ашык сабак 7 кл

21
7-сынып. Сабақ тақырыбы: §33. Қысым. Мақсаты: 1. Оқушылардың өзара белсенді интерактивті өздік таным әрекеттерін ұйымдастыру арқылы күш әрекетінің тіреу ауданына тәуелді болатыны жөнінде түсінік ала отыып, қысым, қысым бірліктері туралы білім қалыптастыру. 2. Мысалдар келтіре отырып, оқушының оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. 3. Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіруге дұрыс әрі тез есептеуге, бір – бірінің пікірін дұрыс тыңдап, құрметтеуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: - Оқушылардың таным әрекеттері арқылы қысым тақырыбын түсінеді; - Қысым формуласын қолданып есеп шығара алады; - өлшем бірліктерді еселік жүйеге келтіре алады; Түйінді идея Есеп шығару – ойдың еркіндігін, іскерлікті талап етеді Сабақтың типі: Аралас сабағы Сабақ түрі: дәстүрлі Сабақ әдісі: сұрақ – жауап,тірек-сызба конспект арқылы, тәжірибе, есептер шығару, Блум әдісі Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар, тәжірибе жасауға арналған құралдар- құм, кішкене стол, гир тас, ине, штангенциркуль, сызғыш, ағаш білеуше Жаңа технология: Оқу мен жазу арқылы «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегиясы, П.Эрдниев «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы» Техникалық құрал- жабдықтар: компьютер, видеопроектор, интербелсенді тақта, кодоскоп
  • Upload

    -
  • Category

    Internet

  • view

    73
  • download

    3

Transcript of ашык сабак 7 кл

Page 1: ашык сабак 7 кл

7-сынып.Сабақ тақырыбы: §33. Қысым.Мақсаты: 1. Оқушылардың өзара белсенді – интерактивті өздік таным

әрекеттерін ұйымдастыру арқылы күш әрекетінің тіреу ауданына тәуелді болатыны жөнінде түсінік ала отыып, қысым, қысым бірліктері туралы білім қалыптастыру.2. Мысалдар келтіре отырып, оқушының оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.3. Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіруге дұрыс әрі тез есептеуге, бір –бірінің пікірін дұрыс тыңдап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: - Оқушылардың таным әрекеттері арқылы қысым тақырыбын түсінеді;

- Қысым формуласын қолданып есеп шығара алады;- өлшем бірліктерді еселік жүйеге келтіре алады;

Түйінді идея Есеп шығару – ойдың еркіндігін, іскерлікті талап етеді

Сабақтың типі: Аралас сабағы

Сабақ түрі: дәстүрліСабақ әдісі: сұрақ – жауап,тірек-сызба конспект арқылы, тәжірибе,

есептер шығару, Блум әдісіСабаққа қажетті құрал-жабдықтар:

компьютер арқылы жасалған слайдтар, тәжірибе жасауға арналған құралдар- құм, кішкене стол, гир тас, ине, штангенциркуль, сызғыш, ағаш білеуше

Жаңа технология: Оқу мен жазу арқылы «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегиясы, П.Эрдниев «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы»

Техникалық құрал-жабдықтар:

компьютер, видеопроектор, интербелсенді тақта, кодоскоп

Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі, халық педагогикасы, информатика, математика

Кілтті сөздер «Біле бер қанша білсең тағы білесің. Жетерсің мақсатыңа біле - біле» Жүсіп Баласағұн

Сабақ кезеңдері,уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. /2 мин/Қызығушылықты ояту

Сәлемдесу, түгендеу.

1.Ынтымақтастық атмосфе-расын қалыптастыруЖақсы тілектер айтамын, олар физика терминдерін пайдаланып тілек айтуларын сұраймын. «Тілекті тізбек»

Мұғаліммен амандасады, көңіл-күйлерімен бөліседіШеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілек айтады.

Page 2: ашык сабак 7 кл

Оқушыладың көңіл-күйін жақсартуОқушылардың назарын сабаққа аудару. Бағалау критерийлерімен таныстыру2. Топқа бөлу Оқушыларды топпен жұмыс жасауға бағыттауОқушыларды 2 топқа бөлемін.Топтың ұстанымын оқушылардың есіне саламын 3. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар топқа бөлінеді.Топ ережесімен келіседі

Мағынаны тану /5-7 мин/

Ой қозғау

Білу, түсіну

Көрініс / жағдаят тудыру/

Тәжірибе ұсынуСурет бойынша физикалық құбылысты анықтауСитуациялық сұрақ?Неге олай ?

Бүгінгі сабағымызда тағы бір жаңа физикалық шамамен танысамыз. Аты алдарыңда жатқан конферттегі дыбыстардан құрастырыңдар. Бүгінгі сабақ тақырыбы «Қысым»

Тірек схема ұсыну

Әр жағдайдағы үйкелісті түсіндіреді.

