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Бас прокуратура жанындағы Консультативтік кеңестің мүшелері қатысқан жи-ында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы мәселелер қызу талқыланды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының нысандарын аралап, көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сенаторлар бірінші кезек­те Ақмола облысы бойынша Целиноград аудандық Халыққа қызмет көрсету департаментінің №1 аудандық бөлімінде болды. Одан кейін Астана қаласындағы жер кадастры және жылжымай­тын мүліктерді техникалық тек­серу департаментінің директоры Е.Ташпенбетов депутаттарды осы мекеменің жұмысымен та­ныстырды.

Сенат депутаттары Астана

қалалық «Әлеуметтік төлемдерді ве домствоаралық есептеу орта лы­ғы» дирекциясының қарсы жә не бэк­ кеңселерінде болды. Оның жұ мысымен осы ди рек ция ның директоры Б.Жү нісов хабардар етті.

Көшпелі отырыс кезінде Се­нат тың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кә­сіп керлік комитетінің төрағасы А.Бейсенбаев есеп беретін үкі­мет ті қалыптастыру аясында

«бір терезе» қағидасы бойын­ша же ке және заңды тұлғаларға мем лекеттік қызмет көрсетулер са ласындағы «Азаматтарға ар­нал ған үкімет» корпорациясы қыз метінің маңызы зор екенін атап өтті.

Шара барысында Ақпарат және коммуникациялар минис­трі Д.Абаев, Ұлттық экономи­ка министрінің орынбаса ры А.Жұмағұлов және «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқар­масының төрағасы А.Оспа нов ұйымның келешегі мен өзекті мәселелері туралы баяндама жа­сады.

Сенат комитетінің төрағасы А.Бейсенбаев отырысты қоры­тын дылады. Ол корпорация

қызметінің тиімді жақтарын атап өтіп, түрлі анықтамалар мен құ­жаттар алу бағытында әкім ші лік ке дергілер мен мерзімін қыс қар­ту ға қатысты бірқатар ұсы ныс­тар айтты.

Сенатор, сондай­ақ, Мемлекет бас шысы Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаң ғыру» бағдарламалық мақаласының ма­ңызды мәселе леріне тоқталды. Онда бұл құ жат Қазақстан Пре ­зи денті реформаларының заң ды жалғасы екені атап көр се тілді. А.Бейсенбаев Мемлекет бас­шысының «Бола шақ та ұлт тың та бысты болуы оның таби ғи бай лығымен емес, адам дары ның бә секелік қабіле тімен айқын да­ла ды», деген дәйек сөзінің ма ңыз­ы на назар аударды.

Корпорацияның жұмысымен танысты

Қалмаханбет МҰҚаМеТҚаЛи,«Егемен Қазақстан»

үкімет басшысының орын­басары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов аграрлық саланы мемлекеттік қолдау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Нақты айтқанда, бағдарлама аясында 8 бағыттағы субсидиялау ережелері қайта қаралған. Сондай­ақ, субси­дияның он бір түрі алынып, 39 субсидия түріне өзгеріс енгізілген.

– Биылдан бастап мемлекеттік қолдауға қол жеткізушілердің қатары 7,5 есеге өседі. Бұл бағ­дар лама тетіктерін жүзеге асыруға енгізілген бірнеше өзгерістерден кейін жүзеге асып отыр, – деді А.Мырзахметов.

Қаржыландырудың нақты­лануы аймақтардағы мал бор да­қылау алаңдарының санын үш есе­ге дейін көбейтуге жол аш пақ. Бұл өз кезегінде елдегі шаруа лардың қолындағы асыл тұқымды мал басының көбеюіне ықпал етеді.

Ал кооперация мүшелеріне қарастырылған жеңілдіктер ауыл­дың гүлденуіне жол ашатын қадам ретінде бағалануда. «Коо перацияға сатылатын 1 бас ірі қара үшін мемлекет қайта рымсыз 20 мың теңге тағы төле мек. Сондай­ақ, 1 литр сүтке 10 теңге, бір бас уақ малға 1500 теңге қосымша қаржы бөлінеді. Бұдан бөлек кооперацияға алынатын жемнің әр тоннасына 20 мың теңге төлеу көзделген. Алайда, бұл кооперацияға бірікпегендер мемлекеттік қолдаудан тыс қалады

деген сөз емес. Қорадағы малы 30 бас ірі қарадан асатын шаруа сауылған әр литр сүтке 15 теңгеден, ал 400 бастан жоғары малы бар шаруа сүттің әр литрін 25 теңгеден субсидиялауға қол жеткізеді», деді министр.

Асыл тұқымды ешкі асырау­шылар бірінші рет мемлекеттік қолдауға ие бол мақшы. Дәл осын­дай мүмкіндік балық шаруа­шылығы үшін де туып отыр. Тауар лы балық өсірушілерге тұң­ғыш рет субсидия төленеді. Тіпті, балық тың ұрығы, тамағы, оны қадағалайтын техникаларына дейін инвестициялық субсидия қарас­тырылған. Яғни, биылдан бас­тап кооперативке біріккен ұжым қажетті техника сатып алар болса, кеткен шығынның 50 пайызын мемлекет бірден өтеп бермек.

Субсидиялауға қатысты тағы бір жаңалық – қаржыландыру тетіктерінің автоматтандырылуы. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жасалған қадам. Келер жылдан бас тап ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бөлінетін қаржы көздері элек­тронды тапсырыс беру жүйесіне көшетін болады.

«Ауыл шаруашылығын дамы­тудың 2017­2021 жылдарға ар­нал ған бағдарламасын» енгізу ба ры сын да көптеген құжаттарға тү зе ту лер жасалған. Нормативтік ак т ілер оң тайландырылып, 11 коде кс пен 25 заң тармағы өзгеріп, то лықтырылды.

Жалпы, бұл өзгертулердің ауылдағы шаруаға шарапаты тиіп, жұмыстың жеңілдері сөзсіз.

Субсидиялаудың жаңа ережесінің тиімділігі

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––ауыл шаруашылығы министрлігінде аграрлық кеңестің кезекті отырысы өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 10: E-mail: info@egemen.kz 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да баяндай отырып, ұйымның құрылуы ... Одаққа мүше мемлекеттердің

10 17 сәуір 2017 жыл

–––––––––––––––––––––––––Е л о р д а д а А с т а н а қ а л а с ы әкімдігінің ұйымдастыруымен ақын-жыршы, әнші-сазгер Кенен Әзірбаевты еске алу концерттік кеші өтті. Шарада ғасырға жуық ғұмыр кешкен өз заманының жан-ды шежіресі тарихи оқиғалардың куәсі болған Кенен Әзірбаевтың шығар машылығы арқылы өткен дәуір оқиғалары жаңғыртылды. –––––––––––––––––––––––––

туған жер

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Аудан орталығы – Күршімді өзен паромы жағынан кесіп өткен соң алдан ұшы қиыры жоқ жазық басталады. Сонымен 80 шақырымдай жол жүріп, Марқакөл жақтағы сеңгір таулар мұнартқан шы ғысқа бет алғанда, көк жүзіндегі күн сәулесімен жарқ-жұ рқ етіп, алқызыл алауға малынған адыр менмұндалайды. Жа қындап келіп байқаған жанға ол өзіміз теледидардан кө ріп жүрген Шарын шатқалынан аумайды. Иә, оны құд ды сол мас-сив – шұраттың кішірейтілген макеті, үлгісі дер сіз тіпті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Туған жердің топырағына тізе бүк!

«Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жер-ге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жан­ның өмір­бақи тұратын өлкесі. Оны қай да жүрсе де жүрегінің түбінде әл дилеп өтпейтін жан баласы болмай ды», деп жазыпты Елбасы «Егемен Қазақстан» газетінде жа­рық көрген «Болашаққа бағ дар: рухани жаңғыру» атты бағ дар­ламалық мақаласында. Туғ ан жер­дің жырын бір кісідей­ақ жыр ла­ған ақын ретінде де, туған жер дің қадірін бір адамдай­ақ се зінген аза мат ретінде де бұл бағ дар дағы «Ту ған жер» бағ дар ламасы маған ай рықша әсер етті.

