26,02,2017 1111

6
«Балапан» балабақшасы Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адал жол - честный путь» Тәрбиеші: Рахымжанова Алмагүл Сайлаубекқызы «Балдырған» тобы

Transcript of 26,02,2017 1111

Page 1: 26,02,2017  1111

«Балапан» балабақшасы

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Адал жол - честный путь» 

Тәрбиеші: Рахымжанова Алмагүл Сайлаубекқызы

«Балдырған» тобы

2017 оқу жылы

Page 2: 26,02,2017  1111

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адал жол- честный путь» Мақсаты: 1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. 2.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. 3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: -Сыбайлас-жемқорлық деген не? (балалардың пікірлері тыңдалады) 

Тәрбиеші: Сыбайлас-жемқорлық деген не? “Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. 

1- бала Әр ата - ана өнеге берсін балаға, Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама, Адалдыққа, даналыққа үйретсең, Жолдан таймас ар болған соң санада. 

2- балаҚазақ елі байтақ болсын десеңіз, Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз, Сонда ғана жер гүлденер, ел байып, Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз. 

3 - балаЕгеменді өсер елде тұрам Мен, Білдіремін сезімімді жыр - әнмен. 

Page 3: 26,02,2017  1111

Жолыменен Елбасының жүрейік,  

«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен. 

Топтық жұмыс:Сахналық көрініс (Әр топтан екі бала шығып, берілген мәтінге

Page 4: 26,02,2017  1111

байланысты өз іс- әрекеттерін көрсетеді) 

Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады? Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер . 4.Адамгершілік болмай, Әділдік болмас. 5.Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде. 6.Әділ айтқан жеңер. 7.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ. -Бәлкім барлығы осы сөзді естіген болар?Жоқ?Ендеше сендерге «үйшік» ертегісін айтып берейін, сол кезде сендерге түсінікті болады. Шал мен кемпір бақытты өмір кешіпті.Олардың бір ешкісі боыпты. Ешкі мейірімді әрі нәзік болыпты.Кемпір мен шал ешкіні сауып, сүтін алыпты.Бір күні ешкі адасып кетіпті.Жүріп келе жатып, жүріп келе жатып, ағаштан ағашты өтіп адасып кетіпті.Екі күн өтеді,бірақ ешкі үйіне жол таба алмайды.Ағашты аралап,шаршады.Бір кезде алаңнан үйшікті көреді. «Қандай жақсы, мына үйшікте демалуға болады деп,- есікті қақты».Тышқан терезеден қарады.Ешкі одан үйшікте дем алып,күш жинап алайыншы деп,- рұқсат сұрайды.Ал тышқан оған былай дейді: «Маған 100 теңге төле, содан соң кіргіземін». Ал ешкі: «Тышқан менде ақша қайдан болсын,адасып кетттім,шаршадым,үйіме жол таба алмай жатырмын».Ертегіде де барлық жануарлар үйшікте тегін тұрды. Тышқан айтады: «Ол баяғыда солай болды, ал

Page 5: 26,02,2017  1111

қазір мен мұнда бастықпын, төле немесе кет!». Ешкі жылап ары қарай жолға кетті.

-Тәрбиеші: Балалар, сендерге тышқанның жауабы ұнады ма? Егерде ұнаса «ия» деп, көк саңырауқұлақты, ал егер ұнамаса «жоқ» деп қызыл саңырауқұлақты көтеріңдер.

-Балалар не себепті бұл түсті таңдағандарын түсіндіреді.

-Тәрбиеші: Ешкіні сендер аядындарма? (Балалардың жауабы) -Тәрбиеші: Тышқан үйшікті бірінші тауып алғанымен пайдаланып, бастық болып,кейін келгендерден үйшікте тұрғандары үшін ақша ала бастады.Ол өзінің мүмкіндігі мен орнын пайдаланып, заңға қарама-қайшы іс жасады.Яғни үйшік ертегісінің заңын бұзды.Ақша төлемегені үшін, ешкіні үйшікке кіргізбеді.Міне осы-жемқорлық.

Сабақты қортындылау: Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Балалар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.

Page 6: 26,02,2017  1111