36 2618 Бурабайға саяхат 26 Жоңғарлар, ұялы байланыс және...

19
Мазмұны Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаңалықтары 9 Kcell-дің жаңа тарифтері 10 Kcell жаңалықтары 15 Kcell жөнінде 10 факт Тұлға 6 Теро Кивисаари: Еуразия нарықтың жаңалықтарына дайын 12 Каспарс Кукелис: ұялы байланыстың қол жетімділігі айқын Сұхбат 22 Бекжан Қабдығалиев: біз әлемдік экономикадағы өзгерістерге тәуелді болмауға тырысамыз Фотожариялама 18 Бурабайға саяхат 26 Жоңғарлар, ұялы байланыс және кино жайлы… 16 Дайджест Өнім 24 Үнемі байланыста Бизнес 31 Бизнесті өз қолыңмен құру немесе Офисті үйде қалай ұйымдастыруға болады 30 Айтылған ой Уақыт машинасы 34 Ғаламтордың туған күндері Маркет 36 Nokia N9 6 9 31 26 36

Transcript of 36 2618 Бурабайға саяхат 26 Жоңғарлар, ұялы байланыс және...

МазмұныЖаңалықтар4 TeliaSonera жаңалықтары9 Kcell-дің жаңа тарифтері10 Kcell жаңалықтары15 Kcell жөнінде 10 факт

Тұлға6 Теро Кивисаари: Еуразия нарықтың жаңалықтарына дайын12 Каспарс Кукелис: ұялы байланыстың қол жетімділігі айқын

Сұхбат22 Бекжан Қабдығалиев: біз әлемдік экономикадағыөзгерістерге тәуелді болмауға тырысамыз

Фотожариялама 18 Бурабайға саяхат26 Жоңғарлар, ұялы байланыс және кино жайлы…

16 Дайджест

Өнім24 Үнемі байланыста

Бизнес31 Бизнесті өз қолыңмен құру немесеОфисті үйде қалай ұйымдастыруға болады

30 Айтылған ой

Уақыт машинасы34 Ғаламтордың туған күндері

Маркет36 Nokia N9

6

9

31

26

36

4 5

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

жаңалықтары

TeliaSonera компаниясы Латвияда бірінші болып төртінші буындағы ұялы интернетті (4G) іске қосты

TeliaSonera компаниясы LTE Award 2011 сыйлығының жеңімпазы аталды

TeliaSonera компаниясы Инвестор Күнін өткізді

Telia Дания және Telenor желідегі өзара ықпалдастық туралы келісімге келді

Осы жылдың маусым айында TeliaSonera компаниясының еншілес кәсіпорны LMT Латви-яда бірінші болып Long Term Evolution (4G /LTE) технологиясының негізінде коммерциялық тәртіптегі төртінші буынды ұялы интернетті іске қосты. Ал бұл, бүгінгі таңда TeliaSonera компаниясының Скандинавия түбегі мен Балтық маңы елдеріндегі жоғарыжылдамдықты ұялы қолжетімділік саласындағы ізашар бола отырып, Швеция, Норвегия, Финляндия, Дания, Эстония, Латвия және Литваны қоса алғанда жеті елде 4G қызметін ұсынатындығын білдіреді.

Латвия аумағындағы 4G жабдықталған алғашқы базалық-станциялар Юрмалада орналасқан, ал қамту жолағы 3G желісінің дамуымен қатар біртіндеп кеңейтілетін болады. 4G/LTE 1800 МГц ауқымында жұмыс істейді, ал ұсынылып отырған модемдер барлық қолданыстағы желілерге, атап айтқанда 4G, 3G және 2G сәйкес келеді.

LMT үлестерінің 60,3% TeliaSonera компания-сына тиесілі.

Сондай-ақ, ортақ желіні басқару үшін бірлескен инфрақұрылымға ие компанияны құру жоспарланған. 2G, 3G және 4G желілерін қамтыған бұл келісім клиенттерге қызмет көрсету сапасы-на да, компаниялардың қаржылық қызметіне де айтарлықтай ықпал ететіндігі дау тудырмайды.

«Инвестициялар мен желілік технологиялар саласындағы кәсіби білімдерімізді біріктіру туралы шешім компанияларымыздың іскер дамуындағы айтарлықтай маңызды кезең болып табылады. Күш біріктіріп, Даниядағы ең үздік ұялы желіні құра аламыз, ал бұл, өз кезегінде смартфондар, планшеттер мен кеңжолақты ұялы байланысты пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді», — деп хабарлады

TeliaSonera компаниясының Даниядағы еншілес кәсіпорны Telia және Telenor (Дания) осы елдегі ұялы байланыстың үздік желісін құру мақсатын көздеп, желіні бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қойды

TeliaSonera компаниясының Mobility Services бөлімшесінің Президенті Хакан Дальстром.

Осы келісімге қол қоя отырып, жоғарыда аталған компаниялар бір-біріне кері жағдайда өздіктерінен тұрғызуға тура келетін аймақтардағы қолданыстағы мұнараларға деген қолжетімділікті береді. Сонымен қатар, Данияда қолданысқа енгізу жоспарланып отырған жаңа ұялы байланыс мұнаралары Telenor және Telia компанияларының бірлескен әрекеттерімен тұрғызылады. Бұл қос компанияның ұялы инфрақұрылымға жұмсалатын шығындарын төмендетіп қана қоймай, бірлеспеген жағдайдан әлдеқайда жедел қарқынмен ортақ желіні дамытуға мүмкіндік береді.

Инфрақұрылымдағы серіктестік қарым-

қатынастардың орнатылуына қарамастан, компаниялар өнімдер мен көрсетілетін қызметтер саласында бәсекелес болып қала бермек. Әріптестік қатынастар тек радиоқолжетімділік желісіне ғана, атап айтқанда, антенналар, мұнаралар, ұялы құрылғылармен байланыс орнату және мәліметтерді тарату үшін қажетті құрал-жабдықтарға ғана таралады. Демек, компаниялар байланыс қызметтерін көрсететін негізгі желілер серіктестік ынтымақтастықты қарастырмайтын дербес иелікте қалмақ. Telia және Telenor бұрынғыдай дербес провайдерлер болып қала беріп, алдағы уақытта түрлі өнімдер, сервистер мен баға ұсынымдарын пайдаланып, клиенттерге тарту саласында белсенді бәсекелестікте болады.

Амстердамда өткен LTE 2011 Бүкіләлемдік саммитінде LTE Award 2011 сыйлығының жеңімпаздары жарияланып, TeliaSonera компаниясы «LTE операторды коммерциялық іске қосудағы айтарлықтай ілгерілеу» санатында үздік танылды. Ұялы технологиялар саласындағы жүйелік даму жөніндегі Вице-президент Томми Люнгрен компания атынан сыйлықты қабыл алды

Маусымның 14 жұлдызында TeliaSonera компаниясы Стокгольм қаласында Инвестор Күнін өткізіп, мұнда Президент және бас атқарушы директор Ларс Ниберг TeliaSonera компаниясының нарықтағы экономикалық жағдайы, стратегиясы мен алып отырған орны туралы ақпаратпен бөлісіп, жаңа фирмалық стильмен қатар жаңа іскер-модельдерді енгізу қажеттілігі туралы сөз қозғады

«Біздің қызметтерімізге деген сұраныс бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп отыр. Клиеттердің жоғары жылдамдық пен әлдеқайда ауқымды мүмкіндіктерге деген күн санап өсіп келе жатқан сұранысы бизнестің бекітілген және ұялы қолжетімділім сияқты салаларының тартымдылығын арттырып отыр. Алайда, байланыс қызметтерін

пайдалану ерекшеліктерінің өзгеруіне қарай, жаңа іскер-модельдер мен баға ұсынымдарын құрастыру қажеттілігін де тудырады. Осы сәтте-ақ біз көптеген операторлардың бекітілген тарифтер жүйесінен бас тартып, болашақта баға құрылымының жылдамдық, тұтыну мен сапаға байланысты түрлі деңгейлерден құрала

бастайтындығын байқай аламыз», — деді Ларс Ниберг.

Сондай-ақ, Ниберг Еуразиялық аймақтың топ үшін қозғаушы күш күйін сақтап отырғандығын атап өтті. «Біз бәріміз әлі де болса телефон байланысын енгізу саласын ары қарайғы кеңейтудің мүмкіндіктеріне иеміз. Соған қарамастан, ерекше рух беретіні — бұл мәліметтерді таратудың ұялы жүйелерінің әлі ашылмаған әлеуеті болып отыр. Ары қарайғы дамудың жалғыз талабы нарықтағы қолжетімді ұялы телефондардың және жоғары сапалы желідегі инвестициялардың болуы болып табылады».

Және де, Ниберг компанияның Польшалық Polkomtel ұялы байланыс операторын саудалау жөніндегі аукционға қатыспайтындығын рас-тады. «Біз мұқият түрде дайындық жұмыстарын өткізіп, мұның барлық жағымды және жағымсыз жақтарын саралап, өтінім бермеу туралы шешім қабылдадық. Компания, сатушылар мен ағымдағы үдеріске қатысты ешқандай пікір білдірмейтін боламыз».

Сондай-ақ, Инвестор Күнінде TeliaSonera компаниясының атынан Атқарушы вице-прези-дент және қаржы директоры Пер-Арне Бломквист, Mobility Services бөлімшесінің Президенті Хакан Дальстром, Broadband Services бөлімшесінің Президенті Малин Френнинг және TeliaSonera Еуразия Президенті Теро Кивисаари сөз алды.

Ол, сондай-ақ, Амстердамда өткен 4G/LTE конфе-ренциясында сөз алып, TeliaSonera компаниясының 4G технологиялардың сәтті дамуының шешуші кезеңдері мен осы салада жүргізілген жұмысқа баса назар аудартқан тұсаукесер жүргізді. Тұсаукесердің

жүргізілуінен кейін өткен пікірталас кезінде жалпы кеңжолақты ұялы байланыс үшін біздің іскер-модельдерімізбен қатар, Скандинавия түбегі мен Балқан маңы елдерінде TeliaSonera компаниясымен іске қосылған роумингке қатысты жаңа ұсыныс

үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, TeliaSonera компаниясының 4G модемдер қоса салынған лэптоптарды сатылымға шығаратын жалғыз оператор болып табылатындығы ерекше аталып өтті.

6 7

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

Теро Кивисаари: Еуразия нарықтың жаңалықтарына дайын

2011 жылдың бірінші жартыжылдығы аяқталды. Еуразия аймағы өзінің осы

кезеңдегі даму қорытындыларын жасауда. TeliaSonera Еуразияның

президенті Теро Кивисаари VOX.com журналына TeliaSonera

компаниялар тобының Еуразиядағы жетістіктері

жайлы әңгімелеп берді

— Кивисаари мырза, TeliaSonera компаниялар тобы үшін Еуразиялық аймақта ең маңызды болған оқиғалар жөнінде әңгімелеп берсеңіз?

— Әрине, екінші тоқсандағы ең маңызды оқиға TeliaSonera компаниялар тобының Скан-динавия және Балтық елдеріндегі негізгі компаниялары сыртқы көрінісінің біркелкіленіп біріктірілуі болды. 12 мамыр күні барлық компаниялар Еуразияда бастапқыдан, 2009 жылдан бастап әзірленіп, қолданылып келген бір сыртқы бейне — алқызыл белгіленіммен (символмен) біріктірілді. Біріктіру үрдісі 16 мау-сым күні Өзбекстандағы Ucell-дің табысты өткен ребрендингімен аяқталды. Бұл елдердегі компаниялар өз атауларын сақтап қалғанымен, ортақ белгі мен түсті иеленді. Енді TeliaSonera тобының 15 * нарықтағы 18 негізгі бренді ортақ құндылықтармен біріктірілді, олар — инновациялылық, сенімділік, тұрақтылық, жеке ыңғай және жеделдік, сондай-ақ, енді олардың сыртқы белгіленімі де ортақ. Біз «Бір компания» бағытында тағы бір қадам жасадық, және де бұл аса маңызды қадам болды. Сканди-навия және Балтық елдеріндегі брендтердің сыртқы көрінісінің ұқсастыққа келтіріліп өзгертілгені біздің компанияларымыздың Еуразиялық аймақтағы орындарын нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін. Себебі енді бізді Еуразиялық аймақта ғана емес, бүкіл Еуразия құрлығы шеңберінде де халықаралық телекоммуникациялық топтың бір бөлшегі ретінде қабылдайды. Біздің абоненттерге қызмет көрсетудің жергілікті тәжірибесі мен халықаралық топ күшінің біріктірілуі біздің бәсекелестіктегі

арттырудың арқасында біз өзіміздің ілгері қарыштауымызды үйлесімді түрде жалғастырдық. Бұл тоқсанда шоғырланған таза сатылымдар жергілікті валюталармен есептегенде 18,4 % — ға өскенін көрдік, және де бұл былтырғы жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда (14,8%) жоғары көрсеткіш. 2011 жылдың екінші тоқсанындағы таза сатылымдар 660 млн. АҚШ долларын, ал EBITDA көрсеткіші 51,8 %-ды құрады (бірінші тоқсандағы 50,9 пайызбен салыстырғанда). TeliaSonera Еура-зия құрамына кіретін абоненттердің жалпы саны екінші тоқсан ішінде 1,3 млн-ға артып, 31,6 млн адамға жетті. Непал, Қазақстан және Өзбекстан абоненттік базаның тиісінше 0,6 млн, 0,4 млн және 0,1 млн-ға өсуінің ең жоғарғы қарқынын көрсетті. Непалда Ncell екінші тоқсанда өз абоненттерінің санын 5,4 млн-ға жеткізіп, GSM нарығында көшбасшы атанды. Ncell-дің сатылымдар көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда екі еседен астамға көбейді.

Қазақстанда макроэкономикалық жағдайдың жақсаруы, абоненттер санының едәуір өсуі және деректерді ұялы телефон арқылы тарату қызметінің арқасында жергілікті валютамен есеп-тегенде таза сатылымдар көлемі 16,7 пайызға ұлғайды. Биылғы жылғы екінші тоқсанда, былтырғы жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда, деректерді таратудан түсетін табыс 150 пайыздан астамға артты.

Өзбекстанда абоненттік базаның едәуір өсуі және VAS қызметтерден түскен табыстың ұлғаюының арқасында сатылым-

* TeliaSonerа, Швециядағы Telia, Даниядағы Telia, Финляндиядағы Sonerа, НорвегиядағыNetCom мен NextGenTel, Эстониядағы EMT және Elion, Литвадағы Omnitel, Қазақстандағы Kcell, Әзірбайжандағы Azercell, Грузиядағы Geocell, Молдовадағы Moldcell, Өзбекстандағы Ucell, Тәжікстандағы Tcell, Непалдағы Ncell, TeliaSonera International Carrier, TeliaSonera Finans.

артықшылығымыз болып табылады. Интеллектуалды, көшбасшы әрі локалды — міне, біздің брендті түсінуіміз, ол біздің Норвеги-ядан Непалға дейінгі аралықтағы барлық елдерде бизнесімізді қалай жүргізетінімізді айқындайды...

— TeliaSonera Еуразия бөлімшесі екінші тоқсанды қандай нәтижелермен аяқтады?

