«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 ·...

38
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жеке қаржылық есептілік және Тәуелсіз аудиторлардың есебі 2017 жылғы 31 желтоқсан

Transcript of «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 ·...

Page 1: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жеке қаржылық есептілік және Тәуелсіз аудиторлардың есебі 2017 жылғы 31 желтоқсан

Page 2: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

МАЗМҰНЫ Тәуелсіз аудиторлардың есебі ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК Қаржылық жағдай туралы жеке есеп ............................................................................................................................. 1 Пайда немесе залал және жиынтық табыс туралы жеке есеп ................................................................................... 2 Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы жеке есеп ................................................................................................... 3 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы жеке есеп .................................................................................................. 4 Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер 1  Кіріспе .................................................................................................................................................................... 5 2  Холдингтік компания өз қызметін жүзеге асыратын экономикалық орта ....................................................... 6 3  Есептік саясат қағидаларының қысқаша мазмұндамасы ................................................................................ 7 4  Есептік саясатты қолданудағы маңызды есеп айырысу бағалаулары және кәсіби пайымдар ................. 11 5  Жаңа есептік ережелер ..................................................................................................................................... 12 6  Ақша қаражаты мен оның баламалары ........................................................................................................... 18 7  Депозиттер .......................................................................................................................................................... 18 8  Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер .................................................................................................. 19 9  Еншілес кәсіпорындарға инвестициялар ......................................................................................................... 21 10  Шығарылған борыштық бағалы қағаздар ........................................................................................................ 22 11  Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздар ......................................................................... 23 12 Акционерлік капитал .......................................................................................................................................... 24 13  Пайыздық кірістер .............................................................................................................................................. 24 14 Пайыздық шығыстар .......................................................................................................................................... 24 15  Алынған дивидендтер ....................................................................................................................................... 25 16  Өзге операциялық кірістер ................................................................................................................................ 25 17  Әкімшілік және өзге де операциялық шығыстар ............................................................................................. 25 18  Табыс салығы ..................................................................................................................................................... 26 19  Қаржылық тәуекелдерді басқару ...................................................................................................................... 27 20  Шартты міндеттемелер ..................................................................................................................................... 31 21  Байланысты тараптармен жүргізілген операциялар ...................................................................................... 32 22  Әділ құн ............................................................................................................................................................... 33

Page 3: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік
Page 4: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік
Page 5: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік
Page 6: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік
Page 7: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Пайда немесе залал және жиынтық табыс туралы жеке есеп

5 – 33-беттердегі ескертпелер осы жеке қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігін құрайды. 2

(мың қазақстандық теңгемен) Ескертпе 2017 ж. 2016 ж. Пайыздық кірістер 13 27,124,324 19,085,287 Пайыздық шығыстар 14 (24,850,810) (16,798,803)

Таза пайыздық кірістер 2,273,514 2,286,484

Алынған дивидендтер 15 14,768,097 8,523,885 Өзге операциялық кірістер 16 2,160,539 1,537,104 Әкімшілік және өзге де операциялық шығыстар 17 (4,016,556) (3,814,456)

Салық салынғанға дейінгі пайда 15,185,594 8,533,017 Табыс салығы бойынша шығыс 18 (362,318) (268,196)

БІР ЖЫЛ ІШІНДЕГІ ПАЙДА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖИЫНТЫҚ КІРІС 14,823,276 8,264,821

Page 8: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Капиталдағы өзгерістер туралы жеке есеп

5 – 33-беттердегі ескертпелер осы жеке қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігін құрайды. 3

(мың қазақстандық теңгемен)

Ескертпе Акционерлік

капитал Бөлінбеген

пайда Жиыны 2016 жылғы 1 қаңтардағы қалдық 758,318,712 30,305,860 788,624,572 Бір жыл ішіндегі пайда - 8,264,821 8,264,821

Бір жыл ішіндегі жиынтық кіріс - 8,264,821 8,264,821

Акциялар эмиссиясы 12 44,000,000 - 44,000,000

2016 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық

802,318,712 38,570,681 840,889,393

Бір жыл ішіндегі пайда

- 14,823,276 14,823,276

Бір жыл ішіндегі жалпы жиынтық кіріс

- 14,823,276 14,823,276

Акциялар эмиссиясы 12 43,900,000 - 43,900,000

Қаржы құралдары бойынша дисконт 7 - (83,035) (83,035)

2017 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық

846,218,712 53,310,922 899,529,634

Page 9: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы жеке есеп

5 – 33-беттердегі ескертпелер осы жеке қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігін құрайды. 4

(мың қазақстандық теңгемен) Ескертпе 2017 ж. 2016 ж. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы

Алынған пайыздар 3,446,793 3,051,716 Төленген пайыздар (1,002,515) (708,345) Алынған дивидендтер 15 14,768,097 8,523,885 Қызметкерлерді ұстауға төленген шығыстар (1,654,039) (1,533,037) Төленген әкімшілік және өзге де операциялық шығыстар (2,600,512) (1,758,801) Төленген табыс салығы (518,485) (457,757)

Операциялық қызметтен алынған ақша қаражатының таза қозғалысы 12,439,339 7,117,661

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы Негізгі қаражатты сатып алу (13,072) (43,143) Еншілес кәсіпорындардың капиталына салым 9 (54,100,000) (46,000,000) Материалдық емес активтерді сатып алу (3,484) (148,307) Депозиттерді орналастыру (24,300,000) (22,900,000) Депозиттерді өтеу 22,030,000 18,130,000 Еншілес кәсіпорындарға кредиттер беру 8 (147,200,000) (371,454,097)

Инвестициялық қызметте пайдаланылған ақша қаражатының таза қозғалысы (203,586,556) (422,415,547)

Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы Борыштық бағалы қағаздарды шығарудан түскен түсімдер 10 21,100,000 254,500,000 Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыздар алу 11 126,100,000 116,954,097 Қарапайым акциялардың эмиссиясы 12 43,900,000 44,000,000

Қаржылық қызметтен алынған ақша қаражатының таза қозғалысы 191,100,000 415,454,097

Ақша қаражаты мен оның баламаларының таза (азаюы)/өсімі (47,217) 156,211 Жылдың басындағы ақша қаражаты мен оның баламалары 272,994 116,783

Жылдың аяғындағы ақша қаражаты мен оның баламалары 6 225,777 272,994

Page 10: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

5

1 Кіріспе

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы («Холдингтік Компания») Қазақстан Республикасы Президентінің «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы» 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына сәйкес құрылды. 2017 және 2016 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Холдингтік Компанияны түпкілікті басқарушы тарап Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Холдингтік Компания он бір еншілес ұйымның (2016 жылғы 31 желтоқсан: он бір) тікелей акционері болып табылады.

2013 жылғы 29 мамырда Холдингтік Компания және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ) «Қазақстанның даму банкі» («ҚДБ» АҚ), «Қазақстанның инвестициялық қоры» («ҚИҚ» АҚ), «KazakhExport» экспорттық сақтандыру корпорациясы» («ҚЭГ» АҚ) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» («Даму» КДҚ» АҚ) және «Қазына Капитал Менеджмент» («ҚКМ» АҚ) акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттерін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шартқа қол қойды, оған сәйкес Холдингтік Компания сенімгерлік басқарушы рөлін атқарды. 2013 жылғы тамыз және қазан ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқа акционерлік қоғамдар акцияларының пакеттері мен мүлікке айырбастай отырып, жоғарыда көрсетілген кәсіпорындар акцияларының пакеттерін Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне берді.

2013 жылғы 17 маусымда Холдингтік Компания мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті («Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті») «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» («ТДҰА» АҚ), «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» («ҚТҚЖБ» АҚ), «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» («ҚИК» АҚ), «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» («ТҚКҚ» АҚ) және «Бәйтерек Девелопмент» («БД» АҚ) акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шартқа қол қойды, оған сәйкес Холдингтік Компания сенімгерлік басқарушы рөлін атқарды.

2013 жылғы тамыз және қазан ішінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 632,615,460 мың теңге жалпы сомасына Холдингтік Компанияның қарапайым акцияларына айырбастай отырып, жоғарыда көрсетілген он кәсіпорын акцияларының пакеттерімен Холдингтік Компанияның акционерлік капиталына жарна салды және 30,486,550 мың теңге сомасында ақшалай жарна салды, оны бұдан әрі Холдингтік Компания «ҚДБ» АҚ мен «ҚКМ» АҚ-ның акционерлік капиталына енгізді.

2014 жылғы 19 наурызда Холдингтік Компания «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ-мен бірлесе отырып, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС-ын («KPPF» ЖШС) құрды. Холдингтік Компания «KPPF» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 75 %-ын құрайтын 150,000 мың теңге мөлшерінде жарна енгізді.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2014 жылғы 2 қазандағы № 964 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитеті акционерлік капиталға салым ретінде Холдингтік Компанияға «ҚИК» АҚ акцияларының 26.00%-ын берді. Берілген акцияларының жалпы саны номиналды құны бір акциясына 1,000 теңгені құрайтын 10,216,701 акция және номиналды құны бір акциясына 608 теңгені құрайтын 1 акция бола отырып, мәміленің сомасы 10,216,702 мың теңгені құрады.

Негізгі қызмет

Холдингтік Компанияның миссиясы мемлекеттік саясатты іске асыру және «2050 Стратегиясында» қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

Холдингтік Компания Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын, Отандық өндірушілерді қолдау бағдарламасын, Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті («ШОБ») қолдау бағдарламасын, «Тиімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасын, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын, Отандық өндірушілерді қолдау мемлекеттік бағдарламасын, Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасын, «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар» бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары» бағдарламасын іске асыру жолымен даму институттары арқылы мемлекеттің стратегиялық және әлеуметтік міндеттерін шешуге белсенді түрде қатысады.

Page 11: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

6

1 Кіріспе (жалғасы)

Негізгі қызмет (жалғасы)

Холдингтік Компания өз қызметінде индустриялық-инновациялық даму, ұлттық өнімнің экспортын алға жылжыту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй-құрылыс секторындағы міндеттерді іске асыру және халық әл-ауқатының деңгейін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі алға қойған міндеттерді басшылыққа алады.

Төменде Холдингтік Компанияның негізгі еншілес кәсіпорындары ұсынылған:

Иелену үлесі, % Еншілес компанияның атауы

Аббревиатурасы Тіркелген елі

2017 жылғы 31 желтоқсан

2016 жылғы 31 желтоқсан

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ «ҚДБ» АҚ Қазақстан Республикасы 100.00 100.00 «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ «ҚИҚ» АҚ Қазақстан Республикасы 100.00 100.00 «KazakhExport» экспорттық сақтандыру корпорациясы» АҚ «ҚЭГ» АҚ Қазақстан Республикасы 100.00 100.00 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

«Даму» КДҚ» АҚ Қазақстан Республикасы 100.00 100.00

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ «ТДҰА» АҚ Қазақстан Республикасы 100.00 100.00 «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ «ҚКМ» АҚ Қазақстан Республикасы 100.00 100.00 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «ҚТҚЖБ» АҚ Қазақстан Республикасы 100.00 100.00 «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ «ҚИК» АҚ Қазақстан Республикасы 100.00 100.00 «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан бұрын, «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ

«ТҚКҚ» АҚ (бұдан бұрын, «ҚИНКҚ» АҚ) Қазақстан Республикасы 100.00 100.00

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ «БД» АҚ Қазақстан Республикасы 100.00 100.00 «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС «KPPF» ЖШС Қазақстан Республикасы 97.70 97.70

Холдингтік Компанияның тіркелген мекенжайы және қызметін жүргізу орны. Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55а Холдингтік Компанияның заңды мекенжайы мен қызметін іс жүзінде жүзеге асыру орны болып табылады.

Есептілікті ұсыну валютасы. Осы жеке қаржылық есептілік, егер өзгеше көрсетілмесе, мың қазақстандық теңгемен ұсынылған.

2 Холдингтік компания өз қызметін жүзеге асыратын экономикалық орта

Холдингтік Компания өз қызметін, негізінен, Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырады. Осының салдарынан Холдингтік Компания Қазақстан Республикасының нарықтарындағы дамушы нарықтарға тән өзіндік ерекшеліктерді көрсететін экономикалық және қаржылық тәуекелдерге ұшырайды. Нормативтік құқықтық база мен салық заңнамасын жетілдіру жалғасын тауып жатыр, бірақ оларда әртүрлі түсіндіру мүмкіндігіне жол беріледі және оларға құқықтық және фискалдық жүйелердің басқа да кемшіліктерімен жиынтығында өз қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін қосымша қиындықтар туғызатын өзгерістер жиі енгізіледі. Қоса беріліп отырған жеке қаржылық есептілік Холдингтік Компания басшылығының қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырудың қолда бар шарттарының Холдингтік Компания қызметінің нәтижелері мен жеке қаржылық жағдайына ықтимал әсер етуіне жасаған бағалауын көрсетеді.

Page 12: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

7

3 Есептік саясат қағидаларының қысқаша мазмұндамасы

Есептілікті ұсыну негіздері. Осы жеке қаржылық есептілік Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына («ҚЕХС») сәйкес қаржы құралдарын әділ құны бойынша бастапқы тануға түзету енгізе отырып, бастапқы құны бойынша есепке алу қағидалары негізінде дайындалды. Осы жеке қаржылық есептілікті дайындау кезінде пайдаланылған есептік саясаттың қағидалары төменде ұсынылған.

Сонымен қатар, Холдингтік Компания ҚЕХС-ке сәйкес Холдингтік Компания мен оның еншілес кәсіпорындарына қатысты шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындады. Шоғырландырылған қаржылық есептілік Холдингтік Компанияның офисінде мынадай мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55а.

Қызметтің үздіксіздігі. Холдингтік Компанияның басшылығы осы жеке қаржылық есептілікті қызметтің үздіксіздігіне жол беру негізінде дайындады.

Қаржы құралдары – бағалауға қатысты негізгі көзқарастар. Қаржы құралдары өздерінің сыныптамасына қарай, әділ құны немесе амортизацияланған құны бойынша көрсетіледі.

Әділ құн – бұл активті сату кезінде алынуы немесе бағалау күні нарыққа қатысушылар арасында қарапайым мәміле жағдайында операцияны жүргізу кезіндегі міндеттемені беру кезінде төленуі мүмкін баға. Әділ құнның ең жақсы расталуы белсенді нарықтағы белгіленетін баға болып табылады. Белсенді нарық – бұл активпен немесе міндеттемемен операциялар бағалау туралы ақпаратты тұрақты негізде алуға мүмкіндік беретін жеткілікті жиілікпен және жеткілікті көлемде жүргізілетін нарық.

Белсенді нарықта айналатын қаржы құралдарының әділ құны белгіленетін бағаны жекелеген активке немесе міндеттемеге олардың кәсіпорын ұстап қалатын санына көбейту кезінде алынған сома ретінде бағаланады. Егер нарықтың қарапайым тәуліктік сауда айналымы кәсіпорында бар активтер мен міндеттемелердің санын қосып алу үшін жеткілікті болмаса, ал жекелеген операциядағы позицияларды сатуға тапсырыстарды орналастыру белгіленетін бағаға әсер етуі мүмкін болған жағдайда да, дәл осылай болады.

Әділ құнды бағалау нәтижелері әділ құнның иерархия деңгейлері бойынша мынадай түрде талданады және бөлінеді: (i) 1-деңгейге – бірдей активтер немесе міндеттемелер үшін белсенді нарықтардағы белгіленетін (түзетілмейтін) бағалар бойынша, (ii) 2-деңгейге – ондағы барлық пайдаланылатын елеулі бастапқы деректер не тікелей (мысалы, баға), не жанама (мысалы, бағаның негізінде есептелген) түрде актив немесе міндеттеме үшін бақыланатын болып табылатын (яғни, мысалы, бағалар) бағалау әдістерінің көмегімен алынған бағалаулар және (iii) 3-деңгейдің тек қана бақыланатын нарықтық деректерге негізделмеген бағалаулар болып табылатын бағалаулары жатады (яғни, бағалау үшін бақыланбайтын бастапқы деректердің айтарлықтай көлемі талап етіледі).

Өзіндік құн сатып алу күні активті сатып алу үшін берілген ақша қаражатының немесе оның баламаларының төленген сомасын немесе басқа да ресурстардың әділ құнын білдіреді және мәміле бойынша шығындарды қамтиды. Өзіндік құн бойынша бағалау нарықтық баға белгіленімдері жоқ және әділ құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болмайтын үлестік құралдарға жұмсалатын инвестицияларға қатысты және ашық нарықта баға белгіленімдері жоқ мұндай үлестік құралдарға байланған және осындай үлестік құралдармен өтелуге жататын туынды құралдарға қатысты ғана қолданылады.

Мәміле бойынша шығындар қаржы құралын сатып алуға, шығаруға немесе істен шығаруға қатысты қосымша шығындар болып табылады. Қосымша шығындар – бұл мәміле жасалмаған жағдайда, келтірілмейтін шығындар. Мәміле бойынша шығындар агенттерге (сауда агенттері ретінде өкілдік ететін қызметкерлерді қоса алғанда), консультанттарға, брокерлер мен дилерлерге төленген сыйақы мен сомаларды, реттеуші органдар мен қор биржаларына төленетін алымдарды, сондай-ақ меншікті беру кезінде алынатын салықтар мен алымдарды қамтиды.

