4 14 01 2014

8
ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСи гАЗЕТ www.zhaikpress.kz Сейсенбі, 14 қаңтар 2014 жыл №4 (19923) + 1 0 С - 1 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] Орал өңірі ҚОғАМ ЕЛ-ЖҰРТ 6 Жолаушылар ұтылмайды 3 Саланы дамытуға жаңаша ұстаным керек 5 Қайын ағасынан үлгі АлыП... Ақжайық ауданының Базаршолан ауылында «Керуен» азық-түлік дүкені ашылды. Бұл – Тайпақтағы осы аттас екінші дүкен. Оның иесі тайпақтық жеке кәсіпкер Айсұлу Масалимова сауда-саттықпен ертеден айналысады. Ол - осындағы мектеп пен балабақшаларды тағаммен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір кәсіпкер. Облыс халқы 623,5 мыңға жетті Өткен жылдың он бір айында өңір халқы 5841 адамға, соның ішінде қалалықтар 5741-ге, ауыл тұрғындары 100-ге көбейді. 308,8 мың 314,7 мың 49,5% 50,5% О блысқа танымал жеке кәсіпкер Болат Хисиннің «Кәсібінің үздігі» деп танылғанына 20 жылдан асыпты. Ол бір кезде Тайпақтағы «Керуен» дүкенін ашып, халықты керек-жарақпен қамта- масыз етудің алғашқы қарлығашы болған еді. Сөйтіп, ел аузына ілікті. Ондағы тағам түрлерінің молдығы, арзандығы, арақ, темекі сатылмайтындығы ауыздан ауызға тараған. Сөйтіп, Болат қайырым- ды істерге де үлкен үлес қосты. Енді, міне, қайын ағасынан үлгі алған келіні Айсұлу да Базаршоландағы екінші «Керуенді» дәл сондай ізбен ашып отыр. Аталмыш дүкенге бұған дейін жұмыссыз отырған жастар Әлия Мұрын мен Зияш Сайынова жұмысқа тартылып, сауда жасаушыларға қызмет етуде. Тілес ЖАЗыҚБАЙ, Ақжайық ауданы Суретті түсірген автор Қыс қызығынан ҚұР ҚАлмАңыз! қала ауыл

description

 

Transcript of 4 14 01 2014

Page 1: 4 14 01 2014

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСи гАЗЕТ

www.zhaikpress.kz

Сейсенбі,14 қаңтар 2014 жыл№4 (19923)

+ 1 0С

- 1 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

Орал өңіріҚОғАМ

ЕЛ-ЖҰРТ

6Жолаушылар ұтылмайды

3Саланы дамытуға жаңаша ұстаным керек

5Қайын ағасынан

үлгі АлыП...Ақжайық ауданының Базаршолан ауылында «Керуен» азық-түлік дүкені ашылды. Бұл – Тайпақтағы осы аттас екінші дүкен. Оның иесі тайпақтық жеке кәсіпкер Айсұлу Масалимова сауда-саттықпен ертеден айналысады. Ол - осындағы мектеп пен балабақшаларды тағаммен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір кәсіпкер.

Облыс халқы 623,5 мыңға жетті

Өткен жылдың он бір айында өңір халқы 5841 адамға, соның ішінде қалалықтар 5741-ге, ауыл тұрғындары 100-ге көбейді.

308,8 мың 314,7 мың

49,5% 50,5% Облысқа танымал жеке кәсіпкер Болат Хисиннің «Кәсібінің үздігі»

деп танылғанына 20 жылдан асыпты. Ол бір кезде Тайпақтағы «Керуен» дүкенін ашып, халықты керек-жарақпен қамта-масыз етудің алғашқы қарлығашы болған еді. Сөйтіп, ел аузына ілікті. Ондағы тағам түрлерінің молдығы, арзандығы, арақ, темекі сатылмайтындығы ауыздан ауызға тараған. Сөйтіп, Болат қайырым-ды істерге де үлкен үлес қосты. Енді, міне,

қайын ағасынан үлгі алған келіні Айсұлу да Базаршоландағы екінші «Керуенді» дәл сондай ізбен ашып отыр. Аталмыш дүкенге бұған дейін жұмыссыз отырған жастар Әлия Мұрын мен Зияш Сайынова жұмысқа тартылып, сауда жасаушыларға қызмет етуде.

Тілес ЖАЗыҚБАЙ,Ақжайық ауданы

Суретті түсірген автор

Қыс қызығынан ҚұР ҚАлмАңыз!

қала ауыл

Page 2: 4 14 01 2014

АҚПАРАТСейсенбі, 14 қаңтар 2014 жыл

[email protected]

Қаңтардың 13-іне қара-ған түні сағат шамамен 23.30-да бетперде киген

үшеу кәсіпкердің үйінің терезе-сін сындырған. Шуды естіп сырт-қа шыққан кәсіпкердің жұбайы, облыстық мәслихаттың депута- ты Валентина Каркуланы соқ-қыға жыққан. Сосын үй иесі Виталийге шолақ мылтықтан екі рет оқ атып, бір оқ оның тура басына тиеді. Кәсіпкер оқиға орнында жантәсілім қы- лады.

– Ішкі істер департаментіне суыт хабар түнгі сағат 00.25-те түсті. Кәсіпкердің үйіне жасалған шабуыл тап-таза қарақшылық. Үй иелері жақын арада Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа баруға жиналған. Қаскүнемдер мұны біліп, мұнда мол ақша бар

Қарақшы қолынан қаза таптыБатыс Қазақстан облысында белгілі кәсіпкер,

«Каркула» шаруа қожалығының жетекшісі Виталий Каркуланың үйіне қарақшылық шабуыл жасалды. Зе-ленов ауданында тұратын бұл отбасы бақуатты тұрмыс кешкен еді.

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ,«Орал өңірі»

деп келулері де ғажап емес. Се-бебі бөлмелердің астаң-кестеңі шыққан, кейбір шкафтар ашық-шашық жатыр. Үй иесінің жұба- йы Валентина Каркула есін жи-ғаннан кейін полиция мен «Же-дел жәрдемді» өзі шақырды және полицейлерге қылмыскерлерді табуға көмектесетін құнды де-ректерді айтып берді. Негізі ша- буыл жасағандар үшеу, төртінші-сі ауыл сыртында автокөлікпен күтіп тұрған. Қазір оқиға орнын-да арнайы құрылған жедел тер-геу тобы жұмыс істеуде. Қылмыс іздері өте көп, барлығы көшірі-ліп алынып, зертханаға жолдан-ды. Таяу арада бізге ҚР ІІМ-дан арнайы тергеу тобы көмекке келмекші. Аталған қылмысқа бай-ланысты ҚР ҚК-ның 96-бабы, 2-бөлімімен (қарақшылық шабуыл нәтижесінде қасақана кісі өлті- ру) іс қозғалды. Ауыр жарақат алған Валентина Каркулаға ота жасалды, жақын күндері жағ- дайы қалыпқа келеді деп үміт-

тенеміз. Науқас жатқан па-лата күзетке алынды - деді кеше БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында БҚО ІІД басшысы, полиция полковнигі Махамбет Әбисатов.

Виталий Каркула Зеленов ау-данында алғашқылардың бірі болып шаруа қожалығын құрған азамат еді. 14 мың гектарға таяу жері, 1400 бас ірі қара малы бар, 350 адамға жұмыс беріп отыр- ған ірі шаруашылықтың басшы-сын өлтіргендер тез арада ұс-талып, қатаң жазаларын алулары тиіс.