— 2011 жылдың екінші тоқсанында макроэкономикалық жағдайлардың, абоненттік базаның динамикалық өсуінің және VAS қызметтері мен деректерді таратудан түскен табысты

СұхБАТ

Непал, Қазақстан және Өзбекстан абоненттік базаның тиісінше 0,6 млн, 0,4 млн және 0,1 млн-ға өсудің ең жоғарғы қарқынын көрсетті

8

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

9

дар көлемі 36,5 %-ға артты. Маусымның орта шенінде Ucell өзінің брендін өзгертіп, жаңа тарифтік жоспарларды пайдалануға енгізді.

Әзірбайжанда Azercell үстіміздегі жылдың өткен кезеңінде алғаш рет абоненттік базаны 4 млн. абонентке жеткізіп, өсімін көрсетті. Жергілікті валютамен есептегенде 2,6 %-ға артқан саты-лымдар көлемі де оң нәтиже көрсетіп тұр.

Moldcell, міне, сегіз тоқсандық есептік кезең бойы қостаңбалы сандарда көрініс тауып отырған сатылымдар көлемі өсімін көрсетуде. Маусым айында Moldcell Молдовада 4G қызметін іске қосуға техникалық тұрғыда толық дайындығын көрсетіп, деректерді тарату қызметтерін ілгерілетуде аса маңызды қадам жасады. Коммерциялық іске қосу тиісті лицензияны алу мерзіміне байланысты, ал ол мерзім Молдова үкіметінің оған қатысты шешіміне байланысты болып табылады.

Тәжікстанда біз елдің солтүстігі мен оңтүстігіндегі компания-ларды біртұтас әрі күштірек компанияға біріктіру үрдісін бастадық. Жуырда таңдау кезеңі аяқталып, жаңа басқарушылар құрамы жарияланды. Үшінші тоқсанда Tcell-дің алдында «біріктірілген» оператордың жаңа құрылымына қатысты жұмысты аяғына дейін жеткізу міндеті тұр.

Грузияда Geocell нарықтағы өз үлесі мен көшбасшылық орнын сақтай отырып, ауыстырылған нөмірлер саны бойынша әлі де көшті бастауда.

— Үшінші тоқсанда Сіздің бөлімшеңіздің алдында қандай міндеттер тұр?

— Үшінші тоқсанда Еуразиялық нарықта сатылымдар өсімін қостаңбалы сандармен көрсету, EBITDA-ны 50 пайыздан асыру,

жоғары сапалы желі мен қызметтерді ұсыну, сондай-ақ, деректерді ұтқыр тарату қызметін дамыту — басымдыққа ие міндеттер болып қалмақ. Бұл орайда біз реттеу сипатындағы тәуекелдердің өсуін байқамай отырған жоқпыз. Сонымен қатар біздің бәсекелестер бастаған бағалар қырқысы біздің жоспарларымызға белгілі бір өзгерістер енгізіп отыр. Аймақтағы кейбір нарықтарда бұл біздің бизнесімізге әсерін тигізіп, біздің жуық арадағы негізгі әрекетіміз болып қалуы да ықтимал.

Жалпы алғанда, TeliaSonera халықаралық деңгейде нық орын алып отыр әрі оның локалды брендтері де осал емес, соның арқасында біз өзіміздің әрбір нарықтағы абоненттерімізбен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Сондықтан біз өзіміздің біртұтас стра-тегиямызды енгізуді және бірінші кезектегі маңызды мәселелерді шешуді, сондай-ақ, клиенттерімізге ең жоғары қызмет көрсету са-пасын ұсыну үшін, негіз қалаушы құндылықтарды, қағидалар мен бизнес процестерді іске асыруға жәрдемдесуді жалғастырмақпыз. ●

Жалпы алғанда, TeliaSonera

халықаралық деңгейде нық

орын алып отыр әрі оның

локалды брендтері де осал

емес, соның арқасында біз

өзіміздің әрбір нарықтағы

абоненттерімізбен тығыз

байланыста жұмыс істейміз

ұялы телефонмен бір сағат сөйлесу құны енді 1 минут құнынан да төмен

GSM Қазақстан /Kcell ұялы операторы желі ішіндегі қоңыраулар құнын Қазақстандағы бұрын-соңды болмаған ретте төмендеткенін жариялады. Енді Activ абоненттері күніне 50 теңге ғана төлеп, күнделікті 01:00 — 18:00 аралығында еш шектеусіз сөйлесе алады

Осылайша, бүкіл Қазақстан бойынша 7 миллионнан астам Activ абоненті 2011 жылдың 5 қыркүйегінен бастап нағыз әңгіме-дүкен құруға болатын сағаттарда минут құнына қапаланбай сөйлесе алады. Өйткені Activ-тің жаңа «Күндізгі шектеусіз» тарифімен желі ішіндегі бір сағат хабарласудың орташа құны енді 3 теңгеге де жетпейді.

«Біз Kcell және Activ абоненттерінің ұялы байланыс қызметтерін одан да көбірек пайдалана алулары үшін бар жағдайды жасауға тырысамыз. Сондықтан біздің биылғы жылғы барлық ұсыныстарымыз екі негізгі жайтқа бағытталған: сөйлесу минутының орташа құнын төмендету мен қоңыраулардың ұзақтығын арттыру. Стратегиямыздың елеулі нәтижеге ие болып жатқандығын көрудеміз, өйткені желідегі қызметтерімізді тұтыну ауқымы ұдайы өсуде. Бұл дегеніміз, ұялы байланыс қызметтерін пайдалану мүмкіндігі барлық категориядағы тұтынушылар үшін артып келетіндігінің бірден-бір айғағы, — деп атап өтті Каспарс Кукелис, GSM Қазақстан/Kcell маркетинг директоры. — Activ-тің жаңа «Күндізгі шектеусіз» тарифі абоненттер алдында мүлде жаңа тұтынушылық тәжірибе ашуда. Енді компания клиенттері іс жүзінде Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған төмен бағаға шектелмеген дауыстық трафикке ие болып отыр».

Жаңа тарифтік жоспарда сондай-ақ басқа операторларға қоңырау шалудың арнайы бағасы ескерілген, ол минутына 10 теңгені құрайды. «Күндізгі шектеусіз» тарифі Қазақстанның тұтастай аумағында әрекет етеді. Оған *166*1*33#OK теру

немесе 6666/166 нөміріне 33 деген мәтіні бар СМС жолдау арқылы қосылуға болады.

Тарифтік саясаттағы өзгерістер сондай-ақ Kcell пайдалану-шыларына да қатысты, ол жеке тұлғаларды да, корпоративтік клиенттерді де қамтиды. Жеке тұлғалар үшін барлық бағыттарға қандай да бір қосымша шартсыз және абоненттік төлемсіз ҚҚС есебімен 11 теңге құрайтын қоңыраулардың бірегей құны енгізілді. Бұл ұсыныс «11» тарифінде әрекет етеді, оған *166*1*11#OK теру арқылы қосылуға болады. Осын-дай ұсыныс корпоративтік клиенттер үшін де әрекет етеді. Сондай-ақ өз корпоративтік клиенттерге Kcell корпоративтік топ ішінде айына 500 теңге ғана төлеп, тегін сөйлесудің тамаша мүмкіндігін ұсынады. Солай бола тұра басқа операторларға қоңырау шалу құны 11 теңгені құрамақ.

Каспарс Кукелис атап өткендей, «Kcell 12 жылдан астам уақыт бойы корпоративтік сегментте сөз жоқ жетекші болып келеді. Және бүгінгі таңда біз корпоративтік клиенттерімізге нарықтағы баға, қызметтер мен ұсынылатын сервис сапасының, сондай-ақ желімен қамту аумағының оңтайлы ара-қатынасын ұсынамыз. Біздің жаңа ұсыныстарымыз клиенттеріміздің барлық сұраныстарына жауап береді, және біз олардың бизнестерінің тиімділігін арттырудағы тамаша құрал болатынына сенімдіміз». ●

Жаңа тарифтік жоспарлар мен басқа да толығырақ ақпаратты абоненттер www.activ.kz және www.kcell.kz сайттарынан ала алады.

10 11

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

Kсell абоненттері үшінонлайн-броньдау қызметі ашылды

Kcell — ДИЭФ ұялы байланысының ресми операторы

Kcell және Activ абоненттері әлеуметтік желілерге тегін қосыла алады

«Opera Mini-мен лимитсіз браузинг»

Барлығы 8-денМедицина қызметкерлері 3G-ді меңгеруде

Ксеll Интернеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салуды қолдайды

19 шілдеде онлайн-броньдау жүйесі іске қосылды, енді абоненттер бүкіл Қазақстан аумағында компанияның кез келген абоненттік бөлімінде қызмет алу үшін алдын ала уақыт броньдай алады.

Броньдау жүйесі айтарлықтай оңай — або-нент http://www.kcell.kz/ru/?l=onlinebooking,. корпоративтік сайтында сұрау

2011 жылғы маусымның 7-нен 9-ына дейінгі аралықта Астанада Дүниежүзілік ислам экономикалық фо-румы болып өтті. Оны «Ислам давосы» деп те жиі атайды. ДИЭФ 50-ден астам мемлекет өкілдері сауданы дамыту келешектерін, инвестицияларды тарту, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқыға салып, бизнес процестерді басқару тәжірибесімен бөлісетін алаңға айналды. Форумға қатысу үшін Астанаға Қазақстан

Енді Activ-тің «Барлығы 8-ден» арнайы тарифтік жоспарына қосылу арқылы республика көлеміндегі кез келген оператормен сөйлесу минуты небәрі 8 теңге тұрады. 64 теңгеге тең күн сайынғы төлемді табысты түрде алған жағдайда, бұл тарифтік жоспардағы абоненттерге күнделікті Қазақстан бойынша барлық бағыттарға қоңырау шалу үшін 8 минут есептеледі. Минуттардың әрекет мерзімі — 1 тәулік. Минуттар пайдаланылған соң да Қазақстан бойынша барлық бағыттарға шалынатын қоңыраулар да минутына 8 теңге тұрады. «Сынап көру» үшін бірінші күні, қосылған соң дереу абонентке барлық бағыттарға тегін қоңырау шалу үшін бонус ретінде 8 минут беріледі (абоненттік төлемді алусыз), олар пайдаланылып болған соң қоңыраулар тәуләктің аяғына дейін минутына 8 теңгеден тарифтеледі. «Біздің компаниямыздың міндетті ісі — ұялы байланысты Қазақстанның

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында Kcell Қазақстанның денсаулық сақтау саласын қолдау мен дамытуды жалғастыруда. Компанияның былтыр Алматы облысының үш перзентха-насына фототерапия аппараттарын сатып алуға жәрдемдесіп, Алматы облыстық көпбағытты клиникасына эндоурологиялық құрал-жабдықтарды сатып алғанын естеріңізге сала кетейік. Биыл Kcell Ұлттық медицина холдингінің 20 жетекші ғылыми қызметкеріне ұялы интернетке тегін қолжетімділік берді. Kcell-дің ұялы интернеті ғылыми

27 маусымда Алматыда «Интернетте экстермизмді, лаңкестікті, нашақорлықты, порнографияны, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын контенттің таралуымен күресудегі қоғамдық ұйымдардың, бизнес пен мемлекеттің орны мен рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Талқыға салынған мәселелер қатарында қоғамдық «қызу желі» мен пайдаланушылардың Қазнеттегі құқыққа қарсы контент туралы хабар-ламаларын қабылдауға арналған www.safekaznet.kz сайтын құру проблемалары қамтылды. ҚР қауіпсіз интернет кеңістігі принциптері Қазақстанда 2010 ж. маусым айында қабылданған Байланыс оператор-лары мен хостинг-провайдерлері декла-рациясында жарияланған болатын. Kcell қауіпсіз Интернет қажеттілігін қолдайды,

салуы қажет, содан соң ол өзінің телефон нөміріне броньдау коды болып табылатын алтытаңбалы сандық код жазылған sms алады. Таңдалған күні абоненттік бөлімге барып, абонент қызмет көрсету талонын алу үшін бұрын өзіне жөнелтілген сандық кодты Q-net электрондық кезек терминалына енгізеді де, содан кейін бірінші болып босаған операторға бара алады.

Анықтамалық-ақпараттық орталық және абоненттік бөлім операторлары абоненттерге бұл қызметті көрсетіп жүр және де абоненттердің өтініші бойынша өздігімен орындау мүмкіндігі бол-маса, кіру уақытын броньдайды.

және шет елдерден 2,5 мыңнан астам бизнес өкілдері, әлемдік деңгейдегі экономи-стер мен қаржыгерлер келді. Қазақстан үшін ДИЭФ –біздің мемлекетіміздің Таяу Шығыс, Аф-рика және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастық құрудың тағы бір мүмкіндігі. Kcell Форумның ресми ұялы операторы ретінде таңдап алынды.

Ұялы Интернет браузингті белсенді пайдаланушылар үшін жағымды жаңалық — енді олардың ұялы теле-фоннан Интернет желісіне шектеусіз кіру мүмкіндігі бар. Тәулігіне небәрі 20 теңгеге сайттарды, почтаны, форумдар-ды т.с.с. қарап шығуға болады. «Opera Mini-мен лимитсіз браузинг» қызметін қосу үшін, абоненттерге http://m.opera.com сайтынан өз ұялы телефонына Opera Mini ұялы браузерін жүктеп алу қажет. Содан соң мына тәсілдердің бірімен ол қызметті белсендендіру ке-рек: *666# нөміріне қоңырау шалу, 666 қысқа нөміріне «опера» или “opera” мәтіні бар SMS-хабарлама жолдау немесе *123# USSD нөміріне қоңырау шалып, акциялар мен тарифтер бөлімін таңдап алу.

Бұл қызметті қосу құны 50 теңгені құрайды. Бұл сома абоненттің дербес шотынан есептен шығарылады,

Kcell мен Activ абоненттеріне ұялы теле-фондарынан Facebook және Vkontakte.ru кең танымал әлеуметтік желілеріне тегін қосылу ашылды. Енді оператор абоненттері GSM Қазақстанның ел аумағындағы кез келген қамту нүктесінде өз дос-таныстарымен, туған-туыстарымен және әріптестерімен шығынсыз сөйлесе алады.

«Бүкіл әлемде әлеуметтік желілерді пайдаланушылар санының өсімі байқалады. Қазақстанда олар миллиондап саналады. Әсіресе ондай ресурстар қазақстандықтардың ең белсенді бөлігі — жастар арасында кең танымал. Біз абоненттерімізге ұялы телефоны арқылы Facebook пен Vkontakte. Ru-да достарымен, туған-туыстарымен, әріптестерімен және таныстарымен тегін бай-ланыс құру мүмкіндігін бере алатынымызға өте қуаныштымыз. Жаңа қызмет біздің миссиямызға — қазақстандықтарға ұялы байланыстың барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге толық сәйкес келеді», — дейді GSM Қазақстан/Kcell-дің корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Аида Досаева.