Мәміле бойынша шығындар борыштық міндеттемелер бойынша сыйлықақыларды немесе дисконттарды, қаржыландыруға арналған шығындарды, ішкі әкімшілік шығыстарды немесе сақтауға арналған шығындарды қамтымайды.

Амортизацияланған құн өз алдына – негізгі борыштың төлемдері шегеріле отырып, бірақ есептелген пайыздарды қоса алғанда, ал қаржы активтері үшін құнсызданудан келтірілген залалдарды кез келген есептен шығару шегеріле отырып, активтің бастапқы құнын білдіреді. Есептелген пайыздар бастапқы тану кезінде кейінге қалдырылған мәміле бойынша шығындардың, сондай-ақ тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі пайдаланыла отырып, өтеу сомасынан кез келген сыйақылардың немесе дисконттардың амортизациясын қамтиды. Есептелген купондық кіріс пен амортизацияланған дисконтты немесе сыйақыны қоса алғанда (беру кезінде кейінге қалдырылған комиссияны қоса алғанда, ол болған кезде), есептелген пайыздық кірістер және есептелген пайыздық шығыстар жеке көрсетілмейді, қаржылық жағдай туралы жеке есептің тиісті баптарының теңгерімдік құнына қосылады.

Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі – бұл әрбір кезеңде құралдың теңгерімдік құнына тұрақты пайыздық мөлшерлемені (тиімді пайыздық мөлшерлемені) қамтамасыз ету мақсатында тиісті кезеңнің ішінде пайыздық кірістерді немесе пайыздық шығыстарды тану әдісі.

Page 13: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

8

3 Есептік саясат қағидаларының қысқаша мазмұндамасы (жалғасы)

Тиімді пайыздық мөлшерлеме – бұл болашақ ақшалай есеп айырысу төлемдерін немесе түсімдерді қаржы құралының күтілетін әрекет ету мерзіміне немесе тиісті жағдайларда, қаржы құралының таза теңгерімдік құнына дейінгі әлдеқайда қысқа мерзімге дисконттаудың нақты мөлшерлемесі (кредиттер бойынша болашақ залалдарды қоспағанда). Тиімді пайыздық мөлшерлеме, осы құрал үшін көрсетілген құбылмалы мөлшерлеме бойынша немесе нарықтық мәнге қарамастан белгіленетін басқа да ауыспалы факторлар бойынша кредиттік спредті көрсететін сыйақыны немесе дисконтты қоспағанда, мөлшерлемесі құбылмалы құралдар бойынша ақша ағындарын пайызды өзгертудің келесі күніне дейін дисконттау үшін пайдаланылады. Мұндай сыйақылар немесе дисконттар құрал айналымының бүкіл күтілетін мерзімі ішінде амортизацияланады. Келтірінді құнды есептеу тараптар шарт бойынша төлеген немесе алған, тиімді пайыздық мөлшерлеменің ажырамас бөлігін құрайтын барлық сыйақылар мен сомаларды қамтиды.

Қаржы құралдарын бастапқы тану. Өзгерістері кезең ішіндегі пайданың немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын сауда бағалы қағаздары, туынды және басқа да қаржы құралдары бастапқы кезде әділ құны бойынша танылады. Барлық басқа қаржы құралдары бастапқы кезде, мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда, әділ құны бойынша көрсетіледі. Бастапқы тану кезіндегі әділ құнның ең жақсы расталуы операцияның бағасы болып табылады. Бастапқы тану кезіндегі пайда немесе залал әділ құн мен операцияның құны арасында айырмашылық болған жағдайда ғана ескеріледі, оның расталуы ретінде дәл сондай құралы бар нарықта бақыланатын ағымдағы мәмілелер немесе базалық деректер ретінде бақыланатын нарықтардың деректерін ғана пайдаланатын бағалау әдісі қызмет етуі мүмкін.

Жеткізілуі заңнамада немесе осы нарық үшін іскерлік айналым әдет-ғұрыптарында белгіленген мерзімдерде жүргізілуге тиіс қаржы активтерін сатып алу және сату («стандартты шарттармен» сатып алу және сату) мәміле жасалған күні, яғни Холдингтік Компания қаржы құралын сатып алуға немесе сатуға міндеттенетін күні көрсетіледі. Сатып алу бойынша барлық басқа операциялар кәсіпорын осы қаржы құралына қатысты шарт тарапы болған кезде танылады.

Байланысты тараптарға кредиттердің әділ құнын айқындау үшін Холдингтік Компания ақша ағындарының дисконтталған келтірінді құны сияқты әдістерді пайдаланады. Операцияның бағасына тең болып қабылданатын, бастапқы тану кезіндегі әділ құн мен бағалау әдісі арқылы айқындалған сома арасында айырмашылықтардың туындауы ықтимал. Мұндай айырмашылықтар бастапқы кезде басқа активтердің немесе басқа міндеттемелердің құрамында танылады, ал кейіннен кредиттердің қолданылу мерзімі ішінде байланысты тараптарға біркелкі амортизацияланады.

Қаржы активтерін тануды тоқтату. Холдингтік Компания қаржы активтерін тануды (а) бұл активтер өтелген немесе осы активтерге байланысты ақша ағындарына құқықтар өзге түрде өтіп кеткен немесе (б) Холдингтік Компания қаржы активтерінен келетін ақша ағындарына құқықтарды берген немесе беру туралы келісім жасасқан және бұл ретте, (i) сондай-ақ осы активтерді иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайданы мәні бойынша берген немесе (ii) осы активтерді иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайданы мәні бойынша бермеген және сақтамаған, бірақ осы активтерге қатысты бақылау құқығынан айырылған кезде тоқтатады. Егер контрагенттің сатуға шектеулер енгізбей, байланысты емес үшінші тарапқа активті толық сатуға іс жүзінде мүмкіндігі болмаса, бақылау сақталады.

Ақша қаражаты мен оның баламалары. Ақша қаражаты мен оның баламалары қолма-қол ақшаның белгілі бір сомасына жеңіл айырбасталатын баптар болып табылады және құнның болмашы өзгеруіне ұшырайды. Ақша қаражаты мен оның баламаларына банктердегі бастапқы өтеу мерзімі үш айдан кем барлық орналастырулар мен депозиттер жатады. Беру кезінде үш айдан астам кезеңге пайдалану бойынша өздеріне қатысты шектеулер бар қаражат ақша қаражаты мен оның баламаларының құрамынан алып тасталады. Ақша қаражаты мен оның баламалары амортизацияланған құн бойынша көрсетіледі.

Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер. Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер Холдингтік Компания туынды қаржы құралдарына байланысты емес және ашық нарықта баға белгіленімдері жоқ, белгіленген немесе айқындалатын күні өтелуге жататын дебиторлық берешекті алу немесе жасау мақсатында еншілес ұйымдарға аванстық төлемдер түрінде ақша қаражатын бергенде және бұл ретте, Холдингтік Компанияның осы дебиторлық берешекпен сауда операцияларын жүзеге асыру ниеті болмаған кезде ескеріледі. Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер амортизацияланған құн бойынша ескеріледі.

Еншілес кәсіпорындарға инвестициялар. Холдингтік Компанияның бақылауындағы инвестиция объектілері еншілес кәсіпорындар болып табылады. Егер Холдингтік Компания инвестиция объектісіне қатысудан болатын ауыспалы кіріске байланысты тәуекелге ұшыраса немесе мұндай кірісті алуға құқығы болса, сондай-ақ инвестиция объектісіне қатысты өз өкілеттіктерін пайдалану арқылы көрсетілген кірістің шамасына ықпал етуге қабілеті болса, Холдингтік Компания инвестиция объектісін бақылайды. Жеке қаржылық есептілікті дайындаған кезде Холдингтік Компания құнсыздануды шегере отырып, нақты құны бойынша еншілес кәсіпорындарға инвестицияларды ескереді. Еншілес кәсіпорындарға инвестициялардың нақты құны 9-ескертпеде ашып көрсетілген.

Page 14: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

9

3 Есептік саясат қағидаларының қысқаша мазмұндамасы (жалғасы)

Негізгі қаражат. Негізгі қаражат негізгі қаражаттың жинақталған амортизациясы және құнысызданудан жинақталған залалдар шегеріле отырып, өзіндік құн бойынша ескеріледі (бұл қажет болған жерде).

Болмашы жөндеу және ағымдағы қызмет көрсету бойынша шығыстар олардың туындауына қарай ескеріледі. Негізгі қаражаттың ірі компоненттерін ауыстыру бойынша шығыстар кейіннен ауыстырылған компонент есептен шығарыла отырып капиталдандырылады.

Әрбір есепті кезеңнің аяғында басшылық негізгі қаражаттың құнсыздану белгілерінің бар-жоғын айқындайды. Құнсыздану белгілері болған кезде басшылық өтелетін құнды бағалауды жүргізеді, ол сатуға арналған шығындар және пайдалану құны шегеріле отырып, активтің әділ құнының ең үлкені ретінде айқындалады. Теңгерімдік құн өтелетін құнға дейін азайтылады, ал құнсызданудан болған залал кезең ішіндегі пайдаға немесе залалға жатқызылады. Алдыңғы кезеңдерде қандай да бір актив үшін көрсетілген, құнсызданудан болған залал, егер пайдалану құнын немесе сатуға арналған шығындар шегеріле отырып, оның әділ құнын айқындау үшін пайдаланылған бағалауларда өзгеріс орын алса, қалпына келтіріледі.

Түсімнің сомасын теңгерімдік құнмен салыстыру арқылы айқындалатын, істен шығарудан болатын пайда мен залал кезең ішіндегі пайдада немесе залалда көрсетіледі (өзге операциялық кірістер мен шығыстар құрамында).

Амортизация. Басқа негізгі қаражат бойынша амортизация желілік әдіс пайдаланыла отырып, яғни активтерді пайдалы қолданудың мынадай есептік мерзімдері ішінде қалдық құнға дейін құны біркелкі азайтыла отырып есептеледі:

Пайдалы қолдану мерзімі, жыл Көлік құралдары 5 - 7 Офистік және компьютерлік жабдық 2 - 10 Басқалары 3 - 20

Активтің қалдық құны – бұл, егер актив пайдалы қолдану мерзімінің аяғына және пайдалы қолдану мерзімінің аяғына тән жай-күйге жеткен болса, істен шығаруға болжанып отырған шығындар шегерілгеннен кейін ағымдағы кезде активтің істен шығуынан Холдингтік Компания алатын есептік сома. Активтердің қалдық құны және оларды пайдалы қолданудың мерзімі қайта қаралады және егер қажет болса, әрбір есепті кезеңнің аяғында оларға түзету енгізіледі.

Материалдық емес активтер. Холдингтік Компанияның материалдық емес активтерінің белгілі бір пайдалы қолдану мерзімі бар және олар, негізінен, капиталдандырылған бағдарламалық қамтылымды және басқа да сатып алынған лицензияларды қамтиды. Бағдарламалық қамтылымға сатып алынған лицензиялар осы бағдарламалық қамтылымды сатып алу және енгізу үшін келтірілген шығындар негізінде капиталдандырылады. Холдингтік Компания бақылайтын, сәйкестендірілетін және бірегей бағдарламалық қамтылымға тікелей байланысты әзірлеуге арналған шығындар, егер қосымша экономикалық пайданың сомасы шығындардан асып түседі деп күтілсе, материалдық емес активтер ретінде көрсетіледі. Капиталдандырылған шығындар бағдарламалық қамтылымды әзірлеушілер тобын ұстауға арналған шығыстарды және үстеме шығыстардың тиісті үлесін қамтиды. Бағдарламалық қамтылымға (мысалы, оған қызмет көрсетуге) байланысты барлық басқа шығындар олардың келтірілуіне қарай ескеріледі.

Материалдық емес активтер активтерді пайдалы қолданудың мынадай есептік мерзімдері ішінде желілік әдіспен амортизацияланады:

Пайдалы қолдану мерзімі, жыл Компьютерлік бағдарламалық қамтылымға арналған лицензиялар мен патенттер 3 - 20 Дербес әзірленген бағдарламалық қамтылым 1 - 14 Басқалары 2 - 15

Операциялық жалға алу. Холдингтік Компания жалға алушы ретінде болғанда және жалға алу объектілерін иеленуден келетін тәуекелдер мен кірістерді жалға беруші Холдингтік Компанияға бермеген кезде операциялық жалға алу шарттары бойынша төлемдердің жалпы сомасы жалға алу мерзімі ішінде біркелкі есептен шығару әдісі пайдаланыла отырып, кезең ішіндегі пайдада немесе залалда (операциялық жалға алу бойынша шығыстар ретінде) көрсетіледі.

Егер (а) шартты орындау нақты бір активті немесе активтерді пайдалануға байланысты болса және (б) шартта активті пайдалану құқығын беру көзделсе, басқа шарттарға кіріктірілген жалға алу бөліп көрсетіледі.

Активтер операциялық жалға берілген кезде, алуға жататын жалға беру төлемдері жалға алу мерзімі ішінде біркелкі есептен шығару әдісі пайдаланыла отырып, жалға беруден болатын кірістер ретінде көрсетіледі.

Page 15: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

10

3 Есептік саясат қағидаларының қысқаша мазмұндамасы (жалғасы)

Табыс салығы. Жеке қаржылық есептілікте, қолданылатын немесе мәні бойынша есепті кезеңнің аяғында күшіне енген салық мөлшерлемелері мен заңнамалық нормалар пайдаланыла отырып, заңнаманың талаптарына сәйкес салық салу бойынша шығыстар көрсетілген. Табыс салығы бойынша шығыстар ағымдағы салықтар бойынша шығысты/кірісті және кейінге қалдырылған салықтар бойынша шығысты/кірісті қамтиды және егер олар осы немесе басқа кезеңде жиынтық кірістің құрамында немесе тікелей капиталда көрсетілген операцияларға жатуына байланысты, жиынтық кірістің құрамында немесе тікелей капиталда көрсетілмеуге тиіс болса, кезең ішіндегі пайдада немесе залалда көрсетіледі.

Ағымдағы салық ағымдағы және өткен кезеңдер үшін салық салынатын пайдаға немесе залалға қатысты салық органдарынан төлеуді немесе өтеуді болжамдайтын сома болып табылады. Егер жеке қаржылық есептілік тиісті салық декларациялары берілгенге дейін бекітілсе, салық салынатын пайда немесе залал бағалау көрсеткіштеріне негізделеді. Табыс салығын қоспағанда, басқа салықтар операциялық шығыстар құрамында көрсетіледі.

Кейінге қалдырылған табыс салығы активтер мен міндеттемелердің және жеке қаржы есептілігіндегі олардың теңгерімдік құны арасында туындайтын, болашақ кезеңдерге ауысатын салықтық залалдарға және уақыттық айырмашылыққа қатысты теңгерімдік әдіспен есептеледі. Бизнесті біріктіру нәтижесінде туындайтын бастапқы тану жағдайларынан басқа, егер бастапқы тану кезінде мәміле әрі бухгалтерлік, әрі салық салынатын пайдаға әсер етпесе, бастапқы тану үшін ерекше жағдайға сәйкес активті немесе міндеттемені бастапқы тану кезінде туындайтын уақыт айырмашылықтарына қатысты кейінге қалдырылған салық есепке алынбайды. Кейінге қалдырылған салық салу бойынша активтер мен міндеттемелер қолданылатын немесе мәні бойынша есепті кезеңнің аяғында қолданылатын салық салу мөлшерлемелері пайдаланыла отырып айқындалады, олар күтіліп отырғандай, уақыт айырмашылықтары немесе кейінге қалдырылған салық залалдары іске асырылған кездегі кезеңде қолданылатын болады.

Салық салынатын базаны азайтатын уақыттық айырмашылықтарға және болашақ кезеңдерге ауыстырылған салықтық залалдарға қатысты кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша активтер тек мұндай шегерулер сомасына азайтылуы мүмкін салық салынатын пайданы болашақта алудың жеткілікті ықтималдығы болған кезде ғана танылады.

Айқындалмаған салық позициялары. Холдингтік Компанияның айқындалмаған салық позицияларын басшылық әрбір есепті кезеңнің аяғында бағалайды. Салықтарға қатысты көрсетілетін міндеттемелер, егер Холдингтік Компанияның салық позициясына салық органдары дау айтатын болса, басшылық қосымша салық міндеттемелерінің туындауы ықтимал деп есептеген жағдайларда есепке алынады. Мұндай бағалау есепті кезеңнің аяғында қолданылған немесе мәні бойынша күшіне енген салық заңнамасын түсіндіру және осыған ұқсас мәселелер бойынша соттың кез келген белгілі қаулысы немесе өзге де шешім негізінде орындалады. Пайда салығын қоспағанда, айыппұлдар, өсімпұлдар және салықтар бойынша міндеттемелер басшылықтың есепті кезеңнің аяғындағы міндеттемелерді реттеу үшін қажетті шығыстарды ең үздік бағалауы негізінде көрсетіледі.

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар. Шығарылған борыштық бағалы қағаздар Холдингтік Компания қазақстандық теңгемен шығарған облигацияларды қамтиды. Борыштық бағалы қағаздар амортизацияланған құн бойынша көрсетіледі.

Мемлекеттік субсидиялар. Мемлекеттік субсидиялар Үкімет, мемлекеттік агенттіктер және мемлекеттік ұйымдар өткенде немесе болашақта Холдингтік Компанияның операциялық қызметіне қатысты белгілі бір шарттарды орындауға айырбастай отырып, Холдингтік Компанияның ресурстарын аудару нысанында беретін көмекті білдіреді. Холдингтік Компанияның оларға байланысты барлық шарттарды орындайтынына және көрсетілген субсидияларды алатынына негізді сенім болғанды қоспағанда, басқа жағдайларда мемлекеттік субсидиялар танылмайды. Өтеуді талап етуі мүмкін шарттар болған кезде субсидиялар басқа міндеттемелердің құрамында танылады.