Брифингте БҚО ІІД басшы- сы Махамбет Әбисатов облыста жол-көлік апаты көбеюінің се-бептеріне де тоқталды. Оның ай-туынша, бұған мас жүргізушілер-дің қосқан «үлесі» зор. «2013 жылы облыста көлікті мас күйін- де айдаған 2394 жүргізуші анық-талса, солардың 120-сы тек қа- на Жаңа жылды мерекелеу уа- қытында, яғни желтоқсанның 27-сі мен қаңтардың 5-і аралы-ғында құрықталып отыр. Енді жаңа Қылмыстық кодекс бойын-ша мас жүргізушілерге жаза қа-тайтылады, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, ірі мөлшерде айыппұл төлейді», – деді М.Әбисатов.

Қысқа-нұсқа

Тасқала ауданында діни ақпараттық-насихат то- бы жылқы жылғы жұмысына кірісіп кетті. Өткен жұма күні жергілікті насихатшылар Мереке ауыл- дық округінде болып, мектеп ұжымымен кездесу өткізді.

P

Кеше Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреға-лиевтің халықпен есептік кездесулері басталды. Алмалы ауылында қазір ғана аяқталған бұл шара барысында тұрғындар кәсіпкерліктің өрістеуіндегі, Үкімет тарапынан шаруаларды қолдаудағы, мек-теп оқушыларына қосымша білім берудегі игі бет- бұрыстарды жан-жақты бағалап, әкім есебін қуаттады.

P

Орал қаласындағы ОЖСШМ спорт залында 14-16 қаңтар күндері еркін күрестен 1994-96 ж.т. жастар мен қыздар және 1997-1999 ж. т. жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтеді.

P

Жуырда облыс прокуроры Серік Қараманов пен БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Айна-гүл Ақашаева өзара ынтымақтастық жөніндегі ме-морандумға қол қойды.

P

Құрманғазы атындағы саз колледжінде «Ілияс- эколог» атты поэзия кеші өтті. Бұл кеште ақын Ілияс Жансүгіровтің табиғат туралы тамаша туын-дыларын оқушылар жатқа айтты.

P

160 000 “Орал Таза Сервис” ЖШС тұрғы-ны бар оралдықтармен осынша келісімшартқа отырған. Ал тө-лемақыны тұрғындардың төрт-тен бірі ғана төлеген.

Сансөйлем2013 жылы

Мерекелік кешті «Ба-тыс» өңірлік қолбас- шылығының қолбас-

шысы, полковник Қайрат Ақтанов ашып, ішкі әскерде болған оң өз- герістерге тоқтала келіп, ішкі әскер жауынгерлерінің қосқан үлесін үлкен мақтанышпен атап өтті. Халықтық мәдениет универ- ситетінің ректоры Шәмел Мең-

Ішкі әскерлер күні АТАлыП өТТі

діғалиев, «Батыс» өңірлік қолбас-шылығының ішкі әскерлер ке- ңесінің ардагері, доғарыстағы ма- йор Темір Мырзашев және де құ-қық қорғау органдарының бір топ басшылары жауынгерлерді кәсі- би төл мерекесімен құттықтады.

Жиында бір топ әскери қызмет- керлерге, құқық қорғау орган- дарының басшыларына төсбелгі-лер, грамоталар, бағалы сыйлық-тар салтанатты түрде табыс етілді. Кештің соңы «Отанның ішкі қуа- ты» атты деректі фильммен аяқ-талды.

Ерболат СҰЛТАНОВ,Орал қаласы

Жақында ҚР Ішкі істер министрлігі ішкі әскерле- рінің құрылғанына 22 жыл толу мерейтойы Орал ша- һарында орналасқан «Ба- тыс» өңірлік қолбасшы-лығында аталып өтті.

– Біз Ұлы Отан соғысы жыл-дарында кеудесін оққа төсеп, ел қорғаған ата-әжелерімізге әрқа-шан зор құрметпен қараймыз. Партия, кеңес органдарында түр-лі қызмет атқарған аға ұрпақтың да бізге берер ақыл-кеңесі көп. Өкініштісі, жыл өткен сайын май-дангерлер қатары сиреп барады. Бүгінгі жиынға қатысып отырған баршаңызға мықты денсаулық ті- леймін. Бірер жылдан соң келе-тін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына аман-есен жетейік. Сіздерге Ба-тыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың ыстық сәле-мін жеткізіп, жаңа жыл мереке-

Кеше облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында ҰОС және еңбек ардагер-лері құрметіне жаңажылдық дастарқан жайылды. Облыстық ар-дагерлер кеңесі ұйымдастырған шарада арда-герлерді об-лыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен құттықтады.

Ардагерлерге құрметсімен құттықтаймын! – деді өз сөзінде Бақтияр Мәкенұлы.

Бұдан кейін Бақтияр Мәкен ҰОС ардагерлері, тоқсанның тө-ріне шыққан Лидия Губановаға, Николай Котельниковке, Павел Букаткинге Курск иініндегі қиян- кескі шайқастың 70 жылдығына орай шығарылған мерекелік ме-дальді табыс етті. Курск облысы-ның губернаторы А.Михайлов-тың атынан келген бұл медальға облысымыздан 21 ардагер ие болып отыр.

Ардагерлер ыстық ықыласқа, жайылған ақ дастарқанға алғыс сезімін білдірді. Кездесу бары-

сында майдан әндері шырқалып, қызықты естеліктер айтылды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ-дарламалар басқармасы ұсын-ған мәліметтерге қарағанда, күні бүгін облысымызда зейнет жасы-на жеткен 77120 адам бар екен. Оның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер 319 адам ғана. Сондай-ақ өңірімізде 24 со-ғыс жесірі, фашистік концлагерь азабын тартқан 25 тұтқын, 10 660 тыл ардагері тұрып жатыр.

Төрехан КӘРІМБАЙСуретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Page 3: 4 14 01 2014

Сейсенбі, 14 қаңтар 2014 жыл3

[email protected]

Өз тілшілеріміз

ҚоҒАм

Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің қатарына шақырылған сарбаздар бүгінде жас жауынгер курсы-нан өтіп, алды жауынгерлік қызметке кіріскелі отыр.

Өткен сенбіде Ішкі әскер-лердің полковник Қайрат Ақта-нов қолбасшылық ететін «Ба-тыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5517 әскери бөлімі-не Солтүстік Қазақстан, Ақмо- ла, Жамбыл облыстарынан әс-кери борышын өтеуге келген 166 сарбаз ант қабылдады.

Сарбаздар ант қабылдады

Өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес Ақжайық ауданына 45 маман келді.

Аудан әкімдігінен түскен мә-ліметке қарағанда, оларға 5,4 млн. теңге көтермеақы берілді. Сондай-ақ 12 маманға 30,9 млн. теңге тұрғын үй несиесі бөлінді.

Жалпы, аталмыш бағдарла- ма жүзеге асырыла бастаған бес жылдай уақыт ішінде ау- данға 308 маман орналасып, оларға 32,5 млн. теңге көтер-меақы төленді. Ал 106 маман 186,2 млн. теңге тұрғын үй не-сиесіне қол жеткізді.

Бағдарлама бойынша жұ-мыстар биыл да жалғасатын болады.

Бір жылда – 45 маман

Саланы дамытуға

Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған кеңейтілген кеңес Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында өтті. Кеңестің жұмысына об-лыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Өтеғұлов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ке-мел Сәдбеков және басқа да сала басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, шаруашылық құрылымдарының өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

жАңАшА ұСТАным кеРек

ҚР Президенті жанындағыОрталықКоммуникацияларҚызметі

Еліміз биыл Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше болады деп болжануда. Бұл беделді ұйымға кіру үшін мемлекет басшылары арасында біраз жылдан бері келiссөздер жүргiзiлiп келдi.