Әлеуметтік желілердің тегін, оңайлатылған нұсқаларында ұялы құрылғыларға арналған стандарты сайттардың барлық мүмкіндіктері бар болғандықтан, олар хабарлама алмасуға,

достардың жаңалықтарын оқып, оларға түсініктемелер жазуға, өз мәртебеңді жаңартуға т.с.с. мүмкіндіктер береді. Сайттың оңтайландырылған құрылысының арқасында бұл нұсқалардың стандартты-ларынан айырмашылығы — деректерді берудің жоғары жылдамдығы.

Facebook пен Vkontakte.ru-ға ұялы телефоннан ғана емес, сим-картасы теле-фонда белсендендірілген планшеттік ком-пьютерден де тегін кіруге болады. Қызметті қосу үшін абоненттер *789# командасын теріп, әрі қарай нұсқаулықты орындауы ке-рек. Табысты түрде қосылған соң, Интернет-браузерді ашып, адрестік жолға 0.facebook және 0.vkontakte.ru («www» жолын термей) жолдарын енгізу керек.

Оңайлатылған нұсқада тек қана мәтіндік ақпарат болады және бейне-, аудио-және фотоматериалдарды қарау сияқты мультимедиялық қызметтерге кіру көзделмейді.

Facebook пен Vkontakte.ru -дың толық нұсқаларын, сондай-ақ, мультимедиа файлдарды қараған кезде, трафиктің төлемі абоненттің ағымдағы тарифіне сәйкес өтеп алынады. Аықаралық роумингте жүрген абоненттерге бұл қызметке кіруге болмай-ды және ол 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.

сондықтан абоненттің теңгерімінде жеткілікті сома болған жағдайда ғана бұл қызметті қосу мүмкін болады. «Opera Mini-мен лимитсіз браузинг» үшін 20 теңгені құрайтын абоненттік төлем абоненттің дербес шотынан күнделікті 00:00-ден бастап 02:00-ге дейін есептен шығарылады. Сыйымдылығы 15 МБ дейінгі сайттарды, почтаны, форумдарды және файлдарды қараудың бағасы 0 теңгені құрайды. Басқа интернет-брау-зерлер мен қолданбаларды пайдаланып интернетке кіру, бейне-, дыбыс файлда-рын қарау, жүктеу, jar немесе jad өрісті файлдарды жүктеу және файлдар мен деректерді беру үшін ақы абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес төленеді. Opera Mini арқылы әрбір сессияны бастауға сұрау абоненттік төлемге кіреді, сондықтан қосымша тарифтелмейді.

Бұл қызмет роумингте көрсетілмейді.

барлық тұрғындары үшін қолжетімді ету. Сондықтан біз үнемі нарыққа абоненттерге көп сөйлесіп, аз ақша жұмсауға мүмкіндік беретін жаңа ұсыныстармен шығып тұрамыз. Activ-тің «Барлығы 8 — ден» атты жаңа тарифі абоненттерге достарымен, отбасымен, бизнес серіктестермен желі ішінде және ҚР-ның кез келген операторының нөмірлеріне революциялық төмен та-рифтермен қоңырау шалып, неғұрлым көп қатынас жасауды ұсынады. Activ-тің жаңа ұсынысымен біздің абоненттер тиімді тарифтерге, қалада да, ауылда да кең байланыс аясына, сондай-ақ, ең жоғарғы әлемдік стандарттар деңгейінде қызмет көрсетуге ие бола алады», — деп атап өтті GSM Қазақстан/Kcell-дің маркетинг жөніндегі директо-ры Каспарс Кукелис. Жаңа тарифтік жоспарға қосылу шарттары мен тағы басқа қосымша ақпаратты абоненттер www.activ.kz сайтынан таба алады.

қызметкерлерге медициналық ақпараттық жүйелерге онлайн қолжетімділік алуға және ең озық емдеу әдістерін Интернет арқылы тәжірибеге енгізуге мүмкіндік берді.

сондықтан компания былтыр осы Декларацияға біріншілердің қатарында болып қосылып, биылғы жылғы шілде айында дөңгелек үстелдің өткізілуін қолдады. Дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директор Аида Досаева Ксell Казнетті барлық пайдаланушылар үшін, бірінші кезекті балалар үшін қауіпсіз ақпараттық жүйе ретінде дамытуға бағытталған бірлескен жұмысқа белсене қатысуға дайын екендігін атап өтті. «Қызу желіні» 2011 жылы құру жоспарланып отыр. Ол Интернетте жұмыс істейді, сонымен қатар телефон нөмірі бойынша қолжетімді болып, хабарлама жолдаушының барлық дербес деректемелерінің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

жаңалықтары

12 13

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

— Каспарс, жалпы Қазақстандағы телекоммуникация нарығы үшін қандай үрдістер тән?

— Соңғы жылдары қызметті тұтыну көлемінің үнемі артып отырғанын байқап отырғанымызды атап өткім келеді. Бұл жалпы бүкіл индустрия үшін жақсы белгі. Бұл ұялы байланыстың қол жетімділігі Қазақстандағы барлық санаттағы тұтынушылар үшін айқын бо-лып табылатындығының белгісі. Біздің компания үшін бұл оңтайлы сәт, өйткені біз Kcell мен Activ абоненттерінің біздің қызметімізді барынша кең көлемде пайдалануын мақсат етіп көздейміз. Сондай-ақ бұл біз бірнеше жыл бұрын бастаған коммерциялық қызметтің сәттілігін растайды. Біз осы уақыт бойына Kcell мен Activ туралы пікірді сапалы әрі қол жетімді байланыс ретінде өзгерту үшін өзіміз өзгеріп отырдық. Осы жылдары компания Қазақстанның телекоммуникация нарығында бағаны төмендету жөніндегі ізашар болып келді. Компанияның тарифтік саяса-тында жаһандық өзгерістер орын алды. Соңғы жылдары біздің желідегі бір минуттың орташа құны 2 еседен артық

төмендеді. Күрделі баға өзгерістері халықаралық қоңыраулар мен роуминг-ке қатысты да жүзеге асырылды. Үлес пен абоненттік базаның өсуі сияқты деректер біздің іс-әрекеттеріміздің дұрыстығын көрсетті. Қазіргі кезде біз Kcell мен Activ абоненттерінің бізге «қол-аяғымен» қоса дауыс беріп, біздің желіде қалғанын көріп отырмыз. Сондықтан біз болашаққа сеніммен қараймыз. Біз өз тұтынушыларымызға ненің керек екенін білеміз, бұл тарифтердің төмендеуі, пайдалы қызметтердің алуан түрлілігі, байланыс пен қызмет көрсетудің керемет сапасы. Осының барлығы біздің коммерциялық страте-гиямызда өз көрінісін тапқан. Мысалы, біздің соңғы ұсынысымыз, ол толығырақ айтуға тұрарлық. Бұл Kcell–дегі барлық бағыттар бойынша бірыңғай тарифтеу. Тариф «11» деп аталады. Осы ұсынысты іске қоса отырып, біз ҚР барлық бағыттарына жасалатын қоңырауларға арналған ыңғайлы әрі тартымды тарифті интерконнект мөлшерлемесін реттеуге араласпай-ақ шығаруға болатындығын көрсетеміз. «11» тарифінің негізгі артықшылығы — ҚР бойынша барлық бағыттарға 11 теңгені құрайтын қоңыраудың бірыңғай құны. Бұл ұсыныс

абоненттік ақысыз және қандай да бір қосымша талаптарсыз әрекет етеді. Ал өзіміздің корпоративтік клиенттерімізге «11+» тарифін ұсынамыз. Онда корпоративтік топтан тыс ҚР бойын-ша барлық бағыттарға қоңыраулар 11 теңге тұрады, ал топ ішінде біздің клиенттеріміз айына небәрі 500 теңге төлей отырып, тегін сөйлесе алады. Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің барлық соңғы тарифтік акциялары-мыз абоненттерге ай сайын ұялы байланысқа жұмсайтын ақшаға немесе одан аз ақшаға мейлінше көбірек сөйлесу мүмкіндігін беруге бағытталған.

— Демек ағымдағы бәсекелестік жағдайында баға барлығын анықтайды ма?

— Бәсекелестік үлгісі бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, олай емес. Баға үнемі маңызды болып қалмақ, бірақ сұраныс бағаны ескере отырып қана құрылмайды. Біздің дамыған кең ауқымды инфрақұрылымымыз бар: бүкіл ел масштабында — бұл шама-мен 5 мың қала мен ауыл. Біз өзіміз құрған желінің керемет сапасына қол жеткіздік және өзіміздің клиенттерімізге сервистік қызмет көрсетуді ең жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келетін мүлдем өзге деңгейге дейін көтере білдік. Соңғы 12 жыл бойына салған инвестицияларымыз $1,6 млрд-тан артық. Бұған соңғы жылдардағы ақылға қонымды тарифтік саясатты қосуымыз керек, сонда баға ұсынысын ғана қарсы қою қиынға соғатын объективті фактілерге қол жеткіземіз. Сонымен қатар өз абоненттеріміз үшін бағаның маңыздылығын да сезінеміз, сондықтан нарықтағы өз әріптестерімізге біздің пакеттерімізбен салыстырғанда тарифтік артықшылықты сезінуге мүмкіндік бермейміз. Біз өз абоненттерімізге бәсекелестеріміздің ұсыныстарына жақсы балама болып табылатын өнімдерді ұсынамыз және бірде бір клиентімізді жәй ғана бере салмаймыз.

— Сіздің компанияның абоненттері жақын арада қандай жаңа тарифтерді күте алады?

Каспарс Кукелис:ұялы байланыстың қол жетімділігі айқын

Қазақстанда ұялы байланыс белсенді қарқынмен дамып келеді. Операторлардың өткен жарты жылдағы жұмыс нәтижесіне көз тастайтын

болсақ, бұл айқын болады. Ал бәсекелестікті қатаңдату тұтынушыларға ұялы байланыс операторларынан соңғы бірнеше жылда барынша қызықты ұсыныстар алуға мүмкіндік берді. Ұялы байланыстың өз абоненттеріне қалай жақындасқаны туралы біз GSM Қазақстан/Kcell компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Каспарс Кукелистен сұрадық

СұхБАТ

Соңғы 12 жыл

бойына салған

инвестицияларымыз

$1,6 млрд-тан

артық. Бұған соңғы

жылдардағы ақылға

қонымды тарифтік

саясатты қосуымыз

керек, сонда баға

ұсынысын ғана

қарсы қою қиынға

соғатын объективті

фактілерге қол

жеткіземіз

14

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

— Тарифтерге қатысты өз жоспарларымыз туралы жариялағым келмейді. Сондай-ақ біздің компа-нияда жақын арадағы бірнеше ай ішінде қандай тарифтердің болатындығын ешкім білмейтіндігін айтқым келеді. Бұл сондайлық құпия болғандықтан емес. Біз қарқынды нарықта өмір сүріп отырмыз және шешімді жедел қабылдаймыз, өзімізді ұзақ мерзімді жоспарлармен байламаймыз. Біз жаңа ұсыныстарымызды өте жылдам әзірлеп, оған шығармашылық тұрғыда қараймыз. Бұл ретте біздің компанияның жоғары технологиялы ірі кәсіпорын болып табылатындығын түсіну керек, онда тарифтік идеяларды қоса алғанда көптеген идеяларды бір тәулік ішінде енгізу мүмкін емес. Кейде технология жаңашылдық үшін уақытты талап етеді, әсіресе, ол қайсы бір жаңа функционалмен байланысты болса.

қол жеткізеді, бір ғана шектеу дәл осы браузерді орнату қажеттілігімен байланысты. Әлеуметтік желілер арқылы ара-ласуды қалайтын тұлғаларға арнап біз «Зеро Facebook» бен «Зеро ВКонтакте» іске қостық. Бұл абоненттерге интернет-трафикті төлемей желілер арқылы араласуға мүмкіндік беретін біздің жаңа ұсынысымыз. Осы әлеуметтік желілердің жеңілдетілген нұсқаларын орнататын кезде (фото мен бейне қосылмай, мәтіндік хабарлама ғана көрініп тұратын) біздің клиенттеріміз өз достарымен мобильді интернет бар барлық жерде емін еркін араласа алады.

Жалпы алғанда жақын 12—15 ай ішінде ұялы телефондардың түрлері елеулі түрде өзгереді деп күтеміз, осының нәтижесінде ұялы байланысты тұтыну да өзгереді. Тұтынушының экран мөлшері мен телефонның функционалдығы өзгерген сайын олар өз мобильді опе-раторларын сөйлесетін минут санымен ғана емес, оның желісі арқылы беруге болатын деректер көлемі және осы деректерді беру бағасы бойынша бағалайтын болады.

Инновациялық бағыттарға қатысты олардың жеткілікті дәрежеде көп екендігін айтқым келеді, өйткені ұялы байланыс үнемі даму үстінде. Біз өз бизнесімізге кеңірек қараймыз, біз үшін ол өз абоненттерімізге арналған дауысты қызмет пен ұялы интернет қызметі туралы түсініктен көбірек. Біз электронды коммерция, электрон-ды төлемдер мен электронды ақша жобасы бойынша күрделі жұмыс істейміз. Біз реттеушілермен, банктермен келіссөздер жүргізіп отырамыз және белсенді болғымыз келеді, ал ең бастысы қаржылық қызмет саласында қызмет көрсететін операторларымыз бен абоненттеріміз үшін ыңғайлы болғымыз келеді. Біздің осы мақсатқа қол жеткізуіміз көбінесе мемлекет пен реттеушілердің ұстанымдарына байланысты болады. Өзіміздің электронды коммерциялық құралдарымызды қандай түрде енгізуді көздейтіндігімізді ескере отырып, көптеген банктер ұялы байланыс операторларын қызметтер кешенінің интеграцияланған бөлігіне айналдыруға және біздің абоненттерімізге ақша қаражатын ҚР бүкіл аумағы бойынша және тіпті одан тысқары жерлерде де ұялы байланыс арқылы жүргізуге мүмкіндік беруге мүдделі болатындығына сенімдіміз. Қазір банктермен ауқымды жемісті жұмыстар жүргізіліп жатыр және біз олардың тара-пынан түсіністік таптық. Жақын арада «ұялы әмиан» өмір шындығына айналады деп ойлаймын.

Ұялы байланыс пен оның инфрақұрылымын алшақтағы мониторинг үшін пайдалануға болатындай процестерді автоматтандырудың зор келешегін көреміз. 3G технологиялары мультимедиялық мониторингті жүзеге асыруға, кейбір процестерді алшақтан басқаруға мүмкіндік береді. Бұл біз болашақта дамуды қалайтын келешекті бағыттардың бірі болып табылады. Сондай-ақ соңғы айлар-да біздің БАМ елімізде ең жаңа технологияларды енгізуге қатысты белсенді жұмыс істеп отыр, сондықтан біз осы технологияларды тестілеуге белсенді қатысамыз. ●

Жалпы алғанда жақын 12—15

ай ішінде ұялы телефондардың

түрлері елеулі түрде өзгереді деп

күтеміз, осының нәтижесінде ұялы

байланысты тұтыну да өзгереді

— Осы жазда жарты жыл өтті, Қазақстанда инновациялық технологияларды дамыту үшін маңызды болған 7 айдан бері біздің елімізде 3G белсенді дамып келеді. Сіз қандай нәтижелер туралы ауыз толтырып айта аласыз?