Нарықтық мөлшерлемеден төмен сыйақы мөлшерлемесі бойынша мемлекеттік қарыз алудан болатын пайда мемлекеттік субсидия ретінде есепке алынады. Нарықтық мөлшерлемеден төмен сыйақы мөлшерлемесінен болатын пайда қарыздың бастапқы теңгерімдік құны мен түсімдер сомасы арасындағы айырма ретінде бағаланады.

Мемлекеттік субсидиялар Холдингтік Компания шығыстар ретінде субсидиялардың қаражаты соларды өтеуге арналған тиісті шығындарды танитын кезеңдер ішінде жүйелі негізде пайданың немесе залалдың құрамында танылады.

Міндеттемелер үшін берілетін резервтер және аударымдар. Міндеттемелер үшін берілетін резервтер және аударымдар мерзімі немесе сомасы айқындалмаған қаржылық емес сипаттағы міндеттемелерді білдіреді. Резервтер Холдингтік Компанияның өткендегі қандай да бір оқиғаның нәтижесінде туындаған (заңды немесе қалыптасқан практикаға негізделген) міндеттемелері болған кезде жеке қаржылық есептілікте көрсетіледі. Бұл ретте, міндеттемені реттеу үшін Холдингтік Компанияға экономикалық пайданы қамтитын ресурстарды істен шығару және бәлкім, міндеттеме мөлшерінің сенімді бағалауын келтіру талап етілуі ықтимал болып табылады.

Page 16: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

11

3 Есептік саясат қағидаларының қысқаша мазмұндамасы (жалғасы)

Өнім берушілермен есеп айырысулар және басқа да кредиторлық берешек. Кредиторлық берешек контрагенттің өз міндеттемелерін орындауы кезінде танылады және амортизацияланған құн бойынша көрсетіледі.

Акционерлік капитал. Міндетті өтеуге жатпайтын қарапайым акциялар және басшылықтың қалауы бойынша олар бойынша жарияланатын дивидендтер капитал ретінде көрсетіледі. Жаңа акциялардың эмиссиясына тікелей қатысты қосымша шығындар (салық есепке алынбай) капиталда түсімді азайту ретінде көрсетіледі. Алынған қаражаттың әділ құны шығарылған акциялардың номиналды құнынан асып түсетін сома капиталда эмиссиялық кіріс ретінде көрсетіледі.

Кірістер мен шығыстарды көрсету. Барлық борыштық құралдар бойынша пайыздық кірістер мен шығыстар тиімді пайыздық мөлшерлемелер әдісі пайдаланыла отырып есепке жазу әдісі бойынша көрсетіледі. Мұндай есептеу пайыздық кірістер мен шығыстарға шарт тараптары төлеген және алған әрі тиімді пайыздық мөлшерлеменің ажырамас бөлігін құрайтын барлық комиссиялар мен алымдарды, мәміле бойынша шығындарды, сондай-ақ басқа да сыйлықақылар мен жеңілдіктерді қамтиды.

Тиімді пайыздық мөлшерлемеге қатысты комиссиялар қаржы құралын қалыптастыруға немесе сатып алуға немесе қаржы міндеттемесін шығаруға байланысты алынған немесе төленген комиссияларды қамтиды (мысалы, кредиттік қабілеттілікті бағалау, кепілдіктерді немесе қамтамасыз етуді бағалау мен есепке алу үшін, құралды беру шарттарын реттеу үшін және мәміле бойынша құжаттарды өңдеу үшін комиссиялық алымдар). Егер Холдингтік Компания нақты кредиттік келісім жасасады және кредит берілгеннен кейін оны сатуды жоспарламайды деген ықтималдық болса, Холдингтік Компания нарықтық мөлшерлемелер бойынша кредит беру жөніндегі міндеттемені шығарғаны үшін алған комиссиялар тиімді пайыздық мөлшерлеменің ажырамас бөлігі болып табылады. Холдингтік Компания кредит беру жөніндегі міндеттемені әділ құн бойынша бағаланатын, оның өзгерістері пайданың немесе залалдың құрамында көрсетілетін қаржы міндеттемесі ретінде сыныптамайды.

Барлық басқа комиссиялық кірістер, өзге кірістер мен өзге шығыстар, әдетте, көрсетілуге тиіс қызметтердің жалпы көлеміндегі іс жүзінде көрсетілген қызметтің үлесі ретінде айқындалатын нақты мәміленің аяқталу дәрежесіне қарай есепке жазу әдісі бойынша көрсетіледі. Бірлестірілген кредиттер үшін комиссия бірлестіру операциясы аяқталғанда және Холдингтік Компания кредиттік пакеттің бір бөлігін өзіне қалдырмаған кезде немесе Холдингтік Компания мәмілеге басқа қатысушылар сияқты дәл сол тиімді пайыздық мөлшерлеме бойынша пакеттің бір бөлігін өзіне қалдырған кезде кіріс ретінде көрсетіледі.

Шетелдік валютаны қайта бағалау. Холдингтік Компанияның функционалдық валютасы және Холдингтік Компанияның жеке қаржылық есептілікті ұсыну валютасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы, қазақстандық теңге болып табылады.

Қызметкерлерді ұстауға арналған шығыстар және оларға байланысты аударымдар. Жалақыға арналған шығыстар, мемлекеттік зейнетақы қорына және әлеуметтік сақтандыру қорына жарналар, төленген жыл сайынғы демалыстар және ауруы бойынша ақы төленетін демалыс, ақшалай емес нысандағы сыйлықақылар мен жеңілдіктер Холдингтік Компания қызметкерлерінің тиісті қызметтерді көрсетуіне қарай есепке жазылады. Холдингтік Компанияның мемлекеттік жоспарға сәйкес, белгіленген жарналары бар төлемдерден бөлек, зейнетақыларды немесе осыған ұқсас төлемдерді төлеу бойынша қандай да бір құқықтық немесе қалыптасқан іскерлік практикадан туындайтын міндеттемелері жоқ.

Өтімділік тәртібінде қаржы жағдайы туралы жеке есептің баптарын ұсыну. Холдингтік Компанияның нақты айқындалатын операциялық циклі жоқ және сондықтан, Холдингтік Компания қаржылық жағдай туралы жеке есепте қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер мен міндеттемелерді ұсынбайды. Оның орнына, активтер мен міндеттемелер 19-ескертпеде өтеудің күтілетін мерзімдері бойынша ұсынылған.

4 Есептік саясатты қолданудағы маңызды есеп айырысу бағалаулары және кәсіби пайымдар

Холдингтік Компания жеке қаржылық есептілікте көрсетілетін сомаларға және келесі қаржы жылындағы активтер мен міндеттемелердің теңгерімдік құнына әсер ететін есептік бағалау мен долбарларды жүргізеді. Есептік бағалау мен пайымдар, болашақтағы оқиғаларға қатысты болжалдарды қоса алғанда, басшылықтың тәжірибесі мен басқа факторлар негізінде тұрақты түрде талданады, олар, басшылықтың пікірінше, ағымдағы мән-жайлар тұрғысынан негізді болып табылады. Есептік саясатты қолдану процесінде басшылық бағалау қолданылатын пайымдарды қоспағанда, кәсіби пайымдарды пайдаланады. Жеке қаржылық есептілікте көрсетілетін сомаларға және нәтижелері ағымдағы қаржы жылы ішіндегі активтер мен міндеттемелердің теңгерімдік құнына енгізілетін елеулі түзетулер болуы мүмкін бағалауға әсер ететін кәсіби пайымдар мыналарды қамтиды.

Салық заңнамасы. Қазақстан Республикасының салық, валюталық және кеден заңнамасында әртүрлі түсіндіру мүмкіндігіне жол беріледі (18-ескертпе).

Мемлекеттік даму бағдарламалары бойынша нарықтық мөлшерлемелерден төмен мөлшерлемелер бойынша тартылған және орналастырылған қаражатты бастапқы тану. 2017 жылы экономиканы дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде тартылған қаражатты және еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттерді есепке алу мен бағалауға қатысты көзқарас 8, 10 және 11-ескертпелерде ашып көрсетілген.

Page 17: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

12

4 Есептік саясатты қолданудағы маңызды есеп айырысу бағалаулары және кәсіби пайымдар (жалғасы)

Байланысты тараптармен жүргізілген операцияларды бастапқы тану. Өзінің қарапайым қызметі барысында Холдингтік Компания байланысты тараптармен операциялар жүргізеді. 39-ҚЕХС-ке (IAS) сәйкес қаржы құралдары бастапқы кезде әділ құны бойынша көрсетілуі тиіс. Операциялар нарықтық немесе нарықтық емес пайыздық мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылғанын-асырылмағанын айқындау үшін мұндай операциялар үшін белсенді нарық болмаған кезде кәсіби пайымдар пайдаланылады. Байланысты емес тараптармен операциялардың ұқсас түрлеріне баға белгілеу және тиімді пайыздық мөлшерлемені талдау пайым үшін негіз болып табылады.

5 Жаңа есептік ережелер

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бірқатар жаңа стандарттар, стандарттарға түзетулер мен түсініктемелер әлі күшіне енген жоқ және осы жеке қаржылық есептілікті дайындау кезінде пайдаланылмады. Көрсетілген жаңалықтардың ішінде мынадай стандарттар, түзетулер мен түсініктемелер әлеуетті түрде Холдингтік Компания қызметінің жеке қаржылық есептілігіне және нәтижелеріне ықпал ете алады. Холдингтік Компания көрсетілген стандарттарды, түзетулер мен түсініктемелерді олар қолданысқа енгізілген кезден бастап қолдана бастауды жоспарлап отыр.

(а) «Қаржы құралдары» атты 9-ҚЕХС (IFRS)

2014 жылғы шілдеде ҚЕХС жөніндегі кеңес «Қаржы құралдары» атты 9-ҚЕХС (IFRS) ақырғы нұсқасын шығарды. 9-ҚЕХС (IFRS), 2018 жылдың 1 қаңтарында немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңге қатысты күшіне енеді, оларды мерзімінен бұрын қолдану мүмкіндігімен. Ол «Қаржы құралдары: тану және бағалау» атты 39-ҚЕХС-ті (IAS) алмастырады.

2017 жылғы қазанда ҚЕХС жөніндегі Кеңес «Теріс өтемақымен мерзімінен бұрын өтеу туралы талап» атты 9-ҚХЕС-ке (IFRS) түзетулерді шығарды. Бұл түзетулер оларды мерзімінен бұрын қолдану мүмкіндігімен 2019 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есеп беру кезеңдеріне қатысты күшіне енеді.

Холдинг 2014 жылғы шілдеде шығарылған 9-ҚХЕС-ті (IFRS) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдана бастайды және осы күннен бастап 9-ҚХЕС-ке (IFRS) түзетулерді мерзімінен бұрын қолданады. Холдингтік Компанияның лдын ала бағалау бойынша, 9-ҚХЕС (IFRS) талаптарын қолдану 2018 жылдағы Холдингтік Компанияның жеке қаржылық есептілігіне және қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің есебіне елеулі ықпал етпейді. (i) Сыныптау – қаржылық активтер

9-ҚХЕС (IFRS) осы активтерді басқару үшін пайдаланылатын бизнес-үлгіні және олармен байланысты ақша ағындарының сипаттамаларын көрсететін қаржылық активтерді сыныптаудың және бағалаудың жаңа тәсілін көздейді.

9-ҚЕХС (IFRS) қаржы активтерінің мынадай: амортизацияланған құн бойынша бағаланатын, өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын (FVOCI) және пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын (FVTPL) үш негізгі бағалау санатын қамтиды. Стандарт, осылайша, 39-ҚХЕС-те (IAS) қолданыстағы қаржылық активтердің: өтеу мерзіміне дейін ұсталатын, қарыздар мен дебиторлық берешек және сату үшін қолда бар санаттарын алмастырады.

Қаржы активі, егер ол төмендегі екі талапқа жауап бермеген және Холдингтік Компанияның қалауы бойынша пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныпталмаған жағдайда ғана амортизацияланған құн бойынша бағаланады

ол мақсаты шартта көзделген ақша ағындарын алу үшін активтерді ұстап қалу болып табылатын бизнес-үлгі шеңберінде ұсталады; және

оның шарттық талаптары белгіленген мерзімде тек қана негізгі соманы және негізгі соманың өтелмеген бөлігіне пайыздар төлеуді білдіретін ақша ағындарының пайда болуын көздейді.

Қаржы активі, егер ол төмендегі екі талапқа жауап бермеген және Холдингтік Компанияның қалауы бойынша пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныпталмаған жағдайда ғана өзге де жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша бағаланады:

ол мақсатына шартта көзделген ақша ағындарын алу жолымен және қаржылық активтерді сату жолымен қол жеткізілетін бизнес-үлгі шеңберінде ұсталады; және

оның шарттық талаптары белгіленген мерзімде тек қана негізгі соманы және негізгі соманың өтелмеген бөлігіне пайыздар төлеуді білдіретін ақша ағындарының пайда болуын көздейді.

Саудаға арналмаған үлестік құралдарға инвестицияларды бастапқы тану кезінде Холдингтік Компания өзінің қалауы бойынша оны кейіннен болдырмау құқығынсыз, өзге де жиынтық кіріс құрамында олардың әділ құнының кейінгі өзгерістерін ұсыну туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұл таңдау әрбір инвестиция үшін жеке-жеке жүргізіледі.

Page 18: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

13

5 Жаңа есептік ережелер (жалғасы)

(а) «Қаржы құралдары» атты 9-ҚЕХС (IFRS) (жалғасы)

(i) Сыныптау – қаржылық активтер (жалғасы)

Жоғарыда сипатталғандай, оларды амортизацияланған құн бойынша немесе өзге де жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша бағалауға арналған өлшемшарттарға сәйкес келмейтін барлық қаржылық активтер пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланады. Бұдан өзге, бастапқы тану кезінде Холдингтік Компания өзінің қалауы бойынша кейіннен кері сыныптау құқығынсыз, егер бұл кері жағдайда туындауы мүмкін есепке алу сәйкессіздігін жоюға немесе елеулі азайтуға мүмкіндік берсе, амортизацияланған құн бойынша немесе өзге де жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша бағалауға арналған өлшемшарттарға сәйкес келетін қаржылық активті пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныптауы мүмкін.

Бастапқы тану кезінде қаржылық актив үш санаттың біріне сыныпталады. Бизнес-үлгіні бағалау. Холдингтік компания, оның шеңберінде қаржылық актив ұсталатын бизнес-үлгінің мақсатын бағалауды қаржы құралдары портфелінің деңгейінде жүргізеді, өйткені бұл бизнесті басқару және басшылыққа ақпарат ұсыну тәсілін барынша жақсы түрде көрсетеді. Бұл ретте мынадай ақпарат қаралатын болады:

Осы қаржылық активтер портфелі үшін белгіленген саясаттар мен мақсаттар, сондай-ақ көрсетілген саясаттардың тәжірибедегі қолданысы. Атап айтқанда, басшылықтың стратегиясы шартта көзделген пайыздық табысты алуға, пайыздық мөлшерлемелердің белгілі бір құрылымын сақтауға, қаржылық активтерді өтеу мерзімдерінің осы активтерді қаржыландыру үшін пайдаланылатын қаржылық міндеттемелерді өтеу мерзімдеріне сәйкестігін қамтамасыз етуге немесе активтерді сату арқылы ақша ағындарын өткізуге бағытталған ба.

Портфельдің нәтижелілігі қалайша бағаланады және бұл ақпарат Холдингтік Компания басшылығына қалай хабарланады.

Бизнес-үлгінің (және осы бизнес-үлгі шеңберінде ұсталатын қаржы активтерінің) нәтижелілігіне әсер ететін тәуекелдер және осы тәуекелдерді басқару қалайша жүзеге асырылады.

Бизнесті басқарушы менеджерлерге қалайша сыйақы беріледі (мысалы, бұл сыйақы олардың басқаруындағы активтердің әділ құнына немесе олардың шартта көзделген активтерден алған ақша ағындарына байланысты ма).

Өткен кезеңдердегі сату жиілігі, көлемі және мерзімдері, мұндай сатудың себептері, сондай-ақ сатудың болашақтағы деңгейіне қатысты болжалдар. Алайда сату деңгейлері туралы ақпарат оқшау емес, Холдингтік Компания мәлімдеген қаржылық активтерді басқару мақсатына қалай қол жеткізілетіні және ақша ағындарының қалай өткізілетіндігі жөніндегі бірыңғай тұтас талдау шеңберінде қаралады.

Сауда үшін ұсталатын және басқарылуы жүзеге асырылатын және нәтижелілігі әділ құн негізінде бағаланатын қаржылық активтер пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланады, өйткені олар шартта көзделген ақша ағындарын алу мақсатында, шартта көзделген ақша ағындарын алу, сондай-ақ қаржылық активтерді сату мақсатында ұсталмайды. Шартпен қарастырылған ақша ағындары негізгі соманы және пайыздарды төлеу ғана болып табыла ма екендігін бағалау. Осы бағалау мақсаттары үшін «негізгі сома» қаржылық активті бастапқы тану кезіндегі оның әділ құны ретінде анықталады. «Пайыздар» ақшаның уақытша құны үшін, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде өтелмей қалған негізгі сомаға қатысты кредиттік тәуекел үшін және кредит беруге байланысты басқа да негізгі тәуекелдер мен шығындар (мысалы, өтімділік тәуекелі және әкімшілік шығындар), сондай-ақ пайда маржасы үшін өтеу ретінде анықталады.

