Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық...

167
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қолжазба құқығында СЕҢГІРБАЙ МҰХТАР ЖАНҰЗАҚҰЛЫ Этносаралық қақтығыстардың алдын алу мен реттеудің технологиялары (посткеңестік мемлекеттер тәжірибесі) 6D050200 Саясаттану Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Саяси ғылымдарының докторы, профессор Насимова Г.Ө. Шетелдік ғылыми кеңесші: Философия докторы (PhD) Синтия Каплан (АҚШ) Қазақстан Республикасы, Алматы, 2012

Transcript of Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық...

Page 1: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қолжазба құқығында

СЕҢГІРБАЙ МҰХТАР ЖАНҰЗАҚҰЛЫ

Этносаралық қақтығыстардың алдын алу мен реттеудің

технологиялары (посткеңестік мемлекеттер тәжірибесі)

6D050200 – Саясаттану

Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертация

Отандық ғылыми кеңесші:

Саяси ғылымдарының докторы, профессор

Насимова Г.Ө.

Шетелдік ғылыми кеңесші:

Философия докторы (PhD)

Синтия Каплан (АҚШ)

Қазақстан Республикасы,

Алматы, 2012

Page 2: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2

1 ЭТНОСАРАЛЫҚ КОНФЛИКТІНІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

1.1 Этносаралық конфликт дефинициясы 13

1.2 Этносаралық конфликт типологиясы 25

2 КОНФЛИКТІЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Этносаралық конфликтілердің алдын алу және реттеу: түсініктері,

тәсілдемелері, әдістері 37

2.2 Этносаралық конфликтілердің ықтималдығын анықтау индикаторлары 74

2.3 Конфликтілерді құрылымдық реттеу және олардың тиімділігін бағалау 93

3 ҚОЛДАНЫЛҒАН АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ,

НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН САБАҚТАРЫ

3.1 Посткеңестік мемлекеттердегі конфликтілердің ортақ сипаттары 111

3.2 Ресми және бейресми дипломатия: жаңа мүмкіндіктер 132

3.3 Конфликтілердің алдын алу мен реттеуге байланысты ұсыныстар (Кавказ

елдеріндегі эксперттік сауалнама негізінде) 148

ҚОРЫТЫНДЫ 152

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 157

ҚОСЫМША 167

Page 3: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

КІРІСПЕ

Диссертациялық зерттеудің жалпы сипаттамасы. Диссертацияда

этносаралық конфликтілердің алдын алу мен реттеудің қазірге дейін

қалыптасқан технологиялары зерттеліп, олардың посткеңестің кеңістіктегі

елдерде қолданылуы сарапталады және этносаралық кикілжіңдердің алдын

алуға байланысты ұсыныстар айтылады.

Диссертациялық зерттеудің өзектілігі. Мемлекеттілігін қалыптастыру

кезеңін бастан кешіріп жатқан көпұлтты Қазақстан үшін этносаралық

конфликтілердің алдын алу мен реттеу технологияларын теориялық және

тәжірибелік тұрғыдан зерттеу – өте өзекті мәселе. Оның себебін мынадай

тұжырымдармен түсіндіреміз:

Біріншіден, қырғиқабақ соғыстан кейінгі кезеңмен салыстырғанда соңғы

жылдары дүние жүзінде конфликтіге араласқан елдердің саны біртіндеп азайып

келеді. Дегенмен, қазіргі бар конфликтілер тамырын тереңге жайғандығымен

және этностық бірегейлікке негізделгенімен ерекшеленеді. Әлемде қазір жүріп

жатқан конфликтілердің жартысы 20 жылдан астам уақыт жалғасып келеді.

Дж.Фирон мен Д.Лейтиннің айтуынша, қарулы қақтығыстардың 40 пайызы

соғыс аяқталғаннан он жыл өтпестен қайта тұтанады [1]. Сарапшылардың

тұжырымы бойынша, қазіргі уақытта елдердің өз ішіндегі конфликтілердің

саны артқан. Олар көбіне этностық бірегейлікке байланысты туындаған

кикілжіңдер. Мұндай қақтығыстардан көбіне халықтың әлжуаз бөліктері зардап

шегеді және бұл мемлекеттерге орасан зор адами және экономикалық шығын

алып келеді, елдің дамуын тежейді немесе тіпті ондаған жылдарға кері кетіреді

[2].

Екіншіден, дүние жүзінде этносаралық конфликтіні шешудің теориясы мен

тәжірибесіне қатысты түрлі бағыттар мен тәсілдемелер болғанымен, олардың

ешқайсысы әлі күнге дейін айқын басымдыққа ие боларлықтай тиімділігін

дәлелдеген жоқ. Адамзат пайда болғалы бері этносаралық кикілжіңдерді

шешудің ең оңтайлы әрі әмбебап әдісі болып саналып келген күш қолдану әдісі

әлі күнге күн тәртібінен түскен жоқ. Қазіргі мемлекеттердің барлығының

қорғаныс ведомстоларының болуы, қару-жарақ санының азаймауы, жаңа қару

түрлерінің көбеюі адамзат баласының жыртқыштық қасиетінен арылуға дайын

еместігін аңғартады. Этностық конфликтілердің кесірінен 15 миллион адам

босқын болып басқа елдерді паналап кетсе, ел ішіндегі бір аймақтан екінші

аймаққа мәжбүрлікпен бас сауғалағандардың саны бұдан бірнеше есе көп [3].

Тек Африка құрлығының өзінде 15 миллион ішкі босқын бар. Алайда, этностық

конфликт мәселесі тек кедей мемлекеттердің проблемасы деген ой тумауы

керек. Иә, әлеуметтік, экономикалық, институттық және басқа да индикаторлар

бойынша кедей елдердің конфликтіге ұшырау ықтималдығы жоғары. Бірақ,

Канада, Франция, Испания, Ұлыбритания сияқты бақуатты елдердің этностық

конфликтіден көп зардап шеккені аян.

Page 4: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

3

Үшіншіден, дәл осы өркениетті Батыс елдері, әсіресе, өздері ұлтаралық

кикілжіңді шешуге көп атсалысқан мемлекеттер, этностық мәселені реттеудің

кешенді механизмдерін қалыптастыруда бізден біраз ілгері кетті. Олардың озық

үлгілері біздегі шынайы жағдайға қолдануға келмейтін болса да,

конфликтология саласындағы жинаған мол тәжірибесін, соның ішінде

теориялық және әдіснамалық зерттеулері мен олардың нақты нәтижелерін

зерделеп көру арқылы ғылыми қорымызды толықтыру қажет.

Төртіншіден, Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздігін алғалы бері

өз ерекшеліктеріне сай ұлттық саясат жүргізіп келеді. Бұл тұрғыда Қазақстан

Республикасының Конституциясы, «Қазақстан-2030» стратегиялық даму

бағдарламасы, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасы, Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары ұлтаралық қарым-

қатынастың ерекше қазақстандық моделін қалыптастыруға жол ашты ал

Қазақстан Халқы Ассамблеясы этносаралық мәселелерді реттеудің ерекше

үлгісі ретінде танылды. Президент Н.Назарбаев 2010 жылғы 1 мамырда

Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап тұрып: «Бейбітшілік пен келісім

– кез келген елдің және халықтың жүйке жүйесі, егер жүйке жүйесі сыр берсе,

онда денсаулық та сыр береді. Біздің барлық жетістіктеріміз – бейбітшілік пен

келісімнің арқасы», – деген болатын [4]. Қазақстанның Стратегиялық зерттеу

институты мамандары атап көрсеткеніндей, жиырма жылдық тәуелсіздік

кезеңінде Қазақстанда этносаралық қарым-қатынастың ерекше мәдениеті

қалыптасты, сөйтіп, «этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың

«қазақстандық моделі» адамдар арасындағы, экономикалық, т.с.с.

конфликтілерді қауіпті деңгейге жеткізбей ұстап тұруға жәрдемдесті» [5].

Дегенмен, ҚСЗИ мамандарының айтуынша, этносаралық және

конфессияаралық бейбітшілік тек шынайы жалпыұлттық бірлікке апаратын

баспалдақ қана. Ал ол бірлікке жету үшін этностық саясатты реттеудің

теориялық және әдіснамалық негіздерін бекіту керек. Яғни, ұлттық саясаттың

берік іргесі қаланды, енді нағыз ұлттық идеялар төңірегіне біріккен біртұтас

ұлтты қалыптастыру бағытында ғылыми-зерттеулер жүргізу өте маңызды. Осы

ретте шетелдердің тәжірибелерін саясаттану тұрғысынан талдау қажеттілігі

туындайды.

Бесіншіден, басқа посткеңестік елдер сияқты Қазақстанда да

конфликтофобия үрдісі қоғам ішінде, кейбір мемлекеттік институттарда

кездеседі. Көпұлтты қоғамдарда міндетті түрде кездесетін пікір

қайшылықтарын елмегенсу, ұлтаралық келіспеушіліктердің не

түсініспеушіліктердің кесірінен орын алған кикілжіңдерге қатысты

ақпараттарды жасыру не декларативті мәлімдеме жасау жайттары ұшырасады.

Бұл конфликтіні дұрыс түсінуге кедергі келтіріп, ұлтаралық қарым-қатынас

мәдениетінің қалыптасуын тежейді. Сондықтан, конфликтіге қатысты

көзқарастарды өзгертіп, оны кез келген қоғамда болатын заңды да табиғи

Page 5: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

4

құбылыс ретінде қабылдап, оны дұрыс бағытқа бұрып, басқарып отырудың

мәдениетін қалыптастыру өте маңызды.

Алтыншыдан, 2010 жылғы сәуірде Қазақстан «Ұлт бірлігі доктринасын»

қабылдау арқылы ұлттық дамудың жаңа кезеңіне өткенін дәлелдеді. Құжаттың

өзінде атап көрсетілгеніндей, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қалыптасқан

қоғамдық келісім елдің нәтижелі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси

дамуының кепілі және негізі болды. Осы аралықта әлем де, Қазақстанның ішкі

қоғамы да түбегейлі өзгерістерге ұшырады, тәуелсіздік алған жылы дүниеге

келген ұрпақ кәмелеттік жасқа толды. «Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде

басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды

ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде,

қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар

жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады» [6]. Соңғы жылдары

алғаш рет осы құжатта Қазақстанда ұлттық мемлекетті құрудың негізі қаланып

жатқаны ашық жазылды: «Қазақстан Республикасы қазақ халқының сан

ғасырлық мемлекеттілігінің құқықтық, тарихи жалғыз дара мұрагері және оның

саяси, мемлекеттік құрылымының табиғи жалғасы болып табылады». Бұл

тәуелсіздік алғалы бергі аралықта орын алған демографиялық және басқа да

өзгерістердің арқасында болса керек. 2009 жылдың соңындағы мәліметтер

бойынша, Қазақстандағы қазақ ұлтының саны 9,5 миллионға жетіп, жалпы

үлес салмағы 60,4 пайызға көтерілген. Ал орыс ұлтының үлесі - 24,5 пайыз (3,8

миллион адам) болса, қалған этностар 15,1 пайызды құраған. Ұлттық

құрамдағы осындай өзгерістер ұлттық саясатқа да толықтыру енгізуді талап

етті. Бұл, әсіресе, мемлекеттік тілдің ұлтты ұйыстыру факторы ретіндегі

атқарар міндетіне қатысты болды. Осы қоғамдық-саяси өзгерістер ғылыми

талдаулармен қатар жүргізіліп отыруы керек.

Жетіншіден, посткеңестік мемлекеттердегі ұлтаралық дүрдараздық пен

қайшылықтар бірнеше елде қарулы қақтығыстың басталуына түрткі болды. Ол

конфликтілер түрлі қарқынмен жүріп, түрлі жағдайларда өрбіді. Олардың ортақ

тұстары да, айырмашылықтары да бар. Бұларға қатысты қолданылған реттеу

технологиялары да әркелкі болды. Аталған елдердің бізбен рухани, мәдени,

тілдік, тарихи, географиялық жағынан жақындығын ескере отырып, олардың

тәжірибесін сараптап көру өте маңызды деп санаймыз. Әрине, посткеңестік

кеңістіктегі барлық конфликтілерге саясаттанушылық талдау жасау мүмкін

емес. Сондықтан, автор күштеу формасына ие болып, адам шығындарына алып

келген Кавказдағы конфликтілерге басты назар аударуды жөн деп тапты, бұл

диссертацияның тәжірибелік және қолданбалық маңызын арттыра түспек.

Сегізіншіден, Қазақстанның түрлі ұйымдары ұйымдастыратын

әлеуметтанулық зерттеулер елдегі этносаралық қарым-қатынастың жай-күйін

бағалауға емес, тек бегілі бір мәселелерге деген қоғамдық пікірді анықтауға

бағытталған. Яғни, Қазақстанда этносаралық қарым-қатынастың объективті

Page 6: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

5

ахуалына толыққанды әрі жүйелі түрде мониторинг жасап отыратын ұйым жоқ

әрі ондай мониторингтің қалай, қандай ережеге сәйкес жасалатыны

айқындалмаған [7].

Ғылыми зерттелу деңгейі. Адамның өзі ішкі-қайшылықтарға толы тіршілік

иесі, сол сияқты, адамдардан құралған қоғам да үнемі қарама-қайшылыққа,

талас-тартыс, бәсеке мен жанжалға толы. Адамзат тарихының өзі соғыстар мен

кикілжіңдер тарихы десек, ішкі жанжалға жол бермеудің амалдары, мемлекет

шекарасын кеңейту жолдары, соғыс өнері – барлығы конфликтіні танып-білу

ілімінің қайнары болды. Сондықтан, антикалық заман ойшылдарынан бастап

барлық дәуірлердегі ғалымдардың осы тақырыптағы пікірлерін

конфликтологияның бастауы деуге болады.

Арнайы жүйеленген ілім түрі ретінде конфликтология ХХ ғасырдың

ортасында қалыптаса бастады. Оның бастауында Г.Зиммель, Л.Козер, К.Левин,

Р.Дарендорфтар тұрды. Батыста социология ғылымының негізін қалаған

Л.Козердің 1956 жылы жарық көрген «Әлеуметтік конфликтінің функциялары»

атты еңбегінде конфликт әлеуметтік жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз

етуде жақсы рөл ойнайтыны айтылды. Бұл, іс жүзінде, конфликт құбылысына

қатысты тың көзқарас әрі тарихи бетбұрыс болды десе болады. Л.Козер

конфликінің позитивті-функционалдық тұрғыдан түсіндіре отырып, оны

құндылықтар мен әлеуметтік мәртебе, билік және материалдық рухани игілік

үшін күрес деп сипаттаған. 1950-жылдардың соңында неміс социологы

Р.Дарендорф «қоғамның конфликтілік моделі» атты әлеуметтік конфликтінің

жаңа теориясын қалыптастырды. Оның пікірінше, таптық конфликт биліктің

мінез-құлқына байланысты. Яғни, әлеуметтік антагонизмнің түпкі себептерін

жоюдың еш пайдасы жоқ, оның орнына конфликтінің дамуына ықпал ету

қажет. Осы классикалық еңбектерге айналған зерттеулерден соң Батыста

теориялық және қолданбалы конфликтология қарыштап дамыды. Оның түрлі

тармақтарға бөлініп, дамуына батыстың ғалымдары, атап айтсақ, К.Боулдинг,

Дж.Бертон және басқалар үлес қосты. Тек АҚШ-тың өзінде конфликтологиямен

жүздеген ғылыми-зерттеу орталықтары мен университет кафедралары

айналысады. 1960-жылдардың аяғынан бастап конфликтология бойынша

бакалаврлар мен магистрлар дайындалады, арнайы ғылыми журналдар

шығарылып, халықаралық ғылыми конгрестер, конференциялар өткізіліп

тұрады [8].

Пәнаралық ілім ретінде конфликтология ғылымның түрлі салаларымен

байланыста қарастырылады. Біздің тақырыбымыз этносаралық конфликт

болғандықтан, осы саладағы ғылыми зерттеу деңгейін бөлек шолып шығайық.

Ресей ғалымы В.Авксентьевтің айтуынша, этноконфликтология – әлемдік

конфликтологияның ең жас тармағы. 1950-жылдары АҚШ-та және Еуропада

конфликтінің түрлі аспектілері терең зерттеле бастады. Ал этносаралық

кикілжің басқа мезо- және макроәлеуметтік конфликтілерден, әсіресе

Page 7: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

6

экономикалық кикілжіңдерден туындаған құбылыс ретінде қарастырылып келді

[9]. Әлемдік этноконфликтологияның негізін қалаған америкалық ғалым

Д.Хоровицтің айтуынша, қоғам қайраткерлері де, қоғамтанушылар да этностың

артып келе жатқан рөлін бағалауға дайын болмай қалды. Оның үстіне батыс

ғалымдарының арасында дамушы елдер модернизацияланған сайын этностық

мәселелер артқа ысырылып қала береді деген қате түсінік болды [10, 96 б.].

Этностық конфликтологияның ғылыми анализдің жеке пәніне айналу

процесі 1960-1970-жылдары, негізінен, АҚШ-та жүрді. Мұнда М. Бэнтонның,

К. Дойчтың, Г. Конның, Д. Кэмпбелдің, Р. ЛеВайнның, Р. Сегалдың, Г. Сетон-

Уотсонның, П. Шибутанидің, С. Энлоудың еңбектерін атап өтуге болады. Бұл –

этносаралық конфликтіге қатысты эмпирикалық материалды алғашқы сараптау

кезеңі. 1980-жылдары құбылысты теориялық-әдіснамалық тұрғыдан талдау

процесі әрі қарай жалғасты. Мұнда Э.Смит, Э.Геллнер, Д.Хоровиц, Ф.Гросс, Э.

Кофман, Д. МакКерди, С. МакКоммон, М. Левин, Р. Премдас, С. Райан, С.

Самарасингхе, С. Уильямс, М. Чисхолм, Р. Шервуд, М.Эсман, С.Волф сияқты

ғалымдардың еңбектерін ерекше атау керек. Осы кезеңде тек этностар

арасындағы кикілжіңдер емес, этностық бірегейлік, ұлттық мәселелер,

национализм тақырыптары да тереңнен зерттеле бастады. Бұл қатарда

Б.Андерсонның «Қиялдағы қауымдастықтар», Дж.Армстронгтың

«Ұлшылдыққа дейінгі ұлттар», Дж. Брюллидің «Национализм және мемлекет»,

Э.Геллнердің «Ұлттар және ұлтшылдық», М.Хрочтың «Еуропадағы ұлттық

жаңарудың әлеуметтік алғышарттары», Э.Смиттің «Ұлттардың этностық

бастаулары», П.Чаттерджидің «Ұлтшылдық сана және колониалдық әлем»,

Э.Гобсбаумның «1788 жылдан бергі ұлттар және ұлтшылдық» деген еңбектері

мәселені концептуалдық тұрғыдан терең талдауға көмектесті.

1980-жылдардың екінші жартысынан бастап Батыс этноконфликтологтардың

назары әлеуметтік кикілжіңдерді шешудің, оларды басқарудың және

трансформациялаудың жолдарына ауды. Мұндай еңбектердің көпшілігінде

этносаралық кикілжің әлеуметтік келіспеушіліктің бір формасы ретінде

суреттеледі де, оны шешудің жолдарын әлеуметтік түйіндерге көңіл бөлуден

бастау керек деген идея айтылады. Сондықтан, этносаралық конфликтілерді

шешу теориясы көбіне әлеуметтік дүрдараздықты, теңсіздікті жою теориясына

айналып, этностық негіз тек конфликтіге қатысушы тараптың нәсілдік, тілдік,

ұлттық ерекшелігі деңгейінде ғана тарихи, әлеуметтік, психологиялық

категория қалпында қала береді. Мұнда біз М. Росс, Дж. Ротман, Дж. Рубин,

К.Руперсингхе сияқты зерттеушілердің еңбектеріне көбірек тоқталдық.

В.Авксентьевтің айтуынша, ондаған жылдар ішіндегі эмпирикалық және

теориялық ізденістердің нәтижесінде этноконфликтологияда бірнеше мектеп

қалыптасты. Олар: 1) реалистік мектеп (этностық конфликт басқа әлеуметтік

конфликтілер сияқты материалдық ресурстар үшін күрес); 2) эволюционистік

мектеп (этностық конфликтінің себебі – қоғамдағы үнемі өзгеріп отыратын

Page 8: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

7

этностық стратифиякация); 3) әлеуметтік-психологиялық; 4) антропологиялық

дәстүрлер.

Ресейде, демек, бұрынғы Кеңес одағы аумағында жалпы конфликтология

ғылымының дамуы дәл осы этностық конфликтологиядан басталған. Оның

себебі – 1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басындағы этностық

ахуалдың ең өзекті мәселеге айналуы, ұлтаралық қақтығыстардың жиілеуі, әр

ұлттың өз этностық бірегейлігін анықтап, мемлекеттілігінің бастауларын іздей

бастауы. Бұл ретте Л.Гумилев, Ю. Бромлей, Л. Дробижева, И.Жигалов,

Ю.Оганисьян, В.Тишков, С.Токарев, Н.Чебоксаров сияқты тарихшылар мен

этнографтардың тобын және құбылысты әлеуметтік-саяси мәселе ретінде

қарастып, оны түрлі аспектілері бойынша зерттеген ғалымдар А.Ямсков,

В.Авксентьев, А.Дмитриев, А.Дороченков, Ю.Запрудский, А.Здравомыслов

сынды ғалымдардың еңбектеріне ерекше тоқталған жөн. Дегенмен, Ресейде бұл

ғылым саласы кенже дамыған сала қатарына жатады.

Қазақстанда жекелеген зерттеушілермен қоса, мемлекеттік, қоғамдық,

жекеменшік ғылыми-зерттеу орталықтары да елдегі ұлтаралық келісім, ел

бірлігі, ұлттық саясат мәселелерін жан-жақты зерттеп келеді. Мәселен

Философия және саясаттану институтының соңғы жылдары жарық көрген

түбегейлі зерттеу еңбектері Қазақстанның жалпыұлттық идеясы, ұлттық

бірегейлік және мемлекеттік құрылысқа (Ә.Нысанбаев), этносаралық және

дінаралық келісімнің қазақстандық моделіне (А.Косиченко, В.Курганская),

этносаралық қарым-қатынасты әлеуметтанулық тұрғыдан талдауға (В.Дунаев,

З.Закаева, Г.Малинин, З.Сәрсенбаева), қазақ этносының Қазақстан қоғамының

ұлттық интеграцияланудағы рөліне (Е.Байдаров) және басқа да өзекті

тақырыптарға арналды.

Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының да басты

бағыттарының бірі – этносаралық қарым-қатынасты саралау. Бұл институтта

жалпы этносаралық жағдай, оған түрлі факторлардың ықпалы, этносаралық,

дінаралық толеранттылық мәселелері зерттеліп келеді. Осы тұрғыдағы

саясаттанушылық, әлеуметтанушылық зерттеулердің басында Б.Сұлтанов,

З.Шәукенова, А.Морозов, Т.Козырев, Л.Мұзапарова, М.Әбішева, Н.Сейдін

және басқа да ғалымдар тұрды.

Ұлтаралық қатынастар мәдениеті, ұлттық сана-сезім, этностық миграция

және этностық бірегейлік, саяси конфликтология, этносаралық қатынастар

мәселелері Е.Алияров, Р.Әбсаттаров, Л.Байділдинов, С.Борбасов, М.Лаумулин,

Ю.Булуктаев, С.Жүсіпов, А.Забирова, Р.Қадыржанов, Е.Қарин,

Д.Қыдырбекұлы, Г.Насимова, Т.Мамырайымов, Н.Мұсаева, С.Мұсатаев,

Е.Саиров, Ғ.Ыбыраева сияқты отандық ғалымдар тарапынан әр қырынан

зерттелген. Э.Ақпаева, Т.Биқожанов, Ә.Бисенова, Т.Жабелова, Д.Жазыбаев,

З.Жиенбаева, А.Қасымова, Ж.Қасымова, А.Мұқажанова, К.Сыроежкин,

Е.Тоғжанов, Б.Тұрабекова сынды қазақстандық зерттеушілер соңғы жылдары

Page 9: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

8

этносаралық қатынастар, ұлтаралық келісім, конфликтілер тақырыбында

диссертациялар қорғады.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың

тапсырмасымен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару

академиясында Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты зерттеу

орталығы құрылды. Оның мақсаты – этносаралық және конфессияаралық

қарым-қатынастардың қазақстандық моделінің даму ерекшеліктерін

саралайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарына ұйытқы болу [11]. Бұл орталықтың

ашылуы мемлекеттік этносаясатқа қатысты ғылыми-қолданбалы зерттеулердің

қолға алынуына мүмкіндік берді. Мұндай зерттеулермен басқа да мемлекеттік

және қоғамдық ғылыми-зерттеу мекемелері айналысады.

Диссертацияның негізгі гипотезасы ретінде мына тұжырымды ұсынамыз:

Біріншіден, әдіснамалық және технологиялық құралдардың дұрыс жүзеге

асырылмауынан және этносаралық конфликтілерді реттеуші субъектілердің

біліктілік деңгейінің төмендігінен осы кезге дейін қолданылып келген

этносаралық конфликтілерді реттеу шаралары онша тиімді болмады.

Екіншіден, шетелдік және отандық этноконфликтологиядағы конфликтінің

алдын алу, басқару және реттеуге қатысты теориялық және тәжірибелік

жетістіктерді пайдалана отырып этносаралық конфликтілерді реттеудің

тиімділігін арттыруға болады.

Диссертациялық зерттеудің нысаны – этносаралық қақтығыстар.

Диссертациялық зерттеудің пәні – этносаралық қақтығыстардың алдын алу

мен реттеу технологиялары.

Диссертациялық зерттеудің мақсаты – ТМД мемлекеттерінің тәжірибесін

мысалға ала отырып, этносаралық конфликтілердің алдын алу мен реттеу

технологияларының табиғатына, мазмұнына және қолданылу ерекшеліктеріне

кешенді сараптама жүргізу және олардың тиімділігін арттырудағы негізгі

бағыттарды айқындау.

Мақсатқа жету жолында төмендегідей негізгі міндеттер айқындалды:

1) Этносаралық конфликт теориясын, олардың алдын алу және реттеу

шараларына қатысты концептуалдық тәсілдемелерді жинақтау және жүйелеу,

конфликтіні басқару саласындағы қазіргі тенденцияларды анықтау;

2) Конфликтілердің құрылымдық, операционалдық алдын алу

механизмдерінің және ерте дабыл қағу жүйесінің ерекшеліктерін талдау;

3) Батыстағы және отандық теориялық және тәжірибелік еңбектерге сүйене

отырып конфликт ықтималдығын және мемлекеттің әлсіздігін анықтауға

көмектесетін индикаторлар жүйесін жасау;

4) Этносаралық конфликтілерді реттеуде қолданылатын ресми және

бейресми дипломатиялық әдістерді талдау, олардың қолданылу ерекшеліктерін,

артықшылықтары мен кемшіліктерін саралау;

Page 10: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

9

5) Посткеңестік кеңістіктегі этносаралық конфликтілердің ерекшеліктерін

ретроспективалық тұрғыдан талдау, оларға қатысты қолданылған алдын алу

және реттеу технологияларын жүйелеп, бағалау;

6) Этносаралық конфликтілердің алдын алу және реттеу технологияларының

тиімділігін бағалау әдістерін ұсыну;

7) Этносаралық конфликтілердің алдын алу мен реттеуге қатысты

тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы:

1) Жергілікті және шетелдік сарапшылардың зерттеулерін негізге ала

отырып этносаралық конфликтінің концептуалдық негіздеріне, соның ішінде

«этнос», «ұлт», «конфликт» ұғымдарына қазақ тілінде талдау жасалды; осы

саладағы негізгі халықаралық ұғымдардың ара-жігі ажыратылып, ағылшынша-

қазақша терминдер сөздігін әзірленді; 2) Ерте дабыл қағу жүйесі және конфликтілердің құрылымдық алдын алуға

шаралары сарапталды;

3) Конфликт ықтималдығын бағалау жүйесі талданып, кикілжіңнің

алғышарттарын айқындайтын әмбебап индикаторлар жүйесі жасалды;

4) Классикалық және бейресми алдын алу және реттеу технологияларының

пайдаланылу ерекшеліктері салыстырмалы түрде талданып, олардың

мүмкіндіктері және осы бағыттағы қазіргі тенденциялар сарапталды;

5) Жүйелік анализ әдісінің көмегімен посткеңестік кеңістіктегі этносаралық

конфликтілердің ортақ сипаттары анықталды әрі оларда қолданылған алдын

алу және реттеу технологиялары талданды;

6) Этносаралық конфликтілердің алдын алу және реттеу технологияларының

тиімділігін бағалауға қатысты ұсыныстар жасалды;

7) Этносаралық конфликтілердің ықтималдығын анықтауға мүмкіндік

беретін ерте дабыл қағу жүйесін қалыптастыруға қатысты нақты тәжірибелік

ұсыныстар жасалды.

Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері.

Бұл еңбекте бірін-бірі өзара толықтыратын теориялық және эмпирикалық

әдістер қолданылды. Мәселені теориялық тұрғыдан зерттеу жүйелік,

құрылымдық-функционалдық, тарихи және салыстырмалы талдау әдістері

арқылы жүзеге асырылды. Пәнаралық тәсілдеменің табиғатына сәйкес бұл

еңбекте философия, тарих, әлеуметтік және мәдени антропология, этнология,

психология, социология ғылымдарының деректері қолданылды. Жүйелік

тәсілдемені қолдану арқылы этносаралық конфликтінің кешенділігін анықтауға

жәрдемдесті. Конфликт субъектілері, оны басқарудың құрылымдық және

процессуалдық ерекшеліктері құрылымдық-функционалдық және субъектілік-

әрекеттік тәсілдеме арқылы жүзеге асырылды. Тарихилық принципін қолдану

арқылы этносаралық конфликтіні уақыттың ағымымен өзгеріп отыратын,

қазіргі шынайы жағдайға, қоғам дамуының осы сәттегі кезеңдеріне сай

Page 11: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

10

өзгеретін құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік туды. Диссертациялық

жұмыста ситуациялық анализ, синтез, индукция және дедукция, бақылау,

классификациялау, эксперттік сауалнама әдістері қолданылды.

Диссертацияның деректік көзін бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.

Бірінші, халықаралық ұйымдардың және мемлекеттердің ұлтаралық

мәселелерді реттеуге, конфликтілерді шешуге қатысты нормативтік-құқықтық

актілері, ресми құжаттары, бағдарламалары мен есептері. Соның ішінде БҰҰ-

ның, ЕҚЫҰ-ның, Еуропалық Одақтың, Германия, Ұлыбритания, Ресей, АҚШ,

Франция сияқты елдердің заңдары, қаулы-қарарлары, түрлі шешімдер мен

басқа да нормативтік құжаттары.

Екінші, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардарың есептері мен түрлі

статистикалық, бағалау мәліметтері. Мұндың ішінде Дүниежүзілік банктің,

Дүниежүзілік сауда ұйымының, БҰҰ-ның құрылымдық ұйымдарының, және

тағы басқа адам құқықтары, сөз бостандығы, ұлттық қауіпсіздік, экономикалық

даму сияқты көрсеткіштерді бағалап отыратын мекемелердің құжаттары.

Үшінші, конфликт субъектілерінің жарияланымдары, соның ішінде

конфликтіге қатысы болған елдердің – Грузияның, Арменияның,

Әзірбайжанның, Ресейдің, Молдованың және сепаратистік аймақтардың

саясаткерлері мен басшыларының, қоғам қайраткерлерінің сөйлеген сөздері,

жариялаған мақалалары, қабылдаған бағдарламалары.

Төртінші, халықаралық бейбітшілік ұйымдарының қолдауымен жасалған

ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибелік, ақпараттық сипаттағы жарияланымдар;

Бесінші, ақпарат құралдарында, соның Интернет жүйесінде жарияланған

ақпараттар, сұхбаттар, талдаулар мен журналистік зерттеулер.

Ғылыми еңбекті жазу барысында Ресей, Армения, Грузия ғалымдарының

соңғы жылдары қорғалған этностық, этносаяси, әлеуметтік конфликтілер,

сепаратизм, этностық реттеу тақырыптарына қатысты диссертацияларымен

және олардың авторефераттарымен таныстық. Соның ішінде А.Брагиннің [12],

А.Нерсисянның [13], К.Барбарянның [14], И.Филиннің [15], Н.Буянованың [16],

А.Большаковтың [17], И.Борисовтың [18], А.Тагировтың [19], С.Сергеевтің

[20], Н.Шипилованың [21], сол сияқты Н.Стаськовтың, Е.Щербинаның,

Л.Кравцованың, О.Рыжовтың, П.Калмыковтың, Н.Александровтың,

С.Свенцицкийдің еңбектерін сүзгіден өткіздік.

Диссертацияның тәжірибелік маңызы. Бұл зерттеудің негізгі

қорытындылары мен ұсыныстарын мемлекеттік билік органдары, қоғамдық

ұйымдар мен сарапшылар мемлекет ішіндегі этносаяси процестерді сараптау

және бағалау, этносаралық қарым-қатынасты реттеу, конфликтілердің алдын

алу, аймақтардағы конфликтілерді реттеу, мемлекеттің ұлттық саясатын

жүргізу барысында нақты шаралар мен бағдарламаларды жүзеге асыру

мақсатына пайдалана алады. Сондай-ақ, диссертациядағы жаңалықтар мен

тұжырымдарды этносаясат және конфликтология мәселелері бойынша

Page 12: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

11

өткізілетін арнайы курстарда дәріс оқуға, сараптамалар жасауға қолдануға

болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 1) Этнос бар жерде конфликт бар, және бұл – заңды құбылыс. Түрлі

этностардың бір-бірімен қарым-қатынасы өзара өркениетті сыйластық

шеңберінде жүруі керек, ал конфликт мүдделер айырмашылығының көрінісі

ретінде бейтарап қоғамдық құбылыс деп бағалануы керек. Қоғамның және

мемлекеттік институттардың міндеті – этностардың арасындағы

конфликтілердің деструктивті бағытқа ойысып кетуіне жол бермеу және

олардың арасында ашық та өркениетті диалог қалыптасуына жағдай жасау.

2) Әр елдегі конфликтілердің құрылымдық алдын алу жүйесі ішкі

әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да индикаторларды объективті

түрде, тұрақты негізде жан-жақты қадағалап, сараптап отыруға бағытталуы

тиіс. Сол ақпараттың негізінде мемлекеттің саяси құрылымын қалыптастырып,

оған тиісті өзгерістер енгізіп отыру қажет.

3) Этностық қақтығысты болдырмаудың басты әдісі – оның алдын алу,

қазіргі кезеңде мұндай конфликтінің алдын алу ұғымын институттандырып,

жалпыға бірдей әмбебеп алдын алу жүйесін қалыптастыруда қадамдар жасалып

жатыр. Халықаралық қоғамдастықта конфликтілердің алдын алу елдегі

демократияның деңгейі, азаматтық қоғамның белсенділігі, заңның үстемдігі

және билік институттарының дұрыс жұмыс істеуі сияқты факторларға тікелей

тәуелді деген ұғым орнығып келеді. Тұрақты үйлесім мен бейбітшілікке қол

жеткізген елдерде мемлекеттік және қоғамдық институттар конфликтінің

құрылымдық алдын алу функциясын қалыпты жағдайда өз бетімен-ақ атқара

береді.

4) Конфликтілердің алдын алу мен реттеудің бейресми технологиялары

дисбаланстық этностық стереотиптерді өзгертіп, этносаралық қатынасты

позитивті бағытқа бұруға, ұлттар арасында түсіністікті қалыптастыруға, сол

арқылы этностық конфликтіні шешуге қатысты саяси шешімдердің

қабылдануына мүмкіндік береді. 5) Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде орын алған қарулы этносаралық

қақтығыстардың тәжірибесі көрсеткеніндей, этносаралық конфликтілердің

алдын алу мен реттеудің технологиялары экономикалық, саяси, әлеуметтік,

рухани-мәдени факторларды ескере отырып әзірленуі керек.

6) Қолданылған реттеу технологияларының тиімділігі тек әскери

қақтығыстардың аяқталуымен өлшенбейді. Олардың сәттілігін бағалау әдісі

кикілжіңнің жалпы динамикасын бақылаумен қатар әлеуметтік, экономикалық,

ж.т.б. индикаторлардың өзгеру динамикасын сапалық және сандық әдіспен

қадағалау арқылы жүргізілуі керек. Яғни, конфликтіні реттеудің төрт міндеті –

конфликтінің себеп-салдарын жою, жалпыны қамтитын саяси реттеу,

мемлекеттің негізгі функцияларын нығайту, халықтың талабына жауап беретін

Page 13: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

12

үкімет құру критерийлері бойынша әлеуметтанулық сараптама реттеу

технологияларының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі және мақұлдануы. Диссертация әл-

Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі Философия және саясаттану

факультетіне қарасты саясаттану кафедрасында талқылаудан өтті. Оның негізгі

қағидалары, нәтижелері мен тұжырымдары 4 халықаралық конференцияда

сыннан өтті, және шетелдік, отандық ғылыми журналдарда жарық көрді.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш

тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және

қосымшалардан тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі – 170 мәшеңкелік бет.

Page 14: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

13

1 ЭТНОСАРАЛЫҚ КОНФЛИКТІНІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

1.1 Этносаралық конфликт дефинициясы

Этностық, нәсілдік, тектік, тілдік, діни тұрғыдан әркелкі топтар арасындағы

ірілі-ұсақты қақтығыстардың көбеюі қоғамдық ортада жиі айтылатын

«этностық конфликт» тіркесінің ғылыми тұжырымдалған анықтамасын беру

қажеттілігін туғызды. Құбылыстың өзіне нақты ғылыми анықтаманың

берілмеуі халықаралық, аймақтық, мемлекеттік дәрежеде «этностық» деп

танылған конфликтілердің табиғатын, шығу себептерін түсінуде,

кикілжіңдердің алдын алуда және орын алған конфликтілерді шешу

механизмдерін қолдануда кедергі келтіреді. Бұл халықаралық құқықты жүзеге

асыратын халықаралық ұйымдардың, сол сияқты мемлекеттік институттардың

«этностық конфликт» құбылысын нақты айқындап, тиісінше әрекет етуі кезінде

елеулі түсініспеушілік тудыруда.

Қазақстандағы әлеуметтік ғылымдар саласы «этностық конфликт»

теориясын, соның ішінде Батыс ғалымдарының зерттеу еңбектерін жеткілікті

дәрежеде меңгеріп, ғылыми айналымға енгізе қойған жоқ. Көпэтносты әрі

мемлекеттілігін қалыптастыру кезеңін басынан өткеріп жатқан жас ел ретінде

Қазақстан бұл құбылыстың саясаттану тұрғысынан жасалған нақты

анықтамаларын, әсіресе, этностық конфликтіні түбегейлі зерттеуде біраз ілгері

кеткен Батыс ғалымдарының тұжырымдарын біліп, сарапқа салуы тиіс.

Тақырыптың өзектілігі – оның этностық конфликт теориясын зерттеуші

америкалық және еуропалық классик ғалымдардың және осы заманғы

саясаттанушылардың ой-тұжырымдарын Ресей ғалымдарының пікірлерімен

салыстырып бере білуінде жатыр.

Қырғиқабақ соғыстан соң жер бетінде этностық қақтығыстардың көбеюі

түрлі ғылым саласы өкілдерінің және әркелкі әдіснамалық бағытты көздеген

ғалымдардың «этностық конфликт» құбылысын зерттеуді қолға алуына түрткі

болды. Осы тақырыпты қозғаған алғашқы еңбектер мәселені национализм

тұрғысынан талдап келді немесе кейбір азшылық этностық топтардың

(Германиядан тыс жатқан немістердің, Еуропаны мекендеген еврейлердің)

мәселесіне тоқталды. 1970-жылдардың соңын ала Рабушка, Шепсл, Эсман

бастаған сарапшылар этностық конфликтіні жүйелі түрде зерттеп, нақты

оқиғаларды сараптамалық тұрғыдан терең талдау арқылы тиянақты ғылыми

тұжырым жасай бастады [22, 25 б.]. Бұл қатардағы ең маңызды еңбек

америкалық зерттеуші Дональд Хоровицтің 1985 жылы алғаш рет басылып

шыққан (2000 жылы қайта басылған) «Конфликт жағдайындағы этностық

топтар» кітабы болды. Десе де, дәл қазір этностық конфликт тіркесінің нақты

ғылыми анықтамасы қалыптаспай отыр.

Page 15: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

14

Этностық конфликт теориясының классигі Дональд Хоровиц бұл тіркестегі

«конфликт» терминінің ғана біршама айқындалған мағынасы бар екенін

айтады. «Этностық конфликт теориясы элементтерінің ішінде «конфликт»

терминінің анықтамасы қолдануға келеді. Анықтамалардың көбінде тартыс,

күрес, қақтығыс элементтері кездеседі, сол арқылы оның жарыстан

айырмашылығы айқындалады. Енді біреулер бұдан да тереңірек талдап,

конфликт бір-бірінен бөлек, әркелкі игіліктерге ұмтылу және өзара сәйкес

келмейтін мақсаттар қою деген мағына береді деп талдайды. Көп этностық

конфликтілер осы тұрғыдан сипатталғанымен, топтардың алдына әркелкі

мақсат қоюы барлық конфликтілерге тән жағдай емес» [10, 95 б.]. Хоровиц

әлеуметтік конфликтіге Люис Козер берген анықтаманы шындыққа ең жақыны

деп таниды. Яғни, «Конфликт дегеніміз – күрес, ондағы басты мақсат –

діттегеніңе жету және қарсы жақты бейтараптандыру, жарақаттау немесе тіпті

жойып жіберу».

М. Эсманның пайымдауынша, конфликт дегеніміз – топтар арасындағы

билік немесе ресурсқа, ерекше мәртебеге немесе мүмкіндікке не құрметке ие

болу жолындағы бәсеке. Әдетте бұл бәсеке бейбіт жағдайда өрбиді, тек кейбір

салдарларға байланысты қақтығысқа ұласып кетуі мүмкін [23, 6 б.].

Ресей ғалымы Н.Медведевтің айтуынша, «этнос» және «нация»

категорияларына, олардың өзара қатыстылығына байланысты бірыңғай

қалыптасқан пікір жоқ. «Этнос», «нация», «этничность» ұғымдары көбіне

аралас келе береді және олардың ғылыми анықтамалармен қатысы бола

бермейді [24].

«Этнос» - «нация» - «ұлттық мемлекеттілік» категорияларының

құрылымында этнос бірінші сатыда тұрған ұғым саналады. Басқаша айтсақ,

«этнос» өзінің жеке ұлттық мемлекетін құру қажеттілігімен тікелей байланысты

емес. Н.Медведевтің айтуынша, «этностық» сөзінің мағынасын таратып

айтқанда, оның мемлекеттілікпен қатысты болмайтындығы дау туғызбайды.

Ал, «нация» сөзін қалай қарастырамыз? Ол әрдайым «мемлекеттілік»

ұғымымен қатысты болуы керек пе? Ол бүкіл мемлекеттілікті заңдастыруға,

әлеуметтік-мәдени институттарды құруға негіз болатын этностық қауымдастық

түрі әрі этноәлеуметтік ағза бола ала ма? Ғалымдардың осы мәселені түрлі

аспектілер тұрғысынан зерттей келе оған қатысты әртүрлі ұстанымда болған.

Бірінші ұстаным бойынша, ұлт – мемлекетті құрайтын азаматтардың

әлеуметтік қауымдастығы. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына кіретін

мемлекеттер қауымдастығы дәл осы мемлекет-ұлттардан құралады. Академик

В.Тишковтың айтуынша, дәл осы тұрғыдан алып қарағанда, әлемдік саяси

әдебиетте және халықаралық құқықтық тәжірибе мен теорияда «мемлекет-ұлт»,

«ұлттық мүдде», «ұлттық армия», «ұлттық қауіпсіздік», «ұлттық экономика»

деген ұғымдар қалыптасқан. XVIII ғасырдағы Француз революциясынан бастап

ХХ ғасырдағы Азия мен Африкадағы ұлт-азаттық қозғалыстарға дейінгі

Page 16: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

15

аралықта әлемде ұлт туралы түсінік осындай болды. XVIII-ХІХ ғасырларда

Еуропада ұлттық мемлекеттерді құрушылар мен отаршылдыққа қарсы күресті

бастаған тұлғалардың ешқайсысы да этностық не нәсілдік негіздегі бірұлтты

мемлекет құруға ұмтылған жоқ. Керісінше, олар трайбализмге, этностық

сепаратизмге қарсы шықты.

Н.Медведевтің айтуынша, бұл концепцияның күшті жағы – ол өркениетті

процестердің демократиялық және гуманитарлық принциптеріне негізделген,

мұнда этнос саясаттың субъектісі емес, белгілі бір мәдениеттің егесі ретінде

қарастырылады:«Алайда, ұлттың қайта түлеуі сияқты өте күрделі, терең әрі

қарама-қайшылықты процесс жүріп жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Бұл

әсіресе посткеңестік кеңістіктегі және бұрынғы Югославия мен

постсоциалистік лагерьдегі мемлекеттер арасында айқын байқалады».

Н.Медведевтің пікірінше, «нацияның» бұл концепциясының осал тұсы – тек

«әлеуметтік отандастық» ұғымының аясында шектеліп, ондағы этностық

ерекшеліктің мүлде түсіп қалуы, ұлттың этноәлеуметтік қауымдастық ретіндегі

даралығының ескерілмеуі.

Әлемдегі мемлекеттердің барлығының дерлік этникалық құрамы күрделі.

Жер бетінде екі жүзге жуық егемен мемлекет бар, ал этностық топтар саны

түрлі есептеулер бойынша 3 мыңнан 5 мыңға дейін жетеді. Яғни, олардың

барлығы ұлттық мемлекет құра алмайтыны белгілі.

«Этнос» термині адамдар қауымдастығының ерекше бір түрі ретінде тек

соңғы онжылдықтарда ғана ғылыми тұрғыда бекітілді. Бұл ұғымға қанша

ерекше мән беріп қарағанымен, отандық және шетелдік ғалымдар арасында

«этностың» табиғаты мен құрылымына қатысты қалыптасқан ортақ тұжырым

жоқ. Этнос – өте күрделі әрі көпқырлы құбылыс. Кейбір авторлар оның басты

ерекшеліктері ретінде тіл мен мәдениетті атаса, екіншілері бұл қатарға жер мен

этностық сана-сезімді, енді біреулері ортақ шығу тегі мен мемлекеттік

құрылымды, психикалық стереотиптер жиынтығын қосады.

«Этнос», «этностық» сөздерінің ағылшын, орыс және қазақ тілдеріндегі

қолданылу ретіне де тоқталып өту керек. Қазақ тіліндегі қолданыста «этнос»

грек тілінен аударғандағы «халық», «ұлттық қауымдастық» деген мағынаны

береді әрі ол көбіне аз ұлттарға қатысты қолданылады. «Этнос» сөзінің орнына

«ұлт» деген әмбебап сөзді қолдану үрдісі қалыптасқан. «Этнос» сөзі көбіне

жойылып бара жатқан немесе тарихта болған ұлттарды сипаттағанда

қолданылады. Сондықтан, «этнос» сөзі мәдени, тарихи, архаикалық реңк берсе,

«ұлт» сөзі заманауи, саяси категорияға жақын келеді. Дегенмен, бұл екі сөз

көбіне бірін-бірі алмастырып отырады да, бірдей құбылыстарды сипаттауда

синоним ретінде пайдаланыла береді.

Ал ағылшын тілінде «этнос» (ethnos) деген сөз өте сирек кездеседі. Оның

орнына жеке мағына бере алмайтын, басқа сөзбен тіркесіп келетін «ethnic»

(этностық) «ethno-...» (этно-...) деген сөздер жиі қолданылады. Бұлар кең

Page 17: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

16

мағынада «халықтық» деген мәнде қолданыла береді, яғни тек мәдени

категорияның шеңберімен шектелмейді.

Француз тарихшысы Э.Ренан ХІХ ғасырда этностың теориялық

концепциясын алғаш жасаған ғалымдардың қатарына жатады. Ол этносқа

тиесілі ерекшеліктерді тізе отырып, белгілі бір этносты ерекшелендіріп тұратын

басты нәрсе – бірге өмір сүруге және ортақ мақсаттарға қол жеткізуге деген

ортақ құлшыныс деген тұжырым жасайды.

Ал ХХ ғасырда О.Бауэр мен К.Реннердің теориясы кең тарады. Олардың

айтуынша, ұлт, этнос деген бір аймақта өмір сүретін адамдардың бірлестігі

ретінде емес, жекелеген адамдардың одағы ретінде қарастырылып, оған

«экстерриториялық ұжымдық бірлік» деген заңдық анықтама берілуі керек

деген ұйғарымға келеді.

Этнос төңірегіндегі пікірталас ХХ ғасырдың 70-жылдары кеңінен өріс ала

бастады. Оның себебі – ғаламдағы түбірлі өзгерістер, отаршылдық жүйенің

күйреуі, жаңа мемлекеттердің құрылуы, этностардың өз мәртебесін өзі

айқындау құқығын пайдалануға көшуі, жер шарының барлық бөліктерінде

этносаралық қарым-қатынастың шиеленісуі. Этнос құбылысын

примордиалистік, конструктивистік және инструменталистік тұрғыдан

қарастырып көруге болады.

Примордиалистік көзқарас бойынша этнос – органикалық өзгермелі шама.

Яғни, адамға тән қасиет бойынша, ол өзін қандай да бір топтың мүшесі ретінде

сезініп, қандай да бір мәдениеттің иесі болуды қалайды. Ал конструктивистік

бағыт өкілдері «этнос» пен «ұлт» екеуін егіз ұғым ретінде қарастырып, оны

өздерін қандай да бір этностық топтың мүшесі сезінетін адамдардың жиынтығы

деп қана сипаттайды. Конструктивистердің пікірінше, этнос белгілі бір

қоғамдық қатынастар әсерінен қалыптасқан әлеуметтік конструкция әрі оның

мәдени тамыры жоқ. Яғни, ол – жасанды түрде қалыптасқан саяси бірлестік.

Инструменталистер де этносты (ұлтты) жасанды түрде қалыптасқан

бірлестік деп сипаттайды. Олардың айтуынша, саяси көшбасшылар бұл

категорияларды адамдарды айналасына жұмылдыруға, өздеріне ұйытуға

пайдалану арқылы белгілі бір саяси мүдделерді қорғайды деп санайды.

Этностық топ мүдделер тоғыстырған қауымдастық ретінде, ал этнос топтық

мүдделерге жету және саяси күресте жұмылдыру әрекеті ретінде суреттеледі.

Этносимволизм ілімінің негізін қалаушылардың бірі Энтони Смит этносты

былай деп сипаттаған: «Этнос – шығу тегі туралы аңыздар мен тарихи

жадының рөліне баса мән беретін және дін, дәстүр, тіл және институттар

сияқты бір немесе одан да көп ортақ мәдени ерекшелігі бар мәдени

ұжымдасудың түрі» [13]. 25 Яғни, этностық топтың өзіне тән атауы, ортақ

шығу тегі туралы аңыз-әпсаналары, ортақ тарихи жады, ортақ мәдениеттің бір

не одан да көп түрі болуы керек, сонымен бірге ол белгілі аумақ – ата мекенмен

байланысты болуы керек және халықтың басым бөлігінің арасында өзара

Page 18: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

17

туысқандық түсінік қалыптасуы тиіс. Материалдық және рухани аспектілер

арасындағы бұл байланыс этностық даралықтың саяси мәнін түсінуге және

этносқа негізделген конфликт топтарының табиғатын зерттеуде маңызды рөл

атқарады. У.Коннордың айтуынша, «материалдық игіліктер этностық топтың

даралығы мен қайталанбастығына қосымша үстеме бергенде ғана маңызды

болады» [26]. Керісінше, егер этностың бұл материалдық құндылықтарына шын

мәнісінде қатер төнсе немесе топ өкілдері қатер төнді деп ұйғарса, онда бұл осы

этностың даралығы мен қайталанбастығына қатер төнген болып есептеледі.

Осы қатерге қарсы тұру арқылы этностық топ өзінің этностық қайталанбас

даралығына деген сенімнің арқасында кикілжіңге араласып, саяси ойыншыға

айналады.

Мәселен, Р.Брубейкердің айтуынша, қырғиқабақ соғыстан кейінгі кезеңдегі

конфликтілердің көбіне «этностық» деген айдар тағылуының себебі – саяси

күрес жолындағы ресурстарды жұмылдыру екі идеологиялық лагерьдің

антагонизміне негізделуден қалды. «Қазіргі уақытта саяси қақтығысқа

«этностық» сипат беруге ынталы тараптар көп, олардың арасында ұйымдар,

мемлекеттер, саясаткерлер және саяси күреске қатысушылардың өздері бар»

[27]. Брубейкердің айтуынша, мұндай жағдайда «этнос» конфликтіге негіз

болмайды, керісінше, белгілі бір саяси мақсатты көздеген күрес не конфликтіге

қасақана түрде этностық реңк беріледі.

Этносаралық конфликт табиғатын зерттеуде этностық бірегейліктің

материалдық және рухани аспектілерін сипаттайтын және оның объективті,

субъективті элементтеріне тоқталатын анықтамалардың маңызы өте зор.

Себебі, әрбір жекелеген конфликтіні зерттегенде өзінің белгілі бір этностық

бірегейлігін алға тартып отырған топтың әрекеттеріне баға берудің

критерийлерін әзірлеу қажет болады. Этностың материалдық және рухани

құндылықтарын және олардың әлеуметтік, саяси сипаттамаларын саралай келе

олардың «этностық мәселені» күрделі проблема етіп шығару себебін және

конфликт барысындағы түрлі әрекеттерін бағалауға мүмкіндік туады.

Этностың қалыптасуы мен дамуын, этносаралық қарым-қатынасты зерттеуде

этнология мен әлеуметтік антропология ғылымдары көп рөл ойнады. Бұл

ғылымдар этностың табиғатын әркелкі сипаттады. Ресей ғалымдары

С.Арутюнов пен Н.Чебоксаровтардың айтуынша, этностың басты белгісі –

адамдар емес, этносаралық байланыс кезінде айналымға түсетін ақпарат. Яки,

«этнос – кеңістікте шектелген ерекше мәдени ақпараттардың «түйіршіктері», ал

этносаралық қарым-қатынас – сол ақпаратпен алмасу әрекеті» [16]. 28

Зерттеліп отырған этностық конфликт құбылысының нақты ғылыми

анықтамасын әзірлеуге «этнос» және «нация» (қазақ тілінде ресми аудармада

және ақпарат құралдарында қолданылып жүрген «ұлт» сөзі бұл терминнің

мағынасын толық бере алмайтындықтан, біз әзірге осы халықаралық терминді

қолдануға мәжбүрміз) терминдерінің синоним ретінде қолданылуы үлкен

Page 19: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

18

кедергі келтіріп отыр. Ресей сарапшыларының пікірінше, мұны этностық

национализмді қолдаушылар өздерінің басты идеологиялық ұстанымы етіп

алып отыр. «Мұндай қарама-қайшылық экономикалық және даму деңгейіне

қарамастан, көптеген елде кездеседі. Ол әсіресе этностық құрамы әркелкі,

мемлекет құру ісі әлі аяқталмаған елдерде анық байқалады. Бұл елдерде саяси

даму деңгейі өте жоғары, алайда саяси талаптары орындалмаған этностық

анклавтар бар болса, бұл тек этносаяси конфликт тудырып қана қоймай,

мемлекеттің тұтастығына да қатер төндіруі мүмкін» [29]. Яғни, мемлекет

құрудың этностық және саяси принциптері арасында әлі күнге дейін тайталас

бар. Қазақстан басшылығы мен түрлі саяси топтардың 2009 жылдың аяғында

Қазақстан Халқы ассамблеясы әзірлеген «Ұлт бірлігі доктринасы» төңірегінде

пікір таластыруы осы сөзімізге дәлел болса керек.

Национализмді зерттеген ғалым Х.Сетон-Ватсон: «Нация» сөзіне «ғылыми

анықтама» беру мүмкін емес деген қорытындыға келдім, дегенмен бұл құбылыс

бұрын болған, бола береді де», - деген ой айтқан. Ал Б.Андерсонның әйгілі

конструктивистік теориясына сәйкес, «нация – қиялдағы саяси қауымдастық.

«Ол ойдан шығарылған, себебі, ең шағын деген ұлтқа жататын халықтардың

өздері қандастарын танымайды, оларды көрмеген, не тіпті олар жайлы

естімеген, дегенмен әрқайсысының ойында олардың қауымдастығының ойлап

шығарылған бейнесі жүреді», – дейді Б.Андерсон [30].

Қиялдағы қауымдастықтар бір жағынан шектеулі, екінші жағынан егемен

болып келеді. Шектелген болатын себебі – бір ұлт болған жерде екінші ұлт

болады. Ұлт дегеніміз бүкіл адамзат емес, және бұл құбылыстың басты

ерекшелігі – оның басқа ұлттарға қарсы қойылуында. Егемен болатын себебі –

ұлт әрдайым автономияға ұмтылады. Ал автономияның басты кепілі – егемен

мемлекет деп санайды Б.Андерсон.

Бұған қоса, ұлт – қауымдастық болып саналады, себебі «әр ұлтта кездесетін

теңісіздік пен эксплуатацияның болуына қарамастан, ұлт терең әрі

горизонтальды серіктестік болып саналады. Осындай бауырлық сезімнің

арқасында соңғы екі ғасырда миллиондаған адамдар бірін-бірі өлтірудің

орнына осындай қиялдағы шектелген құбылыс жолында өз еріктерімен өлуге

барды», – дейді Б.Андерсон. Оның айтуынша, ұлттың қалыптасуына

Еуропадағы баспа ісінің дамуы тікелей әсер еткен.

Біздің пікірімізше, «этнос» және «нация» сөздері қандай да бір топтардың

қалауымен шатастырылып отырған жоқ. Мәселен, Қазақстандағы

сарапшылардың көпшілігі «нацияны» «этнонация» деп ұғынады. Яғни,

классикалық саясаттану саласында «саяси негізде бірігіп, өз егемендігін

таңдаған халық» деген ұғымға саятын бұл термин бізде ерекше этностық реңк

алған. Себебі, Қазақстанның көпшілік сарапшылары үшін нация – этностық

дамудың ең жоғарғы деңгейі болып саналады [31].

Page 20: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

19

Ресейдің де, Батыстың да сарапшылары бұл терминдердің ара-жігін ажырата

алмай келеді. Мәселен, Ресей социологы П.Сорокиннің пікірінше, бірде-бір

теория «национальность» сөзінің не екеніне қанағаттандырарлық жауап бере

алмайды. Ал Оксфорд қысқаша саяси сөздігі «этнос» сөзінің ең жалпылама

анықтамасы – «шығу тегі мен дәстүрі ортақ зердемен топтасқан халық» деген

тұжырым жасайды. Алайда, оған «тайпа» мен «нацияның» аралығындағы түрлі

анықтамалар беріліп жатады. «Этнос дегеніміз – белгілі бір этностық топқа

жататындығын сезіну десек, «этностық топтың» басқа топтардан қандай

айырмашылығы бар дегенге жауап табу оңай емес. Этностық топ дегеніміз

нәсіл емес, сондықтан этностың оған қарағанда нақтыланған анықтамасы болуы

керек. Сонымен бірге этностың «ұлт» (национальность) тәрізді белгілі бір

аймаққа қатысы болмайды. Алайда, «этностық конфликт» нациялар, нәсілдер

немесе діни топтар арасында тұтана беруі мүмкін. Мәселен, Солтүстік

Ирландиядағы (католиктер мен протестанттар арасында), Ливандағы (христиан

арабтар мен мұсылман арабтар арасында), Балқандағы (православ сербтер,

католик хорваттар және мұсылмандар арасындағы қақтығыс негізінен діни

себептермен тұтанды) барлығы этностық конфликт деп аталды. Баскілер,

уэльстіктер немесе айталық грузиндер үшін тіл мәселесі этностық ерекшелігін

дәлелдеудің нәсіл, ұлт (национальность) және діннен гөрі маңызды үлгісі

болып табылады» [32]. Этностық конфликтінің тұтануына жол беретін

этностық зерде сол этнос өкілінің әлгі зердені қалыптастырудағы мәнмәтінге

(контекст) тікелей байланысты болмақ. Бұл әсіресе, бір этностық топтың екінші

бір этностық топтың бар екенін түсінуіне қатысты. Мәселен, Англия мен АҚШ-

та «ақ түстілер» «еуропеоидтар» (Caucasian) немесе «англо-саксондық

протестанттар» этностық топқа жатқызылса, Австралияда «англо-кельттер»

(Британ аралдарынан көшіп келгендердің ұрпақтары) мен әлемнің басқа

бөліктерінен келгендердің ұрпақтары бір-бірін бөлек этностық топ санайды. Ал

Ұлыбританияның Белфаст немесе Глазго қалаларында «англосакстар» өздерін

«кельттерден» бөлек қарастырып, осы негізде этностық келіспеушіліктер

туындап жатады. Демек, «этнос - әлеуметтік құрылыстың ең бұлдыр әрі

жұмбақ, бірақ ең маңызды да негізгі тұстарының бірі болып қалып отыр» [32,

179 б.].

Гарвард университетінің ғалымдар тобы Америка Құрама Штаттарында өмір

сүріп жатқан этностық топтардың қай этносқа жататынын анықтауда олардың

мынадай ерекшеліктерін назарға алған:

1. Ортақ географиялық шығу тегі.

2. Мигранттық статусы.

3. Нәсілі.

4. Тілі немесе диалектісі.

5. Діни наным-сенімі.

Page 21: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

20

6. Туыстық, көршілік ұғымдарынан және қауымдастықтар арасындағы

жақындықтан да жоғары тұрған байланыстар.

7. Ортақ дәстүрлер, құндылықтар және символдар.

8. Әдебиет, фольклор және музыка.

9. Тағам ерекшеліктері.

10. Тұрмыс немесе жұмыс істеу ерекшеліктері.

11. Өз атажұрттарында немесе АҚШ-тағы саяси жағдайға қатысты ерекше

көзқарастары.

12. Белгілі бір топқа ғана қызмет ететін және оны қолдайтын мекемелер.

13. Өз ерекшеліктеріне топтардың өздері берген баға.

14. Топтардың ерекшеліктеріне сырт көздің берген бағасы [33].

Американ ғалымы Милтон Эсман этносты «ортақ мәдениет, ортақ наным-

сенім мен құлшылық ету әдістеріне және ортақ нәсілдік ерекшеліктерге

негізделген біртұтастық» деп атайды. Бұлардың барлығы атадан балаға беріліп

отырады, дегенмен нәсіл, дін, мәдениет категориялары оңай байқалатын

ерекшеліктер болғанымен, белгілі бір топтың қай категориямен дараланып

тұрғанын ажырату қиын. Мәселен, ғасырлар бойы түрлі империялардың

қоластында өмір сүріп келген Боснияның православ, католик (хорват) және

мұсылман тұрғындары ортақ тілде сөйлеп келді. Олардың арасында шекара да

болған жоқ. Сонда оларды этностық қауымға жатқызамыз ба, әлде бұл діни топ

па? Испан текті америкалықтар нәсілдік категория ма, әлде мәдени категория

ма? Малайзиядағы қытайларды нәсілдік, діни әлде этностық қауымдастықтың

қайсысына жатқызғанымыз дұрыс?

Бұл бірегейлену категорияларына ерекше тоқталып отыруымыздың себебі,

олардың ара-жігі толықтай ажыратылмаған жағдайда белгілі бір этностық

топтар арасындағы конфликтінің тұтану ықтималдығын болжауда елеулі

кедергілер туындайды. «Белгілі бір топтар арасындағы этникалық негіздегі

келіспеушілікке негіз болатын басты категория не?» деген сауалға дер кезінде

жауап берілсе, басталып келе жатқан кикілжіңнің алдын алуға болар еді.

Өз еркіңмен таңдай алатын «ұлт» (nationality) ұғымымен салыстырғанда,

«этнос» атадан жалғасып отыратын категория және ол бала кезден бастап

әлеуметтік ортада санаға сіңіріледі. Дегенмен, кей кездері белгілі бір топтың

қай этносқа жататынын басқалар анықтап, оларға күштеп таңуы мүмкін.

Айталық, патшалық Ресейдің қазақтарды «бұратана халықтар», «қырғыздар»

деп атағысы келгені, немесе нацистік Германияның көп жұртты өздігінен

еврейлердің қатарына қосуы сөзімізге мысал бола алады.

«Этностық конфликт» (ethnic conflict) тіркесі дербес ұғым ретінде

этнология, психология, саясаттану, әлеуметтану сияқты ғылым түрлерінің

сөздік қорында бұрыннан жүрсе де, оның тиянақталған, тұжырымдалған нақты

ғылыми анықтамасы әлі күнге жасалған жоқ. Мұның негізгі себебін АҚШ-тағы

Принстон университетінің профессоры Брюс Гилли былай деп түсіндіреді:

Page 22: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

21

«Ғылыми ұғымға басқа ұғымдардан ажырата алатындай, өлшей алатындай және

жоққа шығара алатындай негізде анықтама берілуі керек. Қазіргі уақытта

қолданылып жүрген «этностық конфликт» анықтамалары бұл талаптардың

ешқайсысына жауап бере алмайды. Оның анықтамасы «асыра сипаттаудан»

бастап ұрысушы тараптар түрлі мәдени символдарын паш ететін қанды

қақтығысқа дейінгі аралықты қамтиды» [34]. Шындығында, этностық

қақтығыстың кімдер арасында жүріп жатқаны айқын болғанымен, оған неліктен

«этностық» деген анықтаманың жапсырылатыны анықталмай отыр. Себебі,

этностар арасындағы жанжалдарға көбіне әлеуметтік жағдай немесе

материалдық мұқтаждық түрткі болып жатады. Сондықтан, этностық конфликт

теориясын зерттеушілер оның шығу себебін түрлі әлеуметтік-экономикалық

мәселелерден іздеп, бұл пәнге сол тұрғыдан анықтама беруге тырысады.

Әлеуметтік конфликтілердің қай түрі адамзат тарихындағы процестердің

қозғаушы күші болды деген сұраққа бір-біріне қарама-қайшы екі теория

тұрғысынан жауап беруге болады. Бірінші теория бойынша, түрлі соғыстар мен

келіспеушіліктердің, одаққа бірігу процестерінің артында таптық конфликт тұр,

ал конфликтілердің басқа түрлері осы таптық кикілжіңнің эпифеномені, яки

таптық конфликтінің салдары.

Маркстің ілімі бойынша «этностық конфликт» ойдан шығарылған жасанды

ұғым саналған. Этностық мүдделер арасында айырмашылыққа деген сенім

таптық мүдделерді бүркемелеу, сол арқылы жұмысшы табының өз мүдделерін

қорғауына мүмкіндік бермеу үшін ойлап табылған идеологияның бір бөлшегі

деп тұжырымдалған. «Мүлде кездеспейтін немесе түк қатер туғызбайтын

«жаулармен» болған этностық конфликтілерді сипаттау арқылы олар шынайы

мәселелерден, нағыз жаулардан, атап айтқанда, билеуші таптан назарды басқаға

аудартып отырған» [10, 106 б.].