«Жақсының бары білінбейді, жоғы білінеді», дейді ғой, ауылдың шаңын аспанға көтеріп, шалғынына ау-нап өскен қазақ баласы үшін туған жердің орны тіпті бөлек. Ауылың аттам жерде болса, аунап-қунап қай-тар сың, алыста, оның үстіне замана сы зықтарының арғы жағында болса қайтерсің? Оны Жайырды елу жыл жырлаған Жәркен біледі. Туған ауы-лымнан бозжігіт кезімде кетіп, қысқа уақытта қайырылып бара алмай қатты зарыққан адаммын. Жақының, туыс-туғаның жаныңды аңсатпай тұра ма?

«Бергі бетте балам бар,Арғы бетте анам барМен балама алаңдап,Анам маған алаңдар», деп қамық қан

жүректі қақ бөліп жыр жазған сәттер аз болған жоқ. Ал сол туған же ріңді аңсап-сусап барғанда орнында жоқ болса ше? Оны да көрдік... Тауды былай алып тас- тап, таудан биік там тұрғызғыш елдің техникасы туған жеріңді күрей салады екен. Содан кей ін оның бала жүрегіңде қалған елесін қағазға қашайсың. «Жайыр деген Жәр кеннің ескерткіші» дегенім сол емес пе?!

Бақытыңды барында бағалай ал-ған ға не жетсін! «Туған жер – тұ ғы-рың» деген. Ал өзіңнен кейін сан ұр -пақ, іні-қарындастарың сол сен тү леп ұшқан тұғырдан қанаттанады. Ту ған жердің перзенті ретінде соларға қол-ұшың ды созу деген қандай бақыт, қан дай мерей, шіркін! Мінеки, осы тұр ғыдан келгенде Мемлекет басшы-сы ойдағыны қозғап, қазақ ауылының қа сиетін түсініп, ардақтауға үндейді.

«Туған жер» бағдарламасы көп аза-мат тарға сол бақыттың, сол мерейдің дәмін татуға шақырып отыр, шабыт-тандырып, мүмкіндік туғызып отыр. Қо лы ұзын, өресі биік азаматтарға бұ-дан артық не керек?

Осындайда аузы дуалы, ақиық Мұқағалидың:

«Сен де кеттің,Мен де кеттім,Ол да кетті ауылдан.Осынымыз ұят болды-ау, ұят болды-ау, қауымнан!Ұят болды-ау, Бауырлар», деп басталып келіп: «Момын елдің,Арқа сүйер, Азаматы біз едік,Жеке-жеке бақыт іздеп,Жеке өмір түзедік,Жетер енді!..Туған жердің топырағына тізе

бүк!», дейтін ағылып-төгілген, баса нұс қап, батыра айтқан өміршең өлеңі ойғ а оралады. Елбасы айтқан рухани жаң ғыру дегеніміз де осы. Ақында жыр дан артық не болушы еді, ерте-ректе жазылған:

«Туған жердің қар-мұзы,Аязыңмен жуындыр.Туған жердің бал қызы, Бұрымыңмен буындыр.Туған жердің бұлағы, Толқыныңмен ат мені,Туған жердің жыланы, Шырылдатып шақ мені.Туған жердің шеңгелі, Тырна аямай бетімді.Туған жердің желдері, Аузыма құй өтімді.Туған жердің доңызы, Қанжоса ғып жарып кет.Туған жердің қоңызы, Домалатып алып кет.Туған жердің қасқыры, Кемір ақын сүйегін.Туған жердің тас-құмы, Сені осылай сүйемін!», дейтін өлең

жолдарын еске түсірудің де реті осы жерде келіп тұрғандай.

Ұшқан құстай зымырап бара жат-қан осынау алмағайып уақытта ту ған жер тағылымын қайыра, қайта еске сал ған, құндылығын құнттаған бұл бағ дарламаға неге қуана үн қос пасқа?! Кез келген азамат хал-қадерінің кел ге-нінше туған жеріне қол ұшын бе ре тін болса, оның өркендеуіне үлес қо са тын болса, Елбасы қозғаған ба ғ дар ла маға қосқан елеулі үлесі сол бол мақ шы. Ен-деше, Елбасы айтты, ендігі кезек – ел азаматтарында.

елім менің ертегі

зерде

Жанболат АУПБАЕВ, «Егемен Қазақстан»

– Қиынкеріш аңғары, міне, осы, − деді бізді мұнда бастап кел-ген Күршім аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақытхан Өлмесеков. − Бұл жердің ертеректегі атауы Шарықсай екен. Кейін жыл мез гілдеріндегі лайсаңнан азап шеккен жұрт оны Қиынкеріш деп кетіпті. Мәселе, мұндағы, яғни, беткейдегі құм араласқан қызылқоңыр қиыршықтарда емес. Гәп сайдағы төбелер етегін жиектеп өтетін соқпақтардағы жаңбыр жауса бітті, миы езіліп шыға келетін ақ топырақты бұ-ралаң жолдарда. Осы маң да ғы ат тылы, арбалы ауыл тұр ғын да-ры көктем, күз келсе-ақ, сон да-ғы желімдей жабысқан бат пақ пен балшықтан берекесі ке тіп, зәрезап болады да жатады. Сон-дық тан да ел арлы-берлі жүр ген ке здегі әуре-сарсаңы мол бұл ай-мақ ты Қиынкеріш атап кет кен.

Осы сөздерді айтқан жол бас-шы мыз өзіміз әңгіме арқауына ай налдырған жерге жете бе р-ге німізде: «Аңғардың жалпы кө рі нісін мына шоқыдан қ а ра-ңыз дар», − деп шығыс жақтағы дөң ге алып шықты. Міне, ғажап! Көз алдымызда қып-қызыл құм, қо ңыр күрең тас қиыршықтарына то лы өзгеше бір әлем жатыр. Олар дың арасындағы ақ, сары, сұр керіш топырақты адырлар-да нендей белгі, мүсін жоқ дей-сіз!.. Ескі қорған бей не сін де гі

жа қпартастар, пирамида мен қа-рауыл мұнараларын көз ге елес-тететін төбелер, жантай ып жат-қан дулығалы ба тыр кей пін дег і белдер мен са ңырауқұлақ се кіл ді секі тас тар..., бәрі-бәрі бар. Олар адам қо лымен емес, өкпек жел, долы дауыл, ақ жаңбыр мү жі ген табиғат күші арқылы жа сал ған туындылар.

Бірте-бірте байқадық, Қи-ын керіш кереметі мұнымен біт -пейді екен. Табиғат салған жо -ғарыдағы суреттер біз көр ген ғажайыптардың басы ға на сия-қты. Олай дейтініміз, таң да ныс тудыратын келесі бір нәрсе, ол бұл өңірдің күн батардағы еш-бір жерде жоқ қайталанбас кө-рінісі дер едік. Оны біз мына жағ дайдан байқадық. Күн кө к-жи екке қарай еңкейгенде оның алтын шапақ сәулелері қызыл, сары, ақ тасты төбелерді жалт-жұ лт еткен ұшқындармен орады да тастады. Осының әсерінен біз бақылап тұрған ойпат пен бет кейдегі құмды керіш то пы-рақ тар қызылкүрең түске ен ді де алдымыздағы адырлар алау-ла ған отты әлемге айналды да кет ті. Жалындап тұрған бұл жер ге кешқұрым уақытта аспан-нан жұлдыздар жауып, көкке қай та ұшып бара жатқандай да әсер қалдырады. Бір сөзбен ай т- қанда, мұндағы жер де, тө ңі рек пен кеңістік те жосаға боя л- ған дай қызылқоңыр болып тұр-ды да қойды. Осы көрінісінде ол Марс планетасы, ондағы со ған ғана тән ғаламшарлық

қы зы лкүлгін рельеф фонынан еш аумайды-ау, аумайды! Тоқете рін айтқанда, фантастикалық құ-былысқа бөленіп тұрған бұл жер ді аралай бастаған сәтте өзің-ді бейнебір басқа әлемге кі ріп кеткендей сезінетінің анық. Не-ме се түс көріп, ертегілер елінде жүр гендей боласың.

