ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс...

12
№28 (29259) 9 АҚПАН, ЖҰМА 2018 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ КОММЕРЦИЯЛЫҚ КИНОНЫҢ «ДҮМПУІ» 9-бет Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ «БЕШБАРМАҚ» СӨЗІ ҺӘМ ГОЛОЩЕКИННІҢ САЙҚЫМАЗАҒЫ 6-бет Сайраш БІШҚЫЗЫ EUR/KZT 401.9 USD/KZT 324.06 RUB/KZT 5.68 CNY/KZT 51.66 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан» Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, аудандағы жеке тұрғын үйлер мен басқа да құрылыс нысандары дін аман. Су тек ауылшаруашылық мақсатындағы жерге жайылыпты. 80 адам мен экскаватор, бульдозер, КамАЗ сынды 16 техника жұмылдырылып, су бұзып кеткен жер- лерге топырақ үйіліп жатыр. Көктемгі су тасқыны еліміздегі біраз аймақтар үшін сын сағат сана- латыны жасырын емес. Табиғаттың дүлей мінезін ауыздықтау қиын екені, кей жағдайда оған қарсы тұру тіпті де мүмкін емес екендігі түсінікті. Алайда «Сақтансаң – сақтайды» де- ген қағиданы ұстанбауға тағы бол- майды. Қол қусырып қарап отырудың, самарқаулық танытудың ақыры қалай аяқталатынын бұған дейінгі апат- тар, қайғылы оқиғалар талай мəрте дəлелдеген. Өткен жылдың өзінде есірген Елек өзені Ақтөбені əбігерге салып, жүздеген тұрғын үйдің су ба- сып қалғаны, мыңға тарта адам қауіпсіз жерге көшірілгені мəлім. Айта берсек, мұндай мысалдарды тізе беруге болады. Жалпы, ақпан орталанбай жатып қалыптасқан Сырдария ауданында болған жағдай төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдарға алдын ала жасалған ескерту деп қабылдаған дұрыс сыңайлы. Тасқыннан төнетін қауіптің өтінен қашықтау жатыр деген Астананың өзінде дайындық жұмыстары қазірден бастап қызуда. Елорда əкім- дігінің аппараттық жиыны тасқын суға əзірлік жұмыстарының кешенді жоспа- рын таныстырудан басталғаны осыны көрсетеді. Осы жиында айтылғандай, төтенше жағдайлар туындауы мүмкін деген «Көктал» тұрғын алабында жаяу жүргіншілер көпірі наурыздың орта- сына дейін жөндеуден өткізілетін бол- ды. «Қазгидрометпен» бірлесе отырып жауын-шашынның мөлшеріне, судың көтерілу мүмкіндігіне болжам жаса- лып, Мойылды өзені мен Есілдің жо- ғары жағында артық суды бұру жолдары қарастырылған. Қыс басталғалы қарқын- ды жүріп жатқан қар шығару жұмыстары күшейтіліп, əсіресе əлеуметтік маңызы бар нысандардың маңайын ертерек тазалауға баса мəн берілетін болды. Қала əкімі қарамағындағы басқарма басшыла- рына тасқын суға қатысты бұрын болған қателіктерді қайталамау туралы ескертті. Жалпы, көктем сайын еліміздің бірнеше облысында қайталанатын бір көрініс бар. Ол – арнасынан асқан өзен, су астында қалған елді мекендер, тікұшаққа мініп су басқан жерге бар- ған, халықтың арасында жүрген шенеу- ніктер... «Табиғаттың тосын мінезі» де- ген тіркестің «тізесін шығарып» ақтала берудің де жөні жоқ. Тосын мінез дейтін емес, көктемде өзен-көлдердің ырыққа көнбей кететіні, тоғандардың толаты- ны бұрыннан белгілі. «Қазгидромет» те ауа райы күрт жылуы мүмкін екендігін, қардың қалың немесе жұқа түскенін күні бұрын ескертіп жатады. Тасқын судан жиі зардап шегетін об- лыстардың қатарында Ақмола, Қараған- ды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақ- стан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары, басқа да аймақтар бар. Өткеннен сабақ алып, тасқынға тосқын қойыла ма? Бүгінгі санымызда осы мəселені зерде- леп, өңірлердің дайындығы туралы «Еге- меннің» тілшілері жіберген материалдар- ды ұсынып отырмыз. (Тақырыптың жалғасын 2-беттен оқисыздар) САҚТАНСАҢ – САҚТАЙДЫ ТУҒАН ЖЕР 7-бет ҚОҒАМ 6-бет ПРОКУРОР МАЛ БАҒЫП ЖҮР «АҚБАҚАЙ» ҚАЛАЙ АШЫЛДЫ? РУХАНИЯТ 9-бет «СТАЛИННІҢ ӨЛІМІ» НЕГЕ ТАЛАС ТУҒЫЗДЫ? Қар суы қапыда қалдырмасын десек... ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен зербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы 2017 жылғы 3 сəуірде Бакуде жасалған Қазақ- стан Республикасының Үкіметі мен Əзербай- жан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2018 жылғы 7 ақпан № 139-VI ҚРЗ АЛАҢДАТАРЛЫҚ АХУАЛ Қарағандыға сырттан көмір тасығаны несі?! Қайрат БІЛДА, «Егемен Қазақстан» Болат департаментінің 2017 жылғы жұмыс қоры- тындылары мен үстіміздегі жылға жоспары туралы ақпарат таратқан «АМТ» АҚ-тың баспасөз қызметі компанияның ресейлік «Рас- падская угольная компания» ЖШБ-ден (Кемер облысы- ның Новокузнецк қаласы) кө- мір концентратын сатып алу себебі туралы түсінік берді. Түсінгеніміз, Қарағанды металлургия комбинатының кокс-химия өндірісі былтыр жыл бойы қажетті көмір- ден тапшылық көрген. Ком- панияның мəлімдеуінше, жалпы көлемі 250 мың тонна көмір жəне 50 мың тонна кон- центрат жетіспей қалыпты. Əсіресе желтоқсан айында кокс батареялары шикізат тапшылығы салдарынан төмен өлшемдермен жұмыс істеуге мəжбүр болған. Ком- панияға сондықтан сырт- тан көмір сатып алуға тура келген-мыс. – 23 желтоқсанда кокс- тауға біздің компания «Распадская» угольная ком- пания» ЖШБ-ден сатып алған «Ж» жəне «ГЖ» маркалы көмір концентраты жеткізілді. Тəжірибе көрсеткендей, ресейлік кон центраттың сапасы металлургия комбина- ты Қарағанды шахталары- нан алатын өнімнің сапасы- нан анағұрлым жоғары жəне кокстауға қойылатын бар- лық талаптарға сай. 10-15% көлемінде сатып алынған «Ж» жəне «ГЖ» маркалы көмір концентраты кокс са- пасын арттыруға мүмкіндік беріп, өндіріске оң ықпалын тигізуде, – деп хабарлады баспасөз қызметі. Сөйтіп Кемер облысы- ның кəсіпорнымен орна- тылған уақытша əріптестік ұзақ мерзімге ұласатын сыңайлы. Мұны компания- ның өзі де жоққа шығарып отырған жоқ. Бұл орайда қарағандылықтар, əсіресе кеншілер қауымы көмір кон- центратын сырттан сатып алу жалғаса берсе, шахта- лар жабылып қалмай ма деп алаңдаулы. Қарағандыда «Комбинат қожайыны көмір өндіруші кəсіпорындардан құтылуға бейіл екен» деген қауесет тарағаны да рас. Қарағанды облыстық өнеркəсіп жəне индустрия- лық-инновациялық даму басқармасының мəліметіне жүгінсек, былтыр метал- лургия комбинатына 2646,6 мың тонна кокс өндіру үшін Қарағанды көмір бассейні- нен 3900000 тонна көмір, «Восточная» орталық байыту фабрикасынан 1800000 тон- на концентрат жеткізілген. Биылғы жылдың жоспарына сəйкес, кокс-химия өндірісіне жергілікті шахталар мен ба- йыту фабрикасынан 4105000 тонна көмір жəне 1735000 тонна концентрат қажет. Соңғы желтоқсан мен қаң- тар айларының аралығын- да «АрселорМиттал Темір- тау» АҚ-қа сырттан сатып алған 40000 тонна, яғ ни жалпы көлемнің 10-15 %-ы мөлшеріндегі көмір кон- центраты жеткізілді. Ресей өнімінің сапасы темір жол тасымалына кететін шы- ғынды да ақтайтын көрінеді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмірінің өзіндік құны ашық əдіспен өндірілетін көмірдікінен жоғары. Оның нақты мөлшерін анықтай алмасақ та, шамамен əр тон- насы 15-20 мың теңге деп болжауға болады. «Распадск» көмір компаниясының прейскурантына сəйкес, «ГЖ» маркалы концентраттың əр тоннасы 7200-8200 рубль, «Ж» маркалы концентраттың əр тоннасы 9750-12700 рубль тұрады жəне бұл жерде қосым- ша құн салығы мен темір жол тарифі есепке алынбаған. Жеткізушінің сауда сая- сатына сəйкес, бұл – ұзақ мерзімді əріптестік (кемінде екі жылға келісімшарт) жəне айына кемінде 100 мың тон- на көмір сатып алу шартымен белгіленген бағаның түрі. Көлем бойынша жаса- латын жеңілдік қосымша құн салығын есептемеген- де əр тоннасына 100 рубль- ден ғана. Айналып келген- де, ең арзан деген ресейлік концентрат қарағандылық өнімнен кем дегенде екі есеге қымбатқа түседі екен. (Соңы 5-бетте) –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– ткен жылдың соңында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатының қажеттіліктері үшін Ре- сейден кмір концентратын сатып алады деген ақпарат тараған болатын. Жер-жаһанға әйгілі кмір бассейнінің үстінде отырып, бұл қалай болғаны деген сұрақ зінен- зі туындайды. Кезінде бір комбинат түгіл, күллі Кеңес Одағының қажетін теген Қарағанды кмірі түгесілуге айналғаны ма?! –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Қазақстанның басым блігінде қасат қардың кбесі сгілмей жатса, кей ңірлерде бұзылған бгет, тасыған су туралы дабыл қағыла бастады. Мәселен таяуда ғана арнасынан асқан Сырдария бгетті бірнеше жерден бұзып тіп, қызыл су 2 300 гектар жерді басып қалғаны туралы хабарланды. Сйтіп Қызылорда облысының Сырдария ауданында ттенше жағдай жарияланды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– немесе есім қоюда ескерер дүние көп

Transcript of ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс...

Page 1: ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс басталғалы қар қын- ... жылға жоспары туралы ақпарат

№28 (29259) 9 АҚПАН, ЖҰМА 2018 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ КИНОНЫҢ «ДҮМПУІ»

9-бет

НәзираРАХМАНҚЫЗЫ

«БЕШБАРМАҚ» СӨЗІ ҺӘМ ГОЛОЩЕКИННІҢ САЙҚЫМАЗАҒЫ

6-бет

Сайраш �БІШҚЫЗЫ

EUR/KZT 401.9 USD/KZT 324.06 RUB/KZT 5.68 CNY/KZT 51.66ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, аудандағы жеке тұрғын үйлер мен басқа да құрылыс нысандары дін аман. Су тек ауылшаруашылық мақсатындағы жерге жайылыпты. 80 адам мен экскаватор, бульдозер, КамАЗ сынды 16 техника жұмылдырылып, су бұзып кеткен жер-лерге топырақ үйіліп жатыр.

Көктемгі су тасқыны еліміздегі біраз аймақтар үшін сын сағат сана-латыны жасырын емес. Табиғаттың дүлей мінезін ауыздықтау қиын екені, кей жағдайда оған қарсы тұру тіпті де мүмкін емес екендігі түсінікті. Алайда «Сақтансаң – сақтайды» де-ген қағиданы ұстанбауға тағы бол-майды. Қол қусырып қарап отырудың, самарқаулық танытудың ақыры қалай аяқталатынын бұған дейінгі апат-тар, қайғылы оқиғалар талай мəрте дəлелдеген. Өткен жылдың өзінде есірген Елек өзені Ақтөбені əбігерге салып, жүздеген тұрғын үйдің су ба-сып қалғаны, мыңға тарта адам қауіпсіз жерге көшірілгені мəлім. Айта берсек, мұндай мысалдарды тізе беруге болады.

Жалпы, ақпан орталанбай жатып қалыптасқан Сырдария ауданында болған

жағдай төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдарға алдын ала жасалған ескерту деп қабылдаған дұрыс сыңайлы. Тасқыннан төнетін қауіптің өтінен қашықтау жатыр деген Астананың өзінде дайындық жұмыс тары қазірден бастап қызуда. Елорда əкім-дігінің аппараттық жиыны тасқын суға əзірлік жұмыстарының кешенді жоспа-рын таныстырудан басталғаны осыны көрсетеді. Осы жиында айтылғандай, төтенше жағдайлар туындауы мүм кін деген «Көктал» тұрғын алабында жаяу жүргіншілер көпірі наурыздың орта-сына дейін жөндеуден өткізілетін бол-ды. «Қазгидрометпен» бірлесе отырып жауын-шашынның мөлшеріне, су дың көтерілу мүмкіндігіне болжам жаса-лып, Мойылды өзені мен Есілдің жо-ғары жағында артық суды бұру жолдары қарастырылған. Қыс басталғалы қар қын-ды жүріп жатқан қар шығару жұмыстары күшейтіліп, əсіресе əлеу меттік маңызы бар нысандар дың маңа йын ертерек тазалауға баса мəн бері летін болды. Қала əкімі қарама ғын дағы басқарма басшыла-рына тасқын суға қатысты бұрын болған қателіктерді қайталамау туралы ескертті.

Жалпы, көктем сайын еліміздің бір неше облысында қайталанатын бір көрініс бар. Ол – арнасынан асқан өзен, су астында қалған елді мекендер,

тікұшаққа мініп су басқан жерге бар-ған, халықтың арасында жүрген шенеу-ніктер... «Табиғаттың тосын мінезі» де-ген тіркестің «тізесін шығарып» ақтала берудің де жөні жоқ. Тосын мінез дейтін емес, көктемде өзен-көлдердің ырыққа көнбей кететіні, тоғандардың толаты-ны бұрыннан белгілі. «Қазгидромет» те

ауа райы күрт жылуы мүмкін екендігін, қардың қалың немесе жұқа түскенін күні бұрын ескертіп жатады.

Тасқын судан жиі зардап шегетін об-лыстардың қатарында Ақмола, Қараған-ды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақ-стан, Ақтөбе, Қызылорда облыс тары, ба сқа да аймақтар бар. Өткеннен сабақ

алып, тасқынға тосқын қойыла ма? Бүгінгі санымызда осы мəселені зерде-леп, өңір лердің дайындығы туралы «Еге-меннің» тілшілері жіберген материалдар-ды ұсынып отырмыз.

(Тақырыптың жалғасын 2-беттен оқисыздар)

САҚТАНСАҢ – САҚТАЙДЫ

ТУҒАН ЖЕР

7-бет

ҚОҒАМ

6-бет

ПРОКУРОР МАЛ БАҒЫП ЖҮР

«АҚБАҚАЙ» ҚАЛАЙ АШЫЛДЫ?

РУХАНИЯТ

9-бет

«СТАЛИННІҢ ӨЛІМІ» НЕГЕ ТАЛАС ТУҒЫЗДЫ?

Қар суы қапыда қалдырмасын десек...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен �зербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық

автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы

2017 жылғы 3 сəуірде Бакуде жасалған Қазақ-стан Республикасының Үкіметі мен Əзербай-жан Республикасының Үкіметі арасын дағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 7 ақпан№ 139-VI ҚРЗ

АЛАҢДАТАРЛЫҚ АХУАЛ

Қарағандыға сырттан көмір тасығаны несі?!

Қайрат �БІЛДА,«Егемен Қазақстан»

Болат департаментінің 2017 жылғы жұмыс қоры-тын дылары мен үстіміздегі жылға жоспары туралы ақпарат таратқан «АМТ» АҚ-тың баспасөз қызметі ком панияның ресейлік «Рас-падская угольная компания» ЖШБ-ден (Кемер облысы-ның Новокузнецк қаласы) кө-мір концентратын сатып алу себебі туралы түсінік берді. Тү сін геніміз, Қарағанды метал лургия комбинатының кокс-химия өндірісі былтыр жыл бойы қажетті көмір-ден тапшылық көрген. Ком-панияның мəлімдеуінше, жалпы көлемі 250 мың тонна көмір жəне 50 мың тонна кон-центрат жетіспей қалыпты. Əсіресе желтоқсан айында кокс батареялары шикізат тап шылығы салдарынан төмен өлшемдермен жұмыс іс теуге мəжбүр болған. Ком-па нияға сондықтан сырт-тан көмір сатып алуға тура келген-мыс.

– 23 желтоқсанда кокс-тауға б і зд ің компания «Распадская» угольная ком-пания» ЖШБ-ден сатып алған «Ж» жəне «ГЖ» маркалы көмір концентраты жеткізілді. Тəжірибе көрсеткендей, ресейлік кон цент раттың

сапасы метал лургия комбина-ты Қара ғанды шахталары-нан алатын өнімнің сапасы-нан анағұрлым жоғары жəне кокстауға қойылатын бар-лық талаптарға сай. 10-15% көле мінде сатып алынған «Ж» жəне «ГЖ» маркалы көмір кон центраты кокс са-пасын арттыруға мүмкіндік беріп, өндіріске оң ықпалын тигізуде, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сөйтіп Кемер облы сы-ның кəсіпорнымен ор на-тылған уақытша əріп тестік

ұзақ мерзімге ұла сатын сыңайлы. Мұны ком пания-ның өзі де жоққа шы ғарып отырған жоқ. Бұл орайда қарағандылықтар, əсіресе кеншілер қауымы көмір кон-центратын сырттан сатып алу жалғаса берсе, шахта-лар жабылып қал май ма деп алаңдаулы. Қара ғандыда «Комбинат қо жайыны көмір өндіруші кəсіп орындардан құтылуға бейіл екен» деген қауесет тар а ғаны да рас.

Қарағанды облыстық өнеркəсіп жəне индустрия-лық-иннова циялық даму басқармасының мəліметіне жүгінсек, былтыр метал-лургия комбинатына 2646,6 мың тонна кокс өндіру үшін Қарағанды көмір бассейні-нен 3900000 тонна көмір, «Восточная» орталық байыту фабрикасынан 1800000 тон-на концентрат жеткізілген.

Биылғы жылдың жоспарына сəйкес, кокс-химия өндірісіне жергілікті шахталар мен ба-йыту фабрикасынан 4105000 тонна көмір жəне 1735000 тонна концентрат қажет.

Соңғы желтоқсан мен қаң-тар айларының аралы ғын -да «АрселорМиттал Темір -тау» АҚ-қа сырттан са тып алған 40000 тонна, яғ ни жалпы көлемнің 10-15 %-ы мөлшеріндегі көмір кон-цент раты жеткізілді. Ресей өнімінің сапасы темір жол тасымалына кететін шы -ғынды да ақтайтын көрі неді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмірінің өзін дік құны ашық əдіспен өнді р і летін көмірдікінен жоғары. Оның нақты мөл шерін анықтай алмасақ та, шамамен əр тон-насы 15-20 мың теңге деп болжауға болады. «Распадск» к ө м і р к о м п а н и я с ы н ы ң

прейскурантына сəйкес, «ГЖ» маркалы концентраттың əр тоннасы 7200-8200 рубль, «Ж» маркалы концентраттың əр тоннасы 9750-12700 рубль тұрады жəне бұл жерде қосым-ша құн салығы мен темір жол тарифі есепке алынбаған.

Жеткізушінің сауда сая-сатына сəйкес, бұл – ұзақ мерзімді əріптестік (кемінде екі жылға келісімшарт) жəне айына кемінде 100 мың тон-на көмір сатып алу шартымен белгіленген бағаның түрі.

Көлем бойынша жаса-латын жеңілдік қосымша құн салығын есептемеген-де əр тоннасына 100 рубль-ден ғана. Айналып келген-де, ең арзан деген ресейлік концентрат қарағандылық өнімнен кем дегенде екі есеге қымбатқа түседі екен.

(Соңы 5-бетте)

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––�ткен жылдың соңын да «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлур гия комбинатының қа жеттіліктері үшін Ре-сей ден к�мір концентратын сатып алады де ген ақпарат тараған бо латын. Жер-жаһанға әйгілі к�мір бассейнінің үстінде отырып, бұл қа лай болғаны деген сұ рақ �зінен-�зі туындай ды. Кезінде бір комбинат түгіл, күллі Кеңес Ода ғы ның қажетін �теген Қара ғанды к�мірі түге сілуге айналғаны ма?!––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстанның басым б�лігінде қасат қардың к�бесі с�гілмей жатса, кей �ңірлерде бұзылған б�гет, тасыған су туралы дабыл қағыла бастады. Мәселен таяуда ғана арнасынан асқан Сырдария б�гетті бірнеше жерден бұзып �тіп, қызыл су 2 300 гектар жерді басып қалғаны туралы хабарланды. С�йтіп Қызылорда облысының Сырдария ауданында т�тенше жағдай жарияланды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

немесе есім қоюда ескерер дүние көп

Page 2: ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс басталғалы қар қын- ... жылға жоспары туралы ақпарат

2 9 АҚПАН 2018 ЖЫЛСАЯСАТ

Ақтөбеден – Темір ҚҰСАЙЫН:

Өткен жылдың көктемінде Ақтөбе аймағында тасқын су басады деген қауіп күтілмеген бола-тын. Тіпті жергілікті өкілетті органдар алдын ала осындай жорамалдар мен мәлімдемелер жасады да. Алайда аяқ астынан Ақтөбе қаласының маңындағы ауылдық округтер мен елді мекендер «тілсіз жаудың» қоршауында қалды. Арқырап ағатын өзендері мен айдын шалқар көлдері жоқ өңірде ойда жоқ жерде пайда болған тасқын су орасан зор зиян келтірді. Кейін белгілі болғандай табиғи апат қала іргесіндегі су қоймаларының мүмкіндіктерін алдын ала ескермегендіктен орын алған. Өткен жылдың осындай тосын оқиғасынан тиісті сабақ ала білген қалалық және облыстық атқарушы органдар биыл тасқын судың алдын алу үшін ертерек қам-қарекет жасай бастады.

Атап айтқанда, осы мақсатта арнайы комиссия құрылып, оның құрамы бекітілді. Комиссия мүшелері өз жұмыстарын «Казгидромет» орталығы маманда-рымен тығыз байланыс негізінде атқаруды көздеп отыр. Бұл жөнінде газет тілшісіне Ақтөбе қалалық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бекболат Нұрғалиев айтып берді. Оның мәлімдеуінше, көктемгі су тасқынына қарсы атқарылатын іс-шараға жергілікті бюджеттен 180 миллион теңге бөлінген. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар жоспарына сәйкес ақпан айының екінші жартысынан бастап каналдар-ды қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүргізілмек. Бұл іске арнайы бригадалар мен басқарушы ком-паниялар жұмылдырылмақ. Су тасқынына қарсы 5 мың тонна инертті материал және 2 мың дана құм толтырылған қапшық дайындау көзделген. Сонымен қатар уақытша құрылыстар орнатуға қажетті басқа да құрылыс материалдары әзірлену үстінде.

Көктемгі су тасқынына қарсы басты жұмыс-тардың бірі қала аумағын қардан тазарту бо-лып отыр. Өткен жылдың қараша айынан бас-тап бүгінгі күнге дейін 97 мың текше метр қар қалалық қоқыс полигоны және Ақжар-2 елді мекені ауданын да орналасқан арнайы қар полигондарына шығарылды. Сондай-ақ өткен жылы бюджеттен елу миллион теңге бөлініп, Сазды өзенінің арнасын кеңейту мен тереңдету және тазарту жұмыстары атқарылды. Бұдан бөлек су тасқынына қарсы 100-ден астам ассенизатор машинасы, 20 автоцистерна, 3 қозғалмалы насостық станса және басқа да тех-никалар жұмылдырылды.

Бүгінгі күні Ақтөбе қалалық және ауылдық округтерінде су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті іс-шаралар жоспары белгіленіп, соған сәйкес қажетті жұмыстар қолға алынған.

* * * Ақмоладан – Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ:

– Былтыр көктемде қарғын судың тасуы салда-рынан Ақмола облысының көптеген елді мекендерін су басып қалған еді. Онсыз да дотациялы саналатын өңір экономикасы үшін бұл ауыр соққы болып ти-ген. Жағдайдың қайталанбауы үшін биыл жергілікті билік нақты шаралар қабылдап жатыр. Көктем жақындаған сайын төтенше жағдайлар қызметі ширақ қимылға көшті.

7 ақпаннан бастап облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ІІБ ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесе отырып, Көкшетау қаласы мен оның айналасын-да орналасқан Красный яр, Қызыл жұлдыз және Станционный ауылдарындағы су басуы мүмкін жерлерді аралап көрді. Тұрғындарға аулаларын қардан қалай тазалауға болатыны және су басқан жағдайда не істеулері керектігі көрсетілген жа-дынамалар табысталды. Әсіресе Атбасар ауданы көктемгі су тасқынына ұрынатын өңірдің бірі са-налады. Су басуы мүмкін деген оннан астам елді мекен бар. Сондықтан да қазірден арналар аршы-лып, артық су бірден шығарып отыруға жағдай жасалуда. Жалпы, бұл Атбасар ғана емес, барлық аудандарға да қатысты көктемгі қарғын судың алдын алу іс-шаралары. Былтырғы жағдайдан кейін өңір басшысы бұл мәселені өз бақылауына алып, нақты тапсырмалар берген болатын. Алдағы көктем сол тапсырмалардың қаншалықты сапалы атқарылғандығын көрсетпек.

* * * Қарағандыдан – Қайрат ӘБІЛДА:

Қарағанды облысының Ғ.Мұстафин атындағы кентінде көктемгі су тасқынына дайындық бары-сын талқылаған көшпелі жиын өтті. Облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа қарғын судан келуі мүмкін қауіп-қатер мен зардаптардың алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынып жатқандығы туралы айтып берді.

Биыл облыста көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына бюджеттен 2 млрд 250 млн теңге қарас-тырылыпты. Бұл қаражат су тасу қаупі бар өзен дерді тазартуға, олардың арналарын түзеуге және басқа да қажетті жұмыстарды атқаруға жұмсалмақ.

Қазіргі таңда қарғын су қаупі мейлінше төнген елді мекендер маңында 25 шақырым топырақ жалы тұрғызылған. Жол картасы аясында қарастырыл-ған бұл жұмыстар Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра аудандарындағы 6 ауыл мен кентте іске асты. Бұдан бөлек, қосымша бөгеттер 7 елді мекенде жол карта-сынан тыс салынды.

Жиында облыс әкімінің орынбасары синоп-тиктердің алдын ала болжамдарына қатысты пікір білдірді. «Әзірге «Қазгидрометтің» мәліметтері бойынша болжамдар көңіл көншітеді. Дегенмен қауіпті жағдайларға сақадай сай болуымыз керек. Дәл қазіргі кездегі ең басты міндеттердің бірі – су өткізу құбырларын тазарту», деді А.Шкарупа.

Қарағанды облысында 262 гидротехникалық құрылыс бақылауға алынған. Олардың барлығы қауіптілік деңгейі бойынша сараланған. А.Шкарупа атышулы Көкпекті су бөгеті туралы да еске салды. Нысан сәл зақымданған екен. Бірақ одан келер қауіп жоқ деп отыр мамандар. Қазіргі уақытта су қой-масы толығымен транзиттік режімде жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ су қоры бар гидротехникалық құры-лыстар да ерекше назарда болады.

Алдағы уақытта республикалық бағдарлама бойынша Қарағанды облысында қосымша 4 су қоймасының құрылысы жобаланған. Көктемгі су тасқынын бөгеуге тиіс бұл нысандардың екеуі Қар-қаралы ауданында және екеуі Осакаров пен Бұқар жырау аудандарында салынбақшы.

* * * Қызылордадан – Ержан БАЙТІЛЕС:

Қаңтардың соңындағы қытымыр аяз бен долы бораннан соң күн райы күрт жылып, жұртшылықтың арқа-басы кеңіп қалғанымен, бұл жағдай дариядағы мұзды ерітіп, қыстың көзі қырауда Сыр өзенінің тасу қаупін туғызды. Мұз еріп, ол өзеннің алдын бөгеп, Сырдарияның арнасы кемеріне толды. Дария бойының кейбір аймақтарында төтенше жағдай жа-рияланып, дүрлігісіп қалдық.

Дегенмен дер кезінде қолға алынған жүйелі жұмыстың арқасында қауіптің беті қайтты. «Облыс аумағында су тасқыны қаупі жоқ, тасқынға қарсы күрес жағдайы қатаң бақылануда», дейді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.

Басқарманың мәліметі бойынша, 2018 жылдың 7 ақпанына Қызылорда облысының аумағына секун-дына 345 текше метр су келіп, Қызылорда су тора-бынан төмен қарай секундына 320 текше метр су жіберіліп отырған. Солтүстік аудандарда Сырдария өзені бетінде толықтай мұз қатса, оңтүстік аудан-дарда мұз қату процесі әлі жүріп жатыр. Мұздың қалыңдығы 20-60 сантиметр айналасында.

– «2018 жылдың 29 қаңтарында Сырдария ауда-ны, Қалжан Ахун ауылының оңтүстік-батыс аума-ғында орналасқан «Әсет» учаскесінің қорғаныс бөгеті іспеттес «Ала сиыр» каналы бұзылып, осының салдарынан ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жата-тын жер лерге су жайылды. Су жайылуға мұз астынан қалың дығы 2-2,5 метр болатын шұғаның жүруінен кеп телістер қалыптасып, өзен деңгейінің күрт жоға-рылауы себеп болған. Қазіргі таңда қорғаныс бөгет-терін нығайту шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл жұ-мыстарға 2 мердігер мекемеден 16 бірлік техника мен 60 адам жұмылдырылды. Аталған жағдайға бай-ланысты Сырдария ауданы әкімдігі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады», деді С.Сермағамбетов.

Ал Қызылорда қаласы мен аймақтағы өзге де елді мекендерде су басу қаупі жоқ. Жалпы облыс бойынша жағдай қатаң бақылауда тұр.

* * * Петропавлдан – Өмір ЕСҚАЛИ:

– Өңір жұртшылығы былтырғы су тасқынының зардаптарын әлі ұмыта қойған жоқ. Шамадан көп жауған қардың күрт еруі салдарынан жүздеген бас пана жарамсыз болып қалып, бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Бұрындары облыс орталығы іргесінде орналасқан Тепличное елді мекенінің шеткі көшелерінен ғана қызыл су жүріп өтсе, өткен жылы 230 үйдің 72-ін шайып кет-кен. Биыл осы жағдай тағы қайталанса, жағдайымыз қиындап кете ме деген қауіп ауыл тұрғындарын қатты алаңдатып отыр. Жайшылықта жыламсырап ағатын Шарық және Жембарақ өзендері де алабөтен мінез танытып, арнасына сыймай аққан су Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Рузаев ауылын әбігерге салған. Көкшетау бағытындағы республикалық маңыздағы тас жол опырылып, мал шығыны тіркелген. Сақтық шаралары алдын ала ойластырылып, кешенді түрде жүргізілсе, кез келген қауіпті еңсеруге болатынын құтқарушылар өз тәжірибелерінен жақсы біледі. Сол

себепті сақадай сай дайындық жұмыстарына білек сыбана кірісіп кеткен.

Облыс басшысы Құмар Ақсақалов төрағалық еткен әкімдік отырысында айтып келмес және за-лалы орасан көктемгі су тасқынының алдын алу жайы қаралып, тиісті орындарға бірқатар міндеттер жүктелді. Былтыр бұл бағытқа 3,4 миллиард теңге жұмсалса, биыл да қаражат жеткілікті. Жылда қарғын судан көз ашпайтын Былғары зауыты шағын ауданы тұрғындарының енді еш алаңдамауына бо-лады. Мұнда Үкіметтен қарастырылған 3,1 мил-лиард теңгеге ұзындығы 3,1 шақырым, биіктігі 4 метрге жетеғабыл бөген тұрғызылып, адамдардың қауіпсіз тіршілігі қамтамасыз етілді. 50-ден астам іс-шара атқарылып, жолдар мен көпірлердің беріктігі тексерілді. 57 елді мекеннің су басу ықтималдығы жоғары аймақтарда орналасқаны, оларда 100 мыңға жуық адам тұратыны ескеріліп, әзірленген жол кар-тасы шеңберінде алдағы үш жылда 7,8 миллиард теңге бағытталатын болады. Ауыл маңдарын жан-жақтан бөгеттермен қоршау, жол астына құбырлар тарту, суағарларды тазалап, қалпына келтіру, инертті материалдар мен техникалардың, адам күшінің жетімділігі мәселелерін де назардан тыс қалдырмау атап көрсетілді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент ма-мандары биыл қардың нормадан аз жаууы салдары-нан жердің қабаты 60 сантиметрден 120 сантиметрге дейін тоң болып қатып қалғанын айтып отыр. Көктем ерте келіп, күн күрт жылитын болса, су тасқынын ауыздықтау оңайға соқпайтын түрі бар.