— Интернет әсіресе соңғы 2 немесе 3 жылда Kcell-ді қоса алғанда бүкіл әлемдегі телекоммуникациялық операциялардың өсуіне арналған драйвер бо-лып табылады. Біздің 3G –ді айтарлықтай кеш енгізгенімізге қарамастан осы технологияны өз нарықтарында соңғы жылдары қолданып келе жатқан операторлармен салыстырғанда мобильді Интернетті пайдаланудың жеткілікті дәрежеде көңіл толтырарлық нәтижелерін байқап отыр-мыз. Бізде абоненттердің шамамен 50% мобильді интернетті пайдаланады. 3G — жаңа стандарт емес. Ол Еуропада шамамен 10 жыл бұрын дами баста-ды және бастапқыда 2 секундына Мбитке дейінгі жылдамдықпен қарапайым деректерді беру талабы болып табылатын. Біз HSPA+ стандартын енгіздік, ол 20—40 секундына Мбит жылдамдықты ұстап тұра ала-ды. Осының арқасында мәселен «Мобильді интернет плюс» пакеттері пайда болды, онда біз интернет-тра-фик құнын 35 есеге дейін төмендеттік. Біздің екінші өніміміз — Opera Mini арқылы ұялы телефоннан шексіз браузинг. Бұл жағдайда тәулігіне 20 теңгеге біздің абоненттеріміз толық лимитсіз қызметке

халық саны 1 мың адамға толмайтын ҚР ауылдарының 54%-н GSM Қазақстан желісінің

сигналы қамтиды.

«11» тарифтік жоспары бойынша ҚР аумағындағы барлық бағыттарға 1 минут әңгімелесу

уақыты 11 теңге тұрады

>8,3 миллион абонент Kcell, Activ пен Vegaline-ді белсенді пайдаланады

Қазақстан аумағындағы елді мекеннің 94% GSM Қазақстан желісі қамтитын аймаққа кіреді

>Соңғы бірнеше жыл ішінде GSM Қазақстан желісіндегі бір минут әңгімелесу уақытының

орташа құны 2,7 есе төмендеген

>1000 3G базалық бекеті бүкіл Қазақстан бойынша 2011жылғы қаңтар айынан бастап

орнатылды

Әлемнің 100 еліндегі роумингте кіретін қоңырау 50 теңге тұрады, желіде 200-ден артық

оператор жұмыс істейді

Республикадағы 2 мыңнан артық халқы бар ауылдардың 85% GSM Қазақстан желісі

қамтитын аумаққа кіреді

>4890 қала мен ауылды GSM Қазақстан өз желісінің сигналымен қамтиды

Соңғы 5 жылда Kcell мен Activ абоненттерінің әңгімелесу ұзақтығы 2 есеге артты

с а н д а

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

SMS-күнделіктері — оқушылардың үлгерімін қадағалаудың жаңа түрі

Motorola Nokiaсынды болғысы келеді

Ұялы телефон жұмыс істемейтін жер

iPhone 5 және iPad 3 қазан айында пайда болады

Kcell мен Activ абоненттері «Nokia-мен шексіз браузингке» қол жеткізеді

Skype пен Microsoft — жаңа дуэт

«Қазақстанда 2012 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беруді автоматтандыру бағдарламасы аясында «Ұялы байла-ныс арқылы студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысу мониторингі жүйесін ұйымдастыру» бағдарламасы енгізіледі. Студенттер мен олардың ата-аналарына SMS-хабарламалары арқылы оқу орындарының электрон-ды базаларынан оқушылардың ағымдағы және сатылы үлгерімі тура-лы ақпарат алуға болады», — деп ха-барлады «SMS-күнделік» жобасының пиар-директоры Анвар Шалекенов.

Шалекеновтың айтуын-ша бағдарлама республикалық мәртебеге ие. Сатылай бір жыл ішінде бағдарлама Қазақстанның барлық аймақтарын және іс жүзінде

Motorola-ның ернеуінде Windows Phone 7 бар смартфондарды шағаруды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Motorola Mobility бөлімшесінің Бас директоры Санджай Джа бөлімшенің өз кезінде Nokia жасағандай Microsoft-пен мәміле жасау мүмкіндігін қарастыратындығы туралы жариялады. Джа мырза түпкілікті шешім қабылдағанға дейін компанияның Windows Phone 7-ң өміршеңдігіне баға беруі тиіс екенін атап өтті, ол сонымен қатар нарықта Android-мен және iOS-мен бәсекелесудің операциялық жүйесінің қабілетіне қатысты өз күмәнін білдірді. Motorola-ның жақын арада Windows Phone 7 базасында жаппай смартфондарды шығара бастайтындығы туралы ешқандай әңгіме болған жоқ.

Талдаушылардың пікірі бой-ынша Windows Phone 7 операциялық жүйесінің әлі күнге дейін кеңінен

Иә, бұндай жер бар, ол — Ақтау Благовещенский ғибадатханасы, оның қызметкерлері ұялы телефондарға арнап «дыбыс тұншықтырғыларды» орнатып, қоңырауларды автоматтандырған. Бүгінгі таңда бұл ғибадатхананы бүкіл Батыс Қазақстандағы бірегей әрі ең «жетілдірілген» ғибадатхана деп сенімді айтуға болады. Бұл жерде техниканың соңғы жетістіктерін пайдалана білді: ұялы телефондардың дыбыс тұншықтырғылары орнатылды, ал Батыс епархиясындағы жалғыз қоңырау пернетақтамен жабдықталды. Қоңырау жүйесі оған барлық

Жақында iPhone –ның жаңа буынының қазан айында пайда болатындығы тура-лы қауөсек пайда болды. Бірақ iPhone –ң жаңа буынының қазіргі ағымдағы үлгінің түрі өзгертілген нұсқасы болатындығы және 4S индексін алатындығы немесе мүлдем жаңа iPhone 5 құрылғысы болатындығы анық емес.

Macotakara.jp деректері бойынша екі құрылғы да сатуға ағымдағы

Финляндия өндірушісінің теле-фондарын пайдаланатын компания абоненттері тәулігіне 20 теңгеге Интернетті шексіз пайдалану мүмкіндігіне ие болады. «Nokia-мен шексіз браузинг» ұялы Интернетті пайдаланушылар үшін Kcell мен Activ қызметтерінің топтамасындағы кезекті қызметке айналды. Бұрын компания ұқсас қызметтің, атап айтқанда «Opera Mini –мен шексіз браузингтің» іске қосылғаны туралы

республиканың барлық жоғары оқу орындарын қамтиды. Ақпарат алу үшін студенттің ID-кодын 2525 нөміріне жіберу керектігін және бір SMS құны 20 теңге мен 50 теңге аралығында ауытқитыны туралы ол атап өтті.

Ата-аналарға бір аптадағы, тоқсандағы, семестрдегі, жарты жылдағы барлық оқу пәндері бой-ынша баласының үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ақпараттық үзінділер ұсынылып отырады. Ендіге компьютерлік бағдарлама әзірленіп үлгерді және қазіргі сәтте республиканың түрлі оқу орындарында тұсаукесерлік тестілеу жүзеге асырылу үстінде. Жақын арада бүкіл республика аумағы бойынша тұтынушыларға SMS-хабарламаларды беру мақсатында ұялы байланыс операторларын бағдарламаға тікелей қосу жүзеге асырылады.

2011 жылдың соңына дейін SMS арқылы оқушылардың үлгерімі туралы ақпаратты іс жүзінде республиканың барлық оқу орындары алады. Бұл жалпы алғанда орта мектептердің, колледждердің, ЖОО-ң шамамен 2,3 млн. оқушысы және кемінде 2,5 млн, адамды құрайтын ата-аналардың кең ауқымды аудиториясы.

Жақын болашақта VoIP-сервис Skype Microsoft компаниясының өнімдерімен пайымдауға қатысты, сондай-ақ Facebook әлеуметтік желісімен жаңа бірлескен жобаларға қатысты белсенді жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Болашақта кеңінен танымал VoIP-сервис Skype Windows Phone мен консоли Xbox-ты, сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісімен бірлесіп жаңа қызмет көрсетуді қоса алғанда Microsoft-ң көптеген өнімдерімен бірлесуді күтіп отыр. Бұл жөнінде Skype вице-президенті және компанияның

өнімдер мен маркетинг жөніндегі бас менеджері Нил Стивенс (Neil Stevens) хабарлады. Microsoft сияқты софтверлік алыптың Skype сатып алу мәмілесі әлі де еуропалық антимонопольді органдардың мақұлдауын күтуде, ал американдық Әділет министрлігі ағымдағы жылдың маусым айында оған өз келісімін беріп қойған. Windows Phone ұялы операциялық жүйесі негізінде құрылғыларға арналған осы VoIP — қызметінің нұсқасы Skype-ң өзінің жаңа иегерімен бірлескен

Оңтүстік Кореяның шамамен 27 мың азаматы Apple компани-ясына қарсы ұжымдық соттық талап арыз берді. Корейліктер Apple — ді iOS ұялы операциялық жүйесі негізінде құрылғылардағы конфиденциалдылық ережелерін бұзды деп айыптайды. Талап арыз материалдарына орай Apple құрылғылары игерлердің өздеріне хабарламай, өздерін пайдаланушылардың жүріп-тұруын

Ел болыпApple-ге қарсы

қадағалайды. Талапкерлер iPhone өндірушісінен өтемақы ретінде 27 млрд. корей вонын ($25,3 млн.) төлеуді талап етіп отыр. Олар істі жеңіп алған жағдайда талапкерлердің әрқайсысы шамамен $936 алады. Бұрын ағымдағы жылдың шілде айында Apple Оңтүстік Кореяда ұқсас соттық процестен жеңіліп қалып, орналасқан жерін заңсыз қадағалағаны үшін талапкерге $945 төлеуге мәжбүр болған.

алғашқы өнімінің бірі болып табылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда iPhone, iPad және Android-ға арналған нұсқаларды қоса алғанда Skype бірқатар ұялы байланыс қосымшаларын ұсынып отыр, бірақ Windows Phone-ға арналған қосымшада былайша айтқанда бірегей функционалды қосу жоспарланып отырған сынды. Нил Стивенстің айту-ынша компания қарапайым қосымша сияқты емес, телефонның бір бөлігі ретінде жұмыс істейтін қосымшаны әзірлемекші. Skype-ң вице-президенті

атап өткендей, ол Skype-ті мүлдем әдеттегі қосымша ретінде көргісі келмейді. Сервисті құрылғыға немесе браузердің өзіне енгізу дұрысырақ бола-тын еді, өйткені бұл Facebook әлеуметтік желісімен бірге Skype-пен ынтымақтастық шеңберінде жасалған болатын. «Адамдар қоңырау шалған кезде қосымшаны да іске қосқылары келмейді. Бұл бүкіл әлем қозғалатын бағыт. Телефонда бұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру қиын, бірақ біз оған қол жеткізуге тиіспіз», — деп атап өтті Стивенс.

жариялаған болатын. «Nokia-мен шексіз браузинг» қызметі S40 Nokia платформасы бар және деректерді беру шығынын төмендететін трафикті қысу технологиясы бар браузер орнатылған ұялы теле-фондарда әрекет етеді. Браузерді browser.ovi.com сілтемесі арқылы немесе Ovi-дүкенінен көшіріп алуға болады. Қосу үшін ұялы телефон-нан *666*2# командасын теріп, «Шақыртуды» басу керек.

жылдың қазан айында түседі, бірақ осы уақытқа дейін iPad 3-ң келесі жылдан ерте қол жетімді болмайтындығы туралы хабарланған болатын. Ең қалаулы екі құрылғының қазан айында шығуы әбден мүмкін, өйткені олардың артынан Galaxy Tab 10.1 және Galaxy S II-пен Samsung із басып келеді және осының барлығына қоса Купертинодан шыққан компания рождестволық мерекелердің «ләззатқа толы» уақытын жіберіп алғысы келмейді.

танымал бола алмау фактін ескере отырып, Motorola-ның оны өз смартфондары үшін операциялық жүйе ретінде пайдалана бастауы туралы шешім оған қомақты қолдау көрсетуі мүмкін.

Дайджест16 17

қоңыраушаларды қосу арқылы автоматтандырылды, ал қоңырау қағушыға автоматтың жұмысын қадағалау ғана қалады.

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

18 19

Бурабайға саяхатЖазғы демалысты қайда өткізетініміз жайлы қызу пікірталас нәтижесінде Бурабайға баруды ұйғардық

ФоТоЖАРиялАМА

Бурабай — Солтүстік Қазақстанда, Астана және Көкшетау қалаларының арасында орналасқан көк алқап. Көпті көрген туристер Бурабайды Швейцарияға теңейді, мұнда қылқан жапырақты орман, тау және көлдің ауасы ерекше емдік климатқа айналған. Сонымен қатар бұл курортты аймақ минералды суымен және емдік топырағымен де танымал. Маусымда, күн көзі жерді қыздыра бастағанда-ақ адамдар суға түсе бастайды. Курортта көптеген қонақ үйлер, санато-рийлер, демалыс үйлері бар. Сондай-ақ, Қапшағаймен қатар Бурабайдың да 2010 жылдан бастап ресми қолданыстағы ойын аймағына айналғаны курорттың инфрақұрылымын дамытуға айтарлықтай септігін тигізді. Кентте кафе-мейрамханалар көп және бірнеше түнгі клуб бар.

Онда қай жерге тоқтаймыз? Әрине, саяхат құруды ойластырған тәуекел менеджерлері түнейтін жер іздеп ку-рортты шыр айналып жүгірмеу үшін, міндетті түрде алдын ала қонақ үй жалдап қояр еді. Ал саяхат құрып етім үйренген мен тәуекелге бел буып, қамданбаған болатынмын. Жалпы айтқанда, түнеп шығатын жер табу — қиынға соқпайтын іс. Кім-кімге де қонақ үйлер, жеке тұрған үйлер, коттед-ждер, пәтерлер дайын тұр. Сондықтан, қалай орналасқыңыз келетінін әлі шешпеген болсаңыз — алдын ала дайындықсыз-ақ бара беріңіз. Курортта төсек, диван мен кушеткалар бәріне жетеді.

Ал енді ол жақта не көреміз, жалпы, не істейміз? Қарағай орманында серуендеп, тауға шығып, табиғатқа тамсанамыз,

таза ауа жұтып, көлдің мөп-мөлдір салқын суына түсеміз. Ор-манда серуендау аса қызықты. Онда сіз кезінде Кенесарының ордасы тұрған жерді көріп, әскерлері жүрген соқпақтардан өтесіз, қазір мұнда тек ағаштан ағашқа секірген тиіндер мен фотоаппарат ұстаған туристерді ғана кездестіре аласыз. Кәрі-жасына қарамай, саяхат құрушылардың бәрі тау-дөңестерге шығып, табиғатты тамашалап, естелікке фотосурет алып кетіп жатады. Жалпы айтқанда, әрбір адам өзіне ұнайтын нәрсе таба алады. Мәселен, ойынға құмарлық танытып, бағыңызды сынап көргіңіз келсе, ойынхана есігі әрдайым ашық.