ДСҰ-ға кірсек,жеңілдік көП

– Соңғы кездегі мемлекеттен бөлініп отырған субсидиялар, «Сыбаға», «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламалары мал шаруашылығын дамытуға үлкен әсерін тигізіп отыр. 2014 жылдың 1 қаңтарына ірі қара ма-лының 32052 басқа жетуі немесе 10,4 пайызға өсуі, қой-ешкінің 73971 басқа жетуі немесе 11 пайызға өсуі, жылқының 9389 басқа жетуі немесе 12,3 пайызға өсуі, құстың 13266 басқа жетуі не-

алынатын ет, сүт, жүн, жұмыртқа өнімдерінің көлемі, сапасы бол-са, осы өнімдерді кластерлік жү-йеде өндіру жайы әрбір тауар өндірушіні немесе кәсіпкерді ой- лантуы тиіс. «Соңғы кездері ет бағасының арзандап кетуі үлкен шығынмен өндірілген еттен алы- натын пайданың күрт төмендеуі- не әкеліп отыр. Сондықтан ау-данда өндірілген мал етін ше-телге шығару, ол үшін алдымен еттің сапасын арттыра отырып, жартылай дайын күйінде неме- се вакуумдық орама түрінде шығаруға ұмтылған жөн», – де-ген аудан басшысы Абат Шы-ныбеков «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы бойынша ауданда «Жібек жолы» шаруа қожалығы- ның 400 ірі қара малын бор-дақылау үшін бордақылау ала- ңы жобасын іске асыру жайына кеңінен тоқталды. Бұл жобаны биылғы жылдың бірінші жар-тыжылдығында аяқтап, іске қо- су жоспарланған.

Күн тәртібіндегі негізгі мәсе- лелер бойынша мінбеге көтеріл-ген «Қазагроқаржы» АҚ БҚО фи-лиалының директоры Төлебай Меңдіоразов ауданда техниканы жаңарту өте баяу екендігіне, яғ-ни 3 шаруа қожалығы ғана жаңа техника алуға қол жеткізгендігі- не тоқталды. Облыстық ауыл шар- уашылығы басқармасының бас-шысы Арман Өтеғұлов болашақ-та егістік алқаптарын қала маңы- на таяу орналастырып, өзге ал- қаптарға екпелі шөптер егіп, ау- данның мал шаруашылығын да-мытуға жете көңіл бөлінгенін жөн санайтынын жеткізді.

Кеңес жұмысын қорытынды- лаған Серік Сүлеймен аудан кө-лемінде мал басын асылдандыру бағытындағы жұмыстың өте баяу екендігіне тоқтала келе, аудан бо-йынша ауыл шаруашылығы сала-сын дамытудың бағдарламасын жасап, далалық жұмыстарға жа-ңаша көзқараспен қарауды, жа-ңа технологияларды пайдалану қажеттігін тапсырды.

Кеңестен кейін жиынға қа-тысушылар Ғанимат Нұрмұханов жетекшілік ететін «Жібек жо-лы» шаруа қожалығының мал сою цехында, Өлеңті ауылында пайдалануға берілген әлеумет-тік нысанда болып, жұмыс бары-сымен танысты.

Мүсірбек АЙТАШЕВ,Сырым ауданы

месе 8,1 пайызға өсуі мемлекет беріп отырған бағдарламалар- дың тікелей дәлелі деп айтуға бо- лады, – деді аудан әкімі Абат Шы- ныбеков аудандағы ауыл шар-уашылығы саласының дамуына талдау жасаған баяндамасында.

«Сыбаға» бағдарламасы бо-йынша 2013 жылы аудандағы 8 шаруашылық құрылымы 97 млн. 547 мың теңге несие алып, 486 аналық мал және 23 асыл тұқым-ды бұқа сатып алды. Осы бағдар-

лама бойынша үш жылда 27 ауыл шаруашылығы құрылымы 336 млн. 217 мың теңге несие алып, 1742 аналық мал және 62 асыл тұқымды бұқа сатып алды. Бұл бағдарламалар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін бола-ды. Аудан бойынша барлығы 360 ауыл шаруашылығы құрылымы болса, соның 40-ы егін шаруа-шылығымен, 320-сы мал шаруа- шылығымен айналысады. Қазіргі міндет – мал басын көбейтумен қатар, оның сапасын арттыру. Алайда бүгінгі таңда ауданда «Та-лап» шаруа қожалығынан басқа бірде-бір шаруашылық мал тұқы-мын асылдандырумен айналысып отырған жоқ.

Өткен жылы малды асылдан-дыру бағытында аудан қожалық- тары 72 тұқымдық бұқа сатып алды. Мемлекеттен әр бұқаға тиісінше 118 мың теңгеден суб-сидия беріліп, барлығы 8 млн. 496 мың теңге төленді. Жалпы, мал шаруашылығында алдағы уақыт- тағы басты мәселе мал мен құстан

Биылғы жылдың 6-10 қаң-тары аралығында шахматтан Батыс Қазақстан облысы- ның біріншілігі өтіп, онда 8, 10, 12, 14, 16, 18 жасар қыздар мен жасөспірімдер бақтарын сынады.

Жарысқа Орал қаласы мен Теректі, Тасқала, Қазталов ау-дандарынан барлығы 49 шах-матшы қатысты. Біріншілікте 8 жасар қыздар арасында орал-дық Дана Оразбай мен Вадим Климанов топ жарса, 10 жасар-лардан Лаура Әбділдаева мен Аян Рысқалиев үздік атанды. 12 жасар шахматшылар Әдемі Жоламанова мен Александр Савин, 14 жасқа дейін Рустам Әлімқұлов, 16 жасқа дейін Ка-милла Ғайнуллина мен Әлихан Ерғалиев, 18 жасқа дейінгілер-ден Вера Костняйнен мен Ела-ман Қапсықовтар жеңіске қол жеткізді.

Біріншілік қорытындысында ел чемпионатына қатысатын облыс құрамасы жасақталды.

Облыс құрамасынаенді

Қазір тауарлар, қызмет көрсету, ауыл шаруашы- лығы және жүйелiк мә-

селелер салалары бойынша ке-лiссөздер аяқталуға жақын. Ен- ді екi мәселе – тарифтiк үйлесім-ділік және жергiлiктi үлес бойын-

Сәкен ӘБІЛхАЛыҚОВ,«Орал өңірі»

ша келiссөздер жүргiзу қалды. Бұйыртса, ағымдағы жылы олар да оң шешімін тауып, Қазақстан ДСҰ-ға мүше болады деп күтілуде. Бұл турасында кеше ҚР Прези-дентi жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-ми- нистрі Тимур Жақсылықов мә-лiмдедi. Ұйымға мүше болу ар-қылы қазақстандықтар ДСҰ мем- лекеттерiнiң аумағындағы сауда еркiндiгiне, транзиттiк тасымал-

дарға қатысты айтарлықтай же-ңiлдiктерге қол жеткiзбекші. Со- нымен қатар импортталатын кө-лiктерге кедендiк баж салығы да төмендейдi.

– Қазақстанның Еуразиялық ықпалдастыққа қатысуының не-гiзгi мақсаттарының бiрi сатылым нарығын кеңейту, экономиканың қайта өңдеушi секторларына ин-вестициялар тарту болып табы- лады. Кедендiк одақ осы мүм-кiндiкке қол жеткiздi. Ол сауда-

ның үлкен және көлемдi нары-ғын құрады. Атап өту керек, қа-зақстандық жүк жөнелтушiлер- дiң Ресей және Беларусь ел- дерінің аумағы арқылы жүзеге асыратын жүк тасымалдарының көлемi жылына 17,2 млн. тон-наны құрайды. Сонымен қатар 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар Ресей және Беларусьтің мемлекеттiк сатып алуларына қатыса алатын болады, – дедi вице-министр.

