16 желтоқсан – Тәуелсіздік...

8
№51 (8175) 11/12/2018 ж. [email protected] www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress Аудандық қоғамдық-саяси газет 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні баршаңызды ұлттық мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! бұл мерекені біз ұлттық салт- дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген құқықтық және демократиялық мемлекетті құрушы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың есімі- мен байланыстырамыз. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Тәуелсіз елімізді басқарып келе жатқан Президентіміздің салиқалы саясатын жүзеге асыру нәтижесінде елімізде ауқымды реформалар та- бысты жүргізіліп, дамуды көздейтін стратегиялық бағдарламалар кезең- кезеңімен іске асырылуда. Ең басты- сы, толерантты мемлекет құрудың жаңа моделін кеңінен енгізу арқылы Қазақстанда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің өзара достастығы, ауызбіршілігі мен түсіністігі сақталып, еліміздегі келісім мен тыныштық нығайды. Мемлекеттік саясатта белгі- ленген міндеттерді орындаудағы қазақстандықтардың қажырлы еңбегі нәтижесінде Тәуелсіздік жылдары Қазақстан алдына қойған күрделі әрі ауқымды мақсаттарға қол жеткізе білді. Осындай игілікті істер Жәнібек ауданында да кезең-кезеңімен атқарылуда. Тәуелсіздік жылдарында ауданымызда көптеген әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткізілді. бұдан басқа, жаңадан салынып, іске қосылған нысандар қатарында салалық бағдарламалар аясындағы тұрғын үйлер, кәсіпкерлік нысандары мен қызмет көрсету орындарын атап өтуге болады. Аудан тұрғындарын ауыз сумен, табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізіліп, бүгінде елді мекендердің басым бөлігі осы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіл- ді және бұл жұмыстар өз жалғасын тауып келеді. Нәтижесінде елді мекендер көркейіп, ауылдардың экономикалық жағдайы едәуір жақсарды. Қадірменді жерлестер! Ел игілігі үшін әр ел азаматының атқарып жүрген еңбегі – Тәуелсіз Қазақстанды нығайтып, «Мәңгілік Ел» болу идеясын жүзеге асыруды көздейді. Олай болса, осы жолда еңбек етіп жүрген әрқайсыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толайым табыстар тілеймін. Көк туымыздың тұғыры биік, еліміздің іргесі берік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, құрметті жерлестер! Ізгі ниетпен, аудан әкімі А.САФиМАЛиЕВ Құрметті жерлестер!

Transcript of 16 желтоқсан – Тәуелсіздік...

Page 1: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніshugula.kz/wp-content/uploads/2018/12/51.pdf · орта қалыптастыру, білім беру, денсаулық

№51 (8175) 11/12/2018 ж.

[email protected]

www.facebook.com/zhaikpresstwitter.com/zhaikpresswww.instagram.com/zhaikpress

Аудандық қоғамдық-саяси газет

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

баршаңызды ұлттық мерекеміз –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

бұл мерекені біз ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген құқықтық және демократиялық мемлекетті құрушы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың есімі-мен байланыстырамыз. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Тәуелсіз елімізді басқарып келе жатқан Президентіміздің салиқалы саясатын жүзеге асыру нәтижесінде елімізде ауқымды реформалар та-бысты жүргізіліп, дамуды көздейтін стратегиялық бағдарламалар кезең-кезеңімен іске асырылуда. Ең басты-сы, толерантты мемлекет құрудың жаңа моделін кеңінен енгізу арқылы Қазақстанда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің өзара достастығы, ауызбіршілігі мен түсіністігі сақталып, еліміздегі келісім мен тыныштық нығайды.

Мемлекеттік саясатта белгі-ленген міндеттерді орындаудағы қазақстандықтардың қажырлы еңбегі нәтижесінде Тәуелсіздік жылдары Қазақстан алдына қойған күрделі әрі ауқымды мақсаттарға қол жеткізе білді. Осындай игілікті істер Жәнібек ауданында да кезең-кезеңімен атқарылуда. Тәуелсіздік жылдарында

ауданымызда көптеген әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткізілді. бұдан басқа, жаңадан салынып, іске қосылған нысандар қатарында салалық бағдарламалар аясындағы тұрғын үйлер, кәсіпкерлік нысандары мен қызмет көрсету орындарын атап өтуге болады.

Аудан тұрғындарын ауыз сумен, табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізіліп, бүгінде елді мекендердің басым бөлігі осы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіл-ді және бұл жұмыстар өз жалғасын тауып келеді. Нәтижесінде елді мекендер көркейіп, ауылдардың экономикалық жағдайы едәуір жақсарды.

Қадірменді жерлестер!Ел игілігі үшін әр ел азаматының

атқарып жүрген еңбегі – Тәуелсіз Қазақстанды нығайтып, «Мәңгілік Ел» болу идеясын жүзеге асыруды көздейді. Олай болса, осы жолда еңбек етіп жүрген әрқайсыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толайым табыстар тілеймін.

Көк туымыздың тұғыры биік, еліміздің іргесі берік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, құрметті жерлестер!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі А.САФиМАЛиЕВ

Құрметті жерлестер!

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні[email protected]

www.facebook.com/zhaikpresstwitter.com/zhaikpresswww.instagram.com/zhaikpresswww.instagram.com/zhaikpress

Құрметті жерлестер!

Page 2: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніshugula.kz/wp-content/uploads/2018/12/51.pdf · орта қалыптастыру, білім беру, денсаулық

2 АҚПАРАТ“Шұғыла”

№51 (8175) 11/12/2018 ж.

Кесенеге саяхаттадыҚасиетті, киелі орынға саяхат жасау арқылы баба

рухына тағзым етіп, оқушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық сезімін және танымдық қабілетін арттыру мақсатында А.Оразбаева атындағы негізгі мектептің тарих пәні мұғалімі Жантөре Жанәбілұлы оқушыларды саяхатқа алып шықты. Алдымен олар Борсы ауылдық округіндегі Ғ.Қараш атындағы орта мектепте болып, ақынға арналған бұрышпен танысты және Ғұмар Қараштың өлеңдерін оқып берді. Сонымен қатар білім ұясының алдындағы ақынның кеудемүсіні жанында суретке түсті. Сонан кейін оқушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 киелі нысаны» тізіміне енген, өткен ғасырдың басында өзіндік ой-пікірімен дараланған көрнекті ақын, ағартушы, ойшыл Ғ.Қараштың кесенесіне саяхаттады.

Есенгелді ЖЕКСЕНОВ, А.Оразбаева атындағы негізгі мектептің қосымша білім беру

педагогі, «Көкжиек» бірлестігінің жетекшісі

Архивтер ашылмақ

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойымызға ерекше қуат берді. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі үйлескен шақта ұлттық құндылықтарымызды сараптап, болмысымызды танып, оны жете білуге ұмтылуымыз керек. Төл тарихымызды өзіміз ғана біліп қоймай, өзге жұртқа таныстыру айқын ұстанымымыз болу қажет. Елбасы өзінің мақаласында: «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз жеткілікті», – деп ата-бабаларымыздың адамзат баласы жасаған өркениеттің бастауында тұрғанын нұсқайды. Бұның өзі ақиқат нәрсе. Шынын-да да, бұған қажетті деректер мен дәйектер көп. Тек соны көрер көз бен көңілі ояу жүрек, жүзеге асырар ықылас-ынта керек. Дүние жүзінің барлық архивтеріндегі еліміздің тарихы туралы жазылған құжаттарға із салу қажет. Бұған негіз «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы болады деп толық сеніммен айта аламыз. Сол сияқты түркі халықтарының онлайн кітапханасын ашу да халқымыз үшін жасалған маңызды қадамның негізі болмақ.

Қуаныш ШУМАНОВ, Жәнібек ауылы

Діни ағымдардан сақ бол

Тау ауылындағы «Қайрат» бөбекжайында «Діни экстре-мизм» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылып, онда діни сауатты болуға ықпал ету, жат діни ағымдардан аулақ болудың жолдары түсіндірілді. Жиынға қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, медиатор Т.Азбергенов және ауыл округінің бас маманы З.Оразова қатысты. Шара бары-сында Т.Азбергенов қоғамдағы кереғар діни ағымдардың сыртқы бейнесі мен іс-әрекеттерін атап өтіп, олардың арбауына түспей сақтанып жүру керектігін ескерт-ті. З.Оразова экстремизм терро-ризмге қарағанда қауіпті екенін айтып, шараға ризашылығын біл-дірді. Дөңгелек үстел «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбындағы тренингпен қортындыланды.

Маржан КАРАШАУОВА, «Қайрат» бөбекжайы психологі

Алдымен Елбасының өмірі мен қызметін паш еткен көрме тамаша-ланды.

Бұдан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев құттықтау сөз сөйледі.

Т.Жароков атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Аяулым Арыстанғалиева Елбасының өмірі мен атқарып отырған қызметі туралы слайд арқылы толыққанды дерек берді. Мектеп оқушылары шешен-дігі мен көсемдігі даугершілікте, батырлығы мен ақылдылығы жа-угершілікте сыналып, қайратты қажырлылықпен қадамын нық басқан, ұлы арманын аласартпаған Алаш ұрпағының өткен тарихына әдеби монтаж түрінде шолу жасады.