Кент аумағынан табиғатты қорғау қорығына баруға болады. Оқжетпес пен Жұмбақтас дәл сол жерде орналасқан. Бұл орайда қорық аумағында бағалар 2-3 есе қымбат бола-

тынын және көлік тұрағына дейін ақы төлеу керек екендігін бірден айта кетейін. Жергілікті мейрамханаларда тамақтану елорданың ең қымбат мейрамханаларынан кем түспейді, ал тамақтың сапасы №5 асхананікіндей болады. Сондықтан тамақты табиғи қорықтан тыс жерде ішіңіз, демекпін. Жазғы маусым кезеңінде кентте әртүрлі іс-шаралар, концерттер, шоу-бағдарламалар өткізіледі.

Қалай жетуге болады? 2009 жылы Қазақстандағы алғашқы Астана — Щучинск 6 жолды автобаны пайдалануға берілді, бұл да курорттың дамуына оң әсер берді. Автобан ке-ремет, ондай даңғыл жолда руль ұстау да — бір рахат. Ара-тұра жүргізушілерге арналған жабдықталған алаңдар кездеседі, онда тоқтап, тамақтанып, машинаңды тексеріп алуға болады.

Фотосуреттермен мәтін авторыСәкен Нигмашев

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

20

Трасса мен инфрақұрылым көз қуантады, жуыр келешекте Қазақстанның барлық қалаларын осындай халықаралық стандартқа сай жолдар жалғап тұрар деген үміт жылт етеді.

Бірнеше кеңес берейін. Қалтаңызға қолма-қол ақша салып алыңыз, кредиттік карталардың қажеті болмай-ды. Қалада банкоматтар аз, ал адамдар көп-ақ. Содан соң, міндетті түрде қолайлы аяқ киім алу керек, себебі көбінесе жаяу жүруге тура келеді. Сондай-ақ, масаға қарсы құралдар да қажет. Бурабайдың шыбындай масалары қаныңызды аяусыз сорады. Оларды жай ғана қол сермеп үркіте алмай-

сыз, жәндіктен құтылудың бір-ақ амалы бар — сарт еткізіп өлтіру. Тағы бір айтарым — көлдің жағасында күнді қарсы алу бір ұмытылмас сезім сыйлайды — осыны ескеріңіз. Егер сіз суға түскенді қаламасаңыз, онда Бурабайға қыркүйек пен қазан ай-лары аралығында барыңыз. Ол кезде адам едәуір аз болады да, сіз үлкен қалада қолыңыз жетпеген жалғыздық тыныштығында табиғаттың үйлесімділігін үнсіз бағалай алатын боласыз.

Менің берер кеңестерімнің бастысы — қайда барсаңыз да, теңгеріміңіз толық болсын. Келесі кездескенше қош-сау болыңыз! ●

22 23

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

— Бекжан Ибатұллаұлы, зауыттың екінші рет тууына не мұрындық болды?

— Бұл 2004 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Үкіметіне Қазақстанның оңтүстігінде, атап айтқанда, «Хим-пром» АҚ негізінде электр-металлургиялық өндірісті дамытуға тапсырма бергенінен басталды, деп ойлаймын. Содан соң 2006 жылдың қараша айында біздің отандық инвестор «ОАИКК» ЖШС «Химпром» АҚ-ның 100 пайыздық акциялар пакетін сатып алды, ал 2007 жылғы сәуір айында Жамбыл облысына іссапармен барған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа «Ферроқоспа өндірісін кеңейту және жетілдіру»

жобасы көрсетілді. Сөйтіп, бұл жоба мемлекеттің қолдауына ие болып, Жамбыл облысындағы басымды жобаға айналды — ол индустриялық-инновациялық жоба ретінде «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының құрамына енді. Алғашқы ферроқоспа пеші 2007 жылғы 16 маусымда іске қосылды.

— Кезінде фосфор өндірумен байланысты болып келген сіздердің Кәсіпорын неге ферроқоспа өндірушіге айналды?

— Көптеген жылдар бойы «Химпром» АҚ-ның жұмысы тоқырап қалды, сөйтіп, шаруашылық байланыстары үзіліп, кадрлары кете бастады. Зауытты басқа бағытқа бұрудың мақсаты — оның жұмыс күйін сақтап қалу, жұмыс орындарын жасақтап, аймақтың әлеуметтік проблемаларын шешу болды. Сондықтан сол сәтте жұмысқа жарамды күйде қалған екі РКЗ-48 кен балқыту пешін ферроқоспалар шығаруға бейімдеу туралы шешім қабылданды. Өнімді әзірлеу кезеңінде біз, металлургия саласындағы көптеген мамандардың білімін пайдалана отырып, ферроқоспалардың әлемдік нарығын жіті зерттеу нәтижесінде нарықта ерекше сұранысқа ие болып табылатын Ферроси-ликомарганец өндірісіне тоқталдық (МемСТ 4756-91, ИСО 5447-80). Ол құрамында марганец бар шикізат пен кварцитты кокс көміртегімен және көмірмен қалпына келтіру жолымен алынған марганец, кремний және темірдің қорытпасы болып табылады. Ферросиликомарганец өндірісінде қолданылатын негізгі шикізат Қарағанды және Жезқазған кен орындарынан жеткізілетін марганец концентраты болып табылады.

Ферросиликомарганецтің ашытқыш және қоспалау қосынды ретінде болат пен шойын өндірісінде қолданылады, ол қоспаға тозуға төзімділік, соққыға төзімділік және жоғары температураға төзімділік береді.

— «Ферроқоспа өндірісі» деген тек қана ферроқоспа өндіру дегенді білдіре ме?

— Біздің зауыт «Тараз металлургия зауыты» деп аталғанымен, зауыт негізінен ферроқоспа өндіруге бағытталған. Соны-мен қатар зауыт біздің елде ғана емес, алыс шет елдердің көптеген металлургиялық кәсіпорындарында сұранысқа ие болып табылатын электрод және жөндеу қоспа заттарын өндіріп шығарады.

— Сіздердің өнімдеріңіз қайда экспортталады? — Біздің өнімді негізінен Ресей, Украина, Беларусь, Латвия

және Қазақстанның ірі металлургиялық зауыттары мен комбинаттары, машина жасп шығаратын кәсіпорындары, барлығын қосқанда елуден астам өндіріс тұтынады.

— Өткен тоқсандағы көрсеткіштеріңіз қандай болды? — Мамыр айында біз 25 МВт-тық екі РКО ферроқоспа кен-температуралық электр пешін іске қостық, бұл өндіріс көлемін күрт ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сондықтан өткен тоқсан барлық көрсеткіштер бойынша табысты болды.

— Компанияның жуық жылдарға арналған жоспары жай-лы айтсаңыз?

— Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі нарық конъюнктурасының және бәсекелес ортаның үнемі өзгеріп отыруы біздің жаңа өндіріс әдістерін үйреніп, ферроқоспалардың басқа сортаментін өндіру мәселесін қарастыруды талап етіп отыр. Мысалы, зауыттың техникалық мамандары жоғары көміртекті ферромарганец өндірісін зерттеді, бұл қоспаны қорыту нәтижесінде біз ферросиликомарганецті қорытуда қолданылатын туынды марганец боқатын алу арқылы марганец шикізаты мен электр қуатын едәуір үнемдеу мүмкіндігін иеленетін боламыз.

Жоғары көміртекті ферромарганецті қорытумен қатар орташа көміртекті ферромарганецті қорыту және сол арқылы Қазақстанда алғаш рет Мн-95 маркалы металл марганецті аралас тәсілмен қорыту көзделуде. Сондай-ақ, ФС-45,ФС-65,ФС-70 ферросилициі сияқты мар-калы кремнийлі ферроқоспаларды өндіру мәселесі де қарастырылуда.

Ферроқоспалардың әртүрлі маркаларын қорыту сортаменттерін көбейту «ТМЗ» ЖШС-не ферроқоспалар нарығында әлемнің жетекші өндірушілерімен табысты түрде бәсекелесуге, әлемдік нарықтағы ферроқоспаларға деген сұраным өзгерістеріне жедел жауап беруге және әлемдегі эконо-микада туындауы ықтимал кез келген экономикалық жағдайда тұрақты түрде жұмыс істейтін кәсіпорын болып қалуға мүмкіндік береді деген ойдамын.

— Жуырда сіздер өздеріңіздің корпоративтік байланыс үшін Kcell-ді таңдадыңыздар. Неге дәл осы ұялы байланыс опера-торына тоқталдыңыздар?

— Шындығында, біз ұзақ уақыт бойы басқа ірі ұялы байланыс операторының қызметін пайдаланып жүрген болатын. Алайда біздің қызметкерлеріміз бен клиенттеріміздің көбісі сіздердің байланысты қолданатындықтан, кәсіпорынның шығынын азайту үшін, біз Kcell-ге ауыстық. Сонымен қатар, Kcell байланыс сапасын жақсарту үшін зауыт аумағында қосымша станцияны орнату жөніндегі мәселені айтарлықтай жылдам шешті. Сондай-ақ, біз өзіміздің сұранысымызға толық сәйкес келетін жаңа корпоративтік жоспарды пайдалана бастадық.

— Сұхбатымызды аяқтай отырып, өзіңіз, отбасыңыз, әуесқойлығыңыз жайында айтып берсеңіз?

— Мен Батыс Қазақстан өлкесінде туып-өскенмін. Қазақтың мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша үздік тәмамдадым. Үйленгенмін, екі ұлым бар. Отбасымызбен бос уақытты әртүрлі өткіземіз. Жазда көбінесе шет елдерге барып, ұзақ уақыт саяхаттай-мыз, қыста Шымбұлақта тау шаңғысын тебеміз. Менің жеке уақытым негізінен балаларымды дамытумен байланысты болып келеді: олар шахматпен шұғылданады — қазір мен де шахмат ойынына қызығып, ойнай бастадым. Сондай-ақ, біз үлкен тенниске, жүзуге және футболға да бірге барамыз. Маған осылай өмір сүрген өте қызықты сияқты! Ал өзімнің жеке қызығушылықтарыма келсек, мен бильярд ойнағанды жақсы көремін, отандық және шетелдік кино туындыларының алғашқы көрсетілімдерін сүйсініп қараймын. ●

Бекжан Қабдығалиев: біз әлемдік экономикадағы өзгерістерге тәуелді болмауға тырысамызТараз металлургия зауыты «Химпром» ЖШС негізінде құрылған. Қырық жылған жуық өмір сүріп жатқан бұл кәсіпорын өндірістің өркендеуін де, толық ойсырауды да бастан кешірді. Қазіргі жағдайда табысты әрі бәсекеге қабілетті бизнесті қалай жүргізуге болатыны жайлы «Тараз металлургия зауыты» ЖШС коммерциялық директоры Қабдығалиев Бекжан Ибатұллаұлы мырза VOX.com-ға берген сұхбатында әңгімелеп берді

СұхБАТ

24 25

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

Үнемі байланыстаҚазіргі заманғы кәсіпорын спорт командасына ұқсайды: онда ойынның үйлесімділігі ойыншылардың үнемі бір-бірімен тығыз байланыс құруымен қамтамасыз етіледі. Бизнесте де спорттағыдай құрылтайшылар, менеджерлер, қызметкерлерден бастап клиенттерге дейін команда мүшелерінің қатынастары зор маңызға ие

Бизнестің табыстылығын, қарқынын және жылдамдыққа сәйкестігін айқындайтын жедел байланысқа тиісті техникалық жарақтандыру қажет. Бұл орайда ұялы байланыстың көмегі зор. Бірақ тұрақты байланысты ұялы телефондар ғана қамтамасыз етпейді. Тиімді көпдеңгейлі қарым-қатынастарға қолдау жасау үшін Ұялы АТС жүйесі құрылды.

Ұялы АТС кеңседе қатынас жасау үшін арнайы әзірленіп, бейімделген. Ол жай ғана ұялы телефонның ор-нына қолданылатын зат емес, ол күмән туғызбайтын, өзгелерімен салыстыруға келмейтін жеке құрал болып табылады. Ол дереу іске қосылып, кіріс қоңырауларды көрсетілген бағыттарға таратып отырады. Бұған қоса, оның артықшылығы — пайда-

лануда үнемділігі әрі қолайлылығы. Ұялы АТС мүмкіндіктері адамның мұқтаждықтарынан озып тұр, ал кеңседе оны тағы бір толыққанды қызметкер деп қарастыруға болады.

Бір уақытта бірнеше абонентпен байланыс құру қажет пе? Бұл про-блема емес! Телефон арқылы мәжіліс ұйымдастыру керек пе? Бұл да оп-оңай! Сіз іссапарға немесе бүкіл кеңсеңізбен бір жаққа тренингке кеткенде, қалалық телефонның кіріс қоңырауларын ұялы телефонға аудару керек пе? Бұл күрделі мәселе емес. Бірнеше телефон желісін ұйымдастыру қажет пе? Мұны да істейміз! Қаржыгеріңіз ұялы байла-ныс пен халықаралық қоңырауларға жұмсалатын шығындарды азайтуды сұрап жүр ме? Ұялы АТС бұл проблема-ларды да шеше алады.

Ұялы АТС-да кеңсе АТС-ның сізге үйреншікті барлық функциялары, атап айтқанда, топтық шақырулар, қоңырауды басқа нөмірге аудару, ав-то-хатшы т.с.с. сақталады. Ұялы АТС көмегімен соғылған қоңыраулар оның жадына толық жазылып оты-рады. Осы функцияның арқасында кеңсе немесе корпорацияның барлық қызметкерлерінің қоңырауларын бақылап отыруға болады, бұл кейбіреулердің қалааралық байла-нысты достарымен әңгімелесу үшін пайдалануы салдарынан жұмсалатын шығындарды азайтуға септігін тигізеді. Бұл функция өз бизнесі мен Қазақстандағы қызмет аумағын кеңейтіп жатқан компанияларға, жедел іс-әрекет жасау қызметтеріне, көлік кәсіпорындарына, call-орталықтарға, бір сөзбен айтқанда, бір де бір қоңырауды жауапсыз қалдырмай, клиентпен тиімді әрекеттестік құру аса маңызды болып табылатын кез келген компанияларға пайдасын тигізеді.

Kcell-дің Ұялы АТС-ын іске қосқан кәсіпорындардың жұмыскерлері мынадай пікір білдірді:

Павел Хохлов, Центр Кредит Банкінің Ақпараттық технологиялар департаменті Байланыс секторының меңгерушісі:

— Маған Ұялы АТС-ның «Дыбыстық по-шта» және қоңырауларды басқа нөмірге аудару сияқты опциялары, сондай-ақ, қала ішіндегі және ұялы телефондарға қоңырау соғу мүмкіндіктері ұнайды. Со-нымен қатар біз байланысқа жұмсалатын шығындарымыздың айтарлықтай — екі есе! — төмендегенін байқап отырмыз. Байланыс сапасы да жақсы, Kcell-дің үздік қызмет көрсетуімен қатар бұл бізге өте ұнайды.

