34 (3091) 2014-03-29

12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÒÆμ ÎÁÔÑÜÈ ÇÜÌ 6+$0<.= ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ÏĦóġòóĄë íò ÓáĦ áóôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì +5°..+9° -0°.. -1° ʥ˛˧ˮ ˳˘೦˘˵ ˵˧ˬ˧ ϮϬϯϬͲ˞ ˪˲˳˟˵˪˟ˮ˞˟ ˪ˬˬ˧ ഉˬ˟˭ ˢ˘˲೦ˮ ˙˧˲ ˳˘೦˘˵೪˘ ˾˧˲˟˞˧ ˯˲˾˘೦˘ˮ ˯˲˵˘ˮ ೪˯˲೦˘˶೦˘ ˢ˘˲೪˵ ˮ˟˭˞˟˶˛˟ ˮ˞˟˥˵˧ˮ ˾˘˲˘ ϮϬϬϳ ˢˬ ˁˤ˞ˮ˟˥˞˟ ˙˘˳˵˘˶ ˘ˬ೦˘ˮ ˟˞˧ ʮ˟˲ ˳˘೦˘˵ ˘˵˘ˬ˘˵ˮ ˙ˬ ˙˘˳˵˘˭˘ˮ ˙˧˲˞˟ˮ ഉˬ˟˭ˮ˧೮ ϭϯϱ ˟ˬ˧ ˧ˬ˧˱ ഉ˪˟˵˪˟ˮ ˙˯ˬ˘˵ˮ ʤˬ ˘ˣ˘೪ ˟ˬ˧ ˘˪˻ˤ೦˘ ϮϬϬϵ ˢˬ ೪˯˳ˬ˞ ʽ˳೦˘ˮ ˙˘˥ˬ˘ˮ˳˵ ˙ˤˬ ˞˘ ˟ˬ˧˭˧ˣ˞˟ ˪˱˵˟˛˟ˮ ˾˘˲˘ˬ˘˲ ˥˭˞˘˳˵˲ˬ˭˘೪ ʥˬ ˵˶˲˘ˬ ˈ˘ˮ ˾˘˵˲˞˘ ˵˪˧ˣ˧ˬ˛˟ˮ ˙˘˳˱˘˳ˣ ˭ഉ˳ˬˤ˺˘˵ˮ˞˘ ˘˥˵ˬ˞ ʕʕʨʱ ɭʛʦ ʨ ʨʕʩʧʱʡʢʕʧʱʣ ʚʛʧʛʻʝ Сенің жасың 14 пен 29 аралығында болса, оз жобаңмен туған қалаңды өзгерткің келсе, Жастар сая- саты мәселелері басқармасы жариялаған инновация лық идеялар мен жобалар байқауына қатыс. Басты талаптар: инновациялық өнертабыс, бірегейлік, экономикалық жағынан тиімділігі, бір сөзбен айтқанда, өмірді жақсы жаққа өзгертетін, еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына үлесін қосатын жоба болуы тиіс. Байқау номинациялары: «Ең үздік инновациялық технология»; «Ең үздік инновациялық өнім»; «Ең үздік инновациялық идея»; «Балалар инновациясы». Байқауға қатысуға өтінімдер 2014 жылдың 5 сәуіріне дейін қабылданады. Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі мекенжайға хабарласыңыздар: Астана қ., Абай көш., 9. Байланыс тел./факс: (7172) 230626, электрондық пошта: [email protected] ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ˢ˘˳˵˘˲ˮ೮ ˤˮˮ˯˚˘˻ˤˬ೪ ˤ˞˟ˬ˘˲ ˭˟ˮ ˢ˯˙˘ˬ˘˲ ˙˘˥೪˘˶ Астана қаласының әкімдігі, Жастар сая- саты жөніндегі комитеттің қолдауымен ұйымдастырылып отырған бұл қайырымдылық балының форматы классикалық Вена балының дәстүрінен ауытқымағанмен, би бағдарламасында, жалпы би алаңының безендірілуінде ұлттық нақыштарымыз кеңінен көрініс таппақшы. «Астана қаласының симфониялық оркестрі, «Астана-Опера» театрының солистері өнер көрсететін балда би билейтін 48 жұп еліміздің түкпір-түкпіріндегі белсенді жастардың қатарынан іріктеліп алынды» дейді ұйымдастырушылар. Ал, сұңғақ бойлы, сұлу да көрікті қыз-жігіттердің биіне қазылық етуге бизнес элита, шоу бизнес өкілдері, өнер майталмандары шақырылып отыр. ȍɯʍʇɧɶɸʠ ɳʋʇɯɫʧʃɮɯɫʧ ɾʛɶɭɧʁɮɧɾ ɩɧʁʛȎ ʥ˛˧ˮ ˳˘೦˘˵ ˪˟˾˪˧ ϭϵϬϬͲ˞˟ Z®ÝÝÊÄ ½ç ÝãÄ ೪˯ˮ˘೪ ˥˧ˮ˞˟ ʫ˶˲˘ˣˤ ˢ˲˟˛˧ˮ˞˟˛˧ ೪ˣ೦˘ˬ˞˘೪ ˙˘ˬ ˵˟˞˧ ¼IJÂÊÇμŠ¼IJ˼̼Î

description

АСТАНА АҚШАМЫ №34 (3091) 29 наурыз 2014

Transcript of 34 (3091) 2014-03-29

+5°..+9°-0°.. -1°

Сенің жасың 14 пен 29 аралығында болса, оз жобаңмен туған қалаңды өзгерткің келсе, Жастар сая-саты мәселелері басқармасы жариялаған инновация лық идеялар мен жобалар байқауына қатыс.

Басты талаптар: инновациялық өнертабыс, бірегейлік, экономикалық жағынан тиімділігі, бір сөзбен айтқанда, өмірді жақсы жаққа өзгертетін, еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына үлесін қосатын жоба болуы тиіс.

Байқау номинациялары:«Ең үздік инновациялық технология»;«Ең үздік инновациялық өнім»;«Ең үздік инновациялық идея»;«Балалар инновациясы».Байқауға қатысуға өтінімдер 2014 жылдың 5 сәуіріне

дейін қабылданады.

Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі мекенжайға хабарласыңыздар: Астана қ., Абай көш., 9. Байланыс тел./факс: (7172) 230626, электрондық пошта: [email protected]

Астана қаласының әкімдігі, Жастар сая-саты жөніндегі комитеттің қолдауымен ұйымдастырылып отырған бұл қайырымдылық балының форматы классикалық Вена балының дәстүрінен ауытқымағанмен, би бағдарламасында, жалпы би алаңының безендірілуінде ұлттық нақыштарымыз кеңінен көрініс таппақшы.

«Астана қаласының симфониялық оркестрі, «Астана-Опера» театрының солистері өнер көрсететін балда би билейтін 48 жұп еліміздің түкпір-түкпіріндегі белсенді жастардың қатарынан іріктеліп алынды» дейді ұйымдастырушылар.

Ал, сұңғақ бойлы, сұлу да көрікті қыз-жігіттердің биіне қазылық етуге бизнес элита, шоу бизнес өкілдері, өнер майталмандары шақырылып отыр.

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

10700

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ драма театрында көрермендер Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драма-сын тамашалады.

№53 мектеп-лицейде «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдасты-руымен мини футоболдан турнир өтеді.

Жастар театрында Сәбит Дүйсен-биевтің «Махаббат» миниатю-ралары қойылады.

Көктемде отырғызу үшін елордада осыншама тал себеті әзірленді.

1961 жылы Халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен IX конгресінде 27 наурызды «Ха-лықаралық театр күні» (World Th eatre Day) деп бекітті. Жыл сай-ын көктемнің алғашқы айында бұл мерекені Халықаралық Театр инс-титуты мен дүниежүзіндегі театр қауымдастықтары жоғары деңгейде атап өтеді. Аталмыш мереке біздің елордамызда да осымен үшінші рет дәстүрлі түрде тойлануда.

Ко н г р е с с -Хол д а а к те рл а р қауымын төл мерекесімен құт тық-таған Астана қаласы Мә дениет

(Жалғасы. Басы 1-бетте)

Жиынға Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының серіктесі, «Тұрақты даму» жер қорының қоғаммен байланыс қызметінің директоры Руслан Шефер, «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Мүкей, «7 телеарнаның» жүргізушісі Камиль Галиев, Қазақстандағы биоло-гиялық алуан түрлілікті сақтау ассоциациясы білім бағдарламаларының үйлестірушісі Жанна Ақсатарова және «Билайн Қазақстан» компаниясының әлеу-меттік жобалар жөніндегі менеджері Анар Жұма-ғұлова қатысып, жұртшылықты жарықты үнемдеуге шақырды.

Былтыр «Жер сағаты» акциясына әлем бойынша 2 миллиардтан аса адам қатысқан болатын. Бастама

барысында Эйфель мұнарасы, Кремль, Биг Бен, Рим Колизейі, Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы, Астанадағы Бәйтерек секілді әйгілі мәдени нысандар жарығын бір сағатқа өшіргені белгілі. Шартарапта түрлі концерттік бағдарламалар өткзіліп, акция үлкен бұқаралық шараға ұласқан болатын.