* * * Өскеменнен – Азамат ҚАСЫМ:

– Қыр астында көкөзек көктем. Көктеммен бірге су басу, өзен тасу секілді табиғаттың айтып кел-мей тін апаттарының да ере келетіні белгілі. Был-тырғы қыс шығыста қарашада төпелеген қалың қар мен басталып, сәуір мен мамырда Глубокое мен Бесқарағай аудандарының тұрғындарын қайық қа отырғызғанымен есте қалғаны бар. Биыл кері сінше, өңір жұртшылығы қарға зар болып отыр. «Қазгидрометтің» облыстық филиалының 1 ақпандағы мәліметтеріне сүйенсек, өңірдегі қардың қалыңдығы бар-жоғы 25 сантиметрді құрапты. Бұл – жылдағы нормадан 1,5-2 есеге төмен. Өзендердегі су деңгейі де әзірге төмен. Алайда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары биыл аймақта қар жұқа болғанымен жерде 40-тан 150 сантимерге дейін тоң жатқанын, былтырғы жылмен салыстырғанда оның 7 есе қалың екендігін айтады. – Облыстағы 51 мың тұр ғыны бар 85 елді мекенді су басу қаупі бар. Осы ретте департамент тасқынның алдын алудың жос -парын әзірледі. Қазіргі уақытта департаментте жеке құрамның 1032 адамы, 286 техника, 56 дана суға түсу құралдары, 58 мотопомпа көмек көрсетуге сақа-дай сай. Республикалық маңыздағы жолдар бойын-да шұғыл жағдайда медициналық көмек көрсету үшін 4 құтқару бекеті жұмыс істеп тұр. Аудандар мен қалалар да тасқынға тас түйін дайын. Жеке құрамның 4575 адамы, 2961 техника, 102 суға түсу құрылғылары, 85 мотопомпа кез келген сәтте жәрдем жасауға әзір, дейді департаменттің ескерту бөлімінің басшысы Алексей Штыкель.

САҚТАНСАҢ – САҚТАЙДЫ

Қар суы қапыда қалдырмасын десек...

Жолдыбай БАЗАР,«Егемен Қазақстан»

Бүгінде партиялық жаңғыру-дың нақты жоспары дайын. Бұл реформаның басты мақсаты – Қазақстанның экономикалық, сая-си және рухани жаңғыруына жан-жақты қолдау көрсетудің тиімді тетігін қалыптастыру.

Жиын барысында М.Әшімбаев Ел басы тапсырмасын жүзеге асыру-ды қамтамасыз ететін негізгі мін-дет терді атап өтті. Біріншіден, пар -тиялық кадрлардың бәсекеге қабі л-еттілігін арттыру мәселесіне ерек ше көңіл бөлінді. Соған орай ма ман -дардың біліктілігі толық тек серу-ден өткізілмек. Сондай-ақ пар т ия -лық білім беру ісі де жаңа жүйе ге көшірілмек. Алдағы уақытта «Нұр Отан» жастармен жұмысты одан әрі күшейтеді. Одан бөлек, жо ға-ры білікті басқарушы маман дар-ды даярлап, олардың ең бел сен-ді лері мен таланттыларын мем-ле кет тік органдарға ұсынатын бола ды. Екіншіден, партия тың баста ма лар мен идеялардың негізгі ұйыт қысы және жалпыұлттық күн

тәртібін қалыптастыруға қаты са-тын стратегиялық күш болуы тиіс. Нұротан дықтар елімізде бол ған кез кел ген өткір де өзекті мәсе лелерге бір ден назар аударып, олар д ың оң-тай лы шешілуіне бар күш-жігерін жұмсамақ.

– Біз жұмыс барысы мен оның тәсілін өзгертуіміз керек. Бюро-кратиялық келеңсіздіктер мен қағаз-бастылықты азайтып, креативті, пар-тия жұмысына тың серпін беретін жаңа әдістерге басымдық беруге тиіспіз. Тиімді әрі нақты нәтижелер үшін жұмыс істейтін ұйымдық, сая си және сараптамалық орталық-қа ай на луымыз керек. Сондай-ақ Елба сының креативті орталығы ретін де қалыптасып, жүйелі жұмыс жүр гізуге тиіспіз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Жаңғыру аясында ашық ақпарат-тық қоғам және цифрлы Қазақстан жағдайына байланысты партия өзінің медиа кеңістігінде жаңғыру, жаңару және бейімделу жұмыстарын жүргізеді. Интернет пен әлеуметтік желіге басымдық беріледі. Өйткені бұл – қазіргі заманның басты талабы. Сондай-ақ «Нұр Отан» стратегиялық

құжаттар дайындаумен айналыса-тын өзінің сараптамалық орта лығын нығайтып, қайта құрады.

Сонымен қатар партия Төраға-сының бірінші орынбасары бүгінде жүзеге асырылып жатқан барлық партиялық жобалардың өзектілігін сараптауды тапсырды. Соған орай шағын және орта бизнес пен инно-ва циялық дамуды қолдауға бағыт-талған жаңа жобалар қолға алын бақ. Республикалық қоғамдық қабыл дау бөлмесінің жұмысы да айтар лықтай жанданып, партияның ұзақ мерзімді Даму стратегиясы дайындалады.

М.Әшімбаев партиялық жаң ғы-ру ды жүзеге асыру кезінде Мем ле кет басшысының «партия – министр лік емес» деген сөзіне ерек ше мән беріп, оны естен шығар мау дың маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жаңғыруды толық жүзеге асыру үшін әр партия қызмет кері үнемі өзін өзі жетілдіріп, ізденіп, бұрынғы әдіс-тәсілдерді өзгерту керектігін айтты.

– «Нұр Отан» халық үшін мей-лінше ашық әрі қолжетімді болуы керек. Сондықтан еліміздің жарқын болашағы жолында біздер аянбай еңбек етуге тиіспіз, – деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Жиын барысында партия хат-шылары Ғабидолла Әбдірахымов, Фархад Қуанғанов және Қаныбек Жұмашев сөз алып, партиялық жаң ғырудың алғашқы нәтижелері туралы баяндады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,«Егемен Қазақстан»

Басқарма басшысының ай-туынша, денсаулық сақтау сала сын цифрландыру ең ал-ды мен қағазбастылықтан ары-лу ға көмектесіп, халыққа көр-сетілетін қызмет сапасын элек-тронды жүйе арқылы арттыру-ға септігін тигізбек. Жалпы биылдан бастап, ел аумағында электронды денсаулық па-спортын кезең-кезеңімен ен-гізу жоспарланғаны белгілі. Осы жылы Батыс Қазақ стан, Шығыс Қазақстан, Қара ған-ды мен Қостанай облыс тары-ның денсаулық ұйымдары іс-қағаздарын электронды фор матта жүргізе бастаса, ке ле сі жылдан бастап бір тін -деп жаңа электронды төл құ -жат қа көшеді. Бұл құ жатта емханаға қаралған әр нау-қастың сырқат тарихы мен тап-сырған анализдерінің қоры-тындысы, дәрігер тарапынан қойылған диагноздары мен қаралған ауруханаларының

тізімі енгізіледі. Электронды денсаулық төлқұжатымен танысқысы келген азаматтың өзі де электронды үкімет пор-талына тіркеліп, жеке паролі мен логині арқылы құжатты көре алады. Осылайша аста-налықтар 2019 жылдан бастап қағаз медициналық картадан біртіндеп бас тартатын бо-лады. «Пайдаланушылар дың элек тронды денсаулық пас-пор тындағы дербес дерек-тері па циенттің жеке кабинеті арқылы ұйымдастырылады. Меди цина лық ортақ дерекқор ретінде жасақ талған жүйеге дәрігерлер науқас тың жеке куәлігіндегі ЖСН арқылы кіріп, оның сырқат намасы мен таныса алады. Бұл денсау-лық сақтау саласының сапа-сын арттырып қана қой май, дәрігерлердің де жұмы сын жеңілдетеді. Аза маттар да қағаз карточкасын арқалап жүрмейді. Олар туралы дерек-тер сенімді әрі қауіпсіз сақ-талатын болады», дейді бас-қарма басшысы.

С о н д а й - а қ ж и ы н д а

астана лықтардың дәрігерлерге онлайн режімде жазылуы, халыққа арналған медициналық ұялы қосымшалардың пайда болуы да сөз болды. Келешекте әрбір елордалықтың ұялы телефонына денсаулығын қорғау, саламатты өмір сал-тын сақтауға қатысты хабар-ландырулар, ескертулер жол-данып, жұртшылыққа пайдалы жақсы жаңалықтардан хабар-дар етілмек.

Бұған қоса, елордада 2025 жылға қарай бірнеше ем-хана ашылатыны да белгілі бол ды. Соның ішінде халық көп шоғырланған Жағалау, Айнакөл, «Мәңгілік ел» қақ-пасы аудандарында жаңа ме ди ци на лық ұйымдар бой көтереді. К.Надыровтың айту-ынша, емханалар салу міндеті мем лекет-жекеменшік әріптес-тігі аясында инвесторларға ұсынылмақ. Қазір «Мәңгілік ел» қақпасы ауданында емха-на салуға ниет білдірген ин-вестор бар. Екіжақты келісім-дерден кейін құрылыс құны анықталмақ. Сонымен қатар Астанада мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында хоспис салу да жоспарланып отыр. Қазіргі күні нысанның тұжырымда-масы әзірлену үстінде. Жаңа ғимарат «Көктал» тұрғын ала-бында бой көтереді.

Халық үшін ашық әрі қолжетімді болуы керек

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия Орталық аппаратының құрылымдық бөлім мен еншілес ұйымдарының басшыларымен кеңейтілген жиын өткізді. Онда Елбасының партия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсыр-масын жүзеге асыру барысы талқыланды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Рауан ҚАЙДАР,«Егемен Қазақстан»

Шара барысында спикерлер 2017 жылғы конс титуциялық реформалардың іске асырылу барысы, көпұлт ты мемлекеттің құнды лық тар жүйесі ретін дегі конс титуциялық заңдылық-ты қам тамасыз ету қоғамдық сананы жаңғыртудың құралы ретіндегі конституциялық

патриотизмді қалыптас тыру стратегиясы туралы, адам құқығын қорғау саласын дағы конституциялық бақылау ор-ганының рөлі мен Елбасы Жолдауы аясындағы жоспар-лары жөнінде баяндады.

Кеңес мүшесі Виктор Мали новский Консти туция-лық Кеңеске қазіргі таңда 190-нан астам өтініштің келіп түс-кенін айтты.

«27 өтініш заңдардың Конс -титуцияға сәйкестігіне тек-серу жүргізу жөнінде болды. 15 өтініш бойынша, жалпы алғанда 17 заң, со ның ішін де мынадай себептер бойынша: олардың Қазақстанның еге-мендігін шектеуі, адамның құ-қық тары мен бостандық тарын шек теуі, Қазақстан азаматта-рына конституциялық емес ауырт палықтардың жүк телуі, адам ның құқықтары мен бос-тан дықтарын қорғау дең гейінің төмендеуі, Қазақстан азамат-тарын ел юрисдикциясынан бөліп шығару және басқалары Конституцияға сәйкес келмейді деп танылды», деді ол.

Мемлекет пен қоғамды жаңғыртудың негізі––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Орталық коммуникациялар қызметінде «Конституциялық құндылықтар – мемлекет пен қоғамды жаңғыртудың негізі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Конституциялық Кеңес мүшелері, Виктор Малиновский және Үнзила Шапақ қатысты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астанада медицина саласы цифрландыру жүйесіне біртіндеп көше бастамақ. Бұл туралы кеше қалалық әкімдікте өткен брифингте елорда денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров баян-дады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Астананың медицинасы цифрландыруға көшеді

Page 3: ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс басталғалы қар қын- ... жылға жоспары туралы ақпарат

9 АҚПАН 2018 ЖЫЛ 3

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қарулы Күштерді құру, нығайту және толықтай қалып тас тыру – бұл бірнеше жыл мен біршама күш салуды талап ететін, мехна-ты мен машақаты мол, аса күрделі, ұзаққа со зы латын процесс. Дегенмен, біздің еліміз Президент, Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың шебер басшылығы арқасында қысқа мерзім ішінде жаңадан әскери қабілетті армия құрып, оны аяққа тұрғыза алды. Бүгінгі таңда заманауи қарумен, техникамен жарақтанып, күш-қуат жинаған ол тәуелсіз республиканың мақтанышы әрі берік қалқаны болып отыр.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Бұл кітаптар Мəдениет жəне спорт министрлігі мен «Ақ жол» демократиялық партиясы жетекшілерінің қолдауымен жарық көрген. Аталмыш еңбектердің көбін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» ғылыми-зерттеу институты дай ындаған.

Əрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар еңбектерге қысқаша тоқтала кетсек, «Алаш» партиясының жетекшісі Əлихан Бөкейханның өмірі мен шығармашылығы туралы төрт тілде жарық көрген Сұлтан-ха н Аққұлының тұңғыш моногра фия-сы ның ағылшын тіліндегі нұсқасын ға лымның қызы Əсем Аққұлы дайын-дапты. Сондай-ақ монографияның бір бөлімін Дарья Белкина ағылшын тіліне аударған. Ал оның «Аліхан Букейхан. Син Великого степу» деген атпен укра-ин тілінде жарыққа шыққан нұсқасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне арнайы шақырылған профессор Петро Васильевич Токарьдің

ұсынысы əрі тікелей басшылық етуімен жарық көрген. «Біз Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» ғылыми-зерттеу инс-ти ту ты мен «Алашорда» қоғамдық қо-ры осыншама орасан еңбектердің ел игі лігіне жарауына мұрындық бол ған Мə дениет жəне спорт министрі Арыс-тан бек Мұхамедиұлына, «Ақ жол» де-мо кратиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев мырзаға зор алғыс айтқымыз келеді. Мемлекеттік тапсы-рыс бойынша 5 мың данамен əр өңірдің кітапханаларына жол тартқан жаңа кітаптардың іші мазмұнды, мағыналы, тарихқа бай дер едік. Сонымен қатар Əлихан атамыз туралы аталмыш моно-графия дəл қазіргі уақытта түрік тіліне де аударылып жатыр. Алдағы сəуір ай-ында оның тұсаукесері Анкара қаласында өтпек», дейді С.Аққұлы.

Ал «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» атты еңбекке келер болсақ, кітапқа жауапты редак-тор болған, филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің

меңгерушісі Орынай Жұбаеваның бұл еңбегінде Ахмет Байтұрсынұлының 1914-1928 жылдар аралығында жарық көрген «Тіл – құрал» атты тілтанытқыш кітаптары, «Əдебиет танытқыш» атты еңбегі жəне ғалымның тілге қатысты мақалалары, жиын-конференцияларда сөйлеген сөздері, пікірлері, Орталық архивтен табылған құжаттар берілген. Осы уақытқа дейін жарық көрген Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің жинағын құрастырушылар А.Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» атты еңбегін бір-бір

ғана нұсқадан шығарумен шектеліп келген болатын. Соның салдарынан А.Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы жөнінде оқырмандардың таны-мы сол жинақтың төңірегінде ғана қалып отырды. Алайда ғалым 1914 жылдар-дан 1929 жылға дейін шығарған «Тіл – құралдарын» жыл сайын толықтырып, өңдеп, жетілдіріп отырған. Бүгін жарыққа шыққан жинақта ғалымның тілтанымдық мұрасы алғаш рет топтас-тырылып, түпнұсқамен салыстырыла отырып берілген.

Жас зерттеуші Арман Ахметовтің «Досалы сұлтан Бұлқайырұлы» атты еңбегіне келсек, Шыңғыс ханның ұрпақтары төре-сұлтандар, жекеле-ген хан-сұлтандардың əулеті, тарихи тұлғалардың өмірінен сыр шертетін, ғылыми маңызы зор алғашқы ғылыми жұмыс. Арман Ахметовтің бұл кітабы Шыңғыс ханның ұрпағы, Досалы хан əулетінің тарихына арналған. Алдағы уақытта зерттеуші ғалым толымды «Қазақ сұлтандары» атты еңбегін, Абылай хан, Барақ сұлтан, Əбілмəмбет сұлтан сынды төре əулеттерінің жеке-жеке тарихы туралы кітаптарын мем-лекет деңгейінде жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Сол арқылы Арман Ахметов ұлттық тарихнамада жаңа сүрлеу салып, Шыңғыс хан əулетінің тарихын тың, соны фактілермен толықтырмақ.

Өткен жылы Тəуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған «Алаш» авто но мия-сының құрылғанына 100 жыл толуына орай, Алаш қайраткерлері турасында сан-алуан кітаптар, монография, жинақ, энциклопедиялық анықтамалықтар жарық көрді. Алайда бірде-бір кітапта Жақсылық Төленұлының есімі кез-деспейді. Оның негізгі себебі – тари-хи құжаттарда, мұрағат деректерінде қайраткердің аты-жөні «Дж. Тюленев» түрінде берілген. Осыған байланыс-ты С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профес-соры, техника ғылымдарының докторы, қайраткердің тікелей ұрпағы Мерхат Сүйіндіков даярлаған «Алаш қайраткері, халық ақыны Жақсылық Төленұлы. Өмір жолы, шығармалары» атты бүгін жарық көрген еңбек тарихымыздың осы олқылықтың орнын толтырмақ.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше елордамыздағы Ұлттық академиялық кітапханада қазақ қоғамы үшін маңызы зор бірнеше кітаптың тұсауы кесілді. Атап айтқанда, �лихан Б�кейханның �мірі мен шығармашылығы туралы «Қазақ жерінің жоқшысы», «Собиратель казахских земель», «The Unifier of Kazakh Lands» және «Аліхан Букейхан. Син Великого степу» деп аталатын т�рт тілде жарық к�рген тұңғыш монография, «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы», «Алаш қайраткері, халық ақыны Жақсылық Т�ленұлы. �мір жолы, шығармалары», сондай-ақ «Досалы сұлтан Бұлқайырұлы» атты кітаптар оқырман қауымның орасан олжасы деуге болады. Салтанатты шараға Мәдениет және спорт министрлігінің �кілдері, Қазақстан Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің де-путаттары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Кітаптардың тұсауын есімі елге белгілі қос бірдей академик Сейіт Қасқабасов пен Ғарифолла Есім бастаған зиялы қауым �кілдері кесті.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Тарих тәбәрігіндей төрт кітап

Абай ТАСБОЛАТОВ,Генерал-лейтенант, Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Осының барлығы қалай бас-талып еді? Нұрсұлтан Назар ба евөзінің таяуда ғана жарық көр -ген «Тəуелсіздік дəуірі» ат ты кітабында армия ның құрыл-ған кезінен бас тап қазіргі күн-ге дейінгі да му сатыларын егжей-тег жейлі си паттап бе ре ді. Нұрсұлтан Əбішұлы «Қазақ стан Рес пуб ликасының Қару лы Күш-те рін құру» деген тарау да тəу ел-сіз дік алған кезде Қазақ стан да əскери құрылысқа бай ла ныс ты тəжірибе болмады деп атап өтеді.

«КСРО ыдырағаннан кейін ТМД-ға мүше мемлекеттер Достастық елдерінің біріккен Қа-рулы Күштері туралы келі сім ге қол қойды. Дегенмен іс жү зінде барлық жас тəуелсіз мем лекеттер өз əскерін құруға ба ғыт ұстанды.

Қазақстан Республика сы ның тəуелсіздік мəртебесі жо ға р-ғы деңгейлі шетелдік мей ман-дардың қатысуымен хат тамалық шаралар жүргізуді та лап ететін. Мұндай шаралар іс жүзінде барлық елде құр мет қарауылы бөлімшелері ар қылы жасалатын.

Сондықтан 1992 жыл дың 16 наурызында Мем ле кет бас-шы сының Жар лы ғы не гі зінде Қазақстан Респуб ли ка сы ның республикалық ұла ны ұй ым-дастырылды. Оған үкі мет тік күзет батальоны, құр мет қа рау ылы ро-тасы мен үл гілі оркестр ротасы енді» – деп жазады Президент Қарулы Күш терді құрудың алғашқы са ты лары жөнінде.

Сол кездері Қорғаныс минис-трлігінің əскери алқа сын да əскери басшылық құра мын-да Президентпен бірнеше рет кездестік, ол біздің əске рі міз қандай болуға тиіс екенін, қан-дай проблемаларды шешу қа жет-тігін түсіндіріп берді. Кеңесу мен келіссөздерге толы талай күндер өтті. Соның нə ти жесінде Қарулы Күштерді құ ру жоспары жаса-лып, оған қажет күш пен қаражат есеп тел ді. Мемлекеттік қор ға ныс комитетінің төрағасы С.Нұр ма -ғамбетовтің басшылығымен осы бір аса қиын əрі күрделі іске бел шеше кірісіп кеттік. Се бе бі уақыт аялдауды күтп ей тін еді.

1992 жылдың қаңтарында бір топ маман елдің əскери док три-насын əзірлей бастады. Со нымен бір мезгілде біз өз аумағымызда қалған бұрынғы КСРО-ның

қару-жарағы мен əскери техника-сын түгендеуге кірістік.

Қазақстан армиясының ресми тарихы Президенттің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығы шыққан 1992 жылғы 7 мамырдан басталады. Қарулы Күштер 40-шы жеке Қызыл тулы жалпы əскери армияның, сондай-ақ Қазақстан аумағында дис ло ка цияланған əскери əуе күш те рі мен əуе қорғаныс əс-кері ба засында құрылды. Сол жыл дың 18 тамызында бұрын ғы КСРО-ның Шығыс шекара округі негізінде біздің Шекара əскеріміз жасақталды.

Жағдайдың күрделі екеніне қарамастан, қысқа мерзім ішін де əскерді басқару жүйесін құ рып, оның қаржылық, ма те ри алдық-техникалық жə не ме дициналық жағынан қам та масыз етілуін жолға қоя ал дық. Сөйтіп өтпелі ке зең нің қиындықтары мен сы-нақ тарынан сүрінбей өттік.

Кез келген армия өзінің заң-на малық негізі болуын талап етеді. 1993 жылғы 11 ақпан-да Жоғарғы Бас Қол бас шы Қазақстан ның алғаш қ ы Əскери док тринасын бе кіт ті. Ол əлемге елі міздің бей бітшіліксүйгіш сая сатын паш етіп, қорғаныс си-патын да болды. Осы доктрина-да Қазақстанның ешкімге де қа тер төндірмейтіні, əскери үс-тем дікке ұмтылмайтыны жə не өзі немесе өз одақтастары əс-кери басқыншылық объек тісі не айналмаса, ешқан дай жағдайда да ешбір елге қарсы соғыс қимылдарын бірінші болып бас-тамайтыны бекітілді.

1993 жылғы 9 сəуірдегі «Қазақстан Республикасының Қор ғанысы жəне Қарулы Күш-тері туралы» заңда қорғанысты ұйым дастыру қағидаттары, мем-лекеттік билік пен басқару ор-ган дарының өкілеттіктері бе-кі тілді. Сонымен қатар онда мемлекеттің қауіпсіздігін қам-тамасыз етудің жалпы жүйе-сіндегі Қарулы Күштердің рөлі, орны мен міндеттері бел гіленді. Армия кəсіби кадр ларға аса мұқтаж болды. Бір жақсысы, бұл бағытта оң өз герістер орын алып, офицер лер құрамын даярлау үшін ар найы курстар мен экстер-наттар ашылды. Алматы жоғары əс кери училищесі жəне 1994 жы лы Азаматтық авиацияның Ақ төбе жоғары ұшқыштар учи-лищесінің əскери кафедрасы базасында құрылған əскери əуе күштері факультеті осы мін детті шешті.

Офицер кадрларын даярлау

мен əскери ғылымды дамытуға баса мəн берілді. 1997 жылғы ақпанда Алматы жоға ры əскери командалық учи лищесі – Əскери академия, ал кейіннен Ұлттық қорғаныс уни верситеті болып қайта құ рылды. Сол жылдары əскери кадр ларға білім беру сапа-сын арт тыру бойынша жаңғырту мен реформалар жүргіздік.

1 9 9 6 ж ы л ы Қ о р ғ а н ы с министрлігі жанынан кіші ко-мандирлер даярлайтын Кадет корпусы құрылды. 1999 жылы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» əскери мектебі ашы-лып, онда мектептің 7-11 сы-нып бағдарламасының пəн де-рімен қатар əскери пəндер де оқытылды.

Нұрсұлтан Назарбаев өз кітабының «Қарулы Күштер реформасы» деп аталатын тара-уында осы реформаға тікелей қатысушы ретінде біздің Қарулы Күштерімізді құру мен жаң-ғыртуға, олардың кəсіби дая р-лығы мен жауынгерлік əзір-лігін арттыруға, əскерімізді осы заманғы қару-жарақпен жа рақ-тандыруға ерекше көңіл бөлгенін жазады.

Президент 1997 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Ре спуб-ликасының Қарулы Күш терін ре-формалау туралы» Жар лығымен Қарулы Күш тер дің құрылымын өзгертіп, армияның өз функция-ларын бейбіт кезеңде де, төтенше ке з еңде де ойдағыдай орындай ала тындай етіп қайта құрды. Жал пы мақсаттағы күштер, Əуе қор ғанысы күштері жəне Мем ле-кеттік шекараны қорғау күш тері құрылды.

Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в

«Тəуелсіздік дəуірі» атты кіта-бын да біздің Қарулы Күш те-ріміздің халықаралық жағ дай дың өзгеруіне қалайша ден қоятынын нақты əрі егжей-тегжейлі түрде сипаттайды.

1998 жылғы 26 маусымда «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңға қол қойылды. Онда жаңа кезеңдегі республиканың ұлт-тық мүдделері, оларды қорғау қағидаттары, ел қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіп-қатерлер айқындалды. Оның соңғысы шекарамызға жақын жерде ұдайы əскери шиеленіс орын алып отырғанына байланысты бол-ды. Сол кезде Ауғанстанда ұрыс қимылдары өршіп тұрған еді.

1999 жылғы желтоқсанда Қауіпсіздік кеңесінің отыры-сында Қазақстанның 1999-2005 жылдарға арналған ұлт-тық қауіпсіздік стратегиясы ұсынылды. Бұл құжатта өңі р дегі жағдай терең талданып, ел дің əскери қауіпсіздігін қам тамасыз ету жөніндегі шаралар кешені көзделді.

Мемлекет басшысы кітапта халықаралық əскери-саяси ахуал өзгеріп, жаңа əскери технология-лар дами түсіп, ұрыс қимылдарын жүргізу тактикасының тың түр-ле рінің пайда болуына байла-нысты 1993 жылғы бірінші доктринаның кейбір ережелері ескіргенін айтады. «2000 жылы мен, Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы ретінде жаңа кезеңдегі ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қарулы Күштердің міндетін айқындай түсетін жаңа Əскери доктринаны бекіт тім. Сол жылдың шілде айын да Əскери

реформа тұ жы рымдамасы мен Əс кери құ ры лымның мем ле кет-тік бағ дарламасы (2005 жылға дей ін) қабылданды» деп атап өте ді ол.

2000 жылы Қазақстанның Қарулы Күштерін қаржы лан-дыру көлемі арта бастады. Эко но-миканың өсуі қорғаныс бюд жетін қаржыландыруға да оңынан əсер етіп, ол жыл сай ын көбейе түсті жəне ІЖӨ-нің 1 пайызын құрады. Осы кезең де əскери округтерді құру жұ мысы баста-лып, шекара ше бі нықталды. 2002 жылға дей інгі мерзімді қамтыған Ə скери құрылымның мем ле кеттік бағдарламасын іске асы рудың бірінші кезеңінде Қарулы Күштердің құрылымы оңтайландырылды, ұтқыр күш-тер құрылды, оның құра мы-на «Қазбат» бітімгерлік бата-льоны кірді. Ал 2006 жылы оның негізінде «Қазбриг» бри-гадасы пайда болды. Əскери округтерді жасақтау мен құру-дың аумақтық қағидатына ауы-су жалғастырылып, Оңтүстік, Шығыс, Орталық жəне Батыс əскери округтері құрылды.

Президент 2003 жылғы 7 ма-мырда қол қойған «Қазақ стан Республикасы Қа ру лы Күш терiнiң құрылы мын одан əрi жетiлдіру жөнiндегi шара лар туралы» Жарлық елдің қо рғаныс сала-сын дамытудың жаңа кезеңін ба-стады. Бас штаб негізінде Штаб бастықтарының коми теті құрылды. Қарулы Күш тердің Құрлықтағы əске р ді, Əуе қорғанысы күш те-рі мен Əс кери-теңіз күш те рін қам ти тын үш түрлі құ ры лы мына кө шу жүзеге асырылды. Ұтқыр күш тер негізінде Жоғарғы Бас Қолбасшының резерві – Аэ ро ұт-қыр əскер құрылды. Басқаруды оңтайландыра түсу үшін əскери округтер «Батыс», «Шығыс», «Оңтүстік» жəне «Астана» атты өңірлік қол бас шы лықтар болып өзгертілді.

Кадр даярлау саласы да сапалық тұрғыдан қайта ұйым-дас тырылды. Əскери академия базасында Шортандыда Ұлт тық қорғаныс университеті ашы лды. Əскери оқу орындары түрлі си-паттарына орай қайта құрылды, сөйтіп Құрлықтағы əскер инсти-туты (Алматы), Əуе қорғанысы күштері институты (Ақтөбе), Əскери-теңіз күштері институ-ты (Ақтау) жұмыс істей бастады.

2014 жылдың шілдесінде білік ті кадрларды даярлау жүйе-сін жетілдіру жəне əскери ғы-лым ның дамуына жағдай жа сау мақсатында Астанада Ұлт тық қорғаныс университеті ашыл-ды. Қарулы Күштердегі өз-ге рістердің басты бағыты əс-керді кəсібилендіру болды. Жа-сақтаудың аралас қа ғи да тына кезең-кезеңімен кө шу басталды. Сержант-кəсіп қо й лар институты құрылды.

2005 жылғы маусымда «Əскери міндеттілік жəне əс -ке ри қызмет туралы» заң қа-был данып, онда қызметтің

жа ңа мерзімдері белгіленді, ен-ді ол мерзімді қызмет əс кери қызметшілерге – 12 ай, мер зімді қызмет офицерлерге 24 ай бол-ды. 2006 жылы Қарулы Күштерді дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. 2007 жылы терро ризм, экстремизм, заңсыз бан далық құрылымдар тарапынан төнетін жаңа сын-қатерлерге жа уап бере алатын жаңа Əс кери доктрина бекітілді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қару-лы Күштер: одан əрі жаң ғыр ту» атты тарауда 2010-шы жыл дар-дың алғашқы жартысында біздің Қарулы Күштер жыл сайын далалық жағдайда жедел жəне əскери дайындық бойын ша 250-ден аса іс-шара өткізді деп ерекше атап өтеді. Барлық қиындықтарға қара мас тан, тəуелсіздік жыл-дарында Қазақстанның қор ғаныс бюджеті үнемі өсіп отыр ды: егер ол 1993 жылы се гіз миллиард теңгені құраса, 2015 жылы 390 миллиард тең ге ден асты.

2015 жылғы мамыр айында Президент Қарулы Күштерді жаңғырту жөнінде жи н алыс өткізіп, онда əске ри даярлықтың жоғары қа рқынын ұстап тұру, күш тік құрылымдардың үйлесім-ді лігін жəне олардың халық ара-лық деңгейдегі өзара іс-қи мы лын жетілдіру жөнінде міндеттер қойды.

2010 жылы Қазақстан ар-миясы ең озық əлемдік зерт-телімдерді пайдалана отырып, қайта қаруланды. Елдің əскери-өндірістік кешені тік ұшақтарды, əскери опти каны, радиолока-ция мен радио элек тронды күрес жүйе сін құрастыруды жүзеге асыр ды, авиациялық жəне бронь-ды техниканы жөндеуді жолға қой ды. 2012 жылғы мамырда Ресей тарапымен келісім бойын-ша Орал верфінде жасалған «Қазақстан» зымыранды-артил-ле риялық кораблі суға түсірілді.

