93 (3150) 2014-08-21

16
ǹʵǷǿʵDzʵDZ ˏǴǬǷǨǧȆǴ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě93 ÂÆÊÒÆμ 21 ÓÁÍÜÈ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +32°..+30° +21°.. +19° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄë íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì БАСПАНА ЛЫ БОЛУ ДЫН ˯ˬˢ˟˵˧˭˞˧ ˙˘˳˱˘ˮ˘ ʹ ϮϬϮϬ ˙˘೦˞˘˲ˬ˘˭˘˳ˮ೮ ʮ˘˳ ˯˵˙˘˳ ˙˘೦˵ˮ˘ ೪˘˵˳˵ ˢ˘೪˳ ˢ˘೮˘ˬ೪ ˢ˟˵˵˧ ʥ˛˧ˮ˛˟ ˞˟˥˧ˮ˛˧ ˵˘ˬ˘˱ ˙˯˥ˮ˾˘ ˙˘೦˞˘˲ˬ˘˭˘೦˘ ೪˘˵˳˶˾ˬ˘˲ ˵ˬ˟˭ ೪˘˙˧ˬ˟˵˵˟˲˧ˮ ˲˘˳˵˘˶೦˘ ˵ˤ˧˳ ˙˯ˬ˘˵ˮ ʫˮ˞˧ ˙ˬ ˵˘ˬ˘˱ ˘ˬˮ˱ ˵˘˳˵˘ˬ˞ ʮ˘˳˵˘˲೦˘ ˢ˟೮˧ˬ˞˧˪ ˢ˘˳˘˶˞ ˢˮ ˳˘ˮ˘೦˘ˮ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮˮ೮ ˵˲೦ˮ ˥ ೪˲ˬ˳ ˢˤˮ˘೪ ˙˘ˮ˪˧ ʤ ˯˳ˮ˞˘˥ ˾˟˾˧˭ ೪˘˙ˬ˞˘˱˵ ˃˟˪ ˱ഉ˵˟˲˞˧ ˢ˘ˬ೦˘ ˘ˬ˶˾ ˙˘ˮ˪˪˟ ˵˧ˮ˧˾ ˙˟˲˛˟ˮ˛˟ ˞˟˥˧ˮ ϲͲϭϮ ˘˥ ˧˾˧ˮ˞˟ ˢˤˮ˘೪˵˘˶ ˳˘ˬ˭˞˘˲ˮ ˘˥ ˳˘˥ˮ ˶˘೪˵ˬ ˳˘ˬ˱ ˯˵˲˳˘ ˙˯ˬ೦˘ˮ ʽˬ ˾˧ˮ ˧˲˧˪˵˟˶˞˟ˮ ˵˪˟ˮ ˘ˣ˘Ͳ ˭˘˵˵˘˲ ˘ˬ˞ˮ ˘ˬ˘ ˙˘ˮ˪˵˟ˮ ˾˯˵ ˘˾˱ ೪˘˲˘ˢ˘˵ˮ ˢˤˮ˘೪˵˘˥ ˙˟˲˶˧ ˪˟˲˟˪ ʺഉ˳˟ˬ˟ˮ ˘˶˭˘೦ ϲϬ ˾˭ ˢ˘˥ˬˬ೦ ϰͲ˳ˮ˱˵ ˟˪˧ ˙ˬ˭˟ˬ˧ ˱ഉ˵˟˲˞˧೮ ˙˘೦˘˳ ϲ ϬϬϬ ϬϬϬ ˵˟೮˛˟ ˞˟˳˟˪ ˯೦˘ˮ ˙˘ˮ˪ ˳ˮ೦˘ˮ ˘˥ ˳˘˥ˮ೦ ˭˧ˮ˞˟˵˵˧ ˳˘ˬ˭ ʹ ϯϭ ϴϬϬ ˵˟೮˛˟ ʫ˛˟˲ ˘ˬ˵ ˘˥ ˙˯˥ ˙ˬ ˳˯˭˘ ˵˯ˬ೪ ഉ˲˧ ˵˲˘೪˵ ˳˘ˬˮ˱ ˯˵˲˳˘ ˮ˟˭˟˳˟ ˭˟˲ˣ˧˭˧ˮ˟ˮ ˙˲ˮ ˵ˬ˟ˮ˳˟ ˯ˮ˞˘ ˙˘೦˞˘˲ˬ˘˭˘೦˘ ೪˘˵˳˶˾೦˘ ˵ˬ˟˭ ೪˘˙˧ˬ˟˵˵˧ˬ˧˛˧ˮ ˲˘˳˵˘˶˞೮ ೪˘ˢ˟˵˵˧ˬ˧˛˧ ˢ˯೪ ɅɛLJƼɅɅƼȽǗǍ ТИIМДI ЖОЛЫ Ę¼ÊÃ¼É Ě·ÃÒÄ ĘÇ°»¼Ä ÅÀ·ę·Ä Ě·»·Ã ¸¿ Ĝļǰ »¼ Ě·½ÒÇÂÒ ¼ě¸¼ÁÉ° É·Â·Æ ¼É¼»° ///////////////////////////////////// //////////////////////////////// ///////////////////////////////////// ///////////////////////////// ǎƲdžǁLJǁDž ǎƲLJǀǁǍǏ Бейсенбі, 28 тамыз күні сағат 10.00-11.00 аралығында Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат ӘБУЕВА бұқарамен тікелей тілдесуге шығады. Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-19 телефонына немесе алдын ала astana-akshamy.kz сайтына хабарласуға болады. 16 4 5 ƽǁǎ ɅƼǎǎƼLJǗNj ǂƼǎɅƼljǀƼ NJɅǏ ǂǗLJǗljƼ NJnjƼDžLJƼǍ ǂʃnjLjǁɍdžǁ ʺ˟˪˵˟˱˪˟ ˢ˯ˬ ˲˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘ˬ೪ ˘˪Ͳ ˻ˤ˳ ˘˳ˮ˞˘ ˵˧˱ ˢ˘˵೪˘ˮ ˢഉ˲˭˟೮˪˟ ˢ˘ˬ೦˘˳˶˞˘ ˁ˟ˮ˙˧ ˪ˮ˧ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ഉ˪˧˭˞˧˛˧ˮ˧೮ ˘ˬ˞ˮ˞˘೦ ˯˲˵˘ˬ೪ ˘ˬ˘೮˞˘ ʤ˳˵˘ˮ˘ ʤˬͲ ˭˘˵ ˘˲˘೦˘ˮ˞ ˌ˭˪˟ˮ˵ ೪˘ˬ˘ˬ˘˲ ˵˘˶˘˲ ˮ˞˧˲˶˾˧ˬ˟˲˧ˮ˧೮ ೪˘˵˳˶˭˟ˮ ˵˟˵˧ˮ ˢഉ˲˭˟೮˪˟˞˟ ʤ˳˵˘Ͳ ˮ˘ ˵˧˛˧ˮ ˮ˟˲˪ഉ˳˧˙˧ ʮˌˁ ;ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳Ϳ ˁ˯ˣ˵˟˪˳˵ˤˬ ʮˌˁ ʤˮ˛˟ˬ˺˟˲ ˵˧˛˧ˮ ˹˘˙˲ˤ˪˘˳ ;ʤˬ˭˘˵ ೪˘ˬ˘˳Ϳ ʧ˘˶˺˘˲ ˵˧˛˧ˮ ˹˘˙˲ˤ˪˘˳ ;ˌ˭˪˟ˮ˵ ೪˘ˬ˘˳Ϳ '>^^DE ʮˌˁ ;˃˘ˬ೦˘˲ ೪˘ˬ˘˳Ϳ ʤ˵˘˭˲˘ ˪˯˲˱˯˲˘Ͳ ˻ˤ˳ ʮˌˁ ;ʤ˙˘˥ ˞˪˟ˮ˧Ϳ ˭˟˪˵˟˱ ˹˯˲˭˘Ͳ ˳ˮ ˪˟೮˳˟ ˵˘˶˘˲ˬ˘˲ ˭˟ˮ ˯೪˶ ೪˲˘ˬ˞˘˲ˮ ˵˭˟ˮ˞˟˵˪˟ˮ ˙˘೦˘˭˟ˮ ˳ˮ˘˞ ʤ˵˘ˬ˭˾ ˢഉ˲˭˟೮˪˟ ˙˘˲˳ˮ˞˘ ʽ೪˶˾ˬ˘˲ ˳˘˲˘˥ ˮ˟˲ ˭˟˪˵˟˱˵˟˲˧ˮ˧೮ ˵ഉˬ˧˭˛˟˲ˬ˟˲˧ ˵˘˭˘˾˘ ˪˯ˮ˻˟˲˵ ˙˟˲˟˞˧ ;ʮ˘ˬബ˘˳ ϯϲͲ˙˟˵˵˟˲˞˟Ϳ
  • Upload

    -
  • Category

    Documents

  • view

    231
  • download

    10

description

АСТАНА АҚШАМЫ №93 (3150) 21 тамыз 2014

Transcript of 93 (3150) 2014-08-21

93 21

+32°..+30°+21°.. +19°

БАСПАНАЛЫБОЛУДЫН

ТИIМДI ЖОЛЫ

/////////////////////////////////////

////////////////////////////////

/////////////////////////////////////

/////////////////////////////

Бейсенбі, 28 тамыз күні сағат 10.00-11.00 аралығында Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат ӘБУЕВА бұқарамен тікелей тілдесуге шығады.Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-19 телефонына немесе алдын ала astana-akshamy.kz сайтына хабарласуға болады.

16

4

5

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

-

-

Астанада биыл қаңтар-шілде айларында 15917,0 млн теңгеге қоғамдық тамақтану қызметі көрсетілді.

Астанаға «Тур де Франс-2014» жеңімпазы және «Астана» велокоманда-сының капитаны Винценцо Нибали бастаған «Astana Pro Team» велоко-мандасы келді.

«Астана Опера» опера және балет театрында «Сахналар жыл-намасы» атты көрме өтеді.Басталуы: сағат 11.00, 15:00

Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Астананың жаңа келбеті» атты суретшілер көрмесі өтеді.Басталуы: сағат 10.00

Рим Папасы Франциск Сеулде месса өткізіп, оның барысында «Корей түбегінде бейбітшілік орнасын әрі елдер ауызбіршілікке келсін» деп дұға жасады. Понтифик Оңтүстік және Солтүстік Корея мемлекеттерін бір-біріне кешіріммен қарап, бір отбасы, бір халық болуға шақырды.

Венесуэла президенті Николас Мадуро үкіметте ауыс-түйіс жасамақшы. Республика вице-президенті Хорхе Арреаса министрліктер мен ведомство басшыларының түгелдей қызметтерінен өз еріктерімен бас тартуларына «нағыз революционерлердің батыл шешімі» деген баға берді.

Лондонда тазалық қызметінің мамандары ІІ Елизавета мұнарасын та-залау жұмыстарына байланысты төбесіндегі Биг-Бен атауымен танымал сағат жуу кезінде уақытша тоқтатылған. Мұнараның сыртын жуып-шаю жұмыстарына төрт маман кірісті.