Көпұлтты, унитарлы, тәуелсіз, бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет, «Қазақстан – 2030» стратегиясы, Қазақстан халқы ассамблеясы, Ас-тана – Қазақстан Республикасының елордасы, «ЕXPO-2017» көрмесі, ЕҚЫҰ-на төрағалық ету секілді ұғымдар шара барысында жан-жақты ашылды.

2-сынып оқушысы Жасқанат Жасұланұлы «Қазағым», 5-сынып оқушысы Гүлім Биғали «Нұр Ас-тана», 9-сынып оқушысы Әсемай Сақтапбергенқызы «Астана» әндерімен шашу шашса, «Інжу» би тобы «Ертұран» биін ұсынды.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА, облыстық тарихи-өлкетану музейінің

Жәнібек аудандық музей бөлімінің меңгерушісі

Кубок үшін тартысты ойын

Жуырда Орал қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Батыс Қазақстан облысы Кубогі үшін волейболдан ерлер арасын-да ойын болып өтті. Тартысты өткен жарыста аудан командасы үшінші орынға ие болды. «Үздік шабуылшы» аталымымен коман-да ойыншысы Бекзат Досымов марапатталды.

Эльмира САЛихОВА, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу

ісі жөніндегі орынбасары

Құқық үстемдігі қағидасы

Елбасының биыл 5 қазанда халыққа арнаған Жол-дауы айқын әрі түсінікті сөзбен жазылған. Онда елдің тұрмыс сапасын жақсарту үшін қажет мәселелер тайға таңба басқандай көрсетілген. Халықтың жақсы өмір сүру жағдайын арттыру жайы көрсетіліп, оны шешу жолдары айтылған. Бағдарламалық құжатта қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық конституциялық құқықтарының жүзеге асырылуына мемлекет тарапынан кепілдік берілетіндігі сөз болған. Мәселен, өз қызметін жетік меңгерген маманның қолайлы еңбекақы алуына, кәсіпкердің жеке бизнесін ашып, оны дамытып, өркендетуге ыңғайлылық жасау, шағын және орта бизнесті дамыту, сапалы, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, тұрмысына жағымды орта қалыптастыру, білім беру, денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту және тағы да басқа көптеген жайттар айқын жазылып, айтылған. Сонымен қатар елде жүргізіліп отырған реформалар мен басты стратегиялық құжаттардағы жүктелген міндеттердің орындалуына мониторинг жүргізіп, бағасын айтатын Ұлттық жаңғыру кеңсесінің құрылатынын оқып біл-дік. Елбасы тарихи құжатта елімізде атқарылатын жұмыстардың жемісті болуының негізгі шарты құқық үстемдегі қағидасы болатындығын баса көрсетті. Мемлекет басшысы халықтың тұрмысының өлшемін айқындайтын фактор ретінде қауіпсіздіктің алатын рөлі зор екендігін айтып, адамдардың алаңдамай өмір сүретін орта құруға басты назар аударды. Бұл тұрғыда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының қызметіне, полиция құзыретіне айқын міндеттер жүктеді. Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Үкімет Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол карта-сын» қабылдайды. Бұл реформа келер жылдың басы-нан бастап іске асатынын баспасөзден оқып, теледи-дардан көріп, біліп отырмыз.

Президент Жолдауынан туындайтын тапсыр-малар мен міндеттер уақтылы әрі сапалы орын-далатынына сенім мол. Елбасының мемлекеттік қызметшілерге жасап жатқан әлеуметтік, экономикалық қолдауы, қуаттауы негізінде біз де жаңа белестерді бағындырамыз деп толық сеніммен айта аламыз.

Зинолла РАхМУШЕВ, Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы

Жемқорлық – дертСыбайлас жемқорлық мемлекетімізге орасан зор зиян келтіріп отыр. Кез

келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Бұл дерт мемлекетті іштен ірітіп, жетістіктерді жоққа шығаратындығы, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретіндігі күмәнсіз. Сондықтан еліміздің мем-лекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Бұл індеттің алдын алып, оның ұлғаюына жол бермеу – халықтың өз қолында. Ол үшін аталған дертке қоғам болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күрес барша қазақстандықтардың азаматтық борышы болуы керек.

А.хАСАНОВА, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жәнібек аудандық

аумақтық инспекциясының бас маманы

Елін танытқан ер

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімі мен Т.Жароков атындағы мектептің Елбасының тарихтағы рөлін дәріптеу мақсатында «Елін танытқан – ер» атты танымдық шара оздырылды.

Ата-аналар, ағайынды адамдар не болса соған балалардың көзінше бірімен-бірі ұрысып-қағысып жатса, была-пыт, дөрекі сөздер сөйленіп, лайықсыз іс-әрекеттер бо-лып жатса, мұның бәрі жас баланың санасында жаман із қалдырады. Баланы шындыққа, адалдыққа тәрбиелеу мәселесі – әрі күрделі, әрі жауапты іс. Кейбір ата-аналар баланың шыншыл, адал да әділ болма-уына байқамағансып, соған

өздері жол береді. Мысалы, екі бала ойнап жүріп, жанжал-дасып қалса, өз баласы басқа балаға қиянат істеп, жәбір көрсетіп тұрса да, өз баласын мақұлдап, кісі баласының ісін теріске шығаратын ата-ана-лар мен үлкендер өкінішке орай баршылық. Көріп отырған шындықты теріс-ке айналдырсақ, өтірік пен көрсеткен жәбір баланы әділетсіздік пен зорлыққа бейімдейді. Баланы қонақтыққа

бірге апардыңыз, сол үйдің бір затын үйге алып келсе, оны ата-анасы сұрауы керек, жарам-сыз іс екенін толық ұқтырып, қатаң тыйым салмаса, оның арты қиынға соқтырады.

Бала – адамның бауыр еті. Баланың қызығын да, азабын да көретін ата-ана. Баланы нәрестелік шағынан бағып-қағатын да, өсіріп-ширатып, қанаттандыратын да, тұңғыш рет үлгі мен өнеге беріп, сана-сезім егетін де ата-анасы.

Бала өз отбасында ерлікке, жігерлілікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді. Бала ата-анаға, қоршаған ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі-өнегесіне қарап тәлім-тәрбие алады. Адам ретінде қалыптасуына аялы алтын діңгегі – ата-анасы негізгі себепші деп білемін.

Маржан ҚұНдЫЗбАйҚЫЗЫ, Тау ауылы

Тәрбиенің негізгі саласы жастарды шындыққа және адалдыққа тәрбиелеу. Баланың үлгілі, тәртіпті болып өсуі, көбінесе отбасындағы ата-ана мен туған-туыстарының тәрбиесіне, олардың өнегелігіне байланысты. Жас балаға отбасындағы жағдай тікелей әсер етеді.

Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын

Page 3: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніshugula.kz/wp-content/uploads/2018/12/51.pdf · орта қалыптастыру, білім беру, денсаулық

МӘСеле 3“Шұғыла”№51 (8175) 11/12/2018 ж.

Елімізде жұмыссыздықпен күрес қызу жүргізілгенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Жұмыссыздықтың салқыны ең әуелі жастарды шарпуда. Соңғы жылдары ауданда екі қолға бір күрек таппай жүрген жас мамандар қатары көбейіп кетті. Олардың жұмыссыздар қатарында болуына не себеп? Әлде бұған олардың салғырттығы, бойкүйездігі әсер ете ме?..

ЕңбЕК нАРығы: екі қолға бір күрек табыла ма?

«Диплом бар, жұмыс жоқ». Қазір жұмыссыз жүрген жастар-дан тек осындай жауапты жиі естуге болады. Жоғары оқу орнын аяқтап, қолына дипломын алған көптеген жас маманның жұмыссыздық мәселесімен бетпе-бет ке-летіні жасырын емес. Жоғары оқу орнын бітірген түлектерді жұмыс берушілердің құшақ жая қарсы алмайтындығы ақиқат. Ал кейбір мамандар жоғары білімді жастардың жұмыссыздығын олардың мамандықты дұрыс таңдамауымен байланыстырады. Дәлірек айтқанда, сұранысқа ие мамандықтардан гөрі бүгінгі күннің «сәнге айналған» мамандықтарын таңдауға тырысады. Бұл бүгінгі жастар арасындағы жұмыссыздыққа ықпалын тигізетін бірден-бір себеп.

Жуырда облыс әкімінің тапсырмасымен аудан-да «Ашық әкімдік» күні өткізілді. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Абдолов ауданға қарасты тоғыз ауылдық ок-ругте болып, тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым көпшілігі жұмыс сұрайды. Олардың ішінде жасы да, жасамысы да, дипломы бары да, дипломы жоғы да бар. Қабылдауға кел-ген жұмыс сұраушылардың бірі үздік дипломның иесі ақобалық Аягөз Батановамен бір-екі ауыз тілге келдік. Ол 2008-2011 жылдары аралығында Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде «Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану» мамандығы бойын-ша оқыған көрінеді. Одан кейін 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетіне «Құрылыс» мамандығына сырттай оқуға түсіп, 2014 жылы оны тәмамдап дипломын қолға алған. Сырт-тай оқып жүріп жастар практи-касынан да өткен.