– Бұл не? Қиынкеріштегі та-банымыз тиіп тұрған мына то-пырақ қыртыстары қандай қос-палардан құралған? Ол күн сәу-лесі көлбеу түскенде неліктен түр лі түске енеді? Мұнда келіп, та би ғаттың өзіміз сөз етіп отыр-ған осы тылсым, түсініксіз жағ-дай ын көрген, оған куәгер бол-ған ғылым өкілдері бар ма? Бар бол са олар жоғарыдағыдай құ-бы лы сқа нендей уәж айтады?

− Өскемендегі өлкетану му-зей інде, − деді жоғарыдағы сұ-рақ тарымызға бізбен бірге еріп жүрген жігіттердің бірі, жа зу-шы Нұржан Қуантайұлы, – Қи-ын керіш аңғарына арналған стенд бар. Сондағы биология ғылымдарының докторы Вик-тор Ерофеевтің деректеріне қа-рағанда, бұл аймақ мил лиондаған жылдар бұрын осын да ғы теңіздер мен көлдердің тү бінде жатқан. Ондағы айдын шал қар сулар уақыт өте келе тар тылып, сазды, батпақты, одан құрғақ өңірге айна-ла бас та ғанда, түрлі минералдық қос па дан тұратын шөгінді жыныс-тар бірте-бірте Зайсан қа зан-шұ ң қыры деп аталатын жер қыр тыстарының неше түрлі қа-баттарын құраған. Геологтар бұл құбылыстың әсіресе, бор дәуірі деп аталған кезеңдегі сол массив-ке кіретін Қиынкеріште өте айқын байқалғанын ерекше атап айтқан. Бұл – бір. Екінші, өзіміз сөз етіп отырған сайдың топырағы неге күйген құм секіл ді қызылкүрең дегенге келсек, ғалым Юрий Зинченко оған мынадай болжам айтады. Бағзы заманда бұл жер-де кішігірім жанартау атқылаған

болуы мүмкін. Соның салдары-нан мұндағы тас пен топырақ отқа оранып, қып-қызыл кейіпке енген. Сөйтіп, ол табиғат стихи-ясы Қиынкеріштің қазіргі Марс планетасының пейзажына ұқсас бет-бейнесін жасап кеткен.

Әңгіме иесінің осы сөздерін тыңдай отырып, төмендегі сайға қарай бет алдық. Ойымыз – құм төбешіктердегі өсімдік түрлерін көру және жарқабақтардағы жер қыртыстарын байқау. Осы-лармен танысып жүріп, өзін дік ерекшелікке ие екі-үш нәрсені бай қап қалғандай да болдық. Оның алғашқысы көк темгі қар суы орып кеткен жы р алардың ішіндегі ақсүйек боп жатқан әр-түрлі омыртқалы жа нуарлардың қаңқалары. Одан кейін көзімізге түскені – аңғар да ғы тастарға жабы-са қатып қал ған түрлі ағаш жа-пырақтары. Сон дай-ақ, осы арада өзіміз та ба нымызбен басып келе жат қан қызғылт құмның үстінде адам ізінің қалмайтындығын да айта кетейік. Бұған осы ке ріш тің өзіне су сіңдірмейтін ерек ше лі-гін, қоналқалық шатыр үшін қа-ғыл ған қазықтың 5 сантиметр-ден кейін-ақ дыңылдап тас- тай қа тып қалатын қасиетін қо-сайық.

Әрине, мұның бәріне сол сәтте, яғни аңғарды аралап жүр-генде жауап таба ал ма ға нымыз анық. Ертесінде Өс ке мен ге кел ген соң осындағы та ри хи-өлке тану музейіндегі маман-дар мен пікір алысқанымызда, олар төмендегідей ғылыми пай-ымдаулардан хабардар етті. Көлемі 300 гектар жерді қам-ти тын Қиынкеріш аумағы гео-лог Виктор Филипповтың зерт-теуіне қарағанда, ежелгі заман өсімдіктерінің 5 флоралық жә-не омыртқалылардың 4 фа у-на лық қабатынан тұрады екен. Сай ішіндегі біз көрген та с қа жабысып қатып қалған жа пы-рақ іздері мен белгісіз омыр т-

қалы жануарлар сүйектері сол палеонтологиялық және гео-морфологиялық табиғат ес кер т- кішінің белгісі болып шық ты. Ал құмды керіштің Марс пла нетасы рельефіне ұқсас қы зыл күлгін түсі мен басқа да ерекшеліктеріне кел сек, оларға әзір ге жауап жоқ. Мамандардың айтатын уәж дері осы мақаламыздың ба-сында келтірген есте жоқ ескі замандағы табиғат стихиясынан қалған өзгеріс ізі емес пе екен деген болжам.

Музей қызметкерлерімен кездесуіміздегі әңгіме соңында олардан мына жағдайды да естіп білдік. Кейінгі кезде шет ел мен Ресейден Қиынкеріш аң ғарын көріп, тамашалауға келетін адамдар қарасы көбейіпті. Әсіресе, көрші елдегі Мурманск, Нарьян Мар, Кемеров, Барнаул қалаларының тұрғындары толас- тамауда дейді олар. Солтүстік пен Тундра және Сібірдегі ұзақ қыстан мезі болып, мегаполис қалалардың еңсені басқан ауыр тірлігінен, шуылынан шаршаған жандар біз сөз еткен аңғардағы ашық аспан аясында шатырларын тігіп, апталап жатады екен. Осыдан екі жыл бұрын аталмыш өңірде Жапониядан келген саяхатшылар да 15 күн аялдап, Қиынкеріштің құпиясын білуге біраз әрекет жасапты. Ал Голландиядан ат ары тып жеткен табиғат қорғау де партаментінің натуралистері болса, қазақ жеріндегі келбеті сан құбылған осы бір аймақтың кө рі-ні сіне көздерін жұмып, ауызда-рын аша таңдай қаққан. Және бұл таңданыстарын жасырмай, өз әсер лерін бас бармақпен бағалап та кеткен.

Ал біз... Иә, өзіміз болсақ, мұндай жерге бармақ түгілі, қайда еке нін көп біле де бермейміз. Ен-жар мыз. Құлық сыз быз. Еліміз де-гі ондай ға жайып, көркем, құ пия-сы мол жер ге: «Бұл өзі осылай бол ған, себебі, бізде ол осылай бо луы тиіс», – деген тоқмейіл көз қа рас пен қараймыз да қоямыз. Өкі нішті-ақ...

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы

Марс пейзажыМұндай жерді шығыс қазақстандағы қиынкеріш аңғарынан көруге болады

Жәркен БӨДЕШҰЛЫ,

ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының

лауреаты

Бекен ҚАйрАтҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кенен – жүзден аса ән шығарып, өлеңін өзі жазып, өзі орындаған дарын иесі. Академик Ахмет Жұбанов: «Сүйінбай-Жамбылдан бері үзіл мей келе жатқан жетісулық ән дәс түрін жалғастырушы – Кенен. Оның әндерін композитор Л.Хамиди, С.Ша бельский 1934 жылы нотаға түсірсе, Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсына пайдаланды. Кененнің әндерін жинаған Б.Ерзакович. Ол әншіден 150-ден астам ән жазып алды» десе, әнші-зерттеуші Қажыбек Бекбосынов «Қазақ халық композиторлары әндерінің тари-хы» атты еңбегінде: «Кенен – Жетісу ән мектебін қалыптастырушы және біздің ауызша, жазбаша әдебиеттен естіп, оқып жүрген сал-серілердің жұрнағы» депті.

Сол сияқты, этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбек қазақтың әншілік мектебін өңірлік ерекшеліктерге бөле отырып, Кенен Әзірбаевті екі ғасыр жапсарына көпір болған санаулы саңлақтың бірі әрі қазақтың дәстүрлі сал-серілік, синкретті өнерінің соңғы биігі һәм жаңа заман жыршыларының басы депті.

Расында Кенен әндері интонациялық жағынан өте бай, тақырып аясы кең әрі тарихи-әлеуметтік мазмұнға толы.