Әзербайжанда соңғы күндері қалыпты нормадан ауытқыған ыстық бай-қалуда. Сынап бағанасы 40-42 градусқа дейін жетсе, Бакуде автобус аялдамаларында орнатылған заманауи электронды табло 45-48 градус ыстықты көрсетіп тұр. Аптап ыстықтан 30 адамға күн өтіп, ауруханаға жатқызылған.

Иранның батысындағы үш провинцияда магнитудасы 6,1 жер сілкінісі тіркелген. Зілзала салдарынан Абадан қаласында коммуникациялық орталық жермен-жексен болды. Шығын көлемі мен құрбан болғандар саны туралы нақты ақпаратты жариялау қиынға соғуда.

«Думан» қонақүйінде 28 тамыз күні «Конституция – қоғам мен мемлекет дамуы ның стратегиялық негізі» тақы рыбында ғылыми-п р а к т и к а л ы қ ко н ф е р е н ц и я , 29 тамызда Бейбітшілік және Келісім сарайында салтанатты жиналыс пен кон церт өтеді.

Конгресс-Холл сарайында 28 тамызда және Орталық алаңда 30 тамызда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концерт қойылады.

Елордалық білім мекемелері,

мұражайлар мен кітапханаларда да мерекелік іс-шаралар, атап айтқанда, экскурсиялар, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кештер ұйымдастырылады.

Халықтың әлеуметтік қорғал-маған топтарына бағытталған іс-шара л ар а ясында зейнет-керлерге 3 мың теңге мөлшерінде б і р р е т т і к а қ ш а л а й к ө м е к көрсетіліп, Қарттар мен мү ге -дектерге арналған медици на-лық мекемеде «Наз» би театры қайы рымдылық концертін тарту

етеді. 29-30 тамызда сауда орта-лық тарында мерекелік жеңіл-діктер жасалады. Сонымен қатар, Конс ти туция күні кәмелет жасқа толғандарға дәст ү р бойынша сал танатты жағдайда Қазақстан аза матының жеке куәлігі табыс-талады.

Мереке күндері елорда жұрты жастар акциялары мен флеш-мобтарға , ба л а л ар арасында асфальтқа сурет салу байқаулары мен спорттық шараларға куә бо-лады.

Мұхаммедәли үшінші жүлдені Беларусь елі атынан сынға түскен Руслан Асланов пен украиналық София Волошаненко-мен бөліскен. Оларға жүлделерін ресейлік белгілі әнші Нюша мен КСРО Халық әртісі Лев Лещенко табыс етті. Байқаудың Гран-приі Украинаның намысын қорғаған Андрей Бойкоға бұйырды. Екінші орынды қос дуэт – итальян Мартин мен Кьяре Скарпари, ресейлік Полина Богусевич пен Екатерина Манешина жеңіп алды.

Атап өтейік, Мұхаммедәли Жүгінісов бұған дейін еліміздің астанасында өткен «Аялаған Астана» фестиваліне қатысып, бас жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Жүлделі орын-дардан жиі көрініп жүрген жас әнші шығармашыл отбасында дүниеге келген. Оның анасы – Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрының әртісі болса, әкесі – продюсер.

Жыл сайын өткізіліп отыратын «Балалар Жаңа толқыны» байқауында Гран-при жүлдесін қазақстандық балғындар Ақтоты Әжіғұлова мен Лаура Артелбектен құралған «А-Лау» дуэті 2008 жылы иеленген болатын.

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Оры

нбек

ӨТЕ

МҰР

АТ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz,

baq.

kz, b

news

.kz

– Талғат Серікұлы, елордамыз «Ақылды қалалар» қатарына ену үшін не істеу қажет?

– Әлемде «Smart city» деген түсінік бар. Ол «дамыған қала» деген мағынаны білдіреді. Өзге де халықаралық рей-тингтер бойынша қаланың деңгейін анықтайтын өлшемдер бар. Қазір ком-пания осы халықаралық рейтинг талап-тарын кәсіби түрде зерттеп, анықтап жатыр. Кешенді зерттеулердің нәти-жесінде негізгі бағыттар анықталып, компания «Smart Astana» тұжырым-дамасын жасап шығарды. Осы жоба аясында 7 негізгі бағытта – «Ақылды білім беру», «Ақылды энергетика», «Ақылды басқару» сынды әртүрлі жобалар жүргізіледі. Қазір «Smart Astana» аясында қанатқақты жоба жүзеге асырылуда.

– «Ақылды қаланың» тұрғын-дарына қандай қолайлы жағдайлар қарастырылмақ?

– Жоба аясында тұрғындар бұл қалада күнделікті тұрмыста өзін ың-ғайлы сезінулері үшін жан-жақты жағдай жасалады. Ол әр түрлі салада: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, пәтер иелері кооперативінің қызметіне бай-ланысты болуы мүмкін. Электр қуатын тиімді пайдалануға, коммуналдық төлемдерді артық төлемеу сынды

барлық тұрмыстық жағдай ешқандай кедергілерсіз жұмыс істеуі әрі оны әр тұрғын өзі бақылай алатындай болу қажет. Сондай-ақ, жоба аясында қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда құзырлы мекемелер уақтылы әрекет ету үшін автоматтандыру жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, ата-аналар үшін балаларының мектептегі оқу үлгерімін қадағалау, медициналық мекемеге кел-генде тез әрі сапалы қызмет көрсету керек. Өзіңізді аздап сырқаттанып қал-ғаныңызды сезіне тұра жедел жәрдем шақырудың аса қажеті болмайтын кез болады. Сол кезде сырқатыңызға байла-нысты дәрігердің кеңесіне жазылуыңыз үшін call - «113» орталығын құрдық. Бұл арқылы адамдар алдын ала дәрі-герлердің кеңесіне телефон арқылы жазылып, қандай дәрігерге бару туралы кеңес алады. Электронды медициналық карточкаңызды ашып, оны кез келген жерде, кез келген ауруханадағы немесе емханадағы дәрігерге көрсете аласыз. Бұрынғыдай қағазды өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ.

– Сонымен қатар, «Болашақ мектебі – бүгін» атты жоба жүзеге асырылуда. Бұл қазір қаланың қанша мектебінде бар?

– Әзірге он мектеп қамтылды. Осы жылы тағы да бірнеше мектепте жүзеге

асады. Мектеп оқушыларына электрон-ды дистанциялы карточка беріледі. Бұл жоба үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Біріншісі, қауіпсіздік, яғни видеобақылау. Бұл мектептің барлық аумағында орна ласырылған камера арқылы бір жерден бақылау жүйесі.

Екіншісі, турникет. Яғни, оқушының мектепке кірердегі магнит картасы. Бұл арқылы ата-аналар балаларының мек-тепке қай уақытта барып, қай уақытта шыққанын қадағалай алады.

Үшіншісі, электронды кітапхана модулы. Бұл кітаптар қорының элек-тронды картотекасы. Электронды ка-толог арқылы балалар өздеріне қажетті кітаптарды алып оқи алады. Осы кар-точка арқылы ата-ана баласының қандай кітап оқығанын білетін болады.

Сондай-ақ, «Е-асхана модулы» ұйымдастырылған. Қазір ата-аналар балаларын мектепке ақша алып баруға үйреткен. Бұл да бір түйткілді мәсе ле-лердің бірі. Себебі, мектептерде үлкен сыныптағылардың ақша жинау мәселесі бар екенін білесіз. Бұл әртүрлі жағдайға апаруы мүмкін. Ата-аналарға балала-рына мектепке ақша беруі қажет емес. Электронды карточкамен терминал арқылы бала асханадан өзіне қажетті тағамды алуға мүмкіндік жасалған.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Оған Нашақорлықтың медицина-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Алтынай Есқалиева және Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблема-лары ұлттық орталығының директоры Жәмила Баттақова қатысты.

Жасөспірімдер арасындағы есірткіге тәуелділікті азайтуға бағытталған қарқынды жұмыстардың нә-тижесінде көрсеткіштер айтарлықтай төмендеген. Спикердің айтынша, соңғы 5 жыл ішінде диспан-серде ресми есепте тұрған нашақорлардың саны 10 пайызға қысқарған.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру пробле-малары ұлттық орталығының директоры Жәмила Баттақова өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту үшін елімізде жасөспірімдер мен жастарға меди-циналық-психологиялық кеңес беретін денсаулық мектептерінің көптеп ашылып жатқанын баяндады. Мұндай орталықтарда темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық сияқты әлеуметтік маңызды індеттердің алдын алу шаралары ұйымдастырылған.

Айгүл УАЙСОВА

Кеше қос команданың бас бапкерлері матч алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді. «Астана» тізгінін ұстаған болгариялық Станимир Стойлов команданың тартысты матчқа дайын екенін айтты. «Әрине, бұл жекпе-жекте испаниялық команданың фаворит екенін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ футболдың аты – футбол. Біз осыған дейін швециялық АИК командасымен өз алаңымызда тең ойнағанда, көпшілік Стокгольмде ұтыламыз деп даурыққан еді ғой. Ал біз болсақ 3:0 есебімен тізе бүктірдік. Сондықтан жеңуге шанс жоқ емес, бар. Осы орайда, әсіресе жанкүйерлерімізге сеніммен қараймыз. Бізге қызу қолдау көрсетеді деп» деп түйіндеді өз сөзін астаналық бапкер.

Олай болса, біз де өз тарапымыздан командамызға қолдау көрсетейік дегіміз келеді. Матч сағат 21.00-де басталады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

– Бұл акция күнкөрісі төмен отбасы балаларына қолдау көрсетіп, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың ме-кен-жайын тізімдейді. 1 қыркүйекте мектепке баруға мүмкіндігі жоқ оқушыларды анықтау үшін мектепке қарасты шағын ауданда рейд жүргіздік. «Қызыл ай» қоғамы 10 үйді азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы енді басталар кезде жағдайы бар ата-аналарды қайырымдылық жасауға шақыратын видеоролик дайындап, оны мектеп сайтына салдық. Соның арқасында демеуші табылып, олар екі оқушыға мектеп формасын әперді. Бұл бастамасы ғана, шара соңына дейін әлі де біраз істер атқарылады деген ойдамыз.

– «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен Астана қаласы №64 мектеп-лицейінде әлеуметтік қызмет көрсету бой-ынша іс-шаралар ауқымды жүргізілуде.

Елбасының жолдауында «Адам – елдің басты байлығы. Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы алдымен қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты» делінген. Ал, осының бәрі мектептен қаланатынын бәріміз білеміз. Мақсатымыз – осы жолдауда айтылған стратегиялық бағытты іске асырып, оқушылардың үнемі ыстық тамақпен, басқа да материалдық көмекпен қамтамасыз ету. Биылғы акция бойынша көпбалалы отбасынан 3 егіз қыз 1-сыныпқа қабылданды. Демеушілер көмегімен олар мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.