– 2013 жылы тұрмысқа шығып, ұлды болдым. Жоғары оқу орнын сәбиіммен бірге бітір-дім десем де болады. Дипло-мымды қолға алғаннан жұмыс істемедім де, іздемедім де. Өйткені бала күтімімен отыр-дым. Енді жұмысқа орналасуға барлық мүмкіндігім бар. Мүдделі мекемелер «мемлекеттік қызметте бос орын бар, тест тапсырып кел» – дейді. Тестті тапсырдым. Бірақ жұмысқа алмады. Неге деп сұрағанымда бізге ер адам керек, әйел адам бір-екі жыл істеп, декреттік демалысқа шығып кетеді, – деп жауап қайтарды. Сонда әйел заты сәбиді жарық дүниеге әкелмеуі керек пе? Онда халық санын қалай көбейтпекпіз? Жақсы, бұл былай тұрсын. Мемлекеттік қызметтің бос орындарына басқа жақтан мамандар шақырады. Сонда осы ауылдың мамандары қайда барады, қайдан жұмыс іздей-ді? Аудан орталығында жұмыс бар. Бірақ менің үйім де, күйім де осы ауылда. Мен бұл жерді көркейткім келеді. Бұл сөзіме жастардың көбі келісетініне күмәнім жоқ, – деді қабылдауда болған Аягөз.

Жәнібек ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының бас маманы Зухра Давлетчинаның бізге берген мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда аудан бойынша 267 жұмыссыз тіркеліп тұр. Оның

146-сында арнаулы орта, 3-еуінде жоғары білім бар.

– Аудандағы он екі меке-меде он тоғыз бос орын бар. Жұмыссыздардың көбінің дипломы жалақысы жоғары жұмыс орынға сәйкес келмей-ді. Білімі келсе, жалақысы аз дейді. Ауылдық округте немесе елді мекенде жұмыс ұсынсақ, барғылары келмейді. Бәріне бір-дей аудан орталығынан жұмыс қайдан болсын. Әлбетте, тауып бергіміз-ақ келеді. Алайда қолдан келер шара жоқ, – дейді бас маман.

Әрбір ата-ана баласына жақсы білім алуға мүмкіндік жасап, кейін сол баласының жақсы қызметке орналасуын армандайды. Шыны ке-рек, мемлекет өзіне қажетті мамандықтарға оқу грантын көп бөледі. Бірақ сол мамандардың оқу бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасуына назар аудару-лары әлі де болса жеткіліксіз. Алысқа ат терлетпей аудандағы М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжін алайық. Биыл аталған оқу орнын 98 студент тәмамдап, дипломын алып шықты. Оның ішінде «Электр газымен дәнекерлеуші», «ЭЕМ операторы», «Бухгалтер», «Тас қалаушы», «Автомо-биль жүргізушісі», «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист» білік-тіліктері бойынша студенттер өз мамандықтарының иесі болды.

– Биыл оқу бітірген студенттердің 52-сі тұрақты жұмысқа орналасса, 3-еуі жоғары және 11-і басқа оқу орындарында оқуын жалғастыруда. Он төрті әскердегі қызметтік борышын өтеуге шақырылды. 2017 жылы бітірушілерді жұмыспен қамту көрсеткіші – 76,3 пайыз бол-са, биыл сол көрсеткіш – 81,6 пайыз құрап отыр. Жыл сайын түлектерді жұмыспен қамту көрсеткіші жоғарылап келеді. Соның дәлелі ретінде сұранысқа ие «ЭЕМ операторы», «Электр газбен дәнекерлеуші», «Ас-паз», «Автомобиль жүргізушісі» мамандықтарын атап өтуге болады. Күні бүгін колледжде 205 студент білім мен тәрбие алуда, – деді колледж директо-ры Берік Ихсанов.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын-да «Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді. Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы» делінген болатын. Өкінішке орай Жолдауды толыққанды орындауға келгенде олқы түсіп жатқанымыз жасырын емес. Мәселен, аудан жастары сол жұмыссыздықтың кесірінен Ақтау, Атырау қалаларына немесе Ресей Федерациясына,

шетелдік фирмаларға вахталық тәсілмен қызметке кетуге мәжбүр. Әрине, жалақысы жоғары, бір вахтаға барып келгенде қомақты қаржыға ие боласың. Дейтұрғанмен, олар бір нәрсені ескермейді. Ол – денсаулық. Сол жердің улы зауыттары денсаулыққа қаншалықты әсер ететіні уақыт өте келе байқалады. Мысалы, атын атамай-ақ қояйын, бір жылдың үстінде вахтада қызмет істеп, ақша тауып жүрген бір танысым денсаулығына шағымдана бастады. Жасы отыз бестегі оның аяқ астынан шашы түсіп, тістері мен тырнақтары босап, әлсіреді. Дәрігерге қаралды. Ем-домын алды. Бірақ емге де қаржы керек. Сонда ол адам 28 күн үй көрмей істеп келгенде жалақысының жарты-сын емделуге жұмсайды. Аудан-нан вахталық тәсілмен жұмыс істеуге қанша адам кеткенін ешкім нақты айта алмайды. Жұмыссыздар қатарында тір-келмей бос жүргендері қанша? Ол да бізге беймәлім...

Жалпы, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесінің уақыт өткен сайын өзектілігі арту-да. Тіпті, ресми орындар да жұмыссыз жастар қатарының артқандығын жоққа шығара алмайды. Бірақ мәселені толыққанды шешу әзірге мүмкін болмай тұр.

Гүлзара ТӨРЕҒАЛиЕВА

Page 4: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніshugula.kz/wp-content/uploads/2018/12/51.pdf · орта қалыптастыру, білім беру, денсаулық

4 ТӘУелСІЗДІК

Талайлы тағдыр кешкен Талғат1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдың ірі оқиғаларының

бірі. Әрине, арада өткен отыз екі жыл аз уақыт емес. Қазақ халқы бастан кешкен қасіреттің бірі болып тарих еншісіне енген көтеріліс әрбіріміздің жүрегімізді сыздатады. Алда келе жатқан Тәуелсіздік күні қарсаңында сол оқиғаның қақ ортасында болған жастардың бірі –жерлесіміз Талғат Аққойшиевті сөзге тартқанды жөн көрдік.

“Шұғыла”№51 (8175) 11/12/2018 ж.

Ауданымыздың Қамысты ауылдық кеңесінде қарапайым жұмысшылар отбасында өмір есігін ашқан ол 1983 жылы Жәнібек ауылындағы Т.Жароков атындағы орта мектепті бітірді. Бітірген бойда бірден еңбекке араласып, сол жылы ауданымыздағы М.Ықсанов атындағы кеңшарда жасақталған «Жас түлек» атты комсомол-жастар шо-пандар бригадасында бір жыл жұмыс жасады. Кейін Кеңес әскерінің Венгриядағы контингенті құрамында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеді. Әскерден оралғасын, 1986 жылдың тамыз айында асқақ арман жетегінде ару қала – Алматыға аттанды. Осындағы №5 орта кәсіптік-техникалық училищеге оқуға қабылданды. Осы оқу орнының жатақханасында тұрып, алаңсыз білім алып жатты.

– Желтоқсан айының 17-сі күні «Орталық алаңда Кол-бинге қарсы ереуіл болды» дегенді естіп, ертеңіне бірге оқитын группаластармен алаңға бардық. Біраз жастар топ-топ болып жиналып қалыпты. Солардың қатарына біз де қосылдық. «Қазақтың жерін қазақ қана басқаруы тиіс» деп ұрандатқан жастар «Менің елім» әнін шырқап тұрды. Дәл сол күн – әскерлерге дубин-ка қолдануға рұқсат беріл-

ген күн екен. Мұздай киініп, қаруларын сайлап тұрған сарбаздар бір кезде жастарға қарай лап қойды. Қуып жет-кенін ұрып жығып, өлтіре тепкіледі, ыңыранып қимылсыз қалғанын қуыс-қуысқа ысы-ра салды. Әскерилердің қару қолданып, ұрып-соға бастағанын көрген жастар кері қашты. Шерушілердің бірқатары құлап жатты. Біз де қашып бара жатып, артымызда сұлап жатқан қыздарды көріп, кері қайттық. Қыздардың құлап жатқанын байқаған өзге жігіт-тер де жүгіріп келіп көмектесті. Бірін-бірі танымайтын өрімдей жастар бір-бірінің бастарын сүйеп, жанашырлық танытты. Осындай қарбалас сәттердің бірінде мен де басымнан ауыр соққы алып құладым. Әскерилер ұрып-соғып, теп-кілеп, көппен бірге мені де жүк машинасына тиеп, Лоба-чевск көшесінде орналасқан №10-үйдегі уақытша ұстау изоляторына әкеліп қамады. Әрі қарай тергеушілер бәрімізді сұрақтың астына алып, жау-аптады. Кейін естігенімдей, қасымдағы жолдастарымның үшеуін әскерилер Алматының сыртындағы қоқыс төгетін жерге апарып, сілейте сабап тастап кеткен. Қалғандары өздері амалдап, қашып-пысып жүріп, әйтеуір жатақханаға жеткен. Мені тергеп-тексеру

1987 жылдың 2 қаңтарына дейін жалғасты. Алайда тергеудің қандайма әдісін қолданғанмен оң нәтижеге қол жеткізе алмаған тергеушілер ақыр соңында мені босатып жіберді. Изоляторда қамауда жатқанымда қасымда Еркін Жәлелов деген студент бол-ды. Сол жігіт ақ қағазға менің суретімді салып, артына өзінің мекенжайын жазып, естелік ретінде маған берген еді, – деп Талғат Керейұлы қағаздарының арасынан шыққан бір суретті бізге ұсынды. Өкінішке қарай, ақ қағазға қарындашпен салынған сурет жылжыған жыл-дар бедерімен тым көмескіленіп кеткендіктен, газетке жариялау мүмкін болмады...