Тәжірибе жасайдыСуретпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Схемамен жұмыс

Page 3: ашык сабак 7 кл

Талдау

Пайымдау10 мин

Сергіту сәті/1-2 мин/

Пайдалану

Эксперименттік тапсырма

Жұқа мұз жапқан өзеннің ортасында жүзіп жүрген балыққа жету үшін түлкі мұздың үстімен жүрді. Сол кезде мұз түлкіні көтермейді. Оны білген қу түлкі, мұздың үстіне жатып жайлап жылжиды.Сұрақ: Түлкі мұзда төрт аяғымен жүргенде бата ма? Әлде жатып жайлап жылжығанда батама?Себебін түсіндір.

2. Суға батқан адамды құтқарушыға қандай ақыл бересің?

• Орман –• Ауа -• Жел –• Жер –

1. Күш 200 Н, ал ауданы 2,5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта.

2. Бетке 3000 Н күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?

1. Ине мен шегенің қысымын анықта.

2. Ағаш білеушенің партаға түсіретін

Формуланы тізбектей жазадыФормуладан белгісізді табу

Түлкі мұзда төрт аяғымен жүргенде батады.

Себебі ауданға байланысты.

Жұқа мұздың үстімен жалаң аяқ жүгірсін бе, әлде мұзға ішімен жатып жылжысын ба ?

• қолды алға созу;қолды жоғары көтеру

• қолды екі жаққа жаю;• қолды жерге жеткізу;

Формуланы қолдана отырып есеп шығарады

Практикалық жұмыс орындайды

Page 4: ашык сабак 7 кл

Қысым өмірде

Суретпен жұмыс

Бекіту

Физикалық диктант

қысымын анықта.

1.Бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы .... деп аталады2. Қысым ..... және .... тәуелді. 3. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің, сол бет ауданына қатынасымен сипатталатын шама .... өлшенеді.4. Қысымның ең үлкен өлшем бірлігі .....5. Қысым .... формуламен өрнектеледі.

Электронды тестқа

Қысымның өмірде қолданылуы туралы айтады

1. Қысым2. Күш және аудан3. Паскаль4. 1МПа = 106 Па5.

Page 5: ашык сабак 7 кл

ҚорытындылауҚысымды арттырып немесе кемітуге болама? Ол үшін не істеу керек?

Үйге тапсырма

Бағалау

отырғызу

Қысымды арттырып немесе кемітуге болама? Ол үшін не істеу керек?

Күш көбейсе артады Аудан артқа тартадыЖүзі жұқа үшкір затОдан бірақ қорқады

§33. 15-тапсырма. 15 жаттығу №3. Эксперимент тапсырма.

Кері байланыс.«Бес саусақ бірікпей, ине қолға ілікпес"Сабақтан алған әсерлерің қандай?

Қысым дегеніміз – бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама

Page 6: ашык сабак 7 кл

1.Бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы .... ........ деп аталады

2. Қысым ..... және .... тәуелді.

3. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің, сол бет ауданына қатынасымен сипатталатын шама .... ...... өлшенеді.

4. Қысымның ең үлкен өлшем бірлігі .....

5. Қысым .... ....... формуламен өрнектеледі.

1.Бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы .... ........ деп аталады

5. Қысым ..... және .... тәуелді.

6. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің, сол бет ауданына қатынасымен сипатталатын шама .... ...... өлшенеді.

7. Қысымның ең үлкен өлшем бірлігі .....

5. Қысым .... ....... формуламен өрнектеледі.

1.Бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы .... ........ деп аталады

8. Қысым ..... және .... тәуелді.

9. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің, сол бет ауданына қатынасымен сипатталатын шама .... ...... өлшенеді.

10.Қысымның ең үлкен өлшем бірлігі .....

5. Қысым .... ....... формуламен өрнектеледі.

Page 7: ашык сабак 7 кл

№1 Күйтабаққа ине 0,27Н күшпен әсер етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003см2

болса, оның түсіретін қысымы қандай?

№ 2 Шеге ұшының ауданы 0,1 мм2 болса, шеге тақтай білеушеге қандай қысым түсіреді?

Қорытынды сөз: қорыта келе, белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды, оны р әріппен белгілейміз және ХБЖ-де қысымды Па өлшейміз.

VІ. «Ой толғаныс»а) Сұрақ – жауап:

1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама? (Қысым)2. Қысымды қалай анықтайды?( p=F/S) 3. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер? (Па, гПа, кПа, МПа)4. Қолмен іс тіккенде неліктен бармаққа оймақ киеді? (ине үшкір, ауданы аз, саусаққа кіреді)5. Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды? (жаяу адамның табанының ауданы шаңғының табан ауданынан 20 еседей аз)

Page 8: ашык сабак 7 кл

6. Қысымды арттырып немесе кемітуге болама? Ол үшін не істеу керек? Тіреу ауданы неғұрлым көп болса, соғұрлым қысым аз болады, керісінше тіреу ауданы неғұрлым аз болса, соғұрлым қысым көп боладыә)Жаңа материалды есептер шығару арқылы бекіту.