– Бүгінгі күні мектебімізде 10 жетім бала оқиды. Мек-теп бюджетінен ақша бөлініп, барлығына да тегін мектеп формасы берілді. Бұған дейін оларға «Kz» қоғамдық қоры сөмке, мектеп құралдарын үлестірген болатын. Сонымен бірге, «Кулшикбаева Б.М» фирмасы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 15 отбасы балаларына мектеп киімін сатып алып берді. Ал, 75 көпбалалы отбасына форма са-тып аларда 5-10%-дық жеңілдік жасалмақ. Қыркүйектің соңына дейін оқушыларға қол ұшын созатын меценаттар табылады деген үміттеміз.

Дайындаған: Мәдина ЖАҚЫП

БҰЛ БАҒДАРЛАМА БАСҚАЛАРДАН ӨЗГЕРЕК

Алдыңғыдай емес, биыл мемлекеттік бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізілгені белгілі. Бұл толықтырулар «Жас отбасы» бағыты бойынша өтініш берушілерге қойылатын талаптарға да қатысты. Айталық, бұрынғыдай ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жастан аспауы керектігінен басқа, өтініш беру сәтінде тіркелген неке кезеңі екі жылдан кем болмауы керек. Ал отбасының құрамына ерлі-зайыптылардың өздері, сондай-ақ олардың кәмелетке толмаған балала-ры мен жұмысқа жарамсыз ата-аналары кіреді. Бұл не үшін қажет? Себебі, отбасы мүшелерінің саны болашақ пәтердің шаршы метрі көлемін анықтағанда керек болады. Әр отбасы мүшесіне 15 шаршы метрден есептелетін болады. Айталық, отбасында 3 адам болса, оларға тиетін пәтерінің ауданы 45 шаршы метрден кем болмауы тиіс.

Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың атында жылжымайтын мүлік болмауы және соңғы бес жылда атында баспана тіркелмеген болуы қажет. Егер оларда қандай да бір жекеменшік пәтері болса, онда бағдарламаға қатыса алмайды. Бірақ бұл ата-анасының пәтеріне меншіктік құқы бар жастарға қатысты емес. Жылжымайтын мүлікке үлестік меншігі – бағдарламаға қатысуға кедергі келтірмейді.

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы отбасының жыл сайынғы жиынтық таза табысы, зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және ерлі-зайыптылардың соңғы алты айдағы шығындары да есепке алынды. Міне, осындай талаптарға сәйкес келген астаналық 5 мыңнан аса адам биылғы бағдарламаның қатысушысы атанып отыр.

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Оқырман сауалына Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлмира ТҰРЛЫХАНОВА жауап береді.

– Мемлекет басшысы «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, электрон-ды үкіметті дамыту арқылы әкімшілік кедергілерді қысқарту, халықтың компьютерлік сауатын ашу керек» деп атап көрсетті. Бұл – әлеуметтің әл-ауқатын жақсартуға жасалған қадам. Осы орайда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласында үлкен өзгерістер болғандығын айрықша атап өтуге болады. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданып, 2013 жылдың 9 қаңтарынан өз күшіне енді. Аталған заң нормасына сәйкес, өз үйіңізде отырып-ақ, бизнесті 15 минуттың ішінде аша ала-сыз. Ол үшін «электрондық үкiмет» порталына кіріп, қажетті сауалдарға жауап беріп, тіркеліңіз.

Заңды тұлғаны тiркеу үшiн өтiнiш беру, оған электрондық цифрлық қолтаңба қою, көрсетiлген қызметке төлем шлюзi арқылы төлеу «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк деректер қорына тiкелей жiберу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте интернет арқылы тiркеуге өтiнiш беру негiзiнде кәсiпкерлер өз уақыты мен қаражатын үнемдей алады.

ҰПАЙЫ КӨПТЕР ҮЙЛІ БОЛАДЫБағдарламаға қатысушыларды іріктеу

жинақтаған ұпайлары, яғни балдары бойынша жүргізілетін болады. Мұнда ең бірінші жас отбасылардың балаларының саны есепке алына-ды. Ең жоғарғы балл да балаға беріледі. Бірінші балаға – 20 балл. Одан кейінгі екінші, үшінші баланың әрқайсысына 30 балдан есептеледі. Демек, кімнің баласы көп, сол баспаналы болуы әбден мүмкін.

Екінші, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізімге сәйкес, кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінен зардап шеккен немесе отбасының мүгедек болып табылатын әр мүшесі үшін – 10 балл қосылады. Бағдарламаның атал-мыш бағыты бойынша бұған дейін мемлекеттік бағдарламаларға қатысқан, бірақ пәтер алмаған үміткерлер (2007 жылдан бастағандар) қосымша 5 балл алуға құқылы.

Жетім ба л а л ар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жата-тын, 29 жасқа толмаған, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айрылған ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін - 10 балл.

Осылайша, балының саны бойынша басқалардан озған үміткерлер үйлі бола алады.

Конкурстың қорытындысы тамыз айының соңына жоспарланып отыр.

АЛДЫМЕН – ЖАЛҒА, СОСЫН САТЫП АЛАСЫЗ

Бағдарлама аясында пәтерлер алдымен жалға беріледі. Кейін тұрғын үйді сатып алуға болады.

Енді қолжетімді баспананы сатып алу мүмкіндігімен сатып алу шарттарына тоқтала кетейік.

Сатып алу мүмкіндігімен жалға алу мерзімі – 15 жыл. Қоныстанар алдында үйді жалға алушы банкте шот ашып, оған міндетті кепілдік жарна-ны құюға тиіс. Оның ең төменгі шегі – 28 620 тенге. Қоныстанушы алғашқы 8 жыл бойы осы қаржыны, оған қосымша шыққан коммуналдық төлемдерді төлеп отырады. Сегіз жыл өткеннен кейін кейін немесе пәтер құнының 50 пайызын жинақтағаннан кейін баспана жалға алушының меншігіне өтеді. Үй құнының тең жартысы меншік иесіне 15 жылға 4 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен берілетін болады. Қазіргі есеп бойынша бұл ай сайын 18 900 теңгеге шығып отыр. Жалға алушы міндетті жарнаны ай сай-ын уақтылы төлеуі керек. Әйтпесе, алдын-ала жасалған келісімшартта көрсетілгендей, пәтерді босатуға тура келеді.

Сонымен қатар, пәтер иесі қаржылық жағдайына қарай ауданы үлкен немесе кіші арендалық баспанаға көшуге, 10 жыл өткен соң арендалық баспананы қалған ақшасын төлеп сатып алуға, табысы жетпеген жағдайда отбасы мүшелерінің табысын тартуға құқылы.

P.S. Бет қатталып жатқанда, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының «Жас отба-сы» бағытына қатысты жақсы жаңалық жетті. Бүгінге дейінгі талап бойынша, бағдарламаға қатысушылар төлем қабілеттерін растауға тиіс болатын. Енді бұл талап алынып тастал-ды. Жастарға жеңілдік жасауды жөн санаған «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ осындай шешім қабылдапты. Тек пәтерді жалға алушы банкке өтініш бергенге дейін 6-12 ай ішінде жинақтау салымдарын ай сайын уақытылы салып отырса болғаны. Ол үшін іріктеуден өткен азаматтар алдын ала банктен шот ашып, қаражатын жинақтай беруі керек. Мәселен, аумағы 60 ш.м, жайлылығы 4-санатты екі бөлмелі пәтердің бағасы 6 000 000 теңге десек, оған Банк ұсынған ай сайынғы міндетті салым – 31 800 теңге. Егер 6 ай бойы бұл сома толық әрі тұрақты салынып отырса немесе мерзімінен бұрын төленсе, онда бағдарламаға қатысушыға төлем қабілеттілігін растаудың қажеттілігі жоқ.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

5www.astana-akshamy.kz

Зейнетақы жүйесін жаңғырту ын-тымақты зейнетақының мөлшерін азайту, қазақстандықтардың ғұмыр жасын арттыру, сондай-ақ эко-но микалық дамудың кезеңділігін қамтамасыз ету қажеттілігінен т у ын дады. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – бұл зейнеткерлік жаста жоғары өмір сүру деңгейі үшін лайықты зейнетақымен және зейнетақы жүйесінің ұзақ мер-зімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Тұжырымдама екі кезеңде іске асырылады. Бірінші кезең зей нет-ақымен қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесін дамытуды көз-дейді, яғни бұл қолданыстағы ынты-мақты зейнетақы төлемімен қатар базалық зейнетақыны, шартты-жинақтаушы жүйесіндегі зейнетақы мен қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі зейнетақыны біріктіреді.

1) базалық зейнетақы – бұл кедейлікті қысқартуға және аза-маттардың зейнетақы жүйесіне қатысуын ынталандыруға ба-ғытталған.

Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа жеткен барлық азаматтар үшін еңбек өтіліне және жалақыға қарамастан біркелкі мөл-шерде тағайындалады.

Ал, 2017 жылдың 1 шілдесінен бас тап базалық зейнетақы азамат-тардың тек жалпыға бірдей белгі-ленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде және зейнетақы жүйесіне қа тысу өтіліне байланысты тағайын-далатын болады. Осылайша:

- азаматтардың жүйеге қатысу өтілі кемінде 10 жыл болған жағдайда, жүйеде оларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-на тең болатын әлеуметтік зейнетақы берілетін болады,

- егер жүйеге қатысу өтілі 20 жылды құраса, онда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 %-ын құрайтын болады (10 жылда - 50%+ 10 жыл *2).

- ал қатысу өтілі 35 жылды құраса, ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең есептеледі.

Мысалға, А. деген азаматтың зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі 32 жыл десек, оған 10 450 теңге мөл-шерінде базалық зейнетақы енеді (50%), 2017 жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақыны осы кезеңге белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен 94% мөлшерінде (10 жыл - 50% + қалған 22 жылды 2 %-ға көбейтеміз) алады.

ОРIДЕН ОЙЛАГАН КАДАМ

Жоғарыда көрсетілген өзгерістер зейнетақы жүйесіне қатысушы барлық үш буынның проблемасын шешуге мүмкіндік береді:

Бірінші буын – үлкен еңбек өтілі бар, бірақ заңмен белгіленген шекте-улерге байланысты зейнеткерлікке шығар сәтте табысы туралы мәлімет ұсынбаған, ең төмен зейнетақы ала-тын зейнеткерлер.

Бұл санаттағылар үшін зейнет-ақымен қамсыздандырудың ынты-мақты, сол сияқты жинақтаушы жүйелеріне қатысу өтілі ескеріле оты-рып, 2017 жылдың 1 шілдесінен бас-тап базалық зейнетақыны біржолғы қайта есептеу жүргізілетін болады.

Екінші буын – 2043 жылға дейін зейнеткерлік жасқа жететін және ынтымақты, сол сияқты жинақтаушы зейнетақы жүйелеріне қатысу өтілі толық емес адамдар. Мұндай жағдайда базалық зейнетақы аталған санаттағы адамдар жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде:

1) олардың 1998 жылғы 1 қаңтарға жинақтаған еңбек өтіліне;

2) зейнетақы жарналарын жинақ-таушы зейнетақы жүйесіне 1998 жыл-дан кейін төлеген кезеңге байланысты тағайындалатын болады.