Биыл да еліміз осы шараға белсене қатысқалы отыр. Баспасөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, бүгінгі шара «Жасыл желек отырғызудың ұлттық күні» ұраны аясында өткізіліп, қала аумағын көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстары белсенді жүргізілмек. Бұл – ерікті шара. Сондықтан, жарықты үнемдігісі келетін кез келген адам оған үлес қосып, бір сағатқа электр жарығын өшіруіне болады. Халықаралық шараның басы-қасында жүргендер биыл акцияға қатысушылар бұрынғыдан да көбейетініне шүбә келтірмейді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының 104-бабы 6-тармағының 3, 3-1-тармақшаларын басшылыққа ала отырып, округтік комиссия 2014 жылғы 26 наурызда №2 сайлау округі бойынша қалалық мәслихаттың депу-таттығына кандидаттарды: Альфия Төлендіқызы Жанай баеваны, Меруерт Жанатбекқызы Омариева-ны, Жанат Базарбайұлы Омаровты, Рыспек Қазенұлы

Өмір зақовты, Самат Рыспекұлы Өмірзақовты, Ели-завета Маратқызы Сағындықованы, Олжас Сәрсем-бекұлы Үкібасовты тіркеу туралы өз шешімінің күшін жойды. Ал, Жүсіпова Айгүл Серікқызын мәслихат депутаттығына кандидат ре тінде тіркеу шешімінің күші оның жеке өтінішінің негізінде жойылды.

М.ЖҮСІПОВА, округтік сайлау комиссиясының төрайымы

басқармасының басшысы Болат Мажағұлов елорда әкімі Иман-ғали Тасмағамбетовтің арнайы құт тықтау хатын оқып, гүлшоғын табыстап, осы жылы ерен еңбегімен үздік танылған бірқатар театр саң-лақтарын алғыс хатпен марапат-тады. Бұл тізімде Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Бақыт Исабекова, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық Орыс драма театры-ның актрисасы Наталья Матвеева, «Наз» би театрының актері Алмат

Шәмшиев, «Жастар» театрының бел ді актері А замат Есқұлов, «Қуыршақ» театрының жас актері Аманжол Темірханұлы мен «Тер-ра» би театрының бишісі Ольга Тахирқызы бар.

Әшірбек Сығай бастаған театр өнерінің тарландары әріптестерін құттықтап, жас дарындардың мере-келік кешке арнайы дайындаған сах-налық қойылымдарымен танысты.

«ЭКСПО-2017» актерлар көз-қа расымен» тақырыбында әр театр ұжымы өзіндік қойылымдарын сахналады. М.Горький атындағы Орыс драма театрының актерлері Астанаға жаңа жастар театрының қажет екендігін, Қаллеки театрының ұжымы өз қойылымдары арқылы ұлттар достығы мен татулығын көрсетсе, «Қуыршақ» театры сахна-да мың бұрала билей алатын алып қуыршақтарымен тек балаларды ғана емес, үлкендер қауымын да тәнті ете алатындарын көрсетті.

Тұрсынбек Қабатов бастаған «Әзіл әлемінің» жігіттері пародия-ларымен залды думанға бөледі. «Дала театрынан бас тап, қазіргі за-ман және болашақтағы театр қандай болмақ?» деген идеяны сахналаған «Жастар» театры озық техноло-гиялар санамызды қанша жауласа да, театр рухы өшпейтінін қалың көрерменге жеткізе білді.

Нұргүл АХАНҚЫЗЫ

Те а т р ә л е м і н е ж а н ы жақын елорда тұрғындары м е н қо на қ та р ы н та ма ша қойылымдарымен ру х ани демеп жү рген «Жастар» театрының жаңа сайты ашыл-ды. 27 наурыз Халықаралық театр күніне орай ашылған

«www.zhastar-theatre.kz» с а й т ы на н теат р тар и х ы -мен, жаңа премьералары-мен, актерлар құ рамымен жақынырақ таныса аласыз. Ең бастысы билетке электронды нұсқада тапсырыс беруге болады.

3www.astana-akshamy.kz

[email protected]

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ғал

ым

ҚО

ЖАБ

ЕКО

В. Д

ерек

көз

дері

: ww

w.a

stan

a.kz

, ww

w.in

form

.kz,

ww

w.ba

q.kz

Әлгі құлып жөндегіш қу күніне кемі 5-6 тапсырыс алады екен. Құлыптардың ерекшеліктеріне байланыс-ты еңбегіне алатын ақысы 40 мыңнан 60 мыңға дейін баратын көрінеді. «Кейбіреулер екі құлып жасатады. Сол кезде бағамыз да екі еселенеді. Астанада құрылыс нысандары көп. Сондықтан, табысымыз да жаман емес» дейді ол. Бұлардың күнделікті табатын ақшасын іштей есептеп көрдік. Қомақты қаржы. Осындай қаржаттың өтінде біздің қазақтар неге жүрмейді осы? Әлде, әлімізге қарамай қарапайым мамандықты менсінбейміз бе? Біздікілер ылғи экономист, заңгер, қаржыгер болғысы келеді. Тіпті, кейбіреулер әліпті таяқ деп білмейтін баласына банктің оқуын оқытқысы келеді. Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, былтыр елордадағы оқу орындарын тәмамдаған 9 мыңнан астам түлектің 55 пайызы қаржыгер, заңгер сынды мамандықтарды таңдаған екен. Ал, олардың көпшілігі жұмыс таба алмай сабылып жүр. Керісінше, қазіргі еңбек нарығында құрылысшы, токарь, элек-трмен дәнекерлеуші, теледидар жөндеуші сынды техникалық мамандықтардың дәурені жүріп тұр. Ал, біз бұл мамандықты менсінбей, өзімізше мұрын шүйіре қараймыз. Қаланың қай бұрышында да кезігетін тұрмыстық электронды бұйымдарды, сағаттарды, ан тен наларды жөндейтіндерді алып қарайықшы. Бар-лығы дерлік өзге ұлт өкілдері. Қазақтар болса, ары кетсе көшеде жұртшылықты фотосуретке түсірумен шектеледі.

Жалпы адамның бір бақыты – мамандығын дұрыс таңдау. Жүрек қалауымен адаспай таңдалған маман иесі ғана мықты кадр бола алады. Зерттеулерге сүйенсек, оқуға түскен жастардың 70 пайызы мамандық таңдауда адасады екен. Демек, мемлекет те, ата-аналар да үлкен экономикалық шығынға ұшырап отыр деген сөз. Мектепті жаңадан бітірген түлектердің мамандық таңдауда қателесуіне көбіне ата-аналар ықпал етеді екен. Әрине, кім баласын жаман болсын дейді. Әр ата-ана баласының жоғары білім алғанын қалайды. Сөйтеді де мықты механик болғалы тұрған баласын ол өмірі қызықпайтын экономист мамандығына сүйрейді. Осыдан келіп адасу басталады.

Қазіргі нарық заманында техникалық сала маманда-рына деген сұраныс жоғары болып тұр. Сондықтан, аспандағы айға қарай ұмтыла бермей, бір сәт нарық заңдылығына қарай бейімделе жүрген де дұрыс.

2014 жылғы 26 наурыз «Өрлеу» БАҰО» АҚ тарихында ерекше күн болды. Бұл күні Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапа-ры аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» болды. Министрдің филиал қызметкерлерімен, облыстың педагогикалық қауымдастығымен іскерлік кездесуіне Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Фархад Шаймұратұлы Қуанғанов, ҚР БҒМ білім саласындағы бақылау комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысы Ерлан Слямбекұлы Әбілдинов, СҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Таңатқызы Каринова қатысты.

Кездесу барысында А .Сәрінжіпов бірқатар маңызды және өзекті сұрақтарға жауап берді, бүгінгі таңда педагогтардың алдында тұрған маңызды мәселелер туралы айтып өтті. Сонымен қатар, біздің облысқа жұмыс сапарының мәні мен маңыздылығына да қысқаша тоқталып өтті. Білім беруді жаңарту үдерісінде «Өрлеу» БАҰО»АҚ маңызды орындардың бірін алатындығына, өйткені, ол педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, үздік педагогикалық тәжірибені таратуға, халықаралық және қазақстандық тәжірибені таратуға үлес қосатындығына, бірлескен басқару негізінде

білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ететіндігіне ерекше тоқталды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚБАИ» директоры Алма Жәкімқызы Мырза линова «Өрлеу» БАҰО» АҚ көпвек-торлы жүйелі қызметімен таныстырды. Ұлттық орталықтың құрылымы білікті-лікті арттырудың жаңартылған форматы бағыттарына сәйкестендірілгенін, білім беру жүйесіндегі стратегиялық маңызды да өзекті мәселелермен айналысатынын ерекше атап өтті. Бұдан кейін Алма Жәкім қызы А.Сәрінжіповті және делегацияны білік ті-лікті арттыру жүйесі қызметінің мазмұнын жан-жақты ашатын көрмемен таныстырды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің соңғы алқа отырысында Аслан Бәкенұлы білім беру ортасын кеңейту қажеттілігі туралы айтқан болатын. Келесі кезекте қонақтарға таныстырылған біліктілік арт-тыру институтында тұрақты жұмыс істейтін 4 ақпараттық аймақ осындай ортаның жаңаша үлгісі болып табылады. Кездесудің маңызды сәттерінің бірі «Педагогтың кәсіби даму мүмкіндіктерінің көкжиегі» атты электрондық жолсілтегіштің танысты-рылымы болды. Электрондық жолсілтегіш педагогтың өздігінен дамып, жетілуіне зор мүмкіндік тудырып отыр. Аслан Бәкенұлы бұл жобаның жаңашылдығын баса айта отырып, жоғары бағалады.

Филиал бойынша экскурсия кезінде министр мен құрметті қонақтар Кем-бридж бағдарламасы бойынша өтіп жатқан деңгейлік курс тыңдаушыларымен, арнайы жабдықталған М. Монтессори кабинетінде «Батыр» бөбекжай бақшасы үлгісінде инклюзивті білім беру мемлекеттік сая-сатты іске асыру болашағы» тақырыбында дәріс тыңдап отырған мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерімен, «Өзін-өзі тану» пәні кабинетінде сандық білім ре-сурстары арқылы тәжірибелік сабақ өтіп жатқан курс тыңдаушыларымен кездесіп, педагогтардың өздігінен кәсіби дамуына ғылыми-әдістемелік қолдау жасаудың жаңа түрлерін және білім берудің интерактивті технологияларын пайдалану бойынша Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы ая-сында өтіп жатқан семинар жұмысымен танысты.