Шартта көзделген ақша ағындарының тек қана негізгі сома және негізгі соманың өтелмеген бөлігіне пайыздардың төлемдері болып табылатындығын («SPPI өлшемшарты») бағалау кезінде Холдингтік Компания қаржы құралының шарттық талаптарын талдаудан өткізеді. Бұл қаржылық активтің құрамында шартта көзделген ақша ағындарының мерзімдерін немесе сомасын қаржылық актив талданып отырған талапты қанағаттандыра алмайтындай өзгертуі мүмкін қандай да бір шарттық талаптың бар-жоқтығын бағалауды қамтиды.

Бағалауды жүргізу кезінде Холдингтік Компания мыналарды талдайды:

- ақша ағындарының мерзімдерін немесе сомасын өзгертуі мүмкін шартты оқиғалар; тетік (левередж) әсері бар жағдайлар;

- мерзімінен бұрын өтеу және қолданылу мерзімін ұзарту туралы талаптар; - ескертілген активтерден ақша ағымдарымен Холдингтік Компанияның талаптарын шектейтін жағдайлар

– мысалы, регресс құқығынсыз қаржы активтері; - ақшаның уақытша құны үшін өтеуде өзгерістер тудыратын жағдайлар– мысалы, пайыздардың

мөлшерлемелерін мерзімді түрде қайта қарау.

Page 19: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

14

5 Жаңа есептік ережелер (жалғасы)

(а) «Қаржы құралдары» атты 9-ҚЕХС (IFRS) (жалғасы)

(i) Сыныптау – қаржылық активтер (жалғасы)

Шартпен қарастырылған ақша ағындары негізгі соманы және пайыздарды төлеу ғана болып табыла ма екендігін бағалау, жалғасы

Егер мерзімінен бұрын өтеу кезінде төленген сома мәні бойынша негізгі соманың өтелмеген бөлігін және өтелмеген бөлікке пайыздарды білдірген және шарт қолданысының мерзімінен бұрын тоқтатылғаны үшін орынды қосымша өтемақыны қамтуы мүмкін болған жағдайда, мерзімінен бұрын өтеу туралы шарт SPPI өлшемшартына сәйкес келеді.

Бұдан өзге, егер қаржылық актив шартта көрсетілген номиналды сомаға қатысты сыйақымен немесе дисконтпен сатып алынған немесе жасақталған, мерзімінен бұрын өтеу кезінде, төлеуге жататын сома мәні бойынша шартта көзделген есептелген (төленген) пайыздарды қоса алғанда, шартта көрсетілген номиналдық соманы білдірген (шарт қолданысының мерзімінен бұрын тоқтатылғаны үшін орынды қосымша өтемақыны қамтуы мүмкін) жағдайда, мерзімінен бұрын өтеу туралы шарт осы өлшемшартқа сәйкес келетін ретінде қарастырылады; және қаржылық активті бастапқы тану кезінде оның мерзімінен бұрын өтеу туралы шартының әділ құны шамалы болып табылады.

Әсерді бағалау. Бұл стандарт 2018 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша ұсталатын қаржылық активтерді сыныптауға және бағалауға былайша әсер етеді.

39-ҚЕХС-ке (IAS) сәйкес басқарылуы әділ құн негізінде жүзеге асырылатын, және пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері, жалпы 9-ҚЕХС-ке (IFRS) сәйкес пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын болады.

39-ҚЕХС-ке (IAS) сәйкес кредиттер және дебиторлық берешек ретінде сыныпталатын және амортизацияланған құн бойынша бағаланатын еншілес кәсіпорындарға берілген ақша қаражаты және олардың баламалары, депозиттер мен кредиттер, негізінен, сондай-ақ 9-ҚЕХС-ке (IFRS) сәйкес амортизацияланған құн бойынша бағаланатын болады.

39-ҚЕХС-ке (IAS) сәйкес, 9-ҚЕХС (IFRS) сәйкес сату үшін қолда бар ретінде сыныпталатын борыштық қаржылық активтер нақты мән-жайларға байланысты амортизацияланатын құн бойынша, өзге де жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша немесе пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланады.

(ii) Құнсыздану – қаржылық активтер

9-ҚЕХС (IFRS) 39-ҚЕХС-те (IAS) пайдаланылатын «келтірілген залалдар» моделін «күтілетін кредиттік залалдар» моделіне алмастырады. Құнсызданудың жаңа моделі пайдала және залал арқылы әділ құн бойынша бағаланбайтын келесі қаржы құралдарына қатысты қолданады. 9-ҚХЕС-ке (IFRS) сәйкес үлестік құралдарға инвестициялар бойынша құнсызданудан болатын залал танылмайды. 9-ҚХЕС-ке (IFRS) сәйкес күтілетін кредиттік залалдарға арналған бағалау резервтері не 12 айлық күтілетін кредиттік залалдарға не барлық мерзім ішіндегі күтілетін кредиттік залалдарға тең сомада танылуға тиіс. Бүкіл мерзім ішінде күтілетін кредиттік залалдар – бұл 12 айлық күтілетін кредиттік залалдар есеп беру күнінен кейін 12 ай ішінде болуы мүмкін дефолт оқиғаларының салдарынан туындайтын күтілетін кредиттік залалдардың бөлігін құрайтын кезде қаржы құралының күтілетін қолданылу мерзімі бойына барлық ықтимал дефолт оқиғаларының салдарынан туындайтын күтілетін кредиттік залалдар. Холдингтік Компания күтілетін кредиттік залалдарға арналған бағалау резервтерін келесілерді қоспағанда, бүкіл мерзім ішінде күтілетін кредиттік залалдарға тең сомада танитын болады:

- Сатып алынған немесе құрылған кредиттік-құнсызданған қаржы құралдарын қоспағанда, бастапқы тану кезіндегі қаржы құралдарын; және

- олар бойынша кредиттік тәуекел бастапқы тану сәтінен бастап айтарлықтай артпаған қаржы құралдарын.

Құнсыздану бөлігінде 9-ҚЕХС-тің (IFRS) талаптары күрделі болып табылады және әсіресе, төменде егжей-тегжейлі талқыланатын келесі салаларда пайымдаулар мен жорамалдардың қолданылуын талап етеді:

- қаржы құралы бойынша кредиттік тәуекелдің оны бастапқы тану сәтінен бастап едәуір артуының орын алғанын бағалау; сондай-ақ

- күтілетін кредиттік залалдарды бағалауға болжамдық ақпаратты қосу.

Page 20: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

15

5 Жаңа есептік ережелер (жалғасы)

(а) «Қаржы құралдары» атты 9-ҚЕХС (IFRS) (жалғасы)

(ii) Құнсыздану – қаржылық активтер (жалғасы)

Күтілетін кредиттік залалдарды бағалау. Күтілетін кредиттік залалдар ықтималдықты, кредиттік залалдарды ескере отырып, өлшенген есептік бағалауды білдіреді. Олар былайша бағаланады:

- есеп беру күніне жай-күйі бойынша кредиттік-құнсынзданған болып табылмайтын қаржылық активтерге қатысты: барлық күтілетін ақшалай қаражатты толық алмаудың келтірілген құны ретінде (яғни, шартқа сәйкес Холдингтік Компанияға тиесілі ақша ағындары мен Холдингтік Компания алуды күтетін ақша ағындары арасындағы айырма);

- есеп беру күніне жай-күйі бойынша кредиттік-құнсынзданған болып табылатын қаржылық активтерге қатысты: активтердің жалпы теңгерімдік құны мен болашақ ақша ағындарының келтірілген құны арасындағы айырма ретінде;

Кредиттік-құнсызданған болып табылатын қаржылық активтер 9-ҚХЕС-те (IFRS) 39-ҚХЕС-ке сәйкес (IAS) құнсызданған болып табылатын қаржылық активтерге ұқсас анықталады.

Дефолтты анықтау. 9-ҚХЕС-ке (IFRS) сәйкес қаржылық активті Холдингтік Компания:

- қарыз алушының Холдингтік Компания алдындағы кредиттік міндеттемелерінің Холдингтік Компанияның қамтамасыз етуді (ол болған кезде) іске асыру сияқты іс-әрекеттерді қолданбай толық көлемде өтелуі екіталай; немесе

- қарыз алушының Холдингтік Компанияның елеулі кредиттік міндеттемелерінің кез келгені бойынша берешегінің мерзімі 90 күннен астамға өткізілген жағдайларда олар бойынша дефолт оқиғасы басталған қаржылық активтерге жатқызады.

Холдингтік Компания қарыз алушысының міндеттемелері бойынша дефолт оқиғасын бағалау кезінде келесі көрсеткіштер ескеруге тиіс:

- сапалық: мысалы, шарттың (ковенанттардың) шектеу талаптарының бұзылуы; - сандық: мысалы, мерзімі өткен берешек мәртебесі; сондай-ақ - Холдингтік Компанияның ішінде өз бетінше әзірленген және сыртқы көздерден алынған деректер

негізінде.

Қаржы құралы бойынша дефолт оқиғаларының орын алуын бағалау кезіндегі бастапқы деректер және олардың маңыздылығы мән-жайлардағы өзгерістерді көрсету үшін уақыт өте өзгеруі мүмкін. Кредиттік тәуекелдің едәуір артуы. 9-ҚХЕС-ке (IFRS) сәйкес қаржы құралы бойынша кредиттік тәуекелдің (яғни, дефолт тәуекелі) оны бастапқы тану сәтінен бастап едәуір артуының орын алып-алмағанын анықтау кезінде Холдингтік Компания сандық және сапалық ақпаратты, сондай-ақ Холдингтік Компанияның тарихи тәжірибесіне, кредит сапасын сараптамалық бағалауға және болжамды ақпаратқа негізделген талдауды қоса алғанда, өзекті және жоқ шамадан тыс шығын немесе күш-жігер жұмсамай-ақ қолжетімді негізделген және расталатын ақпаратты қарастырады.

Холдингтік Компания ең алдымен кредит тәуекеліне ұшыраған позиция үшін кредит тәуекелінің елеулі өсуінің орын алуы орынды не жоқ екендігін келесілерді салыстыру арқылы анықтайды:

- есепті күнгі жағдайы бойынша барлық мерзімнің қалған бөлігі үшін дефолт мүмкіндіктері; және - кредит тәуекеліне ұшыраған позицияны бастапқы мойындау барысында анықталған сол уақытқа

есептелген барлық мерзімнің қалған бөлігі үшін дефолт мүмкіндіктері.

Қаржы құралын бастапқы мойындау сәтінен кредит тәуекелінің елеулі өсуін бағалау құралды бастапқы мойындау күнін анықтауды талап етеді.

Кредиттік тәуекелге деңгейлері. Холдингтік Компания дефолт тәуекелін болжау үшін анықталатын түрлі мәліметтердің негізінде, сондай-ақ кредит бойынша сараптық пайымдауларды қолдану арқылы кредит тәуекеліне ұшыраған әрбір позицияны кредит тәуекелдері деңгейінің арасында бөледі. Холдингтік Компания 9 ҚЕХС (IFRS) сәйкес кредит тәуекелінің елеулі өсуін анықтау үшін кредит тәуекелі деңгейлерінің мәліметтерін пайдаланады. Кредит тәуекелі деңгейлері дефолт тәуекелін көрсететін сапалық және сандық факторларды қолдану арқылы анықталады. Бұл факторлар кредит тәуекеліне ұшыраған позиция сипатына, қарыз алушы түріне қарай өзгеруі мүмкін.

Page 21: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

16

5 Жаңа есептік ережелер (жалғасы)

(а) «Қаржы құралдары» атты 9-ҚЕХС (IFRS) (жалғасы)

(ii) Құнсыздану – қаржылық активтер (жалғасы)

Кредит тәуекелінің елеулі өсуін анықтау. Холдингтік Компания бастапқы мойындау сәтінен бастап нақты қаржы құралы бойынша кредит тәуекелінің елеулі өсуін анықтау үшін бағалау әдістемесін жасап шығарды, бұл әдістеме сандық және сапалық ақпараттардан тұрады. Бұл әдістеме Холдингтік Компанияның кредит тәуекелін басқарудың ішкі үдерісімен келіседі. Кредит тәуекелінің елеулі өсуін анықтауға арналған өлшемдер қоржынға сәйкес өзгереді және мерзімді өткізу мезгілі бойынша «шектеуішті» қосады. Көп жағдайда кредит сапасының сарапшылық бағалауын немесе қолдануға келіссе сәйкес тарихи тәжірибені пайдалана Холдингтік Компания кредит тәуекеліне ұшыраған позиция үшін кредит тәуекелінің елеулі өсуінің себебін анықтай алады, бұл жағдайға нақты сапалық көрсеткіштердің сәйкес келуі шарт және бұл көрсеткіштер сандық талдау шеңберінде уақытылы толықтай ескерілмейді.

Түрлендірілген қаржы активтері. Кредит бойынша шартта қарастырылған талаптар бірнеше себептер бойынша өзгеруі мүмкін, бұл себептерге нарық жағдайының өзгеруі, клиенттерді ұстап қалу, клиенттің кредит төлеу қабілетінің ағымдағы немесе әлеуетті төмендеуіне байланысты өзге факторлар жатады. Шарты өзгерген кредитті тану тоқтатылуы мүмкін, қайта қаралған кредит әділ құн бойынша жаңа кредит деп танылады. ҚЕХС-ға (IFRS) сәйкес қаржы активінің шарттары өзгерсе, бұл өзгеріс мойындаудың тоқтатылуына алып келмесе, активтің кредит тәуекелінің елеулі өсуінің орын алуының анықталуы салыстыру арқылы жүзеге асырылады:

- өзгертілген шарт талаптары негізінде есепті күнгі жағдайы бойынша барлық мерзімнің қалған бөлігі үшін дефолт мүмкіндіктері; және

- бастапқы шарт талаптарының негізінде бастапқы мойындау күніне барлық мерзімнің қалған бөлігі үшін дефолт мүмкіндіктері.

Күтілетін кредит залалдарын бағалау барысындағы бастапқы деректер. Күтілетін кредит залалдарын бағалау барысындағы бастапқы негізгі деректемелер келесі ауыспалылардың уақытша құрылымы болып табылады:

- дефолт ықтималдығы («PD») - дефолт жағдайындағы залал көлемі («LGD»); және - дефолт жағдайындағы тәуекелде тұрған сома («EAD»).

Бұл көрсеткіштер ішкі статистикалық модельдерден және реттеуші капиталды есептеу үшін модельдерде қолданылатын өзге тарихи деректерден алынады. Олар төменде келтірілген болжамды ақпаратты қамту үшін түзетіледі.

Дефолт ықтималдығын (PD) бағалау белгілі бір күнге баға беруден құралады, баға статистикалық рейтингілік модельдердің негізінде есептелінеді, кредит тәуекеліне ұшыраған контрагент және позициялардың түрлі категорияларына бейімделген бағалау құралдарын пайдалану арқылы бағаланады. Бұл статистикалық модельдер құрамына сандық және сапалық факторлар кіретін ішкі жинақталған мәліметтерге негізделеді. Мүмкін болған жерде нарықтық мәліметтер ірі контрагент-заңды тұлғалар үшін дефолт ықтималдығын орнату үшін пайдаланылады. Кредит тәуекеліне ұшыраған контрагент немесе позиция рейтинг деңгейлері арасында көшіп жүрсе, дефолттың сәйкес ықтималдығын бағалауда өзгерістер орын алады. Дефолт ықтималдығы кредит тәуекеліне ұшыраған позицияларды өтеудің шартты мерзімі мен мерзімінен бұрын өтеудің болжамды мөлшерлемесі есебімен бағаланады

Дефолт жағдайындағы залал көлемі (LGD) дефолт жағдайында ықтимал залалдың көлемін білдіреді. LGD бағалау моделінде қаржы активі құрамына енетін құрылым, қамтамасыз етілуі, талаптардың жоғары тұрушылық деңгейі қарастырылады. Дефолт жағдайында залал шамасының бағалары, тиімді пайыз мөлшерлемесін дисконттау коэффициенті ретінде пайдалана отырып, дисконтталған ақша ағындарының негізінде есептелетін болады.

Дефолт жағдайындағы тәуекелде тұрған сома (EAD) дефолттың басталу күні кредит тәуекеліне ұшыраған позициялардың күтілетін көлемдерін білдіреді. Бұл көрсеткішті Холдингтік Компания ағымдағы EAD көлеміне және шарт бойынша өтемпұл мен мерзімінен бұрын өтеуді қоса алғандағы мүмкін өзгерістерге сәйкес есептейді.

Болжамды ақпарат. 9 ҚЕХС (IFRS) сәйкес Холдингтік Компания болжамды ақпаратты бастапқы мойындау сәтінен кредит тәуекілінің елеулі өсуінің бағалауына, сондай-ақ күтілетін кредит залалдарының бағалауына қосады. Бұл бағалау сыртқы ақпаратқа негізделеді. Сыртқы ақпарат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі («ҚРҰБ»), Экономикалық даму министрлігі секілді мемлекеттік органдар және ақша-кредиттік реттеу органдары жариялайтын экономикалық мәліметтер мен болжамдардан, сондай-ақ бөлек жеке және ғылыми болжамдардан тұруы мүмкін.