Үшінші буын – зейнеткерлікке 2043 жылдан кейін шығатын адам-дар. Олар базалық зейнетақыны жинақтарының көлеміне қарай ала-тын болады. Бұл санаттағы адам-дарға базалық зей нет ақы олар дың зейнетақы жүйе сінің басқа құрам-дауыштарынан алатын зей нетақы

мөлшері зейнетақының белгі-ленген әлеуметтік қолжетімді дең-гейінен төмен болған жағдайда тағайындалатын болады.

2) Өз қызметкерлерінің пайда-сына жұмыс берушілердің 5 % жар-налары есебінен қалыптасатын жаңа шартты-жинақтаушы жүйе ден берілетін зейнетақы

Жаңа жүйе жинақтаушы, сол сияқты бөлу ұстанымынан айнымай жұмыс істейді. Атап айтсақ:

– біріншіден, әрбір жүйеге қатысуға БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты ашылады. Ол жерде аударылған жар-налардың сомасы немесе зейнетақы жинағы есептеліп отырады;

– екіншіден, жинақтар шартты болып табылады, мұраға қалды рыл-майды және жүйеге қатысушының меншігі болып есептелмейді;

– үшіншіден, зейнетақы, азаматтар жалпыға бірдей белгіленген зей-неткерлік жасқа жеткен кезде және жүйеге қатысу өтілі кемінде 5 жыл болған жағдайда тағайындалады;

– төртіншіден, зейнетақы мөлшері шотындағы қордаланған жинақ пен ықтимал өмір сұру ұзақтығына қарай анықталады. Яғни, зейнетақы азаматтардың еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасына эквивалентті болады;

– бесіншіден, зейнетақы өмір бойы төленеді. Зейнеткердің жасы шамамен болжаған ғұмыр сүру ұзақтығынан асып кетсе, зейнетақы жұмыс берушінің ағымдағы жарна-лары есебінен төленеді;

– алтыншыдан, инфляция деңгейін ескере отырып жарналарды сақтау бойынша мемлекеттік кепілдік шартты-жинақтаушы компонентке жүрмейді.

Бір ескерерлігі, жұмыс беруші-лерден түскен зейнетақы жарналары капиталға айналмайды және жеке тұлғалардың меншігі бола алмайды, керісінше зейнеткерлік жасқа жеткен тұлға лар дың зейнетақы төлемдеріне, яғни жұмыс берушілермен жүзеге асырылған жарналарды төлеудің пайдасына жұмсалады.

3) Қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінен берілетін зей нетақы қызметкерлердің өздерінің 10 пайыздық міндетті зейнет ақы жарналарының есе-бінен қалып та сады. Бұл ретте, алатын зейнетақы төлемдерінің көлемі азамат тард ың жү йеге қатысуына және ұдайы жарна ау-даруына, сондай-ақ зейнетақы жинақтарының кіріс деңгейіне байланысты. Инфляцияның құбыл-малығын ескере отырып жар на-лардың сақтау бойынша мем ле кет-тік кепілдік жойылмайды.

Жинақтаушы есебінен зейнетақы алуға құқықтары бар санаттарға мы-налар жатады: зейнет жасына жет-кендер, күш құрылым дарының қыз-меткерлері, 5 және одан да көп бала тапқан аналар (53 жастан), 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, Қазақстан Республикасынан тыс қа ры көшіп кеткендер, марқұм бол ған дардың мұрагерлері (салымшылар).

Зейнетақы төлемдері жинақтау қорындағы қаржы таусылғанға дейін төленеді. Бұл ретте төлемнің мерзімділігі алушының өз еркімен таңдауы бойынша, яғни ай сайын, тоқсан сайын немесе жылына бір рет 30 еселі ең төменгі зейнетақы мөлшерінде төленеді (қазіргі сәтте бұл 625 мың теңге шамасында).

Бұдан бөлек, қазіргі уақыттағы зейнеткерлер үшін, сол сияқты 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар азаматтар үшін ынтымақты зейнетақы тө-лем дері сақталады. Ынтымақты зейнетақыны тағайындау және төлеу базалық, шартты-жинақтаушы және жинақтаушы зейнетақылармен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Ынтымақты зейнетақы мөлшері зейнетке шығар алдындағы еңбек өтілі мен орташа айлық табысқа байланысты боп келеді. Талап етілген еңбек өтілі болған жағдайда (ерлерге 25 жыл, әйелдерге 20 жыл) зейнетақы мөлшері орташа айлық табыстың 60 %-на тең және оның сыртындағы талап етілетін әр еңбек өтіліне 1%-дан үстемеленеді, бірақ ол орташа айлық табыстың 75 %-ынан артық бол-мауы тиіс. Табыс 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыстағы үзілістерге қарамастан зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі жұмыстың кез келген кезеңі үшін 41 айлық есеп көрсеткіштің шегінде есептелінеді.

Сонымен қатар, ынтымақты зейнетақы мөлшерін қолданыстағы зейнетақы заңының шарттарында тиімді деңгейде ұстау үшін олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілеп, индекстеліп отыратын болады.

Тұжырымдамада сондай-ақ ха-лықты зейнетақымен қамту аясын кеңейту және жүйенің тартым ды-лығын арттыру жөніндегі шаралар кешені қарастырылуда.

Денсаулыққа зиянды еңбек жағ-дайларында жұмыс істейтін адам-дар үшін 2014 жылдың 1 қаңта-рынан бастап қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналарына қосымша еңбекақы төлеу қорының 5 %-ы мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) енгізілді. Бұл ретте, жұмыс берушілер МКЗЖ-ны өндірістің тек зиянды түрлері бойынша және сонда жұмыс істейтін адамдарға ғана аударады.

Зиянды өндіріс түрлері мен онда қамтылатын мамандықтардың тіз-бесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітті және ол еңбек жағ -дайларының өзгеруіне кезең-кезе ңі-мен қайта қаралып отырады.

Осы аталған деңгейлерден басқа, сонымен қатар зейнетақымен қам-сыздандырудың ерікті деңгейі де қарастырылады, яғни бұл зейнет-керлік жасқа жеткен адам үшін зейнетақы төлемінің қосымша қай-нар көзі болып табылады және қор таусыл ғанша дейін төленетін болады. Бұл ретте ерікті жарнаның салым-шысы жеке тұлға сияқты заңды тұлға да болуы мүмкін. Ерікті зейнетақы жарнасы – бұл салымшының өз еркі бойынша салынған қаржы.

ОЛЕУМЕТ КАМЫН

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Астаналық ІІД ювенальді полициясы бөлімінің басшысы Азамат Садықовтың айту-ынша, сапаржай елордадағы ең криминогенді аудандардың бірі саналғандықтан, тәртіп сақшыларының назарына жиі ілігеді. Ша-раны нақты сол аумақта өткізудің себебі де осы. Оған учаскілік және кәмелеттік жасқа толмағандардың ісімен айналысатын инспекторлар, көші-қон қызметкерлері, жол-патрульдік полициясы, Білім және Жа-стар саясаты мәселелері басқармаларының өкілдері, жиыны 60 адамдай қатысты.

Әкімшілік полициясының қызметкері Са лтанат Сер ға з иев а мен әле у м е т т і к жағынан қорғалмаған отбасы тұрады деген алғашқы мекен-жай – Қарталы көшесіндегі №16 ү йге кел д ік . Сыртқы көрініс іне қарағанда, екі қабатты ғимарат болашақта сүрілетінге ұқсайды. Есіктен жұрдай екі подъездің біріне кіргенімізде мұрынымызға бірден күлімсі иіс келді. Жанымыздағы әріптес қыздар оған шыдамай, сыртқа ытты. Салтанат бірінші қабаттағы пәтердің есігін қағып, ішке енді. Бізге: «Журналистердің түсіруіне рұқсат сұрайын» деп қойған. Со-дан күтіп тұрмыз. Полицей қарындасымыз шамалы уақыттан соң басын шайқай шықты. Сасық намыс дейміз бе, бұл не деген отбасы деп іштей ойладық. БАҚ өкілдері дабыл қаққан соң оларға көмек қолы сөзсіз со-зылады емес пе?! Осыдан қашып тұр. Ең қиыны – бұл отбасы тәрбиесінде 7 және 9 жасар мектеп табалдырығын аттамаған

«Абайла, балақай!» республикалық акциясының шеңберінде өткен шарада Астана қаласының жол-патрульдік поли-ция қызметкерлері осы арқылы көпшілікті жол-көлік травматизмінен сақтандырды.

А к ц и я ға қ ат ы с у ш ы л а р м е к те п т і ң төменгі сынып оқушыларымен бірге са-уда орталығының маңында қыдырыстап жүрген ата-аналарға арнайы дайындалған тақырыптық бу клет тер тарат ты. А л , қаладағы бір автодүкен өкілдері 7 жастан 12 жасқа дейінгі ба ла ларға арна лған белдікті орындықтардың бірнеше түрін көрсетіп, оны са лонға дұ рыс орнат у жөнінде пайдалы кеңестер берді.

Ж а л п ы , Дү н и е ж ү з і л і к де н с аул ы қ сақтау ұйымының мәліметінше, сақтық құрылғыларын пайдаланудың арқасында көлік апаты кезінде балалар арасында жазатайым жағдайлар 54 пайызға, а л жарақат тану жағдайлары 70 пайызға төмендеген. Бірақ, өкінішке қарай, жыл басынан бері орын а л ған жол-көл ік оқ иға л ары нәт ижес інде 60 ба л аның т ү рл і дене жарақат ын а лып, кейбірі қайғылы жағдайға әкеп соққаны әлі де арамызда сақтық шараларына шала-шарпы қарайтындар жеткілікті екенін көрсетеді. Пол ицейлерд ің айт у ынша , жақ ында осындай бір жол апатының са л дары-

нан 10 жасар қыз бала көз жұмды. О л ә л г і н д е айтқанымыздай

б а л а л а р ғ а арналған орындықсыз

тасымалданған.Орынбек

ӨТЕМҰРАТ

Жақынын қиындыққа қимаған, түсі игі, иманды халықпыз. Әсіресе, өмірдің қызығын көріп үлгермей жатып, бойына ауыр дерт жамаған кішкентай қаракөздерімізді аман сақтауға көптеп-көлемдеп көмектесу – мұсылмандық парызымыз.