Алматының қақ төріндегі алаңда жан алып, жан беріс-кен қанды қақтығыста екі жақтан қанша адамның көз жұмғанын, қанға боялып, зардап шеккенін қазіргі дейін дөп басып ешкім айта алмайды. Демек, Желтоқсан – дау жоқ, сол кездегі өктемшіл билік-ке қарсы қазақ жастарының көтерілісі. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Ал-маты қаласында 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-інде болған оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөніндегі комиссиясының зерттеуіне жүгінсек: «Уақытша қамау изоляторларына,

арнаулы қабылдау орындарына, тергеу изоляторына жеткізілген және қала сыртына апарып тасталған адамдарды ескер-генде, ұсталғандар санының 8,5 мыңға жуық болғаны анықталды» делінген. Бұл тір-келгендері ғана. Демек, бір ғана Алматы көшелеріне жүз мыңнан астам кісі шықты деген сөз.

Иә, Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Бүгін біз Тәуелсіздіктің 27 жылдығы қарсаңында тұрып, тарих қойнауына кеткен сол жыл-дарды ұмытпауымыз керек. Ол еркіндік пен теңдікті талап ет-кен жас жігіттер мен қыздардың бас көтеруі еді. Олар қазақтың қайсарлығы мен рухының биік-тігін, әділетсіздікке төтеп беріп, сол жолда темірдей төзіммен өз дегеніне жете алатын халық екенін дәлелдеп берді. Тарихи шындық, уақыттың өзі желтоқсандықтардың зор тұлғасын айқын таныт-ты. Желтоқсан көтерілісінің құрбандары мен оған қатысушылар ақталды. Солардың қатарында біздің кейіпкеріміз де бар.

Талғат сол кезде училищені басқарған қазақ директорының адами жанашырлығының арқасында оқу орнын 1987 жылдың шілде айында үздік бағамен аяқтап, төртінші разрядты жоғары баспа технологиясының маманы болып шықты. Елге келіп, Жәнібек аудандық баспаха-насында баспашы қызметін абыроймен атқарды. Баспахана мен редакция екеуі екі мекеме болғанымен, бәріміз бір төбенің астында «бір терінің пұшпағын бірге илестік». Оның қолынан шыққан «Октябрь туы», кейін «Шұғыла» газеті сапалы ба-сылып, оқырмандарына жол тартты. Ол жұмыс істей жүріп, өз білімін көтеруді де ұмыт қалдырған жоқ. Куйбышев қаласындағы полиграфиялық техникумға түсіп, оны сырттай оқып бітіріп алды. Баспахана жабылғанша он жылдан астам уақыт бірге қызметтес болдық. Баспахана мен редакция әкімшіліктері тарапынан еңбегі лайықты бағаланып, бірнеше мәрте орынды сый-құрметке де бөленді.

Бүгінде Талғат Керейұлы елуді еңсерген, шашын аққырау шалған жігіт ағасы. Отбасында құдай қосқан қосағы Сәниямен бірге екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Ұлдарын ұяға қондырған, қызы Орал қаласындағы жоғары оқу орнының студенті.

Асқар ҚұСАйЫНОВ

ТӘУелСІЗДІК

Талайлы тағдыр

әрбіріміздің жүрегімізді сыздатады. Алда келе жатқан Тәуелсіздік күні

Жайлы тұрмыс кешіп жатырмыз

Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жетік білер жанның бірі ретінде осы күнге жеткізген, асқан көрегендікпен, сабырлылықпен халқын алға же-телеген Елбасы жайында санамда керемет бір құрмет қалыптасқанын айта беруден жолыққан емеспін. Бәрін де өзімнің жүріп келе жатқан өмір жолдарыммен байланысты-рамын. Біреуден естігенім немесе көрген кином емес. Қарапайым мысалмен жеткізер болсам, менің студенттік шағым егемендікті енді алған алғашқы жылдармен тұспа-тұс келген уақыттан бергі кезеңді саралап айтар едім.

Кең байтақ Қазақстанның бір түкпіріндегі Ақоба атты ауылда толассыз атқарылып жатқан игі істердің көптігі, ауыл тұрғындарының талап-тілектері өз кезегімен орындалып жатқандығы көңілге қуаныш ұялатады. Осы уақытқа дейін аудан басшылары ауыл адамдарына есеп беруге келген сайын олардың тілектерін мұқият тыңдап, алдағы уақытта қаралатынын, жобасы сызылып, қаражат бөліну керектігін түсіндіріп кетіп отырды да, артынан сол істердің барлығы дерлік қолға алы-нып, жүзеге асты.

Қазақ халқының қиял-ғажайып ер-тегілері олардың арман-тілектерінен туғаны белгілі болса, ауылымның халқы да осындай ертегідегідей жайлы тұрмысты көп жылдан бері армандағаны белгілі. Осы сәт «Ал-тын балық» ертегісінің есіме түскені. Жыртық лашығы мен тесік астауы-нан басқа түгі жоқ балықшы шалдың ауына алтын балық түскенде шалдың да, кемпірінің де барлық тілегі орындалатын еді ғой. Сол дәл ертегі желісіндегідей аядай ғана, кезінде болашағы жоқ ауылдардың бірі саналған Ақоба ауылында аз уақытта көптеген істер атқарылды. Ауыл жастарының спортқа бейім екендігін, үнемі жүлделі орындарды иеленіп жүретіндігін тілге тиек етіп, спорт зал салынуын өтініп сұраған ауыл халқының тілегі де орында-лып, мектеп жанынан зәулім, заман талабына сай спортзал бой көтерді. Ауылдық фельдшерлік амбулато-рия да соңғы үлгілермен сәнделіп, күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Көгілдір отынның қызығын көргелі, күл шығарып, отын жинау-ды ауыл халқы ұмытқалы қашан?! Жылудың мәселесін шешкен ауыл тұрғындарының тағы өзекті мәселелерінің бірі байланыс жүйесі еді. Қолдарына телефондарын ұстап, қылт еткен байланыс жүйесін іздеп, терезе алдын немесе көше бойын кезіп, тіпті шатырға да шығып кететін жұртшылық қазіргі уақытта үйлерінің төрінде, «айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызып» шалқайып жатып сөйлесетін жағдайға жетті. Интернет желісінің мықтылығы жағынан Ақоба ауылы алда тұр.

Елбасымыздың халықтың әл-ауқатын жақсартып, денсаулығын нығайту мақсатындағы қолға алынған «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауылымызда ауыз су мәселесі шешіліп, әр үйге су құбыры тартылды. Елдің қуанышында шек жоқ. Ауыл халқының арманы орын-далуда.

Ақлима ҚУАНҒАЛиЕВА,газеттің штаттан тыс тілшісі,

Ақоба ауылы

Page 5: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніshugula.kz/wp-content/uploads/2018/12/51.pdf · орта қалыптастыру, білім беру, денсаулық

ІССАПАР 5“Шұғыла”№51 (8175) 11/12/2018 ж.

Жәнібек ауданының орталығына келген өңір басшысы Алтай Көлгінов «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аудан орталығының батыс беткейінде жаңадан салынып, жақында ғана пайдалануға берілген екі пәтерлік 20 тұрғын үйлердің маңына ат басын тіреді. Ол осы жерге жиналған жұртшылықпен, еңбек ардагерлерімен және жаңадан қоныстойын тойлаған тұрғындармен кездесті.

