45minut€¦ · Web view6 ІІ-сәбилер тобында ата-аналарға...

8
Сөйлеу органдары мен уақ қол моторикасын жетілдіру арқылы балалардың тілін дамыту (жұмыс тәжірибеден хабарлама) Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы №46 «Балбұлақ» балабақшасы әдіскері Алима Реджеповна Қобланова «Кез-келген іс-әрекет барысындағы қимыл-қозғалыс жағдайында, тек қана қол жаттығып қоймай, ми да жаттығады....» Н. А. Бернштейн Адамның тілдік қатынасы өмірінің алғашқы кезеңінен яғни сәбилік шақтан бастап қажетті және байланысты.Жасқа толмаған баланың өзі,үлкендердің еркелете сөйлеген сөзіне құлақ түріп, әлдиіне бұрыла қарайды да,жәй-жәй түсіне бастайды.Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда «Ойынсыз ақыл- ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті,ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірі мен ұштасып,өзі қоршаған орта туралы түсінік алады.Ойын дегеніміз-ұшқын,білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».Ойынның қандай түрі болмасын, ол баланың жетілуіне, дамуына тигізер пайдасы мол.Ғалымдардың айтуынша, баланың саусақтарының қимылы немесе уақ моториканың жақсы

Transcript of 45minut€¦ · Web view6 ІІ-сәбилер тобында ата-аналарға...

Page 1: 45minut€¦ · Web view6 ІІ-сәбилер тобында ата-аналарға семинар-практикум. Ата-аналармен: «Моншақтар»-саусақ

Сөйлеу органдары мен уақ қол моторикасын жетілдіру арқылы балалардың тілін дамыту

(жұмыс тәжірибеден хабарлама)

Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы№46 «Балбұлақ» балабақшасы

әдіскері Алима Реджеповна Қобланова

«Кез-келген іс-әрекет барысындағы қимыл-қозғалыс жағдайында, тек қана қол жаттығып қоймай, ми да

жаттығады....»

Н. А. Бернштейн

Адамның тілдік қатынасы өмірінің алғашқы кезеңінен яғни сәбилік шақтан бастап қажетті және байланысты.Жасқа толмаған баланың өзі,үлкендердің еркелете сөйлеген сөзіне құлақ түріп, әлдиіне бұрыла қарайды да,жәй-жәй түсіне бастайды.Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті,ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірі мен ұштасып,өзі қоршаған орта туралы түсінік алады.Ойын дегеніміз-ұшқын,білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».Ойынның қандай түрі болмасын, ол баланың жетілуіне, дамуына тигізер пайдасы мол.Ғалымдардың айтуынша, баланың саусақтарының қимылы немесе уақ моториканың жақсы жетіліп дамуы,ол мидың және тілдің жетілуі мен тікелей байланысты.Уақ моторикасы жоғары деңгейде жетілген баланың әдетте, логикалық ойлауы,талқылауы ,ол баланың есте сақтауы, қабылдауы,байланыстыра сөйлеуі жоғары деңгейде болады.Бұл жөнінде ең алғаш Қытайда ІХ-Х ғасырлардың жобасында анықтап, адамдар арасында қол өнерді дамытуға,оның адамға пайдасы жайында кеңнен таратылды.Сонымен қатар тас,ши,таяқтар,т.с.с.заттармен ойын түрлеріойлап шығарылды.Бәшпай мен уақ заттарды жинауға жаттығушылар көп болды. Ата-аналар мен педагогтың уақ моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн: ойындар,жаттығулар,түрлі тапсырмалар,уақ моториканы

Page 2: 45minut€¦ · Web view6 ІІ-сәбилер тобында ата-аналарға семинар-практикум. Ата-аналармен: «Моншақтар»-саусақ