№1 Күйтабаққа ине 0,27Н күшпен әсер етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003см2 болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?Берілгені: формула: шешуі:

Ғ=0,27Н

S=0.0003cм2==3*10-4см2=3*10-8м2

р=?

№2200см2 ауданға түсірілген күш 100Н – мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?Берілгені: формула шешуі:

Ғ=100Н

S=200cм2 =0,02 м2

р -?

№3Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см2, түсіретін қысымы 300кПа екені белгілі. Катоктың салмағы қандай?Берілгені: формула шешуі:р=300 кПа=300000Па S=1500 cм2 =0,15 м2 Ғ=Р

Р - ?№4Бетке 45 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған? Берілгені: формула шешуіҒ=50кН=50000Н

р=2кПа=2000Па S-?

Деңгейлік есептер

І-деңгей:

Page 9: ашык сабак 7 кл

1. Массасы 600кг доңғалақты тегістегіш тіреуіштің ауданы 2000см2. Ол топыраққа қандай қысым түсіреді?

2. Массасы 10т трактордың екі шынжыр табанының ауданы 2м2. Бұл трактордың топыраққа түсіретін қысымын табыңыздар.

ІІ деңгей:

1. Мұз 90кПа қысымға төтеп береді. Осы мұздың үстімен массасы 5,4т, шынжыр табанының ауданы 1,5м2 трактор өте ала ма?

ІІІ деңгей:

1. Жолды таптап тегістеп жүрген доңғалақты тегістегіш жерге 400 000Н/м2 қысым түсіреді. Тегістеуіштің тіреуінің ауданы 0,12м2. Оның салмағы неге тең?

VІІ. Қорытындылау. Сонымен қысым дегеніміз не екен?

Қысым (орыс. давление ) бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама.VІІІ. Бағалау.ІХ. Кері байланыс (Оқушының осы сабақтан алған әсерлерін байқау)«Бес саусақ бірікпей, ине қолға ілікпес» (Биік мансап – биік жартасЖорғалап жүріп жылан да шығадыҚалықтап жүріп қыранда шығады- олай болса жететін биіктерімізге жыланша жорғаламай, қыранша қалықтап шығайық)Х. Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық. Қысымнан алған білімді, Ұмытпай есте сақтайық. Үйге тапсырма: §33. 15-тапсырма. 15 жаттығу №3. Эксперимент тапсырма.

а) Физикалық диктант:

1. Бос орынды толтырыңдар:_______________________________________________

_______________________________________________________қысым деп атайды.

 

Page 10: ашык сабак 7 кл

2. Қысымды латынның ___________әрпімен белгілейді.

 

3.                                 Қысымды есептеу формуласы.

4. Қысымның негізгі өлшем бірлігі: _____________

 

5. Қысым бірліктері арасындағы байланысты жазыңдар:

1гПа       =_________Па

1кПа       =__________Па

1МПа     =__________Па

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»Сегіз найза қолында, көз аудармай,Батыр да аял қылмай ертең таңға.Қанат құйрық суылдап, ысқырады,Көктен қыран сорғалап құйылғанда.А. ҚұнанбаевОсы жерде сегіз найза деп отырғанымыз бүркіттің тырнақтары. Бұл жыртқыш құстың тырнақтары ментұмсықтары қатты өткір жылтыр болып келеді. Аудандары кішкентай болғандықтан, тіпті болымсызғана күшпен зор қысым жасап, аң аулауға шамасы келеді.

Жұқа мұз жапқан өзеннің ортасында жүзіп жүрген балыққа жету үшін түлкі мұздың үстімен жүрді. Сол кезде мұз түлкіні көтермейді. Оны білген қу түлкі, мұздың үстіне жатып жайлап жылжидыСұрақ: Түлкі мұзда төрт аяғымен жүргенде бата ма? Әлде жайлап жылжығанда батама?Себебін түсіндір.

№1 Күйтабаққа ине 0,27Н күшпен әсер етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003см2

болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?

Page 11: ашык сабак 7 кл

V t

№1 Партаға ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003см2 болса, оның партаға түсіретін қысымы қандай?

Page 12: ашык сабак 7 кл

№ 2 Шеге ұшының ауданы 0,1 мм2 болса, шеге тақтай білеушеге қандай қысым түсіреді?

1.Күш 200 Н, ал ауданы 2,5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта.

2. Бетке 3000 Н күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?

1 Партаға ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003см2 болса, оның партаға түсіретін қысымы қандай?

№ 2 Шеге ұшының ауданы 0,1 мм2 болса, шеге тақтай білеушеге қандай қысым түсіреді?

1.Күш 200 Н, ал ауданы 2,5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта.

2. Бетке 3000 Н күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?

Page 13: ашык сабак 7 кл
Page 14: ашык сабак 7 кл
Page 15: ашык сабак 7 кл

Қаратоғай орта мектебі

Тақырыбы:

/ ашық сабақ/7-сынып

Ожрканова Д.Ә2015 ж

Page 16: ашык сабак 7 кл