– Өткенде бұл үйлер пайдалануға берілгенде Аста-нада жұмыс барысымен болып, қоныстойларыңыздың ашылу салтанатына келе алмадым. Облыс бойынша 3500 пәтер салып жатырмыз. Жәнібек ауданында бір жылдың ішін-де 48 үй салынып, дәлірек айтқанда, кезек күтіп тұрған 104 отбасы баспанаға ие бол-ды. Бұл бұрын-соңды болмаған жайт. Жалпы, Жәнібек ауданы «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес тұрғын үй құрылысын пайдалануға беру жағынан об-лыс аудандарының ішінде көш бастап тұр. Бұл айналаға жаңа қоныстанған тұрғындар алдағы уақытта тал-терек отырғызып, көшені көгалдандырып, абат-тандырулары керек. Орал қаласындағы қайсыбір көшелер сіздер тұрған көшеге жете алмайды. Өйткені осы маңдағы көшелер таза әрі кең. Сіз-дерге ендігі қалған жұмыс осы көшелерді шалғынды, көкорай бау-бақшалы мекенге айнал-дыру. Аудан орталығындағы көшелерде 1989 жылдан бері қатқыл табанды жол салынба-са, енді, міне, бір айдың ішінде көптеген көшелерге асфальт төселініп тасталған. Алдағы

жылы аудан кең жолақты интернетпен қамтылатын болады. Биыл мамыр айында Елбасы облыс орталығына келгенде Қазталов-Жәнібек-Бөкей ордасы бағытында күретамыр жолды салу туралы тиісті мекемелерге тапсырма берілетінін айтқан болатын. Оның нәтижесін көріп отыр-мыз, асфальт жолды салу үшін бюджеттен қаржы бөлінді. Бұл жол шекараға дейін барады. Жолмен бірге бұл аудандарға шағын ұшақ әуежайын салу жұмысы қатар жүргізіледі. Сонымен бірге алдағы жылы Жәнібек ауданының орталығында спорт кешені құрылысының жұмысы бастала-ды, – деді А.Көлгінов.

Облыс әкімімен кезде-су барысында батыс бет-кейге қоныстанған Сәмия Өтеғалиева осы төңірекке маршрут желісімен автобустар шығару, сондай-ақ жуырда алған тұрғын үйінің төбесінен су ағып тұрғанын айтса, аудан тұрғыны Самиға Қайырова өз сөзінде А.Байтұрсынов пен Қ.Мусин көшелерінің қиылысындағы шұңқырда көктемде су толып тұратынын, сол себепті ауруханаға бару

үшін көшені айналып жүруге тура келетінін, мұны өзі 4 жылдан бері айтып келе жатса да, әлі қорытынды шықпағанын жеткізді.

– Елдегі жасалып жатқан жақсылықтарға көңілім то-лады, – деді еңбек ардагері Бекет Әліпқалиев. – Жасым 77-ге келсе де мұндай оңды өзгерістерді бұрын өзім көрмеген едім. Барға қанағат, жоққа салауат ете білу керек. Біздің ауданның қазіргі кел-беті облыс орталығына жақын орналасқан аудандардан еш кем түспейді. Өңір басшысы бізге арнайы келіп, облыстағы атқарылған игі істерді айтып өтті. Облыс бойынша жүзеге асқан жұмыстар көп. Сол үшін Алтай Сейдірұлына айтар алғысымыз шексіз.

Аудан орталығының батыс беткейінен жаңа қонысқа ие болған Шынар Каюпо-ва мен Динара Қаресова алған пәтерлерінің жайлы, еш ақауы жоқ екенін, онда барлық тұрмыстық жағдайдың жасалғанын айтып, облыс әкіміне ризашылықтарын білдірді.

Өз кезегінде облыс басшысы теміржолдың арғы бетіндегі көшелерге маршрут желісімен автобус шығаруды, жаңадан пайдалануға берілген үйлердің әрқайсысын тағы да бір қарап, бақылауға алу-ды аудан әкіміне тапсырды. Бұдан соң облыс әкімі батыс беткейдегі үйлердің біріне қоныстанған аудан тұрғыны Шернияз Шамшиденовтің пәтеріне еніп, жайылған

дәмнен ауыз тиді. Бес баласы бар отбасының жағдайымен танысып, қал-жағдайларын сұрады.

Кездесуге жиналған жұртшылықпен қоштасарда облыс әкімі Алтай Көлгінов Елбасының таяуда жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының ұрпақтар сабақтастығының тінін үзбеуге жол ашатынын, бұл сарын, үндестік, жалғастық қазақ деген халық барда тоқтаусыз, тоғысып жүре беретінін айтып, жәнібектіктерді өткен Тұңғыш Президент күнімен, келе жатқан Тәуелсіздік күнімен және Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Нұрымбек ЖАПАҚОВ

Жәнібекте спорт кешені салынады

Page 6: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніshugula.kz/wp-content/uploads/2018/12/51.pdf · орта қалыптастыру, білім беру, денсаулық

6 хАТ – хАБАР“Шұғыла”

№51 (8175) 11/12/2018 ж.

Этнографиялық бұрышпен танысты

А.Оразбаева атындағы ЖББНМ-нің 7-сынып оқушысы Тоғжан Қасым мектепшілік «Қазақ ұлттық киімінің ерекшеліктері» атты ғылыми жобасына қатысуына байланысты, музей қорындағы ұлттық киімдер туралы мәлімет жинап, мән-мазмұнымен танысу мақсатында аудандық тарихи-өлкетану музейіне арнайы келіп, этнографиялық бұрышпен танысты. Білімге құштар өренге киіз үй бұрышында ілініп тұрған көрнекті композитор, профессор, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері, Халық әртісі Базарбай Сағадиұлы Жұманиязовтың өзі киген шапаны мен айыр қалпағы, басқа да көне жәдігерлерге экскурсия жүргізілді.

Меңдібек СЫРЫМОВ, облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей

бөлімінің экскурсоводы

Қазақстанда мемлекеттік аудит институты 2015 жылы 12 қарашада «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау ту-ралы» (бұдан әрі – Заң) және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойылғаннан бастап пайда болып, халықаралық стандарттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасын-да мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген.

Осы заңға сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті құзыреті шегінде ішкі мемле-кеттік аудит және қаржылық бақылау, бухгалтерік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамаларының сақталуына қатысты аудиторлық іс-шара-ларды жүргізді.

2018 жылдың 10 айы ішінде жүргізілген 190 аудиторлық шараларының нәтижесі бойынша жалпы сомасы 796750,11 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтарға, бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілік-ті жасақтауға қатысты заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қабылданған шаралармен қаржылық бұзушылықтардың қазіргі таңда жалпы сомасы 1855,75 мың теңге бюджетке өндірілді және жалпы сомасы 592469,8 мың теңге қалпына келтірілді.

Жүргізілген аудиторлық шаралардың нәтижелері бойын-

ша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себеп-терін жоюға, сондай-ақ аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныс беріліп, орындалды.

– бухгалтерлік есепті жүргізуде және қаржылық есептілікті жасақтауда бұзушылықтар сомасы – 585307,69 мың теңгені құрайды. Бұл жағдай меке-мелер мен кәсіпорындарда қаржылық есептілікті жасау кезінде есепті кезеңдегі барлық операциялардың толық көрініс таппау нәтижесінен қаржылық есептілікте бұрмалау орын алған.

Осы бұзушылықтарға жол бергені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі-не сәйкес 19 лауазымды тұлға 1 984,1 мың теңгеге, 17 заңды тұлға 6 734,0 мың теңгеге, жал-пы сомасы 8 718,1 мың теңгеге айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 6925,4 мың теңгесі бюд-жетке төлеу арқылы өндірілді.

Жүргізілген аудит нәтижелерін талдауда аудит объектілерінде орын ала-тын жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктердің себебі негізінен бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы норматив-тік-құқықтық актілердің, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындауда еңбекақы туралы, бюджет-тік заңнамалардың талапта-рын қызметкерлердің толық

меңгермеуінен болып табыла-ды.

Аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша мемлекет-тік аудит объектілерінің бас-шыларына объектінің қызметін жақсарту және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына себеп болатын шарттарды болдырмау бойын-ша нақты ұсыныстары бар аудиторлық қорытындылар жолданады, оларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар қоса беріледі. Өз кезегінде, объектілер тарапы-нан анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауар-ларды жеткізу және есептілікте көрсету арқылы қалпына кел-тіруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады.

Осылайша, қабылданған Заңға сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ҚР заңнамасында мемлекеттік аудит туралы өзіне жүктелген функцияларға сай бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, мемлекеттік мекемелерге жыл сайын қаржылық есептілік аудитін жүргізеді. Бұл ретте, осындай аудит нәтижелері мемлекеттік аудит объек-тілері ұсынатын қаржылық есептіліктің дұрыстығы мен шынайылығы дәрежесін артты-рады.

Қайролла НұРМұҚАНОВ, батыс Қазақстан облысы

бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының

міндетін атқарушы

гісінде 35-орынды иеленіп, алдағы жылмен салыстырғанда көрсеткіштерін 16 пунктке жақсартты. Бұл жетістіктерге жетуде әділет органдарының да қосқан үлесі зор.