Н.Назарбаев өзінің «Тəуел-сіз дік дəуірі» атты кітабын-да шекараның беріктігі мен мемлекеттің əскери қауіп сіз-дігі тікелей тəуелді бас инс-ти туттардың бірі – Ұлттық Қарулы Күштер деп атап өтеді. ХХ ғасырдың соңындағы күрделі халықаралық жағдайға бай-ланысты ел басшылығы оның қорғаныс қабілетін арт тыруға ерекше мəн беруге ти іс болды. Себебі кез келген жағ дайда да мемлекет өзінің əс кери қуатына сүйене отырып, өзін қорғай алуға тиіс.

Біздің армиямыздың тəуел-сіздік алғаннан бастап бүгінгі күн ге дейінгі қалыптасу хро-нологиясы – бұл ел тарихының жылнамасы. Мемлекетіміз бен экономикамыз үшін аса күрделі сол бір кезеңде əскери салада жүзеге асырылған құры лым дық өзгерістер еліміздің заманауи, ықшам, ұтқырлығы жоғары, жақсы жабдықталған əрі əскери қабілетті Қарулы Күш терінің негізін қалауға мүм кіндік берді.

Қазақстан армиясы: күшейіп, қуат жинау жолында

Page 4: ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс басталғалы қар қын- ... жылға жоспары туралы ақпарат

4 9 АҚПАН 2018 ЖЫЛЖОЛДАУ

Қызу қолға алынған «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары да халықтың жүрегіне жылы ұялады. Осы­ның бәрі халықтың қамы үшін, алдыңғы қатардағы отыз ел­дің қатарына қосылу үшін ұм­ты лыс пен құлшыныстағы т ы н ы м с ы з т і р л і к е к е н і анық. Ал жаңа Жолдаудағы еліміз үшін жүктеліп беріліп отырған мәні де, маңызы да зор он міндеттің орны бөлек. Таразыға сала қара сақ, басым бағыттағы индустриялан дыру мен жаңа технология ларды енгізудің көшбас шы сына ай­налу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды техно­логиялар» – агроөнер кәсіп кешенін қарқынды дамыту мүм­кіндігі, көлік­логис тика инф­рақұрылымының тиім ді лігін арттыру, құрылысқа және ком­муналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», тиім ді мемлекеттік басқару, жем қор лықпен күрес және заң ­ның үстемдігі, «Ақылды қала­лар» «ақылды ұлт үшін» мін­дет тері қай салада болмасын бірден орындала салатын оңай шаруа емес. Бұл үшін игі лік­ті ізденістермен қатар, аса жо­ғары жауапкершілік пен талап тұрғысынан қарайтын табан­дылық ауадай қажет­ақ. Жал­пылама айтқанда, жұды рық­тай жұмылған ұтымды ұйым­шылдық үлгісін көрсеткен аб­зал.

Танымы мол тарихи құжат та агро саланың ауқымында жүр­ген бізге де ауыз толтырып ай­тарлық тапсырмалар мен нұс­қаулар тайға таңба басқандай нақтыланып берілген. Мәселен, үшінші басымдықта «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі екендігін айырықша атап көрсетілген. Айқын атап көрсетілген тармақтардағы сын­дарлы сипаттамалар кемел ді келешегімізден молынан ха­бардар ете алады. Мұны барар бағытымыздың, алдағы атқа­ратын жұмысымыздың анық та қанық ауқымы десек қателесе қоймаймыз.

Осы жерде мына мәселеге назар аудармай кетуге болмай­ды. Елбасымыз «Аграрлық сая­сат еңбек өнімділігін түбегейлі

арт тыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағыт­талуы керек. Біз егін егіп, дән ді дақылдарды өсіруді үйрендік. Оны мақтан тұтамыз. Алайда ол қазір жеткіліксіз. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары са­палы дайын өніммен шығуы­мыз қажет. Бұл мәселені шешу­ге барлық аграрлық кешеннің түбе гейлі бет бұруы маңызды. Аг рар лық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуы тиіс. Ең алдымен, жаңа тех но­логияларды трансферттеу мен және оларды отандық жағ дайға бейімдеумен айналысуымыз қажет», деп атап көрсетуі тегін емес. Сол сияқты Елбасы аграр­лық университеттердің рөлін қайта құру керектігін, олар дип­лом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы келешегінде нақ ты жұмыс істейтін немесе ғы лыммен айналысатын маман­дарды даярлауға тиіс екен­дігіне баса назар аударды. «Бұл жоғары оқу орындарынан оқу бағ дарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибені тара­татын орталықтарға айналды­ру талап етіледі. Мысалы, егін егу мен астық жинаудың оң­тайлы уақытын болжамдаудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқыш себудің, зиянкестер­мен және арамшөппен күресу­дің интеллектуалды жүйелері арқы лы өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады. Жүргізушісі жоқ техника адами факторды азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа техноло­гиялар мен бизнес­модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперация­лау қажеттігін күшейтеді», деп анықтама беруінен де көптеген түйткілдердің шешімін табуға болатынын анық аңғартты.

Бұл тұрғыдан алғанда көкей­кесті мәселелер шегіне жет кен емес. Елбасымыз ауылшаруа­шылық субъектілерінің коопе­ратив түрінде жұмыс істеуіне жан­жақты қолдау көрсету керек тігін тағы да ескертті. Ең бас тысы, «мемлекет бизнес пен бір лесіп, отандық өнім ді ха ­лық аралық нарыққа шыға ру­дың стратегиялық жолын та уып,

ілгерілетуге тиіс. Ауыл ша­руашылығын қарқынды дамы ту өнімнің сапасы мен экология­лық тазалығын сақтай оты рып жүргізілуі қажет. Бұл бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасал ған» табиғи азық­түлік брен дін қалыптастырып, іл­гері летуге мүмкіндік береді. Соны мен қатар жерді барын­ша тиімді игеретіндерді ынта­ландырып, ал дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қол дану керек. Тиімсіз субсидиялар­ды ауылшаруашылық кешені субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет. Бес жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі ең­бек өнімділігін және өңдел ген ауылшаруашылық өнімінің экспортын тиісінше, кем де­генде 2,5 есеге арттыруды тапсыра мын», деп шегелеп айтуының түп­төркінінде зама­науи сұранысқа қарай бетбұрыс жасау қажеттілігі жатыр.

Түйіндеп айтқанда, отан дық өнімді өндіруде оның эколо гия­лық тиімділігін арттыру мақ­сатын дағы ғылыми­зерттеу жұ­мыстары және шетелдік жаңа тех но логияларды трансферт­теу, оларды жергілікті жағдайға бейім деу – біздің Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми­зерттеу институтының басым міндеті болып табылады. Олай дейтінім, институт ға лым­дары халықаралық ғылыми ор­талықтармен бірлесіп жүгері, қант қызылшасы, көпжылдық мал азығы мен майлы дақылдар­дың жоғары өнімді әрі бәсекеге қабілетті әлемдік сұрыптары мен будандарын трансферттеу және оларды отандық жағ дай ға бейімдеу бағытында бір қа тар жұмыс жүргізуде. Егіс ал қа п­тарын жалдап­тарақтап себу, тамшылатып суару, дәлдік егін­шілік жүйесінде өсімдікке мине­ралды тыңайтқыш енгізу тәрізді дүниежүзілік озық технология­лар мен әдіс­тәсілдерді шетел­дерден елімізге жеткізіп, жергі­лікті жағдайға бейімдеудеміз. Оның беріп отырған нәтижесі ойдағыдай.

Тағы бір атап айта кетер­лігі, ғылыми­зерттеу институ­ты мыздың ғалымдары ауыл­шаруа шылық дақылдарын өсі­ру мен айналысатын әлемге әй г і л і CIMMYT, ICARDA

орта лық тарымен бірлесіп, күздік би дайдың «Егемен», «Тұңғыш», ноқаттың «Икарда 1», «Али­Бар», Сербияның іргелі ғылы­ми мекемелерімен жүгерінің «КазЗП­125», «КазЗП­678», «КазЗП­589», «КазЗП» бу­дандарын бірлесіп шығарып, өндіріске енгізуге қол жеткізді. Алға қойған басты мақсаты­мыз – жерге егілетін егіншілік, өсім дік, бау­бақша, мал азығы дақыл дардың түрлерін жаңа бу­дандармен, жаңа сұрыптармен ғылыми бағытта көбейте түсу. Мұндай ізденіспен жасалып жатқан игілікті істер алда да ілгерілеп, жал ғасын таба бер­мек.

Жолдауға байланысты мен агросаланың жетік білгірі , ауыл шаруашылығы ғылым­дары ның докторы, профессор, С.Сейфул лин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев әріптесімнің алғашқылардың бірі болып қолдау көрсеткен мақаласын «Егемен Қазақстан» газетінен оқып, оның құнды пікірлері мен ұсыныстарына дән риза болдым. А.Күрішбаевтың айтқандары қалың қауымның көкейіндегі көптен бері жүрген өзекті мәселелер еді.

Таяуда біздің институттың ұжымында Жолдауға орай бас қосқан алқалы жиын өтті. Ға­лым­мамандарымыз Жолдауға қатысты ойларын ортаға са­лып, өзіндік пікірлерін білдірді. «Қазақ бидайының атасы» атан­ған белгілі селекционер ғалым, Ұлт тық ғылым академиясы­ның, Ресей, Украина аграрлық ғылым академияларының акаде­мигі Рақым Оразалиев пен инс­титут тың бөлім меңгерушісі, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғалиолла Мейірман, тағы басқалар құнды пікірлерін айтып, көпшілікті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жол­дауындағы міндеттер мен тап­сыр мал арды орындауға үлес қосуға үндеді. Түптеп келгенде, Елбасы Жолдауы бізге зор сенім мен жаңаша серпіліс туғызды.

Серік КЕНЕНБАЕВ,Қазақ егіншілік және

өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу

институтыныңбас директоры

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Бүкіл әлем қарқынды да­мытып жатқан технологиялық революциядан Қазақстан да тысқары тұра алмайды. Әлемге тән өзгеріс – қазақстандықтарға да тиесілі. Ақпараттық­ком­муникациялық технологиялар саласындағы еңбек өнімділігін арттырып, қалыпты ырғақпен дамыта түсу үшін нақты ша­ралар бүгіннен бастап қолға алынуы тиіс.

Ұлттық өнерді дамыту жо­лын да айырықша еңбек сі­ңі ріп келе қос ұжымның да бас шылары осы тұрғыда сөз алып, Мемлекет басшы сы ның Жолдауында назар ауда ры­лып отырған бар лық ба сым ­дықтардың маңы зы на тоқ­талды. Мемлекеттік «Сал­танат» ән­би ансамблінің дирек торы Мақсат Закиров ор тақ мақ сат жолына жұ мыл­ды ра тын биылғы Жолдаудың екі ұжым ның да азаматтарына зор жауап кершілік жүктейтінін айтты. «Елбасының заманауи даму жолдарын ескере отырып,

қазақ тілінің өркендеуіне, ру­хани жаңғыруға, халықтың денсаулығын нығайтуға баса назар аударғаны халқының бар қадір­қасиетін бойына жина ған ұлттық рухын көр­сет ті. Алдағыны болжап, ер­тең гісін ойлайтын, қазақ стан­дық тар ды, бүкіл мемле кет ті әлемдік өр ке ниетке жете лейтін көреген бас шы, саяси қай­раткер, тарихи тұлға еке нін тағы бір дәлелдеді», деді Ма қ­с ат Демешұлы.

Б а л е т б и ш і с і Д е н и с Витчен ко болса, еліміз дамуы­ның ендігі кезеңі үшін бұл Жолдаудың нақты іс­әрекет­терге орайлас тырылған бір­тұ тас ұлт болу қада мымыз­ды айқындай түсе тін қуатқа ие құжат екенін жет кізді. Қазақстан дамуының ба рлық көкжиегін кеңейте түсе тін бұл Жолдаумен әр бір адам мұқият танысып, өзін ше зерделеуі тиіс. Ол өз әріпт ес терін Елбасы белгілеп берген негіз гі он міндеттің орындалуы на атса­лысып, оған толық қол дау біл­діруге шақырды.

АЛМАТЫ

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Осынау жаһандық өзекті мәселемен орайлас, биылғы Жолдауда Мемлекет басшы­сы жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керектігін бөле­жара атағаны аян. Көкейкесті мәселеге орай, Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Елбасының биылғы Жолдауын талқылады. Жиынға С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық универ­ситетінің балалар аурулары кафедрасының оқыту шы лары да ортақтасты. Педиатрия ор­та лы ғының директоры Риза Бо­ран баева Жолдаудағы әсіресе, жас өспірімдердің денсаулығын қорғауға ерекше назар аудару қажеттігі, халықтың ұзақ жа­сауы медициналық техноло­гия лар дың дамуы мен сапалы ме ди ци налық қызмет көрсе­туге байланысты екені айтыл­ға нын алға тарта келе, алдағы мін деттер туралы тарата сөз қозғады.

– М е м л е к е т б а с ш ы ­сы он коло гиялық аурулар­мен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми

онкологиялық орта лық құру қажеттігін тапсырды. «Ха­лықаралық озық тәжі рибе негізінде ауруды ерте диаг­ностикалаудың және қатер лі ісікті емдеудің жоғары тиім­ділігі қамтамасыз етілуге тиіс», деді. Бұл ретте Педиатрия орта лы ғында мақсатты жұмыс­тар жүргізілуде. Соңғы жылда­ры балалардағы онкологиялық ауру ларды емдеудің жаңа бағ­дар ламасын енгізудің арқа­сында ауыр дертке шалдыққан балалардың өмірін ұзартуға қол жеткіздік. Бірнеше жыл ішінде балалар өлімі екі есе­ге азайды. Біздің орталық­та жасалатын және басқа еш жерде жүргізілмейтін бірегей диагностикалық зерттеу әдіс­терін атқаратын клини ка лық­диагностикалық зерт хана­мыз бар. Алдағы уақытта бұл бағыт тағы жұмы стар Ел басы тап сырмасына сәйкес жал ға­сын табатын болады», деді Р.Боранбаева.

Педиатрия орталығы қазіргі уақытта денсаулық саласын цифрл андыру мен қызмет көр­сетуді оңтайландыру бойын­ша медициналық ақпараттық жүйені енгізе бастады.

АЛМАТЫ

Баршамызды ортақ мақсатқа жұмылдырады

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматыдағы өнер ошақтарының ішіндегі ең іргелі шығармашылық екі ұжым – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі мен мемлекеттік «Салтанат» ән-би ансамблі толық құрамда біріге отырып, оркестрдің үлкен концерт залында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Келешектің келбеті педиатрияға байланысты

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––БҰҰ Халық саны саласындағы қорының атқарушы дирек-торы Бабатунде Осотимехиннің мәлімдеуінше, әлемнiң 15 жылдан кейiнгi келбетi дәл бүгінгі осы 10 жасар қыз балалардың тәрбиесі мен денсаулығына және оны сақтауға қолдан келгеннiң бәрiн жасауға қаншалықты дайын екендiгiмiзге тәуелдi болмақ. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Соны серпін беретін құжат

Сәбит БАЙДАЛЫ,«Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің хатшысы

Бұл аса құнды тарихи құжат Қазақ­стан индустриясын жаңа техноло­гияларды енгізудің көшбасшысына айнал дыру, өндірістік үдерістерді цифр­ландыру арқылы өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыру, ресурстық әлеуетті тиімді пайдалану, өндіріске ақпарат­тық технологиялық шешімдерді батыл енгізу, агроөнеркәсіп кешенін жаңа техно логиялық деңгейге көтеру, көлік пен логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту міндеттерін қамтиды.

Жұртшылық көбіне ұлттық бизнес мүддесін қорғайтын партия ретінде та­нитын «Ақ жол» партиясының өкілдерін әрине бірінші кезекте Жолдаудың

бизнеске қатысты тұстары қызықтырды. Бизнеске қатысты Елбасының ұстаным­дары сегізінші – «Тиімді мемлекеттік басқару» бағытындағы іс­шаралар ке­шеніне енгізіліпті және бұл қағидаттар нақтылығымен ерекшеленіп, мемлекет пен бизнестің арақатынасын айқындап берген.

«Ақ жол» парламенттік фрак ция­сы бизнеске қатысты мәселелерді Мәжіліс мінберінен үнемі қозғап келеді. Алдағы уақытта да ақжолдықтар үшін Президенттің адал бәсекелестікті, отан­дық кәсіпкерлерді қолдауға және жал­пы нарықтық реформаларды дамы туға бағытталған тапсырмалары басым бағыт болып саналады.

Жолдаудың адам капиталына қа­тыс ты бөлімін оқыған кезде денсау­лық пен білім саласына Президенттің

жіті көңіл бөлгенін байқадық. Мәсе­лен, Жолдауда нақтыланған тапсыр­ма аясында мемлекеттің кепілдігі мен медициналық тегін көмекті ұйым­дас тырудың жаңа үлгісі жоспарла­нуда. Елбасы азаматтарымыздың барлық буындарын қамтитын білім беру саласының көкжиектерін нақты белгілеген, сондай­ақ бұл тарихи құжат ұлттық сананы жаңғырту қағидаттарын одан әрі жүйелі жүргізуге ұмтылдырады. Жолдауда «Ұлттың әлеуетін артты­ру үшін мәдениетіміз бен идеология­мызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән­маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай­ақ зама­нына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаhандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс», деп айрықша атап көрсетілген, Президент өскелең ұрпақтың халқымыздың, тәуелсіздіктің тарихын білу керектігін тағы бір рет қадап тұрып айтып, еске салған.

Былтыр тарихымыздың қасиетті де қайғылы, сонымен қоса даңқты бір бөл­шегі – Алаш ұлт­азаттық қозғалысы ның 100 жылдығы ел аумағында кеңінен атап өтілді. Қараша айында Астанада өткен «Рухани жаңғыру Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы»

атты халықаралық ғылыми­тәжірибелік конференциясының қатысушылары­на жолдаған құттықтауында Елбасы А л а ш қ о з ғ а л ы с ы н ы ң с и п а т ы н а «Алаш қозғалысының ХХ ғасырдың басын дағы қазақ халқының саяси­әлеуметт ік құқықтарын қорғау , ұлттық бет­бейнесін сақтап қалу жолындағы күресі, азаттық үшін күрестің жарқын беті болып табы­лады» деп баға берді. Ендеше, Алаш тақырыбы мерейтойлық іс­шаралар­мен тәмамдалып, күн тәртібінен түсіп қалмауы тиіс. Мәселен, биыл Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев­тың туғанына 125 жыл. Осыған орай өткен жылдың соңында «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы депутаттық сауал жолдап, республика көлемінде Мағжан оқуларын өткізуді ұсынды. Сауалда «Алаштың мағы­насы оның бір ғана жүз жылдығымен шек телмейді. Біртуар тұлға Мағжан ақынның аманатын ақтауымыз үшін Алаштың 100 жылдық мерейтойы Мағжан оқуларымен жалғасын тап­са деген ұсынысымызды Мәдениет министрлігіне жолдаймыз. Мағжан оқулары бүкіл республика аумағында өткізіліп, ал оның қорытындысы Мағжан Жұмабаевтың туған өлкесі Қызылжар өңірінде жасалғаны жөн. Ал болашақта

Мағжан оқулары, атаулы даталарда ғана емес, жыл сайын тұрақты өткізіп тұрса нұр үстіне нұр болар еді» делінген.

Айта кетейік, бұл сауалға оң жа­уап алынды. Аталған министрлік «Дарын» республикалық ғылыми­прак­тикалық орталығымен бірлесе оты­рып, «Мағжан оқуларын» ұйымдас­тыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізіп жат қа­нын хабарлады. Атап айтқанда, Алаш ақынының оқулары оның туған жері – Солтүстік Қазақстан облысынан бас­тау алып, ақынның мерейтойы аясын­да дөңгелек үстелдер, шығармашылық кештер, ғылыми конференциялар, кітап көрмелері ұйымдастырылмақ. Біз діңше, рухани жаңғыру дегенімізге елі міз дің тәуелсіздігі үшін күрескен тарихи тұл­ғалардың еңбектері мен өнегелі істерін көпке дәріптеу де кіреді.

Өйткені ата­бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған азаттық, тәуелсіздік жолында жандарын құрбан еткен Алаш арыстарының есімдері де халық жадында сақталып, артында қалған мұралары туған халқы ның жүрегіне жете беруі тиіс және оны бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жөніндегі Елбасымыздың ой­тұжырымдарымен сабақтастырып на­сихаттауды күшейтіп, бүгінгі заманның кәдесіне жарату қажет деп санаймыз.

Әлеуметтік-рухани жаңғырудың көкжиектері айқындалған

––––––––––––––––––––––Е л б а с ы н ы ң б и ы л ғ ы Жолдауын салмақты түрде сараптап оқып шық қан нан кейін арқала-нып қал дық. Расын да да өрке ниет ті елдердің қата-ры нан орын алған елімізде халық тың мүддесі үшін жасалып жатқан жа ғы м-ды жаңалықтар аз емес. 26 жыл ішін де әлем ал-дындағы абы рой-беделі асқақтаған еліміз дің жа-сам паздық жолында жаң-ғы рып жатқан баянды бас тамалары ешкімді де бейжай қалдыра ал-майды. «Қазақстан-2050» Стра-те гиясы, «Нұрлы жол» жаңа эконо микалық сая-саты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Индус-трияландыру бағ дарла-малары жүзеге асырылу үстінде.––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа міндеттері» атты Жолдауын халқымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының заңды жалғасы деп есептейді. Сондай-ақ өткен жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында көрсетілген міндеттерді одан әрі сабақтастыра жалғастыра отырып, ел дамуының жаңа межелерін белгілеп берген, халықтың әлеуметтік-рухани жаңғыруының көкжиектерін айқындай түскен, халқымыздың игілігін көздейтін жүйелі шаралардың бірегей бағдарламасы ретінде қабылдап отыр.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 5: ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс басталғалы қар қын- ... жылға жоспары туралы ақпарат

9 АҚПАН 2018 ЖЫЛ 5АЛАҢДАТАРЛЫҚ АХУАЛ

КӨЗҚАРАС ІЛКІМДІЛІК – ІЛГЕРІЛЕУ КЕПІЛІ

ТАЛАП ЖӘНЕ ТӘРТІП

––––––––––––––––––––––––––––––Жыл аяқталып, он екі айдың соңғы күні тәмамдалған тұста өңірлердің көрсеткіші шығып, өзекті мәселелері сараланады. Әсіресе әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштің маңызы зор. Ал оң нәтиженің қай кезде де өңір үшін өрге бастайтын жол екені белгілі. ––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Күнделікті тұтынып жүрген тағамы мыз қаншалықты қауіпсіз? Қазір бұл сауалға жауап берерде қай-қай сы мыз да күмілжіп, кі-бір тіктеп қала ты ны мыз белгілі. Өйткені шынайы та биғи өнім-дер дің бағасы өте қымбат, сон дық тан да баламасы нарықта кеңі нен та ралады. Яғни, бірінші кезекте адам денсаулығы емес, қал та қампайтар табыс жағы қаралатыны белгілі. Сон дық тан нарықтағы тағам өнім де рі нің қауіпсіздігін тексеру өте ма ңызды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қарағандыға сырттан көмір тасығаны несі?!

ЭКОНОМИКА

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Ілкімділік – ілгерілеу кепілі, дегенмен кейбір аудандарда оң нәтижелердің болмай жататыны бар. Аудан әкімдері есеп берген-де қағаз бойынша бәрі дұрыс, пайыз бой-ынша жоғары, бірақ расында да солай ма? Көп жағдайда сол жердегі шешілмей жатқан мәселені айтудан гөрі, құжат жү зінде есеп бергенді дұрыс са най мыз. Елбасы өзінің биылғы «Төртінші өнеркәсіптік рево люция жағдайындағы даму дың жаңа мүмкіндіктері» атты Жол дауында әсіресе өнер кәсіп са ласын дамытудың маңыз ды лы ғын атап өткен бола-тын. Өнер кә сіп арқылы экономика дамыса, әлеу еттің де арта түсетіні сөзсіз.

Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау бас қармасының мәліме­тін ше, облыс тың өткен жылғы әлеумет тік­эко­номикалық дамуы нәтижелі. Тараз қаласы мен өзге 7 ауданда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,8 пайызға артса, Жамбыл және Шу аудан-дарында көрсеткіш сол қалпы. Ал Меркі ау-данында өндіріс көлемі төмендеген. Жалпы, аталған ауданның қант қызыл шасын өңдеумен, сондай­ақ «Меркі Ет» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі арқылы Иран мемлекетіне, Бахрейн ко ро ль дігіне тонналап экспортқа ет жіберумен аты шыққан. Бұл рет те ауданның көрсеткішін жо ға ры деңгейде бағалауға да нег із бар еді. Алайда осы аудан да өндіріс көлемінің төмен­де ге нін аталған басқарма басшы сы Гүлдана Жауынбекова «Орта лық Азия Қант корпо-рациясы» жауапкершілігі шектеулі серік тес­тігінің Меркі филиалында пеш терді жөндеу жұмыстарының жүр гізілуімен түсіндіріп отыр.

Ауыл шаруашылығы сала сын дағы өсім көлемі Шу, Т.Рысқұлов және Қордай ауданда­рында бай қалады. Мәселен, ет, сүт, жұ мыртқа, жүн өндіру көлемі ұл ғай ған. Сонымен қатар масақты дән ді дақылдардың да 2016 жыл-мен са лыстырғанда 34 мың тоннаға ар тық жиналғанын айта кету керек.

Соңғы жылдары өңірде құрылыс қарқын ала бастады. Мәселен, Астана күніне орай Тараз қаласындағы «Арай» ша ғын ауданын-да бой көтерген пә тер лерден 800 отбасының, ал Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қарасу» алқабында бой көтерген 80 пәтерлі үйдің берілуі де осыны көрсетеді. Сонымен қатар ау дан­дарда да өткен жылы 33 бала бақша мен 4 шағын орталық пай далануға берілген. Алайда Т.Рысқұлов ауданында құрылыс қарқыны төмен болып тұр.

Әулиеатаның әлеуметтік те, экономикалық та әлеуеті жақсы. Өткен жылғы есепті кезеңде бюд жеттің кіріс бөлігі 241 миллиард теңгені құраған. Солай болғанымен, Жамбыл, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов және Шу ау-дандарында әлі де 5 мектеп апатты жағдайда, ал 3 мектеп үш ауысымда жұмыс істеп келеді. Бұл жерде балалардың дұрыс білім алуы да

күмән тудырады. Себебі апатты жағдайдағы мектептің қай күні, қай сағатқа дейін шыдас беретіні беймәлім. Облысты өркендету үшін бюджеттен қыруар қаражат бөліп, құрылыс жүргізіп жатқанда білім ошақтарына да назар бұрғанымыз дұрыс шығар.

Сондай­ақ өткен жылы облыс та 14 ден­сау лық сақтау ныса ны ның құрылысы жүр­гізілген. Бұл да елдің денсаулығының түзе­луіне, сырқаттың алдын алуға оң әсер етеді. Бүгінде халықтың ден саулығы бір қа лыпты, өлім­жі тім саны біршама төмендеді де сек те, нашақорлық пен қан ай на лымы жүйесі ауру-ларына шал дығу деңгейі өсіп тұр. Өткен жы­лы облыс көлемінде үш ана өлімі тіркелген.

Былтырғымен салыстыру арқылы жа­сал ған пайыздық өлшем бүгінде нақты атқарылған жұмыстардың есебіне кіріп бара жатқандай. Яғни 100 пайыздан асыра орындалған салада еш қандай мәселе жоқ сияқты. Бірақ Жамбыл облысының әкі­мі Асқар Мырзахметов аудан әкім дері мен басқарма басшыларын тыңдаған жиында өткен жыл мен салыстырғанда жоғары көр­сет кішке ие болғанды, 100 пайыздан асқанды жетістік деп қарауға бол майтынын айтқан. Сөйтіп рес публикалық көрсеткіштен бө лек, облыстың көрсеткішін жасау ды тапсырған. Бәлкім ал да ғы уақыттарда өнеркәсіп өн дірісі төмендеген ауданда да, құ ры лы сы қарқын ала алмай отырған ау данда да, тіпті апатты мектептер орналасқан аудандарда да аталған мәселелер шешімін тауып, көрсеткішке ғана емес, нақты нәтижеге де жұмыс істейтін күн туар.

Жамбыл облысы

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Жақында интернетті ақта­рып отырып, миында сәулесі бар адамды үлкен ойға жете­лей тін мағыналы бір дүние­ге тап болдым. Онда будда, мұсылман, христиан, соның ішін де католик діндерінің ара­сындағы айырмашылықтар жай лы айтылған екен. Қысқаша ма ғынасы төмендегідей: Будда діні мына дүниені азапқа ба-лайды екен. Оның ілімі бой-ынша қызықтың бәр і ол дүниеде. Дегенмен, мына дү ­ниеде өмір сүріп, өз боры­шың нан құтылуың керек. Сон да ана жаққа барғанда, Құдай дың шапағатына бөле­ніп жақсы жағдайға тап бола­сың. Осы қағида бойынша буд-да дініндегілер бұл дү ние ден кеткенде, онша қайғ ыр май, қи нал май кететін көрінеді. Буддизмнің өмірді азап деп тү сініп, адамды тағ дыр ға кө­ну ге тәрбиелейтін ерек ше­лі гін қанаушылар мен бас­қын шылардың пайда лан ғаны Уикипедияда жақсы жазылған. Бабыр дың бүкіл Үндістанды жаулап алуының бір сыры осында бол са керек.

Католик дініндегілер қы­зық тың бәрі осы дүниеде деп есеп тейді. «Сондықтан мына дү ниеде қызықтың барлығын ар мансыз көріп қалуың керек, тіпті қателескен, күнәлі болған жағдайдың өзінде шіркеуге ба-рып, дін иесіне жасаған күнәңді айтып, одан арылуға болады» деп уағыздайды.

Католик дініндегілердің тарихи тұрғыдан байлыққа құ ­мар келетіні, капитал жи ғыш ­тығы осыдан барып қа лып т ас­са керек. Біз тарихтан като лик дінінің, әсіресе оның протес­тант тармағының ХVІ­ХVІІ ғасырларда Батыста жаңа оян­ған буржуазиялық идео логияға өзек ретінде қа был данғандығын білеміз.

Ал мұсылман діні болса, бұл дүниені адамға берілген сынақ деп қабылдайды. «Бұл өмірде таза жүріп, ешкімге қия­натыңды тигізбей, Алланың бар екендігін ұмытпай, сыннан сүрінбей өтсең ғана, ана дү ние­де жұмаққа барасың, әйтпесе тозақтың отына күйе сің» дейді. Жалпы, бәріміз мұсыл ман бала-сы болған соң, оның шарттарын азды­көп ті білеміз ғой. Адам қайтыс болып, денесін жер қойнына берер алдында жаназа-сын шы ғаратын молда жиналған жұрт тан «Марқұмның кімде қан дай қарызы бар?», «Жақсы адам ба еді?» деп сұраушы еді ғой. Сөйтсек, бұл сұрақтарда үлкен қағидаттық мән бар екен.

Діндер арасындағы бұл айырмашылықтар бізді үлкен ойға жетеледі. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас»

де ген адамзаттың данышпаны Абай атамыз. Ендеше, Батыс­тың байлық жиғыштық, қана­ғат сыздық, қызық қу ғыш тық қасиеттері бізге үл гі бола алмаса керек. Бізге, мұ сыл ман баласына Алланың салып берген өз жолы бар. Бірақ онда сау да жасама, бай лық жинама, кәсіп қылма деп айтпайды. Тек осының бәрін адал жолмен жүргіз дейді.

Иә, бәріміз де жұмыр бас­ ты пендеміз. Пенде болған соң адамға қателесу тән. Бірақ қа­на ғатсыздық, біреудің қақы сын жеу, жетімді жылату кеші ріл­мейтін күнәлар екені анық. Ал бізде жеке адамның емес, бүкіл халықтың қақысын жеп отыр­ған адамдар да аз емес қазір. Елімізді кернеп тұрған сы бай­лас жемқорлық, капитал ды оффшорлы аймақтарға қарай шығаруға тырысушылық фак ті­ле рінің жиірек тіркеле бастауы – соның бір айғағы.

Әрине, жемқор да адам. Кешегі ауылдағы қара шаруа­ның немесе Кеңес Одағы кезін­де білім алып, көз ашқан қазақ интел лигенциясы өкілі нің бала-сы. Апас­қапас кезең де қолайлы қызметте тұрды да, содан бай­лық жинады. Демек оның идео-логиясы тү сі нікті. «Құдай берді, мен ал дым» деп есептейді. Өзін Алла ның бергенін пайдала­нып, ұрпағының, үрім­бұ та­ғының болашағы үшін ең бек етіп жүрген қамқор әке ре тінде қабылдайды. Жиі ме шіт ке бара-ды. Алланың ол байлықты сы­нақ ретінде бе ріп отыр ған дығын еске ала бер мей ді.

