Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл...өлеңдері 1909...

29
Электронды кітап көрмесі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл Орындаған: Байелова М.С. “№3 мектеп-кешен" КММ кітапхана меңгерушісі

Transcript of Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл...өлеңдері 1909...

Электронды кітап көрмесі

Ахмет Байтұрсынұлының

туғанына 140 жыл

Орындаған: Байелова М.С. “№3 мектеп-кешен" КММ

кітапхана меңгерушісі

Байтұрсынұлы Ахмет- (18 қаңтар

1873 жыл, қазіргі Қостанай облысы,

Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы –

8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы)

ақын, әдебиет зерттеуші ғалым,

түркітанушы, публицист, педагог,

аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ

халқының хх ғасырдың басындағы

ұлт-азаттық қозғалысы

жетекшілерінің бірі, мемлекет

қайраткері, қазақ тіл білімі мен

әдебиеттану ғылымдарының негізін

салушы ғалым, ұлттық жазудың

реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда

өкіметінің мүшесі.

«Тарихи тұлғалар» атты кітаптың

107 бетінде А.Байтұрсыновтың

қысқаша өмірбаянымен танысуға

болады.

Т21 Тарихи тұлғалар.Танымдық-көпшілік

басылым./Құраст.Тоғысбаев Б.,Сужикова

А. –Алматы. «Алматыкітап

баспасы»,2008.- 376 бет.

Қарағым,айналайын қамқор анам,

Арнап хат жазайын деп алдым қалам,

Сені онда, мені мұнда аман сақтай

Көруге жазғай еді хақ тағалам.

Бара алмай өтірікші болып әбден,

Семейдің түрмесінде отыр балаң ,

Мал ұрлап, кісі өлтірген жазығым жоқ,

Үкімет қылған зорлыққа бар ма шараң ?

Оқ тиіп, он үшіме ой түсірген

Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.

Алданып тамағына оны ұмытсам,

Болғандай жегенімнің бәрі харам...

Қ78 Әдебиет: Жалпы білім беретін мектептің 7-

сыныбына арналған оқулық/ Р.Құтқожина, Қ.

Жаманбаева. 2-басылымы, өңделген .- Алматы:

Атамұра, 2007.-256 бет.

۩ Кошенова.Р.Н

۩ Возвращенные имена.-

Алматы;Рауан,1996.-96с

۩ В книге представлены также,

материалы о жизни и

творчестве А.Байтурсынова

۩ Предназначается учителям,

школьникам и всем, кто

интересуется казахской

литературой.

Ахмет Байтұрсынұлы араб

графикасы негізінде түзген алфавит

нұсқасы.

Қазақ әдебиеті мен

өнерінің көрнекті

қайраткері Ахмет

Байтұрсыновтың бұл

жинағына “Әдебиет

танытқыш” деп аталған

зерттеу еңбегі мен

өлеңдері топтастырылған.

Б18 Әдебиет

танытқыш.Зерттеу мен

өлендер.Алматы:

Атамұра , 2003.- 208 бет

Бұл кітаптың 309-329 бет аралығында,

«Мемлекетшілдік

жанартушылдық бағыт»

бөлімінде

А.Байтұрсынұлының

өлендері жазылған.

Құрастырған Елікбайев С.Т.

Қ17 Қазақ әдебиетіне

хрестоматия – 2 кітап:

Жоғарғы сынып оқушыларына

арналған – Астана:

«АрманПВ» баспасы, 2007. -416 бет

Байтұрсынұлының екінші кітабы-

«Маса»(1911). Бұл кітапқа енген

өлеңдерінде ақын қараңғылық,

надандық,шаруаға енжарлық,

кәсіпке марғаулық сияқты

кемшіліктерді сынады.Көптеген

өлеңдері сол кездегі

ағартушылық бағытпен үндес

болды.

«Қырық мысал» -

орыстың атақты

мысалшысы

И.Крыловтан

аударылған және

соның ізімен ,

идеясымен жазылған

өлеңдері 1909 жылы

жарық көрді.

Ахмет Байтұрсынұлы музей – үйінің

директоры Райхан Имаханбетованың мақаласы Ана тілі газетінің № 32 тамыздың 10-ы 2007 жылғы

Семей вести №21. 22мая

2008год

«Қазақтың көрген қорлығын,

зорлығын айтатын адам болса,

ауызға қағып сөйлетпейтіндей

болды. «Қазақ өзгеріс үшін құрбан

болса , несі құриды?» деуші болса ,

арқаға қағылып, дұрыс пікір осы

дейді. Солай болып тұрғанда

қазақтың жұртшыл,

ұлтшыл,бауырмал қалам

қайраткерлері қалайша белсеніп,

қалам қайратына кіріспек? Қалай

қаламды қолға алуға көңілі шауып,

ықыласы түспек ? »–дейді Ахмет.

Жас Алаш: №61. 22 мамыр .2003жыл

Ақынның қолданған заттары: 1) машинка, 2) қаламсауыт,сиясауыт, мөртаңба, бұрыштама белгі, 3) қол

чемодан. Ана тілі газетінің № 34 тамыздың 24-і 2006 жылғы

Библиографиялық ұсыныс кітапша

Отызыншы жылдары сталиндік

озбырлықтың құрбаны болған ұлы ғалым-

лингвист, әдебиет зерттеуші, ақын-

аудармашы, публицист Ахмет

Байтұрсыновтың ардақты есімі

ақталып,артына қалдырған асыл мұрасы,

кітаптарымен таныстыңыздар.

Құрметті оқырмандар!

Ақын жайлы осы кітаптар сіздерді

қызықтырса, біз сіздерді кітапханада күтеміз!