Өткен жылы Қазақстан Республикасының «Кей-бір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктің заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура-лы» Заңы қабылданып, биыл 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Осы Заңның аясында «Заңды тұлғаларды мемле-кеттік тіркеу және филиал-дар мен өкілдіктерді есептік

тіркеу туралы» Заңының 6-бабына өзгерістер енгізіл-ді. Мәселен, «Шағын және орта кәсіпкерлік субьектісіне жататын заңды тұлғаны Элек-тронды үкімет веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ аталған Заңның 6-1 бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда банктік шот ашуға арналған және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға өтініш электрондық нысан-да беріледі. Бұл түзетулер негізінде заңды тұлғаны тіркеу барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъ-ектілері автоматтандырылған түрде банктен есепшотын

ашуға және жұмыскерді жа-затайым оқиғадан міндетті сақтандыруға қол жеткізеді. Ал Заңның 12-бабы бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамада оның берілген күні, тіркеуші орган, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу күні, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері, басшылары және құрылтайшылары туралы мәліметтер қамтылады. Егер жеке кәсіпкерлік субьектісіне жататын заңды тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асырса, онда бұл туралы мәліметтер аталған анықтамада көрсетіледі. Сонымен бірге бүгінгі таңда кәсіпкерлердің

Мемлекеттік аудит институты әлемнің барлық елдерінде іс жүзінде бар және соңғы жылдары белсенді түрде дамып келеді. Мемлекеттік аудиттің миссиясы – мемлекет пен қоғамның атынан билік органдарының өздеріне сеніп тапсырылған мемлекеттік ресурстарды басқарудағы қызметіне тәуелсіз, объективті қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Кәсіпкерлікті тіркеу үшін көзделген жеңілдіктер

өзінің бизнесін Электрондық үкіметтің веб-порталында он-лайн режимде мемлекеттік тір-кеуден, қайта тіркеуден өткізуге мүмкіндігі бар. Яғни кәсіпкерлер өз бизнесін бір жұмыс күні ішінде қайта тіркеп алып, оны құру жұмыстарына бір сағат ішінде қол жеткізеді. Сонымен қатар Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы бес жұмыс күні ішінде заңды тұлғаның таратылуын тіркеу мүмкіншілігі де қарастырылған.

Ал Үкімет тара-пынан кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған заңнамадағы өзгерістер мен толықтыруларды бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен насихаттау азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен ақпараттануын арттыруға зор септігін тигізетіні анық.

Руслан ЕСЕНОВ, аудандық әділет

басқармасының басшысы, «Қазақстан заңгерлер одағы»

бҚО филиалының мүшесі

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бизнес ортаны түбегейлі жақсарту, кеңейту негізгі басымдықтардың бірі ретінде көрсетілген. Онда мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін мейлінше оңтайландыру, құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқарту, қайталанатын рәсімдерді жою, адамның өзінің ба-руын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшу керектігі туралы, сонымен қатар дүниежүзілік банк рейтингі негізінде өңірлерде бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту жөнінде нақты жос-парлар әзірлеу тапсырылды.

Бұл үшін Үкімет жүйелі негізде кәсіпкерлік бастама-ларды іске асыруға қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау бойынша жұмыс жүргізуде. Соның нәтижесінде бүгінде Қазақстан «Doing Business» Дүниежүзілік банктің рейтин-

Page 7: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніshugula.kz/wp-content/uploads/2018/12/51.pdf · орта қалыптастыру, білім беру, денсаулық

Меншік иесі:“Жайық Пресс” ЖШС

Бас директорРауан СӘБИТОВ

“Жайық Пресс” ЖШС Жәнібек аудандық

“Шұғыла” қоғамдық-саяси газетініңдиректор-редакторыНұрымбек ЖАПАҚОВ

Газет Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде 2012 жылғы 19 қаңтарда тіркеліп, №12260-Г санды куәлігі берілген.

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасыболып есептелмейді. Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты.

Мекенжайымыз: 090500. Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, М.Ықсанов көшесі, 93. Телефондар: Редактор: 21-7-70, Тілшілер: 21-7-70 (факс), бухгалтер 22-0-57, 40-0-68.

Белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет “Жайық Пресс”медиахолдингінде компьютерлікәдіспен теріліп, беттелді.“Полиграфсервис” ЖШС баспаханасында басылды. Орал қаласы, Л. Толстой көшесі, 27/6.

Газет аптасына 1 рет шығады.

Көлемі 2 баспа табақ. Тапсырыс: 51.Таралымы 1480 дана.

хАБАР – ОШАР 7

Еске алу

“Шұғыла”№51 (8175) 11/12/2018 ж.

Ұзынкөл ауылының тұрғыны болған ақкөңіл, қамқор, аяулы да асқар таудай ағамыз Тұрарбек Маратұлы Тұрғалиевті сағынышпен еске аламыз. Егер ол жаны-мызда болса 17 желтоқсанда 45 жасқа толар еді. Амал не, арамыздан ерте алып кеткен тағдырға шара бар ма?

Ағажан, сағынамыз өзіңізді,Тағдырдың салғанына бағынамыз.Жарқын бейнең сақталады мәңгі бақи,Құран оқып аруағыңа бағыштаймыз.

Еске алушылар: анасы Сәуле, қарындастары бақытгүл, Райгүл, Айгүл, күйеу балалары Ерлан, Қабыл, жиені Әлихан

Жәнібек ауылының тұрғыны болған сүйікті жар, ардақты әке, қамқор ата, асыл аға Мұхамбет Ғиниятұлы Қайырлиевті сағынышпен еске аламыз. Ол көзі тірі болып ортамызда жүрсе 16 желтоқсан күні асқаралы 60 жасқа толар еді. Тағдырдың жазмышы солай болған шығар, бұл күнге жете алмай кетті. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы жолдас болсын.

Өткен күндер қайтадан оралмайды,Тағдырға ешкім қарсы тұра алмайды.Артыңда жоқтайтұғын біздер барда, Орының ешуақытта жоғалмайды.

Еске алушылар: зайыбы, ұл-қыздары, немере-жиендері және бауырлары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министр-лігі Агроөнеркәсіптік кешен-дегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы аудан аумағында өсімдіктерді қорғау саласы бойынша жыл сайын бірқатар жұмыстар атқарып келеді, аса қауіпті зиянды және зиянды организмдерге қарсы мониторингтік зерттеулер мен зиянкестерді бақылау және олардың даму сатысы бойынша есептілігін жүргізу және басқа да жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

Аудандық аумақтық инспек-циясы мен жергілікті атқарушы органдар арасында аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы жүргізілетін іс-шаралардың бірлескен қадамдық жұмыс жоспары бойынша жұмыстар атқарылды.

Жәнібек ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы №19 қаулысымен «Жәнібек ауданы бойынша шегіртке тұқымдас зиянкестермен күрес шараларын үйлестіру жөніндегі аудандық штаб» құрылды.

2018 жылғы 4 мамыр күні аудандық әкімшілікте «Жәнібек ауданы бойынша шегіртке тұқымдас зиянкестермен күрес шараларын үйлестіру жөнінде аудандық штаб отырысы» өткізілді.

Ағымдағы 2018 жылы аудан бойынша аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы 305,7 мың га жерге зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Сапалы атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2018 жылы аудан аумағында ауыл шаруашылығы өнімдеріне нұқсан келтіретін аса қауіпті зиянды организмдер экономикалық зияндылық шегінен төмен болғандықтан

2019 жылға химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланған жоқ.

Қауіпті зиянды организмдерге (саяқ шегірткелер) қарсы 31,2 мың га жерге зерттеу-тексеру жұмыстары жүргізілді. Саяқ шегірткелердің дернәсілдеріне қарсы химиялық әдіспен өңделген аумақ көлемі 2,25 мың га босалқы жерді құрады.

Саяқ шегірткелердің ұшып-шағылысуы және жұмыртқа салу кезеңінде 2019 жылға 2,8 мың гектар босалқы жер-лерге химиялық әдіспен өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп болжанды.

Зерттеу жұмыстары «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мем-лекеттік мекемесінің аудандық филиалымен бірлесіп өткізіледі.

Аса қауіпті зиянды орга-низмдер (итальяндық прус, азиялық шегіртке) мен қауіпті организм үйірсіз саяқ шегірт-ке күбіршіктерінің көктемгі қоныстануына, дернәсіл кезеңінде көктемгі – жазғы қоныстануына, шағылысуы мен жұмыртқа салуы кезеңіндегі жазғы қоныстануына және күбіршіктерінің күзгі қоныстануына, сонымен қатар аса қауіпті организмдер тышқан тектес кеміргіштер мен саршұнақтардың көктемгі, жазғы, күзгі таралуына монито-рингтік зерттеулер жүргізіледі. Аталған іс-шаралар ауданның барлық аумағында жүзеге асы-рылады.

Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын, та-сымалдайтын және қолданатын жеке және заңды тұлғалар

фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және аудандық аумақтық инспекцияға фитосанитариялық есептілікті уақтылы тапсыруы қажет.

Жәнібек ауданымен көршілес орналасқан РФ Волгоград облысы Палласовка ауданының өсімдіктерді қорғау мамандары-мен шекаралық аумақтардағы шегіртке тектес зиянкес-терді зерттеу, тексеру үшін 2018 жылға бірлескен жұмыс тобының жоспары және бірлес-кен жұмыс тобының іс-әрекет жоспары құрылып, зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық аумақтық ин-спекция, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мем-лекеттік мекемесінің аудандық филиалы мамандарымен және ауыл шаруашылығы тауарла-рын өндірушілермен аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы және олармен күресу шарала-ры бойынша семинар-кеңестер өткізілді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру, сапалы өнім алу техноло-гиясын сақтаудың, өсімдіктерді зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың үлкен мәні бар. Өсімдіктерді қорғау іс-шараларының, оның ішінде зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің, арамшөптердің фенологиясын, ошақтарын анықтау, тара-луын және даму динамикасын бақылау жұмыстары уақытында жүргізілді.