Шығармашылық концертте әншінің «Күләшқа», «Келінжан», «Шырқа, дауы-сым», «Көкшолақ», «Қайран жастық», «Базар-Назар», «Ой жайлау» әндерін Саят Медеуов, Рамазан Стамғазиев, Гүлзира Бөкейхан, Нұрлан Албан, Ардақ Балажанова, Айгүл Иманбаева, Клара Төленбаева жоғары деңгейде орындап, көрерменнің көңілін қуантса, жыршының ізін жалғаған баласы Бақытжан Кенен ұлының да әкесінің сөзіне жазған бірнеше әні орындалды.

Шығармашылық кештен соң ке-нентанушы, филолог-ғалым Мырзатай Жолдасбековтен сұхбат алған едік.

– Көненің көзі, сал-серілерден қалған тәбәрік Кененді көрдім. Туған інісіндей, кейде туған баласындай болдым. Кей де жарықтық менімен құрдасындай қалжың-дасып отыратын. Сырласушы едік. Кенекең «Жеті жарғы» атанған Кебек байдың ұрпағы, қырғыздың ханы Шәбденмен терезесі тең атақты Ноғайбай бидің аталас туысы еді. Кенекемнің отырысы, жүрісі, тұрысы

өзгеше-тін. Сексен жасында қамшыдай жараған бәсіре сұлу торы төбел атына ырғып мініп жүре беретін. Қыран қабақ, алысты шо-латын, қырағы адам еді. Жыр қазынасы өте бай. Біразын Нысанбек Төреқұлов аузынан жазып алды. Қалғанын мен ақтардым.

– Әдеби шығармаларда Кененнің Балуан Шолақтан бата алғаны жайлы айтылады... Сол сияқты, басқа ұстаз­дары туралы не айтушы еді?

– Балуан Шолақ ата-бабасының мекені Шудың бойына келгенде бір ай жанын-да ілесіп жүрдім – деп отыратын. Одан кейін Шашубайды көп айтатын. Кененнің өзі үлгі тұтқан адамдар жайлы «Менің ұстаздарым» дейтін жыры бар. Сонда бәрі айтылады. Ұмытпасам, былай деп келеді:

Анам Ұлдар әнші екен, әкем де ақын,Ұстазым Сарбас ақын дүрілдеген.Шашубай мен Шолақтың әнін естіп,Мен де сондай болсам деп дірілдегем.Ақындардың дүлдүлін сонда көрдім,Даусын естіп Жәкеңнің күмбірлеген.

Қырғыздың Тоқтағұл мен Қалмырзасы.Еліктіріп әкетті жырыменен.– Кенен атаның көзі тірісінде

әндерін өзіне орындатып, таспаға түсі­ріп алған да сіз емессіз бе?

– Кененді жасы 80-нен асқанда Алматыға әкеліп әнін жаздық. Ол кезде ән жазатын жалғыз-ақ студия опера және балет театрын-да болатын. Аппарат та күшті емес, көшедегі ызың-шу қоса естіледі. Сол себепті, түн ор-тасы ауғанда жазатын. Студияда ара-ара-сында шай беріп отырмыз. Сонда Кенекең: «Ойпырым-ай, ал, Кенеке, айтып жібер десе, айта беріппін, айта беріппін. Айтқан әнім ескен желдей далаға кете беріпті, кете беріпті. Бұл кейінгіге керек-ау деген бір адам болмап-ты. Енді, міне, 80-нен жасым асқанда кәрі түйедей бақыртып отырғандарың мынау» – деп, кейігені бар еді. Байтақ әңгімешіл, жа-дысы өте мықты адам еді. Бірақ бұл Кененнің жас кезіндегі тік шырқау әндері сабасына түскен, жуасыған шағы-тын.

– Кенен жайлы Ғабит Мүсірепов «Кенен сал­серілердің соңғы сарқыты» деген екен, басқа кім дердің бағасын білеміз?

– Кенен туралы үлкен бағаны Мұхтар Әуезов беріп кеткен. Оны Кененнің өз ау-зынан естіген едім. Бір күні жазғы шілде бо-латын еді, – дейді Кенекең. – Талтүсте есік алдына келіп бір машина тоқтады. Атып шықсам, аударылып-төңкеріліп Мұхтар түсіп жатыр. Қасында әйелі бар. – Кенеке, Ыстықкөлде демалатын саяжайым бар еді, сонда жол тартып барамын, өте асығыспын, қолыңызды алып, бір кесе шай ішіп аттанай-ын, – деді. – Тез шай дайындаңдар, – дедім. Қатын-қалаш самауыр дың құлағынан ұстап далаға ала шапты. Балалар дереу бір марқаны сойып жіберді. Содан шай, әңгіме, домбыра, ән, қымыз, ет, асығып бара жатқан Мұқаң қонып қалады. Ертеңінде кетерінде: «Кенеке сізді бұрын да білетін едім. Сөздің турасын айтайын, жаттағанын айтатын жыршы шығар деуші едім, сіз даңғыл жы-рау екенсіз ғой, әбжіл шешен екенсіз ғой, көкірегіңіз даңғыл шежіре екен», депті ат-танарында Мұхаң.

Сал-серілердің соңғы сарқыты

Page 11: E-mail: info@egemen.kz 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да баяндай отырып, ұйымның құрылуы ... Одаққа мүше мемлекеттердің

17 сәуір 2017 жыл 11аймақ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматыдағы «Ғылым Ордасында» биыл алтыншы рет аталып өтіп отырған Ғылым қызметкерлері күніне орай «Қазақстанның үшін ші жаңғыру кезіндегі ғылымы» атты форум жұмысы аяқ­тал ды. Мемлекеттің Қазақстан ғылымына ерекше көңіл бө луі­нің көрсеткіші – Ұлттық ғылым академиясының 70 жыл ды­ғына арналған сессияға Президент Н.Назарбаевтың арна йы қатысып, ғылымды дамытудың басты бағыттарын ай қын дап беруі. Сондай­ақ, ғылым саласының басты міндеттері Ел ба­сы ның «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қа бі леттілік» атты Жолдауында да нақтыланған болатын. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қорқыт ата атындағы Қы зыл орда мемлекеттік уни вер си теті Қызылорда қаласы әкім дігімен, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, жақсы бір баста­маны қолға алды. Оқу орнының 80 жылдығына орай жақында университетті тәмамдайтын біт і ру ші студенттерге арналған «Түлек­2017» бос жұмыс орындары жәр мең кесі өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматыдағы Оқушылар сарайында «Білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Қазақстанның әр аймағынан жиналған 800­ге жуық мұғалімге білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыруға мүмкіндік берген бұл жоба «Бөбек» Ұлттық ғылыми­практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен іске асып отыр. үш күнге созылған семинар «Бөбектің» 20 жылдық мерейтойы аясында атқарылатын шаралардың бірі екенін айта кеткен жөн. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазіргі күні елімізде тұрақты жұмыс істейтін төрт цирк болса, оның бірегейі де байырғысы да – Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі. Насихаты аз, жарнамасы жет­пей жүр демесек, тарихы жарты ғасырға жуықтап қалған Алматы циркі өнер майталмандарынан кенде емес. Қазақ циркі Досбатыров, Күнғожинов, Қоржынбаев, Қоңырбаев, Орманбетов, Өселбаев, Шалабаев, Әбішев, Болатов, Хадиков сынды өнері әкеден балаға ауысқан цирк әулеттеріне қарыздар болатын. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

жаңғырту 3.0

Өнер

Өңір Өмірі

мерей

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде Қор акцияларын (қатысу үлесін) келесі активтерде сату барысы ту-ралы хабарлайды:

1. «Орал металқұралым және мырыштау зауыты» АҚ (29,77%);2. «Раннила Казахстан» АҚ (44%);3. «Pams Pipe» АҚ (100%);4. «А-КБК» ЖШС (100%);5. «White Fish of Kazakhstan» АҚ (42,34%); 6. «Ертіс химия-металлургия зауыты» АҚ (44,5659%).Сауда-саттық «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы

бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.07.2011 жылғы №802 қаулысына сай «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ веб-порталында (gosreestr.kz) өтуде.