Материалистік теорияда этностық жанжалдың тағы бір экономикалық

себепкері ретінде жұмысшы тап өкілдерінің арасындағы жұмыс күшінің

құнына қатысты текетірес аталады. Айталық, жұмыс берушілер нарыққа

жергілікті халықтан әлдеқайда аз жалақы алатын жұмысшыларды әкеле

бастайды. Көбірек жалақы алатын жергілікті халық не нарықтан ығыстырылып

қалады, не келімсектердің деңгейіндегі айлықты қанағат тұтады. Еңбек нарығы

этностық тұрғыдан бөлінген жағдайда таптық антагонизм этностық

антагонизмге айналады.

Ал екінші теория бойынша, адамзат тарихындағы ең шешуші құбылыс –

этностар арасындағы конфликтілер, бұл арқылы ұлттар бір-бірімен өзара

бәсекеге түсіп, әскери-саяси одақтар құрған, қорғаныс стратегиясын

қалыптастырып, мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтқан. Осы көзқарасты

қолдайтын ғалымдар этностың қоғамдық қатынастардағы рөліне өте жоғары

баға береді.

Page 23: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

22

Адамзат баласы пайда болғалы бері түрлі этностық топтар арасындағы жер,

материалдық және табиғи ресурстар үшін болған соғыстардың барлығы

этностық конфликтінің үлгілеріне жатады. Әлеуметтік, саяси, және басқа

конфликтілердің де астарына ұлттық даралықты сақтау, тіл мен мәдениетті

қорғау масқатындағы күрес жатыр. Сонымен қатар, этностық конфликтінің

таптық конфликтіден, атап айтсақ, әлеуметтік-саяси кикілжіңнен үлкен

айырмашылығы – этностық даралық аскриптивті болып келеді, яғни ол

адамның өз ерік-жігері мен қалауына байланысты таңдалмайды. Адам қоғамға

араласу барысында өзінің этносын бір-ақ мәрте бүкіл өмір бойына таңдайды.

Ал адамның әлеуметтік жағдайы, қоғамдық тапқа қатыстылығы өзгеріп отыруы

мүмкін. Сондықтан, этностық қарама-қайшылықтар күрмеуі қиын, эмоциялық

бояуы қою әрі принциптік болып келеді. Соңғы онжылдықтарда бұрынғы Кеңес

Одағы аумағында болған кикілжіңдердің барлығы дерлік этностық конфликтіге

жатқызылады.

Карл Кордел жер бетінде тек қана этносқа негізделген кикілжіңнің

кездеспейтінін айтады. «Этностық конфликт – негативті жағы басым және

адамды көп шатастыратын термин. Шатасудың басты себепкері – этнос,

өйткені этнос – қанды қақтығыстағы ең ақырғы және еңсерілмейтін себеп емес.

Керісінше, этнос ұжымдық әрекет жасауға негіз бола алады, ал күш тактикалық

құрал бола алады» [22, 4 б.]. Автор «этнос» терминінің өзі де тым даулы екенін

баса айтады.

Корделдің айтуынша, этностық конфликт дегеніміз іс жүзінде этностық

негіздегі кикілжің емес, себебі, онда соғысушы тараптардың ең болмағанда

біреуі өздерінің наразылығын «этностық» тұрғыдан түсіндіреді. Яғни,

«этностық» деген тек бүркеме болып шығады. «Конфликтіге араласушы

тараптардың кем дегенде біреуі өз мүдделерін жүзеге асыруда, құқықтарын

пайдалануда немесе қажеттіліктерін орындауда олардың этностық даралығы

кедергі жасады деп санайды» [22, 5 б.].

Этностық конфликтілерде қантөгіс, соғыс және босқындар бірден еске

түсетіндіктен, көпшілік ортада «конфликт» сөзінің өзі жағымсыз сипатқа ие

болған. Ал ғылыми түсінікте ол бірыңғай жағымды да, жағымсыз да емес,

бейтарап категория санатында. Бұл еңбегімізде қазақ тілінде жиі қолданылып

жүрген «қақтығыс», «кикілжің» сөздерін пайдаланбай отырғанымыздың басты

себебі де – осы. «Этностық конфликт – этностық плюрализмнің салдары. Екі не

одан да көп этностық қауымдастық бір саяси кеңістікте орын тепсе, ол елде

этностық плюрализм орнайды. Этностық қауымдастықтар өзара араласқан

кезде олардың арасындағы байланыс конфликтіге жағдай жасайды» [23, 3 б.].

Демек, этнос бар жерде конфликт бар, бірақ ол әрдайым қақтығысқа, араздыққа

алып келе бермейді. Мәселен, Канаданың француз тілділер (католиктер)

жайлаған Квебек провинциясы ағылшын тілділер басым елдің басқа

бөліктерімен конфликт жағдайында, бірақ олардың арасындағы диалог

Page 24: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

23

өркениетті сипатта, заңдық жолдармен өрбіп отырады. Американ ғалымы

М.Эсманның сараптауынша, 1945-1999 жылдар аралығындағы азаматтық

соғыстарды зерттей келе ғалымдар «этностық және діни тұрғыдан әркелкі елдің

үлкен ауқымдағы қантөгіске бейім тұруы міндетті емес» деген тұжырым

жасаған [23, 6 б.].

Ескі дәстүрлерден бас тартып, модернизацияға ұмтылған, әлеуметтік

жұмылу процестерін басынан өткізген халықтарда конфликт орын алады деген

Карл Дойчтің тұжырымын [35] қуаттаған Дональд Хоровиц осы тұрғыдан

қарағанда «этностық конфликт дегеніміз әлеуметтік жұмылу мен

ассимиляциялану көрсеткіштерінің арасындағы бәсеке болып шығады» [10, 100

б.] деген ой қорытады. Біздің пайымдауымызша, талқыланып отырған

әлеуметтік құбылыс отарланған елдерде жиі кездесетін жағдайды сипаттайды.

Бір сөзбен айтқанда, отарланған халықтың ең тұрақты деген бөлігі ескі салт-

дәстүрлерін жаңартып, өз заманының ағымына қарай бейімдей бастайды. Бұл

ең алдымен ақпарат құралдары мен әдебиеттен көрініс тауып, халықтың

тұрғылықты жерін ауыстырып (мәселен, ауылдық жерден қалаға көшуі), кәсібін

өзгертуінен (ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің өнеркәсіпке

ауысуы) анық байқалады. Бұл процестің соңы ассимиляцияға ұшырағандар мен

модернизациядан өткен топтар арасында қайшылықтарға алып келуі мүмкін.

Басқаша айтқанда, қалада тұратын, білімді элита модернизацияның игіліктеріне

қол жеткізу жарысында өз позицияларын нығайту үшін ұжымдасады.

Хоровиц бастаған Батыс зерттеушілерінің басты идеясы – этностық топтар

әркелкі экономикалық мақсатқа ұмтылған жағдайда этностық конфликт

тұтануы мүмкін. Осы тұрғыдан Эдни Боначихтің «Делдал азшылық теориясын»

(A theory of Middleman Minorities) атап өтуге болады. Оның айтуынша, кейбір

елдерде коммерциялық, қаржылық және еңбек нарығы салаларында делдал

қызметін атқаратын келімсек аз ұлт өкілдері бәсекелес компаниялар арасында

қақтығыс тудыруы ықтимал. Олар өздерінің несие құрылымдары, нарықтағы

бәсекені жаныштау техникалары арқылы немесе арзан жұмыс күшін әкелу

жолымен жергілікті этнос өкілеріне тиесілі бәсекелес мекеме басшыларын

ашуландырады.

Этностық конфликт табиғатын мәдени плюрализм тұрғысынан зерделеген

америкалық ғалым М.Смит этностық тұрғыдан әркелкі қоғамда әйтеуір бір

топтың үстемдікке ұмтылатынын айтады. «Иерархияға деген ұмтылыстың

теориялық негізі бар. Үстемдікке жол берген топтардың құндылықтары мен

институттары арасында сәйкессіздік пайда болады. Саяси жүйенің қандай

формада екендігіне қарамастан, плюралистік қоғамдағы әркелкі құндылықтар

тұрақсыздыққа себепкер болуы мүмкін» [10, 137 б.].

Ресейлік зерттеуші А. Ямсков «этностық конфликт» терминіне біраз нақты

анықтама береді: «Бәлкім, этностық конфликтінің ең жалпылама және ортақ

анықтамасы мынау болса керек: барлық осы тақылеттес жағдайларда қатысушы

Page 25: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

24

тараптар - этностық («ұлттық») қозғалыстар, саяси партиялар және жергілікті

немесе орталық (федералдық) мемлекеттік органдар қалыптасқан жағдайды

халықтар арасындағы немесе этностық (субэтностық, этноконфессионалдық,

этноаумақтық, этнотаптық, ж.т.б.) топтар арасындағы, не этностық азшылық

жағдайындағы халықтың (этностық топтың) этностық көпшілікке жататын,

үстем күшке ие топтың мәдени-тілдік, әлеуметтік-экономикалық немесе саяси

мүдделерін білдіретін мемлекеттік мекемелермен арадағы конфликтісі деп

тануы» [36]. Алайда Ямсков бұл анықтаманың тым жалпылама болғаны

сондай, ол операционалдық анықтама ретінде қолданыла алмайды деген

тұжырым жасайды.

«Жергілікті этностық топтардың бірінің (бірнешеуінің) елеулі бөлігінің

бұрынырақта қалыптасқан статус-квоны жақтырмауынан туындаған, жылдам

өзгеріп тұратын әлеуметтік-саяси жағдай» деген нақтырақ анықтамаға тоқтала

келе Ямсков бұл үшін бүлікші топтар төмендегі әрекеттердің кем дегенде

біреуіне баруы керек деген байлам жасайды:

Біріншіден, олар этностық ерекшелігіне байланысты аймақтан тысқары

жаққа жаппай көше бастайды ал қоғам оны «жаппай қоныс аудару» деп түсінуі

қажет. Бұдан елдің этнодемографиялық тепе-теңдігі бұзылып, басқа этностық

топтардың саны арта бастайды.

Екіншіден, белгілі бір этностық топтың мүдделерін қорғау үшін қалыптасқан

жағдайды өзгертуді көздейтін саяси ұйымдар («ұлттық» немесе «мәдени»

қозғалыстар, партиялар) құрылады. Бұл мемлекеттік билік органдарын қарсы

әрекеттерге баруға итермелеп, басқа жергілікті этностық топтарды саяси

тұрғыдан жұмылдырады.

Үшіншіден, басқа жергілікті этностар немесе мемлекеттік органдар

тарапынан қысым көрсетіліп жатыр дегенді сылтау етіп спонтанды түрде

(заңды әрекет ететін ұйымдардың ұйымдастыруынсыз) наразылық шараларына

шығады [36, 207 б.].

Сондай-ақ, этностық конфликт ұғымының аясына екі этностық топтың

арасындағы немесе этностық топ пен мемлекеттік орган арасындағы этностық

ерекшелікке негізделген кикілжіңді жатқызуға болады. Ең бастысы,

тараптардың бірі келіспеушіліктің этностық ерекшелікке байланысты екенін

жариялауы қажет. Мәселен, 1990-жылдардың басында абхаздар мен олардың

одақтастары «грузин мемлекетін» жау санаса, Әзірбайжан қоғамы

«армяндарды» өз қарсыластарының қатарына жатқызды.

Ресей ғалымдары этностық конфликтіні әлеуметтік конфликтінің бір түрі

ретінде қарастырады. «Ал әлеуметтік конфликт дегеніміз – қарсы жақтың жері

мен ресурстарын басып алуға ұмтылу, қарсы жақтағы жекелеген адамдар мен

топтардың өміріне, мүлкіне және мәдениетіне қауіп төндіру жолымен болатын

текетірес түрі. Бұл күрес шабуылдау және қорғану түрінде жүреді» [37].

Page 26: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

25

Қорыта келе «этностық конфликт» сөзі қоғамдық ортада жиі қолданылатын

әрі бір қарағанда оңай анықтама берілетін ұғым болғанымен, оның ғылыми

тұрғыдан сұрыптаудан өткен, бірыңғай сипаттамасы жоқ екенін мойындаймыз.

Мұның бірнеше себебі бар. Ең бірінші мәселе «этнос» терминінің төркініне

қатысты. «Этносты» сипаттаудың түрлі категориялары болуы өз алдына, әр

халықтың, әр адамның этносқа қатысты дүниетанымы әркелкі болып келеді

және ол – уақыттық, географиялық тұрғыдан алғанда өзгермелі категория. Бұл

тек этностық бірегейлікті мемлекеттің негізі етіп алуға ұмтылып жатқан,

айталық, Малайзия, Грузия сияқты елдерде ғана емес, азаматтық

национализмге иек артқан АҚШ, Канада сияқты елдерде көрініс тауып жатады.

Демек, «этнос» тек белгілі бір аймаққа, шежіре ақылы берілетін гендік

ерекшелікке, нәсілге, тілге, дінге, әдет-ғұрыпқа қатысты, шектеулі категория

емес. Ал «конфликт» сөзін біржақты негативті сипатта түсінуден мейлінше

аулақ болған жөн. Сонда «этностық конфликтінің» мәнін ашуға біртабан

жақындай түсетін боламыз. Біздіңше этностық конфликт дегеніміз – діни,

мәдени, тілдік, нәсілдік, тектік тұрғыдан әркелкі болып келетін топтар

арасындағы әлеуметтік, саяси, мәдени, рухани, экономикалық бәсекеден

туындайтын келіспеушілік. Ол мемлекет пен этностық топ арасында, немесе екі

не одан да көп этностық топтар арасында болады және ол діни, мәдени, тілдік,

нәсілдік, тектік тұрғыдан әралуан халық тұратын елдерде болып тұратын заңды

құбылыс.

Этностық конфликт этностық топтардың арасындағы (немесе мемлекетпен

арада) пікір қайшылығының көрінісі және ол әрдайым қақтығысқа ұласа

бермейді. Этностық конфликтіге араласқан топтардың кем дегенде біреуі

этникалық тұрғыдан талаптар қояды және өздерін толғандырып отырған негізгі

мәселенің туындау себебі – өздерінің этностық ерекшелігі деген уәж айтады.

1.2 Этносаралық конфликт түрлері және типологиясы

Саяси конфликт теориясында бұрыннан қалыптасқан жіктеу түрлері

құбылысты қантөгістің деңгейіне, қарудың қолданылуына, ұзақтығына, үшінші

жақтың қатысына, және т.с.с. себептерге қарай талдайды. Осы тарауда

этностық конфликтіні «Соғыс - әскери қақтығыс» деп жанжалдың шиеленісу

деңгейіне қарай қарапайым екі бөлікке бөлуден бастап күрделі кестелерге

дейінгі түрлі типология және классикафикация ұсыныстарын талдап, солардың

негізінде ұғымды жаңаша жіктеуге тырысамыз.

ТМД ғалымдары Батыс сарапшыларына қарағанда этностық конфликтіні

түрлеріне қарай жіктеп, жүйелеуге көп көңіл бөледі. 90-жылдардың басынан

бергі осы тақырыпқа қатысты жарық көрген еңбектерге ден қойсақ, Ресей

ғалымдарының көпшілігі этностық конфликтінің типологиясын жасауға

тырысқан. Э.Паин мен А.Поповтан бастап қазіргі замандағы зерттеушілер

А.Ямсков пен В.Тишковтың еңбектерінен осы заманғы ең күрделі саяси-

Page 27: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

26

әлеуметтік құбылыстардың бірі саналатын этностық конфликтіні жүйелеуге

деген ұмтылысты байқаймыз. Ал Батыс зерттеушілері мұндай ауқымды ғылыми

талдауға жүгінгеннен гөрі құбылысты белгілі бір қырынан, функционалдық

қызметі тұрғысынан жүйелеумен шектеледі. Біздіңше, мұның басты себебі -

«этностық конфликт» ұғымының эфемерлігінде. «Этностық конфликт»

теориясы қаншалық даулы да бұлыңғыр болса, оны жіктеу және түрлерге бөлу

де соншалық қиын. Нақты пәнге жатқызу қиын болғандықтан оның

классификациясы мен типологиясы да пәнаралық сипатта. Бұл мақсатты

орындаудағы және бір қиындық - этностық конфликтілер көбіне кешенді

себептердің жиынтығынан тұрады, яки оның астарында саяси, мәдени,

әлеуметтік, экономикалық, ж.т.б. себептер жатуы мүмкін. Сондықтан этностық

конфликтінің түрлерін жіктеп, талдағанда оны тек шартты түрде қабылдауымыз

керек. Батыс пен ТМД ғалымдарының арасындағы мұндай айырмашылықтың

және бір себебі этносаясат теориясына деген көзқараста жатыр. ТМД

ғалымдары көбіне этносты примордиалистік тұрғыдан қарастыратын болса,

Батыста этностың саясаттағы орнын конструктивистік немесе

инструменталистік тұрғыдан сипаттау басым.

Конфликтіні бейтарап ұғым, кез келген қоғамда міндетті түрде кездесетін

әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырар болсақ, американ ғалымы К.Зюрхердің

қарапайым тәсілі көңілге қонымды көрінеді. Кавказдағы алды алынған және

соғысқа ұласқан қақтығыстарды зерттеген ол этностық конфликтіні конфликт

және қиян-кескі конфликт (violent conflict) деп екіге бөледі. Оның айтуынша,

«конфликт дегеніміз – екі немесе одан да көп топтардың өзара сәйкес келмейтін

жеке мүдделерін қорғауға ұмтылу процесі, олардың әрқайсысы қарсы топтың

өз мақсатына жетудегі әлеуетін тікелей не жанама түрде әлсіретуге күш салады.

Демек, конфликт дегеніміз – институтталған шеңбер ішіндегі ресурстар мен

символдар үшін күрес» [38, 42 б.]. Ал қиян-кескі конфликтіде бір тарап өз

мақсатына жету жолында екінші тараптың мүлкін тартып алуға немесе

қиратуға, болмаса мақсатты түрде күш қолдана отырып екінші тарапты

жарақаттауға немесе жойып жіберуге күш салады. Біздіңше бұл классификация

– құбылысты шиеленісу деңгейіне және салдарына қарай сипаттаудың

қарапайым да әділ жолы.

М.Эсман осы екі типтің арасындағы үшінші аралық тип ретінде этностық

бүлік категориясын ұсынады. Оның айтуынша, «этностық бүлік көбіне шағын

аумақта, шұғыл болғанымен, талқандайтын күшке ие және көбіне тым зұлмат

болып келеді. Кейбір этностық бүліктер үкіметтің әділетсіз, пәрменді

дискриминациялық ұстанымына және немқұрайдылығына деген наразылықтың

жинақталған көрінісі болып шығады» [23, 71 б.]. Автор бейбіт этностық

конфликт ұғымының аясына үгіт-насихат, келіссөз, сайлау, сотқа беру, үкімет

өкілдерін және заң шығарушыларды өз пікіріне сендіру сияқты бейбіт күрес

әдістерін қолданатын этностық қарым-қатынасты жатқызады. Этностық реңкі

Page 28: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

27

бар қайшылықтарды талдағанда конструктивті конфликт ұғымын естен

шығармаған абзал, себебі этностық негіздегі конфликтілердің барлығы

бірыңғай қақтығысқа ұласа бермейтіні белгілі және кез келген этностық

топтардың арасында латентті жағдайда конфликтілер үнемі болып жататынын

ескерген жөн.

Э.Паин мен А.Попов этностық конфликтілерді стереотиптер конфликті,

идеялар конфликті және әрекеттер конфликті деп үш түрге бөледі.

Стереотиптер конфликті кезінде екі жақ өзара қарама-қайшылықтың себебін

толық түсіне қоймағанымен, бір-бірі туралы жағымсыз пікір қалыптастырады.

Идеялар конфликті тұсында екі жақ стереотиппен шектелмей, бір-біріне ашық

айып тағып, тарихи фактілерді алға тарып, қатаң саяси талап қояды. Ал

әрекеттер конфликті кезінде этноәлеуметтік негіздегі іс-шаралар –

митингілер, демонстрациялық, пикеттер өтеді, сондай-ақ институционалданған

шешімдер қабылданып, ашық қақтығыстар болуы мүмкін.

Классификацияның бұл түрі конфликтінің кезеңдерін сипаттауға көбірек

ұқсайды. Дегенмен, бұл құбылыстардың көбіне бір-бірімен қатарласа, аралас

жүретінін әрі алма-кезең қайталанып отыратынын да ескерген жөн. Айталық,

Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабаққа байланысты текетірес

қазір стереотиптер және идеялар конфликті түрінде жүріп жатыр, егер ол

шешілмеген жағдайда бұл қарулы қақтығысқа ұласып кетуі мүмкін деген

болжамдар бар [39].

Қазақстан мен Ресей ғалымдары саяси конфликтілерді қарулы конфликт,

әскери конфликт және соғыс [40] деп қарқынына қарай топтайды. Қарулы

конфликт ауқымы жағынан шағын, тіпті көшедегі қарулы төбелесті,

демонстранттар арасындағы қақтығысты осыған жатқыза аламыз. Ал әскери

конфликт оған қарағанда ауқымды, бірақ мақсаттары, пайдаланған құралдары

және көлемі жағынан шектеулі, әскери құрылымдар араласқан қақтығыс.

Мәселен, шекара әскерилері арасындағы кездейсоқ атысты осы қатарға

жатқызамыз. Ал соғыс кезінде бүтін бір мемлекет ауқымды әскери әрекеттерге

дайындалып, ел экономикасын соған бейімдейді, әскери күштерді

мобилизациялап, әскери ұрыстарға шынайы түрде дайындалады.

Зерттеушілер арасында этносқа негізделген конфликтілерді қоғамдық өмір

саласына қарай саяси, экономикалық және мәдени деп жіктеу қалыптасқан.

Алайда сарапшылар мұндай жіктеудің өзін шартты түрдегі нәрсе дейді де,

шынайы жағдайда этностық конфликтілер қоғам өмірінің барлық салаларын

қамтитытын ерекше атап өтеді. Тек мәдени немесе экономикалық, не саяси

этностық конфликтілер кездеспейді десе де болады, себебі этностық негіздегі

түсініспеушіліктің өзі қордаланған проблемалар жиынтығынан тұрады.

Дегенмен, ерекше мысалдар да жоқ емес. Мәселен, Косово кикілжіңінде

экономикалық компонент мүлде болған жоқ.

Page 29: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

28

М.Эсман Палестина мен Израиль арасындағы жерге иелік етуге қатысты

кикілжіңді саяси сипаттағы этностық конфликтінің айқын үлгісіне жатқызады.

Бірақ, мұнда арабтар мен еврейлер арасында бұрыннан қалыптасқан мәдени-

рухани, діни алшақтықтың, сыртқы әлеммен байланысы қиындап кеткен

Палестинаның экономикалық қауіпсіздігі мәселесінің қатысы жоқ деп айта

алмаймыз. Керісінше, этностық стереотиптерге негізделген тұрмыстық

алауыздық үлкен саяси дағдарысқа себепші болып отырғаны белгілі. М.Эсман

этностық азшылықтардың мемлекеттік саясаттан қысым көріп отырғанын

айтып, бүлік шығаруын саяси негіздегі этностық конфликтіге жатқызады.

Мәселен, Қытайдағы Тибеттің жайы, Канададағы Квебек мәселесі, т.с.с.

Мұндай даулы аймақтардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар екені, және

оларды тарихи, мәдени, тілдік, діни, экономикалық және басқа да контекстілер

тұрғысынан жеке-жеке талдау қажет. Сондықтан да болар кейбір ғалымдар

(А.Ямсков, Д.Кармент ж.т.б.) бұл типтегі конфликтілерді жеке бөліп

қарастырады.

Сарапшылардың бір тобы этностық конфликтілердің барлығы экономикалық

себептерден бастау алады, себебі кез келген кикілжіңнің артында

экономикалық ресурстарды бақылау, оларға қол жеткізу және оның игілігін

көру мақсаты жатыр деп есептейді. Саяси билікке иелік етіп отырған этностық

топ қарсы топты ығыстыру арқылы өзінің экономикалық әл-ауқатын

күшейтуге күш салады. Ал саяси ұран тастап, талап қоятындар ең алдымен

өздерінің экономикалық мүшкіл ахуалын алға тартады. Мұндай топтардың

экономикалық жағдайы жақсарған сайын олардың саяси талаптары да бәсеңдей

береді деп санайды М.Эсман. Газа секторы мен Батыс жағалаудағы

экономикалық жағдай жақсарып, ондағы кәсіпкерлерге көбірек мүмкіндіктер

жасалып, палестиндіктер жақсы жұмыстарға орналасса, олардың Израильге

деген өшпенділігі бәсеңдеп, бейбітшілік орнатуға мүмкіндік туар еді деген

пікірлер бар. Мұның барлығы «адам – экономикалық хайуан, ол ең алдымен

өзінің экономикалық қауіпсіздігі мен баюы үшін күреседі» деген әйгілі

қағидадан бастау алады.

Д.Хоровиц экономикалық этностық конфликтінің үш түрлі сипаттамасын

береді [10, 106 б.]. Біріншіден, материалистік идеологияда этностық конфликт

жұмысшы табын басты мақсаттарынан адастыру үшін әдейі ойлап табылған

жасанды құбылыс ретінде сипатталады. Ол мүлде жоқ немесе қаупі мардымсыз

«жауларды» нысана етіп алады да, нағыз жаулардан, шынайы мәселелерден,

айталық, билеуші таптан, назарды басқа жаққа аударады.

Материалистердің екінші теориясы бойынша, экономикалық этностық

конфликт жұмысшы табындағы рационалды бәсекенің нәтижесінде туындайды.

Жұмыс берушілер бір этностық топтың жұмыс күшін пайдалану арқылы екінші

топтың жалақысын азайтуды мақсат тұтады. Жоғары жалақы сұрайтын топтар

не нарықтан кетіп тынады не олар да аз ақша сұрауға мәжбүр болады. Бұл екі

Page 30: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

29

топ арасында алауыздық туындатады. Мұнда этнос экономикалық мүддеге

пайдаланылған жасанды нәрсе емес, сол мүдделердің шынайы өмірдегі көрінісі

болады.

Үшінші теория – Эдна Боначихтің «Делдал азшылық және қабылдаушы ел»

(middleman minorities and their host societies) теориясы. Белгілі бір қоғамның

экономикалық өміріне дендеп енген этностық азшылық өкілдері сол елдегі

тұтынушы мен өндірушінің, жұмыс беруші мен қызметкердің, қожайын мен

жалға алушының арасында делдал бола жүріп елдегі қалыптасқан бизнес

жүргізу дәстүріне өзгеріс енгізіп, түрлі этностық топтар арасында

түсініспеушіліктің туындауына себепкер болады. Д.Хоровицтің «дамыған топ

пен мешеу топ арасындағы қақтығыс» теориясы да осы экономикалық этностық

конфликті теориясының ең бір маңызды бөлігі.

Адамзат тарихында болған ұлтаралық қақтығыстардың арасында мәдени

этностық конфликт деп анықтама беруге тұрарлық оқиғалар жиі кездеседі.

Мәдени конфликт кезінде этностық топты дараландырып тұрған тілі, діні,

дәстүр-салты мен әдет-ғұрпы басты орынға шығады. Мәселен, Шри-Ланка мен

Суданда тілдің қолданыс аясы үшін болған дау-дамай кесірінен қарулы

қақтығыстар орын алды. Ал тілдік мәселені реттеудің жақсы үлгісі ретінде

Канада аталады.

А.Ямсковтың ойынша этностық конфликтілер әлеуметтік-экономикалық,

мәдени-тілдік, аумақтық-мәртебелік, сепаратистік-ирредентистік болып

бөлінуі керек. Алғашқы екеуінің мағынасы түсінікті. Ал «аумақтық-мәртебелік

конфликт этноаумақтық автономияның шекарасын, заңдық мәртебесін және

шынайы билік өкілетін кеңейту жөнінде талаптар қоюға негізделген» болса,

«сепаратистік-ирредентистік конфликілер этникалық азшылықтың өз дербес

мемлекетін құру немесе көрші жатқан «негізгі отанымен» не мәдени-тарихи

тұрғыдан бауырлас мемлекетпен бірігу туралы талабының негізінде

қалыптасады» [36, 209 б.]. Ресей ғалымы этностық конфликтінің бұл түрін ең

қауіпті әрі шешуі қиын шиеленіс түріне жатқызады әрі оны шешудің екі ғана

жолын көрсетеді: не оны күшпен басу керек немесе ол екі бөлек қоғамға

бөлінуге мәжбүр болады немесе конфликт шығарушы топтың эмиграциясынан

(депортациялануынан) кейін полиэтникалық қоғамның құрамы біржола

өзгереді.

Америкалық зерттеуші Дэвид Кармент халықаралық ауқымдағы этностық

конфликтінің үш түрін атап көрсетеді. «Олардың ішінде ең жиі кездесетін түрі

– ирредентистік конфликт. Бұған алты соғысты бастан кешірген Араб-Израиль

жанжалын, Кипрға қатысты конфликтіні және Үндістан мен Пәкістанның

Кашмир үшін таласын жатқызуға болады. Ирредентистік конфликтідегі басты

ойыншылар – мемлекеттер. Конфликтіден тыс жатқан мемлекеттердің оған

араласуын инструменталистік тұрғыдан түсіндіруге болады, ал егер

ирредентистік конфликт кезінде этнос факторы маңызды рөл ойнайтын болса

Page 31: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

30

(мәселен Түркия мен Грекияның Кипр ісіне араласуы) онда мұны

эмоционалдық және инструменталды тұрғыдан түсіндіреміз» [41]41.

Сепаратизмнің екі негізгі формасы бар: ирредентизм – мемлекеттің бір

бөлігінің екінші бір мемлекетке қосылу мақсатында бөлініп шығуға ұмтылуы.

Ал сецессия – тәуелсіз мемлекет құру мақсатында мемлекет құрамынан бөлініп

шығуға ұмтылу. Мемлекеттердің шекаралары этностардың шекараларымен

сәйкес келе бермейтіндіктен, ирредентизмнің әлеуеті өте зор. Дегенмен, олар

мемлекетаралық қарым-қатынасты ушықтырмау үшін сецессиялық ұстаныммен

әрекет еткенді жөн көреді. Халықаралық құқық нормалары қалыптасып,

Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылғалы бері көрші мемлекеттердің жерін күшпен

қосып алу әрекеттерінің ешқайсысы халықаралық қауымдастықтың қолдауына

ие болған жоқ. Себебі, қандай себептермен болса да бір мемлекеттің екінші

елдің аумағын өзіне қосып алуы аннексия болып саналады, ал халықаралық

құқық нормалары бойынша аннексияға тыйым салынған. Д.Хоровицтің

айтуынша, сепаратистік қозғалыстар ықпалды күшке айналу үшін алдымен

халықаралық қолдауға иек артады. Ел ішінде сепаратистік қозғалыстардың

пайда болуына мемлекеттің ішкі саясаты, аймақтар мен этностық топтардың

орталық мемлекетпен қарым-қатынасы әсер етеді. Сепаратистік пиғылдағы

топтар өз мақсатына жету үшін халықаралық саяси қолдауға ие болуы керек

және бұл әлемдегі күштер мен мүдделер тепе-теңдігіне тікелей байланысты

болмақ.

Сецессияға ұмтыла отырып, сепаратитсік этностық топтар Біріккен Ұлттар

Ұйымының Жарғысында жазылған ұлттың өз мәртебесін өзі айқындау

принципіне сүйенеді. Дегенмен, олар сонда да үлкен қолдауға ие болмайды,

себебі мемлекеттер басқа жердегі сепаратизмді қолдау арқылы өз ішіндегі

жағдайды ушықтырып алудан, прецедент қалыптастырудан, сөйтіп өзінің де

аумақтық тұтастығына қауіп төндіруден сескенеді. Қазіргі таңда әлемдегі

мемлекеттердің басым көпшілігі ашық және жасырын сепаратизмді бастан

кешіріп отыр.

Сепаратистік қозғалыстарды үміттендіретін бір факт – қазіргі тәуелсіз

мемлекеттердің де көпшілігі сецессия жолымен құрылған. Екінші дүниежүзілік

соғыстан кейін басқа мемлекеттің құрамынан бөлініп шыққан елдердің

тәуелсіздігін халықаралық деңгейде мойындау фактісі бірнеше рет қана болды.

Олардың бірі – 1962 жылы Эвиан шартына қол қойылғаннан соң Алжирдің

Франциядан тәуелсіздік алуы, 1971 жылғы Бангладештің Пәкістаннан бөлініп

шығуы, 1992 жылы Эфиопияның келісімінен Эритреяның жеке мемлекет болып

бөлінуі. Ал ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған соғыстан соң Косовоның

Сербиядан бөлініп шығуы және оның тәуелсіздігін мойындауға қатысты

пікірталас халықаралық құқық нормаларының бүгінгі күн талаптарына жауап

бере алмайтынынан хабар берді.

Page 32: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

31

КСРО мен Югославия одақтары тарағанда ұлттың өз мәртебесін өзі анықтау

құқығы тек одақтық республикаларға қатысты қолданылды. Ал автономиялық

құрылымдар, белгілі бір аумақта тығыз тұрып жатқан этностық топтар жалпыға

бірдей болып саналатын бұл құқықтық норманың аясында саяси тәуелсіздікке

қол жеткізе алмады. Сондықтан да сарапшылар қазіргі этностық

конфликтілердің бейбіт жолмен реттелмеуіне халықаралық құқықтағы ұлттың

өз мәртебесін өзі анықтау механизмдерін қалыптастырмайынша, мұндай

кикілжіңдер саны арта береді деген болжам жасап отыр.

Карменттің пайымдауынша, сепаратистік конфликтілердің көпшілігі

үшінші мемлекеттердің араласуымен, «өз бетімен тағайындалған» бітімгерлік

күштердің жіберілуімен немесе ірі державалардың килігуімен мемлекетаралық

конфликтіге ұласады. Жанжалдың үшінші түрі – отаршылдыққа қарсы

этностық конфликт. Мұның ирредентистік және сепаратистік

конфликтілерден айырмашылығы – ол еркіндікке аса ынталы этностық топ пен

отарлаушы держава арасында өрбиді. Дегенмен, мұнда да біз бұл теорияны

біздің заманымызда болған конфликтілерге қатысты пайдалануда кедергілерге

тап боламыз. Айталық, Чешенстандағы қарулы жасақтар чешен ұлтын Ресей

Федерациясынан тәуелсіз ету жолында күрестік десе, ал ресми тұрғыдан бұл

соғыс сепаратистік сипаттағы қақтығыс деп танылады. Арменияның ресми

өкіметі Таулы Қарабақ жанжалына қатысы бар екенін жоққа шығарса,

Әзірбайжан Арменияның билік органдарын елдің ішкі ісіне заңсыз араласты

деп айыптайды. Бұл жағдайда халықаралық құқықтың екі бірдей негізгі

принципі – ұлттың өз мәртебесін өзі анықтау құқығы және мемлекеттің

аумақтық тұтастығы құқығы бір-бірімен итжығыс келіп отыр. Мұндай

идеологиялық тұрғыдан тым шиеленіскен мемлекетаралық конфликтілерді

кикілжіңнің қандай да бір түріне жатқызу екі тараптың бірінің ұстанымын

қолдау сияқты болып көрінуі мүмкін.

Ал аумақтық сипаты жоқ этностық конфликтілердің астарында көбіне саяси

және экономикалық келіспеушіліктер, немесе түрлі стереотиптерге негізделген

иррационалдық себептер, айталық, басқа ұлттарды жеккөрушілік пиғылдары

жатады. Мұндай конфликтілер кезінде тараптардың бір-біріне қоятын нақты

талабы болмайды, тек бір-біріне мүмкіндігінше көп зиян шектіріп қалуға

тырысады. Конфликтінің мұндай түрі әртүрлі кезеңдерде түрлі

қауымдастықтарда болып жатады. Бірақ қазіргі жаһандану және жаппай

миграция кезеңінде мұндай кикілжіңдер саны артып кетті. Заңды және заңсыз

миграцияның әсерінен белгілі бір аймақтарда өзіндік талап-тілектері бар

этностық топтар тығыз қоныстана бастады, олар өз мүдделерін ашық қорғап,

түрлі экономикалық, әлеуметтік талаптар қоя бастады. Жергілікті ұлт

өкілдерімен арадағы келіспеушіліктер тұрмыстық деңгейде басталып, саяси

деңгейге дейін жетіп жатыр. Мұндай конфликтілерде экономикалық себеп жеке

рөл ойнамауы мүмкін, бірақ кейбір жағдайларда ол этностық топты

Page 33: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

32

жұмылдыратын күшке ие. Бұл жағдайда экономикалық тұрғыдан қысым

көрмеген топтар да этностың намысын қорғау мақсатында кикілжіңге араласып

кетеді. Миграциялық процестер дұрыс шешімін таппаса, жер шарының түкпір-

түкпірінде болып жатқан мұндай этностық конфликтілердің ауқымы ұлғая

түсетіні анық.

Солтүстік Америка мен Австралия құрлықтарында үлкен көлемдегі этностық

конфликтілердің аз болатындығы түсінікті. Мәселен, Австралияда халықтың

басым көпшілігін Еуропадан шыққан халықтардың ұрпақтары құрайтындықтан,

сепаратистік не ирредентистік конфликтіге негіз болатын алғышарт жоқ.

Территориялық емес конфликтілердің болмау себебі елдегі саяси жүйенің

ерекшелігіне байланысты. Үкімет «мәдениеттердің алуандығы» саясатын

жүргізу арқылы барлық халықтарды нәсіліне, тіліне, дініне қарамастан,

Австралия мемлекетінің қамқорлығына алды. Этносаралық бейбітшілікті

нығайту, отаршылдық заманның салдарын азайту саясаты, сондай-ақ, осы

өңірдің байырғы тұрғындары – аборигендердің құқықтарын қалпына келтіру

бағдарламасын әзірлеуге ықпал етті. Осы шаралар мен Азия елдерінен келген

иммигранттар санының артуы ақ нәсілді халықтардың наразылығын туғызды.

Соның салдарынан «Бір ұлт» деп аталатын оңшыл партия сайлауларда едәуір

жеңіске жетті. Бұл партия аборигендердің бұрын өздеріне тиесілі болған

жерлерін қайтарып алуына мүмкіндік беретін заңның күшін жою, Азия

елдерінен шыққандардың Австралияға көшіп келуіне тыйым салу сияқты

талаптар қойды. 1998 жылы жергілікті билік органдарына сайлау кезінде «Бір

ұлт» партиясы жалпы ел бойынша 14, ал Квисленд аймағында 23 пайыз

халықтың қолдауына ие болды.

Америкалықтар болса, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған, түрлі нәсіл

өкілдерін «Америка ұлтының» аясында топтаса алғандарын мақтан тұтады.

«Америка ұлты» этностық ерекшеліктердің орнына еркіндік, теңдік,

демократия тәрізді құндылықтарға сүйенеді. Дегенмен XVII-XIX ғасырларда

адамзат тарихындағы ең ірі этностық қақтығыстардың Америка құрлығында

орын алғанын ескеруіміз керек. Сол кезеңдерде Американың жергілікті халқы

үндістер қырып-жойылып, қалғандары резервацияларға көшірілді. Ал ХІХ

ғасырдан бастап мұнда ақ нәсілді көпшілік пен қара жұмыстарға, құлдыққа

жегілген қара нәсілділер арасында аса шиеленісті кикілжің бұрқ етті. Содан

бері АҚШ үкіметі кемсітушілікке қарсы түрлі шараларды қолданып келе

жатқанымен, қоғамдық деңгейде нәсілдік жаушылдық әлі де сақталып отыр.

Қара нәсілділерді қолдауға бағытталған үкіметтік бағдарламалар керісінше ақ

нәсілділерді кемсітетін деңгейге жетті, сондықтан, нәсілдер арасындағы

кикілжің әлі де ушығып тұр. Канададағы французтілділер тығыз қоныстанған

Квебек аймағының сепаратистік мақсаттағы әрекеттері жанжалды өркениетті

және бейбіт жолмен реттеудің ерекше үлгісіне жатады.

Page 34: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

33

Ірі көлемдегі, ұзаққа созылған әрі қанды конфликтілердің басты ошағы Азия

және Африка құрлықтары болып отыр. Азияда территориялық конфликтілер де,

жай конфликтілер де көп ұшырасады. Жер үшін болып жатқан сепаратистік

конфликтілердің көпшілігі отарлық заманның салдары, яғни отарсыздану

процесінің әлі жүріп жатқанының дәлелі. Бұл жерлерді жаулап алып, өзара

бөліске салған Батыс державалары жергілікті ұлттардың мүдделерімен

санаспаған. Отар елдердің шекаралары ұлттардың қоныстану ретіне қарай емес,

билік ету ыңғайлы болатындай етіп немесе басқа державалармен уағдаласу

арқылы сызылды. ХХ ғасырда басталған отарсыздану процесі отаршылар

сызып берген шекара аумағындағы колониялардың тәуелсіздігін жариялауымен

және оларды халықаралық қауымдастықтың мойындауымен аяқталып жатты.

Соның кесірінен көп халықтар шынайы тәуелсіздік ала алмай қалса, енді

біреулері бірнеше мемлекеттің аумағына бөлініп кетті. Соның кесірінен

ирредентистік, сецессиялық конфликтілер көбейді. Кейбір ұлттар тіпті бірнеше

мемлекеттің аумағындағы жерлерін бөліп алып, біртұтас мемлекет құруға

мүдделі. Халық тұрмысының кедейлігі, сауатсыздық, авторитарлық басқару

саясаты кикілжің аймақтарындағы жағдайды одан сайын ушықтырып, мақсатқа

жету жолындағы күрес әдістерінің арасынан күш қолдану әдісін таңдауға

мәжбүр етуде.

Территориялық емес конфликтілердің көпшілігі Оңтүстік-Шығыс Азия

аймағында, бизнес саласында қытай ұлты өкілдерінің басым болуынан туындап

жатыр. Индонезия мен Филиппинде халықтың аз ғана бөлігін құрағанына

қарамастан, қытайлар 73 және 50 пайызын бақылауда ұстап отыр. Ал

Малайзияда қытай ұлтының өкілдері жеке капиталдың 61 пайызына иелік етеді.

Соның кесірінен жергілікті халық пен қытайлар арасында келіспеушіліктер көп

туындайды. Саяси дағдарыс кездерінде мұндай латенттік конфликтілер жаппай

тәртіпсіздікке әкеліп жатады. 60-жылдардың ортасында Малайзиядағы осындай

кикілжіңдер кесірінен көбіне қытайлар қоныстанған Сингапур жеке мемлекет

болып бөлініп кетті. Бұл елдердің өкіметтері қытайлардың іскерлік

белсенділігін бәсеңдетуге қанша тырысқанымен, ұлтаралық дүрдараздықты

азайта алмай отыр.

Ал Африкадағы этностық конфликтілер саяси ұжымдасудың алғашқы

формасы саналатын тайпалар деңгейінде жүріп жатыр. Африка мемлекеттерінің

біразында қоғамда тайпалық жүйе мен тайпалық құрылым қалыптасқан.

Тайпалардың ұлт болып қалыптасып, мемлекеттік жүйесін қалыптастыру

процесі ХІХ ғасырда еуропалықтардың шабуылынан соң тоқтап қалған.

Отарлаушылар трайбализмді жоюға күш салған жоқ, себебі оның сақталып

қалуы отаршыларға әлдеқайда тиімді болды. Олар тайпа көсемдері арқылы

оларды бақылауға алып, солардың көмегімен ұлт-азаттық қозғалыстарды басып

тастап отырды. Азия құрлығындағыдай мұнда да отарсыздандыру процесі

Еуропалық басқыншылар сызып берген шекаралар негізінде, ұлттық

Page 35: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

34

ерекшеліктерді ескерместен жүргізілді, ал халықаралық қауымдастық оларды

сол қалпында мойындады. Сөйтіп, этносты қалыптастыру процесі табиғи

соқпағынан шығып кетті. Африка құрлығының саяси картасында тік сызықты

шекаралардың көп болатыны да содан. Ұлттық бірлік пен сана-сезімнің

қалыптасуы тайпалық сана мен тайпалық құрылымдармен қақтығысқа

ұшырады, тайпалар мемлекеттік құрылымдарды мойындамай, өздерінің

тайпалық бірліктеріне басымдылық берді. Соның кесірінен жер-жерде

сецессиялық-ирредентистік кикілжіңдер мен билік құрылымдарына бақылау

орнату үшін тайпалар арасындағы талас қатар жүріп жатыр. Кейбір өкіметтер

өз елінің біраз аумағына бақылау орната алмай қалса, енді бір елдерде орталық

мемлекеттік билік мүлде жұмысын тоқтатып, оның аумағы тайпалар

арасындағы толассыз ұрыстар майданына айналып кетті. Сомалидегі жағдай

көрсеткеніндей, олардың кейбірін тыныштандыруға, тіпті халықаралық

қауымдастықтың да мүмкіндігі келмей жатыр.

Африкадағы этностық кикілжіңнің және бір түрі сепаратизмге қатысы жоқ

нәсілдік конфликтілер. Мәселен, Ливияда жергілікті арабтар мен жұмыс іздеп

құрлықтың орталық бөлігінен келгендер арасында қайшылықтар бар.

Африканың оңтүстігіндегі кейбір елдерде жергілікті халық пен жер телімдері

мен қазба байлықтарын, өндіріс орындарын қолдарында сақтап қалған ақ

нәсілділер арасында келіспеушілік көп. Жақында Таяу Шығыс пен Солтүстік

Африка аймағын шарпыған тұрақсыздық пен төңкерістер кезінде этносаралық

келіспеушіліктердің қаншалық күрделі болып тұрғаны айқын аңғарылды.

Еуропада Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ ұлттық мемлекеттер

құрылды және олардың шекаралары этностардың шекараларымен көбіне сәйкес

келді. Сондықтан, Батыс Еуропада тұрақсыздыққа себепкер болып отырған екі

ғана аймақ бар, олар – Солтүстік Ирландиядағы Ольстер аймағы мен

Испанияның солтүстігіндегі баскілер мекені. Солтүстік Ирландиядағы

конфликт ирредентистік сепаратизмнің жарқын мысалы бола алады, себебі

Ұлыбритания корольдігінің қоластына өткен Ольстер халқының бір тобы

көршілес жатқан Ирландияға қосылып, тарихи әділдікті қалпына келтіру керек

деп санайды. Ал Испания мен Франция аймағын жайлаған баскілер осы екі

елдің қоласында қалған жерлерін біріктіріп, тәуелсіз мемлекет құруды көксейді.

Бұл аймақтардағы халық тұрмысының жоғарылығынан сепаратистік ұлтшыл

топтар халық арасынан қолдау таба алмады. Сондықтан олар террор әдісін

қолдануды ұйғарды. Солтүстік Ирландиядағы конфликт бейбіт жолмен реттелді

ал баскілердің сепаратизмі мәселесі әлі де шешілмеген күйінде қалып отыр.

Батыс Еуропада территориялық емес этностық, нәсілдік қақтығыстар өзекті

болып келеді. Мұнда жергілікті халықтар мен бір кездері арзан жұмыс күші

ретінде Азия және Африка құрлықтарынан келген келімсектер арасында

дүрдараздық күшейіп келеді. Иммигранттар санының артуы әлеуметтік

теңсіздікті үстемелеп, қылмыстық ахуалды күрделілендірді. Бұл жергілікті

Page 36: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

35

халықтың иммиграцияға шектеу қою, оларды депортациялау туралы талап

қоюына алып келді. Бұған кедей елдерден заңсыз иммигранттардың ағылып

келу проблемасы қосылды.

Еуропаның жаңа тарихындағы ең қанды конфликтілер бұрынғы Югославия

аумағында болды. И.Броз Тито басқарған кездегі әкімшілік реформалардың

кесірінен сербтер мекендейтін аймақтардың бір бөлігі Хорватия мен Боснияның

құрамына кіргізілді, ал Македонияның сербтер мекендеген бөлігі жеке

республикаға айналды. Албандардың бір бөлігі Македония мен Сербия жерінде

қалып қойды. Косоводағы демографиялық жағдай күрт өзгеріп, албандардың

саны артты. Социалистік жүйе құлаған соң мемлекеттердің басына

авторитарлық ұлтшыл күштер келді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың

нашарлауы, орталық биліктердің әлсіздігі салдарынан жағдай ушығып, соғыс

өрті тұтанды.

Жоғарыдағы материалды әзірлеу барысында оқылған әдебиеттерді жинақтай

келе этностық конфликтіні жіктеудің мынадай үлгісін ұсынамыз.

1. Қатысушы тараптардың ерекшеліктеріне және этностық конфликтінің

құрылымына байланысты:

А) Этностық топ пен мемлекет арасындағы конфликт

Ә) Этностық топ пен этностық топ арасындағы конфликт

Б) Мемлекет пен мемлекет арасындағы конфликт

В) Үшінші жақтың араласуынан туындаған конфликт.

Бұлай жіктеу бізге ең алдымен конфликтіге қатысы бар тараптарды анықтап,

олардың конфликтіге араласу деңгейін бағамдап, конфликтінің табиғатын

түсініп, тараптардың бір-біріне қояр кінәсін талдап, шиеленісті шешу

тактикасын дұрыс айқындауға жәрдемдеседі.

2. Конфликтінің тарихи бастауларына қарай:

А) Отар ел мен отарлаушы ел арасындағы конфликт

Ә) Бір мемлекет ішіндегі отаршылдықта болмаған ұлттардың немесе көрші

мемлекеттердің арасындағы конфликт.

Бұл екі категориядағы конфликтілер бір-біріне мүлде ұқсамайтын қоғамдық-

саяси жағдай аясында өрбитіндіктен, екеуінің арасын ажыратып алу өте

маңызды. Себебі, отар ел мен отарлаушы ел арасындағы бір-біріне қатысты

стереорипке негізделген тарихи сана ғасырлар өтсе де ұлттың жадында қалып

қояды және ол этностық конфликтінің жүру барысына тікелей әсер етеді.

3. Этностық конфликтілердің нәтижесіне байланысты:

А) Бейбіт реттеліп, шешілген конфликт

Ә) Күш қолдану әдісімен шешілген конфликт

Ә) Тығырыққа тірелген жағдайда қалған конфликт

Б) Қиян-кескі түрден конструктивті түрге ауысып, әрі қарай жалғасқан

конфликт.

Page 37: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

36

Кикілжіңнің нәтижесіне қол жеткізу әдістері де сан алуан болуы мүмкін.

Мәселен, кей жағдайларда кикілжіңді шешудің бір жолы – бір ұлттың өкілдерін

елден депортациялауға тура келеді, ал бұл күш қолдануғана жатады, егер ол ұлт

өкілдері өз еріктерімен эмиграцияға кетсе, онда бұл бейбіт реттеген кикілжіңге

жатқызылады.

4. Қоғамдық өмірдің саласына қатысты:

А) Мәдени-тілдік конфликт

Ә) Саяси конфликт

Б) Әлеуметтік-экономикалық конфликт.

Бұл құбылысты жүйелеп, реттеуде басқа да зерттеуші ғалымдардың

теорияларын қатыстыра отырып, классификациялауды әрі қарай жалғастыра

беруге болады. Әсіресе, Д.Хоровицтің еңбектерінде құбылысты талдауға

қатысты концептуалды ұсыныстарды негізге алып, классификация ауқымын

кеңейтсек, адамзат қоғамында жиі кездесетін мұндай құбылыстардың алдын

алу және реттеу механизмдерін одан сайын жетілдіре түсуге болады.

Қорыта келе айтатынымыз, этностық конфликтілерді классификациялау

және типтеу – үнемі жетіліп, түрлі зерттеушілердің ұсыныс-пікірлері

нәтижесінде байып отыратын ұзақ процесс. Этностық конфликтілерді жіктеу

процестің табиғатын түсініп, оған тиісті механизмдерді қолдана отырып әсер

етуге мүмкіндік береді. Дегенмен, басқа әлеуметтік конфликтілермен ұқсас

болғандықтан, этностық конфликтіні жіктеудің кез келген түрі шартты болып

келеді.

Page 38: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

2 ЭТНОСАРАЛЫҚ КОНФЛИКТІЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ МЕН

РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Этносаралық конфликтілердің алдын алу және реттеу: түсініктері,

әдістері, тәсілдемелері

«Конфликт, оның ішінде этностық конфликт – қашып құтыла алмайтын

құбылыс емес, демек оның алдын алуға болады. Алайда, бұл тиісті шаралардың

орындалуын қажет етеді. Мәселені ертерек шешу мақсатында конфликтінің

ықтимал себептері анықталып, сарапталуы керек, оның үстіне қарулы

қақтығысты болдырмау үшін нақты қадамдар жасалуы қажет. Ал егер алдын

алу шараларына шиеленіскен конфликт кедергі келтірсе, онда кикілжіңді

бәсеңдету үшін ерте дабыл қағу жүйесі уақытында жүзеге асуы керек», – деген

еді ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар жөніндегі жоғары комиссары Макс ван дер

Стул 1994 жылы.

Конфликтінің алдын алу теориясын ұсынушылар мұндай саяси

жанжалдарды кәдімгі жол апатымен не ғимараттағы өртпен салыстырады. Жол

апатына әкеліп соқтыратын факторлар белгілі, айталық, көліктің техникалық

ақауы жоқ болса, жүргізуші ережені бұзбаса және жолдың сапасы жақсы болса,

апаттың ықтималдығы азаяды. Сол сияқты ғимараттарда өрт сөндіру ережелері

дұрыс сақталса, дабыл қағу, өртті өшіру құралдары жақсы жұмыс істеп тұрса,

адамдар өз міндеттерін білсе, онда тұтанған жалынның алдын алуға болады.

Этностық конфликтіде де жағдай осыған ұқсас. Сондықтан Еуропаның тарихын

зерттеуші Норман Дейвис: «Тарихтағы қасіретті оқиғалардың барлығы жалпыға

ортақ факторлар мен ерекше факторлардың тоғысуынан болған», – деген пікір

айтқан [42].

1950-жылдардың аяғынан бастап Батыс ғалымдары саяси-әлеуметтік

конфликтіні шешудің басты бөлігі ретінде оның алдын алу механизмдерін

түпкілікті зерттей бастады. Ағылшын ғалымы Кеннет Боулдинг алғаш рет ауа

райын болжап отыратын метеостансалар сияқты конфликтілердің

ықтималдығын болжайтын «мәлімет стансаларын» құру туралы бастама

көтерді. 1974 жылы Синтия Керман «әлеуметтің температурасы мен қысымын,

«жылы және суық ағыстардың» бағытын айқындап отыратын механизмдерді

қалыптастыру жөнінде айтты.

Конфликтіні бейбіт жолмен шешу теориясының бастауында М.Гандидің

«сатъяграха» (зомбылықсыз қарсылық, пассивті қарсылық) принципі жатыр

[43]. Ганди үшін бұл тек конфликт шешудің әдісі емес, жалпы өмір пәлсапасы

болған. Галтунгтің айтуынша, М.Гандидің принциптері әлде конфликт шешу

теориясына негіз болған, әлде керісінше сол идеялардан бастау алған. Бірінші

норма – конфликтінің мақсаты мен тараптардың оған қатысты ұстанымы. Яғни,

өз мақсатыңды ашық түсіндіру, қарсыласыңның көзқарасын айқын ұғыну,

ортақ мақсаттарды табу, фактілерді объективті қарастыру, сондай-ақ

конфликтіге позитивті тұрғыдан қарау, оны қарсыласыңмен кездесу, қоғамды,

өзіңді өзгерту мүмкіндігі деп қабылдау. Екінші норма конфликт кезіндегі мінез-

Page 39: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

38

құлыққа қатысты: қарсыласыңды сөзбен, жағымсыз іс-әрекетпен тұқыртпау,

мүлікке нұқсан келтірмеу, зомбылықтың орнына жағымды ишара жасау;

мақсатқа жетуде дәйектілікпен әрекет ету: конструктивті болу, ашық әрекет

ету; зұлымдықты қолдамау, зұлым күштермен достаспау; жауапкершілікті

мойынға алуға дайын болу; жағдайды тым әсірелендірмеу: қарсыласыңның

пікірі мен ұстанымына құрметпен және жанашырлықпен қарау; ушықтырмау:

сабыр сақтау, қарсыласыңды ашуландыратындай әрекеттерге бармау,

кемсітпеу. Ал үшінші норма конфликтіні шешумен байланысты: конфликт

шешілуі керек, яғни ұзақ уақыт тәжікелесіп жүруге болмайды; оны

трансформациялаудың амалдарын қарастырып, өзіңді және қарсыласыңды

жақсы жаққа қарай өзгертуге талпыну керек; әркім қателесуі мүмкін екенін

түсініп, қателескен жағдайда кешірім сұрауы және ойы орнықты болуы қажет;

қарсыласыңа мәрт болу, яғни оның осал тұстарын бетіне баспау, тым қатаң

сынамау және оған сенім білдіру керек; күштеудің орнына қайта түлеуге

ұмтылып, екі жаққа да ұнайтын шешімді табу жолдарын іздеу керек. Ганди

философиясы бойынша, ойың, әрекетің, сөзің зомбылықтан ада болуы тиіс

және тек бейбітшіліктен, ақиқатқа жетуден басқа ешқандай жоспар болмауы

қажет [44].

Ғалымдар тобы конфликтіні кез келген қоғам өмірінде қайталанып

отыратын циклді жағдай ретінде бейнелейді (1.1 сурет). Түрлі қауымдардың,

мемлекеттердің және этностық топтардың арасындағы жағдай әртүрлі

факторлардың қатысына қарай құбылып тұрады. Ең бейбіт кезең «ұзақмерзімді

бейбітшілік» (мәселен, АҚШ пен Ұлыбританияның арасы) орнаған кезде

қалыптасады. «Тұрақты бейбітшілік» (АҚШ пен Қытай арасы) «тұрақсыз

бейбітшілікке» (Ресей мен Эстония арасы) ұласқан тұста конфликтінің алдын

алу мақсатындағы шаралар қолға алынуы керек. Мұнда превентивті

дипломатия, ерте дабыл қағу жүйесі және тікелей қақтығыстың алдын алу

шаралары жүзеге асуы қажет. Олай болмаған жағдайда «қарқыны төмен

конфликтілер» «дағдарысқа таяу» жағдайға дейін шиеленісуі ықтимал. Осы

кезеңде қолда бар механизмдерді пайдаланып, отты тұтанардан бұрын өшіре

алса, циклдік параболаның жоғарғы ұшы тым биік болмайды [45].

Британ ғалымы, «Соғыстың себептері» деген еңбектің авторы Х.Суганами

соғысты бастауға себепкер болатын үш алғышартты баса айтады. Біріншіден,

бір топтың екінші топ мүшелерін өлтіруге мүмкіндігі болуы керек. Екіншіден,

түрлі қауымдастық өкілдері бір-біріне қарсы қару қолданудың қажеттілігі туды

деген ортақ тұжырымға келуі және мұны қоғам өкілдерінің талап етуі қажет.

Үшіншіден, соғыстың алдын алатын тиімді халықаралық жүйенің болмауы.

Осы үш қажетті компоненттің бірін алып тастаса, соғыстың алдын алуға

болады. Демек, «қаруға жүгіну – заңды да табиғи әрекет» деп санайтын адам

баласының сана-сезімін өзгертіп, соғыстың алдын алатын механизмдерді ойлап

тапсақ, соғыссыз өмір сүруге болады.

Page 40: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

39

М.Ландтың берген анықтамасына сәйкес конфликтінің алдын алу дегеніміз –

«ел ішіндегі және мемлекетаралық қақтығыстар мен дау-дамайларды қантөгіске

және қару қолдануға дейін ушықтырмау, конфликтіге қатысушы тараптардың

кез келген дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін арттыру және дау-дамайға

түрткі болған түпкі себептер мен мәселелерді мейлінше азайту мақсатында

қолға алынатын құрылымдық немесе қолдаушылық әрекет» [46].

1.1 сурет - Конфликт кезеңдері

Соғыстың алдын алу – адамзатты бұрыннан толғандырып келе жатқан

мәселе. Наполеон тізе бүккен соң Австрия астанасында 1814-15 жылдары өткен

Вена конгресінде Еуропаның шекарасын қайта сызу тақырыбына қоса өзара

кеңестер өткізу, бейтарап мемлекеттер мен демилитаризацияланған аймақтар

құру және конфликтілердің алдын алу шаралары талқыға салынған.

Конфликтінің алдын алу – БҰҰ Жарғысының басты идеясы. Оның VI және VII

тараулары Қауіпсіздік кеңесіне, Бас хатшыға және Бас ассамблеяға дауларды

бейбіт жолмен шешуге және соғыс пен басқа да қарулы қақтығыстардың алдын

алу шараларын жүзеге асыруға өкілеттілік береді. Жарғының VI тарауында

факт жинау, келіссөз өткізу, медиация, бітімгершілік, сот жолымен реттеу,

төрелік ету сияқты конфликтінің алдын алу әдістері туралы айытылады.

Қырғиқабақ соғыс тұсындағы халықаралық қарым-қатынас көбіне соғыстың

алдын алу ісіне бағытталды. Маршалл жоспары, НАТО-ның, Еуропадағы ортақ

Page 41: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

40

институттардың құрылуы басқа мақсаттармен қоса ықтимал соғыстарды

болдырмау механизмдерін қалыптастыру мақсатын да көздеді.

БҰҰ Бас хатшысы Даг Хаммаршельд 1960 жылғы баяндамасында «алдын

алу дипломатиясы» терминін алғаш рет айналымға енгізді. Ол – кикілжіңдерге

ірі державалардың араласуын болдырмауды, яғни, шағын қақтығыстардың

аймақтық деңгейде сақталуын қамтамасыз етуді көздейтін дипломатиялық әдіс.

1992 жылы БҰҰ-ның Бас хатшысы Бутрос Гали «алдын алу дипломатиясының»

қырғиқабақ соғыстан кейінгі кезеңдегі жаңа анықтамасын алға тартты [47]. Сол

кезден бастап ол тұтанып келе жатқан конфликтілерді болдырмау және оны

эскалацияға дейін ушықтырмау әдістерін қамтитын болды. Б.Гали «алдын алу

дипломатиясының аясында бес әдісті атап көрсетті: сенім қалыптастыру және

факт жинау миссиялары, ерте дабыл қағу жүйесі, превентивті әскер кіргізу

және демилитаризацияланған аймақтар. Ал одан кейінгі Бас хатшы Кофи Аннан

БҰҰ-ны «шұғыл әрекет ету мәдениетінен арылтып, алдын алу мәдениеті

қалыптасқан ұйымға айналдыру» жөнінде бастама көтерді. Ол, сондай-ақ, БҰҰ-

ның геноцид сияқты аса ірі қантөгістердің алдын алуда моральдық

жауапкершілік жүгін көтеретінін ерекше атады. Қақтығыстың алдын алу

шарасын халықаралық қарым-қатынастағы қажетті нормалардың қатарына

қосуды, сонымен қатар, БҰҰ-ға қатысы бар халықаралық ұйымдар, атап айтсақ,

Дүниежүзілік банк және түрлі аймақтық ұйымдар, Еуропадағы Қауіпсіздік және

Ынтымақтастық Ұйымы, Еуроодақ және Еурокомиссия қолдады. Оңтүстік

Африка Даму Қауымдастығы, Батыс Африка мемлекеттерінің Экономикалық

Қауымдастығы сияқты жартылай аймақтық ұйымдар алдын алу шараларын

қарастыратын механизмдерді әзірлеу, қолдау және қолдану бағытында біраз

жұмыс істеді.

Конфликтінің алдын алу ұғымы теориялық тұрғыдан да, тәжірибелік

жағынан да әлі жаңа қалыптасу кезеңінде. Бұл тақырыптағы әдебиеттер 1990-

жылдардың басынан көптеп жарық көре бастады. Айталық, В.Бауэнс пен

Л.Рейхлердің «Конфликтінің алдын алу мәдениеті (1994), Г.Мунуэраның

«Еуропада қарулы қақтығыстың алдын алу: соңғы сабақтар» (1994),

Б.Джентельсонның редакциясымен шыққан «Жіберілген мүмкіндіктер,

пайдаланылған мүмкіндіктер: қырғиқабақ соғыстан кейінгі превентивті

дипломатия» (2000), Ф.Хэмпсон мен Д.Малоунның «БҰҰ-дағы және одан

тысқары жерлердегі превентивті дипломатия» және «Әрекет етуден

конфликтінің алдын алуға дейін: БҰҰ жүйесінің мүмкіндіктері» (2002), Пол ван

Тонгерен, Ханс ван де Вин, Дж.Верхоевеннің редакциясымен шыққан «Еуропа

мен Еуразиядағы бейбітшілікке ұмтылыс: конфликтілердің алдын алу және

бейбітшілік орнату шараларына шолу» (2002) және У.Зартманның еңбектері

конфликтінің алдын алу ілімін қалыптастыруға және оны іс жүзіне асыруға

үлкен үлес қосты.

Page 42: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

41

«Конфликтінің алдын алу» ұғымына анықтама беріп, оның шет-шегін

айқындауда концептуалдық тұрғыда бұрыннан келе жатқан пікірталас бар.

Бірінші мәселе «Конфликтінің алдын алу тек оның бастапқы және эскалацияға

дейінгі кезеңінде қолданылуы керек пе әлде ушыққан кикілжіңдер тұсында да

бұл әдістерді қолдануға бола ма?» дегенге келіп саяды. А.Акерманның

айтуынша, қазіргі уақытта ғалымдар алдын алу шаралары конфликтінің

бастапқы кезеңдерінде қолданылады деген концептуалдық тұжырымды жақтап

отыр, себебі оның басты міндеті – күш қолдануға жол бермеу [48].

Екінші мәселе: алдын алу шарасы конфликтінің тікелей себептеріне ғана

бағытталуы керек пе, әлде оның терең түп-тамырына үңілуі керек пе? Теорияда

конфликтінің алдын алудың жедел және құрылымдық алдын алу деген екі түрі

бар [49].

Жедел алдын алу шарасы барысында кикілжіңнің түпкі себептеріне,

шиеленіске алып келген алғышарттарға көп мән берілмейді. Мұндағы басты

мақсат – басталып келе жатқан немесе бұрыннан баяу жүріп жатқан

кикілжіңнің қарулы қақтығысқа айналып кетуіне жол бермеу. Мұнда

дипломатиялық жолмен араласу, ұзақмерзімді миссиялар жіберу немесе жеке

тұлғалардың араағайындық етуі сияқты әдістер қолданылуы мүмкін.