Page 4: 4 14 01 2014

Cейсенбі, 14 қаңтар 2014 жыл4 [email protected]

денСАулыҚ

Бұл орайда сапалы және қол-жетімді медициналық қызмет көрсету, аурулар түрінің барын-ша кең спектрін диагностикалау және емдеу, халыққа ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге ден қою қажеттілігі күн тәртібінде тұр. Облыс орталығынан шалғай жатқан Қазталов ауданында да денсаулық сақтау саласы бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Қазталов аудандық орталық ауруханасы ауданның 16 149 тұр-ғынына сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді. Орталық ауруханада 24 жоғары білімді дә-рігер жұмыс жасаса, соның 10-ы жоғары санатта. Сондай-ақ 114 орта буын медицина қызметкері бар.

Аурухана ұжымы «Саламат-ты Қазақстан» бағдарламасы ая- сында өткен жылдар ішінде тұр-ғындар денсаулығын сақтау, түрлі аурулардың алдын алу ба- ғытында біршама істер атқар-ды деуге болады. Біз аурухана ұжымының жұмысымен танысу үшін арнайы барғанымызда, ор-талық аурухананың директоры, аудандық мәслихат депутаты Қа-йырбай Алтаев әңгімесін былай деп сабақтады:

- Адам жанының арашашысы болып табылатын біздің мақса-тымыз – адам ауырғанда оны ем-деудің жолын іздеу ғана емес, ау-

рудың алдын алу үшін жұмыстану. Осы орайда өткен жылы 1518 адам қан тамырлары дертіне байланыс-ты скрингтік тексеруден өткізілсе, соның 105-інен дерт анықталып, олар ем алуда. Сондай-ақ адамдар арасында үлкен алаңдаушылық туғызып отырған обыр ауруының алдын алу да – үлкен міндет. Бұл мақсатпен 499 адам тексеруден өткізіліп, 27-сінде ауру белгілері анықталса, 543 әйел адам сүт безі обырына қарсы скрингтен өтіп, 12-сі емделуге жіберілді.

Елбасымыз ұлт болашағы - балалар денсаулығын сақтауға жете мән беру керектігін қадап айтты. Соған орай балалар мен жасөспірімдердің дені сау аза-мат болып қалыптасуы жолында жұмыстанудамыз. Мәселен, 4308 жасөспірім скринингтен өткізілді.

Ауданымыздағы шалғай ауыл-дың тұрғындары да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Тек өткен жылы 1802 ересек адам және 1776 жасөспірім жылжымалы сто-матология қызметін пайдаланды. Өткен жылы портал бойынша облыстық ауруханада - 148, Ас-танада – 4, Алматыда – 1, Жаңақа-ла сауықтыру орталығында 104 адам ем алса, өзіміздің ауруха-нада 1809 адам емделіп шықты. Сондай-ақ аурухананың күндізгі бөлімінде – 3563, ал үйде 81 адам ем қабылдады.

Ауданымызда қан қысымы, обыр дерті, зерттеу көрсетіп отырғанын-дай, төмен болса, өкпе ауруынан дүние салған адамдардың жоқ-тығы көңілге қуаныш ұялатады.

Қай жерде болмасын, сол елдің болашағы сәбилердің дүниеге

Тұрғындар денсаулығыжіТі бАҚылАудАЕлбасымыздың «Қазақстан - 2050» Стратегиялық

бағдарламасында денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізу, сондай-ақ медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыру қажеттігі атап көрсетілген.

Аудандық орталық аурухананың директоры Қайырбай Алтаев

келу көрсеткішімен өлшенеді. Осы орайда 2012 жылы 308 сәби дүниеге келсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 323-ті құрап отыр. Биылғы жылы 346 әйел жүкті ре-тінде есепке алынып тұр.

Аудандық орталық аурухана-ның материалдық базасы жылдан-жылға нығайып келеді. Мәселен, жылжымалы медициналық кешен автокөлігі және маммограф ап-параттары алынды. Енді аудан тұрғындары облыс орталығына бармай, ауруын жергілікті жерден анықтауға мүмкіндік алды.

Адам денсаулығын сақтауда дәрігердің алар орны зор. Осыған байланысты аурухана жыл сайын жас мамандармен толыға түсуде. 2012 жылы Александр Сидоров есімді оташы дәрігер келсе, өткен жылы тағы екі жас маманмен то-

лықтық. Ақтөбе медицина ака-демиясын бітірген Альбина Әйті-мова жаңадан салынған Қошанкөл ауылындағы амбулаторияға дәрі-гер болып барса, Тілек Әдиетов оташы қызметіне кірісті. Жалпы, алдағы уақытта ауданымызда жо-ғары білімді дәрігерлерге деген сұраныс азаяды деп күтілуде. Се-бебі ауданымыздан медициналық жоғары оқу орнында 30 түлегіміз білім алуда.

Қазіргі күні ауруханаға анес-тезиолог, лор, акушер-гинеколог, кардиолог дәрігерлер қажет. Егер біздің ауданға келіп қызмет етемін дейтін дәрігерлер болса, әрдайым есігіміз ашық, - дейді бас дәрігер.

Гүлфия КӨШБАЕВА,Қазталов ауданы

Жас оташы дәрігер Тілек Әдиетов науқасты қарау үстінде

31 желтоқсан күні Қазталов ауылының тұрғыны Әсел Кенжеғалиева дәрігерлердің көмегімен үшінші ұлын дүниеге әкелді

Ж

Page 5: 4 14 01 2014

СПоРТСейсенбі, 14 қаңтар 2014 жыл[email protected] 5

Қыс қызығынан Бала да, шаға

да асыға күтетін қыс мезгілі белортаға таяды. Осы орайда біз қала тұрғындары қыста қайда барып белсенді демалады, көңіл көтеріп, бой сергітеді деген сауалдарға жауап іздеп, шаһардың біраз жерін аралап шықтық. Гүлжамал ЖОЛДыҒАЛИ,

"Орал өңірі"

Бірден байқағанымыз, кафе, мейраманхана-ны айтпағанда, бой сергітіп, демалуға бо-

латын спорт демалыс орындары жеткілікті. Күні бүгін қалада 30 жасанды мұзайдыны құйылған. Оларда сырғанау тегін. 30 айдын-ның 17-сі мектеп ауласында. Қала тұрғындарының басым бөлігі мұз-айдынды спорт сарайында сыр-ғанауды тәуір көреді.

Қала шетінде орналасқан «Еуразия» туризм орталығында

«Зимушка, зима» деп ата-латын қысқы демалыс ла-

герінде 700-ден аса бала демалып қайтыпты. Мектеп оқушылары, әсіресе, №23, 28, 43, 34 мектептің және

кәсіптік оқу орындарының шәкірттері – мұндағы үйірме- нің негізгі қатысушылары.

- Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында «Эко-

логия», «Туризм», «Өлкетану» бағытында үйірмелер жұмыс жасайды. Біз келген балаға, ең алдымен, шаңғы тебу тех-никасын үйретеміз. Үйірмеге 1-11 сынып аралығындағы кез келген оқушы қатыса алады.

Бір күндік демалу бағасы – бір мың теңге. Үйірме қа-

тысушыларына 50 пайыз жеңілдік жасадық. Қыс-

қы демалыс лагері көңілді өтті, – дейді

директордың оқу- тәрбие ісі жөнін-

дегі орынбаса-ры Гүлсім Уса-

ғалиева.

Қаламыздың қақ ортасында, дәлірек айтсақ, орыс шіркеуінің қасынан орын тепкен «Ақжайық» спорт клубы негізінен допты хоккей спорты-на маманданған. Жасөспірімдер спорттың осы түрінен жақсы жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Спорт клубының есігі демаламын деушілерге әр кез ашық. Ашық мұз айдынында арнайы белгіленген уақытта демалыс күні сағат 16.00 - ден 23.00 - ге дейін, жұмыс күндері сағат 18.00 - ден 23.00 - ге дейін

ҚұР ҚАлмАңыз! жаппай сырғанау болады. Спорт клубы тарапынан көрсетілетін ақы-лы қызмет түрінің бағасы 7 жасқа дейінгі балаларға кіру - 100 теңге, үлкендерге - 200 теңге, конькиді жалға алу 200 теңге тұрады. Ал мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсетіледі.