Ендігі мақсат – бала­шаға­сын, үрім­бұтағын бұл өмірдің жұмағы, заңдары мығым, же­тіл ген қоғам Еуропаға қарай жет кізіп кету. Сол үшін жиған­ тергенін сол жаққа қарай шығарып әкетудің жолдарын қарастырып жүр. Әкетіп те жа-тыр. Бірақ мұның арты қайырлы бола қояр ма екен. Болмайтын сек ілді. Газеттің экономикалық шо лушысы ретінде қазіргі әлем­де жүріп жатқан саяси­эко­но микалық үдерістерді, ша­ма мның келгенінше, жиі ба­қылап отырамын. Ол жақта біз ден, ТМД елдерінен бара-тын капиталдың аяғына қақпан құрылуда. Әзірге қақпан ашық күйінде. Өйткені байлықтың топырлап баруын тосып отыр. Қақпанның жабылуының идео­логиясы қазірдің өзінде әзір. Ол жақтағылар бізден барған ка питалдың бәрін арам байлық деп есептейді. Оның үстіне, Ба­тыс тың өзінде әлеуметтік тұр­ғыдан алғанда үлкен саяси­эко­номикалық өзгерістер күті луде. Қысқасын айтқанда, бай лықты шетке шығарып, сіңі ріп кетудің жолы тым бұлың ғыр.

Ендеше, бай болсақ, хал қы­мызбен болайық! Бізге Алла­ның сызып берген жолы осы. Ол шеңберден шығып кете ал-маймыз.

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жақында ет және сүт өнімдерін тексеруден өткізген болатын. Басқарманың тексеріс нәтижелері туралы баяндамасына зер салсақ, іріктеліп алынған 3237 азық­түлік өніміне зерттеу жұмыстары жүр­гізілген екен. Соның нәтижесінде 670 сынама, яғни 17 пайы-зы Еуразиялық эконо ми к алық одақтың техникалық талаптары-на сәй кес келмегені анықталды. Өйткені өнімнің негізгі бөлігін құрайтын 299 сынамада (45 пайы-зы) таңбалау бойынша белгіленген регламенттер сақталмаған. Атап айтқанда, өнімдердің шығу күні, сақтау мерзімі, сақталу жағдайы ту-ралы ақпараттар мемлекеттік тілге аударылмаған және Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығындағы бірыңғай белгі хабарламасы мүлде болмаған. Сонымен қатар микробиологиялық көрсеткіштер бойынша ішек таяқшасы бак-териялар тобының болуы, яғни бактериялық жалпы таралымның

жоғарылығы 37 пайызды (251сына-ма) құраса, санитарлық химиялық көрсеткіштер бойынша 5 пайызды (33 сынама) құраған. Сондай­ақ тұтынушыны алдау факторы кез-деспей қалмады. Мәселен, шошқа ДНК­сы немесе соя, ГМО белгілері бар өнімдер 13 пайызды (87 сына-ма) құрады. Бұл көбінесе шұжық тағамдары мен консервіленген өнімдерден анық талған. Аталған өнімдердің анық та масын дұрыс көрсетпеу де тұтынушы нарық үшін қандай келеңсіздіктердің орын алғанын көрсетеді. Осыған орай 66 жоспардан тыс және 8 кезекті тексеру өткізілгенін айта кету керек. Зертханалық жұмыс нәтижелері не гізінде сәйкес кел-меген деректер бойынша барлығы 76 ұйғарым беріліп, 62 айыппұл са лынды.

Талапқа сай келмейтін өнім­дер сауда орталықтарынан тыс қоғамдық тамақтану орын да рында да байқалды. Мәсе лен, қаладағы үш жерде орналасқан «Қағанат» асханалар желісі қоғамдық

тамақтану орындарына қойылатын санитарлық­гигиеналық және эпидемиологиялық талаптарға сай болмай шықты. Әрине, белгілі уақыт аралығында қоғамдық асха-на бұл кемшілікті түзеді.

«2017 жылдың қазан айында «Қағанат» асханасынан 15 сынама алынды. Соның ішінде 6 сынама санитарлық­эпидемиологиялық та лапқа сай болмай шықты. Бұл тағам дайын дайтын өнімдер мен ыдыстардан табыл ған бо-латын. Сондықтан асханалары-мыз бұл кемшіліктерді жойып, 2018 жылғы 15 қаң тардан бастап қайта жұмыс істей бас тады. Қазір барлығы санитарлық­гигие на лық

талаптарға сай. Біз үшін халықтың ден саулығы басты орында», дейді «Қағанат» асхана желісінің басқарушы директоры Ләйла Қозыбаева.

Мемлекеттің басты байлығы – адам. Халық денсаулығын сақтау және дұрыс өнім ұсына білу – әр кәсіпкердің жеке жауапкершілігі. Бұл ретте қоғамдық тамақтану орындары мен азық­түлік өнім­дері нарығын мемлекеттік тұрғы­дан қадағалау мен реттеуге әр аза-мат сергек көзқарас таныта білсе, жауапкершілік те жоғарылай бермек.

Айжамал КӨПЕЕВА

(Соңы. Басы 1-бетте)

Егер компания концентраттың 10­15 пайызын ғана сырттан тасыса, алаң­дамай­ақ қоюға болады. Оның үсті не, «Восточная» ОБФ Қарағанды шах та­ларының көмірін тұтынады. Бұл жерде ес керетін негізгі мәселе, сырт тан әке­лі нетін концентраттың мөл ше рі жер­гілікті шахталардың металлур гия ком­би натын қамтамасыз ете алу жағ дай ы­ на байланысты. «Көмір депар таменті шах таларының жұмысына қарай сырт тан әкелінетін концентраттың кокс өн дірісіне қатысуы 100% құрауы мүм кін», делінген компанияның ресми мә лім демесінде.

Яғни, комбинатқа қажет көлемді тұ­рақты қамтамасыз етіп, ресейлік жет­кі зушінің алдын орау үшін жергілікті

кен шілер аянбауы керек деген қоры­тын дыға келеміз. Желтоқсан айында шахтерлер жалақыны көбейтуді та-лап етіп, дүрліккені естеріңізде болар. Ресейлік компаниямен қымбат келі сім­ге бару соған орай жасалып отыр ған кесір әрекет емес пе деген де ой ке леді. Әйтпесе, Көмір департаментінің қа зіргі уақытта жұмыс істеп тұрған сегіз шах­тасының жетеуі кокстаушы көмір өн­діреді. Сегізінші «Абай» шахтасы энер­ге тикалық көмір шығарады. Көп шіліктің бол жауынша, шахталарға жабылу қаупі төн се, бірінші кезекте осы шахта жабыла-ды. Оның өзіндік құны ашық кен орында-рынан алынатын өнімнен екі есе қымбат.

– Компания өкілдерінің айтуы н­ша, бұл «АМТ» компаниясына ауа­ дай қажет, – деді «Қорғау» кө мір шілер

кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов. – Ресейлік компа ния өз кө­мі рін біздегідей бағамен бер мей ді. Оның үстіне, «Распадская» комп а ния сы ның ресурстары таусылмас тай мол емес, олар көмірді тек белгілі бір мерзім ара­лығында жеткізіп беріп отыруға келі­седі. Көмірді Новокузнецкіден немесе өзі міз дің шахталардан жеткізуге кете тін шығын айырмашылығы да жер мен көк­тей. Сондықтан алаңдайтын ештеңе жоқ.

Қарағандыда көмір өнеркәсібінің арда­герлерімен кездесіп, кәсіби тәжі рибелі маман ретіндегі пікірін білу қи ын шаруа емес. Сондай бірнеше май тал манның сөзіне құлақ асып көргенде түйгеніміз мынау: «АМТ» компаниясының шахта-лары жоғары сапалы көмір концентратын беруге қабілетті. Бұл орайда өндірісті

ти істі жабдықтармен қамтамасыз етіп оты руды естен шығармау керек. «ГЖ» мар калы көмірдің жетіспейтіні рас. Оған себеп – лава тапшылығы. Мы са лы, «Шахтинская» шахтасында бұрынғы сегіз лавадан қазір шағын бі реуі ғана қалған. Ленин атындағы шах тадағы жағдай да осындай. Мұның соңы жақсылыққа апар-майды. Барланған кө мір қоры 9 млрд тоннаны құрайды. Кез інде 44 млн тонна майлы көмір өн дірілген екен.

Сонымен өз шахталарымыз бен байы­ ту фабрикамыз тұрғанда, мамандарымыз барда көмір концентратын сырттан са-тып алу не үшін қажет болды? Бір есеп-тен, өнім көлемі мен сапасын арттыру үшін өндірісті дамыту, жетілдіру керек. Оның бәріне қыруар қаражат қажет. 2008 жылдың маусым айында Қазақстан

Үкіметі Көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын мақұл дады. Сол тұжырымдамада Қара­ған дының кокстаушы көміріне деген сұраныс 2020 жылға қарай 25 млн тоннаға дейін артады деп болжанған еді. Осы сұранысты қанағаттандыру үшін жаңа шахталар салу жайы да ойлас ты рылды. Сонымен қатар «АМТ» АҚ­тың жұмыс істеп тұрған шахталарында күр делі құрылыс­монтаж жұмыстарын жүр гі зіп, әлемдік талаптарға сай проходка және өндіріс жабдықтарын сатып алу жоспар-ланды.

Алайда Үкіметтің 2014 жылдың 28 маусымындағы «Қазақстан Рес пуб­ли касының отын­энергетика кеше нін дамытудың 2030 жылға дейін гі тұ­жы рымдамасын бекіту туралы» қау­лы сында белгіленген меже әлде қай да төмендетіліп, 2020 жылға қарай өн ді рі­летін кокстаушы көмір көлемі 14,1 млн тон на болады деп нақтыланды.

Үкімет көмір өндірісін ұлғайтуды осы бағыттағы жалғыз ірі компания «АрселорМиттал Теміртаумен», ал сұ­ра ныстың өсуін болат өндіру қуатын 6 млн тоннаға дейін жеткізу жобасымен байланыс тырады, әрине. Аталған тұжы­рым дамада баяндалғандай, Қарағанды кө мір бассейнінде жоғары сапалы, әлем­дік нарықта бәсекеге қабілетті кокстау-шы көмірдің мол қоры бар. Олай болса, «АМТ» АҚ­тың басшылығы өзінде бар ды өзгеден тасып, екі шығындалып отыр­ғаны несі?! Мыңдаған адамның тір шілік көзі болып отырған өндіріс тағ ды рын өзім білемге салуға ешкімнің де құқы жоқ. Мәселе оң шешімін таппаса, Үкімет қарап отырмас деп сенеміз.

ҚАРАҒАНДЫ

Бай болсаң, халқыңмен бол!

Әулиеата өңірінің әлеуеті айтарлықтай

Азық-түлік қауіпсіздігі қаншалықты ескеріледі?

Page 6: ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс басталғалы қар қын- ... жылға жоспары туралы ақпарат

6 9 АҚПАН 2018 ЖЫЛҚОҒАМ

«Бешбармақ» сөзі һәм Голощекиннің сайқымазағы

Астанаға келген жылдың күзінде тіркеуге тұру үшін Алматы аудандық ардагерлер ұйымының кеңсесіне бар дым. Ұйым төрағасы Сайлаубек Дүйсенбекұлы жылы қабылдады. Сөзі­нің соңында «Тілімізге мүлдем жат «беш бармақ» сөзінен қалай құтыламыз? Ұлт тық асымызға лайықты атау тапс а­ңыз айтыңызшы» деді.

Сол әңгімеден кейін алты жылдай уақыт өтсе де қолданыстан қалмаған, тілі мізді бұзып тұрған кесірлі сөз жайын­дағы ойды ортаға салу үшін қолыма қалам алдым. Өйткені жадымда жатта­лып қалған әкеммен екеуара болған бір әң гі мені де жаңғыртқым келді. Әкем тоқ­сан нан асып, 1994 жылы дүниеден өтті. Бозбала шағында соқа сүйретіп, алғашқы се рік тестіктерді құрысуға қатысып, ауыл басқарып абыройға жеткен адам еді. Соғыс жылдарында Сталинград, Рос­тов шайқастарының өтінде бір қол, бір аяқтан жараланып, І топтағы мүге дек болып елге оралды. Мүгедек қал пымен шаруашылықтан қол үзбей, кең шар басқарып, жылқышы болып, құрметті зейнеткерлікке шығып, баянды ғұмыр кешті. Мұның бәрін жазып отырғаным, әкем ел десе ішкен асын жерге қоятын ерекше адал адам еді. Сұрапыл шайқаста опат болған туған екі інісінің өтеуіндей (әкем осылай дейтін) соғыстың соңын ала туған, кештеу көрген тұңғышы болғандықтан мені алабөтен жақсы көріп, өзімен қатар адамдай әңгімеге тартып, ішкі сырын ірікпейтін еді. Бұл мен үшін үлкен тәрбие, білім мектебі болды.

Әкемнен әлгі «бешбармақ» сөзі жөнінде сұрағаным есімде. Сонда: «Еее, бұл Голощекиннің сайқымазағы ғой. «Қазақ етті қолмен жейді» деп сон­дай ат қойыпты. Оны жандайшаптары қолпаштап, ел­жұртқа таратып жіберіпті. Үлкен асымызға таңылған жолбике атау содан бері жабысып, қалмай келеді», деп қынжылып еді. Халқымыз «бір қарын май­ды бір құмалақ шірітеді» дейді. Ардақты асымызға түскен бір құмалақтай ана тілімізді былғап тұрған осы бір жолбике жамау сөзсымақтан арылуға халық бо­лып жұмылатын уақыт келген сияқты. Сөзсымақ дегенім, «бешбармақ» қазақ сөзі емес. Орысша да емес, бірақ түп­төркіні орысшадан бастау алатын сияқты. Ойланып көрелік. Неге бес сөзі беш бо­лып бұзылған? Орыс тілінде де бес сөзі бар. Мағынасы қазақшадан мүлдем бөлек. Мәселен, «бес попутал», «беситься» (жын­шайтан түртті). С дыбысы ш­ға айналып (бешеный) кететіні де бар. Сөйтіп қазақша бес орысша беш болып кетті ме екен? Сондай­ақ бір қол саласында бір бармақ, төрт саусақ бар. Төрт бармақ қайдан кел­ген? Шешуін тағы да тіл ерекшеліктерінен іздейік. Орыс тілінде «бармақ» деген сөз жоқ. Орысшада екі қол саласының бәрі сау сақ. Орыс тілінің ыңғайымен бір қол­да ғы бір бармақ, төрт саусағымыз тү­гелдей бармақ болып кеткендей. Қаласа, жер­судың, қала, дала, ауыл атауларын, тіп ті кісі есімдерін өктемдікпен оп­оңай орыс шаға өзгерте салу – кеңестік билік ке тән тәсіл. Ендеше бірі ғана емес, бар лығы бар мақ болсын деген өктемдіктен «беш­бармақ» шыққан сияқты. Қайдан, қа лай шық са да, тілімізге жат сөзді ұлттық та ға­мы мызға таңып, ұнатпасақ та «қыңқ» де­мей көніп жүре бердік. Енді арылуымыз, қол даныстан түбірімен жұлып тастауы­мыз керек.

Әр халықта еттен жасалатын тағам түрлері бар. Қазақта да қуырдақ, сірне, тағы басқалары баршылық. Дегенмен иісі мұрын жарып, буы бұрқырап, қазы­қартасы, жал­жаясы мен жілік­омыртқасы төңкеріліп алдыңа келгенде тәбетіңді де, көз­көңіл қуанышыңды да әп­сәтте көтеріп жіберетін еттің орны бөлек. Ес білгеннен қазанда пісіп жатқан ерекше иісін сезгеннен «ет жейміз» деп қуанатынбыз. Келе­келе басқа ұлт өкілдерімен аралас­құраластық көбейіп, оларға «Қазақша ет» деп түсіндіріп, осы атауға ден қойып, әбден үйрендік. Тоқсаныншы жылдары Алматы қаласының ірі мейрамханаларының қазақша­орысша жазылған ас мәзірінің (меню) тізімінен «Тайлық ет» («мясо по­тайски»), «Французша салат» («салат по­французски») дегендей, «Қазақша ет», «Мясо по­казахски» атауын оқып, қуанған едік. Бірте­бірте ас мәзірінің қазақша жазылуы да, «Қазақша ет» атауы да сирей бастады. Шынымды айтсам, көңілге қаяу түсіретін, ерсі естілетін «бешбармақ» атауын ұмыттырмай жаңғыртып, төрге сүйреп жүрген өзіміз бе деген де ой келді. Себебі қазақта, шүкір, той көп. Болсын. Қазақ тойының салтанатын асырып, сәнін көтеретін қазақша ет тартылатын сәтте той тізгінін ұстаған асаба көтеріңкі дауыспен «ет дай­ын болды» деп хабарлайды. Кейде мәндеп­сәндеп «бешбармақ» деп әндете созып қосып қояды. Оған ешкім «мұның не?» демейді...

Әңгіме төркіні ұлттық бас тағам тура­лы болған соң «сыбаға» атауы жөнінде ой­ымызды білдіре кету жөн сияқты. Өйткені қазақы қонақжайлықтың үзілмейтін үлгісіндей «сыбаға» сөзі қағажу қалып жат қандай. «Сыбаға» – қазақы сый­құр­меттің салты. Халқымыздың салт­дәс­түрі көрініс беретін тойларда, әсіресе екі жас тың шаңырақ көтерген қызығында құда ларды шашу шашып, ерекше қарсы ала мыз. Ал табақ тартуда олар жалпымен бірдей болып қалады. Құдаларға табақ­тарын «Сыбаға» деп жекелей хабар лап, зор құрметпен тартса, той сәні арта түсер еді. «Қазақша ет», «Сыбаға» атау лары да қатар естілер еді. Яғни, мейрам ха на, дәмханаларда ас мәзірі тізіміне «Қазақ ша ет», «Сыбаға» деп жазылуы керек. «Қа­зақша ет» туралып, «Сыбаға» мүшелеп тар тылады. Осылайша, еттің ежелгі атау­ла ры бас тағамымыздың жолбике атаумен тарауына тосқауыл болар еді.

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бес жыл бұрын Атырау облысындағы балық аулау көлемі 15 мың 750 тон-на болған еді. Қазір 10 мың 900 тонна. Кәсіптік балық аулауға бөлінетін лимит екі есеге дейін азайды, солай бола тұра әлі күнге толық игерілген емес. Облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Ерболат Қадимов Жайық-Каспий бассейнінде балық аулау маусымының кеш басталуы осы саладағы кәсіпшілік лимитті уақтылы игеруге салқынын тигізіп отырғанын айтады. Мәселе осында ғана ма? –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ішкі істер министрлігі Кинологиялық орталығының базасында америкалық нұсқаушылардың қатысуымен кино лог тардың жұмыс қағидатымен таны су бойынша оқу курстары бастал ды. Бұл курстар кинологиялық бөлі ніс тер ге қызметке орналасқан жас қыз мет кер лерді қызметтік-іздестіру итте рі мен есір ткілерді іздеуге дайындауға бағ ыт талған.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Дүние есігін жаңа ашып, өмір табалдырығын енді аттаған нәрестеге жара-сымды, айшықты ат беру – ежелден келе жатқан халықтық мәні зор дәстүр. Адам есімі өзі өмір сүрген қоғаммен, қоршаған ортамен тығыз байланысты. Тарихта айтулы оқиғалардың, қоғамдық құбылыстардың адам есіміне де кірігіп кеткені жайлы дерек көп. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ОЙЛАСУ

КӨКЕЙКЕСТІ ӘРІПТЕСТІК ӘЛЕУЕТІ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ

Бұл заманда қаңғыбас болып жүретін тіршілікке кейбір адамдар көндіккен. Олар күн сайын көз алдыңызда қоқыс жәшіктерін қарап жүреді. Киім­кешек, қалдық тамақ, жыртық болса да жылы көрпе іздейді. Десек те, далада өмір сүру қауіпті. Семейде алты ай бойы қыс жата­ды. Ал қарапайым тілде «бомж» атанып кеткен жандардың тірлігін барлығымыз да көріп жүрміз. Желдің өтінде, суықтың үстінде жұқа киіммен жүреді.

– Міне, 2018 жыл басталды, қаңтар айы, қыстың ортасы, күн суық, – деп әңгімеледі Семей қаласындағы Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бас

маманы Ажар Рүстемова, – қауіп азаяр емес. Аязды күндерде өрт шығуы, адамның қаза болуы мен жарақаттану қаупі жоғары. Себебі тұрағы жоқ жандардың барлығы әйтеуір, бір жылы жерге түнеп шыққылары келеді неме­се «жылы орын» іздейді. Осыған орай, Семей қаласындағы ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімі жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе тұрғылықты мекен­жайлары жоқ тұлғалар жинала­тын орындар бойынша кезекті рейдтер жүргізді. Бұл іс­шараның мақсаты – қаңғыбас адамдарға өрт қауіпсіздігінің қарапайым нормаларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру. Рейд барысында осындай 4 орын қамтылды, нәтижесінде 20 адаммен әңгімелесу жүргізілді.

Бұған дейін Семей қалалық аталған мекеме қызметкерлері бірнеше рет осындай ескерту, түсіндіру шараларын өткізген екен. Бұл жұмыс жалғаса бер­мек. Осындай іс­шаралар нәтижесінде былтыр өрт кезінде қаңғыбас адам дар­дың қаза болуы орын алмапты.

Раушан НҰҒМАНБЕК, журналист

СЕМЕЙ

Оқу курсының ашылуында ха лық­ара лық есірткіге қарсы күрес жат­тық тырушысы Кристофер Кент осы іс­шара АҚШ­тың Қазақстандағы елшілігінің Әскери ынтымақтастық бөлімі басшылығымен ресми кездесулер барысында ұйымдастырылғанын, АҚШ Қорғаныс министрлігінің Есірткіге қарсы күрес бағдарламасы шеңберінде ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.

Курс аяқталғаннан кейін киноло гия­лық бөлініс қызметкерлеріне біліктілік арт тыру курстарын аяқтағаны туралы сер тификат беріледі.

«Егемен-ақпарат»

Ұлтымызда жаңа туған нәрестеге ат қоярда ауылдың беделді ақсақалдары немесе оқыған, мұсылмандық сауа­ты бар адамдарды шақыратын дәстүр болған. Олар Құран оқып, азан шақырып барып нәрестеге есім қойған. Ертеректе шаруашылық соңында жүрген бабала­рымыз табиғат құбылыстарына, күн­де лікті тұрмыстарына орай балала­рына ат қойып отырған. Қойшыбай, Жылқыбай, Тоқтыбай, Шопанбай, тіпті Шұлғаубай, Ошақбай деген көкелеріміз болды. Кешегі Кеңес өкіметі кезеңінде Отан, Ынтымақ, Береке, Бірлік, Одақ, Совхозбек, Колхозбек, Съезд, Марс, Ғарышбек, Мэлс , Марлен , Тельман си яқ ­ ты есімдерден аяқ алып жүргісіз еді.

Қазір, шүкір, тәуелсіздік алғалы жаңа есімдер пайда болды. Олардың көпшілігіне қарап отырып тіпті сүй­сінесіз де. Алыс армандарға, тәтті тілек­терге, ізгі ниеттерге негізделіп қой ыл­ған әуезді де әдемі есімді естіп, кейде шы ғармашылық адамы бола тұра аузы­мыз ғ а осы аттардың түсе бермей ті нін ой лап қуанамыз. Демек, бүгінгі азат ел адамдарының армандары да асқақ.

Десек те, соңғы жылдары ат қою әдебінде ерсіліктер де байқалатыны жа­сырын емес. Кім баласын жаман болсын дейді? Барлық ата­ана ұлынан – ұлылық, қы зынан әдептілік күтетіні табиғи заң дылық. Осы ретте ұлы Абайдың «Бол масаң да ұқсап бақ, бір жақсыны көр сеңіз» дегені еске түседі. Осыны негізге алған ата­ана перзентіне Абай, Мұхтар, Абылай, Едіге, Қобыланды, Алпамыс, Қамбар, Шыңғыс, Шоқан, Қадыр, Мұқағали, Төлеген деген ат бе­руге тырысады. Сондағысы аты аталған адамдардай ардақты, халқына қалаулы, еліне елеулі ұл болып өссін дегені. Ниеттеріне ризамыз, бірақ ол есімдер адам тағдырына әсер ететінін ескере бермейді. Жоғарыда айтқанымыздай, кітап ашып, азан шақырып, Құран оқып, ардақтап қойған аттың киесі бо латынын зерттеушілер дәлелдеп

жүр. Есімдеріне сай есті тірлік жа­сап жүрсе мақұл ғой, Ақылбек деген кісінің ақылынан ажырағанша арақ ішіп, есер қылық танытып жүргені жа­расымды ма? Немесе Иманғали деген аза мат тың имансыздарға лайық тірлік жа сап жүргені жаныңызға батпай ма? Қаһарман атын иемденген жан қоян­жү рек болса қайтер едік? Сүйін деген­нің бойынан кісі сүйсінерлік бір қылық таппасақ ше? Сүйеу деген ер­азамат

отбасына сүйеніш бола алмай, тентіреп кетсе өкініштен өзегіміз өртенбей ме?

«Кісі есімі тағдырына ықпал етеді» дегенді жоққа шығарғымыз келгенімен, бір құдіреттің барлығын мойындамасқа шара жоқ. Қайым атты әріптес ағамыз болды. Ақжарқын азамат еді. Кісіге қылаудай зияны жоқ сол кісі ойда­жоқта ізім­қайым жоғалып кетті. Ауылдағы бір көкеміздің аты Тұман еді. Оны қатарластары Тұмаш деп көтермелеп жүрді. Қой кезегіне шыққан сол көкеміз тұманды күні адасып кетіп, сүйегін екі­үш күннен соң тауып әкелді. Бәлкім, бұл кездейсоқтық та шығар­ау, тегінде

нәрестеге есім берерде ойланбасқа тағы болмайды.

...Алматы қаласынан Шымкентке қайтып келе жаттық. Ол кезде екі қала аралығында «Алатау» пойызы қаты­найтын. Әлден соң вагондағы бір ку­пеге топырлап жолаушылардың кіріп­шығып жатқанын аңғарып қалдық. Сұрастырсақ, біз мінген вагонға атақты батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы да жайғасқан екен.

Кезегіміз келіп, біз де купеге кірдік. Батыр сәлемімізді жылы қабылдады. Жолсерігім ұшқалақтау жан еді, елге­зек болып көрінгісі келді­ау, суырылып сөйлеп, сұрақ қоя бастады.

– Атың кім, балам? – деді осы кезде Бауыржан ата сұрланыңқырап.

– Абылай!– «Жаман иттің атын Бөрібасар

қояды» деген! – деп мырс етті мұртын ширатып отырған батыр.

Осының өзі жеткілікті еді. Мен ба­тырмен қоштасып, купеме асықтым. Абылай не шығып кетерін, не отыра берерін білмей бөгеліп қалды. Арада он минуттай өткенде ол алқынып жетті.

– Шатақ шал екен! – деді отырар­отырмас.

– Өзің шатақсың. Үлкен кісінің ал­дында сонша суырылып сөйлеп нең бар еді. Баукең сенің кім екеніңді алғашқы сөзіңнен­ақ таныды. Егер ізеттілік,

сыпайылық танытсаң «Балам, Абылай хандай ардақты бол!» деп батасын бе­рер ме еді, – дедім.

Ол қарсыласпады. Төсегін салып жатып қалды.

Мен батырмен болатын мыңнан бір мезеттегі осы кездесуде тым құрыса екі­үш ауыз лебізін ести алмағаныма өкініп келе жаттым.

Шетелдердің бірінде бала кәмелет жасқа толған соң есімін өзі таңдай ды дегенді оқығаным бар. Бірақ, мұсыл ман­дықта бұл жоқ қой. Баласына қан дай ат қою ата­анасының ырқында. Сон дық тан қасиетті аттарды баласы на тели бер мей, ойлану да керек сияқты. Кешегі Ке ңес өкіметі тұсында Мақашбай деген мал­шы көкеміз бар еді. Бір баласының аты Прокурор, екінші баласының аты Ге­нерал, келесі бір баласының аты Әкім. Өкініштісі сол, аттарын әлпештеп қой­ған сол інілеріміз ауылдан ұзай алмады. Прокурор мал бағып жүр. Генералымыз егістіктің қарауылы деп естідік.

Қалай дегенде де баласына қандай ат қоямын десе де, ата­ананың қолынан ешкім қақпайды. Бірақ, солай екен деп қиялдың қайығына мініп қаңғып кетуге бола ма? Нәресте дүниеге келді екен, ағайын­туыс, ауылдың көшелі кісілері жиналып, әдемі де айшықты ат табуға әбден болады емес пе?

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланыс­ ты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығын басшылыққа ала отырып, Азаматтардың хал­актілерін тіркеу мекемелері де бұл іске атсалысқандары орынды сияқты. Өйткені бүгінде өрке ни­ет көшіне ілескісі келген кейбіреулер ұл­қыздарына шетелдік есімдерді де қоя ба­стады. Сондай­ақ әдемі де әуезді естілетін (мәселен, Аружан, Айару, Айзере) есімдер инкубатордан шыққан шөжелер сияқты жиі қайталанады. Арқалы ақын Мұқағали жырлағандай, әрине, әдемілік бізге көптік етпейді. Алайда тәттіні көп жесең, аузыңды оятыны сияқты, жиі қайталанатын есімдер түбі бір мезі етері анық.

Ендеше, балаға ат қоюды тек ата­аналар ғана емес, бүкіл қоғам болып қолға алар күн келген тәрізді.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Өткен жылы ауланған 9,8 тон­на балықтың басым бөлігі Ресейге, қалғандары Әзербайжан, Өзбекстан, Грузияға экспортталды. Бұл тізімде Франция, Германия, Польша секілді Еуропа елдері де бар. Бірақ қанша айтылып жүрсе де шешімін таппай жүрген бір жайт – балықтың ешқандай өңдеуден өтпей, шикізат күйінде шетел асып жатқаны. Мысалы, Ресей біздің балығымызды өңдеп, өзімізге екі есеге бағаға қайта сатып, пайда тауып отыр. Мәселе бұл ғана емес.

Су маржандарының, әсіресе бекіре тұқымдас балық қорының жыл са­нап азайып бара жатқанын мамандар жиі айтады. Тіпті балықтан балықшы көп деген де сөз бар. Осы ретте Қазақ балық шаруашылығы ғы лыми­зерттеу институты Атырау бө лімшесінің бас­шысы Әбілқайыр Мұқ санов қазіргі қолданыстағы жүйе мен балық аулау жалғаса беретін бол са, енді бірер жыл­да өзенге салған қар мақтың бос қайту қаупі бар дейді. Атыраулық ғалым­ихтиологтар та би ғат байлығын сақтап қалу үшін су ай дынының екі жағынан да сағасынан 50 шақырым аумақта және үш метр ден төмен тереңдіктен кәсіпшілік балық аулауды шектеу ке­рек деп есептейді. «Амангелді» ӨК басшысы Санат Тілепбергеновтің ой­ынша да бұл орынды ұсыныс. Тек жаб­дық талған флот пен кемелер болса, үш метрден асатын тереңдік алыс та емес.

Аймақтағы балық шаруа шы лы­ғының жай­күйі талқыға түскен мә­жілісте облыстық аумақтық орман ша руашылығы және жануарлар әлемі инс пекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов күзгі балық аулау мау­сымында барлық су айдындары мен балық қабылдау бөлімшелері қатаң бақылауда болғанын айтқан еді. Соның нәтижесінде балық шаруа шы лығы субъектілерінің квотаны игеруі соңғы 8 жылда алғаш рет 87,3 %­ға жеткен. «Алға қа рай да браконьерлікпен күресті тиім ді жүр гізу үшін балық аулауға мем ле кеттік бақылау механизмін жетіл ді ріп, заңсыз балық аулаушылар­ды еркімен жіберетін амал­айлаларды

болдырмау керек. Салада «болма­шы» квотамен жүру секілді ұйым дас­тырушылық­құқықтық проблемалар бар. Екі жыл қатарынан квотаның 50%­ын игермегендерге қайтіп мұн­дай мүмкіндік берілмеуі тиіс», дейді Данияр Баймағамбетов.

Құрманғазы ауданында болған көшпелі мәжілісте облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қазір ресми ауланған балық көлемі 10 мың тонна делінгенмен, бейресми мәлімет бұдан көп екеніне тоқ талды. «Мен кооперативтердің заңсыз балық аулауды қолдап отыр ға­нын нақты айта аламын. Сіздер заң ды қатайту қажет дейсіздер, бірақ бра ко­ньерлердің қылмыстық жолмен ау­лаған балықтарын қабылдайсыздар. Бұлай болмайды. Жауапты адам­дар аймақтағы барлық балық ау­лайтын мекемелерге бақылауды күшейтулері керек», деген аймақ бас шысы браконьерлерді тоқтатып, адал балықшыларға жағдай жасалу керектігін қаперге салды.