Ал құрылымдық алдын алу процесі кезінде конфликтінің түп-тамырына,

себептері мен алғышарттарына, тараптардың мүдделеріне және тарихи, мәдени

контекстіге мән беріліп, солардың негізінде алдын алу механизмдері

қарастырылады. Құрылымдық алдын алу әдісі ұзақ мерзім ішінде жүзеге асады

және онда басқару әдістерін жетілдіру, адам құқықтарының қорғалуын

қамтамасыз ету, экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты

қалыптастыру, азаматтық қоғам құруға ат салысу сияқты шаралар қолға

алынады [50].

Десе де, А.Акерманның айтуынша, бұл екі әдіс арасындағы айырмашылық

кейде білінбей кетеді. Себебі, кейде конфликтінің тым күрделі және көпқырлы

болатыны сондай, оны уақыттық межеге сәйкестендіру қиын. Екіншіден, кей

кездері операциялық әдіс құрылымдық әдіспен бір мезгілде, қатар қолданылуы

мүмкін, немесе тіпті екеуі бір-бірін толықтырып тұруы да ықтимал. Оның

үстіне кей кездері екі әдіс қоғамның әртүрлі бөліктеріне қатысты әртүрлі

мезгілде қолданылуы мүмкін. Құрылымдық алдын алу әдісін қолдану кезінде

оған қарсылық көрсететіндер аз болады. Себебі ол даму бағдарламаларының

аясында пассивті түрде жүзеге асырылады, қазірдің өзінде көптеген

халықаралық ұйымдар құрылымдық алдын алу әдісін осындай жолмен

қолданып келеді. Дегенмен, кикілжіңнің алдын алудың тиімді стратегиясын

қалыптастыру үшін нақты жағдайда іске кірісерден бұрын екі әдістің

арасындағы концептуалдық айырманы анықтап, ара-жігін айқындап, қай

жағдайда бұлардың қайсысы кәдеге асатынын бажайлап алу керек.

Page 43: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

42

Ерте дабыл қағу жүйесі

Ерте дабыл қағу жүйесі конфликт ықтималдығына қатысты жария ақпаратты

тұрақты әрі ұйымдасқан түрде жинап, сараптаумен айналысатын арнайы

ғылыми, әлеуметтанушылық механизмдер. Ол сандық және сапалық саралау

әдістеріне сүйене отырып ерте дабыл қағу өнімдерін шығарады, бұл тұжырым

ерте әрекет ету шараларына түрткі болады.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (Organization for

Economic Cooperation and Development – OECD) зерттеулеріне қарағанда, ерте

дабыл қағу жүйелері тақырыбы, қаржыландыру көзі, қолданылатын әдістемесі,

ж.т.б. мәселелер тұрғысынан әртүрлі болып келеді. Мұндай жүйелерді

үкіметтік деңгейде қаржыландырып, ұстап отырған мемлекеттер жоқтың қасы.

Мемлекеттер көбіне конфликтінің ықтималдығы туралы ақпаратты барлау

қызметінің мағлұматтарынан, дипломатиялық миссиялардың деректерінен және

үкіметаралық, қоғамдық ұйымдардың жарияланымдарынан алып отырады. Ал,

ерте дабыл қағу жүйесін мемлекеттік деңгейде институттап, пайдаланып

отырған елдер қатарына АҚШ, Франция және Германия жатады. Бұл жүйелер

кейде мемлекеттің барлау қызметімен бірлесіп жұмыс істесе, кей кездері

олардан тыс әрекет етеді [51].

Үкіметтік ерте дабыл қағу жүйелерінің мақсаты – ұлттық қауіпсіздікке қатер

төндіретін жайттарды анықтау және оларға баға беру, сол арқылы мемлекеттің

ұлттық қауіпсіздік саясатын қалыптастыру бағдарламаларын әзірлеуге және

жүзеге асыруға жәрдемдесу. Ол үшін бұл жүйелер институтталуы қажет және

олардың айқын әдіснамалары болуы керек. Францияның ерте дабыл қағу

жүйесі Ұлттық қауіпсіздік хатшылығының құрамына кірсе, АҚШ-тың мұндай

жүйесі Мемлекеттік департаменттің Қайта құру және тұрақтылықты үйлестіру

кеңсесіне, сондай-ақ Ұлттық барлау кеңесіне бағынады. Франциядағы ерте

дабыл қағу жүйесі көбіне сапалық әдісті пайдаланып, басты индикаторлар

бойынша ай сайын мәлімет беріп отырады. Ал АҚШ-тың жүйесі көбіне сандық

зерттеу әдісін пайдаланып ақпарат жинайды. Бұлардың екеуі де жария

ақпаратпен қоса барлау мәліметтерін де пайдаланады.

Ал Германияның ерте дабыл қағу жүйесі көмекті қажет ететін сырт елдердегі

жағдайды зерттеуге бағытталған және ол Экономикалық ынтымақтастық және

даму министрлігіне бағынышты. Бұл мекеме сапалық сауалнама әдісін

пайдалана отырып, белгілі бір индикаторлар бойынша мәлімет жинайды және

сапалық балл қою жүйесін де пайдаланады. Германияның Ғаламдық зерттеулер

институты жыл сайын үкіметтің атынан осындай әлеуметтік зерттеулер

жүргізіп отырады. Экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігі

сараптама нәтижелерін қарап, соған сәйкес жыл сайынғы басымдықтарын

анықтайды. Үкіметтік ерте дабыл қағу жүйелері биліктегі шешім қабылдаушы

органдардың пайдалануына қажетті ақпарат жинайды және бұл ақпарат

көпшілікке жарияланбауы да мүмкін. Мемлекеттік ерте дабыл қағу жүйесінің

Page 44: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

43

артықшылықтары – үкімет органдарының болашақты болжай алуына, сөйтіп

шешім қабылдауда батыл әрекет етуіне мүмкіндік береді. Мұндай жүйе,

сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды қабылдауда да көмектеседі.

Көбіне конфликт болған аймақтарда үкіметаралық ерте дабыл қағу жүйелері

белсенді жұмыс істейді. Олардың мақсаты – аймақтық ұйымдардың дағдарысты

ерте болжап, дер кезінде жауап әрекет жасауына мүмкіндік беру. Бұл қатарға

Африкадағы ұйымдармен қатар ЕҚЫҰ мен Еуропалық одақтың Саясатты

жоспарлау және ерте дабыл қағу тобын, БҰҰ-ның Гуманитарлық ахуал бөлімін

жатқызамыз. Бұл ұйымдар мәліметтерді жинау барысында әр елдегі азаматтық

қоғам институттарымен ынтымақтаса жұмыс істейді. Олар түрлі баяндамалар

мен есептер, сауалнама қорытындылары, тақырыптық есеп сияқты құжат

түрлерін пайдаланып, ерте дабыл қағу ақпараттарын жариялайды. Еуроодақтың

арнайы тобы азаматтық және әскери мәліметтерді сараптай отырып жылына екі

мәрте есеп жариялап отырады. БҰҰ-ның ерте дабыл қағу топтары халықаралық

деңдейде де, әр елдің шеңберінде де жұмыс істеп жатыр. Бұл ұйымдардың бір

кемшілігі – олар шешім қабылдаушы органдарға көп ықпал ете алмайды.

Үкіметтік емес ерте дабыл қағу ұйымдарының бір тобы тек тиісті

мағлұматты жинап, сараптаумен айналысса, енді бір тобы сонымен бірге шешім

қабылдаушы органдарға түрлі ұсыныстар айтуға, енді бірі адвокасимен

айналысуға немесе әрекет ету шараларына өздері араласуға қабілетті. Бұл

ұйымдар сандық және сапалық анализ әдістерін қатар қолданады және тек

жария ақпаратқа сүйенеді. Қаржылық мәселелердің кесірінен жабылып қалған

FEWER және FAST ұйымдарымен қатар ICG ұйымы дүниежүзілік деңгейде

мағлұмат жинаса, ECOWAS, FEWER-Eurasia, EAWARN сияқты ұйымдар

аймақтық деңгейде жұмыс істейді. Үкіметтік емес ұйымдардың артықшылығы

– олар тәуелсіз жұмыс істейді және халыққа жақын болады және саяси,

дипломатиялық кедергілерге қарамастан, тәуелсіз әрекет етіп, мәліметтер

тарата алады.

Алдын алу теориясын қолданылатын әдіснамалар тұрғысынан да зерделеу

керек. Осы ретте Т.Гарр мен Б.Харфтың ерте дабыл қағу жүйесін жіктеу

әдістеріне тоқталайық [51]. 52 Олардың жіктеуі бойынша, ерте дабыл қағу

жүйесі төрт түрлі модельге бөлінуі керек:

Корреляциялық модель конфликтінің құрылымдық индикаторлары мен

себептеріне назар аударады (азшылықтардың құқықтары, мемлекеттің әлсіздігі,

т.с.с.)

Бірізділік моделі жақын уақытты болжауға арналған және ол осының

алдында болған процестерді талдау арқылы конфликтінің ықтималдығын

анықтайды.

Конъюнктуралық модель балама сценарийлерді, ондағы эпизодтардың өзара

байланысы мен ерекшеліктерін ескере отырып болжам жасауға бағытталған.

Page 45: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

44

Оның мақсаты – конфликтінің ушығу себептеріне емес, оның қарқынының

күшеюіне баса назар аудару.

Жауап моделі зерттеудің алдын ала болжау, анықтау саласына емес, оның

қарсаңында қолға алынатын шараларға басымдық береді. Яғни, конфликт

процесінің белгілі бір кезеңінде жасалған стратегиялық араласу шарасы көбірек

нәтижеге жеткізуі мүмкін.

Конфликтінің алдын алудың бір күрделі қыры – оның табиғатында жатыр.

Қоғам тірі ағза ретінде әрдайым түрлі келіспеушіліктер мен қайшылықтардан

тұратынын ескерсек, оның барлық бөліктерінде конфликтілер түрлі қарқынмен

жүріп жатады. Эскалация жағдайына жетпеген конфликтілер технологиялардың

көмегімен әсер ету арқылы тоқтатылды ма, жоқ әлде бағалаушы жақтар қауіпті

тым зорайтып көрсетіп, артынан кикілжің оты өз бетімен басылды ма, оны

анықтау көп жағдайда қиынға соғады. Біздің пайымдауымызша, конфликтінің

алдын алу әдісінің Қазақстан жерінде онша дамымай жатуының бір себебі де

оның атқарар рөлінің елеусіз қалуында және тек ушыққан конфликтілер ғана

қоғамның, сарапшылар мен өкіметтің назарына ілігіп, белгілі бір тараптардың

ықпалымен не қатысушы жақтардың көрегендігінің арқасында тұтанбай қалған

жанжалдардың назардан тыс қала беруінде жатса керек.

Конфликтілердің алдын алуды жолға қойып, оны түрлі жағдайларда іске

асыру мәселесіндегі бір кедергі – алдын алу амалдары мен стратегияларын

институттау, яки заңдық тұрғыдан бекіту. Ол үшін халықаралық және аймақтық

ұйымдар, жекелеген мемлекеттер, үкіметтік емес ұйымдар бірлесе отырып бұл

амал-шарттарды күн тәртібіне және заңдық құжаттарына енгізуі керек, сөйтіп

бұл әдістер конфликтінің алдын алуға қатысы бар барлық топтардың арасында

мойындалып, операционалдануы қажет. Өкінішке қарай, кейбір мемлекеттер не

басқа да конфликтіге қатысты тараптар мұндай шаралардың тиімділігіне және

заңдылығына күмәнмен қарайды. Ал осындай сенімсіздікке тап болып отырған

халықаралық ұйымдар алдын алу мәселесін ортаға салатын көпжақты

отырыстар өткізуге, өткізген жағдайда олардың пікірін бір арнаға тоғыстыруға

қауқарсыз болып жатады. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы –

орталықтандырылған әрекеттерді жергілікті деңгейге дейін төмендетіп, оны

аймақ деңгейінде жүзеге асыруға күш салу.

Дегенмен, алдын алу шараларын халықаралық саяси және әскери

ұйымдардың күн тәртібіне енгізіп, бірізді ереже қалыптастыру ісінде біраз

жетістіктердің бар екенін жоққа шығаруға болмас. Әлі көп нәтижеге жете

қоймаса да, превентивті шараларды институттауда еуропалық ұйымдардың

еңбегі зор. Конфликтінің алдын алуды мақсат тұтқан институттарды құру ісінде

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының басқалардан

көшілгері тұрғаны анық. ЕҚЫҰ-ның превентивтік құралдарының арасынан

Ұлттық азшылықтар бойынша Жоғары комиссарды және Конфликтінің алдын

алу орталығын атауға болады. Сол сияқты соғыс болған аймақтарда

Page 46: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

45

мониторинг, факт жинау және басқа да құрылымдық алдын алу шараларымен

айналысқан ЕҚЫҰ-ның арнайы миссияларын баса айту керек. Еурокомиссия да

Конфликтінің алдын алуды бағалау миссияларын құрып, Папуа – Жаңа Гвинея,

Соломон және Фиджи аралдары, Индонезия және Непал елдеріне жіберді.

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат және қауіпсіздікке қатысты құжаттары

да ЕО-ның конфликтінің алдын алу әлеуетін арттыра түсуге бағытталған.

Мәселен, Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы тұрақтылық пакті, сондай-ақ

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (Organization for

Economic Cooperation and Development – OECD) Дамуға ықпалдасу комитеті

(Development Assistance Committee - DAC). Бұл ұйымдар құрылымдық алдын

алу әдісін көбірек пайдаланды, себебі оларды даму бағдарламаларының

аясында жүзеге асыру оңайырақ болды. Дегенмен, үлкен ауқымдағы,

жүйеленген әрі операционалданған, институтталған алдын алу шаралары

туралы айту әлі тым ерте.

Конфликтілердің алдын алуға қатысты құқықтық нормаларды

қалыптастырып, оларды жанжалдарды шешудің бірден-бір әмбебап құралына

айналдыру жолында үкіметтік емес ұйымдар да аз тер төгіп жатқан жоқ.

Мәселен, «Халықаралық дабыл» (International Alert), Халықаралық дағдарыс

тобы (International Crisis Group), Ерте дабыл қағу және ерте әрекет ету форумы

(Forum on Early Warning and Early Response - FEWER) сияқты ұйымдар осы

жолда көп іс тындырды.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының

тұжырымы бойынша, қазіргі уақытта көптеген үкіметтерде, халықаралық

ұйымдарда және қоғамдық ұйымдарда ерте дабыл қағу жүйесі жұмыс істейді.

Олар қауіп туралы дабыл қағудан бастап оған қарсы әрекетке жұмылдыру,

шешім қабылдауға негіз болатын мәліметтер жинау, әрекет ету механизмдерін

жүзеге асыру сияқты түрлі міндеттерді атқарады. Ерте дабыл қағу жүйелері

шұғыл шешім қабылдауға түрткі болатындай болжамдар жасауға, эксперттік

сараптама тәсілі арқылы әр елге жүйелі түрде шолу жасап отыруға,

үкіметтердің және ұйымдардың басымдылықтарды анықтауына жәрдемдесуге,

сондай-ақ басқа да шешім қабылдаушы ұйымдармен жұмыла отырып бірлесе

әрекет ету стратегияларын қабылдауға қабілетті болуы керек. Дегенмен, тіпті

дамыған өркениетті елдердің өздерінде ерте дабыл қағу жүйесіне қаржылық

қолдау мардымсыз. Соның кесірінен ерте дабыл қағу мекемелерінің арасында

шынайы жағдайдан алшақ тұжырымдар жасау, сапасыз сараптама әзірлеу,

жаңсақ кеңестер беру фактілері көптеп кездеседі. Бұл ерте дабыл қағу жүйесіне

деген жалпы сенімді азайтады әрі конфликтілердің ушығуына алып келіп

жатады [50, 14 б.].

Соңғы 15 жыл ішінде ерте әрі шұғыл әрекет ету жүйесі біраз дамыды, соның

ішінде институттық деңгейде және конфликтіні басқарудың механизмдері мен

құралдары және процестері деңгейінде үлкен ілгерілеушілік болды. Бұрынғыға

Page 47: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

46

қарағанда мемлекеттік, аймақтық және халықаралық деңгейде зомбылықты

конфликтілерге қарсы әрекет ету мүмкіндіктері артты, саланы қаржылай қолдау

да ұлғайды, институттардың құзыреті де кеңейді, бар тәжірибеге негізделген

құралдар мен әдіс-тәсілдер де көбейді. Алайда, проблема сан қырлы

болғандықтан және оған қарсы әрекет етуші тараптар да әркелкі болғандықтан

олардың әрекеттері жүйесіз шығып жатыр, сондықтан дәл қазір Руандадағыдай

геноцид бола қалған жағдайдағы әрекеттер тіпті де шашыраңқы болып шығуы

ғажап емес дейді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының

сарапшылары.

Бұл ұйымның сарапшылары ерте әрекет етумен айналысып жүрген

халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың арасында сауалнама

жүргізіп, ерте дабыл қағу жүйесінің қазіргі проблемалары қандай деген

сұраққа жауап іздеген. Сауалнама нәтижелері көрсеткеніндей, ең алдымен

белгілі әрекетті таңдауға негіз болатын сараптамалық дәлелдің жеткіліксіздігі,

стратегиялық тұрғыда ойлаудың кемшін түсіп жатуы, қолға алынған

шаралардың өміршеңдігіне деген сенімнің аздығы және жан-жақты

екшелмеген, белгілі бір институттардың мүддесін қорғайтын шаралардың қолға

алынуы сияқты кедергілердің бар екені айқындалған.

Болашақта ерте дабыл қағу және ерте әрекет ету жүйелері түрлі сынақтарға

төтеп беріп, қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістерге қарсы тұра алатындай күшке

айналуы керек. Ғаламдық жылынудың кесірінен болатын ресурстар үшін күрес,

Ауғанстан мен Ирактағы соғыстардың салдары, террорға қарсы күрес және

конфликтіге қылмыстық элементтердің көптеп араласуы бұл жүйелердің дұрыс

жұмыс істеуіне қатер төндіруі ықтимал.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қатарына АҚШ

Мемлекеттік департаменті, Канаданың Сыртқы істер және халықаралық сауда

министрлігі, Нидерланды мен Ұлыбритания сыртқы істер мекемелері кіреді. Ал

қалған мемлекеттердің көпшілігі өз ішіндегі мемлекеттік не қоғамдық

ұйымдардың қызметіне жүгінеді. Олардың әрқайсысы ерте әрекет етудің

өзіндік механизмдері мен әдістерін қалыптастырып жатыр. Сондай-ақ, БҰҰ-

ның, Еурокомиссияның, Даму жөніндегі үкіметаралық ұйымның (IGAD), Батыс

Африка мемлекеттері экономикалық қауымдастығының (ECOWAS),

Дүниежүзілік банктің өз ережелері бар. ТМД кеңістігінде бірлесе әрекет ету

және конфликтілерді шешу шарттары ҰҚШҰ-ның нормаларында көрініс

тапқан, бірақ ол классикалық үлгідегі қорғаныс альянсы болғандықтан, онда

конфликтілерге қатысты ерте дабыл қағу және ерте әрекет ету механизмдері

қарастырылмаған. Қоғамдық ұйымдардан Ресейде жұмыс істейтін «FEWER

Eurasia» ұйымын және Қырғызстанда жұмыс істейтін «Халықаралық

толеранттылық үшін» қорын (Foundation for Tolerance International) атауға

болады. «FEWER Eurasia» – Ерте дабыл қағу және ерте әрекет ету форумы

(Forum on Early Warning and Early Response) ұйымының Мәскеудегі бөлімшесі.

Page 48: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

47

Ол 2004 жылдан бері жұмыс істейді, мақсаты – конфликтілердің алдын алу

мақсатында объективті сараптамалар жасау және бейресми диалогтарды кәсіби

деңгейде ұйымдастыруға ұйытқы болу. Бұл ұйым 2005 жылдан бері «Солтүстік

Кавказдағы қауіпсіздік үшін гуманитарлық диалог» жобасын жүзеге асырып

жатыр. Әу баста Шешенстанның Ачхой-Мартан ауданында басталған бұл жоба

кейін бүкіл республика аумағына, сосын Солтүстік Кавказ аймағына таралған.

Жобаның мақсаты – көпжақты консультациялар мен бірлескен нақты шаралар

арқылы бейбіт қалпына келтіру және зомбылықтың алдын алуға байланысты

көзқарастарды жақындастыру. Гуманитарлық құндылықтарға сүйенетіндіктен,

бұл жоба саяси мақсаттарды көздемейді және қауіпсіздікті қамтамасыз етіп,

бейбіт түрде дамуға және достасуға ықпал етеді [53].

«Халықаралық толеранттылық үшін» қоры Қырғызстанда 1998 жылдан бері

жұмыс істейді, қазір елдің бірнеше қаласында бөлімшелері бар. БҰҰ Босқындар

істері жөніндегі комиссариаттың «Конфликтілерді трансформациялау және

толеранттылыққа үйрету» жобасы аяқталған соң соның орнына құрылған бұл

ұйым қазіргі уақытта Орталық Азиядағы конфликтілердің алдын алу мен

реттеудегі ең ірі ұйым саналады. «Халықаралық толеранттылық үшін» қоры,

сондай-ақ, Қырғызстан мен Тәжікстанның үкіметтік емес ұйымдарының басын

қосатын «Бейбітшілік алабы» альянсының негізін қалаушы және Қарулы

конфликтілердің алдын алудағы ғаламдық әріптестік ұйымының Орталық Азия

бойынша үйлестірушісі. Жұмысының негізгі бағыттары – жүйелік мониторинг

және жағдайды саралау, ортақ іс-әрекеттерді үйлестіру, бейбітшілікті

насихаттау, діни экстремизм мен радикализм туралы көп мағлұмат беру,

қақтығыстардың алдын алу мақсатында инфрақұрылымды жетілдіру, медиация

және келіссөздер, диалог пен коммуникацияға мұрындық болу, құқық қорғау

қызметі. Ұйым 100-ден астам жобаны жүзеге асырған [54].

Үкіметтік емес ұйымдар ерте әрекет ету барысында екі түрлі міндет

атқарады. Біріншіден, әрекет етуге қатысты ұстанымды анықтау жөнінде

дөңгелек үстелдер өткізеді немесе жергілікті деңгейде өз бетімен әрекет етуге

кіріседі. 2001 жылы бірнеше халықаралық ұйымдар ЕҚЫҰ Конфликтінің алдын

алу орталығымен бірлесіп мемлекеттік және қоғамдық секторлар арасында ерте

әрекет етудің стратегиясын айқындауға байланысты дөңгелек үстелдер өткізді.

Бұл процесс алдымен Грузияның Джавахети аймағында ұйымдастырылады да

кейін жалпы Солтүстік Кавказ аймағын қамтиды. Осы кездесулерде

қабылданған шешімдер конфликтілердің алдын алу жөніндегі басқа ұйымдарға

негіз болады.

Еуроодақтағы этносаралық конфликтілердің алдын алу теориясы мен

тәжірибесін зерттеген ғалым Э.Стюарттың айтуынша, қырғиқабақ соғыстан

кейінгі кезеңде конфликтілер көбіне мемлекеттер арасында емес,

мемлекеттердің өз ішінде тұтанып отырған. Этносына, дініне не ұлтына

байланысты репрессиялық әрекеттер кикілжіңдердің туындауына себепкер

Page 49: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

48

болған. Сондықтан, ерте дабыл қағу жүйесі ең алдымен әр елдің өз ішіндегі

конфликт индикаторларына – ішкі саяси, экономикалық және әлеуметтік

жағдайға бағытталуы керек [55]. Яғни, халықаралық ұйымдар мемлекеттердің

ішіндегі ахуалға бақылау жасауға қауқарсыз болғандықтан, әр ел өз ішіндегі

өзгерістерді өз бетімен қадағалап, ушығуы мүмкін деген конфликтілерді ерте

байқап отырса ғана бұл жүйе тиімді жұмыс істейді. Мұнда ақпараттың еркін

таралуы аса маңызды рөл атқарады, ақпарат құралдарының еркіндігі ушығуы

мүмкін дауды күні бұрын байқап, тиісті саяси шешімдерді алдын ала

қабылдауға мүмкіндік береді әрі мұндай жағдайда жоспар жасап, шұғыл

құтқару әрекеттерін қолға алуға уақыт болады.

Халықаралық саясатта жаңа ұсынылатын нормалар жалпыға ортақ

ұстанымдарға айналардан бұрын үш түрлі кезеңнен өтеді. Бірінші - түсіндіру

және үгіттеу, екінші – қабылдау және институттау, үшінші – халықаралық

деңгейде мақұлдау. А.Акерманның айтуынша, конфликтінің алдын алу

нормасы қазір бірінші кезеңді бастан кешіріп, екінші кезеңге қарай қадам басып

келеді. БҰҰ-ның Македонияға превентивті әскер кіргізуі және одан кейінгі

эскалацияны болдырмаудағы әрекеттері халықаралық қауымдастық тарапынан

біраз қолдауға ие болды, демек, бұл нормаларды көпшіліктің қабылдауы

жолында бір қадам жасалды дейді сарапшы [56].

Конфликтіні реттеу

«Конфликтіні реттеу» ұғымын талдамас бұрын оның мағыналық шегі мен

шет тілдердегі баламаларын айқындап алуымыз керек. Қазақ тіліндегі ғылыми

терминологияның бір ізге түспеуі кесірінен ұғымдар мен түсініктерге

түсіндірме беріп, олардың мағынасын айқындауда түрлі кедергілер туындап

жатады. «Конфликт» сөзін «қақтығыс», «кикілжің» деп аудару арқылы біз

оның мағыналық аясын шектеп, ғылыми дәлдіктен алшақ кетіп жатырмыз. Ал

конфликтіні ауыздықтауға қатысты саналуан манипуляциялық әрекеттердің

ағылшын, орыс тілдерінде ондаған түрлі атаулары бар және олар конфликтінің

кезеңдеріне, қолданылатын тәсілдемелер мен әдістерге, қойылған мақсатқа

байланысты әркелкі болып келеді. Ескертетін жағдай, бұл ұғымдардың

ешқайсысы қатып қалған қағида емес және түрлі әдебиеттерде синоним ретінде

пайдаланыла беруі әбден мүмкін. Ағылшын тілінде конфликтіні реттеу және

шешудің төңірегіндегі әрекеттерді “regulation” (реттеу, орыс тіліндегі

«регулирование» дегенге келеді), “management” (басқару), “resolution” (шешу),

“settlement” (реттеу, орыс тіліндегі «урегулирование» дегенге келеді),

“termination” (аяқтау), “transformation” (трансформация) деген терминдер

қолданылады.

Отандық және шетелдік саяси, әлеуметтік конфликтологияда конфликтіні

реттеудің жалпыға ортақ әмбебап әдіснамасы жасалмаған. Ғалымдар арасында

ұғымдарға, проблеманың тәсілдемесіне, оған қатысты қолданатын әдіс-

Page 50: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

49

тәсілдерге қатысты ауызбірлік жоқ. Бұл этносаралық конфликтілерді шешудің

тиімділігін төмендетеді. Сондықтан біз осы тарауда конфликтілерді реттеудің

ұғым-түсініктерін талдап, терминологияны бір ізге түсіруге талпыныс жасап

қанай қоймай, ағылшынтілді әдебиеттер мен Ресейдегі талдаулар арасындағы

этностық конфликтіні реттеудің теориялық тәсілдемесіне, формалары мен

әдістеріне түсініктеме беретін боламыз.

Жоғарыдағы шаралардың барлығының түпкі мақсаты – тараптардың

конфликт тарихын бірлесе сараптау арқылы оның туындау себептерін анықтап,

тығырықтан шығудың лайықты, екі жаққа да тиімді жолдарын іздестіріп, оттың

тұтануына негіз болған материалдық, процедуралық, психологиялық деңгейдегі

жағдаяттар мен себептерді еңсеріп, өзара түсіністікке келуіне жәрдемдесу.

Кикілжіңді толық аяқтау дегеніміз – оған түрткі болған себепті сылтаудан

ажырату, себеп болған жайтты және оның салдарын түпкілікті жою [57]. Яғни,

ең идеалды жағдайда конфликтіні шешу «жеңіс-жеңіс» схемасы негізінде

орындалып, тараптардың қажеттіліктері толық қанағаттандырылып, шынайы

әріптестік қайта қалпына келуі керек.

Дегенмен, сарапшылар этностық кикілжіңдерді бұлайша толығымен аяқтау

ешқашан мүмкін емес дейді. Тек күштеу әдістерін қолданып, проблеманы

толығымен жойып жібергенде ғана конфликт физикалық тұрғыдан тыншуы

ықтимал. Ал өркениетті жолмен шешілген кикілжіңдер бәрібір қайта тұтануы

мүмкін. Мәселен, С.Волф Эфиопия мен Эритрея арасындағы бітім келісімін

алға тартады. Екі жақ бейбіт уағдаластыққа қол жеткізгенімен, бұрынғы

жаушылдық пен дүрдараздық сақталып, кейін шекараны демаркациялау кезінде

соғыс оты қайта тұтанды [58].

Сондықтан, батыс ғалымдары өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап

«конфликтіні басқару» (conflict management), яғни, іс жүзінде конфликтіні

манипуляциялау, теориясының негізін қалады. Бұл концепцияны

жақтаушылардың айтуынша, кикілжіңнің алдын алу не оны шешуден гөрі

басқару әдісі – шынайы өмірге ең жақын әдіс. Себебі, конфликтіні ушықтыру,

деэскалациялау әдістері сияқты оның алдын алу, шешу, аяқтату –осының

барлығы жалпы конфликтіні басқарудың құрамдас бөлігі ғана. Мәселен, кейде

конфликтіні шешудің орнына оны одан сайын ушықтыру әдісі таңдалуы ғажап

емес, бұл араласушы тараптардың мақсат-мүддесіне байланысты болмақ. Бір

сөзбен айтқанда, «конфликтіні басқару дегеніміз – конфликтіні қолдау, аяқтату

не басқа бір мақсаттарға жету үшін жүзеге асырылатын әрекет» [59].

Яғни, реттеу, шешу не аяқтату шараларының барлығы – конфликтіні басқару

әрекетінің аясында іске асырылатын, белгілі бір тактикалық мақсатты көздейтін

әрекет десек, конфликтіні басқару конфликтіге қатысты іс-қимылдардың,

процестер мен амалдардың жиынтық атауы болып шығады. Батыс

конфликтология ғылымында «conflict management» термині институтталған

ұғым болса, ТМД ғалымдары бұл атауды қолдануға аса құлықты болып

Page 51: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

50

отырған жоқ. Оның басты себептерінің бірін Ресей ғалымы Н.Косолапов атап

өтті. Оның пікірінше, «конфликтіні басқару» теориясын бұрынғы КСРО

аумағында қолдануға келмейді. Себебі, оған негізделген конфликтіні

манипуляциялау ұғымы өте күшті де ықпалды бір тараптың әлсіз

контрагенттерді – конфликтіге қатысушыларды жеке-дара билеп-төстей алуы

дегенді білдіреді. Ал, посткеңестік кеңістікте мұндай аса ықпалды да пәрменді

саяси күш жоқ, тіпті сондай рөлді атқара алады деген Ресейдің өзі кейде басқа

бір күштердің шылауына түсіп қалып жатады [60].

Концептуалдық айырмашылықтары көп болғанымен, іс жүзінде

конфликтінің алдын алу, басқару және реттеу шаралары қатар қолға алынып

жатуы мүмкін және алдын алу шарасы бір тараптан қарағанда реттеу әдісіне

ұқсаса, бір тараптан басқару әдісіне де жатқызылуы мүмкін [22, 80 б.].

Мәселен, Югославия мемлекеті ыдырап жатқан тұста БҰҰ, оның соңынан

НАТО, Македонияға шекараны бақылау миссиясын аттандырды. Бұл миссия

бір жағынан бұрынғы одақтық мемлекеттің басқа өңірлерінде жалындап тұрған

соғыс өртінің Македонияның ішіне таралып кетпеуін мақсат тұтса, екінші

жағынан Македонияның өз ішіндегі этностық дүрдараздықтың кескілескен

ұрысқа айналып кетпеуін қадағалады. Яғни, біріншісі – кикілжіңді басқару әдісі

болса, екіншісін алдын алу тәсіліне жатқызамыз. Бұл – этностық конфликт

табиғатының аса күрделі, кешенді болып келетінінен және оны шешу

амалдарын қарастырғанда түрлі факторларды ескере отырып кешенді

технологияларды қолдану керектігінен хабар береді.

Конфликтіні реттеу мүмкін болмаған жағдайда оны басқару әдісі

қолданылуы мүмкін. Ол кикілжіңді шешпесе де, оны әрі қарай ушықтырмай,

бір деңгейде ұстауға, қарулы қақтығыстың салдарын азайтуға бағытталады.

Мәселен, 1974 жылы Кипр аралына БҰҰ бітімгершілік миссиясын жіберді. Бұл

шағын аралдағы түріктер мен гректер арасындағы қантөгісті тоқтатып, соғысты

аяқтауға көмектесті. Дегенмен, конфликтінің түпкі мәселелері шешілмей сол

күйінде қалды.

Конфликтіні басқару және реттеу әдістерінің және бір қыры – ол

институтталған жұмыс шеңберін қалыптастырып, соның нәтижесінде

жанжалдасушы тараптар келіспеушілікті бейбіт жолмен, компромисс арқылы

шешудің қару қолданудан тиімді екенін түсінетіндей жағдай жасауды мақсат

тұтады. Конфликтіні басқару әдісінің аясында, мәселен, ұрыс аймағында қалған

халыққа гуманитарлық көмек жеткізу шарасы да ұйымдастырылады.

Конфликтіні реттеу мен шешу ұғымдарының арасында және бір үлкен

айырмашылық бар, әрі бұл ағылшын тілі лексикасындағы ерекшелікке

байланысты. Реттеу (settlement) дегеніміз – сырттан түсіріліп, ұрысушы

тараптар соған амалсыз мойынсұнған шара болса, конфликтіні шешу

(resolution) – тараптардың ерікті түрде өзара қол жеткізген келісімі. Әдетте бұл

терминдер бір-бірінің орнына қолданыла береді. Олай болмаған күннің өзінде,

Page 52: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

51

дәстүрлі бейбіт реттеу шараларын мәжбүрлеу әдісі деп немесе керісінше,

дипломатиялық келіссөздерде мәжбүрлеу әдісі мүлде қолданылмайды деп

түсінбеу керек. «Медиация, бітімгершілік, төрелік, сот төрелігі, және

халықаралық ұйымдардың түрлі процедуралары тараптардың еркін шектеуге

жол береді, ал бұл олардың арасындағы келіспеушілікті еңсеруге кедергі

келтіреді. Бұл шектеу екі формада жүзеге асады: Біріншіден, тараптар үшінші

жақтың конфликтіге араласуының құқықтық және саяси заңдылығын

мойындауы керек. Екіншіден, төрелік және сот төрелігі шараларын қоспаған

басқа барлық жағдайларда үшінші жақтың ұсыныстарын қолдауы қажет. Егер

тараптар өз мәселелерін медиатордың араласуынсыз екеуара дипломатиялық

келіссөздер арқылы шешуге тырысса, онда олар да өздеріне ыңғайлы шешімге

қол жеткізу үшін ықпал ету әдістерін барынша қолданып бағады. Әдетте, үлкен

конфликтілердің көпшілігінде үшінші жақтың араласуы және екіжақты

дипломатия амалдары қатар жүріп жатады» [61].

М.Эсманның айтуынша, конфликтіні басқарудағы басты мақсат – «тапшы

ресурстар мен мүмкіндіктерді өзара бәсекеге түскен топтар арасында үлестіру»

ал онда қолданылатын техника «ашық жаушылдық пен соғыстың алдын алу не

оны бақылауға жұмылдырылады, екінші жағынан кең ауқымды қауымдық

ынтымақтың саяси мәнін төмендетуге бағытталады» [62].

Ал, конфликтіні реттеу (сonflict regulation) тіркесіне Э.Нордлингер «Жаппай

қантөгістің және үкімет тарапынан репрессияның болмауы» деген қарапайым

анықтама береді [63].

«Басқару» ұғымы «конфликт» сөзінің табиғатымен үйлесіп тұр.

Конфликтінің қоғамға екі түрлі кереғар ықпалын ескерер болсақ, «басқару» сөзі

оның сипаттамасына сай келеді. Себебі, конфликті жасампаздық іс-әрекетке

қозғау болумен қатар, екінші жағынан жүйені дезинтеграциялап, қолда бар

ресурстарды өзара күрес шараларына шығындауға жол береді. Демек, басқару

арқылы оның екінші жағдайдағы ықпалын мейлінше азайтып, бірінші,

жасампаздық қасиетін мүмкіндігінше қоғам игілігіне пайдалануға күш салған

жөн.

Конфликтіні басқару және реттеу шараларының халықаралық

қауымдастықтың, соның ішінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның, Еуроодақтың және басқа

да аймақтық ұйымдардың, сондай-ақ, мемлекеттер мен үкіметтік емес

ұйымдардың жұмыла әрекет етуінің арқасында ғана нәтиже бере алатыны

айқын болды. Солтүстік Ирландияға қатысты бітім келісімі – АҚШ-тың,

Израиль мен Палестина арасындағы Осло шарты Новегияның жылдар бойғы

араағайындық әрекетінің жемісі. Егер Африка одағы араласпағанда, Бурунди

көрші Руандада тағы бір геноцид ұйымдастырмасына кім кепіл еді? НАТО мен

ЕО миссия жібермегенде Македониядағы македондар мен албандар арасындағы

кикілжің ел ішінде және бір қанды қақтығысқа әкеліп соқтырған болар ма еді?

Page 53: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

52

Американ ғалымы У.Айрес «сәтті шешілген конфликт» ұғымына терең

талдау жасаған. Оның айтуынша, конфликтіні шешудің нәтижелілігі оның қай

кезеңде жүзеге асырылғанына байланысты болмақ. Эскалация жағдайындағы

конфликт деэскалацияланғанда, келіссөздер барысында екі жаққа да ыңғайлы

келісімге қол жеткізілсе, ал конфликтіні реттеу шаралары барысында ұзақ

уақыт бейбітшілік орнаса, онда кикілжіңді сәтті шешілді деп санауға болады.

«Сәтті шешілген конфликтінің» үш ерекшелігі бар: конфликтінің қарқыны

бәсеңдеуі керек, тараптар арасында екі жаққа да тиімді коммуникация

қалыптасуы қажет әрі өзара уағдаға келуі керек. Осы үш өлшем бойынша

нәтижеге қол жетсе, конфликтінің сәтті шешілгені. Ал тек бір-екеуі орындалса,

онда жартылай сәтті деген сөз. Американ ғалымының айтуынша, 1973 жылы

Израиль мен Египет әскери қақтығысты тоқтатуға қол жеткізді, ал қалған екі

өлшем бойынша келісім тек арада бірнеше жыл өткен соң ғана мүмкін болды

[64].

Тәжірибелі, бейтарап, беделді медиатордың ойнайтын рөлі орасан зор екені

осы мысалдардан байқалады. Дегенмен, бұдан кикілжіңге қатысушы тараптар

ештеңеге қауқарсыз, өз бетінше жүрген ойыншылар деген ой тумауы керек.

Қанша жақсы ұйымдастырылса да, бәрібір жергілікті ойыншылардікімен

салыстырғанда олардың мүмкіндігі шектеулі болмақ. Және бейбітшілікке деген

ұмтылыс жергілікті жерде көбірек байқалуы тиіс.

Джон Бертон медиацияның бірнеше негізгі қағидаларына тоқталып өтеді.

Біріншіден, конфликтінің түрлі қатысушы тараптары болады, олардың

әрқайсысының конфликтіге араласудағы мүддесі және оны шешуге немесе

ушықтыруға қатысты стратегиясы болады. Грекия мен Түркия арасындағы

келісім Кипр мәселесін шеше алмайтыны сияқты Израиль мен Египет

арасындағы уағдаластық Палестина дауын реттей алмайды. Себебі, онда негізгі

қатысушы тараптардың мүдделері мен талаптары назардан тыс қалып отыр.

Сондықтан, кикілжіңді бір деңгейде шешуге асықпай, оны түрлі деңгейлерге

бөліп қарастырғаннан кейін ғана араағайындық етудің тактикасын әзірлеген

жөн. Екіншіден, медиациялық процестерге бір тараптың өкілі ретінде

қатысатын адамның лауазымынан гөрі оның өз қауымдастығының талап-

тілектерін түсіндірудегі қабілеті басты рөл ойнайды. Үшіншіден, келіссөзге

қатысатын адамдар саны неғұрлым аз болғанда ғана әңгіме нәтижелі болады.

Бертонның айтуынша, әр тараптан екі адамнан, ал бейтарап жақтан 4-6 кісі

қатысса жеткілікті. Төртіншіден, кездесу соғысқа қатысы жоқ бейтарап

аймақта, достық рәуіштегі тыныш орында (мәселен университетте) өткізілуі

қажет және қатысушылардың отыратын орындарына үлкен мән берілуі керек

[65].

Отыз жылға созылып, 3 мыңдай адамның өмірін жалмаған Солтүстік

Ирландия кикілжіңі екі нәрсені дәлелдеді. Біріншіден, этностық конфликт тек

кедей елдерде емес, бақуатты қоғамдарда да болады. Екіншіден, оған түрткі

Page 54: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

53

болған себептер тым тереңде жатқандықтан, қатысушы тараптардың мүдделері

арасында тым үлкен алшақтық болғандықтан, эскалация жағдайына жеткен

мұндай текетірестерді шешу қиынға соғады.

1998 жылы Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия және Ирландия

Республикасы өкілдері бітім келісіміне қол қойғанға дейін мұнда конфликтіні

реттеудің қаншама әдістері қолданылып, қанша конференциялар мен

келіссөздер өткізілді. Солтүстік Ирландияда адам құқықтарын сақтауға

қатысты арнайы заң да қабылданды, ерекше қауіпсіздік және құқықтық режим

жасалды, шекарадағы ынтымақтастық жолға қойылды, экономикалық,

әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастың ерекше шаралары қарастырылды.

Мұның әрқайсысы жеке-жеке жоба ретінде конфликтіні реттеу

технологиясының шеңберінде бейбітшілікке мүдделі тараптардың ат

салысуымен жүзеге асты. Солтүстік Ирландия кикілжіңіндегі қабылданған

алдын алу, реттеу және басқару шараларының хронологиясы жалпы этностық

кикілжіңді шешу ісінде үлгі болады.

Ресейлік және қазақстандық этносаралық конфликт зерттеушілерінің

назарынан тыс қалып отырған ерекше бір мәселе – демографиялық жағдайдың

ықпалы. Батыс ғалымдары этностық топтар арасында не мемлекет пен этностық

топ арасында билік, ресурс немесе мәртебе жолындағы талас кикілжіңге алып

келгенде оның бейбіт жолмен өту-өтпеуі өңірдің демографиялық картинасына

тікелей байланысты болады дейді. Қақтығысқа қатысы бар топтардың саны

қанша (қарсыласушы ұлтпен және елдегі басқа ұлттармен салыстырғандағы

үлес салмағы), олардың қоныстану реті қандай (қаншалық тығыз қоныстанған,

анклавтар бар ма, шашырай қоныстанған болса аймақтардағы үлес салмағы

қанша?), қоныстанып отырған жердің көлемі қандай (жалпы аумағы, үлес

салмағы), бұл аймақтар көпұлтты ма әлде бірұлтты ма? Осы критерийлер

бойынша жағдайды бажайлау арқылы олардың талаптары талданып, тиісті

әрекеттер қолға алынады [22, 87 б.]. Осы демографиялық индикаторлар мен

этностық топтардың талап-тілектері негізінде ол конфликтінің алдын алуға не

басқаруға болатын-болмайтыны таразыланады. Олардың талап-тілектеріне

және депривациялық көңіл-күйінің ауанына қарай өзін-өзі басқарудың

аумақтық және аумақтық емес формалары, жергілікті не орталық билікті

бөлісу, шекаралық институттар, адам құқықтарын және азшылықтар

құқықтарын қорғау механизмдері қолданылуы мүмкін.

Шешенстандағы жағдайды демографиялық критерийлер тұрғысынан

қарастырып көрейік. 2004 жылғы деректер бойынша Шешенстандағы 1

миллионға жуық халықтың 98 пайызы этникалық шешендер екен. Ал мұның

алдындағы 1989 жылы өткізілген халық санағының қорытындылары бойынша,

Шешенстан тұрғындарының саны 1 400 000 адам болған және олардың 23

пайызы этникалық орыстар болған. Демек, осы он бес жылдың ішінде

республикадан орыс ұлтының өкілдері жаппай кете бастаған, бұл – аймақтағы

Page 55: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

54

этностық ахуалдың шиеленісіп, халыққа қауіп төне бастағанын білдірсе керек.

Демографиялық ахуалды үкімет бақылаудан шығарып алған, соның кесірінен

Ресейдің субъектісі іс жүзінде бірұлтты республикаға айналған. Осындай

бірұлттылықтың арқасында аймақтағы бүлікшілер ислам халифатын құру,

тәуелсіз мемлекет құру туралы ұсыныстарды батыл айта бастады. Ал Ресей

үкіметі олардың қажеттіліктерін ескеріп, билікті бөлісу, азшылықтарды қорғау,

жергілікті мәдени автономия, адам құқықтарын қорғау сияқты шараларды қолға

алуы тиіс еді. Мәскеу шешен бүлігін инситуттандырудан қаймығып, күш

қолдану арқылы басып тастау әдісін қолданды. Ал Финляндияның

құрамындағы таза шведтер қоныстанған Ааланд аралдары ұлтаралық мәселені

бейбіт реттеудің озық үлгісі бола алады. Аралға өзін-өзі басқаратын автономия

құқығы берілген әрі шекаралық институттар қалыптасқан. Соның арқасында

бұл арал соңғы бір ғасыр бойы ың-шыңсыз тіршілік кешіп келеді.

Дегенмен, этностық жанжалдарға территориялық тұрғыдан қарауға қатысты

теориялық және тәжірибелік пікір қайшылықтары дүниежүзі ғалымдары мен

саясаткерлері арасында әлі күнге дейін жалғасып келеді. Халықаралық құқық

нормаларының басты қағидаларының бірі – ұлттың өз мемлекеттік құрылысын

өзі шешу құқығының аясына сыйдырылатын мұндай сепаратистік қозғалыстар

дүние жүзінің түкпір-түкпірінде үздіксіз жүріп жатыр. Ең бастысы – қазіргі

тәуелсіз мемлекеттердің көпшілігі осы құқықты негізге ала отырып кезінде

басқа бір мемлекеттердің құрамынан бөлініп шыққан. Жалпы қалыптасқан

ұғым бойынша, өзінің өткенін белгілі бір аумақпен байланыстыратын этностық

топтардың өз мемлекеттік құрылысын өзі шешу мәселесін көтеру ықтималдығы

жоғары. Дж.Фирон мен Д.Лейтиннің тұжырымы бойынша, мұндай халықтар өз

қажеттіліктері жеткілікті дәрежеде қанағаттандырылмаған жағдайда қарулы

қақтығысқа баруға да жақын тұрады. Жерге қатысты мұндай конфликтілер

кезінде бейбіт келісімге келу қиынның қиыны әрі мемлекет те жерді беру

арқылы концессияға баруға құлықты емес. Сондықтан, осы тақырып

төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатады. Батыс ғалымдарының арасында

көпұлтты қауымдастықтарда жерге қатысты дауды шешудегі тиімді

механизмдердің бірі – оларға сол аумақта белгілі бір деңгейде басқару

еркіндігін беру десе, Ресей ғалымдарының арасында мұндай мемлекеттік

құрылыс ақыр соңында сецессияға, мемлекеттің бөлшектенуіне алып келеді

деген пікірлер басым. Осы диссертацияның үшінші тарауындағы талдауда біз

ғалымдардың ТМД аумағындағы кикілжіңдердің тұтануына себепкер болған

негізгі жайттардың бірі – олардың өз автономиялық ауданы шеңберінде

тәуелсіздікке ұмтылуы екенін талдап айтамыз. Яки, Б.Андерсонның

тұжырымына сәйкес ұлт дегеніміз белгілі бер жағрафиялық аумақта

мекендейтін, түрлі символдары мен тілдік, діни, мәдени, салттық бірегейлігі

бар халық тобы десек, автономиялық құрылыс олардың даралану үдерісін

тездетіп, олардың сол жерге эмоциялық-психологиялық тұрғыда жақындығын

Page 56: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

55

арттыра түседі. Т.Гардың айтуынша, «соңғы тарихи мәліметтер көрсеткеніндей,

автономиялық келісімдер аймақтық конфликтілерді реттеуде оңтайлы әдіс бола

алады» [66]. Егер аймақта тығыз қоныстанған этностық топқа автономия

берілмесе, онда кикілжің қаупі арта түседі дейді Т.Гарр. «Келіссөздер

барысында аумақтық билік бөлінісіне қатысты мәселелер реттеліп,

уағдаластыққа қол жетсе, бұл соғыстың қайта тұтану қаупін біршама

азайтады», – дейді Ф.Коен [67].

Этностық конфликтіні реттеудің түрлі кезеңдерінде дағдарыстан шығудың

бір жолы ретінде тәуелсіздікке ұмтылушы ұлтқа кең автономиялық өзін-өзі

басқару құқығы ұсынылады. ТМД кеңістігіндегі сепаратистік соғыстарда да

мұндай ұсыныстар айтылды. Бірақ, сепаратистік аймақтардың басшылары

қандай да формадағы өзін-өзі басқару ұсыныстарынан бас тартып, тек

тәуелсіздікті мақсат тұтатындарын айтты. Оңтүстік Осетия мен Таулы Қарбаққа

кең құқықты автономия дәрежесі ұсынылса, Абхазияға федеративтік деңгейдегі

республика мәртебесі де берілетін болды. Бірақ бұлардың ешқайсысы бөлінуші

халықтардың ұлттық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады [68].

Ғалымдар этностық ерекшелік тұрғысынан бөтен бір мемлекеттің

құрамындағы ұлттың өз тағдырын өзі шешуге талпынысынан кикілжіңдер

туындағанда ұсынылатын әкімшілік-аумақтық басқару схемаларын былайша

тізбелейді: 1) Конфедерация – қорғаныс, сыртқы саясат, валютаны басқару

құзіретін орталық өкіметке беріп, қалған жағдайда өз ішінде тәуелсіз әрекет ете

алатын, өзара келісім-шарт арқылы одақтасқан егемен мемлекеттердің

бірлестігі; 2) Федерация – мемлекеттің аумағы саяси негізде бірнеше аймаққа

бөлінеді, олар өз ішінде атқарушы, заң шығарушы билікті және сот билігін

жүзеге асырады, бірақ аймақтардың тәуелсіз сыртқы саясат жүргізуге

мүмкіндігі жоқ. Мұндай мемлекеттік құрылыс орнаған елдердің қатарында

Канада мен Бельгияны атауға болады. Босния мен Герцеговина, Ирак және

Судан этностық кикілжіңдерден соң мемлекеттік құрылыстың осы формасын

таңдады, алайда олардың қаншалық сәтті болатыны жайлы әлі болжам айту

ерте. 3) Автономия – федерациядағыдай конституциялық қорғауға ие болған,

басқару тетіктері өз қолына берілген аймақ, дегенмен ол территориялық шама

болмауы да мүмкін. Унитарлық мемлекеттерде де мәдени автономия

формасында белгілі бір ұлтқа артықшылықтар берілуі ықтимал. Этностық

жанжалдарды автономия беру арқылы шешкен елдер қатарына Швецияны

(Ааланд аралы), Италияны (Оңтүстік Тироль), Индонезияны (Ачех), Папуа –

Жаңа Гвинеяны (Бугенвиль), Молдованы (Гагаузия) жатқызамыз; 4) Деволюция

– унитарлық мемлекеттегі аймақтық өзін-өзі басқарудың және бір түрі.

Автономиядан айырмашылығы – бұл аймақтың құқықтық қорғалу деңгейі

төмендеу және ол конституциялық емес, жай заңдармен бекітіледі. Мұндай

жолды таңдаған елдер қатарына Ұлыбритания мен Испанияны жатқызамыз. 5)

Децентрализация – атқарушылық және әкімшілік басқару тетіктерін

Page 57: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

56

орталықтың мойнынан алып, жергілікті аймақтарға бөліп беру. Македония мен

Косовода ұлтаралық жанжалдарды реттеу үшін осы әдіс қолданылды.

Территориялық тәсілдемені этностық конфликтіні шешудің бір әдісі ретінде

қолданудың қаншалық орынды болатыны түрлі факторларға байланысты.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, тарихта сәтті-сәтсіз сан түрлі жағдайлар орын

алған. Дегенмен, конфликтолог-теоретиктер бұл әдісті қолданудың үш бірдей

аспектісіне тоқталады.

Біріншіден, федерация, автономия құрылымдарын пайдаланбай-ақ,

деволюция, децентрализация әдістеріне жүгіну арқылы этностық топтардың

өзін-өзі басқаруға деген қажеттіліктерін қанағаттандырып, наразылығын

бәсеңдетуге, сол арқылы конфликтіге себепкер болып тұрған мәселелерді күн

тәртібінен алып тастауға мүмкіндік бар. Бұл арқылы кикілжіңнің алды

алынады, сонымен бірге мемлекеттің аумақтық тұтастығына да қауіп төнбейді.

Екіншіден, аумақтық өзін-өзі басқару әдісі тек соғыс өрті тұтанған этностық

тұрғыда әркелкі өңірлерде ғана емес, әлеуметтік, географиялық, тектік, т.б.

алауыздықты жойып, әлеуметтік кикілжіңдерді болдырмау үшін де жүзеге

асырылады. Үшіншіден, аумақтық өзін-өзі басқару – этностық негіздегі

кикілжіңдердің барлығын шешіп бере алатын әмбебап құрал емес, ол – тек

басқа да әдістермен қатар, кешенді түрде, әрі этностық топтардың талап-

тілектері мен арман-мұраттарын ескере отырып, қажет болған жағдайда

қолданылатын конфликтіні басқарудың көп амалдарының бірі.

Мемлекеттік құрылыс формалары туралы әңгіме қозғалғанда, голланд

ғалымы А.Лейпхардтың «консоционалдық демократия» идеясын айтпай кетуге

болмайды. Түбірін «консенсус» сөзінен алатын бұл теория көпшіліктің

қолдауына ие болған жағдаяттардың негізінде саяси линияны қалыптастыруды

көздейді, яғни ол саны жағынан басым этностың шешім қабылдау тізгінін өз

қолына алып кетпеуін қамтамасыз етеді. Этностық түбірі әркелкі әрі түрлі

саяси, діни көзқарастарды ұстанатын әртекті қоғамдағы этносаралық

конфликтілерді реттеу және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында

ойлап табылған бұл концепция «бөлшектенген қоғамдағы тұрақтылықты

қамтамасыз ету үшін ұлттық элиталар арасында компромиске келу» деген

ұғымға келіп саяды. А. Лейпхард консоциацияны көпұлтты қоғамдағы

конфликтілерді бейбіт жолмен реттеудің ең тиімді тәсілдемесі санайды және

бұл теорияның төрт ерекше сипаттамасын атап өтеді: 1) барлық этностық

топтардың үлкен коалициясы, яки елді басқаруға барлығы бірлесе қатысады; 2)

шешім қабылдауда ұлттық азшылықтардың вето қою құқығы; 3) белгілі бір

мүмкіндіктер мен қызметтерді бөлісудегі этностық пропорционализм; 4)

федерализм жүйесіндегідей этностық автономия [69].

«Консоционалдық демократия» өткен ғасырда түрлі кикілжіңдердің

кесірінен бөлшектеніп кетуге шақ қалған Нидерланды және Бельгия

мемлекеттерінде сәтті жүзеге асырылды. Нидерландыда әлеуметтік алауыздық

Page 58: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

57

ушығып, таптық күрес басталды, бұл жалпыға ортақ сайлау құқығы мәселесін

тудырды. Ал Бельгияда этностық, діни және таптық келіспеушіліктер кесірінен

ел ішіне іріткі түсті. Бұл елдерде қоғамдық конфликтілік қарсылықты азайтуға

консоциация теориясы көп көмектесті. Швейцария, Австрия елдері де халқы

көпұлтты болғанына қарамастан, қоғамда келісім мен бейбітшілікке қол

жеткізді. Дегенмен, бұл жүйені қолдану демократиялық дәстүр қалыптасқан

Еуропа елдерінде мүмкін болса, дәстүр-салты мүлде өзгеше болып келетін,

халқы көбіне элитаның айтқанын заң деп қабылдайтын Азия мемлекеттерінде

бұл тәсілдемеге жүгіну әрекеттері сәтсіз аяқталды. Оның басты себебі, өз

тобының атынан өкілдік ететін элита халықтың мұң-мұқтажына дұрыс құлақ

аспады, халық пен элита арасында лайықты диалог қалыптаспады [10, 572 б.].

Консоциация теориясын көпұлтты қоғамдағы әркелкілікті реттеудің әмбабап

құралы деп қарастырған Э.Нордлингер конфликтіні реттеудің алты

алғышартын келтірді: 1) тұрақты коалиция; 2) пропорционализм; 3) вето

құқығы; 4) бейсаясаттандыру (үкімет күйіп тұрған этностық тақырыптары

талқылауға тоқтау салады); 5) компромисс; 6) концессия (тараптардың өз

қалауымен жол беруі) [62, 21 б.].

Конфликтілерді шешуде және басқаруда қолданылатын нақты әдістерге

тоқталып өтейік. Дж.Макгэри мен Б.Олири конфликтіні шешуге қатысты

тәсілдемелерді қарапайым екі бөлікке бөліп қарастырады: Біріншісі –

кикілжіңге себепкер болған пікір айырмашылығын жою, екіншісі – оларды

басқаруға күш салу [70]. Айырмашылықтарды жою геноцид, этностық

тазалау, бөлшектеу немесе/және сецессия, ассимиляция әдістері

қарастырылады. Ал қайшылықтарды басқару әдісі бақылау режимі, үшінші

жақтың төрелігі, федерализм және басқа да аумақтық ұйымдастыру шаралары

арқылы жүзеге асырылады, сөйтіп екінші жаққа көбірек автономия беріледі не

билікті бөлісудің түрлі жолдары қарастырылады. Бұл ретте неміс ғалымы

Ульрих Шнекенердің классификациясы жүйелірек әрі шынайы жағдайға жақын

болып көрінеді. Ол конфликт барысындағы өзара қайшылықтарды жою

шараларын лайықты және лайықсыз деп екі бөлікке бөледі [71]. Біздің ұғуымыз

бойынша, лайықсыз шаралар дегеніміз – конфликтінің себебін күш қолдану

жолымен, бейбітшілік және адам құқықтарын сақтау сияқты жалпы гуманизм

шарттарын бұзу арқылы жою. Шнекенер бұл қатарға көзін жою әдісін (геноцид,

этностық тазалау және күшпен ассимиляциялау) және бақылау режимін

(күшпен бағындыру, бөлшектеп билеу, шектелген өзін-өзі басқару) жатқызады.

Бұл құқықтық тұрғыдан алғанда заңсыз, ал гуманизм тұрғысынан негізсіз

шараларға ғалым лайықты басқару әдісін қарсы қояды. Оның қатарына

азшылықтардың құқықтарын қорғау, билікті бөлісу, территориялық

шешімдер, екіжақты және көпжақты режимдер жатады.

Геноцид және этностық тазалау сияқты өркениетті адамзат мүлде бас

тартқан зұлым шаралар, өкінішке қарай, әлі де қолданылып жүр. Соңғы

Page 59: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

58

мысалдар – 1990-жылдардағы Руандадағы, Дарфурдағы және Босния мен

Герцеговинадағы қанды қырғындар. Кейбір сарапшылар Таулы Қарабақта да

(Ходжалы оқиғасы), Абхазия мен Оңтүстік Осетияда да этностық тазалау әдісі

пайдаланылғанын айтады [72].

«Этностық тазалау» ұғымына сарапшылар мемлекеттік қауіпсіздік

концепциясы тұрғысынан қарайды. Яки, мемлекет ішкі қауіпсіздікті

қамтамасыз ету үшін игіліктерді қайта бөліске салып, ұлтқа кең құқықтар мен

мүмкіндіктер береді, ал азшылық өкілдерін мұндай артықшылықтардан

айырады. Бұл ел өкіметінің халықты біртекті ету стратегиясын заңдастыруға

қатысты ұстанымдарына байланысты. Егер өкімет мемлекеттің қауіпсіздігін

қамтамасыз ету үшін ел халқы бірұлтты болуы керек деп ұйғарса, онда олар

ассимиляциялау, азаматтығынан айыру (азаматтық бермеу) сияқты жеңіл

әдістерді немесе халықты көшіру, геноцид сияқты қатыгез әрекеттерге баруы

ықтимал [73].

Жоғарыда атап өткеніміздей, ұлттың этностық бірегейлігі – оны қорғанысқа

және қантөгіске итермелейтін эмоциялық, моральдық мотиватор, демек,

этностық конфликтілер барысында көп факторларға байланысты мұндай

қатыгез әдістердің қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Бұл жерде

ағылшын философы Т.Гоббстың «Барлық адамдардың бір-бірімен соғысы»

(«Адам адамға – қасқыр») теориясы еске түседі. Яғни, мемлекет институты

пайда болғанға дейін адамдар бір-бірін жау санаған, тек өркениетті қоғам

орнағаннан соң ғана белгілі бір моральдық, құқықтық заңдар шеңберінде

шектелуге мәжбүр болған.

Этностық алауыздықты күшпен жоюды конфликтіні шешудің ең оңтайлы

жолы санайтын теоретиктер қазір де кездеседі. Олардың басты уәжі – этностық

бірегейлік өте күшті категория, сондықтан өзара араз ұлттар қандай шара

қолдансаң да бәрібір бейбіт қатар өмір сүре алмайды. Яғни, белгілі бір

мемлекеттің қоластында өмір сүріп жатқанымен, түрлі тарихи, мәдени, тілдік,

т.с.с. ерекшеліктері бар этностық топтар арасында ерте ме, кеш пе, бәрібір

қауіпсіздік мәселесі туындайды дейді олар. Сол үшін тамыры тереңге кеткен

дүрдараздықты тек күштеп ассимиляциялау, сецессия, бөлшектеу, геноцид

және этностық тазалау арқылы ғана біржола шешуге болады деген пікірлер әлі

де бар. Мәселен, Дж.Миршеймер және Р.Пейп, С.Кауфман халықтармен алмасу

(этностық тазалау) әдісінің тиімді жақтарына тоқталады. Қырғиқабақ

соғысының соңында ғана адамзат этностық тазалау әдісіне бірауыздан қарсы

тұрды. Оған дейін жүз жылдан астам уақыт бойы мемлекеттер өз ішіндегі

тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында этностық

азшылықтың саяси ықпалын төмендету үшін оларды басқа елдерге көшіру не өз

ұлтының азаматтарымен алмастыру тәсіліне жүгінген. С.Волфтың айтуынша,

этностық алмасу әлемнің барлық аймақтарына тән құбылыс болғанымен, бұл

әсіресе Еуропа құрлығында көп пайдаланылған. Оған мемлекеттердің күйреуі

Page 60: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

59

мен мемлекеттер шекараларының қайта сызылуы себепкер болған. Бірінші

және екінші Балқан соғыстарында, бірінші және екінші дүниежүзілік

соғыстарда, ақыр соңында Югославияның ыдырауы кезінде Еуропада халықты

ел аумағынан күштеп шығарып жіберу не басқа халықпен күштеп алмасу

оқиғалары жиі кездескен, және бұл аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікке

қатер төндіріп отырған. Этностық тазалау әдісіне қарсы шығып отырған АҚШ

пен Еуроодақ – кезінде бұл дәстүрді барынша қолдап, өздері де соған

атсалысқан тараптар. Мәселен, 1920-жылдары гректер мен түріктерді алмасу

шарасы ұйымдастырылса, 1945 жылы соғыс аяқталған соң миллиондаған

этностық немістер Орталық және Шығыс Еуропадан шығарылды. Ал,

Еуропадан тысқары аймақтарда ең алдымен Таяу Шығыс аймағындағы

палестиндіктердің Израиль жерінен шығарылуын атауға болады. БҰҰ-ның

мәліметтері бойынша 1948 жылы Израиль мемлекеті құрылғалы бері осы

мемлекеттің аумағынан және Израиль әскері басып алған жерлер мен

Йорданиядан 4,1 миллион адам ерікті-еріксіз көшкен. Олардың басым көпшілігі

босқындар болғанымен, бұл – мәжбүрлеп көшіру саясатының бір бөлігі деген

пікір бар. КСРО-дағы 1930-жылдардағы ашаршылық, соның кесірінен бұратана

халықтың шетелге ағыла көшуі – геноцид пен этностық тазалаудың айқын

мысалдарының бірі. 1950-жылдары этностық тазалау шаралары Кавказ өңірінде

қарқынды жүргізіліп, соның кесірінен жүз мыңдаған кавказ ұлтының өкілдері

Қазақстан жеріне көшірілді. Мұндай этностық тазалау шаралары халықтың

тарихи жадында әдебиет туындылары, ән-жыр арқылы жатталып қалады да,

кейін жаңа конфликтілердің туындауына түрткі болады. Ұлттың тарихы

жадының Кавказдағы кикілжіңдерге қаншалық ықпал еткені диссертацияның

ІІІ тарауына кеңінен талқыланады. Жаңа замандағы этностық тазалау шаралары

Африка құрлығында – Руанда мен Бурундиде (хуту және тутси тайпаларының

көшірілуі), Суданда (христиандардан тазалау және Дарфур аймағынан қара

нәсілділерді күштеп қоныстандыру) орын алды.

Айырмашылықтарды жоюдың үшінші түрі – күштеп ассимиляциялау, яғни,

белгілі бір этностық топтың өздеріне тән мәдени, тілдік, діни және басқа да

ерекшеліктерді ұмытып, доминант этностық топтың дәстүрлерін қабылдап,

соларға сіңісіп кетуіне жағдай жасайтын саясат. Мемлекеттік тілді күштеп

енгізу, елдің көпұлтты, көпмәдениетті өткені мен бүгінін ескермейтін біртекті

мектеп бағдарламасы, басқа ұлттардың дәстүр-салты мен мәдени

ерекшеліктерін сақтауға бағытталмаған мемлекеттік саясат –

ассимиляциялаудың бір көріністері. Көп жағдайларда бұл саясат жасырын әрі

баяу жүріп жатады да, сырт көзге аса біліне бермейді. Бұл саясат әлемнің

көптеген елдерінде, соның ішінде Еуропаның өркениетті деген мемлекеттерінде

де, атап айтсақ, Франция мен Ұлыбританияда, Италия мен Ресейде, Румыния

мен Болгарияда жүзеге асырылған, және С.Волфтың айтуынша, көбіне-көп

үлкен нәтиже бермеген. Австралияда аборигендердің балаларын ақ

Page 61: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

60

нәсілділердің отбасына күштеп беру әдісі, Оңтүстік Африкада қара нәсілділерге

африкаанс тілін мәжбүрлеп үйрету шарасы – осылардың барлығы

ассимиляциялау саясатына жатады. ҚХР-дың Шыңжан Ұйғыр автономиялық

өлкесінде, Өзбекстанда тұратын этностық қазақтардың ассимиляцияға түсіп

жатқаны туралы мәліметтер бар. Әлбетте, КСРО жергілікті ұлттарды

ассимиляциялау әдісін кеңінен пайдаланды. Қазақ ұлты өкілдерінің

көпшілігінің өз ана тілінде сөйлей алмауы – осы мәжбүрлеу саясатының жемісі.