Тимур ҚАдЫРҒАЛиЕВ, ҚР АШМ АӨК МиК Жәнібек

аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік

инспекторы

Дала зиянкестері бақылауда

Жіті респираторлық вирустық жұқпалар (ЖРВЖ) немесе оны көп жағдайда «салқын тию» деп атайды. Оның көп жылғы тарихы бар, тек 20 ғасырдың ортасында ғана ғалымдар ЖРВЖ мен тұмаудың вирустар арқылы берілетінін анықтады. Қазіргі уақытта осы вирустардың 200-ден астам түрі бар. Тұмаудан кейін ЖРВЖ-ның ең жиі таралған қоздырғыштары адено, РС, парагриппоз және короновирус-тар. Респираторлық вирустық жұқпалар арасында эпидемиялық маңыздылары тұмаудың А және В вирустары, онымен жыл сайын 5-10% ересектер мен 20-30% балалар ауырады.

Тұмау мен ЖРВЖ эпидкезеңі ағымдағы жылдың қазан айы-нан басталып, келесі жылдың сәуір айына дейін созылады.

Осы уақытта ЖРВЖ деңгейі өте жоғары болады, желтоқсан айының аяғынан қаңтардың ба-сына дейін тұмау вирустарының айналымы байқалады.

Тұмау және басқа да ЖРВЖ эпидкезеңінің басталуына байла-нысты тұрғындардың тұмау ту-ралы білу керектігін қаперлеріне саламыз.

Тұмау – кең таралған, төмендеу беталысы жоқ жұқпалы ауру және жұқпалардың ішінде жыл сайын тіркелетіні.

Тұмау вирусы тез жұғады, өйткені негізінен ауа-тамшы жол-дары арқылы беріледі. Сонымен қатар күнделікті қолданылатын заттар арқылы да берілуі мүмкін. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде сілекей, шырыш, қақырық арқылы тұмау

вирустары бөлінеді. Тұмау жіті түрде басталады.

Инкубациялық кезеңі – 2-5 күнге дейін созылады.

Тұмау ауруы диагнозын тек қана дәрігер қоя алады.

Статистикаға сүйенсек, әрбір оныншы науқаста аурудың асқынуы болады екен. Тұмаудан кейін жиі өкпе қабынуы, брон-хит, құлақтың қабынуы, ми-озит, миокардит байқалады. Асқынудың ең қауіптісі - бас миының ісігі не болмаса менингоэнцефалиттің дамуы да мүмкін.

Тұмаудың сақтандыру шараларының бірі – вакцина-мен егу. Вакцина құрамындағы вирус, ағзада вирустардың пайда болуына және жасушалардың зақымдалуына кедергі болатын антиденелер туғызуына себеп-

ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу ші болады. Соның арқасында аурудың алдын алуға болады.

Жыл сайын күзде (қазан-қараша айларында) тұмауға қарсы егу жүргізіледі.

Аудан тұрғындары тұмауға қарсы ақылы екпені алу үшін аудандық орталық аурухананың екпе кабинетіне баруы керек.

Алдын алу шараларының ең тиімді және кең таралған түрі мақталы дәке бетпердесін тағу. Бірақ қорғанудың бұл түрі тек 3 сағатқа ғана тиімді, бетпер-дені одан ұзақ қолданса, адам ағзасында ауру жұқтыруға оңтайлы жағдай пайда болады.

Өздері тұратын бөлмелерді жиі желдету арқылы ауадағы вирустар шоғырын төмендетуге болады. Организмді шынықтыру: күніне 2 рет таза ауада серуен-деу, аяқты жылы сумен, кейін салқын сумен шаю, таңертеңгілік гимнастикамен ұштастырылған ванналар ағзаның ауруларға қарсыласуын арттырады.

Тұмау және ЖРВЖ күйінде рұқсат етілмейді:

1. Өздігінен емделу. Дәрігерге қаралыңыз, тек маман ғана ауру жағдайын бағалап, уақытында асқыну пайда болмауын байқайды, қажетті ем қолданады. Қажет болған жағдайда зертханалық тексеру-лер өткізеді.

2. Жұмыстастарың мен достарыңның арасында ауруды таратпау мақсатында жұмысқа, колледжге, мектепке және т.б. баруға. Көпшілік жиналған жер-лерге баруға (театрлар, клуб-тар, кинотеатрлар және т.б.), қоғамдық көлікті қолдануға.

3. Антибиотиктерді қолдануға, өйткені тұмау – бұл вирустық жұқпа, антибиотиктер оған әсерін тигізбейді. Оларды тек асқынулар болған жағдайда ғана қолданады.

Нұргүл МұСТАЕВА, аудандық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы

Жәнібек ауылының тұрғыны болған, ауданымыздың газ саласында көптеген жылдар қызмет еткен біріміздің анамыз, біріміздің әжеміз Сарсенова Қансұлудың бұл өмірден өткеніне 100 күн өтіпті.

Арамыздан ерте кеткені өте өкінішті-ақ! Әлі де артыңнан ерген ұрпақтарыңмен ғұмыр кешсең, артық етпес еді ғой?! Жалғыз гүліңнен өрген жиенді көре алмағаның өкінішті, Ерболыңның отбасылы болғанын көре алмағаның өкінішті!

Анамызды аттандырдық ұзақ жолға, сапарға!

Кете барды қоштасып, таңымыз енді атарда.Жүргейсің тек жұмақтың төрінде деп анашым,Тілек-тілеп өзіңе, дұға қыламыз әр жұма.Ана-әже! Жатқан жерің жарық болсын! Артыңда қалған

ұрпағыңды желеп-жебеп жүргейсіз!Еске алушылар: бала-келіні Сағындық-Қаракөзайым, күйеу бала-

қызы Азбек-Гүлмира, ұлы Ербол және немере-жиендері

Page 8: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніshugula.kz/wp-content/uploads/2018/12/51.pdf · орта қалыптастыру, білім беру, денсаулық

8 СОҢҒЫ БеТ

Құттықтаймыз! біздің сүйікті дәрігерМектеп бітіргенімізге елу жыл толғанда сыныптастарымызбен кездесіп, әркім өзінің

жарты ғасырлық өмірлері туралы бір-біріне есеп беріп, шүйіркелесіп, бір серпіліп қалғанымыз есімізде. Арамыздан ғалымдар, дәрігерлер, танымал кәсіпкерлер, ұлағатты ұстаздар шыққанын мақтан тұтамыз. Осылардың бәрі еліміз тәуелсіздік алған жылдары мемлекетіміздің аяғынан тік тұрып, дамуына өз үлестерін қосқан абзал жандар. Солардың бірі – он бір жыл бірге оқыған сыныптас құрбымыз, сүйікті дәрігеріміз Роза Сабырқызы. Ол анасы Биғайша апамыз сияқты адам өміріне арашашы, денсаулығына демеуші болатын, арқалар жүгі ауыр – дәрігер мамандығын қалаған. Анасы медициналық училище бітіріп, зейнеткерлікке шыққанға дейін фельдшерлік қызмет атқарған.

Аудандық «Шұғыла» газетінің бухгал-тер-кассирі, әріптесіміз Ғайнижамал Қабенқызы Айтасованы 15 желтоқсанда толатын мерейлі 60 жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Мерейжасыңыз жақсылығы мен қуанышын әкелсін. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, жұмысыңызға табыс тілейміз. Отбасыңыз аман болып, ұрпақтарыңыздың, немереңіздің қызығына бөлене беріңіз.

игі тілекпен: аудандық «Шұғыла» газетінің ұжымы

“Шұғыла”№51 (8175) 11/12/2018 ж.

Әкесі Сабыр атамыз Ұлы Отан соғысы жылдарында арнайы мемлекеттік бронмен Челя-бинск танк зауытына жұмысқа жіберіліп, соғыс аяқталғанға дейін зауытта еңбек еткен. Шымкенттегі Жоғары партия мектебін бітіріп, Алматыдағы ауылшаруашылығы министр-лігінде жұмыс жасап жүрген жас маманға Гурьев (қазіргі Атырау) облысына жолда-ма беріп, осында колхоздың басқарма төрағасы қызметін атқарған, 1957 жылы Жәнібек еліне қоныс аударып, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне бар саналы ғұмырын арнаған. Зейнеткерлік жасқа жеткен-ге дейін басшылық қызметте болған. Бұл күндері Жәнібектегі қара шаңырақты атамыздың ұлы Ерсайын мен келіні Рузия ұстап отыр.

Роза құрбымыз мектепте сыныптастардың алды болды. Үздік оқумен қатар мектептің барлық қоғамдық жұмыстарына белсене қатысты. Оның өмірлік ұстанымы ерекше болатын. Ол жастайынан спортты серік етіп, қыста шаңғы тепсе, жазда суда жүзгенді ұнатты. Волейбол, баскетбол ойнауға ынтызар болса, үстел теннисі оның сүйікті ісіне айналды.

