45minut  · Web viewАтырау облысы,Мақат ауданы . Х.Санбаев...

9
Атырау облысы,Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектеп. География пәнінің мұғалімі: Іңірбаева Жаннат Серікқалиқызы Сынып: 5 «б» Тақырыбы: §55. Табиғат байлығы Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Табиғат байлығы туралы оқушыларға түсінік бере отырып, ресурстардың құрамы және маңызы туралы ұғым қалыптастыру. Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау қабілетін, еске сақтау, пәнге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелігі: Туған жердің табиғатын аялауға,Отанын сүюге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,суреттер,кесте т.б Сабақтың түрі:Аралас.Жаңа білімді қалыптастыру және бекіту Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,тест әдісі. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Transcript of 45minut  · Web viewАтырау облысы,Мақат ауданы . Х.Санбаев...

Атырау облысы,Мақат ауданы

Х.Санбаев атындағы орта мектеп.

География пәнінің мұғалімі:

Іңірбаева Жаннат Серікқалиқызы

Сынып: 5 «б»

Тақырыбы: §55. Табиғат байлығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Табиғат байлығы туралы оқушыларға түсінік бере отырып,

ресурстардың құрамы және маңызы туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау қабілетін, еске сақтау, пәнге

қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі: Туған жердің табиғатын аялауға,Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,суреттер,кесте т.б

Сабақтың түрі:Аралас.Жаңа білімді қалыптастыру және бекіту

Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,тест әдісі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Оқушыларға сөзжұмбақ 1.Адамдар жер қойнауынан қандай пайдалы қазба өндіреді?

2. Ортаға бейімделуді ........... деп атайды?

3.Бұл гүлдің атауы?

4.Адамдар өсімдіктер мен жануарларға азығы және...... үшін міндетті ?

5.Жазда жатсаң-көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң-жаның рахат табады.

6.Бұл гүлдің атауы қалай аталады?

7.Төрт түліктің бірі.

Үй жұмысын қорытындылау.

Әр уақытта естен шығармайтын нәрсе,Жер шары баршамыздың ортақ үйіміз.Табиғаттың жойылуы-адамзаттың да жойылуына алып келеді.

ІІІ.Жаңа сабақ

Жоспар:

1.Ресурс

2.Ресурстардың түрлері

Ресурс дегеніміз-адамға қажет деген нәрсенің барлығы. Француз тілінен аударсақ-нәрсе,қор және т.б. мағынаны білдіреді.

Ресурстардың көптеген түрлері бар.Мысалға:жел,су,тау жыныстары,метал-

дар,ауа және т.б.

Ең негізгісі:Топырақ,Су,ауа,жел,күннің жылуы

Бағалы ресурстарға пайдалы қазбалар жатады.Қазіргі адамдардың металсыз,отынсыз күн көруін ойлап көрсеңдер,көп нәрсені түсінесіңдер.

Слайд. Адамдар орманды азық,отын,жиһаз,құрылыс материалы ретінде пайдаланады.

Топырақ болса өсімдіктердің өніп-өсуіне жағдай жасайды.Онда адамдар мен жануарларға қажетті өсімдіктер өседі.

Барлық табиғи ресурстарды сарқылатын және сарқылмайтын ресурстар деп екіге бөлеміз.Сарқылатын ресурстар –қалпына келетін және қалпына келмейтін деп екіге бөлінеді.

Жер бетіндегі барлық өсімдіктер қалпына келетін биоресурсқа жатады

1.Дәптермен жұмыс: Кестені толтыр.

Сарқылатын

ресурстар

Сарқылмайтын

ресурстар

2.Слайд. Сәйкесін тап

ІҮ.Сабақты бекіту: Географиялық диктант.

1.Бағалы ресурстарға ..... жатады.

2. Барлық табиғи ресурстарды ....және ......ресурстар деп екіге бөлеміз.

3.Ресурс дегеніміз- адамға қажет деген ...... барлығы.

4. ......... болса өсімдіктердің өніп-өсуіне жағдай жасайды.

4. Ой дамыту.Тақырыпқа қатысты сөздердің әріптеріндегі орындарын

ауыстыру арқылы жасырын сөзді табу.

Ү.Сабақты қорыту.Келешекте атмосфераны сақтаудың алдын алу шаралары алынбаса,ауаны да сарқылатын ресурстың қалпына келетін бөліміне жатқызуымыз ғажап емес.Біз өзімізді қоршаған ауа бассейін қорғауға міндеттіміз.

ҮІ.Үйге тапсырма

ҮІІ.Бағалау

Қалпына

келетін

ресурстар

Топырақ

Өсімдіктер

Жануар-

лар

Қалпына

келмейтін

ресурстар

Көмір

Металл

рудалары

Мұнай

Газ

Сарқылмайтын

ресурстар

Ғарыштық

(күн энергиясы,

Айдың және

Күннің тарту күші)

Климаттық

(ауа,жел,

жауын-шашын)

отын

адаптац

лобелия

киім

ағаш

шырайгүл

түйе

Лист1отынадаптациялобелиякиімағашшырайгүлтүйе