Редакциямызға жіті лимфобластты лейкоз дертіне шалдығып, қазір Республикалық ана мен бала орталығының онкология бөлімінде жатқан, 2010 жылы 11 қыркүйекте дүниеге келген Жұманов Қазыбек есімді бүлдіршіннің ата-анасы хабарлас-ты. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы мүшкіл, тек химиятерапияның көмегімен ғана жан сақтап жатыр. Ал, ауруы-нан құлан-таза айығу үшін шұғыл түрде кемік майын ауыстыру

керек. Ол үшін донорлық желісі жетік Германия немесе Оңтүстік Кореяға апаруға кеңес береді. Қазыбектің ата-анасы Қадырбек пен Динара емдеу ақысы өте қымбат ( шамамен 200 мың АҚШ доллары), қалтасы көтермейтінін айтып, көпшіліктен жәрдем тілейді. Жанашыр жандарға үміт ете отырып, төмендегі банк есеп-шотын назарларыңызға ұсынамыз:

«Қазақстанның халық банкі» АҚKZ796010002005772761

ЖУМАНОВ КАДЫРБЕК АМИРБЕКОВИЧ атына! Ұялы тел: 87071026078

екі бала бар екен. Ата-анасы оларды мүлдем қараусыз қалдырып, болашақтарына балта шауып отыр. Балалар үйлеріне қонбай, қаңғырып жүр. Көңілге ауыр тиетін жағдай...

Тағы бір сондай «қорғансыздың күнін» кешкен апалы-сіңілі Ирина мен Анна өздері туып-өскен Ерейментау ауданындағы Са-рыоба стансасында жұмыс болмаған соң, Астанаға көшіп келіпті. Осында Көктерек көшесіндегі жер үйлердің бірінен бөлме ж а л д а п т ұ р ы п ж ат ы р. Ү л кен і Ир и на елордадағы мейрамханалардың бірінде ыдыс жуады, с іңілісі де осыған ұ қсас жұмыста. Аннаның 9 жасар Сергей атты баласы бар екен. Ол да осы күндерге дейін мектепке бармаған. «Не себепті?» деген сұрағымызға «Жағдайымыз болған жоқ» деп жауап берді.

Ту ғанынан әкесіз өсіп келе жатқан

баланың (әкесі шешесін тастап кеткен) өзін көре алмадық. Тек жақын маңда ойнап жүргенін білдік. Дамуында тежелуі бар жеткіншек мектепке бара алатын жағдайда (арнайы оқу орны болса да). Сіңілісінің орнына сөйлеген Ирина: «Биыл мектеп-ке береміз, тек керек құжаттарды жинап алайық » деп сендіруге тырысты. Басқа амалымыз болмаған соң, сендік.

Әдетте ата-аналар ішкілікке салынып кеткендіктен бала мектепке бармай қалып жатады. Мыналардан жынды судың соңынан кеткен теріс жағдай байқалмады. Ендеше, Сергей а л дағы қыркү йекте мектептің табалдырығынан аттайтын шығар. «Мек-тепке жол» оған және ол сияқты балаларға көмектеседі. Әсілі, баланың бағы білімде емес пе?!

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

7www.astana-akshamy.kz

Ұрсып келеміз. Әрине, өзімізге. Болмаса осы ғұмырымызда тірі жан ға қатты айтып көрмеппіз. Тіпті, ту ған балаларымызға да зекімеппіз. Өзімізге ғана мәтібиміз.

– Басыңда ең болмаса 56 грамм ми жоқ шығар, - дейміз.

Сосын күлеміз. Бір жағы ұрсады, екінші жағы күледі. Сонда екеуміз бе? Жармақ. Мағауиннің Жармағы. Жоқ, оны бір Мұхаңнан бұрын үлкен Мұхаң жазып кеткен. «Абай екі жарылды» деген. Бір жағынан би болуды, елге ағайын арасынан болыс қойып беруді жан-дүниесімен жек көре тұрып, екінші жағынан сол былғаныш іске білек түре араласқанын осылай жаз ған. Әрине, әңгіме елдің бәрі «оқыдық», «оқып жатырмыз» дейтін атақты романда емес. Көлемі романның жүзден біріне жетпейтін, бірақ мазмұны асып түспесе кем емес, әрі эпопеядан әлдеқайда бұрын жа-зылған зерттеу мақаласында.

Күлген себебіміз: «басыңда ми жоқ» деп ұрсып жатып, есімізге Қал тай жарықтық түсіп кетсін. Қиын жылдары кең қанатының астын па-налатып орынбасар қызметіне алып еді. Қазақтың арғы дәуірдегі күлкі ту дырған кейіпкері Қожанасыр болса, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы тауып әрі күлдіріп айтқыштық жағы-нан Қалекеңнен асқаны жоқ. Ол кісіге де айтқан-айтпағаны белгісіз күлкілі кеп тер жамалып кеткен. Қалжыңдары жиналған арнайы кітаптар шыққан. Біз де біреуіне атсалыссақ керек.

Сол Қалекең бір қыста аяғы тайып құлап, ауруханаға түседі. Дәрігер миы шайқалған деп, ем-домын белгілейді. Бастысы бірер күн қозғалмай жатуы керек. Түс ауа палатаға келіп тексерсе, Қалекең жату орнына қағаз қарап отыр дейді.

– Аға, сізге отыруға болмайды, жату керек. Миыңыз шайқалған, - деп шырылдайды емдеуші дәрігер жас қыз.

– Ештеңе етпейді, - деп Қалекең қамсыз отыра береді.

Емдеуші дәрігер жүгіріп бөлім бастығына барады. «Солай да со-лай, сіз тапсырған үлкен кісі жату орнына қағаз жазып отыр». Енді екеулеп келеді. Беделді дейтін бөлім меңгерушісі манағыны қайталайды.

– Мына қыз дұрыс айтады. Оған сенбесеңіз, мені тыңдаңыз. Сіздің миыңыз шай қа лыпты. Енді тынығып жату керек.

– Олай емес қой, - деп миығынан күліп Қалекең отыра береді.

Болмаған соң бұлар бас дәрігерге жүгіреді. Аздан соң үшеулеп келеді. Бас дәрігер Қалтайды таниды.

– Қалеке, бұлар рас ай-тады. Сіздің миыңыз шайқалған. Нанбасаңыз, мынау суреті, - деп қолындағы табақтай пленканы көр-сетеді. - Енді жатыңыз, тынығыңыз.

– Онда кемпірімді шақырыңдар, - депті Қалтай үшеуіне қарап.

– Қалеке, мен медицина ғылы мы-ның докторымын. Мына екеуі болса ғылым кандидаттары. Сонда бізге сенбей үйдегі кемпіріңізге жүгінесіз бе? - деп таң қалады бас дәрігер.

– Енді өмір бойы «осы Қалтай сенде ми жоқ, ми жоқ» дей беретін кем пірім миым бар екенін бір ғылым докторы мен екі кандидаттың аузынан естісін де, - деп бәрін күлдіртіпті қайран Қалекең.

Күлген себебіміз – осы. Ал, өзімізді өзіміз жерден алып жер-

ге салып жатқан себебіміз – мынадай. Үш ай бойы шықпай, тығылып жатып алған Астананың жазы тура 3 тамыз күні 30 градустық ыстықпен жарқ

еткенде, жұрттың бәрі көшеге ақыры шолақ жең жейде, балақсыз шортпен шыққанда басқа қалпақ, үстіге курта киіп біз келеміз. Абырой болғанда куртканың сырмасын салып алғанбыз. Ішіндегі жүннен тоқылған кеудеше, оның ішіндегі көйлек, оның ішіндегі жылы ішкиім, оның ішіндегі ақ майка көрінбей тұр. Ауырып жата бермей таза ауа жұтуға шыққан кейпіміз. Аң-таң болып, бірақ өте бере сылқ-сылқ күліп екі жас қыз кетті. Шорт киген екі-үш шетелдік өтті қасымыздан. Мұндай киімнің бізде де екеуі бар. Бірін был-

Ақсақал керек екен. Ал, «қазақтың жауы – қазақ» болмаса да «өзіміздің жауымыз – өзіміз» болғаны даусыз.

Үш күн бұрын аттай шауып жүр-генбіз. Отыз күнгі оразадан ағзамыз тазарып қалған. Айтпақшы, оразаның соңғы күні ауызашар мен сәресін өз үйімізден ішейік деп, жексенбі болса да ұрланып, тығылып Алматыға тар-тып кеткенбіз. Әйелімізге «түу, мына күндерің ыстық екен, Астанамызда салқын, рахат еді» деп назданғанбыз.

Бекер айтыппыз. Будданың «күн-нің жаманы болмайды, сол күнді ың-ғайына, қолайына қарай пайдалана алмайтын адамдардың жаманы бола-ды» дегені соңынан еске түскен. «Әй, Қайнеке, айттық қой сенде ми жоқ» деп. Артынан өкінесің де жүресің. Будданы біз тұрмақ Абай оқыған. «Әттең жас кезімде неге қолыма түспеген. Нағыз қазына осында екен ғой» деп тамсаныпты. Әй, осыны оқыған біреу «Абай Будда дінін ұстанбақ болыпты» деп жүрмесінші. Енді жетпегені сол еді.

Хош, Жаратушының күнінің жа-маны болмаған. Ыстық Алматыдан салқын Астанаға таң ата келіп, жұмысқа оралдық. Оспанхан марқұмның бір сықақ әңгімесіндегі сияқты «онда саумыз». Ораза айттың бірінші күні өтті. Ертесінде түсте отыз күн қолға ұстамаған үстел теннисінің қалағын жалақтатып шықтық. Отыз күн бойы ойнамай сағынып қалыппыз. Арман Сқабылұлы бауырымыздың естелігін жоққа шығармай, жақсы ойнадық. Онда да саумыз. Үшінші, сәрсенбі күні тура сондай ойыннан соң спорттық жейдені ауыстырғанмен, терімізді баспай жатып, жеңіл киіммен көшеге шығып кетіппіз. Онда мақтаған Аста-намыз тым салқын еді. Кешке мұрттай ұштық. Міне, өзімізге өзіміздің жаса-ған қастығымыз. 56 грамм миымызда 56 қатпар болса бұлай істер ме едік?

Енді ми қайнатар ыстықта көрін-генге көзтүрткі болып жүрісіміз мынау. Осы тұста тағы күлгенбіз.

оспа ма, ойыртпақ па?Қ

Бұл жолы Бердібек еске түскен. Соқ пақбаевтың атақты «Балалық шаққа саяхаты». Ағасы қызметке тұрған соң қыста киерсің деп беріп жіберген киімді жаздағы тойға қалай киіп барғаны. Жеңгелерінің сөзбен шымшылап, достарының ашық ма-зақтағаны. Мақтану үшін барып, не дұрыс отыра алмай, не тамақ жей ал-май қор болғаны. Жармақтың бір жағы тағы ыржақтап күлді. Екінші жағының ит-жыны құрысты. Әлдекімдер он-сыз да күлкілі киініп алған адамның бет-аузының оңды-солды ретсіз құбылғанына қарап «жынды ма?» деген шығар. Жармақ басымызда Мұхтардан, Бердібектен, Қалтайдан, тіпті Буддадан ойлар араласқан қоспа пайда болғанын қайдан білсін. Әлде қойыртпақ. Ойдың қаттысы мен сұйығы бола ма, өзі...

Қайнар ОЛЖАЙ

тыр екі-үш күн киюге үлгерсек керек. Екіншісі киілмеген қалпы, екі-үш шо лақ жең жейдемен қаттаулы жатыр. Ішіміз ашыған. Бүгін тура соларды киіп шығатын күн еді.