Салада маман тапшылығы да жоқ емес. Қазір Атырауда ихтиолог маман­дар жетіспейді. Сондықтан да облыстық әкімдік тарапынан осы ма мандық бой­ынша оқығысы келетін жас тарға грант бөлу қарастырылып жатыр.

Тағы бір мәселе браконьерлерден тәркіленген көлік құралдарына қа­тыс ты. Тәркіленген көліктерді заң сыз деп тауып, жою жайы әлі күнге дейін заң ды тұрғыда реттелмей келеді. Сан­дарды сөйлетсек, өткен жылы су по­лициясы мен облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануар­лар дүниесі инспекциясы екі мыңнан астам заң бұзушылықты анық таған, 125 қылмыстық іс жүр гізіліп, 35 млн теңгеге жуық айыппұл төленді. Заңсыз айналымнан 107 тонна балық алынды, оның 2,735 тоннасы бекіре тұқымдас балықтар.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жауап­ты адамдарға су полициясы мен балық инспекциясының қосымша бөлімдерін ашу мәселесін шешуді тапсырды. Алайда браконьерлікпен күрес қанша қатайса да, ебін тауып екі асағысы келетіндер қатарының азаяр түрі жоқ.

АТЫРАУ

Прокурор мал бағып жүрнемесе есім қоюда ескерер дүние көп

Браконьерлікпен күресте бірлік керек

Кинологтарды оқыту курсы басталды

Тұрағы жоқ адамдар назарға алынды

Page 7: ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс басталғалы қар қын- ... жылға жоспары туралы ақпарат

9 АҚПАН 2018 ЖЫЛ 7ТУҒАН ЖЕР

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

«Ақбақайдың» ашылғанына, биыл елу жыл толады. Елу жылдан бері елдің ең ірі алтын кенішіндегі металдың мөл-шері бір мысқал кеміместен, мемлекеттің басты байлығын өндірумен айналысып ке леді. Көзі тірісінде Дубек ағамыз «Ақ-бақайдың» астында кемі бес ғасырға жете-тін алтын бар» деген екен. «Алтын-алмас» АҚ-тың құрамындағы атағы алысқа кет-кен Ақбақай бөлімшесі жыл сайын 1 млн-нан артық құрамында алтыны бар кен өндіріп, бюджетке 1 млрд теңгеден артық салық құяды. Жер дің бетінде жатқан, оңай жолмен алынатын алтынның бəрі ертең түге сіледі, ал мамандардың ай-туынша, Ақ бақайдың бауырына басқан алтыны алтын өндіру жағынан əлемде алдыңғы орын алатын ең ірі Оңтүстік Африканың Вит ватерсрандынан артық болмаса, кем емес. Африкалық кеншілер екі ғасырдан бері жерді үңгіп келеді, қазір 5 шақырым тереңдіктен алтын алып жа-тыр. Ал «Ақбақай» елу жылды енді ғана еңсеріп, бес жүз метр тереңдікке енді ғана бойлап келеді. Дүйсенбековтердің алты-ны тауып ала қоятындай баяғының бай-ларының қашып бара жатып, тау-тастың жықпылына тығып кеткен ал тыны емес. Ол тонналаған құмның іші нен граммен ғана табылатын кен. Оң түстік Қазақстан экспедициясының бас геологы осы байлыққа ашқұрсақ күй де, қойнындағы тас боп қатқан нанын қара суға жібітіп жеп, қарғаның миы қайнайтын аптап ыстық, аңқаны кептірген аңызақ желдің өтінде, жауын-шашын, боранды күндерде ұшы-қиыры жоқ Бетпақдаланы жаяу-лап-жалпылап ке зіп жүріп кездескен еді. Алғашқы алтын ды алып, сынамасын зертханаға жі бергенде күтпеген нəтиже берді – бір ден 120 грамм таза алтын алақанда жар қырап тұрды.

Жарық дүниеге перзент сыйлаған жұ-мыр басты əрбір ата-ана сияқты, геология ғылымының заңы бойынша əр маман өзі ашқан кен орнына өзі ат қоюға құқылы. Аспандатып, асқақтатып салатын халық əндерін жақсы көретін Дубек өзі ашқан кен орындарының бəріне əн атауын бер-ді. «Ақбақай», «Бурылтай», «Япур-ай», «Лəйлім», «Мақпал», «Қаракесек», «Қа ра-торғайым», «Ақмаңдайлым», «Ақтамақ» – Д.Дүйсенбеков өзі аш қан алпысқа жуық алтын кенішін ха лық əндерінің атымен

атады. Өзі де өнер ден қара жаяу емес еді, бір əн ші дей-ақ шырқайтын бас дау-ысы тың даушысының басын шайқатып, əудем жерге дейін қалықтайтын кең диа-пазоны таңырқатып-ақ тастайтын. Алғаш 3-курста оқып жүргенінде Ақшатауға жас геолог болып тəжірибеден өтуге бар ғанда, ойламаған жерден бейта-ныс біреудің тойына қонақ болып қа-тысудың реті келіп, қонақкəде сұрап кеу-кеулегендердің алдында тамағын бір ке неп алып «Қаракесекті» шырқайды. Ду бектің көмейінен күркірей шығатын қою-қоңыр барқыт дауысы үлкен-кішіні түгел естен тандырып, «Қаракесектің» құді ретімен Ақшатаудан аттанғанша сол жердегі тұрғындардың үйіне кезек-кезек қонақ болу құрметі бұйырады.

Ашқан кеніштерінің бəріне оңды-солды əннің атын үлестіретіндей, то пы-рақ ты белден қазып алтын-күміс із деген Дубек Дүйсенбековтің өмірлік мұ раты мен əн өнерінің арасында қан дай байла-ныс болуы мүмкін? Бақсақ, Ду бек ағамыз жасынан жетім қалып, Тал ды қорған қаласының түбіндегі Шұбар ауылындағы интернатта тəрбиеленіпті. Сол уақыттың тəртібіне сəйкес, барлық интернаттағыдай бұл жердің директоры да балаларға темекі түстес сарғыш ма тадан бірдей етіп киім тіккізеді. Бірақ сапасыз арзан матадан тігілген киім нің бір жуғанда-ақ балақ-жеңі бір қарысқа қысқарып, отырып қалады. Бір де онсыз да жүдеу жүзді ба-лалар си рақтары серейіп шолтиған шал-барды киіп жүргенде, интернат директоры ине-жіптен жаңа шыққан су жаңа кос-тюм-шалбар киіп, шырттай болып жұ-мысқа келеді. Жетім болса да, бойын да жасықтығы жоқ Дубек мынандай жо сық-сыз іске жаны күйіп кетіп, ашуы ал қымына тығылып, директордың ке ңір дегінен ала түседі. Бала болса да, дирек тордың ісінің дұрыс емес еке нін өзінше дəлелдеп, көгенкөздердің несі бесін жырып жегенін бетіне басады. Ал пыс екі тамырындағы қаны басына аттан дай шауып, ашу-дан дірілдеп кеткен ди ректор Дубектің бетінен шапалақпен салып қалады, Дубек те қарап қалмай ин тернаттың қожасын кеудесінен ите ріп жібереді. Іс насырға шауып, Ду бек мектептен де, интернаттан да қуылады. Облыстық білім басқармасы бұл оқиғадан құлағдар болып, тексере кел генде, директордың бірталай былығы ашы лып, жұмысынан босатылады да, орнына Сейілбек Нұрпейісов директор

болып келеді. Ол кісі Дубекті мектеп-ке қайтадан алып, оқу комитетінің же-тек шісі, мектеп старостасы етеді. Ду-бек интернатқа келісімен асханада, оқу бөлмесінде тəртіп орнатады. Бала лардың өлшеулі тамағын ұрлайтын ас паз дар Дубекті көрсе, тайсақтап, жаман əдетін жасаудан жасқанып тұрады екен. Тамағы түгелденген балалардың ара сындағы бұзықтық та біртіндеп тыйыла бастайды.

Осының бəрін байқап жүрген жаңа директор Дубекті жаз болса арбакеш етіп, қыс болса шана айдатып, жанынан тастамай алып жүреді. Өз заманының оқыған зиялысы Сейілбек Нұрпейісов қыз мет бабымен Жетісу жерінде жүргені бол маса, ата тегі Арқа жұртынан та-райтын қазақтың ұрпағы. Екеуі ауыл-дан арқан бойы ұзап шығысымен-ақ жазылып жатқан мидай жазық жазира-лы ал қап секілді Ақанның, Біржанның, Сегіз серінің кең тынысты əндерін кө-сіле шырқап, онысымен қоймай, «се нің дауысың тіпті жақсы екен» деп Ду бек-ке де үйретеді. Жастайынан ішкі əле-мін, көкірек-кеудесін əннің інжу-мар-жанымен толтырып алған Дубек кен із-дейтін кəсіптің иесі бола тұра, дала кезіп, қазынаға кенелген сайын əр кеніш тің бəсіресіне бір əннің атауын бай лап оты-руы сол себептен болса керек. Ұлтының асыл мұрасын дəл осындай жолмен ұлықтап, тозбас ескерткіш со ғып кеткенін өзі де сезбеген болар, бірақ мұндай ұлы һəм текті іс өз елін шексіз сүйген ердің ғана қолынан келетіні хақ.

Кен іздестіру жаны қалап істейтін, керемет жақсы көрген сүйікті ісі болып-ты. Өмірінің соңғы жылдарында жер қойнауының бүлкілін, алтын жатқан жер ді жүрегінің, түйсігінің əрбір тамыр-тал шығымен қапысыз сезетін халге жет кен. Бұл қасиетін өзі де түсіндіріп бере алмайтын көрінеді. Кейде жел тер-беп тұрған жусан сыбырлайды, кейде бас изеп діріл қаққан изен иек қағады, кей де тым-тырыс жатқан тас, кейде то-пырақтың түсі тұспалдап, үмітін қозғап, «үңгі» дегендей болады. Қазса, алтын шы ғады. Геолог бола тұра, өмірінде бірде-бір кен орнын аша алмай кеткен адамдар да бар. Əйтсе де Дубек «Бес-кемпірді» үлкен қиындықпен ашты. Қай та-қайта алтын жатқан жерді тауып ала беретін Дубекті айналасындағылар «осы ның-ақ жолы бола береді екен» деп ұнатпаған. «Бескемпір» ашылмай

тұ рып, жоғарыдан нұсқау беретін бас-шылар жаңадан жасақталып жатқан экс-педицияға мұны тіпті жолатқысы да кел-меген. Топырақтың төбесін тесіп тұ рып, түбіне қанша бұрғы түсіріп, барлау жасаса да, ақыры таппаған соң экспедиция тобы «алтын жоқ» деп жауып кетеді. Бірақ Дубек тап сол жерде ал тынның жатқанын сезеді. «Қазбаса бол майды» деп қалың жұртты тағы да көтереді. Екінші рет қазуға рұқсат ал ғанымен, топ құрамына Дубекті тағы да қоспайды. Алтын табыл-майды. Экс педиция құрамына алынбаса да, бар бола тұрып, табылмай жатқан алтынға іші ашыған Дубек үшінші рет рұқсат сұ райды. Амалы қалмаған басшы-лар Ду бекті араластыруға мəжбүр болады. Іске кіріскен бетте бұрғыны олар сияқты тігі нен емес, көлбей түсіргеннен-ақ құм аралас ұсақ сарғыш түйіршіктер көріне бас тайды. «Алтын жердің астында жай жат пайды, тамырланып жатады. Бірден кесіп өту керек» деген екен. Расында да, ерекше қабілет. Жүре келе, нағыз ма-манның бойын кəсіби əдет жайлай бас-тайды. Дубек ағамыз да асығыс жүруді ешқашан дағды қылмаған. Міндетті түр-де аялдап, асықпай көз тоқтатып қа рап, тас болса, топырақ болса да, ала қанына салып, сипалап көріп, ұнаса, ауыр лығына қарамастан арқалап алатын болған.

Талантты адамның тағдыры да өзге ше болады. Ол тағдырды ең алдымен мі нез жасайды. Жалпы, Дубектің бала кү ні-нен қалыптасқан əділетсіздік көрсе төз-бейтін, шындықтың туы жығылып ба ра жатса шырқырап ара түсетін, ті лін тек ақиқаттың алдаспаны етіп ұстай тын өткір мінезі тағдыр жолына тарамыстай болып тартылды. Кімге де бол са қасқайып қарсы тұра алатын, өз дегенінен қайтпайтын бірбеткей, қай сар мінезі алдағы өмір жо-лында айнымас серігі болды. Оңтүстік Қазақ стан геологиялық экспедициясы оны екі рет Одаққа еңбегі сіңген геолог ата ғына, Социалистік Еңбек Ері атағына ұсын ғанында, министрліктегілер табан-ды түр де қарсылық танытқан. Олардың бағына қарай, Дубек ағамыз мұндай атақ-даңқтарды тіпті қажетсінбепті де.

Қазақ жерінің топырағының ас-тында алтын жетеді. Бұл – Дубек Дүй-сенбековтің жасаған түйіні. Қандай қиындықпен алынса да, алтын ешқашан құнын жоғалтпайды. Мұнайдың бағасы халықаралық нарық бағасына түбегейлі тəуел ді, бағасы күн сайын құбылады.

Ал мемлекеттің байлығы алтынмен есеп-теліп, қоры алтынмен салмақталады. Бі рақ қазақ елін алтынға белшесінен ба тырып, қамбасын қазынаға толты-рып, көзін тапқан ұлдарын басынан ба қайшағына дейін байлыққа бөлеп, бағ лан жасаған батыр мінезді Дубек Дүй сенбековтің өзі адам айтса сенгісіз қарапайым өмір сүрген адам. Алтын ақ қан дарияның жағасында отырып, бір жұтымын да ішпеді. Кейінгі биз-нес тілімен айтқанда, акция түгілі, өзі тапқан мол алтыннан бір грамм алмай-ақ, қастерлеуге тұрарлық алып тұлғаға айналды. Əрине, мұны мойын-дайтындар ғана мойындай алады, білсе де мойындағысы келмейтіндер бар. Біздің министрліктегілер «көзі тірі адамның атын беруге болмайды» деп кергіп отырғанда, адал еңбекті ғана бағалайтын австралиялықтар алғаш «Ақбақайға» ин-вестор болып келісімен, аңызға айналған геологтың «географиясымен» танысқан соң-ақ алтын мен күмісті балқытуға арналған зауыттарына Д.Дүйсенбековтің есімін беріпті. Бүгінде «Ақбақайдағы» алтын өндіретін зауыт Дубек Дүйсен-бековтің атымен аталады. Дубек ағамыз «Ақбақайдың» ашылғанына 25 жыл» деп «Алматы ақшамына» мақала жаз ған екен. Сонда: «Ақбақай – алтын бұлағым, Ел тəуелсіздігіне жаққан шы рағым» деген жолдар бар. Бұл кісілер байлықты емес, білімді, арды, еңбекті ғана пір тұтып, елінің ешкімнен кем болмай, озық болуын ғана ойлады. Ең өкініштісі, тəуелсіздікті тəу етіп, ұлт үшін ұйқы мен күлкіні білмей ең бек еткен ердің үш бөлмелі пəтері орна ласқан үйге ескерткіш-тақта да қағылмапты. Қазақстан геологтары ардагерлер ұйымы Парламентке, Алматы қаласының əкімдігіне хат жазып, көше сұраған. Дубек ағамыздың ошағының отын өшірмей, түтінін түтетіп отырған жары Қантай апайдың айтуынша, бұл шаруа да кешеуілдеп жатқан көрінеді. Дубек Дүйсенбеков көлденеңінен келіп килігетін көк атты емес, көше атын иеле-нуге толық хақысы бар адам. Жүзге жуық кен орнын, оның ішінде мемлекеттің ал-тын қорын жасақтап отырған оншақты аса ірі кенішті, жалпы Қазақстанға алтын қоймасын ашып берген тұлғаға Алматы мен Астананың қай-қайсысынан да көше сыйлауға, таршылық жасалмауы тиіс.

АЛМАТЫ

ЖЕРІҢНІҢ АТЫ – ЕЛІҢНІҢ ХАТЫ

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Қақабай өзі қыстап отырған қыстаудың желкесіндегі тө-беге шығып, айғай салғанда қо зыкөш жердегі жылқы қа-йы рылады-мыс. Бес-алты ша қырым жердегі жыл қы-шыларына айтқан əмірі анық жете береді екен сонда. Ащы айғай емес, əміршіл дауыс. Енді, Мəдиді алып қараңыз. Алты қырдың астындағы ауылға дауысы талмай жете береді. Асқақ үн. Қақабай мен Мəди – Қаздауысты Қазыбек бидің ұрпағы. Дауысы өткір, жеріне жеткізіп айтатын діл-мар, шешеннің жұрағаттары. Екеуіне де Құдай зор дауыс берді. Мəселе – Алла берген талантты кім қайда жұмсады?

* * *Би атаның топырағынан

тү леп ұшқан əнші бұлбұлдар да, дүл дүлдер де көп. Алдымен Абай əндерін түпнұсқадан жет-кізуші Жүсіпбек Еле бековті ай та мыз. Көбісі кесімді сөз ке мең герінің тікелей ұрпағы. Мақ пал Жүнісованың да да-уы сы қайталанбас құбы лыс. Əнші Гүл бар шын Тер геу-бекованың дауысында да да-ланың кеңдігі көрініс та-бады. Заманында көрнекті қа лам гер Кəрім Сауғабаев «Мақ пал дың көмейіне қаздың

сүті там ған... Бесікте бөлеулі жатқан жас нəрестенің үстінен ұшып өткен бір топ қаздың қаңқылы көмейге тамып, көкірекке сіңген... Мың жыл-да бір рет болатын құбылыс!» деп суреттепті əншіні. Бізді ақынның сөзбен салған суреті толқытты. Ақынның қиялы қияндатып-ақ жіберді дейсіз!.. Асылында қазда сүт бол-мас. Ақын Тыныштықбек Əб-дікəкімұлының «Қаздардың қаңқылынан қаймақ жалап, Түнде сəл Ай сəулесін тыңдап алам» дегені бар. Мəселе, қаз сөзінің төр кінінде еді. Ол қаз – дала діл марының кепиет құсы ғой?!

Қаз дауысты...

* * *Осыдан тура алты жыл

бұрын сол Балқантау бау-райындағы Егін дібұлақ ау-лында «Алла» деп қар-қылдайтын қарғаның пайда болғанын естідік. Оны тіпті сол уақытта «Қазақстан» ұлт-тық арнасының Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Нұрлан Аманов та таспаға бас-қан екен. Бұл ақпарды тарату-шы Қайыр Рахметуллин ерек-ше тылсым оқиғаны баяндай келіп «Кім білсін, Балқантау баурайын мекен ететін қарғалар адамдарға Алланы ұмытпасын дегісі келетін шығар...» деп ойын түйіндепті. Ол дұрыс қой.

Дегенмен, заманында қаздың дауысы қаңқылдап ұшқан қасиетті өлкеден қарғалар қарқылдағанын біз ұнатпаған едік...

Екіншіден, сол ауылдың төрін де тұрған Қаздауысты Қа зыбек бидің еңселі ес-кер т кішіне қарға қонып, сауысқан саңғымайтынын ауыл тұрғындары ерекше тыл-сым күшпен байланыстырып əлденеше рет айтып жүрді. Бəрі де кереғар құбылыстар. Əсілі қарға сөйлемес. Ауыт-қушылықтың ауылын алыс тан іздемедік. Себебі бұған дейін Қар қаралы, Семей, Егіндібұлақ, Мыржық, Едірей, Дегелең, Қай-нар, Бақты, Балқантау шегінде аса ауыр ядролық по лигондағы сы нақ тар саны 456-ға жет-кен. Жə не олардың жалпы қуаты 1945 жы лы Хиросимаға тас талған атом бомбасының қуа тынан 2,5 мың есе көп. Яғни, одан бөлінген радиа-ция ның адамға, жан-жануарға зияны шаш-етектен. Бұл орай-да ең қауіптісі – иондалатын радиа цияның ықпалы гендік кодты дауа сыз өзгерістерге соқтыруға мүм кін екендігі. Бұдан кейін қарға қазақша сөйлемегенде қайтеді?! Біз керісінше, адамдардың қар -қыл да мағанын тілейік. Ай тыс ақын дары табиғатынан айтқыш ке леді. Би бабаның былтырғы ұлан-асыр тойында өткен аламан да бір ақын «Қаз дау-ысты баба лар келмеске кетіп, қыз дауыс ты жігіттер көбейіп тұр» деген мағынада терең мағыналы сөз айтты. Расында да, қалмақ ханының қос иығына қабылан боп мінген қаз дауыс-ты қаһар қайда қазір?!

ӨМІР ӨРІМДЕРІ

Алтын тамыр

––––––––––––––––––––––––––––––«Ақбақайдың» алтыны мен оны ашқан адам туралы жазатын болған соң алды-мен википедияны ақтарып к�рдік. Ақ-парат тың ең алғашқы с�йлемі былай бас талады: «Ақбақай – Жамбыл облы-сы Мойын құм ауданы Мойынқұм ауы-лынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде орналасқан. 1968 жылы геолог Дубек Дүйсенбеков ашқан». Кеңес Одағы заманынан бері алтын �ндіру бойын-ша алдыңғы қатарда болған, алтынның т�рт бірдей түрі �ндірілетін, жыл сайын 1 тоннаға жуық таза алтын беретін әйгілі «Ақбақай» кенішінің авторы, гео лог-қазақ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дубек Дүйсенбеков туралы с�з қозғамас бұрын, осы мәліметті к�лденең тартсақ, даңқ иесінің ұлтының алдындағы еңбегі мен дара болмысы ашыла түсер дедік.––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қасымның ауылынан – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданынан «Алтын адам» тапқан белгілі ар-хеолог Арман Бейсенов ағамыз бір қызық дерек айтты. Сақ қорғандарын іздеп жүріп Егіндібұлақтан әрі қарай Едірейге, Ай рыққа, Қақабайдың қыстауына барса, ауылдың ақсақалдары қызық әңгіме айтып отыр екен... –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ЖЕРІҢНІҢ АТЫ – ЕЛІҢНІҢ ХАТЫ

––––––––––––––––––––––––––––––«Ақбақайдың» алтыны мен оны ашқан

«Ақбақай» қалай ашылды?

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мəдени шараға саяхатшы-шы-ғыстанушы Шоқан Уəлиханов тың есімі тақырыптық тұрғыдан ар қау етілуіне басты себеп болған ақ қан жұлдыздай жарқ еткен қазақ ға-лымының өмір жолын терең зерделе-ген қаламгердің бірі – осы Жарыл қап Бей сенбайұлы.

Расында, қазақ руханиятында Абай дың жолы қандай тағылымды болса, Шоқанның жолы да сондай қымбат. Осы екінші сара жолды негіздеушілердің бірі ретінде оқыр-манмен пікір алмасып, ой бөліскен Жарылқап Бейсенбайұлы өзінің шоқантануға қалай бет бұрғаны

туралы кеңінен əңгімелеп берді. Зерттеуші-журналистің айтуына

қарағанда, студенттік шағына тап келген өткен ғасырдың 60-жылда-ры қазақ руханиятында тың серпін пайда болып, жаңа тынысы ашылған кезең-ді. Яғни жас жазушы-ғалымдар Рымғали Нұрғалиев, Мұхтар Ма-ғауин, Зей нолла Серікқалиевтің салған түрені студент жастың ру-хын оятқан. Аталған адамдар сияқ-ты ол да осы арнаға бұрылуды мақ сат тұтқан. Сөйтіп Шоқанның жо лын журналистік леппен зертте-уге кіріскен. Əуелі ғалымның 1856 жылы басынан өткерген атақ ты «Ыстықкөл сапары» жайлы күн-делігін құшақтап, дəл осында аты аталып, түсі түстелген жерлерді жаяу

аралап, сонау Петербург, іргедегі Омбы, өзіміздің Семей мен Қапал, қырғыздың Ыстықкөліне дейін Шо-қан басқан іздермен жүріп өткен.

Нəтижесінде, 1975 жылы ғалым-ның туғанына 140 жыл толған ме-рейтойы қарсаңында «Шоқанның ізімен» атты алғашқы кітабын жа-рық қа шығарған.

– Шоқан Уəлиханов, – дейді Жа қаң, – көп қырлы ғалым, кеңес за ма нында оның тек саяхатшылық қыры ғана терең танылды. Оның фоль клор тану, этнография жəне сол тұстағы қазақ қоғамының бет- бейнесі, ресейлік отарлаудың озбыр-лығы жайлы жазған еңбектері əлі де толық зерделенген жоқ.

Тіпті Ш.Уəлихановтың 19 жа-сында Қ.Жалайырдың еңбектерін оқып, оған ғылыми талдау жаса-ғанын, сондай-ақ Мұхамед Ду ла тидің «Тарих-и Рашиди» шы ғар масын алғаш зерттегенін екінің бірі біле бермейді.

Кезінде академик Рымғали Нұр-ға лиев шоқантанушы публициске «Жа рылқап-ау, сенің бар болғаның қан дай жақсы, Шоқанды осындай дəре жеде зерттеген», деп емірене баға беруі тегін емес-ау.

Бір жарым сағатқа созылған кез де су кешінде жиналған студент қа уы мы үшін бірталай маңызды мағлұмат айтылды.

Жиынды түйіндеген Л.Н.Гуми-лев атындағы ЕҰУ проректоры, ака демик Дихан Қамзабекұлы кеш қонағын, қарапайым ауыл баласы-нан мəдениеттанудың үздік үлгісіне айналған тұлға деп бағалап, оған оқу орнының естелік медалін табыстады.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР,

«Егемен Қазақстан»

Шоқанның жолын қуған журналист

ТАҒЫЛЫМ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан құрылған «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі қарымды қаламгер, зерттеуші-журналист Жарылқап Бейсенбайұлының қатысуымен «Шоқан жолы» атты кездесу кешін ұйымдастырды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 8: ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс басталғалы қар қын- ... жылға жоспары туралы ақпарат

8 9 АҚПАН 2018 ЖЫЛЗЕРДЕ

Жақында Семейдің «қара шалы» – отыз жылдан астам уа қыт Абайдың музей-үйінің шырақ-шысы болған Төкен Ибрагимов дүниеден озғанда да, бірден Зей-нолла ойға оралған. Сол «қара шал дың» Зейнолланы Жазушылар үйі нен шығарып салғалы жатқанда Се мейден жетіп, аңырап дауыс са-лып келгені қазалы қауымның есінде. Жайшылықта да сол Төкең: «Бұл Серікқалиев тек жақсылық-тан ғана жаралған жан ғой» деп сыр төгер еді.

Иә, наурыз айы келгенде де біз Зей нолланы еске аламыз. Сонда жұрт наурыз мерекесін тойлағалы жатқанда, жайсаң жанның демі таусылып, сол Ұлыстың ұлы күні оны ақырғы жолға шығарып сал-ған быз. Жазушылар үйіне онымен қоштасуға қаншама адам жинал-ды десеңізші! Туған қызындай бол ған Қымбат қарындасымыз: «Са ғынады сан жүрек, сағынады, Ғұмыр кешу бақыт қой мағыналы, Қа занаттай қазақтың азаматы, Қас қайып жүре тұрса неғылады!» деп жоқтау айтқанда, жұрттың сай-сүйегі сырқырағаны да еске түседі. Жүре тұрғанда, Зейнолла Серікқалиұлы бүгін 80-ге келер еді-ау. Ал ол бұдан 14 жыл бұрын дү ниеден өтті.

Уақыт – емші. Қайғыны да жа зады екен. Ол туралы мұңды ой бірте-бірте сағынышқа айна-лып, оның азаматтық келбетін, мінездерін еске алып, жақсы доспен қайта кезіккендей болады екенсің. Мұңды сағыныш үнемі оны іздетеді. Бір жақсылық болғанда, осыған Зейнолла қалай қуанар еді дейсің. Көңіліңді құ лазытқандай кемшілік кезіксе, әл дебір сорақы қылыққа куә бол ғанда, осы сәтте Зейнолла не дер еді, қандай әрекетке барар еді дей сің. Ол ардың өлшеміндей азамат еді ғой.

Әрине Зейнолла Серікқалиұлы ту ралы айтқанда, ең алдымен оның шығармашылығына, соңына қал-дырған мұрасына, еліміздің рухани өмірін кемелдендіру мақсатында атқарған қызметіне тоқталған жөн. Ол университеттің журналис-тика факультетін бітіргендіктен де, еліміздің біршама баспасөз орын дарында жемісті еңбек етті. «Пио нер», «Жұлдыз» журналда-рында, «Социалистік Қазақстан» газетінде, «Қазақстан», «Раритет» баспаларында оның айшықты із дері қалған. М.Әуезов атын-дағы Әдебиет және өнер инс -титутындағы жауапты жұмыс-тарымен бірге, Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінде ұзақ жыл қызмет атқарып, ұлы жазушының толық шығармалар жинағын шығаруға то лымды үлес қосты. Баспа, по-лиграфия және кітап саудасы комитетіндегі басшылық қыз-метінде де, Парламенттегі қыз-меттерінде де талай игі істердің ба сында жүрді. Мұның бәрін

қан шалық жақсы атқарғанымен, жалақы алып, күнкөрістің қажетін өтеген ісі десек, қоғамдық негіздегі Жазу шылар одағы басқармасының мү шесі, Сын кеңесінің төрағасы, Жазу шылардың халықаралық қа уым дастығы тексеру комис-сия сының мүшесі, БҰҰ-ға жәр-демдесу қауымдастығы бас қар-масының мүшесі, Үкімет жа-нындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комис-сияның мүшесі ретіндегі атқарған жұмыстарының да өзі не тұрады?!

Қалдырған мұрасы деген де, ғылыми-зерттеу, сын кітап тары, та-маша аудармалары, мә де ниет, өнер жайындағы таным дық жинақтар үлкен сөрені тол ты рар еді. Әсіресе сын кі тап тарында әдебиетіміздің, өне ріміздің, мәдениетіміздің келелі мәселелері терең ғылыми негізде, философиялық пайым-да талданды. Кітаптарының бір ерекшелігі – олардың мазмұны, көтерген мәселесі қосалқы атауы-нан айқын аңғарылып, оқырманды ойға шақырып тұрар еді. Қараңыз: «Ой лар, толғаныстар. Қазақ әде-биетінің қазіргі мәселелері» (1967), «Жылдар сазы. Әдеби сын, зерт-теу» (1971), «Ақыл тара зысы. Ғылыми және көркемдік та ным ерекшеліктері» (1976), «Ақ жол. Сын кітабы: мақалалар, зерт теулер» (1990), «Дүниетану да налығы. Жоғары оқу орындары ұстаздары мен студент жастарға арналған оқу құралы» (1994), «Тағдыр және біз. Әде би-сыншылдық көзқарастар, тол ғаныстар, эссе» (1997), «Алтын жамбы. Қазіргі көркемдік ой та-нымдарына көзқарас: талдау, тол-ғаныстар» (2001).

Негізгі кітаптарын атасақ та, оған талдау жасауға жүрегің да -уа ла майды. Тым күрделі. Ауқым-ды. Бір-екі ауыз сөзбен олар -ды тұжырымдай алмайсың. Ай-тар кеңесің – оларды оқу керек. Өкін бейсің. Санаң байиды. Бұл кітаптарға халықаралық «Алаш» сыйлығы, Мемлекеттік сый лық жайдан-жай берілген жоқ. Сол асыл дүниелерден Зекеңнің өзін, оның азаматтық келбетін тапқан-дай боласың.

Енді оның сол азаматтық кел-бетіне ойысайықшы. Мұны оның әр қадамынан, басқалармен қа-рым-қатынасынан, жай жүріс-тұ рысынан да аңғарар едің. Зей-нолла қуана да білетін, арға тиетін әрекетке кезіксе ренжи де ала тын. Қуанатын кезі көп еді. Жол дастарының, таныстарының қуанышы оның да қуанышы болар еді. Қуанғанда, ерекше қуанар еді. Өзінше, Зейноллаша қуанар еді.

Оқуды бітіргеннен кейін мен сыртта біраз жыл жүріңкіреп, Ал матыға кейінірек оралдым. Зей нолла алдымнан шықты. Өзі жақын араласатын ортаға кіргізгісі кел ген. Асқар Сүлейменовпен

та ны суым есте қалыпты. Зейнол-ланың қалағанына қара май, ете-не жақындасып кете ал мадық. Үшеуіміз бір отырғанда: «Мынау нахальный, өз дегеніне бас-қаның көнгенін қалайды. Сен оған көнбессің. Тек ренжісіп қал -маңдар» деп күлген. Рас, жа қын табыса алмадық. Сыйлас тық пен шектелдік. Оның есесіне, Ай тоты-Қымбат апамызбен тіл табыс-қанымыз ешқашан ұмытыл майды.