У.Шнекенер классификациясы бойынша этностық конфликтіні шешудің

лайықсыз әдістерінің және бір тобы бақылау режимі аясында жүзеге асады

және онда күшпен билеп-төстеу, бөлшектеп билеу, шектелген өзін-өзі басқару

тәсілдері қолданылуы мүмкін. Бұлардың барлығы негізгі ұлттың басым

дәрежесін заңдық және қоғамдық тұрғыда қамтамасыз ету, сөйтіп мемлекеттің

тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Бұл әдістер әр елде әртүрлі

деңгейде, түрлі қарқынмен пайдаланылады және көбіне ұлттық мемлекеттерге

тән құбылысқа жатады. Әсіресе күшпен бағындыру әдісі – адам құқықтарын

бұзуға, қантөгіске алып келетін әдіс. Израильдің басып алған аймақтардағы

саясаты, Оңтүстік Африкадағы апартеид саясаты, және Косоводағы серб

үкіметінің әрекеті, Индонезияның Ачехтегі әлімжеттігі, Шри-Ланка үкіметінің

тамильдерге қарсы озбырлығы осы әдістің ерекше мысалы бола алады.

Бұлардың барлығы – ұлттық айырмашылықтардан туындаған алауыздықты

қарудың күшімен шешуге талпыну әрекеттері. Ескерте кетерлік жайт, ресми

үкімет орындары күштеп бағындыру саясатын басқа бір атпен бүркемелеп,

халықаралық қауымдастықтан жасырын әрекет етуге тырысуы мүмкін және бұл

– ашық қарулы қақтығыстың басталуына түрткі болатын негізгі себептердің

бірі. Біздің тақырыбымызға өзек болып отырған ТМД-дағы этностық

конфликтілердің барлығы да осындай күштеп бағындыру саясатының кесірінен

ушыққан болатын. Екіншіден, ерте дабыл қағу, әлеуметтік мониторинг жүйесі

қалыптаспаған, азаматтық қоғамы марғау, тәуесіз ақпарат құралдары жоқ

елдерде мәселенің анық-қанығын білу, сол арқылы мүмкіндігінше ерте әрекет

ету арқылы қантөгістің алдын алу мүмкін болмай жатады.

Бөлшектеп билеу – divide et impera (бөлшекте де билей бер) саясаты, яғни,

басқа ұлт өкілдерін шешім шығару процесіне мейлінше аз араластыру, олар

қоныстанған аймақтарды басқару тізгінін негізгі ұлт өкілдеріне беру. Бұл –

колониялық режимдердің ерекше ыждаһатпен қолданған әдісі. Өкінішке қарай,

бодандағы халықтардың өз бетінше билік жүргізу дәстүрі

қалыптаспағандықтан, отарлау саясаты аяқталған соң мұндай елдерде биліктің

ауысуы және оны ұстап тұру процесі қиын жағдайда жүріп жатады.

Шектелген өзін-өзі басқару – ұлттық азшылықтарды орталық мемлекеттік

билік тетіктеріне араластырмау және мәдени автономия беру арқылы қоғамдық

тұрғыдан оқшаулау. Бұған нацистердің еврейлерге арнап тұрғызған геттоларын,

Page 62: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

61

АҚШ-тағы үндістердің резервацияларын, Оңтүстік Африкадағы қара

нәсілділерге арналған аудандарды жатқызамыз.

Бақылау режимі көбіне демократиялық дәстүр қалыптаспаған елдерге тән

құбылыс болғанымен, нағыз демократияның отаны саналатын мемлекеттер де

этностық жағдайды реттеудің өрескел түрлерін қолданып отырған. Мәселен,

Ұлыбритания Солтүстік Ирландияда елу жыл бойы католиктерді билікке мүлде

жолатпай, жергілікті заң шығарушы орган тек протестанттардан жасақталып

келді. Көп елдерде бақылау режимі мемлекеттің ұлттық саясатындағы басты

стратегиялық бағыты саналады да, ол этностық жағдайды реттеп отырудың

негізгі тетігі ретінде жасырын түрде пайдаланылады.

Ресейдің конфликтолог-ғалымдары кикілжің кезіндегі тактикалық әдістерге

көп мән береді. Мәселен, Л.Дятченконың пікірінше, конфликтіні реттеу

дегеніміз – әлеуметтік жүйе немесе процесті қалыпты жағдайға келтіруге

бағытталған әрекеттер жүйесі. Ол әлеуметтік жүйенің өзгеруте болатын және

өзгерісті қажет ететін элементтерін анықтауы тиіс. Бұл элементтер – әлеуметтік

жүйенің не процестің өзгермелілері. Этностық конфликтінің функционалдық

өзгермелілері оны реттеудің мақсаттарымен және ықтимал нәтижелерімен

тікелей байланысты. Конфликтінің құрылымдық және динамикалық

өзгермелілеріне ықпал ету арқылы оның функционалдық өзгермелілерінде

қажетті нәтижеге қол жеткізуге болады. Алайда, құрылымдық-динамикалық

және функционалдық өзгермелілер арасында және бір дәнекер бар, ол –

факторлық өзгермелілер. Демек, конфликтіні реттеу төрт кезеңнен тұрады:

мақсатты әрекеттер – факторлық өзгермелі – құрылымдық және динамикалық

өзгермелілер – функционалдық өзгермелілер [74].

Конфликтіні реттеудің негізгі міндеті – оның жағымсыз салдарын азайту, әрі

қарай ушығуына жол бермеу. Конфликтіні басқарушы субъект ретінде

тараптардың бірі немесе үшінші жақ қатысуы мүмкін. Н.Данакин мен

Л.Дятченконың айтуынша, конфликтіні бәсеңдетудің не тоқтатудың үш

варианты бар. Бірінші – сырттан әсер ету, яғни, үшінші бір тараптың араласуы

арқылы бақталастықты жою. Екінші – ішкі даму варианты, яғни, күресуші

жақтардың араласуымен тоқтату. Үшінші – өздігінен басылу, яғни,

тараптардың бір-біріне қызығушылығы азаюы, басқа да маңызды мәселелерге

көңіл бөліп кетуі [75].

Этностық конфликт ушығуының эскалация кезеңінде тиісті басқару

шаралары қолға алынбаған жағдайда ол ашық қақтығысқа ұласып кетуі әбден

мүмкін. Конфликтінің латентті жағдайдан ашық қақтығысқа ұласуы әдетте бір

жақтың екінші жаққа сын айтып, қалыптасқан жағдайға көңілі толмайтынын

ашық білдіруден басталады. Мұндай жағдайда конфликтіден қашу, келіссөз,

араағайынның көмегіне жүгіну, кейінге қалдыру және үшінші жақтың

төрелігіне жүгіну сияқты классикалық әдістер жиі аталады әрі қолданылады.

Page 63: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

62

Келіссөз, араағайындық, төрелік сияқты әдістер бүкіл әлемге ортақ әмбебап

тәсіл болғандықтан, әрі батыста да, біздің аймақта да кеңінен қоланылып

жүргендіктен, біз тек біздің өңірге тән әдіс түрлеріне көбірек тоқталуды жөн

көрдік.

Конфликтіден қашу – посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің көбіне ортақ,

жиі қолданылатын әдістердің бірі. Кеңестік идеологияның ықпалының

арқасында «конфликт – мемлекеттің жіберген қателігінің кесірінен туындаған

жағымсыз құбылыс, қоғамдық дамудағы лайықсыз жағдай» деген пікір бар.

Үкімет конфликтінің туындағанын мойындаған жағдайда қоғам дауындағы

олқылықтардың бар екенін мойындаған болып шығады, сондықтан бәрін

жасырып-жабуға тырысады. Соның кесірінен конфликтінің алдын алу, реттеу

мүмкіндіктері пайдаланылмай қалады, уақыт өтіп кетеді. Конфликтіні

басқаруда өрескел қателіктер жіберілгендіктен (ақпаратты жасырын ұстау,

конфликт себептерін елемегенсу, қарсыласушы жақтарды мойындамау) жағдай

одан сайын ушығып кетеді. Ақпараттың аздығы ел арасында өсек-аяң туғызып,

оқиғаға деген қызығушылықты бұрынғыдан да арттырып жібереді, түрлі

жаңсақ пікірлер, долбарлар жарияланып, халықты үрей, қорқыныш билейді,

кейде жалған ақпараттың кесірінен деструктивті күштердің соңынан ілесіп

кететіндер де табылады. Бүгінгідей интернет заманында кез келген

тексерілмеген ақпаратты әлеуметтік желілердің көмегімен жұрт арасына

таратып жіберу қиын емес. Мұндай жағдайда мемлекеттің ақпараттық

қауіпсіздікке жете мән беріп, түрлі деструктивті күштердің алдын орап

кететіндей оперативті, сенімді әрі ықпалды ақпарат тарату каналдарын

қалыптастырып, оларды бейбіт жағдайда пайдаланып отыруы қажет.

Қазақстандағы мемлекеттік органдардың қазіргі замандағы жедел ақпарат

таратудың ең озық үлгілеріне жататын «Фейсбук», «Туиттер» сияқты түрлерін

меңгеріп, аудитория жинай бастауы – осы олқылықты түсінгенінің бір белгісі

болса керек.

Конфликтіні реттеудің теңгеру әдісі үшінші жақтың теңгермешілік әлеуетін

пайдаланып, тараптарды уақытша болса да тең жағдайда ұстап тұруды

көздейді. Назарын басқа жаққа бұру әдісі – тараптардың назарын

конфликтіден аулаққа алып кетіп, басқа бір мәселелерге көңіл бөлуіне

мүмкіндік жасау. Қарсыласушы тараптарды асығыс шешімдерден сақтау үшін

«психологиялық үзіліс» әдісі қолданылады. Бұл үзіліс бірнеше минуттан

бірнеше айға дейін созылуы мүмкін [76].

«Ортақ жау» әдісі кезінде ұрысушы тараптардың екеуіне де қатер

төндіретін жаңа «үлкен жау» пайда болады, соның арқасында бір-бірімен

тәжікелесіп жүрген тараптар өзара дүрдараздығын ұмытып, ортақ жауға бірлесе

қарсы тұрудың жолдарын қарастырып кетеді. Күштерді деконсолидациялау

әдісі тек этностық конфликтілерде емес, жалпы саяси технологияларда жиі

қолданылады. Ол бойынша, қарсы тараптың радикалды деген элементтері мен

Page 64: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

63

топтары түрлі тәсілдердің көмегімен бейтараптандырылады (мәселен, халық

алдында беделін түсіру, соттау, т.с.с.) да, оның орнына компромиске, келіссөзге

әзір тараптармен қарым-қатынас жасалады. Грузия үкіметі Оңтүстік Осетия

жанжалдында осы әдісті қолданып, Оңтүстік Осетияның Грузия жағына өткен

саяси қайраткерлерін қолдап, солардың көмегімен идеологиялық күрес

жүргізуге тырысты. 2008 жылғы тамыз соғысы қарсаңында Тбилисиден хабар

тарататын «Алания» телеарнасы осындай идеологиялық құрал рөлін атқарды

және ондағы А.Санакоев сияқты белді журналистер Оңтүстік Осетиядағы

қоғамдық пікірге ықпал етіп, халықты «бүлікшіл» үкіметтен бас тартып,

Грузияны қолдауға үгіттеді [77].

«Конфликтілерді шешу жөніндегі халықаралық комитет» Пол Штерн мен

Дэниел Дракманның редакциялауымен 2000 жылы Вашингтон қаласынан

«Қырғиқабақ соғыстан кейінгі кезеңдегі халықаралық конфликтілерді шешу»

атты зерттеу еңбегін басып шығарды. Осы кітапта жаңа замандағы

халықаралық қатынастардың табиғаты мүлде өзгергені, соған сәйкес

кикілжіңдерді шешу жолдары да жаңаша болуы тиіс екендігі жан-жақты

талданған.

Адамзат қоғамының барлық сатыларында жүріп жатқан бұл трансформация

түрлі конфликтілер мен оларды шешуге қатысты мемлекеттердің

ұстанымдарына да әсер етпей қойған жоқ. Өзгерістің бір дәлелі - 1990-

жылдардан бастап халықаралық соғыс ошақтарының саны азайып,

қақтығыстарда қаза болғандар да біртіндеп кеміп келеді. Жаңа демократиялық

қоғамдардағы қанды қырғындар жалпы тенденцияға көп әсер ете алмайды, әрі

ол қақтығыстардың табиғаты да халықаралық саяси мақсаттағы емес, этностық

бірегейлікке қатысты болып келеді. Халықаралық ахуалдың өзгеруіне

байланысты жұмыр жердің бетінде ұзақ жылдар бойы жазылмас жара болып

келе жатқан кикілжіңдер – Таяу Шығыс, Корея түбегі, Кашмир мәселелері

жаңаша әдіспен шешіледі деген үміт бар.

Себебі, ғалымдар арасында қазір «халықаралық конфликт» ұғымы өзгерді

деген тұжырым бар. Бұрынғы «мемлекеттің өз қарулы күштерін пайдаланып

кем дегенде бір елмен соғысуы» деген ұғым да әлі сақталып тұр, дегенмен қазір

мемлекеттер бір-бірімен ашық соғыспаған күннің өзінде кейбір конфликтілер

халықаралық бейбітшілік қауіпсіздікке қатер төндіретін оқиғалар қатарына

жатқызылады. Мәселен, егер мемлекет ішіндегі конфликтілерде адамның басты

құқықтары, демократиялық басқару әдістері бұзылып жатса, халықаралық

деңгейде әлгі елдің үкіметіне қарсы шаралар қолданылады. Кей жағдайларда

бұрынғы дәстүрмен күш қолдану не оны қолданамыз деп қорқыту әдісі де

пайдаланылады. Кейде мемлекеттердің өз ішіндегі демократиялық жолмен

сайланған үкіметтерді тақтан тайдыру әрекетінен басталған қақтығыстар да

халықаралық конфликт қатарына жатқызылады. Мәселен, мұндай оқиға Гаити

аралында болды.

Page 65: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

64

Дүниежүзілік қауымдастықтағы соңғы өзгерістерді ескере келе Америка

ғалымдары «конфликтіні шешу» ұғымына жаңа анықтама береді. Яғни,

«конфликтіні шешу дегеніміз – топтар немесе мемлекеттер арасындағы

конфликтіден туындайтын зомбылықтың алдын алу не оны бәсеңдету, сондай-

ақ оның астарындағы келіспеушіліктерді азайтуға бағытталған әрекеттер.

Әлеуметтік топтар арасындағы конфликтіні өміріміздің ажырамас бір бөлігі деп

қарстырсақ, оны шешудегі мақсат – конфликтіні айырмашылықтарды бейбіт

жағдайда талқылауға мүмкіндік беретіндей өзара келісілген нормалар арнасына

салу, дауларды шешу құралы ретінде зомбылықты пайдалануды болдырмау,

шектеулі жағдайдағы зомбылық түрлеріне рұқсат беріп, оның нақты ережелерін

белгілеу (қылмыстық кодекс шарттарын бұзғаны үшін жазалау сипатында)»

[78].

Батыс ғалымдары жаңа заманда конфликтіні шешудің бұрынғы әдістеріне

қайта анықтама беріп, концептуалдық тұрғыдан саралап, бұрын дипломаттар

мен теоретиктер онша мән бермей келген технологияларға қайта назар сала

бастады. Қырғиқабақ соғыс кезінде халықаралық конфликтіні басқару ғасырлар

бойы қалыптасқан мемлекеттер жүйесіне негізделген дәстүрлі дипломатия

арқылы жүзеге асты. Халықаралық конфликт - жекелеген мемлекеттердің

геосаясаттағы тиімді орын үшін, табиғи ресурстар және мемлекетке қажетті

басқа да артықшылықтар үшін күресі, табанды әрі сақ саясатының нәтижесінде

туындайтын қақтығыс болатын. Мемлекеттердің мұндай конфликтіге баруы

олардың мүдделерінің арасындағы қайшылықтан бастау алатын. Мұндай

конфликтілер «нөлдік сомадағы» кикілжіңге жатады, бір жақ қаншалық пайда

тапса, оның қарсыласы соншалық ұтылатын. Ұлттық мүдделер қайшыласқан

әлемде саяси, экономикалық және әскери ықпал ету – конфликтіні басқарудың

басты әдістері болды, кей кездері күш қолданумен қорқыту тәсілі де

пайдаланылды. Яғни, конфликтіні бастауда да, оны басқаруда да әлімжеттік

саясат кәдеге жаратылды [79]. Сөйтіп, мемлекеттер және олардың

коалициялары зомбылықты қорғаныс күштерінің көмегімен немесе

экономикалық санкция салу сияқты қорқыту және жазалау әдістеріне жүгіну

арқылы тоқтатуға тырысты. Бұл жаппай қарулануға, атом қаруын иемденуге

алып келді, сөйтіп әлем елдері ядролық соғысты болдырмау үшін жаппай

қырып-жою қаруларын азайту, қару санын шектеу туралы келіссөздер

жүргізуге мәжбүр болды.

Ұлттық мүдделер қайшыласқан әлемдегі келіссөздер барысында әр мемлекет

өз ұлттық мүддесін басқалардікіне қарсы қойып, қайткенде де жеңіп шығуға

тырысты немесе өзара сәйкес келетін мүдделерді тауып, солардың негізінде

келісімге келуге күш салды. Дәстүрлі ықпал ету әдістері өзгеріске ұшырап

жатқанымен ол қырғиқабақ соғыстан кейінгі кикілжіңдерде де кеңінен

қолданылды (НАТО-ның Югославияға, Ирактың Кувейтке, АҚШ-тың Иракқа

шабуылдары). Мемлекеттер конфликтілерді шешуде аймақтық қауіпсіздік

Page 66: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

65

ұйымдарына көбірек сенім арта бастады, мұндай ұйымдарда ұжымдасқан

қауіпсіздіктің құқықтық нормалары қалыптасып, жекелеген мемлекеттердің

біржақты бүлік шығаруын тежейтін тетіктер көбейді.

Жаңа заманда қарулы күштер тікелей ұрысқа қатысу міндетін ғана емес,

басқа да қосымша міндеттер атқара бастады, сондай-ақ олар конфликтіні шешу

шараларына да араластырылатын болды. Тіпті аймақтық қорғаныс ұйымдары

аса қуатты Еуропаның өзінде қарулы күштер тікелей әскери басып кіру

мақсатына сирек қолданыла бастады. Олар көбіне гуманитарлық көмек жеткізу,

босқындарды орналастыруға жәрдемдесу, инфрақұрылымды қалпына келтіруге

көмектесу істерімен айналысты.

Халықаралық ұйымдардың бітімгершілік миссиялары да тікелей қарулы

қақтығыстарға қатысты тапсырмаларды ғана орындап қоймай, сонымен қатар

сайлауды бақылау, мемлекетті құруға қатысу сияқты шараларға қатыстырыла

бастады. АҚШ ғалымдарының есептеуіне қарағанда, қырғиқабақ соғыс

аяқталғаннан кейінгі онжылдықта БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларының

саны бұл ұйым өмір сүрген 45 жыл ішіндегі рекордты көрсеткішке жетті. Ал

бітімгершілік миссияларының көлемі, міндеттері мен стратегиялары да өте көп

өзгеріске ұшырады. Бұрын бітімгершілік миссия әскерінің саны 10 мың

адамнан аспаса, бұл жылдары Камбоджа мен Боснияға 30-60 мыңның

аралығында сарбаздар жөнелтілді [80].

Жаңа заманның ерекшелігі – қазір мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар

дәстүрлі дипломатия сияқты ықпал ету құралдарын қолданатын жалғыз

ойыншылар емес. Бұлардың қатарына экономикалық ықпалы жөнінен кейбір

мемлекеттердің өздерінен асып түсетін алпауыт трансұлттық компаниялар

немесе үкіметтің олқылықтарын сынап, дұрыс жолды көрсетіп отыратын

қоғамдық ұйымдар қосылды. Ақпарат құралдары 1980-жылдары ОАР-ға

инвестиция салу арқылы апартеидке қолдау білдіріп отырған трансұлттық

компанияларды сынға алды. Үкіметтік емес ұйымдар, мәселен белгілі бір елдегі

адам құқықтарының ахуалын сынау арқылы ел басшылығының ұстанымына,

халықаралық саясатқа үлкен ықпал ете алатын болды.

Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан бергі тенденцияға сәйкес қазір бұрынғы

«нөлдік нәтиже» қисының аясындағы дәстүрлі дипломатиялық стратегиядан

басқа, бұрын еленбей келген стратегиялар көптеп қолданыла бастады. Олардың

алғашқысы – конфликтіні трансформациялау. Оның мақсаты – интерактивті

процестердің көмегімен қарсыласушы тараптарды ымыраға келтіру, сол

арқылы өшпенділікті азайтып, мүдделерін қайта қарату, ортақ негізді табу. Бұл

стратегия дәстүрлі дипломатияның негізгі қағидаларына түп-орнымен қайшы

келеді, мұнда мүдделер және олардың қақтығысы өзгермелі, бейімделгіш

құбылыс ретінде қарастырылады әрі мемлекеттің мүддесіне аздаған өзеріс

енгізу арқылы қарсылықтарды еңсеріп, бейбіт қатар өмірге қол жеткізуге

Page 67: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

66

болады деп санайды. 2.1 кестеде конфликт шешудің ескі де жаңа стратегиялары

мен қолданылатын әдістері көрсетілген.

2.1 кесте – Конфликт шешу стратегиялары

Стратегия Қолданылатын әдіс

Әлімжеттік саясат Күш қолданумен қорқыту

Қорғаныс альянстары

Экономикалық санкция

Мүдделерді саудаға салатын

келіссөздер

Әлімжеттік медиация

Конфликт трансформациясы Интерактивті конфликт шешу

(Проблема шешуші семинарлар)

Балама дипломатия

Ақиқат комиссиялары

Құрылымдық алдын алу Сайлау жүйесін реформалау

Автономия

Сөз және бірігу бостандығына заңмен

кепілдік беру

Әскери ұйымдарға азаматтық

бақылау орнату

Нормативтерді өзгерту ЕҚЫҰ-ның адам құқықтарының

қорғалуын талап етуі

Конфликтіні трансформациялау стратегиясы – 1960-жылдары батыс

ғалымдары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері әзірлеген әдіс-тәсілдер

жиынтығы, оның басты мақсаты – ұрысушы тараптардың өкілдерін беймарал

жағдайда кездестіріп, олардың бір-бірінің көзқарастарын түсінуіне жәрдемдесу,

сол арқылы дауларды шешуге жол ашатындай бейбіт атмосфера қалыптастыру.

Бұған интерактивті конфликт шешу, балама дипломатия, проблема шешу

семинарлары сияқты шаралар жатады. Яғни, кездесулер сериясы барысында екі

жақтың өкілдері өзара қарым-қатынасқа қатысты көзқарастарын біртіндеп

өзгертіп, оның болашағына бұрынғыға қарағанда үмітпен қарай бастайды.

Сөйтіп олар тікелей (бейбіт келісімнің жобасын әзірлеу) не жанама түрде

(қоғамдық пікірді өзгерту, билікке жаңа идеяны жақтайтындардың келуі, т.с.с.)

әсер ету арқылы бейбітшілікке қол жеткізуге жәрдемдесуі тиіс. Соңғы жылдары

көптеген үкіметтік емес ұйымдар Шығыс Еуропада саяси, этностық дауларды

шешудің балама жолдарын ұсынған түрлі идеяларын жарыққа шығара бастады.

Жаңа әдістерге тоқталғанда батыс конфликтологтары өткен ғасырдың 60-80-

жылдары дамытқан интерактивті конфликт шешу әдісін ерекше атауға

тиіспіз. Осы терминді ойлап тапқан ғалым Рональд Фишердің айтуынша,

Page 68: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

67

интерактивті конфликт шешу дегеніміз – конфликтіге қатысушы тараптардың

бейресми өкілдерінен құралған шағын топтың қатысуымен және бейтарап

әлеуметтанушы, практик ғалымның үйлестіруімен қордаланған мәселелерді

бірлесе талқылау әдісі. Кеңірек ауқымда алып қарасақ, интерактивті конфликт

шешу – бейбітшілікті, әділдік пен теңдікті негізге ала отырып, бетпе-бет

пікірлесу, тренинг, білім беру және консультация өткізу арқылы ұзаққа

созылған конфликтіге қатысы бар тараптардың бірлесе отырып мәселе шешуі

және конфликтіні сараптауы [81]. Америкалық ғалым Барбара Хилдің

айтуынша, проблема шешуші семинарлардың атқаратын екі қызметі бар:

біріншісі – конфликт шешуге талпынған үшінші тараптың мәселені жан-жақты

түсінуіне жәрдемдесу, екінші – ұрысушы жақтардың дауды бейбіт жолмен

шешуіне ықпал ету [82]. Бұл әдістің негізін қалаушы британ ғалымы Дж.Бертон

соғыс және бейбітшілік мәселесіне ғаламдық жүйедегі түрлі ойыншылардың

құндылықтары мен қарым-қатынастарына негізделген «әлемдік қоғам»

тұрғысынан қарады. Ал бұл халықаралық қатынасқа қатысты қырғиқабақ соғыс

кезінде барынша өршіп тұрған дәстүрлі тарихи және эмпирикалық

көзқарастарға түбірімен қайшы келетін [83].

Дж.Бертонның «бақылаудағы коммуникация» идеясы оның «Лондон тобы»

деп аталып кеткен ғалымдар тобымен бірлесіп ұйымдастырған проблема

шешуші семинарында көрініс тапты. Бұл семинарда жауласушы тараптардың

өкілдері бір-біріне қатысты пікірлерін, мақсат-мұраттарын, ішкі саяси

мәселелерін, конфликтіге көзқарастарын ешқандай шектеусіз айтып шығады.

Әу бастағы мақсат екі жақты бітістіру не конфликтіні шешу болған жоқ, тек

сарапшылардың белгілі бір конфликтінің табиғатын түсінуіне жәрдемдесу

болды. Тақырып – Индонезия, Малайзия, Сингапур арасындағы шекара үшін

талас болды. Әр елден екі делегаттан Лондонға келіп, он ғалымнан тұратын

сарапшылар тобымен бірлесіп даулы мәселені ортаға салды. алғашқы

отырыстың сәтті болғаны сондай, ол діттеген мақсатынан асып түсті де,

жауласушы тараптар көп ұзамай өзара дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Содан бастап Бертонның бұл бастамасы конфликтіні шешудің салмақты құралы

ретінде атала бастады және кейінгі жылдары бұл жүйенің арқасында талай

конфликтінің бетін қайтаруға мүмкіндік туды.

Йель университетінің ғалымдары Л.Дуб пен У.Фолц құрған және бір топ

Сомали, Эфиопия және Кения арасындағы дауды шешуге бағытталды. Олар

осы елдердің үкіметке қатысы жоқ, ықпалды ғалымдары мен ұстаздарын

шақырып, екі апта бойы пікірталас өткізді. Кейін әрқайсысы өз еліне барып,

пікірталастан кейін түйген ойларын үкіметке, халыққа жеткізуге тиіс болды.

Бұл семинарлар тараптардың бір-бірін жете түсінуіне және қарсы тараптармен

өркениетті диалог орнатуына жәрдемдесті.

«Лондон тобы» конфликтіні зерттеуді мақсат тұтса, «Йель тобы» үйренуді

мақсат етті. Гарвард университетінің ғалымы Г.Келман осы екі тәсілдемені

Page 69: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

68

біріктіріп, интерактивті семинардың жаңа формасын жасап, 1970-жылдары

университетте Израиль—Палестина, Үндістан—Пәкістан дауларына қатысты

кездесулер өткізді. Бұл тәсілдеменің ерекшелігі – семинар нақты кезеңдерге

бөлініп, сол кезеңдердегі әр тараптың, соның ішінде бақылаушы ғалымдар

тобының рөлі айқындалып жазылды. Пікірталастың әр кезеңінде ғалымдар

тобының рөлі өзгеріп отырды. Олар алдымен теориялық тұрғыдан бағыт беріп,

тараптарды өз конфликтілерінен мейлінше аулақ ұстанымды таңдауға бағыт

берсе, екінші кезеңде сөйлеушілердің сөздеріне талдау жасап, содан

қорытынды шығарды, ал үшінші кезеңде жалпы процесті бақылады. Сөйтіп,

Г.Келман бастаған топ интерактивті проблема шешу семинарларында түрлі

міндеттерді шешуге болады деген тұжырымға келді.

Жалпы проблема шешуші семинарлардан сарапшылар түйген негізгі ой –

конфликт әрдайым субъективті құбылыс болғандықтан, өзара дүрдараздық пен

стереотиптердің кесірінен тараптар арасында диалог нашарлайды, ал бұл өз

кезегінде түсініспестікке алып келеді. Бепте-беп кездесіп, мәселені өркениетті

жағдайда талқылау барысында тараптар бір-бірін жақсырақ түсініп,

қарсыластарына, өздерінің қадамдарына объективті түрде қарай бастайды.

«Балама дипломатия» (Track Two Diplomacy) терминін алғаш рет

америкалық дипломат Джой Монтвиль 1981 жылғы еңбегінде айналымға

енгізген, тек сексенінші жылдардың ортасына қарай бұл тіркес ғылыми ортада

жиі қолданысқа ене бастады. Бұл – жекелеген адамдар мен топтар арасында

ресми билік өкілдерінің қатысуынсыз жүргізілетін диалог, ресми

келіссөздерден тыс жүріп жататын бейресми келіссөздер. Басқаша айтқанда,

қарсыласушы топтардың элита өкілдерінің саяси мәселелерді талқылау

мақсатында, соның ішінде топаралық немесе мемлекетаралық конфликтілерді

саралау, алдын алу, басқару және шешу мақсатындағы қарым-қатынасы [84].

Балама дипломатия әдісі қырғиқабақ соғысы аяқталған соң әсіресе Батыс

елдерінде кең тарай бастаған. Түрлі қорлар, қоғамдық ұйымдар, университеттер

мен үкіметтер диалогтың осы түріне қыруар қаржылық һәм адами ресурстарын

жұмсап жатыр.

Бұл әдіс әсіресе аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылауға кеңінен

пайдаланылуда. АҚШ-тың білім ордалары мен қоғамдық ұйымдар, Еуропадағы

ғылыми-зерттеу орталықтары ұйымдастырған балама дипломатия

кездесулерінің көпшілігі Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселесіне арналды және

оларға араб елдерінің, Израильдің, Түркия мен Иранның өкілдері қатысқан.

Қатысушыларға қойылатын басты талап – олардың үкіметтегі шешуші

тұлғалармен байланысы болуы керек және оларға ықпал ете алатындай беделі

болуы тиіс. Сондықтан, балама дипломатияға бұрынғы үкімет мүшелері,

қызметтегі не запастағы әскери тұлғалар, танымал ғылыми-зерттеу

орталықтарының ғалымдары және журналистер тартылады. Бейресми

Page 70: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

69

кездесулерден кейін олар ресми биліктің ұстанымын өзгертуге қауқарлы болуы

тиіс.

Сарапшылар балама дипломатияны «тікелей» әрі «жанама» деп екі бөлікке

бөледі. «Тікелей» балама дипломатия кезінде тараптар бейресми жағдайда

бейбіт келісімге жетудің жолдарын тікелей талқылайды. Онда астыртын ықпал

ету, үкімет басшыларына нақты жол көрсету, бейбіт келісімнің жобасын жасау

сияқты элементтер болуы мүмкін әрі олар ресми келіссөздерде талқыланған

жайттарды өздерінше саралайды. 1990-жылдардың басында Ослода өткен Таяу

Шығыс мәселесіне қатысты бейресми келіссөздерді осы «тікелей» түріне

жатқызуға болады. Ал аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылағанда «жанама»

балама дипломатия әдісі қолданылады. Онда дауды шешудің тіке жолдарын

іздестірудің орнына бір-бірінің көзқарасын ұғыну және өзара ақпарат алмасу

жүргізіледі. Дегенмен, оның да түпкі мақсаты – саясатқа ықпал ету және

конфликтіні шешуге ат салысу.

Ғалымдар балама дипломатияны үш кезеңге бөліп қарастырады. Бейресми

кездесулер өткен соң алдымен социализация жүреді, яғни, қатысушылар түрлі

шараларға қатысу, мақалалар жазу арқылы қоғамда қалыптасқан жалпы пікірді

өзгертіп, бейбітшілікке бастайтын жаңа идеяларды ортаға сала бастайды.

Екінші кезең – сөзіңді өткізу кезеңі. Яғни, бұл жаңа бастамалар билік

басындағы шешім қабылдаушы тұлғаларға жетіп, олардың да ұстанымдарына

әсер ете бастайды. Үшінші кезең – саясатты өзгерту, яки трансмиссия кезеңі.

Мұнда үкімет әскери, саяси доктринасына, тактикасы мен стратегиясына

өзгерістер енгізіп, дауды бейбіт реттеуге қадам басады. Ғалымдардың

айтуынша, ондаған жылдар балама дипломатия әдісі қолданылып келе

жатқанына қарамастан, Таяу Шығыс мәселесіне қатысты бейресми келіссөздер

де, Оңтүстік Азияны қозғайтын кездесулер де әлі трансмиссия кезеңіне өте

алған жоқ. Тек Үндістан–Пәкістан бейбітшілік процесінің аясында жүзеге

асырылып жатқан өзара сенім қалыптастыру шараларының біразында балама

диалогтар кезінде айтылған ұсыныстар көрініс тапқан.

Ал ақиқат комиссиясы – адамгершілік нормалары мен халықаралық құқық

нормаларын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қоғам өкілдерінен – ғалымдар

мен сарапшылардан – құрылатын қоғамдық комиссия. Оның жазалау өкілеттігі

болмағанымен, істің мән-жайын тергеп, арнайы ұсыныстар жасауға мүмкіндігі

болуы керек. Оңтүстік Африка Республикасы мен Латын Америкасының кейбір

елдерінде жұмыс істеген Ақиқат комиссиялары тарихқа жаңадан баға беріп,

ұлтты ұйыстыруға септігін тигізді, сөйтіп конфликтіні трансформациялауға

үлес қосты. Бұрынғы Кеңес одағы аумағында Ақиқат комиссиясын құрған

бірде-бір ел болған жоқ. Мұның өзі біздің елдердің конфликтіні шешу теориясы

мен тәжірибесін жүзеге асыруда артта қалып келе жатқанының айғағы болса

керек.

Page 71: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

70

Ал құрылымдық алдын алу – туындап келе жатқан конфликтіні күні бұрын

байқап, оның түпкі себептеріне тоқталу, топтар арасындағы дауды бейбіт

жолмен шешуге мүмкіндік беретіндей институтталған жүйе мен қоғамдық орта

қалыптастыру. Бұл туралы осы тараудың басында кеңінен әңгіме қозғалады.

Нормативтерді өзгерту стратегиясы конфликтілерді лайықты түрде

басқаруға мүмкіндік беретін құқықтық механизмдерді қалыптастыру

мақсатында халықаралық құқық нормаларына өзгерістер енгізу және ол

құқықтары институттау. Бұл нормалар мемлекеттерге ішкі және сыртқы

конфликтілерді бейбіт жолмен реттеу міндетін жүктейді. Мемлекеттер

арасындағы дауларды реттеудің құқықтық механизмдері қырғиқабақ соғыс

кезеңінде қалыптасып, жалпы дүниежүзінде мақұлданған. Ал халықаралық

құқықтың «мемлекеттің ішкі ісіне араласпау» принципі бір мемлекеттің

аумағында жүріп жатқан конфликтілерге араласуға мүмкіндік бермейді. Бірақ

кейбір алып державалар бұл ережені бұзып, кикілжіңдерді шешуге (соның

ішінде күш қолдану арқылы) өздігінен қатысқан кездері көп болған. Бұл жағдай

құқықтық түсініспестік туғызып отыр. Сондықтан, батыс ғалымдары бұл

олқылықтың орнын толтыратын әмбебап құқықтық нормалар қабылдау керек

деп санайды.

Батыс ғалымдары конфликтіге балама жолдармен ықпал етудің жаңа

әдістерін іздестіруде біраз жетістіктерге жетіп жатыр. Салыстырмалы түрде

жаңа болып саналатын ARIA (Antagonism–Resonance–Invention–Action) әдісін

ойлап тапқан америкалық ғалым Джей Росманның айтуынша, алдымен ұлттың

этностық бірегейлігіне негіздеген конфликтілерді басқа мақсатты

конфликтілерден ажыратып алу керек. Себебі, белгілі бір мақсатты көздеген

кикілжіңдерден айырмашылығы – мұндай конфликтілердің тамыры тереңде, ал

тараптардың көздеген нысанасы бұлыңғыр болады және ол халықтың

психологиясына, мәдениеті мен тарихына, дәстүрі мен басты құндылықтарына,

наным-сенімдеріне негізделеді. Кей конфликтілер сырттай материалдық

ресурстар үшін жүріп жатқандай көрінгенімен, оның астарында ұлттық

бірегейлікті қорғау мүддесі тұрады, кейде керісінше ресурстар үшін соғыс

ұлтты қорғау соғысына айналып кетеді. Росманның айтуынша, ең алдымен

осылардың ара-жігін ашып алу керек, содан кейін этностық топтың

қобалжуына себеп болған факторларды анықтаған жөн. Алғашқы «антагонизм»

кезеңінде тараптардың жауласуына себепкер болған жайттар ашық

талқыланып, бір-біріне өкпе-назын айтуға мүмкіндік беріледі,

ұйымдастырушылар тек олардың шектен шығып кетпеуін қадағалайды. Бір-

бірін көзсіз айыптай беруден нәтиже шықпасын байқап, шаршаған соң тараптар

екінші «резонанс» кезеңіне өтеді, онда екі жақтың ортақ қажеттіліктері мен

оларды жұмылдыратын ортақ жайттар талқыға түседі. Мұнда олар құр

бақталастықтан ештеңе өнбейтінін түсініп, өнімді диалогқа көшеді. Әр тарап

қарсы жақсы даттаудың орнына өздерінің ішкі қажеттіліктеріне мән береді.

Page 72: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

71

Одан кейін «жасампаздық» кезеңінде тараптар ортақ мүдделері мен

қажеттіліктерін қанағаттандыратын шешімдерді бірлесіп іздестіреді. Ал соңғы

«әрекет» кезеңінде оны нақты іс жүзіне асырудың жай-жапсары пысықталады.

ARIA әдісі Йерусалим қаласында сәтті жүзеге асты дейді автор Дж.Росман.

Студенттер, саяси белсенділер, қоғам қайраткерлері, кәсіби мамандар мен

дипломаттар жиналып, осы жүйе бойынша пікір алмасты. Нәтижесі – тараптар

қалада бейбіт қатар өмір сүрудің әдістерін бірлесіп қарастыруға уағдаласып,

өзара сенімді нығайтуға қатысты нақты ұсыныстарының тізбесін жасады [85].

Бұл әдіс жеке адамдар арасындағы дауды шешуден бастап, ұжымдық,

ұлтаралық, мемлекетаралық даулардың барлығына пайдаланыла береді.

Дегенмен, Уэйн университетіндегі Бейбітшілік және конфликт ғылымдары

орталығының зерттеушісі Ф.Пиерсонның айтуынша, ARIA әдісінің

этносаралық конфликтілерді шешудегі әлеуеті зор [86].

Америка ғалымдарының болжауына қарағанда, болашақта үкіметтік емес

ұйымдар конфликтілерді шешудегі басты ойыншылардың біріне айналуы тиіс.

Себебі, олар әлімжеттік саясатқа еш қатысы жоқ конфликт шешу

механизмдерін қолдана алады. Интерактивті конфликт шешу әдістерін қолдану

мүмкіндігіне ие тарап ретінде олар конфликтіні трансформациялауға үлкен

ықпалын тигізеді. Заңның үстемдігін қамтамасыз етуде де, заң нормаларын

әзірлеуде де, сайлауды бақылауда да, жергілікті жердегі өзгерістерді бақылауда

да олардың әлеуеті орасан зор болмақ. Құрылымдық алдын алуда ҮЕҰ-лардың

рөлі мемлекеттікінен де жоғары болуы мүмкін. Адам құқықтарын қорғау,

ұлттық азшылықтардың құқықтарын қамтасыз ету, демократиялық басқару

әдістерін жетілдіруде де халықаралық нормалардың қалыптасуына өлшеусіз

үлес қосқан тарап – үкіметтік емес ұйымдар. Олар халықаралық этностық

дауларды шешуде басқа тараптармен тең дәрежеде қабылданып отыр.

Сондықтан Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытуға, үкіметтік емес

ұйымдардың еркін жұмыс істеуіне, сарапшылар мен мамандардың қоғамдық

секторға баруын ынталандыруға жағдай жасалуы керек.

Этносаралық конфликтілердің тарихы мен табиғатын, қазіргі

тенденцияларды және оларды шешуге қатысты классикалық және замануи

әдістерді талдаған бұл бөлімде біз төмендегідей тұжырымдар жасадық:

1. Өркениеттің қаншама даму сатыларынан өтсе де адамзат баласы

жыртқыштық психологиядан әлі арылған жоқ, яғни олар өздерінің ұлттық

бірегейлігін қарудың көмегіне жүгіну арқылы қорғауға, бұл жолда түрлі

қатыгез әдістерді пайдалануға әзір. Адамзат мұндай катаклизмдерден сақтану

жолдарына қатысты ортақ ұйғарымға келе алған жоқ және қақтығыстардан

бірде-бір мемлекет, бірде-бір қоғам толық сақтандырылмаған. «Этностық

тазалау» сияқты әдістерді жаппай сынау тек өткен ғасырдың ортасынан бермен

ғана жүріп жатыр. Ал жаңа замандағы Руандада, бұрынғы Югославия және

Page 73: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

72

КСРО аумағында орын алған геноцидтер мұндай қанды оқиғалардың әлі де

қайталануы мүмкін екендігінен хабар береді.

2. Қырғиқабақ соғыс аяқталғалы бері адамзат қоғамдық-саяси өмірді

реттеудің жаңа кезеңіне аяқ басты. Биполярлық жүйе келмеске кетіп,

демократияландырудың жаңа толқыны басталды, ақпараттық және

экономикалық жаһандану қарқын алып, қауіпсіздік саясаты бұрынғыға

қарағанда ұйымдасқан түрде, халықаралық ұйымдардың араласуымен тиімді

жүзеге аса бастады. Ұлттар мәдени бірегейлікті алға қойып, құқықтарының

кеңейтілуін батылырақ талап етуге көшті, сөйтіп егемендіктің жаңа

анықтамасы пайда болды, ал бұл мемлекеттерге, олардың азаматтары мен

жалпы әлемдік қауымдастыққа жаңа міндеттер жүктейді. Халықаралық

қатынастарда трансұлттық компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар және

интернеттегі танымал әлеуметтік желілер сияқты жаңа ойыншылар пайда

болды. Бұл дауларды шешуде дәстүрлі дипломатия әдісінің ескіргенін

дәлелдеді.

3. Қырғиқабақ соғыстан кейінгі кезеңде адамзат қоғамы дәстүрлі

үрдістерден бас тарта қоймаса да, этностық конфликтілерді шешудің теорияда

айтылып келген соны әдістері мен мүлде жаңа тәсілдемелеріне мән бере

бастады. Бұл әдістер конфликтіні трансформациялау мақсатында тараптардың

өркениетті жағдайда пікір алмасуына, интерактивті жолдармен антагонистік

пиғылдарды бәсеңдетуге бағытталған. Проблема шешуші семинарлар, балама

дипломатия және ақиқат комиссиялары сияқты әдістер қазірдің өзінде

өміршеңдігін дәлелдеп үлгерді және бұл конфликтілерді шешуге қатысты

ғасырлар бойы қалыптасып қалған пікірлерді өзгертіп, ескі кикілжіңдерді шешу

мүмкіндігі туады деген үмітке жетелейді.

4. Этностық соғысты болдырмаудың ең оңтайлы әдісі – оның алдын алу

екенін Батыс зерттеушілері мен саясаткерлері жақсы ұғына бастады және

жалпыға бірдей әмбебап алдын алу жүйесін институттандыруда маңызды қадам

жасады. Бұл «конфликтілердің алдын алу» ұғымына жаңа анықтама беруді, сол

арқылы мемлекеттердің оған деген ұстанымын түбірімен өзгертуді талап етеді

және мұнда елдегі демократия, азаматтық қоғамның даму деңгейі және сөз

бостандығының жағдайы маңызды рөл ойнайды. Әр мемлекет өз ішінде ерте

дабыл қағу жүйесін қалыптастырып, оны сәтті жүзеге асырып отырса, онда бұл

жалпы әлемдегі қауіпсіздіктің сақталуына әсер етеді.

5. Этносаралық конфликтілердің алдын алудың «операциялық» және

«құрылымдық» әдістері жаңа заман тарихында болған түрлі кикілжіңдер

кезінде түрлі тараптардың көмегімен іске асырылып көрген және ол жалпы

ахуалға, кикілжіңнің қарқынына және басқа да факторларға байланысты

қолданылды. Кей жағдайда екі түрлі әдіс қатар қолданылып жатуы не бірін бірі

толықтырып тұруы мүмкін. Қалыпты жағдайдағы бейбіт елдерде ерте дабыл

Page 74: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

73

қағу жүйесі конфликтілердің құрылымдық алдын алу функциясын да атқарып

отыруы керек.

6. Бұрынғы КСРО елдері жаңа ғаламдық өзгерістерге бейімделу тұрғысынан

Батыс мемлекеттерінен кеш қалып келеді. ТМД мемлекеттері ҰҚШҰ сияқты

классикалық үлгідегі қорғаныс альянстарына мүше ретінде кіреді және оларда

ерте дабыл қағу сияқты конфликтілердің алдын алудың жаңа механизмдері

жоқтың қасы. Посткеңестік кеңістіктегі этностық соғыстарда үкіметтік емес

ұйымдардың рөлі мардымсыз болды және текетірес үкіметтер арасындағы

дәстүрлі дипломатиялық әдістермен жүрді. ТМД елдерінде конфликтінің алдын

алудың жаңа үрдістері ғылыми, қоғамдық деңгейде талқыланған жоқ және

мемлекеттік институттар оларды қолдануға әлі құлықты емес. Сондықтан,

конфликтіден қашу, күш қолдану арқылы шешу әдістері әлі үстемдік құрып

тұр.

7. Қазақ және орыс тілдерінде конфликтіні шешу, басқару, реттеу

ұғымдарына қатысты концептуалдық ұғымдар әлі қалыптаспаған және ең

алдымен терминдерді орнықтырып, олардың мағынасын ажырату қажет.

Конфликтіні шешуді кикілжіңге араласудағы жалпы мақсат ретінде

қарастырсақ, конфликтіні реттеу – конфликтіні басқару әдістерінің бірі, оның

мақсаты – кикілжіңді тоқтату не мүлде жою емес, оның қарқынын бақылауда

ұстау, конфликтінің күш қолдану, қырып-жою әлеуетін азайту. Реттеу арқылы

кикілжіңді уақытша тоқтатуға, не оны қарулы соғыс сипатынан бейбіт түрге

айналдыруға талпыныс жасалады. Демек, бұл – тактикалық қадам, және ол

әдетте қақтығысқа түрткі болған себептерге үңілудің орнына, дәл қазіргі сәтте

төніп тұрған қатердің алдын алып, қантөгістің бетін қайтаруды мақсат тұтады.

Конфликтіні басқару – конфликтіге қатысты іс-қимылдардың, процестер мен

амалдардың жиынтық атауы.

8. Конфликт – қоғамдағы аса күрделі, күрмеуі қиын құбылыстардың бірі

болғандықтан, оны шешуге қатысты тәсілдемелер де сан қырлы болуы мүмкін.

Конфликтіні реттеу әдісі оның алдын алу әдісімен қатар жүргізіліп жатуы

мүмкін, яғни олардың белгілі бір хронологиялық заңдылыққа бағынуы міндетті

емес. Сонымен қатар, конфликт тек этностық топ пен мемлекет арасындағы

кикілжің емес, басқа да көптеген тараптардың арасындағы әрекет

болғандықтан, оны шешуге де барлық тараптар жан-жақты араласуы тиіс.

9. Халықаралық құқық нормаларының арасындағы концептуалдық

қайшылықтар этносаралық конфликтілерді шешуге кедергі болып отыр және

бұл жайт мемлекеттер арасында түсініспеушіліктердің туындауына түрткі

болып, халықаралық институттардың жұмысын тығырыққа тіреуде. «Ұлттың өз

мемлекеттік құрылысын өзі анықтау құқығы» мен «мемлекет шекарасының

мызғымастығы» принциптерінің арасындағы қайшылық этносаралық дауларды

шешуде үлкен проблема тудырды. Мұның өзі конфликтілерді шешудің жаңа

әдістерін іздеуге итермелеп отыр.

Page 75: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

74

2.2 Этносаралық конфликтілердің ықтималдығын анықтау

индикаторлары

Барлық конфликтілердің түбінде әлеуметтік, саяси және экономикалық

себептер жатады. Өткен ғасырдың 70-жылдары ғалымдар адам

қажеттіліктерінің иерархиясында ең бірінші орынға «негізгі табиғи

қажеттіліктерді», яғни экономикалық мәселелерді қойды. Сөйтіп, елдің

экономикалық көрсеткіштерін жақсарту конфликтінің алдын алудағы басты

әдіс ретінде танылды. Кейінгі жылдары нәсілдік, этностық, мәдени не діни

бірегейлік факторлары мемлекет әлсіреген тұста немесе экономика дағдарысқа

ұшыраған кезде мейлінше саясиланып, кикілжіңге алып келуі мүмкін деген

теориялар орныға бастады. Соңғы жылдары бұл тізімге қоршаған орта факторы

қосылды. Бұл теорияға сәйкес түрлі халықтар немесе мемлекеттер барған сайын

азайып бара жатқан табиғи ресурстарға ие болып қалу үшін өзара күреседі.

Дегенмен, бұл теорияның өзі «негізгі табиғи қажеттіліктердің» басты құралы –

экономика мәселесіне барып тіреледі.

Конфликтіге түрткі болатын себептерді шартты түрде үш бөлікке бөліп

қарастырамыз [87]:

1. Ашу-ыза. Дискриминациядан не теңсіздіктен жәбір көрген дара топтар

(этностық, діни, әлеуметтік, ж.т.б.) оңай бірігеді. Саяси, әлеуметтік және

экономикалық себептердің тоғысуынан және белгілі бір топтардың әділдікке

қол жеткізе алмауынан кикілжің туындайды. Халықтың ашуын туғызуға адам

құқықтарының бұзылуы, күштік құрылымдардың шектен тыс әрекеттері,

жемқорлық және қызмет түрлерінің лайықты деңгейде көрсетілмеуі себепкер

болады. Экстремистік топтар халықтың осындай өкпе-ренішін өз мақсаттарына

пайдалануға тырысады. Жүйелі түрде дискриминацияға жол беретін

мемлекеттерде тұрақсыздық ықтималдығы жоғары болады.

2. Мүмкіндіктер. Жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы, кедейліктің кең

тарауы кикілжіңнің тұтануына қолайлы жағдай жасайды. Себебі, бұл адамдар

кикілжіңге килігу арқылы ештеңе жоғалтпайтынын біледі. Соғыс экономикасы

қылмыстық топтарға үлкен мүмкіндік береді, олар ресурстарға заңсыз жолмен

иелік ету және заңсыз саудамен айналысу арқылы пайдаға кенелуге мүдделі.

Саяси басшылық та конфликт ресурстары мен заңсыз тауарларды саудалау

арқылы байып қалуға тырысады.

Дүниежүзілік банктің Даму деңгейін зерттеу тобы (Development Research

Group) мұндай мүмкіндіктерді үш негізгі бөлікке бөледі: 1) бүліктен пайда табу

мүмкіндігі (бағалы ресурстарды басып алуға болады); 2) бүлікшіл әрекеттерде

жеңіске жету мүмкіндігі; 3) қарулы жасақ қатарына адам алу мүмкіндігі.

3. Жүзеге асу мүмкіндігі. Мемлекет бас көтерген қарулы топтарды тыюға

қауқарсыз, қауіпсіздік күштері әлсіз болса, мемлекет елдің бүкіл аумағында

заңды билік жүргізе алмаса, онда конфликт тұтану мүмкіндігі артады. Қаруға

Page 76: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

75

қол жеткізудің оңайлығы, сол аймақта жүріп жатқан қақтығыстар да

бүлікшілердің бас көтеруіне жағдай жасайды. Бағалы табиғи ресурстардың

қолжетімділігі, қаржылық және басқа да көмек алу мүмкіндігі конфликтінің

ықтималдығын бұдан да қатты арттырады.

Ғалымдар арасында аталған факторлардың қайсысы конфликтіге басты

себепкер деген мәселе төңірегінде пікірталас бар. Ф.Стюарт горизонтальды

теңсіздіктің кесірінен болатын ашу-ызаны басты фактор санаса, П.Кольер

мүмкіндіктерді, ал Дж.Фирон жүзеге асыру мүмкіндігін алдыңғы орынға қояды.

Бір ескеретін нәрсе – белгілі бір конфликтінің тұтануына түрткі болған

себептер әр кезең сайын өзгеріп отыруы мүмкін. Кикілжің үдеген сайын жаңа

себептер пайда болып, бастапқыда дүрдараздыққа түрткі болған себептер кері

ысырылып, тіпті ұмытылып кетуі ықтимал. Әсіресе қарулы қақтығысқа дейін

ушыққан жанжалдарда оған жаңа тараптар қосылып, әр кезең сайын жаңа

себептер пайда бола береді.

Дегенмен, «жаңа себеп» деп отырғандар – шын мәнінде ескерілмей келген

және тасада тұрған көп факторлардың бірі. Белгілі бір себеппен жағдай

ушыққан тұста сол ескерілмей келген факторлар жарыққа шығып, ахуалдың

одан сайын нашарлауына әсер етеді. Сондықтан, кез келген конфликтінің түпкі

себептері өзгермелі әрі күрмеулі болып келеді. Мұндай конфликтілерге қарсы

әрекет ету жүйелі әрі жан-жақты болжам жасауды талап етеді.

Осыған байланысты америкалық ғалымдар тобы Конфликт ықтималдығын

бағалау (КЫБ) (Conflict Vulnerability Assessment - CVA) жүйесін ұсынады. Бұл

жүйе кикілжіңнің қарсаңында жүзеге асырылатын әрекеттердің жинақталған,

жан-жақты технологиясы саналады. Яғни КЫБ жасалмастан бұрын сарапшылар

бірнеше сатылы деңгейде әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізуі керек. Ол

зерттеулердің ретін мына кестеден (2.2 кесте) көруге болады:

2.2 кесте – Конфликт ықтималдығын бағалау

1-қадам Конфликтіні

ң қазіргі

жағдайын

анықтау

Халық топтарын және қазіргі конфликтілерді

айқындау (A құралы)

2-қадам

Конфликт

қаупі

индикаторла

рын бағалау

Құрылымдық қауіп факторлары (B)

Әлеуметтік бөлшектену

(C)

Мемлекеттің әлсіздігі

(D)

3-қадам

Конфликт

қаупін

бағалау

Аса

қарқынды

конфликт

Қарқыны

баяу

конфликт

Ушығуы

ықтимал

конфликт

Саяси

текетірес

Бейбіт

тұрақтылы

қ

Page 77: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

76

2.1 Кестенің жалғасы

4-қадам

Халықтың

конфликтіні

басқару

әлеуетін

бағалау

Конфликтіде

н кейінгі

бейбітшілік

орнату (E)

Қантөгістің

алдын алу әлеуеті

(F)

Текетіресті

тоқтату әлеуеті

(G)

5-қадам

Конфликт

ықтималды-

ғын бағалау

Қантөгіс

басталу

ықтималдығы

өте жоғары

Қантөгіс басталу

ықтималдығы

орташа

Қантөгіс

басталу

ықтималдығы

төмен

6-қадам

Әрекет ету

амалдарда-

рын таңдау

және бағалау

Әрекет ету амалдары (H)

7-қадам Конфликтіге

қатысты

саясатты

айқындап,

бағдарлама

қабылдау

А құралы: Халық арасындағы топтарды және бар конфликтілерді

айқындау

Бұл құрал түрлі топтарды географиялық орналасу орнына және

бірегейлігіне қарай жіктеу мақсатында пайдаланылады. Негізгі топтар

географиялық орналасуына, этносына, саяси ұйымдарға қатыстылығына,

белгілі бір қауымдарға мүшелігіне қарай бөлінеді. Бұл конфликтіге араласуы

мүмкін деген топтарды айқындауға мүмкіндік береді. Соңында конфликтілер

картасы әзірленеді.

Практик ғалымдар қатысушы тараптарды жіктегенде мына сұрақтарға жауап

табуды ұсынады:

1) Мүдделері. Олардың конфликтімен байланысты қандай мүдделері бар?

Бұл мүдделер конфликтіге қандай ықпалын тигізіп отыр?

2) Басқалармен қарым-қатынасы. Тараптардың өзара қарым-қатынасы

қандай? Олар конфликтіге қандай әсерін тигізіп отыр?

3) Шама-шарқы. Конфликтіге кері және оң әсер ететіндей қандай күш-

қуаты, мүмкіндіктері бар?

4) Ынталандырушы факторлар. Олар бейбітшілікті таңдауы үшін қандай

ынталандыру әрекетін жасауға болады? Немесе олардың соғысты таңдауына

қандай ынталандырушы фактор әсер етіп отыр?

Page 78: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

77

5) Бейбітшілікке қатысты көзқарасы. Бейбітшілік орнатуға қатысты

жоспары бар ма? Олар қандай бейбітшілікті қалайды?

Топтар туралы жан-жақты мағлұмат жинаған соң қолданбалы

конфликтологиядағы классикалық әдіспен конфликтінің картографиясын

жасауға болады (2.1 сызба) [88]. Бұл – конфликтіге араласушы тараптардың

арасындағы қарым-қатынасты көрсететін визуалдық әдіс. Оның мақсаты:

жағдайды жақсырақ түсіну; тараптар арасындағы қарым-қатынастың деңгейін

көру; кімдердің арасында одақтастық орнатуға болатынын, кімдердің

арасындағы жағдай ушығуы мүмкін екенін бажайлау; конфликтіге араласу

мүмкіндіктерін саралау.

В құралы: Құрылымдық қауіп факторлары

Конфликт теориясында елдің орналасу аймағынан бастап, халықтың

этностық және нәсілдік құрамы, мемлекеттің және үкіметтің құрылымы,

экономика жағдайы, соның ішінде «ресурстардың бөлінуі және табыстардың

таратылуы сияқты түрлі факторлар текетірес пен дағдарыстың түп негізі болып

табылады» [89]. Осы әлеуметтік, экономикалық көрсеткіштерге қарап белгілі

бір елдегі кикілжіңнің ықтималдығын көп уақыт бұрын болжауға болады.

Сондықтан, халықаралық ұйымдар этносаралық қақтығыстардың

ықтималдығын болжағанда дәл осы құрылымдық факторларға көп мән береді.

Құрылымдық индикаторларды талдамас бұрын контекстілік сараптама

жасау ұсынылады. Онда түрлі дереккөздерден елдің саяси, әлеуметтік,

экономикалық көрсеткіштері жиналып, тиісті сараптамадан өткізіледі.

Деректерді халықаралық ұйымдардың ресми есептерінен, мемлекеттік санақ

нәтижелерінен, мемлекеттік статистика мекемесінің қорытындыларынан,

үкіметтік емес ұйымдардың, ақпарат құралдарының сараптамаларынан алуға

болады.

Осы жиналған ақпарат негізінде текетірестің қайнар көздері айқындалады.

Мұнда қауіпсіздік, саяси, экономикалық және әлеуметтік саладағы қайнар

көздердің халықаралық, аймақтық, мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі

ықпалы талданады. Содан кейінгі кезекте текетірестің қайнар көздерінің өзара

байланысы әр сала және деңгей бойынша анықталады.

Ұлыбританияның Халықаралық даму департаменті сарапшыларының

тұжырымына сәйкес текетірестің негізгі қайнар көздеріне мыналар жатады:

Қауіпсіздік:

- Қауіпсіздік күштерінің мүмкіндіктері шектеулі не бақылау деңгейі төмен

- Қауіпсіздік күштерінің адам құқықтарын бұзуы

- Әскери шығындардың жоғары болуы

- Мемлекеттен тыс қарулы топтардың болуы

- Шекара қорғанысының әлсіздігі, шекара дауы

Page 79: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

78

- Аймақтық, халықаралық саяси тұрақсыздық (көрші елдердегі саяси

өзгерістер)

- Мұның алдында болған конфликтілер

- Қару түрлерінің кең таралуы

2.1 сызба – Конфликт картографиясы

Саясат:

- Әлсіз институтталған, уәкілеттілік тәртібі дұрыс қалыптаспаған саяси жүйе

- Тәуелсіз сот жүйесінің болмауы

- Ақпарат құралдарының және азаматтық қоғамның әлсіздігі

- Жемқорлық

- Саяси партиялардың әлсіздігі

- Халықтың саясатқа белсене араласа алмауы, басқаруда және саяси

процестердегі гендерлік теңсіздік

- Сайлау процесіндегі кемшіліктер

- Этностық, діни ерекшеліктердің саяси мақсатқа пайдаланылуы

- Конфликтілерді басқару жүйесінің әлсіздігі

- Халықаралық ықпалдастықтың нашарлығы және дұрыс ұйымдаспауы

Page 80: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

79

- Диаспора өкілдерінің тұрақсыздандырушы рөлі

Экономика:

- Экономикалық жағдайдың нашарлауы: кедейлік, жұмыссыздық, инфляция,

азық-түлік қауіпсіздігі, әлеуметтік игіліктерге қолжетімділік

көрсеткіштерінің төмендігі

- Экономикалық теңсіздіктің ұлғаюы, Джини коэффициентінің артуы,

аймақтық не этностық бөлшектену

- Макроэкономикалық тұрақсыздық

- Тұрақсыз сыртқы инвестициялық факторлар

- Ресурстар үшін бәсекенің артуы

- Көлеңкелі экономика көлемінің артуы

- Соғыс экономикасының дамуы

Әлеуметтік сала:

- Әлеуметтік оқшаулану

- Шешілмеген этностық конфликтілер

- Халықтарды жақындастыратын әлеуметтік және азаматтық қоғам

ұйымдарының болмауы

- Тіл, дін, ұлт мәселелері төңірегінде текетірестер

- Дауларды шешу механизмдерінің жұмыс істемеуі [90].

С құралы: Әлеуметтік бөлшектену

Бұл құрал түрлі топтар арасындағы және топтар мен мемлекет арасындағы

дүрдараздықтың деңгейі мен себебін анықтауға бағытталған. Мұнда екі түрлі

құбылыс байқалуы мүмкін: 1) Топтар арасындағы ұлттық, этностық, діни,

тілдік ерекшеліктерге байланысты бәсекеден туындаған текетірес. Саяси элита

мұнда екі тараптың бірін қолдауы мүмкін немесе тараптарды ымыраға

келтіруге қауқарсыз болуы мүмкін; 2) топтар мен басқарушы элита арасында

үкіметті бақылауға алу үшін болған текетірес.

Этностық конфликтілерде қатысушылардың мақсат-мұраттары мен

процестің динамикасы кімнің араласқанына және қатысудың себептеріне қарай

әркелкі болып келеді. Т.Гарр конфликтіге қатысты тараптарды бірнеше топқа

бөліп қарастырады:

«Этнонационалистер». Белгілі бір аймаққа топтаса қоныстан этностық

тұрғыдан дараланған бұл топ басқаларға үстемдік етуді емес, өздеріне көбірек

бостандық алуды мақсат тұтады.

«Қауымдық бақталастар». Этностық, діни не мәдени тұрғыдан дараланған

бұл топ мемлекеттік билік институттарында көбірек ықпалға ие болуға немесе

басқа топтарға үстемдік етуге ұмтылады. Билікті бөлісу сәтті жүзеге асқан

жағдайда конфликтінің алдын алуға мүмкіндік туады. Олай етпеген жағдайда

бұл да сецессиялық соғыстарға алып келуі ықтимал.

Page 81: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

80

«Этностық таптар». Этностық тұрғыдан дараланған, экономикада өзіне

тиесілі орны бар, басқалардан ерекше шаруашылық не кәсіп түрімен

айналысатын, жалпы қауымнан оқшау тұрған азшылық тобы. Бұлар көбіне

экономикалық не әлеуметтік тұрғыдан артта қалған. Дегенмен, мұндай

«этностық таптар» кейде керісінше басқа халықтан бақуатты өмір кешеді. Екі

жағдай да этностық конфликт туғызуы мүмкін.

«Бұратана топтар». Әлеуметтік-саяси ортадан алыста, оқшау күн кешіп

жатқан этностық топтар.

D құралы: Мемлекеттің әлсіздігі

Бұл құрал мемлекеттің қауіпсіздік, қорғаныс функцияларын атқара алу

әлеуетін, оның өміршеңдігін бағалауға бағытталған. Ол мемлекеттің

құрылымын, легитимділігін, тәуелсіздігін, әлеуетін, тұрақтылығын сараптайды.

Мемлекет күшті болуы үшін төмендегі шарттар орындалуы керек:

Мемлекеттің негізі:

- Тәуелсіз мемлекет ретінде неғұрлым ұзақ жасаған сайын соғұрлым оның

мемлекеттілігі берік болады.

- Ел аумағында этностық, діни, тілдік, тайпалық, әлеуметтік тұрғыдан араз

топтар саны мейлінше аз.

- Елдің тәуелсіздігі, оның аумақтық тұтастығы мен шекараларының

мызғымастығы халықаралық деңгейде мойындалған.

- Заңның үстемдігі орнаған.

Мемлекеттің легитимділігі:

- Үкіметтің легитимділігіне күмән келтірушілер жоқ.

- Демократиялық басқару жүйесі орнаған.

- Билік сайлау жолымен уақытылы ауысып отырады.

- Сайлаулар халықаралық демократия талаптарына сай ашық, әділ әрі

бәсеке жағдайында өтеді.

Мемлекеттің әлеуеті:

- Мемлекет тәуелсіз тұрғыда өз мүддесіне сәйкес сыртқы және ішкі

саясатын жүргізеді.

- Экономикалық тұрғыдан тәуелсіз.

Мемлекеттің тұрақтылығы

- Төтенше жағдай, әскери тәртіп енгізген кездер болған жоқ.

- Үкімет кикілжіңдердің алдын алудың әдістерін біледі, бұған білігі мен

тәжірибесі жетеді.

- Азаматтық қоғам мен еркін баспасөз қалыптасқан.

- Халықтың үкіметке, саяси институттарға деген сенімі жоғары.