Ықпалды бағалау. Холдингтік Компания 9 ҚЕХС (IFRS) қолданған кезде 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл өзгерістер құнсызданудан залалдардың бағалау резервтеріне ықпал етпейді.

Page 22: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

17

5 Жаңа есептік ережелер (жалғасы)

(а) «Қаржы құралдары» атты 9-ҚЕХС (IFRS) (жалғасы) (iii) Сыныптау – Қаржылық міндеттемелер

Сыныптау – қаржы міндеттемелері. 9 ҚЕХС (IFRS) айтарлықтай дәрежеде қаржы міндеттемелерін сыныптау бөлімінде 39 ҚЕХС (IAS) бар талаптарын сақтайды.

(iv) Мойындауды тоқтату және шартты өзгерту

9 ҚЕХС (IFRS) маңызды түзетусіз қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін мойындауды тоқтату аясында 39 ҚЕХС (IAS) талаптарын қамтиды.

Пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланбайтын қаржы құралының түрленуі мойындауды тоқтатпаса, оның құрамында есеп бойынша жеке нұсқаулық бар. 9 ҚЕХС (IFRS) сәйкес Холдингтік Компания пайыздың бастапқы тиімді мөлшерлемесі бойынша түрлендірілген шартты ақша ағындарын есептеу арқылы қаржы активінің жалпы теңгерімдік құнын (немесе қаржы міндеттемесінің амортизацияланған құны) қайта есептеуі тиіс және түзеу нәтижесінде пайда болған соманы пайда немесе залал арқылы түрленуден түскен пайда немесе залал деп тануы керек. 39 ҚЕХС (IAS) сәйкес Холдингтік Компания мойындауды тоқтатуға алып келмейтін проблемалық емес қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің түрленуі нәтижесіндегі пайда немесе залал құрамындағы пайда немесе залалды мойындамайды.

Холдингтік Компания бұл жаңа талаптарды қолдану нәтижесінде елеулі ықпалдың орын алуын күтпейді.

(v) Ақпаратты ашу

9 ҚЕХС (IFRS) сәйкес кредит тәуекелі және күтілетін кредит залалдары тақырыбындағы ақпараттың жан-жақты, жаңадан ашылуы талап етіледі.

(vi) Капитал жоспарлауына ықпал

Қазіргі сәтте Холдингтік Компания 9 ҚЕХС (IFRS) енгізілуі Холдингтік Компанияның меншікті қаражатының (капиталының) шамасына ықпал етпейтіндігін бағалайды. (vii) Өтпелі ережелер Холдингтік Компания қаржы құралдарының жіктемесі мен бағалауындағы (құнсыздануды қоса алғанда) өзгерістерге қатысты алдыңғы кезеңдер үшін салыстырмалы деректерді қайта есептемеуге мүмкіндік беретін босатуды пайдаланады. 9 ҚЕХС (IFRS) сәйкес құралдардың алдыңғы теңгерімдік құны мен қазіргі теңгерімдік құны арасындағы айырмашылық 2018 жылдың 1 қантар күні жағдайы бойынша бөлінбеген залал мен қорлар құрамында танылады.

Қаржы активі ұсталынып тұратын бизнес-моделін таңдау бастапқы қолдану күніндегі деректер мен міндеттемелердің негізінде жүргізілуі тиіс.

Егер қаржы құралы 2018 жылдың 1 қантарындағы жағдай бойынша төмен кредит тәуекеліне ие болса, Холдингтік Компания бастапқы мойындау сәтінен актив бойынша кредит тәуекелінің елеулі өсуі орын алмайды деп анықтайды.

(б) «Жалға алу» атты 16-ҚЕХС (IFRS)

«Жалға алу» атты 16-ҚЕХС (IFRS), «Жалға алу» атты 17-ҚЕХС-ті (IAS), «Келісімде жалға алу шарты белгілерінің бар-жоғын айқындау» атты 4-ХҚЕТК-ні (IFRIC), ТТК-нің (SIC) «Операциялық жалға алу – ынталандырмалар» атты 15-түсіндірмесін және ТТК-нің (SIC) «Жалға алудың заңды нысаны бар мәмілелердің мәнін талдау» атты 27-түсіндірмесін қоса алғанда, жалға алуды есепке алуға қатысты қолданыстағы нұсқаулықты алмастырады. Жаңа стандарт қазіргі уақытта жалға алушыны есепке алуда қолданылатын есепке алудың қосарлы моделінің күшін жояды. Бұл модель жалға алуды теңгерімде көрсетілетін қаржылық жалға алуға және теңгерімнен тыс есепке алынатын операциялық жалға алуға сыныптауды талап етеді. Оның орнына жалға алуды теңгерімде көрсетуді көздейтін және қазіргі уақытта қолданылатын қаржылық жалға алуды есепке алуға ұқсас бірыңғай есепке алу моделі енгізіледі. Жалға берушілер үшін қазіргі уақытта қолданылатын есепке алу қағидалары, тұтастай алғанда, сақталады – жалға берушілер жалға алуды қаржылық пен операциялыққа сыныптауды жалғастыратын болады. 16-ҚЕХС (IFRS) 2019 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдерге қатысты күшіне енеді. «Сатып алушылармен шарттар бойынша түсімдер» атты 15-ҚЕХС-те (IFRS) қолданылады деген шартпен стандартты мерзімінен бұрын қолдануға рұқсат етіледі. Холдингтік Компания стандартты мерзімінен бұрын қолдануды жоспарламайды. Холдингтік Компания 16-ҚЕХС-тің (IFRS) жеке қаржылық есептілікке ықтимал әсерін бағалау барысында.

Page 23: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

18

5 Жаңа есептік ережелер (жалғасы)

(в) Басқа да өзгерістер

Төмендегі стандарттарға түзетулер және түсініктемелер, күтіліп отырғандай, Холдингтік Компанияның жеке қаржылық есептілігіне елеулі ықпал етпейді:

Жыл сайынғы ҚЕХС жетілдіруі, 2014-2016 жж. кезең – 1 ҚЕХС (IFRS) мен 28 ҚЕХС (IAS) үшін өзгертулер.

Акциялар негізінде төлем бойынша операцияларды жіктеу және бағалау (2 ҚЕХС (IFRS) үшін өзгертулер).

Инвестициялық жылжымайтын мүлікті санаттан санатқа аудару (40 ҚЕХС (IAS) үшін өзгертулер).

инвестор мен оның қауымдастырылған немесе бірлескен кәсіпорны арасындағы келісімде активтерді сату немесе жарна төлеу (10 ҚЕХС (IFRS) және 28 ҚЕХС (IAS) үшін өзгертулер).

22 ХҚЕТК (IFRIC) түсіндіру Шетел валютасындағы операциялар және алдын ала төлеу.

23 ХҚЕТК (IFRIC) түсіндіру Салықты пайдаға есептеу ережелеріне қатысты тұрлаусыздық.

6 Ақша қаражаты мен оның баламалары

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 жылғы

31 желтоқсан 2016 жылғы

31 желтоқсан Ағымдағы шоттар 225,777 272,994

Ақша қаражаты мен оның баламалары жиыны 225,777 272,994

Төмендегі кестеде Standard and Poor’s рейтингі немесе Moody’s немесе Fitch агенттіктерінің рейтингтері негізінде ағымдағы шоттар бойынша ақша қаражаты мен оның баламаларына жүргізілген талдау ұсынылған:

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 жылғы

31 желтоқсан 2016 жылғы

31 желтоқсан Мерзімі өтпеген және құнсызданбаған - ҚРҰБ 2 2 - «BB-»-тен «BB+»-ке дейінгі рейтингпен 225,775 272,992

Ақша қаражаты мен оның баламалары жиыны 225,777 272,994

Ақша қаражаты мен оның баламалары пайыздық мөлшерлемелеріне жүргізілген талдау 19-ескертпеде ұсынылған.

7 Депозиттер

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 жылғы

31 желтоқсан 2016 жылғы

31 желтоқсан Депозиттер 18,542,858 16,404,361

Депозиттер жиыны 18,542,858 16,404,361

Депозиттердің қамтамасыз етуі жоқ. Төменде 2017 және 2016 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кредиттік сапа бойынша депозиттерге жүргізілген талдау келтірілген:

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 жылғы

31 желтоқсан 2016 жылғы

31 желтоқсан Мерзімі өтпеген және құнсызданбаған - «BB-»-тен «BB+»-ке дейінгі рейтингпен 6,788,881 4,302,003 - «B-»-тен «B+»-ке дейінгі рейтингпен 11,753,977 12,102,358

Депозиттер жиыны 18,542,858 16,404,361

Page 24: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

19

7 Депозиттер (жалғасы)

«Bank RBK» АҚ депозиттік шоттағы Холдингтік Компания ақшалай қаражатының қалдығы 206,640 мың теңгені құрады. 2017 жылдың желтоқсан айында депозиттік шот бойынша талап ету сомасы 2017 жылдың 7 қарашасында Қазақстан Республикасының Үкіметі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазАгро» Холдингі» АҚ, «Bank RBK» АҚ және «Қазақмыс» АҚ арасында қол қойылған Шекті келісімнің талаптарына сәйкес қайта құрылымдалды. Қайта құрылымдау шеңберінде Холдингтік Компанияның «Bank RBK» АҚ-ға талаптары «Bank RBK» АҚ проблемалық активтері берілген «ДСФК арнайы қаржы компаниясы» ЖШС қамтамасыз етілген борыш міндеттемесіне ауыстырылды. Берілген проблемалық активтердің қоржыны «ДСФК арнайы қаржы компаниясы» ЖШС шығарылған борыш міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде көрініс табады. Холдингтік Компанияның қаржы жағдайы жөніндегі жекелеген есептегі бұл бағалы қағаздардың әділ құны 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 31,226 мың теңгені құрады және аталған бағалы қағаздардың ұстаушыларына ұсынылған «Қазақмыс» ЖШС кепілдігінің әділ құнын білдіреді.

Қайта құрылымдау нәтижесі бойынша Холдингтік Компания 92,380 мың теңге көлеміндегі құнсыздану әсерінен орын алған залалды пайда немесе залал жөніндегі жекелеген есепте (16-ескертпе) және меншікті капиталдағы өзгерістер жөніндегі жекелеген есепте таныды. Қайта құрылымдау жоғарыда аталған Шекті келісімді мақұлдау жөніндегі Үкіметтің сәйкес қаулысын қабылдау арқылы Акционердің тапсырмасы бойынша өткізілгендігін ескеріп, құнсыздану әсерінен орын алған залалдың бөлігі тікелей капиталда танылды.

8 Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер

Номиналды құны Теңгерімдік құны

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 жылғы

31 желтоқсан 2016 жылғы

31 желтоқсан 2017 жылғы 31

желтоқсан 2016 жылғы

31 желтоқсан

- «ҚДБ» АҚ 473,961,805 347,861,805 177,910,759 116,995,582 - «БД» АҚ 277,195,125 256,095,125 117,987,779 101,129,672 - «Даму» КДҚ» АҚ 200,000,000 200,000,000 71,948,648 67,780,290 - «ҚИК» АҚ 134,092,292 134,092,292 25,596,002 24,075,406 - «ҚТҚЖБ» АҚ 22,000,000 22,000,000 5,757,638 5,364,466

Жиыны еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер 1,107,249,222 960,049,222 399,200,826 315,345,416

2017 жылы Холдингтік Компания еншілес кәсіпорындарға 147,200,000 мың теңге жалпы сомасына кредиттер берді (2016 жылы: 371,454,097 мың теңге). Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері – жылына 0.08 % және 0.20 %, өтеу мерзімі – 2026-2037 жылдар (2016 жылы: кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері – жылына 0.08% және 0.15%, өтеу мерзімі – 2026-2046 жылдар).

Бекітілген үкіметтік бағдарламаларға сәйкес 2017 жылы берілген кредиттер мынадай шарттармен болды:

- 17,500,000 мың теңге «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасының аясында ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында кейіннен «ҚДБ-Лизинг» АҚ жылдық 0.20% сыйақы мөлшерлемесімен 10 жыл мерзімімен кредиттеу үшін «ҚДБ» АҚ жылдық 0.15% сыйақы мөлшерлемесімен және 10 жыл мерзімімен кредитті беру үшін;

- 18,600,000 мың теңге «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру мақсатында кейіннен «ҚДБ-Лизинг» АҚ жылдық 0.10% сыйақы мөлшерлемесімен кредиттеу үшін «ҚДБ» АҚ жылдық 0.08% сыйақы мөлшерлемесімен және 20 жыл мерзімімен кредитті беру үшін;

- 80,000,000 мың теңге Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыру мақсатында «ҚДБ» АҚ жылдық 0.15% сыйақы мөлшерлемесімен және 20 жыл мерзімімен кредитті беру үшін;

- 21,100,000 мың теңге облыстардың (Астана және Алматы қалаларының) жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздарды сатып алу мақсатында, тұрғын үй салу және кейіннен оны сатып алу үшін жылына 0.20% сыйақы мөлшерлемесімен және 8.4 жыл мерзімге «БД» АҚ-ға кредит беру үшін;

- 10,000,000 мың теңге отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы – жеке тұлғаларды кейіннен кредиттеу үшін екінші деңгейдегі банктерді және кейіннен, отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, арнайы мақсаттағы автокөлік құралдарын лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді кейіннен кредиттеу үшін «ҚДБ-Лизинг» АҚ шартты қаржыландыру арқылы отандық автоөндірушілерді қаржыландыру үшін жылдық 0.15% сыйақы мөлшерлемесімен және 20 мерзімімен «ҚДБ» АҚ кредит беру үшін;

Бекітілген үкіметтік бағдарламаларға сәйкес 2016 жылы берілген кредиттер мынадай шарттармен болды:

- 67,000,000 мың теңге облыстардың (Астана және Алматы қалаларының) жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздарды сатып алу мақсатында, тұрғын үй салу және кейіннен оны сатып алу үшін жылына 0.15 % сыйақы мөлшерлемесімен және 20 жыл мерзімге «БД» АҚ-ға кредит беру үшін. Кредит 20 жыл ішінде әрбір 2 жыл сайын жаңартылып отырады;

Page 25: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

20

8 Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер (жалғасы)

- 113,000,000 мың теңге жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйді қаржыландыру мақсатында жылына 0.15 % сыйақы мөлшерлемесімен және 20 жыл мерзімге «БД» АҚ-ға кредит беру үшін;

- 75,000,000 мың теңге Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыру мақсатында жылына 0.15 % сыйақы мөлшерлемесімен және 20 жыл мерзімге «ҚДБ» АҚ-ға кредит беру үшін;

- 22,500,000 мың теңге тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және кейіннен жалға беру үшін сатып алу мақсатында жылына 0.15 % сыйақы мөлшерлемесімен және 20 жыл мерзімге «ҚИК» АҚ-ға кредит беру үшін;

- 22,000,000 мың теңге тұрғын үйді сатып алу үшін банктің салымшыларына кредит беру мақсатында жылына 0.15 % сыйақы мөлшерлемесімен және 20 жыл мерзімге «ҚТҚЖБ» АҚ-ға кредит беру үшін;

- 19,092,292 мың теңге тұрғын үйді салу және кейіннен оны жалға беру мақсатында жылына 0.15 % сыйақы мөлшерлемесімен және 20 жыл мерзімге «ҚИК» АҚ-ға кредит беру үшін;

- 15,000,000 мың теңге Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында жылжымайтын мүлік объектілері мен сауда-ойын-сауық орталығының құрылысын қаржыландыру мақсатында жылына 0.15 % сыйақы мөлшерлемесімен және 20 жыл мерзімге «БД» АҚ-ға кредит беру үшін;

- 15,000,000 мың теңге экспорттық және экспорталды кредиттеуді қаржыландыру мақсатында жылына 0.15 % сыйақы мөлшерлемесімен және 20 жыл мерзімге «ҚДБ» АҚ-ға кредит беру үшін;

- 12,861,805 мың теңге жолаушылар вагондарының паркін жаңартуды қаржыландыру мақсатында жылына 0.10 % сыйақы мөлшерлемесімен 20 жыл мерзімге кейіннен «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ны кредиттеу үшін жылына 0.08% сыйақы мөлшерлемесімен «ҚДБ» АҚ-ға кредит беру үшін;

- 10,000,000 мың теңге «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну мақсатында жылына 0.20% сыйақы мөлшерлемесімен 10 жыл мерзімге кейіннен «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ны кредиттеу үшін жылына 0.15% сыйақы мөлшерлемесімен және 10 жыл мерзімге «ҚДБ» АҚ-ға кредит беру үшін.

