1 ашык сабак домбыра куандык

5

Click here to load reader

  • Upload

    -
  • Category

    Internet

  • view

    30
  • download

    1

Transcript of 1 ашык сабак домбыра куандык

Page 1: 1 ашык сабак домбыра куандык

Қуандық МанаргүлАқтөбе қаласы

№1 Балалар музыка мектебі

Сабақтың тақырыбы: «Қазақты танытқан – домбыра»Сабақтың мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін өсіре отырып, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Мәдени, сауатты, қазақтың домбыра аспабын құрметтейтін, қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу. Және де домбыра аспабы қазақтың музыкасын әлемге мойындатқанын түсіндіру. Міндеттері:

1. Білімділік: Қазақтың ұлттық аспабы домбыра әлемдік деңгейде көтерілгені туралы қысқаша мәлімет беру;

2. Дамытушылық: Оқушылардың домбыра аспабында күйлерді, шығармаларды замнауи және де ДЭККО жанрын тыңдау барысында дамыту;

3. Тәрбиелік:Келешек ұрпақты ұлттық аспабымыз домбыраны мақтаныш тұтуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: оқулықтар, фотосуреттер, интерактивті тақта.Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, тыңдау.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

- Амандасу; - Домбыра аспабын шетелге танытқан күйшілермен таныстыру; - ДЭККО жанрын түсіндіру; - Бекіту сұрақтары; - Қорытынды.

ІІ. Негізгі бөлім Қазақты танытқан домбыра аспабы. Және де домбыра аспабын әлемдік деңгейге жеткізген ұлттық өнеріміздің мақтаныштары Нұрғиса, Әзидолла, Қаршығадай ағаларымызды, бертін келе Асылбек Еңсеповтің ДЭККО жанрын оқушыларға түсіндіру. Бүгінгі таңда

Page 2: 1 ашык сабак домбыра куандык

еліміздің өнерін әлемдік деңгейде паш етіп жүрген Қазақстандағы жалғыз топ «Ұлытау» тобы туралы мәлімет беру.

1) Қазақстанды шет елге танытқан күйшілеріміздің бірі – Нұрғиса Тілендиев атамыз. Қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан, тек қана өзіне тән профессионализмді қалыптастыра алған күйшілердің бірі. Халық қаһарманы белгісі – «Алтын Жұлдыз». Осындай атаққа қазақ халқының ұлттық музыка өнерін дамытуда еткен еңбегі үшін сазгер Нұрғиса атамыз ие болды. Осы уақытқа дейін дүниенің 20-дан аса елінде болып, өнерімізді паш еткен. Шет елге танымал болған атамыздың күйлерінің бірі – «Әлқисса».

Қойшыбек Темірлан және Оралов Даниярдың орындауында – Н.Тілендиев «Әлқисса». 2) Тағы да бір шет елді таң қалдырып, таңдай қақтырып кеткен күйшілеріміздің бірі Қаршыға атамыз. Қаршыға атамыздың репертуарында Отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ шетел композиторларының шығрмалары бар. Қаршыға Ахмедияров гострольдік сапармен АҚШ, Франция, Италия, Үндістан т.б. көптеген елдерде болған. 1981 жылы АҚШ-қа барып күй тартқанда, американдықтар қазақтың Қаршығасын сахнадан жібермей, тұрып алған деседі. Қаршыға атамыз дүние жүзінің көптеген елдерінде болып, қазақтың қара домбырасын әсем сазын танытты.

Оралов Даниярдың орындауында- Қ.Ахмедияров «Алтын ұя».3) Еліміздің мәдениеті мен өнерін әлемге танытуға үлес қосқан

күйшілеріміздің бірі – Әзидолла Есқалиев. Ол атамыз тек күйді ойнап қана қоймай, әлемдік ауқымдағы сазгерлердің, мысалы, Моцарттың, Чайковскийдің, Шуберттің күрделі классикалық шығармаларын шебер меңгерген. Шет елдерде Моцарттың «Рондосын» ойнаған кезде, сахнадағы көрермендер таң қалып, таңдайларын қаққан екен. Осындай екі ішекті аспаппен классикалық шығармаларды ойнауға болатынын Әзидолла атамыз дәлелдеп берген.

Қойшыбек Темірланның орындауында - Моцарт «Рондо».4) Қазіргі таңда домбыраны заманауи өңдеудің тәсілі арқылы

әлемдік деңгейге көтеріп, үлесін қосып жүрген күйшілеріміздің бірі – Асылбек Еңсепов. Домбыра-электроника, компьютер, орындаушыдан

Page 3: 1 ашык сабак домбыра куандык

тұратын (ДЭККО) жанрын ойлап тапқан домбырашылардың бірі. Осы ДЭККО жанрында ойналып жүрген күйлерінің бірі – «Детство».

Оралов Даниярдың орындауында – А.Еңсепов «Детство». 5) Қазіргі заманымызда осы ДЭККО жанрында күй орындап

жүрген топтың бірі – «Ұлытау» тобы. Қазақстандық аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. Осы топтың мақсаты – қазақтың қара домбырасы мен күйлерін әлем халықтарына таныту еді. Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған топ небәрі 5-6 жылда үлкен нәтижелерге қол жеткізген. 2001 жылы Голливудта өткен бүкіл әлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында «Бас жүлдені» жеңіп алды. Бұл топтың мақсаты – қазақ күйлерін жаңаша үлгімен насихаттау. Олар алғаш «Гран-Приді» алып келгенде, Құрманғазының «Адайы» деген екен.

Құрманғазының «Адай» күйі орындалады. ІІІ. Сабақты бекіту. «Сұрақ-жауап»

- Бүгін біз қандай күйшілер туралы қосымша мәлімет алдық? - ДЭККО жанрын қалай түсінесіз?- ДЭККО жанрын кім ойлап тапқан?

ІV. Қорытынды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға, сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар!

Page 4: 1 ашык сабак домбыра куандык