Асқар дүниеден өткеннен кейін оның анасы жайында Зейнолла аңыздай әңгіме айтты. Апамызға сәлем беріп қайтайықшы деп өті-ніш айттым. Сөйтіп Зейнолла екеу-міз Үлкен Алматы өзенін бой лап, тау жаққа қарай жаяу тарт тық. 5-6 шақырымдай жүріп жет тік. Қымбат апамыз Асқардың баласы, өзінің немересі Әлішердің үйінде тұрады екен. Қандай кездесу бол-ды десеңізші! Айтоты-Қымбат апамызбен кездесуіміз, ол кісімен сұхбаттасу өз алдына әңгіме. Қазіргі менің айтпағым – Зейнолланың өз достарының туыстарымен қарым-қатынасы. Мұн дай қарым-қатынас адамдарына қарай қалыптасатын шы ғар. Асқардай ұл өсірген адам да тегін емес. Зейнолла – сол ұл-д ың досы. Жиірек кездесетін ай-налып-толғану, көзге алып, жас елжіреп жату емес, біртүрлі он-дай күйректіктен жоғарылау, дег-дарлық қарым-қатынас. Көңілді кө теретін, адамды өзімсітіп жа-қын дата түсетін жұмсақ, әдемі қал жыңдар қандай! Асқар анасы-мен қатты қалжыңдасады екен. Зейнолла да қалжыңға басты. Асқар қандай болса, мен де сондаймын дегенді сөзбен емес, осындай қа-рым-қатынаспен аңғартты. Кейін Зей нолла дүниеден озғанда Айтоты апамыз оның отбасына келіп, туған баласынан айырыл ғандай жоқтады.

Ж о л д а с т ы қ қ а м ә р т т і к ,

дос қа адалдық оны айрықша ерек-шелендіріп тұратын. Бұған қа-тысты әңгіме көп. Зиялы қауым-ға белгілі азамат, телевидение және баспа ісінің белгілі қай рат-кері Мақсұт Әубәкіров бәрі міз бірге оқыдық. Жан-жақты шы-ғармашылық қабілеті бар азамат біраз жыл түрлі әкімшілік қызметте жүрді де. Өзінің шы ғармашылық мүмкіндігіне он ша көңіл бөлмеді, әйтпесе төгіл тіп-төгілтіп өлең де жазатын, мөл діретіп көсемсөзді де жазып тас тайтын. Бірақ сол қабілетіне көп мән бере қоймайтын. Соған бәріміз де, әсіресе Зейнолла көбі рек ренжігендей болатынбыз. Жаз сайшы дейтінбіз.

Мақсұт біршама жазып та жү ріп ті. Сол жазғанынан үзінді-лерін кейін газет-журналдарға да бастырды. Өкінішке қарай, ат пал азамат өмірден ертерек оз ды да, жазып жүрген үлкен шығар масы аяқталмай қалды. Сол дүниені Зейнолла қолға ал ды. Біраз шаруа-сы бар екен. Тіп ті біткен дүниені автордың қай та қарайтыны да бар ғой, ал біт пеген нәрсені аяқтау оңай емес. Соған Зейнолла бірнеше айын арнап, тапжылмай отырып бітіріп шықты. Ол өзі қағазы жоқ, кітап шығарудың қиыннан қиын кезеңі еді, тағы да бір баспагер Нұр махан Оразбектей жомарт азамат араласып, роман жарық көрді. Мақсұтқа үлкен ескерткіш тұрғызылды. Зейнолла болмаса, сол кітаптың шығуы екіталай еді. Оған Зейнолланың жазушылық та-ланты, жан жомарттығы керек еді. Мұндай қасиеттердің бас қалардан табыла беруі де сирек қой.

Әйтпесе оның ақын Өмірзақ Қожа мұратовтың шығармашылық мұра сына қамқор болуы – азамат-тықтың биік өнегесі. Жұрт өз кіта бын шығара алмай жатады. Ал Зейнолла осынау ақын ның

қол жазбаларын іздеп Өзбек стан-ға барып, басын құрап, екі кі тап шығарды. Бір ақынды қай та ті-рілтті десек болады. Бұл Зейнол-ладай үлкен жүректі азаматтың ғана қолынан келеді.

Адамдардың танылатын нәр-сесі көп қой. Тіпті қалай дема-латынына қарап та олардың кім еке нін аңғара аласың. Зейнолла тауға шығып демалғанды жақсы көре тін. Тауға бірге шығып жүр-дік. Бастаушымыз – фотоше-бер Нұрғожа ағамыз Жұбанов. Үлкеніміз – 80 жастағы академик Бүр кітбай Айдарханов. Бәріміз Табиғат-анаға баладаймыз. Сонда Зейнолла: «Керемет қой! Қандай сурет! Мұны ешқандай сурет га-лереясынан таба алмайсың. Жұрт осыны неге түсінбейді, неге тауға шықпайды? Бәріміз бір-бір адам-ды ертіп шықсақ, одан кейін өз кезегінде олар да басқаларды ертіп шықса, қанша адам ғажайып дүниемен қауышар еді!» деп ар-мандап та кететіні болушы еді.

Сол тауға шығып жүргенде, бізге бір ой келді де, соны Зейнол-ла мен бөлістік. Халқымызда әу-лие лердің, атақты адамдардың басына барып зиярат ететін дәстүр бар. Соны жаңаша жаңғыртып, ұлы ларымыздың басына жаяу са-пармен барып құрмет көрсетсек, жұртқа ой салғандай іс болмай ма дедік. Зейнолла бірден қолдады. «Сол сапарларға қалайда мен де қатысамын» деді. Кейін «Егемен Қазақстан» газетінің дәстүрге айналған «Ұлылыққа тағзым» жаяу сапар акциясын өткізу идея-сы осылай дүниеге келген.

Бұл идеяның өзі ұлы Абайдың 150 жылд ық мерейтойына байла-нысты туған еді. Редакция басшы-лығы оны қолдады. Семейден Қа рауылға дейінгі 181 шақырым жол ды бір топ адам бес күнде жаяу жүріп келгенімізді аудан жұрт-шылығы ұлы жерлестеріне көр-сетілген ерекше құрмет, тәрбиелік мәні жоғары шара деп қабылдап, бізге біраз қошемет көрсетті. Са пар ға қатысқан төрт адамға «Абай ауданының құрметті азама-ты» атағын берді. Соның бірі – Зейнолла.

Бұдан кейінгі сапарлардан Зей-нолла қалған емес. Тіпті бір жо лы басшылығы жұмыс көп деп, оны босатқысы келмегенде, сонда ол Жоғарғы Кеңестің ап пара тында істейтін, онда жұ мыстан да кетемін деп шарт қо йып, сапарға қатысқаны бар. Зей нолламен бірге Жамбылдың 150 жылдығы, Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаевтың, кейінірек Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдық, сон дай-ақ Түркістан қаласының 1500 жылдық мерекелері қар саңын-дағы жаяу сапарда бірге жүрдік.

Сол сапарларымызды Зейнол ла ерекше бағалайтын. Оған ай рық-ша әзірленетін де. Жол-жө некей халықпен кездесулерде тебірене сөйлер еді. Оның әңгі мелеріне халық та өзгеше ықылас білдіретін. Әр сапарымыздан бәрі міз де желпініп қайтушы едік. «Керемет болды. Енді мұны тоқтатпай, жалғай берейікші» дейтін Зекең.

«Ұлылыққа тағзым» жаяу са-парын Зейнолла барда жеті рет өткіздік. Соңғысына ол қатыса алмады. Дәл осы сапарға қатыссам деп армандайтын. Ұлыларымызға

құрмет көрсеткеніміз өз алдына, осынау сапарлар кезінде біз елі-міздің шығысында, оңтүсті гінде, сол түстігінде, Ертіс өзені нің, Сыр дария өзенінің бойында бол-ға нымыз бар еді. Енді еліміздің ба тысында, Зейнолланың туған өңірінде, Жайықтың бойында болмақ едік. Бізге туған өлкемді таныстырсам дейтін.

Ұлы Махамбеттің 200 жылдық мерей тойы қарсаңында ол ауру-ханада жатты. Алматыдан аттанар сапаршылар Зекеңе кіріп-шық-қанбыз. Әдетінше елжіреп, күліп қар сы алып, күліп шығарып сал-ған. «Келесісіне қатысамын ғой» деген. Оған дәм жазбады ғой.

Зекең туралы, оның азаматтық кел беті туралы айтатын әңгіме көп. Оның қайсыбірін айтып та-уы сасың. Жаны жомарт азамат. Жақсы жолдас. Адал дос. Сү-йікті жар. Мұның бәрі пендеге тән қасиеттер. Өмірде тым көп бол маса да, кездесіп жатады. Ал Зейнолла ең алдымен, үлкен қай-раткер. Белгілі әдебиетші. Бұл енді көп адамға емес, таңдау лылардың ғана пешенесіне жазылатын үлес.

Әдебиетке айрықша адал адам еді ғой. Мынадай бір жайт көңілге ора лады. Мемлекеттік сыйлыққа бі раз адамдар ұсынылып, біраз жұрт алашапқында жүрген кез еді. Зейнолла Серікқалиұлы – сол сыйлықтар жөніндегі комис сия-ның мүшесі. Бір үміткер, ортақ та-нысымыз қолқа салды. Зейноллаға айту керек. Өзі де жақсы таниды. Сөйтсе де, жақындау жүрген мен айтсам, әсерлілеу болар да еді-ау. Айттым. Зекең күмілжіп, ың-ғайсыздана сөйледі: «Өзім де оны жақсы білемін ғой, өзіме-ақ айтпа-ды ма... Түсіндірер едім ғой. Бұл жо лы Қалиханға дауыс бермесем, әде биетке обал болады ғой» деді. «Жарайды» десе, кімнің кімге да уыс бергенін кім біліп жатыр. Мен де риза, үміткер танысымыз да риза. Зейнолла өйте алмайды. Шынын айтып, азаматтығын біл-дірді. Қалихан Ысқақовты таң дап, әдебиетке адалдығын біл дірді.

Бірде Зейнолла «Уақыт және тал ғам (қазіргі көркемдік ой та-ны мына көзқарас)» деп аталатын көлемді мақаласының қол жазбасын редакцияға алып кел ді. Машинкаға бастырдық. Оқып шығып, пікірімді білдір дім. Қатқылдау көрінді. Зекең жұм сартқысы келмеді. Газетке тым ұзақтау көрінді. Зекең қысқарт қысы келмеді. «Әңгіме менің же ке басыма қатысты болса, тіп ті осыны жазбас та едім ғой. Әңгі ме әдебиет жайын-да болып тұр ғой, қайтіп жұмсартам, қайтіп қысқар там?!» деп шырылда-ды Зекең. Әде биет үшін. Кейін сол мақала оның Мемлекеттік сыйлық алған «Ал тын жамбы» кітабына бет-ашар мақала боп кірді.

Кіммен араласса да, қайда жүр -се де адалдықтың ақ туын көте ріп жү ре тін азамат арамыздан кетпе-ген сияқты көрінеді де тұра ды. Оны біз үнемі іздейміз. Қуан ғанда із дейміз, ренішті жағдай шар шат-қанда іздейміз, сонда ол әдемі са-ғы ныш болып оралады. Жақсы адам ның оралғаны қашан да жақсы. Зей нолла әрқашан біз бен бірге.

Мамадияр ЖАҚЫП, Қазақстанның құрметті

журналисі

ЕСІМІ ЕЛДІҢ ЕСІНДЕ

Ардың өлшеміндей азамат еді–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Зейнолланы еске алмай тұра алмайсың. Оны көп нәрсе еске түсіреді. Жақында профессор Жұбатқан Ниетқалиевпен кездейсоқ кездесіп, біздің журналист екенімізді білген соң, ол сұрақтың астына алды: «Зейнолла Серікқалиұлын білетін бе едіңіз?» деді. Білгенде, университетте бірге оқығанымызды, жарты ғасырдай жақын араласып жүргенімізді айтқанда, ол «Ал мен мектепте бірге оқығанмын» деп әңгімені ағытқаны-ай! Менің көз алдыма періштедей бала Зейнолла көлбеңдеді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Иә, ата-ана деген өмір сахнасындағы ешқандай қосалқы актерлермен алма-стырылмайтын басты кейіпкерлер ғой! Әлі есімде, институттың соңғы курсында дипломдық жұмыс жазып жүрген кезім. Сонда маған қажетті бар әдебиетті марқұм Рза анам Республикалық техни калық кітапханадан тауып, үйіме әкеліп беруші еді. Бұл орайда басқа шаңыраққа келін болып түскен менің қамым, «кітап ханаға барып, сарылып отырмай, өзінің оша-ғының басында, үйінде дайындал сын» деген ойы. Ал дайын болған дип ломдық қолжазбамды әкем Жақан машин каға басып берген (ол кезде компьютер бол-маған). Осылай Құдай оңдап, ата-анам-ның қамқорлығының арқасында жоға ры оқу орнын бітіріп шықтым. Бүгінде жет-кен жетістіктерім мен табыстарым бірін-шіден, Алланың нығметі болса, содан кейін – ата-анамның қолдауы.

Арада талай жыл өтсе де, ата-ананың орны ешқашан толмайтынын біле тұрып, «ке ліп қалар» дегендей, қалың қауым ара-сынан оларды іздеймін. Әкем мен анам бар да өмірдің ешбір қиындығын сезінбей, ерке леп жүре беруші едім...

Анам біздің майда тірліктерімізге дейін, тіпті аяқ киім жөндету, киім таза-лату сияқты шаруаларымыздың бәріне жүгіруші еді. Анама қалжыңдап «ақын Рза Қунақова әлі күнге дейін балалы-ша-ғалы балаларының айтқандарын жасап, солар дың шаруасымен шапқылап жүр

десе, ұят емес пе?» дейтінмін. Сонда анам «маған елдің сөзінің керегі жоқ, маған ең алдымен, балаларымның қиналмағаны, жағдайларының дұрыс болғаны керек», деуші еді. Қайран, анашым-ай!

Күнделікті жұмысқа барғанымда та-ңер теңгі сағат 9 бен 10-ның арасында те ле-фонмен хабарласып, хал-жағдай мен аман-дығымды сұрап, дегбір таппайтын. «Мама, неге осыншама уайымдайсың, аман-есенбіз. Маған бірдеңе болса, бірін ші саған хабар береді ғой» десем, «мен саған қанатыммен су сеуіп, үлгеруім керек» дейтін.

Түскі асқа мені жолдан көлігімен ала ке тіп, әкем екеуі екі жағымнан айналып-тол ғанып, орталарына алып, жас балаша ерке летіп, бар «жылы-жұмсақтарын» ал-дыма тосатын еді.

Бұл орайда әкем Жақан туралы айта кет кенім орынды болар. Негізі мен әкем нің «жекеменшік» баласымын да, ағам Нұрлан – анамның сүйікті баласы бола тын. Бала күнімнен әкеме ерекше жақын болдым, ол кісі барда анамды ізде мейтінмін де.

Анамның қоғамдық жұмысқа белсе-не ара ласып, кәсіби журналист, танымал ақын болып қалыптасуына әкемнің қол-дауы мен ықпалы зор еді. Әкем анамның бойына Алла берген ақындық қасиетінің да муына, шығармашылығының жетілуіне жағ дай жасап, түсіністікпен қарап, ала-қанына салып, аялай білді. Сонымен қатар анам жазған өлеңдердің де алғашқы оқыр-маны әкем болатын. Олай дейтінім, әкем

анам ның қолжазбаларын машинкамен ба-сып шығарып, баспаға дайындауына атса-лысатын. Ал анам іссапарларға кеткен кез-дері әкем бізбен қалып, мемлекеттік қыз-метпен қатар тұрмыстағы шаруаларды да атқарып жүрді. Әкем анамның бағын жан-дырып, шығармашылығына дем беріп, оны бағалай білген асыл жан бол ды. Асылында, әйел бақыты деген осы бол са керек!

Әкемнің анам үшін қаншалықты қым -бат екенін әкем өмірден өткенде айрықша сезілді. Анамның «мықты» болып, еш-теңеге мойымай, емін-еркін, еркелеп жү-руі әкемнің арқасы екен. Әкем қайтыс бол ғаннан кейін қуанғанда күлімдейтін, ашу ланғанда от шашатын жанары мұңға тол ды. Бұрын түскі ас үстінде де бәрімен шүйір келесіп отыратын анам, әкемнен айы-рылғаннан кейін тамағын тез арада іш кен болып, қонақ бөлмедегі диванға жа тып, бір нүктеге қадалған бойы терең ойға батып, үнсіз қалатын... Анамның мұн дай күйін мен ешқашан көрмеген едім. Кәкімбек ағамыздың өлеңіндегідей, «сыңарынан айы рылып қалған күні, бұл өмірдің қызығы жартылайды», деген сол екен...

Отыз үш жылдан аса тынбай, үздіксіз қызмет етіп, еңбектерінің жемісін жейтін, бала-шаға мен немерелерінің қызығын көрер шақта сұм ажалдың торына шыр-малып, жарық дүниемен қоштасып, әкем екеуі қайтпас сапарға аттанып кетті. Бір күн болса да құрметті демалысқа шығып, соның рахатын және ұрпақтарының қуаныштарын көруге Алла жазбаған екен...

Туған күндері де қатар болып, бір жыл-дың бір күнінде екеуі бірге зейнеткерлікке шығулары керек еді. Алайда Алладан бұй-рық жетіп, киелі аққу құстарға ғана тән сезіммен небәрі он айдың ішінде бірі нен

соң бірі мәңгілік мекендеріне барып жай-ғасты. Анам әкемнің қайтқанына бір жыл болуына арнап ас беру белгілеген күнге өзінің қайтқанына қырық күн толды. Өмірге келулері де, бұл жалғаннан кету-лері де қатар болды. Алла тағаланың құді-ретінде шек жоқ қой!..

Қамшының сабындай ғана қысқа ғұ мыр кешсе де, анамның артында өлең-жырлары, оқырманы қалды. Өмір өзінің ұзақ тығымен емес, мән-мағынасымен өлшенбей ме?! Бүгінде ата-анам жайлы айтылған жақсы пікір мен жылы лебіздер – олардың осы өмірде қалдырған өшпес іздері емес пе?!

Бәлкім анам шығармашылық өмірде та лай биік шыңдарды бағындырар ма еді, алайда ол кісі үшін отбасы мен ба ла-шағасының мүддесі бәрінен артық бол-ды. Ешқашан атақ қуып, марапат із деп, қызғаныш пен күндестік танытқан емес. Ең алдымен, анам «аяулы жар», «ар дақ-ты ана» деген үлкен «мәртебелі» лауазым иесі бола білді. Сондай-ақ анам отба сының берекесі мен ұйытқысы, ағайын-туғанына, аға-апаларына мейірімді бауыр, жанашыр қарындас, қайын жұртына ізетті де инабат-ты келін, құрбы-құрдастарына адал дос еді.

Са налы ғұмырында анам марқұм та-лай адамға қолынан келген жақсылығын жасап жүретін. Әсіресе ағайындарының оқуға түсуге келетін балаларын, жиен-сіңлілерін емтиханға дайындауда жанын салатын. Үй-ішінің тірлігі, қызмет бабы, өзінің жеке шығармашылығы – осы ның бәріне уақыт тауып, бір мезгіл талап-керлерге диктант, шығарма мен маз-мұндама жаздыратын. Сондай-ақ ауызша пәндерге көңіл бөліп, сұрақ қойып, жауап-тарын тыңдайтын. Бұл орайда білі мнің адам өміріндегі маңыздылығын, оқуға

түсудің қаншалықты жауапты да қиын екенін білдіртетін. Дайындық барысын-да талапкерлерге қатаң талап қоя оты-рып, жалқаулығы мен білімсіздігі үшін туыстарының талай баласын жылататын да. Сол тәрбиелеген жігіттер мен қыздар бүгінде балалы-шағалы бо лып, өмірден өз орындарын тауып, түрлі салаларда қызмет атқарып жүр. Бар лығы да ерекше сезіммен, ыс тық ықы ласпен анам марқұмның өздері-не жасаған қамқорлығын еске алып, ризашылық тарын білдіруде.

Енді міне, «осының бәрін айта жүрсін» деген дей, қазір тек еске түсіп, кеудеме өксік толтырып отырған жоқ па?! Кім ой-лаған, іле-шала, қас пен көздің арасында ата-анамның екеуінен қатар айырылып, орын дарының ойсырап қалатынын? Бар ағайын-туысқа жанашыр қамқор болған ата-анам енді арамызда жоқ... Ата-анам-ның қазасында

«Жапырағы жайқалғанОрман болсын ұрпағың.Өміріңнің жалғасыАман болсын Нұрланың!»

деп жоқтау айтқан едім...Өкінішке қарай, әкем мен анамның

қысқа ғұмырларын ұзартар деген жалғыз ағам Нұрлан 2015 жылдың 11 тамызында 54 жасында ауыр науқастан бақилық болды...

Бүгінде ата-анамның тіршіліктерінде жасаған игілікті де сауапты істерін өзіме үлгі тұтып, үміттерін ақтауға тырысып, өмір соқпағымен жүріп келе жатқан жай-ым бар. Олар менің жанымда болмаса да, әрдайым жадымда...

Ғалия ҚҰСАЙЫНОВА

АСТАНА

ӨМІР-ӨЗЕН

Мәңгілік мекендегі қимастарым...––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Уақыт зымырап, ата-анамның бақилық өмірге аттанғандарына да ширек ғасыр болыпты. Бүгіндері өздері жанымда болмаса да, мейірімді жүздері көз алдыма сағым болып оралып, еркелеткен жылы сөздері кұлағымнан кетпей, жадымда сақталып қалды. Шіркін, қыстың қысқа күніндей жалған дүние-ай!..––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 9: ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс басталғалы қар қын- ... жылға жоспары туралы ақпарат

9 АҚПАН 2018 ЖЫЛ 9РУХАНИЯТ

Коммерциялық киноның «дүмпуі»

Сонымен өткен жылы түсірілген көркемсуретті фильмдердің саны отыз алтыға жетті. Шындығында, бұл – соңғы ширек ғасырда қазақ кино сының тарихында болмаған көрсеткіш. Ал енді жаңағы отыз ал ты ның ішіндегі «Оралман» (реж. С.Құрманбеков) және «Қа зақ хандығы. Алмас қылыш» (реж. Р. Әбдірәш) фильмдері ғана «Қа­зақ фильм» киностудиясында, қал­ған отыз төрт фильм жеке студия­ларда түсірілген. Яғни еліміздің бүгін гі кинокеңістігін негізінен жеке сту дия­лардың өнімдері қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылдармен салыс тырғанда фильм санының күрт өсуіне қуануымыз керек пе, әлде сан нан гөрі сапасына мән бергеніміз дұрыс па?

Сондай-ақ былтырғы жыл көр кем -суретті фильмдер санының көр сет-кішімен ғана емес, соның басым бөлігі коммерциялық киноға тиесілі болуымен де соңғы он жыл дағы қазақ киносының тарихына енуі әбден мүмкін. Тіпті «ба-сым бөлігі» деп мейлінше жұмсақ ай тып отырмыз. Өйткені жаңағы 36 фильмнің 90-95 пайызы – коммерциялық жобалар және олардың арасында «Бизнес по-казахски», «Брат или брак», «Келинка тоже человек» сияқты қаржылай қай-тарымы өте сәтті болған фильмдер де бар. Осы тұста фильмдерді кассалық жиыны тұрғысынан қарастырғанымыз жөн бе, әлде көркемдік сапасы маңызды ма деген сұрақтың туындауы мүмкін. Әрине көздегені қаржыға келіп тірелетін дүниеден шынайы өнер туындысын іздеудің өзі көңілге қонымсыз екені белгілі. Дегенмен...

Коммерциялық киноның басты мақсаты – қаржы табу екенін ескерсек, осы бағытта түсірілген фильмдердің көптігі соншалық, дәл қазіргі қазақ ки-носы өнерден гөрі, кәдімгі бизнеске ай-налып бара жатқандай әсер қалдырады. Және ең қызығы, фильм түсіру үшін арнайы кинематографиялық білім мен тәжірибенің керек болмай қалғанын өткен жылғы коммерциялық фильмдердің ба-сым көпшілігінен байқау қиын емес. Мұндайда «өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп өз-өзімізді жұбатуымыз мүмкін. Бірақ «сонда да солардың бар таңдамасы» екенін ұмытпағанымыз жөн-ау. Дегенмен, жаңағыдай құбылыстың жаппай белең алып бара жатқаны сонша, арасынан «таң дамалысын» табудың өзі қиынға со ғып отырғаны анық.

Әрине көрші өзбек елімен салыс-тырғанда, біздегі коммерциялық кино-ның «дүмпуі» әлдеқайда кешірек бас -талды. Бұл «дүмпудің» бір жақсы жағы – көрермен ең болмағанда өз киносын көреді және тағы бір ұтымды тұсы: жатжұрттық фильмдерден гөрі, отандық шығармаларға қаржы құйылады. Бұл уақыт өте келе міндетті түрде санның сапаға көшуіне ықпал етуі де мүмкін (әрине, үмітіміз бар ғой).

Ал әзірге коммерциялық фильм-деріміздің аясы «махаббаттың да соқыр болатыны», «бәріне ер адам дар дың кінәлі екені», «соңғы қалыңдық», «келіннің де адам екені», «қазақ жігі тіне ғашық болмаудың бес себебі», «биз нестің қазақша түрі», «бай-оғлан дар ұрпағының да мейірімді әрі кең жүректі болатыны» т.б. туралы тақы рыптармен ғана шектеліп жүргені бел гілі. Алайда коммерциялық фильм дердің басты нысаны кейде өткір әрі өзекті әлеуметтік мәселелер де бол -уы мүмкін. Мұның жарқын көрі нісі ретінде 1970 жылдардағы Аме риканың коммерциялық киносын айтуға бо-лады. Осы кезең Скорсезе, Коппола, Спилберг, Лукас сияқты режиссерлерді әлемдік кинокеңістікке алып шықты. Олардың фильмдері коммерциялық бағытта болғанымен, уақыт тынысын, өз қоғамының әлеуметтік мәселелерін дәл жеткізе алған шығармалар ретін де кино та-рихында қалды. Бұл жерде гі айтпағымыз: кім біледі, қазақ коммер циялық кино-сы «дүмпуінің» соңы өз скорсезесінің, копполасының, спилбер гінің, лукасының дүниеге келуімен ұла суы да мүмкін ғой деген сол баяғы үміт тағы да оянады.

Бүгінгі қазақ коммерциялық кино-сының «дүмпуі» өткен ғасырдың 30- жылдарының соңындағы фран цуз, 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басындағы ағыл шын, 70-80-жылдардағы Италия киносындағы коммерциялық бағыт тың үстем болғанын еске түсіреді. Алай да Еуропа киносындағы бұл үрдіс біздің киноға қарағанда, әлем ге белгілі көптеген кейіпкерлер мен фильмдерді ұсынды. Мысалы, 1950 жылдардың соңы мен 1960 жыл дардың басындағы ағылшын коммерциялық киносы атақты Джеймс Бонд деген кейіпкерімен аса танымал болды. Сондай-ақ Агата Кристидің шығармалары бойынша экрандалған фильмдерімен Пуаро мен Марпл ханымдар сияқты кейіпкерлерін тек өз елінде ғана емес, бүкіл әлемге танытты. Осы кейіпкерлер көптеген актерлердің кинодағы жұлдызын жақты.

Әрине отандық коммерциялық кино-мыз да уақыт өте келе сапасы жағынан биік деңгейге көшіп, өзінің мықты режиссерлері мен фильмдерін, танымал кейіпкерлерін ұсынып жатса, құба-құп екені айдан анық. Ал әзірге, өкінішке қарай, Сәбина келін, «қазақша бизнесті жүргізетіндер» сияқты «танымал кейіпкерлеріміз» және солар-мен үндес фильмдерімізбен ғана шектеліп отырмыз...

НәзираРАХМАНҚЫЗЫ,кинотанушы, өнертану кандидаты

Ая ӨМІРТАЙ,«Егемен Қазақстан»

2017 жылы 8 қыркүйекте Торонтода (Канада) өткен ки-нофестивальде «Сталиннің өлімі» фильмінің әлемдік пре-мьерасы өтті. Фильмнің қоюшы режиссері Армандо Ианнуччи кезекті бір сұхбатында «Біз көптеген зерттеулер жүргіздік. Атап айтар болсақ, Мәскеуді араладық, Сталиннің саяжа-йына бардық, 1950-жылдардың үлгі сімен жабдықталған пә-тер лерді көзімізбен көр дік. Көптеген сахналық көрініс тері Ұлыбританиядағы ғимарат-тарда түсірілгеніне қарамастан, неғұрлым сенімді шығу үшін барымызды салдық», дейді.

Кинотуынды желісі Фа-бьен Нури мен Тьерри Ро-бен нің графикалық романына негізделген. Армандо Иан-нуч чи, Дэвид Шнайдер, Иэн Мар тин, Питер Феллоуз төрт-тігі шығармадағы трагизм эле менттерін сақтай отырып фильм сценариін жазып шық -ты. КСРО Министрлер Ке-ңесінің төрағасы Георгий Ма-ленков рөлін Джеффри Тэм-бор, Никита Хрущёв бейнесін Стив Бушеми, Иосиф Сталин образын Эдриан Маклафлин сомдаса, маршал Георгий Жуковты Джейсон Айзекс ой-нады. Сталиннің қызы Све т-лананың рөлін алып шыққан Андреа Райсборо британ кино сыйлығының «Үздік актриса» аталымымен марапатталды. Туын дының өзегі ретінде Ста-линнің дүниеден озар алын-дағы соңғы сәттері мен оның ай наласындағылардың саяси көсемдікке тайталасы алынып, өзге дау-дамай осыған жалғаса өрбиді. Ұлы Сталин өлді, ендігі сұрақ – ешкім орнын басуы мүмкін емес көсемнің орнына кімді отырғызамыз? Талас пен тартысқа толы нағыз қы зық ке-неттен қалыпты өмір ағы сын бұзған осы бір сұмдық жағ-дайдан басталады.

Ресейде неге көрсетілмеді?

Торонтодағы премьерадан бұрын фильмді Ресейде «Воль-га» кинокомпаниясы прокат-тайтыны туралы ай тыла баста-ды. Ал тамыз да кар ти наның трейлері көпшілік ке ұсынылды. Осы дан соң Ресей Мәдениет министрлігіне қарасты Қоғам-дық кеңес тө раға сы Павел По-жи гайло «Ста линнің өлімі» филь міне прокат куәлігін бер-местен бұрын қоғамдық кеңес тал қысынан өтуі керектігін та-лап етті. Де ген мен 17 қаңтарда «Вольга» ком паниясына Ресей

Мәдениет министрлігі тара-пынан фильм ді прокаттауға тиісті куә лік берілді. Ал 23 қаңтар күні бақа нын сүйреткен бір топ қоғам белсен ділерінің на ра зылық мән дегі хатының тегеу ріні қат ты болып шықты. Мар шал Жуковтың (фильмдегі кейіп керлердің бірі) қызы Эра Жукова, режиссер және продю-сер Никита Михалков, докумен-талист Сергей Миро шни чен-ко сынды өзге де өнер қай-рат керлері хатқа қол қой ған. Осыдан соң іс қайта қаралып, тиісті орган өкілдері фильм тура сында «тарихи, мәдени құн-дылықтан жұрдай және кеңес тік символика – әнұран, ор ден мен медальдарды қорлау көрі ністері бар», деген мәміле жа сады.

Социалистік идея тазалығы үшін әдебиет пен руханият дүниесіне тыйым салу арқылы қоғамдық өмірдің барлық са-ласына сұғына енген цензура тірі болып шықты немесе қайта туды дейміз бе? Шындығында «Ке ңес халықтарын жеңіске бас таушы ұлы көсемнің» өле қоймағанына «Сталиннің өлімі» арқылы кезекті рет куә болдық. Тіпті Ресей Мәдениет министрлігі тыйым салынған фильмді прокат куәлігінсіз көрсеткен кинотеатрларға 100 мың рубльге дейін айыппұл са-лынып, жұмысын 90 тәулікке тоқ тататынын мәлімдеді.