Бастапқы тану кезінде кредиттер жылына 8.78%-дан бастап 9.42%-ға дейін өзгеретін (2016 жылы; 6.89%-дан бастап 10.30%-ға дейін), болашақ ақша қаражатының ағындарын дисконттау үшін тиісті нарықтық сыйақы мөлшерлемесі пайдаланыла отырып есептелген әділ құн бойынша танылған болатын. Холдингтік Компания нарықтық мөлшерлемелерден төмен мөлшерлемелер бойынша еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттерді бастапқы тану кезінде пайданың немесе залалдың құрамында, залал ретінде әділ құн мен номиналды құн арасындағы 86,953,329 мың теңге (2016 жылы: 268,816,387 мың теңге) сомасындағы айырмашылықты таныды. Аталған кредиттер облигацияларды шығару арқылы және жылына 0.05% және 0.15% сыйақы мөлшерлемелерімен (2016 жылы: 0.05% және 0.10%) және 2026-2037 жылдарда өтеу мерзімімен, республикалық бюджеттің теңгеге деноминацияланған қаражаты есебінен қаржыландырылды (10 және 11-ескертпе). 2017 жылдың ішінде шығарылған облигацияларды «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ толығымен сатып алды (2016 жыл: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сатып алды). Бастапқы тану кезіндегі әділ құн мен тиісінше облигациялар мен Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздардың номиналды құны арасындағы 10,728,233 мың теңге (2016 жылы: 192,194,206 мың теңге) және 78,464,629 мың теңге (2016 жылы: 78,157,983 мың теңге) мөлшеріндегі айырмашылықтар Холдингтік Компания еншілес кәсіпорындарға берген кредиттерді бастапқы тану кезінде залалды таныған дәл сол жолда мемлекеттік субсидия ретінде пайданың немесе залалдың құрамында танылды (16-ескертпе).

Page 26: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

21

9 Еншілес кәсіпорындарға инвестициялар

Төмендегі кестеде 2017 жылдың ішінде Холдингтік Компанияның еншілес кәсіпорындарға инвестицияларының теңгерімдік құнының өзгерістері ұсынылған:

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 жылғы

1 қаңтар Салым 2017 жылғы

31 желтоқсан Теңгерімдік құны: «ҚДБ» АҚ 353,515,793 25,000,000 378,515,793 «ҚКМ» АҚ 104,696,686 - 104,696,686 «ҚТҚЖБ» АҚ 95,159,603 - 95,159,603 «Даму» КДҚ» АҚ 78,925,794 - 78,925,794 «БД» АҚ 47,732,078 - 47,732,078 «ҚИК» АҚ 38,482,233 5,200,000 43,682,233 «ҚИҚ» АҚ 27,018,407 13,900,000 40,918,407 «ҚЭГ» АҚ 34,339,971 - 34,339,971 «ТДҰА» АҚ 25,533,132 - 25,533,132 «ТҚКҚ» АҚ 12,228,464 10,000,000 22,228,464 «KPPF» ЖШС 2,150,000 - 2,150,000

Еншілес кәсіпорындарға инвестициялар жиыны 819,782,161 54,100,000 873,882,161

Төмендегі кестеде 2016 жылдың ішінде Холдингтік Компанияның еншілес кәсіпорындарға инвестицияларының теңгерімдік құнының өзгерістері ұсынылған:

(мың қазақстандық теңгемен) 2016 жылғы

1 қаңтар Салым 2016 жылғы

31 желтоқсан Теңгерімдік құны: «ҚДБ» АҚ 333,515,793 20,000,000 353,515,793 «ҚКМ» АҚ 104,696,686 - 104,696,686 «ҚТҚЖБ» АҚ 95,159,603 - 95,159,603 «Даму» КДҚ» АҚ 78,925,794 - 78,925,794 «БД» АҚ 47,732,078 - 47,732,078 «ҚИК» АҚ 38,482,233 - 38,482,233 «ҚИҚ» АҚ 34,339,971 - 34,339,971 «ҚЭГ» АҚ 13,018,407 14,000,000 27,018,407 «ТДҰА» АҚ 25,533,132 - 25,533,132 «ТҚКҚ» АҚ 2,228,464 10,000,000 12,228,464 «KPPF» ЖШС 150,000 2,000,000 2,150,000

Еншілес кәсіпорындарға инвестициялар жиыны 773,782,161 46,000,000 819,782,161

Page 27: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

22

10 Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

(мың қазақстандық теңгемен) Номиналды құны Теңгерімдік құны

Орналасты-рылған күні

Өтелетін күні

2017 жылғы 31 желтоқсан

2016 жылғы 31 желтоқсан

2017 жылғы 31 желтоқсан

2016 жылғы 31 желтоқсан

KZ2C0Y20F251 25.03.2016 25.03.2036 202,000,000 202,000,000 57,818,728 54,075,664

KZP01Y20E920 13.03.2015, 31.03.2015 13.03.2035 170,000,000 170,000,000 57,873,853 54,427,305

KZ2C0Y20E676 15.04.2014 15.04.2034 100,000,000 100,000,000 36,418,222 34,266,875

KZ2C0Y20E775 10.12.2014 10.12.2034 100,000,000 100,000,000 35,049,799 32,985,990

KZP01Y30E879 21.01.2015, 16.02.2015 21.01.2045 92,500,000 92,500,000 16,478,351 15,509,686

KZ2C0Y20E742 30.10.2014 30.10.2034 50,000,000 50,000,000 17,275,725 16,238,471

KZP02Y20E738 26.03.2015 26.03.2035 38,095,125 38,095,125 29,579,933 27,962,930

KZP01Y20E730 15.07.2014 15.07.2034 23,000,000 23,000,000 20,710,437 19,670,611

KZP02Y30E877 29.01.2016 29.01.2046 22,500,000 22,500,000 4,122,938 3,892,909

KZP01Y09F615 19.10.2017 29.01.2026 21,100,000 - 10,552,209 - KZP02Y20E928 29.09.2015 29.09.2035 15,000,000 15,000,000 4,866,191 4,573,249 KZ2C0Y20F236 03.02.2016 03.02.2036 15,000,000 15,000,000 4,653,295 4,368,147 KZP03Y20E736 09.03.2016 09.03.2036 15,000,000 15,000,000 3,671,101 3,404,859 864,195,125 843,095,125 299,070,782 271,376,696

2017 және 2016 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Холдингтік Компанияның барлық шығарылған борыштық бағалы қағаздарының листингі болған жоқ. 2017 жылы Холдингтік Компания 21,100,000 мың теңге болатын жалпы сомаға мынадай облигациялар шығарды:

- жылына 0.15 % купондық мөлшерлемесімен және 2026 жылғы наурызда өтеу мерзімімен 2017 жылғы 19 қазанда шығарылған, номиналды құны 21,100,000 мың теңге, қамтамасыз етуі жоқ купондық облигациялар. Қаражат тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға және оны кейіннен сатып алу үшін облыстардың жергілікті атқарушы органдары (Астана және Алматы қалаларының) шығарған борыштық бағалы қағаздарды сатып алу мақсатында қаржыландыруға арналған.

2016 жылы Холдингтік Компания 254,500,000 мың теңге жалпы сомаға мынадай облигацияларды шығарды:

- жылына 0.10% купондық мөлшерлемесімен және 2046 жылғы қаңтар айындағы өтеу мерзімімен 2016 жылғы 29 қаңтарда шығарылған, номиналды құны 22,500,000 мың теңге, қамтамасыз етуі жоқ купондық облигациялар. Қаражат тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға және оны сатып алу мен кейіннен жалға беру үшін арналатын болатын;

- жылына 0.10% купондық мөлшерлемесімен және 2036 жылғы ақпанда өтеу мерзімімен 2016 жылғы 3 ақпанда шығарылған, номиналды құны 15,000,000 мың теңге, қамтамасыз етуі жоқ купондық облигациялар. Қаражат экспорттық және экспорталды кредиттеуді қаржыландыруға арналатын болады;

- жылына 0.10% купондық мөлшерлемесімен және 2036 жылғы наурызда өтеу мерзімімен 2016 жылғы 9 наурызда шығарылған, номиналды құны 15,000,000 мың теңге, қамтамасыз етуі жоқ купондық облигациялар. Қаражат Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында жылжымайтын мүлік объектілері мен сауда-ойын-сауық орталығының құрылысын қаржыландыруға арналатын болады;

- жылына 0.10% купондық мөлшерлемесімен және 2036 жылғы наурызда өтеу мерзімімен 2016 жылғы 25 наурызда шығарылған, номиналды құны 202,000,000 мың теңге, қамтамасыз етуі жоқ купондық облигациялар. Тартылған қаражаттың 113,000,000 мың теңгесі жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға арналған, 22,000,000 мың теңгесі тұрғын үйді сатып алу үшін «ҚТҚЖБ» АҚ салымшыларына берілетін кредиттерді қаржыландыруға арналған, 67,000,000 мың теңгесі облыстардың (Астана және Алматы қалаларының) жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй салу және оны кейіннен сатып алу үшін шығарған борыштық бағалы қағаздарды сатып алу мақсатында қаржыландыруға арналған.

2017 жылы шығарылған облигацияларды «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ толығымен сатып алды. 2016 жылы шығарылған облигациялар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан толығымен сатып алынды.

Page 28: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

23

10 Шығарылған борыштық бағалы қағаздар (жалғасы)

Мемлекеттік қолдау және даму бағдарламаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі бағдарламалардың агенттері ретінде Холдингтік Компания, оның еншілес кәсіпорындары және коммерциялық банктер үшін, әрі қаражатты түпкілікті алушылар үшін сыйақы мөлшерлемелері, қаржыландыру мерзімдері және ілеспе талаптар түріндегі қаржыландыру шарттарын белгілейді. Сонымен қатар, Үкімет арнайы шарттар қабылдады, оларға сәйкес Холдингтік Компанияның еншілес кәсіпорындары коммерциялық банктер мен компанияларды одан әрі қаржыландыруды жүзеге асыруы мүмкін. Осы себеп бойынша ҚРҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан 2017 жылы сатып алынған облигациялар орналастырылған күнгі әділ құны бойынша бағалаудағы айырманың сомасы мемлекеттік субсидия ретінде танылған болатын, себебі, ҚРҰБ Холдингтік Компанияның түпкілікті акционерінің мүддесінде емес, мемлекеттің агенті ретінде әрекет еткен, себебі, қарыздар бойынша барлық шарттар Үкімет деңгейінде көрсетілген бағдарламаларды қаржыландыру туралы қарарда келісілген болатын және Үкімет осы бағдарламалардан Холдингтік Компанияның акционері ретінде тікелей экономикалық пайданың түсуін күтпейді, өйткені, бағдарламаларда айқындалған субъектілер жеңілдіктерді түпкілікті алушылар болып табылады. Осылайша, 2017 жылдың ішінде Холдингтік Компания мемлекеттік субсидиялар ретінде 10,728,233 мың теңге (2016 жылы: 192,194,206 мың теңге) мөлшеріндегі кірісті көрсетті, ол пайда немесе залал туралы жеке есептегі өзге операциялық кірістерде және өзге жиынтық кірісте танылды (16-ескертпе). Холдингтік Компания бастапқы тану кезіндегі шығарылған облигациялардың әділ құнын айқындау кезінде жылына 9.01% (2016 жылы: 6.51%-дан бастап 8.29%-ға дейінгі) нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді пайдаланды.

11 Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздар

Номиналды құны Теңгерімдік құны

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 жылғы

31 желтоқсан 2016 жылғы

31 желтоқсан 2017 жылғы

31 желтоқсан 2016 жылғы

31 желтоқсан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 243,054,097 116,954,097 93,730,536 39,567,430

Жиыны Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздар 243,054,097 116,954,097 93,730,536 39,567,430

2017 жылы Холдинг Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен жалпы сомасы 126,100,000 мың теңгеге қарыз алды:

- жылына 0.10% сыйақы мөлшерлемесімен 17,500,000 мың теңге мөлшеріндегі кредит, өтеу мерзімі – 10 жыл. Бұл қаражат «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасының аясында ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру үшін кейіннен «ҚДБ-Лизинг» АҚ кредиттеу үшін Холдингтік Компанияның еншілес ұйымы «ҚДБ» АҚ кредиттеу үшін арналған;

- жылына 0.05% сыйақы мөлшерлемесімен 18,600,000 мың теңге мөлшеріндегі кредит, өтеу мерзімі – 20 жыл. Барлық тартылған қаражат «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін кейіннен «ҚДБ-Лизинг» АҚ кредиттеу үшін Холдингтік Компанияның еншілес ұйымы «ҚДБ» АҚ кредиттеу үшін арналған.

- жылына 0.10% сыйақы мөлшерлемесімен «ҚДБ» АҚ үшін 80,000,000 мың теңге мөлшеріндегі кредит, өтеу мерзімі – 20 жыл. Бұл қаражат Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясындағы инвестициялық жобалардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету үшін Холдингтік Компанияның еншілес ұйымы «ҚДБ» АҚ кредиттеу үшін арналған; Бағдарлама түпкілікті қарыз алушыларға арналған қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін жылдық 11%-ға дейін шектейді;

- жылына 0.10% сыйақы мөлшерлемесімен 10,000,000 мың теңге мөлшеріндегі кредит, өтеу мерзімі – 20 жыл. Барлық тартылған қаражат отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы – жеке тұлғаларды кредиттеу үшін екінші деңгейдегі банктерді және арнайы мақсаттағы автокөлік құралдарын лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді қаржыландыру үшін «ҚДБ-Лизинг» АҚ шартты қаржыландыру арқылы отандық автоөндірушілерді қаржыландыру үшін Холдингтік Компанияның еншілес ұйымы «ҚДБ» АҚ кредиттеу үшін арналған.

2016 жылы Холдингтік Компания Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен 116,954,097 мың теңге жалпы сомасына кредиттер алды:

- жылына 0.10% мөлшерлемесімен 19,092,292 мың теңге мөлшеріндегі кредит, өтеу мерзімі – 30 жыл. Барлық тартылған қаражат тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға және кейіннен оны жалға беруге арналған;

- жылына 0.10 % мөлшерлемесімен 75,000,000 мың теңге мөлшеріндегі кредит, өтеу мерзімі – 20 жыл. Аталған қаражат Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін Холдингтік Компанияның еншілес ұйымы «ҚДБ» АҚ-ны кредиттеуге арналған;

Page 29: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

24

11 Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздар (жалғасы)

- жылына 0.10 % мөлшерлемесімен 10,000,000 мың теңге мөлшеріндегі кредит, өтеу мерзімі – 10 жыл. Аталған қаражат «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну үшін кейіннен «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ны кредиттеу үшін Холдингтік Компанияның еншілес ұйымы «ҚДБ» АҚ-ны кредиттеуге арналған;

- жылына 0.05% мөлшерлемесімен 12,861,805 мың теңге мөлшеріндегі кредит, өтеу мерзімі – 20 жыл. Барлық тартылған қаражат жолаушылар вагондарының паркін жаңартуды қаржыландыру үшін кейіннен «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ны кредиттеу үшін Холдингтік Компанияның еншілес ұйымы «ҚДБ» АҚ-ны кредиттеуге арналған.

2017 жылдың ішінде Холдингтік Компания мемлекеттік субсидиялар ретінде 78,464,629 мың теңге (2016 жылы: 78,157,983 мың теңге) мөлшеріндегі кірісті көрсетті, ол пайда немесе залал туралы жеке есептегі өзге операциялық кірістерде және өзге жиынтық кірісте танылды. Холдингтік Компания олардың болашақ келісімшарттық ақша ағындарын дисконттай отырып, бастапқы тану кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздардың әділ құнын айқындау кезінде жылына 8.92% – 9.49% (2016 жылы: жылдық 8.00% – 10.30%) мөлшеріндегі бағалау нарықтық пайыздық мөлшерлемелерін пайдаланды.

12 Акционерлік капитал

(мың қазақстандық теңгемен, акциялардың санын қоспағанда)

2017 жылғы 31 желтоқсан

2016 жылғы 31 желтоқсан

Жарияланған қарапайым акциялар 5,000,086,550 5,000,086,550 Тіркелген, бірақ орналастырылмаған қарапайым акциялар (4,153,867,838) (4,197,767,838)

Шығарылған және төленген акциялар жиыны 846,218,712 802,318,712

Бір акцияның номиналды құны, теңге 1,000 1,000

Шығарылған және төленген акционерлік капитал 846,218,712 802,318,712

Барлық қарапайым акциялар әрбір акция бойынша бір дауыс құқығын береді.

2017 жылы Холдингтік Компания ақшалай нысанда жалпы сомасы 43,900,000 мың теңге мөлшерінде акционерлік капиталына үш жарна алды (2016 жылы: 44,000,000 мың теңге мөлшерінде акционерлік капиталына үш жарна алды).

13 Пайыздық кірістер

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 ж. 2016 ж. Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер 25,109,313 17,042,733 Депозиттер 2,015,011 2,042,554

Пайыздық шығыстар жиыны 27,124,324 19,085,287

2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдың пайыздық кірістерінің сомасына еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттерді бастапқы тану кезінде туындаған дисконтты амортизациялау нәтижесінде алынған 23,559,030 мың теңге (2016: 15,821,572 мың теңге) сомасындағы кірістер қосылды (8-ескертпе).

14 Пайыздық шығыстар

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 ж. 2016 ж. Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 18,163,655 16,027,487 Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздар 6,687,155 771,316

Пайыздық шығыстар жиыны 24,850,810 16,798,803

2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдың пайыздық шығыстарының сомасына шығарылған борыштық бағалы қағаздарды бастапқы тану кезінде туындаған дисконтты амортизациялау нәтижесінде алынған 17,312,472 мың теңге (2016: 15,237,967 мың теңге) сомасындағы шығыстар қосылды (10-ескертпе).

2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдың Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздар бойынша пайыздық шығыстарының сомасына Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздарды бастапқы тану кезінде туындаған дисконтты амортизациялау нәтижесінде алынған 6,501,255 мың теңге (2016: 744,974 мың теңге) сомасындағы шығыстар қосылды (11-ескертпе).