№8 мектеп ауданында орна-ласқан мұзайдынды спорт са-райына келіп демалушылар легі толастаған емес. Бұл жерде бала-лар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі жандар тегін сырғанай алады. Мұзайдынды спорт сарайы директорының оқу-спорт ісі жөніндегі орынбасары Татьяна Копылованың айтуынша, белсенді демалушылар саны жыл өткен сайын артып келеді. Әрі 2008 жылдан бері баға тұрақты.

- Әсіресе, орта жастағылар мен мектеп оқушылары көп. Демалыс күндері отбасымен келіп сырғанақ тебетіндер жетерлік. Кейде ата-әжесін ертіп келетін балалар да кездеседі, - дейді Татьяна Копыло-ва.

Мұзайдынды спорт сарайын-да конькиді жалға алу - 300 теңге, мұзда сырғанау - 300

Шаңғының қазаққа да қатысы бар

Шаңғының шығу тарихы қазақтармен байланысты. АҚШ, Жапония және Қытай ғалымдары Шыңжаң өңіріндегі археологиялық қазбаларды зерттей келе осындай тұ-жырымға келген. Археологиялық қазба барысында шама-мен 10 мың жыл бұрын Алтай қазақтары ойлап тапқан шаңғы табылған. Терімен қапталған шаңғыны Шыңжаң аймағына қоныс тепкен қазақтың әрбірінің үйінен табуға болады. Бір-неше жылға созылған зерттеу жұмыстары нәтижесін беріп, Қытайдың Шаңғышылар одағы «Шаңғының шығу тарихы Ал-тайда қоныстанған қазақтардан бастау алады» деген куәлік тапсырады. Ал Гиннестің рекордтар кітабы жәдігерді «Ең көне шаңғы» деп ресми тіркеген.

Конькидің пайдасыҚазір өзеннің үстімен немесе арнайы айдындарға ба-

рып коньки тебуге болады. Дене алғашқы күндері шаршай-ды. Әсіресе, сан бұлшық еттері сіресіп, буындар ауырады бастапқыда. Сондықтан алғашқы күндері айдында үзіліс жа-сап демалып отырған дұрыс.

Конькиге кішкентай балаларды үнемі апарып отырған жақсы. Себебі шыдамдылық, жылдамдық, денедегі зат алма-су процесіне әсер етіп, тыныс алу жолдарын ашады. Артық салмақ қосылып кетпеуіне де пайдасы бар. Конькидің хок-кейге, мәнерлеп сырғанауға, алыс қашықтыққа жүгіруге арналған түрлері болады.

теңге, барлығы 600 теңге тұрады. Балаларға - 300 теңге, өз конькиі болса, 150 теңгеге мұзда сырғанап, бой сергітуге болады.

Үлкен мен кішіге бірдей сер-гектік сыйлайтын қыс қызықта-рының бірі – шаңғы тебу. «Ди- намо» спорт базасында шаңғыны жалға алу 600 теңге (2 сағатқа) тұрады. База күн сайын ертеңгі тоғыздан кешкі алтыға дейін жұ-мыс жасайды.

Қалалық мәдениет және де-малыс саябағында шаңғымен бір сағат сырғанау құны – 600 теңге. Демалысын мәнді өткізгісі ке-летін кез келген қала тұрғынына жоғарыдағы спорт демалыс орын-дары өз қызметін ұсынады. Конь-кимен мұзда сырғанайсыз ба, әлде хан тоғайына барып, шаңғы тебесіз бе, қалауыңыз білсін. Бастысы, қыс қызықтарынан құр қалмаңыз!

Page 6: 4 14 01 2014

Сейсенбі, 14 қаңтар 2014 жыл6

[email protected]

ел-жұРТ

2013 жылғы 27 желтоқсандағы №307облыс әкімдігінің қаулысына ҚОСЫМША

Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2011-2015

жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген өзгерістер мен

толықтырулар

7.1. «Бюджеттік бағдарламалар» кесте-сіндегі:

1) 002 «Көлік инфрақұрылымын дамы- ту» бюджеттік бағдарламасының көрсет-кіштеріндегі «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «жергілікті бюджет» жо-лының «2013 жыл» бағаны «20 000» санымен толықтырылсын;

2) 003 «Автомобиль жолдарының қыз-мет істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағ-дарламасының көрсеткіштеріндегі «Бюд- жеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «250241» саны «445301» санымен ауыстырылсын;

3) 268.025 «Облыстық автомобиль жол-дарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» кестесінің «Тиімділік көрсеткіштері» бағанындағы «Бюд-жеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «1 176 708» саны «1 373 759» санымен ауыстырылсын;

4) 268.113 «Жергілікті бюджеттерден бе-рілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кестесіндегі «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолының «2013 жыл» бағанындағы «230 000» саны «214 072» санымен ауысты-рылсын;

5) 268.021 «Аудандардың (облыстық ма- ңызы бар қалалардың) бюджеттеріне «Жұ- мыспен қамту – 2020» бағдарламасы шең-берінде елді мекендерді дамытуға беріле- тін ағымдағы нысаналы трансферттер» кес-тесіндегі «Бюджеттік шығындар көлемі» де-ген жолының «2013 жыл» бағанындағы «288 026» саны «285 760» санымен ауыстырыл-сын.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойыла- тын жалпы біліктілік талаптары:

E-G-3 санаты үшін: жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санатта-ғы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барлар- ға рұқсат етіледі.

E-G-4 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейін-гі білім, не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

E-G-3, E-G-4 санаттары үшін: Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыс-тардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республи-касының нормативтік-құқықтық актілерін, тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық акті-лерді білу, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптас- қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функцио-налдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min maxE-G-3 53808 72386E-G-4 48047 64704

1. С.Меңдешев, Мәстексай, Жаңажол, ауылдық округтері әкімі аппараттарының бас мамандары, E-G-3 санаты.

Функционалдық міндеттері: Ауылдың әлеумет-тік – экономикалық мәселелерін шешуге қатысу.

Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын жә-не әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға жәрдемдеседі. Округ бойынша табысы аз адамдар-ды анықтайды, оларды еңбекпен қамтуды және атау-лы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы туралы мәселелер бойын-

ша ҚР заңнамасының орындалуын ұйымдастырады.Шаруашылық кітабын толтырады. Сайлаушылар есе-бін жүргізеді. Шаруа қожалықтарының жұмысын, кә-сіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Жалпы ұқсас басқа да қызметтер атқарады.

2. Жаңажол, Жаңақазан (2 бірлік) ауылдық округтер әкімі аппараттарының жетекші маман-дары E-G-4 санаты.

Функционалдық міндеттері: Ауылдың әлеумет-тік-экономикалық мәселелерін шешуге қатысу.

Ауыл тұрғындарының әр түрлі сұраныстарына қарай анықтама береді. Шаруашылық кітабын жүр-гізеді. Салық және бюджетке төленетін басқа да мін-детті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі. Көші-қон, демография есебін жүргізу.Келген құжаттарды тіркеу және олардың уақтылы орындалуын қадағалау. Ок-руг бойынша сайлаушылардың санын анықтау, есебін жүргізу. Жалпы ұқсас басқа да қызметтер атқарады.

3.Пятимар ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы - есепшісі, E-G-4 санаты.

Функционалдық міндеттері: 1. Ауылдық округ әкімі аппаратының қаржылық

есептерін жүргізу, салық төлемдерінің жиналуын ұйымдастыру.