Осының алдында өткізілген сауда-саттық (28.02.2017 ж., 04.04.2017 ж.) нәтижелері бойынша, қатысуға өтінім болмағандықтан, 6 актив бойынша аукциондар өткізілмеді.

«МЫРЗАБЕК-АЛТЫН ТАС групп» АҚ активі бойынша сауда-саттық өткізілді деп танылды. Аукцион жеңімпазы: «STEEL EXTRADE» ЖШС. Сату бағасы: 98 101 726,00 тг.

Үшінші сауда-саттықтың (бағаны төмендету әдісі) күні – 2017 жылғы 02 мамыр.

Қажетті барлық ақпаратты келесі сайттан таба аласыз: gosreestr.kz.Байланыс: Қазақстан, Астана қ., Қонаев к-сі, 8, «Изумрудный

квартал» бизнес орталығы, Б блогы, 31-қабат. Тел. 8(7172)559-596 ішкі 331, ұялы 8778-6050125, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. E-mail: [email protected].

ИП «Бакибаев С.Д.» уведомляет контрагентов о проведении еже-годного отчета по услугам подъездных путей, которое состоится в 15.00 часов 28 апреля 2017 года по адресу г. Астана, ул.Сейфуллина, 6/2, офис №1.

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Қазақ циркінің әртістері кезінде әлемнің ешбір циркі қайталай алмаған «Қос аттың астына өту» дей тін рекордтық трюкті жаса-ға нын қазір көрермендердің кө бі ұмытып та қалған болар. Біз дің цирк 1972-1978 жылдары ұлт-тық боя у лары бар «Эпос», «Жер гүлдері», «Да ла», «Медеу», «Бай қо-ңыр» жә не «Тыныс алған керу ен» қой ылымдарын дайындап, «Ша-бан доз жігіттері» нөмірі әлемді та-лай елді аралады.

Бұл күндері Алматы циркі үл-кен бір іс бітіріп отыр. Қазақ мем-лекеттік циркі жетекшілерінің көп-теп көздеген бір мақсаты – ци рк мұражайын жасақтау бола тын. Өт-кен аптада бұл арман жүзеге ас ты. Ерекше өнерге қалтқысыз қыз мет еткен манеж майталман да ры мұ-ражай төрінен орын ал ды. Осы-лай ша ешбір өнерге ұқ са май тын өнерді жасаған жан дар дың ше жі-ресі түгенделе бас та ған дай.

Әйтпесе Қазақ мемлекеттік цир кінің әртістері әлемге әйгілі Мон те-Карло (Монако), Мәскеу, Ижевск (Ресей), Ухань және Учао

(ҚХР), Астана, Рига (Латвия), Латин (Италия), Якутск (Саха Рес-пуб ликасы), Фигейрос (Испания), Париж (Франция) қалаларында өткен беделді халықаралық цирк байқауларында бірнеше рет бас жүлдені жеңіп алып, қайталанбас нөмірлермен көрермендерін таң- ғалдырғанын ұмыта да бастауымыз кәдік қой.

Қысқасы, Алматы циркінде ал ғаш рет Экспозициялық зал ашыл ды. Жә не осы оқиғаға орай-лас ұлттық цирк тің негізін қа лау-шылардың бірі, Рес пуб лика лық мем лекеттік эстра далық-цирк сту-дия сының алғашқы директоры, «Гүлдер» ансамблін құрған Қазақ КСР-інің халық әртісі Гүлжиһан Галиеваның 100 жылдығына арналған жеке көрмесі қойылды.

Әлемде түрлі түрлі цирк бар болса да, қазақ циркінің өз дара-лы ғы бар екенін осы Экспо зи ция-лық зал паш етіп тұр. Ұлт та ри-хындағы батылдық, ептілік, асау ар ғымақтарды бағындырып, ат құ лағында ойнау өнері ежелден әй гілі болса, халық ішінде құ ра лай-ды көзге атқан мергендер, желмен жа рысқан желаяқтар әлемді мой ын-дат қанына тарих куә. Ұлы далада

ата дан қалған дәстүрлі мәдениет за ман талабына сай цирк өнерінің өмірге келуіне ұйытқы болған жоқ па?!

Цирктің бұл кішігірім мұ ра-жа йы әлі де толықтыра түсуді та лап етеді. Бала кезден көңілде қал ған көзге ыстық бейнелер көр-ме ні сағынышқа бөлеп тұр. Мұ-ра жайда кәсіби ұжымның тұң ғыш қой ылымы 1970 жылдың 24 шіл-де сінде Саратов цирк мане жін де қазақ ұлттық «Медеу» бағ дар ла-масымен ашылғанынан бергі тари-хы менмұндалайды.

Көрмеде кезінде талайды таң-дай қақтырған цирк ұжымының 1972 жылы ерекше архитектура-мен салынған «Сиқырлы киіз үй» ғи ма ратына көшкеннен кейінгі ше жіресі де салмақты. Осы жылы ақын Жамбыл Жабаевтың 125 жыл-дық мерейтойына орай жаңа цирк ғи ма ратында «Таңғажайыптар же-рі» бағдарламасы көрсетілді. Бұл та рихи қойылым қазақ цирк өнері қалыптасуының негізін қалады. Бағдарламаның қоюшы режиссері

КСРО халық әртісі Вилем Головко болса, мюзик-холл сценарийін жазған Олжас Сүлейменов пен Олег Левицкий, әнін орындаған «Дала қызғалдақтары» цирк ансамблінің тұңғыш орындаушысы Нағима Есқалиева болатын.

Біткен іске ұйытқы болған Қазақ мемлекеттік циркінің директо ры Бақыт Бөкебаев алғашқы мұра-жай дағы сирек суреттер мен бұй-ым дарды цирктің байырғы әр тіс-терінің үйлері мен ұрпағынан бір-тін деп жиналғанын айтады. Ашылу сал танатында 1976-1987 жылдары Мәдениет министрі болған Же к-сем бек Еркімбеков тамаша ес те-лік терін төкті.

Экспозициялық залдың ең ал-ғаш қы келушілері осы сәттердің бәріне куә болды. Оның үстіне цирк әр тістерінің атрибуттары, сахналық реквизиттер, клоундардың сиқырлы қалпағы осынау ерекше жанрға бір талант болмаса, екінші талантты тартатыны сөзсіз.

АЛМАТЫ

Алмас НүСІП,«Егемен Қазақстан»

Рухани-адамгершілік білім беру идеясын тарату мен педа гог-тардың кәсіби-тұлғалық дамуы-на көмек көрсетуді мақсат еткен үш күндік семинар «Тәрбиесіз бе ріл ген білім – адамзаттың қас жауы» деген әл-Фарабидің сө зін еске түсіреді. Үш күн бойы жал-пы адамзаттық құндылықтарға не гізделген білім беру мектебінің не гізін қалаушы, таиландтық пе-дагог ғалым, доктор Арт Онг Джумсаи дәріс оқыды. Ға лымның

көпшілік назарына ұсынған жалпыадамзаттық құн дылықтарды біртұтас білім бе ру үдерісіне инте-грациялау тә жірибесі бүгінгі таңда әлем бой ынша қызығушылық ту-дырып отыр. Көршілес елдердің ға лым дары мен педагогтары «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу-әдіс те ме лік кешенді әзірлеушілер «Өр леу» БАҰО АҚ-ның рухани-адам гершілік білім беру бойын-ша тренерлері, «Бөбек» орта-лы ғының біліктілікті арттыру ку р с тарының тыңдаушылары Қазақ станның түрлі өңірлеріндегі мек тепке дейінгі мекемелердің, мек тептердің, колледждер мен жо ғары оқу орындарының мұ-ға лімдері мен басшыла ры, «Бө-бек» орталығының қыз мет кер л е-рі аталған мәселе бойынша дә ріс тыңдап, білімін арттыруға мүм-кіндік алды.