– Әне, 56 грамм миың болса да (енді алдын ала шолақ балақ ыштан, шолақ жең киім сатып алуға ми керек қой) сол миыңда 56 қыртыс жоқ, - деп ұрсуды жалғастырдық. – Өзіңе-өзің қастық жасайсың да жүресің.

Жармақтың бір бөлігі екіншісіне рас айтады. Өзімізге-өзіміз жау екеніміз айдан анық. Алыста жатқан ақсақал Мұхтар аға Мағауин «қазақтың жауы – қазақ» деген сұмпайы сөзді Абай айтпағанын, жалпы ешбір халық өзіне-өзі жау еместігін шырылдап түсіндіріп, етектей мақала жазған. Аузы дуалы кісі емес пе, содан кейін ақпарат құралдарында осы арамза тіркес айтылмайтын болды. Тәубе.

Мен үш ұл, үш қыз туып, қанат тандырып, ержеткізіп өсірд ім. Кіш кентайында қызығы таусылмайтын бала-лардың ержеткен соң әр-қайсының тағдыры әртүрлі, быжық-тыжық болады екен. Қара халықтың бәрінің бірдей баласын оқытып, жоғары білім әперуге мүмкіндігі бола бермейтіні шындық . Бұл үр дістен мен де құр қалған жоқпын. Ал, білімі жоқ ұл дың қара жұмыскер болатыны бел-гілі. Ол ата-анасына алимент төле мек түгілі өз басын, отба-сын асы рай ала ма? Керісінше, олардың зейнетақысына жар-масатындар аз ба?

Қоғамымыздың ауқатты тобы ешқашан да ата-анала-рын қарттар үйіне өткізбейді. Тіпті бірге тұра алмаса, жеке баспана сатып әперіп, күтуші жалдап қояды.

Ұлы Отан соғысы бастал-ғанда мен 6 жаста екенмін. 1919 жылғы және 1921 жылғы екі ағам сол со ғыстың құрбаны болды. Бір ша ңырақтан бес ұл, бес қыз өсіп шық тық. 1925 жылғы ағайым соғыстан аман-есен келіп, ұстаздық қызмет атқарып, өмірден озды. Бес қыздың үлкені, 1927 жылғы Шәмшия атты әпкем айтыскер ақын Аманжол Әлтаевтың ана-сы еді, 1998 жылы ол да өмірден озды. Қазір 72 жастағы інім бар, қыздан мен ғана көзі тірі.

Менің ақсақалым 85 жаста. Өзім 79-дамын. Қазірдің өзінде қауқарсыз күйдеміз. Алда-жал-да біріміз өмір ден кетіп қалып, екіншіміз бала ларымыздың мейірімін көре алмай, қарттар үйін паналайтындай мәжбүр-лікке тап болсақ, өздері зорға күндерін көріп отырған менің ұл-қыздарымның күні не бол-мақ?! «Аңдамай сөйлеген – ауырмай өледі» демей ме?! Ен деше, осы сөз дерімді оқып, жо ғарыдағы бүртүрлі сұрақ қоюшылар бас-көз жоқ кісі тағ-дырына киліге беру орынсыз екенін ойланатын шығар деп үміттенемін.

Шәрбан МҰХАММЕДИЯҚЫЗЫ

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

YЛЫЛАР «Меккеге жол шеккен мұсылманда

Қағбаға тауап етуден басқа қандай мұрат бар – Абайды қадір тұтқан қазақта Жидебай топырағын басудан бөтен қандай тілек болуы мүмкін?!» Белгілі журналист-жазушы Жанат Елшібектің «Уақыт-сынап» кітабында Мұхтар Мағауин айтты деген осындай жолдар кездеседі. Бірнеше жылдардан бері жалғасып келе жатқан «Ұлылар мекеніне саяхат» бағдарламасымен жолға шыққан отыз шақты адамда қанша арман-тілек болса, соның үлкені осы сапар барысында орындалды.

Астанадан шығып, Семейді бет-ке алған ақындардың, ұстаздардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, «Абай оқулары» байқауы жүлдегерлерінің және Абайды қастер тұтар жұрттың аузында – Абай. Жолбас-шы – «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры Алмахан Мұхаметқалиқызы шыққан көлігіміздің шопырларына Абайдың өлеңдері мен әндерін қойдырып, данамыздың жүрегіне бойлауымызға одан сайын еңбектене түсуде. Өзі де жол бойы білген, көңіліне түйген мәліметтермен бөлісуде. Жанымыздағы Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйінде бірталай жыл қызмет атқарған Қайыржан Күзембаев та Абайға қатысты әңгімені айтып келеді. Одан сәл алысырақ отырған біз бір сөзін естіп, бір сөзін естімей келеміз. Қайыржан ағамыздың дәл қасына оты-рып, бүкіл әңгімесін ап-анық естіп келе жатқан жас қаламгер Алмаз Мырзахмет-ке қызыға қараймыз...

Міне, қазақ ән өнерінің ерекше құбылысы Иманжүсіп Құтпанұлы басына бүркіт ұстап шығып жүрген, тағдырының қиын жылдары «Көзіме бір

көрінші, Ерейментау» деп армандаған жерге де келдік. Алмахан апай осы өлке атауының шығу тарихына қатысты аңызды тірілтіп, «ат ерімен қашқан жер» дегенді ұқтырды. Осы өңір жайлы: «...Ұлылығы – Данте жазған дастан-дай. Жылылығы – кәрі ананы аяудай, Сұлулығы – Репин жаққан бояудай. Аспан биік – Әсет айтқан ән сынды...» деген қазақ өлеңінің жарық жұлдызы Жұмекен Нәжімеденовтің жыр жолдары да көкірегімізде жаңғырады. Осындай жерге келгенде ХХІ ғасыр үнін неге естіртпеске?! Сапарға бірге шыққан ақындар Асылзат Арыстанбек пен Олжас Сәндібекке өлең оқыттық.

Семейге жеткенімізше ұзақтау аялдаған жеріміз – Павлодар қаласы болды.

Атауы «Мен – қазақпын» дейтін адамның шамына тиетін осы шаһарда аяқ

мұражаймен таныстырып жүрген гидтің айтуынша, бұл – Бұқар жыраудың бейнесі ретінде ойластырылған.

Павлодардан шығып, Шығыс Қазақстан облысының шекарасына іліккеннен кейін бір көрініс шалқып келе жатқан көңілімізді құлазытып жіберді. Қазаққа Абай секілді ұлыларды берген өлке қарағайлы қалың орманымен де әйгілі. Басқа жеріне қайдам, Павлодар мен Семей арасындағы орманға өрттен мол зардап келіпті. Табиғат апаты ма, әлде әдейі өртелген бе, біліп болмайсың,

Айырмашылығы – астымызда қазіргі заман көлігі. Алмахан Мұхаметқалиқызы да «Абайдың соқтықпалы, соқпақсыз жолымен келе жатырмыз» деп оны есімізге салып қойып, жер аттарымен таныстырып келеді. Оның сөзін Семей-де жанымызға қосылған абайтанушы Асан Омаров пен Қайыржан Күзембаев толықтыруда. Мұхтар Әуезовтің шығармасын оқығандар жер атауларын еске түсіруде.

Міне, бала Абайды ертіп келе жатқан

дамай, әкесінің бейітіне жүгіріп, үсіп өлген Ғазизаның жатқан орнын да көріп, тебірендік. Бұл жерге ескерткіш орнатылып, оған: «Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» хикаятының бас кейіпкері Ғазиза. 2013 жыл. Сәуірдің 13 жұлдызы» деген сөздер жазылыпты. Зиратпен ауыл орнының арасы 500 метр-дей. Ауыл екенін білдіретін күлтөкпе бар.

Ақанға лағынет айтқызар осы оқиға 1914 жылдың қысында орын алыпты. Ізі суымай жатып жас Мұхтардың құлағына жетеді. Арада бірнеше жыл өткеннен кейін жазушы оны «Қызыл Қазақстан» журналының 1921 жылғы №3-4 санда-рына «Арғын» деген бүркеншек атпен бастырады және 1922 жылы Орынбор-дан кітап етіп шығарады.

Ералы жазығының тұсынан да өттік. Жидебайдан шамамен 75-80 шақырым жерде орналасқан бұл жер Кеңгірбай бидің ұлының атымен атала-ды. Ералының моласы да сол тұста. Асан Омаровтың айтуынша, бұл жанынан бет сипамай өтпеуге болмайтын киелі жер. Мұсылманшылық рәсімді жасамай өткен талай көлік иелері осы тұсқа келгенде опық жеген көрінеді.

Еңлік – Кебек... Осы оқиғаға Шәкәрімнің «Жолсыз жаза» даста-ны мен Мұхтар Әуезовтің пьесасы арқылы қанықпыз. Руаралық тартыстың кесірінен қос ғашық жазаға тартылып, ат құйрығына байланып, сүйретіледі. Олардың шашылып кетіп, табылған сүйектерін жанашыр ел жинап алып, бір зиратқа жерлейді. Зират орнындағы ескерткішке: «Көп жасамай, көк орған Жарасы үлкен жас өлім» деген Абайдың Ділдәдан туған ұлы Әкімбай қайтыс болғанда жазған өлең жолдары қашалған.

Құнанбай жатқан Ақшоқыға да жетіп, дұға бағыштадық. Бұл жер-

суытып, түскі асымызды ішкеннен кейін Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына бас сұқтық. Бұл 1899 жылы салынған ғимарат бастапқыда көпес А. Деровтың сауда үйі болып, кейіннен осы қаладағы пошта-телеграф кеңсесіне айналған. Осындағы жәдігерлерден ІХ-ХІ ғасырлардағы қимақ жауынгері мен Майра Уәлиқызының мүсіндері, «Шәкен Аймановтың сахналық киімі» деген анықтамасы бар шапан мен бөрік (қазақ киносының саңлағы осы киімді «Алдар көсе» фильмінде қолданған шығар деп топшыладық), «Абылай ханның ордасы» инсталяциясы бізді ерекше қызықтырды.

Тағы бір көңіл қойғанымыз – таққа жайғасқан ханның алдында қолына домбыра қондырылған мүсін. Бізді

әйтеуір жол бойындағы бірталай шақырым жерді ағаштың тұқылдары алып жатса, кейбір жер мүлде тақырға айналыпты. Осы аралықтағы күре жол да жолаушының көңілін толтырмайды. Ол жайлы тағы бір сапарласымыз – атына заты сай, қазақ әдебиеті дегенде ішкен асын жерге қоятын Азамат Шоқшин қайтар жолда: «Жолдың жақсарғанынан Семейден алыстағаныңды білесің» деп тамаша айтты.

Семей мен Жидебайдың арасындағы жол да жолаушыны біраз әбігерге са-лады. Екінші күні Семейден Абайдың мәңгілік мекеніне айналған жеріне шыққанымызда оған көз жеткіздік. «Абай жолы» роман-эпопеясы есіңізде болар – 13 жасар Абай Семейдегі оқуынан ауылына қайтып келеді... Тура сол жолмен жүріп келеміз.