2.Қаржының мақсатты тиімді жұмсалуын ұйым-дастыру.

Мамандығы: әлеуметтік ғылым және бизнес (бух-галтер, қаржыгер, экономист).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:1) өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген

нысандағы толтырылған сауалнама;3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куә-

ландырылған көшірмелері; мемлекеттік қызметші- лер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариал- дық куәландырылған көшірмесі, мемлекеттік қыз-

метшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істей- тін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәлан-дыра алады;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) ны-сандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тес-тілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу ту-ралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бас-тап 10 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық мекенжайы-на жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжат-тарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей беріледі.

Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдай-да тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны канди-даттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Жаңақала ауда-ны әкімі аппаратында өтеді.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байла-ныс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Жаңақала ауданы әкімінің аппараты, 090400, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі, 44-үй, 309-бөлме, анықтама алу үшін телефондар: 8-71141 21-8-41, факс: 21-8-41, электр. мекенжайы: akim jangala@ mail.ru бос мемлекеттік

әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Бұған наразылық білдірген жо-лаушылар мәселенің мәнін сұрап, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі- не, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен мәслихат депутатта-рына, округ әкімшілігіне сауал жол-дады.

Переметный ауылдық округі әкімшілігінің шұғыл шақырған жиы-нына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбаса-ры А.Сигунов, аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолау-шылар көлігі және автомобиль жол-дары бөлімі басшысы Б.Керешев, аудандық ІІБ ЖПб аға мемлекеттік автоинспекторы Т.Зейнуллин, мәс- лихат депутаты Н.Дүзбатыров қа-тысып, такси қызметін ұсынатын жүргізушілермен кеңесіп, мәселені талқыға салды.

Жиынды жүргізген Переметный ауылдық округі әкімі А.Халауедин жол ақысының қымбаттауы еш не- гізсіз екендігін айтып, мұндай шара-ның алдымен құзырлы органның келісімін алған соң ғана жүзеге асы- рылатынын жеткізді. Сондай-ақ жо- лаушы тасымалы қызметіндегі авто-көліктер сапасының нашарлығы, жүргізушілердің жауапсыздығы, ке- лісімшарт талаптарының орындал-мауы жолаушылар тарапынан нара-зылықтың туындауына алып келе- тіндігін ескертті. Такси жүргізуші- лер болса жанармайдың, қосалқы автобөлшектердің қымбаттығын,

жолдың сапасыздығын айтып, өз-дерінің жүргізген есеп-қисаптарын ұсынды.

Жиында сөйлеген жауапты бө-лім басшысы Б.Керешев такси көлі-гінде міндетті түрде таксометр құ- рылғысының немесе кассалық ап-параттың болуы шарт екендігін жә- не көліктің техникалық ақаусыз бо- луы әрі шығарылған жылдарына байланысты шектеулер қойылатын-дығын жеткізіп, өзара келісім мен құжатты заңдастырып алмайынша, жолақысын қымбаттатуға болмай-тындығын кесіп айтты. Оның сөзін құптаған аға мемлекеттік автоинс-пектор Т.Зейнуллин мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төр-ағасының орынбасары А.Сигунов заң талаптарын бұзған, келісімшарт-ты орындамаған жүргізушілердің бұл қызметтен шеттетілетіндігін ес-керсе, депутат Н.Дүзбатыров белгі-ленген мерзімде қажетті құжаттарды заңдастыруға, ортақ мәмілеге келіп, табысты еңбектенуге шақырды.

Жиын қорытындысында такси қызметін ұсынушылармен келісім-шарт жасалып, заңда көрсетілген міндеттерді орындап алғанша қыз-мет құнының 350 теңге көлемінде қалуына мәміле жасалды. Жолақы- сын өсіру жайы да заң аясында, барлық шығындарды есептеп, баға нарығын ескере отырып қаралатын болады.

Нұржан ТОҒыЗБАЙҰЛы,Зеленов ауданы

Жолақы өспейтін болдыЗеленов ауданының орталығы Переметныйдан қалаға

қатынайтын таксилер жылдағы дағдысынша биыл да бірінші қаңтарда жолақысын 500 теңге жасап қойды. Бір қызығы, бұл баға Жаңа жылдың алғашқы күнінен кейін де келісімшартта белгіленгендей, 350 теңге емес, 50 теңгеге өсіп, 400 теңге күйінде сақталып қалды.

- Өткен жылдың 14 желтоқ-санынан бастап Орал-Қазталов арасына 45 орындық «Хундай» маркалы автобус жолаушы-ларды тасымалдауға шықты. Автобус тақ түндері Қазталов ауылынан, жұп күндері Орал қаласынан жүреді. Егер жо-лаушылар көбейсе, қосымша автобус шығару да жоспарла-нуда. Жол жүру ақысы да ар-зан. Мәселен, Қазталов ауылы-нан Орал қаласына бару үшін жолақысы 1500 теңге болса, Жалпақтал ауылына 1200 теңге

тұрады. Сондай-ақ соғыс арда-герлеріне және 6 жасқа дейінгі балалар үшін жолақысы тегін болса, 12 жасқа дейінгі балалар-ға 50 пайыз төмендетілген.

Дегенмен аудан тұрғындары бұл қызметті ұтымды пайдалан-бай келеді. Арнайы маршрут алмаған жеңіл көліктер қызме - тін пайдалануда, - дейді аудан-дық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар кө-лігі және автомобильдер жол- дары бөлімінің басшысы Нұр-жан Ислямов.

- Жайлы да, жолақысы арзан автобуспен шаршамастан тез келіп қалдым. Жолаушылар үшін өте тиімді екен. Жүргіншілер осы автобус қатынасын пайда-ланса, еш ұтылмайтыны анық, - дейді Саралжын ауылының тұрғыны Хатима Бекжанова.

Иә, жолаушылар автобус қа- тынасын пайдаланса, ұтылмай-тыны анық.

Гүлфия КӨШБАЕВА,Қазталов ауданы

Жолаушылар ұтылмайды

Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-Жәнібек бағытында са-лынып жатқан қатқыл табанды жол жыл өткен сайын межелі жеріне жақындай түсуде. Осыған орай облыс орталығымен жолаушылар қатынасын жақсарту бағытында арнайы автобус шығарылған болатын. Сонымен қатар Қазталов-Жалпақтал ауылдарының арасына да жолау-шылар тасымал-дайтын маршрут ашылып отыр.

Page 7: 4 14 01 2014

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 16378, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШЕВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редактор: С.ӘБІЛхАЛыҚОВ

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенБас редактор 51-25-80,

Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Тілес ЖАЗыҚБАЙ (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,Нұрымбек ЖАПАҚОВ (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОВ (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АЙТАШЕВ (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚыСТАУБАЕВ,Сырымбек ТҰяҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші),Сәкен ӘБІЛхАЛыҚОВ (экономика бөлімі),Нұрлыбек РАхМАНОВ (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Е-mail: [email protected]

Телефондар:

хАбАР-ошАРCейсенбі, 14 қаңтар 2014 жыл

[email protected]

«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Б корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

090006, БҚО, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі 116-үй, 2-қабат, 214-бөлме, анықтама алу үшін теле-фон: 87112-51-06-29, E-mail:[email protected]

1. Басқарманың мемлекеттік сатып алу бөлімі-нің бас маманы - 1 бірлік, (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне), жалақысы еңбек өтеліне байланысты 64063-тен 86485 теңгеге дейін (Д-О-4 санаты).

Білімі: «Техникалық ғылымдар және технология-лар» (құрылыс, көлік, көлік технологиясы және тех-нологиялары), «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит) мамандықтары бойынша жоғарғы немесе ортадан кейінгі.