Page 30: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

25

15 Алынған дивидендтер

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 ж. 2016 ж. «ҚТҚЖБ» АҚ 6,778,929 - «БД» АҚ 3,059,355 2,185,954 «ҚДБ» АҚ 1,995,163 1,710,930 «Даму» КДҚ» АҚ 1,678,218 2,000,075 «ҚИК» АҚ 926,802 - «ҚИҚ» АҚ 215,335 - «ТДҰА» АҚ 81,339 342,704 «ҚЭГ» АҚ 32,956 784,222 «ҚКМ» АҚ - 1,500,000

Алынған дивидендтер жиыны 14,768,097 8,523,885

16 Өзге операциялық кірістер

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 ж. 2016 ж. Нарықтық мөлшерлемелерден төмен мөлшерлемелер бойынша еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттерді бастапқы тану кезіндегі залал (8-ескертпе) (86,953,329) (268,816,387) Мемлекеттік субсидия (10 және 11-ескертпелер) 89,192,862 270,352,189 Құнсызданудан залал (7-ескертпе) (92,380) - Басқалары 13,386 1,302

Өзге операциялық кірістер жиыны 2,160,539 1,537,104

17 Әкімшілік және өзге де операциялық шығыстар

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 ж. 2016 ж.

Қызметкерлерді ұстауға арналған шығыстар 1,654,039 1,533,037 Қайырымдылық және демеушілік көмек* 564,878 248,003 Директорлар кеңесін ұстауға арналған шығыстар 317,696 321,088 Консультациялық қызметтер 292,260 620,545 Операциялық жалға алу бойынша шығыстар 285,709 277,180 Аутсорсинг бойынша шығыстар 249,747 198,709 Бағдарламалық қамтылым мен өзге де материалдық емес активтердің амортизациясы 134,455 88,249 Іссапар шығыстары 85,686 63,083 Негізгі қаражаттың амортизациясы 63,199 81,159 Жарнамалық және маркетингтік қызметтер 62,273 98,538 Қызметкерлерді оқыту, конференциялар 46,711 20,795 Байланыс қызметтері 39,596 39,172 Негізгі қаражатқа жататын өзге де шығындар 35,964 57,945 Сақтандыру бойынша шығыстар 32,493 30,494 Кеңселік типографиялық өнім бойынша шығыстар, имидждік өнім 17,257 19,986 Басқалары 134,593 116,473

Әкімшілік және өзге де операциялық шығыстар жиыны 4,016,556 3,814,456

*2017 жылдың ішінде Холдингтік Компания халықаралық сарапшыларды және кеңесшілерді тарта отырып, мемлекеттік басқарудағы жобалық тәсілді іске асырудың халықаралық тәжірибені зерделеу жөніндегі зерттеулерді жүргізу үшін, сондай-ақ «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» бойынша міндеттерді іске асыру үшін 350,000 мың теңге (2016 жылы: 60,440 мың теңге) мөлшеріндегі «Қазақстан экономикалық бастамалар қоры» корпоративтік қорына демеушілік көмек берді.

18 Табыс салығы

Кезең ішіндегі пайданың немесе залалдың құрамында көрсетілген табыс салығы бойынша шығыстар мынадай компоненттерді қамтиды:

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 ж. 2016 ж. Уақыт айырмашылықтарының туындауы мен қалпына келтірілуі салдарынан кейінге қалдырылған салық міндеттемелері шамасының өзгеруі 362,318 268,196

Табыс салығы бойынша шығыс жиыны 362,318 268,196

Page 31: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

26

18 Табыс салығы (жалғасы)

2017 жылы табыс салығының Холдингтік Компанияның пайдасына қолданылатын ағымдағы мөлшерлемесі 20%-ды (2016 ж.: 20%) құрайды. 2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдың ішінде Холдингтік Компания банктердегі депозиттер бойынша пайыздық кіріске табыс көзінен ұсталатын салықпен бірге 291,899 мың теңге (2016 жылы: 299,215 мың теңге) сомасында табыс салығын есепке жазуды жүзеге асырды.

Төменде теориялық салық шығыстарының салық салу бойынша іс жүзіндегі шығыстармен салыстырып-тексеруі ұсынылған:

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 ж. % 2016 ж. %

Салық салуға дейінгі пайда 15,185,594 8,533,017 100

Табыс салығы бойынша қолданыстағы мөлшерлемеге сәйкес есептелген табыс салығы 3,037,119 20 1,706,603 20 Алынған дивидендтер (табыс салығы салынбайтын) (2,953,619) (19) (1,704,777) (20) Танылмаған кейінге қалдырылған салық активтері 168,070 1 200,006 2 Шегерілмейтін шығыстар 110,748 - 66,364 1

Табыс салығы бойынша шығыстар 362,318 2 268,196 3

ҚЕХС пен Қазақстан Республикасының салық заңнамасы арасындағы айырмашылықтар активтер мен міндеттемелердің жеке қаржылық есептілікті құрастыру мақсатындағы және пайда салығын есептеу мақсатындағы теңгерімдік құны арасындағы уақыт айырмашылықтарының туындауына алып келеді. Уақыт айырмашылықтарын пайдалану мерзімі қолданыстағы салық заңнамасында шектелмеген. Болашақ кезеңдерге ауыстырылған салық залалын пайдалану мерзімі 2024-2027 жылдарда өтеді.

Төменде сол уақыт айырмашылықтары қозғалысының салықтық салдары ұсынылған, олар 20% (2016 жылы: 20%) мөлшерлемесі бойынша көрсетіледі.

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 жылғы

1 қаңтар

Пайданың немесе

залалдың құрамында көрсетілген

2017 жылғы 31 желтоқсан

Салық салынатын базаны азайтатын/(ұлғайтатын) уақыт айырмашылықтарының салықтық әсері Негізгі қаражат (4,861) 8,386 3,525 Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер 129,026,736 12,678,860 141,705,596 Сату үшін қолда бар инвестициялық бағалы қағаздар - 35,083 35,083 Шығарылған борыштық бағалы қағаздар (129,876,373) (13,075,475) (142,951,848) Өзге міндеттемелер 72,776 (9,172) 63,604 Болашақ кезеңдерге ауыстырылатын салық залалдары 1,010,552 168,070 1,178,622

Орнын толтыру мүмкіндігін бағалауға дейін таза кейінге қалдырылған салық активі 228,830 (194,248) 34,582

Танылған кейінге қалдырылған салық активі 129,099,512 12,708,296 141,807,808 Танылған кейінге қалдырылған салық міндеттемесі (129,881,234) (13,070,614) (142,951,848)

Кейінге қалдырылған салық бойынша таза міндеттеме (781,722) (362,318) (1,144,040)

Page 32: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

27

18 Табыс салығы (жалғасы)

(мың қазақстандық теңгемен) 2016 жылғы

1 қаңтар

Пайданың немесе

залалдың құрамында көрсетілген

2016 жылғы 31 желтоқсан

Салық салынатын базаны азайтатын/(ұлғайтатын) уақыт айырмашылықтарының салықтық әсері Негізгі қаражат (14,036) 9,175 (4,861) Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер 78,427,810 50,598,926 129,026,736 Шығарылған борыштық бағалы қағаздар (79,002,559) (50,873,814) (129,876,373) Өзге міндеттемелер 75,259 (2,483) 72,776 Болашақ кезеңдерге ауыстырылатын салық залалдары 810,546 200,006 1,010,552

Орнын толтыру мүмкіндігін бағалауға дейін таза кейінге қалдырылған салық активі 297,020 (68,190) 228,830

Танылған кейінге қалдырылған салық активі 78,503,069 50,596,443 129,099,512 Танылған кейінге қалдырылған салық міндеттемесі (79,016,595) (50,864,639) (129,881,234)

Кейінге қалдырылған салық бойынша таза міндеттеме (513,526) (268,196) (781,722)

19 Қаржылық тәуекелдерді басқару

Холдингтік Компанияның тәуекелдерді басқару бойынша қағидалары мен рәсімдері. Холдингтік Компанияның тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты Холдингтік Компания ұшырайтын тәуекелдерді айқындауға, талдауға және басқаруға, тәуекелдер мен тиісті бақылаудың лимиттерін белгілеуге, сондай-ақ тәуекелдер деңгейін және олардың белгіленген лимиттерге сәйкестігін тұрақты түрде бағалауға бағытталған. Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат пен рәсімдер нарықтық жағдайдың өзгерістерін, ұсынылып отырған өнімдер мен қызметтерді және пайда болатын үздік практиканы көрсету мақсатында тұрақты негізде қайта қаралады

Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттың мақсаттары мыналар болып табылады:

- Холдингтік Компаниядағы басқару элементі ретінде тәуекелдерді басқарудың тиімді кешенді жүйесін және интеграцияланған процесін құру және тұрақты түрде тәуекелдерді басқарудың әдістері мен рәсімдеріне қатысты бірыңғай стандартталған көзқарас негізінде Холдингтік Компанияның қызметін жетілдіру;

- Холдингтік Компанияның өз қызметінің ауқымына сәйкес келетін қолайлы тәуекелдерді қабылдауын қамтамасыз ету;

- ұстау қабілетін айқындау және қабылданған тәуекелдердің тиімді басқарылуын қамтамасыз ету; - тәуекелдерді уақтылы анықтау; - залалдарды барынша азайту және әлеуетті залалдарды жабуға арналған ағымдағы шығыстарды азайту. Тәуекелдерді басқару құрылымы. Холдингтік Компанияның тәуекелдерін басқару құрылымы Холдингтік Компанияның мынадай органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің: Директорлар кеңесінің, Басқарманың, активтерді және міндеттемелерді басқару Комитетінің, тәуекелдерді басқару департаментінің, Ішкі аудит қызметінің, алқалы органдардың және басқа да құрылымдық бірліктердің қатысуымен тәуекелдерді бірнеше деңгейде басқарумен ұсынылған.

Директорлар кеңесі. Тәуекелдерді басқарудың бірінші деңгейін Холдингтік Компанияның Директорлар кеңесі ұсынады. Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жөніндегі бақылау жүйесінің лайықты жұмыс істеуі үшін, негізгі тәуекелдерді басқару және тәуекелдерді корпоративтік басқару үшін толық жауапты болады. Директорлар кеңесі Холдингтік Компания қызметінің міндеттерін айқындайды және тәуекелдерді басқаруға жататын құжаттарды бекітеді.

Басқарма. Тәуекелдерді басқарудың екінші деңгейін Холдингтік Компанияның Басқармасы ұсынады. Холдингтік Компанияның Басқармасы корпоративтік саясаттың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесі мен тәуекелді бақылау құрылымын құру үшін жауапты болады. Басқарма «тәуекелдерді түсіну» мәдениетін құру үшін жауапты болады, ол тәуекелдерді басқаруды және Холдингтік Компанияның тәуекелдерді басқару философиясын көрсетеді. Сондай-ақ Басқарма тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін енгізу үшін жауапты болады, онда барлық жұмыскерлердің тәуекелдерді басқару үшін нақты айқындалған жауаптылығы болады және олар өз міндеттерін лайықты орындау үшін жауапты болады. Басқармаға тәуекелдерді басқару саласындағы өз функцияларының бір бөлігін тиісті комитеттерді құру арқылы жүзеге асыруға уәкілеттік берілген.

Page 33: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

28

19 Қаржылық тәуекелдерді басқару (жалғасы)

Директорлар кеңесі жанындағы Аудит бойынша комитет. Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті Холдингтік Компанияның Директорлар кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады және Директорлар кеңесіне Холдингтік Компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне (оның ішінде қаржылық есептіліктің толықтығы мен анықтығына) тиімді бақылау жүйесін орнату жөнінде, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігін, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы құжатттардың орындалуын бақылау жөнінде, сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігін бақылау жөнінде ұсынымдар дайындау арқылы Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында құрылады.

Тәуекелдерді басқару департаменті. Тәуекелдерді басқарудың үшінші деңгейін тәуекелдерді басқару департаменті ұсынады. Тәуекелдерді басқару департаментінің мақсаттары тәуекелдерді жалпы басқаруды және қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестігіне бақылауды, сондай-ақ қаржылық және қаржылық емес тәуекелдерді анықтаудың, бағалаудың, басқару мен олар бойынша есептілікті ұсынудың жалпы қағидалары мен әдістерінің іске асырылуын бақылауды жүзеге асыруды қамтиды.

Ішкі аудит қызметі. Холдингтік Компанияның Ішкі аудит қызметі тәуекелдерді басқару барысында тәуекелдерді басқару рәсімдері мен тәуекелдерді бағалау әдістерінің аудитін жүргізеді және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлейді. Ішкі аудит қызметі Холдингтік Компанияның Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептер ұсынады және бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес басқа да функцияларды орындайды.

Құрылымдық бірліктер. Тәуекелдерді басқару құрылымындағы маңызды элементтердің бірі Холдингтік Компанияның әр жұмыскер ұсынатын құрылымдық бірліктері болып табылады. Құрылымдық бірліктер (тәуекелдерді иеленушілер) тәуекелдерді басқару процесінде негізгі рөл атқарады. Холдингтік Компанияның жұмыскерлері күн сайын тәуекелдермен жұмыс істейді, тәуекелдерді басқарады және өздерінің қызметінің саласына тәуекелдердің әлеуетті әсерін бақылайды. Құрылымдық бірліктер тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру, өздерінің қызметі саласындағы ірі тәуекелдерді уақтылы анықтау және олар туралы хабарлау және жұмыс жоспарына енгізілуге тиіс, тәуекелдерді басқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жауапты болады.

Кредиттік тәуекел. Холдингтік Компания кредиттік тәуекелге ұшырайды, ол қаржы құралымен операция тараптары бірінің шарт бойынша міндеттемелерін орындамау салдарынан екінші тарапқа қаржы залалдарын келтіру себебі болып қызмет ету тәуекелі болып табылады. Кредиттік тәуекел Холдингтік Компанияның контрагенттермен және оның еншілес кәсіпорындарымен соның салдарынан қаржы активтері пайда болатын кредиттік және басқа да операциялары нәтижесінде туындайды.

Холдингтік Компанияның кредиттік тәуекелінің ең жоғарғы деңгейі қаржылық жағдай туралы жеке есепте қаржы активтерінің теңгерімдік құнында көрсетіледі. Кредит беру бойынша кепілдіктер мен міндеттемелер үшін кредиттік тәуекелдің ең жоғарғы деңгейі міндеттемелердің сомасына тең болады. 2017 жылғы 31 желтоқсандағы, сондай-ақ 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша еншілес ұйымдарға берілген қарыздардың кепілзаттық қамтамасыз етілуі мен сапасын жақсартудың басқа да шаралары жоқ.

«Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі» акционерлік қоғамының қаржы активтері мен міндеттемелерін басқару регламентіне сүйене отырып, бір контрагентке немесе байланысты контрагенттер тобына лимитті қоса алғанда, Холдингтік Компания кредиттік тәуекелді контрагенттермен жүзеге асырылған операцияларға лимиттер белгілей отырып бақылайды.

2017 жылғы 31 желтоқсандағы және 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржы активтерінің бірде-бір бабы құнсызданған немесе мерзімі өткен болып табылмайды.

Кредиттік тәуекелдің шоғырлануы. Холдингтік Компанияның ақша қаражаты мен депозиттері 2017 жылғы 31 желтоқсанда сегіз банкте (2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша: жеті банкте) орналастырылған, бұл Холдингтік Компанияны кредиттік шоғырланудың айтарлықтай тәуекеліне ұшыратпайды.

Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттердің шоғырлануы 8-ескертпеде ашып көрсетілген.

Валюталық тәуекел. 2017 жылғы 31 желтоқсандағы және 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Холдингтік Компания айтарлықтай валюталық тәуекелге ұшыраған жоқ.

Page 34: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

29

19 Қаржылық тәуекелдерді басқару (жалғасы)

Нарықтық тәуекел – бұл, шетелдік валюталардың айырбас бағамдары мен пайыздық мөлшерлемелердің бағамдарын қоса алғанда, нарықтық бағалардың өзгеруі салдарынан Холдингтік Компания кірісінің немесе оның қоржынының өзгеру тәуекелі. Холдингтік Компания үшін тәуекел валюталық тәуекелден, пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелінен тұрады. Нарықтық тәуекел нарықтағы жалпы және өзіндік ерекше өзгерістер мен нарықтық бағалардың құбылмалылығы деңгейінің әсеріне ұшырайтын пайыздық, валюталық және үлестік қаржы құралдарына қатысты ашық позициялар бойынша туындайды.

Нарықтық тәуекелді басқару міндеті, бұл ретте қабылданған тәуекел үшін алынатын кірістілікті оңтайландыруды қамтамасыз ете отырып, нарықтық тәуекелге ұшыраудың қолайлы өлшемдер шеңберінен шықпауын басқару және бақылау болып табылады.

Нарықтық тәуекелді басқару үшін жалпы жауаптылық Басқарма Төрағасы басқаратын Басқармаға жүктелген. Басқарма тәуекелдерді басқару департаментінің ұсынымдарына негізделе отырып, нарықтық тәуекелдің лимиттерін бекітеді.

Холдингтік Компания нәтижелерін Басқарма қарайтын және бекітетін жекелеген қаржы құралдары бойынша қоржынның шамасына, пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру мерзімдеріне, валюталық позицияға, шығындар лимиттеріне қатысты ашық позиция бойынша лимиттерді белгілейді, және олардың сақталуына тұрақты бақылау жүргізу арқылы нарықтық тәуекелді басқарады.

Пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелі – бұл пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі салдарынан Холдингтік Компания кірісінің немесе оның қаржы құралдарының қоржындары құнының өзгеру тәуекелі.

Холдингтік Компания сыйақының нарықтық пайыздық мөлшерлемелері ауытқуларының оның жеке қаржылық жағдайы мен ақша ағындарына тигізетін әсеріне ұшырайды. Мұндай ауытқулар пайыздық маржаның деңгейін ұлғайтуы мүмкін, алайда, оны төмендете де алады, не пайыздық мөлшерлемелер кенет өзгерген жағдайда, залалдардың туындауына алып келуі мүмкін.

Пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелі өтеу мерзімі айқындалған қолда бар немесе болжанатын активтер көлемі бойынша өтеу мерзімі соған ұқсас қолда бар немесе болжанатын міндеттемелерден артық немесе кем болған жағдайларда туындайды. Пайыздық тәуекелді басқару шығындарды толық жабу қағидаларына негізделеді, алынған пайыздық кіріс қаражатты тарту және орналастыру бойынша шығыстарды жабуға және таза кіріс пен бәсекеге қабілеттілікті алуды қамтамасыз етуге тиіс.

Төмендегі кестеде Холдингтік Компанияның 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша пайыздық тәуекеліне жүргізілген жалпы талдау келтірілген. Сондай-ақ онда шарттарға немесе өтеу мерзімдеріне сәйкес пайыздық мөлшерлемелерді қайта қарау күндері бойынша бөліне отырып, көрсетілген күндердің қайсысы әлдеқайда ерте болып табылатынына қарай, Холдингтік Компанияның қаржы активтері мен міндеттемелерінің жалпы сомалары теңгерімдік құны бойынша көрсетілген.

(мың қазақстандық теңгемен)

Талап еткенге дейін және

1 айдан кем

1 айдан 6 айға

дейін

6 айдан 12 айға

дейін 1 жылдан

астам Пайызсыз Жиыны 2017 жылғы 31 желтоқсан Қаржы активтері жиыны 1,995,219 3,884,912 13,368,380 398,752,469 2 418,000,982 Қаржы міндеттемелері жиыны (50,292) (249,394) (11,649) (392,489,983) (292,478) (393,093,796)

2017 жылғы 31 желтоқсанда пайыздық мөлшерлемелер бойынша таза алшақтық 1,944,927 3,635,518 13,356,731 6,262,486 (292,476) 24,907,186

Page 35: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

30

19 Қаржылық тәуекелдерді басқару (жалғасы)

Төмендегі кестеде Холдингтік Компанияның 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша пайыздық тәуекеліне жүргізілген жалпы талдау келтірілген. Сондай-ақ онда шарттарға немесе өтеу мерзімдеріне сәйкес пайыздық мөлшерлемелерді қайта қарау күндері бойынша бөліне отырып, көрсетілген күндердің қайсысы әлдеқайда ерте болып табылатынына қарай, Холдингтік Компанияның қаржы активтері мен міндеттемелерінің жалпы сомалары теңгерімдік құны бойынша көрсетілген.

(мың қазақстандық теңгемен)

Талап еткенге дейін және

1 айдан кем

1 айдан 6 айға

дейін

6 айдан 12 айға

дейін 1 жылдан

астам Пайыз-

сыз Жиыны 2016 жылғы 31 желтоқсан Қаржы активтері жиыны 349,283 4,637,236 9,895,593 317,140,657 2 332,022,771 Қаржы міндеттемелері жиыны (50,291) (214,809) (11,667) (310,667,359) (581,108) (311,525,234)

2016 жылғы 31 желтоқсанда пайыздық мөлшерлемелер бойынша таза алшақтық 298,992 4,422,427 9,883,926 6,473,298 (581,106) 20,497,537

Кірістілік ауытқымаларының пайыздық мөлшерлемелердің ұлғаюы немесе азаюы және 2017 жылғы 31 желтоқсандағы және 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданылатын пайыздық активтер мен міндеттемелер бойынша қайта қаралған позициялар жағына қарай 100 базистік тармаққа қосарлас жылжуының оңайлатылған сценарийі негізінде жасалған, пайданың немесе залалдың (салықтарды шегере отырып) пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне сезімталдығын талдау (сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарау тәуекелі):

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 ж. 2016 ж. Мөлшерлемелердің ұлғаюына қарай 100 базистік тармаққа қосарлас жылжу 62,226 47,121 Мөлшерлемелердің азаюына қарай 100 базистік тармаққа қосарлас жылжу (62,226) (47,121)

Холдингтік Компания қаржы құралдары бойынша пайыздық мөлшерлемелердің бақылауын жүзеге асырады. Төмендегі кестеде есептердің негізінде тиісті есепті күнгі пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған.

Орташа өлшемді % жылына 2017 жылғы

31 желтоқсан 2016 жылғы

31 желтоқсан Активтер Ақша қаражаты және олардың баламалары 7.30% 6.79% Депозиттер 9.37% 12.71% Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер 7.32% 7.02% Міндеттемелер Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 6.72% 6.64% Қазақстан Республикасы Үкіметінен қарыздар 9.42% 9.62%

Page 36: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

31

19 Қаржылық тәуекелдерді басқару (жалғасы)

Қаржы активтері мен міндеттемелерінің өтімділігі жоғарыдағы кестеде ұсынылған. Қаржы міндеттемелері бойынша келісімшарттық төлемдер олардың теңгерімдік құнынан амортизацияланбаған дисконт пен болашақ пайыздық шығыстар сомасының мөлшерінде асып түседі. 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша келісімшарттық төлемдер, 2034 және 2046 жылдарда өтеу мерзімімен 1,107,249,222 мың теңге болатын номиналды құнын және 18,142,576 мың теңге болатын болашақ пайыздарды қоса алғанда, 1,125,391,798 мың теңгені құрайды. 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша келісімшарттық төлемдер, 2034 және 2046 жылдарда өтеу мерзімімен 960,049,222 мың теңге болатын номиналды құнын және 17,545,659 мың теңге болатын болашақ пайыздарды қоса алғанда, 977,594,881 мың теңгені құрайды.

Капиталды басқару. Холдингтік Компания капиталға Холдингтік Компанияны иеленушілерге тиесілі таза активтер ретінде қарайды. Холдингтік Компанияның капиталға қойылатын реттеушілік талаптары жоқ.

Құқықтық тәуекелдер – Холдингтік Компания заңнаманың қолайсыз өзгеруінің туындау ықтималдығын, заңнаманы дұрыс қолданбауды, шешімдер қабылдау кезінде ішкі құжаттарды сақтамауды, мемлекеттік уәкілетті органдарды уақтылы хабардар етпеуді (әртүрлі жағдайларда: құжаттарды дайындау кезінде, заңдық маңызы бар әрекеттер жасау кезінде және т.б.) білдіретін құқықтық тәуекелге ұшырайды.

Холдингтік Компания заңнаманың өзгеруін жете бақылау, тапсырмалардың орындалуын бақылау, заң қызметі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, кеңес берушілерді тарту арқылы құқықтық тәуекелді басқарады.

20 Шартты міндеттемелер

Сот талқылаулары. Ағымдағы қызмет барысында оқтын-оқтын сот органдарына Холдингтік Компанияға және оның еншілес кәсіпорындарына қатысты талап қоюлар келіп түседі. Жеке бағалауға, сондай-ақ ішкі кәсіби кеңес берушілердің ұсынымдарына сүйене отырып, Холдингтік Компанияның басшылығы олар бойынша талқылаулар Холдингтік Компания үшін елеулі залалдарға алып келмейді деп есептейді және тиісінше, Холдингтік Компания жеке қаржылық есептілікте аталған талқылаулар бойынша залалдарды жабуға арналған резервті қалыптастырмады.

Шартты салық міндеттемелері. Қазақстанның салық жүйесі салыстырмалы түрде жаңа бола тұра, көбінесе, нақты жазылмаған және қарама-қайшы заңнамалық нормалардың, ресми түсіндірулер мен сот шешімдерінің жиі өзгеруімен сипатталады, бұл, кірістерді, шығыстарды және ҚЕХС-ке сәйкес қаржылық есептіліктің басқа да баптарын есепке алу тәртібіне қатысты пікірлерді қоса алғанда, әртүрлі салық органдарының әртүрлі түсіндіруіне жол береді. Салықтарды есептеудің дұрыстығына қатысты тексерулермен және тергеп-тексерулермен ірі айыппұлдар салу және пайыздарды өндіріп алу құқығы бар әртүрлі деңгейдегі реттеуші органдар айналысады. Есепті кезеңде салықтарды есептеудің дұрыстығын кейінгі күнтізбелік бес күн ішінде тексеруге болады, алайда, белгілі бір мән-жайлар кезінде бұл мерзім ұлғайтылуы мүмкін.

Аталған мән-жайлар Қазақстандағы салық тәуекелдері басқа елдерге қарағанда анағұрлым жоғары болуына алып келуі мүмкін. Холдингтік Компанияның басшылығы қолданылатын салық заңнамасына, нормативтік талаптар мен сот шешімдеріне қатысты өз түсінігіне сүйене отырып, салық міндеттемелері толық көлемде көрсетілген деп есептейді. Дегенмен, тиісті органдардың осы ережелерді түсіндіруі, егер олар өз ұстанымының құқыққа сыйымдылығын дәлелдей алған жағдайда, өзгеше болуы мүмкін, және бұл осы жеке қаржылық есептілікке айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Операциялық жалға алу жөніндегі міндеттемелер. Холдингтік Компанияның жалға алынған бірқатар ғимараттары мен автокөліктері бар. Жалға алу, негізінен, көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін жалға алуды ұзарту мүмкіндігімен бір жылға бастапқы кезеңде ресімделеді. Жалға алу төлемдері, әдетте, нарықтық жалға алу шарттарын көрсету үшін жыл сайын ұлғайтылады. Жалға алу шартты жалға алуды қамтымайды.

Page 37: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

32

21 Байланысты тараптармен жүргізілетін операциялар

Егер екі тарап ортақ бақылауда болса немесе олардың бірінің екіншісін бақылау мүмкіндігі болса немесе ол екінші тарап қаржылық және операциялық шешімдер қабылдаған кезде айтарлықтай ықпал ете алса, тараптар байланысты болып есептеледі. Байланысты тараптармен қарым-қатынастар болып табылуы мүмкін қарым-қатынастардың әрбір жағдайы қаралған кезде осындай қарым-қатынастардың заңдық нысанын ғана емес, олардың мазмұнын (мәнін) назарға алу қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Холдингтік Компанияға айтарлықтай ықпалы бар, себебі, ол түпкілікті бақылаушы тарап болып табылады. Холдингтік Компания мемлекеттік кәсіпорындармен есеп айырысулар бойынша жеке болмашы операциялар мен қалдықтар туралы ақпаратты ашып көрсетуден босатуды қолдану туралы шешім қабылдады.

Төменде байланысты тараптармен операциялар бойынша 2017 жылғы 31 желтоқсандағы қалдықтар көрсетілген:

(мың қазақстандық теңгемен) Еншілес

кәсіпорындар

Мемлекеттік кәсіпорындармен

операциялар Ақша қаражаты мен оның баламалары - 2 Еншілес кәсіпорындарға инвестициялар 873,882,161 - Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер 399,200,826 - Ағымдағы табыс салығы бойынша алдын ала төлем - 1,226,993 Шығарылған борыштық бағалы қағаздар - (299,070,782) Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздар - (93,730,536) Кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша міндеттеме - (1,144,040) Өзге де міндеттемелер - (159,772) 1

Төменде 2017 жылы байланысты тараптармен операциялар бойынша кірістер мен шығыстардың баптары көрсетілген:

(мың қазақстандық теңгемен) Еншілес

кәсіпорындар

Мемлекеттік кәсіпорындармен

операциялар Пайыздық кірістер 25,109,313 - Пайыздық шығыстар - (24,850,810) Алынған дивидендтер 14,768,097 - Өзге операциялық (шығыстар)/кірістер (86,953,329) 89,192,862 Әкімшілік және өзге де операциялық шығыстар - (757,807) Табыс салығы бойынша шығыс - (362,318)

Төменде байланысты тараптармен операциялар бойынша 2016 жылғы 31 желтоқсандағы қалдықтар көрсетілген:

(мың қазақстандық теңгемен) Еншілес

кәсіпорындар

Мемлекеттік кәсіпорындармен

операциялар Ақша қаражаты мен оның баламалары - 2 Еншілес кәсіпорындарға инвестициялар 819,782,161 - Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер 315,345,416 - Ағымдағы табыс салығы бойынша алдын ала төлем - 708,508 Шығарылған борыштық бағалы қағаздар - (271,376,696) Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздар - (39,567,430) Кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша міндеттеме - (781,722) Өзге де міндеттемелер - (80,729) 2

Төменде 2016 жылы байланысты тараптармен операциялар бойынша кірістер мен шығыстардың баптары көрсетілген:

(мың қазақстандық теңгемен) Еншілес

кәсіпорындар

Мемлекеттік кәсіпорындармен

операциялар Пайыздық кірістер 17,042,551 - Пайыздық шығыстар - (16,798,621) Алынған дивидендтер 8,523,885 - Өзге операциялық (шығыстар)/кірістер (268,816,387) 270,352,189 Әкімшілік және өзге де операциялық шығыстар - (660,045) Табыс салығы бойынша шығыс - (268,196)

Page 38: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ... · 2019-02-28 · «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер – 2017 жылғы 31 желтоқсан

33

21 Байланысты тараптармен жүргізілген операциялар (жалғасы)

Басқарма мен Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақылардың жалпы мөлшері төменде көрсетілген:

(мың қазақстандық теңгемен) 2017 ж. 2016 ж. Директорлар кеңесінің мүшелері 210,381 281,844 Басқарманың мүшелері 219,972 183,164

Жиыны 430,353 465,008

22 Әділ құн

Әділ құнды айқындау. Көптеген жағдайларда Холдингтік Компанияның есептік саясатының ережелері және ақпаратты ашып көрсету қағидалары қаржылық, әрі қаржылық емес активтер мен міндеттемелердің әділ құнын айқындауды талап етеді. Әділ құн төменде көрсетілген әдістерді пайдалана отырып, ақпаратты бағалау және ашып көрсету мақсаттары үшін айқындалды. Қолдануға болатын жерде, активтің немесе міндеттеменің әділ құнын айқындау процесінде жасалған долбарлар туралы қосымша ақпарат осы активке немесе міндеттемеге қатысты ескертпелерде ашып көрсетіледі.

Активтің немесе міндеттеменің әділ құнын бағалау кезінде Холдингтік Компания, мүмкін болғанша, бақыланатын нарықтық деректерді қолданады. Әділ құнды бағалаулар тиісті бағалау әдістері шеңберінде пайдаланылатын бастапқы деректерге қарай, әділ құн иерархиясының әртүрлі деңгейлеріне жатады.

1-деңгей: белсенді нарықтардағы бірдей активтер мен міндеттемелердің белгіленетін (түзетілмеген) бағалары.

2-деңгей: 1-деңгейдің бағалаулары үшін қолданылатын белгіленетін бағалардан бөлек, не тікелей (яғни, бағалар сияқты), не жанама (яғни, бағалар негізінде айқындалған) бақыланатын болып табылатын бастапқы деректер.

3-деңгей: бақыланатын нарықтық деректерге негізделмеген, активтер мен міндеттемелер үшін бастапқы деректер (бақыланбайтын бастапқы деректер).

Егер активтің немесе міндеттеменің әділ құнын бағалау үшін пайдаланылатын бастапқы деректердің әділ құн иерархиясының әртүрлі деңгейлеріне жатқызылуы мүмкін болса, онда әділ құнды бағалау, тұтастай алғанда, бүкіл бағалау үшін елеулі болып табылатын, анағұрлым төмен деңгейдің бастапқы деректері сәйкес келетін иерархияның деңгейіне жатады.

Холдингтік Компания соның ішінде осы өзгеріс орын алған есепті кезең аяқталған күнгі әділ құн иерархиясының деңгейлері арасындағы аударымдарды таниды.

Бұдан әрі кестеде 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әділ құн бойынша бағаланбайтын қаржы құралдарының әділ құнына жүргізілген талдау әділ құн иерархиясының деңгейлері бөлінісінде келтірілген:

(мың қазақстандық теңгемен) 2-деңгей Жиыны әділ құн

Жиыны теңгерімдік құн

Активтер

Ақша қаражаты мен оның баламалары 225,777 225,777 225,777 Депозиттер 18,542,858 18,542,858 18,542,858

Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер

319,176,924

319,176,924

399,201,121 Міндеттемелер Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 219,524,526 219,524,526 299,070,782 Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздар

94,468,401

94,468,401

93,730,536

Бұдан әрі кестеде 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әділ құн бойынша бағаланбайтын қаржы құралдарының әділ құнына жүргізілген талдау әділ құн иерархиясының деңгейлері бөлінісінде келтірілген:

(мың қазақстандық теңгемен) 2-деңгей Жиыны әділ құн

Жиыны теңгерімдік құн

Активтер

Ақша қаражаты мен оның баламалары 272,994 272,994 272,994 Депозиттер 16,404,361 16,404,361 16,404,361 Еншілес кәсіпорындарға берілген кредиттер 230,228,009 230,228,009 315,345,416 Міндеттемелер Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 186,902,803 186,902,803 271,376,696 Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздар

38,728,219

38,728,219 39,567,430