Ардақ Ахтанов, «Рамстор» ЖШС IT директоры:

— Kcell-дің Ұялы АТС қызметіне қосылғандағы біздің басты мақсатымыз өз қызметкерлерімізге қала телефоны-нан ұялы телефондарға қоңырау шалу мүмкіндігін беру болды, және де бұл едәуір арзан. Сондай-ақ, біз барлық операторларға Kcell арқылы шығамыз. Қызмет көрсету сапасына толық риза-мыз. «Бизнеске арналған телефон» ак-циясы бойынша да жұмыс істейміз. Яғни өз компаниямыздың сөйлесулері үшін ақы төлеп, бизнес-санат телефондарын сыйлыққа аламыз. Сонымен қатар біздің барлық қызметшілеріміз «Қолайлылық» тарифіне қосылып, бір-бірімен тегін сөйлесу мүмкіндігін иеленді. Біз компа-ниямыз құрылған кезден-ақ Kcell-мен ынтымақтастық құрғанбыз, бірақ был-тыр Ұялы АТС-ын пайдалана бастағаннан бері анағұрлым тығыз қатынастамыз. Бұл байланыс операторының көрсеткен қызметіне ешқандай сын таға алмаймыз. Себебі ешқашан ешқандай проблемалар туындаған емес.

Вячеслав Соболев, «ALBERICH Beteiligungsverwaltungs GmbH» Қазақстан РеспубликасындағыФилиалы:

— Біз көбінесе Ұялы АТС-ын стационар-лы телефондардан ұялы телефондарға қоңырау шалу үшін қолданамыз. Әрине, біз бұл станцияның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Бұл қызметке 50 пайызға жуықты құрайтын байланыс шығындарын азайту үшін қосылдық. Қызмет сапасының кемшіліктерін атай алмаймыз, сервисінде де проблемалар туындаған жоқ...

Kcell-дің Ұялы АТС-ы — ішкі және сыртқы байланыстың ақылды жүйесі. Байланыс құру барысында туындайтын мұқтаждықтарға жедел жауап беруінің арқасында ол қарым-қатынастарға жұмсалатын шығынды қысқартуға көмектеседі. ●

Ұялы АТС кеңседе қатынас жасау үшін арнайы әзірленіп, бейімделген.

ӨНіМ

ұялы АТС-да кеңсе АТС-

ның сізге үйреншікті

барлық функциялары,

атап айтқанда, топтық

шақырулар, қоңырауды

басқа нөмірге аудару,

авто-хатшы т.с.с.

сақталады

осы функцияның

арқасында

кеңсе немесе

корпорацияның барлық

қызметкерлерінің

қоңырауларын бақылап

отыруға болады,

бұл кейбіреулердің

қалааралық

байланысты

достарымен әңгімелесу

үшін пайдалануы

салдарынан

жұмсалатын

шығындарды азайтуға

септігін тигізеді

26 27

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

Жоңғарлар,ұялы байланысжәне кино жайлы…Кезінде «Рэкетир», «Адасқан» және «Ликвидатор» фильмдерін

түсірген, «Мың бала» фильмінің режиссері Акан Сатаев, «Vox.com»

оқырмандарына жобаның қалай ілгері жылжып жатқаны жайлы

әңгімелеп береді

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында

Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20-шы

мерейтойын тойламақ. Осыған орай

«Мың бала» атты тарихи оқиғалы, әскери-

патриоттық, толық метражды көркем фильмі

көгілдір экранға шығарылмақ

— Фильм түсіру идеясы қалай пайда болды және оны неге осы-лай атадыңыздар? — Идеяны «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев берді. Жоңғарларға қарсы партизан соғысын жүргізген мың жетім бала туралы «Мың бала» деген аңыз бар. Біздің фильм сол аңызға негізделген.

— Фильмнің негізгі сюжеті қандай? — Киносурет оқиғалары 18-ші ғасырда, жоңғар шапқыншылығы кезінде өрбиді және «Аңырақай шайқасын» қамтиды. Сартай атты бас кейіпкер басқаратын жасөспірімдер отряды жоңғарларға қарсы астыр-тын күрес жүргізіп, қазақ халқының тағдырын шешетін аса маңызды шайқасқа қатысады.

— Түсірілімге қазақстандық актерлер ғана қатыса ма, әлде басқа елдердің жұлдыздары да шақырылды ма?— Бас кейіпкерлер мен сол кезеңде өмір сүрген тарихи тұлғалардың бейнелерін қазақстандық актерлер сомдады. «Ағайындылар» және , из-вестный по предыдущим работам в «Братьях» и «Ликвидатордағы» бұрынғы еңбектерімен , — Берік Айтжанов

Әбілқайыр хан рөлін ойнады. Бөгенбай батыр рөлін Болатом Әбділманов сомда-ды. Досқан Жолжақсынов Төле би ролін жақсы атқарып шықты.

Жоңғарлардың көшбасшыларын сомдауға Моңғолиядан актерлер шақырдық, атап айтқанда: Жаргалсай-хан — Рабдан, Г. Золбоот — Улегей нойон, Баттулга — Томор батур, Церенболд — Галдан Церен, С. Арумбямба — Эссен, Эр-

дэнебилег — Аюр., М. Тувшинхуу — Лув-цан Дайчын. Сондай-ақ, жоңғарлардың әскербасының рөлін ойнауға Тува мен Саха елінің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Ондар шақырылды.

— Қалай ойлайсыз, бұл фильм қандай сезім туғызады? Қандай аудиторияға арналған? — Отансүйгіштік. Фильмнің негізгі

СұхБАТ

28 29

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

идеясы біздің ата-бабаларымыздың қиын-қыстау кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еселеп артып тұрған жау күшін жеңіп кеткенін көрсету. Біздің фильмде экшн-сахналар көп, махаббат желісі бар, сондықтан біздің аудиториямыз аса көлемді болады деп тұспалдаймыз.

— Неге тарихи фильмдерге қызығығушылық таныттыңыздар? Әлде «Көшпенділер» фильмінен соң жинақталған маетриалдар мен тәжірибе, дайындалған костюмдер мен декорациялар дәл осы жанрды таңдауды талап ете ме? — Өз басым «Көшпенділерден» соң тари-

хи фильмдер түсіруге болмайды деп ой-ламаймын. Бұл жанр қашан да қызықты әрі өзекті болып табылады. «Мың бала» фильмінде экшн айтарлықтай көп, тіпті бұл киносуретті тарихи жауынгерлік фильм деп атауға болады. Оның үстіне, біз бұрынырақта «Қазақфиьммен» бірлесіп түсірген «Ликвидатор» фильмі де экшн-триллер жанрында түсірілген. Биылғы көктемде Kcell-дің қолдауымен оның тұсаукесері болып өтті, жақында DVD нұсқасы да жарық көрмек. Ал біз жанр жағынан өзімізге шек қоймаймыз. Оқиғасы мен сценарийі қызықты болса болғаны.

— Режиссерлердің өз фильмдеріне актер ретінде түсетініне қалай қарайсыз? — Шындығында, әлемдік кинемато-графта ондай мысалдар көп, және бұл жаман емес. Бірақ мен үшін бұл қиындау. Қазірше мен «Рэкетирдің» бір үзіндісіне ғана түстім.

— Фильмнің қай жерін әсіресе мақтан тұтасыз, неге? — Мен үшін фильмдегі барлық сахналар маңызды. Сондықтан маған олардың бірін таңдап айту қиын.

— Фильм жарыққа шығатын рес-ми күн белгіленді ме?— Иә, фильм Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған, сондықтан оның премье-расы мереке күні — 16 желтоқсанға жоспарланып отыр.

— Келшек жоспарларыңыз қандай?— Қазірше менің барлық жоспар-ларым «Мың бала» фильмінің жұмысын аяқтау болып отыр.

—Көрермендерiңiзге қандай тiлек айтасыз?— Жақсы фильмдер мен премье-ралар көбірек болсын. Сонымен қатар Kcell ұялы байланыс опе-раторына осы фильмді түсіруге көмек, қолдау, техникалық қолдау көрсеткені үшін аса зор алғысымды білдіргім келеді. ●

Картинаның түсірілімі белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Табиғи декорация-лар ретінде өркениеттің аяғы баспаған жерлер — Түрген шатқалы, Қапал Арасан, және Қапшағай су қоймасы маңындағы дала пайдаланылды. Кинокарти-наны түсіруге Kcell қолдау көрсетті: ұялы байланыс операторы, түсірілім то-бына жылжымалы базалық станцияларды беріп, желімен қамтылмаған жерлерде де тоқтаусыз байланысты қамтамасыз етті

оның үстіне, біз бұрынырақта «Қазақфиьммен»

бірлесіп түсірген «ликвидатор» фильмі де экшн-

триллер жанрында түсірілген. Биылғы көктемде

Kcell-дің қолдауымен оның тұсаукесері болып

өтті, жақында DVD нұсқасы да жарық көрмек

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

3130Т

ел

ед

ид

ар

ы

жо

қ ад

ам…Көбінде жаңа пішіндер бос орында пайда бола салмайды, олар бірте-бірте бұрынғыларынан туындайды. Аспап ыңғайға келтіріліп, орнатылып, қандай да бір болар-болмас өзгерістерге ұшырайды. Содан оның жаңалығы бірден айқындалмайды, сол өнер туындысы аяқталған соңғы кезеңде ғана көрінеді. Бұл үрдісті жануарлар әлеміндегі эволюциямен салыстыруға әбден болады.

Мишель Уэльбек

Қан

ат и

брагим

ов

Ай

Ты

лғ

АН

ой

…Биылғы жылы теледидарға сұраным төмендеді.

Бір қарағанда, мұның ешбір оғаштығы жоқ сияқты — дағдарыс — өндірістің өсу қарқыны кемуде, әрбір адамның жеке байланыс құралдары бар.

…ал мен бала кезімізде «жәшік» сатып алудың ерекше оқиға болғанын ешқашан естен шығармаспын: ап-ауыр теледидарды пәтерге алып кіріп, оны у-шумен «жуып», шаң баспасын деп үстін матамен жауып, бөлме-бөлмеге антенна мұрттарын таситынбыз кеп... Естеріңізде ме? ...Бұл мың жыл бұрын болған-ды, ол кезде мейрамдарда бізге қосымша азық-түлік, баклажан икрасын және көк тас бұршақтың бір банкасын беретін...

Балаларды көгілдір экран алдынан қуып шығу проблемаға айналған, «Пионерская правдада» теледидарға тәуелділік мәселесі тақырыбы жан-жақты талқыланып жататын.

Бір танысым маған құжатты факс арқылы жолда деді, мен таңқалдым — ол не дегені екен?

Бәрін айт та бірін айт... Біздің

кеңселерімізден ауыр мониторлар

кеткелі көп уақыт болды ма? Телекс,

пейджер, магнитофондар — бұлар

қайдан еді?

Ақпаратты алу үшін кітапханаға

жүгіріп, газет сатып алатынбыз. «Санта

— Барбараны» көрсетіп жатқан кезде

көшелерде тірі жан қалмайтын.

Содан соң компьютер мен интернет

ғасыры келді.Күмәншілдер қайтадан ойбайына

салды: «Білімнің орнын ақпарат алды,

балаларымыз топас болып барады!»

Ал енді жаңа дәуірді — миниатюриза-

ция дәуірін қарсы алыңыздар…

Сіз ықшамды экранды қолыңызбен

жауып қоя аласыз немесе қалтаңызға

салып ала аласыз…шын айтамын.

Жаңа көшпенділер феномені баста-

лып жатыр, монитор әркімнің... қол

жаулығына сыятын болады. Тұрмыс пен оған байланысты тауқыметтен арылуды ұзақ аңсағанбыз, міне, арманымызға жеттік. Әрбір романтик «өз затын өзімен алып жүретін» болады. Жаңа ұрпақ ұтқырлықты, ұялы байланысты таңдайды.

Жаңалық көруге, музыка тыңдауға, кітап оқуға, «скайп» арқылы сөйлесуге, «фэйсте фрэндтеуге»... өз блогыңды жүргізуге болады...

Ойлап қарасақ, ұтқыр байла-ныс дегеніміз — кумирлер мен

диктаторлардың жойылуы, деспотиялардың күйреуі және

шекаралардың бұзылуы. Ұжымдық

ой-сана ретінде әлеуметтік желілер

дегеніміз...бұл жайылма төңкеріс... бұл

Революция ғой.Өзіңіздің планшеттігіңізге немесе ұялы

телефоныңызға үңіліп қараңызшы...

әлем енді ешқашан бұрынғы қалпына

келмейді. «Рухани байлық» жойылады

деп қорықпаңыз: адамдар алатын

ақпарат көберек болады, демек, Таңдау

да болады, әрі ол бар да.

Мен өз телефонымды тартымдылығы

үшін жақсы көремін. Және маған

ғұрыптардың ақырындап өзгеруі,

қатынастардың бірте-бірте өзгеріп,

"теликті" «қалта телефонына» айналды-

рып жатқаны да ұнайды.

Бизнестіөз қолыңмен құру немесе Офисті үйде қалай ұйымдастыруға болады

Екі-үш сағат

басымды қатырып

отырып, осы

мақаланы унисон

айдарына жатқызуды

хош көрдім. Бірақ

барлығы өз ретімен.

бизнес

Редакциялық алқа жүріп жатыр, айдарды толықтыру мәселесін талқылап жатырмыз. «Бизнес білім беруге» де кезек жетті. — Шіркін, қызықтырақ бір нәрсе болса, — деді журнал жетекшісі, — … әрі өмірлік мысалдан болса, — деп қосты департамент директоры, — …иә, бұл туралы біз жазғанбыз, бұл қызықты емес, оқушылар демалыста, мүмкін, — деп жетекші маған тесіле қарап — сен

жазсаң қайтеді? — деді. Иә, иә сенің ЖК бар ғой…Осылайша мен бүгінгі айдардың авторына айналдым. «Самообразование» деген ұғымды мен білімді арттыру деген мағынада

емес, өз бизнесіңді өз қолыңмен құру деген мағынада пайдаланамын. Істің мәні мынадай еді: маған үлкен бір компаниямен

Динара Шериева

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

32 33

ынтымақтасу туралы ұсыныс келіп түсті, бірақ бұндай қызмет көрсету кездейсоқ сипатқа ие еді. Әлеуетті жұмыс берушілердің ұсынғаны мен үшін қызықты еді, әрі мен сол уақытта жұмыс іздестіріп жүргенмін. Менің ресми ЖК ашуым (жеке кәсіпкер куәлігін алуым) компанияның жалғыз талабы болды.

Офисті үйде қалай құруға болады? ЖК-ті аша салу ауыр іс емес. Тұрғылықты жерің бойынша салық комитетіне тиісті құжаттарды өткізіп (ол жаққа бармас бұрын қажетті құжаттар тізімін міндетті түрде анықтап алыңыз), небәрі 10 күн күтсең болғаны — жеке кәсіпкердің статистикалық картасы қолыңа тиеді.

Ұсынымдар: бұл құжатты ламинаттан өткізіп алып, бірден салық төлеушінің электронды кілтіне тапсырыс беріңіз.