- Халық шешім қабылдау процесіне нақты механизмдерге сәйкес еркін

араласады.

- Үкіметтің халық алдында есеп беру механизмдері жұмыс істейді.

Page 82: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

81

- Биліктегі тежемелік және тепе-теңдік механизмдері жұмыс істейді.

Бұдан кейінгі кезекте халықтың конфликтіні басқару әлеуеті түрлі

индикаторлар бойынша бағаланады. Соның негізінде Конфликт ықтималдығын

бағалау кестесі әзірленеді. Оның негізгі атқаратын міндеті – шешім

қабылдаушы тараптардың саясатына әсер етіп, олардың ең ыңғайлы жолды дер

кезінде таңдай алуына жәрдемдесу. КЫБ Ерте дабыл қағу және Қауіпті бағалау

шараларының қосындысы десе болады.

Осы ретте А.Шмид жасаған конфликт индикаторларының типологиясына

(2.2 сызба) көңіл аударайық [91]. Мұнда экономикалық өсім конфликтінің

қарқынын баяулатуға әсер етеді делінген. Оның себебі, бұдан халықтың тұрмыс

деңгейі артады. Алайда, экономикалық өсімнің ашық бәсеке тудырып,

қалыптасқан мәдени нормалар мен қарым-қатынастың бұзылуына алып келетін

кездері аз емес дейді сарапшылар. Аяусыз бәсеке тұрақсыздыққа, оның соңы

кикілжіңге алып келуі ықтимал. Бұған экономиканың құрылымындағы түбірлі

өзгерістер түрткі болуы мүмкін.

2.2 сызба – А.Шмид типологиясы

Конфликтіні жеделдетушілер

Құрылымдық жеделдетушілер Динамикалық жеделдетушілер

Тарихтағы отарлаушылар Төңкеріс

Теңсіздік

Экономиканың құрылымы

Бұрын болған конфликт

Табиғатқа нұқсан келтіру

Азшылық топтарының қысым көруі

Ұзақ Қысқа

мерзім мерзім

Құрылымдық баяулатушылар Динамикалық баяулатушылар

Экономикалық өсім Бітім шарты

Демократиялық институттар Қару-жарақ эмбаргосы

Бейбіт өмір тәжірибесі Экономикадағы күрт өсім

Конфликтіні баяулатушылар

Page 83: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

82

Яғни, бұл кестеден байқағанымыздай, мемлекет экономикалық өсімге қол

жеткізіп, демократиялық институттарды дамытатын болса, кикілжің қаупі

мейлінше азаятын болады. Мұнда автор демократиялық институттар деген

ұғымға мемлекеттік басқарудың демократиялық сипаты мен оның халық

алдында есеп беруін, заңның үстемдігі мен жемқорлықтың жоқтығын да қосып

отырғаны түсінікті. Ал бейбіт өмір тәжірибесі дегеніміз тек соғыстың болмауы

емес, халықтар арасындағы өзара сыйластық пен толеранттылыққа негізделген

өркениетті қарым-қатынастың орнауы, ұлттардың тілі мен мәдениетіне

құрметпен қарау дәстүрінің қалыптасуы.

Конфликт ықтималдығын болжау туралы айтқанда М.Маршалл мен

Б.Коулдың мемлекет әлсіздігінің қарапайым индексі туралы да айта кету керек.

Олардың ұсынысы бойынша мемлекеттегі қарулы қақтығыс болу ықтималдығы

мына жүйемен есептеледі:

Мемлекеттің әлсіздігі индексі = Тиімділік көрсеткіші + Легитимділік

көрсеткіші (барлығы 25 ұпай)

Тиімділік көрсеткіші = Қауіпсіздік тиімділігі + Саяси тиімділік +

Экономикалық тиімділік + Әлеуметтік тиімділік (Барлығы 13 ұпай)

Легитимділік көрсеткіші = Қауіпсіздік легитимділігі + Саяси легитимділік

+ Экономикалық легитимділік + Әлеуметтік легитимділік (Барлығы 12 ұпай)

[92]

Динамика тұрғысынан талдау

Конфликтінің өте құбылмалы, тез өзгермелі динамикалық процесс екенін

ескеретін болсақ, оның өзгеру ықтималдығын болжаудың маңызы өте зор.

Сарапшылар кикілжіңге қатысты тараптар мен оларды өзара дүрдараздыққа

итермелеген себептерді анықтаған соң жағдайды конфликт динамикасы

тұрғысынан зерттеуге көп көңіл бөледі. Бұл процесс кезінде конфликтінің одан

әрі ушығуына не бәсеңдеуіне, не тіпті тоқтауына түрткі болатын ұзақмерзімді

факторлар мен оны жандандыратын ерекше жағдаяттарға талдау жасалады. Бұл

факторлардың уақтылы әрі тиянақты анықталуы конфликтінің қарқынын

бәсеңдетуге мүмкіндік беретін әдістерді дұрыс таңдауға жәрдемдеседі. Осы

ретте адам құқықтарының қорғалу деңгейіне қарай конфликт динамикасын

бағалауды ұсынатын мына бір кестеге назар аударсақ ( 2.3 кесте) [93]:

2.3 кесте - Адам құқықтарының бұзылуына қатысты конфликтіні

болжау моделі

Конфликт

кезеңдері

Сипаттамасы Белгілері

Тұрақты

әлеуметтік

Саяси

тұрақтылықтың

- Лайықты жұмыс істеп тұрған

демократия және азшылық

Page 84: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

83

жүйе және режим

легитимділігінің

жоғары деңгейі

құқықтарының қорғалуы

- Биліктің уақтылы және бейбіт

жағдайда ауысып отыруы

- Тәуелсіз сот жүйесі

- Еркін баспасөз

- Төңкерісшіл, сецессияшыл топтарға

қолдау жоқ

- Саяси жағдайды өзгертетін әскери

және экономикалық қиындықтар жоқ

Саяси

шиеленіс

Жүйеге көңілі

толмау

деңгейінің

артуы, түрлі

топтар

арасындағы

әлеуметтік және

саяси

келіспеушіліктің

ұлғаюы

- Жаңа саяси партиялар қарама-қайшы

саяси, әлеуметтік және басқа да

мәселелер төңірегінде жұртты

жұмылдыра бастайды.

- Сайлаулар тартысты өтеді және оның

нәтижесіне күмән келтірушілер

көбейеді.

- Соттар шешімдерінде саяси астар

бар деген күдіктер көбейеді

- Қоғамдағы пікір алшақтығы

артқандықтан баспасөз

бостандығына қауіп төне бастайды.

- Бейбіт демонстрациялар жиілейді.

- Экономикалық өсім баяулайды.

Едәуір

кикілжің

кезеңі

Орталық

үкіметтің

легитимділігіне

деген сенімнің

күйреуі және

жекелеен саяси

қозғалыстарды

қолдаушылардың

артуы

- Саяси элита мен жекелеген топ

басшыларының риторикалық айтысы

үдей түседі

- Үкімет соттарды саяси мақсатта

пайдалануды жиілетеді

- Жекелеген саяси тұлғаларға,

этностық не идеологиялық топ

басшыларына қарсы зомбылық

әрекеттері жиілейді

- Экономикада қиын ахуал

қалыптасады

Қарқыны

төмен

конфликт

Түрлі топтар

арасындағы

ашық

жаушылдық

және қарулы

қақтығыстар,

үкіметтің

- Үкіметтік емес күштердің ықпалы

күшейеді

- Заң үстемдігі жұмыс істемейді

- Төтенше жағдайдағы шаралардың

кесірінен баспасөз бостандығы

принципі жұмыс істемейді

- Төтенше жағдай жарияланады,

Page 85: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

84

репрессиялық

әрекеттері

үкімет адам құқықтарын жүйелі

түрде бұза бастайды

- Капитал сыртқа кетіп, шетелдік

инвестиция тоқтайды

Жоғары

қарқынды

конфликт

Қарсы топтар

арасындағы

ашық соғыс

- Азаматтық қоғам қожырап, орталық

үкімет тарайды

- Түрлі топтар саяси егемендікке

ұмтыла бастайды

- Заң үстемдігі мүлде жойылады, саяси

үкім режимі орнайды

- БАҚ тек үгіт құралы рөлін атқарады

- Қарсы топтар қару қолдану арқылы

ашық соғысқа шығады

- Әскери не төтенше жағдай тәртібі

орнайды

- Көлеңкелі нарық экономикасы

үстемдік құрып, өндіріс көлемі күрт

азаяды

- Денсаулық сақтау саласы тұралап,

адамның орташа жасы кемиді

- Азық-түлік импортына тәуелділік

артады

Заңның үстемдігі

Заңның үстемдігі – мемлекетте тұрақтылықтың қалыптасуына,

кикілжіңдерді шешудің өркениетті механизмдерін орнықтыруға бірден-бір

ықпал етуші фактор. Сондықтан, халықаралық ұйымдардың адам дамуының

түрлі индикаторларын жасауда елдегі құқықтық жүйенің жетілуіне,

демократиялық үрдістерге сай жұмыс істеуіне баса мән береді. Адам құқықтары

сақталуының, демократия ережелері орындалуының кепілі саналатын «заң

үстемдігі» терминіне 2004 жылы БҰҰ-ның Бас хатшысы өзі анықтама берді:

«Заңның үстемдігі дегеніміз – барлық адамдардың, жекеменшік және қоғамдық

институттар мен мекемелердің, соның ішінде мемлекеттің, тең дәрежеде

орындалатын және төрелік жасалатын, халықаралық адам құқықтары

нормалары мен стандарттарына сәйкес, жария түрде қабылданған заңдарға

мүлтіксіз бағынуы. Ол, сондай-ақ, заңның үстемдігі, заң алдындағы теңдік, заң

алдындағы жауапкершілік, заңды қолданудағы әділдік, билік бөлінісі, шешім

қабылдау процесіне қатысу, құқықтық айқындық, негізсіздікке жол бермеу,

процедуралық және құқықтық тұрғыда ашықтық принциптеріне сәйкес келуі

керек» [94].

Page 86: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

85

Бұл анықтама мемлекеттердің барлық салаларының құрылымы мен жұмыс

тәртібін реттеудегі жиынтық бағдар бола алады. Соңғы жылдары заң үстемдігі

саласында жұмыс істеп жатқан ғалымдар ғаламдық және аймақтық мәселелерге

қарсы әрекет етуде өздері әзірлеген индикаторлар жүйесінің көп көмегі болады

деген тұжырым жасап отыр. Бұл индикаторлар проблемаларды дұрыс

айқындап, олардың түрлі өлшемдерін әзірлеуде және тиісті бағдарламалар

дайындап, бағытты айқындауда көп септігін тигізбек. Дүние жүзінде тек

заңның үстемдігін бағалауға бағытталған индекс жүйесі жоқ. Дегенменмен, заң

үстемдігі көптеген халықаралық деңгейдегі түрлі бағалау индекстерінің

құрамдас бөлігі саналады.

Басқарудың тиімділігін, үкіметтің есеп берушілігі, заң үстемдігі

көрсеткіштерін бағалау үшін халықаралық деңгейде мойындалған түрлі

индекстерге назар аударамыз. Олардың арасында Дүниежүзілік банктің

«Әлемдік басқару индикаторлары» (World Governance Indicators) және

«Ғаламдық адалдық индексі» (Global Integrity Index), Африка елдеріндегі

ахуалды зерттейтін «Ибраһим индексі», «Афробарометр», «Трансперенси

интернэшнл» ұйымының «Коррупцияны қабылдау индексі» (Corruption

Perceptions Index), «Пара берушілер индексі» (Bribe Payers Index) және тағы

басқалар бар.

Бұл қатарға түрлі ақпарат көздерінен алынған деректермен қоса

эксперттермен, халықпен сауалнама нәтижелері кіреді. Сонымен қатар кейбір

сарапшылар қабылданған заңдарға мониторинг жүргізу әдісін де қолданады. Әр

тәсілдеменің мықты және осал тұстары бар. Бар деректер мен эксперттік

сауалнамалар өте тиімді әрі салыстыруға ыңғайлы болғанымен, олардың

артында кейбір нюанстар жасырын тұруы мүмкін, ал қалың бұқара арасында

сауалнама жүргізу көп мағлұмат бергенімен, өте күрделі жұмыс, заңдарға

мониторинг жүргізу шарасы ол заңдардың іс жүзінде қалай орындалып

жатқанынан көп хабар бере алмайды.

«Әлемдік әділет жобасы» (World Justice Project) мен «Вера Әділет

институты» (Vera Institute of Justice) заң үстемдігі индексін әзірлеуге қатысты

нақты ұсыныстар жасап, мемлекеттің құқықтық тұрғыдағы әлеуетін бағалаудың

жолдарын ұсынды. Бұлар жасаған кесте бойынша заң үстемдігі 4 бағыт

бойынша бағаланады:

1. Заңдардың жариялығы. Заңдар халықтың қолы жететіндей дәрежеде,

жария түрде қабылданады және орындалады. Халық заң шығару саласындағы

жаңалықтардан уақытылы хабардар етіледі. Халық заң қабылдауға ықпал ете

алады.

2. Әділ әрі тиімді жүзеге асыру және төрелік ету тәртібі. Заңдар әділ

түрде қабылданады әрі орындалады. Артықшылықтар мен құжаттар ешқандай

дискриминациясыз беріледі. Заң бұрмалаусыз, кемсітусіз орындалады.

Page 87: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

86

3. Әділет институттары мен қызметкерлерінің халық алдында есеп

беруі және бейтарап әділдікті қамтамасыз етуге қажетті ресурстарының

жеткіліктілігі. Полиция мен соттар өз міндеттерін тиімді түрде атқару үшін

қажетті заттармен толық қамтылған және кәсіби біліктіліктің жоғары

стандарттарына сай жұмыс істейді. Мемлекеттік емес, бейресми әділет

институттарының жұмыс механизмдері әділ де ашық өткізіледі. Түрмелер

жалпыға ортақ стандарттарға сай, түрме қызметкерлері кәсіби және этика

кодекстеріне жауапты.

4. Халықтың заң жүйесіне теңдей дәрежеде қол жеткізуі және оларға

теңдей қызмет көрсетілуі. Халықтың өз құқықтары және қандай жағдайда

құқық қорғау қызметіне жүгіну қажеттігі туралы ақпаратқа теңдей қолы жетеді.

Халықтың қылмыс туралы хабар беру және полициядан лайықты жауап алу

мүмкіндіктері бірдей. Халықтың сапалы заңдық көмек алудағы мүмкіндіктері

бірдей. Халықтың әділдік жүйесіне жүгіну мүмкіндіктері бірдей [95].

Мәліметтерді жинау әдістері

Кей жағдайда белгілі бір ұлттың конфликтіні бастауына түрткі болған

себептер объективті экономикалық не әлеуметтік ахуалмен қабыспай жатуы

мүмкін. Ұлттардың депривациялық деңгейі шынайы қалыптасқан жағдайға

қатыссыз-ақ өзгеруі ықтимал. Демографиялық көрсеткіштер, экономикалық

даму, табыстардың бөлінуі сияқты қасаң мәліметтерде әлеуметтік даму

индикаторлары айқын көрініп тұрғанымен, ондағы деректердің барлығы

әрдайым сенімді бола бермейді. Сондықтан, конфликт ықтималдығын

зерттегенде тек қасаң әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен шектеліп

қалмаудың маңызы зор. Мәліметтер жинаудың өте бір жауапты бөлігі –

халықтың көңіл-күйі мен ой-пікірлерін қадағалап, жан-жақты әрі уақытылы,

тәуелсіз сараптама жүргізіп отыру. Деректердің бұл түрін икемді мәліметтер

деп атайды. Конфликтінің ықтималдығын анықтау үшін осы екі әдістің де

пайдаланылғаны жөн.

АҚШ Бейбітшілік институтының сарапшысы Дж. Голдстоунның айтуынша,

екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде саясаткерлер мен барлау

агенттіктері саяси дағдарыс пен тұрақсыздықтың ықтималдығын білу үшін

сарапшылардың сапалық негізде қалыптасқан тұжырымдарына сүйеніп келген.

Мұндай сарапшылардың негізгі оқиғаларды болжай алмауының кесірінен

әлеуметтанушылық және басқа да сандық ғылыми әдістерді қолданудың

қажеттілігі туындады. Гоулдстоунның тұжырымына қарағанда, сандық зерттеу

әдісі тұрақсыздықтың болу ықтималдығын 80 пайызға дейін дәлдікпен болжап

бере алады. Сондықтан, дәстүрлі пікір жинау, көзқарас білу жолымен

жиналатын сапалық әдістен гөрі қасаң көрсеткіштерге жүгінетін сандық әдістің

артықшылықтары туралы көп айтыла бастады. «Болжау модельдеріне құрылған

сандық әдіс және себеп пен салдардың айқын байланысына негіздей отырып өз

Page 88: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

87

болжамын жасайтын сапалық әдістің қисынды қосындысы арқылы ғана ерте

дабыл қағудағы ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады», – дейді

Дж.Голдстоун [96].

Индикаторларды шамалау үшін статистикалық мағлұмат жинаудың түрлі

әдістері қолданылады. Сауалнама мәліметтері – халықтың белгілі бір тобының

ішінде кездейсоқ әдіспен сұрау салудан жинақталған ақпарат. Халық пікірін

білу үкімет таратқан ақпараттың растығын дәлелдеу үшін де өте құнды болмақ.

Кей кездері үкімет жалған ақпаратты әдейі таратады, кейде түрлі себептермен

ел ішіндегі ахуал мен пікірді білуге мүмкіндігі болмайды. Мәселен, Вера-Алтус

тобының сарапшылары халық пікірін зерттегенде ел ішіндегі теңсіздікті, тасада

қалып қойған топтарды ескеруге тырысады. Эксперттік сауалнамалар

мейлінше сауатты, жан-жақты пікірлерді білу үшін қолданылады. Мұнда

электрондық пошта, фокус-груп, бетпе-бет кездесу не телефонмен сұхбаттасу

тәсілдері пайдаланылады. Мағлұмат жинауда басқа бір сенімді халықаралық,

аймақтық не ұлттық қоғамдық, мемлекеттік ұйымдар жүргізген сауалнама

нәтижелерін пайдалану тәсілі де қолданылады.

Санақ мәліметтері сауалнамаға ұқсайды, бірақ мұнда бүкіл халыққа сұрау

салып шығу көзделеді. Бұл әдіс тым қымбатқа түсетіндіктен, өте сирек

қолданылады және оны мемлекеттің өзі, бюджет пен әкімшілік ресурстарын

пайдалана отырып ұйымдастырады. Екі әдістің де мақсаты – факті жинау және

халықтың көзқарасы мен пікірін білу.

Әкімшілік мәліметтері – үкіметтің не басқа бір мекеменің әкімшілік

міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жиналған ақпараттары.

Бақылау мәліметтері – тиісті мекемелердің қоғамның белгілі бір тобының

жай-күйіне қатысты жинаған деректері. Мәселен, полицияның қылмыстар

санына қатысты, емханалардың эпидемиялық ауруға қатысты жинаған

мәліметтері осы категорияға жатады. Бұларға қоса фокус-груп мәліметтері,

оқиғаға негізделген мәліметтер (БАҚ-та жарияланған материалдар негізінде)

сияқты дереккөздер бар. бірақ көбіне жоғарыда аталған төрт мағлұмат көзі

қарулы қақтығыстың статистикалық индикаторларын әзірлеуге негіз болады.

Сондай-ақ, құжаттар мен заңдарға мониторинг жүргізу, үшінші жақтың

есептері, «кейс-стади» және бақылау сияқты сапалық зерттеу әдістері де

конфликт ықтималдығы индикаторларын жасауға септігін тигізеді.

Конфликт ықтималдығын болжау – өте күрделі процесс. Ол тиянақтылық

пен қажырлылықты, көп ресурстарды қажет етеді. Конфликт ықтималдығын

индикаторларын анықтап, индекс жасау барысында кездесетін кедергілерге

тоқталып өтейік.

Қатысушы тараптар мүдделерінің аса күрделі де құбылмалы болуы. Бұл

конфликт динамикасын жедел болжап отыруға, өзгерістерді теориялық

тұрғыдан түсіндіруге кедергі жасайды.

Page 89: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

88

Мәліметтер жинаудың қиындығы және бар мәліметтердің сенімсіздігі. Бұл

индикаторлардың шынайы өмірге сәйкес жасалуына кедергі болады. Көп ретте

нәтижеге ұзақ уақыттан соң (көбіне 15-30 жыл) қол жетіп жатады. Бұл орта

және қысқа мерзімді болжамдарға деген сенімді азайтады.

Қоғам бейбіт қалыптан соғыс жағдайына жеткенге дейін бірнеше сатыдан

өтетіні алдыңғы тарауларда айтылды. Сол иерархия бойынша тұрақсыздықтың

келесі кезеңіне өтетін қоғамдағы өзгерістерге баса мән берген жөн.

Конфликтінің ушығып келе жатқанынан хабар беретін алғышарттарға мыналар

жатады:

1. Этностық топтардың бір-біріне шағымдану фактілерінің артуы,

қарқынының күшеюі.

2. Тараптардың өзара айырмашылықтары бар екенін айқын сезіне бастауы,

бір-бірі туралы көзқарастарының өзгеруі.

3. Тараптардың бір-біріне деген, айналадағы ортаға деген көзқарастарында

психологиялық фактордың артуы, эмоцияның қоюлануы.

4. Өз тобының көзқарасы төңірегінде саяси жұмылу процесінің жүруі.

5. Топ көсемдерінің өзара жиі айтыса бастауы.

6. Этностық негіздегі, жаушыл әрекеттер санының артуы.

7. Тараптардың күш қолданумен қорқытуы және күш қолдануға әзірленуі.

8. Екі жақта да этностық пиғылдағы саяси ұрандарды қолдаушылар

санының артуы.

Алдын алу шаралары конфликтінің тұтанып келе жатқанын ерте байқап,

тиісті амалдар қолдануды, сөйтіп, оны эскалацияға жеткізбей шешуді көздейді.

Сарапшылар мен саясаткерлер жан-жақты мәліметтерге қарап отырып,

конфликтінің бағытын айқындап, дабыл қағарлық индикаторларға дер кезінде

мән беруі тиіс. Кикілжіңнің қай уақытта тұтанатынын, оның қандай қарқынмен

жүретінін, қанша уақытқа созылатынын болжап білу, әрине, мүмкін емес. Оның

орнына дабыл қағу жүйесі конфликтінің тұтану ықтималдығын арттыратын

нақты индикаторларға назар аударумен айналысады.

Қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қатер төндіретін жағдаяттар

әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени себептерден, халықаралық, аймақтық

не жергілікті қатысушылардың араласуымен туындауы мүмкін. Конфликтінің

ықтималдығынан хабар беретін индикаторларға бағалардың құбылуы,

демонстрациялар, әлеуметтік бұлқыныстар, саяси тартыстың қарқын алуы,

т.с.с. көптеген жайттар жатады. Бұл индикаторларға мониторинг жасау және

ақпарат жинау процесі қоғамның барлық бөліктерін, елдің барлық аумағын

қамтуы тиіс. Сарапшылардың талдауларына сүйене келе конфликтінің

ықтималдығынан хабар беретін ұзақмерзімді және қысқамерзімді

индикаторлардың мынадай тізбесін жасадық:

Ұзақмерзімді индикаторлар:

Page 90: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

89

1. Басқарушы элитаның бөлектеу идеологиясын жүрізуі (жекелеген этностар

немесе топтарды басқалардан үстем етіп дәріптеу);

2. Қауіпсіздік органдарының әрекеттерін шектейтін механизмдер болмай,

басқарушы элита арасында бәсекенің жүруі;

3. Үкіметке деген халық сенімінің азаюы, басқарушы органдардың

легитимділігіне деген күмәннің артуы, жемқорлықтың өршуі, халықтың мұң-

мұқтажын айтып, сөзін сөйлейтін харизмалы саяси тұлғаның пайда болып,

жұртты өзіне қарай таруы;

4. Әділетсіз әлеуметтік саясаттың жүргізілуі, кейбір этностық не басқа да

топтардың әлеуметтік, экономикалық жағдайының басқалардан анағұрлым

төмендеуі;

5. Мемлекеттік қызметкерлердің өз міндетін дұрыс атқармауы, халыққа

қызмет көрсету сапасының төмендеуі;

6. Үкіметтің халық наразылығына төтенше жағдай ретінде қарап, күштеп

басып тастауы, адам құқықтарының бұзылып, негізгі бостандықтардың

шектелуі, заң үстемдігінің кемуі, халық пен үкімет арасындағы диалогтың

нашарлауы;

7. Күш құрылымдары қырағылығының азаюы, беделінің төмендеуі, соның

салдарынан қарулы ұйымдардың не жасақтардың пайда болуы және жасырын

түрде әскери жаттығулар өткізе бастауы;

8. Саяси тұрғыда белсенді топтардың арасындағы пікір алшақтығының

артуы.

Қысқамерзімді индикаторлар:

1. Режимді жақтаушылар мен оның қарсыластарының арасындағы

риториканың күшеюі, қақтығыстардың жиілеуі;

2. Билікке қарсы топтардың сырттан материалдық және моральдық қолдау

ала бастауы;

3. Бағаның күрт өсуі сияқты халықтың басым бөлігіне кері әсерін тигізетін

экономикадағы төтенше оқиға;

4. Билікке қарсы топтардың өкіметті құлату туралы ашық мәлімдеме

жасауы.

Бейбітшілік мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың,

теоретиктер мен практиктердің жоғарыда айтылған түрлі ұсыныстары мен

тәсілдемелерін ескере отырып, Конфликт ықтималдығын болжаудың жалпы

мемлекеттерге ортақ әмбебап жобасын (2.4 кесте) ұсынамыз. Әр мемлекеттің өз

ерекшелігіне қарай бұл кестеге түрлі өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі

мүмкін және біздің бұл ұсынымыз әлі де жетілдіруді, біз байқамай қалған басқа

да факторларды ескере отырып, толықтыруды қажет етуі мүмкін. Кестені үш

бағанаға бөле отырып біз бірінші бағанада негізгі факторларды, екінші бағанада

сол саладағы ықтимал индикаторларды, ал үшінші бағанада мәлімет жинау

қайнарларын көрсеттік.

Page 91: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

90

Екінші ескертетін нәрсе: қоғамдық пікірді, халықтың әл-ауқатын бағалауды

мақсат тұтқан индикаторлар жалпы халық арасында емес, өзара конфликтіге

келуі мүмкін деген топтардың арасында жеке-жеке жүргізілуі тиіс. Сонда ғана

соғысуға мүдделі тараптардың конфликтіге қаншалық жақын тұрғандығы

байқалады.

2.4 кесте – Конфликт индикаторлары

Негізгі

факторлар

Ықтимал индикаторлар Дереккөздер

Мемлекеттің

әл-ауқаты

1) Мемлекеттің қауіпсіздік пен

тұрақсыздықты қамтамасыз ете

алмауы

2) Мемлекеттің өтпелі саяси және

экономикалық кезеңде болуы

3) Билік тармақтарының жүйелі

жұмыс істемеуі, орталық үкімет

пен аймақтағы әкімшілік

арасындағы билік вертикалінің

қалыптаспауы

4) Билікті төңкеріс жолымен

құлату әрекеттерінің болуы

5) Этностық, діни, тілдік

әркекелкілік, топтар арасында

өзара диалогтың нашарлығы

6) Ұлттық саясаттың сауатты

жүргізілмеуі

7) Басқа мемлекеттермен жауласу

8) Этностық топтарды

дискриминациялау

Ресми ақпарат,

сауалнама, халықаралық

ұйымдардың

мәліметтері, БАҚ

жарияланымдары,

«Әлемдік басқару

индексі» (Worldwide

Governance Indicators)

«Мемлекеттің әлсіздігі

индексі» (State Fragility

Index)

Әлеумет,

экономика

1) Экономикалық жағдайдың

нашарлығы, ЖІӨ төмендеуі

2) Кедей мен бай арасындағы

алшақтықтың артуы

3)Аймақтар арасындағы, қала

мен ауыл халқының арасындағы

айырмашылық

4) Жұмыссыздықтың аруы,

әсіресе жастар арасындағы

жұмыссыздық

5) Инфляцияның артуы

6) Сауатсыздық деңгейінің артуы,

«Әлемдік даму

индексі», World

Factbook, ЮНИСЕФ пен

ДСҰ-ның

сауалнамалары, ресми

мәліметтер. БАҚ

жарияланымдары,

Халықаралық еңбек

ұйымының LABORSTA

деректер базасы

Page 92: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

91

білім сапасының төмендігі

7) Су және азық-түлік

тапшылығы

8) Демографиялық тепе-теңдіктің

бұзылуы, эммиграцияның артуы

Демократия 1) Демократиялану деңгейінің

төмендеуі

2) Сөз бостандығының шектелуі

3) Адам құқықтарының

сақталмауы

4) Үкімет пен халық арасының

алшақтауы, халықтың билікке

сенбеуі

5) Үкіметтің халық алдында есеп

бермеуі

6) Биліктің сайлану жолымен

уақытылы ауыспауы

7) Билік легитимділігіне

күмәндану деңгейінің артуы

«Демократия өлшемі»

(Measures of

Democracy),

«Шекарасыз

репортерлар», «Фридом

хаус» ұйымдарының

есептері, ресми

мәліметтер, сауалнама

Құқық 1) Заң үстемдігінің орындалмауы

2) Жемқорлықтың артуы

3) Көші-қон бостандығының

шектелуі

4) Түрмедегілер санының артуы

5) Полицейлер санының артуы

6) Халықтың құқықтық жүйеге

деген сенімсіздігі

7) Есірткі тасымалының артуы

«Трансперенси

интернэшнлдың»,

Дүниежүзілік банктің

есептері, «Ғаламдық

адалдық индексі»

(Global Integrity Index),

«Коррупцияны

қабылдау индексі»

(Corruption Perceptions

Index), «Пара берушілер

индексі» (Bribe Payers

Index), БҰҰ Есірткі

және қылмыс бөлімінің

сауалнамалары, ресми

және салалық

мәліметтер, сауалнама

Қауіпсіздік,

әскер

1) Қорғаныс шығындарының

артуы

2) Әскерилер санының артуы

3) Заңсыз қарулы жасақтардың

пайда болуы

4) Шекара күзетінің әлсіздігі

«Дүниежүзілік түрмеге

қамалғандар тізбесі»,

(World Prison Population

List), «Қару тасымалы

деректер базасы» (Arms

Transfers Database), БҰҰ

Page 93: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

92

5) Тұрғындар арасында қарудың

көбеюі

6) Ел аумағында шетел әскерінің

болуы

7) Мемлекеттік шекараның

бекітілмеуі, шекара дауы

8) Діни экстремистік топтардың

болуы

9) Қару санының артуы

Есірткі және қылмыс

бөлімінің

сауалнамалары, ресми

және салалық

мәліметтер, сауалнама

Екінші бөлімде қарастырылған жайттарды сараптай келе төмендегідей

тұжырымдар жасаймыз:

1. Конфликт, соның ішінде этносаралық конфликт, өте құбылмалы,

көпқырлы әрі көпсатылы әлеуметтік құбылыс. Оның негізгі қозғаушы күштері

де, конфликтіні ушықтырушы факторлар да конфликтінің динамикасына

байланысты түрлі себептермен өзгеріп отыруы мүмкін. Сондықтан мұндай

конфликтілерге қарсы әрекет ету жүйесі тиянақты түрде жиналған мәліметтер

негізінде әзірленген жоспар бойынша жүргізілуі керек.

2. Халық арасындағы конфликтіге қатысы бар топтарды анықтағанда

олардың әрқайсысының мүддесіне, басқалармен қарым-қатынасына, шама-

шарқына, ынталандырушы факторларға және бейбітшілікке қатысты

көзқарасына баса мән берген жөн. Конфликтілердің қайнар көздерін

анықтағанда қауіпсіздік мәселесі, саяси жағдай, әлеуметтік ахуал және

экономиканың жай-күйі жеке категориялар бойынша жіктеліп, әрқайсысына

тиесілі салалар мұқият зерделенуі керек.

3. Мемлекеттің негізі, әлеуеті, легитимділігі және тұрақтылығы –

мемлекеттің жалпы қызмет ету мүмкіндіктерінен хабар беретін өте маңызды

шамалар. Ал бұл көрсеткіштердің төмендеуі мемлекеттің әлсіреуіне, сол

арқылы конфликт ықтималдығының артуына алып келеді.

4. Конфликтінің дамуы барысында оның динамикасына талдау жасау –

кикілжіңді реттеу процесіндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезеңде

конфликтінің одан әрі өзгеруіне әсер ететін ұзақмерзімді факторлар анықталып,

сол сәтте оны ушықтырып тұрған жайттар талдануы тиіс. Осы факторларды дер

кезінде анықтау арқылы конфликтіні бәсеңдетуге немесе трансформациялауға

мүмкіндік ашылады.

5. Заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі – мемлекетте тұрақтылықты

қалыптастырудың басты кепілдерінің бірі. Барлық халықтың заңға бірдей

бағынуы, құқықтық көмекке жүгіне алуы және құқықтық жүйенің әділдігіне

сенуі – конфликтогендік жағдайларды бейтараптандыруға әсер ететін

объективті әрі өте ықпалды күш. Заңның үстемдігі заңдардың жариялығы, әділ

Page 94: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

93

төрелік, әділет институттарының халық алдында есеп беруі және қолжетімділік

индикаторлары арқылы бағаланады.

6. Сандық және сапалық анализ әдістері қатар қолданылғанда ғана ерте

дабыл қағуға қатысты мағлұмат толық әрі жан-жақты болады. Сандық әдіс

конфликт ықтималдығын, әсіресе саяси дағдарыс пен тұрақсыздықтың болу

мүмкіндігін нақты болжауға ыңғайлы. Ал сапалық әдіс контекстілік анализ

жасауға, түрлі бағдарлама әзірлеу жолымен әрекет етуге және бұл жауаптардың

нәтижелерін талдауға мүмкіндік береді.

2.3 Конфликтілерді құрылымдық реттеу және олардың тиімділігін

бағалау

Ерте дабыл қағу және ерте әрекет ету форумы (FEWER) мамандарының

айтуынша, қазіргі замандағы конфликтілер кешенді, құбылмалы болып келеді

және көбіне бір елдің ішінде жүріп жатады. Яғни, мемлекеттің өз ішінде алдын

алу және реттеу механизмдеріне қатысты айқын ұстаным болмаса, мемлекеттік

жүйе шиеленісті өздігінен шешуге лайықталмаған болса, азаматтық қоғам

іштегі дау-жанжалдарды өркениетті жолмен реттеп отыру дәстүрін

қалыптастырмаған болса, оған сырттан араласу өте қиын. Себебі, сырттағы

ұйымдар мен мемлекеттер конфликтінің түп себептері мен даму

динамикасынан, тараптардың мақсат-мүдделерінен толық хабардар

болмағандықтан, дәл сол кикілжіңнің табиғатына сай реттеу механизмдерін

ұсына алмайды. Халықаралық дағдарыс менеджменті талаптарына сәйкес

әлдебір саяси шиеленістің қаупі туралы дабыл қағу үшін түрлі дереккөздерден

келіп түскен сенімді ақпарат көздерінің мәліметтері пайдаланылуы керек.

Халықаралық бейбітшілік ұйымдары қолда бар дереккөздердің негізінде

сырқатты емдеудің жолдарын ұсынған күннің өзінде ол ел ішінде уақтылы әрі

тиімді түрде жүзеге асырылмауы мүмкін. Іс жүзінде жылдам әрекет етуге деген

саяси ерік-жігердің болмауын мына факторлармен түсіндіреміз:

Біріншіден, барлық тараптар мен олардың өкілдерін бірлескен әрекетке

жұмылдыра алатын әдіснаманың және оны жоспарлау мен жүзеге асырудың

құрылымдық механизмдері жоқ.

Екіншіден, шешім қабылдаушылардың «Не істеуге болады?», «Басқалар не

істеп жатыр?», «Бейбітшілікті ұстап тұру үшін қандай құралдар пайдалану

керек?» деген сұрақтарға жауап беретіндей білімі мен білігі жоқ.

Үшіншіден, ерте дабыл қаққан халықаралық және жергілікті үкіметтік емес

ұйымдармен арада әріптестік пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынас

қалыптаспаған, сондықтан қоғамдық ұйымдардың ақпаратына сенімсіздікпен,

немқұрайдылықпен қарау қалыптасқан.

Төртіншіден, шешім қабылдаушы тұлғалар ел алдында есеп бермейді.

Ықтимал конфликт және оған байланысты әрекет ету шаралары көбіне жұртқа

жарияланбайды.

Page 95: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

94

Конфликтілерді реттеу шараларының тиімді бола бермеуінің және бір себебі

– бұл шаралар көпсатылы әрі бірізді, нақты жоспарланған кешенді әрекеттерден

тұрады. Оны шешуге ұмтылған ұйым қандай да бір жекелеген әдіс-тәсілдерді

қолдану арқылы ғана лайықты нәтижеге қол жеткізе алмайды. Конфликтілердің

түпкі себептерін, тараптардың ұстанымдары мен мақсат-мүдделерін,

ушықтырушы факторларды ескере отырып жасалған кешенді бағдарлама кезең-

кезеңімен жүзеге асырылуы керек. Оның үстіне конфликтінің динамикасына

байланысты оған түрлі өзгерістер енгізіліп, толықтырылып отыруы керек.

Зерттеу тақырыбын «этносаралық конфликтілердің алдын алу және реттеу

технологиялары» деп алып отыруымыздың себебі де содан.

«Технология» түсінігі

«Технология» - ежелгі грек тіліндегі «техно» (өнер, шеберлік) және «логос»

(ілім) сөздерінің қосындысынан шыққан, қазір халықаралық термин ретінде

ғылым мен техниканың көптеген салаларында кеңінен қолданылатын сөз.

Жалпылама әмбебап термин ретінде ол белгілі бір салада нақты нәтижеге қол

жеткізу үшін бірізді әрі мақсатты түрде жүзеге асырылатын әдістер,

материалдар мен операциялардың кешенді жиынтығы деген мағынаны береді.

Көбіне өнім өндіру мен техника саласында сапалы өнімді аз шығынмен шығару

шеберлігін сипаттауда қолданылатын «технология» сөзі орыс тілінде

материалдық емес құндылықтарға анықтама беру үшін де кеңінен

қолданылады.

Соңғы 200 жылда «technology» сөзінің ағылшын тіліндегі мағынасы көп

өзгеріске ұшырады. ХХ ғасырға дейін бұл сөз ағылшын тілінде өте сирек

ұшырасатын және ол «қолданбалы өнер» деген мағынаны беретін. Ол туралы

түсінік тар ауқымда болды және технология тек техникалық білім беру

саласында қолданылды. Терминнің жаңа мағынаға ие болуына Батыс Еуропа

мен АҚШ-тағы екінші индустриялық революция түрткі болды. Мэриэм-Вебстер

теминдер сөздігі «technology» сөзіне «белгілі бір саладағы ілім-білімді тәжірибе

жүзінде пайдалану» және «білімді тәжірибе жүзінде пайдалану мүмкіндігі»

деген анықтамалар береді.

Бұл ретте қазақ және ағылшын тілдеріндегі мағыналық айырмашылықтарға

айрықша тоқталып өту керек. Ағылшын тілінде «technology» сөзі тек

қолданбалы ғылымда пайдаланылады, ал әлеуметтік ғылымдарда оның орнына

«technique» (техника, әдіс, тәсіл) деген термин қолданылады.

М.Марков технологияның үш белгісін атайды:

Бірінші белгісі – процесті өзара байланысты кезеңдер, сатылар және

операцияларға бөлу. Яғни, субъектіге қойылатын имманентті талаптардың шет-

шегін мейлінше дәл анықтау. Бұл сипаттама объективті логикаға қаншалық

сәйкес келсе, оның нәтижесі де соғұрлым жоғары болады.

Page 96: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

95

Технологияның екінші белгісі – тиісті нәтижеге қол жеткізу бағытындағы

әрекеттердің жақсы үйлестірілуі және кезеңділігі. Әрекеттердің бірізділігі,

оларды орындаудың реттілігі процесті дамытудың ішкі логикасына сәйкес

келуі керек. Бірақ процестің өзгеруіне байланысты оның реті мен қарқынын

өзгертіп отыру үшін тиісі түзетулер енгізіп отыруға болады.

Технологияның үшінші белгісі – тиісті операциялар мен процедураларды

бұлжытпай орындалуы. Бұл – алға қойылған мақсатты орындаудың ең басты

шарты. Технологияда көзделген параметрлерден ауытқыған сайын күллі

процесс бағытынан тайып, тиісті нәтижеге қол жетпей қалу ықтималдығы

артады.

Технологияның қатып қалған қағида емес екендігі, оның конфликтінің

өзгеру бағытына орай қайта қаралып, толықтырылып отыруы керектігін

Г.Насимова да ерекше атап өтеді. Оның айтуынша, саяси конфликтінің

динамикасы барысында оған түрткі болған себептер жойылып, қарсылас

тараптардың көзқарастары мен мақсаттарындағы айырмашылықтар еңсерілген

сәтте нәтижеге қол жеткізу әдістері мен тәсілдері өзгертіледі. «Бұл жағдайда

жоспарланған процедуралар мен операциялардан бас тартып қана қоймай,

оларды жаңа түрлерімен алмастыруға тура келеді», – дейді автор [40, 114 б.].

Ғылым мен өндірістің барлық салаларында технологиялық процесс

кезеңдерге, ал ол процедуралар мен операцияларға бөлінеді.

Технологиялық процестің кезеңі дегеніміз – нысанның сапалық өзгерісіне

алып келетін процестің белгілі бір бөлігі. Кез келген технология мына

кезеңдерден өтеді:

А) мақсат қою, зерттеудің міндеттері мен шарттарын, құралдарын

айқындау;

Ә) ақпарат жинау;

Б) алдын ала гипотезалар жасау;

В) Теориялық зерттеме жасау;

Г) Эксперимент жасау және оның оның нәтижелерін теориямен салыстыру;

Д) соңғы тұжырым жасау және шыққан нәтижені бағалау.

Операция дегеніміз – технологияның заңдылықтары мен талаптарын іс

жүзіне асыру әрекеті. Берілген басқару процедурасының аясында қойылған

міндетті орындау үшін жасалатын тәжірибелік жұмыс операция деп аталады.

Яғни, операция – басқару процесі кезінде жүзеге асырылатын логикалық

тұрғыдан бөлінбейтін біртекті әрекет.

А.Чумиков саяси технологияларды жеті процедураға бөліп қарастырады:

Бірінші процедура барысында нақты саяси жағдайға анализ жасалып,

конфликтінің симптомдары, оның сандық және сапалық нышандары

анықталады, қарқыны мен күштердің арасалмағы өлшенеді.

Page 97: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

96

Екінші процедура кезінде нақты конфликтінің симптомдары сипатталып,

оның қалыпты жағдайдан ауытқу дәрежесі бағаланады. Сол арқылы

проблеманың ауқымы өлшенеді.

Үшінші процедурада конфликтінің даму деңгейіне, таралу ауқымына,

қарқынына баға беріледі.

Төртінші процедурада конфликт тудырушы факторлар анықталады, әрбір

фактордың конфликтінің әрі қарайғы дамуына әсері айқындалады.

Бесінші процедурада конфликтінің себептері және оның үдеуіне түрткі

болатын алғышарттар сараланады.

Алтыншы процедурада реттелмеген конфликтінің салдары бағаланады. Бұл

операция барысында конфликтінің ықтимал экономикалық, әлеуметтік, саяси,

адамгершілік, этикалық, моральдық-құқықтық және физиологиялық салдары,

қоғам өміріне әсері және келтіретін шығыны болжанады.

Жетінші процедура барысында конфликтіні шешудің басым бағыттары

негізделіп, шешу бағыттары айқындалып, таңдалады [97].

Этностық конфликтіні реттеу алдымен мемлекет пен қоғамның этнос

мәселесіне қатысты көзқарасынан басталады. Яғни, этносаралық конфликт

мемлекеттің осы кезге дейінгі жүргізген ұлттық саясатының көрінісі деуге негіз

бар. Болмаса, конфликтінің тұтануы мемлекеттің ұлттық саясатының кемшін

тұстары мен артықшылықтарын ашық көрсетіп, болашаққа сабақ болады.

Осыған байланысты этностық конфликтімен жұмыс істеудегі екі негізгі

бағытты ерекше атап өту керек. Интеграцияшылар этносты саяси

артикуляцияның құралы ретінде қолданудан бас тартады, яғни этностық

ерекшелікті саяси жұмылдырудың көзі ретінде пайдаланбайды не оның

саясаттағы рөлін мейлінше азайтып көрсетуге тырысады. Себебі, этностық

тақырып неғұрлым саясиланған сайын соғұрлым конфликт қаупі арта түсетіні

айтылды. Тиісті шаралардың арқасында саяси ортадан жекелеген ұлттар

тақырыбы алынып тасталады, заңдық тетіктер арқылы ұлттық мәселені саяси

деңгейде талқыға салуға тосқауыл қойылады. Интегративтік тәсілдер арқылы

саяси партиялар мен қоғамдық институттардың этностық негізде құрылмауына

және белгілі бір этностың мүдделерін бөле-жара қорғамауға күш салынады.

Сол арқылы жекелеген этностардың мұң-мұқтажы қоғамның күн тәртібінен

түсіріліп, мәселелердің барлығы азаматтық негізде талқыланады.

Ал консоционализм бағытын қолдаушылар, керісінше, ұлтты саяси

жұмылудың негізі деп мойындайды. Олардың айтуынша, этностың маңызын

төмендету қауіпті, себебі этностық мәселелерді көтеруге тыйым салу

ұлттардың арасында өшпенділік тудырып, оларды өз мәселелерін күш қолдану

жолымен шешуге итермелеуі ықтимал. Сондықтан, түрлі мекемелер этностық

топтардың уәкілдік және атқарушы органдарда, басқа да саяси институттарда

лайықты деңгейде өкілдік етуіне күш салады. Билікті бөлісу туралы шарттарға

қол қою арқылы түрлі этностық топтар арасындағы интеграцияға жағдай

Page 98: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

97

жасалады, сөйтіп олардың әрқайсысының мүдделері бір ортаға тоқайласып,

ортақ мүддеге айналдырылады. Төменгі кестеде (2.5 кесте) этностық реттеудің

екі үлгісінің ерекшеліктері көрсетіледі [98].

2.5 кесте – Этностық реттеудің екі үлгісі

Этностық саясат

Техникалық тәсілдеме Консоционализм Интеграцияшылдық

Тыйым Этностық топтардың

әділ әрі тиісті деңгейде

уәкілдік етуіне жағдай

жасалады

(пропорционалды

уәкілдік және

компенсаторлық сайлау

жүйесі,

орталықсыздандыру)

Этносты саяси өмірде

ұлттық жұмылудың

ұраны ретінде

пайдалануға тыйым

салады. (Этностық

негіздегі партия құруға

жол жоқ)

Ынталандыру Этностық топтар

арасындағы

ынтымақтастыққа

жағдай жасалады

(билікті этностық

негізде бөлісу)

Этносқа негізделмеген

саяси ұйымдар құруға

жағдай жасалады.

Бұдан әлем мемлекеттері ұлттық айырмашылықтарды реттеуде өзара

қабыспайтын екі бөлікке бөлінген деген түсінік тумауы керек. Көбіне елдегі

саяси жүйені қалыптастыру барысында мемлекеттер осы екі тәсілді де аралас

пайдаланады.

Этностық конфликтіні реттеу технологиясы тараптардың барлығына

ыңғайлы әрі жаңа компромистік шешімдерді табуды, сөйтіп тараптардың өзара

жаушылдығын азайтын, түсіністікке, ымыраға қол жеткізуін мақсат етіп қояды.

Сондықтан, мемлекеттік билік институттарын, елдің саяси жүйесі мен

мемлекеттік құрылымын қалыптастыру барысында олардың ұлтаралық

мәселелерді реттеудегі рөлі назарға алынуы керек. Демек, мемлекеттің негізі

қаланып жатқан тұста сарапшылар мен саясаттанушылар халықтың ұлттық

құрамы мен талап-тілектерін жан-жақты ескере отырып, ең оңтайлы деген

форманы таңдауы тиіс. Батыс ғалымдары «институттық инжиниринг» деп

атаған бұл жүйе тұтас бір мемлекеттің ұлттық мәселеге қатысты саясатының

айнасы десе болады және ол елді тек ықтимал ұлтаралық қақтығыстардан

сақтап қана қоймай, ондай кикілжің бола қалған жағдайда келіспеушіліктерді

еңсеріп, түйінді шешудің механизмдерін де ұсынуы тиіс. Неміс зерттеушісі

М.Баседаудың жасаған тұжырымдары (2.6 кесте) мемлекеттік билік

Page 99: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

98

институттарын орнықтыру кезеңін басынан кешіріп жатқан Қазақстан сияқты

жас мемлекеттер үшін өте өзекті деп санаймыз.

2.6 кесте – М.Баседаудың институттық инжиниринг үлгісі

Өлшем Қай бағыт ыңғайлы?

Өлшемнің этностық

конфликтіге әсері

Эмпирикалық дәлелдер

(сапалық әдіспен

жиналған)

1. Жалпы саяси жүйе

Демократия әлде

автократия

Айқын емес, бірақ

консоционализм

оңтайлырақ, себебі

этностар арасындағы

еркін бәсекеге

мүмкіндік береді

Аралас: демократия

этностық алшақтауды,

автократия этностық

бөлшектену мен

үстемдікті жақсырақ

реттейді

2. Мемлекеттік құрылым

Федерализм/

орталықсыздандырылған

мемлекет әлде унитарлы

мемлекет

Консоционализм:

этностардың

маргиналдануын

болдырмайды

Аралас: кейбір шаралар

бейбітшілікке бастайды,

кейбірі керісінше,

кикілжің тудырады

3. Сайлау жүйесі

Пропорционалдық әлде

мажоритарлық

Консоционализм:

пропорционалдық жүйе

этностардың

маргиналдануын

болдырмайды

Кейбір деректер

бойынша

пропорционалдық

жүйеде конфликт аз

болады

Компенсаторлық жүйе Консоционализм:

жеңіліс тапқан ұлт

«компенсациялық

орындарға» өкілдерін

жібере алады

Өте сирек кездеседі, әлі

нақты дәлел аз

Сатылы таңдау жүйесі

(Preferential voting

system)

Интеграцияшылдық: аз

ұлттарға көбірек таңдау

мүмкіндігі беріледі

Сирек кездеседі және

бар нәтижелердің өзі

әркелкі

Округтер алмастыру

(constituency-pooling)

Интеграцияшылдық:

елдің бір аймағындағы

кандидат екінші бір

түкпірдегі халықтың

қолдауына ие болу

керек, ішкі

итентеграция, аймақтық

бөлшектенуге жол

Ешқашан тәжірибеден

өтпеген

Page 100: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

99

бермеу

Президент

сайлауындағы

аймақтардан қолдау алу

талаптары

Интеграцияшылдық:

жеңімпаз кандидаттарға

аймақтарда берілген

дауыстар үлесі бір

межеден кем болмауы

керек, саясаткер бүкіл

ұлттарға тең қарауға

итермелейді

Сирек кездеседі, жүйелі

түрде сынақтан өтпеген

4. Партиялық жүйе

Этностық негіздегі

партияға тыйым салу

Интеграцияшылдық:

Этностық мәселенің

саясиланбауына

жәрдемдесіп, ұлтаралық

қақтығысты азайтады

Африка елдерінде

сынақтан өткен: ұлттық

негіздегі партияға

тыйым салудың тиімді

болғаны туралы

нанымды ақпарат жоқ

5. Басқару жүйесі

Президенттік әлде

парламенттік

Айқын емес, бірақ

консоционализм:

президенттік жүйе

билікте жоқ этностық

топтардың мүмкіндігін

азайтады

Президенттік жүйе

көпұлтты қоғамға лайық

емес деген пікірге дәлел

жоқ

Билікті бөлісу

келісімдері

Консоционализм:

этностық топтардың

үкіметке келуіне, сөйтіп

ұлттардың

ынтымақтасуына

жәрдемдеседі

Кейбір жағдайларда бұл

жүйе бейбітшіліктің

орнауына жәрдемдеседі

6. Жалпы тәсілдеме

Консоционалдық

демократия

Консоционализм:

этностарды мойындап,

олардың уәкілдік етуіне

және ынтымақтасуына

жәрдемдеседі

Жартылай сынақтан

өткен, консоционалдық

демократияда конфликт

аз болады деген дерек

жоқ

Бұл кестеден байқағанымыздай, институттық инжиниринг барлық этностық

кикілжіңдерден сақтайтын құрал емес, бірақ, басқа елдердің сәтті әрі сәтсіз

тәжірибелерін, ішкі ерекшеліктерді ескере отырып, мемлекеттік институттарды

қалыптастырудың артықшылығы көп. Мұндағы көп өлшемдердің жақсы және

жаман жақтары әлі нақты дәлелденбеген. Бірақ, кейбір тұстары нақты жол

нұсқайтындай сенімді дәлелдермен бекітілген. Мәселен, көпұлтты

Page 101: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

100

мемлекеттерде пропорционалдық сайлау жүйесін қолдану этностық негізде

бөлшектену қаупін анағұрлым азайтады.

Конфликтілерді реттеудің міндеттері

Этносаралық конфликтілерді реттеу технологиялары конфликтілерді басқару

әдісіне сәйкес таңдалады. Ал басқару әдісі бейбіт жол немесе күштеу жолы

болуы мүмкін. Бұл әдістер туралы осы тараудың бірінші бөлімінде кеңінен

таратып айттық, ал бұл бөлімде біз күштеу әдістерін емес, конфликтілерді

бейбіт жолмен реттеу тақырыбын талқылаймыз. Батыстың теоретиктері мен

практиктері әр кезеңде ойлап тапқан бейбіт реттеу әдістері көбіне конфликтінің

құрылымдық алғышарттарына – мемлекеттік жүйе, ұлттық саясат мәселелеріне

келіп тіреледі. Нақты кикілжіңдерді реттеу барысындағы БҰҰ, Еуроодақ

сияқты халықаралық ұйымдар мен АҚШ, Ұлыбритания сияқты бейбітшілік

орнатуда үлкен тәжірибе жинаған елдердің теориялық, тәжірибелік ізденістері

сөз болады.

Конфликтілер және мемлекеттің әлсіздігі халықаралық бейбітшілік пен

қауіпсіздікке қатар төндіріп отыр әрі БҰҰ Бас Ассамблеясында 191 мемлекет

қабылдаған «Миллиениум даму мақсаттарына» жетуге кедергі келтіруде.

«Миллениум даму мақсаттарына» жету көрсеткіштері жөнінен ең артта қалып

келе жатқан 34 елдің 22-сі соғыстардан жапа шеккен немесе әлі күнге соғысып

жатқан елдер қатарында [99].

Халықаралық ұйымдар соғыс өртіне шарпылып, тұрақсыздықтан титықтаған

елдерде бейбітшілік орнатуда үлкен тәжірибе жинады. Әсіресе, Африка

құрлығындағы Сьерра-Леоне, Мозамбик, Судан, Кения елдерінде ұзақ жылдар

бойғы қантөгістен соң халықаралық ұйымдардың, соның ішінде Біріккен

Ұлттар Ұйымының конфликт шешу тобының күшімен соғыс тоқтатылып,

мемлекеттік құрылыс қалпына келтіріліп, халық бейбіт өмірге қол жеткізе

алды. Менталитет пен дәстүр, саяси мәдениет пен экономикалық мүмкіндіктер

жағынан мүлде өзгеше елдерде қолданылған этносаралық конфликтілерді

реттеу әдістері біздің аймаққа жарай бермеуі мүмкін. Дегенмен, халықаралық

ұйымдардың сарапшылары бұл елдерде қолданылған конфликтілерді реттеу

технологияларының негізгі тұстарын жалпы адамзатқа ортақ әмбебап ережелер

ретінде ұсынады және олардың БҰҰ-ның жалпы даму стратегиясына сәйкес

жасалатынын ескертеді. Сондықтан, халықаралық бейбітшілік орнату

тәжірибелерінің озық үлгілерін талдап өту маңызды.

Ұлыбритания Халықаралық даму департаменті сарапшыларының айтуынша,

бейбіт мемлекет пен қоғамға қол жеткізу үшін төрт міндет орындалуы шарт.

Бұл міндеттерді этностық конфликтіден жапа шеккен мемлекеттегі жағдайды

реттеу технологиясының озық үлгісі деп қарастырған жөн. Сонымен бірге, бұл

технология кезең-кезеңімен және толық күйінде жүзеге асырылғанда ғана

Page 102: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

101

мемлекет пен қоғам арасында берік байланыс орнайды. Ол міндеттерге

мыналар жатады:

Бірінші міндет – конфликтінің себептері мен салдарын жою,

конфликтіні шешу механизмдерін қалыптастыру. Бұл міндет конфликтінің

астарына үңіліп, оны талдауға және кейінгі үш міндетті басымдылығына қарай

ретімен қоюға жәрдемдеседі. Ол мемлекеттік және мемлекеттік емес

тараптарды жұмылдыра отырып, конфликтінің алдын алуға, бейбітшілікке

бастайтын әрекеттерді (білім беру жүйесі, этностық толеранттылық, т.с.с.)

ынталандырады және конфликтінің зардаптарын жоюға көмектеседі.

Екінші міндет – жалпыны қамтитын саяси реттеу. Саяси реттеу – саяси

және экономикалық басқару жүйесінің ұйымдастырылуы. Белгілі бір топты

ғана қамтитын саяси реттеу тұрақсыздыққа алып келеді. Түрлі топтардың ой-

пікірі анықталған соң тараптардың өкілдерін жалпыны қамтитын саяси реттеуді

бастауға ынталандыруға болады. Бейбітшіліктің орнауы бар саяси жүйені қайта

қарауға мүмкіндік бергенімен, саяси билік жүйесін жетілдіруге жағдай жасай

алмайды. Демократияны қолдау арқылы бұл салада шешуші қадамдарға қол

жеткізу мүмкін болады.

Үшінші міндет – мемлекеттің негізгі функцияларын нығайту. Үкімет

елді дұрыс басқара алуы үшін ең аз дегенде қауіпсіздік, құқық, әділет, қаржы,

макроэкономика салаларының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекет, сондай-ақ, өз функциясын атқара алуы үшін әкімшілік басқару

мүмкіндігіне ие болуы керек. Мұндағы басты мақсат – әр функцияны жүзеге

асыру барысындағы мемлекеттің жауапкершілігі, яғни, үкіметтің халық

алдында есеп беруі. Қауіпсіздік, құқық және әділет функцияларын атқаруды

жетілдіру мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен жүзеге асуы керек.

Төртінші міндет – халықтың болжалына жауап беру. Биліктің

легитимділігі мен елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекет елдің

ой-пікіріне, ұсыныс-тілегіне құлақ асуы тиіс. Халықаралық ұйымдар ел ішіндегі

ой-пікір туралы объективті ақпарат алып отыруы қажет. Ал мемлекет халықтың

қызмет түрлері мен үкіметтік көмектің жалпыға бірдей, әділ бөлінуін

қамтамасыз етуі керек. Халықтың жұмысқа орналасу, әлеуметтік қорғалу,

қауіпсіздік және әділет қызметіне қолжетімділік, адам құқықтары және

демократиялық процестер сияқты салалардағы болжалдарына баса мән берген

жөн.

Аздаған толықтыруларымен жүзеге асырылған осы төрт бағыттың

арқасында 2006 жылы ондаған жылдар бойы ішкі соғыстан титықтан Непалда

бейбіт келісімге қол қоюға мүмкіндік туды. Конфликтіні реттеу технологиясын

жүзеге асыруға атсалысқан халықаралық ұйымдар түрлі әдіс-тәсілдерді

пайдаланды. Мәселен, Ұлыбританияның арнайы миссиясы халықтың

болжалдарын зерттейтін кең ауқымды сауалнама жүргізіп, сол арқылы елдің

қажеттіліктерін қанағаттандыратындай бағдарлама жасалды.

Page 103: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

102

Жоғарыдағы төрт міндеттің реті елдің ішкі ерекшеліктеріне, конфликтінің

қарқынына және басқа да факторларға байланысты айқындалуы керек. Кей

жағдайларда саяси реттеудің бейбіт келісімге қол қоюдан бұрын басталғаны

дұрыс. Мәселен, отыз жыл бойғы азамат соғысының зардабын тартқан

Гвателмалада тараптардың бәрі қатысқан, жан-жақты мәселелерді қамтыған

бейбітшілік келісімге қол қойылғанымен соғысты тоқтату мүмкін болмады.

Себебі, ол құжат гендерлік теңдікті, аз ұлттардың құқықтарын және кедей

адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге қауқарсыз болып шықты.

Кения мысалы да алдымен жалпыны қамтитын саяси келісімге қол жеткізудің

маңызы зор екенін дәлеледі. 2008 жылы Африка одағы мен БҰҰ атынан

араағайындық еткен К.Аннанның қатысуымен Кенияда сайлаудан кейінгі саяси

келісімге қол қойылды, соның негізінде қарсыласушы этностық топтардың

қатысуымен коалициялық үкімет құрылды. Алайда, бұл үкіметтің үйлесімді

жұмыс істеуіне саяси жүйенің кемшілігі мүмкіндік бермей жатыр дейді

сарапшылар.

Бірінші міндетті орындаудағы процедуралар көбіне конфликтінің бар

зардаптарын жою, тараптардың көзқарастарын жақындатып, өздерін келіссөз

үстеліне отырғызу сияқты таныс әрі осы диссертацияда кеңінен сөз болған

соғыс өртін өшіру шаралары болып келеді.

Ал екінші міндет – саяси реттеу кезеңінде жауласушы топтардың көсемдері

арасында билік қалай ұйымдасып, жұмыс істеуі керек деген мәселеге қатысты

ортақ ұйғарым жасалуы керек. Мұндағы талқыланатын жайттар – ресми

институттардың саяси және экономикалық қатынастарды ұйымдастыру тәртібі,

оның ішінде сайлау процесі, парламенттің жұмысы, конституцияның жобасы,

нарықты үйлестіру мәселелері сияқты мәселелер бар. Олар, сонымен қатар,

бейбіт процеске үлкен үлес қосатын бейресми мәселелерді, айталық,

жауласушы тараптар арасындағы табысты бөлісу жайын ортаға салуы мүмкін.

Саяси реттеу экономикалық қатынастарды басқарудың тәртібін белгілеп,

ресурстарды бөлісудің тәртібін айқындайды.

Саяси реттеудің кейбір жиі ұшырасатын түрлері:

Ұйымдастырылған реттеу. Көбіне бейбітшілік процесінің бір бөлігі

ретінде, толыққанды келіссөздер жолымен жүзеге асырылатын реттеу (Непал,

Сьерра-Леоне, Солтүстік Ирландия). Ұлттық элита өкілдері араласқан жағдайда

бұл тәртіп өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Элиталардың бейресми келісімдері. Үшінші тараптардың қатысуымен

ұрысушы тараптар өкілдерінің келісімге келу процесі аса ауыр жағдайда өтеді

және ұзақ жылғы дағдарыстың салдарынан келіссөздер де көпке созылуы

мүмкін. Келісімге келген күннің өзінде оның тұрақты түрде сақталатынына

сенім жоқ (Зимбабве).

Күштеп таңылған реттеу. Бір жақтың сөзсіз жеңісі екінші жаққа саяси

реттеу құжатының өз жобасын ұсынуына мүмкіндік береді. Көбіне қарулы

Page 104: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

103

күштердің көмегімен, келісім жолымен емес, күштеу жолымен жүзеге

асырылады (Бирма).

Тұғырлы реттеу. Халықтың қолдауы мен жоғары легитимділіктің арқасында

кедергілердің барлығы еңсеріледі. Бірақ, бұл реттеу жалпы халықты

қамтымауы мүмкін (Қытай).

Жалпыны қамтыған реттеу. Саяси реттеу шарасы мемлекет пен қоғам

өкілдері арасындағы ұзаққа созылған келіссөздерге ұласады. Қоғамның

құқықтары мен жауапкершіліктері толықтай мақұлданады. Ол халықтың

болжалдарын ескере отырып қабылданады. (Оңтүстік Африка, Ботсвана,

Дания).

Саяси реттеудің жалпыны бірдей қамтуы және қоғамның оны әділ процесс

ретінде қабылдауы мемлекеттің легитимділігін қамтамасыз етуде және келісім

шарттарының тұрақты әрі баянды болуына мүмкіндік береді. Бейбіт процесстер

мен бейбіт келісімдер бар саяси жүйені қайта құруға негіз болады. Бұл жаңа

конституцияның қабылдануына және бұған дейін маргиналданып келген

топтардың жаңа саяси және экономикалық мүмкіндіктерге қол жеткізуіне алып

келеді. Алайда негізгі саяси реттеу процесінен тыс жатқан бейресми

механизмдер мен билік бөлінісі туралы уағдаластықтарды өзгерту өте қиын.

Бейбіт келісім – келіссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтың құжат

жүзінде бекітілген түрі. Тараптардың оған қол қоюы конфликтіні реттеу

процесіндегі маңызды белестің артта қалғанының белгісі. Бейбіт келісімдер

көбіне мынадай мәселелерді қамтиды:

Соғыс және қауіпсіздік мәселелері: Әскери операцияны тоқтату, әскерді

қайтару, демобилизация, реинтеграция, қауіпсіздік секторы.

Басқару механизмдері: Конституция, билік бөлінісі, өтпелі үкімет, сайлау,

демократияландыру, саяси плюрализм, мемлекеттің құрылымы.

Әлеуметтік-экономикалық мәселелер: Жер реформасы, табиғи ресурстарды

басқару, табысты бөлісу, қайта құру.

Құқықтық мәселелер: Адам құқықтарының сақталуын бақылау, амнистия,

түрмедегілерді босату, құқықтық реформа.

Өтпелі кезеңдегі әділет: трибунал, ақиқат комиссиясы, репарация

(материалдық шығынды өтеу), мүлік реституциясы (заңсыз алған мүлікті

қайтару), люстрация (адам құқықтарын бұзғандарды қызметке алмау).

Ерекше топтар: Топтар арасындағы теңдікті қолдау, дискриминацияламау,

билікке қатыстыру саясаты; жастарға, әйелдерге, мүгедектерге, этностық

топтарға арналған бағдарламалар.

Гуманитарлық мәселелер: Гуманитарлық көмек пен қорғауға қолжетімділік;

босқындар мен қоныс аударушылардың оралуы және қайта интеграциялау,

бөлінген отбасылар, тұтқындар [100].

Бейбіт процеске конфликтіні әрі қарай жалғастыра беруге қауқарлы

топтардың барлығы қатыстырылуы керек және ол тек қарулы топпен

Page 105: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

104

шектелмеуі керек. Бұрын орынсыз себептермен қатарға кірмей қалған

топтардың өкілдері де келіссөздер процесіне араласуы тиіс. Бейбіт процесті

қолдау стратегиясы болғанда ғана бұл шара сәтті жүзеге асады. Бұл стратегия

ресми және бейресми түрде, конфликтіге араласушы тараптардың басшыларын,

оларға жақын адамдарды, азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерін қамту

арқылы жүзеге асады (балама дипломатия) [101].