Кездесу сындарлы жылы қарым-қатынас жағдайында өтті. Кездесуге қатысқан педагогика қызметкерлері министр А.Сәрінжіповке қойылған сұрақтарға нақты және тұжырымды жауап қайтарып, тыңғылықты түсініктеме бергені үшін алғыстарын айтты.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің филиал ұжымымен кездесуі бірге суретке түсумен аяқталды.

R

Бұл туралы «Астана Тазалық» ЖШС дирек-торы Әзімбек Басқанбаев журналистерге берген брифингінде мәлімдеді. Оның айтуынша, тұрғындар арнайы «051» және әр аудандағы тікелей қызмет ететін төте телефондарға хабарласып, көмек сұрай алады. Жалпы су тасқынына қарсы шараларға 400-ге тарта жұмысшы және сонша техника жұмылдырылып отыр. Жұмыс 1 маусымға дейін жалғасады.

Балалар мен жасөспірімдердің т үнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүруіне жол бермеу, олардың қатысуымен болатын қылмыстың алдын алу-ды көздеген шара барысында ювенальді полиция 35 ойын-сауық орыны, 10 дәмхана, 23 компьютерлік клуб пен интернет-кафені шолып шықты. Тек серу барысында балалардың т үнгі уақытта ойын-сауық орындарына кіруіне мүмкіндік бергені үшін 32 адам әкімшілік

жауапкершілікке тартылды. Түрлі құқықбұзушылық бойын-ша 27 жасөспірім аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген. Кәмелетке толмаған 8 бала тір-кеуге алынса, олардың төртеуі жағдайы төмен отбасының ба-лалары екені анықталды.

Жалпы, жыл басынан бері ба л а л арын т ү нгі уақыт та қарау сыз қалдырған немесе ойын-сауық орындарына ба-руына жол берген 400 ата-ана жауапкершілікке тартылған.

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бетт

і дай

ынд

аған

: Гүл

мира

АЙ

МАҒ

АНБЕ

Т

Конгресте сөз алған Үкімет басшысы Серік Ахметов атал-мыш ж иын ел фу т бол ының дамуына жаңа серпін беретінін мәлімдед і . Басқос у ға UEFA құ рамына енетін 54 ұлт тық қауымдастықтың өкіл дері келді. Айта кету керек, әлемдік шара UEFA-ның құрылғанына 60 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. «UEFA Конгресі ТМД ел дері арасында Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Қазақстанның FIFA ұйымына қосылғанына

көп бола қоймаса да, бұл шешім бірауыздан қабылданды. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Жүз жыл-дан астам тарихы бар Қазақстан фут болы қазір қарқынды дамып келеді, спорттың бұл түріне де-ген қызығушылық жоғары» деді С.Ахметов. Өз кезе гінде УЕФА пре зиденті Мишель Платини бар лық елде футболдың даму-ына қолдау білдіретіндіктерін әрі бұ қа ра л ық спорт т ү рін дамытуға ба рын ша күш салаты-нын жеткізді.

Аталмыш бөлім 15 керуетпен жабдықталған. Пневмония, өкпенің созылмалы ауруы, демікпе және сирек кездесетін өкпе ауруларын емдейтін бөлімде кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін және ақылы қызмет көрсетіледі.

Бүгінде тыныс алу органдарының ауруы – денсаулық сақтау саласының маңызды мәселелерінің бірі. Қосымша пульмонология бөлімін ашу қажеттіліктен туындап отыр.

«Қазақстан-2050» стратегиясының мәтінімен Ұлыбритания, Болгария, Испания, Италия, Германия, Румы-ния, Түркия, Франция, Хорватия, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қытай, Корея, Жапония, Иран және Сауд

Арабиясы елдерінің азаматттары да таныса алады.

Қ Р Пр е з и д е н т і н і ң « Қ а з а қ -стан-2050» стратегиясының мәтіні «Strateg y2050.kz» порталында орналастырылған және барлық оқыр-мандарға қолжетімді.

– Тәуелсіз еліміз өзінің жиырма үшінші наурызын да өткізді. Бұл – қоршаған табиғи ортаның жылуымен бірге адам жанының да ләззатты мезгілінің бастауы. Сонау егемендік пен тәуелсіздік алар кезімізде алғашқы Деклара-ция мен конституциялық заңнан бастау а лған ынтымақ пен бірлік туралы мемлекетіміздің, Елбасымыздың да сара саясаты биыл тағы паш етілді. Бұған елордамызда болған сан салалы іс-шаралар игі ықпал еткенін айтқан жөн.

Осы аптада атақты күйші, сазгер Секен Тұрысбековтың «Қазақ елі» атты концертіне қатысып, үлкен рухани ләззат алғанымды айта кетсем деймін. Көрермендердің халқымыздың талантты перзентіне қайта-қайта қол соғуы жайдан-жай емес еді.

Оның айтуынша, прокуратура қызметіндегі ең өзекті мәселе – қыл-мыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауға түбегейлі өзгеріс енгізу. Осыған байланыс ты жергілікті жерлерде қадағалау міндеттерін күшейте отырып, прокурорларды жаңа «Қылмыстық іс жүргізу кодексінің» аясында жұмыс істеуге дайындық жүргізілуде.

«Қылмыстарды тіркеуді тәртіпке келтіру бойынша аса ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Қазіргі кезде қылмыстық ахуалға шынайы баға бере аламыз. Бұл – Прези-дент Әкімшілігінің бейінді бөлімі мен Қауіпсіздік кеңесінің қолдауы арқасында жүргізілген үш жылдық жұмыстың нәтижесі. Соның арқа-сында қылмыстық ахуалды шынайы

біле алатын болдық. Дегенмен, криминогендік жағдайдың тым нашарламағанын да айта кеткен жөн» дейді Н. Исаев.

Бүгінде елімізде аса ауыр қылмыс түрлеріне жататын кісі өлтіру, тонау мен қарақшылық едәуір азайған. Қылмыстың түгел тіркелуін қамта-масыз ету мақсатындағы жұмыстар өз нәтижесін беруде. Яғни, орган-дар қылмысты тіркеу мәселесіне қатысты шешімдерді жедел қабыл-дауға қол жеткізген.

– Қазіргі уақытта жүз арызда-ну шының тоқсаны үш күн ішінде өздерінің шағымдары бойынша қандай шешім қабылданғанын біле алады. Сонымен қатар, қылмыстық процесс барысында азаматтардың конституциялық құқын қорғау – осы саладағы қадағалаудың бас-

ты бағыты. Осы ретте кезекші прокурорлар институтын енгізу шаралары нәтижесінде азамат-тарды негізсіз ұстау, заңсыз тінту барынша азайды. Біздің мақсат – заңсыздықтарды мүлдем бол-дырмау, – дейді бас про курордың орынбасары.

Естеріңізде болса, былтыр қараша айында бас прокурор тұт қындауға балама ретінде ке пілдікті кеңінен қолдану туралы нұсқау берген. Бұл біздің елде қолданылмаған, бірақ, әлемде бар тәжірибе. Егер өткен жылы жиырма рет қана кепілдік берілсе, соңғы төрт айда бұл 875 адамға қолданылыпты. Десек те, қыл мыс тық іс жүргізудің сотқа дейінгі саты сының заңдылығын қадағалау сала сында шешімін таппаған мәселе әлі де көп.

С о н ы м е н қ а т а р, қ а з а қ тілінің тағдыры ой ланды-рып, тол ғандырып жүрген азаматтардың бірі ретінде қала әкімдігінің бастамасымен қала мектептерінің арасын-да «Мемлекеттік тілде іс жүргізуші үздік мекеме» атты байқаудың қорытындысына арналған қалалық жиынның да көкейде көп ойларға түрткі болғаны ақиқат.

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша қала әкімінің орынбаса-ры Қанат Сұлтанбеков баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда қала аумағында 50 бағдарға қызмет көрсететін 8 компания жұмыс істейді. Автопарктерде 890 автобус болса, күн сайын солардың 722-сі желіге шығып, тәулігіне 750 мың жолаушыны тасымалдайды. Де-генмен, қоғамдық көлік қызметінің сапасына сын айтушылар қатары да азаймай отыр. Мәселен, 2012 жылы тұрғындардан 1914 шағым түссе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 32 пайызға өсіп, 2524-ті құраған. Осыған орай, елордадағы жолаушы-

лар көлігінің жұмысын жаңарту және оңтайландыру мақсатында қаланың жаңа бағытты желісі әзірленгенін ескере келе, әкім орынбасары осы жылы 7 жаңа экспресс-бағытты іске қосу, сондай-ақ, 18 шамадан тыс бағытты бөлудің жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Қала тұрғындары санының өсуіне байланысты елордада қоғам-дық көліктер жетіспеуде. Сол себепті сыйымдылығы аз автобустарды үлкен автобус көліктеріне ауысты-ру мақсатында «IVEKO» компа-ниясымен келісім шарт жасалды. Нәтижесінде, үстіміздегі жылы бас қалаға – 442, 2015 жылы – 383 және 2016 жылы 125 автобус сатып алу көзделінуде. Бұл қаладағы қоғамдық көлік жетіспеушілігін толығымен жояды» деді Қанат Таңатарұлы.

Мәселені талқылауға қатысқан д е п у т а т т а р М . Ш е к е н о в п е н З.Шибкенов сессияға дайындық барысында депутаттардың қоғам дық көлік кәсіпорындарының жұмы-сымен танысқандарын, тұрғын дар-мен кездесу барысында олардың қала дағы қоғамдық көлік қызметіне көңілдері толмайтындығын білдір-ген дерін, атап айтсақ, автобус жүр-гі зу шілері мен кондукторлардың мәде ние т сіздігін, маршрутты такси жүр гі зу шілерінің жол бойында жа-ры са тындығын, қысқасы, қоғамдық көлік қызметінің елорда мәртебесіне мүлде сай емес екендігін алға тартты.