Сіздің айналымыңыз соншалықты ауқымды болмаған жағдайда офис ашу және оны жалға алу сіздің жоспарыңызға кірмес болар. Сондай-ақ белгілі шектеулер де бар: сіздің айналымыңыз тоқсанына 10 млн теңгеден аспайтын бол-са, сіз ЖК ұғымына жатпайсыз. Тағы бір айта кетерлік жәйт, қалай болғанда да офис қажет болса, мәселен жалдамалы қызметкерлер пайда болса (бірақ олардың саны 50 адам-нан аспауы тиіс), аянбаңыз, жақсы бухгалтерді жалдаңыз-оның қызметі шамамен 30000 теңгедей тұрады. Бұл салық заңнамасын бұзушыларға арнап қарастырылған айыппұл санкцияларымен салыстырғанда түйенің түгіндей-ақ.

Енді білекті сыбанып, беліңді буып, жұмысқа кірісетін уақыт келді. Бірақ… бұл оңайға соқпайды. Үй ішіндегілер сен бәрі бір үйде отырсың ғой, үш түрді тағам әзірлей салсаң, дүкенге барып, сауда жасап келсең нең кетеді деп ойлайды. Осындай «нең кетеді» деген істердің тізімі күннен күнге ұзарып, толастай береді.

Ұсыным: өз үйіңізді офис деп есептеп, өзіңізге күнделікті күтім көрсетіп, көңіл-күйіңізге қарамастан жұмыс істеуіңіз, қоңыраулар мен хат-хабарларды қабылдап, оларға жауап беруіңіз, істеріңізді жоспарлауыңыз тиіс. Сондықтан барлық жеке басыңыздың істерін: ТОҚТАТЫҢЫЗ! Сіздің үйіңіз-сіздің офисіңіз! Енді сіздің ең жақсы көмекшіңіз (бұл ҮЛКЕН бизнес құралы болса да) — «Time management»: уақытыңызды жоспар-лап, кестені қатаң ұстаныңыз.

Сіздің үйде жұмыс істейтініңізді естіген достарыңыз, сізге қызыға да қызғана қарайды: күні бойы үйде, ешқайда жүгірудің, шапқылаудың, итерісудің қажеті жоқ. Олардың ойынша сіз үйде теледидар алдында жайғасып отырсыз, сондықтан өз офистерінде қарбалыс саябырлап, жарты сағат бос уақыт табыла калған жағдайда бірден қоңырау шала бастайды. Бастапқыда кімнің жаңа тоңазытқыш сатып алынғаны, балаларының жетістігі туралы көптеген отбасылық оқиғаларды тыңдап отыратынмын. Бірақ кейіннен «менің қолым бос емес, уақытым жоқ» деп айта алатындығымды ұғындым. Осы уақыттан бастап қоңыраулар тоқтатылды.

Ұсынымдар: достарыңызға да ТОҚТА деп айту керек!

Біз өз қолымызбен жасайтын азғырғыш іс-әрекеттерге көшейік. Бастапқыда жұмысты кейінге шегере салғың келеді: ақыры үйдемін ғой, осы мәселені кейінірек тындырармын деген оймен, хауызға да барып келуге болады, дүкенге барып киіміңді бүтіндеп, тіпті ұйықтап та алуға болады! Осының барлығы түнгі жұмысқа алып келеді. Таңертең атып тұрып, таңғы ас әзірлейсің, баланы бала бақшаға ала жөнелесің. Түнгі ұйқының орнын күндіз ұйықтап толтыруға болады, бірақ күніңнің быт-шыты шығады. Әрине, күндіз ұйықтамай, түнгі ұйқыға тоғыздар шамасында жатып, таң атқанша ұйықтауға болады. Бірақ бір күнің бәрібір зая кетеді, ұйқыңның қанбауы ойлау процестеріне өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұндай жағдайда сіз өзіңіздің жаттанды инстинктеріңізді ғана атқара аласыз — ішіп-жеу, тыныс алу, бірақ жұмыскер ретінде сіз-нөлсіз.

Ұсынымдар: барлық жұмысты 9.00-ден 18.00-ге дейін жасап үлгеру керек.

Осылайша, сіздің достарыңыз сізге қызығып жүргенде, сіз оларға қызыға бастайсыз. Олар офисте: адамдарды көреді, олармен араласады, қалжыңдайды, іссапарға барып келеді. Ал сіз өз офисіңізге тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы қамаласыз. Осылайша, өз үйіңізден әбден ЗАПЫ боласыз десем әсіре айтпағаным болар. Бұл жағдай өзгермейді — адамдар, қабырғалар, әзіл-қалжыңдар — барлығы сол баяғы. Ой-түйсігіңіз осы жағдайдан шығар жол іздейді және осы-лайша қарым-қатынас көзін табады, бұл-әлеуметтік желілер. Нәтижесінде сіз ауыспалы емес, тура мағынада компьютер-мен сөйлесе бастайсыз. Бірде апайым қонаққа келді, мен оны күте тұруды сұрадым, ол менің кабинетіме кіріп, менің шын мәнінде біреумен ұрсысып, үстелді соққылап жатқанымды көрді. «Не болды?» деген сұраққа мен: «осылай да осылай...» деп түсіндірдім, ол маған: «бұл жәй ғана интернет қой, жынды болмасаңшы» деп жауап берді.

Ұсынымдар: Жұмыстан тыс уақытта үйден жиірек қашып кетуге тырысыңыз. Серуендер, түнеуге балық аулауға кету, түнгі клубтар, достарыңмен түскі астар — бұл 24 тәуліктік қамаудан жақсы.

Жұмыстармен байланысты шығып тұруға тура келеді. Менің жағдайымда бизнесімнің тұсауы енді ғана кесілді, сондықтан мен үшін хатшы мен офис әлі ертерек, мен барлық мәселені өзім шешемін. Ал құжаттар, шоттар мен шарттарды электронды пошта арқылы аламын. Бірақ хаттардың басым көпшілігіне бірден жауап беру керек, демек сіз үнемі online уақытында болуыңыз тиіс.

Ұсынымдар: құжаттардың барлық түріне қолдау көрсететін жақсы смартфон сатып алыңыз: PDF, Excel, Word және т.б., ал телефондағы Skype сіздің операторыңыздан өзге оператордың қызметтерін пайдаланатын халықаралық әріптестермен де, клиенттермен де сөйлесу шығынын арзандатады. Смартфонмен жұмыс істеу ыңғайсыз болса, нетбук пен Kcell Connect сияқты 3G модемін сатып алыңыз. Kcell желісінің қол жетімділік аумағы байланысқа кез келген уақытта шығуға мүмкіндік береді, ал 3G жылдамдығы бизнеске қатысты мәселелерді жылдам әр ыңғайлы шешуге көмектеседі.

Мен сияқтылар күннен күнге толассыз өсіп келеді: кәсіпорындар шығындарды барынша азайтып келеді. Ең басты кеңес-тірі адам болып қалыңыз және өзіңіз шұғылданатын іс сізді нағыз рахатқа кенелтіп, жаныңызға шуақ болып төгілсін. ●

ұсынымдар: ЖК

статистикалық картасын

ламинаттан өткізіп,

бірден салық төлеушінің

электронды кілтіне

тапсырыс беріңіз. Салық

салудың жеңілдетілген

сұлбасы-шағын және

орта бизнеске жасалған

қарсы қадам, тексеріп

көріңіз, бұл шындығында

өте жеңіл. Сондықтан

«жеңілдетілген нысанға»

өтінішті бірден беріңіз.

Өз бизнесіңізді

тоқсан басында

ашқан дұрысырақ —

бухгалтерлік сүйемелдеу

бойынша шығындар

азырақ болады.

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

ғаламтордың туған күндері

Кейде адамдардың да туған күндерін анықтау қиынға соғады (бұл орайда Қазақ даласының ұлы күйшісі Құрманғазыны мысалға келтіруге болады: бір деректер бойынша ол 1806-жылы, екіншілерінде 1818-жылы, ал үшінші деректер бойынша 1823жылы туылған). Олардың туындалары жайлы не айтуға болады десеңізші! Ғаламтор да туындылар қатарына жатады емес пе? Енді бүкіл дүниежүзілік компьютерлік желі деген бір қатарлы емес ұғымның туындау сәті деп нені санаймыз? Осы мәселені шешіп көрелік...

Оларда үш туған күні бар Ежелгі қытай мақалы: «Мың лилік жол бір қадамнан ба-сталады», — дейді. Қазіргі ғаламдық тор Интернет те Лос-Анджелестегі зертханалардың бірінде (UCLA) екі компьютерді бір-біріне жалғап қосып, олардың арасында 15-футтық (шамамен 46 см-лік) кабельмен дерек беруді орнатудан басталған, бұл оқиға 1969 жылғы 2 қыркүйек күні орын алған, сондықтан осы күнді Интернеттің ресми туған күндерінің бірі деп санау қалыптасқан.

Екінші туған күні де минутына дейінгі нақтылықпен құжатта белгіленген: 1969 жылғы 29 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 22.30-да бірі UCLA-да, екіншісі қазіргі кезде атағы кем емес Стэнфорд университетінде орналасқан арасында телефон желісі арқылы қосылған екі компью-тер желімен (тік сызықпен алғанда 530 шақырымға жуық қашықтыққа) l және o деген екі латын әрпінен тұратын алғашқы хабарлама берілді. Содан соң байланыс үзіліп, бір сағат өткен соң ғана login сөзін құрайтын толық мәтінді жолдау мүмкіндігі туды. Осылайша компьютердің жаңа атқарымдарымен бірге сервер және хост деген синонимдері де пайда болды.

Ақыр соңында, сол жылдың желтоқсан айында Лос-Анджелес пен Стэнфордтағы біз білетін серверлерге Сан-та-Барбара (бұл Калифорниялық университетті UCSB деп белгілеу қалыптасқан) және Солт-Лейк-Сити (Юта штатының университеті) серверлері қосылды.

Осыдан соң ол кезде Internet емес, ARPANET деген атауға (желінің бастапқы атауын DARPA агенттігі арқылы әрекет еткен американдық «қорғаныс» тапсырысшы болғанымен түсіндіруге болады) ие болған Желінің тууын орын алған факт деп санауға болатын еді!

Дегенмен, 22 ұзақ жылдан кейін Женевадағы Еуропа ядролық зерттеулер ұйымында (CERN) қызмет атқарған Тим Бернерс-Ли тағы WWW (World Wide Web — Ғаламдық тор) технологиясын ойлап тауып, оны ойшыл программалаушылар, жүйелеушілер мен ғалымдардың тұйық кеңістігінен әркімге қолжетімді виртуалды әлемге айналдырды.

бізде екі туған күні барҮлкен Ғаламторды талдадық, енді оның қазақстандық құрамдасы — Қазнетке ауысайық.

1990 жылы «Парасат» атты көпсалалы ғылыми-техникалық коммерциялық орталық (КҒТКО) құрылды. 1991 жылдың ақпан айында «Парасат» пен КСРО-дағы алғашқы Relcom жалпыға қолжетімді электрондық поштасы (өз кезегінде ол Интернеттің еуропалық кіші желісі — Eunet-ке шығатын) арасында ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды, ал 7 сәуір күні осы екі компанияның мамандары күшімен

2011 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша KZ аймағындағы жалпы домендер саны — 60686 есім, және бұл сан өсіп отыр. Оның жыл сайынғы өсімі 20–25% құрайды.

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің деректері бойынша, бүгінгі күні Қазақстандағы интернетті пайдаланушылар саны 5 миллион адамнан асты, яғни жалпы халық санының 34%-ын қамтыды.

Интернетті пайдаланушылар саны бойынша екінші орынды Қызылорда облысы иеленеді — 19,8 мың абонент, ал облыстар көлемінде көшбасшылықты Қарағанды облысы алып отыр — онда 108,6 мың абонент бар екен.

Астана және Алматы қалалары абоненттерінің жалпы саны 348,5 мыңды құрайды, бұл орайда елордаға 26% — 93,6 мың абонент қана келеді екен.

қазақстандық тарапқа арналған почталық сервер жүктеліп, конфигурацияланды.

Сонымен, ғаламтордың Қазақстанға» келуін «Парасат» ба-засында республикада алғаш рет электрондық почта қызметін негізінен UUCP хттамасымен көрсететін (уақыт өте келе РЕЛ-КОМ почтасы қазіргі TCP/IP хаттамасына ауысты) Relcom бай-ланыс торабы ашылған 1991 жылғы сәуір айын балауға болады. Ақпараттық қызметке келсек, оны Relis (Relcom Information Service) жүйесі мен көптеген телеконференциялар, яғни ерекше қызығушылықтар клубтары жүйесімен және жұмысымен қамтамасыз етіліп отырды. Атап айтсақ, Parasang Plus (90-шы жылдардың ортасына қарай «Парасат» осылай атала ба-стады) желілік технологиялар жөнінде телеконференцияны және «Караван» газетінің электрондық шығарылымдарын ұйымдастыра білді.

Қысқа ғана мерзім ішінде Relcom желісі республиканың ірі қалаларына барлығы на дерлік тарады (Ақмолада, Жам-былда, Қарағандыда, Қостанайда, Петропавл ада, Семейде, Талдықорғанда, Шымкентте және Өскеменде, қосылу то-раптары құрылды), сондай-ақ, одан тысқары шығып кетті («Парасаттың» мамандары Ашхабат пен Бішкекте торап ұйымдастыруға жәрдем берді). Серверлер сол кездегі ең қуатты 286-шы жеке компьютерлерге қондырылып, бір-бірімен жылдамдығы 2400 бит/с-тық модемдер көмегімен қосылатын (бұл қытай әріптерін танымайтындарыңыз дереу Википедияға жүгініңіздер!)

Қазақстанға Ғаламтордың алғаш келуін талдадық, енді қазақстандық Интернет жайында Казнет ретінде сөз қозғайық. Бұл орайда 1994 жылғы қыркүйектің 19-ын оның туған күні деп санауға болады, себебі IANA халықаралық агенттігінің дерекқорындағы KZ ұлттық доменіне қатысты жазба осы күнмен белгіленген.

Қазақстанның киберегемендік алып, әлемнің саяси ғана емес, интернет картасынан орын тепкенін менің осыдан 10 жыл бұрын «Дәл сол Гусев» атауымен «Қазақтың желілік ақпарат орталығы» (KazNIC) мекемесінің директоры Павел Гусевпен жүргізген сұхбатымнан білуге болады. Сол сұхбаттан үзінді келтіре кетейік:

— Павел, сен күнді [KazNIC құрылған — Ескерту автордікі] — 1999 жылғы қыркүйек айы деп белгіледің, ал бірақ қазақстандық Интернет едәуір үлкен емес пе... Жалпы, KZ аймағындағы домендерді тіркеу үшін дәл Павел Гусев жауап беретіні қалай?

— Шын мәнінде KZ-тағы домен есімдері үшін Павел Гусев емес, белгілі бір нақты ұйым — алдымен RelcomSL, енді, міне, KazNIC жауап береді. Әрине, домен есімдерін тіркеу менің қатысуыммен қалыптасып, дами бастады, алайда маған көптеген адамдар көмек беріп, ол іске белсеніді араласты, және де олар менімен қатар тұрып, тікелей бірге жұмыс істейтін адамдар ғана емес.