Функционалдық міндеттері:- мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, өткізу-

мен байланысты кешенді жұмыстарды жүзеге асыру;- мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаржысы-

ның оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу;

- мемлекеттік сатып алу бойынша веб-портал жұмысын жүргізу;

- тауарды, қызметті және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жеңімпаздарымен шарт-тар жасау;

- уәкілетті органдарға тиісті есептемелерді әзір-леу,тапсыру;

- келіп түскен хаттармен, арыз-шағымдармен жұ-мыс жүргізу;

- бөлімде бекітілген іс номенклатурасына сәйкес іс-қағаздарды рәсімдеу.

2. Басқарманың жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы-1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне), жа лақысы еңбек өтеліне байланысты 64063-тен 86485 теңгеге дейін (Д-О-4 санаты).

Білімі: техникалық ғылымдар және технология-лар» (көлік, көлік технологиясы және технологиялары, жол қозғалысын ұйымдастыру), әлеуметтік ғылымдар және бизнис (экономика, қаржы және мемлекеттік және өзін-өзі басқару), қызмет көрсету (көлікті пай-далану және жолаушылар мен жүк тасымалдауды ұйымдастыру) мамандықтары бойынша жоғары неме-се ортадан кейінгі.

Функционалдық міндеттері:- жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық

қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу жұмыстарына қатысу;

- әлеуметтік мәні бар тасымалдаушыларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын суб-сидиялауды, оған конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

- жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) автомобилмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;

- тасымалдаушылардың жолаушылар тасымалда-уындағы жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі шарт -талаптарының орындауын бақылау мақсатында рей-дтерге қатынасу;

- алыстағы елді мекендерде тұратын оқушыларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схе-масы мен тәртібін әзірлеуге қатынасу;

- келіп түскен хаттармен, арыз-шағымдармен жұ-мыс жүргізу;

- бөлімде бекітілген іс номенклатурасына сәйкес іс-қағаздарды рәсімдеу.

3. Әкімшілік-қаржы және құқықтық қамтама-сыз ету бөлімінің бас маман-заңгері-1 бірлік, жалақысы еңбек өтеліне байланысты 64063-тен 86485 теңгеге дейін (санаты Д-О-4 санаты).

Білімі: Құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі.

Функционалдық міндеттері:- басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын

қамтамасыз ету;- құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындау;- шығарылған бұйрықтарды, шарттарды, келісім-

шарттарды әзірлеуге қатысу, тексеру және оларға бұрыштама соғу;

- басқарманың мүддесін қорғап, сот талқылаула-рына қатысу;

- тауарды, орындалатын жұмысты және көрсетіле-

тін қызметті мемлекеттік сатып алуға дайындық жұ-мыстарына, өткізілетін конкурстарға қатысу;

- келіп түскен хаттармен, арыз-шағымдармен жұ-мыс жүргізу;

- бекітілген іс номенклатурасына сәйкес іс-қағаз-дарды рәсімдеу.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:Заңдарын білу жөнінен тест тапсыру бағдарла-

масына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді мең- геру; Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республика- сының Президенті туралы», «Қазақстан Республи-касының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Үкіметі туралы» Конституциялық Заңдарын, Қазақстан Республика-сының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсім-дер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініш- терін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санат-тағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес об- лыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Рес- публикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қа-зақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекет-тің жаңа саяси бағыты» стратегитясын білуі; осы са-наттардағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндеттер- ді білімдер; компьтерде жұмыс істей білу қажет.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекі- тілген бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орнала- суға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қа-лыптастыру қағидалары негізінде өткізіледі.

Қажетті құжаттар тізбесі:1) белгіленген нысан бойынша өтініш;2) 3х4 өлшемдегі суреті бар белгіленген нысан-

дағы сауалнама;3) нотариалды куәландырылған білімі жөніндегі

құжаттардың көшірмесі;4) нотариалды куәландырылған еңбек жолын рас-

тайтын құжаттардың көшірмелері;5) Қазақстан Республикасы денсаулық министр-

лігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының норматив-тік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысан бойын- ша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) Құжат өткізу сәтінде күші бар шекті мәннен тө-мен емес нәтижелі тесттен өту туралы сертификат.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық мекенжайы-на жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін не-гіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арт-тыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жариялымдар және өзге де олардың кәсі-би қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметттер) қосымша ақпараттар бере алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс ту-ралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға: 090006, БҚО, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 16-үй, 2-қабат, 214-бөл-ме, анықтама алу үшін телефон:8711251-06-29, E-mail:[email protected] тапсыруы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқы-лы құжат тапсырған азаматтар әңгімелесу бастал-ғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей құжат түп- нұсқаларын тапсырады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер осы үміткер-лерді әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күн- нен бастап 5 жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жол-дары басқармасында өтеді.

Қаратөбе ауылының тұрғыны болған еліне, дос-құр-дастарына, жолдастарына, ағайын, тума-туыстарына сый- лы, бауырларына қамқоршы, іні-қарындастарына аға, немере-келіндеріне ата болған Сағызбай Сағиұлы Муханбетовтың өмірден өтіп, бақилық болғанына 15 жыл болуына орай сағынышпен еске аламыз.

Оның еңбекке адалдығы, адамгершілігі мен сыйлас- тық мінезі біздің жүрегімізде мәңгілік сақталады. Жатқан жері жәйлі, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын.

Сағынышпен еске алушылар: іні-келіні Қайнарбай-Рахимаш, бала-келіндері Талғат-Шолпан, Самат-Айгүл, қыздары Шолпан-Айман,

немерелері Қайрат, Мәлика, Азат, Гүлназ, жиендері хусайн, Ерболат, Ержан, Жәнібек, күйеу баласы Ринат, немере-жиен келіндері Назерке,

Гаухар, шөбере жиені Камила, Қаирмухановтар әулеті

Орал қаласының тұрғыны болған аяулы жар, сүйік- ті әке, қамқор ата Мұратқали Сатанұлы Молдагелдиев арамызда болса, 2014 жылдың 13 қаңтарында 65 жасқа толар еді.

Сенсіз бірақ таң атып, күн де батар,Жоқтығы бір өзіңнің жанға батар. Сағынып, сарғаюмен күн кешеміз,Иманың жолдас болғай бізден айтар.

Көп болды үлкен жүрек тоқтағалы,Қайырылып өз үйіне соқпағалы.Бүгін туған күніңде ұрпақтарыңӨзіңді, әке, сағынышпен еске алады.

Сағынышпен еске алушылар: зайыбы және балалары

Жаңақала ауылының тұрғы-ны болған Талап пен Сағат Шәкимұратұлы Қаденовтер- ді сағынумен еске аламыз.

Егер арамызда жүрсе, Сағат Шәкимұратұлының толғалы отырған жасын жанұясымен қуаныш дастарқанында тойлар едік... Тағдырға не шара?!

16 қаңтарда Талап Шәкимұ-ратұлы Қаденовтің бұл дүние-ден өткеніне 100 күн болғалы отыр. Жайдары мінез, кең пейіл, ағайын-тума, дос-жаранға, қызметтес ұжымына сыйлы болған асыл жар, ардақты әке, асыл аталар өмірдің қызықтарын әлі де көре алмай, ерте кетті. Арттарында қалған бала-шаға, жанұяларын желеп-же- беп, пейіштің төрінде болуларына Құран бағыштаудамыз.

Өмір-жалған қарамас жастарыңа,Кеудемізде сағыныш басылар ма?Әрдайым тұрасыңдар төрімізде,Асыл жар, ардақты әке, асыл аталар.