Ресейде фильмді көрсе туге үзілді-кесілді тыйым салын-ғандығы режиссер Армандо Иан нуччидің де құлағына же-тіпті. «Ресейлік журналистерге фильмді көрсеткенімізде ұна-ған еді. Олар екі дүниені айт-ты: күлкілі әрі тарихи шындық деп. Қалай болғанда да кино-театр да көрсетіледі деген үміт темін», дейді режиссер The Guardian газетіне берген сұхб а тында. Дей тұрғанмен «Сталиннің өлімі» фильмін прокатқа шығаруға тыйым салу тәжірибесі Ресей тарихында алғаш рет болып отырған жоқ. Мәселен, Ауған соғысы ту ралы «Чарли Уилсонның со ғысы» (Майк Николс, 2008ж) фильмін кей азаматтардың сезім дерін қорлауы мүмкін дегенді алға тартып, көрсетпей тастады. Одан бөлек кезінде Ресейде үлкен дау тудырған «Интервью», «Номер 44» кар ти налары да 2015 жылы Қа зақстан прокатынан шет-тетілгені есімізде.

Фильм табыс әкелмейді!

«Сталиннің өліміне» Ресей осылайша заңмен сес көрсетіп жатқанда, кинотуындыны Қа-зақ станда да көрсетуге шек қо йы лыпты деген сөз желдей

ес ті. Ел аумағына жеткізілген фильмдерге прокаттау куәлігін беруді Мәдениет және спорт ми нис трлігі «Мәдениет тура-лы» заңға сәйкес жүзеге асы-рады. Министрлік өтініш беру-шіге прокаттау куәлігін беру-ден мынадай негіздер бойын-ша: өтініш беруші дәйексіз, я бұр маланған ақпарат берсе; өті ніш беруші қолданыстағы заңнамадағы талаптарға сай келмейтін құжаттарды табыс-таса; фильм мазмұны мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, ұлтаралық араздықты қозды-руды үгіттеген жағдайда бас тар туы мүмкін. Фильмнің көр-се тілмеуіне Мәдениет және спорт министрлігінің қан-дай да бір ықпалы бар ма де-ген сауал жолдағанымызда министрлік «Сталиннің өлімі» фильміне прокаттау куәлігін алу үшін өтініш түспегенін, сондай-ақ министрлік тара-пынан фильмді көрсетуге шектеу қойылмағанын ха-барлады. Ал отандық киноте-атр өкілдерінің сөзіне сенсек, комедияның та быс ты бола қоюы екіталай бол ғандықтан, эк ран ға шығаруды қажет сін-бе ген көрінеді. «Ресейдегі жағ дайдың шет-жағасын есті-дім, бірақ Қазақстанға қанша-лықты қатысты екенінен ха-барсызбын. Аталған картинаға анау айтқандай сұранысты байқамаған соң, экранға қою мүм кіндіктерін іздемедік. Оның үстіне бізге ешкім ха-бар ласқан жоқ», деді Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі-нің қаржы жөніндегі директо-ры Дмитрий Кириенко.

Ал «Арман» кинотеатры мен Kinopark Cinemas желісінің өкілдері фильмді көрсетпеудің еш саяси астары жоқ екенін әрі прокатқа шығаруды әу бас-тан ойластырмағандарын алға тартты. Біздегілер күмәнмен қарап отырған фильмнің Ұлы-британиядағы көрсетілімі 2017 жылдың 20 қазанында баста-лып, аптаның табысты топ бес-тігіне кірді.

Кәсібилер түсірген комедия

Әйтсе де авторлық кино-лар дың төртінші фестивалі

а я с ы н д а 1 а қ п а н к ү н і Алматыдағы «Арман» ки-нотеатры «Сталин нің өлімі» фильмінің бір реттік арнайы көрсетілімін өткізді. Рес ми емес премьераға мыңға тар-та көрермен жина лып, би-лет тер түгел сатылып кет-кен. Көрсетілімге арнайы бар-ған кинотанушы Дана Әмір-бекованың пайымынша, Иан-нуччидің көздегені орыс хал-қын мазақ ету емес, Ста лин нің жеке тұлғасы мен ол құр-ған жүйеге қызмет етіп, өз деген деріне жету жолында бірін-бірі сатып, небір адам қиялына келмейтін қитұрқы әрекеттерге баруға дайын тұр ған шолақ белсенділердің шы найы бейнелерін ирония арқылы әшкерелеген. Фильм-нің көркемдік формасы кино тілі тұрғысынан әлем бойын-ша миллиондап түсіріліп жат-қан өзге кинотуындылардан еш ерекшеленбейтінін, қай жағы нан алып қараса да нағыз кәсі би мамандардың қолынан шық қан кәдімгі комедия екенін айта ды.

«Заман келбетін қайта құ -рас тыруда декораторлар мен кос тюмерлердің, кейіп кер об ра зын бейнелеуді сырт-қы ұқсастықты дәл беруге ты рысқан гримерлердің ең-бегі ерек. Дей тұра көрер мен фильмнен шынайы оқиға-лар дың баяндалуына аса мән беріп, тарихи дәлдікті, ас қан кірпияздықпен қайта құрас-тырылған деректілікті тап-пайды. Оны іздеудің қажеті де жоқ. Себебі фильмнің көз-дегені тарихи деректерді ай-нытпай суреттеу арқылы фа-шис терді жеңген халықты ма зақ ету емес», дейді кино-танушы «Егемен» тілшісіне. Оған мысал ретінде кинота-нушы Дана Әмірбекова Чарли Чаплиннің әлемнің ең үздік фильмдерінің бірі саналатын «Ұлы диктатор» (1940) кино-туындысын келтірді. Саяси сатиралық комедияда Чаплин неміс халқын емес, Гитлердің жеке ұстанымы мен жүргізген саясатын шенегенін еске алды.

Киносүйер қауымның ба-сым көпшілігіне фильм ұнаған тәрізді. Біз оны әлеуметтік же лі ге жариялаған жазбалар

топтамасынан байқадық. Со -ның бірі Ержан Бағдатов есім-ді тарих магистрі фильмде ешқан дай Сталинді қорлау сипа тындағы мазақ көріністер жоқ екенін алға тартады. «Уа-қыт шеңберіне қарамастан фильм авторлары әлдеқандай іс жөніндегі «шефтің» қа-был данар шешіміне бағы-ныш ты адамдардың үрейі мен толқынысын барынша көр-сетуге тырысқан. Бар өмі рін қорқы нышпен өткізген адам-дар дың күлкілі де орынсыз қылықтары кеңес қайраткерлері үшін қалыпты жағдай. Жоспар көрсеткіші үшін ату, сан үшін жазықсыздарды тұтқындау көріністері америкалық режис-серлердің әсірелеуі емес, бұл – тарихи дәлелденген дүниелер. Бізге комедия жанрындағы саяси сатиралар керек», дейді Ержан Бағдатов.

Rotten Tomatoes кино шо-лу сайтында «Сталиннің өлі-мі» фильмі сыншылардың қызу талқысына түсті. Фильм рейтин гіне 10 балдық баға-лау жүйесімен 8,3 балл қо-йыл ған. Фильм жайында бри -тандық киносыншы Питер Б р э д ш о у « и е с і з қ а л ғ а н Кремль дегі шиеленіс туралы жар қыраған хоррор-сатира» деп ба ғаласа, Джон Дефор «пор треттердің сан алуан -дығымен ерекшеленеді» деп жазады. Бүгінде кино ко-микс Беларусь, Грузия, Ук-раина, Армения елдерінде емін-еркін көрсетіліп жат са, комедияның АҚШ-тағы тұ-саукесері наурыз айына жос-парланған. Осылайша әлем болып талқылап, Ұлы бри-танияда аптаның табыст ы киноларының біріне айналған фильмнен біздің кинотеатр-лар «табыс әкелеріне күмән-дандық» деп оп-оңай бас тарт-қаны таңғалдырды. Көрермен талабын ескере бермейтін қа шан ғы әдетіне басқан Қа-зақ стан нарығындағы кино-өнімдердің бірен-саран тасы-малдаушыларының бұл жолғы уәжі де иландыра қоймады. Қалай болғанда да өзге елдің идео логиялық ұстанымы, көз-қарасы фильмнің Қазақстанда көрсетілмеуіне ықпал етпеуі тиіс екенін айтқымыз келеді.

КИНО

«Сталиннің өлімі» неге талас туғызды?––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сталинизм тақырыбы посткеңестік елдердің ең бір дертті тұсы. Сталинді айыптайтындар оның елде қуғын-сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені орнықтырғанын айтса, енді бірі республикалар мен ұлттық автономиялар-ды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремльге тәуелді еткені турасында ашына еске алады. Дәл осы тұста ұлыбританиялық және франциялық кино қайраткерлері көрерменді шемендей қатып қалған Кеңес Одағы тарихына буффонада призмасынан қарауға шақырады. Еуропалық са-тираны біздің қоғам қалай қабылдайды? Хрущев пен Берия-ның клоунадалық образы басқыншылық пен тирандық елесінен ұзап шығып, еркіндік салтанатын құра ала ма? Әлқисса, өткен аптада Ресейдің мәдениет министрлігі француз-британдық «Сталиннің өлімі» комедиясын ел аумағында көрсетуге тыйым салуына байланысты прокат-тау куәлігін кері қайтарып алды. Қазақстан кинотеатрлары да атышулы фильмді көрсетуден бас тартты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Ансамбль атауын әжелер өздері таң даған. Әнші Мәдина Ералиева орындаған «Сағындым, сағым жылдар» дейтін әнмен ансамбльдің аталуын-да мән бар. Айналып келген адамның бүкіл өмірі сағыныштан тұрады ғой. Әннің өзі де, сөзі де сол сағыныштың сазды ирім дері.

Ол әнді шырқап жатқан әже-лердің жүздері жарқын, жандары жас. Әрқайсы салиқалы ұрпақ өсіріп, шө-бере сүйіп отырған ұлағатты аналар. Өмір лері де, көңілдері де хош. Бірақ

жүректері сағым жылдарын сағынады, дейді ансамбльдің музыкалық жетек-шісі Қазигүл Батырханқызы.

Ансамбльдің үлкені Бақытжамал әже Елеукенқызы 71 жаста екен. Ал зейнет жасына жеткен Қазигүл Батыр ханқызы, Любовь Нұрғазинова апалар бұрынғы салық қызметкерлері, Манат Батталқызы кітапханашы, Раушан Мейрамова

медбике, Кенже Құсайынова есеп ші, Роза Ахметова ағылшын тілі пәні нің мұғалімі, Қарлығаш Маутина же ке кәсіпкер, Жібек Қабылкенова поли ция бөлімінде қызмет жасапты. Әжелер ансамблінің көркемдік жетек шісі Гайнутдин Ташимов.

Әжелердің сондай-ақ бір бойынан бірнеше өнерді байқауға болады. Ән-қор жындарынан сырлы саз төгілсе, үйле ріндегі сандық, кебежелерінен түрлі қолөнер бұйымдарын кездесті-ресіз. Осылардың арасында облыстық, қалалық деңгейде өткізілген барлық мәдени шараларға белсенді қатысады. Әже лердің «Сағым жылдар» ансамблін облыс орталығындағы Қарттар үйі, «Денсаулық», «Ардагер» санаторийлері асы ға күтеді.

«Зағип және мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін де жиі-жиі қайырымдылық концерттерін өткіземіз. Бізбен қосылып ән айтып, көңілдері шарықтап,бір жасап қалады. Сағым жылдар – әр жүректе жүр. Ән айтып қана қоймай, бауырсақ, құрт-ірімшік, қымыз, қоспа сияқты ұлт-тық тағамдардан ауыз тигізіп, шашу ша-шып, тыңдаушылардың ықыластарына бөленеміз», дейді Бақытжамал әже.

Сон дай-ақ аталмыш ансамбль – об лыс тық «Ертіс» телеарнасындағы «Салт-дәстүр» бағдарламасының тұ-рақ ты қонақтары. Бағдарламада бо-лашақ жастарға қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері жайлы келелі кеңестер ай-тып отырады. Әсем әнді әжелерді со-нымен қатар Г.Потанин, Бұқар жырау атындағы му зей дің, қалалық, облыстық кітапха наларындағы жастар үнемі кез-десуге шақырып отырады.

«Біздің орталықта мектеп жасын-дағы балаларға арналған үйірмелер жұмыс істейді. Әжелердің сахнаға, мерекелерге, кездесулерге киіп бара-тын ұлттық киімдерінің өрнектері өз қолдарымен жасалған. Іші әнге, сырты сәнге толған әжелер ансамблін құрудағы мақсатымыз – жастар да дәстүрлі халық әндерін естіп, олар да салт-дәстүр, ұлттық қолөнердің бай мұрасымен жақын танысса деген тілек», дейді орталық директоры Алма Арынова.

ПАВЛОДАР

Суретті түсіргенДмитрий ПАРХОМЕНКО

ӨҢІР ӨНЕРІ

Сағым жылдар сарыны–––––––––––––––––––––––––О б л ы с о р т а л ы ғ ы н д а ғ ы Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығында құрылған әжелер ансамблі «Сағым жыл-дар» деп аталады. Ансамбль құрамында ән салатын әжелер өткен жылдар әндерін әуелетіп, қайта оралмас жастық шақтың сағымдай бұлдыраған күндерін есіңізге салады. –––––––––––––––––––––––––

Page 10: ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс басталғалы қар қын- ... жылға жоспары туралы ақпарат

10 9 АҚПАН 2018 ЖЫЛЖАРНАМА

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Хош, сонымен миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін лүпілдеткен Пхенчхандағы Ақ Олимпиада ойында-ры бүгін кешкі сағат 20.00-де (елімізде кешкі бес-те) Орталық стадионда салтанатты түрде ашылып, үш-төрт сағат бойы көрермендерді қызыққа бөлемек. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ККМ марки «Миника» 1102Ф, №1431812, г.в. 2006 и марки «Меркурии» 130 Ф KZ, № 413908, г.в. 2009, книги учета наличных денег, чековые книжки, и регистрацион-ные карточки в связи с утерей считать недействительными.

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу

құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны төмендегі бос қызметтерге конкурс

жариялайды, Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: индексі 030000, Ақтөбе қаласы, ағайынды

Жұбановтар көшесі, 263-үй.

Кафедра меңгерушісі – 12 бірлік 1 География және туризм 12 Металлургия және тау кен ісі 13 Мұнай-газ ісі 14 Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру 15 Құрылыс 16 Аударма ісі 17 Педагогика және психология 18 Мектепке дейінгі және арнаулы білім 19 Педагогика, психология және бастауышта оқыту 110 Дизайн 111 Музыкалық білім және хореография 112 Мемлекеттік басқару және маркетинг 1

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми атағы, кемінде 5 жыл ғылыми-

педагогикалық еңбек өтілі болуы.Профессор – 7 бірлік

1 Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы 12 Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы 23 Орыс филологиясы және мәдениетаралық қарым-

қатынас 1

4 Экология 15 Дизайн 16 Мемлекеттік басқару және маркетинг 1

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап-тар: жоғары білімі, ғылыми атағы, профессор неме-

се доцент ғылыми дәрежелері, кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі болуы.

Доцент – 42 бірлік1 Математика 32 Информатика және ақпараттық технологиялар 33 Физика 14 Отан тарихы және тарихи пәндер 25 География және туризм 26 Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік

сая си пәндер кафедрасы1

7 Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы 48 Қазақ әдебиеті 19 Орыс филологиясы және мәдениетаралық қарым-

қатынас4

10 Шетел филологиясы 111 Мемлекеттік басқару және маркетинг 112 Құқықтану 113 Педагогика және психология 314 Мектепке дейінгі және арнаулы білім 215 Педагогика, психология және бастауышта оқыту 216 Химия және химиялық технология 217 Дизайн 118 Музыкалық білім және хореография 119 Металлургия және тау-кен ісі 120 Құрылыс 121 Мұнайгаз ісі 122 Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру 4

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми атағы, кемінде 5 жыл ғылыми-

педагогикалық еңбек өтілі болуы.Аға оқытушы – 145 бірлік

1 Математика 42 Физика 13 Информатика және ақпараттық технологиялар 84 Тарих және дінтану 85 Отан тарихы және тарихи пәндер 26 География және туризм 27 Қазақстан халқы ассамблеясы және әлеуметтік

сая си пәндер кафедрасы6

8 Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы 69 Қазақ әдебиеті 110 Орыс филологиясы және мәдениетаралық қарым-

қатынас6

11 Ағылшын және неміс тілдері 712 Шетел филологиясы 413 Аударма ісі 214 Қаржы және есеп 315 Экономика және менеджмент 516 Мемлекеттік басқару және маркетинг 417 Құқықтану 818 Педагогика және психология 1019 Мектепке дейінгі және арнаулы білім 520 Педагогика, психология және бастауышта оқыту 1121 Экология 122 Биология 623 Химия және химиялық технология 424 Музыкалық білім және хореография 425 Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім 626 Дизайн 327 Дене тәрбиесі және спорт 1428 Құрылыс 129 Мұнай-газ ісі 230 Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру 2

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі болуы және мамандығы бойынша кемінде

5 жыл еңбек өтілі немесе ғылыми атағы болуы.Оқытушы – 50 бірлік

1 Математика 22 Физика 23 Информатика және ақпараттық технологиялар 74 Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік

сая си пәндер кафедрасы2

5 Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы 36 Қазақ әдебиеті 17 Орыс филологиясы және мәдениетаралық қарым-

қатынас7

8 Ағылшын және неміс тілдері 39 Шетел филологиясы 110 Аударма ісі 111 Мемлекеттік басқару және маркетинг 112 Құқықтану 213 Педагогика, психология және бастауышта оқыту 114 Мектепке дейінгі және арнаулы білім 115 Экология 216 Биология 117 Химия және химиялық технология 118 Музыкалық білім және хореография 119 Дизайн 220 Дене тәрбиесі және спорт 9

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап-тар: жоғары білімі, мамандығы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілі немесе магистр академиялық атағы болуы.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 ( отыз) күн ішінде жүргізіледі.Құжаттарды тапсыру мекенжайы: Ақтөбе қаласы, аға-йын ды Жұбановтар көшесі, 263, кабинет 2, тел: 8 (7132) 54-06-19

Республикалық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулы-сымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционның өткізілу күні мен уақыты: 2018 жылғы 27 ақпанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бойын-ша (Павлодар қ., Академик Сәтбаев

к-сі, 136.)Сауда-саттықтың бағасын көтеру

әдісімен аукционға қойылады: Теңгерім ұстаушы: «ҚР ИДМ

Павлодар облысы бойынша индустри-алды даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің департаменті» РММ, Екібастұз қ., Д.Қонаев даңғылы, 33:

1. Ваз-21310 автокөлігі, м.н 525AF14, 2007 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) баға – 304 000 теңге. Кепілдік жарна – 45 600 теңге.

Теңгерім ұстаушы: «Республикалық мал дәрігерлік зертханасы» РМК ПОФ, Павлодарское а., Октябрьская к-сі, 84:

2. Skoda Octavia автокөлігі, м.н. S588VU, 2008 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) баға – 580 500 тенге. Кепілдік жарна – 87 075 тенге.

3. Уаз-315195051 автокөлігі, м.н. S544VU, 2009 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) баға – 440 000 тенге. Кепілдік жарна – 66 000 тенге.

Анықтама үшін телефон: 8(7182) 32-50-94.

Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

бойынша (Көкшетау қ., М.Әуезов к-сі, 230)

Сауда-саттықтың бағасын көтеру әдісімен аукционға қойылады:

Баланс ұстаушы – Қазақстан Респуб-ликасы Денсаулық сақтау минис-трлігінің «Республикалық элек трон-дық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК (Көкшетау қ., Ақан сері к-сі, 14, тел. 8 (7162) 337523).

1. Lada-21154-120-20 автокөлігі, м/н 049BC03, 2010 ж.ш. Бастапқы баға – 810 000 теңге, кепілдік жарна – 121 500 теңге.

Анықтама үшін телефон: 8(7162) 256556.

Аукционның өткізілу күні мен уақыты: 2018 жылғы 28 ақпанда

Астана қаласының уақыты бойын-ша сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

бойынша (Алматы қ., Достық даңғылы, 134, 205-кабинет):

Сауда-саттықтың бағасын төмен-дету әдісімен, ең төменгі бағаны белгі-лемей аукционға қойылады:

Жабдық:Теңгерім ұстаушы – ҚР Инвестициялар

және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және серти-фикаттау институты (Қазстин)» ШЖҚ РМК Оңтүстік филиалы, Алматы қ., Потанин к-сі, 17, тел. 3039134.

1. GTO-52 офсеттік баспа маши-насына арналған нөмірлеу секциясы. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 256 626 теңге, ең төменгі баға белгіленбей, кепілдік жарна – 38 494 теңге.

2. GTO-46 офсеттік баспа маши-насына арналған нөмірлеу секциясы. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 256 626 теңге, ең төменгі баға белгіленбей, кепілдік жарна – 38 494 теңге.

Жылжымайтын мүлік объектісі:Теңгерім ұстаушы – «Алматы қаласы

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ, Алматы қ., Достық д-лы, 134, тел. 3130785.

3. Алматы қ., Райымбек д-лы, 221е ме-кенжайы бойынша орналасқан тұрғын

емес жай, Литер А екінші қабат, жалпы ауданы 399,0 ш.м. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 56 769 000 теңге, ең төменгі баға белгіленбей, кепілдік жарна – 8 515 350 теңге.

Назар аударыңыздар! Сауда-сат-тыққа шығарылған жылжымайтын мүлік объектілерінің бағасы жер учаскелерінің бағасына кірмейді, сонымен қатар сатып алушы заңға сәйкес ресімдеуге тиіс.

Анықтама үшін телефон: 8(727) 3130785.

Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

бойынша (Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 151 «А)

Аукционның өткізілу күні мен уақыты: 2018 жылғы 1 наурызда Ас-та на қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Сауда-саттықтың бағасын төмен-дету әдісімен ең төменгі баға белгі-ленбей аукционға қойылады:

Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Рес-пуб ликасы АШМ «Ауыл шаруа шы-лығы дақылдарының сорттарын сынауы жөніндегі» мекемесі Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық ауылы, Гагарин көшесі. тел. (8714-2) 56-84-59.

1. Астық қоймасы, жалпы алаңы 229 ш.м. 1963 ж.с. Алғашқы (бастапқы) бағасы – 3 817 000 теңге, кепілдік жар-на – 572 550 теңге.

Аукционның өткізілу күні мен уа-қыты: 2018 жылғы 2 наурызда Аста-на қаласының уақыты бойынша са-ғат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Сауда-саттықтың бағасын тө мен-дету әдісімен төменгі бағасы белгі-лен бей аукционға қойылады:

Теңгерім ұстаушы – «Қостанай облы-сы бойынша көліктік бақылау инспек-циясы» РММ, Қостанай қаласы, Чехов көшесі, 105а-үй, тел. (8714-2) 56-87-15.

2. Спутниктік терминал Антені 1,8 m 2006 ж.ш. жеке номері 236006000022. Алғашқы (бастапқы) бағасы – 776 000 теңге, кепілдік жарна – 116 400 теңге.

3. Спутниктік терминал Антені 1,8 m 2006 ж.ш. жеке номері 236008000006. Алғашқы (бастапқы) бағасы – 776 000 теңге, кепілдік жарна – 116 400 теңге

4. Спутниктік терминал Антені 1,8 m 2006 ж.ш. жеке номері 236006000053. Алғашқы (бастапқы) бағасы – 776 000 теңге, кепілдік жарна – 116 400 теңге.

5. Спутниктік терминал Антені 1,8 m 2006 ж.ш. жеке номері 236006000054. Алғашқы (бастапқы) бағасы – 776 000 теңге, кепілдік жарна – 116 400 теңге.

6. Спутниктік терминал Антені 1,8 m 2008 ж.ш. жеке номері 236002000013. Алғашқы (бастапқы) бағасы – 1 116 000 теңге, кепілдік жарна – 167 400 теңге.

7. Бақылау бекетіндегі таразы құрыл ғысы 2002 ж.ш. жеке нөмірі 236002000003. Алғашқы (бастапқы) бағасы – 2 260 000 теңге, кепілдік жар-на – 339 000 теңге.

8. Бақылау бекетіндегі таразы құ-рыл ғысы 2002 ж.ш. жеке номері 236002000005. Алғашқы (бастапқы) бағасы – 2 205 000 теңге, кепілдік жар-на – 330 750 теңге.

Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалык реттеу және метрология комитетінің «Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 79 а-үй, тел. (8714-2) 54-27-03.

9. ГАЗ-2834 PU автокөлегі, м/н 925АТ10, 2005 ж.ш. Алғашқы (бас-тапқы) бағасы – 775 000 теңге, кепілдік жарна – 116 250 теңге.

Теңгерім ұстаушы – ҚР АШМ Агро-өнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инс пекция комитетінің «Қостанай об-лысы бойынша инспекциясы» ММ, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық а., Новоселов көшесі, 2а-үй, тел. (8714-2) тел. 53-26-91.

10. Ветеринарлық станция ғимараты, жалпы алаңы 205,7 ш.м., 1960 ж.с. Алғашқы (бастапқы) бағасы – 1 871 000 теңге, кепілдік жарна – 280 650 теңге.

Анықтама үшін телефон: 8 (7142) 533-511.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион бастал-ғанға дейін екі сағат бұрын аяқта-лады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

Сауда-саттыққа қатысу үшін ке-піл дік жарналар мемлекеттік мүлік-ті есепке алу саласындағы бірың-ғай оператордың шотына төле неді: Кепілдік жарнаны алушы – «Ақ-параттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН:050540004455; КНП: 171; Кбе:16;

Банк атауы: «Қазкоммерцбанк» АҚ; ЖСК КZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX;

« А с т а н а Б а н к і » А Қ ; Ж С К КZ914500339860000351; БСН: ASFBKZKA.

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптар-ды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарла-мада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Аукционға қатысу үшін мына-ларды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкес-тендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айыры-су шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порта-лында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өз-гер ген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін объект бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тізілімнің веб-порталы автомат-ты тексеру нәтижелері бойынша тізі-лім нің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайы-на өтінімді қабылдау не өтінімді қабыл-даудан бас тарту себептері туралы элек-трондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана оты-рып аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Аукционды өткiзу кезiнде жекеше-лендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

Бағаны көтеру әдісін қолдана оты-рып аукционды өткізу тәртібі:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма ми-нут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің

бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукци-он басталған сәттен бастап жиыр-ма минут ішінде қатысушылардың біреуі қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолы-мен жекешелендіру объектісін са-тып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аук-цион өткізілген болып танылады.

Жекешелендіру объектісі бойын-ша бағаны көтеру аукционы қатысу-шылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастап-қы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаны екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукционды өткізу тәртібі:

1) егер аукцион басталған кезден бас-тап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамай-тын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы Қағидаға сәйкес белгіленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін са-тып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жария ланған бағасы белгіленген қадам-мен азаяды.

Жария ланған баға бойынша жекеше-лендіру объектісін сатып алу ниетін бірін ші болып растаған қатысушы ба-ға ны төмендету аукционының жеңім-пазы болып танылады және осы жеке-шелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.

Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәти желері сауда-саттық нәтижелері туралы элек-трондық хаттамамен ресім деледі, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хат тама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекеше-лендіру объектісін сату бағасы бойын-ша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат бо-лып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері ту-ралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТҮЗЕТУ!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:

1) ақпараттық хабарламасы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 228 нөмірінде жарияланған 2018 жыл ғы 7 наурызға белгіленген «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін сату бойынша;

2) ақпараттық хабарламасы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 26 нөмірінде жарияланған 2018 жылғы 23 ақпанға белгіленген «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін сату бойынша сауда-саттықтардың өткізілмейтіндігін хабарлайды.

Сауда-саттықтардың күні қосымша хабарланатын болады.

УВАЖАЕМЫЕ УЧАСТНИКИ, ТОО «Енбек-1»

Участники ТОО «Енбек-1» сообщают о проведении внеочередного общего со-брания участников, которое состоится 12 марта 2018 года в 15 часов 00 минут по местному времени по адресу: Акмолинская область, Аршалинский район, село Константиновка, ул. Центральная, здание сельского клуба.

Повестка дня: 1. Выхода участников из состава ТОО «Енбек-1»;2. Определения местоположения выделяемых в натуре земельных участков в счет

доли каждого выходящего участника.Время начала регистрации участников собрания в 14 часов 00 минут 12 марта

2018 года. По интересующим вопросам, просим обращаться по телефону: 87020005552

и 87773051530.Участники ТОО «Енбек-1»

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Абай аудандық соты Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ., Миробад к-сі, 39 үйде тұратын 03.12.1965 жылы туған Гүлнар Камельбекқызы Мирсаидованың өтініші бойынша Қытай Халық Республикасы Чугучак қаласының тұрғыны, 08.04.1938 жылы туған Камель-Бек Салехитдинұлы Еренчинді қайтыс болды деп жариялау жөнінде азаматтық іс қозғады. Камель-Бек Салехитдинұлы Еренчиннің соңғы тұрған жері мен жұмыс орны белгісіз. Осыған бай-ланысты кімде-кім Камель-Бек Салехитдинұлы Еренчиннің соңғы тұрғылықты жері бойынша қандай да бір дерек білетін болса, осы хабарландыру жарияланған күннен бастап үш ай мерзім ішінде Шымкент қ., Ш.Қалдаяқов к-сі, 7А мекенжайындағы Абай аудандық сотының А.З.Омарова есімді судьясына және қосымша мына телефондарға: 8-707-489-68-88, +998-901-88-42-49 хабарласуын сұраймыз.

«МАҚТА ИНВЕСТ» ЖШС 06.02.2007 ж., есепке алынған, 2003 жылы шығарылған, паспортының №1367679, зауыт №1367679, АМС 100Ф марка-лы бақылау-кассалық машинаның; тауар чектері кітабының, жасаушы-за-уыт паспортының, тіркеу карточкасының, қолма-қол ақша есебі кітабының жоғалғанын хабарлайды және жоғалды деп есептеуді сұрайды.

ТОО «МАҚТА ИНВЕСТ» сообщает об утере и просит считать утерянными: контрольно кассовую машину марка: АМС 100Ф, заводской № 1367679, № пас-порта 1367679, год выпуска 2003, дата постановки на учет 06.02.2007 г.; кни-гу товарных чеков, паспорт завода-изготовителя, регистрационную карточку, книгу учета наличных денег.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі Шолпан Исабайқызы Жұмағұловаға әкесі

Исабай Жұмағұлұлы ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢқайтыс болуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы газеттің бас бухгалтері Жанаргүл Жұмағұловаға қайын атасы

Исабай ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті аумақтық департаменттерінің республикалық меншік объектілерін сату бойынша www. gosreestr. kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында аукцион

өткізетіндігін хабарлайды

Әзірше Олимпиаданы ұйымдастырушылар оны құпия ұстап отыр. Бұл жолғы Ақ Олимпиаданың ерек шелігі, соңғы жылдары дүрдараз болып келген Солтүстік Корея ның тоңы жібіп, Пхен-чхандағы Олимпиадада бір ту астында өнер көрсетуі бей-бітшілік сүйгіш қос корей елін қуанышқа бөледі.

Кеше еліміздің Мәдениет және спорт Министр і Арыстанбек Мұхамедиұлы,

фристайлдың акробатика түрінен жарысқа түсетін Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева, Маржан Ақжігіт, Аяна Жолдас, «Самұрық-Қа зы-на» ұлттық әл-ауқат қоры де меушілігімен ел саңлақ-тарына жанашыр болып келген бір топ еңбек озатта-ры Пхенчхан мен Каннынға ат басын тіреді.

– Бұл менің тұңғыш Олимпиадам. Жанботаға

қарағанда тәжірибемнің кем соғып жатқанын өзім де сеземін. Десек те намысты жанып, құрбыларыммен бірге бар күшімізді саламыз, – дейді Ақмаржан Қал-мырзаева.

Сегізінші ақпанда фрис-тайлдың могуль түрімен секірушілер «Феникс сноу паркте» жаттығулар жа-сады. Небәрі үш жасында шаңғыға тұрғызып, төрт жа-сында аса қауіпті фристайлге

баулыған Аяулымның әкесі Серік Әміренов, талантты шаң ғышы, Алматыда өткен Қысқы Универсиада ой-ындарында алтыннан алқа таққан шемонаихалық Иван Люфтің тұрақты демеу-шісі, іскер азамат Сергей Глушков үшеуміз фрис-тайл шылардың жаттығуын тамашаладық. Медальдан үміткер Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаковтың көңіл күйлері көтеріңкі, сенімді ақтауға күш салатындарын айтты.

– Ертең іріктеу жары-сы басталады. Үздік өнер көрсеткен жиырма саңлақ келесі айналымға шығады. Одан кейін 12, сосын үздік деген алтау ақтық сында медальдарды сарапқа сала-ды. Юлия мен Дмитрий осы

жолы қалай да медаль алып, жанкүйерлерді қуантсақ де-ген ойда, ал мен жиыр ма-лық қа енсем, жаман болмас еді, – дейді небәрі он алты жас тағы Аяулым Әмі ренова.