жетілдіруде және қол бұлшық еттерінің дұрыс жолмен дамытуда мынадай екі міндеттерін шешеді:Бір жағынан жалпы баланың интеллектуальды дамуын,екіншіден жазуға жаттығады. Уақ моторикамен жұмысты ерте сәбилік шақтан бастау керек.Сол кезден саусаққа түрлі массаждар жасап,өлең түрінде санамақтар айту арқылы саусақпен сөйлесу керек.Мысалы:Бала,бала,балақан,Қайда сенде алақан.Балақандар ойнайық,Қане босқа тұрмайық! т.с.с.Уақ моториканы жетілдіруде ойындар және жаттығулар.(ересек балалар мен жүргізілетін ойындар)І.«Тартыспақ»-(орыс халық ойыны)ортаға сызық сызылады.Екі бала екі жақтан қарама-қарсы тұрып,төрт саусағымен тартысады,содан соң үш,екі саусақтарымен тартысып,саусақ күштерімен сынасады.Белгі бойынша әрқайсысы қарсыласын өзіне тартып алуы керек.Бұл ойын саусақ бұлшық еттерін дамытады.ІІ.« Қағаз,қайшы,тас»-(ағылшын ойыны)Бұл ойынды 3-4 бала болып ойнауға болады.Бәрі бірге «қағаз,қайшы,тас»-деп жұмылған жұдырықты сілкіген күйінде ашу керек.Мысалы;А)-«Қағаз»-алақан ашылған,саусақтар бір-біріне жақын ашып көрсету.Б)-«Қайшы»-сұқ саусақпен ортан саусақ алға созылып көрсетіп,қалған бас бармақ,шылдыр шүмек,кішкене бөбек бірігіп бүгіледі.В)-«Тас»-жұдырық түйулі.Ойыншы білуі тиіс: тас қайшыдан күшті,қайшы қағаздан күшті,оны қиып тастайды.т.с.с.Қай бала күштісін көрсетсе,сол жеңген болады.Егер бірдей көрсетіп қалса,екі жақада үлес берілмейді.ІІІ.«Үлкен құрлыс»-(оттық дәнінен,санау таяқшаларынан):күн,төрт бұрыш, кеме,үшбұрыш,үй,шатыр,мәшина,шкаф,сөре т.б.б.ІҮ. «Қолдұзақ»-(резенке мен ойналады) екі адамнан ойнауға болады.Санамақ арқылы бірінші бастайтын баланы анықтаймыз.бастаушы саусақтарға резеңкені өткізіп,шытырман өрнек жасауы керек.Ал келесі бала, сол өрнекті өзгертіп, өз қолына яғни саусағына өрнек жасап өткізуі тиіс.

Page 3: 45minut€¦ · Web view6 ІІ-сәбилер тобында ата-аналарға семинар-практикум. Ата-аналармен: «Моншақтар»-саусақ

Ү. «Тас алу»-бұл ойынды бірнеше бала ойнауға болады.Санамақ бойынша бастаушы таңдалады.Сол бала ойынды бастайды.Бес тас алып жоғары лақтырылады да,қолдың артымен қағып алып,жерге түскен тастарды саусақ арасына қысып алу арқылы теріп алу керек.Теріп жатырғанда,қолдың үстіндегі тас түсіп қалса,ойын кезегі келесі балаға өтеді. Ұзақ түсірмей, ойынды жалғастырған бала жеңімпаз болады. ҮІ.«Кепкен дәндер»-(бұршақ,тары,күріш,фасол,жүгері,бидай т.б.)дәндерге екі қолдың саусақтарын салып суырып қарау,бір ыдыстан екінші ыдысқа қолымен салу,араластыру т.с.с. Міне,осындай қаншама ойын түрлері бала тілінің жетілуіне әсерін тигізеді. Осының дәлелі ретінде Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы №46 «Балбұлақ» балабақшасында бірнеше топта (ІІ сәбилер және естиярлар тобында) өткізілген семинар –практикумнан көріністерді ұсынамын.

№6 ІІ-сәбилер тобында ата-аналарға семинар-практикум.Ата-аналармен: «Моншақтар»-саусақ ойынынан көрініс.

«Қызыл,сары,көк моншақ,Мен жасаймын көп моншақ..»

Page 4: 45minut€¦ · Web view6 ІІ-сәбилер тобында ата-аналарға семинар-практикум. Ата-аналармен: «Моншақтар»-саусақ

Аналар қандай ақылды,Санады саусақ «батырды»...

№14 естияр тобы ата-аналарына арналған «Ұлдар және қыздар,дос екен біздің саусақтар!» -тақырыбына ашық сабақ.

«Екі саусақ бірікті,Жұмысқа енді кірісті..»

Page 5: 45minut€¦ · Web view6 ІІ-сәбилер тобында ата-аналарға семинар-практикум. Ата-аналармен: «Моншақтар»-саусақ

«Тақтада сырлы,сиқырлы,Жасадық пішін түр-түрлі..»

ІІ сәбилер тобында ата – аналармен «саусақ ойынын» жүргізу әдісінен практикалық көрініс.

«Май шелпек» - жаттығуы «Анам илеп қамырды,Апам ысты қамырды».

Page 6: 45minut€¦ · Web view6 ІІ-сәбилер тобында ата-аналарға семинар-практикум. Ата-аналармен: «Моншақтар»-саусақ

ІІ сәбилер тобында ата – аналармен бірге«Ұшақтар» - логоритмі

«Міне, қандай ұямыз

Бар балапан сиямыз!»«Ұя» – саусақ ойыны