Еске алушылар: зайыбы (жеңгесі) Салия, балалары, бауырлары, Асылан-Перизат, Руслан-Радмила, Ербол, немере-жиендері Рахман, Айша, Әлішер

Батыс Қазақстан облыстық геология және жер қойнауын пайдалану инспекция-сы ұжымы облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Файзоллаұлы Ғұбайдуллинге және Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Балдай Әмзеқызы Ходжановаға аналары

Несіпкүл Шыназбекқызыныңқайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі белгілі кәсіпкер Виталий Иванович Каркуланың

қайғылы қазаға ұшырауына байланысты марқұмның тума-туыстарына қайғы- сына ортақтасып көңіл айтады.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты облыс- тық мәслихаттың депутаты Валентина Николаевна Каркулаға жұбайы

Виталий Иванович Каркуланыңорны толмас қайғылы қазасына ортақтасып көңіл айтады.

Page 8: 4 14 01 2014

кеРуен САРАйCейсенбі, 14 қаңтар 2014 жыл8 [email protected]

Жол ережесін бұзбайықЖаяу жүргіншілерге

қатысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 10 қаң- тар күні «Жаяу жүргін-шілердің қауіпсіздік күні» шарасы өткізілді.

www.zhaikpress.kzОблыстағы №1 медиахолдинг

Ғасырға жуық тарихы бар облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің, сондай-ақ аудандық газеттердің электрондық нұсқасын оқи аласыздар. Сонымен қатар күн сайынғы жаңалықтармен танысуға да мүмкіндік бар.

Құрметті оқырман!

� Ән-күйдің тарихы

Алуаш

Мұхиттың «Алуаш» деген әнінің шығу тарихын да айтушылар арнауға жатқызады. Ақбұлақ тұсында ол кезде қоңырбайдың Сейіті деген бір шонжар бол- ған. Өзінің бір сапарында Мұхит қоналқаға Сейіттің үйіне келеді. Шонжарларды жағалауды қанша жек көрсе де, сол үйде бір көркем қыз барын естіп, соның қолынан бір рет те болса, шай құйдырып іш- кісі келеді. Сейіт өзінше аздап та болса, оқығансы- мақ, үй тұрмысында ханның үрдісінің бөлшектерін енгізеді. Қонақ жайы, ас пісіретін үйі, ұйқы жайы – бәрі де бөлек-бөлек болады. Атағы ол кезде аспанға шыққан Мұхитты қондырмауға елге жаман атым та-рап кетер деп қорқады. Әншіні жақсы күтеді. Құр- метті қонаққа көрсеткен сыйдың ең үлкені – Алуаш- ты шақырып шай құйдырады. Шайдан кейін әңгіме- нің жайы әнге қарай ауысып, Мұхит небір көркем әндерді орындайды. Жасынан әнге құмар да, талап- ты да Алуаш Мұхиттың орындаушылық қабілетіне

қатты риза болады. Қыздың ондай жағдайда отыр-ғаны Мұхиттың қырағы көзіне шалынбай қоймайды. Біраз толғанып, сол арада тағы бір жаңа ән дүниеге келеді. Мұхит бұл әнді Алуаш сұлуға арнағанын ай- тады. Әннің аты сонымен «Алуаш» болып кетеді.

(Ахмет Жұбанов, «Замана бұлбұлдары»)

Күміс көмей әнші Ғарифолла Құрманғалиев «Алуаш» әнін орындаған кезде, әу деместен-ақ сал-ғаннан домбырадағы сұлу қағыстармен Аққу құс- тың сұңқылдаған үнін беріп, айдында жүзген қимы-лын көз алдыңа әкелгендей болады. Ал «Ақ Алуаш, отырмысың, жатырмысың, Айдында жалғыз жүзген аққу құсап» деген жолдарға келгенде «жүзге-е-е-ен» деп біркелкі соза түсіп, домбыраны ашық, аралас, шиыра қаққанда, су бетімен тура сызып бара жат- қан аққудың жүзуін тыңдаған жан қапысыз айырады.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛы, «Орал өңірі»

Беліме асынғаным бұйда пышақ,Көрдім де, ақ жүзіңді жайдым құшақ.Ақ Алуаш, отырмысың, жатырмысың,Айдында жалғыз жүзген аққу құсап.

Ақ Алуаш, айналайын, асыл еркем,Ішінде көп құрбының болдың көркем.Сүйгенім дүнияда жалғыз сенсің,Сөзіме менің айтқан, жаным, сенсең.

17 қаңтар Ф.Бөлеков“Күйеу іздеген кемпірлер”

(трагикомедия)Басталу уақыты: 18.00

15 қаңтар Е.Аманшаев

“Қасірет драмасы”

(психологиялық драма)

Басталу уақыты: 18.00

19 қаңтар Э.Стентон

“Ойыншықтар оқиғасы”

(ертегі)

Басталу уақыты: 12.00

Облыстық қазақ драма театрының қаңтар айындағы репертуары

БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұртай Лезовтің айтуынша, бір күнде жүруге болмайтын жерлерден

жолды кесіп өткен жүргіншілерге 40 әкімшілік хаттама толтырылды.

2013 жылы өңірде жол ереже-сін бұзған 6856 жаяу жүргінші ұс-талды. Жүргіншілердің кінәсінен

95 жол-көлік оқиғасы тіркелді.27 қаңтар күні Орал қаласында

«Өзара түсіністік күні» атты алдын алу шарасы ұйымдастырылмақ.

Арман БОЛАТҰЛы

, Құттықтаймыз!Теректі ауданы Подстепный ауылы-

ның тұрғыны, сүйікті анамыз Үміт ҚҰЛЖАНОВАНЫ мерейлі 60 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ардақты ана, құтты болсын алпысың!Ұл-қызыңа ерекшесің әрқашан.Әкемізбен ғасыр тойға жетіңіз,Көңілдерің қуаныштан шалқысын.

Құттықтаушылар: жұбайыңыз Сәкен, бала-келіндеріңіз, қыз-күйеу балаларыңыз,

немере-жиендеріңіз

Аяулы жар, сүйікті атамыз, асқар тау-дай әкеміз Байғали Шеркешбайұлы ОРАЗғАЛИЕВТІ 60 жас мерейтойымен құттықтаймыз!

Құтты болсын алпыс деген жасыңыз,Жақсылық пен қуаныштан тасыңыз!Бала-шаға қызығына кенеліп,Әлі талай асулардан асыңыз!

Деніңіз сау, аман болып басыңыз,Тек жоғары домаласын тасыңыз!Ел-жұртыңның ортасында аман-сау,Күліп-ойнап, жүзге келсін жасыңыз.

Игі тілекпен: зайыбыңыз, бала-келіндеріңіз, қыз-күйеу балаңыз, немере-жиендеріңіз

Орал қаласының тұрғыны, тұңғыш қызымыз, асыл апамыз Айгерім УМАРОВАНЫ 37 мүшел жасқа толу мерейтойымен және Жәнібек ауданының тұрғыны, жанашыр ұлымыз, ағамыз, асыл жар, аяулы әкеміз Абылай НАУРЗАЛИЕВТІ 35 жасқа толу мерейтойы-мен шын жүректен құттықтаймыз! Жүздеріңізден шуақ кетпей, біз- дің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіздер!

Тілейміз біз таусылмайтын төзімді,Тілейміз біз сарқылмайтын сезімді.Өмір-өзен жақсылығын жалғасын,Тіршілікте сәттіліктер қолдасын!Жастарыңа дәл осындай жас қосылып,Көңілдерің дариядай жарқырасын!

Игі тілек білдірушілер: ата-аналарыңыз Самат-Айбарша, жан жарларыңыз Әлімжан, Айнагүл,

балаларыңыз Алмат, Нұрсұлтан, Нұрсәуле, Нұрдәулет, бауырларыңыз Болатбек-Жаннат, Манар-Раушан,

Мейірбек-Гүлзина, Мирас, Нұрбек, Жәнібек, Жазира, Айтолды, Айсәуле, Ерназар, Ораламан, Айназ