Қала әкімінің орынбаса ры Арман Қырықбаев Сара На зар -баева ның отандық бі лім бе ру жүй-есіне «Өзін-өзі та ну» бағ дар ламасын енгізу бой ынша қос қан зор үлесін

атап өтті. Со ны мен қатар, қолға түсе бер мей тін доктор Джумсаидің шебер ха насымен танысу мүм кін-дігі екі нің біріне бұйыра бер мейтіні де айтылды.

Шараға жеткіншектер мен жас өспірімдерге арналған көп-теген білімдік және шығар ма-шы лық жобаларды іске асырып отыр ған «Жандану әлемі» қо ры -ның негізін қалаушы Әлия Назар -баева, атқарушы директоры Қай-рат Исаханов бастаған құр ме тті қонақтармен қатар, Ресей, Әзер-бай жан және Қырғызстан елде рі-нің өкілдері де қатысты.

Семинардың ашылуы мен ж а-бы лу салтанатында «Өзін өзі тану» гим назиясының оқушылары мен колледж студенттері, «бөбектік» бүл діршіндер ұсынған концерттік бағ дарлама да бейбітшілік пен адам ға деген махаббат арқылы адам дардың бірігуі идеясына құ-рылған.

АЛМАТЫ

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан»

Жәрмеңкеге келген жас тар дың саны 800-ден асады. Би ыл дипло-мын қолға алатын олар ды «бірден жұмысқа кім ала қой сын?» де-ген де сұрақ қылаң беруі мүмкін. Бірақ жәрмеңкеге келген жұмыс беруші тарапты көр генде көңілдегі күдік сейіле түс ті. Онда 107 жұмыс беруші та раптың өкілі келіпті. Оның ішін де білім беру ұйымдарының, өн діріс орындарының, құрылыс ком панияларының, телекомму н-и кация орталықтарының, мем ле-кет тік органдардың басшылары мен өкілдері бар. Мың түрлі ма-ман дыққа сан түрлі жұмыс ұсы ну -шылар бар екен.

Көңіл қуантқаны, бұл шараны жәрмеңке өтті, бітті деген же леудің қат арына қосу қисынсыз. Өйткені, жәрмеңке барысында Қорқыт ата аты ндағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профес-

сор Қылышбай Бисенов 12 түлекке жұмысқа ор наласуға жолдама та-быстады. Екі-үш айдың көлемінде оқу бі ті реді, ал жұмысы болса дай-ын. Осынд ай жағымды әсер сый-лайтын жағдайлардың қоғамдағы қас аң қағидаларды бұзуға ықпал жа сайтыны жақсы.

Сол жерде жұмысқа орналасуға жолдама алғандардың бірі – уни-вер ситеттің 4-курс студенті Дан а Жорабай. Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №171 ор та мектебіне ағылшын тілі пәні мұ-ға лімі бойынша жолдама алған ол оқуда да озат екен. Бастысы, тө рт жыл бойы оқыған еңбегінің зая етпей, жұмысқа орналасуға оң ықпалын тигізгенін көңілге ме дет тұтады. Дана өндірістік тә-жі ри беден өтетін кезде аталған мек тепке барған. Ағылшын тілі пә нінен сабақты жақсы беріп, бас шының көзіне түскен. Ұйым-дас тырушылық қабілеті бар, оқу үл герімі жақсы маманнан кім ай-ыры лсын?! Жақсы кадр қай жерде де бағалы. Университет осындай сту денттердің практикадан өту к ез-еңін ескере отырып, 40-тан аса ме-кеме мен ұйымдар арасында әлеу-меттік әріптестік орнатқан.

Мектеп дегеннен шығады, қа-зір гі кезде елімізде педагогика

са ласында орыс тілді мамандарға сұ раныс жоғары. Бұл мәселе Сыр өңі рінен де шет қалмаған. Мә се лен, жәр меңкеге келген қала да ғы №9 мек теп-лицейінің өкілі бас тау ыш сы ныптың орыс тілді үш бір дей ма маны керектігін айтты. Со ған қа рағанда, орыс тілі мен әде би етін бі тіретін тү лек тер жұ мыс із деп, көп сабыла қой май ды-ау.

Өткен оқу жылында 633 тү-лек осы оқу ордасынан қанат қа қ қан. Бүгінде 85 пайызы жұ-мыс қа орналасыпты. Бұл – үл кен нә тиже, нақты көрсеткіш. Сон-дай-ақ, универ ситет тү лектер оқу бі тіргеннен кейін үш жыл қа та-ры нан тұрақты түрде монитори нг жүргізіп отырады. Онда жас ма-ман дардың жұмысқа орналасуына, қызметте алға қарай жылжуына ерекше мән беріледі.

Жәрмеңке соңында универ-си тет ректоры Қ.Бисенов жұмыс бе руші 9 мекеменің өкілі: Қы зыл-орда облысының әділет де пар-таментімен, «Атамекен» кә сіп -

керлер палатасының Қызыл ор да облыстық филиалымен, Ау ыл шаруашылығы ми нис тр лігі Су ре сурстары коми т е ті нің ша руа-шы лық жүргізу құ қы ғын да ғы «Каз сушар» рес пуб ли ка лық мем-ле кет тік кәсіп ор н ымен, Тұ тын -у шылардың құқық тарын қор ғау ко митетінің «Ұлттық сарап тама ор т алығы» шаруашылық жү ргізу құ қындағы республикалық мем-лекеттік кәсіпорынмен, Қызыл-орда облыстық филармония-сы мен, №3 мектеп-лицейімен, «Ақ-Ильяс» балабақшасымен, «EcoGuard» ЖШС және Қазалы ауданындағы «Сыр Маржаны» ЖШС мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың университет түлек-терінің жұмысқа орналасуы кезінде кәдеге жарайтыны анық.

Кәсіби білім берумен қатар, жас маманның жарқын бола ша ғын ой-лап, жұмыс табуына жәр демдесу сауапты істің қата ры нан болса керек. Олай болса, мамандар ды дай ын дап қана қой май, олардың жұ мысқа орналасу ына да септігін т игізіп отырған уни верситет ұжы-мы на алғыстан бас қа айтарымыз жоқ.

ҚЫЗЫЛОРДА

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Форумды ашқан Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев отандық ғылым туралы әңгімесін «Ғылымда немен айналысуға бола-ды? Ғылыммен кім айналысуы ке рек? Ғылыми жұмысты қалай дұ рыс ұйымдастыру керек?» де-ген үш сауалға жауап беруден бас тады.

Жаңа, заманауи әлемдік эко-но микадағы бәсекеге қабілетті ел дердің 70 пайызы адам капита-лына арқа сүйейді. Адам капита-лына сүйенбеген шикізат өндірісі, дамыған инфрақұрылым, тіпті өндірістің өзі бүгінде 20-25 пайызға дейін қысқарды. Жетекші елдердің бәрінде нано, био, цифрлық тех-нология, ген инжинериясы, эко-ло гиялық технология, жасанды ин теллект дамып, өндіріске кибер-физика жүйесі енгізіліп жатыр. Гу манитарлық ғылымдар мен зер т теу лер де кеңінен дамып ке-ле ді. Қа зақстан ғалымдары да соңғы жылдары тау-кен, мұнай, химия салалары бойынша қуатты ғылыми база жасақтай алды, на-нотехнология да үздік ғылыми жетістіктер көр сете бастады, тео-рия лық физи када, математика-да, химияда ғылыми тегеурін қа-лып тасып келеді. «Ғылым не-мен айналысуы керек?» дегенде, Е.Кенжеғалиұлы «жылдар бойы қа лып тасқан ғылыми мектебімізді

тү бірімен жоққа шығармай, керісінше, оны қолдай отырып, ғылыми ізденістер көкжиегін ке-ңей те түсудің дұрыс» екенін айт-ты. Қазақстанға 1 миллион жоғары бі лімді маман жетіспейді. Ал ғы-лымдағы дамуды есепке алсақ, біз ге қарағанда, Ресейде жоғары бі лімді адам 17 миллионға артық. Са у-

атты, интеллектуал ұлтқа айналу – ұлы мұрат. Бүгінгідей көз ілес пес жылдамдықпен дамып бара жат қан кезеңде бір ғана интеллек ту ал тұлға немесе білімді топ тұтас са ланың жұмысын атқарып бере алады.