Кеше шаңғымен тұғыр-дан секірушілер ірік теу сайысын бастады. Әзір ше С.Ткаченконың нәти жесі көңіл көншітер емес. Онын-шы ақпанда шаңғы шылар, шорт-трек шебер лері, шана спорты бойынша сайыстар өтеді. Хош, сонымен Ақ Олимпиада басталды. Үміт үзілмесін дейік!

Оңдасын ЕЛУБАЙ, журналист,

арнайы «Егемен Қазақстан»

үшін Пхенчханнан (Оңтүстік Корея)

Басталды!

Page 11: ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс басталғалы қар қын- ... жылға жоспары туралы ақпарат

9 АҚПАН 2018 ЖЫЛ 11КӨҢІЛАШАР

–––––––––––––––––––––––––�ткен сенбі күні облыс орта-лығында �ткен «Ертіс ыры-сы» жәрмеңкесіне Баянауыл, Успен, Лебяжі және Павлодар аудан дарының 15-ке жуық ауыл шаруашылық �німдерін � н д і р у ш і л е р і к е л д і . А қ с у қаласы ауылдық аумағының «Алина», «Бастау», «Катюша», «Мамадалиев», « сел және К», «Аққу», «Заман», «Қызылжар-Құс» ЖШС, «Жаманов» және «Рей-Агро» ЖК және басқа да �нім �ндірушілердің де �німдері тұрғындарға жақсы таныс. Іздегеніңізді жәрмеңкеден таба-сыз. Ауылдың таза �німі. –––––––––––––––––––––––––

CӨЗ СОЙЫЛƏЗІЛ-ОСПАЌ, СЫН-СЫЌАЌ

Мүйісті жүргізетін Берік САДЫР

ӘЗІЛ

ІҢ Ж

АРАС

СА...

Сурет «�леуметтік желіден» алынды

Қарыздарың өтелмей,Сіркең су көтермей жүргенде«Жиделіге» соға көрмеңіз,Соққанмен қона көрмеңіз.Себебі бұл ауылдың аумағында Өңкей бір айтқыштар мекен етеді.Тосыннан бара қалсаң:Еріндері жыбырлап,Бір-біріне сыбырлапБастары қайқаң етеді.Сосын құлағыңды құнтитып,Мұрныңды шұнтитып,Сирағыңды тылтитып,Азан шақырып қойған атыңдыҚаңғыртып айдап жібереді,Табанда қосалқы ат байлап жібереді.Мəселен, ауданға келгенƏкімнің аты Жаншырақ еді,Есіміне жау тиді деМақұлбек боп шыға келді.Қысқасы, оның өз обалы өзіне:Жоқ нəрсені сұрағанға да,Телефон құлағын бұрағанға да,Үстінен жазам дегенге де,Архивіңді қазам дегенге де,Өтірік айтып зарланғанға да,Көз бояп алданғанға да – «Мақұл» деп шығарып салады,Артынан онысын ұмытып қалады.Қысқасы, бұл аттыƏкім мырза тілінен тапты...

Айтқыштардың тағы бірТапқырлығын айтайын,Олар мақалдың өзін майыстырып,Қабырғасын қайыстырып,«Жөндеп» жүр,Заманға сай «өңдеп» жүр.Мəселен, көрші ауданғаБастық былтыр Естен болды,Ол келісімен кадрларАстан-кестең болды.«Биік» екен талғамы,Босатпаған адамы қалмады.Орынбасарына Арыстан алдырды,Тағы бірін алыстан алдырды,Бұрынғыларын жұмыссыз қалдырды.Қанына тартпағанның қары сынсынДеген осы екен.Бірі əкімнің бөлесі,Бірі жұбайының досы екен.Кеңсе бастығын Келестен шақырды.Қоймадағы Қалбайды:– Мұрныңа коммерцияның

исі бармайды, –Деп қалтыратты.– Рынок заңына шорқақсың,Алуға да жоқ, беруге де жоқ...– Қорқақсың, –Деп қаржыдағы Қайыстың даТабанын жылтыратты.Салықтағы Сəдіркүлдің«Мінін» бірден таба қойды.

Жеке басты жесір екенсің,Бюджетті орындамайтынКесір екенсің деп орнына ала қойды.– Арықтан да, көлден де,Іште жатқан төлден деТіпті дөңгелек мөрден де салық алады.Кірістің көзін табады, – деп,Талай мекемені ақсатқан,Вагонды жүгімен,Түлікті түгімен жұтып қақсатқанБалдызын алып келді,Оған да майлы жілік алып берді.Жұрт неге күркілдеп, қақырады,Тыныс бітіп, ажал шақырады.Өйткені, өкпелеріне құрт түскен,Бауырлары іскен,Кеселдің емін табатын,Ажалдан алып қалатынЖанашыр адам жоқ.Тойс... білікті маман жоқ,Деп бас дəрігерді жазалады,Ұзамай оның да орнын тазалады.Əкім мырза осылайКомандасын түгел жаңалады.Бұл қорлыққа шыдамған ел енді,«Адамның басы Алланың добы» дегенді Төбесінен бір-ақ ұрды.Сосын «адамның басы – əкімнің добы» депМақалдың өзін қайта құрды.

* * *Мақалды да тудыратын заман ғой,Бəріне кінəлі адам ғой...

�теген ЖАППАРХАН

ҚЫЗЫЛОРДА

Шындықтың жаназасы...

Шындық қайтыс болыпты... Кеше атып кетті... Шындықтың жаназасы-на Жағымпаздар министрі, Өтірік министрі, Мафия министрі, Таққұмар министрі, Баққұмар министрі, клан-дар мен жыландар келді...

– Шындықсыз қалай ел боламыз? – деп Өтірік министрі қорсылдап жылады...

– Талай сорақыны жасырған едік, соның бəрін Шындық жарияға жар салып жүруші еді, енді қайттік? – деп Жағымпаздар министрі Өтірік министрін жағымпаздана құшақтап, сұқ саусағымен тілін жалап, көзінің айналасын сулап қойды...

– Хош, Шындық аға!– Топырағың торқа, ішкенің вис-

ки, жегенің тауық грилі болсын!Молда Шындықтың жаназасын

шығара бастады. Нөпір халықтың ал-дына шыққан өтірік пен жағымпаздар, мафия мен намыссыздар қаздай тізіліп, бəрі портфельдерін қолтықтарына қысып алып, шіреніп тұра қалысты. Бастарын төмен салбыратып тұрудың орнына, қасқайып, шалқайып кетті... Молда Шындық ағайдың жаназа-сын шығарып жатыр, əне екі қолын құлақтарына апарды. О, тоба, Мафия министрі пистолетін шығарып, со-нысымен құлағын қасыды. Өтірік министрі жалған ақпарат беріп үйреніп қалған ғой, əлдекімге ұялы телефо-нымен өтірік ақпарат беріп жатты... Таққұмар министрі креслода отыр...

Бір кезде молда басын оң жаққа, со-сын сол жаққа қисайтып еді, əлгілердің мойындары бұрылмай қалды. Мойын-дары сіресіп қатып қалған... Шындыққа бұрылмайтын мойындар...

– Уа, еліміздің қаймақтары мен жаймақтары! – деді молда Шындықтың жаназасын шығарып болған соң, – Шындық қандай адам еді?

– «Мощный» адам еді! – деді шала қазақ біреу міңгірлеп.

– Айтқаны «точный» адам еді! – деді алыстау тұрып аузын баса қойған Жалтақ деген ақсақал.

– Өтірік айтпаңдар! – деп қалды Өтірік министрі галстугін қозғап қойып.

– Қылда несі бар десейші? Іші пы-сып, қара қылды қақ жарып отырушы еді жарықтық...

– Айтатыны «Аққа құдай жақ»... – Талай қылмыстардың бетін

ашып, көп еңбек етті халыққа...– Обал-ай, обал... – деп жалған

жылады Жағымпаз министрі жан-жағына жалтақтай қарап, – біздің партияға мүше болғанда ғой, өлмес пе еді...

Билік дəлізінің жердегі «құдай-лары» шулап кетіп еді, молда қолын көтерді:

– Айтыңыздаршы, Шындықтың сіздерге қарызы бар ма еді? Өзі жоқ болса да мұнда халық бар. Көп бо-лып...

Министрлер жамырап кетті.– Маған екі миллион теңге қарыз!– Маған 370 миллион доллар

қарыз!– Маған қарыз болайын деп

жүрген...Бір кезде табытта жатқан Шындық

басын көтерді. Өлікті тірілтетін өтірікке жаны шыдамаса керек. Ол ешкімге қарыз емес еді. Сол-ақ екен əлгінде ғана шырт түкіріп, шіреніп тұрғандар тым-тырақай қаша жөнелді...

Мұхтар ШЕРІМ

ШЫМКЕНТ

Менің әйелім супермаркетте сағатына

500 долларлық жылдамдықпен жүріп өтеді.

Бір әйел азаматтың көйлек түсінің ашықтығы

сондай, оның бүйрегі көрініп бүлкілдеп-ақ тұр.

Әр әйелдің өзі дүниеге әкелген баласымен бірге енесі босанған тағы бір баласы бо-

лады.

Ауылдағы бір дүкен өртеніп, оны өшіруге ешкім асыға

қоймапты. Сөйтіп көпшілік дүкен ішіндегі «қара дәптер»

жанып бітті-ау дегенде барып қозғалған көрінеді...

– Әллөу, бұл балабақшадан хабарласып тұр едік. Сіздің

балаңыздың кезегі келді, әкеле беруіңізге болады.

– Рахмет! Ол қалай әскерден оралады, барып шығамыз!..

МҰНДАЙ ДАБОЛАДЫ...

– Хрущев жолдастың денсаулығы соңғы кезде сыр бере бастады деген сөз рас па?

– Рас. Тың игеруден белі шойырылды, жүгеріден асқазаны бүлінді. Америкамен жарысудан демікпе болды, ал тоқ ішегіне сөз толып кеткені неден болғанын біле алмадық.

* * *Мәскеу.Ет дүкенінде кезекте тұра-тұра шыдамы

таусылған бір мұжық:– Бізді осыншама қалжыратып жүрген

кім өзі?! – деп кіжіне сөйлейді. – Хрущев!– Хрущев!?– Ендеше, сендер менің кезегім мына

әйелден кейін екенін ұмытпаңдар, мен барып, Хрущев болмақ тұрғай әулие болса да оған көресісін көрсетіп келейін! – деп айбаттанып кетеді де, бір сағат шамасында қайтып келеді.

– Иә, қалай, бәлемге көресісін көрсеттің бе?

– Жоқ. Онда кезекте тұрғандар бізден бес есе көп екен!

* * *– Сталиннің рөлін ойнаған әртістер

Хрущев пайда болысымен шаштарын жұла бастағандары несі?

– Хрущевтің рөлін ойнауға дайындалғаны ғой!

* * *– Хрущев кинематография комитетінің

сыйлығын не үшін алды?– «Біздің Никита Сергеевич» деген кино-

фильмде басты рөлде ойнағаны үшін.

* * *«Біз ет, сүт, май өндіруде Американы

қуып жетіп, басып озамыз» деген дәрісінің соңында залдан біреу:

– Қуып жеткен соң сонда тұрып қалуға бола ма? – деп сұрапты.

– Қуып жетсек те озбайық, артымыз көрініп қалады, – депті екінші кісі.

Дайындаған Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ

Өзің салсаң... Серікқали Мұқашев пен оның

жұбайы Салтанат Құсайынова жəне Ер-махан Шайхыұлы – əл-Фараби атындағы журналистика факультетінің түлектері, əзіл-қалжыңдары жарас қан құрбы-құрдастар. Бір курста оқығандықтан, олар отбасы болып араласып-құраласып тұрады. Əсіресе мейрамдарда бір-бірін қонаққа шақырып, жиі-жиі бас қосып тұруды əдетке айналдырған. Кейде бір-біріне: «Енді сенің кезегің» деп əзілдесіп қоятыны бар. Бір күні сондай кезек Ермаханға келеді. Ол қонақтарын барынша құрметтеп күтіп алып, дастарқандағы түрлі салаттарды

араластыра салып, қонақтарға таратып жатады.

– Ереке, əуре болма, мен өзім салып аламын, – дейді Серікқали əдеп сақтап. Сонда Ермахан:

– Жоқ, мен салып беремін. Өзің салсаң, к-ө-ө-ө-п салып аласың, – деген екен əзілдеп.

Басқаша жығылатын күн

Құда күтуден халықаралық жарыс болса, қазақ бас жүлдені жеңіп ала-тыны анық. Сондай құдалардың бірін Ермахан да жақын ағайындарының үйінде күтіп жатады. Əр тост айтылған сайын ол құдаларды жағалап, бəріне ал-дыртып қойып жүреді. Байқаса бір құда

мүлде алмай отырады. Себебін сұраса, ол өзінің имандылыққа бет бұрып, на-маз оқып жүргенін айтады. Сонда əзіл айтпаса «ауырып» қалатын Ермахан:

– Құдеке, бүгін басқаша жығылатын күн ғой, – деген екен.

Әріптестер әзіліЕрмахан Шайхыұлы кезекті еңбек

демалысын алып, өзінің туған жері Түркістан қаласына барады. Жылына бір келетін қонақ болғандықтан оны ағайын-туыстары мен құда-жекжаттары қуана күтіп алып, аста-төк дастарқан жайып құрмет көрсетеді. Қазақтың қонағын құдайындай күтетіні белгілі. Күніне үш үй мал сойып, бірінен бірі қалмай шақырысып жатады. Ерекең əбден шаршайды. Сондай күндердің

бірінде «Айқын» газеті «Руханият» бөлімінің меңгерушісі Қаншайым Байдəулетова Ермаханға əлдебір ша-руамен қоңырау шалады. Ермахан оған ел-жұрттың қалай құрметтеп күтіп жатқанын айтады. Мəн-жайды түсінген Қаншайым:

– Аты-жөніңізді ұмытып қалған жоқсыз ба? – дейді əзілдеп.

– Жоқ. – Атыңыз кім? – Ермахан. – Фамилияңыз ше? – Байдəулетов, – деген екен сон-

да Ермахан əзілі жарасқан əріптесінің тегін атап.

Бану ШАЛОВА

АЛМАТЫ

Пəтуəлі пəнМектепті бітіруге таяу

жігіт-желеѕ əѕгімелесіп отыр.– Ќай пəннен екі алєанєа

ќынжыласыѕ?– Кез келгенінен! Не, айыр-

ма шылыќ бар ма?– Болєанда ќандай! Əкем

екі алып келгенімде, бел дік пен саза йым ды берер кезде шал-барым ныѕ ішіне екілік алєан пəн ніѕ кітабын салып алуыма рўќсат етеді.

– Ойпыр-ай-ə, содан?!– Мəселен, «əдебиет» пəні-

ніѕ кітабы «физикадан» екі есе, «геометриядан» їш есе ќа-лыѕ!.. Сондыќтан əдебиет тен гґрі єылыми есеп-ќисап пəн деріне аса ден ќоятын болдым.

– Ал дене тəрбиесінен екілік алып ќалсаѕ ше?

– Ол деген єажап! Спорт дамбалымныѕ ішіне допты тыєып аламын да, əкемніѕ айызы ќанєанша міз баќпай мўртымнан кїліп жата беремін...

Александр СЕМИКОВ

Саясаткер туралы «сыр сандық»

БІРДЕ...

Бір кездегі Кеңес Одағының басшысы Никита Хрущев жөніндегі қағытпалар.

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Бағалар базарлар мен шағын дүкен-дердегі бағадан əлдеқайда төмен. Аудан дардан жеткен шаруашылықтар сиыр, жылқы, қой етін, 1,5 тонна құс етін, 15 тонна картоп, 9 тон-на сəбіз, 3 тонна қызылша, 6 тонна қырыққабат жəне тағы басқа өнімдер əкеліпті. Сиыр етінің бір килосы 1400 теңгеден саудаланса, жылқы еті 1500 теңгеден, картоп, көкөніс өнімдерінің құны 75-80 теңге аралығында. Ал Ақсуда жəрмеңке «Ауыл базарында», Екібастұзда «Ауыл» базарында айына екі рет өтеді.

Байқағанымыздай, облыс орталығы ауылдық аумағына қарасты ауылдардан, Ақсудан, Павлодар ауданы ауылдары-нан келетін ағайындар құрттың ащысын да, тəттісін де жасап, қаймақ, сүт, қолдан ұйытқан айран, май, кілегей, талқан, сүзбесі дейсіз бе, бəрі бар. Сый-сияпатқа қажет қолөнер бұйымдарын да тастамай жəрмеңкеге алып келеді. Қорасындағы малын бағып, өсіріп, өз өнімін өздері жасап дайындап, сенбі сайын арқаланып қалаға жетеді. Нəтижесінде отбасында береке, бала-шаға тоқ, аман-есен. Үйдегі шаруашылығының зейнеті деген осы.

Облыс əкімдігінің мəліметінше, сенбі сайын жəрмеңке өткізудегі мақсат – облыс орталығы тұрғындарының 20 пайызын арзан өніммен қамту. Бұл ауылшаруашылық өнімдерінің, азық-түліктің бағаларын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Яғни тұрғындар бір аптаға жетерлік қорын сатып ала алады. Баға саясатын тұрақтандыру жəрмеңке өткізумен де шектелмейді.

– Сондықтан биыл «Павлодар» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы да құс еті, қияр, қызанақ, күріш, қант, өсімдік майы сияқты өнім-дер сатып алынды. Бұл азық-түлік өнім-дері əлеуметтік дүкендер арқылы сауда-лануда, – дейді облыс əкімінің орынба-сары Бауыржан Қасенов.

Жалпы, жəрмеңке – шаруа қожалық-тарға да, тауар өндірушілерге де, тұтыну-шыға да тиімді. Бұл ауылда жасалатын, өндірілетін өнімдерді өткізудің ұтымды жолы.

Павлодар облысы

120 пәтер берілді

Семейдегі Юность шағын ауданында 2 жаңа көп пəтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. 120 əскери отбасына облыс əкімі Даниал Ахметов пен «Шығыс» өңірлік əскери қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қашағанов 2 жəне 3 бөлмелі пəтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстады. Əскери отбасылардың қуанышында шек бол-мады.

Баспаналы болған сардарлар мен сар-баздарды облыс əкімі Даниал Ахметов жəне «Шығыс» өңірлік əскери қолбас-шылығының қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қашағанов құттықтап, шаңырақтарына шаттық тіледі.

Раушан НҰҒМАНБЕК,журналист

СЕМЕЙ

ӨҢІР ӨМІРІ

Сапалы өнім, қолжетімді баға

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Қайта құрылған МАҚАЛ

Page 12: ар суы €апыда €алдырмасын десек · 2018. 2. 9. · Қыс басталғалы қар қын- ... жылға жоспары туралы ақпарат

12 9 АҚПАН 2018 ЖЫЛ

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Әлемнің шартарапынан жүздеген суретші қатысқан бай қауға әр қылқалам шебері жүз суретін жіберген. Солар­дың арасынан жиырма же­ті адам үздік деп баға лан ған. Жүлдегерлер ара сында Адриан Палмас (Ар гентина), Алексей Тали монов (Ұлыбритания), Ас кин Айранчиоглу (Түркия), Корнел Чиореан (Румыния),

Дарко Држевич (Черногория), Эмилио Иска (Италия), Эрай Өзбек (Түркия) Фируз Ку­талмиш (Норвегия), Капуста Николай (Украина), Махмуд Бархордар (Иран) секілді қылқалам шеберлері бар. Бір қызығы, Қытайда өткен бұл байқауда жүлдегерлердің ара­сында бірде­бір Қытай азама­ты жоқ. Мультипликаторлар федерациясының халық ара­лық ұйымы ұйымдастырған байқауда әлемнің үздік суретшілері төрелік еткен.

Карикатура – қоғамдағы келеңсіз құбылыстарға сы­ни­әлеуметтік көзқарасты білдіретін өнер. Соңғы уақыт­тар да карикатура орындалу жағынан да біршама дамып, өз өкілдеріне де жоғары талап қоя бастаған. Иран, Түркия, Қытай, Италия, Польша, Бельгия, Әзербайжан, Хор­ватия сияқты мемлекет­терде өте жақсы дамыған бұл өнер дің түрінен жылы­на бір неше үлкен конкурс­тар ұйымдастырылады. Мың

жарым адамға дейін қатысатын бұл сайыстарда үздік жүздікке кірудің өзі үлкен жетістік. Ай дарбек Ғазизұлы қазақ карикатурашыларының ішінде әлемдік сайыстардан

жүлдегер болып жүрген санау лы өнер иелерінің бірі.

Айдарбек Ғазизұлының кезекті жеңісімен құттықтап, мол шығармашылық табыс тілейміз!

ДИДАР

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бейжің қаласында өткен «Best humor artist award – 2017» халықаралық байқауында «Егемен Қазақстан» газетінің суретшісі, карикатурашы Айдарбек Ғазизұлы «2017 жылдың үздік суретшісі» атағын жеңіп алды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен «Жауһар» картиналар галереясының ұйымдастыруымен белгілі пейзажшы Рашид Құлбатыровтың «ШАБЫТ» атты жеке көрмесі ашыл-ды. Көрмеге қылқалам иесінің кескіндемелік және акварельдік техникада орындаған 70-тен астам туындысы қойылған. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы

Басқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІ

Басқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚ

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 4, «Сыр медиа» ЖШС,Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9/2 «Хабар-Сервис» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 206 459 дана

Нөмірдің кезекші редакторыҚымбат ТОҚТАМҰРАТ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (778) 652-24-02;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76; 8 (702) 608-91-98;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.

Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

Рашид Құлбатыров – сурет өнерінде өзгелерге ұқсамайтын, өзіне ғана тән әдемі иірімдерімен ерекшеленетін дарын иесі. Өнер­дегі әріптестері оны «таби­ғат ландшафтары мен қала

ансам бльдерінің жыршысы» деп бекер айтпаса керек. Қылқаламын аса ше берлікпен жеңіл тарта­тын оның кенебінен Қазақстан мен Еуропаның үлкенді­кішілі қалаларының панорамаларын, қазақ даласының шетсіз де шексіз жазирасын, Іле Алатауындағы жоталардың биік шыңдарын,

Каспий теңізінің әсем көрінісін, көшпенділердің дәстүрлі ауылда­рының тұр мыстық композицияла­рын көптеп кездестіруге болады. Суретшінің картиналары Ка нада, Америка, Германия, Фран ция, Түркия, Грекия және Че хияда жеке коллекцияларда сақтаулы.

«Шабыт» автордың ауқым­ды жеке көрмесінің ғана емес, оның шығармашылығын бірік­тіретін тұжырымдаманың да ата­уы іспетті. Құлбатыров шығар­машылығын қадірлеушілер кес­кін демешінің акварельдің күр­делі әрі талғаулы техникасын аса ше берлікпен меңгергенін айтады.

– Суретшінің шығармашы­лығында қала пейзажы жанры­ның алар орны үлкен. Рашид Алматының жаңа даңғылдары мен ескі көшелерін ғана суреттеп қоймайды. Оның қала пейзаж­дары галереясында Алматыдан басқа Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Маң­ғыстау, Ыстанбұл, Рим, Руан сияқты қалалар мен қала ма ңының және өзі саяхаттап барған жерлерінің көрініс­келбетін суреттейтін пей­заждары да бар. Рашид Құлбатыров жұ мыстарын көбінесе пленэрге шығып, табиғат аясында жазғанды жаны сүйеді, себебі бұл – оның шығармашылығына дем беретін

қуат көзі. Қала мен оның маңын жазғанда Рашид жорамалға жол бермейді, яғни далалы жер мен тау лы жердегі ауылдарды, олардың өмір тірші лігінің ерекшелігін қоса баян даған кезде, шығармашылық процеске толығымен беріліп, ендігі жерде қылқаламымен емес, жанымен жаза бастайды. Адам жүрегінің генетикалық жады бар деседі. Көшпенділер ұрпағының бойындағы қан дала адамдарының тыныш әрі емін­еркін өмір ырғағын рахаттана баяндайтын кескіндемешінің шығармашылық ойымен бірге жылжи ағады, – дейді көрме жетекшісі Оксана Танская.

Жоғарыда айтқан қала пей­заждары мен дала ландшафтары, көшпенділер тұрмысы мен адам тағдыры жайлы шағын баяндау­лар оның әлемінде мүлде бөлек қырынан көрініс табады. Ашық, қанық түстер көктем мен күзге өзгеше рең беріп көрерменді өзіне тарта түседі. Ақпан айының со­ңына дейін жалғасатын көрмеге қойылған әр шығарма автордың сурет өнеріне деген биік пайымын аңғартатындай.

Пайыммен жазылған пейзаж­дар...

АЛМАТЫ

БУЫРҚАНҒАН БОЯУЛАР

Пайыммен жазылған пейзаждар

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде қыстақтағы қораға түскен көкжалды қақпанмен ұстап, соңынан сойылмен соғып алған жігіттің бейнежазбасы тараған­ды. Анықтап, білгеніміз, бұл жігіт Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауыл дық округіне қарасты Ахметбұлақ ауылы маңындағы Қымызбай қыстағында тұра тын көрінеді. Әлгі бейнекөріністе қораға түскен қасқырдың 6 қой мен 1 тайды жеп, сол төңі­ректегі жұртты зар қақсатқаны, оны ұстау үшін 6 жерден қақпан қойылғаны туралы айтылады.

Мәселенің мән­жайын білмек ниетпен Жаңаауыл ауылдық округінің әкімі Дәуітбек Ниязбековке телефон шалғанымызда, ол оқиғаның Қымызбай қыстағында орын алғанын, онда Мақсат Байбазаров есімді жігіт әкесі Дәлелбек Байбазаровпен бірге мал бағып отырғанын айтты. Әңгіме барысында ауыл әкімі Тарбағатай ауданының Қытаймен ше­каралас елді мекен тұрғындарына мылтықпен ұзап шығуға тыйым салынғандығын, түз тағысының қыстауларға жиі шабуылдап, малға ауыз салуының бір себебі осында жатқандығын, бұл мәселе, әсіресе, байланысы жоқ, жол қатынасы нашар шалғайдағы ауыл тұрғындарын алаңдатып отырғанын жеткізді. «Ахметбұлақ шекараға жақын орналас­қандықтан, қыстауларға рұқсат арқылы ғана шығамыз. Ол жаққа мылтықпен өткізбейді. Аңшыларды жібермейді. Қыстауда бір­бірінен алшақ орналасқан 40­қа жуық қора бар. Қойшылардың бәрінің қолында мылтық жоқ. Соны сезе ме екен, қасқырлар да мал­шыларды басынып алған. Түсінеміз, ше­кара бойында сақталуға тиіс ережелер мен заңдар бар. Алайда түз тағысы ереже мен заңға қарамайды ғой. Сондықтан қыстақтағы адамдарға көмек көрсетілсе, ит­құстан қорғану үшін мылтық ұстауға рұқсат берілсе», дейді Дәуітбек Ниязбеков. Таратқан мәліметтерден аңғарғанымыз, соңғы жылдары өңірде қасқыр саны арта түсіпті. 2015 жылы олардың саны 948 болса, 2017 жылы 1010­ға жетіп жығылған. Өткен жылдың соңғы үш айында ауыл тұрғын­дары 358 қасқырдың терісін өткізіпті.

Шығыс Қазақстан облысы

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ тарихында Жанақ атты бірнеше ақын болған. Бір қызығы осының бәрі бір за­манда өмір сүрген. Соның бірі – 1770 жылы Семей өңіріндегі Абыралы жерінде туып, 1850­ші жылдары дүниеден өткен Жанақ Сағындықұлы. Бұл адам ақындығының сыртында қа­зақтың ескі жолы мен шариғи дәстүрін де жақсы білген. Өйт­кені жас кезінде Түркістан өңі­ріндегі Қарнақ медресесінде бі­лім алып, әрі қарай Ташкентте дәріс үйренген екен.

Жанақ ақын орта жүз орыс қа толық бағынған 1820­шы жылда­ры ел аралап келе жатып, үлкен жиынға кез болады. Астында

адам қызығарлық шұбар аты бар екен. Жиын үстінде елдің бір шонжары ақынның астындағы атына қы зы ғады. Аударып ала­йын десе бар қазаққа аты мәлім Жанақ тан жасқанады. Өзі де бір айлакер қу екен, шұбар аттың ма­ңында айналсоқтап жүріп есіне­ген кезінде таңдайындағы бар­мақтай қара қалды көріп қалады.

Озбыр пенде дереу дау са­лады. «Мына Жанақтың мініп жүрген шұбар атты құнан шы­ға рында қолды болған менің жыл қым. Өзіме қайтарсын». Жанақ аң­таң: «Ей, ағайын, бұл Ақтоғай Арқадағы пәлен деген байдың биесінен туған құлан. Мына пенденің сөзі түбірімен жалған», дейді. Ақыры дау өршіп биге жүгінеді.

Төрге жайғасқан төбе билер,

«сенің қандай датың бар» деп әуелі шұбар атқа жала жапқан жігіттен сұрайды. Ол: «Бұл шұбардың тай күнінде аузына ұры тіс шығып соны суырған едім. Сонда көзім шалған үс­тіңгі таңдайында қап­қара қалы бар­тын...». Билер атты алды­рып аузын ашып қараса шы­нында бармақтай қара қал тұр. Бәрі «енді сен не айтасың» де­гендей Жанаққа қарайды.

Жанақ ақын бұл істе бір шикілік барын біліп тұр, бірақ қолдан келер қайран жоқ. Бы ­лай депті: «Бір шартым бар, бұл жігіт «мынау менің шын жоғалған атым еді» деп Алла ­ның атымен ант ішсін де, алып кете берсін». Анау да ан тұрған екен, Алланың атымен ант ішіп шұбарды жете леп жүре береді.

Атының үстінен ер­тұрма­нын сыпырып алып, оны қолы­на ұстап тұрып қалған Жанақ ақын:

Жанын берген Жанақтың шұбарын жер,

Мына адам шұбарды менікі дер,

Жақсы атымды жалғанға сатып алған,

Я, Алла залымның жазасын бер,

– деп, дұғасын оқып бетін си­пайды да қала береді.

Атты алған жігіт ауылы­на кетіп бара жатып, жолдағы бұлақтың басына түседі. Шыл­бырын беліне мықтап бай­лап бұ лақтан секіріп өтпекші болғанда шалқасынан түседі. Ат үркіп­тулап, шонжарды сүй ретіп денесін тастан­тасқа

со ғып сау тамтық қалдырмай ша шып тастапты.

Осы оқиғаға куә болған жұрт «бұл пенде Алланың атымен жалған ант ішті, со­дан болып мұндай пәлеге жо­лықты» бірден үкім етіпті. Ақ сақалдар Жа наққа келіп, «қарағым сенің ісің ақ екен, жалғаншының жазасын Алла берді, енді өз атың ды өзің ал» деген де, Жанақ ақын «жал­ғаншының жазасына се беп болған жылқыға енді ме нің ер салғаным жарамас, Алла тағаланың «зұлымдыққа ұшы­раған адамның дұғасын қабыл етемін» дегенін білемін. Сол қа был болды, маған дүние нің қа жеті жоқ» деп шұбар атты өлген жігіттің жаназасына сойдырыпты.

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

«Бейбарыс» хоккей коман­дасы да бұл бастамадан тыс қалмай, жас жанкүйерлеріне шеберлік сағатын өткізді. Оған 400­ге жуық қала тұрғы ны

қатысты. Команда түгел құрамда балаларды хоккей ойы нының қыр­сырымен таныстырды.

– Біздің мақсат – хок кейді дамыту. Жастарды спорт пен шұғылдануға баулып, үлгі көрсету. Бар лық құраммен бү­гін шебер лік сағатын өткіздік.

Өте қуа ныштымыз,–дей ді ко манданың бас жаттық ты­рушысы Алек сан др Истомин.

Ш а й б а л ы х о к к е й д е н

елі міздің чемпионы ата­нып жүрген «Бейбарыстың» балаларға ар налған мектебі де бар. Онда жергілікті жас

хоккейшілерді дайындауға ден қойылып отыр.

АТЫРАУ

СОЛАЙ ДЕ...

Сойылмен соғып алды

СҮЙІНШІ!

САЛАМАТТЫЛЫҚ САЛТЫ

Жиырма жетінің бірі

Қыс қызықтары

ҒИБРАТ

Жанақ ақынның наласы

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Әр сенбі мен жексенбі сайын Жайық өзенінің үстін де сан түрлі сайыстар ұйымдас тырылады. Қалалық спорттық ойындар фестивалі, шанамен сырғанаудан облыстық чемпионат, балалар арасында коньки мен шаңғы тебу-ден жарыс сынды шараларға қатысушылардың саны да көп. Бұқаралық спортты дамытып, халықтың демалуы-на жайлы жағдай жасау мақсатында мұз үстінде арнайы орындар жасалды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––