45minut€¦  · Web view2016. 5. 6. · Іскерлік қарым-қатынас, жұмыс...

6
Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия мұғалімі Сүлеймен Әлия Сатыбалдықызы ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ Тақырып: Мінез –адам көрсеткіші Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: ізгілік, жақсылық, мейірімділік,адамгершілік Сынып: 9 б Сабақ реті:13 Сабақтың мақсаты: оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту Сабақтың міндеттері: Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету; Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету; Адамгершілікке тәрбиелеу; Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу. Оқушылар суреттерді таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді. Отбасы суреті Іскерлік қарым-қатынас, жұмыс барысындағы сурет Атақты боксшы Г.Г.Головкин суреті Сабақ орындайтын орынның суреті Тыныштық сәті. «Алтын таға» Ыңғайлы отырып, демімізді реттейміз. Көзімізді жұмамыз. Көз алдарыңа елестетіңдерші сендер бұғысыңдар, сұлу, сымбатты, күшті, қарапайым, ақылды, маңғазсыңдар. Сендердің сол аяқтарыңда тағылған күміс таға бар. Сол тағамен үш рет жерді тоқылдатсаңдар-күміс тиындар пайда болады. Олар сиқырлы әрі көзге көрінбейді, әрбір тиын Ресурстар: (суреттер, әуен)

Transcript of 45minut€¦  · Web view2016. 5. 6. · Іскерлік қарым-қатынас, жұмыс...

Page 1: 45minut€¦  · Web view2016. 5. 6. · Іскерлік қарым-қатынас, жұмыс барысында сурет, атақты боксшы Г.Г.Головкин суреті,

Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия мұғалімі

Сүлеймен Әлия Сатыбалдықызы

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Тақырып: Мінез –адам көрсеткіші Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: ізгілік, жақсылық, мейірімділік,адамгершілік

Сынып: 9 б Сабақ реті:13 Сабақтың мақсаты: оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері: Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету; Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету; Адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Топқа бөлу. Оқушылар суреттерді таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.

Отбасы суреті Іскерлік қарым-қатынас, жұмыс барысындағы сурет Атақты боксшы Г.Г.Головкин суреті Сабақ орындайтын орынның суреті

Тыныштық сәті. «Алтын таға»Ыңғайлы отырып, демімізді реттейміз. Көзімізді жұмамыз.Көз алдарыңа елестетіңдерші сендер бұғысыңдар, сұлу, сымбатты, күшті, қарапайым, ақылды, маңғазсыңдар. Сендердің сол аяқтарыңда тағылған күміс таға бар. Сол тағамен үш рет жерді тоқылдатсаңдар-күміс тиындар пайда болады. Олар сиқырлы әрі көзге көрінбейді, әрбір тиын пайда болған сайын сендер мейірімді, қайырымды боласыңдар. Адамдар бұл тиынды көрмесе де сендерден тараған жылылықты, қайырымдылықты, ізгілікті сезінеді. Олар сені жақсы көріп жақындағысы келіп тұрады.Осы сезімде біраз бола тұрыңдар. Енді көздеріңді ашсаңдар болады.

Ресурстар: (суреттер, әуен)

Миға шабуыл сұрақтары қойылады. Ненің суретін көріп тұрмыз? Қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

Отбасы суретіІскерлік қарым-қатынас, жұмыс барысында сурет, атақты боксшы Г.Г.Головкин суреті, сабақ орындайтын орынның суреті(оқушылар берілген суретер бойынша қасиеттерді атап, топтың

Суреттермен жұмыс

Page 2: 45minut€¦  · Web view2016. 5. 6. · Іскерлік қарым-қатынас, жұмыс барысында сурет, атақты боксшы Г.Г.Головкин суреті,

атаулары қойылады)1-топ: мейірімділік (отбасы сурет)2-топ: жауапкершілік (жұмыс барысында)3-топ: сенімділік (атақты боксшы)4-топ: ұқыптылық (сабақ орындайтын орын)

(оқушылар жаңа сабақтың мақсатын анықтайды)2. Үй тапсырмасы тексеруА.В.Сухомлинский өсиетін талдау.

Оқушылар топтар бойынша берілген тапсырмаларды А4 парағына түсіріп жазып, жұмыстарын қорғайды.

Мәтінді талдау жұмысы, постер жасау

3.Дәйексөзді талдау  «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» Абай Топ бойынша талдау жұмысы жүргізіледі.1-топ: жалпылау2-топ: көзқарас3-топ: себеп4-топ: мысал

Жалпылау, көзқарас, себеп, мысал

4. Кейіпкерлердің мінезіне талдау жасау.(топтарға кейіпкерлердің суреті таратылады.) «Д’Артаньян және үш ноян» Александр Дюма1-топ: Атос2-топ: Портос3-топ: Арамис4-топ: Д’АртаньянСұрақ: мінездері қандай болуы мүмкін?

Оқушылар топ бойынша суретке қарап бөлінген кейіпкердің мінезіне талдау жасайды.«Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топтар бірін-бірі бағалайды

Визуалды айғақтар бойынша, «Болжау» стратегиясы«Екі жұлдыз, бір тілек»

5. Қосымша ақпарат. Мұғалімнің тосын сыйы(мұғалім адамның жазуына қарап мінезін білуге болатындығы туралы ақпарат береді)

Ғаламтор материалы бойынша

Page 3: 45minut€¦  · Web view2016. 5. 6. · Іскерлік қарым-қатынас, жұмыс барысында сурет, атақты боксшы Г.Г.Головкин суреті,

6. Дәптермен жұмыс3-тапсырма.

Мінезімнің жақсы жақтары Мінезімнің міндері

Кестені толтыру

7. Кері байланыс«Себетке жеміс-жидектерді жинау»Оқушылар жеміс-жидектерді таңдап, сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтадағы себетке салады.

Жеміс-жидектерді таңдау арқылы мінездерін анықтау

8. Топпен ән айту«Армандастар»

Ән жазылған парақшалар

7.Үй тапсырмасыДәптерге мінездегі міндерді түзеудің жолын жазып келу.

Мәтінмен жұмыс

8. Соңғы тыныштық сәті.Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толығынан сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Жан тыныштығына шақыру. Өзін-өзі сезіну

Page 4: 45minut€¦  · Web view2016. 5. 6. · Іскерлік қарым-қатынас, жұмыс барысында сурет, атақты боксшы Г.Г.Головкин суреті,

«Мінез – адам көрсеткіші» тақырыбында өткізілген сабақтан көріністер