Үшінші міндет – мемлекеттің негізгі фунцияларын нығайту барысында

қауіпсіздік, құқық, макроэкономикалық және қаржылық басқару қызметін

жүзеге асыру ісіне көңіл бөлінеді. Әр функцияны атқару барысында

мемлекеттің есеп беруі қамтамасыз етілуі керек. Олай болмаған жағдайда

мемлекет халықтың мұқтаждықтарын ескермей бақылау орнатуға көшеді, ал

бұл күшті болғанымен репрессиялық мемлекет құруға алып келуі ықтимал.

Халықтың және мемлекеттің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейінше, экономика

мен қызмет көрсету саласы дұрыс жұмыс істемейді, ал бұл бейбітшілік

орнатуға кедергі келтіреді. Мемлекет өз аумағын ішкі және сыртқы қауіп-

қатерден қорғай алуы тиіс, яғни мемлекет ел аумағындағы заңды түрде қару

қолдануда монополиялы құқыққа ие болуы керек. Жауапты әрі ел алдында есеп

беретін қауіпсіздік күштері мемлекеттің легитимділігін бекітуге себепкер

болады. Яғни, халық өздерін полиция мен әскердің және әділет жүйесінің

қорғайтынына сенімді болуы керек. Заңның үстемдігіне деген сенім және оның

принциптеріне бағынуға деген құлшыныс қоғам өкілдері арасында өзара

сыйластық пен тәртіпті қалыптастырады. Әркімнің құқықтары мен

жауапкершіліктері айқын жазылған заңдар мен олардың дискриминациялаусыз

әділ орындалатынына сенген қоғамда заңның үстемдігі орнайды.

Құқықтық мәселелердің дәстүрлі конфликт шешу әдістері арқылы шешілуіне

де баса мән берілуі керек. Орталықтан алыс, шалғай аймақтарда мемлекеттік

заңдардан гөрі жылдар бойы қалыптасқан ата дәстүрдің құзыреті күшті.

Мәселен, Кавказ аймақтарында мұсылман заңдарына сай шешім қабылдайтын

ақсақалдар институты кикілжіңдерді шешуде маңызды рөз ойнады,

ауғандардың «Лойя Джирга» ақсақалдар кеңесі ресми үкімет шақырған басқа

құрылтайларға қарағанда аса салмақты болады. Бейбітшілік орнатудағы басты

мақсат – ата дәстүрлер мен нормативті заңдардың бір-біріне қайшы келмеуі

және олардың бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеуі керек.

Мемлекеттің негізгі функцияларын нығайтуға қатысты әрекеттердің

мысалдары:

Қауіпсіздік саласында: Мемлекеттің халықтың жеке басы мен мүліктерінің

қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, мемлекеттің қару қолданудағы монополиясын

бекіту; қауіпсіздік органдарына деген халықтың сенімін нығайту, олардың жұрт

алдында есеп беруін қамтамасыз ету.

Page 106: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

105

Құқық саласында: Ашық әрі әділ құқық жүйесін қалыптастыру, халықтың

барлық өкілдерінің құқықтық қызметке қол жеткізе алуы; заңның үстемдігін

нығайту.

Қаржы және макроэкономика саласында: Мемлекеттің түрлі табыс

көздерінен пайда түсіруіне мүмкіндік жасау; табыстардың әділ бөлінуі;

қаржылық және экономикалық тұрақтылық, сауатты макроэкономикалық

саясат. Бұл саладағы бейбіт реттеу технологияларының аясына кіретін кейбір

нақты шаралар: құқық қорғау қызметкерлеріне арнап тренингтер өткізу,

қарусыздандыру, қарулы жасақ құрамында болғандарды қоғамға қайта

интеграциялау, құқықтық кеңес жобалары, т.с.с.

Халықтың болжалына жауап беретін үкімет құру – биліктің легитимділігі

мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін өте қажетті шара.

Тұрғындардың арасындағы наразылық немесе үкіметтің қызметіне көңілі

толмаушылық үкімет пен халық арасындағы диалогқа кері әсерін тигізеді.

Әлеуметтік даму және жұмыспен қамту шағын және орта бизнестің дамуына

жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік топтардың

мемлекеттік бағдарламаларға тартылуын қамтамасыз ету арқылы жүзеге

асырылады. Халық өз қаражат сыртқа алып қашпай, ел ішінде бизнеске салып,

молайтуға мүмкіндік алуы керек, ал жұмыссыздықтың азаюы бұқара халықтың

радикалды қозғалыстарға еру, қылмыстық әрекеттерге бару сияқты лайықсыз

әдеттерден бой жазуына үлес қосады. Жүріп жатқан конфликтілерді бәсеңдету

барысындағы кезек күттірмес шара – халықтың ең әлсіз әрі конфликтогендік

тұрғыдан ең қауіпті топтары – әйелдер мен белсенді жастарды жұмыспен

қамту. Ал алыс болашаққа бағытталған конфликт реттеу бағдарламаларында

адам капиталын қалыптастыру, жұмыссыздарды қайта мамандандыру сияқты

шаралар жүзеге асырылғаны жөн.

Бейбітшілік орнату барысында халыққа көрсетілетін негізгі қызмет

түрлерінің сапалы болуы өте маңызды рөл ойнайды. Денсаулық сақтау, білім,

әлеуметтік қорғау, таза ауыз су және санитария мәселелері әсіресе

конфликтіден зардап шеккен мемлекеттің жіті назарында болуы керек.

Соғыстың өзін адамның басты қажеттіліктер үшін күресі деп қарастырар

болсақ, қарапайым бұқара халық үшін үлкен саясаттан гөрі осы қызметтердің

уақтылы әрі сапалы түрде көрсетілгені маңызды. Халықаралық ұйымдар білім

бағдарламалары арқылы конфликтіні бәсеңдетудің тиімділігіне теория жүзінде

де, іс жүзінде де дәлелдеп келеді. Мәселен, жауласушы тараптарға арнап

бірлескен сауат ашу курстарын ашу, стереотиптерді өзгертудің тренингтік

бағдарламалары жиі қолданылады.

Бұл төрт міндеттің барлығы қарқыны баяулаған не уақытша тоқтатаған

конфликтіге қатысты орындалатын технологиялар. Ал конфликт эскалация

жағдайында болып, белсенді әскери операциялар жүріп жатқан сәтте оның

адамдарға тигізер зардаптарын азайту – басты міндет болатыны айқын. Бейбіт

Page 107: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

106

тұрғындар арасындағы адам шығыны, босқындар, гуманитарлық дағдарыс,

аштық болып жатқан кезде басты назар қантөгісті тоқтату ісіне бағытталатыны

аян. Мұнда ұзақ мерзімге бағытталған конфликт реттеу технологияларынан

бөлек кезек күттірмес екі шара – гуманитарлық көмек және жағдайды

тұрақтандыру технологиялары жүзеге асырылады.

Әрбір қатысушы тараптың осы кезеңде жасаған жақсы, жаман әрекеттері

кейін кикілжің басылған кезде бейбіт реттеу процесіне тікелей әсері болады.

Халықаралық әскери құқық нормаларын сақтау міндеттері өз алдына, мұндай

жағдайда тараптар адамгершілік принциптерінің сақталуына барынша күш

салуы керек.

Ал тұрақтандыру шарасы бейбіт процесті бастаудағы ең алғашқы қадам

болуы тиіс. Оның басты екі міндеті:

1. Зұлымдықты тоқтату. Дипломатиялық әдістер мүмкін болмаған

жағдайда әскери интервенция әдісі қолданылады. Бұл шара басты төрт

міндеттің біріншісін – конфликтінің себеп-салдарын жою шарасын бастауға

негіз болады.

2. Халықты және олардың тұрғынжайларын қорғау. Бұл халықты қорғау

(бірінші міндет) және тұрғындардың болжалдарына жауап беру (төртінші

міндет) әрекеттерін бастауға негіз қалайды.

Конфликтілердің алдын алу және реттеу технологияларының

тиімділігін бағалау

Сан түрлі негізгі және жанама факторлардың кесірінен алдын алу және

реттеу технологиялары көп нәтиже бермей жатады. Конфликтілердің алуан

қырлы табиғатының өзі оған қатысты жүзеге асырылған шаралардың қаншалық

нәтижелі болғанын нақты критерийлермен бағалауға мүмкіндік бермейді.

Конфликтінің бәсеңдетілуі, тоқтатылуы, тараптардың өзара конструктивті

диалогқа келіп, кикілжіңнің зардаптарын азайтуға бірдей мүдделілік танытуы,

екі жаққа да ортақ мүдделерді айқындап, соларды орындауда өзара ымыраға

келуі, тығырықтан шығатын жолды бірлесе іздеп, бірге қабылдаған

бағдарламаларды жүзеге асыруы – бітімгершілік шаралардың сәтті болғанын

хабар беруі мүмкін. Алайда, бұл жайттардың барлығы – конфликтінің

динамикасына оң әсер ететін тактикалық амалдар және кей жағдайда оларды

«технология» деп айтуға да келмейді. Бұл шаралар стратегиялық мақсаттарды

орындап, ұлтаралық келіспеушілікті түбірімен жоюға қаншалық септігін

тигізді, мәселе сонда.

Британиялық сарапшылардың есептеуі бойынша, осы тарауда айтылған

кешенді реттеу шараларын орындаған күннің өзінде қантөгісті бастан кешіріп,

мемлекеттік институттары күйреген елде тұрақты бейбітшілік орнату үшін

кемінде 15-30 жыл уақыт кетеді. Олар Африка және Азия құрлықтарындағы

Page 108: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

107

соңғы елу жыл ішінде болған кикілжіңдердегі жағдайды саралай отырып

осындай қорытындыға келді.

Бейбітшіліктің орнауына қай процедураның, қай әдістің қаншалық оң әлде

теріс әсер еткенін дәл бағалау қиын. Мәселен, білім беру бағдарламасының

тиімділігі тұрғындардың бір-біріне деген жаушылдығын азайтса, қару-жарақты

тапсыру бағдарламасы адамдардың бейбіт кәсіпке бет бұруына жәрдемдеседі.

Құқықтық реформа жаңа конституцияның қабылдануына, сол арқылы басқа

ұлттардың талап-тілектерін ескере отырып, жаңа ережелердің қалыптасуына,

яғни, араз ұлттардың арасындағы мәселелерді реттеудің айқын құқықтық

механизмдерін жасауға көмектеседі.

Мәселен, ТМД аумағында қазір белсенді түрде жүріп жатқан этносаралық

қақтығыс жоқ. Шешенстан, Таулы Қарабақ, Абхазия, Оңтүстік Осетия,

Приднестровье жанжалдарының барлығы әскери операцияларды тоқтату

туралы келісімге қол қоюмен тыншыды. Ресейдегі көп сарапшылар шешен

дауының толық реттелгенін айтып, мұны шиеленісті реттеудің үлгісі ретінде

көрсетуге тырысуда. Бірақ, біздің қолымызда қоғам ішіндегі ахуалды сипаттап

бере алатын объективті әлеуметтік зерттеу нәтижесі болмағандықтан, оған

қатысты тұщымды пікір айта алмасымыз анық.

FEWER Eurasia қоры 2011 жылы Солтүстік Кавказ аймағында эксперттік

сауалнама жүргізіп, ресми Кремльдің бұл пікірін жоққа шығаратын тұжырым

жасады. Константин Казениннің эксперттердің берген бағаларына жасаған

талдауы Солтүстік Кавказ өңіріндегі Ресейдің экономикалық және саяси

әрекеттерінің күткендегідей нәтиже бермей отырғанын көрсетеді. «2011 жыл

мен 2012 жылдың басында Солтүстік Кавказда біз байқаған шынайы жағдай

аймақтағы ахуалды жақсарту мақсатындағы лайықты гуманитарлық шараларды

қолға алу үшін бағыт-бағдарды өзгерту керек деген тұжырымға жетелеп отыр.

Осыдан бір жарым, екі жыл бұрын шынайы болып көрінген және үлкен үміт

күттірген шаралар тиімсіздігін дәлелдеді. Эксперттердің ортақ көзқарасы мен

біздің бақылауымыз көрсеткеніндей, Солтүстік Кавказ федералдық округын

құрғаннан бері федералдық үкімет үміт артып келген «ниеттестік үшін

инвестиция» жүйесі Солтүстік Кавказ аймағының өзінде қолдауға ие бола

алмады. Жуықта жалпы ахуал жақсара түседі деген сенім ақталмай, оның

орнына Солтүстік Кавказ бен Ресейдің басқа аймақтарының, сондай-ақ,

аймақтың өз ішіндегі халықтардың арасы бұрынғыдан бетер алшақтай түсті.

Солтүстік Кавказ халқының қазіргі басқару жүйесіне деген сенімсіздігі артып,

бұл жүйеде түбірлі өзгерістер болғанда ғана жағдай жақсарады деген ой берік

орнығып алған. Ал Солтүстік Кавказ халқының көпшілігі мақұлдайтын

позитивті өзгерістер бағдарламасы жоқ. Оның үстіне, қандай өзгерістер

жағдайды шын мәнінде жақсартуы мүмкін деген тақырыптағы дау-дамай

қоғамның жіктелуіне, сол арқылы аса радикалды әлеуметтік доктриналардың

орнығуына ықпал етуде. 2011 жылы жекелеген жағымсыз жағдайлардың

Page 109: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

108

өршуіне ұжымдаса қарсылық білдіру арқылы Кавказ халықтарының түрлі

белсенді бөліктерінің арасындағы идеялық антагонизм ашық көрініс тапты.

Мұндай жағдайда Солтүстік Кавказ аймағында осыдан екі жыл бұрынғыдай,

яғни, диалог, татулық, тең мүмкіндіктер және бизнес пен саясаттағы ортақ

ережелер сияқты құндылықтарды жай насихаттау арқылы гуманитарлық

жұмысты жүргізу мүмкін емес. Қазір соңғы жылдары, әсіресе сәтсіз саяси-

экономикалық жобалардың кесірінен қалыптасқан немесе күшейе түскен

фобиялар мен өзара жеккөрушіліктікті бәсеңдету бағытында мақсатты түрде

жұмыс жүргізу керек», – делінген сараптамада [102].

Мемлекетті тірі ағза, ал конфликтіні сол ағзаны сал қылып тастаған ауыр

дерт десек, этностық конфликтінің алдын алу және реттеу технологиялары –

ағзаны қайта аяққа тұрғызуға бағытталған кешенді емдеу шаралары болып

шығады. Емдеу шаралар азғаның түрлі бөліктеріне бағытталып, көптеген

әдістерді пайдалану арқылы жүргізіледі әрі емдеуді бірнеше дәрігер қатар

жүргізуі мүмкін. Ал ағзаның сауығуы қойылған диагнозға (субъективті

жағдайға) және қолданылған емшаралардың тиімділігіне байланысты болмақ.

Бірақ ағза сауыққан соң оның неден жазылғанын нақты айту мүмкін емес.

Этностық конфликтілер де сол сияқты.

Сондықтан, әлемдегі конфликт реттеу ілімінің теоретиктері мен практиктері

қолданылған әдістердің тиімділігін бағалаудың орнына кикілжіңнің жалпы

динамикасын бақылаумен қатар әлеуметтік индикаторларды қадағалап

отыруды ұсынады. Яғни, кикілжіңнің қарсаңындағы әлеуметтік

индикаторлардың өзгеру динамикасына қарап жалпы мемлекеттің тұрақсыздық

жағдайынан тұрақты қалыпқа көше бастағанын бағалауға болады.

Демек, конфликт ықтималдығын бағалау кезіндегі критерийлермен тиісті

индикаторларды бақылау әдісі соғыс аяқталғаннан кейін де үздіксіз жалғаса

беруі тиіс. Конфликтіні бастан кешкен қоғамның сол дағдарысқа қайта ұшырау

мүмкіндігі жоғары екенін ескерсек, бұл кикілжің болған қоғам үшін өте өзекті

мәселе болып шығады.

Этносаралық конфликтілердің алдын алу және реттеу технологияларының

тиімділігін бағалаған қазіргі қолда бар әдебиеттердің барлығы эксперттердің

сапалық бағалауына және сандық бағалауға келіп саяды. Сапалық бағалау

жоғарыда көрсетілген конфликтіні реттеудің төрт міндетінің қаншалық

орындалған-орындалмағаны жайлы сарапшылардың субъективті пікірлерінен

тұрады. Сарапшының пікірі оның өз бақылауы мен жалпы эмпирикалық

дәлелдерге, қолда бар және өзі танысқан ақпаратқа негізделіп жасалады.

Сапалық бағалау әдісінің бір кемшін тұсы – мамандардың саяси конъюнктураға

тәуелділігінде. Егер эксперттік сауалнама конфликтіге қатысушы қоғамның

өкілдері арасында жүргізілсе, олар өз елінің ішкі-сыртқы саяси ұстанымын,

мемлекеттік идеологияны ескере отырып жауап береді. Кавказдағы этностық

Page 110: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

109

жанжалды бастан кешірген елдердің сарапшылары мен журналистері арасында

эксперттік сауалнама жүргізе отырып біз осыны айқын аңғардық.

Ал сандық бағалау әдісі жалпы реттеу технологиясының тиімділігінен хабар

бермесе де, тұрақтылықтың орнығуы, мемлекеттің негізгі функцияларын

жүзеге асырылуы, қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі сияқты критерийлер

бойынша жалпы тенденцияны бағалай алады.

Үшінші бөлімді қорытындылай келе мынадай тұжырымдарды ұсынамыз:

1. Ерте дабыл қағу жүйесі берген ақпарат тиісті мемлекеттік органдардың

жедел әрекет етуіне түрткі болуы керек. Алайда, әлем мемлекеттерінде мұндай

реакцияның баяулығы ерте дабыл қағу жүйесінің қажетсіздігі туралы

пікірлердің айтылуына негіз болып отыр. Жедел әрекет етуге шешім

қабылдаушы мекемелер мен ерте дабыл қағушы ұйымдардың арасындағы

байланыстың нашарлығы, үкіметтік емес ұйымдардың ықпалының төмендігі

кедергі жасап келеді.

2. Конфликтілердің алдын алу және реттеу технологиялары – түрлі

стратегиялық, тактикалық әдістерді, әркелкі тәсілдемелерді пайдалануды қажет

ететін көп кезеңнен тұратын әрі көпсатылы процесс. Сондықтан, оны

конфликтінің динамикасын бақылай отырып, кешенді түрде жүзеге асыру

қажет. Бұл жағдай этностық конфликтілердің алдын алу және реттеу

технологияларына ұлтаралық татулықты қамтамасыз ететін фактор әрі

тұрақтылық пен қауіпсіздікті баянды етудің басты шарттарының бірі деп

қарауды қажет етеді.

3. Консоционализм және интеграцияшылдық – ұлттық мәселені реттеудің

Батыс ғалымдары ойлап тапқан және қазіргі мемлекеттердің ұлттық саясатына

негіз болып отырған негізгі әдістер. Бұл әдістердің екеуінің де этносаралық

конфликтінің ықтималдығын азайтуда өз артықшылықтары мен кемшіліктері

бар. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер ұлттық саясатты анықтау барысында Батыс

ғалымдарының теориялық еңбектері мен олардың шынайы өмірдегі қолданылу

нәтижелеріне назар салғаны жөн.

4. Ұлттық саясатты жүйелеудегі институттық инжинирингтің маңызы өте

зор. Ол мемлекеттік билік құрылысын, саяси жүйені және мемлекеттің басқа да

басты атрибуттарын ұлтаралық келіспеушіліктерді қоғам мен мемлекеттік

институттар өркениетті жолмен реттеп отыратындай етіп құруға жәрдемдеседі.

Институттық инжиниринг ұлтаралық қарым-қатынасты объективті түрде реттеп

отыратын механизмдерді қалыптастыруға тиіс.

5. Халықаралық ұйымдар және конфликтілерді реттеуде үлкен тәжірибе

жинаған кейбір Батыс елдерінің тұжырымдарымен келісе отырып,

кикілжіңдерді реттеу шарасы төрт негізгі міндетті атқаруға бағытталуы тиіс деп

қорытынды жасаймыз. Олар: 1) конфликтіге түрткі болған себепті тауып,

түзету, оның салдарын жою; 2) жалпыны қамтитын саяси реттеу; 3)

мемлекеттің негізгі функцияларын нығайту; 4) халықтың болжалына жауап

Page 111: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

110

беретін үкімет құру. Осы төрт міндетті орындау арқылы жалпы конфликтіні

бәсеңдетуге ықпал ететін алғышарттарды қалыптастыруға болады.

6. Конфликтілерді реттеуде қолданылған технологиялардың тиімділігін

бағалаудың көпшілік мойындаған әрі сенімді әдісі жоқ. Әртүрлі тараптар

қолданған әдістердің конфликтіні шешуге қаншалық әсер еткенін объективті

түрде саралайтын әмбебап құрал жасалмаған. Конфликтінің шешілгенін әскери

операциялардың тоқтағанына, бітім келісіміне қол қойылғанына, ж.т.б.

факторларға қарап бағалауға болады, бірақ ол құрылымдық өзгерістің

көрсеткіші бола алмайды. Сондықтан, тек конфликт ықтималдығы

индикаторларының көрсеткіштеріне қарап қана жалпы ахуалды бағалауға

болады.

Page 112: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

3 ҚОЛДАНЫЛҒАН АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ, НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН САБАҚТАРЫ

3.1 Посткеңестік мемлекеттердегі конфликтілердің ортақ сипаттары

М.Горбачевтың жариялылық науқанының арқасында КСРО аумағында

бұрыннан латентті жағдайда жүріп жатқан конфликтілер ушыға берді.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрт нашарлауы, одақтық мемлекеттер

арасында бұрыннан қалыптасқан шаруашылық-экономикалық байланыстардың

үзілуі, өндіріс орындарының тоқтауы, инфляция – осының барлығы онсыз да

тұтанғалы тұрған отқа май құйды. Осы тұста Мәскеу де, одақтық

республикалардың басшылығы да билікті қолына шоғырландыруға қауқарсыз

болды, қалыптасқан күрделі жағдайды орынды бағалап, дер кезінде шара

қолдануға олардың әлеуеті мен құзыреті жетпеді. Мұнымен қоса, КСРО кезінде

қалыптасқан ақпараттық құрсаулау, қоғамдық наразылықты күшпен жаншып

тастау дәстүрінің орнын алмастыратын өркениетті қоғамдық-саяси ахуал

қалыптасып үлгерген жоқ еді. Азаматтық қоғам әлі де шалажансар күйде

болды, ерте дабыл қағуға, әлеуметтік-гуманитарлық көмектің жеткізілуін

ұйымдастыруға, араағайындық жасауға, қоғамдық пікірді зерттеуге тиісті

болған үкіметтік емес ұйымдар жоқтың қасы еді. Осындай жағдайда КСРО-ға

кіретін кеңестік республикалар мен автономиялық республикалардың және

автономиялық облыстардың әкімшілік-аумақтық құрамын бекітуде кеткен

олқылықтардың кесірінен бұрыннан дүрдараз болып келе жатқан аймақтарда –

Армения мен Әзірбайжан арасындағы даулы аймақ – Таулы Қарабақта,

Грузияның екі бірдей автономиялық аймағы – Абхазия мен Оңтүстік Осетияда,

Молдованың автономиялық аймағы – Приднестровьеде, Ресейдің құрамындағы

Шешен-Ингуш республикасында этностық негіздегі қарулы қақтығыстар орын

алды. Бұл конфликтілер бірнеше мәрте эскалация кезеңіне дейін ушығып, өте

көп адам және ресурстар шығынына алып келді.

Посткеңестік кеңістіктегі этносаяси конфликтілерді шартты түрде

төмендегідей түрлерге бөліп қарастырамыз:

1. Ирредентистік-сепаратистік конфликтілер. Кеңес одағы кезіндегі

әкімшілік-аумақтық бөлініс этностардың шекаралары мен тарихи факторларды

ескермей жасалғандықтан, кейбір ұлттар бірнеше тәуелсіз мемлекеттің

аумағында қалып қойды. Мұндай конфликтілер республикалық, аймақтық, тіпті

халықаралық деңгейдегі дағдарысқа, кей кездері ұлт-азаттық қозғалыстар мен

ирредентистік, сепаратистік күштердің үкімет әскерімен қақтығысына ұласты.

Конфликтінің бұл түріне Таулы Қарабақ пен Оңтүстік Осетия жанжалдарын

жатқызуға болады.

2. Этностық азшылыққа жататын автономиялық аймақтардың ұлттың өз

мәртебесін өзі анықтау құқығын пайдаланып, тәуелсіз мемлекет құруға

ұмтылуынан туындаған конфликтілер. Бұл қатарға Абхазия, Приднестровье

және Чешенстан соғыстарын жатқызамыз.

Page 113: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

112

3. Территориялық конфликтілер. Кеңес Одағы басшылығының әр

жылдардағы шешімдерімен кейбір аймақтар бір республиканың аумағынан

алынып екінші бір республиканың аумағына енгізіліп отырған. Тәуелсіз

мемлекеттер тарихи фактілерге сүйене отырып, көршілес елдерге

территориялық талаптар қоя бастады. Мәселен, Ресей құрамынан шығарылып,

Украинаға берілген Қырым түбегі, қазіргі Псковь облысына қарасты бірнеше

ауданның 1940-жылдары Латвия мен Эстонияның құрамынан алынып, Ресейге

берілуі. Бұлар – осыған дейін айтылған мәселелер. Сарапшылардың болжауына

қарағанда, әлі де қозғалмаған, бірақ болашақта саяси-экономикалық жағдайдың

өзгеруі салдарынан күн тәртібіне шығарылатын жер дауы бұрынғы КСРО

республикаларының барлығына тән деп санайды.

4. Депортацияланған халықтардың территориялық құқықтарын қалпына

келтіру мақсатынан туындаған кикілжіңдер. Осетиндер мен ингуштардың

Пригородный ауданы үшін таласуы конфликтінің осы түріне мысал бола алады.

5. Отаршылдық саясаттың салдары – ұлттар арасындағы бір-біріне қатысты

түрлі стереотиптердің, жеккөрушілік пен кек алуға деген ұмтылыстың әсерінен

болатын конфликтілер. ТМД елдерінің көпшілігінде орыс ұлтына басқыншылар

деп қарау белең алып отыр. Ал орыстардың арасында да жаңа тәуелсіз

мемлекеттердің ұлттық мемлекетті қалыптастырудағы әрекеттеріне менсінбей

қарау, идеялық-рухани тұрғыдан Ресейге көп иек арту жағдайлары кездеседі.

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту, ана тілінің мәртебесін көтеру, тарихи

сананы жаңғыртып, тарихи оқиғаларға жаңаша тұрғыдан баға беру,

географиялық атауларды өзгерту әрекеттері бұрынғы кеңестік идеологияны

қолдайтын орысшыл топтардың наразылығын туғызып, конфликтогендік

жағдай туғызып отыр. Бұған қоса, кейбір елдерде орыстан басқа ұлттардың

арасында өзара алауыздық бар. Сарапшылардың айтуынша, бөлшект

мемлекеттерінің барлығында дерлік идеялық, рухани тұрғыдағы

конфликтілердің тұтану қаупі жоғары. Бұл тек елдегі ішкі саяси жағдайға,

үкіметтің жүргізген ұлттық саясатына және сыртқы күштердің әсеріне тәуелді

болмақ.

Конфликтілердің бұл түрлері көбіне-көп кешенді түрде, өте күрделі сипатта

аралас көрініс тауып отырады. Жер дауы тарихи-мәдени факторлармен,

стереотиптік жеккөрушілікпен және кейде экономикалық факторлармен

қатарласа ұшырасады. Мәселен, Таулы Қарабақ жанжалы этностық, аумақтық,

саяси, мәдени, тарихи, экономикалық факторлардың қордалана жиналуынан

туындағаны аян. Яғни, этностық конфликтілердің туындауына түрлі

факторлардың жиынтығы әсер етеді. Біздің байқауымызша, ТМД-дағы осы

конфликтілердің барлығына ортақ сипаттар бар:

1. Ұлттық жады

Page 114: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

113

КСРО ыдыраған тұста кикілжіңге араласқан этностардың арасында

бұрыннан келе жатқан алауыздық, өзара сенімсіздік, жеккөрушілік бар.

Жариялылық науқаны, орталықтағы биліктің әлжуаздығы сол ескі ашу-ызаның

қайта оянып, оның өршуіне әкеліп соқтырды. Галтунг «конфликт үштағаны»

теориясы негізінде қақтығысты тікелей қақтығыс, құрылымдық қақтығыс,

мәдени қақтығыс деп жіктейді. Шешенстан-Ресей соғысы басталар қарсаңында

мәдени қақтығыстың айқындығы басым болды. Ресей Шешенстанды XIX

ғасырда отарлағанымен, шешен ұлты осы кезге дейін өздерін мәдени тұрғыда

ресейлік деп сезіне алмай келді, шешендер Ресейдің саяси-мәдени үстемдігін

қабылдай алған жоқ [103]. Ресейдің Кавказды жаулап алу оқиғасынан

басталатын орыс-шешен текетіресі антагонистік топтар арасындағы бітіспес

жаушылдықты қалыптастырды. «Л.Толстой мен М.Лермонтовтың және

басқалардың шығармалары арқылы мәңгіге суреттелген Кавказ соғыстары орыс

мәдениетінің маңызды бір бөлігіне айналды, тәуелсіздік жолында тау халқына

тән айбаттылықпен табанды түрде күрескен шешендердің қарсылығы

батырлықтың нышаны болды. Тарихтан алған осы бір тәжірибе ұлттың жаңа

сипатын қалыптастыруда кәдеге жарады», - деп жазады Стэнфорд

университетінің профессоры Г.Лапидус [104].

Шешенстан жарты ғасырға созылған қарсылықтан соң Романов

империясының қоластына өткен. Шешен ауыз әдебиетінде орыстардың

Солтүстік Кавказды отарлау соғыстары, соның ішінде шешен тайпаларын

басып-жаныштауы ерекше сипатталады. Ресей патшалығының жер өртеу,

күштеп көшіру, жер аудару сияқты отаршыл саясаты шешен ұлтының

фольклорынан көрініс тапқан. Патшалық билік құлаған соң Шешенстан біраз

уақыт Солтүстік Кавказ Республикасының құрамында болды. Тек 1922 жылы

ғана КСРО-ның құрамына кіргізілді. Кеңес одағының басқа аудандарындағы

сияқты мұнда да жаппай террор, қуғын-сүргін және ГУЛАГ-қа қамау сияқты

әдістер кеңінен қолданылды. Кеңестендіру саясаты шешендердің ұлттық

мәдениеті мен дәстүр-салтына үлкен соққы болды. Этностың ұлттық

мәдениетіндегі Ислам діні мен ескіден келе жатқан ақсақалдар институтының

орны ерекше болатын. Бұларға тыйым салынды, шешен тілі араб қарпінен

кириллицаға көшірілді. 1934 жылы Шешенстан көрші жатқан Ингушетиямен

біріктіріліп, РСФСР-дың құрамындағы Шешен-Ингуш автономиялық

республикасы құрылды.

Шешенстанда билікті қолға алып, радикалды операцияларды бастауға

шешім қабылдағандардың көпшілігі – 1944 жылғы жер аудару науқанынан

жапа шеккен, Қазақстан жерінде дүниеге келген шешендер. 1942 жылы

Вермахт әскері Кавказ жерінде жетуге шақ қалғанда КСРО басшылығы шешен-

ингуштардың фашистік Германиямен ауыз жаласуынан күдіктеніп, оларды

Қазақстанға жаппай көшіріп жіберді. НКВД-ның мәліметтері бойынша, 6 мыңға

жуық адам немістер жағында соғысуға құлшыныс білдірген. Сөйтіп, Шешен-

Page 115: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

114

ингуш автономиялық республикасы таратылды, тіпті «Шешенстан»,

«шешендер» деген сөздерді айтуға тыйым салынды. Мұрағат мәліметтеріне

қарағанда, сол жылдары 496 мың шешен мен ингуш Қазақ және Қырғыз КСР-

леріне депортацияланды. 29 мыңдай шешен ұлтының өкілі Кеңес армиясының

құрамында нацистік Германияға қарсы соғысты. Бірақ, соған қарамастан, олар

да Қазақстанға жер аударылды [105].

Шешендерді депортациялау 1956 жылға дейін жалғасты. Коммунистік

партияның жаңа бірінші хатшысы Н.Хрущев депортациялау саясатын сынап,

кавказдықтардың атамекендеріне оралуына рұқсат берді, Шешен-Ингуш

автономиялық республикасы қайта қалпына келтірілді. 200 мыңғы жуық адам

еліне қайта оралды, көпшілігі бұрынғы тұрған үйлеріне басқа біреулердің

қоныстанып алғанын көрді. Кеңес одағы басшылығының шешендерге

сенімсіздікпен қарауының және бір мысалы – коммунистік партияның осы

республикадағы бірінші хатшысы әрдайым орыс ұлтының өкілі болды. Осының

барлығы шешен соғысын бастаушылардың көкейінде тұрды [38, 42 б.].

Ұлттың жадындағы алыс және жақын тарихта болған оқиғалардан туындаған

ыза-кек грузин-абхаз, грузин-осетин, армян-әзірбайжан және орыс-шешен

қақтығыстарының тұтануына тікелей ықпал етті .

Автономиялық аймақтар өздері бағынатын мемлекеттің өкіметін отарлаушы

деп санады. Олардың сепаратистік ұрандар көтеруіне жаңа тәуелсіз

республикалардағы ұлттық жұмылу, ұлтшыл ұрандардың көтерілуі түрткі

болды. Бұған дейін одақтық республиканың шектен шығып кетпеуіне Мәскеу

кепілдік беріп келген болса, КСРО тараған соң автономиялар мұндай

кепілдіктен айырылып қалды. Әзірбайжанда, Грузияда билік басына ұлтшыл

тұлғалардың келуі жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді [106], [107]. Жаңа

тәуелсіз мемлекеттер еркіндікті бірден сезініп, титулдық этностың ұлттық

символдарын мемлекеттік деңгейде бекітуге көше бастады. Мәселен, 1989

жылғы тамызда Грузияның Жоғарғы кеңесі тіл туралы заң қабылдап,

республиканың барлық аумағында грузин тілін білуді міндеттеді. Бұл осыған

дейін грузин тілін үйренбей келген автономия халықтарының наразылығын әрі

үрейін туғызды.

Кавказ халықтарының интеллигенция өкілдері жер дауын сөз еткенде тарихи

фактілерге сүйенеді, ал ол тарихи фактілер мыңжылдықтарға дейін созылып

кете береді. Түрлі тарихи кезеңдерде армяндар жайлаған аумақтың көлемі

әркелкі болып тұрған. Орта ғасырларда Армения мемлекеті тіпті егемендігінен

айырылып, империялардың бодандығында қалып отырған. Басқа этностық

топтардың жер көлемі де, халқының саны да, мемлекеттері де әр кезеңде

әртүрлі болып өзгеріп тұрған. Дегенмен, соңғы ғасырдағы Ленин мен Ататүрік

арасындағы келісімді алға тартқан Армения ел аумағының біраз бөлігі Түркия

мен Әзірбайжанға берілген деп санайды және бұл пікір сыртта жүрген

армяндардың да ұрпақтарына беріліп келеді.

Page 116: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

115

Армяндар көрші елдердің қысымының кесірінен басқа Кавказ аймақтарына

қоныс аударуға мәжбүр болған. Мәселен, ХІХ ғасырда армяндар Грузия

астанасы – Тбилисидегі саны басым ұлтқа айналған. Армения үкіметі ХІХ

ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Түркия үкіметінің армяндарға

қатысты саясатын «геноцид» деп бағалаған, бұл ой жер шарының түкпір-

түкпірінде тұратын армян диаспорасының санасына сіңіп қалған.

Әзірбайжандар түріктерге бауырлас халық болғандықтан армян ұлтының

бойында әзірбайжандарға деген өшпенділік қалып қойған [108].

Т.Драгадзенің айтуынша, тарихи алауыздықтың кесірінен армяндарға

қатысты «менмен әрі сараң ұлт» деген стереотип қалыптасқан. «Олардың

табандылық қасиетін кейбір ұлттар орынды ма, орынсыз ба, әйтеуір

өркөкіректік деп қабылдайды, және бұл стереотиптердің кесірінен көршілері

армяндарды жақтырмайды, сөйтіп бұл оларды қолайсыз жағдайға қалдырады»

[109].

Ал армяндардың әзірбайжандарға қатысты қалыптасқан пікірі де тарихи

фактілерге негізделеді. Әзірбайжандар өздерін сол аймақты жайлаған ежелгі

халықтардың ұрпағымыз деп, мемлекеттің тамырын орта ғасырлардағы Албан

Корольдігіне апарып тірейді. Сол кезеңдердегі архитектура мен қолөнердің

озық үлгілерін әзірбайжан өркениетінің бастауы санайтын бұл халық ислам діні

келгеннен кейінгі мәдени, рухани гүлдену кезеңін ұлт тарихының ажырамас

бөлігі деп санайды [110]. Ал армяндар болса олардың тілінің түрік тіліне тым

жақындығын және түріктермен жақындығын ескеріп, оларды жерді басып

кірген басқыншылардың ұрпағы деп бағалайды [111]. Осындай антагонистік

пиғылдағы пікірлер екі ұлттың арасындағы тарихи дүрдараздықты тым

күшейтіп жіберген.

Конфликт аймақтарындағы басшылар білім беру және мәдениет мекемелерін

бақылауға алып, жаңа ұлттық идеологияны қолдануға бірден кірісті.

Техникумдар университетке айналдырылып, Ғылым академиялары құрылды,

жаңа мемлекеттік мерекелер тойлана бастады. Тарих қайта жазылып,

сепаратистік аймақтардағы мемлекеттердің тамыры тереңде жатқаны жан-

жақты дәлелденді. Мәселен, Оңтүстік Осетияның жаңадан құрылған ақпарат

және баспасөз министрлігі ХІХ ғасырдағы саяхатшылардың осы аймаққа

сапары туралы материалдарды басып, таратты. Жолжазбаларында батыс

саяхатшылары осетиндерді парсы тілінде сөйлейтін алан тайпасының

ұрпақтары деп сипаттап, олардың қазіргі Оңтүстік Осетия аймағында ғасырлар

бойы мекендеп келе жатқанын жазған. Ал елдің жаңа шыққан

энциклопедиясында осетиндердің Оңтүстік Осетия жерін мекен еткен бірден-

бір автохтонды ұлт екендігі көрсетілді [112].

Жергілікті интеллигенция ұлт қаһармандарын, тарихи тұлғаларды түгендеп,

насихаттауға кірісті. Мәселен, Приднестровьеде XVIII ғасырда бұл аймақты

Ресейдің құрамына қосқан қолбасшы Александр Суворов «ұлттық батыр» деп

Page 117: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

116

жарияланып, оның бейнесі жаңа Днестр Молдован Республикасының ұлттық

валютасына салынды. Оңтүстік Осетияда тәуелсіздік күнін тойлау барысында

халық ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын Коста Хетагуровтың ескерткіші маңына

жиналатын дәстүр қалыптастырды. Таулы Қарабақтың мойындалмаған үкіметі

кеңестік Әзірбайжанның құрамына қосылардың алдында бірер жыл қағаз

жүзінде өмір сүрген мемлекеттілігін еске түсірсе, Абхазияның

интеллигенциясы 1925 жылғы конституцияны қалпына келтірді, ал

Приднестровье басшылығы жаңа мемлекетті екі дүниежүзілік соғыс

аралығында кеңестік Украинаның құрамында болған Молдован автономиялық

республикасының заңды мұрагері деп жариялады [113].

Сөйтіп, қарулы қақтығыстардың барлығы «елді басып алмақ болған агрессор

жаудан қорғану» идеологиясының аясында жүзеге асты. Алғашқы соғыс

кезінде әлі дүние есігін ашпаған балалар осы идеологияның ықпалымен өсіп,

жетілді, олардың әрқайсысы тарихи отанын қатыгез жаудан қорғануды

азаматтық борышы санайды [114].

2. Этнонационализмге негізделген федералдық жүйe

Батыс ғалымдары коммунистік режимдегі үш федеративтік мемлекет –

Югославия, Чехословакия және КСРО-ның ыдырап кетуіне олардың

этнофедеративтік негізде құрылуы себепкер болды дейді. Орталық мемлекеттік

құрылымның осалдығы этникалық тұрғыдан дараланған аймақтардағы ұлттық

элиталардың бас көтеруіне, сөйтіп мемлекеттердің этностық негізге сүйенген

федералдық шекаралар бойынша ыдырауына алып келді. КСРО-да кеңестік

республикалармен қоса автономиялық республикалар мен облыстардың

барлығы дерлік этностық ерекшелігі бойынша құрылып, олардың шекаралары

белгілі бір ұлт тығыз қоныстанған аймақтың шекарасына біршама сай

келетіндей етіп белгіленді. Д.Мэйер автономияны «этностық қақтығыстардың

барлығын шеше алатын ең озық рецепт» деп атағанымен, соның негізінде

болатын ықтимал конфликтілерді реттеу механизмдері алдын-ала

қарастырылмаған болса, оның елдегі тұрақтылыққа қатер төндірер салдары да

болуы мүмкін екенін ескерткен.

С.Корнелл орынды атап көрсеткеніндей, 1980-жылдардың соңы мен 1990-

жылдардың басында Кавказда автономиясы жоқ бес этностық топтың

ешқайсысында қолдаушысы мықты, жақсы ұйымдасқан, лайықты сепаратистік

ұйымдар қалыптасқан жоқ. Керісінше, төрт автономиялық өңірдің барлығында

нағыз сепаратизм бұрқ етті және Аджариядан басқасында шиеленіс қарулы

қақтығысқа ұласты [115].

Автономиялық аймақтардың шекаралары этнос үшін үлкен символикалық

маңызға ие болды. Б.Андерсон атап көрсеткеніндей, саяси картада белгіленген

шекара сызығы әр ұлттың егемендігі таралатын аумақтың шет-шегін

айқындайды. Коммунистік лагерьдегі этнофедеративтік мемлекеттерде әр

Page 118: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

117

одақтық республиканың, әр автономиялық республика мен облыстың

аборигендері өз егемендігін сол кесілген шекараның ауқымында қарастырды

және одақ тарағанда өздеріне тиесілі жердің аясында өз саяси мәртебелерін

айқындауға күш салды.

Коммунистік идеология әлеуметтік теңдікке негізделген «кеңес халқын»

қалыптастыруға ұмтыла отырып, білім беру жүйесіндегі этностық негізді

сақтап қалды. Өз тілінде білім алып шыққан жергілікті ұлт өкілдері үшін

жасанды түрде қалыптастырылған «кеңес халқынан» гөрі ұлттық дәстүр-салт

пен сана-сезімге негізделген бірегейлік жақынырақ болды. «Адамның этностық

сүйіспеншілігін қалыптастыру үшін оған өзінің этностық бірегейлігі туралы

ақпаратты ерте бастан жиі-жиі беріп отыру керек. Кеңестік ұлттар саясатының

тұрғысынан алып қарасақ, бұл көбіне-көп білім беру жүйесі арқылы жүзеге

асты», – деп жазады Д.Горенбург [116]. Сепаратистік аймақтар заң жүзінде

өздері бағынған республикалармен этностық біртұтастықты сезіне алмады.

Таулы Қарабақ тұрғындарының басым көпшілігі жаңа тәуелсіз мемлекет –

Әзірбайжанның мемлекеттік тілін білмеді, ал Абхазия мен Оңтүстік Осетия

тұрғындары грузин мәдениеті мен тілінен гөрі орыс мәдениетіне жақындықты

сезінді.

Ирредентистік пиғылдағы мәлімдемелер тым жиі айтылатын, әрі бөлінуге

ұмтылу әрекеттері күшпен басылатын елдердегі әрбір сепаратистік аймақ көрші

аймақтарға және жалпы мемлекеттің тұтастығына қатер төндіреді.

«Демократиялық бейбітшілік» теориясының білгірі Б.Рассеттің тұжырымы

бойынша, бейбітшілікке апарар жол демократиядан басталады және Батыс

елдері осы идеяны насихаттауы керек [117]. Дегенмен, басқа ғалымдар

демократиялық жүйе мен соғыстың ықтималдығы арасында нақты дәлелденген

байланыс жоқ екенін айтады. Мәселен, С.Лейннің айтуынша, Шығыс Еуропаға

демократиялық үрдістерді енгізу шарасы ондағы жағдайды одан сайын

күрделілендіріп жібермейтініне ешкім кепілдік бере алмайды. Мичиган

университетінің ғалымы Б.Браумоллер демократиялық бейбітшілікке қатысты

зерттеулерді саралай келе мынадай тұжырым жасайды: «Жалпы алып

қарағанда, демократиялық елдерде басқа режимдегі елдерге қарағанда соғыс аз

болады дегеннен гөрі олар өзара қарым-қатынасқа келгенде соғысуға азырақ

барады. Олардың арасында әскери күш қолдану, күш қолданумен қорқыту

әдістері де сирек қолданылады» [118].

Демократиялық бейбітшілік идеясын талдаушылардың көпшілігі

демократиялық саяси жүйенің өзі және либералдық нормалардың ықпалы

бейбітшіліктің кепілдігі бола алады дегенді айтады. Яғни, демократиялық саяси

жүйенің табиғатының өзі демократиялық бейбітшіліктің орнауына жауап

береді. Лидерлер идеологияның емес, ішкі саяси жүйенің ықпалымен соғыс

ашудан бас тартады. Себебі, демократиялық елдердің басшылары тек vox populi

(«халық билігі») қағидасына сүйену және оған қарсы шықпау арқылы

Page 119: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

118

саясаттағы беделі мен қызмет орнын сақтап қалатынын түсінеді. Сонымен

бірге, демократиялық елдердің өкіметтері бір-бірінің саяси жүйесінің қыр-

сырын жақсы білетіндіктен, олардан да ешқандай агрессия күтпейді.

Оның үстіне, халықаралық қарым-қатынасқа қатысты қолданылған

жағдайда либерализмнің басты негіздері бейбітшілікке бастайтын жол рөлін

атқарады. Яғни, халықаралық құқық субъектілері өзара құрметке мән береді

және автономия құқығы мен сырттан басып кіруден сақтану құқығын

қолдайды. Осы құндылықтарды жақтайтын елдерде соғыс аз болады.

Бұрынғы КСРО мемлекеттері тәуелсіздіктің алғашқы жылдары

демократиялық бейбітшілік нормаларымен қабыспайтын саяси режим құрды.

Ескі режим барысындағы институттық және этностық келіспеушіліктер

жариялылық кезінде тіпті айқын көрініп, саяси және ұлттық сецессиялық

идеялар ашық айтыла бастады . Ақыр соңында одақтың тарауына алып келген

ұлттардың өз мемлекеттік құрылысын өзі анықтауға деген ұмтылысы

либерализмнің ең басты екі қағидасы – конфликтілерді бейбіт шешу және

автономия құқығының арасында қайшылық туғызды. Бұл либерализмнің

ерекше түрі – либерал-национализмнің етек жаюына алып келді [119]. Либерал-

национализм жеке адамдардың емес, топтардың (ұлттардың) атынан әрекет

етіп, солардың бостандығы үшін күреседі, сөйтіп конфликт адам мен

мемлекеттің емес, топтардың арасында өрбиді. Әлгі топтың шекарасы

мемлекеттік шекаралардың аумағынан асып кетіп жатса, онда бұл халықаралық

жанжалға дейін ұласуы мүмкін. Бұлар либералдық құндылықтарды құрметтей

тұра, ұлттың өз мемлекеттік құрылысын өзі таңдау құқығын қалқан етіп ұстап,

сол жолда күш қолдануға да әзір екендіктерін аңғартты [120], [121].

ТМД елдерінің барлығында дерлік либерал-национализм қанат жайды. Бұл

жағдай Балтық елдеріне де тән болды. Национализм мен либерализм кейбір

елдерде қатар өмір сүре берсе, кейбірінде екі идеология арасындағы қақтығыс

кикілжіңге алып келді. Ал Ресейде бұл екі идеология ешқашан бейбіт қатар

өмір сүрген емес. Бірінші Петр заманынан бастап Ресей ұлтшылдары

либерализмді Батыстан көшірілген, өздеріне келмейтін идея деп бағалап, оны

сыртқа тепті. Кеңес Одағының тарауы басқа республикалардағы сияқты

Ресейде екі идеяның қақтығысына алып келген жоқ, себебі Ресейдің тәуелсіздігі

ешқашан таразыға тартылған емес. Одақ тарағандағы негізгі сұрақ «Ресей

тәуелсіздік ала ма?» деп емес, «басқа одақтас республикалар оның қарамағында

қала ма?» деген тұрғыда қойылды.

Этнонационализмнің қаншалық қанат жайғаны Мәскеудегі армян және

әзірбайжан диаспораларының арасындағы қарым-қатынастан айқын байқалды.

Саны жағынан басым болған армяндар мұнда билік пен ақпарат құралдарының

біразына бақылау жасады әрі шешім шығаратын басшылық қызметтерге

көбірек тағайындалды. Әсіресе, ғылыми басылымдардағы армян ұлтының

ықпалы күшті болды. Сондықтан, Кавказдың тарихына қатысты ғылыми

Page 120: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

119

материалдардың көпшілігі армяндардың ұлттық көзқарасы тұрғысынан жарық

көріп, қоғамдық пікір қалыптастырды. Ол кезде бірінші болып жарияланған

мақала ақиқат ретінде қабылданды, ал ұлтаралық келіспеушіліктерді меңзейтін

түзету, қарсы пікір айту мақсатындағы мақалаларды жариялауға тыйым

салынды. Әзірбайжандар қарсы пікір жариялаған жағдайда бұл ұлттар

достығына сызат түсіру, социалистік ынтымаққа қарсы шығу әрекеті деп

бағаланған болар еді. Сондай ішкі де сыртқы цензураның кесірінен ұлттық

ұстанымдарын жариялап, қоғамдық пікірге ықпал етуде әзірбайжандар есесін

жіберіп алды.

3. Экономикалық дамудың төмендігі

КСРО-дағы жоспарлы экономикаға негізделген өндірістік-шаруашылық

жүйенің сыр беруі, инфляцияның өсуі, халық тұтынатын тауарлардың

тапшылығы аймақтардағы онсыз да күрделеніп тұрған әлеуметтік ахуалды одан

сайын шиеленістіріп жіберді. Батыс және Ресей сарапшыларының әлеуметтік-

экономикалық қиындықтарды кикілжіңге түрткі болатын ең басты фактор етіп

көрсететінін ескерсек, Кавказдағы оттың тұтануына КСРО-дағы жаппай

экономикалық құлдыраудың басты алғышарт болғаны түсінікті. Батыс

зерттеушілері қоғамда ішкі кикілжіңді тудыруға себепкер басты факторлар

ретінде экономикалық дамудың төмендігін, ел басқару тетіктерінің аяқ астынан

күйреуін, бүлікшілерді қаржыландыруға мүмкіндік берілуін, мұның алдында

соғысты бастан кешкенін, халықтың ұлттық құрамының әркелкілігін және

бүлікшілердің жасырынуына мүмкіндік беретін ыңғайлы географиялық

аймақтың (тау, орман) болуын айтады. Дж.Фиарон мен Д.Лейтиннің

есептеуінше, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 1000 АҚШ долларынан

төмен елдерде қарулы бүлік қаупі 41 пайызға артады. Содан да болар, 1945

жылдан бері орын алған 127 ішкі соғыстың 34-і Африканың Сахара аймағында,

ал 33-і Азияда болса, тек екеуі ғана бақуатты Батыс аймағында бұрқ еткен.

Д.Хоровиц экономикалық тұрғыдан мешеу аймақ пен дамыған аймақ

арасындағы әлеуметтік теңсіздік этностық дүрдараздыққа негізделген

конфликтіге алып келуі мүмкін дегенді айтқан. Ресей ғалымы А.Ямсковтың

айтуынша, Кавказдағы соғыстардың алғашқы кезеңінде әлеуметтік-

экономикалық себептер тұрақсыздықтың басты факторы болған. Таулы

Қарабақ тұрғындарының көтерген мәселелерін талдай келе А.Ямсков: «Әу

баста экономикалық талаптарға басты назар аударылған, себебі бұл саяси

тұрғыдан белсенділігі төмен халыққа ең жақын тақырып болды. Конфликт

күшейген сайын бұл тақырып кейінге ысырыла берді», – дейді [122].

Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша, Кавказдағы үш елде де 1990-

жылдардың басында экономикалық жағдай күрт құлдыраған (3.1 кестe).

Ахуалдың нашарлауы жалпы бұрынғы Кеңес одағы аумағына ортақ құбылыс

болғанымен, сепаратистер қалыптасқан жағдайды өз мақсаттарына пайдаланып

Page 121: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

120

қалуға тырысты. Сепаратистік аймақтар, атап айтсақ, Қарабақ армяндары және

абхазиялықтар, бөліну туралы ұрандарының орындылығын дәлелдеу үшін

одақтық республикалардың әділетсіз экономикалық саясатынан жапа шегіп

отырғандарын айтып, дабыл қақты. К.Зюрхердің айтуынша, шын мәнісінде

солай болғанын дәлелдеу қиын, бірақ Кеңес одағындағы ең айтулы демалыс

орындарының бірі болған Абхазиядағы жағдайдың күрт нашарлауы ондағы

халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден әсер етіп, олардың орталыққа қарсы бас

көтеруіне түрткі болды. 1990 жылы Грузиядағы экономикалық өсім 11,1

пайызға, 1991 жылы 20,6 пайызға, 1994 жылы 40 пайызға құлдыраған [38, 118

б.]. Абхазиямен салыстырғанда Таулы Қарабақ пен Оңтүстік Осетия

автономиялары экономикалық тұрғыдан біршама артта қалған

ауылшаруашылық аймақтары болды. Дегенмен, Таулы Қарабақтағы

экономикалық жағдай Әзірбайжанның басқа көптеген мешеу аудандарымен

салыстырғанда анағұрлым жақсы еді. Соған қарамастан, Қарабақ армяндары

Арменияға қосылу арқылы бұдан да зор жетістікке жетеміз деген сенімде

болды.

3.1 кесте - Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (АҚШ долларымен)

Ел 1990 жыл 1995 жыл 2000 жыл

Армения 7940 461 620

Әзірбайжан 1250 488 655

Грузия 1493 458 648

Таулы Қарабақтың ең үлкен проблемасы – экономикалық мәселе болды.

Экономикалық жоспарлау Мәскеуде басталып, Бакуде жалғасатын,

автономиялық аймақ басшылығының өз бетінше экономикалық саясат жүргізу

түгіл қарапайым бюджеттің кірісі мен шығысын айқындауға мүмкіндігі болған

жоқ. Оның үстіне Әзірбайжан Республикасының басшылығы негізінен

армяндар қоныстанған Таулы Қарабақтың экономикалық ахуалын жақсартуға

аса құлықты болмады.

Жоспарлы экономиканың күйреуі және инфляцияның өршуі барлық одақтық

республикалар сияқты Әзірбайжанда да, Грузияда да экономикалық, әлеуметтік

жағдайдың күрт нашарлауына алып келді. Ал автономиялық аймақтардың

халқы жағдайдың бұлайша құлдырауына орталық үкімет кінәлі деп санап,

солардан тәуелсіздік алсақ, барлығы түзеледі деген ұстанымда болды.

Шешенстан да әрдайым Ресейдің ең кедей аймақтарының қатарында болып,

орталық үкіметтен үнемі субсидия алып келді. 1991 жылы елдегі жұмыссыздық

деңгейі 30 пайызға жетті. 1970-жылдардан бастап жылына 25 мың адам басқа

аймақтарға барып, мерзімдік жұмыстарды істеп отырды. Ауылшаруашылық

жерінің көлемі аз, мұнай өндірісінен өзге өнеркәсіп салалары дамымаған.

Page 122: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

121

Мұнай өндірісі ел астанасы – Грозныйда қанат жайды, бұл саладағы басшылық

қызмет орындарының көбінде орыс ұлтының өкілдері отырды.

4. Орталық биліктің әлсіздігі

Джоел Мигдалдың айтуынша, мемлекеттің күштілігі оның «қоғамға кірігу,

әлеуметтік қарым-қатынасты реттеу, ресурстарды өндіру және оны белгілі бір

ретпен бөлу және игеру мүмкіндігіне» тікелей байланысты. Демек, мемлекеттің

әлсіздігі дегеніміз – жемқорлық, мемлекеттің мәжбүрлеу құзыретінің күйреуі,

қалыптасқан тәртіпке бағынбайтын күштердің пайда болуы және саяси

қауымдастықтың жік-жікке бөлінуі [123].

Ал Б.Бузан мемлекеттің әлеуетін саяси-институттық ұғымдардан кең

ауқымда алып қарайды. Оның айтуынша, мемлекеттің үш құрамдас бөлігі бар,

олар: мемлекет «идеясы», мемлекеттің «физикалық негізі» және «институттық

формасы». Бузанның теориясы бойынша, халық мемлекеттің табиғатын түсініп,

оның заңдылығын мойындауы керек. Көпшілік мойындаған жағдайда

мемлекет «идеясы» мемлекет пен оның құрамдас бөлшектерін өзара

байланыстырып тұратын дәнекер рөлін атқарады, сондай-ақ халықтың өкіметке

бағыну механизмдерін қалыптастырады. Осындай дәнекер «идея» болмаса және

мемлекеттік институттар әлсіз болса, онда мемлекет саяси құрылым ретінде

өмір сүруін тоқтатып, тарап кетуі мүмкін [124].

Кескілескен кикілжіңдердің КСРО бөлшектеніп, әр одақтық республика өз

мәртебесін өз бетімен айқындап жатқан аласапыран уақытта туындауы

кездейсоқтық емес. Мәскеуден басқарылатын орталықтандырылған жүйе

ыдыраған соң кешегі одақтық мемлекеттердің кейбірінде бірнеше жыл бойы

анархия орнады. Билікке ұлтшыл популистердің келуі жалындап тұрған ұлттық

рухқа дем беріп, басқа этностық топ өкілдерін жауап қадамдарға итермеледі.

Бірақ олардың өз іштерінде мемлекеттің негізгі басқару тетіктері

қалыптаспаған, биліктің әрекеттерін заңдастыратын заңнамалық база да, бедел

де, күштік құрылымдар да болмады. Кавказдағы автономиялық аймақтардың

ішінде Дағыстанда неге соғыс болмады деген сұраққа жауап берген

сарапшылар онда 1990-жылдары кеңестік басқару институттарының сақталып

қалғанын айтады. Билікте вакуум болған жоқ, ал ұлтшыл күштер егемен

Дағыстан республикасын жариялау туралы бастама көтергенде жергілікті

кеңестердің үштен бірі мұндай мемлекеттің жариялануына қарсы дауыс берді.

Кеңестердің мүшелері елдегі қырық құрау ұлттарға бас еркіндігін берсе,

олардың өзара қырқысып кететінін түсініп, елді хаостан сақтап қалды.

Ал Тәжікстандағы азамат соғысына биліктің әлсіздігі себепкер болғаны аян.

Этностар арасында кикілжің болмағандықтан және Тәжікстанның мемлекеттігі,

оның аумақтық тұтастығы бәске түсіп тұрмағандықтан, соғыстың бетін

қайтаруға мүмкіндік туды. Мемлекеттік институттардың әлсіздігін түсінген

президент Э.Рахмонов оппозицияның дегеніне көніп, ымыраға келуге мәжбүр

Page 123: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

122

болды. Яғни, қарсыласушы тараптар арасында бейбіт келісімге ықпал ете

алатын ортақ жағдаяттар болды [125].

Басқа аймақтарда жағдай керісінше болды. К.Зюрхердің айтуынша, ішкі

алауыздықпен басы қатқан Ресей Шешенстанды 1991 жылдың желтоқсанынан

1994 жылдың күзіне дейін еркімен қоя берді. Сол аралықта Шешенстан

сепаратистік аймақтан халықаралық террордың, есірткі тасымалы мен

қылмыстың ордасына айналып үлгерді. Екінші шешен соғысы қарсаңында

Шешенстан аумағында дала командирлерінің ғана билігі жүрді. Тәртіп орнатуға

көшкен кезде Шешенстанда қолында еш билігі жоқ президент, еш

жауапкершілігі жоқ парламент, президенттік Шура мен оған қарама-қарсы

оппозициялық Шура ғана болды. Конституциялық сот та, заңдық күші бар

конституция да болған жоқ, себебі президенттің өзі оның күшін жойып,

шариғат заңдарына негізделген жаңа конституцияны қабылдайтынын айтқан,

бірақ ол сол күйі қабылданбай қалды. Сарапшылардың айтуынша, орталық

Мәскеу шешен дауын тек президент сайлауы қарсаңында есіне түсіріп,

Ельцинді қайта сайлап алу үшін оны уақытша болса да тыныштандыра тұруды

мақсат еткен.

Іргелес жатқан Грузияда екі сепаратистік аймақпен арадағы конфликтілер

эскалация жағдайына жеткен тұста жалпы ахуал Шешенстандағыға ұқсас еді.

Грузиндердің ұлттық мүддесі жолындағы жалынды күресінің арқасында

билікке келген З.Гамсахурдия жаңа құрылған мемлекеттік институт – Ұлттық

гвардияны Оңтүстік Осетияны басуға айдап салды. Шешенстандағы Дудаев,

Әзірбайжандағы Елшібей секілді оның да билігі өте әлсіз болды, сондықтан

кикілжіңді бейбіт жолмен тоқтату әдістерін қарастырудың орнына олардың

әрқайсысы халық алдында «әлсіз» көрініп, билік тізгінен айырылып қалмау

үшін қаһарман қолбасшы кейпінде танылу мақсатында аяусыз әскери шабуылға

жүгінуді жөн көрді. Дж. Рассел Кавказ кикілжіңдерін Солтүстік Ирландиядағы

қақтығыспен салыстыра келе мұндағы конфликтінің қантөгіске ұласу себебі

қатысушы тараптар жағынан да, медиаторлар мен халықаралық қауымдастық

тарапынан да кесімді сөз айта алатын серкелердің болмағанынан дейді.

1990-жылдардағы Әзірбайжан, Грузия және Молдовада мемлекеттік билік

барлық тұрғыдан алып қарағанда әлсіз болды. 1999 жылғы мәлімет бойынша

үш елде де жалпы ішкі өнім көлемі 650 АҚШ долларынан төмен болды.

Әзірбайжан мен Грузияда мемлекеттік кіріс ЖІӨ-нің 20 пайызына ғана жетті,

бұл қаржы негізгі мемлекеттік функцияларды атқаруға да жетпейтін еді. Әр ел

аумағының ауқымды бөлігі орталық өкіметтің бақылауынан мүлде шығып

кетті. Таулы Қарабақ пен оның айналасындағы буферлік аймақтар Әзірбайжан

жерінің 20 пайызын құраса, Абхазия мен Оңтүстік Осетия Грузия аумағының

17 пайызын, ал Приднестровье Молдова аумағының 12 пайызын құрайды.

Сепаратистік аймақтардан басқа аудандардың өздерінде мемлекеттің құзыры

толық жүре бермейді, мұнда қылмыстық бұзақылық жайлаған, жергілікті

Page 124: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

123

ықпалды тұлғалар өз «заңдарын» жүргізеді, ал орталық мемлекеттік билік

институттары жоқтың қасы. Қарапайым халықтың өмірі мемлекеттікімен мүлде

қиылыспайтын өңірлер бар.

Мемлекеттің әлсіздігі мойындалмаған режимдерге өте қолайлы жағдай

туғызады. Олар мемлекетке ешқандай салық не басқа да төлемдерді төлеместен

көрші елдермен сауда-саттық жасай береді. Қарапайым адамдардың өздері

темекі, арақ сияқты тауарларды көптеп әкеліп, еш рәсімдеусіз ашық сата береді

немесе экспортқа шығарады. Мәселен, биік тауда орналасқан Таулы

Қарабақтың 150 мыңға жуық тұрғынының көпшілігі Иран мен Армениядан

заңсыз жолмен әкелінген тауарларды сату арқылы жан бағады [126].

Ч.Кингтің айтуынша, сепаратистік аймақтардың өкіметі де көбіне заңсыз

жолмен табылған ақшамен күн көреді. Мәселен, Оңтүстік Осетияның

полициясы Ресейдің Владикавказ қаласына баратын жолды бақылауға алған.

Арада заңсыз жолмен тауар тасымалдайтын саудагерлердің барлығынан алым

алып отырады. ЕҚЫҰ-ның есептеуі бойынша, Оңтүстік және Солтүстік

Осетияны жалғап жатқан ұңғыжол арқылы жылына 60-70 миллион АҚШ

долларының тауары тасымалданады. Ал Оңтүстік Осетия басшылығының

ресми мәліметтерінде бұл сан бар болғаны 1 миллион доллар деп көрсетілген.

Абхазия мен Оңтүстік Осетияда героин сияқты есірткі түрлері де заңсыз

тасымалданатын тауарлардың тізіміне кірген [127].

Орталық биліктің әлсіздігі конфликтіден пайда көріп қалғысы келетін

сыртқы күштерге өте қолайлы. ТМД-дағы сепаратистік аймақтардың

барлығына тән факторлар ретінде сарапшылар мына жайттарды айтады:

орталық мемлекеттің әлсіздігінен экономикалық тұрғыдан пайда табатын

сепаратистік үкімет; сыртқы күштердің қолдауы; мәдени және білім беру

саясаты арқылы мемлекеттілікті нығайту шаралары; халықаралық

қауымдастықтың келіссөздерге мұрындық болудағы құлықсыздығы.

Азаматтық және мемлекетаралық соғыстар мемлекеттің институттық

құрылымына қарсы бағытталады, яғни, мемлекеттің институттық принциптері

таласқа түскенде кикілжің басталады. Соғысқа түрткі болатын басқа да

факторлар қатарында ғалымдар орталық биліктегі саяси тұрақсыздық, ұрысты

қаржыландыра алатын, жеке саяси ойын ойнай алатын ықпалды тұлғалардың

бас көтеруі, соғысушы тараптардың табиғи ресурстарға қолжетімділігі сияқты

жағдаяттарды атайды [128].

5. Кикілжіңді өркениетті түрде шешу дәстүрінің қалыптаспағандығы

және алдын алу механизмдерінің пайдаланылмауы

Бұрынғы Кеңес одағы аймағындағы қақтығыстардың барлығына ортақ

кемшілік – тараптар тығырықтан бейбіт жолмен шығу амалдарын

қарастырудың орнына бірден қаруға жүгінді. 1991 жылы Шешенстанда

президент сайлауы тағайындалған соң Ресей президенті бірден бұл елдің

Page 125: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

124

аумағында төтенше жағдай жариялады, бірақ бірнеше күннен соң Ресей

мемлекеттік думасы президенттің бұл жарлығының күшін жойды. Сол күні

Ресей әскери күштері Грозный әуежайын басып алмақшы болды, бірақ бұған

шешен әскерилері қарсы тұрды. Д.Дудаев сайлауда 90 пайыз дауыс жинап,

заңды мандат алып, президенттік қызметіне кірісті. Ресей басшылығының

кикілжіңнің жақындап келе жатқанын болжауға мүмкіндігі болған жоқ, ал күш

қолдану әрекеттері кері әсер беріп, шешендерді ұлт азаттығы жолындағы

күреске жұмылдырды.