адамдар тоқтайтын Шағыл... Алыстан «Қорғансыздың күні» шығармасында айтылатын, Сарыарқаның соңғы жота-сы саналатын, ұзындығы 12 шақырым Арқалық тауының сұлбасы көрінеді. Абайдың ғашығы Салтанаттың ауы лы – Балтатарақтың тұсынан өттік. Әрі қарай Күшікбай кезеңі. Жолбасшыларымыздың айтуынша, бұл жерде Абайдың ақын шәкірттерінің бірі Көкбай Жанатайұлы 1925 жылы дүниеден өткен. Күшікбайдың өзіне келсек, ол ХVІІІ ғасырдың соңында өмір сүрген. Батырлығымен аты шығып, 21 жасында шешектен қайтыс болған. Кесенесі де сол маңда. Таяу жерде суы шипалы, батырдың атымен аталатын бұлақ та бар екен. Оның суын ішіп, шөлімізді бастық.

Ақан болыстың қорлығына шы-

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

МЕКЕНiНДЕГiYМЫТЫЛМАС КYНДЕР

де Абайдың әкесімен қатар ағасы Тәкежан, інісі Ысқақ, балалары Әбіш пен Мағауия, немерелері Жағыпар, Кәмила, биыл дүниеден өткен Ишағы Жағыпарқызы, жалпы алғанда Құнанбай әулетінен 17 адам дамыл тапқан. Абай осында 15 жа-сында келіп, 30 жылдай өмір сүріп, көптеген шығармаларын тудырған. Асан Омаровтың пайымдауынша, Құнанбай 1885 жылы дүниеден өтсе, сол жылдан әкесінің рухы Абайға қонып, шығармашылық қуаты арта түседі. Иә, Абай өлеңді қырық жастан кейін жаза бастаған деген сөз де бар жұртымызда. Одан хабар беретін Абайдың өзінің «Сорлы Көкбай жылайды, Жылайды да жырлайды» деген жолдары да есімізде.

Осынау тарихи да, қастерлі орынға апаратын жолдың жайын да қаузай кетсек. Жол деп айтуға келмейді – грейдер. Тас төселетін күні келер ме екен оған?.. Осындай оймен Абай мен Әйгерімді таныстырған, Жидебайдан 35 шақырымдық қашықтықта жатқан Шілікті кезеңінен де өттік.

Діттеген орынымыз – Жидебайға

келгенімізде алдымыздан республикалық «Абай» қорының директоры Балтабек Ерсәлімұлы шықты. Бейнесі Абайға келетін ол кісі данышпанымызға жиен екен. Сол жерге Қарауыл селосының әкімі Құсыман Берлешев те жетті. Ол да Абайға жат емес болып шықты – Тәкежанның ұрпағы. Қарауылдың маңайында Құнанбай туралы көркем фильм түсіруге дайындық жүріп жатқанын соның аузынан естідік. Осыған қуандық. Расымен, Мұхтар Әуезов жазғандай емес, басқа, нағыз Құнанбайды тану керек жұрт. Әйтпесе, Абайдың әкесі жайлы халықтан оң пікір есту қазір де қиын. «Абай жолын» жазған жазушы да идеологияның кесірінен жаңсақтыққа барғанын білді. Оның Құнанбай бейітіне барып: «Қажы аға, кешірім ет, Абай үшін сізді құрбандыққа шалдым» деп арылғанын да естігеніміз бар. Ендеше, Құнанбайды жақсы, дұрыс жағынан көрсететін осы фильм болуы керек. Асан Омаров та Қарауыл әкіміне жақында шыққан «Абай: ашылмай келген қырлары» кітабын тапсырып жатып, соны меңзеді. «Осы кітапты кино авторларына апа-рып бер» деді ол.

Жолбасшыларымыз ел адамдарына базыналарын да жеткізді. Әсіресе, Ал-

қыран» халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Сал-жановтан басқа селт еткен жан болған жоқ. Ол қомақты қаржы бөліп, осы сапарға мүмкіндік тудырды. Сапардың дұрыс өтуі үшін жанымызға қор қызметкері, ақын-аудармашы Дәурен Берікқажыұлын да қосып жіберді. Алдын ала айтайық, саяхатымыз сәтті өтті. Осыған Дәуреннің де аз үлес қоспағанын айтуға тиістіміз. «Ел ішінен Исламбектейін азаматтар неге шықпайды?» деп ашынды сапарды ұйымдастырушы. Алмахан апай тағы да Жұмекенмен үндескендей: «Заманға қарап, Абайды аяймын. Абайға қарап, өзімді аяймын»...

Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйін босағадан бізге таныстыра бастаған Гүлсара Құсайынова өз ісінің нағыз маманы екенін көрсетті. Алды-мен Абайдың бесінші атасы Олжайдан басталатын шежірені таратып берді. Мұражайдағы әр зат жайлы қолымен қойғандай айтып берді. Ділдәнің тұс кестесі төркінінен келгенін, әсем әшекейленген ертоқым Абайдың Әйгерімге тартқан сыйлығы екенін білдік. Ілініп тұрған үш ауызды мылтық Абайға 1890 жылы генерал-губернатор Барон Таубенің тартуы болып шықты.

жылы мұражайға тапсырған.Мұражайдан шығып, Абай жатқан

кесенеге бет алдық. Одан сәл беріректе Құнанбай ауылының балаларын оқытқан Ғабитхан молданың, Оспан үйінің жалшысы Шәукембайдың зи-раттарына кез болдық. Абайдың өзіне де дәріс берген ұлты татар молда оның алғырлығын сол кезде байқайды. Содан соң Құнанбайға: «Мырза, мына Абай – дана жігіт. Шаһарға оқуға жіберсеңіз не йәтәді. Хұдандауи, хакім-хазіреттер ал-дын көрсе – бек дұрыс» дейді. Осындай мәліметке Асан Омаровтың алдында айтылған кітабында жолықтық. Осыдан кейін Құнанбай Абайды Семейдегі Ахмет Риза медресесіне берген сияқты. Абай дүниеден өткенде жаназасын шығарған да осы Ғабитхан көрінеді.

Шәукембайға келсек, Қайыржан Күзембаевтың айтуынша, Абайға шаруашылықты жүргізуге осы кісі үйретіпті. Керек кезде қатты сөз айтқаннан да тайынбаған. Бұл Құнанбай әулетіне осы екі адам сыйлы болғанын айғақтайды.

Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжанның, ағасы - Шәкәрімнің әкесі Құдайбердінің молалары да осы Жи-дебайда екен. Абайдың тәрбиесіне үлес қосқан жандар біраз жасаған

екен. Құлпытастағы жазуларға сенсек, Зере – 88 жасында, Ұлжан – 77-ге келіп о дүниелік болыпты. Осыған керісінше Құдайбердінің пешенесіне 37-ақ жас жазылыпты.

Ұшы сүйір ақшаңқан екі кесененің бірінде інісі Оспанды бауырына алып Абай, екіншісінде Шәкәрім мен оның ұлы Ахат жатыр.Осыларға апарар жолдың ортасында Амфи-театр орналасқан. Бұл орында жыл сайын жер жерден жиналған «Абай оқуларының» жеңімпаздары өлең оқиды екен. Біздер сонда аялдап, алған әсерлерімен бөлістік. Балтабек

орналасқан Бөріліге соқтық. Мұражай 1982 жылы ашылыпты. Онда бала Мұхтарға хат танытқан атасы Әуездің бөлмесіне бас сұғып, бірқатар құжаттарды көрдік. Басқа да құжат іздеп едік, бірақ ол көзімізге шалынбады. 1997 жылы жазушының ғасырлық мерейтой-ына орай түсірілген деректі фильмді көрген едік. Сонда Мұхтар ғашық болған Ғайни атты келіншекке жазған хаттары жайлы айтылады. Ол хаттар Ташкент қаласында бір үйде сақтаулы екен. Хаттарды ұстап отырған адам мен «Қазақфильм» АҚ-ның сол кездегі басшысы Сергей Әзімовтің арасында әңгіме өрбиді. Киностудия жетекшісі хаттарды Қазақстанға қайтаруын сұрайды. Алайда, одан түк өндіре ал-майды. Сұхбаттасы: «Тірі кезінде ұлы тұлғаларыңды елемейсіңдер, өлгеннен кейін барып аһ ұрасыңдар. Хаттарды бермеймін» деп анық айтады. Қарап отырсақ, сол әңгімеден 17 жыл уақыт өткен екен. Бірақ, хаттар елімізге әлі әкелінбепті. Мұражайдың аға ғылыми қызметкері Гүлзат Сәлемқызынан осы-ны сұрағанымызда соны білдік.

Көңілге кірбің ұялататын тағы бір жайт жайлы айта кетсек. Семей – «Алаш» партиясы құрылған қала. Партия көсемі Әлихан Бөкейханов та Абайды жалпақ жұртқа таныту-да бір адамдай еңбектенді. Ең ал-дымен Абайдың алғашқы жинағын шығаруға атсалысты. 1905 жылы данышпанымыздың өмірбаянын орыс тілінде жазып, «Семипалатинский листок» газетіне жариялады. Ахмет Байтұрсынов жазған «Қазақтың бас ақыны» мақаласы да есіңізде болар. Ал, қазірде «Алаштың» штабы болған ғимарат шіркеуге айналған. Есі бар басшы мұндай келеңсіздікке жол беруші ме еді?..

Рас, сол қалада 1997 жылы ашылған «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» мұражайы бар. Көне ғимаратты 1893 жылы Абай білімге құштар жетім азамат Әнияр Молдабаевқа сатып әперген. Кейіннен мұнда Ахмет Байтұрсынов әйелі Бәдрисафамен, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов тұрған. Бірақ, алдында айтылған «Алаш» штабын шіркеуге айналдыру ненің сорақылығы...

«Полковничий» – қазіргі аты «Түйемойнақ» аралына да барып, атомдық жарылыс құрбандарына арналған ескерткішті де көрдік. Қонақүйге қайтып келген соң Дәурен Берікқажыұлы бір бөлмеге жайғасқан төрт жігітке Есенқұл Жақыпбектің «Қарауыл қайғысы» поэмасын ерінбей оқып берді. Есенқұлға қайран қалдық. 1989 жылы жазылған бұл шығармада атомның бар қасіретін жайып салған ақын. Ортамызда Азамат Шоқшин отырған еді. Ол қатты әсерленіп: «Есенқұлға осыдан кейін Семейден көше беру керек» деді. Орынды ұсыныс. Тек оған уақыт керек сияқты. Есенқұл Жақыпбековтің дүниеден өткеніне бір жылға ғана жуықтады. Ал, «Ономастика туралы» еліміздің заңында белгілі бір тұлға қайтыс болғаннан кейін оның атына көше немесе өзге нысан кемінде 5 жылдан соң беріледі деп анық жазылған. Алла қаласа оның да уақыты келер. Тек сапар барысында өзгелер айтқан дұрыс сөздер, біз байқаған жайттар тиісті жерлерге жетсе болғаны.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ,Астана – Павлодар – Семей –

Жидебай - Астана

махан апайдың сөзі сүйектен өтердей болды. Шынымен, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы болма-са, осы сапар барысында, алдындағы сапарлар кезінде де талай адамның ұлы мекенге жолы түсуі неғайбыл еді. Ол кісі осыны ұйымдастырамын деп біраз мекемелердің табалдырығын тоз-дырды, хат та жазды. Алайда, «Алтын

Данышпанымыздың дойбы мен тоғызқұмалағын да көрдік. Одан бөлек, ағаш есепшотын, сейфін (өзі секретер деп атаған), мүйіз шақшасын, ірі адам болғанын айғақтайтын қайыс белдігін, протез тісін де қызыға тамашаладық. Протез тісі әмеңгерлікпен алған Ерке-жанда, одан кейін келіні Кәмәлияның қолында болып, кейінгісі оны 1941

Ерсәлімұлы бастаған ел адамдары қазақы салтпен жолбастаушыларға шапан кигізді.