Қала әкімінің орынбасары бол-са, салада жаңа бағытты жұмыс

желісінің енгізілуімен жақын арада аталмыш мәселелердің жойыла-тынын, тарифтің өсуіне байланы-сты қызмет көрсету сапасының да жақсаратынын жеткізді.

Сондай-ақ, сессияда мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу-мен байланысты жер телімдерін немесе өзге жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жо-баларын келісу мәселесі, Астана қаласында тұрғын үй көмегін беру қағидасына өзгерістер енгізу, Се-мей ядролық сынақ полигонын-да ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша даулы мәселелерді үйлестіру жөніндегі арнайы комиссия құрамдары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидияларды белгілеу және бөлу жөніндегі комиссия, Аста-на қаласындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралады. Азық-түлік өнімдеріне бағалардың қымбаттауына байла-нысты мұқтаж азаматтардың же-келеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы бекітіліп, бұл мақсатта қалалық бюджеттен 59 млн 250 мың теңге қаражат бөлу ұсынылды. Депутаттар оны бірауыздан мақұлдады.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Онда елордалық 100-ге жуық меке-ме нің өкілдері келіп, азамат тар дың таң-дауына 300-ге тарта жұмыс орнын ұсынды. Б ү г і н д е А с т а н а д а 1 8 8 7 1 м ү м к і н д і г і шектеулі жан тұра тын болса, оның 11263 -і жұмысқа жарам ды. Оның ішінде 3451 адам жұмыс істейді. Ал 1895-і жұмысқа орна-ла су ға ынталы екені анықталып отыр.

– Б і з д і ң ж ұ м ы с берушілер Елбасы тапсырмасына өзіндік үн қосты. Жыл со-ңы на дейін мыңға тарта жұмыс орнын ашып, соншама мүге-д е к т е р д і т ұ р а қ т ы жұмыспен қамта масыз ете алады деп ойлай мын. Жұмыс істеуге құлықты азамат тар дың реабилитациялық картасы бар. Сол бойынша олардың жұмыс күні көрсетіліп, өзара келісім шартта қарас ты ры латын болады. Оның сақта луын қатаң қадағалайтын бо-ламыз, – деді «Нұр Отан» партия-сы ның Астана қалалық филиалы төраға сы ның бірінші орынбасары Сапар Ахметов.

Бірі жұмысшы іздеп, бірі жұмыс іздеп жәрмеңкеге келгендер қарасы көп болды. Жұмыс берушілер әр бір аза матқа толық мәлімет беріп, әлеу-мет тік пакеттер туралы түсіндіріп жатты. Бізге белгілі болғандай, қаладағы көптеген мекемелер мүге-дек терге арналған жұмыс орында-рын жасақтау үстінде екен. Олар мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін кіріп-шығуына қолайлы жағдайларды ұйымдастыруда. Бұл дегеніміз алдағы уақытта мүге-дек тер дің жұмысқа орналасуына кедер гі лер жойылады деген сөз.

– Бүгінгі жәрмеңке ауқым-д ы л ы ғ ы м е н е р е к ш е л е н д і . Мүгедектерді жұмыспен қамтуға нақты жағдай жасалып, көзбе-көз сұхбаттасып жатыр. Жұмыс беруші де, жұмыс іздеуші де нақты жұмыс орны туралы ашық сөйлесіп, тиісті ақпарат алды. Айта кететіні, бұл жәрмеңке үшінші топтағы

мүгедектерге арналған. Оның сыртында ауыр және орташа топтағы мүгедектер, үйде жұмыс істеймін деушілерді жұмыспен қамту мәселесі қалып қойып отыр. Бұл алдағы жұмыстың жоспарына енеді деп ойлаймын, –деді I топ мүгедегі Жадырасын Сәдуақасов.

Жәрмеңкеге жұмыс іздеп кел-ген дер дің ендігі бір бөлігін саңы-рау, құлағы нашар еститін үшін-ші топ тың мүгедектері құрайды екен. Сурдоаудармашы арқылы сөйлес кенде білгеніміз, орта жа-стан асқан азаматтардың көбісі етікші, тігінші болып жұмыс істейді. Өйткені, бұрындары ар-наулы мектепте оқытқанда осы кәсіптерге баулу қатар жүрген. Алайда, жастар арасында белгілі бір мамандығы жоқтар аз емес. Олар дәстүрлі кәсіп тен гөрі жаңа технологияларға, компью терге қатысты жұмыстармен айналыс-қан ды қалайтынын білдірді. Бұл ретте «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы ая-сында атқа ры латын шараларға қатыстыру арқылы оң нәтижеге жетуге болады.

Сонымен, елордада ерекше жәр-мең ке өтті. Ерекше болатын себебі – көптеген көкіректерде үміт отын жақты.

Айгүл УАЙСОВА

Жастармен жүздесуді «Алаш ұраны» атты өлеңімен ашқан ака-демик «Мәңгілік ел» идеясының мән-мағынасына кеңінен тоқталды. Бүгінгі Қазақ елінің болашағы жар-қын болу үшін оның жастары жан -жақты білімді де саналы болуы керек ті гін айтқан ғалым Жолдауда ай тыл ған жастарға қарапайым мысал-

дармен түйіндеп жеткізді. Сондай-ақ, профессор Отанға деген адалдық – елді сүюден басталатынын, туған жерінің келешегін ойлаған әр азамат ұлттық мүдделерге қызмет көрсету керектігін, ұлттық идея төңірегінде бірігу – абыройлы міндет екендігі жөнінде толғана сөйледі.

Ғалымның тағылымды әңгімесінен

кейін колледждің оқытушысы А.Байбуринова және И.Хабиден, Ж.Майлыбаев сынды студенттер Жолдау туралы ойларын ортаға салып, елдің болашағын қалып тас-ты ру дағы көзқарастарын жеткізді.

С.ҚҰНДЫЗБЕКОВА,Сауда-экономикалық колледжі

тарих пәнінің оқытушысы

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Сілеті – Сарыарқаның Ертіс ала-бына қарай ағатын белгілі өзендерінің бірі. Осы шағын дала өзенінің тарихы қазақтың шежіресімен де, мәдениетімен де, қазіргі замандағы тіршілігімен де астасып жатыр. Астананың солтүстік қапталында Бозайғыр аталатын ау-ылдан солтүстік-батысқа қарай бірнеше терең сайлар шығады да, олар бас қосып, жинала келе Ақсай аталады. Сілетінің бастауы осы жерде. Оңтүстік жағынан Ақсайға бірнеше ұсақ бұлақтар құяды, одан қалды қар суынан қорек алады да, арналы өзенге айнала бастайды. Ақсайға Қарғалы өзені келіп құйған жерінен бастап өзен

Сілеті аталады. Астанадан Керекуге қарай шығатын тас жолмен жүргенде Сілеті көп жерге дейін қапталдаса ағып жатады. Қаладан тым алыстамай жатып-ақ, Сілетінің оң жағалауынан Майдан атты оқшау тау көрінеді. Одан Майлы қара, т.б шоқылар кездеседі. Өзен Сарыарқаның адырлы алқабын аралай, Ереймен мен Моншақты тауларының ортасынан қақ жарып, Ертіс алабына жетіп, Сілеті теңіз аталатын ағынсыз көлге құяды. Сілеті өзенінің аңғары кең, кейбір жерлерде жайылмасы кең атырапты алып жатады. Ереймен маңында Сілетінің жары биіктей береді де, Қойтасқа жақындағанда тік жар, құз жақпарлардың ортасымен өтеді. Гидрографтардың жасаған есептеріне қарағанда, Сілеті өзенінің ұзындығы – 407 шақырым. Су жиналатын алабы – 18500 шаршы шақырым.

Сілеті – теңіз ауданы 750 шаршы шақырым болатын үлкен көл. Ұзындығы 65 шақырым болса, ені 20 шақырымға жуық. Жағасының жалпы ұзындығы – 275 шақырым. Айдынды бола тұра аса терең емес, Ертіс жағасында жиі кездесетін жайдақ, ащы көлдердің бірі.

Астанадан Алаш тас жолымен ұзағанда Сілеті өзені бір емес, бірнеше рет алдан шығады. Жолай Сілетінің ұсақ салалары да кездеседі, олар – Қоянды, Ақжар, Ақмырза, Кедей, Жартас, Шолаққарасу, Шилі өзектері. Осы аталған өзеншелердің әрқайсысы туралы толып жатқан аңыз-хикая ел арасында әлі де сақталған. Ақмырзаны ел ХVІІІ ғасырдың тарихымен, қазақ-қалмақ заманымен байланыстыра-ды, ал Кедейді Сібір хандығының

билеушісі Көшімнің ұлы дейді. Бұл алап-ты тарихшы-этнографтар тыңғылықты зерттемегендіктен, толымды пікір айту да қиын, тек өлкетанушылардың наза-рын Ақмырза өзенінің орта ағысындағы «Әулиетөбе», «Сәмеке» қорымы аталатын жерлерге аударғымыз келеді. Осы Сәмеке қазақты ХVІІІ ғасырдың «Ақтабан шұбырынды-Алқакөл сұлама» аталатын ауыр кезеңінде би-леген үлкен хан емес пе? Оның 1733 жылдары башқұртқа қарсы бағытталған жортуылда жараланып 1737 жылда-ры қайтыс болғаны белгілі. Бірақ әлі күнге дейін қай жерге жерленгені анықталмаған.