1994 жылы Ресей Шешенстанды жасырын интервенция жолымен

бағындыруға күш салды. Дудаевтың қарсыласы – Автурхановты қару-жарақпен

және әскермен қамтамасыз ету арқылы Дудаев үкіметіне айдап салмақ болған

Мәскеу елдегі жағдайды одан да бетер ушықтырып алды.

Ресейдің бейбіт ымыраласудан гөрі күш қолдануды жөн көргені шешен

дауын ұрыссыз шешуге кедергі болды. Ресей президентінің адам құқықтары

бойынша кеңесшісі болған С.Ковалев АҚШ Конргесінде сөйлеген сөзінде:

«Әскери қақтығыс басталардың қарсаңында және одан кейін шешен

сепаратизмі мәселесін саяси жолмен шешуге мүмкіндік болды. Мұндай

ұмтылыстардың барлығын жоғары әскери басшылық пен Мәскеуде үкімет

басында отырғандар жүйелі және мақсатты түрде тежеп отырды», – деген.

КСРО-ның экс-президенті М.Горбачевтың айтуынша, конфликтологтар

шешен дағдарысын болдырмаудың бірден-бір жолы ретінде федералдық

үкіметке автономиялармен әр аймақтың өз ерекшеліктерін ескеретін шынайы

жеке келісім-шарттарға қол қоюды ұсынды. Бұл орталықтың аймақтармен

билікті бөлісуіне мүмкіндік беріп, автономиялардың наразылығын анағұрлым

төмендеткен болар еді. Оның орнына Ресей басшылығы сөз жүзінде «қанша

бостандық керек болса, сонша береміз» деген ұран көтеріп, іс жүзінде бұған

мүлде қарама-қайша әрекеттерге барды [129].

Г.Лапидустың пікірінше, шешен конфликтісінің бастапқы кезеңінде

жағдайдың эскалацияға ұласып бара жатқанынан қатысушы тараптар да,

халықаралық қауымдастық та хабардар болды. Ерте дабыл қағу белгілері аян

еді, тіпті оған қандай шара қолдануға болатыны туралы да ұсыныстар дайын

болды. Алайда, Ресейдің әскери шабуылы басталғанға дейін лайықты шаралар

уақтысында қолға алынбады.

Ресейдің құрамындағы Татарстан автономиялық республикасын басқарған

М.Шаймиевтің айтуынша, одақтық және автономиялық республикалардың

егемендігін жариялауы табиғи процесс болатын. «Ресей мен автономиялық

аймақтар арасындағы текетірес өзара түсіністіктің жоқтығынан туындады.

Татарстан ешқашан тәуелсіздік алуға ұмтылатынын жариялаған емес. Мен өз

сөздерімде Татарстан Ресей Федерациясының аумақтық тұтастығын бұзбастан

кең құқық пен еркін дамуды қалайды деп келдім. Бірақ, сол тұста бұл сөздерім

жарылған бомба сияқты әсер етті. Соның алдында ғана өзі дәл осындай кең

Page 126: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

125

құқықты КСРО-дан талап етіп, одақты таратуда басты рөл ойнағанына

қарамастан Ресей, «автономияларға ешқандай қосымша құқық берілмесін» деп

мәлімдеді. Бұл жергілікті халықтардың орынды ашу-ызасын туғызды», – дейді

Шаймиев [130].

Ресей мен ұлттық автономиялар арасында, Грузия мен оның құрамындағы

автономиялар арасында бір-біріне деген сенімсіздік арта берді. Ұлттық

автономиялар өз құқықтарының аяққа тапталуынан қорқып, депривацияға

ұшырады. «Татарлар өз ішінде 5 миллион болып отырғанымен, бұл Ресейдегі

саяси шешімдерге ықпал ететіндей көп сан емес. Тіпті барлық ұлттық

автономиялық аймақтардың өкілдері бірлесе дауыс берген күннің өзінде олар

Мемлекеттік Думада, Федералдық Кеңесте өз ұсыныстарын өткізе алмайтын

еді. Олардың барлығы бірігіп дауыстардың тек 25 пайызына әзер жететін», –

дейді М.Шаймиев. Мәскеуге деген сенімсіздік Дума сайлауында көрініс тапты.

Дауыс беруге Татарстан халқының тек 13 пайызы қатысты. Ресей бұдан

қорытынды шығарып, депривациялық көңіл-күйдің түп-төркінін іздеген жоқ,

ұлттық автономиялардың сұранысын қанағаттандыратындай ахуал

қалыптастырудың орнына бәрін күшпен жеңуге тырысты.

Кавказдағы басқа соғыстардың да тұтану себептері осыған ұқсас.

Әзірбайжан, Грузия үкіметтері әскери ұрыстың салдары мен нәтижелеріне

объективті баға бермеді, жекелеген лидерлер ішкі саяси тартыстарда батыр

болып көріну мақсатында әскери шабуыл бастады. Мыңдаған адамның төгілген

қаны мен орасан зор шығындар және аймақтардың мәртебесіне қатысты қазір

қалыптасқан ауыр ахуал мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін

қамтамасыз етудің жолы күш қолдану емес екенін тағы да дәлелдеді.

Грузиядағы жағдайдың ушығуына 1989 жылғы 9 сәуірде Тбилисидің

орталығында болған қырғын әсер етті дейді сарапшылар. Абхаздардың Грузия

құрамынан бөлініп шығу әрекетіне қарсылық танытқан грузиндер Тбилисиде

көтеріліс өткізді. Грузия басшылығы жағдайды бақылаудан шығарып алудан

сескеніп, Мәскеуден әскер шақырды. Бұл әскер демонстранттарға күш

қолданып, 19 адам қаза тапты, жүздеген адам жараланды. Осы оқиғадан кейін

ел арасында Мәскеуге, коммунистік партияның билігіне деген сенім азайып,

ұлт азаттық ұрандар бұрынғыдан да батыл айтыла бастады, еркіндік

берекесіздікке ұласты, барлық ұлттардың тәуелсіздікке деген ұмтылысы

күшейіп, өзара жауласу күшейді.

Джонатан Уитлидің айтуынша, осы оқиғаның кесірінен Грузиядағы түрлі

саяси топтарды бір арнаға тоғыстыруға мүмкіндік болмай қалды [131]. Балтық

елдеріндегі тәуелсіздік алу процесінің салыстырмалы түрде бейбіт өтуінің бір

себебі – оларда реформашыл коммунистер мен ұлтшыл топтар өзара

ымыраласып, компромиске келе білді, бұл оларды элита ішіндегі алауыздық

пен бөлінуден сақтап қалды. Ал грузин ұлтшылдары осы қанды қырғыннан соң

радикалданып қана қоймай, сонымен бірге коммунистік партиямен қандай да

Page 127: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

126

бір бітімге келуден бас тартты. Осы ұлтшыл күштердің қысымымен,

сепаратистік аймақтардағы көңіл-күйді мүлде есепке алмастан, Грузия Жоғарғы

кеңесі тіл туралы заңды қабылдап, Грузияның бүкіл аумағында грузин тілі

мемлекеттік деп жариялады. Бұл онсыз да тұтанғалы тұрған отқа май құйып,

Абхазия мен Оңтүстік Осетияның еркіндікке ұмтыла түсуіне түрткі болды.

Оңтүстік Осетия автономиялық ауданы жоғарғы кеңесінің Грузиядан бөліну

жолында қабылдаған алғашқы құжаты – тіл туралы заңның күшін жойып, өз

аумағында осетин тілін мемлекеттік тіл деп жариялайтын заң болды.

1989 жылғы 23 қарашада биліктің әлсіздігін пайдаланған оппозициялық

қозғалыс басшысы З.Гамсахурдия 30 мың адамымен Оңтүстік Осетияның

орталығы Цхинвалиге басып кіріп, ондағы Грузияға қарсы бас көтеріп жатқан

демонстранттарға шабуыл жасайды. Бұл оқиға ұлтшыл саясаткер

Гамсахурдияның өз амбициясын көздеген әрекеті болды, және бұл ұлтаралық

кикілжіңнің тұтануына алып келді. Бұл шабуылға жауап ретінде осетиндер

алғаш рет әскери құрылымдар жасақтай бастады.

Ахуалды эскалациялауға әсер еткен екінші жағдай – Грузия Жоғарғы

кеңесінің аймақтық саяси құрылымдардың парламент сайлауына қатысуына

тыйым салатын сайлау заңын қабылдауы болды. Бұған жауап ретінде Оңтүстік

Осетия басшылығы 1990 жылдың 20 қыркүйегінде Оңтүстік Осетияны Кеңес

одағы құрамына тікелей кіретін «Демократиялық Кеңес Республикасы» етіп

жариялады, кейінірек алғашқы парламент сайлауын өткізді. Грузия басшылығы

бұл шараларды заңсыз деп танып, Цхинвалиге Ішкі істер министрлігінің арнайы

жасағын жіберуге шешім шығарды [132].

Билікке З.Гамсахурдия келген соң әлімжеттік саясаты бұрынғыдан да

қарқынды түрде жалғасты. Оңтүстік Осетия экономикалық құрсауда қалып, газ

бен электрден ажыратылды. Одан соң жаңадан құрылған ұлттық ұланның 5

мың адамнан тұратын жасағы Цхинвалиге басып кіріп, бейбіт тұрғындарға

шабуыл жасады. 1990-91 жылдардың қысын Оңтүстік Осетия осындай

экономикалық блокада жағдайында өткізді. Сол жылы Грузия үкіметі Оңтүстік

Осетия автономиялық ауданын таратып, оның мәртебесін «мәдени автономия»

деңгейіне түсіретін заң шығарды. Сөйтіп, екі жақтың бір-біріне деген сенімі

мүлде жойылып, өркениетті диалогқа апаратын жолдардың барлығы жабылды.

[132, 62 б.]

Тек З.Гамсахурдия биліктен кетірілген 1992 жылдың қаңтарында ғана

кикілжіңді деэскалациялаудан үміт болды. Өте тәжірибелі саясаткер

Э.Шеварднадзе билікті қолға алғаннан соң ғана Оңтүстік Осетия терезесі тең

тарап ретінде мойындалып, Ресейдің және Солтүстік Осетия басшылығының

қатысуымен келіссөздер басталды. Алайда, осы келіссөздер басталардың

алдында ғана Грузия ұлттық ұланы Цхинавалиге басып кіріп, қаладағы

үйлердің 80 пайызын қиратып тастады. К.Зюрхердің пікірінше, Э.Шеварднадзе

бұл қадамға бару арқылы келіссөздер қарсаңында өз позициясын нығайтып

Page 128: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

127

алмақ болған. Дегенмен, Ресейдің араласуымен уақытша бітім шартына қол

қоюдың сәті түсті.

Таулы Қарабақ – одақтық республиканың құрамынан шығу мәселесін КСРО

кезінен-ақ қозғап келген жалғыз аймақ. 1963 жылы 2500 адам қол қойған ашық

хатта аймақ тұрғындары Таулы Қарабақты не Арменияның, не Ресейдің

қарамағына көшіру туралы ұсыныс айтты. Сол жылы аймақ орталығы

Степанакертте қақтығыс болып, 18 армян мерт болды. Мұндай ұрандар 1965,

1977 жылдары Армения астанасы Ереванда көтерілген. Демонстранттар ресми

Бакудің Таулы Қарабақ армяндарының билікке келу мүмкіндігінің аздығы,

жұмысқа қабылдау барысындағы алалау, мәдени, тілдік тұрғыдан шеттету

саясатын ашық сынады. Ұлтаралық жағдайдың осынша ушығып тұрғанын біле

тұра КСРО басшылығы кикілжіңнің алдын алу шараларын қарастырмады.

Таулы Қарабақ жанжалының басқалардан бір ерекшелігі – ол бір мезетте

төрт деңгейде: Мәскеуде, Қарабақта, Арменияда және Әзірбайжанда жүріп

жатты. Бұлардың әрқайсысында ескі коммунистік номенклатура мен ұлтшыл

бағыттағы күштер арасында текетірес қызып тұрды. Бұған экономикалық

жағдайдың нашарлығы қосылды. Ұлтшыл күштер популистік бағыттағы

радикалды іс-шараларға үндесе, коммунистер биліктен айырылып қалмау үшін

бас қатырып жатты, соның кесірінен айқын көрініп тұрған ұлтаралық қақтығыс

дауына көңіл бөлуге мұрша болмады.

Арменияда Таулы Қарабақты Әзірбайжанның қоластынан шығару мәселесі

ұлттық идеяға айналды да, 1987 жылдан бастап елдегі саяси ахуалға тікелей

әсер етіп отырды. 1988 жылы Армения КСР-ының басшылығы Қарабақтың

мәртебесіне байланысты референдум өткізуді өтініп КОКП Орталық комитетіне

ондаған мың адамның қолы қойылған петиция жолдады. КОКП Орталық

комитетінің саяси бюросы бұл өтінішті қанағаттандырмай тастағанда Ереванда

бір миллион адам наразылық акциясына шықты. Мәскеуде және басқа

қалаларда тұратын армян диаспоралары Қарабақ мәселесін алдыңғы орынға

қойды. Армяндардың толассыз көтерілістерінен соң Таулы Қарабақ

автономиялық аймағының кеңесі Арменияның құрамына өту туралы қарар

қабылдауға мәжбүр болды. Оның отырысына әзірбайжан ұлтының өкілдері

қатыспаса да, процедура заңды түрде өткен. Сондықтан, қарабақтықтар даудың

құқықтық негізі осы қарарда жатыр деп санайды [133].

Кеңес одағы басшылығы алғашқы қақтығыстар басталғанда Ереванға әскер

жіберумен қатар демонстранттардың өкілдерімен келіссөз жүргізуге де

талпыныс жасады. М.Горбачевтің бұл істегі жалғыз жетістігі – Ереванда

демонстрацияға бір айлық мораторий жариялап, жергілікті Компартия

басшысын ауыстырды. Алайда, билікке жаңа келген Г.Погосян Қарабақтың

азаттығын қолдайтын адам болып шықты.

Осы аралықты Әзірбайжанның Сумгаит қаласында ұлтаралық жанжал

тұтанып, кісі өлімі болды. Бұл оқиға армяндардың Әзірбайжаннан үдере

Page 129: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

128

көшуіне алып келді. Объективті ақпарат тарататын БАҚ-тардың болмауы

кесірінен екі жақ та бір-бірін айыптап, өз жағын ақтаған мәліметтер тарата

бастады және ақпараттың жетімсіздігі өсек-аяңның өршуіне алып келді.

Сумгаит оқиғасынан соң конфликт эскалация дәрежесіне жетіп, әскери

қақтығысты тоқтату мүмкін болмай қалды.

Әзірбайжан Таулы Қарабақ халқының талаптарына құлақ аспастан,

аймақтың автономиялық мәртебесін жоятын шешім шығарды. Ал келіссөздер

барысында Таулы Қарабақтың өкілдерімен қатар отырудан бас тартып, соның

кесірінен көп кедергі туындап, бейбіт келіссөздер тығырыққа тіреле берді.

6. Халықаралық қауымдастықтың конфликтіні шешуге мүдделі болмауы

Кез келген қарулы қақтығысты түрлі кездейсоқтықтардың тоғысуы дейтін

болсақ, Кавказда бұл кездейсоқтықтардың саны тым көп болды. Тараптардың

бейбіт жолды іздемей, бірден күш қолдануы – КСРО-да өркениетті түрде

кикілжіңнің алдын алу жүйесінің мүлде қалыптаспағанын айғақтаса, жекелеген

лидерлердің менмендігі мен саяси өресіздігі жағдайды одан сайын шиеленістіре

түсті. Бұған Батыстың немқұрайдылығы мен кейбір үшінші тарап елдердің

қалыптасқан ахуалдан өзіне пайда іздеген саяси эгоизмін қосыңыз. Таулы

Қарабақ мәселесіне байланысты келіссөздердің тығырыққа тіреле бергенінен

мезі болған Қарабақ өкілі «олар бізге емес, біз ЕҚЫҰ мен Ресей арасында

медиатор болдық» деп кекесінмен мәлімдеуі де соны аңғартады.

Ресей бұрынғы Кеңес Одағына кірген елдерді өзінің ықпал ету аймағы деп

санап, ол жерге шетелдік араағайындардың кіруіне қарсы болды. Бұл

халықаралық ұйымдардың конфликтіні шешу әрекеттеріне кедергі жасады.

Батыс мемлекеттері Қарабақ дауына араласа бастаған алғашқы кезеңде, яғни

1992 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында қантөгісті болдырмауға мүмкіндік

көп еді. Себебі, «батыс елдері әлі Югославиядағы сәтсіздікті бастан кешірмеген

болатын, яғни оларға сенім бар еді. Сондай-ақ, бұл «бұрынғы КСРО – Ресейдің

ықпал ету аймағы» деген ұғым орныға қоймаған кез болатын. ЕҚЫК-ға да үміт

артқандар болды, себебі оның мүмкіндіктері мен шамасын әлі белгісіз еді.

Мұнымен қоса, конфликтіге қатысушы тараптар халықаралық қауымдастықтың

қысымына қарсы тұра алатындай қауқарлы емес болатын» [134].

Аймақтағы басқа кикілжіңдермен салыстырғанда конфликтінің бастапқы

кезеңінде Таулы Қарабақ жанжалына Батыстың назары ерекше ауды. АҚШ

Мемлекеттік хатшысы Дж.Бейкердің өзі ЕҚЫК аясында өтетін келіссөздерде

Таулы Қарабақтың армян және әзірбайжан тұрғындарының өкілдері теңдей

қатысатын форматты әзірлеуге қатысты. Бұл мақсатта Әзірбайжан мен

Арменияның өкілдерімен кездесті. Әскери ұрыстар басталар қарсаңында АҚШ-

тың талап етуімен көпжақты бейресми келіссөздер өтті, мұның соңғы ЕҚЫК

мандатымен құрылған «Минск тобының» ресми келіссөздеріне ұласты. 1992

жылы халықаралық қауымдастықтың пәрменімен бейбіт келіссөздерді бастауға

Page 130: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

129

толық мүмкіндік жасалды: қатысушы тараптардың барлығы бір үстел басына

жиналып, өзара сенімге негізделген салмақты да тұрақты келіссөздерді бастауға

әзір болды. Ауыр келіссөздерден соң 1992 жылғы 14 желтоқсанда уақытша

бітім келісімінің жобасы дайындалды. Алайда, келесі күні таңертең Әзірбайжан

Сыртқы істер министрі себебін түсіндірместен, келісімге қол қоюдан бас

тартты. Бұл қол жеткен барлық жетістікті жоққа шығарып, тараптардың және

халықаралық қауымдастықтың ымыраға келуге деген үмітін азайтты және

ЕҚЫК-ның дәрменсіздігін дәлелдеді.

Грузиядағы екі конфликтінің бірі – Абхазиядағы жағдайды басқару ісін

аймақтық ұйым (ТМД) мен БҰҰ құрылымдары қолға алса, ал екіншісін

реттеуді өзге бір мемлекет (Ресей) пен ЕҚЫҰ миссиясы мойнына алды.

Оңтүстік Осетеиядағы халықаралық бітімгершілік күштерінің іс жүзінде

бұзақылықтың алдын алудан басқа ешқандай өкілеттілігі болмады. Олардың

құзыретінің аясына тіпті гуманитарлық көмек те кірген жоқ. Бұлармен бір

мезетте, Ресейдің ықпалымен ұрысты тоқтату режимін бақылап отыратын

Бірлескен Бақылау комиссиясы жұмыс істеп жатты, оның құрамына Ресей,

Оңтүстік Осетия және Грузия өкілдері кірді.

Грузиядағы ЕҚЫҰ миссиясының міндеттеріне екі жақтың ресми өкілдерімен

кездесулер өткізіп, қарым-қатынасты ушықтырып отырған даулы мәселелерді

азайту, конфликт аймағындағы ресми тұлғалармен және қарапайым халықпен

үнемі байланыс ұстап отыру, бітім шартын сақтау үшін жергілікті әскери

күштермен ынтымақтастықта жұмыс істеу, әскери ахуал туралы ақпарат жинап,

төтенше жағдайларда тергеу жүргізу, ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізу

үшін саяси негіз қалыптастыру кірді.

Осы міндеттерін жүзеге асыру үшін ЕҚЫҰ миссиясының әскери және

азаматтық өкілдері байланысу сызығына рейдтер жасап, бітімгерлердің

қосындарын тексеріп, олардың қару-жарақтарының көлемі мен әскерилерінің

дайындығын қадағалап тұрды, сондай-ақ Грузия мен Оңтүстік Осетияның

үкімет өкілдерімен кездесіп, консультациялар өткізіп тұрды және оқ атпау

режиміне қауіп төнетін дау-дамайларға араағайындық жасады. Миссия, сондай-

ақ гуманитарлық көмектің таратылуына ықпалдасып, кейбір заттарды

тасымалдауға өздері де көмектесіп отырды.

Кикілжіңнің бастапқы кезеңінде бітім келісіміне қол қойылмай қалуының

басты себептері ретінде сарапшылар мына жайттарды айтады:

Біріншіден, екі жақ та әскери ұрыстың салдары неге апарып соқтыратынын

болжай алмады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бірі жерінен айырылып

қалғысы келмесе, екіншісі қандастарын жаттың езгісіне салып қойғысы

келмеді. Патриотизм мен тәжірибесіздік қосылып, екі тарап қандай да бір

компромисті көздеріне елестетпеді де. Екі жақ та соғыстан әлі шаршамаған,

қасіретті қантөгістер әлі орын алмаған. Сондықтан да екі жақтың нақты

Page 131: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

130

шабуылдау жоспары болды, сондықтан Әзірбайжан әскери күш-қуатына сеніп,

Стокгольм келісіміне қол қоюдан бас тартты.

Екіншіден, Минск тобына кіретін елдер бітім шартының қабылдануына

мүдделі болмады. Ресей жағынан әрдайым орта дәрежедегі дипломат қатысты,

оның бастама көтеріп, пікірін ашық білдірерліктей құзыреті де, қабілеті де

болмады. Ал төраға міндетін атқарған Италия сыртқы істер министрі

орынбасарының мәселе туралы ақпараты толық болмады және ол келіссөздер

өтіп жатқан тілдердің бірде-бірінде сөйлеген жоқ. Басқа елдер келіссөзге

жергілікті елшілікте істейтін қарапайым дипломаттарды немесе зейнеттік

демалысқа шыққан қарттарды жіберді. Сондықтан, олар тығырықтан шығар

жол іздеуді емес, болған жайттар туралы өз үкіметтеріне есеп беріп отыруды

ғана мақсат тұтты.

Үшіншіден, Минск тобының құрылымы тиімді болған жоқ. Төраға – Италия

өкілі өз тіліне аударатын тілмәш жалдауды қалады. Франция мен Германия

өкілдері де келіссөз барысын өз тілдеріне аударып отыруды талап етті. «Сөйтіп,

Минск тобы 11 ел мен 2 аймақ өкілдерінен, төраға мен хатшылықтан, бес

бірдей аударма дүңгіршегінен құралған ебедейсіз, абсурдты келіссөз

мәшинесіне айналды. Соғыс пен бейбітшілік, өмір мен өлім мәселелері мұндай

жағдайда талқылануы мүмкін емес», – дейді Дж.Мареска.

Төртіншіден, бұл келіссөздерден нәтиже шығатынына тараптардың

ешқайсысы сенбеді. Тіпті Ресей жағы Минск тобының беделін түсіріп, оның

ұсыныстарын жоққа шығарып, бітім келісімінің өзі жасаған жобасын тықпалай

берді.

Бесіншіден, аймақтағы ықпал үшін геосаяси тартыстардың кесірі тиді. Ресей

бітімгершілік шараларына Түркияның араласуын қаламады, себебі бұл оның

ежелгі бақталасының Кавказ аймағына қайта ықпал жүргізе бастағанын

айғақтайтын еді. Оның үстіне Ресей бұл қақтығысқа өз ішіндегі Шешенстанның

мәселесі тұрғысынан қарап, аймаққа қандай да бір халықаралық бітімгершілік

күштерінің кіргізілуіне қарсы болды. Әзірбайжанда түркілік патриотизм қатты

белең алып, халық Ресейді Армениямен жақтасып, мұсылмандарға қарсы

майдан ашты деп жазғырды. Осы жағдайда Әзірбайжан басшылығының

Ресеймен ымыраға баруға батылы бармас еді. Ал АҚШ болса Қарабақ дауынан

бұрын Ресеймен арадағы қарым-қатынасына сызат түспеуіне мүдделі болды.

Медиатор болуға ұмтылған тараптар біржақты саясат ұстанды, Түркия

Әзірбайжан көзқарасын ашық қолдаса, Ресей Армениядағы әскери

базаларының арқасында Ереванға жақын тұрды. Кейбір батыс

сарапшыларының айтуынша, бұл конфликт кезінде Әзірбайжан жағына қолдау

көрсеткен бірден-бір ел Түркия болды. Ол араласпағанда, Әзірбайжан жалғыз

қалып, мәселе біржақты шешіліп кетуі және Армения әскери тұрғыдан күшейіп,

соғыс Әзірбайжанның басқа аймақтарына да жайылып кетуі мүмкін еді.

Дегенмен, Түркия Әзірбайжанға моральдық тұрғыдан қолдау білдіріп,

Page 132: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

131

Арменияға экономикалық қысым көрсету арқылы қақтығыстың ауқымын

біршама тежеді. Сөйте тұра Түркия ешқашан Әзірбайжанға қару-жарақ

тұрғысынан қолдау көрсеткен жоқ және оған әскери көмек көрсетуді де мақсат

етіп қоймады [135].

Тараптар тек Қазақстанды ғана оңтайлы, бейтарап медиатор деп мойындады.

Н.Назарбаев бітім шартында көрсетілетін басты мәселелер ретінде әскери

операцияны тоқтату, экономикалық блокаданы алып тастау, отын және энергия

жеткізу көздерін қалпына келтіруді ұсынды. Үшжақты сарапшылар тобы

аймақта сауалнама жүргізіп, зерттеу нәтижелерін ЕҚЫК-ға ұсынуы керек

болған. Алайда, Ресей ғалымдарының айтуынша, мұнда да тараптардың

соғыстан шаршамағаны және жеңіске деген сенімділігі кедергі болды [136].

Алтыншыдан, соғысқа араласқан елдердің саяси күштері конфликтіні өз

мақсаттарына пайдаланып, жалған ақпарат тарату арқылы отқа май құя түсті.

Басшылар елдегі ішкі наразылықтан қорқып, қоғамдық пікірдің жетегінде кетті.

Шешенстандағы соғыстың бастапқы кезеңінде де осы кемшіліктердің біразы

қайталанғанымен, оның өзіне тән ерекшеліктері де болды. Біріншіден, Батыс

Шешенстан дауына ашық араласа алмады, себебі ол Ресейдің ішкі мәселесі деп

танылды. Бір жағынан Батыс елдері Мәскеуге қатты тізе батырудан қорықты,

«Ельцинді тұқырта берсек, оның орнынан коммунистер басуы мүмкін» деген ой

Ресейге қарсы экономикалық санкция салу туралы қатаң шараларға баруға жол

бермеді. Екіншіден, Батыс елдерінің Шешенстандағы нақты ахуалдан хабары аз

болды. Осыған дейін Ресейдің алыс түкпіріндегі бір аймақ болып келген

Шешенстанның бұлай бүлік шығаруына түрткі болған себептерді, оның

алғышарттарын жақсы білмеді, жағдайды күрделілендіріп тұрған жайттарды

саралай алмады.

Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтарында 1990-жылдары болған алғашқы

соғыстарда да бірден күш қолдану, соғыстың салдарын бажайламау,

компромиске деген ұмтылыстың болмауы сияқты аймақтағы жалпы

конфликтілерге тән ерекшеліктер қайталанды. Бұл соғыстардың басты

ерекшелігі – бір мемлекеттің ішіндегі екі бірдей аймақ іс жүзінде бір мезгілде

тәуелсіздігін жариялап, ортақ қарсыласқа бір мезетте төтеп беріп отырды.

Олардың басты сенім артқан нысаны да ортақ болды. Оңтүстік Осетия соғысы

жергілікті деңгейде үлкен трагедия болғанымен, салыстырмалы түрде алып

қарағанда адами ресурстардың шағын болуы себепті аз аумақты қамтыды.

Алдымен күш қолданған Тбилиси кейіннен Ресей, Солтүстік және Оңтүстік

Осетияның араласуымен уақытша бітім келісіміне қол қоюға мәжбүр болды.

Қарабақ жанжалы ашық мемлекетаралық сипат алып, Әзірбайжан мен

Армения арасында идеологиялық, саяси, дипломатиялық, әскери текетіреске

алып келсе, 2008 жылғы Грузия – Ресей соғысында да мемлекетаралық

соғыстың элементтері анық көрінді. Ал 90-жылдардың басында Грузия

құрамындағы екі аймақ Ресейдің қолтығына ұмтылғанымен, Мәскеудің

Page 133: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

132

формальді түрде медиаторлық жүкті арқалауға көбірек құқығы болды және ол

сол міндетті атқаруға тырысып көрді де. 1992 жылы қыркүйекте Б.Ельцин,

Э.Шеварднадзе және В.Ардзинба бітім келісіміне қол қойды, сөйтіп текетіресті

азайтып диалог бастауға уағдаласты. Алайда, Ресейге деген сенімсіздік және

Ресей басшылығының жөнсіз мәлімдемелері мен жүйесіз қадамдары бітім

шартын орындауға мүмкіндік бермеді. Яғни, Абхазия жағдайында медиатор

алғашқы сәттерде дауды шешуге талпыныс жасағанымен, ондағы жүйесіздік

Мәскеуге деген сенімді азайтып жіберді.

Осы талдаулардың негізінде төмендегідей тұжырымдар жасаймыз:

1. ТМД аумағында қанды қақтығыстарды бастан кешірген елдердің

барлығында конфликтінің ықтималдығы ешбір зерттеусіз-ақ айдан анық көрініп

тұрды. Әлеуметтік көрсеткіштердің нашарлауы, мемлекеттік биліктің әлсіреуі,

этностық мәселенің тым саясиландырылуы, азаматтық қоғамның дамымауы –

осының барлығы бұл елдердегі жүйе дағдарысынан және тұрақсыздықтан хабар

беріп тұрды.

2. КСРО-да қалыптасқан этнонационализмге негізделген федералдық жүйе

консоционализм мен интеграцияшылдықтың ең қауіпті формаларын

пайдаланды. «Ұлтаралық мәселе жоқ» деген шындыққа жанаспайтын жалған

идеология аса өзекті мәселелердің талқыланбай қалуына, сөйтіп тұрмыстық

национализмнің өршуіне алып келді. Нақты толеранттылық пен келісім

механизмдерімен бекітілмеген кеңестік ұлт идеологиясы ұлттардың

арасындағы жаушылдық пен жеккөрушілікті, стереотиптерді жоюдың орнына

одан сайын өршітіп жіберді. Ұлттардың арасындағы айырманы лайықсыз

әдістермен жою әрекеттері (депортациялар, геноцид) ұлттар арасындағы

дүрдараздықты одан сайын күшейтті.

3. Халықаралық қауымдастық, халықаралық құқық нормалары ауқымы кең

кикілжіңдерді реттеуде қауқарсыз болып шықты. Конфликтілерді шешудің

халықаралық механизмдері тиімсіздігін байқатты. Бұл конфликтілердің алдын

алу мен реттеуде халықаралық қауіпсіздік және саяси ұйымдардан гөрі ішкі

ресурстарға көбірек сүйеніп, құрылымдық алдын алу шараларын қамдай алатын

мемлекеттік стратегияның әлдеқайда тиімді болатынын дәлелдеді.

3.2 Ресми және бейресми дипломатия: жаңа мүмкіндіктер

Кеңес одағы күйрердің қарсаңында және одан сәл кейін тұтанған

конфликтілердің алдын алу және реттеудің бастапқы кезеңінде әлемдік

тәжірибеде қалыптасқан технологиялар қолданылмады десе болады. Іс жүзінде

этнонационализмнің өркендеуіне жағдай жасаған федеративтік жүйе ұлттық

негіздегі алауыздықтың бар екендігін жоққа шығарып, өзара дүрдараздық

фактілерін жасырып келді, әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да

көрсеткіштерге көп мән берілген жоқ, ал объективті ақпар беріп, ерте дабыл

қағып отыратын қоғамдық ұйымдар болған жоқ. Халықаралық мекемелер мен

Page 134: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

133

үкіметтік емес ұйымдардың ескертулері «импералистердің арандатуы» деп

қабылданды және түгелдей цензураның ықпалында отырған ақпарат құралдары

ол пікірлерді халық арасына таратқан жоқ.

Бірақ, бастапқыдағы дағдарысты кезең аяқталған соң халықаралық

қауымдастық аймақтағы ішкі жағдайға араласып, конфликтілерді шешудің

өркениетті әдістерімен таныстыра бастады. Әсіресе, қарулы қақтығыстардан

зардап шеккен аймақтарда халықаралық ұйымдар белсене жұмыс істеді. Соның

арқасында Кавказдағы конфликтілерді реттеу барысында осы диссертацияның

екінші тарауында аталған механизмдердің көпшілігі қолданылды. Айталық,

институционалдық тәсілдеме негізінен Ресейдің, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ

сияқты ұйымдардың араағайындық миссиясымен айқындалды. Соның

арқасында түрлі құжаттар – қарарлар, хаттамалар, мәлімдемелер мен

меморандумдар қабылданды. Бұл құжаттарда көбіне соғысты тоқтату, қарулы

күштерді қолданбау, барлық даулы мәселелерді үстел басында келіссөздер

жолымен шешу, тұтқындарды, кепілдегілерді және босқындарды қайтару

мәселелері пысықталды. Құжаттар, сондай-ақ, халықтар арасындағы үзіліп

қалған байланыстарды қалпына келтіру, ұрыс аймақтарында бітімгершілік

күштерінің орналасу қажеттілігін мойындау, Ресей және басқа мемлекеттер,

халықаралық ұйымдар қол жеткен келісімдердің орындалуына кепіл әрі

араағайын болады деген тұжырымдарды бекітті. Кикілжіңнің қарқынын

бәсеңдетіп, шығындарды азайтуға септігін тигізгенімен, бұл шаралар

сепаратистік аймақтардың саяси мәртебесін айқындауға мүмкіндік бермеді,

сөйтіп ең басты конфликтогендік фактор сол қалпында сақталып қалды.

Инструменталдық тәсілдемелерден оперативті және тактикалық шаралар

қолданылды. Мәселен, Ресей және басқа да халықаралық ұйымдар соғысушы

жақтарға экономикалық қысым жасау арқылы әскери қақтығыстарды тоқтатуға,

соғысушы тараптарды ажыратуға, бейбітшілікке мәжбүрлеуге, сөйтіп

конфликтіні өркениетті арнаға бұруға күш салды.

Аймақтағы этносаяси конфликтілер тұтанған алғашқы кезеңдерде

нормативтік тәсілдеме де жүзеге асырылды. Конфликтіге қатысушы

тараптарға түрлі құқықтық және моральдық нормалар жиынтығы ұсынылды.

Алайда, тараптардың конструктивті және ымыралы саясат жүргізуге

құлықсыздығы салдарынан бұл жоспарлар іске аспай қалды да, этносаралық

текетірес ашық қарулы қақтығысқа ұласып кетті.

Ал конфликтіні реттеу әдістеріне келетін болсақ, Таулы Қарабақ, Оңтүстік

Осетия, Абхазия, Приднестровье және Шешенстан кикілжіңдерінің барлығында

күш қолдану әдісі жүзеге асырылды. Бұл әдіс көп адам және ресурстар

шығынына алып келді және айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Керісінше,

автономиялық аймақтардың іс жүзінде егемен мемлекеттерге айналуына,

халықтар арасындағы жаушылдықтың өршуіне алып келді. Тек Шешенстан

Page 135: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

134

жағдайында Мәскеу билігі бүлікшіл жасақтарды талқандап, билік тізгінін

Кремльге жақын тұлғаларға беру арқылы жағдайды біршама тұрақтандырды.

ТМД-дағы конфликтілерде араағайындардың көмегімен қарсы жақтардың

ұстанымдарын жақындату арқылы бітімге қол жеткізу әдісі де қолданылды.

Осы шаралардың арқасында конфликтілерді қарулы қақтығыстар формасынан

«қатырылған» формаға көшіруге мүмкіндік туды. «Грузин-Абхаз конфликтісін

реттеу хаттамасы», «Грузия мен Оңтүстік Осетия арасында қауіпсіздікті

қамтамасыз ету және өзара сенімді күшейту меморандумы» сияқты

құжаттардың әзірленгеніне қарамастан және Әзірбайжан, Армения, Таулы

Қарабақ арасында 1994 жылы соғысты тоқтату туралы Бішкек хаттамасына қол

қойылғанына қарамастан, автономиялық аймақтардың саяси мәртебесін

анықтауға қатысты шаралар еш нәтиже бермей, келіссөздер тығырыққа тірелді.

Демек, осы кезге дейін қолданылған кикілжіңдерді реттеу әдістері лайықты

нәтиже берген жоқ. Бұл шаралар конфликтілерді «қатырып» қоюға ғана

мүмкіндік берді.

2008 жылғы тамызда Ресей мен Грузия арасындағы қысқамерзімді әскери

қақтығыс орын алғаны белгілі. Бұл оқиға 1990-жылдардан бері қалыптасқан

бейбітшілікке қатер төндіріп, аймақта тұрақсыздықтың жаңа кезеңі

басталғанын айғақтап берді. Сондай-ақ бұл соғыс конфликтінің алдын алу

механизмдерінің әлі де осал тұстары бар екенін және халықаралық

қауымдастықтың әскери қақтығыстардың алдын алуға қауқарсыз екенін

айғақтап берді. Тамыз соғысы Батыс пен Ресей арасындағы қарым-қатынасты

қайта ушықтырып, халықаралық саясатта қырғиқабақ соғыс аяқталғалы бергі ең

ауыр дағдарыс басталды.

Еурпалық Одақтың факт жинау миссиясы әзірлеген есепке қарағанда, Ресей

бұл соғыста бірнеше заңсыз әрекеттерге бару арқылы жағдайды ушықтырған.

Дегенмен, конфликтінің эскалация жағдайына жетуіне Грузия үкіметінің

Оңтүстік Осетия жеріне әскери шабуыл бастау шешімі түрткі болған. Бұл

есепте халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде Еуропалық Одақтың,

соғыстың қарсаңындағы және бастапқы кезеңіндегі әрекеттері сынға алынады

[137].

2003 жылдан бері Еуроодақ оңтүстік Кавказда конфликтілерді шешуге

қатысты түрлі шаралар қолданып келеді. ЕО аймақтағы арнайы өкілін

тағайындап, Оңтүстік Осетиядағы Ресейдің басқаруымен жүргізілген конфликт

шешу шараларына бақылаушы ретінде қатысты және Абхазия мен Оңтүстік

Осетияның айналасындағы конфликт аймақтарын қалпына келтіруге қаржылай

қолдау білдірді. 2008 жылғы соғысқа дейін Еуроодақ аймақта

инфрақұрылымды қалпына келтіруге 30 миллион еуро қаржы бөлген. Алайда,

ЕО ең маңызды шара – бұл конфликтілер төңірегінде саяси және қауіпсіздік

стратегияларын әзірлеуді ұмыт қалдырған. Еуроодақ инфрақұрылымға қаржы

бөлу арқылы жанжалдасушы тараптардың арасында түсіністік орнатып, өзара

Page 136: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

135

диалог қалыптастыруға тырысты әрі халық арасында бедел жинау арқылы

конфликт шешу шараларына белсене араласуға ниетті болды.

Алайда, Еуропалық Одақтың конфликтінің алдын алу әлеуетін барынша

пайдалануына геосаяси ахуал себепкер болған делінген аталған есепте.

Еуроодақтың кейбір елдері одақтың оңтүстік Кавказдағы белсенді әрекеттері

Еуроодақ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа салқынын тигізеді деп

қауіптенді. Мәскеу де ЕО-ның Кавказ аймағында тым белсеніп кетпеуіне

мүдделі болды. Осындай ішкі және сыртқы қарсылықтардың кесірінен одақтың

конфликтілерді шешудегі саясаты әлсіреді. Гуманитарлық, экономикалық

салаларға қолдау көрсеткен ЕО аса даулы қауіпсіздік және саяси мәселелеріне

ашық араласпауға тырысты. Еуроодақтың ең басты қателіктерінің бірі ретінде

сарапшылар 2004 жылғы Шекараны бақылау миссиясына қолдау білдіруден бас

тартуын айтады. Сол арқылы Еуропалық қауымдастық Кавказдағы

конфликтілерді шешу мәселесінде шешуші рөлді Ресейдің ойнайтынын айқын

аңғартты. Бұл Ресейдің еркін қимылдауына алып келді.

Дегенмен, диссертацияның екінші тарауында айтылғанындай, үлкен

саясаттың мәселелері бір бөлек те, қарулы қақтығыстың басталу ықтималдығын

түрлі құралдардың көмегімен, әртүрлі индикаторларға қарап бақылап отыру –

бөлек нәрсе. Конфликтінің алдын алу үшін оған қатысы бар тараптарды

айқындап, олардың мақсаттары мен мүдделерін біліп алу керек және ерте

дабыл қағу жүйесі тиімді жұмыс істеуі тиіс. Тараптардың мүдделерін бір ортаға

салып сараптай келе бейбітшілікке апарар жолдың стратегиясы жасалады.

КСРО үкіметі этностық мәселелерді реттеуді интеграциялық және

консоционалистік әдістерді аралас қолдану арқылы қателікке ұшырады. Одақ

құрамындағы түрлі ұлттардың этностық даралығын одан сайын айқындап,

оларды этностық ерекшелігіне сай одақтық, автономикалық республикаларға,

автономиялық облыстарға бөлу арқылы ұлттардың кеңестік бірегейліктен бөлек

этностық бірегейлігі болуына, ол бірегейліктің белгілі бір географиялық

кеңістікке телінуіне жағдай жасады. Ал интеграциялық тәсіл еңбексүйгіш, әділ,

коммунизм мұраттарына берілген кеңес халқын қалыптастыру идеологиясының

төңірегінде ұйысты. Алайда, бұл екіжүзді ұлттық саясат жетпіс жыл бойы бір-

бірімен қайшылыққа келіп отырып, ақыр соңында одақтық республикалардың

кеңестік кезеңде сызылған шекаралар шегінде тәуелсіздік алуына алып келді.

Халықаралық ұйымдар пайдаланған ТМД кеңістігіндегі этносаралық

қақтығыстардың алдын алу және реттеу технологияларын сипаттағанда

олардың барлығына тән ерекшеліктерді атап өтуіміз керек:

Біріншіден, ТМД елдерінде этносаралық конфликтілерді реттеу

технологиялары толық әрі жан-жақты болған жоқ. Олар көбіне жанжалдың

белгілі бір симптомдарын бәсеңдетуге бағытталды, яғни жанып жатқан өртті

сөндіру сипатында болды. 1990-жылдардағы Кавказ аймағындағы шиеленістер

жылдам қарқынмен, ерекше жаушылдықпен және қатыгездікпен бірден

Page 137: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

136

ушығып, эскалация жағдайына жетті. Сондықтан халықаралық ұйымдар көбіне

соғыс зардаптарын азайту, халықтың өмірі мен олардың тұрғынжайларын

қорғау, оларға гуманитарлық көмек жеткізу сияқты кезек күттірмес

тұрақтандыру шараларымен айналысты. Ал келіспеушіліктің түпкі себептері

мен тұрақтылықты қамтамасыз етудің алғышарттары тек соғысты тоқтату

туралы шартқа қол қойғаннан кейін ғана толыққанды зерттеле бастады.

Екіншіден, ТМД елдеріндегі азаматтық қоғам бейбіт реттеу процесіне

араласатындай деңгейде пісіп-жетілмегендіктен, жанжалды шешуге

белсене араласа алмады. Үкімет пен қоғам арасында әріптестік диалогы

болмады, ел алдында есеп бермейтіндіктен үкімет национал-патриоттық

идеялардың жетегінде конфликтіні тек күш қолдану әдісін пайдалану арқылы,

яғни келіспеушіліктерді жойып жіберу жолымен шешуді жөн деп тапты.

Үшіншіден, халықаралық ұйымдардың конфликтілердің

индикаторлары, тараптардың мақсаттары мен талап-тілектерінен хабары

аз болды. Бұл олардың конфликтілердің табиғатын терең түсінуіне және дер

кезінде әрекет етуіне кедергі келтірді. Олардың оқиға орнына кең көлемдегі

білікті миссия жіберуге мүмкіндігі болмағандықтан, факт жинау, конфликт

динамикасын бақылау, оны ушықтырушы факторларды айқындауда қолдары

қысқа болды.

Қантөгістің алғашқы кезеңі артта қалып, бітім орнаған соң 1990-жылдардың

ортасынан бастап конфликт болған аймақтарда халықаралық ұйымдардың

араласуымен азаматтық қоғам институттары дами бастады. Олар түрлі

әлеуметтік, саяси зерттеулерден бастап халықтар арасында түсіністік пен

татулық орнатудың әлемдік тәжірибесін зерделей бастады. Түрлі форматтағы

диалог пен медиацияның ахуалды жақсартуға, үлкен саясаттағы соғысқа

шақырған риториканы өзгертуге ықпалы түрлі жобалар аясында талқылана

бастады. Яғни, халықаралық ұйымдардың Кавказ аймағындағы әрекеттері екі

бағытта жүрді: 1) Қоғамның пікірін білу, әлеуметтік индикаторларды зерттеу

және бұл әдістерді жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға үйрету; 2) бейресми

дипломатияны пайдаланып, халықтар арасындағы жаушылдық деңгейін

төмендету.

Бейресми дипломатия, яки интерактивті конфликт шешу бастамасының

негізін қалаған ғалым – Р.Фишер. Оның айтуынша, мұндай әдіске жүгінудегі

басты себеп – тараптардың нәтижесіз ресми келіссөздерден жалығуы. Мұндай

араластық қоғамның түрлі салалары бойынша өзара сенім мен түсіністік

орнатуға жәрдемдеседі және бейбіт процесті бастауға жаңа мүмкіндіктер

ашады. Бұл жобалар тек жұмысқа атсалысып жүрген адамдарды қамтып

қоймай, үлкен қоғамдық талқыға, ел ішіндегі пікірталасқа және халықтың

көзқарасын өзгертуге алып келуі мүмкін. Кей жағдайларда ол конфликт

зардаптарын жоюға қатысты нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берсе,

кей жағдайларда рухани, мәдени құндылықтар арқылы гуманизм, сыйластық,

Page 138: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

137

жанашырлық сезімін қалың бұқара арасында насихаттауға жол ашады.

Сондықтан, мұндай диалогтар тек кездесулер түрінде емес, фильм дайындау,

спектакль қою, өлеңдер жазу, сурет салу сияқты мәдени шығармашылық

форматында немесе газет шығару, бірлескен мақала жазу, интернет-сайт ашу

сияқты қоғамдық-саяси белсенділік форматында көрініс табуы мүмкін.

Мемлекеттік мекемелердің, халықаралық саяси ұйымдардың, халықаралық

және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың, қоғам өкілдерінің, бұқаралық

ақпарат құралдарының қатысуымен өзара түсіністікті арттыруға септігін

тигізетін шаралар әлі де жүзеге асып жатыр. Бұл шараларды біз шартты түрде

диалог, медиация және адвокаси деп бөлдік. Әрине, бұл шаралардың барлығы

бір ғана негізгі мақсат – халықтар мен мемлекеттер арасындағы достықты

қалыптастыруға бағытталғанымен, оларды біртұтас әрі жан-жақты

процедуралар жүйесі деп қарастыра алмаймыз. Сондай-ақ,

ұйымдастырушылардың көпшілігі аталған шаралардың бірнешеуін бір мезгілде

қатар жүзеге асырды.

Диалог

Диалог – ұрысушы тараптардың келісімге келуін не белгілі бір нақты шешім

қабылдануын мақсат тұтпайтын коммуникация түрі. Диалогты ұйымдастыруға

жүргізушілер не модераторлар көмектеседі, олар сұхбаттың өзара түсіністік,

жанашырлық, мойындау сезімдерін және өзара сенімді қалыптастыратындай

форматта жүруіне атсалысады. Нақты шешім қабылдату не конфликтіні тоқтату

мақсатын көздейтін медиациядан айырмашылығы – диалог бар болғаны екі

жақтың бір-бірін түсініп, өзара сенім қалыптастыруына ықпал ету. Бұл –

медиацияға қарағанда диалогтың арқалайтын жүгі жеңіл дегенді білдірмейді

[138]. Диалог конфликтіні бірден шешіп тастай алмайды, керісінше жылдар

бойы қоғамдық пікірді, ұстанымдар мен стереотиптерді біртіндеп өзгертуге

күш салады, яғни бұл – алысқа бағытталған, кикілжіңнің құрылымдық

себепкерлерін жоюға бағытталған шара [139].

Тараптар арасындағы жай сұхбат, пікірталас немесе талқы өтуі жеткіліксіз.

Бұл сұхбаттар екі жақ бірін-бірі тыңдап, конфликтіге қарсы жақтың көзімен

баға беріп, бір-біріне жанашырлығын ашық білдіріп, өз жағының әрекеттері

мен ұстанымдарына сыни көзқараспен қарай алатындай тәртіппен

ұйымдастырылуы тиіс. Диалог – қарсы тараптар бірлесе отырып ортақ

коммуникативтік кеңістік қалыптастыратын коммуникация түрі. Диалог пен

медиациядағы коммуникативтік процестер бір-біріне ұқсас. Тек

айырмашылығы – диалог процестің өзіне, ал медиация нәтижеге бағытталған.

Алайда бейресми деңгейде бұл айырмашылық байқалмай кетуі мүмкін.

Кавказ елдерінде диалог арқылы түсіністік орнату процесі халықаралық

ұйымдардың қатысуымен 90-жылдардың басынан бері жүріп келеді. Бұл іске

БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуроодақ сияқты саяси ұйымдармен қоса «Бітім ресурстары»

Page 139: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

138

(Лондон), «International Alert» (Лондон), Генрих Бёлл қоры (Берлин), Берхов

қоры, Данияның, Норвегияның босқындар жөніндегі кеңестері, швециялық

«Квинна тилл Квинна» ұйымы, түрлі білім ордалары, ғылыми зерттеу

ұйымдары және тағы басқалар атсалысып келеді.

2000-2007 жылдар аралығында «Бітім ресурстары» халықаралық ұйымының

ұйымдастыруымен Еуропа қалаларында Абхазия мен Грузия өкілдерінің

арасында бейресми және құпия кездесулері өткізіліп тұрды. Кездесуге тек екі

тараптың жоғары шенді басшылары, саясаткерлері мен сарапшылары

қатыстырылды. Онда айтылған пікірлерді жариялауға, сөйлеген кісілердің

айтқандарынан дәйексөз келтіруге тыйым салынды. Алғашқы кездесу

Австрияның Штадт-Шлайнинг қаласында ұйымдастырылғандықтан, бұл

процеске «Шлайнинг процесі» деген айдар тағылды. Процеске қатысқан

сарапшылар мен саясаткерлердің барлығы дерлік бұл процестің екі халық

арасындағы кикілжіңді реттеудегі рөлін жоғары бағалайды. Кездесулерге

Грузия жағынан қатысқан П.Закареишвилидің айтуынша, Шлайнинг процесінің

мынадай артықшылықтары болды:

1. Үшінші жақтың қатысуынсыз тұрақты түрде бейресми әрі құпия

жағдайда кездесу мүмкіндігі. Өзара ақпарат алмасып, келіспейтін мәселелерді

ашық талқылайтын алаң.

2. Қарсы жақтың ұстанымы мен пікірін тыңдау мүмкіндігі.

3. Белгілі бір мәселелерге қатысты қарсы жақтың пікірін білу мүмкіндігі.

4. «Үйден дайындап келген» дайын ұсыныстарға қарсы жақтың көзқарасын

білу мүмкіндігі.

П.Закареишвилидің айтуына қарағанда, Шлайнинг процесінің көп

жетістіктері болды, ал ең бастысы – бұл кездесулер 2008 жылғы соғыстың болу

ықтималдығын айқын болжап берді. «Біз өрт сөндіруші емес, өртпен күрес

қызметін атқарамыз, қауіптің жақын екендігінен хабар береміз, сондықтан жаңа

форматын тауып, Шлайнинг процесі сияқты жобаларды жалғастыра беру

керек», - деді грузин сарапшысы.

Бұл процестің тоқтап қалуына қатысты бірнеше болжам бар:

Бірінші. Грузия президенті М.Саакашвилидің сепаратистік аймақтардың

басшыларына қатысты ымырасыз саясат ұстануы. Шлайнинг процесі жүріп

жатқан тұста билікке келген Саакашвили сепаратистермен келіссөздердің тек

Грузия аумағында жүретінін және Абхазия мен Оңтүстік Осетия басшыларын

Тбилисиге шақыратынын бірнеше мәрте мәлімдеген. Бұл шын мәніндегі

популистік мәлімдеме халықтар арасындағы түсіністіктің қалыптасуына кері

әсерін тигізді.

Екінші. Бейбіт әрі бейресми диалогтардың үзіліп қалуына грузин тарабының

күш қолдануға қатысты қатаң ұстанымы әсер еткен болуы мүмкін. Ел

басшылығы Грузияның аумақтық тұтастығын әскери жолмен қалпына

келтіретінін оқтын-оқтын айтып отырады. Яғни, грузин үкіметі сепаратистік

Page 140: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

139

аймақтарды соғыс жолымен қайтаруды қаласа, онда халықтар арасында

түсіністік орнауына бәлендей құлшыныс таныта қоймасы анық. Екі тарап

мәселені шешудің бейбіт жолын бейресми деңгейде анықтап қойған жағдайда

Грузия басшылығында әскери шабуыл бастауға негіз қалмайтын еді.

Үшінші. Ресей факторы. Ресми Мәскеу абхаз-грузин кикілжіңінің өн

бойында көптеген қателіктерге бой алдырып, даудың тез арада шешілуіне

мүдделі еместігін байқатып келді.

Төртінші. Азаматтық сектордың жұрт алдындағы беделін түсіру, оларды

ештеңені дұрыс ұйымдастыра алмайтын дәрменсіз топ ету көрсету мүддесі.

Шлайнинг процесі барысында ресми тараптардың кездесуге қатысуға уәде

беріп, соңғы сәттерде бас тартқан кездері болды. Бұл кездесулерді дұрыс

ұйымдастыру процесіне айтарлықтай кедергі келтірді. Ресми тұлғалар қатысуға

құлықсыз екендіктерін ертерек айта алатын еді, өз шешімдерін соңғы сәттерде

жариялау арқылы олар процестің дұрыс өтпеуіне мүдделі екендіктерін

аңғартты.

Бесінші. Грузия үкіметі сепаратист аймақтардың жекелеген өкілдерімен

байланыс ұстап отырды және оларды сол аймақтардың нағыз өкілдері етіп

көрсетуге тырысты. Яғни, үкімет шынайы диалогтың орнына тасадағы

диалогтың болуын қалады.

Үзіліп қалғанына қарамастан, Шлайнинг процесінің көп нәтижесі және

сабағы болды:

1. Бірлесе отырып талдау арқылы тараптар негізгі және сол мезеттегі ең

өзекті деген мәселелерді ортаға салды, сөйтіп конфликтінің бастауларына

қатысты жаңа түсінік шеңберін қалыптастырды және оның реттелуіне

мүмкіндік береді деген идеяларды жинақтауға жағдай жасады. Ресми

келіссөздерде талқыланып жатқан мәселелердің барлығы дерлік ортаға

салынды.

2. Кездесулер жаңа идеяларды ортаға тастап, олдарың өміршеңдігін байқап

көруге және саяси келіссөздердің күн тәртібіне ұсынуға болатын ұсыныстарды

жинақтауға мүмкіндік берді.

3. Екі жақта сенім шараларын қалыптастыруға бағытталған нақты

идеяларды пысықтауға жәрдемдесті.

4. Концептуалдық деңгейде алып қарасақ, қарсыластардың

перспективаларын, құлшыныстары мен мотивацияларын сараптау процесі екі

тараптың қауіпсіздік саласындағы қажеттіліктерін талқыға салуына мүмкіндік

берді. Бұл – басқа бірде-бір процесте болып көрмеген ерекше жетістік.

Диалогтың және конфликтіні құрылымдық тұрғыдан реттеудің ерекше бір

үлгісі – «Консорциум бастамасы». 2003 жылдан бері жұмыс істеп жатқан бұл

бағдарламаның ұйымдастырушылары – International Alert, «Бітім ресурстары»

және LINKS ұйымдары. Кедергілерге кездеспей, жақсы нәтижеге қол жеткізген

жағдайда мұнды кикілжіңді реттеудің ең сәтті деген технологиясы қатарына

Page 141: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

140

жатқызуға болады. «Консорциум бастамасы» Таулы Қарабақ конфликтінің

төңірегінде жан-жақты әрі көпсатылы жұмыс жүргізуге бағытталған. Бұл

процеске Армения мен Әзірбайжан қоғамының барлық бөліктері, соның ішінде

Таулы Қарабақ армяндары мен әзірбайжан босқындары түгел қатысады.

Консорциумның әр мүшесі белгілі бір бағыт үшін жауап береді. «Бітім

ресурстары» бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық пікір бағытында

жұмыс істесе, International Alert азаматтық қоғам өкілдерімен, экономикалық

және гуманитарлық мәселелермен, ал LINKS саяси диалог деңгейінде әрекет

етеді.

Конфликтілерді реттеуге шығармашылық тәсілдеме арқылы үлес қосудың

бір ерекше үлгісі - «Фильм арқылы диалог» жобасы. 2006 жылы басталған бұл

жобаны «Бітім ресурстары» ұйымы «Интерньюс-Армения», «Интерньюс-

Әзірбайжан» және Степанакерт баспасөз клубы бірлесе ұйымдастырған. Оның

мақсаты – Таулы Қарабақ пен Әзірбайжанның шығармашылықпен

айналысатын жастар арасында байланыс орнату. Олар соғыс және соғыстан

кейінгі өмір туралы шағын деректі фильмдер жасап, сол фильмдерде жалпы

жағдайға қатысты өз сезімдерін, көзқарастарын білдіреді. Таңдаулы

жұмыстардың авторлары конфликтіні трансформациялау және кино түсіру

тақырыптарын қамтитын тренингтерге қатысады. Кейін өз еліне оралып, алған

білімі негізінде жаңа фильмдер түсіруге мүмкіндік алады. Бұл жобаның

артықшылығы – соғыстың зардаптарын үлкендер сияқты көп тартпаған, бірақ

сол үлкендерден естіген пікірді бойына сіңіріп өскен жастарды бойындағы

стереотиптерден арылту, жас ұрпақты толеранттылыққа тәрбиелеу.

2000–2001 жылдары «Интерньюс-Армения» мен «Интерньюс-Әзірбайжан»

vis-àvis (бетпе-бет) әдісін пайдаланып, өзара байланыс үзіліп қалған екі халық

арасында телекөпір арқылы байланыс орнатты. «Майдан шебі» деп аталған бұл

жобада әзірбайжан мен армян елдерінің саясаткерлері, қоғам қайраткерлері,

өнер адамдары екі жақта отырып өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Бұл

жобаға бұрын бірге болып, соғыстың кесірінен бір-бірін ажырап қалған

адамдар, мәселен, бұрынғы бір футбол командасының ойыншылары, қатысты.

Тележурналистер түсірілген материалды монтаждаудан бас тартып, кейін бұл

хабарлар телеарналардан тікелей эфирден беріліп жүрді. Бұл жоба екі тарап

өкілдерінің арасындағы пікір алшақтығын көрсетіп қана қоймай, қарсы жақтың

көзқарастары мен уәждерін тыңдауға мүмкіндік берді.

«Бизнес пен дамудың кавказдық жүйесі» жобасы – бүкіл Кавказ

аймағындағы халықтарды экономикалық бастамалар арқылы жақындастыруды

көздейтін диалог жобасы. Оның мақсаты – жауласқан тараптар арасында сауда-

саттықты, экономикалық интеграцияны жолға қою арқылы түсіністік орнату.

Шекаралардың ашықтығы бизнесті дамытуға қаншалық оң әсер ететін сезінген

бизнесмендер сол арқылы достыққа бастайтын ортақ бизнес-жобаларға

қатысады, бұл қоғамдағы кереғар пікірлердің азаюына, ақыр соңында

Page 142: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

141

құрылымдық өзгерістердің жүзеге асуына алып келеді. Оңтүстік Кавказ -

аумағы шағын, дүниежүзілік мұхитқа шығар жолы жоқ, түкпірде жатыр. Өзара

тығыз интеграцияланған біртұтас аймақ дүрдараздықты артқа тастап, тиімді

экономикалық байланыстар орната алса, бұл барлық тарапқа тиімді болады.

Жобаның мақсаты – осы идеяны насихаттау. Жобаның аясында уақытша сауда

және бизнес ережелерін қабылдап, құрал-жабдықтарды жалға алу,

ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін бірлескен кәсіпорындар құру көзделген.

«Оңтүстік Кавказ бастамасы – Балама мәре» жобасы аймақ елдері

арасында өзара пікір алмасып отыратын ортақ платформа әзірлеу мақсатында

журналистердің ұсынысымен құрылды. Бұл Интернет-жоба бұрынғы екіжақты

диалог форматын өзгертіп, оны жалпыға ортақ, көпжақты диалог дәрежесіне

көтерді. Оңтүстік Кавказ аймағының тұрғындары осы сайттың көмегімен өзара

ақпарат алмасып, пікірлерімен, эмоцияларымен және бейбітшілікке қатысты

көзқарастарымен бөлісе алады.

Кавказ форумы – 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аса ауқымды

жоба. Алғашында грузиндер мен абхаздардың арасындағы диалогқа септесу

үшін құрылған бұл қоғамдық ұйым кейіннен аса ірі жобаларды үлкен

географиялық ауқымда жүзеге асыра бастады. Ұйымдастырушылардың басты

ұстанымы – азаматтық қоғам өкілдерінің барлық қажыр-қайратын өзара

жаушылдықты азайтуға, ұлттардың бір-бірін тани түсуіне және

жалпыкавказдық азаматтық кеңістік құруға жұмсауы керек.

Кавказ форумы аймақтағы ең жоғары деңгейде институтталған ұйым ретінде

бүкіл аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың басын қосты, аймақтың үш бірдей

қаласында тұрақты кеңселері, тұрақты жұмыс істейтін үйлестіру кеңесі бар.

Форум барлық елдердің азаматтық қоғам өкілдері арасындағы бейтарап әрі

қауіпсіз диалог алаңына айналды. Оның жұмысы осы диссертацияда атап өткен

конфликтінің алдын алу және реттеу әдістері мен технологияларының барлық

түрлерін қамтыды десе болады. Негізгі бағыттары: азаматтық қоғамды дамыту,

бейбіт бастамаларды қолдау, бітімгершілік миссиясы, конфликтілердің алын

алу үшін этносаяси жағдайды зерттеу, т.с.с. Бұл мақсаттарды орындауда

семинарлар мен конференциялар, тренингтер мен креативті ойындар өткізу,

гуманитарлық шаралар, адам құқықтарын қорғауға байланысты ресми

мәлімдемелер мен өтініштер жазу, т.с.с.

«Кавказ форумы» жобасының белсенді басшыларының бірі Жанна

Крикорованың айтуынша, бұл ұйым қоғамдағы процестерге оң әсерін тигізіп,

халықаралық деңгейде бағасын алған көптеген жобаларды жүзеге асырған.

Соның ішінде Кавказдағы кикілжіңді шешуге арналған конференция, Қарабақ

пен Оңтүстік Осетиядағы азаматтық қоғамды қолдауға арналған «Ұмытылған

аймақтар» жобасы; соғысқа қатысқандар мен мүгедек болып қалғандардың

кездесуі; «Кавказ әйелдері лигасының» құрылуы сияқты үлкен жобалар бар.

Page 143: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

142

Крикорованың айтуынша, «Кавказ форумының» жетістікке жетуінің бірнеше

себебі бар:

1. Медиацияның жалпыкавказдық принципі барлық тараптарды

қанағаттандыратын құндылыққа: жалпының жалқыны, жалқының жалпыны

қамқорлыққа алуы идеясына негізделді, ұйымның да форматы осы қағидаға

сәйкес қалыптасты. Бұл әрқайсысы тек өз қамын ойлап жүрген халықтарды бір

идея төңірегінде белгілі бір деңгейде біріктіре алды.

2. Форумның форматының арқасында оның өз ішінде өзара сенім

қалыптасты. Ал өз ішіндегі сенімнің арқасында оған басқалардың да, соның

ішінде билік басындағылардың да сенімі күшейді.

3. Идеяларды жүзеге асыру формаларын таңдағанда батыстық workshop

форматы таңдалды. Мұндай басқосулар ешқандай ресми президиумсыз,

үстелсіз, еркін қалыпта өткізіледі.

4. «Кавказ форумының» шешім қабылдау процесі консенсус формасында

жүзеге асырылды.

5. Жергілікті қоғамдық ұйымдардың қатарында британдық International

Alert ұйымы да форум құрамына қатардағы мүше ретінде кірді. Олардың

мұндай ұйымдарды құрудағы іс-тәжірибесі кәдеге жарады.

Тұрақты жұмыс істейтін конференциялар – Кавказды бейбітшілікке

жетелеген ауқымды жобалардың бірі болды. Жоба идеясының авторы –

Калифорния университетінің (Ирвайн) профессоры Пола Гарб. Мақсаты –

грузин-абхаз конфликтісі төңірегіндегі бітімгершілік жобаларын үйлестіру,

Алдыңғы жобалардан бір айырмашылығы – мұнда кездесулердің барлығы

ашық, жария түрде өтті және барлық кездесулер туралы сараптама материалдар

мен стенограммалар жарыққа шықты. Жобаны бастай отырып

ұйымдастырушылар төрт міндетті жүзеге асыруды көздеді:

1. Ақпарат алмасу форумын ұйымдастыру сол арқылы конфликтіге

қатысушы тараптардың екі жақтағы қоғамдық пікірді біліп, әлеуметтік-

экономикалық өзгерістер туралы толыққанды мағлұмат алуына жәрдемдесу;

2. Конфликтінің барлық аспектілерін, себептері мен салдарын және оны

реттеу жайын ашық талқыға салу;

3. Осы пікірталастардың материалдарын толық жариялау арқылы бүкіл

процестің ашық болуын және ақпараттың екі жаққа да тегіс таралуын

қамтамасыз ету;

4. Екі жақта да конфликтіні бейбіт реттеуді жақтайтындардың тобын құру.