Біз спортшы болар деп үміттеніп жүрген сыныптасымыз мектепті аяқтағасын қаладағы медициналық училищені бітіріп, Жәнібектегі ауруханада екі жыл жұмыс жасады. Басты арманы, алға қойған мақсаты дәрігер болу үшін Қарағанды медициналық институтының емдеу ісі факультетіне түсіп, дәрігер-хирург дипломын алып шықты. Теміртау қаласына жол-дамамен келіп, осында 19 жыл өз мамандығы бойынша жұмыс жасады.

Роза институтта оқып жүрген жылдары ауылға каникулға келген кезінде Саратовта ин-ститутта оқып жүрген Болат-пен танысып, осы таныстық сыйластыққа, кейін сыйластық махаббатқа ұласып, 1976 жылдың тамыз айында қол ұстасып үлкен өмірге жол тартқан.

Сөйтіп, Шайхымеден атамыз бен Қалима анамыз, Сабыр атамыз бен Биғайша анамыз құдай қосқан құдалар болды. Бұлар жәй құда болған жоқ, сыйласқан, сырласқан, елі сыйлаған, аузында жастарға тәлім-тәрбие беретін, айтатын сөзі бар, көргені, түйгені көп құдалар саналды.

Үйленгеннен кейін Болат Қарағандыдағы жоғары ми-лиция мектебінде оқытушы-инструктор, кейін Кар-

меткомбинатта зауыттың конструкторлық бюросында инженер-конструктор болып жұмыс жасаған.

Жастары елуге аяқ басқанда Қарағанды өңірінде 25 жыл тұрып, Теміртауда 19 жыл дәрігер болып жұмыс жасағаннан кейін Болат пен Роза елге оралу мәселесін дастархан басында жиі-жиі әңгімелейтін болды. Осы бір сезім оларды алға же-телеп Болаттың жас кезі-нен бірге сыйласқан досы, Оралда тұратын педагогика ғылымдарының докторы, про-фессор Махамбет Ержанұлымен хабарласқанда «елге келіңдер, көмегіміз аяусыз» деген жақсы сөзді естіп қанаттанды. Олар 1995 жылы екі қыздары Сал-танат пен Әселді жетектеп, Оралға қоныс аударды. Роза Сабырқызы Орал қаласындағы облыстық ауруханада бөлімше меңгерушісі, Болат Шайхымеденұлы қаладағы механикалық зауытта, «Оме-га» зауытында инженер болып жұмыс жасады.

Сыныптас құрбымызбен бір сырласқанда «Болатымнан ерте айырылып, опынып қалғаным болмаса, оған екі дүниеде де өкпем жоқ. Әлпештеп өткен бақытты жар болдым, бақытты ана болдым, енді міне немере-лер сүйген әже болдым», – деп еске алды.

Жанұя Салтанат пен Әсел есімді екі қыз өсірді, жоғары білім алуларына ықпал етті. Бұл күндері екеуі екі үлкен отауға келін болып, үбірлі-шүбірлі кішкентай немерелері-мен әжесін қуантуда. «Бар арманым осы екі қос қанатыма, одан өрбіген немерелерге қамқоршы болсам» дейді әжесі. Құда-құдағилары Өтемұрат пен Бақытжамал, Ғани мен Сәуле де құдағиына жанашыр болып, әркез қасынан табылуда.

Роза Сабырқызы қаладағы №4, №5 емханаларда дәрігер болып жұмыс жасай жүріп, Оралдағы «Қазмұнайгаз» ме-кемесі жүйесінде де дәрігерлік қызметті қоса атқарды. Осы салада үстел теннисінен өткізілген республикалық жарысқа қатысып, 62 жасында жүлделі үшінші орынды жеңіп алып, мойнына қола медаль тағып, «Чемпион әже!» атанды.

Ақиық ақын Қадыр Мыр-за Әлі ағамыз «Адам өз өмірін еңбектенуден бастап, еңбектенумен аяқтайды» деген екен. Біздің Роза құрбымыздың да өмірге деген құлшынысы сондай. Күнде ертемен тұратын ол жасын ешкімге бұлдамай, жұмысқа жеткенше асығады.

Ол оның жүрек әмірімен таңдаған мамандығына адалдығы. Алдына келіп отырған науқасқа көмектесуді Гиппократқа берген антыма беріктігім деп санайды.

– Дәрігерлік мамандық қателікті, енжарлықты, өктемдікті, еріншектік-ті, мамыражайлықты, жалқаулықты, қатыгездікті, жүрексіздікті, білімсіздікті кешірмейді. Жылма-жыл инс-титутты бітіріп келіп, дәрігер болып жұмыс жасап жүрген жастар көп. Олардың білімі болғанымен өмірлік тәжірибесі аздау екені күмәнсіз. Мен жастармен бірге жұмыс жа-сай жүріп, бай тәжірибеммен бөлісемін, – дейді Роза Сабырқызы.

Орал қаласында тұратын барлық сыныптас құрбылар, ағайын-тума, дос-жарандар басы ауырып, балтыры сызда-са телефонға жабысып Розаны іздейді, үйге кел деп өтініш жасайды. Ол да екі өкпесін қолына ұстап, не болып қалды деп, ентелеп жетеді. Жанашыр адамдарына емес, басқа адамдарға да осындай жақсылығын аямай жүреді. Сондықтан да оны біздің сүйікті дәрігер деп құрметтейміз. Шынында да солай. Ол жоғары санатты хирург-дәрігер. Осы салада елу жылдан астам уақыт еңбек етіп, оның қырық үш жылында хирург-дәрігер ретінде мыңнан астам адамға ота жасап, адам жанына ара-шашы болды.

Бұл күндері бірге оқыған сыныптас құрбыларымыз лек-легімен мерейлі 70 жасқа толып, бір-бірімізді құттықтап, тойлаудамыз. Осы өмір белесі Роза Сабырқызына да келіп жетті. Өмір-өзен жалғасып жа-тыр, уақыт-сынапта тоқтау да, дамыл да жоқ.

Қалиолла МұҚАНОВ, Орал қаласы

Жуырда аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ғ.Қараштың есімі мен еңбектерін есте қалдыру мақсатында өткізіліп келген аймақтық Ғ.Қараш оқулары биыл ауқымын кеңейтіп, облыстық деңгейге шықты.

Шара алаштың айбоз ұлы, Жәнібек жерінің төл пер-зенті, ақын, ойшыл, журна-лист Ғұмар Қараштың аудан орталығындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Бұдан әрі аудандық мәдениет үйінің фойесінде ақынның шығармашылығынан сыр шертер «Көрікті ойдың көркем бейнесі – Ғ.Қараш» атты кітап көрмесі тамашалан-ды.

Сахнаға аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдо-лов көтеріліп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ғұмар Қараш оқуларына Орал қаласы, Бөрлі, Жаңақала, Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарының мектеп оқушылары қатысты. Айта кету керек, байқауға облыстың барлық аудандары шақырылған болатын. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан кейбірі келе алмай қалды.

Шараның бірінші бөлімінде ақынның өлеңдері жатқа мәнерлеп оқылса, екінші бөлімінде жас ақындардың Ғ.Қарашқа арнап шығарған жыр жолдары мен поэмасына кезек берілді. Екі бөлім бөлек-бөлек бағаланды.

Сайыста 12 оқушы бақ сынады. Әділқазылар алқасының шешімімен мәнерлеп оқу бойынша Аль-

ғұмар Қараш оқулары

бина Жасқайратова бас жүлде (Жәнібек), бірінші, екінші, үшінші орындарды сәйкесінше Жанерке Ерменова (Бөрлі), Аймырза Абайұлы (Жаңақала) және Айлана Әлжапар (Орал) иемденді. «Жеңіске деген жігері үшін», «Жас талант», «Көрермен көзайымы», «Белсене қатысқаны үшін» аталымдарына тиісінше Ару-жан Сырым (Жәнібек), Саян Ерсайын (Орал), Дияр Дарын (Жәнібек), Аружан Насырова (Бөкей ордасы) ие болды.

Жас ақындар байқауының қорытындысы бойынша бас жүлде Жанерке Ерменоваға (Бөрлі), 1-орын Дильназ Дидарқызына (Жаңақала), 2-орын Еркежан Ғилымхановаға (Жаңақала) және 3-орын Ұлпан Сағынғалиеваға (Жәнібек) бұйырды. Сонымен қатар Бекнұр Есенболат (Бөкей ордасы) «Жас дарын», Саян Ерсайын (Орал) «Жас ақын» аталымдарына, Дияр Дарын мен Альбина Жасқайратова (екеуі де Жәнібек) «Белсене қатысқаны үшін» дипломы-на ие болды. Жүлделі орын алған оқушылар дипломдар-мен, бағалы сыйлықтармен, жетекшілері аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Жәнібек топырағы талай атақты тұлғаларды дүниеге әкелген киелі өлке. Бүгінгі жас ұрпақ шығармашылық қуаттарын ұлт мұратына бағыттап ғұмыр кешкен бірту-ар жерлестерді құрметтеуге міндетті. Ғұмар бабамыздың дүние талпынысынан сыр аулаған сұлу өлеңдерін мәнерлеп оқыған оқушылар мен жыр шумақтарын арнаған ақындар көңіл қуантты.

Гүлзара ТӨРЕҒАЛиЕВА

Газеттің келесі саны 25 желтоқсанда шығады.