«Сілеті» сөзі қандай мағына береді? Қазақ тілінің этимологиясымен айналысқан ғалымдар «Сілеті» сөзін моңғолдың «чулуты», яғни қазақша «тасты» деген сөзінен шығарады. Ғ.Қоңқашпаевтың пікірінше, «Бұған өзен басы терең шатқал, жартасты бо-лып келуі себеп болған» (Г.Конкашпаев. Георгафические названия монгольского происхождения//Известия АН Каз ССР. Серия филологии и искусствоведения. Вып.1 (11), 1959, с.92). А.Әбдірахманов болса «Соныменен Чулууты//Сілеті атаулары басқа түркі тілдеріндегі таш-ты//тасты сөзінің көне варианты» дейді (А.Әбдірахманов. Топонимика және этимология. Алматы,1975, с.164). Біздің ойымызша, «сілеті» сөзінің мағынасын қазақ тілінің өзінен іздеу керек. Қазақта «сілем құрып» деген сөз бар. Шаршап-шалдығып қалса,

«сілесі қатты» дейді. Осының бәрі адам ағзасындағы сілтіге байланысты ма деген жорамал туындайды. Сілеті өзенінің ағысын бойлай жүргенде әр жерде жағалауы ақ көбіктеніп жа-татынын көруге болады. Бұдан өзен табанында кальций, натрий, калий сияқты сілтілік металдардың бар екенін, олардың сумен араласа тотық түзіп, көпіршіп жататынын аңғару қиын болмас. Қазақтың «сілем қатты» деген сөзі де адам ағзасында судың азайып, ағзадағы сілтілік металдардың тотығу процесі баяулағанын аңғартса керек. Адам ағзасының негізінен судан және металдардан тұратынын біз қарапайым анатомия мен биология сабақтарынан білеміз.

Сілеті талай тарихи оқиғаға куә. Сілетінің жағасында қазақтың ұлы таңдаулы тұлғаларының ізі қалған. Қазақтың Бөгенбай сияқты ұлы сардары 1775 жылдың жаз мамыр айының ішінде Ереймендегі Қоржынкөл басындағы қыстауынан жаз жайлауы – Сілетіге қарай жылжи көшті дейді елдің аңызы. Тамылжыған тамаша бір шақ еді. Қазақтың жазғы көші қандай жайдары. Жүйрік пен жорға міне жарысқан қыз-бозбала, әр жерде ерулік деп алдынан тосып, ауылына шақырып жатқан көршілер, ағайындар. Көшінің сән-салтанатымен жұртты таңқалдыратын өрнекті, келбетті бәйбішелер. Қырмызы қызыл көйлек-бешпент киген қазақтың сұлу қыз-келіншектері. Қалы кілем жаптырған қатар-қатар тізілген нар-лар. Бөкең осы әдемі көріністің ор-тасында 1775 жылы Торғай өзенінің Сілетіге құятын сағасында қайтыс

болды. Сардар өмірі өте мәнді әрі әдемі өтіп еді, соңғы сапары да жұрт қызыққандай болды. Маңында бала-шағасы, қалың елі, жан-жағында мыңғырған малы, ең бастысы халқының алғаусыз ықыласы мен сүйіспеншілігі. Батырдың соңында оның атын өмірі тарих бетінен түсірмейтін тамаша жеңістері, мәртебелі істері қалды. Мына жалған дүниеде тіршілік жасаған адамға одан артық не керек?!

Енді Сілеті бойында кездесетін ортағасырлық ескерткіштерге келейік. Ә.Бөкейханов «Ақмола уезінің Қоржынкөл болысында Сілеті өзенінің бойындағы обалар тізімі» деген мақаласында: «Қазақтар «Сырлытам» деп атайтын төрт оба Сілеті өзенінің солтүстік жағасында, Бұқпа өзенімен аралығында орналасқан. Кейбір оба-лардан қазақтар пеш салған кезде кірпіш алады, сол кезде байқағандары обалардың бірі төрт бұрышты, күмбезді құрылыстан қалған. Кірпіш алып жатқан қазақ күмбез опырылып кетіп бөлменің ішіне құлап түскен екен, сонда бөлменің ортасы шымылдықпен бөлінгенін көріпті. Сырттан ауа кіргенде жаңағы шымылдығы күлге айналып кетіпті, жібектің күліне ұқсайды. Бұл жерде әлі тонауға ұшырамаған да обалар бар» дейді.

Б і з б ұ л ж е р л е р д е ж а з ғ ы

экспедициялық зерттеулеріміздің кезінде болдық. Қазақстанның үш облысының бір-бірімен шекараласа-тын жері. Бір жағы Ақмола, бір жағы Солтүстік Қазақстан, бір жағы Павло-дар облыстарының тұрғындары осы жерлерді ен жайлайды. Мал өсіруге, әсіресе, жылқы бағуға өте қолайлы жай-ылымы мол, кең байтақ жерлер. Аталған алаптың әр жерінде орта ғасырлық ескерткіштер, оның ішінде қалашықтар мен обалар мен мұндалап тұрады. Жоғарыда аттары аталған Сырлытам әлі сақталған, сонымен бірге, Құрмысы обасы сияқты зерттеушілерге әлі де сы-рын ашпаған ескерткіштер баршылық.

Сырлытам атауы, ең алдымен, Сырдарияның төменгі ағысындағы ортағасырлық сәнді құрылыстарды еске түсіреді. Олардың бірі – Қызылорда қаласынан оңтүстік батысқа қарай 105 шақырым жерде орналасқан, Іңкардария саласына 30 шақырым жердегі Сырлытам. Бұл биіктігі 10 мет-рдей болатын, ауданы 9,5х10,15 метр шаршы қызыл күйдірілген кірпіштен көтерілген порталды күмбезді ескерткіш әлі күнге дейін сақталған.

Екінші Сырлытам Төретөбеде. Қызылорда қаласынан оңтүстік -батысқа қарай 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Тік бұрышты (10х15 метр), зәулім 16 қырлы барабаны бар, оның үстіне биік күмбез өргізген құрылыс. Құрылыстың оңтүстігінде және солтүстігінде екі қақпа бар, алдыңғы қақпалары түрлі-түсті қышпен, кесте сияқты араб жазуларымен өрнектелген. Араб жазуының кірігуіне қарағанда Төретөбе Сырлытамы ислам кірген

заманда салынған құрылыс деуге келеді. Сырлықаланың қақпасындағы жазуды В.Каллаурдың тапсырмасымен 1900 жылы күзде қазақтың сол кездегі сауат-ты азаматы Төлепберген Жылқыбаев түсірген екен. Сол жазуда құрылыстың салынған уақыты хижраның 678 жылы деп көрсетіледі, яғни, қазіргі жыл санау әдібімен 1279 жылға сәйкеседі. Енде-ше біз Сілеті бойындағы Сырлытам-ды да сол кезеңмен байланыстыруға мүмкіндігіміз бар деп есептейміз.

Төретөбедегі Сырлытам тура-лы В.Каллаур жазбаларына сүйеніп, И.А.Кастанье жақсы сипаттама жасаған. Осы сипаттамаға қарағанда Сырлытамның жанында төрткүл түрінде салынған қалашықтың орны бар: «кур-ган (крепость) расположен на ровной местности; ворота его выходят на запад, стены глинобитные, как это заметно с наружной стороны крепостного вала; длина стен в окружности 960 шагов, а высота от 3 до 4 аршин (1 аршын-71,12 см-Ж.А.) крепостные рвы засыпаны песком. Внутри кургана -цитадель и остатки трех зданий, засыпанных пе-ском, из которых местными казахами выбирается жженый кирпич...Судя по этому, здания были из жженого кирпича.

С восточной стороны развали кур-гана, в 400 шагах, имеется сухое русло реки... (Баршын дария-Ж.А.).

Мавзолей Сырлы-Там находится с западной стороны кургана, в 280 шагах впереди его ворот, и стоит на плоском возвышенном бархане...» (И.А.Кастанье. Древности Киргизской степи и Оренбургского края. Орен-бург,1910, с.320).

www.astana-akshamy.kz

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Сілеті бойындағы Сырлытам маңында бекініс жоқ, бірақ тамды айнала алыстан орағытқан ордың ізі көрінеді. Бұл ежелгі қорғаныс жүйесінен қалған қалдық екені анық. Біз белгілі дәрежеде Сілеті бойындағы осы ескерткішті ХІІІ-ХІV ғасырларда Сарыарқаның солтүстік аймағына иелік еткен Жошы әулетіне жататын ұлыс сұлтандарының ордаларымен байланыстырамыз.

Ә.Бөкейханов Сілетінің жағасынан төрт шақырымдай жерде Қызыл оба аталатын үш құрылыстың бар екенін жазады. «Осыдан 30 жылдай бұрын қазақтар осы Қызыл обаның кірпішін аламыз деп қазып, одан да төрт бұрышты ғимарат шығыпты, оның да бөлмесінің ортасында шымылдық, бірнеше табыт болғанға ұқсайды. Обалардың көлемі қазақтың киіз үйіндей болса керек» деп жазады ағартушы.

Өлкетанушының жазуына қарағанда, Сілетінің оңтүстік жағасында, Петропавл-Қоянды сауда жолынан бір шақырым жерде «Мортық оба» ата-латын обалар бар. Бұл обадан кезінде жергілікті қазақтар төрт бұрышты, қалыңдығы 3 саусақтай болатын қызыл кірпіш алып жүрген және олар қазіргі кірпіштен әлдеқайда сапалы. Сонымен бірге, осыдан қырық жылдай бұрын қазба кезінде бұл Мортық обадан шой-ын құмған табылған екен.

Ә.Бөкейханов бұл үлкен обалармен қатар Сілетінің жағасында бір-екі шақырым жерде орналасқан Ақтөбе обасы, Мәукен баласына қойған оба, т.б. ескерткіштерді атап кетеді.