Бұл жобаның сәтті болатынына күмәнданушылар көп болған. Себебі,

кездесулер барысында тараптардың бір-бірі туралы өте ауыр сөздер айтып, ащы

пікір білдіруіне мүмкіндік берілді. Кездесулер мәдениеті сақталмай,

тараптардың бір-бірін қатты ренжіткен кездері көп болды. Бірақ,

ұйымдастырушылар өзара айқайласып алған тараптардың артынан бұл

талқылау процесінен бір-біріне кек сақтамай шығуына жәрдемдесті. Конфликт

Page 144: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

143

мәселелерін талқылау аяқталған соң қатысушылар екіге жарылмай, бір бөлмеге

жиналып, бейресми жағдайда кикілжіңге қатысы жоқ тақырыптарды әңгіме

етті. Түн жарымына дейін созылған бұл кездесулер алдыңғы ауыр әңгімелерден

кейін қалыптасқан ашу-ызаны басып, адами қарым-қатынастың орнауына

жәрдемдесті. Келесі күнгі кездесулерде тараптар анағұрлым сабырлы қалыпта

болған.

П.Гарбтың айтуынша, қандай да бір саяси шешімдердің қабылдануына жол

ашпаса да жоба көрсетілген төрт міндетті орындады. Ең бастысы – бейресми

диалогтың форматы мен мазмұны, ұйымдастырылуы бағыттарында тәжірибе

жинауға, сөйтіп, кейінгі жобаларға жол салып беруге жәрдемдесті.

Медиация

Медиация – конфликтіге қатысы бар тараптардың үшінші тараптың

ұйымдастыруымен немесе бастамасымен жүезе асырылатын өзара

коммуникациясы. Бұл коммуникацияның мақсаты – тікелей диалог

ұйымдастыру, мәселелерді талқылау, уағдаласу және бірлесе шешім қабылдау.

Медиацияның басты мақсаты әдетте, екі жақты кикілжіңді шешу мәселесіне

байланысты келісімге келтіру болып табылады. Медиация – конфликтіні бейбіт

шешудің әділетті, демократиялық және адами түрі.

2000 жылы Ерте дабыл қағу және ерте әрекет ету форумы (FEWER)

Грузияның армяндар тығыз қоныстанған Джавахети аймағында конфликт

өртінің тұтану ықтималдығын айқындап, оған дер кезінде жауап беру

мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Бұл бағдарламаның форматы барлық

этносаралық кофликтілердің алдын алуда, төніп тұрған қауіптің бетін

қайтаруда үлгі бола алады. Форумның әдіснамалары бес негізгі салаға

бағытталған. Олар: анализ (индикаторлар мен конфликт динамикасын талдау);

нысаналар (ерте әрекет ету кімге бағытталады?); құралдар (ерте әрекет ету

бағдарламасында қолданылады); әрекет етуді бастау уақытына қатысты шешім

қабылдау және ықтимал донорларды табу. Дөңгелек үстелді жоспарлау

барысында мына жайттар ескерілді:

1. Тараптардың барлығына жағымды үйлесімді атмосфера қалыптастыру,

ұйымдастырушы жақтың лайықты саясаты тараптардың субъективті

ұстанымдарын басып кететіндей беделді әрі бейтарап болуы керек.

2. Жоспарлау барысында тараптардың күн тәртібіндегі мәселелер мен

олардың мүдделері әрқайсысымен бөлек ресми жағдайда талқыға түсуі керек.

Бұл олардың әрқайсының көңіл күйін байқап, ерекше тактика қолдануға

мүмкіндік береді. Мәселен, күші басым тараптарға бейбітшілік орнату ісін

қолға алып, бастамашы болуға жағдай жасалады.

3. Дөңгелек үстелдер конфликтінің қарсаңында не ол аяқталғаннан соң

өткізілсе ғана тиімді болады.

Page 145: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

144

4. Дөңгелек үстелдер ерте дабыл қағу жүйесі арқылы жасалған

болжамдардың растығына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

5. Процеске саяси реңк бермес үшін оған жоғары шенді үкімет өкілдері

емес, орта деңгейдегі саяси тұлғалар қатыстырылуы керек.

6. Жоспарлау процесі кезінде тараптардың тең дәрежеде қатысуын

қадағалау керек.

7. Конфликтінің алдын алу шаралары сәтті болуы үшін қатысушы

тараптардың дөңгелек үстелді жоспарлау кезінен бастап әрекет ету кезіне

дейінгі барлық процестерге белсене араласып, өз ұсыныстарын жүзеге

асыруына ықпал ету керек.

Адвокаси

Ағылшын тіліндегі advocacy (қорғау) деген сөзді транслитерациялау арқылы

біз қоғамдық мәселелермен байланысы бар бұл процестің жай ғана «қорғау»

сөзінің аясына сыймайтынын айтқымыз келді. Латын тілінде «әлденеге

шақыру» деген мағынаны берген бұл сөз қысқаша айтқанда «жұртты өз жағыңа

қарай шығуға шақыру» болып шығады. Ағылшын тілінде қоғамдық белсенділік

түрін сипаттайтын және өмірде жиі қолданылатын бұл сөздің қазақша

баламасын табу қиынға түсті.

Батыста «адвокат» сөзі тек заңгерлермен, құқық саласымен қатысты емес.

Кең мағынада алып қарайтын болсақ, оның аудармасы «қоғамдық мүдделерді

қорғау» болады, яғни адвокаси – қоғамда ұзақмерзімді өзгерістерге қол жеткізу

мақсатында жасалатын өзара байланысты әрекеттер мен қадамдар жүйесі,

азаматтардың белсенділігін арттыру ақылы саяси шешімдерді қабылдатқызуға

көндіру шарасы. Адвокаси – жеке адам мен адамдар тобының саяси,

экономикалық, әлеуметтік жүйелер мен институттардың шешім қабылдау

процесіне ықпал ету әрекеті. Ол моральдық, этикалық не діни принциптерге

негізделуі мүмкін [140]. Қоғамның мүддесін қорғау екі бағытта жүреді:

1) белігілі бір адамдар тобының мүдделерін қорғау;

2) Жаңа қоғамдық идеялар, құндылықтар және нормалардың қалыптасуына,

орнығуына жәрдемдесу.

Кавказда жұмыс істеген халықаралық және жергілікті ұйымдар тек ресми

және бейресми диалог әдісін ғана емес, сондай-ақ конфликтілерді бейбіт

жолмен реттеуді насихаттаумен айналысты. Халықаралық деңгейде олар

араағайындардың конфликтіні шешуге қатысты ресми ұстанымдарын өзгертуге

тырысты, себебі олардың айтуынша, халықаралық саяси араағайындардың

әрекеттері тиімсіз, екшелмеген әрі тараптардың мүдделерін ескерместен жүзеге

асырылды. Ал жергілікті деңгейде азаматтық қоғам өкілдері конфликтіге

қатысты өз көзқарастарын билік өкілдеріне жеткізуге тырысты. Барлық

конфликтіге қатысушы тараптардың атынан келіп, түрлі форумдар мен

конференцияларға, кездесулерге қатысқан азаматтық қоғам өкілдері өз

Page 146: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

145

елдерінің (аймақтарының) басшыларын адамгершілікке және ымырашылдыққа

шақырумен келді. Сонымен қатар, олар белгілі бір гуманитарлық проблеманы

оңтайлы шешуге де атсалысып, сондай шараларда билік пен халық арасындағы

дәнекер рөлін атқарды. Ал «Кавказ әйелдерінің лигасы» әйелдердің

құқықтарын қорғау арқылы олардың қоғамдағы рөлін нығайту және беделін

көтеруге тырысты.

2010 жыл – ТМД-дағы ұзаққа созылған конфликтілерді реттеудегі шешуші

жылдардың бірі болды. Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және

Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық қызметке кірісуіне байланысты сөйлеген

сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев бұл төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст»

(сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) и «толеранс»

(төзімділік) болатынын айтты. «Біріншісі бір-бірімізге деген бізге аса қажетті

сенімді білдіреді. Екіншісі ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидаттары мен

құндылықтарынан тұрады. Үшіншісі – халықаралық қарым-қатынастарда

«қосарланған стандарт» пен «жіктеу шектерінен» азат, барынша ашықтық пен

транспаренттік. Қауіпсіздікке төнетін қауіп пен қатерлерді еңсеруде сындарлы

ынтымақтастыққа ұмтылу. Ал, төртіншісі - бүгінгі әлемде барған сайын

маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты

нығайту жөніндегі жаһандық трендтің көрініс табуы», - деді Президент

Н.Назарбаев [141]. Қазақстан төрағалығының басым бағыттарының қатарында

ЕҚЫҰ-ның ұзаққа созылған конфликтілерді шешудегі белсенділігін арттыру

мәселесі ерекше аталды.

ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің алғашқы бейресми кездесуі өткен

Грекиядағы Корфу аралының құрметіне аталып кеткен бұл процесс қауіпсіздік

мәселелерін бейресми жағдайда талқылауды мақсат етеді. 2009 жылдың

желтоқсан айында Афиныда өткен кездесуде ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері

бірлескен декларацияға қол қойды. Онда: «Біз Хельсинки шартының

принциптері мен ЕҚЫҰ міндеттемелері толық құрметтеліп, орындалмай

отырғанына, күш қолдану әдісін келіспеушіліктерді шешудің амалы ретінде

қарастыру жалғасып жатқанына, мемлекеттер арасындағы конфликт қаупі

жойылмағанына, қарулы қақтығыстардың тіпті соңғы онжылдықтарда да орын

алғанына, келіспеушіліктердің әлі бар екеніне және көп конфликтілердің әлі

шешілмей келе жатқанына алаңдаушылық білдіреміз», - делінген [142].

Қазақстан басшылығы халықаралық ұйымның тізгінін қолға ала отырып

конфликтілерді шешуде ресми және бейресми дипломатия әдістерін қатар

қолдануға ниетті екенін айқын аңғартты. 2010 жылғы 19 ақпанда Қазақстанның

Мемлекеттік хатшысы әрі Сыртқы істер минстрі, ЕҚЫҰ-ның іс басындағы

төрағасы Қ.Саудабаев «Қазақстан Грекияның төрағалығы кезінде қолға

алынған позитивті тенденцияларды әрі қарай жалғастырып, «Корфу процесін»

дамытуға ниетті. Біз «Корфу процесін» алға жылжытуды бастадық, Еуропадағы

Page 147: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

146

қауіпсіздіктің болашағына қатысты құрылымдық және нақты нәтижелерге қол

жеткізуге бағытталған диалогқа жол салдық», - деп мәлімдеді [143].

Қазақстан тұрақты, бейресми әрі ашық диалог дәстүрін ЕҚЫҰ-ның

Венадағы штаб-пәтерінде мүше елдердің тұрақты өкілдіктерінің арасында

жүргізіп отырды. Осы келіссөздердің нәтижесінде 2010 жылы жазда Алматыда

ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Осы

басқосуда қатысушылар Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық

Ұйымының конфликтілердің алдын алудағы әлеуетін арттыруға нақты

қадамдар жасалды. ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Президенті Петрос

Эфтимиу: «Корфу процесі ЕҚЫҰ-ның диалог жолымен бұрынғы белсенділігін

қайта арттыруына мүмкіндік берді. Негізгі назардың ЕҚЫҰ-ның дағдарысты

жағдайларға ерте әрекет етуі мәселесіне қарай ойысқаны өте маңызды», - деп

мәлімдеді [144].

Бұл кездесудің басты нәтижесі Таулы Қарабақ жанжалын шешу мақсатында

құрылған Минск тобына кіретін мемлекеттердің делегация басшылары мен

Армения және Әзірбайжан президенттерінің Астанада қол қойған мәлімдемесі

болды. Осы бірлескен мәлімдеменің қабылдануына бір жыл ішінде

ұйымдастырылған бейресми кездесулер кезінде қол жеткен уағдаластықтар

әсер етті. «Тараптар конфликтіні бейбіт келіссөздер жолымен шешу

тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік береді және бұл аймақ

халқын бітімге жеткізетін жалғыз жол деген пікірді тағы да қуаттады...

Армения және Әзірбайжан Президенттері Таулы Қарабақ жанжалын

халықаралық құқық принциптері мен нормаларына, Біріккен Ұлттар

Ұйымының Хартиясына, Хельсинки Шартына, сондай-ақ Президенттер

Медведев, Саркози және Обаманың 2009 жылдың 10 шілдесінде және 2010

жылдың 26 маусымында жасаған мәлімдемелеріне сүйене отырып шешуге

ниетті екендіктерін тағы да қуаттайды... Келіссөздерге лайықты атмосфера

қалыптастыру үшін тараптар барлық салаларда сенім қалыптастыру әрекеттерін

қолға алуға келісті», - делінген аталған мәлімдемеде [145]. Бұл құжат Таулы

Қарабақ кикілжіңін құрылымдық тұрғыдан реттеу ісіне үлкен үлес қосты деуге

болады.

Ал Грузияның Абхазия және Оңтүстік Осетия аймақтарындағы жанжалға

қатысты Қазақстан басшылығы Женева пікірталасын жалғасыруды, қарапайым

адамдардың өмір сүруіне көбірек жағдай жасау жолын ұсынды. Ал

Приднестровье дауына байланысты Қазақстан "5+2" форматындағы

келіссөздердің қайта басталуына мұрындық болды.

ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымға басшылық жасау арқылы Қазақстан

халықаралық конфликтілерді шешу мәселесінде үлкен тәжірибе жинады және

кикілжіңдердің алдын алу және реттеу ісінде медиатор болуға лайық екенін

көрсетті. Сарапшылар және саясатшылар Қазақстанның ішкі этносаралық

қатынастарды реттеудегі әлеуетін, Президент Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық

Page 148: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

147

саясаттағы тәжірибесін жоғары бағалады. Бұл шаралардың нәтижесі ЕҚЫҰ-ға

мүше елдердің басшылары қол қойған Астана декларациясынан көрініс тапты

[146].

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен бір жылды қорытындылағанда ТМД-

дағы ұзаққа созылған конфликтілерді шешудің бейресми және ресми әдістері

қатар жүргізілуі керектігін, тараптардың арасында өзара түсіністік пен

әріптестік орнатуға жол ашатын диалог орнатудың маңыздылығын және

қарапайым адамдар арасындағы байланысты нығайтудың кезек күттірмес

мәселе екендігін түсіндік. Осы кезеңде конфликтілердің құрылымдық алдын

алудың алғышарттары жасалып, оның ЕҚЫҰ деңгейінде институтталуына

берік негіз қаланды. Кикілжіңге қатысы бар тараптар арасында мемлекет

басшылары және сыртқы істер министрлері, үкіметтер деңгейінде

бейбітшілікке негізделген өркениетті диалогқа жол салынды.

Бұл бөлім бойынша мынадай тұжырымдар жасаймыз:

1. Конфликтіні күш қолдану арқылы тоқтату әдісі гуманизм тұрғысынан да,

саяси тиімділік тұрғысынан да мүлде қате шешім екендігі дәлелденді. Грузия

да, Әзірбайжан да, Молдова да сепаратистік аймақтарды күшпен қайтару

әдістерін пайдалану арқылы стратегиялық тұрғыдан жеңіліс тапты.

Халықаралық ұйымдар конфликтіні трансформациялау әдісін пайдалану

арқылы аз да болса жетістіктерге жетіп жатқаны байқалады.

2. Кәсіби деңгейі жоғары, қаржылық тұрғыдан ешқандай тарапқа тәуелді

емес үкіметтік емес ұйымдардың конфликт шешудегі рөлі орасан зор. Кейбір

сарапшылардың айтуынша, Дағыстанда 1996 жылы этностық соғысты

болдырмай, елді хаостан аман алып қалған – жергілікті қоғамдық ұйымдар.

А.Каменсиковтың айтуынша, ұлтаралық қақтығыстар басталмай тұрып қауіптің

жақындап келе жатқанын айтып, дабыл қаққан – үкіметтік емес ұйымдар.

Сондай-ақ, ұлтаралық жағдай ушығып тұрған тұста ешқандай ресми қызметі

жоқ ҮЕҰ басшылары халықты өздеріне иландыра алған, тіпті жергілікті

басшылардың өздері олардың көмегіне жүгінген. Жергілікті шешен

қауымдастықтары қоғамдық ұйымдардың дегеніне құлақ асып, ушықтыратын

мәлімдемелер жасамай қалған. Ал Мәскеудегі үкіметтік емес ұйымдар Ресейдің

федералдық басшылығын Дағыстанда ұлтаралық жағдайды реттеуге қатысты

қатаң шаралар қолдануға көндірген [147].

3. Этносаралық соғыстар болмаса «Кавказ форумы» сияқты үлкен аймақтық

ұйымдар құрылып, оның жұмысы дәл қазіргідей белсенді болып жүргізілмес

еді. Соғыстардың кесірінен аймақта қордаланған мәселелер және шетелдік

қоғамдық ұйымдардың белсенділігі азаматтық қоғамды ұйқысынан оятып,

белсенді азаматтық позиция ұстануға, бейбітшілік орнауы үшін еңбек етуге

итермеледі. Бұл ерте дабыл қағу, конфликтіні реттеу салаларында жақсы

тәжірибе жинақтаған білікті мамандардың өсіп шығуына жағдай жасады. Осы

тұрғыдан алғанда конфликтінің пайдалы жағы да болды.

Page 149: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

148

4. Конфликтілердің күш қолдану жолымен тоқтатылуы, демократиялық

саяси жүйенің қалыптаспауы – азаматтық қоғамның даму процесін тежейтін

басты факторлар. Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағында Мәскеуге шын берілген

басшылар билікке келіп, орталыққа бағындырылған автократиялық саяси жүйе

орнады. Мұның соңы елдің қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмайтын

бағдарламалардың қабылдануына, халықтың оған сенімсіздікпен қарауына

және ел арасында наразылықтың қайта өршуіне алып келді.

5. Медиацияның жалпыкавказдық форматы конфликтілерді реттеудің

эволюциялық әдісі алыс болашақта бейбітшілікке жетудің ең оңтайлы жолы

екенін дәлелдеді. Ынтымақтастық пен қатарласа даму процесінің арқасында

бейбіт қатар өмір сүрудің моделі өздігінен қалыптасады. Жалпыкавказдық

медиация форматы аймақтық деңгейде жүзеге асырылғанда ғана бұл процестің

нәтижелі болатынын көрсетті.

3.3 Конфликтілердің алдын алу мен реттеуге байланысты ұсыныстар

(Кавказ елдеріндегі эксперттік сауалнама негізінде)

Кавзказ елдерінде қолданылған конфликтілердің алдын алу және реттеу

технологияларының қаншалық тиімді болғанын және соғыс болған

аймақтардағы халықтың конфликтілерді реттеу шараларына көзқарасын білу,

нақты ұсыныстарын анықтау мақсатында 2012 жылғы тамыз-қазан айлары

аралығында Әзірбайжан, Армения және Грузияда, сондай-ақ, сепаратистік

аймақтар – Таулы Қарабақта, Оңтүстік Осетия мен Абхазияда Интернеттің

көмегімен эксперттік сауалнама жүргізілді. Эксперттік сауалнамаға әр елден

және аймақтан 5 адамнан, жалпы саны 30 адам қатысты. Сауалнаманың

мақсаты – жергілікті сарапшылардың конфликтіге қатысты білімін, көзқарасын

және ұстанымын анықтау болды.

Сауалнама http://freeonlinesurveys.com сайтының көмегімен қашықтықтан

жүзеге асырылды. Сауалнамаға журналистер, саясаттанушылар, үкімет

мүшелері, парламент депутаттары, конфликт шешумен айналысып жүрген

үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Респонденттер қоғамның түрлі

бөліктерінен, әртүрлі саяси көзқарастағы мамандардың арасынан таңдалды. Әр

ел және әр аймақ бойынша конфликт тақырыбына жазып жүрген

журналистердің, конфликт шешуге араласып жүрген саясаткерлердің, мәселені

зерттеп жүрген саясаттанушы, әлеуметтанушы мамандардың ұзын тізімдері

жасалды. Содан кейін олар мамандығына, кәсіби біліктілігіне, мемлекеттік

билікке қатыстылығына, үкіметтік емес ұйымдағы рөліне, халықаралық

ұйымдағы атқаратын қызметіне қарай 1) журналистер; 2) саясаттанушылар; 3)

биліктегілер; 4)ҮЕҰ өкілдері; 5) халықаралық ұйым өкілдері деген топтарға

топтастырылды. Әр топтан бір адамнан таңдалып, оларға электрондық

поштамен сауалнаманың сілтемесі жіберілді. Респонденттермен скайп,

электронды пошта және телефон арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Page 150: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

149

Жауап берушілердің тек өз елдерін, аймақтарын атауға рұқсат берілді,

қалған жеке ақпараттың барлығы құпия сақталатыны ескертілді. Сауалнамада

респонденттерге орыс тілінде ашық және жабық формадағы алты сауал

қойылды. Кейбір сұрақтарда бірнеше жауапты таңдауға болатыны ескертілді.

«Сіздің ойыңызша, Кавказдағы конфликтілердің алдын алу мен

реттеудегі қандай әдістер сәтті болды? (1994 жылдан бастап қазірге дейінгі

кезеңде)» деген сұрақты қоюдағы мақсат – сарапшылардың пайдаланылған

реттеу әдістеріне жалпы көзқарасын білу болатын. Жауаптардың арасында

«күш қолдану әдісі» деген де вариант болды. Респонденттерге бірнеше жауапты

таңдауға немесе өз вариантын жазуға мүмкіндік берілді. Сарапшылардың

жауаптарынан белгілі болғанындай, мамандардың басым көпшілігі (20 адам)

балама дипломатия, бейресми кездесулер, семинарлар әдісін кикілжіңді

реттеудегі ең оңтайлы әдіс деп тапқан. Өкінішке қарай, олар халықаралық

ұйымдардың, медиаторлардың араласуымен өткізілетін ресми келіссөздерге

күмәнмен қарайды. Бұл әдістің қазіргі қоғамдық-саяси өмірдегі институтталған

және ресми түрде мойындалған бірден-бір тәсіл екендігіне қарамастан, бұл

әдістің тиімділігін тек 12 респондент мойындаған. Есесіне, 9 адам ешбір әдістің

нәтиже бермегенін айтқан. Күш қолдану әдісінің әлі де күн тәртібінен түспей

тұрғанын сарапшылардың жауаптары да дәлелдеді. Бұл әдісті 7 адам ең тиімді

әдіс деп мойындаған. Олардың 4-уі Таулы Қарабақтан, ал 3-уі Оңтүстік Осетия

атынан жауап бергендер.

«Сіздің еліңіз қатысқан конфликтіні реттеуде қай тарап шешуші рөл

атқарды деп ойлайсыз?» деген жабық сұраққа әр топ үшін әртүрлі

жауаптардың варианттары ұсынылды. Жауаптардан байқағанымыз,

сарапшылардың өздері халықаралық ұйымдардың беделі мен әлеуетіне онша

жоғары баға бермейді. Ресейді саяси мүдде тұрғысынан әрекет етуде деп

сынаған күннің өзінде респонденттер бұл елді Кавказдағы кикілжіңдерді

шешудегі басты күш деп таныған (14 дауыс), ал халықаралық ұйымдар екінші

орында тұр (13 дауыс). Жауап берушілер өз елдері (аймақтары) басшыларының

кикілжіңді шешудегі мүмкіндігіне мүлде сенбейді. Тіпті, іс жүзінде

Арменияның қамқорлығының арқасында де-факто егемендігін сақтап отырған

Таулы Қарабақ сарапшыларының басым бөлігі бұл жағдайға жетуіміз –

халықаралық ұйымдардың қамқорлығының арқасы деп санайды. Грузия мен

Оңтүстік Осетияның сарапшылары да өз басшыларынан гөрі халықаралық

ұйымдардың беделін жоғары бағалайды.

«Қай тарап/тараптар (халықаралық ұйым, мемлекет немесе саяси

тұлға) сіздің ел қатысқан конфликтіге медиатор болуға лайық деп

ойлайсыз?» деген сауалға жауап бергендердің ешқайсысы Ресейді немесе

басқа бір көрші елді медиатор ретінде ұсынбаған. Сарапшылардың көпшілігі

Еуроодақты ең қолайлы медиатор деп санайды (11 дауыс). Мұның себебі

Еуроодақтағы реттеу механизмдерінің лайықты жұмыс істеуінде және

Page 151: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

150

өміршеңдігін дәлелдеуінде болса керек. ЕҚЫҰ (7 дауыс) мен БҰҰ-ға (8 дауыс)

деген сенімнің төмендеу болатыны олардың аймақтағы дауды шешуде лайықты

рөл ойнай алмауынан және БҰҰ-дағы шешім қабылдау және оны орындату

механизмдерінің дұрыс қалыптаспауынан болса керек. 2 респондент ешбір

тараптың медиатор болуға лайық еместігін айтса, 2 респондент АҚШ-ты ең

лайықты медиатор деп санайды. 3 респондент бірнеше тараптан құралған

медиаторлар тобын құрып, оның мәртебесі мен функциясын айқындау

керектігін айтқан.

«Сіздің ел қатысқан конфликт жуық арада қайта ушығуы мүмкін деп

ойлайсыз ба?» деген сауалға респонденттердің басым көпшілігі (24 адам)

«қазіргі қалпында қалады» деп жауап берген. «Оны болжау мүмкін емес» (6

адам) деп жауап бергендер елдегі ерте дабыл қағу механизмдерінің дұрыс

жұмыс істемейтініне назар салып отырса керек.

«Конфликтілердің ерте алдын алу процесінде сіздің елдің үкіметтік емес

ұйымдарының рөлі қандай деп ойлайсыз?» деген сауалға сұралғандардың

17-сі 1990-жылдармен салыстырғанда көбірек рөл ойнайды» деп жауап берген.

Ал 6 сарапшының айтуынша, ҮЕҰ-дар конфликтілердің алдын алуда мүлде рөл

ойнамайды деп санайды. Мұндай жауап бергендердің көпшілігі Әзірбайжан

мен Армения сарапшылары. Бұл – аталған елдердегі азаматтық қоғам

дамуының бір көрсеткіші болса, екіншіден, үкіметтік емес ұйымдардың

сепаратистік аймақтардағыдай белсенді жұмыс істеп жатпағанын дәлелдейді. 5

сарапшы қоғамдық ұйымдар конфликтілердің алдын алуда шешуші рөл

ойнайды деп жауап берген. Олар – Грузия (1 адам), Абхазия (2 адам), Оңтүстік

Осетия (1), Таулы Қарабақ (1) топтарының сарапшылары. Әзірбайжандық 2

сарапшы үкіметтік емес ұйымдар 1990-жылдардан бері ешқандай дамыған жоқ

деп санайды.

«Қазіргі уақытта Кавказдағы конфликтілерді шешудің қандай әдістерін

пайдаланған дұрыс?» деген соңғы сұраққа сұралғандардың көпшілігі

«халықаралық ұйымдардың, медиаторлардың араласуымен келіссөздер

жолымен реттеу керек» (18 адам) және «балама дипломатия әдістерін

пайдалану қажет» (17 адам) деп жауап берген. 10 адам жергілікті үкіметтік емес

ұйымдардың қызметіне жүгінуді жөн деп тапса, 6 респондент әзірге тайм-аут

алып, конфликтіге мүлде араласпау керек деп санайды. Бір қызығы, күш

қолдану әдісінің тиімді болғанын айтқан сарапшылар енді ол әдісті қолдануды

қажет емес деп санайды, себебі «әскери жолмен шешу» деген жауапқа бірде-бір

адам дауыс бермеген. Әзірбайжандық бір сарапшы конфликтілерді шешуден

бұрын алдымен халықаралық құқық нормаларын түбегейлі өзгертіп, БҰҰ-ның

Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған құжаттарды орындауды міндеттеу керек деген

пікірін айтқан. Демек, мұнда халықаралық құқық нормаларындағы

қайшылықтар мәселесі көлденең шығады.

Page 152: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

151

Сауалнама нәтижесін қорытындылайтын болсақ, мынадай тенденцияларды

байқаймыз:

1. Күш қолдану әдісінің жағдайды біршама тұрақтандырғаны рас, бірақ

бұдан былай оның ұзақмерзімді бейбітшілік тұрғысынан алып қарағандағы

тиімділігі күмәнді.

2. Ресей 1990-жылдары Кавказдағы кикілжіңдерді реттеуде шешуші рөл

атқарды, бірақ бұл оның конфликт шешудегі әлеуеті мен беделін білдірмейді.

Бұл – белгілі бір тарихи кезеңдегі аймақтағы күш арасалмағының көрінісі ғана.

Кеңес одағы тарағаннан кейінгі кезеңде батыстағы ойыншылар, халықаралық

ұйымдар жағдайға белсене араласуға дайын болмай қалды.

3. Келешекте конфликтілерді реттеуде халықаралық ұйымдардың

араласуымен болатын ресми келіссөздер мен балама дипломатия әдісін

пайдаланатын бейресми кездесулердің, тренингтер мен семинарлардың,

мәдени, рухани бағдарламалардың рөлі артпақ.

4. Аймақтағы үкіметтік емес ұйымдар біртіндеп конфликтінің алдын алу

және реттеу ісінде біраз тәжірибе жинап, әлеуетін арттырып келеді. Бұл

процесс әсіресе от ошағы болған сепаратистік аймақтарда және демократиялық

даму жағынан салыстырмалы түрде ілгерірек тұрған елдерде үлкен қарқынмен

жүріп жатыр.

5. Қазіргі сәтте Кавказдағы конфликтіге қатысушы тараптар оны

ушықтыруға құлықты емес.

Page 153: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

ҚОРЫТЫНДЫ

Диссертацияның басты жетістігі – мұнда біз этностар арасындағы

келіспеушіліктер тақырыбын зерттеудің қаншалық маңызды екенін дәлелдедік.

Этностық бірегейлік – қоғам ұжымдасуының ең берік әрі рухани-мәдени

тұрғыдан тұрғыдан терең болып келетін ерекше түрі, сондықтан көпэтносты

қауымдарда пікір алшақтығы туындап отырады. Бұл – заңды да табиғи құбылыс

және ол өркениетті дамуға, қоғамды ұйыстыруға, бейбітшілік пен келісім

ұғымдарына қайшы келмейді. Мемлекеттік институттардың, азаматтар мен

зиялы қауымның міндеті – осы әркелкілікті ұлттық ұйысудың құралы ретінде

пайдалануға күш салуы керек. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, диссертацияның

тұжырымдары Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясының дұрыстығын

дәлелдейді.

Есесіне, бұл ғылыми еңбек кеңес заманынан сақталып қалған

проблемаларды жасырып-жабу әдетінен арылатын кез келгендігі туралы

тұжырым жасауға итермелейді. Этностар арасындағы дүрдараздықты дер

кезінде анықтау оларды әрі қарай ушықтырмай, мәселелердің түп-тамырына

терең үңіліп, уақытында шешуге мүмкіндік береді. Бұл үшін қоғамда

этносаралық қарым-қатынастың табиғатына деген шынайы да объективті

көзқарас қалыптасуы керек. Мемлекет сауатты этностық саясатты жүргізуге

ықпал ететін нормативтік-құқықтық база әзірлеп, тиісті институттық

құрылымдарды қалыптастыруы тиіс. Бұл этностар арасындағы бұрыннан келе

жатқан стереотиптерді өзгертіп, позитивті, достық қарым-қатынастың дамуына

жәрдемдеседі.

Этносаралық конфликтілерді типтеу – шартты нәрсе, себебі конфликт –

көпқырлы, көпсатылы әрі динамикалық әлеуметтік құбылыс. Диссертациялық

еңбекте таза «этностық» конфликтінің болмайтыны, «этностық» деп айдар

тағылған кикілжіңдердің барлығы бір-бірімен тығыз байланыстағы түрлі

әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани факторлардың бір арнаға

тоғысуынан туындайтыны дәлелденді. Сондықтан, мемлекет пен жалпы қоғам

этностар арасындағы ахуалды үнемі қырағы бақылауда ұстап отыруы керек.

Яғни, қоғам дамуының барлық негізгі индикаторларына тұрақты мониторинг

жүргізу ісі қолға алынуы тиіс. Әрі бұл мемлекеттің ғана емес, көзіқарақты

азаматтық қоғамның көмегімен жүзеге асуы қажет.

Қазақстанның демократиялық даму стратегиясы этносаралық қарым-

қатынасты реттеудің қағидаларымен ұштасып жатыр. Яғни, тек адам

құқықтары сақталатын, заң үстемдігі орнаған, билік институттары өз

міндеттерін мүлтіксіз атқаратын қоғамда этностар арасындағы қарым-

қатынасты өркениетті түрде қалыптастыруға мүмкіндік бар. Жемқорлық, сөз

бостандығын шектеу, конфликтофобия – этностар арасындағы

түсініспеушілікті арттыратын, бұрыннан бар араздықты одан әрі ұлғайтатын

Page 154: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

153

факторлар. Диссертацияда осы қағидалардың барлығы дамыған Батыс

елдерінің мысалында жан-жақты дәлелдер арқылы тұжырымдалған.

Кеңес одағы тарағаннан кейін бұрынғы одақтас республикаларда орын алған

түрлі этносаралық қақтығыстар көптеген факторлардың тоғысуынан болды.

Адам шығындарына алып келген қарулы қақтығыстар, кейбір елдердің

аумақтық тұтастығына қатер төнуі бұл елдерде конфликтілерді болжаудың

және шешудің өркениетті механизмдері қалыптаспағанын дәлелдеді. Белгілі бір

қоғам деструктивті конфликтілерге жол берсе, демек ол қоғам қақтығысты

болжауда кеш қалып қана қоймай, оны реттеуде де дұрыс технологияларды

пайдалана алмады деген сөз. Конфликтілерді реттеу қалыптасқан объективті

жағдайды толық зерттеп, сол сәттегі қажеттіліктерге сай сауатты әрекет ету

арқылы жүргізілуі тиіс. Этностар арасындағы айырмашылықтарды жою

әрекеттері қысқамерзімді жетістіктерге жол ашқанымен, алыс болашақ

тұрғысынан алып қарағанда лайықты нәтиже бере алмайды.

Зерттеуде дәстүрлі дипломатиямен қоса бейресми дипломатияның

конфликтілерді шешудегі мүмкіндіктері жан-жақты дәлелденді әрі посткеңестік

кеңістікте балама дипломатия әдістері кең қолданылмағандықтан, кикілжіңнің

ауыр зардаптар алып келгені айтылды. Бейресми дипломатиялық әдістер Кавказ

елдеріндегі қатқан тоңды жібітуге, араздасқан халықтар арасындағы

идеологиялық антагонизмді бәсеңдетуге мүмкіндік бергені баяндалды.

Бейресми дипломатия ең алдымен саяси шешімдердің қабылдануына емес,

қарапайым халық арасындағы түсіністік, рухани байланыс орнатуға

бағытталған. Жүйеленген бейресми дипломатиялық әдістер стереотиптерді

өзгертіп, мемлекеттік саясатқа ықпал етуге де мүмкіндік береді.

Диссертацияда мемлекеттік құрылыстың этносаралық жағдайды реттеуге

әсері туралы жан-жақты айтылды. Мемлекеттік құрылыс елдегі барлық

этностық топтардың қажеттіліктері мен талап-тілектерін ескере отырып

қалыптасуы керек.

Зерттеу еңбегінің гипотезасы тиісті аргументтердің және фактілердің

көмегімен дәлелденді. Яғни, дер кезінде, сауатты түрде, білікті адамдардың

атқаруымен жүзеге асырылған технологиялардың арқасында кез келген

этностық конфликтінің алдын алуға болады. Бұл тұрғыда азаматтық қоғамды

қалыптастырып, мемлекет құруды жаңадан қолға алған жас мемлекеттер Батыс

мемлекеттерінің, халықаралық ұйымдардың мол тәжірибесін пайдалануы тиіс.

Диссертациядағы қамтылған мәселелерді қорыта келе мынадай нақты

тәжірибелік ұсыныстарды алға тартамыз:

Біріншіден, ұлтаралық келісім және татулық идеологиясын Қазақстан

Республикасы дамуының басты алғышарттарының бірі ретінде сақтай отырып,

сол идеология аясында этносаралық конфликтілердің құрылымдық алдын

алудың кешенді бағдарламасын жасау ұсынылады. Бұл бағдарлама этносаралық

Page 155: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

154

конфликтілерді басқарудағы қоғамдық және мемлекеттік институттардың

әрқайсысының рөлін нақты анықтауға тиіс.

Жетекші ғалымдардың, ғылыми-зерттеу орталықтарының қатысуымен

әзірленетін бұл бағдарлама этносаралық конфликтілерді құрылымдық алдын

алу идеясын жалпы мемлекеттік саясаттың және қоғамдық дамудың бағдар

берер маңызды құжатына айналдыра алуы керек. Бұл құжат ұлтаралық

татулықтың қоғамда қалыптасқан декларативтік сипатын өзгертіп, этносаралық

мәселелерді батыл талқылап, саясиланған этносаралық проблемаларды

шешудің жолдарын өркениетті түрде, өздігімен іздейтін қоғамның

қалыптасуына жол ашуы қажет. Бағдарлама мемлекеттік қызметкерлердің

ұлтаралық мәселелерге қатысты ұғым-түсініктерін кеңейтіп, олардың ортақ

ережелердің аясында әрекет етуіне және этносаралық кикілжіңнің алдын алу

мәдениетін қалыптастыруына жәрдемдесуі тиіс. Бұл үшін конфликтілерді

басқару субъектілеріне (мемлекеттік билік органдары мен күш

құрылымдарының өкілдеріне) арнайы этнологиялық және конфликтологиялық

білім берілуі керек.

Бұл бағдарламаның аясында жалпы қоғамда конфликтіге қатысты көзқарас

өзгеріп, оны адамзат өмірінде болып тұратын заңды құбылыс деп қарау үрдісі

қалыптасады. Осы мақсатта мектептерде, жоғары оқу орындарында

«конфликтілерді басқару», «этносаралық толеранттылық» пәндері оқу

бағдарламасына енгізіліп, жастардың бұл құбылысты ерте бастан түсініп, оны

шешудің әдістерін біліп өсуіне жәрдемдесу керек.

Мемлекет азаматтық қоғам институттарымен, бұқаралық ақпарат

құралдарымен бірлесіп 1) этностар арасындағы толеранттылық және өзара

құрмет; 2) тұрақтылық пен бейбітшілік экономикалық өрлеу мен әлеуметтік

қамсызданудың кепілі; 3) бейбіт өмірдің конфликтімен салыстырғандағы

артықшылықтары; 4) этномәдени автономия мен мәдени қарым-қатынасты

ұлттар арасындағы түсініспестік пен стереотиптерді жоюдың құралы ретінде

пайдалану тақырыптарында насихат жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Мемлекет басшысының өзі ерекше атап кеткеніндей, Қазақстанда ұлтаралық

татулық пен бірлікті баянды етудің басты факторы – мемлекеттік тіл.

Сондықтан, мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын ұйыстыратын ортақ құралға

айналуы этносаралық конфликт қаупін азайтудың басты алғышарты ретінде

қарастырылуы тиіс.

Екіншіден, президенттің немесе басқа да орталық билік органының жанынан

кешенді ерте дабыл қағу жүйесі бар ғылыми-зерттеу орталығын ашу керек.

Немесе, қазіргі бар ғылыми-зерттеу орталықтарының бірін этносаралық

конфликтілердің ықтималдығын болжап отыру фунциясын атқара алатындай

қаржылық, материалдық-техникалық және адами ресурстармен қамтамасыз ету

қажет.

Page 156: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

155

Бұл орталық ғылыми және қолданбалы бағытта жұмыс істеп, осы

диссертацияда аталған этносаралық мәселелерді ушықтыруы мүмкін деген

факторлар мен индикаторлар бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіп

отыруы керек. Мемлекеттің өз функцияларын жүзеге асыру әлеуеті,

демократиялық реформалардың лайықты түрде іске асуы, заң үстемдігінің

қалыптасуы, қауіпсіздік факторлары бойынша зерттеулер жан-жақты негізде

әрі тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге, бұл орталық тұрақты негізде

мемлекеттің әлсіздік индексін жасап отырады және ондағы өзгерістерге қарай

үкіметке тиісті көрсеткіштерді жақсартуға қатысты өз ұсыныстарын жеткізіп

тұрады.

Жаңа орталық мемлекеттің ең оңтайлы ұлттық саясатты анықтауына тікелей

жәрдемдесіп, даму стратегиясын анықтауға ат салысады және қоғамдағы

жақсылы-жаманды өзгерістерді үнемі бақылап, үкіметтің ыңғайлы тактикалық

әдістерді таңдауына ықпал етеді. Қажет болған жағдайда Қазақстан

Республикасында қалыптасқан институттық инжинирингті этносаралық

келіспеушіліктерді реттеу тұрғысынан қайта қарау, сайлау жүйесін, басқару

жүйесін және билік тармақтарының арасындағы билік бөлінісін оңтайландыру

мәселелерін сараптау керек.

Бұл ғылыми-тәжірибелік орталық Батыстың конфликтілерді басқару, ерте

дабыл қағу мәселелеріне қатысты озық әдістерін Қазақстандағы ахуалды ескере

отырып пайдалануы керек. Ол үшін орталық халықаралық ұйымдармен,

конфликт шешу ісінде көп тәжірибе жинаған мемлекеттердің тиісті

мекемелерімен, үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты алмасу бағдарламаларын

ұйымдастырып, олардың тәжірибелерін үйренуге күш салуы тиіс.

Үшіншіден, Қазақстанның кешенді этностық картасын әзірлеуді ұсынамыз.

Бұл карта ерте дабыл қағу жүйесінің құрамдас бөлігі бола тұрып, Қазақстанды

мекендейтін әрбір этностық топтың ерекшеліктерін, олардың мұң-мұқтаждары

мен хал-ахуалын жан-жақты зерттеуді мақсат тұтады. Картада этностық

топтардың оқшау әрі тығыз орналасуы, демографиялық өсім, қоғамға

интеграциялану деңгейі, депривация дәрежесі, тарихи, геосаяси, мәдени

факторлардың ұлтаралық қарым-қатынасқа әсері объективті түрде зерттеліп,

талдануы керек. Бұл карта үнемі жаңартылып, толықтырылып отыруы тиіс.

Төртіншіден, бұл ұсыныстар тек демократиялық реформаларды тереңдетіп,

баспасөз бостандығына толық кепілдік беріп, заңның үстемдігіне қол жеткізген

жағдайда табысты болатыны аян. Ғылыми зерттеуде дәлелденгеніндей, ашық

әрі еркін қоғамда конфликтілердің алдын алу да, реттеу де әлдеқайда оңайырақ

болады. Сондықтан, азаматтық қоғамның дамуы – мемлекет тұрақтылығының

басты кепілі деген ұғым қалыптасуы керек. 1) Қаржылық тұрғыдан тәуелсіз

үкіметтік емес ұйымдар жүйесі, 2) цензурадан ада, қоғам алдындағы

жауапкершілікті сезінетін, объективті әрі кәсіби ақпарат құралдары, 3)

мемлекет пен қоғам арасындағы, этностық топтар арасындағы өркениетті, өзара

Page 157: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

сенім мен құрметке негізделген диалог – конфликтілердің алдын алудың

және ерте дабыл қағудың басты үштағаны бола алады.

Page 158: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Fearon J., Laitin D. Ethnicity, Insurgency, and Civil War // American Political

Science Review. - 2003. – Vol.1. - P. 97.

2 UN Security Council Resolution 1325, October 2000.

3 Wolff Stefan. Ethnic conflict: a global perspective. - New York: Oxford

University Press, 2006. - P.147.

4 Межнациональное согласие - это нервная система любой страны - Н.

Назарбаев // Казинформ. – 2010, май – 01 //

http://www.inform.kz/rus/article/2264124

5 Межнациональные и межконфессиональные отношения в Республике

Казахстан (по результатам социологического исследования) / Под ред.

Б.К.Султанова. – Алматы: КИСИ, 2010. - Стр. 5.

6 Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасы. 2010 жыл.

7 Курганская В.Д. Некоторые методологические проблемы мониторинга

межэтнических отношений в Республике Казахстан // Казахстанская модель

межэтнического согласия: состояние и перспективы. – Алматы: КИСИ, 2007. –

Стр. 107.

8 Светлов В., Семенов В. Конфликтология. – Санкт-Петербург, 2011. – С. 8.

9 Авксентьев В. А. Этическая конфликтология. - Ставрополь: Изд-во СГУ,

1996. - С. 49-52.

10 Horowitz Donald. Ethnic Groups in Conflict. - Berkeley: University of

California Press, 2000. – 711 p.

11 Центр по изучению межэтнических и межконфессиональных отношений

// http://pa-academy.kz/ru/Institutes/EthnicCenter.aspx

12 Брагин А.А. Регулирование этнических конфликтов: предупреждение и

разрешение: диссер. … канд. социол. наук. – Белгород, 2001.

13 Нерсисян А.Х. Этнополитические конфликты в Закавказье: Особенности

протекания и перспективы урегулирования: диссер. … канд. полит. наук. –

Москва, 2003.

14 Барбарян К.Б. Этнополитические конфликты в закавказском регионе:

истоки и развитие: диссер. … канд. полит. наук. – Москва, 2007.

15 Филин И.В. Урегулирование межэтнических конфликтов в современной

России: диссер. … канд. полит. наук. – Москва, 2007.

Page 159: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

158

16 Буянова Н.В. Динамика этнополитического конфликта в современных

демократиях (теоретико-методологический анализ): диссер. … канд. полит.

наук. – Казань, 2007.

17 Большаков А.Г. Этнические вооруженные конфликты в

посткоммунистических государствах европейской периферии: диссер. … док.

социол. наук. – Казань, 2009.

18 Борисов И.И. Этнические конфликты в условиях становления

независимого государства (на примере Грузии): диссер. … канд. полит. наук. –

Москва, 2002.

19 Тагиров А.Р. Социальные и межэтнические конфликты: особенности

прогнозирования: диссер. … канд. социол. наук. – Казань, 1995.

20 Сергеев С.И. Особенности регулирования межэтнических отношений в

Кавказских Мин. Водах: диссер. … канд. полит. наук. – Белгород, 2001.

21 Шипилова Н.Н. Региональные этнополитические конфликты: технологии

продуцирования и урегулирования: диссер. … канд. полит. наук. – Ростов-на-

Дону, 2005.

22 Cordell Karl, Wolff Stefan. Ethnic conflict. Causes-Consequences-Responses.

– Cambridge: Polity Press, 2009. – 304 р.

23 Esman Milton. An introduction to ethnic conflict. – Cambridge: Polity Press,

2004. – 200 р.

24 Медведев Н.П. Этнос, нация и политика: Еще раз о сущности понятий //

Вопросы политологии. – 2011. – №3 – С. 71.

25 Smith Anthony. National Identity. – London: Penguin, 1991. – P.20.

26 Connor Walker. Ethnonationalism: The Quest for Understanding. – Princeton:

Princeton University Press, 1994. – P.104.

27 Brubaker R. Ethnicity without groups. – Harvard: Harvard University Press,

2004. – P. 11.

28 Арутюнов С.А., Чебоксаров Н.Н. Передача информации как механизм

существования этносоциальных и биологических групп человечества // Расы и

народы. – 1972. – Вып. 2.

29 Шабаев Ю.П., Садохин А.П. Этнополитология. – Москва, 2005. – С. 101.

30 Anderson Benedict. Imagined communities. – London:Verso, 2006. P.6

31 Малинин Г.В., Дунаев В.Ю., Курганская В.Д., Нысанбаев А.Н. Теория и

практика межэтнического и межкультурного взаимодейтствия в современном

Казахстане. – Алматы, 2002. – C. 20.

Page 160: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

159

32 Oxford Concise Dictionary of Politics. – New York: Oxford University Press,

2003. – Р. 178.

33 Harvard Encyclopedia of American Ethnic Groups // Ed. Stephan Thernstrom.

– Harvard: Harvard University Press, 1980. – p. vii.

34 Gilley Bruce. Against the concept of ethnic conflict // Third World Quarterly.

– 2004. – Vol. 25, No. 6. – P.1157.

35 Deutsch Karl. Nationalism and Social Communication. – Cambridge:

M.I.T.Press, 1953. – Р.45.

36 Ямсков А. Этнический конфликт: проблемы дефиниции и типологии //

Идентичность и конфликт в постсоветских государствах. – Москва:

Московский центр Карнеги, 1997. – С. 205-211.

37 Дмитриев А.В. Социальный конфликт. Общее и особенное. – М., 2002. –

С. 59.

38 Zurcher, Christopher. The Post-Soviet Wars. - New York: New York

University Press, 2009. – 308 p.

39 М.Жанұзақұлы. Таулы Қарабақ – Кавказдағы үшінші бомба // Жас Алаш.

– 2008, желтоқсан.

40 Насимова Г. Политическая конфликтология. – Алматы, 2008. – стр.79.

41 Carment D. The International Dimensions of Ethnic Conflict: Concepts,

Indicators, and Theory // Journal of Peace Research. – 1993. - Vol. 30, no. 2. -

Р.137-150.

42 Davies N. Europe: A history. – New York: Oxford University Press, 1996. –

Р.896.

43 Weber Thomas. Gandhian philosophy, conflict resolution theory and practical

approaches to negotiation. Journal of Peace Research. – 2001. – Vol.38, No.4. –

P.493-513.

44 Louis Fischer. The life of Mahatma Ghandi. – Delhi: Thomson Press, 2010. –

671 p.

45 Journey through conflict, narratives and lessons // Ed. H.Alker, T.Gurr,

K.Repesinghe. Lanham: Rowman and Littlefield publishers’ ltd., 2001. – P. 9.

46 Lund Michael. Preventing violent intrastate conflicts: Learning Lessons from

Experience. – Van Tongeren: van de Veen & Verhoeven, 2002. – P.99.

47 Boutros-Ghali Boutros. Agenda for Peace: Preventing Diplomacy,

Peacemaking and Peacekeeping. / Report of the Secretary-General. – New York:

United Nations, 1992.

48 Ackerman Alice. The idea and practice of conflict prevention // Journal of

Peace Research. – 2003. – Vol.40, No.3. – P.339.

Page 161: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

160

49 Miall H., Ramsbotham O., Woodhouse T. Contemporary conflict resolution:

the prevention, management and transformation of deadly conflicts. – Washington:

Polity press, 1999. – P.97.

50 Annan Kofi. Toward a culture of prevention: Statements by the Secretary-

General of the United Nations. – New York: Carnegie Commission on Preventing

Deadly Conflicts, 1999.

51 Preventing Violence, War and State Collapse The future of conflict early

warning and response. – Paris: OECD Publishing, 2009. – P.48

52 Gurr T., Harff B. Conceptual, Research, and Policy Issues in Early Warning

Research: An Overview // Journal of Ethno-Development. – 1994. – Vol. 4, No. 1. –

P. 3–14.

53 FEWER – Eurasia web-page // http://www.fewer-

international.org/pages/eurasia/

54 Фонд за международную толерантность (Кыргызстан) //

http://www.fti.org.kg/index.php

55 Stewart Emma. The EU and conflict prevention. – Berlin: Lit-Verlag, 2006. –

P.115.

56 Ackerman Alice. Making peace prevail: Preventing Violent Conflict in

Macedonia. – Syracuse: Syracuse University Press, 2000. – P.43.

57 Ершов А. Личность и коллектив (межличностные конфликты в

коллективе и их разрешение). – Ленинград, 1979. – С.32.

58 Wolff Stefan. Ethnic conflict: a global perspective. – New York: Oxford

University Press, 2006. – Р.147.

59 Фельдман Д.М. Политология конфликта. – Москва, 1998. – С.139.

60 Косолапов Н. Конфликты в СНГ: некоторые вопросы методологии

исследования // МЭИМО. – 1994. – №8-9. – С.61.

61 Yalem Ronald. Controlled Communication and Conflict Resolition // Journal of

Peace Research. – 1971. – Vol. 8, No 3 /4. – P.264

62 Esman Milton. The Management of Communal Conflict // Public Policy. –

1973. – Vol.21. – P.55.

63 Nordlinger Eric. Conflict Regulation in Divided Societies // Harvard University

Center for International Affairs. – 1972. – Vol.29. – P.11.

64 Ayres William. Mediating international conflict: Is image change necessary? //

Journal of Peace Research. – 1997. – Vol.34, No.4. – P.433.

65 Burton John. Resolution of conflict // International Studies Quarterly. – 1972. –

Vol.16. No.1. – P. 5-29.

Page 162: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

161

66 Gurr T. Minorities at Risk: A Global View of Ethnopolitical Conflicts. –

Washington, D.C.: United States Institute of Peace Press, 1993. – Р.ч

67 Cohen F.S. Proportional versus Majoritarian Ethnic Conflict Management in

Democracies // Comparative Political Studies. – 1997. – Vol. 30 (5). – P.607.

68 Вячеслав Гобозов. Республика Южная Осетия: Пути развития. Иллюзии и

реальность // http://cominf.org/node/1166495354.

69 Lijphart Arend. Typology of Democratic Systems // Comparative Political

Studies. – 1968. – No 1. – P. 104.

70 McGarry J., O’Leary B. The Politics of Ethnic Conflict Regulation. – London:

Routledge,1993. – P.4.

71 Schneckener Ulrich. Models of Ethnic Conflict Regulation: The Politics of

Recognition / Schneckener Ulrich, Wolff Stefan (eds.) Managing and Settling Ethnic

Conflicts: Perspectives on Successes and Failures in Europe, Africa and Asia. – New

York: Palgrave, 2004. – P. 18.

72 Azerbaijan: Seven Years of Conflict in Nagorno-Karabakh. – Helsinki: Human

Rights Watch, 1994. Р.6.

73 Mulaj Klejda. Ethnic cleansing and the provision of in/security // Security

Dialog. – 2007. – Vol.38, No.3. – P. 339.

74 Дятченко Л.Я. Социальные технологии в управлении общественными

процессами. - Белгород: Центр социальных технологий, 1993. – С.73.

75 Данакин Н.С., Дятченко Л.Я. Технологии сотрудничества и

противоборства. - Белгород: Центр соц. технологий, 1993. – С.62.

76 Данакин Н.С., Дятченко Л.Я., Сперанский В.И. Конфликты и технологии

их предупреждения. - Белгород: Центр соц. технологий, 1996. – С.67.

77 Новое признание Санакоева по поводу его предыдущего откровения //

http://kavkasia.net/Georgia/article/1296623917.php

78 International Conflict resolution after the cold war // Ed. Paul Stern, Daniel

Druckman, National Research Council. – Washington, D.C.: National Academy

Press, 2000. – P. 2.

79 Lewis Gaddis John. The long way to peace: The elements of stability in the

postwar international system // The cold war and after: prospects for peace. –

Cambridge: MIT Press, 1991. – P. 1-44.

80 Diehl Paul, Druckman Daniel, Wall James. International peacekeeping and

conflict resolution: A taxonomic analysis with implications // The Journal of Conflict

Resolution. – 1998. – Vol.42, No.1. – P.33.

Page 163: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

162

81 Fisher Ronald. Interactive conflict resolution. – New York: Syracuse

University Press, 1997. – P.8.

82 Hill Barbara. An analysis of conflict resolution techniques: From problem-

solving workshops to theory // The Journal of Conflict Resoultion. – 1982. – Vol.25,

No.1. – P.109.

83 Conflict in World Society: A New Perspective on International Relations. Ed.

Banks M. – New York: St.Martin’s Press, 1984. – P. 34.

84 Kaye Dalia Dassa. Talking to the enemy: Track Two Diplomacy in the Middle

East and South Asia. – Santa Monica: RAND Corporation, 2007. – P.6.

85 Rothman Jay. Resolving Identity-Based Conflict // Nations, Organizations, and

Communities. – San Francisco: Jossey-Bass Publishers, 1997. – P. 107.

86 Pearson Frederic. Dimensions of Conflict resolution in ethnopolitical disputes

// Journal of Peace Research. – 2001. – Vol.38, No. 3. – P.282.

87 Building peaceful states and societies // Department for International

Development of the UK. // www.dfid.gov.uk/.../Building-peaceful-states-and-

societies.pdf

88 Фишер С., Абди Д., Лудин Дж., и др. Работа с конфликтом. Навыки и

стратегии практической работы с конфликтом. Лондон: Зед Букс Лтд., 2000. –

Стр. 45.

89 Davies John, Gurr Ted. Preventive Measures: An Overview // Eds. Davies

John, Gurr Ted. Preventive measures: building risk assessment and crisis early

warning systems. – New York: Rowman & Littlefield Publishers, Inc., 1998.

90 Conducting conflict assessments: Guidance notes // Department for

International Development of the UK //

http://www.swisspeace.ch/fileadmin/user_upload/Media/Topics/Peacebuilding_Anal

ysis___Impact/Resources/Goodhand_Jonathan_Conducting_Conflict_Assessments.p

df

91 Schmid Alex. Indicator development // Eds. Davies John, Gurr Ted. Preventive

measures: building risk assessment and crisis early warning systems. – New York:

Rowman & Littlefield Publishers, Inc., 1998.

92 Marshall Monty, Benjamin Cole. Global Report 2009: Conflict, Governance,

and State Fragility. – Severn: Center for Systemic Peace, 2009.

www.systemicpeace.org/Global%20Report%202009.pdf.

Page 164: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

163

93 Jongman A. The PIOOM Program on Monitoring and Early Warning of

Humanitarian Crises // Journal of Ethno-Development. – 1994. – Vol. 4, No.1. – P.

65–71.

94 Secretary-General to the Security Council. The Rule of Law and Transitional

Justice in Conflict and Post-Conflict Societies. – New York: United Nations Security

Council, 2004. – S/2004/616. Р. 4.

95 Developing Indicators to Measure the Rule of Law: A Global Approach // A

Report to the World Justice Project. – New York: Vera Institute of Justice, 2008. –

P.10.

96 Goldstone Jack. Using Quantitative and Qualitative Models to Forecast

Instability // United States Institute of Peace Special Report. – Washington, D.C.:

USIP, 2008. – P.1.

97 Чумиков А. Управление конфликтами. – Москва, 1995. – С. 48.

98 Basedau Matthias. Managing Ethnic Conflict: The Menu of Institutional

Engineering // GIGA Working Papers – 2011. – No.171. www.giga-

hamburg.de/workingpapers

99 Investing in Development: A Practical Plan to Achieve the Millennium

Development Goals // UN Millennium Project, 2005.

100 Barnes C. Re-negotiating Political Settlements. – London: DFID, 2009.

101 Concilliation Resources web-page // www.c-r.org/our-work/influencing-

policy/peace-process-support-strategies.php

102 Северный Кавказ в новом десятилетий: Ожидания и реальность. Обзор

экспертных оценок уровня человеческой безопасности на Северном Кавказе

(ноябрь 2011 – февраль 2012) // Доклад Фонда FEWER Eurasia. – 2012. //

http://www.fewer-

international.org/images/lib/HDNC%20Human%20security%20update%20Feb%202

012%20Rus_233.pdf

103 Russel J. Obstacles to peace in Chechnya // Europe-Asia studies. – 2006. –

Vol. 58, No. 6. – P.941-964.

104 Lapidus G. Contested sovereignty. The tragedy of Chechnya. – 1998. - Vol.

23, No. 1.

105 Документы из архива Иосифа Сталина. // Независимая газета. – 2000,

февраль – 29.

Page 165: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

164

106 Историческая справка к документу "Речь Президента Азербайджанской

Республики Гейдара Алиева на заседании Милли меджлиса от 15 июня 1993

года" // http://library.aliyev-heritage.org/ru/7193226.html

107 Чедия Бека. Современный грузинский национализм перед вызовами

нового тысячилетия. // Центральная Азия и Кавказ. – 2004. - № 1-2.

108 The Karabagh file: documents and facts on the question of Mountainous

Karabagh 1918-1988 // Ed. Libaridian G. – Cambridge, Massachusetts/Toronto:

Zoryan Institute for Contemporary Armenian Research and Documentation, 1988.

109 Dragadze Tamara. The Armenian-Azerbaijani conflict: structure and

sentiment // Third World Quarterly. – 1989. - Vol.11, No.1. - P.55.

110 История Древнего мира. – Москва, 1989. – Т.3. – С.285-290.

111 Шнирельман В.А. Войны памяти: мифы, идентичность и политика в

Закавказье. – Москва, 2003. – С. 216.

112 Дзадзиев А., Дзуцев Х., Караев С. Этнография и мифология осетин. –

Владикавказ, 1994. – С.64.

113 King Charles. The benefits of ethnic war: Understanding Eurasia’s

unrecognized states // World Politics. – 2001. – Vol.53, No.4. – P. 544.

114 Асаров Б. Идеологические риски для Приднестровья //

http://belarus.regnum.ru/news/1562618.html

115 Cornell S. Autonomy as a source of conflict. Caucasian conflicts in theoretical

perspective // World Politics. – 2002. – Vol. 54, No. 2. P. 245-276.

116 Gorenburg D. Nationalism for the masses: Popular support for nationalism in

Russia’s ethnic republics. – 2001. – Europe–Asia Studies. – No. 53. – P.74.

117 Russet B. Grasping the democratic peace. – Princeton, New Jersey: Princeton

University Press, 1993. – P.135.

118 Braumoeller Bear. Deadly Doves: Liberal nationalism and the democratic

peace in the Soviet successor states // International Studies Quarterly. – 1997. –

Vol.41, No.3. – P.376.

119 Фурман Д., Абасов А. Азербайджанская революция //

http://www.sakharov-center.ru/

120 Гамсахурдия З. Лекция "Духовная миссия Грузии", прочитанная на

фестивале "Идриарт" в Тбилиси 2 мая 1990 года.

121 Нодия Г. Либерализм и его этикет // Табула (Тбилиси). – 2010, март –

15.

122 Yamskov A. Ethnic conflict in Transcaucasus: The case of Nagorno-Karabakh

// Theory and Society. – 1991. – No.20. – P.631-660.

Page 166: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

165

123 Migdal Joel. Strong societies and weak states: state-society relations and state

capacities in the Third World. – Princeton: Princeton University Press, 1988. – P.18.

124 Buzan Barry. People, states and fear: an agenda for international security

studies in the post-Cold War era. – Hemel Hemstead: Harvester Wheatsheaf, 1991. –

P.54.

125 Lynch Dov. Separatist states and post-Soviet conflicts // International Affairs.

– 2002. – Vol.78, No.4. – P. 831.

126 King Charles. The benefits of ethnic war: Understanding Eurasia’s

unrecognized states // World Politics. – 2001. – Vol.53, No.4. – P. 536.

127 От экономики войны к экономике мира. // International Alert Report. –

2004.

128 Wimmer Andreas, Min Brian. From Empire to Nation-State: Explaining wars

in the modern world, 1816-2001 // American Sociological Review. – 2006. – Vol.71,

No.6. – P. 869.

129 Gorbachev M. The settlement of interethnic conflicts and the experience of

Russia // Preventing deadly conflicts. Proceedings of a conference in Moscow.

G.Lapidus, S.Tsalik, Eds. – Moscow, Carnegie center, 1998. – P.116.

130 Shaimiev M. Conflict prevention and management: The significance of

Tatarstan’s experience // Preventing deadly conflicts. Proceedings of a conference in

Moscow. G.Lapidus, S.Tsalik, Eds. – Moscow, Carnegie center, 1998. – P.68.

131 Wheatley Jonathan. Georgia from national awakening to Rose Revolution:

Delayed transition in the former Soviet Union. – Aldershot: Ashgate, 2004. – P.45.

132 Декларация о государственном суверенитете Юго-Осетинкой Советской

Демократической Республики // Конфликты в Абхазии и Южной Осетии:

документы 1989-2006 гг. / Сост.М.А.Волхонский, В.А.Захаров., Н.Ю.Силаев. –

Москва: Русская панорама, 2008. – С. 496

133 Тер-Тадевосян А. Анализ боевых действий в Арцахе. // http://www.ararat-

center.org/upload/files/Razm_&_Anvtang_17_ur.pdf

134 Maresca J. Resolving the conflict over Nagorno-Karabakh: Lost opportunities

for international conflict resolution // Managing global chaos: Sources of and

responses to international conflict. C.Crocker. F.Hampson, P.Aall, Eds. –

Washington, D.C.: United States Institute of Peace Press, 1996. – P. 259.

135 Cornell S. Turkey and the Conflict in Nagorno Karabakh: A Delicate Balance

// Middle Eastern Studies. – 1998. – Vol. 34, No. 1. P. 51-72.

136 Central Asia and Transcaucasia: ethnicity and conflict // Ed. Naumkin V. –

Westport, USA: Greenwood Press, 1994. – P.167.

Page 167: Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіenu.kz/downloads/novosti-enu/FINAL-sengirbai.pdf · 3 Үшіншіден, дәл осы өркениетті

166

137 Nicu Popescu. The EU’s conflict prevention failure in Georgia // Central Asia

– Caucasus Institute Analyst. – 2009, October. – 19//

http://www.cacianalyst.org/?q=node/5198

138 Медиация и диалог на Южном Кавказе: осмысление пятнадцатилетнего

опыта по трансформации конфликтов // Лондон: International Alert, 2012.

139 Azar Е. The theory of protracted social conflict and the challenge of

transforming conflict situations // World Affairs, Monograph Series. – 1983. – Vol.

20. – Р. 81–99.

140 Cohen D., de la Vega R., Watson G. Advocacy for social justice. –

Bloomfield, USA: Kumarian Press, 2001.

141 Обращение Президента РК Н.А. Назарбаева по случаю вступления

Республики Казахстан на пост председателя ОБСЕ, Вена, 14 января 2010 г.//

Президент Н.А.Назарбаев и современный Казахстан. Сборник документов и

материалов в трех томах. Том ІІІ. – Алматы: КИСИ, 2010. – C.80.

142 Ministerial Declaration on the OSCE Corfu process: Reconfirm-Review-

Reinvigorate Security and Co-operation from Vancouver to Vladivostok. - 2

December, 2009 // http://www.osce.org/cio/40689

143 Казахстан намерен продвигать «процесс Корфу». // ИА «Новости –

Казахстан. – 2010, февраль. – 19.

144 Участники неформальной встречи министров иностранных дел ОБСЕ в

Алматы обсуждают развитие процесса Корфу, ситуацию в Кыргызстане и

саммит ОБСЕ. 17 июля 2010 г. // http://www.kazakhstan-osce.org/ru/content

145 Joint Statement by the Heads of Delegation of the OSCE Minsk Group Co-

Chair Countries and the Presidents of Azerbaijan and Armenia at the OSCE Summit

in Astana, Kazakhstan // http://www.osce.org/cio/73871.

146 Астанинская юбилейная декларация на пути к сообществу безопасности.

3 декабря 2010 г. // http://www.osce.org/ru/cio/74990?download=true

147 Kamensikov Andre. Conflict Management and Prevention Strategy for the

Open Society Network with Focus on the Troubled Regions of the North Caucasus. //

Open Society Institute. – 1999/2000. – P.11.