Ал бәрі баяғыда, 1992 жылы бізге қазір етене таныс электрондық почтадан басталған еді. Ол кезде Қазақстанда бірнеше электрондық почта жүйесі жұмыс істеген болатын, олардың қатарында Relcom да, яғни интернет почтасы да болған. Бұл орайда Сергей Владимирович Поздняков пен Алексей Сапа басқаратын, қазір Parasang Plus деп аталатын «Парасат» алматылық фирмасының мамандарының тарапы-на жақсы сөз айтпай кетуге болмайды. Осы «Парасаттың» арқасында біз алғашқы рет компьютерлік коммуникациялар тәжірибесіне қол жеткізіп, 1992 жылдың сәуір айында Семей-де пайдаланушыларға сол кезде бұрынғына айналған Кеңес Одағының SU аймағы электрондық почта қызметін көрсете бастадық.

1993 жылғы қараша айында біз IP арқылы Санкт-Петербургке қосылу жолымен Интернетпен тұрақты бай-ланыс орнатып, кейіннен белгілі болғандай, Қазақстанда ең алғашқы болып Интернетке толыққанды кіру қызметін көрсете бастадық — WWW, FTP, чаттарамен... Алайда «кеңестік» адрестер жағдайы бұрынғы қалпында қала берді, ал Ресейде RU аймағының домен есімдері кеңінен тараған болатын.

Қазақстанның да резервте тұрған өз аты — KZ аты болғандықтан, біз елдердің кодтарына сәйкес жоғары деңгейлі аттарды үлестіруді жүзеге асыратын ұйымдармен байланыс орната бастадық. Ақыр аяғында бізді нақты білетін көптеген беделді ұйымдар бізді KZ аймағында тіркеу менеджері етіп тағайындау туралы шешім туралы ұсыныс жасады. Олар

— RIPE, APNIC, ең ірі ресейлік интернет-провайдер АО «Рел-ком» АҚ,барлық ірі қалаларда Интернет қызметін көрсететін қазақстандық ұйымдар... Бәрін тізімдей алмайсың!»

Мерекелерден бас тартамыз ба?Таңданарлық жайт: соңғы жеті жыл ішінде Қазнетте үш ме-рейтой болды: 2004 жылғы 19 қыркүйекте оған ресми түрде 10-ға толды, алдыңғы жылы — 15 жыл болды, ал 2011 жылдың сәуірінде республикаға Интернеттің келуіне 20 жыл толғанын тойлауға болатын еді. Бірақ мемлекетіміз әрқашан да бұл оқиғаларды елемей келеді!

Бұл орайда RU ұлттық домені IANA дерекқорында 1994 жылғы 7 сәуірде, яғни KZ доменінен бар-жоғы бес ай ерте тіркелген көршілес Ресейдің Интернетке деген ықыласы үлгі тұтарлық. Сонымен, ресейлік Интернеттің 10- және 15-жылдығына орай мемлекеттің белсенді қолдауымен және ресейлік ИКТ компаниялар тарапынан қуатты қаржылық қамсыздандырумен 10RU.ru және 15cctld.ru арнайы сайттары құрылды. Олардан мерейтойдың кең тойланғанын көруге болады.

Біздің жағдай қашан өзгереді екен? ●

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

34 35

Алек

санд

р ЛЯ

ХОВ

(Lyak

hov.K

Z)

УАҚыТ МАшиНАСы

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

марКеТ

ш i л д е – қ ы р к ү й е к / № 7 [19 ]

36 37

Мәнер мен атқарымдылық үйлесімінің үлгісі «Nokia N9» ұялы телефоны талғампаздарын сүйсіндірер

Қазір смартфон таңдау кезінде әрқайсымыз қандай талап қоямыз? Осы сұрақтың шешімін іздеуге әр адам ерекше ықыласпен қараса да, бәріне бірдей ортақ талаптардың барын ескеруіміз қажет. Мысалы, әйел заты смартфондардың жеңіл әрі ықшамды болғанын қаласа, еркектер өз таңдауында телефонның сыртқы түр тартымдылығы мен атқарымдылығын алғы шарт етіп қоятындығы баршаға мәлім. Ұялы байланыс құралдарының нарығында смартфондардың алуан түрлілігі және өндірушілердің көптігіне қарамастан, әйелдер мен еркектерге бірдей ұнайтын мәнерлі әрі таңдаулы дизайн мен мүмкіндік кеңдігін біріктіретін үлгіні табу қиынға соғатындығына шүбә келтіруге болмас. Осыған қарамастан «Nokia N9» құрылғысы дәл осындай асқан премиум-смартфонының өзі. Аталмыш құрылғы тек 21 маусым күні жалпы қауым назарына ұсынылғанымен, әлемдік нарық пен Қазақстанда алғашқы үлгілерінің жақын арада сатылымға түсетіндігі белгілі. Смартфонның түр-келбеті мен мүмкіндіктерімен жақыннан танысу үшін біз «Nokia» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінен «Nokia N9» смартфонының прототипін алған болатынбыз. (ескертпе: Прототип бұл смартфонның толық аяқталған нұсқасы емес екендігін, сонымен қатар оның физикалық және бағдарламалық жасақтама нышандарын тексеру мен ақауларды анықтау және түзету кезеңінен өту үшін шығарылғандығын айта кетуіміз қажет).

Алғашқы көргеннен-ақ көзге түсерлік жайт бұл «Nokia N9» смартфонының алдыңғы тақтасындағы перне-түймешіктердің мүлдем жоқтығы. Құрылғының сыртындағы оң жақ бетінде ғана екі түйме-баспа орналасқан. Біреуі дауысын өзгертуге, екіншісі экранды кілттеуге немесе оны ұзақ басып ұстағанда смартфонды іске қосуға арналған. Смартфонның жоғарғы жағында құлақаспап қосуға мүмкіндік беретін 3,5 мм аудиошығу ұясы, ерекше ашылатын «micro — SIM» картасына (стандартты SIM - карта-сын «Iphone» телефондарындағыдай қысқартып кесу керек) арналған ажыратқыш және «micro — USB» бау-сым қосқышы бар. Ажыратқыштардың ашылу тәсілдерінің механизмдері тіптен жаңа, ешқашан және ешжерде қолданылмағанымен, пайдалануға келгенде өте ыңғайлы. Жоғарыдағы

ажыратқыштар мен смартфонның оң жақ бөлігіндегі пернелерден

басқа, «Nokia N9» смартфонының артқы тақтасындағы

поликарбонаттық қабығымен көз қызықтырарлықтай қос

жарық диод жарқылдағы бар 8Мп камера модулін көруге болады.

Берік әрі мығым, жеңіл болып келетін поликарбонатты

пайдалану арқасында, смартфонның корпус сыртындағы саусақтардың іздері қалмайтынымен

қоса уақыт келе пла-стик бетінде пайда бо-латын жауырлықтардан оңашаланып, ұзақ

мерзім бойы сыртқы көрінісі өз тартымдылығын сақтайды. Ал құрылғының салмағы небәрі 135 грамм болып келеді. Сонымен қатар поликарбонаттың өзінің абсолют радио толқындарды өткізу қасиеті арқасында алақаныңызда смартфонды қалай ұстасаңыз да сигнал қабылдау қасиетінің өзгермейтіні айқын.

Диагоналі 3,9 дюймдік жарық AMOLED - дисплейі туралы ерекше айта кету керек. Смартфон жоғары деңгейлі көрсету ұлғайтылымына (854 ½ 480)

қоса «Gorilla Glass» антиблик жабындысы бар суарылған шынымен жабдықталған. Құлауға тұрақтылығын тексеруді жөн көрмесек те, бір апта бойы шалбар қалтасында осы смартфонды кілттер мен тиін ақшамен бірге тасығанымыздан кейін дисплейдегі бірде-бір сызат не-месе жауырлық таппағанымыз бізді таңғалдырды. Алматының сәулесі селдір аспаны астында дисплейдің сенімді жұмысына назар аударсақ, смартфонға тік бұрыштан ғана емес айналу білігіне қарасты бұрышты өзгертіп қараған күнде де баспадағы ғаламтор шолғышының мәтіні көз шаршатпай қаралатыны, фильмдер мен суреттердің саңылаусыз баттиып тұрып, сапасы биігінен көрінгені бізді қуантты.

Сіздің түсінгеніңіздей, «Nokia N9» құрылғысының алдыңғы панеліндегі перне-түймешіктердің жоқтығынан, сенсорлы экраны саусақпен жанасу арқылы смартфонның функцияла-рын мінсіз басқаруды қамтамасыз етеді. Бұндай шешім бұрын соңды қолданылмағандықтан, Nokia компани-ясы өзінің инновациялық интерфейсі үшін жаңа атауды енгізді — «Swipe» (ағылшын тілінен аударғанда «бетті аудару» деген мағынаны білдіреді). Смартфонды басқару дәл осындай «бетті аудару» әдісімен жүзеге асы-рылып, оған лезде үйренуге болаты-ны хақ. Үстемеден шығу үшін сізге ыңғайлы бағытта (жоғары, төмен, оңға не солға) бетті аудару ғана қажет. Үстемені жапқаннан кейін үш негізгі бейнебеттің біріне шығасыз. Олардың арасындағы байланыс ақпараттық бетті оңға не солға аудару арқылы өтеді. Біріншісінде өндіруші мен сіз орнатқан үстемелер белгілерінің кестесі орналасса, екіншісінде ашылған қосымшалардың кішірейтілген бейнелерінен тұратын кесте, яғни егер сіз смартфонды жаңарту процесін ықшамдасаңыз аталмыш кесте ішінде ықшамдалған үдеріс процесінің қаншалықты жасалғаны көрсетіледі. Кесте 3х3 немесе 2х2 қосымшалар орналасуы бойынша екі түрге бөлінеді. Кесте түрлерін ауыстыру дисплейдің бетін сырғып шымшу әрекетімен жүзеге асырылып, онда сіз бір тізбектегі 2

кішірейтілген бейнені немесе 3 одан да кіші бейнені көре аласыз. Осын-дай шешім бүгінгі таңда смартфон-дар арасында көп мақсаттылықтың ең үздік нұсқасы! Үшінші бейнебетте дәлденген Twitter, Facebook - есептік тіркеулерден келіп түскен хабарлама-лар және Gmail, Mail.ru, Youtube және т.б. сияқты электрондық поштаның есептік тіркеуіндегі хаттар мен оқиғалар тура-лы мәліметтерді көре аласыз. Бәрінің бір жерде болғаны жақсы ғой! Әрине, әрбір ашылған бетте тік кинетикалы скроллинг бар. «Nokia N9» құрылғысын бір апта бойы пайдаланғаннан кейін байқағанымыз, смартфон SMS жіберуден бастап кейбір функцияларды дәлдеуге дейінгі басқару процестерінің swipe-интерфейсін сөзсіз тездетеді. Ескеретін тағы бір жай, «Nokia» компаниясының мәтін теру тілін ауыстырудың оңтайлы әдісін енгізгені: латын әліпбиінен кирил-лица әліпбиіне көшу үшін виртуалдық мәтінбаспаның үстінен саусағыңызды көлденең тез өткізсеңіз болғаны.

Құрылғыда ебдейлі бейне және музыка ойнатқышы, ақысыз сілтемесі бар «Nokia» карталары, оның ішінде Қазақстан үшін де, әлеуметтік желілердегі есептік тіркеулерінің мекенжай кітабіне енгізу сияқты толықтырулары бар. Бірақ басқа смартфондардың ешқайсысында жоқ «Webkit 2» — ғаламтор шолғышын ерекше атамасақ болмас. «Webkit 2» сізге бір мезетте бірнеше Интернет-беттерін ашуға мүмкіндігін береді. Олар көп мақсатты басқарылым ішінде әрқайсысы бөлек ашылған үстемелер ретінде бейнеленеді. Интернет-беттің толықтай ашылмағанына қарамастан, оның көлемінде сіздің сілтемелерге басуыңызға, бейне ойнатқышын қосуға және т.б. операцияларды жүзеге асыруыңызға болады. Youtube - бейне ойнатқышы толықтай экранға шығарылып, ешбір қиындықсыз-ақ ашылады. Жиі ашылатын интернет-беттердің бейнешіктер түрінде жеке мәзірге сақталатындығы шүбәсіз қолайлы шешім. Жалпы алғанда, аталған смартфон күнделікті интернеттегі сер-фингке қолайлы ең үздік құрылғы.

Иван Глущенко

«Nokia N9» смартфоны графикалық тездеткішпен жиілігі 1 Ггц микросұлбамен және көлемі 1 гигабайт операциялық жадымен жарақталған. Осының арқасында, бір мезгілде ондаған үстемелер ешбір қиындықсыз жұмыс істей алады. Айтылғанның көрінісі ретінде «Galaxy on Fire 2» сияқты 3D-ойындардың ойналуы немесе жоғары сапалы бейнежазбаларды ашу кезінде тоқтау мен кідірістердің болмауын атап айтуға болады. Қуаныш пен масаттануды жасыра алмаған бізге аз көрінгендей, бейнежазбалар және ойындардың ақпараттық беттен уақытша төмен сырылғаннан кейінде ойналуын тоқтатпайтыны жанға балдай жаққандай әсер қалдырды. Арбайтын мастығының техникалық мүмкіндіктер шексіздігі мен жүйелік оңтайландырудың сезін парқын!

Әлбетте өз қожайыны өмірінің баурайтын сәттерін есте сақтау үшін керек бейне камерасыз заманауи смарт-фондар жоқтың қасы. Осы тұрғыдан, «Nokia N9» құрылғысы 12Мп бейне түсіру камерасы бар нарықтағы үздік ізашар смартфон «Nokia N8»-ға дес бермейтіні айғақ. Екі смартфонның техникалық тұрғыдан ұқсастықтарын салыстырғанымен («Nokia N9» құрылғысының бейне камерасы 8Мп «ғана», «Carl Zeiss» кең ауқымды оптика-

38

сы, қос жарық диод жарқылдағы бар, «Nokia N8»-дегідей автофокустың бар болуы) «Nokia N9» құрылғысында тач-фокус қосымшасының (яғни, бейне суреттің бетіндегі фокус нүктесін сіз өзіңіз таңдай аласыз) болуы арқасында оның бәсекелік таласта алға шығатыны белгілі. Бұл ірі көлемді суреттерді бей-нелеу кезінде аса қажет болатын қосымша. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, «Nokia N9» камерасы әлемдегі смартфондарға орнатылған бейне таспа құрылғылары ішіндегі лезде қосылып, ең шапшаң сурет-ке түсіретін бейне камера болып саналады!

Сөз соңында осы шолуға тағы да ескертпе ретінде айтқымыз келіп тұрғаны, «Nokia N9» құрылғысының жігіттер мен қыздарды ықылассыз қалтырмай еліктірері күмәнсіз. «Nokia N9» пәрменді күшке ие, әрі мәнерлі смартфон! Жастардың аңсары ауып, қол жеткізуге ұмтылыстың нышан белгісі — «Nokia N9»! 16 не 64 гигабайт жады көлемінің біреуін таңдау ғана қалды! Келе жатқан күзде (Осы күзде) бір саған ұнаған түсіңді таңда! Саудаға шығарылатын түстер (түр-реңі) қара, ақшыл-көк және қызғылт. ●

Сөз соңында осы

шолуға тағы да

ескертпе ретінде

айтқымыз келіп

тұрғаны, «Nokia

N9» құрылғысының

жігіттер мен

қыздарды

ықылассыз

қалтырмай

еліктірері күмәнсіз