Сілетінің солтүстік жағасында, үлкен

жолдан батысқа қарай 5 шақырым, «Бәйгел» аталатын жерге қарама-қарсы бір-біріне қатар төрт оба орналасқан. Ал, Петропавл-Қоянды жолынан 10 шақырымдай жерде, Сілетінің жағасынан 3 шақырымдай «Қара оба» аталатын екі оба бар. Осыдан 15 жылдай бұрын Қара обаны қазып, қазақтар сүйектелген қалмақ ер, адам сүйектерін, т.б. дүниелерді кездестіріпті.

Тағы бір ескерткіш Сілеті көлінің батыс жағасынан бір шақырымдай қашықтықтағы Мысқұдық деген жер-де, көлді айнала жүретін жолдың жиегінде айналасы 50 аршын болатын үлкен оба бар. Бұл Ақмола, Көкшетау, Омбы уезінің қазақтары арасында осы оба туралы аңыздар да сақталған. Солардың бірінде бұл обаға қалмақ ханының дүниесі қойылған екен-мыс делінеді. Қазақтар бірнеше рет бұл обаны қазамыз деп талаптанған екен, бірақ оның ішіне кіретін жолды таба алмаған. Тастан берік қылып қаланған обаны қазудың өзі мүмкін болмаған. Тек обаның шығыс жағында, жәй жерді шұқып қазғанда құмған табылған екен. Сонымен қазбаны тоқтатқан» дейді Ә.Бөкейханов (Список обам на реке Слеты в Коржункульской волости Акмолдинского уезда// Из-бранное. Алматы,1995, с.193).

Б ұ л қ ы с қ а ш а х а б а р л а м а 1907 жылы Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей подотделінің жазбаларында жарияланған. Ә.Бөкейхановқа Сілеті өзені бойындағы ескерткіштер ту-ралы деректерді берген Қоржынкөл

Біз ұштық алыс жаққа қанат қағып,Көруге нәсіп етсін десеңіздер ...Кімдер сені мекен қылып көшпеген,Қандай ерлер сенен сусын ішпеген ?Кейде шат боп, кейде зарлап

тұрмыстан,Нендей дәурен бастарынан кеш-

пеген ?С е н к е р е к с і з қ ы л с а ң - д а ғ ы ,

Қоржынкөл,Мені дағы жоқтайтұғын күн келер! – Деген шумақтар бар.-Міне, бүгін Олжабай ақынды да

жоқтайтұғын күн келді. Өзінің туып-өскен Ерейментау-Сілеті өңірі туралы Олжабай ақын тамаша өлең жолдарын қалдырған. Туған жерін сағынған кезінде ол Ерейментау туралы:

-Мекен еткен-Ерейментау саласы,Есіл-Ертіс – екі судың арасы,-десе, Сілеті туралы:-Аңқыған Сілетінің иісі кетпес,- деп жырлайды.Олжабай ақынның тарихи тақырыпқа

арналған шығармалары көп. Оның ішінде Абылай ханның өміріне, ерлік істеріне арналған «Сабалақ» поэмасы ерекше орын алады. Ақынның «Хан мен қара», «Үш жүз», «Сағындым», «Елге сәлем» толғаулары қазақ тарихының ең бір жауапты кезеңдерін, ұлы тұлғаларын жырлайды. ХХ ғасырдың 30-жылда-рында қазақ елін қан қақсатқан аштық туралы Олжабай ақын күйзеле жа-зады. Аштық тақырыбына жазылған «Сарыарқа. Қандай-ең!» өлеңінде қазақтың шаруасын тұралатып, санын азайтып, азаматтық рухын жасытып, сағын сындырған аштықтың елдің болашағына ауыр соққы екенін, өзге елден кешеуіл қалатынын ызалана жырлайды. Олжабай ақыннан асырып 1930 жылдар аштығына реквием жазған адам жоқ. Күштімен алысуға дәрмені құрығанына ызаланып:

Өзге жұрттың бәрі аман,Бәрімізге -бір заман,Жеке өлдік, қарашы !Әлсіз құрып, әлді өспек, Мешеу елге күш түспек,Табиғат заңның жобасы.Мұндай күйді көргеннен,Ит өліммен өлгеннен,Әуеліне жоқ болсайшы,Қазақ деген ел болмай,

Арқа деген жер болмай,Жаратпай-ақ қойсайшы! – дейді.1930 жылы Ақмола қаласының

маңында аштықтан үй ішімен қырылып өлген қайнағасы Құсайынға арнаған «Құсайын зары» поэмасы қазақ жерін жайлаған аштықты нақты сипаттап бер-ген шығарма деп білеміз (Нұралыұлы Олжабай. Шығармалары. Алматы, 1995).

Сілеті бойындағы ескерткіштер ту-ралы академик Ә.Марғұлан жазбалары аса маңызды. Ол ең алдымен ХVІІІ ғасырда Ресейдің алғашқы академиялық экспедициясының құрамында жұмыс жүргізген Иоганн Фишердің деректерін келтіреді: «Против Иртышского фор-поста, в 30 верстах от Утвы находятся

каменные развалины, которые кай-саки называют Туралбаш (точнее-Тулпарбас-прим. А.Маргулана) и Хара-ба (на территории современого Крас-нокусткого район-прим. А.Маргулана). Когда в 1746 году казаки начали искать в них сокровища, то четыре человека были им придавлены, с тех пор оных не раскапывают».

Ә..Марғұлан Фальк жазбаларында аттары аталған ескерткіштер туралы «Речь идет о развалинах двух замков из жженого кирпича, расположенных на р. Селеты, один из них Караоба, другой -Тулпарбас. Там сохранились следы древней оросительной системы, пни от деревьев, колодцы, выложенные камнем» дейді (А.Х.Маргулан. Остатки оседлых поселений в Центральном Ка-захстане// Археологические памятники Казахстана. Алма-Ата,1978, с.18).

Ә.Марғұлан Тұлпарбас қалашығын Ә.Бөкейханов жазбасында аты аталатын Қызылобамен байаныстырады: «Го-родище Тулпарбас (теперь Кызылоба) находится на р.Селеты, в 10 километрах от старой зимовки Кулнияза, южнее Жалаңашской степи. Возле развалин замка сохранились следы каменного моста через реку и оросительной сети на месте впадения р.Букпа в Селеты». Ә.Марғұлан жазбаларында айтылған көпірді кездестірмесек те, біз қазіргі уақытта Қызылоба аталатын обалардың маңынан орта ғасырлық бірнеше құрылыстардың орынын, оларды айнала қызылған терең ордың ізін аңғарамыз.

Енді Қараобаға (Хараба) келетін болсақ, осы атау Сілетіге жақын маңайда бірнеше жерде кездеседі. Оның бірі – академик айтқан Красно-кут (қазіргі Павлодар облысы Ақтоғай ауылынан шығысқа қарай) тұсында кездессе, екіншісі - Ертіс бойындағы Қараөткел ауылының тұсында, үшіншісі – Сілетіге құятын Қарасудың бой-ында орналасқан. Біз осы аталған Қараобалардың бәрінде де болдық. Қалашыққа ыңғайлысы Қарасудың бойы.

Ә.Марғұлан мақаласының екінші бір тұсында біздің жорамалымызды бекіте түседі: «Городище Караоба-огромный холм, находится в 50 км выше впадения р.Шидерты в оз. Жалаулы. Это остатки значительного городища, построенно-го из обоженного кирпича. Двести лет назад, когда его осматривали академик И.Фальк, внутренние стены его были облиты стекляной массой синего цвета, т.е. имели облицовку из глазурованных плит, обломки которых встречаются в Улутауской степи в наши дни». Біз де академиктің бұл аталған ескерткіштер ХVІІІ ғасырдың ортасына дейін құламай тұрды деген пікірін қолдаймыз.

Міне, Астана қаласының дәл іргесінен басталатын Арқаның бір өзені қаншама тарихи деректі бойына сақтап отыр. Сілеті бойындағы қызыл кірпіштен салынған ескерткіштердің қалдықтары, толып жатқан қалашықтардың орын-дары, жер-су аттары тыңғылықты зерттелген жағдайда қазақ тарихының орта ғасырының жаңа беттерін жазуға мүмкіндік берері сөзсіз.

болысының қазағы Олжабай Нұралин.Олжабай Нұралин (1881-1935 ж.)

– Қарт Бөгенбай батырдың ұрпағы, заманында ел өлеңдерін жатқа айтқан, Сарыарқа жерінде аты аңызға айналған қазақтың қоғам және мәдениет қайраткері. Оның өмірлік қағидалары да азаматқа үлгі боларлық. Ақын:

Ғылымдықты жек көрсең,Надандықты дос көрсең,Төрт аяқты хайуансың !Өмір-асқар биік шың,

Өрлеп шығып барасың,Қалды ма сөзің артыңда,Ақылға салып қара сен,-дейді.1928 жылы Кеңес өкіметі Олжабай

ақынның мал-мүлкін тәркілеп, өзін бала-шағасымен жер аударып жіберді. Сонда елімен қоштасып шығарған өлеңінде:

-Бар болса ренжіткенім, кешіңіздер,Жүректі ақ тілекпен шешіңіздер.