Жидебайдан қайтар жолда Мұхтар Әуезовтің кірін жуып, кіндік ке-скен жері – жазушының мұражайы

1 2

3

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Т.А.Ж Кезекке қою күні Санаты

642

643

644

645

646

647

648

649

650

651

652

653

654

655

656

657

658

659

660

661

662

663

664

665

666

667

668

669

670

671

672

673674

675

676

677

678

679

680

681

682

683

684

685

686

687

688

689

690

691692

693

694

695

696

697

698

699

700

701

702

703

704

705

706

707

708

709

710

711

712

713

714

715

716

717

718

719

720721722

723

724

725

726

727

728

729

730

731

732

733

734

735

736

737

738

739

740

741

742

743

744

745

746

747

748

749

750

751

752

753

754

755

756

757

758

759

760

761

762

763

764

765

766

767

768

769

770

771

772

773

774

775

776

777

778

779

780

781

782

783

784

785

786

787

788

789

790

791

792

793

794

795

796

797

798

799

800

801

802

803

804805

806

807

808

809

810

811

812

813

814

815

816

817

818

819820

821

822

823

824

825

826

827

828

829

830

831

832

833

834

835

836

837

838

839

840

841

842

843

844

845

846

847

848

849

850

851

852

853

854

855

856

857

858

859

860

861

862

863

864

865

866

867

868

869

870

871

872

873

874

875

876

877

878

879

880

881

882

883

884

885

886

887

888

889

890

891

892

893

894

(Жалғасы. Басы газетіміздің №90 (3147) санында)

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

895

897

898

899

900

903

904

905

907

908

909

930

933

934

935

937

938

939

940

943

944

945

947

948

949

950

953

954

955

957

958

959

970

973

974

975

977

978

979980

983

984

985

987

988

989

990

993

994

995

997

998

999

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

1154

1155

1156

1158

1159

1161

1163

1164

1165

1166

1168

1169

1181

1183

1184

1185

1186

1188

1189

1191

1193

1194

1195

1196

1198

1199

1311

1313

1314

1315

1316

1318

1319

1331

1333

1334

1335

1336

1338

1339

1341

1343

1344

1345

1346

1348

1349

1351

1353

1354

1355

1356

1358

1359

1361

1363

1364

1365

1366

1368

1369

1381

1383

13841385

1386

1388

1389

1391

1393

1394

1395

1396

1398

1399

1411

13www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

1412

1413

1414

1415

1416

1418

1420

1421

1422

1423

1424

1425

1426

1428

1430

1431

1432

1433

1434

1435

1436

1438

1440

1441

14421443

1444

1445

1446

1448

14501451

1452

1453

1454

1455

1456

1458

14601461

1462

1463

1464

1465

1466

1468

1480

1481

1482

1483

1484

1485

1486

1488

1500

1501

1502

1503

1504

1505

1506

1508

1510

1511

1512

1513

1514

1515

1516

1518

1520

1521

1522

1523

15241525

1526

1528

1530

1531

1532

1533

1534

1535

1536

1538

1540

1541

1542

1543

1544

1545

1546

1548

1550

1551

1552

1553

1554

1555

1556

1558

1560

1561

1562

1563

1564

1565

1566

1568

1580

1581

1582

1583

1584

1585

1586

1588

1600

1601

1602

1603

1604

1605

1606

1608

1610

1611

1612

1613

1614

1615

1616

1618

1620

1621

1622

1623

1624

1625

1626

1628

1630

1631

1632

1633

1634

1635

1636

1638

1640

1641

1642

1643

1644

1645

1646

1648

1650

1651

1652

1653

1654

1655

1656

1658

1660

1661

1662

1663

1664

1665

1666

1668

1680

1681

1682

1683

1684

1685

1686

1688

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

(D-O-2

09.07.2014 № 271/37-V

15www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен

қамту орталығы» КМК-ге хабарласыңыз!

Мекенжайы: Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-

орталық ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34

автобустарымен келуге болады. Анықтама алу

телефоны: 57-88-88.

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Ò

«Астана қаласы мәслихатының аппараты» ММ Астана қаласы мәс ли хаты аппаратының мемлекет-тік қызметшілері сыбайлас жемқор лық қа қарсы күрес

заңнамасын, «Мем ле кет тік қызмет туралы» Қазақ стан Республикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нормаларын

бұзу мәселелері бойынша хабарлау үшін сенім телефоны нөмірін хабарлайды: 55-66-35

– Айтулы мерекеге қандай жоспарларыңыз бар? Арнайы атап өтетін боларсыздар?

– М і н д е т т і т ү р д е . Б і з о с ы м е р е к е м і з г е қ ы з у д а й ы н д ы қ үстіндеміз. Репертуарымызды толықтай жаңартып, халық көрмеген ерекше би қойылымдарын қоямыз. Елде болмаған шоу жасаймыз.

– Кештеріңіз қашан және қайда өтеді? Қонақтардан кімдер қатысады?

– Нақты күні белгіленген жоқ. Айтып өткенімдей, қызу дайындық үстіндеміз. Ал, қонақтарға келер болсақ, ол – құпия. Қандай шоу қоятынымыз да құпия. Алла жазса, шығармашылық кеште бәрін көретін боларсыздар.

– Биыл сіздерге он бес жыл толып отыр. Осынау айтулы күнге қиындық пен қуанышты бірге көріп, біршама белеске жеткендеріңіз бәрімізге аян. Осы уақыт ішінде «Наз» мемлекеттік би театры не істей алды?

– Алғашында «Наз» халық би

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

ансамблі болып 1999 жылы Астана қаласы мемлекеттік филорманиясы жанынан құрылып, 2007 жылы 1 на-урыздан бастап қала әкімшілігінің шешімімен «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК болып өз ал-дына бөлек шаңырақ құрғанбыз. Бастапқы жылдары өте қиын болды. Бишілер жетіспеді. Сол себеп-тен, тіпті, жақын шет елдерден бишілер іздеген күніміз де болған. Шынын айтқанда, он бес жылда көп нәрсені көрген екенбіз. Биші деген мамандық бір адамдарға оңай жұмыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ, бұл мамандық өзіне тән қажырлы еңбекті талап ететін шығарма ор-тасы десем, артық айтқаным емес. Осы уақыт ішінде ауыз толтырып айтардай жетістіктерге жете білдік. Айта кететін болсам, 2001 жылы ІІ республикалық Ш.Жиенқұлова атындағы қазақ би конкурсының лау реты, 2001 жылы Халықаралық ІV «Шабыт» шығармашылық жа-стар фестивалінің бас жүлдегері атандық. 2002 жылы Қазақстан

өз меншігімізде. Мақтанышпен айта алатын билеріміз жетерлік. Соның ішінде, «Тұйғындар» тарихи би спектаклі, фламенго стилінде «Ба-леро», хореографиялық спектакль – «Нұрғиса», жасөспірімдерге арналған тақырыптық спектакль – «Ақ пен қара». Сонымен бірге, мерекелік күндерге де арнайы қойылымдар қойып жататын кезіміз болады. Үнемі ізденіс үстіндеміз. Репертуарымызды үнемі жаңартып, толықтырып отырамыз.

– Театр құрамымен таныстыра кетсеңіз.

– Біздің ұжымда 18 жастан бас-тап 42 жас аралығындағы мықты майталман қызметкерлер қызмет етеді. Мақтан тұтар бишілеріміз өте көп. Соның ішінде 12 ұл бала-дан құралған бишілеріміз біршама жетістіктерге жетіп, әрдайым бізді қуантып жүреді.

– Сізді «театрдың анасы» деп жатады. Уақытыңыздың көп бөлігін би өнеріне ар-найсыз. Қиын емес пе? Өз шығармашылығыңыз жайында не айтар едіңіз?

– «Қиналмадым, бәрі кере-мет болды» десем, бекер болар.

Әрине, қиындық та, қуаныш та мол. Алғашында жұбайым Еркебұлан Ағымбаев екеуміз Астанаға келіп, осы театрды құрған болатынбыз. Бастапқыда жоқтан бар жасадық. Бірінші, Алланың арқасында осын-дай биік дәрежеге көтеріліп отыр-мыз. Театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас балетмейстері ретінде жұмыс атқарып келе жатқаныма, міне, бақандай он бес жыл. Жет-кен жетістіктер көп. Оның бәрі – ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесі.

– Әйел адамына отбасымен бірге жұмысты алып жүру қиын емес пе?

– Жоқ, қиын емес. Себебі, отағасы да, жаңа айтып өткенімдей, осы театрдың іргесін қаласқан биші. Қазіргі таңда Қарағанды облысы мәдениет басқармасының басшысы. Ол кісі бәріне түсіністікпен қарайды. Өзі де өнер адамы болғандықтан, бәрін біледі.

«Әйел – қырық жанды» деп бе-кер айтпаса керек. Заман талабына сай отбасын да, шығармашылық жұмысты да қатар алып жүремін.

– Әңгімеңізге рахмет!

Гүлжәмилә ЗАЙЫРОВА

Би өнері деқажырлы еңбекті талап етеді

Жастар одағы сыйлығының лау-реаты, 2004 жылы Қытайда өткен сайыста «Алтын мүсін» иегері атанып, 2008 жылы Голланди-яда өткен «Worldfestival Parad Brunssum» фестивалінің серти-фикатымен марапатталдық. Дәл осы жылы нидерландтар елінде өткен интернационалдық фоль-клор фестивалінің дипломын, 2010 жылы еліміздегі Египет Араб Республикасының өзара ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесіміз үшін алғыс хат алдық. Со-нымен қатар, қалааралық және республикалық біршама байқауларға қатысып, мадақтау қағаздарына ие болған жайымыз бар. Әр жыл сайын Астана қаласы әкімдігінің алғыс хатымен және Мәдениет басқармасының құрмет громата-ларымен марапатталып жүрміз. Міне, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерміз осы.

– Театрдың меншігінде неше қойылым бар? Репертуарларыңыз қаншалықты жаңарып тұрады?

– Репертуарымызда алпысқа жуық хореографиялық қойылым бар. Оның ішінде 30-дан аса қазақ биі мен көптеген әлем халықтарының билері