Ал «ғылыммен кімдер айналы-су керек?» деген сауалды тарқатпас бұ рын, білім мен педагогика ғы-лы мына назар аударылуы тиіс. Жас тар жаңаша ойлауды үйренуі ке рек. Ғылым тілінің мәртебесін бү гінде ағылшын тілі жеңіп алған.

Ғылым үшін ағылшын тілін білу ма ңызды әрі міндетті. Министрдің ай туынша, ғылым салалары бой-ынша бөлінетін гранттар саны 31-ден 36-ға, 7-ден 10-ға дейін артады. Сондай-ақ, PhD жүйесінде де өз-ге ріс болады. PhD әзірлеу 600-ден 1000-ға дейін өсті, ең бастысы, ақы лы дайындау жүйесі енгізілді. Ен дігі жерде олардың дайындығы зерт теуге бөлінген грант аясында қа ралатын болады.

Е.Сағадиев тіл мәселесіне ай -рықша тоқталды. «90 пайыз қа-зақтың баласы бүгінде қазақша оқып жатыр. Биыл ҰБТ-ға 80 пай ыз қазақтілді оқушы келеді, ал мен мектепте оқыған жылда-ры Алматыдағы 65 мектептің тек біреуі ғана қазақ мектебі бол-ған еді. Бүгінгі аса назар аудара-тын проблемалардың бірі – орыс

мектептерінде оқитын 500 мыңға жуық бала 11 жыл оқыса да, қазақша сөйлемейді. Демек, әдіс-темесі дұрыс емес. Ахмет Бай-тұр сынұлы атындағы Тіл білімі инс титуты жасап берген алғашқы жо баны биылдан бастап енгізгелі отыр мыз. Сынаққа алынатын 100-150 мектеп тиімді нәтиже көрсетіп жат са, 2019 жылдан бастап барлық орыс мектебіне енгізе бастаймыз. Бұл жоба, ең алдымен, баланы сөй-ле туге арналған» деді министр.

Сондай-ақ, ол Президенттің үне мі қынжылыспен еске сала-тын ғылым мен өндірістің алшақ жатқаны туралы ескер т песінің орынды екенін, осы тө ңі ректе де бірқатар жобалардың қол ға алынғанын жеткізді. 2016 жы-лы бизнес ғылыми жобаларды қаржыландыруға 1 млрд теңге бөлген болса, 2018 жылға қарай бұл қаржы 7 млрд теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Форумда Ұлттық ғылым ака де-миясының президенті М.Жұ ры нов, Сенат депутаты А.Би жа нов, ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов, «Ғы лым қоры» АҚ пре зиденті Ә.Сұл танғазин, Қазақ-стан ЖОО қау ымдастығының пре-зиденті Р. Алшанов ғылым әлеуетін артты ра отырып, отандық ғылымды да мы ту, бәсекеге қабілеттілікті жол-ға қою, инновациялық мүм кін дік-

тер дің тынысын ашуға байланыс-ты баяндамалар жасады. Форум со ңында ғылымның әр саласында ең бек етіп жүрген үздік ғылыми қыз меткерлер ведомстволық наг-радалармен марапатталып, ғы-лыми-зерттеу институттарының ди-ректорлары мен жетекші ғалым да ры секцияларға бөлініп, өз сала сындағы өткір мәселелер төңі ре гін де пікір алмасты.

АЛМАТЫ

Ғылымға адам капиталы маңызды

Рухани құндылықтар насихатталды

Қазақ циркі үлкен бір іс тындырды

Студенттер жұмыс іздеп сабылмайды

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана 37-64-48, 37-60-49.

Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11.

Электронды пошта: [email protected]

Page 12: E-mail: info@egemen.kz 17 С УІР, Д ЙСЕНБІ Экономикалы’ …да баяндай отырып, ұйымның құрылуы ... Одаққа мүше мемлекеттердің

12 17 сәуір 2017 жылдидар

Өнеге

Бұл бас киімді Байтұрсынов та киген

Азамат ҚАСЫМ,«Егемен Қазақстан»

Белгілі журналист Бауыржан Омарұлы қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов жайында ой толғаған «Қай­рат кер­қалам» атты эссесінде мынадай бір детальды келтіреді. «Бірде әкесі бас киімімен ойнап жүрген баласына ренжіп, «Бас киіміне ие бола алмаған адамның басын ертең әркім доп қылып тебеді», – деп кейістік білдіріп еді. Содан бері бас киімін ғана емес, бар киімін қадірлеп, кез келген адамның басын бағалауды өмір салтына айнал­дырды» деп жазады. Бас киім тура­лы бекерге айтып отырған жоқпыз. Семейде Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармония бар. Осы өнер ордасының директоры Адай Азаматов қашан көрсеңіз де, басынан биіктеу келген, төбесінде бауы бар қара түсті бас киімді тастамайды. Оған жұрттың көзі де үйреніп кеткендей. Жуықта бір кездескенде ағамыздан ерекше үлгідегі бас киімі туралы сыр суыртпақтадым. Сөйтсем, мұның өзіндік қызық тарихы бар екен.

– Бұл бас киімнің аты фэско деп ата­лады. Мұны кезінде Ахмет Байтұрсынов сынды алаштың ардақтылары да киген. Бұған құмартуымның өзіндік сыры бар. Тоқсан екінші жылы Алматыда белгілі әнші, сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың шығармашылық кешін өткізуге мұрындық болдым. Кешке Алматыдағы қазақтың өнерсүйер зия­лы қауым өкілдері түгелдей жиналды. Олардың арасында қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпанов та бар еді. Сол кездесуде Асқар ағаның басындағы фэскосына қатты қызықтым. Рұқсат сұрап, киіп те көрдім. Менің басымдағы фэскосын көріп: «Сізге өте жарасады екен» деді сүйсініп, артынша: «Пока я живой, я тебе не разрешаю», деді орысшалап. Бетке тура айтатын, тік мінезді адам еді ғой. Асқар аға қайтыс болғаннан кейін алты айдан соң осы бас киімнің үлгісін тауып, арнайы тапсырыс­ пен тіктірдім. Содан бері бұл фэсконы басымнан тастамаймын. Семейде мұны менен басқа ешкім кимейді. Соңғы жылдары ұлы Абай атамыздың жиені Балташ Ерсәлімов ақсақал киіп жүр. Бірақ ол кісінікі бұдан төмен. Әуелде фэско кигенімді қасымдағы жора­жол­дастарым, таныстарым қызық көретін. Тіпті, «татар келе жатыр», «Адай әпенді келе жатыр» деушілер де болды. Қазір көздері үйренді, – дейді Адай Азаматов.

Шығыс Қазақстан облысы

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторАмантай ШӘРІП

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыҰларбек НҰРҒАЛЫМ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] жарнама-ақпарат бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (701) 3757434;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ШендеСТІрУ

Қазақ – қашанда қазақ!

Бабамның болмысында от ойнаған,Жалыны жан-жүректе атойлаған.Еңбектен тауып әркез ырыс-құтын,Жер жыртып, егін егіп, соқа айдаған.

Дүрілдеп даласында тракторы,Жайқалып көк егінмен қырат-қыры,Шашатын дастарқанға бауырсағынҚазақтың таусылмасын шуақ күні!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ,«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

jasqazaq.kz

БәрекелдІ!