-

-

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бұған дейін Қарттар үйі қаланың ортасын-да, 250 адамға арналған болатын. Шаһардың шуы, ішкі жағдайы мұндағы тұрғындарға аса қолайлы болмағандықтан, кейін қаланың шетіне, Есіл өзенінің жағасына, тыныш, табиғаты әсем жерге жаңа ғимарат салынды. Бұл мекеменің алып жатқан аумағы бес гек-тардай. Осы аумақта бес блоктан тұратын тұрғын үй, монша, рәсімдік қызмет көрсететін үй, кір жуатын ғимарат, жылу қазандығы, көліктер тұрағы және әлеуметтік қызмет алатындар демалатын «Ардагер» аллеясы орналасқан. Бұл аллея 2008 жылы Жеңістің 63 жылдығы қарсаңында ашылды. Жыл сайын соғыс ардагерлері 9 мамыр күні осы жерде өздеріне арналған көшет отырғызады. Бүгінде мекеменің аумағында 700-ге жуық ағаш бар, бір гектарға таяу жерге гүл бағы орналасқан.

Бас ғимараттың ішінде әлеуметтік қызмет алушыларға арналған бір-екі кісілік бөлмелер

Шынын айтсақ, бүгінде арда-герлер ештеңеге мұқтаж емес. Тек ыстық ықылас пен мейірім-құрмет оларды бір жасартып тастайтыны анық. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аталмыш ауданда сондай бір кездесу өтті.

Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының дирек-торы Құралай Мұқышева баст-ған мұғалімдер ұжымы өнерлі оқушыларымен бірге қарт арда-герлерді ізетпен қарсы алды. Одан соң Ұлы Отан соғысының ардагері, қарт жауынгер Қаматай Тоқабаев сөз алып, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Бүгінде Сарыарқа ауданында 116 соғыс ардагері мен мүгедегі тұрады. Солардың ең үлкені 101 жаста болса, ең жасы 85-те екен. Ау-дан бойынша соғыс ардагерлерінің бәрі елеусіз қалмайды. Олар үшін

певт, ота жасаушы, тіс дәрігері, тіс салушы (ор-топед), т.б. мамандар қызмет атқарады. Медби-келер тәулік бойы кезекшілік етеді. Бірнеше ем-деу кабинеті, емдеу-дене шынықтыру кабинеті жаттығу құрылғыларымен жабдықталған және жүзу бассейндері бар. «Тұлпар» ипподро-мында иппотерапия жүргізуге мүмкіндіктер қарастырылған. Сондай-ақ, тұрғындардың психикалық көңіл-күйін жақсарту үшін сенсорлық кабинет жұмыс істейді.

2007 жылдың шілде айында жаңа ғимаратқа Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп, тұрғындармен кездесіп, сұхбаттасты. Со дан кейін қарттар мен мүгедектерге көрсеті-летін қызметтерді жақсарту мақсатында жаңа стандартқа көштік. Әр стандарттың өз маман-дары бар. Мысалы, біз психологтар әлеуметтік-психологиялық қызмет атқарамыз. Басқа стандарт жетекшілері де өз бағдарламалары бойынша жоспарлы түрде жұмыс істеуде. Бүгінгі күні мекемемізде 300-ден артық әлеу-мет тік қызмет алушы тұрады. Оларға 200-ге жуық қызметші қамқорлық жасауда.

1989 жылғы наурыз айында Ақмола қала-сын да ашылған мекемемізге биыл 25 жыл то-лып отыр. Соңғы он жылдан бері оны белгілі педагог, әлеуметтік геронтология магистрі Кенжеболат Сапарұлы Бәпішев басқарып келеді. Сол кісінің сауатты басқаруының ар-қасында мекемеміз республикадағы алдыңғы қатарлы қарттар мен мүгедектер үйінің сана-тына қосылды. Мұнда республикалық, қалалық дәрежедегі семинарлар мен конференциялар жиі өткізіліп тұрады.

Еркін ДӘУЕШҰЛЫ, Астанадағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің психологы

бар. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілгендерге және мекеменің ішкі қызметіне белсенді араласқандарға бір кісілік бөлмелер берілген, қалғандары екі кісілік бөлмелерде тұрады. Мұнда қажеттінің бәрі бар. Әр бөлме теледидар, тоңазытқыш, үстел, орындық, төсек орындармен қамтамасыз етілген. Ыстық және суық су үздіксіз беріліп

тұрады. Бес мезгіл тамақтандырады. Тігін, аяқ киім мен арбаларды жөндеу шеберханалары, шаштараз жұмыс істейді. Кітапхана, әртүрлі ойын бөлмесі, бильярд, үстел теннисі – бәрі-бәрі тұрғындарға қызмет жасауда. Қысқасы, тұрғындардың жұмыс істеп, демалуларына барлық жағдай жасалған.

Мекемеде екі терапевт, психиатр, психотера-

Семинардың мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда педа-гог тардың кәсіпқой шеберлігін қалып тастыру, ст уденттерге «толық адам» тәрбиелеуде «іш кі тыныштық» жалпы адам зат тық құн ды лықтың мәні мен маңыз-ды лығы жайында түсінік беру. Жиында университет оқы ту шысы А.Ілияс қызы екінші курс сту дент -теріне арнаулы са бақ өткіз ді. Атал-ған шараға қала лық Білім бас қар-масы ның әдіс кері А.Мұ қа нова, әлеу мет тік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының мең геру шісі Қ.Шалғынбаева, Еуразия гума ни-тарлық институты мен «Тұран» колледжінің оқыту шы лары қаты-сып, өзара тәжірибе алмасты.

Семинар-тренинг тыныштық сәтімен басталды. Студенттер дәйекті сөздерді талқылап, әңгіме аясында өз ойларын ортаға салды. Олардың әрқайсысына «Бақыт символын» ойлап табуға тапсыр-ма берілді.

«Бір-бірімізге бақыт тілейік...» атты ойыны арқылы жылы тілек-тер, рухани лебіздер айтылды.

Клуб өзін-өзі тану педагог та-рының кәсіби деңгейін жетілдіру үшін әдістемелік көмек көрсетеді, өзара тәжірибе алмасуды ұйым-дастырады.

Лариса ТЕМІРЛИНА, Астана қаласы Балалар

құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың бас маманы

шай дастарқандары жасалып, жүре алмайтындарға үйді-үйге сыйлықтар таратылып, құрмет көрсетіледі.

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аталмыш аудан әкімінің аппараты зейнет жасындағы 50 әйелді Абай көшесінің бойындағы «Ямайка» кафесіне шақырып, мерекелік шара ұйымдастырды. Дәмхана ұжымы 2012 жылы – 25, 2013 жылы 35 адамға және биыл 50 адамға қайрымдылық дастарқанын жайыпты. Осыған орай, дәмхананың директоры Жәния Сағадиеваға, қызметкерлері Марат Ақшимов, Ольга Борисова мен аға аспазшы Тоқжан Алдабергеноваға дән риза-шылығымызды білдіреміз.

Өнерлі азаматтардан да кенде емес піз. Ардагерлер кеңесі жанынан домбырашылардың фольклорлық ансамблін құрған Кенжетай Жан-ұзақова жақында Сарыарқа ау-

дандық ардагерлер кеңесі жанынан шахматшылар клубын да ұйым-дастырды. Өзі шахмат коман да-сының капитаны. Олар Есіл ауда-нында өткен шахмат турнирінде бірінші орынды жеңіп алды.

Ардагерлерге арналған осындай тағы бір игі шараны Қ.Қуанышбаев атындағы театрдың ұжымы да ұйымдастырды. Олар аудан зей-нет керлеріне билеттер беріп, 50-ден астам ардагер әйелдің Е.Жуасбектің «Үйлену» атты ко-медиясын тегін тамашалауларына мүмкіндік жасады. Ал, №4 емха-нада өткен мерекелік шара бары-сында Астанадағы №56 мектептің оқушылары қарт аналарға тамаша концерт ұйымдастырды.

Қорыта айтсақ, Сарыарқа ауда-нының әкімшілігі де, аудан ның ардагерлер кеңесі де зейнеткерлер үшін ауқымды іс-шара лар ұйым-дастырып келеді. Басқа ұжымдар осы ауданның жұ мы сынан үлгі алса дейміз.

Ғалия БАЛТАБАЙ, ҚР мәдениет қайраткері,

зейнеткер

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасының «Нор ма тив тік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Сәйкес тен дiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiм дерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтар да ғы заң да рына сәйкес Астана қаласы ның әкім дігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көр се ту жөніндегі қосымша шара лар туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы №3-1-65қ қау лы сын а (Нор ма тивтік-құқықтық акті лер дің мем ле кеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 26 қаңтарда №308 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 ақпандағы №21 «Астана хабары», 2004 жылғы 27 нау рыз дағы №34 «Вечерняя Астана» газет те рiн-де жария лан ған) мынадай өзге ріс тер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекі тілген Оқитын жастар үшiн ақылы қоғам дық жұмыстарды ұйымдастыру және өткiзу қағидасында:

8-тармақтың 2), 3)-тармақшалары алынып тасталсын.

2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мем лекеттік тіркеуді, кейіннен рес-ми және мерзiмдi баспа басылым-дарында, сондай-ақ Қазақстан Рес-публи касының Үкiметi белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интер нет-ресур-сын да жариялануын жүргізсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақы лау Астана қаласы әкімінің орын-басары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен ба-стап күшіне енеді және алғаш ресми жария лан ғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Әкiм И. Тасмағамбетов

Әкiм И. Тасмағамбетов

21.02.2014

21.02.2014

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

-

-

-

-

-

-

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту

орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы:

Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық

ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен келуге болады. Анықтама алу

телефоны: 57-88-88.

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

1.2.3.4.5.6. )

9.10.11.12.13.14.15.16.

19.20.21.22.23.24.25.26

Астана қалалық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагері

Тоқабаев Қаматай Темірбекұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыс та-рына қайғы сына ортақтасып, көңіл айтады.

-

-

-

-

-

-

-

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

–Топтың он жылдық мерей-тойы қарсаңында қойылған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мюзиклын тамашаладым. Классикалық туын-ды заманауи түрде ұсынылғаны ұнады. Басты рөлдерді шынайы бейнелеп, көрермен жүрегіне жеткіздіңіздер деп ойлаймын. Бірақ, он жылдықта сағына күткен «Бәйтеректің» әндерін неге естімедік? Шығармашылық концерт қою ойларыңызда бар ма?

Гүлжанат Оспанова, қала тұрғыны.«Бәйтерек» тобы:- Ең алдымен, Гүлжанат, сізге рахмет!

Халық ұнады деп бағасын беріп жатса, біз мұны өнеріміздің жетістігі деп есептейміз. «Мюзиклдан соң, әндеріңіз жоқ қой» деп, әнімізді де сұрап жатты. Мюзиклда шырқаған әндеріміз біздің репертуарға кірді. Сонымен қатар, үшінші күйтабақты және екі бейнеба-ян жазу үстіндеміз. Қала күніне дейін оларды да аяқтап, тыңдарман назарына ұсынатын боламыз. Үшеуіміз де актер болғаннан кейін тобымыз құрылған кездегі ортақ арман – әншілігіміз бен актерлік ойынымызды бір арнаға ұштастырып, халыққа осындай мюзикл ұсыну болды. Он жылдан кейін бұл арманымыз да орындалды.

– Ерлан аға, бір сұхбатыңызда « и н т е р н е т т і к ө п п а й д а л а н а бермейміз, біз жайлы тыңдарман пікірін достарымыздан естіп жата-мыз» депсіз. Ал, қазір ғаламторда қаншалықты жиі отырасыздар? Ондағы сырт көзге мән бересіздер ме?

Арайлым - Жаңалықтың бәрі ғаламторда ғой.

Әлеуметтік желілердің барлығында д е р л і к о т ы р а м ы з . « Т w i t t e r » , «Facebook», «Instagram», «Мой мир» сияқты әлеуметтік желілерде тіркелгенбіз. Соған уақыт бөліп, тыңдарман хаттарына жауап береміз, пікірлерді оқып, алғысымызды айтамыз. Тыңдарман пікірі біз үшін өте маңызды.

– Мен кішкентайымнан ән ай-тамын. Біреулер менен «вокалға қатыстың ба?» деп сұрап жатады. Вокалға қатысу сонша міндетті ме? Сіздер вокалдан сабақ беріп, шәкірт тәрбиелейсіздер ме?

Батыржан, оқушы Сайлау Қамиев:- С п о р т ш ы л а р ө з д е н е с і н

қалыпта ұстап, жетістікке жету үшін қалай жаттықса, әнші де өз дауы-сын жаттықтырып вокалмен айна-лысу керек. Вокал ән айту мәнерін қалыптастырып, өз бағытыңды таңдау үшін қажет. Біз вокалдан сабақ бер-мейміз, бірақ мен Қазақ ұлттық Өнер университетінде актерлік шеберлік пәнінен дәріс оқимын, практиканы да жүргіземін. Бұл оқушыларға емес, бакалаврларға арналған дәріс. Бірақ,

www.astananews.kz

-

Батыржан, дауысыңды тәрбиелеймін десең, вокалға қатысқаның жөн.

– Қалалық автобусқа соңғы рет қашан міндіңіздер және қалтада бір тиын жоқ кезде «зайчик» болып, би-лет төлемеген кездеріңіз болды ма?

МақсұтЕрлан Малаев:- Мәссаған, ондай кездер көп

болған! Студент кезімізде отырған такси жүргізушісінен де, кондуктор-лардан да қашқан талай қызық сәттер әлі есімде. Соңғы рет Қытайдағы автобусқа міндім. Такси кептелісте көп тұрып қалады екен, ал автобустың арнайы жолдары бар, ол жолда авто-бустан басқа көлік жүрмегендіктен, жол ашық, діттеген жеріңе уақытында жетеді екенсің.

–Әнші халық алдында жанды дауыста ән шырқауы тиіс деп жата-мыз. Кейбіреуі түрлі нәрсені сыл-тау етіп, фонограммамен айтқан дұрыс, дыбыс таза шығады деп жауап беріп жатады. Сіздер қандай пікірдесіздер? Фонограмманың көмегіне көп сүйенесіздер ме?

Таңшолпан, студент

Сайлау Камиев:- 50 де 50% ара-қатынасын ұстанамын.

Қай кезде фонограммамен айту керектігін білу қажет. Көрші елдерде фонограмма туралы заң қабылданды. Сондай заң бізге де керек. Концерт фонограммамен айтылса, халыққа алдын ала ескертіліп, ондай концерттің билет құнын арзандату керек

– Сайлау аға, сізді режисерлік қырыңыздан да танимын. «Қыз Жібек» спектакілін, жақында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мюзиклын сахналадыңыз. Осы мюзиклды Қазақстанның басқа да қалаларында қ о я с ы з д а р м а ? Б о л а ш а қ т а көрермендерді тағы қандай туынды-лармен қуантпақсыз?

Армангүл, студент

- Иә, мен режиссерлікке бет бұрдым. Бұл саладағы алғашқы еңбектерім классикалық шығармаларды сахна-лаудан басталды. Жасы үлкен аға-апаларымыздан орынды сынды да естідім, көкейге түйдім. Режиссерлікке жаңадан аяқ басқандықтан, үйренерім де, жүзеге асырам деген идея да көп. Кейде өзгеден де емес, өз-өзіңнен

де қызғанатын дүниелер болады шығармашылық адамында. Мен қазір келесі туынды жайлы үлкен толғаныс үстінде жүрмін. Заманауи драматур-гия қызықтырады. Жоспарымдағы қойылымға қатысатын актерлерді де ойластырдым. Жақын арада белгілі болады.

– О т а ғ а с ы б о л у ү л к е н жауапкершілік қой. Әке ретінде бала тәрбиесіне қалай атсалысасыздар?

Назгүл, көпбалалы анаЕрлан Малаев:- Баланың сабағына көңіл бөліп,

қай пәннен ақсап жатыр, қайсысына қосымша сабақ керек екенін үнемі бақылап, әрдайым әкелік ақыл-кеңестерімді айтып отырамын.

Нұркен Өтеуілов:- Біздің болашағымыз – қазіргі

ұрпақ. Баламен сырласып, әңгімелесуге әрдайым уақытымды бөлемін. Бірге серуендеймін, ақылымды айтамын, «көрсін, білсін» деп осындай өнер ордаларына жиі апарып тұрамын.

Сайлау Қамиев:- Қандай әке екенімді білмеймін. Оны

келіншегімнен сұрау керек шығар. Әр ер адам дүниеге сәбиі келгенде жақсы әке болғысы келеді ғой, әрине. Қызы бар әкелердің сезімі қандай боларын білмеймін, қызым жоқ. Қазірде 3 ұлдың

әкесімін. Жалпы, өзімнің мінезім де ұл баланы тәрбиелеуге келетін сияқты. Алла ниетіме қарай берген ғой 3 ұлымды. «Әке-шешенің қадірін балалы болғанда білерсің» деген мақал бар еді ғой. Жатсақ та, тұрсақ та баланы, олардың болашағын ойлаймыз. Олармен құрдасымдай сөйлесемін.

–Бүгінгі эстраданың сіз білетін кемшіліктері қандай және барлық эстрада билігі сіздің қолыңызда бол-са, ол кемшіліктерді қалай өзгертер едіңіздер?

Жасұлан, асаба. Ерлан Малаев:- Әншілерге көп салмақ түсіп жатады:

әнді өздері жазады, бейнебаянды өздері түсіреді, ол жазғандарын ротацияға бере алмай қиналып жатады. Өйткені, қайда барсаң да, көп қаражатты талап етеді. Демеушілері жоқ. Әнші – әнші ғана емес, әнші өзіне адиминистратор әрі продюсер. Бір адам жалғыз өзі жұмыс жасай алмайды. Тіпті, концерт қоюға келгенде, ғимаратты жалға алудың өзі қымбат. Осыларға жеңілдік болу керек, меніңше.

Сайлау Қамиев:- Той-домалақтардан ары аса ал-

май, тек қазағымызға ғана қолтаңба беріп, әлемдік деңгейге көтерілмеуімізді эстрада өнеріндегі үлкен кемшілік деп білемін. Эстрадамызда талантты жастар көп. Жақсы жұмыс жасап, талпынып жатқан саусақпен санарлықтай ғана про-дюсерлеріміз бар. Бірақ халықара лық байқауларда үнемі 3,7,8, 9-шы орын-дардан көрінеді олар. Неге? Барлық продюсерлердің ойын ортаға салып, осы мәселе жайында талқылайтын бір үлкен одақ құрылу керек те шығар. Жақсы идеясы бар продюсерлердің жұмысы мемлекет тарапынан қолдау тауып, олардың сенімді жобаларына қаржы бөлініп, эстрадамызды халықаралық деңгейге көтеру керек.

–Танымал болғаннан кейін кейде жеке өміріңіз қоғамдық талқылауға айналып кетіп жататын шығар. Атақ-даңқтан бас тартып, тыныштықты аңсаған кездеріңіз болды ма?

ҒазизНұркен Өтеуілов:- Алланың берген несібесінен бас тар-

тып, ысырап жасаған емеспін. Халықтың ыстық ықыласы, жарқын пейілі жұмыс істеуімізге әрқашан да күш беріп, алға жетелеп отырады.

Ерлан Малаев:- Танымалдылықтың жақсылығы

көп қой. Қай жерде болсаң да, халық құрметтейді, мерейіңді өсіріп, сый-құрметін аямайды, қариялар ақ батасын береді. Құдайға шүкір, еш зиянын көрген емеспін. Бірақ адам болған соң кейде тыныштықты аңсап, барлық тірліктен 10-15 күнге босап, бой жазып, ой сергітіп тыныққым келетіні жасырын емес.

Дайындаған Мадина ҚАЙРАТҚЫЗЫ