ТалБеСІк

БУырқанған БояУлар

–––––––––––––––––––––––––«Жасыл ел» жазғы бағдар ла ма­сына биыл екі мың атыраулық жас қатысады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 600 ғана болып еді. Биыл қаланы көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық таза­лық жұмыстарынан бөлек ауыл ша руашылығы, құрылыс са­лалары да бағдарлама аясына енгізіліп отыр. Осы мақсатқа 140 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. –––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жақында астаналықтар жапон суретшісі Ясуаки Онишидің тылсымға толы туындыларына куә болды. Көрме залын бір шолып шыққанда драмалық қайшылыққа толы сезімдерді бас­ тан кешсеңіз, келер сәтте жаныңыз барақат табар мүлгіген тыныштыққа бөленесіз. Бейне бір ақ қанатты періштеге айна­лып, әп­сәтте күнәсіздер әлеміне өтіп кеткендей күй кешесіз.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ақ пен қара

(Соңы. Басы 1-бетте)

Ұлттық на мыс деген­нен шығады, ән ші міз ден жанкүйерлері «Сүй ік ті кі­табың қандай?» деп сұ раса, Мұхтар Әуезов тің «Абай жолы» романы туралы ай­тып беріпті. Содан кейін әде биетіміздің классикалық туын ды сы ның қытай тілін­де гі аудар ма сының сатылы­мы да к ү рт артқан кө рінеді. «Ди маш оқыған кітапты біз де оқу ымыз керек» дейтін өз ге ұлт өкіл дерінің шоғыры қа лың.

Жетінші кезең ше?.. Ж е ­тінші ке зең де Димаш өз ре ­пе ртуарындағы «Дай ди дау» әні мен тың дар ман дар дың жа­нын те бі рент ті. Қытай жұ р­ ты қа зақ тың саф алтындай ұлт тық өнер на қышына тәнті бол ды. Қа зақ баласының әні­нен кей і н оның жобадағы

әріп те сі, қытай лық әнші Ли Жян: «Димаштың әні аса шы найы шықты. Оның бұл ән ді жанына сіңіргені бай ­қа лады. Димаштың кө зін де өмір дің сан қырын көрген адам ның бейнесі бар. Бұл оның әртістік қабілеті емес, та ланты», деп әділ бағасын бер ді.

Осы жоба Димашты Қы­тай еліне танытса, Димаш та аталған байқауды бас қа шет елдерге танытты деу­ге бо лады. Себебі, ол ағыл­шын, орыс, француз, италия тілдерінде әндер шы р қа­ды. «Қытайда Димаш пен Қазақ с тан қазір егіз ұғым ға ай налды. Мен мұны өз кө­зім мен күн сай ын көремін. Ди маш ты Қы тай дың тоқ­сан пайызы біледі де сем, өті рік болмас», дейді әнші­нің менеджері Алпамыс Шаримов.

Оның айтуынша, жан­кү й ерлері Димаш сахнаға ки іп шыққан киімді кигісі, оның қо лындағы заттарды ұс тағысы келеді екен. Енді біз дің ұлдың бейнесімен ком пьютерлік ойындар шық­пақ. Он да да Димаш кө ­рермендерімен «Да й ди дау­ды» салған бейнесімен жүз­де седі.

Соңғы бәсеке жайында бі рер сөз. Димаш онда өзін «Музыка саласына төңкеріс әкел ген талантты әнші» деп мойындаған қытайлық та­нымал өнерпаз Шан Вэнь­ц земен қосылып, Майкл Джек сонның «Earth Song» жә не «Dangerous» әндерін орын дады. Қытайдың ақ­парат құралдары мен әлеу­мет тік желілерінде қан дас ы­ мызды жобадағы «Супер ән ші», «Singer­2017» теле­жо басының брен ді» деп ба ғалағандар да кездеседі. Ми л лиондаған пікірлердің ішін де Қытайдың танымал «Netease» сай ты ның пікірі бы лай өрбиді: «Ди маш жо­ба да жарқырап көзге түсті де, көк жиекті жарып шыққан қа­натты тұл пардай әлем ке ңіс­тігіне самғады. Ол жо ба ба­рысында миллиондаған жан­дар ды өзіне тәнті етіп, ауди­ториясына терең махаббат дарытты. Финалдың нәтижесі қалай болса да, Димаш бұл жобаның жеңімпазы».

Айта кетейік, жүл де гер­ле рдің тағдырын кө рер мен за лында отырған 500 адам ше шті. Олар ақырғы же­ңіс ті тартысқа толы бә се­кеде барлық кезең бойын­ша Димашпен үзеңгі қа ғыс­тырып келе жатқан Sandy Lam­ға берген.

Ая ӨМіртАй,«Егемен Қазақстан»

Бұл ұлттық және халықаралық сыйлықтардың иегері Ясуаки Онишидің Орта Азия аумағында өтіп жатқан алғашқы көрмесі. Көп шілік назарын аударған «Vertical Emptiness» атты компо­зи циясы расымен кісі ерекше қы­зы ғарлықтай көктен салбырай ілін ген ағаш бұталары әуелде дис сонанс тудырады. Крис тал­мен көмкерілген бұталар те ре­зедегі қысқы қыраудай жылты­рай түсіп, қаңтардағы салқын ыз ғар лебі желпіп өткендей бір се рпілтеді.

−Біздің шынайы әле мі міз­ден бөлек, көзге кө рін бей тін па­раллельді әлем бар. Шы ғар ма­ларымда осы кө рін бейтін әлем­нің кей тұс тарын бей нелегім

келеді. Астанаға кө мек шім екеу­міз сәуірдің басында келдік. Тұп­тура 12 күн бойы таң ғы алтыдан, кешкі алтыға дей ін жұмыс істеп, көрме алаңын құр дық, дейді суретші.

Ол жұмыстарына негізінен по лиэтилен таспасы мен желім қолданады. Мысалы, «Vertical Emptiness» инсталляциясына 12 келі желім жұмсаған.

− Ілінген бұталарға сұйық же лімді бірнеше қабат етіп арна­йы тапанша атамыз. Сосын ком­позицияға тозаң эффектісін бе ру үшін карбамид пен су ара лас қан қоспаны шашамыз, дейді суретші.

Автордың композициялары­нан оңай қабылдауға көне бер­ме й тін абстракционизм ұшқыны қы лаң берсе, енді бір лирикалық кө ріністерінен періштелік та за­лық тың белгісі сезіледі. Мысалы,

қатарласа ілінген мына қара түсті картиналарға бір көз салғанда ештеңе байқамауыңыз мүмкін. Аздан соң қара фонға қым­қиғаш, ай налдыра шашылған желім жұқ­палары иіріміне сүңгітіп әкет­кенде, маздай жанған от ал дында отырғандай, тесірейіп тұ рып қал ғаныңызды өзіңіз де аң ғар­май қаласыз. Суретшінің өзі айт­қандай, бірізділік жоқ картинала­рын әркім өзінше түсінеді, тіпті түсінбеуге де қақысы бар.

− Мен жаратылыс ты танып­білу үшін небір тә сіл дерді қол да­намын. Менің шығар ма ла рымда нақтылық жоқ, әр кө рер мен өзінше ұғады, өзінше тү сінеді. Ин тер претацияға шектеу жоқ. Кө біне адамдар мұндай көріністі тү сін де көргендерін айтып жата­ды,− деп жымияды ол бізге қа­рап.

Жапонияда туып­өскен Ясу­аки Ониши Цу ку ба уни вер ситеті мен Киото қа ла сын да ғы Өнер универ си те тін де білім ал ды. Оның «Әлем жо лы» атты жұ­мысы (2011) Оса ко да (NMAO) Ұлт тық көркем му зей інде тұр. Нор вегия, Дания, Из ра иль мен АҚШ арт галлереяла ры­мен белсенді жұмыс істеп ке ле жатқан суретшінің «Revers of Vоlumе» атты инсталляция сы Па риждің Maison Bleu сту дия­сын дағы «Vide et Plein» жыл сай­ын ғы дәстүрлі көрмесінің бас ты объ ектісі. «Kulanshi» за манауи өнер орталығының ұйым дас ты­ру ымен өтіп жатқан көрме мамыр ай ының соңына дейін ашық.

Суретті түсірген Ерлан ОМАрОв,

«Егемен Қазақстан»

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Жастар бригадасына қатысатын студенттердің жалақысы – 60 мың теңге. Сондай­ақ, спорттық, интеллектуалдық ойындар, түрлі шығармашылық ша­ралар да ұйымдастырылады. Ал еңбек екпінділеріне ЭКСПО­2017 көрмесіне жолдама беріледі, – дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев.

АтЫрАУ

Жастар – «Жасыл елге»

Дүние сүйсінген Димаш